Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
Өлкетану библиографиясы секторы
Сырда туған аңыздар Библиографиялық көрсеткіш
Қызылорда, 2016 1
Құрастырушыдан Әрбір төбесі құпияға толы, сыры әлі де толық ашылмаған қазақ жерінің киелі екенін сезінетіндейміз... Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сыр бойында туындаған, ел ішінде айтылып жүрген аңыздарды жинақтап «Сырда туған аңыздар» атты көрсеткішті тұңғыш рет шығарып отыр. Бұл көрсеткіш өз өлкесін қадірлеп, қастерлеп сүйетін тұтынушыға бағзы заманнан бергі кезеңнің шежіресіне айналған, сыр өңірінде туындаған аңыздар туралы мағлұматтар береді. Аңыз бір заманда өмірде болған айтулы оқиғалар, көпке танымал адамдар мен жер-су, елді мекендер туралы баяндайды. Сол үшін де жұртшылық аңыздарда айтылған жайттарды көбіне ақиқат деп қабылдап жатады. Яғни, аңыз ертегі емес. Оның үстіне, аңызды растайтын дерек ретінде нақтылы жер атаулары, белгілі бір адамдардың есімдері, жыл мезгілдері тиек етіледі. Тарих қойнауына үңіле түссеңіз, сайын даланың сиқыры бойыңды баурап, төбе-төбені аралатып, жетектеп жүре береді.
Көрсеткіш екі бөлімнен тұрады: І. Тарихи аңыздар ІІ. Мекендік аңыздар Бұл құралда халықтың көне тарихымен бірге жасап келе жатқан тәрбиелік мәні бар сыр аңыздары алфавиттік ретпен жазылып. әдебиеттер тізімі және көмекші құрал ретінде есімдер көрсеткіші берілген. Көрсеткішті құрастыруда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапхананың кітап қорындағы өлкеге қатысты басылымдар мен анықтамалық - библиографиялық аппараты (каталогтар, картотекалар, анықтамалық – ақпараттық қор) қолданылды. Библиографиялық құрал сыр өңірінің ауыз әдебиеті мен жер – су атауларының тарихын білуге құштар оқырманға арналған.
Құрастырған: Күлзада Мамырова
І. Тарихи аңыздар Аяз би Аяз би, Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі, ел басшысының үлгілі бейнесі. Аяз би туралы аңызда Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл , ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі туралы сөз болады. Хан болған Жаманның жыртық шапанын хан сарайы босағасына ілдіріп, соған көзі түскен сайын тәубасынан жаңылмай: «Аяз би, әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыруы халық даналығының көрінісі болып табылады.
1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.
Әдебиеттер Аяз би // Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна, 2005. – 576 б. Аяз би // Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би – шешені / Төреқұлұлы Н. – Алматы: Қазақстан, 1995. – 384 б. – (Атамұра) Аяз би аңыз ертегісі //Қазақ ертегілері: 1 бөлім. – Алматы: Алматыкітап, 2012.- 772 б. Аяз би туралы аңыз // Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы.Он томдық. 2 том. – Алматы: Сөздік – Словарь. – 2007. – 189 - 200 б. Қазақ аңыз – әпсаналары: Құраст.: Д.Мағұлұмов. – Алматы: Балауса, 2014. – 96 б. Шаштайұлы Ж. Аяз би: Роман. – Алматы: Жазушы, 2013. – 384 б. – (Қазақ әдебиеті. Проза) Аяз би // Бабалар сөзі: Жүз томдық. 76 том: Новеллалық ертегілер. – Астана: Фолиант, 2011. – 432 б. – ( Мәдени мұра) ***
8. Жанзақова Р. «Аяз би» ертегісі / Жанзакова Р. //Сыр мектебі. – 2015.- 14 ақпан (№2). – 3 б.
Баршын қыз Баршын қыз туралы аңыз Сыр елінде «Баршынкент» деп те аталады. Бұл аңыздың сюжетінде Сыр елінде туған Баршын - Алпамыстың сүйген қызы. Алпамыс батыр эпосындағы Гүлбаршын (Баршын) сұлу атымен байланысты аталған мекен бір кездерде Гүлбаршын ауылының қыс-қыстау мекені болған деп айтылады. Алпамыс батыр ұлт тарихындағы салмағы бөлек тұлға екенін жұршылық жақсы біледі. Оның құдай қосқан қосағы Гүлбаршын жайында білетініміз көп емес. Зерттеушілер Гүлбаршын Қармыс байдың қызы, Мамыш бектің (Алпамыс) жұбайы болғандығын жазады. Бар білеріміз оның мәңгілік дамыл тапқан жері – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының аумағы деп айтылады. Сондай-ақ батырға тірек, ақылшы бола білген ардақты анамыз сол өңірде дүние есігін ашқанын да ғалымдар жиі айтады. Баршын сұлуға арнап салынған көркем кесене «Көккесене» де Сырдария өзенінің бойында екені тарихтан белгілі.
. Гүлбаршын Алпамыстың бесіктен белі шықпай жатып, әкесі оған Сарыбайдың қызы Гүлбаршынды айттырып қояды. Алайда, болашақ құдалардың арасында кикілжің туып, соның кесірінен айттырған қыздың әке-шешесі қалмақ ханы Тайшықтың жұртына көшіп кетеді. Аты-заты белгісіз, жек көрінішті қалмақ батырларына ұзатылып кетпес үшін Гүлбаршын сайыс ұйымдастырады да, қай жеңіске жеткеніңе ризашылығымды беремін дейді.Ол өзін бала күнінде атастырған Алпамыс келіп, жеңіске жетеді деп үміттенеді. Екеуінің ыстық махаббатының арқасында Алпамысқа күш-қайрат қосылып, жеңіске жетеді. Гүлбаршынға үйленгеннен кейін Алпамыс келіншегімен бірге туған ауылына оралады. Алпамыс өзінің туыстарына әке-шешесін және Гүлбаршынның әне-міне туатын ұлын Жәдігер деп атап, батыр етіп тәрбиелеуді тапсырады. Батырдың көрмегені болмайды. Алпамыс жеті жыл бойы ханның зынданында отырады. Ол жоқ кезде оның туыстарына да оңай болған жоқ. Жексұрын Ұлтан құл әкесі мен атасын малын бағатын бақташы етіп, баласы Жәдігердің аяққолына кісен салып, шешесі мен қарындасын құл етіп, Гүлбаршынға ауыз сала бастады. Гүлбаршынның түсінде аян береді: жібек балақ бау тағылған ақ бүркіт келіп қолына қонады. Ол Алпамыстың туған ауылынан келгендігін сезеді, оның енді бұларды құтқаратындығына сенеді. Анасы баласы Жәдігерге әкесінің оралғандығы туралы айтады. Алпамыс батыр еліне келіп, отбасы мен елінің жағдайын түзеп, қалпына келтіреді. Кіршіксіз пенде Гүлбаршынның бейнесі – еріне адал, тағдырдың тауқыметін мойымай көтерген, баласы Жәдігерді батыр етіп тәрбиелеген дана әйел.
