Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
А. Джуматаева, П. Балташ, А. Досов
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ
Павлодар 2012 1
УДК 377.000.93 (07) ББК 74.5я7 Д 37
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған
Пікір жазғандар: Алинова М. Ш. – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, педагогика ғылымдарының докторы; Курабаева Ф. А. – Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, педагогика ғылымдарының кандидаты Д 37 Джуматаева А.И., Балташ П., Досов А. Кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуы. Оқу құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2012. – 89 бет.
ISBN 978-601-267-179-1 Оқу құралында кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуының мазмұны сипатталған. Бұл жинақта үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесі және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру қарастырылған. Оқу құралы кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша оқитын кәсіптік мектеп, лицей, колледж, институт білім алушыларына және білім беру қызметкерлеріне арналған.
УДК 377 (07) ББК 74.5я7
© Джуматаева А, Балташ П, Досов А., 2012 © ПМПИ, 2012
2
Алғы сөз Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деген. Еліміздің білім беру саясатын айқындайтын Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы және басқа да құжаттарындағы білім беру жүйесін дамыту талаптары интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындап отыр. Олар төмендегі бағыттарды қамтиды: біріншіден, интеллектуалды еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген қарым-қатынасын өзгерту, екіншіден, ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру, үшіншіден, білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету. Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа технологиялық толқын талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді. Сондықтан, қазіргі кезде Қазақстанның экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарына деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты. Қазақстан елінің ресурстық байлығын игеретін білікті жұмысшыларды дайындау қажеттілігі туындайды. Олай болса, білікті жұмысшыларды дайындау кәсіптік білім беретін оқу орындарында жүзеге асырылады. Кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім беруді меңгертудің алғашқы кезеңі кәсіптік педагогика курсын оқып-үйренуден басталады. Бұл оқу құралының мақсаты – кәсіптік білім беретін оқу орындарының білім алушыларына кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуының мазмұнын және үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін, кәсіптік мектепте оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды оқып-білуге бағыттау. Кәсіптік білім берудің тарихы мен дамуы жайлы берілген мәліметтер, кәсіптік оқыту мамандығын игеріп жатқан оқушылар мен студенттерге және білім беруші педагогтерге көмегін тигізсе, авторлардың мақсаты орындалады деуге болады.
3
1 Ерте ғасырда адамды еңбекке дайындаудың негізі 1.1 Ұрпақты еңбекке баулу Ұрпақты еңбек іс-әрекетіне дайындау адамзат өз тарихының әр кезеңдерінде түрлі жолмен шешімін тапқан, маңызды әлеуметтік педагогикалық мәселелердің бірі болып табылады. Ертеде болашақ буынды еңбекке дайындау тікелей еңбек іс әрекетінің барысында жүзеге асырылды. Бұл жұмысты іске асырған – отбасы, қоғам. Еңбек бөлінісінен жер өңдеу, мал шаруашылығы, қолөнер пайда болғаннан кейін жастарды тіршілік әрекетіне отбасында дайындады. Аңшылық қауымдағы шаруашылық кәсібі адамдардың өндірістік формадағы егіншілік пен шаруашылық еңбектерімен ұласты. Қоғамдағы шаруашылық және әлеуметтік байланыстардың күрделенуі өндіріс құралдарына иелік ету, отбасының пайда болуына жағдай жасады. Қоғамдағы билеуші топтар, көсемдер, ақсақалдар, дінбасылары балаларды еңбекке баулу тәрбиесіне, есеп-шотты пайдалануды үйретуге, тәрбие мазмұнын кеңейтуге назарларын бөле бастады. Жер өлшеу, ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, білімін үйрететін арнаулы мекемелер (мектеп типтес) ашылды. Онда балалардың практикалық іскерліктері мен дағдылары жетілдірілді. Жинақтаған өмір тәжірибесін адамдар ұрпақтан-ұрпаққа беру бірлескен еңбек іс-әрекетінде қамтылып отырды. Олар балаларын өздерімен бірге ертіп жүріп аң, балық аулауға және жеміс-жидек жинау жұмыстарына үйреткен. Осы жұмыстарды орындаудың әдістерін меңгеруге және ептілікке, шеберлікке баулыған. Құл иеленушілік қоғамда тәрбие жұмысына арналған арнайы мекемелер мен кәсіпқой-тәрбиешілер пайда болды. Құл иеленушілердің балалары жекеменшік немесе мемлекеттік мектептерде тәрбие алды, онда олар гимнастика және әскери істермен айналысуға, музыкаға, ән салуға, оқуға және жазуға үйренді. Кейбір мектептерде геометрия және астрономия сабақтары берілді, олар сәулетшілікке, құрылысқа, кеме жүргізуге қажет болды. Құл иеленушілік кезінде ой еңбегі мен дене еңбегі бөлінді. Құл иеленушілердің балалары мектепке барды және олар дене еңбегінен босатылды. Дене еңбегі тек қана құлдарға арналды. Құлдардың балалары жас кезінен бастап құл иеленушілік шаруашылығында еңбек етіп, қолөнер-еңбек тәрбиесін алды және тіл алуға, бой ұсынуға үйренеді. Құл иеленушілік қоғамы кезінде ерте Грецияда «педагог» термині құл иеленушінің баласына қарайтын, оны мектепке ертіп апаратын құлды айтқан. Пейдагос деген грек сөзі (пейда – бала, гогос – жетектеп апару) бала жетектеп апару мағынасын білдіреді. Кейіннен келе педагог деп балаларды оқытып тәрбиелейтін адамдарды айтқан. Осы сөздің мағынасына сәйкес тәрбие жұмысына арналған педагогика ғылымы пайда болды. Сол уақытта пайда болған «мектеп» термині грекше бос уақытты өткізетін оқу орны дегенді білдіреді. Демек, алғашқы қауымдық қоғамдағы тәрбие антропосоциогенетикалық атты арнайы кезеңде пайда болды, 4
социобиогенетикалық деңгейде әлеуметтік қызмет атқаратын жабайылық деңгейде қалыптасты. Алғашқы қауымдық өркениетте тәрбие рационалдыәлеуметтік деңгейде болды. Алғашқы педагогикалық дәстүрлер адамның балалық шағына ерекше назар аударды. Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіпке дайындықты меңгеру үдерісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI-IX ғғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік – оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты. 1.2 Орта ғасыр ғұламаларының еңбек тәрбиесіне деген ой-пікірлері Орта ғасырда философтар мен дін ілімін насихаттаушылар тәрбие мәселелерін зерттеді. Мұндағы педагогикалық ойларда діни сенімдер бояуы көрініп тұрды және діни қоғамдарға сенушілік басым болды. Феодалдық қоғам діни ілімді уағыздайтын саясаты басым болғандықтан, жастарды сословиелік тәрбиелеуімен сипатталады. Феодалдардың ұлдары әскери қызметке дайындалды. Оларды атқа мінуге, суда жүзуге, қылыштасуға, найза лақтыруға, аң аулауға үйретті. Болашақ дін басшылары шіркеу мектептерінде оқыды. Дәулетті шаруалар мен қолөнершілердің балалары шіркеуге, шіркеу қоғамдастығына барып, шоқынып табынуға, шіркеуде діни оқуға, жазуға және санауға үйренді. ХІ ғасырда «механикалық өнердің» рөлін ашатын бірінші педагогикалық шығармалар пайда болды. Адамзат ілімінің молайып, ақыл парасатының жетілуін оқу-ағартудың қажеттілігін айтып білім алудың маңызын анықтауда орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі Әбунасыр Әл-Фараби болды. ӘлФараби тәрбиенің ішінде еңбек тәрбиесінің ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ғылымды тарихи процесс деп түсініп, ғылым-жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама жасады. Ол ағарту-оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер – еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады – деген болатын ӘлФараби. Ол тәрбие теориясын жасауда Аристотель негізіне анықтама береді. Демек, ол қандай да болсын құбылысты түсіндіруге бағытталған ұғымның, идеяның, белгілі бір саласының мәнді байланыстары мен заңдылықтары жөнінде түсінік беретін ғылыми білімді қорытудың ең жоғарғы формасы деген қағиданы ұдайы басшылыққа алып отырды. Ұлы ойшыл Әл-Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тәрбиені, оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады. Орта ғасыр ғұламалары Баласағұн Жүсіп еңбек тәрбиесін отбасы тәрбиесімен ұштастыра қарастырды. Ол баланы отбасында қалыптастыра түсудің, жеке тұлға етіп тәрбиелеуді өз шығармаларының арқауы етті. Жасөспірімдерді қалыптастыру, оларды еңбек үстінде шыңдайды және 5
жетілдіре түседі деген Қыдырғали Қосанұлы Жалаиридің тәрбие тағылымдарының маңызы ерекше. Ол өзінің «Жалши ат-тауарих» еңбегінде Қазақстанда рулық, патриархалдық-феодалдық қатынастардың қалыптасуы туралы айта келіп, өз шыққан тайпасын отырықшылыққа отырғызып, еңбек арқылы халық мәдениетіне, молшылыққа жететінін, жастар жан-жақты жетіліп, толысуы үшін еңбек тәрбиесінің, еңбектің атқаратын рөлін жоғары бағалады. Қазақтың ғұлама ғалымы Қыдырғали Жалаири еңбектің түрлерін белгілеген: Шежіре кітабында әрбір руға байланысты еңбектің түрлерін келтірген. Ол еңбек атауларында, халықтың салт-дәстүрін көрсеткен. Олар: адал еңбек, пайдалы еңбек, халықтық еңбек, көпшілік еңбек, бірлестік еңбек. Ол жастардың халықтық еңбекпен айналысуын мақұл көреді. Ол туралы өлең жолдарын арнады: Халқынның қамын жесең, таза еңбек ет, Дәстүрді ұста, көксеген мұратқа жет. Болашаққа апарар бірақ жол бар, Білім, еңбек, тәрбие – ол парасат. деп автор адамның сапалық қасиеттері, тәрбиенің күшінен болады – деп мойындайды. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде адамдардың жеке басының дамуын, қоғамның және қоғамдық прогрестің дамуымен ұштастырды. Адам қоғамдық тұлға болғандықтан, қоғамда ғана, сол арқылы дами алады. Ал, жеке адам жөніндегі және оның жан-жақты жетілуі, жаңа адам болып қалыптастырудың жолдарын және оны тәрбиелеудің құрал, тәсілдерін белгілеп шешудегі еңбек пен еңбек тәрбиесінің рөлін Хайдар бірінші орынға қойды. Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда ХІІ ғасырда жазылған «Әл-Фарабидің энциклопедиясы» атты еңбегінің маңызы ерекше. Халық ауыз әдебиетінде, ертегі, жырларында мінсіз, идеалды адамдар бейнесін көптеп кездестіреміз. Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің «Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегі мен философиялық трактаттарында бірін-бірі ренжітпейтін әділ қоғамда, барлық жағынан жарасымды дамыған адамды қалыптастыруды сол дәуірдің өзінде аңсаған. Баласағұн Жүсіп «Құттыбілік» дастанында «Рухани-байлық» деген интеллекті ақыл-ой, сана-сезім жағынан шыңдағандықты, адамның рухани өсуінің кезеңдерін, жастарды солай тәрбиелеп, баулуды еңбекте қалыптастыруды жырлады. Әл-Фарабидің «Қайырлы-қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбегі – ағылшынның атақты утопист-социалисі Томас Мордың еңбегіне негіз болғаны белгілі. Ибн Сина ұлы гуманист, еңбек туралы былай тұжырым жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады, ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді» деген. Баласағұн - еңбек тәрбиесінің жаршысы. «Еңбегі бардың өңбегі бар» деген Баласағұн мұрасы ретінде Абай пайдаланған оны дәлелдейтін материал бар. Абай оны әрі қарай түрлендіріп: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның 6
тіленбей» деп, немесе «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» деп еңбек пен еңбек тәрбиесінің практикалық мәнін аша түседі. Баласағұнның этикалық, тәрбиелік, еңбектік, білімдік тағылымдары мен қағидалары Әбу-ӘлиИбн Сина ілімімен сабақтас. Ақын шығармашылығында Фирдаусидің әсері зор. Баласағұн Жүсіп «Құтты-біліктен» басқа да көптеген рубайлар жазған. Оның рубайларының тәрбиелік тағылымы негізінде үш сатыға бөлінеді. Бірінші – әрбір жеке адамның білімді болуы, білімді болу үшін оқу қажет. Екінші – барлық, байлық, молшылық – ол үшін еңбек, кәсіп, адалдық, тазалық қажет. Үшінші – әлеуметтік табиғи күштілік. Ол үшін бірлік, достық, бостандық керек. Баласағұн дастанында тәрбие, еңбек, еңбек тәрбиесі бірінші кезекке қойылған, бала тәрбиесінің бастауы отбасы, ошақ қасынан туындайды, соған етене байланысты. Қала халқының мәдени өмірінде ислам дінін уағыздаушы, сопы ақындардың ішінде Ахмет Иассауидың (1103-1166 жж.) шығармалары елеулі орын алды. Оны Қожа Ахмет Иассауи деп те атайды. Ол Оңтүстік Қазақстандағы түрік халқының арасында ислам мен мұсылман дінінің тарауына зор әсерін тигізді. Қожа Ахмет өлеңдері көпшілік арасында кеңінен тарады. Оның өлеңмен жазылған «Диуани хикмет» («Даналық жайындағы кітап») деген еңбегі ерекше бағаланды. Ақиқатты, шындықты, адалдық пен тазалықты, имандылықты уағыздаған. Қожа Ахмет бір өлеңінде былай дейді: Қожа Ахмет басыңды елге ие біл, Ақиқатты ары таза сүйе біл. Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен, Халық қана дүниеге ие бол. Ахмет Иассауидің Хакім ата деген атпен елге есімі белгілі Сүлеймен Бақырғани сияқты шәкірттері де аз болмаған. Қожа Ахмет Иассауи Сайрамнан Исфиджабтан шыққан, оның ұстазы исламды уағыздаған белгілі Арыстан-баба немесе Баб Арсылан болған. Ол жөнінде Қожа Ахмет өз шығармаларында атап кетеді. Омар Һайямның ағартушылық және тәрбие туралы ой-пікірлері (1048-1122). Омар Һайям Гисясаудин Әбу Насыр Әл-Фараби Фратх ибн Ибраһим парсы-тәжік ақыны, математик, философ, ағартушы. Хоросандағы Нишапурда туып, ғұмырының көбін Баех, Самарқан, Мерв, Ибфапан қалаларында өткізді. Әйгілі ғұламалардан дәріс алды. Аристотель мен Ибн Синаның философиялық көзқарасын жалғастырды. Омар Һайям математика ғылымының тәрбиелік мәнін ашты. Қатынастар, пропорциялар және олардың нақтылы мәні туралы екінші кітабында Евклидтің қатынастар теориясын жетілдіріп, сандар мен шамаларға ортақ теория жасауға күш салды. Қатынастардың құру және оларды зерттеу туралы кітабында шамалардың рационы және иррационал қатынастарына сандық өрнек табу жөніндегі Әл-Фараби идеясын дамытып сан ұғымына дейін кеңейту қажеттігін дәлелдеді. 7
Омар Һайям өмір сүрген дәуірде айнала ортаны, халықты, оның ұлы адамдарын өз өлеңдерінде және рубайларында жырға қосты мадақтады. Адамның ұлылығы тәрбие мен білімге байланысты деген ой түйді. Еңбек, білім, тәрбие адамды ұлы етеді деді. Оны былай жырлады: Еңбек, білім, тәрбие, Басын қоссаң мәнді де. Үшеуін бірдей меңгерсек, Жібермес сені «өлімге» – деп жырлауы үшеуінің мәңгілік категориясы, тәрбиенің еңбек, адамгершілік еңбек тәрбиесінің бірлікте жүзеге асырылуын уағыздап тұрғандай. Омар Һайям өзі өмір сүрген дәуірде халықтың мұң-мұқтажын, тыныстіршілігін, өмір сүру молшылығын аңсаған, жоқтаған және жақтаған. Осы бір байлық пен молшылық тек еңбек арқылы келеді. Атақты Абай Омар Һайямның ғалымдық және ақындық мұрасын оның, сол дәуірдегі жастарды тәрбиелеу, жастарды іске үйрету, пайдалы өмірге жұмылдыру туралы ақыл-кеңестері мен рубайлары негізінде өзінің мына өлеңін жазған болатын: Осындай сидам жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, Қу борбай, шолақ етек, сымпыс Шолақ – деді. Демек, Омар Һайямды, оның еңбек пен еңбек тәрбиесі тағылымына сүйенген, оны ХІХ ғасырға дейін жеткізген Абай екеуі де еңбек пен еңбек тәрбиесін ту етіп көтереді. Абайдың адамгершілік тағылымдары, оны еңбекпен, еңбек тәрбиесімен ұштастыра білуі немесе Абайдың адамгершілік те ақылды еңбекке араласуы арқылы пайда болады, қалыптасады – деп жырлауы Әл-Фараби мен Омар Һайям тағылымдарынан арқау еткенін 38 қара сөзінде жазып кеткен, онда былай деген: Жастау, тіпті үлкен адамдар еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болғанда ғана өзіне бақытты өмір құра алады. Еңбектұрмыс молшылығын, еңбек байлығын, орта молшылығын жасайды. Ол философиялық көзқарастарында да тәрбиені, еңбек тәрбиесін, адамгершілік сапаларын қалыптастыратын тағылымы ерен артық туынды деген. ХІ ғасырдың басында өмір сүрген Омар Һайям өлеңдерінің жырларының өміршендігі тәрбие тағылымдарын, шындықты дәл басып көреді. Әлішер Науаи жастарды жан-жақты жетілдіруді егіншілік өнеріндегі қоғамдық – пайдалы еңбекпен байланыстыра қарап, соған өлең жырларын арнады. Әсіресе, бау-бақша кәсіпшілігі, оқушылардың жазғы еңбек тоқсандары, ондағы өндірістік еңбекпен шешілетінін, ондағы еңбек тәрбиесінің ықпалын көрсетіп берді. Науаидің ағартушылық және философиялық көзқарастарында, адамды жан-жақты жетілдіруді табиғаттан туындатқан. Осы негізде ол: «Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөле қарауға болмайды» – деген өсиет қалдырды. 8
Мақтымқұлы адамды, жасөспірімдерді жан-жақты жетілдіруде қызметті және оқуды күнделікті өмірмен байланыстырудың практикалық мазмұны мен мәнін, ондағы еңбек тәрбиесіндегі рөлін жазушылық, ұстаздық ретте өзі өмір сүрген дәуірде шешкен болатын. Ол өзінің «Ер», «Түркімен», «Елменен», «Керекті», «Бала мен ата», «Бала мен ана» атты балаларға арналған өлеңдерінде балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты жетілдіруді қалыптастыру демек тәрбиені, оқуды өмірмен, қоғам дамуымен ұштастыра жүргізген де ғана болады – деген ғылыми қағиданы айтты және өзінің тәрбие тағылымдарын толықтыра түсті. Науаидың дәлелдеуінше еңбек – қоғамдық дамудың жемісі. Олар қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды – деп үлкен көрегендік жасады. Науаи Орта ғасырдағы тәрбие ілімінің негізін салушылардың бірі. Өйткені, оның тәрбие тағылымдары тәрбиенің барлық түрін қамтиды. Жас бүлдіршіндерді еңбекке шақырады. «Бақтағы бала» деген өлеңінде: Көбелекті қуалап, Бақта жүр бала секіріп, Зиянкесті түгел жояды. Қалдырған дақты өшіріп, Жүзімдерін саялап, Гүлдерге су құяды. Бүлдіршіннің бұл да еңбегі, Баққа деген миуалы. Аралары бақтағы Гүл шырынын жияды, - дейді ұлы ақын. Демек, ол бала тәрбиесінің бастауы еңбек деген тұжырым жасады. Көп уақыт ішінде педагогика ғылымы философия құрамында болып, өз заманына сәйкес өзіндік ерекше, дамушы идеялармен дамып, жетіліп отырды. Ежелгі грек философтары Героклит, Демокрит, Аристотель және басқалардың ғылыми еңбектерінде тәрбие жөнінде көптеген қызық ойлар болған. Қазақтардың шаруашылығында әртүрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап-жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген. Ибн Рузбиханның мағлұматына қарағанда, қазақтар «таңғажайып өрнек салынған түрлі түсті текеметтер және өте әдемі әрі көркем, оймышты белдіктер жасаған». XVI ғасырда қазақтардың үй қолөнерінің, мысалы, тері өңдеудің жоғары даму дәрежесінде болғанын, атап айтқанда, XVI ғасырдағы осман авторы Сейфи Челебидің деректері қуаттайды. «Оларда қой, жылқы және түйе көп, деп жазады Сейфи қазақтар туралы, - олардың тұрғын үйлері арбаларға орнатылады. Олардың тондары қой терісінен тігіліп, түрлі түске боялады, сөйтіп атласқа ұқсайды. Оларды Бұқараға апарып, онда атластан тігілген 9
шапанның бағасындай бағамен сатады, олар сондай ғажап және әдемі. Оларда нақ сол қой терісінен тігілген ғажайып шекпендері де бар. Олардан су мүлде өтпейді және ылғал әсер етпейді: бұл тері өңдеу үшін пайдаланылатын, сол жерлерде өсетін кейбір шөптердің қасиетінен». Киіз басу, тері илеу, былғары жасау, теріден бұйымдар тігу және т.б. сияқты еңбекті көп керек ететін және денеге салмақ түсіретін ауыр жұмыстарды көшпелі қоғамда түгелдей әйелдер атқарды. Сонымен бірге әйелдер қой мен ешкі бақты, киіз үйлерді тігіп, жығып отырды, мал саумен, мал өнімдерін ұқсатумен, тамақ дайындаумен және басқа да үй істерімен айналысты: жас балаларды бағып-күту де әйелдердің мойнында болды. Қысқасы, көшпелілерде шаруашылық қызметке әйелдердің қатысу үлесі еркектердің еңбек үлесінен едәуір асып түсетін еді. Тұрмыстағы еркектер мен әйелдер еңбегінің мұндай арақатынасын көшпелілерде мал өнімдерін өңдеуге және үй шаруашылығын жүргізуге байланысты дене еңбегі, әдетте, еркін еркекке лайықты емес деп саналып, сондықтан түгелдей әйелдерге, мүмкін болуына қарай құлдарға да жүктелуімен түсіндіруге болады. Алайда жоғары да айтылғандар, әрине, тұрмыста еркектер мүлде еш нәрсе істемеген дегенді білдірмейді. Көшпелі қоғамның еркін еркектері қару-жарақ заттарын, ат әбзелдерін, ер-тұрман, арбалар дайындады, үй салды, өздері үшін де, әйелдер үшін де етіктер тікті, «ішінара малға да қарап жүрді», атуға жаттықты, аң мен құс аулады. Еркектердің ең басты міндеті отбасы мен мүлкін қорғау, соғыс қимылдарына қатысу болды. Қорыта айтқанда, қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы мал шаруашылығы болған. Қазақтардың шаруашылығында әртүрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап-жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген. 1.3 Кәсіптік білім берудің бастауы Т. Мордың (1478-1535) «Утопия» және Т.Кампанелланың (15681670) «Күн қаласы» атты алғашқы гуманитарлық шығармаларында жастардың оқуын өндірістік еңбекпен байланысуы туралы идеялар айтылған. Балаларды еңбек іс-әрекетіне міндетті түрде дайындау керек деп есептеген, қоғам өмірінде мамандық пен қолөнердің рөліне демократиялық көзқарас білдірген. XVIII ғасырда жаңа педагогиканың негізін қалаған ұлы чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) дидактикалық идеясына, оның шығармаларына, әсіресе, дидактика саласы бойынша XI-XII ғасырларда жаңа философияның (Бруно, Галилей, Леонардо-да-Винчи), соның ішінде ағылшын материализмінің негізін қалаушы Ф Бэконның философиясының ықпалы, оның көзқарасының жаңа дәуір талабына сай қайта құрылуына арқау болды. Я.А. Коменскийдің «Суреттегі сезімдік заттар дүниесі» атты оқулығында балаларды әртүрлі 10
қолөнермен, еңбек құралдарымен және өндірістік технологиямен таныстыруға негізделген. Жаңа уақыт қарсаңында ағылшын философы және педагогы Д.Локк (1632-1704) міндетті түрде белгілі бір қолөнерін үйренуді енгізген «джентельменді» (игі, мейірбан адам) тәрбиелеудің жаңа жүйесін жасады. Француз материалисті Дени Дидро (1713-1784) өз кезеңінде кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан «Ғылым, өнер және қолөнер энциклопедиясы» атты кітабын шығарды. Сондай-ақ, I Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды. XVIII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701 ж.), математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715 ж.); цифрлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика) енді. ХVІІІ ғасырдың аяғында кәсіптік білім беру жүйесінде білімге бағытталған алдыңғы кезеңнің тенденциясынан өзгешелігі бар жаңа идея пайда болды. Мұнда негізгі акцент құралдарды және өндірістік технологияларды меңгере алу қойылды. Социал-утопистердің К.А. Сен-Симон (1770-1825), Ш.Фурье (1772-1837), Р.Оуэннің (1771-1858) қоғамды қайта құру бағытында жасалған жобаларында жастарды кәсіби дайындауға келесі идеялар ұсынылды: еңбектің жалпылығы, балалардың «индустриалды ұранының» дамуы, жалпы білім беру жүйесінде кәсіптік мектептердің теңдігі. Русьта қолөнер ежелгі салт-дәстүрден келе жатты. Ежелде пайда болған қолөнер ХVІІІ ғасырға дейін жастарды кәсіби дайындаудың негізгі формасы болып қала берді. І Петрдің қолдаушылары В.Н. Татаринцев (1868-1750) пен В.И. Геннин (1676-1750) мемлекеттік тау-зауыттық мектептер жүйесін жасады, сонымен қатар алғашқы регламенттер – болашақ жұмысшыларды тәрбиелеу және қолөнерге оқыту әдістемесі мен ұйымдастыру туралы құжаттар жиынтығын жасады. Либералды-буржуазиялық педагогиканың өкілі Н.И. Пирогов (1810-1881) қоғамдық тәрбиелеу идеясына негізделген, тар маманданудан айырылған кәсіптік білім беруді ойластырған. Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский (1824-1870) өзінің «Петербургтағы қолөнер оқушылары», «Жексенбілік мектептер», «Астаналарда қолөнер мектептерінің қажеттілігі» атты мақалаларында қолөнерге оқыту жүйесіне сын білдірді. К.Д. Ушинский жаңа типті қолөнер білімінің келесі функцияларын көрсетті: - экономикалық - ғылым мен техниканың талаптарына сай қолөнерді орындау; - әлеуметтік - отандық мамандарды дайындау; - салттық - балалар еңбегін пайдалану; - педагогикалық - кәсіптік мектептер жүйесін құру, оқу мен еңбек 11
арасында байланыс орнату, психология мен педагогика талаптарына жауап беретін кәсіптік оқытудың әдістемесін құру. Кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының дамуына үлкен үлес қосқан «Техникалық білім беру» (1892-1917) журналы болды. 1862 жылы Ресейдегі кәсіптік білім берудің көрнекті қайраткерлері Е.Н. Андреев пен А.Г. Неболсин басшылық еткен Орыс техникалық қоғамының Техникалық білім берудің тұрақты комиссиясы ашылды. Бастауыш және орта білім берумен қатар, қоғамдық өмірдегі жаңа құбылыс ретінде кәсіптік-техникалық оқыту жүйесі өмірге келді. Ол екі бағытта дамыды: бастауыш мектептерде қол еңбегін дамыту; шеберлер дайындайтын оқу орындары мен төменгі техникалық училищелерді ашу қолға алынды. Жалпы білім беретін мектепке қол еңбегін ендіру мәселесі жалпыресейлік техникалық және кәсіби білім беруге арналған жалпыресейлік үш съезде (1889-1890, 1895-1896, 1903-1904 жж.) қаралды. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында Ресейде техникалық білім берудің бастауыш шеберханалық училищелер мен төменгі және орта техникалық училищелер тәрізді жаңа жүйесі құрылды. Кәсіптік педагогиканың дамуына білім берудің мемлекеттік жүйесінің негізі болған ғалым-механик және қаржы министрі И.А. Вышегорский жасаған «Ресейдегі өндірістік білім берудің жалпы жоспары» (1884 ж.) атты жобасы үлкен үлес қосты. Орыс ғалымдары мен инженер-педагогтары (Д.И. Менделеев, В.К. Делл-Вос, В.И. Гриневецкий, И.А. Стебут, А.И. Гурнов, Д.К. Советкин, С.А. Владимирский, М.В. Лысковский) кәсіптік білім беруге негізгі талаптарын қалыптастырды: - дамып келе жатқан экономикаға сай болуы; - дайындалып жатқан мамандардың бәсекелестікке төзімді болуы; - жалпы блім беру базасында кәсіптік білім берудің дамуы; - кәсіптік мектептердің әртүрлілігі және әрдеңгейлілігі; - кәсіптік білім беру мазмұнында жалпы және арнайы компоненттердің жанасуы; - оқытудың практикалық бағыты және қоғамдандыруы; - қолөнер мектептерінің ауысуы; - оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыру. Осы кезде Францияның қоғамдық қайраткері К.А. Корбон (1808-1881) өзінің «Кәсіптік білім беру туралы» кітабында жұмысшылар балаларына білім беруінің жағдайына бірінші болып анализ жасады, қоғамның және тұлғаның еркін түрде мамандық таңдауының мағынасын көрсетті, жалпы кәсіби дайындықтың және кәсіптік мектептерді ашу, ой және дене еңбегінің байланыстылығы міндетті түрде керек екенін көрсетті. Сонымен қатар, ол балаларды ерте кәсіптендіруге қарсы шықты. Қазақ халқы арасында еңбек тәрбиесі туралы Ыбырай, Шоқанның тағылымдары, оның жастарды жан-жақты жетілдірудің тәрбиелік негізі болып есептеледі. Ыбырай өзінің «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты балаларға арналған әңгімелерінде 12
