Республикалық балалар журналы
№6 (24) 2012
Республикалық балалар журналы
ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІНДЕ В МИРЕ СКАЗОК
қараша-желтоқсан 2012 №6(24)
К y н м е н Айд ьын бір - біріне ко нак к а бар ган ьы Албан халық ертегісі
2009 жылдың ақпан айынан бастап екі айда бір рет шығады.
Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеліп, 06.06.2008 ж. №9271-ж тіркеу туралы куәлігі берілген. Құрылтайшы және шығарушы: Педагогика-Пресс ЖШС
Бас редактор: Жамбы Нұрбекова Суретші-дизайнер: Бахауаддин-бек Сопыбеков
Мазмұны Күн мен Айдың бір-біріне қонаққа барғаны.......................3 Мысық пен тышқан.................6 Қорқау-патша............................9
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Л.Хамиди көшесі 4а-үй, 3-қабат, тел/факс: 8(727) 397-73-84, 391-20-86 Хаттар үшін: 050042, Алматы қаласы а/ж №8 e-mail: pedagogika_press@rambler.ru www.pedagogikapress.kz Басуға 06.04.2012 жылы қол қойылды. Таралымы 2260 дана.
Басылатын жері: Педагогика-Пресс ЖШС баспаханасы Алматы қаласы, Тянь-Шань көшесі 9а Тел: 8(727) 397-45-31
Тілазар Лақ................................14 Ғалым мысық............................17 Нан мен алтын..........................21
Б
ір күні жарықтың патшасы Күн Айды қонаққа шақырыпты. Ай Күнге қандай сыйлық апаруын ұзақ ойланып, ақырында ең жарық әрі әдемі бірнеше жұлдыздарды жинап, оларды күміс табаққа салады да, қонаққа алып барады. Жарықтың патшасы сыйлыққа қатты қуанады. Олар тамақ ішеді, әңгімелеседі, сөйтіп Ай үйіне қайтады. Содан кейін Ай Күнді өзіне қонаққа шақырады. Жарық патшасы Айды қалай қуантарын ұзақ ойланады. Ақырында ойлап тапты. Ол ең үздік тігіншіні шақырып алды да былай деді: - Мен Айға қонаққа барғалы жатырмын. Маған жақсы сыйлық апару қажет. Мен оған бұлттардан жасалған жаңа көйлек сыйлауды ұйғардым. Айға жарасатын әрі ыңғайлы болатындай етіп, өлшемі бойынша әдемі көйлек тігіп беруіңді өтінемін. 3
Ал тігінші Күнге былай деп жауап қатты: - Жоқ, жарық патшасы, мен бұндай жұмысты жасай алмаймын. Әрі ешкім де жасамайды. Ай күнде өзгеріп отырады. Бүгін ол шар тәрізді домалақ болса, ертеңінде бір жағынан жіңішкере бастайды, ал екі аптадан кейін тіпті жіп-жіңішке болып, онымен қоса орақ сияқты иіліп те қалады. Қандай өлшем бойынша оған көйлек тігемін, өзің ойлап қарашы?! Мен ондай өлшемді білмеймін. Не тіксең де оған сай келмейді. Жарық патшасы қынжылды, бірақ қолдан келер шара жоқ. Қонаққа құр қол баруына тура келді. Ай дәмді тағам әзірлеген екен. Олар тамақтарын ішеді, әңгімелеседі. Алайда жарық патшасы үйіне жинала бастаған кезде Ай оның сыйлығы жоқ екенін көріп қатты ренжиді. Бұны байқаған жарық патшасы оған былай деді: - Маған ашуланбашы, Ай. Мен саған не сыйларымды ұзақ ойландым. Ақырында ойлап таптым. Ең жақсы сыйлық – бұлттардан тігілген әдемі көйлек деп шештім. 4
Бірақ менің ең шебер тігіншім бұл жұмысты орындаудан бас тартты. Саған арнап тігу қиын дейді, сен күн сайын өзгеріп отырасың, бірде толасың, бірде жіңішкересің. Осылайша қонаққа құр қол келуіме тура келді. Алайда сені ренжітпес үшін мен саған бүгіннен бастап менің сәулелерімді жинап алып, олардан кез-келген киім тігуіңе рұқсат етемін! Әлі-ақ сұлу болып шыға келесің! Осыны айтты да, жарық патшасы қоштасып кетіп қалды. Ал Ай өкпелегеннен бозарып шыға келді және осыдан кейін Күнмен қайтадан кездеспеуді, ал оны көргенде сыртынан айналып өтуді ұйғарды.
