EXECUTIVE MBA
Назарбаев Университетінің бас корпусы
Инновациялар Әлемдік бизнес көшбасшылары буынының қалыптасуына ықпал ететін, келешегі бар оқу орнына қош келдіңіздер. Назарбаев Университетінде Жоғары Бизнес мектебінің ашылуы әлемнің барынша серпінді дамып келе жатқан өңірлерінің бірінде менеджмент саласындағы білім беруге деген тартымды көзқарасты көрсетеді. Білім берудің бұл жаңа моделі жергілікті бизнес жүргізу саласында білімі бар, Қазақстан мен Орталық Азияның кең-байтақ аймақтарына біздің мол табиғи ресурстарымызды басқаруға және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуымызға кең мүмкіндіктер беретін инновацияларды алға жылжытуға бағыттылыққа ие әлемдік профессорлық-оқытушы құрамын ұсынады. Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде, сондай-ақ әлемдік ең ықпалды экономикаларды байланыстыратын маңызды «көпір» ретінде әлемдік кеңістіктегі бірегей ұстанымын көрсететін Бизнес мектебін бірлесе құруға қосылыңыздар.
4
5
УНИВЕРСИТЕТ ТАРИХЫ Біздің тарихымыз 2006 жылы Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейдегі халықаралық зерттеу университетін құру арқылы Қазақстанды әлемнің бәсекеге қабілетті экономикасы бар елдерінің қатарына енгізу жөніндегі өз стратегиясын халыққа ұсынғанда басталды. Осындай университетті құру болашақта Қазақстан Республикасының индустриялық дамуына көмектесетін ғалымдарды, инженерлер мен әлеуметтанушыларды оқытуда серпін жасау болар еді. 2009 жылы 20 маусымда Қазақстан Республикасының үкіметі толығымен оған қарасты болатын «Астана қаласының Жаңа Университеті» коммерциялық емес акционерлік компаниясын құру туралы қаулысын шығарды және Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен 2009 жылғы 4 қыркүйекте өткен жалпы жиналыста Астана қаласының Жаңа Университетін құруды бастау үшін бірқатар тікелей тапсырмалар берілді. «Осындай ауқымды жаңа университетті құру біз үшін негізгі ұлттық жоба болып табылады; университет біздің ұлтымызды және қоғамды дамыту үшін кең ауқымды жүйелік нәтиже құруға бағытталған. Жаңа Университет отандық білім беру жүйесінің барлық артықшылықтары мен үздік әлемдік ғылыми-білім беру тәжірибесін үйлестіретін ұлттық бренд ретінде құрылуы тиіс», - деді Президент Н. Назарбаев.
6
Университетте оқытылатын курстар ұлттық экономиканың артықшылықтарын көрсетуге бағытталған. Негізгі бағыт Қазақстанның өнеркәсібінің жеткілікті дамыған салаларын қолдау мақсатындағы техникалық білім беру болуы тиіс. Сонымен қатар, Президент ел үшін білімнің жаңа салаларын ұсынатын ғылымның тағы бірнеше салаларын – генетика, биохимия және биофизиканың жоғары артықшылығын көрсетті. Елде экожүйе ретінде ұсынылған инновацияларды дамыту тағы бір мақсат болып табылады, - деп ерекше атап өтті Президент Н. Назарбаев өзінің 2010 жылғы қаңтардағы халыққа жолдауында. Президент Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа зерттеу орталығы құрылатынын жария етті. Медико-биологиялық ғылымдар орталығы, оның мақсаты органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен ынтымақтастық арқылы зерттеулер жүргізу; Жаңартылған энергияны, жоғары энергиялар мен технология физикасын зерттеуге шоғырланған Энергетикалық зерттеулер орталығы; Зертханалық және жобалық шешімдер үшін кеңістік ұсынатын инженерлік-техникалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін торапты орталық ретінде ойластырылған Пәнаралық аспаптық орталық.
2010 жылы маусым айында Астана қаласының Жаңа Университеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Назарбаев Университеті болып қайта аталды. Университеттің салтанатты түрде ашылуы президенттің қатысуымен өтті. Алғашқы студенттер университетке түсуге дайындық бағдарламасына қатысып, 2010 жылғы 27 қыркүйектен бастап оқи бастады. Шигео Катсу 2010 жылғы 6 желтоқсанда Назарбаев Университетінің ректоры болып тағайындалды. Президент 2011 жылғы қаңтарда университетті және оның факультеттерін қаржыландыруға қатысты бірнеше құжатқа қол қойды. 2011 жылдың маусым айында Жоғарғы қамқоршылық кеңестің ашылуына байланысты жиналыс өткізілді, сол жылдың тамызында базалық оқыту циклі бар үш мектептерде: инженерия мектебінде, ғылым және технологиялар мектебінде, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде оқыту басталды. 2011 жылдың қараша айында Назарбаев Университетінде алғашқы халықаралық конференцияларын өткізді: «Білімдегі заманауи үрдістер» және «Регенеративті медицина және ұзақ өмір сүру». 2012 жылдың 27 ақпанында алғашқы стипендиялар табыс етілді. Сондай-ақ 2012 жылы «Медико-биологиялық ғылымдар орталығы» «Назарбаев университеті зерттеу инновациялық жүйесі» (немесеNURIS) деп қайта аталды. 2012 жылдың соңында ресми түрде үш жоғары мектеп құрылды: Жоғары Бизнес
мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Жоғары білім беру мектебі. 2013 жылдың наурыз айында Жоғары Бизнес мектебі Дьюка Университетінің Фукуа Бизнес мектебімен әріптестікте басшыларға арналған МВА бағдарламасын іске қосты. 2013 жылғы 18 сәуірде Жоғары қамқоршылық кеңесінің шешімімен Назарбаев Университетінің 2013-2020 жылдарға арналған Стратегиясы мақұлданды, ол басқарудың классикалық оқу жүйесіне, ғылыми және тәжірибелік кеңестер мен Назарбаев Университеті президентінің рөлін күшейтуге бағытталған. 2013 жылғы 24 сәуірде Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша университеттің Атқарушы органы құрылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Назарбаев Университетіндегі сөзі 7
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 2009 жылы Назарбаев Университеті Астана қаласында әлемдік деңгейдегі бизнес мектебін құру мақсатында Дьюка Университетінің Фукуа бизнес мектебімен стратегиялық ынтымақтастықты бастады. Дьюка Университеті жанындағы Фукуа бизнес мектебі Құрама Штаттарында орналасқан бүкіл әлемге әйгілі мекеме. Мектеп бүкіл әлемде үздік мәртебеге ие және профессорлық –оқытушы құрам деңгейі бойынша әлемде 1- орын алады. Мектеп өкілдікерінің ғаламдық желісіне ие: Лондон, Дубай, Нью-Дели, Шанхай мен Санкт-Петербург қалаларында орналасқан. Фукуа бизнес мектебінің тарихы бірқатар инновацияларды енгізумен ерекшеленген. Бұл жұмыс істейтін мамандарға арналған үш
8
МВА бағдарламасы мен MMS бағдарламасының іске қосылуы. Мектеп әлемдік экономиканың маңызды өңірлерімен ерекше қатынастарды дамытуға қол жеткізді. Бұл ынтымақтастық НУ ЖБМ басшылығының, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлердің кәсіптік тәжірибесінің тиімді пайдаланылуына ықпалын тигізуде. Қазіргі уақытта Фукуа Бизнес мектебінің оқытушылары мықты оқытушы-профессорлар құрамын қалыптастырумен және зерттеу мүмкіндіктерін арттырумен қатар, бизнестегі көшбасшылардың жаңа буынын даярлауға арналған жоғары деңгейдегі МВА бағдарламасын әзірлеуге ең басты назар аударылады.
