І.Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы өзіндік дүниетаным және көркемдік шешім Шерхан Мұртазаның шығармашылық ғұмырнамасы Егер шығармашылық зертхананың іргетас болатын объектісі — сол жазушының жеке басы дейтін болсақ, онда шығармашылық зертханаға жалпы алғанда дарынды жазушының қоршаған орта мен соған сәйкес қалыптасатын дүниетаным деңгейі, қоғамдық-әлеуметтік дидары, өмірлік тәжірибе, шығармашылық жол мен жазу тауқыметі нысана болуға тиіс. Ал жалпы пайымдау нәтижесінде қалыптасатын ортақ тұжырымдар аясында, әр жазушыға тән дербес, етене ерекшеліктер түрінде нақты сипат көрінуі шарт. Осыған орай Шерхан шығармашылығының зерттелу жайын бірінші рет кезең-кезеңге бөліп қарастыруға талпынып отырмыз. Біздіңше, бұл реттегі бірінші кезең – 1956-1970 жылдар журналистикадан жазушылық ізденіске ойысуы; екінші кезеңі — жазушы атанып, есімі мен шығармаларын елге әйгілі болған 1970-1980 жылдар; үшінші кезеңі – 1980-1991 жылдар қаламгерлік шеберлігі мен шығармашылық мүмкіндігінің мол екендігін көрсеткен кезең; төртінші кезең – еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жазушының айрықша пафостағы шығармашылығы. Жоғарыда айтылған «қалыптасқан көзқарасты түрлендіріп жіберді» деген тезис осы үш кезеңге де тән. Себебі, бұл кезеңдерде негізгі объекті коммунистік штамп шеңберінде біржақты бейнеленді, зерттеулер белгілі бір идеология аясында жүргізілді, зерттеушілерде дәл бүгінгідей тәуелсіз мемлекетте қалыптасқан ұлттық ойсанаға жүгіну мүмкіндігі болған жоқ. Қазіргі ғасырлар тоғысындағы қоғамның өзінде Шерхан Мұртаза шығармашылығын бұрынғы көзқарастың ізімен зерттеу үрдісі кездеседі. Шерхан да сол кездегі замандас жазушылар секілді сол кездегі идеологияның қоғамдық пікірін насихаттап, коммунизмнің жарқын болашағына сеніп, өз публицистикасында осы мәселелерге көп орын берді. Айталық, «Өшпес бейне» т.б. осы салдардың жемісі (тағы біраз мақалалар жазу керек). Жазушы шығармашылығы жайындағы кейбір үстірт ұғымдардың жалт беріп қалатыны да содан. Ал жазушы шығармашылығының бастау-бұлағынан хабарсыз адамның оны кеңестік өрісімен ғана танып, осы кезеңде жаратқан жауһарларын бостан болмысымызға бойлатқысы келмейтіні түсінікті. Демек, осы уақытқа дейін идеялық-тақырыптық, ішінара жанрлық бағытта зерттеліп, бірқатар танымал еңбектерін ерекшелеумен ғана шектелген Шерхан Мұртазаның шығармашылығы енді бірегей шығармашылық құбылыс ретінде, ұлттық ойсана, ұлттық ой-арман, ұлттық таным-түсінік көзімен қаралуы қажет. Біз мұны Шерхан Мұртазаның азаматтық тұлғасы мен шығармашылық мұрасын зерттеудің ел тәуелсіздігімен тетелес туған жаңа, төртінші кезеңі деп танимыз. Осы кезеңнің мәні шығармашылық ғүмырнаманың айтылғанайтылмаған деректерін жинақтап-толықтырып, біртұтас, өзара сабақтастықта көрсетуден ашылады. Сонымен бірге, жазушының бұрын сөз болмай келген қоғамдық, әлеуметтік және танымдық көзқарасының қалыптасу жолдарына, 5
алғашқы идеялық және шығармашылық ізденістеріне тереңірек талдаулар жасау кажеттігі туындайды. Саясат сахнасында жүріп туындатқан шығармашылық жемістеріне бүгіннің биігінен баға беріліп, нақты қоғамдықсаяси ахуал аясында өрбіген шығармашылықты шыңдаған тарихи-әдеби мәселелерге тиянақты көңіл аудару аса қажет. Қазақ әдебиетінде де бұл сала кең қамтылып, әдеби өнер өрісінен үлкен орын алып келеді. Туындының шығармашылық тарихын зерттеу тек түп нұсқа мен мәтінді қатар алып қарастыру дейтін болсақ, біз онда жалаң пікірге тап боламыз. Көркем шығарманың зертханалық болмысын зерттеудің объектілік көлемі өте ауқымды. Сәбиттанушы ғалым Қ.Ергөбектің «Белгілі бір шығарманың шығармашылық тарихын қарастыру – біткен, аяқталған процесті емес, сол қаламгерлік істің басталуынан тәмамдалуына дейін қалай жүргенін бақылау.» – дегені жазушының шығармашылық зертханасының ерекшелігіне бойлаудың негізгі мәнін ашып көрсетеді. Мәселен ғалымдардың Н. Выготский, Б. Мейлах бастаған біраз тобы шығармашылық лабороторияны шығармашылық психологиямен байланыстыра зерттеу қажет деп тапса, М. Бахтин, А. Берксон шығармашылық процесті философиялық таным тұрғысынан негіздесе, А.Г. Цейтлин, Н. Фортунатов, В. Десницкийлер таза әдеби таным тұрғысынан қарастырса, Е.С. Громов, В.Г. Белинский, Ю. Борев эстетикалық талғам тұрғысынан қарастыруға зор мән береді. Суреткердің зертханасының және бір қыры ретінде орыс эстеті Е.С. Громов атап көрсеткендей, күнделік, қолжазба, интервью, сауалнама т.б. материалды пайдаланудың – жазушы туралы мол мәлімет алуға мүмкіндік беретінін айтады. Қазақ әдебиетінде дәстүрлі қалыптасқан арнасы бар сыншы ғалымдар, зерттеушілер белгілі бір газет-журналдар жүргізетін сауалнамалық сұхбаттардың да суреткер шығармашылығының болмысбітімін, көркемдік таным дәрежесін, авторлық ұстаным мәселелерін, шығармашылық еңбекті ұйымдастырудағы өзіндік ерекешеліктеріне бойлауға мол мүмкіндік береді. Қазақ әдебиетінде «нағыз стилист» жазушы деген даңқымен әйгілі Ғ. Мүсіреповтың «Жалын» альманағына берген сұхбатында шығармашылық еңбек туралы қызғылықты әрі тәлімді өмірлік жолды көреміз. Бұл жерде жазушыға сауат ашу мен шығармашылыққа келу аралығындағы өмірлік жолы туралы сауал қойылып, жауап алынады. Әсіресе, «шығарманың туу процесі қалай болады? Қойын дәптерлеріңіз, күнделік деген бар ма? – деген сауалға әрі қызық, әрі өнеге боларлық жауап алынды. « – Болашақ шығарманың сүйегі көп арналардан жиналады. Әртүрлі кітаптар, материалдар қарайсың. Арнайы көріп, аралап, зерттейтін кездерің де болады. Олардың бәрі әсер берері, ассоциация тудырары хақ, бірақ мыңнан бірі де шығармаға енбей қалуы мүмкін. Жеке сөйлем, дайын абзац дегендер менде болмайды. Ондай жиған-терген баста, жүректе жүруі тиіс. Әйтпесе, қол байлау, бөгесін, қойы дәптерден көшіріп отырып, көркем туынды жасаймын деу бекер шығар» – дейді. Сол кезеңдерде тап осындай сауалға жауап берген Т. Ахтанов «Мен мұнда жазушы шығарманы қалай 6
пісіріп, қалай жазуға тиіс, оның творчестволық әдіс-тәсілдері қандай болуы керек дегенді айтпаймын, тек өз тәжірибемді ортаға саламын. Әсірелемей, әшекейлемей, өз басымның шындығын ғана айтамын. Мені қинайтын және бір жайт бар. Мен де басқа жазушылар сияқты, шығарманы барымды салып, жаныммен жазамын. Сондықтан да оқушы қолданған кітаптарымда кейіпкерлер арқылы өз басымның да біраз сырлары, жеке өзімді толқытқан сезімдер және жақсы білетін жақын сырластарымның да біраз сырлары жүр... Ш. Мұртаза шығармашылығының өн бойынан өзі бастан кешірген өмірдің тарихын көреміз. Шығармашылық ұстанымы туралы қойылған сауалға: «– Әй, менің жазып жатқанымның бәрі – ел тағдыры, айналайын. Ано-о-оу, баяғыдан бері солай. Ел тағдырынсыз мен ештеңе жазбаймын. Ел тағдырынсыз немене жазасың сен? Ойнап-күліп, ха-ха-халауды ма? Ондай еңбек жоқ менде. Көркем әдебиетте де, публицистикада да, жай мақалада да ондай дүние таппайсың... Жазсам, ел тағдыры туралы жазамын. Кейде өз тағдырым туралы жазатын шығармын. Бірақ ол да ел тағдырына байланысты. Елге қатысы бар дүние. Жазғаныңда ел тағдыры болмаса, жазудың керегі не? Ел тағдырынсыз, басқа бір әлемдегі жоқ-барды жазатындар бар шығар? Соған әбден дағдыланып алған шығарсыңдар. Менікі ондай емес» – деген жауабы Шерханның шығармашылығындағы қаламгерлік ұстанымды айқын танытады. Ел тағдырын жазушылық өнердің негізгі кредосына айналдырған Шерхан Мұртаза шығармаларының барлығы дерлік ұлтымыздың тарихи тағдырын бейнелеген өмірлік шындықтан құралады. Жазушының «Ай мен Айша» роман-эссесіндегі заман шындығын сомдаған оқиғалар көптеген қазақ қаламгерлерінің ортақ тағдыры болатын. Эсседегі сомдалған көркемдік кеңістік пен көркемдік уақыт Халық жазушысы Ш. Мұртазаның шығармашылық ғұмырбаянына негіз болған кейіпкерлер галереясын түзейді. Осы жерде ойымызға Т. Ахтановтың мына бір сөзі оралады: «...Мен әсіресе әңгіме жазғанда, өмірде өзіме бір ой салған, ерекше әсер еткен оқиғаны өзек етемін. Соның тобықтай түйінін ұстап алғасын-ақ, ойлана бастаймын. Әрине, жұмыс үстінде ойың ұлғаяды, кеңиді, тереңдейді. Бірақ бар оқиғаны, адамдарыңның әрекеті сол жаңағы тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келіп саяды». Қандай бір жазушы болмасын, ол суреткерлік әлемге өзін толғантып, тебірентіп, әсерлендірген жайтты бейнелеуге бейім болатыны бар. Жазушы М. Мағауиннің «Мен» атты ғұмырнамалық хамсасы қазіргі қазақ әдебиетіндегі жазушылық өнердің әдеби, психологиялық, философиялық, эстетикалық және өмірлік табиғатын танытудағы ерекше құбылыс болып табылады. Суреткер өзі басынан өткерген жазушылық ғұмырдың қиын да, қызық, шырғалаң да жемісті, еңбектің ең бастысы жазу өнерінің сыр-сипатын тереңнен қозғап айтуымен ерекшеленеді. Шығарманың баяндалу құрылымындағы бірінші жақтан айтылатын оқиғалар жүйесі М. Мағауиннің әдебиет әлеміндегі тағдыры мен шығармашылық жолын тұтасымен баян етеді. Романның «Сүрлеу соқпақ» деп аталатын бөлімінде М. Мағауин әдебиет атты қасиетті өнердің табалдырығын қалай аттағаннан 7
бастап, қазіргі кездегі Халық жазушысы құрметіне ие болғанға дейінгі аралықтағы өнер-өмірді арқау етеді. Алдыңғы толқын қаламгерлерден М. Мағауин ұстанымының ерекшелігі сол, бүкіл шығармашылық өмірін алдынала жоспарлап, жоба түзуінде. «Жобаның аты – «Алтын дәптер» еді. Яғни, жазу жазылған, жазу жазылатын дәптер. Алтын емес, кәдімгі тор көз, қарапайым қағаз. Мұқабасы да әшейін, өрнексіз – жұқа қара дермантин. Әуел баста, мұқабадан кейінге сыртқы бетіне «Шимайлар» деп жазылған екен. Яғни, ойға келген әр түрлі шығармалардың сұлбасын таңбалауға арналған. Уақыт оза келе әуелгі атауын тарта сызып, үстіне байыппен, қалың әріптермен «Алтын дәптер» деп жазыппын. Бұл тор көз, қалың қара дәптердің бүгінгі ғұмыр-жасы – 35 жыл болса керек. Студент кезде басталған. Бірінші беті – «Сюжеттер-1960-1961» деген тақырыппен ашылыпты. Ең соңғы таңба – 1996, 49-бетте. Яғни, мен әдебиетке алғаш рет нық қадам басқаннан бергі 37 жыл бойы жазуға жобаланған, жазылған және жазылып үлгермеген барлық шығармалардың сұлбасы осында . Ұзақ жылдар қазақ әдебиетінің классигі Б.Майлиннің шығармашылық зертханасын зерттеген белгілі ғалым С.Байменше бұл мәселеге мынадай қырынан келіп: «Сонымен, ғылыми жарияланымдарды түйіндей келгенде шығармашылық психологиясы – жазушының жеке психологиясы, динамика, заңдылық процесі, көзқарас; ал, шығармашылық тарихы – әдеби-ғылыми зерттеудің бір түрі...» . Қазіргі қазақ әдебиетінде өріс алып отырған жеке жазушылардың шығармашылық ғұмырбаянын оқып-үйрену, зерттепзейіндеу ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе. Әрбір жеке тұлғаның суреткерлік мұраты, тарихи танымы, авторлық концепциясы, өмір танымы, оның шығармашылық зертханасын зерттегенде ғана маңызын ашады дейтін болсақ, әдебиетіміздегі осы мәселелердің қазіргі таңда қолға алынуы өте құптарлық іс. «Меніңше, біздің әдебиетімізде кең тараған кемшілік – өткен дәуір жазушыларына шектен тыс бас ұру. Шындығында да, олар ұлы шеберлер болды. Алайды, осы тағзым жазушының даусынан көрініс тапса, онда ол эпигондық (өзге біреуге еліктеу) жағдайға өтеді. Бұл эпигондық сөз шеберлігінде ғана емес, сондай-ақ дүниетанымында, сезім тәрбиесінде де орын алады. Бұл кемшілікке кез-келген адам ұрынады, бірақ әркім де осы алыптардың гипнозымен күресуге, олардан үйрене отырып өзімен-өзі болуға тиіс». 1957 жылы Шерхан «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі болған күннен бастап қайнаған өмірдің қалың ортасында жүрді. Еңбекші халықтың өмірін, ұлтымыздың мұңмұқтажын ерте зерттеп, көкейге түйген ойлары мыңдардың көкейіне ұялап жатты. Осы орайда жазушы Тахауи Ахтановтың Шерхан туралы жазған мына бір естелігін сөзімізге дәйек ретінде алғанды жөн көрдік: «Шерхан Мұртазаевпен 1957 жылы Қарағанды қаласында таныстым, «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыға жуырда келген тілшісі, жиырмадан жаңа асқан жас 8
жігітпен жиі кездесіп, әңгімелесіп жүрдім. Шымыр танау, пісте мұрынды, ат жақты қараторы жігіт жастығына қарамай тым салмақты көрінді... Шерхан да жастайынан қайнаған өмірдің қалың ортасында болды. Көтерілген тың, Қарағандыда салынып жатқан алып Магнитка Шерханның көп аралап, көзі ғана емес, көңілі қаныққан дүниелері. Жазушы жолының газеттен басталуы да – өзеннің құнарлы бұлақтан басталғаны іспетті» – деп жазады. Ш. Мұртаза «Лениншіл жас» газетінің Қарағандыдағы меншікті тілшісі бола жүріп, Қарағанды Металлургия алыбының құрылысындағы жаңалықтарды, ерен еңбек үстіндегі ерлерді көрді. Қазақстан магниткасындағы жетпіс метрлік домнаның ұшар басына темір сатымен көтеріліп, талай мәрте мартен пешінің алқымына үңіліп, отты болат тасқынын тамашалаған сәттері болды. «Теміртаудағы металлургия алыбының іргетасы қаланғанын өз көзіммен көрдім. Талай-талай шахталардың астына түстім» – деп Шерханның ой қозғауының өзі публицистикалық туындыларын жазбас бұрын өмірдегі бар құбылысты көзбен көріп, електен өткізіп, нәтижесінде, көңілі қаныққан дүниелерін баспасөзге жариялап отырғанын көрсетеді. Жас жазушының алғашқы әңгімелері «Әңгелек», «Әмеңгер» жазылып, жарыққа шықты. Жазушы өміріндегі ең елеулі кезең 1956-1969 жылдар аралығын қамтыса, 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы қызметін атқара жүріп, еңбек адамдарының өмірінен көптеген әлеуметтік, портрет очерктерін, өндіріс тақырыбындағы проблемалық мақалаларын жазды. Оның болашақ шығармаларының да материалын жинай жүруіне себеп болды. Нәтижесінде, «Құрылысшы Дәку» (1958) атты алғашқы очерктер жинағы, ең алғашқы «Табылған теңіз» (1964) атты повесінен кейін, іле-шала «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969) шығармалары тап осы тұста жарық көрді. Бұл «журналистика – күллі шығармашылық қайраткерлікті танытатын сала, ол үшін екі элементті: өнімді, нәтижелі еңбек немесе өнімсіз, қажырсыз еңбекті айқын аңғара білу қажет, бұл екеуінің аражігі әр журналистің шығармашылығынан көрініп тұратындығын» байқатады. Еліміздегі қоғам алдында тұрған мәселелер туралы қаламгер Ш. Мұртаза дер кезінде үн қатып, ой айтып, тұжырым жасады. «Миллиард толқынында», «Ақық дария алқабында», «Тебіренген теңіз» тағы басқа очерктері мен «Дән тасқыны», «Поездар заулайды» тәрізді мақалаларында тың өлкесінің абыройлы еңбеккерлерін көрсетті. Өндіріс тақырыбындағы публицистикалық шығармаларымен ерекше көзге түсе білді. Шерханның алғашқы кезеңдердегі публицист ретіндегі негізгі мақсаты – белгілі бір тақырыпты таңдап алу, соған байланысты өмір құбылыстарын мейлінше терең зерттеп, өз көзқарасымен айқын да салмақты қорытынды жасау болды. Бұл Шерханның ең басты қасиеті – дүние құбылысынан жазуға керектісін, яғни тақырыбын сараптап алу, оның табиғатын, сипатын білімділікпен зерттеу екендігін аңғартады. Қаламгердің бұл екеуінен соң, табиғат берген 9
қабілет-қарымымен шебер жазылған көптеген материалдары кейіннен көркем шығармаға айналды. Ал, 1970-1989 жылдар кезеңіндегі Ш. Мұртаза шығармаларына тән ерекшелік – тақырып ауқымдылығының кеңдігі. Кәнігі журналистік пайыммен өмірдің әр саласынан, мәдениетінен, өнерінен, ғылымынан, білімінен, экономикасынан мақалалар, очерктер жазып отырды. Айталық, «Өскелең мәдениет жаршысы», «Жасампаздық жолымен», «Абай сәулесі», «Алтын күрек», «Таушымылдық», «Отан даңқын асырайық», «Адал еңбек», «Не жетпейді?», «Жат жұрттан іздемейік пайғамбарды»тағы басқа публицистикалық туындылары жарық көрді. Шерхан мақалаларында көбінесе адамгершілік, парасаттылық, тәрбие, өнер мәселелері жиі жазылды. Публицистің «Жат жұрттан іздемейік пайғамбарды» атты проблемалық мақаласы ең өткір, ойлы, жұртты толғандырар қиянат мәселелердің бәрін жаны ауыра, аши отырып тұжырымдайды. Ш. Мұртаза және оның буыны әдебиетке атақты жылымық кезеңінде – сол кездегі алып держава Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында жеке басқа табынуды әшкерелеген үлкен науқан өтіп, қоғам тынысы ептеп кеңген уақытта келгенін еске алсақ, сол кездегі қоғамдық-рухани ситуация еркін ой, ерен ізденістерге мүмкіндік туғызғандай еді. «Ал алпысыншы жылдардан басталатын әдебиет кеңес тарихында шын жаңа дәуірді бастайды. И.В. Сталиннің қайтыс болуы, партияның ХХ сьезінің шешімдері, Н.С. Хрущевтің «жылымығы» белгілі дәрежеде бұрын тұсалып, таза идеологияның құралы болып келген әдебиетке бостандық берді, тақырыптық тежеуден босатты. Осы дәуірде әдебиетке келген жас ұрпақ бұрынғылар көрген тежеуді көрмей, өмір шындығын өзінше танып, ойындағысын еркін айтуға ұмтылды. Аға жазушылар да шындыққа жаңа көзбен қарауға, бұрын орын алып келген режимді сыншыл көзбен көруге ұмтылды. Негізінен, партия саясатынан, социалистік ел өмірінен тыс кетпесе де әдебиет жаңа сөз айтуға мүмкіндік алды. 60-жылдар ұрпағының тез өсіп-жетілуіне, көркемдік саласында ізденулеріне заманның өзі жағдай жасады. Сондықтан да 60жылдардан басталатын әдебиет тұтас бір кезең болып тарихқа енді». Бұл ретте бүгінде қазақ мәдениеттану ғылымына «60-жылғылар» ұғымы ретінде еніп үлгерген ол буынның болмысы тұтастығымен ерекшеленеді. Ал, Шерхан Мұртаза сол буын ішінде жаңа идеялық-тақырыптық ерекшеліктерімен «өзінің жанры мен тақырыбын да, жанды проблемасын тапқан жазушы» – екендігін айқын аңғартты. Жалпы үлкен тұлғалардың шығармашылық танымын зерделеу оңай іс емес. Шерхан Мұртазаның өмірі де, өнері де аңыздай болары – дүниетаным, табиғат ерекшелігінен, яғни ерекше жаратылысынан болуы керек. Ол қалай шешен тілмен кесіп сөйлесе, солай көркем де күрделі жазған суреткер. Бұл тұста, бір жағынан, ол көшпелілер поэзиясының ХХ ғасырдағы мұрагері сияқты, енді бір жағынан, оның қат-қабат тереңдігі жазба әдебиеттің өкілі екенін мойындатады. Шерхан Мұртазаны қабылдамайтын, сынайтын 10
сыншылар да бар. Жалпы ешкімге де еш реніш жоқ, әркім өз танымы деңгейінен сөйлейді. Жазушылық жолдың сан қырлы паралары, шарттары, себеп-салдарлары барлығы әріден анық. Әдебиетке келген әрбір жастың өзіндік «тар жол, тайғақ кешуден», ал енді біреулерінің еліктеу, үйрену, тәжірибе жинақтау кезеңінен өтері тағы жоқ емес. Дей тұрғанда, көңілде ұйықтап жатқан көп ойдың оянуы үшін, санаға түскен көңілде ұйықтап жатқан көп ойдың оянуы үшін, санаға түскен сәуленің жеке ақыл-ойды құммен ысқан жездей нұрландырып қана қоймай, өзгелерге де, айналасына, ортасына шапағын шашуы үшін табиғи дарын, талант аздық етеді. Бюффонның «талант дегеніңіз – төзім» деген пікірмен келісуге тура келеді. Жазушы үшін зерденің мазасыздығы басты шарттардың бірі болса, жан сергектігінің, сезім саралығының бір кезеңі – балалық, жасөспірімдік кезең секілді. Көңілге қатты бекіген оқиға-құбылыстардың, сол шақта санаға салып, толық, айқын түсініп болмаған жай-жағдаяттардың күндердің күнінде зерделенер, таразыға, ақыл безбеніне түсер; талданып, таратылып ұғынылар уақыты тумай қоймайды. Сент Экзюперидің «Тегім менің – балалық» қатантты сөзін білмейтініміз кемде-кем. Ұлы Хемингуэйдің жазушы болудың алғышарттары не деген сауалға «бақытсыз балалық шақ» деп жауап беруінде де шындық жоқ емес. Қазақ әдебиетінде 60-жылдар бедерінде келген талантты жас буынның балалық шағы елімізідң талайлы тағдырлы 1937 жылдарына, Ұлы Отан соғысы кезеңіне тап келген еді. Балалығын уақыт, жағдай, жеңіс еншісіне беріп, буыны ерте қатайған бұл ұрпақтың көкірегінде байланған мұң, қордаланған қайғы жоқ-ты деп айта аламыз ба? Бүгінде жігіт ағасылық жасқа жетіп, ел ағасылық қарекетте жүрген буынның шығармашылғында алғаш қолдарына қалам алған шақтан бастап-ақ соғыс тақырыбы, соғыстың, оның алдындағы зобалаң жылдардың адам баласына әкелген қайғы-қасіреті, кесапаты, әйтеуір бір қырынан көрінбей қалмайды. Осы буынның бірегей өкілдерінің бірі Ш. Мұртаза шығармашылығын бағамдасаңыз, сонау аласапыран, 30-жылдардың, соғыстың зобалаңы арқасына батқан, сол кездегі ел тыныс-тіршілігін, сондай-ақ тыл өмірін көкірек көзімен жаттап, қаттап жүрген жанның дүниетанымын түйсінер едіңіз. Өнер мен Өмірдің өткелінен мүдірмей өткен дарын Ш. Мұртазаның алғаш шығармашылық әлемге қадам басуының да ерекше құпиялық жақтары жоқ еместей. Шығармашылық ғұмырбаян мәселесін Ш. Мұртазаның түрлі жанрда жазған туындыларының танымдық және көркемдік талғамы таразысы бағытынан мөлшерлейтін болсақ, өнерге итермелеуші мотивтер ретінде туған жер табиғаты, ащы балалық тағдыр, алғашқы аударма, журналистік ізденіс секілді бірнеше арнадан өрбитін бастаулардың қайсысын айтсақ та, ойымыз дәлелді, еңбегіміздің еселі шығарына сенім мол. Жоғарыдағы өткен дәуірлердегі жазушылардың шығармашылыққа келуіне негізгі түрткі болған күш ретінде олардың материалдық мүдделілігін атап көрсетіп, салыстыра айттық. Бұл ойдың түпкі мәні Ш. Мұртазаның да 11
шығармашылық жолда алғаш бағын сынап, қаламын ұштауына себепші болған осындай материалдық қажеттілік болатын. Осы ретте Шерханның: «Мен Мұстай Кариммен тым ертерек, сонау елуінші жылдардың басында таныстым. Өзімен емес, шығармасымен. Тек оқырман ретінде ғана емес, аудармашы ретінде таныс болдым. Москваның стипендияға ғана сүйенген студенті едім. Бірде қаржыдан қатты қысылғанда республиканың сол кездегі басшыларының біріне арыз айтып, баспадан аудармаға кітап алуыма көмектесуін өтіндім. Бұл арыздың нәтижелі боларына аса сене қоймасам да, әйтеуір, үмітсіз шайтан дегендей хал еді. Көп кешікпей Алматыдан пошымы өзгешелеу көк конверт келді. Бұл менің ресми кеңседен бірінші алған хатым еді. Шекесінде: «қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы» деген тасқа басқан жазуы бар. Ашсам, қысқа ғана: «Сізге башқұрт жазушысы Мұстай Каримнің «Радость нашего дома» деген повесін аударуға ұсынамыз», – деп жазылыпты. «Кітапханаға бардым. Башқұртшасын, орысшасын тауып алдым. Сол менің шығармашылық жұмысқа араласуымның бірінші қадамы. Содан кейін «Хоттабыч қартты» аудардым», – деп жазған өз пікірі ойымызды нақтылай түседі. Суреткердің тұлғасы оның шығармасына ұқсас болмағанымен, бірақ соңғысы автордың ішкі дүние сезімін білдіруі, оның тәжірибесін өзектендіруі болып табылады. Сондықтан орыс әдебиеттанушысы әрі сыншысы Ф.Д. Батюшков атап өткендей, «Туындыны толық түсіну мен жақсы көру үшін, оны жаратқан адамның жан дүниесіне үңіліп қарау керек. Басқаша айтқанда, суреткердің шығармашылық зертханасына ену, оның өмір сүру жағдайларын, адами өмірбаянын тану керек» . «Ғалымның тұжырымы жеке шығармашылық қайраткерлердің туындыларын талдау барысында оның өткен өмір жолы, дүниетанымдық көзқарасы диалектикалық түсінігі сол заманның болмыс шындығымен қатар алынып, тарихи, типологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері анықталады, сол жолда айтылар пікір де, тұжырым да, ой танымы да түйінделеді. Қалам қайраткерлері, өнер иелерінің өзіндік ерекшеліктерін білу үшін, оның туындылары, мұрағаты, өскен ортасы, шығармашылық ізденісі, шеберлікті шыңдау жолдары, өмір белестері, жаңашыл танымдық бағыты, авторлық ұстанымның мазмұны нақтыланады. Қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі, міне, осы. Алдыңғы жолдарда Ш. Мұртазаның шығармашылық өнерге студент кезінде бірнеше көркем әңгімелерді қазақ тіліне аудару арқылы қадам басқанын көрдік. Әйтсе де бұл шығармашылық ғұмырбаянды толық танытудың тек бірінші баспалдағы тәрізді. Және бір ескеретін жағдай, жазушының өмірбаяны мен шығармашылық ғұмырбаянды қатар алып қарастырғанда ғана еңбектің нәтижелі болары. Зерттеудегі бұл күрделі сұрақтарды қатар алып қарастырудың тиімді жағымен қатар өзіндік қиындықтары да жоқ емес. Дегенмен біз алғашқы ойды Ш. Мұртазаның өмір жолының шығармашылыққа аса қажетті кезеңдерімен бөліп қарастыруды дұрыс деп таптық. 12
«Менің жастық дәуренім «Лениншіл жаста» өтті, ол газетке мен 1956 жылы келдім. Оған дейін бір жыл қазіргі жазушы баспасында жұмыс істедім. Ол кезде «Қазақ көркем әдебиет баспасы» деп аталатын. Сонда редактор болдым. 1956 жылы Бауыржан Момышұлы Алматыға келді. Сол үйдегі Жамал апамыз «Лениншіл жаста» істейтін. «Лениншіл жастың» жігіттері сол үйге үнемі келіп тұрады. Жаңағы Жамал деген апамыз жақсы адам болатын. Баукеңдердің жақыны ретінде мен де барып тұратынмын. Сөйтіп жүріп, сол жігіттермен аралас-құралас болып кеттік. Сонан кейін олар айтты маған: «Әй, сен шалдардың ортасында неге жүрсің? Сен жассың. Ел көруің керек. Республиканы тануың қажет. Жазғаның жөн» деп, өздеріне шақырды. Барлығы – керемет жігіттер. Шетінен жазғыш. Ал, мен баспадан бір кітапты алып, соның қатесін шығарып, мыжып отырамын. Сөйтіп, «Лениншіл жасқа» ауысып кеттім». Осылайша жас жалынды жігіт ойламаған жерден тағдырдың бұйыруымен Кеңестік Социалистік Қазақстан Республикасының ең бір белді баспасөзі «Лениншіл жастың» қызметкері болып тағайындалады. Алғашқы кезде газеттің жастар редакциясының Мәскеуден келген ТАСС хабарларын орыс тілінен қазақшаға аударушы болды. Жай ғана аудармашылықпен айналысып қана қоймай, бірнеше көлемді мақалаларды жарыққа шығарады. Қатардағы әдеби қызметті тыңғылықты және сауатты атқара білген Ш. Мұртазаға дәуірінде аса жауапты іс – «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілші болу міндеті жүктелді. Өткен дәуір тарихының бұл бір аса жауапты кезеңі болатын. Соғыстан кейінгі жылдары Кеңес үкіметін басқарушы коммунистік партияның көптеген сұрапыл саясаты қазақ жерінде жүргізілгені баршамызға белгілі. Бұл жөнінде Шерхан Мұртаза: «Сондағы «Лениншіл жас» нені жазды? Әрине, ол партияның қолбаласы еді. Хрущевтің жылымығы болса да, «ұзын арқан, кең тұсау» ғана. Әлі еркін кете алмайсың. Көкейдегіні көсіліп айта алмайсың. Оның үстіне Хрущевтің құлаш-құлаш баяндама, сөздерінен газет беті босамайды. Көлемі де аз. Аға газет «Социалистік Қазақстан» басқан Хрущев шедеврлерін біз де басамыз. ЦК-дан «шпек» аламыз. Линотиптің жаңа шыққан кезі. Баспахана іші балқыған қорғасынның буынан у сасып тұрады. Сол уды жұтып түнімен жүреміз. Ара-арасында жастарды «коммунистік рухта» тәрбиелейтін нұсқаулы материалдар жарық көреді...» деп еске алады. Уақыт талабы қилы-қилы болған кеңестік кезеңдегі Ш. Мұртазаның журналистиканың түрлі жанрында жазған заметка, корреспонденция, репортаж, мақала, рецензия, очерк, фельетондарының басты нысанасы – адам және адам құндылықтары: өнегелі өмір жолы асқақ адамгершілік, жаңалық үшін жалынды күрес, пайымды парасат, салиқалы мінез т.б. Ал, адалдық ақ жолды айшықтандыра түсетін қарама-қарсы әдет-қылықтарды да журналист өмірдің өзінен алып жазды. Соғыстан кейінгі жаңа өмірдің жаршысы болған журналистер, ақынжазушылардың негізгі ұстанымдары әділдік, адалдық, достық, ынтымақтастықты көтере дәріптеу болды. Бұл идея әлемдік гуманизмнің 13
негізі болғанымен, социалистік формацияның да қағидасы еді. Цензура мен қатаң идеялар алаулап тұрған сол кезеңде мұның кеңестік кеңістіктегі өнер иелері үшін тиімді жағы болды. Олардың қай-қайсысы да шығармаларының негізгі ой-танымдары ізгілік пен зұлымдық арасындағы күресті, адамзаттың бойындағы асыл қасиеттерін барынша өмірдің өзінен алып, бейнелеуімен ұштасты. Қазіргі кезеңдегі шетелдік келеңсіз, сұрқай, қиянкескі, зұлымдыққа құрылған өнер туындыларынан гөрі аталған дәуірдегі шығармалардың мазмұны әлдеқайда мәнді, маңызды болып келетіні жасырын емес. Әр ісіне тиянақты, әрі қызығушылықпен кірісетін Шерхан Мұртазаның журналистік жолы оны үнемі ізденуге, шығармашылық шеберлікті ұштауға талпындырды. Ол заманды құрғақ суреттеп, оқиғаны ғана тізіп қоймайды, халық өміріндегі өзгеріске, тыныс-тіршілігіне етене араласып, әрбір жағдайды әр қырынан үңіле зерттеп, батыл барлап, танымдық сырын қоғамдық мәнін терең ашып көрсетуді мұрат тұтады. Жас журналистің алғашқы жазылған шағын және көлемді мақалаларының өзі әрбір мәселеге обьективті тұрғыдан қарап, шын бағасын бере отырып, кемшілігін дәл көрсете білетіндігімен бағалы болды. Заманның қоғамдық тынысын, еңбекшілер өмірін, өндіріс саласында орын алған кемшіліктер мен жетістіктерді қаламымен шымыр ұштайды. Мәселен, жаңа уақыттың жанарлы келбетін көрсететін «Кеше, бүгін, ертең», «Бүгін даңқты шахтерлар күні», «Өктем екпін», «Алпыс азамат аттанды», «Кокс пен жалын», «Алқызыл жалау желбіреді» деген публицистикасында жанды суреттеулер, жарқын ойлар, тосын түйіндер жасалып, еңбек адамдарының еңбегінің нәтижелерін тұжырымды ойлармен береді. Ал, «Обком секретары шахтаға бір түскен жоқ», «Кемшілікті мойындау оңай-ау, бірақ...», «Обкомол жас талапкер жайын ойламайды», «Күн тәртібінен түспейтін мәселе», «Әділетті болу керек», «Асығыс іс ақаулы», «Елеусіз қалған ет» мақалаларында проблемаларды көтеріп қана қоймайды, оларды шешудің де жолын ұсынды. Журналист «Шахтер үні» атты проблемалық корреспонденциясында: «Шындық қатал. Участокте бәрі жетісіп жатқан жоқ. Көмір таситын вагонеткалар мезгілінде келіп тұрмайды. Яки, конвейер лентасын алайық. Ол да көбінесе істен шығып қала береді. Көмір тартпай тұрып қалса, оны жөндеумен талай уақыт өтеді. Керек-жарақ аз ба, тәйірі? Не керек, оның бәрі сақадай сай бола бермейді», – деп өндірісте орын алып отырған кемшілікті батыл айтады. «...Шерхан қабырғасы қатып, буыны бекігелі халықтан бір елі ірге ажыратпай келеді. Қолына қалам алғалы халықтың сөзін сөйлеп келеді. Қатардағы тілші кезінде халық бітіріп жатқан ерен істерімен қоса, халық көріп отырған ересен тауқыметтерді де жасырмай жаза білді. Қаламымен бірге қанаты да қатайып, ақпарат төріне шыққанда да сол ұстанымынан бір сәт айнып көрген емес. Айналасына халық сусып отырған әңгімені айта алатындар мен олардың аузына қақпақ болмайтындарды жинады. Алпысыншы жылдардағы азғантай жылымықтың тұсында сірескен тоң жібіп, астынан қаулай көтерілген әлсіз көкті қайтадан аяз жалап, суық ұрып кетпеуіне қолынан келгеннің бәрін жасады». Жазушы, драматург, 14
аудармашы, публицист Шерхан Мұртазаның суреткерлік ұстанымын зерттегенде тарихи танымын және авторлық концепциясының көркемдік мазмұны мен пәлсафалық тереңдігін қаламгер өмір кешкен дәуірлердегі қоғамдық, саяси, идеологиялық факторлармен қатар алып қарастыру қажет. Жазушының, яки журналистің өзі өмір сүрген қоғамның сыздауық проблемалары мен көңілге сәуле үміт ұялатар белгілеріне әрқалай, әр түрлі форма мен деңгейде араласады. Біреу тікелей қоғамдық істерге құлшына араласып, сүйеніш болуға жеңін сыбанып жіберіп кіріседі, енді біреу уақыттың рухани келбетін, қоғамның кескінін адам, халық діліне сыналап сіңдіретін сындарлы шығармалары арқылы қоғамдық санаға әсер етуі мүмкін. Өзінің ұзақ сонар, түрлі формацияда өткен журналистік қызметінде әркез ұлтының, халқының ой-санасын өрге тартқан Шерхан Мұртазаның көсем сөз жолындағы шыққан биігі жоғарыда аталған пікірлердің екіншісіне тиесілі болса керек. Дей тұрғанмен, журналистік еңбегі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында, Комунистік партияның қырағы саясатында бастау алған Шерхан Мұртазаның тарихи танымы үлкен қайшылықта болғанын айтпай-ақ аңғаруға болса, авторлық концепцияда бұл мәселенің шиеленісті қалыптасқанын көреміз. Қазіргі тәуелсіз таным, зерттеу тұрғысында Ш. Мұртаза журналистік қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сыншы-зерттеушілер жалпы халық берген құнды ойлар «Шерхан Мұртаза қаламынан туған дүниелер осы заманғы публицистиканың жоғары үлгісіндегі ерекше өтімді, дәлелді, өмір шындығын дөп басатын, алдына қойылған проблемаларды үлкен жауапкершілікпен, терең талдау жолымен көтере білетін, көп кеселді кінәраттарға кінәлілерді бетің бар, жүзің бар деп осып сөгетін, ойға бай, сөзге шешен саралы көсем сөз дәрежесінде танылуда. Бұл жөнінде Шерхан Мұртаза алдына түсетін публицист, ойшыл кемде-кем, тіпті әлі жетіліп, өсе қойған жоқ десе де болады» – деген ғалым Шериаздан Елеукеновтің ойымен ұштасып жатады. Шерхан Мұртазаның шығармашылық жолындағы тарихының танымдық-тәрбиелік маңызы уақыт өткен сайын арта бермек. Неге? Ш. Мұртаза жастайынан Сталиндік зұлматтың салдарынан әкесінен айрылып еріксіз жетімдік қамытын киді, ар мен намыстан, қазақы иман, инабаттан нәр алған Айша ананың тәрбиесін көрді, сұм соғыстың барша қасіретін бастан өткеріп, талай тура келген ажалдан анасы мен туысқандарының арқасында аман қалды. Содан ол балалық шақта-ақ қазақы дәстүрде тәрбиеленіп, өмірдің ыстық-суығын ерте басынан кешірді, сол сындарлы кезде шынығып та ширап өсті. Журналист-жазушының өресінде этникалық идеяның мүдделенуі және келбеттенуі мен көзқарасы ХХ ғасырдың екінші жартысында түрлі саяси, идеологиялық, ұлттық шиеленістер мен орыстың шовинизмінің асқынған шағында қалыптасты. Оның келбеті тұлғалық қасиетте, оның көзқарасы туған жердің тағдырымен, табиғаттың шындығында шыңдалды, тарихи оқиғаларда нақтыланды. Күнделікті баспасөз қызметі, әдебиет, мәдениет, жалпы қоғам тіршілігі бұл дәуірде осындай күрделі қоғам шындығын бастан кеше отырып дамыды. 15
Дегенмен олар билеуші партияның ықпалынан шығып кете алған жоқ. Коммунистік партия шығармашылықтың бар саласына басшылық жасады. Ш. Мұртазаның «... Халық жазушысы атандым. Жазғанымның бәрі алтын дей алмаймын. Бірақ солардың көбі және дәмділері, тек балалық шақтың нәрінен, балауса балғын шақтың әсерінен туған. Өсе келе, көпті көрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады» – дегені суреткер танымының тарихи тереңі қайда қайда жатқанын аңғарта түседі. Ендеше, Ш. Мұртаза шығармашылығына алтын өзек болған балалық шақ қандай еді? Анасының айтуынан білуінше, Ш. Мұртаза ата-анасының Тәңірден жалынып-жалбарынып жүріп тілеп алған төртінші перзенті екен. Кең байтақ құрлықты жайлаған славян тектестер мен түркі тектестер түгелімен қолдан жасалған Кеңестік идеология мен Сталиндік зұлмат биліктің түгел қанат жайып, қилы заман туып тұрған 1932 қыркүйекте дүниеге келген сәби Шерханның өмір жолы қатал сынмен басталады. «Анасының құрсағынан шыға салып, алғаш көргенін есіне сақтап қалатындар бар дейді. «Мен туғанда, үйдің іші қып-қызыл еді» деп айтыпты дейді біреулер. Білмеймін. Өз басым ондай алғыр данышпан емес екенім анық. Өйткені: «Есім қай уақытта кірді, тұңғыш рет көрген-білгенімнен есімде не қалды?» – деп, ары үңілем, беру үңілем, ештеңе таппаймын. Үш жас, төрт жас – бәрі бұлдыр, бұлыңғыр. Тек, Әйнек апам мені арқасына көтеріп келе жатқанда, бір аяғымның калошы түсіп қалып, кемпір байғұс келе жатқан ізімен қайта қайтып, әлгі түсіп қалған калошты іздегені еміс-еміс есімде. Әйнек апамның арқасына жармасқаныма қарағанда, әлі өз бетіммен еркін жүгіріп кете алмайтын кезім болуы керек». Алғаш ес білген кезінде де бала Шерхан алдынан сұрапыл сұмдықтардың есігі бірінен кейін бір ашыла береді... Бес жасқа енді аяқ басқан Шерханның тұңғыш рет әкесі Мұртазамен ілесіп, көрші ауылға тойға барып, онда ескі көрші досы Гришамен кездеседі. Ойын қызығына берілген бала әкесінен адасып қалады. Біреулердің жол сілтеген жағына қарай жүгіріп, ауылға қайтып бара жатқан әкесін қуып жатады. Әлде, балалық, әлде өкпе-наз, әлде батылдық па, бала әкесінің тастап кеткеніне ызаланып, оны кішкене жұдырығымен ұрғылайды. Еркеліктің әсерінен әкесінің өз аузынан қалай дүниеге келгенін де осы жолы естиді. Онда да Мелдехан қарияның зекуі себеп болады. «– Тәйт! – деді. – Сені Мұртаза мойнына алабұршақ салып, қорасанға қой айтып, әулиеге мал айтып, Құдайдан тілеп алса да! Әңгіменің шырқын бұздың ғой! Кіп-кішкентай балаға дап-дардай кісінің соншалықты сөгіс айтқаны несі дегендей, басқалары тосылып қалды. Мен мына ашулы адамнан құтқар дегендей, әкеме қарадым. Жаңа мені тастап кеткені аздай, енді не араша түспес пе екен дегендеймін. Мұртаза мырс етіп: 16
– Мелдеке, бұл Барсханды құдайдан жылап жүріп, тілеп алғаным рас, – деді. Сөйтті де, қолымнан енді ажырамастай қысып ұстап, жетектеп алды. Екеуміз деп-демде достасып кеттік. – Мұртаза көп сөйлемейтін кісі. Қайтып мен туралы әңгіме болған жоқ. Үлкендер өздерінше өзге тақырыпқа көшті» . Қанды шеңгел Сталиндік жалған саяси арандату «халық жауы» деген лақапты айдарлап тағып, сауатты, көзі қарақты ел азаматтарын қуғынсүргінге салу науқаны қазақтың ұлкен шаһарларынан басталып, кішкене ауыл тіршілігіне де қол салған кез еді. 1937 жылы Мұртазамен тойға ілесіп барған жетеудің алтауы ұсталады. Біреуі оларды ұстауға көмектескен болып шығады. Кәнігі әдеттерімен НКВД-ның жендеттері Мұртазаның үйінің есігін түн ортасында, қыстың қақаған аязды күнінде келіп тұтқынға алады. Шолжаң, ерке Шерхан бір түннің ішінде сұрапыл сұмдықтың болғанын сәбилік санасымен-ақ сезіп, үш-төрт жасқа есейіп шыға келеді. Ендігі тағдыры әуелі тәңірге, содан кейін анасы Айшаға тапсырылады. Үш бірдей сәбиімен еріксіз жесір қалған Айша ананың тартқан азабы, ауыр тағдыры жиырмасыншы ғасырдағы зардап шегіп, азап көрген қазақ әйелдерінің барлығына тән ғұмыр болды. Тағдырлары құдіретке емес, саясатқа қатысты шешілетіндіктен, әйел-аналар жазықсыз жапа шекті. Көбісі басқа түскен қасіретпен арпалысты, қарсы тұрды, қайғы жұтты, морт сынбады. Ал енді біреулері адамның қанды қол шеңгелінің құрбанына айналды. Ана сүті, әке қанынан ерекше жаратылған, бала Шерхан тап осы жағдайларды тікелей басынан кешірді, тіпті оған қарсы айқасты. Ш. Мұртаза да тұстастары сияқты, әдебиет әлемін ана ертегісі, халықтың ауыз әдебиеті, қисса, дастандардан таныды. «Мамыт атамның Орха, Ноха, Қорғанбай деген үш ұлы бар. Әсем, Гүлзейнеп, Седепкүл, Олжагүл деген төрт қызы бар. Бәрінің анасы – Арзыкүл апам. Бұл үй – балалы үй, шынында да, базар еді. Мамыт атам қатал, түкістеу көрінгенмен, бір ата Тоқсанбайдың бас көтерері, дәулетінен бөліп бермесе де медет тұтатын панамыз сияқты. Бірақ бөліп беретін дәулеті де шамалы. Сонда да сол үйден шықпаймыз. Арзыкүл апамның кеңдігінен шығар, кет демейтін. Қыстың тұнжыр күндерінде, көбінесе сол үй бізге жылы ұя сияқты болатын. Бүкіл ауылда газет жаздырып алатын, бірен-саран қисса кітаптары бар, тек осы үй еді. Газетін оқып түсінбесек те, үлкендер дауыстап оқыған қиссалар – біздің мектебіміз еді» . Шамалы уақыт ішінде жинақталған материалдар журналист Шерхан Мұртазаның қолында қордаланып қалады. Жинақталған дерек, дәйек, айғақтың бәрі дерлік заманның, уақыттың, қоғам мен адам үшін аса қажетті рухани танымға тамызық болар көздерін құрауымен құндылыққа айналады. Соғыстан кейін қалпына келтіріліп, қайта жанданған халықтың өміріндегі алып заводтар, көтерілген тың, жаңа болашаққа деген өршіл рухты жас адамның жан дүниесі Шерхан Мұртаза болмысына аса жақын еді. Сол 17
себепті болса керек, Шерхан Мұртазаның ең алғашқы туындысы «Табылған теңіз» Орал деген балаң жігіттің басынан кешіргендерін баян етеді. «Жеке жазушы туралы айту, – дейді М. Шолохов, – бұл әдебиет туралы айту деген сөз, себебі біздің бәріміз көркем ой мұрасы жөнінен де, әдеби дәстүр жөнінен де бір-бірімізбен байланыстымыз. Біз, жазушылар жеке бір буындардан құралатын тұтас бір тізбек тәріздіміз». Шын мәнінде де, уақыттың өзі осының ақиқаттығын дәлелдеп, өзара әдеби байланыс сырына зерттеушісін бастап отырады, зерделеу ауқымын тарылтпай, оның өрісіне де әсер етеді, басқаша реңк береді. Жеке шығармашылық қайраткерлерінің туындыларын талдау барысында оның өткен өмір жолы, дүниетанымдық көзқарасы, диалектикалық түсінігі сол заманның болмыс шындығымен қатар алынып, талданса, құндылығы мен маңызы арта түспек. Сондықтан біз Шерхан Мұртазаның шығармашылық ғұмырбаянын зерттеуде тұтас әдеби процеспен қатар алып қарастыруды мәселенің мәнді ашылуына септігі мол болады деп таптық. 1956-1970 жылдар «Лениншіл жас», 1960-1963 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші, әдеби қызметкер болды. Аз ғана уақыт ішінде журналистика саласының майталман маманы болып танылған тәжірибесін шыңдаған Шерхан Мұртаза бірнеше мемлекеттік баспасөздің бас редакторы қызметінде атқарды. Кеңестік жүйе тұсындағы өкіметтің ұстанған саясаты қазақ халқының мүддесін көздей бермейтіні белгілі. Яғни, көптің құлағы, көзі, мұрны болып табылатын, саяси сауаттандыратын баспа сөздің тыныстіршілігі, көтерер мәселесі қырағы цензураның үнемі тексеруінде болатын. Қоғамдық қытымыр, қатаң қыспақта отырған белді баспасөздерді тығырықтан алып шығуда редактор Шерхан Мұртаза аянбай күресті, Барша мүмкіндікті пайдаланды. Ш. Мұртазаның редактор болған жылдарында қазақ баспасөзінің ахуалы туралы ғалым Ш. Елеукенов былай деді: «Шерхан Мұртаза 1971-1972 жылдары «Жалын» альманағына басшылық жасады. Осы екі жыл ішінде басылым тиражы бастапқы 24 мың данадан 52 мың данаға бір-ақ ырғыды. Екі еседен астам. «Жұлдыз» журналындағы редактрлығы 1973-1975 жылдардың аралығын қамтиды. Бұл жолғы тираж 1975 жылы 211 мың данаға жеткен. «Жұлдыздың» биылғы, 2002 жылғы таралымымен салыстырып көрінңіз. Жұлығынан келмейді. Небары – 4120 дана. «Қазақ әдебиеті» газетінде 1980-1984 жылдарында редакторлық еткен уақытта бұл басылымның тиражы 45 мыңнан 86 мың данаға дейін шырқаған». Журналист Ш. Мұртазаның өмірлік ұстанымы халықтың жоғын жоқтап, ұлтының мүддесін көздеуден тұрады. Бұл туралы қайраткер Ә. Кекілбайұлы былай деп ойға алады: «... Шерхан қабырғасы қатып, буыны бекігелі халықтан бір елі ірге ажыратпай келеді. Қолына қалам алғалы халықтың сөзі сөйлеп келеді. Қатардағы тілші кезінде халық бітіріп жатқан ерен істерімен қоса халық көріп отырған ересен тауқыметтерді де жаза білді. Қаламымен бірге қанаты да қатайып, ақпарат төріне шыққанда да сол ұстанымынан бір сәт айнып көрген емес. Айналасына халық сусап отырған әңгімені айта алатындар мен олардың аузына қақпақ болмайтындарды 18
жинады. Алпысыншы жылдардағы азғантай жылымықьтың тұсында сірескен тоң жібіп, астынан қаулай көтерілген әлсіз көкті қайтадан аяз жалап, суық үріп кетпеуіне қолынан келгеннің бәрін жасады. Ұлтсыздық пен ұятсыздықтың бірдей меңдеп «Қазақы мал мал емес, қазақы бала бала емес» деген түсінікке қарсы күресіп, арпалысып, жолбарыстай жағаласа алған жалғыз редактор Шерхан болғанын да көзімізбен көргенбіз». Ал, әрі әріптесі, әрі шәкірті болған, бұл күнде халық жазушысы атанған Төлен Әбдікұлы да бұл ойды одан әрі ширата түседі: «Шәкең жақсыны көріп, сүйінгенін, жаманды көріп күйінгенін жасырмайды. Әдебиеттегі алаяқтыққа, пасықтыққа қарсы батыл күресе алатын бейталанттар мен кемталанттар бұл кісіден қаймығатын. Ал мұндай қасиеттер белгілі бір ұрпақтың рухани әлемінің қалыптасуы үшін керек қасиеттер еді. Біз осыны көріп өстік. Тура сөйлеуге, әділ болуға ұмтылдық, яғни Шәкеңнің ықпалында болдық. Шәкең әдебиетте жемісті еңбек еткен. Күрделі тақырыптарға барған, ұлттық мүддені өзіне шығармашылық темірқазық етіп алған кесек тұлға». Қаламгер Шерхан Мұртаза мақалаларында қазақтың кешегі отаршылдықтағы кіріптар күн көрісі мен бүгінгі егеменді келбетін салыстыра отырып жетістігіне қуанса, кемшілігіне ұлы Абайша санамалап, сындарлы сын айтады.«Ұлтыңды танисың ба», «Тәуелсіздік ешқашан сатылмайды», «Мемлекет дәулеті талапайда кетсін деген заң жоқ», «Отан мен орман», «Бірікпесек бөрі жейді», «Тәуелсіздік толғаулары» т.б. деген публицистикалық толғамдары мен мақалаларының маңызы ерекше. Қазақтың қазіргі болымысындағы мін мен немқұрайдылықтан арылуды тарата айтып, толғанысын ортаға салады. Әсіресе, 1996 жылдар екі қайраткер Шерхан Мұртаза мен Камал Смайлов арасында жазылған 24 хатта Егеменді республикамыздың келелі мәселелері толықтай көрсетілді, тек оқырман емес, мемлекет басшыларында терең ой мен талапты пікірге жетелейді. Ойламаған жерден эпистолярлық жанрға екі қайраткердің бірдей қол артып, ден қоюына егеменді елімізді меңдеп кеткен әлеуметтік-экономикалық, саяси идеологиялық қайшылықтардың әсер-ықпалымен қатар, сол кезеңдегі «Егеменді Қазақстанның» бас редакторы Уәлихан Қалижанның да ықпалы болыпты. У. Қалижан бұл туралы: «Жоғары Кеңес тарап, депутаттар әр қызметке ілігіп кетті. Шерағаң таза әдеби кәсіпке ауысты. Тағдыр жазып, «Егемен Қазақстанның» тізгіні бұйырды. Қызметке шақырдым. Бас редактордың кеңесшісі. Көп ойланды, көп толғанды. «Қолымды байламасың, ойымды орамасаң, келісемін», – деді. Қол алыстық. Осылай өмірге Шерхан мен Камал Смайылдың арасындағы хат жазу үрдісі пайда болды. Бір жарым жылға созылған хат жазысу екі қаламгердің халық мұңын мұңдауы, жоғын жоқтауы болатын. Кейін «Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда» деп арнайы кітап болып шықты» деп еске алады. Дегенмен жетпіс жыл құлдық санада болған бодан халқымыздың санасын серпілтіп, ойын өрістетер бұл тың дүниелерде қарапайым ұсақ отбасындағы мәселеден бастап, үлкен әлемдік аренаға дейінгі аралықты қамтитын келелі, күрделі ой-толғам, пікір19
пайым, ширыққан шешімдерден тұратын. Ақиқатын айтып, адалына жүгіну көксеген ұлттық мүддені халыққа жеткізу екі қайраткерге де оңай болмаса керек. Камал Смайылдың мына бір еске алуы көп жәйтті аңғартады: «Нұрсұлтан Әбішұлы бір кездесу кезінде Шерхан екеуміздің хаттарымыз жайында сөз қозғап, оларды білетінін, оқитынын айтты. – «Жалпы өткір мәселелер дұрыс көтеріліп жатыр, – деді президиент. – Дегенмен, сол кемшілік, қателіктермен қатар, оңға басып, оңала бастаған шаруаларды да айтқан әділдік болар еді», – деді. Содан біздің хаттарымызда көп қойылған мәселе – ірі кәсіпорындарды шет елдіктерге беру туралы сөз болды. Біз оларды амалсыздан, мемлекеттің қаржысының аздығынан, оның үстіне өзіміздің ішімізден қалың қалталылар шықпай отырғандықтан сатып жатырмыз. Ертең отандық байлар шығатын болса, ана кәсіпорындарын солар сатып ала бастайды. Оған әлі жетеміз. Қазір солай», – деді ол». Қарапайым оқырманнан бастап, қайраткер азаматтардың да назарына іліккен хаттарда айтылған мәселелердің турашылдығы мен шыншылдығы олардың автордың атына ризашылық білдіріп, пікір жазуларына ұласты. Инженер әрі журналист С. Қышқашов: «Жеріміз, оның байлығы туралы сөз қозғағанда, Шерхан Мұртаза мен Камал Смайылдан асып түсетін адам жоқ» десе, Н. Керімбекова деген оқырман: «Сіздердің хаттарыңыздан бүкіл қазақ халқының ой-арманы мен мақсат-мүддесін, жан айқайын көріп, сіздерді халық қолдаушысындай, хабаршысындай сезінеміз» дейді. Қарапайым көп қауым – халықтың қамын жеген, халықтың сөзін сөйлеген Шерхан Мұртаза Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісіне депутат болып сайланды. Халық қалаулысы болған жылдары қаламгер қоғамды толғандырған көптеген істің өз шешімін табуына тікелей атсалысты. Ел ішін жиі аралап, көпті тыңдап, көкейкесті күрмеулі істі Елбасы мен Өкіметке дер шағында жеткізіп, тығырықтан шығар жолды өзі де іздеді, ойын ортаға салды. Бұл күнде Жамбыл жұрты игілігін көріп отырған Амангелді газы мен Қаратау зауытының іске қосылуы, жаңа ашылған мектептердің берілуі, елге оралған оралмандардың орналасуы барлығы күрескер, іскер, қайраткер – Шерхан Мұртазаның жан қиярлық еңбегінің нәтижесі. Шерхан Мұразаның қоғадық болмысын танытатын тағы бір қыры – тәлімгерлік. 1960 жылдары идеологиядағы жылымықтың тұсында қайраткер қазақтың беделді баспасөзіне сол кездегі жалынды, талантты, дарынды жастарды М. Шаханов, О. Бөкеев, Ф. Оңғарсынова, Б. Нұржекеұлы, Ә. Кекілбаев, Д. Исабеков, Т. Медетбеков, С. Елубай т.б. жинап, журналистік өнерге баулып, шеберліктерін шыңдады, тәрбиеледі. Қазіргі қазақтың көркем ой, көрікті сөзінің хас шеберлері болған бұл ұрпақтың өкілдері Шерхан Мұртазаны өздеріне рухани әке санайды. Адамдық парыз, азаматтық борышты өмірлік мүддесі санаған, сол жолда жан аямай еңбек еткен Шерхан Мұртазаның ғақылиялы ғұмырында тәңірі сыйлап, өзі сәулендірген қоғамдық тұлғасы бүкіл 20
ұрпағына өнеге. Барша қазақ жұрты құрметтейді, шығармашылығы мен қызметін, адамдық болымысын ұлағат санайды, сүйікті ұлын – Шераға деп ардақ тұтады. Қайнаған істі ұйымдастырып, әрі басқара жүріп, Шерхан Мұртаза қаламын онан әрі ұштай түсті. Тырнақ алды туындылары «Әңгелек», «Әменгер», «Қырық бірінші жылғы келіншек», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы» әңгімелері прозалық жанрдағы жас жазушының шеберлігі мен ізденіс даралығын танытты. Аталған шығармаларда жазушы қолтаңбасының лирикалық әуезі, идеялық тереңдігі, характер жасаудағы тың талпынысы айқын танылды. Ұзақ жылғы шығармашылық ізденіс өз нәтижесін берді. «Қызыл жебе», «Қара маржан», «Ай мен Айша» сынды романдар оқырмандарының жүрегінен орын алып, рухани қазынаға айналды. Қоғамдық жауапкершілік пен шығармашылық өнерді таңдап алып, талмай талаптанған жазушы шын мәніндегі халық сүйген қаламгерлерге айналды. Кезінде Шерхан Мұртазаның ұстазы, ғалым, жазушы Мұхамеджан Қаратаев: «Осыдан қырық бес жыл бұрын Жамбыл қаласында, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебінде оқитын. Сол кездің өзінде қатарынан озық қабілетімен, қадір-қасиетімен алабөтен танымал болатын. Айдауда жүріп қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс оқып, сабақ берген маған Шерхан шәкіртім өзінше үздік талантымен бой көрсетіп, сүйіктім саналды. Содан былай мен оның әдебиет пен журналистиканың Алатау іспетті биік деңгейіне альпинисше өрмелеп шыққан ерлік қимылының көппен бірге куәгері болдым» – деп жазады. Шерханның жазушы Мұхамеджан Қаратаев туралы естелігіндегі мына бір үзінді ұлы ұстаз құрметіне бағытталғандығын аңғартады: «Ал, балалар, – деді Айсұлу апай, – бүгіннен бастап сендерге әдебиет сабағын мына ағайларың Мұхаң, Мұхамеджан Қаратаев жүргізеді...» Қаламгердің мектептегі сабақ үлгерімі туралы сынып ұстаздары да оң пікір білдіреді: «Оқи келе ол ісіне тиянақты, берілген тапсырманы дер кезінде орындайтын, жауапкершілігі мол, ұяң, байсалды оқушы екендігін танытты. Сол кезде «Үлгілі оқу» деп аталатын қабырға газетінің редколлегия алқасына мүше болды. Содан мектеп біткенше сол газеттің шығуы Шерханға жүктелді». Бұл Шерханның журналистикаға қадамы мектеп табалдырығында оқып жүрген кезінде-ақ басталғанын байқатады. Тапсырмалар және сұрақтар: 1.Ш.Мұртазаның шығармашылық жолы қалай басталды? 2.Жазушының шығармашылық лабораториясына қатысты материалдар деген не? 3.Ш.Мұртазаның журналистік ізденісінің шығарма жазуға әсерін талдаңыз. 4.Ш.Мұртаза прозасындағы өмірлік шындықтың көркем шындыққа айналуына интерпретация жасау.