5
М ьыс ьык п е н т ьыш ка н
Е
желгі заманда Мысық пен Тышқан айырылмас дос болған екен. Олар аралдардың бірінде қамсыз өмір сүріп жатыпты. Ол жерде Мысықтың қоректенуіне арналған құстар көп болыпты, ал Тышқан жаңғақтар мен талшынның жемістерін жейді екен. Бір күні Тышқан Мысыққа былай депті: - Мына арал мені жалықтырып жіберді. Сен қалай ойлайсың, жағалауға көшсек қайтеді? - Біз теңізді қалай жүзіп өтеміз? – деп сұрады Мысық. - Ол қиын емес, - деп жауап қатты Тышқан. – Ағаштан қайық жасаймыз. Ол ағаштың үлкен бөренесін сүйреп келіп, өзінің тістерімен кеміріп, Мысық екеуі сыйатындай етіп қуыс жасады. Содан кейін достар осы шағын қайыққа отырып жүзуге аттанды. Жолда олардың қарындары аша бастады. Алайда олардың жейтін тамақтары болмады. Әрқайсысы өз бұрышында бүрісіп отырып ұйықтауға тырысты. Ақырында Мысық қалғып кетті. Ал Тышқанның 6
ұйқысы келмеді. Аштығын басу үшін ол қайықтың түбін кеміре бастады. Мысық көзін ашқан сайын Тышқан ұйықтап жатқан бола қалады. Осылайша ол түбін тескенше кеміре берді. Су ішіне бірте-бірте кіріп, қайық ақырындап суға бата бастады. Көп ұзамай достар суда қалды. Мысық су-су болғанды қатты жек көргендіктен ашуланып, өзінің құрбысына былай деп айқайлады: - Мен сені жеймін! - Судан шыққанша шыда, әйтпесе түпсіз тұңғиыққа кетесің. Әлі-ақ мені жеп үлгересің, - деп жауап берді Тышқан. Олар жағалауға шыққан кезде Мысық: - Міне, енді мен сені жеймін, - деді. - Күте тұр, мен кебейін. Мен осындай малмандай кезімде сен менің етімді қорыта алмай қаласың.
7
Осы кезде Тышқан Мысықтың аңқаулығын пайдаланып кішкентай інге тығылып қалады. Мысық оның артынан кірмек болғаны бекер болды. - Мен осында сен шыққанша күтемін, өтірікші! – деп айқайлады ол тышқанға. - Саған ұзақ күтуге тура келеді, - деп жауап берді ол. – Мен бұл жерден ешқашан шықпаймын. Мысық іннің аузына отырып тышқанның көрінуін күтті, ал Тышқан болса осы уақытта жерді қазуға кірісті. Ол жердің астынан ұзын жол жасап, екінші шетінен шықты. Содан бері Мысық ұзақ ұйықтауды қойды. Түнде ол Тышқанның тықырын тыңдап, сағаттар бойы оны іннің аузында бақылайды. Ал Тышқан торуылдап отырған Мысықты байқап қалған болса, інінен еш уақытта шықпайды.
