Краткий гид по Зеленой Экономике (каз. яз.)

Page 1

ЖАСЫЛ КӨЛІК

ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ


Калмыков Д.Е. Жасыл экономика бойынша қысқаша нұсқаулық.– Қарағанды: ЭкоМұражай, CINEST, 2017 ж. – 32 б. Аударма: Гульмира Жумадилова

Басылым «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу – Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында дайындалды.

Аталған басылым Европа Одағының қолдауымен дайындалды. Басылым мазмұнына Қарағанды экологиялық мұражайы мен Экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы жауапты және Европа Одағының көзқарасын білдірмейді. © «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» ҚҰ © «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» ҚҚ


ЖАСЫЛ КӨЛІК

ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА БОЙЫНША ҚЫСҚАША НҰСҚАУЛЫҚ


МАЗМҰНЫ Кіріспе.........................................................................................................5 Бұрынғы «жасыл емес» экономика неліктен қанағаттандырмады?......7 Жасыл Экономика деген не, оның адам мен табиғатқа не пайдасы бар?..........................................10 Жасыл технологиялардың мысалдары..................................................15 Жасыл Экономикаға көшу үшін заңнаманы өзгерту.............................21 Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу туралы шешім қабылдауына қоғамның қатысуы және ақпаратқа қол жеткізуі..................................26


КІРІСПЕ Бұл жұмыста кейінде Жасыл Экономика деп аталынып жүрген қазіргі қоғамның экономикалық құрылымына деген ерекше көзқарас қарастырылады. Жасыл Экономика табиғат қорларын ұтымды пайдалану және оларды сақтау мен қалпына келтіруді қамти алған жағдайда, қоғамның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл қысқаша нұсқаулық экономика мен қоршаған ортаны қорғау мамандарына емес, өмірдегі Жасыл Экономика ұстанымдарын түсініп, пайдалануды жеңілдету үшін қарапайым адамдарға арналған. Қойылған мақсаты мен шағын көлеміне қарай бұл жарияланым академиялық бағытқа, толық әрі қателіксіз пікірге ұмтылмайды. Бұл нұсқаулық қоғамның басым бөлігін ақпараттандыру- ағарту мақсатында және Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшуін жеңілдету үшін дайындалды. Нұсқаулықта Жасыл Экономикаға көшу әдістері мен жолдарының сәтті және сәтсіз мысалдары келтіріліп, Жасыл Экономиканы енгізуге бөгет болатын, қазірдің өзінде бар кедергілер көрсетілді. Бұл басылымның құрастырылуы мен жариялануы «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша

5


шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы аясында, Қазақстан Республикасындағы Европа Одағының өкілдігінің¹ қолдауымен және «Arnika - - Center for Citizens' Support»² (Прага, Чехия), «ЭкоМаңғыстау»³ үкіметтік емес ұйымы (Ақтау, Қазақстан), «Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы»⁴ мен Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығының (Қарағанды, Қазақстан) қатысуларымен жүзеге асырылуда. Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы көп жылдық қолдауы мен зор жігері үшін авторлар Arnika үкіметтік емес ұйымының (Прага, Чехия) қызметкерлері – Martin Skalsky, Jindrizh Petrlik мырзаларға ерекше алғыстарын білдіреді. Сонымен қатар авторлар мен құрастырушылар Deutsche Gesellschaft fur Zusammenarbeit (GIZ)⁵ германиялық қоғамының халықаралық ынтымақтастық бойынша өкілдері Ilka Starrost, Andre Fabian, Дана Ермоленок пен Германиядағы ядролық реакторлар қауіпсіздігі мен Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау мен құрылыс министрлігіне техникалық көмек көрсетіп отырған Батыс-Балкан елдері, Орталық және Шығыс Европа мен Орта Азия елдеріндегі климат саясаты мәселелері бойынша әлеуетті дамыту GIZ аймақтық бағдарламасына Қазақстан Республикасындағы Жасыл Экономиканы жылжыту мен дамыту мәселелері бойынша көрсеткен ақпараттық қолдаулары үшін ерекше ризашылықтарын білдіреді.

¹www.eeas.europa.eu ²www.english.arnika.org ³www.ecomangystau.kz ⁴www.ecomuseum.kz ⁵www.giz.de

6


БҰРЫНҒЫ «ЖАСЫЛ ЕМЕС» ЭКОНОМИКА НЕЛІКТЕН ҚАНАҒАТАНДЫРМАДЫ? Бір нәрсенің пайда болып, дамуы үшін, оның біреуге қажет болуы шарт екендігі баршаға аян. Жай ғана, «еріккеннен» бір нәрсе пайда болса да, ол ешкімге қажет болмағандықтан, тез жоғалады, сондықтан біз «ешкімге керек болмағаны ғой» дейміз де қоямыз. Соңғы жылдары Жасыл Экономика ұғымы қоғамда кеңінен пайда бола бастағандықтан, бұрынғы экономиканың несі кем? Жаңа экономика неге қажет, неліктен ол жасыл? Қазіргі бар экономика сонда қандай түсте болғаны? – деген сияқты маңызды сұрақтардың пайда болуы заңды. Қазіргі экономикадан ерекшеленетін жаңа экономиканы құрудың себептері мен қажеттілігін көп іздеудің қажеті жоқ. Ол үшін кейде терезеден ешқандай құралсыз қаланы жауып тұрған тұмшаны, яғни өндірістің, жылыту мен көліктің ластауыштары шоғырланған ауа қабатына назар салсаңыз жеткілікті. Өндіріс шығарылымдары әсерінен көз алдымызда өзгеріп жатқан климат, су мен топырақ ресурстарының ластануы мен жұтаңдануы, жануарлар мен өсімдіктердің мүлдем жоғалуы, қоршаған ортаның ластануы әсерінен әр түрлі аурулардың