21
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қабдолов З. Өмірлік тайталастың тарланы. //Егеменді Қазақстан. -2002. -27 қыркүйек. 2. Пушкин А.С. Письмо к П.А. Вяземскому. Полн.собр.соч.,т.Х.АН СССР, 1949, 191 c. 3. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. –Москва: Искусство, -1979. -424 б. 4. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. –Алматы: Жазушы, -1993. -271 б. 5. Аристотель. Поэтика. Москва: Худ. Литература, 1957. – 138 С. 6. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – Ленинград, 1940. – 466 С. 7. Мұртаза Ш. Таңдамалы. 6 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. -6т. -616 б. 8. Мұртазаев Ш. «Шахтер үні». //Лениншіл жас. -1958. -31 тамыз. 9. Мұртазаев Ш. Құрылысшы Дәку. –Алматы: Қазмемкөрәдеббас, -1958. -62
22
Жазушының қалыптасу, өсу, даму кезеңдері Аз ғана уақыт журналистік ізденістің Отанымыздағы ең күрделі өндіріс орындары мен ауыл шаруашылығының қызу еңбек майданында болуы Ш. Мұртазаның көкірек көзін оятып, жаңа бір шығармашылық ізденіске алып келді. Қордаланған деректі құжаттар, өмірлік оқиғалар, түрлі жаңалықтар журналистің ойына ой қосып, идеясын кеңейтеді. Жоғарыда аталған очерк, мақала, фельетондар Шерханның алдағы жазбақ болған шығармасына ойтүрткі болып, философиялық толғам мен тебіреністерге жетеледі. Ендігі жерде жас журналистің бойында уақыт тынысына деген көзқарас қалыптасты. «Көзқарас» (Қ. Ергөбек) – өмірлік материалдардың өнер туындысында айналуында айрықша роль атқарар фактор. «Көзқарас» – шығармашылық қожасы. (Н. Тихонов). Осы аталғандарға шығармашылық өнердің басты тірегі деп жазушылық қалып тұрғысынан қарап, ой топшыласақ, төмендегідей іс-әрекеттердің куәсі боламыз. Алдымен журналист ізденісі мен еңбегінен туындаған өмірлік деректерді ойлау, толғану тезіне салып, мәселені тереңінен яки көркемдік тұрғыдан ой таразысынан өткізіп, болашақ туындыға жоспар түзеді. Кез-келген қаламгерге, мейлі ол ақын болсын, мейлі ол жазушы болсын, тіпті драматургке де, оқырман тарапынан әркез қойылатын бір сауал бар. Ол өздері рухани сусынын қандырған шығармадағы кейіпкерлердің шынайы дүниедегі орны, яғни, кейіпкердің прототипі. Егер біз осы сауалға нақты жауап іздер болсақ, Шерхан Мұртаза шығармашылығының алғашқы баспалдағының қандай адымдардан тұратындығына және қалай басталғандығына тереңінен зер салып, қарастыруымызға тура келеді. Ұлттық әдебиетіміздегі классик суреткерлердің әдебиет әлеміне әртүрлі жолмен келгені қызықты, әрі зерттеуіміз үшін маңызды. Сол себепті бірнешеуіне тоқталып өтуге тура келеді. Мәселен, әлемге әйгілі Мұхтар Омарханұлы шығармашылығын «Еңлік-Кебек» пьесасын жазудан бастаса, Сәбит Мұқанов әдебиет есігін эпос айтушысы, жыршы ретінде ашқан. Табиғатынан дарынды бала жазба әдебиет өкілі болып қалыптасқанға дейін қазақтың талай эпосын жатқа білген, білгенін өрістете, дамыта алқалы топта айтып, талай жанның құлағының құрышын қандырған, әп бәрекелді дегізген, әдебиетке ол осылай келген». Классикалық әдебиеттің және бір өкілі Ғ. Мүсірепов шығармашылықты «Тулаған толқында» повесін жазудан бастаса, Ә. Нұрпейісов соғыс жылдарынан кейін шығармашылықпен айналысып, бірден «Курляндия» атты роман жазудан бастады. Қарап отырсақ, әр суреткер шығармашылық әлемге өз жол танабымен келеді екен. Қандай шығармашылық иесі болмасын, ол өз заманының төл баласы, дәлдеп атсақ, «суреткер өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болсын, енжар, бейтарап қарап отыра алмайды. Оны бәрі тебірентеді, ол бәріне араласады. Ендеше оның қаламынан туған шығармалар да бір емес, бірнеше тақырыпқа жазылады, бір емес бірнеше проблемаға құрылады». Ойымызды дәл осылай жинақтап, сабақтар болсақ, Шерхан Мұртаза да өзге тұғырластары секілді, 1960 23
жылдарда әдеби процесте көп айтылған, тіпті талап етілген замандас, советтік жас адамның бейнесін жасау жолында атсалысты. Бұл кезеңде әдебиет идеологияның тұмылдырығын киіп, барынша саясаттың талабын орындауға бағындырылған шақ еді. Белгілі зерттеуші Ф. Оразаев сол кездегі көзқарас тұрғысынан былайша ой қорытады: «Бүгінгі замандас коммунистің бейнесін жасаудағы әдебиетіміздегі негізгі бағыттардың бірі қатардағы қарапайым еңбек адамын, еңбеккер коммунисті көрсету болса керек. Алайда бұл салада бүгінгі қазақ жазушылары зор қарыздар... Облыстық, аудандық, қалалық партия ұйымдарының секретарьларын немесе совет кәсіподақ, ғылым, шаруашылық басшыларын кейіпкер етіп алсын, ол да коммунист, әйтпесе, қарапайым еңбек адамының асыл қасиеттерін, адамгершілік парасатын суреттесін, ол да коммунистік саналылық, оған тәрбиелеген де партия. Сондықтан қай шығарманы алайық, бірінде коммунистің өзін көрсек, екіншісінде оның басшылық тәрбиешілік қасиетін көреміз, коммунистік гуманизмді көреміз. Әдебиеттің идеологиялық құрал ретіндегі ролін, оның тәрбиешілік мәнін, жазушының партияға көмекші, мемлекеттік саяси маңызы зор істер атқаратын алып күш екенін ескерсек, алда тұрған міндеттердің де жеңіл еместігін түсінеміз. Елдің өмір тынысындағы негізгі, өзекті құбылыстар, совет адамдарының әрқайсысының жеке тағдырының бір бөлігіне айналған құбылыстар бұл шығармаларда барған сайын жиірек, ал, ең бастысы – тереңірек үндестік табуда. Партия осылай жоғары бағалаған жазушылық өнердің бүгінгі алтын арқауы, замана қаһарманы коммунистер болып отыр. ... Замандас бейнесін жасау қажеттігі қашаннан күн тәртібінен түскен емес. Оның ішінде ұнамды замандасты көрсету, абыройлы міндетке айналған...» . Ғалымның бұл атап көрсеткендері 1960-1980 жылдардағы тұтас әдеби процеске ықпал-әсері зор болған идеологиялық саясаттың ұстанымдары. Тарихымыздан белгілі болғандай, 1955 жылдан бастап, қазақ жері тың және тыңайған жерлерді игерудің үлкен лабораториясына айналды. Астарында үлкен теріс пиғылды саясаты бар бұл істің ақ-қарасының байыбына ешкім барып жатпады. Қатардағы қарапайым әрбір кеңес азаматынан бастап, үлкен лауазым иелері, шығармашылық адамдары толығымен осы саясатты қолдап, қуаттауға жұмылдырылды. Кезінде Т. Ахтанов әлеуметтік тапсырыстардың шығармашылыққа кері әсері көп екенін «Шиырдан шығар шақ жетті» деген мақаласында мәселе етіп көтерді. Мақалада мынадай қызықты жайттар мысалға келтіріледі: «... Егер біз кейбір авторларымыздың дарынсыздығын, таңқы қиял, тайыз ойлы екенін, ізденбейтінін тілге тиек етсек, схема індетінің неге осынша кең етек жайғанына бәрібір жауап бапқан балып шықпаймыз. Бәлкім, бар пәленің дудай қара басы – әлеуметтік заказ шығар? Бұл сауалға бірден үзілді-кесілді жауап беруге өз басым қатты қаймығамын. Алайда, мен бар пәлені біздің әдебиет пен өнердің өзекті проблемаларын бәр-бәр уақытта жете түсінбейтіндігімізден бе деп ойлаймын. Меніңше, бізде әлеуметтік заказды әркім әрқилы түсінетін тәрізді. 24
Қазақстан жазушылар Одағының бір пленумында біздің белгілі жазушымыз С. Мұқановтың: Мен әрдайым әлеуметтік заказды орындаймын. Тың жерді игеру туралы роман керек болып еді, тың ерлері туралы роман жаздым. Сіздер оны сынап жатырсыздар. Бірақ қашан сәнді сарайлар салынып болғанша, жұртқа уақытша жер кепеде тұруға тура келетінін ұмытпаңыздар, – дегені бар. Қадірменді жазушы әлгі сөзінде сәл әсірелеңкіреп айтса да, көптеген әдебиетшілеріміздің әлеуметтік заказ жайлы ұғымын қалдықсыз жайып салды. Мен бұл арада ыңғайпаздарды, коньюнктуршиктерді айтып отырған жоқпын. Олар туралы әңгіме өз алдына. Біздің көбіміз шын көңілімізден өмірден әлі ізі суып үлгермеген оқиғаларына уақтылы үн қосуға тырысамыз...» . Ендеше, журналист Ш. Мұртазаға жоғарыдағы айтылған тың саясаты мен оған қатысты көтерілген жаңа тақырыпта шығарма жазудың әлеуметтік тапсырыстарының әсер-ықпалы болмай қалмаған болса керек. Сол заман үшін ерекше тарихи, әлеуметтік, саяси, әдеби мән-маңызға ие болған тың тақырыбында замандастың бейнесін сомдауға Ш. Мұртазаның «Табылған теңіз» атты повесть жазуына, бір жағы тілшілік материалдардың көптігі әсер етсе, екіншіден, бойында таланты бар жанның өзекті тақырыпқа қалам тартып, өзін сынамақ болған ойының да әсер-ықпалы мол болса керек. Жас журналистің де барлық адамдар сияқты қоғамдық ортада өмір сүріп, оның ойын ойлап, мұңын мұңдайтыны, талантына қарай өз қоғамының өзек күйдірер мәселелерін көтеруі, қоғамда енді-енді пісіп келе жатқан рухани, әлеуметтік құбылыстарды алғашқылардың бірі болып сезінуі, оның өзекті шығарманы дүниеге әкелуіне себепші болды. «Табылған теңіз» повесі жазылғанға дейін қазақ әдебиетінде тың, мал шаруашылықтарына арналған бірнеше прозалық туындылар жорыққа шыққан еді. Солардың қатарында М. Әуезовтің «Өскен өркен», Т. Ахтановтың «Боран», Т. Әлімқұловтың «Ақ боз ат», С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» атты романдары өзекті әлеуметтік проблемаларды тақырып етіп көтерді. «Өскен өркенде» М. Әуезов заман қаһармандарының жаңа бейнесін жасауға ұмтылды. Оның кейіпкерлері – бүгінгі заманның қажырлы, жан-жақты білімді, адамгершілік мінездерді бойына жинақтаған тұлғалар. Олардың іс-әрекетінің өлшеуіші – қызмет емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен адамдық игі қасиеттер. Нил Карпов, Алмасбек Жайлыбеков, Әсия, Әлім, Ақан, Медет, Сағадат т.б. бәрінде жазушы осындай жаңа қасиеттер тұрғысынан іріктеген. Мақсат, тілек бір болғанымен, олар характер есебінде дара-дара. Тахауи Ахтановтың «Боран» романы көрген рахатынан бейнеті көп азаматты қажытпай алып келе жатқан – Қоспанның өмір сүйгіштігі, жан дүниесінің тазалығы, рухани байлығы. Жазушы шығарма идеясында осыны көрсетуге талпынады. Осы бір тұстағы әдебиетке қойылған талап – өмір шындығын жеңілейтіп көрсетпей, кейіпкер бейнесін терең тартыста көрсете таныту. Мал шаруашылығын өркендету шараларын проблемалық тұрғыда көтере отырып, ондағы адам тағдырының әрқилы өзгешеліктеріне көңіл бөлу Т. Әлімқұловтың «Ақ боз ат» романында да 25
байқалады. Мұнда қазақтың қанына сіңген жылқы құмарлық, жүйрік ат баптау, бәйгеге қосу, сонымен бірге сауықшылдықты қызық көрген елдің дәстүрлі кәсібі мен өнері кең бейнелі сурет табады. Ал, С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы тың игеру тақырыбына арналды дегенмен, шаруашылық мәселелеріне емес, адам тағдырын, оның өсу жолдарын, өзгеру психологиясын тартымды суреттеген шығарма. Онда елдегі әлеуметтік өзгерістер бір отбасының тағдырына байланысты көрсетіледі. Жазушы онда заманның, уақыттың адамға, оның тағдырына қайшылықты әсер етіп жанқанын ашады. Осы жылдары роман жанрында еселі еңбек сіңірген З. Шашкин «Сенім» атты көлемді туындысында тың игерушілердің өмірін, туған жерді жаңарту жолындағы еселі еңбектерін шабыттана жазса, елдің бақытына қызмет ету борышын ұғынған жаңа адамдардың бейнесін дәріптей сомдады. Шерхан шығармашылығының алғашқы ізденістері журналистикада қалыптасты. Ол газет тілшісі ретінде бұқара халықпен тікелей байланыста болып, қайнаған өмірдің келелі мәселелерімен өз көзімен танысты. Осыдан келіп, Шерхан Мұртаза: «Мен «Лениншіл жастың» тілшісі болып, бірнеше жыл қызмет істедім. Бұл жылдар мен үшін шыңдалу жылдары болды... Тілшінің таңғы сағат тоғызда келіп, кешкі бесте қайтатын кеңсесі болмайды. Оның кеңсесі егіншілердің қосы, шопандардың отары, завод цехтары, шахта асты» деп тілшілік өмірдің өзіндік қиыншылықтары бар екенін айтады. Қарағанды. Қостанай облыстарында журналистік қызметте жүріп, үлкен өндіріс орындарында тың тіршілігінде болып, жаңа қолға алған істердің кемшіліктері мен жетістіктерін, еңбек адамдарының дамылсыз қимыл әрекетін көріп қана қоймады, олардың мінездерін, сырт келбетін танумен шектелмеді, кейіпкерлерінің жан әлеміне де үңілді. Айталық, «Комбайншы Қадырбек» мақаласында Ақмола облысының Қорғалжың ауданының егіс алқабындағы ерен еңбекті бір ғана жас комбайншы Қадырбек Табылдиннің еңбегі арқылы көрсетіп, ізденгіш, еңбек десе ерінуді, қоғам ісі десе қажуды білмейтін сол кезеңдегі күллі жастар бейнесін көз алдыңызға әкелді. Журналист: «Бір кезде бір біріне қосылуға аңсап, ән шырқаған таза махаббат иелері Мариям Жагорқызы мен қазақ жігіті Дудардың бүгінгі ұрпағы басқаша шырқайтындай сезіледі. Ащыкөл мен Тұщыкөлдің айналасы қазір шынында да басқа әнге, еңбек әніне бөленген. Ол ән еңбекші әні, егінші әні, ертеңгі миллиард әні» деп толғанады. «Біздің Ораз», «Ағайынды агрегаттар» атты мақалаларында да жас мамандардың өз ісіне бар ынта жігерімен берілгендігін, олардың жасаған әдіс тәсілдері бойынша көптеген бригадалардың жетістікке жеткенін көріп сүйсінеміз. Тың даласы туралы Шерхан Мұртаза көлемді мақалалар, ойлы очерктерді көптеп жазды. Бұл шығармалар уақыттың ең елеулі оқиғаларын, көкейтесті мәселелерін публицистикалық сарында шынайы, нақты фактілермен көрсетіп, журналистік міндетті орындады. Көлемді очерк, мақала жазып, егер ол шын өмірден туындап, көркемдік заңын орындаған шығарма болса, көркем публицистикаға тән өзінің дербес қызметін бір атқарып, екіншісін 26
келешектегі көлемді проза туындыларына азық дайындап, әзірлік жасайтынын көреміз. Зерттеуші Р. Жақсылықбаева бұл турасында былай дейді: «Газеттегі ең тиімді көркем де қуатты жанрлардың бірі очерк екендігін ескерсек, бұл жанрға қалам тартудың өзі журналистен терең білім мен шеберлікті қажет ететіні белгілі. Қаламгер очерктерінде кейіпкерлер туралы жан-жақты түсінік беріле келіп, әр еңбек адамын іс-әрекет үстінде, әрі өмір құбылысының мәні ретінде көрсетеді» . Шерхан Мұртаза публицистикасында алғашқы ізденістер тың мәселесіне қатысты жазылды десек, соның денін мынадай мақала-очерктер жүйесі түзейді: «Жаны жас адам», «Ұзақ түндегі қысқа ұйқы», «Уақыт шексіз, уақыт тар», «Миллиард толқынында», «Ақ шыбынмен арпалыста», «Ақық дария алқабында», «Сары өзен», «Теңіз және тамшы», «Тебіренген теңіз», «Құлпырма бояулар», «Торғай тыңы» атты очерктер, «Түзетілген қате», «Үнемделген кірпіштен үй тұрады», «Шөптің орнына бұршақ», «Алғашқы қадам» секілді мақалалар болды. Журналистің әр очерк-мақаласындағы еңбек адамының өмірін нағыз көркем шығармадағыдай суреттеуі оның ең басты табиғи қаламгерлік ерекшелігі болып табылады. Сыншы М. Қаратаев: «Көркем әдебиеттің, оның ішінде көркем публицистиканың жаны да, жүрегі де адам. Қандай идея, проблема, картина, образ болмасын, адам арқылы, оның өмірі, іс-әрекеті, сыр-сипаты адам арқылы ашылуы керек. Ол үшін көкейіңді қозғап, айызыңды қандыра сөйлейтін көркемдік шарт қажет» - деп жазғанына толығымен қосылуға болады. Тап осы аталған критерийлердің Шерхан Мұртаза очерктерінде кейіпкерінің түр-тұлғасын, көңіл-күйін табиғатпен байланыстыра суреттеу тәсілін байқаймыз. Бір ғана мысал, «Ақ шыбынмен арпалыста»: «Суық сұр көрпе жамылған мына аспандай бұл кеңсе де күні бойы тұнжырап тұрды. Бәрі далада. Егінжайдың басында жүрген», деп қауырт істің басталар шағындағы көріністі көрсетсе, артынан ақ жауыннан ықпаған еңбекшілердің істі ойдағыдай аяқтағанына шаттанған басшысын: «Секретарь реңі ажарлана түскендей ме дерсің. Сонда да сабырлы күйін өзгертпей сабан ішінен табылған жалғыз дәнді масақты үгітіп тұрып: Барлық совхоздардың инженерлеріне жеткізу керек бұл жаңалықты, – деді. – Ал, ана подборщик дестені аса таза алмай бара жатыр. Халитов жолдас, әр комбайнның соңына адамдар қою қажет, қалған масақты ізбе-із жиып отырған жөн, – деп директорға қарады. Директор әдемі көзін жалт еткізіп, сақ қарап, жасыл қалпақты басын изеп, секретарьдың тапсырмасын құп алды. – Осы сәтте аспанның күңгірт шымылдығы да түрілгендей болды. Буалдыр ыдырап, айнала анық көрініп тұр» – деп айтты. – «Шерхан жауынгер жанрда жазылған дүниелерін көбінесе, елуінші жылдардың аяқ шені мен алпысыншы жылдардың басында жариялады. Мұның өзі қаламгердің «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде меншікті тілші, әдеби қызметкер болуымен тығыз байланысты. Шерхан тілші, журналист ретінде көп жүріп, әртүрлі адамдармен араласа жүріп, өмірді өзінше таныды. Оның «Миллиард толқынында», «Ұзақ түндегі 27
қысқа ұйқы», «Ақық дария алқабында», «Теңіз және тамшы» атты тың тақырыбына арналған очерктерінде сол кездегі аласапыран күндердің көрінісін, астық үшін айқаста толассыз, тынымсыз қимыл көрсеткен тың ардагерлерінің тұлғасын жақсы мүсіндейді. Шерханның алпысыншы жылдардың басында Торғай тыңы игеріле бастаған тұста сол оқиғаның басықасында болуы нәтижесінде өзінің «Сары өзен», «Қаздар қайтқанда», «Торғай тыңы» атты очерктерін туғызды. Тыңдағы еңбектің куәсіндей осы очерктерінің әрқайсысында жапан далада жаңа совхоз ұйымының қиыншылықтары, әртүрлі ұлт өкілдерінің бауырмал достығы, озат еңбеккерлердің табыстары айқын көрсетілді». Аталған мақалалары қаламгердің публицистикалық шығармашылығының жаңа тақырыпты игеру жолындағы алғашқы барлау, іздену кезеңі болумен қатар, өндіріс, шаруашылық сырына үңілу, өз кейіпкерлерімен біте қайнасып өсу, толассыз еңбектену нәтижесін аңғартты. Публицистикалық шығармаларындағы басты ерекшелік қоғамдық, халықтық сипаттың басымдығы. Тырнақалды туындыларының қайсысын алмасаңыз да, автордың күнделікті қым-қиғаш тірліктен ел өмірінен бастау алады. Басты кейіпкерлері де дихан, малшы, шопан, сушы, балықшы, дәрігер, яки еңбек адамдары. Еңбекшілердің тұрмыс тіршілігі, қуаныш-реніші, қайғы-мұңы бәрімізге мәлім, ал Шерхан болса, осы күнделікті қарабайыр тірліктен өзгелер аңди бермейтін жаңа нышандарды табады. Публицист ретінде ол өлкесінің сан алуан шығармаларына мәселелерін өзек етеді. Проза жанрына келуге дейінгі Шерхан Мұртаза публицистикаларының ең басты қасиеті ретінде – өмірдің шындығын көркем түйіндеу, жинақтап қорыту, бір сөзбен айтқанда, қаламгерлік шеберлігінің басты көркі – шыншылдық болып табылады. Егер бұл шыншылдықтың көркемдік түбірі қайда десеңіз, журналистің өмірдің қат-қабат сырларын оқырманға дәл, әрі көркем жеткізе білуінде деп түйіндейміз. Осыған қоса, идея айқындығы, тақырыптың өзектілігі, ар тазалығы, халық алдындағы жауапкершілік суреткер шеберлігін асырып, мәртебесін көтеретін ізгі қасиеттер екендігі даусыз. – Бұл айтылғандарды жан-жақты қарастыра келе, негізгі ойды былайша түйіндеуімізге болады, яғни журналисті жаңа жанрға итермелеген негізгі күш оның қысқа уақыт ішінде өмірден көп көріп, көп көңілге түюінен туындаған десек, бұған негіз болған басты тірек ретінде тілшілік іссапарды ерекше атап өтуге тиіспіз. Ел ортасына, алыстағы ауылды жерлердегі қайнаған өмірді көру, іссапарда болу шығармашылық адамы үшін аса қажетті фактордың бірі екендігі туралы Ш. Мұртазаның өзі: «Жалпы, біздің кейбіреуіміз үйренетін жай: эстон жазушыларының көбі дерлік туындыға азық боларлық сапарларға көп шығады, көп білуге, көп көруге ұмтылады. Олар мансапқа, креслоға мән бермейді. Жазушы екенсің: сенің қызығың да, шыжығың да, өміріңнің бар мәні, мақсаты – жазу. Мансап – баянсыз, бүгін бар, ертең жоқ. Түптің түбінде сені ұшпаққа шығаратын өзіңнің азапты да ардақты еңбегің, жазған кітабың, әрине, жақсы жазған кітабың, халық сүйген кітабың, бәрінен де баяндысы сол» дейді. Аз ғана уақыт ішінде молынан қордаланған материалдар Шерхан 28
Мұртазаның бойындағы табиғи талантының тұтануына себепші болса керек. Нақ өмірдің өзінен алынған публицистика, тіршіліктегі қалыпты сол күйінше танытатындықтан, жазушы қиялындағы түпкі концепцияларды бар қырынан ашып көрсетуге мүмкіндікті шектейтіндіктен, Ш. Мұртаза проза жанрын таңдаған. Егер өмір материалдарынан жаңа көркем туынды жасайтын жазушыны инженерге теңейтін болсақ, С. Мұқановтың бұл турасында айтылған: «Жинаған материал – ағаш, кірпіш, тас сияқты құрал. Қолдағы материалын қалай құрап, үй жасаса да, инженердің еркі. Сол сияқты жинаған материалын шығармасына қалай орналастырып пайдаланса да, жазушының еркі дегені ойға оралады. Шерхан Мұртазаның «Табылған теңізді» жазуына ең басты түрткі болған осы жиналған материалдар болса керек». – «Социалистік Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі болып бір жыл жұмыс істегенде, газет үшін хабар-ошар, очерктерден басқа бітірген шаруам – «Табылған теңіз» атты повесть жаздым. Оным «Арқалық» деген атпен Қостанай облыстық газетінде біршама жарияланды. – Кейін Алматыға келген соң соны машинкаға қайта бастырып, Жазушылар Одағына барайын. Әбу аға Сәрсенбаев консультант екен. Сәлемдесіп, қолжазбаны сол кісіге тапсырдым. – Араға біршама уақыт салып, алдына қайта барып едім, қолымды үнтүнсіз алып, орнынан тұрды. Бір түрлі кемсеңдеген сияқты. Күдіктеніп қалдым. «Жаратпаған екен-ау» дедім. – Сөйтсем, мойнымнан құшақтап тұрып, арқамнан қақты дерсің. – Сені жай ғана журналист пе десем, жазушы екенсің ғой. Әдебиетімізге жаңа бір жас талант келді, соған қуандым, – десін Әбекем. Көп ұзамай сол повесть Әбдіжәміл Нұрпейісовтің илеуінен өтіп, «Жұлдыз» журналында басылды» . «Табылған теңіз» повесінде белгілі бір тұрақты прототипті кездестіре алмайсыз. Мұндағы образдардың бәрі қордаланған өмір шындығынан алынып, әртүрлі адамдардың түпкі тұлғасының жиынтығы ретінде бейнеленіп, типтік тұлға құрайды. Мәселен, басты кейіпкер Орал Сауранов Ш. Мұртаза мақалаларындағы көптеп кездесетін жас адамның типтік тұлғасы. Орал басынан кешкен түрлі хал-ахуалдар сыр-түйсіктері мен сырт әсерлерінің жалаң фиксациясы емес, геройдың характерін, оның жан дүниесіндегі өсу мен өшуді көрсететін реалды психологиялық процесс. Бұл повесте көбіне-көп қоғамымыз үшін өте маңызды проблема – жас адамның қалыптасу проблемасына арналған. Және де проблема – адамның жандүниесін жаңғырту, түлетуді, атымен жаңа сипатты адамдар тәрбиелеуді мақсат тұтқан қоғамның өзекті проблемаларының бірі. Ш. Мұртаза алғашқы прозасының өзінде-ақ кейіпкерлерін ақ немесе қара, жақсы немесе жаман деп көрсететін схематизмнен бойын таза ұстайды. Повестегі Орал, Виктор, Әшкеевтердің адамдық қасиеттері бірыңғай жақсылықтардан тұрмайды, олар да қателеседі, қатесін түзеуге ұмтылады, өмірден бірде жеңіп, бірде жеңіліске түсіп жүретін, бірақ болашаққа жарқын үмітпен қарайтын рухы таза адамдар. Тіпті, осы алғашқы образдарды берудің өзінде Ш. Мұртазаның 29
шығармашылық зертханасын барлағанда көргеніміз жас адамның жан дүниесіндегі қалыптасу процесінің әрбір дірілін сергек көңілмен ұғып, жіті көзбен көріп суреттейтіндігін аңғарамыз. Журналистің әлеуметтік өмір шындығын талдап, таразылап, одан қапы жіберуге болмайтын қажеттілік пен кездейсоқтықтың арасын ажырата білуі оның типтік жағдайларға сәйкес типтік тұлғаларды тауып, олардың мінездері мен әрекеттерін даралап, әрі жинақтай білуі, алғашқы ізденістегі шеберлік пен интеллектінің тереңдігіне байланысты болса керек. Көбіне кейіпкер Оралдың бойынан автордың өз тұлғасын да аңғарып қаламыз. Мәселен, қызба мінезді, үнемі қиялға беріліп жүретін, болашақта журналист болуды аңсайтын кейіпкердің Күншуақ қаласындағы мектеп-интернатта оқуы «жүзі қара торы, мұрны тәмпектеу, бірақ сүйкімді болып келетін» портреттік тұлғасы да автордың өмір жолы мен өз бейнесіне көбірек ұқсайды. Бригадир Карл Каземировичтің образынан Шерхан очерктері мен мақалаларында кездесетін партия ұйымдастырушысы В.И. Горбачев, И. Пенчуктардың жиынтық бейнесін танимыз. Автор өз бейнесін тек Оралға ғана арқау етіп қоймайды, сондай-ақ, тракторист Виктордың да образын шоғырландыруға арқау етеді. Мысалы, 1962 жылы жазылған «Түзетілген қате» атты мақаласында автор былайша жазады: «Торғай тыңының өңірімен желпіне жортып келе жатқанда осы ғажап жердің өмірбаяны көз алдыңа көлденеңдеп келе береді. – Василий Иванович, қазір біз жүріп келе жатқан жермен Обь, Ертіс өзендері өтіп, Арал, Каспий теңіздеріне қосылған екен ғой, – деймін мен қарап отырғанша әңгіме болсын деп. – Эх! Сол ұлы өзендер осы жер арқылы енді ағар ма еді, – дейді Қостанай облыстық партия комитетінің Аманкелді өндірістік басқармасындағы партия ұйымдастырушысы В.И. Горбачев жолдас, әлденендей ойдан серпіліп: – Осы жолдарда айтылған автор өз ойын «Табылған теңіздегі» бірнеше кейіпкерінің образын ашуға да қолданады. Мысалы: – «Оның бойы төртбақ, шәушиген кішкене беті арақ ішіп алған адамдай ұдайы қызара бөртіп жүреді. Бірақ жұмыс уақытында аузына арақ алғанын ешкім көрген емес. – Сауранов! – Марш, орныңа бар! – Үйренейін деп едім, карл Казимирович. – Кейін, кейін. Қазір бір минут қымбат. Жер құрғап барады. Жауын тамбай қойды. Кідірмей жүріңдер. – Бір кезде ұлы теңіз алып жатқан жер енді бір тамшы жаңбырға зар, – деді Виктор таркторға отырып жатып. – Қайдағы теңіз? Неғылған теңіз? – деді Карл Казимирович. – Біз қазір бір кездегі орасан мұхиттың түбінде тұрмыз. Бір кезде бүкіл Торғай ойпатын шалқыған теңіз алып жатқанг. – Қой, қой, жоқты соқпа. Ол қай кез? – деп қоймады Карл Казимирович қызарған көзін қайта-қайта уқалап. – Кайнозой дәуірі. 30
– Ай, Кайнозой-манозой. Соқ әжеңнің ертегін. – Ешқандай ертегі емес. Оның суы Арал, каспий, тіпті Қара теңіз, Жерорта теңіздерімен жалғасып жатқан. Карл Казимирович: «Болса болған шығар» дегендей, үндемей қалды. Көз жетпей, көлбеп жатқан кең далаға қарады. Көп күннен бері шала ұйқы болып қанталаған көзін уқалап қойып қарады». Шерхан Мұртазаның алып құрылысты Қарағанды, Теміртау өндіріс орындарында журналистік іссапарда көп болуы және сондағы жиналған материалдардың молдығы «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінің жазылуына себепші болды. Осындағы нақты деректер болашақ шығармаға фабула болумен қатар, жаңаша өмірдің пәлсапалық таным-түсінігін қалыптастыруға да игі әсер етті. Ш. Мұртаза өндіріс орындарындағы кемшілік алған жайттардан үлкен проблемалық мақалалар жазды. «Шахтер үні» атты проблемалық корреспонденциясында: «Шындық – қатал. Участокте бәрі жетісіп жатқан жоқ. Көмір таситын вагонеткалар мезгілінде келіп тұрмайды. Яки конвейер лентасын алайық. Ол да көбінесе істен шғып қала береді. Көмір тартпай тұрып қалса, оны жөндеумен талай уақыт өтіп кетеді. Керекжарақ аз ба, тәйірі. Не керек, соның бәрі сақадай сай бола бермейді», - деп өндірісте орын алып отырған кемшілікті батыл айтады. Әрі қарай Шерхан: «... бір шахтаның өзі жыл сайын бір орманды «жұтып» отырады. Лаваға тіреу керек. Ағаш тіреу адам қажетіне бір күн жарайды да, лава көмірі алынып біткен соң, сол орнында, жер астында қала береді. Ал, шахтерлер ол тіреуді қазып алып қажетіне қайта жаратып жатпайды, өйткені, жаңа лавада жаңа тіреулер дайын. Дайын тіреу тұрғанда, қағулы тіреуді қазып бейнеттеніп несі бар. Егер, сол жер астында мәңгі бақи қалып бара жатқан ағаштарды алып, екінші рет пайдаланса, соның өзінен мыңдаған сомдар үнемделеді», – дей келе, тағы бір кемшілігін: «Күнбе-күн әдет болып кеткен кейбір жайлардың өзі байқап тұрсаң – шалағайлық. Айталық, лаваның ұзына бойына электр кабелі созылып жатады. Оны әркім аяғымен таптайды, көмір кесектерін тастайды. Бір аптадан кейін кабель іске жарамай қалады. Жаңасы керек. Ал, сол кабельді жерге төсеп тастамай, тіреу бойларына іліп қойса – бәрі бітіп жатыр, ешкім таптамайды да, көмір кесегі де теспейді», – деп атап өтеді. Шерханның атап көрсеткен кемшіліктері сол кезеңдегі өндіріс орнындағы келелі мәселелердің ойдағыдай болмай отырғандығын аңғартады. Бұл сөз жоқ, публицистің өндіріс тақырыбына мол дайындықпен, көп ізденудің нәтижесінде келгендігін, өндірістегі істің қандай да бір ақ-қарасын байқай алатындығын көрсетеді. Осы мақаладағы аталған өндіріс орнындағы үлкен кемшілікті жазушы «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесіне арқау етеді. Бұл кемшілік өндіріс орындарындағы үлкен қауіп-қатер мен мол шығын екенін повестегі көркемдік шындыққа айналдыра отырып: «Диденко сөйлеп тұр. – Екінің бірінде авария. Карьерге кабель шақ келмейді. Кейбіреулер көрсе де көрмегендей кабельді бульдозермен, скрепермен басып өте береді... – деп, өндіріс орындарындағы кемшіліктің шығармадағы кейіпкерлер 31
образын қомақтандыра түсуге де ұтымды пайдаланады. Уақыт талабы тұрғысынан бұл шығармадағы Н. Данаев пен Ж. Хамзин арасындағы тартыс жаңа мен ескінің күресі емес, әділет пен ғадауаттың майданы. Көпшіл, парасатты, білімді, бірақ біртоға мінезді Нариманның осалдығы да, ізеттілігі де осы мінездерінде екенін жазушы басты конфликт тұсында жинақтап көрсетеді. Ал, Ж. Хамзин ақылына қулығы сай, керек жерінде қатігездік пен ожарлықты қатар қолданатын заманы түлкі болса, тазы боп шалып жүрген пысықтардың бірі. Повесте бұрын-соңды қазақ әдебиетінде көп айтыла бермейтін советтік кезеңдегі жемқорлықтың түп-төркіні туралы да ашық айтылады. Озбырлығын жақсы жүзеге асырған Ж. Хамзин Данаев ашқан жаңалықты жеке басының пайдасына жаратады. Өз ісінен гөрі, қоғамның ісін биік қоятын Н. Данаев еңбекқор болумен қатар, қиял мен сенімге көп берілетін орда бұзар жас жігіт. Н. Данаев тұлғасынан да журналистік ізденістердегі біраз кейіпкерлердің мінез-құлқын танумен қатар, автордың жеке басында болған оқиғалардың орын алуын да көреміз. Мысалы, қиялға беріліп, өткен күнге көз жіберген Нариманның кеудесіндегі сағыныш: «Кімді сағынамын? Жүрегім кімге деген сағыныштан сыздайды? Ауылда қалған апашым екен ғой. Оны да көрмегелі көп болды. Жерден өніп көтерілген көк шыбық сияқтымыз ғой біз де. Қара жерге тамыр байлап, сонау күнге қарай талпына беріп, өзін өсірген жерді ұмытып кететін талшыбық сияқтымыз. Ана бауырынан ақ сүт еміп өсіп, кейін осы күйімізде аспаннан салбырап түсе қалғандай боламыз. Ал, әке ше? Әке байғұстың сүйегі Сібірдің қарағайының түбінде қалғанын да білмеймін. Қай-қайдағының бәрі бүгін ойға түсіп, маған не болған? Жұмыс қызбағандықтың әлегі ғой. Жұмыс қызып жатса, мұндай қамкөңіл болуға уақыт та табылмас еді, қай-қайдағы жиылып, кеуде кернемес еді» деген жолдар Шерхан Мұртазаның жас кезеңіндегі өзі емісеміс білетін хабар-ошарсыз кеткен әкесі Мұртаза мен ауылда қалған анасы Айшаға деген сағыныштың табы сезіледі. Бұл баяндауда тұрған ешқандай өрескелдік жоқ. Себебі, алпысыншы жылдардағы жас адамдардың көбісінің әкесі сталиндік репрессияның құрбаны болып, «халық жауы» атанып, ізімғайым жоғалса, енді біреулері соғыс кезінде майданға кетіп, оралмады. Қанаты қатпаған жас балалардың көбісі әкелерінің түрі-түсін еміс-еміс қана есте сақтап қалған еді. Бұл да сол дәуірдің шындығы болатын. Өмірінің нақты деректерін келтіру «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінде және біраз жерлерде кездесіп отырады. Әсіресе, Ш. Мұртазаға суреткерлік өнерде көп күш-жігер, көркем ой сыйлаған туған ауылдың табиғаты ерекше бір ілтипатпен суреттеледі. «Біздің ауыл таудың шатқалында еді. Ақбас құздар төбеден төніп, асқақтап тұратын. Күн кеш шығып, ерте батушы еді. Ақ көбік атқылап, асау өзен азынап жататын. Колхозымыз «Жаңа жол» деп аталатын. Ол кезден менің есімде қалғаны әкем осы колхоздың мектеп үйін салғанын білемін. Сол мектепте кейін мен оқыдым. Ал менің қолыма әліппе ұстап, мектепке барғанымды әкем көре алған жоқ...» дей келе автор бес жасында басынан кешіргенін ары қарай повесте: «Тау жаққа қараған терезені біреу 32
ұзақ қақты. Түннің қай мезгілі екені белгісіз. Тау құлап келе жатқандай сабырсыз қағады. Мен әкем мен шешемнің булыға сыбырлап сөйлескенін естимін. – Сорлы-ау, кеше Жапар қайнағаны, алдыңғы күні Қарамұрт қайнағаны алып кетпеді ме? Бүгін кезек саған келмесін. Мынау тегін емес, ойбай, мынау жай емес, – дейді шешем. – Өй, сені жын соққан ба, менде несі бар жұрттың. Ешкімнің ешнәрсесін алмасам, ешкімге тиіспесем, жазықсыздан-жазықсыз қамап, ермек таба алмай жүр дейсің бе, – дейді әкем». Бұл оқиғаларды Шерхан Мұртазаның 1937 жылы көзімен көріп, басынан кешірген. Ендігі жерде замандас бейнесін жасауда автор бұл айтылғандарды Нариманның адамдық мінез-құлық, таным-түйсігін таныту үшін әрі дәуірдің тарихи шындығынан оқырманын хабардар ету үшін әдейілеп, повестьке арқау еткен болса керек. Повестің көркемдік идеясы туралы Т. Ахтанов былай деп баға берді. «...Ш. Мұртаза жаңа құрылыстарды салып жатқан еш компромисті білмейтін жаңа сипатты жастардың аяқ алысын, ондай адамдар шегер қиындықты, егер адам сол қиынға бас иер болса бүкіл азаматтық өмірінің мәнін жойып алатынынан шежіре шертеді. «Шерханның прозалық және публицистикалық туындыларының басты нысанасы – адам десек, сол адамның көпке өнеге болар байсалды өмір жолын, адамзаттың жарқын болашағы жолындағы күрестерін, биік адамгершілік қасиеттерін көрсетумен қатар, сондай үлгілі жанның антиподы дүниеқор, парақор, арамтамақ, жалақор, маскүнем және басқа да қоғамға жат пиғылды адамдарды көрсетеді. Осыдан келіп, журналист жазушының шеберлігінің бастау көзі – тақырып таңдау, түпкі ойды қалыптастыру, сол арқылы өмір шындығына ықпал ететін, оқырманның көкірек ойына әсер ететін нақты дерек көзін жинау, қоғамның көкейтесті мәселелерін көтеру екендігін аңғарамыз» . Жазушы Шерхан Мұртазаның осындай зерделі ізденісінен, табанды еңбегінен туған алғашқы көлемді туындысы – «Қара маржан» романы. Шығармаға кезінде ірі өндіріс орталығына айналған Қаратау кеншілерінің өмірі арқау болған. Жұмысшы, кенші еңбегінің қиындығын, күрделілігін сезінген, түйсінген қаламгер бұл тақырыптың қыр-сырына жіті үңіліп, көп зерттеген. «Мен өзім кезінде Қаратау кеншілерінің өміріне біраз араластым, – дейді автор бұл туралы. – Соның нәтижесінде «Қара маржан» атты роман жаздым. Сондықтан да кенші еңбегін, оның қиыншылығын, әрбір тонна минерал тыңайтқыш қанша күшке түсетінін бірқыдыру білемін. Бұл әсте оңай еңбек емес. Тас кеміріп, одан кен шығарып, оны тастан бөліп алып, сұрыптап, ұнтақтап, қағаз қапшыққа салып жер-жерге жөнелтіп, пойызға, машинаға тиеп, мүдделі жерге жеткізгенше қанша еңбек, қанша шығын керек...». Осылай роман кейіпкерлері жер қойнауына үңіліп, тас қопарып, кен қазып, ауыл шаруашылығына аса қажет фосфорит іздесе, жазушы сол кейіпкерлердің жан-дүниесіне үңіліп, жүрек қазынасын зерттеп, сезім33
түйсігін зерделеп, болмыс-бітімдерін, кісілік келбеттерін танығысы келеді. Яғни, олардың жан байлығын саралап, жүректерінен асыл маржан іздейді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарындағы өндіріс мәселесін, анығырақ айтқанда, білімді жұмысшы, инженер-техник, геолог-барлаушылар өмірін сөз еткен шығармада біршама кейіпкерлер бар. Сол дәуірдің суреті, уақыт тынысы бар. Кейіпкерлердің қай-қайсысы да негізгі оқиға желісімен тығыз бірлікте өздеріне тән іс-әрекеттерімен, болмыс-мінездерімен дамып отырады. Дегенмен романдағы негізгі тұлға - инженер Нариман Данаев. Бұл өмірдегі кереғарлықты романдағы Нариман мен Жарастың ұзақ жылдардан кейінгі қайта кездесулерінен көрсеткен жазушы ізденісі жанрлық ерекшелікті дамытуға негіз болған. Жазушының шығармашылық ғұмырбаянында ерекше орны бар «Қара маржан» романының қалай жазылғанына, жазылу процесіне айрықша назар аударған дұрыс.Ең әуелі, жазушының романға Қаратау және Жаңатас қалаларындағы кен байыту орындарын көркемдік кеңістік ретінде алуына не себеп болғанын ашып алу қажет және де роман жазуға нендей жағдай түрткі болды деген сауалға да жауапты осы тұстан іздейміз. Біріншіден, жазушының кен тақырыбына келуіне 70-жылдардағы әлеуметтік тапсырыстың тікелей ықпалы болса, екіншіден, өндіріс орны туралы қордаланған көптеген материалдар мен Қостанай, Қарағанды жерлерінде жинақталған тәжірибе «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінде әлі де болса, айтып жеткізсем деген идеялардың көкейінде сақталуы да басты себеп болған. Ал, Қаратау және Жаңатас кен орындарын алу жаңа құрылып жатқан өндірістегі көптеген шешімін күтетін проблемаларды арқау етуге, кейіпкерлердің адамгершілік болмысын қиын-қыстау шақта сынап-білуге де мол мүмкіндік берген. Повесть жазудағы сияқты, роман жанрына да Шерхан Мұртаза ең әуелі «Шұғылатас» атты көлемді очерк жазумен біраз шығармашылық дайындық жасайды. Бұл жазушының шеберлігінің біраз шыңдалып қалғанын таныта түсті. «Нағыз талант иесіне тән қасиеттердің бірі – қарапайымдылыққа қаламгер тек өзі бейнелейтін еңбек адамдырының әлеуметтік-қоғамдық жағдайларымен емес, сол әдеттегі таныс жандарды типтік биікке шығарып, дара характер ерекшеліктерімен сипаттай алуға жететін суреткерлік қырағы назары, ой сергектігі, зерде тереңдігі, стилистік өнер, ең қажетті – айналасын, туған жер мен қаһарман елін пәк көңілмен сүйетін таза болмысымен осы сапалардың бір-бірімен қанаттаса қимылдайтын тұтас психофизиологиялық қызмет нысаналығымен жетеді» . Қазақтың ұлттық әдебиеттегі әңгіме жанрының ерекшелігі туралы З. Ахметов: «Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қарасөзбен жазылған шығарма.Әңгімеде де, басқа жанрлар секілді, алдымен адам – оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса маңызды деген оқиға суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен қаламгер үшін нағыз шеберлік мектебі екеніне сөз жоқ» – деп жанрдың болмысын анық танытады. Қысқалық пен нақтылыққа құрылатын әңгіме жанрын игеру мен меңгеру суреткерден көптеген жауапкершілік пен дарындылықты талап етеді. Әңгіме 34
арнайы тақырыбы таңдалып алынғанымен оған қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Ал сюжет желісінің ширақ, бірбағытпен бейнеленуі тақырып пен идеяның айқын қойылуна негіз болады. Және бір талап, әңгімеде ұзақ – сонар суреттеулер мен тарата баяндап, болған жайттарға қайта оралып, композицияның тым күрделі болуна жол беріле бермейді. Қаламгер Шерхан Мұртазаның шығармашылық үлкен қыры әңгіме саласында ерекше шоқтық көрсетіп, терең психологиялық-философиялық салиқалы нышан танытты. Алғашқы «Әңгелек», «Әмеңгерден» (1955) кейін жазушының «41ші жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974), «Командировка», «Шағалалар қайда ұйықтайды», «Сол бір күз», «Алтын тікен», «Ұзақ командировка», «Тілсіз қоңырау», «Іздеп табамын», «Тұйық шарбақ», «Қыз бен бота», «Бөрте, Зере және Нұржан», «Шекшек шырылдайды», «Сусамыр», «Жаңбырлы той», «Шақалақ», «Ақсай – Көксай», «Көкемарал гүлдегенде», «Жүрекке әжім түспейді» т.б. көптеген әңгімелері дүниеге келді. Суреткер – Ш. Мұртаза қазақ әдебиетіндегі жаңа дәуірдің, коғамдық мазмұны, тақырып-идеялары мен көркемдік сапасы мүлде жаңа классикалық әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірінің қатарынан көрінеді. Ол қоғамдық ойөрісі, дүниетанымы, тарихи мақсат-нысанасы, эстетикалық-көркемдік жүйесі – барлық сипат-қасиеттері өзгеше сөз өнерін қалыптастырды, қазақ әдебиетінде реализм әдісін берік орнықтырды. Ол өзінің туған халқына асқақ сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне зер салды. Әдебиеттанушы В.Новиковтің:«Көркем шындық–эстетикалық тұрғыдан өңделген өмірлік шындық» Жазушылардың қай-қайсысы болсын қарапайым халыққа қаншалықты жақындығы тұрғысынан бағаланады, олардың халық мүддесін түсіне білуі – артықшылығы болса, халықтың ой-түсінігінен алшақтығы – осалдығы болып шығады. Мұны кезінде В.Г. Белинский өте қисынды дәлелдеп көрсеткен болатын. Ш. Мұртаза өз шығармаларында халықтың өмірін мейлінше толық, жан-жақты суреттейді, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын да айқын көрсетеді. Халықтың күнделікті тұрмыстіршілігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, іс-әрекетін, табиғат көрінісін, бәрін де терең және көркем бейнелегендіктен, қаламгер шығармалары оқырманның көз қуанышына айналып, көпшілік қауымның асыға күтетін рухани сусынына айналды. Әсіресе, Ш. Мұртазаның «Мылтықсыз майдан», «41-ші жылғы келіншек», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Шекшек шырылдайды», «Дәрігердің үш қаруы» секілді шығармаларында да сан алуан қоғамдық құбылыстар, тарихи уақиғалар мен мол өмір шындығы жатыр. Алайда «Ай мен Айшаның» алатын орны ерекше. «Ай мен Айша» Ш. Мұртазаның ең бір ішкі сыры молынан ақтарылған шығармасы, оның қиялының сүйікті перзенті, Шерханның тұлғасы «Ай мен Айшада» көрінгендей, қаламгер тұлғасы мейлінше толық, жарқын және анық көрінетін туындылар өте сирек кездеседі. Мұнда оның бар өмірі, барлық жансыры, барлық махаббаты, сезімдері, ұғым-түсініктері, идеалдары да айқын 35
көрініс тапқан. Мұнда Ш. Мұртаза өз тұлғасын ең толық тұжырымды, келісті мінездейтін тұсын түгелдей алған, сонымен қазақ оқырмандарының қаламгер Ш. Мұртазаның психологиялық портретін айқын елестетуіне мүмкіндік туғызған. Түгелдей алғанда, Ш. Мұртаза туындылары қазақ халқының көркем әдебиетінің өркендеп өсу жолындағы баға жетпес зор табыс болды. Олардың өткен ғасырда қазақ сөз өнеріне мол жаңалық әкелген тарихи мәнін былай қойғанда, қайталанбас көркемдік сипаты да ешқашан кемімейтін айрықша құндылығын таныта алады. Әлем әдебиетінің жетістіктерін еркін игеріп, таңдаулы үлгілерінен өнеге ала білген, сөйте отырып, ұлттық әдебиетіміздің нышан-белгілерін өз шығармаларында сақтай білген, көрсете алған Ш. Мұртазадай суреткер дәстүрлерін Т. Әбдіков, Б. Нұржекеев, Д. Исабеков секілді көрнекті ақын-жазушылар жалғастырып, өрістетіп, жан-жақты дамытты. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1.Ш.Мұртаза қандай жанрларда көркем дүниелер жазды? 2.Ш.Мұртазаның шығармаларының көркем идеялық мәні қандай? 3.Ш.Мұртаза прозасындағы заман шындығының бейнеленуін талда. 4.Ш.Мұртазаның драмалық шығармаларының жазылу тарихын хронологиялық тұрғыдан жүйеле. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Алпысбаев Қ. Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным және көркемдік. – Алматы: Таймас, 2008. -232 б. 2.Потебня А. Эстетика и поэтика. – Москва: Искусства, 1976. – 287 С. 3. Виноградов В.В. Поэтика русской литературы. – М.: 1976. – 279 С. 4. Бахтин М. М. Вопросы литературы и эстетики, исследование разных лит. – М.: Худ. Лит., 1975. – 502 С. 6. Мамесейіт Т. Шерхан Мұртаза. –Астана: Елорда, 2002. 279 б. 7. Мұртаза Ш. Алатаудың аты - Тәңіртау. //Алматы ақшамы. -2002. -6 сәуір. 8. Мұртаза Ш. Таңдамалы. 6 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. -6т. -616 б. 9. Байғұт М. Тәңіртау. Шілде. Шераға // Оңтүстік Қазақстан.-1998. -25 шілде.
36
Шерхан Мұртазаның түрлі жанрда жазылған туындыларындағы деректілік және көркемдік жинақтау Ш. Мұртаза прозасының аса бағалы қасиеті, артықшылығы – онда ешқандай жасандылықтың ізі жоқ. Қысылмай қымтырылмай, шабыттың қуатымен тебіреніп еркін сөйлеу, жан-тәнімен сезінген, жүрек жарды ойтолғамын ортаға салу, боямалап, әшекейлемей, ақтарыла адал айтатыны – міне, Шерхан шығармашылығының адамды баурап алатын ерекше тартымдылығы алдымен осы қасиеттерінде. Жазушы шығармаларын қайталап оқыған сайын жаңалығы аз жадағай пікір, жауыр болған жаттанды сөз, сырттай сұлу көрінетін көркемдік түр іздеушілік, алабажақ ашық түсті бояуларға әуестік секілді жасандылықтың бәрі шынайы өнер табиғатына жат нәрсе екеніне тағы бір көз жеткізгендей боламыз. Суреткер тілінің байлығы, бейнелілігі, өткірлігі ой-сезім қуаттылығына байланысты. Қаламгер шығармаларын талдау үстінде бұған көз жеткізерліктей мысалдар аз келтірілген жоқ. Сонда да Ш. Мұртаза шығармашылығының тіліне қатысты кейбір жайларды көркем сөз бейнелілігі тұрғысынан қарап арнайы тоқтала кету артық емес дейміз. Жазушының балалық шағы сұрапыл соғыспен тұспа-тұс келіп, өмір ерте есейтеді. Бұғанасы қатпастан еңбекке араласып, ересектермен бірге жұмыс істеді. Өмір жайлы көзқарастары, таным-түйсігі әлдеқайда тым ерте қалыптасып, жаман мен жақсының не екенін тым ерте айыра білді. Нәтижесінде кейіннен Шерхан «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1966), «Мылтықсыз майдан» (1969), «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974), «Ақсай мен Көксай» повестері мен «Сол бір күз», «Шекшек шырылдайды», «Бойтұмар», «Бір нәзік сәуле» атты әңгімелеріндегі кішкентай кейіпкерлер арқылы өз тағдырын, балалық шағын көрсетті. Аталмыш шығармаларда қаламгер өзінің балалық шағында көрген, көкейге түйген, басынан кешкен оқиғалар арқылы қаһарлы кезеңнің қатал шындығын берді, ауыл адамдарының мінезін даралады. Шерхан Мұртаза 1941-1945 жылдардағы қазақ ауылының «қара қағаздан» шошынған зәрезап халі, кеуделерін апатқа тосқан боздақтарынан айрылған атааналардың зары мен бұла шағын болашақтың бодауына берген жесірлердің жоқтауы, бәрі-бәрі төбе құйқаңды шымырлатар ащы шындықпен жеріне жеткізіле суреттеледі. Солардың ішіндегі соғыс жылының балалары – әкелерін көрмей өсіп келе жатқан жетімектердің өксікке толы өмірлері де өзінше бір әлем. Өнерінің шығармашылық ғұмырбаяны әлемінің сыршыл тұстарына дәрумен болғанда қилы балалық дәурен екендігі туралы жазушының «Халық жазушысы» атандым. Жазғанымның бәрі алтын дей алмаймын. Бірақ солардың көбі және дәмділері, тек балалық шақтың нәрінен, балауса балғын шақтың әсерінен туған. Өсе келе, көпті көрдім, дүниенің шартарабын араладым. Бірақ соның бәрі мені балалық шағымдай байыта алмады» дегені бүкіл шығармашылығына арқау болған тарихи танымның төркіні қайда екенін танытады. Әңгіме жазуға Ш. Мұртаза қолына қалам ұстаған күні келе қалмағанын ескерер болсақ, шығармашылық 37
лабораторияның ең күрделі құрылымы шығармашылық процестегі ішкі түйсіктің ерекшеліктеріне мән беру қажеттілігі туындайды. Ғылымда ішкі түйсіктің негізгі екі түрі (сезімдік және интеллектуалды) қатар қолданылатынын еске сала кетейік. Өнерде тек сезімдік ішкі түйсік қана қолданылады десек, онда көркем таланттың психологиялық ерекшелігі тым төмендеп кетер еді. Өнер ерекшелігін сезімдік-эмоциялық тұрғыдан қарастырушы көптеген әдебиеттанушылар мен психологтар қателікке ұрынды. Тіпті былай деп те айтылатын: егер ғалым абстрактылы ойлайтын болса, ал суреткер нақты, заттай ойлайды. Ерлерін майданға аттандырған шиеттей бала-шағасымен жетім-жесір атанған абысын-ажындарымен тіл табысып, ел басына түскен ауыртпалықты бірге көтеріп, қара суды да бөліп ішіп, бір-біріне тіреуіш, жебеуші болған жандардың арасында Хадишаның жағдайы басқаларға қарағанда біршама өзгешелеу еді. Ол – жалғызбасты. Әйтсе де оған жасып жатқан Хадиша жоқ, ер мінезді, қажырлы, үмітке адамдық сеніммен қарайтын кебін кимей, кебенек киіп кеткен Мақсұт әйтеуір бір оралады деп, ер-азаматынан айрылса да, елінен кетпей, барша өмірін күтуге арнайды. Мұндай сенім мен арманға берік жанның характері Шерхан Мұртазаның «Шекшек шырылдайды», «Айырбас», «Бір нәзік сәуле», «Сүдігерде изен ызыңдайды», «Соғыстың соңғы жесірі» сияқты тамаша тағылымға толы әңгімелер сериясын жазуға көркемдік және өмірлік тірек болды. Бұл ретте, біріншіден, Хадиша образын типтік тұлғаға айналдыра отырып, автор соғыс жылдарындағы өзі көзімен көріп, басынан кешірген Мыңбұлақ ауылындағы әйел-аналар Айша, Баян, Мүнира, Мәрзия, Зиба сынды жандардың биік адамгершілік, рухани таза, шуақты мейірім иелері екендігін паш етеді. «Жазушы дегеніміз – жан ауруы. Жазушы өзінің жанын ауыртар жайттарды жақсы білетін, зердесінен, жанжүрегінен өткізген жайттарды жазатын шығар» дейтін болсақ, Ш. Мұртазаның оқырмандарын эстетикалық ләззатқа бөлеген әңгімелері осы жан ауруы, ой мазасыздығы анық сезіледі. Сәбилік санада сақталған бұрынғы бастан кешіргендерін жетік білетіндігі, түйсігінде жақсы түйе білуі сол ортаның хал-ахуалын суреттей отырып, ұзақ жылдардан кейін заман, адам, уақыт туралы ой айтуға жетелеген. Әңгімелерінде пәлсапаға беріліп, ақыл айтатын кейіпкерлерді кездестірмейміз, дей тұрғанмен «Ақсай-Көксай», «Сол бір күз», «Сүдігерде изен ызыңдайды», «Айырбас», «Бойтұмар», «Тұйық шарбақ», «Жарамазан», «Келіншектау сағымдары», «Бұршақ», «Соғыстың соңғы жесірі», «Алапар мен Динго», «Жүрекке әжім түспейді», «Сусамыр» т.б. әңгімелеріндегі кейіпкерлер болмысында рухани танымымызды байытар тағылымды ойларды көп кездестіреміз. Жазушының әңгімелерінің көркемдік көкжиегі кең екендігін ерекше атап өтуге тиістіміз. «Тәуекел той», «Келіншектау сағымдары», «Соғыстың соңғы жесірі», «Алтын тікен», «Соңғы нәсіп» әңгімелерінде бүгінгі орта, әлеуметтік адамгершілік қарым-қатынастар басты орын алса; бүгінгіні тек қаз-қалпында суреттеумен шектелмей, бүгінгіні кешегімен, кешегі уақытты – тарихпен 38
себеп-салдарлы тығыз байланыстыра беруге ден қою да бар. «Бойтұмар», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы», «Айырбас», «Бір нәзік сәуле», «Ақсай мен Көксай» әңгімелері оқиғалық, кейіпкерлердің қалыптасу, дамуы жағынан бір-бірімен тығыз байланысты дүниелер. Бұл әңгімелерге автордың басынан өткен кейбір өмірбаяндық жайлар да негіз болған. Оның кейде жекелік те сипаттары сақтала отырып, өзгеше идеялық-эмоциялық қуат алады да, әңгімелерде сонау соғыс жылдарындағы тыл өмірінің шынайы суреті жасалады. Соғыстың ауылдағы анық ауыртпалығы, уақыт шындығы, адамдардың күрделі де сан тарау тағдырлары кейде автордың үшінші жақтан баяндауымен, ал кейде бала Барсханның өз атынан әңгімелеуімен ауыстырылып келіп отырады. Мәселен, жоқшылықтың кесірінен қырманнан қамыт ұрлап, оны кезбе сығанға беріп бәтіңке алған Ноянның кейін зар илеп, өз ойын өз ары жазғыра опынғаны, өртеңге өскен гүлдей бой түзеп келе жатқан қос өркен Нұрперзент пен Айзаданың балауса пәк сезімдері табиғат емес тағдыр үсігіне ұрынып, содан мәңгілікке солғаны («Мылтықсыз майдан»), тоя тамақ ішпей, бір тілім қара нанды қастерлеген Сәттіғұл, Тасболат сияқты интернат балалары – («Интернат наны»), міне, жазушы шебер бейнелеген, оқушы зердесінде қалатын кейіпкерлер. Солардың арасында жазушы Шерхан Мұртазаның да балалық шағы жүр. Балалық және жасөспірім шақтағы әсерлер Шерхан үшін айрықша қымбат, өйткені ол өзінің бүкіл шығармашылығында өмір бойы осыларды сарқылмас бұлақ етеді. Демек, қаламгер Шерхан Мұртаза Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ ауылының қабырғасын қайыстырған жоғарыдағы шындықтарды сол бала кезінде көрмесе, ондағы өмір көріністерін бала жүрегіне түйіп өспесе, жазбас еді. Сондықтан да, Шерханның өзі: «Өмір заңы: бала – бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың... Сорымызға қарай, балалық шағымыз соғыс жылдарына тап болды», – деп жазады. Бұл шығармаларындағы тыл балаларының кермек өмірбаяны өзінің де өмірбаяны екендігін, әрбір оқиғалар өзінің көзімен көрген, басынан өткізген жағдаяттар екендігін аңғартады. Әңгіме – адам өмірінің белгілі бір эпизоды туралы, не белгілі бір оқиға турасында көркем тілмен баяндайтын прозалық шығарма. Демек, «әңгіме – шағын көлемді эпикалық түрдің айрықша үлесі». Шерханның «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Ұзақ командировка», «Шекшек шырылдайды», «Көкмарал гүлдегенде» атты әңгімелері қарапайым адамдардың өмірін әр қырынан көрсетуге арналды. Мәселен, ең көлемді, сюжетті әңгімесі «Ақсай мен Көксайда» қаламгер қарымының көп қырларынан көрініс береді, сонда байқағанымыз, Шерхан әсіресе, сөзді ұтымды, шабер қолданады. Ол сөзге неғұрлым сараң тартып, қарапайымдылыққа бой ұрған сайын көркемдік көгіне көтеріле түседі. Қызық – қызық тағдыр, қилы-қилы мінезге бай әңгімесі жазушы туындыларының ішіндегі леулі еңбектерінің бірі болып табылады. 39
Автордың таңдап алған фабуласы яғни бір ғана өмір үзігін бейнелеу арқылы, тартыс – қақтығысты бейнеленумен кейіпкерлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып,негізгі идея түйінделуі тиіс. Жанр көлемі шағын болғанымен қойылар талап – тілегі үлкен таланттылықты талап ететін көркем әңгіме жазуда қаламгер Ш. Мұртаза өндіре еңбектенді. Жазушының әр жылдары жарыққа шыққан әңгімелерінің тақырыптары да сан-алуан. Табиғаты тамаша болғаны мен қытымыр қысы, аптапты жазы бар Жуалы өңірінің әсемдігі мен тылсым дүниесін сол жерде мекен еткен адамдар тағдыры мен астастыра бейнелеген жазушы әңгімелерінің идеясы да тартымды болып келеді. Тарихта терең із қалдырып,жазықсыз жандардың қанына малынған кешегі Ұлы Отан соғысы тұсындағы қазақ халқаның басындағы шырғалаң қалы Ш. Мұртаза әңгімелерінің арқауы. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірінің қилы бейнесі сомдалған «Сол бір күз», «Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар», «Айырбас», «Жүз жылдық жара», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы» әңгімелері оқиғаны басынан кешірген басты кейіпкер атынан баяндалады. Ер-азаматы соғысқа аттанған, қоғам мен өндірістің ауыр салмағы заты нәзік әйелдер мен қарттарға, жас балаларға артылған кешегі қиын күндердің тағдыр тай-таласы бұл әңгімелердің негізгі арқауы десе де болғандай. Пәк, адал, қиялы ұшқыр, арманы асқар, дұшпанына қайсар, намысқа жігерлі, айбарлы, жас баланың өмірде көргені оның ерте есейіп, тез ес жиып азамат болып қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. «Сол бір күз» әңгімесіндегі Ноянның құрқылтайдың қысқа қамданғанын көріп мұңлы ойға берілуі, қысты күні сабаққа киер аяқ киімінің жоқтығы есіне түсіп, соғыстағы ағасынан бір бәтіңке сұрап жазған хаты есіне түсіп қалтасына қол салғандағы жайын баяндап кележатқан жазушы оқиғаның шарықтау шегін «Кенет, керемет! Ноянның көктен іздегені жерден табыла жаздады» – деп, оқырманын ерекше елітіп, оқиға желісінің ары қарай дамуындағы кезеңге меңзейді. Көшпенді цыган таборының аты – аталып, түсі-түстелмегенімен фабуладағы жас баланы алдап, дүйім елдің обалына қалған озбырлық осы ұлт өкілдерінің ғана қолынан келер іс екенін автор астарлап жеткізеді. Ноянның алғаш арбадағы адамдарды көруі, өрімдей қыздың бұрын – соңды бұл көрмеген аспапта күй тартуы, оның ерекше әсем сиқырлы үні барлығы алдағы болар оқиғаның барысын аңғартады. Суреткер бала Ноянның есіне апасы айтқан «ақыр заман боларда жердің жүзінен сиқырлы ән жүріп өтеді. Оған ілескендер қайтып жер бетіне оралмақ емес. Ол сиқырдан ешкім аман қалмайды екен»деген әпсананы салуы әңгіменің сюжетін қызықты етіп, идеясын аша түскен. «Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар» әңгімелеріндегі Арзы ана мен Аталық қарттармен көптің қамы үшін еңбек қылып, азапты мол тартқан бала бейнесі мен мезгілінен ерте есейіп, санасы саралана бастаған, елгезек ұлды көреміз. Екі әңгімедегі бала кейіпкер шағын ауылдан алысқа ұзап шықпаса да қиын сәттерде үлкен адамдарша батылдыққа барып, ширақ қимылдап, сәтті шешімдер қабылдайды. Алдыңғы әңгімелердегі сияқты 40
«Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар» шығармаларында да жазушы әпсаналарды әдемі үйлестіреді. «Ақсай мен Көксайда» қырғыз қызы Чолпан айтқан «Қарағұл ботам» әңгіменің көркемдігі мен сюжетіне әр берсе, «Бойтұмардағы » Аталық қарттың сарысуыр туралы айтқаны шығарманың астарлы идеясын ажарландырған. Ел арасына тараған аңыздың түпкі ақиқатынан шыққан Байшынар туралы жазылған «Жүз жылдық жара» әңгімесіндегі табиғат пен адам арасындағы қарым – қатынас пәлсафасы жазушының тың әдіс және дара концепция айтумен ерекшеленеді. Адам тағдырындай сомдалған Байшынардың басынан кешірген қиянатын баяндауда жазушы әңгіме экспозициясын өмірде түйген ойынан бастайды. «Кесапаттан аман болса, адамдар көп жасар еді. Бірақ күнді түн аңдап тұрғаны сияқты адамды да анадан туар-тумастан қырсық аңдиды да тұрады. Бұл ретте адам теңіз тасбақасымен тағдырлас. Теңіз тасбақасы суда өмір сүрсе де, жұмыртқасын құмға құрады. Обалы не керек, теңіз тасбақасы көп жұмыртқалайды. Бірі болмаса бірі аман қалар деген үміт пе, әйтеуір, бір маусымда 30-40 тұқым табатыны рас. Ал сол отыз- қырықтың бәрі балаласа, теңіз тұрмақ, жер бетіне тасбақа симай кетер еді. Қайдан болсын...» көп нүкте қойып аяқталған алғашқы азат жол оқиғаның түпкі шегі қайда жатқанын анық байқатады. Тасбақа, адам және шынар талдардың табиғаты туралы толғаныспен басталған әңгіме сюжеті Мыңбұлақтың Шоқыбас сайындағы Байшынар жағдайына ауысады. «Дәл сондай Байшынар біздің Мың-Бұлақтың Шоқыбас сайының өңірінде де бар. Мың-Бұлақ Бостандық емес, әрине. Табиғаты да қаталдау. Шынар жарықтық сонда да өскен. Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше. Қаңылтыр тақта қағылмаған, жазу жазылмаған. Бұл Шынардың елтаңбасын адамдар тарих қамын ойлап салған жоқ. Тарих қамын ойлау қайда...». Онан ары әңгімеде Жуанқұл, Дадабай, Қабасақалдардың Байшынарға жасаған қиянаттары мен ауыл адамына көрсеткен азаптары қатар алынып суреттеледі. Тал тұрмақ, адамды аяуды білмейтін қатыгез жандардың әрекеті аяқсыз қалмайды. Тәңірден сазайын алады. «Содан бері де қырық жылдан асып кетті. Енді бұл дүниеде Ахмет те, Кенжегүл кемпір де жоқ. Жатқан жерлері жаннат болсын! Ал Жуанқұл әлі тірі. Баяғы Байшынар тірі, қасқайып тұр. Бірақ екеуі де жарадар. Байшынардың бір бүйірі әлі үңірейіп, қап-қара шор болып тұрады. Тоғыз тарау төбесі түгел жапырақ жайғанда, көлеңкесіне бір Колхоздың адамы түгел сыйып кетердей әлі жайқалады, жарықтық». Әңгіменің басты идеясы жазушының өзі айтқан «Адам азғындауынан адамдар ғана емес, табиғат та зардап шегеді деген философиялық толғамымен үндеседі. Жас өспірім баланың психологиялық және физиологиялық табиғи болмысын тереңнен таныған жазушы соғыс зардабын тартқан оқушылар өмірінің де шын білгірі. Ауыл балаларының қаладағы мектеп интернаттағы өмірінен сомдалған «Интернат наны», «Қасқырдың 41
тарамысы» жоғарыдағы ойымызға нақты дәлел. Соғыстан кейінгі жылдардағы мектеп оқушылары Әлтай, Хасболат, Сәттіғұл, Нарбота, Тәліп, Аманжол т.б. қарапайым тағдырларынан әлеуметтік, кезеңдік жайларды, уақыт бедерін көркем бейнелеп, толғамды ой түйіндетеді. Бұған қаламгердің жадылық санасының зейінділігі, әңгіме жанрының талаптарын қатаң ескеретіндігі мол септігін тигізгені даусыз. Бұл күнде қазақ прозасының шағын жанры – әңгіменің көркемдік көкжиегін кеңейтуге Ш. Мұртазаның қосқан үлесі мол деп білеміз. Халық жазушысының қаламынан туған әңгімелер оның шығармашылық жолындағы үлкен шыңдалу мектебі болып табылады. Бала күнінен көкейінде қалғанды образды түрде жүзеге асыру үшін Шерхан Мұртаза өзіне прототип ретінде Барсхан образын ала отырып, кейіпкердің жасөспірім кезінен алпыстан асқанға дейінгі аралықтағы тағдырының бір алуан кезеңді құбылыстарын сол уақыттардағы әлеуметтік шындықпен тығыз байланыстыра бейнелеген. Жасөспірім Барсхан характерінің қалыптасуына қандай әлеуметтік орта және осы адамның айналасындағы қандай кісілер әсер-ықпал еткенін көрсету мақсатында автор мәселені әріден бастаған. Барсханның сәбилік, жасөспірімдік шағына Сталиндік репрессия, екінші дүниежүзілік соғыс, онан кейінгі жылдардағы қым-қиғаш кеңестік қоғамның тағдыры сияқты алуан-алуан факторлардың әсер-ықпалы да бірге алынады. Барсхан қиын өмірлік өткелдерден өтерде сүрінгенімен, жығылмады. Жығылмауының басты бір себебі – текті қаннан жаралып, Айшадай ананың адал тәрбиесін көріп, ауылдағы ниеті таза, дініне берік, ділі мықты ағайын ата-әжелері мен қарым-қатынаста болып, солардан үлгі-өнеге көруі және де бала күнінде көрген зәбір-жазалардан құтылудың жолы адалдық, адамдық, әділдікте екенін жақыннан жүрегімен сезіп өсуіне, сондай керемет күнді өзі де іштей көксеп, армандап, ержетуіне тікелей байланысты. Қаламгер Шерхан Мұртазаның оқырманның ыстық ықыласына бөленген туындысының бірі – «Ай мен Айша» – эссе романы болды. «Ай мен Айша» романы — жазушының балалық шағы туралы, басты тұлғасы – Шерханның өзі. Шығармада келісті көркем тілмен суреттелетін өмір көріністері, әлеуметтік психологиялық мәні бар қайшылықтар автордың көзімен беріліп, көңіл таразысына түседі. Қазақ әдебиетіндегі аузы дуалы сыншылардың бірі Ә. Бөпежанова: «Оқырман мен жазушы арасындағы байланыс, тартылыс, күші әр автормен әрқалай және шығармашылық жолының әр тұсында да әрқалай, яғни автордың адамдық-имани болмысына, кісілігіне тікелей байланысты болары бар. Бұл, әсіресе, жазушысын алақанға салатын және әрбір қарекет-әрекетін алақандағыдай көре алатын қазақ қауымының еншісі. Алақандағыдай көре алады дегенде, әсіресе қазақтың өнердегі және өмірдегі мінездің бірлігін көп іздейтінін айтамыз. Шерхан Мұртазаны исі қазақтың жақсы көретін бір себебі, мүмкін, осында. Мүмкін, қазақ Мұртазадан өзін көрді... Мүмкін, бір кездердегі өзін...» – деп атап көрсетеді. 42
Бұл «Өмірбаян — жазушыға өте «жақын» материал, ол өнерде әлі бейнеленбеген жаңа дәуірдің есігін ашатын кілт» екендігін көрсетеді. Эссені жастық шағын соғыс өрті шарпыған әкесіз, ағасыз өскен ұрпақтың өсіпжетілуі, саналы азамат санатына қосылу тарихы деуге болады. Алыстағы ауылда туып-өскен қазақтың қарадомалақ баласының бір басын тауға да, тасқа да соғып жүріп өткен тағылымы мол өмір жолы. Бір өмірдің, сол бір өмір арқылы жүздеген өмірдің, жүздеген өмір арқылы халқымыздың ширек ғасырлық өмір жолы суреттелген. Халқымыздың басынан өткен небір зобалаңдар: қайғы-қасіреті, қуаныш-сүйініші, қысы мен жазы, тоқшылығы мен жоқшылығы – бәрі-бәрі қаз-қалпында көз алдымыздан өтеді. Жазушы қаламы сол өмірдің қас-қағым сәтін қалт жібермей, ащысын ащыдай, тәттісін тәттідей дәл береді. Көлемді романға арқау болған өмірлік шындықтар Шерхан Мұртазаның әртүрлі жанрлардағы бұрын-соңды жазылған шығармаларының бірінде тақырып, енді бірінде идея, кейбірінде көркем деталь, ал тіпті біреулерінде сюжетке фабула болғанын да көреміз. Біздің еңбегімізде суреткердің шығармашылық лабораториясының да үлкен құпияларына жолашар болғанда осы «Ай мен Айшадағы» өмірлік деректер. Қызығы мен қиындығы мол шығармашылық ғұмырбаян мәселелері Ш. Мұртаза шығармашылығы жайлы әдеби танымымызды кеңейтуде көптеген танымдық және ұстанымдық ерекшеліктердің жазушының тікелей басынан кешірген шынайы өмірден алынғандығына көз жеткіздік. Шерхан Мұртаза романында философиялық ой-түйіндерді де жиі ұшырастырамыз. Қаламгердің: «Ақыл деген асылды, Құдай адамдарға тең үлестірмеген. Өмірді де теңдей етіп бермеген. Алла тағала адамдардың бәрінің басына ноқтаны бір қалыптан шығарған да, ал сол бастың ішіндегі миды әр қилы жаратқан», – деуі немесе «Тасты аяғымызбен тебеміз. Таста жан жоқ деседі. Таста тамыр жоқ деп ғайбаттайды. Сандырақ! Таста от бар. От болса жаны бар. Жаным бар деп жүрген адамдардан артық. Өйткені адам кеудесіндегі от мың күн жанып, бір күн өшеді. Ал тастың тамырындағы от мәңгілік» – деп жазуы өмірдің сан құбылыстарынан, ешкім аңғара қоймайтын түйіндерден осындай тамаша ойларды аңғарамыз. «Ай мен Айшадағы» Қамқа әженің бейнесі де оқырман есінде ұзақ сақталады. Романдағы ұлы ананың ұлағатты сөздері тәлім-тәрбиелік мақсатқа үндейді. Автордың Қамқа әже бейнесімен романының соңғы нүктесін қоюының өзі әулие ана аруағына бас иіп, құдіретіне табынғандығынан болар. Айталық, қаламгер Шерхан Мұртазаның: «Әулие-Атаға қайтар жолда Қамқа-Анаға сәлем бердім. Ол Бердімбет сайдың шығыс жанындағы жатаған үйдің күн шуағында, биік бөстектің үстінде әлі отыр екен. – Дәу жігіт болыпсың ғой, Барысхан. Сендер қайтып келгенше ана үйлеріңді Мұртаза қорыды да отырды. Ол да қозғалмай отырды. Мен де қозғалмай отырамын... – Сенің әкең Мұртаза да ана үйлеріңнің түтін шықпай қалған мұржасына қонақтап отырып-отырып, төрт жыл тапжылмай отырып-отырып, кеше сендер қайтып келгенде ғана ұшып кетті ғой» , – деп қойды тағы да Қамқа. 43
Сөйтті де: «Жақсы адамның жанын періштелер аспанға, жұлдыздарға алып ұшады. Ал, аса жаман адамның жанын әзірейілдер жеті қат жердің астына тастап жібереді. Немесе күнәқарлар жұлдызына лақтырады», – деді. «Ай мен Айша» романы–Шерханның ұзақ түндер мен күндерінің, жан азабы мен ой ұшқырының жемісі. Бұл туынды арқылы кез келген оқырман ағайын-туысқа, бауырға, барша қазаққа деген бауырмалдық қасиеттерін тани түседі. Белгілі сыншы Әлия Бөпежанова «Ай мен Айша» эссесінің басты ерекшелігі ретінде – идеялық-композициялық, тақырыптық-образдық қасиеттерінің іштей тұтастығын ерекше атап көрсетеді: «Әрбір оқиға жеке тараушаларда қазқалпында жеке тағдыр болып баяндала келе, әулеттің, елдің көркем тарихына айналып, туған жер, туған үй, ошақ қадір-қасиетін терең түйсінтер, қуат кернеуі, жасампаздық рухы жоғары, тағылымды туынды, сөз жоқ, тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің үлкен көркем жетістігі. Романның бас кейіпкері Айшаның жекелік те, жалпылық та мәні ерекше. Ол – шыдамды да ақылды, әр нәрсені, бар нәрсені түбінен ойлайтын, дана қазақ әйелінің жиынтық бейнесі» . Шығармада айтылмақ ойдың, қозғалар мәселенің – ретіне, ыңғайына орай, өмір-жұмбақтың тылсым сырлары мен қилы құбылыстарының қорытылып шыққан автордың (Барсханның) түйінді ойлары мен парасатты пайымдаулары да жазушының азаматтық болмысын, парасатты тұлғасын биіктете түседі. Шерханның өзі: «Кейде ойланам: осы мен осы күнге қалай жеттім? 1932 жылы дүниеге келген менің мыңдаған құрдастарым тумай жатып шетінеп кетті. Сорына қарай сол жылы туғандардан тірі қалған «тұяқ» некенсаяқ. Сол нәубеттен қалай тірі қалғанмын? Қаһарын төккен атқа мінерлерден бірер уыс дәнін жасырып, «шықпа, жаным, шықпа» деп шырылдаған ата-анамның мейірімділігінен шығар. Өздері өлуге пейіл, бірақ ұрпақ үшін жанталасқан адамдар аз болмапты» , – деп жазады . Шерханның қайраткерлік дәрежесіне көтерілген, ұлттың ұланы атанып, елдің ел болып қалыптасар кезеңінде табанды талап-тілектерін биік мінбелерден де, баспасөз беттерінен де камықпай батыл айта білген өмір жолы, шығармашылық соқпақтары бір қараған оқырманға сайрап жатқан жол сияқты. Публицист Камал Смайылов: «Сенің «Ай мен Айша» деп аталатын эссе-романыңның бірінші кітабын ыкыласпен оқып шықтым. Біз білетін Шерхан Мұртазаның қайдан шығып, қалай үлкен азамат болып қалыптасқанын, соның тамыры мен тағдырын түсінгендей болдық», – деп жазады. Қаламгердің өзінің: «Менің жаным — Анамның жаны ғой. Әйтпесе мен қайдан жаралдым?» . «Ай мен Айшадағы» Айша — қазақ әйелдерінің белі қайысса да морт сынбайтын, төзімі мен ізгілігін ақадал жүрегіне сақтай білген берік болмыс иесі. Ол — тек Мұртазадай бозымның жастай жесірі, тек Барысханның шешесі ғана емес, 30-шы жылдардағы нақақтан күйген ерлердің сенімді серігі, тумай жатып көктей солған қызыл қарын бала-шағаның көз жасы, обал сауабы, ана 44
атаулының жиынтығы. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасын» түгел оқып шыққан кісі қазақтың ұмытылып бара жатқан көп қасиетінің сақтауына, ертеңгі ел иесі, бүгінгі жас ұрпақтың желеп-жебеушісі, ұлтымыздың бойындағы ар, ождан, адамгершілік, ұят деген ұлы сөздің түп қазығы – Айша секілді аналарымыз екенін сезіне түседі. Ұлттық тәрбиенің, оның ішінде балаға тән әдеп-тәлімді Айша ана Барсханның бойына кішкене күнінен дарытып-ақ бағады. Мысалы: «Бір кезде Айшаның білектей-білектей қос бұрымы тілерсегіне дейін түседі екен. Әлі де ұзын. Екі бұрымды қосақтап ортасында «сандуғаш сандықтың» кілті байлаулы түр. Сол кілттің салмағымен Айша адымдаған сайын теңселіп келеді. Арт жағынан мен оны көріп келемін. Бір мезгіл Айша артына бұрылып: – Әй, Барысхан, мені тұтқындаған қарауыл құсамай алдыма түс», – деді. – Не қатарласып жүр. Айша осылай деп айтқалы бері арада қанша жыл мен біреудің артынан жүре алмаймын. Озғымда келмейді, тек қатарлассам болғаны. – Жеттім деген жығылады, толдым деген төгіледі – деді Айша. Заңзакон, кодекстердің талайын оқып, талайын бастан өткеріп, ұзын жолдың алдамшы гүлі аралас тікенегін кешіп, жүріп келемін, жүріп келемін. Бірақ ешбір заң «менің көкірегіме әлгі Айша айтқан мақалдай қонған емес. «Жеттім-жетілдім» деп жетіскен де жерім жоқ «болдым – толдым» деп далиған да емеспін. «Ай мен Айшадағы» кейіпкерлер галереясы Орха, Ноха, Нәметқұл, Өскенбай, Шолақ Сиякұл, Есен, Қали, Сәли, Зиба және мұнан басқа да қарапайым адамдардан тұрады. Бұлардың бәрі де — автордың өзіндік қолтаңбасымен екшеленген, мінездері айқындалған, ешкімді қайталайтын бейнелер. Ұзақ-сонар қаламгерлік ізденіс, суреткердің тек шеберлігін ғана шыңдап қоймай, осы жолда оның азаматтық келбеті яғни, қоғамдық көзқарасы, қайраткерлік белсенділігі, отаншылдық, ұлтшылдық рухын, қадір-қасиетін қалыптастырады. Осы тұрғыдан келгенде, біздің әдебиет тарихында орны бар, айтулы суреткерлердің барлығы шығармашылық мүддесін туған ұлтының рухани тұғырын тағылымды ету жолына бағышталғанын көреміз. Назар аударарлық жай – Ш. Мұртаза туындыларының ішінде өзге шығармаларына ұқсамайтын, мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. Бұлар жөнінде сөз қозғағанда ең алдымен осы «Мылтықсыз майдан», «41 жылғы келіншек», «Соғыстың соңғы жесірі», «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Шекшек шырылдайды», «Ай мен Айша» секілді туындыларды атауға болар еді. Әдеби сынға деген алғашқы талпыныс Ш. Мұртазаның журналистік еңбегінде айқын көрініс тапты. Әдебиет пен журналистиканың тізгінін ширек ғасырдан аса ұстаған, осы жолда аянбай еңбек етіп, тер төккен Ш. Мұртазаны шығармашылық тұлғасын биіктетер және бір қыры ретінде сыншылдығын ерекше атап өтуге тиістіміз. Сыншылдық дегенде бір ескеретін нәрсе, Ш. Мұртаза арнайы сын саласын зерттеп, әдеби процестің бағыт-бағдарын 45
