Абай
АБАЙ АСУЫ – іле алатауындағы азутас жалынан өтетін асу. абс. биікт. 3650 м. кіші алматы шатқалының орт. бөлігін богданович мұздығымен жалғастырады. асу жолы медеу сайынан басталады. «тұйықсу қақпасы» (ені 250 м) метеост-на дейін автомоб-мен, одан әрі шайтан шатқалы арқылы жаяу көтерілуге болады. жолы жеңіл асулар қатарына жатады. АБАЙ АУДАНЫ – қарағанды обл-ның орт. бөлігіндегі әкімш. бөлініс. 1973 ж. құрылған. алғашында мичурин ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. аталады. жер аум. 6,5 мың км2. тұрғыны 54,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 8,4 адамнан келеді (2010). ауданда 10 ауылдық округ, 1 қала, 4 кент бар. Аудан орт. – абай қ. аудандағы ірі елді мекендер: топар, южный, изумрудный, қарабас кенттері. аудан сарыарқаның орта тұсында, қуаң дала белдемінде орналасқан. батыс бөлігі аласа белесті, жазық. тек ақшоқы (588 м), қоянды (725 м) сияқты аласа шоқылар кездеседі. шығысы ұсақ төбелі (орташа биікт. 600 – 800 м). кен байлықтарынан тас көмір, барит, әктас, т.б. құрылыс материалдары кездеседі. климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. қаңтарда ауаның орташа темпрасы –15 – 16°С, шілдеде 20 – 21°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 350 мм. нұра, шерубайнұра өзендері мен олардың салалары – есен, соқыр
Аудандағы ұсақ шоқылар
осы аудан аумағынан өтеді. сасықкөл, сопақсор, сарыбұлақ, шұбаркөл, шұбар, шерубайнұра, ынтымақ, т.б. көлдер мен бөгендер бар. ауданның шығысы қара қоңыр, батысы ашық қоңыр, сортаң топырақты болып келеді. өсімдіктерден селеу, бетеге, жусан, өзен және тау аңғарларында қызғылт боз, қыраттарда қараған, тобылғы, т.б. өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, атжалман, ондатр мекендейді. суларында табан, мөңке, оңғақ, нәлім, алабұға, торта, шортан, ақ қайран өседі. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 611,7 мың га. аудан аумағы арқылы қарағанды – шу т. ж., астана – қарағанды – алматы, қарағанды – атасу – жезқазған автомоб. жолдары өтеді. АБАЙ АУДАНЫ – шығыс қазақстан обл-ның оңт.батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. А. а. 1993 жылдан ҚР президентінің Жарлығымен абыралы ауд. болып, ол 1997 ж. таратылды да, бұрынғы атауымен қайта аталды. жер аум. 20,0 мың км2. тұрғыны 15,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 1,2 адамнан келеді (2010). аудан орт. – қарауыл а. А. а-
49
Ханшыңғыс баурайы ның жері ойлы-қырлы болып келеді. оңт.-батысын ханшыңғыс (1152 м) және шыңғыстау (1077 м), шығысын дегелең, ордатас, батысын дос, мыржық таулары алып жатыр. кен байлықтарынан мәрмәр, гранит, қиыршықтас, құм, т.б. өндіріледі. климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. орташа ауа темп-расы қаңтарда – 15,5°С, шілдеде 20,5°С. жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 250 – 350 мм. аудан аумағынан шаған, ащысу, бөкенші өзендері ағып өтеді. жазда құрғап қалатын ұсақ өзендер мен жылғалар, ащы және сор көлдер көп. жері қоңыр және сортаң топырақты келеді. өсімдіктерден далалық өңірде селеу, бетеге, жусан, ши, таулы өңірлерде терек, қайың, өзен бойларында тал, қарақат, мойыл өседі. жануарлардан арқар, елік, қасқыр, түлкі, ор қоян, қарсақ, борсық, күзен, тиін, сарышұнақ; құстардан дуадақ, құр, бұлдырық, бөдене, тырна, қаз, үйрек, бүркіт, т.б. мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 1,9 млн. га, оның ішінде егістігі 12,8 га, шабындық 42,3 мың га, жайылым 1875,3 мың га (2009). тұрғындары облыс орт. – өскемен қ-мен және көрші аудандармен автомоб. жолдары арқылы қатынайды.
Абайауыл
50
АБАЙАУЫЛ – үлкен жарма көлінің оңт.-шығысындағы қоныс. солт. Қазақстан обл. м.жұмабаев ауд. полтавка а-ның солт-нде, солт.-батысында облыс орт. петропавл қ. орналасқан. қоныс маңын қарағайлы орман алқабы алып жатыр. АБАЙ ДАЛАСЫ – ресей федерациясы алтай өңіріндегі тектоник. ойыс. солт.-шығысында теректі, оңт.-батысында қоржынтау жоталары орналасқан. Абс. биікт. 1100 м. ұз. 25 км, ені 6 – 9 км. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай шағын абай, ақсас өзендері ағып өтеді. түрлі шөп аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ойыстың құнарлы бөлігі игерілген. АБАЙДЫҢ ЖИДЕБАЙДАҒЫ қонысы, а б а й д ы ң ж и д е б а й д а ғ ы қ о р ы ғ ы – қарауыл өз-нің жайылмасында жатқан қалың қорық, шұрайлы жер. жидебайды 18 ғ-дың 80-жылдары мен 19 ғдың 50-жылдары шамасында тобықты руының мамай, жігітек аталары қоныс еткен. Ал 19 ғ-дың ортасына таман жидебай (мамай батырдан тараған еламанның бір ұрпағы), борсықбай, барақ деп аталатын шұрайлы қоныстарды ел ағасы, аға сұлтан құнанбай өскенбайұлы иемденіп, қыстау салдырған. 1850 ж. құнанбай жидебайдың солт-нде 15 км жердегі күзеуден, ескітам деген қоныстан жиырма балаға арналған медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын оқытқан. абай сегіз жасынан бастап сол медреседен дәріс алып, сауат ашқан. 1880 ж. абай жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдырған. 1885 – 92 ж. жидебай қонысы құнанбайдың ұлжаннан туған кенже баласы оспанның еншісіне тиген. 1892 ж. інісі оспан дүние салған соң абай осы қонысты тұрақты қыстау еткен. жидебай 20 ғ-дың соңында тарихи-мемориалдық, экол. қорыққа айналды. 1990 ж. қазақстан үкіметінің қаулысымен жидебай қорығының жалпы аум. 64 км2. мемлекет қарауына алынған қорық құрамына енген
тарихи елді мекендер, қыстаулар, зираттар, көл-сулар мен көгалды алқап, төбе-шоқылар респ. маңызы бар тарихи ескерткіштер ретінде мемл. қорғауға алынды. қорық құрамына абайдың мемориалдық мұражай-үйі, абай – оспан және шәкерім – ахат ескерткіштер кешені, зере, ұлжан, құдайберді, ғабитхан молда, шәукенбай, еркежан бейіті басындағы белгілер, кеңгірбай бидің бейіті, құнанбай құдығы, оспан көлі, мұсақұл төбесі, махмұд қорасы, орыс қорасы, зұлғарыш қорасы, ырыздыбай қорасы, тұрағұл қорасы енеді. жоғарыда аталған тарихи-мәдени ескерткіштердің барлығы да ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында (1996) күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңғыртылды. АБАЙ МҰЗДЫҒЫ – 1) жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейіндегі үлкен басқан өз. алабында орналасқан мұздық. 1947 ж. абай құнанбаев есімі берілді. ұз. 7,5 км (морена басқан бөлігін қосқанда 8,5 км). аум. 10,2 км2, ашық жерінің аум. 8,9 км2, орташа қалыңд. 100 м. кейінгі 25 жыл ішінде мұздық аум. 3 км-ге (ашық жері 2,3 км2-ге) кішірейген. үстіңгі беті бедерлі, жарықшақты болып келеді. фирн межесі 3720 м биіктікте. мұздықтың үстіңгі ұшы 4511 м, төм. шеті 3060 м биіктікте жатыр. мұздықтан еріген су төм. морена бөгелуінен пайда болған көлге құяды. алғаш рет бұл мұздық туралы қысқаша ғыл. сипаттама 1913 ж. М.Ф.войшвило кітабында жазылған. 1947 жылдан бері Абай мұздығын зерттеумен қазақстан ҒА-ның геогр. ин-ты айналысады; 2) іле алатауының солт. беткейіндегі абай шыңында орналасқан мұздық. аум. 0,2 км2, ашық жерінің аум. 0,1 км2. Ұз. 0,7 км. ұшы 3440 м биіктікке барып бітеді. фирн межесі 3640 м биіктікте, фирннің аум. 0,1 км2. АБАЙ ШЫҢЫ, іле алатауының кіші алматы сілемінде орналасқан. абс. биікт. 4010 м. шың үш найзатастан тұрады. батыс жағы, кіші алматы өз-не қарай, тік құлама жартасты болып келеді. солт. беткейінде шағын мұздық бар. А. ш-на алғаш рет (1932 ж. шілдеде) Г.И.белоглазов бастаған алматылық альпинистер көтерілген. шыңға 1932 ж. а.құнанбаев есімі берілді.
Абай шыңы
Жидебай қыстауы
АБОЛИН МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейінде орналасқан қазаншұңқырдағы мұздық. орта азияны зерттеуші ғалым Р.И.аболиннің есімімен аталған (1958). бүйен өз-нің жоғары
Адайкөл бөлігінде, орман бүйен өз-нің бастауында орналасқан. мұздық солт-ке қарай созылып жатыр. климаттың біртіндеп өзгеруіне байланысты мұздық кішірейе келіп, үш бөлікке бөлінді. Ең ірі бөлігінің ұз. 4,7 км, ашық жерінің ұз. 3,3 км. жалпы аум. 4,6 км2. Ашық жерінің аум. 4 км2. Фирн (мұзқар) алаңы 1,7 км2, фирн сызығы 3540 м биіктіктен өтеді. мұздықтың теңіз деңгейінен ең биік жері – аболин шыңы (4051 м). мұздық бүйірлік биік моренамен көмкерілген. Оның астыңғы шеті 3100 м-ге дейін түріліп, бастапқы ұз-нан 40 м-ге шегінді. мұздықтың орташа қалыңд. 90 м, көл. 0,36 км3. АБРАЛЫ (АБЫРАЛЫ) таулары – cемей қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы тау. Шығыс Қазақстан обл-нда орналасқан. Солт-тен оңт-ке қарай созыла орналасқан екі таудан тұрады. батысындағы жақсы абралы тауының ұз. 20 км, ені 10 км, биікт. 1300 м. шығысындағы жаман абралы тауының ұз. 20 км, ені
Абралы тауының етегі
6 км, биікт. 1111 м. Екі таудың аралығында қарасу өзнің аңғары жатыр. А. т. негізінен девон мен силур жыныстарынан тұрады. климаты тым континенттік. қаңтар айындағы орташа темп-ра –15°С, шілдеде 19°С. жауын-шашынның жылдық мөлш. 350 мм. беткейлерінің қиыршықтасты қоңыр топырағында қараған, тобылғы, сұлыбас, қызғылт селеу, боз, бетеге, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. беткейлері мал жайылымы ретінде пайдаланылады. АБЫЗ АЛТЫН-МЫС КЕНІ, қарағанды обл. қарқаралы ауд-нда орналасқан. 20 ғ-дың 60-жылдары ашылған. Ол ақбастау антиклинальды белдемінің батысында девонның барлық бөлімдерінің жыныстарын қамтитын қабаттар тобырын құрайды. кен төм. девонның андезит-базальтты жанартаулық кезеңінде қалыптасқан. Кен орны Абыз антиклиналының бойын алып жатыр. Осы антиклинальдың қатты жарықшақтанып өзгеріске ұшыраған жоғ. белдеміне негізгі кен денелері шоғырланған. Олар негізінен массивті болып келеді, сондай-ақ сеппелі-желілі түрде де кездеседі. А. а.-м. к-нде кездесетін минералдар 9 түрлі парагенездік бірлестіктер құрайды. негізгі кентасты минералдар – сфалерит, халькопирит, галенит және пирит. кентас құрамындағы мыс, мырыш және қорғасынның
арақатынасы: 4,4:11:1. кентастар минералдық құрамы бойынша күкіртті, мысты, мырышты, мысты-мырышты, полиметалды, қорғасын-мырышты колчедандар болып алты түрге жіктеледі. кентас құрамында алтын мен күміс мөлшері едәуір. алтын барлық минералдық бірлестіктердің құрамына кіреді, саф алтын түрінде де кездеседі. сирек элементтерден селен, теллур, висмут, сүрме, күшәла, қалайы, индий, таллий бар. АБЫЛАЙ ЖОЛЫ – 18 ғ-дың орта шенінде абылай хан белгілеген сауда-керуен жолы. қазіргі шығыс қазақстан обл. Абай ауд-ның батысынан басталады. шыңғыс тауын бөктерлеп, ертіс өз-нің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан бұл жолды халық «Хан жолы» деп те атайды. Ел аузында «шаңды жол» деп те аталады. АБЫЛАЙКИТ – шығыс қазақстан обл. Ұлан аудндағы өзен. қалба жотасының бесшоқы, талды тауларының солт. беткейлерінен басталатын сібе, ұраңқай (ұрыңқай) өзендерінің қосылған тұсынан кейінгі бөлігі осылай аталады. ұзындығы сібе өз-нің бастауынан 78 км, су жиналатын алабы 1,7 мың км2. Өзен толығымен тау аңғары арқылы ағады, ағысы қатты. негізінен еріген қар суымен толығады. ертіс өз-не абылайкит а-ның тұсында қосылады. сағасындағы орташа су ағымы 4,87 м3/с. Өзен 1654 ж. қалмақтың абылай тайшысы салдырған сарай-бұтханасының (сібе өз-нің бас жағында) атымен аталған. АБЫЛАЙ ҚОНЫСЫ, қ ы з ы л ж а р қ ы р а т ы – Солт. қазақстан обл. қызылжар ауд. подгорный ана дейін Есіл өз-нің оң жағалауы бойымен созылып жатыр. бұл қызылжар қыратының оңт. бөлігінде 18 ғ-дың ортасында абылай ханның малы бағылған. қоныстың шетінде астық тұқымдас шөптесін өскен бай шоқ орманды дала жатыр. кезінде А. қ-нан айдалған мал петропавл жәрмеңкесіне әкелініп отырған. АВСЮК МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) алатауының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. сарқан алабындағы ақшығанақ өз-нің бастауында орналасқан. 1957 ж. көрнекті ғалым Г.А.авсюктің есімімен аталған. Ұз. 4,7 км (ашық жері 4,2 км), жалпы аум. 5 км2. 1960 – 90 ж. аралығында мұздықтың ұз. 0,1 км-ге қысқарды. Аум. 0,8 км2-ге, ашық жері 1,3 км2-ге кеміді. орташа қалыңд. 70 м-ге, көл. 0,3 км3-ге дейін азайды. мұздық басталатын жотаның ең биік жері 4262 м, фирн алаңының ауд. 2 км2. мұздық тілін бүйірлік мореналар көмкеріп жатыр. мұздықтың үстіңгі тілі 3180 м биіктікте орналасқан. Оның моренамен көмкерілген бөлігі 3170 м-ге дейін төмендеп, бұрынғыдан 40 – 60 м шегінген. мұздық туралы алғашқы ғыл. еңбек 1929 – 32 ж. жазылған. Авсюк мұздығын зерттеумен 1957 жылдан қазақстан ҒА-ның Геогр. ин-ты айналысады. АДА – Каспий т. Қазақ шығанағындағы құмдауытты құмқайыр. жағалаудан кендірлі шығанағы арқылы бөлінеді. маңғыстау обл. қарақия ауд. жерінде орналасқан құмқайырдың бедері тегіс жазық. онда сексеуіл, жүзгін, жыңғыл бұталары және шөлге тән сораң шөптер өседі. құрлықпен жалғасқан шығанағының ені 3 км. тайыз жерден аз мөлшерде тұщы су шығады. құмқайыр 1930 ж. зерттелген. көне түркі тілінде А. сөзі «арал» деген мағынаны білдіреді. АДАЙКӨЛ – Қостанай обл. қамысты ауд. Адай а-нан оңт.-шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан көл. теңіз деңгейінен 267 м биіктікте жатыр. Аум. 10,3 км2. Ұз. 4,2 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұз. 17,6 км. негізі-
51
Адай үстірті
52
нен жауын-шашынмен толысады. көктем, күз айларында мал суаруға, жазда шабындыққа пайдаланылады. АДАЙ ҮСТІРТІ, А д а й - ө л к е й е к ү с т і р т і – торғай төрткілді өлкесінің батыс бөлігін алып жатыр. қостанай обл-ның ортаңғы бөлігіндегі бірнеше аудандарды қамтиды. Солт-нде қостанай жазығымен (қамыс-диевка желісі бойынша), оңт-нде ақтөбе, қарағанды облыстары аумағымен шектеседі. Жер бедері негізінен жазық келген. Тек кейбір жері обаған аңғары және сыпсыңағаш қолатымен (обағанның ежелгі сол салаларымен) тілімденген. Абс. биікт. 300 м. үстірттің кейбір жерлерінде төрткілді оқшау таулар (қоңыртау тауы, т.б.) кездеседі. АДАМТАС, А д а м т а с ш а м ш ы р а ғ ы – каспий т-нің шығыс жағалауындағы мүйіс. маңғыстау обл. қарақия ауд-нда, кендірліқиясай үстіртінің теңізге қараған оңт.-батысында орналасқан. мүйістің теңізге қараған бөлігі тік жарқабақты. Су асты тастары шығып тұрған жағалауы кеме тоқтауға қолайсыз. кезінде А. мүйісінде су асты тастарынан теңіз кемелерін сақтауға арналған шамшырақ оты болған. АДЫРАСПАН (Реganum) – түйетабандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, сырдария, сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – к ә д і м г і А. (P. harmala) өседі. Биікт. 20 – 50 см. сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. гүлі ақ, сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. мамыр – шілде айларында гүлдейді. жемісі – көп тұқымды қауашақ. тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады. А. – бағалы дәрілік өсімдік. Оның құрамында алкалоидтар бар. халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. сондай-ақ малдың қотырын да жазады. А-нан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны а. ш. зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. А. – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. АЖЫРЫҚ (Aeluropus) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы. республикамыздың барлық сортаң және шөлді аймақтарында 2 түрі кездеседі. с о р т а ң д ы қ А-тың (A. lіtoralіs) биікт. 20 – 60 см, сабағы көлбеу не көтеріле өседі. бұтақтары бұдырлы, жапырағы жалпақтау, түкті келеді. Көп гүлді масақтары сатылана орналасқан, ұз. 3 – 5 мм. ж а т а ғ а н А-тың (A. repens) биікт. 7 – 30 см, жапырақтары түкті, гүл сыпыртқысы тығыз, шоғырлана орналасқан, ұз. 2 – 2,5 см. А. – ең маңызды мал азығы. өскен жерінің құнарлылығына байланысты бір га алқаптан 2 – 40 ц шөп жиналады. Оның гүлінің құрамында протеин, белок, май, азотсыз активті заттар көптеп кездеседі. А. тұзға өте төзімді келеді. «АЗҒЫР» ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ (әскери шартты аты «галит») – бұрынғы КСРО қорғаныс мин. мен Атом өнеркәсібі мин. және бүкілодақтық эксперименттік физ. ғыл.-зерт. ин-ты («арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы. атырау обл. құрманғазы ауд-ндағы азғыр а-нан 15 км-дей жерде орналасқан. Ауд. 0,6 млн. га. онда 1966 ж. сәуірден 1977 ж. қазан аралығында 17 ядр. жарылыс (165 – 1500 м тереңдікте) сынағы жүргізілді. Ядр. қуат күші 10 – 25 кт-
«Азғыр» полигон өңірі ға жеткен. Осының салдарынан жер астынан жалпы көл. 1,2 млн. м3 9 қуыс пайда болды. 1991 – 92 ж. осы қуыстарды тексеру кезінде ыдырайтын радиоактивті заттардың сақталғаны анықталды («А.» я. п-ндағы 9 жер асты қуысындағы радиоактивтік заттардың қалдықтары 1996 – 97 ж. көмілді). сондай-ақ бұл жерлерде таллий, қорғасын, кадмий, күшәла, бром, хлорид, сульфаттардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары болған. Жер асты сулары ауыр металдармен ластанған. радиоактивті заттармен ластанған топырақты, суды, егістік жерлерді, мал жайылымдарын тазартып, залалсыздандыру жұмыстары аяқталмаған. «А.» я. п-ндағы жергілікті тұрғындарды мед. тексеруден өткізгенде, ауруға шалдыққандары мен қайтыс болғандарының саны (әсіресе балалардың) облыстағы орташа деңгеймен салыстырғанда 2 – 2,5 есе жоғары болған. әсіресе рак (ісік), сүйек тіндерінің аурулары, иммунды жүйелер мен қан құрамының бұзылуы басым (балалардың 95%-ы анемия ауруына шалдыққан). АЗИЯ ЖАЛПАҚҚҰЛАҚТЫ жарқанаты (barbastella leucomelas) – қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жататын сүтқоректі. республикамызда А. ж. ж. әзірге 3 жерден: іле алатауының шығыс бартоғай мекеніндегі және қорам қыстағының маңындағы үңгірден, жаркент қндағы ескі ғимараттардың шатырларынан ұсталған. өзен бойындағы жартасты жерлерді мекендейді. дене тұрқы 48 – 53 мм, қанат сүйегінің ұз. 42 мм. арқасы ақшыл, бауыры ақ түсті. тұмсығы келтек, түбіне қарай бірігіп кеткен құлақ қалқаны жалпақ әрі ұзын келеді, қанат жарғағы қара қоңыр болады. жылдам әрі мәнерлі ұшады. түрлі түн жәндіктерімен қоректенеді. жылына бір рет көбейіп, 1 – 2 жарқанат туады. А. ж. ж. тіршілігінің көп жағы ғылымға әлі беймәлім. Өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЗИЯ ОШАҒАНЫ (Agrіmonіa asіatіca) – раушангүлділер тұқымдасы, ошаған туысына жататын тамыр сабақты көп жылдық өсімдік. қазақстанда тау шатқалдарында, өзендердің аңғарлары мен арық жағалауларында, бақтарда, жол бойларында өседі. Биікт. 30 – 140 см. Тік сабағы мен жапырақ сағақтары қалың қабықты, ұзын, қатты, түсіп қалатын түктермен жабылған. жапырақтары үздік-создық, ұз. 3 – 30 см, ені 2,5 – 12 см. тостағанша жапырақшалары жұмыртқа тәрізді, үшкір. күңгірт сары гүл желектері эллипс тәрізді, гүлшоғыры ұзын, жеміс берген кезде оның ұз. 40 см-ге жетеді. маусым – шілдеде гүлдеп, тамыз айында жеміс береді. жемісшелері иілген, ұз. 9 мм-дей. А. о.
Айдабол маңғыстау обл-нда батыс қаратауда кездесетін сирек түр болып саналады, сондықтан облыстың «қызыл кітабына» енгізілген. азынабай-тайпақ жазығы – батыс қазақстан обл. ақжайық ауд. жайық өз-нің сол бетінде орналасқан табиғи көлтабанды өңір. Өлеңті өз-нің тартылар тұсындағы Аяқ бөгенінен азынабай-тайпақ суландыру жүйесі басталады. жүйедегі арнаның жалпы ұз. 115 км, су ағымы 2,5 м3/с. су ағымын реттегіш 73 қондырғы, мал суаратын 42 тоған бар. көлтабан жүйесіндегі шөбі шүйгін жайылымдық және шабындық алқаптар су мол жылдары 45 мың га-ға дейін суландырылады. АЙВА, б е ж е (Cydonіa) – раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдік, жеміс ағашы немесе бұта; өсімдіктер туысы. қазақстанда жамбыл, Оңт. қазақстан облыстарында 1 түрі – к ә д і м г і (сопақша) А. (С. oblonga) кездеседі. Оның биікт. 3 – 4 м, жапырағы сопақша, бүтін жиекті болып келеді. ақ, қызғылт түсті ірі гүлі бір-бірден орналасады. жемісі көп ұялы, қатты, етті, дәмі қышқылтым, салм. 250 – 300 г-дай болады. А. табиғи түрде тұқымы, тамыр атпасы арқылы, ал мәдени түрде ұластыру, қалемшелеу, сұлатпа бұтақтары және бүршіктерін телу арқылы көбейтіледі. жемісінің құрамында 7,22 – 15,06% қант, 0,24 – 1,26% алма, лимон қышқылдары, 0,18 – 0,97% пектин заты, С витамині мен эфир майы бар. жемісі консервіленіп, тосап түрінде қайнатылып та сақталады. А. – балды өсімдік, сүрегі ұсақ ағаш бұйымдарын дайындауға пайдаланылады. АЙҒАЙ ҚҰМ, Ә н ш і қ ұ м – Іле өз. аңғарын бойлай орналасқан үлкен қалқан және кіші қалқан таулары етегіндегі құмды төбе. Биікт. 150 м-дей, ұз. 8 км, ені 3 км. қалқан тауларынан соғатын желдің бағыты үнемі өзгеріп отыруы нәтижесінде құм түйіршіктері електеніп, бірегей құм қоспасынан тұратын төбеге
Айғай құм
айналған. Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі. жібек жолының бойында орналасқан осы А. қ-ның үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрған. А. қ. табиғат ескерткіші ретінде мемл. қамқорлығына алынған. Ол «алтынемел» ұлттық табиғи саябағы (1996 жылдан) құрамына кіреді. АЙҒЫЗ – Шығыс Қазақстан обл. аягөз ауд-ндағы өзен. Бастауын Шыңғыстаудағы ақшатау жотасының
оңт. баурайынан алады. Ұз. 81 км, су жиналатын алабы 865 км2. көп жылдық орташа су ағымы 0,3 м3/с. Өзен тік беткейлі тар, терең шатқалмен ағып, жазыққа шыққан соң ағысы баяулайды. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көктемде тасиды, суы егін және мал суаруға пайдаланылады. АЙҒЫРЖАЛ – Шығыс Қазақстан обл. аягөз аудндағы тау. Абс. биікт. 961 м. сопақ пішінді келген таудың солт. бөлігі көтеріңкі. қарасу өз. аңғарына тірелетін шығысы аласа келген. Сай-жыралармен тілімденген. батыс және шығыс бөктерлерінен шағын өзендер бастау алады. Жусан, көкпек басым астық тұқымдас шөптесін өскен. Тауалды жазығы мал жайылымына пайдаланылады. АЙҒЫРЖАЛ – Өлеңті өз-нің сол жағалауында орналасқан тау. ақмола обл. ерейментау қ-нан оңт.шығысқа қарай 40 км жерде. Абс. биікт. 440 м. Эрозиялық-тектоник. ыдырау нәтижесінде түзілген аласа таулар қатарына жатады. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай ұз. 9 – 10 км, ені 2 – 3 км доға тәріздес созыла орналасқан. шығысы, батысы мен оңт. жазық, солт. тік жарлы келген. Солт. беткейінің баурайында қызылсор тұзды көлі жатыр. АЙҒЫРЖАЛ – қарағанды обл. жаңаарқа ауд-ның солт-ндегі тау массиві. атасу кентінен солт.-батысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 803 м. Тау массиві тас көмір жүйесі мен протерозойдың гранитті интрузивтерінен түзілген. беткейлері жайпақ, тегіс болып келеді. Солт. беткейінен құланөтпес өз., оңт-нен сарысу өз-нің салалары бастау алады. қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. беткейлері жайылымдыққа, шабындыққа кеңінен пайдаланылады. АЙҒЫРҚИЯҚ, е р к е к қ и я қ , қ ұ м қ и я қ (Еlymus gіganteus) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық тамыр сабақты шөптесін өсімдік. қазақстанның барлық жазық аймақтарында, құмды, құмайт далаларында, сортаң жерлерінде, шабындықтарында өседі. Биікт. 50 – 100 см, сабағы тік, қырлы, тықыр, тамыры ұзын, төселмелі келеді. жапырағы таспа тәрізді, үстіңгі беті бұдырлы, сұрғылт жасыл түсті болады. масақгүлі қалың, жасыл күлгін түсті, 3 – 6 гүлден тұрады. өсімді (вегетативті) жолмен және тұқымынан көбейеді. жемісі бір тұқымды. Тұқымында 11% белок, 12 – 18% протеин бар. А. – құнарлы мал азығы, сондықтан гүлдемес бұрын сүрлем, пішендеме даярлау үшін шабылады. Биол. бағалы қасиеттеріне байланысты будандастырып, өнімді өсімдіктер алу үшін де пайдаланылады. А. құмды бекіту үшін және жайылым өсімдігі ретінде кейбір аймақтарда қолдан өсіріледі. АЙҒЫРҚҰМ – зайсан көлінің шығысындағы қара ертіс өз-нің сол жағалауында орналасқан құмды алқап. шығыс қазақстан обл. жерінде. теңіз деңгейінен 560 м биіктікте жатыр. А-ның ұз. 35 – 40 км, ені 12 – 15 км. А. – төрттік дәуірдегі шөгінділерден құралған қыратты жазық. өсімдіктерден жүзгін, құм жусаны, қияқ өседі. Климаты континенттік, қысы суық –34 – 40°С, ал жазы құрғақ, орташа темп-расы 24°С, ең жоғары темпрасы 40 – 42°С. жауын-шашын аз түседі, көбіне нөсер түрінде болады. Оның жылдық мөлш. 200 мм. А. күзгі және қысқы жайылым ретінде пайдаланылады. АЙДАБОЛ – ақмола обл. зеренді ауд. викторовка аның шығысын ала орналасқан көл. Теңіз деңгейінен 427,0 м биіктікте жатыр. Аум. климат жағдайларына
53
Айдаршөп
54
байланысты 15,3 км2-ден 35 км2-ге дейін өзгеріп отырады. орташа ұз. 5,7 км, енді жері 3,9 км, жағалау бойының ұз. 15,2 км, ең терең жері 3 м-ге жетеді. жағалауында ені 100 – 150 м-ге дейін қоға аралас қамыс өседі. Суы тұщы, мал суаруға, т.б. шаруашылық қажетіне пайдаланылады. А. көлінің солт-нде Зеренді, оңт-нде Сандықтау және Жақсы Түкті орманды таулар қоршап жатыр. Көлге шығысынан Аршалы өз., батысынан Жабай өз-нің бір тармағы келіп құяды. Батыс бойымен Көкшетау – Атбасар автомоб. жолы өтеді. Жол бойында Айдабол атты кент орналасқан. Би атымен аталған көлге жақын жерде қола және темір дәуірінен (б.з.б. 5 – 4 ғ-лар) сақталған зираттар тобы кездеседі. АЙДАРШӨП (Corуdalіs) – көкнәр тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда далалы-орманды, шөлді, көбіне таулы аудандарда тараған 19 түрі өседі. тамыры ірі шар тәрізді немесе ұзынша түйнек түрінде болады. оның әр жерінен жанама тамырлар тарайды. сабағының топырақ астындағы бөлімі ұзын, сыртын түк басқан. жапырақтары үш салалы, бүтін жиекті немесе қауырсынды екі рет тілімденген. гүлшоғыры шашақ, кейде бұтақталған. жемісі – қынап тәрізді немесе кеңейген, көп тұқымды қауашақ. бұлар негізінен бал беретін және сәндік өсімдіктер. А-тің тамыр түйнегінде алкалоид болады, одан дәрі алынады. А-тің ішінде ең сирек кездесетін реликт түрі – с е м е н о в А-і (C. Semenovіі). Оның биікт. 35 – 75 см. бұтақталған цилиндр тәрізді тамыры бар. қауырсын тәрізді тілімденген ірі жапырақтары сабаққа кезек орналасады. ақшыл сары түсті гүлі тығыз, шашақты гүлшоғырына топталған. тұқымынан көбейеді. маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЙЖАН – қостанай обл. ұзынкөл ауд-ның солт.шығысындағы көл. теңіз деңгейінен 156 м биіктікте орналасқан. аум. 14,27 км2, ұз. 5,9 км, ені 3,3 км. суы ащы. жағалауы жайпақ. су деңгейі көктемде көтеріліп, шілде – тамыз айларында төмендейді. қуаңшылық жылдары құрғап қалады. қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Суы тек мал суаруға жарамды. АЙКЕНЕ ҚҰМЫ – жамбыл обл-ның батыс бөлігіндегі құмды алқап. қаратау жоталарының солт.-шығыс жағындағы талас өз-нің төм. салалары мен мойынқұм құмының аралығында орналасқан. ұз. 80 км-ге жуық, ені 35 км, жалпы аум. 3200 км2. құм алқабының оңт. жатаған жонды, солт. төбелі болып келеді. климаты тым континенттік. қаңтардағы ауаның темп-расы –8 – 10°С, шілдеде 25 – 27°С. жауын-шашынның орташа мөлшері жылына 150 – 200 мм. негізінен сексеуіл, жүзгін, эфедра, жусан, ал сортаң жерлерінде қара сексеуіл, күйреуік өседі. А. қ. мал жайылымы үшін пайдаланылады. АЙМАН – Қарағанды обл. Қарқаралы ауд-ның оңт. шетін ала орналасқан шатқал. Шатқалды Шоқабай, Құсақ өзендері және жазда тартылып қалатын арналар кесіп өтеді. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км. Теңіз деңгейінен 770 – 830 м биіктікте. делювийлі-пролювийлі шөгінділер жауып жатқан тас көмір жыныстарынан түзілген. Бозғылт қоңыр топырақты өңірінде бетеге, селеу, бітік шалғын өседі.
айрантақыр мұнай кені, маңғыстау обл. жетібай кентінен солт-ке қарай 20 км жерде орналасқан. 20 ғ-дың 60-жылдары аумақтық геол.-геофиз. зерттеу нәтижесінде барланып, кен орны 1989 ж. ашылған. Тектоник. тұрғыдан кен сыйыстырушы құрылым амплитудасы 30 м, бұрғыланған жыныстардың қалыңд. 2700 м. Өнімді қабат орта юраның аален ярусына 2429 – 2449 м тереңдікте, мұнай иірімі қабаттық, мұнай су жапсары 2279 м-лік белгіде жатыр. Коллектор құмтастардан құралған ашық, ашық кеуект. 16%, өткізгіштігі 0,021 мкм2, Иірім қалыңд. 50 м-дей, сазды жыныстармен бүркелген. коллектордың жалпы қалыңд. 20,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қабаты 7,4 м. Темп-расы 99°С, бастапқы қабаттық қысымы 27,48 МПа. Мұнайы жеңіл, тығызд. 850 кг/м3, күкірті аз (0,08%), парафинділігі жоғары (18,5%), 1,7% асфальтен және 9,8% силикагелді шайыры бар. мұнай құрамындағы еріген газдар ауыр, этанды. Кен 1991 жылдан бері игерілуде. айтау – шу-іле тауларының оңт.-шығыс сілемі. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 150 км-ге созылып жатыр. енді жері 60 км-ге жетеді. ең биік жері 1052 м (сұңқар тауы). каледон-герциндік тау құралу процесінде қалыптасқан. негізгі дені палеозойдың гнейстерінен, кристалды тақтатастан, каледондық граниттен түзілген. Солт. беткейі көлбеу, оңт. қырқалы төбе болып келеді. Таудың карбонаты аз саздақты бозғылт топырағында жусан өседі. Кейбір тұстарында ши шоғырлары кездеседі.
Айтау тауы
АЙУАНТӨБЕ – қаратау жотасының орт. бөлігінде, жамбыл обл. сарысу ауд. жерінде орналасқан тау. абс. биікт. 1024 м, жер қыртысы, негізінен, протерозойдың тақтатас пен құмтастарынан түзілген. Тау үсті тегістеу келген. Оңт., оңт.-батысы көлбеуленіп жазыққа ұласып кетеді. Солт. беткейлері шамалы тілімденген, жартасты. А-нің етегінде шөлді ландшафт түзілген. Онда селеу, боз, кейбір жерлерінде ши, жусан өседі. етегі жыл бойы мал жайылымына пайдаланылады. АЙЫРКӨЛ – Ақтөбе обл. Ырғыз ауд-нда, Нұра а-ның солт-нде, Өлкейек және торғай өзендерінің түйіскен жерінде орналасқан көл. Аум. 45,5 км2, ұз.21,4 км, ені 2,7 км. Тереңд. 4 м-ден астам. Жағалауы жазық. батысынан ұз. 10 км-ге жететін өзен ағып шығады. Суы ащы. Қазанның аяғы мен қарашаның басында суы қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. Көлде табан балық өседі. Жазда көл жағалауы демалыс орны ретінде пайдаланылады. айырқызыл – ақтөбе обл. ырғыз ауд. торғай қолатының оңт.-батысындағы құмды алқап. теңіз
Ақадыр деңгейінен 130 м биіктікте. Ұз. 32 км, ені 14 км. жалпы аум. 284 км2. жүзгін, құмыршық, ақ селеу, еркек шөп, ақ жусан, жиде, т.б. шөптесіндер өседі. А. жыл бойғы мал жайылымы. АЙЫРТАУ – қарағанды обл. жеріндегі тау сілемдері. Оның бір бөлігі қарқаралы ауд-ндағы қарасор көлінен (солт.-батысында) 10 – 15 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 814 м (шарықты шоқысы). Ұз. 50 км, ені 10 км. девон жыныстарынан тұрады. күңгірт қара қоңыр топырағында тобылғы, қараған, бетеге, сұлыбас, жусан, т.б. өседі. А-дың екінші бөлігі ақтоғай ауд-ндағы талды өз-нің қызылқой мен бабан бастаулары аралығында орналасқан. Ұз. 7 – 8 км, абс. биікт. 894 м. тас көмір дәуірінің гранитоидтарынан тұрады. Қиыршықты күңгірт қара қоңыр топырағында сұлыбас, қызғылт селеу, бұталар өседі. етегінде бұлақтар жиі кездеседі. АЙЫРТАУ – Солт. қазақстан обл. айыртау ауд-ндағы Имантау және шалқар көлдері аралығында орналасқан тау. Ең биік жері 555 м. Ұз. 25 км. А. көл қазаншұңқырлары, өзен аңғарлары мен сайлар бөліп жатқан бірнеше шоқылар мен төбелерден тұрады. Силур гра-
топырақты, орманды жерде күлгін болып келеді. далалы жазықта шоққайың, қарағай, шалғын, қыратты жерінде қарағайлы-қайыңды тоғайлар, өзен бойларында айрауық, қызыл селеу, қарақат, таңқурай, т.б. аралас шөптесіндер өседі. ашық дала негізінен егістікке, шабындық және жайылым ретінде пайдаланылады. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, елік, бұлан, тиін; құстардан қаз, үйрек, аққу, қызғыш, құр, тауқұдірет, жылқышы мекендейді; балықтан табан, шортан, ала-
55 Аудандағы Жақсы көлі
Айыртау тауындағы орман
ниттерінен түзілген, бетін плиоцен шөгінділері жауып жатыр. Сұр топырағында қарағай, қайың, қараған, тобылғы және түрлі шөптесіндер өседі. Тау ішінде суы тұщы шағын көлдер бар. АЙЫРТАУ АУДАНЫ – солт. қазақстан обл-ның оңт.-батысындағы әкімш. бөлініс. Жер аум. 9,6 мың км2. тұрғыны 47,7 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 5,7 адам шамасында (2010). әкімш. орт. – саумалкөл а. көкшетау қыратының солт.-батыс бөлігін алып жатыр. жер қыртысы батыста есіл өз-нің аққанбұрлық, иманбұрлық салаларымен, солт-нде қазаншұңқырлармен тілімденіп, ойлы-қырлы болып келеді. батысында имантау (661 м), жақсы Жалғызтау (730 м) және сырымбет сияқты таулы-жоталы әсем аймақ орналасқан. климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық келеді. қаңтардың орташа темп-расы –17 – 18°С, шілдеде 18 – 20°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм, орманды-таулы бөліктерде 370 мм. аудан жерінен аққанбұрлық, бабықбұрлық, иманбұрлық (есіл өз-нің оң салалары) ағып өтеді. жақсы, жалғызтау, имантау, шалқар, саумалкөл, үлкен қоскөл, т.б. тұщы көлдер орналасқан. аудан жері орманды-далалы аймаққа жатады. топырағы – қара
бұға бар. ірі елді мекендері саумалкөл, антоновка, арықбалық, имантау. аудан тұрғындары негізінен егіншілікпен, мал өсірумен айналысады. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 735,5 мың га, оның ішінде егістік 378,2 мың га, шабындық 25,5 мың га (2011), жайылым 285 мың га. Орманды алқап 142 мың га, 29,9 мың га жерді өзен-көл алып жатыр. аудан орт. саумалкөл а. арқылы қостанай – көкшетау – қарасу т. ж. өтеді. автомоб. жолы саумалкөл а-н ішкі елді мекендер арқылы көкшетау, новоишим, тайынша т. ж. бекеттерімен, шалғайдағы а-дармен байланыстырады. А. а-нда 26 археология, 15 тарихи ескерткіш тіркелген. Мұнда респ. дәрежеге ие батай елді мекені, сонымен қатар айғаным қонысы (уәлиханов қонысы), қарасай батыр мен ағынтай батыр мемориалды кешені бар. АЙЫРТАУ БЕЛГІ ТАСЫ, қарағанды обл. ұлытау ауд-ндағы ұлытау а-на жақын, айыртау етегінде орналасқан. 1992 ж. қр Жоғ. Кеңесінің Ұлт және мәдениет мәселелері жөніндегі к-тінің жезқазған – ұлытау өңірінде өткізілген көшпелі мәжілісіне қатысушылар қойған белгі тас. Оған «қазақ халқының бірлік тұтастығын паш ететін оқиғалардың ескерткіші ретінде қойылды» деп жазылған. Сол белгі тас басында 1993 ж. ҚР-ның президенті Н.Ә.назарбаевтың қатысуымен жиын өткізілді. Осы жерде 2005 ж. «қазақстан мемлекеттігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монументі бой көтерді. ақадыр – сарыарқаның оңт-нде, балқаш қ-ның солт.-шығысында 40 км жерде орналасқан тау. тоқырауын өз-нің жағасында, батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері 583 м, ені 5 км. Беткейлері жайпақ, түпкі жыныстары жалаңаштанып жер бетіне шығып жатыр. Ерте ортаңғы тас көмір кезеңінің гранитоид жыныстарынан түзілген. сортаңды сұр қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, баялыш өседі. Оңт. беткейінде бұлақтар және тұщы сулы құдықтар бар.
Ақажансай
56
АҚАЖАНСАЙ ДАРИЯ – қызылорда обл. қазалы ауд-ндағы сырдария өз-нің тармағы; ескі құрғақ арна. Ұз. 72 км. Қар ерігенде ғана арнасымен су ағады. Осы аймақта болып тұратын күшті желдің әсерінен А. д. арнасы бастапқы көрінісін мүлде өзгерткен. Табаны кең әрі тегіс, саяз. Арнасының басым көпшілігі үрінді құмға толған. Құм төбелер мен шағылдар тікелей арнаға тіреліп жатады. АҚ АМУР (Ctenopharyngodon іdella) – тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. қазақстанда балқаш – Іле су алабында, сырдария өз-нде жерсіндірілген. Дене тұрқы 1 м, салм. 32 кг-нан асады. Тұрқы жұмырлау, мұртсыз, маңдайы жалпақ, аузы сәл төмен қараған. 3 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. мамыр – шілде айларында өзен ағысымен жоғары өрлеп, уылдырық (2,5 млн-ға дейін) шашады. уылдырық ағыспен ағып су қабатында дамиды. шабақтары балдырлармен, ұсақ су жәндіктерімен, ал ересектері су өсімдіктерімен (қамыс, қоға, т.б.) қоректенеді. А. а. – кәсіптік маңызы бар балық. тоғандық балық ш-нда шабағымен өсіріледі. АҚБАҚАЙ АЛТЫН КЕНІ, жамбыл обл. мойынқұм ауд. мойынқұм а-нан солт.-шығысқа қарай 60 км жерде. 1968 ж. геолог Д.Дүйсенбеков ашқан. Кен орны негізгі 5 тік құлайтын (басты, Түкен, т.б.) және 9 көлбеу жатқан желілерден тұрады. Желілердің ұз. 250 м-ден 600 м-ге дейін, қалыңд. бірнеше см-ден 1,5 – 2 м-ге жетеді. Олар жан-жағынан березит тау жынысымен қоршалған кварц-желілі өзек түзейді. Кентас 900 – 1300 м тереңдікке дейін таралған. Кен түзілу процесі габбропорфирит және ашафит дайкалары жыныстарды жарып шыққаннан кейін, алтын-сүрмелі минералданумен аяқталған. Кен қызылжар интрузивті кешенінің ішінде және девон жанартаутекті шөгінді жыныстарының бойында қалыптасқан. Кен орнында алтынның 4 түрі кездеседі: 1) арсенопирит минералы бойындағы ұнтақдисперсті алтын; 2) кварцтағы сеппе, ұя, желі түрінде шоғырланған бос алтын (өлшемдері 0,01 – 0,1 мм-ден бірнеше мм-ге дейін); 3) кварц-карбонатты желілердегі түйіршік және қабыршақ түріндегі алтын; 4) гипергендік процеспен байланысты қабыршақты және дендритті алтын. Алтынның орташа мөлшері жер бетіне жақын аралықта аса жоғары – 60 – 109 г/т, ал 500 – 600 м тереңдікте 7 – 10 г/т-ға дейін төмендейді. А. а. к. қазақстандағы ірі кен орны қатарына жатады, оның негізінде Ақбақай кен байыту комб. салынған. АҚ БАЛЫҚ (Stenodus leucісhthуs) – албырттәрізділер отрядының ақсахалар тұқымдасына жататын балық. қазақстанда А. б-тың тіршілік ету ортасына байланысты Бұқтырма – Зайсан (Ертістің орта және жоғ. ағысы) және Еділ (Каспий т-нің солт. мен Жайық өз. бойы) популяциялары бар. А. б-тың дене тұрқы 1 м, салм. 10 – 30 кг-дай. Денесі ұзын, басы сүйір, аузы үлкен, жағында өте майда тістері орналасқан. Желкесі мен арқасы көкшіл сұр, бүйірі мен бауыры күмістей аппақ болады. 5 – 6 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қараша айларында, судың темп-расы 0,2 – 6°С-қа жеткенде, ірі уылдырығын (300 мыңға дейін) өзендердің ағысты, ірілі-уақты тасты жеріне, 1,5 – 2 м тереңдікте, әдетте 2 жылда бір шашады. Ұрығы 6 айда дамиды. А. б. – жыртқыш балық. Оның 2 айлық шабағы басқа балықтардың дернәсілімен, ересектері майда балықтармен және олардың шабақтарымен қоректенеді. Саны өте азайып кеткен. 1960 жылдан Жайық өз-нен
А. б-тың ұсталғаны туралы мәлімет жоқ. А. б-тың еті өте дәмді, кәсіптік маңызы жоғары. А. б. Халықар. табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАС – Есіл алабындағы тұщы көл. солт. қазақстан обл. Айыртау ауд-ның сырымбет а-нан солт.батысқа қарай 2 км жерде, теңіз деңгейінен 220,4 м биіктікте жатыр. Аум. 11,08 км2, ұз. 6 км, енді жері 3,1 км, жағалау бойының ұз. 19,0 км, су жиналатын алабы 110 км2. Көлдің жағасы жайпақ, түбі лайлы. Жағалау бойының кей жерінде қамыс, құрақ өседі. Су жиналатын алабының 20%-ға жуығы жыртылған. Қар және жер асты суларымен толысады. АҚБАС ЕМЕНШӨП (Teucrіum polіum) – еріндігүлділер тұқымдасы, еменшөп туысына жататын шала бұта. қазақстанда тек маңғыстаудың құрғақ төбелерінде, сазды және тасты тау баурайларында, шөгінді жерлер мен құм шеттерінде өседі. Биікт. 5 – 30 см, кіндік тамырлы өсімдік. Сабақтары түп жағынан көтеріліп өсіп, жоғарылаған сайын сыпыртқы немесе қалқан тәрізді бұтақталып кетеді. жапырақтары таспа не қандауыр тәрізді, ұз. 0,5 – 3 см, ені 1,8 мм-дей. Тостағанша жапырақшалары қысқа түтікті қоңырауға ұқсас, сыртын қалың ақталшықтар жапқан, жолақты. күлтесі тостағаншадан ұзындау, сырты талшықтыжалбырақ. аталықтары гүлден сәл қылтиып шығып тұрады. гүлдері ақшыл не сарғыш түсті, жалған күлтебас гүлшоғырына топталған. маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. А. е-тің таралу аймағы өте аз болғандықтан маңғыстау обл-ның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАС ҚАЗ (Eulabeіa іndіca) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын қаздың бір түрі. Орт. азияның биік таулы аймақтарында (алтай, тяньшань, памир, алай), көлдер мен өзендердің аңғарын мекендейді. Басы мен мойнындағы қауырсыны ақ түсті болғандықтан ақбас қаз деп аталған, кейде биік таулы аймақтарда кездесетіндіктен «тау қазы» деп те атайды. А. қ-дың салм. 2 – 3 кг, аяғы біршама ұзындау келеді, құрлықта жылдам жүріп, тез жүгіре алады. тіршілігінің көп уақыты құрлықта өтеді, түлеген кезде ғана суда жүзіп жүреді. Су жағалауындағы өсімдіктердің тамырымен, жапырағымен, тұқымдарымен, балдырлармен, кейде ұсақ омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. қазақстанның оңт.-шығыс аймағындағы (алматы, жаркент, Райымбек өңірінде), зайсан қазаншұңқырының сулы-батпақты жерінде кей жылдары кездесіп қалады. соңғы жылдары саны азайған, қорғауды қажет етеді. ақбас құмай (Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. қазақстанда негізінен Іле, күнгей, теріскей және жетісу (Жоңғар) Алатауларында кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. денесінің ұз. 1,12 м, қанатының ұз. 68 см, қанатын жайғанда ұз. 2,56 м, құйрығының ұз. 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен 30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. өлекселермен қоректенеді. А. қ-дың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты алматы обл-ның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАСТАУ – Қарағанды обл. қарқаралы ауд-ның батысындағы өзен. Шет ауд-ның солт-ндегі жақсы
Ақбауыр қаражал тауының бұлақтарынан басталып, жуантөбе, егізқызыл тауларының батыс тұсында нұра өз-не құяды. Ұз. 83 км, су жиналатын алабы 1570 км2. жылдық орташа су ағымының мөлш. 0,18 м3/с. Сол жағынан айнасу, қамыстыбұлақ, оң жағынан қасқақұдық сияқты ұзынды-қысқалы 8 сала құяды. Суы жыл бойы ішуге жарамды. желтоқсанның 1-жартысында суы қатып, сәуірдің 1-жартысында мұзы ериді. аңғарының шалғындық ақшыл қара қоңыр топырағында бидайықты шалғын, тал бұталар, алабының қыратты жерінде бетеге, қызғылт селеу, т.б. өседі. жайылмасы шүйгін шабындық болғандықтан жайылым ретінде пайдаланылады. АҚБАСТЫ – арал т-нің солт.-шығысында, жағалаудан 12 км жерде, солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созылып жатқан бұрынғы арал. Жер аум. 8 км2, ұз. 10 км, ені 1,3 км. А-ның жер бедері жазық, құмдақты шөгінділерден түзілген. кезінде сан түрлі құстар мекендеген, суы балықтарға бай болған, жағалауында ну қамыс, қоға өскен А. теңіз суының саяздануына байланысты көршілес жатқан қосарал, күшжетпес (құсжетпес), қараарал және орысқамыс ауылдарымен бірігіп, теңіз жағалауына айналған. ақбас тырна (Anthropoіdes vіrgo) – тырнатәрізділер отрядына жататын құс. батыс қазақстан, ақтөбе, қостанай, ақмола, павлодар, қарағанды, шығыс қазақстан, алматы, жамбыл, қызылорда облыстарындағы далалы және шөл-шөлейтті аймақтарды мекендейді. басқа тырналар тұқымдасына қарағанда А. т-ның денесі кіші болып келеді. шекесінде айдар тәрізді ұзын ақ қауырсындары бар. қанатының ұз. 42 – 54 см, салм. 2 – 3 кг-дай. басы, мойнының асты мен омырауы қара, ал басқа қауырсындарының түсі көкшіл сұр болады. Құс ойнағы кезінде өздеріне тән қимыл-қозғалыстар жасап, «тырналар биін» билейді. жұптасып, жерді аздап шұңқырлап, оған құрғақ шөп төсеп, ұя салады. мекиені мен қоразы 1 – 2 жұмыртқаны 28 – 30 күндей кезектесіп басады. А. т. – жыл құсы. қыркүйек – қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. солт.-шығыс африка, палестина, ирак, үндістан, пәкстан, бирма жерлерінде қыстайды. өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары ұялау мекені тарылып, саны күрт төмендеді. бірақ 1970 – 80 ж. саны қайтадан
Ақбас тырна
көбейе бастады. А. т. қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАС ҮЙРЕК (Oxyura leucocephala) – қазтәрізділер отрядының үйректер тұқымдасына жататын су құсы. қазақстанның атырау, ақтөбе, қостанай, павлодар, ақмола, қызылорда, жамбыл облыстарындағы суқоймаларын, қалың шөп өскен айдын көлдер мен өзен жағаларын мекендейді. қанатының ұз. 15 – 17 см, салм. 500 – 900 г. қоразы – қара сұр түсті, басы ақ, мойны мен төбесі қара, тұмсығы көгілдір. мекиенінің басы қоңыр, көзінің жоғары жағында ақ жолағы бар. басқа үйректерден айырмашылығы – жүзіп жүргенде құйрығын тік ұстайды, жақсы сүңгиді, құрғақта жүре алмайды. ұясын су бетіндегі қамыс арасына салады. басқа үйректердің ұяларын да пайдалана береді. мекиені 6 – 10 ірі (салм. 80 – 100 г) жұмыртқа басады. шілде – тамызда балапандарын ұшырады. Су өсімдіктерімен және су жәндіктерімен қоректенеді. А. ү. – жыл құсы. қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. пәкстан, Иран, түркия жерлерінде қыстайды. Сәуір – мамыр айларында қайта оралады. А. ү. тіршілігі әлі толық зерттелмеген. санының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАСШӨП (Karelіnіa) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанның шөлді аймақтарында кең таралған. Оның қазақстанда к а с п и й А. (k.copsіa) түрі ғана бар. Ол сор, сортаң топырақты жерлерде, өзен-көл жағалауларында, көшпелі, сусымалы құмды аймақтарда өседі. Биікт. 1,5 м-дей. Тік, қырлы сабағына бұтақтары кезек орналасады. жапырағы қалың, жиегі бұдырлы келеді, гүлшоғырына дейін жапырақтанады. сағақсыз жапырақшалары (ұз. 2 – 6 см, ені 0,5 – 2 см) сабақты орай кезектесіп орналасады. Ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына шоғырланады. маусым – шілде айларында гүлдейді. тамызда жеміс береді. А-ті мал сүйсініп жейді. АҚБАУЫР БҰЛДЫРЫҚ (Pterocles alchata) – кептертәрізділер отрядының бұлдырықтар тұқымдасына жататын құс. ақтөбе, қызылорда, Оңт. қазақстан, жамбыл, алматы облыстарының шөл-шөлейтті аудандарында мекендейді. қанатының ұз. 19 – 21 см, салм. 225 – 290 г. денесінің үстінде сары түсті сұр теңбілдері бар. қара жолақпен көмкерілген жемсауы мен төсі қызғылт күрең түсті. басқа бұлдырықтардан бауырының ақ болуымен ерекшеленеді. ұшқанда көмекейден дыбыс шығарады. құмды жерлер мен оған іргелес жатқан тақырларды ұялайды. ұясын жерге кішкене шұңқыр жасап салады. мамыр – шілдеде қоразы мен мекиені 2 – 3 жұмыртқаны кезектесіп басады. балапандарын да ұядан бірлесіп ұшырады. түрлі өсімдіктердің тұқымдарымен, жемістерімен, жәндіктермен қоректенеді. тұщы, ащы суды да іше береді. күніне 2 рет су іздеп 20 – 30 км жерге ұшып барады. А. б. – жыл құсы. тамыз айынан бастап үлкен топ құрайды. қыркүйек – қарашада жылы жаққа ұшып кетеді. көктемде қайта оралады. А. б-тың тіршілігі толық зерттелмеген. таралу аймағы тарылып, санының азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАУЫР ЖАРҚАНАТ (Otoucterіs hemprісhі), қолқанаттылар отрядының жалтыртұмсықты жарқанаттар тұқымдасына жатады. қаратаудың батысындағы ақмешіт үңгірінен және үстірттегі қарамая тауынан
57
Ақбауыр
58
ұсталған. тасты, сазды жарларды мекендейді. денесі ірі, тұрқы 66 – 82 мм, қол сүйегінің ұз. 59 – 66 мм, арқасы құм түстес, бауыры ақшыл болады. құлақ қалқаны жалпақ әрі өте ұзын, үшкір келеді. ұясын жартастарға және тұрғын үйлердің қабырғаларындағы жарықтар мен қуыстарға салады. көктем мен жазда еркектері жеке-жеке, ұрғашылары топталып тіршілік етеді. жемтігін күн бата аулайды. көбіне жемтігін жер бетінен 2 – 3 м биіктікте ұшып жүріп ұстайды. негізінен қоңыздармен, инеліктермен және көбелектермен қоректенеді. жылына бір рет көбейеді. маусымның басында көбіне ұрғашысы 2 жарқанат табады. А. ж-тың тіршілігі әлі толық зерттелмеген. сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚБАУЫР ҮҢГІРІ – қола дәуірінің ескерткіші. шығыс қазақстан обл. ұлан ауд. бестерек а-ның солт-нен 3 км жерде ақбауыр тауының етегіне орналасқан. жүйелі зерттеу жұмыстарын 1970 – 90 ж. ҚР ҒА археол. экспед. (жетек. З.Самашев) жүргізді. үңгір қабырғасындағы қызыл күрең охрамен салынған суреттер б.з.б. 3-мыңжылдықтың басына жатады. төбесі қуыс, іші конус тәріздес күркеге ұқсайтын үңгір, әсіресе, оның кіре берісіне қарсы суреттер салынған негізгі қабырғасы көп адам табынатын, киелі орын болған. үңгір таудың етегінен 5 – 6 м биік орналасқан. оның алдындағы алаңда жылдың белгілі бір мерзімінде (жыл басы – наурызда) үлкен діни жиындар, құрбандық шалу, т.б. рәсімдер өткізілген. суреттердің мазмұны өте күрделі. композицияның семантик. орталығында қос аяқты арба, өгіз, таутекенің суреттері бейнеленген. олардың айналасында әр түрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар, үш-төрт күрке бейнеленген. энеолит, қола дәуірлерінде салынған бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өрбуін тілеу мағынасын білдіреді. Сол кездегі діни ғұрып бойынша өлген адам қабіріне қос аяқты арбаны бірге қойған. Ол адамдардың жанын, рухын басқа дүниеге тасымалдайтын құрал деп саналған. АҚБЕЙІТ АЛТЫН КЕНІ, ақмола обл. астрахан ауд-нда жалтыр т. ж. ст-нан шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1933 ж. геолог А.К.комиссаров ашқан. қорының шектеулігінен онда ірі тау-кен өндірісі ұйымдастырылмаған, кенді негізінен жеке артельдер өндірді. Кен орны қойнауынан 10 т-дан астам алтын алынған. а. а. к. кварц-желілі кендерге жатады, ол ордовиктің жанартаутекті-шөгінді жыныстарының және шток пішінді диорит интрузивтерінің ішінде жатыр. кен денелерінің ұзындығы ондаған метрден 300 – 500 м-ге дейін жетеді, қалыңд. 0,3 – 0,5 м болады. жер асты қазбалары кварцты желілерді 120 м тереңдікке бойлайды. алтын негізінен микронмен өлшенетін ұнтақ түрінде ғана таралған. ұсақ түйір, жұқа қабыршақ түрінде көзге көрінетін алтын сирек кездеседі. балансты кентастардағы алтынның орташа мөлш. 32,3 г/т. А. а. к-нде алтыннан басқа пирит, халькопирит, арсенопирит, сфалерит, галенит, висмут, электрум, таза күміс кездеседі. олардың кендегі жалпы мөлш. 3 – 5%-ға дейін. АҚ БЕРЕЛ (Бергіел) – шығыс қазақстан обл. қатонқарағай ауд-ндағы өзен. бұқтырма өз-нің оң саласы. Ұз. 65 км. бастауын қатын жотасының мұздықтарынан алады. тік тау шатқалдарымен ағып, қара берел өз-не қосылған
Ақ Берел өзенінің ортаңғы ағысы
тұста арнасы кеңейеді. берел (бергіел) а. тұсында бұқтырма өз-не құяды. Қар, мұздықтармен толығады. Суы қараша айының 2-жартысында қатып, мамыр айында мұзы ериді. Өзен аңғарында қарағай, самырсын, терек, қайың ормандары өседі. аңғары мал жайылымына пайдаланылады. АҚБЕТ ТАУЫ – Сарыарқаның солт.-шығысындағы баянаула тауларының ең биік сілемі. павлодар обл. баянауыл ауд-ның жерінде орналасқан. Ең биік жері 1026 м. батыстан шығысқа қарай 17 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км. беткейлері құзды-қиялы, жартасты және жақпартасты болып қатты тілімденген. силур мен девон дәуірінің кристалды гранит, сиенит, порфи-
Ақбет тауы
рит, тақтатас жыныстарынан түзілген. беткейлерінде қарағай, арша және тобылғы, т.б. бұталар, етегінде қайың, терек, тал өседі. торайғыр, жасыбай, сабындыкөл көлдері А. т-ның баурайында орналасқан. бұлақтар көп. табиғаты сұлу. АҚ БӨКЕН, к и і к (Saіga tatarіca) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. А. б-нің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан батыс англиядан шығыс аляскаға дейінгі аралықта табылған. А. б-дер моңғолияда, қалмақ даласы мен қазақстанда ғана сақталған. республикамызда А. б-дердің бір-бірінен жеке-дара бөлінген бетбақдала – арыс, үстірт және Еділ – жайық деген топтары мекендейді. текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-
Ақдөң дай. үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісі мүйізсіз. жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. А. б-дер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты. А. б. қыстың суық, қарлы болатындығын немесе көктемнің кеш шығатындығын алдын ала болжай алады. А. б. өте өсімтал, жылына бір рет көбейеді. жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «құралайдың салқыны» деп атайды. көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. А. б-дер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. А.
