Журнал КасепКор-kaz.pdf

Page 1

1


ПРИВЕТСТВИЕ

2


мазмұн

Құттықтау алғысөзі................................................................................4 Алғысөз..............................................................................................5-6 Холдинг туралы......................................................................................7 Кәсіпқор желісі.................................................................................8-9 Біліктілік бойынша дайындық деңгейі...............................................10-11 Әріптестік.......................................................................................12-14 Шетелдік әріптестер........................................................................15,18 Әлеуметтік әріптестер..................................................................16-17,19 Әлемдік деңгейдегі колледждер........................................................20-23 Өңіраралық орталықтар........................................................................24 APEC Petrotechnic.............................................................................25-26 Әріптес колледждер..............................................................................27 Біліктілікке тәуелсіз баға беру...............................................................28 Индустриалды кеңес.............................................................................29 Оқытушыларды дайындау.................................................................30-31 Базалық мамандықты алу......................................................................32 Worldskills Қазақстанда.........................................................................33 Жобалар коммерциализациясы..............................................................34 NCCER жобасы.....................................................................................35 ҚР БҒМ-нің сараптамалық қолдау көрсетуі.............................................36 ТжКБ бірыңғай ақпараттық жүйесі..........................................................37

3


ҚҰТТЫҚТАУ АЛҒЫСӨЗІ

2011 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен өткен кеңейтілген отырыста Елбасы Әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру туралы тапсырма берді. 2011 жылдың шілде айында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ құрылды.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ құрудағы мақсат көп функционалды жоғары білікті жұмыс кадрларын дайындаудың жаңа жүйесін құру үшін техникалық және кәсіптік білім саласын ауқымды түрде модернизациялаудағы қажеттілік болып табылады. Бұл кадрлар шынайы өндірістік үрдіске дереу ілігіп, еңбек пен жұмыс уақытын ұйымдастыруға атсалысады. Үкімет Астана және Алматы қалаларында 2 әлемдік деңгейдегі колледж салуды және Атырау, Өскемен, Екібастұз бен Шымкент қалаларында 4 өңіраралық кадрларды даярлау және қайта даярлаудан өткізудің кәсіптік орталықтарын салуды, сонымен қатар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қол жеткізген тәжірибесін іске асыратын елдің басқа аумақтарындағы бүгінгі таңда жұмыс атқарып жатқан 10 әріптес колледждермен ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Отандық техникалық және кәсіптік білім саласында олардың барлығына ерекше рөл беріледі. Олар Назарбаев Университеті және Назарбаев Зияткерлік Мектептері баламасына сай және республикада бүгінгі таңда жұмыс атқарып жатқан басқа колледждерге қазіргі заманғы білім бағдарламалары тарату және техникалық мамандықтар бойынша оқытушылар құрамын қайта даярлаудан өткізудің кәсіптік, яғни қол жеткізілген барлық тәжірибемен бөлісудегі және кәсіптік білім беру саласын дамытудағы қозғаушы күш болып табылады. Олар ТжКБ жүйесі үшін өзіндік ресурстық практикалық орталықтар болып табылатын болады. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрайымы Садвакасова Э.М.

4


АЛҒЫСӨЗ

«Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсімі бұл ең алдымен – білім» Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 ж қаңтарында Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтікэкономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуындағы басты бағыт» Жолдауынан.

Материалды-техникалық қамтамасыз ету, оқу жоспары және оқытушылар біліктілігінен бастап, жалпы қазіргі таңдағы кәсіптік және техникалық білім саласына өзгерістер енгізудегі қажеттілік айқын болып отыр. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметі аясында бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалынды, ол Қазақстанда барлық қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай болатын жаңа техникалық колледждер желісін құрады. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ шетелдік және әлеуметтік әріптестермен бірлесіп жалпы техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) жүйесін реттейтін негізгі нормаларды өзгерту, сонымен қатар ТжКБ саласының сапасын жаңа жоғарғы деңгейге көтеру бойынша қызмет атқарады. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ құратын колледждердің болашақ түлектері еліміздің тыңғылықты, әрі сенімді дамуы мен жаңаруындағы қозғаушы күш болады десек те, артық болмайды!

