№38 газет, 23 мамыр 2017 жыл 1 бет

Page 1

Аудандық қоғамдық–саяси газет

№38 (9315) 23 мамыр сейсенбі 2017 жыл

МӘЖІЛІС

КӘСІП

әкімдер жұмысында кемшілік көп Кеше аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, онда 5 мәселе қаралды. Күн тәртібіне қойылған алғашқы мәселе – аудандағы есірткі қылмыстарының жай-күйіне байланысты ішкі істер бөлімі басшысы Нұрлан Ибраев хабарлама жасады. Оның айтуынша, жыл басынан бергі төрт айдың өзінде 6 дерек тіркелген. Яғни, заңсыз есірткі өсіретіндер тыйылмай тұр. Оған тосқауыл қою үшін қатаң бақылау мен темірдей тәртіп қажет-ақ. Аудан басшысы бұл орайда барлық ауыл әкімдеріне үлкен міндет жүктеді. Сондай-ақ, қарауындағы жеріне тыйым салынған өсімдіктің егілуіне жол берген шаруашылық басшылары жазаланып, жерлерін тәркілеу қажеттігін айтты. Жалпы, ауданда соңғы жылдары қылмыстар саны күрт артып отыр. Арты қайғымен аяқталар оқиғалар көбінекөп ішкіліктің кесірінен болады. Аудан басшысы бұған жол бермеу үшін, ауылдық жерлердегі лицензиясыз алкоголь өнімдерін сатып отырғандар жұмысын тексеруге алуды тапсырды. Мәжілісте екінші кезекте ауданда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының орындалу барысы тыңдалды. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханованың мәліметінше, биылға аудан бойынша бағдарлама аясында 76,5 млн теңге қаржы қаралған. 14 жобаны құрайтын ауқымды жұмыстар енді басталады. Өкініштісі, 5 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы әлі жарияланбаған. Елді мекенді жарықтандырып, көркін асыратын игі бастамалардың уақытынан кеш қолға алынуы ешкімге абырой әпермейді. Сондықтан да, аудан басшысы Аламесек, Жаңадария, Қаракеткен, Таң ауылдық округтері әкімдерін қатаң сынға алды. Аудандағы көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау жұмыстарында мәселе жоқ емес, бар. Талғат Тұрсынұлы бұл орайда тазалық айлығы кезінде тұрғындардың туған жерге жанашырлықпен қарауы қажеттігіне тоқталды. Көшелерді көріктендіруде кемшіліктер барына баса назар аударды. Күлқоқыстардың әр жерде шашылып жатуына жол бермеу керектігін айтты. – Жасыратыны жоқ, сенбіліктер кезінде жұмысты жүрдімбардым істеп, қоғамдық жұмысқа немқұрайлы қарайтындар бар. Тіпті, сол тазалаған жеріне ертеңіне қоқыс тастайды. Бұлай жалғаса беретін болса, жыл бойы сенбілікке шықсақ та, ештеңе өнбейді, - деді аудан басшысы. Жалғасы 2-бетте.

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы және аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульді полиция қызметі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті. Көшпелі қабылдауға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева, аудандық ІІБ-нің ЖПҚ-нің қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Ауданымыз негізінен ауыл шаруашылығымен, оның ішінде егін егіп, мал өсірумен айналысады. Аграрлы саланы дамыту – аудан экономикасын дамытудың бірден-бір жолы. Кез-келген саланың жұмысын жүргізіп, жандандыру үшін мәселенің тетігі қаржыға келіп тірелетіні белгілі. Аудан орталығындағы Т.Қыстаубаев көшесі №4 үйде орналасқан «Ауыл» кредиттік серіктестігі» ЖШС шаруашылық құрылтайшыларын несиелендіріп, қаржылай қолдау көрсетуде. Соның нәтижесінде ауданда жыл өткен сайын егіс көлемі көбейіп, төрт түлік мал саны өсіп келеді. Осы серіктестіктің басқарма төрағасы Шыңғыс Серікұлымен әңгіме барысында білгеніміз, мекеме 2001 жылы маусым айында ашылған екен. Қазіргі таңда серіктестіктегі құрылтайшылар саны 180-ге жетіп отыр. Ашылғаннан бері жарғылық қор көлемі 30 есеге көбейсе, несие көлемі 15 есеге ұлғайған. Ұжымда 15 адам қызмет жасайды. Ғимаратқа өткен жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. «Ауыл» кредиттік серіктестігі» ЖШС тек өзінің құрылтайшыларын қаржыландырады, құрылтайшылар қатарына заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары, фермер қожалығы және жеке кәсіпкерлер жатады. Атап