Ақ бөкен
б-нің негізгі жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. А. б. аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. А. б. – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жұптұяқты жануар. қазақстанда 1921 ж. А. б-ді аулауға тыйым салды. 1957 – 58 ж. олардың саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. А. б-нің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «киелі», «қасиетті аң» деп бағалайды. АҚБҮЙРЕК (Fіcarіa) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанның шалғындық, далалық ойпаңдарда, бұталар және бау-бақша арасында өсетін 1 түрі – к ө к т е м А-і (F. verna) бар. Биікт. 15 – 30 см, тамырының бір бөлегі түйнектеліп жуандаған, көбінесе сабағы қысқарып кетеді. жапырақтарының шеті бүтін, көбінесе етті, пішіні бүйрек тәрізді, беті жылтыр. дара гүлдерінің желектері алтын немесе сары түсті. сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. жемісі – көп жаңғақша, түкті. дәрілік өсімдік. АҚДАЛА – Алматы обл. Балқаш ауд-ндағы құмды алқап. сарыесік Атырау құмының оңт-н ала орналасқан. Іле өз-нің оң жағалауын бойлап 90 км-ге созылып жатыр, ені 25 км. Абс. биікт. 417 м. құмды далаға суғару жүйесі тартылған. күріш, баубақша егіледі. шалғынды-сортаңды топырағында жыңғыл, шеңгел, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. АҚДАЛА СУЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ, алматы обл. балқаш ауд-нда орналасқан. осы аумақтағы су (негі-
зінен Іле өз.) және жер (ақдала жазығы) ресурстарын толық пайдалану мақсатында салынған. құрылыс жұмыстары 1965 ж. басталды. ақдала жазығы қапшағай су бөгенінің пайдалануға берілуіне байланысты дәнді дақылдар (негізінен күріш) егілетін ірі өңірге айналды. ондағы суландыру жүйесінің жалпы ұз. 2570 км, су жинау жүйесінің ұз. 216 км. А. с. ж-не 2 ірі – тасмұрын және бақанас суландыру алқаптары енеді. тасмұрын суландыру алқабы 1967 ж., ал бақанас суландыру алқабы 1974 ж. пайдалануға берілді. олар орта есеппен тиісінше 14 мың га-ға және 11 мың га-ға жуық жерді суландырады. АҚ ДЕГЕЛЕК (Cіconіa cіconіa) – дегелектер тұқымдасына жататын ірі ақ құс. ол қазақстанда оңт. қазақстан мен жамбыл облыстарында ғана кездеседі. соңғы деректер бойынша қазақстанда 15 – 30 жұптай ғана А. д. бар. кейбір еуропа елдерінің зоол. бақтарында өсіріледі. тұмсығы түзу, ұшына қарай үшкірлеу келеді. қанатының ұз. 58 – 61 см, салм. 3,5 – 4 кг. қанаты қара, тұмсығы мен сирағы қызыл, мекиенінің дене тұрқы қоразынан гөрі кішілеу әрі тұмсығы жіңішкелеу болып келеді. А. д. тұмсықтарын бір-біріне тиістіріп қана дыбыс шығарады. ұшқан кезде мойынын алға қарай созып ұшады. А. д. – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. жыныстық жағынан 2 – 3 жылда жетіледі. жылына 1 рет 2 – 5 жұмыртқа салып, оны 32 – 34 күндей мекиені мен қоразы кезектесіп басады. балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. А. д. ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. А. д. – жыл құсы. тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады. африка, азияның оңтнде қыстап шығады да, наурызда қайта ұшып келеді. Кейбір зерттеушілер А. д-ті «ләйлек» деп жазады, қазақ халқы оны «дегелек» деп атайды. Себебі, А. д. құсына байланысты халқымызда мақал-мәтел, аңызәңгімелер көптеп кездеседі. (мыс., «жылқының жауы – бөгелек, жыланның жауы – дегелек», «дегелек келді жаз болды, бала-шаға мәз болды»). қазақ халқы А. д-ті киелі құс деп есептейді де, оның ұясын бұзуға, жұмыртқасын алуға, атуға мүлде рұқсат етпейді. А. д. санының азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚДӨҢ – ерейментаудың оңт. сілеміндегі тау. қарағанды обл. осакаров ауд-ның солт. шетінде. ең биік жері 899 м. солт-тен оңт-ке қарай 14 км-ге созылып жатыр, ені 3 – 7 км. биік тұсы үлкен шоқы тәріздес. тау протерозой және девон жыныстарынан түзілген. қызғылт қоңыр топырағында қау, бетеге мен көде, түрлі шөптесіндер, тауаралық аңғарларда қайың, көк терек ормандары, шілік өседі. АҚДӨҢ (Ақдің) ҚОРЫҚШАСЫ – респ. маңызға ие зоол. қорықша. қарағанды обл-ндағы ерейментау тауының орт. бөлігінде 1971 ж. ұйымдастырылған. Аум. 3000 га. қорықшаның аты кейбір әдебиеттерде «белодымский» деп те айтылады. қорықша жері арқылы батыстан шығысқа қарай тасбұлақ өз. ағады. мұнда далалық селеулі өсімдіктер басым. кей жерінде итмұрын, ұшқат бұталары, таудың жартасты жерінде ұсақ жапырақты ұшқат, қарақат, зерек (бөріқарақат), ырғай, ал өзен аңғарларында мойыл, дола-
59
Ақешкі
60
на, қандыағаш өседі. жануарларға да бай. құстардың 80-нен астам түрі (құр, кекілік, шіл, т.б.), сүтқоректілердің 33 түрі (ақ қоян, борсық, түлкі, қарсақ, елік, кірпі, дала суыры немесе байбақ, ақкіс, ақ қалақ, сасық күзен, т.б.) мекен етеді. қорықшада мекен ететін бүркіт, арқар қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚЕШКІ – алматы обл. ақсу ауд. жеріндегі өзен. ұз. 92 км. су жиналатын алабы 847 км2. жетісу алатауындағы ошағанды тауынан басталып, қошқарбасы құмының оңт-ндегі өзімен аттас бөгенге құяды. қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің ортасында ериді. бау-бақша суғаруға пайдаланылады. ақжайқын – оңт. қазақстан обл. созақ ауд-ның солт.-батысындағы тұйық көл. созақ а-нан 100 км жерде орналасқан. орташа аум. 48,2 км2, тереңд. 3 м. аумағы жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. жағалауы жазық. Суы сортаң. көлден балық ауланады. ақжайық ауданы – батыс қазақстан обл-ның орт. аймағындағы әкімш. бөлініс. алғаш 1928 ж. құрылған. Одан кейінгі жылдары ақжайық (кейіннен чапаев) және тайпақ аудандары таратылып, олардың негізінде 1997 ж. А. а. болып қайта құрылды. жер аум. 25,2 мың км2. тұрғыны 44,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 1,7 адамнан келеді (2010). аудан орт. – чапаев а. аудандағы 53 елді мекен 18 ауылдық әкімш. округтерге біріктірілген. аудан каспий ойпатының солт. бөлігінде орналасқан. жері жазық. ең биік жері солт. бөлігінде (бударин а. маңында, 20 м), төмен жері аралсор және жалтыркөл көлдері (оңт-нде) маңында (теңіз деңгейінен 11 м төмен). климаты континенттік. қаңтар айының орташа темп-расы – 13 – 14°С, шілдеде 22 – 24°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 200 – 250 мм. А. а. жерін жайық өз. жарып ағады. Ірі салалары: қарабас, өлеңті, көшім; көлдері итмұрын, жалтыркөл, бөгендері бітік және дөңгелек. шаруашылықтардың егінін суғаруға және шабындықтарды суландыруға байланысты жайықкөшім суландыру жүйесі (каналы) салынған. А. а-ның жері шөлейтті белдемге жатады. топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң болып келеді. өсімдіктерден селеу, бетеге, еркек шөп, көкпек, жусан, т.б. өседі. жануарлардан қасқыр, шиебөрі, түлкі, суыр, бөкен, елік, жабайы шошқа; құстардан қаршыға, құр, үкі, қаз, үйрек, тырна, т.б. мекендейді. өзен-көлдері кәсіпшілік балыққа бай. А. ш. жерінің аум. 552,8 мың га, оның ішінде егістігі 850 мың га, шабындығы 74,1 мың га, жайылымы 446,1 мың га (2009). аудан жері арқылы орал –
Ақжайық ауданындағы Көшім өзені
атырау, чапаев – жаңақала, чапаев – жалпақтал автомоб. жолы өтеді. АҚЖАЙЫҚ БҰЛАҒЫ – батыс қазақстан облндағы минералды су көзі. жайық өз-нің аңғарында, орал қ-нан 50 км жерде орналасқан. 60 – 185 м тереңдіктегі суының темп-расы 10 – 11°С, 320 – 350 м тереңдікте 13 – 14°С. суының құрамында хлор, күкірт, натрий, магний, бром, т.б. әр түрлі микроэлементтер, судағы еріген газдың құрамында азот пен метан бар. суы ас қорыту және қозғалыс-тірек органдары, жүйке жүйесі сырқаттарын, гинекол. ауруларды емдеуге шипалы. Суы «ақжайық» санаторийінде ауруларды емдеуде пайдаланылады. «АҚЖАЙЫҚ» санаторийІ – ас қорыту, қан айналыс ағзалары, эндокриндік жүйе, аяқ-қол, буын, жүйке жүйесі ауруларын емдейді. санаторий жайық өз-нің сол жағалауында орал қ-нан 48 км жерде орналасқан. 1985 ж. ашылған. 160-тан астам емдеу орны бар. Жыл бойы жұмыс істейді. орташа ауа темп-расы: қаңтарда –14°С, шілдеде 22,6°С. жауын-шашын мөлш. 305 мм. күн жылына орта есеппен 2359 сағ ашық болады. ем ретінде денсаулыққа қолайлы климатпен қатар хлор, магний, натрий, темір, аммоний аралас минералды су пайдаланылады. сонымен қатар парафинмен емдеу, аппаратты физиотерапия әдістері, емдік дене шынықтыру қолданылады. санаторийдің 10 орындық бальнеол. емханасы бар. АҚЖАН – қара ертіс өз-нің бұқтырма бөгеніне құяр тұсты алып жатқан құмды алқап. шығыс қазақстан обл. зайсан ауд-нда орналасқан. теңіз деңгейінен ең биік жері 140 м, аум. 800 км2. жер бедері ойлықырлы келеді, кей жерлерінде сор кездеседі. құмда шөлге төзімді жусан, боз, т.б. шөптермен бірге бұталар да өседі. ыза сулары жер бетіне жақын жатыр. А. алқабы қысқы мал жайылымына пайдаланылады. АҚЖАР АУДАНЫ – солт. қазақстан обл-ның оңт.шығысында, далалық аймақта орналасқан әкімш. бөлініс. бұрынғы көкшетау обл-ның ленин және ленинград аудандары негізінде 1997 ж. мамырда құрылды. жер аум. 8,04 мың км2. тұрғыны 21,4 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 2,5 адамнан келеді (2010). аудан орт. – талшық а. Ауданның оңт-н көкшетау қыратының солт.-шығыс сілемі қамтиды. жерінің беті негізінен жазық, ал солт-ке қарай еңіс болып келеді. теңіз деңгейінен 150 – 250 м биіктікте орналасқан. талшық а-нан оңт-ке қарай биікт. 10 – 12 м ұсақ шоқылар бар. жер қойнауында құрылыстық табиғи материалдар қоры барланған. климаты тым континенттік. қысы суық, жазы ыстық. қаңтардағы орташа ауа темп-расы –18 – 19°С, шілдеде 19 – 20°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. Қар жамылғысы тұрақты және оның қалыңд. 16 – 56 см. Қыс айларында боран бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін соғады. аудан жерінен ащысу, шет, қарашат, қарасу өзендері ағады. көлдері көп, ірілері: үлкен қараой, кіші қараой, жантайсор, күлкөл, шолақсор. аудандағы жыртылған жер негізінен қара топырақты, аздап карбонатты және орташа қара топырақты болып келеді. өсімдіктері бетеге, селеу, жусан, т.б. шөптесіндер. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышұнақ, қосаяқ, аламан; құстардан дала бүркіті, жапалақ, қызғыш, жылқышы, бозторғай, бөдене, шымшық, т.б. мекендейді. суларында алабұға, табан, тұқы өседі. А. а-ның жері егін-
Ақкөл
Аудандағы Солтүстік Қазақ жазығы
шілік пен мал ш-н өркендетуге қолайлы. А. ш-на пайдаланылатын жер аум. 316,8 мың га, оның 198,1 мыңы егістік жер, 3,9 мың га-сы шабындық, 114,8 мың гасы жайылым. аудан арқылы қостанай – көкшетау – қарасу т. ж. және кішкенекөл – көкшетау автомоб. жолдары өтеді. АҚЖЕЛКЕК, ж е л к е к (Armoracіa) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанның барлық аудандарында егіледі. Оның бір түрі – к ә д і м г і А. (А. rustіcana) – жабайы түрінде бақтарда, егістіктерде өседі. қазақстанның көптеген аймақтарында қолдан өсіріледі. А-тің биікт. 1 м-дей, сабағы тік, жоғ. жағы бұтақты келеді. тамырға жақын өскен жапырақтары сопақша, жұмыртқа пішінді, ортаңғы сабақтан шыққан жапырақтары ұзынша қандауыр, ал сабақ ұшындағы жапырақтары таспа тәрізді, жиектері тегіс, кейде тісшелі болады. гүлі ақ түсті, хош иісті. тұқым салмайды. маусымда гүлдейді, өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. тұқымы – қысыңқы бұршаққынша. суыққа төзімді. оның тамыры мен жапырақ құрамында тұздар (калий, натрий, фосфор, темір, хлор, мыс), эфир майы, С витамині, фитонцидтер, лизоцим ферменті, т.б. бар. А-тің тәбет ашатын ерекше иісі оның құрамындағы аллил майы мен глюкозид-сингринге байланысты. А. көкөніс, дәрілік заттар ретінде қолданылады, тамыры мен жасыл жапырағы қияр, томат, саңырауқұлақтарды тұздап, бұқтырғанда пайдаланылады. АҚЖОЛАҚ САСЫР (Ferula leucographa) – сасыр туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанда талас алатауының батыс бөлігінде (машаттауда), қаратаудың оңт.-шығысындағы (үлкенбурыл т.) қиыршықтасты тау бөктерлерінде өседі. Биікт. 1 м-дей дара, кейде бірнеше сабақты болады. сабағының жоғ. жағы (ұшы) сыпыртқы пішіндес жапырақсыз келеді. ірілі-ұсақты жапырақтары тілімденген. 10 – 12 ұсақ гүлден тұрады. гүлшоғыры шатыр тәріздес. тұқымы – дәнек. тұқымынан көбейеді. маусым айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. А. с. өте сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚ ЖУСАН (Artemіsіa lercheana) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын жусан туысының бір түрі; көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанның ақтөбе, атырау, батыс қазақстан, қостанай, қарағанды, алматы облыстарындағы шөлді және дала аймақтарының құмайт, құмды және сортаң топырақ-
ты жерлерінде, кейде ескі егістік алқаптарда өседі. биікт. 18 – 45 см, сабағы мен жапырақтарын ұйысқан қалың бозғылт сұр түк басқан. тамыры жуан, сүректі келеді. сабағы бұтақты, жоғ. жағындағы жапырағы сағақты, орта шетіндегілері сағақсыз қауырсын тәрізденіп 2 – 3 рет тілімденген. гүлі қос жынысты, күлтесі сары, не қызғылт түсті. гүл шоғында 2 – 3 гүл болады. Тамыз – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. А. ж. – қорегі мол, малды тез семіртетін күздік және қыстық жайылымдық шөп. АҚ ЖҮЗГІН, а қ қ а б ы қ ж ү з г і н (callіgonum leucocladum) – тарандар тұқымдасына, жүзгін туысына жататын эндемик өсімдік. қазақстанда каспий, арал т-дері жағалауларында, атырау, қостанай, семей, шығыс қазақстан, алматы обл., қызылқұмның шөлді аймақтарында, балқаш – алакөл ойысында кездеседі. Биікт. 1,5 – 2 м. көп жылдық бұтақтарының қабығы ақ түсті, жас бұтақтары түзу де, қисық та болып бунақтанып өседі. жапырағы жіңішке, таспа тәрізді, ұз. 2 – 4 мм. гүлдері өте ұсақ (ұз. 4 мм), олар жапырақ қолтығында орналасқан. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жеміс береді. тұқымы арқылы көбейеді. жемісі – сопақ, қатты қабықты жаңғақ тәріздес. А. ж-нің пісіп қатпаған жемісіне ашқылтым шырын жиналады. ол шырын аз да болса адамның шөлін басады. сондықтан А. ж-ді кейде «қандым» деп атайды. піскен жеміс құрамында 8%-ға дейін илік заттар болады. гүлінен аралар бал жинайды. тері илеуге, сондай-ақ бояуыш зат, отын, жемшөп ретінде пайдаланады. қой мен түйе сүйсініп жейді. бұталарынан алынатын фенол препараты медицинада қолданылады. сусымалы құмда, қарға тосқауыл ретінде шөл, шөлейт жерлерде арнайы өсіріледі. АҚКӨЛ, ж а қ с ы а қ к ө л – ұлы жыланшық өз. алабындағы көл. қостанай обл. жангелдин ауд-нда. орташа аум. 62 км2. Ұз. 11 км-ден астам, ені 8 км, орташа тереңд. 3,7 м, ең терең жері 5 м-ден асады. Солт.-батыс және оңт.-шығыс жағалауы биік жарлы, 1,5 км-ге созылған түбек бар. А-ге ұлы жыланшық өз. құяды. қарашаның ортасында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. суы ащы, жазда мал суарылады. көлден табан, шортан, алабұға ауланады. АҚКӨЛ – жамбыл обл. талас ауд-ндағы көл. Аум. 52 км2, ұз. 14 км, енді жері 7,6 км. суының көл. 166 млн. м3. орташа тереңд. 3 м, ең терең жері 5 м. жағалауы көлбеу, кей жерлері тік құлама (1 – 5 м) келеді. көл негізінен асы өз. суымен толысады. суы тұщы, кермек. А-де сазан, шармай, жайын өседі. үйрек, қаз, шағала, қызғыш құс, аққұтан мекендейді. АҚКӨЛ – арал т-нде, қаратерең түбегі мен тоқпан теліміндегі қолтық. қызылорда обл. Арал ауд-нда. Аум. 22,0 мың га. теңіз суы толық кезде А. балығы мол, жағалауының шөбі шүйгін әрі малға жайылым болды. сырдария тасығанда ғана жергілікті тұрғындар шығанақ суын шаруашылыққа пайдаланды. қазірде суы тартылған. АҚКӨЛ АУДАНЫ – ақмола обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. 1997 жылға дейін алексеев ауд. аталып келді. жер аум. 6,9 мың км2. тұрғыны 29,4 мың адам, орташа тығызд. 1 км 2-ге 4,2 адамнан келеді (2010). ауданда 1 қалалық, 9 ауылдық әкімш. округі бар. аудан орт. – ақкөл қ. А. а-ның жері (абс. биікт. 400 м) ұсақ шоқылы, бе-
61
Ақкөл лесті болып келеді. орт. бөлігінде домбыралы тауы (471 м) орналасқан. кен байлықтарынан алтын, гранит, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. қаңтардың орташа темп-расы –17 – 18°С, шілдеде 19 – 20°С. жылдық жауын-шашын мөлш. 350 – 400 мм. басты өзендері – қалқұтан, талқара, ақсуат. көлдері ұсақ, негізінен, сор болып келеді. Ірі көлдері: итемген, ақкөл, балықтыкөл, шортанкөл, жарлыкөл. жер асты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. топырағы карбонатты сортаң, оңт-ке қарай қара топырақ. өсімдіктерден
62 Аудандағы Талқара өзені
түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеу, сұлыбас, т.б. өседі. орманның аум. 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). жануарлардан бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақтиін, дала тышқаны; өзенкөлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді. А. а-ның тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. А. ш. жерінің аум. 567,2 мың га, оның 133,4 мың га-сы егістік, 22,4 мың га-сы шабындық, 550,4 мың га-сы жайылымдық жер. аудан тұрғындары облыс орт., елді мекендермен т. ж. және автомоб. жолдары арқылы қатынасады. ақкөл ШИПАЛЫ БАЛШЫҒЫ – жамбыл обл. талас ауд. ақкөл көлі жағасындағы емдік қасиеті бар лай шөгінділері. тараз қ-ның оңт.-батысында 30 км жерде орналасқан. А. ш. б. үлкен бурыл тауының етегінде, теңіз деңгейінен 700 м биіктікте. көлдің аум. 2,5 км2, оған бірнеше суы тұщы бұлақ құяды. оның шипалы балшығы 1932 – 34 ж. зерттеліп, қалыңд. 0,2 м, жалпы қоры 65000 м3, пайдалы қоры 15000 м3 екені анықталды. буын кеселдері, әйел аурулары, т.б. емделеді. АҚКІС (Mustela ermіnea) – сусар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. қазақстанның солт. орманды-далалы аймақтарында, оңт. және оңт. шығыстағы тауларында кездеседі. қоныс таңдамайды. ол өзен-көл бойында, бұталы ағаш арасында, сай-салаларда, тау бөктерлерінде жиі ұшырайды. дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұз. 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы – құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа,
кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. азығын аулауға көбіне түнде шығады. ақпан – мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 – 9-дан күшіктейді. А. жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді. терісі бағалы болғандықтан ауланады. зиянды кеміргіштермен қоректенгендіктен ауыл және орман ш-тарына да едәуір пайдасын тигізеді. АҚКІСІ – қарағанды обл. қарқаралы ауд-ндағы тау. байқожа өз-нің оң жағалауында, аудан орт. қарқаралы қ-ның оңт.-батысына қарай 50 км жерде орналасқан. ол бірнеше шыңдардан тұрады. ең биік жері 1140 м. батыстан шығысқа қарай 6 – 7 км-ге созылып жатыр, ені 1 – 2 км. көп бөлігінің түпкі жыныстары жалаңаштанған, тік беткейі сай-жыралармен тілімденген. орта және жоғ. тас көмір гранитоидтарынан түзілген. таудың қызғылт қоңыр, сазды және саздауыт топырағында жусан, тобылғы, бетеге, түрлі шөптесіндер, қараған бұталары өседі. етегінде көптеген бұлақтар бар. АҚҚАБА – шығыс қазақстан обл. марқакөл көлінің шығысындағы қаба жотасын бойлай ағып жатқан өзен; қаба өз-нің сол саласы. Ұз. 99 км, су жиналатын алабы 1570 км2. бастауын Оңт. алтай жотасынан алады. қазақстан мен қытай шекарасын бойлай аққан өзен, әуелі қарақоба өз-не, сонан кейін қытайдағы қаба өзне құяды. арнасының ені 0,5 км, кейбір тұсында жағасының биікт. 10 м-ге дейін жетеді, жазықпен аққан жерлерінің биікт. 2 – 2,5 м. жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. АҚ ҚАЙРАН (Leucіsсus іdus) – тұқы тұқымдасына жататын тұщы су балығы. қазақстанда кең тараған. дене тұрқы 60 – 70 см-ге жуық, салм. 2,5 – 4 кг-ға жетеді. 4 – 6 жасында жыныстық жағынан толысып, наурыз – сәуір айларында тасқа, су өсімдіктеріне уылдырық (114 мыңға дейін) шашады. шабақтары 3 – 4 жылда толысады. жәндіктермен, ұлулармен және су өсімдіктерімен қоректенеді. А. қ. – кәсіптік маңызы бар балық. қолға үйретілген сәндік түрі тоғандарда өсіріледі, спорттық мақсатпен де ауланады. АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ – Солт. қазақстан обл-ның оңт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. Жер аум. 4,9 мың км2. Тұрғыны 26,9 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 5,4 адамнан келеді (2010). Аудан 12 ауылдық округке біріктірілген 43 елді мекеннен тұрады. аудан орт. – смирнов кенті. А. а. 1928 ж. бейнетқор ауд. атауымен құрылды. 1940 ж. совет ауд. болып өзгертілді. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. аудан батыс сібір ойпатының оңт-н алып жатқан есіл жазығының орт. бөлігінде орналасқан. жерінің беті жазық, кей тұсы белесті болып келеді. аудан жерін ескі қамыстысай өз-нің сайлы аңғары кесіп өтеді. оңт.батыстан солт.-шығысқа қарай, үлкенді-кішілі, суы ащы көлдер кездеседі. климаты тым континенттік. қысы суық, қаңтардағы ауаның орташа темп-расы –19 – 20°С, жазы қоңыржай ыстық, шілдеде 18 – 19°С. жауын-шашынның жылдық мөлш. 300 – 350 мм аралығында. ауданда 83 көл бар. үлкен көлдері оңт-те орналасқан. олар: шағалалытеңіз, тереңкөл, бозарал, талдыарал, үлкен жарма, т.б. жер қыртысы негізінен әр түрлі шөп аралас селеу өскен сортаң қара топырақтан, жусан мен бетеге өскен қара топырақтан тұрады. жазық жерлерде қайыңды ормандар мен шоқ тоғайлар өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ,
Аққоңыр
Ауданның жазық өңірі
қоян, бұлан; құстардан қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, бүркіт, кезқұйрық, бозторғай, шымшық мекендейді. ауданда аум. 240 мың га болатын смирнов қорықшасы құрылған (1967). А. ш-на пайдаланатын жері 334,6 мың га, оның 207,5 мың гасы егістік, 10 мың га-сы шабындық, 126,1 мың га-сы жайылым. «АҚҚАЙЫҢ» САНАТОРИЙІ – бальнеол.-климаттық санаторий. іле алатауының солт. бөктерінде, теңіз деңгейінен 1450 м биіктікте алматы қ-нан 12 км жерде орналасқан. 1974 ж. ашылған. жыл бойы жұмыс істейді. орта есеппен ауа темп-расы қаңтарда –3,8°С, шілдеде 20°С. жауын-шашын мөлшері жылына 800 мм-дей. санаторий айналасын бақ, жүзімдік, қайыңды орман қоршаған. ем үшін сырттан екі түрлі минералды су (алматының солт.-батыс шетіндегі йод, бром, азот, кремний, қышқылы көп кальций-натрий аралас хлорлы суы және «ақсай» бұлағындағы кальций-натрий суы) әкелінеді. «А-да» климатпен (иондалған таза ауа, күн шұғыласына бөленген әсем табиғат), сондай-ақ физиотерапиялық және диетамен емдеу әдістері қолданылады. санаторий аяқ-қол, буын, жүйке жүйесі және әйел ауруларын, еркектердің урол. науқастарын емдеуге арналған. АҚ ҚАЛАҚ (Mustela nіvalіs) – сусар тұқымдасына жататын кішкентай аң. А. қ-ты кейде ақ қия немесе ақ құлақ деп те атайды. қазақстанның ормантоғайларында, өзен-көл жағаларында, сай-салаларында, тау алқаптарында, шөл-шөлейтті жерлерінде кездеседі. дене тұрқы 13,6 – 19,2 см, құйрығының ұз. 2,3 – 3,7 см, салм. 43 – 250 г болады. сыртынан қарағанда ақкістен айнымайды. Жазда арқасының жүні қызыл қоңыр не қара бурыл, бүйірі қоңыр, бауыры
Ақ қалақ
ақ тартады, қыста жүні аппақ болады. негізінен ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. жылына аналықтары 3 – 12 күшік туады. А. қ. пайдалы аң. Олар а. және орман ш-тарының зиянкестерімен қоректенеді. АҚҚАНБҰРЛЫҚ – солт. қазақстан обл. есіл және Айыртау аудандарының жерімен ағатын өзен. Ұз. 176 км. Су жиналатын алабы 6720 км2. жақсы жалғызтау тауының батысынан бастау алып, есіл өз-не құяды. құланайыр, тайсары, солянка, бабықбұрлық аталатын салалары бар. АҚҚАҢБАҚ (Gуpsophіla) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. еуразияның қоңыржай белдеулерінде, африкада (египетте), австралия мен жаңа зеландия (бір-бір түрден) таралған. қазақстанның барлық аймақтарында 20 түрі өседі. әсіресе ең көп тараған түрі – ш а ш а қ б а с А. (G. panіculata). ол шалғынды, құмды далаларда, өзен бойларында, сортаң жерлерде өседі. биікт. 20 – 100 см. тамыры жуан. тік бұтақталған дара, кейде бірнеше сабағы түзу болып келеді. ұсақ ақ, шоғырланған гүлдері сыпыртқы тәрізденіп бытыраңқы орналасады. маусым – шілде айларында гүлдейді. Егістік орнына өскен А-тан 1 га жерінен 40 – 50 ц шөп алынады. А-тың тамырында ветеринария мен медицинада пайдаланылатын сапонин алкалоиды (30%-ға жуық) бар. тамыр ұнтағы жүн жуу, сабын, шампунь өндіру өнеркәсібінде қолданылады. шөбінің тұнбасы бауыр ауруын емдеуге пайдаланылады. пішенін түйе мен қой сүйсініп жейді. А-ты әсемдік үшін қолдан да өсіреді. АҚҚАРАҒАЙ, қ. Самырсын. аққарға алтын кені, қостанай обл. жітіқара ауд-ның оңт-ндегі тобыл өз. аңғарында орналасқан. аққарға ауылдық округінің аумағында. бірнеше кен орындарынан (аққарға-алтын, аққарға, оңт. аққарға, оңт. леонидов) тұрады. 1980 – 94 ж. кен орындарында бұрғылау ұңғымалары арқылы 30 м тереңдікке дейін барлау жұмыстары жүргізілді. нәтижесінде аққарға кен торабының алтыны алтынды-сульфидті типке жататындығы анықталды. Гидротермальды өңдеуден өткізгеннен кейін өнімді қабаттың қуатты қалыңд. 150 – 250 м аралықта және одан да терең қабатта жатқаны белгілі болды. кен дененің пішіні қат, линза және бағана тәрізді, құлау бұрышы 60 – 80°. кен денесінің созылымы 50-ден 1200 – 1500 м-ге дейін, құлауы 15 м-ден 110 – 150 м-ге, қалыңд. 2 – 3 м-ден 40 – 50 м-ге дейін жетеді. алтынның 1 т-дағы мөлш. 0,3-тен 27 г аралығында, орташа мөлш. 3 – 5 г. кен мономинералды және алтыны қоспасыз. ашудастың кендегі мөлш. 0,02 – 0,08%. сульфидтік минералдануында пирит 1,0 – 1,8, кейде 5%-ға дейін жетеді. қышқылданған кентас 3 – 50, сирек жағдайда 100 м-ге жетеді. мұндай кентас қоры жалпы қордағы мөлшердің 10 – 15%-ын құрайды. А. а. к-ндегі алтынның жалпы қоры 110 – 120 т. кен орны қазақстан және канаданың «голдленд» бірлескен кен орны барлауды жалғастырып, одан әрі игеруде. АҚҚОҢЫР – ақтөбе обл. байғанин ауд-ндағы өзен. шығыс каспий алабында. Ұз. 52 км, су жиналатын алабы 704 км2. сағасы нұржан бейітінің оңт.-шығысындағы теңізтау қыстауына жетпей құрғап қалады. көктемде еріген қар суымен толығып тасиды. өзен суы шабындық суғаруға пайдаланылады.
63
Аққошқар
64
АҚҚОШҚАР – ақмола обл. қорғалжын ауд-ндағы құланөтпес өз-нің жайылмасындағы тұйық көл. Аум. 11,6 км2, су жиналатын алабы 21,6 км2. Суы қараша айының 1-жартысында қатып, сәуірдің 2-жартысында ериді. жағалауында қамыс, шалғын өседі. көлде шортан, алабұға, табан, сазан балықтар бар, көктемде су құстары ұя салады. АҚҚУ (Cugnus) – қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құс. қазақстанда А-дың 3 түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек австралия мен тасманияда кездесетін 1 түрі ғана шымқай қара). салм. 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. қанатының ұз. 150 – 180 см. тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. А. жұп құрып тіршілік етеді. ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. жылына бір рет түлейді. ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. А. – жыл құсы. қыс
тереңге кетеді. бұтақталған түкті сабағы тік болады. жабысқақ безді жапырақтары жай, бүтін жиекті, үшқұлақты келеді. Ұсақ ақ, қызғылт түсті гүлдері жапырақ қолтығында орналасады. мамыр – маусым айларында гүлдейді. тамыз – қыркүйекте жеміс береді. жемісі – көп тұқымды бұршақ. А-дан жақсы сүрлем шөп дайындалады. бұл өсімдікті қой мен түйе қыста сүйсініп жейді. оның 1 га-сынан 10 – 25 ц шөп жиналады. А. құрамында эфир майы болғандықтан, медицинада дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. жапырағынан желім, тамырынан илік заттар, сабағының талшығынан арқан есетін жіп алынады. АҚҚҰДЫҚ МҰНАЙ КЕНІ, каспий ойпатының оңт.-шығыс бөлігінде. атырау обл. жылыой ауд. құлсары қ-нан 64 км жерде орналасқан. барлау жұмыстары 1981 ж. жүргізіліп, кен орны 1982 ж. ашылды. кен қос қанатты тұз күмбезді құрылымнан орын алған. орналасу тереңд. 1737 – 1759 м аралығында. мұнайы аз күкіртті (1,18%), парафинді (1,67 – 1,85%), 12 – 14% асфальтені бар. А. м. к. 1995 ж. пайдалануға берілді. АҚҚҰЙРЫҚТЫ СУБҮРКІТ (halіaeetus albіcіlla) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. атырау, батыс қазақстан, жамбыл, алматы, шығыс қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларды, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. ұябасары қанатының ұз. 64 – 72 см, салм. 4,9 – 6,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұз. 57 – 63 см, салм. 3,1 – 3,8 кг-ға ғана жетеді. олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. кезқұйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. А. с. – отырықшы құс. ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. жұбы жазылмай наурызда 1 – 3 жұмыртқа салады. оны ұябасары 30 – 40 күндей
Аққулар
жылы кезде А-дың біраз тобы каспий т-нің солт.шығыс жағалауында (ақтау қ-ның маңында) қыстап шығады. А-ды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. А-дың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «аққу жұлдызы» деп аталады. халқымыздың ауыз әдебиетінде А-ға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «сүйріктей аққу мойын», «аққудай ару», т.б. А-дың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады. АҚҚУРАЙ (Psoralea) – бұршақтар тұқымдасына жататын бұта, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. қазақстанда с ү й е к т і А. (P. drupacea) түрі кездеседі. ол оңт. қазақстанның тау бөктерлерінде, құмды жерлерде қаулап өседі. биікт. 100 – 120 (200) см. Тамыры
Аққұйрықты субүркіт
шайқайды. балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады. А. с. – үйректермен, қасқалдақтармен, қырғауылдармен, балықтармен, ондатрлармен, ал каспий т-нде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚҚҰМ – орал алды үстіртінің оңт-ндегі құмды алқап. ақтөбе обл. Мұғалжар ауд. темір өз-нің сол жағалауында, теңіз деңгейінен 200 – 220 м биіктікте орналасқан. Аум. 85,0 км2. Ұз. 23 км, ені 6 км. А-ның жер бедері төбешікті келеді. құм беткейлері
Ақмешіт жусан (шағыр), қияқ, қау, көде, бетеге, жүзгін, т.б. шөптермен бекіген грунт суы жақын жатқан ойлауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өседі. мал жайылымына қолайлы. АҚҚҰМ – қостанай обл. жангелдин ауд-ндағы құмды алқап. ұлы жыланшық өз-нен солт.-шығысқа қарай бойлай созылып жатыр. шөл белдемінде орналасқан. Ұз. 63 км, жалпы аум. 375 км2. теңіз деңгейінен биікт. 160 м. құмдағы төбелер мен жалдар арасындағы ойысты шұраттарда (ойпаңдарда) ылғалдың мол болуына байланысты өсімдіктер (селеу, беде, жусан, еркек шөп, т.б.) қалың өседі. А. – жыл бойғы мал жайылымы. АҚҚҰМСАҒЫЗ – ақтөбе обл. байғанин ауд-ндағы аққұм құмының солт-ндегі құмды алқап. сағыз өзнің оң жағалауында орналасқан. Абс. биікт. 128 м. Ұз. 40 км, ені 15 км. құмның етегінде қызылтаң, қамысқора, ербас, бисек, қарабұйрат қыстаулары бар. шағылда құмсағыз, жусан өседі. АҚҚҰР (Lagopus lagopus) – тауықтәрізділер отрядының құр тұқымдасына жататын құс. ол қазақстанның солт., шығыс және орт. аймақтарында кездеседі. аққайыңдар арасында тіршілік етеді. салм. 400 – 900 г, қыста сирағы мен саусақтары тырнағына дейін қалың қауырсынды, жазда қауырсынсыз болады. басқа тауықтәрізділерден ерекшелігі – бір жылда қоразы 4 рет, мекиені 3 рет түлейді. қыста түстері аппақ болады, ал жазда түсі тіршілік еткен жеріне сәйкес өзгеріп отырады. А-лар топталып тіршілік етеді де, көбею кезінде екі-екіден жұп құрады. жерді шұңқырлап қазып, ішіне шөп төсеп, ұя жасайды. оған 10 – 12 жұмыртқа салып, оны мекиені 20 күндей басады. балапандарын мекиені мен қоразы бірігіп асырайды. олар ағаш бүршігімен, жапырағымен, жемісімен, жаз айларында кейде омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді. А. – кәсіптік маңызы бар құс. АҚ ҚҰТАН (Egretta alba) – сидамсирақтылар отрядының құтандар тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс. қазақстанның оңт. аймағында таралған. жайық бойын, қамыс – самар өзендері, балқаш – алакөл ойысында жатқан көл жағалауларын мекендейді. түсі ақ, салм. 1,5 кг, қанатының ұз. 40 – 45 см. қимылы баяу, үн шығармайды. олар топталып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп құрады. мекиені 3 – 5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны қоразымен кезектесіп басып шығарады. ба-
Ақ құтан
лапандарын 45 күн ұяда асырайды. А. қ. балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді. А. қ. – жыл құсы. қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. кейбір А. қ-дар қазақстанның оңт-ндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап қалады. бір кездері А. қдар қауырсынына бола көп ауланған. А. қ. – сирек кездесетін құс. санының азаюына байланысты қорғауға алынып, аулауға тыйым салынған. АҚЛАҚ ТОСПАСЫ – сырдарияның кіші арал т-не құяр сағасындағы бөгет. қызылорда обл. арал ауд. жерінде. А. т. кіші арал т-н сумен толтыру мақсатында салына бастады. 2006 ж. іске қосылды. тоспаға баратын жолдың ұз. 19,5 км, ені 12 м, биікт. 5,5 м, радиусы 9 м, үш су өткізгіші бар. жобалық су өткізгіштігі: жазда 515 м3, қыста 400 м3, қалыпты жағдайдағы су деңгейі 53,5 м, табалдырығының биікт. 48,5 м, құдық түбінің тереңд. 37,2 м, су жүретін жарманың ұз. 100 м. тоспа іске қосылғанда теңіз жағалауындағы құрғақ көлдер мен қолтықтар суға толады. АҚМАМЫҚ (Puccіnella) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда 15 түрі бар. олар сортаңды шалғындарда, өзен, арық бойларында, құмды жерлерде, тау бөктерлерінде және оның биік қыраттарында өседі. А-тың негізгі түрлерінің бірі – ұ з ы н с а б а қ А. (P.macropus) эндемик өсімдік болып саналады. балқаш – алакөл алабында, шу-іле тауларында ғана кездеседі. биікт. 40 – 60 см, сабағы тік өседі. жіңішке жапырағы төм. жағынан топталып, сояуланып шығып тұрады. сыпыртқы масақшалары қысыңқы, сары түсті. мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. А-тың жиі тараған түрі – үлкен А. (P. gіganthea) негізінен Оңт. қазақстан, атырау, қызылорда, жамбыл, алматы облыстарының сортаңды шалғындарында көп кездеседі. биікт. 1 м-ге жуық, сабағы жіңішке болады. сыпыртқы масақшалары 2 – 8 гүлді қоңыр түсті, қатарланып орналасады. маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. жемісі – дәнек. үлкен А. қолдан егуге ыңғайлы шабындық шөптің бірі. оның 1 га-сынан 8 – 15 ц пішен орылады. АҚМАРҚА (Aspіus aspіus) – тұқы тұқымдасына жататын жыртқыш балық. дене тұрқы 70 см, салм. 7 кгдай. тұрқы ұзын, екі бүйірі сәл қысыңқы. астыңғы жақтарының ұшындағы кішкентай бұдырмақ оның үстіңгі жақтарының қосылған жеріндегі ойыққа дәл келеді. бауырының құрсақ қанаттарынан кейінгі жері қырлы, арқасы боз жасыл, екі бүйірі күміс түстес, бауыры ақ болады. қазақстанда А-ның 2 түршесі бар: Бір түршесі – каспий су алабында (балқаш – іле су алабында жерсіндірілген); екіншісі – арал т-нде, сырдария мен сарысу, шу өзендерінде тіршілік етеді. соңғысын сыр, шу а қ б а л ы ғ ы деп те атайды. А. 3 – 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. уылдырығын (300 мыңға дейін) сәуір – мамырда өзендердің ағысты, майда тасты жеріне шашады. шабағы – майда омыртқасыздармен, ересектері шабақтармен, майда балықтармен қоректенеді. кәсіптік маңызы бар. АҚМЕШІТ ӘУЛИЕ ҮҢГІРІ – Оңт. қазақстан обл. бәйдібек ауд-нда орналасқан. әктасты жыныстар қабатында пайда болған ойық жарқабақ үңгір. ұз. 254, ені 65, биікт. 25 м. жарқабақ саңылауларынан мез-
65
Ақмия
66
гіл-мезгіл су тамып тұрады. ішінен қарағанда ернеуі киіз үйдің шаңырағы секілді көрінеді. ел арасында бір кездері онда бір әулие әулетімен киіз үй тігіп, сатымен шығып-түсіп жүрген деген де аңыз айтылады. үңгірге перзент көрмеген кейбір ерлі-зайыптылар, ауру адамдар әлі күнге дейін түнеп, мінәжат етеді. АҚМИЯ (Goebelіa, Sophora) – бұршақтар тұқымдасына жататын ағаш не бұта; көп жылдық өсімдіктер туысы. тропиктік және субтропиктік аймақтарда 50-ден астам түрі белгілі. сабағы тік, оған тақ қауырсынды күрделі жапырақтары қарама-қарсы орналасады. гүлшоғыры – шашақ. әрбір гүлінің 5-тен тостағанша және күлте жапырағы болады. аталығы 10, жіптері бос боп жетіледі, аналығы біреу, бір жеміс жапырағынан тұрады. жемісі көп тұқымды ұзын бұршаққап, буынданып келген, екі жақтаумен ашылады. тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. бұлар негізінен бояу, бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер. А-ның қазақстанда кәдімгі А. және есекмия А. деп аталатын 2 түрі өседі. к ә д і м г і а қ м и я немесе с о ф о р а (G. alopecuroіdes) – қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. биікт. 40 – 100 см. сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанған. тақ қауырсынды жапырағының ұз. 10 – 20 см. ақшыл не сарғыш гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. тұқымынан көбейеді. мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. оның құрамында алкалоид бар. сондықтан тұқымы улы. е с е к м и я (G. pachycarpa) тау бөктері мен қыратта, сары құм топырақты жерлерде өседі. Биікт. 30 – 60 см. сабағы бұтақты, қалың жапырақты, тықыр, түкті болады. дара жапырағы қауырсын тәрізді, жапырақшалары 6 – 12 жұптан тұрады. гүлі ақшыл сары түсті. мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. тұқымы – қоңыр, сырты біркелкі тегіс. АҚМОЛА ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының орт-нда орналасқан әкімш.-аумақтық бөлініс. 1939 ж. құрылған. 1961 – 92 ж. Целионград обл. болып аталды. Жерінің аум. 121,7 мың км2. тұрғыны 738 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді (2010). Солт-нде Солт. Қазақстан, шығысында Павлодар, оңт-нде Қарағанды, батысында Қостанай облыстарымен шектеседі. 14 ауылдық, 2 қалалық әкімш. ауданға бөлінген. 7 қала, 8 кент, 183 ауылдық әкімшілік округ бар. Әкімш. орталығы – Астана қ. А. о. Сарыарқаның солт.-батыс бөлігінде, Есіл өзнің жоғ. ағысында, дала белдемінде орналасқан. Жерінің басым бөлігі – абс. биікт. 300–400 м-ден аспайтын аласа белесті, ұсақ төбелі жазық. Солтнде Көкшетау қыратының сілемдері – Сандықтау, Домбыралы т.б. аласа таулар орналасқан. Облыстың батыс, орт., шығыс бөліктерін Есіл, Атбасар, Сілеті жазықтары алып жатыр. Оңт.-батысында Теңіз-Қорғалжын ойысы. Облыстың батыс жағында Есіл өзне дейін Торғай үстіртінің шығыс шеті еніп жатыр. Есіл өз-нің оң жағалауы Атбасар, сол жағалауы Теңіз жазықтарымен шектеседі. Облыстың оңт.шығысында орманды, көркем Ерейментау өңірі орналасқан. Оның негізгі бөлігі жартасты, қырқалар (100–500 м) тізбегінен тұрады. Жерінің геол. құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің
нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, альбитофириттерінен, әктастарынан, конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивтік (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивтік жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік дәуірлердің сарғылтым шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Кен байлықтарынан алтын, уран, боксит, сүрме, мыс, молибден, кобальт, көмір, каолин сазы, кварц құмы, құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы ұзақ
Көкшетау тауы
(5,5 айға созылады) суық, жазы қоңыржай ыстық. Каңтардың орташа темп-расы – 16–18ºС, шілдеде 19–21ºС. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның ортасында қалыптасып, оңт-нде 130–140 күн, солт-нде 150–155 күн жатады. Қардың орташа қалыңд. 20–22 см. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солт-нде 400 мм, оңт-нде 250 мм. Ірі өзендері: Есіл, оның салалары – Қалқұтан, Жабай, Терісаққан, Нұра, Сілеті, Өлеңті, Құланөтпес, т.б. Облыста көл көп, олардың 94-і тұщы. Ірі тұщы көлдері: Қорғалжын, Қожакөл, Шолақшалқар, Балықтыкөл, Ұялышалқар т.б. Ірі тұзды көлдері: Теңіз, Керей, Итемген, Қыпшақ, Мамай, Үлкен Сарыоба және Вячеславка (Есілде), Сілеті бөгені бар. Олардан басқа жер суғаруға арналып 37 бөген салынған. Олардың жалпы су көл. 180,6 млн. м3. Қорғалжын көл жүйесін сумен толыстыру және Астананың өнеркәсібін сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Нұра өз. арқылы 70–74 млн. м3 Ертіс суы беріледі. Облыста солт-тен оңт-ке қарай қара қоңыр, қоңыр, ашық қоңыр топырақ белдемдері бірін-бірі алмастырады. Олардың көпшілігі жыртылған. Өсімдіктің 73 тұқымдасы, 800-ден астам түрі кездеседі. Негізінен қылқан, селеу, бетеге, далалық жоңышқа, таспашөп, жебіршөп, қазтабан, сәбізшөп, жусан, т.б., өзен жайылмалары мен көл жағалауында астық тұқымдас және әр түрлі шөп аралас шалғын, ұсақ шоқыларда шоқ қарағай, қайың, көк терек, түрлі бұталар өседі. Облыс табиғатына сәйкес мұнда сүтқоректілердің 55, құстың 80, бауырымен жорғалаушылардың 8, қосмекенділердің 3, балықтың 30 түрі мекендейді. Облыстың солт-ндегі ормандарда бұлан, сібір елігі, сілеусін, ақ кіс, ақ қоян, тиін, еуропа кірпісі, орман құстары (құр, аққұр, тоқылдақ, т.б.),
Аққурай
67
Ақорпа
68
жыртқыш құстар (қарақұс, шаңқылдақ қыран, кезқұйрық, жамансары, күйкентай, жағалтай), сауысқан, алақарға, жауқара, т.б. кездеседі. Су құстарынан қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б.; бауырымен жорғалаушылардан сарыбас, өрнекті қарашұбар жылан, сұр жылан, секіргіш кесіртке мекендейді. Суларында мөңке, оңғақ, лаха, алабұға, торта, шортан, аққайран өседі. Қорғалжын, Ерейментау, Атбасар мемл. қорықтары бар. Облыс өнеркәсібі өндіру және өңдеу салаларынан тұрады. А.ш. машиналарын жасауға, астық өндіруге, сүтті, етті мал өсіруге мамандандырылған. А. обл-нда Қарағанды мен Екібастұз көмірімен жұмыс істейтін Батыс Сібір мен Қазақстан энергия жүйесі бойынша ірі 2 ЖЭС жұмыс істейді. Қара металлургия, тау-кен, химия, микробиол. өнеркәсібі, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, ағаш дайындау мен өңдеу, тамақ, жеңіл, фарфор-фаянс, керамика өнеркәсіптері дамыған. Ірі өнеркәсіп орындары: Астана, Степногор, Атбасар, Макин, Ақкөл қ-ларында, Шортанды, Аршалы кенттерінде орналасқан. Облыстың жалпы ішкі өнімі 2010 ж. 577,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өнеркәсіптік өнім көл. 179,9 млрд. теңгені, а.ш. өнімдері 108,9 млрд. теңгені құрады. Аумақтың жалпы ішкі өнімінде а.ш. өнімдерінің үлесі 33%-ды құраса, өнеркәсіп өнімдері 19%ды құрады. Облыстағы жалпы ішкі өнім 2006 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, 577,2 млрд. теңгеге жетті. Машина, құрал-жабдықтар жасаудан облыстың респ-дағы үлесі 20%-дан астам. А. ш-ның барлық санаттарында шаруа (фермер) қожалықтарының жалпы саны 3621-ден (2006 ж.) 4535-ке дейін ұлғайды. Сондай-ақ құрылыс ұйымдары да өсіп, 187-ден 305-ке дейін жетті. 2006–2010 ж. аралығында жұмысшылар мен қызметкерлердің жылдық орташа жалақысы 2 есеге өсіп, 54,6 мың теңгеге жетті. А. ш-на жарамды жер аум. 9484 мың га, оның 5053 мың га-сы егістік, 3545 мың га-сы шабындық, 723,6 мың га-сы жайылым (2009). орман-тоғай 224,3 мың га жерді алып жатыр. А.о-нда 321 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 648 жалпы білім беретін мектеп, 41 техникум және кәсіптік-тех. оқу орны, 6 жоғары оқу орны, 50 аурухана, 174 емхана, 6 ғыл.-зерт. мекемесі (Қазақ. астық ш. ғыл.-зерт. ин-ты, Топырақ зерттеу ин-тының бөлімшесі, т.б.), қазақ, орыс драма театры, филармония, 6 мұражай бар. Облыс аумағындағы т.ж-дың ұз. 1531 км. Облыс жері арқылы Петропавл – Астана – Қарағанды, Қарағанды –Астана – Павлодар, Тоқтыболат – Егіндікөл, Ерейментау – Айсары т.ж., Көкшетау – Астана – Қарағанды, Қостанай – Астана – Павлодар автомоб. жолдары өтеді. АҚОРПА – бозащы түбегінің солт. бөлігіндегі құдық. маңғыстау обл. маңғыстау ауд. жерінде орналасқан. тереңд. 4 м, су шығымы 1400 л/сағ. солт. тақыр жазықты, батысы сортаңды болып келеді. батысында үлкенсор қонысы мен мұнай кен орындары орналасқан. маңында Кіндікті, т.б. қыстаулар бар. АҚСАЙ – жайық алабындағы өзен. атырау обл. индер, махамбет аудандарында орналасқан. Ұз. 110 км. өзен оң жағалауынан бағырдай каналын суландырады. төм. ағысы жаз айларында құрғап қалады. жағалауында ұсақ көлдер кездеседі.