балаларды еңбек арқылы жан-жақты жетілдірудің үлгісін көрсетті. Ол еңбек тәрбиесінің жеке адамды қалыптастырудағы рөлін «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімелерінде білімнің жаңа адамды қалыптастырудағы рөлі мен маңызын көрсете білген. Ыбырай Алтынсарин – қазақ педагогикасын құру, мектеп ашу арқылы оқу-ағарту тарихында қазақтың тәрбие тағылымының, оның ішінде еңбек тағылымының еңбек пен еңбек тәрбиесінің теориясын жасаушы тұнғыш педагог. Ол, 1883 жылы Торғай қаласында ашылған қолөнер мектебіне еңбек сабағын енгізіп, оқушыларды еңбекке үйрету бағдарламасын жасап, училищенің басты мақсаты оқушылардың еңбек тәрбиесін жақсарту деп біледі. Алтынсарин ең бастысы өзінің халқын сүйген. Ол осы тұрғыда былай деп жазған болатын: «Қазақ табиғатынан ақын жанды, дарынды халық, осы халыққа жетпей жүрген екі нәрсе бар: ол біріншіден – олардың білімімен кенжелігі, екіншіден – еңбек етуге баулуы және еңбек тәрбиесінің жетіспеуі деген екен. Одан әрі пікірін жалғастырып «Қазақ халқы азбаған халық, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін, оған тек сана-сезімі жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді халықтық еңбек өнерін үйрену керек » деген болатын. Орыс педагогикасының және өзінен бұрынғы Орта ғасыр ғұламаларының, Шығыс халықтарының педагогикалық ой-пікірлеріне ғылыми талдау жасаған Шоқан жастарды, тіпті үлкен адамдарды жеке кәсіпті игеруге қалыптастыруда мектеп оқуының ғылыми негізде құрылуын, табиғаттың сырларын ашуға бағытталуын, халықтың жаппай білім алуымен, алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуге негіз екенін ерекше бағалады. Шоқан Уәлихановта еңбек пен еңбек тәрбиесінің пайда болып, оның дамуын ғылыми тұрғыда шешті. Еңбек тәрбиесінің теориясы, оның практикада қолданылуы – еңбектің дене еңбегі мен ой еңбегі болып бөлінуіне байланысты дамиды деген тұжырым жасады. 1.4 XIX-XX ғасырларда кәсіптік білім берудің қалыптасуы XIX-XX ғасырларда Германияның әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына байланысты өндіріске жаңа техниканы қосу қажеттілігі педагогика мәселесін жолға қоюды талап еткен реформаторлық ағымдар пайда болды. Оның көш басында неміс педагогы Георг Кершенштейнер (1854-1932) тұрды. Оның ойынша, халықтық мектептің маңызды мақсаты – кәсіптік іс-әрекетке жастарды жалпы дайындау. Ол оқыту бағдарламасына балаларды шеберханаларда, бау-бақшаларда және асханада оқытуды енгізді. Жас жұмысшыларға арнап ол жасөспірімдердің кәсіби дайындығын жүзеге асыратын «қосымша мектептер» ашты. Ол негіздеген «Азаматтық тәрбие» жастардың өз отанын сүйіп, мемлекет міндеттерін, азаматтық борыштарын саналы орындауға шақырды. Оның ұсынған «Еңбек мектебі» идеясы бойынша мектепке реформа жүргізіп, халық еңбегіндегі оқушылар қол еңбегіне үйретіліп, техникалық әдет-дағдыларын 13
игеру талап етілді. Ол халық мектебі мен армияны мемлекеттік тәрбие мекемелері деп санады. Еңбек ететін жеткіншектерге қосымша мектептер ашуды міндеттеді. Халық мектебінің оқу жоспарын қайта құрды. Оқытудың белсенді әдістерін енгізді, еңбекке оқыту жүйесі мен әдістемесін жасады. Г. Кершенштейнер өндірістегі практикалық жұмыс пен теориялық оқытуды ұштастыратын фабрика-зауыттық оқыту жүйесінің негізін салды. Бұл жүйе тек қана Германияда ғана емес, сонымен қатар Европаның көптеген басқа елдерінде кең қоданылды. XIX ғасырдағы орыс халық мектебінің және Ресейдегі педагогика ғылымының негізін салушы К.Д. Ушинский өзінің «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» атты еңбегінде Шығыс ойшылы, ағартушы ғалым Әлішер Науаи еңбек тәрбиесін патриоттық тәрбиемен жалғастырған, оның негізін салған ұлы ағартушы және ол еңбек тәрбиесінің пәрменділігін арттырады. К. Маркс (1818-1883) жасөспірімдерді өндірістің барлық негізгі принциптерімен таныстыратын және барлық өндірістердің жеңіл құралдарымен меңгеру дағдысын беретін техникалық оқытудың идеясын негіздеп, оны коммунистік тәрбие беру жүйесіне енгізді. Ол оқытуды өндірістік еңбекпен байланыстыру, балалар еңбегін рационалды ұйымдастыру және қорғау туралы мәселелерді қарастырды. Бұл идеялар ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысында социал-демократтардың педагогикалық орталарында кең қолданылды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бірінші жартысында АҚШ және Батыс Европа елдерінде білім берудің жаңа реформалық теориялары пайда болды. Олардың бірі еңбек мектебінің теориясы болды. АҚШ-та кәсіптік педагогиканың дамуы өндірісте еңбектің ғылыми ұйымдастырылуының пайда болуымен байланысты. Бұл өндіріске жаңа технологияларды, конвейерлік жүйенің енгізуімен, еңбек өнімділігінің жоғарлауы мен өнімнің бәсекелістікке төзімді болу қажеттілігінен пайда болды. Америкадағы инженер Ф.У. Тейлор (1856-1915). ХІХ және ХХ ғасырда пайда болған өндірісті басқару және еңбекті ұйымдастыру жүйесін құрастырып, сипаттады. Ол келесі шараларды ұсынды: жұмыс күнін тығыз пайдалану, еңбек пен демалысты рационализациялау, жұмысшы адамның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып кәсіптік іс-әрекетіне есеп жүргізу, еңбек әрекеттерін және тәсілдерін таңдау, анализдеу. Осы нұсқаудың негізін салды, картасын жасады. Тейлор жүйесінің негізгі принциптері: - Жұмысшылардың еңбек іскерліктері мен дағдыларын жіктеу және жинақтау; - Әрбір жұмысшының еңбектегі индивидуалды сапаларын ескеру; - Жұмысшылармен басқарушылар арасындағы өзара жауапкершілік және еңбекті тепе - тең бөлу. - Жұмысшылармен, басқарушы өкілдермен қарым - қатынасы. Тейлордың еңбекті ұйымдастыру жүйесін модернизациялау, жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту идеялары «тейлоризм» деп аталып, оның замандастарымен әрі қарай дамытылды. Жалпы өндірісте және 14
конвейерде кооперациялық еңбек бөлісінде тейлоризм еңбек өнімділігі артты, бірақ сонымен қатар жұмысшылардың тез шаршауына, әртүрлі кәсіптік ауруларға шалдығуына әкелді. Кәсіптік оқытудың әдістемесі мен ұйымдастыруының реформалауына конвейерлі өндірісті енгізген автомобиль жасаудың негізін салған – Генри Форд (1863-1947) үлкен еңбегін сіңірген. Ол жұмысшылар еңбегінің интенсивтілігін жоғарылататын еңбекті операцияларға бөлу негізінде операциялық-жедел оқыту жүйесін жасады, бірақ сонымен қатар жұмысшылардың көп бөлігінің деквалификациясына әкелді және оқу мерзімі қысқартылды. Осындай, мысалға, жұмысшылардың 43% -ы бір күн оқытылса, 36%-ы бір апта бойы, 6%-ы екі апта бойы. Тек қана жұмысшылардың 15% -ы бір айдан бір жылға дейін оқытылған. ХІХ ғасырдың аяғында Батыста кәсіптік оқытудың практикалық педагогикасы пайда болды. Өндірістерде педагогикалық функциялары бар оқу шеберханалары ашыла бастады. Кәсіптік білім беру саласындағы зерттеулерді тоқтатқан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ЮНЕСКО-ның басқаруымен Европа елдерінде халықаралық және ұлттық кәсіптік және өндірістік оқыту орталықтары ашыла бастады, кәсіптік білім беру мәселелеріне арналған конференциялар, семинарлар өткізіле бастады. Ұлттық шеңберде кәсіптік оқыту жүйелерінің реформалары басталды, мамандарды дайындау бойынша халықаралық байланыстар күшейді. ХІХ ғасырдың 60-80 жылдардағы Ресейдегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыс демократизацияға және барлық халықтың білім алуын кеңейтуге бағытталған және бұған революция-демократиялық (Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов), буржуазды-демократиялық (К.Д. Ушинский), либералдыбуржуазиялық (Л.Н. Толстой, Н.И. Пирогов) және реакциондық (Халық ағарту министрлігі) бағыттары кірді. Қоғамның қысымымен үкімет Ресейдегі бастауыш, орта және жоғарғы білім беруде реформалар жүргізуге мәжбүр болды. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде кәсіптік білім берудің әдістемесі мен теориясының жеке ғылым ретінде өмір сүруі басталды. Бұл өндірістің және капиталистік қатынастардың дамуына, кәсіптік оқу орындарының көбеюіне, мектептегі білім берудің реформалауына, Ресейдегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың басталуына байланысты болды. Көбінесе бұған ғылыми және техникалық қоғамдардың іс-әрекеті әсер еткен: Орыс техникалық қоғамы, Ерікті экономикалық қоғам, Мәскеудегі техникалық білімді тарату қоғамы. Бұл ұйымдар кәсіптік оқыту орындарын ашты, Ресейдегі жалпы және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау жобаларын жасады, шетелде жұмысшыларды және басқа мамандарды дайындау тәжірибелерін зерттеді, кәсіптік-техникалық білім беру саласында қызмет етіп жатқандарға съездер өткізді, ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиеттерді шығарды. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресейде кәсіптік оқытудың дидактикасы дами бастады. Бұл процесте басты рөлді Мәскеудегі тәрбиелеу үйінің базасында қалыптасқан Мәскеулік техникалық училищесі атқарды. Бұл оқу орнының 15
шеберханаларында Д.К. Советкин (1838-1912) оқу шеберінің басқаруымен дүниежүзі практикасындағы бірінші ұсталық, балташылық және зергерлік қолөнеріне өндірісте үйрететін дидактикаға негізделген жүйе жасалынды. Ресейдегі революциялық оқиғалардың қарсаңында білім беру жүйесін әлеуметтік-экономикалық өмір талаптарына сай реформалау қажеттілігі байқалды. Балалар мен жасөспірімдердің өндірістегі белсенділігін балалар еңбегін қорғау туралы әлеуметтік сұрақтарды тудырды. Үкімет тарапынан қолданыс таппаған білім беруді демократизациялау ұсыныстары болды. 2 Заманауи кәсіптік білім беру дамуы 2.1 ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары отандық кәсіптік педагогика ғылымының жеке саласы ретінде дамуы интенсивті процеске айналды. Осы кезеңнің ерекшелігі келесіде: бірінші орынға білім беру дамуында идеологиялық және әлеуметтік-саяси факторлар шықты. Кәсіптік педагогиканың мәселелері мынандай журнал беттерінде басылды: «Жұмыс мектебінің өмірі», «Жұмысшы білім», «Өндірістік кадрлар» және ХХ ғасырдың педагогтары кәсіптік педагогика жалпы педагогикаға ғана емес, сонымен қатар техника мен технологияның жетістіктеріне сүйенеді деп есептеген. Социалистік қатынастар өндірістерде, колхоздар мен совхоздарда ұжымдық еңбекті жүзеге асыратын болғандықтан, қоғамдық жауапкершілік, ұжым алдындағы әрбір мүшенің жеке мүддесі үшін саналылықты талап етті. Сондықтан қазақ еңбекшілері жаңашыл бастамалар, социалистік жарысты ұйымдастыруға белсене араласты. Социализмдегі еңбек өзі үшін, өзінің табы үшін, қоғам үшін жасалынатын еңбек. Ерікті Отан игілігіне арналған социалистік еңбек еңбекші бұқараның тұрмыстық дәрежесінің өсуіне жағдай жасап, оның артықшылығын көрсетті. Құлшына жасалынған еңбек, халық шаруашылығының қарқынмен өсуіне, еңбекшілердің қоғамдық және саяси белсенділіктерінің дамуына ықпал етеді. Социализмдегі жалпының пайдасына бола еңбек ету әдеті мен жалпының пайдасына бола еңбектің қажеттілігі, әдетке айналған саналы көзқарас бойынша істелетін еңбек әрекетінде адамның іскерлік қабілеті, күш-қайраты, психологиясы қалыптасады. Еңбек арқылы адамның білімі артады, дүниеге көзқарасы тереңдей түседі. Жұмысшы табының рухани бейнесінің өзгеруі, оның қоғамдық және саяси қызметке белсенді қатынасуы және қоғам құру жолындағы күресте пайда болды. Сондықтан заводтар мен фабрикалар, құрылыстар, колхоздар мен совхоздар, кеңес жұмысшысының қалыптасып, өсу мектебіне айналды. Социалистік құрылыстың еңбектегі келесі бетбұрыс келбетінің бірі – стахановшылар қозғалысы. Бұл қозғалыс халық шаруашылығын социалистік жолмен қайта құру негізінде шығып еді. Өндіріс жаңашылдарының мұндай қозғалысын еліміздегі әлеуметтік құрылыстың ірі жетістіктерінің заңды нәтижесі болып табылады. Қазақcтан Республикасында бұл қозғалысқа алғашында ауыр өнеркәсіп, 16
көмір, түсті металл және мұнай орындары қатынасса, кейін басқа да өнеркәсіп орындары, транспорт және ауыл шаруашылығы өндірістері қамтылды. Социалистік құрылыстың өркендеуі арқасында қазақ ұлтының жұмысшы табының қалыптасуы, олардың кәсіптік шеберлігінің артуы жарыстардың өріс алуына, бұқаралық жаппай екпінділіктің тууына ықпал жасады. Себебі, өз алдына дербес даму жолына түсу мақсатында құрылған қазақ республикасы өзінің экономикалық жағдайын социалистік негізде дамытты. Революция қарсаңында қазақ өлкесінде ұлттық жұмысшы табы аз мөлшерде еді. Сондықтан қазақ республикасында индустрияны дамыту елеулі қиыншылықтар тудырды. Мысалы, қазақ өлкесінің ұшан-теңіз табиғи байлығы ғасырлар бойы игерусіз жатты. Оның темір, көмір, қорғасын, мыс қазба байлықтарын зерттеп тауып, халық шаруашылығына пайдалану үшін жұмысшы мамандар керек болды. Орыс пролетариатының көмегіне сүйене отырып, Қазақстанның жұмысшы табы мен еңбекші бұқарасы ескі өндіріс орындарын қайта құрып, жаңа социалистік экономиканың негізін салып, өндіріс құралжабдықтары қоғамдық меншікке негізделген социалистік өндірістік қатынастарды қалыптастырды. 1917-1940 жылдар аралығындағы кәсіптік-техникалық білім беру кезеңдерінде кәсіби-техникалық білім берудегі кеңестік жүйе тарихының құрылуы мен даму мәселелері қарастырылады. 1918 жылғы мамырда Риддер қоғамының кәсіпорындары, Екібастұз көмір кендері, қорғасын, қалайы зауыты, Спасск мыс қорыту зауыты, барлық темір жолдар, Ертіс кеме шаруашылығы кәсіпорындары түгел дерлік еңбекшілер мемлекетінің қолына өтті. Мектепті қайта құрудағы басты бағыттар, білімді демократияландыру 1918 жылы 16 қазанда БОАК (ВЦИК) декретімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда және РСФСР-дің біртұтас еңбек мектебі туралы ережеде айтылған. Мектептерді бастауыш, гимназия, реалды училищелерге бөлу қысқартылды: екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: бірінші – 8 жастан 13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екінші – 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу. Сол жылы «Политехниктер» жеңіске жетіп, 1918 жылдың 16 қазанында оқыту мен өндірістік еңбек байланысының принциптері жазылған «Бір еңбек мектептің негізгі принциптері» және «Бір еңбек мектебінің жағдайы» атты бағдарлама шығарылды. Бағдарламада 17 жасқа толмаған балалардың тегін және міндетті түрде жалпы және политехникалық білім алуы қарастырылған. 17 жасқа толған адамдарға кең түрде политехникалық білім беру қарастырылды. Сондағы еңбек мектебінің мақсаты – балаларға тәжірибе жүзінде еңбектің барлық маңызды түрлерінің әдістері мен бір бөлігі фабрикаларда, заводтарда танысатын политехникалық білім беру болды. Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін халықты қажытқан жиһангерлік және азамат соғысының қиян-кескі, зобалаң зардаптарына қарамастан, өлкедегі мектеп саны едәуір өсе түсті. Сол кездегі ағарту саясатындағы басты мәселенің бірі – жаңадан ашылып жатқан ауыл мектептерін мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету жайы еді. Бұл міндет үш түрлі жолмен жүзеге асты: 17
- біріншісі – бұрынғы патшалы Ресейдің мұғалім-кадрларын мектепке тарту; - екінші жолы – білімге құштар сауатты жастардың қысқа мерзімді курстардан өткізу; - үшіншісі – арнайы педагогикалық оқу орындарын көптеп ашу арқылы мұғалім даярлау. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-ының Оқу халық комиссариаты құрылды. Оның төрағасы болып А. Байтұрсынов тағайындалды. 1920 жылы 18 ақпанда Бүкіл Қазақстандық оқу-ағарту конференциясына шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-техникалық білім беру, саяси тәрбие жұмысы, оқу-тәрбие жұмысына байланысты мәселелер қаралды. 1920 жылдың соңына қарай 17 кәсіби-техникалық оқу орындары Орал, Семей, Торғай, Верный, Петропавлда ашылды. Сондай-ақ, Оралда 1920 жылы оған қоса педагог-суретшілерді дайындау бойынша мектеп тұсауын кесті. Техникумдар мен жоғары оқу орындарының жұмысшы факультеттері арқылы жергілікті ұлттан кадрлар дайындауға баса назар аударылды. Қазақстанда 1921 жылдың бас кезінде 900 өнеркәсіп орны, темір жолдар, банктер, сауда одақтары мен өзен флоттары толық мемлекет меншігіне көшті. 1923 жылы жергілікті халықтың әйелдерін өндіріс еңбегіне оқытуға ерекше назар аударылып, сол үшін мектеп шеберханалары, кәсіби-техникалық училищелер құрылды. Аграрлық реформаның жолдарының бірі ретінде «Қосшы» одағы пайда болды. Ол ауылдың кеңестенуіндегі қазақ шаруаларының жалпы бұқаралық ұйымы ретінде шықты. Сонымен бірге «Қосшы» ұйымы көп ұлтты сипатта болды. Оның қатарында орыс, украин кедейлері мен батрактары, сонымен қатар өзбек, ұйғыр ұлттарының еңбекшілері бірікті. Ауыл кедейлері өздерінің шыққан тектеріне байланыссыз, өз қатарын онан әрі топтастыра түсті, партия ұйымдарының басшылығы арқасында жұмысшы табы мен шаруа одағын берік сақтаумен болды. Мысалға, Шымкент облысындағы Мақтаарал ауданындағы «Мақтаарал» совхозы 1924 жылы ұйымдасқан болатын. Сол кезде шаруашылығы тәжірибе участогі қатарында ғана ұйымдасқан, әрі таптық қайшылықтарға толы болған осы совхоз қазір республикадағы ірі шаруашылықтың бірі болып саналады. 1925 жылы мамырда Қазақстандағы сауатсыздық қозғалысына кең серпін берген «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының Бүкіл қазақстандық бірінші съезі өтті. Әсіресе, республика үшін қажетті мамандықтар игеруді назарға алатын жаңа мектептер ашылды. Мектеп-коммуналардың жанынан қол еңбегі шеберханалары ұйымдастырылды. 1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етті. Қазақ КСР-інде мектептер РСФСР қабылдаған жүйе бойынша, жергілікті жағдайларға байланысты өзгертулер енгізу арқылы тұрғызылды. Қазақстанда: бір сатылы 4 жылдық білім беретін мектеп; екі шоғырдан тұратын: бірінші - бір сатылы мектепке сәйкес 4 жылдық, екінші – 3 жылдық мектептер. Үш шоғырдан тұратын: 1 сатылы, екінші және 18
бірінші барлығы жеті жылдықты құрайтын екі сатылы мектептер (тоғызжылдық) ұйымдастырылды. Жұмысшы факультеттері жалпы білім беретін орта оқу орындарымен бірдей болды. Олар бұрын кезінде білім алуға мүмкіндігі болмаған жұмысшы және шаруа жастарына толық орта білім береді. Жетіжылдық мектептің бітірушілері білімін орта арнаулы оқу орындарында – үш-төрт жылдық мерзімде білім беретін техникумдарда жалғастырды. Ал олардың бір бөлігі екі сатылы мектептің VIII тобына түсті: 11 сатылы мектепті, техникумдар мен жұмысшы факультеттерін бітіргендер жоғары оқу орындарына түсті. Сонымен, жұмысшы факультеттерінің бітірушілері ерекше жеңілдікті пайдаланды. Кейінірек, Ленин комсомолының бастамасымен фабрика-зауыт оқу (ФЗУ) мектептері пайда болды. Қазақстанда сондай-ақ үшжылдық оқу мерзімімен шаруа жастарының мектебі (ШЖМ) болды. 1926 жылы Қазақстанда сауаттылық 25,2 процент, ал жалпы КСРО-да 56,6 процентті құрады. Проценттік жағынан Қазақстан басқа республикалардан едәуір кейін қалғандығын көреміз. Республикада барлық үлгідегі 4092 мектепте 277087 оқушы оқыды. Осыған дейін 1926 жылы мамыр айының өзінде Қазақ АКСР Халық Комиссарлар кеңесі бірінші «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектебінің жарғысын қабылдады». Онда 8 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды оқыту, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, мектепте қандай болмасын дінді оқытуға жол бермеу, онжылдық оқу мерзімі қарастырылды. Ақырында 1928 жылы Қазақстанда бар болғаны төрт фабрика-зауыт оқу (ФЗО) мектебі мен екі кәсіптік-техникалық мектеп болды. Осы жылдары Халық ағарту комиссариаты тарапынан жоғарғы типтегі жалпы білім беретін мектептерде және кәсіби оқу орындарында оқитын қыздарды, сондай-ақ ұлдарды стипендиямен, әсіресе мұқтаждарды киім және аяқ киіммен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Жас өспірімдер мектебіне, онда еңбек машығына үйрететін сабақтарды енгізе отырып, қолөнер-техникалық бағытқа бейімдеудің қажеттілігі айтылды. 1 және 11 сатылы мектептердің оқу бағдарламалары төңірегіндегі шаруашылыққа және үй тұрмысына қажет еңбек дағдысына балаларды оқыту қарастырылды. 1927-1928 оқу жылында әйелдер оқу орындарының саны едәуір ұлғайды. Әулиеатада, Жаркентте, Семей мен Гурьевте төрт жылдық оқу мерзімі және оқушы саны 50 адамнан тұратын бірінші сатылы әйелдердің коммуна мектебі жұмыс істей бастады. Онда 8 жас пен 16 жас аралығындағы қыздар қабылданды. Бұл мектептердің бағдарламаларын жасаған кезде оларды қол өнеріне үйрету бағыты ескерілді. Ақырында 1928 жылы Қазақстанда бар болғаны төрт фабрика-зауыт оқу мен мектептері мен екі кәсіби-техникалық мектеп болды. Егін шаруашылығымен айналыса бастаған республикамыздың сыбаға салмағы егістік көлемін ұлғайту жөнінде 1920 жылмен 1928 жылдың аралығында 15 проценттен 29 процентке өсті. Әрине, кеңес үкіметі қазақ халқының жер шаруашылығымен айналысып, отырықшы өмірге көшуіне жағдай жасап, материалдық көмек беріп отырды. Қазақстанға жылма-жыл 19
мыңдаған ауыл шаруашылық техникалар жіберілді. Қазақстанда жарыстарды еңбекке ұйымдастыру мәселелері жұмысшылар, партия және кәсіподақ активтерінің жиындарында қызу талқыланды. 1929 жылы 23 сәуірде Днепр гидроэлектростанциясын құрушылар Түрксибтің құрылысшыларын жарысқа шақырады. Онда әсіресе экскаваторлық-қазу жұмыстарының жоспарын мерзімінен бұрын орындауға шақырды. Бұл шақыруды қабылдаған Түрксибтің солтүстік бөлігінің құрылысшылары өз тараптарына жарыстың келісімшарттары барлық құрылыс жұмыстарының түрін арзандатуды міндет етіп қойды. Екпінді бригадалар ірі өнеркәсіптердің бәрінде де пайда бола бастады. Оларда коммунистер, комсомолдар, алдыңғы қатарлы жұмысшылар екпінді ұжымның елеулі бөлігін қамтыды. 1929 жылы 10 мамырда Ембінің мұнай кәсіптерінде социалистік жарысқа II цех пен 8 комсомолдық топтар жұмылды. Ал Риддерде 1930 жылдың басында 10 екпінді бригадалар, Түрксибтің солтүстік учаскелерінде 13 екпінді бригада болды. 1928-1929 оқу жылдары Қазақстанда өндірістегі білікті әйелдер еңбегінің өсуіне, оқу орындарына әсіресе индустриялық-техникалық және экономикалық оқу орындарына қыздарды көбірек тартуға ерекше назар аударылды. Халық ағарту комиссариатының алдына жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптіктехникалық оқу орындарында оқитын қыздарға стипендия төлеу, ал тым мұқтаждарына киім және аяқ киім беру міндеттері қойылды. Жасөспірім қыздар оқитын мектептерді қолөнері техникасын үйретуге бейімдеу, ондай мектептерде еңбекке дағдыландырып (киім тігіп, пішу, тоқу, үй шаруашылығы, тоқыма өнері, мал шаруашылығы) оқыту қажеттілігі айтылды. Бір және екі сатылы мектептердің оқу бағдарламаларында да қыздарды еңбекке дағдыландыруға, қоршаған шаруашылықты және үй тұрмысын игеруге үйрету көзделді. Қазақстанда 1930 жылы-ақ колхоз құрылысында елеулі жетістіктерге ие болған еді. Сонымен бірге отырықшы өмірге ондаған мың көшпелі-малшылық тұрмыстағы адамдар көше бастады. Жаңадан ұйымдасқан колхоздарда оның кадрларын жаппай мамандандыру жүріп жатты. Мәселен, 1931 жылдың 10 ақпанында Қазақстанда 8278 адам курстарда білім көтерді, оның ішінде 2012-і егін далалары бригадаларының бригадирлері, 40 еңбекті ұйымдастырушылар, 1290 егіншілер, 305 малшылар, 926 трактористер, 370 құрылыстағы жұмысшылар, 150 десятниктер, 1333 есепшілер, 174 мәдени тұрмыстық қызметкерлер еді. 1930 жылы Мәскеу облысының өнеркәсіп орындары Қазақстан өнеркәсіптерін қамқорлыққа алып, кадр мен техника жағынан үлкен көмек көрсетті. Әсіресе сол кездегі партияның шақыруымен деревняға жіберілген жұмысшы табының 25 мың өкілдерінің ішінен қазақ республикасына 1200-ден астамы келген болатын. Украина Қазақстанға өнеркәсіп жабдықтарымен, ауыл шаруашылық техникасымен қатар көптеген маман кадрлар, инженер-техниктер, геологтар, агрономдар мен зоотехниктер жіберді. Тек 1928 жылдың жазында ғана Украина қалалары мен селоларынан 15 мыңдай мамандар келді. Қарсақбай мен Жезқазған мыс қорыту комбинаттарын жобалауға, Түркістан-Сібір 20
теміржолын салуға, Балқаш мыс алыбы мен Қарағанды шахталарының құрылыстарын жүргізуге украин ғалымдары мен жұмысшылары белсене қатысып, жас қазақ жұмысшыларына құрылыстың индустриялық әдістерін үйретті, білімі мен тәжірибесін бөлісті. Қазақстандағы социалистік құрылыстың өркендеуі, оның ішінде индустрияның дамуы, мешеу қалған халықтардың теңсіздігін іс жүзінде жою бағдарламасын орындаудың маңызды буындарының бірі ретінде елімізде социалистік экономиканы өркендетуге атсалысты. Осы тұста қазақ өлкесінің жер байлығын игеру одақтық республикалар мен бүкіл еліміз үшін де тиімді болғанын айта кету керек. Қазақстанда түсті металл, көмір, мұнай және басқа да стратегиялық ресурстар өндіретін ірі кәсіпорындар салынды. Олардан шыққан өнімдер еліміздің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарды. Өз экономикасын ұйымдастыруда жан-жақты көмек алып келген Қазақстан, енді жалпыодақтық міндеттерді шешуге, әсіресе еліміздің басқа аймақтарын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық шикізатының маңызды түрлерімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуге белсене қатысты. Қазақстан жаңа техниканың негізінде индустрияландыру мен ауыл шаруашылығын қайта құру жолында ілгері басты. Мектепте әртүрлі үйірмелер жұмыс істей бастады. Тәжірибелік-көрнекті мектептерде, сондай-ақ, коммунамектептерде үйірмелер жақсы жұмыс істеді. Халық Ағарту комиссариатымен 1931 жылы жылжымалы мектептер уақытша сипаттағы шараларды атқарды, өйткені көшпеліктен отырықшылыққа көшкендіктен олар қалыпты бұқаралық еңбек политехникалық мектептерге айналды. Еңбек тәрбиесіне ерекше мән берілді. Бұл жұмыс қалалық, сол сияқты ауылдық мектептерде жүргізілді. Ауыл оқушылары ауыл жұртшылығына көмектесіп, ұжымдық еңбекпен айналысты, ал қалалық оқушылар еңбектің алуан түрімен шұғылданатын өздерінің үйірмелерінде жұмыс істеді. Ендігі кезекте соғысқа дейінгі бесжылдықтар ішінде республиканың бай табиғи ресурстарына негізделген өндіріс салалары: түсті металлургия, көмір, мұнай, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің кейбір салалары, ал кейінгі жылдары – қара металлургия, химия өнеркәсібі басым дамыды. Бұл салалардағы өндірісті кеңейту ауқымы ең алдымен одақтық өнеркәсіп пен индустрияландырудың тиімді мәселелері шешіліп жатқан аймақтардың қажеттілігінен туды. Сондықтан республикада өнеркәсіптің шапшаң өсуіне ауыр өнеркәсіпке айрықша назар аудару арқылы қол жетті. Қазақстанның түсті металдары елді импорттық тәуелділіктен құтқарса, оның көмірі мен мұнайы Кеңес Одағында отын тапшылығын жоюға зор ықпалын тигізді. Соғыс кезіндегі жағдайдың өзінде де оқуды қоғамдық еңбекпен байланыстыру ісіне ерекше назар аударыла бастады. 8-10-сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7-сыныптарда ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін және қарапайым ауыл шаруашылығы мәшинелерін үйрену енгізілді. Неміс-фашист басқыншылары шабуылына байланысты көпшілік ер мұғалімдер майданға, Отанды жаудан қорғауға 21