7


етек алуы - бұрынғы экономикада адамзат пен адамзат мекендейтін планета арасындағы өзара қатынастағы кризис бар екендігінің дабылы болып табылады. Бұрынғы экономиканы дамыту – салауатты тіршілік етуге жарамды ортаны жоғалтуға әкеліп соқтырады. Бұрынғы, дәстүрлі экономика, жер ресурстарының «шексіздігі» ұстанымына негізделген, барлық болашақ проблемалар белгісіз келешектегі ұрпақтың үлесіне қалдырыла берген, «біздің ғұмырымызға жететін» сияқты көрінген. Алайда өркениеттің даму жылдамдығының тез болғаны сонша, оның жетпейтіндігі көрінді. Болашақ ұрпақтар түгілі, тіпті өзімізге де жетер емес, қазірдің өзінде бізге су жетіспей жатыр, егістік алқаптар, минералдық қорлар жетіспейді. Мысалы, болжауларға сәйкес, су жетіспеушілігі бұдан әрі де арта бермек, 20 жылдан кейін су қоры әлемдік сұраныстың 60% ғана қанағаттандыра алады⁶. XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік жалпы өнім 4 есеге⁷ көбейді, осының нәтижесінде жүз миллиондаған адамдардың әлауқаты көтерілді, алайда олардың күнелтуіне қажет 60% негізгі экожүйелік тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы төмендеді, немесе бұл тауарлар мен қызметтер тұрақсыз түрде⁸ пайдаланылды. Бұл соңғы ондаған жылдар бойы экономикалық өсімге табиғат ресурстарын шығындау есебінен қол жеткізілді деген сөз; адамзат ол қорлардың қалпына келуіне мүмкіндік бермеді, алайда экожүйелердің деградацияға ұшырауы мен жоғалуына жол берді⁹. Осылай, мысалы, ауыл шаруашылығындағы егіннің бітіктігіне топырақ сапасын төмендететін⁹ химиялық тыңайтқыштарды¹⁰ пайдалану арқылы қол жеткізілді. Ормандарды кесуді кеңейту тенденциясын өзгерту мүмкін болмады: 1990-2005 жылдары орман аудандары жыл сайын 13 млн гектарға¹¹ азайып отырды. ⁶Charting our Water Future: Economic Frameworks to Inform Decision Making. Мюнхен: Су ресурстары бойынша топ 2030. МакКинзи және компания (2009), 7 бет ⁷World Economic Outlook Database, МВФ: Вашингтон О.К. (сентябрь 2006 г.), http://www.imf.org/external/pubs/ft/weo/2006/02/data/download.aspx . ⁸Ecosystem and Human Well-being: Synthesis. Millennium Ecosystem Assessment (2005),. стр. 1. ⁹ЮНЕП, 2011 г., «Жасыл» экономикаға қарсы:тұрақты даму мен кедейлікті жоюға жол — билік құрылымдарына арналған жалпылама баяндама, https://web.unep.org/greeneconomy/sites/unep.org.greeneconomy/files/ publications/ ger/GER_synthesis_ru.pdf ¹⁰FAOSTAT, 2009 ¹¹Адриан Миллер и Джоан С. Дэвис. Reducing Global Warming: The Potential of Organic Agriculture. Институт Родейля и FiBL (2009), стр. 1

8


Экологиялық қорлардың тапшылығы адамзатты азық-түлікпен (балық аулау, ауыл шаруашылығы, ауыз сумен жабдықтау, орман шаруашылығы) қамтамасыз етудегі маңызды роль атқаратын және кедейлердің тіршілік етуінің маңызды көзі болып табылатын экономиканың барлық секторларына терең әсер етеді. Экологиялық тапшылық пен әлеуметтік әділетсіздік – «жасылдан» әлдеқайда алшақ экономиканың негізгі анықтаушы белгілері. Кейбір елдер экономика мен адамзат потенциалының жоғары даму деңгейіне бұрынғы «жасыл емес» экономиканың үлгілерін пайдалану арқылы қол жеткізді, алайда бұл көп жағдайларда табиғат қорларының жұтауы, қоршаған орта сапасының төмендеуі, жинақталып жатқан ластаушылар мен жылыжайлық газдардың шығарылуы есебінен жүзеге асырылады. Бұл елдердің алдында жергілікті халықтың тіршілік ету сапасын төмендетпеу арқылы тұрғындар санына келетін қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелері тұр. Осындай ауыр зардаптарға соқтыратын экономиканың түсі қандай? Мүмкін, сіздер аңғарған да шығарсыздар – мұндай экономика, тіпті БҰҰ ресми құжаттарында да «қоңыр экономика» деп аталады¹². Бұл атау әдеттегі экономиканың табиғат пен адамзат қорына тиімсіз қарауы нәтижесінде осы қорлардың басым бөлігін қалдыққа айналдырып, табиғаттың деградацияға ұшырауына жол бере отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарға әкеліп соқтыруына байланысты аталды. Бұндай экономика мемлекет бюджетінің кәсіпорындардың қоршаған ортаны ластағаны үшін төлейтін өтемақысына кеселді тәуелділігін орнатқан, яғни «қоңыр экономикада» қоршаған орта көп ластанған сайын мемлекет бюджетіне де ақша көбірек түседі немесе керісінше – өнеркәсіп таза болған сайын, «экологиялық төлемдер» де азаяды. Барлық әлемдегі жаңа экономикаға деген қызығушылықтың артуы, бір жағынан, ортаның жұтауы мен қор тапшылығы салдарынан XXI ғасыр басында жиілеп кеткен қақтығыстарға байланысты болса, екінші жағынан – осындай қақтығыстарды шешуді «қоңыр емес» экономика арқылы шешу мен алдын алудың көптеген мысалдарының пайда болуына байланысты. Мұндай экономика жаңа ғылыми-инновациялық идеяларды пайдаланып қана қоймай, қазірде бар қатерлерді материалдық әл-ауқат үшін, бар проблемалардың жиналып көбейе беруі мен әлеуметтік теңсіздік үшін төлемеуге болатын экономикалық үлгілерді де қолданады. Қысқарта келе, Жасыл Экономика «қоңыр» экономика тудырған проблемаларды шешуге және болашақта мұндай қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік беретін жол деуге болады.

9


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ДЕГЕН НЕ, ОНЫҢ АДАМ МЕН ТАБИҒАТҚА ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР? Бір қарағанда Жасыл Экономика деген атау қарапайым әрі түйсік деңгейінде түсінікті сияқты болып көрінеді. Егер ол туралы қарапайым адамнан сұрасаңыз, ол өзінің ойынша Жасыл Экономикаға жатады деген ұғымдарды санамалай бастары сөзсіз, мысалы: жел генераторлары, күн батареялары, электромобильдер мен ммм ..., - о, қоқысты бөліп жинау. Мұндай пікір телебағдарламалар арқылы қалыптасады, себебі олар Жасыл Экономиканы тура осындай «суреттер» арқылы көрсетеді. Алайда, өкінішке орай, өмірде жиі болатындай, шындығында бұл мүлдем олай емес. Кейде мүлдем олай болмайды! Әлемнің әр бұрышында Жасыл Экономика ұғымын түсіндіру әр түрлі беріледі, осыған орай әр түрлі тәсілдер арқылы құрылған «жасыл экономикалар» да әр түрлі болады.