5


АЛҒЫСӨЗ Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының ТжКБ саласында жүйелі сипаттағы бірқатар мәселелер туындап отыр: - жастардың жоғары білім алуға ерекше ықылас білдіруі және жастардың ТжКБ-ді екінші сұрыпты білім ретінде қарастыруы; - нарықтың нақты қажеттіліктерімен байланыстың әлсіздігі және жұмыс берушілердің ТжКБ жүйесін дамытуға тарту деңгейінің төмен болуы; - ТжКБ жүйесін жеткіліксіз қаржыландыру; - инженерлік-оқытушылар құрамының қартаюуы және нақты өндіріс тәжірибесі бар мамандар қатарының аздығы; - оқу орындарындағы оқу жабдықтары мен материалды-техникалық базаның тозуы; - білім мазмұнының индустрияның қазіргі заманғы нақты көрінісінен анағұрлым алшақ болуы; - оқу орындарының өздерінің шығаратын түлектерінің білімін өздігінше бағалау жүйесіне негізіделген білім сапасын бағалаудағы сыңаржақтық. Жоғарыда аталғандардың нәтижесінде еліміздегі еңбек нарығында техникалық кадрлардың тапшылығы орын алып отыр, бұл мәселе шетелден жұмысшыларды алдыру және ЖОО түлектерін қайта оқыту арқылы шешіліп отыр. ТжКБ жүйесі жұмыс берушілер, жұмысшылар және мемлекеттік саясат талаптары мен сұранысына толыққанды жауап бере алмай отыр. Сондықтан ҚР Үкіметі ТжКБ саласын ауқымды түрде модернизациялау және оны экономика сұранысына сай ету бағытын ұстанды.

6


Холдинг туралы

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2011 жылы Елбасының елімізде ТжКБ жүйесіндегі шетелдік көшбасшылардан алынған үздік әлемдік тәжірибені қолдану негізінде, әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру бойынша тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Қазіргі таңда, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі біріге отырып, ТжКБ жүйесін модернизациялау бойынша ауқымды жұмыс атқаруда.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ миссиясы Еелдің инновациялық дамуы үшін жоғары класты мамандарды даярлау.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ көздеген мақсаты Қазақстанда ең жоғарғы халықаралық талаптарға сай мамандар дайындайтын әлемдік деңгейдегі колледждер және өңіраралық кәсіптік орталықтар құру.

7


Кәсіпқор желісі

8


Қәсіпқор желісі

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, қазақстандық техникалық және кәсіптік білім берудегі көшбасшы ретінде алдыңғы қатарлы білім орталықтарын құруды көздеп отыр, олар:

әлемдік деңгейдегі колледждер,

олардың негізіне профильді мектептер жүйесі енеді. Әр мектептің профилі халықаралық сарапшылармен бірге әзірленді және неғұрлым тапшылықты еңбек ресурстарындағы экономиканың сұранысын айқындайды.

өңіраралық орталық.

Белгілі бір аймақтағы еңбек нарығының ерекшілігін айқындау арқылы шетелдік әріптестермен бірлесе отырып кадрлар дайындау

әріптес колледждер.

Шетелдік әріптестер және жұмыс берушілер ұсынысы бойынша қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан мемлекеттік техникалық колледж негізінде.

9


Біліктілік бойынша дайындық деңгейі

10


Біліктілік бойынша дайындық деңгейі

Қазақстан Республикасында қабылданған Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ келесі деңгейдегі мамандарды даярлайды: Техник Технолог Қолданбалы бакалавр Қазіргі уақытта өндірісте сұранысқа ие болып отырған мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінетін болады: Шетелдік жұмысшыларды тарту есебінен қамтылады; Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімі бар мамандар есебінен қамтылады; ТжКБ жүйесімен қамтылмайды; Жаңа салалардың дамуымен туындайды. Білім деңгейлерінің интеграциясы қарастырылатын болады: 11 класс түлектері оқу мерзімі 3,5-4 жыл болатын қолданбалы бакалавр бағдарламасымен оқи алады. Қолданбалы бакалавр бағдарламалар түлектері (5 деңгей), бакалаврға түспей (6 деңгей), бірден магистратураға түсу (7 деңгей) мүмкіндігіне ие бола алады.

11


Әріптестік «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындар желісін құруы, әр оқу орнын дамыту үшін әріптестер шақырумен жүзеге асырылады, бұл жаңа білім моделін құру және енгізуге мүмкіндік береді.

- «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметін моделдеуде әдістемелік және консультациялық қолдау көрсететін шетелдік консалтинг ұйымы, сонымен қатар білім беру саласындағы шетелдік ұйымдарды тарту; - «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының мамандықтарына сәйкес келетін кадрларды дайындау бойынша әлемдік көшбасшылар қатарына кіретін білім беру саласындағы шетелдік ұйым.

- салалық ассоциациялар және кәсіподақтар түріндегі жұмыс берушілер мен жұмысшылардың салалық бірлестіктері; - Қазақстандық ірі компаниялар.

12


Әріптестік

Каждый из стратегических партнеров Холдинга вносит свой вклад в развитие новой модели, которая предлагает оптимальное решение задачи развития системы технического и профессионального образования. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ әр стратегиялық әріптесі жаңа моделді дамытуға өз үлесін қосады, ол өз кезегінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы міндеттердің оңтайлы шешімін ұсынады.

