SARYARQA SAMALY
Павлодар облыстық газеті 1929 жылғы 15 ақпаннан шығады
ssamaly29@gmail.com
www.saryarka-samaly.kz
facebook.com/saryarka15
ДАМУ
Қазына қаржысы он бағытқа
15 маусым, сенбі 2019 жыл №67 (15387)
@saryarka_samaly
Нақпа-нақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жылына
2%-бен тұрғын үй ипотекасы беріле бастайды АҚОРДА
Заң алдында бәрі бірдей Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.
Суретті түсірген – Дархан Өмірзақов.
Облыс бюджетінің басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатын болады. Бұл туралы кеше «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының саяси кеңесінің отырысында айтылды. Жиын барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, облыстық қоғамдық штабтың саяси науқан барысында атқарған жұмысы қорытындыланды. Жалғасы 2-бетте
Ертең - медицина қызметкерлерінің күні: ДАРХАН ЖҮРЕКТІ ДӘРІГЕР Адам өміріне жауапты ақ халатты жандардың еңбегі нағыз жанкештілік деуге болады. Қандай да бір ауруға шалдыққанда алдымен дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатамыз. Сондықтан болар, дәрігерлер көпшілік үшін адам өмірінің арашашысы болып көрінеді. Бүгінгі кейіпкерлеріміз солардың қатарынан. Толығырақ 9-бетте
Президент әкімдердің алдына бірқатар міндет қойды. Мемлекет басшысы ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандығын, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. – Елімі зде заң үстемдік етуі тиі с. Заң алдында билік өкілдері де, азаматтар да бі рдей. Бастысы – халықпен диалог орнату. Билі к халықты тыңдап, олардың талап-тілектеріне зейін қоюы керек. Шенеуніктер кабинеттерінде отырмауы тиі с. Тұрғындармен жұмыс і стеуі керек. Әкімдер мемлекеттің саясатын азаматтарға түсіндіруі қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті әкімдердің қызметі жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталуы керек екенін айтты. Бұл әкімдер жұмысының басты көрсеткіші болады. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Оларды іріктеу әділ болуы шарт. Сондай-ақ ол жастар саясатына да тоқталып, ол үшін әлеуметтік лифтілер қалыптастыру қажеттігін айтты. – Менің тапсырмам бойынша, Президентті ң кадрлық резерві құрылып, оған 300 жас маман енгізіледі. Әкімдердің міндеті – резервке ең дарынды және келешегінен үміт күттіретін жас басқарушыларды іріктеу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, 1 ай ішінде Президент Әкімшілігі тиісті тараптармен кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі бойынша консультациялар өткізіп, арнайы ережені енгі зуі тиі с. Ал аталған кеңестің алғашқы отырысы алдағы тамыз айында өтеді. Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.
2
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
Бөле-жара Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер балапанды апта сайын санайды. Осы жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара айтар оқиғалар қайсы?
Интернетті кім бұғаттап жүр? Қазақстанда соңғы уақытта интернет жиі бұғаттала бастады. Әсіресе, осы аптада әлеуметтік желі тұрмақ, ватсап, телеграм секілді мессенджерлердің өзі бірнеше күн қолжетімсіз болып, оның игілігіне бой үйретіп қалған көпшіліктің қиналғанын көз шалды. Бұл келеңсіздікке елімізде экстремистік ұйым болып танылған ДВК (Қазақстанның демократиялық таңдауы) қозғалысының қитұрқы шаралары себеп болып отырғаны түсінікті. Қашқын банкир Мұхтар Әблязов отандастарымызды ғаламтордың ғажайыбымен шеруге шақырып, қайта-қайта үгіттеп жүр. Әлемдік желінің осы бір оспадарсыз тұсы еліміздің қауіпсіздік және бейбітшілік жағдайына айтарлықтай нұқсан келтіріп тұрғаны айдан анық. Сондықтан билік интернет арқылы тарайтын заңға қайшы әрекеттерді әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұғаттау арқылы тежеп отыр. ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісовтің айтуынша, елімізде интернет пен әлеуметтік желілерді бұғаттауға қатысты арнайы заң да, қаулы да бар. Төрт органға белгілі бір өкілеттіктер берілген. Яғни, бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде желілер мен байланыс құралдарын уақытша тоқтатуға құқылы. Дей тұрғанмен, халықаралық COST сервисінің есептеуінше, Қазақстан бір ғана «Фейсбук» желісін небары 1 сағат бұғаттаса, бұған ұлттық экономикаға 40 млн. теңге шығын келеді екен. «Бұл қайдан келген ақша?» деп таңқалудың қажеті жоқ. Себебі бүгінде бизнестің көбі social media-ға, қазақша айтқанда әлеуметтік медиаға тәуелді. Байқап қарасаңыз, кез келген интернет-ресурсқа интернет пайдаланушы оған әлеуметтік желідегі корпоративтік аккаунтардың сілтемесі арқылы кіреді. Ол дегеніңіз қып-қызыл ақша, яғни жарнама табысы. Жарнама берушілер өз баннерлеріне миллиондар төлейді. Әдеттегі компаниялар бір басқа, саудасы тек ғаламторға тірелген интернет-дүкендер, әлеуметтік желі арқылы табыс табатын блогерлер мен вайнерлер бұдан көп зардап шегеді. Ал қарапайым адам күнделікті уақытының кемі 30-40 пайызын әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өткізетіні де өтірік емес. Ендеше тұтынушы ретінде интернет бұғатталғанда олардың да талабының орындалмай отырғанын байқар едік. Сондықтан бұл жағдай азаматтардың наразылықтарын күшейте түсуі де ғажап емес деп санайды сарапшы мамандар. Ең дұрысы, ғаламторды бұғаттауды доғарып, мемлекеттік насихат пен идеологияны мықтап қолға алу керек. Саналы адам ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өзі-ақ талдап ала алады.
Бізде бензин көп Қазақстанда өндірілетін бензин көлемі көбейіп кеткен. Соған сәйкес өңірлерде АИ-92, 95 маркалы бензиндердің арзандағаны байқалып отыр. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың айтуынша, мұнай өңдеушілер қазір бензинін экспортқа шығарғысы келеді. Әйтпесе ішкі нарықта жанармай шамадан тыс артып, бағасы одан сайын түсіп кетуі мүмкін екен. - Өзбекстан, Тәжікстан, басқа да елдерге алғашқы партияларын апарып өткі зі п көру керек. Тек биыл 300-400 мың тоннадай апаруға болады. Жалпы, қаңтар айынан бастасақ, 500-600 мың тоннадан асып кетер еді. Әзірге қолбайлау болып тұрғаны - Ұлттық экономика министрлігі Әділет министрлігімен бірге баж салығының деңгейін бекітуі керек. Содан кейін Қазақстан үшін Орталық Азиядағы көршілерімізге мұнай өнімдерін экспорттауға еш кедергі болмайды. Бензин экспорттауға құлшынып отырғанымыз: АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин қоры ұлғайғанымен, тұтыну көлемі өсер емес. Оның литрі шамамен 2, кей өңірлерде 5 теңгеге дейін арзандаған. Сондықтан өндірушілер шығынға батпаудың жолын қарастыруға көшті, - деді министр.
Экстрадицияға қарсы шықты Гонконгте бірнеше күннен бері миллионға жуық адам «қылмысқа күдіктілерді Қытай, Макао және Тайпейге беру туралы заңға» қарсы наразылық шараларын ұйымдастыруда. Маусымның 13-і күні Гонконгте мемлекеттік мекемелер жұмысын уақытша тоқтатты. Елдегі полиция дерегінше, митингіге 250 мың адам шыққан. Атап өтейік, бұл елдің парламенті «қандайда бір қылмысқа күдіктілерді Пекин сұраған жағдайда құрлықтық Қытайға беру туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарауды кейінге қалдырды. Гонконг билігі заң жобасын маусымның 20-сы күні күшіне енеді деп хабарлаған. Бұл заң жобасын Қытай билігі ұсынған. Оған сәйкес, Гонконг аумағында жүрген адамды Бейжің қандай да бір қылмысқа күдікті деп тапса, Гонконг ол адамды Қытай, Макао немесе Тайпейге экстрадициялауы тиіс. Апта оқиғаларын бөле-жара сөз еткен Апта оқиғаларын Мұрат бөле-жара сөз еткен АЯҒАНОВ.
Мұрат АЯҒАНОВ.
АҚПАРАТ
САРЫАРҚА САМАЛЫ ЖҰРТШЫЛЫҚ ПІКІРІ
Ауқатты болу әлеуметтік саясат жемісі Сәрсенбінің сәтінде Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өткені белгілі. Аталмыш шара барысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант беріп, елдің бай-қуатты өмір сүруі үшін алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар мен баса мән берілуі тиіс негізгі он бағытты атап өтті. Ел Президентінің жоспарлары мен алға қойған міндеттеріне байланысты жерлестеріміз өз пікірлерін білдіруде.
Ілкімді істер ілгері жетелейді Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау шарасында еліміздің қарқынды дамуы үшін басты бағыттарды атап көрсетті. Әсіресе, елдегі экология мәселесіне тоқталуы көкейімізге қонды. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде: «Қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халы - көпшіліктің көкейіндегі мәселе. Сондықтан елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа экологиялық кодекс қабылдау
керек», - деген еді. Бұл әсіресе, біздің өңір үшін ерекше маңызға ие бастама деп ойлаймын. Мемлекет басшысы әлеуметтің әлеуеті артуы үшін қоғамды дендеген дерт – сыбайлас жемқорлықты жою туралы мәселе көтерді. Бесінші бағытта тұрғын үй мәселесіне ерекше тоқталды. Алдағы уақытта түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айырықша назар аударылмақ. Сондай-ақ, Қасым-
Елдің басты құндылығы - адам
Жомарт Кемелұлының жетінші бағытта атап көрсеткен Өңірлерді дамытудың жаңа бағдары туралы ойы да ерекше маңызға ие. Біз жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту арқылы азаматтарды толғандырған нақты мәселелерді өз аймағымызда оңтайлы шешуге мүмкіндік аламыз.
Бақыт БЕКСЕЙІТОВА, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Дәрігер мәртебесі артады
Елдің басты құндылығы – адам. Бұл ретте, Мемлекет басшысы ел тұрғындарының денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық қызмет көрсету мен жаппай білім беру ісін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, көптен бері қоғам талқысында жүрген мұғалімдер мен дәрігерлер мәртебесін көтеру, материалдық жағдайын жақсарту мәселесі де Президенттің назарынан тыс қалған жоқ. Өзім білім беру саласында еңбек еткендіктен, болашақта осы бағытта атқарылатын жұмыстардың ары қарай жалғаса беретінін және алда жақсы жаңалықтар күтіп тұрғанын естіп, бір жасап қалдым. Бұл - менің ғана емес, «ұстаз» деген ұлағатты атты арқалап жүрген барша мұғалім мен ақ желеңді абзал жандарға деген үлкен қолдау деп түсінемін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ұлықтау рәсімінде өзінің жұмысына тұғыр болатын негізгі он бағытты атап көрсетті. Жоғарыдағы он бағыттың ішінде халықтың табысын арттыру, сыбайлас жемқорлықты жою, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үймен қамту сынды маңызды мәселелер қамтылған. Барлық тұрғынға сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі назарға алынды. Президент алдағы уақытта дәрігер мәртебесін көтеретін жаңа заң қабылданатынын айтты. Ақ желеңді жандардың құқығын қорғап, тиісті материалдық жағдай жасалатынын да атап өтті.
дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернаты директорының орынбасары, Павлодар қаласы.
облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері.
Құралай МҰҚЫШЕВА,
Айман ОСПАНОВА,
Қазына қаржысы - он бағытқа Басы 1-бетте
Данияр ЖҰМАДІЛ «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов еліміздегі кезектен тыс Президент сайлауы сәтті аяқталғанын айтты. Аймақ тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытып, өз азаматтық парыздарын жүзеге асырды. - Тарихи маңызды науқан аяқталды. Облысымыздың тұрғындары елмен бі рге «Сабақтастық. Әді лді к. Өрлеу» қағидаларына дауыс берді. Нәтижесінде «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидатымыз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті атанды. Біз 12 маусым күні жаңа сайланған Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінің куәсі болдық. Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан мақсат-міндеттердің алдағы уақытта жүзеге асырылуына қатысты нақты тапсырмалар берді. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытын айқындап берді, - деді аймақ басшысы. Қазақстан Президенті ұлықтау рәсімінде он негізгі бағытты белгілеп берді. Олардың бәрін жүзеге асыруға дереу кірісу керектігін де айтты. «Nur
Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Николай Дычко аймағымыз аталған мақсат-міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін барын салатынын жеткізді. - Мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру және әл-ауқатын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар жасау, соттық-құқықтық реформа, әділетті әлеуметтік саясат, тұрғын үй мәселесін шешу, өңірлерді дамыту, тепе-теңдік және көпвекторлы сыртқы саясат, сондай-ақ, жастарды қолдауға қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Облысымызда бұл бағытта маңызды бастамалар қолға алынған. Мысалы, тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл саланы қаржыландыру мәселесі толығымен шешілді. Бүгінде аймағымызда әлеуметтік саясатқа көп көңіл бөлініп отыр. Тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге облыс бюджетінің көп бөлігі жұмсалуда, деді Н.Дычко. Бұл ретте, облыс әкімі Болат Жұмабекұлы әлеуметтік салаға аймақ қазынасынан 5,6 млрд. теңге қарастырылып отырғанын нақтылап өтті. Жиын барысында сайлау науқанында облысымыздағы үгіт-насихат шараларына жауапты болған қоғамдық штабтың жұмысы қорытындыланды. Штаб төрайымы, облыстық мәслихат хатшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, аймағымызда үгіт-насихат
жұмыстары белсенді жүргізілген. Облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі қоғамдық штабтарда 400-ге таяу адам жұмыс істеді. Бұдан бөлек, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың 1208 сенімді өкілі жұмылдырылды. Облыс бойынша 84 мобильдік үгітнасихат тобы құрылып, бір айға таяу уақыт ішінде тұрғындармен 600-ге жуық кездесу ұйымдастырылған. Қоғамдық штаб белсенділері 100 мыңнан астам үйді аралап, үгіт-насихат жүргізген. Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Birge» жалпыұлттық акциясы аясында аймақ тұрғындарынан 32 500 ұсыныс-тілек қабылданды. Оның 80 пайызында павлодарлықтар сайлаудың сәтті өтуіне, Елбасы саясатының жалғасын табуына қатысты тілегін білдірсе, қалған 20 пайызында әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты өтініштер мен ұсыныстар жазылған. Ал сайлау күні әр сайлау учаскесінде бақылаушылар жұмыс істеді. Аймақ басшысы облыстық қоғамдық штабтың жұмысына оң бағасын берді. Саяси кеңес отырысының соңында облыс әкімі Б.Бақауов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын халық арасында кеңінен түсіндіруді тапсырды. Сондай-ақ, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», аталған бағдарламада айқындалған он негізгі міндетті табысты жүзеге асыруға шақырды.