аттанды, оқушылар болса колхоз, совхоз шаруашылығына көмектесіп, майдан қажетін өтеуге атсалысты, 15-16 жастағылар ФЗО мектептеріне түсіп, қысқа мерзімді курстардан өтіп, фабрика, зауыт, шахталарда ер-азаматтардың орнын басты. Өндіріске барушылар көбейе түсті, осыған орай жұмысшы шаруа жастарының кешкі мектептері көбейді. Елімізде жоғарғы оқу орындарының жүйесі қысқарғанына қарамастан сол кезде тұтасымен, кейбір республикаларда жаңа жоғарғы оқу орындары ұйымдастырылды. 1943 жылы Шымкентте – құрылыс материалдары технологиялық институты ашылды. 1966 жылы 10 қарашада үкімет «Орта жалпы білім беретін мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы» қаулы қабылдады. Онда жалпы білім беретін мектептердің материалдықтехникалық базасын жақсарту бойынша ғимарат құрылысы, жаңа оқулықтарды өңдеу және шығару, мектеп кабинеттері мен шеберханалары үшін құралжабдықтар, қажетті спорт жабдықтары жоғары жастағы оқушыларды орта біліммен қамтамасыз етіп мектеп жүйесіне енгізу бойынша шаралар айқындалды. Сондай-ақ, сегізжылдық міндетті мектепті бітірушілер өз тілегі мен білімін кәсіби-техникалық және орта арнаулы білім жүйесінде жалғастыруы назарға алынып, толық орта арнаулы білім беретін оқу орындары нақтыланды. Колхоз, совхоз ұжымшарлармен тығыз байланысы бар, жақсы жарақтандырылған ауыл мектептерінде жоғары сынып оқушылары автоіс, трактор, комбаин ауыл шаруашылық машиналарын оқып үйренді. Жалпыға бірдей міндетті онжылдық білім беруге көшу жағдайында орта мектептің үлес салмағы артты, оның материалдық базасы нығайды. Бұл өз кезегінде оқушыларды өндіріске оқыту мен еңбек тәрбиесінің күшеюіне ықпал етті. Қыздар үшін арнайы курс – үй шаруашылығын жүргізудің енгізілуіне байланысты бұл пәнді беру үшін мектептерде жарақтандырылған шеберханалар құрылды, оны білікті кадрлар мұғалімдермен қамтамасыз ету үшін қыруар шаруа атқарылды. Үй шаруашылығын жүргізу сабақтарының жақсылығына орай қыздар үй шаруашылығын жүргізуден, тамақ дайындаудан, іс тігуден дағды ала бастады. Олар сабақтарда алған өздерінің білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетті. Өндірістік білім беру мен еңбек тәрбиесі деңгейінің жоғарылауына байланысты өнеркәсіп орындарында жастар ұйымдарының рөлі өсті. Жас жұмысшылар оқушыларды шефтік қамқорлыққа алып, балаларға оқуды өндіріс еңбегімен біріктіруге көмектесті. Мектеп жұмысындағы өзгерістерге байланысты 1970 жылы орта жалпы білім беретін мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжаттың негізінде сегізжылдық мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім беретін толық орта (онжылдық мектептің IX-X сыныптары), орта арнаулы оқу орындары – техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық училищелерде ПТУ (3-4 жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде (IX-XI сыныптар) жалғастыра алатын болды. Бұл оқу орындарының барлығы толық, орта білім мен кәмелеттік аттестатты берді. Осылайша республиканың халық шаруашылығында еңбекке деген жастардың 22
кәсіби дайындығына ұштасатын толық орта білім алу проблемасы шешілді. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқытуды, тәрбиелеуді әрі қарай жетілдіру және оларды «Еңбекке дайындау туралы» (1977 жыл 27 желтоқсан) үкіметтің қаулысы да үлкен маңызға ие болды. Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі табыстар тек ата-аналар, мұғалімдер және жұртшылықтың бірлескен күшінің арқасында ғана мүмкін еді. Негізгі шешуші күш мұғалімдікі еді. Болашақта халық шаруашылығында, оның ішінде материалдық өндіріс саласында табысты еңбек етуге қатысты мектептер алдына өскелең ұрпаққа адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, оқушыларға ғылым негіздерінің терең білімін және еңбек дағдысын игеруге көмектесу міндеттерін қойды. Оқыту мен тәрбиедегі бірлікті жүзеге асырудың ой, еңбек және халықтық тәрбиесінің өзара тығыз байланысының маңыздылығы атап көрсетілді. Жастар мен балалардың жан-жақты және келісілген дамуының басты құралы ретінде оқушылардың оқыту мен өндіріс еңбегін қоса біріктірудің қажеттілігіне баса назар аударылды. 1960-70 жылдары оқытудың әдістемесі мен мазмұнына ерекше ден қойылды. Бұрынғыдан гөрі ғылыми-техникалық прогресс міндеттеріне жоғары деңгейіндегі сәйкестігіне, сондай-ақ, жан-жақты мүдделер мен оқушылардың тілегін ескерген оқу-тәрбие процесіне, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жетілдіруге назар аударылды. Мектеп бітірушілерін мамандықтарды саналы түрде таңдауға дайындау, оқушылардың бойында өзіндік еңбек дағдысын, еңбекке деген шығармашылық қатынасты дамыту керек болды. Халық үшін 70-жылдары үлкен оқиға жалпыға бірдей міндетті орта білім берудің енгізілуі еді. Дамыған мемлекеттердегіден бір ерекшелігі, біздің елімізде ол Конституция тарапынан кепілдік беріліп, бекітілген болатын (1977 жыл). Жалпыға бірдей және толық орта білімге деген міндеті сипатталды. Бұл құқық жастардың кәсіби-техникалық, орта арнаулы және жоғары білім берудің өмірмен, өндіріспен байланыс негізінде кеңінен дамытуға қамтамасыз етті. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, яғни 1959 жылғы сегізжылдық оқытуды енгізуге байланысты сегізжылдық мектептер санының өсуімен салыстырғанда, мектеп тармағында толық орта мектептердің үлес салмағы ерекше өсті. Сегізжылдық мектепте балалардың жан-жақты дамуы, олардың ғылыми білімі, оқушылардың кәсіби бағдарлануы, еңбек және эстетикалық тәрбиесі бойынша күрделі міндеттерді орындады. Әсіресе, орта мектептер санының өсуі ауылдық аудандарда ерекше байқалды. Оқушылардың кәсіби бағдарлану жөніндегі жұмысында, оқыту мен еңбек тәрбиесін жетілдіруде үлкен табыстарға қол жеткізілді. Мектептердің материалдық базасы ерекше нығайып, оқушыларды еңбекке үйретуде мазмұн деңгейін көтеруге, оның әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді. Кәсіпорындарда оқу цехтары мен учаскелері, жаңа техникалық құрылымдарымен жабдықталған мектеп шеберханаларының саны өсе түсті. Кейбір жоғары оқу орындары жанынан еңбекке оқытатын мұғалімдер дайындайтын кафедралар, индустриалдыпедагогтік факультеттер ашылды. Мектепаралық оқу-өндірістік комбинатына 23
көмектесіп, оқушылардың оқуы үшін едәуір күштерін бөлді, техникалық құралдармен жабдықтады. Қазақстандағы жалпы бірдей міндетті орта білімді жүзеге асыру әрі қарай өндірістік оқыту мен тұтас еңбек тәрбиесі қоса берілді. Оқушылардың қоғамдық пайдалы қызметі жыл өткен сайын жан-жақты болды. Мысалы, 1977 жылы жазда Ақмолада республика оқушылары өндірістік бригадалардың 7 слеті өтті. Оған Қазақстанның 300 мектебінің оқушылары, жастардың тәлімгерлері, еңбек ерлері қатысты. Сол жылы Қазақстанның ұжымшар мен кеңшарлар егістіктерінде 150 мың жоғары сынып оқушылары еңбек еткен. 2130 оқушы өндірістік бригадасы және 260 орман шаруашылығы мектептері жұмыс істеді. Миллионға жуық оқушылар еренді-еңбек мектебін бригадаларда өткізді. Қазақстанның бірқатар қалаларында оқу-өндірістік комбинаттары табысты әрекет етті. Онда жоғары сынып оқушылары әртүрлі мамандықтар бойынша мамандық алу, мысалы, қыздар тігін ісін үйренуге, машинка басу, техникалық сызу, сатушы мамандығын алу мүмкіндіктерге ие болды. 1960-1970 жылдары оқушылардың оқудан тыс кәсіби бағдарлау бірлестіктерін құруға ерекше назар аударылды. Оқушыларды еңбекке дайындау, әсіресе, ауыл мектептерінде, одан әрі қарай оқушылардың өндірістік бригадаларының дамуымен қамтамасыз етілді. Оқушылар өндірістік бригадалары бұрынғы одақта 1955 жылдың өзінде Ставрополь өлкесінде жұмыс істей бастаған. Кейіннен ол Қазақстан мектептерінде кеңінен таратылып, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мен жан-жақты дамытудың негізгі түрлерінің бірі болды. Оқушылардың өндірістік бригадаларының басты маңызы, ол мінездің ерекшеліктерін қалыптастыруға көмектеседі, еңбекке деген шынайы дұрыс қатынасқа тәрбиелейді. Қазақстанда 1967 жылы құрамында 59645 оқушылар 725 оқушылардың өндірістік бригадалары мен 1898 звено болды. Олар 28 мың гектар алаңға әртүрлі ауылшаруашылық өнімдерін өсірді. Тұтасымен алғанда, оқушылардың сыныптан тыс бірлестіктері олардың жеке оқу және еңбекке талпынысы негізінде үлгерімнің өсуіне ықпал етеді. Бірлестік жеке қабілеттілік, бейімділік, әрбір жасөспірімнің қызығушылығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайтындығын тәжірибе көрсетіп берді. Бірлестіктердегі жұмыс қандай да бір деңгейде кәсіби бейімділіктің жандануына әсерін тигізеді. Мектеп оқушылары сабақтарда алатын кейбір тәжірибелік бейімделу олардың өмір жолындағы таңдау еркіне шек қоймайды, керісінше еңбекке, еңбек адамдарына деген сыйластықты ұластырады. Ғылым мен техниканың өсуі мектептің алдында күрделі мәселені – оқытудың әдістері мен мазмұнын жаңартуды қойды. Мектептің оқу жоспарын өзгерту сондай-ақ еңбекке тәрбиелеудің мазмұнына, оқушыларды еңбекке үйрету мен оқушылардың кәсіби бағдарлану жүйесіне қатысты болды. 1970-жылдары мектепке жұртшылықтың қатысуы мектеп жүйесінің өсуі мен онжылдық жалпыға бірдей білімді қамтамасыз етуде, мектеп ғимараттары, балалардың мектептен тыс мекемелері, мектепаралық комбинаттар мен оқу цехтары, дене тәрбиесі залдары құрылысында, мектеп кабинеттері мен 24
шеберханаларын жабдықтауда көрінді. Осы жылдары оқушылар мен басқа да педагогтік кадрлардың жұмыс сапасын арттыру, олардың кәсіби білімін тұрақты жетілдіру үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Жастарды орта біліммен одан әрі қарай толығырақ қамтуды қамтамасыз ету үшін кешкі (сменалық) және сырттай жалпы білім беретін мектептердің жұмысын жақсарту керек болды. Жан-жақты дамыған, техникалық білім алған маманданған жас жұмысшылар дайындауды қамтамасыз ете отырып, кәсіби-техникалық оқу орындарында оқытудың сапасын арттыруға ерекше қамқорлық жасалды. Жоғарғы оқу орындарының алдына жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілердің теориялық және кәсіби білімінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету міндеттері қойылды. Бұл сондай-ақ ғылым мен техниканың, жаңа және перспективалы бағыттар бойынша кадрлар дайындау мәселесіне де қатысты болды. Сонымен қоса, сол жылдары балалардың көркемөнер, техникалық шығармашылық үйірмелері де кешенді-мектептер жалпы білім беретін мектептерге қоса ашылған болатын. 1979 жылы жазда оқушылардың еңбек бірлестіктерінің жұмысын қорытындылаған, олардың тәрбиеге әсер етудің жолдарын кеңейтуді айқындаған оқушылардың еңбек бірлестіктері өкілдерінің кезекті Бүкілодақтық слеті болды. Осы кезеңде мектептерде бітірушілерді кәсіби бағдарлау мен жұмысқа орналастыру жөніндегі комиссиялар, ал орта мектептерде әдістемелік кабинеттер құрылды. Көптеген ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби бағдарлау жұмысына белсенді араласты. Өйткені, орта мектепті аяқтаған соң оқушыларды орналастыру керек болды. Бұл мәселе дұрыс шешім мен мемлекеттік ықпалды талап етті. 1979 жылдың 19 шілдесінде КСРО Жоғарғы Кеңесі «Халыққа білім берудің жағдайы және КСРО-дағы жалпы орта, кәсіби-техникалық, орта арнаулы және жоғары білім беруді одан әрі қарай жетілдіру бойынша шаралар туралы» Қаулы қабылдады. Онда бүкіл қоғамның және әрбір азаматтың мәдени және білім деңгейін үздіксіз арттыруды талап етеді. Аталған қаулыда оқу-тәрбие процесін жетілдіру, оқыту мен тәрбиенің бірлігін нығайту, өскелең ұрпақты оқыту мен еңбекке тәрбиелеудің байланысы, оқу-тәрбие мекемелері жүйесін орналастыруды, оқу орындарының материалдық базасын жақсарту, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бітірушілердің теориялық және кәсіби білім деңгейін арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаңа және перспективалы бағыттары бойынша кадрлар дайындауды ұлғайту ұсынылды. 1977 жылы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, кәсібитехникалық білім беру жүйесінде және жалпы білім беретін мектептерде 5,3 миллион адам оқыды. Сол жылы орта арнаулы оқу орындарында 124 мамандық бойынша жүзеге асырылды. Машина құрылысы мен аспап жасау, азық-түлік тауарлары технологиясы бойынша мамандар дайындау ұлғайды. Оқу орындарына өндірістік практиканы өткізуде химия өнеркәсібі, азық-түлік комбинаттары, автомобиль транспорты базалық кәсіпорындары үлкен көмек көрсетті. Жақсы жабдықталған шеберханалардан, озық технологиясы мен 25
тәжірибесі бар кәсіпорындар мен мекемелерде оқушылар өндірістік әдісті, кәсіби біліктілікті игерді. Студенттер мен оқушыларды еңбекке тәрбиелеу барлық оқу орындарының оқу процесінде, ғылыми жұмыста, өндірістік тәжірибе барысында, әсіресе студенттік құрылыс жасақтарында жүргізілді. Жыл сайын студенттер мен орта арнаулы оқу орындарының оқушылары ұжымшар мен кеңшарларға көмектесіп, егін жинауға қатысты. Тек 1977 жылы өндірістік, мәдени тұрмысқа арналған объектілердің құрылысына студенттік құрылыс жасақтарының 10 мың жауынгері еңбек етті. Еліміздің өмірінде үздіксіз білім беру жаңа құбылыс ретінде қалыптасты. Үздіксіз білім беру әрбір адамға өмір бойы жалпы білімдік талабын қанағаттандыру үшін шынайы жағдайды қамтамасыз етуге шақырды. Ақырындап соған көшу білім беру жүйесінің қалыптасқан тармақтары негізінде жүзеге асырылды: мектепке дейінгі мекемелер, орта мектептер, кәсіби мектептер және мамандықты арттыру мекемелері. Осылайша үздіксіз білім беру өз бетімен білім алуды, қажетті жағдайда кез келген уақытта білікті маманның көмегін пайдаланумен үйлестіру арқылы жүзеге асырылды. Мұғалім оқу-тәрбиелік жұмысында әрбір баланы, оқушының жеке ерекшелігін есепке алып тұруы керек болатын. Егерде шығармашылық ой не оқытушы не әріптестері, не тұтас қоғам тарапынан қолдау таппайтын болса, шығармашылық дарынды тұлғаларының дамуы тежеледі. Таланттарды қолдау қарапайым мәселе емес. Мұны өмірдің өзі талап етеді. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды орынды балаларды еңбекке тәрбиелей алды. Мұғалімдер әрбір оқушыға сурет салуға деген сүйіспеншілікті сіңіруге, өнер тарихы туралы нақты мағлұмат беруге жете қойған жоқты. Біздің республикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты еңбекке тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесіне нақты өзгерістер енгізуді талап етті. Ең қауіптісі күштеу мен еңбектің пайдасыздығы болып табылды. Мектепте балалар тұрмыстық сипаттағы кейбір құралдарды жасауға қатыса бастады. Балалар еңбегі белгілі бір деңгейге қойылған мектептер де бар болатын. Оқушылар әртүрлі кооперативтерде, оқу-өндіріс комбинаттарындағы өндіріс бригадаларында, кәсіпорындарда жұмыс істей алды. Мектеп оқушылары кәсіпорындармен, кеңшарлармен, ұжымшарлармен, жекелеген меншік иелерімен шарт жасайтын мысалдар аз болмады. Тек қана мектептер балалар еңбегі дұрыс ұйымдастырылатындығына, оқушылардың еңбегі олардың кәсібін өзі таңдауына көмектесетіндігіне назар аударылуы керек болған. Ғалымдардың зерттеуінше қазақстандық кәсіби-техникалық білімінің тарихын, мынадай даму кезендеріне сәйкес көрсетілген: - социалистік кәсіби-техникалық мектептердің құрылуы (1917-1940); - Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында жұмыс істеген кәсібитехникалық оқу мекемелерінің негізгі түрлері; - жастарды кәсіпшілікке оқыту туралы халық комиссарлар кеңесінің бірінші қаулысы, заңы; 26
Бірыңғай еңбек мектептері туралы декларацияның қабылдануы: -басты комитетінің Наркомпрос кезіндегі кәсіптік-техникалық білімінің құрылуы – 1920 ж.; - фабрика зауыттық оқу-үйрену мектептер (ФЗМ) жүйесінің құрылуы – 1920 ж. Еңбек орталық институтының (ЕОИ) өндірістік оқыту жүйесі; - елде, жұмысшылардың білім алуының бірыңғай жүйесінің құрылуы – 1931 ж.; - жұмысшыларға кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің негізгі кемшіліктері мен жетістіктерінің анализі. КСРО-ның мемлекеттік Еңбек резервтері (1940-1958): - Мемлекеттік Еңбек резервтерінің құрылу себептері; - Мемлекеттік Еңбек резервтер жүйесінің оқу мекемесінің негізгі түрлерінің сиппаттамасы; - Ұлы Отан Соғысы жылдарында мемлекеттік Еңбек резервтер жүйесінің қызметі. Кәсіптік білім беру дамуының жаңа кезеңі 50 жылдары «КСРО білім беру жүйесінің дамуы мен мектептің өмірімен байланысын нығайту туралы» заңның шығуымен байланысты болды. Мұның арқасында кәсіптік-техникалық училищелер қайтадан жалпы білім беру жүйесінің құрамды бөлігі болды. Соғыстан кейінгі жылдардағы мемлекеттік Еңбек резервтер жүйесінің дамуы келесі кезеңдермен айқындауға болады: - училище жүйесіне ауыл шаруашылығын механикалаңдыруды тапсыру – 1953 ж.; - техникалық училищелерді ұйымдастыру – 1954 ж. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі - «КСРО -да халыққа білім беру саласының келешекте дамуы туралы және өмір мен мектептің байланысын нығайту туралы» заң қабылдау; - кәсіптік-техникалық білім берудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру – 1966 ж.; - «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің оқу орындарында маман қызметкерлерді даярлауды келешекте жетілдіру бойынша шаралар туралы» КСРО-ның министрлік кеңесінің қаулысы –1969 ж. Орта кәсіптік-техникалық училищелердің құрылуы; - кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту және жетілдіру мәселесі бойынша КСРО-ның министрлік кеңесінің қаулысы; - 1972 ж. – «Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін болашақта жетілдіру туралы»; - 1975 ж. – «Ауылда орта кәсіптік-техникалық училищелердің жүйелерін кеңейту және олардың жұмыстарын жақсарту бойынша шаралар туралы»; - 1977 ж. – «Кәсіптік-техникалық білім алатын» оқушылардың оқу және тәрбиелеу процестерін келешекте жетілдіру туралы; - 1980 ж. – «Кәсіптік-техникалық оқу орындарының бітірушілерін өңдірістік өнеркәсіптерде, ауыл шаруашылығында және құрылыста пайдалану, оны келешекте жетілдіру бойынша шаралар туралы»; - 1984 ж. – «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің 27
реформаларының негізгі бағыттарын» қабылдау. Осы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің құрылу және даму кезеңдерін оқып білуде өндірістік оқу әдістемесі мен кәсіптік педагогиканың құрылуының және дамытудың негізгі кезеңдерін ашу қажет. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім жүйесінің оқу орындары туралы қаулыға сүйене отырып, кәсіптік-техникалық оқу орындарының өндірістік және оқу-тәрбиелік қызметінің мазмұнын қарастыруға болады. Мына мәселелерге ерекше назар аудару қажет: - кәсіби қызметкерлерді даярлаудың мазмұнын жетілдіру: кең профильді мамандық бойынша мамандарды даярлау жолдарын әрі қарай дамыту; - күрделі өнімді шығаруда өндірістік оқыту рөлін көтеру; - «педагогика ынтымақтастығы» туралы ойлармен принциптерді, оқыту әдістері мен белсенді формаларын кең түрде енгізу; - Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесін басқаруды демократияландыру; - алғашқы тәжірибелерді пайдалану рөлін көтеру; - кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базаларын бекіту; - колледждер мен кәсіптік-техникалық мектептердің оқу өндірістік қызметтеріне шаруашылық есептік принциптерін енгізу; - базалық кәсіпорындар мен оқу орындары қарым-қатынасының келісім жүйесін дамыту; - үздіксіз білім берудің мемлекеттік жүйелерінде кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің рөлі; - кәсіби-техникалық білім берудің жалпы жүйесін шешетін шебер мен оқытушының рөлін көтеру: кәсіби-техникалық білім берудің инженерлікпедагогикалық кадрының квалификациясын көтеру және дайындау жүйесін жетілдіру. Кәсіптік техникалық білім берудің дамуына П.Р. Артуров, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин сияқты зиялылар үлкен рөл атқарды. Өмір талабына сай кәсіптік оқытудың инновациялық түрлерінің құрылымдық өзгеруі және ғылыми негізделуі қажет болды. 1992 жылғы «Білім беру туралы» заңның шығуынан кейін мемлекетте өзгертілген кәсіптік училищелер, колледждер, лицейлер ашыла басталды. 90-жылдардың аяғында академик С.Я. Батышевтің басқаруымен «Кәсіптік педагогика» атты оқулығы, сонымен қатар үш томдық «Кәсіптік педагогиканың энциклопедиясы» басылып шығарылды. Осы еңбектердің өзі де кәсіптік білім беруді оқытуға көп үлесін қосты. Кәсіптік білім берудің тарихын зерделей отырып, кәсіптік білімнің қоғам дамуына тікелей әсер еткеніне күмән туғызбаймыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған дербес ел ретінде танылуы отандық білім берудің, оның ішінде кәсіптік білім берудің тарихи дамуына баса назар аударылды. 28
2.2 Кәсіптік білім беру педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен қызметі Кәсіптік білім беру педагогы жоғарғы оқу орнының түлегіне сабақ бермес бұрын таңдап алған педагогикалық мамандығына деген қатынасын, қызығушылығын алдын ала анықтап алған жөн. Адамның тұлғалық-әрекеттік негізіндегі түсінікке арқа сүйей отырып, педагогтың тұлғалық құрылымын жобалауға болады, бұл үшін тұлғаның құрылымы мен оның әрекеті, кәсіптік-педагогикалық әрекеті есепке алынады (А.Н. Леонтьев). Бағыттылық, кәсіптік жан-жақтылық, қабілеттілік өзара тығыз байланысты және өзара ықпал етеді. Бағыттылық – бұл психологиялық түсінік. Бағыттылық түсінігін («Richtungsdispositionen») психологияға Б. Штерн енгізіп, оны белгілі бір әрекетке бейімділік ретінде қарастырады. Э. Бенек те «бағыттылық» және «бейімділік» түсініктерін өзара байланыстырады: бағыттылық ең алдымен бейімділік негізінде дамиды; соңғысының даму деңгейі, оның басқа білім деңгейіне байланысты болады. Бағыттылықты, жан-жақтылықты және қабілеттілікті оқытушының кәсіптік маңызды қасиеттері ретінде білім алуы, басым жағдайда кәсіптікпедагогикалық спецификасына негізделеді. Педагогтың бойында осы қасиеттердің болуы, психологтардың пікірінше, педагог өзінің бәсекеге қабілеттілігін, кәсіптік жинақтылығын, кәсіптік-педагогикалық әрекетінің жоғары нәтижелілігі мен өнімділігін қамтамасыз етеді. Біз бөліп алған қасиеттердің дамуының жоғары деңгейі көп жағдайда кәсіби жоғарлауға, кәсіби карьерасының дамуына ықпал етеді. Л.И. Божович, В.С. Мерлин, К.К. Платонов негізгі еңбектерінде тұлғаның қалыптасу факторы бағыттылық болып табылатыны дәлелденген. Психологтардың пікірінше, ең басымы мотив, қажеттілік, құнды бағдарлық жүйесімен сипатталады. Соңғысы педагог еңбегінде ерекше рөл атқарады. Құндылық бағдарлық – тұлғаның бағыттылық компоненті. Бұл ішкі қабылданған материалдық және рухани құндылықтарға бөлінеді. Құнды бағыттылық иерархиясы: отбасы, молшылық, шығармашылық, карьера, денсаулық-тәжірибелік әрекет үшін негізгі тірек болып табылады. Құнды бағыттылық нақтылығы – педагогтың кәсіптік тұрақтылығының көрсеткіші. Педагогтың кәсіптік бағыттылығы, оның педагогикалық мамандыққа деген, негізінен қара жұмыспен айналысатын адамдарға деген қатынасы, кәсіптік дамуға деген дайындық – оның кәсіптік бағдарлығының негізгі құрамдас бөлігі. Психологтардың пікірінше, тұлғаның бағыттылығы – тұрақты мотивтер жиынтығы, бұл мотивтер тұлғаның әрекетіне бағыт беріп отырады. Бұл пікірді есепке ала отырып, өзіндік мотивациялы өрісті түсініп қана қоймай, оны өлшеп, өзгерте алуды үйрену керек. Тұлғаның бағыттылығы оның қызығушылықтарымен, бейімділігімен, пікірлерімен сипатталады. Кәсіптік білім беру педагогының бағыттылығы негізінен оның кәсіптік 29
оқыту орнында жүргізілетін оқыту пәнімен сонымен бірге болашақ жұмысшылар меңгерген мамандықпен анықталынады. Уақытының көп бөлігін ол оқу сабақтарына, кабинетті жабдықтауға, оқыту-әдістемелік материалдарды дайындауға, слайдтар, көрнекіліктер жасауға арнайды. Кәсіптік білім беру педагогының кәсіптік-педагогикалық әрекетінің қозғаушы күштері оқытушылық әрекетке тұлғалық мән беретін мотивтер болып табылады. Егер оқытушыны белгілі бір оқытушылық үдерісі қызықтырса, онда ол сабаққа дайындалу, арнаулы және педагогикалық әдебиеттерді оқу, жеке жұмысқа арналған тапсырмаларды дайындау ісімен айналысады. Яғни, оқыту нәтижесіне қызығушылық білдіргендіктен оқытушы күні бойы уақытын осы іске арнайды. Бұл жағдайда педагогтың жасөспірімдерге деген қатынасы маңызды орын алады. Оқытушының мотивациялық өрісінде болып жатқан жағдай, көбіне оның кәсіптік-педагогикалық әрекетінің жетістіктерімен байланысты. Кәсіптік білім беру педагогының бағыттылығы оқушыларды зерттеу, өзінің кәсіптік білімін жетілдіру, оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін табуға бағыттылығы көбіне оның педагог болу тілегін, кәсіптік тұрақтылығын арттырады. Егер педагог педагогикалық шығармашылыққа қызығушылық білдірсе, онда оны еңбекақы, ақша, қозғалмайтын мүлік қызықтырмайтын болады. Ол кәсіптік-педагогикалық мамандыққа толықтай қызығушылық білдіреді. Бұл жағдайда оның кәсіптік бағыттылығының тұрақты болып табылатынын айтуға болады. Кәсіптік білім беру педагогтары арасында өндірістік білім беру шебері ерекше орын алады. Ол болашақ жұмысшылардың басты тәрбиешісі мен ұстазы болып табылады. Оқытушыға қарағанда кәсіптік білім беру шеберінің кәсіптік училищеде немесе лицейдегі алғашқы жұмыс күнінен-ақ оның жұмысына деген қатынасын анықтауға болады. Оның жүріс-тұрысы, қызығушылығы, болашақ жұмысшыларға деген қатынасы оның кәсіптік бағыттылығы туралы нақты айтуға болады. Шебер жұмысында техникалық, технологиялық, инженерлік ойлау, логикалық және механикалық есте сақтау қабілетінің дамуы ерекше рөл атқарады. Шебер болашақ жұмысшыларды жаңашылдыққа тез үйрете алу қабілеттілігін көрсетуі тиіс. Бұл қабілеттілік сенсомоторлық мәдениетінің жоғары деңгейімен сипатталады. Шеберде қозғалыс ақауы болмауы тиіс. Шеберханаға ерте келіп, үнемі қолмен жұмыс жасау, құрал-саймандарын дайындықтан өткізу, оларды тексеру, түзету жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыру барысында жұмыс жасайтын педагогтың тұрақты бағыттылығы айқын көрінеді. Оны үгіттеудің қажеттілігі жоқ. Ол тұлға ретінде қалыптасқан. Құрал-жабдықтардың жағдайы да оның кәсіптік бағыттылығының көрсеткіші. Еңбектің жаңа әдістерін меңгеруі, педагогикалық әрекетке қызығушылық білдіруі – бұл нағыз маманның үздік қасиеттері. 30
Кәсіптік білім беру педагогы өсіп келе жатқан ұрпаққа бұрынғы өмір сүрген адамдардың тәжірибесін меңгерте отырып, білім, білік, дағдыларды қалыптастырып, ұрпақтың дамуына өз үлесін қосады. Сондықтан кәсіптік білім беру педагогы маман дайындаудың негізгі тұлғасы болып табылады. Кәсіп – қоғамдық еңбек бөлінісінде жалпыадамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалды игіліктер бастамасы. Кәсіп саласына қарай еңбек бөлінісіне ие. Мысалы, слесарь кәсібі мына түрлерге бөлінеді: слесарь-құрастырушы; слесарь-жөндеуші және аспапшы-слесарь. Сондықтан кәсіп саласы белгілі бір мамандықтар бойынша еңбек бөлінісіне ие болады. Мамандықты игеру үшін ең бастысы кәсіптік білім қажет. Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібі. Кәсіптік оқыту – бұл оқушы мен инженер-педагогтің кәсіп бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеру мен кәсіптік білік, дағды қалыптастыруда бірлескен іс-әрекеті. Кәсіптік тәрбие – оқушы мен инженер педагогтың белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларының жиынтығын қамтитын әлеуметтік құбылыс. Кәсіптік білім берудің негізі – белгілі бір елдің халық шаруашылығына қажетті мамандардың керектілігі мен тұлғаның мамандықты игере алу мұқтаждығына байланысты. Маманның өнегесі – кәсіптілік түсінігінің ажырамас құраушы бөлігі болуы керек. Кәсіптік педагогиканың міндеті – жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіптік біліктілікті қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеу. Осы мәселені шешуге кәсіптік училищелер, кәсіптік лицей мен колледждер сияқты жаңа типті кәсіби оқыту мен тәрбиелеу мекемелері көмектесу керек. Осылайша, қазіргі кәсіптік педагогиканың ең басты міндеті – осы мекемелерде білім беру мазмұнын іске асыру. Осы мақсатты сапалы түрде шешу, білім беру мазмұнының философиялық және теориялық-әдістемелік негізін қалыптастыруды қажет етеді. Бұл қазіргі және болашақ кәсіптік білім беру орындарында маңызды ғылыми мәселе болып отыр. Мұнда мәселе тек қана белгілі теориялық білім, практикалық біліктілік, кәсіби дағдыны игеру ғана емес, сонымен қатар жалпы адамның маңызды кәсіби қасиеттері, тұлғалық қабілеті, еңбек іс-әрекеті процесінде өндірістік ортаға тез бейімделуі, жаңа техника мен технологияны меңгеруі, мамандығын динамикалық өзгертуіне мүмкіндік беретін жүйені дамыту көзделеді. Сондықтан кәсіптік білім беру жүйесінде түлектерді сапалы дайындау мәселесі екіге бөлінеді. Бірінші мәселе – түлектердің икемі мен дағдысын және білім деңгейін жоғарылату. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемесінде білім беру мақсаты болып, соған сәйкес кәсіптік іс-әрекеттің жаңа әдістерін құру болып табылады. 31