Фукуа бизнес мектебі, Дьюк Университеті
9
ЖОҒАРЫ БИЗНЕС МЕКТЕБІ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (НУ ЖБМ) Қазақтанда 21 ғасырда әлеуметтік және экономикалық даму қозғалтқышына айналатын ғаламдық ойлаумен бизнес-лидерлердің жаңа ұрпағын дайындау. Біз студенттерге оларды тиімді кәсіпкерлер мен менеджерлер және зерделі жетекші ететін құзыреттерін дамытуға көмектесеіз. НУ ЖБМ келесі бес жылда Орталық Азиядағы жетекші мекемеге айналуға ұмтылады. Біз сапалы білім, біздің зерттеулеріміздің өзектілігі, халықаралық бағыттылық және бизнес-қоғаммен өзара әрекеттесу арқасында әйгілі болғымыз келеді. Біз әр түрлі форматтарда және нарықтың әр түрлі сегменттері (яғни жетекшілер, жас мамандар)үшін МВА бағдарламаларын, сондай-ақ басшылар, кәсіпкерлер мен әр түрлі деңгейдегі мамандар үшін ғылыми дәреже алуды көздемейтін мамандандырылған, қысқартылған бағдарламалар сериясын қолданумен Жалпы әкімшілік етуге шоғырланумен бағдарламаның әлеуетті портфелін ұсынуды жоспарлаудамыз. Сондай-ақ біз корпоративтік клиенттердің қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген жеке бағдарламаларды ұсынамыз.
Жоғары білім беру бағдарламалары: 1. Басшыларға арналған МВА бағдарламасы 2. МВА күндізгі бағдарламасы 3. Инженерлік басқару саласындағы магистратура Ғылыми дәреже берілмейтін бағдарламалар: 1. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін басқарушы кадрларды даярлау жөніндегі бағдарламалар 2. Мамандырылған бағдарламалар 3. Ашық қабылдау
10
КОРПОРАТИВТІК ПІКІРЛЕР Тенгізшевройл (ТШО) серіктестігін соңғы төрт жыл ағымында басқар мен үшін кұрмет. ТШО Батыс Қазақстандағы Тенгіз және Королев кен орындарын әзірлеумен айналысады. Тенгіз 1979 жылы табылған ең терең ірі кен орны. ТШО серіктестігі 1993 жылы құрылды, ТШО өндірісі Қазақстан Республикасының шикі мұнай өндірісінің 30 % құрайды. ТШО компаниясының табысы көптеген жылдар бойы оның қызметкерлерінің қарқынды жұмысы мен адалдығына негізделген. Бүгін Қазақстан азаматтары 1993 ж. 50 %-бен салыстырғанда ТШО-да қызметтердің 86 % құрайды. Қазақстандық менеджерлер мен басшылар ТШО басқару жұмыс күшінің 75 % құрайды. Қызметкерлерді жоғары жауапкершілікті лауазымдарға ілгерілету мақсатында тұрақты оқу жүргізіледі және даму бағдарламалары дайындалады.ТШО-да жұмыс біздің басшылардан әлемде үздік болуды талап етеді. Олар тек жақсы функционалдық тәжірибеге ғана емес, сондай-ақ ТШО бизнесінің факторларын және басшының шешімі бизнестің және жұмыс күшініңі әрбір элементіне қалай әсер етуі мүмкін екендігін дұрыс түсінуі тиіс. Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) ашылуы және оның басшыларға арналған МВА бағдарламасы әлемдік деңгейдегі басшыларға Қазақстанда білім алуды ұсынады. Бұл біз үшін ілгерілетілген деңгейде білім алу үшін үздік және жарқын қызметкерлерді таңдау үшін керемет мүмкіндік. Бұл біздің қызметкерлерімізді бірі үшін бірінші курсқа қабылдану үлкен құрмет, ал оның алған тәжірибесі мен білімі ТШО-ның болашақ басшысы ретінде оған үлкен мүкіндіктер берді. Бүгін біздің болашағамыз жас жетекшілер қолында қалады. НУ ЖБМ проблемаларды шеше алатын көшбасшыларды дайындауға көмектеседі және бұл Қазақстандағы жалғасатын және продуктивті ынтымақтастық екендігіне сенеміз.
Менің атым Грегор Моуэт және мен барлық Орталық Азия бойынша Қазақстанда және Қырғызстанда 4 бөлімшемен аудиторлық, салықтық және кеңес беру қызметтерін көрсететін 400-ден астам қызметтерге ие, кәсіби қызметтер көрсететін фирма, Қазақстандағы және Орта Азиядағы KPMG Басқарушы Әріптесі болып табыламын. Жақсы менеджерлерге KPMG-да өз жұмыстарын жоғары деңгейде орындау үшін әр түрлі дағдыларға ие болу қажет. Үздік техникалық кеңес беретін компания ретінде бізге командаларды басқара алатын, нарыққа шығудың жаңа стратегияларын әзірлей алатын, пайда өсінің динамикасын түсінетін және жаңа клиенттерді тартатын адамдар қажет. НУ ЖБМ жүзеге асыратын іс-шаралар дәл осындай мамандарды дайындау үшін әзірленген. Команданы құруға инновациялық көзқарас және Дюкск Университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебімен бірлесе құрылған тамаша бағдарламаларды тамаша бағдарламалар, сондай-ақ олардың оқытушылар құрамының сапасы арқасында НУ ЖБМ түлектерінде біздің фирмада немесе Қазақстанда басқа салаларда және бүкіл әлем бойынша табысты жұмыс жасау үшін қажетті нәрсе бар. Грегор Моуэт Басқарушы Әріптес – Қазақстанда және Орталық Азияда KPMG
Тим Г. Миллер Генеральный Директор - Тенгизшевроил 11
Басшыларға арналған МВА(ЕМВА) бағдарламасы
Басшыларға арналған МВА бағдарламасы жергілікті жағдайлар – әлемдік ауқым Шолу Басшыларға арналған МВА бағдарламасы 70 ECTS (несиеден) және 20 ай оқудан тұрады. Дәрістер ағылшын тілінде орыс тіліне синхрондық аудармамен жүргізіледі. EMBA бағдарламасы бизнесті жүргізуде өз дағдыларын жақсартқысы келетін және мансаптық саты бойынша ілгерілегісі келетін кәсіпкерлер мен адамдар үшін жалпы басқару дағдыларын дамыту үшін әзірленген. ЕМВА НУ ЖБМ бағдарламасының мүшелері сондай-ақ бизнеске ықпал ететін экономикалық, саяси мәдени және әлеуметтік проблемаларды зерделеу мақсатында Солтүстік Каролина, Құрама Штаттары, Даремдегі Дьюк Университетіне барады. Студенттер командада жұмысқа, оқиғаларға, дәстүрлі оқуға және эксперименттік оқуға негізделген білім алуды қоса, бірегей білім беру әдістемелері көмегімен әлемдік дейгейдегі оқытушылардан ең үздік сападағы білім алады. Бизнестің барлық қызмет салалары бойынша білім негіздерін қамтыған міндетті курспен қатар, студенттердің ЕМВА бағдарламасы бойынша мамандандырудан өтуіне мүмкіндіктері болады. Студенттердің назары бизнес-жағдайға немесе өз дағдылары мен кәсіби шеберлігін пайдаланып, қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды ұйымдастыру тақырыбына аударылатын болады. Студенттердің АҚШ-қа баруға мүмкіндіктері болады. Олар өздерінің жеке және кәсіби қарым-қатынастарын дамытумен қатар, ой-өрістерін кеңейтіп, әлемдегі жағдайлар туралы білім алатын болады.
Ертеңгі күнге бүгін дайын болыңыз: әлемдік деңгейдегі біліктілікті меңгеріңіз 12
Қарқынды Астана бейнесі
Артықшылықтар Біздің МВА бағдарламасы арқасында бизнестің күрделі проблемаларын құрылымдау және талдау үшін шешімдер қабылдау құралдарын қолдануды үйренесіз. Сіз жаңа идеялармен және ойлану әдістерімен жұмыс жасайсыз. Біздің МВА бағдарлама сізді өзара тәуелді ғаламдық экономиканың кешенділік және екіұштылық жағдайында табысты жұмысқа дайындайды. МВА бағдарламасын өту кезінде сіз жаңа дағдыларды, күрделі проблемаларға жаңа әдістер үйреніп, өзіңіге сенімдірек боласыз.
НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы студенттері: • Толық жұмыс күнін атқара отырып, МВА бағдарламасы бойынша оқу; • Өңірлік және халықаралық деңгейде кәсіби желіні нығайту; • Мансаптық өсімге бағыттылық; • Академиялық және қолданбалы білімнің кең диапазонымен студенттермен өзара әрекеттесу; • Бизнестің негізгі дағдыларын жақсарту, бүкіл әлем бойынша оқытқан, жұмыс жасаған және зерттеулер жүргізген профессорлардан білім алу; • Жаңа құралдар мен технологиялары бар орта жағдайында оқу арқасында артықшылықтарға ие болады.