бағамдаған кәнігі сыншылардың қатарынан емес екендігі, көргенді, көңілге түйгенді, жақсы мен жасықты, парасат пен парықты ұшқыр қаламына арқау ете отырып, өзін толғантқан мәселелерді ғана ортаға салған шығармашылық иесі. Дей тұрғанмен, жазушының бір томға жуық еңбегі осы әдебиеттің көкейтесті мәселелеріне арналады. «Жалын» альманағына редактор болған кезеңінде әдебиет сынының дамуына кең өріс ашады. Баспасөз бар жерде әдеби сын да болуы қажет екенін мықтап ескереді. «Баспасөз – сынның өмір сүру формасы, даму арнасы. Сын журналистиканың өз қажетіне қарай кеңінен қолданылатындығын» ыждағатпен ұғынуында жатса керек. «Жалын» альманағы кемшіліктерді батыл айтып, әдебиет тағдырына байланысты туған сын мақалаларды батыл жариялады. Редактор Ш. Мұртаза әдеби көркем сынның өсіп-өркендеуіне өзгеше ықпал жасайтын күштің бірі мерзімді баспасөз екенін аңғарып, альманахтағы «Тура би трибунасы», «Әдеби сын» атты тұрақты айдарлардағы жарияланымдарға баса көңіл бөлді. 1972 жылғы №4 бастап ашылған «Жалынның» «Тура би трибунасы» атты күрескер айдарында сынға алушы Тура би Туғансызов Ә. Нарымбетовтің «Дәуір және поэзия» атты еңбегі туралы «Ә. Нарымбетов және сын немесе алты тармақтан тұратын ашық хат», Ә. Райымбековтың «Қазақ поэзиясындағы жұмысшы образы» жинағына «Көк кітаппен интервью», Ш. Смаханұлының «Айға ұшамын» кітабы туралы «Автор Айға ұшқан ба?» т.б. сын материалдарында сын мәдениетін сақтай отырып, кейбір әдеби туындылардағы өрескел кемшіліктерді тура көрсетіп, ол жөнінде өздерінің ойын ортаға салды. Сын өнеріне келген бұл жаңа талап, жас өркен сыншы ғалым Қ. Мұжамеджановтың назарына ілігіп: «Жалын» альманағында «Тураби трибунасы» деп аталатын бір жақсы бастама көрінді. Мұндағы әдеби фельетондар халтураға қарсы бағытталған» деп бағалады. Кейін де бұл бастаманың ерекшелігі жөнінде С. Әшімбаев та ықыласпен еске алды: «Кезінде тура айтамын деп кейбір туғандарға жақпай қалып, су түбі құрдымға кеткен, бүгінде бәріміз жамырай еске алатын «Турабидің трибунасы» да әдеби жұртшылықтың ықыласына ие болған еді» деп жазды. Тап осындай игі бастамаларды Ш. Мұртаза өзі редактор болған «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жастарда» да жалғастырды. 1973 жылы Ш. Мұртаза «Жұлдыз» журналына редактор болып келгеннен кейінгі уақыттардағы «Сырласу клубы», «Сын және библиография», «Өнер және ғылым» тағы басқа көптеген айдарлардағы материалдардың құндылығын, онда көтерілген проблемалардың өзектілігін көруімізге болады. 1974 жылғы №5 бастап, «Жұлдыздың» сын-сықақ бөлімін ашты. Журналист-жазушы Б. Нұржекеев: «... Шәкең «Жұлдызды» басқарды. Жақсы шығарманы қорғаудың бір әдісі жаман шығарманы аяусыз сынау екенін Шәкең мұнда да нақты істермен дәлелдеді. «Әділсын Жұлдызұлы» деген сын айдарын оқырман қауым бәлкім әлі ұмыта қойған жоқ; оның сынына ұшырағандар да Шәкеңді ұзақ уақыт ұмыта алмай, сондықтан 46
Шәкеңнің соңынан арыз-құрыз күні кешеге дейін қардай борап, жазылып жатты» деп бұл айдардың қаншалықты мән-маңызы болғанын еске алады. Кешегі қоғамда 1972 жылы СОКП Орталық Комитетінің «Әдеби көркем сын туралы» Қаулысында атап көрсетілген нұсқауларды басшылыққа ала отырып, журналдағы айдар өз жұмысын тоқтатпады. Қаулыдағы әдеби сынды талдау тереңдігі, сыншының мәдени шеберлігі, сыншы талғампаздығы турасындағы ұсыныстарды «Жұлдыздың» «Әділсын Жұлдызұлы» айдары да көкейтесті мәселе ретінде көрсетіп, әдеби сынның тағдырына алаңдайтын шындықтың түпқазығына айналды. Бас редактор ретінде Ш. Мұртазаның әділеттің, ақиқаттың, шындықтың ақ туын көтеріп, әдебиеттегі ең жауапты да қиын жанр – сынға өзі басқарып отырған «Жұлдыз» журналында да ақ жол ашып отырғанын аңғартады. Ерлікке барабар мұндай істен Ш. Мұртазаның бас редактор ретінде «Сын деген – әдебиеттің шекарасы. Сырттан атылған оқ та, іштен атылған оқ та алдымен соған тиетіндігін» осындай нақты істерімен дәлелдеп отырды. Қазақ әдебиетіне редактор болған жылдары да осы игі бастамаларды ары қарай жалғастырып, мән-мағынасы терең, айтары бар, көркемдік танымы тағылымды сын мәселелерін көтерген мақалалардың шығуына мұрындық болды. Осылайша, журналистика мен жеке шығармашылықта сын өнері туралы ой толғамдарын қатар алып жүрген Ш. Мұртазаның жанрға қатысты айтылар еңбектері де әртүрлі болып келеді. Олар қазақ прозасының кезеңдегі тақырыптық аясы, жекелеген қаламгерлер шығармашылығындағы алып көзге түскен іргелі, соны көркемдік ізденістер ауқымы, сол жылдардағы жалпы қазақ-кеңес әдебиетіндегі шығармашылық жаңалықтар мен олардың әдеби процеске тигізген әсер-ықпалы. Осының барлығы нақты авторлар шығармалары негізінде талдау, таразылау арнасында қарастырылады. Кеңстік дәуір кезеңінде жазылған Ғ. Мүсірепов, Б. Майлин, Т. Ахтанов және татар қаламгерлері туралы айтқан пікірлері мен талдауларында социалистік реализм талаптарының да кездесіп қалатыны жасырын емес. Жалпы сыни тақырыпқа жазылған шығармалары шағын мақалалардан бастап, көлемді эссе, портреттерден құралады. Атап өтетін тағы да бір ерекше жәйт, Ш. Мұртаза да өзге сыншылар сияқты кешегі кеңестік дәуірде коммунистік партия билеген қоғамның талаптарынан бірден бой үзіп кете алмады. Дәл осы сынды арқау етіп, сынның шын болуы жолында еңбектене жүріп, Ш. Мұртаза социалистік реализм талаптарының орындалуының да жоқшысы бола білді. Сол жылдары Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының екінші секретары міндетін атқара жүріп, түрлі жиылыс, бас қосуларда оқыған баяндамаларында коммунистік партия мен социалистік қоғамның талаптарына қатысты жылы лебіз, оң пікірлері де кездеседі. Мысалы, «Абыройлы міндет» баяндамасында: «...Шүкіршілік дегенмен де барды қанағат тұтып, тоқырап қалу әдебиет үшін келіспейтін мінез. Осы күнгі өмірдің, осы күнгі ерлердің материалдық игілік өндіріп жатқан, көмір қазып, 47
болат қорытып, астық өндіріп, мал баққан, жаңалық ашып, ғылымның қолын ұзартқан жандардың асқақ тұлғасын сомдау саласында жазушы жолдастар халық алдында, заман алдында көп қарыздар. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бюросы өзінің таяуда өткен мәжілісінде осыны атап көрсетті. Біз әдебиетке деген партиялық басшылықтың, партиялық, әкелік қамқорлықтың игі әсерін ұдайы сезініп, серпіліп, қанаттанып отырамыз. Шет елдік жауларымыз айтқандай, партия жазушыларға «Мынаны былай жаз», «Ананы алай жаз» деп бұйырмайды. Әр қаламгер нені жазамын, қалай жазамын десе де өз еркі. Бірақ та заманымыздың классигі М. Шолохов айтқандай: «Біз партияның әмірімен емес, жүрегіміздің әмірімен жазамыз. Ал, біздің жүрегіміз партия мен халықтың перзенті» деген жолдардан социалистік идеологияның сыншыл суреткердің шығармашылығы мен танымында орын алғанын және осы бағытқа бағыттала қалам тербегенін көрсетеді. Социалистік идеологияның талаптары Ш. Мұртазаның алғашқылардың бірі болып жазылған «Алыптың анасы – халық» деген Б. Майлин туралы көлемді эссесінде де орын алады. Эсседегі Б. Майлин шығармашылығына берілген баға да саяси идеологияның талабымен ұштасып айтылады. Әсіресе, қазақтың азатшыл қайраткерлері ақталмаған тұстағы олардың атына бірыңғай күйе жағудың әсершіл ықпалы да Шерхан Мұртазаның эсседегі кейбір ой-танымдарынан ұшырасып қалып отырады: «...Он алтыншы жылғы оқиғалар таптар жігін тағы да айқындай түсті. Халық мүддесін сатқан интеллигент сымақтар қанаушы тап жағына ойысты. Халық қаһарына мініп, ұланғайыр ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. Шерхан Мұртазаның алғаш сын жанрына қалам тартқан тұсындағы саяси идеологияның, қоғамдық талаптың оның көзқарасына айтарлықтай әсер-ықпалы болып, негізгі айтар ойын сол тұрғыдан топшылауға мәжбүрлегенін де көреміз. Сексенінші жылдардың аяқ шеніне дейінгі тұста жазылған Ш. Мұртазаның сыни тұрғыда жазылған мақалаларында көркемдік талдауға социалистік реализм әдісі тұрғысынан қарағандығын, коммунистік партияның талаптарын ескергендігінің басым жататынына мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бүгінгі көзқарас тұрғысынан саралағанда қаламдарын еріксіз мұқалтып, амалсыздан саясаттың лебіне бұрмалаған классиктеріміздің өзіне де түсіністікпен қарауымыз аса қажет. «Екі редактордың әңгімесі» деген диалогында Ш. Мұртаза мен сол кездегі көзі тірі классик Ғ. Мүсіреповтің арасындағы әдебиет, «Қазақ әдебиеті» басылымына қатысты көптеген күрмеулі мәселелер айтылды. Ғ. Мүсірепов әдебиет үшін күрескерлігін қандай тұрғыда жүргізгендігін былайша байыптайды: «... «Қазақ әдебиетінің» алғашқы сандарынан бастап, біз оқырман қауымға коммунистік тәрбие беруді діттедік, республикамыздың мәдениетін барынша жедел көтеруге атсалыстық, Жазушылар Одағы құрылардың қарсаңында жаңа әдебиеттің жағдайын, алда тұрған орасан зор міндеттерді бағдарладық. Бір сөзбен айтқанда, партиялық саясаттың туын берік ұстадық дер едім. Мазмұны социалистік, түрі ұлттық әдебиет үшін, мәдениет үшін қалам толғадық». Көріп отырғанымыздай, әдебиетке, әсіресе, 48
оның сын жанрына партия мен өкіметтің талабы ерекше қырағы, қатал болды. Ғабит Мүсіреповтей алыптардың өзі амалсыз мойындап, шығармашылығын солай икемдеді. Ш. Мұртазаның сол жылдарда жазылған «Тау мен дала жырлары», «Шыңғыс және шындық», «Екі редактордың әңгімесі», «Ғ. Мүсірепов – тәлімгер», «Қаңтарулы қазанат», «Алыптың анасы – халық», «Тұрар Рысқұлов», «Абай сәулесі», «Айға шағылған найза» тағы да басқа сын мақалалары, әдеби ой-толғамдары социалистік қоғам талабы тұрғысынан жазылғаны, әйтсе де көркемдік талдау таразысы нағыз өнерлік тұрғыдан болғандықтан бұл мақалалардың бүгінгі тәуелсіздік танымымызға да қосар үлесі мол екенін атап айтқанымыз дұрыс. Ш. Мұртазаның сыншылдық бағытта ойын ашық та талғамды етіп жеткізуі егемендік алғаннан кейінгі жылдарда үлкен өріс тапты. «Айқайлап айтқан сөз», «Қайсар Ғафу», «Оралхан», «Тау басындағы тасжарған», «Аялы алақан», «Қарқаралыға хат», «Шындықтың шымылдығы түрілгендей», «Қазығұрттың інжу-маржандары», «Жұмагүлдің жұлдызы», «Киік отын көксеу», «Қияметтен оралған», «Қарағайдың қарсы бұтағындай», «Елдегі қаламгер», «Романға бергісіз повесть», «Жампоз» т.б. туындыларында әдебиеттің келелі мәселелерін белгілі бір авторлардың шығармашылығы арқылы көркемдік таным тұрғысынан тереңдете, тарата талдауы мен одан шыққан қорытындыдан тағылымы мен таразысы әділ пәлсапалық ой айтуында жатыр. Ш. Мұртазаның сыншыл-тарихи бағытта жазылған туындыларының негізгі обьектілері әдебиет пен мәдениеттегі, ғылымдағы күрделі тұлғалардың еңбектерін саралау мен даралауында көрінеді. Олардың қатарында Ғ. Мүсірепов, Ш. Айтматов, Т. Ахтанов, Қ. Мұхамеджанов, Е. Әлімжанов, Р. Сейтметов, О. Бөкей, А. Сүйлейменов, С. Жұмабеков, А. Айталылар, тағы да өзге көркемой тарландарының шығармашылықтарын, көркемдік-эстетикалық танымдарын талдай отырып, өзі олармен ой серіктес, пікірлес, рухани мұраттас болып шығады. Қазақ әдебиеті сынына өз үлесін қосып келе жатқан Ш. Мұртазаның эссе, портрет жанрларында жазған дүниелерін оқысаңыз, қазақ әдебиетінің «қазіргі кезең» деп шартты түрде аталып жүрген көркемдік кеңістіктегі картинаны толығымен тани аласыз. Жазушының сыншылдық ойтолғаныстары көбіне өнердің бітім-болмысын танып-білуге деген ұзақ жылғы шығармашылықтан туындаған ой-танымнан тұрады. Көбіне көңіл бөлінетін тұстары ретінде таланттың түпкі тіні құдірет берген дарыннан бастау алатынын өзіндік дүниетанымы арқылы ашқан терең мәнді пәлсапалық ойларымен ұштасып жатады. Заманымыздың талантты жазушысы, біртуар дарыны ретінде бағаланған Ә. Кекілбаевтің шығармашылық даралығы туралы Ш. Мұртаза эстетикадан гөрі пәлсапаға жақынырақ пайыммен парасат биігінен аңғартады: «Адам баласы дүниеге келерде бәрі бірдей сияқты. Өсе келе әрқилы болып кетеді. Әртүрлі мінезқұлық бітеді. Әр түрлі әр бітеді. Ал, ақыл қандай? Талант қандай? Дарын қандай? Бұл жерде құдіреттің өз қалауы бар. 49
Бәріне кетпен шабуға, орақ оруға, трактор айдауға, тіпті министр болуға қабілет бұйыруы әбден мүмкін. Ал, ерен ақылды, туасы шешен, ойшыл, нағыз ақын, хас жазушы, азамат, қайраткер болу бәріне бірдей бұйырмаған. Ол Алламның ісі. Әрі анадан. Құрсақта жатқанда Жаратушы Құдірет перзент жүрегіне иненің жасуындай шоқ салады. Сол шоқты аялап, өшіріп алмай, жалынды тудыру – ананың ісі» дей келе, автор Ә. Кекілбаевтің шығармашылығында анадан біткен қасиеттің мол септігі болғанын жан-жақты айтады. Ендігі бір тұстарда портреттік сипаттауларға көше отырып, адамның кім болмағы, оның кескінкелбетінен де көрінетіндігіне: «Тәңірі мен туған ана Әбішке керіскедей келісті келбет берген. Атақты философ Артур Шопенгауэрдің байқауынша, кісі келбеті – бұл адамның кім екендігінің кепілдемесі, өзі туралы ашық хат іспеттес. «Міне, мен осындай адаммын» деген мінездеме оның дидарында апайқын жазулы тұрады. Қазақ әдебиеті әлемінде Ә.Кекілбайұлы үлкен биікке көтерілді. Әдебиетке өзгелер байқамаған, өзгелер айта алмаған сөзді айтты. Басқа ұлыс, ұлттардың намысын қорламай-ақ, қазақ рухын асқақтатты. Бояуы көп, бай көркемдікті былай қойғанда, бұл жазушының азаматтық биік тұғырының айғағы» дей келе, Ә. Кекілбаевтің шығармашылық процесті меңгерудегі ізденісін: «Айталық, ол Ақсақ Темір туралы аңызды бір жерден оқыды, яки естіді. Бұл – қаңқа. ... Ал, Әбілқайырды да, оның заманын да көрген жоқ. Тарихта Әбілқайыр туралы, оның дәуірі туралы сараң деректер ғана бар. Бұл – руда. Жабайы темір» деп, дәл тапқан теңеулер арқылы шығарманың жазылуының қалай жүзеге асатындығына да тоқталады. «Жансызға жан бітіру – құдіреттің, жазушының ғана қолынан келеді... Ал тарихтың жалаң да сараң деректерінен нағыз шынайы көркем шығарма тудыру үшін бірақ жазушы тер төгеді. Ондай орасан істі құдайдың оң көзі түскен, қаламын періштелер тербеткен, мыңнан, бәлкім, миллионнан біреу ғана атқара алады» деген жолдардан Ш. Мұртазаның шығармашылық өнерді терең таным тұрғысынан таразылап, тағылымды ой айтқанын көрсек, келесі бір сыншылдық бағыттағы мақаласында бұл ой онан әрі тереңдей түседі. Мәселен, Нұрғали Ораздың «Қазығұрттың інжу-маржандары» деген шығармасының тақырып аясы мен көркемдік танымы туралы ойын ортаға сала отырып, мынадай бір ешкімге ұқсамайтын жаңашыл пайым түйеді: «Көркем әдебиеттің де мұраты сол – оқырманның жүрегін жібітіп, сезімін селт еткізсе, еңбек зая кетпегені. Рас-өтірігін кім біледі, қас таланттың қаламын періштелер жетектеп отырады. Әрине, саусағына мүйізгек біткенше, қалам тербейтін кәдімгі жазушының өзі. Ал, бірақ шын шығарма туарда оның қаламын періште жетектейтіні рас көрінеді. Мен Нұрғали Ораздың ірі жанрларға роман, повестерге қалам тартартартпасын білмеймін. Ірі жанрға бармасаң, ірі жазушы бола алмайсың деген ұғым жоқ. Ал, біле білсеңіз, көркем әдебиеттің ең қиыны – әңгіме жазу. 50
Үйелмендей қара шойыннан бір мысқал алтын артық. Романға бергісіз қыпқысқа әңгімелер болады, және олар ұзақ жасайды» деу арқылы жас жазушының шығармашылығының нағыз шынайы бағасын береді. Ш. Мұртаза кейде шығарманы оқып отырып, талдау үстінде обьектісіндегі жазушыны өз ой-танымымен де салыстырып отыратындығын да жасырып қалмайды. Бұл турасында жазушының Оралхан Бөкеев шығармашылығы туралы айтылған бай дүниетанымға құрылған эссесінде батылырақ, әрі тереңірек сүзе айтады. Кезекті бір іссапарда Мойынқұм жерінде болып, тек одан проблемалық көлемді очерк жазып қайтқан Ш. Мұртаза біраз жылдан кейін редакцияға жаңадан жұмысқа келген О. Бөкеевтің тап өзіндей азғана уақыт Бетпақдала жерінде болып, нағыз талант ретінде танымы тамырлана түскенін, соның нәтижесінде «Құм мінезі» деген көркемдігі мен идеясы тең түсіп жатқан әуезді повесть жазғанын тамсана тілге тиек етеді: «Мойынқұмда мен де болғамын. Малшылардың арасында апталап жүргенім бар. Әсіресе, бір көрініс көз алдымнан кетпейді. Қойшының үйіне бір «Уазик» жын қаққандай құтырына келіп, үйдің көлеңкесінде жатқан ақ ешкіні қашып үлгергенше басты да кетті. Жамбасы қираған ешкі пышаққа ілінді. Жаңа туған лағы жылады да қалды. Келген ферма бастық екен. Управляющий. Удай мас. Рульде өзі. Осы оқиғадан бастап, қойшы тұрмысынан, құм өмірінен бір повесть жазбақшы болдым. Бастадым да...» Бірақ осы повесті аяқтауына жазушының баспа ісінен қолы босай қоймайды. Ал тап осы арада Оралхан Бөкеевтің «Құм мінезі» повесі жазылады. Ол туралы Ш. Мұртаза таңдана да тамсана былай деп жазды: «Міне, жазу! Жазсаң – осылай жаз. Әйтпесе, кінәсі жоқ ақ қағазды шимайлап былғама. Он күндік сапарда бұрын өзі көріп-білмеген жердің тамырын басып танып, сол құмдағы адамдардың мінез-құлқын, психологиясын, тұрмысын, жүріс-тұрысын, ең бастысы – жанын ұғып-білу – жаратылыстан дарын иесіне ғана дарыған. Әйтпесе сол құмда мен де талай рет болдым ғой! Иә, кәдімгі бұйығып жатқан бұйра құм. Сексеуілі, шөбі, қояны, қырғауылы, шопан үйі, қойы, иті т.б. Ал, Оралханның көзімен қарағанда, мен бұл құмды өлкені тұңғыш рет көргендеймін. Құмға жан біткен. Құмға мінез біткен. Құм момақан екен. Құм дүлей екен. Құм әнші екен. Құм күйші екен. Құмда да қуаныш, құмда да мұң болады екен» дей келе, автор бұл әуездің түпкі тіні қайда жатқанын өзіндік пәлсапамен ары қарай былай деп ұштайды: «Әдебиет пен әуен – егіз. Әуені жоқ, жүрегінде жыры жоқ, музыкасы жоқ әдебиет – көркем әдебиет емес. Әттең, мен қалай байқамағанмын. Ауданнан, совхоз орталығынан ілесе келген үлкен-кіші бастықтармен ет жеп, коньяк ішіп, карта ойнап, қырғауыл атып жүріп, қалай байқамағанмын. Сөйтсем, құмның іші жақсылыққа да, жамандыққа да, адалдыққа да, арамдыққа да толы екен...» . Оңтүстік өңірден шыққан белгілі жазушы М. Байғұттың қазіргі қазақ әдебиетінде проза жанрына қосқан үлесі қомақты, оған арқау болған 51
көркемдік кеңістігінің Ш. Мұртазаның туған жерімен шектесіп, ұласып жатуы жазушыға үлкен сыншылдық ой туғызса керек. М. Байғұт шығармаларын оқи отырып, ондағы мәселелердің авторлық шешімін бас шұлғи құптап қана қоймай, шығармадағы моральдық құндылықтардың оқырман бойына ақырындап еніп, жан дүниесін рахатқа бөлеуі арқылы рухани байытатынын тап басып таниды. Ол туралы ойын ортаға салады. «Әрбір әдеби шығарма – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі», – дейді З. Қабдолов. Мейлі, қандай әдеби шығарма болсын қоғамның шындығын айтуы керек дедік. Ал қазақ қоғамының алтын қазығы ауылдан басталатыны белгілі. Ауыл – қазақтың екінші аты екендігі жиі айтылады. Біреу жақтырар, екеу жақтырмас, бірақ бұл өзі шынында да солай. Қазақ ауылы өзге ешқандай да ұлттың ауылына ұқсамайды. Тіпті базбір жақтарын ұқсағанның өзінде, әйтеуір бірер өзгешеліктері білініп тұрады. «Ұлтымыздың уызы – ауыл», – деп ауылға жазушының өзі осылай баға береді . Демек, қоғам шындығы – ауыл шындығы, айналайын ауылдың жарасы – қоғамның бетіндегі қара дақ болары хақ. М. Байғұттың ауыл тақырыбындағы, ауылдың тұңғиық тереңдігі, тәрбиесі мен қасиетті киесі, шешімін таппай жатқан түйінді мәселелері жайында жиі сөз қозғап, шығармаларына арқау етуі тегін емес. Тәрбиелік танымы мол шығармалары арқылы қоғам бетіндегі дақтары сылап сипаса да кетіруге әрекет етуі деп ұғынған жөн жазушының бұл әрекетін. «Қайран дархан көңілдің қазыналы қазақ ауылы! Сен де баяғы Абылайдың түсіндей бақа-шаяндап, құрт-құмырсқалап бара жатырсың-ау. Қазақтың қақырамас үш таған ошағы, қара қазаны, қара шаңырағы, құтберекесі, түп қазығы, тал бесігі осы ауыл емес пе еді?» – деп күйзеле толғанды Ш. Мұртаза. Шерағаң Мархабаттың «Киікотын» оқыған соң-ақ осындай күйзеліске ұшырайды. Көркем дүниенің киесін көзін жұмып отырып-ақ сезе білетін Шерағаң Мархабаттың ауыл тұрмысын әсіре бояуларсыз көркем суреттеп бере білгендігін осындай ойға келіп отыр. Бір-бірімен әсем үйлесіп, әдемі әуез табатын Ш. Мұртазаның сыншылдық бағытта жазылған эссе, портрет, мақалалары әдебиеттегі өнерді танудың жаңаша бір қырынан көрінген құнды дүниелер болып табылады. Кім туралы, не туралы, қандай жанрда айтпасын, Ш. Мұртаза өзінің ашық айтатын, тік айтатын, әділінен бағалайтын әдебін бұл жанрда да жандандыра түсті. Ешкімнің атақ-даңқына қарап, немесе абырой-парқына қарап, қаламын қалтыратып ұстаудан бойын таза ұстады. Жазған дүниелерінің бәрі тек ұзақ жылғы шығармашылық пен қайраткерліктің елегінен өтіп, сүзгісінен сығымдалған суреткер жазушының танымы екенін аңғартып тұрды. Сонымен Халық жазушысы Шерхан Мұртаза соңғы он-он бес жылдың бедерінде түрлі жанрда суреткер ретінде де халқына қызмет етіп, ел52
жұртының тағдырындағы, замана толқынындағы аса бір зәру мәселелерге жан сала қалам тартып келеді. Қауымның көкейіндегісін дөп басып айта білген, жеткізе білген қаламгердің еңбегі жұрттың ықыласына, құрметіне ие болуда. Ал енді Ш. Мұртаза шығармашылығын тұтас алып қарап, оның шыншылдық қасиеті, идеялық құндылығы неде дегенде, жеке шығармаларға тән сипат-белгілерді емес, барлық шығармаларына ортақ ең басты өзгешелікке назар аударған жөн. Бұл орайда қаламгер шығармашылығының қоғам өмірімен, халықтың, ұлттың ой-санасымен тығыз байланысы, тамырластығы және оның өмір құбылыстарын биік адамгершілік идеялары тұрғысынан шебер бейнелеуге негізделген зор танымдық, көркемдік, тәрбиелік мәні алдымен айтылуға тиіс. Сұңғыла суреткер бүкіл бір тарихи дәуірдің тынысын айқын аңғартып, аса маңызды әлеуметтік мәселелерді терең толғайды. Осы кең мағынасында Ш. Мұртазаның барлық шығармасынан заман шындығын, сан алуан өмір құбылыстарының кескінбейнесін айқын көре аламыз. Ш. Мұртаза шығармашылығы жалынды жазушының өзі өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты, барынша толық бейнелеп берді дейміз. Осы замандағы қоғамдық өмір салтының, ой-сана, ұғым-түсініктердің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп тамыры әріде жатқанын ескерсек, Ш. Мұртаза шығармашылығы қоғам көшіндегі бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттық мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді деген жөн. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік, моральдық мәселелердің, мысалы, әділдіқ, бірлік, достық, еңбексүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен қатар озбырлыққа, жауыздыққа, екіжүзділікке төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық мәселелері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді дегенмен халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып, жалғастық тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Ш. Мұртаза шығармашылығы кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен себін тигізе алатынын мойындауымыз керек. Олай болса, Ш. Мұртаза шығармашылығын өз дәуірінің шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс деп санауға болмайды, ол заман ауысып, уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға ықпал-әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын асыл мұра. Тапсырмалар және сұрақтар: 1. Ш.Мұртазаның повестеріндегі кейіпкерлер әлемі қандай? 2. Ш.Мұртаза шығармаларындағы ұлттық характер қаншалықты дәрежеде ашылған? 3. Жазушының шағын прозадағы портрет жасау шеберлігіне тоқтал. 4. Ш.Мұртазаның әдебиет сыншысы ретіндегі ұстанымын даралап көрсет. 53
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Мұртазаев Ш. «Шахтер үні». //Лениншіл жас. -1958. -31 тамыз. 2. Мұртазаев Ш. Құрылысшы Дәку. –Алматы: Қазмемкөрәдеббас, -1958. -62 б. 3. Жақсылықбаева Р.С. Ш. Мұртаза – публицист, редактор. Алматы: Қазақ университеті. 2003. -193 б. 4. Жұмабеков С. Жұлдызы нұрлы суреткер. –Алматы: Өлке, -1993. -127 б. 5. Мұртаза Ш. Таңдамалы. 6 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. -4т. -591 б. 6. Колосов Г.В. Искусство публицистики. –Алма-Ата: Казахстан.-1968.-192 с. 7. Әбдірайымов Т. Шерхан Мұртазаның журналистік және редакторлық жолы. (Диплом жұмысы), Ғылыми жетекшісі: Б. Жақып. –Алматы; -1991.-44 б.
54
II. Авторлық дүниетаным және идеялық ұстанымның көркемдік сипаты Автордың алғашқы шығармаларындағы адам, өмір, қоғам тануын бейнелеудегі көркемдік ізденістері Табиғаттың төл тумасы адам десек, оның өмірлік жолын қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі – қоғамдық орта. Әрбір жеке тұлға осы өзі өмір сүріп отырған қоғамдық ортамен әрекеттесе отырып қалыптасады. Қоғамдық ортаның әсіресе шығармашылықпен айналысатын өнер иелеріне қандай да бір тұрғыдан болмасын ықпалы күшті. Сондықтан да, ел таныған тарихта орны бар, халық адамы болып танылған қайраткерлер туралы ой қозғалғанда олардың қоғамдық болмысы басты ерекшелігі болып табылады. Қазақтың өнері мен әлеуметтік өміріне шексіз еңбегі сіңіп, ғұмырын халқына арнаған ұлттық тұлғалардың шығармашылық еңбегі мен қоғамдық болмысын тану мен таныту бүгінгі әдебиетіміз бен қоғамдық танымымыздың басты мәселелерінің бірі. Бұл ұстаным талабынан қарар болсақ, ел жүгін арқалаған, қазақтың көсемсөзі мен көркемсөзіне, бірдей еңбек сіңірген, – халық жазушысы Шерхан Мұртазаның шығармашылығы мен қоғамдық келбеті ерекше назар аудартады. Шерхан Мұртаза – көркемсөздің ел таныған хас шебері, дарынды драматург, қоғам қайраткері, аса көрнекті публицист, халқы құрмет тұтқан ардақты азамат. Тәңірі сыйлаған барша ғұмырын елі, Отаны, жері үшін арнап, ерен еңбегімен халқының кемеңгері, ұлттың тұлғасына айналды. «Жазушының еңбегі кейде жер қойнауынан асыл тас іздеген кенші еңбегіне ұқсайды. Бірақ асыл тасты табумен кенші жұмысы шектелмейді ғой. Ол тастың бір кесегінен бір мысқал алтын ба, алмас па сондай нағыз асылдың өзін тапсаң, міне сонда ғана еңбегіңнің жанғаны, маңдай теріңнің өтелгені. Асыл іздеген кеншінің қолында неше түрлі құрал-сайманы бар. Солардың көмегімен тастың құрамын анықтайды, ажыратады. Ал, жазушының қолында қаламнан басқа ештеңе жоқ. Енді қайтпек керек? Өмірді қалай зерттейді? Адамды қайтіп таниды? Мінеки, қаламнан басқа «құрал-сайманның» керек жері. Олар қайдан табылады? Олар жазушының өз жанында. Жүректің көзі, айнасы. Жанның сезімі, түйсігі. Мидың магниті. Сол жүрегіңнің көзімен көріп, жаныңның сезімімен түйсініп, миыңның магниті жинаған дүниелерді қорытып, пісіріп қағаз бетіне түсіретін табанды еңбек. Осылар тұтаса келе жазушының қолы да жауһарға жетпек. Іздеген асылын таппақ». Оның алғашқы очерктері, деректі әңгімелерге арқау болды. Ол қоғам, әлеумет мәселелерін, адам проблемаларын алға қойып, әуелі публицистикадан ой айтса, кейін көркем шығармаға айналдырды. Кез-келген өнер иесі, мейлі, ол жазушы болсын, әртіс, актер, суретші, кескіндеуші болсын, оның көркемдік таным жолына өзіне дейінгі алдыңғы толқынның да әсер ықпалы болды. Қазақтың ұлттық ауыз әдебиеті – фольклор мен кейінгі кездегі әдеби-тарихи туындылардан нәр алғаны рас, 55
Ш. Мұртаза білім алып, өмірге қанат қағып, біліктілігін шыңдаған 19381950-1956-1960 жылдары қазақ әдебиетінің ең бір үздік, көркем дүниелері Ш. Құдайбергенұлы, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов т.б. авторлардың азатшыл сарындағы шығармалары оқылмайтын және бұлар туралы айтуға тыйым салынған кез еді. Есесіне, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин т.б. туындыларынан оқыпүйренуге жол ашық болды. Соғыстан кейінгі жарыққа шыққан М. Әуезовтің «Абай» романының екінші кітабы (1947), С. Мұқановтың «Өмір мектебі» (1953), «Сырдария» (1948), Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» (1949), «Оянған өлке» (1953), Ғ. Мұстафиннің «Миллионері» (1948), «Қарағанды» (1952), Ә. Сәрсенбаевтің «Толқында туғандар» (1953), М. Иманжановтың «Алғашқы ойлар» (1950), Зейнолла Қабдоловтың «Өмір ұшқыны» (1955) сияқты прозалық шығармалардан оқып, өнеге алуға мүмкіндік мол болды. Жас прозашылардың туындыларын айтпағанның өзінде М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафиннің социалистік релаизм әдісінде коммунистік партияның қатаң бақылауында болып, жазылған романдарды оқып қана қою жас таланттар үшін аздық етті. Партия олардан үйренуді, тіпті сол ізбен жүруді де талап етті. Кеңестік дәуірдегі қоғамдық фактор коммунистік идеология және социалистік реализм әдісінің ықпалынан кімнің де болса, ол заманда алшақ кетуіне жол берілмеді. Қай жанрда жазса да, қаламгерлерден бүгінгі күнгі совет адамдарының коммунистің, комсомолдың, жұмысшы табының асқақ бейнесін сомдауды қатаң талап етті. 1956 жылы өнер деген қасиетті шаңыраққа алғаш әдеби үміткер ретінде қадам басқан Шерхан Мұртаза шығармашылығының бірінші кезеңінде жоғарыда айтылған саяси қоғамдық – тарихи факторлардың үлкен ықпалы болғанын көреміз. Жазушының қоғамдық тұлғасы, суреткерлік болмысы бір күнде қалыптаса қойған жоқ. Құрдымға кеткен Кеңес өкіметі тұсында жарық дүние есігін ашқан, коммунистік партия идеологиясының қасаң саясатынан сабақ алып, пионер, комсомол, партия жолдарының барлығын басынан кешірген әсіресе сол қасаң саясатты жүзеге асырудағы орны ерекше, баспасөзде ширек ғасыр қызмет еткен жанның таным-түсінігі мен азаматтық ұстанымын бұл жағдайлардан бөліп алып қарай алмаймыз. Сол себепті де халық жазушысы Шерхан Мұртаза шығармашылығының танымдық және ұстанымдық болмысын бағдарлауда жиырмасыншы ғасырдың орта шеніндегі саяси, қоғамдық әдеби ахуалдарға соқпай өту мүмкін емес. Әдебиетшілер, философтар, өнертанушы қауым дәлелдегендей, «тағдыр» ұғымы кез-келген жанның өмірлік жолының негізгі бағдаршысы десе де болғандай. Шығармаларының дені өз тағдырынан алынған Шерхан Мұртазаның бұл ұстанымы әйгілі эстет-философ М. Бахтин «Тағдыр» – оның қасиетінің формасы емес, оның болмысының формасы» – деген суреткерлік тұғырнамалардың негізін ашатын ойымен еркін үйлесім тауып тұр. Тағдырлық болмыстан жазушы тұлғасының түпкі тегін іздер болсақ, біз міндетті түрде Шерхан Мұртаза шығармашылығының 1956 жылдан басталған журналистік жолының өткен сілемдерінің сырына тереңінен 56
бойлаймыз. Сатылап дамыған журналистік танымдағы өткір ой, батыл бағыт, тың ізденіс, терең түйсік, жан-жақты талдаулар, биік талғам, тағылымды толғам, әсем эстетикалық концепциялар Шерхан Мұртазаның проза жанрына қалам тартуына себепші болды. Мұнан әрі Шерхан Мұртаза қаламының жаңа бір қырын танытқан «Құрылысшы Дәку» очерктер жинағы болды. Көптеген очерктер топтастырылған бұл жинақты еңбек адамдарының қоғамдағы орны, жұмыскер мүддесі, жанқиярлық еңбекшілдігі, ең бастысы қоғамдық мүддені жеке басының қам-қарекетінен жоғары қоя білетіндігі, замандастардың жасампаз тұлғалары айқын көрінеді. 1956-1963 жылдар аралығындағы жалынды журналистік ізденіс публицист Шерхан Мұртазаның проза жанрына қалам тартуына себепкер болды. Көрнекті публицистің сол жылдардағы жазылған очерктерін зерттеуші Р. Жақсылықова былайша таратып көрсетеді: «Шерхан Мұртаза очерктерін тақырыптық, түр жағынан саралағанда, былайша жүйелеуге болады: – оқиғалы-портреттік, әлеуметтік-проблемалық очерктері. Публицистің бұл очерктерін үш салада алып қарастыруымызға болады, олар: 1) 1957-1960 жылдары Қазақстан Магниткасы Теміртау металлургия зауытынан жазылған очерктері; 2) 1960-1975 жылдар аралығында Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатынан, Қаратау химия өндірісінен, Өр Алтайдың Бұқтырма су-электр станциясынан жазылған очерктері; 3) 1960-1980 жылдардағы тың даласының егін науқанынан және мал шаруашылығы, әсіресе, оның ішінде, қой шаруашылығы туралы очерктері; – жолсапар очерктері. Бұл очерктері 1980-2000 жылдары баспасөз беттерінде жиі көрініс тапты» . Жазылған очерктерде басты нысана ретінде журналист жұмысшы қауымның адал еңбегінің нәтижесін көрсетуді мақсат тұтты. Ш. Мұртаза 1956 жылы баспасөзге оның ішінде Қазақстан Республикасының ең бір беделді де белді үнпарағы «Лениншіл жаста» еңбек жолын бастайды. Алғаш хабарламалар мен өзге ұлттардың шағын әңгіме ертегі, мақалаларын аударып басып, шағын көлемдегі материалдар жариялап отырады. 1957 жылы «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі болып тағайындалып, осы өлкелердегі жаңадан меңгеріліп жатқан Ауыр Өнеркәсіп пен Тыңды игерудегі жаңалықтарды төл тақырыбы етіп алады. Үнемі Коммунистік партия нұсқауы мен Кеңестік идеологияның адамның өміріне оң ықпал-әсері мен жетістіктерін жазу, халыққа мадақтап жеткізу, әрбір істе К. Маркс, Э. Энгельс, В. Ленин бастаған коммунистердің айтқанына сүйеніп отыру, партия саясатын, идеологиясын жазылар мақалаларда басты назарда ұстап, бар мәселені сол тұрғыда қойып, шешімін де тап солай табу Н. Хрущев, Л. Брежнев басқарған кеңес өкіметінің басты қағидаты болатын. Адам өзі өмір сүрген қоғамнан тыс бола алмайды деген ақиқат көзқарасты негіз етсек, жас журналистің қаламының табы сол саясаттардан бөлек болды деп айтуға әсте болмас. Бұған дәлелді Ш. Мұртаза шығармашылығынан басты орын алатын публицистика, повесть, әңгіме, 57
роман, драма жанрларының қай-қайсысынан болсын мысалды келтіруге әбден болады. 1957 жылы «Лениншіл жас» газетінің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болған жылдарында Қарағанды металлургия заводы мен Қазақстан магниткасының алып ордасы Теміртауда болып күнделікті қызметіне орай жұмысшылар мен жас кадрлармен жиі кездесіп, еңбек майданының қырсырымен жете танысады. Металлургия заводының алып құрылыстарын салуда аянбай еңбек еткен, «болашақ коммунизм» қоғамын орнатуға күшжігерін сарқа жұмсаған жұмысшы табының өкілдерінің асқақ бейнесін, ерен еңбегін үлгі еткен өндіріс тақырыбындағы очерктерін жазды. Олардың қатарында «Тотия», «Алып қазан», «Ел – ер үшін, ер – ел үшін», «Тасты қақыратқан күші», «Темір тілген ер», «Ағайынды үш азамат», «Нэлли – цыган қызы», «Болат және адам», «Бұлттар көшіп барады», «Үш буын – болат буын», «Алып құрылыстың адамдары» т.б. айтуға болады. Шерхан Мұртазаның журналистикаға келген сәтінде екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына он жылдан енді ғана асқан кезең болатын. «1950 жылдар – халық шаруашылығын қалпына келтіру, елдің әлауқатын жақсарту жылдары. Бұл дәуірде коммунистер басқаша қабілет, өзгеше қасиет танытты. Суреткер енді өзінің «адам жанының инженері» миссиясын бұрынғыдан да үстемеледі. Психологиялық анализ, терең барлау, кейіпкерді қоғамдық іс үстінде, дәуірмен тығыз бірлікте суреттеу – образ шынайылығына жеткізер көп шарттардың бастылары. Шындықтың образын жасау және керісінше, образ шындығы – бұл екі мәселе көркем әдебиетте тереңірек көрсетілді. Коммунист – жетекші қызметкер. Ол енді ескі дәуірде туып, біртіндеп, жаңарған кейіпкер емес, бүтіндей жаңа қаһарман. Совет дәуірінде туған, совет мектебінде оқыған, партия, комсомол тәрбиелеген еңбек адамдары, еңбек интеллегенциясы» . Коммунистік партияның бұл талабы Кеңестер Одағында өмір сүріп отырған қарапайым адамнан бастап, барлық өнер иелері лауазымды орындардың барлығына қойылған міндет болды. Аталған талапты әсіресе жазушы, журналистердің шығармашылығында жүзеге асыруы қатаң қырағылықпен Орталық Комитет тарапынан жиі тексеруге ұшырады. Ұлттық журналистика мен әдебиеттің қиын халі айтар ойын астарлап жеткізіп, санамалап айтуға мәжбүр етті. Қаламгер Ш. Мұртазаның публицистикасы жанр жағынан алғанда түрлі саланы қамтиды. Мұнда қатардағы күнделікті заметкадан бастап, репортаж, корреспонденция, мақала, рецензия, очерк, фельетон секілді публицистиканың әр алуан жанрлары кездеседі. Кез-келген жанрда қалам тербеп, мәселені әр қырынан шебер, ұтымды жеткізу Шерхан Мұртаза үшін тиімді әдіс, әрі өмірлік шындықты бояусыз көрсетуге мол мүмкіндік ашты. Осылайша баспа бетінде түрлі жанрда жазып, жиі көрінген көлемді мақалаларында заман талабы тұрғысынан терең мәнді мәселелерді көтерген Ш. Мұртаза шығармашылық жолын шыңдай түсті. Алғашқы 58
публицистиканың өзінде адамдық ақ жолдың мәселелерін көтеріп, оған жауап іздеген журналистің жан айқайын көреміз. «Пасық», «Өсектен өлген» атты проблемалық мақалаларында оқырман хаты, туралап айтсақ Жұмабай Тұрсынәлин дегеннің «Алданған жүрек» деген мақаласы себепкер болады. Хаттың жалпы мазмұны Ж.Тұрсынәлиннің Қабиба Мананова деген азаматшаның моральдық тұлғасына қатысты айыптау, кінәлау секілді сұрақтар, сауалдар төңірегінде өрбіген. Оқырман әрі жазарман Ж. Тұрсынәлиннің проблемасына орай Ш. Мұртаза Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы К. Ахметовтың кабинетінде Ж. Тұрсынәлинмен кездеседі. Жазықсыз жанның атына кір келтірген Ж. Тұрсынәлиннің жалақорлығы әшкере болады. Кейіннен кімнің ақ, кімнің қара екеніне «журналистік талқы жасаған Шерхан Мұртаза «Өсектен өлген» деген мақаласында істің мән-жайын былайша сараптайды. «Алданған жүректің иесімен біз Қарағанды облыстық комсомол комитетінің хатшысы К. Ахметовтің кабинетінде кездестік. «Жүрегі алданған» жан отыздан асып қалған адам екен. Көзі алданған аңқау, аңқылдақтың қасіретті, мұңлы көзі емес, бәле іздеген түнгі алдамшы оттай, сынаптай тайқақтап тұрған сусымалы көз екен. – Қабибадан бұрын біреуге үйленіпсің ғой, мақалада оны неге жасырдың? Өзің ЗАГС-те сол бұрынғы әйелің Халида Файызовамен бірге тұрады екенсің ғой. Сөйте тұра Қабиба Манановаға үйленгенің қалай? – дейміз біз. – Бұрынғы әйелім бала таппаған бедеу болып шықты, сол себепті тастадым. Бала іздеген батырдың тілеуі қабыл болып, өзі қалап төрт жылдай соңына түсіп жүріп қосылған Қабибадан Болат атты ұл туды. Бір ғажабы, бұған әке қуанбады. Қабиба Болатын алып, әйелдер босанатын үйден өз үйіне келгенде, әке шіркін аһылап, үһілеп, қабағынан қар жауып, ащы тілден зәр тамды. Ойда жоқта жанжал шығарды. ...Дүлей мінез жан ашу үстінде үйдің терезесін ұрып түсірем деп, қолын жарақаттады. Бірақ, мұнысын жасырып, мені көшеде біреулер пышақтап кетті деп, мүгедектік категория алып алды...», – деп әділеттілік іздеп, адамгершіліктің «жаршысы» болғысы келген Жұмабайдың бұдан басқа да көптеген жат қылықтарын автор аяусыз сынап көрсетті. Мақала соңында Шерхан өз ойын: «Ұзын сөздің қысқасы: Ж. Тұрсынәлин жазықсыз жандарды, өз еңбегін адал атқарып жүрген азаматтарды жамандап, жала жапты. Жалақор арыздарын боратып, талай жұрттың уақытын алды. Жазықсыз адамдарды таяққа жықты. Біздің гүл жайнаған өміріміздегі ащы тікенек бұл мұндай бәлеқор, өсекшіл жандар қоғамның адал адамдарын әурелемесін» деп қорытындылап, қоғам өміріне зиян келтірушінің әрекетінен өзгелерді де сақтандырар ой тастайды. Олай болса, «журналист – қоғамның қайраткері әрі күрескері. Ол өмірде туындап отырған жаңа өзгерістердің, проблемалардың шешімін табуға тырысады. Өз заманының шешілмеген күрмеуі мол дүниелеріне жауап іздейді. Бұл журналистік шеберлікке бастайтын жол», – екендігін ескерсек, Шерхан 59
Мұртазаның көптеген көлемді проблемалық мақалаларынан да кездестіруге болады. Бұдан шығатын қорытынды Шерхан өмірдің ащы шындығын сол кезеңнің өзінде-ақ тез аңғарып, қаламына арқау етіп, оқырман көңіліндегі жағдаяттардың себеп-салдарларына тереңінен үңіле отырып, қарабайыр тіршіліктегі күдігі мол сұрақтарға жауап таба біледі. Осы тұста, журналист Мыңбай Ілесовтың: «– Мен 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген соң, «Лениншіл жасқа» жұмысқа тұрып, бір жыл қызмет жасадым. Ол кезде Шерхан аға газеттің Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі болатын. Бізден бірер жыл ғана бұрын газетке келгенімен, оның жазған материалдары ойлы, салмақты жататын. Содан да болар, біз Шәкеңді үлгі тұтып, қызыға қарайтынбыз...» – деген пікірі Ш. Мұртазаның қаламы ұшқыр, ойы терең журналист екендігін нақтылай түседі. Дей тұрғанымен журналистің өзі өмір сүрген қоғамнан тыс қалуы еш мүмкін еместігі – аксиома. Бүгінгі шебер публицист, майталман редактор Шерхан Мұртазаның журналистік танымын оның алғашқы қадам жасап, қалам алған дәуіріндегі қоғамдық талап-тілек, мүдде мәселесіне тарихи уақыт өлшемі тұрғысынан қарасақ зерттеуші Р. Жақсылықова саралап көрсеткендей аумақты. Баспасөзге қоғамның қойған талабы Ш. Мұртазаның өзі айтқандай «Әдебиеттің партиялық, халықтық принциптері – әншейінде айтылып жүретін жалаң ұран емес, бұл біздің қолдан тастамайтын жалынды туымыз. Бұл туды әсте қолдан шығаруға болмайды, ол бізге өнеріміздің тазалығын көздің қарашығындай сақтау үшін қажет. Біздің бәріміздің міндетіміз жастарды идеялық жағынан тәрбиелеп, олардың отансүйгіштік, патриоттық рухын жоғары көтеру. Бүгінгі цивилизацияның көрінісі тек қана сәулетті қалалармен шалқыған байлық, көл-көсір табыстар десек бір жақтылық болар еді, шынында бүгінгі заманның ең қасиетті сипаты деп партия мен халық тәрбиелеп өсірген совет азаматының адамгершілік бейнесін айтамыз. Біз өзіміздің барлық творчестволық күш-жігерімізді социалистік болмыс тудырған осы адамның толыққанды бейнесін жасауға бағыштауымыз керек», –деген журналистік танымы оның 60-жылдары жазылған публицистикасының қай жанрынан болмасын көрініс берді. Бұл дегеніміз Шерхан Мұртазаның да Социалистік Қоғамның барша өкілдері сияқты Кеңес өкіметі мен Коммунистік партияның саясаты мен идеологиясының жасампаздығына сенген, сол жолды авторлық концепциясына тұғыр еткенін көрсетеді. Кешегі Кеңестік дәуірде коммунистік идеологиямен нәрленбеген жан баласы кемде-кем еді. Ендігі жерде халықтың көкейіндегі арман-мүддесі коммунистік қоғамның құрылысшыларының ерен еңбегін, үлгілі өмір жолын, Кеңестік нық сенім, интернационалдық келбеті мен пәруана лениншілдігін сомдаған Шерхан Мұртаза очерктерінен орын алды. Алғашқы очерктерде жас жұмысшылардың табысты еңбектерін, жалынды қайсарлықтарын тиек еткен «Тотия», «Алып қазан», «Ел-ер үшін, ер-ел үшін», «Тасты қақыратқан күш», «Темір тілген ер», «Ағайынды үш азамат», «Нэлли – цыган қызы», «Болат және адам», «Алып құрылыстың адамдары», т.б. очерктерін айтуға 60
болады. Журналист ретінде өзі көзімен көріп, жақын араласып, қызу еңбек майданы ортасында жүрген жас еңбек озаттарының тыныс-тіршілігін жазды. Озат еңбек иесі, Лениннің, партияның саясатын қолдайтын, коммунизм құрылысына еселі еңбек сіңіріп жүрген озат құрылысшы Дәку Әбдиев туралы Шерхан Мұртаза 1958 жылы «Құрылысшы Дәку» деген очерктер жинағын шығарды. Және де мұнда жеке басының ісінен қоғамның, өкімет пен партияның, халықтың мүддесін жоғары қоятын Дәку Әбдиевтің ерлік еңбегі мен жасампаз еңбегін паш етеді: «Демалыс күндерден өзге күндері балуан тақілеттес, мығым денелі, қыр мұрынды, қара мұртты, қасы қалың, дөң қабақ адам үйінен шығып, жұмысқа аттанады. Қайратты қалың шаштың астында жазық маңдайына оюланып түскен әжіммен үш сызық қана оның көпті басынан кешіргенін аңғартқандай, берекелі, игілікті, еңбектің ұзақ жолындай жосылып жатыр». Публицист құрылысшы Дәкудің озат еңбек жолын, құрылыстағы іс-әрекетін, еңбек адамының өршіл мінезін, биік мақсат, мұраттарға жету жолындағы абзал қасиеттерін тап басып, түйіндей білуі, – үнемі бірге жүріп жасаған іс-әрекеттерін өз көзімен көруі көп әсерін тигізген. Көкейде тұрған көп сұрақтың түпкі жауабын Шерхан Мұртазаның әр жылдардағы жарияланған публицистикасы мен сын мақалалары, көркем шығармаларының астарынан іздеу керек екен. Мәселен, Ш. Мұртазаның 1985 жылы жазылған «Адал еңбек» атты эссесі жоғарыдағы ойымызға нақты дәлел болады. Көлемі мен көркемдігі оқырманын иіріп алып кететін «Адал еңбек» эссесінде Ш. Мұртаза өзін біраз уақыттан бері үлкен толғанысқа салып, маза бермей жүрген Мемлекет, қоғам ісіне, халық игілігіне немқұрайды қарайтын жандардың қылмысты қылықтарын әшкерелейді. Еліне барғанда куәгер болған келеңсіз істі «...Араға бір жыл салып, сол ауылға қайта барсам, әлгі айқыш-ұйқыш өрнектің тамтығы да қалмапты. Оның есесіне көшедегі үйлердің шарбақтары жарқ-жұрқ етеді. Сөйтсе, әлгі жер суландыратын алюминий сияқты қымбат, әрі жеңіл түтік-трубаларды әркім-әркім кесіп-кесіп керегіне жаратып алған екен. – Бұл қалай? – Е, су шықпайтын болған соң, су шаруашылығының адамдары тастап кеткен, иесіз мүлікті әркім-әркім тасып алған да. Далада жатып шірігенше, қажетке жарағаны дұрыс та. Өзі бір жақсы материал екен, әр нәрсеге жарап жатыр, – деді баяғы ағайыным. Мен, әрине, соншама мол трубалардың бағасы қанша шығынға түскенін білмеймін, бірақ аз ақша емес екеніне көзім жетеді. Сонда су шаруашылығы мекемесінің ақшасының көптігі сонша, су орнына су болып ағып жатқаны ма? Не деген сұрауы жоқ дүние! Мекеме бастығының өз қалтасынан шығарып шашып жатқан ақша емес, әрине. «Мемлекет бай, бір миллион бола ма, екі миллион бола ма, сол да сөз болып па – списать». Осындай психология адамдарының еңбегі адал ма? – деген ойға қаласың» – деген авторлық ой-толғам Кеңес дәуіріндегі қанша лениншілміз, ісімізге адалмыз, бәрі де коммунизм үшін деген ұрандатып атқарған 61
тіршіліктің арасында да үлкен өрескелдіктер де болғанын жаны аура отырып жазады. Расында соғыстан кейінгі ел есін жинап, қарны тоя бастаған Л.И. Брежневтің тұсында адамдық психология құны арзандап кетті. Қоғам, халық мүлкіне тоқмейілси қарап, жаны ашымайтын, өз құлқынын ойлап, қазына мүлкін желге шашқандар көп болды. Тоқмейілсудің көп салдары бесжылдықтың саясатының ықпалынан туындағаны да шын еді. Коммунистік партияның әрбір бес жылда шақырылатын сьезі аралығында көбіне бесжылдық жоспарын асыра орындау керек деген ұранды саясаттың түп-төркіні асығыстықтан болатын сапасыз еңбек өнімін тудырды. Адамдар өзіне қажетті өнім үшін күреспеді, керісінше коммунистік партияның жалаң ұраны, жалған ақпары үшін тер төкті, табан тоздырды. Халық қазынасынан миллиондар желге ұшып, дақпырттың құрбанына айналды. Адам айтса нанғысыз бұл келеңсіздіктермен Ш. Мұртаза журналистік қаламды қолға алған кезеңнен бастап күресіп келді. Алғаш Қарағанды облысында тілші болып жүрген кезіндегі «Шахтер үні» атты проблемалық корреспонденциясында кен өндірісіндегі көптеген кемшіліктердің бетін ашып, орынды сауал қойып, мұнан шығудың жолын да өзі айтады. «Шындық – қатал. Участокте бәрі жетісіп жатқан жоқ. Көмір таситын вагонеткалар мезгілінде келіп тұрмайды. Яғни конвейер лентасын алайық. Ол да көбінесе істен шығып қала береді. Көмір тартпай тұрып қалса, оны жөндеумен талай уақыт өтеді. Керек-жарақ аз ба, тәйірі. Не керек, соның бәрі сақадай сай бола бермейді, – деп өндірісте орын алып отырған кемшілікті батыл айтады. Онан әрі журналист көптеген орын алған үйреншікті немқұрайды психологиялық түсінік иелерінің ісіне үлкен сын айтады. «...бір шахтаның өзі жыл сайын бір орманды жұтып отырады. Лаваға тіреу керек. Ағаш тіреу адам қажетіне бір күн жарайды да, лава көмірі алынып біткен соң, сол орнында, жер астында қала береді. Ал шахтерлар ол тіреуді қазып алып, қажетіне қайта жаратып жатпайды, өйткені, жаңа лавада жаңа тіреулер дайын. Дайын тіреу тұрғанда, қағулы тіреуді қазып бейнеттеніп несі бар. Егер, сол жер астында мәңгі бақи қалып бара жатқан ағаштарды алып, екінші рет пайдаланса, соның өзінен мыңдаған сандар үнемделеді» – дей келе, және бір кемшіліктің бетін ашады: «Күнбе-күн әдет болып кеткен кейбір жайлардың өзі байқап тұрсаң – шалағайлық. Айталық, лаваның ұзына бойына электр кабелі созылып жатады. Оны әркім аяғымен таптайды, көмір кесектерін тастайды. Бір аптадан кейін кабель іске жарамай қалады. Жаңасы керек. Ал, сол кабельді жерге төсеп тастамай, тіреу бойларына іліп қойса – бәрі бітіп жатыр, ешкім таптамайды да, көмір кесегі де теспейді», – деп атап өтіп, жұмысшылардың өздерінің жан қиярлық еңбектеріне қолдарымен, өз саналарымен зиян келтіріп жатқандарын, немқұрайдылық пен жауапсыз қарауларының толып жатқан шығын, ысыраптарын өткір ой, нақты дәлелмен келтіріп, бұл кемшіліктерді қалай дұрыс жолға қою керектігін де жан-жақты көрсетеді. 1958 жылдан бері жарияланған түпкілікті, көкейкесті мәселелерді көтерген Ш. Мұртаза қаламы 1984 жылы жарияланған «Адал еңбек» 62
мақаласында журналистік-жазушылық танымының түп-төркіні қайда жатқанын онан әрі былайша сабақтай түседі. «Адал еңбек. Мен ондай еңбектің иелерін өмірде көп көрдім. Сонау бұлдырап қалған бала кезде, соғыс жылдарында шешелеріміз шыр еткен торғайлармен бірге тұрып, бір шыны шай ұрттар-ұрттамастан колхоздың жұмысына аттанып, ел ұйқыға жатарда үйге бір-ақ оралатын. Техника тапшы қиын шақта ертеден кешке дейін еңкейіп, қол орақпен егін орғанда; қолдары күс-күс болып, қызылша тазалағанда; бет-аузын тозаң тұтып, молотилканың өңешінде тұрғанда; таудың мұздай суын жалаң аяқ кешіп, егін суарғанда: «Ау, менің еңбек ақым қанша? Неге жыл бойына тапқаным бір-ақ қап бидай? – деп налымапты ғой. Менің құрдастарым еңбекке деген осындай пәруана берілген аналардың, жеңгелердің үлгісін көріп өсті және өздері де бесіктен белі шықпай жатып, бұғанасы қатпай жатып еңбекпен ауызданып, еңбекте шыңдалды. Қаһарлы да қатерлі жауды жеңуге тек мылтық ұстанған солдат қана емес, орақ ұстаған сол қарт ана да дәулетін құраған, құрап жатқан, әне, осындай еңбекқорлар. Ал енді сол адал еңбек иелері тиындап жинаған қаржыны әлгі бір су шаруашылығы мекемесінің бастығы уыстап тұрып шашқанда, төбе шашың тік тұрғандай. Бұл қалай? Біреулер аянбай жұмыс істеп, маңдай терін төгеді, өзі үшін де, өзгелер үшін де қажыр-қайрат көрсетеді, дәулетке дәулет қосады. Ал енді біреулер сол дәулетті оп-оңай шашуға бейім тұрады» – дей келе еліміздегі барынша төмендетілген адам психологиясының сол кезеңдегі ойөресін тағы да өндіріс орындарында орын алған кемшіліктермен батыл сынап, мәселе көтереді. «...Тізе берсе, мұндай сорақылық әр саладан табылады. Тіпті, қолына қалам ұстаған қауымға – жазушыларға, журналистерге етене жақын кәдімгі қағаздың өзін алайық. Республикада жылына мыңдаған кітап шығады. Әрине, жақсысы бар, оқырман іздеп жүріп сатып алатындары бар. Бекер бойамаш – берекесіздің ісі. Ал енді шындық дейтін шіркіннің ала жібін аттамай айтар болсақ, көп кітаптар өтпей жатады. Оны маклатура дейді. Сол бозөкпе кітаптарды шығаруға мемлекеттің мыңдаған қаржысы жұмсалды ғой. Обал қайда? Сұрау қайда? Бұл мәселенің материалдық жағы, яғни ақша жағы. Ал тұзы татымсыз, адам жанына рухани азық болуға жарамайтын, заман, партия, халық талабына сай келмейтін нашар кітап – мораль, адамгершілік тұрғысынан келгенде, бейморальдік құбылыс дегенге жатады. Бұдан келген шығынды ешбір ақшамен өлшеп болмайды. ...Осыдан барып, әдебиетімізде теңгермешілік деген ұнамсыз қылық туады. Жақсы да – бір, орташа да – бір. Тіпті сол ортанқол дүниенің авторы нағыз жазушыдан гөрі құрмет пен атаққа, материалдық игілікке қолды көбірек көсіңкіреп жіберетіні болады. Әне, әлеуметтік әділетсіздік деп соны айтады» . Бұл мақалада адалдықты, тазалықты, еңбекқорлықты басты мүдде деп санаған, өзінің адамдық болмысы мен ар тазалығына ыждағаттылықпен қарайтын журналистің жан дауысын естиміз. Ендігі жерде адал еңбектің әділ 63
жолын табуды Шерхан Мұртаза коммунистік партияның саясатынан күтеді және бұл ойын онан әрі сабақтай түседі. «Әйгілі апрель пленумынан бері көп нәрсенің беті бері қарай бастады. Партиямыздың Орталық Комитеті Лениндік даналық пен әділеттік туын жоғары ұстауға үндеді. Істеген ісіне, қоғамға сіңірген еңбегіне қарай атақабырой, даңқ-дәреже болмақ. Мұндай әділет үндеуі партия үндеуі болған шақта тамыр-таныстық, жора-жолдастық жең ұшынан жалғасу сияқты мерез мінездерді қоғам тәнінен сылып тастау ләзім. Әлі күнге дейін аш ішекше аяққа шырмалып, рушылдық, жікшілдік, ауылжақтық сияқты аурудан неғұрлым тезірек арылмайынша, береке-бірліктің арасында сызат қалады» деп негізгі айтарын түйіндеп алып, кеңес халқы үшін аса маңызды бұл мәселені шешудің түп төркінін, қайда жатқанын және кімге сеніммен қарау керектігін былайша талдап айтады: «КПСС тің ХХҮІІ съезі қарсаңында Орталық Комитет жалпы халықтық талқылауға ұсынып отырған жаңа программасының, партиялық Уставқа өзгерістер енгізудің және қоғам дамуының 2000 жылға дейін қамтылған негізгі бағыттарының жобалары Ленин Партиясының, оның Орталық Комитетінің даналығы. Бұл үш тарихи документті де бүкіл халық болып, қуана-қуана қолдап отыр. Өйткені, бұл заманалық документтерде қоғамның адал ниетті әр азаматының арманы мен мүддесі бар». Осылай деп автор құжаттың ең маңызды тұсына тоқталады. «Партияның барлық мүшелері үшін міндетті партиялық және мемлекеттік тәртіпті сақтау. Барлық коммунистердің сіңірген еңбегі мен атқарып отырған қызметіне қарамастан, олар үшін партияда бір тәртіп, бір заң бар. Ендеше, түптің түбінде, әр нәрсенің негізінде адал еңбек жатыр. Егерде әркім өз қабілетіне, шама-шарқына қарай аянбай адал еңбек етсе қоғам, сөз жоқ қазіргіден де гөрі әлдеқандай пәрменді, қуатты, дәулетті бола түспек. Ол үшін арамызда әлі күнге дейін ұшырасатын жалқаулар, жылпостық сияқты мерездер жойылуы керек. Әркім өзінің қабілетіне, біліміне, ой өресіне, шамашарқына қарай орындап отырса, сол жұмысын адал атқарса көп қазынаның көзі сонда жатыр». Мақала авторы көтерілген мәселелер социалистік қоғамда өрескел бұзылған тәртіптің еңбек етушілердің әлеуметтік-экономикалық, рухани тыныс-тіршілігіне қаншалықты залалды екенін барлық қырынан талдап, талқылап көрсете келе, мазмұны терең публицистік, пәлсапалық ой түйіндейді. «Партия Уставындағы атақ-дәрежесіне, лауазымына қарамай, коммунистердің бәріне бірдей бір-ақ тәртіп, бір-ақ заң бар деген даналық, міне, осындай кейбір кесірлі кеселдерге бірден-бір ем. Түптің-түбінде, партия ісіне адалдық – өсудің, өркендеудің, берекенің, бірліктің асыл өзегі. Ал Адал Еңбек бәрін де жеңбек. Адалдық дегеннің өзі ұлылықтың туысы». Шерхан Мұртазаның сексенінші жылдардың аяққы шеніне дейінгі кезеңде жазылған публицистикаларында Ленинге, социалистік қоғам саясаты мен коммунистік партия идеологиясына деген адал сенімі ашық орын алады. 64
Ол – кеңестік идеологияның күшті кезеңі, сондықтан журналистік шығармашылықта айтылған өмір шындығын негізінен кеңестік, лениндік, коммунистік идеяларының «артықшылығын» уағыздап, үміт күтуге құрылады. Соны мазмұнды, терең ұлттық маңызы бар мақақаларында «Алтын күрек», «Адал еңбек», «Не жетпейді?» эсселерінің жазылғаннан кейін қоғамдық ой-пікірде болған «жылымық» бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында – партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Л.И. Брежнев тұсында бұл саясатты мойындамаушылар қуғынға ұшырап, әдебиет пен өнердің кейбір қайраткерлері шетелге кетуге мәжбүр болды. Алайда бір адамның билеуіне құрылған қоғамның И.В. Сталин өлгеннен кейінгі жағдайы жөнделе қоймады. Социализм экономикасы құлдырауға түсті. Жамап-жасқауға тырысқан М.С. Горбачевтің «қайта құру» бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады». Дегенмен, Лениндік идеяның уағыздалуы, оның ісі мен ақыл-ойының биік мүдде екендігі әдебиетте де баспасөзде де тап сол қалпында, солай биік тұрғыда қалып қойды. Революцияның ұйытқысы, Кеңес Өкіметін орнатушы Ленинге деген ыстық ықылас Одақтас Республикалар төл егемендігін жариялағанға дейін сол қалпында болды. «Не жетпейді?» деген эссесінде Ш. Мұртаза Қазақстандағы қолдан жасалған Қапшағай су қоймасындағы платинадағы балықтар трагедиясынан туындаған, өзі көзімен көрген сұмдық оқиғаны баяндайды. Табиғи өзендерді мекендеген балықтар ұрпақты өмірге алып келу үшін тұнық, таза су іздейді екен. «Ол үшін сонау Балқаштан өрлеп шығып, Іле бойлап, Қытайдың шекарасына дейін жетуі керек көрінеді. Жүздеген, бәлкім мыңдаған жылдар бойы балық тіршілігі осылай жалғасып келе жатқаны ғой. Ал енді бір көктемде ежелгі жолмен өрлеп келе жатса.... Кенет тұмсығы тасқа соғылады. Қапшағайдың сұр бетон платинасы қайырымсыз-ақ! Әлгі шіркін алтын сазандар сол мызғымас мылқау тасты бұзып өтпек болып, басымен бетон соққылағанда қан жоса болғанын көрсеңіз». Автор ойланбастан қолдан жасаған платина әлдеқандай қажеттілікке байланысты салынса да балықтар өсіміне зор зиян келтіргенін мәселе етіп көтереді. Ұрпақ үшін арпалысқан балықтардың қапысыз құрбан болуы аянышты хәл, табиғи апат. Журналистің көзімен көрген балықтардың ұрпақ үшін шеккен қасіреті оқырманның жүрегін сыздатып жанға қаяу салады. Есті адамның барлығы ойланып, ортақ шешім шығарар іс. Батыл шешім, әділ қадам жасау үшін бұл ең қажетті қасиеттің қайда жатқанына публицист үлкен философиялық ой айтады. «Балықтарда да тіл бар шығар, оны біз естімейміз де, түсінбейміз де, түсінгіміз де келмейді. Естір құлақ, түсінер пейіл болса, балықтар: – «Қайырымсыздар!» – деп азынап жатпағанына кім кепіл... Қайырымдылық, ізгілік деген ұғымның ауқымы ұлан-ғайыр. Адамды адам еткен, сірә ең алдымен еңбек десек, қайырымдылық да сол еңбектен кем тұрмаған болар. Өйткені құмырсқадан еңбекқор жәндік бар ма екен? Бал арасынан асқан бейнетқор табыла қояр ма екен? Ал адам олардан жүз саты биік тұр ғой. Адамды адам ететін, сірә қайырым мен мейірім. Адам 65
баласының өмірін берекелі, мағыналы, бақытты ету жолында күрескен ұлы революционерлердің іс–әрекетінде, ең алдымен қайырымдылық жанашырлық сезім жетекші рол атқарған шығар. Адам баласының, езілген тапты қорлықтан-зорлықтан, азаптан, қасіреттен, құлдықтан, қанаудан құтқару ісіне бүкіл саналы өмірін арнаған Лениннің іс-әрекеті, әрине ізгіліктің шыңы. Сол Ленин және Ленин гвардиясындағы нағыз революционерлер өзінің ғана күйін күйттеп, өз қарақан басының ғана қамын ойласа, несі бар, жұрт қатарлы, көптің бірі боп күнін көріп жүре берер еді, патшаның түрмесіне де түспес еді, азап пен аштық дәмін татпас еді. Толып жатқан тоғышарлардың тобында қыбыржыбыр тіршілік болар еді де. Ал енді саналы түрде басын қауіп-қатерге тігіп, азап жолын таңдап, адамзаттың азаттығы үшін, басқа жандардың жақсылыққа жетуі үшін өзіне-өзі бейнет тілеп алғандардың жаны адал. Қайырымдылығы ағыл-тегіл мол болғаны ғой» . Егер бұл мақаланың кеңес үкіметі дәуірлеп, Лениндік идеяның басты ұстаным болып тұрған кезде жазылғанын ескерсек, Ш. Мұртазаның адамзаттық биік қасиеттерді тек Ленин сынды көсемнің тұлғасынан іздеуі уақыт, саясат талабы деп білеміз. Бұл кезеңдердегі Ш. Мұртазаның тарихи танымы күрделі де қайшылықты жағдайларға толы. Ол негізінен дәуірдің, қоғамдық шындықтың жағдайларымен байланысты болды. Оның біразы жоғарыда айтылды. Ал сонымен бірге Ш. Мұртазаның публицистикасындағы Ленин, Коммунистік Партия, Кеңес Үкіметі, Социалистік қоғам, Интернационализм, Кеңестік идеология саясаттарын басты назарда ұстап көтере бағалаулары бұл дәуірдегі қазақтың ұлттық мәдениеті мен журналистикасы, әдебиетінің өсу, өркендеу жолында елеулі өзгерістер әкелген кезең болғаны даусыз. Мәселен «Адал еңбек» эссесінде Лениннің ісіне, идеясына бас ұрғанымен автор журналист ретінде көптеген мәселелерге өз тарапынан сараптау байыптаулар жасап, мәні тағылымды ой түйеді. Адалдық, мейірімділіктің адамзат үшін істе де, санада да маңызды екенін танытады. Ол үшін әуелі сұрауы терең, мазмұнды ойды оқырманға тастап, өз қорытындысын да шығарады. «Қазақстанда әлі Совет үкіметі орнамапты, қазақтардан шыққан нағыз коммунистер де жоқ екен, сондықтан Қазақстанда «Кіші октябрь» дауылын тұрғызу керек, сөйтіп республиканы қағып-сілкіп, кір-қоқыстан тазарту керек деген теориясымақ ашып, Голощекин сол сұмдық әрекетіне кірісіп те кетті. Оның немен тынғаны белгілі. Ол – Қазақстан тарихының қайғылы, қаралы беттері. Сұмдықтың, сұмдық шындықтың беті енді–енді ашылып жатыр. Әйгілі Апрель пленумынан бері шындық айтылып, қоғам өмірінде әділеттік орнай бастады. Ал бұл – қайырымдылық, ізгілік нышаны» – дей келе коллективтендіру тұсында болған өрескел саяси қателіктердің түптөркінін бар қырынан талдап-таразылайды. Ел үшін, ұлт үшін бұрмаланған демократия үшін құрбандыққа бас тігіп күрескен қайраткерлер Т. Рысқұлов және Ғ. Мүсіреповтердің гуманизмдерінің мейірімділік атты асыл қасиеттен туындағанын тарихи таным тұрғысынан таразылайды. 66
«Коллективтендіру тұсында демократияны мансұқ етіп, «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп жалаңдаған жандайшап есіріктердің озбырлығын әшкерелеп, Саяси бюроға, Қазақстан Өлкелік Комитетіне хат жазған адал азаматтар бар еді. Олар шыбын жанын шүберекке түйіп, халық үшін жан пидаға барса, ол мейірім күші екеніне дау жоқ. Т. Рысқұлов халық үшін жаны шырқырамай, тек кеңсе қызметін ыждағатпен атқара білетін функционер ғана болса, мансап жағынан өсіп кетіп, ажалынан бұрын атылмас еді. Ғ. Мүсірепов тек кітап жазғанды ғана біліп, бұғып жата берсе, қуғын-сүргінге ұшырамас еді. Жүрегінің жылуы аз, мейірімнен ада адам, сірә жазушы бола алмас. Жазса тек бәлеқор, жалалы арыз ғана жазар. Егер де Ғ. Мүсірепов адамгершілік сезімге, махаббатқа толы роман, повесть, пьесалар жазса – ол оның тек дарындылығынан ғана емес, азаматтық ар–ұятының биіктігінен деп білемін» деген публицист адамгершілік, гуманистік, демократиялық және философиялық мәселелерді көтере білді. Қазақ қоғамы үшін әлемдік, адамзаттық мәселелердің тағдырлық мәнін ашуда Ш. Мұртаза өткен заман мен қазіргі кезеңді үндестіре отырып синтездейді. 1980 жылдың соңынан бері құлдырай бастаған Кеңес өкіметінің рухани келбетінде тапшылыққа ұшыраған мейірім, қайырым, жауапкершілік сияқты асыл құндылықтардың жоқтаушысы болған Ш. Мұртаза «Не жетпейді?» мақаласында бұл ойларын оқырманның санасына саралап жеткізуді мақсат тұтады. Ізгі ойларын Ғ. Мүсірепов, ұлы Абай Құнанбаев танымдарымен ұштастырады. Тарих толған күрес, өмір де сол. Өмірдегі күресте адамның қабілетқасиеті сынға түседі, пікірталастар өрбиді. Айтыс–тартыс адам қасиетін болмыстың басты мәселесіне айналдырды. Бүгінгі Егеменді Қазақстанның соңғы 20 жылға жуық мерзімі көп ұлтты қоғамымыз бен жариялылықтың нығаюымен, ұлттық мүдденің күшеюімен сипатталады. 1991 жылдан бері жазылып келе жатқан Ш. Мұртазаның көлемді публицистикалары «Ақындар мен әкімдер», «Елім сағат айтам, Елбасы, Сен де тыңда!», «Тәуелсіздік толғамдары» т.б. шығармашылығынан аңғарылатын оның тарихи дүниетанымдық көзқарастары қазақтың ұлттық ойлау жүйесіндегі тұтастықты нығайтып, рухани сабақтастықтың ісі айқын байқалады. Ш. Мұртаза өзі өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын әр қырынан байытып, сол қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани, мәдени жетістіктері мен кемшіліктерін ой таразысына салып, сайып келгенде, оның философиялық жүйесіне, оның ішінде көркем әдебиет, драматургия мен публицистикаға өзінің өлшеусіз үлесін қосты. Ш. Мұртазаның тәуелсіздік танымын дүниетанымдық, тарихи–философиялық көзқарастарын, осыған сәйкес ұстанымдарын қарастырмас бұрын, бүгінгі ғылыми түсініктегі тарихи сана ұғымына тоқтала кетейік. «Тарих – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Жады немесе әлеуметтік ес неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда қоғам да рухани бай болады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жері екендігі рас. Ал бұл тарихи 67
білім берудің мақсаты жан–жақты дамыған тұлғаның ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады. Тарихи білім немесе тарихи эрудиция – бұл тұлғаның рухани байлығы. Қазіргі адамның алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік мәдени тәжірибесіне тереңірек дендеген сайын оның өмірлік және азаматтық ұстанымы да айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының қалыптасуына оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік оның өткені мен бүгінін мақтан тұту, патриотизм деп аталатын сезімдердің құбылысын тудырады. Тарихи айғақтар, уақиғалар адамның санасында қашанда белгілі бір көзқарастармен байланыста құрастырылады. Ал кеңес дәуірінде ойлау мәдениетінің дүниетанымдық негізін маркстік-лениндік теория құрады. Алайда, бұл ілімнің сыңаржақтылығы кеңестік өзге ғылымдар сияқты тарих ғылымында да қайшылықтардың орын алуына негіз болады». Қазақ баспасөзінің саңлақ таланттарының бірі – Шерхан Мұртазаның шығармашылық ғұмыры жоғарыда айтылған өзгеріс пен төңкеріс толы ХХ ғасырдың сындарлы тұстарына дәл келуі себепті қаламгердің тарихи санасы да түрлі субьективті жағдайларға сай қалыптасты.Ғалым Шерияздан Елеукенов бұл туралы «Шерханның ұлттық сезімі жастайынан оянды, кеңестік тәртіптің көп әділетсіздіктеріне іштей қарсылығы ерте білінді, көкірегіне шер боп байланды. Журналистік қызметінің алғашқы он жылында ғана, 1959-1969 жылдардың аралығында жазылған 100-ден аса заметка, корреспонденция, 5 фельетон, 8 рецензия, 47 очерк, 50-ден астам көркем публицистикалық материалдың бәрі сол кездің жетістіктерін жалғауға құрылған десек, қателесеміз. Әрине, өз қатарынан қалмай Шерхан да кезінде мойнына қызыл галстук тақты, пенжегінің жағасына комсомол значегін қадады, партияның шыңдалған мүшесі ретінде «Лениншіл жас» газетінің редакторы, «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманатының, «Жұлдыз» журналының Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы қызметтерін атқарады. Сол ағынмен «Егемен Қазақстан» газеті редакциясына, Қазақ радиосы мен теледидар комитетіне төрағалық етті. Соның бәрінде уақытының күнбағары да, сыншысы да болды. Сыншылдығы басым деп бүгінде құлаққа жағымды естілетін қорытындыға бармай-ақ қоялық. Оның есесіне қағаз бетіне не түсірсе де, өзінше бір сара бағыт ұстанғанын айту ләзім. Ішінен қайнап шыққан сөзі «халқым, қазағым» деп қаланды» – деп тарата айтты. Қанша дегенмен журналист уақыттың саяси ықпалынан шығып кете алмады. Бұған кеңес өкіметі, Коммунистік партия мұрсат бермеді. Журналист түйсігі де, тарихи санасы да субьектінің әсер-ықпалында «ұлттық-ұлттықтан тыс» қалыпында болды. Кеңестік саясат, коммунистік партия идеологияларын халықтың бойына сіңіруде ақпарат құралдарын, газет-журналдарды басым түрде пайдаланылды. Олар коммунизмге барар жолдағы басты мәселе 68
ретінде орыс тілін, Марксизм-Ленинзмнің қағидаларымен ұштастырып отырды. Саяси бағдары әлсіз Кеңес өкіметінің мызғымастай болған іргесі 80 жылдардың басында-ақ әлемдік өркениет пен экономиканың дамуынан артта қалғанын мәлімдей бастады. Саясаты мен экономикасы құлдырауға түскен Кеңес өкіметінің 1985 жылы Коммунистік Партия Орталық Комитетінің бірінші секретары М.С. Горбачевтің «қайта құру» бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады. Тарихқа «Қайта құру» деген ұранмен енген жылдары өнер өкілдері көкейлерінде айтылмай келе жатқан ақиқатты айтуға талпынды. Бұл үрдістен журналистер әсте тыс тұра алмасы белгілі. Бұрын-соңды көлемді публицистика мен прозаға қалам тартқан Ш. Мұртаза енді пәрменді түрде ұлтымыздың шешімін таппай дағдарысқа түскен, көпе-көрнеу кемітушілікке ұшыраған тарих, тіл, мәдениет, экономикасы туралы көлемді эсселер жаза бастады. 1963 жылдан бері түрлі баспасөз құралдарында редакторлық қызмет атқарған Ш. Мұртаза өзі басқарған шығармашылық ұжымдардан да ақиқатты, халық көкейіндегі, ұлт мүддесіндегі түйткілді мәселелерді айтуды талап етті. «Алтын күрек» эссесінің тақырыбына саяси әрі салиқалы мазмұн дарытып, елдегі елеулі қоғамдық өзгерістерді символикалық тұспалдаулармен шебер үйлестіріп, әлеуметтік көкейкесті мәселені алға қояды. ХХ ғасырда қазақ үшін мәдениет пен дертке айналған арақтың адам атаулыға тигізіп отырған зиян-залалын, әлеуметтік кесір-кесапатын саралап, нақты деректермен келтіреді. Қазақ арақ-шарапты бұрын-соңды той-думанда ішсе сексенінші жылдары қаралы өлімде де арақ ішіп, кең дастархан жайылып, қайғыны, қуанышты салтанатқа айналдырған зиялылардың тірлігінің әділетсіздігін сынға алады. Араққа тойып, көршілерінің азғыруына ұшырап, істеген ісіне мән беруден қалып, соңынан мүгедекке айналған Әбдірақтың оспадарсыздығын, бір рет арақ ішіп, көңіл көтермек болып абырой мен оқудан айырылған талапкердің жеңілтектігін жаза келе, осылардың бәріне кінәлі, себепкер арақ-шарап екенін ашына жазады да ойын «Тере берсе – толып жатыр. Ондаған фактілердің ішінен төртеуін-ақ келтірдік. Бұдан да сорақы, бұдан да қайғылылары қаншама десеңші. Бәрі де – арақтан. Бір қызығы, бәрінің де басы сайран болса, түбі – ойран. Төрт мысалдың төртеуінде де айықпас ішкіштер жоқ. Бұл мысалдардағы адамдар тегінде жаман адамдар емес. Ал бірақ бәрі де арақ деген әзәзілдің арбауына түсіп қалғандар» – деп топшылай келіп арақ әзәзілдгі туралы аңызды келтіреді де арақ деген сұмдықтың ата-бабамыз беп ұлттық болмысымызға жат екенін, ал қызық керек адамға оның қайда екенін «Халқымыздың аңыз-ертегілерін, қисса-жырларын оқып отырып, тойда, аста, шілдеханада, тағы басқа жиындарда арақ ішіліп, біреулер мас болып, құлап жатыпты дегенді… әй, кездестіре алмайсың-ау. Бабалар әйтеуір арақтан қызық іздемеген. Қызықтың түбі – ақындар айтысы, қыз-бозбала айтысы, ат шабыс, көкпар, күрес, жамбы ату, теңге ілу, тағы сондай ойын-сауықтар» – деп қызық іздеген жанға ұлттық дәстүрлерден тәлім алуды дәріптейді. Журналист келесі проблемаға айналған араққа қарсы қолданылған бұл саясатты советтік өмір салтының жетістігі екенін де тарата тоқталады. 69
«Біздің социалистік құрылыстың жасампаздық күштері, советтік өмір салтының артықшылықтары барған сайын толығырақ ашыла түскен қазіргі жағдайда коммунистік мораль мен адамгершілік принциптерін қатаң сақтау, зиянды әдеттер мен сарқыншақтарды, ең алдымен, маскүнемдік, спиртті ішімдіктерді шектен тыс пайдалану сияқты сиықсыз құбылысты жою ерекше зор маңызға ие болып отыр. Алкогольді пайдалану адамның денсаулығын бұзады, келешек ұрпақтарға кесапатын тигізеді, қоғамға зор материалдық және моральдық нұсқан келтіреді. Сондықтан да партия көреген көсемдікті тағы да дамытып, арақ атаулы, маскүнемдік атаулы дертпен күресті дер кезінде көтеріп, өте дұрыс істеді.КПСС Орталық Комитетінің «Маскүнемдік пен алкоголизмді тыю жөніндегі шаралар туралы» қаулысы жарыққа шыққанан бері де біраз уақыт өтті. Дереу алкоголизмге қарсы күресті батыл күшейтуге оның тиімділігін арттыруға бағытталған, жан-жақты негізделген, ұйымдық, әкімшілік-праволық және тәрбиелік шаралар комплексі жасалып, бұл күндері ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Қоғам мүддесі, қоғамның есен-саулығы, саф тазалығы, міне, соны қажетсінеді» – деген автор қайта құрудың саяси жаңа бағыт сілтейтіндігіне көп үміт артады және оның қолға алып жатқан мәселелеріндегі қимыл-әрекетті «Алтын күрек» желіне телиді. «Шуақты көктемнің құдіретті, рақымды жылы желі – «Алтын күрек» әдемі есіп тұр. Ескіні жаңартар, кәріні жасартар, жасты құлшындырар, ауруды сауықтырар, сұрқайды нұрландырар, өмірді ажарландырып, шырайландырар алтын самал есе берсін!» – деген соңғы түйіндер жаңа саяси бағыттан зор үміт күтетіндігін аңғартады. Ш. Мұртаза – алдымен публицист. Публицистика майданында ширек ғасырдан аса еңбек етіп, оның ыстығына күйіп, суығына тоңып, қызығы мен қуанышын да бір адамдай көрген журналистік әрине баспасөз туралы айтары көп болмақ. Тапсырмалар және сұрақтар: 1. Ш. Мұртазаның ширек ғасырға жуық шығармашылық әлемі қандай? 2. Жазушы шығармашылығындағы публицистиканың ролі қаншалықты? 3. Ш. Мұртазаның шағын прозасындағы ұлттық болмысқа тоқтал. 4. Ш. Мұртаза әңгімелерінің көркемдігіне теориялық талдау жаса. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Ә.Бөпежанова. Өнер-жеке тәжірибе. І кітап. Алматы: «Жібек жолы», 2007.328 б. 2.Әшімбаев С. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Әдеби сын. Мақалалар. Зерттеулер. Толғаныстар. Елорда. Астана. 2006 -342 б. 3. 4. Мұртаза Ш. Соғыстың соңғы жесірі. –Алматы: Атамұра. 2003. -254 б. 5. Исабеков Д. Әдебиеттің ертеңі мен бүгіні // Қазақ әдебиеті. – 2005. - 22 тамыз. 6. Мұртаза Ш. Зарғалдақ // Егеменді Қазақстан. 2006. -28 наурыз. 7.Чехов А.П. Письмо к А.С. Супорину. Начало мая 1889. -337 с.
