Әбдікадырова

Page 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ»

Әбдіқадырова Тұрсынай Рыстайқызы Сыздықбаева Ғалия Ұзақбаевна

ҰЛТ РУХАНИЯТЫ (ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті) Оқу құралы

Тараз, 2014


ӘОЖ 37- ( 091 )+37. 01 КБЖ 74. 03 Ә 14 Пікір жазғандар: Пірәлі Г. - филология ғылымдарының докторы, профессор Үсен А. - филология ғылымдарының докторы, профессор Байтелиев А. - филология ғылымдарының докторы, профессор Ә 14 Әбдіқадырова Т.Р., Сыздықбаева Ғ.Ұ. Ұлт руханияты (ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті). Оқу құралы. – Тараз, 2014. – 290 бет ISBN 9965-23-119-2 Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№6 хаттама, 22.08.2014 ж.) Бұл оқу құралында ХХ ғасырдың басындағы ұлттық әдебиетіміздің сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттері жан-жақты сараланып, талданады. Әрбір тақырып бойынша назар аударып қамтуға тиісті негізгі мәселелер көрсетіліп, өз бетімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар және өздік жұмыстарының тақырыптары, пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі жүйеленіп беріледі. Сондай-ақ, пән бойынша арнайы білімді бақылауға арналған тесттік тапсырмалардың үлгілері ұсынылады. Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жүргізілетін «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәні мен орта мектептердің жоғарғы сыныптарында жүргізілетін «Алаштану» курсын оқытуда қолдануға негізделген. Оқу құралы жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттері, магистранттары, оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне және жалпы әдебиет зерттеушілеріне арналған. ӘОЖ 37- ( 091 )+37. 01 КБЖ 74. 03 Ә 14 ISBN 9965-23-119-2 © Әбдіқадырова Т.Р. Сыздықбаева Ғ.Ұ., 2014


Алғы сөз Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қалыптасып, дамуына көп еңбек сіңірген ұлт зиялыларының, тарихи тұлғаларымыздың әр кезеңдегі әр саладағы ұлттық мүддені аңсаған арман-тілектері, ғылыми-танымдық, тәрбиелік, зерттеушілік еңбектері бүгіндері тәуелсіз ой-сана тұрғысынан қайта қаралып, тарих таразысына қайта салынып, жаңаша көзқараспен жүйелі түрде жазылп, ұлттық рухты асқақтатып, ұлттық тілімізді байытып жатыр. Ал, ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды асқақтатты. Қай кезеңде де ұлттық рухтың ең ауыр әрі абыройлы жүгін алғы шепте алғашқылардың бірі болып көтеретін де әрқашан көркем әдебиет пен ұлттық тілі болған және бола да берері сөзсіз. Сондықтан тіл, дін, діл, тарих, әдебиет пен мәдениет сынды ұлттық құндылықтар сөз болған жерде ұлттық идеяның мен мұндалары, зерттелуі де, насихатталуы да заңды. Ал, «Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы. Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде» (Ш.Айматов). «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар», - деді Елбасы (17.01.14ж.) өз Жолдауында. Жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру қажеттілігін, мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастырудың қазіргі таңда кезек күттірмейтін іс екендігін, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керектігін де Елбасшысы қадап айтты. Өткенсіз болашақ жоқ. Тарихымыз бен әдебиетіміз, мәдениетіміз әлемдік деңгейге көтерілуі үшін өткен әдеби, мәдени құндылықтарымызды екшелеп пайдалана білсек ұтарымыз аз болмас. Себебі ХХ ғасырдың басында ұлтын сүйген ұлт тұлғаларының да еңбектерінде, істеген қызметтерінде, айтқан сөздерінде Елбасының айтқан қазіргі таңдағы құнды пікірлерімен сабақтасып жатыр. Білімді, адамгершілікті ұрпақ қана бәсекеге қабілетті болмақ. Бар күш жігерін, білімін елдің ертеңі үшін оның болашағы үшін еңбек еткен ұлт тұлғаларының қатарына біз ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өкілдерін жатқызамыз. Өйткені, қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмысбітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі - әдебиеті мен мәдениеті, рухы мен тілі. Сондықтан біз бұл еңбегімізде ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлы тұлғаларымыздың еңбектерін саралап, қазіргі заман тұрғысынан екшелеп, әр түрлі бағыттағы әдебиет өкілдерінің еңбектерін жүйелеп беруді мақсат тұттық. Қазақ сахарасында ХІХ ғасырдан бастау алған ағартушылық-демократтық идеялардың қанат жайып өркендеуі ХХ ғасырдың басында жаңа серпінмен тың туындыларды дүниеге әкелумен толыға түсті. Дәл осы кезеңде рухани құндылықтарымызды жаңаша көзқарастармен саралай түсіндіріп, ұлтының 3


теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлері тарих сахынасына шықты. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұған дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін табуға тырысты. Қандай да болмасын халықтың ұзына бойғы тарихында гуманизм идеялары бір кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дәуірін жасайды. Бұл – батыстық ғылымда әлдеқашан дәйектелген, мойындалған құбылыс. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, азаматтық тарихта да, әдебиет, өнер, мәдениет тарихында да арнайы тарау ретінде зерттеудің тұрақты нысанына айналған. ХІҮ ғасырда Италияда, ХҮ-ХҮІ ғасырларда Испанияда, Францияда, Голландияда, Португалияда т.б. Еуропа елдерінде кең қанат жайған Ренессанс Батысты жарық пен шуаққа қарай тартты. Қазақ ғылымында «Ренессанс» мәселесі жүйелі түрде зерттелінген емес. Бұл Жаңғыру немесе Қайта өрлеу құбылысының қазақ топырағындағы болмысы жөніндегі пікірлерде, біздің пайымдауымызша, осы құбылыстың туу негіздері, өрістеу арналары, дәстүрлері мәселелерін жіліктеуден гөрі, ренессанстық сыбағаны жекелеген тұлғаларға сыйлау жағы басым болып отыр. Ренессанс жеке бір адам шығармашылығының жемісі емес, ол – тұтас шоғыр еңбегінің табысты нәтижесі. Қазақ Ренессансының басы Абай екендігі академик С.Қасқабасовтың «Абай поэзиясының ренессанстық сипаты» атты мақаласында ғылыми тереңдікпен дәлелденген. Ең данышпан қазақ бастауында тұрған ұлы гуманистік аңсарды дамытқан, нағыз ренессанстық деңгейге жеткізген – Алаш қайраткерлері демекпіз. Қазақ баласына Абайды ең алғаш таныстырған да Алаш зиялылары, Алаштың Әлиханы, Ахметі, Міржақыбы. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады. Алаштың ренессанстық сипаты «Ұлы ұлтшылдық дәуірі» ғана туғыза алатын Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа, Халел, Мұхаметжан, Жанша, Ғалел, Әлімхан т.б. қайраткерлерді, Жүсіпбек, Мағжан, Сұлтанмахмұт, Мұхтар сияқты алып талант иелерін қалыптастырды. Бұл ұлтшылдық адамсүйгіштік, отансүйгіштік сезімдерінен ой мен іске айналған табиғи талпыныс болды. Яғни, Алаш қайраткерлерінің ұлтшылдығы өз дәуірі туғызған, қазақ ұлтының алдына сол дәуірдің өзі қойған сауалдарға пікір жүзінде де, әрекет барысында да берген жауабы еді. Осы тұста жазылған көркемдік бағыты жағынан ағартушылық, сыншыл реализм, сентиментализм, романтизм шегінде туған өлеңдер мен поэмалар, әңгімелер, алғашқы қазақ романдары Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» деген ұлы гуманистік декларациясын жалғастырған, оны жаңа ұлт-азаттық мазмұнмен өрістеткен көркем дүниелер болды. Олардың негізгі арқауында адамның ішкі жан дүниесі бейнелене отырып, оның күйзелісіне рақыммен қараған шынайы адамсүйгіштік пафос жатты. Ал, Алаш зиялыларының гуманизмі – олардың қайраткерлік әрекеттерінің де өзегі еді. Мұндай гуманизм болмаса, олар ұлт тағдыры жолындағы жанкештілік 4


әрекеттерге де бармас еді. Алаш қайраткерлерінің осы тұстағы ұлт мүддесі жолындағы әрекеті мен мақсатына беріктігін шынайы әрі терең көрсеткен «Қалам қайраткерлері жайынан» мақаласында А.Байтұрсынұлы дәуір куәгерінің көзімен былай деп жазады: «...қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын жеңілту, ауырын азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес: кемшілік көрген жұрттан туып, кемшіліктен құтқаруды мақсат етіп, ылғи сол жолда жұмыс қылған қазақ қалам қайраткерлері жұртшыл, ұлтшыл, яғни халқына жаны ашитын, халқының жаны ауырғанда жаны бірге күйзелетін, бауырмал болмасқа тағы мүмкін емес». Мұнда А.Байтұрсынұлының айтып отырғаны адам баласының өз ұлтының тағдырына деген табиғи жанашырлығы, адамгершілігі. Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсенді мүшелері қазақтың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінен ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше бастады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары ұтымды пайдалана алды. Сөйтіп, қандай да бір қасаңдықтан ада, адами құндылықтарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдық, насихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердің шығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері қарай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете бастады. Осы эволюциялық жол – Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықтары. Сонымен қатар, Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі – басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді. Алаш қайраткерлерінің тіл саласындағы тағылымын биік бір асқарға теңесе болғандай. Сол асудың төңірегінде Алаш зиялыларының қазақ тілін дамытудағы еңбектерін ерекше бөле-жара айтуға болады. Алаш зиялыларының дербес мемлекеттілікке ұмтылыстарында қазақ тілінің мәртебесі туралы да 5


ойлар мен мұндалап тұрды. Оны олардың сол тұста жазған мақалаларынан және А.Байтұрсынұлының, С.Сәдуақасұлының Оқу комиссариатында басшылық еткен кезіндегі іс-қимылдарынан аңғаруға болады. Тіл – ұлт руханиятының негізгі өзегі екендігі де Алаш зиялыларының қоғамдық ойларынан және көркем шығармашылығынан көрініп жатты. Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы, халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе, М.Жұмабаев, С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады. Жоғарыда баяндалған ойларымызды жүйелей келсек ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялылары қай жағынан алып қарасақ та ұлттық дүниетанымымызды жаңаша көзқарастармен негіздеген ұлттық идеямыздың бастамашылары болғандығын аңғарамыз. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын. Қазақ әдебиетінің сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттері жазылған ХХ ғасырдың басындағы төл әдебиетіміз айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрды. Өйткені, жаңашылдыққа толы осы дәуірдегі қазақ әдебиеті әлемдік көркемдік тәжірибені меңгерген дарынды қаламгерлер жасаған, барлық жанрларда дамыған, сұлулық жүйесі қалыптасқан, биік эстетикалық деңгейге көтерілген маманданған өнер екенін тамаша туындыларымен дәлелдеп берді. Ұлттық әдебиетіміздің тарихында белесті бұл кезең әдебиеттің өз уақытына сай жедел дамыған, жаңғыру үрдісі кең, мазмұны барынша бай әдебиет болуымен ерекшеленеді. Әр жылдарда оның тарихи-теориялық мәселелері де жан-жақты байсалды зерттеліп отырды. Академиялық зерттеу еңбектерінің ішінде 1961 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» үш томдығының тұтас бір кітабы осы ХХ ғасыр әдебиетінің тарихына арналған болатын. Осы кезеңнің әдеби талдаулары өткен ғасырдың өзінде көрнекті әдебиетшілердің жинақтарында жарияланды. Айталық, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ.Жұмалиев, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Ш.Елеукенов, М.Қаратаев, М.Жармұхамбет, т.б. әдебиет зерттеушілердің еңбектерінде талданды. ХХ ғасырдың басындағы көркем шығармалар да қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің тарихында елеулі із қалдырды, әрі олар ХХ ғасырдың бастауында тұрып әдебиеттің одан әрі дамуына жол ашты. Ғалымдар мен әдебиетшілер осы кезеңдегі әдебиет тарихына арналған еңбектерін әр жылдарда жариялап жұртшылық назарына ұсынып отырды. Бұл 6