Әдебиеттер 9. Баршынкент // Қазақстан тарихы. – Энциклопедиялық анықтамалық / Бас сарапшы Б.Аяған, М.Қойгелдиев. – Алматы: Аруна, 2006., - 120 б.- (Мәдени мұра) 10. Баршынкент //Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер: Сыр бойының ежелгі тарихы мен мәдениеті. – Алматы, 1996. – 272 б. 11. Баршынкент аңызы // Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. – Алматы, 1998. – 66-67 б. 12. Көккесене мен Баршын сұлу //Сопыбеков А. Жаңақорған: Тарихнама. – Шымкент: Кітап, 2008. – 648 б. *** 13. Аймаханов Е. Көккесене мен Баршынкент – тарихи орын // Тәрбие құралы. – 2013. - №4. – 56 – 59 б. 14. Ақылбекұлы Н. Көккесене: Көккесене мен Баршын кент қаласы жайлы //Сыр бойы. – 2007. – 2 маусым 15. Аманбайұлы Ж. Деректер тоғысындағы тарихи шындық: Барчкент қаласы және Гүлбаршын сұлу жайлы //Айқын. – 2013. – 1 қазан (№180).- 8 б.; Жаңақорған тынысы. – 2013. – 28 қыркүйек (№74). – 3 б. 16. Гончаров Е. , Зайцев И. Баршынкенттен Ескіжұртқа: мавляна Ахмадбин Махмуд әл – Барджинлыги / ауд. А.Ержанов // Әлімсақ. – 2014. №5. – 24 – 27 б. 17. Ержанов А. Баршынкент // Әлімсақ. – 2014. - №12. – 28 - 29 б. 18. Ертасов Қ. Игі бастама – жарқын ойдың жемісі: Көккесене күмбезі туралы // Жаңақорған тынысы. – 2011. – 26 қаңтар 19. Қарапаева А. Көккесене сағанасының сыры // Сыр бойы. – 2011. 6 наурыз. – 8 б. 20. Раханов С. , Қалекеев Н. Көккесене сағанасы мен Баршынкентті білесіз бе? // Ел тілегі. – 2011. – 11 ақпан. – 4 – 5 б. 21. Сопыбеков А. Баршынкент қаласы табылды // Сыр бойы. – 2013. 5 қыркүйек (№131). – 1 б.; Жаңақорған тынысы. – 2013. – 4 қыркүйек (№67). – 3 б. 22. Сопыбеков А. Көккесене: күмбезі туралы // Сыр бойы. – 2005. – 24 маусым; Жаңақорған тынысы. – 2014. – 3 қыркүйек. – 3 б.; Айқын апта. – 2014. – 11 қыркүйек. -17 б. 23. Сопыбеков А. Тағы да Баршынкент қаласы жайлы // Айқын апта. – 2013. – 28 қараша (№220). – 25 б.; Жаңақорған тынысы. – 2013. – 18 желтоқсан (№97). - 3 б. 24. Үмбет Ә. Көне Баршынкентке кім көңіл бөледі?: Ежелгі шаһар жайлы //Алаш айнасы. – 2013. – 2 қазан (№172). – 5 б. 25. Үмбет Ә. Құпиясы көп Көккесене: Жаңақорған ауд., Төменарық ауылы //Алаш айнасы. – 2011. – 5 наурыз
Бегім ана Бегім анаға Алла тағала ерекше мейір-шапағатпен қараған. Ғасырлар бойы тылсым дүниенің түпсіз бір тұңғиық құдіретімен ауыздан ауызға тарихи дастан болып, халық көкейінде жатталған Бегім ана бейнесі, осы тарихи тұлғаның кесенесі күні бүгінге дейін сақталынған. Енді аңыздарға тоқталсақ. Ертеде Жанкент билеушісі Санжар ханның Бегім сұлу атты әйелі болыпты. Бегім жаратылысынан ақылына көркі сай, парасаты мол жан екен. Ол арабтың Хазірет әулетінен шыққан Қарабура әулиенің қызы еді. Санжар сұлтан аң аулап, сейіл құрғанды жақсы көреді екен. Осы әдетімен нөкерлерін ертіп саятқа, аңға шығады. Дарияға келіп, ыспа қайықпен өтерде қанжарын үйге қалдырғанын есіне түсіріп, құлын шұғыл үйіне жұмсайды. -Ханым, ханның қанжарын тез алып беріңіз. Кідіруге мұрсат жоқ, - деді ол үй сыртынан. Ханым жабықтан қанжарды ұсынғанда оның мүсіндей аппақ білегін көріп, құл сол жерде талып қалады. Бегім сұлу мұны білмейді. Біраздан соң есін жиған құл атына міне сап дарияға қайта шабады. Келсе хан қаһарына мініп, шаншылып тұр екен. -Тақсыр, қасық қанымды қия көріңіз. Менің кешіккен себебім - ханымға қатысты еді, қанжарды жабықтан беріп тұрып, оны алайын деп қолымды ұсына бергенімде, білегімнен ұстап жібермеді. Содан қолымды босата алмай кешігу себебім осы, - деп өтірікті судай ағызады. Құдайдан безген жексұрын жанның бұл сөзіне имандай сенген Санжар хан сапарын тоқтатып, кейін қайтады. Істің ақ-қарасын тексермей, күнәсіз Бегім сұлудың оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіледі де зынданға тастайды. Оң қолын кескені арамдықты оң қолымен істеді деген ойы болуы керек. Істің мәнісін түсінбей, әрі жазықсыз зәбір көріп зарлаған ару көрер таңды көзімен атқызды. Бұны сарайдағылар түгел білсе де, ханымға араша түсе алмайды. Келесі күні Қарабура әулие қызының түсіне кіріп, былай дейді: - Балам, бұлтартпай шыныңды айтшы, ақпысың әлде қарамысың? Ақ болсаң, аллам жәрдем беріп, жараңды жазар, қара болсаң қарғар, тек турасын айт! - депті. Сонда Бегім жылап тұрып әкесіне: - Атажан, құдай атымен сіздің алдыңызда ант етемін. Егер Санжарға қиянат жасасам тәңірі атсын, өмірімді қысқартсын. Ақпын, ата - деп зар еңірейді. Осыдан кейін Қарабура Санжардың да түсіне енеді. –Сен де бір балам едің. Егер менің қызым арам болып, саған қиянат істесе, келесі күні сол қолы, сол бұрымы кесілген күйде мүгедек болып қалсын. Қызымның ақ пен қарасын тексермей жаза қолданғанда бір ауыз әділ сөзін айтпаған шаһарыңды тірі адам қалдырмай жылан жұтсын! – деп қарғап батасын береді. Осы түсті көрген соң Санжар қатты шошынып, күні бойы ойланады. Үшінші күні таң атқан соң хан зынданға адам жібереді.
