Сыр бойынын батырлары

Page 1


Құрастырушыдан

Қазақ халқы өз тарихында ірілі-ұсақты 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілісін бастан кешіпті. Өз елін, өз ауылын қорғап, сақтап қалған батырлар халық аузында жыр болып сақталып, аттары аңызға айналып кеткен. Ұлт намысы мен ұрпақ қамы үшін бастарын құрбандыққа тігіп, жері мен елін, тілі мен дінін қорғаған батыр бабаларымыздың арқасында қазақ елі ғасырдан-ғасырға көшіп, дамып, тəуелсіз егеменді іргелі мемлекетке айналды. Ғасырлар бойы тəуелсiздiк үшiн күрескен бабалар арманы орындалды. Қазақстанның желбiреген көк байрағы жасампаздық жаңа iстерге жiгерлендiре түсуде. Ел бостандығы үшiн қан төккен қаһармандарға арналып қала орталығынан Сыр бойы батырлары деген алып монумент тұрғызылды. Сыр топырағында туып-өсіп елі үшін күрескен батыр-бабаларымыз жайында біліп өсу – бүгінгі ұрпақ міндеті. Батыр бабалар ерлігін насихаттау мақсатында Қазақстан тəуелсіздігінің 20 жылдығына орай Ə.Тəжібаев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасы «Сыр бойының батырлары» атты библиографиялық көрсеткіш дайындап, оқырман назарына ұсынып отыр. Көрсеткіште халқымыздың бір кездері бетке ұстары болған батыр ұлдарының өмір жолдары, қиян-кескі шайқастағы ерліктері баян етілген. Мұндағы материалдар алфавит бойынша орналастырылған, батырлардың өмірбаяндық деректері мен суреттері, əдебиеттер тізімі жинақталған. Көрсеткіш соңында көмекші құрал ретінде авторлардың алфавиттік көрсеткіші берілген. Библиографиялық құрал тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге жəне өлкетану материалдарымен танысқысы келген барша оқырман қауымға арналған.

2


Ақтан батыр Ақтан Ақайұлы (шамамен 1770-1854) халық батыры. Руы - Қаракесек. Жанқожа батырдың үзеңгілес серігі, оның Хиуа, Қоқан бекіністеріне жасаған жорықтарына қатысқан. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданы Ақтан батыр (Арықбалық) ауылына қарасты Түлкіқашқан қонысында дүниеге келген. ХІХ-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 18301840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан əрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, əйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, əкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен əркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлық-зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан əділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады. Жалпақ жұртқа белгілі жайт - Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа қаракесек Ақтан батырмен бірге көне Жанкенттің жанындағы Хиуа бекінісі - Жаңақаланы тас-талқан етеді. П.Ивановтың көрсетуі бойынша, бұл оқиға 1842 жылы болған. Жаңақаланы алардағы ұйымдастырушылығы мен жанқиярлық батырлығы үшін халық қаракесек Ақтан Ақайұлын бүгінгі күнге дейін ерекше ілтипатпен атайды. Қазақтың санаулы батырларының бірі деп біледі. Сондай-ақ осы жылдың қазан айында Хиуа хандығының сыр бойы қазақтарынан ұшыр, зекет жинауға қойылған найыбы Бабажан сарттың көне Жанкент шаһарының маңындағы бекінісі Бесқаланы аларда ерлік көрсеткен. Ақтан батыр бастаған қазақ сарбаздары қамалды қоршауға алып, Бабажанды қолға түсіріп, Жанқожа батырдың үкімімен жазалаған. Ақтан батырдың бейіті Ақтөбе облысының Берсүгір бекетінің батысына қарай 30-35 шақырым қашықтықтағы Тебенсай деген жерде. Бұрынғы Арықбалық елді мекеніне Ақтан батырдың есімі берілген. Əдебиеттер: Ақтан Ақайұлы //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. – 1-т. – 211б. Ақтан Ақайұлы //Мұсабаев Н., Мұсабаева А. Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы.Алматы: Атамұра, 1998. – 25-26б. Ақтан батыр //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 83 б. *** Əбдімəжитұлы А. Ақтан батыр: [Ақтан батыр жəне оның ұрпақтары туралы] //Қазақ батырлары. – 2007. – ақпан (№2). – 4 б. Исақызы А. Ақтан батырдың есімі неге шықпайды? //Сыр бойы. – 1995. – 8 қараша Нұрмағанбетов Н. Ақша бұлтты Ақтан батыр рухына аралдықтар ат шаптырып, ас берді //Халық. – 2010. – 28 қазан – 5б. Нұрмахан Н. Тарихи жырлардағы Жанқожа мен Ақтан – халық жүрегінде мəңгілік жырланатын тұлғалар //Əлімсақ. – 2010. - №10. – 4-6 б. Райымбаев К. Ақтан батыр //Тұран-Қазалы. – 2007. – 17 қараша 3


Сағынтаев А. Ақ бұлтты Ақтан батыр //Сыр бойы. – 1996. – 10 қаңтар Сыдықұлы М. Елім деп өткен ер Ақтан //Сыр бойы. – 2010. – 15 қырк. Сыдықұлы М. Тəуелсіздікті ту еткен Ақтан батыр: [Театрландырылған қойылым] //Əлімсақ. – 2010. - №10. – 7-10 б. Тілеубергенов К. Ақтан батыр: [Əлім руынан тарайтын Қаракесектің жақау аталығынан тараған батыр Ақтан Ақайұлы туралы] //Сыр бойы. – 1992. – 8 ақпан

Арал батыр Арал өңірі – елдің елдігін сақтап қалуда ерен ерлік үлгісін көрсеткен хас батырлар мен от ауызды, орақ тілді атақты билер, аттары аңызға айналған арқалы ақындар шыққан тарихи да шежірелі өңір. Сондай асылдардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген – Андаұлы Арал батыр. Ол əрі би болған алаштың ардақты азаматы. Тегі – Кіші жүз. АлшынƏлімұлы-Шекты (Жаманақ) – Жақайым аталығынан шыққан. Батыр жүзі ақсары, ірі денелі, сақалын өте қатты өсірмейтін кісі болыпты. Жауға қарсы соғыста Арал батыр ту ұстау міндетін атқарған екен. Арал батырдың қазіргі Сексеуіл стансасының жанында Дəкі деген жерде қонысы болған (Дəкі осы өңірде ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген батыр). Бүгінде Дəкі станциясының аты – Күнту. Аралдың əкесі Алшынбай Қосқұлақтан төрт ағайынды: Байжан би, Назарқұл (Мерген) батыр, Шатырғұл болып келеді. Арал батыр үш ағайынды: Арды, Сманбыт, Арал батыр. Аралдан Алданазар, Құлманбет батыр-болыс туады. Арал батырды Сыр бойының ақыны Қарман Сұлтанұлы: Аттанып шықты Дəкіден Жақайымның Аралы, Барғасын жаудың хабары – деп жырлаған. Ал Нұрғали Балтанбекұлы «Арал батыр» дастанында: Жанқожа, Арал батыр көп адаммен Келтірді кедергісін орыстарға-ай Қазақстар орыстармен ұрыс қылып, Ілгері жүргізбеді бір жыл ұдай... Айрықша Арал батыр ұрыс қылып, Алдынан бұзып шықты құрған тордан, - деп жырға қосады. Арал батырдың шөберелері Құлмамбетов Құдайберген ұста қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан еліне белгілі зергер, Шаймекова Ханзада Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат станциясында тұрады. Арал батырдың қылышы, сауыты ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Бурабай деген жерде тайқазанға көмілген екен. Кейін бұл жерде монша салынған. Арал батырдың ұрпақтары сталиндік жаппай қуғын-сүргін заманында оны көрсете алмады. Уақыт өте тайқазанды іздесе де, таба алмапты. Əдебиеттер: Ахметбек Б. Ел қорғаны - Арал батыр: [ХІХ ғ. өмір сүрген Андаұлы Арал батыр туралы] //Ақмешіт апталығы. – 2010. – 26 тамыз

4


Бабас батыр Бабас бидің есімі қазақ-ресей құжаттарында бірнеше жерде кездеседі. 1794 жылдың 4 қаңтарындағы қазақ билерінің (184 бидің) орыс патшайымы Екатеринаға жазған реніш хаттарындағы қол қойған билердің бірі Бабас еді. Ал кейінгі Бабас тарих көшіне ХІХ ғасырдың басында ілескен. Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысты кеңінен зерттеп жазған белгілі тарихшы Е.Бекмахановтың «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында» атты кітабында: «Кенесары көмек сұрап шөмекей, керей, алтын жəне əлім руларының қазақтарына сөз салды. Оның бұл үндеуіне жұрт бірден құлақ асты. Олар көмек беруге дайын екендіктерін білдірді. Оның əскеріне шөмекей руынан Тоғанас Бəйтіков, керей руынан Жұбан би, алтын руынан Көшекбай Мəжіғұлов жəне əлім руынан Жанқожа келіп қосылды», - деп жазады. Осы бір үлкен шайқасқа қатысқан жас ұландар арасында Бабас Сердалыұлы да болыпты. Ол онда қол бастап қолбасшы, мыңды басқарып мыңбасы болған жоқ, қатардағы сарбаз ретінде соғысты. Ержүректігі мен ерлігі ел аузында қалды. Сондықтан да Бабасты «Созақтай» мықты қамалдың алынуына үлес қосқандардың бірі деп есептейміз. Тағы бір алыстан үзіліп жеткен үзік-үзік əңгімелерде Кенесары қырғыз асып кеткенде елге кері қайтқандардың бірі Бабас болыпты. Арқа өңіріндегі ен далада аш қасқырға тап болады. Аты да, өзі де шапшаған кезде кездескен бөрілер бірі арттан, екіншісі алдынан шығып, азу тісін ақсита ұмтылады. Бабас қолындағы қара тұмсығының шамасы осы-ау деп сілтеп бір-екеуін жер жастандырады. Өлімтікке ұмтылған қасқырлар бір-бірімен таласа артта қала беріпті. Өзі аш Бабас батыр аттың үстінде тұрып өлімтіктің бауырын найзаға іліп алып, əудем жерге барып, сексеуілдің шоғына пісіріп алып жеп, осылайша арып-ашып елге жетіпті деген сөздер көнекөз қариялар құлағында қалған. Елге оралған Бабас бір ауылдың биі, батыры ғана емес, аймаққа есімі кеңінен таралып, ол тұратын ауылдан жаулар қашығырақ жүретін болған. Əдебиеттер: Дайрабай Т. Бабас батыр //Сыр бойы. – 2004. – 16 қараша Өтжанұлы К. Бабас батыр: [Сырдария, Қуандария өзендерінің бойын жайлаған би, батыр Бабас Сердалыұлы туралы] //Ислам əлемі. – 2004. - №12. – 10-11б.

Байғара батыр Байғара Қожасұлы (туған жылы белгісіз – 3.11.1731, Арал теңізінің солтүстігі) – батыр. Ресей империясының отарлау саясатына қарсы күрескен. Əбілқайыр ханның Ресей қол астына ену туралы шешіміне бірқатар ру басылары келіспей, хан ордасы мен М.Тевкелев бастаған Ресей елшілігіне қарулы қарсылық көрсеткен. Баймұрат батыр бастаған қол 1731 ж. 22 қазанда елшілік пен хан ордасын қоршап, 15 жылқы барымталады. Сырлыбай Қожасұлы бастаған топтың хан ордасына қарсы күресі бір жылдан астам уақытқа созылады. Хан ордасы мен елшілік күзетінің осы топпен 1731 ж. 3 қарашада өткен қақтығысы кезінде Байғара оққа ұшқан. Байғара қазасының арты үлкен дауға айналып, қарсылық күшейе түсті. Байғараның Атабай, Жанкелді, Сарт есімді үш ұлы болған. Əдебиеттер: Байғара Қожасұлы // Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 2-т. – 51-52б. 5


Байғара Қожасұлы //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 148 б. Əйтімов И. Байғара батыр: Тарихи шығармадан үзінді //Толқын. – 2009. – 29 шілде

Байқадам батыр Байқадам Ақайдарұлы 1792 жылы Жалағаш өңірінде дүниеге келген. Сəрке батырдың немересі. Қоқандықтарға қарсы күресіп, елін, жерін қорғаған. 1829 ж. «Күміс қорғандағы» шайқасқа қатысқан. 1836 ж. Сырдария өзенінің Хиуа мен Қоқан шекарасына көпір салдырған. Байқадам батыр 1855 жылы қайтыс болған, «Қорқыт Ата» қорымына жерленген. Əдебиеттер: Байқадам Ақайдарұлы //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 149 б Баймаханұлы М. Байқадам батыр: Тарихи баян. – Қызылорда, 1999. – 149 б.

Бақтыбай батыр Бақтыбай батыр (1720, кейбір деректерде 1698-1780) – аға батыр, қолбасшы. Қазаққалмақ соғысында Əбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Шекті руынан шыққан. Əкесі – Төлес би. Бақтыбай батыр 15 жасында Əбілқайыр жасағының құрамында шайқасқа қатысып, ерлігімен көзге түскен. Есет батырдың қолдауымен Шекті жасақтарына қолбасшы болып тағайындалған. Есімі сарбаздардың жауынгерлік ұранына айналған. Бақтыбай батыр бастаған жасақтар Бұланды жəне Аңырақай шайқастарында жауды жеңуге үлкен үлес қосқан. Жалпы Бақтыбай батыр туралы бірінші жазба деректер Ресей патшалағының өкілі – елші əрі тілмаш М.Тевкелевтің Əбілқайыр ханның ордасына келуімен байланысты берелген. Осы жазба мəліметтер 1750 жылдың аяғына дейін жалғасады. М.Тевкелевтің Ресей сыртқы істер министрлігіне жазған құпия хатында (1732 ж. 20 маусым) полковник Гарбердің басшылығымен Ресейден Бұхара мен Хиуаға бет алған 500 түйелі керуенін Бақтыбай батыр басып алып, дүние-мүлкін жергілікті елге таратып бергені баяндалады. Сондай-ақ кеңес заманында сақталған көне архивтік құжаттарда (атап айтқанда, «ХҮІХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары» деген құжаттар кітабында Бақтыбай батырдың тарихи тұлға екендігін қуаттайтын 7 дерек бар). «Қазақ кеңес энциклопедиясында» инженер-тарихшы М.Тынышбаев жинаған Қазақ шежіресінде үзік деректер кездеседі. Бақтыбай батырды жергілікті халық «Əлім Қарасақал əулие» деп те атайды. Бақтыбай батыр майдан алаңында қаза тапты. Жем өзені бойындағы «Қарасақал əулие» зиратына (қазіргі Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақжар ауылы) жерленген. Əдебиеттер: Бақтыбай батыр //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 2-т. – 92б. 6


Бақтыбай батыр //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 154-155 б. *** Əдiлбаев О. Ұранға айналған ұл: [Қазақтың Шектi руынан шыққан батыр Бақтыбай Төлесұлы туралы] // Заман-Қазақстан.- 1998.- 25 қыркүйек(N 40).- 12 б. Есмағанбетов М. Бақтыбай бабаның желеп - жебеуi : [Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен Бақтыбай Телесұлы немесе Қарасақал əулие туралы] // Жас Алаш.- 2007. 24 сəуiр № 33 (15179) - 3 б. Құнтөлеуов А., Əділбаев О. Дулығалы дала батыры Бақтыбай баба туралы не білеміз? //Ақиқат. – 1997. - №3. – 71б. Құттыбайұлы С. Аты ұранға айналған Бақтыбай // Дала.- 2003.- N 2.- 20-23 б. Оралбай Ə. Бақтыбай бабаның аруағына арналды: [Ақтөбе обл. Шалқар ауд. батыр, əрi би Б.Төлесұлының 300 ж. арналып ас берiлгендiгi туралы] // Егемен Қазақстан.- 1998.10 қазан Сəдібекұлы А. Бақтыбайлап ұран салғанда... //Сыр бойы. – 1998. – 22 тамыз

Бəйтік батыр Бəйтік Бəймəмбетұлы (шамамен 1762-1841) – батыр. Хиуа мен Қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық əрекеттеріне қарсы тұрған. Қазақтардың Жаңадария өзенінің бойына қоныстануына басшылық жасады. Бəйтіктің өмір жолы мен жорықтары туралы Балқы базар, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары шығармаларында айтылады. Батырдың қалмақтар мен Хиуа, Қоқан басқыншыларына қарсы жорықтарында көтерген ақ туы баласы Тоғанас батырға ауысқан. Əдебиеттер: Бəйтік Бəймəмбетұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 1999. – Т.2. - 224 б Бəйтік Бəймəмбетұлы //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 162 б.