70
1960-1980 жылдардағы қазақ, орыс және өзге де ұлт өкілдерінің прозасындағы ізденістердің Шерхан Мұртаза шығармашылығына әсері Көркем сөз өнері эстетикалық-эмоциялық әсерлі сезім сыйлаумен бірге, сол ұлттың рухани ұлағаттарын, адамгершілік-азаматтық игі дәстүрлерін, айрықша қасиеттерін оқырманға шынайы жеткізетін қоғамдықфилософиялық ойдың көркем формасы екені мәлім. Шын мәніндегі шынайы шығармалар адамзатты бір-бірімен таныстыратын да, табыстыратын да көркемдік құрал. Ұлы әдебиеттер қашан да ұлттық-азаматтық сана-сезімнің озық моральдық қалыптастырушысы, ізгілік қасиеттердің негізін қалаушы міндетін атқарады. Әр кезең әдебиетінің өз тақырыбы, кейіпкері, стилі, ағымбағыты болуға тиіс. Осындай ерекше бір ағым мен бағытты алып келген, әдебиетке құбылыс ретінде кірген 60-80 жылдардағы жаңашыл шығармашылық ізденіс жазушылардың мүмкіндігін аша түсті. Кеңестік кезеңдегі алғашқы шығармашылық ізденістегі қойылған талап-тілектер ХХ ғасырдың екінші ширегінде өз қатаңдығын жойды.Сөз өнері аса бір тың серпіліспен қарышты адымдады. Әйтсе де партиялық саясат әліде пәрменін жоғалтқысы келмейтін сыңай танытты. Туындылар кеңестік қоғамның «жарқын» жақтарын көрсетуі тиіс екені түрлі мәжіліс, жиындарда ескертіліп отырды.Қасиетті өнер еркіндікті қалайтынын тағы да дәлелдей түті.19601980 жылдардағы Кеңес Одағында өмір сүріген түрлі ұлттың сөз зергерлерінің туындыларынан ұлттық деңгейдегі тақырыптар, проблемалар көтеріліп, жалпы адамзаттық мәселелерге ұштастырылды.Қаламгер атаулының әлем,адамзат, тағдыр,ұлт туралы өзіндік таным-білімі, ой-арманы болатыны, және оны бейнелеудің жеке принциптері бар екендігін осы кезең жазушылыры көрсеткендей болды. Кеңестік кеңістікте танымал болған: Орыс прозасында – В.Астафьев, Ф.Абрамов,М.Алексеев,С.Антонов, В.Белов, В.Быков, В.Распутин, В.Шукшин, Е.Носов,В.Липатов,Е.Лазарева Б.Можаев, Ю.Трифонов шығармалары, қырғыз әдебиетінде – Ш.Айтматов, грузин әдебиетінде – У.Рижинашвили, О.Чиладзе, молдаван жазушысыИ.Друце,литва әдебиетінде – М.Слуцкис,әзірбайжан әдебиетінде-Анар, украин әдебиетінде-Г.Колисник шығармаларының бір-біріне ұқсамайтын айрықша сипатына қарамастан іштей өзіндік үндестікте сезіледі.Түрлі ұлт жазушыларын көркем танымындағы іштей үндестіктің болуы олардың адам әлеміндегі бітпейтін қарама-қайшылықты әсем эстетикалық нәрмен бере білуін де болса керек.Жоғарыда аталған авторлар туындыларында қоғамдағы өзгерістерді уақыт ағымынан іздей отырып, адамның болмысы мен ішкі жан әлемінің дисгармониясына назар аударды.Олар адам әлемі тек ізгіліктен тұрмайтынын, жақсылықпен қатар адам бойында зұлымдықтың болатынын эстетикалық заңдылыққа сүйене отырып, көркемдік тұрғыдан бейнелейді.Мысалы, В.Астафьевтің «Кража», А.Беловтың «Привычного дела», В.Распутиннің «Деньги для Марии», «Последний срок»,В.Шукшиннің «Беседы приясной луне», «Крепкий мужик», В.Липатовтың «Глухая мята»,Ю.Трифоновтың «Обмен», «Долгое прощание»,Ш.Айтматовтың «Ақ кеме», Г. Колисниктің «Горная мята» сынды туындыларында адам 71
бойындағы адамгершілік асыл қасиеттер әр түрлі қырынан суреттеле отырып, қоғамдық моралімізге жат тоғышарлық элементтер де сынала бастады. Осы жылдары жазылған прозалық туындыларда жалпы адамгершілік проблемасы мен стильдік ізденістер үлкен мәнге ие болды. Қай идеяны алсаңыз да, соның астарында бұл проблема менмұндалап тұрды. Мұның өзі көптеген қазақ повестерімен бірге, басқа да ұлт шығармаларына тән құбылыс. Ол шығармалар бір кездердегі тартыстардан, «жағымды, жағымсыз» образдармен жасық ойлардан арылып, бүгінгі ауыл адамының жан дүниесін барлық қырынан барынша шыншыл көрсетуге ұмтылды. Әдебиеттегі бұл ізденіс турасында В.Гусьев былай пайымдайды: «Бұл жайында арнайы айтуға тура келеді, өйткені 60-80 жылдары біздің көркем әдебиетімізде және теориялық сында, орыстың рухани дәстүрінде өріс алған зор мақсатты шындық іздеу мен адамгершілік проблемасын беру осыншалық «эстетизм» кезеңіне айналып көрмеген еді.» Дәуір талабына байланысты адам бойындағы әртүрлі моральдық, психологиялық, әлеуметтік өзгерістер, бүтіндей рухани жаңаруларды көрсету аталған кезең әдебиетінде бірінші кезекке қойылды.Адам әлемінің моральдық келбетін жан-жақты сомдау концепциясы қазақ прозасында айтулы қаламгерлер: Нығмет Ғабдуллиннің «Кестелі орамал» , Әзілхан Нұршайықов «Махаббат жыры» , Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Дүйсеновтің «Гүлжан сүйеді» , Шерхан Мұртазаның «Мылтықсыз майдан», «Белгісіз солдаттың баласы»,С.Мұратбековтің «Көкорай»,Қ.Ысқақовтың «Бұқтырма сарыны»,Ә.Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» т.б екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі, одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірін, қала, өндіріс, тың тақырыптарына байланысты көркем шығармалар көптеп жазылып жатты. Әйтсе де, аталған тақырыптардағы шығармалар көбіне ауыл өмірін, ондағы қиындықтар мен қызықтардың қай-қайсысын да дәл осы кезеңдегі шынайылықты тартымды етіп бейнелей білуімен ерекшеленді. Сондықтан да, ауыл өмірі тақырыбында тоғышарлықтың, кембағал керенаулықтың, барға мәз болып масаюдың, өзімшілдіктің сынға алына бастауына ешқандай таңдануға болмайды. Осындай келеңсіз құбылыстардың бас көтеріп қалғандығын көрмеу де мүмкін емес. Жалпы 60-80 жылдар кеңес әдебиетінде шағын жанрдың өріс алған кезеңі болды. Бұл тенденция әсіресе, ауыл тақырыбына қалам тербеген жазушы шығармаларында кең етек алды. Орыстың көрнекті жазушысы, әңгіме жанрының майталманы В.Шукшин: «Мен үшін басты тақырып – адамның рухани сұлулығы, адамгершілігі, жан тазалығы. Адам әрекеті әңгіменің басты нысанасы болуға тиіс» дейді. Жазушының бұл айтқан пікірлері қазақ әдебиетінің көрнекті прозашыларыБ.Соқпақбаев,С.Мұратбеков,Ш.Мұртаза,Ә.Кекілбаев,О.Бөкей, Д.Исабеков, Қ.Ысқақов, Т.Әбдіков, Т.Нұрмағанбетов сияқты жазушылардың ұстанымына айналды. Аталған авторлардың әңгіме повестерінде тоғышар, желбауыз жандар психологиясының батыл сыналып, осы жарамсыз мінездердің туу, етек алу себептерінің жан-жақты қарастырылуы әбден 72
заңды. Орыс әдебиетінің 1960-1980 жылдардағы үлкен көркемдік жетістіктері деревня прозасы деген шартты атаумен де байланысты. Ауылдық проза – бұл ауыл тақырыбына жазылған, ауыл адамының қарапайым тіршілігі жөнінде жазылған шығармалар шоғыры ғана емес, жазушылардың осы тақырыпты игеруде танытқан көркемдік – идеялық ортақтастығымен, көтерген мәселелер ұқсастығымен әдебиеттегі өзінше бағыт ретінде көрініс табуы. Осы орайда орыс әдебиетіндегі деревня прозасының өкілі Ф.Абрамов шығармашылығы туралы Н.Л. Лейдерманның: «...в этих книгах подняты проблемы национального развития – исторических судеб» - деп айтуы негізді . Орыс прозасында – Ф.Абрамовтың «Пелагея», «Алька» ,В.Астафьевтің «Последний поклон», В.Беловтың «Колоколена», В.Шукшиннің «Етік», «Хат», В.Распутиннің «Матерамен қоштасу»,Б.Можаевтың «Живой», «Лесная дорога»,Е.Лазаревтің «Крестьянское гнездо», Е.Носовтың «Шуба», «И уплывают пароходы, и остаются берега» шығармалары,грузин прозасында- У.Рижинашивилидің «Дом», « Решение», «Роды»,азербайжан әдебиетінде-Анардың «Белый лыман», «Круг» туындылары, литва прозасында –М.Слуцкисдің «Поездка в горы и обратно» романы, қырғыз әдебиетінде – Ш.Айтматовтың «Жәмила», «Қош бол, Гүлсары!», молдаван жазушысы И.Друце «Последний месяц осени» повестерінің бір-біріне ұқсамайтын айрықша сипатына қарамастан зерттеушілер тарапынан бір қатарға қойылады. Қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ауыл тақырыбына жазған жазушылар – Б. Соқпақбаев, Ш.Мұртаза, С.Мұратбеков, Ә.Кекілбаев,Қ.Ысқақов, Д.Исабеков, О.Бөкей, Т.Нұрмағанбетов шығармашылығы жөнінде де осыны айтуға болады. Филология ғылымдарының кандидаты А.Ментебаеваның: «Ауылшаруашылығы, ауыл қазақ тарихының қозғаушы күші болды және бола да бермек. Ауыл прозасы қазақ көркем әдебиетінде жетекші роль атқарды десек еш қателеспейміз», деген тұжырымы қазақ әдебиетінде де ауылдық прозаның орны бөлек екендігін айқындайды . Әрине, бұл проза шартты түрде ауылдық деп аталғанымен, ол көтерген әлеуметтік, психологиялық, адамгершілік мәселелер жалпы ұлттық мәселелердің тереңдігін, күрделілігін көрсетіп, адамзат алдындағы мәңгілік мәселелерді көтеруге негіз болады. Бұл прозада адам және әлем, өмір мен өлім секілді әмбебап категориялардың мағынасын ашуға ұмтылыс, дерексіз заттар арқылы емес, қоғамдық-тарихи жағдаяттан алынған өмірдегі типтік шындыққа, ұлттық сипатқа негізделеді. Осы кезең әдебиетін зерттеген Ф.Кузнецов: «Новая культура, новый быт иновая жизнь деревни должны строиться на естественном многовековом фундаменте народных традиций, народной цивилизации»-деген болатын. Шын мәнінде ауыл өмірін бейнелеген бұл шығармалардың халықшылдық сарыны басым еді.Дей тұрғанмен, өмір сүрудегі адами мұраттар бір болғаны мен әр ұлттың өзіндік болымыс- бітімі бар екенін көркем дүниелер жоққа шығармады.Қазақ ауылы мен орыс деревнясындағы шаруашылықта ұқсас жағдаяттар болғанымен, 73
мәдени дәстүрлердің ерекшеліктері, ұлттық көркем ойлаудың өзгешелігі, қазақ және орыс әдебиетіндегі ауылдық прозаны даралайды. Дегенмен, бұл әдеби құбылыстардың типологиялық жақындығын аңғаруға болады. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс әдебиетінің тарихын зерттеуші ғалымдар бұл прозаның өкілдерін жақындастыратын қасиеттер ретінде жазушы дүниетанымының халықпен байланысын, көркем шығарманың түрлі деңгейінен: кейіпкерлер образынан, адам концепциясынан, тілінен, стилінен, көрінетін өмірге халықтық көзқарасты айтады.Орыс және қазақ жазушыларын толғандыратын әлеуметтікадамгершілік, психологиялық мәселелер ұқсас. Олар: түрлі оқиғалардың салдарынан адам психикасының өзгеруі, ұлттық мінез, ұрпақтар сабақтастығы, халықтың рухани құндылықтарының жалғасын табуы, туған топырағынан жырақтаудың қайғысы,урбанизация мен өркениеттің салдарлары, жаңа экологиялық сананы қалыптастыру.Қарапайым халықпен бірдей толғанысқа түскен шығармашыл қауымды да осы мәселелер ойлантты ,олар түрлі жанрда,айталық, публицистикалық очерктен бастап, тарихи, әлеуметтік, философиялық, сатиралық, лирикалық прозаның барлық түрлерінде тап осы сұрақтарға жауап іздеді. Қазақ және орыс әдебиетіндегі ауыл және деревня прозасын адам мен әлем туралы адамгершілік-философиялық түсініктері деңгейінде салыстыра келе, әртүрлі таңғаларлық ұқсастықтарды кезіктіреміз. Себебі әр жазушының көркемдік әлемі ұлттық, аймақтық ұғым байланысымен ерекшеленеді мысалы, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбековтерде жер жанаты Жетісу өңірі, Ә.Кекілбаевта батыс маңы қазақтары, В.Шукшин, Қ.Ысқақов,О.Бөкеевтерде асқар Алтайдың атырабы,Ш.Мұртазада оңтүстік өлке, В.Астафев орталық орыс жерін , В.Распутин сібір деревнясын, В.Белов,Ф.Абрамовтар солтүстік еуропалық деревняларды көркем кеңістікке айналдырды. Алайда суреткерлер шығармашылығын туған өңіріне телу, оларға тарихи масштабтағы процестерді тануға кедергі келтірмеді.Қазақ және орыс жазушыларына ерекше әсер еткен тағы бір жайт өздерінің туып-өскен ауылымен, өздерінің балалық шағынан көз алдында қалған ауыл келбеті, адамдардың дүниетанымы, қарым-қатынасы өзгеруінен бүкіл қоғам болып қоштасуымен тұспа-тұс келуі.Ауыл тақырыбын көтерген әдебиет жазушылардың ауылға деген балалық махаббатымен сипатталады.Және де автобиографиялық сілемдер барша ұлт жазушылар танымынан байқалып отырады .Шығармаларында тағдырлық сілемдердің болу себебін орыс жазушысы В.Астафьев былайша тұжырымдайды: «Когда мне становится невыносимо больно от воспоминаний, которые не покидают, да и никогда, верно, не покинут тех, кто прошел войну, когда снова и снова передо мной встают те, кто пал на поле боя, порой не успев еще и жизни-то как следует увидеть, ни полюбить, ни насладиться радостями мирскими и даже досыта поесть, я думаю о елочке, которая растет в лесу, на пне. Она уже, наверное, большаяпребольшая...». 74
Дүниеге келтірген көркем туындыларынан суреткердің алға қойған мақсаттары айқындалады. Ол қарама-қарсы ұғымдарды, әсіресе адам сапаларының ішкі әлемін көрсетуге тиімді пайдаланып отырады. Жан дүние ішкі сезімді суреттегенде адамшылық пен арлылық, ізгілік, махаббат сабырлылықты, осыларға қайшы келетін нәрсе, құмарлық, ашу, еріншектік сияқты адами сапаны кері кетіретін ұғымдар мен үнемі текетірестіріп, салыстырып, сақтандырып отырады және мұны шығармашылық принцип ретінде берік ұстанды.Ұлты әр басқа бола тұра, бұл жаушылар түп негізі ауылдан тараған жандар еді . Сол себептен де олар шығармаларына ауыл яки деревняның тыныс- тіршілігін, қарапайым ауыл адамдарының тағдыры, мұңмұқтаждарын, рухани танымдарын арқау етті. В.Распутиннің «Деньги для Марии», В.Шукшиннің «Беседы приясной луне», Е.Носовтың «Шуба», Ю.Трифоновтың «Обмен», Анардың «Белый лыман», «Круг», М.Слуцкидің «Поездка в горы и обратно» Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат», Шерхан Мұртазаның «Белгісіз солдаттың баласы», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Тұйық шарбақ», «Мың жылдық жара», С.Мұратбековтің «Жабайы алма», «Жусан исі», Қ.Ысқақовтың «Бұқтырма сарыны»,Ә.Кекілбаевтың «Шеткері үй» туындыларында авторлар прозаның ішкі даму заңдылықтарын пайдалана отырып, оқырман күткен, олардың кокейінде жүрген сауалдарды алға тартты.Адам баласы үшін мәнін жоймайтынадамгершілік пен тоғышарлықтың күресі аталған туындыларда реалистікпен суреттелді.Ар мен адам құнының қаншалықты екенін дәл танытуда В.Распутиннің «Деньги для Марии» повесінің сюжеті көп жайтты аңғартады.Атауының өзі айтып тұғандай,Марияның тағдырын 1000 сом шешпек.Жадау тіршілік иесі, қарапайым деревния тұрғыны үшін 1000сомды табу басқайғыға айналады.Қысқа әрі нұсқа жазылған повесте барлық кейіпкерлер характерін ашудың автор тамаша бір үлгісін көрсетеді.Тақырып және идеяның ішкі үйлесімін ақша мәселесі етіп қойуы арқылы автор адам жанының қаншалықты таза екеніне барлау жасайды.Ниеті қара, рухани кембағал жандардың адам баласына қиындықта көмек бере алмауы, адамды баянсыздық ұшыратыны, олар үшін ақша мен дүние бәрінен қымбат екенін Ю.Трифоновтың «Обмен» повесіндегі Вития Дмитриевтің характерінен де көреміз. Тоғышар әйелі Ленаның азғыруымен В.Дмитриев өлмелі анасының пәтерін айырбастамақ болады.Сүреңсіз әрекетіне ақылды анасы тура жауап береді: «Ты уже обменялся, Витя.Обмен произошел... Это было очень давно. И бывает всегда, каждый день, так что ты не удивляйся, Витя. И не сердись. Просто так незаметно...».Кейіпкерінің моральдық келбетін осылай бейнелеу арқылы Ю.Трифонов оның жан-дүниесінің диалектикасын танытады, соңғы нүктені қоюды оқырманның өзіне қалдырады. « В новом косторовом пиджаке, нейлоновой сорочке и рыжих собачьих унтах он лежал навзничь, сцепив на животе толстопаые руки в синих крапинах подкожного угля» деп сомдалған Игнат Васюкеевтің портреті ақылы Е.Носов жақынына қамқорлық көрсетпейтін, ана махаббатын аяқ асты еткен жанды таныстырады.Туған ауылдан жыраққа кеткен жанның рухани 75
құлдырауға ұшырағанын мәнерлі баяндап, кейікердің оспадар қылықтарын түрлі кеңістікте беру арқылы автор діттеген концепциясын ашқан.Қашан да перзентіне қамқор болған орыс әдебиетіндегі аналар обрызының антиподы Қ.Ысқақовтың «Бұқтырма сарыны» повесіндегі «Кержақ» шал.Ұсақ-түйекті ойлаудан ары аспайтын қарияны қолындағы немересі Дуньканың болашағы ойлантпайды да.Ол ата болып еш нәрсеге жаны ауымайтынын автор: «Қинайтын –ар жоқ, қиналатын – артында қалып бара жатқан қимас арман жоқ.Бәрі де мұны алдан күтіп тұрғандай, ұжмағы да, тозағы да бұған бәрібір»- деп жазушы кейіпкер характерінің негізгі нүктесін қояды. Өзімшіл,тоғышарлар үшін тек дүниені ғана емес, махаббаты да есепке салу түке тұрмайтынын М.Слуцкидің «Поездка в горы и обратно» романынан көреміз. М.Слуцки адамдардың ойланбастан ойына келгенін істеуі түбі жақсылықа алып келмейді деген өткір ойын үштаған үлгісінде алуы тек шығарма композициясын қомақты етіп ғана қоймай, оның көркемдік танымын да кеңейткен.Лионгины Тадовныдың есепшіл махаббаты түрлі ситуациядағы бейнеленген характерімен ашылады. Өмірдегі келеңсідіктер мен тоғышарлыққа тек жеке адам ғана кінәлі емес екендігіне кеңестік қоғамның ойын бөлгізген әзірбайжан жазушысы Анардың «Круг» повесті болды. Нәзік те,көреген аналитик-Анар тоғышарлықтың бір ұшы кеңестік қоғамның жөнсіз шектеуші талаптарында жатқанын әділдік іздеген Заур мен санасыз Файзулла Кябирлинскии арасындағы тартыста ашады.Тірі дүниенің иесі адам үші ең қауіптісі сананың төмен болуы.Санасы таяз жандардың зияны бір адамға емес түгел қауымға қауіп төндіруі ғажап емес десек солрдың пенделік психалогиясын түрлі әдістәсілді қолдана отырып , поэтикалы өрнекке салып, өмірлік деректен соны көркемдік шешім жасаған В.Шукшиннің «Беседы приясной луне», Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», Шерхан Мұртазаның «Белгісіз солдаттың баласы»,«Бұлтсыз күнгі найзағай», «Тұйық шарбақ», «Мың жылдық жара», С.Мұратбековтің «Жабайы алма», « Жусан исі» Ә.Кекілбаевтың «Шеткері үй» повестері болды.Ащы да әзіләжуалы,сатиралық стильде сомдалған дүниеқоңыз, нағыз тоңмойын «Беседы приясной лунедегі» Баевтың көз тойматын өзімшіл тоғышарлығы «Өлгендер қайтып келмейдегі» нәпсіқұмар Нұралы бастықтың, «Белгісіз солдаттың баласындағы» Жебе, Аяулы, Садық, «Бұлтсыз күнгі найзағай» Жарас,Ақбілек, «Тұйық шарбақтағы» Жаппас, «Мың жылдық жарадағы» Жуанқұл, Дадабай, С.Мұратбековтің «Жабайы алмасындағы» Байдалы, Шолақ өкіл,Зибаш, «Жусан исіндегі» Тұржан, Ә.Кекілбаевтың «Шеткері үйдегі» Зухралар өмірлік ұстанымдары ортақ жандар. Дәуір талабына байланысты адам бойындағы әртүрлі моральдық, психологиялық, әлеуметтік өзгерістер, бүтіндей рухани жаңаруларды көрсету аталған кезең әдебиетінде бірінші кезекке қойылды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі, одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірін, қала, өндіріс, тың т.б. тақырыптарға байланысты көркем шығармалар көптеп жазылып жатты. Әйтсе де, аталған тақырыптардағы шығармалар көбіне ауыл өмірін, ондағы қиындықтар мен 76
қызықтардың қай-қайсысын да дәл осы кезеңдегі шынайылықты тартымды етіп бейнелей білуімен ерекшеленді. Біз қарастырып отырған В.Астафьевтің «Последний поклон», «Кража», В.Беловтың «Привычное дело», В.Шукшиннің «Дядя Ермолай», «Калина красная», В.Распутиннің «Матерамен қоштасу», Б.Можаевтың «Живой», «Лесная дорога», Е.Лазаревтің «Крестьянское гнездо», Е.Носовтың «Не имей десять рублей», «И уплывают пароходы», Ф,Абрамовтің «Пути – пере путья», С.Мұратбековтың «Жабайы алма», Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», Ш.Мұртазаның «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы», «Айырбас», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдары», Қ.Ысқақовтың «Қоңыр күз едінің» басты кейіпкерлер – автордың өздері. Аталған шығармаларда автордың суреткерлік мақсаты, азаматтық болмысы , шығармашылық концепсиясы барша қырынан көрініс табады. Алдына қойған авторлық мұратын айқындау үшін суреткер шығармада басты кейіпкер дәрежесінде көрінеді. Шығарманың баяндау үлгісі, композициясы осы бейнелерді танытуға қызмет етеді. Атап айтарлығы бұл қаламгерлердің барлығының тілдік қоры, суреттеу тәсілдері, табиғат бейнесін жасаудағы суреткерлік, шеберлік арналары сабақтасып, йықтас, сарындас түсіп жатады. В.Астафьев, В.Белов, В.Распутиннің сол кездің қыр-сырын Л.Толстойша барша қырынан жарқыратып, өткір суреттеуге тырысқан туындылырын оқығанда тайға таңба басқандай, басқа қаламгерлерге ұқсамайтын өз ерекшеліктері айқын аңғарылады. «Последний поклон», «Привычное дело», «Матерамен қоштасуында» туған жерге деген перзенттік махаббат, дала табиғатына деген аяулы сезім, ауыл адамдарының адал да асқақ ой арманы бейнеленсе, тап осы ұстанымдар қазақ жазушыларының дәстүрлі Ғ.Мүсірепов стильдерімен сарынындас, үнемді де жинақы идеямен суреттеуі басым болып келетін Ш.Мұртаза, Ө.Бөкей, Ә.Тарази, Т.Әбдік шығармаларында да бой көрсетті.Әсіресе, сатира мен юморды өмірлік шыңндыққа негіздей жазуда ұлы Гоголь мен Майлиннің мектебінен шыққандай болып келетін В.Шукшин, Е.Носов, Б.Можаев, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбеков, Т.Нұрмағанбетовтер ауыл өмірі, қарапайым шаруқор адамдар, ақкөңіл қарттар, риясыз пейілді балалар, ауыл қыздары мен жігіттерінің тыныстіршілігін, арман-мұратын іс-әрекетімен бейнелейді. Осы орайда қарт Ермолай, Ф.Андреевич, С.Фомич, Ф.Кузькин. Мотяков, Гузенков, Нұрәлі, Зейнекүл, Байдалы, Әжібек, Ырысбек бейнелерінен алыс орыс деревнясы мен қазақ ауылындағы әр түрлі құлықтағы адамдар образын жазушылардың ұлттық тегіне тән етіп бейнелеудегі тақырыпты игеру табиғаты, сол ретте баяндау мәнері, шығармаларының баяндау құрылымы мен көркемдік әдістәсілдерінің де ұқсас, тамырлас болып келуімен де бір-біріне өте жақын. Өркениетке қадам басқан ұлт жазушылары үшін түп-тамырынан айырылып, өзгеше бір күйге ене бастаған ұрпақтардың бойкүйез мінездері – ауыл өмірінен безінуі, неғұрылым жеңіл жол іздеу, урбанизацияға ұшраған жастардың ой-өрісін ашып көрсетуде, характерін сомдауда диолог, портрет 77
көркем детальдар үлкен рөл атқарды. Жазушылар көтеріп отырған бұл мәселелер сол кездегі қоғамның ащы шындығы еді. Шығармашылықтың ең басты жетістігі өмір шындығының көркем шындыққа айналуы екендігіе зерттеушілер дер кезінде танығанды. Мәселен, «Өз мезгілінің мұңы мен мұқтажын суреттеуді мақсат тұтқан жазушыдан оқырманның күтетіні – ең алдымен шындық. Шындықты жасқанбай айта білген қаламгер ғана жазушы деген құрметті атқа лайық. Шындық қана қоғамның тәні мен жанына түскен жараны жаза алады, тек сол ғана оқырман жанын тебірентіп, оны рухани ізденістергі бастайды. Егер белгілі бір дәрежеде жазушыны ұлттың рухани ұстазы, тәрбиешісі дейтін болсақ, жазушы өз оқырмандарынтек осы шындықтың күшімен ғана тәрбиелей алады. Ал, шындықтың дәмі көбіне ащы болады, сондықтан нағыз айдай ақиқатты айту суреткерден талантпен қатар, рухани ерлікті қажет етеді» - дейді жазушы-ғалым Серік Асылбеков. Қала мен ауыл арасындағы үлкен әлеуметтік алшақтық сезілді. Мәселен, В.Беловтың «Три волока» әңгімесінде бүтіндей бір ауылдың үдіре көшіп, жоқ болып кетуінің себебін тұрғындардың әлеуметтік жақсы қамсыздандырылған ірі селоларға көшіп кетуінде деген ойды айтады. Ал туған ауылын шын сүйген, қандай қалпында да ыстық көретін Иван Африкановичті («Привычные дело») ешқандай ауырытпалық та қорқытпайды. Мурмансідегі қайнысының жылы жәйі күтіп тұрса да, одан бас тартады. Кіндік қаны тамған, аяулы жары жерленген ауылы Иван Африкановичтің өмірлік мәніне айналады. Е.Лазеревтің «Кристянское гнездо» туындысында қарт Плетнев ауылды тастап, жақсы өмір, жарқын тұрмыс іздеп қалаға кеткен жастарды кінәлау тіпті ойына да кіріп шықпайды. Ол турасында кейіпкердің өзі былай дейді: «Я не держал, - говорит Плетнев. – Зачем держать! Они останутся – другие все равно уедут. Жизни я этим не поверну. Сейчас, парень, по всей державе переселение идет. Малые селения к большим прибиваются. У нас тут, в Заречном, тридцать дворов было, когдато отдельный колхоз считался – по теперешним временам сказать смешно, а все же колхоз. А как укрупнили, стали потихоньку жители в Сазоновку перетекать. Там и электричество, и водопровод, и всякое другое. Без этого нынешний человек жить не может...». Молдован әдебиетінде туған ауылдың әсем көркімен ішкі сырын көркем тілмен көмкерген И.Друцэнің шығармаларындағы кейіпкерлердің психологиясы, менталитеті орыс жазушыларының сомдаған бейнелерімен іштей үндестік табады. Осы ойымызға «Последний месяц осени» повестіндегі жетпіс жасар қарт әкенің күздің қоңыр күнінде бес ұлын іздеуі көрші ауылдан бастап Кишиневке дейін созылады. Қазақтың ескіден келе жатқан «бір анадан ала да, құла да туады» деген дана сөзі отбасылы жандардың ұлтына, нәсіліне қарамай бәріне тән екенін көреміз. Автор қарттың бес ұлының бес түрлі мінез адамы екенін суреттей келе жалғызілікті тұрса да,балаларының тоқшылықта тыныш өмір сүруін медет тұтқан қарияның бақытын бейнелейді. Қария үйге қайтып оралған да көршінің қызы су толы шелекті алып алдынан шығып қартты жұбата бастайды. «Да мне, 78
дочка, уже повезло». Ему повезло: он ощутил эти духовные нити семьи. Не единством места проживания, а духовной общносьтю создается семья, создается род!»-деп қарттың көңіл қошын автор да қоштайды. Үрімбұтағының өмірін көріп, көңіліне медеу ету қазақ қарияларына да тән үлкен құаныш. Ш.Мұртазаның «Мылтықсыз майдан» повестіндегі келіні мен ұлы Нұрперзентті жас ерекшеліктеріне қарамастан некелестіруді ойлап жүрген Мамыт қарттың да арманы осы ұрпақтың қамы. Оның оңашада «үрім-бұтақ» деп іштей күбірлеп жүруінің де мәні осы екені автор көлемді эпизодтарда ұтымды жеткізеді. Туған жерге жеген адалдық «Бұлтсыз күнгі найзағайдағы» Ақан қарттың ішкі ой-ағынында да шешімін тауып жатады. Орыс әдебиетіндегі Е.Носов және В. Астафьев немесе В. Беловтар шынайы табиғат әлемінде өмір сүріп жатқан кейіпкерлердің өмірлік таза ұстанымдары мен адамгершіліктерін ауыл қарттарының бейнесінде әдемі сомдап шықты. Табиғат пен адамзатқа деген тек қана таза ойдан саналары бастау алатын Савоня «И уплывают параходы, и остаются берега берегадағы, Иван Африканович «Привычное дело», Ермолай «Дядя Ермолайдағы» бұлар табиғат болмысынан жерден, судан, орман мен тұманнан күн мен түннен өздерін бөліп алып қарай алмайтын шынайы жаратылыстың адамдары. Орыс әдебиетіндегі туған жерден кіндік үзіп кеткісі келмейтін, жас ұрпақтың қателігі мен амбициясына кешіріммен қарайтын орыс қарттарының характеріне тіпті кереғар келетін өзіндік мән-мәрені, таным-сенімі бөлек қазақ қарттарының болмыс бейнесін танытқан прозаларға зер салар болсақ ұлттық ерекшеліктің бірнеше қырын көруімізге болады. Әсте бұл жазушылардың өскен ортасы, шыққан тегі ұлттық болмысына қатысты болса керек. Орыс жазушыларының кейіпкерлері төл табиғаттарындағы ну орман, тұйық сырлы мұнар, көкті жайлаған қалың тұман секілді іштей ойға берілген не болса да сарабдал ақылға салып, салқын шешкен славян тектестердің мінез даралығын көрсетеді. Дархан табиғатындай бірде жайдары, бірде қатал, кесек мінезді бірбеткей қаталдығы мен қайратын тең ұстайтын , Ш. Мұртаза, Қ. Ысқақ, Ә. Кекілбаев, С. Мұратбеков, Б. Соқпақбаев, Т. Әбдік, Ө. Бөкей шығармаларындағы қарттар тағдырдың мойнына артқанына көне бермейді. Олар үшін де туған жер, қара шаңырақ, ел іші, қыр өмірі бәрінен қымбат. Тілі мен ділі шұбарлана бастаған ұрпақтарға олар орыс шалдарындай әсте жұмсақтық таныта бермейді. Ғалым Т. Есенбеков «Оқиға барысында өткенге қайта оралудың қажеті болады. Оны әдебиеттануда ретроспекция (шегініс) деп атайды. Ол авторлық баяндауды үнемді және шымыр ете алады, сол себепті творчестволық ізденісте жиі қолданылады (оқиғаның тарихы, кейіпкерлер естелігі, түсі, ойлары, автордың өткен оқиғаларға оралуы). Ретордация (бәсеңдету)- көркем уақыттың ағымын баяулату. Табиғатты тамсана суреттеу, кейіпкер ойы мен қиялының шартараптарын кезіп өту уақытты тоқтата тұру үшін пайдаланылады» , дейді. 79
Әдебиеттің қоғамдық санадағы алар орнын, оның жалпы адамға қандай ұлағат-тәрбие беретін дәлелдеп жату артықтау болар. Кез-келген өмір шындығынан көркем ой қорыту- жазушының бұлжымас міндеті. Алайда ол автордың мақсатына, шеберлігіне ғана емес, интелектісіне де, өмірді қаншалықты терең зерттеп білуіне де тікелей қатысты. «Интеллект дегеніміз,- дейді сыншы Б. Ыбырайым, -танымның жоғары сатысы және адамның творчестволық қабілеті болып табылатын ойлаудың, қабылдаудың сондай-ақ, басқа да эмоциялық қасиеттердің белгісі. Биік интеллект иесі- биік сана иесі. Интеллект ойлаудың парктикалық әрекетінің нәтижесінде көрінеді. Ал ойлау- интеллектуальдық қабілет, сананың ең маңызды компоненттерінің бірі» . Оқиға желісіне қайта оралсақ. Жазушы үлкен ауқымдағы оқиғаларды әсірелеп, әспеттемей-ақ бір сарынмен тігісін жатқызып бере білген. Шындығында бұл шығармадағы әрбір оқиға бір-бір тақырып, бірнеше повестің сюжетіне жүк болғандай. Алайда жазушы болған оқиғаның бүгешігесіне дейін қазбалап жатпайды. Сөзін шығындап ұзақ сонар баяндауларға да бармайды. Ұрымтал да, ұтқыр детальдармен нағыз өмірдің өзіндік өрнегін салады. Кейіпкерлері де соншалық көп емес. Қайсы бір кейіпкердің жан дүниесіне, тіпті анда-санда бір көрінер образдардың характерлеріне дейін өз бітім-болмысымен ерекшеленіп тұр. Жазушының оқиға желісін баяндауда ретроспекция (шегініс) әдісін шебер пайдаланғанын көреміз. Әрине, бұл әдістің көп жайттардың бетін ашуға, өткен өмір белестерінің жиынтық образын көз алдыңа келтіріп, сол арқылы жаңаша бір ой түюге септігі аз емес. Осы бір тәсілдің өзі жазушының көркемдік стилі деп аталатын қасиеттерді анықтайтын көп компоненттердің біріне айналғандай. Төленнің бұл тәсілге машықтанып алғаны сондай, тіпті оны жиі, әрі сәтімен пайдаланыты байқалады. «...Стою над могилой, думаю. И дума моя о нем-простая: вечный был труженик, добрый, честный человек. Как, впрочем, все тут, как дед мой, бабка. Простая дума. Только додумать я ее не умею, со всеми своими институтами и книжками. Например:что был в этом, в их жизни, какой-то большой смысл? В том именно, как они ее прожили. Или не было никакого смысла, а была одна работа, работа... Работали да детей рожали. Видел же я потом других людей... Вовсе не лодырей, нет, но... свою жизнь они понимают иначе. Да и сам я ее понимаю иначе! Но только когда смотрю на их холмики, я не знаю: кто из нас прав, кто умнее?». «Онега теперь не наша,-говорит он своим гостям, баламутной стайке туристов, прощая им и их стреозлиное легкомыслие, и изрядную толику пошлости. –Теперь вам ею владеть. Какие дела вы тут на ей будете делать, с вас спрос. А мы свое уже все поделали на этом свете. И топором помахали, и государство сынами снабдили. Вон разъехались мои сыны, не схотели остаться дома. Как скворухи из скворешни. Они сами по себе, а себе, а я сам по себе…». 80
Ал осынау ащы шындықты айту үшін де жазушы бүгінгі тәуелсіздікті күтіп жатпай-ақ алдымызға жайып салыпты. Ендеше сол проблеманың сырына кейіпкермен бірге үңіліп көрейік: «Әй, кемпір, - деді ішінен бағанағы жерде айтатын сөзі ойына жаңа түсіп, -мен саған дейін үш қатыннан айырылғанман. Азды-көпті ғұмырымның ішінде талай бақтан айырылып, талай баққа қолым жетті. Дүние бірде алдын берсе, бірде артын берді. Бірақ әкем көрген, әкемнің әкесі көрген қара орнымнан айырылып көрген күнім жоқ. Не тантып отырсың!» Алайда, Ерғабыл қарияның қасіретін ұғынар ұл қайда, жетесіз ұлдың жетесінде бірдеңе болса, қара ормандай шаңырағына ие болмас па. Сондайақ, бұл тек Ерғабыл қарияның ғана қасіреті болса, бір сәрі ғой. Қатары жылдан-жылға сиреп бара жатқан ондай қарияларды әр ауылдан, тіпті, әр үйден кездестіруге болатындай еді-ау, ол кездері. Болмаса өз қағынан жеріген құландай қалаға қашқан Сапабек сияқтылар бұл өмірде азба еді. Адам психологиясын бере білу жазушыдан үлкен сезімталдық шеберлікті талап етеді дейміз. Геройлар көкейге қонымды болу үшін осы мәселе басты шарт. Жоғарыда Әлімқұлов «Қаздар қайтып барады» әңгімесінде психологиялық паралеллизм түрінде бейнелеген. Өмірлен қажып-қартайған, бойынан қуаты кеткенадамды алға жетелейтін ұлы күщ – туған еліне деген сезім, жолда көрген қиыншылықтың бәріне төзгендегі мақсат, мүдде туған елдің топырағын басып өлсем деген арман осы жолдағы жан күйзелісін жазушы табиғатпен ұштастыра береді. «Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұрғылт, Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырақ желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келегн сопыдай күбірлейді, деп жазушы құлазыған жұрттың орнын суреттесе, оған орай туған елін сағынған қарт көңілі де құлазыған. Туған еліне жеткендегі оның қуанышын табиғат көрінісімен жандандыра түседі. «Қарттың көз жасына көк жиекпен астасқан шетсіз-шексіз кең дала еркін сыйып тұрды». Шығармада образды ашуда портрет сияқты компоненттер де жазушыдан үлкен талғам, шеберлікті талап етеді. Әңгімедегі портретке келсек, ойланатын жай көп. Әр жазушының өзіндік қолтаңбасы портреттен көрігіп отыратыны белгілі. Әңгімеде портретті толық беру шарт емес. солтүстік аймақтағы деревнялардың тап осы нашар Зұлымдық пен сұрқиялық әрекеттердің бастауы – адам бойындағы тоғышарлық мінез, жан дүниесіндегі жабайылық сезім екендігін, әсіресе «Ақ кемені» оқу үстінде айқын сезінесің. Айтматовтың суреткерлік шеберлігі – Оразқұл сияқтылар аз болғанымен, көп нәрсені бүлдіретіндігін, бүлдіріп қана қоймай бүкіл айналасын өз сқрқиялығымен күйелеп, қаралап кететіндігін өмірлік қарапайым ситуация арқылы-ақ көрсетіп беретіндігінде. Тегінде, повестегі баланың өлімінен гөрі, Оразқұлдардың «аман-сау» жүлгендігін ойлап, жаны ауырады. Оразқұлдарды даладан ғана кездестірмейтіндігіміз де бір бүйірімізде тұрады. 81
Сонымен Оразқұл қандай адам деген сұрақтың тууы мүмкін ғой. Оған жауап біреу, ол – уақытының әлеуметтік моралінен бойын аулақ ұстаған тоғышар жан. Оларды аз деуге де болмайды. Әйтеуір әр жерден төбе көрсетіп, қалып отырады. Сондықтан да Айтматов оны негізгі жоспарда көрсетуге тырысқан. Қысқасы, Оразқұл сияқты парасат-пайымы төмен, сезімі сіңілтір, жан-дүниесі рухани мүгедек тоғышарлардың өмірдегі ісәрекеттерінен жалпы адамдық, гуманистік моральға сыйыспайтын қасиеттердің мынадай түрлерін еске сала кетейік. Мансапқорлық пен пайдакүнемдік, өзімшілдік пен қызғаншақтық, күншілдік пен есепқұмарлық, көрсеқызарлық пен дүниеқоңыздық, арамдық пен сырдаңдық, пайдақорлық пен жалақорлық – бұлар жалпы тоғышарлар атаулының ортақ мінездемесі. Ал Оразқұл болса осындай қасиеттері мол тоғышар жанның анайы түрі екені даусыз. Оның сырттай сыпайы, мысық мінез, интеллигент деген атты жамылған «ағайындары да» жоқ емес... Мәселен «Ата қоныс» әңгімесін алайық. Т.Нұрмағанбетов шығармашылығы жайында қалам тербеген сыншылардың назарынан осы шығарма тыс қалып көрген емес. Мұнда Мұқа шал арқылы қарапайым жандардың өмір, туған жер, ата қоныс, адамгершілік турасындағы толғаныстары мен қылаусыз сезім дүниесі ақтарыла сөз болады. Он жылдан бері ат ізін салмаған ата қонысы – Талтоғанға Аймүйізін іздеп келген Мұқа шал мен ғұмырынынң ең бір тәтті шақтарының көбін шалдың кемпірі – Дәнекермен бірге өткізген Шынаркүлдің кездесуі, соғыстан оралмаған жан жарынан қалған жалғыз тұяғы – Қайыпберген айырылып қалған оның шалмен аңырап көрісуі өте шынайы бейнеленгендіктен бәрі-бәрі көз алдыңнан өтіп жатқандай әсерге бөленесің. «Ата қоныс» әңгімесінде Мұқа, Шынаркүл, Торғын бейнелері сенімді сомдалған. Жазушы осы үшеуінің өздеріне ғана тән мінезін, сенімнанымынан өзек тартқан таным-түйсігін ашуда олардың туған жерге деген сезім қатынасын орынды пайдаланған. Бұл үшін жазушы құлаш-құлаш жазып, әуре болмайды. Бір ғана өрікке баланысты әңгіме идеясын шебер өрбітіп, әр характердің өзіне ғана тән ерекшелігін көрсетеді. «Шал оған жауап қатқан жоқ. Кенет әлгінде шешкен шапанының қалталарынн қарай бастады. Оң жақ қалтасынан Шынаркүл ақ матаға түйіп берген өрік шықты. Біразы езіліп кетіпті. - Әлгі балалар қайда жүр? – деді шал Торғынға жадау үнмен. - Немене балалардың таудың жабайы өрігіне қарап отыр ма еді? Өрік керек пе саған? Анда екі жәшігі тұр. Кеше үлкен бала әкеп тастаған. Торғын шал ұсынған түюлі матаны қағып жібергенде түйін шешіліп кетіп, өріктер шашылып қалды. Торғын аяғын долдана басып, сыртқа беттеді. Қарап кетпеді, әлгі шашылған өріктің біразын етіп кетті». Сары өрік кейіпкер характерлерін ашып, болмысын таныту үшін орнымен қолданылған ұтымды деталь. Осы деталь сурет көп жайды аңғартады. Екеуі де өмірдің көркемдік тәсіл ретінде қолданған автор оны кейіпкерлер бейнесін толық ашуда да ұтымды қолданады. Әсіресе, Торғын бейнесі үзінді де айқындалып-ақ тұр. 82
Осы орайда, Л.Гизнбург былай дейді: «Поэтическая деталь – художественное средство, подчеркивающее идею произведения не чисто логически, а опосредовано через ассоциации, то есть образно». Т.Нұрмағанбетовтың прозасының көркемдік сипатын сөз еткенде, компоненттерінң бір-бірімен жіксіз кірігіп тұрғанын көресің. Бірақ, сөйте тұра, олар бір-бірінен өзіндік ерекшеліктерімен жекешеленеді. Жазушы баяндауды көркемдік тәсіл ретінде ұғына отырып және оны ретімен қолдану арқылы оқушыны шығарманың түпсіз тереңдеріне сүңгітіп, басты тақырыпты ашып алуға ұмтылады. «Армансыз аңырады-ау» деп ойлады Мұқа іштей. «Аңырады-ай... Көз жасың да жүзіңнен қырық тарау жол салып, сел болып ақты-ау...Қайда кетіп жатыр соның бәрі? Көл болатындай болды ғой. Соның бәрі мына сәкінің үстінен құлай ағып, қара жерге сіңіп жатыр ма? Жұтып жатыр ма? Сөйтіп жатса, қара жер сенің көз жасыңа жерік екен, Шынаркүл...» Бұл бүгінгі ата-тегі, ұлттық тамырынан қол үзген «маргинальдары»ұлттың ұлы мұраттары мен рухани құндылықтарын мойындамай, өзгенің «қаңсығын» таңсық көретін «негилистерді», типті, бір ұлттың, тұтас бір мемлекеттің мүддесін былай қойып «жаһандану» үдерістерін дәріптеп жүрген «космополиттерді», бір сөзбен айтқанда «мәңгүрттерді» берген кешегі кемелденген социалистік қоғамға жазушының іштей наразылығы десек жарасады. Біз қарастырып отырған кезең шығармаларында туған жерге яғни ауылға, ата-анаға деген жас адмның бойындағы сезімнің немқұрайлыққа ұшрап жоғала бастауы тек Ресейде ғана емес, өзге де ұлттар үшін үлкен мәселеге айналды. Мұқаның да көзінен жас моншақтай төгілді. Заман тыныш, жайшылықтағы тіршілікте адамдардың барлығы жақсы. Ал басыңа қайғы тақсіреті түскен сәтте кімнің екені танылмай қалмайды. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған уақытта адамның шын мәніндегі адами келбетінің танылатыны белгілі философиялық шындық. Міне, осындай өмір философиясын шығапмашылығына азық еткен жазушы тамырлы толғаныстарды алға тартады. (Неожиданны для Виктории слова старого рыбака Евстигнея: «Дядя Ермолай», «Калина красная», В.Распутиннің «Матерамен қоштасу», Б.Можаевтың «Живой», «Лесная дорога», Е.Лазаревтің «Крестьянское гнездо», Е.Носовтың «Не имей десять рублей», «И уплывают пароходы», Ф,Абрамовтің «Пути – пере путья», С.Мұратбековтың «Жабайы алма», Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат», Ш.Мұртазаның «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы», «Айырбас», Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдарында» басты. Дегенмен, осы кезеңдегі стильдегі стильді құрайтын бірліктер арасындағы ұқсастықтар жөнінде айтуға болады. Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Ісімақова өзінің «Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль (начало, ХХ века и современность)» атты еңбегінде 70 жылдардағы қазақ прозасының стилінің ерекшелігі ретінде суреткерлер дүниетанымының 83
халықтық санамен, халықтың көзқарасымен байланысын, соның салдарынан «құдіретті автор сөзінің әлсіреп, кейіпкер сөзіне орын берілгендігін» дәлелдейді. Сонымен қатар зерттеуші қазақ прозасының стилінен жалпыодақтық әдебиет тәжірибесін көреді. Ол: «Казахские прозаики шли от потребности своего читателя, от своего стремления создать образы живых героев, отражающие взгляд народа на происходящие события. Опыт таких писателей, как Ю.Трифонов, В.Шукшин, В.Распутин воспринимался как новое явление, чуждое и несоответствующее своим традициям: он ассоциировался с потребностями своей национальной жизни» - деп О.Бөкеевтің «Шайтан көпір» шығармасының бас кейіпкері В.Беловтың Иван Африкановичімен ассоциацияланатынын аңғарады. Алайда бұл ұқсастықтардың негізінде еліктеу емес, «объективной предпосылкой этих перекличек явилась общественная ситуация 70-х годов, породившая ориентацию литературы на видение человека из народа, с которым автор не только считается, но и включает его голос в повествование, подчас делает его главенствующим» - дейді. А.Н.Веселовский осындай жағдаяттар туралы: «влияние аналогичных общественно-бытовых условий, порождающих соответственные качества среды, которые в разных странах порождают аналогичные литературные течения и формообразования» - дейді. Кеңес Одағының өткенге шүйліге қарап, ескімен күресі, өткенді сызып тастап жаңа өмір құру туралы идеясына, халықтың ұлттығын, этностық сипатын жою саясатына оппозиция ретінде қос әдебиетте осындай типологиялық түйісулер тудырғаны заңдылық. Сондықтан да, ауыл өмірі тақырыбында тоғышарлықтың, кембағал керенаулықтың, барға мәз болып масаюдың, өзімшілдіктің сынға алына бастауына ешқандай таңдануға болмайды. Осындай келеңсіз құбылыстардың бас көтеріп қалғандығын көрмеу де мүмкін емес. Жалпы 60-80 жылдар кеңес әдебиетінде шағын жанрдың өріс алған кезеңі болды. Бұл тенденция әсіресе, ауыл тақырыбына қалам тербеген жазушы шығармаларында кең етек алды. Орыстың көрнекті жазушысы әңгіме жанрының майталманы В.Шукшин: «Мен үшін басты тақырып – адамның рухани сұлулығы, адамгершілігі, жан тазалығы. Адам әрекеті әңгіменің басты нысанасы болуға тиіс» дейді. Жазушының бұл айтқан пікірлері қазақ әдебиетінің көрнекті прозашылары С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, О.Бөкей, Д.Исабеков, Қ.Ысқақов, Т.Әбдіков, Т.Нұрмағанбетов сияқты жазушылардың ұстанымына айналды. Аталған авторлардың әңгіме повестерінде тоғышар, желбауыз жандар психологиясының батыл сыналып, осы жарамсыз мінездердің туу, етек алу себептерінің жан-жақты қарастырылуы әбден заңды. Дегенмен біз қарастырып отырған көрнекті жазушы Ш.Мұртазаның 1960 жылдар көлеміндегі алғашқы ізденісі біршама қоғамдық талап тілектердің дәл өзінен туындап жатты. Шығармашылық тұлғаның адамгершілік позициясында қоғамдағы күшті өзгерістер мен адам жанындағы рухани дағдарыстардың ықпалынан және суреткерлердің өзі де «қабылдай алмайтын шындықтың тууына байланысты, ХХ ғасырда теңдесі жоқ көп қырлы позиция пайда 84
болды». Бұл көп қырлы позиция авторларға рухани еркіндік те берді. Әуелі шеберлігін арттырып, жаңаша ізденістерге, күрделі образдар тудыруға да жол ашылды. Ендігі жерде қазақ жазушылары бұл сәтті пайдаланып, өз көкейлерінде қордаланған арман-тілек, үміт-мақсатты беруге талпынды. Кеңестік қоғамда замандас, жаңа, жас тұлғалардың бейнесі сомдалуы және олардың қоғам өмірімен тікелей байланыста алынуы талап етіліп отырды. Қолына қалам ұстаған суреткерлердің қай-қайсысы болмасын өмірлік шындықтан алшақ кетпей ізденісті адам бойында рухани-эстетикалық құнардан іздеді.әрқайсысы повестері Жазушылар адами құндылықтардың шығармаларындағы Оның осы ерекшеліктері жолында жазушыға тән өрнекнақышын айрықша танытады. 60-80 жылдардағы жазылған түрлі ұлт өкілдерінің шығармашылық ізденістеріндегі ортақ көкемдік танымды олар көтерген ең басты тақырыптық -идеялық ізденіске зер салсақ оның ең алдыңғысы ретінде тоғышарлық пен айрлықтың Ш. Мұртазаның бұл әңгімелерінің танымдық лейтмотивіне айналып тұр. Ш. Мұртаза сынды қаламгердің бір ерекшелігі – болмысты, құбылысты көкірек көзімен көріп, қиялына жүгінуінде. Ол үнемі ішкі әлемнің күрделілігін қиялмен, ішкі көкірек көзімен тануға ұмтылады. «Ақсай мен Көксай» әңгімесінде соғыстың үшінші жылына аяқ басқан, аштық пен үрей аузында тұрған ауыл тіршілігі суреттеледі. Қазақ табиғатынан намысқой халық. «Бөрі аштығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтып», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», «Өлімнен де ұят күшті», «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген даналықты тудырған қазақ ұяттың мықтысын сырт жекжат, алыс сыйластықтарда қатты бетке ұстанады. Далаға атып шықсам Арзы апам жүні жалбыраған, қарны салбыраған қара мәшіге мініп тұр екен, ақ полотнай кимешек, ақ дәке күндік салып, көк доқаба камзолын киіпті. Айша: – Қорғанбайдың апасы-ау, тойға баратындай киініпсің ғой, тегі – деп күлді. – Күнде барып-кеп жүрген жер емес, көптен көрмеген қырғыз құдаларға жүдегенімізді білдірмей, сыртқы жүнімді қампайтқаным ғой, түге» –деген Арзы ананың сөзі аты қазаққа тән асыл намыстың бағасын бағамдайды. Сұрапыл соғыс қазақ-қырғызды ризық-несібесінен айырса да, пейіл мен намыстан жұрдай қыла алмады. «Нұралы қарт «Тай сойса да, қой сойса да жарасатын меймансыңдар. Көктемнің көк өзегі, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Екі-үш ешкісі түскір лақтап қалып еді, сендер келгенде тышқан мұрнын қаната алмағанымыз жанымызға қатты батады. Нариза болмаңдар» деп айтса да жақсылыққа үміткер. «Амандық болса, әліақ жарылқар күн туып, ақ түйенің қарны жарылар. Жасаған жақсылығын берсін» – деуі автор көп айтатын «Үміт болмыстан да өміршең екенін» танытады. «Ақсай мен Көксайдың» өн бойында үміт пен күдіктің айқасқа түсер сәттері аз емес. Кешегі жаугершілік заманда адамның саналысы майданға аттанып, отанын қорғау жолында бастарын ажалға тіксе, қорғансыз ата-ана, жесір әйел, жетім балалар майдан үшін тер төгіп, еңбек етіп, күш 85
қосты. Ал осылардың арасында қасқырлық жасап, ел қорып, арамдықпен күн көрген жәутіктер де болды. Өрім көңілді жетім бала тағдырдың тағы бір қырсығына кездеседі. Қазақ пен қырғыз тауының сай-саласында кездескен қашқын-қарақшы өзінің кім екенін жасыру үшін ә дегенде қарт ана мен жасөспірім балаға бәле жабады. Мұны қазақ «ұрының арты қуыс» дейді. Ә дегенде көзге қораш көрінер кейіптегі «Ақ есек мінген қара дәу жақындап келді. Әдетте ақ есекке ел қыдырған дуана мініп жүруші еді, дуана ма дейін десем, оған келіңкіремейді. Басында даңғарадай дәу бөрік. Сеңсең қозының дәу терісі ескіріп қалыпты. Үстінде түгі түскен қара сукно шекпен. Стволын төмен қаратып, тақымының астына жалғыз ауыз мылтық басып алыпты. Алақандай алакөз. Шалғы мұрты салбырап тұр. Түсі суық. Орта жолда кездескен бейтаныстың түрі ұнамсыз. Ол кезеңде ер азамат атаулы майдан даласында жан алысып, жан берісіп жатса, мына еркек кіндіктің жайбарақаттау жүрісі күдік туғызарлықтай. Әйтсе де бейтаныс алдымен атыжөні жоқ жолаушыларға тағы да тиіседі. «...– Неғып ауыл қыдырып жүрсіңдер? Колхоздың жұмысын кім істейді? Колхоз бар ма өзі сендерде? – деп бадырақ көзі кенет үнін өзгертіп салды. Әй сен неге әскерге бармай жүрсің? Әскерден қашып жүрген дезертир емессің бе? – деп маған шүйлікті» – делінген жолдарда жас баланың үрей алуы, кәрі ананың өмірі әп-сәтте ажал оғына тап болады. Автордың өз басынан кешірген осы бір оқиғадан оның өміріндегі ең бір ауыр шақты, өмір мен өлімнің айқасын көреміз. Уақыттың, тарихтың 1941-1945 жылы қиын келбетін танытудағы суреткерлік түйсікке ерекше бір нәр сыйлаған ақиқаттың бастан кешірілуі автордың көкірек көзімен көріп, қиялына жүгінуінде ашыла түседі. Ажал аузына жазымыштан тап болған жас баланың әлдеқайдан жәрдем іздеп айналаны шолуы зады, заңды да десек, «Сәл үнсіздік кезінде бағанағы бозторғайдың төбеден шырылдаған даусы тағы да ап-анық естілді-ау. Айнала аңғал-саңғал аңғар, тіпті Тәңіртаудың шыңдары қылтиып әрең көрінеді. Төбеңнен төнген аспаннан басқа кеңістік жоқ. Айқайласаң – ешкім естімейді. Қашып құтылмассың. Кәрі кемпір, жас бала. Анау болса – зіңгіттей, балуандыққа түскені рас та болар» – дегені уақыт дүрсілін, болмысты, құбылысты сол қалпында көз алдымызға алып келуімен ерекшеленеді. Жазушы үнемі ішкі әлемнің күрделілігін қиялмен, ішкі көкірек көзімен тануға ұмтылады. Бұл таным әсіресе ұлттық мінезді бейнелеуде бар қырынан көрініс алады. Қазақ халқы табиғатынан қойдай момын, «барға қанағат, жоққа салауат» еткіш халық. Ал осы халық жайындағы әдебиеттің ұлт бойындағы қасиеттерді өз бойына дарытары анық. Соғыстан қашып, Отан мен қоғам алдындағы азаматтық міндетін аяққа таптаған арсыз пендеге жолаушыларды тонап, қорлау да түкке тұрмайды. Адамның азғынынан ешқашан опа болмайтынын Ақсай мен Көксайдың аңғарындағы сәттік ситуацияда анық байқаймыз. Үміт пен күдік, арман мен жалған, мейірім мен қатыгездік арпалысқа түседі, өмір мен өлім шешуші сәтін күтеді. Бала түйсігіне түйінделген 43-ші жылдың сойқаны оның санасына мәңгілік зер салады. Сол зердің пісіп жетіліп, көпті көрген, танымы кеңейген жазушының 86
сындарлы санасында қайта қорытылды. Жаны қысылған баланың ақырғы айқасқа түсіп, қару алып қорқауды қорқытуы, әрекетке баруы тағдырдың өз талабы болды. Ағайындарды араздастырған, бір үйдің мініс көлігі болған көк есекке көзі түскен жол торушының әрекеті «Бадырақ көз шынымен көк тайқарға мінуге ыңғайланды. Көк есек пысқырынып, бір орында тыныш тұрмай, шыр айналды. Ақ есекті тастайтын түрі бар. Тіпті түсіп қалған мылтығына да қарар емес. Айтпақшы ...лезде басыма бір қыршаңқы ой сап ете қалды. Жүгіріп барып жерде жатқан мылтықты көтеріп алдым да, Бадырақ көзге аулақта тұрып кезеніп: – Кәне, тайып тұр! – деп айқайлап жіберіппін» – дегені қилы шақта кесек әрекетке барған бала бойынан қайсарлық та, қайрат та қатар табылады. Дегенмен, адал, иман жолындағы Арзы ана қазақы ұғымға сай жас баланың қару ұстауын жамандыққа жориды. «– Ойбай, жүгермек, таста, ойбай, бәлесіне қаламыз? – деп екі қолын ербеңдетті. Бірақ жақындамайды. Ал Бадырақ көз сасар емес, қайта сақ-сақ күледі. Онысынан абыржиын дедім». Бала мен ананы зәбірге салған қарақшы қауіптенудің орнына тіпті енді батылдана түседі. Су болған мылтықтың атпайтынын айтып, «...Сөйтіп ауызға түсіп тұрған бір еліктен қағылып, қапа боп келе жатқанда, сендер кез болдыңдар. Бұ да болса, құдайдың несібесі. Әй, балақай, мылтықпен ойнама. Ол бәрібір атпайды. Әйтсе де мылтықпен ойнамас болар» – деп тіпті асқақтай түседі. Бала да болса, қатыгез соғыс тез есейткен Барсханға мылтық деген қарудың суық тобы талай ойға жетелейді. «Сонда да кезеніп біраз тұрдым. Қарауыл бадырақ көздердің арасында қозғалақтайды. Қолымның қалтырағанын содан сеземін. Адамға қарай мылтық кезенудің қиыны-ай. Оның үстіне Арзы апам шындап ойбай салып жылады. – Тумай жатып әкесін жалмаған жүгермек, енді өз басыңды жалмайын демесең таста қолыңдағыңды! – деп екі қолын ербеңдетіп шыршыр етеді». Ажал аузында тұрған Арзы ананың ар иманы тап осы тұста таразыға түскенін, һақиқат жолына адал берілген қазақ әйелінің иман шақыра зарлануы оның ішкі дүниесінің тұнығын ашып, әңгіменің адамгершілік идеясын ең биікке шығарудың түпкі ниеті тәрізді. Өзі қаңғырған қарақшының кесірінен өлім құшуға шақ қалып тұрса да оған өлім тілемеу, иманға шақыру мұсылмандық ұстанымға адал, салауатты Арзының адамдық танымы мен ішкі ниетінің түпкі жағын жаңғыртып тұр. «Аққа құдай жақ» деген қазақы түсінік әңгіменің өн бойында жасырынып жатса да қилы тұстарда оқырманын саналы түрде осы ойға жетелейді. Ала жіп аттамаған Арзы ана да, болашақтан арылмаған Барсхан да адамдығы мен ақ ниеттерінің сауабының арқасында аман қалғанын қаламгердің түпкі танымы аңғартады. Ел-жұртты түгел жайлаған аштықтың, әлеуметтік, рухани қиындықтардың қырғыз жеріндегі кейпін Нұралы қарттың ауылына барғандағы баяннан байқаймыз. Туысқан, түбі бір қырғыздардың «Аршағұл» айылындағы халахуал қазақ ауылына да тән құбылыс болса, Нұралы қарттың қайын жұрты келгенде «тышқан мұрнын қаната алмадым-ау» деп қапалануы арды биік 87
байлам санайтын ұлттық түсініктің және бір қырын ашады. Тілек-ниеті түзу, Аллаға мінажат айтатын Нұралының «Амандық болса, әлі-ақ жарылқап күн туып, ақ түйенің қарны жарылар, жасаған жақсылығын берсін» – деуі үмітті үкімеген тілек-ниеті бір қазақ-қырғыздың ортақ арманы. Шерхан Мұртаза әңгімелерінің лирикалық жұлын-жүйкесін ұстап тұратын мұң мен сағыныштың пәлсапалық көркемдігі Аршағұлға барғанда кәрі Нұралымен кездескен сәттегі сезімде «...Бұл үнсіз, тұншыққан жылауда толып жатқан шағым бар еді. Әкейдің жоқтығы, Қайрақбай қарауылдың сиырың колхоздың жоңышқасына түсіп кетті деп, шешемді былапыт сөзбен балағаттағаны, қыстың ұзақ боранды түндерінде үрпек бас үш бала Айшаның бауырына тығылып, бір көрпенің астында боранның ұлыма даусын тыңдап қорқып жататынымыз; ...» – деп ұзақ айтылған бала шағымында талай тарих жатыр еді. «Әлде кім біреуді, ол да маған сонда арызын айтып шағынды ма! ...» – деп жазушы және толғанысқа түседі. Осыншама бұла сағыныш пен мұнарлы мұңның туына себеп болған сол кезең үшін нан секілді зарықтырған асылға айналған қасиет мейірім еді. Қатулы заманда нан мен мейірім бірдей тапшылыққа айналды. «Шал қос қолын маған созып, ағаштай аяқтарымен бір-бір басып, жаныма келді. Менің ыңғайсызданғаныма қарамай басымды арық кеудесіне басып, тұла бойы дір-дір етіп, үнсіз өксіді. Арқамнан сидиған арық қолымен сипалай берді, сипалай берді». Нұралы қарттың сағынышы – бала басындағы әрқилы көңіл-күйлер, психологиялық драматизм, сезім-қиял шиеленісуі мен шарықтауына алып келеді. Қандай да болмасын күрделі ой мен сезім күйлерін осылайша қарапайым, көзге елестетерліктей бейнелі жеткізе білу – Ш. Мұртазаның қаламына тән басты қасиет. Жас журналист болып табалдырық аттаған кезінде Кеңестік идеология мен комунистік партияның дінге, ұлттық наным-сенім, дәстүрлерге тыйым салған кезі еді. Құдай деген бір ауыз сөзді ауызға алған адам діншіл деп халық арасынан аластатылғандай күй кешеді. Партия мен үкімет цензурасының талабы қатаң кезінің өзінде-ақ Шерхан Мұртаза нанымсенімін жасырып қоймады. «Табылған теңіз» повесіндегі Оралдың қатты қорқыныш бойын билегенде шыбын жаны туралы ойлауы, абыржыған кезде «Құдайды» аузына алуы, дінге берік әжесінің аңызы осы секілді нанымсенімге қатыстыларды жазушы ашық бейнеледі. «Белгісіз солдаттың баласы» повесіндегі қазақы қарттар Жебе, Жүзбайлардың діни дәстүрді ұстануы ел ішінде дініне берік жандардың әртүрлі адамдығы мен пендешілігі қоса қабат алынады. Исатайдың бата мен дұға, құранға қол жаймауы атеистік тәрбиенің төркінін танытады. Қазақ баласы болғандықтан әйтсе де, Исатай тұтастай ұлттық менталитеттен мүлде қол үзбеген. Баршын қыз, Бабай түкті Шашты Әзиз туралы толғанысы Исатайдың болмысын және басқа бір тұрпатын ашады. Ұлттық мәйегі бұзылмаған, ата-баба, ана, халық дәстүрінен ортасынан алған тәлімнің тұтас тұрғысынан тапқан Шерхан Мұртазаның қазақшыл ұлтжанды болмай қалуы мүмкін емес еді. Ізгі тәрбие, ұлағатты ұлттық өнегенің жемісін жазушы шығармаларының өн бойынан маржандай тізіп, халықтан алған даналықты көркем әрлеп еліне ұсынды. Шыншылдық, 88
адалдық, қайрымдылық пен парасаттылықтың парқы мен нарқын жан-жақты жарқырата көрсетуге күш салғанын осы мысалдардан көреміз. «Қара маржан» романы жазушының журналистік көп жылғы ізденісі мен суреткерлік таным-талғамының нәтижесі. Туындыдағы оқиға, тартыс нанымдылығы, образдар тұлғалануы жан-жақты кемелденген. Шығарманы оқып отырып, өнер туындысының жақсы болып шығуына Лев Толстойдың қоятын белгілі талаптары ойға оралады. Қандай да болмасын, көркем шығарманың тартымды не тартымсыз болуы суреткердің нені айтқанына, қалай айтқанына және қаншалықты шын жүрекпен, шын шабытпен жазғанына байланысты екенін тұжырымдай келіп, ұлы классик мынадай үш шартты алға тартады. «Бірінші, нені айтатынын білу үшін, суреткер күллі адам баласына тән қасиеттерді, сонымен бірге оған, яғни адам баласына мәлім емес заттарды білуі тиіс. Оны білу үшін суреткер өз дәуіріндегі білімнің биігінде болуға, ең бастысы, өмірден оқшауланбай, жалпы адамзат өмірімен біте қайнасып, араласып отыруға міндетті. Екінші, не айтқысы келгенін жақсы айтып шығуы үшін, суреткер шеберлікті меңгеруі тиіс. Ал шеберлікті меңгеру үшін, суреткер өз жұмысын әрдайым жан дүниесінің әділ-қазысына жүгініп, көп ұзақ жұмыс жасауға тиіс. Үшінші, айтқысы келгенін шын жүректен айтып шығуы үшін суреткер айтар нәрсесін жан-тәнімен сүйетін болуы керек. Ал ол үшін, жаның ашымайтын, айтпасаң да болатын нәрсені айта бастамай, айтпасыңа болмайтын, жан-тәніңмен сүйетін нәрсені ғана айту қажет» . Көркем шығармалардың болашақ өміршеңдігін қатты қадағалаған Л. Толстойдың бұл дана ойларынан көңілге құятын жайлар көп. Өмірді терең тексеру, адам болмысына мұқият үңілу, қоғамдық талаптың, өнер-білімнің биік деңгейіне үнемі көтеріліп, өз айнала ортасының ұлттық сипаттарын ашу, характерлерінің жанды-нәзік сырларын тауып, қандай тақырыпта жазса да өнер туындыларын жалпы адамзаттың рухани асыл мүсініне айналатындай дәрежеде шығару міндеті айрықша ұғылады. Ұлы классиктің жоғарыда айтылған ойы суреткерлік танымның қалыптасуындағы басты критерий. Ал осы суреткерлік танымның рухани түлеп, қалыптасуында жазушылық интелектінің атқарар қызметі айрықша. Уақыт талабын дәл басып, өміршең туынды жазып, парасатты, философиялық терең пайымды бейнелей алу дәуір қажеттілігін ғана қанағаттандырмайды, халық көкейінде жүрген жүздеген қиял-жұмбақ, арманаңсардың шешімін табуына да негіз болады. әрине мұндай парасатқа азық болар ой-толғам, жүйелі сөз жазушы интеллектісінің жемісі. Нағыз жазушы ғана аталған мүдделерден шығып, рухани азық болар дүниелер ұғына алады. Егер талап осылай болар болса онда жай жазушы болып қою жеткіліксіз, ендігі жерде суреткерлік қасиет қажет. Тапсырмалар және сұрақтар: 1.Жазушының өмір мен өнердегі көркем кеңістікті меңгеруі қаншалықты 89
2.Ш.Мұртазаның бірнеше жанрда қалам тербеуінің маңызы неде 3.Суреткердің шығармашылығындағы халықшыл сарындарды ата. 4.Драматург шығармаларындағы жаңашыл және дәстүрлі ізденістерге тоқтал. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Бекниязов Т. Кейіпкердің адамгершілік проблемасы. – Алматы: Қазақ университеті, 1987. -164 б. 2.Мұртаза Ш. Таңдамалы. 6 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. 3 т. -511 б. 3.Шераға: -Алматы: Атамұра –Қазақстан, 1993. -181 б. 4.Толстой Л.Н. О литературе. Статьи, письма, дневник, ГИХЛ, 1955, -310 с. 5.Көркемдік кілті – шеберлік. -Алматы: Ғылым, 1985. -348 б. 6.Борев Ю.Б. Гуманизмсоветской литературы и литературный процесс ХХ века. //Гуманистический пафос советской литературы. -М., Наука, 1982, -7 с. 7.Утехин Н.П. Жанры этической прозы. Л., Наука, 1982, -135 с.