– Тез барып көріп кел. Ханым не күйде екен? – деп тапсырады. Жіберген адамы барса, Бегім баяғы сау қалпында отыр екен дейді.Әлгі адам көргенін ханға келіп айтады. Содан бастап ханды үрей билейді. Кеш болады. Хан кеңесшілерімен отырғанда, іңір уақытысында аспаннан бір мес шаһардың ортасына түсіп жарылады. Местің іші толы жылан. Жылан сыртқа тірі жанды шығармайды, шағып өлтіреді. Сонымен жайнап тұрған Жанкент шаһары Санжар сияқты қатыгез ханның кесірінен қас пен көздің арасында опат болады. Бұл жағдайды аңыз деп қабылдасақ та шындыққа келіңкірейді. Жылан ордасы осы күнге дейін Жанкенттің бұзылған іргесінде бытысып жататын. Бүгінге дейін жылан сорған делінетін Санжар (Шанжар) қаласы қазіргі Қожабақы серіктестігі жеріндегі Арандықыр жотасынан теңіз беткейіндегі сілімінен 15 шақырым жерде . Ал, Бегім сұлу болса, шаһар опат болып, халқы түгел қырылған соң өз әкесі Қарабура Әз әулиенің көмегімен Бегім ана белгісін салдырып, «бұдан былай еркекті көрмеймін» - деп қалған жұмбақ ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізген. Ата-бабасының қасиеті дарып, кейін Бегім ана атанады. Асыл ана жәрдем сұрап барған жандарға бала беретін, мейір шапағатына бөлейтін, нағыз керемет әулие ретінде есімі жалпақ жұрқа мәлім болған. Сыр бойындағы Жанкент шаһары мен Бегім ана туралы ғажайып аңыз осылай аяқталады. Бегім ананың басына зиярат жасауға ер – азаматтар бармайды. Халық дәстүрінде солай қалыптасқан. Жергілікті халықта, басқа өлкелерден келетіндер де әйел жандар. Бұған дейін алдына барған ер – азаматтар әртүрлі жағдайларға душар болып, Ана шарапатын емес, кесапатын сезінген деседі. Әдебиеттер 26. Бегім ана // Аламесек энциклопедиясы. – Қызылорда: ҚызылордаҚанағаты, 2015. - 75 – 76 б. 27. Бегім ана // Қасқырбайұлы Б. Шығармалары: Өлеңдер, айтыстар мен дастандар / Қасқырбайұлы Б., Жұбатұлы Н. ; Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы. – Астана. Фолиант, 2008. – 366 б.- ( Сырдария кітапханасы) 28. Бегім ана аңыздары // Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі АралСырдария өңірінің орны» - атты халықаралық ғылыми конференция материалдары / Ред. басқарған Б.К.Момынбаев. – Алматы, 2009. -106 – 107 б. 29. Бегім ана: аңыз бен ақиқат: Тарихи-танымдық жинақ / Құраст. Хусайн Г. Х. – Алматы: Телеарна, 2014. – 300 б. 30. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер: Сыр бойының ежелгі тарихы мен мәдениеті. – Алматы: Өнер, 1996. – 272 б. 31. Мұсабаев Н., Мұсабаева А. Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы: Жанкент ескерткіштері. – Алматы: Атамұра, 1998. – 199 б.
32. Серікбайұлы Ш. Ұлылар мен ұлықтар: Аңыздар, әулие-әфсаналар жайлы әңгіме. – Қызылорда: Нұр – Сәулет, 1998. – 160 б. 33. Серікбайұлы Ш. Шешендер мен көсемдер: ( Қызықты деректер) / Серікбайұлы Ш. – Астана: Сарыарқа, 2009. – 176 б. *** 34. Әлішев Ә. Жанкент шаһары //Тұран – Қазалы. – 2007. – 14 қараша 36. Байұлов Ғ. Жанкент, Бегім сұлу және Кетпен: Қазалы ауд. // Парасат. – 2011. - №1. – 25 – 27 б. 37. Бегім ана //Дайрабай Т. Сыр ескерткіштері // Парасат. – 2003. - №7. – 32- 34 б. 37а. Жәмішев Ә. Аңыз түбі ақиқат: Бегім ана //Соц.Қазақстан. – 1991.28 мамыр 38. Қосмамбет М. Бегім ана: Ән // Сыр бойы. – 2014. – 26 шілде (№107/108). – 6 б. 39. Пірназар С. Орта ғасырдағы оғыздар астанасы: Жанкент қаласы //Егемен Қазақстан. – 2007. – 10 қазан 40. Сайлау А. Орта ғасырлық Жанкент қаласы // Әлімсақ. – 2013. №7. – 13 – 15 б. 41. Сәрсенов Ғ. Ақ құсқа айналған пәктік немесе Бегім ана жайлы аңыз бен ақиқат: «Сыр жауһарлары» сериясы // Сыр бойы. – 2007. – 22 желтоқсан 42. Серікбайұлы Ш. Жанкент – көне Сырдың астанасы: Қала тарихы // Сыр бойы. – 2005. – 1 желтоқсан 43. Сыдықова Ж. Жұмбағы көп Жанкент //Сыр бойы. – 2013. – 20 сәуір. – 9 б. 44. Тарихтан сыр шерткен Жанкент аңызы // Әлімсақ. – 2013. - №9. – 23 б. 45. Төлегенов Ә. Жанкент – көне қала //Ұлағат. – 2010. – 23 ақпан 46. Үмбет Ә. Жанкент шаһары жыландар шабуылынан қирады ма? // Алаш айнасы. – 2013. – 15 маусым. – 1, 6 б.
Зарина патшайым Зарина (б.з.б. 4 ғасырдың аяғы – 5 ғасырдың басы) – ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым. Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор, Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады. Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В.Н. Татищев (1686 – 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады. «Зарина патшалық құрған кезде қырық қыздан тұратын әскер жасақтайды. Қырық қыз ерлерше киінетін болған. Үстеріне сауыт, бастарына дулыға, аяқтарына етік киіп, Зарина патшайымды қорғап жүріпті. Қырық қыздан құрылған атты әскер кез келген уақытта Зарина патшайымды қауіп-қатерден, пәле-жаладан сақтап қалуға тиісті болатын. Бір күні Зарина патшайымды қорғап жүретін қырық қыздың бірі Арнагүл жау тыңшысының қолына түсіп қалады. Отыз тоғыз қыз Арнагүлді іздеп тауға шығады, тоғайды да кезеді. Бірақ таба алмайды. Жау тыңшылары Арнагүлді тұтқындап, қол-аяғын байлап, аузына шүберек тығып, патшасына алып барады. Зарина патшайым Арнагүлдің жау қолына түскенін сезеді де, оны дереу құтқаруға кіріседі. Жау тылына он екі жасар Тұрханды тыңшы етіп жібереді. Тұрхан ебін тауып, жаудың арасына кіреді. Тар қапаста қамалып жатқан Арнагүлді көреді. Зарина патшайымға жетеді. Заринаға Арнагүлді көргенін айтады. Зарина патшайым Тұрханға: «Сен қыздың киімін киіп, Арнагүлге бар, орайын тауып оны босат та, орнына өзің отыр…» – дейді.