Екінші мәселе – кәсіптік оқыту мекеме түлектерінің кәсіби маңызды және тұлғалық әлеуметтік мәнді қасиеттерімен сапасын дамыту. Кәсіптік білім беру педагогы өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен роль атқарады. Кәсіптік білім беру педагогының іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, оқушылардың (студенттердің) психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – кәсіптік білім беру педагогы өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және оқушыларға (студенттерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды. Кәсіптік білім беру педагогы іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып табылады. Ол педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады. Кәсіптік білім беру педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның педагогикалық еңбегі мен инженерлік интегралымен анықталады. Қазіргі жаңашыл қоғамның алдында білім беруді, соның ішінде ең алдымен кәсіптік білімді гуманизациялау ең басты мәселе болып отыр. Білім алушының ішкі дүниесі мен тілектеріне жеткілікті түрде көңіл аудару адамгершіліктің белгісі. Адамгершілік – кәсіптіліктің негізін құрудың алғашқы қадамы. Педагогика мамандығының тарихи анықталған екі әлеуметтік қызметі бар: бейімдеу және адамгершілік (адам қалыптастырушы). Бейімдеу қызметі – оқушылар мен тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардың талаптарына сай бейімделуіне, ал адамгершілік қызметке адамның жеке басының, өзіндік шығармашылық дамуы жатады. Педагогикалық қызмет адамгершілік бағытта болуы тиіс. Бұл педагогтың барлық іс-әрекеті оқушының жеке нақты назарына бағынуына тиістілігін білдіреді. Белгілі мөлшерде өзіне, басқа адамдарға, қоршаған ортаға және өзінің кәсіби қызметіне қатынастарын анықтауда адамдарға көмектесу – бұл педагогикалық қызметтің адамгершілік бағыты болып саналады. Педагогтың өз қызметіне деген шығармашылық деңгейін анықтап алып, оның еңбегінің мазмұны мен оны ұйымдастыруын дұрыс бағалауға болады. Педагог қызметінің шығармашылық деңгейіне қойылған мақсатқа жету үшін оның өзіндік мүмкіншілігін пайдалану дәрежесімен айқындалады. Сондықтан педагог қызметінің шығармашылық сипаты оның басты ерекшелігі болып есептеледі. Педагог шығармашылығының басқа сала шығармашылықтарынан (медицина және техника) айырмашылығы оның мақсатында, яғни жаңа құнды, өзіндік әлеуметтік жаңалық жасау емес, оның мақсаты – жеке тұлғаны дамыту. Педагог қызметінің тиімділігіне әсер ететін негізгі себеп – ол педагогтың жеке басының қасиеттері. Олардың бәрінің кәсіби мағыналары бар. Жақсы педагог – ең алдымен парасатты, адал, әділ, мейірімді адам. Сонымен қатар, өз жұмысын табысты орындау үшін, 32
мамандықтың әр қызметкері жеке қасиеттеріне өз талаптарын қояды, ал ондай қалыптасқан қасиеттері жоқ немесе аз болса онда еңбектің тиімділігі тез төмендейді. Ал педагогты сипаттайтын қасиеттер: көпшілдік, адамның бәріне тең қарау. Кәсіптік білім беру педагогы білім беруде мамандықты игерту мен білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағытын қарастырады. Кадрлар даярлауда болашақ маман кәсіби қалыптасудың кезеңінен өтеді. Әлеуметтік жағдайда және қызметтің жетекші түріндегі сипаттамасына байланысты маманның кәсіби біліктілігін жетілдірудің (Э.Ф. Зеер пікірі бойынша) келесі бес кезеңі бар: Оптация – кәсіптік әрекеттердің қалыптасуына өзіндік психологиялықфизиологиялық ерекшелік негізін есепке ала отырып, кәсіпті дұрыс таңдауы. Кәсіби оқыту – кәсіби білім іскерлік дағдыларының жүйелі және әлеуметтік қажетті сапаларының типтік кәсіби міндетін шешетін тәжірибесін меңгерту, тұлғаның кәсіби бағытының қалыптасуы. Кәсіби адаптация – кәсіппен байланысты жаңа әлеуметтік рөлді игеруі, кәсіби өздік анықталуы, сонымен қатар кәсіби қызметті өздік орындау тәжірибесін меңгеруі. Кәсібилену – кәсіби маңызды білімге қатысты кәсіби ұстамды көзқарастың қалыптасуы, кәсіби қажетті сапалардың және іскерліктің интеграциялануы, кәсіби іс-әрекеттердің білікті орындалуы. Кәсіби шеберлік – қозғалмалы интегралдық психологиялық және интеллектуалдық жаңа білімдер негізінде шығармашылық кәсіби қызметте тұлғаның толық ашылуы, авторлық қызмет жүйесіне енуі. Кәсіби дайындықты ұйымдастырудың және оның сапасын бағалаудың негізі ретінде біліктілік сипаты ғана емес профессиограмма да қолданылады. Профессиограмма – талаптар жүйесі арқылы ұсынылған қандайда болмасын кәсіптің толық мінездемесі. Профессиограмманың негізгі құрамды бөлігі психограмма – адам психикасына кәсіптің қоятын талаптарына сипаттама. Ол кәсіптік функцияларды сәтті орындау үшін адамның ойлау процесінің ерекшеліктерін, білімділік, іскерлік және дағдыларының болуы мен тұлғалық қасиеттерінің сапасына қойылатын талаптар. Осы талаптарды негізге ала отырып, кәсіптік білім беру педагогы теориялық оқытумен қатар өндірістік оқуды, және мамандыққа байланысты техниканың жаңа түрлері мен технологияның жетістіктерін қолдануды үйретеді. Бұл кәсіби шеберлікті меңгеру жолы болып табылады. Кәсіптік білім беру педагогының мақсаты – оқушылармен, жұмысшылармен, мамандармен кәсіби оқытуды жақсарту, оны іске асырудағы әдістер мен ұйымдастыру формаларын жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар кәсіптік білім беру педагогы кәсіби және өндірістік іс-әрекетті орындай алуы керек. Өндірістік оқытудың шебері теориялық білім бере білуі тиіс. Өндірістік оқытудың әдістері олардың оқу барысындағы алатын орнымен сипатталады. Өндірістік оқыту шебері – кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжымдағы ерекше фигура, оның атқаратын қызметі мен 33
қызметтік міндеттері көпқырлы және күрделі. Өндірістік оқыту шебері - кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз, өзіне бекітіліп берілген оқушылар тобының өмірі мен тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, еңбек жолына жаңа енетін жастардың, бозбалалар мен бойжеткендердің тәлімгері. Кәсіптік (өндірістік) оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді, оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстарды орындауға қатысады. Сабаққа қажетті қондырғылар мен сәйкес жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша гаражды, шеберханадағы қызметті меңгереді, олардың өз уақытында жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен жабдықталуы бойынша жұмыс атқарады. Қауіпсіздіктің сақталуын, оқушылардың еңбек етудің алдыңғы қатарлы әдістерін, өндірістегі қазіргі таңдағы техника мен технологияны меңгеруін қамтамасыз етеді. Практикалық жұмыстардың, сондай-ақ сапалы өнім дайындау мен халыққа қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және шаруашылықтармен оқу (өндірістік) практиканы өткізу бойынша келісім шарт жасауға қатысады және оның орындалуына бақылау жасайды. Оқушыларға біліктілік жұмыстарын орындау мен біліктілік емтихандарын тапсыру үшін дайындалуға көмектеседі. Пәндік (циклдік) комиссиялардың, конференциялардың, семинарлардың жұмысына қатысады. Оқушылардың жалпы білім, кәсіптік, мәдени дамуына ықпал етеді, оларды техникалық шығармашылыққа тартады. Сонымен қатар, өндірістік оқыту шебері ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, ҚР «Білім беру туралы» заңын, Үкімет пен кәсіптік білім беру мәселелері бойынша білім беруді басқару органдарының шешімдерін, бала құқығы жөніндегі Конвенцияны, еңбек заңдылығының негізін, өндірістік оқыту бойынша оқу бағдармаларын, өндіріс технологиясын, өндірістік жабдықтар мен оны техникалық пайдалану ережелерін, педагогика мен психология негіздерін, кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін, еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын білуі керек. Өндірістік оқыту шебері – жастардың ұстазы және тәрбиешісі. Ол білікті педагог, тәрбиеші болу үшін, оқытушы, өндірістік оқыту шебері этикалық, психологиялық-педагогикалық жағдайларда байқалатын айқын жеке-тұлғалық көзқарасты ұстануы тиіс. Олардың арасындағы аса маңызды болып табылатыны мыналар: оқушыларға деген қарым-қатынасы оларды түсінуді, әртүрлі жағдайларды бірге бастан өткізуді, олардың тәуелсіздігі мен дербестігіне, шығармашылық потенциалдарын анықтауды және оны қолдануды мақсат ету; педагогтың өзіне деген қарым-қатынасы – табысты оқу-тәрбие жұмысына деген қызығушылықты, кәсіби және жеке тұлғалық өсуді, өз-өзіне талдау жасау және өзін-өзі жетілдіруді мақсат ету. Кәсіпке үйретуші ұстаз ретінде өндірістік оқыту шеберіне қойылатын маңызды талап оның кәсіпқойлығы. Нақты білімдер мен іскерліктерді, 34
өндірістік және өмірлік тәжірибені тек қана кәсіби шеберлікті жетік меңгерген шебер ғана тәрбиеленушілеріне бере алады. Оқушылар өздерін өз ісінің нағыз шебері оқытып жүргенін сезгенде ғана шебердің ықпалы тиімді болады. Оқушылар үшін шебер – бұл ең алдымен таңдап алған мамандықтың өкілі, еліктеу үшін үлгі болып табылады. Оқушылар оның шеберлігімен әрқашан өздерінің кәсіпті меңгерудегі жетістіктерін, күш жігерлерін салыстырады және бұл мағынада шебердің үлгі болғаны өте маңызды. Өндірістік оқытудың негізгі мақсаты студенттердің белгілі бір мамандық саласындағы кәсіптік шеберлігін қалыптастыру. Бұл міндеттерді іске асыру – студенттердің оқу қызметі және өндірістік оқыту шеберлерінің үйрету қызметі негіз болып келеді. Осы көрсеткіштер арқылы өндірістік оқудың мазмұнын, ұйымдастырудың және әдістерінің мәселелерін қарастыру қажет. Өндірістік оқытудың әдістері теориялық оқуға сәйкес. Оның үстіне өндірістік оқу барысында теориялық оқытудың көптеген әдістемелік тәсілдері қолданылады. Осыған байланысты тек өндірістік оқуға сай өзіндік әдістерді қарастырайық: еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсету, жаттығулар, студенттердің дербес бақылаулары, жазба, жөн-жоба беру, жұмыстың жоғары өнімді тәсілдерін және амалдарын оқудың әдістері, еңбекке деген шығармашылық қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге өндірістік оқытудың кейбір «белсенді» әдістері. Еңбек ету іс-әрекетінің тәсілдерін көрсету. Бұл тәсілдің мақсаты студенттердің санасында еңбек іс-әрекеттерінің нақты және анық бейнесін қалыптастыру, оларды студенттер жұмыстың тәсілдерін және амалдарын үйренгенде жаттығулар барысындағы іс-қимылдармен салыстырады. Студенттің санасында еңбек іс-әрекетінің нақты және анық бейнесі бір мезетте қалыптаспайды. Оны алғашқыда ортақ түрде есте қалдырады. Сосын біртебірте егжей-тегжейі анықталады. Студенттер көрсеткенді түсініп білу үшін және оның ұсақ-түйегін айыру үшін, олар белгілі бір уақыт ішінде әр бөлшекті жеке қарастыру керек. Сондықтан шебер еңбек іс-әрекеттерін құрайтын жеке қимылдарды ақырын және қарқынды көрсетеді, тәсілді немесе белгілі бір әрекетті оқшау бөліктерге бөледі, олардың арасында үзіліс жасайды, студенттердің назарын әрекеттің тек соңғы бөлігіне ғана емес, аралық сәттеріне де аударады. Еңбек ету іс-әрекетінің тәсілін меңгергенде студенттер шебердің көрсетуін түсініп қана қоймай, оның егжей-тегжейін есте сақтауы керек. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерін көрсетуді бірнеше рет өткізу қажет. Еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсеткенде көрсетудің әдістемелік тәсілдерінің қызметтік мәнін анық елестету керек. Студент ең соңында еңбек әрекетінің толық бейнесін меңгеруге міндетті. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдік көрсетілуі дұрыс жұмыс қарқынмен басталып, бітуі керек. Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет 35
бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі. Құзыреттілік – инженер педагогтың (жұмыскердің) өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті. Кәсіптік білім беру педагогы үшін үнемі жаңа білімді меңгеру өзінің кәсіптік біліктілігін сақтап қалудың кепілі болып табылады. Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Кәсіптік білім беру педагогының біліктілігі – кәсіптік педагогикалық әрекеттілігіне теориялық және тәжірибелік дайындық бірлігі, кәсіптік тәжірибелігінің көрсеткіші. Ол беделді пікірін білдіруге, педагогикалық проблемалық жағдайларға қатысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіптік педагогикалық әрекетте жалпы кәсіптік және арнаулы пән оқытушысының үнемі шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті ерекше рөл атқарады, сонымен қатар ол компьютерді, интернетті меңгеруі тиіс. Кәсіптік-педагогикалық әрекетке деген дайындық – бұл педагогтың алдына қойған мақсатын шешу үшін күшін жұмылдыруы. Кәсіптік білім беру педагогының біліктілігі бір-біріне интеграцияланған екі құраушыдан тұрады: техника-технологиялық біліктілік (инженерлік); психологиялық-педагогикалық біліктілік. Осыдан, техника-технологиялық біліктілік – оқушыға немесе студентке кәсіби білім алу үдерісінде берілетін білім, білік, дағды және тұлға қасиетінің жиынтығы. Ал, психологиялық-педагогикалық біліктілік – осыны іске асыратын құрал болып табылады. Демек, жоғары кәсіптік білім беру педагогы білім алушының кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін, ең алдымен өзінің мамандығы бойынша оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін жоғары дәрежеде білуі қажет. Студенттердің кәсіби дайындығының мақсаты – ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіптік білім беру педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Кәсіптік білім беру педагогы үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын, басқара алуы және қоғамда 36
болып жатқан жағдайды дұрыс түсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету. Кәсіптік білім беру педагогының міндеті – оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету. Бұл әрекет білім берудің өзекті болып отырған құзырлылық тәсілін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Белгілі ғалымдар С.Е. Шишов пен В.А. Кальнейдің осы мәселе жайлы ойларында өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадай құзырлылықтарды қалыптастыруы тиіс деп есептейді: 1. Саяси және әлеуметтік құзырлылықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік алуында, демократиялық бастамаларды жақсартуы мен қолдауында байқалады. 2. Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениеттерді, дін өкілдерін құрметтеу. 3. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады. 4. Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Бұл жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағымынан қажеттісін таба алу, оған сыни баға бере білу деген мағынаны береді. 5. Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын – өмір бойы білім алуға қабілеттілігі. Құзырлылық иреархиясы: негізгі, жалпы пәндік, пәндік құзырлылықтар болып бөлінеді. Білімділік құзырлылық тұлғаның өзі үшін және әлеуметтік мәні бар өнімді еңбекпен айналысуға қажетті білім, білік, дағдылары мен жеке тәжірибесін көрсетеді. Білімдік құзырлылықтар – оқушының бір-бірімен байланыспайтын білімдері емес, өмірлік мәселелерді шешуде іске асырылатын кешенді біліктері. Сондай пікірлердің бірінде белгілі ғалым Э.Н. Никитин мұғалімнің тұлғалық-әрекеттік моделіндегі кәсіби құзырлылығы кұрамына мына төмендегілерді жатқызады: - тұлғалық-гумандық бағыттылығы; - мәселені жүйелілікпен тани алуы; - пәндік аймақтарға бағыт ала алуы; - педагогикалық технологияларды меңгеруі; - отандық және шетелдік озық тәжірибені кіріктіре алу қабілеті; - кәсіби ортадағы креативтілік; - рефлексиялық мәдениеттің болуы. Автор мұндай құзырлылықтарды дәстүрлі біліктілікті арттыру арқылы қалыптастырудың мүмкін еместігіне тоқтала отырып, жүйенің мазмұнын, мақсат-міндеттерін, әдіс-формаларын өзгертуді алға қояды. Біз осы бағытта жазылған ғылыми әдебиеттердегі ойларды құптай отырып, мұғалімнің құзырлылығын социумда дәл осы уақытта қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес өз қызметін атқаруға дайындығын көрсететін кіріктірілген жекелік сипаты деп түсінеміз. 37
Құзырлылық педагогикалық категория ретінде адамның тұлғалық даму сипатын, механизмін айқындаушы әдіснамалық амал ретінде жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесінің проблемаларын, ол проблемаларды шешу жолдарын қарастырады. «Құзырлылық» ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде енгізіліп отырған ұғым. Құзырлылықтың (латын тілінде «соmреtеns») тікелей аудармасы белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алады дегенді білдіреді. Шетел әдебиеттерінде «кұзырлылық» – «терең білім», «тапсырманы талапқа сай орындау қабілеті», «қызметті өзектендіре орындау қабілеті» деген мағынада ашылады, бұл түсіндірмелер құзырлылық мазмұнын педагогика саласына сай толық сипаттай алмайды. Ресей ғалымдарының еңбектерінде кұзырлылық мазмұны «әлеуметтікпсихологиялық», «коммуникативтік», «кәсіби-педагогикалық» түсініктер арқылы ашылады. Әлеуметтік-психологиялық құзырлылық тұлға аралық қатынас жүйесіндегі оның айналасындағылармен тығыз байланыс орнату қабілеті ретінде қарастырылған. Әлеуметтік-психологиялық құзырлылық индивидтің қарымқатынас жүйесін меңгеру, ортақ қызметке толық ену барысында қалыптасады. Коммуникативтік құзырлылық Е.С. Кузьмин және Ю.Н. Емельянов зерттеулерінде адамның тілдік, тілдік емес, қарым-қатынас дағдылары барысында қарастырылатын табиғи әлеуметтендіру, оқу және тәрбиелеудің білімдік конгламераты деген мағынаны береді. Кәсіби-педагогикалық құзырлылықты Н.В.Кузьмина пәндік, әдістемелік, психология салаларынан хабардар тұлға қасиеті деп қарастырады да, кәсібипедагогикалық құзырлылық – бұл оқу-тәрбие міндеттерін өнімді шешу, мамандықты тұлға қалыптастыру құралына айналдыру қабілеті – деген анықтама береді. Мұғалімнің педагогикалық құзырлылығы деп, Н.Л. Сластенин педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады. Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен біліктілігінің жиынтығы, тапсырманы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық тұлғалық сапасы, профессионалдық дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған. Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде қарастырылады. Мұндай контексте қарастыру құзырлылық пен кәсіби (профессионализм) ұғымдары арасындағы айырманы ажыратып қарастыруға 38
мүмкіндік бермейді. Сондықтан да құзырлылықты адамның кездейсоқтықтан, стандартты емес ситуациялардан шығудағы нәтижелі әрекет жасау қабілеті, тұлғаның кіріктірілген қасиеті, жас түлектің өмірден өз жолын табудағы басты критериі деп қарастырамыз. Жеке тұлғаның жоғарғы компоненті кәсіби құзыреттілік болып табылады. Кәсіби құзыреттілік ретінде шешім қабылдаумен байланысты белгілі бір ісәрекет түрімен айналысу үшін жеткілікті білімдер, іскерліктер мен дағдылар, тәжірибе деңгейін бейнелейтін маманның іскерлік және жеке тұлғалық қасиеттерінің интегралды сипаттамаларын түсіну қабылданған. Кәсіби құзыреттіліктің басты компоненттері: - әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік – қоғамдық институттар мен адамдармен өзара әрекеттестік саласындағы білім мен іскерліктер, сонымен қатар кәсіби қарым-қатынас пен мінез-құлық әдістерін меңгеру; - дербес құзыреттілік – үнемі кәсіби өсу мен біліктілікті жоғарылату қабілеті, сондай-ақ өзін кәсіби еңбекте жүзеге асыру; - арнаулы құзыреттілік – іс-әрекеттің нақты түрін орындауда өз бетінше дайындығы, типтік кәсіби тапсырмаларды шешу іскерлігі және өзінің еңбек нәтижесін бағалауы, мамандық бойынша өз бетінше жаңа білім мен іскерлікті меңгеру қабілеті; - аутоқұзыреттілік – өзінің әлеуметтік-кәсіптік сипаттамасы жөніндегі барабар (адекватты) түсінігі және кәсіптік ауытқуды (деструкция) жеңу технологияларын меңгеру; - экстремалды құзыреттілік – кенеттен пайда болған жағдайларда, апатта, технологиялық процестер бұзылғанда әрекет ету қабілеті. Кәсіби құзыреттілік кәсіптік-педагогикалық іскерліктердің қалыптасу деңгейімен бағаланады. Кәсіптік мектеп педагогының басты операциялық қызмет тұрғысынан мынадай кәсіптік-педагогикалық іскерлік топтарын атап көрсетуге болады: - гностикалық іскерлік – жалпы кәсіби, өндірістік және психологиялықпедагогикалық білімді меңгерудегі танымдық іскерлік, ол жаңа ақпараттарды алуды, ондағы бастыны, маңыздыны бөліп алу, өзіндік педагогикалық тәжірибені, жаңашылдар және өндірісті оңтайландырушылар тәжірбиесін жинақтап қорыту және жүйеге келтіру; - идеологиялық іскерлік – білім алушылар арасында саяси-әлеуметтік жұмыс жүргізудегі педагогикалық білімді насихаттаудағы әлеуметтік маңызды іскерліктер; - дидактикалық іскерлік – оқытудың нақты мақсаттарын анықтаудың, оқытудың педагогикалық жағдаяттарын құрастырудың, оқу-өндірістік материалды түсіндірудің, техникалық нысандар мен жұмыс тәсілдерін көрсетудің адекватты формаларын, әдістері мен тәсілдерін таңдап алудың жалпы педагогикалық іскерлігі; - ұйымдастырушылық-әдістемелік іскерлік – оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру, оқыту мотивациясын қалыптастыру, білім алушылардың оқу-кәсіби ісәрекетін ұйымдастыру, педагогикалық тұрғыдан танылған өзара әрекеттестікті 39
құру, ұжымды қалыптастыру, өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру іскерлігі; - коммуникативті-режиссерлік іскерлік – перцептивті, экспрессивті, сугистивті, шешендік және педагогикалық режиссура саласындағы іскерліктерді қамтитын жалпы педагогикалық іскерліктер; - болжамдық іскерлік – жеке тұлға мен оқушылар ұжымының диагностикасын, педагогикалық жағдаяттарды талдауды, педагогикалық ісәрекеттің альтернативті моделін құрастыруды, жеке тұлға мен ұжым дамуын жобалауды, процесс пен нәтижені бақылауды қамтитын оқу-тәрбие процесінің табыстылығына болжам жасай білудің жалпы педагогикалық іскерліктері; - рефлексивті іскерлік – өзін-өзі тануға, кәсіптік іс-әрекеті мен кәсіби мінез-құлқын өзі бағалай білу қабілеті; - ұйымдастыру-педагогикалық іскерлік - тәрбие процесін жоспарлаудың, педагогикалық әрекет пен өзара әрекеттестіктің оптималды тәсілдерін таңдап алудың, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың, білім алушылардың жеке тұлғаларының кәсіптік бағыттылығын қалыптастырудың жалпы педагогикалық іскерліктері; - жалпы кәсіби іскерліктер сызбаларды, сұлбаларды, техникалық диаграммаларды оқу және жасау, есептік-графикалық жұмысты орындау, өндірістік - экономикалық көрсеткіштерін анықтау іскерліктері; - конструктивті іскерлік – оқу және техникалық-технологиялық карталарды жасауды, конструкторлық жұмысты орындауды, технологиялық карталарды, бағыт беруші тесттерді жасауды қамтитын технологиялық процестер мен техникалық құралдарды құрастырудың интегративті іскерліктері; - технологиялық іскерлік - өндірістік жағдайларды талдау, жоспарлау, технологиялық процестерді ұтымды ұйымдастыру, технологиялық жабдықтарды пайдаланудың сандық іскерліктері; - өндірістік-операциялық іскерлік - жақын мамандықтардың жалпы еңбектік іскерлігі; - арнаулы іскерлік - өндірістің кез келген салаларының аясындағы тар кәсіптік іскерлік. Жоғарыда айтылған еңбектердің негізінде мынандай қорытынды жасауға болады. Маманның құзырлығы – оның кәсіби қабілеті, білімі, біліктілігі, дағдысы, кәсіби қажетті тұлғалық қасиеттері мен сапалық белгілерінің болуы және өмірлік ситуацияларында іс-әрекет жасау аясында кәсіби дәйекті шешім шығара алуы. Сондықтан маманның кәсібі мен құзырлығы біртұтас, белсенділікке түрткі болатын ішкі, сыртқы қатынастар «жүйесі» деуге болады. «Жүйе» ұғымын қарастыра отырып психологиялық механизмдер барысында мынандай ой өрбиді. Оның кәсібі мен құзырлығы қоғамдық қатынасқа енуімен анықталады, біреумен әрекеттестікте және қарым-қатынаста көрініс береді, дамиды, жетіледі. Кәсіптік білім беру педагогының құзырлы маман даярлай алуы, оның кәсіби қызметін ұтымды атқаруына байланысты болады. Кәсіби қызметінің түрі көбінесе педагогикалық қарым-қатынаста, оқыту барысында және одан тыс 40
уақытта, белгілі бір қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға негізделген. Оңтайлы қарым-қатынас оның тиімді кәсіби іс-әрекетінің негізі болып есептелінеді. Кәсіби іс-әрекетінің нәтижесінде педагогикалық тәжірибе жинақталады. Педагогикалық тәжірибе, нақтылы кәсіптік оқыту педагогының «оқыту мен тәрбиені дарытуына» сүйене отырып, психологиялық әрқилы көзқарастармен де санасады. Бұл көзқарастар көрінісі күтпеген жағдайда, кәсіптік оқыту педагогының бүкіл өмір бойы жинаған тәжірибесінің нәтижесінде, сонымен бірге мақсатты түрде – педагогтардың теориялық үрдістерімен танысу арқылы, тұлғалық мәселелерді шешуде кәсіби психологтармен қарым-қатынас жасауда қалыптасуы мүмкін. Кәсіптік білім беру педагогының қызметі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, өндірістік-басқарушылық, ұйымдастыру-технологиялық, диагностика, ғылымизерттеу. Осы қызметінің негізінде студенттерге ғылымды, білімді, біліктілікті жинау әрекетіне кәсіптік оқыту педагогы жетекшілік жасайды. Студент ғылым, білім мен білікті меңгеруіне байланысты әрекет жасауға машықтанады. Ол әрекет ету аясында озық технологияны пайдаланса, кәсіби тұлғалық қасиеттерін рухтандырса, кәсіпқойлықтың жоғары деңгейіне жетеді. Кәсіптік білім беру педагогы құзырлығындағы «Ауыл шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәнінің мазмұны қарастырылды.Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 050120 «Кәсіптік оқыту» мамандары төмендегі пәндерден білім алады: жалпы білім беру пәндері (ЖБП), базалық пәндер (БП), кәсіптендіру пәндері (КП). Әр цикл екі компонентке бөлінеді: міндетті және таңдау. Кәсіптендіру пәндері (КП) циклының таңдау компонентінің бірі «Ауыл шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәні. Ауыл шаруашылығының мәні, оның даму тарихы, жетістігі және оны дамыту адам баласы еңбегіне негізделген. Жалпы орта білім беретін мектептердің технология курсының бағдарламасы негізінде, ауыл мектептеріне бейімделіп «Ауыл шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәнінен жұмыс бағдарламасы әзірленіп, төмендегідей мақсат, міндеттер қойылды. Жалпытехникалық пәндердің арнайы технология оқытушысын, еңбек технологиясы және кәсіпкерлік мұғалімін ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы жөніндегі біліммен қаруландыру қажет: - студенттерге ауыл шаруашылығы негіздері туралы білімдерді меңгерту; - ауыл шаруашылығын дамытудың маңызын түсіндіру; - ауыл шаруашылығындағы мал азығын дайындаудың тәсілімен таныстыру; - агротехнология туралы түсінікті қалыптастыру. «Ауыл шаруашылық еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәнінен 41