Бидас батыр Бидас Батырды 1585-1590 жылдардың аралығында туған деген деректер бар. Бидас Батыр əлемге əйгілі софы, Шайхы Дулаттың немересі. 1645 жылы Тəукеханның əкесі Жəңгірхан мерт болып, бала жастағы Тəукені, мұрагерлік жолымен ұлы құрыптайды, Алашқа хан көтерді. Осы құрылтайда Тəуке хан ер жетіп, тізгін ұстағанша Алашты басқаратын, əрі Тəукені тəрбиелейтін, «регент» қазақша айтқанда Хан Ата сайланды. Бұл құрылтай, қазіргі Кентау қаласының іргесіндегі, «Хан тағы» деген жерде өткен. Халық қалауы Аталық болуға лайық кісілер: Қаракете Текей Батыр жəне Бидас Батырға түседі. Аталған екеу қанды көйлек достар болатын. Өйткені, бала күндерінен іргелері ажырамаған «Батыр бастас, Бай, қоныстас» деген кісілерден болған. Сондықтан құрылтайда Текей Батыр дауысқа түспей, жолын Бидасқа беріпті. Қан Ата болып сайланды. Бидастың басшы болғандағы ең əуелгі қабылдаған шешімдерінің бірі мемлекеттің қал-ахуалын, мəдениетін көтеру шараларын қадағалау болды. Кемеңгер Бидас Аталық қазақтың ордасын Үргеніш қаласына көшіріп қазақтың шекарасын Иранға дейін кеңейтті. Бидас аталық «Регент» болған соңы мемлекеттік басшылыққа көптеген жаңалық еңгізді.

7


Кемеңгер Бидас Батыр Аталық көп жылдық мол тəжірибесін, əрі сопылық білімін, Тəуке ханға тəлім-тəрбие беруге жұмсады. Бидас тəрбиесінің нəтижесінде Тəуке хан кəмелетке жетіп, елді билеген кезінде көрінді. Тəуке ханның білімділігі, даналығына лайық болып Əз атағына ие болып, қазақтағы үш Əздің біріне айналды. Ал, оның осы дəрежеге жетуіне, əрине Батыр Бидастың оны өсіріп, ел басы етудегі үлкен тəрбие жұмыстары ықпал жасады. Қорыта келгенде Батыр Бидас қазақтан шыққан өз заманының биік парасатты, дархан данышпаны, ханға Аталық болған, (регент) ел басшыларының бірі. Əдебиеттер: Түйімбетов М. Батыр Бастас //Ақмешіт апталығы. – 1998. – 25 желт. Түйімбетов М. Батыр Бастас //Сыр бойы. – 1999. – 22 сəуір Түйімбетов М. Хан Ата – кемеңгер Бидас батыр //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 11 тамыз

Бұқарбай батыр Өткен ғасырда патша отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық күрес жүргізген Кенесары хан мен оның қасында бірге болған, елге, халыққа белгілі адамдар көп еді. Солардың бірі – Кенесары туралы деректерде жиі айтылатын халық батыры Бұқарбай Естекбайұлы. Бұқарбай Естекбайұлы 1812 жылы қазіргі Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты елді мекенде дүниеге келген. Шыққан тегі – Кіші жүздің Табын тайпасынан. Оның ішінде – Теке, одан Атанша болып тарайды. Атаншаның баласы Құдайсүгірден батырдың əкесі Естекбай туған. Жайтайынан ел қорғау жорықтарына қатысып, шыңдалып өскен Бұқарбай батыр ержүректілігімен көзге түседі. Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады. Ол 1839 ж. тамызда Ақмола бекінісін алуға қатысты. 1850 ж. Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, қазақ-орыстар мен қоқандықтарды жеңді. Орыс тіліндегі деректерге қарағанда, Бұқарбай осы шайқастардың бірінде ауыр жараланып еліне қайтқан соң бейбіт еңбекпен айналысқан. Егін егіп, 1854 жылы Сырдария сағасынан күні бүгінге дейін ұрпақтары пайдаланатын «Бұқарбай арығын» (ұзындығы 25-30 км) қаздырған. Талайды көріп, ұзақ өмір сүрген батыр өз туған жерінде қартайып 1898 жылы дүние салды. Батырдың 8 баласы болған. Бəйбішесі Шынардан туған Көтібар, Алданазар, Зылиқадан тараған үрім-бұтағы бүгінде батырдың өзі туып-өскен ата жұртта өмір сүруде. Олардың қолында батыр бабаларының есімі жазылған күміс мөрі мен шашақты туы, т.б. зат-мүліктері сақталған. Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеулерінде, жазушы І.Есеберлиннің «Қаһар» романында, зерттеуші Қ.Бердəулетовтың «Бұқарбай батыр» кітабында көрініс тапқан.

8


Əдебиеттер: Бердəулетов К. Бұқарбай батыр: Өмірі мен ерлік жорықтары. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128б. Бұқарбай Естекбайұлы //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 180 б. Дайрабай Т. Бұқарбай Естекбайұлы //Қазақстан.Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 2-т. – 456б *** Алданазаров Ж. Батыр бабамыздың өмір жолы əлі де зерттей түсуді қажет етеді: [Бұқарбай батыр Естекбайұлы] //Сыр бойы. – 2008. – 13 ақпан Батырбаев Р. Бұқарбай батыр: [Дастаннан үзінді ]//Сыр бойы. – 1993. – 19,21 тамыз Батырдың шөбересі жəне қабірден табылған кітап: [Бұқарбай батырдың шөбересі Жоламан Алданазаров] //Сыр бойы. – 1992. – 14 мамыр Бекниязов Т. Бұқарбай мен Нысанбай: [Кенесары ханның сенімді серігі болған батыр мен ақын туралы] //Егеменді Қазақстан. – 1992. – 31 қазан Бекниязов Т. Күмбір күмбір кісінетіп: [Бұқарбай батырдың əңгімесі] //Сыр бойы. – 1992. – 3 қаңтар Бердаулетов К., Тəшенов Т. Бұқарбай батыр: [Табын руынан шыққан Сыр бойының батыры туралы] //Егемен Қазақстан. – 1993. – 23 қаңтар Бердəулетов К. Бұқарбай батыр туралы басылым: [«Қазақ университеті» баспасынан шыққан Бұқарбай батыр туралы кітап жайлы] //Сыр бойы. – 1992. – 22 қазан Бердəулетов К. Бұқарбай мен Шынардың ғашықтығы //Сыр бойы. – 1998. – 3 қаңтар Бердəулетов К. Сырдың саңлақ сардары //Сыр бойы. – 1992. – 28 мамыр [Бұқарбай батыр]: Суретi берiлген // Қазақ батырлары.- 2001.- тамыз (N 8).- 1 б. Далдабаев С. Қаһарманын ел ұмытпайды: [Бұқарбай батырға 180 жыл] //Сыр бойы. – 1993. – 19 тамыз Далдабайұлы С. Бұқарбай батыр //Егемен Қазақстан. – 1993. – 21 тамыз Далдабаев С. Өр тұлғалы өз ұлың: [Бұқарбай батырдың туғанына 180 жыл] //Халық кеңесі. – 1993. – 21 тамыз Достияров А. Бабам, саған бас ием: Өлең //Сыр бойы. – 1993. – 19 тамыз Ембергенов С. Бұқарбай батыр бейнесі //Ақмешіт апталығы. – 1999. – 1 қаңтар Ембергенов С. Ел ерімен танылады //Сыр бойы. – 1991. – 21 қараша Ембергенов С. Қарабөгет хикаясы: [Бұқарбай батырдың 180 жылдығына толғау] //Сыр бойы. – 1993. – 20 мамыр Есжанов Т. Бұқарбай батыр мен Меңлi тəуiп // Сыр бойы.- 2010. - 27 қаңтар. - 8 б. Жанаев А. Батыр туралы əңгімелер //Сыр бойы. – 1993. – 19 тамыз Жанаев А. Батыр баба туралы толғаулар: [Бұқарбай батырдың дүние салғанына 100 жыл] //Ақмешіт апталығы. – 1998. – 16,23,30 қазан Жанаев А. Тубегі Елқонды туралы : [Бұқарбай батырдың 180 жылдығына орай] //Сыр бойы. – 1993. – 27 шілде Иса Қ. Еске алды есіл ерін //Жас Алаш. – 1993. – 16 қырк. Мұқашұлы С., Баймақанұлы Б. Бұқарбай – халық батыры //Ленин жолы. – 1990. – 17,18,19,20 қазан Мұхашев С., Сыдықов Қ. Бұқарбай батыр //Халық кеңесі. – 1992. – 25 маусым Оспанов С. Өр тұлғасы халқымның: Өлең //Алматы ақшамы. – 1993. – 10 тамыз Салқынұлы Сəбит қажы. Бұхарбай батырды бұқара түгел тани ма? // Заң газетi.2006.- 14 желтоқсан.- 4 б. Сəдібекұлы А. Күмбезді кесене: [Бұқарбай батырдың күмбезі] //Сыр бойы. – 1993. – 19 тамыз Сейпулов Ы. Бұқарбай батырдың бір арманы //Ленин жолы. – 1991. – 16 сəуір 9


Смағұлов Р. Бұхарбай батырдың жармасы //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 14 шілде Тəшен Т. Бұқарбай батыр //Жалағаш жаршысы. – 2007. – 3 қараша Тəшенов Т., Тлеулиев А. Бұхарбай батыр //Жас Алаш. – 1992. – 4 шілде Тоқмағамбетов А. Бұқарбай батыр: Поэма //Сыр бойы. – 1992. – 26 қырк. Тілеулиев А. Аруақты баба //Еңбек туы. – 1991. – 5 желт. Тілеулиев А. Ерлік дастаны //Ақмешіт апталығы. – 2002. – 4 шілде Тілеулиев А. Қазынамыз қолға тиді: [Қ.Бердəулетовтің «Бұқарбай батыр» кітабы жайлы] //Сыр бойы. – 1993. – 25 мамыр Ысмайлов Қ. Бұқарбай батыр //Ленин жолы. – 1990. – 15 тамыз Ысмайлов Қ. Бұқарбай батыр //Еңбек туы. – 1990. – 30 маусым Ілиясұлы М. Баба қорымы басында: Өлең //Сыр бойы. – 1993. – 19 тамыз

Есет батыр Есет Көкіұлы (1667-1749) – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде есімі елге танылған əйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі Кіші жүздің Жетіруының ішіндегі тама руынан. Кіші жүз Бөкенбай батырдың күйеу баласы. Батырдың ата-бабалары қазіргі Татарстан астанасы Қазан қаласының маңын жайлап, сол кездегі тарихи-саяси оқиғаларға белсен қатысқан тұлғалар, ал, əкесі Көкі өз заманында аты шыққан батыр болды. Ол жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» атаныпты. Тарихшылар Салқам Жəңгір хан жоңғардың Батыр қоңтайшысының 50 мыңдық əскеріне 600 жауынгермен қарсы тұрып, шайқасып жатқанда 20 мың əскермен көмекке келетін Жалаңтөс баһадүр жасағында Көкі батырдың да болғандығын, сонда оның шеп бұзып, үлкен ерлік көрсеткенін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет батыр да ел қорғау жорықтарына ерте араласты. Жеке ерлігімен көзге түсіп батыр атанды. Тəуке хан тұсындағы жеңісті шайқастарда Есет батыр Кіші жүз қолын бастады. Осындай шайқастардың бірінде найзагерлігімен көзге түсіп, ерен ерлік көрсеткен Есетке риза болған Тəуке хан кейін оны шақырып алып, «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген əңгіме бар. Есет батыр əйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып бірігіп, жоңғарларға қарсы алғашқы алапат соққы берген Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен ұлы жеңіске өз үлесін қосты. Ал тарихи бетбұрыс жасаған Аңырақай соғысында ол Кіші жүз құрамының туын көтерген атойшы болды. Есет батыр тек жалаң қылыш батыр ғана емес, сондай-ақ ақылпарасатымен бүкіл Жетіруды билеген, көрші башқұрт, қалмақтармен мəмілегерлік қарымқатынас орнатып, талай қантөгістің бетін қайтарған саяси басшы ретінде де есімі тарихта қалды. 1740 жылы орыс басқыншылары Жайық бойындағы қазақтарды ата қоныстарынан ығыстыра бастаған кезде батыр 2000-ға жуық қолымен Əбілқайыр ханның жасағына қосылып, əділетсіздікке қарсы шықты. 1748 жылы Орынбор губернаторынан өз ұлысының Жайық бойына жайлауына рұқсат сұрайды. Патша əкімшілігінің өкілі Кіші жүзге беделді батырдың, рубасының өтінішін амалсыз орындауға мəжбүр болыпты. Есет батырдың кейінгі өмірі Əбілқайыр ханның саясатымен тығыс байланыста болды. Ханның қасында болып, ақыл-кеңесін берді, хан мен халық арасына түскен жарықшақты дəнекерлеп бітістірушісі бола білді. Əсіресе, орыс патшасының қол астына өтер кездегі хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде сол кездің тарихи ірі тұлғалары Бөгенбай, Жəнібек батырлармен бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетті. Ресеймен қарым-қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша өкметі оған «тархан» атағын берді. 10


82 жасында дүниеден озған батырдың денесі Ақтөбе облысындағы «Бестамақ» стансысының шығыс жағына жерленген. Басына кесене тұрғызылған. Əдебиеттер: Есет Көкіұлы //Тарихи тұлғалар: Танымдық көпшілік басылым. – Алматы: Алматыкітап, 2005. – 326-327 б. Қожамұратов О. Батыр тойы – халық тойы: [Тама Есет батырдың 325 жылдық мерейтойы жайлы əңгіме / Əңг. І.Мұстафаев]//Сыр бойы. – 1992. – 28 қараша Ниязбайтегі О. Есет батыр //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 17 қараша Өтегенов С. Есет түсер есіме ел дегенде: [Қазақ халқының қаһарман батыры Есет Көкіұлы туралы] //Сыр бойы. – 1998. – 24 ақпан Өтегенов С. Көкіұлы Есет батыр //Ақмешіт апталығы. – 2001. – 30 тамыз Өтегенов С. Ту ұстап, тарлан мінген Есет батыр //Ақмешіт ақшамы. – 2010. – 5 ақпан Өтегенұлы С. Көкіұлы Есет батыр //Ел тілегі. – 2011. – 18 ақпан – 6-7б. Ыдырыс Д. Ер есімі – ел есінде: [Есет батыр атына көше берілді] //Ақмешіт апталығы. – 2011. – 24 ақпан – 6 б.