Тұрхан қыздарша киініп алып, Арнагүл жатқан тар қапасқа барады. Түн ішінде ешкімге көрінбей құлыпты бұзып ішке енеді де, Арнагүлді босатып, оның орнына өзі отырады…» (Ел аузынан). «Зарина жастайынан атқа мініп, соғыс өнеріне машықтанған дала сұлуы, патша қызы еді. Бір күндері Зарина соңына нөкер қыз-келіншектерін ертіп, кең далаға аң аулап, көңіл көтеріп қайтуға шығады. Алдынан құланның үйірі қашып, оны қуып, қызықтап, байқаусызда алыстап кетіп қалады. Бір төбеден бір төбеге асып, құлан қуып жүргенде, алдынан қаз-қатар тізілген жау әскері көрінеді. Олар Заринаның әйел екенін танымайды, дулыға киген жас жауынгерді қолға түсіру үшін қоршай бастайды. Зарина өжеттікпен қоршауды бұзып өтеді. Соңынан жау әскерінің батыры қуады. Бір уақытта Заринаның санына оқ тиіп, жараланып, аттан құлайды. Ақсаңдап орнынан қайта ұмтыла бергенде, басындағы дулығасы ұшып кетіп, төбесіне түйген қолаң шашы жібектей сусып беліне түседі. Қуғыншы Заринаның әйел екенін білген соң, аттан секіріп түсіп, көмектесіп, көтеріп алады. Ай мен күндей сұлу келіншекті ұнатып қалады. Ол Мидия патшасының баласы, ханзада еді. Ханзада Заринаны бір көріп қайту үшін жиілетіп ұлы сақтар даласына келіп тұратын болады. Бір күні Заринаның күйеуі Мөрмөрдің қолына түсіп қалады. Ол қолындағы тұтқынын өлтірмекші болады. Мидия ханзадасын өлтірсе, екі елдің арасында жанжал туып, соғыс басталатынын сезген Зарина Мөрмөрді райынан қайтарғысы келсе де, күйеуі оған көнбейді. Зарина нөкерін жұмсап, араша түспекші болғанда, тайталасқан Мөрмөр байқаусызда жараланып, ұзамай қансырап өледі. Мидия ханзадасы еліне кетерінде Заринаға сөз салып, басқоспақ ниетін білдіреді. «Екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық», – дейді. Зарина жауабын бірден бермей: «Бір жылдан кейін анығын айтамын», деп қала береді. Арада бір жыл өтеді. Заринаның да мидиялық көркем жігітті ұнатып қалған сыңайы бар. Жүрегі лүп-лүп етіп, соны ойлайды. Қара көзіне мұң толып, алысқа қарайды. Бір күндері болғанда көп әскермен атқа қонып, Мидияның шекарасына жақындайды. Арғы жақтан ханзада күтіп тұр екен. Зарина сабырлы, салқындылықпен былай дейді: – Армысың, сүйіктім! Мен сені ғана ұнатамын. Бірақ әйелің бола алмаймын. Оның себебі, екеуміз қосылсақ, сен хан боласың, мен ханым боламын. Менімен қоса артымдағы елім де саған бағынышты болады. Мен сүйгеніме қосылып, бақытты болғаныммен, елім тәуелсіздігінен айырылып, бақытсыз болады. Мен үшін елімнің еркіндігінен артық ештеңе жоқ. Қош, сүйіктім!
Осы сөзді айтып бола бергенде, Заринаның қара көзінен жас тамып кетті. Ханзада мұңға батып, басын төмен салады. Екеуі: – Қош! – Қош! – десіп, қимай-қимай тарасады. Өз бақытынан ел бақытын артық санаған Зарина сұлудың осы бір оқиғасы кейінгіге аңыз болып қалды. Талай-талай қазақ қыздарына ел намысын жоғары ұстаған Заринаның ерлігі үлгі болады. «Қобыланды батырдағы» Қарлыға, «Алпамыс батырдағы» Гүлбаршын, Қарақалпақ халқының «Қырық қыз» дастанындағы Гүлайым қыздың бейнесі – Тұмар мен Заринаның халық есінде сақталған елесі. Сақтар, түріктер ежелден қыздарын ардақтаған. Қыздардан патша болғандары да бар. Сол заманда патшалық құрған жеті қыз туралы «ХVІІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Әбілғазының шежіресінде жазылған…»
Әдебиеттер 47. Зарина // Ұлы даланың ұлы қыздары: Анықтамалық. 1 – том / Қодар Ә., Зуев Ю.А., Досымбаева А.М., Торланбаева К.Ө.- Алматы, 2003. – 264 б. 48. Зарина патша туралы //Шаухаманов С. Ер қанатыЭсселер, публицистикалық мақалалар мен толғаныстар. – Астана: Фолиант, 2009. – 169 б. 49. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: Он томдық / Құраст. С.Қалиев, К. Аюбай. – Алматы: Сөздік – Словарь, 2006. – 3 том. - . 50. Сақ патшайымы Зарина сұлу //Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет: Бес томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Өнер, 2008. – 2 том. - 13-14 б. 51. Тұран патшайымы Зарина туралы аңыз //Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары. Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: Аруна, 2007. – 27 – 34 бет, суретті *** 52. Әмірбекұлы С. Ұлы даладан шыққан қолбасшы қыздар: Томирис пен Зарина ханым туралы // Айқын. – 2006. – 8 наурыз (№42). – 5 б. 53. Көкбөрі Ж. Сақ патшайымы Зарина ханым // Мәдениет. – 2012. – (№6). – 40 – 41 б.