АЙНА
САРЫАРҚА САМАЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Академия шақырады Облыстық әкімдікте ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдері білім деңгейін көтергісі келетін мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Дипломатия институтының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Мәриам Әбішева мен мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің доценті, PHD докторы Нұрлан Нұрәлиев мемлекеттік қызметшілердің сауалдарына жауап берді. Мемлекеттік қызметшілер оқуға түсуге құжаттар тапсыру тәсілдері, әңгімелесуден өту тәртібі, эссе жазу технологиясы және әр мамандық бойынша қойылатын талаптарға қатысты сауалдарын қойды. Дипломатия институтының директоры Мариян Асарова академия құрамында 11 магистратура және 4 докторантура мамандықтары бойынша оқытатын Дипломатия, Басқару, Кәсіби даму институттары мен мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі қызмет ететінін айтты. - Құжаттарды тапсырудың алғашқы және негізгі әдісі Академияның сайты арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады. Яғни, академияның https://www.apa.kz/kz/ сайтына тіркелген соң қалаған магистратура немесе докторантура мамандығына құжат тапсыра аласыздар. Оқуға түсудің басты талаптарының бірі – шет тілін білу. Демек, қолыңызда тиісті деңгейдегі IELTS сертификаты болуы керек немесе академия базасында ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау үшін APTIS форматы бойынша емтихан тапсыра аласыздар. Әр талапкер мотивациялық және мамандық бойынша эссе жазып тапсырады. Екі эссе де академияның сайтында тіркеліп, оларға жеке шифр беріледі. Тәуелсіз сарапшылар
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
Көпбалалы ананың қуанышы
3
КӨМЕК
Өңірімізде көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыс жүргізілуде. Мәселен, биыл сәуір айында Ақсу қаласында 57 отбасы пәтерге ие болған. Баспаналы болғандардың бірі – Ирина Мотовильник.
эсселерді шифры бойынша жұмыстың өзімен ғана танысып, бағалайды. Яғни, сыбайластыққа жол берілмейді. Қорытынды кезеңде талапкерлер комиссияның алдында әңгімелесуден өтеді. Комиссияның құрамында академияның профессорлары мен мемлекеттік органдар, депутаттық корпус және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен құралған тәуелсіз сарапшылар болады, - дейді Мариан Асарова. Ағымдағы жылы магистратура мен докторантура мамандықтарына 120 грант бөлінді. Біліктілігі жоғары профессорлықоқытушылық құрам оқытады. Олардың ішінде доғары лауазымдарда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер сабақ береді. Мысалы, дипломатия институтында елі мі зді ң халықаралық байланыстарын орнатудың бастауында тұрған Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов дәріс оқиды. Павлодар облысының кейбір мемлекеттік қызметшілері Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, магистр дәрежесіне ие болды. Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің
бас маманы Ольга Загурская 2009 жылы академияны «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады. Дипломға ие болған маман лауазымдық сатымен жоғарылап, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бөлім басшысы қызметіне орналасты. - Академияда оқу үрдісі, қоғамдық іс-шаралар, оқытушылар, қысқасын айтқанда, бәрі де ұнады. Мемлекеттік басқару академиясы менің өмірлік көзқарасыма қатты әсер етті. Кәсіби қызметіме айтарлықтай әсер ететін білім мен мол тәжірибе жинадым, - дейді Ольга Загурская. Атап өту керек, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы биыл 25 жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Академияның тарихы 1994 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚазКСР КП ОК жанындағы жоғары партия мектебін мемлекеттік саясаттың ұлттық жоғары мектебі ретінде қайта құру туралы Жарлыққа қол қойған күннен басталады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
ӨНДІРІС
М.АМАНТАЙ.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»
Қауіпсіздікті қаперде ұстайды Өндіріс орындарында жазатайым оқиғалар жиі орын алатыны белгілі. Оған басты себеп қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы. Дегенмен өңірімізде жазатайым жағдайлар санының азайғаны қуантады. Мәселен, өткен жылы жұмысшылардың жарақат алу көрсеткіші 35 пайызға төмендеген.
Трамвайдағы дәріс Жақында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Ана тілі» орталығы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері арасында саяхат сабағын өткізді.
Мереке АМАНТАЙ Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі жиынында облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлім етті. Оның айтуынша, 2017 жылы өңірімізде 182 адам жарақаттанған. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 118-ге дейін төмендеген. Сонымен қатар, елімізде жарақат алу деректерін нөлдік деңгейге төмендету мақсатында жол картасы әзірленген. Көшпелі жиын барысында осы бағытта жүйелі жұмыс істеуге көшкен өңірдегі кәсіпорындардың жұмыс барысы таныстырылды. Басқарма басшысының айтуынша, өңірімізде ұзақ жылдар бойы өндірістік апатсыз жұмыс істеп келе жатқан мекемелер баршылық. Солардың бірі - «Крендель» кондитерлік компаниясы. А.Қапанов өзінің 17 жылдық еңбек өтілінде аталмыш компаниядан тек екі жарақаттың тіркелгенін айтады. Ал компанияның санитарлық дәрігері Нина Горбенконың айтуынша, мұнда қауіпсіздік шаралары қатаң бақыланады. Тіпті, жұмысшылардың байқаусызда аяғы тайып кетпес үшін еден де арнайы қоспамен жуылады. - Өңі рі мі здегі басқа азық-түлі к орындарында жарақат алу факті лері жиі тіркеледі. Мысалы, адамдардың көбі илеу машинасымен жұмыс істегенде жарақат алады. Себеп әртүрлі болуы мүмкі н. Кейбі рі неке сақинасын алып тастауды ұмытып кеткен. Бұл абайсыздық саусақтарды кесіп тастауға дейін апарады. Ал «Крендель» компаниясы әркез осындай жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде, - деді А.Қапанов. Өңіріміздегі қауіпсіздік шараларын үнемі қадағалайтын кәсіпорынның бірі – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ. Мұнда «Сигнал» деп аталатын жоба і ске қосылған.
Бүгінде көпбалалы ана Ақсу қаласында тұрады. 73 жастағы ана жеті баланы тәрбиелеп отыр. Олардың төртеуі өз құрсағынан болса, үшеуін кішкентайынан бауырына басқан. Балаларының ең кенжесі - 4 жаста. - Ұзақ жылдардан бергі арманымыз орындалып, жаңа пәтерге қоныс аудардық. Біріншіден, көпбалалы аналардың мәселесіне баса мән беріп, бар қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс атқарып жатқан мемлекетімізге мың алғыс. Сондай-ақ, баспаналы болу үшін тиімді мүмкіндік қарастырған жергілікті билік өкілдеріне ризашылығымызды білдіреміз. Бізге берген пәтер төрт бөлмелі. Өте жайлы. Оның үстіне үйіміздің жанында спорт кешені, балабақша, мектеп бар. Сауда орындары да жақын орналасқан. Біздің бақытты сәтіміз пәтерлі болуды аңсап жүргендердің барлығына жұғысты болсын, - дейді ана. Ақсу қаласы әкімдігінің берген мәліметіне сүйенсек, бүгінде 180 көпбалалы отбасы пәтер кезегінде тұр. Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақсу қаласында әрқайсысы екі пәтерлі 28 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Яғни, қызметкерлер кез келген уақытта жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында өз ұсыныс-тілектерін білдіре алады. Барлық ұсыныстар арнайы комиссия отырысында қаралып, үздік деп танылғаны іске асырылады. Сонымен қатар, биыл зауыт 7,3 млн. теңгеге арнайы жаттығу құралын орнатқан. Мұнда жұмысшылар биіктікте жұмыс істеуге, абайсызда құлау жағдайында меңгерген әдіс-тәсілдерін қолдана отыра дұрыс құлауды үйренеді. Асқар Қапанов өңірдегі кәсіпорындарда Ақтөбе ферроқорытпа зауытының тәжірибесін қолдануды ұсынды. - Ақтөбеде «Халықтық бақылау» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба аясында жұмыстан зардап шеккен немесе зейнеткерлікке шыққан тәжірибелі мамандарды тарту қажет. Олар барлық қауіпсіздік шараларының сақталғандығын, олардың дұрыс орындалуын қадағалайды және соған сай жалақы алады. Бұл тәжірибені әлі де зерттеп, өңіріміздегі кәсіпорындарға енгізуді ұсынамыз, - деп қорытындылады Асқар Қапанов.
Шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өтті. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мамандарының сөзінше, сабақтың қоғамдық көлік ішінде өтуінің өзіндік мәні бар. Себебі қазақ тілін енді үйреніп жүрген мамандар тілді терең меңгертуде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданған дұрыс. Трамвайдағы қазақ тілінің флеш-тренинг курстары аясында қаланың көрікті жерлерін тамашалай отырып, соған байланысты сөз құрайды, өзара әңгімелеседі. - Курсқа қатысушылар өткен тақырыптарды қайталай отырып, қаланы аралап, тарихимәдени нысандармен танысып шықты және сурет арқылы көргендерін айтты. Кейін өз ойларын шығармашылық тұрғыда жазып жеткізді. Аталған курс флеш-тренинг стилінде, соның ішінде шығармашылық, эстетикалық және музыкалық бағыттарында өтті. Біздің орталық осылай тіл үйретудің жаңа әдістәсілдерін көптеп қолдануда, - дейді облыстық «Ана тілі» орталығының директоры Шолпан Кенжикова. Сабаққа облыс орталығындағы мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, әдіскерлері және басқа да мамандары қатысты.
Т.МАРХАБА.
4
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ
АУЫЛ-АЙМАҚ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ
Жол жөнделуде Ауданда облыстық маңыздағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ТереңкөлМихайлов бағытындағы жол бөліктері ретке келтірілуде. Бұл бағытқа республикалық және облыстық бюджеттен қомақты қаржы қарастырылып отыр. Аталмыш жолдың жалпы ұзындығы 108 шақырымды құрайды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, Тереңкөл-Михайлов бағытындағы жолдың 0-20 шақырым бөлі гі не барлығы 753 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның 67,81 млн. теңгесі республикалық бюджетке тиесілі. Ал 20-40 шақырым бөлігін жөндеуге 793 млн. теңге қаржы жұмсалмақ. Жөндеу жұмыстарымен мердігер «Гордорстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысуда. Жақында аталмыш серіктестік Тереңкөл ауылындағы Тәуелсіздік, Тәліпов, Панфилов, Сәтбаев көшелері қиылысындағы шұңқырларды тегістеп, жөндеу жұмыстарын жүргізген.
Г.ЖАЯБАЕВА.
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ
Рухани таным ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ сабағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында оқушылардың бойына ұлттық кодты сіңіріп, тарихи санасын жаңғырту, дүниетанымын кеңейту мақсатында Майқайың №2 мектебінің жанындағы «Айгөлек» сауықтыру лагеріндегі бір күн толығымен осы мақалаға арналды. «Атқа міну», «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» секілді басқа да станциялар құрылып, балалар әр бөлімді жеке бақылап, түсінуге мүмкіндік жасалды. Оларға бағыт көрсетіп «Рухани жаңғыру» «самұрық құсы» қатар «ұшып жүрді». Лагерь директоры Олжас Кәкімжанов атқа мінудің мәдениеті, пайдасы туралы айта келіп, ат әбзелдерімен таныстырды. Келесі станциядан оқушылар Қазақ даласы – ежелгі металлургияның отаны екендігін білді. Тарихшылар «Ұлы жібек жолынан» бұрын «Мыс жолының» болғанын, керуеннің дәл осы Ұлытау жерінен өткенін айтады. Киелі өлкедегі Талдысай қонысы - соның дәлелі. Бұл жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, түрлі бұйымдар жасағандығын тәрбиешілер түсіндіріп өтті. Біздің жерімізде өсетін жабайы қызғалдақтар қазіргі көпке әйгілі қызғалдақ атты мәдени өсімдіктің атасы. Яғни қызғалдақтың отаны – Қазақстан. Сонымен қатар, Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы реті нде елі мі зді ң оңтүсті гі ндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Осындай қызықты мәліметтерді оқушылар құлшыныспен тыңдап, білімдерін арттырды. Әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатымызды сақтай отыра ілесу – Елбасы мақаласының негізі өзегі. Осындай игі бастамаға атсалысу – әрқайсымыздың қастерлі міндетіміз.
Б.ӘУБӘКІРОВА,
Майқайың кенті.
АҚТОҒАЙ АУДАНЫ
Бизнес жобалар қолдауға ие
Шағын ауылдағы шара
Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуға арналған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы қолға алына бастады. Бүгінде аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі тікелей осы бағдарлама негізінде жұмыс істеуде. Осыған орай бизнесті дамыту мен ашудың жаңа мүмкіндіктерін қарастырып отырмыз деген аталмыш бөлімнің басшысы Сымбат Өмірзақова «Победа» ЖШС алдағы уақытта тауарлы сүт фермасын кеңейтуді және бұзау күтіміне арналған қоражай салуды қолға алуда. Жоспарды орындау үшін серіктестік 400 миллион теңге несие алмақ. - Біз бизнесті дамытудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Кәсіпкерлермен де ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеміз. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейтуді көздеп отырған азаматтар бар. Біз олармен тиянақты жұмыс істеп, бизнес жобаларының жүзеге асуына қолдау көрсетеміз. Жалпы алғанда, бұл бағдарламаға барлық адамдардың қатысуына болады. Бізге немесе «Рассвет» несиелік серіктестігіне, ауыл тұрғындары жергілікті әкімдер арқылы ұсыныс білдірсе, олардың кәсіптік жобалары мен мақсаттары үшін қолда бар мүмкіндікті толық жұмылдырамыз, қолдаймыз, - дейді ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы С.Өмірзақова. Айта кетелік, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы негізінде ауданда тағы бір жоба іске қосылмақ. Ол «Болашақ» ЖШС-нің еншісіне тиесілі. Мұнда серіктестік жылыжай салмақ ниетте.
Өз тілшіміз.