Жалаңтөс Баһадүр Жалаңтөс Сейітқұлұлы (1576-1656) Қызылорда облысы, Қазалы аумағында дүниеге келген. Қазақ батыры, əскербасы, Самарқан əмірі, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген Əйтеке бидің атасы болып келеді. 1581 жылғы аштықтан аман қалу қамымен Шығай хан мен Жалаңтөс батырдың əкесі Айтқұл туыстарымен бірге Бұхараға жақын Бұраты тауына қоныс аударды. Жалаңтөс батыр 12 жасынан Тамды жəне Қызылқұм қазақтарының ханы Дінмұхамедке қызмет ете бастады. Жас кезінен-ақ зерделілігі жəне төзімділігімен көзге түсті. Оның аты халық арасына кеңінен танылды. Оған сол дəуірдің жоғары дəрежесі – «Аталық» атағы берілді. 1640 жылы Жалаңтөс батыр қазақ жəне өзбек жерлеріне шабуыл жасаған қалмақ ханы Батурға қарсы қол бастап, оны жеңіліске ұшыратты. 1643 жылы Жетісу жеріне баса-көктеп кірген жоңғар қалмақтарымен соғысып жатқан Жəңгір ханға 20 мың əскерді көмек ретінде жіберді, мұның өзі басқыншыларды талқандауға зор үлес қосты. 1649 жылы Жалаңтөс батыр қазақ қолын басқарып, Бұхар ханы Абдул Азиз бен Иран патшалығының Хорасан, Балх үшін жүргізген соғысында жеңіске жетті. Жалаңтөс батыр Ташкент пен Түркістанға үш жорық жасап, Қабыл мен Мешхедті бағындырды. Əскери өнерді жетік білетін, керемет батырлығымен даңқы жайылған дарабоз қолбасшыға қырғыз, қалмақ, қазақ хандары, Үндістаннан, Хорезмнен жəне Тибеттен қымбат сыйлықтар ағыл-тегіл келіп жатты. Бұл байлықтарды Жалаңтөс батыр əскерді қамтамасыз етуге ғана емес, оларға арнап Самарқанда үлкен құрылыстар, зəулім сарайлар мен медреселер салуға жұмсады. Жалаңтөс батыр Самарқанның орталығы Регистанда 1619-1633/36 жылдары «Ширдор» (Арыстан медресесі) медресесі мен 1647-1660 жылдары «Тилла-Кори» (Алтынмен апталған) медресесін салдырды, кейінірек олар бүкіл елге əйгілі болды. Бұл архитектуралық ғимараттар өзінің əсемділігімен дүйім жұртты таңдандырып, Шығыстың сəулетшілік өнерінде ерекше орын алады.

11


Жалаңтөс батырдың сүйегі Самарқаннан 12 шақырым жерде орналасқан Дагбит қыстауындағы зиратқа қойылған. Жалаңтөс батырдың ұрпақтары бұл күнде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ғұмыр кешуде. Əдебиеттер: Ақатаев С. Ер Жалаңтөс кешегі //Мұра /Құраст. М.Сəрсекеев. – Алматы, 1990. – 135139б. Жалаңтөс Баһадүр //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 2001. – Т.3. - 488-490 б. Жалаңтөс Баһадүр // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 215-216 бет. Жалаңтөс Баһадүр // Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы, 2008. – 35-40б. Жалаңтөс батыр //Қазақтар. Көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. – Алматы,1998. - Т.2. – 93 бетте Жалаңтөс батыр //Тарихи тұлғалар. – Алматы: Алматыкітап, 2005. – 323-324 бет. Жалаңтөс Сейітқұлұлы //Сыр өңірі тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). – Алматы: Атамұра, 1998. – 64-65б. Жалаңтөстей қайратты, Əйтекедей айбатты...//Мұсабаев Н., Мұсабаева А. Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы.- Алматы: Атамұра, 1998. – 17-18б. Серікбаев Ш. Ұрпаққа ұлағат //Серікбаев Ш. Ұлылар мен ұлықтар. – Қызылорда: Нұрсəулет, 1998. – 73-75б. Ұзақбаев Б. Жалаңтөс Баһадүр: Роман / Б.Ұзақбаев. – Астана, 2004. – 264 б. – (Отырар кітапханасы) *** Айдосов А.Х. Ұлттық тарихымыздағы ұлы тұлға //Сыр бойы. – 2000. – 21 қараша Ақатай С. Жалаңтөс Баһадүр //Ақмешіт апталығы. – 1999. – 5,12,19,26 наурыз Амангелдиев Қ. Жалаңтөс: [ХҮІ ғ. өмір сүрген қазақ батыры Ж.Сейітқұлұлы туралы] //Қазақ əдебиеті. – 1992. – 14 ақпан Ахатаев Ж. Сырда туып, Самарқанды билеген: [Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 430 жыл] //Жаңақорған тынысы. – 2006. – 11 қазан Ахметов Ө. Жалаңтөс Баһадүр //Сыр бойы. – 1991. – 1 қазан Ахметов Ө. Мақтан тұтар марқасқам! //Ақмешіт апталығы. – 2001. – 2 ақпан Аяшұлы Д. Баһадүр: [Жалаңтөс Баһадүр туралы] //Сыр бойы. – 2010. – 7 қырк. Байжанова Г. Жалаңтөс баһадүр //Қазақ Елі. – 2003. – наурыз (№5-6). – 8 б. Балғазиев А. Соғыс өнерінің атасы: [Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 425 жыл] //Сыр бойы. – 2000. – 30 желт. Бекқұлов Е. Жалаңтөс Баһадүр: [Сыр елінің батыры / Е.Бекқұлов, Қ.Сыдықов] //Халық кеңесі. – 1992. – 21 тамыз Дайрабай Т. Баһадүр атанған Жалаңтөстің жазығы не?: [Жалаңтөс Баһадүр тарихтан лайықты орын алуға тиіс] //Түркістан. – 1999. – 19-25 мамыр – 3 б. Дайрабай Т. Тұранның ұлы перзенті: Жалаңтөс есімі қайта жаңғыра бастады: [Қызылорда қ. «Жалаңтөс баһадүр жəне орта ғасырдағы қазақ мемлекеттігі» атты ғылымитеор. конф. өтті] //Түркістан. – 2001. – 5-11 мамыр Данабаев Қ. Адамзатпен бірге жасаған алып: [Жалаңтөс баһадүр туралы] //Сыр бойы. – 2003. – 4 ақпан Данабаев Қ. Азияның ақырғы жолбарысы: [Жалаңтөс Сейітқұлұлы туралы] //Сыр бойы. – 2005. – 16 желт. Данабаев Қ. Ташкент мұратынан жеткен құжат //Сыр бойы. – 2006. – 15 тамыз Егізбаев Н. Жалаңтөс Баһадүр //Ақмешіт ақшамы. – 2002. – 24 мамыр Ембергенов Қ. Төрт жүз жылда тот баспаған баһадүр //Сыр бойы. – 1999. – 17 шілде Есенов Д. Əмір Жалаңтөс баһадүр //Ана тілі. – 2006. – 3,19 қаңтар 12


Еслəмғалиұлы М. Жалаңтөс Баһадүр //Алдаспан. – 2005. - №5-6. – 2-4 б. Жұмабай Ə. Алшын Жалаңтөс Баһадүр: [Əйгілі батыр бабамыздың туғанына – 425 жыл] //Түркістан. – 2001. – 21-27 сəуір Кəрібозұлы Б. Ұлы даланың ұлағатты перзенті //Сыр бойы. – 2001. – 26 сəуір Көбегенұлы Н. Тұран даласының жолбарысы Жалаңтөс баһадүр ескерткіші Сыр елінің рухын асқақтатты //Əлімсақ. – 2010. - №9. – 12-15 б. Көмеков Б. Жалаңтөс батыр (1576-1656) / Б.Көмеков, С.Өтениязов //Саясат. – 1997. №1. – 99-105 б. Қалиұлы Ы. Жалаңтөс баһадүр //Сыр бойы. – 2007. – 22 наурыз Қалиев Ы., Сыдық Қ. Жалаңтөс баһадүр //Егемен Қазақстан. – 2001. – 28 ақпан Қалиев Ы. Қаһарман қолбасшы Жалаңтөс Баһадүр қоры ашылды //Сыр бойы. – 2000. – 16 желт. Қалиев Ы. Тұран өркениетінің дарабозы //Сыр бойы. – 2001. – 19 маусым Қалиев Ы. Орбұлақ соғысы //Сыр бойы. – 2001. – 13 ақпан Қалиев Ы. Жалаңтөс баһадүр //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 8 қырк. Қараманов Ұ. Баһадүр, шайырларымызды ардақтау ұлт рухын көтеруге қызмет етеді //Сыр бойы. – 2006. – 13 қазан Қашқынов Ж. Сарым Жалаңтөс //Қазақ батырлары. – 2001. - №2. Қозыбаев М.Қ. Жалаңтөс Баһадүр - Тұран өркениетінің ұлы перзенті //Алтын Орда. – 2001. – 15 маусым; Қазақстан Заман. – 2001. – 13 көкек, 4,11,18 мамыр; 8 маусым Қосан Т. Жалаңтөс – Тұран жұртының батыры //Ана тілі. – 2001. – 4 қазан (№40). – 5б. Қосан Т. Жау жапырған Жалаңтөс //Жас Алаш. – 2001. – 2 маусым Қыдыров И. Шындықты шаң баспайды: [Жалаңтөс Баһадүр суретінің сыры] //Сыр бойы. – 2001. – 14 шілде Молдахметов Қ. Ұлы даланың ұлы перзенті //Тұран-Қазалы. – 2006. – 22 сəуір Мұратбаев Ж. Жалаңтөс Баһадүр //Алтын Орда. – 2001. - 25 мамыр Мұратбаев Ж. Шындықты шаң баспайды: [Жазушы Ж.Мұратбаевпен əңгіме] / Əңг. И.Қыдыров //Сыр бойы. – 2001. – 14 шілде Мұсабаева А.Н. Дулығалы дала перзенті //Қазақстан тарихы əдістемелік журнал. – 2006. - №5. – 63-64 б. Мұхамедов М. Жалаңтөс Баһадүр – Сыр елінің айбыны. Ендеше еңселі ескерткіш елдігімізді танытады //Сыр бойы. – 2009. – 22 шілде Нұржанов А. Жалаңтөс батыр жатқан жеріндегі тозығы жеткен қорым //Ана тілі. – 2004. – 16 қырк.(№38). – 8б. Нығметуллаев М. Жалаңтөс Баһадүр батыр //Атамекен. – 2008. – 25 көкек Оспанов С. Түркі əлемінің бір түғыры //Сыр бойы. – 2001. – 26 сəуір Өткелбаев Н. Жалаңтөс баһадүр //Алдаспан. – 2006. - №7-8. – 2-3 б. Өткелбаев Н. Жалаңтөс баһадүр, жаңа деректер //Егемен Қазақстан. – 2005. – 2 қырк. Пұсырманов Б. Төрт ғасыр бұрыңғы тəуелсіздік перзенті //Əлімсақ. – 2010. - №9. – 1516б. Пұсырманова Г.А. Ұлы бабаға тағзым //Сыр бойы. – 2001. – 18 тамыз Пірназар С. Жалаңтөс баһадүрге арналған жиын //Егемен Қазақстан. – 2001. – 16 мамыр Сағым. Жалаңтөс батыр: [Өмірі мен өлеңдері туралы / Жазып алған Ж.Қашқынов]. //Жұлдыз. – 1996. - №12. – 201-203б. Сағымбеков М. Жалаңтөс батыр есімі жадымызда ма? //Жас Алаш. – 1993. – 22 маусым Серікбайұлы Ш. Алты алаштың ардағы: [Жалаңтөс баһадүр – 425 жыл] //Сыр бойы. – 2001. – 14 сəуір Серікбаев Ш. Баһадүр рухына бас иеміз: [Жалаңтөс батыр жəне Өзбекстан жерінде қаз. тарихи тұлғаларын зерттеуші Н.А.Мұхитдинов туралы] //Сыр бойы. – 2007. – 7 сəуір Серікбайұлы Ш. Жалаңтөс: Тарихи-драмалық дастан //Сыр бойы. – 2003. – 15 ақпан 13


Серікбаев Ш. Жалаңтөс Баһадүр //Егемен Қазақстан. – 2002. – 10 қырк. Серікбайұлы Ш. Самарқан саясы – алтын қақпа аясы: [Самарқан қаласы, Жалаңтөс батыр жайлы] //Сыр бойы. – 2006. – 22 наурыз Серікбаев Ш. Тарих жəне талғам //Сыр бойы. – 1997. – 28 тамыз Серікбаев Ш. Түркі əлемінің жарық жұлдызы: [Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 420 жыл] //Сыр бойы. – 1997. – 8 сəуір Сопыбеков А. Жалаңтөс – Азияның жолбарысы: Өлең //Жаңақорған тынысы. – 2006. – 28 қазан Тəуелсіздіктің байрағы болған батыр: [Жалаңтөс Баһадүрге арналған ғылымитеориялық конференциядан соң] //Сыр бойы. – 2001. – 29 сəуір Төреқұлов Н. Жеңілмеген Жалаңтөс //Парасат. – 1998. - №2. – 42-43б. Ұзақбаев Б. Жалаңтөс Баһадүр //Сыр бойы.Сыр өнері. – 2006. – 11,17,25 наурыз Ысқақов Б. Тағы да Жалаңтөс батыр туралы //Сыр бойы. – 2006. – 13 қазан

Жалбыр батыр Жалбыр Бөрібайұлы (шамамен 1830-1912) – батыр. Сыр елі мен жері үшін күрескен. Жалбыр Бөрібай батырдың 10 баласының ең кенжесі. Бөрібайдың 82-ге қараған шағында Жалбыр туыпты. Туғанда өте арық болыпты. «...Əй тірі болса, бұл да адам болар», - деп атын Байсал қойыпты. Байсал 12 жасында атқа мініп, жалбырлап атқа шаба беретін болған. Содан да Байсал аты ұмытылып Жалбыр аталыпты. Жалбырдың шешесі жылқыдан ақ боз ат алдырып жау-жарағын дайындап «үш құлаш қыл шылбырды есіп байлапты. «Балам жау шапса, осы қыл шылбырды беліңе байла», деп кеңес берген делінеді. Жалбыр батыр əділеттілікті қалаған, сол үшін де өз жанын ойламай талай рет қоқанд жəне орыс өкіметінің басшыларына қаймықпай қарсы шыққан. Жалбыр жөнінде Қостанай, Торғай, Ақмешіт (Қызылорда) өңірінде əңгіме-жырлар, ел аузына аңыз болып тараған. Ораз, Кеншімбай ақындар жырға қосқан. Əдебиеттер: Жалбыр батыр // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 2001. – Т.3. - 491 б. Жалбыр Бөрібайұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 217 б. Боқанов С. Жалбыр батыр //Ақмешіт апталығы. – 1996. – 9 тамыз (№32). – 7б. Дайрабай Т. Жалбыр батыр туралы не білеміз? //Сыр бойы. – 1999. – 3 тамыз Құрманбайұлы Б. Жалбыр батыр //Ақмешіт апталығы. – 1996. – 9 тамыз