Қармақшы ата Ел аузындағы аңыздарға сенер болсақ, көзі тірісінде Қармақшы ата балық аулау кәсібімен шұғылданыпты. Оның өзі өте ерте кезде болған деседі. Жұрттың барлығына жақсылық сыйлап, ауыл-аймақты өзінің балықтарымен қамтамасыз еткен Қармақшы ата ұзақ өмір жасаған соң дүние салыпты деседі. Қармақшы әулиенің тарихы әрәрек болғандықта, яғни жазба түрде тарихи деректері сақтала бермегендіктен халық аузындағы аңыздар мен кейбір деректерге сүйене отырып баяндауға тура келеді. Нұрмағанбет деген байдың жалшылары Қармақ пен Бармақ еңбек ақысын ала алмағандықтан байға өкпелеп, ол үйден кетеді де, «өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегендей Жайқұн (Сор) өзені бойымен әр жерге қона жатып, қамыстан сал жасап төмен қарай жүре береді. Мұнысы бір жағынан көлік орнында болса, бір жағынан азулы аңдардан аулақ жүруге қолайлы болады. Қармақ пен Бармақ әуелі дария жиегіне түнеп жүреді де, кейінірек осы күнгі Жосалы қыстағының Шығыс беткейіндегі темір жолмен екі аралықтағы төбеге орналасады. Одан басқа маңның бәрі қалың жыныс, сулы батпақты болады. Қармақтар төбе алаңға, салға біраз қамысын тасып өздеріне баспана орнатады да, сонда тұрып жатады. Дарияның бұларға қарсы беті алаша мен серкеш руының қонысы екен. Бұлардың келіп қоныс тепкенін көріп, жалғыз басты Жарғақ деген кедей жігіт бұлармен қостас болады. Ал Жарғақты жергілікті халық әулие болған кісі деп қастерлейді. Шынында да, Қармақ әулиені іздеп барып онымен туысқа бергісіз дос болуы, кейбір қиындықтарды бірге бөлісуі «күйі бірдің күні бірден гөрі әулиелік-әруақтылық жақтары болса керек. Олар орналасқан маңға бірте-бірте қара-құралар да жинала береді. Тіпті үлкен қонысқа айналады. Ол қонысты әрлі-берлі жүретін жолаушылар да пана тұтып, маңайына аялдайды. Қармақтар аулаған балықтарын азық-түлікке айырбастап күн кешеді. Оның үстіне Қармақтың көріпкелдік әулиелік жағы да болғандықтан ел-ішіндегі ауру-сырқаулар келіп көрініп ем алады. Оның қолының шипалылығымен қатар айтқаны келетін әулиелігі, көріпкелдігі оны халық арасына кеңінен тарап, алыстан әдейі іздеп келушілер де көбейеді. Әрлі-берлі жүргіншілердің де бірқатары бұл жер шағын кәсіпке қолайлы болғандықтан Қармақшы әулие маңын атадан балаларына дейінгі құтты қонысқа айналдырады. Қоныстанушылар бұл маңға жылдан жылға молая түседі. Олар мал ұстап, түрлі күн көріс кәсібімен айналысады. Құрғаған жерлерге тұрғын үйлер салынады. Арада біраз жылдар өткен соң Қармақшы әулие дүние салады. Оны өзі қоныс еткен төбенің батысына жерлейді. Әулиеге тағзым етушілер, оның басына түнеп әулиенің берген аянын қабылдаушылар азайған емес.
Әдебиеттер 54. «Қармақшы» атауының этимологиясы // Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал-Сырдария өңірінің орны» атты халықаралық ғылыми конференция Материалдары. – Алматы: ARNA, 2009. - 386-389 б. 55. Қармақшы ата //Қармақшы: Ауданға 80 жыл. – Алматы, 2009. – 13 бет, суретті. 56. Қармақшы ата //Сыр өңірі тарихы: Көне замннан бүгінге дейін / Құраст. Қ.Маханбетов, А.Айдосов т.б. - Алматы: Атамұра, 1998. – 255 б. 57. Қармақшы ата туралы аңыз //Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер: Сыр бойының ежелгі тарихы мен мәдениеті. – Алматы: Өнер, 1996. – 143 б. *** 58. Әбілахатұлы Н. «Қармақшы ата» мешіті ашылды: Жаңа мешітке әулиенің аты берілді //Қармақшы таңы. – 2015. – 5 желтоқсан(№94). – 1 б. 59. Бүркітбаева Г. Қармақшым – киелі мекенім: Қармақшы ата туралы айтылады // Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2015. - №8. – 82 – 87 б 60. Жанболғанұлы Т. Қармақшы ата ауданына – 80 жыл: Қармақшы ата // Тұран – Қазалы. – 2008. – 19 наурыз. – 3 б. 60а. Жанболғанұлы Т. Қорқыт ата жерінде: Қармақшы атауы қайдан шыққан? // Сыр бойы. – 2008. – 23 ақпан 61. Қармақшы ата //Дайрабай Т. Сыр ескерткіштері: Қызылорда облысының тарихи – мәдени ескерткіштері туралы //Парасат. – 2003. - №7. – 32 -34 б. 62. Оспан С. Қармақшы өңірі Һәм Қармақшы ата жайлы үзік сыр // Қазақ әдебиеті. – 2005. – 15 – 21 сәуір. – (№15). – 15 Б. 63. Скендіров А. Құпияға толы құлпытастар туралы бір үзік сыр: Қармақшы ата бейітіндегі белгі туралы // Қармақшы таңы. – 2015. – 19 қыркүйек (№72). – 2 б. 64. Сұңғатова Г. Қармақшы ата: Қармақшы, Қармақшы әулие жайлы //Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал. – 2012. - №2. – 23 - 25 б.