Ко р к а у -патша Шешен ертегісі
Т
үн ішінде аш Қорқау өзіне жемтік іздеп жортып жүрді. Бірақ осы жолы сәтсіз болды: ол құсты да, тышқанды ұстай алмады. Қорқау бір ауылға кіріп келді. «Ең болмаса осы жерден бір нәрсе олжалармын!» деп ойлады. Бір үйге кірмек болды: кіре алмады, екіншісіне өрмеледі: бұнда да кіре алмады. Ол ары-бері жүгіріп, ақыры бояушының шеберханасына кірді. Бір құмыраға басын тықты, екіншісіне де: бірақ ештеңе таппады, тек үстіне әр түрлі бояуларды жағып алды. Таңертең күн шыққан кезде Қорқау өзіне өзі қарап таң қалды: ешқашан да, еш жерден бұндай аңды кездестірген емес екен! Осы күннен бастап ол Қорқау емес, аңдардың патшасы болуды ұйғарды. Қорқау оны барлық аңдар көрсін деп өзінің патша киімімен орман ішінде жүрді. Оған Аю кездесті. Ол Қорқауға қарап таң қалды. 8
9
- Сен кімсің? – деп сұрады. Қорқау: - Аю, сен өзің көрмей тұрмысың? Мен – барлық аңдардың патшасымын! – деді. - Менің әкем, атам да, атамның аталары да – барлығы патшаға қызмет еткен, – деді Аю. – Мен де саған өле өлгенімше адал қызмет ететін боламын! Деді де, Аю патшаға иіліп тағзым етті. - Жақсы, - деп жауап қатты Қорқау, – менің адал қызметшім бол! Олар бірге кетті. Енді оларға Қасқыр кездесті. Ол Аюдан: - Сенің қасыңдағы кім? – деп сұрады. Аю оған: - Ол – аңдардың патшасы! Қасқыр Қорқауға иіліп тағзым етіп, одан былай деп өтіне бастады: - Мені қызметке алшы, ұлы патша! Менен артық қызметші таппайтын боласың! - Сені де қызметке алайын! – деді Қорқау. Олар үшеуі бірігіп, Қорқау алдында, Аю мен Қасқыр артында әрі қарай кете берді. Оларға Түлкі кезігіп, Қасқыр мен Аюдан сұрады:
10
- Сендер кімнің артынан еріп барасыңдар? - Аңдардың патшасының артынан еріп барамыз, деп жауап берді Аю мен Қасқыр. – Ол бізді патшалық қызметке қабылдады! Түлкі жүгіріп кетіп, сыйлықтар тауып әкелді де, оларды Қорқауға берді. Содан кейін жерге дейін иіліп былай деді: - Ұлы патшам, сенің барлық бұйрықтарыңды орындайтын боламын! Сенің әрбір сөзің – мен үшін заң! Шақырсаң болды дереу алдыңыздан табыламын! Осыны айтып Түлкі Арыстанға жүгіре жөнеледі. - Арыстан-ай, сен маңызды жаңалықты білмейсің. Біздің орманда бұрын кездеспеген бір аң пайда болыпты, оны барлығы патша деп атап жүр: Қасқыр да, Аю да... - Мен оны көрсем болады ма, Түлкі? – деп сұрады Арыстан. - Болады! – деді Түлкі. – Тезірек жүгіріп, қуып жетейік, сонда оны көреміз! Арыстан жүгіре жөнелді, Қорқауды алыстан көріп Түлкіге былай деді:
11