4 дана фронталдық жүк тиегіш техникасы, 1 дана эксковатор жүк тиегіш техникасы сатып алынды. Алдағы уақытта комбаиндар және тағы басқа да ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға сұраныс беріліп, құжаттар жина-

НЕСИЕ НЕСІБЕНІ ЕСЕЛЕЙДІ

айтқанда, осы серіктестік арқылы егін егу жұмыстарына айналым қаржысын толықтыруға, төрт түлік мал бастарын сатып алуға, «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 14 пайызбен несиелер беріледі. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша – сауда нүктелеріне айналым қаржысын толықтыруға, техника жөндеу, желімдеу және көлік жуу сервистері, қонақ үй салу, шаштараз тағы басқа да нысандарды ашу мақсатында 7 жылға, 14 пайызбен қаржыландырады. Осы жылдан бастап «Қанат» бағдарламасы іске қосылып, ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алына бастады. Яғни, 20 пайызын алдын ала төлеп, сатып алынатын жаңа техниканы кепілге қою жолымен 7 жылға 14 пайызбен беріледі. Осы бағдарлама бойынша ағымдағы жылы

луда. Кепілге қою жайына толығырақ тоқталсақ, қала, аудан және ауыл орталықтарында орналасқан тұрғын үйлер, жылжымайтын тұрғын емес барлық ғимараттар (қоймалар, дүкендер, офистер т.б.), ауыл шаруашылық техникалары, шыққан жылына байланысты жеңіл автокөліктер және арнайы автокөліктер, мүйізді ірі қара және жылқы малдары, егістік және жайылымдық жерлер кепілдік түрлері бола алады. Тағы бір ескертетін жәйт, бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда 14 пайызбен берілген несие қаржысы Үкімет тарапынан субсидияланады. Бір сөзбен айтқанда, «Ауыл» кредиттік серіктестігінің ауданда кәсіпкерлік аясын кеңейтіп, ауыл шаруашылығын дамытуға қосар үлесі орасан. Серік БЕРТАЕВ.

Акция барысында №201 мектеп-лицейінің жол қозғалысының жас инспекторлары көлік құралын жүргізушілер мен аудан тұрғындарынан «Полиция қызметкерлерінің қызмет атқару барысы» жайлы азаматтардың құқықтарының сақталуы жөнінде сауалнама алса, Қ.Шоңмұрынқызы қатысушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс-пікір, шағымдарын тыңдады. Сонымен бірге, әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторлары көлік жүргізушілер мен аудан тұрғындарына «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге

ЖҰРТШЫЛЫҚ ТАЛАП–ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ тоқталып, салынатын айыппұлдардың жеңілдіктерін айтып өтті. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан аудан орталығындағы Абай, Бұқарбай батыр, М.Шәменов көшелерінің ой-шұқырларын жөндеу және Алмағанбетов көшесі бойындағы көліктердің жүріп-тұруын реттеу туралы ұсыныстар айтылды. Қабылдау соңында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары акция барысында келіп түскен ұсыныс-пікірлер назарға алынып, бақылауда болатынын атап өтті. Н.АЛМАСҚЫЗЫ.

САҚТАНДЫРУ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ТОЛЫҚ ТҮСІНДІРІЛУІ ТИІС Ұлт саулығын сақтау, тұрғындардың өмір сүру жасын ұзарту, бастысы – медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру күн тәртібінен түспей келе жатқан бірінші кезектегі мәселе. Өйткені мемлекеттің басты құндылығы – адам болса, сол мемлекеттің болашағы тұрғындардың денсаулығына тікелей байланысты. Осы уақытқа дейін елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар іске қосылып, соның аясында аталған сала біршама алға ілгеріледі. Ал, енді жуық арада қоданысқа енетін жаңа жүйе – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жайында ел тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жайында Елбасының биылғы Жолдауында: «Биылғы 1 шілдеден мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне негізделген МӘМС енгізіле бастайды. Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Үкімет қажетті деңгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында тең жағдай туғызуы керек. Үкіметке және әкімдерге кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ, заңнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектің бағасын реттеуді

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры:

“ЖАҢА ФОРМАТ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ”

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН!

“Жалағаш жаршысы” басылымына 2017 жылдың ІІ жарты­жыл­дығына жазылу жүріп жатыр! Жаңа сапада жарыққа шығып келетін аудандық газетке аудандық редакциядан жазылуларыңызға болады.