14
ЕМВА іс-шараларда іскерлік қатынастарды орнату
Жұмыс беруші: • Қызметкерлер жұмысының ұлғайған нәтижелілігі; • Кадрлық тұрақтылық; • Әлемдік нарықта бәсекеге түсудің ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін қалыптастыру; • Сапалы шешімдер қабылдау; • Басқару және көшбасшылық мүмкіндіктерін дамыту арқылы Қазақстанда бизнесті өзгертуге қатысу; • Оқытушы, студенттік, үкіметтік және корпоративтік желілерге қолжетімділік; • Қызметкердің дипломдық жұмысын дайындау арқылы ағымдағы ұйымдастырушылық проблемаларды мүмкін шешу арқасында артықшылықтарға ие болады.
2014 жылғы 30 қараша Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Назарбаев Университетінің Бизнестің Жоғары мектебі мен Мемлекеттік саясаттың жоғары мектебінің жаңа ғимаратын ашудың салтанатты рәсімі өтті.
16
17
Курстың бейіні EMBA 2014 -2015 және EMBA 2015-2016 курсы статистикасы 5%
13%
7%
Басқарушы директор
2% 13% 7%
Директор
Ұсынылған ұйымдар: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «NCOC», «ТенгізШевройл», «СамұрыкЭнерджи», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан Темір Жолы», «KEGOC», «Қазпочта», «Назарбаев Университеті», «ҚазТрансГаз», «ҚазТрансГаз Аймақ», «PetroKazakhstan», «SAT & Co.», «ӨзенМұнайГаз», «ЖБК зауыты»
Бөлім басшысы Аға менеджер Вице-президент Кәсіпкер Төраға
18%
Бөлім жетекшісі орынбасары
35%
32%
68%
18
ЕМВА бағдарламасы жұмыс тәжірибесі 5 жыл және одан да көп корпоративтік басқарушылар мен кәсіпкерлерге арналған. Ағын контингенті өнеркәсіп пен қызметтің әртүрлі салаларынан іріктеліп алынады..
13 жыл Орташа жұмыс тәжірибесі
35 жас Орташа
жас
Өнеркәсіптің функционалдық аясы мен салалары: Энергетика, көлік, корпоративтік даму, қаржы, юриспруденция, қызмет көрсету, ақпараттық технологиялар, білім, халықаралық қатынастар, инвестициялар, стратегия, тәуекелдерді басқару, адами ресурстарды басқару, өндіріс процесін басқару, әлеуметтік саясат, экономика, маркетинг, денсаулық сақтау.
ЕМВА 2015 бағдарламасына қатысушылар
Оқу жоспары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ ЕМВА Осы оқу бағдарламасы тәжірибелік қызмет барысында әр студентке өз мансабы мен ол жұмыс істейтін ұйым саласының проблемаларына қатысты мәселелерді шешуге көмектесетін өз дағдылары мен білімдерін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. ТАҢДАУЫ БОЙЫНША ПӘНДЕР Студенттер өздерінің мансаптық мақсаттары үшін қажетті үш курсты таңдайды: қаржы, басқару, маркетинг, стратегия және келіссөздер. НЕГІЗГІ КУРСТАР Міндетті болып табылатын он екі курс мақсатқа сай бизнес білім берудің негізгі құрылымдық элементтерін қамтиды: менеджерлерге арналған экономика, менеджмент және ұйымдастыру, менеджерлерге арналған сандық әдістер, қаржы есебі, маркетинг, қаржыландыру негіздері, стратегия, жеткізілімдерді басқару, басқарушылық есеп, корпоративтік қаржыландыру, қаржылық талдау және кәсіпкерлік. ТАНЫСТЫРУ ЛЕКЦИЯЛАРЫ Бағдарламаны табысты аяқтау үшін қажетті басты дағдыларды үйретудің негізгі кезеңі болып табылатындар: компьютерлік қосымшалар, сандық әдістер, команданы құру, бағдарламамен танысу. Барлық курстар қорытынды ретте бекітілуі тиіс.
Қатысушылар пікірлері Менің атым Алмасадам Сатқалиев. Мен ЕМВА бағдарламасы бойынша Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің студентімін(2014 ж. курс). Қазіргі уақытта «СамұрықЭнерго» АҚ-та Бас Директор болып қызмет етемін. Самұрық-Энерго – энергетикалық сектордағы мемлекеттік саясатты іске асыру мандаты бар холдингтік компания. Компания қызметінің негізгі салалары электроэнергия өндірісі, беру және тарату және көмір өндіру болып табылады. Самұрық-Энерго елдің әр өңірінде ұсынылған, онда 24 000-ға жуық адам жұмыс жасайды. Компанияға Қазақстанның электр қуатының жалпы көлемінің 47% келеді, бұл елдегі электроэнергия мен көмір өндірісінің 40%. Бүгін, жаһандану дәуірінде компанияның бәсеге қабілетті артықшылығының маңызды көзі оның ішкі мүмкіндіктері. Осылайша, ұйымды табысты басқару топ-менеджерлерден ішкі тиімділікті барынша көбейту және сыртқы қатерлерге жауап беру үшін компания ресурстарын тиімді мобилизациялауды талап етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша құрылған Назарбаев Университеті өңірдегі табысты білім беру жәе ғылыми жобалардың бірі болып табылады. НУ ЖБМ-ның әлемдік деңгейдегі жетекші бизнес мектептердің бірі Дюкск Университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебімен стратегиялық әріптестігі білім берудің бірегей әдістері мен тәсілдерін ұсынады. Университеттің оқытушы құрамы мен озық ғылымизерттеу базасымен бірге бұл НУ ЖБМ–ды Қазақстан спецификасын есепке алумен бүгінгі жаһандату және интеграция проблемаларын қанағаттандыру үшін халықаралық білім мен тәжірибе алу үшін ең лайықты жер болып табылады. Бұл өзінің білім мақсаттарына қол жеткізу, сондай-ақ өз компаниясын басқаруда жаңа идеялар мен стратегияларды іске асырудағы дағдыларды алу үшін керемет мүмкіндік. НУ ЖБМ-да EMBA бағдарламасы толық жұмыс күнін атқара отырып, Қазақстаннан кетпей, әлемнің әр түрлі елінен үздік оқытушыларда әлемдік деңгейдегі білімдер алуға мүмкіндік береді. 20
Мен Қазақстанда түлектері қажетті білімдер мен дағыдыларға ие және Қазақстанэкономикасының дамуына және гүлденуіне өз үлесін қосу мүмкіндігі бар халықаралық академиялық стандарттармен жоғары деңгейдегі осындай оқу орнының болуын жоғары бағалаймын. Осылайша, жұмыс беруші ретінде НУ ЖБМ ғылыми дәрежесін алмаған бағдарламалар және жоғары білім бағдарламалары бойынша біздің топ-менеджерлерді мадақаймын және қолдаймын. Алмасадам Сатқалиев «Самұрык-Энерго» АҚ Бас директоры
Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебі бағдарламасы мамандарға Астанадан кетпей, өз мансабын жалғастыра отырып әлемдік деңгейдегі жетекшілер үшін МВА бағдарламасының дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Бұл Астана болып, Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебінің көрнекті профессорларында оқуға тамаша мүмкіндік. Мен мұнда өте үлкен тәжірибе алдым. Бағдарлама менің басқару дағдыларымды айтарлықтай жақсартып, маған қаржы және экономика саласында жақсы білім берді. Бұл сіздің кәсіби байланыстарыңызды, ұзақт мерзімді достық қатынастарды құру және өз курстастарымнан үйрену үшін мінсіз тұғырнама. Талғат Сарсенбаев Құқық мәселелері жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҰЛТТЫҚ ӘЛ-АУҚАТ ҚОРЫ» АҚ