АҚСАЙ – сарысу алабындағы өзен. қарағанды обл. жаңаарқа ауд. жерімен ағады. Ұз. 87 км, су жиналатын алабы 674 км2. ұлытаудың солт.-батыс беткейінен бастау алып, бозшакөл көліне 2 км жетпей құрғап қалады. қар суымен толығады. суы көктемде ғана ішуге жарамды. негізінен мал суаруға пайдаланылады. АҚСАЙ – алматы обл. қарасай ауд-ндағы өзен. қаскелең өз-нің оң саласы. Ұз. 70 км, су жиналатын алабы 566 км2. бастауын іле алатауының мұздықтарынан алып, әр түрлі ландшафт белдемдерінен өтеді. ақжар а. тұсындағы аңғары 8 м, орташа тереңд. 0,2 – 0,7 м, ең терең жері 1,2 м. Жылдық орташа су ағымы 2,63 м3/с. А. және оның салаларынан сел жүріп тұрады. осындай ірі селдің бірі 1921 ж. А. өз. бойымен өткен. сел жүргендегі су шығымы 307,0 м3/с-қа жеткен. басты салалары: ақсай, тастыбұлақ, ойжайлау, қырғауылды. суын елді мекендер егін суғаруға пайдаланады. АҚСАЙ МИНЕРАЛДЫ СУЫ – алматы қ-нан батысқа қарай 13 км жерде, төм. каменка а. маңында орналасқан шипалы жер асты суы. ол 1900 – 2600 м тереңдіктегі палеоген және неоген сулы қабаттарында таралған. А. м. с-ның хим. құрамы хлорлы натрийлі-кальцийлі келеді. суы арынды. нөмірі 5-Т ұңғымасынан атқылап шығатын судың секундтық мөлш. 11 л, темп-расы 55,5°С, минералд. 6,1 г/л. суының құрамында бром (12,5 мг/л), фтор (2,9 мг/л), йод (1,34 мг/л) және кремний қышқылы (52 мг/л) бар. суында еріген газ негізінен азоттан (80,5 – 84,0%) тұрады. А. м. с. алматы қ-ның төңірегінде орналасқан санаторийлер мен профилакторийлерде, ауруханаларда қол-аяқ буындарын, асқазан-ішек, жүйке, гинекология ауруларын емдеуде қолданылады. АҚСАЙ МҰЗДЫҒЫ – іле алатауындағы аңғарлық мұздық. алматы обл. қарасай ауд. ақсай өз-нің бастауында орналасқан. жалпы аум. 1,3 км2, ұз. 2 км, жерінің аум. 1,1 км2, оның ішінде абляция аум. 0,9 км2. фирн (мұзқар) сызығы 3860 м биіктіктен өтеді. А. мұздығының батысында шнитников мұздығы жатыр. АҚСАЙ ФОСФОРИТ КЕНІ, жамбыл обл. талас ауд-нда қаратау қ-нан батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. қаратау фосфорит алабына енеді. кен орнының ұз. 8 км, ені 100 м. барлау жұмыстары 1951 – 56 ж. жүргізілген. кен орны 1959 – 87 ж. ашық кеніш әдісімен игерілді. ал 1987 жылдан бастап кентас жер астындағы кеніштен өндіріледі. А. ф. к. төм. кембрийге жататын шолақтау шоғырларынан тұрады. бұл шоғырдың төм. кентассыз бөлігі шақпақтасты доломиттер мен доломитті әктастардан (қалыңд. 3 – 15 м) және фосфоритті шақпақтастардан (қалыңд. 3 – 10 м) құралған. бұлардан жоғары әрқайсысының қалыңд. 1,5 – 12 м, фосфор ангидритінің (Р2О5) орта мөлш. 20 – 27% 4 кентас қабаты бар, олардың литол. құрамы негізінен фосфатты, шақпақтасты, карбонатты болып келеді. алынған фосфорит кентасы қаратау кен-химия комб-нда өңделеді. АҚСАРЫ ЖОҢЫШҚА (Medіcago ochroleuca) – бұршақтар тұқымдасына жататын жоңышқа туысының бір түрі, көп жылдық өсімдік. қазақстанда талас алатауының батысындағы ақсу-жабағылы тауының солт. тасты беткейлерінде, биік тау белдеулерінде, аршалы бұта, орман арасында өседі. биікт. 75 – 80 см, сабағы тік, жапырақтары үш құлақты, жапырақшалары ұзынша, түкті, кейде жалаң болады. гүлі сары
Ақсу түсті, бұршағы имек, бозқоңыр түсті келеді. маусым – шілде айларында гүлдейді. тамыз – қыркүйекте жеміс береді. тұқымынан және өсімді жолмен көбейеді. А. ж. – құнарлы мал азығы. сирек кездесетіндіктен ақсу-жабағылы қорығында қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. ақсары жуантамыр (rіndera ochroleuca) – жуантамыр туысына жататын көп жылдық өсімдік. қазақстанда балқаш – алакөл ойысында ақсу, лепсі, шілікті өзендерінің төм. ағыстарындағы құмдарда өседі. бұтақтала өскен сабағының биікт. 60 – 65 см келеді. тамыр жапырақтары ірі, ұз.20 см, ал сабақ жапырақтары ұсақ бүтін жиекті 2 – 4 см-дей болады. ақсары түсті гүлдері қалқан тәрізді сыпыртқы гүлшоғырына топталған. тұқымынан көбейеді. мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. табиғи жайылымдарды ретсіз пайдаланудың салдарынан бұл сирек кездесетін өсімдік түрінің жойылып кету қаупі бар. сондықтан А. ж. қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚ СЕКСЕУІЛ (Haloxylon persіcum) – алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын көп жылдық өсімдік. қазақстанда шөл және шөлейтті аймақтарда өседі. биікт. 5 м-дей, кіндік тамыры топырақта ылғал аз болса, жер астына тереңдеп (11 м-ге дейін) кете береді. діңінің жуанд. 20 – 60 см, дің қабығы ақшыл сұрғылт түсті, жылдан-жылға қарая береді. гүлі төрт-төрттен қабыршақты гүл жапырағы қолтығынан жетіледі. сәуір – мамыр айларында гүлдеп, қыркүйек – қазанда жеміс береді. жемісі – қанатты жаңғақша. А. с-дің сүрегі тығыз, қатты, арамен кесілмейді. ағаштың жылдық сақинасы болмайды. шөлге төзімді, жас өркендерін қыста қой, түйе жақсы жейді. А. с. маңғыстау обл-ның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚ СЕЛЕУ (Arіstіda pennata) – селеу туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанның барлық обл-нда, әсіресе, оңт. аймақтарда жиі кездеседі. А. с. көбінесе құмды және құмдауыт жерлерде, орманды алқаптардағы қара топырақты аудандарда жақсы өседі. биікт. 30 – 40 (60) см, сабағы түбінен шоғырланған, жалаң тықыр. тамыр сабағының ұз. 10 м-ге дейін жетеді. жапырағы жіңішке (3 мм). мамыр – маусым айларында гүлдейді. дәнегі пісісімен жер бетіндегі бөлегі қурап қалады. А. с. масақтанғанға дейін жақсы мал азығы. шөбінің сапасы орташа, өнімділігі 3 – 5 (10) ц/га. жайылмалы құмды жақсы бекітеді. тамыры сапалы щетка жасауға пайдаланылады. АҚСЕҢГІР – ұлытау тау жүйесінің оңт.-шығыс бөлігіндегі тау. қарағанды обл. ұлытау ауд. борсеңгір а-ның оңт.-шығысында 5 км жерде. Оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. ең биік жері 431 м (үңгірлісай). ұсақ шоқылы 2 тау массивінен тұрады. тас көмір жүйесінің төм. тау жыныстарынан түзілген. сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, бұталар өседі. оңт. беткейінен сарысу өз-не оң жағынан құятын 5 өзен бастау алады. жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады. АҚСОРА (Suaeda) – алабұталар тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы, кейде жартылай бұталар. жер шарында кең тараған (тек арктик. белдемдерде кездеспейді), А-лардың
тұзды жерлерде, теңіздер және тұзды тоғандардың жағалауларында өсетін 100-ге жуық түрі белгілі. қазақстанның шөл даласындағы гипсті, борпылдақ сортаң топырақты жерлерде, сор мен тақырларда қаулап өседі не ірі бұта күйінде жеке-жеке кездесетін 16 түрі бар. жиі тарағаны – ұ с а қ ж а п ы р а қ т ы А., кейде оны а қ с о р а (S. mіcrophylla) деп атайды. биікт. 30 – 75 см. сабағы көп бұтақты, бір жылдық өркендері күлгін түсті. жапырағы етті, көкшіл, оның ұз. 3 – 10 см. гүлшоғыры жапырақ қолтығынан сәл төмен орналасқан. маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. түйнектеген кезде өсімдік құрамында клетчатка, протеин, май, азотсыз экстрактивтік заттар болады. күлінен алынған сақар сабын қайнату үшін пайдаланылады. Құнарлы мал азығы. АҚСОРАҢ – қызыларай тау массивінің оңт. бөлігіндегі тау, сарыарқаның биік жері. қарағанды обл. ақтоғай ауд. жерінде, шылым а-нан шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. биікт. 1565 м, ені 7 км. солт-ке қарай еңістеу келген аласа таудан тұрады. пермьнің граниттерінен, төм. пермь, орта тас көмір дәуірі жыныстарынан түзілген. қаратал, жіңішке, сарыөлең өзендері басталады. тау беткейлерінде қарағай орманы, тауаралық аңғарлардағы қызғылт қоңыр топырағында қайың, көк терек, тал, арша, қараған; ойпаң жерінде тобылғы, астық тұқымдас әр түрлі шөптесіндер өседі. АҚСУ – алматы обл. ақсу, алакөл аудандарындағы өзен. жетісу алатауының 4000 м биіктікте орналасқан мұздықтарынан бастау алып, балқаш көліне құяды. ұзынды-қысқалы 132 саласы бар. А-дың ұз. 316 км, су жиналатын алабы 5040 км2. көп жылдық орташа
Ақсу өзені
су шығымы жансүгіров кенті тұсында 11,2 м3/с. өзен жоғ. ағысында тауаралық қапал аңғарын кесіп өтіп, жазыққа шыққан соң көптеген саяз тармақтар мен арналарға бөлініп кетеді. Төм. ағысында тарамдар, өзектер, көлдер мен батпақтар құрай отырып, балқаш маңы жазығын кесіп өтеді. өзен алабының мұз құрсану аум. 139 км2, көл. 0,77 км3 болатын 162 мұздық бар. негізгі салалары сарқан, қожамберді өзендері. А. ш-на пайдалануға байланысты суы балқаш көліне жетпей құмға сіңеді. суы көктем мен жаз айларында тасиды, осы кезеңде жылдық ағындысының 80%-ы өтеді. суы тұщы, минералд. 0,2 – 1,5 г/л аралығында ауытқиды. Суы егін, мал суаруға және тех. қажеттіліктерге пайдаланылады. АҚСУ – Шу өз-нің сол саласы. Қырғыз Алатауының солт. беткейлерінен бастау алып тасөткел бөгеніне
69
Ақсу
70
(жамбыл обл.) құяды. Ұз. 155 км, су жиналатын алабы 483 км2. алабында жалпы ұз. 70 км болатын кішігірім 5 саласы және жалпы ауд. 4,2 км2-ден астам бірнеше ұсақ көлдер бар. мұздықтар және қар суымен толығады. Жылдық ағынның 70%-ы мамыр – шілде айларына келеді. Көп жылдық орташа су шығымы 4,74 м3/с. суы тұщы, орташа минералд. 130 – 140 мг/л. А. өз-нің суы негізінен егін суғаруға пайдаланылады. Өзен бойында ақсу бөгені салынған. АҚСУ – Оңт. қазақстан обл. төле би және Сайрам аудандары аум-ндағы өзен, арыс өз-нің сол саласы. Ұз. 133 км, су жиналатын алабы 766 км 2. талас алатауының солт. беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады. Жоғ. ағысында тар шатқалмен ағып, орта тұсында аңғарының ені 150 – 200 м-ге, жайылмасы 40 – 50 м-ге жетеді. негізгі толысу көзі – мұздық пен қар суы. көп жылдық орташа су шығымы сарқырама а. тұсында 9,68 м3/с, кей жылдары төм. ағысында сарқылып қалады. суы тұщы, минералд. 200 – 400 мг/л. А. өз-нің алабында ақсу-жабағылы қорығы орналасқан. А. өз-нің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады. АҚСУ – қарағанды обл. нұра алабындағы өзен. Ұз. 82 км, су жиналатын алабы 1220 км 2. жарлыкөлден басталып, алтынсор көліне құяды. арнасының ені 200 – 400 м, жағасының биікт. 1 – 1,8 м. ағысы баяу, су деңгейі көктемде 10 – 11 күндей көтеріледі. суы егіс, мал суаруға пайдаланылады. АҚСУ – ақтөбе обл. мұғалжар ауд. жеріндегі өзен. жайық алабындағы ор өз-нің саласы. Ұз. 72 км, су жиналатын алабы 1070 км 2. А. кристалды жыныстардың жарықшақтарынан шыққан тұщы сулардан басталып, алға қ-ның оңт-нде ор өз-не құяды. көктемде қар ерігенде тасиды. ені 6 – 8 км-ге жететін жайылмасы шабындыққа пайдаланылады. АҚСУ АЛТЫН КЕНІ, ақмола обл. ақкөл ауд. степногорск қ-нан солт.-шығысқа қарай 17 км жерде орналасқан. Кен орны 1929 ж. көне кен қазбалардың ізімен ашылған. 1930 ж. бұл жерде кеніш ашылып, 1931 ж. алғашқы 147 кг алтын алынды. кен орнынан 1931 – 97 ж. аралығында 25 т алтын өндірілген. мұндағы кварц желілері мен кварциттерден тұратын кентастар кембрий-ордовик жыныстары аумағында жатыр. А. а. к. өз алдына бөлек 5 кен орнынан тұрады. оларда өндірістік маңызы бар 192 желі кездеседі. желілердің қалыңд. 0,12 – 0,31 м, ұз. 107 – 154 м аралығында. желілер кварцты габброидтерден, диориттерден, тонолиттерден және гранодиориттерден тұратын ордовик интрузивтерінің бойында қалыптасқан. алтынның орташа мөлш. 23,6 – 45,9 г/т. көлбеу жатқан желілер қалың келеді (1,1 – 2,3 м), бірақ олардағы алтынның орташа мөлшері төмен (6,4 – 23,8 г/т). кен орнында алтынға бай кварц желілерімен қатар алтын-мыс-скарнды кентастар және әлі толық зерттелмеген березит сығылмалары бар. А. а. к. кентастары ақсу алтын байыту ф-касының шикізат базасы болып табылады. АҚСУАТ – қостанай обл. наурызым ауд. жеріндегі тұщы көл. құсмұрын, сарықопа көлдерінің арасына орналасқан. Аум. 20,3 км2. Ұз. 18,1 км, енді жері 4,2 км, жағалау бойының ұз. 57 км-ге жуық. Ең терең жері – 3 м. Жауын-шашын көп жауған жылдары көлдің аумағы ұлғайып тұрады. Жаздың құрғақ мезгілінде көл екіге бөлініп қалады. Қарашаның
аяғында суы қатып, сәуірде ериді. Көлде алабұға, мөңке, сазан өседі. АҚСУАТ – ақсуат ойысында орналасқан тұйық көл. солт. қазақстан обл. тимирязев ауд. жерінде орналасқан. орташа аум. 14 км2. ауа райы құрғақ кезде тартылып, жауын-шашын мол жылдары аум. 24 км2ге дейін ұлғайып, өзгеріп отырады. тереңд. 1,0 – 1,5 м. суы кермек. табаны тегіс. көлде қалың қамыс, қоға, т.б. өсімдіктер өседі. АҚСУАТ – талас алатауының солт-ндегі тау. оңт. қазақстан обл. төле би ауд-нда орналасқан. Абс. биікт. 4027 м. А. тауынан ақсу өз. бастау алады. Оңт.батысында ақсу-жабағылы қорығы бар. тау беткейі күрделі тілімденген, тік жарқабақты. топырағы таулы шалғынды-далалы, субальпілік және альпілік. ең жоғ. беткейінде мұздықтар қалыптасқан. АҚСУ АУДАНЫ – алматы обл-ның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. жер аум. 12,6 мың км2. тұрғыны 36,6 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 2,9 адамнан келеді (2010). аудан орт. – жансүгіров кенті. аудан жеріндегі 54 елді мекен 3 кенттік және 15 ауылдық округтерге біріктірілген. А. а. балқаш – алакөл ойысы мен жетісу алатауы аралығын алып жатыр. шығысы қытай мемлекетімен, қалған бөлігі облыстың сарқант, алакөл, қаратал аудандарымен шектеседі. Жерінің оңт.-шығысын жетісу алатауының қоңыртау, қайрақкөл, желдіқарағай, ешкіөлмес таулары, солт., солт.-шығыс және батыс бөлігінде тораңғықұм, кемерқұм, сымбатқұм, күшікжал және жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. ақсу өз-нің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. ірі өзендері: бүйен, бұрған, сарқан, қарасу, қапал, қызылағаш. А. а-ның климаты қатаң континенттік. қысы суық. қаңтар айының
Лепсі қорықшасы
орташа темп-расы –10 – 15°С, шілдеде 20 – 23°С. жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазық жерлерде 150 – 250 мм, таулы аймақтарда 400 – 600 мм. топырағының басым бөлігі шөлейттік сұр топырақ. тау етектері мен тау аңғарларында қоңыр топырақ қалыптасқан. өзен аңғарлары мен жайылмаларда шалғынды-далалы топырақ басым. құмды алқаптарда сор, сортаң кездеседі. даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. аудан аумағында «лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді.
Ақ сұңқар кен байлықтарынан ілдерсай барит кені, арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. ауданның а. ш-на пайдаланатын жерінің аум. 1,3 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 60 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындық 55,2 мың га (2008). А. а. аумағында матай, молалы, алажиде т. ж. ст-лары орналасқан. аудан жері арқылы алматы – өскемен мемл. маңызы бар автомоб. жолы өтеді. ақсу-жабағылы қорығы – қазақстанда тұңғыш ашылған ежелгі қорық. 1926 ж. ашылған, талас алатауының солт.-батыс бөлігін және өгем жотасын алып жатыр. соңғы 10 жылда ҚР үкіметінің шешіміне орай қорыққа ақсай, көксай өзендерінің жоғ. жағы және майдантал өз. аңғарының бір бөлігі қосылды.
Қорықтағы Қасқабұлақ тасты галереясы
Аум. 128118 га (2007). А.-Ж. қ. қазақстан, өзбекстан мен қырғызстан шекарасы тоғысқан жерінде оңт. қазақстан мен жамбыл облыстарында орналасқан. құрамында қаратаудағы «қарабастау» (126 га), «әулие» (100 га) телімдері бар. қорықтың негізгі аумағындағы тау жыныстарының басым бөлігін төм. тас көмір мен жоғ. девон әктастары құрайды. әктас сілемдерінде трилобиттер, маржандар, бауыраяқтылар, губкалар қатып қалған күйінде сақталған. шығыстан батысқа бойлай созылған тау жоталарының бедерлері бір-біріне ұқсас болады. солт. баурайлары негізінен жазық, кең, тау адырлары қар және мұздықтармен көмкерілген. орт. бөлігіндегі бұғылытөр мұзды жота анық көрініп тұрады, ең ірі мұздықтардың аум. 1 км2-ден аспайды. А.-Ж. қ. табиғи нысандары мен керемет ландшафтыларымен ерекшеленеді. Мыс., қасқабұлақ сайында атақты тас галереясы бар, ондағы суреттердегі жазулардың орындалу мәнері мен алуан түрлі көріністері қайран қалдырады. негізінен тастарда арқар, марал, т.б. жануарлардың суреттері бейнеленген. қорықтың ауа райы континенттік, қаңтарда жылдық орташа темп-расы –5,4°С, ал шілдеде 17,2°С, жылдық жауын-шашын мөлш. 950 мм. қорық аум. 5 белдеуге бөлінеді. ең жоғ. нивальды белдеуде (теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте) топырақ және өсімдік жамылғысы жоқтың қасы. биік таулы альпі белдеуі (2800 – 3000 м) көбінесе биік емес шөптесінді өсімдіктермен ерекшеленеді. биік таулы субальпі белдеуі (2200 – 2800 м) тығыз өсімдік жамылғысымен сипатталады. орта тау белдеуінде (1500 – 2200 м) шалғын
өсімдіктер мен бұталар өседі. аласа тау белдеуі (1500 м-ден төмен) қорықтың басым бөлігін алып жатыр, мұнда бұталылар мен далалық шалғынды өсімдіктер өседі. қорық өсімдіктер дүниесіне бай, мұнда 12 типті құрайтын 60 өсімдік формациясы (жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1300, саңырауқұлақтардың 250, мүк, қына, балдырлардың 60-тан астам түрлері) бар. қазақстанның «қызыл кітабына» енген 39 түр, мыс., талас бекіресі, талас қайыңы, грейг және кауфман қызғалдақтары, т.б. қорғалады. Қорық жануарлар әлеміне бай. сүтқоректілердің 50-ден астам, құстардың 268, бауырымен жорғалаушылардың 11, қосмекенділердің 3, балықтардың 7 түрі кездеседі. соның ішінде қорғауға алынып, «қызыл кітапқа» енгендер: түркістан сілеусіні, шұбар күзен, жайра және тас сусары, бүркіт, сақалтай, жұртшы, бақалтақ қыран, ителгі, қызылжолақ қарашұбар жылан, сарыбауыр жылан, даната құрбақасы, т.б. қорықтың омыртқасыздар әлемі де алуан түрлі. Ең жақсы зерттелгені жәндіктер (2 мыңнан астам түрі), қоңыздардың 920 түрі, күндізгі көбелектердің 120 түрі анықталған. мұнда жәндіктердің қорғауға алынған 25 түрі және жауын құртының сирек кездесетін түрі (жыланжегіш аллолобофора) мекендейді, олар қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. А.-Ж. қ. табиғаттың нағыз ғыл. лабораториясы, онда ғыл.-зерт. жұмыстары үзбей жүргізіліп келеді, 4 ғыл.-көпшілік кинофильм түсірілді. АҚ СҰҢҚАР (Falco rustіcolus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. қазақстанда тұрақты мекендемейді. көкшетау, өскемен, алматы маңайын 12 жыл (1976 – 88) ішінде 2 рет қана қыстаған. қазір алматы қ-ндағы хайуанаттар паркінде үш А. с. бар. өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. ұябасарының қанатының ұз. 38 – 42 см, салм. 2 кг, аталығы кішілеу келеді, оның қанатының ұз. 34 – 37 см, салм. 1 кг-дай болады. арқасы көкшіл сұр, шұбар, бауыры – ақшыл, сондай-ақ іштерінде шымқай ақ түстілері де кездеседі. басқа сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыштардан айырмашылығы – денесі ірі болады. ұясын жартастың ернеуіне, ағаш басына салады. А. с. – жыл құсы. жұптасып тіршілік етеді. қыс айларында сұр шіл, кіші дүркептермен қоректенеді. қазақстанда тіршілігі зерттелмеген. құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. А. с. өте сирек кездесетін құс болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген.
Ақ сұңқар
71
Ақсүйек
72
АҚСҮЙЕК – жамбыл обл. мойынқұм ауд-ндағы өзен. ұз. 70 км, су жиналатын алабы 621 км2. шу-іле суайрығындағы Айтау жотасынан басталып, қошқарбай сорына жетпей жерге сіңеді. көктемде (наурыз айында) тасиды. жазда қарасуларға бөлініп қалады. суы кермек, тек мал суаруға жарамды. АҚТАЙЛАҚ – солт. балқаш алабындағы өзен. қарағанды обл. қарқаралы және ақтоғай аудандары жерінде. ұз. 89 км, су жиналатын алабы 1370 км2. қарқаралы ауд-ндағы кешубай тауынан бастау алады. құсақ өз-не жетпей, қошқар а-ның маңында сарқылып қалады. өзен бастауы қазанғап (кісі есімі) болып, ал төм. сағасы А. (белгілі қазақ биінің есімі) аталады. Ақа сарықұрақ, құрөзек салаларынан басқа, ұз. 10 кмден аспайтын 26 жылға құяды. өзен, қар, жер асты суларымен толығады. мал жайылымдарын суландыруға пайдаланылады. АҚТАЛ, ә у л и е а ғ а ш (Salіx alba) – тал тұқымдасына жататын ағаш. қазақстанның барлық жазық далалы аудандарында, шөлейт-далалық аймақтардағы өзен аңғарларында өседі. биікт. 15 – 20 м. қандауыр тәрізді жапырағының ұшы түкті болып келеді. сырға сияқты шоғырланған гүлдері сәуір – мамыр айларында гүлдеп, тұқым береді. табиғи жағдайда тұқымымен және өсімді жолмен де көбейеді. А-ды құм тоқтату,
Ақтал
елді мекенді көгалдандыру үшін өсіреді. қабығы тері илеу үшін, бояуыш зат ретінде пайдаланылады. жапырағы мен бұтағын мал сүйсініп жейді. АҚТАС (БАТЫС АҚТАС) газконденсат КЕНІ, маңғыстау обл. қарақия ауд-нда, ақтау қ-нан оңт.-шығысқа қарай 85 км жерде орналасқан. кен орны 1962 – 63 ж. барланып, 1987 ж. ашылды. 1320 м-лік изогипс тұйықтаушы бойынша оның өлшемдері 8,6×3,4 км, амплитудасы 20 м. төмендеген сайын оның амплитудасы 90 м-ге, ал орт. мезозойдың бат ярусында 130 м-ге жетеді. коллекторы аралас құрамды, кеуект. 14 – 20%. жабынды қалыңд. 144 м-ден астам аргиллиттерден құралған. өнімді деп саналатын 7 қабаты төм. және орт. юра шөгінділерінде шоғырланған. газ-сулық қабаты 2975 м. газ құрамы этанды (15,1%), метан 81,4%. тұрақты конденсаттың газдағы мөлш. 21,1 г/м3, конденсатта 1,2% парафин, 67,7% метан, 30% нафтен, 2,3% хош иісті көмірсутектер бар. газ дебиті 41 – 187 мың м3 тәулік. хлоркальций типті қабат суларының минералдылығы жоғары. кенде 1989 жылдан газ өндіріледі.
АҚ ТАСПА (Astragalus brahуpus) – бұршақтар тұқымдасы, таспа туысына жататын бұта. қазақстанда каспий, арал маңында, қызылорда, бетпақдала, мойынқұм өңірлерінде балқаш – алакөл ойысында іле алатауындағы (пұшықнұра) құмды және құмды-сазды жерлерде, бұталар арасында өседі. биікт. 60 – 100 см, жуан сабағын шашақталған қарабурыл қабық басқан. жапырағы ұзынша келген 1 – 2 жұптан тұрады, ұз. 2 – 5 см. гүлі қызғылт түсті, дәні қоңыр. сәуір – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. А. т. – өте пайдалы өсімдік. сәуір айында оның құрамында 26,1% протеин, 5% май, 12% күл, 18% клетчатка болады. А. т. – құнарлы мал азығы, 1 га алқаптан 3,3 ц. шөп жинауға болады. А. т-ны жазғытұрым және жаздың басында мал сүйсініп жейді. өзен жағалауларын бекітіп, құмтоқтату үшін де өсіріледі. АҚТАСТЫ – қарағанды обл. нұра ауд-ның оңт-нде, құланөтпес өз-нің сол жағалауындағы шоқы. шошқакөл көлінен шығысқа қарай 40 км жерде. ең биік жері 573 м. беткейлері жайпақ, батысы мен оңт-нде құрғақ арналар және өзектермен тілімденген. негізгі жыныстардың жер бетіне шығуы байқалады. солт.батыстан оңт.-шығысқа қарай 4 – 5 км-ге созылған, ені 2 – 3 км. жер қыртысы элювийлі-делювийлі шөгінділермен жабылған силур жыныстарынан түзілген. топырағы дамымаған қызғылт қоңыр. Селеу, жусан, бетеге өседі, тобылғы шоғырлары кездеседі. АҚТАСТЫ – ақтөбе обл. әйтеке би ауд-ның солт.-шығысындағы көл. аум. 15,4 км2, жауын-шашынға байланысты аумағы өзгеріп тұрады. қуаң жылдары тартылып, құрғап қалады. суы ащы. жағалауы жазық. қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. АҚТАС ХРУСТАЛЬДЫ КЕНІ, қарағанды обл. ұлытау ауд-ның оңт-нде. кені кіршіксіз мөлдір хрусталімен ерекше бағаланады. өнім сапасының құндылығы 1995 ж. шілде айында жезқазғанда өткен шетелдік бизнесмендер мен кәсіпкерлерге арналған тұсаукесерде жоғары жетістікке ие болды. кен өнімдерін сараптауда швейцарияда ақтаудың тау хрусталі мен кварцы дүние жүзіндегі ең сапалы кварц деген баға алып, «алтын глобус» жүлдесі берілді. жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде осы кен орнының кварцы халық тұтынатын тауар ретінде жоғары сапалы оптик. шыны жасау мен хрусталь алуға және фарфор өндірісіне, оптик. талшықты байланысқа пайдалануға жарамдылығы дәлелденді. АҚТАУ – сарыарқаның оңт-ндегі тау. қарағанды обл. жаңаарқа ауд. жерінде орналасқан. оңт.-батыстан солт.шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр. ең биік жері 1133 м, ені 10 км. бірнеше қырқадан тұрады. орт. және шығыс қырқалары жоғ. протерозойдың ақ кварцитінен, батыс қырқасы қызыл кварциттен құралған. аласа таулық ашық қоңыр топырағында тобылғы, қараған, селеу, бетеге, боз қылқан, жусан, қара жусан, аңғарларында көк терек, тал, т.б. ағаштар мен бұталар өседі. тауда бұлақ көп. А. жайылым ретінде пайдаланылады. АҚТАУ-БОЗАЩЫ ҚОРЫҚШАСЫ – респ. мәні бар зоол. қорықша. 1982 ж. маңғыстау обл-нда ұйымдастырылған. Жер көл. 170 мың га. оған бозащы түбегінің оңт.-батыс, ақтаудың солт.-батыс бөліктері және каспий т-нің соған шекаралас жазық жағалауы енеді. жер бедері құмды төбелі, бұйратты, сортаңды, шағылды, сорлы болып келеді. қайраңды тегіс алқаптар да кездеседі. табиғаты шөлейтті, шөлді аймаққа тән. онда
Ақтоғай қысқа мерзімді шөл өсімдіктерімен қатар адыраспан, жантақ, көк кекіре, көкпек, сүттіген, жусан, күйреуік, изен, мортық, киікоты, бұйырғын, сораң, балықкөз, шағыр, қияқ, ақселеу, құртқашаш, тобылғы, бозжиде, ақ тұт, т.б. өседі. қорықшада қосмекенділердің – 1 (дала тасбақасы), бауырымен жорғалаушылардың – 15 (кәдімгі сұржылан, оқжылан, қалқантұмсық, т.б.), құстардың – 300-дей (жылқышы, жабайы кептер, үкі, бөктергі, жағалтай, жамансары, қарақұс, т.б.), сүтқоректілердің – 34 (каспий итбалығы, құм қояны, қарсақ, дала күзені, қара кірпі, борсық, ақ бөкен, дала мысығы, т.б.) түрі мекен етеді. А.-Б. қ-ндағы бірқатар аң-құстар (жорға дуадақ, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, ителгі, бүркіт, жұртшы, шұбар күзен, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, шағыл мысығы, арқар, үстірт жабайы қойы – муфлон, т.б.) қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚТАУ БҰЙРАТЫ – маңғыстау түбегіндегі екі ірі қия беткейлі жоталардан құралған бұйратты тау. Ақшыл түсті мергельдер, жоғ. бор және неогеннің әктастарынан түзілген. ең биік жері 322 м. ұз. 70 км, ені 12 км. қаратауға қараған солт. беткейлері тік құлама келген. оңт. беткейлері көлбеуленіп (8 – 12°), солт. ақтау жотасында жазылып, бозащы даласына ұласады. солт. ақтау оңт. ақтауға қарағанда аумақты. жотаның бұл тұсы сайлы-жыралы келеді. көктемде уақытша су көздеріне айналады. жер бедерін ірі түйіршікті, құнарлығы төмен сұр топырақ жапқан. шөлді даласында боз жусан, баялыш, бұйырғын өседі. солт. ақтаудың баурайында минералдығы төмен тұщы бұлақтар бар. А. б. жыл бойы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. АҚТАУ-ЖЕТІБАЙ СУ ҚҰБЫРЫ, маңғыстау обл. ақтау қ-нан жетібай кенті арқылы жаңаөзен қ-на дейін тартылған. елді мекендерді ауыз сумен және мұнай кәсіпшіліктерін тех. сумен қамтамасыз ету үшін 1966 – 78 ж. салынған. ауыз су құбырының ұз. 166 км, жылына 186 млн. м3 су береді, тех. су құбырының ұз. 152 км, құбырдан жылына 6,7 млн. м3 су өтеді. АҚТАУ ЖОТАСЫ – қаратау жотасының оңт.-батыс беткейі. оңт. қазақстан обл. бәйдібек ауд. жерінде. ең биік жері – көктау тауы (1287 м). тас көмір кезеңінің әктас, құмтас, конгломерат жыныстарынан түзілген. А. ж-ның қойнауында байжансай қорғасын кені шоғырланған. беткейінде бетеге, боз, жусан, өзен аңғарларында әр түрлі бұталы өсімдіктер өседі. аңғары – жайылым. жота етегін шаян, бөген өзендерінің аңғарлары алып жатыр. АҚТЕРЕК – қарқаралы тауының оңт.-шығыс сілемі. қарағанды обл. қарқаралы ауд-ның шығысын алып жатыр. қарқаралы, жиренсақал таула-рынан А. қаратоқа тауаралық аңғарымен бөлінген. қарағай, көк терек, қайың ормандары бар. солт-ке ұштасатын 2 қыраттан тұратын тілімденген жартасты тау массиві солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 16 км-ге, батыс қырат оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай созылып жатыр, енді жері 6 км. Абс. биікт. 1185 м, солт-тен оңт-ке қарай созылған шығыс қыраттың абс. биікт. 1230 м. А. девон жыныстарының орта және жоғ. тас көмір гранитоидтарынан және пролювийлік шөгінділерден түзілген. тауаралық аңғарларда таулық қара, беткейлерде қызыл қоңыр және таудың қызыл қоңыр топырағы, беткейлерден жоғары жалаңаштанған түпкі жыныстарында қарағай орман-
дары, арша тоғайлары өскен. етектегі беткейлер мен тауаралық аңғарларда қайың, ақтерек, көктерек, қарағай ормандары мен шілік аралас дәнді, түрлі шөпті-бұталы өсімдік басым. АҚТОҒАЙ АУДАНЫ – қарағанды обл-ның оңт.шығысындағы әкімш. бөлініс. 1931 ж. құрылған. 1963 жылға дейін қоңырат ауд. деп аталып келген. Жер аум. 52 мың км2. тұрғыны 17,2 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 0,4 адамнан келеді (2010). А. а-ндағы 46 елді мекен 15 ауылдық және 2 кенттік округке біріктірілген. Аудан орт. – ақтоғай а. аудан сарыарқаның оңт.-шығысында, шөлейтті және шөлді аймақта орналасқан. Солт-н аласа таулар тізбегі алып жатыр. олардың аралығында балқаш пен қарасор алаптарының суайрығы болып саналатын қызыларай (1565 м), қызылтас (1238 м) және т.б. таулар мен олардың сілемдері орналасқан. ауданның орт. өңірі – балқаш көліне қарай еңістеп аласара беретін ұсақ шоқылы, қырқалы
73
Балқаш жағалауы
жазық. Оңт. өңірінде белесті Солт. балқаш маңы жазығы орналасқан. ауданның оңт. шетін балқаш көлі көмкереді. Кен байлықтарынан мыс, молибден, вольфрам, қорғасын, мырыш, темір, тальк, кварцит, табиғи құрылыс материалдары, т.б. өндіріледі. климаты тым континенттік, қысы суық қары аз, жазы ыстық, құрғақ. қаңтарда орташа темп-ра солт-нде –16°С, оңт-нде –14°С, шілдеде солт-нде 16°С, оңт-нде 24°С. жауыншашынның жылдық орташа мөлшері солт-нде 350 мм, оңт-нде 150 мм. А. а-нда тоқырауын, қусақ, қаратал, еспемейірман, ақтайлақ, ащыөзек, еспе өзендері бар. олар ауданның солт-ндегі таулардан бастау алып, оңт-ндегі балқаш көліне қарай ағады, бірақ оған жетпей жерге сіңіп кетеді. орта және оңт. өңірлерінде құба, баялыш, көкпек, боз және қара жусан, сазан, сораң, бұйырғын, т.б., тау аңғарларында қарағай, қайың, терек, көк терек өседі. Жануарлардан арқар, елік, ақ бөкен, доңыз, қасқыр, түлкі, ақ қоян, ақкіс, қарсақ, борсық, күзен, сұрсуыр, аққұлақ, ондатр; құстардан шіл, бұлдырық, сажы, т.б. су құстары мекендейді. А. ш-на пайдаланылатын жері 3990,7 мың га, оның 10 мың га егістік, 3910,2 мың га жайылым, 7,3 мың га шабындық (2011). аудан арқылы қарағанды – ақтоғай – балқаш – қарқаралы автомоб. жолы өтеді. АҚТОҒАЙ АУДАНЫ – павлодар обл-ның солт.батысындағы әкімш. бөлініс. жер аум. 9,7 мың км2. тұрғыны 16,6 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 1,7 адамнан келеді (2010). аудан орт. – ақтоғай а. аудан батыс сібір ойпатындағы ертіс өз-нің батыс жағалауын алып жатқан солт. қазақ жазығындағы дала белдемінде орналасқан. кен байлықтарынан ас тұзы,
Ақтолағай
Бозшасор көлі
74
құм, саз балшық барланған. климаты тым континенттік, қысы суық, жазы қоңыржай ыстық. қаңтардағы орт. ауа темп-расы –17 – 19°С, шілдеде 20 – 21°С. жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 250 – 300 мм, ертіс өз. бойында 200 – 250 мм. ауданның шығыс жақ шекарасы бойымен ертіс өз. ағады, батыс жағымен Шідерті, өлеңті өзендерінің төм. ағыстары өтеді. аудан аумағында жалаулы, шолақсор, бестұз, тайқоңыр көлдері орналасқан. аудан жері негізінен қызғылт қоңыр топырақты, көлдер төңірегі сортаң топырақты болып келеді. өсімдігі батыста бетеге, селеу, шығыста селеу аралас әр түрлі шөптерден тұрады. ертіс бойында балқарағай, терек, үйеңкі, тал, тобылғы өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, борсық, сарышұнақ, аламан, күзен, суыр, кірпішешен, қосаяқ, ондатр; құстардан кезқұйрық, қаршыға, үкі, бөктері, қаз, үйрек, аққу, тырна, шағала, қызғыш, тауқұдірет, қараторғай, бозторғай мекендейді. А. ш-на жарамды жері 976,2 мың га шамасында, оның 40,4 мыңы (га) егістік (2011), 3,5 мыңы шабындық, 528,3 мыңы (га) жайылым. ауданның орт. бөлігімен батыстан шығысқа қарай макинск – ақсу – ақтоғай автомоб. жолы, шығыс жағынан ертіс өз-нің батыс жағасын бойлай омбы – павлодар – семей автомоб. жолы өтеді. АҚТОЛАҒАЙ ҚЫРҚАСЫ – орал алды үстіртінің оңт.-батысындағы қырқалы тау сілемі. ақтөбе обл.