- Иә, расымен де бұл – патша! Қарапайым аңда бұндай терінің болуы мүмкін емес. Оның алдында мен қандай патшамын?.. Енді мен не істеймін, Түлкі? - Патшаға тағзым ет, - деп жауап берді Түлкі, - одан сені өзінің күзетшісі болса да сайлауын сұра, ал мен оның хабаршысы боламын. Одан арғысын көре жатармыз! Арыстан Қорқауға жақын келеді де, басын иіп, одан өтіне бастады: - Ұлы патша, мені қызметіңе ал, сенің күзетшің болайын. Қорқау: - Мен келісемін, менің күзетшім бол! – деді. Осыдан кейін Түлкі жан-жаққа жүгіріп, аңдарды шақыра бастады. - Ей, аңдар, жаңа патшаға тағзым етуге келіңдер! Барлық аңдар – үлкендері де, кішкентайлары да, тырнақтылары да, тұяқтылары да жиналды. Қорқаулар да келді. Олар патшаға тағзым етіп, қорқауларша ұли бастады: - Бізге қайырымды б-о-о-ла г-ө-ө-р, ұлы п-а-а-атша-а!.. Патша өзінің туыстарының дауыстарын естіп, шыдай алмай өзі де қорқауларша ұлыды: - Сендерге қайырымды бо-о-о-ла-а-м-ы-ы-н! Қайырымды бо-о-о-ла-а-м-ы-ы-н! Бұны естіген Түлкі күліп жіберіп, Арыстанға былай деді: - Бұл жаман патша: оның дауысы қорқаудікі сияқты, түрі де қорқаудікі, тек қана терісі ала-құла. Теріні бояп алу да қиын емес! Аңдар қорқауға жақын келіп жаңа патшаны жақсылап қарап алмақ болды, ал ол қорқып кетіп, құйрығын қысып алып қаша жөнелді. Осылайша Қорқау-патша патшалық ете алмай қалды. 12
13
Ті л азар Л ак Моңғол ертегісі
К
өктем кезінде жайылымда Теке мен кішкентай Лақ жайылып жүрді. Олар барлық жерде бірге жүрді, кәрі теке лаққа арнап алғашқы гүлдерімен ағарып, сары даладағы қардың дақтары сияқты көрініп тұрған көктемгі жұмсақ шөбі бар жерді арнайы таңдады. Олар барлық шөпті жұлып жеп біткен кезде кәрі Теке Лаққа былай деді: - Сен осы жерде тұра тұр, мен жақсы жайылымдарды іздеп келейін. Міне саған кішкене қоңырау. Бір пәлеге кезіксең ғана оны сыңғырлат. Осыны айтып Теке Лақтың мойнына мыстан жасал ған, домалақ, оюлы әрі өрнегі бар кішкене қоңырауды іліп қойды да, Лақпен қош айтысып кетіп қалды. Ол алысқа ұзамай жатып қоңыраудың үнін естіді. Теке Лаққа Қасқыр шабуыл жасаған екен деп қорқып кетіп құтқаруға жүгірді. Жүгіріп келіп қараса ешқандай Қасқыр жоқ. - Саған не болды? – деп үрке сұрады Теке. – Не үшін көмекке шақырдың? - Аяғыма шыбын қонды, оны ұшырып жіберші, – деп жауап берді Лақ.
14
Теке оған ұрысып кетіп қалды. - Бостан-босқа сыңғырлатушы болма! – деді ол кетіп бара жатып. Алайда ол ұзамай жатып тағы да қоңыраудың сыңғыры естілді де, Теке кері жүгіре жөнелді. Жүгіріп келсе Лақ көзін жұмып тұр екен. - Саған не болды? – деп сұрады Теке. - Көзіме қоқым түсіп кетті, - деді Лақ, - оны алып берші! Теке қоқымды алып беріп былай деді: - Ал енді мен кеттім, сен түкке тұрмайтын нәрсеге бола сыңғырлата берме. Алайда ол жақын төбеден енді асқан кезде тағы да қоңыраудың үнін естіді. «Барсам ба екен, әлде бармасам ба екен?» деп ойлады Теке, бірақ шыдай алмай жүгіре жөнелді. Жүгіріп келсе Лақ былтырғы шөпті жұлып жеп тыптыныш тұр. - Не болып қалды? – деп сұрады Теке. – Сен тағы да бекер шақырдың ба? - Құрғақ шөп бүйіріме тұрып қалды, оны сілкіп жіберші, - деп жауап берді Лақ.