90
Шерхан Мұртазаның шағын және көлемді прозаларалық шығармаларындағы образдар жүйесі мен көркемдік – эстетикалық әлемі 1960 жылдардан бастап қазақ әдебиеті көркемдік әлемді әрлендірудің мазмұнды болуында батыстық, орыс әдебиетінде бұрыннан пайдаланған психологиялық талдауды қолдана бастады. «Психологиялық талдау – қоғамдық құбылыстың шырқау шыңы адамды, оның жанындағы сезімінің жықпалдары мен қат-қабат қалтарыстарын, шуағы мен ызғарын, ойдағы қарама-қайшылықтарды дәл де нақтылық жағдайда зерттеудің тамаша тәсілі» . Суреткер үшін шығармада сомдалар көркемдік идеяны жан-жақты ашып, ұстанған концепцияға жету жолында кейіпкердің жан-толғанысы мен түрлі сезім-күйін бейнелеуде психологиялық талдауға бару ең ұтымды тәсіл. Ш. Мұртаза журналист бола жүріп соғыстан кейінгі жылдардағы қайнаған өндіріс орындарының ортасында болды. Рас бұл жылдары әлеуметтік өмірдің негізгі салмағы жастарға артылды. Олардың бойынан жас адамның алғашқы өмірлік адымдары тәжірибесіздік, сезімталдық, қызбалық, ұшқалақтық, жалынды жас, өршіл максимализм, оптимизм секілді қасиеттер анық байқалатын. Тұңғыш повестеріндегі кейіпкерлердің көбісі және олар бастан кешірген ситуациялар Ш. Мұртазаның көзімен көріп, басы-қасында болған оқиғалар екеніне еш шүбә жоқ. Яғни журналист Шерхан Мұртазаның жазушы Шерхан Мұртазаға жасаған ықпалы зор болды. «Табылған теңізден» кейін жазылған «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы» повестерінің де басты кейіпкерлері жаңа өмірдің жаршылары жастар, Орал, Викторлардың кескін-кейпінен тартылған үзіктер Нариман, Таңшолпан, Сергей, Исатай, Алтыншаш, Аяулы, Салықтардың образдарымен ұштастырылды. Шытырман өмірде адамдық жолды таңдаған жастар Орал, Исатай, Наримандар өмір құбылыстарының сыры туралы ойлана да, толғана да біледі. Әсіресе олар өздері бастан кешетін қиын ситуацияда азаматтық болмыстарын жоғалтпауға бел буады. Олар қоғамдағы, адамдар арасындағы қарама-қайшылықтарды өз көздерімен көріп, бастарынан кешіру арқылы үлкен ойға, терең толғанысқа түседі. Бұлар жас қоғамның мүшелері, жаңа өмірдің болашақ иелері болатын. Ал, қоғам қалыптасуы үшін алдымен сол қоғамды жасаушы, дамытушы күш – адамдардың өздері азамат болып қалыптасуы тиіс қой. Бірақ өмір жолы шытырман, бірде қуанышқа кенелсең, енді бірде қайғы-қасіретке кезігесің. Жақсылық пен қуанышты қалай көтере білсең, жамандық пен қасіретті де жасырмауың керек. Өйткені солардың барлығын тудырып жатқан әлеуметтік жағдай ғой. Оны жан-жақты көрсетпей әдебиет қоғам өміріне ықпал ете алмайды. Тек қай құбылысқа болмасын, суреткердің ашық айқын көзқарасы, тенденциясы болуы тиіс. Сол кезеңдегі көптеген жас жазушылар шығармаларынан өмір диалектикасы барынша кең көріне бермейді, кейде бір нақты арзан қызықтаушылық басып кетіп жатады, тіпті жетістіктің, қуаныштың өзі үлкен еңбектің, күрестің нәтижесі екенін ұмыта береді. Жақсылық, бақыт, жеңіс өздігінен келмейді. Ол үшін адам әрдайым еңбектеніп, күресуі керек. 91
Бақыт адамға өздігінен келмейді, оны да жеңіп алу керек. Міне, өмір қайшылығын барынша терең ашып көрсетуге ұмтылған Ш. Мұртаза повестегі драмалық сипатты мүмкіндігінше мол танытуға ұмтылады. Публицистикадан прозаға қалам тартқан Ш. Мұртаза повестке оқиға, әрекетпен бірге кейіпкердің өз тебіреніс, толғаныстарын танытатын ішкі монологтарды түрлі формада беру арқылы жас адамдардың өмір туралы толғаныстарын кеңінен аша түседі. Жазушы қаламының тағылымы, әсіресе, көркемдіктің негізгі салмағын арқалайтын сезім иірімдерінің жықпылжықпылдарын берудегі тебіреніс, толғаныс ішкі ой ағымына көңіл-күйді үйлестіруінде. Соғыстан кейінгі жылдардағы адамзаттың баршасына жас-кәрі деп бөлінбестен сағыныш, мұң, арман, қиял, толғаныс секілді қасиеттер тән еді. Майданға аттанған әкеге деген сүйікті жардың, сүйкімді балақайлардың сағынышы, ұрыс даласындағы ұлына деген ардақты әкенің, аяулы ананың, ет бауыр іні-қарындастың жанашыр ағайын-туыстың сағынышы. Ерлігімен өзге жерде көз жұмған немесе хабар-ошарсыз кеткен майдангерлер тағдыры ойға салған шерлі мұң, жеңіске жету жолындағы әке аға, бауырлар ерлігін ақтап білім алып, оқу оқып, жарқын болашаққа жол салсам деген арман, бейбіт бақытты өмірде жастық дәуреннің қызығын ұзағымен көрсем деген қиял әсте өмірде ойлаған нәрсенің оңайлықпен қолға түспейтіндігін, өмір деген әлемнің тұңғиық терең сырлары болатынын ойлап, тебіренген толғаныс т.б. Міне, осылардың барлығы Ш. Мұртазаның ең алғашқы жазушылық ұстанымы мен өмірлік танымына өзек болған көркем де терең тарихи құбылыстар болатын. «Адам баласы сағыныш пен мұңнан айырылған жерде бәрінен айырылады» деген ұлы А.П. Чехов сөзінің растығына Ш. Мұртаза повестерінің бойындағы адамдық қасиеттің биік шыңы - сезім күйлерін сомдаған тұстарынан көреміз. Елден жырақ, оңтүстіктен солтүстікке аттанған Оралдың бір басына бірнеше сағыныш сезімі ұялаған. Ең әуелі ауылда қалған кәрі әжені ойлап, уайым мен мұңға берілсе, көңілі суып, мазақ еткен, пәк сезімін лайлаған Нэллиге деген жігіттік сергелдең сағыныш, достарына деген қимастық сағыныштар. Ал сағынышының ең үлкені майданнан қайтпаған әкеге деген көп жылғы сары тап болған мұңға да, шерге де толған, ешқашан таусылмайтын ұлы сағыныш. «Қайран әжем, қазір не істеп отыр екен? Әлде ұйықтап жатыр ма екен? Қайдан ұйықтаушы еді. Мені ойлап жатыр ғой. Тіпті ұйықтаған күнде де түсінде мені көріп жатқан шығар. Мен де бір тауфықсыз баламын ғой. Әжем итшілеп өсірді. Өзі айтқандай «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай» өсірді. Тіпті соғыстан кейінгі ауыр жылдың өзінде қызының жалғыз сиырының майын сатқызып, тапқан-таянғанын менің үстіме жапсырды. «Жақсыдан қалған жәдігерім» деп мені алдына алып, басымды төсінің астына басып, ыңылдап көп отырар еді» деп алыстағы ауылда қалған қарт әженің мейірімін аңсайды. Әжеге деген асыл сағыныш балаң жігіт Оралдың өмірлік мәніне айналады. Сәби шағынан өзіне өмірін арнап, адал тәрбие беріп мәпелеген әжеге деген сағыныштың алыс сапарға аттанған Орал кеудесінде от жағуы кездейсоқтан емес. 92
Жас адамның жан дүниесіндегі Ш. Мұртазаның драмалық арпалысты өзіне тән психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін көрсету арқылы өмірлік диалектиканы бейнелеуге батыл баруы, проза жанрын игерудегі үлкен табысы дейміз. «Көркем шығармадағы басты нәрсе – автор жаны» – деген Л.Н. Толстой айтатын ақиқат әдеби туынды өміршеңдігі мен оның эстетикалық тұрғыдан қабылдану стихиясына байланысты көп сырдың дәл шешімін тауып беретін сияқты. «Демек оқырманмен жанды байланыс орнатып, оның кіршіксіз сенімін иелену үшін жазушы болмысты бір ғана тұрғыдан бағалап, жеке көзқарас аумағын қорытудан сақтанып, заман шындығына әртүрлі ракурста көз салуға ыңғайлануы қажет болса, реалистік обьективтілік түрлі субьектілік сфералардың аңсарын дәл пайымдау жолымен көрініс беретіні, осы процесте сөз жетекшісінің де табиғаты анықталатыны хақ». Өнер дүниесін образдар жүйесі деп ұқсақ, оны жасау жолына көп нәрселер жататыны, және олардың ең бастысы болып: автордың алдына қойған мақсат-мұратына орай тақырып таңдау, жанр белгілеу, характер жасау, сюжет құру, композиция желісін тарту, бейнелеу құралдарын жасақтау, тіл ұстарту т.б. болып табылады. Сонда шығарманың көркемдік қуаты автордың дүниетанымына қарай алға қойған идеялық-эстетикалық мақсат-мұратын айқындайды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ш. Мұртазаның алғашқы үш повестінде ортақ мұрат ретінде автордың жаңа кезеңнің өкілдері – жастар Орал, Нариман, Исатай өмірлерінің шындығының көркемдік шешімін беруге талпынуында, бір жағы заман талабы болса,екіншіден жас журналист Ш. Мұртазаның өзіне етене жақын әрі таныс жас жұмысшылардың қоғамдық, адамдық, әлеуметтік болмыс бітімін барша қырынан ашып көрсету мүддесінен туындағанына дау жоқ. Бұл ретте: «ХХ ғасырдың әдебиет және өнер шығармаларында бекіген түрлі көркемдік концепциялар ортақ түрде топтастырылып, қазіргі түбірлі мәселе – гуманизммен қалай да қатысты болып шығады» [35, 7 б.] деген ғалым Ю. Боревтің тұжырымы көкейге қонады. Тағдырдың тығырығын қанша көп көрсе де, адамдық асыл мүддеден айнымайтын адал ниетті, ізгі жандар көп екеніне сөз жоқ. Ең бастысы, олардың адамгершілік қасиеттерін терең суреткерлікпен аша білу парыз. Дәлдеп айтсақ, адам факторының шешуші мәнін табу қажет. Өйткені, олар ел игілігіне еңбек етіп, көптің бақыты үшін талап қылып жүр. Әйтсе де өмірдегі нақты бар нәрсені сипаттап, мазмұндап жазудан нағыз көркем туынды жазылмасы айқын. Қаламгер үшін негізгі обьект халық арасынан шыққан ортақ тұлға болуы тиіс. Ал оны жинақтау, типтендіру, даралау сияқты көркемдік поэтикалық шарттарды үлкен творчестволықпен игеру борыш. Сондықтан жан-жақты ойға салып үлкен өріс ашатын, одан өмірлік танымды екшейтін суреткерлік қашан да басты мәселе. Көркем ой қорыту – қаламгерліктің басты міндеті. Мұны автордың қалай игере алатынын тек шығармашылық шеберлік тәжірибе ғана анықтап бере алады. Іздену, білім мен біліктіліктің мәні өз алдына. Мұнсыз тіршілік шындықты көркем шындыққа айналдыруда сұрқайлыққа, ұсақтыққа тап болу 93
оңай. Ондайда кемшілікті мойындаудың орнына, заманның әлдебір тосын ғана өзгерісін өмір мен замандас туралы жазу қиын деп кейде жеңіл қорытынды жасауға мәжбүрміз. Белгілі зерттеуші Н. Утехин: «Қоғамдық қозғалыстың басында тұрғысы келетін әдебиет, өмірге жақындауы тиіс болатын. Ол қол жетерлік дәрежеде, жалпыға ортақ мәні бар характерде көрінуі керек еді» – деген тұжырым жасайды. 1965 жылы жазылған «Бұлтсыз күнгі найзағай», 1967 жылы жарыққа шыққан «Белгісіз солдаттың баласы» повестеріндегі замандас қаһармандар бейнесін, оның адамгершілік қасиетін сомдайды мұндағы өмір шындығы мен көркем шындықтың арасалмағы үйлесімді келеді. «Әдебиетте замандастың рухани әлемі, характерін бейнелеудің көркемдік тәсілдері жетіліп отыр. Образ сомдау жолдары, жанрға тән көркемдік шарттардың үйлесімі мұндайда көп роль атқарады. Замандастың жан-дүниесін, ой-сезімі мен арман-мүддесін, іс-әрекетін, характерін жазушы қалай көрсетеді? Мұның мәні терең. Гуманистік, адамгершілік қасиеттерден бастау алған адамның дүние танымы, сана-сезімі, азаматтық позициясы, міне, бүгінгі замандастың мінез-құлқын айқындайтын факторлар осылар» . Ш. Мұртаза өмір диалектикасының осы бір шындығын ашуға батыл қадам жасағанда түңілуге барған жоқ. Қаламгер кейіпкерлері ауыр қайғыға ұшыраса да, жазықсыз қиянат көріп, жапа шексе де ол өзінің адалдығы мен адамдығын жоғалтқан жоқ. Өмір талқысына түспей, оңай жолмен бақыт тапқандар ештеңеге қайғырып, қасірет шекпей өтуі мүмкін. Бірақ адамның жолы бола бермейді ғой. Жас адамның албырттықтан әр түрлі кедергі-тосқауылға ұшырауы мүмкін. «Соқпақсыз соқтықпалы жерде өскен», өмірдің ащы-тұщысын татқан адамның әр қилы сезімін бере білу, тас қақ айрылатын қайғы түссе де шыдамы, тағаты жететін, сол қайғыдан өзі егіліп, жүрегі сөгіліп кетпейтін қайратты, мықты адамдардың сезімін байқаймыз. Суреткердің Орал тағдырының бұралаңын бейнелегенде өмірдегі сәтсіздіктердің ешқайсысына мойымайтын жалынды жанның біраз сырқұпиясын ашады. Жас жігіттің адам бойын билейтін түрлі нәпсілік қызығудың соңы жақсылыққа апармайтынын алғаш Несібелі – Нэллимен болған сәтін сезім үстіндегі әрекетінен көреміз. Жазушының журналистік ұшқыр ой-өрнегі дәуірдің тарихи тұлғасын тап басып көрсете білгеніне «Табылған теңіз» повестінен мысалды көптеп кездестіруге болады. Шығармада бейнеленген бұл түсінік-танымдар сол кезеңдегі халықтың рухани тірегіне айналған еді. Ш. Мұртазаның Орал өмірінің кезеңдерін көрсете отырып жас адамның рухани қалыптасуы үшін адам үнемі өзін жетілдіріп, дамытып отыруы тиіс деп есептейді. Жазушы көбінесе адамның жетілуіне, ішкі дүниесінің маңыздылығына, мазмұндылығына баса көңіл бөледі. Алғашқы очерктеріндегі жеке адам туралы тағылымдары повесте жастардың таным түсінігі, ұстанымдары әлеумет, қоғам алдында адамгершілік пен ар-ұяттың, тәрбиенің көзін іске асырушы басты тұлғаға айналуынан танытады. Кейіпкерін түрлі ситуацияға салу арқылы ол адамдардың көңіл көздеріне, ішкі дүниесінің есігін ашып, оған жақсылық, ізгілік, адамгершілік, мейірім шапағат оятады. Адам 94
табиғатының қыр-сырының мол екенін танытқан жазушы, адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерін пайдалана білсе, нәпсісін тыйып, баянды өмір сүруі де өз қолында екендігін кейіпкерлер тағдырын әртүрлі ракурста беру арқылы көрсетеді. Пенделік нәпсі ешкімді де жақсылыққа апармасын бейнелей келе нәпсіні тұсаулайтын қасиет «ынсап» деген ой түйіндейді. Өзінің ішкі жаман әрекеттеріне тосқауыл қоя алмаған адам нәпсісіне де тосқауыл қоя алмайды. Алғаш жарияланған үш повестегі жалынды жастар: Орал, Нариман, Исатайды пенделік нәпсінің жетегіне итермелеуде әйел затына деген құмарлықтың ушығуы және ішімдіктің сананы сарсалаңға салатын сорақылығын көреміз. «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінің көркемдік танымын көбіне кейіпкерлердің ішкі ой толғанысы мен санадағы арпалысы аша түседі. Нариманды қанша жақын тартып, жалпылдағанымен, Ақбілектің ар тазалығынан күмән беретін көп нәрсені Нариман оның қылықтарынан аңғарады. Асханаға кіргенде жас инженерге жарамсақтана қалатын Ақбілек ажарсыз да емес, әйтсе де жас инженерді оның қылымсыған қылықтары жирендіретіндей. Бірақ Нариманның ой жете бермейтін бір әнтек нәрсені іштей сезінуі түбі тегін емес екенін қыз қылығынан айқын аңғарамыз. «Котлет жеп отырып, Ақбілекке көзім түсіп кетті. Жымиып күлді. Ақбілекте де айып жоқ, оны кінәлайтын да дәнеңе жоқ. Ах, шайтан күлімдеуін қарашы. Бағы байлаулы тұрған байғұс қой бұ да. Сұлу десең сұлу. Қолдан қондырған меңсіз-ақ әдемісің, Ақбілек. Бірақ, сен дегенде жүрек неге дір етпейді? Адам сені ойлап аңсамайтыны несі? Қызық-ау адам деген, Ақбілектің тәп-тәуір екенін білемін, өзі де маған кет әрі емес, ендеше неге ойландырмасқа? Бірақ, жүрек дір етпейді. Осы жері жұмбақ. Жалпы өзіме-өзім жұмбақ сияқтымын. Мені билейтін мен емес, көзге көрінбес басқа біреу сияқты». Нариманның осы ойы арқылы автор болашақтағы болар үлкен шиеленістің бір ұшы қайда жатқанын аңғартады. Қоғамымызда адам тектілер әйел мен ерлердің бәрі бірдей ақылды, көркем, мейірімді, мінезді бола бермейтінін, олардың арасында айлакер, жылпос, қайырымсыздары болатынын, яғни өмірдің қарама-қайшылықтан тұратынын көреміз. Жуас, адал, кеңпейіл, іскер Наримандай азаматтың алдынан үнемі кедергі, кесапаттар шығатынын, бірақ олардың ешқайсысы да оны ақ жолдан тайдыра алмайтынын шығарма авторы жан-жақты аша алған. Рудныйдағы Сарыбай кенішінің смена мастері қызметіндегі жас инженер Нариман Данаев өз ісіне адал берілген жан. Жас жігіттің жатақханадағы күнкөрісі, өзге де элементтік халі сол кездегі совет жастарының келбеті болатын. Интернационалды ынтымағы жарасқан, сандаған ұлттардың лабораториясы болған қазақ жерінің тыныс-тіршілігі, әсіресе «Ұлы Орыс» халқы саналған ресейліктердің бейнесінің тобы және идеология салқыны бұл шығармадан да байқалады. Автор сомдаған қазақ елінің бұл тағдыры сол кезеңдегі біздің кең даланың шынайы көрінісі болатын. Валядай бурят қызына ғашық болған Нариман, Таң-Шолпанның сырлас құрбысы болған Наташа, комбинат жұмысшылары Захар, басшы Валерий Сергеевичтер өмірлік ынтымақтық туындының көркемдік кепіліне 95
де айналды. Ынсап, ұят, ар, сабыр, мейірім, талап сияқты адамдықтың асыл қасиеттерін жазушы «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестінде одан әрі аша түседі. Егер адам асыл қасиетті бойында тең ұстаса, нәпсіге жол бермек емес. Басты кейіпкер Нариманның адамдық жолдан таймауын оның өз мінін дер кезінде көріп, ақыл-санасының өз-өзін билей алуында екен деген тұжырымға келеміз. Алғаш Нариманның да қызбалыққа салынып, кесапатқа ұшырауына сәл қалған сәтіне кінәлі арақ деген қасиетсіз, арзан ішімдіктің кесірі екенін көрсетеді. «Табылған теңіздегі» балаң кейіпкердің алғашқы бүр жарған сезімінің сәтсіздікке ұшырауы оны ішімдікке деген ұмтылысқа салса, жасы біразға келген жігіттік желең өмірден әлдеқашан өтіп кеткен Нариманды да келеңсіздікке салған оның ғашығы Таң-Шолпанға деген ынтық сезімінен туындайды. Ер азаматтың нәпсісінің ең нәзік тұсы әйел мен араққа деген құмарлықты автор оқиғаның шиеленісті тұсына алып келеді. Және де бір үлкен себеп көптен сарсалаңға салып жанын жеген «Карьерді басқан топан сумен айқаспақ ойымда көптен жүр-ау. Әттең, әлі жарытып ештеңе бітіргем жоқ. Захар драглайнмен горизонт түбінен арық тартқаннан кейін мені бір ой тынымсыз мазалай берді. Бір апта бойы қиналып жүрдім. Ақыры жалғыз өзім шамам келмейтін болған соң Захарға айттым ойларымды. Суды тоқтату үшін оны карьердің ішінен емес, сыртынан бітеу керек. Сонда сыртқы су да, ішкі су да соған сарқылып құйылады. Ғылым тілімен айтқанда бұл кәдуілгі дренаж. Сонда жер қыртысындағы су сонау кен шығарып жатқан алып қазанға ағуын қояр еді» деген ой ғылым мен еңбекті қатар алып жүрген Нариманның қандай жан екенін таныта түседі. Тап осы тұстан Нариман фәни дүниенің ит жығыс тыныс-тіршілігіне араласады. Білімі мен ақылы, біліктілігі қатар түскен Нариманның құнды идеясына Жарас Хамзин секілді айлакер, ақылды, көрсеқызар, эгоист, мансапқор жанның көз тігуі қай кезеңдегі де болатын аярлықтың түп-мәнін аша түседі. Хамзиндер қай қоғамда да болған фәни дүниеде сондай екіжүзділердің жолы алшысынан болып келеді. Өзінен ақылды, білімді, іскер Нариманды алған бетінен қайтарып тұқыртып тастау үшін неше түрлі айла шарғыға барған Хамзиннің сылтауы тым көп еді. «Хамзинге екі-үш рет кіріп те шықтым. Ертең кел, ертең келмен біраз күн өтіп те кетті. Хамзин маған бір нәрсе айтайын деп оқтала беретін сияқты. Айта алмай сөзінің аяғын жұтып, жұмбақтай ма, немене ... бір барғанымда чертежді көріп салған жерден: – Сауатсыз сызасың, -деп бір тастады. Хамзиннің бұл тұқыртуы енді үлкен қарсылыққа айналады. Мансапқа деген құштарлық нәпсісі Хамзиннің өзінен озық ойлы Нариманға деген қызғаныш пен өшпенділігін оята түседі. «Әлі жап-жас баласыңдар ғой. Институт, институт, немене институт деген. Өндірісте жиырма жыл бойы істеп жүрген мына біз де бәрін білеміз дей алмаймыз, – деп Хамзин көмірдей қара шашын сипалады. Жасы егде тартса да шашында бір қылау жоқ. Толқын қара. Домалақ беті топ-толық. Күнде ұстара тиген сақал-мұртының орны көгілдір тартып тұрады. Қара торы жүзінде қажығандық, бейнет тартқан белгі жоқ. Қаны тасып тұр. Кішкене пісте мұрын, үлкен қоңыр қой көзі – бәрі Хамзинге көрік беріп-ақ тұр». Бір 96
қараған жанға Хамзиннің келісті сыртқы тұлғасы еш опаздықтан хабар бермейді. Мұндай сырты келіскен, ақылман, іскер болып көрінетін, әйтсе де ар жағында ит өліп жатқан қулық-сұмдығы бар жандар кеңес өкіметінің коммунистік идеологиясының жалаңдаған тұсында да нәпсісіне тұсау сала алмады. Қайта олар ұлттық ерекшеліктерді ортаға алып, түрлі айла-шараға барды. Жымысқы ойға жүйрік, қулық-сұмдығы мен арам ойын жүзеге асырып жүрген Хамзиннің іс-әрекеті арқылы автор қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған социалистік қоғамда да адамдардың қанша партиялық кезеңдік (пионер, комсомол) тәрбиесінің өзі жаратылысы жартымсыз жанды жөнге сала алмайтынын аша түседі. Өзінен қай жағынан да алғыр Нариманның алғашқы ізденісіне іштарлық білдіреді. Жас маманның жаңалығын жеке басына пайдалануды ойлаған Хамзин инженерді карьерді судан тазартуға ұсынған жобасын әртүрлі болмайтын сылтаулармен жолдан қайырады. Келеңсіз әрекеті Нариманды «Құдай-ау, бұл не айтпақшы. Мен өзім де түсіне алмайтын неғылған жұмбақ? Не тілейді бұл менен, пара сұрамайтын шығар-ау» – деген ойға жетелейді. Бірақ Нариманды жұмбақ ойға жетелеген сауалдың жауабын жұмысшы Захар дәл табады. – Сол Хамзиннің өзі сол еңбектің авторы болғысы келіп жүрген жоқ па екен, байқа, – деді. – Апырай, сондай емес пе екен? Мұндаймен бұрын кім істес болып көріпті» – деп ойланып жүрген Нариманды бүгінгі Ақбілектің мына қылығы тіптен де тереңге батырардай. «Міне, сөйткен Хамзин мына Ақбілектің ағайы екен. Ақбілек бір ауыз айтса болды, қасарысқан Хамзин қардай еритін көрінеді. Істің мүддесі үшін Ақбілекті араға салып көрсе айып болмай ма? «Өзің біл, өкініп жүрме», – деді Ақбілек» деген толғаныстар айлакер жандардың бір-бірінің тілін қалай табатынын, олардың жең ұшынан жалғасып өмір сүретінін айғақтай түседі. Тіпті бір қауым қоғамдық орта Техсоветтің өзі де Хамзиндей азулы да айлалы, атаққұмар жанның ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Хамзин қалай тұрса, солай жүреді. Қоғам игілігі үшін арпалысқан Нариман кесе көлденең кездескен қырсықтың түптөркініне ой жүгіртеді: «Сонда қалай болғаны? Бізге карьерді тез іске қосу керек, ол үшін оны судан тазартып, кен бетінде жатқан қалың қыртысты аршып алу керек. Оны істейтін эксковаторлар батпаққа батып жатыр. Осы бір кесапаттан құтылатын жолды іздеп сандалумен түн ұйқы, күндіз күлкіден айырылдық. Сонда қалай? Істің тағдыры Ақбілек арқылы шешілмек пе? Неге олай, құдай-ау, неге олай? Тамыр-таныссыз, арадағы делдалсыз іс өндірсек ішіміз ауыра ма!». Кейіпкердің қиналған сәттегі ішкі ойы мен Ш. Мұртаза қоғамдық өмірдегі әлеуметтік шындықтың бетін аша түседі. Табиғатынан қайсар, бірбеткей, өзін пендешілік тірліктен биік ұстаған Ш. Мұртаза кеңес қоғамында көптеген саяси-идеологиялық талаптардың жалаң ұран болғанын да Нариман ойы арқылы береді. Қаламгердің тарихи танымындағы өмір заңындағы бітіспес адалдық пен арамдық арасында күрес, жақсы мен жаманның, әділ мен аярдың қатар сомдалуы арқылы тереңнен таныла түседі. 97
Ұрлық-қарлық, арамдық, аярлық, мансапқорлық адам баласымен қатар жасап келе жатқан адами қасиеттер екенін аңғарту үшін автор мүмкіндігін сарқи қолданады. Көпке пайдасын тигізіп, игілікті істі қолға алған Нариманның әр басқан қадамы үлкен кедергілерге ұрынады. Тіпті келеңсіз кедергілер жас инженердің қанатын қайырардай әсер етеді. «Қат-қақсыған іші-бауырым елжіреп бара жатқандай болды. Құрсын бәрі, әрі-беріден соң, карьерді құрғату менің міндетім емес. Мен де бір жүрген ефрейтор есепті адаммын. Жұмыс істеп жүргелі біраз жыл өтті, әрі бар болғаны смена мастері ғанамын. Тым болмаса участок бастығы да емеспін. Мен шыр-шыр болатын не бар, бәрібір сені бағалап жатқан жоқ». Автор алғашқы повестерінің өзінде-ақ адалдық жаратылысының қасиет, құпиясын танып білуге деген үлкен талпынысын жасайды. Ш.Мұртазаны танымдық сезімге жетелеуде журналистік аналитиканың да әсері күшті болды десек те ол кей көркем шығармаларда тарихи танымның кеңістігіне түсіп, көркемдік мәнін тіптен де тереңдете түседі. 1960 жылдары ұлттық дін, наным-сенім, дәстүр, салтқа кең көлемді идеологиялық қыспақ болды. Кеңес өкіметі, коммунистік партия қол астындағы халықты бір арнаға тоғыстыру үшін ұлттық ерекшеліктерге тосқауыл қойған болатын. Ұлттық мәйегі бұзылмаған, қазақы дәстүрлі тәрбиеден өнеге алған Ш.Мұртаза танымдық ой-өресі тұрғысынан қарағанда олардың тарихи таным үрдісі бір арнадан тоғысатынын аңғарамыз. Қаламгер кейіпкерді өмір сүрген ортасы және соған шақ жауапкершілік аралығында алып, аша түседі. Шағын ситуациялардың өзінен кейіпкердің кім екенін аңғартатын жазушы шеберлігі оқырманын терең ойларға жетелейді. Өзгенің бақытын аялауда өздерін аямайтын адамдық биік болмысын танытудағы Оралдың егістікті сақтап қалу жолындағы жалынды өткен арпалысы Нариманның жарқабақтан құлағалы тұрған «МАЗ»дың дөңгелегіне тонын лақтырып, аман алып қалуы да үлкен ерлік, нағыз азаматтық болатын. Әйтсе де Сембай секілді арзан ой мен арақты әуес еткен жанның бұл турасында таным-түсінігі басқаша болады. Нариманның сол оқиғаны баян еткеннен кейінге Сембайдың дөрекі жауабы өмірге немқұрайды қарайтын талай адамның таным-түсінігін береді. «– О, ерлігіңе болайын, – деді Сембай. Үрпек шашты қазандай басын әдейі алмай, бүркеп жатыр. – Жә, Сәке, ерлік болмаса болмай кетсін, бәрінен де машинаның, соның ішіндегі адамның аман қалғанын айтсайшы, – дедім мен кешегі қара тонның түймелерін салып тұрып. – Бір машина қираса қирар еді де. Одан кедей болып қалмаймыз. Оның есесіне бастықтар жанталасып жолды жөндетер еді: қайтып авария болмас еді». Қаламгер реализмінің және психологизмінің мәнді ерекшелігінде оның осы ақиқаттық пафосының гуманистік мазмұны мен бірігуінде болса керек. Ол шығармашылығында әрдайым кейіпкердің бетпердесін сыпырып, адамдық болмысын ашып отырды. Одан жазушы туындыларының көркемдігі кемімейді. Керісінше бұрыннан келе жатқан дәстүрлі эстетикамен үндестіріп, суреткердің өзіндік сөз әлемін қалыптастырған элементтердің бірі болып 98
табылады. Шерхан Мұртаза әрбір ұғымды, сөзді өз орнында қолдана білді. Әсіресе, жасы жиырма жетіге келгенше отау құрмаған Нариманның алыс елде, суық, табиғаты қатал солтүстік өңірдегі жатақханадағы тіршілігінің оның үйленіп, үй болуды аңсауына мұрындық болуы автор тарапында кейіпкер бітімімен де әсем үйлесім тауып тұр. Әбден қиналған Нариманның аяқ астынан Таң-Шолпанға ғашық болуы оны көптеген ойдың арпалысына салады. Жас жігіт ұзақ түнде тәтті қиялға беріле арман етеді. «Әттең, осы кухня менің пәтерімде болса. Шолпан сонда келетін қонақтарға арнап ең дәмді тамақ пісіріп жатса, оны-мұнысына мен көмектессем, балаларымыз аяқтың астында оралып, балпаңдап жүгіріп жүрсе... Ах, шіркін дүние, бақыттың содан асқан шегі жоқ сияқты маған. Ұжмақтың да, әлемнің рақаты да одан алыс аспас деп ойлаймын. От басы, ошақ қасын аңсағаным сонша, осыдан басқа мұрат-мүдде жоқ сияқты» – деуі жас жігіттің жалғызбасты халінің шындығы болатын. Үлкен істі қолға алып, сол жолда көптің игілігі, қоғамның пайдасы үшін күресіп жүрген Нариманның ой-танымын автор мұнан әрі тереңдете түседі. «Қазір жатақхананың бөлмесінде жападан-жалғыз жатқанымда осы бір әңгіме ойға оралады. Бұл бірінші жеңіс. Әйтсе де алда талай асу бар көрінеді. Валерий Сергеевичтің ұсыныстарын қосып, чертежді қайта жасадым. Захар, Шәкен үшеуміз отырып, бұл жобаның есебін де шығардық. Алдын-ала есеп бойынша бұл жоба іске асса, үш миллион сом қаржы үнемделмек» . Қоғам мүддесін жеке бастың мүддесінен биік қоятын жалынды, жас Нариман өмірде нендей жетістікке жеттім, не тындырдым деп алды-артына болжай қарауы, әрі орынды, әрі азаматтық екенін көреміз. «Осыны ойласамақ, өзім әжептеуір көтеріліп, қанаттанып қаламын. Менің де қолымнан бірдеңе келетінін біліп, құлшына түсемін. Алда не күтіп тұрғанын кім білсін, бірақ талабым таудай. О, Дон Карлс, Дон Карлс, жиырма үшке келсек те мәңгілікке қалатын ештеңе істемедім деп соқтың-ау сен де. Мен болсам жиырма жетіге келдім. Мәңгілік тұрмақ, өз өмірімде айта-айта жүретін ісім шамалы. Керек десең үй де жоқ, күй де жоқ, жатақханада жатысым мынау» – деуі мезеттік қаймығулар еді. Наримандай биік парасат иесі, ақкөңіл, адал, еңбекқор жанның өмірден өз үлесін алмауы мүмкін емес екенін тап басып таныту үшін автор оны түрлі шырғалаң ситуацияларға салады. Өндіріске пайдасы зор жаңалық алып келген Нариманның идеясы оңайлықпен қолға алынбай, тығырыққа тіреліп жүрген шағында Сембайдың апатқа ұшырауы қосылып, оны жасытып-ақ тастайды. – Еңсеңді түсірме! – дейді Захар. – Сембайдың ішкіш екені әлемге аян, – дейді Үсен. Оның ішкіштігінде ме қазір мәселе. Мен смена мастерімін. Бұл ойранның бәрі менің участігімде, менің кезегімде болды ғой. Апыр-ай, көзім көрмейтін болып қалған ба? «Козырек» жоқ еді ғой. Сембайдың бульдозері жүз бесіншінің жанында жүрген. Осы арадан өткенімде «козырек» жоқ сияқты болатын. «Бұл жағдай Нариманның көңілін құлазытқанымен, арманынан тайдыра алмады. Бұндай 99
жағдайлар адам өмірінің кейде бір белесті кезеңдері болатыны, ондайда тағдырдың сан тезіне түсетіні белгілі. Мықты болсаң – жеңесің. Әлсіз болсаң – құрисың! Және де басқа күн туған қиын-қыстау кезеңде біреулердің етектен алған жамандығы, қаскөйлігі қабаттасса, одан сайын тіршілік тайқымалы болып келеді. Өмірде әркімнің бір сыннан өтер сын, даршыл шағы болатынын автор осылайша бейнелейді. Жасып жүрген Нариманның көңіліне ақылды, еңбекқор, қарапайым жұмысшы Захардың айтқан аталы сөзі демеу береді. «Азын-аулақ қиыншылық өтті басыңнан. Ол қазір мына бұлтсыз күннің күркіреуі сияқты неме ғой. Қазір қарап тұршы, күн күркірейді, найзағай жарқылдайды, ал аспан болса ашық». Бұл ойдың астарында шын мәнінде үлкен мағына жатыр. Соғыс жоқ, ұрыс жоқ, күн ашық, өмір бейбіт болғанымен, жақсылық пен жамандық арасындағы күрес ешқашан толастамайтынын автор көрегендігі осылай танытып отыр. Шерхан Мұртазаның алғашқы повесть жанрында қалам тартқан «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» туындыларында суреткерліктен гөрі баяндау тәсілі мол орын алады. Ол кейіпкерлерінің сезім күйін, күйініш, сүйінішін кең суреттеп жатпайды, шығармаларын ақылмен ойласарлық мәселелерге құрады да, кейіпкерлер мінез-құлқын да сол тұрғыда дамытады. Оның екі шығармасының да кейіпкерлер әңгімесі күйінде жазылатыны да сондықтан. Соған қарамастан, журналист Шерхан Мұртазаның проза жанрын игерудегі алғашқы талпыныстарының өзі оның шығармалары шытырман тағдырлы күшті тартыстарға, қою уақиғаларға құра алатынын, терең танымды ойлайтын өзіндік концепция ұсынатынын көрсетті. Жас журналист Шерхан Мұртазаның жазушылық өнері өзі бастан кешірген өмірдің терең шындығын айтуға талпынған тәжірибе байлығынан туады. Ол жастайынан солақай саясат пен әлеуметтік қақтығыстарды көріп ер жетті. Күштінің әлсізге жасаған қыспағын, көптің азды қорқытуын, жоқшылық пен баршылықтың тайталасын талай бастан кешірген ол өсе келе сол шындықтарды шығармалардың жұлын-жүйкесін ұстайтын көркем тірекке айналдырды. Ащы өмір мен журналистік терең әрі жан-жақты ізденістің себебінен болса керек, повестердегі Орал, Наримандардың образын ашудағы жетістігі бірқыдыру дәрежеде көрінді. Жас адамдар образын бар қырынан ашуы жазушының елеулі табысы. Еңбегіне ғана сенген, адалдық пен сыйластықты ғана түсініп, арамдық дегенді тіпті білмеген ақкөңіл адамдардың жан-дүниесін Шерхан Мұртаза нанымды ашты. Жазушы ойды, идеяны қоғамдық сананың басқа түрлері сияқты тікелей айтпай, тұлға, бейне жасау, суреттеу арқылы көрсетеді. Сол бейнелеу тарихи кезеңнің шындығына сейкес болуы керек. Өйткені, әдебиет – сол өмірдің сәулесі, айнасы. Бұл екі повесінде де Шерхан Мұртаза өмірлік ақиқатқа жүгінді. Өзінің бойындағы қабілет-қарымы мен соған лайық қайсарлығын, алғырлығын арттырды. Шығармашылық шеберлікке жету жолындағы жылдар бойына созылатын ұзақ шабыстарда күн-түн демей көздеген идеялық мақсатына жету жолында қиығынан көз салып, суреткерлік мінезден табыла 100
отырып, нақты шындықты, мұрағатты, құжаттамалық деректерді көп қамтып, қаламгер жауапкершілігіне аса ұқыптылықпен қарай білді. Гете: «Менің автобиография жазуымдағы басты мақсаттың бірі – адамның өзі өмір сүрген тарихи ортасы мен байланысын көрсету, оған қарсы және ол жақтайтын күштерді таныту, оның көзқарасының біртіндеп қалыптасуын байқату және суреткер, ақын-жазушы есебінде оны қалай таныта білгенін дәлелдеу» – деген еді. Эсселік шығармалардың дәстүрінде көбінесе автор – әңгімеші уақиғаның жуан ортасында жүреді. Ол өз дәуірінің шындығын баяндап, оқушыларға сол заман суретін ұсынады. Шерхан Мұртаза да осы дәстүрді берік ұстанады. «Ай мен Айша» романының идеялық-көркемдік жетістіктері Кеңес дәуіріндегі (соғысқа дейінгі, соғыс жылдары, онан кейінгі кезең) қазақ халқының өмірін, соғыс жылдарындағы тылдағы еліміздің жеңіс үшін күресін, сол жолдағы ата-әже, ана, қыз-келіншек, бұғанасы қатпаған жас балалар басынан кешірген тар жол, тайғақ кешулердің көркем шындығын сомдаған туынды. Осы тұрғыдан қарағанда «Ай мен Айша» эссесінде суреттелетін уақиғалардың байлығы, әлеуметтік күрес картиналарының кеңдігі күрес заманының эпикалық бейнесі одан нағыз роман белгілерін танытса, автордың уақиғаға өзі араласа отырып, әлеуметтік күрестің жуан ортасында жүруі романға эсселік сипат береді. Кеңес дәуірінің шындығын көріп өскен, оны өз шығармашылығына арқау ете білген Ш. Мұртаза проза жанрында жаңашыл дәстүр – эссеге қадам жасады. Ол үшін әдеби түрді мазмұн тудырды. Қаламгердің повесть, әңгімелерін оқығанда, бұған көзіңіз әбден жетеді. Солардың жолын ала егеменді еркін ой, еркін сөз айта алатын күн туғанда Ш. Мұртазаның өткен дәуірдің көркем бейнесін қайта түлетуі авторлық концепцияның ізгі мұраттарынан туындаса керек-ті. «Ай мен Айша» эссесінің алғаш үнқағаз бетіне шыққан үзінділерінің өзі қарапайым оқырмандармен қатар жазушы, ақын, драматург, бір сөзбен айтқанда өнер иелерінің өзінің арасында үлкен көркем-рухани сілкініс тудырды. Белгілі ақын Тұманбай Молдағалиевтің «Шерағаңның «Ай мен Айша» кітабы өмірбаяндық шығарма. Бұл кітаптан өзіміз бастан кешірген өмір күйін, өмірдің өлмес күйін, мәңгілік күйін естігендей әсерлендім мен. Бұл шығармасы арқылы Шерхан Мұртаза әдебиеттің проза жанрында аса бір биікке көтерілгенін оқушы қауым айтып та, жазып та жүр» – деуі романның көркемдік дәрежесіне көптің берген бағасы деп білеміз. Шығармашылық өнер – өміртанудың, қоғамтанудың, сол қоғамның негізі адамды танудың теңдесі жоқ құралы. Қоғам талабы әрі адамның ождандық келбетін танытатын типтік жағдай, соған сәйкес типтік тұлғаларды тауып, олардың мінездері мен әрекеттерін даралап әрі жинақтай бейнелеу, тек шеберліктің нәтижесі емес, оған жазушы интеллектінің де әбден қатысы бар. Типтік жағдайды бейнелеу – әлеуметтік шындықты көрсету деген сөз. Кеңестік дәуірде коммунистік идеология мен социалистік реализмнің көркем өнерден басты талабы коммунистік қоғамның мүлтіксіз, таза, биік өрелі иесінің бейнесін жасап, кейіпкерлер ақ, қара, жақсы, жаман деген антонимдік 101
ұғымдағы талаппен сомдалып, солай қаралып келді де. Қисынсыз ұстаным 70-80 жылдардағы әдеби туындыларда біршама ысырылып, неғұрлым өмірлік ақиқатқа жақындады. Мұның өзі туынды тек моральдық келбеті толысқан адамнан ғана тұрмайтынын, жанама кейіпкерлер, антиқаһармандар да болатынын ескерді. Адамды біржақты: жақсы немесе жаман, мейірімді яки қатыгез, ақ немесе қара деп жұпқа бөліп қарау концепциясының ескіргенін қоғамдық өмірдің өзі мойындатты. Прозаға келген күнінен кейіпкерлерінің интеллектуалды өресіне, моральдық келбетіне ерекше мән берген Шерхан Мұртаза шығармасында схематизмге ұрыну байқалмайды. Оның оқырмандар қауымынан үлкен бағаға ие болған «Ай мен Айша» эссесі қазақ әдебиетінің елеулі табыстарының қатарына қосылады. Шерхан Мұртаза прозаның үлкен жанрына – эссе жазуға бірден келген жоқ. Алдын ала әдебиетімізге елеулі еңбек сіңіріп, жазушылық тәжірибесі, шеберлігі өскен, дүниетану, ой-өріс кеңейген кезде ғана келді. Жазушының бұрынырақта жазылған әңгімелері, ұсақ повестері, романдары эссеге келу жолындағы сатылар. Ш. Мұртаза қандай жанрға барса да, оның қандай түріне қатынасса да, жанр өзгешілігін, шеберлігін әбден меңгеріп, көркемдік шарттарына жақсы жауап берерлік етіп жазатын салақтығы, олақтығы жоқ, тындырымды жазушы. Оның эссеге көп ізденіп келуі де осыдан. Сондықтан да ол кейбір өз замандастары сықылды үйрену, жаттығу дәуірінің шала жансар, олақ, көркем әдебиет тұрғысынан сын көтере бермейтін повесть, романдарын жазбай, прозаның үлкен түріне күші жетерлік дер шағында келді. Бұл эссе өзінің сюжет құрылысы, алған оқиғасы, суреттейтін обьектісі жағынан жоғарыда аталған және басқа осы тақырыптағы шығармалардың қай-қайсысынан болсын бөлектігі, өзіндік ерекшелігі бар шығарма. Автор осы тақырыпқа жазған көп жазушыларға ортақ болмай қоймайтын негізгі идеяны – тың материал арқылы ашып, өзіне тән көркемдік шешіммен жеткізеді. Сонымен бірге шығарма өзінің ұлттық сипатымен де дараланады. Романның басты идеясы соғыс жылдарындағы қазақ еліндегі әйел ана мен жас баланың әлеуметтік ерлігі. Осы идеялық арқау шығарманың басынан аяғына дейін үзілмейді. Осы негізгі идеясына байланысты жазушы қилы кезеңдегі рухани және әлеуметтік күресте адамдық болмысын жоғалтпаған жеңіске жету жолында тылдағылардың да үлесі мол болғандығын бастан аяқ сездіріп отырады. Бүгінгі Егеменді Қазақстанның тарихи жолындағы жеңілістері мен табыстарын сол заманмен құрдас жас адамның тағдыры, өмір тарихы арқылы суреттейді. Түкпірдегі қазақ аулында туған бала кең дүниеге шығу үшін талай тартысты, күресті бастан кешіреді. Жазушы Барсханның өсу жолын бейнелегенде жігін ажыратып алмай өте шебер қиыстырып, қазақ сияқты бүкіл ұлттың өсу жолымен тамырластырады. Бес жасар Барсханның нүкте түспеген пәк санасына жазылған оқиғалар оның тез ер жетіп, ес жинауына себеп болады. Өмір өткелдері суреткердің бала психологиясын ашып беруіне үлкен әсер етсе керек. «Қарны тоқ, қайғысы жоқ, киімі бүтін бес жасар ойын баласына қыстың кешкі аязы қызық та болуы мүмкін. Бес жасар баланың 102
миы әлі нүкте түспеген ақ қағаздай. Әсерлі оқиға, сұлу сурет сол аппақ қағазға өшпестей болып жазылып қалар» – деген жазушы ойы шығарманы жазу кезінде өткен өмір зердесіне зер салғанын аңғартады. «Әлі есімде» деп басталатын эссенің алғашқы тарауы «қырау қанат балапан» деп аталып сәби сананың қалай егде тартып, есейіп шыға келгенін бейнелейді. Автор – кейіпкер биографиясын балалық шағынан бастап оның өсу жолын тағдыр тарамдарымен дамытып отырады. Романдағы өте бір көркем суреттелген Барсханның балалық шағы, жазушы бала психологиясын ой тебірентер әсем позициясымен бейнелеп, ажарлы суреттейді. Балалық шақтың өзіне тән қызығы, балалық әсем дүние жастық нұрлы ажарымен көрінеді. Барсхан өскен сайын оның алдынан дүние есігі кеңірек ашыла береді. Өмірде әртүрлі адамдармен кездеседі. Оның бәрі кейіпкер өмірінде із қалдырады. Ой дүниесінің өрістеп, дүниетанудың кеңейіп, азамат болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Өмірдегі кейбір адамдар мен оқиғалар оны жиіркендірсе, түңілдірсе, көп адамдар мен оқиғалар таңдандырып, сүйсіндіреді, баурап тәрбиелейді. Эсседегі Барсханның жан дүниесі бай. Ол сүйе де, күйе де біледі. Беріле де, түңіле де біледі, қуана да, қайғыра да біледі. Жазушы кейіпкерлерінің жан құбылыстарын, психологиясын қилы-қилы жағдайда сан қырынан ашып, толық суреттеген. Басты кейіпкердің жанының жомарттығымен бірге оның ішкі тәтті, табиғи әдептілігі ылғи сезіліп отырады. Роман желісі бір адамның өмір тарихынан құрылғандықтан мұнда бастан аяқ қатысатын кейіпкерлер өте аз. Басты тұлғаның бірі әрі бірегейі Барсханның анасы Айшаның образы. Айша кешегі ауыр, азасы мен қазасы көп болған Кеңес дәуіріндегі әлеуметтік ерлік жасап, қолдан жасаған сұрапыл саясаттың зардабын тартса да, тұғырынан таймаған, күресе білген қазақ әйелдерінің негізгі және жиынтық тұлғасы. Негізгі дейтін себебіміз эссе өмірде болған жазушы анасы – Айша Есейқызының өмірінен алынған. Жиынтық тұлға деуіміз Айша ананың басында болған қиындықтар мен тағдыр талайы сол замандағы қазақ әйелдерінің баршасына ортақ жайт болатын. Ш. Мұртазаның құрдасы, ұстазы, белгілі қайраткер Камал Смайлов бұл тұрғысында былайша ой толғанып, жоғарыдағы ойымыздың дәлелді екенін байқатады. «Мен оның «Ай мен Айша» деген кітабын оқып отырып, сол Шерханның балалық шағы қалай өтсе, менің де балалық шағым соған ұқсаған екен. Қолдарында 3-4 балалары бар аналарымыз колхоздың шаруасында жүрді, мал бақты, егін жинады. Жандарын салып жүріп Шерханның шешесі Айша мен менің шешем Бибігүл жесірміз деп жасымады, жетім бала болып ауыратыны да, қой бағып жүріп қойнынан «Абай романын» алып шығып оқып отыратыны да, ауыл белсенділерінің әлімжеттік жасап, ФЗО-ға алып кетеміз деп қорқытатыны да, масақ терген балаларды қуалап жүріп қамшылайтыны да, баққан қойының егінжайға түсіп кеткені үшін соққыға алатын бригадир де – осының бәрі де менің басымнан өткен, дәл солай болған. Шерхан оны әсерлі ой мен сезімін араластырып шебер жазған. Бұл бір ғана Шерханның емес, бәріміздің өмірбаянымыз, өткен 103
жолымыз, көрген қорлығымыз. Бірақ осындай қиындықта жүріп біз оқуға ұмтылдық, болашаққа ұмтылдық». «Ай мен Айшада» жазушы Кеңес дәуіріндегі кәрі-жас ұрпақтың көз алдынан өткен өмірді суреттейді. Бұл бұрынғы оқырманға таныс болса, қазіргі жас қауымға тарихтан белгілі жайттар. Оқырман сол өзіне таныс әрі бейтаныс өмірдің көріністеріне басқа тұрғыдан қарап, сырын жаңаша ашады. Өмірде өзі көріп жүрген, бәлкім сырына қанықпаған адамдардың жан-дүниесіне терең бойлап, олардың ісәрекеттерінің сырын ұғады. Өзі көріп, аясында өскен табиғаттың алуан пейзажы мен құбылысына пәлсапалық мән беріп жаңа қырынан ашады. Көркем әдебиеттің осындай қашанда керекті тұрақты қасиеттері «Ай мен Айшада» молынан табылады. Осы жалпы жақсы қасиеттермен қоса автордың өзіндік стилі, сұрыптау әдісі, сөз қиыстыруы шығарманы ажарландыра түседі. Жазушы көркемсуретті лирикалық шегіністерді публицистикалық пкірлерімен қабыстырып отырады. Жалпы Ш. Мұртаза шығармаларында публицистикалық элемент кеңінен орын алады. Көбінесе жазушы айтқысы келген пікірлерін, әр нәрсеге көзқарасын көркемсуретке, диалогтарға шымшымдап енгізіп байқатпай өрбітіп жібереді. Оның өзі көбіне суреттеу күшін арттыра түседі. Өмірлік фактілерден тұратын эсселерде заманына лайық адамдардың сыр-сипатын танытарлық ұтымды ұғымдар көп. Мейірім мен әулиеліктің мүсініндей болған Қамқа әженің мешел болса да жан-жағына шуақ шашқан қасиетті жан екенін бала түйсігі қайта жаңғыртады. Онсыз да шықпа жаным, шықпа деп құдай бір жылатса, саясат екі жылатқан Айша мен жетім балалардың қара ешкілері жоғалады. Кәрі, өзі науқас Қамқаның алыстағы тау бөктеріндегі лақтаған ешкіні көруі бала Барсхан мен оқырманын бірдей таңданысқа түсіреді. Мұның жауабын Айша береді. «Кешке Айша үрпиген үш балаға уыз пісіріп беріп отырып: – Е, жаратқан, мұныңа да тәуба-тәуба! – деді. – Айша десе, – деймін мен. – Қамқа әжемнің көзі көрмейді ғой, қалай біліп қойды? – Қамқа әжең әулие ғой, әруақтары көред. – Әулие болса Мұсаны неге қайтарып алмайды? – Сталиннің дию-перілері одан да күшті. Жібермей тұр ғой» [53, 29 б.]. Әруақ-құдайға сенген ауылдың иманды апаларының таным-түсінігі бала санасына жастайынан сіңіп өседі. Бала болса да жетімдік Барсханның түйсігін ерте есейтіп, есін тез жиғызады. «Түн ортасы болар, мен Айшаның айқайынан ояндым. Елегізген шынысыз шамның сәулесімен сорайып, сарғайып бөтен біреулер көреді. – Олар Мұртазаны итеріп-итеріп, алдарына салып алып кетті. – Айша айқайлап арттарынан шықты. Дірдек қағып мен де шықтым. Серейіп-серейіп 3-4 адам сай жаққа қарай кетіп бара жатыр. Сайдағы көпір сықырлады. Айша сайдың қабағына дейін қалмай барып еді, Мұртазаның даусын анық естідім: – Қайт, балалар қорқып қалады! – деді. 104
– Түнгі аяз бұл дауысты қайталап шыққандай болды. Сықыр-сықыр дауыстар алшақтап, Айшаның аяғының астындағы қар ғана қалшылдайды. Бір үйлі жан әп-сәтте жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ешкім ештеңе демесе де Айша мен бала Барсхан мұның жақсы нышан емес екенін жантәндерімен сезінеді. Сезіндірген Сталиндік саясаттың уақыт тығыз, артық ауыз ештеңе айтпай-ақ аңғартады. Философиялық, аналитикалық суреттеу тәсілі Ш.Мұртазаның сүйіп қолданатын тәсілдері. Ұлтының кешегі, бүгінгі болмыс-бітімін, рухани әлеміндегі психологиялық, әлеуметтік, этикалық, адамгершілік менталитетін суреттей отырып ол кейіпкерлерін барлық қырынан аудар-төңкеріп, қырнап-жонып, бүгін жазып дегендей жете танытып, қилы мінездер галереясын армансыз жүздестіреді. Қаламгер шығармасының жақсы оқылатыны, біздіңше, өмірлік шындықты күрделі адамдық болмысты қылықтан емес, қулықтан іздейтіндігінде. Автор шығарманың басынан аяғына дейін екі кейіпкер Айша мен Барсханды алмастыра жүздестіріп, ай бейнесімен салыстыру арқылы олардың жан сарайларына кең талдау жасайды. Романның алғашқы тарауындағы әкеден айрылғанын іштей сезінген Барсханның балғын түсінігінің Айша есігінің алдындағы ербиіп тұрған мені көтеріп алып, бауырына қысып, аспандағы топ-толық айға қарап: – О, жаратқан, басқа-басқа, мына үш үрпек балапандай үш нәрестенің не жазығы бар еді? – деді. Толықсып тұрған ай бір аунап түскендей болды. Мен лезде есейіп шыға келдім. Енді мен қорғайтын әке жоқ екенін сұңғылалықпен сезіп қойған сияқты едім». деген Барсханның алдағы күні қалай боларын да автор бала түсінігіндегі қорқынышпен түрлендіре түседі, келер күндерден белгі береді. «Жаңа ғана жарқырап тұрған Ай бұлттың ішіне сүңгіп кетеді де, жетімдіктің алғашқы дәмін татқандай болдым. Қорбиып қараңғы түн жан-жақтан қаптап келе жатты...». Бұл автордың кейіпкердің өзін-өзі тануындағы басты өлшемі. Қаламгердің көркемдік санасы бала психологиясының бір кездері табиғатының күрделі де қыр-сыры мол ішкі дүниесін шарлайды. Барсханның өзін-өзі тануы, өзін жетілдіру мәселесі бір үлкен талаптан туған дүние. Адамның өзін тануы деген қиын да салмағы ауыр дүние: осы орайда өзгені тану мәселесі, өзгені сынап, оның мінін көру оңайрақ па деп қаласың. Оны адамзат баласы тәжірибе жүзінде өмірде күнделікті қарым-қатынастардан, ісәрекеттерімізден байқаймыз. Алайда ұлы ойшылдар, данышпандар бұл мәселені адамның рухани дамуының тағылымдық жағын үлкен проблема қылып алға қойып талай-талай ұлағатты ойлар айтқан. Ол мәселе – ең алдымен өзгенің емес, өз мініңді көру. Өз ішіңе үңілу. Балалық түсінікке сай алынған өмірлік эпизодтардың өзінен мол тәлім, зор тағылым алуға болады. Жартылай жетім шерлі көңіл Барсханның балалық кезінде және бір ерте есейтіп, дүниетанымын кеңейткен аяушылық деген қымбат сезімді ұялатқан «Бақа жұтқан жылан» деген бөлімдегі бақаны жартылай жұтып, енді болмаса толық асауға шақ қалған жыланды басқа тепкен қара баланың батыл 105
қылығының қалай туындағаны сондай әсерлі шыққан. Тегінде Шерхан адам жанына, ішкі психологизміне мән берген. Оның қаламынан туындаған әрбір шығармадан терең дүниетаным мен адамның ішкі жан дүниесін меңгеру, соны жете білу мәселелерін жіті қарағандығын аңғарамыз, бақаның ажал аузындағы халі Барсханның ойланып тұруына мұрша бермейді. Енді қимылдамаса кеш қалатынын сезген ол «не күш, не құдірет екенін өзім де білмеймін. Жалаң аяғын сол жалаң аяқпен басынан ала теуіп кеп қалдым. Бақа аузынан атып шықты. Жылан шиыршық атып, жиырылып, шапшып бір секірді де, ақырын жылжып, сусып барып суға сүңгіп кетті. Көк қасқа бақа сәл-пәл қозғалғандай болды да тырп етпей, жер бауырлап қозғала алмай жатып қалды. Жылан сорып қойған екен. Бәрібір өліп қалды. Көз алдымда өлді. Бірінші рет өлікті көргенім сол. Өтірік. Оның алдында өзіміз садақпен, рогаткамен атып, таспен ұрып, талай өлтіргенбіз. Бірақ мына өлім мүлде басқа еді».Оқыс өлім баланың санасын жаңа бір түйсікпен шарпып өтеді. Бір кездері балалық батылдықтың бүгінгі жасамыс тартқан шақтағы өзгеріске түскенін суреткер еске ала отырып, мағынасы терең пәлсафалық ой түйеді. Автор идеясының және бір жоғары философиялық деңгейіне жеткен жері: «Кейін, кейін күштінің әлсізді қалай қорлайтынын талай көрдім. Көрген сайын қара шұбар жылан менен көк қасқа бақа көз алдыма келе қалады. Ұмыта алмаймын. Дүние әлі солай. Өзгерген жоқ. Тек күс-күс жарылып кеткен, жарасына топырақ тығылып қалған, өкшесімен әділетсіздікті теуіп кеп жіберетін адам табылмайды. Баяғыдай батырлық менде де жоқ». Міне бұл – «Ай мен Айша» эссесінің философиялық пайымдауы. Кешегі «айт дегенді айтсаң арың төгіліп, айтпа дегенді айтсаң басың кететін» заманда (Әбіш Кекілбаев) ебін тауып шындықты жазған жазушыдан оқырман да осыны күткен еді. Сәби шағынан жалған дүниенің азабын көп көріп, ғұмыр бойына соның ақиқатына жетуге Асанқайғы, Қорқыттардай адамзатқа асыл мекенді қаламының құдіретінен іздеген Шерхан Мұртаза бұл дүниенің дауасы жалғандығын өз пәлсафасымен түсіндіріп бағады. «Тағдырдың ісі шығар, ашаршылық жылы туыппыз. Біз әйтеуір ғайыптан аман қалған адамдармыз. Ата-анамның бұрын жағдайлары, тұрмысы жақсы болған. Колхоздастыру кезінде бәрін кәмпескелеп, тартып алған. Байдың баласы деп әкемді Жуалы ауданында бір рет соттап, одан шыққан соң, 1937 жылы қайтадан тұтқындап, Қиыр Шығысқа айдап жібереді де, содан ол кісі қайтпай қалды. Анам Айша өмір бойы колхозда ертеден кешке дейін аш-жалаңаш жүріп жұмыс істеді. Жылдың аяғында еңбек ақысына бір қапқа жетер жетпес дәнді бидай беретін» деген еске алуынан автордың қалыптасуында ащы өмірдің үлесі мол екенін бағамдаймыз. Тап осындай тағдыры бар жанның әдебиет әлеміне келуі тиісті, сол жерден өзінің орнын табуға міндетті мәселелердің «маңызды нүктесін» тапқан жазушы Ш. Мұртаза шығармалары ең алдымен өзін ешкімге де ұқсамайтын кейіпкерлерімен, олардың терең психологиялық әлемімен ерекшеленеді. Мынау жалған дүниенің жапатармағай сұрақтарына жан-жақты жауап беруге тырысқан жазушы адам баласының сан қилы әрекеттерін, олардың 106
дүниетанымы мен ішкі психологиялық әлемі арқылы шынайы суреттеп береді. Адам бойындағы тылсым арпалыстар адам психикасындағы ұшықиырсыз ғажайыптар, адамгершілік, адалдық сияқты тамаша қасиеттер мен пендешілік, арамзалық сияқты алпауыт күштер майданы – Шерхан Мұртаза шығармаларының негізгі сарыны жазушының және бір ерекшелігі – ол өз кейіпкерлерінің тағдырына селқос, немқұрайлы қарай алмайтын нәзік жандылығы. Дүниеге келтірген көркем туындылардан суреткердің алға қойған мақсаттары айқындалады. Ол қарама-қарсы ұғымдарды, әсіресе адам сапаларын ішкі әлемін көрсетуде тиімді пайдаланып отырады. Жан дүние, ішкі сезімді суреттегенде адамшылық пен арлылық, намыс пен рух, ізгілік, ұят, ар, сабырлықты осыларға қайшы келетін нәрсе ұрда-жық, қаныпезерлік, ашу сияқты адами сапаны кері кетіретін ұғымдармен үнемі текетірестіріп, салыстырып, сақтандырып отырады. Ақылды, намысты адам қылмысқа ешқашан өздігінен бармайды. Жағдайы жақсы, жаны тыныш болса, өзгенің затына көз алартып керегі не: «Үш ешкінің қайғысы» әңгімесінде Шерхан Мұртазаның баян еткен аштық, ауыр кезеңдегі айуанның қиналысын көрсеткен тұсын оқыған адамның бей-жай қалмасы анық. Ол тұрмақ адамдар аш, соғыстың ең ауыр жылы 1943 жылғы ақпандағы «Ақмылтық» боран Айша мен оның балаларын ғана қысып қойса ештеңе емес екен, үйдегі үш ешкінің ашығуы, айқайға басып, зарлап маңыраулары бірінің етін бірі жердей болған қимыл әрекеттері үйдегі жандардың аза бойын қаза етеді. «О, аш ешкінің бақырғанын құдай сізге естіртпей-ақ қойсын. Ал ешкі албастыдан айнымайды: сақалдарын сапситып, көздер шақшиып адамның өзіне шапшиын деп тұрады. Еуропалықтар шайтан суретін ешкі бейнесінде салатыны тегін емес болу керек»– деген бейнелер адам сезімінің нәзік жұлын-жасушаларына дейін дірілге салатын сұмдық картина. Алты күнгі боранның аштығы қайсар, ақылды, арлы, намысқой Айша ананың өзіне белді бекем буып, шешім қабылдауға итермелейді. Жазушының әрбір сөйлемі, әрбір сөзі, шығармасындағы әрбір қайырымы оқырманына ой тастайды. Жүрегіңе әсер етіп, адам жанын тебірентеді. Колхоздың маясынан шөп алу бір қараған адамға оқасы жоқ нәрседей болғанымен, Кеңестік кезеңде әсіресе Сталиндік жаппай жазалау заманында үлкен қылмыс. Айша оны білмейді емес, біледі. Бірақ басқа амал жоқ. Шешуші шақтарда тәуекелге жиі баратын қайсар Айшаны автор сонда «Айша төсекте жатқан маған: – Тұр! – деді. – Киін! – деді. Айшаның ашуын сіздер білмейсіздер. Арланынан айрылған қасқыр – құртқа да бір, Айша да бір» деп мәселенің түпкі мәнін аңғартады. Ерінен тірідей айрылып, азынаған соғыс азабы, аш жетім балалардың ауыр халі, оған қосылған үш ешкінің зары, бәрі-бәрі азулы Айшаны одан әрі қайрай түсті. Түн баласы Айшаның құдай, әруаққа, айға қарап жалбарынып, сыр шертуімен алынады. Адамның Тәңірден жәрдем сұрап, құлдық ұруда көк аспанға қарап мінәжат ететіні үйреншікті нәрсе. Ол түн баласы көк аспанда ай тұратынын, тілек айтып, жәрдем сұраған жанның түн баласы қара аспаннан аппақ, қызғылтым айға көзі түседі. Эсседегі Айшаның жанын ұғып, 107
жанашыр болып жүретін айдың негізгі мәні автордың көркемдік, тарихи дүниетанымын толық танытуына қызмет етеді. Үш жетім Айшадан көмек күтеді, Айшаға арқа сүйейді. Ал Айша кімге арқа сүйесін! Ол да ет пен сүйектен жаралған, әрі десе заты нәзік әйел баласы. Міне осындай сындарлы сәттерде аппақ ажарлы, қайратты, ақылды Айшаға айдай әсем әлемнің көз алдына келіп сырын ақтарғандай халде болуы автор-кейіпкердің ұстанған концепциясынан туындаған. Бұл жолы да мәжбүрліктен жасалған ұрлығына бұл болған, әрі заман қаһары мен зұлымды басшылардан қауіптенген Айша алты күн тұрған борасыннан тағы жәрдем күтеді. «Сөйтіп, келген ізбен кері айттық. Алты күн соққан ақ боран аз болғандай: – Борасындатып, ізімізді көміп кетсе жақсы болар еді, – деді» деген автор Айшаның әркез сырласы, мұңдасы айға қарап, жәрдем күткендей болады. Автор образдауындағы Айдың символикалық қалпында үлкен астарлы концепция барын эссенің соңғы нүктесіне дейінгі аралықта аңғаруға болады. «... Сөйтіп, аспанға қарады. Қораланған Ай мұңайып тұр екен. Аспанда Ай мұңайса, жерде жыбырлаған біз пақырға не шара? Бір құдай өзі жар болсын. Тасбеттің қаһарынан сақтасын. ... Дәл қазір өз басымда үрей жоқ, жадыраған жаздың бір қап нұрын арқалап келе жатқан адам уайымсыз болады екен» . Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша» эссесі қазақ халқының тарихи тағдырын бейнелеудегі жаңа құбылыс болып табылады. Жазушы алыс балалық шақтың еліне барлау жасап, тек шығарманы тарихи танымдық жағынан ғана ұтуды мақсат етпей, ел өміріндегі тарихи өзгерістің ішкі сырын, мән-мағынасын жете зерделеген. Оны көркем шығармада шынайы бейнелей отырып, өзін және өзі туған халқының тағдырын осы тарихи өзгеріс арқылы көрсете білді. Оның романдарынан жазушының өз заманымен, кейіпкерлерімен байланысы әрқашан анық сезіліп отырады. Эсседегі тарихи таным автордың негізгі ұстанымынан туындаса керек. Жазушы Мәди Қайыңбаев: «Ай мен Айша» романы туралы былай деп пікір білдіреді: «Кітап – қуғын-сүргін мен соғыстың ауыр кезеңіндегі бүкіл қазақ ауылдарындағы қарадомалақтар тұрмысының эпопеясы, көркем энциоклопедиясы. Бұл – Шерағаңның ес біліп, етек жинағалы бері көкірегінде пісіп, шыңдалып, әлдеқашан «жазылып қойылған» дүниесі». Ал белгілі сыншы, зерттеуші Әлия Бөпежанова да бұл пікірді қуаттай отырып, романның эстетикалық нәрі туралы өз ойын Асқар Сүлейменовтің Ш. Мұртаза прозасына берілген көркем бағамен былайша байыптайды. «Өнерді өлшем деп білетін Асқар Сүлейменовтің ешқашан да негізсіз сөйлемесі, теңеу айтпасы баршаға белгілі – бұлшық етті проза дегенде, Мұртаза текстерінің нығыз-тығыздығын, ішкі қуат-серпінін мегзеген шығар. Суреткер туындылары әманда осындай болып келеді – текстерінің нығыздығының нағыз шыңы енді – «Ай мен Айша». Әрбір оқиға жеке тараушаларда қаз-қалпында жеке тағдыр болып баяндала келе, әулеттің, елдің көркем тарихына айналып, туған жер, туған үй, ошақ қадір-қасиетін 108
терең түйсінтер, қуат-кернеуі, жасампаздық рухы жоғары, талғамды туынды, сөз жоқ тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің үлкен көркем жетістігі. Романның бас кейіпкері Айшаның жекелік те, жалпылық та мәні ерек. Ол – шыдамды да ақылды, әр нәрсені, бар нәрсені түбінен ойлайтын, дана қазақ әйелінің жиынтық бейнесі. Ол – Барсханның анасы. Ол, мүмкін менің әжем Мәуия. Ол, мүмкін, Әбіштің анасы Айсәуле. Ол, мүмкін, Асқардың анасы ҚымбатАйтоты. Айша қазақтың әр әулетінде бар. Суреткер кемел әйел – Анаға көркем сөзден ескерткіш соққан. Жаса, Айшаның ұлы Барсхан!». Бұл күнде Халық жазушысы атанып, ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, өзіндік терең танымы, тұғырлы авторлық концепциясымен ерекшеленген Шерхан Мұртазаның көркем-эстетикалық, тарихи, философиялық ой өресі журналистикадан бастау алған болатын. Еліне көрнекті публицист, шебер редактор, әділ басшы ретінде журналистика тарихында биік орыны бар Ш. Мұртазаның еңбек жолы өз айтарының тереңдігімен танымал. Тапсырмалар және сұрақтар: 1. Ш.Мұртазаның журналистика мен әдебиеттегі алғашқы адымдары қандай? 2. Ш.Мұртазаның шағын әңгіме жазудағы шеберілігі қандай? 3. Жазушы әңгімелеріндегі автор мен кейіпкер мәселесіне кеңірек тоқтал. 4.Романдарындағы туған ауыл табиғатының көркемдік кейпін сомдаудағы ізденісін суретте. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұртаза Ш. Халық үшін жан пида // Зауал: Мақалалар, естеліктер. – Алматы: Жазушы, 1991. - 272 б. 2. Белинский В. Г. Собрание сочинений: В трех томах. -Москва., 1948. Т. 2. 705-732 с. 3.Кекілбайұлы Ә. Қазақтың Шерханы. // Егемен Қазақстан. 2002. -4 қазан. 4. Мұртаза Ш. Адал еңбек //Лениншіл жас 1986. -6 ақпан. 5.Письмо Л.Н.Толстого и В.А.Толцеву. Русский писатель о литературном труде. Т.3. Ленинград, советский писатель 1955. 534-535 с. 6.Қоңыратбаев О. Тұрар Рысқұлов: Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. –Алматы: Қазақстан, 1994. -448 б. 7.Көпбаева М. Тарих және көркем шығарма. –Алматы. -Қазақ университеті. 2005. -221 б.