Ақтолағай қырқасы
байғанин ауд. жерінде орналасқан. Сағыз бен Жем өзендері аралығында солт.-шығыстан оңт-ке қарай 90 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 10 км, ең биік жері – қияқты тауы (217 м). каспий маңы ойпатымен жапсарласып, жем өз-нің оң жағалауында жатыр. Батыс бөлігі жарқабақты сай-жыралармен тілімденген. А. қ-нан терісаққан өз. бастау алады. батысында толағайсор көлі жатыр. бор, бор-мергельді жыныстардан түзілген. боз және сортаңды топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, боз жусан, баялыш өседі. моңғолша тологой – шың, тау басы деген мағынаны білдіреді. АҚТӨБЕ – алматы обл. көксу ауд. жеріндегі жазғы мал жайлауы. ол батысында текелі, оңт-нде күйелі мен суықтөбе, шығысында Аламан тауымен шектеседі. теңіз деңгейінен 2 мың м биіктікте. жері тастақ, шөбі тықыр. қазтабан, сарыбас жоңышқа, рауғаш, аюжүн, у қорғасын, ермен, қарақат, арша тәрізді шөптер мен бұталар өседі. А. – суаты мол, шөбі құнарлы, малға жайлы қоныс. АҚТӨБЕ – атырау обл. Индер ауд. индербор кентінен шығысқа қарай 46 км жердегі көл. каспий ойпатында. теңіз деңгейінен 5 м төменде орналасқан. Аум. 5,5 км2. Ұз. 5,1 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұз. 17,4 км. көлге маусымдық ағынсу құяды. Су деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады. А-нің сор батпақты жағалауында қамыс, құрақ өседі. АҚТӨБЕ – Оңт. қазақстан обл. түркістан қалалық әкімдігі аумағы жеріндегі өзен, сырдарияның оң саласы. Ұз. 82 км, су жиналатын алабы 866 км2. қаратаудың оңт.-батыс беткейінен басталады да, сырдарияға жетпей сарқылып қалады. ағыны (төм. ағысында) тұрақсыз, тек қар ерігенде ағады. аңғары кең, жағалауы жазық, тегіс келеді. Жоғ. ағысында бөгесіндер жасау жолымен егін суғаруға пайдаланылады. АҚТӨБЕ МҰНАЙ КЕНІ, каспий ойпатының оңт.шығыс бөлігінде. атырау обл. жылыой ауд. құлсары қ-нан оңт.-батысқа қарай 125 км жерде орналасқан. барлау жұмыстары 1961 – 62 ж. жүргізіліп, кен 1965 ж. ашылды. шөгіндінің юралық бөлігінде мұнайлы қабаттардың бесеуі, ортаңғы юра қабатында екеуі жатыр. қабат беттерінің орналасу тереңд. 2215 – 2348 м аралығында. мұнай құрамында күкірт 0,4 – 0,5%, парафин 1,48 – 2,48%, асфальтендер 1,33, шайыры 2,1%-ды құрайды. Кен 1979 ж. пайдалануға берілді. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ – Қазақстанның батысындағы әкімш.-аумақтық бөлініс. Жер аум. 300,6 мың км2 (Қазақстан жерінің 11%-ы). тұрғыны 718,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 2,4 адамнан келеді (2010). Орт. – Ақтөбе қ. Солт-те Орынбор облмен (Ресей), оңт-те Қарақалпақ Республикасымен (Өзбекстан), солт.-шығыста Қостанай, шығыста Қызылорда, оңт.-батыста Маңғыстау, батыста Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. А. о-нда 12 әкімш. аудан (Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мортық (Мартөк), Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау, Шалқар), 7 қала (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Хромтау, Шалқар, Темір, Ембі), 3 кент (Шұбаршы, Бадамшы, Шұбарқұдық) бар. Облыс жері негізінен үстіртті жазық болып келеді. Орт. бөлігін Оралдың оңт. сілемі – Мұғалжар т. ме-
Ақтөбе
75
ридиан бағытта алып жатыр. Ол облыс жерін екіге – батыс пен шығысқа қақ бөледі де, оңтүстікке қарай біртіндеп аласарып кетеді. Облыс аумағында Мұғалжардың ең биік шоқысы – Үлкен Боқтыбай (абс. биікт. 657 м), батысында Жайық үстірті (250–400 м), ал оның оңтүстігінде біршама тегіс келген Жем үстірті (150–200 м) орналасқан. Жем үстіртінің оңт.-батыс жағын Көкжиде, Құмжарған, Аққұм, Қызылқұм шөлді алаптары алып жатыр. Облыстың шығысында бұйратты Торғай үстірті (100–350 м), оның оңтүстігінде Арал маңындағы Қарақұм мен Үлкен және Кіші Борсық төбешік құмдары бар. А. о-ның жеріне Үстірттің (150– 200 м) көп ойпаңды-ойыс бөлігі, сондай-ақ абс. биікт. 100 м-ден аспайтын Каспий маңы ойпатының шеткі жағы енеді. Облыста хромит (Оңт. Кемпірсай хромит бассейні), никель, кобальт, фос-
фор, титан, алтын, боксит, күкірт колчеданы, мұнай мен табиғи газ (Жаңажол, Шұбарқұдық, Кеңқияқ кен орындары), тас көмір, калий тұздары өндіріледі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ, қара дауылды келеді. Қаңтардың орташа темп-расы шығысында – 17°С, солт.-батысында – 14–15°С, оңт.-батысында – 12–13°С, оңт-нде –10°С. Шілдеде солт-нде 21–23°С, оңт-нде 24–26°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері солт-нде 350 мм, орталықта 250 мм, оңт-нде 200 мм. А. о-ның жері шөлді, шөлейтті, далалы табиғи белдемге жатады. Өзендері Мұғалжар тауынан, Жайық және Жем үстірттерінен басталады. Елек, Қобда, Ор, Ойыл, Жем, Ырғыз, Торғай, Өлкейек өзендерінің суы қар еріген кезде молайып, бір ай шамасында тасиды. Ал күзге қарай өзендердің көбі бөлек-бөлек қара суларға ай-
Ақтөбе
Облыстағы жонды-белесті жазықтар
76
налады, мүлдем тартылып қалады. Облыста көл аз, олардың көбі көктемде ғана толып, жазда құрғап қалады, күзге қарай сорға айналады. Тұщы көлдер облыстың шығыс бөлігінде орналасқан. Ең үлкені – Шалқар т. Ойыл өз. аңғарларында тереңд. 5–10 м тұщы сулар кездеседі. А о. жері солт-ке қарай бірнеше табиғи аймаққа бөлінеді. Солт-тегі қара топырақты далалық аймақ егіншілікке пайдаланылады. Шоқ қайың, көк терек, тобылғы өседі. Оңт. – біршама қуаң, қара қоңыр топырақты далалық аймақ. Оның бетеге, селеу, жусан өскен бөлігіндегі жарамды жерлері түгел егістікке жыртылған. Жусан мен бетеге өсетін орт. өңірді топырағы ашық қоңыр жайылымдық шөлейт алып жатыр. Облыстың оңт. құба топырақты шөл аймаққа жатады. Құмда еркек шөп, теріскен, жусан, ал құм арасындағы ойпаңдарда ши, жүзген, шеңгел, оңт.-батысындағы құба топырақты шөлде негізінен жусан, сораң және аздап эфемер, өзен жайылмалары мен көл маңында, жер астының суы таяу жатқан ойпаңдарында шалғын, ал сортаң жерлерде жусан тектес және сораң өсімдіктер өседі. А.о-нда жабайы аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, күзен, бөкен, қарақұйрық, жабайы шошқа; құстардан дуадақ, безгелдек, дала бүркіті, тырна үйрек, қаз, т.б. мекендейді. А о. аумағында газдың (144,9 млрд. м3), мұнайдың (243,6 млн. т) және мұнай-газ конденсатының (32,7 млн. т) елеулі көп қоры бар. Облыста «Ақтөбемұнайгаз», «Ақтөбе мұнай құбыры» кәсіпорындары, «Ақтөберентген» з-ты, Ақтөбе а. ш. машиналары з-ты, Ақтөбе ферроқорытпалары з-ты, Ақтөбе фосфорхимия з-ты, Ақтөбе хром қосындылары з-ты, «Ақтөбе мұнай» з-ты, Ақтөбе хим. комб., Ақтөбе–Шилісай өндірістік бірлестігі, Кен байыту ф-касы, Ақтөбе құрылыс материалдары комб., Жиһаз ф-касы, «Ақтөбе тәттілері» ф-касы, Ақтөбе авиажөндеу з-ты, Жаңажол газ өңдеу з-ты, Ақтөбе – Дөң кен байыту комб., Ақтөбе сүт өнеркәсібі өндірістік бірлестігі, т.б. жұмыс істейді. Облыстың жалпы ішкі өнімі 2010 ж. 1 трлн. 151,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көл. 962 млрд. теңгені, а.ш. өнімдері 82,3 млрд. теңгені құрады. Аумақтың жалпы ішкі өнімінде өнеркәсіп өнімдерінің үлесі 83%-ды, а.ш. өнімдері 7,1%-ды құрады. Облыстың негізгі капиталына 364 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Аумақтың жалпы ішкі өнімі 2006 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өсті. Облыстағы жалпы ішкі өнімнің респ-
дағы үлесі 5,3%-ды құрайды. Негізгі а. ш. саласы егін және мал ш. болып саналады. Ірі қара, қой, жылқы, түйе өсіріледі. А.ш. өнімдері 5 жыл ішінде (2006–10) 2,7 есеге өскен. Сондай-ақ а.ш-ның барлық санаттары бойынша а.ш. құрылымында шаруа (фермер) қожалықтарының саны 3840-тан 4483-ке дейін жеткен. Облыстағы қызметкерлер мен жұмысшылардың орташа жалақысы осы жылдар аралығында 1,7 есеге өсті. Денсаулық сақтау саласы бойынша облыс аумағында 54 аурухана мен 194 әр түрлі бағыттағы емханалар бар. Онда барлық мамандықтар бойынша 3586 жоғары білімді дәрігерлер ел денсаулығына қызмет етеді. Мектепке дейінгі мекемелер саны 2006 жылмен салыстырғанда 2 еседен астам өсті (2006 ж. – 103, 2010 ж. – 219). Жалпы білім беретін мектептер саны 463, колледж және кәсіптік-тех. білім беретін мекемелер 39, жоғары оқу орны 8. А. о-ндағы т. ж. ұз. 1162 км-дей. Облыс жерінен Орынбор – Ташкент, Атырау – Омбы бағытындағы т.ж. өтеді. Автомоб. жолдарының ұз. 13,9 мың км. Басты жолдары: Орал – Ақтөбе – Қарабұтақ – Ырғыз – Арал. Сондай-ақ облыс жері арқылы Атырау – Орск мұнай құбыры және Бұхара – Орал, Орта Азия – Орталық газ құбырлары өтеді. Облыста үш жоғары білім беру ошағы (Ақтөбе мемл. медицина академиясы, Ақтөбе мемл. ун-ті, Ақтөбе жоғары әскери авиац. уч-щесі), сонымен қатар орта, спорт, музыка мектептері, балабақшалар бар, облыстық қазақ және орыс драма театрлары, облыстық мемл. архиві, облыстық филармония, өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Облыстық, аудандық газеттер шығады, радио және телевизия хабарлары таратылады. ақтөбе фосфорит кенді ауданы, ақтөбе обл-нда орналасқан, құрамына богданов, қандыағаш, көктөбе, шилісай сияқты ірі кен орындары енеді. аум. 600 км2-ден асады. қалыңд. 1 м-ден аспайтын 2 кен қабаттары глауконит құмдармен (қалыңд. 3,2 м-ге дейін) бөлінген, ал үстінің қалыңд. 2 – 2,5 м шөгінді жыныстармен көмкерілген. фосфор кендері мен олар орналасқан жыныстар юра және бор кезеңдерінде пайда болған. кентас құрамындағы фосфор ангидридінің (Р2О5) мөлш. 18%. А. ф. к. а-ның жалпы болжанған қоры 1 млрд. т-дан астам. ондағы фосфор кентастары карьерлерден ашық әдіспен өндіріледі. фосфорит кентасы мен глауконит құмдарын қоса өңдеуден кешенді калийлі-фосфорлы тыңайтқыш алынады. Ақтөбе фосфорит кендерінің негізінде Ақтөбе химия комб. жұмыс істейді. АҚТӨРТКІЛ – шошқакөл бұйратындағы тау. ақтөбе обл. шалқар ауд-нда орналасқан. абс. биікт. 313 м. таудан дауыл өз. бастау алады. маңайында алтықұдық, қызылеспе құдықтары бар. беткейі көлбеу келген. ақ тұңғиық (nymphaea albe) – тұңғиықтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін су өсімдігі. қазақстанда сирек өседі. негізінен батыс аймақтарында (батыс қазақстан обл.) таралған. су астындағы бөлігі жүрек тәрізді, сопақша, тамыр сабағы топыраққа төселіп, кейде дөңгелек жапырақтары су бетіне жайылып өседі. жұмыртқа тәрізді гүлі сопақтау, күлтелері көп желекті, ақ түсті болады. тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. маусым – тамызда гүлдейді, қыркүйекте жеміс береді.
Ақшәулі А. т. – сәндік өсімдік. ол бау-бақшаны, саябақтарды көгалдандыру үшін өсіріледі. өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚ ТҰТ (Morus alba) – тұттар тұқымдасы, өзімен аттас туысқа жататын ағаш. қазақстанның оңт. аймақтарында кездеседі, кейде жабайыланып кетеді. биікт. 15 – 20 м, бұтақтары сұрғылт қоңыр, жас бұтақтары үлпілдек болады. бүршіктерінің пішіні жұмыртқа тәрізді (ұз. 6 мм-дей). жапырақтары 2 – 5 қалақшалы, қауырсынды тарамдалған, жиектері тісті тілімденген (ұз. 6 – 15 см, ені 4 – 10 см). тозаңқаптық сырғалары цилиндр тәрізді (ұз. 3 см), аналық сырғалары сопақша келген. гүлсерігінің сырты жалаңаш, шеттері тісті болып келеді. аналық аузын ұсақ бүртіктер жапқан. ақшыл жасыл, қызғылт, қара қошқыл түсті жемісшоғыры гүлтабанында жетіледі. сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. жемісі – шырыны аз, жалған сүйекше. А. т-ты негізінен жібек көбелегінің қорегі ретінде өсіреді. жемісінің құрамында қант көп болғандықтан, тағамға, спирт алуға пайдаланылады. ағаш тінінен (луб) жіп, арқан, картон, қағаз, жапырақтарынан сары және қара бояу алынады. тұқымында 30%-ға дейін май болады. жалпы ағаштың құрамы илік заттарға бай, сүрегі қатты, одан әр түрлі ағаш бұйымдары жасалынады. әсемдік өсімдік, кейде оларды көшені көгалдандыру үшін отырғызады. А. т. маңғыстау обл-нда Солт. үстірттен және маңғышлақтан табылып, облыстың «қызыл кітабына» енгізілген. ақтүкті таспа, а қ т ү к т і а с т р а г а л (astragalus candіdіssіmus) – бұршақтар тұқымдасына жататын таспа туысының бір түрі, көп жылдық бұта, эндемик өсімдік. қазақстанда зайсан қазаншұңқырында, балқаш – алакөл ойысында кездеседі. құмды жерлерде өседі. биікт. 30 см-ге жуық. сабағы түзу, тік, түкті, ұз. 12 – 20 см. жапырақтары қысқа сағақты, ұз. 10 см-дей, эллипс тәрізді болады не дөңгелек үшкірлеу келеді, 7 – 12 жұп жапырақшалардан тұрады. гүл тұғыры берік, қысқа, үстіңгі беті ақ, кейде қара түкті, ал гүлшоғыры 9 – 15 гүлді, ұз. 2 – 3 см, дөңгелек, гүлдері жоғ. жапырақ қолтығында орналасқан. тостағаншасы да ақ киіздей түкті, қызғылт, күлгін түсті болады. А. т. тұқымынан көбейеді. маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс береді. жемісі жұмыртқа пішіндес бұршаққап. жылдан-жылға азаюына байланысты А. т. қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚТЫҚТЫ – доңызтау бөктерінің оңт-нде 20 км жердегі құдық. ақтөбе обл. байғанин ауд-нда орналасқан. тереңд. 24 м, су шығымы 3000 л/сағ. маңында жаңақұдық, тассай, т.б. құдықтар бар. төңірегіндегі құмдақты қоңыр топырағында жусан, құмдақшөп, т.б. өседі. АҚШААДЫР – солт. балқаш маңындағы ұсақ шоқылы тау массиві. қарағанды обл. шет ауд-нда. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. ең биік жері 586 м. шатқал, сайлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылар мен жеке тау массивтерінен тұрады. силур жүйесінің жыныстарынан түзілген. сортаңды сұр және қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, көкпек өседі. орт. бөлігінде тұщы сулы сорбақ құдығы бар. баурайы күзгі-көктемгі жайылым.
АҚШАТАУ – қызылорда обл. арал ауд-ндағы бекбауыл т. ж. ст-нан батысқа қарай 24 км жерде орналасқан көл. аум. 25,5 км2. Ұз. 7,7 км, ені 5 – 7 км. ең терең жері 2,5 м-ге жуық. суы ащылау. а. сырдариямен арна арқылы жалғасады. батыс жағалауында қалың қамыс өскен. көлден сазан, көкбас, алабұға ауланады. желтоқсанның аяғында суы қатып, сәуірдің бас кезінде ериді. АҚШАТАУ ЖОТАСЫ – сарыарқаның оңт.-шығысындағы жота. шығыс қазақстан обл. абай, аягөз аудандары жерінде, шыңғыстау жотасының оңт-нде орналасқан. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай жалғаса созылып жатқан қарақшы (биікт. 1151 м), жалтұмсық (биікт. 1169 м), қособа (биікт. 1304 м) сияқты бірнеше жеке таулар мен шоқылар тізбегінен тұрады. оларды
77 Ақшатау жотасы
арсалаң, ақшатау өзендерінің аңғарлары бөліп жатыр. жотаның оңт.-батыс беткейі тіктеу, жартасты, биікт. 1300 м-ден 1000 м-ге дейін күрт төмендейді. солт.-шығыс беткейі еңістеу, бірте-бірте көлбеуленіп жазыққа айналады. а. палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан құралған. оңт-нен балқыбек, көксала, қалғұтты, шығысынан сарыбұлақ, солт-нен шетембай, терісайрық өзендері бастау алады. жотаның жалпақ төбелері мен беткейлерінің қоңыр топырағында далалық өсімдіктер (қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар) өседі. сайларында шоқ қайың, көк терек, тал өседі. мал жайылымына қолайлы. АҚШАТЫР, к о з о п о л я н с к и я (kosopoljanskіa) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда қаратау жотасының, талас және қырғыз алатауларының тау беткейлерінде өсетін 1 түрі – т ү р к і с т а н А-ы (К. turkestanіca) бар. Биікт. 40 – 60 см, тамыры жуан, тамыр мойнын кепкен жапырақ қалдықтар басып жатады. сабақтары жеке, кейде 2 – 3 бұтақты, тықыр, ұз. 40 – 60 см. жапырақтары көбіне тамыр мойнына шоғырлана өседі. шатыршалары 10 – 18 сәулелі, 15 гүлді. ортаңғы шатырша гүлдері жемісті, шеттеріндегілері – жеміссіз не аралас. желектері ақ түсті. тұқымынан көбейеді. маусым айында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. жемісі піскен кезде 2 жарты жемістікке бөлінеді, тықыр. тұқымы іш жағынан имектеу. түркістан А-ы өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚШӘУЛІ – шығыс қазақстан обл. үржар ауд. тарбағатай жотасының солт.-батысындағы тау. абс. биікт. 1618 м. тау батыстан шығысқа қарай ендік бағытта
Ақшешек
78
созылып жатыр. солт-тен шақырты өз. бастау алады, батыс беткейі тіктеу келген. таудың қара және қызғылт топырағында бұта аралас боз, селеу, сұлыбас, бетеге өседі. баурайы мал жайылымына пайдаланылады. АҚШЕШЕК (Arabіs) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда далалық және таулы аймақтарда, тастақты тау беткейлерінде, өзен бойларында өсетін 11 түрі бар. биікт. 10 – 100 (200) см, сабағы тік немесе бұтақты, сыртын қатты түк басқан. жапырақтары тұтас, пішіні көбінесе ұзынша келген. гүлдері көп жағдайда ақ, қызғылт немесе күлгін түсті. сәуір – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. жемісі – ашылмалы бұршаққын. тұқымы жалпақ болады. кейбір түрі балды өсімдіктер. а-ті әдемі гүлі үшін әсемдік өсімдік ретінде де өсіреді. попов А-і (А. popovіі) өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚШОҚЫ – шығыс қазақстан обл. абай ауд-ның солт-нде орналасқан тау. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. ең биік жері – майлықара шоқысы (571 м). А. девон граниттері мен гранодиориттерінен және жоғ. протерозойдың негізгі эффузивтерінен түзілген. тау беткейлері сайлармен тілімденген. етектерінде бұлақ көп. а-ның қара қоңыр топырағында бетеге, селеу, жусан, сайларында шалғындық өсімдіктер, тал, бұталар өседі. жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. ақшоқы оптикалық кварц кен ОРНЫ, ақтөбе обл. мұғалжар ауд. тамды өз-нің сағасында, қопа а-ның оңт-нде 40 км жерде. кен орны кварц талшықтарымен бейнеленеді. талшықтар таза метаморфты кварц пен кокс шпатынан құралған. кварц түрлі әйнек өндіруге және микроэлектроника саласында қолданылады.
Ақшыл сепкілгүл
АҚШЫЛ СЕПКІЛГҮЛ (frіtіllarіa pallіdіflora) – лалагүлділер тұқымдасы, сепкілгүл туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. қазақстанда тарбағатай жотасы және жетісу (жоңғар) алатауындағы субальпілік шалғындар мен жартастарда өседі. биікт. 40 см-дей, жуашығы ұсақ, домалақ. бұтақсыз сабағына жапырақтары кезектесіп немесе қарамақарсы орналасады. төм. жапырақтары қандауыр тәрізді, ал жоғ. жапырақтары шоғырланып келеді. ірі гүлі қоңырау тәрізді, дара немесе 2 – 5 гүлі бар иілген шашақ гүлшоғырына бірігеді. гүл күлтесі сарғыш не ақшыл жасыл, ал оның ішкі жағында қоңыр қызыл түсті дақтары бар. өсімдіктің аты осыған байланысты аталған. а. с-дің жағымсыз иісі болады. тұқымынан көбейеді. мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. жемісі – көп тұқымды қауашақ. А. с. – сирек кездесетін өсімдік. жылданжылға таралу аясына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АҚЫШ, А қ ұ ш – солт. қазақстан обл. қызылжар ауд-ндағы көл. дубровный а-нан солт.-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 121,5 м биіктікте, аум. 25,8 км2, ұз. 3,6 км, ең жалпақ жері 3,8 км, жағалау бойының ұз. 20,9 км. су айдынының 1/3-і солт. қазақстан обл-на тиесілі. Су жиналатын алабындағы егістік 70%-ды құрайды. тереңд. 3 – 4 м-ге жетеді. жағалау бойы жолағы құмды-сазды ені 5 – 10 м, біртіндеп шабындыққа, далалық немесе сор шөп басқан телімдерге ұласады. суында дафния, гаммарус, т.б. моллюскілер тіршілік етеді. АҚІНГЕН ГАЗ-МҰНАЙ КЕНІ, каспий ойпатының оңт.-шығыс бөлігінде. атырау обл. жылыой ауд. құлсары қ-нан оңт.-шығысқа қарай 40 км жерде орналасқан. барлау жұмыстары 1979 ж. басталып, 1983 ж. аяқталды. кен қос қанатты, тұз күмбезді құрылымнан орын алған. төм. бор жыныстарын өнімді бес қабат құрайды: екі альб қабаты мұнайлы, апт-неоком және неоком қабаттары газды және неоком қабаты мұнайлы-газды. өнімді қабаттардың орналасу тереңдіктері: альбтікі 660 – 682 м, апт-неокомдікі 927 м, неокомдікі 1028 – 1111 м. кен 1992 ж. пайдалануға берілді. АЛААЙҒЫР – алматы обл. райымбек ауд. хантәңірі шыңының солт.-шығысындағы асу. абс. биікт. 3870 м. асудан мамыр – қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. а-дың солт. баурайынан нарынқол өз. бастау алады. тіктеу солт.-батыс бөлігі тауаралық аңғарға ұласады. шығысында қытаймен шектеседі. тау беткейлерін альпілік және субальпілік шалғындары көмкеріп жатыр. одан төменде қарағай, қайың ормандары өскен. АЛАБОТА – есіл алабындағы көл. қостанай обл. қарасу ауд. жерінде. Ұз. 8,4 км, енді жері 5,1 км. ең терең жері 8,5 м. жауынға байланысты көлдің аумағы өзгеріп тұрады. су бетінің орташа аум. 36 км2. солт.шығыс жағалауы жарлауытты (1,5 – 2 м биіктікте), жиегінің қалған жері жайпақ. көл жағалауында қамыс, алабында сораң өсімдіктер өседі. суы ащы. қараша айында суы қатып, сәуірдің басында ериді. көл алабы жазда мал жайылымына пайдаланылады. АЛАБОТА – Ертіс алабындағы тұйық тұзды көл. солт. қазақстан обл. тайынша ауд-ның шығысында орналасқан. аум. 22,4 км2. су жиналатын алабы 2270 км2. А-ға оңт-нен жарық, жаңасу өзендері
Алакөл құяды. батыс, солт. және шығыс жағалауы жарлы, оңт. батпақты, қамысты келеді. көлден алабұға, шортан, табан балық ауланады. қарашада суы қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде ериді. АЛАБҰҒАТӘРІЗДІЛЕР (percіformes) – сүйекті балықтардың бір отряды. А-дің қазба қалдықтары жоғ. бор кезеңінен сақталған, көптеген түрі эоцен дәуірінде тіршілік еткен. олар дүние жүзі суларында таралған, өзендерде, теңіздерде тіршілік етеді, сондай-ақ өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші түрлері кездеседі. а-дің ғылымда 149 тұқымдасы, шамамен 1200-дей туысы және 6500-дей түрі белгілі. денелерінің ұз. бірнеше см-ден 4 – 5 м-ге дейін жетеді де, ал салм. 10 – 12 кг-нан асады. арқа қанаты үшкір тікен тәрізді және жұмсақ екі бөліктен тұрады. бұл мүшелері кейбір түрлерінде қосылып кетеді, ал кейбіреулерінде жеке болады. торсылдағы ішегімен жалғаспайды. қазақстанда кәсіптік маңызы бар көксерке, берш, кәдімгі алабұға, балқаш алабұғасы сияқты түрлері тараған. АЛАЕШКІ, с а з д ы – өгіз-өреулінің шығысындағы өзен-самара мұнай құбырына жақын жатқан жайпауытты төрткіл. маңғыстау обл. бейнеу ауднда орналасқан. Абс. биікт. 214 м. жер қыртысы негізінен бор аралас тау жыныстарынан түзілген. табиғи су көздері жоқ. қаратаудан келіп, қызыладыр, бөрібас арқылы үстіртке шығатын керуен жолдары жанынан өтеді. АЛАКӨЗ СҮҢГУІР (Aythya nуroca) – қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын су құсы. қазақстанда сырдария, шу, іле, торғай өзендерінің төм. сағасын және алакөл, зайсан, қорғалжын көлдерін мекендейді. қанатының ұз. 17 – 19 см, салм. 480 – 600 г-дай. мекиені біркелкі қоңыр, ал қоразының басы, мойны, кеудесі күрең қоңыр сарғыш, бауыры ақ, арқасы қара қоңыр болады. басқа сүңгуір құстардан ерекшелігі судан жеңіл көтеріліп, жылдам ұшады. ұясын судың терең жерінде өскен қамыс пен құраққа салады. мекиені 7 – 11 жұмыртқаны 28 күндей басады. шілдеде балапандары ұядан ұшады. негізгі қорегі – су өсімдіктері мен су жәндіктері. А. с. – жыл құсы. қыркүйек – қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. жерорта, қара, каспий т-дерінің жағалауларында және африканың солт.-шығысында, аз бөлігі алматы қ. маңындағы сорбұлақ көлінде қыстайды. наурыз – сәуірде жазғы мекендеріне қайта оралады. 1960 – 80 ж. республикамыздың оңт. және оңт.-шығыс бөлігінде саны көп болған. санының күрт азайып кетуіне байланысты А. с. қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛАКӨЛ – алматы және шығыс қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. батыстан шығысқа қарай созылып жатыр. теңіз деңгейінен 247,3 м биіктікте орналасқан. аум. 2696 км2. ұз. 104 км, енді жері 52 км, жағалауының ұз. 384 км, орташа тереңд. 22,1 м, ең терең жері 54 м. суының көл. 58,56 км3. су жиналатын алабы 47859 км2. А-ге 15-тен астам үлкенді-кішілі өзендер құяды. олардың бастылары: Үржар, Қатынсу, емелқұйса, жаманөткел, ырғайты және жаманты. А. жағалауы негізінен төрттік дәуірдің түрлі тау жыныстарынан (саз балшық, құмды топырақ, қиыршықтас, ұсақ құм) тұрады. көл суының қатуы да әрқалай. тайыз бөлігі қараша айының
Алакөл көлі
аяғында, орта тұсы ақпанның басында қатады. А. суында фтор мен бром көп. зоопланктондардың 80 түрі кездеседі. су өсімдіктерінен қамыс, қияқ, қоға, шалаң, су қарақұмығы, жебежапырақ, мүйізжапырақ, т.б. өседі. көлден сазан, көксерке, алабұға және шармай ауланады. көл маңы құсқа (жылқышы, аққу, шағала, көкқұтан, т.б.) бай. жағалауында демалыс және емдеу мекемелері орналасқан. АЛАКӨЛ – ақмола обл. астрахан ауд-ндағы тұзды көл. көл теңіз деңгейінен 311 м биіктікте жатыр. аум. 40 км2, ұз. 12 км. енді жері 4,5 км, ең терең жері 3 м-ге жетеді. жағалау бойының ұз. 35,8 км. су жиналатын алабы 1240 км2. суының көл. 12,3 млн. м3. қазаншұңқырда орналасқан көл жағалауының биікт. 4 – 5 м-ге жетеді. жағалауында қамыс құрағы өседі. қар және жер асты суларымен толысады, кей жылдары кеуіп қалады. АЛАКӨЛ – қостанай обл. меңдіқара ауд-ндағы ақсуат кентінің оңт-ндегі көл. аум. 17,6 км2. Ұз. 8,2 км, енді жері 4,1 км. жағалауы жазық, алабы жайылым ретінде пайдаланылады. қарашаның басында суы қатып, сәуірдің басында ериді. АЛАКӨЛ – нұра алабындағы тұзды тұйық көл. ақмола обл. қорғалжын ауд-ның солт.-шығысында орналасқан. аум. 15,4 км2. су жиналатын алабы 145 км2. батыс және солт. жағалауы батпақты. қарашада суы қатып, сәуір айында ериді. АЛАКӨЛ – қостанай обл. меңдіқара ауд. боровской а-ның солт.-батысында 4 км жердегі көл. тобыл өз. алабында. аум. 11,7 км2, теңіз деңгейінен биікт. 168 м. ұз. 4,5, енді жері 3 км, жағалау бойының ұз. 13 км. көл суы жаз айларында тартылып, сортаңды, батпақты болады. жағалауында қамыс, құрақ өскен. оңт.-шығысын (қарағай, қайың) аралас орман алқабы алып жатыр. АЛАКӨЛ – тобыл алабындағы көл. қостанай обл. қамысты ауд. қуыссор көлінің батысында орналасқан. аум. 10,8 км2, теңіз деңгейінен биікт. 225 м. ұз. 6,5 км, енді жері 3 м, жағалау бойының ұз. 20,5 км. көл сыпсыңағаш қолатындағы теңіз, қуыссор, ұзынсор, жаркөл, қайыңдысор көлдерінің жанында орналасқан. жазық келген жағалауында қамыс, құрақ, қоға, т.б. шөптесіндер өседі. негізінен қар және жер асты суларымен толысады. қарашада суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. АЛАКӨЛ АРТЕЗИАН АЛАБЫ, алматы және шығыс қазақстан облыстарының аралығындағы алакөл ойысында орналасқан. аум. 26 мың км2-ден астам. су тұтқыш қабат төрттік кезеңнің борпылдақ
79
Алакөл
80
шөгінділерінен тұрады. қалыңд. 3 – 15 м-ден 200 – 300 м-ге дейін жетеді. шөгінділердің төм. қабаттарында (100 – 300 м тереңдікте) арыны күшті шапшымалы артезиан сулары жиналады. ұңғымадан шыққан су жер бетінен 18 м-ге дейін көтеріледі, өнімд. 20 – 50 л/с-қа жетеді, минералд. 0,4 – 0,8 г/л. Көл жағалауларындағы арынсыз ыза суының минералд. 10 – 30 г/л. алакөл ойысындағы бұрғылау кезінде жоғ. плиоцен шөгінділерінің қиыршық және малтатасты сулы қабатынан 539 м тереңдіктен зор арынды артезиан суы алынған. арынының күші жер бетінен 12,5 м-ге дейін шапшиды, минералд. 1,0 г/л-ден аспайды. а. а. а-ндағы арынды және арынсыз жер асты суларының жалпы табиғи қоры 80 млрд. м3-ден астам, жылдық ресурсы 72 м3/с. А. а. а-ның елді мекендерді сумен қамтамасыз етуде, егістік пен жайылымдарды суландыруда маңызы зор. АЛАКӨЛ АУДАНЫ – алматы обл-ның солт.-шығыс бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. жер аум. 23,7 мың км2. тұрғыны 76,6 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 3,2 адамнан келеді (2010). аудан орт. – үшарал қ. аудандағы 56 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 22 ауылдық әкімш. округке бөлінген. А. а. балқаш – алакөл ойысы мен жетісу алатауы аралығында жатыр. ол шығысында жетісу қақпасы арқылы Қытаймен, оңт. мен батысында алматы облның сарқант, ақсу аудандарымен, солт. мен солт.шығысында шығыс қазақстан обл-ның үржар, аягөз аудандарымен шектеседі. жерінің оңт.-шығысын
Таудағы өзен
жетісу алатауының шыбынды, қайқаң, жабық, күнгей тастау, т.б. жоталары алып жатыр. ауданның қалған бөлігі салыстырмалы түрде жазық келеді. бұл жерлерде аласа таулар (арғанаты, арқарлы, т.б.) мен құмды алқаптар (қарақұс, сарықұм, тасқарақұм) алып жатыр. солт-нде алакөл топ көлдері (алакөл, ұялы, сасықкөл, жалаңашкөл) орналасқан. жетісу алатауынан бастау алатын лепсі, тентек, шынжылы, көксуат өзендері аудан аумағын кесіп өтіп, солттегі алакөл, сасықкөл көлдеріне құяды. а. а-ның климаты тым континенттік, қысы суық. қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16°С, шілдеде 18 – 23°С. жылдық жауын-шашын мөлшері жазық аймақтарда 150 – 260 мм, тау бөктерлері мен аңғарларында 350 – 550 мм. жерінің басым бөлігін шөлейт белдемнің сұр топырағы, ал тау бөктері мен аңғарларында қара қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ құрайды. құмды
алқаптарда сор, сортаң топырақ түрлері кездеседі. даласында жусан, ебелек, баялыш, күйреуік, изен, қияқ, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. биік тау беткейлері мен аңғарларын шыршалы-қарағайлы орман қамтыған. жануарлардан қасқыр, түлкі, қоңыр аю, қабан, борсық, таутеке, арқар, марал; құстардан үйрек, қаз, аққу, реликті шағала, қырғауыл мекендейді; суларында сазан, алабұға, маринка, ақ амур, көксерке кездеседі. А. а-на аум. 12,5 мың га жерді алып жатқан алакөл мемл. сулы-сазды қорығы, жалпы аум. 27 мың га болатын тоқты және алма ағаштарынан тұратын ауд. 32 мың га лепсі қорықшалары кіреді. кен байлықтарынан андреев және ілдерсай бентонитті кендері бар. а. а-нда суғармалы және тәлімі егін ш. дамыған. онда негізінен астық тұқымдастар, тех. дақылдар (қызылша) және картоп өсіріледі. а.шна пайдаланылатын жерінің аум. 2,3 млн. га, оның ішінде жыртылған жері 78,6 мың га, шабындығы 87,9 мың га, жайылымы 1,4 млн. га (2008). аудан жерінен ақтоғай – достық т. ж. және алматы – өскемен автомоб. жолдары өтеді. алакөл-балқаш артезиан алабы, оңт.шығыс қазақстандағы өте ауқымды алап. ол оңт-нде жетісу (жоңғар) жотасымен, солт-нде балқаш көлі жағалауымен және орт. қазақстан адырларының оңт.-шығыс жиектерімен, оңт.-батысында шу-іле, ал солт.-шығысында тарбағатай тауымен шектелетін ойпат аумағына сәйкес келеді. ойпат негізінен мезозой-кайнозой түзілімдерінен тұратын біршама саяз синклинорий құрайды, ол альпілік тектогенез нәтижесінде бірнеше мульдаларға дараланған. жер асты сулары көбінесе неогендік және төрттік кезеңдері түзілімдеріне шоғырланған. иондық құрамы жағынан жер асты сулары сульфатты-хлоридті натрийлікальцийлі және сулфатты-хлоридті натрийлі-магнийлі болып бөлінеді. Олар өнімділігі, минералдану дәрежесі және хим. құрамы жағынан әр түрлі болып келеді. ақсу-лепсі, Іле-қаратал және алакөл мульдаларында ұшырасатын сульфатты-хлоридті натрийлі сулардың орташа дебиті 10 – 200 м3/тәулік, кейде 550-ге дейін жетеді, минералдану дәрежесі 2,5 – 4,5 г/л, сирегірек 10 г/л-ден астам; гастрит, панкреатит және бүйрек ауруларын емдеуге қолданылады. солт.-балқаш мульдасындағы (іле өз-нің сол жағалауы) сульфатты-хлоридті натрий-кальцийлі сулардың орташа дебиті 50 – 250 м3/тәулік, 30-дан 100 м3/тәулік мөлшерге дейін өзгереді; минералдану дәрежесі 2,5 – 3,5 г/л аралығында. сульфатты-хлоридті натрий-магнийлі сулар оңт. балқаш (балқаш көлінің оңт. жағалауы) және іле-қаратал мульдаларында ұшырасады; дебит мөлш. 120 – 225 м3/тәулік аралығында өзгереді, минералдану дәрежесі 2,5 г/лден 57 г/л-ге дейін. АЛАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ, тентек өз. сағасының табиғатын және алакөл аралдарындағы сирек кездесетін жануарларды сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылған. алматы облның алакөл және шығыс қазақстан обл-ның үржар аудандарында орналасқан. аум. 20743 га. қорықтың аум. 7 телімге бөлінген. қорықта өте сирек кездесетін реликті шағаланың ұя салып, балапан өрбітетінін қазақ орнитологы е.әуезов 1968 – 69 ж. жүргізген ғыл. жұмыстары кезінде анықтады. қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя
Алатау
Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
салуына өте қолайлы. сондықтан да қорықты нағыз «құс базары» деп атауға болады. қорық жануарлар дүниесіне өте бай. мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар. құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және балқаш алабұғасы қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі). қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша ғыл.-зерт. жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. сондай-ақ «табиғат жылнамасы» жазылады. «табиғат мұражайы» жұмыс істейді, шағын дендрарий ұйымдастырылған. қорық шекарасында ұз. 2 км болатын қорғаныш белдем салынған. 2004 жылдан қр үкіметі мен бұұ-ның қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ мерзімге арналған жобасы қолға алынды. алакөл қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор. АЛАКҮЛТЕЛІ ҚЫЗҒАЛДАҚ (Tulіpa heteropetala) – лалагүлділер тұқымдасына жататын қызғалдақ туысының бір түрі, көп жылдық баданалы өсімдік. қазақстанда тек оңт. алтайда ғана өседі. ол қиыршықтасты, жалаңаш тастақты жерлерде кездеседі. биікт. 20 см-ге жуық, сабағы мен тамырының жалғасқан буынында жұмыртқа пішінді баданасы бар, жуанд. 1,5 см-дей болады. сабағы жұмыр, тік, жалаңаш, 2 – 3 таспа тәрізді жіңішке жапырақты келеді. Гүлі біреу, сабақ ұшында орналасады. гүл қоршауы сары, сыртынан күңгірт күлгін түсті. тұқымынан көбейеді. сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. баданасын күзде гүлі түскеннен кейін жинайды. оны құрғақ, салқын жерге сақтап, көктемде егеді. А. қ. – өте сәнді әсем гүлдейтін хош иісті, өте сирек кездесетін өсімдік. сондықтан ол қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛАҚАЗ, қ. Сарыала қаз. АЛАҚАЙДЫҢ АҚТАҚЫРЫ – қызылқұмның солт-ндегі тақырлы жазық. қызылорда обл. қармақшы ауд. қызылқұм мен ескідария арнасының аралығында орналасқан. ұз. 35 км, ең биік жері 108 м. төрттік дәуірдің аллювийлі, құмдақты шөгінділерінен түзілген. жазықта сексеуіл аралас жусанды сораңды шөптесін өсімдіктер өседі. а. а. аумағында ежелгі қалалар орны көп. АЛАҚОРЖЫН (Lagurus) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын тышқан. қазба қалдықтары төм. плиоцен дәуірінен сақтал-
ған. қазақстанда а-ның 2 түрі: дала а. (L. lagurus) және сары А. (L. luteus) мекендейді. дала А-ның дене тұрқы 96 – 125 мм, салм. 18 – 46 г болады. арқасында төбесінен құйрығына дейін созылып жатқан қара жолағы бар. Республикамыздың солт. жартысындағы орманды-дала, шөлейтті-далалы аймақтарда (батыс қазақстан, ақтөбе, қостанай, солт. қазақстан, павлодар, ақмола, қарағанды облыстары), оңт.-шығыс таулы аудандарда (алматы, шығыс қазақстан облыстары) кездеседі. дала А-ының бірнеше іні болады. қысқы ұйқыға жатпайды. жылына 6 рет (1 – 14-тен) балалайды. астық, бағалы жемшөп өсімдіктерімен қоректенгендіктен а. ш-на зиян келтіреді. АЛАМАН – шу-іле суайрығында орналасқан жота. жамбыл обл. шу ауд-нда. абс. биікт. 1223 м. баурайындағы сұрғылт қоңыр топырағында сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұйырғын аралас эфемер өсімдіктері өседі. АЛАСОР – қостанай обл. әулиекөл ауд. москалевка а-ның солт.-батысында 18 км жерде орналасқан көл. торғай алабында. теңіз деңгейінен 185,7 м биіктікте жатыр. аум. 10,0 км2, ұз. 7,9 км, енді жері 2,4, жағалау бойының ұз. 40 км. жағасы жайпақ, батпақты. деңгейі көктемде көтеріліп, жазға қарай тартылады. алабы мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. АЛАТАУ – талас алатауының солт.-батыс сілемі. оңт. қазақстан обл. түлкібас ауд. жерінде, ақсужабағылы қорығы аумағында орналасқан. орташа биікт. 2000 – 3000 м, ұз. 20 – 25 км. ең биік нүктесі 3137 м. тас көмір жүйесінің әктас, гранитті жыныстарынан түзілген. оңт.-шығысы тік жарлы. беткейіндегі бұлақтардан жабағылы өз-нің салалары сарқырама, жетімсай, кішіқоянды өзендері бастау алады. солт. беткейінде қызөлген, айнакөл көлдері бар. солт-нен жабағылы өз., оңт-нен жосалы өз. ағып өтеді. қоңыр, сұр қоңыр топырақты етегінде бидайық, жусан өседі, биіктеген сайын өсімдік түрлері көбейе түседі, шайқурай, иманжапырақ, жоңышқа шөптесіндері мен жабайы жеміс ағаштары аралас өседі. жануарлардан таутеке, елік, аю, түлкі, қасқыр; құстардан ұлар, кекілік, бүркіт мекендейді. а-дың шығысында ақсуат (4027 м), ақсутау (3809 м) атты таулар жалғасқан. АЛАТАУ – ақтөбе обл. байғанин ауд. ақтолағай жонының оңт-ндегі тау. абс. биікт. 232 м. тау солт.батыстан шығысқа қарай 40 км-ге, енді жері 18 км-ге созылып жатыр. таудың оңт. беткейі тік, солт. бөлігі жайпақ келген. девон, тас көмір жыныстарынан түзілген. сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, айғыр қияқ, ақ сексеуіл өседі. баурайындағы бұлақтар мен құдықтардың маңайы мал жайылымына қолайлы. АЛАТАУ БӨДЕНЕШӨБІ (Veronіca alatavіca) – сабынкөктер тұқымдасы, бөденешөп туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанда іле алатауы мен шілік өз-нің жоғ. сағасында кездеседі. А. б-нің биікт. 30 – 50 см. бұтақталған тамыр сабағы бар. тік сабағының түсі сұр келеді, себебі, сыртын бұйраланған түк басқан. қандауыр тәрізді үшкірленген, жай жапырағы қарама-қарсы орналасады. ақшыл, қоңырау тәрізді гүлдері масақ, кейде сыпырғыш гүлшоғырына топталады. тұқымынан көбейеді. шілде айында гүлдейді. тамызда жеміс
81
«Алатау»
82
береді. жемісі жұмыртқа тәрізді қауашақ, ұз. 3 ммдей, түкті, қара түсті болады. өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. «АЛАТАУ» санаторийі – климаттық-бальнеол. жолмен емдейді. іле алатауының солт. бөктерінде, теңіз деңгейінен 800 м биіктікте орналасқан, алматы қ-нан 10 км. ауа темп-расы (орта есеппен): қаңтарда – 3,8°С, шілдеде 21°С. жауын-шашын мөлш. 900 мм. санаторий өзінің алғашқы демалушыларын 1986 ж. қабылдады. 371 адамға арналған (2007). санаторийде буын және омыртқа, жүрек және қан тамырлары, асқазан-ішек жолдары, тыныс алу органдары, гинекология, урология, тері ауруларын емдейді. қосымша стоматолог, психотерапевт, косметолог мамандарының қызметтері көрсетіледі. негізгі емдеу факторлары: климат, емдік балшық, физиотерапия (электр жарығы, ингаляция, парафин, массаж, сауна), инемен емдеу, ем-дом терапиясы, мануальді және лазерлік терапия, сүлікпен қан сору, оттекпен демалу, аутотренинг, қажет болса дәрі-дәрмекпен емдеу. демалушыларды ақсай минералды суымен емдеу (ванна түрінде, ішуге, ингаляция, микроклизма) кеңінен қолданылады. минералды су көзі санаторий аумағында орналасқан. сонымен қатар санаторийде құйынды, ауыспалы, гидрогальваник. ванналар, әр түрлі душтар (шарко, циркулярлы, т.б.) бар. санаторийде қолданылатын шипалы балшық жоғары минералданған майлы сульфитті балшық тобына жатады, ол алматы обл. райымбек ауд-ндағы тұзкөл көлінде өндіріледі. балшықты тірек-қимыл аппаратын, жүйке жүйесін, асқазанды, т.б. емдеуге пайдаланылады. балшықпен емдеу аппликац. әдіс түрінде, балшық ерітіндісімен компресс, балшық ерітіндісі электрфорезі, гальвано-балшық, қынаптық және ректальдік балшық тампондары түрінде қолданылады. санаторийде фитобар жұмыс істейді. санаторий аумағында 1996 ж. гольф алаңы және 2001 ж. жабық аквапарк ашылды. АЛАТАУ СИЫРЖОҢЫШҚАСЫ (onobrуchіs alatavіca) – бұршақтар тұқымдасы, сиыржоңышқа туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. іле алатауындағы түрген өз-нің шатқалды тау бөктерінің балшықты, тақтатасты жерлерінде өседі. биікт. 50 см. шамалы түк басқан сабақтарының бұтақтары жұмсақ болады. жапырақтары жалпақ, 4 – 7 жұптан тұрады, ұз. 15 см-дей, сары қызғылт түсті гүлдері көпгүлді гүлшоғырына топталған. маусым айында гүлдейді, шілдеде жеміс береді. тұқымы ұзынша келген бұршақ. а. с. – өте сирек кездесетін өсімдік. сондықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛАШ ҮСТІРТІ – ресей федерациясы тыва республикасы батыс саян жотасындағы үстірт. ең биік жері 3129 м (бай-тайга тауы). жер қыртысы негізінен метаморфтанған алевролиттер, тақтатастар және құмдақтар мен конгломераттардан түзілген. беткейлері тік жартасты. өзен аңғарларымен тілімденген, аралықтарында тасты далалар кездеседі. А. ү-нің беткейлерін жапырақты орман көмкерген. ең ірі өзені – сут-холь (сүткөл). климаты қатаң, қыста жиі бұрқасынды желдер болып тұрады. қаңтар айында темп-ра –50°С-қа жетеді. жазы қоңыр салқын. шілде айындағы орташа темп-расы 16°С.
АЛБЫРТТАР (Salmonіdae) – нағыз сүйекті балықтар тобына жататын албырттар отрядының бір тұқымдасы. дүние жүзінде тұщы суларда тіршілік ететін 6 туысы белгілі. қазақстанның каспий, арал т-дерінде, зайсан көлінде, бұқтырма бөгенінде, ертіс, жайық өзендерінде 4 туысы, 9 түрі кездеседі. А-дың дене тұрқы 130 см, салм. 2 – 3 кг. денесі тығыз қабыршақты келеді, бүйір сызығы жақсы дамыған. А. – қазіргі кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі өте қарапайым түрі. оның басқа балықтарға қарағанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өңешпен бірігіп кеткен. қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты, ал арқасындағы жүзгіш қанаты қысқа. сонымен қатар арқасында жұмсақ тері қатпары бар, оны майлы қанат деп атайды. А. – өткінші балықтар. олардың өсіп-жетілуі көбінесе теңізде өтеді де, ал уылдырығын өзендерге шашады. уылдырық шашу кезіндегі өрістеуі бірнеше мың км-ге дейін жетеді. уылдырықтарын өздері қазған су түбіндегі арнаулы шұңқырға шашып, оның бетін ұсақ тастармен немесе ірі құмдармен жауып тастайды. шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңізге өтеді. А. – кәсіптік маңызы зор, өте бағалы балықтар. олар өте дәмді еті әрі қызыл уылдырығы үшін ауланады. қазақстанда А-дың 3 түрі: каспий албырты, арал албырты және Ақбалық қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛҒА АУДАНЫ – ақтөбе обл-ның солт-ндегі әкімш. бөлініс. жер аум. 7,1 мың км2. тұрғыны 44,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 6,2 адамнан келеді (2010). аудан орт. – алға қ. аудандағы 34 елді мекен 1 қалалық, 12 ауылдық округке біріктірілген. а. а-ның жері негізінен қыратты жазық (биікт. 200 – 400 м). солт.-батысында тасқоралы тауы (биікт. 386,7 м), оңт.-батысында бесоба тауы орналасқан (биікт. 324 м). олардан басқа аққұдық, қарамең, керуентау, ақшоқы, қайқы, есет, бесоба, қаратөбе, нартау, тасшоқы таулары бар. кен қазбаларынан тас көмір, мұнай, фосфорит, құрылыс материалдары, т.б. кездеседі. климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. қаңтардың орташа темп-расы –15 – 16°С, шілдеде 22 – 23°С. жауын-шашынның жылдық мөлш. 200 – 250 мм шамасында. аудан жерінен оңт-ке қарай елек, сарықобда, қарақобда және олардың салалары тәңірберген, талдысай, батпақты, сазды, т.б. өзендері ағып өтеді. топырағы негізінен қызғылт қоңыр, сортаң қызғылт қоңыр болып келеді. өсімдіктерден жусан, бетеге, боз шөптері өседі.
Жазық дала
Алма-Арасан аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық; тұяқтылардан бөкен, елік; құстардан дуадақ, тырна, бүркіт, қаз, үйрек мекендейді. А.ш-на пайдаланылатын жер аум. 496,7 мың га, оның ішінде егістік 117,3 мың га, шабындық 1,7 мың га, жайылым 316 мың га (2009). Аудан арқылы орынбор – ташкент т. ж., респ. маңызы бар ақтөбе – атырау автомоб. жолы өтеді. АЛҒАЗЫ АРАЛЫ, балқаш көлінің орта тұсында, ұзынарал түбегіне жақын, солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай созыла орналасқан. алматы обл. қаратал ауд. жерінде. ұз. 7 км, ені 1 – 3 км, ауд. 13 км2 шамасында. а. а-н солт-нен ені 1,5 км, оңт-нен 4 км шамасында бұғаз бөледі. жағалауы негізінен жазық, солт.-батысы ғана тік (абс. биікт. 366 м) келеді. девонның туф қабаттары аралас құмдақ жыныстардан түзілген. өсімдікке кедей. тек ұсақ қиыршықтасты, топырақты жерлерде ғана жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. 1931 – 59 ж. мұнда өзімен аттас Алғазы балық з-ты жұмыс істеген. АЛДАТӨМПЕК – бозащы мен солт. үстіртте кездесетін қызыл құмырсқаның илеуі. жазық жер бетінен томпиып, кейде биікт. 1 м-ге дейін барады. оңт. беті – тік, солт. беті – жатаған, түйетайлы болып келеді. құмырсқалар топырақты сілекейлерімен қатырып жасайды. бұл жұмыспен жазда, әсіресе, жауыннан кейін айналысады, ал қыста төмпек астындағы жердің терең қатпарына кетеді. а-ті э.А. эверсманн 1825 – 26 ж. экспед. кезінде беткі бөлігін қазып зерттеп, қызыл құмырсқаны термит тұқымдасына қосып, ғылыми айналымға алғаш енгізген. АЛЕШИН ТЕМІР КЕНІ, қостанай обл. меңдіқара ауд-нда орналасқан. кен орны 1957 – 64, 1969 – 79 ж барланған. кен денесі брахисинклинальды қатпарлықта жатыр. изометриялық тұрғысынан (аум. 10 – 15 км2 кен денесі екі қабатты төм. тас көмір тау жыныстарынан түзілген. жабынды шөгіндінің қалыңд. 100 – 170 м. кен орны 1000 – 1200 м тереңдікке дейін барланған. алаңның оңт-ндегі скарнды-кентасты белдемі палеозой іргетасының үстінде жатыр, солт-нде ол 1500 м-ге тереңге батқан. кен орны айрылымдық бұзылыстармен күрделеніп, оны батыс, орт., шығыс, солт.-шығыс және солт.батыс телімдерге бөлген. олар біртұтас магнетитті (бүкіл қордың 55%-ын құрайды), сеппелік магнетитті және пирит-пиротинді сульфидті болып бөлінеді. кен денесінің қалыңд. 100 – 140 м. баланс қорының мөлш. 432 млн. т және ондағы темірдің мөлш. 43,56 – 44,85%-ды, күкірт 3,06%-ды, фосфор 0,04%-ды құрайды. баланстан тыс кентас мөлш. 110 млн. т деп бағаланды. ондағы темір құрамы 29%-ға жуық. АЛҚАБЕК – шығыс қазақстан обл. күршім аудндағы өзен. қара ертіс өз-нің оң саласы. Ұз. 82 км, су жиналатын алабы 1420 км2. азутау жотасының оңт. беткейінен бастау алады. қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. жоғ. тау шатқалында сарқырай ақса, жазыққа шығысымен ағысы баяулайды. алқабек елді мекенінің тұсында көп жылдық орташа су ағымы 0,57 м3/с. суы егін суғаруға, мал жайылымына пайдаланылады. басты салалары: ортатеректі, шеттеректі, ашалы. АЛҚАКӨЛҚҰМ – сырдария өз-нің оң жағын алып жатқан құмды алқап. оңт. қазақстан обл. арыс ауд. жерінде. теңіз деңгейінен 220 – 280 м биіктікте. ұз. 65 км, ені 8 – 18 км. жер бедері қырқалы-төбелі ке-
леді. төрттік дәуірдің жыныстарынан түзілген. аның шалғынды сұр және кәдімгі құмдақты сұр топырағында жүзгін, қоянсүйек, жусан, еркек шөп, ал сортаң жерінде алабота өседі. АЛҚАМЕРГЕН – ертіс алабындағы тұзды көл. павлодар обл. май ауд-ның батысында, Жамантұз кентінен 18 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 179,6 м биіктікте жатыр. аум. 20,3 км2, енді жері 5,1 км, жағалау бойының ұз. 26,6 км. су жиналатын алабы 1475 км2. жағалауы негізінен жазық. көлге батысынан ащысу өз. құяды. алабұға, шортан, табан балықтар өседі. қарашаның алғашқы жартысында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. АЛМА (Malus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта және ағаш. табиғи а-ның жер шарында 25 – 30 түрі белгілі. 10 мыңнан аса сорты бар. қазақстанда А-ның 6 түрі бар. әсіресе кәдімгі а-ның (M. domestіca) маңызы зор. олардың биікт. 3 – 10 м. бұтақ шоғыры қалың шайқала өседі. жапырағының ұз. 5 – 10 см, гүлі ақ не қызғылт, қос жынысты. жемісі алма, салм. 15 – 400 г, етті, шырынды, тәтті, кейде сәл қышқылтым болады. 3 – 12 жылда жеміс береді. әрбір га-дан 20 – 25, кейде 40 – 60 т алма түседі. 40 – 50,
Алма ағашының жеміс салған бұтағы
көбінесе 25 – 30 жыл бойы жеміс береді. қазақстанның оңт. қазақстан, жамбыл, алматы облыстарында а-дан мол өнім алынады. қазақстанда А-ның 40тан астам сорттары аудандастырылған, оның 20-сын қазақстандық селекционерлер (салтанат, іле, алатау шапағы, алматы, т.б.) өсіріп шығарған. а. жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді әрі жақсы өңделеді. а-ның құрамында 83 – 88% су, 7,5 – 16% қант, 0,2 – 0,8% қышқыл, 9,5 – 18,5% құрғақ қалдық, 0,28 – 1,0% илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам ағзасын ауыр металл заттарынан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. а-ның зиянкестері: а. жегіші, а. биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіш. а. аурулары: а. қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б. «АЛМА-АРАСАН» – бальнеол. санаторий. іле алатауының шырша жамылған солт. баурайында (өтпелі шатқалы), теңіз деңгейінен 1780 м биіктікте орналасқан. алматы қ-нан оңт-ке қарай 19 км. жыл бойы жұмыс істейді. ауа темп-расы (орта есеппен): қаңтарда –4°С, шілдеде 15°С. санаторийде жауыншашын мөлш. 900 мм, жылына 1600 сағ күн ашық
83
Алмаарасан
84
болады. емдеу үшін кремний қышқылы радон аралас сульфат-гидрокарбонатты азот, кальций-натрийлі минералды жылы су (37,8°С) қолданылады, сондайақ климат факторлары (таза су, әсем табиғат), физиотерапия, массаж, емдік физкультура пайдаланылады. санаторийдің минералды суы 14 ғ-дан белгілі, 1930 жылдан зерттеле бастады. санаторий жүйке жүйесі, гинекология ауруларын, аяқ-қол, буын, тері ауруларын емдеуге арналған. қазір санаторий 2010 жылға дейін қайта жөндеуге жабылған. АЛМААРАСАН МИНЕРАЛДЫ СУЫ – алматы обл. қарасай ауд. аумағындағы жер асты суы. алматы қ-нан оңт-ке қарай 26 км жерде орналасқан. құрамы мен емдік қасиеті бойынша кремнийлі-термальды суларға жатады. диорит жыныстарындағы жарықшалардан шығатын су көздерінің тәуліктік шығымы 48 м3. суда күкіртті сутек иісі бар, бұлақтарының ернеуі сульфат-бактериялардың қардай ақ түсті колонияларымен көмкерілген. бұл төңіректе 1951–53 ж. 5 ұңғыма бұрғыланған, олардан тәулігіне 520–525 м3 су өздігінен атқылап шығады. судың темп-расы 33–38°С, минералд. 0,3 г/л, хим. құрамы сульфатты-гидрокарбонатты натрийлі, оның кремний диоксиді (40–75 мг/л), фтор (3,6–6 мг/л), күкіртті сутек (0,58 мг/л), радон (9–13 эман) тәрізді биол. активті құраушылары бар. а. м. с. негізінде 1932 жылдан «алмаарасан» санаторийі жұмыс істейді. АЛМАТЫ – респ. мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңт.-шығысында, Іле Алатауының солт. баурайында орналасқан. Аум. 190 км2, тұрғыны 1,4 млн. адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 7400 адамнан келеді (2010). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 7 қалалық әкімш. ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы – А. қалалық әкімдігі. А. Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан. Қаланың айналасы негізінен таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000–5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті лёсті (сары, борпылдақ топырақ), құмды-сазды қабаттардан тұрады. Таудан келген жер асты және жер беті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жиналған. Мұнда апатты жер сілкінулері болған (28.5.1887; 22.12.1910). Сондай-ақ лайлы тасқындар мен сел қатері жиі байқалады. Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салынған (Медеу бөгеті, т.б.). Қала және қала төңірегінде континенттік климат қалыптасқан. Ауаның көп жылдық орташа темп-расы 9ºС, ең жоғ. темп-расы 43,4ºС (тамыз, 1983), ең төм. –38ºС (1968 – 69). А-да қаңтар айының орташа темпрасы –7,8ºС, шілдеде 23,3ºС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 575 мм, таулық бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. А-да орташа атм. қысым 926,3 гПа. Қала арқылы Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың салалары – Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады. А-ның топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде
әр түрлі. Ең төм. белдем (600 м) қаланың солт-нде. Одан жоғары 900–1300 м биіктіктегі қара шіріндісі (гумус) орташа қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің (1300–1800 м) қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Аның төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі. Жануарлар дүниесінен құстың 141 түрі, сүтқоректілердің 50-ге тарта түрі кездеседі.