Жаманбай батыр Қазақ халқы егемендікке қолы жетіп, тəуелсіздік алғаннан бері тарих қойнауына жаңа-жаңа кіріп, көмескіленіп қалған тарихымызды, елдігімізді, осыншама кең жерді сақтаудағы ерлігімізді енді ғана көрсете бастады. Жоңғар қалмақтарына қарсы тəуелсіздік үшін болған 1723 ж. Отан соғысы тарихтағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлуша» оқиғаларын зерттей, талдай келе, сол кездегі сыртқы жауларға қарсы елдің басын біріктіріп, қалың қол жинап, қаһармандық ерлік көрсетіп, аттары аңыз боп ел аузында сақталған батырлардың ерлік ісі аты енді көптеп ашылып, айқындалып келе жатыр. Сондай батырлардың бірі сол кездегі Шекті деген жалпақ елдің Кішкене тайпасынан шыққан Үсен руының Жаманбай батыры. 14


Жаманбай батыр соғыс тəсілдеріне жетік еді. Жауға шетінен тиіп ортаға түсіп қалмау батырға таптырмайтын тəсіл болатын. Емен найзаны ұршықтай иіріп шанышатын. Найзаласқан кезінде көз ілмей қарсыласын не қағып жіберіп, не түйреп түсіретін. Əдебиеттер: Келімбетұлы А. Ала атты Жаманбай батыр //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 24 қараша

Жаназар батыр Əр елдің өзінің қиян-кесті сəттерде халқын қорғайтын батырлары болған. Шиелі өңіріндегі сондай батырлардың бірі Жаназар батыр екен. Жаназар Досқанұлы 1818 жылы дүниеге келген. Қыпшақтың шашты атасына жатады. Сыр бойы қазақтарының Қоқан басқыншыларына қарсы күресіне белсене қатысқан. Қыпшақ жасағының жүзбасы болып, Жөлек, Жаңақорған, Созақ бекіністерін азат етуге қатысқан. Жаназар батыр аз уақыт Кенесары қозғалысының құрамында болған. Иман батыр бастаған қыпшақ қолына қосылып, көтерілісшілермен бірге Əулиеатаға дейін ілесіп барған. Ағасы Бекназар Кенесарының қасында қалып, 1847 ж. Кекіліктауда болған айқаста қаза тапқан. Сыр бойын патшалық Ресей отарлай бастаған кезде қоқандықтар жағына шығып, орыстарға қарсы күрескен. Бабамыздың көзін көрген кəрі құлақтардан ауыз-екі жеткен аңыздардың айтуынша, ол екі иығына екі кісі мінгендей ірі денелі, қапсағай бойлы, қараторы жүзді, сұсты қабақты, өткір көзді, қыр мұрынды, келісті кісі болыпты. Жауға шапқанда, төбесіне бұлт көшіп, төңірегін тұман тұмшалап тастайды екен. Қарсы келген дұшпаны осыдан-ақ қарға адым жерді көре алмай, табан асты тал қармап, қапыда қалатын болған. Жекпе-жекке шыққанда, атының мойнындағы қыл шылбырды əдейі бос жіберетін көрінеді. Сол кезде ауада қылқып, жер сызып шұбатылып келе жатқан шəлкес алабөтен үн шығарып, қарсыласының құтын қашыра түсетінге ұқсайды. Жаназар батыр Шиелі өңірінде ұлғайып қартайғанша өмір сүріп, 1885 жылы дүние салғанға дейін ел арасында өте қадірлі, беделді азаматтардың бірі болған. Ол кісі бай болмаған, елге əдептілігімен, адамгершілігімен, шыншылдығымен, қасиетті тіршіліктерімен өте қадірлі кісі болғанын өткен уақыттағы қариялардан естіген көне көзді қарттар: «Шіркін, Жаназардай əділ болу керек» - деп айтады да мақтан етеді. Батырдың бүгінгі ұрпақтары оның əруағына арнап кесене тұрғызды. Ол Сұлутөбе қыстағының теріскей бетіндегі үлкен жолдың бойынан бой көтерген.

Əдебиеттер: Жаназар Досқанұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 219 б. Жаназар батыр //Ата мекен / Құраст. М.Аяпұлы, Н.Қасымұлы. – Алматы: Қайнар, 1998. – 206-214б. *** Бөкенбаев М. Жүрегі жаудан қайтпаған Жаназар батыр / М.Бөкенбаев, Ə.Төлебаев //Ленин жолы. – 1991. – 27 шілде Сəрсенбай О. Қыпшақ Жаназар батыр //Қазақстан əйелдері. – 2000. - №12. – 8-11 б. Төлебаев Ə. Жаназар батыр кім? //Ақмешіт ақшамы. – 1999. – 5 қараша Үмбетов М. Жаназар батыр //Сыр бойы. – 1999. – 6 қараша

15


Жанғабыл батыр Жаңғабыл Төлегенұлы (шамамен 1805 - ө.ж.б) – батыр, би, Жаппас руының Қаракөз тармағынан. Əкесі жай шаруа адам болыпты. Жанғабыл 35 жасынан билікке араласқан. Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы күрескен. 1840 ж. Орынбор шекара комиссиясымен қарым-қатынас орнатқан. Райым бекінісін салуға көмектескен. 1844 ж. зауряд-хорунжий атағын алған. 1846 ж. №46 дистанцияның бастығына тағайындалып, ел басқарған. Ағасы Алтыбай Көбековтың ауылын шапқан соң Кенесары Қасымұлына қарсы шыққан. 1844 ж. жаппастықтардан зекет жинауға Наурызбай бастаған 100 жасағына қарсы келіп, оларға жалған қызмет ете жүріп, Жанғабыл өз жігіттерімен түн ішінде 100 адамның 95-ін өлтіреді, өзіне қауіп төнгенін есіткен Наурызбай батыр қашып құтылады. Ал, жас батыр Байтабын сорға ұрынып, сонда өлген. Бұл жөнінде жəне Жанғабыл жайында халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың «Жасауыл қырғыны» мен Омар Шипиннің «Жеті батырдың оқиғасы», дауылпаз ақын Нысанбай жыраудың «Кенесары – Наурызбай» дастанында айтылған. Жанғабыл батыр турасында ақын Қуаныш Баймағанбетов, т.б. ақындар өз жырларын арнаған. Бірнеше тарихи кітаптар мен архив құжаттарында Жанғабыл батыр туралы біренсараң деректерде кездеседі. Əдебиеттер: Жанғабыл Төлегенұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 220 б. Дайрабаев Т. Жанғабылдай батыр болған...//Ақмешіт апталығы. – 2000. – 7 көкек

Жанқожа батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) – батыр, Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне жəне Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 19-шы ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан əрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңіздеріне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малын барымталап, əйел, балашағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, əкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен əркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап тұрды. Осындай зорлықзомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан əділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасады. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Əлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта əділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап, Ырғызды қыстайтын. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан əкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болады. И.Аничковтың мəліметі бойынша, Қоқан əкімі Дəурен Созақ қалаларының

16


бектері Отыншы, Сушымен бірігіп, Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуін өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады. 1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан кейін Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алады. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтірген өтеуі үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тəрізді бекіністерін де талқандаған. Жанқожа батырға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген Сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тəртіпке келтіру үшін Хиуа ханы Аллақұл жасақтарымен түрікмен Аймұхамед палуанды жібереді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мəжбүр болады. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырады. Оның бұл жорықтары нəтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырайды. 1845 жылдың көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың əскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді. Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазбен қарсы шығады. Құрамында екі мың əскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофеев бастаған отряд келіп, хиуалықтарды талқандауға көмектеседі. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей əскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпейді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В.Обручевпен жолығып сөйлескен соң Жанқожа онымен орыс əскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына жəне хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Бірақ кейін іс жүзінде керісінше болады. Патша шенеуніктері мен əскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И.Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелетін тілмаш Мұхаммедхасан Ахмеров шабармандарын пара жинауға Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Осындай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мəжбүр болады. 1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алады. Қаратөбе маңындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасайды. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетеді. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу əскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз қазақ жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болады. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мəжбүр болады. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетеді. Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратады. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан – наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, 17


қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасайды. 1856-1857 жылдары қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылады. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожа сатқындық жасаған рубасылары мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды өлтіріп кетеді. Əдебиеттер: Айдарбекұлы Ж. Жанқожа батыр: Дастан //Мұсабаев Н., Мұсабаева А. Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы.- Алматы: Атамұра, 1998. – 32-42б. Аничков И.В. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы. – Алматы:Терме, 1991.– 31б. Жанқожа батыр туралы жырлар: Өлеңдер мен дастандар / Жауапты ред. Б.Кəрібозұлы. – Астана: Фолиант, 2007. – 328 б. – (Сырдария кітапханасы) Жанқожа Нұрмұхамедұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 2001. – Т.3. – 538-539 б. Жанқожа Нұрмұхамедұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 221-223 б. Жанқожа Нұрмұхамедұлы //Тарихи тұлғалар: Танымдық көпшілік басылым. – Алматы: Алматыкітап, 2005. – 339-340 б. Кəрібозұлы Б. Жанқожа батыр жайындағы жырлар //Кəрібозұлы Б. Қайран сөз. – Алматы, 1997. – 31-35 б. Кəрібозұлы Б. Тұранның толағай тұлғасы //Кəрібозұлы Б. Ыждағат. – Астана: Фолиант, 2008. – 223-231 б. – (Сырдария кітапханасы) Нұрмұхамедов Жанқожа (1780-1860) //Қазақ Совет Энциклопедиясы. 8-том. – 419 б. Оспанов Ə. Жанқожа батыр: (Аңыз бен ақиқат). – Алматы: Ғылым; Маржан, 1992. – 272 б. *** Айдаров Д. Жанқожа мен Бекмырза //Тұран-Қазалы. – 2006. – 29 шілде Аничков И. Халық батыры Жанқожа //Ленин жолы. – 1990. – 24 шілде Ахмедов Ғ. Жанқожа Нұрмұхамедұлы туралы: ХІХ ғ. патша өкіметінің елімізге отарлау саясатына елді көтерген батыр //Жұлдыз. – 1991. - №11. – 203-205 б. Ахметов Ө. Жанқожа əрі батыр, əрі əулие болған //Сыр бойы. – 1992. – 9 қаңтар Əбдуов Қ. Жанқожа батырдың мылтығы: [Тасбөгет кентінде Бижановтар əулетінде сақтаулы] //Сыр бойы. – 2008. – 3 қазан Əбдуов Қ. Жанқожа батырдың мылтығы //Дала мен қала. – 2008. – 14 тамыз Əлішев Ə. Райымбек баба мен Жанқожа баба: Екі əулиенің киелі қасиеттерінің ұқсастығы //Тұран-Қазалы. – 2005. – 22 қазан Əмиша Н. Жанқожа батырдың қаруы табылды //Айқын. – 2008. – 6 тамыз Бөгенбаев С. Жанқожа батыр //Астана хабары. – 2004. – 10 сəуір Жанқожа батырдың туғанына 230 жыл (1774-1860) //Қазақстан-ZAMAN. – 2004. – 2 шілде (№27). – 11б. Жүсіпов Б. Ақ туы төбесіне төңкерілген: [Жанқожа батыр туралы] //Сыр бойы. – 2009. – 29 қырк. – 10 б. Жүсіпов Б. Алаштың арын арлаған: [Жанқожа батыр туралы жазылған көркем шығармалар жайлы] //Тұран-Қазалы. – 2006. – 18 ақпан Иманбердиев Ж. Жанқожа батыр ел есенде //Егеменді Қазақстан. – 1992. – 24 қазан Кəрібозов Б. Жанқожа батыр жайындағы жырлар //Сыр бойы. – 1992. – 6 қазан Кереев М. Құнды кітап – қолымызда: [Жанқожа батыр туралы кітап] //Сыр бойы. – 1992. – 15 қазан Көрегенов Ж. Жанқожа батыр //Сыр бойы. – 2010. – 27 сəуір 18


Көшербаев Е. Атыңа кір келтірмес ұрпағың бар //Сыр бойы. – 1992. – 15 қазан Қадірлеп қасиетін, бабаның бас иетін //Сыр бойы. – 1992. – 15 қазан Қаназ М. Ел қорғаған ер Жəкем //Ана тілі. – 2011. – 17-30 наурыз – 12 б. Қаназ М. Жанқожа – халық батыры: [Белгілі жазушы М.Қаназдың сұхбаты /Сұхб. М.Кішібай] //Шапағат-Нұр. – 2005. - №11. – 14-16б. Қаназ М. Қаннан кеуіп көрмеген найзасының сағасы : [Ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы] //Түркістан. – 2006. – 12 қаңтар (№2). – 7 б.; 19 қаңтар Қаназ М. Қарағайдың қарсы біткен бұтағы: [Ұлт-азаттық көтерілісінің қолбасшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы] //Жалын. – 2006. - №1. – 56-64 б. Қаназ М. Жанқожа батыр //Жұлдыз. – 1991. - №12. – 141-154 б. Қаназов М. Жанқожаның жанды бейнесі қандай болуы керек? //Жас Алаш. – 1992. – 26 қараша Нарымбетов Ə. Баба жайлы жырлар //Жұлдыз. – 1994. - №7. – 129-133 б. Нұрмахан Н. Тарихи жырлардағы Жанқожа мен Ақтан – халық жүрегінде мəңгілік жырланатын тұлғалар //Əлімсақ. – 2010. - №10. – 4-6 б. Нұрмахан Н. Тəуелсіздікті ту еткен Жанқожа батыр //Ақмешіт апталығы. – 2005. – 15 желт. Нұрмаханов Н. Жанқожа батыр //Сыр бойы. – 2006. – 14 қараша Нұрмаханов Н. Жанқожа батыр туралы тарихи жырлардың қазақ əдебиетіндегі зерттелуі //Ұлағат. – 2007. - №4. – 89-97 б. – Библиогр.: 16 атау Нұрпейісов Ə. Батыр баба аруағы қолдағай: [Жазушының Жанқожа бабамыздың асы күні қалың қауымға арнау сөзі] //Сыр бойы. – 1992. – 15 қазан Омарұлы Б. Жанқожадай ер өткен: [Халық батыры Жанқожа құрметіне Қазалы, Арал ауд. ас берілді] //Жас Алаш. – 1992. – 10 қараша Оспанов Ə. «Жанқожа батыр» халқы мен қайта қауышты: [Кітаптың авторы Ə.Оспановпен сұхбат /Сұхб. Қ.Данабаев] //Сыр бойы. – 1992. – 23 маусым Оспанов Ə. Қара-құрым халқына қорған болған қайран ер //Сыр бойы. – 1992. – 15 қазан Ошақбаев С. Жанқожа батыр //Астана ақшамы. – 2001. – 16 тамыз Сəдібекұлы А. Батырлар: [1.Жанқожа əрі əулие, əрі батыр; 2. Жалқаманның арманы; 3.Қыпшақтан шыққан Жаназар] //Сыр бойы. – 1994. – 6 тамыз Сейітов С. Жаужүрек Жанқожа //Сыр бойы. – 1992. – 10 наурыз Серікбаев Ш. Жанқожа батыр //Ленин жолы. – 1990. – 30 мамыр Серікбаев Ш. Парасатты тұлға: [Жанқожа батырдың ерлігі туралы] //Сыр бойы. – 1992. – 15 қазан Шəлекенов У. Жанқожа батыр /У.Шəлекенов, М.Шəлекенов. //Зерде. – 1992. - №8. – 18-21 б.; №9. – 18-19 б. Шəлекенов У. ХІХ ғ. Бірінші жартысындағы қазақтардың азаттық күресі: [Жанқожа батыр жайында] //Қазақстан мектебі. – 1993. - №2. – 29-37 б. Шүкіров З. Жанқожа батыр //Сыр бойы. – 1994. – 12 ақпан Ізетұлы К. Жанқожа батырдың кесенесі //Сыр бойы. – 1992. – 8 қазан Ысмағұл Қ. Жанқожа батыр мен Көтібар //Тұран Қазалы. – 2007. – 14 наурыз

