Иранның Ислам баяндамасы
революциясының
қазіргі
жетекшісінің
қажылық
туралы
Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймын! Қажылық рәсімінің басталуы ислам үмбетінің үлкен мейрамы саналады. Осы мұрсат жылдар бойы дүниежүзі мұсылмандары үшін мұғжиза болуда. Егер оның қадірін түсініп, дұрыс қолданса, ислам дүниесінің көптеген зиян, зардаптары шешілетін еді. Қажылық – илаһи мейірімнің қайнар бұлағы. Бақытты қажылар, осы кезде сіздердің әрқайсыңыз қажылыққа қатысып, оның амалдарын орындап, рухани байлыққа бөленіп, жүректеріңіз бен жандарыңызды тазартып, рахым, ізет және күш-қуатты көзден пайдаланып, бүкіл өмірлеріңізге жетерлік қор жинадыңыздар. Рахымды Алланың алдында қарапайым болып, Оған бағыну – мұсылмандардың иықтарына жүктелген міндет. Шаттық, әрекет және дін мен дүние жұмыстарымен айналысу, барлық жерде және барлық істерде Алланың көмегіне үміт арту, бауырларға төзімділік таныту, оларға кешірімді болу, қиын оқиғалардың алдында батылдық танытып, өзіне сену, барлық нәрседе және барлық жерде Алланың көмегіне үміт арту және сену, қысқа сөйлеу, қорыта айтқанда, осы илаһи тағылым мен тәрбие саласында адамның бойынан мұсылмандық сипаттарды тәрбиелеу арқылы өздеріңді дайындап, осы қорларды пайдаланып, өз елдерің мен халықтарың, нәтижесінде исламдық үмбет үшін қолдана аласыңдар. Исламдық үмбет бүгін барлық нәрседен бұрын иман мен ықылас және кекшіл дұшпанға қарсы қарсыласумен қатар ойы және амалымен өздерін рухани байлықта тәрбиелейтін адамдарды қажет етеді. Бұл – мұсылмандардың үлкен қоғамын дұшпандардың айқын қастықтары немесе иман мен қырағылықтың осалдығынан туындайтын қиындықтардан құтқаратын жалғыз жол. Күмәнсіз, қазіргі кезең – мұсылмандардың оянып, өз болмыстарын табатын кезең. Бұл ақиқатты мұсылман елдері бетпе-бет келіп отырған дағдарыстардан айқын түсінуге болады. Дәл иман мен тәуекел, қырағылық пен ақылға сүйенген жігер мұсылман халықтарды дағдарыстардан жеңіспен шығарып, беделге жеткізіп, тағдырлары ізет пен айбындылыққа жете алатын жағдайда, мұсылмандардың оянуы мен абыройын қаламайтын оларға қарсы майдан өзінің барлық, атап айтқанда қауіпсіздік, психикалық, әскери, экономикалық және үгіт-насихаттық күш-қуаттарын мұсылмандарды басып-жаншу үшін пайдаланып, өздерін оларды абадтандырып жатқандай көрсетпек. Азияның батысындағы Пәкістан мен Ауғанстан, Сирия, Ирак, Палестина, Парсы шығанағы елдері, сонымен қатар Солтүстік Африкадағы Ливия, Мысыр, Тунис, Судан және басқа да кейбір елдердің жағдайына шолу жасасақ, көптеген ақиқаттың беті ашылады. Азаматтық соғыстар, дінаралық және мазхабаралық керістер, саяси тұрақсыздық, лаңкестіктің таралуы, тарихтың жабайы әдістерімен адамдардың кеудесін жарып ашып, жүрегін тісімен жұлып жейтін, әйел мен балаларды қырып-жоятын, ерлердің басын кесіп алып, намыстарына шабуыл жасайтын экстремистік топтардың пайда болуы және олардың кейбір уақыттарда діннің атымен және діннің туының астында арсыз қылмыстарын іске асыратындарын көреміз. Бөгде барлау қызметтерінің және аймақтағы олардың одақтас үкіметтерінің барлық шайтандық және үстемдік әрекеттерінің нәтижелері халықтардың күндерін қараңғы, қадамдарын ащы етеді. Әрине, мұндай жағдайда мұсылман елдері өздерінің материалдық және рухани тапшылықтарын толтырып, ояну мен өздерінің болмыстарын табудың берекесі саналатын қауіпсіздік, жақсы тұрмыс, ғылыми жетістіктер мен халықаралық күш-қуатқа жетеді деп күтуге болмайды. Мұндай өкінішті жағдай исламдық
оянуды нәтижесіз қалдырып, ислам дүниесінде туындаған рухани дайындықты басып, мұсылман халықтарды тағы да ұзақ жылдарға оқшауландырып, дамуларын тоқтатып, олардың Палестинаны және мұсылман халықтарды Америка мен сионизмнің шеңгелінен құтқару сынды маңызды мәселелерін ұмыттырмақ. Күрделі өзгерістерге қысқартып айтқанда екі мсәленің арқасында жетуге болады. Оның екеуі де қажылықтың ең айқын сабақтары: біріншіден, мұсылмандар таухид туының астына бірігіп, бір-бірін бауыр санауы керек; екіншіден, дұшпанды танып, оның жобалары мен әдістеріне қарсы тұру қажет. Пікірлестікті нығайту – қажылықтың үлкен сабағы. Бұл жерде басқалармен айтысыптартысуға тыйым салынған. Бұл жерде бірдей амал ету және бірдей әрекеттену мен мейірімді болу осы тауһид орталығында жиналған барлық адамдардың теңдігі мен бауырмалдығын