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҰҒЫМЫН АНЫҚТАУ Қоршаған ортаны қорғауға арналған БҰҰ бағдарламасы (ЮНЕП) келесідей анықтама береді: Жасыл Экономика – «бұл қоршаған ортаға

10


арналған қатерлер мен оның жұтаңдануын төмендете отырып, адамдардың әл-ауқатын көтеріп, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін экономика. Ең қарапайым түсінік бойынша «жасыл» экономика – көміртекті қосындылардың төмен шығарылуы, қорларды тиімді пайдаланатын және бүкіл қоғам талаптарына сай экономика деуге болады. Жасыл экономикада көміртек шығарылымы мен ластауларды азайтатын, энергия мен қорларды пайдалану тиімділігін арттыратын және биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелік қызметтерді жоғалтудың алдын алатын, мемлекеттік және жеке меншік инвестициялар арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл инвестицияларды мақсатты мемлекеттік шығындар, саяси саладағы реформалар мен өзгерістерді басқару арқылы катализдеу және қолдау қажет. Мұндай даму жолы табиғат капиталын маңызды экономикалық актив және қоғам әл-ауқатының көзі, әсіресе, кіріс пен қорғаныш көзі табиғатқа тәуелді тұрғындардың кедей бөлігі үшін сақтап, көбейтіп, қажет болған жағдайда, оны қайта қалпына келтіріп отыру қажет»⁹. Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу тұжырымдамасы бұл экономикаға «халықтың өмір сүру деңгейі жоғары, болашақ ұрпақтың мүддесінде табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын және ел қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес табысты экономика»¹², - деп сипаттама береді Қазақстан Республикасы Үкіметінің сайтында¹³ Жасыл Экономикаға мынандай анықтама береді: «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Қазақстандағы қабылданған Жасыл Экономика анықтамалары БҰҰ ұсынған және қоғам алдында тұрған барлық проблемаларды қамтымаса да, ұлттық экономиканы жасылдандыру бойынша біздің еліміз аймақ бойынша көш басында тұр. Ағымдағы, - Жасыл Экономика ¹²«Қазақстанның «жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы» 2013 г., http://strategy2050.kz/ru/news/1211 ¹³http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bus_nat_eco/ecologiya/ar ticle/green_ekonomika&lang=ru

11


ұстанымдарына көшудің бастапқы кезеңінде қазақстандық нұсқа қорларды тиімді әрі ұқыпты пайдаланатын индустрияның дамуы негізінде үздіксіз тұтыну моделін дамыту идеясына ықыласты. Қорыта айтқанда, Жасыл Экономика бұрын болғандай тек «экономиканың» ғана мүдделерін есепке алмайды, сонымен бірге халықтың әл-ауқатын көтеру мен қолайлы табиғи ортаны сақтап қалуда әлеуметтік жауапкершілікті жоғарылатудағы қоғамның мүддесін де көздейді. Бұл мүдделердің бір-біріне қарама-қарсылығы және олардың арасындағы қайшылық пен қақтығыстардың болатындығы бір қарағаннан-ақ байқалады. Жасыл Экономика осындай қайшылықтарды шешіп, қақтығыстарды жаңа технологиялық әдістерді пайдалану, заңнаманы өзгерту, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық дәстүрлер мен тәртіпті мемлекеттік реттеу арқылы шешуге бағытталған. Жасыл экономика – бұл бірінші кезекте табиғатты сақтауға мүдделі экономика деп ойлауға болмайды. Жоқ, Жасыл Экономика, ең біріншіден, - «экономика», содан кейін барып «жасыл». Сондықтан Жасыл Экономикаға көшу кезінде шағын кәсіпкерлікке қатысты кейбір табиғат қорғауға байланысты заңнамалық талаптардың босаңсуын байқасаңыз, таң қалмаңыз. Себебі «қоршаған ортаны қорғауды құжаттауға» жұмсайтын қоғамның ысырабы мен қисынсыз шығыны шағын кәсіпкерлік әрекеттен гөрі экономика мен табиғатқа көбірек зиян келтіруі мүмкін, мысалы селолық дүкен мен шаштараздың қызметтік әрекетінен гөрі олардың облыс орталығына ірі зауытпен қатар экологиялық рұқсаттама алу үшін бірнеше мәрте барып, едәуір ақша құртуы көбірек зиянды. Көптеген дамыған елдерде мұндай шағын бизнес экологиялық реттеуден босатылған. Бейнелей айтқанда, Жасыл Экономиканың мақсаты ескіден келе жатқан «Құда да тыныш, құдағи да разы» мәтелінің қиын шешімін табу болып табылады. Бұл мүмкін емес сияқты, алайда Жасыл Экономиканың кейінгі жылдардағы жетістіктері қоғамның саяси ерік-жігерін, қоры мен күшін шоғырландырған жағдайда ол мақсатқа қол жеткізудің шынайы мүмкіндігіне негізделген үміт пен сенім сыйлайды.

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ «Жасыл Экономикадан» басқа да атаулар қолданылатын және алдында жоғарыда сипатталған міндеттер тұрған экономиканың басқа

12


да модельдері бар. Олардың кейбіреулері әдейі жаңылдырады, мысалы, «таза экономика» ұғымы, алайда қоршаған ортаға әсерін мүлдем тигізбейтін адам әрекетінің жоқ екендігі баршаға аян. Басқа атаулар, біздің ойымызша, «Жасыл экономика» сияқты әдемі естілмесе де, бұл жаңа экономикалардың енгізетін өзгерістерінің мағынасын тура ашатын сияқты. Осындай атаулардың бірі – «Циклдық экономика», атауына сәйкес бұл экономика – кез-келген қорды жоғалтуды болдырмау үшін барлық экономикалық процесстердің циклдық тұйықталуын қарастырады. Егер Циклдық Экономикада жоспарланып отырған технологияда немесе өндірісте белгілі бір қордың қайта толмас шығыны болса, онда ол технологияны немесе өндіріс құрылысын жүзеге асырмас бұрын пайда болатын шығындар мен қалдықтарды басқа технологиялардың қор көзі ретінде орналастыруды қамтамасыз ететін заңнамалық, технологиялық және экономикалық іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс. «Инклюзивті Жасыл Экономика» Жасыл Экономика моделінің әрі қарайғы дамуы болып табылады (ағылшынның “inclusive” – «өзіне қосу»), және соңғы кездері БҰҰ бұл идеяны қолдап, алға жылжытып отыр. БҰҰ Бас Ассамблеясында 2015 жылы ЮНЕП «Инклюзивті жасыл экономика: көшбасшылар үшін түйіндемені»¹⁴ жариялады, онда «бірігіп пайдалану, циклдылық, серіктестік, ынтымақтастық, тұрақтылық, мүмкіндіктер және өзара тәуелділік» деген ұғымдарға баса назар аударылған. Инклюзивті жасыл экономика қоршаған орта мен денсаулыққа кеңінен танымал қатерлер тудыратын, үнемсіз тұтыну мен өндіріске жағдай жасайтын, экологиялық және қор потенциалының тапшылығына, теңсіздікке әкелетін қазіргі таңда басым болып отырған экономикалық моделдің баламасы болып табылады. Бұл – тұрақтылықпен қатар тұрақты әрі өркендеуші қаржылық жүйенің функциясы ретінде әлеуметтік әділеттілікті көтеру мүмкіндігі болып табылады. Бұл – кедейлікті құрту мен адам денсаулығы, әл-ауқаты мен дамуы негізіндегі экологиялық стандарттарды қорғау. Соңғы он жылдарда «жасыл экономика» тұжырымдамасы көптеген елдердің үкіметтері мен үкіметаралық ұйымдар үшін ¹⁴Uncovering Pathways Towards An Inclusive Green Economy A Summary For Leaders, UNEP UN, 2015 - http://web.unep.org/greeneconomy/sites/unep.org.greeneconomy/ files/publications/ige_narrative_summary_web.pdf

13


стратегиялық басымдылыққа ие болды. Бүгінгі күннің өзінде кем дегенде 65 ел, оның ішінде Қазақстан да бар, Инклюзивті Жасыл Экономикаға апарар жолға түсті. Өз елдерінің экономикасын қоғамның тұрақтылығының жылжытушы күшіне айналдыра отырып, олар XXI ғасырдың негізгі міндеттерін – өсіп келе жатқан урбанизация мен қор тапшылығынан бастап климаттың өзгеруі мен экономикалық тұрақсыздыққа дейінгі мәселелерді шешуге жұмылған.