орайда С.Сейфуллиннің, «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.), С.Мұқановтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1932 ж.), Е.Смайыловтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1941), Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958), «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1976), т.б. еңбектер өз мәнін жоғалтқан жоқ. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты академиялық көптомдық зерттеу еңбегі әдебиет тарихын, оның ішінде ХХ ғасыр әдебиетінің шығармаларын зерттеудегі межелі бір белес болса, одан кейінгі кезеңдерде де ХХ ғасыр әдебиеті жайында белгілі ғалымдардың, қаламгерлердің зерттеу еңбектері мен көзқарастары түрлі деңгейде жарияланып отырды. Мәселен, еліміз егемендігін алғаннан кейінгі соңғы жылдары ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін тыңғылықты зерделеп, бүгінгі күн талабына сай жаңаша көзқарастармен саралап жарыққа шыққан іргелі еңбектер Ө.Әбдиманұлының «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (2002), Р.Нұрғалидың «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» (2002), Д.Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет» (2002), Д.Ысқақұлының «Әдебиет алыптары» (2004), М.Тәжімұраттың «Ғұмар Қараш» (2004), Ж.Смағұловтың «Ұлттық әдебиеттану әлемі» (2005), Г.Прәлиеваның «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы» (2007), А.Ісімақованың «Алаш әдебиеттануы» (2009), т.б. оқу құралдарының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін оқытуда орны ерекше құнды туындылар. Жоғарыда аталған зерттеу еңбектері ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің келелі мәселелеріне арналғанымен, әр кітаптың жазылуындағы мақсат пен мүделлер бікелкі тоғысып жатқан дүниелерден тұрмайды. Зерттеушілердің бір тобы өз зерттеулерінде сол кезеңдегі әдебиеттің жекелеген өкілдерінің өмір жолы мен шығармашалығын арқау етсе, екінші бір зерттеушілер тобы ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің жалпы даму бағытын айқындау тұрғысынан қарастырды. Зерттеушілердің үшінші тобы белгілі бір жанрдың қалыптасу, даму сипатына зер салып әдеби дәстүр, жаңашылдық мәселелерін сөз етеді. Қалай десек те, ұлттық құндылықтарымыздың ұйтқысы мен рухани діңгегіміздің негізіне айналған осы кезеңге арналып жазылған жоғарыда аталған зерттеу еңбектерінің барлығы да терең мазмұнды зерделенген құнды дүниелер екендігі сөзсіз. Дегенмен қазіргі таңда уақыт талабына сай ҚР МЖМБС және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі ұсынған типтік бағдарламаны негізге ала отырып Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында 5В020500 (050205) «Филология», 050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім беру бағдарламасына сай оқу құралын жазу қажеттілігі туындап отыр деп ойладық. Осыған орай, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті пәнін оқытуды толықтай қамтуды мақсат етіп, бүгінгі талап-тілек тұрғысында оқытылатын тақырыптар топтастырылған оқу құралын жазуды қолға алдық. ХІХ ғасырдан бастау алған ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, өресін биіктеткен бұл ұлы жаңашыл дарындардың дәстүр жалғастығы ХХ ғасырда қанат жайды. Абай мектебі, Абай дәстүрі мен дүниетанымы ХХ ғасырдан бастап жаңа қазақ әдебиетінің алтын арқауына айналды. Осы кезеңде қазақ әдебиеті жанрлық, түрлік тұрғыдан, мазмұн мен халықтық мұрат жағынан 7


жедел өсіп өркендеді. Әдебиеттің поэтикасы байыды, тәжірибесі молықты. Баспасөз бен әдебиет байланысы артты. Қоғам мен әдебиет аралығындағы байланыс барынша айқындық сипат алды. Әдеби байланыс өрістеді. Тұтастай алғанда, ХХ ғасырдың басында әдебиет жаңа сипаттармен толысып, ұлттық сананың сара көрінісіне жол ашты. Оған жоғарыда аталған Алаш әдебиетінің көрнекті өкілдерінің ұлттық әдебиетімізге сіңірген еңбектері ұшан теңіз болғандығы дәлел. Сондықтан, жоғада баяндалған деректер мен орамды ойларды саралай келгенде ХХ ғасыр басындағы Алаш ардақтыларының еңбектерін жан-жақты, жеке дара талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде қалыптасқан көзқарастар осы оқу құралын «Ұлт руханияты» деп атауымызға негіз болды. Бұл оқу құралында ұлттық өнердің алтын ғасыры аталған ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңінде ғұмыр кешіп төл әдебиетімізді жедел дамытқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин т.б. тұлғалардың өмірі мен шығармашылықтары бүгінгі күн талабына сай қайта ой елегінен өткізіліп зерделенді. Жалпы ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде түрлі бағыттардың болғандығы белгілі. Ол сол дәуірдегі ақын-жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге жетуге деген ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып табылады. Осы мәселе төңірегінде зерттеуші ғалымдардың пікірлері де біркелкі бола бермейді. Әр зерттеуші өзі көздеген мақсаты мен мүддесіне орай осы кезеңдегі ақын-жазушыларды топтастырып, бағыттар мен тарауларға бөледі. Әрине, түптеп келгенде мәселе оларды қанша бағыт пен тарауға бөлгендігінде емес, олардың рухани мол мұраларының жүйленіп, еш бұрмалаусыз жетуінде. Сондықтан біз бұл еңбекте ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылардың шығармашылықтарын негізгі идеялық ағым-бағыттары бойынша төрт тарауға бөліп қарастырдық. Әр тарауда белгілі ағым-бағыттың ерекшелігін айқындап алып, оның елеулі өкілдерінің қаламынан туған туындыларға шолу жасап, жанжақты зерделедік. Әрбір ақын-жазушының өмірі мен шығармашылық жолдары туралы мәліметтерді бере отырып олардың еңбектеріне талдаулар жасадық. Бірінші тарауды «Шығыстық ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар» деп алып, онда мұсылдманша білім алып, өз шығармаларында діни ұғымдарды жиі қолданып, жалпы шығармашылығында шығыстық сарында басымырақ еңбектер жазған ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылық жолдары баяндалып қаламдарынан туған туындылары талданады. Екінші тарауды «Батыстық ағартушылық бағыттағы ақын жазушылар» дей отырып, онда европаша білім алып, әдеби ізденістер жасап, батыстық сарында басымырақ жазған ақын-жазушылар туралы баяндадық. Үшінші тарау «Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар» деп аталынады. Онда жалпы шығармаларында халықты ағарту ісі басым келетін, әдебиеттің жаңашыл бағыттағы өкілдерінің өмірі мен шығармашылықтары бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша зерделеніп, сараланды. 8