Самал ықшамауданы
А-ның 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен. Іле Алатауының етегіндегі Алмату қ. туралы алғашқы жазба деректер Рашид әд-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғысхан шапқыншылығынан қираған Алмалық, Алмату қлары туралы жазады. Археол. зерттеулер қазіргі А-ның орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғ-да дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қ-лары (екеуі екі басқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251 – 59 ж. француз королі ІХ Людовиктің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қ-ның аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген «Жетісу құрбандық табағы», ғажайып «Қарғалы диадемасы» бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орт. болғандығын көрсетеді. Өңірдің Ресейге қосылуына байланысты қаланың ежелгі орнына 1854 ж. Заилийск (кейін Верный қ.) бекінісі салынғанға дейін бұл жерде отырықшы және жартылай отырықшы қазақтар тұрған. А. 1867 ж. құрылған Жетісу обл-ның әкімш. орт-на айналып, қала атанды. Мұнда 1918 ж. 2 наурызда Кеңес үкіметі орнады. 1921 ж. оған өзінің ежелгі А. атауы қайтарылды. 1927 ж. 3-сәуірде Кеңестердің Бүкілқазақстандық 6-сьезінде А. Қазақстанның астанасы болып жарияланды. Респ. астанасының Аға көшуі (1929) қаланы аса ірі саяси-әкімш., ғыл.мәдени және экон. орт-қа айналдырды. Қаланың жедел қарқынмен дамуына Түрксіб т.ж-ның са-
Алматы лынуы үлкен әсер етті. 30-жылдары А-да ондаған ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Тұңғыш автобус маршруты (1927), трамвай (1937), троллейбус желісі (1944) пайда болды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары (1941 – 45) А-ға КСРО-ның батысынан 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Қала тұрғындары майданға жан-жақты көмек көрсетті. Соғыстан кейін А. бірте-бірте Азиядағы ірі саяси, мәдени және экон. орт-қа айналды. 1986 ж. желтоқсанда әкімшіл-әміршіл билікке қарсы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда А-да Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды. Сол жылғы 21 желтоқсанда А-да Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. 1992 ж. А-да Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болып өтті. Қала құрылысы арнайы ойластырылған жоба бойынша салынған. 1908 жылғы жоспар бойынша А. батыс және оңт.-батыс бағытқа кеңейіп, оңт. шекара Басарық (қазіргі Абай даңғылы), ал батыста Қастек (қазіргі Қожамқұлов) көшесіне жетті. 1930 – 35 ж. темір-құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жер сілкінісіне төзімді материалдардан салынған Байланыс үйі, Ішкі істер министрлігінің клубы, Түрксіб т.ж. басқармасы, «Алатау» кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді. Соғыс жылдары Опера және балет театры (1941), ал 1950 ж. Қазақстан ҒА-ның бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды. А. – республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғамдықпен үндестік тапты. А-да әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инж.-архитектуралық шешіммен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, ҒА
Бутаковка шатқалындағы сарқырама
және Ұлттық кітапхана ғимараттары, М.Әуезов атынд. драма театры, «Қазақстан», «Отырар», «Рахат-Палас», «Анкара», «Достық» қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Балуан Шолақ атынд. Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, Респ. Орт. мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғыл. және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. А. – ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Верный қ-нда 1914 ж. 20 мектепте 3 мыңнан астам оқушы болса, 2010 оқу жылында қаладағы мектеп саны 241-ге, ондағы оқушылар саны 173,7 мыңға жетті. 1913 ж. ұйымдастырылған мұғалімдер семинариясы қаладағы арнаулы орта білім беретін алғашқы оқу орны болды. Қазір А-да колледж және кәсіптік-тех. оқу орнының саны 68-ге жетіп, ондағы оқушылар 72,7 мың болды. Алғашқы жоғары оқу орны А-да 1928 ж. ашылған Қазақ мемл. пед. ин-ты болды. 1929 ж. Зоотех.-малдәрігерлік ин-ты, 1930 ж. Ауыл шаруашылық ин-ты, 1931 ж. мемл. мед. ин-ты, ал 1934 ж. Қазақ Мемл. ун-ті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары А-да әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Қазір (2010) қаладағы 52 жоғары оқу орындарында 186,5 мыңнан астам студенттер оқып, білімдерін жетілдіруде. Верныйда Орт. Азияны зерттеуші көптеген ғалымдар мен саяхатшылар тұрған (П.П.СеменовТянь-Шанский, И.А.Мушкетов, Н.М.Пржевальский, Г.Н.Потанин, В.В.Бартольд). 1856 – 64 ж. аралығында Ш.Уәлиханов Верныйға жиі келіп тұратын. Алғашқы ғыл. мекемелер ең алдымен а.ш-на байланысты құрылды. 1930 ж. Қазақ мемл. жоспарлау комиссиясы жанынан экон. зерттеу ин-ты ашылды. А-да Бас геол. к-тінің және Мемл. түсті металлургия ин-тының бөлімшелері жұмыс істей бастады. Сол жылдары есімі әлемге әйгілі ғалымдар А.А.Гапеев пен Д.К.Бурцев, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев, Р.А.Борукаев, И.П.Бардин, Л.С.Берг, А.Е.Фаворский, В.Г.Фесенков, В.И.Вернадский т.б. ғалымдар еңбек етті. 2-дүниежүз. соғыс жылдарынан кейін Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып акад. Қ.И.Сәтбаев сайланды. Ұлттық Академияның құрылуы Қазақстанның табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылым мен мәдениетінің гүлденуіне кең жол ашты. 1931 ж. қалада дәрігерлер дайындайтын республикадағы алғашқы Мемл. мед. ин-ты ашылды. Оның негізінде А-да бірнеше ғыл.-зерт. (1995 ж. 13 ғыл.зерт. ин-ты) құрылды. Қазір қалада 62 аурухана мен 347 амбулаторлық емхана бар. Оларда 11,3 мың дәрігер қызмет істейді (2010). А. спорт жағынан республикада жетекші орын алып келді. 1932 ж. алғашқы маманданған Қазақ респ. спорт техникумы, 1945 ж. Қазақ дене тәрбиесі ин-ты ашылды. 1929 ж. «Локомотив», 1931 ж. «Динамо», 1936 ж. «Спартак» (қазір велотрек) стадиондары, ал 1958 ж. Орт. стадион іске қосылды. Одан кейінгі жылдары «Динамо», «Спартак», «Локомотив», «Буревестник», «Еңбек резервтері», ал 1957 ж. «Еңбек» ерікті спорт қоғамдары ұйымдастырылды. Қазақстан спортшылары ішінде алматылықтар алғаш рет Еуропа, Азия, Әлем чемпионаттары-
85
Алматы
86
на және Олимпия ойындарына қатысып, олардың жүлдегерлері немесе жеңімпазы болды, ал 2011 ж. Қысқы Азия ойындары өтті. А-да М.О.Әуезов атынд. академиялық драма театры, М.Ю.Лермонтов атынд. респ. орыс академиялық драма театры, Ғ.М. Мүсірепов атынд. академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абай атынд. академиялық опера және балет театры, Ұйғыр және Корей музыкалы театрлары, Жамбыл атынд. Қазақ мемл. филармониясы, Орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтары бар. Көп жылдар бойы Жазушылар, Журналистер, Композиторлар, Кинематографистер, Сәулетшілер, Суретшілер Одақтары Басқармаларының орналасуы, жетекші ғылым, өнер, әдебиет қайраткерлерінің қызмет етуі А-ны респ-ның рухани орт-на айналдырылды. А. – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орт. Қаланың жалпы аумақтық өнімі 2006–10 жылдар аралығында жалпы өнім 1,7 есеге ұлғайып, 3 трлн. 947,4 млрд. теңгеге жетті. Бұл респ-ның жалпы өнімінің 18,7%-ын құрайды. Оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көл. 429,5 млрд. теңге, а.ш-ның өнім көл. 1,4 млрд. теңге болды. 2010 ж. қаланың негізгі капиталына 398 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Оның ішінде осы жылдарда өнеркәсіп өнімдерінің өнімі де ұлғайып, 306,5 млрд. теңгеден 429,5 млрд. теңгеге (1,4 есеге) жеткен. А-да әр бағыттағы және құрамдағы 1600 құрылыс ұйымдары тіркелген. Соңғы 5 жыл ішінде пошталық және курьерлік қызметтен түскен табыс та ұлғайып (1,6 есеге) 8,6 млрд. теңгені құрады. Соңғы жылдары А. қ-ның негізгі әлеум.-экон. көрсеткіштері қарқынды өсуде. Біріншіден, қала экономикасына тартылған инвестиция деңгейінің өсуімен сипатталды. Әсіресе, экономиканың басты салаларына бағытталған инвестиция көлемі қомақты болды. Сондықтан 2010 ж. қаланың индустриялық өсімі алдыңғы жылмен салыстырғанда 27%-ға ұлғайды. Мұнда басты рөлді «Самұрық-Қазына» қоры атқарды. Нәтижесінде әр түрлі бағыттағы 58 өндірістік кәсіпорын іске қосылды. Қала бюджетіне салықтың 60%-дан астамын шағын және орта бизнес береді. 2010 ж. А. қ-ның бюджеті 267 млрд. теңгені құрады. Мемл. бюджетке 757 млрд. теңгенің салығы (2009 жылмен салыстырғанда 19%-ға көп) жиналды. Соңғы жылдары Елбасының тапсырмасымен экономиканы жетілдіру саласында жаңа индустр.-инновац. бағдарлама қабылданып, нәтижесінде қала аумағында Қысқы Азия ойындарын өткізуге байланысты қосалқы электр ст. салынды. Медеу шатқалы мен Шымбұлақ арасын байланыстыратын гондолдық трасса іске қосылды. Сондайақ Орт. Азияда бұрындары болмаған аса ірі азықтүліктік «GEGA» логистик. орт. салынуда. Қалада муниципалдық автобус паркі пайдалануға берілді. Қаланы айналып өтетін Шығыс айналма жолы іске қосылды. Жалпы жол инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Қаланы жылумен қамтуды одан әрі жетілдіруде ЖЭО-1 және ЖЭО-2 аралығын жылу магистралімен байланыстыру құрылысы жүргізілуде. Келешекте «ҚазТрансГаз» қаланы толығымен газдандыруды қолға алды. Қала кәсіпорындарының АҚШ, Италия, Түркия, Германия, Қытай, Ресей, т.б. елдердің бірлескен
Алматыдағы трамплин
фирмаларымен және кәсіпорындарымен іскерлік қатынастары дамуда. А. – еліміздің ең ірі көлік және байланыс торабы. 1992 ж. маусымда Алматы – Үрімші т.ж. көлігі тұрақты қатынай бастады. А. әуежайы Жер шарының кез келген мемлекетімен байланысуға мүмкіндік береді. Қала қаржы мен сауданың халықар. орталығы саналады. АЛМАТЫ – іле алатауындағы шың. абс. биікт. 3681 м. шың үлкен алматы көлінің батысында, проходная (өтпелі) өз-нің шығысын ала орналасқан. жалаңаш жартасты, тік құлама беткейлі. а. шыңы плиоцен және төрттік кезеңнің басындағы тау түзілу процесінде пайда болған. гранит, конгломерат, әктас, тақтатастан түзілген. 3000 м-лік биіктігінде жылдың 9–10 айында қар жатады. төм. бөлігін шыршалы орман, альпілік шалғын көмкерген. батысындағы проходная өз. бойымен алматы асуына туристік жол барады. «АЛМАТЫ» – таза ауа, әсем табиғат, шипалы су және балшықпен емдейтін климаттық-бальнеол. санаторий. 1967 ж. ашылған. 1999 жылға дейін мемл. мекеме, 1999 – 2003 ж. қр президенті іс басқармасы мед. орт-ның «алматы» клиник. санаторийі, 2003 жылдан «алматы» санаторийі ақ болып қайта құрылды. санаторий іле алатауының солт. бөктерінде, теңіз деңгейінен 1000 м биіктікте, алматы қ-ның оңт-нде орналасқан. 155-тен астам орны бар. жыл бойы қызмет көрсетеді. ауа темп-расы: қаңтарда –3,8°С, шілдеде 23°С. жауын-шашын мөлш. 700 ммдей. негізгі емі: хлорлы-натрийлі-кальцийлі орташа минералданған ақсай минералды суы және тұзкөл көлінің (алматыдан 330 км, райымбек ауд-нда) шипалы балшығы. минералды су әр түрлі ванналар (минералды, жартылай минералды, камералық, гидрогальваник., т.б.), ал шипалы балшық былау жасау үшін пайдаланылады. сондай-ақ физиотерапия, массаж жасалады, жаяу жүретін бағдарлар (1000 м, 1500 м, 2200 м) белгіленген. санаторий асқазан-ішек жолдарының, жүрек-қан тамыр, жүйке, эндокринді, зәр шығару, тыныс алу жүйелері, тері, уролог., гинеколог. ауруларды емдейді. функционалдық диагностика, стоматология, инемен емдейтін, т.б. кабинеттер бар. АЛМАТЫ АҚЖАПЫРАҒЫ (Jurіnea almaatensіs) – күрделігүлділер тұқымдасы, ақжапырақ туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанның іле және күнгей алатауларында тау беткейлері мен шатқалдарда, шалғынды-далалы жерлерінде, бұталы қопа арасында өседі. биікт. 25 – 40 см. жай
Алматы немесе бұтақталған сабағы бар. қасаңдаған жапырағының жоғ. жағы жасыл, түксіз, жіңішке, ал төм. жағы тілімденген бозғылт. дара гүлшоғырының орамжапырақтары сыртқа қарай қайрылып келеді. гүл күлтесі ашық қызыл түсті болады. тұқымынан көбейеді. маусым – шілдеде гүлдеп, тамызда жеміс береді. А. а. – өте сирек кездесетін өсімдік. сондықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛМАТЫ АСУЫ – іле алатауындағы асу. теңіз деңгейінен 3599 м биіктікте орналасқан. ол іле алатауының солт-ндегі үлкен алматы өз-нің саласы – проходнаяның бастауы мен оңт-нде шоң-кемін (қырғызстан) өз-нің оң саласы – алматы өз-нің бастау аралығын қосып жатыр. жол 1850 м биіктіктен өтеді. асу орманды белдеммен, ал ең жоғары шегінде альпілік шалғынды жазықпен ұласады. а. а-ның оңт-нде шыңдарын қар мен мұз басқан күнгей алатауы орналасқан. АЛМАТЫ КЕКІРЕСІ (Oxуtropіs almaаtensіs) – бұршақтар тұқымдасы, кекіре туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. ол іле алатауы мен сөгеті тауының шатқалдарындағы, сондай-ақ қарғалы, талғар және шілік өзендерінің жағаларындағы тастақ топырақты, шалғынды, бұталы, далалы орман алқаптарында өседі. биікт. 30 см. түктенген бозғылт түсті, сабағы көрінбейді. жапырақтары ұзын 20 см-ге жетеді, дөңгелек қатар орналасқан қос жапырақшалары болады. гүлдері қызғылт күрең түсті, шашақты гүлшоғырына топталған. мамыр – маусым айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. а. к. – дәрілік өсімдік. таралу аймағының біраз жері алматы қорығына қарайды. өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛМАТЫ ҚОРЫҒЫ – іле алатауының орт. бөлігіндегі табиғат байлығын қорғап, бірлестіктердің табиғи даму заңдылықтарын зерттеу үшін ұйымдастырылған мемл. қорық. 1931 ж. құрылды, аум. 71,70 мың га (2006). орт. алматы қ-нан 25 км жердегі талғар қ-нда орналасқан. қорық жерінде ауд. 46,3 мың м2, тереңд. 25,5 м болатын мұзкөл көлі орналасқан. құлама-тек-
Қорықтағы альпі шалғыны
тоник. жыныстардан пайда болған есік және ақкөл көлдері бар. қорық құрамына теңіз деңгейінен 1400 – 4978 м биіктікте орналасқан талғар тау жоталары енеді. қорықтағы барлық ірі өзендер мен көлдер негізгі су қорын көптеген мұздықтардың (саны 113) еруінен алады. ең ірі мұздықтардың қатарына – шокальский мұздығы (ұз. 5 км), корженевский мұздығы (ұз. 12 км) және богатырь мұздығы (ұз. 8 км) жатады. мұндағы табиғи жағдайлардың алуан түрлілігі 4 биіктік белдеулерге байланысты. аласа ормандыдала белдеуінде (1200 – 1800 м) жалпақ жапырақты ормандар мен астық тұқымдас өсімдіктер өседі, қалың бұталы тоғайлар да кездеседі. орта таулық (2800 м-ге дейін) орманды-шалғынды белдеуінде қайың, тал, терек пен шыршалар өседі. субальпі белдеуін (2700 – 3100) қалың өскен аршалы ормандар мен әр түрлі шалғынды шөптесін өсімдіктер алып жатыр. альпі белдеуінің (3400 м) төм. бөлігінде саркүйікті шалғындар мен ойпаң жерлерінде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер басым. ауа райы қоңыржай, жауын-шашынның ең көп түсетін жері – таудың орта бөлігі. қар жамылғысының ұзақтығы 3 – 7 айға дейін созылады. қорық өсімдіктер әлеміне бай, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1000-нан аса түрі, оның 26-сы қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген (мыс., недзвецкий алмасы, шренк шыршасы, алматы кекіресі, семенов еменжапырағы, т.б.). сондай-ақ мал азықтық (жатаған бидайық, түркістан арпасы, кәдімгі тарғақшөп, т.б.), тағамдық (алма, өрік, бөріқарақат, бүлдірген, таңқурай, т.б.) маңызы бар өсімдіктер де көптеп өседі. жануарлар дүниесі сан алуан. омыртқасыздардың түр саны әлі толық белгісіз болғанымен, олардың 8 класына жататын 2000-дай түрі анықталған. жәндіктердің 6000-нан астам түрі кездеседі, олардың 12 түрі қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген (мыс., қоснүктелі қанқызы, үлкен тамыржегіш қоңыз, әдемі қызинелік, т.б.). бұдан басқа бауыраяқты моллюскілердің 4 түрі қорғауға алынған. омыртқалылар фаунасына 225 түр жатады, олардың ішінде балықтардың 3 түрі (штраух талма балығы, қабыршақсыз және қабыршақты көкбас балықтар), қосмекенділердің – 2 (жасыл құрбақа, көлбақа), бауырымен жорғалаушылардың – 6 (алай жалаңкөзі, қалқантұмсық жылан, т.б.), құстардың – 172 (орақтұмсық, тоқылдақ, тағанақ, сақалтай, ақбас құмай, үкі, т.б.), сүтқоректілердің – 42 (тас сусары, елік, қоян, суыр, т.б.) түрі бар. қорықта 70 жылдан астам ғыл.-зерт. жұмыстары жүргізіледі. ғалымдар орманның қалыптасу заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биол. ерекшеліктерін зерттейді. көп жылдан бері «табиғат шежіресі» атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғыл. мәліметтер а. қ. туралы бірнеше томдық кітапта жарияланған. АЛМАТЫ қорықшасы – сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында алматы обл-ның қарасай, талғар, еңбекшіқазақ және райымбек аудандары аумағында 1978 ж. құрылған мемл. қорықша. теңіз деңгейінен 1000 – 3400 м биіктікте орналасқан. аум. 724 мың га. қорықшада өсімдіктің 590-нан астам түрі (мүк, қына, саңырауқұлақ, жабайы алма, өрік, долана, сарыағаш, ұшқат, т.б.); аң мен құстың 180 түрі (марал, арқар, таутеке, елік, барыс, жабайы шошқа, аю, сілеусін, ұлар, кекілік, бұлдырық, жетісу қырғауылы, т.б.)
87
Алматы
88
мекендейді. а. қ-нда тіршілік ететін тянь-шань қоңыр аюы, шұбар күзен, орта азия тас сусары, түркістан сілеусіні, арқар, барыс, орақтұмсық, сақалтай, жұртшы, бүркіт, көкқұс қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. сондай-ақ онда тоғай бұғысы, бұлғын, қоян, сарышымшық пен ақ тиін жерсіндірілген. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының оңт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. Жерінің аум. 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан бар. тұрғыны 1,7 млн. адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 7557 адамнан келеді (2010). Әкімш. орт. – Талдықорған қ. А. о. батысында Жамбыл, солт-нде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солт.-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңт-нде Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Қ-лары: Алматы, Талдықорған, Қапшағай, Текелі, Талғар, Жаркент, Үштөбе, Үшарал, Қаскелең, Есік, Сарқант. Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Балқаш және Алакөлге ұласатын солт. көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлі және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесік Атыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімденген. Солт. шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы аум. 1 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан, т.б.) өз. маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңт.-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солт. Тянь-Шань сілемдерінің, т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. А. о-ның оңт.-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері). Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер, т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоник. процестер жалғасуда. Оқтыноқтын болатын жер сілкінулер – соның айқын
дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар. А. о-ның климаты негізінен континенттік. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа темп-ра солт. жазық бөлігінде –10–16°С, оңт-те –4–9°С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солт-нде 25°С, оңт-нде 27°С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 110–250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа темп-расы –5–9°С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа темп-расы тау бөктерінде 21–23°С, тау аңғарларында 19–22°С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400–600 мм, тау аңғар-
Үлкен Алматы шатқалы
ларында 700–1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солт. өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңд. 10–30 см, тау беткейлерінде 40–100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. Өзендері Балқаш — Алакөл тұйық алабында жатыр және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады. Ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, т.б. Ірі көлдері: Балқаш, Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл. Іле өз. бойында Қапшағай бөгені және СЭС-і салынған. Тау бөктерлерінде минералды бұлақ сулары көптеп кездеседі. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Балқаш, Алакөл көлдерінің батпақты жағалауында, Іле өз-нің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау етегінде сұр және боз, қызғылт қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде таулы даланың қызғылт қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлерде (биікт. 600–1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көк терек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде
89
Алматы биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлеңшөп, алтай, қоғажайы, тастесер, т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір – облыс малшыларының жазғы жайлауы. Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа, түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерден ондатр т.б. кездеседі. Таулы бөлігінде барыс, сілеусін, қоңыр аю, ақкіс, арқар, тау ешкі, марал, аққұлақ, бұлғын; құстардан дуадақ,
90
Қапшағай
үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан жылан, тасбақа, кесіртке, зиянды жәндіктерден қарақұрт, бүйі т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су айдындарында сазан, маринка, алабұға, ақ қайран, т.б. балықтар бар. Алматы обл-ның экон. әлеуеті (потенциал) көп салалы өнеркәсіп, а.ш., көлік пен байланыс және сауда құрылымдарынан тұрады. Өнеркәсіпте электр энергетикасы, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдары, тамақ өнеркәсібі, ұн, жарма және құрама жем салалары жақсы дамыған. Облыста жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, фарфор-фаянс өндірістері қалыптасқан. 1991 — 97 ж. өнеркәсіп өнімі 2,6 есе артты. Сонымен қатар қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім шаруашылықтары айрықша дамыған. Одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік шаруашылықтары бар. Балқаш, Алакөл көлдерінен сазан, көксерке, табан балық, алабұға ауланады. А. о. Еуропа, Азия және Америка құрлықтарының 60-тан астам елімен сауда қатынасын жасайды. Экспортқа шығарылған өнімдерге тері шикізаттары, жүн, аккумулятор, түсті металдар жатады. Сырттан электр аппараттары, есептеу техникасы, т.б. құрал-жабдықтар алынады. Қазақстанның ішкі жиынтық өніміндегі облыстың үлесі 4,5% шамасында (2010). Облыстың жалпы ішкі өнімі 2010 ж. 977,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде өнеркәсіп өнімінің үлесі 37,5%, а.ш. өнімінің үлесі 22,3% болды. Жалпы ішкі өнімнің қалған бөлігі құрылыс және әлеум. инфрақұрылым саласына тиесілі. 2006–10 ж. аралығында облыстың жалпы ішкі аумақтық өнімі 2,4 есеге өсті, яғни 977,9 млрд. теңгеге жетті. Бұл респ-дағы жалпы ішкі өнімнің 4,5%-ын құрайды. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі осы жылдар аралығында 1,6 есеге, а.ш-ның өнімдері 1,8 есеге өсті. Құрылыс ұйымдары 292-ден 489-ға дейін жетті. А.ш-ның барлық санаттары бойынша шаруа (фер-
мер) қожалықтарының саны 45580-нен 49484-ке ұлғайды. Облыстың негізгі капиталына тартылған инвестиция мөлш. 2,7 есеге өсіп, 2010 ж. 306,6 млн. теңгені құрады. а. ш-на жарамды жері 22,3 млн. га, оның 1 млн. га-сы жыртылған, шабындық 47, мың га, жайылым 14,7 млн. га. облыста қызылша, картоп, көкөніс, бақша жеміс-жидек және жүзім ш-тары айрықша дамыған. одан тыс мал ш., құс ш., бал, сүт және қымыз өндірістік ш-тары бар. Денсаулық сақтау саласы бойынша облыста 90 аурухана, 328 амбулаторлық емдеу мекемелері бар. Онда 3,9 мың жоғары дәрежелі дәрігер қызмет істейді. Мектепке дейінгі мекемелер саны 102-ге жетті, яғни 2006 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өскен. 757 жалпы білім беретін мектеп, 2 жоғары оқу орны, 66 колледж және кәсіптік-тех. оқу орындары бар. а. о. аумағынан түрксіб т. ж. басып өтеді. мемл. маңызы бар алматы – шымкент, алматы – өскемен, алматы – қорғас автомоб. магистральдары өтеді. АЛМАТЫ ШИҚЫЛДАҒЫ (Juno almaatensіs) – құртқашаштар тұқымдасы, шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. іле алатауының жамбыл, қарасай ауд. маңындағы тау етегінде кездеседі. биікт. 10 – 15 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді. қысқа сабағын 4 – 8 орақ сияқты қайрылып келген ұзын жапырақтары жауып тұрады. сары жасыл түсті 1 – 3 гүлі бар. наурыз – сәуір айларында гүлдеп, мамыр – маусымда жеміс береді. тұқымынан, жуашықтарынан көбейеді. а. ш. – сәндік әрі өте сирек кездесетін өсімдік. сондықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛМҰРТ, н ә к (Pyrus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта. дүние жүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. олар ауа райы қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өседі. қазақстанда 3 түрі: кәдімгі орман А-ы (Р. communіs), регель А-ы (Р. regelіі), құлжа не кеш пісетін А. (P. serotіna) бар. А. көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. биікт. 10 – 12 м болады. бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. жемісі – сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. салм. 20 – 300 г-дай. а. отырғызылғаннан кейін 4 – 5 жылда жеміс бере бастайды, 40 – 50 жылдай өседі. мәдени сорттарын ұластыру арқылы өсіреді. қазақстанда 14 сорты аудандастырылған, оның орман аруы, талғар аруы, хош иісті А. деген сорттары кең тараған. алматы, жамбыл, оңт. қазақстан, қызылорда облыстарын-
Піскен алмұрт жемісі
Алтай да өсіріледі. өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. а. – бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. жемісінің құрамында 80 – 84,3% су, 10 – 13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1 – 0,6% қышқыл, илік және 0,4% азотты заттар, в, с витаминдері, каротин болады. одан тосап, шарап, т.б. сусындар дайындалады. алтай, а л т а й т а у ж ү й е с і – азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. батыстан шығысқа қарай ұз. 2000 км-ге созылып жатыр. а. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай батыс сібір ойпатынан гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. оңт-тегі табиғи шекарасы қара Ертіс өз. мен зайсан көлі, ал батыс бөлігі сарыарқадан қалба жотасы арқылы бөлінеді. солт.-шығыста шығыс а-дың шапшалы жотасы батыс саянмен жалғасады. а-дың өзіне тән орографиялық ерекшеліктері бар. оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. а-дың ең биік және қатты тілімденген жоталары – қатын, оңт. және солт. шуй, оңт. алтай, сарымсақты, сайлүгім, чихачев, т.б. олардың орташа биікт. 3000 м-ден асады. мұнда альпі типтес жер бедері басым. тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. тау жүйесінің ең биік шыңы – мұзтау (4056 м). осы тұстан бастап таулар жанжаққа қарай біртіндеп аласарады. орташа биікт. 1500 – 2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді [мыс., шабанбай таулары, қоржынтау (холзун), тегерек (тікирек), үлбі, ануй жоталары, т.б.]. орт. және оңт. а-дың басты жоталары мен тау тізбектері негізінен ендік бағытта, ал батыс және солт. тау жоталары оңт.-шығыстан солт.-батысқа қарай, кейбірі бойлық
Алтай тауы
бағытта созылған. алтай тауларына ұзын, кейде кең дала деп аталатын тектоник. тауаралық ойыстар (шуй, құрай, ойман, абай даласы, нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (үкөк, ұлаған, чулышман, жайдақ, т.б.). олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы. а. тауларының қазақстандық бөлігі геол. тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: кенді алтай, таулы алтай, оңт. алтай және қалба жотасы. олар орал – моңғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. оның оңт. бөлігін сібір платформасы құрайды. таулы өлкенің іргетасы негізінен палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартаутекті метаморфтанған тау жыныстардан түзілген. кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. а-дан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын
Таудағы өзен
жоғ. протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (қатын, теректі жоталары) құрамынан табылды. жоғ. палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (шыңғыстай, голубовка ауылдары маңында, құрай даласы, көкпекті, кіші бөкен, үлбі өзендерінің бойы) кездеседі. ең көне, ерте каледондық құрылымдар а-дың шығысын алып жатыр. бұл құрылымдық процесс орт. а-да ордовик пен силурде, ал оңт.-батыс а-да төм. тас көмір кезеңінде аяқталды. осы кезде (негізінен блоктық өте қуатты тектоник. қозғалыстар нәтижесінде) интрузивті жыныстар пайда болған. онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдық кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. бұлардың ішінде аса маңыздысы – шығыс қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары. а-дың климаты тым континенттік. қысы суық әрі ұзақ. қаңтар айының орташа темпрасы тауаралық ойыстарда –27 – 30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде –13 – 16°С. ең суық орташа темп-ра марқакөл көлінің маңында (–27,6°С). шілде айының орташа темп-расы 18 – 20°С, ал 1000 – 1500 м биіктікте ол 14 –16°С-тан аспайды. ең жоғары темпра зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). жер биіктігі артқан сайын темп-ра инверсиясының нәтижесінде қысқы темп-ра төмендеп отырады. сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. ылғалды, желге ашық жатқан батыс және солт.-шығыс а-да жауын-шашын мөлш. 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). а-дың шығысы мен оңт-нде жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм (шуй даласында 100 мм), ал зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. жауын-шашын көбінесе көктем мен күз айларында жауады. өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды «құбыла желі», оңт-тен жылы «алтай желі» соғады. ауа райы а-да «құбыла желінен» кейін ашық, аязды болып келсе, «алтай желінен» кейін онда бұлтты әрі жылы болып, қар жауады. а. тауларының өзендері тығыз орналасқан. таулардың өте қатты тілімденген жоталары об, енисей, ертіс өзендерінің суайрығы болып табылады. басты өзендері – ертіс салалары:
91
Алтай
92
қаба, қалжыр, күршім, нарын, бұқтырма, үлбі, үбі; об салалары: ануй, песчанка, қатын, бия; енисей салалары: абакан мен моңғолиядағы қобда өзендері де А. тауларынан басталады. А. өзендері суы мол, ағыны қатты және түгелдей дерлік су энергиясы қорына бай болып келеді. өзендер негізінен мамыр – маусым айларында тасиды және қар, жаңбыр, еріген мұздық суларымен толығады. А. тауларының өзендерінде 70-тен астам сарқырамалар мен 3500дей үлкенді-кішілі көлдер бар. олардың ең ірілері тектоник. ойыстардағы алтынкөл, марқакөл, қаражал, қамысжал, ал қалғандары негізінен мұздықтар еруіне байланысты моренаның бөгенінен пайда болған ұсақ көлдер. А. тауларында 1000-нан астам мұздықтар бар. олардың жалпы ауд. 89,3 км2-ге жуық. негізгі мұздықтар орт. болып шуй жоталары мен тобын – богдо – ола тау торабы саналады. а-дың ең биік шыңы – мұзтаудың төңірегінде 6 ірі мұздық бар, олардың ең ірісі ақбұлақ өз-нің бастауындағы бергіел (берел) мұздығы. АЛТАЙ – шығыс қазақстан обл. күршім ауд-ндағы тау. абс. биікт. 1792 м. өзімен аттас асудан мамыр – қазан айларында салт атты адам өте алады. таудан бастау алатын өзен салалары оңт.-батысындағы марқакөл көліне келіп құяды. батысында ақсубас тауымен, солт.-батысында сарымсақты жотасымен, солт.-шығыс, шығыс және оңт. бөліктері тауаралық аңғарлармен ұласады. таулы орманның сұр топырағында майқарағай, қарағай, самырсын өседі. алтай арқары (Ovіs ammon ammon) – жұптұяқтылар отряды, қуысмүйізділер тұқымдасының бір түрі. 19 ғ-дың басында батыс және оңт. алтай тауларында кең таралған. 19 ғ-дың 70-жылдарында бұл тауларда ол жойылып кетті. қазақстанда қазіргі кезде А. а. күршім жотасында, қалмашық өз-нің жоғ. ағынындағы биік тау беткейлерінде және бұқтырма суқоймасының солт.-шығыс жағындағы тауларда тіршілік етеді. негізінен теңіз деңгейінен 800 – 3000 м биіктіктегі тау шалғындарында мекендейді. жазда таудың альпі және субальпі белдеулерін мекендесе, күз түсе тау етектеріне қарай қоныс аударады. қошқарының шоқтығының биікт. 125 см-ге, мүйізінің ұз. 129 см-ге дейін жетеді. А. а. дәнді дақылдармен, шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. 3 жаста жыныстық жағынан жетіледі. қазан – қарашада күйлеп, сәуір – мамыр айларында төлдейді. әдетте жалқы қозықа туады. А. а. – өте бағалы аң. саны азайып, таралу аймағы қысқарып бара жатқандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛТАЙ БОТАНИКА БАҒЫ – ғыл.-зерт. мекемесі, еншілес мемл. кәсіпорын. биол. зерттеулер орт-на қарайды. 1935 ж. шығыс қазақстан обл-ның лениногор (қазіргі риддер) қ-нда құрылған. Аум. 176 га, теңіз деңгейінен 760 – 860 м биіктікте тау етегінде орналасқан. оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. а. б. б-ның негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары: алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау және олардың маусымдық өзгеру заңдылықтарына фенолог. бақылаулар жүргізу; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық ш-на пайдалану; басқа жерлерден әкелініп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. ондағы жоғ. сатыдағы өсімдіктердің 4000-дай түрінің 200-і жергілікті флораға жатады. соның ішінде ағаш және бұталардың
570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлділердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. а. б. б. осы уақыт ішінде өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық ш-на пайдалануға енгізді. сондай-ақ а. б. б. табиғатты қорғау бағытында шығыс қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. қазақстанның «қызыл кітабын» құрастыруда үлкен үлес қосып келеді. АЛТАЙ ГИМНОСПЕРМИУМЫ (gymnospermіum altaіcum) – бөріқарақаттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. алтайдан солт. тянь-шаньға дейінгі аралықта шалғындық, далалық тау беткейлерінде, далалық алқаптарда, сирек орман, бұталар арасында өседі. биікт. 15 – 20 см, түйнек тамырлы. гүлшоғыр сабағы үш тармақты, отырыңқы жапырақтан тұрады. жапырақ бөліктері саусақ тілікті. гүл жапырағы дөңгелекше, төмен қарай иілген, гүлдері сары түсті. тостағанша жапырақшасы сары, сырт жағы көкшілдеу, желегінен 2,5 еседей ұзындау. гүлшоғыры – жоғары шашақ. тұқымынан көбейеді. наурыз – сәуір айларында гүлдеп, сәуір – мамырда жемістенеді. жемісі – домалақ, жарғақ қауашақ. А. г. өте сирек кездесетін өсімдік, жылдан-жылға таралу аймағы тарылуда. алматы қорығында қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛТАЙ ҚАСҚЫРЖИДЕГІ (Daphne altaіca) – көкендер тұқымдасы, қасқыржидек туысына жататын бұта. алтай, сауыр, маңырақ, тарбағатай, сарыарқа өңірлерінің тау бөктерлерінде, жапырақты ормандарында, бұталар арасында өседі. биікт. 40 – 80 см, жапырақтары ұзынша эллипс тәрізді, ұз. 2 – 6 см болады. ақ жұпар иісті. 3 – 7 гүлдері қысқа бұтақтарының ұшында орналасқан. тұқымынан көбейеді. мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. жемісі – қара түсті сүйекше. а. қ-не өзінің өсетін табиғи ортада жиі болатын өрт үлкен зиян келтіреді. а. қ. – сәндік өсімдік әрі өте сирек кездесетін реликт түр. сондықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛТАЙ ҚҰМЫ – қызылорда обл. қазалы ауд-ндағы құмды алқап. қазалы т. ж. ст-нан шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан. ұз. 22 км, енді жері 15 км-ге жетеді. құм алқабы төбешікті келген. мұнда №96 т. ж. айырмасы, көбек елді мекені орналасқан. осы жердегі құм төбелердің бірінде кенесары хан басқарған ұлт-азаттық көтерілісте (1837 – 47) қаза тапқан батырлардың бірі – алтайдың бейіті бар. АЛТАЙ РАУҒАШЫ (Rheum altaіcum) – тарандар тұқымдасы, рауғаш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. алтай, тарбағатай, сауыр тауларының қиыршықтасты жағаларында, бұталар арасында, шалғынды жерлерде өседі. биікт. 1 м-дей, тамыры жуан, сабағы тік тілімденіп келген. жапырақтары үшбұрышты, бүтін жиекті, тамыр маңындағы жапырақтары өте ірі болады. ұсақ сары түсті гүлдері тығыз жіңішке келген гүлшоғырына топталған. тұқымынан көбейеді. маусым – тамыз айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. жемісі – домалақ, қара түсті жаңғақ. а. р. – тағамдық, дәрілік өсімдік. таралу ай-
«Алтынемел» мағының азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛТАЙ ТАУТОБЫЛҒЫСЫ (Sіbіracеa altaіensіs) – раушангүлділер тұқымдасы, таутобылғы туысына жататын бұта. алтайдың үбі, нарын, иванов қырқаларындағы шалғындық беткейлерде, орман шеттері мен алаңдарында сирек немесе жеке түп болып өседі. биікт. 1 м-дей, жуан бұтақтарының қызғылт қоңыр қабығы бар. сағақсыз жапырақтары түксіз келеді, 5 – 8 см болады. ақ түсті шашақталған гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. жемісі қынап түсті. а. т. – сәндік өсімдік. алтай ботаника бағында өсіріледі, таралу аймағы сиреп бара жатқандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛТАЙ ҰЛАРЫ (Tetraogallus altaіcus) – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдасының өте сирек кездесетін түрі. қазақстанда тек қана оңт. алтай тауларында ғана мекендейді (марқакөл маңында). таудың альпі және субальпі белдеулерінде қоныстанады. денесі ықшам, мойны қысқа, басы кішілеу, қауырсынының түсі сұр болады. тамағы мен мойнының бүйір жағында қызыл қоңырмен көмкерілген ақ дағы бар. тұмсығы қызғылт түсті. салм. 2,5 – 3,5 кг-дай. а. ұ. – отырықшы, сақ құс. қоректенуге таңертеңгілік және кешкілік шығады. шөптесін және бұталы өсімдіктермен қоректенеді. өніп-өсуі мамыр – маусымда өтеді. жұптасқан құстар көбейер алдында ғана бірін-бірі қуып, ерекше «ойын» өткізіп, шағылысады. ұяларына 7 – 10 жұмыртқа салып, 28 – 30 күнде балапандарын өргізеді. а. ұ. – пайдалы құс, өте сирек кездесетіндіктен қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛТЫБАЙСОР – павлодар обл. ақсу қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан көл. аум. 13,6 км2. ертіс алабында. ұз. 6,2 км, енді жері 3,2 км. жағалауы тегіс, шығысы сор батпақты, батысы мен оңт-нде кіші және үлкен қалқаман көлдері жатыр. өңір мал жайылымына пайдаланылады. АЛТЫКӨЛ МҰНАЙ КЕНІ, каспий ойпатының шығысында. атырау обл. мақат ауд. құлсары қ-нан солт.-батысқа қарай 35 км жерде орналасқан. кен орнына 1940 ж. сейсмобарлау жұмыстары жүргізілген. төм. бор мен ортаңғы юра шөгінділері мұнайлы келген. мұнда 13 мұнайлы қабат анықталған. олар негізінен апт, неоком және юра жыныстарында. иірімдер қабатты-күмбезді, қабатты-тектоник. және литол. қалқаланған. мұнайға қаныққан қалыңдық апт-неоком қабаттарында 1,8 – 3,7 м, юра қабаты 1,7 – 8,1 м. коллекторларының ашық кеуектілігі 26 – 28%, өткізгіштігі 0,008 – 0,805 м. мұнайдың бастапқы шығымд. 0,24 – 67,2 м3/тәулік болды. бастапқы қабат қысымы 0,9 – 6,77 мпа, темп-расы 13 – 38°С-қа жетті. мұнайдың тығызд. 810 – 830 кг/м3. мұнайында 0,16 – 0,8% күкірт, 0,5 – 2,0% парафин бар. Кен орны 1977 жылдан жан-жақты игерілуде. АЛТЫНЕМЕЛ, К ө ш е н т о ғ а н – алматы обл. кербұлақ ауд. жеріндегі тарихи мекен. жетісу алатауының оңт.-батыс сілемінде, алтынемел және матай тауларынан басталатын байғазы және дос өзендерінің бастауында орналасқан. оңт.-батысында жүзасу (1474 м), оңт.-шығысында алтынемел асуымен шектеледі. а. мекені ш.уәлихановтың өмірімен
тығыз байланысты. ол өмірінің соңғы жылдарын (1855 – 65) а-де өткізіп, сонда жерленді. ғалымның а-дегі зираты басына 1985 ж. ескерткіш-белгі орнатылып, тарихи-мемориалдық мұражай ашылды. АЛТЫНЕМЕЛ АСУЫ – жетісу алатауының оңт.батыс сілемдері – алтынемел жотасы (2928 м) мен матай тауының (2880 м) арасында, теңіз деңгейінен 1711 м биіктікте орналасқан асу. а. а. өтетін орт. қырқа палеозой және пермь дәуірлерінің гранитті, эффузивтік, базальтты, андезитті, туфты шөгінділерінен құралған. асудың қызғылт қоңыр және қара топырағында бұталар араласқан бозды-бетегелі, шалғынды өсімдіктер өседі. қыс айларында 4 – 5 ай ауа темп-расы –10 – 15°С болады. бірақ соған қарамастан ол қолайлы өткел саналады. ш.уәлиханов 1858 ж. қашқарияға сапарында осы асу арқылы құрамында 43 адам, 101 түйе, 65 салт және жүк тиеген аты бар керуенмен өткен. асудың солт.-батыстағы қоғалы тауаралық ойысынан оңт.-шығыстағы қоңырөлең тауаралық ойысына қарай алматы – сарыөзек – жаркент автомоб. жолы өтеді. АЛТЫНЕМЕЛ ЖОТАСЫ – жетісу алатауының оңт.-батыс сілемдерінің бірі, іле мен қаратал өзендері аралығындағы суайрық жота. ол шығыстағы қояндытау жотасын бөліп тұратын үйгентас асуынан іле аңғарындағы шолақ тауына дейін (алтынемел асуы) доғаша иіліп жатыр. ұз. 65 км, ені 6 – 15
Алтынемел жотасы
км, ең биік жері 2931 м. жота палеозойдың қатпарлы шөгінділерінен түзілген. жотаның солт. беткейі тік, оңт. көлбеу келген. топырақ пен өсімдік жамылғысы биіктік белдеу бойынша орналасқан. етегінде әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі. «алтынемел» ұлттық табиғи саябағы, қапшағай мемл. аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 ж. құрылды. ол алматы обл. кербұлақ және панфилов аудандарында орналасқан. аум. 469620 га. бақтың құрамына қапшағай бөгенінің солт. бөлігі мен Іле өз-нің оң жағалауы, жетісу (жоңғар) сілемдері: кіші және үлкен қалқан, ақтау, қатутау, дегерес, матай, шолақ, қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «айғай құм» («әнші құм») кіреді. қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мыс., сақ хандарының қабірі – тигрхауда, 7 – 4 ғ-лар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар. бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. жылдық жауын-шашын мөлш. 330
93
Алтынжал
“Алтынемел” ұлттық табиғи саябағы
94
мм-ден аспайды. қаңтардың орт. темп-расы – 8,6°С, шілденің орт. темп-расы 26°С. қар аз түседі, ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады. бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «қызыл кітапқа» енген 22 түрі (мыс., мүсілім сылдыршөбі, қопал таспашөбі, іле бөріқарақаты, т.б.) бар. бақ жануарлар әлеміне де бай. омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. мыс., галузо отынкескіш қоңызы, сольский барылдауық қоңызы, дала сколиясы, жолақты тораңғы көбелегі, т.б. омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. балықтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер (балқаш алабұғасы, балқаш шармайы, бір түсті салпыерін) болып саналады. қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар. бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі. мыс., қалқантұмсық жылан, дала тасбақасы, жалтырауық жармасқы, оқжылан, т.б. құстардың 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі «қызыл кітапқа» енгізілген, мыс., қара дегелек, балықшы тұйғын, жұртшы, үкі, т.б. сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары, шұбар күзен, ортаазия өзен құндызы, тянь-шань арқары және бозтүсті ергежейлі қосаяқ қорғауға алынған. саябақта 1976 – 77 жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді. табиғатта сирек кездесетін бір түр – пржевальский жылқысы дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған. 2003 ж. саябаққа германиядан бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. саябақта табиғат шежіресі жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді. АЛТЫНЖАЛ – қарағанды обл. қарқаралы аудның солт.-шығыс шетінде, айрық а-нан шығысқа қарай 50 – 55 км жерде орналасқан тау. ең биік жері 452 м. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км. элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген. қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырағында жусан, көде, бетеге, қараған бұталары өседі. АЛТЫНКӨЛ – қарақұм және мойынқұм құмдарының аралығындағы көл. алматы обл. панфилов ауд. ават а-ның оңт.-шығысында 13 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 657 м биіктікте жатыр. шығысынан қорғас өз. ағып өтеді. қорғас – іле өзендері алып келген аллювийлі жыныстарында орналасқан. көлдің айналасын биікт. 20 – 25 м-дей құм шағылдары қор-
шап жатыр. маңында ақ сексеуіл, жүзгін, жыңғыл, ала тораңғы өседі. АЛТЫНСАНДЫҚ – қарағанды обл. шет ауд. қызылтас тауларының оңт.-батысындағы тау. абс. биікт. 839 м. тау солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай созылып жатыр. солт. беткейі көлбеу, оңт. тіктеу келген оқшаулау тау массиві. тас көмір граниті және гранодиориті қиып өткен пермь, тас көмір, силур және девонның эффузивті-тұнбалы шоғырларынан түзілген. таудың ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында ойдым-ойдым қайыңды-көктеректі шоқ талды орман, әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өседі. АЛТЫНСАРИН АУДАНЫ – қостанай обл-ндағы әкімш. бөлініс. жер аум. 5,4 мың км2. тұрғыны 15,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 2,7 адамнан келеді (2010). аудан орт. – обаған а. а. а. жері қостанай обл-ның солт. және орт. бөлігінде, батыс сібір ойпатындағы тобыл, обаған өзендерінің суайрығында орналасқан. жері жазық, теңіз деңгейінен 150 – 200 м биіктікте. кен байлықтарынан саз, боксит, қоңыр көмір барланған. климаты тым континенттік. қысы суық, жазы қоңыржай жылы. қаңтардағы орташа темп-ра 17 – 18°С, кей жылдары 40°С-тан төмен, шілдеде 21 – 22°С, кей жылдары 37°С-қа дейін жоғары-
Аудандағы аралас орман
лайды. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм шамасында. су қоры шығысында обаған өз-нің орта ағысын, оңт.-шығысында құсмұрын көлінің солт. бөлігінен және көптеген ірілі-ұсақты көлдерден тұрады. ірілері: талы, байжарық, ұзынкөл, т.б. топырағы тұтастай қара қоңыр және сортаң қара қоңыр. бетеге, селеу аралас әр түрлі шөптер өседі. ауданның солт.-батысын арақарағай орманы, солт.шығысын сарыкөл орман ш-на қарасты қайыңды тоғайлар алып жатыр. жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, орманда аздап бұлан мен тиін; құстардан бүркіт, кезқұйрық, қарақұр, жазда көл мен өзен бойларында қаз, үйрек, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, аққу, т.б. мекендейді. а. а. негізінен а. ш-мен айналысады. а. ш-на пайдаланылатын жер аум. 544,7 мың га, оның 232,9 мың га-сы егістік, шабындық 5,7 мың га, жайылым 208,7 мың га (2008). аудан арқылы қостанай –
Альберт көкшетау – қарасу т. ж. және қостанай – көкшетау – қарасу автомоб. жолдары өтеді. АЛТЫНСАРИН МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) алатауының орта тұсындағы қора өз-нің бастауында орналасқан тау аңғарлық мұздық. негізгі бөлігі алтынсарин шыңының беткейінде жатыр. ұз. 1,8 км, ашық бөлігі 1,3 км, аум. 1,0 км2. мұздықтың ең биік нүктесі 3810 м, ең төм. нүктесі 3250 м, фирн сызығы 3450 м биіктікте. мұзының жалпы көл. 0,064 км3, пішіні жарты ай тәрізді. аумағы жылдан-жылға кішіреюде. 1950 – 52 ж. мұздықты қазақстан ға география секторының экспед. зерттеген. мұздыққа ы.алтынсарин есімі берілген (1952). АЛТЫНСАРИН ШЫҢЫ – жетісу алатауының орт. бөлігіндегі шың. биікт. 3918 м. шың безсонов пен тронов мұздықтарын бөліп тұрады. а. ш-на 1950 ж. б.и. зимин бастаған альпинистер көтерілген. АЛША – раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаш не бұта тектес өсімдік. биікт. 1,5 – 10 м-ге дейін болады. жабайы а. қазақстанның оңт.-шығыс
Алша
таулы аймақтарында кездеседі. кәдімгі а-ның бүршігі жалаңаш, майда, ағашқа жеке немесе топталып орналасады. жемісінің пішіні – дөңгелек, сопақша келген, сары қызғылт немесе қара түсті, жұмсағы шырынды, жемісі сүйекті. а. жемісінің құрамында қант 4 – 9%, органик. қышқыл (1 – 4%), сондай-ақ витаминдер, пектиндер болады. 3 – 4 жылда жеміс салады, өнімділігі жоғары, әр га-дан орта есеппен 120 – 200 ц өнім алынады. а-ның тіршілік ету ұзақт. 15 – 60 жыл, өнімді 5 – 20 жыл береді. құрғақшылыққа, суыққа төзімді, топырақ талғамайды. ол тұқымынан, қалемшеден, тамыр атпасынан көбейеді. оңт. қазақстанда аудандастырылған екі сорты өседі (фиолетовая десертная және малиновая). а-дан көбінесе сусын және мармелад жасалады. АЛЫП КӨРТЫШҚАН (Spalax gіganteus) – кеміргіштер отрядының соқыртышқан тұқымдасына жататын аң. қазақстанның батыс аймақтарындағы ылғалды құмдарында, терең сайлы беткейлері мен құрғап қалған өзен арналарында, жер астында тіршілік етеді. дене пішіні ұршық тәрізді, мойны қысқа, басы жалпақ, ал көзі және құлақ қалқаны болмайды. көзінің орнында қалың қылшықты тері қатпарлар орналасқан. күрек тістері өте жақсы жетілген, жерді сол тістерімен қазады. құйрығы өте қысқа, олар терісінің астынан көрінбейді. қысқа аяқтарында жақсы жетілген, мөлшері аса үлкен емес тырнақтары
болады. ересек аңның арқа жағы ақшыл, бас жағы күмістей жарқыраған сары түсті. балаларының тері жамылғысы бір түсті, ересектерімен салыстырғанда қоңырқай келеді. а. к-ның денесінің ұз. 27 см, құйрығы 0,6 см, салм. 553 г-дай болады. кәдімгі соқыртышқаннан ерекшелігі – денесі ірі, жер бетіне шығаратын топырақ үйінділерінің көлемі үлкен (диам. – 32 – 120 см, биікт. 10 – 50 см). індері 2 – 3 қабатты, 90 – 300 см тереңдікке жетеді, ұз. 145 – 540 м-ге барады. негізінен өсімдіктердің (анықталған мәлімет бойынша 38 түрімен) тамыры, түйнегімен қоректенеді, жақсы жейтін қорегі – қияқ. а. к-ның таралуы қияқтың аз-көптігіне байланысты. қысқа азық (2 – 3 кг) жинайды. жер астында тіршілік еткеннен кейін тәулік бойына белсенді. жылына 1 рет көктем – жаз айларында (сирек екінші рет күз айларында) балалайды (2 – 6-ға дейін). а. к-ның тіршілігі әлі толық зерттелмеген. таралу аймағы шағын, каспий өңірінде өте сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛЫПҚАШ – солт. қазақстан обл. тимирязев аудндағы тұйық көл. комсомол а-нан солт.-шығысқа қарай 1,5 км жерде орналасқан. аум. 21 км2, ұз. 8,4 км, енді жері 3,1 км, жағалауының ұз. 22,8 км, ең терең жері 2,76 м. су жиналатын алабы 332 км2. оның 90%-ы жыртылған, жағалау бойындағы жалды телімдері 3%, су алабындағы қайыңды тоғайлар мен бұталар 6%-ды қамтиды. көл жағалауы көбіне құлама жарлы, биікт. 4 – 5 м, шыммен бекіген. жағалау маңы шалғынды, кей жері сор, сортаңды. қамыс құрағы бүкіл су айдынының 71%-ын алып жатыр. шөгінді тұнбаның қалыңд. 0,3 – 0,4 м. атмосф. жауын-шашынмен толығады. судың минералд. 1,2-ден 8,0 г/л-ге дейін ауытқиды, жыл бойғы кермектілігі 15 – 35 мг/экв суы тым хлоридті. көктемде суы мал суаруға пайдаланылады. Жағалау алабы шабындық. АЛЬБЕРТ ҚҰРТҚАШАШЫ (Іrіs albertіі) – құртқашаштар тұқымдасына жататын көп жылдық, жуан тамыр сабақты өсімдік. қазақстанда іле алатауының орт. бөлігі мен қастек жотасында кездеседі. биікт. 40 см, көгілдір, күлгін, кейде ақ түсті гүлі сабақ ұшында орналасады. сабағының түп жағында ені 2,5 см-ге жуық, тік өсетін жапырақтары болады. тұқымынан көбейеді. сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. жемісі – қауашақ. а. қ. өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан өсімдік түрі болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЛЬБЕРТ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ (Tulіpa albertі) – лалагүлділер тұқымдасы, қызғалдақ туысына жататын жуашықты көп жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанда балқаш – алакөл ойысында, қаратауда, батыс тянь-шаньда, шу-іле тауларында өседі. биікт. 12 – 20 см, қара қоңыр түсті жуашығы жұмыртқа тәрізді. тік сабағына көкшіл сұр түсті, сыртына қарай қайрылған 3 – 4 жапырақтары кезектесіп орналасады. дара гүлі сары, қызғылт немесе қан қызыл түсті болып келеді де, ал ішкі жағында қара дақтары болады. тұқымынан және өсімді жолмен (вегетативті) көбейеді. сәуір – мамыр айларында гүлдеп, маусымда жеміс береді. жемісі – үш ұялы, көп тұқымды қауашақ. а. қ. өте сирек кездесетін өсімдік. қазақстанның «қызыл кітабына» енгізіл-
95
Аманбөктер ген. ақсу-жабағылы қорығы мен андасай қорықшасында қорғауға алынған. АМАНБӨКТЕР – алматы обл. ақсу және шыңжаң-ұйғыр автономиялы (ҚХР) аудандарының шекарасындағы асу. жетісу жотасының орт. бөлігінде орналасқан. абс. биікт. 3754 м. а. асуынан мамыр – қыркүйек айларында жаяу адам өте алады. асудың солт. беткейінен кіші басқан өз. бастау алады. биік таудың бөктерінде жер бедерінің альпілік пішіндері мен мұздық белдемдер басып жатыр. таудың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері бар. АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ – қостанай обл-ның оңт.шығысындағы әкімш. бөлініс. аум. 27,8 мың км2. тұрғыны 16,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 0,6 адамнан келеді (2010). алғаш батпаққара ауд. деген атпен 1928 ж. құрылды. 1936 ж. оған халық батыры амангелді есімі берілді. аудандағы 39 елді мекен 13 ауылдық округке біріктірілген. аудан орт. – амангелді а. а. а. торғай үстіртінің оңт.-шығыс бөлігінде орналасқан. оңт.-шығысын жыланшықтүрме (абс.