14


ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МЫСАЛДАРЫ Жаңа экономиканың қажет болғандығын, оның алдында қандай мақсаттар тұрғанын анықтағаннан кейін, шын мәнінде Жасыл Экономиканың қандай болатынын және оның «қоңырдан» қандай айырмашылығы бар екендігін түсіну үшін нақты мысалдарды талқылауға болады.

1 МЫСАЛ. КҮН МЕН ЖЕЛ Біз айтып өттік, кез-келген қатардағы адам үшін дәстүрлі «жасыл экономикалық топтама» - ол жел генераторлары, күн батареясы мен қоқысты жеке жинау. Мұндай көзқарас жаппай енгізілуде, оның ішінде қарапайым халықта осындай көзқарас қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының да суреттері атсалысуда. Шындығында солай ма? Қоғам санасында қалыптасқан Жасыл Энергетиканың ең танымал бөлігі – жел генераторлары мен күн электр энергиясының қондырғыларын алып қарастырайық. Олардың суретінсіз экономиканы жасылдандыру туралы бір де бір мақала не хабар шығарылмайды. Келесі сұраққа жауап беріп көрелік, - «Егер сендердің елдеріңде

15


энергияның баламалы көздері бар болып, тіпті жаңалары да салынып жатса, онда сендердің экономикаларың «жасыл ма»?» Бір қарағанда, жауап анық сияқты, әрине, бұл – Жасыл Экономика, себебі олар көмір жақпайды, олардан ластауыш заттар шығарылмайды, олар «аппақ әрі мамықтай» және «экологиялық таза энергия» шығарады. Бұның барлығы шындық болар еді, алайда... Жалпы алғанда қандай да бір технологияның жағдайға әсерін кешенді түрде бағалау үшін осы технологияның қоғамға, экономикаға, қоршаған ортаға тигізетін әсерлерінің барлық түрлерін есепке алуға тура келеді. Яғни, басқаша айтқанда, баламалы энергия түрлерінің жағымсыз әсерлерін де есепке алу қажет, мысалы, атап айтқанда, жел генераторларының жылдам айналатын қалақтарынан немесе күн электр станциялары айналарындағы шоғырланған күн сәулесінен болатын құстар өлімін алайық. Өкінішке орай, бұқаралық ақпарат құралдары аталған «экологиялық таза» жел генераторларын өндіру үшін бір жерлерде шахта мен рудниктер қазылып, олардан руда алынып, алынған рудадан металлургия заводтарында жоғары технологиялық «таза экологиялық» энергия көздерін өндіруге қажетті металлдар жасалатындығы туралы үндемейді. Бұл процесстердің барлығы сөзсіз қоршаған ортаға төгілетін зиянды қалдықтар мен шығарындылар өндіруге әкеліп соқтырады. Егер бір жерде «таза» жел генераторын орнатса, ал басқа бір жерде қоршаған ортаға жағымсыз әсер болды деген сөз. Сонымен қатар, бұл генераторлар жоғары технологиялық өнім болғандықтан, көптеген елдерде өндірілмейді, оны, мысалы, Қазақстанға мыңдаған километрден әкеледі, сондықтан олардың құны екі есе жоғары болады (құн мәселесі өте маңызды, себебі біз «жасыл» болса да, экономика туралы айтып отырмыз) және тасымалдау кезінде жылыжайлық газдардың шығарылуы болары да сөзсіз. Қарапайым ғана мысалдан өздеріңіз көріп отырғандай, толық «таза экологиялық» немесе бейтарап технология деген болмайды, оның барлығы қоршаған ортаға бәрібір әсер етеді. Жасыл Экономика ұстанымдары белгілі бір технологияны, өнім мен қондырғыны пайдалану циклының барлық кезеңдеріндегі осындай әсерлерді кешенді түрде жан-жақты бағалауды талап етеді. Яғни табиғат пен экономикаға тиетін әсерлердің барлығын – өнімді өндіру кезеңінен бастап оны пайдаланып болғаннан кейінгі жою кезеңіне дейін есепке алу керек. Тіптен осындай толық сараптаманың өзі де, осындай

16


технологияны енгізген күнде де еліңіздің экономикасы жасыл болып кетеді деген кепілдікті бере алмайды. Мысалы, егер жел генераторларымен қатар қоршаған орта үшін зиянды қалдықтар мен шығарындылардың негізгі көздерінің бірі көмір электр станцияларының қуатын есептеуді жалғастыра берсеңіз, онда, сөзсіз, электр энергиясын көп шығаратын боларсыз, әйтсе де сіздің еліңіздің экономикасы бұдан жасыл болмайды. Себебі осы әрекет нәтижесінде қоршаған ортаға шығарылған улы эмиссиялар азая түспегені анық, ендеше ортаның тіршілік жағдайы төмендеп, оның ластануы әрі қарай жалғаса береді. Жоғарыда келтірілген мысалда егер баламалы энергетиканы дамытумен қатар энергия генерациясының дәстүрлі көздерінен ластаушылардың шығарылуы төмендегенде, қазба отын көздері арқылы алынатын электр энергиясының үлесі азайғанда, ол энергия көздерін жағудың тиімділігі көтерілгенде және осыған байланысты, сарқылмалы энергия шығарушылар – көмір, газ, мұнай көздерін пайдалану төмендеген кезде, экономика жасыл болады.

2-МЫСАЛ. ҚОРДЫ САҚТАУ Біз жоғарыда көргендей, елдегі баламалы энергия көздерінің болу фактісі, ол елдің экономикасын автоматты түрде «жасыл» қылдырмайды. Қорларды ұтымды әрі тиімді пайданау туралы не айта аласыздар? Олар экономиканы қаншалықты «жасылдандырады»? Қорларды тиімді пайдалану — сан қырлы тақырып, себебі оған энергияны, су мен шикізатты өндірісте, ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану, сонымен бірге қалдықтарды басқару мен оларды болдырмау мәселелері де кіреді. Бұрын, адамзат өркениетінде табиғат қорларын тиімсіз пайдаланғаны үшін ақы төлеу маңызды тоқтатушы фактор болған емес, себебі табиғат қорларына деген эксплуататорлық көзқарас қалыптасқан, әлі ешкім қоныстанбаған жерлерден таусылған қорлардың орнына жаңа қор көздерін аша беруге мүмкіндік болған еді¹⁵. Қорларды ұтымды пайдалану әдеті қиындықпен қалыптасуда, алайда, жаңа экологиялық көзқарастарды жылжытудың арқасында технологияларды ұтымды, оның ішінде, қорларды қайта пайдалануды ¹⁵Барбье, E. Scarcity & Frontiers: How Economies have Developed through Natural Resource Exploitation, Cambridge University Press (2010), 34 бет.