109
Шерхан Мұртазаның драмалық шығармаларындағы ұлттық дүниетаным арналары Шерхан Мұртазаның шығармашылық жолына қарар болсақ өз заманынандағы өзекті мәселелерді қозғап, заман талабына сай, бірде ақырын, бірде айқын үн қосып отырғанын көреміз. Көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза өмірінің ұзақ уақытын арнаған Тұрар Рысқұлов тағдыры туралы тек проза саласымен шектелмей драма жанрында да қалам тербеген. Бұлар «Қызыл жебе» мен «Сталинге хат» пьесалары. Екі пьесаның да сценарийі «Қызыл жебе» романындағы тарихи оқиғалар негізінде жазылған. 1987 жылы «Ұлы Октябрь революциясының 70 жылдығына орай Шерхан Мұртаза мен Қалихан Ысқақов бірігіп «Қызыл жебе» атты драмасын жазды. Спектакльдің көрсетілуі сол кез үшін шын мағынасында елеулі мәдени құбылыс болды. Режиссері Р. Сейтметов: «Бұл пьеса министрліктің, атап айтқанда репертуарлық коллегияның тапсырысы болған. Пьесаның социалистік қоғам мен оны басқарушы коммунистік партияның солақай саясатының тұсында келгенін ескерер болсақ, міндетті түрде социалистік реализм әдісіне екі қаламгердің де еріксіз мойын бұрарын сезіну қиын емес. Дегенмен авторлар өмір шындығынан алыс кетпеген. «Қызыл жебе» романындағы Тұрар өмірінің ең бір өзекті кезеңдерін бейнелеуге арналған» деп ой түйіндейді. Тетрологияның негізін құраған «Жұлдыз көпір» романындағы Осипов бүлігі, Түркістандағы Совет өкіметінің тағдыры қыл үстіне ілініп тұрған пышақ, ашық жаулармен қатар сырын ішіне бүккен жымысқы «ішкі дұшпандармен» күрес, азамат соғысы, жергілікті халықты аштық апатынан құтқару, міне Тұрар бейнесі осындай арпалыс, толассыз тартыс үстінде сомдалған. Пьесадағы Тұрар бейнесі жас та болса алғыр, алған бетінен қайтпайтын табанды азамат. Жазушының драмадағы және бір үлкен жетістігі Т. Рысқұлов бейнесін тек күрескерлік тұрғыдан ғана тұлғалап қоймай, оның да жұмыр басты пенде екенін, күйініш-сүйініші, қуаныш-қайғысын айқын беруінде. Тұрардың адамшылық кескінін айқындай түсетін детальдар Наташамен арадағы отбасылық коллизия, әке бейітінің басындағы босаңсуы ұтымды әрі шыншыл сомдалған. Дұшпандарының алдында мойымайтын, ұстанған өмірлік принципіне адалдықпен берілген, қайсар жас Тұрардың жеке басына байланысты жағдайда бір сәт сезім ырқына берілуі кәдімгі өмірдің шынайы көрінісі екеніне дау жоқ. Пьеса авторларының жемісті ізденісі Т. Рысқұлов өмірінің драмаға лайықты түйінді тұстарын және кейіпкерлер қатарын іріктеп алуда анық байқалады. Драмалық шығарманың шарттарымен үйлесе кететін бас-аяғы жұмыр тұтас сюжет табу зор жауапкершілікті талап етеді. Драматургтер бұл шарттың үдесінен шыққан. 1985 жылдың сәуірі әкелген қайта құру, демократиялық пен жариялылық кезеңінің жаңартушы лебі әлеуметтік – мәдени өміріміздің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізді. 110
Кереметтей ақиқатты айшықтамаса да қайта құру саясаты Кеңес өкіметінің біраз кері кеткен істерінің ақ-қарасын ажыратуға септігін тигізді. Шындыққа шөліркеп, схематизмнен жалыққан қазақ жазушылары Кеңестік одақ көлемінде алғашқылардың бірі болып тарихтың ақтаңдақ беттерінің ашылуына үлкен үмітпен басын тіреді. Шерхан Мұртаза сынды прозада кемеліне келген суреткердің кенет қаламын драмаға сілтеуі, жаңа жанрда өзін сынап көру емес, негізгі себеп, өмірлік материалдың сахнаға мейлінше сұранып тұрғанында еді. Оның «Сталинге хат» пьесасы өмірдің қан аралас шындығының терісін тірідей сыпырып, көрермен көзіне жас алдырып, театр дүниесін дүр сілкіндірген оқиға болды. «Сталинге хат» қасіретнамасы «Қызыл жебе» романының заңды жалғасы болып табылатын «Қыл көпір» атты кітабындағы «Бас тігу» деп аталатын тараудағы Тұрардың қазақ халқын 1932 жылғы аштықтан және Голощекиндей жауыздың солақай-сұмдық саясатынан құтқару үшін Сталинге жазған хаттарының ізімен өрбітілген. Пьесаның басты кейіпкері уақыт. Оқиға ортасында тартыс талқысына түскен тағдырлар. «Сталинге хат» трагедиясы жазушының көркем шығармадағы Тұрар образын жасауға талпынғандағы сәтті табысы және Тұрар туралы сол аяқталмаған романдардың барлаушысы, бағдар шамы іспеттес. «Бұл трагедияда Тұрардың өмірі мен творчестволық қызметі тұтас толық қамтылмайды. Өйткені, бұл пьесаның идеялық-көркемдік міндетіне енбеген және оның шеңберіне сай келмейді. Пьеса Тұрар өмірінің мағыналы да маңызды кезеңін суреттеген. Шерхан Мұртаза пьеса жөнінде былай дейді: «Сталинге хатқа байланысты айтарым, пьеса хат ізімен жазылды, бірақ көшірме емес, тарихи шындықтың көркемдік шындыққа ұласуы дер едім. Рысқұловтың халық үшін атқарған еңбегі орасан. «Сталинге хат» соның бір тармағы ғана. Әрине, ең негізгісі болар...» . Романдағы 1932 жылғы қазақ жұртын жайлаған ашаршылық елден үдере келген Түйметай, Молдабек, Оразбақтар отбасының ауыр халі және Т. Рысқұловтың аштық жайлы жинаған фактілерінен бірде эпизод арқылы берсе, бірде Сталин мен Рысқұлов арасындағы диалог арқылы көрсетеді. Роман жанрының ауқымы кең болғандықтан автор осы мүмкіндікті ыждағаттылықпен жүзеге асырған. Ал, «Сталинге хат» пьесасында драмалық жанрдың шектеулі талаптарын ескергеніне, көркем әрі ықшам, нанымды етіп жазылған. Романдағы Сталин «Алтын жібек» темекісін трубкаға салайын деп тұрып соны ұмытып кеткендей, бұған безеріп көп қарады. – Өзің қалай ойлайсың - деді ызғарлана. – Өзім қалай ойлайын. ЦК-ның қаулысы менің қолымсыз да қабылданар еді. Партия саясаты, Сталин саясаты маған қарап қалған жоқ қой, солай емес пе? Тек әлі күнге түсінбейтінім: маған зорлап қол қойдыру неге қажет болды? Әлде қазақтарды аштан қыру үшін бұрын жоспарланған дүние ме? Оған кінәліні іздейтіндер табылса, Рысқұловты ұстап беру үшін керек болды ма? 111
– Сені ұстап беріп, кінәлап жатқан ешкім жоқ қой. – Иә, әзір жоқ. Ал ел ертең есі кіріп, етегін жиған кезде кінәліні іздейтіні хақ. Сонда Рысқұловтың бетіне қара күйе жағылмақ. Сталин ақыры трубкасын толтырып болды. Асықпай тұтатты. Түтіннен жүрегі жібігендей сәл-сәл езу тартты. – Бәсе-е-е, – деп мекіренді. – Осы сен қазақтардың қырылып жатқанына бола емес, өз атыңа қара күйе жағылғанына бола жанталасып тұрған жоқпысың? А? – Жоқ! – деді Рысқұлов күмілжімей, – Менің атыма кір жұққаннан тарихтың бір қылы қисаймайды. Рысқұлов бұл дүниеде болды ма, болмады ма, одан тарихқа келер-кетер ештеңе де жоқ. Ал қазақтардың қырылғанын тарих кешіре алмайды. Әне, мәселе қайда, жолдас Сталин». Бұл енді Сталин көтере қоймайтын тым-тым кесірлі сөздер еді. Басқа бір жағдайда Сталин Рысқұловты екі шайнап, бір-ақ жұта салар ма еді, бірақ дәл қазір ол Рысқұловтың жанпидаға бел байлағанын сұңғылалықпен түсінді. Жазушы эпикалық шығармада композициялық көркемдікті ширата түсіп, тұлғалар характерін айқын танытады. Пьесадағы екінші бөлімнің бесінші суретіндегі Сталин мен Тұрар диалогындағы шиеленісте тап романдағыдай шиыршық ата шарықтай беріліп, оң шешімін тапқан. Екі көркем шығармада «Қызыл жебе» романы мен «Сталинге хат» пьесасындағы композицияны құраушы негізгі фабуланы автор осылай ала отырып өзі өрген логикалық желінің арқауын берік ұстанған. Спектакльдегі де, романдағы да диалогтардың дүдәмал тудырмауы сондықтан. Екі шығармадағы тарихи шындықты көркем сомдауда автор өз көзқарас, пікірлерін батыл да өткір бере білген. Ш. Мұртазаның «Сталинге хат» атты пьесасы деректі негізде беріліп, халықтық трагедияның мәні де түсіндіріледі. Осы ретте пьесаны тарихтағы қатал да қайғылы документтерден жасалған деуге де болады. Бірақ спектакльді бар болғаны осы документтердің сахналық құрандысы деуге әсте болмайды. Бұл – өнердің барлық компоненттерін қамтыған көркем шығарма. «Қызыл жебе» романы арқылы көпшілікке жақын таныс тарихи тұлғаны драма арқылы даралап берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Басты себеп көркем әдебиетте сомдалған образ сахна арқылы көрерменнің көңіл түкпіріне қайта қонған кезде соны қырынан көрінбей қоймайды. Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы кейіпкерлерді пьесада да зор табыспен сомдап шықты. Зерттеу еңбегімізде қарастырған шығармалардағы Тұрар Рысқұлов тағдырын толғаған көркем дүниелердің тек әдебиетте ғана емес, халық өмірінде алар орны мен оларға берілер бағаның байыпты екеніне көз жеткіздік. «Тегінде тектіні – текті, азаматты – азамат қана танып, бағалай алса керек. Өйткені, қарап отырсақ, Ғабең мен Шәкеңнің бір ұқсастығы да бар сияқты көрінеді. Екеуі де ойындағысын бүгежектемей батыл айтады. Екеуінде де қайсарлық бар. «Бесеудің хатында» міне – Ғабең болмысындағы осы қайсарлық, азаматтық белсенділік көрініс береді. Ұлы қаламгердің ұлы 112
тұлғасы сахнада тіпті ірілене, асқақтай түседі. Сол арқылы Шерхан Мұртазаның да қаламгерлік қайраткерлігі, суреткерлік азаматтығы көрініс берген деуге болады. Олай дейтініміз - кешегі әлі тәуелсіздік алмай тұрған, заман әлдеқандай бола ма деп әртүрлі толқыныстар бой көрсеткен тұстың өзінде осындай шығармаларымен та-рихымыздағы ақтаңдақтардың ақиқатын айтуы – халқын сүйген қайсар азаматтың ғана қолынан келетін іс еді». Жалпы, «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» трагедиялары халық тағдырының, ел тарихының айтылмай, жазылмай келген беттерін толықтырған алғашқы сахналық шығармалар екенін айтқан абзал. Трагедия дегеннен шығады, көркем шығармадағы, жалпы өнердегі трагедиялық сипаттың эстетикалық мән-маңызының жоғары екендігі белгілі. Өйткені трагедияның негізінде шындық жатады ғой. Сондықтан да «көркем өнердің шыңы трагедия деп білемін» деген Ш. Айтматов сөзінде үлкен мәні жатса керек. Сонымен «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» драмалары кезінде ұлт намысын оятып, театр өнеріне үлкен серпіліс әкелумен бірге Ш. Мұртаза шығармашылығының да соны бір қырын танытқан туындылар болды дер едік. Ш. Мұртазаның «Жетім бұрыш» драмасы бүгінгі қала өміріндегі осындай толғақты мәселелерге арналған. Замана өзі туғызып, өмір өзі қойып отырған уақыттың ащы шындықтары мен асқынған аурудай белең алған келеңсіздіктер көз алдымыздан өтеді. Ата-бабасы көшпелі болған қазақтың бүгінгі ұрпағының маңдайына жазылғандай ел аман, жұрт тынышта «жаяу көшпелі» атанып, әркімнің босағасында жәутең тіршілік кешіп келеді әлі. Үйі жоқтың күйі жоқ. Үйі жоқ адам тәуелді. Күйі жоқ адам бағынышты. Трагедияның үлкені осыдан тарап жатқандай. Міне, осындай қым-қуыт тағдырлар жүректі шымырлата сыздатады. Ойландырады, толғандырады. Зауалдың түп-тамырын іздейсің. Оның негізі кешегі кеңестік тоқырау кезеңінде қаланған дейді бір ойдың ұшығы... Он жылдан бері пәтер ала алмай жүрген Салбырақтың жандалбаса әрекеттері, жұмыссыз, пәтерсіз Сандуғаштың амалының таусылғанынан милиция полковнигі Малқарға кіріптар болуы, ақыры өмірінің қайғылы аяқталуы, ал үй-жайы бар, бәрі жеткілікті, тұрмысы жақсы Мунираның жаны жаралы, көңілі налалы бақытсыз өмірі, әміршіл жүйенің айтақшысы, екі жүзді, сатқын Малқардың екі оттың ортасында қалған бықсық тіршілігі – кім-кімді де бейтарап қалдырмайтыны анық. Драмадағы Албасты бейнесі де зерделі көрерменді үлкен ой-толғанысқа жетелейді. Өмір-тіршілікке деген өзіндік тұрақты көзқарасы, берік байламы жоқ, тұрғылықты өзек-діңі әлсіз жандарды, тірлік тауқыметінен тайсақтап, ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүргісі келетін пенделерді жын иектегендей үйірген Албастының әзәзілдігі небір қылмысқа, қара ниетті жолға түсіріп жіберетіндігін түйсінеміз. Тіпті адамның жанына жақсылық, ізгілік себуге ұмтылған періштелердің әрекеттерінің өзі өмірдегі, қоғамдағы әлеуметтік 113
әділеттіліктің орындалмауынан, заңсыздық жайлаған тіршіліктің қиянатынан жүзеге аспай, отқа түскен көбелектей жанталаса шырылдайды. Осындай жағдайда Албасты бел алмағанда қайтеді?.. Тоғышарлық жайлаған әділетсіз қоғамға зығырданың қайнайды. Бірақ қолдан келер әрекет аз. Қоғамдағы осы дерттің – берекесіздік пен бейбастақтықтың түп-төркіні қайда жатыр? Зауал қайдан шығып, неден өрбіген?! Драма авторы осыған жауап іздейді. Арғы-бергіге көңіл бұрғызады. Өткеніңді ойландырады, бүгініңе үңілдіреді. Өкініш пе, өксік пе, жайсыз бірдеңе кеудеңді тырналайды, өзегіңді өртейді. Бұзылған заман ба? Адам ба?.. Келешек қалай болады?.. Міне, мәселе қайда жатыр?! Осындай сан түрлі сауалдарды алдыңа көлденең тартады республикалық Жастар мен балалар театры қойған «Жетім бұрыш» трагедиясы. Сонымен, көтерген жүгі салмақты, айтар ойы салихалы «Жетім бұрыш» трагедиясынан біз кешегі кеңестік жүйедегі тоқырау жылдарында адамдар арасындағы қарапайым адамгершілік қарым-қатынастардың қалыпты өлшемдерінің бұзылып, қасаңдана бастағанын, соның салдарынан қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікке де сызат түскенін көреміз. Сөйтіп, адамдардың өмірден, қоғамнан торыққан, түсі түңілген сәттерінің де куәсі боламыз. Мұның зардабы күні бүгінде, тәуелсіздік алған тұсымызда да жалғасып отырғаны шындық. Осындай шындықтарды батыл көрсеткен драмалық туындыдан қаламгер шығармашылығына тән батылдық пен өткірлікті де пьесаның шебер тқиюласқан сюжетінен көреміз. Ш. Мұртазаның драматургия саласындағы ендігі бір күрделі туындысы С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық театры сахнаға шығарған «Домалақ ана» тарихи драмасы. Жалпы, жазушының драматургиялық шығармалары қарағандылықтарға бұрыннан да таныс еді. Кеңестік кезеңнің жетпісінші жылдарында облыстық орыс драма театры «Қара маржан» романының негізінде жазылған пьесаны сахналаған болатын. Ал сексенінші жылдары осы қазақ театры «Сталинге хатты» қойған. Енді міне, халқымыздың өміріндегі қасиетті де киелі анамыз туралы жазылған «Домалақ ана» тарихи драмасын сахнаға шығарып отыр. Халық жазушысының шығармашылығында бұрыннан да Ана тақырыбы елеулі орын алып келгені белгілі. «Мылтықсыз майдан» повесіндегі Арай ана, екі мыңыншы жылдары жарық көрген «Ай мен Айша» роман-дилогиясындағы Айша бейнелері әдебиетіміздегі аналар образы галереясын толықтырған тұлғалар болды. Енді міне, халық анасы – Домалақ ана атанған Нұрила ана бейнесін сомдаған. Шығармадағы шым-шытырық оқиғалар мен тартыстар осы Нұрила төңірегінде өрбіп отырады. Бәйдібек бимен алғаш кездескен нәзік те пәк, аңғал Нұриланың ақыл-парасатының, жан сұлулығының арқасында елжұртқа танылып, Домалақ ана аталуына дейінгі өсу, толысу жолдарын, адам 114
ретіндегі ішкі толқыныс-толғаныстарын табиғи бейнелеп, шынайы көрсетеді автор. Өмірдің сырын, бұл дүниенің мәнісін түйсініп-түсінген, байсалды да байыпты Нұрила тағдырдың жазуымен ел қорғаны, батыр Бәйдібектің етегінен ұстайды. Пірі солай аян берген. Сол аянды пір тұтқан Нұрила киелі де қасиетті ұғымнан аттап кете алмайды. Сондықтан да осы қасиеттерді сақтап қалады. Қай заманда да адам өмір-тіршілігінде көре алмастық пен қысастық, қызғаныш пен бақталастық бірге жүретіні белгілі. Нұриланы да көре алмаушылар табылды. Қызғаныштан Нұриланың жас сәбиіне қастандық жасалды. Қарғыс айтып, қан-жылаған Нұрила Алла-тағалаға жалбарынды. Ақыры жаратылысында қасиет дарыған Нұриланың көз жасын құдай көріп, Алла қолдап, әруақ жебеп сәбиі аман қалды. Ал қызғаныштың қызыл иті ішін тырнап, астамсынған Марау бәйбішенің тоғыз ұлы бірдей жау қолынан мерт болады. Бәйдібектің жау айдап кеткен бар малы Нұриланың ақылымен қайтып келді түгелімен. Құдіреттің шеберлігін драматург деректі аңызға құра отырып әруақтың киесі, қасиеті туралы айқынды көркем идеяға айналдырды. Ақыры Марау бәйбіше есінен ауысты. Осылай драмадағы бәйбіше бейнесі де өз іс-әрекетіне лайық табиғи ашылып, шынайы көрініп, ірі тұлға, күрделі образ кейпі танылады. Оның да адам ретіндегі ішкі арпалыс-күйзелістері шеберлікпен ашылған. Шығармадғы ендігі айтулы тұлғаның бірі Бәйдібек би. Драмада Бәйдібек ел ағасы, батыр ғана емес, ақыл-парасаты мол, көңілі дархан, жаны таза, айналасына байсал-байыппен қарайтын үлкен адамгершілік иесі ретінде сомдалған. Бұл да автордың табысы деуге лайық образ. Дүниеде Анадан ардақты, Анадан қасиетті ешнәрсе жоқ қой. Драманың шарықтау шегіндегі арақ ішіп тайраңдаған мәңгүрттердің киелі маралға оқ атуы – Анаға оқ атуы еді. Оларға бұл дүниеде қасиетті ешнәрсе жоқ. Жазушы осындай имансыздықтан сақтандырады. Анаңды сыйла, қасиетіңді қадірле, әруақты ұмытпа, тағзым ет деген ойды да сюжетке, пьесаға арқау етеді. Философиялық иірімдерге, ойлы орамдарға бай, ірі тартыстар мен шамырқанған шарпысуларға толы драма осындай мегзеулерге жетелейді. Адам, қоғам, халық өміріндегі әйелдің, ананың рөлін дәріптейді. Ұрпақ үшін әйелдіктен Аналыққа көтерілген, ел Анасына айналған Нұриладай Аналарға тағзым еткізеді. «Ұрпақ үшін қызғаныштың қызыл итін құрбандыққа шалдым» деген сөзді Нұрила ананың аузына салу арқылы автор оның ұрпақ қамын, ел бірлігін, жұрт тұтастығын ойлаған Нұриланың қалай Домалақ Ана атанғанын оқырманына даралап жеткізеді, бейнесін толықтыра түседі. Өйткені «Жақсы ай мен күндей, барлығына бірдей» дейді. Ал Ай да Күн де – домалақ. Ендеше Домалақ Ана да барлығына бірдей күн сияқты нұрын төгеді, шапағатын себеді. Тарихи драма тағлымды түйінмен аяқталады: Мазарларды талқандап кеткен әулекі ұрпақты көзімен көрген шырақшы: «Енді шырақты қайда 115
жағамын?!» — дегенде Домалақ ана: «Алда саналы, иманды ұрпақ болмақ... Шырақты әуелі адамдардың жүрегіне жақ», — дейді сенім арта. «Мінеки, ұрпағының болашағын ойлаған ұлы Ана тағлымы. Халқының келешегін ойлап, ұлы Ана рухын тірілткен үлкен азамат Шерхан Мұртаза шығармасының тәлімі». Сонымен «Домалақ ана» тарихи драмасы автордың да, театр өнерінің де айтулы табысы болғаны анық. Халық жазушысының көрермен жылы қабылдаған күрделі драматургиялық шығармасының бірі Жамбыл облыстық драма театры қойған «Ноқтаға басы сыймаған» драмасы. Автор ізденісінен туған бұл туынды өмірдің мәні, адамның тіршіліктегі орыны, бағасы туралы ой-толғаныстарға жетелейтін айтары бар шығарма деп білеміз. Сонымен халық жазушысы Шерхан Мұртаза соңғы он-он бес жылдың бедерінде драматург ретінде де халқына қызмет етіп, ел-жұртының тағдырындағы, замана толқынындағы аса бір зәру мәселелерге жан сала қалам тартып келеді. Қауымның көкейіндегіні дөп басып айта білген, жеткізе білген қаламгердің еңбегі жұрттың ықыласына, құрметіне ие болуда. Жалпы, жазушы шығармашылығындағы қалыптасқан стильдік, көркемдік шеберлік драматургиялық туындыларына да тән деуге болар еді. Өйткені қаламгердің прозалық шығармаларына етене шымыр сюжет, нақты да қысқа ойлы сөйлемдер бұл жанрдың да шырайын кіргізе түскенін айтқан абзал. Тіпті бұл шеберлік нағыз драматургияға керек нәрсе емес пе. Себебі мұнда оқиға шұбалаңқылығына, басы артық олпы-солпылыққа, езбе тіл, мыжыма сөзге орын жоқ екені белгілі. Ал Ш. Мұртаза қаламы мұндай қара дүрсіндіктен әуелден-ақ аулақ. Сондықтан да тәжірибесі мол тарланбоз қаламгердің драматургиялық шығармалары жанр заңдылықтарына толық жауап беретін, шынайы шеберлікпен дүниеге келген туындылар дер едік. Талант табиғаты сан салалы болып келетін Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы тағы да бір орны ерекше жанр – драматургия. Жазушы қашанда санадағы серпіліс, ақылдың айтарын, даналық дәрістерін сөз өнері арқылы қоршаған әлеміне жария етіп, ағынан жарылмақ. Шерхан Мұртаза шығармашылығын зейінді зерделегенде сараптау мен талдауды қажет ететін, көркемдік палитрасы салмақты идеясы назарды аудартпай қоймайтын шығармалары әртүрлі тақырыпқа жазылған пьесалары болып табылады. Еліміз егемендік алған жылдардағы тоқырауға ұшыраған экономиканың салдарының ауылдың әлеуметтік жағдайына тигізген бір әсерінің өзінен Ш. Мұртазаның драматургия жанрындағы жаңа бір соқпақ – комедияға қалам артуына себеп болды. Жалпы комедия жанрының өзіне тән өзгешелік сипаттары бар. «Автордың өмірге нақтылы бір затқа, құбылысқа көзқарасы комедияда сын арқылы бейнеленеді. Автор белгілі бір идеалды жақтайды, өмірдегі қонымсыз жайларды, ұнамсыз мінездерді сол мақсатпен сынайды. Сөйтіп, жағымсыз нәрсенің күйреп, жақсының салтанат құратындығын көрсетеді». Комедия жазу үшін авторға өмірдің шындығынан алынған терең 116
мәнді конфликт керек. Тап осындай конфликтінің Ш. Мұртазаның «Ақындар мен әкімдер» атты публицистикалық шығармалар жинағындағы «Есек қымбат» деген фельетонында ауылдағы бір оқиғаның суреткерге үлкен ой салғызып, әлеуметтік мәні зор концепция түйіндеткенін көреміз. 1990 жылдардың соңына таман ауыл халқы көлік орнына есек жануарын пайдаланып, күнделікті тіршілік қажетін өтесе, тап осы хайуанның қаладағы зоопарктегі жабайы аңға да ас ретінде қажеттілігі туындайды. Мұның бәрі сол жылдардағы өмірдің шындығы болатын. Көзімен көрген осы бір кедеңсіз жайттардан Ш. Мұртазаның комедия сюжетіне қажетті элементтерді тап басып табуы себеп болса керек, «Есек саудасы» атты комедияны өмірге алып келді. Комедиядағы сюжет желісі және кейіпкерлердің іс-әрекеті өмірлік логикаға сай етіп құрылған. Серкеш атты жас жігіттің бір мезеттік қиындықты пайдаланып, дүние жинап алмақшы ойы күлкілі әрі әжуалы. Зоопарктегі ашыққан аңдарға күтуші әйелдің зекуінен Серкеш талай жайттың мәнін аңғарып, ен далада жүріп, жабайыланып, бір кезде ешкімге керек болмай қалған есектерді қалаға алып кеп, зоопаркке өткізіп, ақшаның астында қалам деп тоғышар ойдың соңына түседі. Дүниеқор, пайдакүнем, банкир Зорманның ойы мен Серкештің ойы бір жерден шығып, заманына қарай адамы болған өтпелі кезең тоғышарларының бейнесін аша түскен. Көп қиындық пен әуре-сарсаңға түсіп, құм даладан жеткізген есек еті ешкімге керек болмай, Серкеш күлкілі һәм трагедиялы халге түседі. Шағын ғана комедияда драматург шеберлік пен көптеген қоғамдық, адамдық жайттардың шындығын ашады. «Есек қымбат» мақаласында осы комедияға арқау болған бір эпизодтық оқиғаны көреміз. Ауылда күнкөрісіне көк есегін жаратып жүрген Дүйсен шалдың ойламаған жерден есегінің саудаға түсуі, өткінші уақытты пайдаланып, жұмыртқадан жүн қырқып жүрген «коммерсант», «қарны шертиген қасқабас жігіттің» ожар іс-әрекеті талай жанды таңғалдырып, әрі күлкіге бөлейді. Кішкене ғана детальдың өзінен күрделі ой айта білетін жазушы Ш. Мұртаза тап осы оқиғаның ізінен қазақ драматургиясының комедия жанрына көркем бір туынды жазуына себеп болды. Жазушы халықтың көзі, құлағы, және жан айқайы екенін ескерсек, Шерхан Мұртазадан біз бұл қызметтің бәрін көрсе аламыз. Суреткер тек көзбен көріп, құлағымен естігенін ғана емес, жүрегімен ұғынғандарын көркем дүние етіп шығарған. Онсыз оның шығармаларының эстетикалық мәні болмас та еді. Тапсырмалар және сұрақтар: 1. Ш.Мұртазаның «Халық Жазушысы» атануының сыры неде? 2. Жазушының шығармаларындағы ұлт мәселелерінің көркемдікпен игерілуі қаншалықты? 3. Ш.Мұртаза прозасының мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктерін тарата талда. 4. Ш.Мұртаза шығармашылығының зерттелуін, әдеби сында бағалануын сарапта. 117
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Гете. Собр.соч. т. 10. -М., 1937, -403 с. 2. Молдағали Т. Бір қарасам Тұрар, бір қарасам-Бауыржан. //Ұлан. 2002. -1 қазан. 3.Мұртаза Ш. Таңдамалы. 6 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Қазығұрт, 2002. -5т. -455 б. 4.Смайылов К. Үзеңгі дос. // Жұлдыз. 2002. №8. -11 б. 5.Мұртаза Ш. Намыстың сөзін айтамын. // Парасат. 2002. №19. 6.Қайыңбаев М. Алыс балалық туралы естелік// Егемен Қазақстан. 1997. -11 қыркүйек. 7.Елеукенов Ш. Шерхан шері. // Жас алаш. 2002. -28 қыркүйек.
118
III.Жазушының тарихи танымды бейнелеудегі стильдік ерекшеліктері Ұлттық болмысты бейнелеудегі авторлық дүниетанымның өзіндік мәнері Шерхан Мұртаза шығармашылығы – оның тіршілікте көріп, көңіліне түйгендерінің қорытындысы, жиынтығы. Ол шығарманың идеясынан, өмір материалдарын сұрыптап алуынан, көркемдік тәсілдерінен, стильдік қолтаңбасынан айқын көрінеді. Сол себепті де көркем шындықтың әлеуметтік, бейнелілік сыр-сипаттарын аша түсуде оны жазған суреткердің өмір соқпақтарын, тәжірибелерін жан-жақты зерттеудің маңызы зор. Кешегі Кеңестік қоғамда саяси жағынан талдауда әдебиет белгілі бір таптың қоғамдық көзқарасын, идеологиясын, жан жүйесін білдіретін таптық құралдың бірі деген теріс қағида басшылыққа алынып келді. Әдебиеттің өнер туындысы ретіндегі көркемдік қасиеттері ескеріле бермей, таптық теорияға негізделген партиялық принцип басты айқындаушы қағидаға айналды. Әдебиеттен тек қана жұмысшы табының сана-сезімі, рухани өмірі, арманмұраты, мінез-құлқы деген секілді жақтарының міндетті түрде жағымды жағынан суреттелуі, ал басқалардың барлығын құбыжық қып көрсету талап етілді. Сөйтіп өмірдің біртұтастығы, оның ішінде ескі мен жаңаның, жақсы мен жаманның, күнгейі мен көлеңкесінің қатар жүретіндігі ескеріле бермеді. Көркем әдебиеттің әлеуметтік қырларын ашудағы мұндай ұшқарылықтар қазақтың әдеби танымында жиырмасыншы жылдардың соңы мен отызыншы жылдарда барынша асқынып, көптеген келеңсіздіктерге ұрындырды да, күні кешеге дейін, яғни 60-70 жылдарға дейін ұлттық әдебиетімізге зардабын тигізіп келді. «Балалық, бозбалалық шағы соғыс кездерінің қылышынан қан тамған қаһарлы, жаралы жылдарымен дөп келген ұрпақ өкілдерінен шыққан қаламгерлердің баршасына ортақ қасиеттер бар: ең алдымен бұлардың қайсысын алсаң да, өмірдің қара қазанында қайнап піскен, тіршіліктің тас диірменінде әбден тартылған адамдар. Қаламнан өмірге келмеген, өмірден қаламға келген. Творчестволарындағы басты сипат, басты құнар — өмірдің лебі, тіршіліктің бояуы. Онда да оқығаннан тапқан дүниелер емес, өздері көрген, өздері бастан кешірген жайттар». Азаматтық пафос, публицистикалық леп – Шерхан Мұртаза шығармашылығының басты сарыны. Жазушының көркем туындыларын түгел алып, тұтас шолып, жинақтап салмақтағанда, көзге түсетін ерекшелік автордың форма мәселесіндегі еркіндігі, түр ізденістеріне жиі баратындығы еді. Фольклор үлгілері, әлем әдебиетіндегі еркін троптық құралдар жазушыға ықпал жасағанын аңғарту қиынға түспейді. Шерхан Мұртаза прозасындағы қаламгерлік ой бедерлі бейнеленіп, нәзік әуезбен тебірентеді. «Интернат наны», «Мылтықсыз майдан», «Мың жылдық жара», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Қара маржан» т.б. шығармалары осы пікірдің айқын дәлелі. Жазушы заманымызда болып жатқан әлеуметтік оқиғалар, олардың жеке адам санасында жасаған өзгерістерін тез сезіп, сергек суреттеп отырады. 119
Ш. Мұртаза сынды қаламгердің бір ерекшелігі – болмысты, құбылысты көкірек көзімен көріп, қиялына жүгінуінде. Ол үнемі ішкі әлемнің күрделілігін қиялмен, ішкі көкірек көзімен тануға ұмтылады. Қаламгер Шерхан Мұртаза қысқа жазудың шебері. Ол не жазса да осы қағидамен тыныстайды. Жазғаны жұтынып, жасанып шығады. Қысқа жазу дегенде туындының көлемі емес, әр сөз бен сөйлемнің әрі қысқа, әрі нұсқа шығатындығын айтып отырмыз. Шерхан – шеберлігін әңгіме, новелла сияқты шағын жанрмен ұштап, одан кейін повесть, романға қарай құлаш сермеген қаламгер. Мұны атап өту себебіміз, оның қай жанрда жазбасын, шымыр әрі тегеурінді желі тартып, адам мінезін, ішкі жан дүниесін дәл басып, өмірдің ақиқатты шындығын айқын бейнелейтіндігінен дейміз. Қаламгердің барлық жағынан мінсіз қиысқан, көркем туындыны беруі негізінен үш өзекті мәселеге кейіпкердің, тақырыптың күрделілігіне, оқиға қоюлығында және сурет, сезім, лирика молдығына байланысты болды. Шерхан Мұртаза – уақыт пен орта кеңістігінде бейнелеу мен суреттеуге көбірек баратын жазушы. Шерхан шеберлігі оқырманға тіршіліктің болмысқұбылыстарын сол күйі берумен ғана шектелмейді. Одан анағұрлым айқын азаматтық позицияны алға тартуымен жүзеге асады. Қаламгердің шынайы пікірі мен ой-тұжырымы арқылы кез-келген уақытта белсенділік көрсетеді, оған өмірдің сан-салалы қырларынан жинақталған өмірлік фактілер себеп бола алады. Шерхан мұратымен емес, тек қана шындықтың тура жолын басшылыққа алады. Шындық, адалдық – бұл да білімділік, ерекше қасиеттілік, сондықтан да Шерханның көркем шығармалары өзі өткерген өмір өткелдерінен жинақталған шынайы фактілерден құралады. Өз шығармаларында заманына лайық адамдардың сыр-сипатын танытарлық ұтымды ұғымдар баршылық. Шерхан өмір құбылыстарын, қоғамдық ортаны бүгінгі күннің көкейтесті тақырыптарына арқау ете отырып, адамдардың тағдырын, ой-арманын орайластырған өмірін шын шеберлікпен бейнелейді. Ол өмір шындығын бейнелеуде өзіне тән суреткерлік тәсілдерді ұтымды пайдаланады. Қаламгер қиялы адам табиғатының күрделі де қыр-сыры мол ішкі дүниесін шарлайды. Шерханның адамның өзін -өзі тануы, өзін жетілдіру мәселесі бірі үлкен талаптан туған дүние. Адамның өзін тануы деген қиын да, салмағы ауыр дүние. Осы орайда өзгені тану мәселесі, өзгені сынап, оны мінін көру оңайырақ па деп қаласың. Оны адамзат баласы тәжірибе жүзінде, өмірде күнделікті қарым-қатынастардан, іс-әрекеттерімізден байқаймыз. Алайда, ұлы ойшылдар, данышпандар, бұл мәселені адамның рухани дамуының тағылымдық жағын үлкен проблема қылып алдыға қойып талайталай ұлағатты ойлар айтқан. Ол мәселе – ең алдымен өзгенің емес, өз мініңді көру. Өз ішіңе үңілу. Тегінде Шерхан адам жанына, ішкі психологизміне айрықша мән берген жазушы. Оның қаламынан туындаған әрбір шығармадан терең дүниетаным мен адамның ішкі жан дүниесін меңгеру, соны жете білу мәселелеріне жіті қарағандығын аңғарасың. 120
Дүниеге келтірген көркем туындыларынан суреткердің алға қойған мақсаттары айқындалады. Ол қарама-қарсы ұғымдарды, әсіресе адам сапаларын ішкі әлемін көрсетуде тиімді пайдаланып отырады. Жан дүние, ішкі сезімді суреттегенде адамшылық пен арлылық, ізгілік, махаббат, сабырлылықты, осыларға қайшы келетін нәрсе, кұмарлық, ашу, еріншектік сияқты адами сапаны кері кетіретін ұғымдармен үнемі теке тірестіріп, салыстырып, сақтандырып отырады. Оның осы ерекшеліктері жолында жазушыға тән өрнек, нақышын айрықша танытады. Сонымен қоса, Шерхан прозасының көркемдік дәрежесін арттыратын адамның ішкі әлемі мен сыртқы дүниесіндегі әдемілік, нәзіктік пен ізгілік, зұлымдық пен әділетсіздіктер қатар түзіліп, салыстырылып осылардың толық картинасын ашу мақсатында ақын шеберлігі мен дүниетаным кеңістігі айқын көрініс береді. Себебі Шерхан Мұртаза өзі көтеріп отырған мәселені жан-жақты зерттеп, ізденіп қалай ашу керек деген ойды тереңнен қозғап отырады. Өз шығармалары арқылы адами құндылықтардың сапасын арттырып, оның негізі адамның өзінің қолында екендігін баса көрсетеді. Суреткердің адам болмысын зерделеп танудың қиыншылығы мол екендігі, тіптен оның іштей жөнделуі деген мәселеге де терең мән бергенін көреміз. Оның адам өз мінін көре білуі керек, «ішкі дүние», «өзіңді-өзің жетілдіру» деген ойларындағы ең баса назар аударған дүниесі осы адам мәселесі. Шерхан Мұртаза қазақ прозасын тақырыптық, мазмұндық, жағынан да байытып, сонымен қоса ол адам, табиғат пен қоғам болмысы жөніндегі тың ойларымен қазақ әдебиетінің, қазақ дүниетанымының шеңберін кеңейтті. Адамның ішкі әлемін суреттеуде ешкімге ұқсамайтын даралық, өзгеше үлгітүрлерді дүниеге әкелді. Оның туындылары қазақ дүниетанымының өрісін кеңейтіп, жаңаша ойлау, жаңаша тану үлгілерін көрсетті. Әсіресе адам психологизмін айқындауда көркем шығарма құдіретінің тамаша үрдісін таныта білді. Ол өз мерзімінде сол кезеңдегі қоғам билігіне бой ұрмай, қазақ шындығын, адам жайында, қоғам жөніндегі ойларын ашық та, айқын таныта білген қаламгер. Өмір шындығын асқақ рухты туындыларымен, терең философиялық толғаныстарымен бейнелеу арқылы қазақ прозасын үлкен белеске көтерген бірден-бір кемеңгер жазушы. Адам баласының өткені мен бүгінгісі және болашағы жайында өзіндік ой толғамдарын ерекше поэтикалық тілмен, өз дүниетанымы биігінен қарап, шындыққа шыншыл да, сыршыл шешім таба білген суреткер. Тұңғиықтан сыр тартқан Шерхан туындылары талай кұпиялы дүние сырына жетелейді. Адам болмысының, тереңіне бойлап, оның мінез-құлқын терең шеберлікпен суреттейтін суреткер өзі өмір сүрген ортаның, яғни осы заманның көркем шежірелерін терең баяндайды. Көркем шығармада адам өмірі, мінезі, іс-әрекеті, кескін-келбетін бейнелегенде оның сан алуан дара, дербес өзгешеліктерін толық сақтаған және сол адам өскен ортаның, дәуірдің сырларын танытатын типтік қасиеттері бар тұлға жасалып шығады. Сөз 121
шеберінің құдіретті өнерінің туындысы болған көркем бейне бойынша жан бітіріп, қан жүргізіп қойғандай, бетінің нұры, көзінің жанары сәуле беріп, жүрегінің соғуы, тыныс-демі – бәрі сезіліп тұрғандай әсер қалдырады. Қаламгер өзі көтерген проблемалардың шешімін тауып, оқырманын ойландырып, олардың көңілін небір жаңа, тың құбылыстарға аударып, болмыстың, тылсым құпия сырларына көкірек көзімен барлау жасауды жөн санайды. Шерхан шығармашылығы адам жүрегіне белгілі бір дәрежеде рухани жаңғыру әкеліп, жарық дүние құдіретін сезіндіріп, адам жандүниесіне басқаша қарауға үйретеді. Ар, ұят, мейірім, ынсап, адалдық арқылы ғана адам жаны басқалардан биік тұратындығын сезіндіреді. Осы құндылықтарды дәріптей отыра суреткер өмірге деген Махаббаты арқылы дүниені танып-білуге, яғни адамдарға осы жолдың ең маңызды екендігін көрсетеді. Көркем өнер әркез даму да болатын құбылыс, ол да өзгереді, күрделенеді, біртіндеп жаңа соны сапаларға ие болады. Уақыт, қоғам, әлеумет, тарихи жағдай оған қашанда өз әсерін тигізеді. Қоршаған ортаның, қоғамның, саяси рухани және экономикалық дамуы өнер атаулының дамуын, өркендеуін тездетіп, оның жаңа ізденістерге түсуіне ықпал етеді. Соның нәтижесінде әсері мен көркемдігі айрықша жаңаша талап-тілекке жауап беретін жаңа әдістер, жанрлар пайда болады. Өркендеудің озық құбылыстарын алға қарай ұмтылған халықтың асыл ойлы, эстетикалық танымын, өнерін, біліктілігін жеке дарын иелері тудырады. Ш. Мұртазаның жазушылық шеберлік қырларын, стильдегі өзіндік өрнегін зерттеп, талдағанда ерекше назар аударуды қажет ететін дүниелерінің бірі - көркем очерктері. Кез-келген очерктерінің көркемдік деңгейі жоғарыдағы аталған талаптардың биік деңгейінен шыға білген. Сол тұрғыдан көріну үшін шығармаға арқау ететін басты кейіпкерлердің өмір жолын кешегісі мен бүгінгісін, іскерлігін, тәжірибесін, мінез-құлқын, әлеуметтік ортасын терең зерттеу аздық етеді, еңбек ететін саласындағы кездесіп отырған қайшылықтар мен оны жеңу жолындағы күрес процесін де жете біліп, шынайы тұрғыдан баға беру қажет болып табылатындығын жазушы алғашқы журналистік ізденісінен бастап-ақ қатты ескереді. Шерханның болмысты бейнелі суреттеген очерктері де тартымды сюжет пен композицияга құрылған. Әсіресе, өндіріс саласында жазылған портрет очерктерінде кейіпкерлерінің бейнесі (Дәку, Еламан, Тотия) көркем тіл, жатық стильмен шебер өрнектелген. Жазушы-журналистің очерктерінің көркемдік сипаты туралы зерттеуші Р. Жақсылықбаева еселі талдау жүргізді. Жас зерттеуші ойын былайша тұжырымдайды: «Шерхан очерктерінің тағы бір ерекшелігі: "Жұлдыздарын ертіп ай да бір жаққа қонаққа кетіп қалғандай еді", – деп эпитет пен теңеудің орнына табиғат құбылыстарын астасып беруде көрінеді. Қандай әдемі теңеу - сурет! Очеркистің осы жерде «Қараңғы түн» – деп жазуына болады ғой. Алайда, «Жұлдыздарың бір жаққа ертіп кеткен ай» көзге түртсе көргісіз қараңғылықты айтып тұр емес пе? Немесе, 122
«сыланып-сипанып жүрер жас әйелдің опа-далабы мына дала тозаңы. Қызыл помада (далап) бояу орнына жұқалаң ернінде қара майдың дағы бар. Міне, осы пішіндегі қазақ әйелі корабль командиріне көбірек ұқсайды» . Сондай-ақ, «Шалқар! Шалқар! Жұрт сені су дейді. Жұрт сені көл дейді. Сен, меніңше, мәңгі шалқып тұрған жырсың ғой. Сенің жырың ешбір нотада жазылмаған, ешбір әншінің репертуарына кірмеген», болмаса, «Саңлаудан жылғаланып отты қызыл шлак ағып жатыр. Болаттың тортасы сияқты. Ал, болаттың өзі дауылдағы мұхиттай, телегей-теңіз сапырылып, бұрқ-сарқ. ...Әр заман жақсыны жаманнан, ақты қарадан, сапалыны сапасыздан айыру принципі осы мартеннің әрекетіндей болса ғой», «Терезеден қарағанда мәңгі қатып қалған алып толқындардай болып, Алтай сілемдері көлбей түсіп жатады. Таудың тасы кәрі әженің бетіндей...», «Астық — қуаныш! Астық – асқақ құдірет! Ол – атомнан да күшті!»– деп жазады. «Теңеу, эпитет – затты, нәрсені, құбылысты немесе солардың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым» – екендігін ескерсек, Шерхан өзіндік суреткерлік болмысымен теңеулер арқылы очерктерінің көркемдік деңгейін байыта түсті. Очерк тақырыптарының «Сары өзен», «Жұмсақ алтын», «Тастай берік, гүлдей нәзік» т.б. тұрақты теңеу үлгісінде келуінің өзі қаламгердің сөздік қорының бай екендігін аңғартады. Шерханның өндіріс тақырыбындағы очерктерінің көркемдік деңгейін арттыра түсетін тағы да бір қыры – адамды пейзажбен, табиғатпен байланыстыра отырып, ұтымды бере білетіндігі, мәселен, «Аспан жүзін тұтып қалған суық сұр көрпенің күн батар жері жыртылып кеткендей болды. Сол жыртықтан жаңа батқан күннің қою қызып сәулесі сығалап қалады» («Ақ шыбынмен» арпалыста), немесе «Кеше ғана аузынан ақ көбігі бұрқыраған бурадай зіркілдеген аспан қазір әп-әдемі, жұқалаң көк шәйдей есіліп тұр. Кеше ғана күннің көзі кіртиіп, кінараттанған баланың ахуалындай бейжәй еді. Енді ол шығыстан жадырап шығып ұясына жадырап қонып жүр («Ұзақ түндегі қысқа ұйқы»), – деу ойымызды нақтылай түседі. «Адам мен табиғатты байланыстыра суреттеу очерк тақырыбының кейіпкер тұлғасының ашылуына ықпал етеді». Шерхан очерктеріне фразеологиялық тіркестерді, идиомаларды, мақал-мәтелдерді жымдастырып тамаша қолданады. Айталық, «Бес саусақ бірдей емес» біреу ынталы, біреу ынжық. Арасында ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүргісі келетіндер де бар» («Ақ шыбынмен» арпалыста), «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді» – деуші еді. Өлейін деп жүр екенсің, Елтай-ау» («Болашақ болатшы»), «Суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін» баяғының батырларындай сол алаудың ішінде қасқайып Еламан тұрар» («Қара шаңырақ»), «Дүниенің төбесіне шыққандай болды» («Балықшы бақыты»), «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» немесе, «Кәрілік ат мініп, түйе жетектеп келмейді» («Жұмсақ алтын»), «Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз» («Ар аманаты»), «Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды» («Кочегар») т.с.с. мысалдар қаламгер шеберлігін айқын көрсетеді, ойткені бұлардың қай-қайсысы да сөйлем ажарын ашып, мазмұнын кеңейтіп тұр. 123
Қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдісінде танымдық тұрғыдан әсем эстетикалық ізденіске талпынған әңгіме жанрының авторлары негізгі обьект ретінде қырдағы ел өмірін, жастардың тыныс-тіршілігі, қоғамдық ортаның көркем әлеуметтік ортасын алды. Сондықтан да жаратылысы жағынан ұлттық категорияға жататын көркем әдебиет шығармаларынан бұлардың өмірі мен ұлттық көркемсөзге азық болатын тақырып пен мазмұнды көреміз. Жоғарыда аты аталған жазушыларымыздың әңгіме жанрында ауыл өмірін суреттеуге құлшыныстары ерекше еді. Ауыл халқымыздың әдет-ғұрпын, өмір сүру салты мен ұлттық психологиясын, ана тілі мен халықтық төл философиясының бастауы, алтын бесігі, осы қадір-қасиеттердің бәрін қаймағын бұзбай, ғасырлардан-ғасырларға сақтап келген алып рухани қойма. Санасы пәк, сәбилік кезеңнен ауылдың адал қазақы тәрбиесін алған оның дәстүрі мен тәлімін қатар бойына сіңірген, бұл күнде Халық жазушысы атанған Шерхан Мұртазаның да проза саласындағы тарихи танымы мен көркемдік танымға толы гуманистік адамзаттық идеяларға бай мұралары ауыл өмірінің көркемдік әлемін сомдауға арналады. Жастайынан көрген өмір суреттері ұзақ жыл көкейінде жатталған Ш. Мұртаза шағын жанрдың ерекшеліктерін ыждахаттылықпен ұғына отырып, проза жанрына түрлі тақырыптағы әңгімелерді алып келді. Ғұмырлы шығармашылықтың әртүрлі жылдарында дүниеге келген Шерхан әңгімелері оның творчестволық табиғатының жаңа бір қырын танытты. Өз өмірінен әңгімеге өзек болардың материалды тану, таңдау, іріктеу, сұрыптау, оны ой елегінен өткізіп, қорытып, жүрек толқытып, жан тебірентер, сөйтіп сезімге эстетикалық әсері мол, көпке ғибрат берер әңгіме етіп құйып шығарды. Бұл оның суреткерлік шеберлікке деген ұмтылысындағы өмірді білу, оны көркем туынды етіп, жаңадан қайта бейнелеп шығарудағы талмай ізденгенінің нәтижесі. Бұдан біз туындыларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына Шерханның ерекше мән бергенін айқын аңғарамыз. Ол көркем туындыға көңіл қоятын қауымнан айтылған сөздің мәнін терең түсініп, байыбына жетуді талап етті. Қаламгер халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, қоғам өмірінің күрделі проблемаларын көтеретін туындыларды дүниеге келтіруді өзінің басты міндеті санады. Суреткер Шерхан әдебиетті идеялық, көркемдік жаңа биікке көтере отырып, оқушысына идеялық, эстетикалық тәрбие беруді, басқаша айтсақ, әдебиеттің өмірдегі атқаратын қызметін арттыруды бірінші мәселе етіп қойды. Оқушысын озық мәдениетке, өнер-білімге, адал еңбекке шақырып, оның бойында шынайы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуге, жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылушылықты калыптастыруға тек өресі биік әдебиет қана ат салысатынын қаламгер терең түсініп, өзі сол жолда қажымай, талмай ізденді. Әңгімелерінің бәрінде дерлік мұнарға оралған мұң кеуде тұсыңызды сыздатар сағыныш, үрзада мейір, үрисан көңіл тұнып тұратыны неліктен екен? Әлемдік әңгімелер әлеміне қосып кеп жіберсеңіз, жатырқамай, жатсынбай қабылданар, алайда, алаштық асыл, қазақтық қасиетті, ұлттық 124
ұлағатты туынды болып мөлдірейтіні қалай?!». Мұның сыры жазушының жалған дүниедегі жазмышты көп көруі әйтсе де табаны тайғақтамай, сол зұлматтарға қасқайып қарсы тұрып, өмірден өз биігін іздеуге талпынуында жатса керек. Сағыныш, мұң бақыты аз, бақастығы көп балалық шақтан көрген шемен шер, әкеден тірідей айрылып, жесір ана көрген зәрезап тіршілік, құлан құласа, құлағында ойнар жаман-жәутіктің тектілерге тартқызған тақсіреті, ақ пен қараның айқасы, ақтың үнемі жеңіліс тауып, қараның қарқыны қаһарланып тұратын фәни дүние тірлігінде жатса керек. Оқырманын селт еткізер сезімді қарапайым кейіпкердің дәл өзінен келіп Ш. Мұртазаның ақ қағазына ғайыптан келе қалғандай шынайы мінез бен мәдениетті юмормен, баяндау стиліндегі ерекше бір нәзік ырғақпен, басқа шығармаларда кездесе бермейтін адамдардың мінез-құлқын сипаттаудағы оңтүстіктің теріскей таулы аймақтарына ғана тән тың бояулармен қайта жүздесіп, жаңа бейтаныстармен қайта табысып отырғандай хал кешесіз. Дәуір қасіретін тартқан жанның адам қолымен болған қиянат-ояпаттарға айтқан лағынеты, құдіретке шағынған мұңы, болашақтан күтер жақсылыққа деген үміті, сарытап болған сағынышы Ш. Мұртаза кейіпкерлерінің басты тіні және басты ұстанымы десек қателеспейміз. «Табылған теңіздегі Оралдың көзі көрмеген әкесі мен мейірімін аямаған әжесіне, «Бұлтсыз күнгі найзағайдағы» Нариманның жападан-жалғыз жапа шегіп, хабарсыз кеткен әке мен ауылдағы аяулы анаға сағынышы, «Белгісіз солдаттың баласындағы» Исатайдың әлдекімдерді еске алуға ынтық болған сезімі Ш. Мұртаза әңгімелерінің де ішкі жүйесін ұстап тұрар көркемдік керегесіне айналды. Адал алған жарына деген жұбайлық парыз бен сағыныш болмыстан да өміршең үмітті, кеудені кернеген шемен мұң, алдағы уақыттан күтер жақсылыққа толы армандар, бәрі-бәрі тұтасымен әңгіме жанрында да терең пәлсапалық ұғымға айналды. Бірнеше әңгімелерге арқау болған соғыс жесірі Хадишаның бойынан аталған асыл қасиеттің бәрін табасыз. «41-ші жылғы келіншектегі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталса да, Мақсұттан үміт үзбеуі, оны тіріге санап, мұң-наласын айтуы, «Шекшек шырылдайдыдағы» сарытап болған сағынышы, «Соғыстың соңғы жесіріндегі» жарына деген арманмен өзін-өзі о дүниеге аттандыруы бәрі-бәрі әсерлі шыққан. Аяулы жар, асыл әженің жүрек лүпілін дәл танытқан шеберлік Ш. Мұртазаның бала психологиясы мен сезім күйін беруде де жоғарыдағы ұғымдар төңірегінен табылады. Жазушы шығармашылығы, әрине, өз өмірінің ішкі иірімдерімен, тереңдегі ағыстармен байланыстырып жатады. Тек ол бірде анық байқалса, енді бірде тым көмескі ғана сезіледі. Жұмбағын жүрегімен шешіп, ішкі түйсігіңмен ғана таба аласың. «Бойтұмар», «Ақсай мен Көксай», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы», «Жазғы демалыс», «Тілсіз қоңырау» әңгімелерінің лейтмотиві де – адамдықтың асыл қасиеттері. Аталған әңгімелерде жазушы философиялық үлкен ой айтады, күрделі тұжырым жасайды. Адамдық қасиет сынға түскен қилы кезеңдердегі әртүрлі ұғымтүсінік иелерінің түр-тұлғасын даралайды. Шығармалардағы элегиялық сарын авторлық баяндаумен ұласып, азаматтық позицияны айқын танытуға 125
қызмет етіп тұр. Суреткер көркем әңгімесінің соңында басы ашық ой айтудан өзін оқшау ұстайды. Ол оқырманның алдына өмірлік сюжет, бұралаңы мен қалтарысы көп кейіпкерлер мінезі арқылы толғамды ой, толымды сауал қояды. Ш. Мұртаза әңгімелері тақырыптық жағынан да, оқиға іріктеу тұрғысынан да, ең әрісі кейіпкерлерінің бәрі бір аймақтан, бір ауылдан екені көрініп тұрса да, әрқайсысының болмыс-бітімі әрбасқа. Тағдыр-талайлары әрқилы. Ой-өрістері әртүрлі, тағдырлары сан тарау. Осы бейнелер оқырманын бірде күлдірсе, бірде налытады, енді бірде көзге жас үйірсе, енді бірде қуаныш сыйлайды, дегенмен түп-төркіні сізді ажырамас терең ойға жетелейді. Бірін-бірі қайталамайтын, бір-біріне ұқсамайтын мыңға жуық кейіпкерлердің мың түрлі мінез-құлқын жасап беру де оңай жүк емес. Ш. Мұртазаның және бір жазушылық қасиеті – ол үнемі ел ішінен, өз кейіпкерлері арасынан алшақтаған емес. Олармен бірге жүрмесе де, санасынан үлкен орын, жүрегінен жайлы тұрақ сыйлаған жазушы табиғи болмысынан алшақтамаған, іс-әрекет, мінез-құлық дегенде жасандылықты білмейтін, таулы өңірдің дарқан мінез, турашыл қалыпты халқы Ш. Мұртаза шығармашылығына арнайы жаратылғандай әсер қалдырады. Қысқалығы мен көркемдігі эстетикалық биік талғаммен үндескен әңгімелері көбінесе қыстағы, қысқа күннің қызарып барып, айналаны жылусыз шапағына, күздің күңгірт тартып, жер-дүниені мұңлы мұнарға бөлейтін сәттеріндегі адам бойын кернейтін сағыныштың сағым дариясын бейнелеуде де Ш. Мұртаза қаламы мен көркем ойы өрнегінің өзіне ғана тән табы мен бабы бар. Қалам табының түпкі тамыры қайдан бастау алған десеңіз, бала күнгі бастан кешкен тарих екеніне көз жеткізсек, ал бабы ізденіс пен талпынысқа толы журналистік еңбектен бастау алады екен. Журналист-жазушының әңгімелерінде бала қиялынан бастап, өзекті мәселелерге дейін ой өрбітуге құштарлықты суреткерлік танымнан туындаған деуімізге толық негіз бар. Өйткені, оның шығармаларындағы әділдік пен қиянаттың, тазалық пен лас сезімнің, адалдық пен қулықтың, мейірбандық пен қатігездіктің, өтірік пен шындықтың мәңгілік тайталасы әдебиетте бір бүгін ғана емес, адамзат ес біліп, етек жапқалы бері жалғасып келе жатқанын және жалғаса беретінін, шығармашылықта өзі рухани ұстаз тұтатын, оқиға іріктеу мен кейіпкер бейнесін жасауда іштей еліктейтін мейлінше мәдениетті жазушы А.П. Чехов айтқандай, «өңменіңнен өтетін бұл ызғарлы жел әулие Петрдің кезінде де тұрған, ертең де тұрады, одан кейін де тұра бермек». Құрлық пен теңіздің мәңгі шайқасындай, әлжуаз әділдіктің айласы мол зұлымдықпен шайқасы біздің ғасырымыздан кейін де жалғаса берері сөзсіз. Егер Шерхан Мұртазаның әңгімелер әлеміне тап осы тұрғыдан келер болсақ, «Бойтұмардағы» Аталық қарттың жазмыштан құрбан болуы жас баланың жанын ауыртып, өмірге деген құлшынысын қатайта түскендей. «Шілденің соңы, сүмбіленің басы болса да әлі күн ыстық. Есік алдына төсек салып далада ұйықтайтынбыз. Мен әбден оянып, жан-жағыма қарасам, Айша сиырды сауып болып, қызыл бұзауды қазыққа қаздитып байлап қойған екен. Қызыл сиыр өріске бет алыпты» дегеннен ауылға тән күнделікті тіршілік 126
тынысын сезінсек, ендігі ойды бөліп, әңгімеге түйін болған негізгі түйін де осы тұста тарайды. « – Біригат-ау, қаршадай баланы алыс жолға жіберіп қайтесің, бар ғой осы елде бұдан басқа да, – деді Айша сиырды үйдің сыртына айдап салып келе жатып, Енді ол бір шыны аяқ шайын ұрттар-ұрттамастан қызылшаға кетті. Айшаның «алыс жол» дегеніне елең ете қалдым да, орнымнан қарғып тұрдым. «Алыс жолды» аңсаймын. Қырманда шыжыған күннің астында шығыр айналдырған есектей азаннан кешке дейін тас бастырып, бидай түсіруден асқан азап бар ма екен? «Алыс жолға» жіберсе – ұшпақшымын» деуінен соғыс жылғы бұғанасы қатпаған, ауыр еңбектен зәрезап болған ойын баласының кейпін аңдимыз. Әлі де сәби қылықтан арылып болмаған, алыс жолға шығып, бой жазып, ел, жер көруді аңсаған бала көңілін Шолақ Сияқұл демей түседі – Ой, батырым, ой, жолбарысым! Міне, нағыз жігіт осы ғой? Аталық атасымен бірге Тобышақтыға осы жолбарыс бармағанда кім барады?» – дегендері Барсханды шабыттандыра түседі. Ауыл сыртына шыққан бала қиялы шарықтай түседі». Ұзақ жолға арнайы тапсырмамен шыққан Аталық пен Барсханның ойын бөлген суырлардың шығарма арқауына айналуына көп жасап, көпті көрген Аталық қарттың ойы тірек болады. Қазақы емшілік ұғым бойынша суыр етінің өкпе ауруына ем екенін Аталықтан естуі мұң екен, Барсханның Сүлеймен құрдасының сауығуына бір суырды болса да алып бару керектігі ойға салады. Көзбен көрген сонау жалдардағы суырлар ойынының әсем бір көрінісін суреткердің дәл бүгінгідей көз алдымызға елестетуі әсерлі. Бағана ауылдан аттанарда, үй сыртына дейін соңымыздан ілмиіп ілесе жүріп қол бұлғап қоштасып қалған құрдасым Сүлейменнің жүдеу жүзі көз алдыма келді. Екі иығынан дем алып, қатты жөтеліп, қараптан-қарап тұрып қара терге малынып еді. Әкесімен бірге алыс сапарға өзім емес, менің кетіп бара жатқаныма қызыға қарап, мұңайып қалғандай еді сыңайы». Сүлейменнің аянышты халіне бір суырды атып алып, етін жегізу, солай досын аурудан құлан таза айықтыру Барсханға арман болады. Әзілқой қария Аталықтың «қой» дегеніне қарамай, Барсхан бір суырды атып алады. Ақкөңіл қария балаға суыр туралы айтуын айтқанымен, суырды өлтірткеніне қатты өкінеді. Сенгіш, аңғал, обал-сауапты, мұсылмандық жолды ұстанатын Аталық қылықтарынан ешқандай жасандылықты сезбейсіз. Өлген суыр қартты қатты уайымға салады. Себебін ол былайша түсіндіреді. «Қартым қуанудың орнына, сәл-пәл абыржыған сыңайлы. Оны көріп менің көңілім пәс тартты. – Әй, әттесі-ай, бекер болды-ау, – деді Аталық сұлап жатқан суырды ары-бері аударып, алтындай жыотыраған көкшіл-қызғылытжүнін алақанымен мүсіркей сипап. – Анасы екен ғой. – Е, балалары өсіп қалыпты ғой. – Ай, шырағым-ай, бұл жануардың арғы заты адам дейді ғой. Құдайдың қарғысы тиіп, хайуан болып кеткен. Әлгінде байқадың ба, күшіктері құдды 127
адамның балалары құсап құнжыңдап күресті ғой. Менің көзім бұлдыраса да көрдім оны. Обалы тимесе неғылсын. Бекер-ақ атқыздым ба, қайдам». Атасының уайымын сейілтпек болған Барсхан кітаптан оқығанын көлденең тартады. «– Ой, ата, сіз де... – деп аптығып қалдым. – Кітапта жазыпты ғой: сонау итжеккен солтүстік жақта яқұт-сахалар бұғыны өздері атып алады екен де, содан соң бауыздап жатып: – Кешір, бұғы, сені атқан біз емес, тұңғыстар, біз әшейін сені атып тастап кеткен жерінен тауып алдық, – дейді екен. Біз де сөйте салайық: «кешір қызыл суыр, сені атқан біз емес, Жолдасхан ғой, біз әшейін сені жолдан тауып алдық» дейік». Әңгіме оқиғасын әдемі үйлестірілген табиғат кестесінде Ш. Мұртаза зер салған зергердей қаз-қалпында көз алдымызға алып келеді. Құлпырған табиғаттың әсем фонында өскен әр өсімдіктің аты аталып, түсі түстелуі, тіршілік тұрғысы оқырманның өзін жұмақтай Мыңбұлақтың өңіріне тарта түседі. «Жол жағалай түп-түп болып қызыл торы тобылғы қалып жатыр. Шоқшоқ болып қызыл изен кездеседі. Сиырқұйрық пен шырыш гүлін әлдеқашан төгіп, сояу-сояу сойдиып қалыпты. Көктемде құлпырып, жұпар атып тұратын киікоты мен текесақал да реңі тайып, көріксіз көдедей күйге ұшырапты. Оның есесіне шашыратқы көк аспан түстес көкпеңбек гүлдері жағалай жәудірейді. Анда-санда алақандай аппақ гүлдері жамбы күмістей жылтырап, гүлқайыр кездеседі. Гүлқайырдың басында сары торғай құйқылжиды». Аталық қарттың аңғал имандылығын көрсету арқылы соғыс кезіндегі тыл майданында егделіктеріне қарамай, соңғы күшін жеңіс үшін аямай тер төккенін көрсетеді. Екі бүктеліп жүретін, мейірлі көз, адал жанның суыр өлімін жамандыққа жоруын жазушы болашақ орын алар қапылыс қазасына себептей етіп көрсетеді. Бұрынғы заманнан бері келе жатқан аңыз, әдет, ырым, түсініктің талайын қаламгер осы шағын сюжет көлемінде бір қырынан көрсетеді. Майдандағы баласынан келген хатты жан тұмарындай сақтаған Аталықтың әр қылық, қарекеті тым қызық көрінеді. «Аталық атамның әлгі қағазды мен жыртып алатындай немесе абайсызда жел ұшырып әкететіндей сезіктене ұсынғаны сонша, менің де қолым дірілдеп кеткендей болды. Шынында да, бүктеуі ыдырай бастаған екен. Аса абайламаса, Аталық атамның сескенгеніндей-ақ. Бүктеуін ықтияттап жазып болып, арбаның алқымынан құлап кететіндей шегініңкіреп отырып, оқи бастайын деп едім, құрығыр доңғалақтың шоқаңдауынан хаттың әріптері секеңдеп, әуелі көзім үйрене алмай-ақ қойды. Аталық атам мені сауатсыз деп ойлады-ау деп тағы қысылып, тәмпек мұрнымның ұшы тершіп кетті». Әкелік махаббатын шемен жүректе сақтаған Аталық қарттың баласына деген сағынышы көзінен тарам-тарам жас болып ағады. Әсіресе баласына астам сөйледің деп қапаланған қарттың аяқ астынан ер мінез танытып, алыстағы баласына ұрсуында үлкен тәлімдік мән бар. «Аталық атам көзін сығырайта тау жаққа қарады: – Адам баласы әсте астам сөйлемеу керек қой. «Енді өлмейтін сияқтымын» дегені несі-ей байғұстың? Аузына әзәзіл салып тұр ғой сол сөзді. Құдайдың құдіретіне қарсы шыққан қандай хайуансың? Қай-ы-еп!» – 128
деп дауыстап жіберді» . Сағынышына баласынан ұзақ уақыт хаттың келмеуі қосылып, шерменде болып жүрген Аталықтың кең табиғат аясына шыққанда еркін езіле жылап, айқай салуы да соғыс мәжбүрлеген жағдайлар еді. Әлеуметтің мұңын мұңдап, жоғын жоқтау суреткер атаулының асыл парызы десек, Ш. Мұртазаның «Бойтұмар» әңгімесі тыл өмірінде жеңіс үшін өзін құрбан еткен Аталықтай асыл қарттарға арналған алтыннан да салмақты мәңгілік ескерткіштер еді. Шығарманың тап осы тұсына келгенде Аталықтың аһ ұрған өкінішінен тұтас әлем сиықсыздыққа ұшырағандай. Жас баланың кеудесіне орнаған ата мұңы оның санасын басқа әлемге айдап кетеді. «Итқонақ, мысыққұйрық аралас өскен бетегелі, беделі жабайы жоңышқалы өзектің үстінде құладын құс қалықтап жүр. Бөденеден басқаға шамасы келмейтін құладынның да күнкөрісі қиын. Қанат қағып қалықтауында бір қайғының, мүсәпірліктің табы бар. Айналаның бәрі мұңға душар болғандай, дүниенің қабағы кіртиюлі. Құлазыған дала, тамақ іздеп қаңғырған құладын құс. Жас бала, бүкір шал. Тек Аспантау ғана айбынды». Қайғыдан құлазыған қу дала әсемдігіне қарамастан мұң мен налаға оранып, шыға келді. Барсханға демеу болып, тіреу болып жүретін асқақ Аспантауға ұқсайтын қалпынан таймайды, сол оның көңіліне демеу болады. Мұнша сұлу өлкені жайлаған мұңның қайдан шыққанын білмей абдырап тұрған баланың халін бұзған, ойын орнына түсірген жайдың баянын қараңыз. Аспантаудың асқақтығына қарап, қуат алғандай болған Аталық бағанағы уайымның бәрін ұмытады. Мейірім мен жылылыққа шөліркеп жүретін, әсіресе ер адамның жан жылуын керек ететін ұл баланың әкелік, аталық мейірімді көргенде жан дүниесінде қандай құбылыс боларын Ш. Мұртаза шебер жеткізеді. «Аталық атамның маған қарап мейірлене жымиғанын көріп, көңіліме сәуле түскендей болады. Сөйтсе, айнала төңірек соншалықты жабырқау, жылауық емес екен. Құладын құс қуанғаннан бір-екі рет әуеде аунап түсіп, ойнап жүрген сияқты. Жол жиегіндегі бұзылған үйлердің орнына қау болып тұнып тұрған алабота мен қарасораның арасында отырған шек-шектің шырылы да соншалықты мұңды сияқты емес. Бірақ бір әуенді қайталай береді. Бұзылған дуал басында қарлығаштар ошарылып, отырып-отырып, бір кезде кенет ду көтеріліп, қиқы-жиқы, алқын-жұлқын айналып ұшатынды шығарды. Сірә, қайтатын болар. Қарлығаш жарықтық атамекен үшін құрбандыққа дайын құстың бірі ғой. Биыл осы жақта туған балапандар келер жылы қалай да өз туған жеріне қайтып оралуға жанын бағыштар. Талайы Отанына жете алмай, шексіз мұхит үстінде қанаты талып, шейіт болар. Ал жеткені жетісіп, шегін тарта ән салып, көмейінен күй құйқылжытар. Қанатынан қайрылып жығылмаса, қайтып та келер-ау. Бірақ анда-санда оқыстан Аталық атамның «А?!» дегенінен қорқамын». 129
«Бойтұмардағы» бала ұғым-түсінігі оның характерінің жанды шығуына жол берген. Қарт адамның көз жасы мен күрсінуін көрген Барсханның көңілінде бір күдік туады. Ұлттық характерді тұлғаландыратын төл халықтың бойындағы мінез-құлық, қылық екенін жете түсініп, шебер суреттейді. Ұлтты танытатын басты белгі тұрмыс-салт, дәстүрі десек, Аталықтың баласының хатын бойтұмар етуі де түсінікті жайт. Ал Айша ананың жас баласына «Жетпей желкең қиылғыр!», «Жер жастанғыр!», «Жуадай солғыр жүгермек!», «Асықта басың қалғыр!», «Асық сенің не теңің!» деп қарғап-сілеп қуалауы да соғыс қалыптастырған келбетінен жылылықты онша сезе бермейтін Барсханның құлаған мектеп астында қалып, бір қорқытсам деуі жас шамасына қарай балада болатын түйсік. Наным-сенімі ақ қалпынан таймаған Аталық қарттың сол күнгі әрекеті Барсханды көп ойға салады. Басқа бір ой жетегіне түсе бергенде балалық жеңіп кетіп ұмыт қалатын оны ендігі бір сәттегі Аталықтың бойтұмар ұсынуы қатты таңғалдырады. «– А, қызталақ, – деді Аталық атам мені бүйірімнен түртіп қойып. – аруақ, құдай қолдап, осы сайдан өтіп кетсек, жол ылдиға қарай бұрылады. Жүріс жеңілдейді, қиналмай жетеміз. Құдайға сиын, Барсхан! Ата-бабаңның әруағына сиын. Арбадан түс те, өгіздердің бас жібін ал, арғы қабаққа көтерілерде – алға тарт, о да болса демеу. Мен қамшылап отырайын, сәтін салса шығып кетеміз. Ә, айтпақшы, Барсхан-ай, мә, мынаны сен мойныңа тағып қойшы, алқын-жұлқында мен жоғалтып алам ба, – деп, жерге түскен маған тәспісімен қосаүшкіл қара тұмарды қойнынан алып берді». Қысылғанда әруақ, құдайды көмекке шақыратын адал көңіл, ақ сенімді қысылтаяң сәтте жақсы ашылады. Ұзақ жылғы соғыс зардабының сансыз қияметі Ш. Мұртаза әңгімелерінің көп көтерген тақырыбы. Қиын-қыстау кезеңдегі тарихи жағдайдың елде қалай етек алып, халықты қандай жағдайға душар еткенін айтар ел ішінде адам некен-саяқ. Ал, осы тақырыптарды көтеріп, онда да көзімен көріп, тірі куәгер болған жазушы қолынан шыққан, түйсігінен түйінделген бұл әңгімелер бағасы батпан құнды жәдігерлер. Қай адамның құлқын өзгертетін қоғамдық жағдай. Бұғанасы қатпаған, буыны бекіп, санасы толыспаған Барысханды сұңғыла еткен де осы соғыс. Жетім көңіл, аш құрсақ, жұқалтаң киімді баланың үнемі сағыныш пен мұңға орануы әрине, жазылмаған заңдылық. Өзі кешкен оқиғаларды кейін өзгелерден естігенде дәл өмірдің өзіндей шынайы қалыпта сомдап, қалың оқырман көңілінен шығуы да осы себептен туындаса керек. «Сол бір күз» әңгімесіндегі Ноянның ісі аяныш пен мұңға орандырады. Құлап жатып, қара жолға көз салғандағы «Қызылша артқан арбалардың станцияға қарай сықырсықыр жылжығаны... Арбакеш келіншектердің ұйқысыраған жуас күзді әлдилеп, әлдеқандай сағынышты ән салғаны...» – тап осылай мұң мен үмітке орана келесі әңгімелерде де көрініс табады. Адамның сағынышы тек адамға ғана арналмайды екен. Пенде баласы өзін қоршаған дүниенің барлығына, асқар тауларға, көгілдір өзендерге, тал-дарақ, әсем гүлдерге, жан-жануар, ай, күн, жұлдыз т. б. баршасына аңсары ауып, аңсап тұрады екен. Ал енді қалай 130