Назарбаев Университетінің ЕМВА бағдарламасына қосылғаннан бері, екінші жыл қатарынан өзіме осы оқу болмаса, менің өмірім қандай болар еді деген сұрақты қоя бастадым. Қазір мен бұдан бетер болатынын сеніммен айта аламын. Психологияда «Өмірдегі 15 негізгі оқиғалар» деп аталатын тұлғаны диагностикалау әдісі бар (Менде психология бойынша бакалавр дәрежесі бар). Тұлғаның психологиялық уақыты адам өміріндегі ең маңызды рентінде қандай оқиғаны белгіленуіне байланысты. Адам ресми оқиғаларды көрсетіп, оларды «мектепке бару», колледж, 3 жұмыс орнын өзгерту сияқты міндетті ретінде түсіндіре алады. Бірақ ол жалпы күш, түрткі болатын және өзгерістерге әкелетін айтулы оқиғаларды семантикалық түрде көрсете алады.НУ ЖБМ-да оқу мен үшін дәл осындай оқиға болды. Біріншіден, мені қоршаған шындықты жаңа түсіну (мысалы, бизнесті қалай бастау керек, қаржы мен инвестициялаумен байланысты шешімді қалай қабылдау керек, басшы болу, өзіңді қоршаған әлемді қалай өзгерту қабілеті). Екіншіден, бағдарлама менің жұмысқа деген көзқарасымды өзгертті, мен жұмыс процесін ұйымдастыруға, әріптестеріме және менеджерлерге жаңадан қарай бастадым. Мен ұйымның құрылуының әдістерін және оны басқару жолдарын жақсы түсіне бастадым. Қазіргі уақытта мен «Самұрық-Қазына» қорында жұмыс жасаймын, біз Назарбаев Университетінің академиялық бағдарламаларын әрдайым қолдаймыз. Енді мен бағдарламаны қаншалықты көп адам бітірсе, ұйым соншалықты тиімді шешімдер қабылдайды. «Самұрық-Қазына» компанияларының 10-нан кем емес менеджерлері жыл сайын жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы бойынша оқуға барады. ЖБМ бағдарламалары бойынша оқуды таңдаған жұмыскерлерге әрдайым қолдау көрсетіледі. Үшіншіден, өзімнің балаларыма және осы мектептегі оқуға сенбеген адамдарға үлгі болатыныма сенемін. Мектепке түсу ешқашан кеш емес. Әрине, бұл үлкен стресс, бірақ екі жыл ағымында дамитын нәтижелер, әдеттер мен ақыл-ой жүйесі сіздермен бірге өмір бойы қалады. Гүлмира Раисова Адами ресурстарды басқару жөніндегі бөлім директоры «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры
Назарбаев Университетінің басшыларға арналған МВА бағдарламасы бойынша менің оқу тәжірибием өте әсерлі болды. 2 жыл ағымындағы демалыстарда оқу, тапсырмаларды орындаумен өткізілген ұйқысыз түндер, Дюкск Университеті факультетінен ерекше лекциялар, сондай-ақ Фукуа Бизнес Мектебінде қысқы оқу маған жыл сайынғы басқару жұмысыма тек қана білім мен дағдылар ғана беріп қана қоймай, сондай-ақ маған әр түрлі салада жұмыс жасайтын және нағыз көшбасшылар мен өте позитивті тұлғалар болып табылатын курстастарыммен көптеген кәсіби байланыс орнатуға көмектесті. Мен Қазақстан Республикасы Президентінің Болашақ стипендияларын басқаратын мемлекеттік компанияда бас директор болып жұмыс жасаймын. Бізде жыл сайынғы негізде 30-дан астам елдің әлемдік деңгейдегі университеттерінде оқитын 3000-ға жуық стипендиат бар, және біз жылдық операциялық бюджеті 100 млн. долларға жуық 7000нан астам Болашақ түлектерінің шарттық міндеттерін орындауын бақылаудамыз. Менің ЕМВА бағдарламасы бойынша оқуым компанияда жұмыс жасауыма айтарлықтай және тиімді жәрдемдесті. Мен қаржы тиімділігі, бизнес-процестерді оңтайландыру, корпоративтік мәдениет және басқаруды жақсарту мәселелеріне және менің оқуда алған білімдерді және ақпаратты тиімді пайдалануға көңіл аудардым. НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы бойынша қабылдануға дейін кәсіби менеджер ретінде мағана МВА және қаржы бойынша білімдер мен дағдылар жетті. НУ ЖБМ ЕМВА осы кәсіптің әрбір аспектісінде үздік менеджер болуға көмектесті. Ғани Нығыметов «Халыақаралық бағдарламалар бойынша орталық» АҚ Президенті (Қазақсан Президентінің Болашақ Стипендиясы)
21
Қатысушылар пікірлері Мен Назарбаев Университеті Дюкск университеті жанындағы Фукуа Бизнес Мектебімен ынтымақтасатынын және басшыларға арналған МВА бағдарламасын іске қосатынын білген кезде, бұл менің көшбасшы ретінде кәсіби өсуіме маңызды мәні бар жақсы мүмкіндік. Бірақ бұл ЕМВА бағдарламасы қарқынды және талап етуші болды, мен үшін үздік білім тәжірибесіне айналды. Біріншіден және ең алдымен мен үшін жоғары білікті профессорларда оқу және әр түрлі салаларда басшылар болып табылатын басқа курстастарыммен қарымқатынас жасау пайдалы болды. Біз бір-бірімізді сыни және шығармашылық ойлауға итермеледік. Мысалы, біз бизнестің проблемалық жағдайларын шешу бойынша командада және бизнестің әр түрлі қызықты мәселелерлі бойынша белсенді талқылауда жұмыс жасай отырып өз тәжірибелерімізбен жиі бөлістік. Сондай-ақ бұл бағдарлама мен сияқты жұмысбасты мамандар үшін қолайлы оқу кестесін (демалыста оқу) ұсынады. Ал оның модульдік құрылымы маған оқауда алған білімімді жұмыста қолдануға мүмкіндік береді. НУ басшыларға арналған МВА бағдарламасы оқуға салынған уақыт пен ақшадан тұратын үлкен және пайдалы тәжірибе береді. Мен ТШО басшылығына және менің жанұяма осы бағдарламаны оқу кезінде қолдау көрсеткендеріне алғыс білдіремін. Алия Жақсиева Тенгізшевроил – АТ жоспарлау және ЖБО жетекшісі
22
Көптеген жылдар бойы мен беделді бизнес мектепте оқығым келетін, бұл жұмыс уақытын жоғалтумен бір немесе бірнеше жыл ағымында шетелде болуды көздеді. Қызметімді және отбасымды тастағым келмейтін мен үшін бұл тек қана арман болды. Менің түсуім және НУ ЕМВА бөлігіне айналуым мен үшін сәттілік. Оның орналасу форматы және Фукуа ЖБМ-мен ынтымақтастығы менің тілектеріме тура келді. Оқу поцесі менің барлық күткен үмітімнен асты. Ең басты аспекті - Мектептің интуитивтік түсінуді дамытуға (есте сақтауға қарағанда) және нағыз жұмыс орнымен тығыз байланысты ұстауға бағыттылығы. Біздің оқытушылардың ең замануи білімдерінің менің курстастарымның жергілікті тәжірибесімен үйлесуі керемет оқу ортасын құрады. Әрбір бизнес тұжырымдамасы – практикалық білімдер бөлігі, оларды мен әлі өз жұмысымда қолданамын. Қазбек Әубакіров СРП/СПСР, NCOC менеджері
Менің НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасын таңдауымның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасы (НУ ЖБМ) үздік халықаралық бизнес мектептерінің қатарына кіретін Дюкск Университеті Фукуа Бизнес мектебінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Бизнесті басқаруды американдық көзқарастан түсіну оңай деген пікір кең тараған. Сондықтан, ЕМВА сабақтары «ерекше американдық білім» алуға үлкен мүмкіндік береді. Оларға оңай оқылатын кітаптар, әлемдік университеттердің оқытушылары әзірлеген үздік бизнескейстер, материалдарды қысқартылған, бірақ түсінікті формада беруге барлық мүмкіндікті жасайтын американдық оқытушылар құрамы кіреді. Екіншіден, топтағы студенттер саны көп емес. Сондықтан, оқытушыда материалды сабақта жеке қажеттіліктер мен оқыту стильдерін ескере отырып беру үшін уақыт пен мүмкіндік жеткілікті. Үшіншіден, ЕМВА тиісті теориялық және практикалық білім алып, осы білімдерді жұмыста қолдануға, сабақ барысында өзімнің кәсіби және жеке тәжірибиеммен курстастарыммен бөлісуге мүмкіндік береді. ЕМВА – менің курстастарым және мен үшін бір-бірімізді жақсырақ білу үшін мүмкіндік. Бір жыл ағымында адами капитал болып табылатын бір отбасыға айналдық, оны мен жоғары бағалаймын. Жанар Раимбекова Аға менеджер, Назарбаев Университеті Қаржы бөлімі
23
НУ ЖБМ Ар-намыс кодексі Назарбаев Университеті адалдық, адал ниеттілік, әділдік және басқаларды құрметтеу қағидаттарын ұстанатын білім алушылардың бірлестігі болып табылады. Университеттің студенттері, мұғалімдері мен қызметкерлері ынтымақтастық нышанын қолдауға тиіс. Осы бірлестіктің мүшелері ретінде студенттер осы іргелі құндылықтарды оқуда да, оқу қызметінен тыс та ұстануы тиіс.