17


табысты енгізудің практикалық мысалдары көбеюде. Мұндай технологиялар экономикалық тартымдылығымен өміршең болады. Мысалы, жиналған сынықтардан алюминий өндіруге, оны алғашқы өндіруге жіберілген энергия көзінің 5% ғана жұмсалады. Энергияны пайдаланудың тиімділігін арттырудың басқа маңызды әрі аз пайдаланылатын мүмкіндігі – кокс, домна, электр және цемент пештерде жасалатын және пайдаланылмайтын жоғары температуралы жылуды утилизациялау болып табылады. Қорды сақтау міндеттері қалдықтардың жасалу проблемасымен тығыз байланысты. Қазіргі таңда кіріс пен қалдықтардың залалады өзара қарым-қатынасы байқалуда, – елдегі кіріс деңгейі жоғарылаған сайын, ондағы жиналатын қалдықтар да көбеюде. Қалдықтар санын экономикалық өсім мен өмір сүру деңгейіне тәуелділігін жою – қор тиімділігін арттырудағы маңызды фактор, қазір, мысалы, «өмір сүру деңгейі мен кірістің жоғарылауына байланысты адамзат 2050 жылы 13,1 млрд тоннадан артық қалдық шығарады, бұл 2009 жылға қарағанда шамамен 20% артық»⁹. Зерделі мемлекеттік саясат қалдықтар көлемін азайтып, табиғат пен адам үшін зиянды кірістің қалдыққа тәуелділігін жояды. Қалдықтардан алынған қорды қалпына келтіруге байланысты болашақ жұмыс көлемі өте ауқымды, себебі бүкіл әлем бойынша барлық қалдықтардың 25% ғана регенерацияланады және утилизацияланады⁹. Соңғы жылдары дамыған елдермен қатар дамушы елдерде де құрамы бойынша жаңа әрі қауіпті заттары бар электр және электрондық құралдардың қалдықтарын (электрондық қалдықтар деп аталатын) утилизациялау проблемалары тұр. «Жасыл» экономика арқасында болатын жақсы өзгерістер бұл қауіпті қалдықтарды жүз пайыз утилизациялауға мүмкіндік берер еді, олардың бүгінгі таңдағы көрсеткіші 15%⁹ артық. Әлемдік масштабта «жасыл» инвестициялардың сценарийінде 2050 жылы утилизация деңгейі «қоңыр» экономикаға болжалған ұқсас көрсеткіштен 3 есе артық болар еді, ал көмуге арналған қалдықтар көлемі 85%⁹ азаяр еді. Қалдықтарды қайта бөлудің жемісті тәжірибесі тек дамыған елдерде ғана бар емес. Мысалы, Бразилияда, ЖІӨ тұрғындар санына шағу деңгейі бойынша Қазақстанмен салыстыруға болатын елде, утилизация саласы бойынша сәтті тәжірибе бар – бұл елдегі қалпына келтірілген материалдарды қайта пайдалану деңгейі өндірісі дамыған

18


елдердің деңгейіне сәйкес немесе асып түседі. «Алюминий банкаларының 95%¹⁶ мен пластик шөлмектердің 55% утилизацияланады¹⁷»⁹. «барлық қағаздың жартысы мен шынының жартысы қайта пайдаланылады. Бразилияда утилизация АҚШ-тың шамамен 2 млрд доллары тұратын құндылықтарды жасайды19 және атмосфераға 10 млн тонна жылыжайлық газдың шығарылуының алдын алады¹⁸»⁹. Мұнда БАҚ Жасыл экономикамен байланыстыратын қоқысты бөлек жинау туралы еске ала кету де дұрыс болар. Шынында, қалдықтарды бөлек жинау оны алу мен қоқыстан пайдалы компоненттер – қағазды, пластикті, биоқалдықтар мен басқа да қалдық түрлерін қалпына келтіру деңгейін жеңілдетеді. Мұндай жинау қауіпті тұрмыстық қалдықтардың – химиялық батареялар мен сынапты шамдардың түсуінің алдын алады. Жыл сайын әлемдік деңгейде жылына бір миллиард тоннадан кем емес (!) қалалық және ауыл шаруашылық биоыдырайтын, қазірде тиімсіз пайдаланылып жүрген жылыжайлық газдардың орасан зор шығарылуына келтіріп отырған қалдықтар да бағалы қор болып табылады. Бұл қалдықтарды энергия шығаруға және топырақтың құнарлығын арттыруға пайдалануға болады. Азық-түлік тағамдарының көп бөлігін қалдыққа айналдыру аянышты проблема болып табылады, себебі өндірілген азық-түліктің орта есеппен алғанда 25% қалдыққа айналуда¹⁴, ал әлем бойынша жыл сайын 7,5 млн адам аштықтан көз жұмуда20. Әр жыл сайын ақылға қонымсыз 1,3 млрд тонна азық-түлік қалдыққа айналады²⁰. Сонымен қатар 1,4 млрд гектар жерде, ал бұл әлемдегі ауыл шаруашылық аумағының 28%, кейін қалдық түрінде пайдасыз жоғалатын азық-түлік өндіруге пайдаланылатынын да есепке алу қажет. Бұдан басқа, жыл сайын азық-түлік өндіруге жұмсалатын және кейін қалдыққа кететін судың жалпы көлемі 250 шаршы метрден кем емес, бұл Ресейдегі Волга өзенінің жыл сайынғы ағынына эквивалентті²¹. Жалпы әлемдік ¹⁶Green Jobs: Towards Decent Work in a Sustainable, Low-Carbon World, ЮНЕП (2008), 214 бет. ¹⁷Насимено, Луис Фелипе, Марсело Тревисан, Пола Шмитт Фигуэйро и Марилиа Бонзанини Боссл. PET Bottle Recycling Chain: Opportunities for the Generation of Employment and Income. Greener Management International Issue, 56, № 56 (2010), 44 бет. ¹⁸Л. Оливейра и Л. Роса. Brazilian Waste Potential: Energy, Environmental, Social and Economic Benefits. Energy Policy 31, № 14 (ноябрь, 2003 г.), 1481-1491, 1486 бет. ¹⁹World Hunger Statistics, September 6, 2016, http://www.statisticbrain.com/world-hungerstatistics ²⁰FAO UN, http://www.fao.org/food-loss-and-food-waste/en ²¹FAO UN, http://www.fao.org

