Проект «Құрық ауылындағы қоршаған ортаны сақтау» , в рамках проекта «Реализация прав граждан и общес

Page 1

Arnika – Toxics and Waste Programme

Центр по внедрению новых экологически безопасных технологий

Ажар-ай

НПУ "Эко Мангистау"

ОО «Карагандинский областной экологический музей»

Chlumova 17, 130 00 Prague 3, The Czech Republic

Республика Казахстан, 100000 г. Караганда

Республика Казакстан, 130300, Мангистауская область, с. Курык,

Республика Казахстан, г. Актау, 4 мкр - д. 57 , офис 15,

Республика Казахстан, 100000 г. Караганда, пр. Бухар Жырау, 47,

Tel./fax: +420 222 781 471

Тел.: +7 701 513 82 12

Тел.: +7 (701) 4490175

Тел./факс 8(7292) 50-38-80

Тел./факс:+7 7212 41-33-44

e-mail: arnika@arnika.org www.english.arnika.org

ecodrom.center@gmail.com

azhar_ako@mail.ru

www.EcoMangystau.kz

ecomuseum@ecomuseum.kz www.ecomuseum.kz

Проект «Құрық ауылындағы қоршаған ортаны сақтау» , в рамках проекта «Реализация прав граждан и общественное участие в принятии решений по экологическим вопросам – практическая реализация Орхусской конвенции в Мангистауской области»

Егер сіз өркениеттің мәңгі көріксіз «серігі» - қоқыс үйіндісімен күресемін десеңіз, Ең бірінші, қоқысталған жер телімінің меншік иесін анықтап алуыңыз керек. Ол үшін, әкімшілікке сұраныс хат жазып, ол хатта рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінің орналасқан жері мен көлемін көрсетесіз, егер мүмкіндік болса фотосында қосып жіберуге болады. Меншік иесі анықталғаннан кейін прокуратураға өтініш беру қажет.Кінәліге айыппұл салынып, территорияны тазалау туралы міндет қояды. Өкінішке орай көп жағдайдарда ондай жер телімі меншіксіз немесе мемлекет иелігінде болып шығады. Бұндай жағдайда аудан әкімі атына жағдайды қысқаша баяндап, үйіндінің орналасқан жері мен көлемін көрсете отырып, мәселені шешуге көмектесуді және үйіндіні жинатуды қадағалауға алуға көмегін сұрап өтініш жазуға болады. Егер өтініш аяқсыз қалса, сот арқылы әкімнің немесе басқа да лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігін дәлелдеуге тура келеді. Мысал ретінде: Ауыл ішінде шашылып жатқан қоқысты алайық, оған тазалық қызметкерлері күнде тазалап отырады. Сіз мүмкіндік машиналардың номері көрінетіндей етіп, қоқыс жинап жатқан кезде фотоға түсіріп алсаңыз жөн болады. Ал, қоқыс бірнеше күн жиналмай шашылып ит пен мал аралап жүрсе сіз қайда барарыңызды білмесеңіз, құқық қорғау органдарына өтініш берсеңіз болады. Олар өз кезегінде түскен өтінішті құзіретті органдарға өздері жібереді. Егер қоқыс арасынан зиянды химикаттар, лампалар, батареялар, градусниктер көрсеңіз, онда табиғат қорғау прокуратурасымен шұғыл байланысып, Төтенше жағдайлар басқармасына хат жіберу керек.қоқыс үйіндісімен күрес шешімінің оң болуы үшін экологиялық ұйымдармен жіберген хаттары мен сұраныстарына міндетті түрде жауап беріледі.

При финансовой поддержке Представительства Европейского Союза в Республике Казахстанг., Курык, «09» августа 2015 г.

Страница 1


Неліктен қоқысты жағуға болмайды және онымен қалай күресу қажет? Қоқыс жағу – құқық бұзушылық. Біріншіден, өртке қауіпті жағдай. Екіншіден, түтінмен дем алу Сіздің денсаулығыңызға қатерлі зиян тигізеді. Жапырақ жағу кезінде көктің көмір қышқыл газымен бірге сіңірген пайданылған газдар, ауыр металл бөлшектері - түтінмен шығады, ал жоғары температура олардың құрамын өзгерте отырып, жағдайды одан сайын ушықтырады. Егер денсаулығыңызға салғырт қарамай түтін көрсеңіз міндетті түрде өрт сөндіру бөліміне хабарласып, не жанып жатқанын хабардар ету керек. Өрт сөндірушілер кезкелген қоңырауға келіп жанып жатқан алауды сөндіруге міндетті екендігіне қарамастан, бұндай кішкентай жағдайларға назар аудара қоймайды. Егер біреу қалдықтармен күресті үнемі жағу арқылы жүзеге асырып отырса, сіз аудан инспекторына шағымдануыңызға болады, ол не түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, не айыппұл салады

При финансовой поддержке Представительства Европейского Союза в Республике Казахстанг., Курык, «09» августа 2015 г.