Қорқыт Қорқыт ҮІІІ ғасырда Сырдария аңғарында өмір кешкен. Ол атақты батыр, ақын, күйші, сөзіне хандар да құлақ асқан ақылгөй данышпан болған. Қорқыттың анасы қыпшақ руынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан тарайды. Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын «Қорқыт» деп қойған дейді.Аңызда Қорқыт ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Бойы екі саржан Қорқыт қобызшы болады. Бір күні Қорқыт түс көреді, түсінде бір-екі адам көр қазып жатады. «Мұның не?» деп сұраса, олар: «Бұл Қорқыттың көрі» деп жауап береді. Қорқыт ажалдан қашып, дүниенің екінші бір бұрышына барады. Онда да осы түсті көріп, дүниенің төрт бұрышын кезеді. Бәрінде де қазылған көрді кездестіреді. Содан соң жер ортасын іздеп табады. Онысы осы күнгі (Қармақшы ауданындағы) Қорқыттың бейіті тұрған жер болған. Бірақ мұнда да әлгі түсті көреді. «Енді Қорқыт тағдырды алдап болмас» деп, Сыр суына түседі. Су үстіне кілем жайып отырып, күй сарнатады және сол жерде ажал келіп өліпті деседі. Қорқыт туралы аңыздар жүрек қылын шертетін мұңды да шерлі, жарық дүниенің өткінші, жалғандығы жайында терең философиялық ой толғайды. Әдебиеттер 65. Бабалар сөзі: Жүз томдық. 85: Тарихи аңыздар. – Астана, 2012. – 416 б.- (мәдени мұра) 66. Қорқыт ата туралы аңыздар // Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. Он томдық. Екінші том: Қарасөз тағылымы. – Алматы: Сөздік – Словарь, 2007. – 202-203 б. 67. Қорқыт туралы аңыз //Қазақ ертегілері. – 1 бөлім. – Алматы: Алматыкітап, 2012. 68. Қорқыт туралы аңыздар // Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары: Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: Аруна, 2007. – 70 – 94 б.:суретті. 69. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы, 1985. – 368 б. 70. Мәмиев Т. Қорқыт ата туралы аңыз бен ақиқат: Оқу құралы. – Қызылорда, 2000. – 150 б., суретті 71. Түркі әлемінің ұлысы: Қорқыт аңыздары //Дәрмағанбетұлы Шәкірат. Шығармалары / Ред. Б.Сегізбайұлы – Астана: Фолиант, 2008. – 291 – 293 б. (Сырдария кітапханасы) ***
72. Ақатаев С. Түсімде Қорқыт атам аян берді...: Қорқыт туралы аңызәңгімелер //Қазақ әдебиеті. – 1990. – 16 ақпан. – 6 б. 73. Бекежан Ө. Қорқыт қазақ мифологиясының архетиптік бейнесі //Ұлт тағылымы. – 2001. - №1. – 101-104 б. 74. Дәрмағамбетұлы Ш. Қорқыт ата: Қырық қыз хикаясы //Сыр бойы. 2003. – 22 наурыз 75. Едіге Т. Қорқыт туралы аңыз //Жұлдыз. – 1996. - №1 . – 160 б. 76. Жумашкина А. Қорқыт туралы аңыз //Сынып жеткшісі=Классный руководитель. – 2015. - №4. – 12 – 14 б. 77. Ибраев Ш. Қорқыт Һәм «Қорқыт ата кітабы»: Ақиқат пен аңыз //Базар жырау. – 2012. - №1. – 56 – 66 б. 78. Қасқабасов С. Ажалмен айқасқан адам: Қорқыт туралы аңыздар //Жұлдыз. – 1989. - №8. – 490-198 б.
Қырық қыз және Ақсақ қыз Қорқыт аңыздарының ішіндегі әлемге кең тарағаны – «Қорқыт пен қырық қыз» туралы жыр. Қорқыт Сыр суының бетінде жайылған кілемнің үстіне отырып өмірге, еліне, жеріне арнап күйлер тартады. Сарнап шыққан Қорқыттың қобызының мұңды даусын естігенде өзен бойында отырған елдер тобымен екі жағаға отырып,күй тыңдайды екен. Қобыздың даусы кешқұрым Сыр бойынан асып Арқадағы елдерге де жетеді. Арқаның қырық қызы Қорқыттың күйіне елтіп, үйлерінен жүгіре шығады. Оларға қобыздың үні жақыннан шыққан сияқты болып естіледі. Бірақ қыздар күні-түні жүріп, ми қайнатар ыстық күнгі аптапта, арпалыс - жүгірістен ел таба алмаған 39 қыз өкпесі өшіп өледі. Тек қырықыншы қыз аяғынан айырылып, ақсаңдап Сыр жағасына жетеді. Қорқытты көріп барып көз жұмады. Қазір Қорқыт ата кешенінің жанында осы Ақсақ қыздың бейіті тұр. Әдебиеттер 79. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары: Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы. Аруна, 2007. - 89-90 б. 80. Қырық қыз хикаясы. Ақсақ қыз //Дәрмағанбетұлы Шәкізат. Шығармалары / Ред. Б.Сегізбаев. – Астана: Фолиант, 2008. – 293-296 б. (Сырдария кітапханасы) *** 81. Дәрмағанбетұлы Ш. Қорқыт ата: Қырық қыз хикаясы //Сыр бойы. 2003. – 22 наурыз
Тұмар (Томирис) ханша Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханша (б.д.д. 570-520 жж.) әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Томирис ержүрек, батыр болып тәрбиеленеді. Оны атақты болып, есімінің тарихта енуіне парсының әйгілі патшасы Кіреуке (Кир) (б.д.д. 558 – 530 жж.) болатын. «Жеңілуді білмейтін», Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген Кіреукенің әскерін Тұмар ханшаның тасталқанын шығарғанын бүгінгі жұрт аңыз қылып айтып жүреді. Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді. Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар ханша олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді. — Мидиялықтардың патшасы! дейді жіберген жаушысы арқылы Тұмар ханша Кирге. Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауына қарай өзің шеш. Тұмардың ұсынысын Кир әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның түркі сақтар жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды. Түркі сақтар уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен түркі сақтардың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады.
Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмар ханшаның ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін! Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған Кир ханша ақылын тыңдамай, өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған түркі сақтар парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. Тұмар ханша шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегендегі жалғыз ұлымды аярлықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ» дейді. Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Осылайша Тұмар ханша елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді. Әдебиеттер 82. Аңызға айналған массагеттер патшайымы Томирис //Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары: Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: Аруна, 2007. – 38 – 40 б.: суретті 83. Галиев А. Томирис: Тарих, тұлға, уақыт. – Алматы: Аруна, 2005.- 92 б., суретті. - (Шығыстың ұлылары) 84. Жүз тұңғыш: Жинақ. 1-кітап / Құраст. Б.Нұржекеұлы. – Алматы: Жалын, 2005. – 320 бет. 85. Көшпенділердің ұлы шайқастары / Құраст. А.Ғалиев, Е.Жайнақов, А.Жұмаханов. – Алматы: Аруна, 2014. – 192 б., илл. – (Оқушының энциклопедиясы)
86. Қыраубаева А. Сақ әңгімелері: Халық аңыздары. – Алматы: Өнер, 2002. – 10 б. – ( Көкбөрі ) 87. Серікбаев Ш. Таңдамалы шығармалары. 2 / Серікбаев Ш. – Қызылорда: Тұмар, 2011. – 416 б. 88. Серікбайұлы Ш. Аңыз бен ақиқат: Тарихи зерттеулер және публицистикалық мақалалар. – Қызылорда: Полиграфия, 2006. – 260 б. 89. Томирис // Әдеби жәдігерлер: Жиырма томдық. 1 том. Көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер. – Алматы: Таймас, 2007. – 504 б. – (Мәдени мұра) 90. Томирис // Жайлыбай З. Кермек тағдыр ( Қолтаңбасы бар кітап): Толғаныстар. Ойлар. Мақалалар. – Алматы: Қоңыр, 2008. – 272 б. 91. Томирис туралы //Сыр елі: Қызылорда облысы: Энциклопедия . – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 2005. - 20 бет 92. Тұмар патшайым // Сейдімбек А. Шығармалары. 6 томдық: Қазақтың күй өнері. –Астана: Фолиант, 2010. – 880 б.- (Таным-дария) 93. Тұмар патшайым //Әлемдік педагогикалық ой – сана. 10 томдық. 1том. Ежелгі дәуір. – Алматы: Таймас, 2008. – 400 б. 94. Тұмар патшайым //Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет: Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Өнер, 2008. – 2 том. - 11-12 б. 95. Тұмар ханым //Шаухаманов С. Ер қанаты: Эсселер, публицистикалық мақалалар мен толғаныстар. – Астана: Фолиант, 2009. – 169 б. 96. Тұңғыштар / Құраст. Ш.Күмісбаев. – Алматы: Алматыкітап, 2007. – 295 б. 97. Ұлы даланың ұлы қыздары: Анықтамалық. 1 т. – Алматы, 2003. – 264 б. *** 98. Геродот. Томирис: Парсы патшасы Кирдің қазасы жайында //Ақиқат. – 1993. - №2.- 35-36 б. 99. Жайлыбай З. Томирис? Тұмар? Жоқ Тама Ырыс шығар, немесе сақ – массагет ханшайымы Томирис туралы қисын // Сыр бойы. – 2009. – 29 тамыз; Қазақ елі. – 2008. – 4 желтоқсан 100. Қиясова Т. Қазақтың батыр қыздары: Айбике, Айтолқын, Томирис т. б. жауға шапқан қыздар туралы // Қазалы. – 2010. – 7 сәуір. – 2 б. 101. Тубетова Г. Тарих толқынындағы қазақ қыздары: Тарихи кеш // Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. – 2006 . - №8. – 68 – 73 б.; №9. – 57 – 59 б.