96
Аудандағы жазық өңір
биікт. 250 – 300 м) қыраты, айғыржал (300 – 350 м) және қырғыш тауларының солт. сілемдері (500 м) алып жатыр. батыс жағының едәуір бөлігін «торғай қолаты» деп аталатын ескі аңғардың шығыс беткейі қамтиды. оған шығысынан сарыөзен, торғай, жыланшық өзендерінің аңғарлары келіп түйіседі. жер бедері ойлы-қырлы, таулы-ойысты болып келеді. кен байлықтары: қоңыр көмір, темір кентасы, боксит және құрылыс материалдары. климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық және қуаң. қаңтардың орташа темп-расы 16 – 22°С, шілдеде 22 – 24°С. жауын-шашынның жылдық мөлш. 250 – 350 мм. аудан торғай, ұлы Жыланшық өзендерінің бас жағы мен салалары – сарыөзен, жалдама және қараторғайдың орта және төм. ағыстары алабын қамтиды. сарыөзеннің салалары – үлкен дәмді, мойылды және жалдама өзендері және амангелді бөгені жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. а. а-нда балықты, топалаң, қоғалыкөл, шақпақ, т.б. көлдер бар. топырағы солт. пен солт.-шығыста қоңыр, оңт. мен оңт.шығысында ашық қоңыр. сортаң топырақ та кездеседі. ауданның торғай және оның саласы жалдама өзендеріне дейінгі солт. бөлігін жусан аралас бетегелі, селеулі, жусанды, көкпекті шөп өскен құрғақ дала алып жатыр. оңт-ндегі шөлейт аймақта ақ жу-
сан, көде, еркек шөп, қара жусан, көкпек және бұйырғын өседі. өзен жағалауында, ойпаңдарда галофит өсімдіктері аралас бидайықты, өлеңшөпті шалғын өседі. а. ш. жерінің аум. 2251 мың га. оның ішінде егістік 148,9 мың га, шабындық 96,5 мың га, жайылым 1846,7 мың га (2008). аудан аумағын қостанай – амангелді, амангелді – арқалық, арқалық – есіл автомоб. жолдары, арқалық – есіл т. ж-ның оңт. бөлігі басып өтеді. АМАНГЕЛДІ БОКСИТТІ КЕН ОРНЫ, қостанай обл. арқалық қалалық әкімдігі аумағында орналасқан. 1932 ж. ашылған. кенді аймақта 5 кен орны орналасқан. олар негізінен торғай ойысының (қолатының) шығысында, терісаққан және қараторғай өзендері суайрығында жатыр. кен денелері тез бұзылатын палеозой тау жыныстарындағы негізі мезозойдың борпылдақ шөгінділері мен палеогеннеоген шөгінділерінде шоғырланған. кентасты қабаттар сазбалшықтан, оолиттен және бокситтерден тұрады (қалыңд. 20 м). тез бұзылатын қабыршақтар астында жоғары девонның фран ярусының терригенді шөгінділері мен фабен ярусының карбонатты қабаты жатыр. кен қабаттарын синклинальды жазықтықтағы төбешік қабаттар жапқан эрозиялық-карсты депрессиясы алып жатыр. олар көрші белдемдегі ярустармен (арқалық, ашұт, терісаққан) жалғасқан. беткейлік кентасты қабаттың қалыңдығы әр түрлі пішінді келеді. олардың мөлш. 125 м-ден 3547 м аралығында. өндіруге болатын кен қабатының литол. құрамы тастан, борпылдақтан, сынып-уатылатын сазбалшықтан тұрады. олардың қалыңд. 1 – 6 м-дей. негізгі минералдары: гиббсит, каолинит, гематит. кендердегі алюминий оксидінің (Al2O3) мөлш. 41,1 – 50,3%, кремний диоксиді зиянды қосылысының (SіO2) мөлш. 8,22 – 16,2%. кен денелері бір-біріне жақын жатыр. мұнда еліміздегі ең сапалы деген алюминий кентастары шоғырланған. кентастар карьерлік әдіспен өндіріледі. өнімі павлодар алюминий з-тының шикізаты болып табылады. АМАНГЕЛДІ БӨГЕНІ, қостанай обл. қостанай ауд. тобыл өз-нің сол жағалауында орналасқан. теңіз деңгейінен 131,5 м биіктікте жатқан бөгеннің аум. 4,2 км2, көл. 8,1 млн. м3, ең терең жері 13 м. бөген суын а. ш-нда, т.б. салаларда пайдаланады. балықтардан шортан, алабұға, тыран, шабақ, т.б. кездеседі. амангелді газконденсат кені, жамбыл обл-нда, жамбыл қ-нан солт-ке қарай 165 км жерде орналасқан. газконденсатты құрылым сейсмик. зерттеулер арқылы 1974 ж. анықталып, 1975 ж. алғашқы газ алынды. төм. пермь өнімді қабатындағы құрылымның өлшемі 13,5×7 км; қалыңд. 400 м шамасында. өндірістік маңызы бар газ горизонттары төм. пермь – тас көмір шөгінділері қабатында жатыр. газ кені қабаттанған құрылымның биік төбешіктерінде шоғырланған, коллекторлары құмтастан, алевролиттен, әктастан тұрады. олардың кеуектілігі 10 – 22% аралығында өзгереді. бастапқы қабаттық қысым 21,3 – 24,8 мпа, ұңғыманың тәуліктік өнімд. 213,4 мың м3-ге жетеді. қазақстанның оңт. өңірін газбен жабдықтауда бұл кен орнының маңызы ерекше. АМАНГЕЛДІ ШЫҢЫ – іле алатауының кіші алматы сілеміндегі тұйықсу мен богданович мұздықтары алабын бөліп тұрған шың. биікт. 4000 м. алматы қ-на таяу жердегі абай шыңымен қатарлас.
Аңдысай а. ш. – әсем гранит жартас. шыңды 1939 ж. В.И.зимин бастаған алматы альпинистері ашты. АМАНЖОЛ АСУЫ – іле алатауындағы асу. теңіз деңгейінен 3115 м биіктікте орналасқан. іле алатауының солт-ндегі кіші түрген өз-нің жоғ. ағысы аманжол өз. аңғарымен асы жайлауын басып өтіп, альпілік шалғын арқылы асуға көтеріледі. іле алатауының оңт-нен – асу маңынан шілік өз-нің сол салалары – аманжол, жіңішке өзендері ағып өтеді. АМАНҚАРАҒАЙ – қостанай обл. әулиекөл аудндағы шоқ қарағай. аум. 320 км2-дей. батыстан шығысқа қарай 45 км-дей жерге созылып жатыр, ені 15 км-ге жуық. ағаш қоры 250 – 350 м3/га. тоғай өскен жер бедерінің басым бөлігі бор және неоген шөгінділерінен құралған. оңт.-батыс бөлігінде тасты шағылдар мен құм төбелер кездеседі. ойпаң жерлерде қарағай, қайың, көк терек өседі. жазда жартылай тартылып қалатын ұсақ көлдер бар. олардың жағалауында сораң өсімдіктер, қарағай, бетеге, қоңырбас, атқонақ, көде өседі. а-дан аманқарағай кентіндегі орман ш. кәсіпорны маңайдағы елді мекендер үшін тұрғындарға ағаш дайындайды. АМАНТАУ – қарағанды обл. нұра ауд-ндағы шошқакөл көлінің солт-нде 10 – 15 км жерде орналасқан тау. олар бірнеше (жартас, сақар, найза) таулардан тұрады. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 30 км-ге созылған, енді жері 7 – 8 км. беткейлері тауаралық өзен аңғарларымен тілімденген. солт. беткейінен ақтасты өз., оңт. беткейінен соналы өз. және оның көптеген салалары бастау алады. тас көмір жыныстарынан және девон гранитоидтарынан түзілген. қызғылт қоңыр топырағында шілік аралас дала өсімдіктері өседі. АНАР (Punіca) – анар тұқымдасына жататын ағаш немесе бұта. 2 түрі бар. к ә д і м г і А. (P. granatum) орта азия жемістерінің ішінде көп өсірілетін дақыл. биікт. 3 – 5 м, бұтақтары тікенекті, ашық қызыл түсті. А. жарық сүйгіш өсімдік, құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімсіз. бақта қатар аралығы 4×2 м немесе 4×3 м етіп отырғызылады. отырғызылғаннан кейін 3 – 4 жылда жеміс сала бастайды. А. тұқымынан және өсімді (вегетативтік) тәсілмен, ал қолдан өсірілетін сорттары көбінесе сүректелген қалемше немесе ұластыру арқылы көбейеді. орта есеппен әр ағаштан 25 – 30 кг өнім алынады. ағаштары жемісті 30 – 50 жылға дейін береді. Кейбір А. 300 жылға дейін өcеді. жемісінің салм. 200-ден 1000 г, дөңгелек (диам. 8 – 10 см) шырынды, көп тұқымды, сыртында қатты қабығы бар. жемісінің шырынында 80 – 90% су, 8 – 12% қант, 0,5 – 5% түрлі қышқылдар, 3 – 4% көмірсу, С, В витаминдері болады. А-дан сироп, шырын алынады. шарапқа және тағамға тұздық ретінде қосылады. А-дың қабығынан таспа құрт түсіретін дәрілік препарат дайындалады, тамырынан бояулық зат алынады, сондай-ақ тұмау, күйік, іш құрылысы ауруларына пайдаланады. оңт. қазақстанда А-дың қызғылт гюлоща, бала-мюрсаль, қазаке анар, қызыл анар, т.б. сорттары өсіріледі. АНГРЕН ҚАЛПАҚБАСЫ (Ugamіa angrenіca) – күрделігүлділер тұқымдасы, қалпақбас туысына жататын шала бұта. қазақстанда талас алатауы мен қаратау, өгем жоталарында кездеседі. қиыршықтасты беткейлерде, жартасты қырқаларда, 3000 м-ден жоғары тау қияларында өседі. биікт. 2 – 8 см, қалың
түк басқан түбінен бұтақталған. сабағы әбден сүректеніп кеткен. жапырақтары ұсақ, қысқа сағақты. ақшыл сары түсті, қос жынысты гүлдері себет гүлшоғырына топталған. шілде – тамыз айларында гүлдеп, жеміс береді. тұқымынан көбейеді. жемісі – қатпарлы, қалың түк басқан тұқымша. А. қ. ақсужабағылы қорығында қорғауға алынған. өте сирек кездесетін өсімдік түр болғандықтан, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АНДАҒҰЛ – бетпақдаланың оңт-ндегі тау. жамбыл обл. сарысу ауд. жерінде орналасқан. абс. биікт. 330 м. тау батыстан шығысқа қарай 20 – 22 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. жер қыртысы жоғ. ордовик жыныстарынан түзілген. аласа келген таудың салыстырмалы биікт. 90 – 95 м. беткейлері жайпақ келген. онда боз жусан, ақселеу, теріскен, т.б. шөлдің сораң шөптесіндері өскен. баурайы жыл бойғы мал жайылымы. АНДЫЗ (Іnula) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. қазақстандағы шалғынды алқаптарда, өзен, көл жағасында, жазық және таулы жерлердегі ормандарда 12 түрі өседі. олардың ішінде ең көп тарағандары – б и і к а. (I. helenіum) және ү л к е н А. (I. grandіs). бұлардың биікт. 10 – 70 см-ден 2,5 м-ге дейін жетеді. Тік сабағына бүтін жиекті жапырағы кезектесе орналасады. ашық сары түсті гүлі қалқанша тәрізденіп, бір-бірден не топталып біткен себет гүлшоғырына жиналады. маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. жемісі – цилиндр тәрізді тұқымша. өсімдіктің тамырында жүрекке әсер ететін, қабыну процесін басатын, құрттар мен микробтарды өлтіретін қантты зат – эфир майы, инулин бар. сондықтан А-ды бағалы дәрі-дәрмек алатын өсімдік ретінде пайдаланылады, сондай-ақ тағам өндірісінде қолданылады. тамырынан көк бояу алынады. жайылым мен шабындықтарда қой және түйе үшін бағалы жемшөптік өсімдік болып саналады. АҢДЫСАЙ ҚОРЫҚШАСЫ – зоол. қорықша. жамбыл обл. мойынқұм ауд-ның солт. бөлігі мен бетпақдаланың оңт-нде орналасқан. мойынқұм, бетпақдала шөлдеріндегі, шу-іле тауларындағы арқар, құлан, таутеке, елік, жабайы шошқа, ақ бөкен, қарақұйрық, дуадақ, безгелдек, қырғауыл, т.б. пайдалы аңдар мен құстарды және ойпаң дала көлдеріндегі балықтарды қорғау, көбейту мақсаттарымен 1966 ж.
Қорықшадағы бөкендер
97
Аңырақай
98
құрылған. аум. 1 млн. га. жер бедері ақ сексеуіл өскен тоғайлы төбешік пен құмды қырқалар, беті тегіс аумақты тақырлар болғандықтан жануарлар үшін өте қолайлы келеді. қорықшада балық пен бауырымен жорғалаушылардың 10-нан, құстардың 200ден, сүтқоректілердің 40-тан астам түрлері (кірпікшешен, қоян, сарышұнақ, борсық, қасқыр, қарсақ, түлкі, елік т.б.) тіршілік етеді. А. қ. оңт. қазақстандағы ақ бөкендердің қыстап шығатын қонысы болып есептеледі. ондағы бірқатар аң-құстар (қарақұйрық, шұбар күзен, қалбағай, жалман, арқар, аққу, т.б.) мен өсімдіктер (альберт қызғалдағы, бетпақдала сылдыршөбі) қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. қорықша аумағында аң-құстарды аулауға тыйым салынған. АҢЫРАҚАЙ – жамбыл обл. шу ауд. жеріндегі тау сілемі. шу-іле тауларының оңт.-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. абс. биікт. 1295 м. ұз. 75 км, ені 5 км. архей гнейстері мен кристалды тақтатастардан түзілген. беткейлерінің оңт.-батысы жазық, солт.шығысы құлама жар, қорымтасты, шыңды келеді. қиыршықтас араласқан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған, тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі. АПОРТ – алманың сорты. шығу тегі белгісіз. 1865 ж. қазақстанға воронеж губерниясынан жер аударылған Е.В.редько А-тың екпе көшетін жетісу өңіріне алып келіп еккен. олар тез арада бой көтеріп, жеміс
Апорт
салған. қазіргі кезде алматы, оңт. қазақстан және жамбыл облыстарында А-тың: А л е к с а н д р А - ы және қ а н - қ ы з ы л А. сорттары кездеседі. халық александр А-ын алматы А-ы деп атап кеткен. қазақстанның оңт. облыстарының таулы аймақтарында 750 – 1450 м-ге дейінгі биіктікте өседі, суыққа төзімді келеді. керісінше жазық және тау етегіндегі аудандарда суыққа төзімсіз. ағаш бөркі сирек, дөңгелек, аумақты болады. жемісін көбінесе шет жақ бұтақшаларына салады. екпе көшетті отырғызғаннан кейін 6 – 7 жылда жеміс салады. танаптың 1 га жерінен 180 – 250 ц-ден жоғары өнім алынады. алматы А-ының жемісі өте ірі (250 – 400 г), дөңгелек, түсі шымқай қызыл, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті дәмді келеді, өзіне ғана тән хош иісі бар, наурыз – сәуір айларына дейін сақталады, тасымалдауға төзімді. АРА, ү й а р а с ы , б а л а р а с ы (Apіs mellіfera) – жарғаққанаттылар отрядының өкілі. қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. А. топталып, үл-
Бал арасы
кен ұя болып тіршілік етеді. бір ұяда бір ұрғашы А. (аналық А.), бірнеше жүз еркек А. және ондаған мың (100 мыңға дейін) «жұмысшы» А. болады. ұрғашы А. ұяда ұрпақ өсіреді. ол А-лардың ішіндегі ең ірісі, жыл маусымына қарай денесінің ұз. 20 – 25 мм, ал салм. 150 – 300 мг-ге жетеді. тәулігіне 2 – 3 мың, маусымына 200 мың ұрықтандырылған жұмыртқаға дейін (кейде ұрықтандырылмаған жұмыртқа да) салады. ұрықтанған жұмыртқадан ұрғашы, жұмысшы және аналық А-лар, ал ұрықтандырылмаған жұмыртқадан тек еркек А-лар ғана шығады. аналық А. ұяның анасы болып есептеледі, ол 3 – 5 жыл, кейде 10 жылға дейін өмір сүреді. күзде салқын түсісімен жұмыртқа салуды тоқтатып, оны қайтадан ақпанның 2-жартысынан бастайды. еркек А. денесінің ұз. 15 – 17 мм, салм. 250 мг болады. ол негізінен ұрғашы А-ны ұрықтандырады да, одан кейін өліп қалады. омартаның негізін қалайтын жұмысшы А-лардың денесінің ұз. 12 – 15 мм, салм. 90 мг болады. жұмысшы А-лар көбею мүшелері жетілмеген ұрғашы А-лар. олар жұмыртқадан жаңа шыққан ұрпақты қоректендіреді, балауыз ұяшықтардың тазалығын, ауа алмасуын қадағалайды, тәтті шырын мен гүл тозаңдарын жинайды. жұмысшы А-лар 7 – 8 ай тіршілік етеді. ұяда тұратын әрбір А. өзінің қызметі мен міндеттерін жақсы біледі және оны мүлтіксіз орындайды. А-лардың ішінде дербес тіршілік ететін түрлері де бар. қазақстанда Іле алатауының етегінде А-ның антофора деген түрі дара тіршілік етеді. А. ұясынан емдік, тағамдық қасиеті бар бал алынады. А-дан алынатын ара балы, араның уы, перга, аналық сүтше, балауыз және ара желімі (прополис) медицинада және техникада кеңінен қолданылады. АРАҚАРАҒАЙ – қостанай обл. алтынсарин аудның солт.-батысында, қоңыр қызғылт топырақты орманды дала белдемінде орналасқан шоқ қарағайлы орман. солт-тен оңт-ке қарай 40 км-ге созылып жатыр. ені 20 км-ге жуық. жалпы аум. 616 км2, оның ішінде ағаш өскен аум. 271 км 2. 1 га-дан 250 – 350 м3 ағаш алынады. орналасқан жері жазық құмтасты және сазды келеді. орманның алаңқай жерлерінде ұсақ көлдердің қазаншұңқырлары, аласа жалдар, белестер бар. А-дың солт.-батыс бөлігінде қарағай, қайың, көк терек өседі, итмұрын, қарағай, тобылғы бұталары жиі кездеседі.
Арал АРАЛ АЛБЫРТЫ (Salmo trutta aralensіs) – албырт тұқымдасына жататын жыртқыш балық. арал т-нде тіршілік еткен. соңғы 30 – 40 жылда ол туралы ешқандай дерек кездеспейді, жойылып кетуі де мүмкін. дене тұрқы 100 см, салм. 13 – 14 кг. денесі жұмыр, арқасы қара қоңыр, күмістей аппақ бүйірінде х тәрізді қара дақтары бар, май қанаты бауырында орналасқан. жақтары мен ауыз қуысында майда тістері болады. осы белгілері А. а-н арал суындағы басқа түрлерден ерекшелендіреді. А. а. – өткінші балық. уылдырығын қараша – желтоқсан айларында әмударияға шашады. майшабақтары теңізге шыққанша 2 жылдай өзендерде тіршілік етеді. А. а. майда балықтармен және ірі шаянтәрізділермен қоректенеді. ол – өте дәмді балық, бірақ кәсіптік маңызы жоқ. Саны аз, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АРАЛ АПАТЫ – арал т-нің тартылуына байланысты орта азия мен қазақстанның үлкен аймағындағы адамдарға, табиғатқа, өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне келген экол., әлеум.-экон. үлкен апат. соңғы 40 жылда сол аймақтағы суғармалы жер аумағының ұлғаюы, суды қажет ететін кәсіпорындардың көбеюі, арнасай, шардара, сарықамыс сияқты көп-
Арал қасіреті
теген жасанды суқоймаларының пайда болуы – арал айдынының аумағын, көлемін, тереңдігін азайтты (қ. арал экологиясы). ауаның ылғалдылығы (жаз, күз айларында 9%-ға дейін) азайып, жазы құрғақ та ыстық (шілдеде 52°С-қа дейін, 2005), қысы суық (47°Сқа дейін, 2006) болатын жылдар мен күндер көбейді. өзен жағалауындағы суғармалы егістерде (негізінен мақта мен күріш) және өнеркәсіп орындарында пайдаланылған сулар арал т-не құйылып теңіз түбіне 1 млрд. т-дан астам улы шөгінділерді әкелді. сөйтіп, су тұздылығының артуы нәтижесінде су түбіне шөккен тұз шөгінділері пайда болды. көл. 4 млн. га-ға жуық жалаңаштанған теңіз түбінен көтерілген (жыл сайын теңіз түбінен көтерілетін 70 млн. т) улы шөгінділер тұзды шаңға айналып, жайылымдар мен егістіктерді улап, үлкен апат әкелді. бағалы балықтардың түрлері (бекіре, сазан, шоқыр, қаяз, ақмарқа, алабұға, т.б.) құрып кетті. осыған орай, теңіз жағалауындағы балық з-ттары, кеме көлігі кәсіпорындары, барсакелмес аралындағы хайуанаттар қорығы, возрождение аралындағы кәсіпорындар жабылды. А. а. аймағынан жүздеген мың адам өскен жерін тастап, өзге өлкелерге қоныс аударуға мәжбүр болды. ғарыштан қарағанда, теңіздің жиегінен 400 км-ге дейін
созылған «тұзды бұлт» өсімдік пен жануарлардың түрлерін азайтты. бұрын теңіз маңында мекендеген су құстары түгелге жуық, қазақстанның «қызыл кітабына» енген жануарлардың кейбір түрлері (итала қаз, бұлдырық, жидек, арал шағаласы, ондатр, т.б.) құрып кетті. А. а. сол аймақтағы 60 мыңға жуық тұрғынның денсаулығына зиянды әсерін тигізді. «қоршаған орта және балалар» деген тақырыпта 1998 ж. амстердамда өткен балалар дәрігерлерінің дүниежүз. 22 халықар. конгресінде арал аймағындағы балалар денсаулығының мәселелері қаралды. АРАЛ АУДАНЫ – қызылорда обл-ндағы әкімш. бөлініс. 1938 ж. ұйымдастырылған. аудандағы 58 елді мекен, 1 қалалық, 2 кенттік, 14 ауылдық округке біріктірілген. аудан орт. – арал қ. жер аум. 55,1 мың км2. тұрғыны 74,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2ге 1,2 адамнан келеді (2010). А. а. облыстың солт.батыс бөлігінде, шөлейт белдемде орналасқан. оңт. бөлігін түгелдей арал т. алып жатыр. аудан батысы мен солт-нде ақтөбе обл-ның шалқар және ырғыз аудандарымен, солт.-шығысында Қарағанды облның ұлытау ауд-мен, оңт.-шығысында қызылорда обл-ның қазалы ауд-мен, оңт-нде қарақалпақстанмен шектеседі. тұран ойпатында орналасқан аудан батыста үлкен және кіші борсық құмдары, солт.шығысын баршақұм, шығысын арал қарақұмы алып жатыр. арал т. жағалауында көкарал, көктырнақ, барсакелмес, шұбартарауыз, құланды түбектері, чернышев, тұщыбас, шевченко, бутаков шығанақтары және берг мойнағы орналасқан. қарашоқы (283 м), алтыншоқы су (209 – 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі. кен байлықтарынан темір кентасы, тұздар (миробилит, астраханит, ас тұзы), борат, мұнай, және кварц құмдары мен құрылыстық тастар бар. А. а-ның климаты тым континенттік. орташа ауа темп-расы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. жауын-шашынның мөлш. 100 ммге жуық. аудан жерінде өсімдіктерден жусан, селеу, жыңғыл, сексеуіл, жиде, жыңғыл, қамыс, т.б. өседі.
Сырдария алабындағы Қамыстыбас көлі
жануарлар дүниесінен құм қояны, сарышұнақ, қосаяқ, түлкі, қасқыр, қарақұйрық мекендейді. ірі елді мекендері: арал қ., абай, сексеуілді, жақсықылыш кенттері және шижаға, т.б. аудан негізінен қаракөл қойын, ірі қара жылқы және түйе өсіруге маманданған. қазір бұрынғы кеңшарлар негізінде ұжымдық шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. аудан арқылы орынбор – ташкент т. ж., қызылорда – ақтөбе автомоб. жолдары өтеді.
99
Арал
100
АРАЛ БЕКІРЕСІ, п і л м а й (Acіpenser nudіventrіs) – бекіретәрізділер отряды, бекірелер тұқымдасына жататын балық. каспий және арал т-дерінде, сондай-ақ сырдария өз-нің су алаптарында өте сирек кездеседі; балқашта жерсіндірілген. дене тұрқы 210 см, салм. 60 кг-дай. олардың аталығы 9 – 13, аналығы 13 – 16 жаста жыныстық жағынан жетіледі. уылдырығын шашу үшін сәуір – қараша айларында өзендерге өрлейді. ерте бастағандары 650 – 850 км, кейінгілері 150 – 300 км-ге көтеріледі. олар өзендерде қыстап шығып, наурыз – мамыр айларында су темп-расы 10°С-тан асқанда уылдырығын (1 млн-ға дейін) ағысы қатты қайраңдарда, тасты, қиыршық топырақты жерлеріне шашады. 4 – 6 күнде уылдырықтан майда шабақтары пайда болады. олардың кейбіреуі сол жылы ағыспен теңізге жетеді де, ал қалғандары өзендерде бірнеше жыл тұрақтап қалады. шабақтары шаянтәрізділермен, әр түрлі құрттармен, ересектері ұлулармен, бентостік организмдермен және майда балықтармен қоректенеді. тіршілік ортасына сәйкес А. б-нің қорек құрамы өзгеріп отырады. Еті өте дәмді, уылдырығы бағалы келеді, кәсіптік түр болғандықтан кезінде көп ауланған. қазір А. б-нің санының азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АРАЛ ҚАРАҚҰМЫ – арал т-нің солт.-шығысында жатқан құмды шөл. арал т. мен торғай үстіртінің аралығын, ақтөбе, қарағанды және қызылорда облыстары аумағының бір бөлігін алып жатыр. аум. 35 мың км2 шамасында. құм алқабы бор және палеоген жыныстарының үгілуінің нәтижесінде түзілген. қазіргі кезде оған жел айдап әкелген арал т-нің құм шөгінділері қосылуда. алқап беті солттен оңт-ке қарай бірте-бірте аласарып, арал т. маңында жағалық құм белдеуіне ұласады. біртұтас құм алқабы солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай ойысты жеке бөліктерге бөлшектенген. одан жоғары көлқұдыққұм, жіңішкеқұм, алайғырқұм, үлкенқұм орналасқан. А. қ. жер асты суына бай. тұщы суы жер бетінен 2 – 3 м тереңдікте, артезиан суы бор және палеоген жыныстарының қабаттарында, яғни 100 – 200 м тереңдікте жатыр. олардың минералдану дәрежесі әр түрлі (тұщы, кермек, ащы). А. қ-ның климаты тым континенттік, құрғақ. қаңтардың орташа темп-расы –12 – 14°С, шілдеде 25 – 26°С. жылдық жауын-шашын мөлш. 100– 150. булануы 1400 – 1600 мм. қыста қар жұқа түседі (қалыңд. 5 – 6 см-ден аспайды). сусыма құмды алқаптар мен ойпаңдарда қоңырқай топырақ арасынан сорлар ұшырасады. бе-
Арал Қарақұмы
лесті құмды жазықтарда еркек шөп, жусан, жүзгін, құм сұлысы, қияқ, ойпаңдарда ши, айрауық, қамыс, сор жерлерде сарсазан, көкпек, бұйырғын өседі. ұсақ кемірушілерден сарышұнақ, қосаяқ; бауырымен жорғалаушылардан кесіртке, жылан, тасбақа; жыртқыштардан қасқыр, қарсақ, сондай-ақ қыста ақ бөкен мекендейді. А. қ-нда жыл бойы мал жайылады. АРАЛ ҚАЯЗЫ (Barbus brachycephalus) – тұқы тұқымдасына жататын балық. қазақстанда А. қ-ның тіршілік ету ортасына байланысты каспий және арал тұқымдары бар. дене тұрқы 111 см, салм. 22 – 23 кг. пішіні жұмырлау, ұзынша. түсі күмістей аппақ, арқасы қара сұр, бүйірі мен қанаттары ақшыл. екі жұп мұртшалары бар. қазақстанда каспий қаязы және А. қ. (B.b.brachycephalus) сияқты 2 түр тармағы бар. А. қ. арал және балқаш су алаптарында кездеседі. ол 1930 – 31 ж. балқашта жерсіндірілген. жыныстық жағынан 5 – 12 жасында жетіледі. уылдырығын шашу үшін өзендерге сәуір – қараша айларында өрлейді. судың темп-расы 17 – 18°С-қа жеткенде уылдырығын (540 мыңға дейін) лайсыз қатты жерге шашады. А. қ. ұлулармен, сушаяндарымен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. А. қ-ның еті өте дәмді, кәсіптік маңызы зор. 1980 жылдан бері оны ұстағаны туралы дерек жоқ, қазақстанда жойылып кету қаупі болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АРАЛҚҰМ – балқаш көлінің оңт-ндегі лепсі және басқан өзендері аралығында орналасқан қырқалы төбешікті құм. алматы обл. ақсу ауд. жерінде. солт.батыстан оңт.-шығысқа қарай 45 км-ге созылып жатыр. енді жері 18 км. төбешікті құмдардың биікт. 15 – 20 м-ге жетеді. өзен аңғарымен ұласқан жерлерінде жыңғыл, баялыш, бұйырғын, құрақ, жүзгін, қоянсүйек, жусан, селеу, т.б. өседі. АРАЛ-САРЫБҰЛАҚ СУ ҚҰБЫРЫ, қызылорда обл. қазалы, арал аудандары халқын ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған. алғашқы желісі (бердікөл су тартқысы) 1985 ж., қосаман су тартқысы 1993 ж. іске қосылды. су құбырының ұз. 345 км. екі су тартқыда 12 су көтергіш сорғы ст., хлорлау қондырғылары, 38 ұңғыма жұмыс істейді. сорғы стларының қуаты тәулігіне 275 мың м3. АРАЛСОР – ойыл алабындағы тұзды көл. батыс қазақстан обл. ақжайық ауд-ның оңт.-шығысында, ойыл сағасында орналасқан. теңіз деңгейінен 11 м төмен жатыр. Аум. 200 км2, тереңд. 30 – 50 см. жағалауы жазық, тегіс келген. су құрамында ас тұзы, калий, йод, бром, т.б. элементтер бар. жауын-шашын және ойыл өз. суымен толысады. қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. көл балшығы түрлі ауруларға шипа. АРАЛСОР – батыс қазақстан обл. бөкей ордасы ауд. бисен а-ның шығысында 35 км жердегі ащы көл. Аум. 124,1 км2. көл теңіз деңгейінен 1,6 м биіктікте жатыр. ұз. 34,3 км, енді жері 13,0 км, жағалау бойының ұз. 117,4 км. орта тұсында ұз. 7 км, ені 4 км-ге жуық сор басқан арал орналасқан. жаз айларында көл суы тартылғанда арал жағалауымен (солт-нде) жалғасып жатады. шығыс жағалауынан басқа бөлігі жарқабақты келеді. солт-нен ащыөзек өз. құяды. жағалауының шығысындағы ашық бөлігін қамыс, құрақ басқан. АРАЛСОР, ү з г е н с о р – батыс қазақстан облндағы ақжайық ауд-ның оңт.-шығыс бөлігіндегі көл.
Арал Аум. 57,8 км2, ұз. 23 км, енді жері 6,2 км, жағалау бойының ұз. 134,5 км. түбекті, аралды және шығанақты келеді. түбі – тұнба лайлы. жағасы тік жарлы (2 – 5 м). солт. жағы шағын сор батпаққа ұласады. атырабы теңіз деңгейінен төмен жатқан құмды жазық. суы ащы, тұзды. ылғал мол жылдары деңгейі көтеріліп, ойыл өз-мен жалғасады. арал теңізі – өзбекстан мен қазақстан (қызылорда және ақтөбе обл.) шекарасында, тұран ойпатының шөлді белдемінде, үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін (1960 – 70 ж.) дүниежүз. теңіз деңгейінен 53 м биіктікте болған. осы деңгейдегі айдынының аум. 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), су көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жиналатын алабы 69000 км2 болған. алабындағы шаруашылық мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға – үлкен арал және кіші аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. ежелгі гректер мен римдіктер теңізді каспийдің «сақ шығанағы» деп есептесе, а.македонский кезінде окс т. (окс – сырдарияның грекше аты) деп атаған. кейін птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің хорезм, женд, кердері теңіздері сияқты аттары да бар. теңіз табиғатын жан-жақты зерттеу ресей империясының шығысты отарлау саясатын жүргізу кезінде іске асырыла бастады. 1848 – 49 ж. әскери теңізші әрі зерттеуші а.и.бутаковтың экспед. а. т-нің су айдынын алғаш рет толық зерттеді, нәтижесінде 1850 ж. аралдың алғашқы толық картасы жасалды. теңіздің морфометр. сипаттамаларын тұңғыш рет (1874, 1889) и.а.стрельбицкий анықтады. 1874 ж. геодезист а.а.тилло теңіз деңгейін өлшеп, солт.-батыс жағасына қада орнатты. теңіз суының хим. құрамы туралы зерттеулердің нәтижесі 1870 – 73 ж. жарық көрді. 1900 – 03 ж. теңіздегі және оның маңайындағы кешенді геогр. және гидрол. зерттеулер л.с.бергтің басшылығымен жүргізілді. одан кейінгі жылдары теңізді зерттеумен көптеген ғыл.-зерт. және жобалау ин-ттары шұғылданды. қазақстанның, сонымен бірге бірқатар шетелдік ғыл.-зерт. мекемелері А. т-н зерттеу мәселесімен айналысты. бірнеше халықар. қоғамдар, ұйымдар құрылған. арал ойысы жоғ. плиоценде жер қыртысының төменге майысуы нәтижесінде қалыптасқан. табанының бедері жота, жоталы жазық болып келеді. деңгейі күрт төмендегенге дейінгі тереңд. 20 – 25 м, А. т-нде жалпы аумағы шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%-ы) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың бірқатары түбектерге айналып, құрлыққа қосылған. кезіндегі ең ірі аралдары: көкарал, барсакелмес, возрождение. солт-нде биік және жайпақ жағалаулар кезектесіп отырады. олар терең шығанақтармен тілімденген; шығыс жағасы жазық және құмды, шағын шығанақтар мен жаға маңы аралдары көптеп кездеседі, оңт. жағасы әмударияның атырауынан тұрады; батыс жағасының тілімденуі шамалы, бұл тұстағы биікт. 250 м-ге жететін үстірттің жарлауыт қабақтарынан тұрады. А. т-не орт. азияның 2 аса ірі өз. (әмудария, сырдария) құяды. климаты континенттік, құрғақ, ауаның орташа темп-расы жазда 24 – 26°С, қыста 7,0 – 13,5°С. жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 100
мм. табиғи жағдайдағы теңіздің су теңдестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км3. 1970 жылдан бастап көлге құятын өзен ағындысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теңіз суы жылдан-жылға тартылып келеді. су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. соңғы кезде маусымдық құбылмалылық болмаса су деңгейінің көп жылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 – 30°С, қыста 0°С-тан төмен. қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. суының тұздылығы табиғи жағдайда 9 – 14 болатын, соңғы он жыл ішінде (1988 – 98) 25 – 30‰-ге дейін өсті. суы мөлдір, 25 мге дейінгі тереңдікті көруге болатын еді. теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балықтан арал шоқыры, сазан, қаяз, торта, т.б. бар. соңғы кезде камбала жерсіндірілген. кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды. маңызды айлақтары мен негізгі экон. қалалары бұрын арал (кіші аралда) және құрлықта қалған мойнақ (үлкен аралда) қалалары болған. А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен және көкөніс-бақша өсірумен айналысады. арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. балық өңдеу (тұздау) з-ттары бұрын әмударияның атырауында, аван кентінде (көкаралда), бөген а-нда (шығыс жағалау), бұрынғы ұялы және ұзынқайыр аралдарында орналасқан. алғаш әмударияның атырау тұсы А. т. аталып, кейін теңіз түгелімен арал аталған. АРАЛТӨБЕ – шығыс қазақстан обл. үржар ауд. сасықкөл көліндегі арал. аум. 11,2 км2, ұз. 5 км, ені 3 кмге жуық. аралды төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. батысы мен оңт.-батыс бөлігі тік, тастақты келген. солт.-шығыс жағалауында қамыс араласқан ну тоғай өседі. АРАЛ ТҰЗ КЕНДЕРІ – арал т. алабындағы түбіне тұз шөккен көлдер. тұз кені негізінен болғасынтұз, қорғантұз, жақсықылыш, кішкенетұз, бұғажайлы (арыс көлі), қаратұз ойпаңдарындағы көлдерде орналасқан. олардан галит (NaCІ), тенардит (Na2SO4), мирабилит (Na2SO4·10H2O), эпсомит (MgSO4·7H2O), астраханит (Na2SO4·MgSO4·4H2O) тұздары өндіріледі. аталған тұздардың ішінде тенардит барлық көлдерден алынып біткен. оның 20 ғ-дың соңғы жылдарындағы жаңадан шөгуі бірнеше мм-ден аспайды. жақсықылыш көлдеріндегі аралас тұздар – мирабилит пен эпсолиттің қоры 10 млн. т шамасында, галиттің қоры 29 млн. т. көлдердегі тұз шөгінділері тақта немесе линза пішінде түзілген. галит минералының кристалдары мен түйіршіктері көлдер түбіндегі қара түсті лаймен араласқандықтан қара сұр, кейде қара болып келеді. ас тұзының барлық кендерінде бром, бор, магний, ал йод аз мөлшерде кездеседі. тұз өндіру жұмыстары механикаландырылған және жоғары өнімді агрегаттар (тұз сорғылары, фрезалы кескіш кешендер, экскаватор, т.б.) арқылы жүргізіледі. ал А. т. к-н игеру көп қаржы, материал және еңбекті талап етпейді. олардағы әр түрлі пішінді және өлшемді кен шоғыр-
101
Арал
102
Арал теңізінің әуеден түсірілген суреті
лары тұздардың бірнеше түрінен тұрады. сондықтан мұндай көп құрамды шикізатты кешенді игеру өте тиімді. АРАЛ ЭКОЛОГИЯСЫ – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экол. жағдай. 1961 жылға дейін арал т-нің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аум. 66,1 км 2, көл. 1062 км3 болған. өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына,
оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. енді ол үлкен арал және кіші арал болып аталады (1992 ж.). бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. арал т-нің тартылуы және оңт. ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. арал т-не құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. су тазартудың
Арғанаты және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аум. 287,48 км 2), антропогендік көлдің саны 195 (аум. 6421,71 км 2), ал қолдан жасалған сарықамыс және арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. мыс., 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. сырдария атырауы мен қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан арал қ-нда 25 – 30%-ға азайды. бұл жағдай арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, әмудария және сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., қызылорда обл-ның 52%-ы) айналды. тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты. өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. «арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. жыл сайын әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал сырдария су алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылданжылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр.
тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзк, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. арал т. мен әмудария және сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. орта азия мемлекеттері «аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. қазақстанның «байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992). АРАСАН – алматы обл. кербұлақ және ескелді би аудандары аралығында орналасқан тау. батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. ең биік жері 3800 м-ге жуық. ал 3500 м-ден жоғарыдағы тау жоталарында жер бедерінің альпілік пішіндері кең дамыған. мұнда тауаралық кең жазықтар бар. мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солт. беткейінде орналасқан. төм. палеозой қабаттары кристалдық тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. АРАСАНТАУ – шығыс қазақстан обл. үржар ауд. алакөл ойысындағы тау. А. тауының солт.-батысында қосайшағыл қонысы мен бармаққұм құмы, солтнде арқарлы тауы орналасқан. абс. биікт. 1114 м. А. тауы батыстан солт.-шығысқа қарай созылған. таудың беткейі жайпақ келген. солт-нен шағантоғай, оңт-нен тасты өзендері ағып өтеді. баурайындағы сұр қоңыр және шалғынды қоңыр топырағында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік, бұталы шөптесіндер өседі. АРҒАНАТЫ – балқаш – алакөл ойысындағы лепсі мен аягөз өзендерінің төм. ағысы аралығындағы тау. алматы обл. алакөл ауд. аумағында орналасқан. шығысында арқарлы тауы жатыр. абс. биікт. 712 м. доғаша иілген таудың ұз. 25 км, ені 10 км-ден астам. солт. және батыс беткейлері тіктеу, оңт. жазық келген. палеозойдың құмдақты тақтасынан және әктастардан түзілген. қиыршықтасты топырағында жусан, бұйырғын, қараған, кей жерлерінде ши өседі. АРҒАНАТЫ ТАУЛАРЫ – қарағанды обл. ұлытау ауд-ның солт-ндегі тау сілемдері. ұлытау тауының солт-нде орналасқан. ол солт-тен оңт-ке қарай 80 кмге созыла жалғасқан шоқылар тізбегінен тұрады. ені 20 – 25 км. ең биік жері – дондығұл (757 м). таулардың беткейлері көлбеуленіп бірте-бірте аласарып, төңірегіндегі жазыққа ұласады. солт. бөлігі протеро-
Арғанаты таулары
103
Арқа зой, оңт. девон мен тас көмір жыныстарынан түзілген. А. т-нан қаратоғай, сарытоғай, қаракеңгір, терісаққан өзендерінің көптеген салалары бастау алады. батысын қоскөл, қамыстыкөл, шығысын барақкөл, құркөл, басбайтал көлдері алып жатыр. тауда бұлақ көп. беткейлерінің қоңыр, ашық қоңыр топырағында селеу, бетеге, қылқан селеу, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. жануарлардан арқар, киік, жабайы шошқа, байбақ, суыр, балпақ зорман; құстардан дуадақ, сажы, құр мекендейді. А. т. көптеген тарихи оқиғалардың куәсі. мық, домбауыл, айыршоқы тауаралық аңғарларында ертедегі арғанаты тау мүсіндері сақталған. аңыз кейіпкері асан қайғы да осы өңірге жерленген деген аңыз бар. осы маңда ешкіөлмес жерінде көгілдір асбест қоры мол. АРҚА, қ. Сарыарқа. АРҚАЛЫҚ – алматы обл. кербұлақ және көксу аудандары аралығындағы тау. шаған тауының батысында орналасқан. абс. биікт. 1411 м. тау солт.батыстан оңт.-шығысқа қарай созылған. беткейлері
104
Арқалық тауының бөктері
көлбеу, сай-жыра, өзен аңғарларымен тілімденген. солт. және шығыс бөктерінен быжы, оңт.-батысынан қылқамыс өзендері ағып өтеді. барлық беткейінде көне тау жыныстары жер бетіне шығып жатыр. таудың баурайындағы карбонатты қызғылт сұр топырағында жусан, боз, селеу, қылқұрт, қозықұлақ өседі. АРҚАЛЫҚ – қарағанды обл. қарқаралы ауд-ның солт.-шығысында, қу тауының оңт.-шығысында 30 км жерде орналасқан тау. ең биік жері 1064 м. ащышиөзек өз-н бойлай солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр. енді жері 2 – 2,5 км-ге жетеді. тауаралық аңғарлармен және жырасайлармен бөлінген жеке шоқылардан тұрады. делювийлі-пролювийлі шөгінділер жапқан девон жыныстарынан түзілген. аласатаулық қоңыр топырағында тобылғы, қараған, сұлыбас, бөрте жусан,
Арқалық тауы
қылқан селеу, бетеге өседі. таудан көптеген бұлақтар бастау алады. тау етегі қыста мал жайылымы ретінде пайдаланылады. АРҚАЛЫҚ – шығыс қазақстан обл-ндағы семейтау тауының оңт.-шығысында, суықбұлақ көлінен 30 км жерде орналасқан ұсақ шоқылар тізбегінен тұратын тау. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 60 – 65 км-ге созылып жатыр. енді жері 10 – 15 км, абс. биікт. 519 м. ұсақ шоқыларының беткейлері көлбеуленіп, қырқалы жазыққа ұласады. а. төм. тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. солт-нен мұқыр, қоғанбай, оңт-нен ақтас, сарыбұлақ, т.б. өзендердің салалары бастау алады. таудың ашық қоңыр топырақты беткейлерінде тобылғы, қараған, қылқан селеу, жусан, етегінде ши, ажырық, т.б. өсімдіктер өседі. тау етегі қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. АРҚАЛЫҚ БОКСИТ КЕНІ, қостанай обл. арқалық қ-ның оңт-ндегі боксит пен отқа төзімді саз өндірілетін кенді өңір. оның құрылымдық табаны – жоғ. девон мен төм. тас көмір шөгінділерінен тұратын арқалық атты брахисинклиналь. кенді қабаттар бор-палеоген жүйелеріне жатады. боксит қабаттары іргетастағы терригендік жыныстар мен әктастар жапсарын бойлай біткен эрозиялық-карст шұқырларында (депрессия) орналасқан. олар сенон (жоғ. бор) саздары мен палеозой жыныстарының үгілу қыртысының үстінде шалыс жатады да, өздері эоцен және төм. олигоценнің терригендік шөгінділерімен, кейде шұбар саздармен бүркеледі. кенді өңірдің 9 иірімінде бокситтік 37, отқа төзімді саздың 15 қабаты бар. Олардың ұз. 50 м-ден 1680 м-ге, ені 50 м-ден 450 м-ге, орташа қалыңд. 2 м-ден 12 м-ге (карст шұқырларында 20 – 40 м), жер бетінен тереңд. 1 – 2 м-ден 120 – 180 м-ге дейін жетеді. боксит құраушы негізгі минералдары – гиббсит, каолинит, гематит. кейде 28 – 53% Al2O3, 1,8 – 20% SіO2 бар. оның орташа құрамы бокситтің Б-8 маркасына жатады. боксит байер тәсілмен өңделеді, одан алюминий тотығы, кальцийі аз ғана концентраттан электрокорунд, темір, азынан муллит өндіріледі. кен ашық әдіспен өндіруге қолайлы. А. б. к. павлодардағы алюминий з-тын шикізатпен қамтамасыз етуде маңызы зор. АРҚАР (Ovіs ammon) – жұптұяқтылар отрядының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң. қазақстанның таулы жерлерінде (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. республикада А-дың 6 түрі: алтай А-ы, қызылқұм А-ы, қазақстан а-ы, тянь-шань А-ы, қаратау А-ы, үстірт А-ы кездеседі. дене тұрқы 160 – 168 см, шоқтығының биікт. 105 – 112 см, салм. 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. мүйізіндегі сақинаға қарап, жасын анықтайды. Көбіне көгалды шоқылардың арасындағы далалы аймақта жайылады. Қыста, салқын түсе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қоныс аударады. Бұл мезгілде олар 10 – 15-тен топталып жүреді. Негізінен көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. А. 2,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. қазан – қараша айларында күйлеп, 6 айдан соң
Арпа
Арқар
аналығы көбіне жалқы қозықа табады. А. табиғи жағдайда 12 – 14 жыл жасайды. А. – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда А. мен меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. А. бағалы кәсіптік аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған. АРҚАРЛЫ – алматы обл. кербұлақ ауд. айгүл тауының солт.-батысындағы асу. ең биік жері 758 м. А. солт.-батысында малайсары жотасымен, оңт-нде итжон үстіртімен шектеседі. Беткейіндегі сұр топырағында жусан, бетеге, селеу, т.б. шөптесіндер өседі. Батысынан түрксіб т. ж. және асу арқылы алматы – өскемен мемл. автомоб. жолдары өтеді. АРҚАРЛЫ – қарағанды обл. ақтоғай ауд. жерінде, тоқырауын өз-нің оң жағасындағы тау. солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 8 – 10 км, ең биік жері 1184 м. сай, шатқал, қырқааралық аңғарларға бөлінген, беткейлері бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. таудың солт. және батыс етегінде көп мөлшерде қорымтас жиналған. тас көмір жүйесінің орта және жоғ. бөліміндегі тау жыныстарынан түзілген. қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, аңғарларда бидайықты шалғын өседі. жазғы, қысқы мал жайылымы. АРҚАРЛЫ ЖОТАСЫ – балқаш – алакөл ойысындағы ұсақ шоқылы таулар, алматы обл. алакөл ауд. аумағында орналасқан. ең биік жері 758 м, ені 20 км, оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай доғаша иіліп, сарықұмға дейін 60 – 65 км-ге созылып жатыр. солт. беткейі көлбеу, оңт. тіктеу сай-жыралармен тілімденген. жота тас көмір шөгінділерінен түзілген. өте қуаң өңірде орналасқандықтан жотасы әбден мүжілген, беткейлері жазық тау. етегі мен төңірегі құмды, негізінен, сұр топырақты. құмдауыт сұр топырағында бұйырғын, жусан, баялыш, т.б. шөптесін өсімдіктер аралас өседі. АРҚАТ ТАУЫ – шығыс қазақстан обл. жарма ауд. жеріндегі тау. оңт.-батысында қарағайлы тауымен шектеседі. абс. биікт. 914 м. батыстан шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 5 – 7 км. солт. беткейлері сай-жыралармен тілімденген, оңт. тіктеу келген. тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген, етегін төрттік кезеңнің шөгінділері жауып жатыр. шалғынды қызғылт қоңыр топырағында негізінен ши, ажырық, жусан, т.б. өсімдіктер өседі.