Страница 2


Ауыл проблемасы канализация болды. 6 жыл бұрын жаңадан салынған үйлердің құрылыс кезінде септиктердің дұрыс жүргізілмеуіне байланысты қазіргі таңда канализация бойымен жүретін лас заттар сыртқа шығып жатыр.Бұл лас аққан канализация суынан сол үйлердің тұрғандары ғана емес соның айналасындағы үйлермен жаяу жүрген адамдарда зардап шегіп отыр. №9 бастауыш мектеп жанынан бірнеше жылдан бері канализация сулары ағып жатқандығы белгілі және де сол жерде «Айгөлек» балабақшасыда орналасқан. Адам бойынан шыққан зәр мен канализация суы араласқан, ауаны бұзған лас көлшік айналасындағы мектеп пен үйлердің ортасында орналасқан. Бұл проблема канализация мен ауыз су жүргізген трубалар бір жерден тесіліп кетті деген ой туындайды және де сол ағып жатқан лас су тұрғындардың денсаулығына зиян келтіріп отырғандығы анық. Канализациядан шыққан жаман иіспен тұрғындар дем алып, балаларайналасында ойнап жүреді. Осының әсері қоршаған ортамен адам денсаулығына әсер етіп отыр. Қазіргі таңда бұл тұрғындардың басты проблемасына айналды. Тағы бір айта кететін басты мәселе, бұл үйдің айналасына ұшып келген күл-қоқыс. Әрине, бұл шешілетін мәселе болғандықтан мусор контейнерлері сол жердегі бірнеше үйге аздық етіп отыр. Маңғыстаудың ауасы желсіз болмайтыны бәрімізге белгілі, жел күндері жиналған қоқыс үйдің алдарына ұшып келіп жатады. Жиналған мусорды ит пен мал жем іздеп контейнерді төгіп- шашып кетеді. Осы проблемада алдағы уақытта өз шешімін табады деген ойдамыз.

При финансовой поддержке Представительства Европейского Союза в Республике Казахстанг., Курык, «09» августа 2015 г.

Страница 3


Егер сіздің аулаңызда біреу ағаш кесіп жатса, не істеу қажет? Егер сіз жағдайға ықпал етіп, ағашты сақтап қалғыңыз келсе, сабырлылық танытыңыз. Ең бірінші, ол адамның немесе ұйымның «санитарлық кесу, мәжбүрлі кесу, көшеттерді басқа жаққа отырғызу» рұқсаты бар екендігін анықтаңыз. Егер ондай рұқсат қағазы бар болса, өкінішке орай, ағашты құтқару мүмкіндігі жоқ деген сөз, себебі рұқсат қағаз шынымен қажеттілік болғаннан беріледі. Кесу тапсырыс беруші аталған жер теліміне жаңа ағаш отырғызуға міндеттенеді, осы жағдайды сіздің өз бақылауыңызға алуыңызға әбден болады. Егер ағаш кесушіде рұқсаты болмаса немесе бас тартса, сонымен қатар құжатта, мысалы ағаш кесу көрсетіліп, одан көп кесіліп жатса, онда қорықпай полиция бөліміне, әкімшілікке, табиғат қорғау прокуратурасына, Табиғат ресурстарын реттеу басқармасына, аудандық экология инспекциясына қоңырау шалыңыз. Егер ағашты кесіп тастаса аталған органдардың қызметкерлері бұл құқық бұзу фактісіне тіркеп, қалалық және аудандық ішкі істер басқармасына өткізеді. Рұқсатсыз ағаш кесу жазалаудың түрлері оның ішінде айыппұл салу да қарастырылған.

При финансовой поддержке Представительства Европейского Союза в Республике Казахстанг., Курык, «09» августа 2015 г.

Страница 4


Судың сапасын қалай тексеруге болады? Су- біздің өміріміздің негізі, ал таза су- салауатты өмірдің көзі. Егер сіз судың тазалығына күмандансаңыз, төмендегідей қадам жасауыңызға болады. 1. Аузсудың мемлекеттік стандарт талабына сай химиялық сараптама жасайтын зертханамен хабарласыңыз.Санпинге қоңырау шалып бұл ұйымдардың аттестация мен аккредитациядан өткендігін анықтап алыңыз. 2. Сараптама үшін қажетті су мөлшерін оны қандай ыдыста (шыны не пластикте) әкелу керекті мен сараптама құнын анықтап алыңыз.Егер сараптама нормаға сай болмаса ластану көзін анықтап, сол көздің кесірінен суға зиянды элементтердің түсіп отырғанын дәлелдеңіз. 3. Бірінші сараптаманың деректерін дәлелдеу үшін су үлгісін жиі-жиі алып, әртүрлі зертханаларда зерттеуден өткізіп отыру қажет. Әрине біраз уақыт пен қаражатты талап ететін шаруа. Сараптама қорытындысы ластаушы заттың барлығын көрсетсе, онда суда үнемі ластаушы зат бар деген сөз. 4. Ауыз су қабатының орналасуы, орналасу тереңдігі, су минерализациясы туралы ақпарат болуы қажет. 5. Ластаушы кәсіпорынның экологиялық жоба мен оған берілген заңды тұлғаға әрекет жасауға рұқсат берудің негізгі көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама сұратыңыз. 6. Экология департаментіне, СЭС, табиғат қорғау прокуратурасына шағым жазыңыз. Аталған мемлекеттік органдар жоспардан тыс тексеріс өткізіп. Мекеменің жұмысының санитарлық және экологиялық нормаға сай ұйымдастырылуын анықтайды.

При финансовой поддержке Представительства Европейского Союза в Республике Казахстанг., Курык, «09» августа 2015 г.

Страница 5


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.