ЕРТІС АУДАНЫ
Супермаркет ашылды Ертіс ауданының инвестициялық әлеуеті артып келеді. Мұнда бірқатар табысты бизнес жобалар қолға алынған. Солардың бірі – заманауи супермаркет. Аудан орталығында «Inmart» дүкені ашылды. Сауда орнының алғашқы тұтынушыларының бірі өңір басшысы Серік Батырғожинов болды. - Мұндай сауда орталығының ашылуы - ауданымыз үшін маңызды оқиға. Бұл супермаркет ауыл тұрғындарын кең көлемдегі тауарлар ассортиментімен қамтиды деп сенеміз. Сондай-ақ, азық-түлік қолжетімді бағалармен саудаланады деп күтілуде. Жерлестерімізге қолайлы жағдай тудыру үшін мұнда ақшасыз есеп айырысу мүмкіндігі де қарастырылған, - деді сауда орнының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі С.Батырғожинов. Супермаркетте 11 адам жұмыспен қамтылды. Атап өтерлігі, бұл - «Inmart» сауда желісінің облыс аудандарында ашылған екінші өкілдігі.
Өз тілшіміз.
Мүткенов ауылдық округіне қарасты Жаңатап ауылында Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар және оған қатысушыларға арнап ескерткіш-обелиск ашылды. Ашылу салтанатына аудан тұрғындары мен осы ауылда туып-өсіп, бүгінде республикамыздың әр түкпірінде елеулі қызмет етіп жүрген азаматтар қатысты. Осыдан біраз уақыт бұрын Жаңатап ауылының тумасы, бүгінде Екібастұз қаласында тұратын қоғам белсендісі Рауан Сейфуллин ескерткіш салу туралы бастама көтерген. Оның айтуынша, ауыл азаматтары бұл іске бір кісідей жұмылып, қолғабыс жасаған. Әсіресе, ауылдағы жеке кәсіпкер Асқар Шахмановтың көмегі көп болыпты. Жиын барысында Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Қайыржан Ғалымов, тыл еңбеккерлері Амангелді Жұманов, Сартай Тәкиевтер сөз сөйледі. Көнекөз қариялар Ұлы Отан соғысына осынау алақандай ауылдан аттанған ондаған азаматтың ұрыс даласында ерлікпен қаза тапқандығын, аман-есен Отанға оралғандары ұзақ жылдар бойы ел үшін еңбек еткендігін айтып өтті. Жиын соңында қатысушылар жауынгерлердің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Шағын ауылда болған үлкен бастама болашақ ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін бірден-бір орын болмақ.
Б.ҚАРАКЕРЕЙҚЫЗЫ.
АҚҚУЛЫ АУДАНЫ
Алғысқа бөленді Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында Аққулы ауданының орталығында салтанатты жиын өтті. Аталмыш жиында аудандағы барша денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері бас қосты. Оларды аудан әкімі Абзал Балғабаев айтулы мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. - Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда. Осы тұста барша медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтай отыра, жаңа табыстар тілеймін, - деді А.Балғабаев. Жиында кәсіби мерекеге орай еңбегі елеулі жандар арнайы марапатқа ие болып, ел алғысына бөленді. Бірқатар қызметкерлер облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Бұдан бөлек, аудандық аурухананың медбикесі Сима Ризуанова республикалық «Senim» кәсіптік одағының Құрмет грамотасына ие болды. Салтанатты шара аудандық өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Өз тілшіміз.
МАЙ АУДАНЫ
Әмбебап алаң ашылды Май ауданы Кеңтүбек ауылында әмбебап спорт алаңы ашылды. Ендігі жерде ауыл тұрғындары бос уақытын тиімді өткізе алады. Игі жұмысты «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырды. Алаңның салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметті к жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Әсел Ші лдебаева, Май ауданының әкі мі Марат Ақтаев және спорт ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты. Әмбебап спорт алаңы үш аумақтан тұрады. Бұл жерде шағын футбол және балалар ойнайтын алаң бар. Сондай-ақ тұрғындардың дене жаттығуларымен белсенді айналысуы үшін workout алаңы да жұмыс істейді. Шағын футбол алаңына жасанды көгал төселсе, балалар және жаттығу аумақтарына резеңке үгіндіден жасалған жарақат қауіпсіздігі үшін жіксіз жабыны төселген. Алаңдар салауатты өмір салтын қолдау және балалар спортын дамыту, ауыл тұрғындарын қазіргі заманғы спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылды. Ашық ауадағы жаңа кешен әсіресе, жастардың спорттық әлеуеті н і ске асыруға мүмкі нді к береді. Бұл алаңда облыстық маңызы бар спорттық және мәдени шараларды өткізуге болады.
А.ХОНЖ.
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша ОЙ-ТОЛҒАМ
КӨҢІЛІҢЕ ТОҚЫП АЛ!
Туған жерім - алтын бесігім!
Ұлылардан ұлағат Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден ерек. А.ҚҰНАНБАЕВ. * * * Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш пен тәртіп керек. М.ӘУЕЗОВ. *** Ең ұлы жеңіс – өзіңді-өзің жеңу. П.КАЛЬДЕРОН. *** Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді. К.УШИНСКИЙ. *** Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді. Л.ВИНЧИ. *** Өзіңді-өзің тану – даналықтың бірінші белгісі. К.МАРКС *** Өзімшілдік – тірі пенденің орасан зор кемістігі. У.ШЕКСПИР.
БӘРЕКЕЛДІ!
«Туған жер», «Туған ел», «Отан» деген жас жүрегімнен шыққын жалынды сөздерді мақтанышпен жар салып айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау ұлан-ғайыр жерге, бейбіт өмірге қол жеткені мәлім. Ғасырлар бойы талай елге бодан болып, көп қорлық көрген қазақ халқы үшін Тәуелсіздіктің, жарқын болашақтың ақ таңы атты. Тәуелсіздік жолында қазақтың арыстандай айбатты азаматтары бастарын қауіп-қатерге тігіп, бабалардың кіндік қаны тамған қасиетті жері үшін, болашақ ұрпағының бақытты ғұмыры үшін аянбай тер төкті. Қазақ халқының тарихына үңіліп қарайтын болсақ, келешек ұрпаққа ауыз толтырып айтарлықтай көкірегімізді мақтаныш сезімі кернеп тұра алатындай жетістіктер, асқан асулар мен бағындарған белестерді көре аламыз. Қазір де еліміз «Қазақстан Республикасы» деген жеке атауды иеленіп, мәдениет, ғылым, спорт саласы бойынша көптеген елдермен бәйгеге түсіп, өз атын дүниежүзі елдеріне танытуда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050», «Рухани жаңғыру» атты бағдарламаларды іске асыруы арқылы еліміздің рухани жағынан болашаққа бағдар беріп, халқымыздың атын, желбіреген көк байрағын жоғары көтеріп, төрткіл дүниеге таныта білді. Мен өз елімнің ұланы, Тәуелсіз
БАЛАПАН ЖЫР
Аға Аға деген асыл ғой Ақыл айтып жүретін. Ағаң барда алдында, Қорғаушың бар, білесің. Жаннұр НҰРЛАНҚЫЗЫ, оқушы, Баянауыл ауданы, Бірлік ауылы.
Анашым Мейірімге толы жүрегі, Анашым - асылдың сынығы. Жанашыр болған біздерге, Анашым - бұлақтың тұнығы.
Қазақстанның азаматы ретінде туған жерімді, ондағы табиғатты, аспандағы сансыз жұлдыздар мен айды, тау мен тасты, жарқырап, күлімсіреген күнді шексіз сүйемін.... Мен өз елімді мақтан етемін, халқымның басынан кешірген тарихына зор құрметпен қарап, атабабаларымыз сияқты мен де, өз еліме теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосқым келеді. Бұл – менің өз-өзіме берген сертім.
Асыл анам, жан анам, «Күнім» деп еркелеткен. Ақыл мен тәрбие беріп, Мінезімді көркем еткен. Мерей БЕКТҰРСЫН, 5-сынып оқушысы, Аққулы ауданы.
Мөлдір ТӨЛЕУ,
«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушысы, Павлодар қаласы.
Кикбокстің күміс жүлдегері Қызылорда қаласында жасөспірімдер арасында кикбокстен өткен республикалық чемпионаттан жас жерлесіміз жүлделі оралды. Аталмыш спорттық жарыста бақ сынаған Павлодар қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №22 мектептің 9-сынып оқушысы Майдан Темірлан күміс медальге ие болды. Жас кикбоксшы бұл спорт түрімен 11 жасынан бері айналысып келеді. Оны «Алға» спорт клубының негізін қалаушылардың бірі Серік Қанапиянов жаттықтырып, жеңіске жетудің қыр-сырын үйретуде екен. Айта кетерлігі, жас таланттың бұған дейін де спортта жеткен жетістіктері толағай. Атап айтар болсақ, ол 2018 жылы 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында муай-тай бойынша өткен қалалық ашық чемпионатта және Семей қаласындағы жасөспірімдер мен кадеттер арасында ұйымдастырылған Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында II орын, Қостанай қаласында фулл-контакт бойынша республикалық чемпионаттан III орын алған. Ал биыл Алматының Текелі қаласында кикбокстен өткен республикалық турнирде I орын иеленді.
Сөзжұмбақ Ғ А Р Ы Ш
ФОТОЭТЮД
«Жігітке жеті өнер де аз» деген қағиданы берік ұстанған ол кикбокстен басқа журналистика саласына да бет бұрып, шығармашылықпен айналысуда. Талантты да талапты оқушы мектепі ші лі к «Арай» баспасөз орталығындағы үйірменің тұрақты қатысушысы. Темірланның ұстаздары оның тырнақалды шығармалары облыстық «Сарыарқа самалы», балаларға арналған «Сенің әлемің-Твой мир» газеттерінде жарияланғанын, сондай-ақ, «Халық» радиосындағы бағдарламаларға белсенді қатысып жүргенін мақтанышпен айтады. Темірлан спортта да, оқуда да өз қатарластарына үлгі болуымен қатар, қоғамдық шараларға да белсенді қатысуда. Жалындап жанған жігерлі жастың болашағы зор, бағындырар белесі биік болмақ. Оған кәміл сенеміз, дейді Темірланның ұстаздары.
Н.АҚЫТЕГІ.
1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы. 2. Аспан денелері туралы ғылым қалай аталады? 3. Ең алғашқы космосқа сапар шеккен кім? 4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы ұшқан ғарыш алаңы. 5. Тұңғыш әйел – ғарышкер кім? Құрастырған – Мирас ҚҰДИЯР, 4-сынып оқушысы, Ертіс ауданы.
С
Ұлттық ойын – асылым, Қой асығы қолымда. Алшы түссе асығым, Болар менің жолым да!
6
САРЫАРҚА САМАЛЫ
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
Жүйріктен жүйрік озар ШОҢ БИ ОҚУЛАРЫ
Тарихта аты қалған жерлесіміз, Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны болған Шоң би Едігеұлының туғанына биыл 265 жыл толып отыр. Осыған орай аймағымызда алғаш рет Шоң би оқулары өткен болатын. Алдымен байқаудың аудандық кезеңі ұйымдастырылып, одан жеңімпаз атанған балалар облыстық кезеңде бақ сынады. Байқау «Эссе жазу», «Арнаймын жыр маржанын бабаларға» атты жас ақындар мүшәйрасы және тест түріндегі сұраққа жауап беру сынды үш кезеңнен тұрды. Төменде жүзден жүйрік атанып, түрлі аталымдар бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылардың шығармашылық жұмыстарын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік.
Даланың дара тұлғасы «Бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрынғыда кім өткен» делінер бесік жырындай жағалы сөздің егесі – билер. Кет Бұқадай билерден басталған Ұлы сөз бүгінгіге жеткізді. Шоң бидей шынардан тартқан шыңырау сөз шапағатты шаққа жеткізді. қадірлі сөз жасаған. Қадірін арттырған «Бидің сөзі де қасиетті», «аузының дуалы екендігі». Менің түсінгенім, сөз қасиеті – адалдығында, ақ, арамдықтан тазалығында. Би қасиетін көтерген де осы адал көңілі, еліне деген тазалығы. Би – қазақ дәстүрінің діңгегі! Би – қазақтың қорғаны! Би – билік пен Алаш арасындағы алтын көпір. Бүгінгі күні менің бала көңілім көк тулы қазақтың қадірлі күндерін аңсап іздейді. Сондай Шоң, Едігедей аталарды іздеп таппаған үмітім өткен күндермен жылынады. Ол - менің әлемім! Бар сөзімді аталарымның аруағына бағыштадым...
Қоғам жаңа технологияға бағынған заманда билер жайындағы тарихи оқиғалар тым таңғажайып сырларға толы екеніне көз жеткізе түсеміз. Қазақ деген халықтың қоғамы 20-шы ғасырдың басынан бастап өзгерді. Тарих ата 19-ғасырдан басталды деп дерек береді. Қалай болғанда да сонау ғасырлардан 19-ғасыр, 20-ғасырға дейін ұлттық танымды аталарымыз жеткізді. Бұл ел танымы болатын. Көшпелі өмір танымы болатын. Ұлттық дәстүр түсінігі еді. Сол таным–түсінікті жасаушы – шешен. Сол таным–түсінікті жасаушы – билер. Билер – дала ойшылдары. Ұлы даланың философтары қоғам заңдарын жасады. Жасап қана қойған жоқ, қорғады. «Ердің құны – нардың пұлы», - депті Шоң би. Сонымен бірге, рухани жан азығын тіршілік қажетімен сабақтастырып: «Бергенге береке бер!», - деген екен Шоң би. «Деген екен» - деген қасиетті сөз. Бұл сөзге бар нақыл, бар ақыл сыйған. Қарапайымнан
Ұлжан ТӨЛЕУБАЙ,
эссе жазу бойынша бас жүлде иегері, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 6-сынып оқушысы.
Есімің сенің ескірмес, баба, ел барда... Өмірге мына өзінің салған өрнегін, Сұлтан бос сіздей отырып еді төрге кім? Ел менен жұрттың ертеңін ойлап күн кешкен, Шоқтығы биік Шоң бабам еді ол менің! Ақырып шықтың Баянтау дейтін шаһардан, Қазағым десе қайраты қайтпас қаһарман. Әділдік жолы әйгілі болып әлемге, Төрелік айтып «Төбе би» деген ат алған. Нәр алып сөзің Едіге сынды бастаудан, Қыран боп ұштың Ақбеттеу дейтін асқардан.