-

сапа менеджментінің қазіргі заманғы жүйесі; жаңа және сұраныстағы мамандықтар; қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларының трансферті; икемді оқу циклі және бағдарламаның модулділігі; толыққанды оқу үрдісі; құралдар мен жабдықталуға қойылатын талаптар; оқыту материалдарына нұсқаулықтар; шетелдік нұсқаушылар мен оқыту дағдыларын тарату; «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жобалық қызметін моделдеу.

-

еңбек нарығындағы жағдай және мамандарға сұраныс; болашақ жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары; технологиялық үрдістер туралы ақпарат; білім мазмұнына қойылатын талаптардың өзектілігі; түлектер біліміне тәуелсіз баға беру; колледждер тиімділігіне тәуелсіз баға беру.

13


Әріптестік

ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТІ тарту – қажетті мамандық бойынша кадр дайындаудағы көшбасшы болып табылатын шетелдік ұйым Оқу үрдісіне ендіру үшін неғұрлым сұранысқа ие МАМАНДЫҚТАРДЫ бірлесіп анықтау («Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ , шетелдік әріптес, жұмыс беруші)

Шетелдік әріптес бағдарламаларын апробациялау және адаптациялаудың негізінде және жұмыс берушілер талаптарын ескерумен сұранысқа ие мамандықтар үшін жаңа БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН әзірлеу Шеберханалар мен оқу кластарын жабдықтау үшін қазіргі заманғы оқу-өндірістік ЖАБДЫҚТЫ сатып алу Студенттерді оқыту үшін өзекті ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫН сатып алу Оқу үрдісіне АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ енгізу

СТУДЕНТТЕРДІ іріктеу және оқыту, оның ішінде оқытуды шетелдік әріптестердің жүргізуі Икемді академиялық цикл және студенттердің ПРАКТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДАҒЫНА бағыт алу Техникалық және әдістемелік ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ тұрақты өзектілігі Шетелдік және қазақстандық үлгідегі ДИПЛОМДАР мен СЕРТИФИКАТТАР беру

14


Шетелдік әріптестер

Шетелдік әріптестермен жұмыс бекітілген жүйелілікке сәйкес жүзеге асырылады:

- «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және әріптес бірлесе отырып еңбек нарығының қажеттіліктеріне сараптама жүргізеді, оның негізінде неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар анықталады.

- әріптес бағдарларамаларын бейімдеу мен жұмыс берушілер талаптарын ескерудің негізінде мүлде жаңа білім беру бағдарламалары әзірленеді. - Студенттерді оқытуға қажетті жабдықтарға баға беріледі. Студенттер жұмыстарының практикалық дағдылануы мақсатында өндірісте іс жүзінде қолданылатын жабдықтарға сай келетін оқуөндірістік жабдықты сатып алуға басты көңіл бөлінеді. Жаңа жабдықтар шеберханалар, зертханалар, цехтар және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының оқу полигондарында студенттердің дайындықтан өтуі, оқытудың негізін құрайды. - Білім үрдістерін қамтамасыз ету үшін өзекті оқу материалдары сатып алынады.

- барлық даярлау жұмыстары жүргізілгеннен кейін оқу орнында оқу үрдісі іске қосылады. - оқытуға шетелдік әріптестің нұсқаушылары шақырылады. Қазақстандық оқытушылар ассистенттер ретінде оқытудың шетелдік тәжірибесін қабылдайды. - үздік түлектерге екі үлгідегі дипломдар беріледі: жұмыс берушілер бірлестігінің жүргізген тәуелсіз баға беру мен біліктілікті тағайындау негізінде қазақстандық үлгідегі және әріптес дипломдары беріледі.

15


Әлеуметтік әріптестер

16


Әлеуметтік әріптестер

Жаңа модель мемлекеттік-жеке әріптестік принциптеріне сай құрылады және бизнес ортаға білім сапасын бағалау мен оның мазмұнын анықтау бойынша функцияларды бөліп беруді қарастырады.

БІЛІМ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 1. Әріптеспен бірлесе отырып әзірленген кәсіби стандарттарға бағытталу 2. Білім мазмұнын әзірлеу кезінде консультациялар: жаңа білім беру бағдарламалары жаңа оқу-әдістемелік кешен өзекті оқу жабдықтарын пайдалану 3. Индустриалды кеңестер арқылы әріптеспен жұмыс жасаудың институционалды негізі.