десек те, осылардан бірде-бір кем соқпайтын, тіршіліктің тіні, өмірдің нәрі нанға деген сағыныш - сағыныштың шыңы болса керек. Ал осы аш өзекті ұстап тұрар, өмірге қуат пен мәнді берер, нанның қасиетін сезсе, кешегі 1932 жыл мен 1941-1947 жылдардағы өмір сүргендердің сезініп-түйсінуі мүлде басқаша. Қатал тағдыр танымын да, тәлімін де есейткен Ш. Мұртазаның «Интернат наны» әңгімесінің көркемдік әлемі мен тарихи тағылымы таңдай қақтырып, философиялық терең танымға жетелейді. Баланың аты бала. Әлтайдың нанға деген ерекше ықыласы және бір күн тойына нан жеу үшін түрлі әрекетке баратындығы сол кез үшін ұят шақырғандай болғанымен, қазіргі оқырманға үлкен аяныш туғызғандай. «Әлтай нанға тоймаушы еді. Басы дәу, үрпек шаш, мойны қылдырықтай, шүңірек көз, томпақ ауыз қара бала болатын. Болбырақ, оқуға олақ, есілдерті ауқатқа ауып кеткен сияқты. Сабақтан қала береді. Ебі келсе асханаға кезекші болуға тырысады. Кезекшінің міндеті – екі шелекпен өзеннен еңірете су тасиды. Жүз баланы асырайтын тайқазан толғанша тасиды. Одан ыдыс-аяқ жууға қосымша тағы тасиды. Кезекшіліктің ең ауыры осы. Интернаттың іргесін жалап ағатын өзеннен асханаға құбыр тартуға о кезде шама келмеді ме, біз қайдан білейік, әйтеуір, ауыр-ауыр екі шелек буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жеткіншектің екі иінінен зілдей басып, онсыз да тапал бойды төмен тартар еді». Әлтайдың әрекеті күлкілі болып көрінуі де мүмкін. Ал, шын мәнінде қайғылы нәрсе. Егер дүниенің берекесін кетірген соғыс болмай, әкешеше қасында жүрсе, бәлкім, Әлтай мұндай әрекеттерге, алапат ашқарақтыққа бармас та еді-ау деп ойлаймыз. Мұқтаждық, жоқшылық, соғыс тауқыметі. Ол Әлтай сияқтылардың өміріне әлгіндей ызғарлы көлеңкесін түсірді». Әңгімелердің сөздік-фразеологиялық саласында да жалпы ұлттық әдеби тіл мен көркем әдебиет тілі нормаларынан ауытқитын немесе ерекшеленетін қолданыстар жоқ. Әңгімелер белгілі бір өңір тұрғындарының көбі соғыс жылдарындағы, үш-төртеуі кейінгі кезендердегі ауыл-қала адамдарының өмірінен жазылғанымен, оларды «өздерінше» сөйлеткенімен, жазушы жергілікті тіл ерекшеліктерін қоса көрсетіп отыруды өзіне міндет етпеген, керісінше, сөйлеу тілінің барлық өңірге де тән элементтерін келтіруден қашпаған. Қыз байға қашып кеткен, қызы төркініне түсе келіпті, алжыған басым, Ақшай кемпірдің бүгінде мұрнына есекқұрт туседі, Шалабай шіркін, Шалабайы түскір, Зуайда байғұс, қызталақ (Аталық шалдың үйреншікті сөзі) тәрізді көбі қарапайым сөз болып келген қолданыстардың біразын табамыз. Кейіпкерлердің диалогтерінен тіпті ауыл адамдарының тіліне еңді араласа бастаған пастой, ровнай он шақырым, біригат-ау тәрізді орыс сөздері де көркем әдебиет стилінің нормасын бұзып тұрған жоқ. Ал жоғарыда «Қызыл Жебеде» кездескен дуайбат (кей жерде дуайпат түрінде де жазылған), пісігі өтіп кеткен, бұғат сияқты 4-5 сөз әңгімелер текстерінде де бар. Бейнелі фразеологизмдер де аса көп емес. Әңгіме болып отырған кезге, ситуацияға қарай жасалған «бір аяғың немісте, бір аяғың кебісте» (бір 131
аяғынан соғыста айырылып келген адамға қарата айтылған) сияқты ауыл адамдарының тапқыр сөзі, қазақтын кәнігі образынан алынған «түр әлпеті алшы асықтың сақа тиіп құлағанындай» (Ақшай кемпірдің сөз таласында жеңіліп қалғанын суреттегенінде), «аш қасқыр жеп кеткен есектің қабырғасындай ырсиып-ырсиып жайрап жатты» (ағашы қырқылған орман туралы), «көдедей көп әйел», «кішігірім самаурындай қызылша» тәрізді бейнелі теңеулерді әңгіме текстеріндегі «әдемі сөздердің» қатарына қосуға болар. Бұлардың ішінде тіпті аяғыңа аш ішегің, тобығыңа тоқ ішегің оралсын!», «тумай жатып әкесін жалмаған үш жалмауыз», «кітапта басың қалғыр!» сияқты «жаңа карғыстар» да бар. Бұлардың қай-қайсысы да шығарма текстерінің тігісіне жатық түсіп, кейіпкерлер сөзіне шынайы сипат беріп тұр. Міне, Шерхан Мұртазаның көркем әдебиеттің «әңгімелер» деп аталатын жанрындағы тілі мен стилі жайында айтылмақ көп әңгіменің бір үзігі осындай. Біздің бұл жұмыста көздегеніміз – көркем шығармалардың тіліне лингвистикалық стилистика талаптары бойынша талдау жасау болғандықтан, рецензияларға тән кемшіліктерін көрсетуді діттемедік. Әрине, тілдік-стильдік талап тұрғысынан алғанда нормадан ауытқушылықтар көрініп тұрса, оны айтқан болар едік, ал жеке сөздерге, сөйлемдерге қатысты байқалған «азынаулақ» кемшіндерді теріп көрсетуді міндетіміз деп санамадық. Әңгімеші новеллашы және романшы-эпик жазушы Шерхан Мұртазаның белгілі бір шығармалары тіліңде көрінген «автор бейнесі», яғни тілдікстильдік, көркемдік көрінісі осындай. Әдебиетімізде өзіндік ізденістермен, стильдік ерекшелігімен танылып жүрген жазушының бірі Шерхан Мұртазаев. Оның әңгімелеріндегі пейзажға байланысты айтсақ, жазушы шағын формаға лайық пейзаждық ықшам көрініске кең мағына сыйғызып, оқушыға үлкен ой салады. Әсерлі суреттемелер табиғи бояуларымен есте қалады. «Сол бір күз» әңгімесіндегі: «Жарқабағы шұрқ тесік, жыбырлаған құрылтайдың ұясы. Құстар ұяларын тастап, қыс болмайтын жаққа кетпекші, соны көріп қыстың, келе жатқаны Ноянның есіне түсті. Торы тайдың үстінде күншуақтап отырса да, аяз қарып өткендей тұла бойы түршікті. Былтырғыдан да ауыр кыс болатынын бала жүрегі күн ілгері сезгендей», – деп келетін жолдардан соғыстың ауыр күндерінің көріністері елес береді. Жазушы табиғатты суреттеп отырып бала психологиясына ойысып: «Шөп қатайған, гүл семген. Көбелек қалтаңдап көп ұшады. Бірен-сараң қалған теңге жапырақтың қызғылтым гүліне тұрақтамайды. Сәндіталдың жапырағы үнтүнсіз үзіліп, бастауға қалқып түседі. Енді бір сәт сарғайған жапырақтан Қайнардың мөлдіреген қара суы көрінбей қалады» – деп бала ойымен табиғат тылсымы тұтас бірлікте алынған. Тек құстар емес, гүлдер де, көбелектер де, ағаштың сарғайған жапырағы – бәрі қыс айының лебін бергендей. Жалаң аяқ Ноян үшін бұл көріністер жанына батарлық жағдай. Осы көріністерді балаға әкеп ұштастыру себебі оқиға қазығы, тартыс өзегі Ноянның сығандардың 132
алдауына түсіп «қылмыс» жасауы. Сәби көңілді Ноянның оқыстан жасаған мінезінің психологиялық дәлелін беру үшін Шерхан табиғатты қисынымен келісті жымдастырады. Ш.Мұртаза енді бір әңгімелерінде оқиға алдындағы шағын ғана экспозицияда пейзажды шығарма идеясын мегзеуге пайдаланады. «Айнала ән салған шеңгел. Тікені зәрлі, өзі тұрпатсыз болса да, осы шеңгелден әуенді, мұңы мол өсімдік жоқ. Әсіресе, мына күзде шаршаған желге қосылып, таусылмас сағынышты сазға басады. Шеңгел шуы бала қолды-аяққа тұрмай жылағанда, соның алыстан талып естілген дыбысындай. Батыстан бұлдырап Түйе тау көлбеңдейді. Шөккен күйі шайқалып, сәби даусына тебіреніп жатқандай». Автор мұнда да тек пейзаж емес, сауысқан, көкек яғни айналадағы табиғат тіршілігін қатыстырып түгел алқапты қайғы мен мұң билегендей әуенді бірте-бірте үдете дамытып градация түрінде бейнелейді. «Шұбар көк жалбаңдап ары, бері ұшып жүр. Аласауысқан шықылықтап, бұ не сұмдық дегендей жыңғылдан жыңғылға сусиды. Ұлы құмның босағасындағы жүгірген аң, ұшқан құсқа бұл отардың тіршілік тынысы: қозының маңырағаны, иттің үргені, қойшының айқайы... бәрі таныс... Ал, жылаған баланың даусы...». Тіршілік әлемін, тіпті таудың өзін тебіренген осыншалық әбігерге салып, мұңға бөлеген қандай оқиға деп елең еткендейсіз. Оқушыны ынтықтыра түседі. Ол – сәбидің жылаған даусы екен. Соғыста жалғыз баласынан айрылған қариялар құлазыған қам көңілге медет іздеп, інісінің баласын асырап алған. Бірақ сәбидің бауыр баспай, өз үйін іздеп жылаған даусы, ескі жараның аузын тырнап, ерлі-зайыптың қаза болған перзентін естеріне түсіргендей. Шерхан кейіпкер басындағы шерлі күймен табиғатты осылайша жымдастырады. Бұл әңгімеде табиғат көрінісін шығарманың лейтмотивіндей пайдаланса, «Қыз бен бота» әнгімесінде де табиғаттың әсерлі өрнегін табиғи бояуымен суреттейді. «Қызыл құмның теңізге барып сұлаған шетінде теңбіл көк теңге жапырақ өспейді. Жабайы жоңышқаның гүлі жайқалып, иісі сені елітпейді. Қызыл алма ұрықтамайды. Осы бір себепті де, жайқалған дүниенің қызметін құмның өзі атқарғысы келетін сияқты-ақ». Құм да жел жапырған шалғындай желбірейді. Құм тіпті кей-кейде сыңсып ән салғандай да болады. Эстетикалық ләззат, сезімімізге әсер беретін пейзаждың көк майса шалғыны, төгілген жапырақ жамылған ағаштарында ғана емес, құмның да өзіндік әсемділігі бар екен. Ал Африка құмын суреттегенде Шерхан өзгеше рең, өзгеше бояумен келтіреді. «Сфинкстің сыры» әңгімесінде: «Алыста көлбеген көк жиекте пальмалар мұңайып, қоныраулы керуен тербеледі. Күні бойы қызған құм кешқұрым ыңырсып, ыстығы асқан адамдай аунақшитын сияқты». Ш. Мұртаза – осындай тамаша прозаик болумен қатар, көркем әдебиеттің драматургия саласында да үздік көркем шығармалар жасаған шебер драматург. Драма кейіпкері, Белинский сөзімен айтсақ: «Өзіне ғана тән ерекшелік сипаты бар жеке адам». Ұлы сыншы бұл пікірді ірі характерге байланысты айтады. Адам өмірінің кез-келген жағдайы драмалық шығармаға өзек бола 133
алмайды. Осы туралы ұлы Дидроның «Драмада адам өміріндегі ең маңызды, өнегелі, дүйім жұртқа қызықты жағдайы ғана бейнеленуі керек», – деген сөзі бүгінде зор маңызға ие. Көркемөнер шығармасы өмірдің жалпыға бірдей қызғылықты жайын суреттегенде ғана мағыналы болатынын Чернышевский де атап айтқан болатын. Пьесаға арқау болу үшін ақиқат өмір құбылысының өзінде «қажетті драматургиялық элементтер болғаны керек» деп, әдебиет зерттеушісі Е. Холодовтың айтқаны әбден орынды. Сыншылар атап көрсеткен жоғарыдағы талаптар Ш. Мұртазаның «Қызыл Жебе» романының соңғы бөлімдері «Қылкөпір», «Тамұқтарда» молынан көрініс тауып, тарихи тұлғалардың бір-бірімен ашық саяси қарсылықтары диалог формасымен ісқимыл, әрекет үстінде суреттеліп жазылды. Романды оқыған әрбір адамның шығарма бойынан пьесаға сұранып тұрған элементтерді көрмей қалуы мүмкін емес. Алғашқылардың бірі болып, аталған ерекшеліктерді белгілі сыншы, жазушы, драматург Асқар Сүлейменовтің қырағы көзіне шалынуы үлкен бір ойға жетелесе керек. Өйткені, «Сталинге хат» пьесасының алғаш дүниеге келуіне түрткі болған себеп туралы Ш. Мұртазаның өзі былай деп еске алады: «Асқар ұлы Ғабеңмен, Ғабит Мүсіреповпен дос болды. Асқардың «Бесатары» туралы Ғабең бекер тебіреніп жазған жоқ. Дарынды дарын таниды. Екеуі бір-біріне әкелі-балалы, яки ағалы-інілі адамдардай еркелейтін. Қызулау екен. Бір күні маған: – Пьеса жаз, – деді. – Нені жазам? – Рысқұловты! – Ойбай, пьеса жазып көрген емеспін. – Шындасаң, жазасың. Дәл қазыр кезі келді. Әйтпесе кеш болады. Өзіме-өзім сенбесем де ойланып қалдым. Е, көрсем көрейінші деп қағазқалам алдым. Ойланып отырып-отырып, бісміллә деп ақ қағазға «Сталинге хат» деп жазып, астын екі рет сызып қойдым. Ар жағы белгілі, сол спектакль театр сахнасынан әлі түскен жоқ. Егер Асқар түрткі болмаса, мен пьеса жазар ма едім, жазбас па едім, құдай білсін?». Драма жанрының қатаң талаптары Ш. Мұртазаның «Қызыл Жебе» романының соңғы бөлімдерінде өз орнын тауып жатты. 1932 жылғы аштық тұсында Т.Рысқұловтың ГенСек Сталинге үш рет Қазақстанның бастан кешіріп отырған ашаршылығы жайлы көмек сұрап хат жазғаны тарихта бар факт. Жазылған хаттарға Сталин тарапынан ешқандай жауап болмайды. Ендігі тұста жазушының өмірлік шындықтың көркемдік шешімін жүзеге асыруы үшін және де оны Т. Рысқұловтың ерлік ісін дәлелді көрсету үшін өзінің көркемдік болжалы мен көркемдік қиялына сүйенуге тура келеді. Әдістерді шеберлікпен ұтымды қолдану үшін жазушының тарихи танымы мен авторлық ұстанымының ең бір қажетті тұстары осы жерлерден табылады. Т. Рысқұловтың Сталиннің қанды саясатынан қорықпай, ашық дәлелді хат жазуы, оның туған халқы үшін, ұлты үшін шындықты айтып, жағдайды талап етуі өзін құрбандыққа шалып тұрғаны айтпаса да түсінікті 134
болатын. Ал, Сталиннің қолдан жасалған бұл саясаты өте жоғары деңгейде жүзеге асып, және де оның Т. Рысқұловқа берер жауабының да автор пьесада айтқан шешімдердің нақ өзі екендігі күмән туғызбайды. Тарихи таным мен авторлық концепцияның суреткердің шығармашылық процесінде эстетикалық талғам тұрғысынан өте ұтымды, әрі шебер шығуы драмадағы шындықтың өз тұрғысында орын алуына себебі мол болған. Екі тұлғаның арасындағы шиыршық атқан тартысты желідегі характерлер қақтығысы бірден селт еткізеді. «Сталин: Сен дәмеленіп қалма, Қазақстанға қайтпайсың!.. Тұрар: Өмір-бақи қайтпауға пейілмін, Қазақстан аман болса, халқым аман болса, өле-өлгенше ризамын. Халқым, сен аман бол! Құрбаның болуға мен дайын. Ал зор қатенің құрбаны болғандар! Сендер кешіріңдер, сендердің рухтарыңды қарны тойған күні ұмытып шыға келетіндерден сақтасын, тағдыр...». Кейіпкерлердің жеке дара алынып, үлкен ой үстінде арпалысқа түсулері драманың көркемдік шешімінің сәтті шығып қана қоюына ғана емес, көрерменнің қабылдауына да зор әсерін тигізді. «Сталинге хат» трагедиясын жазу сәтінде шығармашылық ізденісі туралы Ш. Мұртаза былай дейді: «Колбиннің заманы. «Сталинге хатты» жазып бітіріп, өнердің қара шаңырағы ғой деп, Әуезов театрына апарып бердім. Күндер өтті, айлар өтті. Не жарайды, не жарамайды деген тырс еткен хабар жоқ. Ақыры, алып кетуге тура келді. Барсам, тіпті қолжазбамның өзін әрең тауып берді. «Не жаза қояр дейсің» деген болу керек. Қарамаған, көңіл бөлмеген. Содан сол театр алдында Райымбек Сейтметовтің кездесе кеткені. Сәлемдесуден кейін жағдай сұрастық. Мен не жұмыспен жүргенімді айттым. Қолжазбамды көрсеттім. «Мен оқып көрейін» деп сол күні Райымбек пьесаны алып кетті. Сонымен қатты ұнатып, «Сталинге хатты» еш өзгеріссіз сахнаға қойды, жастар театрында. Содан кейін «Бесеудің хаты» қойылды... Егер сол күні Райымбек кездеспегенде, қайтып драматургияға барар ма едім, бармас па едім, құдай біледі. Көрермен де жаман қабылдамаған сияқты. Мақсаттың өзі сол еді. Халық тағдырындағы ақтаңдақтарды көрсету, зобалаңды сезіндіру, жұртты серпілту, ояту... Әйтпесе, драматургиямен атымды шығару деген ой жоқ». Араға жылдар салып «Ай мен Айша» эссесін жазып жатқан жазушының қасиетті қаламы және бір тарихи танымымызды кеңейтетін соны дүниені сомдауға жетелейді: «-Сол «Ай мен Айшаның» екінші кітабын жазып жатырмын. Үлгі баяғы – новелла, новелла болып жалғасып кете береді. Арасында «Домалақ ана »деген пьесаны бітірдім. «Жетісу» газеті, Жамбылдағы «Ақ жол» газеті басып шығарды. Театрлар қоятын да шығар. Бұл шығармада сол заманның мәселерін бүгінгі күннің тірлігімен ұштастыруды мақсат еттім» – дейді ол журналист Т. Жандәулетпен болған сұхбатында. 135
«Домалақ ана» образы пьеса болып жазылғанға дейін Ш. Мұртазаның «Қара маржан» романындағы сюжеттерді кездеседі. Роман композициясының ең бір шешуші сәтінде аң аулауға шыққан топ арасында кейіпкерлерінің адамгершілік болмысын таныту үшін автор Аманқұлдың аузына Домалақ ана туралы аңызды салады. Жазушының шығармашылығын зерттей келе, әулие ана туралы оның бала күнінде анасы Айшадан, кейінірек Саид Акбар Қожадан естігеніне көз жеткіздік. Саф алтындай, таза сәбилік санадағы қасиетті анаға деген сүйіспеншілік сезім өсе келе, Ш. Мұртазаның ел мен жер аралап журналистік ізденісте жүген шағында «Домалақ ана» кесенесінде болып, тәу етуге жетелесе керек-ті. Қаймағы бұзылмаған қазақы ауылда Әбіш, Дошанай, Мамыттардың дінге, наным-сенімге, аруаққа деген ықылас-құрметтерін көріп өсуі Ш. Мұртаза шығармашылығында тарихи танымының терең әрі пайымды қалыптасуына рухани өзек дарытқан. Ш. Мұртаза коммунистік идеологияның атеистік бағыттағы ұстанымдары мен шығармалары арқылы іштей ымырасыз күреске түседі Ол талап қанша қатал болса да, діни сенімге қаяу түсірмейді, тіпті жас кейіпкерлерінің ішкі ой ағыны арқылы жебеуші бір күштің бар екенін аңғартып отырады. Құдірет пен қасиетке деген ардақты сезім Ш. Мұртазаның тарихтың терең қойнауында қалған Нүрила ана туралы аңыздар мен шежірелерді дерек ретінде пайдалану арқылы тыңнан бір туынды тудыруыға жетелеген. Екі бөлім, он екі көріністен тұратын «Домалақ ана» драмасының композициялық ерекшелігі ретінде оқиғалардың екі дәуірлік уақыт сипатында бейнеленуін айтар едік. Драманың көркем кеңістігі мен көркемдік уақытының ежелгі және бүгінгі ақиқатты белдестіре бейнелеуі, қазіргі шытырман тіршілікке Әулие ана рухының төреші болуы автордың ұлттық ой-сана концепциясынан жаралған. Сәбилік санада ертегідей әуесті ойатқан «Домалақ ана» аңызының түпкі шындығын Ш. Мұртаза ержете келе естіп қана қоймайды көзімен де көреді. Күндестік, қаскөйлік, қорқаулық сияқты харам ниеттер әулие жандарға да зардабын тигізбей қоймайтынына көзі жетеді. Әуелі «Қара маржан» романының кульминациясында сәтті шыққан Домалақ ана кесенесі басындағы динамикалық сюжеттер авторды және бір тың дүние жазуға итермелейді. Оқиғалардыың бір арнадан екі желі болып өрбуі автордың ішкі таным дүниесіндегі адами болмыс пен жаратылыстың жазылмаған заңдылықтарын шеберлікпен жеткізуіне қызмет етіп тұр. Пенделік құлқынның адамзатпен қатар жаралғанын, нәпсінің жүгенсіз кетуінің түбі сор екенін Нүрила мен Марау арасындағы қатынастан туындатып бүгінгі Ұлту, Жарас, Нариман, Шырақшылардың бейнесімен ұластыруы талай өткелден өткен Ш. Мұртазаның фәни дүние туралы тың көркемдік шешім шығаруына негіз болған. Сюжеттегі таным кейінгі драма жанрына сұранып тұрғандай еді. «Домалақ ана» драмасын жазуда Ш. Мұртазаның бала кезіндегі естіген Нүрила ана туралы аңыз-әңгімелер мен журналистік сапарда көзімен көрген өмірлік шындықтар басты негіз бола отырып, туындының деректік негізін құрайды. «Қай жазушының болмасын талантын қалыптастыратын – оның өскен ортасы, алған тәрбиесі, білімі, өмір жолдары. 136
Әсіресе, жас күнгі әсер. Балғын шақтағы сезім тайға таңба басқандай із қалдырады. Ауызекі айтылған бір сөз, әлдеқандай көрініс, ұсақ деталь, кей адамдардың портреті, айтқан әңгімесі, мінезі, дәл сол естіген, көрген сәтте елеусіздеу болғанымен кейін уақыт озған соң қайта жаңғырып, өзгеше қырымен көрініп, қаламгер санасында көркем сурет тудырады. Бұл құбылыстың өз бастарынан өткендігін Лев Толстой да, Максим Горький де, басқа да көптеген шығармашылық адамдары әр кезде айтқаны белгілі». Ш. Мұртазаның да қасиетті Қаратау өңірінде дүниеге келіп, түпкі атасы Бәйдібек ата мен Домалақ анадан тарауы, үлкендерден естіген қасиеті мол аңыз-әңгімелердің оның шығармашылық тағдырына айрықша қызмет еткен факторлардың бірі. Еліміз егемендік алған жылдардағы қоғамдағы өрши ықпал алған көптеген келеңсіздіктер де Ш. Мұртазаның «Домалақ ана» драмасында жеке адамдық проблемадан басталып, адамзаттық мәселелерге дейін дамып, суреттеледі. Мәселен, мың жыл бұрын Домалақ ана-Нүрила мен Бәйдібек атаға Марау бәйбіше жасаған пенделік қысастық сан ұрпақ бойы жалғасып келе жатқан жаман әдет, жат пиғылдар қазіргі кезде Жарас, Аманқұл сияқты жандардың да бойынан ұшырастыру арқылы мәңгілік проблема ретінде драмада сомдалады. Тағы да бір атап айтар ерекшелік тарихи шындықтан басталған оқиға өрісіне жазушы-журналист еліміз егемендік алған тұстағы келеңсіз жайттарды да сюжетке әдемі үйлестірумен драманың қоғамдық маңызын арттыра түскен. 1997 жылы 1 ақпан күні Камал Смайловқа жазған хатында: «Қазір сана-сезім, идеялар майданы басталды. Біз сияқты тәуелсіз болдық деп тақиясын аспанға лақтырған балаң мінез елдерді ұрмай-соқпай, бір оқ шығармай, радио, баспасөз, әсіресе, теледидар арқылы жаулап алу оп-оңай. Камал дос! Сен соңғы хатыңда бәрібір экономика мәселесін мүлде аттап кете алмапсың. Ол заңды да. Қанша десе де «Ораза, намаз тоқтықта». Сен сонымен тағы да сол Қазақстан өндіріс алыптарының тұралап қалғанына, әлдекімдердің жемі болғанына қынжыласың. Қоғамдағы әділетсіздік көзге ұрып тұр. Бір бөлке нан ұрласаң, түрмеде шірисің. Тұтас бір кенішті ұрласаң, холдинг президиенті болып кетуің мүмкін. Мысалы, Сосковецтер сондай. Қазақстан байлығын солқылдатып сорды да, Ресейге барып патша емес, патшадан кем емес мансапқа ие болды. Қазір Ресей журналистері оның орасан жемқорлығын әшкерелеп жатыр...» – деген мәселелерді кеңінен қамтиды. Тарихтағы ұлы адамдар, белгілі қайраткерлер жайында шығарма жазу дәстүрінің тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Дей тұрғанмен драматургия өмірде болған оқиғаларды сол күйінде көрсете салуға тиісті емес, шешімі табылмаған жайларды шешу, дағдыдан теріс ауған құбылыстарды түзеу жолындағы күрес үстіндегі ірі іс-әрекеттерді бейнелеуі керек. Өйтекні, көркемөнердің міндеті – өмір келбетін көрсетіп қою ғана емес, Чернышевский айтқандай, «өмірді ұғындыруға да, өмір құбылыстарына үкім шығаруға да» тиісті ол. Өмірдің драматизмін көрсететіндей ірі іс-әрекеттерді бейнелегенде ғана пьеса реалистік сипат алады десек, Ш. Мұртазаның және 137
бір қаламына арқау болған өмірлік шындықтың сан қилы сәттерінен тұратын «Ноқтаға басы сыймаған» драмасында осыны көреміз. «Ноқтаға басы сыймаған» пьесасының басты кейіпкері тарихи тұлға – Бауыржан Момышұлы. Қарама-қайшылыққа толы қоғамда өмір сүріп, ақиқаттың ақ жолын ғұмыр бойы ұстанып өткен Бауыржан Момышұлының азаматтық келбетін таныту үшін Ш. Мұртаза өзі өмірде куә болған көптеген шындықтармен қатар көркемдік болжал, көркемдік қиялды пьеса табиғатына сай етіп алуы автордың дүниетанымы мен ұстанымының бірлігін айқындай түседі. Бауыржан Момышұлы Ш. Мұртазаға бала күнінен таныс, жастық шағында аралас-құралас болған, тіпті өмірінде жол сілтеп, өнеге көрсеткен тәлімгері де болса керек. Ойымызға дәлелдерді Ш. Мұртазаның шығармашылық ғұмырбаянында көптеп кездестіреміз. Тіпті Ш. Мұртазаның журналистикаға келуіне де Б. Момышұлының үйіндегі кезекті бір басқосудың себеп болғанын да суреткердің өзі былайша еске алады. «1956 жылы Баукең (Бауыржан Момышұлы) Алматыға келді. Сол үйдегі Жамал апамыз «Лениншіл жаста» істейтін. «Лениншіл жастың» жігіттері сол үйге үнемі келіп тұрады. Жаңағы Жамал деген апамыз жақсы адам болатын. Баукеңдердің жақыны ретінде мен де барып тұратынмын. Сөйтіп жүріп сол жігіттермен аралас-құралас болып кеттім. Содан кейін олар айтты маған: «Әй, сен шалдардың ортасында неге жүрсің? Сен жассың. Ел көруің керек. Республиканы тануың қажет. Жазғаның жөн» деп өздеріне шақырды. Барлығы – керемет жігіттер, бәрі жас. Шетінен жазғыш. Ал мен баспада бір кітапты алып, соның қатесін шығарып, мыжып отырамын. Сөйтіп, «Лениншіл жасқа» ауысып кеттім...» . Ал енді «Ноқтаға басы сыймаған» тарихи элегиясының жазылуына Бауыржан Момышұлындай біртуар, батыр да батыл, Отаны мен ұлтын сүйген салт-дәстүр, дін, әдет-ғұрыпты ардақтап өткен, әділдіктің жолында айбатты арыстандай арпалыспен ғұмыр кешкен жанның өмірлік ұстанымы мен азаматтық танымы басты себеп болған. «Ноқтаға басы сыймаған» деп тарихи элегияға тақырып қойылуы турасында Ш. Мұртаза мен жазушы Т. Ахтанов арасындағы әңгімелесу сәтіндегі бір ойдың себеп болғанын қаламгердің өзі былай дейді: «Бауыржан Момышұлы дүниеден қайтқанда Тахауи қабір басында жан дүниесін ақтара, хас шешендігі еселей ашылып: – Бауыржан Момышұлы – мына ноқталы дүниеде ноқтаға басы сыймай кеткен адам! – деді. Тахауи өзі де сондай еді-ау!» . Бұл драманы жазғанға дейін Ш. Мұртаза Бауыржан Момышұлы туралы, оның көп адам біле бермейтін асыл қасиеттері, ірі мінездері туралы мына мақалаларында жазды: «Бауыржан, Рақымжан, Кәкімжан», «Рух пен намыстың төресі». Мақалаларын жазу арқылы батырдың атына айтылған кейбір жала, өсек-аяңдарға үлкен тойтарыс бере отырып, шын мәнінде Бауыржан Момышұлының кім болғаны туралы кесек ойларын былайша жеткізді: 138
«Айтайын дегенім: Бауыржан Момышұлы да әліппені орысша бастаған. Бүкіл қызметі орыс тілінде өтті. Бірақ ол НАҒЫЗ ҚАЗАҚ болып қалды. Ол орысша сөйлегенде оның асқан шешендігіне, ой жүйесінің, логикасының жампоздығына, биік білімділігіне ең зиялымын деген өзі таң қалып, таңдай қағар еді. Бірақ ол орысша оқыған басқа көптеген қазақтар сияқты қазақ тілінен безінген жоқ». «Ол адамның ұлтына емес, ақыл-парасатына, адамгершілігіне қарай бағалайтын. Сондықтан оны ҰЛТШЫЛ, тек қазақты ғана сүйген десек жала жапқан боламыз. Ол Кубаға барды. Фидель Кастро, Рауль Кастромен туыстасты. Ол алыстағы чех жазушысы Шадеймен ағайынша хат алысып тұрды. Ал, өз халқын, өз қазағын ағынан жарыла жанындай жақсы көрді. Оның өткенін, қазіргісін, болашағын ойлап, қайрат қылды, күресті». Осы айтқандарын автор тарихи элегияда сюжетке фабулалық негіз етіп алады. Бала күнінен батыр ағасы Бауыржанға ұқсап өскісі келген Ш. Мұртаза бүгінгі күнде оны былайша еске алады: «...Бір күні сол газетке бір сурет жарияланыпты. Басында әскери құлақшыны, үстінде шинелі бар жауынгер кісі картаға ма, бірнәрсеге үңіліп қарап отыр екен. Суреттің астындағы Бауыржан Момышұлы деген жазу көзімізге оттай басылды. Одан ары қарай не деп жазылғаны есімде жоқ. Бірақ әлгі сурет көз алдымда қалып қойды. Сол газетті көрген кісілер айтып жатыр: «Бұл біздің жерлесіміз. Іргеміздегі ауылдан. Осы біздің Талаптыға келіп, талай рет асық ойнаған, қымыз ішкен бала», – дейді. Тесіліп көп қараймыз әлгі суретке. Баукең жастайынан аудандық атқару комитетінде хатшы болған көрінеді. Айша айтады: «Кәмпіскеленіп кеткен әппақ киіз үйіміз болушы еді, қалы кілемдеріміз, тағы да басқа оны-мұны заттарымыз бар еді. Соларды Бауыржан өзімізге қайтартып берген», – дейді. Елден естіген, анамыздан естіген осындай әңгімелерден кейін Бауыржан батырдың газетке шыққан суретіне қарап отырған біздің бала көңіліміз: «Шіркін-ай, осындай болсақ екен!» дейді ғой баяғы». 1997-98 жылдары жазылған «Ай мен Айша» эссесінде де Ш. Мұртаза «Шырақ» деп атаған әңгімесіне де батырдың қадір-қасиетін арқау етті, алғаш көргендегі балалық әсері туралы сыр шертті. Драматургтің шығармашылық жолына үңілгенімізде көзімізге түскен бұл жайттер ерте ме, кеш пе Ш. Мұртазаның Бауыржан Момышұлы туралы үлкен бір дүние жазбай қоймайтындығын дәлелдей түскендей. «Ноқтаға басы сыймаған» тарихи элегиясы автордың драманың негізгі, шешуші қағидаларын, шығармашылық тәжірибелерін тамаша жүзеге асырғаны, өмірлік материалды шығармаға арқау етудегі шеберлігінен әдемі көрінеді. Элегияны Бауыржанның, оны қоршаған ортаның дәл көшірмесі деп қабылдамаймыз. Бұл шығарма – тарихи Бауыржан өмірінің материалдарын эстетикалық тұрғыдан екшей отырып, зор қуатпен жазылған көркем полотно. 139
Драманың арқауы – Б. Момышұлы өмірінің бір кезеңін ықшамдап алып, тағдырын тәлкекке ұшыратпақшы болғандардың жымысқы әрекеттерінен ештеңе өнбегендігін, қайта батыр тұлғасының асқақтай түскендігін көрсетеді. Бұл шын мәнісіндегі тарихи элегияға негіз болатын материал. Өмір күресінің сан қилы арпалысында қажыр-қайратын, барлық қуатын түгел жұмсаған алып жүректі батыр жанның қашан көз жұмғанша, тұғырдан түспей, надандықпен, зұлымдықпен табан тіресе алысып өткенін айғақтайды. Бауыржан – жеке басының күйін күйттеп, көлеңкеде бұйығы мұң шертуші емес, өмірлік ой танымымен, ұлтжанды түсінігімен адамзаттың бейбіт өмірі үшін, ана тілі, салт-дәстүр, наным-сенім үшін өз ортасында белсенді ықпал жасаған күрескер. Бірақ топас қауымның, әділетсіз қоғамның сойқанды содырлары, түптеп келгенде, Б. Момышұлын тұғырынан тайдырып, құлату үшін оның өмірінің ақырына дейін түрлі айла-шарғы қолданып бақты. Бауыржан Момышұлының өмірінің трагизмін, әрине, оның отбасындағы бақытсыздықтардан жырып алып қарауға болмайды, бірақ ең шешуші түйін, ең қасіреттісі ұлы адамның идеалдарының, асыл армандарының жүзеге аспауында, тоғышарлар жасаған жалған қоғаммен кереғар келуінде жатыр. Болмысында, табиғатында керемет батыр, кесек мінезді турашыл Бауыржан өсе, кемелдене келе азатшыл, тәуелсіз ойларды тереңдетіп, тарихи дамудың заңғар биігіне көтеріле түскен сайын өзін қоршаған ортадан соғұрлым қара үзіп кеткен. Б. Момышұлына қарсы топ өкілдері де осал емес. Азу тістері балғадай. Басы Мәскеудегі Орталық Комитет пен коммунистік партияның басшыларынан бастап, Қазақстан Республикасындағы түрлі құзырлы органдар басшылары, Иосиф және Шибай секілді жандайшаптар Бауыржандай батырдың сағын бәрібір сындыра алмайды. Ақиқат пен арды дұшпанға қарсы қару еткен Б. Момышұлын ақылды сөзі мен алғыр көрегендігі әркез жеңіске жеткізіп отырады. Пьеса ықыласты бірден тартып алатын оқшау, өзгеше сарынды оқиғадан басталады. О дүниелік болған әруақтардың пәни жалғанға оралып, қасиетті зау бәйтеректің басында сыр алысып, бас қосулары ата мен бала арасындағы жауаптасулар тарихи шындықтың таптаурын болған тұстарын бүгінгі күндегідей етіп айтады. Ш. Мұртазаның «Мың жылдық жара» әңгімесіндегі ғасырға жуық тіршілік еткен алып шынардың символикалық образы пьесаның басталуында түпкі идеяны аңғарту мақсатында фон ретінде алынады. Бәйтерек – Бауыржанның құрдасы, жан сырын ақтарар қанаттасы, сырласы ретінде бейнеленеді. Образдың символикамен бейнеленуі элегияның әрі тартымды, әрі шыншыл шығуында үлкен көркемдік мәнге ие болған. Мыңмен жалғыз алысқан топас тоғышарлардың арасынан өзінің жанын түсінер адамдардың аздығы Бауыржанды бәйтеректің басына келуге мәжбүрлейді. Бұл дүниеде де, о дүниеде де танымын таразыға салған да, оның өлшеушісі болған да осы – бәйтерек. Драматург шырғалаң сюжетті әдейі алмаған, ол өмірлік материал шындығына орайлас, типтік жағдайға дөп келетін ситуация көлденең тартылады. Ақиқат шындықты айту үшін шын дүниелік болған әруақтарды жердің бетіне шығарып, сөйлетуде автордың 140
шеберлігі әр қырынан көрінеді. Кеңестік қоғамдағы орын алған ұлттық проблемалардың әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқанының бірі – тіл мәселесі де ана тілін ардақ тұтып, соның жолында рухани күрескер болған Бауыржанның бүгінгі күндегі сол ойлары әлі өзекті екені элегияға сыйымды етіп алынған. Ш.Мұртаза драмаларына тән басты ерекшеліктің бірі – кейіпкерлердің ұғыну, түсіну әрекетін жанды процесс деңгейінде көрсету. Б. Момышұлының таным деңгейі, дүниеге көзқарасы осындай ұғым-түсінік негізінде кемелденгені тарихи элегияда жан-жақты танылған. Ал осы ұғымтанымның өзі элегия бойында түрлі сала, түрлі деңгейде өтеді. Олардың бастыларын былайша топтастыруға болады: 1) Б. Момышұлының өзін-өзі тануы; 2) Өзгелерді тануы; 3) Қоршаған орта шындығын тану. Мұның барлығы Бауыржан қарым-қатынасқа түсетін өзге де кейіпкерлер арқылы жүзеге асқан. Драматург Б. Момышұлының өз жанының сырын, шындығын тануына түрлі жағдайларға байланысты жүйелі түрде мән беріп, арнайы суреттейді. Бейбіт өмір мен соғыс даласындағы тіршіліктің элегияның тұтас бойында араласып келуі автордың кейіпкер бойындағы ұлттық мүдде, ұлтжанды қасиеттерді нағыз азаматтық болмысты ашып көрсету мақсатымен сабақтаса байланысып, бейнеленіп, көптің көңілінен шыққан қазақтың қазіргі драматургиясына үлкен жаңалық әкелген туынды болып табылатыны сөзсіз. Ш. Мұртазаның ұлтымыз басынан кешіріп отырған түрлі тарихи тайталасты кезеңнің тұсында жаңа бір жанрда – драматургияда түрлі тақырыпқа барып, ой қозғауы, мүдде көздеуіндегі үлкен жетістікті қайраткер Әбіш Кекілбаев былай деп түйіндейді: «...Бұл жолы да кетешек қоғам келешек қоғамның аяғынан аямай шалып бақты. Ондайда халқына шындап жаны ашитындардың қол қусырып қарап отыра алмайтындығы түсінікті. Қай-қайсысы да қалқадірінше қайрат етіп бақты. Бұл тұста да Шерхан ерекше көзге түсті. Атышулы Тұрар туралы хамсасының сиясы кеппей жатып «қайта құрылу» немесе «қайта қырылу» екендігі әлі неғайбыл, әйтеуір «қайта құру» деп аталатын түсініксіз кезеңде «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» сынды ұлттық санамызды айта қаларлықтай шайқалта білген шамырықты трагедияларды дүниеге әкелді. Халықтық болмысымызды қайта қаусатып кетуі ықтимал жаңа рухани кеселдерімізді әшкерелейтін «Жалғыз үйлік зілзала», «Есек саудасы» атты трагикомедиялық туындылар мен әңгіме-новеллалар жазды. Мұның бәрі тауқыметтен көзі ашылып көрмеген кемталай халқымыздың ауыспалы кезең деп аталатын аусар тұста тағы да сазға отырып қалмауына қарлығаштың қанатымен су сепкендей қаламгерлік жанашырлығы еді». Жалпы, жазушы шығармашылығындағы қалыптасқан стильдік, көркемдік шеберлік драматургиялық туындыларына да тән деуге болар еді. Өйткені қаламгердің прозалық шығармаларына етене шымыр сюжет, нақты да қысқа ойлы сөйлемдер бұл жанрдың да шырайын кіргізе түскенін айтқан абзал. Тіпті бұл шеберлік нағыз драматургияға керек нәрсе емес пе. Себебі мұнда оқиға шұбалаңқылығына, басы артық олпы-солпылыққа, езбе тіл, мыжыма сөзге орын жоқ екені белгілі. Ал Ш. Мұртаза қаламы мұндай қара дүрсіндіктен әуелден-ақ аулақ. Сондықтан да тәжірибесі мол тарланбоз 141
қаламгердің драматургиялық шығармалары жанр заңдылықтарына толық жауап беретін, шынайы шеберлікпен дүниеге келген туындылар дер едік. Ш. Мұртазаның шығармашылық ғұмырбаянында ерекше орын алатын және бір көркемдік әлем – оның аудармалары. Жоғарыда зерттей келе, жазушының алғаш шығармашылығына бет бұруы оның студент кезіндегі Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» атты повесін аударғанынан басталғандығын айтып өткен болатынбыз. Аударма саласындағы ізденіс Ш. Мұртаза журналистикаға келген жылдары газет материалдарын, хабарламаларды, лездемелерді аударып, көшіруінде жалғасын табады. Нағыз көркем шығармашылыққа бой ұрған сәтінде Ш. Мұртаза ғасырымыздың алып тұлғасына айналған жазушы Ш. Айтматовтың бірнеше туындыларын аударуда үлкен жетістіктерге жетіп, оқырман мен автордың арасында дәнекер байланысшыға айналды. «...1985 жылы бір үзіндісі «Литературный Киргизстан» журналында жарияланысымен, «Айтматов жаңа роман жазыпты» деген хабар қалың оқырманды да, әдебиетші қауымды да қатты елеңдетіп, күні бұрын шығармаға ынтазар етті. Шынын айту керек, Шыңғыс романы басылған «Новый мир» журналын қолға шырақ ұстап жүріп таппайсыз, біреуден-біреу сұраған, кезек күткен, тауып бер деген жағдай бар. Дүкендер оқылмайтын кітаптарға толып, аузы-мұрнынан шығып, жазымпаздардың кереқарыс романдары тау-тау үйіліп, көр-жерге айналып макулатураға кетіп жатқанда, әлі жеке кітап болып шықпаған, журналда ғана жарияланған дүниесін әр ұлттың әр жастағы, әр мамандық иелері ат арылтып, Айтматовтың жаңа романының атына дәл балама таба алмай қиналды. Шынында, қазақ, қырғыз арасында да жан түршігерлік неше түрлі жазалау түрлері болған ғой: дарға асу, қазыққа отырғызу, ат құйрығына байлап жіберу, көмейіне қорғасын құю, тірідей жерге көму, тас боран жасау, бауыздап өлтіру, омыртқасын сындыру айта берсе, жауыздық әрекеттер толып жатыр» деп романның әдеби процесте қалай бағаланып, кереметтей құнды жаңалық алып келгені туралы айтқан академик Р. Нұрғали ендігі бір тұста «Плаха» романының тақырыбының аударылуының өзінде үлкен мән-маңыз бар екеніне де тоқталып өтеді: «Ал енді, біз білгенде, адамның басын ағашқа салып шауып өлтіру — қазақ, қырғызда жоқ әдет. Бірақ, Қазақстанның орман-тоғайлы жерлерінде «Плаха» ұғымын беретін «Жаңғырық» деген сөз бар. Бұл «Эхо» дегендегі жаңғырық емес, кеспек, дөңбек, шөрке сөздеріне жақын, қарағай, әсіресе қайың секілді қатты ағаштардың бұтақты, безді, берішті тұстарынан әдейі арнап кесіп алған, ағаш бұтағанда, отын кескенде балтаның астында жататын төс ағаш, орыс тіліндегі «Плахаға» образдық, заттық, деректілік тұрғыдан да жақын сөз деп білеміз. М. Әуезов, С. Сейфуллин, С. Мұқанов шығармаларында «жаңғырық» сөзінің екінші мағынасы — төс ағаш, плаха. Біз роман атына неге көп тоқтап тұрмыз? Себебі қашан да Айтматов шығармаларының аты авторлық концепциямен, суреткерлік идеямен, жазушы позициясымен, образдар табиғатымен терең диалектикалық байланыста: туындының эстетикалық 142
әсері, философиялық салмағы, көркемдік сарыны сығымдалып, тұжырымды әрі бейнелі түрде оның атынан көрініп тұрады, кейде сиқырлы күшпен символдық мәнге ие болар тұстары да бар. «Ана-Жер-Ана», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Боранды бекет» — осылардың бәрінде образды, астарлы, ишара, терең, тұңғиық мағына жатыр». Жазушының соңғы романының аты туралы да осыны айту керек. Жазушы Шерхан Мұртазаев «Плаха» романын «Жан пида» деген атпен қазақшалады. Ш. Айтматовтың бүкіл әлемді таң қалдырған «Плаха» романы кәнігі жазушы һәм аудармашы Ш. Мұртазаның да назарынан тыс қалмады. Мұның алдында әлем жазушысының біраз шығармасын аударған Ш. Мұртаза «Плаха» романын қазақ оқырманына нағыз жүрек үнінде жеткізуге асығады. 1986 жылы Ш. Айтматовпен болған әңгімелесуінде жазушыға романның тақырыбы туралы өз көкейіндегі жүрген сұрақты қояды: «... Енді күнбе-күнгі тіршілігімізге оралсақ деймін. Ол – сіздің жаңа романыңыз жайында. Орысша «Плаха» депсіз? Ш. Айтматов: – Қырғызша «Баталға» деп алдық. «Башым баталға», «Баш сайдым» деген ұғымға жақын. Орыстар «Иду на плаху» дейді ғой». Көп ұзамай, Ш. Мұртаза «Плаха» романын қазақшаға тәржімалайды. Ш. Мұртаза Айтматов шығармаларын аударуға қандай ынтызарлықтан баратындығы туралы терең тебірене жазды: «Ал Айтматов болса, бір басып өткен жерді қайта-қайта таптаурындай беруді қаламайды. Оның алдында ылғи да жаңа асулар, жаңа заңғарлар тұрады. Ол да биіктен биікті бағындыра беруге ынтызар альпинистер сияқты. Ол «жеттім», «болдым-толдым» демейді. «Жеттім» деген жығылады, «Толдым» деген төгіледі». Сонау «Қош, Гүлсарыдан» бастап, Айтматов тақырыптары бірін-бірі қайталамай оның кейінгі әрбір туындысы бүкіл қоғам, бүкіл әлемдік орбитаға шығып алып, сол биіктен түспей қойғаны сондықтан. Оған жаңа роман – «Жан пида» куә» дей келе автор «Жан пида» романын аудару да өзіне оңай соқпағаны туралы айта келіп, әсіресе оның философияға толы дін туралы айтылатын тұстарында біраз қиналысқа түскенін де жасырып қалмайды: «Жан пиданы» орысшадан қазақшалау бұл жолы маған біраз қиын соқты. Әсіресе Авдий тараулары: дінге, биік материяға байланысты толғамдар, ойлар; Иисус Христос пен Понтий Пилаттың айтысы... Оны аударудан бұрын тіпті «Библияға» («Інжілге»), оның Кадимше және Жәдидше (Ветхий и Новый заветы) өсиеттеріне тағы да үңілуге тура келді. Бұл кітап жөнінде де кейбір тоғышарлар арасында күңкіл-сүңкіл әңгімелер жүрді. Біздің тоғышарлар: ойбай, Айтматов біздің Мойынқұмды оңдырмай жазыпты! – деді. – Облыс басшыларын сынап тастапты, – деді. Ал Орталықтағы тоғышарлар: – Айтматовтың христиан әлемінде несі бар? Дегісі келді («Комсомольская правда»). Ал бүкіл дүние жүзі Айтматовтың жаңа романын сиясы кеппей жатып, қолдан-қолға қағып алып, өз тілдеріне аударуға асықты» . 143
Жалпы Шерхан Мұртазаға Шыңғыс Айтматов шығармаларын аударуда цензураның да ықпал-әсері мол болған. Іші тар, көре алмайтын кейбір үкімет басшылары мен шығармашылық қауым иелері де түрлі қауесет таратып, Шыңғыс Айтматовтың прозасында бейнеленген қазақ даласы мен ауыл адамдарының тіршілігіндегі орын алған көптеген келеңсіздіктерді суреткердің мәселе етіп көтергендігін оқырмандарға басқаша түсіндіріп бақты. Тіптен, Шерхан Мұртазаның бұл шығармаларды аударуына үзілдікесілді қарсы шыққандар да болды. «Менің әр кітаптан үзіп-жұлып алып отырғаным – Айтматов көтерген зілмауыр проблемалардың бірлі-жарымы ғана. Жазушының жүрегін тасжарғандай жарып өтіп, әлем, адам алдына қойылған қаншама сұрақтар тұр десеңізші. Мен «Боранды бекетті» қазақшаға аударып жүргенде мынадай бір сорақылау әңгіме болды. Сол кездегі госкомиздаттың бастығы баспаның директорын қысады: «Буранный полустанокті» аударуға неге шарт жасастың? – деп. – Қалайда шартты бұз. Мұртазаевқа айт: басқа кітап аударсын!» – деп. Мұртазаев оған көне қоймайды. Ол кітап аударса ақша табу үшін аударып жүрген жоқ. Өзінің жазатын дүниесі жетеді. Аударса, Айтматовтың кітабын кітабын шын құлай сүйгендіктен, бар жан-тәнімен беріле аударады. Басқа кітап керек емес». Сан жөнінен, көлем тұрғысынан қарағанда, Шыңғыс Айтматов туындыларының мөлшері көп емес, кез-келген әдебиеттегі қарабайыр, коңыртөбел прозаиктердің бірқатары ондай нәрселерді елуге жетпей-ақ, жазып тастай береді ғой. Ал мағына, тереңдік, көркемдік критерийлеріне жүгінсек, қазіргі әлем өнерінің ең үздік шығармаларының, қатарында Айтматов туындыларының көрінуі, қырғыз, қазақ әдебиеттері үшін ғана емес, совет әдебиетінің мерейі, халықтық, гуманистік мұраттарды ұстанатын өнер салтанаты. Айматов талантының сапалы бір ерекшелігі ол әрбір кезекті шығармасында тың өмірлік материалды ала отырып, соны стильдік, композициялық форма пайдаланып, жаңа образдар, тосын тұлғалар тудырып, ерекше көркемдік әлем ашады. Айрықша ескерер жәйт — күні бүгінге дейін ол бір шығармасында қолданған баяндау тәсілін, архитектоника элементтерін екінші рет қайталаған жоқ. Үнемі, тұрақты қайталанатын бір-ақ нәрсе бар. Айтматовтың барлық туындысының темірқазығы – адам, ауыр тағдырлы, трагедиялық қаһарман. Жәмиладан басталған осы арна Танабай, Едігеге жетіп, енді Авдин Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасып барады. Жазушы творчествосындағы ең үлкен сарын, басты пафос өмірдің сұсты келбетін, тіршіліктің қаһарлы сырын реалистік дәлдікпен, азаматтық адалдықпен, суреткерлік шыншылдықпен, қаламгерлік тереңдікпен бейнелеу, адамдар тағдырындағы диалектикалық, қайшылықтарды ашу, өмір мен өлімнің мәңгілік тайталасындағы жеке адамның орнын көрсету; жазушы науқандық, өткінші ұрандарға бой алдырмай, көркемдік, идеялық, шыншылдық талаптарын берік те қатал ұстанады. Әдебиет тарихы қанша 144
тереңде жатқанымен, жазба ескерткіштері мол болғанымен, қазақ, қырғызда реалистік әңгіме, повесть, роман дәстүрінің шағындығы әр кезде шаң беріп қалады. Біреулер фольклорлық сарындарға түсіп кетсе, екіншілер әдеби схемаларға құрылады. Аңыз, миф байлығы мен реализм мектебіндегі шеберлік сырларын әлеуметтік, психологиялық проза сабақтарына берік ұластырып, қазіргі заманның күрделі шындықтарын ашатын, ұлттық бояуы қанық, интернационалдық байлығы мол, философиялық терең, мазмұнды формасымен көз тартатын жүзіктің көзінен өткендей көркем, ықшам, қорғасындай салмақты туындылардың тұтас галереясын жасады. Кемеліне келіп, сабасына толып, дүниенің төрт құбыласына бірдей қарай алатын шақта, даналық пен шеберліктің керторысына мінген дарабоз — Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романында басты кейіпкердің бірі етіп орыс адамы – Авдий Калистратовты алуы, осы діни семьяда өскен, діни академияда оқыған, құдайға кұлшылық ететін, діни аңыздарды, кітаптарды жақсы білетін жігіттің шаршап шалдыққан шақта, соққы, таяқ тан әбден қалжырап, есінің өзі кіресілі-шығасылы болы қалған кезде, өмір мен өлімнің ауысатындай бір сәтінде Исус Христос пен Рим прокураторы Понтип Пилат арасындағы оқиғаны еске түсіруі бізді әсте таңырқатпайды. Исустың дарға асылар алдында рим прокураторы Понтий Пилат алдына келуі туралы христиан мифін Шыңғыс Айтматов бүгінгі күн проблемаларына сарындастырып пайдаланған. Қайталап айтамыз, Исус пен Понтий Пилат арасындағы диалогтарда «жаңа құдай іздеу» сарыны жоқ, өлім мен өмір, мәңгілік пен өткіншілік, әкім мен пенде арасындағы мың жылдар бойы толастамаған шайқастың шындығы жатыр. Романда бірнеше үйірім, бірнеше ағыс бар. Біздің оймызша, осылардың, бәрін тұтастырып, жымдастырып тұрған екі қасқыр – Ақбөрі-Аққұртқа мен Тасшайнар арнасы. Адамзаттың, жан-жануардың табиғаттың басы бәйгеге тігілген зор апаттан шошып үркіп тұрған қазіргі дәуірдің қаны сорғалаған шындығын ашты. Адамдардың дертінен, сор, кеселінен пайда табатын наркомандар былапыт әлемі төбе құйқаны шымырлатады. Обер – Кандалов, Гамлет – Галкин, Үзікбай – Абориген, анау Базарбай Нойғұтов – бұлар бір тажал, жалмауыз. Мәңгі мұз жарығында көмусіз қалған Ерназар, қартайғанда көрген жалғызын аңдаусызда, дұшпаны Базарбайды әдейі атқан – Бостан, зарлап қалған Гүлімхан, Ыстықкөл жағасында қыңсылаған Ақбөрі-Аққұртқа – бұлар бір зарлық. Өзінше бір әділет жолын іздеймін деп жүріп айдалада, сексеуілге асып өлтірілген Авдий Калистратов, Мойынқұм, Алатаудан қуғын көріп, нәсілінен айырылған екі қасқыр Ақбөрі мен Тасшайнар, өмір тәлкегін көріп ақыры абақтыға кетіп бара жатқан Бостан Үркіншиев тағдырлары зор трагедиялар . Әлемдік әдебиетке тың тақырып, соны идея алып келген, авторлық концепцияның кемелдігін танытқан Ш. Айтматовтың суреткерлік шеберлігін әдеби-сыни және ғылыми тұрғыдан тану қырғыз ұлтының әдебиеті үшін қандай қажет болса, қазақ әдебиеті үшін де үлкен маңызға ие. Әдебиет 145
айдынына қалқып шыққан Ш. Айтматовтың шығармаларының орыс тілінде жарық көргені жасырын емес. Міне, сол кезеңде әлемді аузына қаратқан ұлы шығармаларды қазақ ұлтына жеткізу үшін аудармашы керек еді. Негізінен аударма деген әдебиет ғылымындағы аса бір күрделі жанр. Аударманың өзіндік талаптары мен талғамын, теориясы мен методологиясын былай қойғанның өзінде аудармашы ең алдымен түпнұсқадағы шығарма және шығарманың авторын білу аздық етеді, ол сол халықтың ұлттық ділі мен тілін, психологиясы мен этнографиясын терең білетін, шын сезініп, шын сүйсінетін жан болуы тиіс. Егер осы ой тұрғысынан қарар болсақ, Ш. Айтматов бақытты жазушы, себебі ол өзінің нағыз аудармашысын тапқан жан. Ш. Айтматов шығармаларын қазақ тіліне аударуда еселі еңбек сіңірген қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза болуы кездейсоқтық емес. Бірі Алатаудың арғы бетін, енді бірі бергі бетін мекен еткен екі жазушының ауылы аралас, малы өрістес, аңы мен құсы, суы мен топырағы ортақ ежелден көрші, туыстас болған болған құтты мекен. Қазақ пен қырғыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, әдебиетін, мінез-құлық, болмыс-бітімін бала күнінен бойына дарытып өскен Шерхан Мұртазаның Ш.Айтматов шығармаларын аударуға аса ықыласты болуына осы жағдайлар әсер етсе керек. Егер аударманың әлемдік талабына тоқталар болсақ, толық мағынасындағы аударма қалайда түпнұсқаға негізігнен сәйкес болуы шарт. Әрине, шығарманың желісін бастан-аяқ, сөзбе-сөз тәржімалау мүмкін бола бермейді. Аудармада басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану ерекшеліктерін дәл келтіру әлдеқайда қиын. Ал, онсыз көркемдік ойсезімнің әсерлілігі де толымды болмайды. Ш.Айтматов – ұлы таланттың иесі. Ол тәрізді жазушының шығармаларын аударушы да талантты жазушы болуы керек. Заңғар жазушы көптеген шығармаларын орыс тілінде жариялаған. Соны орысшадан қазақшаға аударған Шерхан Мұртаза орыс тілін жақсы біліп, оның әдемілік қасиетін ұғына білген. Тіл білген адамның бәрі керемет аудармашы бола бермейді. Яғни әрбір сөз, әрбір ұғым, әрбір образдың сұлулығы мен әдемілігіне тұшына бермейді. Тілдегі сөз образдарының жан сүйдіріп, жүректі елжіретіп, ой тербететін әсерін енгізу тіл білген адамның бәрінің қолынан келе бермейді. Ол үшін аударушы жазушының өзі де сол тілді жетік білу, түсінумен қатар, әдемілік қасиет, эстетикалық талғам, күшін ұғып, түсіне білерлік жазушылық жан, үлкен талант пен дарын болуы керек. Мәселен, Шерханның Гүлсарының түр-тұрпатын аударғандағы суретіне назар аударайық. Орысшасы: «Прекрасною пору молодости начинал в ту весну буланый иноходец. Из махнатого кургузого полуторалетки он превращался в стройного, крепкого жеребчика. Он вытянул корпус его утратив мягкие линии, принимал уже вид треугольника – широкая грудь и узкий зад. Голова его тоже стала как у истинного иноходца – сухая, горбоносая, с широкорасставленными глазами и подобранными, упругими губами. Но ему и до этого не было никакого дела. 146
Одна лишь страсть владела им пока, доставляя хозяйну немалые хлопоты, страсть к бегу. Увлекая за собой своих сверстников, он носился среди них желтой кометой. В горы и вниз со склонов, вдоль по каменистому берегу, по крутым тропам, по урочищам гоняла его без устали какая-то неистощимая сила. И даже глубокой ночью, когда он засыпал под звездами, снилось ему, как убегала под ним земля как ветер посвистывал в гриве и ушах, как лопотали и словно бы звенели копыта». «Сол бір көктемде сары жорғаға жас дәуреннің қызығы мол еді. Жабағы жүндес жадағайлау тапал тай құлпыра түсіп, құнан шығып келе жатты. Бойы жазылып, тұрқы ұзарып, бұрынғы балауса жұмыр денесі енді шиыршық атып, кеудесі дамып, қарны қаншырдай қатып тұлғалана түсті. Кең қолтық тар бөксе, басы да нағыз жорғаға жарасымды бас, қырнап алар қырым еті жоқ бөкен тұмсық тостағандай төңкерілген көздері алшақ біткен, жымқырма жинақы ерін. Бірақ өзінің бұл сымбатын біліп жатқан Гүлсары жоқ. Бұл кезде оның бар құмары тынымсыз шаба беру еді. Қожайынға да тыныштық жоқ. Өзі құралпы тай-құнанды еліктіріп, еліртіп, солардың арасында сапсары жұлдыздай боп ағып жүргені. Қайдағы бір қажымас күш бойын кернеп, өрге шабады, өрден ылдиға, ылдидан сайға, сайдан қырға, тай-тасты қоймай тасырлата кезеді. Жұлдыздар жамырап, түн жамылып, жылқылар жусап жатқан кезде де, Гүлсары түсінде аяғының астында танабы тарылып, зымырап жердің қалып бара жатқанын көріп, құлағында жел ызыңдап, тұяқтарының тарсылы қоңыраудай сыңырлап естілер еді». Осы жерден мәтіндегі бір ғана сөйлемді калька тәсілмен аударып, Шерханның аударған жолымен салыстырайық. Мысалы, «Из мохнатого кургузого полуторалетки он превращался в стройного, крепкого жеребчика». Калька тәсілі: «Сабалақ жүнді бір жарым жасар жылқының баласы сымбатты да мықты құнанға айналып келе жатты». Шерхан аудармасы «Жабағы жүндес жадағайлау тапал тай құлпыра түсіп, құнан шығып келе жатты». Енді екі аударманы салыстыра отырып, қайсысы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, эстетикалық көркемдеуге құрылғанын айтпай-ақ түсінуге болады. Осы екі үзіндіні салыстыра отырып, Шерханның екі тілді де өте жетік меңгергенін көреміз. Орыс тілінде аттың суреттелуі қалай шебер шықса, қазақ тілінде де шебер шыға білген, әрі үйлесе ұйқасын тапқан. Мәселен, мына сөзтіркестеріне көңіл аударайық: «широкая грудь», «узкий зад» – «кең қолтық», «тар бөксе». Бұл сөз тіркестері қазақ тілінде нағыз жүйрік жорғаларды суреттегенде қолданылады. Ш. Айтматов шығармасының әсерлі келген ойын толық жеткізуіне бірден-бір себеп етіп айтқысы келген өзекті мәселені жеткізе білген. Яғни, Гүлсарының туылған күнінен бастап, қартайып, күш-қуатынан айрылып қалған күніне дейін суреттеу автордың шеберлігінде. Сол автордың қалай жеткізсем деген ойын Ш. Мұртаза аудармасында дәлдікпен жеткізе білген. Гүлсарының түр-тұрпатын, мінез-құлқын суреттегенде орыс тілінде қандай әсерлі шықса, қазақ тілінде де солай шығып, оқырмандарының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын 147
әперді. Оларды қазақ халқына өз жазушыларындай сүйгізді. Аудармашы шығарманы кейде аудара отырып, сөздің әсерлі және өткір болуы үшін сөз ішінде тұрақты сөз тіркестерін енгізіп отырды. Әрине, мұнда аудармашы мазмұны мен идеясын сақтап қалады, ал шығарма тілінің көркемдігін жандандыра түседі. Шерханның тағы бір қыры – сөз арқылы қаһармандарының мінез-құлық, ішкі сыр-сипатын ашу. Бұл психологиялық суреттеу де ерекше әдіс. Психологиялық суреттеуде ішкі әртүрлі сезім өзіне тән, басқалардан ерекшеліктерін суреттейді. Біреу сабырсыз, біреу салмақты, біреу ақкөңіл, біреу тұйық, енді біреу жылпос - әр адамның өзіне тән табиғи мінездері болады. Әрине, бір адамда бір мінез болуы шарт емес. Бірнеше мінездердің басы қосылып, тосыннан қатысқан мінездердің болуы мүмкін. Бұл көбінесе бірнеше қаһармандар қатысқан сюжетті ұзақ поэма, роман-әңгімелерде жылпос типтердің бірі екіншісіне ұқсап кетпеу үшін мінездеудің мәні үлкен. Мәселен, жылпос, іс жүзінде емес, сөз жүзінде жұмыс істейтін Ыбырайымның мінезін тамаша аша түседі. Бұл еңбекқор, шындық пен әділеттілікті сүйгіш, өтірікке жаны қас, бірбеткей, өз ісіне пысық Танабай образына қарама-қарсы образ. «Не үшін ұнатпайтынын Танабай өзі де білмейді. Басқалар сияқты емес, Ыбырайым ылдым-жылдым, ағаға – аға, ініні – іні деп-ақ тұрады. Әйтсе де, құрғыр, құл жылпос па, қалай? Әйтеуір жұмыс істемейді, мал санақта ғана болмаса, аты бар да, заты жоқ. Жылқы фермасына лайық әрекет жоқ. Әр жылқышы өз күнін өзі көріп, жүріп жатыр, әйтеуір. Партия жиналыстарында Танабай мұны талай рет айтты. Бірақ бәрі бәз-баяғы қалпында қалды. Жылқышылар, болса мың болғыр, оңды адамдар, бәрін де Шора өзі таңдап қойған». Аудармада тағы бір көңіл қоярлық жағдай, Танабайдың ішкі жандүниесін түсініп, онымен бірге ыстығы мен суығын бір көріп, балаларын дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған жан-жарының образы. Сол аяулы жарының қадірін Танабайдың іштей ойланып отырып, түсінуін жазушы да, аудармашы да өте шебер көрсеткен. Жайдар бейнесін мына кішкене ғана үзіндіде суреттегенде екі жақта келістіре суреттейді. Жайдақтың шашын ақ шалғанын, мойнының, аузының, көзінің айналасына түскен әжімін, жұмысқа көнтерліп, ыстық-суыққа көнбістенген қолын суреттей отырып, оның егде бейнесін көрсетсе, оған қарама-қарсы бұрымы беліне түскен қараторы нәзік қызды бейнелеп, Жайдардың жастық шағын суреттейді. Негізінде бұл повесті оқып отырып, оның өзге тілдің шығармасы екеніне күмәндануға әбден болады. Тілі жеңіл, жүрекке жылы, сезімге әсерлі етіп аударып, оқырманның көңілінен шыға білуі Шерханның шыңы болып табылады. Ойымызды түйіндеп айтар болсақ, Шерхан Мұртаза аудармасының үздік болуы: оның үлкен талант иесі екендігінде, орыс тіліндегі сөздердің тек мәнмағынасын ғана емес, сонымен қатар оның ішкі сұлулығын, көркемдік тәсілін, күш-қуатын жанымен терең ұғына білуінде және ана тіліндегі сөздердің байлығынан сусындай алуы дәлел. Ш. Мұртаза аудармасында 148
жазушының қаламгерлік, суреткерлік, азаматтық жолында халқыма айтсам, жеткізсем деген негізгі ой идеясының неғұрлым әсерлірек, тиімдірек ыңғайда, қалайда ойланарлықтай дәрежеде шыққанын қалап, аударуға барынша күш салады. Әлемдік озық үлгіде жазған қырғыз әдебиеті поэтикасының құдіретін танытқан Ш. Айтматов туысқан қазақ халқының маңдайалды жазушысы Ш. Мұртазаның шығармашылығы туралы былайша толғайды: «Біз Шерханмен бір жерде туып-өстік, біз өзімізді бір іске - әдебиетке арнадық. Мен ешуақытта жалғызсыраған емеспін. Менің бауырым Шерхан әдебиетте әрқашан менімен бірге келеді, оны мен айрықша жоғары бағалаймын». Бұл екі жазушының бір-бірінің шығармашылығына берілген баға ғана емес, жалпы қырғыз-қазақ әдебиетінің шыққан биігін көрсететін меже. Ш. Айтматовтың айтқысы келген ойын, идеясын Ш. Мұртаза қазақ тіліне құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиетіндей етіп аудара білді. Жоғарыда туған табиғатын суреттеуде көңілді селт еткізер көтеріңкі әуен басым жатса, жазушыға Африка пейзажы басқаша әсер береді. Бұл әңгімеде Шерхан ежелгі Египеттің басынан кешкен тарихи өткелдеріне шолу жасап, Сфинкстің атынан сыр шертеді. Сөйтіп, көне тарихты сол жердің табиғатымен бірлікте алған. «Мұңайған пальмалар» мен «Ыңырсыған құм» аса бір қасіретті күндердің елесіндей. Сол тарихты жасаған, табиғаттың ортасында құмырсқадай құжынаған, адамдардың қан мен терінің куәсі – тастан қашалған ғажайып сфинкстердің мүсінін жазушы ірілендіре суреттейді. «Мұхиттам тауынан асып, ыңыранып толған Ай шығады. Оның көгілдір сүт сәулесі пирамидалар басын шалады. Айға бағжайып карауы таусылмас. Одан Ай да сескенетін сияқты» деп жазушы бәрінен жоғары аспан әлемінің бөлшегі Айдың өзін Сфинкске бас игізеді. Сфинкс – тарих. Осы шығармасы – арқылы Шерхан табиғатты көркем шығармада қолданудың өзіндік игеруін, өзгеше жаңалығын түр мен мазмұн жаңалығын әкелгендей. Ол жаңалық – бізге бейтаныс табиғаттың сол жерге лайықты ерекшелігімен, бояу нақышымен беріп қана қоймай, оның тарихымен таныстыру. Оның әңгімелерінен табиғатты суреттеуде юморлық сипатты да байқаймыз. «Алтын тікен» әңгімесіндегі бақташының образы туралы осыны айтар едік. Характер ашатын штрих ретінде алынған мына көрініс: «Шеңгелдің түбінен қашып барып, ебелектің астын паналаған кесірткенің алқымы бүлкілдейді. Ерте, ерте, ертегі алып айдаһардын аялаған ұрпағы бақташының әрекетін бағып, кірпіксіз көзі тесірейе қалды», – осы суреттеуде кесіртке ыңғайынан бір оқыс, күлкілі жәйді аңғарғандайсың. Солай болады да, бақташы өзіне қарап отырған кесірткені құдашаға балай сөйлесіп, оның денсаулығына арақ ішеді. Айналадағы тіршіліктің әрін ұмытып отырғанда, сиырлары егінге түскенін де байқамай қалады. Мұнда көңіл ашар шын күлкіге қанық боласыз, жазушы кесірткені күлкілі ситуация құруға пайдаланады. Сөйтіп, тұлға жасауға қатыстырады. 149
Мұртазаев әңгімелеріндегі табиғат жайында пікірімізді қорытсақ, жазушының бұл салада өзіндік жаңалықтарымен дараланатын қаламгер дер едік. Шерхан Мұртазаевтың «Ұзақ командировка» әңгімесінде: «Кенет алақандай көздерінен от ойнап, ақсары жүзі балбұл жайнап», – деп таныстыра келіп әрі қарай: «Бала ұп-ұзын арық саусақтарымен иығымды сипалады. Тостағандай тұп-тұнық көздер, бетіне кірпік қақпай, тесіле қарап қалған», – деп баланың саусақтары, көздері, қимылы ішкі тебіреністерін береді. Автор кейіпкер портреті мен психологияны ұштастыра суреттейді. Мұнда айта кетерлік бір жәйт, «алақандай» теңеуінен көрі соңғы сөйлемдегі «тостағандай» орынды секілді. Әрине, ауызекі айтыла да береді, бірақ автордың атынан беріліп тұрғанын ескерсек, «алақандай» әсірелеуі артығырақ па дейміз. Бүгінгі әңгімелерде кездесетін бір олқылық – кейіпкердің пішін-келбетін суреттеудегі қайталаулар. Туған жер мен табиғатқа деген сүйіспеншілік, қандас бауырларға деген жанашырлық өнер иелерінің поэтикалық ой өрімдерінде көп өрнектелген. Өнер атаулы жаратылыстың қарама – қайшылықты тұстарын ешқашан жасыра алмайды. Реальды уақыттың өкпек үнін, кемел кеңістігін реалистік тұрғыдан тұғырлау нағыз өнер иесінің ғана қолынан келер ұлы іс. Табиғатынан сезімтал, қиялы ұшқыр, таланты тасқын өнерлі жандар жаратылыстың ең нәзік тұстарын көруге бейім болып келеді. Сол бейімділіктің салдарынан биік бағамдағы өнер туындылары туындайды. «Әр дәуірдің әдебиетінде өзінің өмірлік тәжірибесінің молдығымен, ұлан – ғайыр білімімен, үздік жазушының талантымен, ағалық, адамдық мінез – құлқымен ерекше танылатын қалам қайраткерлері болады. Олар сонысымен әдебиет қауымының беделіне, халық сүйіспеншілігіне бөленіп, бүкіл әдебиеттің дамуына бағыт береді, айналады» – деді академик С. Қирабаев. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1.70-80 жылдардағы қазақ әдебиетіндегі жаңашыл ізденістердің Ш.Мұртаза шығармашылығына әсері неде? 2.Ш.Мұртазаның алғашқы шығармаларындағы романтикалық сарын қандай? 3.Жаңашыл жазушының повестері мен әңгімелеріндегі стильдік ерекшеліктерін атап көрсет . 4.Ш.Мұртаза шығармаларының поэтикалық әлеміндегі адам мен табиғат концепцияна герменевтикалық талдау. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. С. Әшімбаев, З. Серікқалиев, С. Қирабаев, Б. Майтанов, Ә. Бөпежанова, А. Сүлейменов сынды ғалым-сыншылардың еңбектеріндегі Ш.Мұртаза шығармашылығына қатысты айтылған ойтанымдар. 2. Мұртазаев Ш. Түзетілген қате. // Социалистік Қазақстан. 1962. -12 июнь. 3. Мұртазаев Ш. Қызыл жебе.1-2 кітап. –Алматы. Жазушы. 1980. -512 б. 4. Мұртазаев Ш. Ахметжанның анты. –Алматы: Жазушы. 1973. -193 б. 150
5. Қазақтың тарихи философиясы. Жиырма томдық. 6-том. Астана: Аударма, 2006 – 512 – 264 – 265 б. 6. Ергөбек Қ. Сәбит Мұқанов Жазушының шығармашылық әлемі. –Алматы: Санат, 2000. -320 б. 7. Мұртазаев Ш. Абыройлы міндет //Қазақ әдебиеті. 1975. №28. -11 июль. 8.Кекілбай Ә. Адамстанға саяхат //Егеменді Қазақстан (жазушы Төлен Әбдіков алпыста) 2002. қыркүйек.