кейде адам мүсініне, кейде аң-құсқа ұқсайтын түрлі жақпартастардан құралған таудың сұлу көрінісі осы жерде болған жиһанкездерді (П.П.семенов тян-шанский, Н.М.пржевальский, ш.уәлиханов, а.янушкевич) ерекше таңырқатқан. а.құнанбаев, ш.құдайбердіұлы, м.әуезов, т.б. қазақтың көрнекті тұлғалары а. т-ның көлдерінде (қопа, аймақкөл) суға шомылған, жағасында аң-құс атқан. АРМАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕНІ, маңғыстау обл. бейнеу ауд-нда, ақтау қ-нан солт-ке қарай 200 км жерде орналасқан. 1979 ж. ашылған. оған 1979 – 88 ж. барлау, бұрғылау жұмыстары жүргізілген. кен қаламқас дөңінің батысында жатқан және одан жыра арқылы бөлінген енсіз антиклинальдық иілімді алып жатыр. кен орны мұнай-газ шоғырларымен қабаттаса орналасып, жарылымдармен және бітеу жыныстармен оқшауланған. өнімді қабаттары шөгінді жыныстардан тұрады. коллекторлардың кеуектілігі 23 – 30%, өткізгіштігі 0,013 – 0,138 мкм2, мұнай сіңіргіштік коэфф. 0,45 – 0,78. ұңғымаларда мұнайдың тәуліктік өнімд. 4,2 – 109,2 м3, ал газдың өнімд. 10,8 – 64,4 мың м3 аралығында өзгереді. газдық фактор 25 – 48,5 м3/т. қабат қысымы 9,81 – 14,25 МПа, темп-расы 37 – 51°С. мұнайдың тығызд. 0,881 – 0,912 г/см3. оның құрамында күкірт (0,53 – 2,4%), парафин (0,5 – 4,7%), шайырлар (5,86 – 12,7%), ванадий мен никель (7 – 16 г/т) кездеседі. кен орнындағы бос және еріген газдардың құрамында метан (74,4 – 95,4%), этан (9,6 – 15,7%), пропан (0,8 – 8,1%), бутан (0,1 – 1,9%), азот (2,4 – 2,5%) және көмір қышқыл газы (0,2 – 0,7%) бар. мұнайлыгазды шоғырлардың режимі негізінен сулы, арынды келеді. судың минералд. 151,3 – 164,7 г/л. кен 1995 ж. игерілуге берілген. АРПА – астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл. шыққан жері – иран, түркия, армения. адамдар неолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 12 – 10 мың жыл) қолдан өсіре бастаған. А-ның тамыр жүйесі шашақты. сабағы – қуыс, биікт. 30 – 135 см, жапырағы таспа пішіндес. жемісі – дәнек. А. морфол., биол. ерекшеліктеріне сәйкес дақылдық А., эфиоптық А. және аласа бойлы А. деп аталатын 3 түрге бөлінеді.
Арпа
105
Арпабас
106
А. дәнінде 45 – 67% крахмал, 7 – 26% белок, 7 – 11% пентозан, 1,7 – 2% сахароза, 3,5 – 7,0% клетчатка, 2 – 3% май, 2 – 3% күл болады. қазақстанда дақылдық А-ның дәні қос қатарлы және көп қатарлы екі түрі өсіріледі. д ә н і қ о с қ а т а р л ы А-ның дәні масағының ортасында ғана болады. ол сыра қайнатуға пайдаланылады. д ә н і к ө п қ а т а р л ы А. спирт өндірісінде (6 қырлысы), азық-түлік және мал жемі (4 қырлысы) түрінде пайдаланылады. Аның бұлардан басқа жаздық және күздік түрі бар. ж а з д ы қ А. қазақстанның барлық облыстарында егіледі. к ү з д і к А. қазақстанның оңт., оңт.-шығыс аудандарында өсіріледі. жаздық бидай мен сұлыға қарағанда оның түсімі жоғары әрі 10 – 15 күн ерте піседі. А-ның қазақстанда «нутанс-970», «бәйшешек», «сәуле», «қарағанды-4», «күздік», «оңтүстік қазақстан-43», т.б. сорттары өсіріледі. АРПАБАС (Bromus) – астық тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда 20 түрі бар. жиі кездесетіні орманды дала, қуаң дала мен таулы алқапта өсетін – қ ы л т а н с ы з А. (В. іnermіs). биікт. 80 – 160 см, сабақтары тік, тықыр, кейде жапырақты. жапырағының пішіні таспа тәрізді, түкті. Гүлшоғыры – шашақ. тұқымы ірі (6 – 8 мм), қос бүйірінен қысыңқы. маусым айында гүлдеп, тұқымы шілде – тамызда піседі. қазақстанда А-тың 2 сорты аудандастырылған. жылына 2 рет оруға, орта есеппен га-нан 17 – 45 ц пішен жинауға болады. көк шөп құрамында: 2,9 – 4,4% протеин, 0,4 – 2,3% май, 5,9 – 10,5% клетчатка, 7,6 – 18,3% азотсыз экстрактивтік заттар, 1,7 – 2,6% күл бар. құнарлы мал азығы. АРУАНА – сыңар өркеш түйе. африка мен азияда, орт. азия республикаларында, әсіресе, түрікменстанда көп өсіріледі. айыр түйеге қарағанда ыстыққа төзімді, сүті де одан 2 – 3 есе көп, бірақ жүн түсімі аз келеді. қазақстанда А. қазақ түйесімен будандастырылып өсіріледі. атырау обл. шаруашылықтарында Аны сауын үшін өсіреді. бұл жерде көбіне айыр інгенге үлек шөгереді, өйткені одан туған буданның сүті А-дан да көп әрі жергілікті жағдайға төзімді. АРША (Junіperus) – кипаристер тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұта немесе
Арша
ағаш. солт. жарты шарда өсетін 60-тан астам түрі белгілі. тау беткейінде, альпі белдеуінде, құмды жерлерде өседі. қазақстанда оның жабайы 10 түрі бар. табиғи жағдайда көбірек кездесетін түрлеріне түркістан А-сы (І. turkestanіca), талас А-сы (І. talassіca), сібір А-сы (І. sіbіrіca), кәдімгі А. (І. communіs), зеравшан А-сы жатады. олардың биікт. 2 м-дей. бұтағы тік немесе жерге жайыла өседі. қылқаны қабыршақты, тікенекті келеді, үш-үштен шоқтанып не екі-екіден қарама-қарсы орналасады. жеміс бүрі жидек пішіндес не шар тәрізді, түсі көкшілдеу болады. А-лар тұқымынан және өсімді жолмен көбейтіледі. сәуір – мамыр айларында гүлдейді, тұқымы жаздың аяғында, кейде күзде піседі. тұқымынан шыққан жас өскіндер бір жылдан кейін тез өсіп, жақсы жетілген соң топырақты қатайтады. А. 300 жылдай өседі. сондықтан қазақ халқының ұғымында қасиетті, киелі ағаш саналады. бұтақтарынан эфир майы, қант, шайыр, балауыз және органик. қышқылдар алынады. А-ны орман ш-нда, таулы аймақтарда топырақтың опырылып кетуін болдырмау үшін отырғызады. қазақстанда А. алматы, алтай, қарағанды қ-ларының ботаника бақтарында қолдан да өсіріледі. АРШАЛЫ – есіл алабындағы өзен. ақмола обл. зеренді ауд. жеріндегі айдабол көлі маңынан бастау алып, қалқұтан өз-не құяды. Ұз. 174 км, су жиналатын алабы 4160 км2. басты салалары – түкті, кеңащы және қоңыр. жоғ. ағысы көкшетау қыратымен өтіп, төм. ағысы төбелі жазықпен ағады. салаларының жалпы ұз. 514 км. орта ағысында аңғарының ені 1 – 2 км-ге жетеді. еріген қар және жер асты суларымен толығады. сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,44 м3/с. суы көктемгі тасқын кезінде тұщы (200 – 300 мг/л), жазда тартылғанда ащы (450 – 500 мг/л) болады. алабы толық игерілген, көпшілік бөлігі жыртылған. шабындыққа, мал жайылымына пайдаланылады. жаңа қалқұтан а. тұсында өзен арнасы бөгелген. бөгеннің көл. 650 мың м3. АРШАЛЫ АУДАНЫ – ақмола обл-ның оңт.-шығысындағы әкімш. бөлініс. жер аум. 5,8 мың км2. тұрғыны 24,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2010). аудандағы 34 елді мекен 12 ауылдық, 1 кенттік округке біріктірілген. аудан орт. – аршалы кенті. аудан 1928 ж. құрылған. 1939 жылдың қазан айына дейін қарағанды обл-ның құрамында болды. 1928 ж. Коммунист, 1935 ж. вишневка ауд. болып аталды. 1997 жылдан А. а. аталады. аудан сарыарқаның орта тұсында, құрғақ дала белдемінде орналасқан. жер бедері абс. биікт. 600 м-ден аспайтын төбелі-белесті жазық болып келеді. шығыс жағын ерейментаудың ұсақ шоқылы оңт. сілемдері алып жатыр. жуантөбе (498 м), тастөбе (432 м), түйетөбе (464 м) сияқты төбелер бар. климаты тым континенттік, қысы суық, ұзақ. жазы қоңыржай ыстық. орташа темп-расы қаңтарда –17°С, шілдеде 20°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 300 – 350 мм. аудан жерінен есіл өз. және оның салалары мойылды, шортанды, ақтасты, беріктал, жыланды, сүгір және қызылмола, өлеңті өзендері ағады. бірақ олардың біразы жазда құрғап, қарасуға айналып бөлініп қалады. ірілі-ұсақты тұщы әрі тұзды көлдер көп. үлкендері: үлкен және кіші сарыоба, балықтыкөл, танакөл, байдалы, шалқар, қызылкөл, т.б. аудан жерінде негізінен сортаң қара қоңыр то-
Арыс
Өлеңті өзенінің жағалауы
пырақ тараған. тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары олардың көбі жыртылған. құрғақ дала белдеміне тән селеу, бетеге, сұлыбас, кермек, жусан, т.б. өсімдіктер, өзен жайылмаларында, көл жағаларында әр түрлі шөпті шалғындар, шоқы беткейлерінде қайың, көк терек, итмұрын, тобылғы, ұшқат және басқа бұталар өседі. жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, борсық, ақ қоян, суыр, ақ тышқан, сарышұнақ, қосаяқ; сулы жерлерде ондатр; қамысты жерінде жабайы шошқа; құстардан шіл, құр, тырна, қаз, үйрек, балықшы, шағала, т.б. мекендейді. көлдерде алабұға, мөңке, оңғақ, торта, шортан, ақ қайран өседі. а. ш-на пайдаланылатын жері 538,9 мың га, оның 181,9 мың га-сы егістік (2011), 6,5 мың га-сы шабындық, 300 мың га-сы жайылымдық жерлер. аудан жері арқылы астана – қарағанды, астана – павлодар т. ж., астана – қарағанды автомоб. жолдары өтеді. АРЫС – қызылорда обл. сырдария ауд. бетпақдала шөлінің батысындағы тұзды көл. теңіз деңгейінен 59 м. биіктікте жатыр. аум. 124,5 км2. Ұз. 21,2 км, ені 9,5 км. су жиналатын алабы 15900 км2. көл табанының қалыңд. 15 см-ден 50 см-ге дейін тұз басып жатыр. суының минералд. 325 г/л, хлорид класына, натрий тобына жатады. су құрамында йод, фтор, бром, бор, мырыш, марганец және темір қосындылары кездеседі. көл негізінен көктемгі жауын-шашынмен толысып, жаз айларында құрғап қалады. АРЫС – оңт. қазақстан обл-ндағы өзен, сырдарияның оң саласы. ұз. 378 км, су жиналатын алабы 14900 км2. ақсу-жабағылы қорығына жақын шақпақ бұлағынан (қаратау мен талас алатауының аралығында) бастау алып, оңт. қазақстан обл. отырар ауд. талапты а. маңында сырдария өз-не құяды. басты
Арыс өзені
салалары ақсу, бадам, қабылсай, жабағылысу, боралдай. жоғ. ағысы терең таулы аңғармен, орта және төм. ағыстарында жазықпен ағады. төм. ағысының жайылмасы 1,5 – 2,0 км шамасында, өзен арнасының ені 40 – 50 м-дей болады. алабында 11 шағын бөген және 3 сэс салынған. негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суларымен толығады. жылдық орташа су ағымының мөлш. 40,2 м3/с-қа жетеді. суы егістік, бау-бақша, шабындық суғаруға пайдаланылады. тікелей А. өз-нен 37 канал бастау алады. ең ірісі – арыс-түркістан каналы (су ағымының мөлш. 13,4 м3/с). өзен суы тұщы, минералд. 200 – 400 мг/лден 400 – 500 мг/л-ге дейін өзгереді. АРЫС АУДАНЫ – оңт. қазақстан обл-ның орт. бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. жер аум. 6,3 мың км2. тұрғыны 67,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 10,6 адамнан келеді (2010). а. а. 30 елді мекен 1 қалалық, 6 ауылдық округке біріктірілген. аудан орт. – арыс қ. сырдария өз-нің батыс жағалауын шардара
107
Жонды белестер
даласы, қарақтау тауы, қызылқұм құмды шөлі алып жатыр. қызылқұм өңірінде малға жайлы көптеген қыстаулар (жиделі, жосалы, т.б.), суы тұщы құдықтар (талды, ошақбай, есенгелді, кепелі, т.б.), сырдария жайылмасында шағын көлдер (көккөл, ащыкөл, жыңғылшығанақ, байырқұм, т.б.) көптеп кездеседі. климаты континенттік. қаңтар айындағы жылдық орташа темп-ра –3 – 4°С, шілдеде 27 – 28°С. жауыншашынның мөлш. 250 – 300 мм. аудан жерінен сырдария, арыс өзендері, арыс каналы ағып өтеді. ортнда суы тұзды тұздықдүме көлі бар. қамыс, құрақ және шілікті тоғайында аңдар, құстар мекендейді. байырқұм – арыс ойпаң жерлерінен минералды су көзі барланған. жері сұр топырақты. эфемерлі өсімдіктер жусан, боз жусан, баялыш, күйреуік, мия, сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ өседі. жануарлардан қасқыр, түлкі, құм қояны, кірпі, сарышұнақ, қосаяқ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. ірі елді мекендері: арыс қ., задария, ақдала, монтайтас, байырқұм, дәрмене,
Арыс
108
жиделі. а. ш. өндірісінің негізгі бағыты ет өндіру, сүт өндіру, мақта, көкөніс, бақша дақылдары. аудан жері арқылы орынбор – ташкент, арыс – шымкент – алматы т. ж., арыс – шардара автомоб. жолдары өтеді. АРЫС ЖЕЛІ – оңт. қазақстан обл. арыс ауд. жеріндегі, арыс өз. аңғарымен соғатын құрғақ, ұйтқымалы ауа ағысы. жел талас алатауының батыс сілемдерінен шығатын суық ауа мен жазық жердің жылы ауасының араласуынан пайда болады. жыл бойы соғады. жаз кездерінде а. ж. шаңды дауыл түрінде байқалады. АРЫСҚҰМ – тұран ойпатының солт-ндегі құмды алқап. бетпақдала шөлінің оңт.-шығысындағы арыс көлінің қазаншұңқырында орналасқан. абс. биікт. 170 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай ұз. 80 кмге созылып жатыр, енді жері 55 км. негізінен бұталар, ал жер асты суы таяу жатқан жерлерде селдір шалғын өседі. АРЫСҚҰМ МҰНАЙ-газконденсат КЕНІ, қызылорда обл-ның жосалы т. ж. ст-нан солт-ке қарай 120 км жерде. 1985 ж. ашылған. кен шоғыры төм. бор жыныстарында түзілген. өнімді қабат 928 м тереңдікте, тектоник. тұрғыдан оқшау орналасқан. жалпы қалыңд. 20 м шамасында, тиімді қалыңд. 12 – 15 м, мұнай сіңірілген қалыңд. 3,2 – 12,6 м. кен әлсіз цементтелген гравилиттен, құмнан, құмтастан, алевролиттен тұрады. бастапқы қабат қысымы 10,49 мпа, темп-расы 44°С болған. газдық фактор 39,7 м3/т. ұңғыманың тәуліктік өнімділігі: мұнай бойынша 60,9 м3, газ 69,62 мың м3. кеннің мұнайы жеңіл (0,854 г/см3), құрамында күкірт (0,46%), парафин (9,7 – 27,2%), шайыр (16,65%) бар. газ негізінен метаннан (93,86%) тұрады. газдағы конденсат мөлш. 9,4 – 15,2 г/м3, оның тығызд. 0,738 – 788 г/м3. АРЫСТАНДЫ – оңт. қазақстан обл. бәйдібек аудндағы өзен. сырдария алабындағы шаян өз-нің оң саласы. ұз. 108 км, су жиналатын алабы 423 км 2. қаратаудың солт.-батыс беткейінен басталады. бас жағында арнасы тар әрі тік жарлы болып келеді. таудан шыға берістегі орташа су ағымының мөлш. 0,64 м3/с-қа жетеді. қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Суы желтоқсанның аяғында қатып, наурыздың басында ериді. суы егін суғаруға пайдаланылады. А. өз-нің аңғарын бойлай, батысқа қарай арыстанды – қарабас желі соғады. АРЫСТАНДЫ – ҚАРАБАС ЖЕЛІ – оңт. қазақстан обл. бәйдібек, ордабасы аудандары және түркістан қалалық әкімдігі аумағында байқалатын табиғат құбылысы. қаратаудан бастау алатын арыстанды өз-нің аңғарын бойлай соғады. қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған кезде күшейе түседі. жылдамдығы 25 м/с-қа жетеді. жел солтүстіктегі құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. «қарабас желі» деп аталуы да сол құбылысқа байланысты. жел арыстанды өзені алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа райы күрт суиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, апталап соғады. АРЫС-ТҮРКІСТАН КАНАЛЫ, оңт. қазақстан обл. ордабасы ауд-ндағы канал. 1967 ж. пайдалануға берілген. жалпы ұз. 200 км. канал екі – арыс және түркістан тармағынан тұрады. арыс тармағы арыс
өз-ндегі қарааспан су бөгетінен басталып, бөген бөгеніне құяды. ұз. 60 км. секундына 15 м3-ге жуық су өткізеді. түркістан тармағы бөген бөгенінен басталады. Ұз. 140 км-ге жуық. түркістан қ-ның, отырар, ордабасы аудандарының 57 мың га-дан астам жерін суландырады. АРЫСТЫСАЙ – ақтөбе обл. байғанин және шалқар аудандарының аралығындағы өзен. шалқар алабында орналасқан. ұз. 45 км. шағырай үстіртінен бастау алады. өзен сәл ирелең, аңғары кеңдеу келген. өзен суы сұлтанқазған көліне құяды. көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. суы жазда тартылып қалады. төм. аңғары тегіс жазық, тақыр келген. АСА – жамбыл обл. талас, сарысу, жамбыл аудандарының жерімен өтетін өзен, таластың сол саласы. ұз. 253 км, су жиналатын алабы 6670 км 2. А. қаратаудың оңт.-шығыс беткейінен басталатын теріс және күркіреу өзендерінің қосылуынан құралады. арнасы жоғ. ағысында тар, тік жарлы, орта ағысында билікөл, ақкөл көлдері арқылы ағып өтеді. кей жылдары талас өз-не құяр жерінде құмға сіңіп кетеді. жылдық орташа су ағымы 10,4 м3/с. желтоқсанның басында суы қатып, ақпанның аяғында ериді. а. өзнің қызылша плантациялары мен бау-бақша, егінді суғаруда маңызы зор. АСАР ГАЗ-МҰНАЙ КЕНІ – маңғыстау обл. ақтау қ-нан оңт.-шығысқа қарай 55 км жерде орналасқан. кен орны 1969 ж. ашылды. ол солт.-батыс бағытта созылған, тектоник. бұзылыс арқылы оқшауланған асимметриялық брахиантиклинальдық иілімді алып жатыр. көлбеу жазықтықтағы өлшемдері 7×2,5 км. юра шөгінділерінде орналасқан өнімді қабаттары құмтас пен алевролиттен тұрады. орта юра жүйесінің қимасында 9 өнімді қабат бар, оларда 16 кен шоғыры анықталған. олар жарылымдармен, сұйықтық және газ өткізбейтін қабаттармен оқшауланған. коллекторлардың кеуект. 18 – 21%, өткізгіштігі 0,009 – 0,046 мкм2, тиімді қалыңд. 2,5 – 36 м. бастапқы қабат қысымы 15,99 – 22,9 МПа, темп-расы 70 – 90°С, ұңғыманың тәуліктік мұнай өнімд. 4 – 104 м3. мұнайдың менш. салм. 0,857 – 0,905 г/см3, шайыры 12,6 – 23,9%, парафині 18,8 – 22,6%, күкірті аз. газдың құрамындағы метан 75 – 80%, ауыр көмірсутектер 11 – 20%, азот 4,24 – 8,08%, көмірқышқыл газы 0,17%. кен орнынан 1973 жылдан мұнай мен газ өндіріледі. АСА – ТАЛАС АРТЕЗИАН алабы – жамбыл обл-ның оңт-ндегі аса мен талас өзендерінің аралығындағы жер асты суы бар өңір. жалпы аум. 6,5 мың км2. арыны күшті артезиан сулары палеоген-неоген жыныстарында 100 – 200 м тереңдікте кездеседі. өзеннің жоғ. саласында бұл жыныстардың суы тұщы (минералд. 0,5 – 1 г/л), төменде ащы (минералд. 3 – 5 г/л) болады. қалыңд. 10 – 98 м антропоген жүйесінің сулы қабаттарындағы грунт сулары негізінен тұщы (0,5 – 1 г/л), өзеннің төм. салаларында олардың минералд. 7 – 12, ал кей жерлерінде 20 – 30 г/л. палеоген-неоген қабаттарынан өтетін ұңғыма тәулігіне 40 – 1500 м3, антропоген қабаттарынан – 300 – 7000 м3 су береді. бұл арада бұлақтар көп, тәуліктік өнімі 1000 – 50000 м3. бұл алаптағы жер асты суының жалпы қоры 19 млрд. м3. АСАУБАЛЫҚ – ақмола обл. қорғалжын ауд-ндағы тұщы көл. теңіз көлінің шығысында 5 – 7 км жерде,
Астана теңіз деңгейінен 305 м биіктікте орналасқан. аум. 13,3 км2. Ұз. 4,7 км, енді жері 3,7 км. көлден нұра өз. ағып өтеді. сондықтан көлдің деңгейі өзен суының мөлшеріне байланысты. суы қарашаның 1жартысында қатып, сәуірдің 2-онкүндігінде ериді. батыс жағалауы қамысты, шалғынды болып келеді. көлде мөңке, оңғақ, лақа, торта, алабұға, шортан, ақ қайран, т.б. өседі. қоқиқаз, қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді. АСБҰРШАҚ – бұршақтар тұқымдасына жататын бір жылдық немесе көп жылдық өсімдіктер. А. көкөніс дақыл ретінде 18 ғ-дан кеңінен белгілі. қазір дүние жүзінде 6 – 7 түрі бар. қазақстанда егістік және далалық А. өсіріледі. А. суыққа төзімді, сабағы шөптесін, төрт қырлы, жайылмалы немесе тік бұтақты болып келеді, биікт. 15 – 250 см. жапырағы күрделі, қос тілімді. тамыр жүйесі – тік шашақты. өздігінен тозаңданады, гүлдері ақ немесе күлгін түсті, жапырақ қолтықшасында орналасады. тұқымы ірі, өнгіштігін 5 – 6 жылға дейін сақтайды. жемісі – бұршақ. жемісінің құрамында 20% құрғақ зат (белок, клетчатка, көмір қышқылы, күл, т.б.) бар. сондай-ақ В1, В2, Р, С, витаминдері, фоли қышқылы, биотин және токоферол да кездеседі. жемісі көктей, өңделген (консервіленген, мұздатылған) түрде пайдаланылады. АСҚАРА – қарағанды обл. қарқаралы ауд. байқожа өз-нің оң жағалауында, жаңадауыл а-ның солт.-шығыс жағында 18 км жерде орналасқан тау. ең биік жері 851 км. солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, ені 2 – 3 км. шығыс беткейі тік, батысы жайпақ, жыртылған. элювийліделювийлі шөгінділермен жабылған тас көмір гранитоидтарынан түзілген. таудың қызғылт қоңыр топырағында тобылғы, бетеге, қара сұлы тәрізді дала шөптері өседі, қараған қопалары кездеседі. АСМАНТАЙ-МАТАЙ – үстірттің солт. шетіндегі сор. ақтөбе обл. байғанин ауд. жерінде орналасқан. аум. 650 км2. батыстан шығысқа қарай 52 км-ге созылып жатыр. ені 17 км, сордың сазды-әктасты топырағында жусан, сораң, т.б. өсімдіктер өседі. АСПАРА – жамбыл обл. шу алабындағы қорағаты өз-нің оң саласы. қырғыз алатауының солт. беткейіндегі мұздықтан (3940 м) бастау алады. негізгі салалары: мақанды, игермен, аршалы. Ұз. 109 км, су жиналатын алабы 1210 км2. А. жоғ. ағысында бірде кеңіп, бірде тарылып отыратын тау шатқалдарымен ағады. төм. ағысындағы аңғары кеңейіп жазыққа айналады. алабында шағын 5 көл бар. жылдық орташа су ағымының көл. 103,14 млн. м3 (3,27 м3/с). суы егін суғаруға пайдаланылады. АСПАРА (Chesneуa) – бұршақтар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктер. батыс тянь-шаньда қиыршықтасты, саз балшықты тау беткейлерінде кездеседі. қазақстанда 3 түрі: ү ш қ ұ л а қ А-сы (C. ternata), Б о р и с о в а А-сы (C. borіsovae), ж о ң ғ а р А-сы (C. dchungarіca) бар. олар жетісу (жоңғар) алатауының оңт.-батысындағы моншасай шатқалында, қызылауыз маңайы мен шолақ тауының шөлді жерлерінде, жартасты беткейлерінде, жыралар бойында өседі. биікт. 8 – 15 см, ақжібек түсті, сабағы қысқа болады. домалақша келген ұзынсағақты, түкті 3 – 4 жұптан тұрады. жапырақтарының жоғ. шеті ойма немесе дөңгелек келеді. мамыр айында гүлдеп, шіл-
Аспара өзені
деде жеміс береді. сопақша жеміс бұршағының ұз. 6 – 9 см. А. өте сирек кездесетін өсімдік түрі болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АССЕКЕ-АУДАН ОЙЫСЫ – үстірттің оңт-ндегі ойыс. қазақстан жеріне тек қиыр батыс шеті ғана енеді. неоген жүйесінің миоцен дәуіріндегі мергельді жыныстардан түзілген. табаны теңіз деңгейінен 29 м биіктікте орналасқан. ойыстың құнарлылығы
Ассеке-Аудан ойысы
нашар сұрғылт топырағында бұйырғын, жусан, т.б. өсімдіктер өседі. АССҮТТІГЕН ( Lactuca) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдіктер туысы; сирек жартылай бұта түрінде де кездеседі. қазақстанның барлық аймақтарында өсетін 8 түрі (алтай А-і, бұйра А., егістік А-і, жабайы А., құлақты А., сібір А-і, тамаша А. және татар А-і) бар. А. – биікт. 30 – 120 см болатын өсімдік. сабағы дара, жапырағы кезектесіп орналасқан. сары, көк не қызғылт түсті гүлдері шашақты гүлшоғырына топтасқан. тұқымы ұзынша болып келеді. мамыр – шілдеде гүлдеп, маусым – қыркүйекте жемісі піседі. жапырағының құрамында көптеген витаминдер болғандықтан А. тамаққа пайдаланылады. АСТАНА – Қазақстан Республикасының астанасы. тұрғыны 684 мың адам (2010). Қала Есіл өз-нің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Қаңтар айының орташа темп-расы 17–19ºС, шілдеде 19–20ºС, абс. төм. темп-ра 52ºС, ал абс. жоғары темп-ра 42ºС.
109
Астана
110
Жауын-шашынның жылдық мөлш. 280–300 мм. Оның басым бөлігі жылдың жылы мезгілінде түседі (наурыз – қыркүйек). Жылына орта есеппен 50–55 күндей қуаңшылық байқалады. Қыс айларының 30– 40 күні бұрқасын болып тұрады, 140–160 күн бойы қалыңд. 20–30 см қар жатады. Сарыарқа қазақтары Есіл өз-нің қазіргі А. қ. орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13–14 ғ-ларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған (қ. Ақмола). А. қ-ның негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округ, 1868 ж. уезд орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін уч-ще, а.ш. мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға жетті (1914). Кеңес дәуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті (1930 ж. – 36,1; 1939 ж. – 33,2; 1945 ж. – 80,5; 1959 ж. – 99,0; 1970 ж. – 180,0; 1979 ж. – 232,0; 1989 ж. – 277,0 мың), оның Орт. Қазақстанның қоғамдық-саяси, экон. және мәдени өміріндегі алатын орны артты. 1928 – 30 ж. округтің, 1930 – 39 ж. ауданның, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола облның әкімш. орт. болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы поезд келді. Бурабай – Ақмола (1929), Ақмола – Қарталы (1940), Ақмола – Павлодар (1952) т.ж-ның іске қосылуы А-ны еліміздің солт. және орт. өңіріндегі ірі көлік торабына айналдырды. Қалада а.ш. өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындарының саны ұлғайды. Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь станок жасау з-тының негізінде респ-дағы а.ш. машиналарын жасау өнеркәсібінің тұңғышы – «Қазақауылмаш» кәсіпорны іске қосылды. Өнеркәсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады (қ. Жастар сарайы, Салтанатты рәсім үйі). 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941 – 45) А. қ. мен Ақмола обл-ның өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, «Қазақауылмаштың» қуаты арттырылды, вагон жасау з-ты пайдалануға берілді. 1950 ж. қалада 58 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Ақмола обл-мен бірге А. қ. да елеулі өзгерістерге ұшырады. 1954 ж. 5 наурызында Аға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. А. кәсіпорындары а.ш. тех-сын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, А. о-ның орталығы болды. Қала Целиноград болып өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғары оқу орны – а.ш. ин-ты (қазіргі
Астана қаласы
С.Сейфуллин атынд. агр. ун-т) ашылды. 1962 ж. пед. (Л.Н.Гумилев атынд. Еуразия ун-ті), мед. (1964), инж.-құрылыс (1964) ин-ттары студенттер қабылдады. 1960 – 80 ж. қалада 30 жобалау және ғыл.-зерт. ин-ттары ашылды. 1965 ж. Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облның орт. болды. 1960 – 90 ж. қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын тех. мен машиналар шығару жедел қарқынмен өсті. 1992 ж. қала мен облыста өндірілген өнімдер 29 шет елдерге шығарылды. 1994 ж. 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. ҚР-ның Жоғ. Кеңесі (1994 ж. 6 шілде, 106-қаулысы) және Министрлер Кабинеті (1996 ж. 6 шілде) ҚРның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың респ-ның кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуға қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуник. инфрақұрылымның болуы, жоғары білікті мамандар әлуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеум. тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экон. аймағы (ААЭА) құрылды (1996 ж. 9 қазан). А. АЭА-ның жұмыс істеуіне байланысты ішкі-сыртқы экон. қызмет жүйесі дами түсті. 1997 ж. 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 ж. 6 мамырда
Астана Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы – Астана қ. болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚРның Заңы қабылданды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль тапсырылып, «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ берілді. Қазақстанның жаңа астанасының халықар. тұсаукесер тойы 1998 жылдың 10 маусымында болды. Бұл кезде А. қ-ның тұрғыны 319 мың адам, ал қаланың аум. 258 км2 болған. Екі жылға жетер-жетпес уақыт ішінде әкімш. ғимараттарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мемл. қызметкерлерге арнап жедел түрде 3200 жаңа пәтер салынды. Қалаға мемл. аппараттың қызметкерлері, архитекторлар (сәулетшілер), құрылысшылар, еліміздің барлық аймақтарынан қажетті салалардың мамандары көшіп келді. 1995 ж. «Жаңа астана» атты арнайы қор құрылды. Ол жаңа ел ордасының құрылысын қаржыландыру және тұрғын үйлер мен мемл. ғимараттарды салумен айналысты. 1996 ж. Мемлекеттің жетекшілігімен қосымша қаржыны ұйымдастыру мақсатында қалада Арнайы экон. аймақ құрылды. Жиналған қаражаттың басым бөлігі қаладағы құрылысқа жіберілді. Шетелдік инвесторлардан пайызсыз несие алынды. Мемл. басшысы Н.Ә.Назарбаевтың көмегімен 200 млн. доллар қайтарымсыз инвестиция тартылды. Жаңа ел ордасының құрылысына Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Катар және АҚШ мемлекеттері көмек берді. Ел ордасы А. қ-на көшірілген алғашқы жылы ел Президентінің бастамасымен қаланың халықар. эскиз-идея байқауы жарияланды. Елбасының үндеуін дүние жүзінің әйгілі сәулетшілері қолдады. Байқаудың жеңімпазы болып жапон архитекторы Кисе Курокава атанды. Архитектордың ұсынысы
Астанадағы цирк ғимараты
негізінде қаланың 2030 жылға арналған Басты даму жобасы жасалды. Жапония мен Қазақстан сәулетшілерінен басқа астананың келешек келбетін тұрғызуда Германия, Англия, Болгария, Швейцария, Шығыс елдері, т.б.мемлекеттердің мамандары тартылды. Алғашқы аса ірі архитек.-көркемдік композиция болып «Астана-Бәйтерек» монумент-обелискі салынды. Оның биікт. 97 м болды. Астананың панорамалық көрінісін тамашалайтын алаңы бар бұл бірегей монумент терең ойдан шыққан құрылғы
Астана қаласының көрінісі
болды. Есіл өз-нің сол жағалауында Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда, Парламенттің Сенат және Мәжіліс, Үкімет, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының, т.б. министрліктер мен ведомстволардың ғимараттары бой көтерді. Қалада көптеген фонтандар мен кең аллеялар салынып, қаланы қоршай жасыл белдем жүргізілді. Көліктік инфрақұрылымды қалыптастыруға көп көңіл бөлінді. Есіл өз. арқылы бірнеше көпір салынды. Сауда және бизнес тез дамыды. Алматыдан А-ға шет елдердің елшіліктері көшіп келді. Ел ордасы А-ға көшіп келгеннен бері жалпы білім беретін көптеген мектептер мен кәсіптік-тех. уч-щелер және колледждер салынды. Мемл. емес мектептер саны өсті. Қазіргі кезде А. қ-нда жалпы білім беретін 85 мектеп, оның ішінде қазақ-түрік лицейі жұмыс істейді. Сондай-ақ колледждер мен кәсіптік-тех. мектептер 27-ден 33-ке дейін ұлғайды. Мектепке дейінгі мекемелер саны 2010 ж. 178-ге дейін жетіп, оларда 19 мыңға жуық балалар тәрбиеленді. А. қ-нда осы оқу жылының басында 13 жоғары оқу орны тіркелген. Онда 41 мыңға жуық студент оқиды. Республикаға жоғары дәрежелі мамандар дайындайтын Л.Н.Гумилев атынд. Еуразия ұлттық ун-ті жетекші орт. болып саналады. Ун-т Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Тарих музейі, бұқаралық кітапхана және органдық музыка аспаптарымен жабдықталған концерт залы бір шаңырақ астына біріктірілген Президенттік мәдени орт-тың орны ерекше. А. қ-ның көрікті жерлерінің бірі болып бүкіл Қазақстанды қамтитын экспонаттық макеттермен көрініс тапқан этномемориалдық «Атамекен» саябағын атауға болады. 2003 ж. А-да дүниежүз. және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 1-съезі болып өтті. Онда кең ауқымды конфессияаралық диалог (сұхбат) өткізілді. 2006 ж. Бейбітшілік және келісім сарайы пайдалануға берілді. Осы жылы Сарайда дүниежүз. және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 2съезі өтті. Денсаулық сақтау жүйесі бойынша 117 шағын амбулаторлық емхана ірілендірілді, соңғы 3 жыл ішінде қалада 10 емдеу мекемесі салынды. 2001 жылдан бері бұрынғы Кеңес Одағы аумағында жабдықталуы жөнінен өзіне теңдесі жоқ клиник. аурухана жұмыс істеп келеді. Барлық мамандықтар бойынша дәрігерлердің саны 2010 жылдың соңында 5,5 мыңға жетті. Бұл 2006 жылмен са-
111
Астана
112
лыстырғанда 1,5 есеге өскені байқалады. Күніне қаладағы «Нейрохирургия» ғыл.-зерт. орт-нда өте күрделі 10-нан астам, Ұлттық ғыд.-мед. орт-нда 20, «Травматология» ғыл.-зерт. орт-нда 20-дан астам операциялар жасалынады. Ел ордасы болғаннан бері А-да халықар. стандартқа сай «Халықаралық әуежай» салынды. Ол тәулігіне 50-ден астам ұшақ қабылдап, сапарға шығарып салып отырады. 2010 ж. желтоқсан айында қалада ОБСЕ саммитті өтті. Қонақтарға А. қ-ндағы 150 қонақ үйдің 68-і қызмет көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнімі 2009 жылмен салыстырғанда 18,4%ға өсті. 2009 жылмен салыстырғанда жалпы жүк тасымалдау және бөлшек саудадағы тауар айналымы 13,9%-ға өсті. Ал негізгі капиталға жұмсалған инвестиция 23 млрд. теңгеге жетті. Жас қаланың құрылыс секторы да дамуда. Тек соңғы 3 жылда (2008–10) қалада аум. 4 млн. шаршы м болатын тұрғын үйлер салынды. А-ның 12 жылдығына орай қалада «Шабыт» шығарм. сарайы, Назарбаев ун-ті, сондай-ақ Қысқы Азия ойындарына арналып «Алау» атты жабық коньки тебу стадионы, респ. велотрек, «Барыс» спорт кешені, т.б. салынды. 2010 ж. қаланың әлеум. саласына қала бюджетінің 40%-ы бөлінді (31 млрд. теңге). Теміржолшылар сарайы қайтадан жөнделіп қана қойған жоқ, сонымен бірге тех. қызмет көрсету бөлмелері салынды. Нәтижесінде онда К.Бәйсейітова атынд. Опера және балет театры орналасты. Сонымен қатар ел ордасының басқа екі театры – М.Горький атынд. Орыс драма театры және Қ.Қуанышбаев атынд. Қазақ муз. драма театры қайта жөндеуден өтті. Жаңа «Атамекен. Қазақстан картасы», «Бәйтерек» және «Думан» ойын-сауық кешендері, Ислам мәдени орт., т.б. ғимараттар бой көтерді. Астана қ-ның 2010 ж. жалпы аймақтық өнім көл. 1 трлн. 797 млрд. теңгені құрады. Бұл респ. көрсеткіштің 8,3%-ы. Оның ішінде өнеркәсіп өнімінің көл. 111,3 млрд. теңге болса, а.ш. өнімі 1,3 млрд. теңге болды. 2006–10 ж. аралығында қаланың өнеркәсіп өнімінің көл. 1,4 есеге өскен. Қаланың негізгі капиталына 2010 ж. 397 теңге инвестиция жұмсалып, бөлшек сауда айналымының көлемі 277,7 млрд. теңгеге жетті. АСТАНА БӨГЕНІ, в я ч е с л а в б ө г е н і , есіл өз-нің жоғ. ағысында. ақмола обл. аршалы ауд-нда 1968 ж. салынған. аум. 61 км 2, ұз. 11 км, ені 5,4 км, орташа тереңд. 6,8 м (ең терең жері 25 м), суының мөлш. 419 млн. м3. солт. жағасы тік жарлы, су кемері түпкі жыныстарға тіреледі, оңт. жағасы жазық, саз балшықты. қарашада суы қатып, сәуірдің ортасында ериді. Бөген есіл, мойылды өзендерінің, қар және жауын-шашын суларымен толығады. деңгейінің жылдық ауытқуы 4 м. суы тұщы, минералд. 0,22 – 1,02 г/л аралығында өзгереді. А. б-нде сібір тортасы, тарақ балық, шортан, алабұға, табан балық, сазан, т.б. түрлері бар. бөген суы ақмола обл-ның өндіріс орындары мен шаруашылықтарын сумен қамтамасыз етеді. АСТРА, қ а ш қ а р г ү л (Aster) – күрделігүлділер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. негізінен солт. америкада өсетін 250 (кейбір мәліметтерде 500-дей) түрі белгілі. а-лар бау-бақшаларда, гүлзарларда, саябақтарда өсіріледі.