15
Теке ашуланып кетті. - Өзің-ақ қағып аласың! – деді. – Енді мені әртүрлі ақымақтық істеріңмен мазалаушы болма! – деді де кетіп қалды. Ол таудың арғы жағында жайылым таңдап ұзақ жүрді. Шаршағаннан кейін, дем алу үшін аз уақыт жатып алмақ болды. Енді ғана көзін жұма бергені сол еді, қоңырау тағы да сыңғырлады. «Түкке тұрмайтын нәрсеге бола сыңғырлатып жатқан болар» деп ойлады да Теке көзін жұмды. Алайда қоңырау одан сайын алаңдата сыңғырлай түсті, көп ұзамай Иттердің де үрген дауыстары естілді. «Бұл не болды екен?» деп ойлады да Теке жүгіре жөнелді. Жүгіріп келіп қараса – Иттер қасқырды қуып жүр, ал Лақ болса қорыққанынан дірілдеп тұр екен: оны Қасқыр жеп қоя жаздапты. Оған Теке қарап тұрып былай деді: Иттердің дер кезінде жүгіріп келгені – сенің бағың екен, олай болмағанда Қасқыр сені жеп қояр еді.
Га л ьы м мьы сьы к Әзербайжан ертегісі
Б
16
аяғыда бір бай көпес өмір сүріпті. Бір күні ол бөтен елдерге барып сауда жасауды ойлапты. Әр түрлі көп тауарларды сатып алып, әйелімен қоштасып жолға шығады. Ол бір елден екінші елге көшіп отырып, ақыры бір қалаға келіп жетеді. Сол жерде ол керуенсарайға орналасады. Бұл қалада мынадай әдет-ғұрып болыпты: кез-келген шетел көпесі шаһқа лайықты сыйлық тартуы қажет екен. Осыдан кейін шаһ көпесті қонаққа шақырып, онымен нарды ойнайды екен. Міне, біздің көпес жайпақ табаққа көптеген қымбат маталарды салып алып шаһтың сарайына барады. Шаһ оған өзінің кештен бастап таңертеңге дейін құйрығымен жеті шырақты ұстап тұра алатын мысығы бар екендігін айтты. Содан кейін ол көпеске егер мысық өзінің құйрығымен жеті шырақты кештен бастап таңертеңге
17
Көпестің қызметшісі қожайыны қандай бәлеге тап болғанын көріп, отанына асыға оралады да, ол туралы көпестің әйеліне айтып береді. Ол көп тышқан аулап, оларды сандыққа салдыртқызады. Содан кейін ол көпес болып киініп алып, қызметшілерін ертіп керуенмен жолға аттанады. Күйеуі зынданда қажып жатқан қалаға келіп, жайпақ табаққа қымбат сыйлығын салып шаһқа барады. Ал өзінің қызметшілеріне тышқандар салынған сандықты беріп, оларға өзі шаһпен нарды ойнайтын бөлмеге бірнеше тышқаннан жіберіп отыруларын тапсырады. Шаһ көпестің әйелін құрметпен қарсы алып, өзімен оның күйеуі ойнаған шарт бойынша нарды ойнауды ұсынды. Көпестің әйелі келісті. Шақ мысығын шақырды. Ол дереу жүгіріп келіп құйрығын орап, оның алдына отыра қалды. Мысықтың құйрығына жеті шырақты қойғаннан кейін шаһ пен көпестің әйелі нарды ойнауға кірісті. Біраз уақыттан кейін қызметшілер бөлмеге бірнеше тышқанды жіберді. дейін ұстап тұра алса шаһ көпестің алып келген барлық тауарлары мен ақшасын алып көпесті зынданға жіберетіндігін, ал егер мысық бұл сыннан өте алмай қалса, онда шаһтың барлық қазынасын көпес алып, шаһты зынданға отырғызады деген шартпен нарды ойнауды ұсынды. Көпестің келіспеске амалы болмады. Шаһ мысығын шақыра салысымен ол келіп, құйрығын орап, шаһтың алдына отыра қалды. Шаһ оның құйрығына жеті шырақ қоюды бұйырып, көпеспен нарды ойнауға кірісті. Олар ойынды үш күн, үш түн бойы ойнады, ал мысық осы уақыт ішінде құйрығын бір рет те қозғалтқан жоқ. Ақырында көпестің дымы құрып, өзінің жеңілгендігін мойындады. Сараң әрі қатал шаһ оның қолдарын байлап зынданға тастауды бұйырды да, көпестің барлық тауарлары мен ақшасын өзіне алды. 18
19
Мысық тышқандарды көре салысымен оларды қуа жөнелгісі келіп еді, алайда шаһ оған айбарлана қарады да, мысық орнынан қозғалмастан отыра берді. Кішкенеден кейін қызметшілер бөлмеге тағы да бірнеше тышқан жібереді. Мысық бұл жолы шыдай алмады, оларға қарай аласұра жүгіре жөнелді, шырақтарды түсіріп алды да, тышқандарды бірінен соң бірін ұстай бастады. Уәделескен белгі бойынша көпес әйелінің қызметшілері бөлмеге кіріп, шаһтың қолын қатты байлап оны зынданға қамады да, көпесті босатып алды. Осылайша көпестің әйелі өзінің күйеуін құтқарыпты, ал халықты қатал шаһтан аластатыпты.