Әкеден қалған әділдік жолын әспеттеп, Ақылы менен бас болып жұртты басқарған. Кемеңгер едің кетірмес сөзін бекерге, Еңсесі биік тұлға боп қалдың екі елге. Ұлылар жатқан ұлтымның ұлы ұясы, Тұрағың мәңгі Түркістан деген мекенде. Бойыңа қуат, ойыңа шуақ берді Алла, Өнерің менен өркендеу керек сөзі алға. Қалдырған ізің ұрпаққа бағыт-бағдар боп, Есімің сенің ескірмес, баба, ел барда.
Бексұлтан ҚАЙДАРОВ, жас ақындар мүшәйрасы бойынша бас жүлде иегері, Екібастұз қаласындағы С.Торайғыров атындағы №22 гимназия–мектебінің 8-сынып оқушысы.
Шоң бабамызға арнау Қозатын елім десе делебесі, Болсын деп өзгемен тең терезесі. Әкесі Едіге де би болған ғой, Тектіден текті туар деген осы. Құралы сөзі қалса санамызда, Айналар даналардың бәрі аңызға. Біз қазақ жеті атаны шежіре ғып, Жарыса жатқа айтамыз арамызда.
Жас ұрпақ ел-жер көріп бара қалсаң, Киелі Түркістанды араласаң, Шоң бидің мазарына бармай кетпе, Ахмет Яссауиге бара қалсаң.
Билігі жаққан елдің көңіліне, Танымал Ертіс-Баян өңіріне. Ертеде Шоң би бабам өмір сүрген, Әділ боп елдің кірген сеніміне.
Болмаса би-шешендер даламызда, Қасқайып біз қазақ боп қаламыз ба? Асықпай ақ жауындай ұзағынан, Алланың нұры жаусын бабамызға!
Атақты Орта жүзге беделіндей, Айтайын өлең етіп дерегін кей. Еліне Аға сұлтан, Төбе би боп, Алашқа сыйлы болған Төле бидей.
Назерке ЖҰМАЖАН,
жас ақындар мүшәйрасы бойынша І орын иегері, Ақтоғай ауданындағы Қараоба орта мектебінің 5-сынып оқушысы.
Кемеңгер Өлкеміздің қасиетті Баянауыл жерінде дүниеге келген, халық арасында кең танылған Шоң бидің есімі қазақ тарихында елеулі орын алады. Қарапайым қара қазақтың арасынан шыққан Шоң би әділдігімен, кеңпейіл мінезімен, ел билеушілерге тән қатал мінезді қасиетімен тең дәріптеледі. Шоңның бойынан біз дәл осы әділдік сынды, өз туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілік, кез келген адамзат бойына бірдей беріле бермейтін төзімділік пен сабырлық қасиеттері табылатынын байқадық. Енді кемеңгер қазақтың биі Шоңның қазақ қоғамындағы, қазақ даласындағы алатын орнын қарастырайын. Мен көптеген Шоң би жайлы зерттеулерді сараптай келе, Шоқан Уәлихановтың Шоң биге берген бағасы, оның бойындағы барлық қасиеттері мен ел билеудегі саясат жолымен дәлме-дәл келді деп ойлаймын. Ресей отарлау саясаты кезінде қазақ халқы басынан қиын жағдайды өткеріп жатқанда, Шоң қашанда өз елінің жанашыр қолдауы болды. Өз ойым, Шоң қарапайым қазақтың арасынан шыққандықтан болар, халқының жағдайын өзге төре-билерге қарағанда жақсы түсінетін. Мұны Шоқан «Төрелер Баянауыл округінде ықпалын жүргізе алмаған, оны тек Шоң, Шорман сияқты билер билеген» деген сөздері айғақтайды. Шоқанның Шоңға берген бұл бағасының идеясының негізінде Қалмұқан Исабаев жазушымыз «Шоң би» атты роман-трилогиясында жалғасын табады. Бұл трилогияда Қ.Исабаев Шоң биді ң бейнесі н жан-жақты ашқан тарихи оқиғаларға сүйене отырып, оның еліне жақын, әділ адам болғанын көркем сөздермен жазылған. Осы тұста поляк қаламгері А.Януковичтің Шоңға берген бағасын жаза кеткім келеді. «Шоң үлкен адам болған. Ол асқан әділдігімен, ел басқарудағы іскерлігімен ерекшеленетін. Оның өкіметіне хан, төрелер қызыға қараған» деп Шоңның ел билеудегі озық саясатын ерекше атап өткен. Сол себепті болар, Шоң биді ң билі к саясатын қолдамаған хандар мен төрелер оған кедергі жасап, наразылықтарын білдіріп отырған. Қорытындылай келе, ата тарихымызға көз жүгіртетін болсақ, Арқа өңірінен шыққан есімі әр қазақтың жүрегінде орын тапқан Шоң бидің еліне жасаған жақсылығын, ерлігі мен игі істері қазақ тарихында ешқашан өшпейді дегім келеді. Бүгінгі «Рухани жаңғыру» үрдісіндегі ұрпақ Шоң бидің халқына жасаған жақсылығын үлгі етуі парыз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дегендей, ата-бабамыздың тағылымды мұрасы, оның әділдік үшін жүргізген күрес жолдары ұмытылмауы керек. Шоң бидей алтын бидің есімі қазақ тарихында алтын әріптермен жазылуы тиіс.
Қайдар САЯЖАН, эссе жазу бойынша І орын иегері, Павлодар қаласындағы №37 мектептің 10-сынып оқушысы.
САРЫАРҚА САМАЛЫ
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
7
жарысқанда... Адамзаттың абзалы Ұлттың қамын ойлаған ертелі-кеш. Ел бағына зор тұлға жаратылған. Адалдықтың ақ туын құлатпаған, Ата дәстүр нәр ашқан бұлақтардан. Ұрлық пенен зорлықты түгел жойып, Жетімі мен жесірді жылатпаған. Баянауыл – Сарыарқаның кіндігіндей, Таулары ақ боз үйдің түндігіндей. Бұл елдің тарихына бойламассың, Ер Едіге, Торайғыр мен Шоңды білмей. Жақсыны ай мен күнге баласа да, Аты қалар тарихта, тамашада. Шоң Едігеұлы адамзаттың абзалы ғой, Қарадан шығып, билік айтқан қарашаға. Қара қылды қақ жарған билік құрған, Даналығы дара, мықты асып тұрған. Шоң бидің әділдігін ел біледі, «Төртуыл» деп одақ құрған, аға сұлтан. Бойына тек жақсылық дара туған, Шоң данышпан дейді екен дана тұрған.
Тұзын өндіртіп, диірмен салдырыпты, Көтеріп, елдің бағын жандырыпты. Алашқа аты әйгілі Шоң би болып, Артына өлмес мұра қалдырыпты. Ел болып «Төбе би» ғып сайлағансың, Ұлтың үшін ұлылыққа бойлағансың. Тау тұлға дәл өзің деп елестетем, Шоңның биік көремін Найзатасын.
Фариза ҚАППАС,
жас ақындар мүшәйрасы бойынша бас жүлде иегері, Баянауыл ауданындағы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.
Атаға арнау Бізге жеткен жақсылар жаңғырығы, Істерімен ел үшін қылған ізгі. Замананың көшінен қалмасын деп Қазақ үшін қажымай қайрат қылды. Сондай жанның біреуі Шоң би болған, Баянның мақтанышы – жарық тұлғаң. Қиын-қыстау заманда ел-жері үшін Парасатпен, ақылмен амал қылған. Қайтсем сақтап қалам деп қалың елін, Бабалар ғой бел шешпей төккен терін. Айдаһардай патшаға айла жасап Қорғаштаған ақылмен байтақ жерін. Алла беріп біздерге Тәуелсіздік, Ес жиып өткен күнге мойын бұрдық. Түгендеп барымызды, жоғымызды Білудеміз шындықты сан ғасырлық.
Өнеге кейінгіге Шоң би тұлға, Ескерткіш мешіті бар ауылында. Елі барда атағы аса берер Айбарын әлем білген Баян жұртта.
Қарақат ҒАЙБИРАН,
«Сөзден соққан сарайын» Қазақ халқының ел болып өркендеуіне билердің қосқан үлесі зор. Билер – өз заманының шешені, ақыны, саясаткер әрі тәрбиешісі. Билер сөзі – даналықтың көзі. Сан ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, ел басқару жүйесіне үлес қосқан менің ұлы бабам – Шоң би Едігеұлы. Оу, Шоң биім, Шоң биім, Тұғырың қонған сұңқарсың. Суыта мінген тұлпарсың. Судан шыққан жүйріксің, Би батпақтай бақыттысың, Сүлеймендей тахыттысың. Дін мұсылман қазаққа, Жұрттан озған даңқың бар. Бәйтеректей бүрлі өткен, Пайғамбардай нұрлы өткен, - деген жыр
жолдарынан көріпкел, әулие, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Шоң би Едігеұлының дара қасиетін қаншалықты ашқанын аңғардым. Белгілі демократ ғалым, зерттеуші Шоқан Уәлиханов өзінің еңбектерінде «Қазақтың басқа руларына қарағанда Баянауыл округіне қарасты руларға төрелер ықпал жүргізе алмады. Халықтың арасында Айдабол биі Шоң мен Қаржастың биі Шорман аты кең таралған еді», - деп жазылды. Біз Шоқан Уәлихановты халқымыздың ой-өрісін, ақыл– парасатын дүниеге алғаш танытушы тұлға деп танимыз. Халықтың айтуына қарағанда, жиырма сегіз жасар Шоң Едіге баласы бастап барған екен. «Үлкен хан асынан кейін Уәлиді Орта жүзге хан сайлайсыз» дегенде, Шоң оған қарамай, адамдармен еліне қайтып кетеді. Мұны өмір бойы ұмытпаған Уәли қойнына шоңға арналған тас тығып жүріпті», деген сөз бар халық арасында. Жас бидің «ақсүйекке» - хандыққа қарсы күресі осы тұстан басталса керек. Академик Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде: «Шоң - біздің елдің биі, Баянауыл округі ашылғанда Сібір генерал-губернаторы ол кісіні аға сұлтан етіп қойған», - дейді тарихта он тоғызыншы ғасырдың жиырма–отызыншы жылдары.
Шоң бабамыз ру тартысы, жер дауы, жесір дауы өршіген қиын кезде өмір сүрген, билік құрған кезінде Шоң би ақыл–парасатымен ел мүддесін қолдаған. Ол саналы да ұлы істерді жүзеге асыруды көздеді. Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Шоң жай отырғанда көзін жұмып, бармағымен мандайын тіреп отырады екен. Сөйлеген кезде көзін ашып, ақыра сөйлейді. Шоңның дыбысы шыққанда басқа жанның аузына сөзі түспей қалады екен», - дейді. Шоң бидің қоныс қылған жерлері: Дамба елі, Найзатас, Кемпіртас жерлері. Ал өмірінің соңғы кездерін менің туған жерім - Торайғыр ауылына қарасты Қыңыртас деген жерде өткізген. Шоң би – халқымыздың ұмыт бола бастаған кемеңгер тұлғасы. Шоң бидің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, елі үшін жақсы істер жасаған биік тұлға екенін білдім. Әрбір даулы оқиға сайын Шоң бидің биіктей беретініне көзім жетті. Осы Шоң бидің рухына арнап өз қаламымнан туындаған өлеңді арнаймын.
Ұрпақтарың мұраңды жаңғыртуда, Қонысыңа ескерткіш – тас қойылды. Жұрағатың істеріңді дәріптеп, Зерттеушілер әлі де табылуда.
Ойы озық, сөзге шешен би Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, Арқа өңірінде туып-өскен ақылгөй, дана билеріміздің бірі – Шоң би Едігеұлы. Шоң Едігеұлы 1754 жылы киелі Баянауыл жерінде дүниеге келген.
Орта жүздегі Арғын тайпасының Айдабол руынан шыққан. Шоң қарадан аға сұлтан дәрежесіне дейін өскен Орта жүздің төбе биі. Әкесі Еді ге би де елге танымал, Тәуке хан ордасындағы билер кеңесінің беделді мүшесі болған. Жастайынан ел басқаруға ұмтылған Шоңға билік әкесі Едігеден бері лген еді. Міне, «Текті ден текті туады, әке жолын қуады» деп қалың қазақ бекерге айтпаса керек-ті. Ел арасында Шоң би озық ойлылығымен, сөзге
шешендігімен, ащы қызыл тілімен дараланады. Көпшіліктің айтуынша, Шоң би ұстаз, тәлімгер болған екен. Атақты Шорман би - осы Шоң атамыздың шәкірті. Кемеңгер, өз заманының озық ойлы, беделді биі туралы Ш.Уәлиханов өз естелігінде былай дейді: «қазақтың басқа руларына қарағанда Баянауыл округіне қарасты руларға төрелер ықпалын жүргізе алмады. Өйткені, бұларды өте күшті ру басылары – билер басқарады. Халық арасында Айдабол Шоң би мен Қаржас биі Шорман кең тараған еді» дейді. Тарихи деректерге сүйенсек, Шоң жоңғар шапқыншылығының
тегеурінінің салдарынан Орта Азияға қоныс аударуға мәжбүр болған Сүйіндіктен тарайтын Құлболды, Қаржас, Жолболды, Орманшы ұрпақтарын «Төртуыл» одағына біріктіріп, ата қонысы Баянауыл жеріне көшіріп әкеледі. Оның бұл әрекеті не Сәти би мен Олжабай батыр жәрдем қылады. Ата дәстүрді қайта жаңғыртқан Шоң биді халық «Төртуыл» одағына төбе би қылып сайлап алғаннан кейі н Шоң елден төрелерді шындап ысыру і сі н қолға алады. Хан иемденген жайлауды тартып алу мақсатында бүкіл елін Нұра өзенінің бойына қоныстандырады. Бірақ, Бөкей төре оның бұл әрекетіне ызыланып,
Назерке СЕРІКБАЙ,
эссе жазу бойынша бас жүлде иегері, Баянауыл ауданындағы С.Торайғыров атындағы мектептің 9-сынып оқушысы.
жас ақындар мүшәйрасы бойынша І орын иегері, С.Торайғыров атындағы мектептің 7-сынып оқушысы.