19


экономикалық түзулердегі азық-түлік шығынынан (балық пен теңіз өнімдерін қоспағанда) келетін экономикалық зардап көлемі шамамен АҚШ-тың 750 млрд долларын құрайды²². Қор сақтау тақырыбы өте сан қырлы және адам әрекетінің барлық салаларын қамтиды, айталық, өндіріс өнімдерінің материалдық сыйымдылығын төмендету (мысалы, соңғы 50 жыл ішінде тоңазытқыштар салмағы екі еседен астамға төмендеді), транспорт пен қондырғылардың энергия тиімділігін арттыру, соның ішінде соңғы онжылдықта өздерінің «тәбеттерін» төмендеткен автомобильдер, ауыл шаруашылығында су сақтау технологияларын дамыту (оның ішінде тамшылатып суару) және көптеген басқалар жатады. Қор сақтау туралы мысалдарды қарастыруды аяқтай келе, барлық «сақтаушы технологиялар» өркениеттің жалпы табиғатқа зиянды әсерін, оның ішінде климаттың өзгеруіне әсерін тікелей және жанама түрде төмендетеді, себебі бұндай технологиялар қоршаған ортаға барлық ластаушыларды, оның ішінде жылыжайлық газдардың шығарылуын төмендетеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, қор сақтау Жасыл Экономикаға көшудің мүмкін жолдарының ішіндегі ең «жасылы» болып табылады. Себебі бұл жолды сәтті жүзеге асырса, онда жаңа электр станцияларын салу қажеттілігі жоғалады (электр энергиясын жұмыс жасап жатқан станциялардан үнемдеу арзан), жаңа көмір шахталарын салудың қажеті жоқ (жаңа қазандықтар аз көмір шығарып, көп электр қуатын шығарады), жаңа жерлерге егін салып қажеті жоқ (жыртылған егіс алқаптарындағы шыңарылатын азық-түлік шығынын азайтса), су қорының жаңа көздерін іздеудің де қажеті болмайды (себебі үнемделген және қайта пайдаланылатын су барлық сұранысты жаба алады), осылай шексіз жалғастыра беруге болады. Біздің қорытындымыз – қор сақтау Жасыл Экономиканың нағыз «жасыл» бөлігі болып табылады.

²²FAO UN, http://www.fao.org/news/story/ru/item/196451/icode

20


ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ЗАҢНАМАНЫ ӨЗГЕРТУ Кез-келген ерікті немесе міндетті емес бастамалар заңнамалық қолдаусыз тек энузиасттар мен әуесқойлардың сыбағасы ғана болып қалады. Нақты әрекет ету үшін, яғни өмірді түбегейлі өзгерту үшін, мемлекет пен оның экономикасы жүргізіліп отырған ережелерді өзгерту қажет. Қалыптасқан экономикалық тәртіпті «ғаламшарымызды құтқарайық» деген құрғақ ұранмен өзгертіп, жаңарту мүмкін емес. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі және оның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев, Үкімет пен Парламент осындай қолдаудың қажеттілігін түсіне отырып, бірнеше жылдар бойы табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы қоғам, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара әрекетті реттейтін Қазақстанның заңнамасын дамытып, оны реформалап келеді. Егер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында табиғат қорғауға байланысты заңнамаға көбірек назар аударылса, кейінгі кездері Жасыл Экономиканы енгізуге тікелей немесе жанама қатысы бар заңнамалық құжаттар едәуір дамытылуда. Қазақстанның Жасыл Экономикаға көшу процессінің бастамасы ретінде 2013 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі туралы тұжырымдамаға»²³ (әрі

21


қарай Тұжырымдама) қол қойған кезін айтуға болады. 2014 жылы оны жүзеге асыру жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасы Президенті жанында Жасыл экономикаға көшу бойынша кеңес құрылды, заңнаманы жасау мен оны реформалау бойынша белсенді жұмыс басталды. 2016 жылы заң шығару белсенділігі Қазақстанның жасыл экономикаға көшуі туралы заңнаманы күшіне енгізумен аяқталды²⁴. Заңнаманы реформалау процессі экономиканың әр түрлі салаларын жасыл экономикаға көшіру бойынша стратегиялық жоспарларды жасаумен қатар жүргізіліп жатты. Осы кезге дейін Қазақстан жиырма жыл ішінде біраз бірізді қадамдар жасаған болатын, бұл қадамдар 1995 жылы UNFCCC²⁵ ратификациялаудан басталды. Одан кейінгі жылдары Қазақстан БҰҰның табиғат қорғау конвенцияларының барлығына дерлік кірді, 2004 жылы Үкімет жанында Тұрақты даму бойынша кеңес құрылып, ұлттық экологиялық кодекс халықаралық конвенциялардың талаптарына сәйкес толықтай реформаланды деуге болады, тұрақты даму ұстанымдары саяси және заңнамалық құжаттардың негізін қалаушы идеялар ретінде енгізілді. Тұжырымдамада Қазақстан үшін ғана емес, басқа да дамыған елдер үшін өте масштабты және өр міндеттер қойылған. Жасыл Экономикаға көшу елдің ЖІӨ 3% жоғарылатып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, бүкіл әлемде мойынсұнған өмір сапасының жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін өндіріс пен қызметтің жаңа түрлері енгізіледі²⁶. Әрине, тұтас мемлекеттің экономикасын біржола жаңа арнаға бұруды қысқа мерзімде жүзеге асыру мүмкін емес. «Қор секторларындағы активтердің циклдық жаңарулары ұзақ уақытқы созылады, ал экономикасы табиғи қазбаларды өндіруге негізделген елдерде таза экономикаға көшу ондаған жылдарға созылады. Бұл жағдайда ²³«Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасы», Қазақстан Республикасы Президентінің № 577 Жарлығымен 30 мамыр 2013 жылы бекітілген, https://strategy2050.kz/static/files/Concept_Rus.pdf ²⁴«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=34416564 ²⁵UNFCCC, Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Шекті Конвенциясы, http://unfccc.int/resource/docs/convkp/convru.pdf ²⁶https://strategy2050.kz/ru/news/1211

22


Қазақстанды есептен шығаруға болмайды». Жасыл Экономикаға кезең-кезеңмен көшу жоспарланып отыр: 2013-2020 жж. – қорларды пайдалануды оптимизациялау және табиғат қорғау әрекетін арттыру, «жасыл» инфрақұрылым құру; 2020-2030 жж. – құрылған «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемді пайдалануға бағытталған ұлттық экономиканы қайта құру басталады, қалпына келтірілетін энергетикалық технологияларды кеңінен енгізу және дамытуды көтермелеу және ынталандыру, энергияның жоғары тиімділігі стандарттарына негізделген құрылыстарды салу; 2030-2050 жж. – ұлттық экономиканың табиғат ресурстарын қалпына келтіріп, тұрақтылығын сақтай алатын жағдайда ғана пайдалануды талап ететін «үшінші өндірістік революция» ұстанымдарына көшуі²³. Жоғарыда айтылып өткендей, Қазақстандағы «жасыл» реформалау көп жылдан бері жүргізілгенімен, аса маңызды өзгерістер 2016 жылы, экология мен оған қатысты мәселелерді реттейтін төмендегі келтірілген заңдар қабылданған кезде енгізілді:  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 28 сәуір 2016 ж.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 8 сәуір 2016 ж.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 29 наурыз 2016 ж.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 12 қаңтар 2016 ж.  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының экология мен жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, 25 сәуір 2016 жыл № 505-V.