қазақстанда А-ның 8 түрі: (алтай А-сы, альпі А-сы, америка А-сы, кермекжапырақты А., попов А-сы, шөлдала А-сы, бурыл А., талорман А-сы) бар. ең көп кездесетіні – а л т а й А-сы (A. altaіcus). оның биікт. 10 – 60 см-дей. тік бұтақты сабағының сыртын түк басқан. отырмалы жапырағы ұзынша келеді. гүлі ақшыл көк түсті, ол көп гүлді себет гүлшоғырына топталған. А-лардың бір жылдық түрлері тұқымынан, ал көп жылдық түрлері өсімді (вегетативтік) жолмен көбейеді. шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жеміс береді. тұқымының ұз. 2 – 3 мм, сырты түкті болады. А-ның бір ерекшелігі – қара күзге дейін гүлдей береді, суыққа төзімді. А-лардың гүлдері түрлі түсті әсем болғандықтан, олар қолдан көптеп өсіріледі. АСТРАХАН АУДАНЫ – ақмола обл-ның орт. бөлігінде орналасқан әкімш. бөлініс. 1936 ж. құрылған. аум. 7,1 мың км2. тұрғыны 27,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 3,8 адамнан келеді (2010). аудан 16 ауылдық округке біріктірілген. аудан орт. – астраханка а. аудан сарыарқаның солт.-батысында орналасқан. жер бедері теңіз деңгейінен 100 – 300 м-ден аспайтын ұсақ төбелі-белесті жазық келеді. кен байлықтарынан алтын, табиғи құрылыс материалдары кездеседі. климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. орташа темп-расы қаңтарда – 18°С, шілдеде 20°С. жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 300 – 350 мм, көбіне жазда жауады. аудан жерін есіл, қалқұтан, т.б. өзендер суландырады. тұщы және ащы көлдері: ұзынкөл,
Оңтүстік Сібір темір жол магистралі
баршын, жалтыркөл, ортакөл, берсен, үштаған, шұңқыркөл, нарынбай, т.б. жер асты сулары 2 – 8 м тереңдікте кездеседі. есіл өз-нің оң жағалауы карбонатты, кей жері сортаңды қара топырақ, сол жағалауы карбонатты қара қоңыр топырақ болып келеді. тың игеру жылдары аудан жерінің көбі жыртылды. аудан жері селеу, қылқан селеу, бетеге, жусан, кермек, өлең, т.б. түрлі шөп өскен дала белдеміне жатады. өзен жайылмаларында бидайық, арпабас, жауқияқ, айрауық, қамыс, түрлі шөп аралас шалғын өседі. жануарлардан қарсақ, дала суыры, ор қоян, ақ қоян, үлкен сарышұнақ, дала шақылдағы мен тышқаны, аламан, эверсманн атжалманы, сасық күзен, дала және кәдімгі тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр; су құстарынан қаз, үйрек, т.б. мекендейді. суларында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран кездеседі. аудан жері арқылы астана – ат-
Атасу басар – қарталы т. ж., астана – атбасар, астраханка – макинск автомоб. жолдары өтеді. АСУТАУ, А з у т а у – марқакөл көлінің оңт-н бойлай орналасқан Оңт. Алтайдағы жота. Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. жерінде. Ұз. 44 км, ені 22 км, ең биік жері 2384 м. Төм. және орта девонның қышқыл шөгінділерінен, жоғ. девонның габродиориті мен пермь граниттерінен түзілген. А. күмбез тәрізді, төбесінен суайрығы айқын байқалатын жота. Климаты континенттік, қысы қатаң да қарлы (қаңтар айының орташа темп-расы –26°С), жазы қоңыржай ылғалды (шілде айының орташа темп-расы 16°С). жылдық жауын-шашын мөлш. 600 – 700 мм. Тік құлама болып келген солт. беткейі Марқакөл көліне тіреліп жатыр. Жота марқакөл қорығының құрамына енеді. Солт. беткейінің шалғынды дала белдеуінде (1450 – 1600 м) әр түрлі Асы жайлауы
Асутау тауы
астық тұқымдас шалғындар, оңт. беткейінде далалық бетегелі-шалғынды шөптер өседі. Таулы-тайгалы белдеуде (1450 – 1900 м) балқарағайлы тоғайлар басым. белдеудің солт. беткейінің жоғ. бөлігін самырсынды және теректі тоғай қамтып жатыр. Өзен аңғарларында шыршалы тоғайлар кездеседі. Субальпілік белдеу (1900 – 2000 м) биік шалғынды шөптермен және альпілік шалғындармен көмкерілген. А-да дәрілік өсімдіктер (алтын тамыр, марал тамыры) көп өседі. АСУТӨР – күнгей алатауы жотасының орт. бөлігінде, қыземшек тауының оңт.-батысындағы асу. алматы обл. райымбек ауд-нда орналасқан. абс. биікт. 3933 м. асудан салт атты адам өте алады. баурайында шырша, арша, қарағай, т.б. бұталы өсімдіктер өседі. жануарлар дүниесінен сібір тауешкісі, тау арқары, т.б. мекендейді. АСЫ – алматы обл. еңбекшіқазақ ауд-ндағы өзен. шілік өз. алабында. ұз. 64 км, су жиналатын алабы 487 км2. бастауын қараш тауының баурайынан алып, қайрат а. тұсында шілік өз-не құяды. бақай және жамбас таулары аралығында, жағалауы тік шатқалды, жартасты келген. өзен суын асысаға, қайрат ауылдарының шаруашылықтары пайдаланады. АСЫ ЖАЙЛАУЫ – іле алатауының шығыс сілеміндегі биік таулы жайлау. алматы обл. еңбекшіқазақ ауд-ның жерінде орналасқан. солт-нде қараш және бақай тауларымен, оңт-нде сарытаумен шектелген. ұз. 15 – 17 км, ені 8 км. теңіз деңгейінен 2380 – 2410 м биіктікте. жайлаудың топырағы шұрайлы, шөбі шүйгін. мөлдір сулы асы өз. жайлаудың өн бойымен
ағады. А. ж. көшіп-қонуға ыңғайлы мал жайылымы болып табылады. АТАМЕКЕН – туған жер, өңір, өлке. түркі қауымына ортақ «ата» сөзімен қосылып, әуелде «ата қоныс» ұғымында қолданылған. кейін келе мәні кеңейіп, «ата-бабалар ғұмыр кешкен, олардың өз ұрпақтарына мәңгілікке қалдырған иелігі, ең қымбат мұрасы» деген ұғымды білдіреді. отан ұғымдарының баламасына айналған А. еліміздің, мемлекеттілігіміздің негізі. АТАНСОР – ертіс алабындағы тұзды көл. солт. қазақстан обл. уәлиханов ауд-нда, атансор анан шығысқа қарай 3 км жерде, теңіз деңгейінен 221,2 м биіктікте орналасқан. аум. 26,7 км2, ұз. 7,7 км, ені 6,1 км жағалауының ұз. 27,2 км, су жиналатын алабы 1160 км 2. түбі кедір-бұдыр, шөгінділі. жағалауы ашық, кей жерлері жарлауытты, құламалы. көлге батысынан атан өз. құяды. су жиналатын алабының 30%-ы жыртылған, қалған бөлігінде жусан, боз, бетеге өседі. алабы мал жайылымына пайдаланылады. АТАСУ – сарысу өз-нің сол саласы. қарағанды обл. жаңаарқа ауд. аумағымен ағады. ұз. 177 км, су жиналатын алабы 5920 км2. қызылту, ұзынжал (өзенжал) тауларындағы бұлақтардан бастау алып, сарысуға (ақтүбек а-нан төменіректе) құяды. негізгі салалары: былқылдақ, қарақоға, қарқымбай, исабек қарасуы, боранбай. қар суымен толысады. жазда ағыны тоқтап, қарасуларға бөлініп қалады. орташа жылдық су ағымы 0,66 м3/с. қаражал қ-ның тұсында а-ға қылыш бөгені салынған. АТАСУ КЕНДІ АУДАНЫ – қарағанды обл. жаңаарқа ауд-ндағы темір-марганец, барит-полиметалл кендері орналасқан алқап. 60-қа жуық ірілі-ұсақты кендері бар. ірілері қаражал, қтай, жәйрем, үшқатын, жомарт, қамыс, керегетас, бестөбе, қылыш, аққұдық. олар девон және тас көмір кезеңдерінің жанартаутекті және терригенді-карбонатты жыныстарынан тұратын жайылма синклинорийінің бойында орналасқан. жалпы ұз. 140 км, ені 10 – 30 км. жеке кен орындары бойынша марганецті және темірлі кен қабаттарының саны 4 – 5-тен 10 – 13-ке дейін, қалыңд. 0,3 – 0,5 м-ден ондаған м-ге дейін жетеді. кен денелерінің қимасында минералдар концентраты орналасқан: ортасында негізінен пирит және халь-
113
Атасу
114
копирит шоғырланса, шет жағы галенит-сфалеритбаритпен қоршалған. темір-марганец және барит-полиметалл кентастарының бұлай орналасуы оларды кешенді игеруге мүмкіндік береді. ең ірі темір-марганец кендері (батыс қаражал, үлкен қтай, шығыс қаражал, үшқатын-3) ашық әдіспен игеріледі. кентастарды байытудан алынған шикізат қазақстанның қара және түсті металлургия кәсіпорындарында өңделеді. АТАСУ МИНЕРАЛДЫ СУЫ – қарағанды обл. атасу т. ж. ст-нан солт-ке қарай 50 км жерде орналасқан шипалы жер асты су көзі. сулы қабат 80 м-ден төмен тереңдіктегі девон кезеңінің жарықшақтанған құмтастарынан түзілген. ұңғымадан шығатын судың тәуліктік мөлш. 200 м3-ден астам. судың минералд. 3,7 г/л, ол хлоридті-сульфатты натрийлі түрге жатады. құрамында стронций, бром, фтор, т.б. элементтер болғандықтан, бұл минералды су асқазан, ішек, бауыр ауруларын емдеуге шипалы. А. м. с. жергілікті тау-кен кәсіпорындарының емдеу-сауықтыру мекемелерінде пайдаланылады. АТБАСАР АРТЕЗИАН АЛАБЫ – ақмола обл-ның солт.-батысындағы (теңіз ойысында) арынды жер асты суы бар аймақ. тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты зерттелген (1954 – 60). артезиан алабы аум. 4 мың км2 болатын мульда тәрізді құрылымды алып жатыр. 50 – 150 м тереңдікте орналасқан сулы қабат девон, тас көмір кезеңінің құмтастары мен әктастарынан тұрады. кей жерлерде су ұңғымадан фонтанша атқылайды. әр ұңғыма тәулігіне 100 – 1300 м3 су бере алады. су негізінен гидрокарбонат және хлорид құрамды, минералд. 1 г/л-ге, ал алаптың оңт-нде 3 г/л-ге дейін жетеді. а. а. а-ндағы жер асты суының жалпы қоры 10 – 12 млрд. м3 шамасында. АТБАСАР АУДАНЫ – ақмола обл-ның батысындағы әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. жер аум. 11,8 мың км2. тұрғыны 52,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,4 адамнан келеді (2010). аудан 15 ауылдық округке бөлінген. Аудан орт. – атбасар қ. аудан жерін көкшетау қыратының оңт. ұсақ шоқылы сілемі (абс. биікт. 450 м), төбелі-белесті атбасар жазығы мен теңіз жазығының солт. бөлігі алып жатыр. климаты тым континенттік, қысы ұзақ суық, жазы қоңыржай ыстық. орташа темп-расы қаңтарда 18°С, шілдеде 20°С. жауын-шашынның жылдық мөлшері солт-нде 300 – 400 мм, оңт-нде 250 – 300 мм. ауданда есіл, жабай, жыланды, терісаққан, қайрақты, шортанбай өзендері және 12 тұщы көл бар. ауданның солт. бөлігі қара топырақты, оңт. бөлігі қара қоңыр
Аудандағы Есіл өзені
топырақты болып келеді. жерінің басым бөлігі жыртылған. өсімдіктерден дала белдеміне тән қызыл селеу, қылқан селеу, бетеге, қоңырбас, бидайық, қияқ, айрауық, еркек шөп, кермек, түлкіқұйрық, арпабас, сұлыбас, жусан, бөрте жусан, иманжапырақ, қына, тобылғы өседі. өзен жайылмалары мен көл жағалауы түрлі шөп аралас шалғынды, қамысты болып келеді. жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, ақ бөкен, суыр, қоян, сарышұнақ, шақылдақ, тышқан, атжалман, күзен, тоқалтіс, жабайы шошқа, ондатр кездеседі. көлдерінде су құстары – қаз, үйрек, т.б. мекендейді. суында мөңке, оңғақ, алабұға, торта, шортан, аққайран, т.б. балықтар өседі. аудан жері арқылы қарталы – арқалық – астана т. ж., астана – алматы автомоб. жолдары өтеді. АТБАСАР ЖАЗЫҒЫ – ақмола обл-ның солт.-батысындағы эрозиялық-тектоник. жазық. атбасар ауд-нда орналасқан жазық солт-нде көкшетау қыратымен, оңт-нде теңіз жазығымен шектеседі. ендік
Атбасар жазығы
бағытта 320 км-ге, меридиандық бағытта 100 км-ге созылған. жазықтың кейбір тұстары таяз келген көл қазаншұңқырларымен, төбелер және сай-жыралармен тілімденген. климаты тым континенттік. қаңтар айының орташа темп-расы –18°С, шілдеде 19 – 21°С. жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 300 мм. жазық арқылы есіл өз. және оның салалары – қайрақты, жаман қайрақты, жыланды, жабай, аршалы, боқсық, қалқұтан, т.б. ұсақ өзендер ағады. сонымен қатар бірнеше таяз келген тұзды көлдер (қалмақкөл, салқынкөл, жаркөл, баршын, ұзынкөл, балықтыкөл, т.б.) кездеседі. жазықтың басым бөлігінде бетеге, боз, айрауық өседі. АТБАСАР ЗООЛОГИЯЛЫҚ қорықшасы – шаруашылыққа пайдалануға болатын табиғи аумақ. А. з. қ. 10 жылға арналып, 1976 ж. ақмола обл. атбасар ауд-нда құрылған. ауд. 75 мың га. қорықшада оны мекендеген аңшылық-кәсіптік жануарларға, ұя салатын құстарға түлеу, қыстауы кезінде, балықтардың уылдырық шашуына қамқорлық жасалған. негізгі жер бедері – жусан мен бетеге аралас бозды дала, қырат бөктерінің таулы-тасты бөлігі, сулы және сайсала шалғындары. онда өсімдіктерден: қау, итсигек, теріскен, сондай-ақ қалың қараған мен тобылғы, т.б. өседі. қорықшаның жер бедері жануарлар үшін де
Атырау қолайлы. онда суыр, ор қоян, түлкі, қарсақ, қоныс аудару кезінде ақ бөкен де тіршілік етеді. құстардан қара және ақ қанатты бозторғай, дала құладыны, дуадақ, ақбас тырна, т.б. кездеседі. дуадақ, ақбас тырна, қалбағай, тарғақ, т.б. сирек кездесетін құстар қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. қорықша аумағында аң аулауға тыйым салынған. АТЖАЙЛАУ – жетіжол жотасының солт.-батысындағы кіндіктас сілемінде орналасқан таулы массив. жамбыл обл. қордай ауд. жерінде орналасқан. солт. бөлігі алматы обл-ның жамбыл ауд-нда. абс. биікт. 2405 м. тау солт.-батыстан оңт.-шығысқа және шығысқа қарай 35 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 – 17 км. негізінен тас көмір кезеңінің кристалдық тақтатасынан, гнейстен және гранитоидтардан түзілген. жер бедері орта таулық, оңт., оңт.-батыс беткейлері тіктеу жартасты келген. таудың бұл тұсынан ырғайты және батыс ырғайты өзендері бастау алады. солт. беткейлері көлбеуленіп қопа жазығына (аңғарына) ұласып жетеді. таудың шығыс баурайынан шығыс ырғайты өз. басталады. А. тауының оңт. беткейлерінде бидайық, тарғақ шөп, бозшағыл, етегінде жусан, көкпек, баялыш, теріскен, күйреуік өскен. жоғ. белдемінде бұта шоқтары аралас орман кездеседі. а-дың баурайы мал жайылымына пайдаланылады. батыс бөлігінде сұлутөр, үлкен сұлутөр елді мекендері орналасқан. АТЖАҚСЫ – жем өз-нің сол саласы. ақтөбе обл. Мұғалжар ауд-нда орналасқан. ұз. 105 км, су жиналатын алабы 4680 км2. мұғалжар тауының солт.батысындағы намазтау тауының етегінен бастау алады. арнасы кең, ағысы баяу. жемге құяр жердегі орташа су ағымы 2 м3/с. қараша – сәуір аралығында суы қатады. жаз айларында кейде суы тартылып, жем өз-не жетпей қалады. АТЖАЛМАН (Crіcetіnae) – кеміргіштер отрядының аламантәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі жануарлар. А. республикамыздың барлық аймақтарында кездеседі. оның қазақстанда дауыр А-ы (C.barabensіs), сұр А. (C. mіgratorіus), эверсманн А-ы (Allocrіcetulus eversmannі), жоңғар А-ы (Phodopus sungorus), кәдімгі А. (C.crіcetus) және роборовский А-ы (phodopus roborovskii) мекендейді. дене тұрқы 7 – 28 см-дей, салм. 17 – 540 г-дай. құйрықтары қысқа, ұрт қалталары жақсы жетілген. жүні ала күреңдеу, екі бүйірі қызғылт, аузының айналасы, алқымы ақ болады. шөптесін өсімдіктер мен бұта арасында, бау-бақша маңында тіршілік етеді. күндіз інінде жатады және онда оның азық сақтайтын бірнеше қоймалары болады. өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. ініне азықтық қор жинайды. қысқы ұйқыға жатады. ауық-ауық ұйқысынан оянып, жинаған азығымен қоректеніп алады. а-дар жылына 3 – 4 рет, 3 – 13-тен балалайды. бір рет түлейді. А-дар а. ш-на көп зиян келтіреді. оба және туляремия ауруларын таратады. кейбір түрлері лабор. жануарлар ретінде қолда өсіріледі. АТҚОНАҚ (Phleum) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдіктер. 20-ға жуық түрі белгілі. қазақстанның оңт-шығыс, оңт., орт., шығыс аудандарында өседі. А-тың далалық А., альпілік А., шашақты А., рожевиц А. сияқты түрлері бар. олар-
Атқонақ
дың ішіндегі ең маңыздысы және жиі кездесетін түрі – ш а л ғ ы н д ы қ А. (Ph. pratensіs). оның биікт. 60 – 100 см. сабағы көп жапырақты болады. жапырағы түп жағында көп болғандықтан, шоғырлана өседі. гүлшоғыры – жалған масақ. масағы ұсақ, бір гүлді келеді. тұқымы – ұсақ ақшыл түсті, сопақша дән. маусым – шілде айларында гүлдейді. А. – қолдан өсірілетін жоғ. өнімді, бағалы мал азығы. оның әр га-сынан 30 – 40 ц өнім алынады. ылғал жеткілікті болса, жылына екі рет оруға болады. А-тың топырақ тыңайту үшін де маңызы зор. АТЫЖЕК – қатутау жотасының шығысындағы тау. алматы обл. панфилов ауд-нда. абс. биікт. 1725 м (сарытөбе тауы). оңт.-батыстан солт.-шығысқа қарай 23 км-ге созылып жатыр, енді жері 15 км-дей. солт., солт.-шығыс беткейлері тіктеу келген, оңт. көлбеуленіп жазыққа ұласып кетеді. тау мезо-кайнозойдың құмтас, мергель, әктас шөгінділерінен түзілген. далалық сипатты тауалды жазығында бұйырғын, жусан, күйреуік, тау беткейлерінде бұта, ши аралас астық тұқымдас шөптесіндер өседі. батыс бөктерінен көктерек өз. ағып өтеді. АТЫМТАЙШАҒЫЛ – ақсу өз. жағасындағы құмды алқап. алматы обл. ақсу ауд-нда. абс. биікт. 473 м. батыстан оңт.-шығысқа қарай 30 км-ге, оңттен солт-ке қарай 18 км-ге созылып жатыр. қырқалы төбешіктердің биікт. 2 – 20 м. жер асты сулары 1 – 3 м тереңдікте. құмында жусан, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктер бар. өзен жайылмасында қамыс, құрақ, сораң өсімдік өседі. көктемде, қыста мал жайылымдық. АТЫРАУ ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының батысындағы әкімш.-аумақтық бөлініс. А. о. 1925 жылға дейін Орал обл-ның, 1925 – 29 ж. Бөкей губның құрамында болып келді. 1929 ж. Гурьев округі құрылды. 1930 ж. 17 желтоқсандағы ҚазОАК мен Халком Кеңесінің Қазақстанды аудандастыру жөніндегі қаулысына сәйкес бұрынғы Есбол, Жаманқала, Новобогат аудандары, Теңіз ауданының бір бөлігі және Гурьев қаласының негізінде Гурьев ауд. құрылды. 1932 жылдың басында Доссор ауд-
115
Атырау ның Сағыз өз-нің оң жағасындағы жерлері Гурьев ауд-на енді. 1938 ж. 15 қаңтарда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы болып қайта құрылды. Жерінің аум. 112 мың км2. тұрғыны 513,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге 4,3 адамнан келеді (2010). А.о. құрамында 1 қала, 7 аудан, 15 кент бар. Орталығы – Атырау қ. А. о. Еуропаның қиыр шығысы мен Азияның қиыр батысының түйіскен тұсында орналасқан. Батысында Ресей Федерациясының Астрахан обл-мен, солт-нде Батыс Қазақстан, шығысында Ақтөбе, оңтнде Маңғыстау облыстарымен шектеседі. Облыс аумағы теңіз деңгейінен төмен жатқан Каспий
116
Жайық жағасындағы Атырау қаласы
ойпатының солт.-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий т-нің солт. бөлігін алып жатыр. Жері негізінен жазық болып келеді. Облыс аумағының батысын Нарынқұм жалдары, оңт-н Ботпайсағыр, Қосдәулет, Бозанай, Меңтеке құмдары, солт.-шығыс бөлігін Тайсойған, Бүйрек, шығысын Қарақұм алқаптары, солт-н Индер тауы қамтиды. Облыс жерінің шығысы Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген әрі теңіз деңгейінен едәуір жоғары орналасқан. Бұл аумақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілемдері, Доңызтаудың бөліктері – Желтау (221 м), Тамды (175 м) т.б. жоталар алып жатыр. А. обл-ның Каспий ойпаты алып жатқан бөлігін төрттік кезеңнің аллювийлік және теңіздік шөгінділері құрайды. Облыс жерінің қыратты бөлігі тектоник. процестер негізінде пайда болған. Бұл процестер әсіресе ойпат табанындағы тұзды қабаттарға көп әсер етті. Соған байланысты тұз шөгінділерінен тұз күмбездері түзілген. А. о-ның жер қойнауында мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған (Теңіз, Құлсары, Байшонас, Қараарна, Кенбай, т.б.). Индер көлінде бораттың, калий тұзының мол қоры бар. А. о-ның климаты тым континенттік. Қысы біршама суық, қаңтардың орташа темп-расы –3,4 – 5°С. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа темп-расы 24 – 25°С. Жыл бойы дерлік жел соғып тұрады. Оның орташа жылд. 6 – 7 м/с. Жылд. 15 м/с-тан асатын қатты жел жыл бойы 50-дей күнге созылады. Жауын-шашын өте аз түседі, оның жылдық орташа мөлш. 150 – 200 мм. Өсімдіктердің өсіп-өну кезеңі 200 – 210 күн шамасында. Жылы
мерзімнің ұзақтығы жайылымдық мал ш-н өркендетуге қолайлы. Облыстағы жер беті сулары Еділ өз-нің сол тармақтарынан, Жайық, Ойыл, Сағыз және Жем өзендерінің төм. ағыстарынан және үлкенді-кішілі көлдерден тұрады. Өзендерден Жайық пен Жем ғана Каспий т-не құяды, ал Ойыл мен Сағыз оған жетпей, құмға сіңіп кетеді. Жайық өз. мен Еділдің тармақтары – А. о-ндағы тұщы судың негізгі көзі. Олардан балық ауланады. Шағын өзен-көлдер жазда тартылып, қара суларға бөлініп, сортаңданады. Көлдер негізінен Каспий т. жағалауында, өзен аңғарларында орналасқан. Олардың көпшілігі тұзды. Ірі көлдері – Индер, Жамансор, Айғыркөл, т.б. Облыстың оңт.-батысын алып жатқан Каспий т-нен көкбұқа, бекіре, шоқыр, майшабақ, қаракөз, сазан, табан, жайын, итбалық, т.б. ауланады. А. обл-ның жері шөлейтті және шөлді белдемдерде орналасқан. Солт-ндегі қоңыр қызғылт топырақты белдемде жусан аралас астық тұқымдас шөп, құмда еркек шөп, жусан, т.б. өсімдіктер басым. Өзен аңғарларында астық тұқымдастар араласып келетін түрлі шөптесіндер өседі. Ағаш аз, негізінен, терек пен тал ғана кездеседі. Олар өзен бойларында ғана өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, жабайы мысық, қоян, елік, бөкен, т.б. мекендейді. Өзен мен көлдерде шағала, үйрек, жабайы қаз т.б. бар. Облыс өнеркәсібі жергілікті табиғи және а.ш. шикізаттарын өндіру мен өндеуге бағытталған. А. о-нда мұнай өндіру, балық аулау және оны өңдеу, химия, машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, сондай-ақ тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Мұнай Мақат, Доссор, Қосшағыл, Байшонас, Комсомол, Құлсары, Қаражон, Теңіз, Биікжал, Мұнайлы, Прорва, Сарықамыс кәсіпшіліктерінде өндіріледі. Шикі мұнай Атырау мұнай өңдеу з-тында өңделеді, Ресейдегі, т.б. шет елдердегі мұнай өңдеу з-ттарына жіберіледі. Балық аулау мен өңдеу өнеркәсібі негізін Каспий т-ндегі 200-ден астам балық аулау кемелері мен 9 з-т, Балықшы кентіндегі балық консервілеу комб. мен Шортанбай балық з-ты құрайды. Облыста бірнеше тігін ф-касы, нан, сүт з-ттары, ет комб., тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары т.б. мекемелер жұмыс істейді. А. о-ның а.ш. қой, ірі қара, жылқы және түйе өсіруге маманданған. Мал ш-мен бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарлар негізінде ұйымдастырылған шаруа қожалықтары айналысады. Егіншілік нашар дамыған. Еділ тармақтары мен Жайық бойындағы шаруашылықтар жемшөп, картоп, көкөніс, жүгері өсіруге маманданған. А. ш. жерінің аум. 11863,1 мың га (2010), оның 6,5 мың га-сы егістік, 52,1 мың га-сы шабындық, 1693,4 мың га-сы жайылым. Облыстың жалпы ішкі өнімі 2 трлн. 792 млрд. теңгені құрады, яғни респ-дағы үлесі 12,9% (2010). Оның ішінде өнеркәсіп өнімдерінің көл. 3 трлн. 119,5 млрд. теңгеге жетсе, а.ш-ның өнімдері 19,5 млрд. теңге болды. Жалпы ішкі өнім 2006–10 жылдар аралығында 2,5 есеге, оның ішінде өнеркәсіп өнімдері 2,5 есеге, а.ш. өнімдері 1,8 есеге өсті. Облыстың негізгі кәсіпорындары мен мекемелеріне 1 трлн. 105,4 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды. Облыстағы қызметкерлер мен жұмысшылардың
117
Ауған
118
жылдық орташа жалақысы 5 жыл ішінде (2006–10) 2 есеге ұлғайып, 148,3 мың теңгені құрады. 2010 ж. облыстың денсаулық сақтау мекемелерінің саны 43-ке, халыққа қызмет көрсететін дәрігерлікамбулаторлық емханалардың саны 120-ға жетті. Жоғары дәрігерлік білімі бар мамандар саны 1622 болды. Мектепке дейінгі мекемелер саны 2006 жылмен салыстырғанда 22-ге ұлғайды. 203 жалпы білім беретін мектеп, 22 колледж бен кәсіптіктех. уч-ще, 3 жоғары оқу орны бар. А.ш-ның барлық санаттары бойынша облыста шаруа (фермер) қожалықтарының саны 1855-ке жетті (2010). Облыста көліктің барлық түрі дамыған. Темір жол облыс орт-н шығысында Доссор, Мақат, Құлсары арқылы Ақтау қ-мен, Қандыағаш арқылы Орск қмен, Аққыстау арқылы – Волгоград қ-мен, автомоб. жолы Орал және Астрахан қ-ларымен, теңіз жолы Астрахан, Махачкала, Ақтау, Баку, Түрікменбашы, т.б. қ-лармен, әуе жолы Астанамен, Алматымен, республиканың басқа да облыс орталықтарымен, шет ел астаналарымен байланыстырады. АУҒАН ЖЕЛІ – әмудария өз-нің жоғ. ағысында, оңт.-батыстан соғатын мұнарлы әрі құрғақ ыстық жел. ол тұран ойпатына оңт.-батыстан келетін ыстық ауа массасы мен гиссар жотасының солт.-батысынан келетін суық ауа шебінің қосылуы нәтижесінде пайда болатын аэродинамик. үдеудің әсерінен қалыптасады. желдің жылд. 17 – 25 м/с-қа жетеді. жел топырақтың беткі құнарлы қабатын суырып әкетеді де ауадағы шаң-тозаңды көбейтеді. соның салдарынан егістік алқаптары бүлінеді және ауаның ылғалдылығы төмендеп, өсімдіктерді қуратып жібереді. А. ж. қазақстанның оңт. облыстарында жиі байқалады. АУРУКЕТКЕН – мұзбел қыратының оңт-нде құланөтпес өз-нің аңғарындағы шоқы. қарағанды обл. нұра ауд-нда орналасқан. абс. биікт. 457 м. шоқының маңынан су құбырлары жүргізілген. көлді-аллювийлі жазықтағы қоңыр топырағында жусан басым астық тұқымдас шөптесіндер өседі. АУЫЛ – ежелден қалыптасқан қауымдастық. қазақ халқындағы «ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал А-дың этник., экон. және рухани маңыздылығын білдіреді. иен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді. олардың әлеум. ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. қазақ А-ында үйлер алқа-қотан тігіледі, мал қоралау, өргізу үшін А-дың бір жақ шеті ашық қалдырылады. А. көрінісіне тән нәрсе: шұрқыраған жылқы, маңыраған қой, боздаған бота, желіде тізілген құлын, көгенделген қозы-лақ, асыр салған құлынтай болып келеді. А. маңында міндетті түрде бұлақ немесе құдық, оның басында қауға, үлкен ағаш науа болады. А-дың көшіп-қонудағы басты мақсаты – мал тойындыру. қоныс неғұрлым жиі ауыстырылып, өріс жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болады. қазақ жылдың төрт маусымын өрісінің сонылығына, судың молдығына қарай: өре жимас, майқұйрық, ақ бастау, егінді бұлақ, қопалы, миялы, т.б. жіктеген. табиғи апаттар (қуаңшылық, жұт, індеттер), әлеум. және саяси аласапыран оқиғалар (сыртқы жаугершілік, ру-тайпааралық тартыс, ел-
дік бірліктің әлсіреуі, т.б.) адамдық топтасудың бұл түрін күрт өзгерген ортада дәрменсіз етті. отырықшылану кезінде тарихи қалыптасқан көшпелі А-дар жүйесі біржола бұзылып, оның отырықшы жаңа елді мекендер бойынша топтаса қоныстануы пайда болды. осы шағын елді мекендер (олардың ішінде а. шмен айналыспайтындары да) А. атала бастады. соц. жоспарлы экономиканың күйреуі, оның орнына жаңа нарықтық экономиканың ірге тебуіне байланысты тұрғын жұрттың қалаға көші-қонының күшеюі салдарынан А-дар саны азаюда. АУЫСПАЛЫ ҚАУ (Stіpa anomala) – астық тұқымдасы, қау туысына жататын көп жылдық өсімдік. батыс қазақстан аймағындағы далалық жерлерде кездеседі. биікт. 50 – 60 см, сабағы тықыр, буын айналысы қауырсын түкті келеді. түбі шымдана шоғырланып өседі. сабағының ұзына бойына иіле орналасқан жіңішке тықыр, кейде бұдырлау жапырақтарының диам. 2 мм, ал қылтанының ұз. 20 – 25 см. гүлшоғыры – қысыңқы, көп масақты. маусым – шілде айларында гүлдеп, жемістенеді. А. қ. – құнарлы мал азығы. таралу аймағының жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АШЫЛҒАН – оңт. қазақстан обл. түркістан қалалық әкімдігі аумағындағы өзен, сырдарияның оң саласы. ұз. 84 км, су жиналатын алабы 721 км2. қаратаудың солт.-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталады. жоғ. ағысында арнасы тар, тік жарлы келеді, орта ағысында ақарық а-нан бастап арнасы кеңейеді. ұз. 10 км-ден аспайтын 33 саласы бар. жауын, қар, жер асты суларымен толығады. жазда сырдарияға жетпей тартылып қалады. А-ның жоғ. бөлігінде бөгеме жасау арқылы егін суғарылады. АЩЫ – қостанай обл. әулиекөл ауд-ндағы өзен. обаған өз-нің сол саласы. ұз. 81 км, су жиналатын алабы 30 мың км 2, жылдық су ағымы 60 млн. м3. көктемгі су тасу кезіндегі судың минералд. 0,2 – 0,8 г/дм3, сабасына түскен кезінде 15,0 г/дм 3-ді құрайды. өзен аңғары шабындық және мал жайылымына пайдаланылады. АЩЫ – батыс қазақстан обл. шыңғырлау ауд-ндағы өзен, жайық алабындағы елек өз-нің саласы. ұз. 70 км, су жиналатын алабы 1960 км 2. ақтаудың солт.шығыс беткейінен басталып, елек өз-не шоқтыбай а. тұсында құяды. А-ға ұз. 10 км-ден аспайтын оншақты сала қосылады. қарашаның басында суы қатып, сәуірдің басында ериді. өзенге бөгеттер салынған. бөгет суы бақша суғаруға, ал өзен суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады. АЩЫКӨЛ – 1) сарысудың төм. бөлігі боқтықарын өз-нің құйылысындағы көл. солт. бетпақдала, оңт. мойынқұмға жалғасады. Аум. 74,2 км2. жағасы жайпақ, құмды келген. жалпы ойысында телікөл, ақжайқын және А. шаралары қалыптасқан. ойыстың шығысын тоғызкентау, оңт-н қатыншоқай құм массиві алып жатыр. атырабы – мал жайылымы; 2) қарағанды обл. ұлытау ауд-ның солт-ндегі тұйық, тұзды көл. қаракеңгір және сарыкеңгір өзендері бастауларының аралығында, оңт-тен солт-ке қарай созылып жатыр. аум. 16 км2. ұз. 6,6 км, енді жері 4 км. тереңд. 0,8 м, су көл. 12 млн. м3. су жиналатын алабы 117 км2. оңт. мен шығыс жағалары жарлауытты, қалған жағалары жайпақ келген. көктемде, жазда
Ащыөзек мал суаруға пайдаланылады, күзге қарай суы кермек татып кетеді. жағалай қамыс өскен. АЩЫКӨЛ – жамбыл обл. талас, сарысу аудандарының аумағында, ақкөл а-ның солт.-батысында 12 км жерде орналасқан көл. ұз. 10 км, ені 8 км, жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты аум. 31 – 67 км2 аралығында өзгереді. тереңд. 5 м-ге жуық. көлдің солт. жағалауы тік жарқабақты (биікт. 6 – 8 м), шығысы жазық, құмдауытты, оңт. сазды, жағалауында қамыс, қоға өседі. көлге оңт.-батыстан көктал, шығысынан аса өз-нің бір тармағы құяды. желтоқсанның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. көлде қаз, үйрек, т.б. су құстары мекендейді. АЩЫКӨЛ ОЙЫСЫ – қызылорда және оңт. қазақстан облыстары аумағында, сарысу, шу өзендерінің төм. ағысында жатқан ойыс. ол бетпақдаланың жазықты оңт.-батыс бөлігінде ендік бағытта 80 кмге созылып жатыр. енді жері 25 км-дей. өзендердің құмтасты-сазды және құмды аллювийлі шөгінділерінен түзілген. ойыстың орта тұсында ақжайқын және ащыкөл көлдері орналасқан. климаты континенттік. қаңтардың орташа темп-расы –11°С, шілдеде 27°С, жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 150 мм. сор, сортаң және шалғынды сортаң топырағында қамыс, айрауық, ажырық, боз жусан, теріскен және баялыш өседі. АЩЫҚҰДЫҚ – ақтөбе обл. шалқар ауд-ндағы тұйық, ащы көл. тоғыз т. ж. ст-ның солт.-шығысында 39 км жерде. ұз. 8 км, ені 2 км-ден астам, аум. 15,1 км2. жауын-шашынға байланысты аумағы өзгеріп отырады. жағасы жазық. қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. А. құрғақ жылдары өте ащы болып, тұнба тұзға айналады. көл жағаларында сораң өсімдіктер өседі. АЩЫЛЫ – қарағанды обл. ұлытау ауд-ндағы өзен. шалқар алабындағы дулығалы жыланшық өз-нің оң саласы. Ұз. 72 км, су жиналатын алабы 885 км 2 ұлытаудың солт.-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталады. жағасы жарқабақты. а-ға ұз. 10 км-ден аспайтын 14 сала құяды. сәуір айының ортасында су деңгейі көтеріліп тасиды. жаздың ыстық айларында өзеннің суы қарасуларға бөлініп, кей жері құрғап қалады. көктемде суы тұщы, жазда суы ішуге жарамсыз. көбінесе мал суаруға, т.б. шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады. АЩЫЛЫАЙРЫҚ – ақмола обл. шортанды, ақкөл аудандарының жері арқылы өтетін өзен. ертіс алабындағы семей өз-нің сол саласы. ұз. 58 км, саласы сарқамыспен қосқанда 96 км. су деңгейі көктемде көтеріледі, ағысы баяу, жазда құрғамайды. жағасы жоғ. ағысында тік жарлы, төм. ағысында жазық. жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, сәуірдің аяғында мұзы ериді. егін, мал жайылымдарын суландырады. АЩЫМИІР – шалқар көлі алабындағы өзен. қарағанды обл. ұлытау ауд. жерімен ағады. ұз. 118 км, су жиналатын алабы 2150 км2. ұлытаудың оңт.-батыс беткейінен басталады. А. батысқа қарай байқоңыр, қалмаққырылған өзендерімен қатар ағып, құмды өңірде ақмола а-ның оңт.-батысында 18 км жерде қарасуларға бөлініп қалады. алабында жалпы ұз. 97 км шағын 29 саласы бар. аңғарының ені 1,0 – 1,2 км, сағасында аңғары байқалмайды. екі жағында
жайылмасы бар, арнасы жарқабақты. көбіне қар еріген кезде суы молаяды. көп жылдық орташа су шығымы сағасында 0,30 м3/с. жылдық ағымының мөлш. 9,5 млн. м3. мал суаруға пайдаланылады. АЩЫНЫҢ САЙЫ, Б ұ р а л қ ы с о р – қызылорда обл. қазалы ауд-ндағы құрғақ арна. сырдарияның ертедегі арал т-не құятын тарамы. ұз. 198 км, арнасы кең, табаны тегіс, «U» пішінді. көпшілік жері үрме құммен толған. А. с-нда тұрақты ағын жоқ. арна жағалауында жүзгін, қоянсүйек, шеңгел өседі. АЩЫОЙЫЛ – ақтөбе обл. байғанин, ойыл аудандарының жеріндегі өзен, ойылдың сол саласы. ұз. 114 км, су жиналатын алабы 5210 км 2. шилісай, шұбаржылан өзендерінің тоғысқан жерінен бастап А. деп аталады. құрман а-ның тұсында ойыл өз-не құяды. көктемде құятын негізгі салалары – ащыөзек, қандыағаш, жарлы, қаңбақтысай, қуырдақты. А. аңғарының ені 0,3 – 1,5 км-ге, ал жардың биікт. 1,5 – 2,5 м-ге жетеді. қар суымен толығады. Суы қарашаның басында қатып, наурыздың аяғында ериді. көп жылдық орта су ағымы 2,0 – 2,5 м3/с. суында шортан, табан балық бар. төм. ағысында жайылымдарды суғаруға пайдаланады. АЩЫӨЗЕК – еділ мен жайық аралығындағы өзен. Батыс Қазақстан обл. жәнібек және казталов аудандары жерінде орналасқан. ұз. 258 км, су жиналатын алабы 7150 км2. жалпы ұз. 169 км болатын 7 саласы бар. басты салалары шерімбетсай, Берішарал. Бастауын жәнібек ауд-ндағы байдуков а-ның оңт.шығысына қарай 3,5 км жерден алып, казталов аудндағы аралсор а-ның маңындағы жалпақсор көліне құяды. сағасындағы жылдық орташа су ағымы 2,04 м3/с. аңғары айқын емес, жайпақ беткейлі. өзен қайраңдармен кезектесіп отыратын иірім (қарасу) тізбегінен тұрады. қар суымен толығады. қараша – сәуір айлары аралығында қатып жатады. алабында жалпы су көл. 0,67 млн./м3 болатын шағын тоғандар салынған. суы жайылмадағы шабындықты көлдетіп суғаруға пайдаланылады. АЩЫӨЗЕК – шығыс қазақстан обл. аягөз және қарағанды обл. ақтоғай аудандары жеріндегі өзен. балқаш көлі алабында. ұз. 108 км, су жиналатын алабы 8600 км2. балқаш көлінің солт-ндегі қалмақемел, түлкілі тауларындағы бұлақ, қайнарлардан (110-нан астам) басталып, тұрламбек бейітінің солт.-батысында 8 км жетпей тартылып қалады. арнасы тар, көктемгі қар суы кезінде ағысы байқалады. жаздың ыстық айларында арнасы құрғап қалады. жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. өзен мал суаруға, жайылмасы қысқы мал жайылымына пайдаланылады. АЩЫӨЗЕК – 1) түндік өз-нің оң саласы. қарағанды обл. қарқаралы ауд. жерімен ағып өтеді. қайнар а-ның батысында 30 км жердегі үлкен сарымбет тауының оңт.-батыс беткейіндегі бұлақтан басталады. ұз. 80 км. бастапқыда тоқтысу орта ағысы шабасшиөзек, төм. ағысы А. деп аталды. таулы-тасты жерді жарып өтеді. қарашада суы қатып, сәуірде ериді. А. жайылмасы шөбі шүйгін шабындықтар; 2) балқаш көлі алабындағы өзен. ұз. 91 км, қалмақемел және түлкілі тауларының беткейлеріндегі бұлақ суларының қосылуынан түзіледі, жауын-шашын мол жылдары балқаш көліне құяды. жағасы жайпақ, құмдауытты. жоғ. ағысында ұз. 10 және 15 км-лік екі саласы бар. көктемде еріген қар және жер асты сула-
119
Ащысай
120
рымен толығады. сәуірде тасып, жазда қарасуларға бөлініп, төм. ағысы тартылып қалады. алабында жайылымдық және шабындық жерлер бар. суы мал суаруға пайдаланылады. АЩЫСАЙ – ақтөбе обл. ырғыз ауд-ндағы өзен. шалқар алабындағы ырғыз өз-нің оң саласы. Ұз. 93 км, су жиналатын алабы 1150 км2. мұғалжар тауының шығыс беткейінен басталып, көкжар а-ның оңтнде 137 км жерде ырғыз өз-не құяды. арнасы тар, жиегі тік жарлы. қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. жаздың ыстық айларында құрғап қалады. қарашаның басында суы қатып, наурыздың аяғында ериді. көктем, күз айларында өзен аңғарына мал жайылады. АЩЫСАЙ – оңт. қазақстан обл. шардара, сарыағаш аудандарының жеріндегі өзен. сырдария алабындағы құркелес өз-нің оң саласы. Ұз. 84 км, су жиналатын алабы 1060 км2. Бастауын белтау тауының оңт.-шығыс беткейінен алып, ақмола а-нан оңт-ке 20 км жерде құркелеске құяды. арнасы жоғ. ағысында тік жарлы, төм. ағысында жайпақ болып келеді, өзен табанын батпақ сор басып жатыр. басты саласы – ақсай. қар еріген кезде А. өз-нің деңгейі көтеріледі. жазда ұсақ қарасуларға бөлініп қалады. желтоқсанның аяғында суы қатып, ақпанның аяғында ериді. Суы егін суғаруға пайдаланылады. АЩЫСАЙ – ақтөбе обл. байғанин ауд-ндағы өзен. сағыз өз-нің сол саласы. Ұз. 60 км, су жиналатын алабы 619 км2. шұқыркөл қыстауы маңынан басталады. ұз. 10 км шамасында 40-тан астам уақытша ағатын саласы бар. арнасы кең, жағасы жазық. жауын, қар суларымен толығады. көктемде ғана ағын болады, жаз айларында құрғап қалады. желтоқсанның басында суы қатып, сәуірдің басында ериді. суы ащы, көктемде мал суаруға жарамды. АЩЫСАЙ ҚОРҒАСЫН-МЫРЫШ кені, оңт. қазақстан обл. кентау қ-нан солт.-шығысқа қарай 24 км жерде орналасқан. полиметалл кендеріне жатады. кен орны ежелгі заманнан белгілі. 1866 ж. орыс табиғат зерттеушісі н.а.северцов сипаттаған. 1868 ж. орыс көпесі и.первушин қаратау аймағындағы басқа кендермен бірге ащысай кенін де қазақтардан 1200 сом ақшаға сатып алған. ал орыстың басқа бір көпесі иванов 9 жыл аралығында (1883 – 86 және 1895 – 99 ж.) ащысай кенінен 357 т таза қорғасын өндірген. бұл кен орны 1934 ж. шымкент қорғасын з-тын салуға негіз болды. 1936 жылдан қорғасын кентасы өндіріледі. А. қ.-м. к. бірнеше тектоник. жарылымдар бойынша қыртысталған белмазар синклиналының шығысындағы девон, тас көмір кезеңдерінің әктас, доломит және саздан тұратын аралас тау жыныстарынан құралған. кен орнының ұз. 500 м, ені 100, тереңд. 450 м-ге дейін. ол діңгек, талшыбық, желі, тамыр сияқты тармақталған кен денелерінен тұрады. олардың қалыңд. 2 – 5 м аралығында. кен сульфид және оксид кентастарынан құралған. негізгі минералдары – пирит, сфалерит, галенит, кальцит, доломит, барит, церруссит, гидрогетит, гетит, смитсонит, липсонит, халцедон. шикізат шымкент қорғасын з-тына жіберіледі. АЩЫСАЙ ҮҢГІРІ – оңт. қазақстан обл. созақ ауднда, ащысай кенті маңында орналасқан. үңгір карст типіне жатады. қаратау беткейінің әктасты қабатында жер асты суының жебір әрекетінен пайда бол-
ған. ұз. 30 м, ені мен биікт. 3 м-дей. қабырғаларында әктастың еруі нәтижесінде әр түрлі ою-өрнекті бейнелер қалыптасып қатып қалған. табанында түрлі пішінді карбонат үйінділері кездеседі. АЩЫСОР – нұра алабындағы тұйық, тұзды көл. қарағанды обл. нұра ауд-ның орт. киевка кентінен батысқа қарай 27 км жерде, мұзбел тауының оңт-нде орналасқан. аум. 24 км2. ұз. 6 км, ені 4 км, тереңд. 0,6 м. су жиналатын алабы 177 км2. жауын-шашын аз жылдары аумағы кішірейіп қалады. суы кермек, тым тұтқыр, әлсіз сілтілі келеді. минералд. 5,6 г/л. қарашада суы қатып, сәуір айында ериді. жағалауы ұсақ шығанақ түбектермен тілімденген. көл жағалауында құрақ, қамыс, әр түрлі шөпті шалғын мен бұта өседі. суы көктемде мал суаруға, алабы мал жаюға пайдаланылады. АЩЫСОР – маңғыстау обл. түпқараған ауд-ндағы ойыс. каспий т. жағалауына жақын орналасқан (теңізден 5 км жерде) ойыстың пішіні дөңгелек келген. ұзындығы мен ені орта есеппен 10 – 12 км, аум. 105 км2. ойыс теңіз деңгейінен 38 м төмен жатыр. сор басып жатқан ойысты құм төбешіктер қоршаған. батыс жағалауындағы құм қырқасында апаша құдығы бар. жағалау бойында шөлге тән сораң шөптер өседі. қарақия ауд-ның орт. құрық кенті А. ойысының оңт.-шығысында 14 км жерде орналасқан. ойыстың солт-нде мұнай кен орындары бар. АЩЫСУ – ертіс алабындағы өзен. шығыс қазақстан обл. жарма, аягөз, абай аудандары жерімен ағады. ұз. 349 км, су жиналатын алабы 18100 км2. Бастауын жақсы қойтас, жаман қойтас, сарытау баурайындағы бұлақтардан алып, шаған өз-не құяды. өзен жағасы жарлауытты (биікт. 2 м-ге жетеді) келген. негізінен қар суымен толығады. жылдық орташа су ағымы 0,34 м3/с (үшбиік т. ж. ст. тұсында). суы мал суаруға пайдаланылады. АЩЫСУ – қарағанды обл-ның бұқар жырау, павлодар обл-ның баянауыл аудандары арқылы ағатын өзен. ұз. 276 км. Бастауын айыртау мен желтау тауларындағы бұлақтардан алып, жаркөл көліне құяды. ірі салалары: жыландыбұлақ, қорған, айрық, қарасу және күртіөзек. аңғарының ені 7,5 км. қар, жер асты суларымен толығады. жазда тартылып қарасу тізбектеріне айналады. Теңдік а. тұсында жылдық су ағымы 0,44 м3/с. қараша – сәуір айларында суы қатады. суы мол кезде тұщы, сабасына түскенде ащы келеді. Мал суаруға пайдаланылады. АЩЫСУ – алматы обл-ның жамбыл, қарасай аудандары арқылы ағатын өзен. ұз. 93 км, су жиналатын алабы 1070 км2. іле алатауының солт. баурайындағы 2000 – 2500 м биіктіктегі текшелерден бастау алып, көлбұлақ а-ның солт-нде суы сарқылып қалады. жоғары ағысында өзен тік беткейлі тар арнамен ағады, ал төм. ағысындағы арнасы жазық келеді. жауын-шашын және жер асты суларымен толығады. аңғары мал жайылымына пайдаланылады. АЩЫСУ БӨГЕНІ – ащысу өз-нің бойындағы бөген. қарағанды – қарқаралы автомоб. жолынан 4 км жерде бұқар жырау ауд-нда. 1984 ж. салынған. су айдынының ауд. 670 га, толған кездегі көл. 20 млн. м3, ұз. 9 км, ені 2 км-ге дейін, ең терең жері 15 м, жағалауының ұз. 23 км. суының минералдығы су тасу аяқталған кезде 300 мг/л-ден күзгі және қысқы төм. деңгей кезінде 1 г/л-ге дейін ауытқып отырады. қа-
Аюшат рашада суы қатып, сәуірде ериді. А. б-нде мөңке, оңғақ, шортан, алабұға, шабақ тіршілік етеді. А. б. суы бұқар жырау ауд-ндағы шаруашылықтардың жерлерін суландыру үшін пайдаланылады. АЩЫТАЙПАҚ – маңсуалмас (мыңсуалмас) қонысы мен бағатай-беніке ойысының оңт-нде жатқан сор. маңғыстау обл. бейнеу ауд-нда орналасқан.
АЮ (Ursіdae) – жыртқыштар отрядының тұқымдасы. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа (қалың жүнінен көрінбейді). Жүні бір түсті қоңыр, қара не ақ, аяғы бес саусақты, тырнақты болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазір А-лардың 4 туысы, 7 түрі кездеседі. Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында А-дың 2 түр тармағы (қоңыр аю, Тянь-Шань аюы) мекендейді. А-лар 30 – 40 жылдай тіршілік етеді. Буаз А. жеке жүреді, қыста үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50 кг-ға жуық май жинап, қатты семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинай алмаса, ұйқыға жатпайды. А-лардың қысқы ұйқысы эвол. даму барысында табиғаттың қолайсыз жағдайларына бейімделу қабілеті болып саналады.
Ащытайпақ соры
доғаша созылған сордың ұз. 45 км, енді жері 6 км. сордың шығысы мен оңт. жарқабақты келген. салыстырмалы биікт. 43 м, абс. биікт. 126 м. АЩЫТАМЫР (Selіnum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. қазақстанда қаратау өңірінде, батыс Тянь-шань жотасында өседі. Биікт. 20 – 100 см-дей, сабағы тік бұтақты, жапырақтары күрделі қауырсынды келеді. гүлшоғыры – күрделі шатырша. гүлдері майда, 5 тостағанша жапырағының кейде қысқа тістері болады. 5 күлте жапырақшалары ішке қайырылған, түсі ақ, жасылдау. пішіндері жұмыртқа тәрізді. аталығы 5, аналығы біреу. Екі ұялы, әр ұясында екі тұқымбүршігі жетіледі, оның тек біреуі ғана тұқымға айналады. тұқымынан көбейеді. тамыз айында гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жемісі – бүйірінен қысыңқы екі тұқымша. Адың қазақстанда 3 түрі: к у л ь т и а с о в , Т я н ь Ш а н ь , П о п о в А-ы бар. соның ішінде Попов А-ы (S.popovіі) тек қана Өгем жотасында сирек кездесетін эндемик түр. Оның жылдан-жылға таралу ареалы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЩЫТАСТЫ – Қостанай обл. Арқалық қалалық әкімдігі аумағындағы өзен, Шалқар алабындағы Жалдама өз-нің оң саласы. Ұз. 130 км, су жиналатын алабы 5240 км2. Арқалық тауының оңт.-шығыс беткейінен басталады. Аңғарының ені жоғ. ағысында 400 м, төм. ағысында 2 км-ге, сағасында 5 км-ге дейін жетеді. Басты салалары: Байқожа, Ақжар, Түлкісай, Жосалысай. Жауын-шашын, қар, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 2,76 м/с. А. жайылымдарды суландыруға және малға суат есебінде пайдаланылады. АЩЫТАСТЫСОР – Қостанай обл. Жангелдин аудндағы тұйық, ащы көл. Торғай және Жыланшық өзендерінің аралығында теңіз деңгейінен 140 м биіктікте жатыр. Аум. 48,9 км2. Ұз. 13,3 км, ені 5,8 км. Жауыншашын мол жылы толысып отырады. Жағалауы жазық. Қарашаның аяғында суы қатып, наурыздың аяғында ериді.
121
Тянь-Шань аюы
А. – бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланады. Семіз А-дан 120 кг ет, 50 кг-дай витамині мол май алуға болады. А. жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. 20 ғ-да А-лардың саны күрт азайып кетті. Сондықтан олардың 5 түрі және 5 түр тармағы қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. АЮЛЫ – қарағанды обл. осакаров ауд-ның солт.шығысында, нияз тауының батысында, осакаровка кентінің оңт.-шығысында 35 км жерде орналасқан тау. ең биік жері 796 м. солт-тен оңт-ке қарай 13 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. протерозой жыныстарынан түзілген. оңт-тің карбонатты қара топырағында бетеге, селеу өседі. аңғарларында көк терек, қайың шоқ тоғайлары кездеседі, тау ішінде бұлақ көп. есілдің қарғалы, шортанды салалары осы таудан басталады. АЮТАС ҚЫРАТЫ, А ю т а с – ендік бағытта созылып жатқан көтеріңкі келген қыратты жерлер. cолт. қазақстан обл. шал ақын ауд-нда. аудан орт. сергеевка қ-на таяу жерде орналасқан. Жер бетіне байырғы кристалл жыныстары шығып жатыр. есіл өз. аңғары осы жерде тарылған. сол жерде сергеев бөгені салынған. қырат үстінде қиыршықтас өндіретін карьер бар. А. қ. жайлы ел ішінде әр түрлі аңыз айтылады. АЮШАТ ҮҢГІРІ, қарағанды обл. жаңаарқа ауд. қызылтау тауындағы табиғи үңгір. теңіз деңгейінен 1091 м биіктікте орналасқан. порфирит жыныстары-
Аягөз ның үгілуінен пайда болған. үңгірдің ұз. 25 м, ені 2,5 м, биікт. 3 м. күндіз іші жарық болады. үңгір толық зерттелмеген. АЯГӨЗ – алматы, шығыс қазақстан облыстары аумағындағы өзен. тарбағатай жотасының солт. сілемдерінен (1661 м) бастау алады. балқаш көлінің солт.-шығыс бөлігіне құяды. үлкен аягөз және кіші аягөз өзендерінің қосылуынан кейін аягөз аталады. ұз. 450 км, алабының аум. 15,4 мың км2. жылдық орташа су ағымы 5 м3/с. жылдың 2-жартысында және құрғақшылық жылдары суы балқаш көліне жетпейді. жоғ. ағысының жағалары тік шатқалды, ал орта және төм. ағыстары кең жайылымды болып келеді. балқашқа құяр жері сортаң және батпақты. ұзынды-қысқалы 312 саласы бар. ірі салалары: на-
122 Аягөз өзені
рын, балықты, батпақты, айғыз, қурайлы, таңсық. негізінен қар және жер асты суларымен толығады. сәуір – мамыр айларындағы су ағымы 80 – 170 м3/сқа дейін жетеді, ал тамыз – қыркүйек айларында 0,6 – 2,0 м3/с-қа дейін төмендейді. қарашаның 1-жартысында суы қатып, сәуірдің басында ериді. суы тұщы, минералд. 0,3 – 8,1 г/л. хим. құрамы – сульфатты натрийлі. суы ауыз суға, жайылымды суландыруға және өндірістік-тех. мақсаттарға пайдаланылады. АЯГӨЗ АУДАНЫ – шығыс қазақстан обл-ның оңт.-батысында орналасқан әкімш. бөлініс. 1928 ж. құрылған. жер аум. 49,5 мың км2. тұрғыны 37,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км2 жерге 0,7 адамнан келеді (2010). аудан орт. – аягөз қ. аудандағы 61 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 23 ауылдық округке біріктірілген. А. а-ның солт. сайлы-жыралы, өзенді, көлді, оңт. балқаш – алакөл ойысымен астасқан жазық болып келеді. солт-ндегі ақшатау жотасында ауданның ең биік жері – қособа тауы (1304 м) орналасқан. қиыр батысында аласа келген таулар (арқарлы, қараүңгір, түлкілі) мен қоныстар (ақөзек, ақынбай, тайсойған, т.б.), оңт-нде қарауылтөбе тауы жатыр. климаты тым континенттік, жазы ыстық, қысы суық. қаңтардағы орташа ауа темп-расы –17°С, шілдеде 19°С. жауыншашынның жылдық орташа мөлш. 250 – 400 мм. қар қазанның соңы қарашаның басында түсіп, сәуірге дейін жатады. аудан аумағынан аягөз, қарасу, бақанас, т.б. кішігірім өзендер ағып өтеді. топырағы сортаң, кей жерде қоңыр және сұрғылт. табиғи өсімдіктерден боз, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі. жабайы аңдардан арқар, қасқыр, аю, түлкі, борсық, қоян, сарышұнақ, құстардан қаз, үйрек, шағала, т.б. мекендейді. А. шна пайдаланылатын жер аум. 4 млн. 479 мың га, оның ішінде егістік 10,5 мың га, шабындық 146,3 мың га,
Аудандағы аласа таулар
жайылым 4,2 млн. га (2008). аудан жерін түркістан – сібір т. ж. басып өтеді. АЯҚБАС АҚЖАПЫРАҚ (Jurіnea cephalopoda) – күрделігүлділер тұқымдасының ақжапырақ туысына жататын бұта. қазақстанның қаратау, қызылорда, түркістан жерлерінде кездеседі. биікт. 70 см. бұтақталған сабағы тік өседі. жапырақтары жіңішке, шеті сыртына қарай қайрылып келеді, ұз. 10 – 20 см, ені 2 – 5 мм-дей болады. күлте жапырақшалары қошқыл қызыл түсті. ақ түсті гүлдері дара себет гүшоғырына топталған. тұқымынан көбейеді. мамыр айында гүлдеп, маусымда жеміс береді. тұқымы – төбесі төмен қараған пирамида тәрізді, 4 қырлы. А. а. өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кітабына» енгізілген. АЯҚБҰЛДЫРЫҚ – сарысу өз-нің төм. бойындағы тау. қарағанды обл. ұлытау ауд-ның оңт-нде, батыстан шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 10 – 12 км. 2 шоқыдан (аяқбұлдырық, басбұлдырық) тұрады. шөл өсімдіктері (сарысояу, баялыш) өседі. оңт. беткейінен бұлдырық бұлағы басталады. мал қыстатуға пайдаланылады. АЯҚҚАЛҚАН МИНЕРАЛДЫ СУЫ – іле өз-нің сол жағалауындағы палеоген, неоген құмды қабаттарындағы тектоник. жарылымдардан бұрғыланған ұңғымалар арқылы шығып жатқан, арыны мол шипалы су. ол алматы обл. еңбекшіқазақ ауд. шелек а-нан солт.-батысқа қарай 45 км жерде, іле өз-нің сол жағалауында орналасқан. 1956 ж. бұл жерде аудандық санаторий ашылды. 1960 – 70 ж. суы шипалы сусын ретінде «алматы минералды суы» деген атпен сатуға шығарылды. суының темп-расы 29°С, құрамы хлорлы-сульфатты натрийлі, минералд. 4,5 г/л. асқазан, ішек, қол-аяқ, бел сырқаттарын және әйел ауруларын емдеуге пайдаланылды. 1970 жылдан кейін минералды су шығып тұрған ұңғымалар, бұлақтар қапшағай бөгенінің астында қалып, аяққалқан курорты жабылды. кейін 1989 – 91 ж. қапшағай бөгенінің шығыс жағалауында жүргізілген гидрогеол. барлаудың нәтижесінде антропоген құмды қабаттарынан, бұл минералды судың жаңа көздері табылды. ұңғымалардан атқылаған судың мөлш. тәулігіне 8 – 20 мың м3-ге жетеді. АЯҚҚАМЫС, А қ қ а м ы с – қостанай обл. жангелдин ауд-ндағы шолаққарасу а-ның оңт.-батысында 24 км жердегі тұйық көл. ұз. 6,7 км, ені 2,5 км, аум. 12 км2 (жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады). жағасы жазық. қарашаның аяғында суы қатып, сәуірдің аяғында ериді. суы ащы. жағалауы мал жайылымы, алабының 30 – 40%-ы егістік.