Басшыларға арналған МВА бағдарламасы студенттерінің сабақтары
Оқытушылар құрамы Дюкск Университеті жанындағы Фукуа Бизнес мектебімен біздің стратегиялық ынтымақтастық арқасында НУ ЖБМ едәуір жұмыс тәжірибесіне ие бүкіл әлемнен жоғары деңгейдегі оқытушыларды тарта алады. Біздің оқытушылар құрамы беделді сарапшылар мен жетекші зерттеушілерден тұрады, олардың тәжірибесі және инновацияға деген құмарлығы жалғыз оқу ортасын құрады. Басшылар үшін біздің МВА бағдарламасы бойынша білім берген немесе беретін оқытушылардың толық емес тізімі төменде келтірілген. Чет Боруки МВА бағдарламалары бойынша Декан орынбасары Стратегия және менеджмент саласындағы профессор Мамандығы: Өзгерістерді басқару, корпоративтік стратегия, халықаралық бизнес, ұйымдарды талдау. Бакалавр дәрежелері: Ғылымдар бакалавры, Психология, Массачусетс Университеті (үздік), АҚШ Ғылыми дәрежелер: Магистр, Ұйымдастырушылық психология, Ғылымдар докторы, Ұйымдастырушылық іс-әрекет және адами ресурстарды басқару, Мичиган Университеті, АҚШ (1989) Алдыңғы жұмыс орындары: Нью-Йорк Университеті, Нинроде Университеті – Нидерландыдағы Бизнес мектеп, Сеул Ұлттық университеті, Жапония Ұлттық Университеті, Жапонияның Темпль Университеті, Тилбург Университеті - TIAS
26
Венкат Субраманиан Бизнес мектебі Стратегия бойынша ғылымдар доценті: Стратегия, халықаралық бизнес Бакалавр дәрежесі: Авиация және авиациялық қозғалтқышқа техниклық қызмет көрсету саласындағы ғылымдар магистрі, Киев азаматтық авиация инженерлер институты, Киев, Украина (1994) Ғылыми дәрежелер: Іскерлік әкімшілік ету саласындағы магистр (үздік), Солвей Бизнес мектебі, Брюссель Азат университеті, Бельгия (1996), менеджмент саласындағы ғылымдар Докторы (үздік), Брюссель Азат университеті, Бельгия (2003) Алдыңғы жұмыс орындары: Гонконг Университеті жанындағы бизнес мектебі, Влерик Левеннің Халықаралық менеджмент мектебі, Левен/INSEAD Католик университеті
Марек Йохек Қаржы бойынша аға оқытушы Мамандығы: инвестициялар, корпоративтік қаржыландыру, халықаралық қаржыландыру, өндірістік қаржы құралдары, қаржылық үлгілеу, корпоративтік бағалау. Бакалавр дәрежелері: OPF SU Karvina, маркетинг басқару саласындағы ғылымдар бакалавры, Чехия (1993) Ғылыми дәрежелер: Орталық-Еуропалық Университет, Экономикалық ғылымдар магистрі, Мажарстан (1994), УрбанШампейндегі Иллинойск университеті, Қаржы саласындағы ғылымдар докторы, Шампейн, Иллинойс, АҚШ (2009) Алдыңғы жұмыс орындары: ISCTE Бизнес мектебі, Омск Мемлекеттік университеті/ Иркутск Мемлекеттік Экономикалық академиясы, Қазақ менеджмент, экономика және стратегиялық зерттеулер институты, Урбан-Шампейндегі Иллинойск университеті
Джонатан Р. Петерсон Экономика бойынша аға оқытушы Мамандығы: қолданбалы микроэкономикалық теория, қызметкерлер экономикасы, өнеркәсіптік ұйым Бакалавр дәрежелері: Ғылымдар бакалавры, Математикалық факультет (үздік), Экономикалық факультете (қызыл диплом), Юта Университеті, Солт-ЛейкСити, Юта, АҚШ (2004) Ғылыми дәрежелер:Ғылымдар докторы, Экономикалық факультет, Корнель университеті, Итака, Нью-Йорк, АҚШ (2010) Алдыңғы жұмыс орындары: Джонсон атындағы Менеджмент мектебі, Корнель университеті, Жоғары экономика мектебі, Ұлттық зерттеу универстеті, Ресей
МВА бағдарламалары бойынша декан орынбасары және НУ ЖБМ оқытушылар құрамы мүшесі, Чет Боруки
Патрик Дюпарк Басшыларды оқыту бойынша декан орынбасары Маркетинг саласындағы профессор Мамандығы: Электрондық маркетинг, Ғаламдық маркетинг, Маркетинг стратегиясы Бакалавр дәрежесі: Ғылымдар бакалавры, Қолданбалы экономика, Антверпенск Университеті, Бельгия (1980) Ғылыми дәрежелер: Ғылымдар магистрі, Қолданбалы экономика – сандық әдістер, Антверпенск Университеті, Бельгия (1982), Ғылымдар докторы, Маркетинг/Эконометрика, Пердью Университеті, АҚШ (1993) Алдыңғы жұмыс орындары: СолтүстікБатыс университеті, Пердью Университеті, Тилбургс Университеті (Нидерланды), Нинроде Университеті (Нидерланды), Неміс Халықаралық менеджмент мектебі және Антверпенск Университеті Атану Ракшит Экономикалық ғылымдар доценті Мамандығы: макроэкономика, қаржы экономикасы, қосымша қатарлар эконометрикасы, дамушы нарықтар экономикасы Бакалавр дәрежелері: Ғылымдар бакалавры, Экономика(үздік),статистика және математика, Бурдван атындағы университет, Үндістан (2000) Ғылыми дәрежелер: ғылымдар агистрі, Үндістан орманды басқару институты, Үндістан (2003), ауыл шаруашылығы және қолданбалы экономика саласындағы магистр, Виргиния Политехникалық университеті, АҚШ (2007), экономикалық ғылымдар докторы, Виргиния Политехникалық университеті және штат университеті, АҚШ (2013) Алдыңғы жұмыс орындар: Вашингтон және Ли университеті, Виргиния Политехникалық университеті
Дэниэл В. Лунд Мәдениетаралық және адами ресурстарды басқару бойынша доцент Мамандығы: адами ресурстарды басқару, стратегиялық басқару, ұйымдастырушылық іс-қимыл және мәдениетаралық зерттеу Бакалавр дәрежелері: Ғылымдар бакалавры - Философия/Ағылшын әдебиеті, Виктория Университеті, Канада (1998) Ғылыми дәрежелер: МВА, Бизнесті басқару, Шулих атындағы Бизнес мектебі, Йорк университеті, Канада (2000), Ғылымдар докторы, адами ресурстарды стратегиялық халықаралық басқару/мәдениетаралық басқару, Гриффит университеті, Австралия [AACSB] (2008) Алдыңғы жұмыс орындары: Бизнес колледжі, Аль-Файзал атындағы университет, Фуданьск менеджмент мектебі, Фуданьск университеті, Шанхай, Қытай; MIT Sloan менеджмент мектебі, Гриффит университеті, Австралия; Халықаралық бизнес/ менеджмент, Технологиялық институт және Монтеррея жоғары курстары, Кульякан, Мехико Кирилл Е. Новоселов Бухгалтерлік есепті аға оқытушы Мамандығы: аудит экономикасы, корпоративтік басқару Бакалавр дәрежесі: Инженерэлектрик дипломы, Мәскеу Мемлекеттік Электроника және Математикауниверситеті, Философия, Ресей Ғылыми дәрежелер: MBA университеті Майами, Халықаралық бизнес және қаржы, АҚШ (1999), Мэриленд Университеті ғылымдар докторы, Стартегиялық басқару, АҚШ (2006), Мәскеу Мемлекеттік университеті ғылымдар докторы, Философия, Ресей ғылымдар докторы, Философия Алдыңғы жұмыс орындары: Ла Верн университеті, Колгейт университеті, Корнель университеті, Техас Технологиялық университеті