19


Желкілдек батыр Бөлтекұлы Желкілдек батыр 1723 жылы шамасында қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жайылма ауылы маңында туылған.1723 жылы жоңғардың қалың қолы қазақ жеріне тұтқиылдан баса көктеп кіріп, Жетісуды, Қаратау, Талап алқабында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарына ойран салғаны белгілі. Бұл «Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұламаның» басы еді. Осындай ел басына күн туған заманда дүниеге келген Желкілдектің атын бабамыз Бөлтек қазақтың ерте аңыздарында айтылатын «Желкілдек батырдай ер жүрек болсын, ел арқа сүйейтін ер болсын» деп азан шақырып, құлағына дауыстаған көрінеді. Көнекөз кісілердің суреттеуі бойынша, ол дене бітімі өте сымбатты, төрт құбыласы тең ауқатты батыр болған. 1745 жылы Сыр бойында жоңғарлармен үлкен шайқас өтті. Желкілдек батыр жекпежекте жоңғардың атақты батырын жеңіп, жоңғарларды сыр бойынан ығыстырды. Ер қанаты жылқы ғой, Желкілдектің жүйрік бəйге торысы болған. Қалмырза Жылқының жанын түсінген, жайын білген сенімді Қалмырза деген атқосшысы аттың маңайына өзінен басқаны жақындатпаған. Қасында жатып, қас-қабағына қарап отырған. Батырдың қай кезде мініп, қай кезде оралуын бағып, соған қызмет жасаған. Сол сезімтал арғымақ Желкілдек пен Қалмырзадан басқаны жанына жуытпаған. Батыр қайтыс болғанда байлаулы жылқы бас жібін үзіп, бейітіне қарай шаба берген, көзін жас алып, күрсіне кісінеп, жоқтаған деген де көненің əңгімесі бар. Сөйтіп көп ұзамай жылқы да өлген. Ел оны да батырларша арулап жерлеген екен. Желкілдек батыр Қожа Ахмет Яссауиге жерленгені жөнінде А.Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетінің ұстазы, тарих ғылымдарының кандидаты Х.Маханов растап берді. Жалпы онда қазақтың 21 ханы, 130-дан аса батырлары жерленгені анықталған. Əдебиеттер: Қарапаева А. Желкілдек батыр жайлы не білеміз? //Ел тілегі. – 2009. – 25 қырк. Орынбаев Ж. Өмір өнегесі өшпесін?: [«Желкілдек батыр» қоғамдық қорының през. Ж.Орынбаевпен сұхбат] /Сұхб. Н.Жарылқасынова //Ел тілегі. – 2010. – 11 қараша – 5 б.

Жылқаман батыр Жылқаман батыр 1712 жылы Жылқаман батыр 1724 жылы он екі жасында атқа қонып Əбілқайыр ханның жасағында жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ халқының ұлт азаттық соғысына қатысқан. Сыбан Рабтан бастаған жоңғар басқыншыларының қолында 1712 жылы Полтава шайқасында қолға түскен швед офицері Ренаттың басшылығымен құйылған зеңбіректер болса Əбілқайыр хаңңың қол астындағы қазақ сарбаздары да аратұра мылтықпен қаруланыпты. Мұны Əбілқайыр ханның патшайым Анна Иоанновнадан зеңбіректер, мылтықтар сұрап жазған Қазақстан Республикасының Алматыдағы тарихиөлкетану музейінде сақтаулы тұрған хаты да дəлелдейді. Қазақ қолындағы бірлі-жарым отты қарулардың бірі «Ақшұбар» деп əлпештеп қойған Жылқаман баланың қолындағы мылтық еді. Реті келгенде Ресей жеріне өтіп, мал сататын Отыншы үйір жылқыға екі пұт оқ дəрісімен құндағы алашұбар бір мылтық алып қайтқанда ағайындары мазақ етіпті дейді. Сонда Отыншы: - «Бастарыңа іс түскенде қорғандарың осы Ақшұбар болар əлі» деген екен. Қаршадайынан қан кешіп, жан алып, беріскен талай қырғынға араласқан Жылқаман туған жері Арал теңізінің Шығыс жағалауындағы Ақирекке сақайып, ержетіп оралады. 20


Бірақ арада екі жыл өтпей-ақ тағы да Ақшұбарын асынып түн қатуға тура келеді. Бұл соғыс қазақ халқының Ресей империясының бодандығына қарсы алғашқы табан тірескен қарсылығы еді. Зейнолла Шүкіров «Сыр бойы» романында Жылқаман ерлігінің бір парасын келтіріп өтеді. Онда 65 жыл бойы халқының қамы үшін Ақшұбарын асынып, аттан түспеген алты Əлімнің ардақтысы батыр бабаның соңғы жорығы жайында айтылады. Жылқайдар батырдың кегін қайтаруға барған жорық кезінде жас Жанқожа жекпе-жекте жеңіп көзге түседі. Батыр оған «біздің бастан тайған бақты, саған берсін, тəңірім» деп батасын берген екен. 1998 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінің ғылыми экспедициясы Арал теңізінің шығыс жағалауындағы теңіздің түбінде қалған корымның орнынан Самарқанның көк тасынан қашалған құлыптас тапты. Араб һəріпімен жазылған белгі құлыптастың Жылқаман батырдікі екендігін анықтады. Онда батырдың туған, өлген жылдары 1712-1790 деп көрсетілген. Құлыптас Қызылордаға əкетілді. Жан тəсілім етер шағында қоштаса келген ағайындары одан: - Бұл дүниеде қандай арманыңыз бар? – деп сұрапты. Сонда қарт батыр: - Мылтықтың түтінін түтініне қостым, бірақ оғын оғына қоса алмадым, - деп көз жұмыпты. Əдебиеттер: Əуезов Е. Ел қорғаны - Жылқаман //Сыр бойы. – 2011. – 26 ақпан Жолымбетов Ө. Ақшұбарлы Жылқыаман батыр //Сыр бойы. – 2004. – 29 сəуір Жолымбетов Ө. Ақшұбарлы Жылқыман батыр: [Арал өңiрiнде өмiр сүрген Жылқыман батыр жайлы деректер] // Дала.- 2004.- N 3.- 30-33 б. Киікбаев А. Жылқаман - батырлардың батыры //Ақмешіт апталығы. – 1999. – 4 маусым

Келмембет батыр Келмембет Келдібайұлы (шамамен 1648-1673) – батыр. Кіші жүз құрамындағы Шөмекей руының Бозғұл (бозғыл) аталығынан шыққан. Өмір сүрген кезі қалмақтардың Жайық бойын жаулап алып, Еділге өткен жеріне тура келеді. Келмембет үш ағайынды ағалары Үсейін, Қожагелді үшеуі жастай жетім қалған күн көру үшін үшеуі де байдың малын бағып жалданады. Келмембет жылқы бағады. Төл, қой, басы аман асау аттарды тырп еткізбей бас білдіреді. Бай бұған риза болады. Бір күні таң алдында сарықасқа құлындайды. Ол ерекше болады. Кейін ақысы үшін байдан осы құлынды сұрайды. Екі жылғы еңбегінде сұрамай ұлықсат алып Сарықасқа атпен еліне жүреді. Жолай жуан жыңғылды түбірімен жұлып алып тақымына басып жүре береді. Біршама уақыт өткенде артына қараса 15 адам сойылмен қуып келеді екен. Дереу алдына қарсы шығып, лезде сойлмен бəрін ұрып құлатып аман кетеді. Күздің бір кезінде Сарықасқа беске шығады. Осы кезде хан алдағы сəрсенбіде қалмақ қамалына шабуыл жасайтынын біледі. Сол жорыққа сарықасқа тұлпарымен Келмембетте ереді. Қамалды бір жеті бойы ала алмайды. Қар аралас жауынға шыдамай жауынгердің бастары іри бастайды. Осы кезде хан қамалдың алдынан, батысы мен шығысынан үш жақтап шабуылды ұйымдастырады.

21


Бұл кезде Келмембет қасындағы жауынгерімен ту сыртынан шабуыл жасап қамалды бұзады. Содан «Сарқасқа атты сарбаз» атанып кеткен. Жауды жеңіл болғаннан кейін сарықасқа тұлпармен қамалды бұзған батырды іздейді. Бұл уақытта əбден шаршаған Келмембет батыр бір жерде демалып жатқан екен. Жауға шабуыл жасап жатқан кезде, үстіндегі тоны термен, жауынмен ұзарып кедергі жасаған соң қылышпен етегін кесіп тастаған. Көн қойса қалпына барады деген. Тоны келте болып қалған екен. Хан қасына шақырып алып батырдың атын сұрайды, атым Келмембет бейді батыр. Сонда хан «Келте тонды, Келмембет, келбетіңе рахмет», - дей батырдың қолын алып, арқасынан қағады. Оның кедейліктен үйлене алмай жүрген жағдайын білген хан. Мол олжамен қатар, үшеуіне екі қалмақ қызын, бір əйел беріпті. Əйелді ағаларына беруге ұялып, үлкен ағасы Үсейінге уəзірдің қызын береді. Сондықтан олардан би, байлар көп шығады. Ал екінші қызды екінші ағасы Қожагелдіге береді. Ол бақсының қызы екен, сондықтан Қожагелділерде батырлар көп шығады. Əйелді өзі алады, ол шаруаның қызы екен. Көп ұрпақ тарайды. Кейін хан Келмембетті қасынан тастамай бірнеше жорықтарда жеңіспен оралып жүреді. Соңғы жорыққа жүрер алдында əйелі Ханбибі мені екі айлық балаң Əлдеберліні кімге тастап барасың деп сұрайды. Сонда батыр сендерді бір құдайға тапсырамын дейді. Сол соғыста Келмембет ерлікпен мерт болады. Екі қайнағасы əмеңгерлік жолмен келініне сөз айтады. Бірақ Ханбибі мені інілерің бір құдайға тапсырған деп тұрмысқа шықпайды. Сол екі айлық Əлдіберліден тараған қазіргі сарқасқа рулары. Олар қазір Қызылорда облысында, Қызылорда қаласында, жалағаш, Қармақшы аудандарында тұрып жатыр. Ақтөбе, Атырау облыстарында, Қарақалпақ, Өзбекстан, Ауғанстан елдерінде тұрады. Молдахмет Дабылұлы (1893-1946) Келмембетке арнап «Сарғасқа атты Келмембет» атты дастан жазды. Жазушы Қ.Көпіштің 1958 ж. Алматыдан «Сарқасқа атты сарбаз батыр», 1998 ж. Мəскеуден «Воин на саврасом коне» деген атпен жыр жинақтары,1996 ж. Т.Деменовтің «Келте тонды Келмембет» атты кітабы шықты. 1999 ж. Қызылорда қаласында Келмембет батырға арнап ескерткіш орнатылды. Ескерткіш мыстан сомдалған, бикітігі – 5 м. Авторлары – жергілікті суретші-мүсінші Қ.Зəкіров пен шымкенттік мүсінші Қ.Мəлібеков. Əдебиеттер: Деменұлы Т. Келте тонды Келменбет жəне оның ұрпақтары туралы əңгіме: Деректі əңгімелер. – Алматы: Шартарап, 1996. – 182 б. Келмембет Келдібайұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə.Нысанбаев. – Алматы, 2002. – Т.4. - 482 б Келмембет Келдібайұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 260 б. *** Аңсат С. Жау жүрек батыр //Сыр бойы. – 1999. – 30 қазан Бүркітбайұлы Б. Келте тонды Келмембет батыр ұрпақтары ескерткіш ортанып, ас берді //Заң газеті. – 2000. – 12 қаңтар Деменұлы Т. Келте тонды Келменбет: [Келдібайұлы] //Сыр бойы. – 1997. – 12 маусым Жанысбаев М. Келмембет батыр // Сыр бойы.- 2006. - 18 қараша. - 6 б. Көбегенұлы Н. Кемалды бұзған Келмембет : [Батыр ескерткішінің ашылуы] //Ақмешіт апталығы. – 1999. – 4 қараша Көпіш Қ. Сарқасқа атты сарбаз // Түркістан. – 1997. – 22-28 қаңтар; Сыр бойы. – 1997. – 18 наурыз

22


Молдахметов Қ. Сарғасқа атанған Келменбет батыр //Тұран-Қазалы. – 2006. – 30 тамыз Тебегенов Т. Келмембет батыр [Келдібайұлы] //Ақмешіт апталығы. – 1997. – 29 тамыз-5 қыркүйек Тебегенов Т. Келте тонды ер Келмембет: [Қазақ тарихындағы ерекше тұлғалардың бiрi Келдiбайұлы Келмембет батыр (1606-1665 ж.ж.) туралы] // Алматы ақшамы.- 1998. 13 сəуiр Ысқақұлы Р. Келмембет батыр //Жалағаш жаршысы. – 2005. – 13 қырк.

Көкен батыр Қай кезде де халық, ерлігі құрметтеуге лайықты батырлардың атын ғана ұран етіп алған. Олай болса, Көкен халқы таныған халықтық батыр деп айта аламыз. Көкен батыр 1775 жылы дүниеге келген. Көкен жастайынан бойшаң, ірі тұлғалы болып өседі. Кең маңдайлы, жанары отты, атжақты, қараторы келген жүзі сұсты көрінген. «Ата көрген оқ жонар» демекші əулетінде əйгілі батырлар болғандықтан Көкен де жастайынан жауға қарсы шауып батылдығымен, батырлығымен көзге түседі. Қазақтың суырып салма жəне жазба əдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, дүйім қазақ əлеміне Молда Мұса деген атпен танымал болған Мұсабек Байзақов (1849-1932) Көкен батырдың немересі Сейдім болысқа айтқан өлеңінде : Халқына ұран болды Көкен бабаң, Сөзімде менің айтқан бар ма жалған? – дегенінде ізгі шындықтың ізі мен ақиқатты айғақтайтын негіз бар деп білеміз. Батыр жайында ер арасында, əсіресе, батырдың ұрпақтары тұратын аудан орталығында, Қыраш, Өзгент, Ақжол, Кейден, Əбдіғаппар атындағы жəне тағы басқа ауылдарда аңыз əңгімелер аз емес. Көкен батыр 1863 жылы қайтыс болған. Оның сүйегі Жаңақорған ауданы, қазіргі «Түгіскен» ауылының батыс жағындағы Аққорған əулие мазарына қойылған.