ІІ. Мекендік аңыздар Қатын қамал Қаратау мен Сыр бойын жайлаған ел «Қатынқамал» дегенде елеңдей қалады, сан тарау әңгімеге құлақ түреді, сосын оған өзінің естігенін үстемелеп қояды, бәлкім рас та шығар-ау, кейде тау атырабын өздігінен сәбидің іңгәлап жылағандай болған үні тербеп тұратынын айтады. Жұртты ынтықтыратындай Қатынқамалдың не қасиеті бар екен?.. Осы ой сауал болып өріліп алға жетелейді. Сондай аласапыран оқиғалардың бірі – XVIII ғасырдың бас кезінде қонтайшы Цэван Рабданның баласы Қалден Церен бастаған жоңғарлардың тосын шабуылы болды. Жер қайысқан қалың қолмен Шығыстан Қаратауды бетке алып, жоңғарлардың бұл жасаған жан түршігерлік шабуылы мал жайылымы ыңғайынан көшіп жүрген қазақтардың тез бас қосып ұйымдасуына үлгертпеді. Ел басына ауыр күн туды, жазықсыз жандардың қаны төгілді, мал - мүліктері таланды.Ер азаматтар сүйем жер үшін қасық қаны қалғанша жаумен айқасып жатты. Алысқа қашып үлгере алмағандар қатын - қалаш, бала - шаға тау-тасты паналады. Ел басына қара бұлт болып «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» басталды. Міне, осындай ауыр зұлматты күндерде тау өңірін мекендеген ауылдың қыз - келіншектеріне пана болған, оларды сеңдей қаптап келген қара жүрек жоңғарлардың қанды шеңгелінен аман алып қалған Қаратау басындағы «Қатынқамал» үңгірі еді. Ел арасына тараған көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерінде жоңғар шапқыншыларынан Қаратау басындағы осы үңгірге қырық қыз-келіншек паналаған. Ақүйік өзені екі таудың аңғарымен бетін күншығысқа түзеп ағып жатыр. Қатынқамал осы өзенмен қапталдай жарысқан құз – жартастар аяқталған тұста сол жағалаудағы биік тар қуысқа орналасқан. Үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғар шапқыншылығы аяқталғанша сонда өмір сүрген. Азық-түлігін оқта текте түнделетіп ер азаматтар жасырын жол арқылы тасыған. Бұл үңгір төменгі өзен бойынан, еңістен қарағанда көзге шалына бермейді. Өйткені маңайынағы қалың бұта мен қоқыс тастар үңгірдің аузын көрсетпей жауып тастаған. Оған таудың етегінен өрмелеп шығып, одан қия - қия соқпақтар арқылы төмен түсетін болған. Жол жобасын білетін ауыл адамдары болмаса, сырттан келген адамдар үңгірге жете алмаған.
Міне, осы үңгірді паналаған қырық қыз-келіншек жоңғардың ажалына ілінбей қалған, кейін еліне қосылған. Содан бері бұл үңгір Қатынқамал аталады. Әдебиеттер 102. Қатынқамал //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама. - Алматы, 1998. – 69-73 б. 103. Қатынқамал //Сопыбеков А. Жаңақорған: Тарихнама. – Шымкент, 2008. – 648 б. 104. Қатынқамал: Тарихи үңгір. Жаңақорған ауд. //Қазақстан тарихы: Энциклопедиялық анықтама / Бас сарапшы Б.Аяған. – Алматы, 2006. – 507 б. *** 105. Бақбергенов С. Қатынқамал: Тарихи хикая //Алматы ақшамы. – 1992. – 27-28 ақпан (№48).- 49-50 б. 106. Қатынқамал //Әбдіш Ә. Өлкетану бағытындағы тарихи саяхат // Жаңақорған тынысы. – 2014. – 6 тамыз (№60). - 1 б. 107. Қатынқамал: Тылсымға толы табиғат туындылары //Алаш айнасы. – 2013. – 7 желтоқсан ( №124). – 1, 6 беттерде 108. Парманқұлов С. Қатынқамал: Қатынқамал үңгірі жайында аңыз. Жаңақорған ауданы //Егемен Қазақстан. – 2015 . – 16 қыркүйек(№177). – 14 б. 109. Парманқұлов С. Қатынқамал: Қаратау тауының бойындағы Қатынқамал үңгірі жайлы // Айқын. – 2011. – 7 наурыз. – 11 б.; 110. Шарабидинов Қ. Құпиясы мол Қатынқамал // Түркістан. – 2013. – 10 қазан (№40). – 12 б. 110а. Шәрібекұлы Қ. Қатынқамал құпиясы: Қаратаудағы үңгір жайлы //Сыр бойы. – 2003. – 11 қаңтар
Байқоңыр Дүниежүзіне белгілі Байқоңыр ғарыш айлағы көріпкел – әулие Қоңыр анамыздың атымен аталады.... Бір жылы Сырдың бойында үлкен жұт болып, бүкіл малдар қырылып қалған екен. Соның алдында ғана назарларға (ру аты) бір бай Қоңыр есімді қызын ұзатып салған еді. Осынау ашаршылықтың ылаңын көріп, уайымдаған ағасы қарындасының хал-жағдайын біліп қайтпақ болып, қыздың артынан