Дмитрий Ханин Кәсіпкерлік және менеджмент саласындағы доцент Мамандығы: халықаралық және ішкі кәсіпкерлік (кәсіпорындарды қаржыландыру, әлеуметтік қаржыландыру, кәсіпкерлік мақсаттары, халықаралық кәсіпкерлік) Бакалавр дәрежелері: Мәскеу Мемлекеттік университеті Ғылымдар бакалавры, Философия, Ресей Ғылыми дәрежелер: MBA университеті Майами, Халыралақы бизнес және қаржы, АҚШ (1999), Мэриленд Университеті ғылымдар Докторы, Стратегиялық басқару, АҚШ (2006), Мәскеу Мемлекеттік университеті ғылымдар Докторы, Философия, Ресей Алдыңғы жұмыс орындары: Университет Ла Верн, Колгейт Университет, Корнель Университеті, Техас Технологиялық Университеті Эрл Кей Стайс Бухгалтерлік есеп және Қаржы Ernst & Young профессоры Мамандығы: бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік талдау, басқару есеп Бакалавр дәрежесі: Бухгалтерлік есеп бакалавры, Бригам Янг Университеті, АҚШ (1981) Ғылыми дәрежелері: Бухгалтерлік есеп магистрі, Бригам Янг Университеті, АҚШ (1982); Бухгалтерлік есеп, Корнелл университеті, АҚШ (1986) магистрі; PhD, бухгалтерлік есеп, Корнелл университеті, АҚШ (1988) Алдыңғы жұмыс орындары: Бригам Янг Университеті, Ғылым және технология Гонконг университеті (HKUST), Сколково (Мәскеу басқару мектебі), Қытай Еуропа International Business School (CEIBS), Уильям Marsh Райс университеті, Аризона университеті 27
НУ ЖБМ МВА бағдарламалары бойынша білім берген немесе беретін Дюкск университеті тағайындаған оқытушылардың толық емесе тізімі: Мохан Венкатачалам Бухгалтерлік есеп саласындағы профессор Р.Дж. Рейнолдс Бизнесті басқару саласындағы профессор, Фукуа Бизнес мектебі, Дюкск Университеті Кристин Мурмэн Маркетинг саласындағы профессор Т. Остин Финч Бизнесті басқару бойынша аға профессор Фукуа Бизнес мектебі, Дюкск Университеті Фернандо Бернштейн Операцияларды басқару саласындағы профессор Адриан Аллен Ғылыми қызметкер және профессор Фукуа Бизнес мектебі, Дюкск Университеті Дэвид Т. Робинсон Қаржы бойынша профессор Уильям және Сью Гросс қорының еңбегі сіңген ғылыми қызметкері, Зерттеулер бойынша директор, Кәсіпкерлік және Инновациялар орталығы Бизнес басқару профессор Фукуа Бизнес мектебі, Дюкск Университеті
28
НУ ЖБМ және Фукуа Бизнес мектебі өкілдерімен 2015 ж. ЕМВА сабақ
Faculty Testimonials Мен Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебін таңдадым. Ал сіз ше? Құрылған жағдайлар бойынша мен осындай шешім қабылдадым. Бүкіл әлем бойынша жоғары басшылық үшін бағдарламалар бойынша 20 жыл ағымында оқытудан кейін мен бұл жолы Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебі менің оқыту қызметімнің жаңа орнына айналады. Менің мұндай шешім қабылдау себептері неге сізге де НУ ЖБМ-не қосылу керектіген көмектеседі. Назарбаев Университеті миссиясы – өңірде жоғары деңгейдегі бизнес мектебін құру, ал бұл мақсат жүзеге асыру жолында тұр. ЕМВА бағдарламаларының көптеген курстары Дюкск Университеті Фукуа Менеджментмектебінің атақты оқытушылары жүргізеді, ал НУ ЖБМ бүкіл әлемнен оқытушылар мен ғылыми сарапшыларды қабылдауда. Әріптестік желі және НУ ЖБМ түлектері Қазақстанда және шетелде ғылым, бизнес және үкімет саласында дамуда. Әрине, мен Қазақстанның астанасы жайлы көбірек білгім келеді, бірақ, егер мен жергілікті және ғаламдық деңгейлерде бизнес пен технологиялар «қозғалтқыштарымен» байланыста қала алмасам мұнда келмес едім. Сізде солай. Соңғы бірнеше жылда Назарбаев Университетінде болған бүкіл әлемнен ағымдағы және бұрынғы президенттер, премьер-министрелр, халықаралық дипломаттар мен бизнес басшылар тізімі ескеруі тиіс: Назарбаев Университеті бизнесті жергілікті, өңірлік және ғаламдық деңгейде ұсынады. Бұл менің ЕМВА бағдарламаларын таңдауыма қалайша әскер етуі тиіс деп сұраңыз? Қазіргі әлемде бизнесті басқару үшін пайдалы құралдарды оқу жеткіліксіз, сіздің бизнеске жергілікті деңгейде де әсер ететін, ғаламдық динамиканы және технологиялық тенденцияларды түсіну маңызды. Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес мектебінде сіз басқару саласындағы әлемнің үздік ойшылдарынан бизнесті басқарудағы заманауи дағыдларды алып қана қоймай, сондай-ақ ғаламдық деңгейде даму келешектерін аласыз. АҚШ-та болған кезде сіз басқа елдердің бизнес мәдениетіне кенелесіз. Сіз нақты және құнды тәжірибе алтыңызға сенімдімін.
Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебі! Ілгерілетілген ойлау. Әлеммен байланыс. Жергілікті бағыттылық. Профессор Дюпарк Солтүстік-Батыс Университеті (Чикаго/Эванстон, АҚШ) жанындағы Келлог Менеджмент мектебінің оқытушылар құрамында 17 жыл жұмыстан кейін жуырда Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебіне қосылды. Патрик Дюпарк НУ ЖБМ басшылар үшін білім Деканы орынбасары және маркетинг саласындағы профессор.
Басшыларға арналған НУ ЖБМ бағдарламасы тамаша оқу ортасын құрады. Бағдалама бүкіл қазақстан бойынша әрекет етуші және болашақ басшыларды біріктіретіндіктен, оқу екпіні өте қарқынды, әрбіреуінің қаншалықты жұмысбасты екендігін ескере отырып солай болуы тиіс. Бұл сабақтағы атмосфера өте екпінді және қызықты екендігін білдіреді. Студенттер сұрақтар қойып, материалдарға шынайы қызығушылық білдіреді, мен мұндайды әрдайым батыс елдерінің сабақтарында көремін. Сіз топқа жарқын, қызықты тұлғаларды жинап, оларды әрдайым бір-бірімен және оқытушымен өзара әрекеттесетін қарқынды оқумен жүктесеңіз, өте берік байланыс құрылады. Оқу стилі мен қарқындылығы – студенттерді ең таңқалдыратын нәрсе. Мен қаржы бойынша, сондай-ақ математика бойынша біліктілікті арттыру жөнінде кіріспе курсты оқытамын. Бұл екі курстың тақырыптары талдау болғандықтан, менің ойымша студенттер қызықсыз сабақтар күтеді. Шындықтан алыс ештеңе жоқ! мен НУ ЖБМ-да жүргізетін әрбір оқу модулін асыға күтемін, өйткені мен студенттер материалдың қолжетімділігінен, оның қаншалықты олардың өмірінде өзекті екендігінен қайран сезіммен кетендігін білемін. Дэвид Т. Робинсон Қаржы бойынша профессор, Уильям және Сью Гросс қорларының еңбегі сіңген ғылыми қызметкері – Дюкск университеті: Фукуа бизнес мектебі.