оған қарсы төрт жүздей Қаракесек жігіттерін сойыл-шоқпармен қаруландырып жібереді. Әрине, осының өзі-ақ атқамінерлердің қай уақытта да бір-бірімен майлы қасықтай болмағандығын аңғартады. Соғыстың нәтижесінде Шоң би жасағы жеңіске жетіп, оның халық бұқара арасында беделі арта түседі. Меніңше, қазақ халқы үшін би-шешендер билік құрған дәуірлер кемеңгерлік пен бейбіт өмірдің символы іспеттес. Адамның ғұмырын бір-ақ сөзбен өзгерте аларын білген би-шешендеріміз толағайдай толғанып, әділдікті орната білген. Былай қарап отырсам, Шоң атамыз
сот ісін қараудағы немесе даужанжал, келіссөздердегі сөйлеген сөздері прозалық офоризмдер және қарсыласының сөздеріне бір ауыз сөзбен-ақ жауап қайтару түрінде болған. Шоң қараға қандай әді л болса, төреге де сондай әділ болғандығымен де елге танылды. Осы орайда ғұмырының тең жартысын Шоң биге арнаған жазушы Қ.Исабаев ағамыздың «Серт» атты триологиясын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Қазақта «Өлі разы болмай, тірі байымас» деген дана сөз бар. Атабаба аруағына сыйынған Егінбай Әлімбаев ағамыз ұрпағы Шоң атамыздың атын иемденген ауыл мешітін салып берген болатын. Баба рухына тағзым ету үлгісі осындай-ақ болар.
Мәдина ТІЛЕУБЕК,
эссе жазу бойынша І орын иегері, Баянауыл ауданындағы №2 мектептің 9-сынып оқушысы.
8
САРЫАРҚА САМАЛЫ
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
«АЙНАЛАЙЫН» - АҚПАРАТ
БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!
Үш тілде сөйлеп үйренейік! Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы – сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор. Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағылшын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова үш тілде сөйлеуді үйрететін болады. Сонымен, бүгін біз заттардың түстерін айтып үйренеміз. Ендеше, іске сәт!
Қызықты экскурсия Жақында Екібастұз қаласындағы №11 мектептің 9-сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Елордаға экскурсияға барып келді. Оқушыларды Нұр-Сұлтан қаласына мектебіміздің тарих және география пәнінің ұстаздары Г.Бейсенова, Р.Сағындықова, Э.Мусина үшеуі бас болып, ертіп барды. Бі з, оқушылар Астанадан 35 шақырым жерде орналасқан «Алжир» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары музей-мемориалдық кешеніне, ҚР Тұңғыш Президенті музейіне, «Бәйтерек» монументіне, Ханшатыр орталығына және басқа да қызықты орындарға бардық. Қызықты экскурсия барысында көп мәліметтерге қанық болып, үлкен әсермен оралдық. Сол үшін де ұстаздарымызға алғыс айтамыз.
Жанарман АЙТКЕН,
9-сынып оқушысы, Екібастұз қаласы.
Ашық турнир Қызыл – Красный – Red;
• Еегер сендер бұл сөздерді білетін болсаңдар, өте қуаныштымыз. Ал білмейтін болсаңдар, мұқият жаттап, саналарыңа тоқып алыңдар!
Сары – Желтый – Yellow;
Қызылсары – Оранжевый – Orange
Қоңыр – Коричневый – Brown;
Жасыл – Зеленый – Green;
Қара – Черный – Black;
Көк – Синий – Blue;
Ақ - Белый – White;
ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН!
Арсен ҚАЙЫРЖАНОВ,
БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ
Тәлім ал!
Облыс орталығындағы Абай атындағы №10 лицей-мектебінен талай талант иесі түлеп ұшқан. Біз осындай өмірі өнегелі іске толы белгілі тұлғалар білім алған мектепте оқығанымызды мақтан етеміз. қатаң ұстанып, ел тарихын, әдебиетін жеті к бі леді. Оны осы қасиеті үші н де құрметтейміз. Өзгеге өзін сыйлата білген ұлағатты жанмен оқушылар арнайы кездесу кешін де ұйымдастырды. Бұл шараға Ленин кентінен Демесінов Махмет ақсақал келіп, ұстазымыздың жеңісіне, жетістігіне ризашылығын білдіріп, қазақтың бас ақыны Абайдың 280 өлеңін жатқа білуі – қазақ әдебиетіне деген шексіз сүйіспеншілік екенін атап өтті. Сәния апай оқушыларды қызықтырған сұрақтарға да жылы жауап берді. Әрдайым жүзі жарқырап, еңбекқорлығы мен парасаттылығының, сұлулығының, көркем мінезінің
арқасында барша балаға үлгі көрсетіп жүрген ұстазымыз – біздің мақтанышымыз. Оның әрбір игі ісі - үлкен өнеге. Өңірімізде осындай жандар көп болғай!
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің 8 «Ә»-сынып оқушылары, Павлодар қаласы.
ЛАГЕРЬ-2019 Балалар үшін жазғы демалыстың орны қандай ерекше екені баршамызға мәлім. Ал осы демалысты пайдалы әрі қызықты етіп өткізу - жазғы сауықтыру лагері тәрбиешілерінің міндеті.
Дарынды жерлесіміз, белгілі спортшынының құрметіне арналған шараны оның ұрпақтары ұйымдастырды. Турнирге аудан орталығының, Ақсан, Жаңатілек, Жосалы, Шөптікөл, Қаныш Сәтбаев, Бірлік ауылдары мен Майқайыңның балалары қатысты. Спорттық шараның нәтижесі бойынша 46 кг салмақта І орынды Дәурен Русланұлы, ІІ орынды Ғабдулғазиз Мирас, ІІІ орынды Олжатай Төрегелді иеленді. Ал 42 кг салмақта І орынды Түскен Бекзат, ІІ орынды Серік Талғат, ІІІ орынды Сағындық Рамазан, Совет Мәди алды. Сондай-ақ, 23 және 35 кг салмақтағы жас палуандар арасында да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. 6-сынып оқушысы, Баянауыл ауданы.
Үлгілі ұстаз
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, бүгінгі шәкірттің болашақта елінің елеулі сі болуы ұстазына тікелей байланысты екені сөзсіз. Міне, біздің білім ордасында мақтаныш етерліктей үлгілі ұстаздар өте көп. Солардың бірі – жуырда республикалық «Қазақ аруы-2019» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған орыс тілі пәнінің мұғалімі – Сәния Темірханова. Ол өзінің асқан білімділігінің арқасында республикалық байқаудан сүрінбей, облыс намысын абыроймен қорғап келді. Бұл мұғалім орыс тілінің маманы болса да, ана тілін еркін меңгеріп, ұлттық құндылықтарымызды
Жақында Баянауыл ауданында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен Асығат Әмірхановты еске алуға арналған облыстық турнир өтті.
Балалар көңілді
Ас үстінде сөйлеме, Жұрт көзінше, кекірме! Өтірік айтып көпіріп, Қадіріңді кетірме! * * * Басыңды шайқама, соқпа, Анаң ақыл айтса тоқта! Өтірік айтып, ақталып, Қатеңді шығарма жоққа! * * * Өзіңнен кіші балаға, Күшім көп деп кіжінбе! Жүгіре бермей далаға, Пайдалы болар іс істе! * * * Жалған сөйлеп лепірме, Босқа мақтанып көпірме! Кемтар адамды мазақтап, Кісі мініне көп күлме! * * * Жамандықтан жирене біл, Жақсылыққа үйрене біл! Жұлдыз болып жарқырасаң, Тимесінші саған көз бен тіл. Еркін БЕЙСЕНБАЕВ.
ЕСКЕРТУ Осындай үлкен жауапкершілікті берік ұстанған Павлодар қаласындағы №35 мектепте 1 маусымда «Ертегілер елі нде» атты жазғы лагерь басталып кетті. Бұл лагерьдің атауына сай «Мақта қыз», «Шалқан», «Шипагер ата», «Бауырсақ», «Ер Төстік», «Түймеқыз», «Алдар көсе», «Алтын балық», «Қызыл телпек», «Қаңбақ шал» топтары жұмыс істеді. Тәрбиешілер лагерьдің әр күнін қызықты етіп ойластырып, жаз уақытында балалардың тек қана демалып қоймай, жан-жақты дамып, денсаулықтарын жақсартып, білімдері мен біліктіліктерін де арттыруды мақсат етті. Мұндағы
балалар әр күнін көңілді өткізуде. Сондай-ақ, түрлі деңгейдегі байқаулар мен іс-шараларға да белсенді қатысуда. Мәселен, «Әлем. Бала» атты қалалық байқаудың «Папа, мама, я - спортивная семья» атты отбасылық эстафетасында мектебіміздің командасы ІІ орын алса, қалалық «Super ұлдар» сайысына біздің «Батырлар» тобы І орынды еншіледі. Бұл жеңістеріміздің бастамасы ғана, алдағы уақытта кішкентай бүлдіршіндеріміз үлкен жетістіктерге жететініне сеніміміз мол.
Жас достар! Сендер газетіміздің «Айналайын» қосымшасына хат жазғанда міндетті түрде толық аты-жөндеріңді, мектептерің мен нешінші сыныпта оқитындарың жайлы ақпаратты және өздерің тұратын ауыл-аудандарыңды ұмытпай жазып жіберіңдер! Себебі, редакциямызға авторы жазылмаған, қай ауданнан екені көрсетілмеген хаттар жиі келіп түсуде. Мұндай хаттарды «Айналайынға» жариялай алмаймыз. «Айналайын» қосымшасы.
Айдана МЕДЕТ, Павлодар қаласы.
«Айналайын» қосымшасының үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.
Балалар назарына!
ЖЕЛҚАЗЫҚ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
ЕРТЕҢ - МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ
Дархан жүректі дәрігер Табан аудармастан бір орында ұзақ қызмет етіп келе жатқан дәрігер Қазизолла Ақылжановты жұртшылық қолы шипалы жан ретінде жақсы таниды. Ол Ақсу қалалық орталық ауруханасында 40 жылға жуық уақыт жұмыс істеуде. Медицинада хирургия саласы ең күрделісі. Дәрігер мамандығына оқығандардың көпшілігі осы салаға баруға жүрексінетіні сондықтан. Үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандықты таңдаған Қазизолла Ақылжанов хирургия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарады. Білікті дәрігер Семей мемлекеттік медициналық университетін тәмамдаған соң, алғашқы еңбек жолын 1982 жылы Ақсу қалалық орталық ауруханасында бастайды. 37 жылдың ішінде Қазизолла Ақылжанов өзі таңдаған саланың қыр-сырын меңгеріп, ота жасауға да қатысады. Тәжірибелі дәрігер осыдан 10 жыл бұрын болған күрделі операцияны жадында сақтапты. - Асқазанынан қан кеткен Май ауданының бір тұрғыны ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, ол кісіде қатерлі ісік анықталды. Соған қарамастан жедел түрде ота жасауымыз керек болды. Денсаулығы сыр берген адамның тағдыры дәрігердің қолында еді. Алла қолдап, ота сәтті өтті. Жазылып шығып, аман-есен үйіне оралды, дейді дәрігер. Білікті дәрігер қызмет барысында 4-5 сағат бойы ота жасаған күндері болғанын айтады. Жалпы хирургия бөлімшесінде жылына 400-500 ота жасалады екен. Оның
ішінде Қазизолла Рамазанұлы 100-ден аса операцияға қатысып, адам жанына араша түседі. Қазизолла Ақылжанов медицина саласын цифрландыру ісіне көңілі толатынын айтады. Құжаттардың электронды форматқа ауысуы қағазбастылықтан құтылуға жол ашқан. Білікті дәрігер заманауи бағдарламаны меңгеру қиынға соқпағанын жеткізді. Күніне 10-ға жуық адамды қабылдайды екен. - Бізге жүктелген жауапкершілік зор. Науқас ауруханаға түскеннен бастап, емделіп шыққанға дейін іштей уайымдап, көмектесіп жүреміз. Науқастар дертінен айығып, алғысқа бөленген сәтте жұмысыма деген құлшынысым арта түседі, дейді дәрігер. Қазизолла Рамазанұлының айтуынша, қазіргі уақытта адамдардың соқыр ішек ауруына шалдығу деңгейі бұрынғыдай емес. Соңғы уақытта аурудың бұл түрі азайған. Керісінше, өт жолдарында кездесетін ауру саны 2-3 есеге көбейген. Осы орайда, білікті дәрігер адамдар қандайда бір ауруға шалдыққан сәтте емхана мамандарына жүгіну керектігін айтады. Өйткені көпшілік алдымен үйде емделіп, дертті асқындырып алып жатады. Бұл жағдайлар дәрігердің жұмысын қиындата түседі.
Қазизолла Ақылжановтың жұбайы терапевт болып жұмыс істейді екен. Осылайша, ерлізайыпты дәрігер бір емханада науқастарды емдеу жолында адал еңбек етіп келеді. Бүгінде олар екі баланы тәрбиелеп өсірген бақыттты жанұя. Бі лі кті дәрі гер кездесу барысында өзі нді к өті ні ші н де айтып қалды. Ол медицина саласына бөлінетін қаржы көлемі артса екен дейді. Себебі ауруханадағы аспаптар мен құралдар тез тозады. Дер уақытында ауыстырылып отырса, жұмыс одан сайын жеңілдей түспек. Әрбір науқасты жылы шыраймен қарсы алып, сырқатынан айықтыру жолында бар күш-жігері мен білімін аямайтын Қазизолла Ақылжановқа жемісті еңбек тілейміз.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Жас маманның жетістігі Жалпы тәжірибе дәрігері Салтанат Жұмаділованың Павлодар қалалық №4 емханада қызмет етіп жатқанына 2 жыл толады. Жас маман Қарағанды медициналық университетін тәмамдаған соң туған еліне оралып, емделушілерге қызмет көрсетуде. Айдана ҚУАНЫШЕВА
Салтанат Ерланқызы дәрігер болуды бала кезінен арман еткен. Мақсаты орындалып, қалаған мамандығы бойынша мемлекеттік грант ұтып алады. Жалпы тәжірибе дәрігеріне жүктелетін міндет зор екенін білеміз. Өйткені мамандар терапевт және педиатр қызметін қоса атқаруы тиіс. Балалардан бастап ересектерді емдеумен айналысады. Жас маман цифрландыру бағытындағы жұмыс медицина саласына жаңа серпін әкелгенін айтады. - Алғаш рет қызметке орналасқанымда емхана қағазбастылықтан арылмаған болатын. Уақытымыздың көп бөлігі құжат толтырумен өтетін еді. Бірақ көп ұзамай науқастарға электронды денсаулық паспорты ашылып, дәрігер қабылдауына үйде отырып жазылуға мүмкіндік беретін «ДамуМед» қосымшасы і ске қосылды. Бұл жаңашылдық жұмысымды едәуір жеңілдетті.