Əдебиеттер: Мейірбекұлы Ə. Көкен батыр туралы ақиқат пен аңыз //Сыр бойы. – 1999. – 2,4 желт.

Қабан батыр Қабан батыр шамамен 1830 жылдары туып, 1899 жылы қайтыс болған. Күші жүз, табын аталығынан. Тоқберлі руының Жəдік аталығынан тарайды. Үлкені Елғонды, осы Елғондыдан Қабан батыр туады. Бұқарбай батырмен ағайын əрі ауылдас болған əдісайланы, батырлықты меңгерген. Сол кездің өзінде Қоқан қалмақтары Сыр қазақтарына тыныштық бермей, жерін, малын алып, баласын құл, əйелін күң қылып елге қатты азар берген. Жаңадарияға бөгет салып, төменгі жағына су бермей отырықшы елді көшуге мəжбүр еткен. Міне осыған төзбеген Табынның Мысық би, Бұқарбай батыр, Қабан батырлары елдің басын біріктіріп, Қоқандықтарды қуып шығады. Міне, осы шайқаста Қабан батыр үлкен ерлік жасап, жаудың біраз тұтқыны мен малын олжалап, халыққа таратып береді. Қабан батырдың ұрпақтары қазір Жалағаш ауданының Бұқарбай батыр ауылында тұрады.

23


Əдебиеттер: Адамбаев Ж. Қаһарлы Қабан батыр //Ақмешіт апталығы. – 2004. – 21 мамыр

Қайқы батыр Қайқы Ұзақұлы 1845 жылы Ақмешіт уезіне қарасты Байұзақ болысында (қазіргі Жалағаш ауданы) дүниеге келген. Кіші жүздің Табын руынан шыққан. Əкесі Ұзақ қорғау кезінде жау қолынан қаза табады да, жастай жетім қалған Қайқы одан əрі анасының тəрбиесінде болады. Сөйтіп, өмірдің ащы-тұщысын көріп өскен ол ерте есейеді. Əсіресе, əділдік үшін күреске ешкімнен де жасқанбайды. Өзі де ірі тұлғалы, қайратты кісі болыпты. Жаумен ат үстінде кездескенде жиырма кісіге де алдырмаған, найзагер, сойып ұрғыш жан екен. Қыстың қандай бір қаһарлы суығының өзінде басына тымақ кимей-ақ, бөрікпен жүреді екен. Қайқы батыр халыққа қиянат жасағандардың қайқайсысына болсын қарсы тұрып, тек туралығын айтқан, сол арқылы көпшілік құрметіне бөленген кісі болған. Əділдігімен, өткір де ержүректілігімен Сыр бойындағы бүкіл Жетісу мен Кете – Шөмекейге мəлім болған. Оған біткен күш-қуат айрықша екендігі елге аңыз болған. Қайқының аты көзі тірісінде-ақ ел ішіне кеңінен тараған. Ол жайлы деректер сирек те болса республикалық басылымдарда кездеседі. 1965 жылы жарыққа шыққан «Айтыс» кітабының 2-томындағы 231-286 беттерінде Кете Жүсіп пен Қаңлы Жүсіптің жəне Нақып Қожаның айтысында Қайқы есімі аталып кетеді. Қайқы батыр 1918 жылы, яғни 73 жасында дүние салған. Бейіті Қалжан ахун бейітінің оңтүстік шығыс жағында. Əдебиеттер: Қайқы батыр //Бердəулетов К. Бұқарбай батыр: Өмірі мен ерлік жорықтары. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 22-24б. Қайқы Ұзақұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 286 б. *** Əденов Б. Қайқы батырды еске алсақ...//Сыр бойы. – 1992. – 2 шілде Жанаев А. Қайқы батыр //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 15 қырк. Жанаев А. Қайқы батыр. //Жалағаш жаршысы. – 2006. – 26 тамыз Мұқашұлы С. Қайқы батыр //Ленин жолы. – 1991. – 6,8 тамыз

Қалдан батыр 1819-1913 жылдар аралығында өмір сүрген Қалдан батыр Талқанбайұлы Кіші Жүздің Алшын руынан. Оның ішінде Жанғабыл аталығынан тарайды. Батыр баба Сыр бойының атақты батырларының бірі, өзі ірі денелі кісі болған. Ел арасындағы дауларға əділ шешімін айтып, тура жолдан таймаған қайсарлығы үшін «Қалдан батыр» атанған. Халықтың сауатын ашуға көңіл бөліп, Қалжан ахун, Садық ахун сияқты дін өкілдеріне қамқорлық жасаған. 1897 жылы Қаракөл деген жерде (Аққыр ауылының маңы) мешіт салдырып, бала оқытқан. Т.Ізтілеуов, А.Тоқмағамбетов, т.б. ақын-жазушылар Қалданның қоғамдық қызметін өз шығармаларына арқау еткен. Қалдан бейнесін Сыр сүлейі Тұрмағамбет ақын Ізтілеуұлы: Батыр Қалдан, би Бақа, 24


Көнеден қалған гүжімдей. Айтқандары елге үлгі, Аузынан шықса, таңырқап Тəбəрік етер жүзімдей. Басы артықтың – бəсі артық, Сəлемі дағы сыртқа айтқан. Сайланып шыққан жүзіндей! – деп сомдайды. 1913 жылы Қалдан батыр Ырғыздан қыстауға Аққыр-Қаракөлге келе жатқанда, жолда Нұра даласында 94 жасында қайтыс болады, денесін Тарғыл таудың маңайына жерлейді. Қызылорда облысы, Жалағаш өңірі, Жаңадария өзенінің бойында, Ақтөбе өңірінде өмір сүрген Қалдан батырдың бейіті қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы аумағының маңайында, Кемесалғаннан онға қарай 120 шақырым жерде. Батырдың бейіті – күмбез тəріздес, көлемі 9х9 болып келген. Күмбездің төбесі ішіне құлап түсіпті. Биіктігі – 2,5 метрдей. Бұрынғы көрінісі 6 метрдей болғанға ұқсайды. Бүгінде қалдан батырдың тұтынған заттарынан ұрпақтарында мөрі ғана сақталынған. Батырдың ұрпақтары ел билігіне араласқан. Үлкен ұлы Тəшірбай генерал-губернатор бұйрығымен 1847 жылы Қосбөгет болысының бас биі болады. Екінші ұлы Құнанбай 18961901 жылдары Қарақөл-Қуандария болысының болысы болған.

Əдебиеттер: Қалдан Талқанбайұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2003. – Т.5. - 495 б. Қалдан Талқанбайұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 288 б. *** Ахметбек Б. Қалдан батыр //Ақмешіт апталығы. – 2010. – 1 шілде – 4 б. Дайрабай Т. «Есімі Қалдан ердің қалды артында: [Қалдан батыр Талқанбайұлы туралы] //Түркістан. – 2005. – 13 қаңтар (№2). – 7 б. Жүсіпов С. Қалдан батыр //Сыр бойы. – 2008. – 26 қаңтар – 4 б. Молдахметов Қ. Қалдан батыр //Қармақшы таңы. – 1991. – 5 желт.

Қашқынбай батыр Қашқынбай Кемелұлы (шамамен 1789 – 1869) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Қашқансу бойындағы Даулы көл қонысында (қазіргі Ақжар ауылы) өмір сүрген батыр. Кіші жүздің Қожагелді руынан. Бұхарбай, Тоғанас батырлармен Кенесары жасағында бірге болған. Кенесары ханның баласы Тайшықты қырғыздардан босатып алу қимылдарына басшылық жасаған. 1860 ж. күзде Тайшық пен Ахметтің Қызылқұмға орнығуына көмектескен. Қашқынбай батыр туралы Т.Ізтілеуовтің «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында жəне т.б. Сыр бойы ақындарының жырларында айтылады. Қашқынбайдан Ылаубай, Қылауша, Алқаубай, Қабылан туады. Қашқынбай батырдың ұрпақтарынан өңкей батырлар шыққан. Жіңішкеқұмдағы батырдың зираты тұрған жер Қашқынбай есімімен аталады. Əдебиеттер: Қашқынбай Кемелұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2003. – Т.5. - 683 б. Ахметбек Б. Қашқынбай батыр //Ақмешіт апталығы. – 2010. – 24 маусым 25


Құрақ батыр Құрақ Азатұлы 1810-1882 жылдары Қызылорда облысының Сырдария ауданы мен Қостанай өңірінде өмір сүрген. Құрақ батырдың тегі – Кіші жүз. Алшын – Байұлы – Жаппас – Жылкелді аталығынан. Батырдың бейіті Сырдария ауданына қарасты Іңкəрдəрия мен Ақарық ауылдарының ортасында, бұрыңғы Қарақасқа жеріндегі Қарарықтың басында жатыр, күмбезі құлап кеткен. Құрақ батыр – Қоқан хандығының озбырлығына қарсы шыққан батырлардың бірі. Төртбақ денелі, жауырынды, қайратты кісі болыпты (батырдың көзін көрген Ыбырай ақсақалдың баласы Самұраттың айтуы бойынша). 9 жасында Құрақты нағашысы Керей Əкім Үкім өз тəрбиесіне алады. 1825 жылы Бұқар жақтан қоқандықтардың бір қолы келе жатқан жөнінде хабар келеді. Бұл кезде Құрақ батыр 15 жаста екен. Қоқандықтардың алдында атақты бір палуаны 40 құлаш арқан сауытын байлап шығады. Сонда Əкім Үкім жекпе-жекке жиенін шығарады. Алып денелі Қоқанның батырын көріп Əкім Үкім: «Ой, өзім шығуым керек еді. Мына баланың омыртқасы əлі қатпаған ғой, бекер шығардым, енді мен апама не деймін», - деп ойланып қалыпты. Құрақ батыр жекпе-жекке Қоқанның батырын найзамен түйреп өлтіріп, аттан құлатып жібереді. Қарап тұрған қоқандықтар қашып кетеді. Осыдан кейін Құрақ батырдың аты қазақ еліне тарай бастайды. Құрақ батыр Ислам дінін берік ұстаған кісі. Елінде батырды құрметтеп, əулие санаған. Ол өз қаражатынан мешіттерге көмек беріп тұрған.

Əдебиеттер: Ахметбек Б. Құрақ батыр //Ақмешіт апталығы. – 2011. – 24 ақпан – 6 б. Ахметбек Б. Құрақ батыр: [Қоқан хандығының озбырлығына қарсы шыққан Құрақ Азатұлы (1810-1882 ж.)] //Сыр бойы. – 2009. – 12 желт. – 5б.

Қыстаубай батыр Қыстаубай Жиенəліұлы (шамамен 1814 – 1845) – батыр. Шыққан тегі Кіші жүздегі шөмекей тайпасының құлан руынан. Сыр өңірі қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне қарсы күресіне, 19 ғасырдың 40-жылдары Кенесары Қасымовтың Созақ жорығына Жанқожа, Бұқарбай, Тоғанас батырлармен бірге қатысқан. Қыстаубайдың ерлігі туралы Балқы Базар, Т.Ізтілеуов, Шораяқтың Омары, т.б. ақынжыраулар көп жырлаған. Атақты ақын Қуаныш Баймағанбетов: «Қыстаубай өткен батыр Шөмекейден, Ел үшін қанды көйлек күнде киген. Қоқаннан кегін алып өліп ақыр, «Боқты өлең» деген жерден орын тиген» – деп жырлаған. Осындай батыр Қыстаубайды елі, жұрты əлі ұмытпай, ақындары жырға қосып келеді. Қыстаубайдың батырлығы соншама, шайқас кезінде оның бір өзі жауына қырық Қыстаубай болып көрінетін болған. Сөйтіп, қазақтың Қыстаубай сияқты батырлары сырт жаудан елін, жерін қорғай білген. Батырдың мəйіті Сырдария ауданы Көктөбе деген жерге қойылған. Əдебиеттер: Дайрабай Т. Қыстаубай Жиенəліұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2004. – Т.6. – 206-207 б. 26


Дайрабай Т. Қыстаубай Жиенəліұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 349 б. *** Дайрабай Т. Қыстаубай батыр //Сыр бойы. – 1999. – 24 маусым Дайрабаев Т. Қыстаубай батыр // Қармақшы таңы.- 1992.- 5 март Дайрабаев Т. Қыстаубай хақында: [ХIХ ғасырдың бас жəне орта кезiнде өмiр сүрген Қыстаубай батыр жайында] // Қазақ батырлары.- 2001.- (N 6).- 8 б. Жаманқараев С. Қыстаубай батыр: [Сыр бойының халық батыры Қыстаубай туралы Балқы Базар, Тұрмағамбет ақындардың арнау жырлары] //Жұлдыз. – 1989. - №12. – 200201 б. Қыстаубай батыр //Тұран-Қазалы. – 2005. – 5 қараша

Мəмек батыр Ел аузындағы аңыздарда ХҮІІ ғасырдың соңына қарай Түркістан өңірінде туған, ХҮІІІ ғасырдың 70-80 жылдары өмірден өзған Мəмек батырдың тумысынан өте ірі денелі, кең маңдайлы кісі болғандығы айтылады. «Боралдайдың бойында, Қазы, Мəмек шабылды. Қалмақтардың зұлматын Арқада естіп Бөгенбай, Қарт бурадай шабынды». Шəді төре Жəңгірұлының Абылай хан өміріне арналған «Тарихат» атты дастанында: Қазыбек қаз дауысты, Ер Жəнібек, Бөгенбай қанжығалы, қоңырат Мəмек, Уақтан – Сары, Баян, қыпшақ Шорман, Арғыннан – Жолай палуан, найман Төлек – деп би-болыстарды тізбелеген жыр жолдары бар. Осы дастанның «Жорық» атты тарауы: Мекені Қаратауда Қоңырат елі, Атырабы Түркістанның жүрер жері. Алатау басындағы манаптармен, Арасы бітіспеген дұшпан еді. Қоңыраттың ішіндегі шыққан даңқы, Қарияның Қазы Мəмек еді аты. Аталған Бабабөген бір өзенде, Жаз жайлап отырушы ед оның халқы – деп басталса, баяндау: Аттанып Қаратауға манап барып, Қоңыратта Қазы Мəмек елін шауып. Олжалап дүние-малын əкетіпті, Хабарсыз жатқанында уақытын тауып, Мөр басқан қариядан қағаз келді, - деген Абылай хан сөзі жолдарымен жалғасқан. Мəмек батыр аты жырда сегіз рет аталып өткен. Шəді төре дастанында сөз болған ел ағасы Мəмек батырдың күмістен жасалған, араб жазуында бедерленген мөрі осы күндері Əбдіғаппар аулында тұратын оның ұрпақтарының бірі Ақтанұлы Əшірбайдың үйінде сақтаулы. Ұрпақтары қолында Мəмек батырдың туы, қылышы да болыпты. Батырдың шөпшегінің баласы, ардагер-ұстаз Серікбайдың айтуынша, көнеден қалған мұра дерлік осы бұйымдары құран кітаптарымен бірге сандыққа салынып, сыртынан киізбен оралып, 1938 жылдары Кейден ауылы солтүстік бетіндегі «Тайпақ көл» жерінде

27


көмілген. Соңғы уақыттарда біршама ізделінгенімен бағалы тарихи жəдігерлер табылмаған. Ел ағасы болған жаужүрек батырдың ұлы Тайлақтың Ағымбай, Көңбас, Орман атты балаларынан тараған ұрпақтары бұл күнде Жаңақорған жерінде өсіп-өнуде. Əдебиеттер: Амайбайұлы Ж. Ел ағасы – Мəмек батыр //Жаңақорған тынысы. – 2005. – 28 қаңтар Аманбайұлы Ж. Ер Мəмек //Сыр бойы. – 2005. – 27 сəуір Аманбайұлы Ж. Мəмек батыр: [XVIII ғ. Түркiстан өңiрiнде өмiр сүрген Мəмек батыр туралы] //Қазақ Елі. – 2005. – 23 ақпан (N 7).- 6 б.