НУ EMBA бағдарламасы студенттері мен жұмыс істеген студенттер ішіндегі ең үздігі, маған оларды оқыту шынымен ұнады. Олар ақылды, мүдделі, энтузиазмға толы және білімге құштар. Олар сондай-ақ аудиториялық пысықтауды ғана емес, менің мәдениетаралық тәжірибиемді толықтыра отырып, олар жергілікті өндіріс саласына да өз білімдерін енгізеді. Ең алдымен, бұл жұмыс жасау ұнамды, жылы және қонақжай адамдар. Мохан Венкатачалам Бухгалтерлік есеп саласындағы профессор
НУ ЖБМ ЕМВА оқытушылар құрамына қосылу мен үшін үлкен құрмет. Австралия, Қытай, Сауд Аравиясы мен Мексика, Қазақстанның жетекші университеттерінің студенттерін, басшыларды; ЕМВА және МВА бизнес тақыпытары бойынша оқыту – бұл алға жасаған айтарлықтай қадам. Мен НУ ЖБМ ЕМВА студенттерінің сапасы мен тұтастығы туралы жақсы пікірлер естідім. Менің ойымша, біз бірлескен тәжірибе арқасында жаңа үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Мен сіздермен кездесуді асыға күтемін. Дэниэл Лунд Мәдениетаралық басқару және адами ресурстарды басқару саласындағы НУ ЖБМ доценті
НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті оқыту мен үшін өте құнды тәжірибе. Мен инновация мен кәсіпкерлікті батыс компаниялар мен батыс бизнес-ортасы көзқарасынан оқытамын. НУ ЖБМ ЕМВА студенттері батыс компаниялары тәжірибесінен не алуға болатынын білуге ұмтылады, сондай-ақ олар бұл тәжірибені Қазақстанда қалай қолдана алатындары туралы үнемі ойлайды. Бұл студенттермен жұмыс процесінде мен ел бизнесінің нағыз және болашақ басшыларымен жұмыс жасап отырғанымды түсінемін. Олар мен жұмыс жасаған студенттер ішіндегі ең сыни студенттер болып табылады, өйткені, олар материалды жеке табыс үшін ғана емес, сондай-ақ елдің табысы үшін қолдануға ұмтылады. Бұл суденттермен жұмыс жасау және Қазақстан экономикасы үшін осы маңызды қадамның бір бөлігі болу өте қиын және қызықты.
Жаңа болғанына қарамастан, НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы астанада және іскерлік қоғамда орнықты. Бағдарлама соңғы теориялық жетістіктер бизнесті жүргізудің ең өзекті проблемаларын шешу үшін қолданылатын көңілді атмосфера құратын өз профессорлары мен студенттерімен белгілі! НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы бойынша оқыту және білім беру әлемнің ең бай елдеріне жету үшін қазақстанның экономикасын қалай өсуріге болатыны туралы ашық талқылауға қатысуға бірегей мүмкіндік береді. Осы жылы басталатын НУ ЖБМ ЕМВА толық курс бағдарламасы жергілікті және халықаралық студенттерге жаңа ойлау тәсілдері көмегімен өз компанияларын активтендіруге дайын бизнес сарапшыларының деңгейіне қол жеткізуге және өз елдіренің экономикасына және жалпы гүлденуіне үлес қосуға көмектеседі.
Джон Филд Кәсіпкерлік және инновациялар, Тәжірибе бойынша профессор, Дюкск университеті: Фукуа Бизнес мектебі
Дмитрий Ханин Кәсіпкерлік және менеджмент саласындағы НУ ЖБМ деканы 31
Оқыту шарттары
ЕМВА бағдарламасында әртүрлі оқыту әдістері, соның ішінде: топта жұмыс істеу, оқиғаларды талқылай білу, эксперименттік оқыту мен модельдеу дағдыларын үйрету әдістері пайдаланылады. Топта жұмыс істеуге негізделген оқыту студенттік тәжірибенің негізі болып табылады. Топтың мүшелері бола тұра, студенттер көшбасшылық дағдыларын дамытады, бір-бірін қолдауды үйренеді, өз тобындағы дарындылықтан, қабілеттіліктер мен перспективалардан өзіне пайдалысын алады. Оқиғаны талқылау әдісі студенттерден сабақтарда алған білімдері мен үйренген дағдыларын нақты бизнес проблемаларды шешу барысында пайдалана білуді талап етеді. Сабақтардың оқу жоспарына студенттердің бірегей білімі мен бизнес тәжірибелері енгізілген. Командада жұмыс жасатын басшыларға арналған МВА бағдарламасы студенттері
32
ЕМВА бағдарламасының студенттері теориядан тәжірибеге тез көшеді және алған дағдыларын жұмыс барысында қолданады.
Бағдарламаны әзірлеу
ЕМВА бағдарламасы толық жүктелуді және білім беру тәжірибесінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете отырып, сабақ уақытын қысқарту мақсатында әзірленген. Студенттер 8-күндік бейімделумен бастайды және әрбір курсты өту үшін екі күн демалысты сабақта өтікзеді.
Курстың әдеттегі форматы
Танысу
Танысу барлық курстар үшін өткізілуі тиіс, сондай-ақ сессиялар арасында бағдарламаға үздіксіз қатысу керек.
Сабақ:
Жұмыс:
Сабақ:
Екі аптадан кейін:
Сенбі - Дүйсенбі
Сейсенбі - Жұма
Сенбі – Жексенбі
Емтихан
Студенттер Астанадағы Назарбаев Университетінде білім ала отырып, иммерсивті оқу тәжірибесіне қатысады.
Студенттер әр күнгі міндеттерін қадағалай отырып, оқу уақытын сейсенбіден жұмаға дейін бөледі.
Студенттер қарқынды оқуды жалғастыру үшін университетке екі күнге қайтады.
Емтихандар Назарбаев Университетінде немесе басқа келісілген жерде соңғы сабақтардан кейін екі аптадан соң өткізіледі.
33
Талапкерлерге қойылатын талаптар Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебіндегі ЕМВА бағдарламасына үміткерлердің бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. Алайда, бес жылдан кем жұмыс тәжірибесі бар дарынды үміткерлердің де кандидатуралары қаралады.
Ағылшын тілі бойынша тестілеу
Үміткерлерге қойылатын талаптар
Ағылшын тілі ана тілі емес үміткерлер үшін TOEFL және IELTS тестілерінің ресми нәтижелері.
НУ Жоғары Бизнес мектебінің қабылдау комиссиясы үміткерлерді сандық бағалауды жүргізеді. Егер тәдірибе мен академиялық деректер үміткердің сандық тәжірибесін жеткілікті көрсетпесе, оның ағмдағы сандық қабілеттірен анықтау үшін формальдық бағалау жүргізіледі.
GMAT және GRE тестілері
Үміткерлердің кандидатуралары ағылшын тілінде, келесі тармақтарды қамтитын, толтырылған өтініш ұсынылғаннан кейін қарастырылады:
GMAT және GRE тестілерінің ресми балдары қажет болмағанымен, тәжірибесі аз үміткерлер өз өтінішін бәсекеге қабілетті GMAT және GRE тестілерінің балдарымен күшейте алады.
Түйіндеме
Үш эссе
Үміткерлер жұмысы мен білімі туралы ақпарат қамтылған, бір парақта жазылған бизнес/кәсіби түйіндемесін тапсыруға тиіс.
Оқуға түсу үшін үміткерлер эссе тақырыптарына егжей-тегжейлі жауап беруге тиіс. Сұрақтар өтініш нысанында болады; жауаптар ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс.
Екі ұсыным хат Ең құнды ұсыныстарды үміткердің кәсіби дағдылары мен қабілетін жақсы білетін адамдардан алуға болады. Біз бір хатты үміткерді жұмыс ортасында бағалай алатын жұмыс берушінің\адамның жазуын талап етеміз. Екінші хатты үміткердің таңдауы бойынша кез келген адам жаза алады.
Дипломға қосымша Үміткерлер дипломға дейінгі білімі мен Дипломнан кейінгі білімі туралы ресми қосымшаны тапсыруға тиіс. Қосымшалар олардың түпнұсқа нысанында, сондай-ақ ағылшын тіліне аудармасымен тапсырылуы тиіс.
34
Корпоративтік қолдау бойынша хат Үміткердің жұмыс берушісінен компанияның қолдауы мен қаржылық міндеттемелері жазылған хат талап етіледі.
Сұхбаттасу Сұхбаттасу тек шақыру бойынша ғана жүргізіледі. Сұхбаттасу әртүрлі мінезқұлық, топтық жұмысты, ЕМВА сабақтарына ықтимал салымын және студенттердің НУ Жоғары Бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасынан күтетіндерін қамтитын әртүрлі сұрақтардан тұрады.