БІЛІМ САПАСЫНА ТӘУЕЛСІЗ БАҒА БЕРУ «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қазіргі таңда білім саласындағы қызметтер нарығында әрекет ететін колледждердің рейтингін жасау әдістемесін және олардың қызметіне инспекция жүргізудің моделін жасауда. Одан әрі рейтинг жасау функциясын Инспекция орталықтары жүргізетін болады, олар жұмыс берушілердің салалық ассоциациялары, кәсіподақтар, ҮЕҰ, шетелдік және басқа да оның ішінде ассоциациялық мүшелерден тұрады.

17


Шетелдік әріптестер

18


ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР

19


Әлемдік деңгейдегі колледждер Колледждердің профилді мектептерін мамандандыру Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамымен (GIZ) бірлесе отырып әзірленді. Әзірлеу барысында төмендегіге негізделген анықтау әдістемелері қолданылды: - Еңбек нарығы мен білім нарығының статистикалық деректерінің сараптамасы; - талап етілетін мамандықтардың сапа критерилерін жұмыс берушілермен талқылаудың нәтижелері; - Қазақстан бойынша 200-ден астам компанияларда жүргізілген сауалнама нәтижелері. 2015 жылдан бастап әлемдік деңгейдегі колледждерде келесі негізгі бағыттар бойынша оқыту басталады: 1. 2. 3. 4. 5. 6.

ИНЖЕНЕРИЯ МЕКТЕБІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТКШ МЕКТЕБІ АКТ МЕКТЕБІ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІ МЕКТЕБІ ДИЗАЙН МЕКТЕБІ ЭНЕРГЕТИКА МЕКТЕБІ

20


Әлемдік деңгейдегі колледждер

Астана қ. әлемдік деңгейдегі колледж. Астана қ. Алматы ауданы, Оңтүстік-шығыс бөлігі, «Промышленный» тұрғын-үй кешенінің оңтүстігі. Ауданы - 16,5 гектар. Жалпы қуаты - 1500 студент. Қызметкерлердің жалпы саны - 330 адам. 1150 орындық жатақхана. 97 орындық оқытушыларға арналған қонақ үй. Әкімшілік-кеңсе ғимараты 150 адамға.

Алматы қ. әлемдік деңгейдегі колледж. Инновационных технологиялар паркіндегі Арнайы Экономикалық Аумақ. Ауданы – 9,51 гектар. Жалпы қуаты – 1500 студент. Қызметкерлердің жалпы саны – 330 адам. 1200 орындық жатақхана. 99 орындық оқытушыларға арналған қонақ үй.

21


Әлемдік деңгейдегі колледждер

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТКШ МЕКТЕБІ

60%-ы республиканың құрылыс индустриясында жұмыс жасайтын шетелдік жұмыс күшін алмастыру мақсатында, құрылыс механикасы, жылыту, кондиционерлеу, желдету, сумен қамту және су бөлу мамандықтары ашылады, оларға сұраныс қазіргі таңда жоғары білімі бар мамандар немесе шетелдік кадрлар есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

АКТ МЕКТЕБІ

Еңбек нарығында вакансиялардың 15% АКТмамандарына тиесілі (2 орын). Осы тапшылықты қамту үшін және 5 жыл ішіндегі осы саланың 13 еселік өсімін ескерумен және бизнес жүргізудің коммуникациялық инфрақұрылымын құру үшін, инвестициялар тарту және қазіргі заманғы технологияларды дамыту мақсатында телекоммуникация, бағдарламалау, IT – қауіпсіздік және бизнес-информатика мамандықтары енгізіледі.

ДИЗАЙН МЕКТЕБІ

Жұмыс берушілермен талқылаулар жүргізу барысында ТжКБ деңгейінде өнеркәсіптік, құрылыс және ландшафттық дизайн бойынша мамандықтар жоқтың қасы, бұл мәселе қазіргі таңда өнеркәсіп пен құрылыста осы мамандықтардың тапшылығын тудырып отыр.

22


Әлемдік деңгейдегі колледждер

ЭНЕРГЕТИКА МЕКТЕБІ

Энергия тиімділігін арттырудың кешенді жоспарына сай энергия тиімділігі және жасыл экономика принциптерін енгізу, сонымен қатар ИИДМБ аясында қайта қалпына келетін энергия көздері үлесін арттыру қажеттілігін тапшы кәсіптер бойынша мамандықтарды ашуды талап етеді: қалпына келетін энергетика, дәстүрлі энергетика және энергия тарату.

ТУРИЗМ ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ ІСІ МЕКТЕБІ

Елімізге жылына орта есеппен 14%-ға артып келетін шетелдік қонақтар ағымын ескере отырып, осы саладағы қызмет сапасын Әлемдік стандарттарға сәйкестеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл тамақтандыруды ұйымдастыру, туризмдегі басқару, қонақ үй ісі саласында сапалы маман даярлау есебінен қамтамасыз етілетін болады.