барады. Сөйтсе олар қыстан аман шыққан екен. Қарындасы алдынан шығып, ағасын жақсылап қонақ етеді. Кері қайтарында: - Аға, ел жұтап жатса, біраз мал алып кетіңіз, жылқыдан да қалағаныңызша алыңыз - деп бір қора мал береді. Ағасы малды ауылына әкеліп, жұттан жапа шеккендерге таратып береді. Бұған риза болған ел - жұрт: - Мұны қайдан алып келдің?-деп сұрайды. Сонда ағасы: - Қоңырдың барған жері жақсы екен, қыстан қиналмай шығыпты дейді. Осыны естіген жұрттың, біз де құдаларға барып келейік, ең болмаса ат мініп келейік деп барғандарының ешбіреуі құр қол қайтпайды. Содан Қоңыр деген қыздың барған жері бай болғандықтан, сол жер «Байқоңыр» аталып кеткен екен. Әдебиеттер 111. Байқоңыр: Аңыз //Қазақ аңыз – әпсаналары: Құраст. Д.Мағұлұмов. – Алматы: Балауса, 2014. – 13 б. 112. Байқоңыр: Батыр әйелдер туралы //Шаухаманов С. Ер қанаты: Эсселер, мақалалар мен толғаныстар / Жауапты ред. Б.Кәрібозұлы. - Астана: Фолиант, 2009 . – 1 том. - 171 – 177 бет. – ( Сырдария кітапханасы) 113. Досақов Т. Байқоңыр атанған Қоңыр ана: Жер тарихы – ел тарихы // Сыр бойы. – 1997. – 9 қазан
Есімдер көрсеткіші Айдосов А. – 56 Аймаханов Е. – 13 Ақатаев С. – 72 Ақылбекұлы Н. – 14 Аманбайұлы Ж. – 15 Аяған Б. – 9, 104 Әбдіш Ә. – 106 Әбілахатұлы Н. – 58 Әлішев Ә. – 34 Әмірбекұлы С. – 52 Байұлов Ғ. – 36 Бақбергенов С. – 105 Бекежан Ө. – 73 Бүркітбаева Г. – 59 Геродот – 98 Глаиев а. – 83, 85 Гончаров Е. – 16 Дайрабай Т. – 37, 61 Дәрмағанбетұлы Шәкізат – 80, 81 Дәрмағанбетұлы Шәкірат -71, 74 Дасақов Т. - 113 Досымбаева А.М. – 47 Едіге Т. – 75 Ержанов А. – 17 Ертасов Қ. – 18 Жанайдаров О. – 51, 68, 79, 82 Жанболғанова Т. – 60 Жайлыбай З. – 90, 99 Жайнақов Е. – 85 Жанболғанұлы Т. – 60а Жанзақов Р. – 8 Жәмішев Ә. – 37а Жумашкина А. – 76 Жұбатұлы Н. – 27 Жұмаханов А. – 85
Қалекеев Н. – 20 Қалиев С, - 49 Қарапаева А. – 19 Қасқабасов С. – 78 Қасқырбайұлы Ш. – 27 Қиясова Т. – 100 Қодар Ә. – 47 Қойгелдиев Т. – 10, 30, 57 Қосмамбет М. – 38 Қыраубаева А. – 50, 86, 94 Мағұлұлов Д. – 5, 111 Марғұлан Ә. – 69 Маханбетов Қ. – 56 Мәмиев Т. 70 Момынбаев Б. – 28 Мусабаев Н. – 31 Мусабаева А. – 31 Нұржекеұлы Б. – 84 Оспан С. – 62 Парманқұлова С. – 108, 109 Пірназар С. – 39 Раханов С. – 20 Сайлау А. – 40 Сәрсенов Ғ. – 41 Сегізбайұлы Б. – 71 Сейдімбек А. – 92 Серікбаев Ш. – 87 Серікбайұлы Ш. 32, 33, 42, 88 Скендіров А. – 63 Сопыбеков А. – 12, 21, 22, 23, 103 Сұңғатова Г. – 64 Сыдықова Ж. – 43 Торланбаева К.Ө. – 47 Төлегенов Ә. – 45 Төреқұлұлы Н. – 2 Тубетова Г. – 101
Зайцев И. – 16 Зуев Ю.А. – 47
Үмбет Ә. – 24, 25, 46
Ибраев Ш. – 77
Хусайн Г.Х. – 29
Көкбөрі Ж. – 53
Шаухаманов С. – 95, 112, 48 Шаштайұлы Ж. – 6 Шарабидинов Қ. – 110 Шәрібекұлы Қ. – 11а
Кәрібозұлы Б. – 27 Күмісбаев Ш. – 96
Басылымдардың аттары
Айқын – 15, 52, 98, 109 Айқын апта – 22, 23 Алаш айнасы – 24, 25, 46, 107 Алматы ақшамы – 105 Әлімсақ – 16, 17, 40, 44 Базар жырау – 77 Егемен қазақстан – 39, 108 Ел тілегі – 20 Жаңақорған тынысы – 15, 18, 21, 22, 23, 106 Жұлдыз – 75, 78 Қазақ әдебиеті – 62, 72 Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал – 59, 64, 101 Қазалы – 100 Қармақшы таңы – 58, 63 Мәдениет – 53 Парасат – 36, 37, 61 Социалистік Қазақстан - 37а Сынып жетекшісі – 76 Сыр бойы – 14, 19, 21, 22, 38, 41, 42, 43, 74, 81, 99,113, 60а, 110 Сыр мектебі – 8 Тәрбие құралы – 13 Тұран – Қазалы – 34, 36 Түркістан – 110 Ұлағат – 45 Ұлт тағылымы – 73
Мазмұны Құрастырушыдан _________________________________ _ _ 1 І. Тарихи аңыздар Аяз би ____________________________________________ _2 Баршын қыз - Гүлбаршын __________________________ 3 - 4 Бегім ана ________________________________________ 5 - 7 Зарина патшайым __________________________________ 8 - 10 Қармақшы ата ___________________________ ______ 11 - 12 Қорқыт ________________________________________ 13 - 14 Қырық қыз және Ақсақ қыз ____________________________ _14 Тұмар (Томирис) ханша __________________________ 15 - 17 ІІ. Мекендік аңыздар Қатын қамал _____________________________________ 18 - 19 Байқоңыр _______________________________________ 19 - 20 Есімдер көрсеткіші _____________________________ __ __ _ 21 Басылымдардың аттары ______________________________ _22
Сырда туған аңыздар: Библиографиялық көрсеткіш / Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы; Құраст: К.Мамырова. – Қызылорда, 2016. – 20 б.