Егер үміткердің қабілеттері сандық тұрғыда жеткіліксіз болса, НУ Жоғары Бизнес мектебінің қабылдау комиссиясы өтініш берушінің кандидатурасын жақсарту бойынша шараларды ұсынады. Ескере кететін жайт, оқуға қабылдау бәсекелестік негізде жүргізіледі; берілген ең төменгі талаптар осы бағдарлама бойынша оқуға автоматты түрде қабылдауды білдірмейді. Сонымен қатар өтініштер олардың түсуіне қарай қаралады, үміткерлердің шектелген саны ғана ЕМВА бағдарламасына қабылданады, сондықтан өтінішті ертерек бергеніңіз дұрыс.
Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебіне түсуге өтініштің және ұсынымның нысанын біздің веб сайтымыздан таба аласыз:
www.gsb.nu.edu.kz
Назарбаев Университетінің атриумындағы танымал болған пальмалар
Жиі қойылатын Сұрақтар БІЗДІҢ ҰЙЫМ 21 АЙҒА СОЗЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМА КЕЗІНДЕ ҚЫЗМЕТКЕРДЕН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛА МА? Сіздің ұйымыңыздың қызметкері ЕМВА бағдарламасының студенті болғанда ол жұмыс орнында болмағанымен, демалыс кезіндегі бағдарламалар мен халықаралық деңгейде ұйымдастырылған, білімін жетілдіру мақсатындағы сапарға барады, олар қайтып келгенде алған білімдерін жұмыс барысында қолданады. Біз жұмыс берушілерді өздерінің инвестицияларынан барынша түсім алуы үшін бағдарламаның талаптарына зейін салуға шақырамыз. ОСЫ БАҒДАРЛАМА МЕНІҢ НАҚТЫ ҰЙЫМЫМА ҚАЛАЙ САЙ КЕЛЕДІ? Әрбір атқарушы және демеші ұйым бағдарлама үшін бірегей мақсаттар мен келешектерге ие болады. НУ Жоғары бизнес мектебі ЕМВА бағдарламасы бойынша оқыған студенттердің өз білімдерін жұмыс орнында қолдана алатынына сенімді. Осы процесті қолдау үшін әрбір студент оның қызметтік мансабы бойынша мақсаттарына қатысты және НУ ЖБМ мұғалімдерімен бағаланатын дипломдық жұмысты жазуға тиіс. Осы мүмкіндікті пайдалану арқылы қаржыландыратын ұйымдар ЕМВА бағдарламасынан тікелей пайда алуы мүмкін.
36
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚАТАЛ ТАЛАПТАРЫ МЕН УАҚЫТ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОЛАРДЫ БАСШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨЗ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚАЛАЙ ҮЙЛЕСТІРЕ АЛАДЫ? Бұл бағдарлама біршама уақытты және көңіл бөлуді қажет етеді. Осы бағдарлама бойынша білім алатын студенттер өздерінің жеке және кәсіби міндеттерін қатал талап қоя отырып жасалған оқу жоспарымен ойдағыдай үйлестіреді. Студенттер уақытының көп бөлігін апта сайынғы сабақтарға бөлуге тиіс. Әрбір студент уақытын өз бетінше әртүрлі
бөледі; кейбіреулері күн сайын бірнеше сағаттан оқыса, қайсы біреулері тек демалыс күндері ғана сабақпен айналысады. Әрбір студент үшін оның топпен жұмыс істеуіне, отбасымен болуына және әріптестерімен жұмыс істеу тәртібіне сай келетін уақыт режимін табу өте маңызды. Отбасынан және әріптестерінен қолдау табу табыс кілті болып табылады. Кейбір компаниялар қызметкерлерді қосымша қолдауды қамтамасыз ете отырып, оның жұмыс жүктемесін азайтады (мысалы, ұжымының қолдауы, жұмыстан босатылуы), алайда студенттердің көбісін олардың міндеттерінен босатпайды.
ОҚУ ЖОСПАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ ҚАНДАЙ?
БАРЛЫҚ КУРСТАРҒА ҚАТЫСУ КЕРЕК ПЕ?
Бағдарлама 12 негізгі, 3 таңдамалы курстан және 1 жоба\дипломдық жұмыстан тұрады. Негізгі курстар басқару саласындағы жалпы білім негіздерін қамтиды: қаржы, процесс, маркетинг, стратегиялар, есеп пен басшылық ету.
Иә, барлық курстарға қатысу және университет аумағында тұрақты орналасу міндетті болып табылады.
Таңдамалы курстар студенттерге инвестициялау, келіссөздер жүргізу, басшылық ету мен стратегия салаларында өз дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Жоба\дипломдық жұмыс бойынша әрбір студенттен алған білімдерін өз қызметінің мансабында пайдалану талап етіледі.
МАТЕМАТИКА БІЛІМІНЕ ТАЛАПТАР ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖОҒАРЫ? Осы бағдарламада жетістікке жету үшін математикалық қабілеттіліктің жоғары деңгейі талап етіледі; алайда бір ғана математикалық деңгейдің жоғары болуы жеткіліксіз. Бағдарлама талабы студенттердің әлемдік бизнес ортада бүгінгі таңда қажет болатын көшбасшылық, басқарушылық және басқа да математикалық дағдыларын пайдалана білуі болып табылады.
Бұл бағдарлама сіз бен сіздің курстастарыңыздың бірлесіп оқу жоспары бойынша біртіндеп алға жылжуын талап етеді. Студенттің ЕМВА бағдарламасындағы тәжірибесі бар салаларында топпен жұмыс істеген кезінде, сондай-ақ сыныптық талқылауда өз пікірін білдіріп, орта істерге едәуір үлес қосуға мүмкіндігі болады.
МЕНІҢ КОМПАНИЯМ АСТАНАДА ОРНАЛАСҚАН, ЕМВА БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУШЫНЫҢ УНИВЕРСИТЕТ АУМАҒЫНДА ТҰРУЫ ШАРТ ПА? НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасы бұл иммерсивті және қарқынды оқыту тәжірибесі мол бағдарлама болып табылады. Студент Астана қаласының тұрғыны болса да, ол демалыс күндері университет аумағында тұруға тиіс. Университет аумағында тұру ұжымдық оқыту ортасы шеңберіне енгізілген және ЕМВА студентінің әрбір курсты толық меңгеруі үшін маңызды мақсат болып табылады.
ҚАНШАЛЫҚТЫ ДӘРЕЖЕДЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫ БОЛУЫМ КЕРЕК? 8-күндік бастапқы кезеңде біз ЕМВА курсынан табысты өту үшін қажетті технологиялармен студенттерді таны-
стырамыз. ЕМВА студенттерінің көбісі мәтінді электронды редакциялау тәсілін, электрондық пошта мен интернетті; оның үстіне электрондық кестелерді, электронды хабарлама тақталарын және басқа да электронды құралдарды еркін пайдаланады. Microsoft - Excel, Word, PowerPoint бағдарламалары сияқты компьютерлік негізгі дағдыларының болуы студентті табысқа әкеледі.
НОУТБУК НЕМЕСЕ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ АЛЫП КЕЛУ КЕРЕК ПЕ? Бағдарламаның әрбір студентінде сенімді ноутбук пен Интернет қызметтерін тұрақты қолжетімділік болу шарт. Осы талаптар бағдарламаны табысты меңгеру үшін міндетті болып табылады. Сіз бағдарлама бойынша оқуға қабылданған сәттен бастап компьютер мен қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету туралы толық ақпарат аласыз. МЕНІҢ СӘЙКЕС ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕМ БАР БОЛҒАНЫМЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІН БІЛУ ДЕҢГЕЙІМ ЖЕТКІЛІКСІЗ БОЛСА, МЕН БАҒДАРЛАМАҒА ІРІКТЕУ ҚАТЫСА АЛАМЫН БА? НУ ЖБМ-інің Executive MBA бағдарламасы ағылшын тілді болып табылады. Алайда ағылшын тілін білмейтін студенттерге біз дәрістердің ілеспе аудармасымен және курс материалдарының аудармасымен қамтамасыз етеміз. Бұл көмек ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білмейтін студенттерге бағдарлама бойынша оқуға жәрдемдеседі, алайда бағдарлама ағылшын тілді болып табылады. 37
Байланыс ақпараты Басшыларға арналған МВА бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, мына мекен жайға жіберіңіз: НУ ЖБМ Қабылдау комиссиясына Назарбаев Университеті Қабанбай батыр даңғылы, 53 Астана, 010000, Қазақстан Республикасы Теl.: +7 (7172) 70 90 28 Теl.: +7 (7172) 70 91 74 Теl.: +7 (7172) 70 91 83 mba.admissions@nu.edu.kz gsb.nu.edu.kz