ИНЖЕНЕРИЯ МЕКТЕБІ

Мектеп ИИДМБ және Индустриализация картасын орындау мақсатында өнеркәсіпті модернизациялаудағы қажеттіліктерді ескерумен құрылады, осы бағдарламалар аясында 700-ден астам жобаларда автоматандырылған өндірісте жұмыс жасаудың электроника, бағдарламалық басқару және механика бойынша интеграцияланған білімі бар мамандарға деген сұраныс, қосымша 200 мың адамды құрайды.

23


Өңіраралық орталықтар

Сонымен қатар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ желісіне 4 өңіраралық орталықтар кіретін болады. Әрқайсысы аймақтық құрылымына қарай өзінің нақты анықталған салалық байламына ие болады: Атырау – мұнай-газ саласы Өскемен – машина жасау және металлургия Екібастұз - отын-энергетикалық кешен Шымкент – қайта өңдеу саласы 2013 жылдың наурыз айында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тің бірінші жобасы іске қосылды – Атырау қаласындағы кадрларды дайындау және қайта даярлаутан өткізудің өңіраралық кәсіби орталығы - APEC Petrotechnic, онда қазір 600 студент білім алуда. Оның құрылуына 2012 жылдың мамырында мұнай-газ саласындағы мамандарды дайындау бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып танылатын Канадалық Оңтүстік Альберта Технологиялар Институты - SAIT Polytechnic шақырылды. SAIT Polytechnic-тің білім бағдарламалары және мұнай-газ компанияларымен консультациялар жүргізудің нәтижесінде мүлде жаңа білім беру бағдарламалары даярланды.

24


APEC PETROTECHNIC

APEC Petrotechnic 3 бағдарлама бойынша оқыту жүргізеді:

МҰНАЙ МЕН ГАЗ ШЫҒАРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Мұнай-газ операцияларының барлық негізгі аспектілерін қамтитын неғұрлым ауқымды бағдарлама: геологиялық барлау жұмыстары және мұнай мен газ қорын бағалау, бұрғылау және қазып шығару, скважиналарды игеру және олардың эксплуатациясы, тасымалдау және қайта өңдеу, өндірістік үрдістерді жалпы басқару.

КЕН ОРЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

Мұнай скважиналарын игеру, мұнай кендеріне әсер ету, скважиналарды зерттеу және оларды игеруге дайындалу, эксплуатация техникасы және скважинаны жөндеу және басқа жұмыс түрлеріне мамандар дайындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарлама.

БӨҚжА ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Ақауларды тауып анықтау, барлық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика құралдарын алмастыру және жөндеу, орнату, монтаждау, таңдау және спецификация бойынша мамандар даярлайтын мамандандырылған бағдарлама.

25


APEC PETROTECHNIC SAIT Polytechnic Орталықтың оқу циклін даярлады, ол екі құрамдас бөліктен тұрады: Foundation бағдарламасы және мамандық бойынша одан әрі оқудың Техникалық бағдарламасы.

Ұйымдастыру құрылымы анықталды, талапкерлер мен студенттерге, оқытушылар құрамына, инфрақұрылым мен жабдықталуға қойылатын талаптар айқындалды. Оқыту ағылшын тілінде жүзеге асырылады – әлемдегі мұнай-газ индустриясының тілінде. Студенттер тегін оқиды. Бастапқы кезеңде APEC Petrotechnic басқаруды «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және SAIT Polytechnic бірлесе отырып жүргізеді. Оқытуға канадалық нұсқаушылар шақырылады, олар өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісумен қатар қазақстандық нұсқаушыларды оқытады.

26


Әріптес колледждер Жаңа колледждер және өңіраралық орталықтар қамтылмаған он аймақта «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жергілікті колледждер базасында және олармен ынтымақтастық орнатудың негізінде әріптес колледждер желісін құрмақ. Әріптес колледждердің мамандандыруы аймақтың экономикалық құрылымының ерекшелігіне байланысты болады. 2013 жылы әріптес колледждер бағдарламаларын жүзеге асырудың моделі жасалды, ол қызығушылық танытқан тараптарды тарту, қаржыландыру, басқару және әріптес колледждер бағдарламаларын кешенді түрде жүзеге асырудың сызбасын қарастырады. 2014 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 10 колледж іріктеліп алынды. 2015 жылы жасалған моделді апробациялау үрдісі басталады. Әріптес колледждер бағдарламасының концепциясы төмендегілерге ықпалдастық көрсетуді де қарастырады: Шетелдік және әлеуметтік әріптестер тартуда Мамандық таңдау және білім бағдарламаларын даярлауда Жабдықпен қамтуда Жалақы төлеу саясатын қайта қарауда Оқу үрдісін жаңартуда және т.б.