білім беру оқу материалының мазмұнына байланысты. Көшпенді қазақ халқының осы күнге дейін жинаған өмір тәжірибелері, оның жинақталуы мал өсірген халыққа әлі де аса қажет. Сондықтан мал өсіру мәдениеті мен халықтың этнографиялық байлығы біздің білім, таным саласында қызмет ете беруі тиіс. Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеуінің негізі және тиісті ұйымдық құрылымы қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып, алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туындады. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: ... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналды. Бұл мәселе нәтижелі жүзеге асуы үшін, студенттерді ауыл шаруашылық саласы бойынша оқыту арқылы білім сапасын арттыру және меңгерген іскерлігі мен қабілетін толық пайдалана білуге машықтандыру. Олай болса, ауыл шаруашылық саласында кәсіптік қызметін жете атқара алатын құзырлылықты маман қажет. Ауыл шаруашылығы жұмыстарының қарбалас кезеңдерінде шаруа уақытпен санаспай, демалыссыз, демалыс және мерекелік күндерсіз, ауа райының қолайлы сәттерін қалт жібермей, қымбат уақытты тиімді пайдалану үшін жан-тәнін салып жұмыс істейді. Оның есесіне кейбір кезеңдерде, әсіресе қысқы уақытта шаруа адамы апталап, тіпті айлап бос болады. Жалпы алғанда, шаруа норма немесе жоспар үшін емес, түпкі нәтиже үшін жұмыс істейді. Сондықтан да ауыл шаруашылығы еңбеккерінің психологиясында, табиғатында әрбір дән немесе түп өсімдік үшін жауапкершілік жүгі қаланған. Егістікті өңдеу барысында ол бірде-бір өсімдікті аяғымен таптамайды, ал егін жинау кезінде өнімнің ысырап болуына барынша жол бермейді. Ауыл шаруашылығының тиімділік көзі дәл осында жатыр деп батыл айтуымызға болады. Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына өз үлесін қосатын кәсіптік білім беру педагогының кәсіби іс-әрекетін меңгерту үшін, тиімді оқутәрбие процесін пайдалануымыз керек. «Технология» пәнінің ауыл шаруашылығы еңбегінің техникасы мен технологиясы бөлімі бойынша мұғалімді дайындауда, жалпы орта білім беретін мектептерге арналған бағдарламаны негіздеп білім беру және кәсіби қызметі ұтымды ұйымдастырылуы қажет. Кәсіби іс-әрекетінің нәтижесінде педагогикалық тәжірибе жинақталады. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен педагогикалық білімі және тәжірибесін ауыл мектептеріне сәйкес бейімдеу критерилері А.Н.Чалов зерттеулерінен табылды. Ол жас мұғалімдерді ауыл мектептеріне дайындаудың шартына 42
зерттеме жасап, оған жалпы және ерекше критерийлерін айқындайды. Ерекше критерийлер мұғалімді дайындауда жеке көрсеткіштерімен айғақтанады. Педагогикалық жоғары оқу орнында түлектерінің ауыл мектептеріне дайындығының айрықша белгілерін сипаттайтын дәрежеде болуын көрсетуі қажет, жалпы білім беретін ауыл мектептерінің жағдайында, ауыл мұғалімінің ерекше қызметті орындауы және өзіндік шығармашылық жұмыстарды жасаудағы психологиялық дайындық деңгейінде түсінігі болуы керек. Ауылдағы жалпы білім беру мектептерінде жас мұғалімдердің сапалық дайындығын мынадай критерийлермен көрсетеді: - ауыл шаруашылық өндірісінде алынған білімін қолданып, оқушыларды ептілікпен дағдылануға баулуы; - ауыл шаруашылық жағдайында мектеп ауласындағы жерде жоғары оқу орнында алған машықтарын шеберлікпен қолдана білуі; - жас мұғалімнің ауыл тұрғындарына жоғары мәдени деңгейде үлгі болу қызметін сақтауы; - жас мұғалімнің ауылда жұмыс істеп және тұруға деген дайындығы мен тілегі; - ауыл оқушыларын ауыл шаруашылық еңбегіне деген икемділікті, білімді, машықтарына бағыттау, оларды жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; - ауыл тұрғындарының психологиясын білу, ауыл жастарының құштарлық армандарын сезіну, ауыл тұрмысының ерекшелігін білу, ауылда мәдениет пен шаруашылықты ұйымдастыруды білу, ауыл тұрғындарымен және оқушылармен ерекше агротехникалық үрдістерді өз жұмысында пайдалана білуі. Оқыту процесін жетілдірумен қатар ауыл шаруашылық саласына бейімдеп, тәрбие міндеттерін шешуге аса көңіл бөлуі қажет. Кәсіптік білім беру педагогының даярлығын ауыл шаруашылық саласы бойынша жетілдіру – студенттердің білімді, білікті, іскерлікті игеруі мен кәсіби қызметінің тұтастығына сүйенеді. Студенттер оқу бағдарламасының мазмұны мен оқу процесін меңгеруде кәсіби дайындықтың жолын зерделейді. Бұл кәсіби дайындық кәсіби дамудың деңгейлеріне қол жеткізу механизмі ретінде қызмет атқарады. Кәсіби мектеп, колледж, университет оқытушылары үшін өздері беретін оқу пәндері мамандық болып табылады. Кәсіптік білім беру педагогы оқушының, студенттің тұлғасын дамыту үшін, ең алдымен өз мамандығын оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін жоғары дәрежеде білуі қажет. Мұндай жағдайға жету үшін кәсіптік білім беру педагогы толығымен өз бетінше, білікті түрде өз кәсіби іс-әрекетін орындауы тиісті. Осы орайда, оқыту тәсілдерін жобалай білу де маңызды болып табылады. Педагогтың оқыту тәсілдері оқу іс-әрекеті ретінде есептеледі. Ол білімді, дағдыны, біліктілікті және тәрбиені дамытуға бағытталған. Кәсіптік білім беру педагогы жоғарыда көрсетілген педагогтың қызметіне қойылған талаптар негізінде, оқытуды қарқынды түрде күшейте берумен қатар 43
өзара түсінісу қарым-қатынасы, педагогикалық көмек пен қолдау көрсету арқылы студенттердің білімі мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді. Осы жағдай студенттің болашақ мамандығы ұстанымының ірге тасын қалайды. Студенттің білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлғалық қасиеттерін өз өмірінің қажеттілігіне және қоғамның пайдасына жарата білуін, маманның құзырлылығы дейміз. Кәсіптік білім беру саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестікті басты орынға шығарады. Бұл жағдайда адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, әрі кепілі – ол елдегі кәсіптік білім беру. Білім беру, оның ішінде кәсіби білім беру қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті мамандық бере аламыз. Кәсіптік білім беру мен тәрбиелеудің ең тиімді жолдары зерттелді. 2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесімен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы мына төмендегідей: - бастауыш кәсіптік білім; - орта кәсіптік білім; - жоғары кәсіптік білім; - жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім; - қосымша кәсіптік білім. Қазақстан Республикасында «Білім беру туралы» Заңының 22-бабына сәйкес мына төмендегі білім беру деңгейлері жүзеге асырылады. - мектепке дейінгі тәрбие және оқыту; - орта білім; - жоғары кәсіптік білім; - жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім. Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде – 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіп саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімінде де жұмыс істей алады. Кәсіптік оқыту өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтары мен басқа да жұмысшыларды дайындайтын құрылымдарда атқарылады. Орта кәсіптік білім – колледждер мен училищелерде орта білім базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізде беріледі. Колледждер мен училищелерде оқу мерзімі 3-4 жыл. Жалпы орта білімі, не бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар арқылы алуына болады. Колледждер мен училищелер тиісті лицензиясына сәйкес бастауыш және орта 44
кәсіптік білім беруді жүзеге асырады. Орта кәсіптік білімі бар азаматтар болса ықшам әрі икемделген бағдарламалар арқылы қысқа мерзімде қосымша мамандық иеленуіне болады. Сондай-ақ колледждер мен училищелерде салалық мамандықтар бойынша республикалық оқу – әдістемелік бірлестіктер құрылады. Бастауыш және орта кәсіптік білім берудің типтік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасындағы жоғары кәсіби білім беруді дамытудың қазіргі күнгі тұжырымдамасы білім беру процесін ұйымдастырудың заманға сай икемді де адекватты технологияларын қалыптастыруды көздеп отыр. Қазақстанда кәсіптік білім беруді реформалаудағы дүниежүзілік тенденциялармен, сондай-ақ, ҚР жоғары оқу орындары дипломдарының әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына деген жағдайлар, алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі. Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау ең алдымен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болған жаңаша тенденциялармен: жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту және жоғары білімнің еңбек рыногы сұранысына жауап беруі қажеттілігінен туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдарламасын енгізумен байланысты. Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдауымыздың себебі, кез келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік-экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты. Сондықтан кәсіптік білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарымыздың біріне айналуда. Сол себепті қазіргі заманғы кәсіптік оқытудың тарихи дамуын зерттеу – халықтың тұрмыстық деңгейі мен ел экономикасында маңызы зор. Нарық талабына лайық жоғары білікті дәрежеде білім беретін кәсіптік мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын игеріп, жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында» білім алушылар бойында адамгершілік қасиет және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, танымдық шығармашылық қабілетін айқындау туралы айтылған. «Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», - деп Әл-Фараби айтқандай, білім алушыларға рухани тәрбие беруде кәсіптік білім берудің алатын орны ерекше. Кәсіптік білім беру адамның өмір сүру үшін, жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін аса қажет. Дүниеге келген сәбидің адам болып жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе – еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі – адам өмірі үшін ең қажет, 45
маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бірден шешу мүмкін емес. Білім алушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеуде қойылатын мақсаттар мынадай: - тұлғаны еңбекке машықтандыру арқылы іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру; - тұлғаның еңбекке қабілеттілігін дамытып жетілдіру, еңбекті сүюге баулу; - еңбекті табысты шығармашылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету, еңбекке қызығушылығын арттыру; - әр тұлғаның бойындағы талант пен дарынын зерттеу және оны дамыту; - білім алушының өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау; - білім алушының ұлттық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу; - білім мен тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу; - атамұраны қалыптастыру және дамыту; - білім алушының білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін және толықтылығы мен тереңдігі, сапалылығын жақсарту, оқыту жүйесін жетілдіру; - оқытудың негізгі ұстанымдарын анықтау және басшылыққа алу; - әр тұлғаға білім алу үшін оңтайлы жағдай жасау; - адам еңбегін ынталандыру және насихаттау; - мұғалім мен білім алушы арақатынасын неғұрлым жақсы жолға қойып, өзара сенім туғызу; - еңбектің нәтижелігін арттыру; - білім алушыға бақылау жасау; - жұмыс орнының гигиеналық тазалығын сақтау; - білім алу мекемесінің ережесін орындауға талап қою. Білім алушының еңбекке тәрбиелеу және оқытудағы ең негізі – баланың толық білім алуына ықпал жасау. Адамның рухани және денесінің үйлесімді дамуына ой мен дене еңбегін байланыстыру. Ілім мен тәжірибені байланыстыра отырып, әр баланың санасына ғылыми тұрғыда білімді жеткізу. Білім алушыларды еңбекке оқыту үрдісінде ғылыми тұрғыда ұштастырып, баланың ой-өрісін жан-жақты дамыта отырып, тиянақты ғылыми негізде білім беру. Тәрбие мен білім берудегі басты қағида – кәсіптік білім беретін мекемелерде жеке тұлғаны ұлттық ерекшелігіне сай тәрбиелеу мен өзіндік ойөрісін кеңейтетін білім беру. Егер әр педагог жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына көңіл бөле отырып, оның рухани адамгершілігін дамыта оқытуды басты назарда ұстаған болса, бүгінгі қоғам қажеттілігін қанағаттандыратын ауқымды шаралар жүзеге асырылады. Нәтижесінде жан-жақты жетілген, қоршаған ортасының қадір-қасиетін бағалай алатын парасатты, көрген-білгенін бағамдай алатын зерделі, табиғатпен үйлесімді дамуын сезіне алатын зерек тұлға қалыптасады. 46
3 Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны 3.1 Бастауыш кәсіптік білім беру Өмірдің өзі көрсеткендей, еліміздегі экономика және өндіріс салаларының дамуына байланысты жұмысшы мамандарға деген сұраныс күн санап артып келеді. Қазіргі кезеңде елімізге өркениет әлемінің озық технологияларын меңгерген, жаңа заман талабына сай кәсіптік білімі бар, сапалы да білікті мамандар қажеттілігі туындап отыр. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында елімізде кәсіптік-техникалық білім беру саласын дамытуға айрықша мән беріліп келеді. Оған айғақ – Елбасының «2030 стратегиялық бағдарламасында» берілген нақты тапсырмалардың жартысына жуығының білім беру, жастар тәрбиесіне арналуы. Сол сияқты, ҚР-ның «Білім туралы» Заңына өзгерістердің енгізілуі, ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы №174 қаулысымен бекітілген кәсіптік бастауыш білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережелерінің қолданысқа енуі, жаңа ғасыр жастарын кәсіптік білімге тәрбиелеу бағытында жасалып жатқан басқа да шаралар еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың жан-жақты білім алуына тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Орта кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз – инженер-педагог және педагогикалық ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, олардың теориялық білім негіздері, практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру. Кәсіптік мектеп – кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ білікті жұмысшыларды дайындайтын, оқытатын және тәрбиелейтін оқу орны. Кәсіптік мектеп – педагогикалық жүйенің барлық белгілеріне ие. Оның мақсаты – азаматтарды жұмысшы мамандығына даярлауда өз қабілеті мен қызығушылығына, мүмкіндігіне қарай білім беру, оларды қайта даярлау және кәсіптік біліктілігін көтеру. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі – 2-3 жыл. Кәсіптік бастауыш білім, кәсіптік мектептер мен кәсіптік негізгі жалпы білім беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады. Және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті еңбек қызметкерлерін (жұмысшы, қызметкерлерді) даярлауға бағытталған. Білім беру ақпараты – белгілі бір кәсіп саласы, не мамандық бойынша оқушыларға ғылыми-техникалық білім, практикалық дағды беріп, кәсіптік шеберлікке баулу. Кәсіптік әлеуметтік ортаның ережелері мен нормаларын орындауға үйрету. Педагогикалық коммуникация тәсілдері арқылы – оқушыларға кәсіптік білім беру мен тәрбиелеуде құрал-жабдықтар арқылы оқытудың әдістерін қолдану қажет. Бұған оқыту мен тәрбиелеу әдістерінен басқа, ауызша және басқа да жолдармен берілетін оқыту, әрекет ету қызметтері де кіреді. Кәсіптік мектептердегі оқыту құралдарына – жалпы білім беретін орта 47
мектептегіден басқа оқу құрал-жабдықтарымен қатар (машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар, аспаптар) нақты заттық бөлшектер, кескіндер, макеттер сондай-ақ практикалық дағды қалыптастыратын түрлі оқу тренажерлері де жатады. Кәсіптік мектеп білім алушылары (оқушылар) бұлар белгілі бір кәсіп саласына қызығушылығы бар негізгі және орта мектеп бітірген жастар. Негізгі білімі барлар үшін оқу мерзімі – 3 жыл, ал толық орта білімді жастар үшін – 1,5 жыл. Кәсіптік мектеп педагогы – бұл кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің негізін меңгерген, өз пәні бойынша білім, білік және дағдылық дайындығын толық меңгерген инженер-педагог. Сонымен, кәсіптік оқытудың маңыздылығы жайында басында да біраз сөз қозғаған едік, себебі, кәсіптік оқыту экономикаға, еңбек нарығына тікелей қатысты болып келеді. Еңбек нарығы – жұмысшы күшін нағыз бағалаушы, еңбектің шын бағасын қалыптастырушы. Нарық – еңбектің сапасын көтеруге, адамды өзін жұмысшы күші есебінде дамытуға ынталандырады. Ондағы мақсаты – жұмыссыздар қатарына ілінбеу. Сонымен, еңбек нарығы жағдайында білім деңгейі мен кәсіби маман (сапасы) арасында тәуелділік басталады, демек тауардың құны жұмысшы күші. Бұл құнды үнемі көтеріп отыру керек, ол бірінші кезекте өзін еңбек нарығында сапалы жұмысшы күші тұрғысында ұсынушы адамның өзіне де байланысты. Демек, еңбек нарығы жағдайында өнім өндіруші, халыққа қызмет етуші кәсіби ұйымдар сапалы жұмысшы күшін қажет етеді, олардың тиімді өмір сүруі, бәсекеде табысқа жетуі соған байланысты. Бұл – нарық заңы. Ал, еңбектің жұмысшы күшінің сапасы адамның алған біліміне, оны игеруіне, шеберлігіне байланысты. Жекеменшік кәсіпкерлер кәсіби жоғары жұмысшыларды, мамандарды ғана талап етеді. Сонымен, экономикалық және әлеуметтік өмірді жұмыскерлермен қамтамасыз ету – олардың кәсіби деңгейінің сапасына байланысты. Кәсіптік мектептерде білім алатын оқушылар ауыл шаруашылық техникаларын теориялық тұрғыдан ғана оқып-үйреніп қоймай, техниканы жүргізу, баптау, пайдалануды, жер жыртуды және технологиялық агротехникалық технологияларды меңгере отырып, егін егу, одан мол өнім алу жолдарын да үйренуі тиіс. Қазақстанның кәсіптік мектеп педагогының тұлғаға бағдарлы білім беру технологиясына өтуі көп жағдайда оның тәрбиешілерге ықпалының нәтижелілігіне байланысты болмақ. Неліктен кәсіптік білім беру училищелері мен мектептердің түлектері тұлғалық сипаттағы қиыншылықтарға тап келеді? Оларға және кәсіптік мәдениет жетіспейді. Олар жұмыс берушінің талаптарына үнемі сай келе бермейді. Бәсекелестік ортада қажетті сапаны тәрбиелеп шығару тек қана жалпы және педагогтық мәдениетті өзі меңгерген, жоғары тәрбиелі және білімді педагогтың қолынан келеді. Кәсіптік білім беру мекемесінің шебері мен оқытушының тұлғалық мәдениетті ол педагогтың өз ісін жақсы меңгеруі, кәсіптік тәжірибелілігі, лицей 48
мен училищеде қарым-қатынас орната алу қабілеттілігі, тәрбиеленушілермен және олардың ата-аналарымен дұрыс қатынас жасай алуы болып табылады. «Басқа адамның тұлғасына тек қана жоғары дамыған адам ғана ықпал ете алады деп» - К.Д. Ушинский дұрыс айтқан болатын. Бұл мәселені зерттеумен айналысқан ғалымдар арасында ортақ пікір қалыптасқан, біріншіден, ол жалпы адами мәдениеттің бір бөлігі болып табылатын тұлғаның жалпы мәдениетіне негізделген педагогикалық мәдениет. Екіншіден, кәсіптік білім беретін мектептің педагогының жалпы мәдениеті әлеуметтік және кәсіптік маңызды тұлғалық қасиеттердің дамуының жиынтығы болып табылады. Кез келген мәдениет соның ішінде педагогикалық мәдениет те адамзаттық мәдениеттілік тәжірибесін меңгерген деңгейін айқындайтын тұлғалық дамудың нәтижесі ретінде де қарастырылады. Оқытушының немесе шебердің рухани күштерінің даму деңгейі, оның құндылық сипаты, педагогикалық үдеріске деген көзқарасы көп жағдайда педагогикалық мәдениетті, кәсіптік-педагогикалық еңбеккерлерінің бойында оның қалыптасу деңгейін анықтайды. Кәсіптік білім беру мектебі педагогының педагогикалық мәдениеттілігін тұтас динамикалық жүйе ретінде қарастыра отырып, оны компонент түрінде анықтауға болады, оның әрбіреуі кәсіптік білім беру педагогының тұлғасын, кәсіптік-педагогикалық әрекетін, қарым-қатынасын сипаттауға мүмкіндік береді. Жоғары деңгейлік педагогикалық мәдениеттілікті меңгерген кәсіптік мектептің педагогы өзінің тәрбиеленушілеріне ықпал етіп, дүниетанымдық, аксиологиялық, тәжірибелілік, шығармашылық, рефлекс-жобалық компоненттер жиынтығы арқасында болашақ жұмысшылардың кәсіптік мәдениеттілігін қалыптастыра алады. Училище және лицейдің кәсіптік-педагогикалық жұмысшыларының педагогикалық мәдениеттілік құрылымында дүниетанымдық компоненті ерекше рөл атқарады. Дүниетанымдық компонентті қалыптастырушы ретінде бүгінгі күнге прагматизм идеологиясын алуға болады, прагматизм (лат. progma - әрекет ету)тәжірибелілік нәтижеге бағыттылық дегенді білдіреді. Өндірістің барлық саласын қамтыған әлеуметтік – экономикалық дағдарыс құрылымы жағдайында прагматизм идеологиясы кәсіптікпедагогикалық мектептің өткен кезеңдегі үздік жиынтықтарын сақтап қалуға бағдар беруші болып табылады. Сонымен қатар, прагматизм идеологиясы педагогикалық тәсілдерді, еңбекке деген қатынасты, шығармашылық әрекет тәжірибесін тасымалдаушы институтының даму тәсілдері мен жолдары айқындауға мүмкіндік береді. Бұл идеология Мемлекеттік білім беру стандартында әлеуметтік-экономикалық қайта құрылымдар жағдайында адамға өмір сүруге мүмкіндік беретін ең маңыздысын, ең қажеттісін бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл күрделі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде жетістіктерге қол жеткізе білетін жас педагогтар мен жұмысшылар контингентін сақтап 49
қалуға мүмкіндік береді. Әрі қарай кәсіптік-педагогикалық әрекетінің құнды немесе аксиологиялық құрамасы жөнінде айтқан жөн. Әр педагог бойында қолмен жасау тәжірибелілік құндылығы сақталған. Мұны ол өзінің оқушыларына беруі керек. Бұл педагогикалық еңбектің аксиологиялық компоненті болып табылады. XXI ғасырда дамыған өндірістік аумақтарда жоғары мамандандырылған тәжірибелі жұмысшылардың жетіспеушілігі байқалды. Бұл макроэкономикалық өзгерістерге де, қоғамның жұмысшыларға деген қатынасына да байланысты болады. Шеберлер мен оқытушылардың еңбекақысының төмен болуы жағдайында педагогикалық еңбекке деген қатынас төмендегі құндылықтарға негізделгені дұрыс: 1 Еңбек тәжірибе құндылығын түсінуі; 2 Бұл тәжірибені келесі ұрпаққа жеткізе алу тәжірибесін меңгеруі; 3 Ересек және жасөспірімдердің ерекшелігін түсінуі; 4 Кәсіптік училище және лицей жағдайында бәсекеге қабілетті жұмысшыларға қажетті кәсіптік дайындық жұмыстарын беру қажеттігін түсінуі. Педагогикалық мәдениеттіліктің тәжірибелілік компоненті оқытушы мен шебердің тәрбиеленушілермен арақатынасының сипатын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін, сонымен қатар оқытушылар мен шеберлердің педагогикалық техниканы, оқытудың жаңа тәсілдерін, компьютерді меңгеруін қамтиды. Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер. Себебі, адам көру, есту арқылы тілді тезірек үйренеді. Мультимедиа-дыбыс және көру түріндегі ақпараттар жүзеге асырылатын бағдарламалық ақпараттық құралдар жиынтығы. Мультимедиа жергілікті, аймақтық және әлемдік желілер бойынша дыбыс, мәліметтер және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер ақпараттық орта қалыптастырады. Мұны пайдаланушыда сапалы жаңа мүмкіншіліктер болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін дамыту процесінде оқытудың техникалық құралдары оңтайлы қолданылса, онда ол оқытушы еңбегінің шарттарын шарықтандырумен қатар оқушының да оқу жағдайын өнімді етеді. Педагог оқытудың пәндік ерекшеліктеріне байланысты техникалық құралдар қолданудың негізгі принциптерін жетік меңгерумен қатар өзінің ақпараттық компетенттілігін дамытуы тиіс. Ол ең алдымен оқу-тәрбиелік істе оқытудың техникалық құралдар қолданысының ұтымдылығын түсіне алу; сабақ жоспарын жаңа технологиялық талаптарға сай құра білу; интегративті түрде сабақ жоспарына кірістіре алу; техникалық құралдарды оқушының танымдық қажеттілігін өтей алатын және педагогтың өзіндік кәсіби құлшынысына сай түрлерін іріктей алу; қорыта келе оқытушы аталмыш техниканы пайдалану тетіктерін меңгеруі нәтижеге жетелейді. Тек осындай алғышарттардың орындалуы оқытудың техникалық құралдарының әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін ашады. Соңғы жылдары оқыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық 50
бағыттылығын күшейту мақсатында пайдаланылып жүрген іс-шараларға, соның ішінде "инновациялық үдеріске", яғни педагогикалық жаңалықтарға жан-жақты сипаттама беріліп келеді, дегенмен әлі де жеткіліксіз. Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөліп қарастырамыз: ұйымдастырудағы жаңалықтар; технологиялардағы жаңалықтар; оқулықтар мен бағдарламалардың өзгерістеріндегі жаңалықтар. Аталған жаңалықтардың аясында болашақ педагогтарды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың да жаңашылдық бағыттары анықталады. Яғни, бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән берілмейінше, білім берудің заманауи технологияларын, соның ішінде электрондық оқулық пен бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. Педагогикалық қабілеттілікті қалыптастыру, педагогикалық тәжірибелілік те маңызды рөл атқарады. Аталған компонент сезімталдық-тәжірибелілік деп аталады. Педагогикалық мәдениеттілік компонентіне ересек жұмыссыздарды, кәсіптік училищелер мен мектеп оқушыларын оқытатын жұмысшы мамандығын меңгеру негізі де кіреді. Педагог белгілі бір жұмысшы мамандығын меңгерсе, ол белгілі деңгейде педагогикалық мәдениеттілікті меңгерді деп айтуға болмайды. Бұл әсіресе өндірістік білім беру шеберлеріне қатысты. Педагогикалық мәдениеттің технологиялық компоненті үгітпен тәрбиелемейді, ол жаттықтыру негізінде тәрбиеленеді. Жалпы кәсіптік және арнаулы пәндерді оқытуды жетілдіру бойынша жұмыс білім алушының шығармашыл ізденіс әрекеттерімен тығыз байланысты. Мұнда педагогтың өзінің күші мен шығынын үнемдей алуы, педагогикалық еңбектің тиімді әрекет коэффициентін арттыра алу мүмкіндігінен көрінеді. Педагогикалық еңбек мәдениеттілігінің тәжірибелілік компоненті оқыту кабинетін безендіруден де көрінеді (аспазшы, тігінші, кесуші, пісірушілерді оқытуға арналған арнаулы шеберханалар). Кәсіптік мектептің болашақ педагогтары зерттейтін кәсіптік педагогика – бұл ғылым мен өнердің араласуы, педагогикалық өнер – педагогикалық мәдениеттіліктің маңызды құрылымы. Ол педагогтың педагогикалық шеберлік тәсілдерін меңгеруінен айқын көрінеді: сөйлей білу, қарым-қатынас жасай алу, оқыту аудиториясында жүре алуы, педагогикалық тәсілдерді меңгеруі, «адамды кітап тәрізді оқи алуы». Педагогикалық мәдениеттіліктің шығармашылық компоненті технологиялық компонентімен тығыз байланысты. Шығармашылық жұмыспен айналысатын педагогтар бұл іске өздерінің тәрбиеленушілерін де тартады. Әртүрлі сайыстарда ғажап туындылар дайындайтын болашақ жұмысшылардың техникалық шығармашылық мүмкіншіліктеріне зиян тигізбей, кәсіптікпедагогикалық әрекет жетістігінің педагогикалық мәдениеттіліктің шығармашылық құрылымымен, нақты айтқанда, педагогикалық шығармашылықпен анықталынатынын түсіну қажет. Педагогикалық мәдениеттілігі жоғары педагог – көптеген оқыту 51