Кезек санын да азайтты. Сондықтан жаңа жүйе дәрігерлерге көп көмек берді деп айта аламын, - дейді Салтанат Ерланқызы. Жоғарыда жалпы тәжірибе дәрігеріне жүктелетін міндеттің зор екенін атап өттік. Салтанат Жұмаділова әу баста екі учаскенің тұрғындарын қабылдаған. Осы орайда, өңірде жалпы тәжірибе дәрігерлері санының жеткіліксіз екенін анық көре аламыз. - Қазіргі уақытта қызмет етуге ниетті әрбір жас маман мемлекет тарапынан берілетін қолдауға ие бола алады. Өз басым мемлекеттік грант ұтып алып, тегін білім алдым. Емханаға қызметке тұрып, көтермеақыға ие болдым. Алғашқы жылы медициналық мекеме пәтер ақысын төлеу үшін ай сайын қаржылай көмек көрсетті. Биыл жолым болып, «7-20-25» бағдарламасы арқылы Малайсары батыр көшесі, 53-үй мекенжайындағы тұрғын үйден бір бөлмелі пәтерге ие болдым. Жаңа баспанама ай сайын 37 мың теңге төлеймін. Пәтерге ие болуым үшін емхана басшылығы 1 млн. теңге көлемінде алғашқы
жарна берді. Келісімшарт негізінде 5 жыл қызмет етсем, аталмыш соманы қайтармаймын. Сондықтан емхана басшылығына айтар алғысым шексі з. Жас мамандар осы мүмкіндікті пайдалануы тиіс. Бұл уақыт ішінде білікті мамандармен қанаттаса еңбек етіп, тәжірибе жинап шығатыным анық, - дейді Салтанат Ерланқызы. Иә, оқуды енді бітіріп, аз уақыттың ішінде жаңа қызмет пен баспанаға ие болу оңай шаруа емес. Осы екі мәселе кез келген адамда шешілген болса, уайымсыз еңбек етуге мүмкіндік туады. Сондықтан жас маман мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауды маңдайына біткен бағы деп қабылдайды. - Жаңа пәтері м мен тұрақты жұмысым бар. Қызметке орналасқан күннен бастап пәтер ақысын төлеуден қиындық көрмедім. Ай сайынғы еңбекақымнан бөлек, жалдамалы пәтерім үшін қосымша қаржы төленді. Осы орайда, емхана басшылығына ерекше алғыс білдіргім келеді. Барша әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтап, әр денсаулық тілеймін, дейді дәрігер.
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
9
ТҰРҒЫН ҮЙ
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат Барлығы – 297 пәтер Павлодар қаласында – 265 пәтер. 1. Жеке меншік құрылысшыларда:
жалпы ауданы: 74,1 – 78,6 м2, 1 м2 үшін бағасы – 178,02 мың теңге).
Амангелді көшесіндегі 47/1тұрғын үй. Жалпы саны – 3 пәтер, соның ішінде: - 1 бөлмелі – 3 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 35,0–45,0 м2, 1 м2 үшін бағасы – 185 мың теңге); Байланыс мәліметтері: «Клачан П.А.» ЖК, Денис Анатольевич Клачан, тел.: 87760072025. Байзақов көшесіндегі 133-тұрғын үй. Жалпы саны – 207 пәтер, соның ішінде: - 1 бөлмелі – 117 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 30,7– 44,4 м2, 1 м2 үшін бағасы – 175 мың теңге); - 2 бөлмелі – 72 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 53,1–73,5 м2, 1 м2 үшін бағасы – 175 мың теңге); - 3 бөлмелі – 18 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 81,4 м2, 1 м2 үшін бағасы – 175 мың теңге). Байланыс мәліметтері: «Алем-ПВЛ» ЖШС, Степанова Ульяна Владимировна, тел.: 8(7182) 32-70-58.
Жалпы саны – 10 пәтер, соның ішінде: - 2 бөлмелі – 8 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 63,5 – 80,7 м2, 1 м2 үшін бағасы – 173,4 мың теңге); - 3 бөлмелі – 2 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 78,9 – 80,6 м2, 1 м2 үшін бағасы – 173,4 мың теңге). Байланыс мәліметтері: «Байтерек Development» АҚ, Әбдірахманов Марат Мұратұлы, тел.: 8(7172) 537757. Павлодар қ. әкімдігі, «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ, есептік және инвентарлық ұйымдастыру секторы, бас маман Еламанова Ақерке Русланқызы, тел.: 8(7182) 32-74-48.
2. «Байтерек Development» АҚ жүйесі арқылы: Малайсары батыр көшесіндегі 53 және 55-тұрғын үйлер. Жалпы саны – 45 пәтер, соның ішінде: - 1 бөлмелі – 5 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 35,8 – 39,1 м2, 1 м2 үшін бағасы – 178,02 мың теңге); - 2 бөлмелі – 13 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 51,4 – 58,0 м2, 1 м2 үшін бағасы – 178,02 мың теңге); - 3 бөлмелі – 27 пәтер (пәтерлердің
Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 233-тұрғын үй.
Екібастұз қаласында – 32 пәтер. 1. Бюджеттік қаражат есебінен: Энергетиктер көшесіндегі 66, 68 және 70 5 қабатты үш тұрғын үйлер. Жалпы саны – 32 пәтер, соның ішінде: - 1 бөлмелі – 16 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 44,6 м2, 1 м2 үшін бағасы – 100,0 мың теңге); - 2 бөлмелі – 15 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 53,1 – 54,2 м2, 1 м2 үшін бағасы – 100,0 мың теңге); - 3 бөлмелі – 1 пәтер (пәтерлердің жалпы ауданы: 74,0 – 75,0 м2, 1 м2 үшін бағасы – 100,0 мың теңге). Байланыс мәліметтері: Екібастұз қ. әкімдігі, «Екібастұз қаласының қаржы бөлімі» ММ, иесіз мүлікпен жұмыс жасау бойынша секторы, сектор меңгерушісі Байғожина Самал Ерболатқызы, тел.: 8(7187)
34-74-81.
Ауданаралық жолдар жөнделуде Жолдарды қалпына келтіру және оны күрделі жөндеуден өткізу - аса өзекті мәселе. Аудан жолдарының қазіргі жағдайы шұғыл түрде жөндеуді қажет етеді. Кей ауылдарға апаратын жолдарға жоспарланған ағымдағы жөндеулер жүргізілуде. Екібастұз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Қаһарман Ғабсаттаровтың айтуынша, МАЭС-2-Сарықамыс бағытындағы ауданаралық жол 24,9 шақырымды құрайды. Жол табаны қалыпқа келтіріліп, суағарлар тазартылуда. Осы жолдағы 7,5 шаршы метр шұңқырлар бітелді. Бұл жұмыстарға «Эк-Спецтехника» ЖШС мердігерлік компаниясы жауапты. Жолдың ағымдағы жөндеуіне 8609,8 мың теңге қаржы бөлініп, оның 1922,6 мың теңгесі қазіргі таңда игерілген. Айта кетерлігі, бұл компания «Екібастұз-МАЭС-1-Басқамыс» бағытындағы 62,8 шақырым, «МАЭС-1-Төртүй-Тай» бағытындағы 53 шақырым жолдың ахуалына да жауапты. Жалпы қашықтығы 115,8 шақырымды құрайтын бұл жолдардың бүгінгі күні 66,2 шақырымына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кедір-бұдыры тегістелді. Аталмыш жұмысқа қарастырылған қаржы көлемі – 13541,7 мың теңге, соның 4328,2 мың теңгесі игерілді. Ал «Ардабил-ЛТД» ЖШС Екібастұз әуежайына кіреберістегі 14 шақырым, Екібастұз-БесқауғаМәшһүр Жүсіп кесенесі бағытындағы 79,7 шақырым, яғни барлығы – 9,7 шақырым жолды күтіп ұстауға жауапты. «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС-і қаладан Атығайға дейінгі аралықтағы 8 шақырым, қаладан саяжайға дейінгі 15 шақырым, қала мен стелла арасындағы 8 шақырым жолдарды күтіп ұстауға жауапты. Оларға жол табанын тегістеу, қапталдағы шөптерді шабу мінеттеледі.
Айдана АЙТУҒАНОВА, Екібастұз қаласы.
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары! «Бір шаңырақ астында» атты дәстүрлі жазғы фестивалі аясында Сіздерді 2019 жылғы 16 маусымда сағат 12.00-де қалалық демалыс және мәдениет саябағында өтетін корей, армян және еврей мәдениеті күніне арналған іс-шараға шақырамыз. Келіңіздер, тамашалаңыздар!
10
МЕРЕЙ
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
САРЫАРҚА САМАЛЫ АДАМ - ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ
Сексеннің сеңгірінде Тіл мәртебесін көтеру, қала-аудандарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жайын сөз еткенде ойымызға алдымен Ульян Мақұлұлының оралатыны рас. Қазақ баласының өз ана тілінде сөйлеп, оның қадір-қасиетін бағалап, саралай білуіне, санаға сіңіруіне жатпайтұрмай еңбек еткен ағамыз биыл 80-нің сеңгіріне шығып отыр.
Тіл — халқымыздың мәдени дәрежесін көтеретін қуатты құрал. Сондықтан әрбір қазақ мемлекеттік тілді білуге және сол тілде сөйлеуге міндетті. Осыны мақсат тұтқан Ульян аға өмір бойына тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қызмет етті. Бұл кісінің авторлығымен 2003-2004 жылдары «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері», 2005 жылы «Мемлекеттік тіл – іс қағаздарын жүргізу тілі», 2006 жылы «Ана тілімізде іс қағаздарын сауатты жүргізейік», 2007 жылы «Ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде рәсімдеу» секілді құнды-құнды әдістемелік көмекші құралдар басып шығарылып, іс-қағазын жүргізетін мемлекеттік ұйымдар мен оқу орындарына таратылды. Ульян Мақұлұлы 1939 жылдың 15 маусымында Орал облысына қарасты Чапаев ауданының Еңбек ауылында туған. Ондағы Абай атындағы жеті жылдық мектепті бітіріп, кейін Орал педагогикалық училищесін тәмамадған. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары біздің облысқа келіп, Ермак ауданы Құркөл жеті жылдық мектебінде бастауыш класс мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, одан соң Амангелді орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып істейді. Біраз уақыт
өскен өлкесіне барып, мұғалімдік жолын жалғастырды. Ол жақта көзге түсіп, жергілікті партия комитеті нде саяси ағарту, насихат және үгі т бөлімдерін басқарады. Одан соң Павлодар облысына қайтып оралып, Май ауданы мен Павлодар қаласында партия саласында еңбектенген ағамыз бір уақыт журналистік салада да қаламын шыңдап көрді. Атап айтқанда, 1987-1990 жылдары облыстық «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде партия тұрмысы бөлімінің аға тілшісі болып қызмет атқарды. Май ауданында еңбек еткен шағында халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаты болып сайланғаны да бар. Еліміз тәуелсіздік алуға аз уақыт қалғанда облыстық атқару комитетіне жұмысқа шақырылды. Бұл жерде сектор меңгерушісі болып, кейіннен егемендік жылдары облыс әкі мі аппаратында қамтамасыз ету бөлі мі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеді. 2005-2007 жылдар аралығында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, 2007 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілдер жүргізу бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды. Ульян Мақұлұлы қай жерде қызмет жасамаса да, жүктелген жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, үлкен беделге ие болды. Әлі күнде дейін ұйымдастырушылық қабілетімен, білікті тәлімгер ретінде қамқорлығымен жас мамандарға үлгі көрсетіп, оларды уақыт талабына сай жаңа ізденістерге жұмылдыруда. Өзіне тән біліктілікпен, азаматтық борыш сезіммен, парызына деген адалдығымен бүгінгі күнге дейін еңбектен қол үзбеді. Бойындағы адамгершілік, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық және ізденімпаздық
қасиеттері кез келген жанды тәнті етпей қоймайды. Көпшілікпен бірлесе отырып құрған «Ақсақалдар тағылымы» бірлестігі мүшелерінің айрықша құрметіне ие бүгінде. Ульян Мақұлов туралы оның шәкірті, Қазақстанның Құрметті журналисі Социал Әйтенов: - Бұл азамат еңбек ұжымдарын басқарудағы мол тәжірибесі, тапсырған міндетке деген зор жауапкершілігімен керемет. Ұқыптылығы және мөлдіретіп жазған жазуларына сондай таң қаламын. Ағамыздың бізге берген тәлімі кезінде талай қиын істе жолбасшы болды, - дейді. Елге істеген еңбегі еш кетпей бұл кісі көптеген марапаттарға ие болды. Атап айтқанда «Еңбек ардагері» медалімен, «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған. Бұданда басқа толып жатқан марапаттары жетерлік. Ульян ағаға, ұстазыма мықты денсаулық, өмірлік жары Балкен апамызбен балаларының, немере-шөберелерінің қызықтарын көріп, ұзақ жасаңыз дей келе, тілегімді өлең жолдарымен қортындылағым келеді:
Өмір жолын оқуменен өріпсіз, Балаларға білім нәрін егіпсіз. Орал жақтан оқуыңды бітіріп, Жолдамамен Павлодарға келіпсіз.
Қызмет өсіп, Май еліне ауыстың, Жаңа елмен, жаңа жұртпен қауыштың. Көзбен көріп полигонның зардабын, Осы үшін жүйкеңізді тауыстың. Майдың елі өзіңізді сыйлады, Қарсы келмей сөзіңізді тыңдады. Тіл жөнінде шырылдаған пікірің, Санаға сіңіп, халқыңызға ұнады. Облыста атың кеңге таралды, Бар өмірің ана тілге арналды. Әдістеме, іс-қағаздар кітабың, Көпшілікке жақсы болды, жарамды. «Қарты бар ел қазыналы» дегендей, Басын қостың сол қарттарды ерінбей. «Ақсақалдар тағылымы» деп ат беріп, Жүресіз де салт-дәстүрді «шегелей». Бүгінгі күн сексен жасқа келіпсіз, Бұл өмірден жақсы, жаман көріпсіз. Өзіңіздей қарт адамдар болмаса, Бұл дүние болар еді көріксіз. Ұстазымсыз мәрмәр тастай қашалған, Ұстамдысыз шәкірт бағын аша алған. Балалар мен Балкен апам аман боп, Бір өзіңе өмір берсін Жасаған.
Еңбек жолын Құркөлімде бастадың, Қиындықты жеңе білдің, саспадың. Бастан өткен көп күрделі жағдайда, Аяғыңды еш бір қиыс баспадың.
Қаршыға ШАЯХМЕТОВ,
шәкірті, Ақсу қаласының Құрметті азаматы.
