НАЗВАНИЕ ВУЗа Кафедра:
Тақырыбы: Экономикалық теорияның пәні, әдістері және қоғам дамуындағы ролі Орындаған: Топ: Қабылдаған: Алматы - 2013 жыл
ЖОСПАР Кіріспе Негізгі бөлім: 1. 2. 3. 4. 5.
Экономикалық ілімдер тарихы Экономикалық теория пәні Экономикалық теорияның зерттеу әдістері Экономикалық теорияның функциялары Экономикалық теорияның орны мен ролі
Қорытынды Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ Экономикалық теория барлық экономикалық салалардың базалық білімі болып саналады. Қазіргі заманда экономикалық өзгерістер байланысты, нарықтық экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Мақсаты - экономикалық теорияның пәнін, әдістерін, қызметтерін қарастыру, оның Қазақстанда нарықтық жүйенің қалыптасуындағы және дамуындағы рөлін көрсету. Мақсатқа жету үшін шешімін табуы тиіс міндеттер: 1. Экономикалық теория пәнінің қалыптасуы мен дамуының тариғы. 2. Экономикалық құбылыстарды зерттеу әдістері. Позитивтi және нормативтi экономикалық теория. 3. Экономикалық теорияның қызметтерi. Экономикалық теория мен экономикалық саясат. 4. Қазақстанда нарықтық экономиканың дамуы жағдайында экономикалық теорияның рөлi мен маңыздылығы
Экономикалық ілімдер тарихы Экономикалық ілімдер тарихы адамзат қоғамы дамуының ажыратылмас бөлігі, онымен бірге дамып қалыптасты. Қалай өмір сүру, қажеттіліктерін, игіліктерді өндіру, бөлу процестеріндегі қарым-қатынастардың барлығы алғашқыда экономикалық ой-пікірлер, ілім негізінде қалыптасып, шаруашылықты жүргізудің белгілі бір әдісі түрінде көрінді. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде экономикалық ойлар мен ойшылдар көріне қойған жоқ. Экономикалық ілімдердің ғылым ретінде қалыптасу кезеңі XVII ғасыр болып табылады, бірақ экономикалық қөзқарастар көне заманда да кездеседі.
Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің неғұрльгм кеңейтілген тусініктемесін белгілі экономист алыс және жақын шетелдердің ғылым әлемінде жақсы танымал «Экономикалық ілімдер тарихы» оқулығының авторы Я.С.Ядгаров берді. Ол былай деп жазды: «Бұл пәннің объектісі жекелеген экономистердің теорияларында, теориялық мектептерде, ағымдар мен бағыттарда орын алған экономикалық идеялар мен танымдардын, экономикадағы, ғылымдағы, техникадағы және әлеуметтік саладағы өзгерістерге сәйкес кұрылу, даму және ауысуының тарихи процесі болып табылады».
Қазақстанда аталған мәселелер осы күнге дейін жеткіліксіз зерттелген. Экономикалык әдебиетте ғылым тұрғысынан алғандағы экономикалық ілімнің тарихи аспектілерін қамтитын бірқатар басылымдар бар (Я.Ә.Әубәкіров, О.Ж.Әлиев, В. К. Досқалиева, С. А. Досқалиев, М.К.Елеусізов, Р. Е. Елемесов, Е. Б. Жатқанбаев, Д.К Кабдиев, К. К. Қанатбаев,К. Н. Нәрібаев, Т. С. Сарбасова, О.Қ.Шеденовтың және т.б.). соған қарамастан. Қазақстандағы экономикалық ілімдер тарихын кешенді тұрғыдан қарастыруға арналған ғылыми деңгейде зерттеулер әлі тиісті жолға койылмаған. Сондықтан да осы бағыттағы ізденістер әрі жалғасуда.
Экономикалық теория пәні Экономикалық ойлау адамзат қағамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді. Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.
Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады.
Қажеттіліктердің түрлері: Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер. Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады. Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы. Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды. Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері Жалпы әдістер
Жеке әдістер
1.Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. 2.Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады. 3.Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы. 4.Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару. 5.Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу. Эксперимент, гипотеза және т.б.
Экономико – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функциональдық және тағы басқа да әдістер.
Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады.
Экономикалық теорияның функциялары Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады: Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбылыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді. Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.
Экономикалық теорияның орны мен ролі Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.
Сызбада экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты көрсетілген. Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның өзіндік сипатын, құрылыс саласындағы экономикалық категориялар қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай - құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен смета жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы тетігі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру, ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғыртуды қарастырады.
ҚОРЫТЫНДЫ Экономикалық теория — бұл ұдайы өндірістің фазалық динамикасы және ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, экономикалық өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым: қажеттіктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауда шектелген ресурстарды (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік) пайдалану туралы ғылым; өндіріс пен айырбас әрекеттерінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы және өмір сүруге қажет заттар алу туралы ғылым.
ҚОДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 1.Крымова В. «Экономикалық теория»- алматы,2003 2. Осипова Г «Экономикалық теория негіздері»-Алматы,2002 3. Жолдасова «Экономика негіздері»-Астана,2003 4. Интернет сайттары «Yandex», «Google».