Тұтастай алғанда оқу құралында аттары аталып, шығармашылықтары зерделенген барлық ақын-жазушылар туралы тың ойлар бүгінгі күн тұрғысына сай ой елегінен өткізіліп тақырыптық жағынан осы уақытқа дейін жарық көрген оқулықтар мен зерттеу еңбектерінен ерекшеленеді. Мәселен, қазіргі таңдағы еліміздің жоғары білім беру жүйесіндегі оқытудың кредиттік жүйесіне сай орындауға тиісті өздік жұмыстарының тақырыптары, бақылау сұрақтар, тест топтамалары, пән бойынша сөз түсінік (глоссарий), пән бойынша пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі жүйеленіп беріледі. Демек, осы оқу құралы кез келген жоғары оқу орнында оқытылатын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті пәнін оқытуда маңызы зор оқу құралы бола алады. Сонымен қатар, оқу құралын 2013-2014 оқу жылынан бастап еліміздің жалпыға бірдей білім беретін орта мектептерінің жоғары сыныптарында оқытыла бастаған «Алаштану» курсында қолдануға әбден болады.

9


1-ТАРАУ ШЫҒЫСТЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР

Мұса Байзақұлы (1849 -1932) Мұса Байзақұлы (шын аты Мұсабек) 1849 жылы, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының, Түркістан ауданының Шоқытас ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының белгілі ақындарының бірі. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды. Сөйтіп замандастары Мәделі қожа, Майлы қожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Болашақ ақын әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, кейін өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ, ол схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай, кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады, олардан үлгі алады. Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары сақталынған. Ол “Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе”, “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” секілді көптеген ғибрат өлеңдер, дастандар жазған. Оның шығармашылығы туралы алғаш рет Ө.Тұрманжанов мақала жариялады (“Әдебиет майданы”, 1935, 8 cаны). М.О.Әуезов Мұсаның ақындығын жоғары бағалап, бір топ өлеңдерін 6сыныпқа арналған “Әдебиет хрестоматиясына” енгізді (1937). Өз шығармаларын, қазақ өлең өнерінің дәстүрлі үлгісінде жазып, шығыстың (оның ішінде араб) классикалық әдебиетінен нәр алған, бар өмірін Қаратау өңірінде өткізген өнер иелерінің бірі, ақын Мұса Байзақұлын діни сауатты, діндар ақын адам болғандығынан оны молда Мұса деп атаған. Өз ана тілінен басқа араб, парсы тілдерін жетік білген. Сол арқылы шығыс әдебиетін жетік меңгерген. Оған ақынның мына өлеңіне қарап жастайынан шығыс (араб, парсы) әдебиетінен терең нәр алып сусындағандығын байқаймыз. Мәселен, мына өлең жолдары оған куә: Адамға ғылым, өнер қамшы деген, Жүйрікпін арабыға парсыменен. Аз ғана шайырлығым тағы да бар, Кідірттім неше ақынды қарсы келген. Ақын өзінің араб және басқа да түрік тілдерін білгендігін бұдан да басқа өлеңдерінде айтып кеткен. Мұсабек ақын жоғарыда атап өтіп кеткеніміздей, өз замандастары секілді, өлеңдерінде араб сөздерін жиі-жиі қолданған. Ол кезде діндар қаламгерлер санаулы ғана болмаған. Сонымен қатар, сол уақыттағы ақындардың діннен хабарсыз болуы да мүмкін емес. Онымен қоса ол кісілер өз өлендерін бір тақырыпта жазулары да ғажап емес. 10