БАСПАСӨЗ
«Ауыл тынысы» - 80 жаста Данияр ЖҰМАДІЛ 1939 жылы алғаш жарық көрген басылым ауданмен бірге жасасып, дамып келеді. Заман ағымына сай алғашқы атауы «Большевиктік правда» болатын. Кейі ннен ел дамуының әр кезеңдеріне сәйкес басылым атауы да өзгеріп отырды. Мысалы, 1952 жылы газет «Социалистік еңбек» деп аталса, 1963 жылдан «Коммунистік еңбек» деген атауға ие болды. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, 1992 жылы қазіргі «Ауыл тынысы» деген атауы берілді. Газет атауы қанша өзгерсе де, басылым 80 жылдық тарихында басты мақсатынан айныған емес. Ондаған жылдар бойы ақтоғайлық оқырманның сенімді серігіне айналып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, басылымның алғашқы редакторы болып өте қысқа уақыт Арын Әсіров қызмет атқарған. Кейіннен редакция ұжымына әр жылдары Айтпай Хангельдин, Сары Мыңбаев, Біләл Оспанов, Шәйім Башаров, Қабжан Молшин, Ғалымжан Мақашев, Адам Мұқаметжанов, Георгий Бондаренко, Сейфолла Жанарбаев, Иван Чусов, Қизат Қаптаиров, Бәкібай Рамазанұлы, Талғат Смағұлов басшылық етті. Ал қазір басылымның бас редакторы қызметін Шаяхмет Сәдуақасов атқаруда.
- Газет үші н 80 жыл – аз уақыт емес. Осы аралықта басылым басынан талай қиын-қыстау және жемісті кезеңдерді өткерді. Бірақ қандай кезде де оқырманымызға деген адалдықты сақтап қалуға барымызды салдық. Ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестіктің күн санап артып келе жатқанын ескерсек, сол кеңістіктен өзіміздің лайықты орнымызды алу бүгінгі күні редакция ұжымы алдында тұрған басты мақсат екенін жақсы түсінеміз. Осы жолда аянбай еңбек ету, талғампаз оқырманның талабынан шығу, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесімі зді қосу бі з үшін ең басты мі ндет болып табылады, дейді «Ауыл тынысы» газетінің бас редакторы Шаяхмет Жақсыбайұлы. Ақтоғай ауданының әкімі Қаршыға Арынов газеттің өңір дамуына қосқан үлесі жайында ерекше атап өтті. - Өткен 80 жылда аудандық газетіміз көптеген ақтоғайлық отбасылардың досына, ақылшысына айналды. Газет беттерінде жерлестеріміздің, түрлі мамандық иелерінің тағдырлы тарихы көрініс тапты. Ең бастысы, басылым тартымды бейнесін, өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Оқырмандар баспа беттерінен сапалы да нақты ақпаратты жедел алу мүмкі нді гі не ие болуы керек. Бүгінгі күні сіздердің кәсіби
шеберліктеріңіз тұтынушылардың бұл тілегін мүлтіксіз орындауға мүмкіндік беріп отыр, - деді Қ.Арынов. Аудандық басылымды мерейлі жасымен құттықтау үшін Павлодар облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов, облыстық бас редакторлар клубының төрағасы Мұхит Омаров, белгілі журналист, Қазақстан журналистер одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Юрий Поминов, «Ертіс Медиа» ЖШС директорының орынбасары Жұмабек Сманов сияқты азаматтар арнайы барды. Газет мерейтойына арналып кешенді шаралар ұйымдастырылған. Соның ішінде ерекше атап өтерлігі, 40 жылдан астам өмірін осы газетке арнаған, оның 22 жылында редакторлық еткен облысымызға белгілі журналист Талғат Смағұловтың есімі ұлықталды. Аудан орталығындағы Абай атындағы жалпы орта бі лі м беру мектебінде марқұмның атындағы жас қаламгерлер кабинеті ашылды. Сондай-ақ, шағын футболдан оқушылар арасында облыстық турнир ұйымдастырылды. Жарыстың өтуіне облыстық білім беру басқармасының аймақтық дене тәрбиесі және спорт оқытутәжірибелік орталығының басшысы Рахметолла Қасқырбаев зор қолдау көрсетті. Додада Павлодар, Ақсу қаласының ауылдық аймақтарынан
Суретті түсірген - Наталья Зинченко.
Осыдан 80 жыл бұрын Ақтоғай аудандық «Ауыл тынысы» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Сол кезден тамырын тереңнен тартқан басылым өңір тұрғындарымен біте қайнасып, іргесі алғаш қаланғаннан бері өңір дамуының куәсіне айналып келеді. Ауданда газет мерейтойы ерекше аталып өтті. Бірнеше маңызды шаралармен ұштастырылды.
және Павлодар қаласы мен Ақтоғай ауданынан келген командалар бақ сынады. - Ол спортты ерекше жақсы көретін еді. Кезінде белгі лі спортшылар болған Тимур Сегізбаев пен Сергей Кочкинді ерекше құрмет тұтатын. Бұдан бөлек, алматылық «Қайрат» командасының сапында доп тепкен атақты Құралбек Ордабаев есімді футболшы болатын. Талғат сол аяқ доп шеберінің есімін газетке мақалалар жазғанда бүркеншек ат ретінде пайдаланды. Өзі де футболды жақсы ойнайтын. Сондықтан мұндай жарыстың ұйымдастырылып отырғаны тектен-тек емес. Осы игі шараларға ұйтқы болған ел ағаларына, аудан басшылығына алғысымды білдіремін, - деді марқұмның жан жары Үміт Смағұлова. Талғат Зікірияұлының өмір жолы, еңбегіне деген адалдығы - бүгінгі
жас ұрпақ үшін үлгі. Ол мектепте де, жоғары оқу орнында да қазақ тілінде білім алған. Соған қарамастан газетте екі тілде сауатты жаза білді. Басылымның отымен кіріп, күлімен шыққан, газет дамуына ерекше үлес қосқан азаматтардың бірі, бірегейі еді. - Ол турашыл адам еді. Қашанда ойындағысын бүкпесіз айтатын. Кез келген қиын жағдайларға мойымай, сабырлық, табандылық таныта білді. Талғат өмірінің көп бөлігін аудандық газетке арнады. Дамуына зор үлес қосты. Тіпті, ел дамуының қиын-қыстау кезеңдерінде өзге аудандардағы басылымдар жабылып жатқан кезде ол Ақтоғай ауданының газетін алып қалды. Досымызды облыстық, республикалық деңгейде түрлі қызметтерге шақырғанының куәсі болдым. Бірақ ол өз туған ауданына адал еді, - деп еске алады М.Омаров.
Ақтоғай ауданы.
МЕЗГІЛ
САРЫАРҚА САМАЛЫ
Тельман Айтқазыұлы АЙТҚАЗИН
Павлодар қаласының Құрметті азаматы, Павлодар қаласы қоғамдық кеңесінің хатшысы, депутат, облыстық мәслихаттың 1999-2002 жж. ІІ шақырылымының хатшысы болып қызмет атқарған Айтқазин Тельман Айтқазыұлы 80 жасқа қарағанда дүниеден озды. Тельман Айтқазыұлы 1940 жылы 29 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Семиярка ауылында туған. Еңбек жолын мектеп бітірісімен 1958 жылы Лебяжі ауданы №23-ші совхозында бастаған. Содан кейін Балқаш қаласының электр-техникалық училищесін оқып бітіріп, «Қазэлектромонтаж» басқармасына орналасты. Білімбілігімен танылған жас маманды «Павлодарпромстрой» тресіне комсомол ұйымының хатшылығына шақырады. Ол осы жерде 1969-1971 жыл аралығында қызмет атқарды. Қызмет ете жүріп, осы жылдары Мәскеуде Жоғары партия мектебін сырттай бітіреді. Тельман Айтқазыұлы 1971 жылы ЛКЖО Павлодар облыстық комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып
бекітілді. 1992-1995 жылдары Павлодар облыстық әкімшілігінің ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1999-2002 жылдары Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы, ал еліміз тәуелсіздік алған жылдары ұлт және тіл саясаты жөніндегі облыстық комитеттің төрағасы, Павлодар облысы бойынша көші-қон және демография басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. Зейнеткерлікке шыққанға дейінгі екі жылда ол облыстық әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің бастығының орынбасары болды. Облыстық, қалалық халық депуттаттығына бірнеше мәрте сайланды. Зейнеткерлікте жүрген кездерінде де уақытын бос өткізбей, елге пайдасын тигізді. «Ауыл» демократиялық партиясының облыстық төрағасының орынбасары, Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының кеңесші-бас маманы, ал 2006 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Павлодар қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы болды. Марқұмның көп жылғы адал еңбегі зая кеткен жоқ, бірқатар медальдармен марапатталып, «Республикалық әлеуметтік еңбек саласы үшін», «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» белгілерінің иесі атанды. Оның кәсіби іскерлік, біліктілік, кісілік пен кішілік сынды адами қасиеттері мен жарқын бейнесі бұрын қызметтес болған әріптестері мен замандастарының жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның зайыбы мен балаларына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтып, артында қалған ұрпақтарына ғұмыр тілейміз.
Б.Ж.БАҚАУОВ, Б.М.БЕКСЕЙІТОВА, Ұ.Е.ЖАЗЫЛБЕК, Ә.А.АРЫНОВА, А.К.ҚАБЫКЕНОВ, Қ.Т.НҮКЕНОВ, А.Р.ОРАЛОВ, А.К.ӘМІРИН, Р.Ш.ШӨКЕЕВ, Е.Г.АЗАРОВ, К.Ш.АРЫНҒАЗИНА, А.Б.ӘУБӘКІРОВ, Х.Х.ӘКІМХАНОВ, И.Б.ӘБДІҚАЛЫҚОВ, Ә.Б.БАЙЗАҚОВ, С.Х.БАЙБОЛАТОВ, Р.М.ГАФУРОВ, В.Х.ДЕМЕСІНОВ, Ж.Г.ЫСҚАҚОВ, Р.М.ИРМУХАНОВА, О.Ж.ҚАҚАМБЕТОВ, К.С.КЕҢЕСБАЕВ, М.В.КРЮКОВ, Қ.Е. ЕСІМХАНОВ, М.К.ЕРЖАНОВ, Г.И.МОГИЛЕВЦЕВ, М.Ж.МОЛШИН, К.М.ОМАРОВ, М.М.ОМАРОВ, А.В.РЮМКИН, А.С.САРҚЫНШАҚОВ, В.Ф.СКВОРЦОВА, Б.К.СҚАҚОВ, М.Р.ТӘНИЕВ, А.Б.ТҮГЕЛБАЕВ, О.А.ШИХАЛИЕВ, Қ.Н.ШӘКӘРІМОВ, В.В.ШЕРШНЕВА, Т.Р.ШӘЙМЕРДЕНОВ, М.П.ЮРЬЕВ.
Денсаулық - басты байлық 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат – жұртшылық назарын денсаулық саласындағы көкейтесті мәселелерге аудару. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы биыл медициналық көмектің негізгі түрлерінің қолжетімділігіне тағы бір рет тоқталуды көздеп отыр. Себебі, ұлт саулығын сақтауға қарапайым тексерулердің өзі жеткілікті. Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда негізгі деген аурулардан 19,3 мың адам көз жұмған. Оның 7,5 мыңға жуығы – еңбекке қабілетті жастағылар. Халқының саны 18 миллионнан аспайтын еліміз жыл сайын «тепсе темір үзетін» 7,5 мың тұрғынынан айырылып отырады. Павлодар облысында өткен жылғы көрсеткіш бойынша 5 ауру түрі бойынша өлім-жітім саны алдыңғы қатарда. 1. Онкологиялық сырқаттардан – 1912 адам; 2. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан – 1433 адам; 3. Ас қорыту жүйесі ауруларынан – 805 адам; 4. Түрлі оқыс оқиғалар, улану мен жарақат салдарынан – 712 адам; 5. Тыныс жолдары ауруларынан 463 адам көз жұмған. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын 2,9 миллионға жуық адам ауруханаға жатып емделеді. Оның 70 пайызға жуығы немесе 1,9 миллионы – дерт меңдеп, ауруханаға шұғыл түрде жеткізілгендер. Былайша айтқанда, Қазақстанда әрбір оныншы адам дәрігерлер алдына өміріне қауіп төнген кезде ғана келеді деген сөз. Мұндай жағдайда науқастың тегін негізгі көмектен бөлек, бағасы қымбат процедуралардың ақысын қалтасынан төлеуге мәжбүр болатыны жасырын емес. Әлбетте, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін көрсетілетін, шығыны аз диагностикалық процедуралардың көмегімен мұның алдын алуға болады, дейді мамандар. Мәселен, 2019 жылы Павлодар облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 39 млрд. теңге бөлінді. Оның 12,7 млрд. теңгесі емханалық-амбулаторлық көмекке жұмсалып, профилактикалық іс-шараларға басымдық берілмек. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Сейітқазиновтің айтуынша, қазір тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі аясында тегін медициналық көмекті мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік ұйымдарда да алуға болады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 64 медициналық ұйым жұмыс істейді, оның 31-і жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда жеке клиникалардың саны 5 ұйымға артты. Қазақстандықтар шағын болса да ең қажетті деген тексерулерден тұратын зерттеулер кешеніне үреймен қарайтыны жасырын емес. Дегенмен ауруды ерте анықтаған жағдайда оны емдеу де оңай болатынын ұмытпаған жөн. Ақ халаттылар жыл сайын қаралып, генетикалық бейімділікті анықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы.