бағдарламаларының, оқыту әдістері мен тәсілдерінің, педагогикалық инновациялардың авторы. Ең бастысы, ол «басқалар» сияқты, «үлгі» бойынша жұмыс жасауға дағдыланбаған, ол өзгенің емес өзінің мақсатын алға қойып, болашақ жұмысшылардың жұмысын жоспарлап, ұйымдастырып, бақылауды қалайды. Кәсіптік білім беру мектебінің шығармашыл педагогы болашақ жұмысшылардың оқу үрдісін, өздік жұмысын, еңбегін шеберлікпен ұйымдастырып, өзінің тәрбиеленушілеріне оқу рефлексиясын, оқи білуге, өздігінен білім алуға үйретеді. Эвристикалық оқыту нәтижесінде педагог оқыту әрекетінің типіне сай жаңа білім алушыны тиімді қалыптастырады. Педагогикалық мәдениеттіліктің рефлексті-жобалық компоненті педагогтың нақты күшін жүзеге асыруда айқындалады. Психологтардың зерттеуінше, өзін-өзі жүзеге асыру үрдісі өзара байланысты кезеңдер нәтижесінде қалыптасады: өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеу, өзінөзі жетілдіру. Өзін-өзі біліп, нақты бағалаған жағдайда ғана басқалардың әрекетін саналы түрде реттей алады, өзінің педагогикалық бағытының дұрыстығына көз жеткізе алады. Бұдан кәсіптік білім беру мектебі педагогының кәсіптікадамгершілік потенциалы нақты көрінеді. Осылайша, педагогикалық мәдениеттілік үнемі жетіліп отыруы керек. Бұл педагогикалық мәдениеттілік жоғары деңгейде дамыған жағдайда педагог тәрбиеленушілеріне өзінің үнемі даму үстінде екенін байқата алады. Кәсіптік білім беру педагогының өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі бағалауы тұрақтылық деңгейінің көрсеткіші – тұлғалық дамуының дара траекториясын анықтайды. Сонымен, педагогикалық мәдениеттілігі жоғары педагог өзінің кәсіптік шеберлігін жоғалтпайды, теориялық және өндірістік оқытудың біржақтылығына жол бермейді. Педагогикалық мәселелерді шешуде педагог өзін жан-жақты дамыған тұлға ретінде көрсете білуі керек. 3.1.1 Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру Білім мазмұны – бұл тиісті орында жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты. Білім адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани іс-әрекеті нәтижесі ретінде пайда болды. Адам ойында шындықтың дұрыс бейнеленуі, қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Кез келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам өзін-өзі өмірдегі іс-әрекетінен, оның объективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысы тәсілдерінің өзі – олардың әлемге қатынас тәсілдерінің мақсатына сәйкес және тек басқа адамдармен қарым-қатынас арқылы жүзеге асатын нақты іс-әрекеті. Тек білім мазмұны ғана іс-әрекет мақсатын теориялық жақтан дұрыс көруге мүмкіндік береді. Арнайы технология болса ғылым негіздерін қазіргі техника, технология және өндірісті ұйымдастыру тұрғысынан қарайды. Ол оқушылардың мына төмендегі мәселелерді үйренуіне мүмкіндік жасайды: 52
- тиісті өндіріс саласы мен оның даму болашағы туралы жалпы мәлімет береді; - қазіргі заманғы техника, өндірісті механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін неғұрлым тиімді пайдалану, құрылғылардың негізгі мәліметтерін, жұмыс істеу принциптерін білуді үйрету; - жаңа техника мен технологияларды, өндірісті дамытудың әлемдік деңгейдегі озық әдістерімен хабардар етеді; - еңбекті ғылыми ұйымдастыруды, өз жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігін, өндірістік санитария мен жеке гигиена ережелерін сақтауды үйретеді. Жалпы техникалық дайындық – жекелеген өндіріс салалары бойынша ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық бағыттар бойынша өндіргіш күштердің дамуы, білім мен дағды жүйелері туралы хабардар етеді. Қазіргі кәсіптік-техникалық оқу орындарында «Материалтану», «Электротехника», «Техникалық сызу», «Техникалық өлшеу және дәлдік шегі» сияқты жалпы техникалық пәндер жүреді. Өндірістік оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық тәжірибе негізі арқылы оқытушылар білім алушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Теория мен практика бірлігінде тәжірибенің айқындаушы рөлі бар. Өндірістік оқыту шеберлері мен оқушылар арасында білім, білік және дағдыларын іске асыруда бірлескен қимыл-әрекет, практикалық қызмет аясында кәсіби шеберлікке баулу процесі қалыптасады. Ол өндіріс орындарында немесе оқу шеберханаларында жүргізіледі. Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі. Белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі. Білікті іс-әрекет орынды тәсілдерді таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес, оларды тәжірибеде орындаудан көрінеді. Кәсіби дағды – кез келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білікті дағды деп атайды. Ал, кәсіби дағды белгілі бір кәсіпті меңгеру барысында практикалық жаттығулар арқылы қалыптасатын еңбек қызметін автоматты түрде сапалы әрі сандық көрсеткіші болып табылады. Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: - қимыл дағдысы; - ойлау дағдысы; - сезім дағдысы. Қимыл дағдыларында жұмысшылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады. Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар. Сезімдік дағдылар жұмысшылардың іс-әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай-ақ бұл әрекет әсіресе, өндіріс процестерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде байқалады. Кәсіби білім беру жағдайында жалпы дидактикалық принциптер мен оларды жүзеге асыру ерекшеліктері бар. 53
Кәсіптік білім беру саласында оқытудың екі түрлі принциптері қарастырылады: жалпы-дидактикалық және тек кәсіптік оқытуға ғана тән арнайы принциптер. - Себебі, қоғамдық прогресс пен ғылымның дамуы ықпалынан, оқытудың жаңа заңдылықтарының талабынан және озат тәжірибелердің жинақталуынан оқыту талаптары дамиды, нақтыланады, жетіле түседі. Кәсіптік оқу орындарының, оқу үрдісінде қолданылып жүрген жалпы дидактикалық принциптер мыналар: - оқытудың ғылымилығы мен қолжетімділігі; - оқытудың көрнекілігі және ғылыми-техникалық ойлаудың дамуы; - инженер-педагогтың басшылығы негізінде оқушылардың саналы шығармашылық әрекеті; - оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі; - оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін есепке алу; - теорияның ғылыммен, практикамен және өндіріспен байланысы; - білім, білік және дағдының берік орнығуы. Кәсіптік оқыту принциптерінің ерекшеліктері Оқытудың жалпыпедагогикалық принциптеріне қоса кәсіптік мектептердегі оқу үрдісінің тиімділігі мен табысқа жетуі инженер-педагог қызметкерлердің кәсіби оқыту принцитерін сақтай білуі мен тек оларға тән мына ерекшеліктер де бар. Ол мына принциптер: 1 Жалпы білім беретін және жалпы техникалық пәндерді кәсіби бағыттау принципі. Бұл принцип бойынша кәсіп саласына бағытталған жалпы техникалық және арнайы пәндер циклы өзара байланыста оқытылады, олардың мақсаты білім алушылармен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан оқытушылардың жасайтын кәсіптік оқыту бағдарламаларының мазмұны бір мақсатты көздейді. 2 Оқу материалдарын игеруде технологиялық бірізділік принципі. Бұл «Өндірістік оқыту» және «Арнайы технология» пәндеріне ғана тән. Ол оқушыларға өндірістік операцияларды бірізділікпен үйрете отырып, ол үлгілерді өндірісте қолдана білуге машықтандыруы тиіс. 3 Оқу үрдісі кезінде кәсіби қызметті модельдеу принципі. Кәсіби қызметті оқу үрдісінде модельдеу деп белгілі бір кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру үшін тиісті оқыту әдістері мен түрлерін таңдап алу арқылы оқытуды айтады. Жұмысшы қызметінің эталондық моделін қалыптастыруға мына талаптар кіреді: - жұмыс орнындағы атқаратын қызметін жетік білу; - жұмысшының өзі шешуі тиіс міндеттерін білу; - тиісті міндеттерді орындау үшін жалпы кәсіптік, жалпы технологиялық және арнайы білім, білік, дағдыларын жете меңгеру. 4 Кәсіби жұмылдыру принципі. Бұл принцип білім алушылардың кәсіпті, жаңа техникалық құралды, технологиялық процесті, жаңа мамандықты игеруде, біліктілігін көтеруде білім мазмұны мен оқу үрдісін оқушылардың өздігінен үйренуіне жұмылдыру. Өндірістің даму болашағын түсіну, бағытын білу, 54
практикалық мәселелерді пайымдап шеше білу, ой-өрісінің кеңдігі шығармашылық қабілетін сол іске жұмылдыра білуіне байланысты. Принцип мақсаты тек кәсіби дағдыларды игеру емес, оны инновациялық түрде дамытып, техника, технологияның ұйымдастыру тәсілдерінің тиімді жетілдіруінде болып отыр. 5 Кәсіби оқытудың модульдік принципі. Модульдік оқытудың мәні, оқушылардың жеке оқу бағдарламасына сай тапсырманы, не ақпаратты өзінше өңдеп, әдістемелік нұсқауларды басшылыққа ала отырып, көздеген мақсатына жету. Бағдарлама вариативті (таңдаулы) түрде беріліп, әлеуметтік сұранысқа орай модуль мазмұны жаңартылып отырады. Модуль деп оның принципін іске асыру оқушының барлық іс-қимыл әрекетін біртұтас етіп, кәсіби деңгейін дамыта оқытатын дәрежеге бағыттап, жеткізуді қамтамасыз етеді. Осы аталған оқыту принциптерін жүйелі түрде сақтап, іске асырған инженер-педагог өз қызметінде шәкірттеріне дидактикалық, тәрбиелік және дамыта оқыту арқылы кәсіптік білім бере алады. Кәсіптік оқыту әдістері. Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы. Оқыту әдістері деп оқу-тәрбие мақсаттарына жетуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің тәсілдері. Кәсіби оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп білім алушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы білім алушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберліктің қыр-сырын үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. Дидактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етудегі түрлі іс-әрекет қимылдарды біртұтас қызмет жүйесі деп түсінген жөн. Іс-әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған қимыл элементі. Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына түрлері бар: - пәндік-практикалық; - пәндік-ойлау; - практикалық белгілеу; - ойлау белгілері арқылы. Пәндік-практикалық іс-әрекет пәннің түрі мен көлеміне, оның кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты. Қол еңбегіне қатысты барлық кәсіпте бұл сипат басты мәнге ие. Пәндік-ойлау іс-әрекеті, пән бейнесін, мазмұнын алдыңғы орынға қойып, оны әркез есте ұстайды. Ойлау қызметін ерекше орынға шығарады. Практикалық белгілеу іс-әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық белгілер әрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша мәліметтер іздестіру, жинақтау). 55
Ойлау белгілері іс-әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда сақтау қызметін алға қояды (жадта ұстау, логикалық және есептеу операцияларын есте сақтау, ой жүгірту). Оқыту үрдісін қамтамасыз ету оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады. Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты әр сабақтың белгілі бір міндеттерін белгілеп, соған лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң, оқу мен оқыту тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді жүйесі пайда болады. Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық пәндер циклі бойынша теориялық сабақ барысында мәліметтерді барлық білім алушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ топтарға, топшаларға, қажет болған жағдайда, жекелей де жүргізіледі. Білім алушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері мынадай екі топқа бөлінеді: 1. Еске түсіру (репродуктивтік) арқылы. 2. Іздену (шығармашылық) арқылы. Еске түсіру әдісі арқылы білім алушы білімді дайын күйінде алады немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып, оқытушының не өндірістік оқыту шеберінің басшылығымен игереді. Іздену әдістері білім алушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай отырып, оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады. Ақпарат көздері арқылы оқыту әдістерін түрлендіру қазіргі білім беру үрдісінде басты мәнге ие болуда. Олар: 1. Сөйлеу әрекеті арқылы: - әңгімелеу; - түсіндіру; - лекция; - сұхбаттасу; - оқулық мәтінімен жұмыс; - дыбыс жазу тапсырысын пайдалану; - нұсқау беру. 2. Көрнекілік: - демонстрациялау; - оқушының өзіндік бақылауы. 3. Практикалық: - жаттығу; - өндірістік-техникалық есептерді шешу; - зертханалық-сарамандық жұмыстар. Кәсіптік оқытудың сан алуан әдістері бар. Сондықтан да оның 56
жіктелуінде де көптеген пікірлер бар. Сол әдістердің жіктелуінің бірі – осы жоғарыда айтылған әдіс: оқушылардың танымдық іс-әрекеті бойынша жіктелуі. Мысал ретінде Ресей ғалымы Н.Е.Эргановтың проблемалық әдіс негізінде жіктеген оның екі түріне тоқтала кетейік. Теориялық оқытудың әдістері: 1. Монолог түрінде жүргізілетін әдіс. Бұл әдіс бойынша теориялық сабақ өткізуде оқытушының рөлі басым. Оқытушы ақпаратты ауызша жеткізеді, ал білім алушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады. 2. Көрнекілік әдіс. Оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе түрінде түсіндіреді. Оқушылардың іс-әрекеті репродуктивті. 3. Диалог түрінде жүргізілетін әдіс оқытушы теориялық материалдарды диалог ретінде баяндайды. 4. Эвристикалық әдіс. Оқу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол білім алушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде проблемалық сұрақтар қойылып, оны білім алушылар оқытушы көмегімен шешеді. 5. Іздену әдісі. Оқытушы мен білім алушының өзара іс-әрекеті іздену арқылы ұйымдастырылады. 6. Алгоритмдік әдіс. Типтік есептер шығару барысында оқытушы білім алушыларды белгілі бір жүйеде жасалған алгоритм арқылы ұйымдастырады. 7. Бағдарламалап оқыту әдісі. Бұл әдіс оқу үрдісін бағдарламалаған оқуәдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады. Өндірістік оқытудың (Н.Е. Эрганов бойынша) мынадай түрлері бар: - еңбек әрекетін көрсету әдісі; - диалог әдісі; - жаттығу әдісі; - эвристикалық әдіс. Өндірістік оқытудың өзіне тән ерекше әдісі – нұсқау беру. Ол өндірістік оқыту кезінде еңбек қызметін атқару үшін іске асырылады. Нұсқаулар мен ұсыныстар беруі, еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтау, өндірістік гигиена талаптарын орындауды үйрету жазбаша да, ауызша да беріледі. Енді солардың түріне тоқталайық: 1. Кіріспе нұсқау – оқушыларға белгілі бір жұмысты белсенді және саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Мұнда тәжірибе жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі. Оның тәжірибесінде құрылғылардың ішкі, көзге көрінбейтін процестерін түсіндіруге болады. Мысалы, олар: - құрылғылардың жұмыс кезінде физикалық және химиялық процестері; - кинематикалық схемада көрсетілген бөлшектер мен тораптардың өзара қимылы; - түрлі блоктардың, модульдердің, электр-радио элементтері мен өлшеу аспаптарының жұмыс істеуі мен өзара бірлескен әрекеті; - құрылғылар мен аспаптардағы жұмыс істеу кезіндегі ішкі өзгерістер 57
сипаттамасы. Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу барысында жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды: 1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру; 2. Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру; 3. Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі; 4. Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру; 5. Оқу-өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объектілерді демонстрациялау; 6. Оқушыларға оқу-өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құралжабдықтармен, құрылғылармен және аспаптармен таныстыру; 7. Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тәсілдері мен әдістерін түсіндіру және демонстрациялау; 8. Қателіктер мен ақаулардың алдын алу және болдырмау шараларын қарастыру; 9. Оқу-өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету; 10. Шеберханада, не өндірісте жұмысты атқару кезінде, еңбек және қауіпсіздік ережелерін ескеру; 11. Кіріспе нұсқаудың қалай түсінгенін сұрау, бақылау, бекіту, егер қажет болса тиісті жерлерін қайталау; 12. Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу. Бұл келтірілген тапсырмалар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне қарай, не өндірістік оқыту шеберінің оқу не тәрбие мақсатына байланысты ішінара өзгеріске ұшырауы да мүмкін. 2. Ағымдағы нұсқау – кіріспе нұсқаудан соң жүргізіліп еңбек жаттығуларын орындауда жиі жіберілетін қателіктерді болдырмауға бағытталады. Ол әрбір оқушымен жеке өткізіледі. Ағымдағы нұсқау кезінде өндірістік оқыту шебері оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына нәтижелерге назар аударуы тиіс: - жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына; - еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға; - бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалануға; - техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге; - техника қауіпсіздігі ережелерін және өндірістік санитария мен гигиена нормаларын сақтауға. Ағымдағы нұсқау кезінде шебер өндірістік орындағы оқушылардың жұмыс орнын кезең - кезеңімен мына төмендегі мақсаттарды шешу үшін бірнеше рет жүргізеді. 1-аралау: кіріспе нұсқаудан соң, барлық оқушылар іске кіріскен кезде; 2-аралау: оқушылардың жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастырғанын, оның тәсілдерін меңгеру дәрежесін, материалдар мен құралдарды тиімділігін, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау шарттарын тексереді; 58
3-аралау: жұмысты атқару барысында жіберген қателіктері және оларды жою жолдарын іске асыру үшін. 3. Қорытынды нұсқау – шебердің жұмысты атқару кезінде істің сапасы, дұрыс орындалуы және жіберілген қателіктердің жалпы сипаттамасы қорытындылады. Ол өндірістік оқыту соңында, не тиісті оқу бағдарламасы не тараулар аяқталған соң оқушылармен белсенді әңгіме түрінде жүргізіледі. Жазбаша нұсқау – өндірістік оқыту процесінде дидактикалық құндылыққа ие. Өйткені ол, түрлі ақпараттық мәліметтерді біріктіреді: сөздік, графикалық-сызбалы, мәтінге бақылау сұрақтарын енгізу, кесте толтыру. Ол өндірістік оқу жағдайында кеңінен қолданады және еңбек өндірісін жоғарылатып технологиясын дұрыс табады, мамандықты тез игеруіне көмектеседі, өндірістік оқытуды шебер басқаруды жеңілдетеді. Өндіріс кәсіпорнында және шеберханалары да нұсқау материалдары оқылады. Білім алушылар шебердің көмегінсіз, инструкциямен жұмыс жасауға дағдыланады. Жазбаша нұсқаудың тиімділігі қандай жағдайда жоғарылайды. Егер дидактикалық талап бойынша дұрыс жауап берсе және өндірістік оқытуда басқа әдістермен сәйкес қолданылса. Өндірістік оқыту шебері жазбаша нұсқадан картотека, нұсқау түрін, тақырыбы бойынша бағдарлама, тақырыпты анықтау, жұмыс түрін, орындалу операциясы, жазба нұсқауларын құру, әр жаттығудың орындалу тәртібін анықтау, өңделу технологиясының түсінігі, жұмыс ережесі және жазба карта түрлерін анықтап жасауы тиіс. Жазба нұсқаулардың келесі түрлері ұсынылады: нұсқау (инструкциялық) картасы; технологиялық карта; инструкциялы-технологиялық карта; ақаудың болу себептері картасы; сабақта орындалатын тапсырма картасы; үй тапсырмасы; бақылау картасы; сапаны бақылау әдіс картасы; еңбекті ұйымдастыру картасы, еңбектің бөлу жұмысына арналған нұсқаутехнологиялық карта. Нұсқаудың ерекшелігі болып мыналар сипатталады: біріншіден, мазмұндарын толық игеріп алатындай және түсінікті болу, екіншіден, мазмұны ықшамдалған түрде. Нұсқау картада жұмыстың қандай да болсын түрінің бірізділік мазмұны, жаттығулары немесе негізгі көрсеткіштері мен анықтамаларды дұрыс сақтау міндеттері көрсетіледі. Инструкциялық карта мысал ретінде мынадай тақырыптар мен жаттығуларға құрылып жасалуы мүмкін: Мысалы, «Қол жұмысына арналған құрал-саймандар және оларды қолдану ережелері», «Инеге жіпті сабақтау», «Жұмыс орнында дұрыс отырғызу» (қолмен, машинамен) жұмыс істеу кезінде «Әмбебеп машиналарында үстіңгі және астыңғы жіпті сабақтау» (немесе басқа сынып машиналарында), «Өрт қауіпсіздік ережесі», «Өндірістік оқу шеберханаларында еңбек қауіпсіздік ережесі». Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар заманында кәсіптік мектеп Интернет жүйесін, электрондық пошта, ақпарат алмасу қызметтерін пайдаланады. Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын оқу үрдісінде пайдалану – оқушының шығармашылық, интеллектуалдық 59
қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде, білім сапасын арттыруда жақсы әсерін тигізеді. Сол себепті барлық кәсіптік мектептерді уақыт оздырмай соңғы, жаңа үлгідегі компьютерлермен және ақпараттық-коммуникативтік технологиялармен толық жабдықтау қажеттігі ақиқат. Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру Кәсіптік мектептердегі тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді. Тәрбие процесінің негізіне тұлғаның табиғатын, әлеуметтік мәнін, қоғамдық өмірдің объективтік қажеттілігін білдіретін заңдылықтар жатады. Тәрбиенің заңдылықтары: - баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл – табиғи заңдылық; - баланы өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи - қарым-қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы; - тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы; - тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы; - тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі; - қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш-қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс. Педагогика ғылымында тәрбиенің заңдылықтарын ашып көрсетуді негізгі міндет ретінде қарастырмайды, керісінше оның заңдылықтары негізінде қандай принциптерді қарастыру қажеттілігіне көптеп көңіл бөледі. Сол себептен де кейбір жағдайларда тәрбие принциптері оның заңдылықтары ретінде қарастырылады. Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан: - тәрбиенің мақсаттылығы; - тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы; - еңбек арқылы тәрбиелеу; - жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі; - балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу; - тәрбиенің жүйелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету; - жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу; - тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі. Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат – тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны 60
атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады. Тәрбиенің келесі принциптерінің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде, оларды өмірмен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру тәрбие мақсатының мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте кезден араластыру өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу, ел азаматтарына, еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік, ізгілік ниеттерінің орнығуына, қысқасы, «өмір мектебінің» баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр-сырымен танысуға мүмкіндік туғызады. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты - баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанмен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған – еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны саналы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білу принципінің көздейтін мақсаты: - оқушыларға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ережелерін саналы түрде меңгерту; - оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды; - мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды; - мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие - жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді; - оқушының мінез-құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді; - жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды; - сүйіспеншілік көрсетуді. Құрметтеу мен талап қоюшылықты бірыңғай атқару тәрбиенің ізгілік бағыты мен ынтымақтастық педагогикасының негізін қалайды. Өйткені, адамгершілік пен ынтымақтастық бала өмірінде үлкен маңызға ие болады. Тәрбие жұмысының табысты болуы, көбінесе әрбір жеке тұлғаның жас шамасына сәйкес өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуге байланысты. Әрбір жеке бала – дара тұлға. Оның түсінігі, сенімі, көзқарасы, ақыл-ойының деңгейі бірдей емес, соған орай мінез-құлық ерекшеліктері мен адамгершілік қасиеттерінің сапасы да әртүрлі. Сондықтан да тәрбие процесінде балалардың дара ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор. Тәрбиенің мазмұны мен амал тәсілдері де осы принципке тәуелді. 61
Қосымша А. Тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудің тағы бір шарты, тәрбие мазмұны мен тәрбиелік әрекеттерді баланың жас шамасына сай біртіндеп жүйелі жүргізуді талап етеді. Тәрбие процесінде тәрбиешілер тарапынан болатын ықпалдағы жүйесіздік, тәрбие мақсатына жетуге кепілдік бермейді, керісінше онда әртүрлі кездейсоқтыққа тап болуға итермелейді. Баланың түсінігіне, сана-сезіміне орай тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу, тәрбие салаларының тұтастығын қамтамасыз етуді қажет етеді, өйткені тәрбие міндеттерін шешуде атқарылатын шаралардың бір-бірімен сабақтастығы болуы тиіс, өткендегі тәрбиелік шаралардың мазмұны бүгінгі мен болашақта жоспарланған жұмыстармен үнемі сабақтас болуы осы принциптің міндеті. Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған «барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін» деген ұранмен еңбек етуге тиіс болды. Оқушының жеке басын ұжымды және ұжым арқылы тәрбиелеудің мәнісі – оқушылардың оқу, тәрбие және пайдалы еңбектегі бірлескен іс-әрекетінде олардың жауапкершілігі, белсенділігі артып, тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіншіліктер пайда болады, достығы жарасып, ізгілік қарым-қатынас орнайды, өзімшілдік жойылып, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыру моральдық нормаға айнала бермек. Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жасөспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды. Балаға дегенде қоғамның талаптарын жүзеге асыруда олардың әрекетінде ауызбіршілік, жүйелік болмаған жағдайда тәрбиелік шаралардың нәтижесі төмендейді. Баланың дүниетанымы отбасынан бастау алып, мектеп және ұстаздар тәрбиесімен жалғасып отырады. Сондықтан да балаға талап қойғанда бірліктің болмауы, тәрбиелік ықпалдың тұрақсыздығын туғызып, баланың мінез-құлқы мен адамгершілік бейнесіне жағымсыз көлеңке түсіреді. Кәсіптік мектептердегі тәрбиелеу принциптерінің ерекшеліктері Еліміздегі әрбір еңбеккер өз кәсібінің иесі, ол өмір сүру, жанұя берекесінің көзі болып, өзінің кәсіби біліктілігін, шеберлігін шыңдап, жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен меңгеріп, кәсіпкерлік пен бизнесті тиімді ұйымдастыра білуі қажет. Әрбір тәжірибеші педагог өз тәрбиеленушілері мен біртұтас педагогикалық мақсатқа лайықтылық принципін жүзеге асыруға әрекеттенуі керек. Осы принциппен мазмұндас – жалпы адамзаттық адамгершілік құндылықтар рухында тәрбиелеу принципі бүгінгі таңда алдыңғы орынға шығып отыр. Өйткені, қазіргі қоғамда түрлі топтардың жіктеліп, әртүрлі партиялар мен саяси қозғалыстардың белсенділік танытып отырғаны белгілі. Саясатқа араласу – әрбір азаматтың жеке ісі, мемлекет те кеңес дәуіріндегідей жеке жеткіншектердің саяси белсенділігіне тосқауыл болмауы 62