Мәселен әйгілі Майлықожа ақын "Шора батыр" деген хикая жазған. Шора батыр әңгімесін Майлықожадан жазып алған Әбубәкір Диваевтың нұсқасын және басқа да Майлықожа шағармаларын құрастырып шығарған белгілі ғалым Ә.Оспанұлы. Зерттеушінің пікірінше, әңгіме ертегіге ұқсас жазылған екен. Кейін молда Мұса жайында жасалынған ізденістердің нәтижесінде, Мұсабек ақынның "Шора батыр" жайында жазғаны табылған. Бірақ Мұсабек ақын Шора батыр жайындағы хикаяны жыр етіп жазған. Мұса да кітаби ақындар қатарына жатады. Кітаби ақындар шығыста көп тараған сюжетті өздерінше жырлаған. Жоғарыда айтқанымыздай, Шора батыр жырын Майлықожа қара сөзбен жазған. Ал Мұса қисса етіп, яғни жыр етіп жазған. Бұл көркемдік дәстүр жалғастығының белгісі. Бұдан қарап біз, Мұса ақынның нәзира дәстүрін жетік меңгергендігін байқаймыз. Себебі ақын жырды қазақ қауымына жеңіл, түсінікті етіп жырлаған. Ақын Мұса араб сөздерін осы жырында жиірек қолданған. Ақынның бұл жырында адамның шамасынан артық кереметтер көрсетілген секілді. Сонымен қатар шығармада діни сипаттар да бой көрсеткен. Жалпы оңтүстік шайырлары жайында жан-жақты зерттеулер жүргізіп жүрген зерттеуші Ә. Оспанұлы, Мұсабек ақынның Шора батыр жыры жайында сөз жүргізген. Ол кісі осы жыр жайындағы қорытынды пікірінде былай дейді: «Сонымен Шора батыр төңірегіндегі барша әңгімеміздің тобықтай түйіні түріндегі қорытынды пікіріміз - бұл шығарма халық қазынасы қатарында саналуға лайық. Онда адамның күш мүмкіндігінен тыс кереметтер келтірілген, яғни жеке батырлардың жекпе-жек күрестерінде дінге кіріп, тілді кәлимаға келтіруді талап ету секілді кейінгі кезеңнің қоспалары болса, олар жөнінде айтарымыз - қазақ ауыз әдебиетінде ондай белгілерден дені таза шығармалар жоқ. Ал, оларсыз шығармалар жасалған дәуірлерге тән белгілер өшіп, олар көне күндеріміздің ескерткіші ретіндегі мән-маңызын жоғалтар еді». Зерттеуші Ә. Оспанұлы ол кездегі шығармалардың діни мәтінсіз болмағандығын айтқан. Дегенмен де, бұл кісінің кей сөзіне қосыла алмаймыз. Бұл аталған ақындар өз өлеңдерін, жырларын діни тақырыпта көп жазған. Діни сөздерді келтіре отырып, халықты жақсылыққа шақырған. Діни сөздерді келтіре отырып жамандыққа бастаған ақын жоқ шығар. Себебі дін туралыққа, тазалыкқа шақырады. Осы себепті де, Ә. Оспанұлының: «ондай белгілерден (яғни діни, арабша сөздерден) дені таза шығармалар жоқ», - деген сөзіне қосыла алмаймыз. Сонымен қатар, ақын Мұсабектің өлеңдерінің дені таза емес деп те айта алмаймыз. Қазақ айтысқа бейім халық. Ал айтыс үрдісі сонау ертедегі арабтарда да болған. Арабтар Ислам діні келмей тұрып есте сақтауды, жаттауды жақсы дамытқан, басқаша айтқанда, жазып отырған адамға: «соны жаттауға шамаң келмейді ме?» - деп күлетін болған. Ислам келіп бұл жағдайларды өзгертті. Айтыстың жаңа түрі яғни жазбаша айтыс пайда болып, дамыды. Айтыстың бұл түрі араб, парсы, түркі яғни Шығыс елдерінде тарады. Бұл Шығыс елдерінде көне заманнан келе жатқан жазбаша айтыс дәстүрі қазақ арасында да кеңінен тарады. Бұл айтыстың ең етек алған жағы Қазақстанның Оңтүстік өлкесі еді. Мысалы, Молда Мұса мен Сырым, Манат қыздармен хат арқылы жазысқан айтыстары бар. 11


Мәселен, Мұса Сырым кызға 1875 жылы 26 жастан жаңа асқан уақытта былайша хат жазған: Ақ бетің ағаш үйге жаққан шамдай. Ішіне қараңғы үйдің атқан таңдай. Сыртыңнан Сырым сенің болдым асық.Ерте өткен Бапарым мен Күләндамдай. Ақын өзін қыранға, қызды ақсұңқарға, асыл тасқа теңеген. Арада бұл хатқа Сыр бойынның ақыны Будабай да араласып, Мұсабекке жауап қайтарады. Сөйтіп, жазбаша айтыс басталып кетеді. Отыздан асып қалған Мұсабек Төрткөл елдімекенінде досы Жылқыбайдың үйіне түседі. Ал Манат осы ауылдың жиырмадан асқан кескін-келбетіне сай ақыл парасатты қыз екен. Мұсабек: Хат жаздым қалам алып Манатжанға, Жүзіне жанның бәрін қаратқанға, Ақ жүзін бір көрсетер күн бар ма деп, Сыртыңнан жалынушы ем Жаратқанға, - деп бастап: Қайтейін лажсыздан кеттік біз де, Кетсек те басқа да емес, көңіл сізде, Болғанмен ауыл емес, көңіл жақын. Біздерден әлі дос болсаң күдер үзбе. Ұлғайған жасына қарамай, жастық дәурені басында тұрғандай, астам сөйлеген ақынның күйіп-жанған от жалынды, лапылдап тұрған сөздерге толы хатын алған Манат өзін ұлғайған ақынға тең санамайтынын төмендегіше ашық айтады: Жасында анық сұңқар болғаныңыз, Дариядай жігіт күнде толғаныңыз. Сыпырып жас кезінде ілсең-дағы, Тұғырға мәреден өтіп қалғаныңыз. Осылайша Мұсабек пен Манат екі мәрте хат алысады. Мұсабектің үшінші хатына Манаттан жауап келмейді. Айтыстың жалғасы ауылдағы тойда бетпе-бет кездескенде ғана жалғасып, кейін бітеді. Молда Мұсаның өмірі мен шығармашылығын екі кезеңге бөлсек болады. Мұсаның шығармашылығы Абайдың шығармашылығына сәйкес келеді. Сәйкес келу себебі ақын жастайынан арабша хат танып, Кеңес өкіметі орнағанға дейін діни мәтінде өлең, жырлар жазып діндар қаламгер болады. Бұл уақытты шығармашылығының бірінші кезеңіне жатқызуға болады. Ал екінші кезеңі Кеңес өкіметі орнағаннан кейін немесе большевиктер өктемдігі өршігеннен кейін басталды. Бізге керегі ақын шығармашылығының бірінші кезеңі ғана. Себебі, осы кезеңде ол кісінің араб әдебиетінен сусындағанын байқаймыз, әрі үңіле оқысақ, ақын шығармаларынан өз заманының діндар адам түсінігінің, дін мектебінің талай-талай пайдалы таңбаларын табамыз. Молда Мұсаның шығармалары ел аузына көп тарап, ақын атағы кеңінен жайылса да, соңғы жылдарға дейін оның шығармашылығына арналған мақалалар, зерттеулер болмай келді. Мұса молда жөнінде ең алғаш қалам тартып, мақала жазған Өтебай Тұрманжанов еді. Кейінірек М.О.Әуезов өзінің алтыншы класқа арналған хрестоматиясында Молда Мұсаға жеке тарау беріп, ақынның еңбегін өте дұрыс бағалады. Онда: «Молда Мұса өз уақытына қарағанда оқымысты адам деп саналған. Ол араб, парсы, шағатай әдебиеттерін, тарихтарын жақсы білген, Қазақ, қырғыз, басқа Орта Азия халқының ескілігіне де қанықты жетік болған. Өзі көптің арасынан шығып, сол көпке сүйеніп, тіршілік етіп жүрген соң Мұса өлеңнің тілін жұртқа ұғымды ғып айтады. Қартайған күйінде де біздің заманға жетіп, еңбекші бағытын бағып, мұрат етіп 12