27


Біліктілікті тәуелсіз бағалау

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылы 27 қаңтарда жолдаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын іске асыру мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жетекші елдер тәжірибесін зерттеудің негізінде біліктілікті тәуелсіз растаудың институционалды моделін және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірледі. Пилоттық режимде үш салалық ассоциация базасында тәуелсіз орталықтар құрылды: «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешеніндегі ұйымдардың ассоциациясы «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық ассоциациясы – ТМКА Қазақстандық туристік ассоциация Сонымен қатар осы кезеңде Ақмола облысы, Атырау облысы, Қарағанды облысы және Алматы қ. пилоттық режимде сертификациялау емтихандары өтті. 2014 жылы «КӘСІБИ» Корпоративті қорының базасында шетелдік сарапшыларды тарту арқылы Жұмысшы мамандықтарының тәуелсіз сертификаттау орталығы құрылды, ол машина құрылысы, құрылыс және тұрғын-коммуналды шаруашылық, АКТ саласын қамтиды. Салалық қамтуды кеңейту үшін, болашақта энергетика, жеңіл, тағам өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, дизайн және денсаулық сақтау секілді салаларда тәуелсіз сертификаттау орталықтарын құру жоспарланып отыр.

28


Индустриалды кеңес

Қазіргі таңда Қазақстанда ТжКБ ұйымдары қызметіне сәйкес саладағы жұмыс берушінің қатысуын қамтамасыз ететін кеңес немесе консультациялық-кеңесу органы жоқ. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындары жанында Индустриалды кеңестер құру білім бағдарламаларының өзектілене түсуін және жұмыс берушілермен өзара тиімді әріптестікті орнатуды қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілердің Кеңеске қатысудан алатын пайдасы ТжКБ ұйымдарына жұмыс берушілердің өздеріне тиімді әрі қажетті, сұранысқа ие болып отырған мамандарды дайындауға ықпал етуі. 2013 жылдың қарашасында «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешеніндегі ұйымдардың ассоциациясы» ЗТБ бас директоры А.М. Магауовтың төрағалық етуімен Атырау қ. APEC Petrotechnic колледжі жанынан Индустриалды кеңес ашылды, оның құрамына ірі мұнай-газ компанияларының өкілдері кірді, олар: NCOC (Норт Каспиан Оперейтинг Компани), «ҚазМұнайгаз» ҰК АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, ««Саreer-Holdings» ЖШС», сонымен қатар APEC Petrotechnic-тің өзі.

29


Оқытушыларды дайындау

ОҚЫТУШЫЛАР ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАДРЛАРЫН ДАЙЫНДАУ Оқытушылар құрамын кәсіби дайындау және біліктіліктерін арттыру бағдарламасы 7 өзіндік модульдік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын болады, оны «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ шетелдік және отандық тәжірибені ескере отырып даярлады. Осы бағдарламаның ерекшелігі болып біліктілікті арттырудағы модулдік, каскадтық және жеке траекторияның жасалуы табылады. Кәсіби дайындықтың формалары болып тренинг форматындағы курстық даярлау, жұмыс орнындағы оқу тәжірибесі, кәсіпорындар мен оқу орындарында машықтану, жұмыс біліктілігін алу және оны растай алу мүмкіндігі табылады. Кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Оқу тренинг орталығы негізінде жүзеге асырылады. Ол шетелдік әріптестерді тарту, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ мамандары арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ шетелдік әріптесі Pearson Education Ltd. (Ұлыбритания) арқылы BTEC Level 4 бойынша 2013-2014 жылдары оқытылған тренер-оқытушылары арқылы жүзеге асырылады.

30


Оқытушыларды дайындау

2013-2014 жылдары осы бағдарлама аясында Қазақстанда және шетелде (Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания) құрылыс, инженерия, туризм және қонақ үй ісі, энергетика, кәсіби педагогика және психология бағыттары бойынша 294 оқытушы және ТжКБ менеджерлері оқып келді. 2015 жылдан бастап «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өзі дайындаған басқару және инженерлік-оқытушылар құрамымен олардың игерген жаңа тәжірибесі, алған қазіргі заманғы білімдерінің арқасында ТжКБ жүйесінің техникалық пәндер оқытушыларының біліктілігін арттырумен айналысатын болады және сол арқылы қысқа мерзім ішінде әріптестерінде жаңа кәсіби машықтардың қалыптасуын қамтамасыз етуге атсалысады. 5 жыл ішінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ТжКБ жүйесіндегі 26 000 оқытушылар мен оқыту шеберлердің біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр.