(20116)
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
Павлодар облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына 400 млн. теңге төлеген
11
САРЫАРҚА САМАЛЫ
МЕНШІК ИЕСІ
Павлодар облысы төлемшілерінің мамыр айының соңына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына енгізген сомасы 8,1 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен аймен салыстырғанда 400 млн. теңгеге артық. Барлығы Қорға 176,7 млрд. теңге түсті, оның 167,9 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, 8,8 млрд. теңгені жеке кәсіпкерлер мен азаматтыққұқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін санат аударған. Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Өңірімізде қалалар арасында Павлодар (62,3%), аудандардан – Баянауыл (2,6%), Шарбақты (1,3%) және Павлодар аудандары (1,3%) үздіктер қатарында. 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс берушілер өз жұмыскерлері үшін қаржы аударып келеді. Төлем қызметкер кірісінің 1,5%-ын құрайды. Жинақталған қаржы Ұлттық Банкте сақталады. Мемлекет пен уәкілетті орган - денсаулық сақтау Министрлігі тарапынан, тікелей Қормен бақыланып, 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтер пакетін қаржыландыруға бағытталады. Міндетті әлеуметтік медициалық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Павлодар облысы медициналық ұйымдарының жұмысында кемшіліктер анықтады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілетін медициналық көмек сапасына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу мамандарға емделушілерге қашықтан сараптама жүргізіп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бекітілген кесте бойынша нысандарда жоспарлы мониторинг өткізіліп, медициналық ұйымдардың келісімді міндеттемелерінде бұзушылықтар орын алған жағдайда жоспардан тыс бақыланады. Мониторинг көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылайды. Медициналық сақтандыру қоры қызметтің нақты көрсетілген-көрсетілмегенін, емдеу протоколдарының талапқа сай толтырылуын және осы манипуляциялардың нәтижесін тексереді. Қандайда бір олқылықтарға жол берген медицина ұйымына айыппұл салынады. Ал, емдеу барысында өрескел заң бұзушылықтар орын алған жағдайда істі құқық қорғау органдарымен қадағалау органдарына жібереді. 2019 жылы Павлодар облысында 66 медициналық ұйым тегін медициналық көмек көрсетеді, оның 28-і - жекеменшік. 2018 жылмен салыстырғанда тапсырыс алған жеткізуші ұйымдар арасында жеке меншік клиникалар саны 5 ұйымға артты. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жасалған мониторинг нәтижесі бойынша облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуде сегіз мыңнан астам ақау анықталып, медициналық ұйымдарға 31 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынды. Қор филиалының медициналық қызметтер сапасын мониторингілеу бөлімінің басшысы Алмагүл Ахметжанованың айтуынша, емдеудиагностика шараларының стандарттарын сақтамау, медициналық құжаттарды сапасыз толтыру, медициналық қызмет ақысын негізсіз қымбаттату, қызметті нақты көрсету фактісінің расталмауы мониторинг барысында анықталған негізгі кемшіліктер болып табылады. Медициналық көмек көрсетуде ақаулардың алдын алу үшін айыппұлдық ықпалшарадан бөлек, қор сарапшылары медициналық қызметкерлер арасында түсіндіру, оның ішінде медициналық қызметтердің сапасын сараптау, емделушілердің құқығын қорғау мен ауруларды басқару бағдарламасын жүргізу сұрақтары бойынша жұмысын жүргізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көрсетілген медициналық көмектің сапасын мониторингілеу нәтижесін тұрақты түрде жариялап отыруды жоспарлауда. Қор мамандары бұл шараның дәрігерлерді тәртіпке келтіріп, халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ынталандыра түседі деген сенімде.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы. Облыстық мәслихаттың депутаттары және аппараты кезінде ІІ сайланған облыстық мәслихаттың депутаты әрі хатшысы болған Павлодар қаласының Құрметті азаматы
Тельман Айтқазыұлы Айтқазиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
«Павлодар облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (Павлодар қаласы) «Ертіс Медиа» ЖШС, «Сарыарқа самалы» облыстық газеті Газет Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінде тіркеліп, тіркеу туралы 30.09.2014 ж. №14562-Г куәлігі берілген.
Газет 1979 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2014 жылы «Алтын жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығымен марапатталды. ЖШС директоры Асқар ШӨМШЕКОВ Бас редактор Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ Телефоны: 66-15-30 ЖШС-нің мекенжайы. Павлодар қаласы, Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй. Редакцияның мекенжайы. 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Теле/факс 66-15-30
Газеттің электронды поштасы: ssamaly29@gmail.com. Бас редактордың орынбасары - 66-14-61. Жауапты хатшы - 65-12-74. Әлеуметтік бөлім - 66-14-63, 66-15-31, 66-15-32. Экономика, саясат- 66-14-64, 66-15-28, 66-14-65. «Айналайын» - 66-14-63. «Жас times» - 66-15-32.
Жарнама бөлімі: s_samaIy_reklama@maiI.ru 66-15-42, 66-15-40. Маркетинг және тарату бөлімі - 66-15-41. Фототілші, корректорлар 65-12-74. Газеттің нөмірі «Сарыарқа самалының» компьютер oрталығында теріліп, беттелді. Газет аптасына үш рет шығады, апталық таралымы 13446 дана, бүгінгі көлемі 3 б.т. «Дом печати» ЖШС баспаханасында басылды. ҚР Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143-үй. Газеттің сапалы басылуына баспахана жауап береді. Телефоны. 8 (7182) 61-80-26. Басылуға қол қойылған уақыты 17.00. Тапсырыс - 1174 Хаттар, қолжазбалар, фотографиялар мен суреттер рецензияланбайды және қайтарылмайды. Көлемі А4 (14 кегль) форматындағы 2 беттен асатын материалдар қабылданбайды.
Павлодар қаласының әкімдігі Павлодар қаласының Құрметті азаматы
Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарды тегіс жариялауды және оларға жауап беруді міндетіне алмайды.
қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Жарнамалық материалдардың мазмұнына жарнама берушілер жауап береді.
Павлодар қалалық мәслихат депутаттары және қаланың Қоғамдық кеңес мүшелері Павлодар қаласының Құрметті азаматы
Нөмірді әзірлеу барысында интернет ресурстарынан алынған фотосуреттер де пайдаланылды.
Тельман Айтқазыұлы Айтқазиннің
Тельман Айтқазыұлы Айтқазиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына (20115) ортақтасып, көңіл айтады. Комсомол комитеті, Ертістің Павлодар өңірінің жарғыдан тыс комсомол ұйымы
Тельман Айтқазыұлы Айтқазиннің қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының қайғысына (52) ортақтасып, көңі л айтады.
Авторлардың пікірлері редакция ұстанған көзқарасқа сәйкес келмеуі де мүмкін. «Сарыарқа самалында» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті. Баспа индексі 65441.
12
15 маусым, сенбі, 2019 жыл
БАЛДӘУРЕН
САРЫАРҚА САМАЛЫ
ОҚЫРМАН ОЙ АЙТАДЫ
МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ
Өзімізбен мақтанайық! Кез келген есті адам қай елде, қай заманда өмір сүріп жатқанын білетін болар. Мен де осы елдің азаматымын әрі соған сай өз Отанымның қамын ойлаймын. Осы ойға түрткі болған бір мәселені қозғайын деп отырмын. Қала көшелерінде көптеген жарнамаға көзіңіз түседі. Әдемілеп-әрлеп жасаған небір үлкен билбордтар көздің жауын алады. Арасында біздің тарихымызға, мәдениетімізге еш қатысы жоқ шетелдің танымал адамдарының суреттері де ілініп тұр. Нақты атап айтар болсақ, Усолка шағын ауданында, сапаржайда, Ак.Сәтбаев пен Естай көшелерінің қиылысында, облыстық П.Васильев атындағы қалалық кітапхана жанында, 2-ші Павлодарда орналасқан
осындай билбордтарда ережесіз жекпежектен әлем чемпионы, ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің суреті тұр. Ол энергетикалық сусынды жарнамалаған түрі. Оның бізге қандай қатысы бар? Әрине, жоқ. Сонда бізге қатысы жоқ адамдарды, ақшасы төленсе болды, жарнамалай беремі з бе? Бұл қандай идеологияға жатады? Жастарға не тәрбие береді? Ертеректе осы спортшы Қазақстанға келіп кетті дегенді бұқаралық ақпарат құралдарынан оқыған едім. Сонда
ол сол энергетикалық сусынды жарнамалау үшін, екінші жағынан өзінің атын басқа елдерге дәріптеу үшін келген екен деп түйдім. Ал соған біздің намысы жоқ шенеуніктердің келісе салғаны қызық екен. Сонда Қазақстанды бүкіл дүниежүзіне танытып жүрген азаматтарымыз жоқ па? Анау Димаш Құдайбергенов, Денис Тен, Геннадий Головкин, Арман Оспанов, Батыр Жүкембаев, Данияр Елеусінов сияқты азаматтармен неге мақтанбасқа? Солардың суретін неге ілмейміз төрімізге? Айтайын дегенім, өзгенің балаларын емес, өзіміздің батырларымызды құрметтейік, солармен мақтанайық!
Қияға қанат қақты Биыл Павлодар өңірінде 3590 оқушы орта мектепті тәмамдады. Жаңа өмірге қанат қағатын түлектерді қала тұрғындары мен қонақтары, мектеп бітірушілердің ата-аналары бірге шығарып салды. Облыс орталығында қазақ эстрадасының белгілі өнерпаздарының қатысуымен өткен думанды шара қызыққа толы болды.
үшін мемлекет жастарға жан-жақты жағдай жасауда. Сіздердің қуанышты күндеріңіз еліміздің жаңа сайланған Президентін ұлықтау рәсімімен тұспа-тұс келіп отыр. Мен сі здердің Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға қолдау білдіретіндеріңізге сенемін. Алға қойған мақсаттарыңыз бен аққанат армандарыңыз орындалсын! деді аймақ басшысы Б.Бақауов. Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 157-сі «Алтын белгі» иегері атанса, 126 оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді. 2018-2019 оқу жылы павлодарлық оқушылар үшін сәттілікке толы болды. Мәселен, осы жылы 11-сыныптың 17 оқушысы республикалық және халықаралық пән олимпиадаларында жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, 8 түлек республикалық ғылыми сайыстарда жеңіс тұғырынан көрінді. Сонымен қатар түрлі деңгейдегі спорттық додаларда аймақ мерейін асырған оқушылар бар. Солардың бірі - облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының түлегі Нұртілеу Нәжмиденов. Шарбақты ауданындағы Есілбай
Түлектердің таңдауы мен талғамына қарап, қоғамда сұранысқа ие мамандықтарға ұмтылатынын аңғардық. - Мен - облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының түлегімін. Биыл республикалық «Ашық Қазақстан» ғылыми жоба сайысында информатика бағыты бойынша сынға түсіп, жүлдегер атандым. Болашақта IT-технологиясын еркін меңгеріп, қазақ жастары арасында жаңалықтар ашқым келеді. Жастар заман ағымынан қалмауымыз керек, - дейді «Алтын белгі» иегері Бауыржан Қапенов. Салтанатты кеш барысында белгілі әнші Айқын Төлепберген, әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева, вайнер Шәріп СерікShakenti және q-pop орындаушысы Зируза Тасмағамбетова, сондай-ақ, жергілікті өнер өкілдері ән мен жырдан шашу шашты. Шараға жиналғандар кеш соңында мерекелік отшашуды тамашалады. Мектеп бі ті руші түлектерді алда ұлттық бі рыңғай тесті леу күтіп тұр. Павлодарлық оқушылар бұл сынақтан 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді.
Суреттерді түсірген - Ольга Бугаева.
«Жас толқын - 2019» түлектер кешіне Павлодар қаласындағы барлық мектеп пен облыстағы мамандандырылған білім беру мекемелерінің оқушылары қатысты. Шара барысында облыс әкімі Болат Бақауов түлектерге ақ жол тілеп, 11 жыл үздік оқыған оқу озаттарына «Алтын белгі» төсбелгісін табыс етті. - Әрбір ұзақ жол алғашқы қадамнан басталады. Өмір жолына басқан жаңа қадамдарыңыз құтты болсын! Биылғы жыл Елбасының бастамасымен «Жастар жылы» деп аталды. Отанымыздың білікті азаматы атану
ауылының тумасы Нұртілеу бастауыш сыныпта оқып жүргенде-ақ оқуға зеректігімен, спортқа бейімділігімен көзге түсті. Кейін Павлодардағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатына оқуға қабылданды. Бұдан соң 10-11-сыныптарды облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатында жалғастырды. Болашақта әскери адам болсам деген жастың таудай талабы бар. Жетістіктері де жоқ емес. Биылғы жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Сардар» олимпиадасында жүлдегерлер қатарынан көрінді. Арманы - Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі академиясына оқуға түсу.
Екібастұз қаласындағы Естай атындағы қалалық музыка мектебі кеншілер шаһарының тұрғындарына ерекше сый жасап отыр. Олар қос ішекті қара домбыраның үніне қанығып, үйренгісі келетін кез келген адамға көмек қолын созбақ.
Р.БЕКТЕМІРОВ,
Еңбек ардагері, Павлодар қаласы.
ЖАС ТОЛҚЫН - 2019
Алпысбай ХОНЖ
Домбыра үйренгіңіз келсе...
Естай атындағы қалалық музыка мектебі үйренушілердің жас ерекшеліктеріне қарамастан, ниет білдіргендердің барлығына небары бір айдың ішінде домбырада ойнауды тегін үйретуді жоспарлап отыр. Ол туралы аталмыш мектептің директоры Медғат Манапов былай дейді: - Домбыра бүгінгі таңда өзінің өзектілігін жоғалтпады, жоғалтпайды да. Оған дәлел - қазіргі таңда ұлттық аспабымыздың қоңыр үнін көптеген заманауи музыканттар өз композицияларына қосып отырғандығы. Осыған орай өзіміздің қаламыздағы домбыраға қызығушылық танытқан әр адамға тегін үйрету курсын ашып отырмыз. Ол алдағы 7 шілдеде өтетін Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылды. Курстар күн сайын өтеді. Топтарды болашақ домбырашылардың жұмыс кестесіне байланысты ұйымдастырамыз, - дейді М.Манапов. Музыкалық мектеп «Богатырь», «Шығыс» кеніштерінің, ГРЭС-1, ГРЭС-2 станцияларының өкілдерін де курсқа шақырған. Оларға музыка мектебінің 10 педагогы сабақ бермек. Осылайша, Ұлттық домбыра күніне орай бір уақытта 300 домбырашы әннен шашу шашып, күй шертпек.
Алтын қордағы пластинка 1965 жылдан бастап қазақ даласында шырқалып, кейіннен еліміздің әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әнінің алғашқы орындауы жазылған пластинканы тыңдап көргеніңіз бар ма? Шафердің мұражай-үйі павлодарлықтарға осындай тамаша мүмкіндікті ұсынып отыр. «Менің Қазақстаным» әнін алғаш рет орындаған қазақ КСР Халық әртісі Жамал Омарова болатын. Бүгінде сирек кездесетін пластинка музыкатанушы, композитор Наум Шафердің ерекше коллекцияларының біріне айналған. - Мен үшін қазақ коллекциясын құрастыру оңай болған жоқ. Тіпті, Евгений Брусиловскийдің кеңесі бойынша ауылдарға барып, қарттармен әңгімелесіп, осындай тарихи пластинкаларды жинайтынмын. Бұл коллекцияны мен 70-ші жылдардың басында Алматы дүкендерінің бірінен сатып алған болатынмын, - дейді ол. Бүгінде Н.Шафер 2006 жылы еліміздің Әнұраны болып бекітілген «Менің Қазақстаным» әнінің алғашқы тұпнұсқасы жазылған пластинканы көзінің қарашығындай сақтап отыр.
Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.