20
Н а н мен а л тьы н Шығыс ертегісі
Б
аяғыда кедей шаруа өмір сүріпті. Ол өзі мен жанұясын асырау үшін күні бойы еңбек етіпті. Ал бос уақытында өзін мұқтаждық тан құтқаратын қазынаны қалай тауып алу керек екендігі туралы ойланады екен. Қатты ыстық күндердің бірінде ол әдеттегідей егістігін де жұмыс атқарып жатты. Қатты шаршағандығын сез ген ол ағаштың көлеңкесіне отырып алып армандауға кірісті: «Алла маған қолым не нәрсеге тисе сол алтынға айналып кететіндей сиқырлы күш берсе ғой, сол кезде мен қиын жұмыстан құтылып, рақаттана өмір сүрер едім». Сол кезде ол бір дауысты естиді: - Әй, сен қазір өзің қалаған нәрсеңді аласың! Қолыңды кез-келген нәрсеге қой, сол сәт те ол таза алтынға айналады. Шаруа өзінің құлағына өзі сенбеді. Дегенмен жерге қолын созып, кішкентай тасты алады. Қолына алғаны сол еді – кішкентай тас дереу таза алтынға 21
айналып кетеді. Содан кейін басқа тасқа қолын тигізеді, ол да алтынға айналып кетеді. Ол қатты қуанып былай деп ойлады: «Қазір мен қалаға барып шаң мен тастарды алтынға айналдырамын... Содан кейін көп жер сатып аламын, өзеннің жағасына сарай салып, оның айналасына бақ отырғызамын... Мен сұлу аттарды сатып алып, сәнді киімдерді киетін боламын...» Осы кезде ол орнынан тұрғысы келіп еді, қатты шаршағандығын, қарнының ашып, шөлдеп тұрғанын сезіп, жүре алмайтынын түсінді. «Таңертең өзіммен бірге ала келгендерімді жейін» деп ойлады да, ол ағаштың қасында жатқан кішкене қаптағы тамағына қолын созды. Жұқа нанды алып аузына салып еді, металдың дәмін сезінді. Нан да алтынға айналып кетіпті! Қапта пияз қалған болатын, соны жылдам бас салды. Пияз да жеуге жарамайтын алтын кесегіне айналған 22
кездегі оның толғанысы қандай болды десеңізші! Шаруа қатты қорқып кетті. Енді ол қалай ішіпжейтін болады? Ол бұл алтын кесектері арасында қалай өмір сүретін болады? Осылайша ол қиындық сыз қолы жеткен алтынды пайдаланбастан көп ұзамай аштық пен шөлден өледі ғой! Ол қолы неге тисе сол алтынға айналатын болса аштық пен шөлден қиналып өлетіндігін елестетіп, ой ланып отырды. Осы кезде ол көзін ашып, өзінің ағаштың көлеңкесіне әрең орналасқанын көріп, қиялданып кеткендігін түсінді. Жағдайын жеңіл деткен терең дем оның кеудесінен шықты; иығы нан бір жүк түскендей болды. Осының бәрі түс болып шыққанына Аллаға шүкір! – деді ол.
23
Индекс: 74142