алады да, бұрынғысынан көп өзгереді. Нағыз совет бағытындағы өлеңдері айтарлық күш, серпін табады. Өзі бұқара ортасынан шығып, заман желімен ығып бай кілеміне түсіп кеткен ақын, енді бұқара мүддесін танып, оған ниетін қосады» - деп ерекше атап көрсетілген еді. Мұса молда өлеңдерінің ішінен махаббат, табиғат лирикаларын, әлеуметтік мәні зор толғауларды, көптеген мысалдар мен айтыс жырларын да кездестіруге болады. Ол туралы жоғарыда да бяндадық, ол әсіресе ақынның ел арасына мол тараған атақты Манат қызбен айтысы. Молда Мұса совет тұсында да едәуір өмір сүріп, халықтар достығы, Отан қорғау, социалистік өзгерістер жөнінде біраз шығармалар жазған. Ақын 1932 жылы 83 жасында қайтыс болған. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мұса Байзақұлының өмірі мен шығармашылығы. 2 Мұса Байзақұлы шығармаларындағы діни сарындағы көзқарастардың ерекшеліктері. 3 Мұса Байзақұлы шығармашылығының тақырыптық-идеялық сипаты. 4 Мұса Байзақұлы өз шығармаларын жазуда қай ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтқан? 5 Ақынның хат түрінде жазылып сақталған айтыстары. 6 Ақынның «Сырым қызға”, “Қосай тілмашқа”, “Тышқан мен түйе” өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. 7 Ақынның “Ағаш пен маймыл”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен молда” деген ғибрат өлеңдерінің идеялық сипаты. 8 Мұса Байзақұлы қандай тілдерді жетік білген? 9 Мұса Байзақұлы шығармаларындағы діни сарын. 10 Ақынның қанша жасында дүние салған? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Мұса Байзақұлының өмірі мен шығармашылығын қанша кезеңге бөліп қарастыруға болады? 2 Мұса Байзақұлы шығармашылығын зерттеуші ғалымдар. 3 Мұса Байзақұлы туралы М.Әуезовтің пікірі. 4 Мұса Байзақұлы және Шора батыр жыры. 5 Ақынның хат түрінде жазылған Манат қызбен, Бұдабай ақынмен айтыстары туралы ой -толғамдар. 6 Мұса Байзақұлының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі орны. 7 Мұса Байзақұлы ақындық өнерінің ерекшеліктері. 8 Ақын жырларындағы өмір шындығы. 9 Ақынның махаббат, табиғат лирикалары мен әлеуметтік мәні зор толғаулары. 10 Ақынның Манат қызбен айтысының әлеуметтік мәні мен маңызы. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы. 1990 2 Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 1992 3 Қазақ ауыз әдебиетіне қасиетті Құран Кәрім қиссаларының тигізген әсері. 13


4 Ұлықбек Алиакбарұлы. Шымкент-2011. «Алтын алқа» баспасы 5 Өтебай Тұрманжанов . Молда Мұса ақын туралы “Әдебиет майданы” 1935 ж.№8 6 Мұктар Әуезов. Молда Мұса (өмірі мен ақындық қызыметі жайында). Әдебиет хрестоматиясы. 7 Рахманқүл Бердібаев. Халық ақындары туралы кітапша. “Социалистік Қазақстан” газеті, 1990 ж, 10 қаңтар №8 8 Әсілхан Оспанүлы .“Ақын Мүса”,- “Оңтүсті Қазақстан” газеті, 1961 9 Ә.Оспанүлы. Ақын Мүса, Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарларының филология мен зерттеу сериясы, 1 басылым 1962 10Р.Бердібаев : “ Эдебиет жэне омір” ,- эдеби сын мақалалары кітабы. Алматы, 1964