23


Әрине, шағын жарияланым аясында заңнамадағы болған «жасыл» өзгерістердің барлығын санамалап шығу мүмкін емес. Соңғы жылдары жасалынған заңнамалық жаңартулардың ең жарқын үлгілеріне ғана тоқталып өтеміз:  Электр шығарудың жалпы көлеміндегі қалпына келтірілетін энергия көздері өндіретін энергия үлесінің мақсатты көрсеткіштері енгізілді.  Қалпына келтірілетін – жел, күн, биогаз бен шағын СЭС көмегімен шығарылған электр энергиясын сатып алу үшін ынталандыратын «жасыл» тарифтер²⁷ ( бекітілген қолдау тарифтері, feed-in tarrif, Engl.) енгізу; жыл сайын ұлттық және шетел валютасы бағамының өзгеруіне сәйкес осындай ынталандыру тарифтерін индексациялау (импорттық компонент үлесінің жоғарылығынан баламалы энергетиканың бәсеке қабілеттілігін сақтау үшін); «жасыл» энергияны сатып алу үшін бірыңғай есеп-қаржы орталықтарын (ЕҚО) құру; қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдаланып энергия өндіретін ұйымдар алдында кассалық алшақтық пен қарызды жауып отыру үшін ЕҚО жанынан сақтық қор құру; электр энергиясын тұтынатын жеке тұлғаларға ҚКЭК²⁸ қондырғыларын орнатуға жұмсаған шығынын өтеу; ҚКЭК қондырғыларын орнату үшін жер бөлу мен он іркіп ұстаудың нақтыланған тәртібін құру қарастырылды.  Қазақстанда таза экологиялық автокөлік құралдары мен оның компоненттерін өндіру мен импорттауды ынталандыру (4 экологиялық классқа сәйкес және одан жоғары, электржылжытқышты).  Бұрын болмаған «су тұтынудың үлестік нормасы» ұғымын (су ресурстарын тиімді пайдалануды бақылаудың құралы) енгізу; «су шығынын есепке алуды, тасымалдаушы желілер мен тұтыну нүктелеріндегі су шығыны мен су объектілерінен су алу көлемін қысқарту мүмкіндігін есепке алуды ұйымдастыруды» жыл сайын сараптау бойынша талап енгізілді.  «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттері» (ӨКМ) енгізілді, ол бойынша белгілі бір тауар түрін өндірушілер мен импорттаушылар (оның ішінде автомобильдер мен автомобиль шиналары, майлау мен ²⁷https://ru.wikipedia.org/wiki/Зелёный_тариф ²⁸Қалпына келтірілетін энергия көздері туралы тың деректер, Қазақстан, Салық және құқық департаменті, Делойт заңгерлік тобы, 28 June 2016, https://www2. deloitte.com/content/dam/Deloitte/kz/Documents/legal/LegalAlert/KZ_Legal_Alert_green_ energy_rus.pdf

24


гидравликалық майлар және т.б) олардың тауарларын пайдалану кезінде пайда болатын қалдықтарды өңдеудің өзіндік жүйесін ұйымдастыруға міндетті немесе оларды қайта өңдеу үшін құрылған ӨКМ ұлттық операторының²⁹ есепшотына төлем аударуына болады, ал ол, өз кезегінде, қалдықтарды қайта өңдеуді ұйымдастырып, оның ішінде іріктеліп алынған қайта өңдеуші компаниялардың қызметін төлеп, лайықты технологиялық дамуды ынталандыру қажет.  Мемлекеттік сатып алулар үшін «Қазақстан Республикасы аумағындағы қалдықтардан алынған екінші шикізаттан жасалынған тауарға сертификаттаудан өз еркімен өткен» тауарлары бар тауар қоюшы кәсіпкерлерге артықшылықтар енгізілген.  Коммуналдық қалдықтар полигонына кейбір тұрмыстық қатты қалдықтарды – оның ішінде, сынабы бар шамдар мен құралдар, шыны сынықтары, қара және түсті металл сынықтары, қызмет етіп біткен автомобиль майлары мен сұйықтары, литий, қорғасын-қышқыл батареялар, оргтехника, пластмасса қалдықтары, қағаз бен картон қалдықтары, тұрмыстық техниканы қабылдауға тыйым салынған; коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау ұстанымы енгізілген; коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрамдас бөліктері мен оларды бөлек жинау міндеттемесі енгізілген; қалдықтарды қабылдап, тасымалдау және утилизациялаумен айналысатын ұйымдар үшін қалдықтармен жұмыс істеу саласы бойынша стандарттарды жасау мен оларды міндетті түрде сақтау талаптары енгізілді;  Шығарындыларды мемлекеттік тіркеуді қалыптастыру мен ластаушыларды қоршаған ортаға төгілуіне байланысты ірі өндіріс кәсіпорындарының эмиссиясы туралы қажеттілік енгізілді. Анықтықты қамтамасыз ету мақсатында регистр ашық қолжетімділікте орналастырылады.  Мардымсыз әсері бар ұсақ кәсіпорындар үшін қоршаған орта саласындағы рұқсаттама беру рәсімдері оңайлатылған (мерзімсіз экологиялық рұқсаттама, қоғамдық тың далымдарды өткізу қажеттілігінің жоқтығы).

²⁹«ӨКМ операторы» ЖШС, http://www.recycle.kz

25


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫНА ҚОҒАМНЫҢ ҚАТЫСУЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ Жасыл Экономикаға көшу үдерісіне қоғамның қатысу суреті алақұла әрі біртекті емес. Бір жағынан, қоғам мен азаматтық қоғам ұйымдары тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанда болған көптеген экологиялық реформалардың жылжытушы күші, алғашқы «моторы» болды. Көптеген коммерциялық емес ұйымдар адам әрекетін жүргізудің «жасыл» жолдары мен күнделікті «қоңыр» технологияның зияны туралы ақпарат таратуға бағытталған жүздеген ірі немесе шағын жобаларды жүзеге асырды. Осы жобалар барысында қоғамдық экологтар мемлекетпен диалог құра бастады, осы арқылы жергілікті халық арасында тұрақты даму идеялары мен экологиялық ақпарат таратылып отырды. Жүздеген жарияланған мақалалар мен өткізілген оқу семинарлары, бірінші орнатылған жел генераторлары, күн батареялары, биогаз қондырғылары мен су және энергия сақтауға байланысты көрсетілімдік