151
Жазушы шығармаларындағы көркемдеуші-бейнелеуші құралдарды қолдану шеберлігі Әдебиетте – өнер атаулының ішіндегі әлемдік проблемаларға үн қосатын күрделі жанр. Саналы жанға ой салар, толғантып, тағылым ұсынар сөз өнерінің өлшемі шексіз. Бұрынғыдан бүгінгі күнге жеткен шығармалардың өміршеңдігі, ешқашан мәнін жоймайтын ақиқат, абзал көреген пәлсападан туындағанынан болар. Ұлтымыздың тәуелсіздікке қол жеткізуі өнер атаулының кең тыныстап, еркін, ерікті дамуына жол ашты. Ұзақ жылдар көкейіндегіні айтуда қазақ қаламгерлеріде құлшына кірісті. Отандастары мен әлем жұртшылығының назарын аудартып мәселенің қазақ жерінде де бар екенін танытты. Кеңестік дәуірде көп бейнеленбейтін катаристік құбылыстардың да ұлттық прозамызда орын алуы осы кезеңмен сәйкес келеді. Бүкіл бір ұлттың бастан кешер трагедиясының әлемдік мән – маңызы бар екенін көркемдікпен кейіптеген туындылардың болмыс – бітімі әр – түрлі болғанымен идеялық жақындықпен авторлық тенденциядағы ортақ біліктері айқын. Дүниежүзілік классикалық туындылардан бастап бүгінгі сөз өнері аралығындағы катористің бейнелену жолдары әр – түрлі болғанымен айтар идеясы мен тақырыптары көбінесе ұқсас болып келеді. Аристотель катаристі – қорқыныш пен қиналудан құтылатын тазарудың жолы десе, Гегельдің категориясы бойынша әлем бұл заңдылық күнәсінің әлемдік қасіретке әсері деп қарастырылады. Қазіргі өнердегі катаристік құбылыстар жеке адамның қоғам мен тарих алдындағы жауапкершілігінің ықпал әсерінен туындайды. Трагедияның бір тармағы болатын атарс көркем шығармаларда кейіпкерлердің тығырықтан шығатын бірден – бір жолы болғанымен қоғам мен қоғам мүшеріне батпандап ой салар, жауапкершілікті талап етер күрделі құбылыс. Қайғы мен қасірет адам рухы мен әлемдік болмыс бірге әрекеттесіп, қатар жүреді. Адам табиғатты бағындырғаны мен тылсым құбылысқа ешқашан әмірін жүргізе алмайды. Пәлсафа ғылымындағы қарама – қайшылықтардың бірлігі мен күресі категориясы мәңгілік ұғым. Жаратылыстың иесі болған адам қоршаған ортасын қажетіне пайдаланғанымен ғайыптан болар тағдыр ісіне жауап бере алмайды. Дейтұрғанымен, сол тағдырдың қасіретке ұшырауына да көбіне сол адам дардың өздері кінәлә болып жатады. Міне, осындай маңызы мен мазмұны адам санасына қозғау салар кешегі тоқырау жылдарындағы қазақтар өмірде көп көрінді. Кеңес үкіметі ұстанған саясаты мен бәсекенің кесірінен орын алған алмағайып жағдайлар қазақ елінің негізгі қасіреті болды. ХХ ғасыр басында қазақтарға дерттей жабысқан арақтыңда халқымызға тартқызған азабы жетерлік. «Соңғы нәсіп» әңгімесіндегі Сапагерйді өмірін бір күнде жалмаған ажал да арқтан болады. Композициясы шымыр әңгіме бір мезеттік жағдайға құрылған. Көп ғұмыр иесін тура жолдан тайдырып, адамдық қасиеттен айрылып, естен тандыратын ішімдіктің қауіп – қатері, тартқызар азабын қаламгер Сапагерейдің бір күндік тыныс – тіршілігімен 152
береді. Сапагерейдің масаң күйінде ауру ақсақал Досанның көңілін қалдырып, ес-түсінен айрылып, өз бойнын билей алмайды. Азғын жолға салынған Сапагерейдің ажалы да әжуалы халде болады. «Соңғы нәсіптегі» Сапагерей тағдыры көп қазаққа тән жағдай. Қазақтың өміріне қауіп төндірген көп зұлыматтың бірі осы арақ болып табылады. Оқырманын терең ойға салған бұл шығармаларды бір деммен оқу мүмкін емес. Қазіргі қазақ қоғамының басындағы қайғы – мұңды арқау еткен бұл әңгімелердің катаристік құрылымы айқын танылады. Бір диалогтан, ішкі ой ағынынан, үшіншісі авторлық баяндаумен басталған, екіншісі шығармалардың финалы құрбандықпен аяқталады. Бұл туындыларыдың жанды тебіренісі саналатын тағдырлар болмысы оқырманын қайғыға салады, сол арқылы рухты тазартады. Аталған көркем туындыларды оқып, нәр алған адам ешқашан бұл қателіктерді қайталамауға, ұлт – қасіреті үшін күресуге бел буары сөзсіз. Елдің мұң – мұқтажын жан – жақты көрсетуді мұрат тұтқан Ш. Мұртаза ескі қағиданы бұзып, жаңаша кескін, тың көзқарас танытты. Күнделікті тіршіліктің кемшіліктері мен келеңсіздіктерін өткір де әсерлі жеткізудегі қазіргі жазушылар қаламының қарымы кең. Олар қоғам мен жеке адам өмірінің күнгей мен көлеңке тұстарын детальды эпизоттар арқылы көрсетумен де шеберліктің шеңберін кеңейтеді. Мысалы, Ш.Мұртазаның болмысты, оқиғаны, характерді суреттеу жүйесіндегі үзілмейтін қазақы, ұлттық биязы юмормен жиі келтірілетін астарлы деталь, сюжетті баяндау тәсілімен ашып, кейіпкер монологын кең де келісті жазу амалдары оның стилінде Майлин дәстүрінің, стилінің ықпал, әсерін творчестволық қорыту, сіңірудің нәтижесінде қалыптасып келеді. Мұның өзі Шерхан шығармаларында Майлин дәстүрімен сабақтастықтың барлығына күмән туғызбайды. Ш.Мұртазаның өскен, өнген ортасы – қаймағы бұзылмаған қазақы ғұрыпты барынша сақтаған халықтық орта. Әңгімелерінің оқырманына, қалың қазаққа жақын, етене болуының бір ұштығы осында. Қаламгердің бүкіл әңгімелерінің күретамыры – туған жерге, елге, табиғатқа деген ұлы сезім десек өте орынды. Ұлтын сүю, дәстүрін құрметтеу туған ошақтан басталады десек, ендеше елге деген сүйіспеншілік оның қазаққа деген ұлы махаббатына айналады. Адамгершілік, ізгілік сынды қастерлі қасиеттер отбасынан, туған жерден, дүниеге келген елден қуат алады. Ш. Мұртазаның үлкен идеялық жүк көтерер бейнелері – туған жермен бірге көктеп, көгерген, қиындығына қайыспай, қуанышына тасымай, рухын қайрай білген аяулы адамдар галереясы. Ш. Мұртаза әңгімелерінде қазақы өмірдің бітімболмысының терең қатпарларын, сан қырын, түп-түбірден ашып, өткен ұрпақ пен қазіргі буынның типтік ортасын құрайды. Суреткердің жеке өзіне тән әңгіме жазудағы атап айтарлық бір қасиеті – бірқалыпты ұстамды мінезден айнымай, қай кейіпкеріне болсын, ішкі жақындықпен қалам тарта отырып, кейбір сұрықсыздарының өзіне жаны ашып, жүрегі ауыра, кейде шаттана юмормен түйреп отыруы да жақсы үлгі. 153
Ш. Мұртаза шығармаларының мазмұнын бағдарлап қарасақ, ондағы бір басы артық, жай айтыла салған эпитет, анықтама жоқ екеніне көзіміз әбден жетеді. Осының бәріне қоса, әсіресе бізді тебірентетін жай - шығармалардан халықтың көркемдікті, сұлулықты сезінуінің қаншалықты терең, әсерлі екені де айқын танылады. Ш. Мұртаза шығармаларының көбіне тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты, немесе шеберлік иірімі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен, туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген роман-повестерді туғызған Ш. Мұртаза соларға ұқсас, біртектес туындылар жазуға ұмтыла бермейді. Әрине, қай қаламгерде болсын, бірнеше туындылар тақырыбы жағынан жалғас келіп отырады. Бұл сол тақырыпқа тереңдеп бару үшін қажет. Бірақ ол тақырып әр шығармада әр қырынан ашылады. Біздің айтпағымыз – Ш. Мұртазаның сарқылмас шығармашылық тапқырлығы, оның қолынан шыққан кемеліне келген, көркемдік бітімі жағынан мүлтіксіз көркем әдебиет үлгілерінің көптігі және әрқайсысының бір-біріне ұқсамайтын, жаңаша сипатты дүние болып келетіндігі. Осындай бір-біріне ұқсамайтын әр шығармасында қаламгердің суреткерлік шеберлігі, жазушылық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. Оның өмір құбылыстарын сөзбен мүсіндеп жанды бейнеге айналдырып сипаттауда алдына жан салмайтын суреткер жазушы екеніне ден қоямыз. Қаламгердің әр шығармасында оның осындай суреткерлік болмысын жаңа бір қырынан танытатын өзгешелігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. Түгелдей алғанда, Ш. Мұртазаның көркемдік ойлау, бейнелеп айту, суреттеу тәсілі мүлде жаңа, прозалық стилі еркін, икемді, көркем әдебиеттегі қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның шығармашылығына жаңашылдық сипат дарытады. Түпкі ой-ниетті аңғарту үшін автор адамның екіге жарылып, ішкі түйсікте өзімен-өзі айтысуынан «Темірмен алысқан ауыр емес, адамның өзімен-өзі алысқаны жаман. Менің бір өзім екі адам болып алысқаным жаман. Біреуі «Бұра! Көтер!» дейді. Біреуі «Бұрама! Көтерме!» дейді. Қара ключ: «Қай жеңгенің менікі» дегендей болады. Ал, бір өзімнен бөлінген екі адам бір-бірімен бурадай шайнасады. Екеуінің арасы жер мен зәулім асқардай. Бұл қалай? Менің бір өзімде жақсы да бар, жаман да бар. Жаман бар ма? Жаманшылық ойлаймын ғой. Әшейін дискілерді біраз көтергенмен адам жаман бола ма?». Оралдың іштей екіге бөлініп арпалысуын сезімнен ойға, ойдан пайымға, пайымнан әрекетке бармауда бекітуін әсерлі образдауы кейіпкер дүниетанымын тереңдете түседі. Зұлымдық пен ізгіліктің қатар жүріп, адамды түрлі әрекетке итермелейтіні де тап осылардың қайсысының басым түсуінде екенін де талай қалам иелері бейнелеген. Үнділердегі Тагор гуманизмінің, қазақта Абай гуманизмінің, Қытайда ғұн дәуірі гуманизмі және орыста Достоевский гуманизмінің де түп-тамыры адамзаттың фәни тірліктегі іс-әрекетінен туындайтынын дәріс еткен болатын. Адам бойында тек ізгілік 154
жүретін болса, сол ізгіліктің өзі зұлымдыққа айналуы мүмкін екенін талай өнер туындылары сомдаған болатын. Шерхан Мұртазаның журналистік танымында сол кезеңдегі идеологиялық ұстанымның ықпал-әсері мол болғанымен, қаламның қасиетіне тұсау сала алмады. Жазушы адам табиғаттың төл туындысы екенін, әйтсе де сол жаратылыс иесінің өзін-өзі басқарып, билейтін құдіретті күш бергенін астарлап айтып болса да жеткізеді. Адам Оралдың арпалысты ойлары, оның жастығы мен тәжірибесіздігіне тән болса, «Құдайым-ау, маған да арнап айтып тұрған жоқ па?» деймін мен ішімнен»– деуі әлдебір күштің алдында кінәлі екенін сезінуге алып келеді. Жаратылыс иесін мойындап, наным-сенімнен айнымаған автор «құдіретті құдай» ұғымына деген ұстанымын шағын диалогта сәтті ашады. – «Құдайдан қорқып, адамнан ұялмаған, түге! Сендерге ұят бұйырмаған! Бас, жылдам! – деп Сардар айдаланы нұсқап, оң қолын сермеп қалғанда, қаракөк диагонал кителінің қолтығы тігісінен дарр етіп қақырады да кетті» деген жолдардағы совхоз директор Сардар Оспановтың құдайға деген сенімі мен сезімін беру арқылы автор көпшілік халық, оның ішінде интеллигенцияның наным-сенімінің бет-бейнесін айқындай түседі. Құдай ұғымы қазақтар үшін тек наным-сенім ғана емес, ол баршамызды жаратқан, бәрімізді басқаратын құдірет ретінде, Шерхан Мұртаза повестерінде ұлттық танымды танытуда да өз орнын тапты. «Табылған теңіздегі» екіге жарылған Оралдың ішкі ойы оның нанымы мен адамдық болмысын танытса, «Бұлтсыз күнгі найзағай» повесінде Нариманның екілік арпалысы әйтеуір бір құдіретті күштің адамды билеп, ырқынан тыс әрекетке бастайтындай танымға жетелейді. Ақбілектің адамдық қасиетіне іштей ой жүгірткен Нариман: «... сұлу десең сұлу. Қолдан қондырған меңсіз-ақ әдемісің, Ақбілек. Бірақ сен дегенде жүрек неге дір етпейді? Адам сені ойлап аңсамайтыны несі? Қызық-ау, адам деген, Ақбілектің тәп-тәуір екенін білемін, өзі де маған кетары емес. Ендеше неге ойландырмасқа? Бірақ жүрек дір етпейді. Осы жері жұмбақ. Жалпы өзімеөзім жұмбақ сияқтымын. Мені білмейтін, мен емес, көзге көрінбес басқа біреу сияқты» . Шығармаға түгелімен арқау болған кейіпкерлердің болмысқалпы негізінен автордың ой-өрісінен туындайтынын ескерсек, Ш. Мұртазаның жас адамдардың жан дүниесін берудегі таным және ұстанымы ізгілікті ұғымдар: ынсап, ар, ұят, сабыр, мейірім, талап сияқты тағылымды қасиеттердің пәлсафалық мәнін ұғынықты ете түседі. Адам әркез ұлы Абай айтқандай сезім, ақыл, қайратты тең ұстаса және нәпсіге қарсы ынсап пен сабырды қоя білсе, ойламас асуы, өшпес қамалы жоқ екенін баян етеді: Нәпсіге ерік беріп шалыс басудың ақыры адамды арамдайтын, жолынан тайдыратын қиянат екенін Нариманның асау сезімге берілген күймен келтіреді. Таң-Шолпанға деген адал сезімді ішімдіктен туындаған қызбалықпен сөндіріп, өлердегі болады. Ішімдік ішіп келген оны ТаңШолпан ақылға шақырады, онысына масаңдықпен мән бермей, басқаша ойға жорыған Нариман ендігі мейірімді Ақбілектен іздейді. Нәпсі қызығына 155
беріліп, Таң-Шолпанды тәрк етпекші болған Нариман Ақбілектің үйіне қарай жол тартады. Автор ой ағыны арқылы берілген мына бір тұстар: «Жақсының көңілі сары майдай деуші еді. Таңсық боп жүрген Таң-Шолпан қара тастай қатты ғой, қарағым-ау. Көкірегімнен итергендей болды-ау. Жақсы болса, жұмсақ болмай ма? Көңілі сарымайдай жұмсақ Ақбілек қой, шіркін! Жетекшіл тайлақ секілді. Асығам саған, Ақбілек! Күлгенде алтын тісі арайланған Ақбілек!». деген жігіттікке желең ойлар енді әлеуметтік мүддеге қарай ойысады: «... Ақ сазандай қыз шақырғанда бұлаңдамайтын, құламайтын жігіт бола ма, тәйірі! Мені айтсайшы осы күнге дейін сіресіп жүрген. Менен басқа біреу болса осы күнге дейін қасарысқан Хамзинің қасқабағын жібітіп алар еді. Апыр-ау, Ақбілекті салсамшы араға баяғыдан бері. Хамзин сияқты бір ала алмас қамалдарды қу сирақтан ұрып құлататын Ақбілек қой ол!» – деп пенделіккке беріліп келе жатқан Нариман әрекеті нәпсіге жол беріп, өз-өзіне ие бола алмаған еркектік нәпсі құмарлық пен есеп түгелдеу де қатарласа келгені адамдық ар-ұяттың қымбат бағасын танытады. Адамды азғындыққа түсіретін арақ кесапатын Нариманның басындағы жағдайдан да көреміз. Ішін қыздырып, тұла бойын билеген арақ жас инженердің өз нәпсісін билеуге мүмкіндік бермейді. Әйтсе де арлы, ұятты, әдепті Таң-Шолпанды жазықсыз жазғырған Нариманның Ақбілектің үйіне қарай құстай ұшуын оқыс оқиға су сепкендей басады. «Әлі ұйықтамаған ба?». Терезенің ақ пердесі шетінен сәл қайырылып қалған екен. Бір көзіммен сол жерге жабыса қалдым. Арақ араласып, алқына аққан қан тамыртамырымда табан астында мұз болып қалғандай тұла бойымды суық қыстап, қалш-қалш еткенімді сездім. Үйдің ортасында іш көйлекті Ақбілек еңгезердей еркектің тізесін құшақтап, ағыл-тегіл жасы ағып, тізерлеп тұр екен. Еркек аяғымен Ақбілекті итеріп тастап, бері бұрылғанда Хамзин мені көріп қалғандай болды. Тұра кеп қаштым. Қалың қол қаптап қуып келе жатқандай болды. Қаршылдаған қардың жаңғырығы бүкіл қалаға естіліп тұрғандай еді». Күтпеген ситуацияға тап болып, пенделік арзан ойға берілген Нариманның Ақбілек пен Хамзин арасындағы келеңсіз интимдік қатынасты көруі оны адамдық тәубасына келтіреді. Масаң қалыптан тез айығып, дереу есін жинаған оның санасында небір ойлар жүйткиді. «Құдайым-ау, ертең Таң-Шолпанның бетін қайтіп көремін? Мені қандай әзәзіл айналдырды! Өзімше, ел қамын жеп, еңіреген ердің бірімін десем, есектің айғырындай есі кетіп, түн сүзгілеген есірік екенмін ғой!»– деп мойнындағы адамдар жауапкершілікке үңілуі Нариманның өз мінін дер кезінде аңғарып, өзін-өзі билеуі жігерлі болмысын тұлғалай түседі. Сәл ғана жетістікке жетіп, мақтан буынына оранған Нариманның бір күн ішкен арағы көптеген қырсыққа алып келіп тірейді. Таң-Шолпанды ренжітуі, Ақбілекке нәпсіқұмарлықпен жүгіруі, смена соңында тексерілмей қалып кеткен козыректің қалып кетуі және салдарынан апаттың болуы Нариман өмірін тығырыққа тірейді. Ақ пен қараның қатарласып жүретіні, қараның жолыв болғыш, ақтың жеңісі ұзаққа күреске құралатыны фәнилік заңдылық екенін автор осы тұстарда да 156
аңғартады. Нариманның басы қатып, бағы таярдай дәрежеге жетеді. Өзі әбден ойдан қалжырап тұрған Нариман Сембайдың апатқа ұшырауынан кейін тіптен салы суға кетеді. Оның оптимист жаны үлкен күйректікке ұшырайды. «Қош бол, Сарыбай! Қош бол, армандарым. Күндіз-түні ұйқысыз өтіп, сызу сызып, толғақпен кеткен кездер, сендер де қош болыңдар. Сарыбайды судан арылтамын деген арманым, сен де қош бол. Енді ол іс өзінен-өзі өшеді. Қош бол, Таң-Шолпан. Менің аз күнгі қуанышым. Қош бол, менің бақытты минуттарым. Нариман енді түрмеден бір-ақ шығады» деген ұят пен ожданнан тұратын уайым Нариманды есеңгіретіп-ақ жіберді. Дегенмен, іс насырға шаппайды. Нариманның сөгіс алып, эксковатор көмекшісі дәрежесіне дейін қызметі төмендетілді. Жүрегі нәзік, тұнық сезім, адал көңіл иесі Нариманды Сембайдың дерті Таң-Шолпанға алдындағы келеңсіз қылық маза бермейді. Ол өткен-кеткенді ойлап, көп толғанысқа беріледі. Оның жүрегін, жарадан сақтап қалар құдірет – сағыныш сезімі. Повестің танымдық мәні мен көркем-эстетикалық әсерін ұстап тұрған негізгі тізбектер де осы ұлы сезімнен бастау алады. Жалпы Шерхан Мұртаза сағыныш сезімінің көркемдік кейпі мен нәзік бітімін жеткізуде ескілікке ұқсамайтын ізгілік жолын салып келеді. Көркем шығарманы жазудың белгілі бір қағидасы, құралы жоқ. Оны өмір туғызады. Өзге де жанрлар секілді повесть те әр дәуірдің өзіндік шындығын, даму беталысын, адамдардың тіршілік тынысын көрсетеді. Жеке адамның сезім-күйлерін, психологиялық әрекеті мен ондағы өзгерістерді танытуда лирика-романтикалық сарын орны ерекше. Негізінен поэзиядағы лирикалық қаһарман және оның сезім күйі прозалық шығармаларда жас кейіпкерлер сезімінен тыс жатпайтынын, бұлардың тұлғасы мен сана-сезімінде қандай да бір бірлік байқалатынын аңғару қиын емес. Ақын Ә. Тәжібаев лирикадағы адам қызметі туралы мақаласында әдемі айтты: «Адам бүкіл әлемдік құбылыстардың саналы көзі» – деді ол, – Лирика сол адамның сезіну, түйсіну, тану, толғау, таңырқау, тамашалау, сөйтіп барып шешім қабылдау өлшеуіші. Лирика адамның бойында, ойында қабаттай бағушы, жөргектен қабірге дейін адам осы бағушыдан бір мезет те тыс қала алмайды. Жан иесінің алғашқы шырылы, алғашқы күлкісі, алғашқы махаббаты, алғашқы қайғысынан бастап, барлық өмірі, ерлігі, ездігі, ақтығы, қаралығы, шындығы, жалғандығы, әділ, әлділік, әлсіздігі, қуаныш-мақтанышы, күдік-опығы түгел лирикада». Дүниеде адам қандай көп, біріне-бірі ұқсамайтын әр мінезді, әр сырлы болса, олардың рухани күйінің қалпы – прозада да әртүрлі, біріне-бірі ұқсамайды. Соған орай адамдар да түрліше. «Жазушы – адам жанының инженері» дейтін түйін осыдан шықса керек. Егде жазушылар прозаға өздері бастан кешкен өмір тәжірибесінің сабағын әкелсе, оған жас жазушылар жастықтың отты сезімдерін қосып, адам өмірінің ұзақ тынысын кеңейтеді. Олардың кейіпкерлері де суреткердің авторлық ұстанымына орайғы образды болады. Шерхан Мұртаза шығармаларындағы лирикалы-романтикалық сарындағы кейіпкер сезімталдығы заман шындығын, уақыт сырының философиялық мәнін ашу жолымен бейімдету сарыны аңғарылады. Бұл – Шерхан 157
Мұртазаның «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы» повестеріндегі Орал, Нариман, Исатайлардың әкеге, анаға, туған ауылға, алғашқы сүйген қыздарына деген риясыз таза сезім ағынындағы ой-танымнан көрінеді. Әкесін ес білмей тұрған кезде соғыс жұтқан Оралдың сағынышы жолдың пәлсапалық мәнімен астасады. Пойыз келе жатып, түн қараңғысының тылсым демін сезінген Орал өткен бақытты күндерге зердесін аударғанда ең алғаш әжесінің бейнесі көз алдында тұрады.. Әжесін көз алдына елестетіп қана қоймайды, іштей арманға ойысады. «Қайран әжем, қазір не істеп отыр екен? Әлде ұйықтап жатыр ма екен? Қайдан ұйықтаушы еді? Мені ойлап жатыр ғой. Тіпті ұйықтаған күннің өзінде түсінде мені көріп жатқан шығар» деген әжеге деген асыл сағынышы мен ана алдындағы перзенттік парызды мойындауынан көреміз. Кейіпкер үшін жолдың да қасиетті ұғымы барын автор тереңірек танытуға бой ұрады. – «Күй тартқан, ән салған ұзақ жол! Сен бір кезде осы күйіңмен алуан сарынды әніңмен алысқа-алысқа менің әкемді де ұзатып салдың ғой. Мен әкемді суретінен білемін. Майданнан жіберген сол сурет әжемнің төс қалтасында жүре-жүре біртүрлі сарғайып кеткен. Қағаз атаулы күн тиіп не су тиіп сарғаюшы еді. Әкемнің суретіне әжем шаң жуытпаған. Таза ақ шүберекке орап, кеудесіне тұмардай тағып жүрген екен. Менің әжемнің сағынышы сурет қағазына жұққан ғой деп ойлаймын» – деп тебіреніске берілген Орал бір сәт балалық күнін әжемнің бұл суретті беруінде үлкен адамдық мән, аманат бар екенін ол кездерде ұғына бермегенімен, біраз өмірлік қиындықтардан өткеннен кейін жан-жағына абайлай қарап, өткені мен келер күніне бағамдап, ой өрбітуінде көзі жете түседі. Көзі жеткен сайын көп нәрсенің парқын сезінгендей бола түседі. Тек суретінен ғана білетін әкесіне деген Оралдың сағынышын әжесі айтатын: «Жақсыдан қалған жәдігерім, сенің әкең жақсы еді. Сен де жақсы бол!» дейтін сөздері рухтандыра түседі. Әжесі берген әке суретінің түпкі мәнін пойызда келе жатып, оңашада ойға шомған оралдың өресін талай жерге жетелейді. Әркез терең ойға шомып жүретін Оралдың дүниелік танымын автор әр қырынан аша түседі. Қаһарманының терең толғанысының фәлсапалық астарының терең қыртысын ашуда қаламгер шағын ұсақ, яки детальдің өзінен үлкен мәнге ие ойға жетелейді. Лирик әрі романтик Оралдың өмірлік көзқарасы енді қалыптасып келе жатқандықтан бұл ойға шығарманың көркемдік арқауын ұзарта, өміршең ете түскендей. Повестегі басты кейіпкердің еркін ой толғанысына түсуі, ерікті күй кешуі оның толыққанды образ дәрежесіне көтерілуіне жол ашқан. Мұндай ойлар 60-шы жылдардағы жазылған талай шығармаларға өзіндік жаңашыл бағыт алып келген болатын. Ұлы жазушы Ф. Достоевскийдің қаһармандары да осындай ерекшеліктерімен мүсінделгені туралы оның творчествосын түбегейлі зерттегендердің бірі – көрнекті филолог әрі философ-ғалым М.М. Бахтин былай деп жазады: «Достоевскийге оның қаһармандарының өмірде қандай екендігі емес, бәрінен де сол қаһарман үшін өмірдің өзі қандай екендігі және ол өзіне-өзі кім 158
екендігі маңызды. Бұл – қаһарман, ұғымындағы мәнді, принципті ерекшелік». Жалпы, жазушы Шерхан Мұртазаның қай шығармасында болса да көпірме көпсөзділіктен аулақ жүретінін байқау қиын емес. Қысқалық – нұсқалық. Аталмыш шығарма да осы үдеден көрінеді. Аз ғана сараң бояумен, орнын дәл тауып қолданылған қысқа да нұсқа сөзбен тұтас дүниені еркін бейнелеп, айтар ойын қысылмай-қымтырылмай ұғынықты жеткізе алған. Мұның өзі тілдің қадір-қасиетін, құдіретін түсініп, әрбір сөздің мәнін, орнын, астарын, ишарасын түйсініп-сезінген жазушының ғана қаламынан туатын шеберлік. «Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасар алдында романдилогиядан мына бір үзіндіге көңіл аударуды жөн санап отырмын: «Оттығымыз сөніп қалмаса екен деп, а құдайлап жүргенімізде, бір түні үйіміздің боғат қамысы ызыңдап, терезе сыртында жазда гүлдеп, қыста қурап қалған қарасора мен алабота суылдап, пештің кернейі уілдеп қоя берді. Бәрі қосылып, әлем оркестрі жиһан күйін талмай күңірентті. Кейде маған Тәңіртау бораннан төңкеріліп, дөңбекшіп, жаралы динозаврдай аунақшып, өкіріп, бақырып жатқандай көрінеді. Әттең, ол кезде әнді, күйді,..., сөзді жазып алатын техникалық құрал бізде жоқ еді... Егер сол қырық үшінші жылғы боран жырын жазып алғанда, талантты композитор табылса, сәл-пәл әрлеп, ғаламдық ғарыш симфониясын тудырар еді», – деген өкінішті ой айтылады мұнда. Біз бұл өкінішті орынсыз дер едік. Өйткені, жазып алатын техникалық құралдар болмаса да ол күй мен жыр зейінді бала Барсханның зердесінде жазылып, көкірегінде қатталып қалыпты. Олар ғана емес, қым-қиғаш өміртіршіліктің сан алуан сыры мен қыры жатталыпты жадында. Қуанышы мен сүйініші, арманы мен мұңы торланыпты көкірегінде. Сол жазылып қалған Жиһан күйі мен Боран жыры, тауқыметті тіршілік әуені – бүгінде Шерхан Мұртазадай талантты «композитордың» әндеп, әрлеуімен «тыңдаған» адамды тебірентпей қоймайтын Өмір жырын толғаған «симфонияға» айналыпты. Ол «Ай мен Айша» деп аталады» (Тұрлыбек). Сонымен, қазақ әдебиетінің қабырғалы қаламгері, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шерхан Мұртаза романдарын өнердегі негізгі эстетикалық принциптердің бірі саналатын – көркемдік шындық аясында, сол көркемдік шындықтың көрінуі үшін қажетті алғышарт – образ-характерлердің шынайы бейнеленуі төңірегінде сөз еттік. Өйткені жазушының өз шығармасында айтпақ, жеткізбек болған негізгі ой, күретамыр идеяны осы образ арқалайтыны анық. Осы образды талдау барысында шығарма сыры талқыланбақ. «Көркемдік шындық дегеніміз, – дейді белгілі әдебиет сыншысы, ғалым Бекен ЬІбырайымов, – өмірдегі құбылыстар-өзгерістер, ерекшеліктер динамикасының яки өмір шыңдығы диалектикасының бұлтартпас дәлелді, мейлінше нанымды, бейнелі көрінісі. Идеялық, эстетикалық мақсатты 159
бейнелі тұжырымдаған көркемдік шешім нәтижесінде шығарманың эмоциялық қуаты мен өткірлігі арта түспек». Осылайша қаламгердің образ сомдау принциптері мен тәсілдеріндегі өзіндік ерекшеліктеріне, характер даралаудағы көркемдік табыстарына тоқтала келіп, аталмыш шығармалардың қазақ романының дәстүрлі ізденістерін сәтті жалғастырғанын, сөйтіп ұлттық әдебиетіміздің өсіпөркендеуіне лайықты үлес қосып, жаңа биіктерге көтере түскенін айтқан орынды. Жазушы шығармашылығында үлкен жетістік болған «Қызыл Жебе» романының көркемдік бітімі де өзгеше. Кейіпкердің көңіл-күйіне лексиканың эмоционалдық бояуы да сәйкес (суық, жау дүние, мейірімсіз тіршілік...), соған сай қоршаған орта да жақын емес, алыс тартады (жүндес жоталар, шошақ төбелер, ұры қойын, қалтарыс шат, терең құз, қиын қызыл тас...). Кейіпкердің жан дүниесі мен халық құндылықтарын танытуда өзіндік орны бар табиғат көріністері де үйлесім табады: «Күз аспаны кірлеп, мұнартып, алыстағы қарлы биіктердің басына сәлдедей бұлт оралып, томсарып, сұрланып тұр. Дүние иесіз-елсіз, жым-жырт. Оңтүстік жағында Сарымсақтының қарағайлы шоқысы үрпиіп тұр...». Тексте бейнелі сипатқа ие бірнеше сөз-символдар бар. Олардың бірі «көк» – сенімділіктің символы. Ол мағынасын бірде тұрақты тіркестің құрамында келіп береді (көк жөтелдей тиетін). «Темір» – қажырқайраттылық символы болса, «суық» – ызалы кек пен қаталдықтың символы (суық түс, суық күй, суық темір). Тексте бұлардан өзге жиынтық образ жасайтын тағы бір символ бар. Ол – сын сәттерінде Бақтығұлға күш, қайрат беретін Ожардың мұз құрсанған қарлы шыңы. Мұз тау, бір жағынан Бақтығұлдың ішіне қан боп қатқан кекті бейнелесе, екінші жағынан, езілген бұқараның жиынтық рухын бейнелейтін образ. Бақтығұлға қарғыс оғын қолын қалтыратпай атқызатын – сол. «Жалпыхалықтық тіл құралдары өнер шығармасының кұрылысына енгенде белгілі эстетикалық шуақ алып, бұрын белгісіз, белгілі болса да онша ескеріле бермейтін жаңа, тың қырынан көрінеді. Көркем туындыда өзінің мазмұнына айрықша мол эстетикалық сапа, қасиет сыйғызып тұратын жекелеген сөз – образдар, тіркестер болады. Олар шығарманың тұтас өн бойына не жекелеген бөліктеріне өзінің эстетикалық нәрін таратып, айрықша көркемдік күш-қуат беріп тұрады. Көп ретте шығарманың аты өзінің құрылысында шығарманың бүкіл идеялық мазмұнын жииақтап, сыйғызып тұратын сөз — образ болып келеді». Сөз мағынасының дамуын, өрістеуін, жаңа ассоциация туғызып, образға айналуын романның өн бойында қайталанатын «Оян, Тұрар!» сөйлемінен де көреміз. Рысқұлдың аузынан шығатын осы сөзде де екі түрлі мағына жатыр: біреуі ол сөздердің тура, тікелей мағынасы болса (ұйқыдан оян, Тұрар), екіншісі – өсиет, нұсқау, өзі қол жеткізе алмай кеткен биіктерге бағыттау, соған дайындау. Осы мағынасын Рысқұлдың айдаудан жазған хаттарындағы сол тіркестің жиі қайталануы да дәлелдей түседі. 160
Көркем туындыда сөздің мағынасы, сыртқы бояуы суреттелетін оқиға, жағдайға қатыссыз болмайды, керісінше тікелей сол жайдан хабар беріп, соған меңзеп тұрады. Әсіресе, суреттелетін окиға, кұбылыстар ірі, кесек болса... Сөзіміз дәлелді болу үшін романдағы Кеңес төңкерісі алдындағы аумалы-төкпелі заман бейнесіне назар аударайық. Қазақтан солдат алу... Ақкөз батыр бастаған көтеріліс... «Аспараның ұшар басында ғана қалған бір шөкім қарды жаңа шығып келе жатқан күннің нұры шалып, ақ қар қызыл арайлы тасқа айналып, атыраптағы мазасыз ауылдарға мейірбан сәуле таратқандай. Жаңа шығып келе жатқан күннің күзетшісіндей болып, Мықан жағасында Тұрар жападанжалғыз тұр...». «...Шілде күнінің өзінде әлдебір ызғар сезілгендей». «Аспан ашық, әлем жарқырап тұрса да, дүние күн тұтылғандай күңгірт. Көктен нұр себелеп тұрғанмен, көкіректе көңілдің шырағданы пәс тартса, дүние осылайша сұрықсызданады екен»... . «Тамыздың түнгі аспаны — түндігі шұрқ тесік киіз үйдің шаңырағындай екен. Тұрар көпке дейін көз іле алмай, аспандағы жыбырлаған жұлдыздарға қарап жатты. Оң жақ қанаттан үрпиісіп Үркер дірілдейді. Бір орыннан қозғалмай Темірқазық қалтырайды...». Алда болатын үлкен жақсылықтың нышаны байқалады. Оны білдіретін сөз тіркестерінің бояулары да ашық: жаңа шығып келе жатқан күн, ақ қар, қызыл арай, мейірбан сәуле... Бірақ жақсылық әрқашанда оңай, күрессіз келген емес, ол үшін қан төгіледі. Келесі мезеттегі сөздердің мағынасы мен бояуы да соған меңзейді: ызғар сезілгендей, күн тұтылғандай күңгірт, сұрықсызданады, дірілдейді, қалтырайды... Қоғам өмірінде, адам көкірегінде болып жатқан өзгерістерді табиғат құбылысымен астастырып беру қазақ әдебиетінде бұрыннан жалғасы үзілмей келе жатқан тәсіл екені белгілі. Соның тағы да бір жарасымды жалғасын тапқандаймыз. Тағы бір мысал: Табиғаттың дүлей күші дауыл. Ол жолындағы тамыры шіріген көненің күлін көкке ұшырып, әлемді ескі-кұсқыдан арылтып жаңартады. Романда жаңа әлемнің – Қазақ әлемінің келуі табиғаттың осы дүлей күшімен салыстырыла, шендестіріліп, параллелизм әдісімен шебер суреттеледі. Дауылдан кейінгі сурет... «Ақ боран басылып, аспанның жүзі ашылып, түстікте Алатаудың шыңдары жаңа шыққан күннің нұрымен әрбір шоқы аспанға шаншыла шыққан отты жалаудай алаулап тұр екен. Терек бұталарын тұтып қалған қар түйдек-түйдегімен жерге түсіп жатыр. Ағаш екеш ағашқа дейін кеудесін толтыра дем алып, еркін бір керілген сияқты да, содан ақ қар түйдек-түйдегімен ұшып түсіп жатқан сияқты». Аппақ таза қар — жаңа заман бейнесі. Ал, оның үстімен келе жатқан «төрт дөңгелек пен сегіз тұяқ сол параққа (ақ қарға) жаңа дәуірдің алғашқы шежіресін жазып келе жатқандай...». Романның ІІІ кітабы былай басталады: «Шеңгел бұтағына ілініп қалған зер қабық қаудырайды. Осыншама қуаңшылыққа қарамай, жылан биыл да түлеген. Несіне жетісіп түлейтіні белгісіз...». Шеңгел бұтағына ілініп қалған 161
жылан қабығы халық басына түскен үлкен нәубеттің – ашаршылық пен қолдан жасалған зобалаңнан туған күйзелістің алғашқы белгісі іспеттес. Осы сөйлемнен-ақ жүрегің әлдене жамандықты сезіп, тітіркене қаласың. Ол сөйлемнің мазмұны әке қабірінің басына келген Тұрардың көңіл-күйімен де үндесіп жатады. Осы сөйлем аздаған өзгеріспен бас-аяғы 5-6 беттің ішінде тағы да 4 рет қайталанады: «Шеңгел бұтағына ілініп қалған зер қабық діріл қағып қаудырайды...», «...Шеңгел бұтағына ілінген жұп-жұқа қабық Жылан жылының жалмауыз жалауындай желбірейді...», «...Шеңгел бұтағында жыланның кебенек терісі қаудырайды», «...сояу бұтада зер қабық желбірейді...». Бір айтылған жайды қайта қайталап үстемелеу, аз-кем ұмыттыра беріп тағы оралу – үлкен көркемдік қуат беретін стилистикалық тәсіл. Ондағы мақсат – суреттеп отырған жайды (ашаршылықты, ел жүдеулігін) жеріне жеткізе бейнелеу. Осы мақсатқа басқа да тілдік тәсілдер: сөздердің тура және ауыспалы мағыналары, әр түрлі көріктеуіш тәсілдер, сөз бояуларының жалпы жиынтығы қызмет етеді; «Төмпешік тым жүдеу...», «Жамау тонды Дәуіт шал бүк түсіп жатқан бүйірі тесік төмпешікке мұңая қарады…», «Іргеде ағып жатқан өзен қысыр жыландай, тым жіңішке. Асау Талас деп айтуға келмейді. Жағадағы селдір қамыс тозған тақияның ұйпалық үкісіндей, реңсіз. Әуесінде қарлығаш қалықтамаған, қамысында қырғауыл пырылдамаған, жыңғылынан қоян қашпай қалған сұңқиған дала. Бедеу аспан шаңытады...». Текстің көркем кұрылымын жасауда мына сөздер мен тіркестердің ішкі семантикасы айрықша қызмет етеді: төмпешік, жүдеу, бүк түсіп жатқан бүйірі тесік, мұңая қарау, қысыр, жіңішке, селдір, тозған, ұйпалақ, реңсіз, сұңқиған, бедеу, шаңыту. Бұларға қоса тапқыр теңеулер мен әдемі эпитеттер, сондай-ақ етістіктің болымсыздық тұлғасы да жазушының діттеген мақсатына дәл жеткізеді. Академик Р. Сыздықова зерттеу еңбектерінде Ш. Мұртаза шығармаларының тілдік ерекшеліктеріне баса назар аударады. «Мұндай жүйеде алдымен көзге түсетіні — «Қызыл Жебе» тілінің жинақы, үнемді, астарлы стильде жазылғандығы. Бұл үш белгінің үшеуі қатар айтылып, орыс тілі зерттеушілері «сжатость» («сығымдылық») деп атайтын көркем тіл сипатын танытады. «Сығымдылық» сипат беру үшін жазушы «үнемдеу» тәсіліне көшеді. Айталық, эмоциялық-экспрессивті болып келетін айшықты эпитеттерді, жайылма анықтауыштарды көп қолданбайды. Эпитеттердің көбінесе кәнігі (дәстүрлі, тілдік) түрлері беріледі: жоғары мәртебелі фон Таубе, құлақкесті құл, еті тірі ер, жазира кеңістік, заңғар тау, зеңгір аспан, қара дауыл т.т. Ал анықтауыштар нақты сипаттамалар болып ұсынылады. Мысалы, адамның сыртқы келбетін суреттегенде, боржық сары старшын, іркілдек сарқарын тартқан кексе әйел, бурыл сақал Ахмет, Наташаның алтын түстес әдемі шашы, (тұтқынның біреуі) қызыл шырайлы, қияқ мұртты, қапсағай қырғыз... Бұл сипаттамалардың барлығы да нақты, оқырман оларды көз алдына елестетсе, бояумен салған не фотоға түсірілген суреттерді көрер еді. Тіпті 162
сұлу қызды сипаттағанда да, мұнда экспрессивті, дәстүрлі алма мойын, аршын төс, жібектей сүмбіл шаш, құмырсқа бел сияқты эпитеттер жоққа тән, ал эпитетпен айтқысы келген сипаттамалар әрі кетсе, «шолпысы сылдырлаған келіншектер, үкісі желпілдеген бикештер» болып беріледі. Романның екінші кітабының соңғы жағында оқырман кездестіретін Сәлима қыз Тұрар жігітке үйіріліп тұрғандықтан, жас та, сұлу да болса керек қой. Соның өзі туралы жазушы «тұлға бітімі нұр шашып, аппақ тістері тізіліп, ақсия күліп тұр», енді бір жерде: «Жұп-жұмыр ителгі мойыны мәрмәрдай аппақ екен» деп жазады. Екі жерде де сұлу қыздың бет-пішінін тура эпитеттермен білдірмейді, тісі мен мойнының әсем, аппақ екенін ғана баяндайды, мұндайды, сірә, эпитетпен келген портрет дегеннен гөрі, адамның бет-бейнесін, түр-тұлғасын нақтылап көрсеткен суреттеме портрет деу керек болар». Ғалымның Ш. Мұртаза стиліндегі көркем ізденістердің түпкі әлемін ашудағы обьектісі көлемді романдармен қатар, шағын жанрдағы туындылар төңірегіндегі толымды ой айтуға ұласады. Жалпы, Ш. Мұртаза, кейіпкерлері болсын, өзге де зат, құбылыстар болсын, оларды әспеттеп, мадақтап, айшықты әсем сөздермен сипаттауға жоқ. Мұның себебін біз осы шығарманың өн бойына тән суреттеу стилінен (мәнерінен) іздейміз: күні кеше өткен шым-шытырық оқиғалар мен сан алуан психологиялық арпалыстарға толы бұл шығарма романтикалық лиризмнен гөрі бас кейіпкерлер тағдырын тілгілеп жатқан осынау қатқыл кезеңнің өзі сияқты нақты тіліп түсетін тілмен суреттеуді қалайтынын сеземіз. Әрине, мұнымыз – жалаңдау аргумент, өйткені көркем шығарманың жалпы стильдік үнін (тонын) бір ғана фактордан шығарып дәлелдеу қиын. Мүмкін, мұндай «оймышсыз» стиль өрнегі жазушының, жалпы шығармашылық қаламына тән даралық мәнері болар, мүмкін, шығарма тақырыбы мен суреттелетін заманына карай таңдап алған әдісі болар, мүмкін... Қайткен күнде романның бояуы қалың эпитет, теңеулерсіз, орайлы метафораларсыз келген, аллитерациялы, ассонансты тіркестері некен-саяқ, ырғақты, ұйқасты кұрылымдары тіпті аз сөз өрнегі оқырманды өзінен әрі итермейді, керісінше, оның бар зейін-ықыласын өзіне аударады, «бір демде», «бас көтермей» оқып шығуға итермелейді. Гәп шығарма тілі бояуының түсінде емес, оқырман жүрегіне жететін шеберлік сиқырында болса керек. Тілінің жинақы, үнемді сипаты тек бояулы сөздердің кемдігінде емес, өзге де көркемдік тәсілдерінен байқалады. Айталық, бұл көлемді көркем туындыда табиғат суреті жиі берілген. Неге? Оқиғалар көкорай шалғынды, жайқалған бау-бақшалы, сылдыраған бұлақты, асқақтаған таулы өлкелерде өтетіндіктен бе? Әрине, жоқ. Табиғат суреттері бұл шығармада жазушыға тілдік-стильдік құрал ретінде керек болып тұр. Табиғат пен адамдар, табиғат пен оқиғалар жарыса жүріп, бір-біріне «арқасын төсейді», дәлірек айтсақ, сол жерде берілген табиғат көрінісі баяндалмақ оқиғаның, іс-әрекеттің фоны, кейіпкерлердің бейнесін айқындай түсетін ақ, қара, қызыл, сары дегендей 163
бояулар, яғни табиғаттың өзі — образ. Сондықтан мұнда табиғат көріністері теңеу үшін де алынады, Мысалы: Шілденің аптабында күзгі желтоқсанның қара суығы қалтыратқан жүдеу ағаш басындағы селкеу жапырақтай аз ауыл болыстың зәуде нөкерлетіп келуінен әрі-сәрі ... Күзгі жел айдаған қаңбақтай жиырма үй Шілмембет. Бұл — үйреншікті әдіс-ақ болсын: қазақ жазушыларының қай-қайсысы да айдай даланы, аскақ тауларды, мөлдір суларды, көкорай шалғынды т.т.теңеуге жиіжиі жаратады (сірә, бұл — қазақтың табиғатқа жақын жүріп келгенінен, әлі де урбанизацияға – калалық, өндірістік өмір тіршілігіне – жаппай көшіп болмағанынан болар)... Шерхан Мұртазаның табиғат көріністерін кәдеге асырғаны – теңеуден басқа тұстарда да байқалады. Мысалы, түрме ауласында дәретханаға барар жолдың бойында сыртқы дуалды қаулап өскен қара сора бар. Кезінде орып тастауға ешкім құнттамаған қара сора сорлы жоңышқа емес, не отын болып жарытпас, содан шаң қауып, гүлі түсіп қурап, құдай қарғап қауқиып тұрғаны . Бір қарағанда дәл осы сөйлемдердің – қайдағы бір шаң басып, қауқиып тұрған қара сораны суреттеудің – не қажеті болды деп ойлауға болады. Бақсақ, бұл қара сора – образ, бостан өмірдің символы, ол өмір бойы далада тау-тастың, табиғаттың жөргегінде өскен Рысқұлға қырық құрақ құрым үйін («гүлі түсіп, қурап қауқиып тұрған») немесе Ақсу-Жабағылының қара орманын («Қаулап өскен қара сора») елестетеді, ал құрым үйінде болу не Ақсу-Жабағылының орманын аралау – бостандықта жүрген күндердің символы. Міне, қауқиған қара сораны суреттеудің керек жері осында екен! Сол сияқты Саймасай болысты атып өлтірмек болып, биікте тосып отырған Рысқұлға тау тұмсығындағы қара жартас қаһарланған адам кейпінде көрінеді, ол адам — наладан жаны күйзелген, әлденеге тас түйілген Рысқұлдың өзі! Уақиға барысын әсерлі етіп беру үшін жазушы табиғат көрінісін контраст ретінде береді. Адамы өлген Алсай ауылы Дауылбай болыстың керегесін сындырып, айбат көрсетіп кетеді, енді Алсай ауылы Дауылбай болыстың қарсы қимылын (ауылды шабуын) күтіп отырады. Осы кездегі табиғат көрінісі әуелі «Маужыраған әдемі кеш келді. Мал өрістен қайтты. Дәу-Бабаның самалы жібектей есіп, ну теректердің жапырақтары жамырап, енесін іздеген жетім қозы жеке маңырап, әлсін-әлсін әупілдеп иттер үріп қояды» деп суреттеледі, «мұндай кеште қыз ұзатса жарасады... ертедегі ерлік замандар туралы қисса тыңдар ма еді! Бірақ «Алсай аулында оның бірі де жоқ. Қабақ қатулы...». Енді «қап-қараңғы айсыз түн түсті... жан-жақтан таулар түксиді» Міне, табиғаттың осындай екі сәтін контраст түрде беріп, жазушы қаралы ауылдың үрейлі күйін әсерлі етіп суреттеген. Шәкірт Тұрардың тергеуші Семашкомен танысуы – өмірінін жаңа белесінің – көкірек көзінің жаңаша ашылуының басы болатын. Кейіпкерінің өмір жолындағы бұл сәтін жазушы тағы да табиғат арқылы аңғартады: «Жазға салым терезе алдындағы ақ теректердің ашық жасыл жапырақтары күннен-күнге жайылып, сырғалары салбырай бастады. Күзде 164
жан тәсілім еткен сары жапырақтар қыс бойы жерде жатып, топыраққа сіңіп, жер астындағы тамыр арқылы ағаш басына қайтадан өрмелеп шығып, анасынан қайта туып, өліп-өшу деген ұғымды тәрк етіп, мәңгілік өмірдің жырын сыбырлай бастаған шақ» . Әңгіменің (баяндау тексінің) жаңадан басталатын жері табиғаттың осы суретімен ашылады. Тегін емес. Бұл – Тұрар жастың әрі қарайғы өмірінің увертюрасы, құлақ күйі: жұлым күркеде туып, түрмеде біраз уақыт күн кешіп, бір өліп, бір тіріліп дегендей, тіршіліктің талай күз бен қысын өткізіп келе жатқан ақ терек – Тұрар бала болса, оның енді жазы басталғалы тұр. Жазушы Семашконы Тұрар оқып жатқан мектепке күзде не қыста келтірмей, жазға салым келтіруінде де, сол жазға салымдағы табиғаттың бір көрінісін емес, жапырақтары жайыла бастаған ақ теректі суреттегенінде де гәп бар екен, мүмкін, жазушы дәл осыны ойлап әдейі жазбаса да, қаламы еріксіз осылай жаздырған, ал қаламы – иесінің мәнері, шығармашылық стилі. Табиғаттың символикалык рөлі – «Қызыл Жебе» романы тілінің айрықша белгісі. Қызыл Жебені ұрлауға бара жатқандағы суреттелетін жеті шоқылы Талғардың алпауыт шыңы Жаңғырық – Рысқұлдың алдында тұрған аса қиын, аса қатерлі шаруа – ұрлық; шыңның басын алтынмен булаған адасқақ алау – сәттілік үміті, Талғардың аскақтап, айбындай түскені – барайын деп тұрған ісінің қатерін сезген кейіпкердің символдық параллелі. Ал Қызыл Жебені ұрлап алып келе жатқан тұсты баяндау стиліне тағы табиғат «килігеді»: Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден төніп, бәрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінәлай қарайтын да тәрізді. Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп, секем алып: «Әттеген-ай, бекер болдыау!» деп, үндері жоқ, тек іштен тынып қалғандай. Бұл – кейіпкердің ішкі психологиялық күйінің символы. «Бекер болды-ау!» деп іштен тынып тұрған, әрине, ай мен жұлдыз емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы. Көп сөзбен баяңдалатын, суреттелетін жайттарды табиғат көрінісі болып келген параллельдер кеп-келте айқындай салады, жай қатарласа салмайды, оқырманның жанын тербейді, демек, өнер дүниесінің бір шартын орындауға көмектеседі. Табиғат пен адам жарасы – Шерхан Мұртаза колтаңбасының даралық стилінің, шығармашылық мәнерінің бір белгісі, сәтті, куатты қыры. Енді жазушының стильдік тәсілдеріне тікелей катысы жоқ болғанымен, кез-келген шығарма тілін әңгімелеу үстінде назар аударылмай қалмайтын бір такырыпқа ойыссақ, ол – автордың сөз қолданысы, қолданған сөздерінің сырсипаты, ерекшеліктері туралы болмақ. Сөз қолданыс дегенде, алдымен, жазушының жеке сөздер мен тіркестерді образ етіп жұмсауы, сөз құбылтуы (орыс тілі білімінде «словопреобразование» деп соңғы кезеңдерде өз алдына бөлек категория ретінде қарастыратын құбылысты біз осылай атадық), көне, сирек, жергілікті сөздерді «әдеби айналымға» түсіруі, синонимдер катарын тандауы сияқты амал-тәсілдеріне назар аударылады. 165
Жоғарыда көрсеткеніміздей, жазушы бұл туындысында табиғат суреттерін молынан келтіретіндіктен, мұнда өсімдік, тал-терек, аң-құс атаулары да көбірек көзге түседі. Әсіресе белгілі бір өңірде өсетін көк атауларының, жайлайтын ан-құс аттарының қолданысынан ана тіліміздің сөздік қазынасының байлығына тәнті боламыз. Мысалы, осы шығармадан таулы өлкелер тұрғыңдары ғана білетін еңлік (эдельвейс) гүлінің қаргүл деген де синонимі бар екенін, ұлар деген құстың (оны да жазықтықтағы қазақтар біле бермейді) қақылықтайтынын, барыстың сипаттама бір атауы сұлтан-шері болатынын, атқұлақ пен гүлқайыр, сиырқұйрық пен шәйқурай деп өсімдік аттарын бейнелеп беретінімізді біліп, тіліміз неткен бай еді, неткен образды деп сүйсінеміз. Жасыл орман мен көк майсалы далада туыпөссек те, өзен-көл жағалап, суда малтып ержетсек те, көбіміз басқа өңірді былай қойғаңда, өз айналамыздағы өсімдік, тал-терек, бұталардың, сан алуан балықтардың аттарын жете түгел біле бермейміз. Ал шығармасында қолдану үшін, әсіресе образ етіп жұмсау үшін, жазушы бұларды есінде сактап, ұмытқандарын есіне түсіріп, білмейтіңдерін сұрастырып дегендей, көп еңбек сіңіруі керек және нағыз ботаник, зоологше қай өсімдіктің, қай ағаштың қайда өсетінін, қай құстың, қай тағының қылық-қимылы қандай екенін жақсы білуі керек. Бұл реттен келгенде Шерхан Мұртаза – жаратылыстанушы маман ба деп қаласың. Бұл да шындықты діттейтін көркем шығарма шарты. Екіншіден, романның екі кітабының беттерінен жазушылардан көп кездестірмеген (бірақ кейбірі әйтеуір бар) бір алуан сөздерді ұшыраттық. Олардың мағынасы контекст бойынша аңғарылатын да сияқты. Мысалы, Рысқұлдың 3–4 жасар қызы жортпаш Түйметай, Дмитриев ғалымның бір ғажайып әуен тындағаңдай бозым халі, шаруасы шінжәу Ахат шал, ұлан ас («үлкен, ұланасыр ас берілді», деген мағынада), шымалдай құжынаған халық, дуайпат өгей шеше, күпек шашбау, Жылкыайдар мошан-томпай, момындау кісі можан-томпай шаруа құрып алған (бұл сөзді өзге жазушылар да қолданып жүргенін осы еңбектің өзге тұстарыңда да айттық), түңкелі үй, он тиын шіріңкеден кұр қаласың сияқты сөздердің қайсысы жергілікті, қайсысы көне сөз, кайсысы әдеби тілге ену мүмкіндігі бар потенциал сез екенін айырсақ, жазушының сөз қазынасының молдығынан хабар аламыз. Бұлардың ішінде шымал, шінжәу, можан-томпай, түңке, шіріңке деген сөздер «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінде тіркеліп, мағыналары көрсетілген, тек кейбірінің тұлғалануында өзгешелік бар: роман тексінде шінжәу деп берілген сөздің сөздіктерде тіркелген фонетикалық-графикалық варианты – шынжау, сол сияқты біздің авторымыз шіріңке деп берген сөзі «Түсіңдірме сөздікте» шірінкене түрінде тіркелген, мағынасы – «сауда-саттықта екі жақты келістіруші делдалдың алатын акысы» деп көрсетілген, мүмкін, бұл – көбінесе сауда-саттығы активтеу болған оңтүстік өңірлерде колданылатын кірме сөз болу керек, сондықтан бір жерде шірінкене түріңде қолданылуы әбден ықтимал. Сол сияқты біз тілін әңгімелеп отырған шығармада түңке түрінде жазылған сөз «Түсіндірме сөздікте» түніке вариантында тіркелген, мағынасы «үй төбесінің шатырын жабатын каңылтыр» деп түсіндірілген. 166
Жазушы бұлым деген сөзді бірнеше рет қолданған, контекске қарасаң, ол – жер бедеріне қатысты сөз тәрізді. Рысқұл су жағалап, бір бұлымды айналып өтіп, тұйыктау тас қорымға тартты. Қазақ тілінің лексикалық қазынасын түгендеген он томдық «Түсіндірме сөздікте» бұлым сөзі жоқ, ал бұлың сөзі зат есім емес, сын есім, яғни «бір-біріне жалғас, белең-белең, қалтарыста» деген мағынаны білдіріп, негізінен бел сөзімен келетінін көрсетеді: бұлың белдер. Әрине, «Түсіндірме сөздік» ешбір тұлғаны қалдырмай тіркеген деуге болмайды, сондықтан «қалтарысты жер (бел)» ұғымында бұлым сөзі де болуы әбден мүмкін. Шымал – «құмырсқаның кішкене түрі» болса, жазушының шымалдай құжынаған деген образды фразеологизмі әдеби тілде көбінесе құмырсқадай немесе қарақұоттай құжынаған (қаптаған) деп айтылады. Демек, варианттар тепе-тен, екеуі де қолданыста бар, тіпті шымалдай құжынаған деген аналогы әсерлілеу екені байқалады. Можантомпай сөзі «Түсіндірме сөздікте» осы орфограммада (жазылуында) беріліп, «момын, кақ-соғы жоқ» деген мағынаны береді деп көрсетіледі. Жазушы (тек Ш. Мұртаза емес, осы сөзді қолданған өзге қалам иелері де) бұл сөздің мағынасын кеңейтіңкіреп қолданатын тәрізді. Айталық, осы шығармада «Қырғызбай... Меркенің базарында делдалдық кылып, можан-томпай шаруа құрып алған» деген сөйлем бар, мұндағы можан-томпай «момын» деген емес, «кішігірім, аз-маз, болмашы» (әлде «әжептәуір, едәуір» ме?) деген ұғымда келген сияқты. Можан-томпай (можан-топай, мөжен-топай, можан төмпей деп әр түрлі жазылып жүр) – сирек қолданылатын, ерекше бір экспрессиялы сөз, оған соңғы кезеңдерде жазушылардың жаппай қызығушылығы да осыдан болар. Ал дуайпат, жортпаш деген сөздер лексикографиялық санда (сөздіктерде) жоқ, олар не жергілікті, не ұмыт болған көне сөздер болуы мүмкін, бірақ бұлар да экспрессоидтер тәрізді, екеуі де адамға қатысты сынсипатты білдіреді: жортпаш құлдыраған, шауып жүрген кішкентай баланы, дуайпат өгей шеше дегенге қарағанда «қатал, мейірімсіз, қаһарлы (айбатты?)» сияқты мағынаны берсе керек. Түп-төркіні қандай болса да (диалектизм бе, сирек қолданылатын мағынасы күңгірт сөз бе) осы іспеттес экспрессивті тұлғаларды реті келгенде, көркем әдебиетте қолдануды біз нормадан ауытқу демес едік. Әрине, мұндайда бір-екі жайтты қатты ескеру керек: алдымен, бейтаныс сөздерге тым әуес болмау (яғни бір шығармада «тоғытып» жібермеу), екіншіден, түсінігін қамтамасыз ету, мүмкіндігінше мағыналары контекст арқылы ашылатындай етіп жұмсау. Жоғарыда теріп көрсетілген сөздердің ішінде күпек сөзінің әуелі тұлғасына, содан соң мағынасына келгенде, ойланып калдық, өйткені күпек сөзі «Түсіндірме сөздіктің» мәліметіне қарағанда, ыңғайсыздау мағынаны («еркек малдың жыныс мүшесін қаптап түратын тері») беретін сөз екен, ал біздің тексімізде күпек шашбау тіркесіңде келеді және ол күпек шашбау сыңғыр-сыңғыр сылдырлайды. Кейбір сөздер, мейлі олар жасанды болсын, мейлі сирек ұшырасатын беймәлім элементтер болсын, өздерінің ұтымдылығымен, орындылығымен және кейбірі экспрессиялығымен көңіл аудартады. Мысалы, бұл ретте үдере 167
(түп қопарыла) қоныс аударуды үдерме деп атауын (1880 жылғы үдермеде жиырма үй Сәлік-Сары... осы ағаштарды Іле Алатауына ала келген – 100), әмір беріп, ұрсып-жекіп жүретін адамды әкіреңбай неме деп, әбден піскен жеміс-жидекті пісігі өтіп кеткен деп, сол сияқты қойқаптағысы қозу, күңейкүйрек болу деген сияқты тіркестерін атауға болады. Жеке сөздерді әңгімелеу үстінде орыс сөздерінің кейіпкерлер аузында айтылған түрлеріне назар аударуға болады. Мұнда үстіміздегі ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы оқиғалар суреттеледі және Ресейдің империялык әкімшілігі, әкімдері заң-законы, түрмесі, мектебі, ұлығы мен мұжығы араласқан (қатысқан) оқиғалар, іс-харекеттер әңгіме болады. Демек, автордың баяндау тексінде де, кейіпкерлердің тілінде де орыс сөздерінің келуі орынды да занды. Ол сөздер ресми атаулар да, тұрмыстық сөздер де болып келеді. Автор, әрине, бұлардың басым көпшілігін бұл күнде өзіміз қолданып жүрген орысша тұлғасында (мысалы, комиссия, пристав, прокурор, камера т. б.) жұмсайды. Ал кейіпкерлер оларды өз тілдеріне иіп, «сындырып» айтады. Мысалы, Рысқұл піркөрер (Ана шегірткенің айғырындай шіңкілдеген піркөрердің аузына құм құйылар еді –қатырғы (– Ей, сот! Мен қатырғыға қатын, бала-шағамды бірге ала кетемін. Оған қалай қарайсың? – кәмесия (Мына кәмесияң ең басты белгімді таба алмады – нешауа деп, ал Ахат шал Метрей, Некәлай патша деп орысша есімдерді «қазакшалайды», Таубай старшын ұлыққа «спәсибә, спәсибә» дейді. Бұның барлығы дүрыс, көркем шығарма шарттарының бірін жазушы мүлтіксіз орыңдаған, Рысқұлдар мен Ахаттар орыс сөздерін қазіргіше айтып (дыбыстап) тұрған болса, шындыққа жатпас еді. Сол кезеңдегі ауыл қазақтарының орыс сөздерін айтудағы үлгісін көрсетуде ғана емес, жалпы кейіпкерлердің әрқайсысын өзінше сөйлетуге зер салған және шындықтан алыстамауды көздеген. Мысалы, Тау-Шілмембет аулының беделді ақсақалы Ахат қарт қаншама ақылгөй болғанмен, баяғының билерінше көсемсіп, шешенсіп сөйлемейді. Ал Рысқұл болса, ол — сөздің емес, қимыл-әрекеттің адамы, сондықтан сөздері келте, айтары анық болып шығады. Ақыр роман тілінің лексика-фразеологиялық бітімін сөз еткен екенбіз, бұл орайда ерекше тоқталатын және бір сәтті тұсы бар. Ол жазушының бейнелі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерді едәуір келтіруі және оларды бұзбай, мейлінше дұрыс нұсқаларын ұсынуы. Біз арнайы сүзіп шықпасақ та, оқып отырғанда көзіміз түскен ондаған мақал мен мәтелді, бейнелі тіркестерді теріп алдық. Бұлардың ішіңде халық тілінде әбден кәнігі, жиі айтылатын: «жетім қозы тас бауыр, түңілер де отығар», «бөлінгенді бөрі жейді», «ұзын арқан, кең тұсау», бұл фразелогизмнің дұрыс варианты осы, ал кейбір авторлар мұны «ұзын арқау, кең тұсау» деп келтіреді, тегі, тұсау сөзіне ұйқастырып параллель құру үшін, алдыңғы қанаттағы арқан сөзін арқау болуға тиіс деп тапса керек, «бүлінгеннен бүлдіргі алма (бұның бүлген елден бүлдіргі алма варианты да бар, сірә, ең дұрысы осы болар, өйткені бүлу етістігі «ойрандалу, шабылу» мағынасыңда қолданылатын көне сөз, бүліну сөзімен түбірлес болғанмен, бұлардың мағыналық реңктері ажыратылған), 168
«түйені жел айдаса, ешкіні көктен ізде» дегеңдерден бастап, «көжеден басқа асым жоқ, құдайдан басқа досым жоқ» , «ойым ойран, ақылым айран», «айдаған малы жүзге жетпеген, жүзге жетсе, күзге жетпеген»], «ағайының көп болса, адам тимес, көсеуің ұзын болса, қолың күймес», «жолың шыдыр, жолдасың қыдыр болсын» т. б. сияқты аса жиі айтылмайтын, бірақ мақал, мәтел, образды фразеологизмдердің барлық шартына сай келген қолданыстар бар. «Із қалмайды, сөз қалады», «турап жемесең, етке той-майсың», «бай баласы байға ұқсайды, байланбаған тайға ұқсайды», «тарғыл тас төсек, қара тас жастық болды», «көктегі күннен шылым тұтатқандай», «үрейден үркек тартқан ауыл» тәрізді қолданыстар авторлық дүниелер болуы да мүмкін, бірақ олар да жасалуы мен логикасы жағынан халыктық мақал-мәтелдерден бөлектенбейді. Әр өңірдегі халықтың күнкөріс салтына, әдет-ғұрпына, көршілермен қарым-қатынасына қарай жергілікті мақал-мәтелдер, фразеологизмдер де болатынын ескерсек, «жеті күн жауған жауыннан желдіріп өткен су жақсы» деген сияқты мәтелдер егін егіп, оны дария, арықтардан суаратын тұрғындар тілінде бар болуы да мүмкін. Не халық қазынасынан алсын, не олардың моделімен өзі жасасын — қайткен күнде де бұл романда кездесетін баба сөздері мен дана сөздер шығарма тексіне тігісі жатық түскен, әрі әсерлі, әрі орынды тілдік-стильдік кұралдардың біріне айналған. Жазушы шығармашылығынан бір тұтас қарастырсаңыз – уақыт пен замана, қоғам пиғыл-құлқындағы өзгерістер мен оның себептерін; өмір кешудің «жалпы адамзаттық» моделіне амалсыз бет бұрған қазақы ортаның өзіндік пәлсапасы мен жан арпалысынан бағамдайсыз. Қоғам тәнінен адамның жанын іздей отырып, әлеумет психологиясындағы өзгерістердің объективті – субъективті жағдайларына көбірек үңілетін қаламгер мәселе уақыт пен заманда емес, сол уақыт заманда күн кешіп отырған адамдардың өзінде екенін ұрпақ жалғастығы, буын алмасудағы күрделі процестер арқылы бейнелейді. Халықтың сөйлеу тілінің және шығармашылық өнерінің байлығын кеңінен пайдалана отырып, Ш. Мұртаза көркем сөздің шеберлік құралдарын жетілдірді, көркем әдебиет тілінің образдық-бейнелеу мүмкіндіктерін молықтырды. Қазақтың әдеби тілін ұстартып, шыңдап жетілдірді. Прозада, көркем әдебиетте сөздің бәрі де көркемдік сипат алады. Себебі көркемдік ойды эстетикалық ұғым, сезім білдіреді. Әдеби көркем сөздерге көркемдік сипат беретін көркем ойдың қуаттылығы, әр сөздің қаламгерлік ойды, сезімді жеткізуде орнын тауып, терең мағыналы етіп қолданылуы, әр сөздің шығармада лайықты қолданылуы да Ш. Мұртазаның қалам қуатын, қарымын айқындай түседі. Ол әр шығарманың мазмұнына, ондағы ой-сезім өзгешелігіне, шығарманың жанрлық, стилдік, тағы сондай сипаттарына айрықша мән береді. Көркем әдебиеттегі қарапайым деген сөздердің өзі де суреткер ой-сезімінің байлығын, айрықша қуаттылығын аңдататындай болса, жайдағы айтылатын үйреншікті мағынасынан гөрі әлдеқайда терең мәнге ие бола алады. 169
Ш. Мұртаза прозасындағы адамның сезім дүниесінің орасан зор байлығы, сезімнің нәзіктігі мен өткірлігі, оқушыны баурап алатын керемет күшіосының бәрі суреткердің тіл кестесіне, сөз колдануына бөлекше сипат дарытқанын көреміз. Жазушы туындыларының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімінің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және басқа бейнелі сөздер өте көп кездеседі. Және солай болатын себебі ол халық мұңын, мыңдаған қалам иелерінің өкініш-арманын, қастандық-өшпенділіктен шеккен азабын, сүйенерге тірек таппай күйзеліп налуын – осының бәрін асқан көркемдік шеберлікпен жеткізе білген сұңғыла суреткер, жалынды жазушы санатынан көрінеді. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Ш.Мұртаза туындыларындағы сөз саптау, ой толғаулардың жүйесі қандай? 2. Автор пьесаларындағы драмалық қаһарман және авторлық тұлға мәселесін қалай қояды? 3. Жазушы аудармаларының қазақ әдебиетіндегі көркемдік маңызы ата. Ш. Мұртазаның тарихи таным және авторлық концепция берудегі сөз саптау шеберлігі, лексикалық қоры, афориздерді қолдану ерекшелігіне аналитикалық талдау жаса. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Сыздық Р. Сөз құдіреті. -Алматы: Санат, 1997. -224 б. 2. Қирабаев С. Шындық және шығарма. Сын мақалалар, зерттеулер, портреттер. –Алматы: Жалын, 1981. -252 б. 3. Исаковский М. О поэтическом мастерстве. Москва. Сов.писатель. 1960.214 с. 4.Нұрғали Р. Арқау. –Алматы. Жазушы. 1991. -576 б. 5. Ахтанов Т. Керуен. –Алматы: Жазушы. 1969. -339 б. 6.Фесенко Э. Я. Теория литературы. Просвещение. Москва. 2005.-336 с. 7. Дремов А.Н. Художественный образ. Москва. Сов.писатель. 1961, 408 б. 8. Фадеев А. Избранные труды. Москва. Полит.издат. 1975.-312 с.
170
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар №1. ОӨЖ тақырыбы: Ш.Мұртаза романдарындағы тарихи – көркемдік эстетикалық сипат. Мақсаты: Ш.Мұртаза тарихи тақырыпқа жазылған шығармаларынан студенттерге мәлімет беру. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Ш.Мұртазаның көркем шығармаларын оқып, мағлұмат алу. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Серікқалиев З. Дүниетаным даналығы. Алматы 1999ж. 2.Майтанов Б. Қазақ прозасындағы психологизм. Алматы 2000ж. 3.Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиті. Алматы 2002ж. 4.Қажиақбарова Р. Қазіргі қазақ әдебиті. Шымкент 2003ж №2. ОӨЖ тақырыбы: Ш.Мұртаза шығармашылығының жаңа дәуірдегі бағыты. Мақсаты: Ш.Мұртазаның авторлық концепциясы мен суреткерлік танымындағы ерекшеліктерді талдап түсіндіру. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Ш.Мұртаза шығармашылық жолын, қазақ әдебиетіне қосқан үлесін оқып білуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. Алматы 1999ж 2.Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. Алматы 1989ж 3.Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы 1988ж. 4.Қабдолов З. Жебе. Алматы 1987ж. №3. ОӨЖ тақырыбы: Ш.Мұртаза қазақ әдебиетіндегі лирикалық прозаның негізін салушы. Мақсаты: Ш.Мұртазаның шығармашылығындағы дәстүрлі қазақ өнерімен суреткерлік тұрғыны таныту. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Ш.Мұртаза шығармашылығын оқып, жазушы шығармашылығына қатысты жазылған ғылыми еңбектермен танысу. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. Алматы 2004ж 2.Әбдезұлы Қ. Қазақ прозасы және ұлттық идея. Алматы 2005ж. 3.Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебитеі Алматы 2002ж. 4.Қажиақбарова Р. Қазіргі қазақ әдебиті Шымкент 2003ж №4. ОӨЖ тақырыбы: Ш.Мұртаза шығармашылығындағы ұлттық идея. Мақсаты: Ш. Мұртаза шығармашылығындағы ұлттық рух және ұлттық идеяның бейнеленуіндегі ізденістер. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Ш. Мұртаза шығармашылығындағы жаңа формалық ізденістер. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебитеі Алматы 2002ж 2.Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. Алматы 1989ж 3.Қажиақбарова Р. Қазіргі қазақ әдебиті Шымкент 2003ж 4.Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы 1988ж. 171
5.Көпбаева М.Р. Тарих және көркем шығарма. Алматы, 2005. №5. ОӨЖ тақырыбы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт. Мақсаты: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жазушылар шығармашылығына теориялық талдау жасауды. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Өз беттерінше прозалық шығармаларды талдап үйрену қажет. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. Алматы 1999ж 2.Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиті Алматы 2002ж 3.Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы 1988ж. 4.Қабдолов З. Жебе. Алматы 1987ж. №6. ОӨЖ тақырыбы: Қазіргі қазақ повесі және Ш. Мұртаза шығармашылығы. Мақсаты:Белгілі авторларының өмірі мен шығармашылығын оқып танысу. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Қазіргі повест жанрының жаңаша ізденіс қырларын оқып үйрену. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Серікқалиев З. Дүниетаным даналығы. Алматы 1999ж. 2.Майтанов Б. Қазақ прозасындағы психологизм. Алматы 2000ж. 3.Наурызбаев Б. Дәуір суреттері Алматы 1976ж. №7. ОӨЖ тақырыбы: Қазіргі қазақ әңгімелері және Ш. Мұртаза шығармашылығы. Мақсаты:Қазіргі әңгіме жанрының жеткен табыстары мен олқы тұстарымен оқып, талдау жасау. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Әңгіменің жанрлық ерекшелігін, көркемдік пішінін, формалық мазмұнын, теориясын оқып үйрену. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мейлах Б. Психология художественного творчества. «Вопросы литературы, 1960, №6, 67-68 с. 2. Ергөбеков Қ. С. Сәбит Мұқановтың творчестволық лабораториясы, Автореферат, -Алматы: 1995, 3 б. 3. Жұртбай Т.Қ. М.О. Әуезовтің шығармашылық өмірі мен көркемдік әлемі, Автореферат, Алматы, 2000, 8 б. 4. Әдебиеттану, терминдер сөздігі, Алматы, 1998.-413 б. №8. ОӨЖ тақырыбы: Ш.Мұртаза шығармаларының стильдік ерекшелігі, сөз қолдану шеберлігі. Мақсаты: Жазушының сөз қолдану шеберлігін оқып меңгеру. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Проза жанрының теориялық ерекшеліктерін меңгеру. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Батищева А. С. Человек, творчество, наука. Москва, 1967. 2. Цейтлин А.Г. Труд писателя. «Советский писатель», Москва: 1968. -237 с. 3. Ахметжан Т. Жан әлемі. –Алматы: Арыс. 2006.-275б. 172
№9. ОӨЖ тақырыбы: Халық Жазушысы Ш.Мұртазаның романдарындағы психологизмнің бейнелену тәсілдері. Мақсаты:Суреткер романдарындағы идеялық эстетикалық нысанды, ұлттық дүниетаным қырларын айқындау. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Қазіргі романдағы формалық және жанрлық ізденістердің көркемдік мәселелерін меңгеру. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Тарази Ә., Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы. Алматы 1999ж 2.Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиті Алматы 2002ж 3.Егеубаев А. Сөз жүйесі. Алматы 1988ж. 4.Қабдолов З. Жебе. Алматы 1987ж. №10. ОӨЖ тақырыбы: Қазіргі қазақ драмасына Ш.Мұртазаның қосқан үлесі. Мақсаты: Ш.Мұртаза дарамаларындағы тақырыптық-идеялық ізденістер. Оқушы нені меңгеруі тиіс: Қазіргі драматургтердің шығармаларын оқып, танысып және талдай білуі керек. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұртазаев Ш. Сфинкс сөйлейді. // Лениншіл жас. -1969. -5 тамыз. 2. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, Жазушы. 1959, -366 б. 192. 3. Құлкенов М. Ұлттың бақыты. //Ана тілі. 2002. -17 қазан. 4. Громов В.С. Художественное творчесто. – Москва: Политиздат, 1970. 263с.
173