Шәді Жәңгірұлы (1855-1933) Өз ортасында Шәді төре атымен белгілі болған ақынның әкесінің аты бірде Жәңгір болып берілсе, кейде Жаһангир болып кездеседі. Оған себеп, оның Орынбордан шыққан кітаптарында “Шәді Жәңгірұлы” деп аты-жөні аталса, Қазан, Ташкент қалаларында баспа көрген кітаптарында тіл ерекшелігіне байланысты “Шәді Жаһангирұлы” болып көрсетілгендігінде. Шәдінің әкесі Жәңгір – атақты Абылай ханның шөбересі, Кенесары ханның жорықтарына қатысқан. 1847 жылы Хан кене дүниеден өткенде, оның кіші әйелі Мәуті ханымды әмеңгерлік жолмен Жәңгір алған. Осы Мәуті ханымнан болашақ шайыр туған. Шәді Жәңгірұлы 1855 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында дүниеге келген. Он жасына жетер-жетпесте ауыл молдасынан діни сауат ашады. Имандылық жолға түскен Шәді ақын әуелі Шаян мешітінде оқып, кейін Шымкенттегі Абдолла Шәріп деген ғұламадан дәріс алады. Онда ол араб, парсы тілдерін толық меңгеріп, шығыс мұсылман шайырларының атақты шығармаларымен жете танысады. Ғылым деген түпсіз терең теңіздің тамшысын ішкен болашақ шайыр, ілімін одан әрі жетілдіру мақсатымен, сол кездегі барша мұсылман баласына белгілі Бұхарадағы “Мир-араб” медресесінде оқиды. Онда Ислам құндылықтарымен жақыннан танысып, болашақ шығармаларына арқау болатын діни қағидаларды жақсы меңгереді. Өмірінің соңында “Молла” деген айып тағылып, қуғынға ұшыраған Шәді 1933 жылдың 12 қыркүйегінде дүниеден өтеді. Шәді есімі әдебиет сүйер қауымға таңсық есім емес. Оның өмірі мен шығармашылығын Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Р.Бердібаев, Н.Келімбетов, Ө.Күмісбаев, У.Қалижанұлы сынды ғалымдар зерттеген болатын. Шәдi төре Сейтахмет ишанға (Сейтжан мағзымға), ол кiсi дүниеден өткен соң оның баласы Әппәқ ишанға қол берген. Оған мурид болған. Шәдi төре Шаяннан соң Қарнақта, одан соң Бұхарада оқыған.

14


Шәді – көп жазған ақын. Әрі оның жазған шығармаларының басым бөлігі өзінің көзі тірісінде Орынбор, Қазан, Ташкент қалаларында жарық көріп отырған. Шәді ақынның мұраларын көп зерттеген ғалым Немат Келімбетов: “...Ол жүз мың жолдай өлең-жыр жазды, соның жетпіс бес мыңдай жолы ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шықты,” – дейді. Ақынның баспа көрген бірқатар кітаптары мен әлі жарыққа шықпаған шығармалары Қазақстан Республикасы ұлттық академиясының орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы. Сондай қолжазбалардың бірінде Шәді төре Жәңгірұлының баспадан шыққан кітаптары мен баспаға берілген қолжазбаларының тізімі берілген. Баспадан шыққан еңбектерінің қатарында “Сияр Шәрип,” “Назым Чоһар Дәруіш,” “Шайхы Барсиса,” “Беташар,” “Қамарзаман,” “Атымтай” сияқты жалпы саны он үш кітаптың аты көрсетілсе, “Хәзірәт Ескендір”, „Тарихи Абылай хан,” “Ибрахим Халилуллаһ,” “Мұса Перғауын хикаясы,” “Аһуал Қиямет” тәрізді тоғыз шығармасының баспаға берілгені айтылады. Ал, Немат Келімбетов шайырдың баспа көрген еңбектері жайында: “Шәді Жәңгіров үлкенді-кішілі он сегіз дастан-поэма, қисса-хикаят, бірсыпыра өлең-жыр жазып, бастырған» деген дәйекті келтірген. Шәді медреседе оқыған ислами пәндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқытылатын Мұхаммед пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) “Назым Сияр Шәриф” дастанын жазса, ислами фәлсафаға “Ахуал қиямат” дастанын, шариғат іліміне “Фикһ қайдан” шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына (Қиссасуыл әнбия) “Назым Ибрахим Халиолла,” “Хазірет Мұса мен Перғауын,” “Дәуіт уақытындағы рәйіс” сияқты дастандарын дүниеге әкелген. Осындай діни дастандар жайында М.О.Әуезов “....Діни өлеңдерін, қиссаларды, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма әңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағы көлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, әрқайсысын тудырған жағдай мен себепті әуелі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек» – деп жазғаны бар. Суреткер-ғалымның сол кезде айтқан өсиетіне бүгінгі дінтанушылар мен шығыстанушы ғалымдар құлақ асады деген ойдамыз. Шәді өз заманының “кітаби ақындары” сияқты шығыс шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаумен де айналысқан. Ол парсының атақты шайыры Фирдаусидің “Шахнамасын” қазақ тілінде сөйлетіп, Атбасар уезіндегі Қалменбайға тарту еткені жайлы деректер бар. Оған “Шәдінің болыс Қалменбайдан ат сұрап жазған” өлеңі дәлел: Жібердім “Шахнаманы” сауап үшін, Батыр мен балуан сөзі толған іші. Өзіңіз оқып көріп түсінерсіз, Ашылар естігеннің көңіл қошы. Көрмекке сол кітапты көтерілген, Төркініңнің ашкара қылды іші. Тым қуат моллаларға оңай емес, Сөздерін бұл кітаптың тез білісі. 15