керек. Бұл жерде адамдарды жікке бөліп, алауыздық туғызатын іріткі саясат емес, қайта оларды біріктіретін, ұлттық идеологияларға жататын, соған бағытталған кешенді тәрбие жүйесі қажет-ақ. Қоғамды ізгілендіру принципінде тәрбиелеу жеке тұлғаның қызығушылығы мен ұжым арасындағы бірліктің ұйытқысы, одан барып адамның жеке қызметінің дамуы мен ұжымның тәрбиелік қызметіне ұштастыру идеясы басты орынға шығады. Қазіргі таңда педагогтар ғылымды игеруді өз бетінше дамыту, үйрену принципіне аса назар аударуда. Оқыту процесі кезінде алған білімдері негізінде жеке тұлғаның өз бетінше қызмет етіп, шешім шығара білу еркіндігі, шығармашылыққа жол ашады, өз бастамаларын аяғына дейін қандай тосқауыл болса да, өз ұжымы арқылы жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі туады. Бұл үшін ұлағатты ұстаздар, тәлімгерлер, жаңашыл педагогтар бастамасымен арнайы жүргізілген ұжымдық тәрбиелеу принципін негіз ұстаным ретінде мақсат етіп қою керек. Қорыта келе, қазіргі кәсіби педагогикада тәрбие принципінің негізгі бағыттары етіп мыналарды ұсынуға болады: 1. Тәрбиенің кәсіби бағытта жүргізілуі. Тәрбиенің барлық түрі, жүргізілетін іс-шаралар мазмұны жеке тұлғаның бойында болашақ кәсіп иесінің біліктілігі мен шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 2. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаның бойында адамгершілік қасиеттерді жинақтау (адамдық, тәртіптілік, кеңпейілділік, жауапкершілік). 3. Тәрбиені өмірмен және еңбекке байланыстыра беру принципі – оқушыны өмірге бейімдеу, шығармашылық қызметке дайындау сияқты негізгі міндетті қамтиды. 4. Жеке тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу. 5. Оқушының жеке тұлғалық қасиетін бағалай отырып, оны талап ете білушілікке тәрбиелеу. 6 Оқушының бойындағы жағымды қасиеттеріне негіздеп тәрбиелеу (сенім арту, өз бетінше шешім шығару, жақсы қасиеттерін дәріптеу). 7 Жас ерекшеліктері мен жеке қасиеттерін есепке ала отырып тәрбиелеу. 8. Тәрбие жұмысының үйлесімді, тұрақты және жоспарлы түрде жүргізілуі. Қосымша Ә. Барлық педагогке тән мына қағиданы әрқашан есте ұстау: «Ұстаз – ешқашан ренжуге тиіс емес». Егер ұстаз ренжіп, көңілі қалып, ашуланатын болса, ол өзін-өзі ұстай алмайды, басқара алмай қалуы мүмкін, оқушы ұжымы алдында дәрменсіздік танытуы мүмкін. Кәсіптік мектептердің оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру мақсатында қазіргі заманғы оқу-әдістемелік құралдармен, ғылыми-әдістемелік көмекші құралдармен, оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету, арнаулы пәндер бойынша қазақ тіліндегі әдебиеттердің тапшылығы байқалады. 3.2 Орта кәсіби білімнің құрылымы және мазмұны Орта кәсіби білім негізінен колледж, училище (лицей) болып бөлінеді. Білім беру жүйесін реформалауға байланысты 1989 жылдан бастап дәстүрлі кәсіптік-техникалық училищелер базасында - лицейлер, техникумдар базасында 63
- колледждер құрылды. "Білім туралы" Заңда "колледж дегеніміз орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлаудың білім беру бағдарламаларын асыратын оқу орны" - деп көрсетілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастауыш және орта арнаулы кәсіптік білім беру жіктеушісінде орта кәсіби және жоғары кәсіптік білім мамандықтарының саны мен сапасын айқындайтын құжатта білім беру жүйесі сатыларының сабақтастығын сақтауға айрықша мән берілген. Білім беру стандарттары мен типтік бағдарламаларда мамандардың колледждердегі алған кәсіби білімдерін жоғары оқу орнында бакалавриат білім беру жүйесінде сабақтастықта толықтыра түсуге мүмкіндік жасалған. Колледжді бітірушілер үшін мамандықтарына сәйкес жоғары оқу орындарында қысқартылған оқу формасы бойынша 3 жыл оқиды. 12 жылдық мектепті бітірген талапкер бастауыш білім беретін мектептер үшін мамандар дайындайтын педагогикалық колледждердегі оқу мерзімі 2 жыл деп белгіленіп отыр. Орта кәсіптік білім – білім беру жүйесіне қатысты мемлекеттік саясаттың ауқымды да маңызды бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және оның кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Олай болса, жалпы білім берумен қатар кәсіптік білім беру саласының алдында тұрған міндеттердің де аса ауқымды, сан-салалы, өте маңызды екені баршаға мәлім. Оған айғақ – Елбасының «2030 стратегиялық бағдарламасында» берілген нақты тапсырмалардың жартысына жуығының білім беру, жастар тәрбиесіне арналуы және 2000 жылдың 15 маусымындағы «Бастапқы және орта кәсіптік білімді одан әрі дамыту шаралары туралы» №721 Үкімет қаулысының қабылдануы болып отыр. 1991-2005 жылдар аралығында қоғамдық сұраныстың нәтижесінде лицей, колледждердегі білім беру екі тілде қазақ және орыс тілдерінде жүргізіле бастады. 1995 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім министрлігі арнаулы орта оқу-орындары жайлы жаңа Ережені бекітті. Ережеде арнаулы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжат дайындау және бекітуге тапсырма берілді. Сонымен қатар, арнайы оқу орындарына мемлекеттік білім стандарттары жасалды, көптеген жаңа мамандықтар және қосымша мамандандырулар енгізілді, компьютерлік ақпарттандыру, оқытудың инновациялық технологияларын қолдану, колледж-университет кешендерін құру, жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, қаржыландырудың жаңа жүйесіне көшу іске асырылды. Арнаулы орта кәсіби оқу орындарында білім мазмұны бәсекеге қабілетті кәсіби құзыреттілігін толық қамтамасыз ететін маман дайындау көзделді. 1995-2003 жылдар аралығында кәсіптік білім жүйесін дамытуға 64
байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Білім және ғылым министрлігі тарапынан аса маңызды құжаттар қабылданды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Кәсіптік бастауыш және орта білім мамандықтарының тізбесі" (11.01.2000 жыл, № 8 бұйрық), "Кәсіптік бастауыш және орта білім Мемлекеттік стандарттарын құрастыруға арналған әдістемелік құрал" (16.09.2002 жыл, № 675 бұйрық), "Кәсіптік бастауыш және орта білім Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының құрылымы мен мазмұны" Жалпы ереже (1.12.2000, бұйрық № 1191), "Кәсіптік бастауыш және орта білім жоспаларының типтік моделі" (16.09.2002, № 675 бұйрық), т.б. құжаттарды дайындап, бекітті. 82 мамандық бойынша кәсіптік бастауыш және орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары бекітілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 сәуірдегі № 409 қаулысымен бекітілген "Арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін жасап шығару" бағдарламасына сәйкес кәсіби білім беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер басылып шығарылды. Қазақстан Республикасы жағдайында кәсіби лицейлер мен орта буын мамандар дайындайтын оқу орындары бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында көптеген заң және заң актілерін дайындады, оқу орындарының жұмысын нарықтық экономика саласының талабына бейімдеуде сан алуан ұйымдық жұмыстарды іске асырды. Білім және ғылым, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, олардың облыстық, қалалық және аудандық ұйымдары сол заңдарды, қаулы-қараларды іске асыруда көптеген салалы ұйымдық, педагогикалық, әдістемелік жұмыстарды іске асырып келеді. Қазақстан Республикасы «Әлеуметтік серіктестік туралы» Заң қабылдады, оның негізгі бағыты оқудың сапасын арттыру, соның негізінде іскер де шебер, білікті маман дайындау. Міне, сол Заңға сәйкес жұмыс берушілермен, өндіріс орындарымен кәсіби оқу орындарының өзара қарым-қатынасы анықталған: - оқу және технологиялық практиканы өткізу; - өндіріс орнына экскурсия ұйымдастыру (өндіріс орындарындағы сабақ); - оқу кабинеттері мен зертханаларды жаңа құралдармен жасақтауға көмектесу; - өндіріс орындарының атынан болашақ мамандарды оқуға мақсаттық жолдамамен жіберу; - отандық және шетелдік жаңалықтар туралы ақпарат алмастыру; - өндіріс орындарының тапсырысымен диплом жобаларын іске асыру; - оқу орындарының арнайы пән оқытушылары мен оқу шеберлерін сынақ ісінен өткізу; - жұмысшыларды, басқа да мамандарды лицензиялық дайындаудан өткізу; - өндіріс орындарының жетекші мамандарына, студенттер мен оқушылардың диплом жұмысына басшылық жасауына қатыстыру; - үздік оқушыларды өндіріс орындары есебінен марапаттау; - қажетті жағдайда оқу жоспарына, пән стандарттарына өзгерістер енгізу; 65
- аталған бағыттар бойынша оқу процесіне араласу. Осы аталған жұмыс бағыттарының және салаларының әрқайсысы туралы жұмыс берушілер мен кәсіби оқу орны шартқа отырып, олардың орындалуы өндіріс орындарының кәсіподақ жиналыстарында және оқу орындарының педагогикалық кеңес мәжілістерінде үнемі талқыланып отырған. Екеуінің де ұстаған стратегиялық бағыты – «бүгін – біздің оқушыларымыз, ертең – біздің жұмыскеріміз». Жаңа еңбек нарығы жағдайында кәсіби оқу орындарын бітірушілерді талап ету негізінен дайындаудың сапасымен анықталады. Жұмысқа қабылдаудағы талап, бәсекеге қабілеттілігі – олардың өз мамандығын жетік білуі мен кәсіби біліктілігі, іскерлігі, шеберлігі, тұлғалық сапасы. Кәсіби оқу орындары ұжымдарының іс-әрекеті – оқу орындары түлектерін жұмыс берушілердің талап етуімен байланысты. Ал, маман жұмысшылар мен арнаулы орта білімді мамандарды оқу орындарында оқыту мен дайындау – оқу жоспары мен бағдарламаға негізделген бұл процестер егіз. Оларды білім және ғылым министрлігі дайындайды. Тәуелсіздік жылдарында кәсіби лицейлер мен колледждердің оқу жоспары бірнеше рет қайта қаралды, әсіресе 2001 жылдан бастап «Әлеуметтік серіктестік» Заңының өмірге енуімен, сөйтіп олардың жаңа моделі жасалынды, оларда кәсіби оқуға уақыт көп берілді. Оқу жоспарларына жаңа курстар енді. «Маркетинг және менеджмент негізі», «Экономикалық информатика және есептеу техникасы», «Бухгалтерлік есеп», «Іс қағазын жүргізу және қазіргі заманғы ұйымдық техника», «Жоспарлау экономикасы және шаруашылыққа қызмет көрсету». Жастарды кәсіптік мамандыққа үйретуге, оқытуға арналған кәсіптіктехникалық білім беру оқу орындарының шежіресін парақтар болсақ, саланың тарихы сонау 1929 жылдан бастау алады. Осы жылы Қазалыда темір жол училищесі – ЖУ, Арал қаласында – РУ, Қызылорда қаласында – ФЗУ ашылып, жас жұмысшы кадрларын дайындай бастады. Бұл оқу орындарына жылына 300350 оқушы-жастар оқуға қабылданатын. 1940 жылы 2 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің шешімімен жұмысшы кадрларын дайындайтын «Еңбек резервтері» жүйесі құрылды. 1960 жылдары облыс көлемінде 8 қалалық және селолық училищелер (ГПТУ, СПТУ) жұмыс істесе, ал 1985 жылы олардың саны 18-ге дейін жетті. 1995 жылдан бастап енген оқу жоспарларының лицейлер мен колледждер бойынша 4 моделі бар, оқу мерзімі 3 және 4 жылдық, оқу мерзімі 2,5 жылдық, лицейлер үшін оқу мерзімі 1,5 жылдық та жоспарлар бар. Токарь, трактористмашинист, сауыншы, тігінші, аспазшы, шаштараз, ал колледждер үшін экономист-бухгалтер, техник-технолог, автомеханик, агроном, ветеринар. 1996-1998 жылдары елімізде жүргізілген оңтайландыру науқанында Қызылорда облысы бойынша 5 кәсіптік-техникалық училище жабылып, таратылды. 1980-1985 жылдары Қызылорда облысында 18 кәсіптік-техникалық училищеде 12 мыңға жуық оқушы-жастар оқып, кәсіптік білім мен тәрбие алды. 66
Сол кезеңде «Әрбір пәнге – оқу кабинеті, әрбір мамандыққа – шеберхана» деген ұранмен жұмыс істеген инженер-педагогтар оқушы-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруде және білікті, шебер мамандар даярлауда елеулі жетістіктерге жетіп, жылма-жыл Одақтық, республикалық жоғары орындардың ауыспалы Қызыл туын жеңіп алып отырды. Мысалы, Қазалыдағы №70, 34 (қазіргі №5, 8 кәсіптік лицейлер), Сұлутөбедегі №120 (қазіргі №9), Жаңақорғандағы №187 (қазіргі №13), Қармақшыдағы №149 (қазіргі №12), Қызылорда қаласындағы бұрынғы №46, 128 кәсіптік-техникалық училищелер бірнеше дүркін Орталық кәсіподақ, комсомол комитеттерінің ауыспалы Қызыл туы мен арнаулы сыйлықтарын иеленді. №5 Қазалы теміржол мамандарын дайындайтын училище Ленин комсомолы сыйлығының иегері атанды. 1990 жылдарға дейін елді – мекендерден келген балалардың жатып оқуы үшін барлық кәсіптік лицейлердің жанында жатақханалар жұмыс істеді. Сол кездері Қазалыдағы №8, Қармақшыдағы №12, Тереңөзектегі №10, Тасбөгеттегі №12, Қызылордадағы №7 және №9, Шиелідегі №11 кәсіптік лицейлердің әрқайсысында 200-400 орынға дейін бейімделген, типтік жобада салынған жатақханалары болатын. Ал, қазір облыс көлемінде 7 кәсіптік лицейдің жанында ғана жатақхана бар. Олардың өзінде жатын орын саны 20-30-дан аспайды. Алыс ауыл, елді мекендерден келген балалардың жатын орын мәселесінің дұрыс шешілмеуі олардың қалыпты білім алуына әсер ететіндігі белгілі. Осы кезеңдегі кәсіптік-техникалық білім беру саласында көрсеткіштер артуының себебі – мемлекет осы саланы ерекше назарда ұстап кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базасының нығаюына қатты көңіл бөлді. Білікті жұмысшылар дайындаудың іргелі және қолданбалы зерттеулер негізінде ұсынылған тиімді әдістерін зерттеуді практикалық тұрғыда жүзеге асыру үшін алдыңғы қатарлы шығармашылық әдіспен жұмыс істейтін кәсіптіктехникалық мектептердің, лицейлердің, колледждердің педагогикалық ұйымдарында 1999 жылдан бастап кәсіптік білім институтының эксперимент алаңдары құрылды. Мұнда алаңдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 29 оқу орнында ұйымдастырылды. Мысалы, Алматы қаласындағы №18 кәсіптік мектепте дәстүрлі емес оқыту әдістері блокты-модульды оқыту жүйесі енгізіліп, оқытушылар оқушылар бойындағы кәсіби білім мен дағдыны қалыптастыру үшін мониторинг, деңгейлеп оқыту әдістерін тиімді пайдалана бастады. Алматы индустралды педагогикалық колледж базасында кәсіби білім мазмұнын кешенді дамыту мақсатында лицей-колледж-академия үздіксіз білім беру жүйесі енгізілді. Негізгі мектептің 9-сыныбын бітірген оқушылар лицейдің бастапқы сатысына қабылданып, 6 жылдан соң жоғары білімді маман дипломын алып шығатын болды. Үздіксіз білім беру жүйесі туралы Алматының №1 кәсіптік білім лицей, Петропавл қаласындағы педколледж, Қарағанды қаласындағы №3 кәсіптік лицей, Атырау қаласындағы №1 кәсіптік лицейде қалыптасты. Соңғы жылдары ауылдық жерлердегі кәсіптік-техникалық мектептерде 67
Алматы облысы №1 кәсіптік мектепте, Маңғыстау облысындағы №3 кәсіптік мектепте, Көкшетау облысындағы №4 кәсіптік мектепте оқытудың жаңа технологиясы енгізілді. Бұлар ауылдық жерлерде кадр дайындайтын оқу орны ғана емес, сонымен бірге мамандар дайындаудың сатылы оқу-әдістемелік орталығы, өндірістің жаңа технологиясын ендіру мен насихаттаудың ошағы болып отыр. Бірқатар эксперименттік оқу орындары, соның ішінде Алматы құрылыс және менеджмент колледжінде білім алушыларға барлық пәндер бойынша компьютерлік жаңа мультимедиалық бағдарламалар негізінде оқыту іске асырылды. Мамандар дайындауда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде бұл колледждер бағалы ғылыми -әдістемелік ұсыныстар жасады. Республикада 1995 - 2000 оқу жылдары аралығында кәсіптік оқыту жүйесін жетілдіруге байланысты 40-тан астам ғылыми теориялық, ғылымипрактикалық конференциялар өткізілді. Жұмысшы кадрларының сұранысы мен қажеттілігіне байланысты жыл сайын мемлекет тарапынан мол қаржы бөлініп отырды. Сол кезеңде Қызылорда облысында жаңадан типтік жобадағы 8 училище кәсіптік-техникалық ғимараты салынды. Әлемдік стандарттарға сай өнім өндіріп, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруді мақсат еткен, бәсекелестікке қабілетті, дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді басты бағдар етіп алған еліміздің экономикасын көтеруге, дамытуға үлес қосатын қазіргі оқушы-жастарды, болашақ мамандарды даярлау ісі – кезек күттірмейтін, уақыт оздырмайтын мәселе. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сыныпты бітіруші жастарының кәсіптік-техникалық лицейлерде оқуға, кәсіптік мамандық алуға деген ынталылығы арта түсті. Себебі, оқушы жастар мен ата-аналар кәсіптік мектеп базасында орта білім алуға және бір мезгілде 2-3 мамандықты қатар игеру мүмкіндігі бар екендігін түсіне бастады. Қызылорда облысы бойынша колледждер мен кәсіптік мектеп, лицейлерге көп көңіл бөліне бастады. Атап айтсақ, кейінгі 4 жылда республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Аралдағы №16, Қазалыдағы №5, Жаңақорғандағы №13 кәсіптік-техникалық лицейлерге құрылыс, ауыл шаруашылығы, балық өсіру саласы мамандықтарын оқып-үйретуге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Сол сияқты Қазалыдағы №8, Шиелідегі №11, Қызылорда қаласындағы №6, 7, 9 кәсіптік лицейлердің су, жылу жүйелерін жөндеуге, құрал-жабдықтар сатып алуға, оның ішінде жаңа үлгідегі компьютерлер, мультимедиа кабинеттері, интерактивті тақталар, оқу кабинеттері мен шеберхана, зертхана жабдықтарын алуға республикалық, облыстық бюджет есебінен қажетті қаржы бөліне бастады. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, жүзеге асырыла бастауы – кәсіптік-техникалық білім беру саласын дамыту бағытында колледждер мен кәсіптік лицейлерге мол сеніммен бірге үлкен міндеттер жүктейді. Осы орайда облыс бойынша да кәсіптік-техникалық 68
білім саласын дамытуға арналған арнайы бағдарлама қабылдануы қажет деген ойдамыз. Қызылорда облысы бойынша кәсіптік лицейлерде жұмыс істейтін инженер-педагогтар, қызметкерлердің жалпы саны – 746; оның ішінде: - Жалпы және арнаулы пәндердің оқытушылары – 380; - Өндірістік оқыту шеберлері – 366. 2008 жылы Қызылорда облысындағы барлық кәсіптік лицейлерді бітірушілерден 15 оқушы немесе 1,2 пайызы ғана үздік дипломға бітірген. 2008-2009 оқу жылында облыстың кәсіптік мектептерінде 38 мамандық бойынша 4893 оқушы білім мен тәрбие алды. Ал, облыстағы 13 кәсіптік лицейде 5 интерактивті тақта және 3 мультимедиалық оқу кабинеттері ғана бар. Қызылорда облысындағы 7 кәсіптік лицейде «Ауыл шаруашылық өндірісі шебері» (фермер) және «Ауыл шаруашылық техникалары мен жабдықтарын жөндеу және күту шебері» мамандары даярланады. Ал, олардың қазіргі өндірістік оқыту сабақтары мен тәжірибелік машықтандыруға пайдаланылып жүрген ауылшаруашылық техникалары әбден ескірген. Көп жылдардан бері кәсіптік лицейлерге бірде-бір ауыл шаруашылық техникалары сатып алынбаған. Осы мамандықтарда оқитын оқушылар ауыл шаруашылық техникаларын теориялық тұрғыдан ғана оқып-үйреніп қоймай, техниканы жүргізу, баптау, пайдалануды, жер жыртуды және технологиялық агротехникалық технологияларды меңгере отырып, егін егу, одан мол өнім алу жолдарын да үйренуі тиіс. Кәсіптік лицейлердің инженер-педагогтарының облыстық ассоциациясы құрылып, республикалық ассоциацияға мүшелікке өту үшін алғышарттар жасалынды. 2009 жылы қаңтар айында Қызылорда облысы әкімдігіне облыс бойынша кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің жай-күйі және саланы дамыту бағытындағы ұсыныс-пікірлер жайлы ұсыныс-хат берілді. Онда облыс кәсіптік лицейлерінің бүгінгі жағдайы жайлы жан-жақты талдау және саланың өзекті мәселелері мен оларды шешу бағытындағы ұсыныстар көрсетілген. Ұсыныспікірлер облыс әкімі тарапынан қолдау тауып, қазіргі таңда облыс көлемінде кәсіптік білім беру оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, саланы дамыту мақсатында оң жұмыстар жүргізілді. 2009 жылғы 27 наурыз күні ҚР Парламент Мәжілісінде «ҚР техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы» Парламенттік тыңдау өткізілді. Парламенттік тыңдауға дайындық барысында облыс бойынша осы саланың тәжірибелі, білікті мамандарынан құрылған жұмысшы тобы жан-жақты зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізді. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Парламенттік тыңдауға облыс көлеміндегі ТжКБ саласының проблемалық мәселелері және оларды шешу, саланы дамыту бағытындағы ұсыныс-пікірлер берілді. Елбасы Жолдауына және «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес облыс кәсіптік-техникалық оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлау, 69
мамандыққа үйрету үшін қысқа курстар ұйымдастыру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Осындай межелі міндеттердің үдерісінен шығу мақсатында Қызылорда облысы кәсіптік лицейлерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері тың серпінмен еңбек етіп келеді. Кәсіптік лицейлердің оқу-өндірістік және тәрбие беру үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, озық тәжірибелерді іс-тәжірибеде пайдалану және тарату жұмыстары жүйелі жүргізіле бастады. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім беру қызметінің барлық субъектілерінің (оқушы, педагог, ғалым, басқару саласының қызметкері) еңбегін ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Білім беру тиімділігін арттыру, оқу процесін жетілдіру, оқытудың жаңа түрлері, әдіс және құралдарын іздестіру ерте заманнан көптеген педагог мамандарды ойландырған мәселенің бірі болып отыр. Білім беру философиялық тұрғыда, мемлекеттік оқыту процесі мен жүйесін ұйымдастырған, бойында дербес сапа мен белгілі қасиеттері жинақталған тұлға қалыптастырудағы адам мен қоғамның, жалпы адамзат дамуының бір түрі ретінде қарастырылады. Кәсіби білім беретін арнаулы білім беру орындарындағы білім беру жүйесі мен оқу процесін, оқушылардың білім сапасын тұлғалық-бағытталған сипатта қарастыру жағдайында басқару, әртүрлі өлшем мен типтегі өзара байланысқан ақпараттар жинақталумен, оларды өңдеумен байланысты. Тиімді әкімшілік шешімдер қабылдау орасан зор ресурстар мен уақыт жұмсауды талап етеді. Сондықтан да кейбір уақыттарда, ақпараттың уақытылы, дәл, жылдам берілу қасиеттері жиі жоғалады. ҚР Президентінің 2008 жылдың 1 шілдедегі Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Осы бағдарлама негізінде қол жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан ісшараларға тоқатала кетсек. 2007 жылмен салыстырғанда республика бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі 3140 бірлікке көбейді. Жергілікті бюджеттен келесі аймақтарға қосымша құралдар бөлінді: Ақмола облысына – 110 орын, Алматы облысына – 201, Атырау облысына – 38 орын, Шығыс Қазақстан облысына – 268 орын, Қарағанды облысына – 175 орын, Қостанай облысына – 469 орын, Қызылорда облысына – 163 орын, Маңғыстау облысына – 437 орын, Павлодар облысына – 153 орын, Батыс Қазақстан облысына – 55 орын, Оңтүстік-Қазақстан облысына – 722 орын, Алматы қаласына – 310 орын, Астана қаласына – 67 орын. Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 18 маусымында №519 бұйрығымен «2008-2009 оқу жылдарына жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім, сонымен қатар техникалық және кәсіптік білімді мамандарды дайындауға байланысты мемлекеттік сұраныс көлемі 1645 орынды құрады, яғни 2007 жылмен салыстырғанда 310 орынға артты. Жергілікті бюджет есебінен 2008 жылы техникалық қызмет көрсету мамандарын дайындаудың мемлекеттік сұранысы 3140 орынға көбейді; оқу 70
ғимаратының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 2,4 млрд. теңге; 126 интерактивті құрылғы құрылды; 2,6 млрд. теңге көлемінде білім беру ордаларында кешенді жөңдеу жұмыстары жүргізілген. Кәсіптік лицейлердің оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, оқушылардың білім, біліктілік, шеберліктерін дамыту, даярланатын мамандардың сапасын арттыру – өзекті мәселе екендігі ақиқат. Техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдықтехникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 2005 жылы – 706949 мың теңге; 2006 жылы – 612218 мың теңге; ал 2008 жылы – 2102,8 млн. теңге қаражат бөлінді. Техникалық және кәсіби білімді дамыту бағдарламасы негізінде 20052009 жылдарға бөлінген қаржы көлемін келесі кестеден көре аламыз (1-кесте). 1-кесте. 2005-2009 жылдары техникалық және кәсіби білімді дамытуға бөлінген қаржы көрсеткіштері Жылдар 1 2005 2006 2007 2008 2009 (жоспар)
Техникалық және кәсіби білім беру бюджеті РБ ЖБ Барлығы 2 3 4 731597 1397701 2129298 492278 1110423 1602701 523473 2361217 2884690 1476668 4148337 5625005 12964815 6785300 19750115
2008 жылы мемлекеттік бағдарламаның қабылдануымен байланысты техникалық және кәсіптік білімді республикалық бюджет тарапынан қаржыландыру едәуір көбейіп отыр. Жалпы 220 мамандық пен кәсіп бар, сонда көп деңгейлі біліктілік жүйесі құрылды және 1281 біліктіліктің осы кәсіптік қауымдастықпен келісу арқылы оның бүкіл стандарттары жасалынды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптері мен мамандықтар тізбесі жасалынды және бірінші рет 72 мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты айқындалды. Техникалық және кәсіптік білім жүйесін реттеудің 25 нормативтік құқықтық құжаттары дайындалды. Мұның бәрі – біздің кәсіптік техникалық білім саласының мазмұндық жағын құрайтын үлкен бір бөлігі. 2006-2008 жылдар лицейлер мен колледждердің саны 787 болса, соңғы жылдары – 866. Ал енді оқушылардың саны 558 мың болса, соңғы жылдары 610 мыңға жетті. Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы 361 миллион болса, бүгінде 2 миллион 467 мыңға жетті. Сондай-ақ күрделі жөндеуде 429 миллион болса, соңғы жылдары 2 миллион 694-ке жеткен. Енді оқу орындарының жеке өздерінің өндіріс орындарымен қол қойған келісімдері 3,2 болса, қазір 8000-ға жетті. Мұның ішінде әсіресе мұғалімдердің білімдерін көтеруі, ол халықаралық жобалар негізінде 472-ге жетті. Мұның ішінде 110 мұғалім тек өткен жылдың ішінде Норвегия, Голландия, Корея, тағы 71
басқа елдерде білімін көтерді. Техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдықтехникалық базасы жыл сайын артуда. Сонымен қатар, компьютерлік аудиториялар, оқу-өндірістік және технологиялық құралдармен, дәнекерлеу құралдарымен, автомобильді техникамен, оқу аудиториясы мен зертханаларға қажетті жабдықтармен толықтырылды. Одан басқа, әлеуметтік әріптестік тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру саласының материалдықтехникалық базасы 360 млн.теңге көлемінде толықтырылды. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 40,0 мыңнан астам педагогикалық қызметкер жұмыс жасайды, соның ішінде 5384 өндірісті үйрету шеберлері, 33673 оқытушы (оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру саласында 5 жылдан астам еңбек өтілі бар 25,4 мың адам немесе 65%). Аймақ бойынша көрсеткіштерді төмендегі кестеде көрсетілген (2-кесте). 2-кесте. Техникалық және кәсіби білім жүйесін мамандармен қамтамасыз ету (адам) Облыстар
1 Ақмола обл. Ақтөбе обл. Алматы обл. Атырау обл. ШҚО обл. Жамбыл обл. БҚО обл. Қарағанды обл. Қостанай обл. Қызылорда обл. Маңғыстау обл. ОҚО обл. Павлодар обл. СҚО обл. Астана Алматы Республикалық колледждер Барлығы
2005ж.
2006ж.
2007ж.
2008ж.