білдіреді. Бұл – Қағба мен таухидке иман келтірген мұсылмандар тобын исламнан тыс деп санайтын әр ой мен әр сенімге берілген исламның қатаң жауабы. Бүгінде сионистер мен олардың батыс жақтастарының саясаттарының құралына айналған дінсіз топтар ауыр қылмыстар жасап, мұсылмандар мен басқа да күнәсіз адамдардың қандарын төгушілер, сондай-ақ, өздерін діндар етіп көрсетіп, руханилердің киімдерін киіп, шиіттер мен сүнниттердің және басқалардың арасында қайшылық өртін өршітетіндер қажылық рәсімінің олардың уәждерін теріске шығаратынын біледі. Мен көптеген ислам үлемдері және исламдық үмбеттің жанашырлары сынды тағы да: "Мұсылмандардың арасында қайшылық өртін өршітуге себеп болатын әр әрекет пен әрбір сөз, сонымен қатар мұсылман топтардың бірінің қасиеттіліктеріне тіл тигізу немесе күпіршілік пен шерк лагеріне қызмет ету, исламға қиянат жасау шариғат тұрғысынан харам болып саналады",- деп жариялаймын. Дұшпанды және оның әдісін тану – екінші негіз болып саналады. Біріншіден, кекшіл дұшпанның бар екенін ұмытуға болмайды. Қажылық кезіндегі «шайтанға тас лақтыру» мұсылмандардың оны мәңгі ұмытпайтындарының белгісі. Екіншіден, осы кезде негізгі дұшпанды, яғни әлемдік үстемшілдік пен сионизмнің қылмыскер арнасын тану саласында қателесуге болмайды. Үшіншіден, дұшпандардың мұсылмандар арасына іріткі салып, саяси және ахлақтық бұзақылық таратып, бетке ұстар азаматтарды қорқытып, халықтарға экономикалық қысым көрсетіп, исламдық сенімдерге күмән тудыратын әдістері дұрыс анықталып, оларға тәуелділер мен олардың қолтығына су бүркушілерді тану қажет. Үстемшіл үкіметтер, олардың барлығынан бұрын Америка дамыған ақпарат құралдарының көмегімен өздерінің шынайы бейнелерін жасырып, адам құқығы мен демократияны жақтау уәждерімен халықтардың қоғамдық пікірлерінің алдында алдамшы әрекеттер жасауда. Олар адам құқығы туралы уәж айтып, өздері болса, күннен күнге бұрынғыдан бетер олардың арасында қайшылық өртін өршітуде. Ондаған жылдар бойы күн сайын сионистік режим мен оның демеушілерінің қылмыстарымен бетпе-бет келіп отырған езілген Палестина халқының жағдайына немесе үстемшілер және аймақтағы олардың одақтастарының тудырып отырған лаңкестігінің зардабын халықтары шегіп отырған Ауғанстан, Пәкістан және Ирак үкіметтеріне көңіл бөлсек, сондай-ақ, сионистерге қарсыласу қозғалысына қарсылардың халықаралық үстемшілер мен олардың аймақтық жақтастарының қолдауына ие болып жасап отырған қылмыстарынан азаматтық соғысқа тап болып отырған Сирияға және Бахрейн мен Мьянма мұсылмандарының өкінішті жағдайына, сондай-ақ, Америка мен одақтастарының әскери шабуылдары немесе
экономикалық санкциялары мен қоқан-лоққыларымен кезігіп отырғандарына жасалған шолу капиталистердің билікқұмар жүйесінің шынайы бейнесін көрсетеді. Ислам әлемінің түкпір-түкпіріндегі саяси, мәдени және діни тұлғалар өздерін бұл ақиқаттарды әшкерелеуге міндетті деп білулері керек. Бұл біздің барлығымыздың ахлақтық және діни міндетіміз. Өкінішке орай, бүгінде ішкі терең қайшылықтарға кезігіп отырған Солтүстік Африка елдері барлық мәселелерден бұрын осы үлкен міндетті, яғни дұшпан мен оның әдістерін танулары қажет. Ұлттық ағымдар арасындағы қайшылықтардың жалғасуы және осы елдердегі азаматтық соғыстардың қатерін дұрыс түсінбеу исламдық үмбетке жылдам орны толмас шығын келтіретін үлкен қауіп-қатер болып табылады. Біз аймақта исламдық ояну қозғалысының ағымына түскен халықтар Алланың көмегімен сағат тілінің кері қайтып, озбыр әрі тәуелді үкіметтердің заманына қайтып оралуға рұқсат етпейтіндігіне сенеміз. Өйткені үстемшіл үкіметтердің іріткі салу және ішкі істерге араласу рөлін дұрыс бағаламау олардың жұмысын қиындатып, абырой, қауіпсіздік және жақсы тұрмыс жылдарын кейінгі шегіндіреді. Біз халықтардың мүмкіндіктері мен Дана Жаратушының халықтарға берген жігері, иманы және қырағылықтарына шын жүрегімізбен сенеміз. Оны осыдан 30 жылдан артық уақыт бұрын ИИР-да өз көзімізбен көріп, бүкіл болмысымызбен сездік. Біз барлық мұсылман халықтарын еңсесі биік, қажырлы осы елдегі бауырларының тәжірибесіне шақырамыз. Алладан мұсылмандардың жағдайын жақсартып, дұшпандарды жоюды сондай-ақ, барлық қажыларға сәтті қажылық пен денсаулық және рухани байлық тілеймін. Ассаламау алейкум уа рахматуллаһ Сейд Әли Хаменеи 5-ші зилхадже 1434 жыл