Наурыз Наурыз — қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 3-ші келетін март айына сай қазақша атауы. Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойынсауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз кӛже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын еткізеді. 1917 жылғы қазан тӛңкерісінен кейін қүрылған Кеңес екіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап ӛтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын кӛшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сӛздің ӛз заманында алғашқы мәнін ӛзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.
Наурыздың мағынасы Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), кӛктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-кӛкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, ӛсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.
Ұлыстың ұлы күні деп неге атаған? Бұл жӛнінде мынандай аңыз бар: Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қа-зығұрт тауына келген сәт-те жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне таба-ны тиген барлық тіршілік иелері кӛк аспаннан түс-кен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай ӛзінің «Біраз сӛзі қазақтың қайдан шық- қаны туралы» жазбасын- да Наурыз тарихын кӛш- пелі халықтардың «хиби- ғи», «хұзағи» деп атала- тын кӛне заманына ұш- тастырады. Парсының «нау» сӛзі әртүрлі ӛзгерістерге ұшырағанымен, сол ма-ғынада кӛп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша – нов (ай), немісше – нойе, латынша – нео. Осылайша «нау» сӛзі ин-до – еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пай- даланылған. Ал одан бер-гі мерзім ғана 5 мың жылдан асады. Қазақтың кӛ- не шежіресінде де Нау-рыз, Алаш деген сӛздер бар. Наурыз неге жыл басы? «Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім – жылдың шартты түрде – үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр – кӛктем, маусым, шілде, тамыз – жаз, қыркүйек, қазан, қа-раша – күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс мезгілдері болып бӛлінетіні баршамызға аян. Астрономия ғылымында бұл нақтылана түседі. Кӛктем наурыздың 22–сінен, жаз маусымның 22–сінен, күз қыркүйектің 23–інен, қыс желтоқсанның 23–інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді».
Наурыз – кӛне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының кӛпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер ―патрих‖, бирмалықтар ―су мейрамы‖, тәжіктер ―гүл гардон‖, ―бәйшешек‖, ―гүлнаурыз‖, хорезмдіктер ―наусарджи‖, татарлар ―нардуган‖, буряттар ―сагаан сара‖, соғдылықтар ―наусарыз‖, армяндар ―навасарди‖, чуваштар ―норис ояхе‖ деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа ӛнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық кӛже ―сумалак‖ ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дӛңгелек ою – ―күн символын‖ салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, тӛс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз кӛже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар ойналады.
Кеңес ӛкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап ӛткенімен, 1926 жылы ол ―діни мейрам‖, ―ескілік сарқыншағы‖ деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың кӛптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады. Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін ӛткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен кӛк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын. Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай кӛктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да тӛл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың ӛзінде де мейрамнан ;;кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.
Наурыздың 22 күні Наурыз мейрамы (жаңа жыл) екенін қазақ баласының кӛбі біледі.Наурыз туралы кӛптен бері,жыл сайын газеттерде жазылып келеді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі ӛмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. ˝Қыс бойы ӛлімнің есігін күзетіп,үңгірде жатқан кәрі құйрық,мертікшортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерінбілгізе бастайтын,аурулар сауығамын деп,аттар тойынамын деп,жалаңаштар киімсіз де күн кӛремін˝ дегендей жұрттың бәріне үміт,әркім деп жылы шырай сезіне бастап, ˝ бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз ˝ дегендей сағынышты кӛрісілері, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алатын. ˝ Бүгінгі күні Самарқанның кӛк тасы да жібіпті ˝ десіп Наурыз күні бейілінкеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп,аңыз қылысатын. Еңбекші қазақ елі,шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап,тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап ӛткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек.
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Кӛне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн ӛсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды.
Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып ӛтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында кӛктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Ӛзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып ӛтіледі.
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының кӛпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер ―патрих‖, бирмалықтар ―су мейрамы‖, тәжіктер ―гүл гардон‖, ―бәйшешек‖, ―гүлнаурыз‖, хорезмдіктер ―наусарджи‖, татарлар ―нардуган‖, буряттар ―сагаан сара‖, соғдылықтар ―наусарыз‖, армяндар ―навасарди‖, чуваштар ―норис ояхе‖ деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа ӛнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық кӛже ―сумалак‖ ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дӛңгелек ою – ―күн символын‖ салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бірбірімен қос қолдасып, тӛс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады..
Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз кӛже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (кӛкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, тең кӛтеру, т.б.) ойналады. Таң ата кӛпшілік биік тӛбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Кеңес ӛкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 25) шығыс халықтары бұл мерекені атап ӛткенімен, 1926 жылы ол ―діни мейрам‖, ―ескілік сарқыншағы‖ деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың кӛптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.