26


жобалар – осының барлығы, сөз жоқ, өз жемісін берді, - нәтижесінде Жасыл Экономика елдің стратегиялық бағыты ретінде танылды. Әрине, кез-келген үлкен іс кемшілік пен қателіксіз болмайды, Қазақстанның Орхусс конвенциясын жүзеге асыруда азаматтардың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысуы, экологиялық мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуде³⁰ де кемшіліктер болуы мүмкін. Қазіргі таңда Қазақстан қоғамы алдында елдің Жасыл Экономикаға көшуіне байланысты көптеген кең ауқымды істер тұр. Біздің ойымызша, қоғамның жігерін төмендегі бірнеше басты міндеттерге жұмылдыру қажет:  Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін азаматтардың экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу, экологиялық мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізуді жетілдіру үшін мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастық орнату.  Мемлекеттік органдарды, бизнес пен қоғамның барлық қабаттарын Жасыл Экономиканың мәні туралы, оның әдістері мен жолдары, артықшылықтары, болашағы мен басқа елдерде жүзеге асырудың сәтті мысалдары туралы ақпараттық материалдар жариялау, тренингтер мен семинарлар өткізу, жаңа «жасыл» технологиялар туралы көрсетілім жобаларды жүзеге асыру арқылы ақпараттандыру.  Қоғамдық санада мемлекет пен бизнес тарапынан табиғат қорғау шараларын қаржыландыру көлемі, қоршаған ортаға ластауыштар шығарғаны үшін жиналатын эмиссия сомасына пропорционалды түрде болу қажеттілігін қалыптастыру (оның ішінде, бизнестің «экологиялық төлемдерін» ластауыштарды шығаруды төмендету шараларына жұмсауға рұқсат беру арқылы).  Экологиялық рұқсаттама алуда қоғамдық тыңдалымдар кезінде кәсіпорындардың Жасыл Экономика технологияларын пайдалануын талқылау.  Азаматтық қоғамды ұйымдастыру белсенділігі мен әлеуетіне, табиғат қорғау әрекетіне жастарды, оқу орындарының оқушыларын

³⁰Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жыл 23 қазан N 92-II Заңы, http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000092_

27


тарту, оның ішінде қор сақтау, энергия тиімділігі, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану мен табиғатты тиімді қорғау идеяларын алға жылжыту.  Нормативті-құқықтық құжаттарды талқылау мен қарастыру, оларды дайындау істеріне азаматтарды кеңінен тарту үшін азаматтық қоғамды қолдау және оның әлеуетін дамыту.

28


О ПРОЕКТЕ 2014 жылы Қазақстанда «Азаматтардың құқықтарын іске асыру және экологиялық мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қоғамдық қатысу –Маңғыстау облысында Орхус конвенциясын тәжірибелік іске асыру» жобасы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыруға бірден төрт ұйым тартылды: - «Арника» үкіметтік емес ұйымы, Чех Республикасы (http://english.arnika.org) - «Қарағанды облыстық Экологиялық мұражайы» ҚБ (http://ecomuseum.kz) - «Жаңа, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу орталығы» ҚҚ, Қарағанды - «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі, Ақтау қ. (http://ecomangystau.kz/) Ғаламшардың әр нүктелерінде орналасқан олардың мақсаттары ортақ – адамдар мен табиғаттың үйлесімді әрі қолайлы тіршілік етуіне жағдай жасау. Қазір, жоба өз жұмысын аяқтағанда, оны жүзеге асыру бойынша кейбір қорытындыларды шығаруға болады:  Жоба сарапшылары «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты

29


мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу» Орхусс конвенциясы нормаларының Қазақстанда сақталуы бойынша алған міндеттерін орындауына байланысты тәуелсіз мониторинг жүргізді. Бұл жұмыстың нәтижесі ұлттық және халықаралық кездесулер мен форумдарда айтылды.  Бүкіл жоба бойы біз қарапайым адамдардың экологиялық сұрақтар бойынша шешім қабылдау процесіне қатысу құқығы мен ақпаратқа қол жеткізу туралы ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргіздік.  Маңғыстау облысының «ыстық нүктелерінің» интерактивті картасы жасалды және олардың экологиялық жағдайын жақсарту жұмыстары басталды.  Жоба сарапшылары 2013 жылы Энегетика министрлігіне кейбір кәсіпорындардың өз еріктерімен берген атмосфераға жайылған шығарылымдары туралы деректерді өңдеп, қоршаған ортаны ластаушы заттардың ірі деректер қоры құрылды. Бұл кәсіпорындар интерактивті картаға енгізілді, ал олардың шығарындылары жұртшылыққа түсінікті болу үшін кестелер түрінде көрсетілді. Барлық материалдарды еш қиындықсыз жобаның сайтынан табуға болады.  Шағын гранттар бағдарламасы жүзеге асырылды, бағдарлама аясында Маңғыстау облысының қоғамдық ұйымдары мен бастамашыл т о п т а р ы ж е р г і л і к т і э к ол о г и я л ы қ м ә с ел ел е рд і ш е ш у ү ш і н консультациялық және қаржылық қолдау алды.  Жоба сарапшылары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сараптама жасап, оны жетілдіруге байланысты ұсыныстар дайындады.  Қоршаған орта мәселелері бойынша шешім қабылдауға азаматтардың қатысу белсенділігі мен әлеуетін арттыру үшін БАҚ, мемлекеттік құрылым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен мүдделі жұртшылық қатысқан кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді. Біз өзекті экологиялық мәселелерді көтереміз және пікірсайысқа азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік билік өкілдерін тарта отырып, мәселені шешудің оңтайлы жолдарын қарастырамыз. Аталған ірі жобаны Европа Одағының және Чех Республикасының Сыртқы істер министрлігінің «Transition Promotion» бағдарламасының қаржылық қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін болмас еді.

30


Жобаның Чехиядағы үйлестірушісі: Мартин Скальский martin.skalsky@arnika.org Жобаның Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі: Анна Андрейчук anna.andreychuk@ecomuseum.kz Жобаның аймақтық үйлестірушісі: Кирилл Осин osinkirill@gmail.com Жоба туралы толығырақ WWW.ECOCITIZENS.KZ сайтынан және Facebook парақшасындағы «Қазақстандағы Орхусс конвенциясын тәжірибеде жүзеге асыру» AarhusKZ тобынан таныса аласыздар.

31


«Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан, Қарағанды қ., Бұқар Жырау даңғылы, 47 - ғимарат Тел./факс: (+7 (7212) 41-33-44 E-mail: ecomuseum@ecomuseum.kz www.ecomuseum.kz

ТЕГІН ТАРАТЫЛАДЫ! Тираж – 1000 дана «Гласир» баспаханасында басылды Қазақстан, Қарағанды қ., Ермеков көш., 112/5 ғимарат Тел.: +7 (7212) 433-857; e-mail: glasirkrg@mail.ru


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.