31


Базалық мамандықты алу

Әлеуметтік жағдайы нашар отбасы балаларына жағдай жасау мақсатында, сонымен қатар мұнайшылар еңбек әулетінен шыққан балаларға сапалы білім алу мүмкіндігін беру үшін осы жылдың қыркүйегінен бастап «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ «Мамандық бойынша базалық білім алу» бағдарламасын енгізеді. Осы жоба жұмысқа орналасу немесе негізгі бағдарлама бойынша оқуды Әлемдік деңгейдегі колледжде және Атырау қ. өңіраралық орталықта жалғастыру мүмкіндігін ұсынады. Оқу ағылшын тілінде шетелдік әріптестер British Council және GSE Systems консорциумы, PetroED және SPT-дің білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Оқу мерзімі 10 ай, оқудың соңында тыңдаушылар жоғары деңгейде ағышын тілін игеріп, пәндер бойынша білімдерін толықтырады (математика, физика, химия), сонымен қатар алдыңғы 3-5 жыл бойы Мұнай-газ саласындағы неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар тізіміне сай сұранысқа ие жұмысшы мамандығын алып шығады (Мұнай және газ министрлігі 2011 жылдың 21 қарашада бекіткен). Қаржыландыру жер қойнауын игерушілердің келісімшарт бойынша оқыту және кадр дайындау міндеттерінің аясында жүзеге асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда осы жобаға негізгі қаржылық қолдауды «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ көрсетуде.

32


Worldskills Қазақстанда

WorldSkills International (WSI) - Әлемдік қозғалыс, оның мақсаты жұмыс мамандықтарының популяризациясы, бүкіл әлем бойынша кәсіптік даярлау пен біліктілік мәртебесін және оның стандарттарын арттыру болып табылады. WSI сарапшылық бағалауды, өнеркәсіп пен қызмет көрсету секторында жұмыс мамандықтарының әлемдік стандарттағы жоғарғы деңгейін жасап оны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Ассоциация 1946 ж.құрылды, қазіргі уақытта 72 ел мүшелік етеді; хатшылықтың штаб-пәтері Амстердам қаласында. 2014 жылдың 10 маусымда Қазақстан Республикасы WSI ассоциациясына қатысуға берген өтінімі ассоциация директорлары кеңесінде қарастырылып Қазақстан WorldSkills International-дың 70-ші қатысушысы болды. Қазақстан Республикасы WorldSkills Kazakhstan ұлттық қозғалыс операторымен анықталды. 2014 жылдан бастап «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ WSI талаптарын ескерумен колледждің 18-25 жас аралығындағы студенттері арасында олардың кәсіби шеберліктерін анықтау үшін өңіраралық және ұлттық байқаулар өткізуді жоспарлап отыр, ал 2015 жылдан бастап – Әлемдік деңгейдегі Қазақстан Республикасының құрама командасын құру үшін іріктеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Өз номинациясы бойынша үздік студенттер WorldSkills Competition қатысады – кәсіптер бойынша өтетін Әлемдік олимпиадаға, ол әр 2 жылда бір рет өткізіледі. Қазақстан командасы 2015 жылы Бразилияда Сан-Пауло қаласында өтетін Әлемдік чемпионатқа қатысатын болады.

KAZAKHSTAN 33


Жобалардың коммерциализациясы

Мемлекеттік бюджетке ауыртпалықты төмендету және мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ дамуындағы маңызды бағыттарының бірі болып қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін тарту болып табылады. Ол үшін келесі коммерциализация бағыттары айқындалды: жұмыс берушілер тапсырысы бойынша жұмыс атқарып жатқан қызметкерлер біліктілігін арттыру бойынша курстар «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тің әлеуметтік әріптестері мен әріптестеріне консалтингтік қызметтер көрсету халықаралық грант бағдарламаларына қатысу Осы бағыттар бойынша «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ келесі компаниялармен бірлесе отырып жұмыс атқаруда: «Тенгизшевройл» ЖШС, «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ, ірі құрылыс компаниялары «Базис» құрылыс компаниясы», «BI-Holding» ЖШС, «High Vill Сервис» ЖШС, «Global Building Contract» ЖШС. ««Астана ЭКСПО» – 2017» АҚ бірлесе отырып көрмені өткізу үшін волонтерларды іріктеу, дайындау және оқыту бағдарламасы әзірленуде.