Меңей батыр Меңей батыр (1750 ж.шамамен, Қармақшы ауданы Қуандария ауылы – 1850 ж.) – батыр. Шөмекей тайпасынан шыққан. 1894 ж. Ресейде шыққан жəне одан кейін карталарда Меңей атты жер атауы көрсетілген. Левшиннің жазбаларында орыс энциклопедиясының жүру бағытын айтқанда да осы Меңей батыр аты кездеседі. Белгілі ақын Т.Ізтілеуов «Ел қамын жеген ерлер» атты толғауында Меңей батыр жайлы айтылады. Əдебиеттер: Меңей батыр //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 367 б.

Нəлібай батыр Нəлібай батыр 1780 ж. дүниеге келген. Нəлібай Жетірудың Керейтінің Жаңабатыр аталығынан шыққан. Шамамен Бұқарбай, Тоғанас батырлардан да əрі, Байқадам, Жанқожа батырлармен дəуірлес деуге болады. Нəлібай төңірегіне адам үйірілген өз заманының айтулы тұлғасы. Ол кісінің Сыр бойы тарихында өзіндік орны бар. Үлкен бір соғыста Нəлібайдың екі баласы қаза тапқан Қырмақшы жағында мұнара да салынған екен. Нəлібай туралы жаршы сөзі бар. Мұны біреулер Нысанбай ақындікі дейді. Бір жүз бірде жасы бар, Ат басындай басы бар, Қарыс-сүйем қасы бар. Əр кірпігі бір найза. Өзі батыр, өзі би Нəлібайдың асы бар. Қасиетін білсе, ұрпағың. Біз де сондай болсақ деп, Тыпыр-тыпыр асығар. Əлібай, Əлі балаға, Адал бол деген анаға, Ат пен қару дайындап, «Ие бол» деген далаңа, Төртқараның сұлуы, Бегісанның анасы, Қалампыр аса қоса бар. 28


Сейітқожа асаба, Пірлер қонған босаға, Ошақ басы Жетіру Кіші жүз жүрер арада, Арманда қалмай, ағайын. Сенбі күні іс басы Жұма күні қонаға Жетіңдер баптап тұлпарды, Жанабазар қалаға. Осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын, яғни 1882 жылы жаршы осылай деген. Нəлібай жүз бір жасқа келіп өлген. Дүниеден өткенше қуаты қайтпай тың қалпында кетіпті. Нəлібайдың аты, ол жүрген жерлер, оған қатысты оқиғалар ел есінде қалған. Кейінгі ұрпақтар оның қасиетіне тəнті болып, əруағына сыйынады. Əдебиеттер: Мамытова О. Елге қамқор Нəлібай //Ақмешіт апталығы. – 1999. – 19 ақпан

Пірім батыр Жақайым Пірім батыр Асандар көтерілісінде ту көтеруші болған. Ұрыста ту көтеріп, жұрттың алдын бастап шапқан Пірім қаншама адам өліп, жарақаттанғанда, оқ пен оттың арасынан аман шыққан екен. Көтеріліс басылғасын ОГПУ-дың қызметкерлері ауылға Пірімді іздеп келіп, өзін таппағасын, Елдізер, Күніке деген екі інісін алып кеткен. Елдізер Пірім ағамның тығылып жүрген жерін тауып берем деп қамаудан алдап шығып кеткен. Бірнеше күннен кейін қайта ұсталып, содан елге оралмаған. Із-түзі белгісіз. Елдізерден Қалыбек, Қанықұл деген екі бала қалады. Қалыбек қайтыс болған, балалары Қызылорда облысының Тасбөгет қыстағында, Қанықұл балаларымен Жамбылда тұрады. Ал, Күнікені бірнеше күн тергеп, ұрып соққыға жыққан. Білмейміннен басқа сөз айтпағасын түрмеден шығарып жібереді. Күнікеден туған Қоғам қазірде Арал ауданының «Құмбазар» ауылында тұрады. Үкімет адамдары Пірімді кейіннен ұстап, бұл жақта соттай алмаспыз, ағайындары тағы көтеріліс жасап жүрер деген күдікпен Ақтөбе қаласына жібереді. Сондағы түрмеде бірнеше ай жатып, тергеліп, əйтеуір босанып шығады. Пірім жасы жетіп өз ажалынан өледі. Сүйегі Қазалы қаласындағы қорымда жатыр. Əдебиеттер: Асандар көтерілісі / Құраст. Ж.Мəкенəлі. – Алматы, 2000. – 155 б., суретті Мəкенəлиев Ж. Ту ұстаған Пірім батыр //Ақмешіт апталығы. – 2000. – 10 қараша Сарман батыр Сарман Жантілеуұлы шамамен 1771 жылдағы Жаңадария өзені бойында туып, Аққыр тауы маңындағы Қаракөлде 1843 жылы қайтыс болған. Бəйтік, Жанқожа батырлармен, Үбіс бимен қатар жүріп, дос-жаран, Бұқарбай, Сейіл, Байқадам батырлармен жақсы қарым-қатынаста болған. Үбіс бимен екеуі халықты отырықшылыққа бастаған. 1836-1842 ж. қоқандықтардан 60 мыңдай қой, тағы да басқа төрт түлік малды, жаудың қолына түскен жас əйелдерді босатқан оқиғаның ішінде Сарман да болған. Сарман Шөмекей руының аға биі болып сайланған. Сарман батырды қоқандықтар үзеңгісіне у жағып өлтірген. 29


1844 ж. Жалағаш ауданының Аққыр ауылының маңындағы Қаракөлде шаршы түрінде, қам кесектен басына үйтам тұрғызылған. Жалпы көлемі 212 м². Порталды, күмбезді болып келген, қабырғасының биіктігі 2,15 м. 1838-1840 жылдар Сарманның өзі бас болып қаздырған арығынан талай жан 1922,1932 жылдардағы ашаршылықта егін егіп, күн көріс жасауына септігін тигізіпті. Сарман арығы жөніндегі деректер 1889,1910,1912 жылдарғы кітаптарда кездеседі. Сарман жайлы 1890 жылдардағы орыс құжаттарында кездеседі. Оған Балқы Базар, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы, Шоңбай Жұбанұлы, Сағынбай Тұрғынбайұлы өлең-жырларын арнаған. Сарман батыр əкеден жалғыз болса да, оның ұрпағы көп болып, өсіп-өнді. Оның үлкен баласы Қожакелді би болып, ел басқарса, Дəрмені Жанқожа батыр қосынында болып батыр атанды. Батырдың бүгінгі ұрпақтарының арасында да ел тізгінін ұстаған азаматтар мен білім, өнер, мəдениет жолын қуған ұрпақтары баршылық. Əдебиеттер: Сарман батыр //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 434 б. Дайрабай Т. Сарман батыр //Ақмешіт апталығы. – 2002. – 25 сəуір. – 6 бет

Сартай батыр Сартай Байжанұлы шамамен 1711 жылы туып, 1785 жылы дүниеден озған. Кіші жүз əлім ішінде жақайым атасынан шыққан. Есімі А.И.Левшиннің «Описание киргизкайсацких орд и степей», А.И.Тевкелевтің «Күнделіктерінде», М.П.Вятькиннің «Сырым батыр» кітаптарында кездеседі. Тевкелев өзінің күнделігінде 1732 ж. 6 наурыз күні Сартай батырмен əңгімелескенін жазады. Генерал-губернатор О.А.Игельстронның 1785 ж. кіші жүзді басқару жөніндегі реформасы бойынша Сартай батыр, Қара Көбек би мен Мұратбек би үшеуі əлімұлын басқарған. Сартай батырдың ерлігі мен елшілік қызметі туралы Нұрмағамбет Қосжанұлының «Мың бала» немесе «Сартай батыр» деп аталатын дастанында айтылады. Осы дастаны үшін Қосжанұлы 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болып, шығармаға тыйым салынды. Жырда мың баланың жасағын басқарған 15 жасар Сартайдың Əбілқайыр хан басқарған сарбаздар құрамында болғаны айтылады. Сартайдың Шұбартеңіз, Қалмаққырылған жəне Аңырақай шайқастарына қатысқандығы туралы тарихи деректер бар. Ел ішіндегі аңыз əңгімелерге қарағанда Сартай тек батыр ғана емес, би де болған. Оның Əбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу сəтіндегі талас-тартыста хан саясатын қолдағаны туралы Тевкелев, Мейер жазбаларында деректер бар. Батырдың өз өсиеті бойынша денесі Қазалы қаласының оңтүстігіндегі Қызылдың құмындағы Қосым қожа қорымына жерленген. Əдебиеттер: Сартай батыр //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 48-49 б. Сартай батыр //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 435-436 б.

30


Сəлтеке батыр Сəлтеке Мəметекұлы (туған, өлген жылдары белгісіз) – Сыр өңіріне белгілі би əрі батыр. Кіші жүздің алтын руынан шыққан. Сəлтеке батыр 1711 ж. Еділ бойында башқұрттармен болған үлкен дауда башқұрттың Алдар биімен жүздесіп, ел арасындағы жанжалды бейбіт жолмен шешкен. 1719 ж. қалмақ билерімен де кездесіп, ұтымды келесімге келген. 1803 жылғы дерек бойынша, Сəлтеке бидің ұрпақтары Туған би мен Барқы батыр алтын руының бес мың шаңырағын басқарып, Троицк мен Бұқара арасында сауда жүргізген. Барқы есімі алтын ұран болған. Сəлтеке би мен оның ұрпақтары туралы деректер «қазақ-орыс қатынастары» құжаттарында кездеседі. Бүгінде Қармақшы өңірінде «Мəметек арығы», «Сəлтек төбесі» атты жерлер бар. Əдебиеттер: Сəлтеке Мəметекұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2005. – Т.7. - 614 б. Ахметбек Б. Сəлтеке батыр əулеті: [Тарихи тұлғалардың бірі, əрі би, əрі қолбасшы болған Сəлтеке Мəметекұлы туралы] //Халық. – 2011. – 3 ақпан Ахметбек Б. Сəлтеке батыр əулеті: [Тарихи тұлғалардың бірі, əрі би, əрі қолбасшы болған Сəлтеке Мəметекұлы туралы] //Ақмешіт апталығы. – 2010. – 23 қыркүйек

Сəрке батыр Сəрке Өмірқұлұлы (шамамен 1680-1724) – Сыр өңіріне белгілі батыр. Кіші жүздің табын руынан шыққан. 16-17 жасында Ырғыз өңірінде қалмақтармен шайқасқа шыққан уақыттан бастап оның есімі Сыр табындарының ұранына айналған. Сəрке батыр асқан палуан да болған. Негізінен, құба қалмақ пен башқұрттармен болған ұрыстарға қатысқан. Сəрке батыр 1724 ж. 42 жасында қалмақтармен болған ұрыста қазіргі Жезқазған облысының Жезді ауданына қарасты Сартөбе деген жерде қайтыс болған. Келесі жылы сүйегін Қорқыт Ата қорымына əкеліп, қайта жерлеген. Сəрке қайтыс болған жер «Сəркенің төбесі», «Сəркенің ақшиі» аталып кеткен. Əрі жергілікті халық батырға арнап белгі соғады. Осы күнге дейін белгі басына ақ жалау іледі. Қазір белгінің орны бар. Көпшілік қауым ол жерді киелі орын санап, аурулы болса барып түнейтін көрінеді. Əдебиеттер: Бердəулетов К. Ер – елімен ер: [Сəрке батыр туралы] //Бердəулетов К. Бұқарбай батыр: [Өмірі мен ерлік жорықтары] – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 14-18 б. Сəрке Өмірқұлұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2005. – Т.7. - 614 б. Сəрке Өмірқұлұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 442 б. *** Есмаханұлы С. Батыр Сəрке: Үзінді //Қазақстан батырлары. – 2005. – сəуірмамыр(№4-5). – 9б. Есіркепұлы Ж. Сəрке батыр //Ақмешіт апталығы. – 2001. – 21 маусым, 20 қырк. Қонысұлы А. Азаттық қозғалысы жəне Сəрке батыр //Ақмешіт апталығы. – 2002. – 21 наурыз Қонысұлы А. Еділ қалмақтарына қарсы азаттық күрес шежіресінен: [Өмірқұлұлы Сəрке батырдың 275 жылдығына] //Ақмешіт апталығы. – 2001. – 23 тамыз 31


Мұқашұлы С. Дулығалы дала перзенті //Ақмешіт апталығы. – 1998. – 30 қаңтар, 6 ақпан Мұхашұлы С. Сəрке батыр //Сыр бойы. – 1992. – 14 қараша Пірназар С. Халық батырына құрмет : [Сəрке батыр туралы] //Егемен Қазақстан. – 2001. – 23 қараша Түйімбетов М. Өмірқұл бай : [Сəрке батыр туралы] //Ақмешіт апталығы. – 2004. – 10 қырк. Түйімбетов М. Сəрке батыр //Сыр бойы. – 2007. – 28 сəуір

Тайлақ батыр Тайлақ батыр 1693 жылы туылып, қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы өңірінде өмір сүрген. Кейбір деректерде Тайлақ батырды Мəті бидің баласы деп жазған. Негізінде оның əкесінің аты Дүбір. Батырдың арғы тегі - Кіші жүздің Керейіті, Сандаулы аталығынан. Тайлақ батыр текті əулеттен шыққан, ата-бабалары өңкей ел қорғаған батыр, ел билеген би, хан болған кісілер.Тайлақ батыр Саңдаулыұлы Күне (Көне) биге шөпшек болып келеді. Тайлақ батыр қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінде ерлік көрсеткен. Тайлақ батыр 1727 жылғы қазақ пен жоңғар арасындағы Бұланты-Білеуті өзеңдерінің бойындағы шешуші шайқаста ерекше көзге түскен. Белгілі жырау Қожаберген Толыбайұлының əйгілі «Елім-ай» толғауында Тайлақ батырдың есімі кездеседі. Қазақ-жоңғар соғысында ерекше ерлік көрсетіп, қазақтың ұлт ретінде сақтаулына елеулі үлес қосқан Тайлақ батыр жөнінде Ресей құжаттары мен халық арасында сақталған жырларда батыр баба мен жиені Ұлы жүздің батыры Саңырақ батыр ерлігі көп кездеседі. Тəуелсіз елдің тарихшылары Бұланты шайқасында шабуылдаушы əскердің қолбасылары болған Саңырақ пен Тайлақ батырлардың осы жеңістің «жолашарлары» болды деп бағалайды. Көрнекті түркітанушы ғалымдар В.В.Бартольд, И.Кастанье, Ш.Уəлиханов, Ə.Диваев, М.Тынышбаев еңбектерінде Тайлақ батырдың есімі жиі кездеседі. Тайлақ батыр жайында жазушылар І.Есенберлиннің «Жанталас» (1973), Ə.Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елеңалаң» (1984), Ə.Əлімжановтың «Жаушы» (1974), С.Сматаевтың «Елім-ай» (1978,1980) атты кітаптарында суреттелген. Тайлақ батырдың бейіті Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуандария ауылының жанындағы «Ақтайлақ кезеңі» деген жалғыз төбеде. Əдебиеттер: Кекілбаев Ə. Үркер. – Алматы, 1981. Дайрабай Т. Сырдың сырлы сыры. – Алматы, 2005. Тайлақ Мəтіұлы //Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2006. – Т.8. - 177 б Тайлақ Мəтіұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 466 б. *** Ахметбек Б. Тайлақ батыр //Ақмешіт апталығы. – 2010. – 17 маусым – 3 б. Ашанұлы Қ. Тайлақ батыр: [Жоңғар шапқыншылығына қатысқан батыр туралы] // Қазақ əдебиетi.- 2002.-23 тамыз (N 34).- 15 б. Дайрабай Т. Тайлақ батыр //Сыр бойы. – 2001. – 5 мамыр Құлтаев Б. Тайлақ батыр // Таң-Шолпан.- 2009. - № 6.- 83-87 б.