6 айға

БИЫЛҒЫ ҰБТ-НЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕР МЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА КӨП ЖАУАПКЕРШІЛІК АРТЫП ОТЫР. ОСЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАЙЫНДА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ ТІЛЕКТЕС ЕСПОЛОВПЕН СҰҚБАТТАСҚАН ЕДІК.

жекелер үшін - 2000 теңге, (индекс 65019) мекемелер үшін - 3000 теңге (индекс 15019) 2017 жылдың баспасөз басылымдарына жазылу науқанында аудандық газет редакциялары арқылы төмендегі облыстық газеттерге жазылуға болады: Газеттің Газеттің аты Жазылу Жазылу индексі мерзімі бағасы 15460 Сыр бойы 6 ай 3750,00 (мекемеге) 65460 Сыр бойы 6 ай 2750,00 (жекеге) 15461 Кызылординские 6 ай 3750,00 вести (мекемеге) 65461 Кызылординские 6 ай 2750,00 вести (жекеге) 65425 Ақмешіт 6 ай 1500,00 жастары

енгізу қажет» делінген. Ауданымызда МӘМС-ті тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Десе де, бұл бағыттағы жұмысты әлі де болса жандандыру керек. Бұл жайында жуырда аудан әкімдігінде өткен жиында мәлім болды. Халықты жаңа жүйеге қатыстырумен тікелей айналысатын барлық ауылдық округ әкімдері, ХҚКО аудандық бөлімнің басшысы, Қазпошта АҚ аудандық филиалы басшысы, Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Ибраева және аталған мекемелер мен ауылдық округтердің МӘМС-ке жауапты мамандарының қатысуымен өткен семинаркеңесте аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ұлт саулығы үшін аса маңызды жаңа жүйені бұқараға түсіндіру жұмыстарына немқұрайлы қараған ауыл әкімдеріне ескерту жасап, аталған бағыттағы жұмысқа жауапкершілікті арттыру керектігін баса айтты. Өз кезегінде Б.Ибраева тақырып төңірегінде хабарлама жасап, жаңа жүйенің заңдылықтары мен қарапайым тұрғындардың ұғымына ауырлау тұстарының басын ашып, талдап түсіндірді. Сонымен қоса, барлық ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың әлеуметтік мәртебесін тағайындау туралы нұсқаулық таратылып, кент және ауылдық округ әкімдеріне осы нұсқаулықтың негізінде жұмыс жасау керектігі тапсырылды. Жиынға қатысушылар тарапынан МӘМС-ке қатысты сауалдар қойылып, тиісті жауаптар алды. Қ.АХЕТОВ.

Біздің есеп-шотымыз: «Сыр медиа» ЖШС БСН 100 740 005 115 ҚҚС бойынша тіркеу куәлігі Серия 33001 № 0003930 от 17.08.2012 ИИК KZ349260701180488005 АО Казкоммерцбанк КБЕ 17, БИК KZKОКZКХ КОД 158872

– Тілектес Исабайұлы, өзіңізге белгілі жоғары оқу орындарына түсу үшін бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы көпшілікті алаңдатып отырған мәселе. Осы жайында ашып айтып берсеңіз... – Мен бірінші кезекте Жалағаш ауданының түлектері жөнінде пікірімді айта кеткім келеді. Өткен жылы Жалағаш ауданының мектеп бітірушілері ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары бал-

мен өз білім деңгейлерін дәлелдеді. Мысалы, 2013-2014 оқу жылы аудан бойынша ҚазҰАУ-ға барлығы 8 ғана оқушы оқуға түскен болса, жыл өткен сайын олардың саны ұлғайып, 2016 жылы 19-ға жетті. Қазіргі таңда университетте Жалағаш ауданынан 36-дан аса студент білімдерін жалғастыруда. Бұл – әрине, жақсы көрсеткіш. Енді өзгерістер жайына тоқталсам... Ағымдағы жылдан бастап мектеп түлектерінің емтиханы мен жоғары оқу

орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы қабылданды. Оның өзіндік талаптары мен ерекшеліктері бар. Бұл жерде балалардың білімдерінің теориялық деңгейіне, функционалды сауаттылығына, логикалық ойлау қабілетіне баса назар аударылады. Айта кетейін, Жалағаш ауданында мектептің мемлекеттік бітіру емтиханынан кейінгі, жоғары оқу орындарына түсу үшін өткізілетін ҰБТ ауданның базалық № 202 мектебінде ұйымдастырылады.

Жалғасы 2-бетте.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.