34


NCCER жобасы

National Center for Construction Education and Research

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2015 жылы NCCER аккредитациясын алу үрдісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр, және 4 бағыт бойынша оқытуды бастайды - бастапқы курс, құбыр монтажы, электромонтаж, және APEC Petrotechnic базасында БӨАжА техникасы. 2015 және 2017 жылдар аралығында осы бағыттағы неғұрлым жоғары деңгейлерді енгізу бойынша жұмыстар жоспарлануда және сәйкесінше жұмыскерлердің біліктілігін арттыру көзделіп отыр. NCCER құрылыс компанияларының солтүстік америкалық ассоциациясы, оқу бағдарламалары үшін стандарттар орнатады және АҚШ құрылыс және техникалық қызмет көрсету салаларында сертификация беруді жүзеге асырады. «Тенгизшевройл»ЖШС объектілер құрылысында Болашақ Кеңейту Жобаларында осы стандартты персоналды жұмысқа қабылдау және оқытуда қолданады. Осылайша, аккредитация алу және оқыту бағдарламаларын және біліктілік аттестациясын NCCER стандарты бойынша жүргізу құрылыс саласындағы қазақстандық жұмысшылар біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді, қазақстандық қызметкерлерді және қазақстандық мердігер компанияларды ТШО жобаларын жүзеге асыруда бәсекелі артықшылықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік мамандар саны кеміп қазақстандық құрам артылады.

35


ҚР БҒМ-нің сараптамалық қолдау көрсетуі ТжКБ жүйелі дамуын ҚР Білім және ғылым министрлігі жүзеге асырады, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тарапынан сараптамалық қолдау көрсетіледі. 2014 жылы «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ сараптамалық зерттеу жүргізіп және келесі ұсыныстар әзірледі: техникалық және кәсіптік білім саласындағы мамандықтар мен кәсіптерді жіктеудің қолданыстағы жүйелерін интеграциялау бойынша - қарастырылатын жүйелер арасында тікелей байланысты орнату және оның қайталануын болдырмай мамандықтар, кәсіптер мен лауазымдарды жіктеу жүйесін құруда бірыңғай ұстанымды қалытастыру бойынша; техникалық және кәсіптік білімдегі сапаны бақылау жүйесін жетілдіру бойынша – сапаны қамтамасыз ету жүйесін құру және оның жұмыс жасауында бірыңғай ұстанымдарды қалыптастыру бойынша; техникалық және кәсіптік білімді қаржыландыру және мемлекеттік тапсырыс жүйесін жетілдіру бойынша; техникалық және кәсіптік білімнің жобалық қуатын дамыту бойынша – колледждерге түсетін үлкен ауыртпалықты немесе «сұраныс – ұсыныс» сараптамасының негізінде оқу орындарының шамадан артық болуын атап көрсету бойынша; техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары қызметіне үздік әлемдік практиканы енгізу бойынша; техникалық және кәсіптік білім жүйесінің нормативтік және құқықтық негіздерін жетілдіру бойынша; рейтингтік ұстаным негізінде колледждер қызметінің тиімділігіне тәуелсіз баға беруді жүзеге асыру бойынша. Зерттеулердің алғашқы нәтижелері 2014 жылдың соңына қарай күтіледі және ТжКБ жүйесін модернизациялау бойынша одан арғы шаралар кешенін қабылдаудың негізі болып табылады.

36


ТжКБ бірыңғай ақпараттық жүйесі Білім саласындағы қарқынды дамудың әсерінен, оның ішінде инфокоммуникациялық технологияларды қолдануда, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қазіргі таңда бірыңғай ақпараттық жүйені даярлауда, яғни оның мақсаты «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының жаңа сапалы білім алу сатысына шығуы болып табылады. Болашақ ақпараттық кеңістікті консолидациялау аясында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бірыңғай ақпараттық жүйені енгізуді жоспарлап отыр. Жүйе студенттерді ақпараттық және коммуникациялық технологиялар арқылы неғұрлым қолайлы және қазіргі заманға сай оқыту құралдарымен қамтамасыз етуге арналған. Басқа сөзбен айтқанда, оқу үрдісіне неғұрлым алдыңғы қатарлы білім алу және оны тікелей қолдана алу технологиялары енгізіледі. Сонымен қатар, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ құратын бұл ақпараттық жүйе жұмыс берушілерді қолданылатын білім бағдарламаларын интерактивті реттеу және онлайн режимде қажетті деректерді ұсыну арқылы орындалатын теориялық білім алу және практикалық машықтарға иелену үрдісіне шақырудағы маңызды құрал болмақ. «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ барлық оқу орындары үшін оқыту үрдісін ұйымдастыруда бірыңғай ұстанымдар қолданылатын болады. Сонымен қоса, бірыңғай ақпараттық жүйе «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ тің әкімшілік персоналы, жұмыс берушілер, студенттер, оқытушылар және талапкерлер, олардың ата-аналары және барлық соңғы қолданушылар үшін максималды түсінікті және пайдалануда қолайлы болады.

Яғни, бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ оқу орындарының студенттеріне әлемдегі жетекші колледждер студенттерімен бір деңгейде болу мүмкіндігін ұсынады.

37


38


39


40


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.