32


Тəтімбет батыр Тəтімбет Бұлғақұлы (шамамен 1700 – 1764, Қорқыт Ата өңірі) – белгілі батыр, би, елші. Кіші жүздің қаратамыр руының шыққан. Əбілқайыр ханның 1732 ж. желтоқсанда Ресей патшайымына екінші рет елшілік аттандырды. Елшілік құрамына Нияз, Ерəлі сұлтандар, Ұлы жүзден Аралбай, Оразкелді батырлар, Кіші жүзден Тəтімбет батыр, Баубек төлеңгіт жəне үш башқұрт биі кірген. Аталған елшілік Петербургке 1734 ж. қаңтар айында барып, ақпан айында пайтшайым Анна Иоановнаның қабылдауында болды. Онда Ресейге адалдығын білдіріп, башқұрт билерімен бірге Тəтімбет те ант берді. Тəтімбетке Сыр сүлейлері жыр арнаған. Тəтімбеттен тараған Ерназар, Күнтуар, Мұрат, Тұяқ, Темір, Пышан, Ағытай, Төребай билер жайында ел аузындағы əңгімелер де, жазба деректер де көп. Ұрпақтары Қармақшы, Ырғыз, Тамды өңірлерінде тұрады.

Əдебиеттер: Тəтімбет Бұлғақұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2006. – Т.8. - 305 б. Тəтімбет Бұлғақұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 476 б. Ахметбек Б. Тəтімбет батыр əулеті //Ақмешіт апталығы. – 2010. – 22 шілде

Тоғанас батыр Тоғанас Бəйтікұлы (1813-1864/67) - батыр, би. Кіші жүз құрамындағы Шөмекей руынан шыққан. Сырдарияның төменгі ағысы бойында туып-өскен. Хиуа жəне қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық əрекеттеріне қарсы тұрған. Тоғанас батыр қарақалпақ, түрікпен бектерімен де соғысып, олардың Сыр бойынан ауа көшуіне ықпал еткен. Хиуалықтармен бірнеше рет Қуандария бойындағы Аққыр тауы маңындағы «Қарақ» деген жерде айқасып, Қожанияз бекті ойсырата жеңіп, «Қожанияз – қамал бекінісін жойып жіберді. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қатысып, шөмекей жасағын басқарған. 1845-1852 жылдары қоқандықтар мен хиуалықтардың бірнеше шабуылын тойтарып, барымталаған малдарын қайтарған. Тоғанас Бəйтікұлының өзінің арнайы мөрі, əкесі Бəйтік батырдан қалған ақ туы болған. Тоғанас батырдың ерліктері ауызша, жазбаша деректерде, тарихшылар Ермахан Бекмаханов пен Жанұзақ Қасымбаевтың еңбектерінде, ақын Тұрмағанбет Ізтілеуовтың «Назым», зерттеушілер Қамал Бердəулетовтың «Бұқарбай батыр», Тынышбек Дайрабайдың «Тоғанас батыр», «Сырдың сырлы сыры», Əбдісəттар Оспановтың «Жанқожа батыр» кітаптарында жəне «Келмембет батыр», «Жолбарысты Төребай би» жинақтарында көрініс тапқан. Қызылорда қаласы мен Жалағаш, Тереңөзек (Сырдария), Жосалы кенттеріндегі көшелерге Тоғанас батырдың есімі берілген.

33


Əдебиеттер: Дайрабаев Т. Тоғанас батыр. – Алматы: Береке,1992. – 48 б. Тоғанас Бəйтікұлы // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2006. – 8-т. – 401б. Тоғанас Бəйтікұлы // Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 481-482б. *** Дайрабаев Т. Тоғанас батыр туралы тың деректер // Сыр бойы. – 1993. – 13 ақпан Дайрабаев Т. Батырдың туы қалай сақталған еді?: [Тоғанас батыр Бəйтікұлы] //Сыр бойы. – 1993. – 7 желт. Дайрабаев Т. Бəйтікұлы Тоғанас: [Сыр бойында шоқтығы биік батырдың бірі сарқасқа руынан шыққан] //Сыр бойы. – 1992. – 18 ақпан Дайрабаев Т. Қоқанды қуған Тоғанас //Ленин жолы. – 1991. – 6 ақпан Дайрабаев Т. Тоғанас батыр //Жұлдыз. – 1993. - №5. – 197-201 б.; №6. – 197-201 б. Дайрабаев Т. Тоғанас батыр //Қазақ əдебиеті. – 1992. – 5 маусым – 7 бет Дайрабаев Т. Тоғанас батыр // Халық кеңесi.- 1992.- 6 июнь Дайрабаев Т. Тоғанас батыр //Алдаспан. – 2004. - №3-4. – 4-5 б. Дайрабаев Т. Тоғанас батыр туралы тың деректер //Сыр бойы. – 1993.- 13 ақпан

Шалқошқар батыр Шалқошқар батыр 1770 жылы, қазіргі Қазалы ауданы Бекарыстан би атындағы ауылда туып, 1811 жылы дүниеден өткен. Кіші жүз Əлім тайпасының Шекті Кішкенесінен шыққан. Ел аузында сақталған аңыз əңгімелерге қарағанда Шалқошқардың батырлығы, алып-күштілігі жас кезінен-ақ аңғарылған. Ағайын-туысқа өте сыйлы, қолы жомарт, даудамайды бітімгершілікпен шешетін ақылды кісі болған. Түрікмендерге қарсы соғыстарға қатысып, олардың бейбіт жатқан елге тұтқиылдан жасаған шапқыншылықтарына өз жасақтарымен тойтарыс берген. Жаудың батырларын жекпе-жекте жеңген, тұтқынға түскен адамдарды азат етіп, барымтадағы малды қайтарған. Сүйегі Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылында жатыр. Ұрпақтары негізінен Қазалы ауданында тұрады. Əдебиеттер: Шалқошқар батыр //Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы. – Алматы: Телеарна, 2008. – 54 б. Шалқошқар батыр //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Ғ.Аяған. – Алматы, 2005. – 515 б.

34


АВТОРЛАРДЫҢ АЛФАВИТТІК КӨРСЕТКІШІ Адамбаев Ж. – 24 Айдарбекұлы Ж. – 18 Айдаров Д. – 18 Айдосов А.Х. – 12 Ақатай С. – 12 Алданазаров Ж. – 9 Амайбайұлы Ж. – 28 Амангелдиев Қ. – 12 Аничков И. – 18 Аңсат С. – 22 Ахатаев Ж. – 12 Ахмедов Ғ. – 18 Ахметбек Б. – 4,25,26,31,32,33 Ахметов Ө. – 12,18 Ашанұлы Қ. - 32 Аяшұлы Д. – 12 Əбдуов Қ. – 18 Əбдімəжитұлы А. – 3 Əденов Б. – 24 Əділбаев О. – 7 Əйтімов И. – 6 Əлішев Ə. – 18 Əмиша Н. – 18 Əуезов Е. – 21 Байжанова Г. – 12 Баймаханұлы М. – 6 Балғазиев А. – 12 Баймақанұлы Б. - 9 Батырбаев Р. – 9 Бекқұлов Е. – 12 Бекниязов Т. – 9 Бердəулетов К. – 9,31 Боқанов С. – 14 Бөгенбаев С. – 18 Бөкенбаев М. – 15 Бүркітбайұлы Б. – 22 Дайрабаев Т.– 5,9,12,14,16,25,26,27,30,32,34 Далдабаев С. – 9 Данабаев Қ. – 12 Деменұлы Т. – 22 Достияров А. – 9 Егізбаев Н. – 12 Ембергенов Қ. – 12 Ембергенов С. – 9 Есмағанбетов М. – 7 Есенов Д. – 12

Есжанов Т. – 9 Еслəмғалиұлы М. – 13 Есмаханұлы С. – 31 Есіркепұлы Ж. – 31 Жаманқараев С. – 27 Жанаев А. – 9,24 Жолымбетов Ө. – 21 Жұмабай Ə. – 13 Жүсіпов Б. – 18 Жүсіпов С. – 25 Иманбердиев Ж. – 18 Иса Қ. – 9 Исақызы А. – 3 Кəрібозов Б. – 13,18 Кекілбаев Ə. – 32 Келімбетұлы А. – 15 Кереев М. – 18 Киікбаев А. – 21 Көбегенұлы Н. – 13,22 Көмеков Б. – 13 Көпіш Қ. – 22 Көрегенов Ж. – 19 Көшербаев Е. – 19 Қалиев Ы. – 13 Қаназ М. – 19 Қараманов Ұ. – 13 Қарапаева А. – 20 Қашқынов Ж. – 13 Қожамұратов О. – 11 Қозыбаев М.Қ. – 13 Қонысұлы А.- 31 Қосан Т. – 13 Құлтаев Б. – 32 Құнтөлеуов А. – 7 Құрманбайұлы Б. – 14 Құттыбайұлы С. – 7 Қыдыров И.- 13 Мамытова О. – 29 Мəкенəлиев Ж. – 29 Мейірбекұлы Ə. – 23 Молдахметов Қ. – 13,23,25 Мұқашұлы С. – 9,24,32 Мұратбаев Ж. – 13 Мұсабаева А.Н. – 13 Мұхамедов М. – 13 35


Нарымбетов Ə. – 19 Ниязбайтегі О. – 11 Нұржанов А. – 13 Нұрмағанбетов Н. – 3 Нұрмахан Н. – 3,19 Нұрпейісов Ə. – 19 Нығметуллаев М. – 13 Омарұлы Б. – 19 Оралбай Ə. – 7 Орынбаев Ж. – 20 Оспанов Ə. – 18,19 Оспанов С. – 9,13 Ошақбаев С. –19

Ыдырыс Д. – 11 Ысқақов Б. – 14 Ысқақұлы Р. – 23 Ысмағұл Қ. – 19 Ысмайлов Қ. – 10 Ізетұлы К. – 19 Ілиясұлы М. - 10

Өтегенұлы С. – 11 Өтжанұлы К. – 5 Өткелбаев Н. – 13 Пұсырманов Б. – 13 Пұсырманова Г.А. – 13 Пірназар С. – 13,32 Райымбаев К. – 3 Сағымбеков М. – 13 Сағынтаев А. – 4 Салқынұлы Сəбит қажы – 9 Сəдібекұлы А. – 7,9,19 Сəрсенбай О. – 15 Сейпулов Ы. – 9 Серікбаев Ш. – 12,13,14,19 Смағұлов Р. – 10 Сопыбеков А. – 14 Сыдықов Қ. – 9,12,13 Сыдықұлы М. – 4 Тəшенов Т. – 10 Тебегенов Т. – 23 Тоқмағамбетов А. – 10 Төлебаев Ə. – 15 Төреқұлов Н. – 14 Түйімбетов М. – 8,32 Тілеубергенов К. – 4 Тілеулиев А. – 10 Ұзақбаев Б. – 12,14 Үмбетов М. – 15 Шəлекенов У. – 19 Шүкіров З. – 19

36


МАЗМҰНЫ Құрастырушыдан...........................................................................................................................2 Ақтан батыр................................................................................................................................3-4 Арал батыр.....................................................................................................................................4 Бабас батыр....................................................................................................................................5 Байғара батыр.............................................................................................................................5-6 Байқадам батыр.............................................................................................................................6 Бақтыбай батыр.........................................................................................................................6-7 Бəйтік батыр..................................................................................................................................7 Бидас батыр................................................................................................................................7-8 Бұқарбай батыр........................................................................................................................8-10 Есет батыр...............................................................................................................................10-11 Жалаңтөс Баһадүр..................................................................................................................11-14 Жаманбай батыр....................................................................................................................14-15 Жаназар батыр.............................................................................................................................15 Жанғабыл батыр..........................................................................................................................16 Жанқожа батыр......................................................................................................................16-19 Желкілдек батыр.........................................................................................................................20 Жылқаман батыр....................................................................................................................20-21 Келмембет батыр....................................................................................................................21-23 Көкен батыр.................................................................................................................................23 Қабан батыр............................................................................................................................23-24 Қайқы батыр................................................................................................................................24 Қалдан батыр..........................................................................................................................24-25 Қашқынбай батыр.......................................................................................................................25 Құрақ батыр............................................................................................................................26-27 Мəмек батыр...........................................................................................................................27-28 Меңей батыр................................................................................................................................28 Нəлібай батыр.........................................................................................................................28-29 Пірім батыр..................................................................................................................................29 Сарман батыр.........................................................................................................................29-30 Сартай батыр...............................................................................................................................30 Сəлтеке батыр..............................................................................................................................31 Сəрке батыр............................................................................................................................31-32 Тайлақ батыр................................................................................................................................32 Тəтімбет батыр............................................................................................................................33 Тоғанас батыр.........................................................................................................................33-34 Шалқошқар батыр........................................................................................................................34 Авторлардың алфавиттік көрсеткіші....................................................................................35-36

Сыр бойының батырлары: Библиографиялық əдебиеттер көрсеткіші. / Ə.Тəжібаев атындағы Қызылорда обл. əмбебап ғылыми кітапханасы; Құраст.: А.А.Махамбетова.Қызылорда: б.ж., 2011. – 37 б.: сурет.

37


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.