КЛ 2 710 507 541 358 1025 426 731 1196 300 482 178 1182 785 559 156 720 0
Колл 3 978 1361 1505 606 2281 1407 973 2795 1428 843 652 2029 1710 755 817 3597 625
КЛ 4 808 598 914 426 1330 582 910 1403 459 630 213 881 864 585 205 864 0
Колл 5 1272 1575 1765 673 2749 1777 1022 2977 1578 1167 812 3774 1769 843 1058 3683 710
КЛ 6 689 517 619 344 1080 589 661 1179 506 566 206 1224 651 439 158 846 0
Колл 7 992 1440 1354 339 2093 1587 821 3753 1424 1089 938 4089 1332 627 955 3571 567
КЛ 8 627 538 702 367 1297 615 700 974 482 712 184 1368 682 450 170 610 0
Колл 9 1030 1571 1611 694 2386 1740 1103 3326 1417 1312 896 4322 1504 806 1198 3203 460
9856
24362
11559
29204
10274
28451
10478
28579
72
Техникалық және кәсіптік білім беру орындарында ауылдық жерлерде 4866 педагогикалық маман, оның ішінде 3501 жоғары білімді, ал 1331 арнайы орта білімі бар мамандар жұмыс атқарады. Жалпы республикалық көлемде 82 ғылым докторы, 513 ғылым кандидаты жұмыс істейді. 2005 жылмен салыстырғанда техникалық және кәсіби білім беру саласының жүйесі үлкейгеннен бері онда жұмыс жасайтын педагог мамандардың саны да 4839 адамға немесе 12,4%, өндірісті үйрету шеберлері 758 адамға, оқытушылар 4081 адамға көбейді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2008 жылғы үшінші кварталға берген мәліметі бойынша орта кәсіби білім беру орындарын бітіргендердің ішінде жұмыссыздар 124,1 мың адамды құраған (23%). ҚР Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің ақпараттары бойынша кәсіби білім беру орындарының 960 адам колледж және 3,2 мың адам училище түлегі жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеу барысында жүгінген. 2008 жылдың 1 қазанында 12,5 мың 16-24 жас аралығындағы азаматтар, соның ішінде 1,1 мыңы кәсіби білім беру орындарының түлектері тізімде тұрған. Осындай жастар арасындағы, жалпы жұмыссыздықты жою барысында мемлекет тарапынан көптеген шаралар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, кіші бизнесті дамыту барысында мамандарды дайындау және қайта мамандандыру, кәсіпкерлік ісіне кәсіби оқыту шаралары жүргізілуде. Олардан басқа да техникалық және кәсіби білім беру орындары курстық дайындықтар мен жұмыссыздарды еңбек нарығының сұранысына сай қайта дайындықтан өткізу жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, аймақтарда техникалық және кәсіби білім беру орындарымен бірге, жұмыспен қамту органдары, кіші және ірі бизнесті қолдау орталықтары мен жұмыс берушілермен бірге отырып, алғашқы еңбек тәжірибесін алуға, жұмыспен қамтуға және оқу орнын бітірген жұмыссыз жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы құрылған. ҚР Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің ақпараттары бойынша «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына 918 бітіруші түлек қатысып, оның 376 жұмыспен қамтылған (пайызға шаққанда 41% құрады). Соның ішінде 2008 жылы техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері 45,4 мың болса, оның жұмыспен қамтылған 5,5 мың адамды құрады. Олардың кәсіби мектептер мен кәсіби лицейді бітіргендер 626 адам, колледж бен училище бітіргендері 2 мың адам болып отыр. Жұмыс берушілермен бірге отырып жыл сайын «мамандықтар жәрмеңкесі» жүргізіліп отырады. Оқу орындары 8 мыңнан астам кәсіпорындар мен компаниялармен бітірушілерді өндірістік тәжірибеден өткізуге және жұмыспен қамтуға байланысты келісімге қол қойылған. Статистика агенттігінің ақпараты бойынша техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері басқа оқу орындарының түлектерінің жұмыспен 73
қамтылуына қарағанда жоғары пайызға (68-70%) ие болып отырғандығын көрсетеді. 2008 жылдың үшінші кварталында республика экономикасында 7,9 млн. адам жұмысбасты болды, яғни халықтың экономикалық белсенді бөлігінің жұмысбастылық деңгейі 93,6 пайызды құрады. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар 5,2 млн. адам немесе 66,1%. Жұмысбастыларды 15-24 жас аралығындағы 15,2% жастар құрады. Әрбір төртінші адам жоғары және орта кәсіби, әрбір үшіншісі жалпы орта білімді болды. Экономикадағы жұмысбастылардың 1,2 млн. 16-24 жастар құрады. Сонымен бірге, жастардың көпшілігі ауылдық және орман шаруашылықтарымен – 479,3 мың, саудасаттықта 214,9 мың, құрылыста – 93,2 мың, көлік және байланыста – 65,6 мың, өңдеуші өндірісте – 64,8 мың, білім саласында – 64,6 мың, жылжымайтын мүлікпен жұмыс саласында – 58,0 мың адам жұмыс атқарған. Бүгінгі күні Қазақстандық қоғамды толғандыратын маңызды проблемалардың бірі нарықтық қатынас жағдайында білімді дамыту, Қазақстан білімін халықаралық білім кеңістігінде интеграциялау проблемалары болып табылады. Бастауыш және орта буынды мамандарды жасақтаудың негізі ретінде орта және кіші бизнесті әрі қарай дамыту жөніндегі мемлекет алдында тұрған нақты міндетті нарықтық экономика жағдайында шешу бастауыш және орта кәсіптік білімге жүктелген. Колледж түлектері тек қана практикалық дағдыларды игерген жағдайда және нақты мамандықты меңгергенде ғана еңбек салаларына қажет. Кәсіптік лицейлерде жұмыс істейтін инженер-педагогтар мен өндірістік оқыту шеберлерінің білімдерін жетілдіру және біліктіліктерін арттыру деңгейлерін көтеру қажет. Мысалы, облыстағы барлық 380 инженер-педагогтың соңғы 5 жыл көлемінде 152-і курстан өтпеген, 72-і бұдан 5-10 жыл бұрын өз білімдерін жетілдірген. Өндірістік оқу шеберлерінің 138-і соңғы 5 жыл ішінде курстардан өтпеген. 78 оқу шебері 5-10 жыл бұрын өз білімдерін жетілдірген. Бүгінгі таңда өз білімдерін жетілдіруге, біліктілік арттыру курстарынан өтуге тиісті инженер-педагогтар мен өндірістік оқу шеберлерінің жалпы саны – 402, яғни 53,9 пайызды құрайды. Облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін, құзырлығын арттыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Облыс көлемінде арнаулы пәндер мен өндірістік оқу шеберлерінің өз мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіру, біліктіліктерін арттыру мәселесін шешу қажет. Өндіріске жаңа мамандар қажет. Бастауыш және орта кәсіптік оқу орындарының материалдық-техникалық базалары жаңартылмайды десе де болады. Әлі де жұмыс істеуге жарайтын, бірақ заман талабына сай келмейтін техниканы пайдалана отырып оқушыларды оқыту мамандар дайындаудың қажетті сапа деңгейін бере алмайды және жұмыс берушілердің кәсіптік 74
мектептер мен колледж бітірушілеріне сұранысын төмендетеді. Сондықтан кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар дайындау ісіндегі белсенділігін қайта қалпына келтіру, кәсіпкерлерді оқу орындарымен ынтымақтастыруға ынталандыру керек. Тек сонда ғана біздің түлектеріміздің еңбек биржасында қажеттілігі артады. Өйткені қазіргі кезеңдегі еңбек нарығы дайындалып жатқан жұмысшы мамандарға жоғары талап қойып жатқанын бәріміз білеміз. Техникалық және кәсіптік білім жүйесінің негізгі көрсеткіштері Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім жүйесінде 894 оқу орындары (325 кәсіптік лицей, 569 колледж) жұмыс жасауда, онда 603,8 мың адам 185 мамандық бойынша оқуда. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім жүйесі 12 бірлікке өскен. 2010 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарының контингенті 603, 8 мың адам, ол 2009 жылмен салыстырғанда 0,9%- ға кем (2009 ж. – 609,0 мың адам), оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысымен 236,6 мың адам. 2010 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарына қабылданғандар саны 216,9 мың адамды құраса, ол 2009 жылмен салыстырғанда 2,2 %- ға артық (2009 ж. – 212,2 мың адам), оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысымен 90,6 мың адам. 2010 жылы техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітірушілер саны 191,2 мың жас маманды құраса, ол 2009 жылмен салыстырғанда 8 %-ға артық (2009 ж. – 176,0 мың адам), оның ішінде мемлекеттік білім тапсырысымен 64,6 мың адам. Облыстық, Алматы және Астана қалалық білім басқармаларының мәліметтері бойынша техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіргендерден 96570 адам жұмысқа орналасқан, 61,4 %. Жоғары оқу орындары мен колледждерге оқуға түскендері 34119 адамды құрады (35,3%). Педагогикалық, әкімшілік және инженерлік-техникалық кадрларды жаңа АҚТ саласында дайындау және қайта даярлау. 2007 жылғы қыркүйек айынан бастап «Ақпараттық технологиялар орталығы» базасында облыстың педагог кадрларын оқу-тәрбие үдерісінде интерактивті жабдықтарды қолдану жөнінде оқыту үздіксіз жүргізілуде, сондай-ақ жергілікті жерде оқыту сапасын арттыру үшін көшпелі оқыту семинарлары да ұйымдастырылған. 100-ден астам семинар және 2865 мұғалім, оның ішінде 1140 қазақ тілінде және 1725 орыс тілінде оқудан өтті. Сонымен қатар, демалыс уақытында орталықпен педагогтарға және инженерлік-техникалық қызметкерлерге арналған «Компьютерлік және мультимедиалық кабинеттерді реттеу», «Қашықтан оқыту қағидаттарының құрылуы», «Дистанциялық курстарды әзірлеу ортасы», «Мектеп сайтының құрылуы – сценарий, әзірлемелер, жарияланым», «Web-бағдарламалаудың негіздері» тақырыптары бойынша оқыту семинарлары өткізілді, оған 135-тен астам адам қатысты. Барлық деңгейдегі білім беретін мекемелер оқытушыларының әдістемелік қолдау жүйесін құру, жаңа АҚТ саласында педагогикалық, әкімшілік және инженерлік-техникалық кадрларды дайындау және қайта даярлауды жүргізу. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, білім берудің сапасы туралы ақпаратқа негізделген білім беру статистикасының жетілдірілуі Қазақстан 75
Республикасында білім берудің жаңа мониторинг жүйесін құруға мүмкіндік береді. Лицей мен колледж оқу орындарының сандары жыл сайын өскендігі мәлімделді. Осы оқу орындарын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы жоғары пайызды құрайды. Сонымен, лицей мен колледждің білім алушыларының білімі мен кәсіби сапасының жетілгендігі байқалады. 3.3 Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының құрылымынауниверситет, академия, институт, оларға теңестірілетін консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище кіреді. Жоғары ұлттық білім беру жүйесінің қызметі Қазақстанның жедел қарқынды және демократиялық жолмен дамуын, оның өркендеуіне және әлемдік қауымдастық биіктігінен көріне білетін, XXI ғасырдың жаңа талаптарын нәтижелі шешетін азамат тәрбиелеу болып табылады. Педагогика және психология сөздіктерінде "Академия – жоғары кәсіптік білім мен жоғары оқу орнынан кейін кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; өндірістік, ғылыми және ғылымипедагогикалық қызметтің белгілі бір саласы үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; ғылымның немесе мәдениеттің көбінесе бір саласында ғылыми зерттеулерді орындайтын жоғары оқу орны; Институт – кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын жоғары оқу орны; Университет – мамандықтардың кең ауқымы бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын; жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды, ғылыми және ғылымипедагог қызметкерлерді қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын; іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін; өзінің қызмет саласында жетекші ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын көп салалы жоғары оқу орны" деп анықтама берілген. Жоғары оқу орындарындағы білім беру Қазақстан Рсспубликасы мемлекеттік жіктеушісіне, білім стандарттарына және типтік бағдарламаларға сәйкес іске асырылады. Жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік білім беру стандарттары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес жеке мамандықтар бойынша дайындалады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жіктеушісі жоғары оқу орындарында берілетін мамандықтардың саны мен сапасын анықтайды. 2003 жылдан бастап оқытудың жинақтаушы кредиттік жүйесіне негізделген кадрларды даярлаудың біртұтас үш сатылы моделін іске асыруға байланысты бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша білім берудің жіктеушісі айқындалып, бекітілді. Жоғары білім жіктеушісіне сәйкес Қазақстанда педагогикалық (мұғалімдік) мамандықтар бойынша дәстүрлі оқыту түрі 030000 - педагогикалық 19 мамандық дайындалса, кредиттік оқыту жүйесі 050000 - білім бағыты бойынша 22 мамандық дайындалады. Жоғары білім жүйесінің кредиттік оқыту жүйесіне көшуге 76
байланысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 380 бұйрығына сәйкес стандарттар қайта дайындалды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқасында алғаш рет студенттердің білім сапасын айқындауға негізделген "Студенттерді аттестаттауға байланысты тестілеуді енгізу" туралы шешім қабылданды. Студенттердің білімін тест арқылы айқындауға байланысты Ереже дайындалды. Жоғары оқу орындарында әр пән бойынша қамтылған сағаттық жүктемелерге 100-500 аралығында тест тапсырмалары дайындалды. Студенттердің білім деңгейі осы тесттер бойынша студенттердің білім сапалары ағымдық, аралық бақылаулар өткізу және емтихан алу арқылы айқындалады. 2003 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен білім беру ұйымдарына тәуелсіз бақылау жүргізілді. Жоғары оқу орындарының 2(3) – курс студенттердің білім сапасын айқындауға байланысты аралық мемлекеттік бақылау енгізілді. Аралық мемлекеттік бақылау арқылы ұйымдастырылған студенттердің білім сапасына деген қатаң талап олардың білімге деген құлшыныстарына үлкен серпіліс берді. Қазақстан Республикасы Президентінің қолдауымен 1993 жылдан бастап республика жастарын әлемдік білім кеңістігіндегі болып жатқан ғылымды меңгеруге байланысты іргелі іс-шаралар жүргізілді. Осы мәселе бойынша "Шет елде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгілеу туралы" 1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы жарияланды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларына үміткерлерді іріктеу және оны тағайындаудың Ережесі дайындалып, сол бойынша Қазақстандық жастар алыс және жақын шет елдерде жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім алуларына жағдайлар жасалды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Техникалық және кәсіптік білім мақсаты: Қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу.Ал, қазіргі күні жоғары кәсіптік білім беру саласын модернизациялау кредиттік жүйені енгізумен тікелей байланысты. Қазақстанда бұл жүйені енгізу ұлттық білім беру жүйелерін реформалаудағы дүниежүзілік тенденциялармен, сондай-ақ ҚР жоғары оқу орындары дипломдарының әлемдік білім беру кеңістігінде еркін қабылдануына деген жағдайлар, алғышарттар жасау қажеттіліктерімен түсіндіріледі. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде: Кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады. Осы орайда жоғары педагогикалық білім беру (ұзақтығы 4 жыл) – педагогикалық білім беру кредиттік технологиямен оқытылып, арнайы пәннен 77
дипломдық жұмыс (факультеттік бейімділігіне сәйкес) қорғалады немесе мемлекеттік емтихан тапсырумен аяқталады «Педагогика», «Арнайы пәннің оқытылу әдістемесінен», «Қазақстан тарихынан» мемлекеттік емтихан тапсырады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін студент мұғалім мамандығымен бірге «бакалавр» дипломын алады. Еліміз жоғары оқу орындарының еуропалық білім кеңістігіне енуінің дәлелі ретінде Болон декларациясына қосылу аясында біздің оқу орындарында білім беру үдерісіне түбегейлі өзгерістер еніп, мамандар даярлау ісінде біршама жаңалықтар болды. Оның ішіндегі ең маңыздысы – ЖОО-дағы білім берудің Болон үдерісі стандарттарына сай құрылуы, яғни оқытудың кредиттік жүйесіне көшірілуі, соған сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың бакалавриат – магистратура – PhD докторантура бағдарламалары бойынша үш сатылы моделін қалыптастыруға ұмтылу. 1999 жылғы 19 маусымда 29 елдің білім министрлері қол қойған Болон келісімі бірыңғай европалық жүйедегі білім беру кеңістігін құруды міндеттеді. Бұл міндет келісім мүшелерінің бәріне түсінікті және бәрі мойындайтындай квалификациялық стандарттар қабылданған жағдайда ғана іске аспақшы. Мамандарды дайындау мазмұнына қойылатын талаптарды қайта қарау, ең алдымен ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында пайда болған жаңаша тенденциялармен: жоғары оқу орындарында оқу мерзімін қысқарту және жоғары білімнің еңбек рыногы сұранысына жауап беруі қажеттілігінен туындаған көпдеңгейлі оқыту бағдарламасын енгізумен байланысты. Халықаралық білім беру кеңістігінде жоғары білім саласында кредиттік технология бойынша оқытудың төрт негізгі жүйесі бар. Олар: европалық жүйе – ESTS, америкалық жүйе – USCS, британдық жүйе – CATS, Азия мемлекеттерінде және тынық мұхиты аймағында қолданылатын жүйе – UCTS. Қазақстан осылардың ішіндегі европалық жүйеге (ESTS) бағыт ұстауда. Дүние жүзінде бұл жүйе бойынша 1200 елде университеттік жоғары білім беру іске асырылуда. Енді осы білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсатына келер болсақ, олар төмендегідей: - Жоғары білім алуға мүмкіндіктің шарты ретінде мектепте 12-13 жылдық оқыту жүйесіне көшу; - Оқу мерзімі 4 жыл және біліктілік деңгейі еңбек рыногы талаптарын қанағаттандыратын, сондай-ақ әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарамды «бакалавр» дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру; - «Магистр» және доктор дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру; - Барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credit Transfer System (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талаптарына сай бірыңғай жүйені енгізу. Кредиттік жүйенің артықшылық жақтары (студенттің өзіндік жұмысы рөлінің күшеюі, оқытудың сапасын күшейтуге деген талаптар, қашықтықтан білім беруді дамыту) білім берудің ашық жүйесін құру міндеттерін шешуге 78
мүмкіндік береді. Білім берудің жаңа типі ашық білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияларды қажет ететін ақпараттық технологиялар арқылы іске асады. Жаңа ақпараттық-педагогикалық технологиялар ақпараттардың білімге айналуы процесінің сапасын қамтамасыз етеді. Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік стандарттар деңгейіне қосу талаптары мынадай қадамдардан тұрады: - Білім берудің қазақстандық моделін құру; - Білім беру жүйесін Лиссабон конвенциясының (1997) және Болон декларациясының ережелеріне сәйкестендіру; - Қазақстандық білім берудің жаңа моделінің негізіне ҚР «Білім туралы» Заңы, «Европа аймағында жоғары білімге жататын квалификацияларды мойындау туралы», «Конвенцияны ратификациялау туралы» тұжырымдамалар алынады. Білім берудің ашық жүйесін құру кредиттік технология енгізілуі нәтижесінде мүмкін болатын конкурентке жарамдылықпен айқындалады. Бұған білім беру стандарттары мен жоғары ғылыми-педагогикалық білімі бар маманның квалификациялық мінездемесінің унификациялануы, оқытудың интеграцияланған бағдарламаларының енгізілуі және студенттер үлгерімінің сынақтық (зачет) бірліктер жүйесіне эквиваленттілігі тиісінше ықпал етеді. Ашық білім беру жүйесін құрудың перспективалары төмендегідей приоритетті бағыттардың орындалуымен байланысты: - Оқыту технологияларындағы айырмашылықтарды жою; - Білім беру стандарттарының бірегейлілігі мен халықаралық нормаларға сәйкестігі; - Халықаралық үлгідегі дипломдардың жарамдылығы; - Жарамды дипломдармен қамтамасыз ете алатын жоғары оқу орындарының дәрежелік тұрғыдан нығаюы; - Білім берушілік қызметтер сферасының кеңейтілуі; - Магистрлерге деген әлеуметтік сұраныстың күшеюі; - ҚР-дің әдемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануы. Халықаралық ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және жоғары кәсіптік білімнен кейінгі білім берудің кредиттік технологиясы негізінде үш деңгейлі (бакалавр, магистр және доктор) академиялық дәрежелер енгізіледі деп жоғарыда айттық. Бакалавриаттың толық курсын бітіру үшін студент теориялық оқытуда 128-ден кем емес кредит жинауы тиіс, оның 61-81 кредиті міндетті, ал 41-61-і - студенттің таңдауы бойынша берілетін кредиттер. Бір оқу жылында студенттің игеретін білім көлемі 32 кредиттен аспауы керек. Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу жұмыс жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты оқытылатын пәндердің үш тобын қарастырады: 1) А тобына міндетті және жүйелі түрде оқытылатын пәндер жатады; 2) В тобына міндетті түрде оқытылатын пәндер кіреді, бірақ мұнда белгілі бір жүйені ұстану міндетті емес; 3) С тобына кез келген 79
академиялық этап барысында студенттің қалауы бойынша өттілетін пәндер енгізіледі. Кредиттік оқыту технологиясы: - Еңбек рыногы сұраныстарына бағыт ала отырып академиялық бағдарламаларды қозғалмалы етіп жоспарлауға; - Егер студентте өз дайындығының бағытын түзету қажеттілігі туындаған жағдайда бағдарламаларды біріктіруге; - Студент бір жоғары оқу орнынан екіншісіне немесе басқа мамандыққа ауысқан жағдайда осы уақытқа дейінгі оқу көлемінің академиялық тұрғыдан мойындалуын іске асыру; - Керек болған жағдайда білім алуды кезең-кезеңімен, яғни уақыт аралық үзілістермен іске асыруға (студентте материалдық тұрғыдағы немесе уақыт тапшылығы қиындықтары болған жағдайда) мүмкіндік береді. Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі – студенттің өзіндік жеке, өзіне мейлінше ыңғайлы оқу жоспарын құра алатындығында. Студенттің оқу жоспары дегеніміз – эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша өзіндік білім траекториясын айқындауы. Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының немесе кафедра меңгерушісінің қолымен бекітіледі. Жоғары және жоғары кәсіптік білім берудің оқу мазмұны мемлекеттік білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады. Оқу жоспарлары үш түрлі формада жасалады: 1) типтік оқу бағдарламасы; 2) оқу жұмыс бағдарламасы; 3) жеке оқу жоспары. Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетінше дамуына жағдай жасау. Студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуға және білімін жетілдіруге деген қабілетін дамыту мақсатында оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асырылады: - Оқытушының студентпен жұмысы; - Студенттің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ); - Студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ); - Қосымша материалдарды меңгеруге бағытталған; - Оқу графигіне және студенттің апталық жүктемесіне енеді; - Формалары: консультация; интерактивтік сабақтар; үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру; курстық жұмыстар, реферат, эссе. Жоғары педагогикалық білім алғандығын куәландыратын белгілі үлгідегі бакалавр дипломы бітіруші түлекке білім беру магистры дәрежесі алу үшін біржылдық магистратураға түсуге мүмкіндік береді. Үздік диплом алған бакалавр студент магистратурада оқуын жалғастыруға құқығы бар. Жоғары педагогикалық білімі барлар кәсіби ісәрекеттің жаңа түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өндіріс жағдайымен байланысты қосымша мамандық бойынша білім алуға, сонымен қатар ерекше білім алуды қажет ететін балалармен жұмыс жасауға құқылы. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үздіксіз педагогикалық білім 80
берудің жоғары деңгейі болып табылады және оған магистратура мен докторантура кіреді. Магистратурада мамандарды дайындау екі бағытта әзірленеді: 1. Мамандарды даярлауда орта және жоғары мектептің педагогикасының кәсіби шеберлігін тереңдету, сонымен қатар білім менеджменті мен әлеуметтік педагогика (білім беру менеджерін дайындау) оқу мерзімі 1 жыл. 2. Осы бағыттағы ғылыми-педагогикалық дайындау оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттарын тереңдетумен байланысты, оқу мерзімі 2 жыл. Сонымен қатар, магистратура жоғары оқу орнындағы 2 жылдық практикамен үзіліссіз өткізілуі қарастырылады. Магистартураны бітірушілерге академиялық дәреже беріледі: білім магистры – бір жылдық кәсіби дайындықтан кейін; ғылым магистрі – екі жылдық ғылыми-педагогикалық дайындықтан кейін педагогикалық мамандыққа магистрлерді дайындау тек жоғары оқу орнына тәуелді. Магистатураны, докторантураны бітірушілерге, жоғары оқу орындарында педагогикалық іс-әрекетін жалғастыруға құқық беріледі. Білім магистрі мен ғылым магистрі ғылыми дәрежесі барларға жұмысқа орналасу барысында бакалаврдан ерекшелігі оларға сараланған жоғары еңбекақы төлеуі қарастырылады. Магистратурадан кейін докторантураға түсу үшін білім саласында ең кемі 2 жыл педагогикалық стаж болуы қажет (мектепте немесе жоғары оқу орнында). Екіжылдық ғылыми-педагогикалық магистратураны үздік бітірушілер ғана институттың Ғылыми кеңесінің ұсынысымен докторантураға түсуге болады. Докторантура – педагогикалық білім жүйесін бітіргеннен кейінгі берілетін соңғы білім дәрежесі. Докторантураның мақсаты – жоғары маман иесі педагогика, педагогика мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлау. Докторанттардың оқу мерзімі профильдік магистратураны бітірушілер үшін – 4 жыл, ғылыми педагогикалық магистратура – 3 жыл. Докторантураның бағдарламасын педагогикадан меңгергендер және докторлық диссертация қорғағандарға философияның докторы дәрежесі докторлық бағдарламаны меңгеріп, өзінің профильдік мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған жағдайда ғана беріледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі үздіксіз білім беру педагогикалық кадрлардың білімін жетілдіру және қайта дайындау жүйесінде жүзеге асады. Білім жетілдіру – қосымша кәсіби білімнің түрі, бұрынғы алған кәсіби білімнің дәрежесін жаңарту және тереңдету, жұмыскердің іскерлік сапасын жетілдіру, мамандықтың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыру оның білімінің қажеттілігіне сай. Қазіргі кәсіптік білімді жетілдіру – оқу орындарының бірлігі, бөлімдері, басқару жүйесі ғылыми-зерттеу орындарының ұйымдастырушылық құқықтық, ақпараттық қызмет, қосымша кәсіби-білімдік бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе мынадай ұйымдастырылған формада жүргізіледі: мұғалімдердің 81
өздігінен білім алуы, әдістемелік бірлестік, кафедра, білім беру мекемелерінің орталығы, бір реттік, циклдың формалары (курстар, семинар, конференция); институт жүйесінде білімді жетілдіру және қайта дайындау, университеттегі жоғары мектептің мұғалімдерінің білімін жетілдіру орталықтарында. Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет. Оның жолдары субъективтік принципті басшылыққа алу, білім жүйесінің өзгермелі талабын ескеру. Мұғалімнің кәсіби іс-әректі білім беру жүйесіндегі өзгерістерді есепке алу икемді, вариативті сабақтастық және келісімділік білім көтеру формасы субъективті бағдарлы принципте құрылады. Мұғалім категорияларын жоғарылату үшін аталған білім беру мекемелерінде біліктілігін жетілдіру міндетті шарт болып табылады. Мектеп қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарлату жүйесі, жоғары мектептің оқытушылары үшін – педагогикалық кадрларды дайындайтын педагогикалық университеттер мен институттардың жанынан ашылған біліктілігін жетілдіру орталықтарында және сонымен бірге іс-әрекет саласында кәсіби бейімделу орталықтарында, педагогикалық кадрлар дайындауда тәжірибесі мол институттарда жүзеге асырылады (екі, үш, төрт айлық және бір жылдық ғылыми сынақ мерзімі). Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің ерекшелігі көп қырлы, көп сатылы, тігінен альтернативті, көлденеңінен динамикалық икемділік пен әмбебап. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және тұлғаның білім траекториясын еркін сақтап қалу, нарықтық білім беру субъектісі ретінде кадрларды даярлауда үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім. Республика азаматтарға аспирантураларда, докторантураларда оқып, ғылым кандидаттары мен докторлары дәрежелерін, доцент пен профессор атақтарын алуға мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру. Жұмысшылар мен мамандардың басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау арнаулы білім беру мекемелерінде, кәсіпорындарында, ғылым мен оқу орталықтарында ұйымдастырылады. Қосымша білім беру үшін дене шынықтыру – сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және басқа бағыттағы мекемелер жүйесі құрылады. Оларды Білім министрлігі және жергілікті өкімет басқару органдары бекітеді. Сонымен, білім мен тәрбие беру – бұл республика азаматтарының құзыретін және адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық процесс. Қазақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздың ұлттық дәстүр салтына, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады. 82
Республикада «Білім туралы» Заңды жүзеге асырудың маңызды жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін тәлім-тәрбие ісіне даярлау. Бұл бағыттағы басты мақсат – оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Мамандардың кәсіби білімін көтеру. Жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мамандардың кәсіби білімін көтеру институттарындағы педагогикалық дайындық және білімін қайта жетілдіру қосымша кәсіптік білім беруге жатады. Ол алған кәсіби білімдерін әрі қарата дамыту және жетілдіру, білім беру үдерісінде меңгеруге бағыттала ұйымдастырылады. Қосымша кәсіптік білімді іске асыруда білім беру мекемелері, әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық формалары, басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері, ақпарат қызметтері өзара бірлікте жұмыс атқарады. Бұл жүйе төмендегі ұйымдастыру түрінде іске асады: мұғалімнің өздігінен білімін көтеру, әдістемелік бірлестіктер, кафедралар, білім беру орталықтары, курстар, семинарлар, конференциялар, мұғалімнің білімін жетілдіру және қайта даярлау мекемелері, жоғары оқу орындарындағы қайта даярлау орталығы. Республикада кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау республикалық, облыстық, қалалық білім жетілдіру институттарында жүзеге асырылады. Нарықтық білім жүйесіне көшуге байланысты әр мұғалім өзінің кәсіби өсуінің стратегиялық бағдарламасын айқындау арқылы білімін жетілдіру бірінші кезекке қойылуы керек.
83
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: 2008. - 44 б. 2 Қозыбай А. Топ жетекшісі (өндірістік оқыту шебері): Оқу құралы А. Қозыбай, Н. Жексенбиева, К. Өстеміров. - Астана: Фолиант, 2010. - 160 б. 3 Жеңіс Әбиев. Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздері /әдістемелік нұсқау. Республикалық баспа кабинеті – Алматы, 1997ж. – 166 б. 4 Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических вузов / Под ред. В.Д. Симоненко. – М.: Вентана-Граф, 2005. – 368с. 5 Қ. Құнантаева. Қазақстанда халыққа білім беру ісінің дамуы (1917-1990 ж.ж.). – Оқу құралы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, - Алматы, 1998 ж., 138 б. 6 А.Беспаева. Үлкен жауапкершілікті жүктейді.//Кәсіптік мектеп №4 (16), 2006. 7 К.Өстеміров Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқулық. – Алматы: «РАДиАЛ» баспасы, 2006 – 240 б. 8 Педагогика тарихы (Білім беру және педагогикалық ойлар тарихы). Оқулық ҚазМемҚызПУ – Алматы, 2009. – 398 б. 9 Өстеміров К., Шәметов Н., Васильев И. Кәсіптік педагогика: колледж, университет студенттеріне арналған оқулық / Алматы, ТОО «Наз-9» ЖШС, 2006 – 280 б. 10 Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама. Заң актілерінің жиынтығы. - Алматы: 2005. - 192 б. 11 Қалымбетова Э.К. Еңбек психологиясы: Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2008 – 158б. 12 Б. Елеусінов, О. Маханбетов Кәсіби білікті мамандар даярлау – басты мақсат. // Кәсіптік мектеп журналы №6 (36), 2009 13 Ж. Сманқұлова. Білім мен кәсіптің жоғары сапасы. // Кәсіптік мектеп журналы №4 (22), 2007 ж. 14 Сарыбаева И.С. Орта кәсіби білім: даму процесі және қазіргі жағдайы. // Саясат журналы №6, 2010 ж. 15 Зимняя И.А. Педагогикалық психология:/ Орыс тілінен аударған М.А. Құсаинова. М.: Логос; Алматы: ТST-company, 2005. – 368 б. 42; 203 б 16 Қазақстан Республикасы жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасы. Жоба. // Алматы, 2005. 17 Беркімбаева Ш.К. ЖОО-да Болон үрдісінің талаптарының енгізілу мәселелері. // Педагогика және психология журналы № 4, 2010 ж. 18 Батышева С. Я. Профессиональная педагогика. - М.: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999. - 904 с. 180б. 19 Қ.М. Нағымжанова. Оқыту технологияларын таңдау және мұғалімнің кәсіби-педагогикалық мәдениеті. Ж.К. Аубакирова. Педагогикалық қарым84
қатынастың психологиялық-педагогикалық негіздері. // «С. Аманжолов оқулары - 2005» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Өскемен 2005. - 538 б., 408 б. 20 ҚР МЖМБС 3.08.270-2006 Жоғарғы кәсіби білім беру (бакалавриат). 21 Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту; теория және тәжірибе. – Алматы, 2005-208бет, 172 б. 22 Агробизнес теориясы мен тәжірибесі / Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. – Алматы: Білім, 1997. – 320 б. 23 Джуматаева А.И. Кәсіптік оқыту педагогы даярлығын жетілдіруде «Ауыл шаруашылығы еңбегінің техникасы мен технологиясы» пәнін оқыту. // «Қазіргі кезеңдегі тұлғаның үйлесімді дамуына қатысты өзекті мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Астана: КазМАТУ баспаханасы, 2007 ж. – 210 б. 24 Кузнецова В.В. Введение в профессионально-педагогическую специальность: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений / В.В. Кузнецова. –М.: Издательский центр «Академия», 2007. –176 с. 25 Джуматаева А., Ықыласова М., Альдекенова Т. Кәсіптік мектеп педагогының педагогикалық мәдениеті. //Академия Қ.И. Сәтбаевтың 110-жылдығына арналған «Ғылым және білім: іргелі негіздері, технологиялары және инновациялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары жинағы. – Павлодар: ПМПИ, 2009ж -304б. 26 Қозыбай А.Қ. Мамандыққа кіріспе: 050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандығында оқитын студенттерге арналған. Алматы, «Нур - Принг», 2008 – 96 б.
85
Қысқартылған сөздер АҚШ – Америка Құрама Штаттары БОАК (ВЦИК) – Жоғары Орталық Атқарушы Комитет ЕОИ – Еңбек орталық институты КСРО – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Қазақ АКСР – Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы ПТУ – кәсіптік техникалық училище ТМД – тәуелсіз мемлекеттер достастығы ФЗМ– фабрика зауыттық оқу-үйрену мектептері ЮНЕСК – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі халықаралық ұйымы ТжКБ – техникалық және кәсіптік білім беру РБ – республикалық бюджет ЖБ – жалпы бюджет АҚТ – ақпараттық технологиялар
86
Қосымша А Кәсіптік мектептің жүйелі тәрбие жұмысының үлгісі Жалпы мектепішілік мерекелік шаралар
Пән апталық тары
Жеке топтар дағы тәрбие жұмысы
Әскери патриоттық тәрбие
Көпші лік дене шынық тыру жұмысы
Құқық тық тәрбие
Кітап хана жұмысы
Эколо гиялық тәрбие
Еңбекке баулу, тәрбие леу
Эко номика лық тәрбие
Ар ұжданды ішкі жан дүниені қалыптас тыру
Саяси мәдениеттілік
Әсемдікке тәрбиелеу
Ақыл-ой тәрбиесі
Кәсіптік мектептің тәрбие жұмысы
Мектеп әкімшілігі
Сынып жетекшілері, өндірістік-оқыту шебері. Пән мұғалімдері
Жанұя
Тәжірибе алмасу мектебі
Тәрбие жұмысын жүргізу жүйесі Мақсаты: 1. Өмір қиындықтарынан қорықпайтын, шыншыл, қайырымды, кішіпейіл, сұлулықты сүйетін, нарық экономика жағдайында «өз орнын» таба білетін тұлға тәрбиеленуіне жағдай жасау. 2. Әр оқушыға көңіл бөліп, табиғи қасиеттерін ашып, дамытып, туған жерін, ата-анасын, мектебін қастерлейтін, басқалармен бірдей бағын сынайтын нартәуекел мен іскерлікке тәрбиелеу.
Мақсатты
Толыққанды
Педагогикалық
Өзін-өзі дамытып басқара алатын
Әлеуметтік қорғалған
Біртұтас
Қосымша Ә Кәсіптік мектеп бітірушілерінің жеке тұлға үлгісі Білімі, іскерлігі
Кәсіптілік сапасы
1. Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес оқуды әрі қарай жапғастыруға қажетті жоғары базалык білімді 2. Проблемаларды шешуде алған білімдерін пайдалана алатын 3. Өз білімін үнемі көтеруге тиімді еңбек етуге. 4. Техникалық білімді 5. Экологиялық білімді
1 Біліктілік мінездемесі талаптарына сай 2 Кәсіби білімін үнемі көтеру 3 Бәсекеге бейімді 4 Кәсіби білімін пайдалана білу 5 Еңбек нарығында «өз орнын» табу
Өзін кез келген істе көрсете білетін, әлеуметтік болжау жасайтын, азаматтық белсенді көзқарасы бар, шығармашылық дамыған, бәсекеге бейім
тұлға
Білмегенді білу, тану 1. Білімін іс жүзінде қолдану. 2.Еңбекті тиімді үйымдастыру. 3.Өз білімін нақты бағалап, оны іске асыру 4.Білімін көтеруге үнемі ұмтылу, дайын болу.
Жеке тұлғаның мәдениеті, ар-ұжданы, өмірге көзқарасы. 1 Өзін жан-жақты шыңдауға ұмтылу 2 Гуманитарлық көзқарас қалыптастыру 3 Құқықтық мәдениетгі 4 Өз көзқарасында, сенімінде тұру, дәлелдеу. 5 Адал принципшіл 6 Қиыншылықтардан қорықпау. 7 Өзін-өзі бағалай білу. 8 Салауатты өмір сүру.
Мазмұны Алғы сөз 1 Ерте ғасырда адамды еңбекке дайындаудың негізі 1.1 Ұрпақты еңбекке баулу 1.2 Ортағасыр ғұламаларының еңбек тәрбиесіне деген ойпікірлері 1.3 Кәсіптік білім берудің бастауы 1.4 XIX-XX ғасырларда кәсіптік білім берудің қалыптасуы 2 Заманауи кәсіптік білім берудің дамуы 2.1 ХХ ғасырдағы кәсіптік білім берудің ахуалы 2.2 Кәсіптік білім беру педагогы маманының тұлғалық қасиеті мен қызметі 2.3 Қазақстан Республикасындағы кәсіптік білім берудің құрылымы 3 Кәсіптік білім беру жүйесінің мазмұны 3.1 Бастауыш кәсіптік білім беру 3.1.1 Кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқыту үдерісін және тәрбие жұмысын ұйымдастыру 3.2 Орта кәсіби білімнің құрылымы және мазмұны 3.3 Жоғары кәсіби білімнің құрылымы мен мазмұны Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қысқартылған сөздер Қосымша А Тәрбие жұмысының үлгісі Қосымша Ә Жеке тұлға үлгісі Мазмұны
89
3 4 4 5 10 13 16 16 29 45 48 48 53 65 77 86 88
90
А. Джуматаева, П. Балташ, А. Досов КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ Басуға 11.06.2012 ж. қол қойылды. Форматы 70х100 1/16. Кiтап-журнал қaғазы. Көлемi шартты 5,5 б.т. Таралымы 500 дана. Бағасы келiciм бойынша. Тапсырыс № 0619 Ғылыми-баспа орталығы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты 140002, Павлодар қаласы, Мир көшесі,60 e-mail: rio@ ppi .kz