Бағзы жерлерінде бас тіллә бар, Молланың түсінетін әлібісі, – деп, қаласа тағы бір қайтара жазып беретінін айтады. Мінбекке ағаңызға бір ат дәркор, Бес жаста, я алтыда болсын тілі. Толықтық, сұлулық пен семіздігі, Ұқсасын өзіңізге әр жүрісі, – деп ақысына бір жақсы ат сұраған. “Орақа– Күлше”, “Чоһар Дәруіш” сияқты шығармаларымен әйел тағдырын, шынайы махаббат мәселесін көтерген ақын қазақтың той-томалақтарында келіннің бетін ашуға арналған “Беташар” деген жыр да жазған. Шәдінің басты ұстанған мақсаты – шынайы махаббат, адал жар, шаңырағы шайқалмайтын отбасы. Осы жолда ол болашақ келінге ақыл-өнеге айтады: Құлағыңды салып тыңдап тұр, Келінжан менің тілімді. Әдептің жолын үйренбекке Жас кісіге ілімді. Айтқанымды ұғарсың, Егер болсаң сәлімді. Ақылсызға айтқан сөз, Далаға кеткен шығынды. Бәрі саған керек іс Тыңдасаң кейін жырымды. Жырменен қосып айтамын Бар насихат сырымды. Шәдінің көлемді шығармаларының қатарына “Россия патшалығында Романов нәсілінен хұқымранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы” атты тарихи реалистік поэмасы мен қазақ тарихына арналған “Тарихнама” деген көлемді тарихи шығармасы жатады. Екі шығарма да тарихи желіге құрылған. Ақын Ресей туралы тарихи поэманы 1910 жылдары жазған. Шығарма ішінде Ресейді ежелден басқарып келе жатқан патшалар мен атақты қолбасшылардың өз халқы үшін істеген ерліктері кеңірек қамтылған. Шәдінің осы шығармасы 1912 жылы Орынборда кітап болып шығып, халық арасына кең тараған. Бұл туралы 1916 жылы көтерлісшілердің алдында сөйлеген сөзінде А.Имановтың: “Түркістан қаласынан шыққан ақын Ш.Жәңгіров бізге Россияның тарихын аударып берді, оны біз зор мақтанышпен оқимыз”– дегені ойымызды нақтылай түседі. Шәдінің қазақ тарихына арналған “Тарихнама” поэмасы екі үлкен тараудан тұрады. “Шыңғыс ханның тарихы” атты алғаш жартысы 32 тараудан тұрса, поэманың “Абылай хан тарихы” деген жартысы 22 тарауды құрайды. Шәдінің осы бумадағы үш қолжазбасының жалпы көлемі 31964 жол. Поэманың басында ежелде патшалық құрып, бұл күндері аттары аңызға айналған патшаларға тоқталады да Оғыз хан, Қара хан тарихтарын өрбітеді. Ру тайпалардың шыққаны, қазақтың үш жүзге бөлінгені жайлы жәйттерді келтіреді. Шығармадағы оқиға барысы бірінен соң бірі өрбіп, хандар өмірінен 16


көп мәлімет береді. Шәдінің бұл шығарманы жазарда қандай дерекке сүйенгені жайлы Н.Келімбетов: “Мазмұнына, құрылысына қарағанда Шәді бұл дастанын Абулғазы Бахадурханның “Шежіре-и түрік” деген кітабының ықпалымен, соған еліктеп жазған сияқты. Сондай-ақ “Тарихнаманы” оқи отырып, Мұхаммед Юсуфты “Тарихи Мухимханий” (ХҮІІІ ғ), алғашқы нұсқасын Нуриддин Ахунд Мулла Тархад Самарханди жазған “Тарихи Рақимий”, Мунис Хорезмий мен оның жиені Мухаммедриза Агахий жазған “Фирдаве уа-иқбол” сияқты күрделі тарихи еңбектермен Ш.Жәңгіровтың жақсы таныс болғанын аңғару қиын емес», – дегенді айтады. Шәді өзінің поэмасының “Қазақтың үш жүзге бөлінгені” деген тарауында: Ілгері рулардың хикаяты, Шығарған Абулғазы тарих хаты, – деп Абулғазының тарихымен таныс екенін аңғартады. Сондай-ақ, Шәді поэма ішінде бізге аты белгісіз “Рузата Сафа” деген кітапқа да сілтеме жасайды. Бұдан ақынның осы еңбекті жазарда біраз кітапты қарап шыққанын байқауға болады. Шыңғыс хан өз күшімен шаһлық еткен, Уақытында онша түрлі іс көрсеткен. Хорасан, Иран, Тұран, Дешті қыпшақ, Үндістан, Қытайға шейін үкімі жеткен,– деп, Шыңғыс ханның жасаған жорықтарына тоқталған. Шыңғыстың дүниеге қолына қан ұстап келгенінен-ақ, оның әлемді жаулайтынынан хабар береді: Темужин анасынан дүние енді, Бір қолдың алақаны жұмулы еді. Қатындар қызмет еткен қарағанда Ішінде ұйып қалған бір қан көрді. Шыңғыс қағанның ел қамын ойлап, өзі құрған патшалықтың іргесі шайқалмауы үшін балаларына әрқашанда бірлікте болыңдар дейді. Менен соң біреуіңізді патша қылып, Һүкіміне тұрыңыздар мойын ұсынып. Сіздерге ешкім дұшпан бола алмағай, Тұрады қол астыңа бәрі кіріп. Шәді бұл поэманы ұзақ уақыт бойы сарыла жазған. Ол әрбір оқиғаларға ерекше мән беріп, содан өзінше қорытынды шығарып отырады. Шәдінің діни дастандарының ішіндегі ең көлемділерінің бірі – “Назым Сияр Шәриф». Бұл дастан бастан-аяқ Мұхаммед пайғамбардың өмір жолына арналған. Ақынның бұл шығармасы өткен ғасырдың басында Ташкент, Қазан қалаларында бірнеше рет жарық көрген. Кешегі кеңес заманында қайта баспа көрмеген. Бірақ, араға бірнеше жылдар салып, 1995 жылы Алматыдағы “Санат” баспасынан филология ғылымдарының кандидаты, доцент Оңайбек Құдышұлының құрастыруымен қайта жарық көрді. Алайда, мұнда ақын еңбегі толығымен берілместен, құрастырушы тарапынан буын саны, сөйлем құрылыстарына бірқатар өзгерістер енгізіліп, едәуір қысқартылып берілген. Қазақ даласында пайғамбарды дәріптеп, оның өнегелі ғұмырын жыр-дастанға қосушы ақын шайырлар аз болмаған. Түркі жұртына сопылық ілімді таратушы Қожа Ахмет Иассауи: Он сегіз мың әлемге сәруар болған Мұхаммед, Отыз үш 17


мың асхабқа раһбар болған Мұхаммед, – деп, пайғамбардың өнегелі істерін жырға қосқан. Шәді ақынның “Назым сияр шәриф” шығармасы шағатайша жазылған. Сондықтан да, шығармада араб, парсы сөздері көп орын алған. Профессор Б.Кенжебаевтың пікіріне жүгінер болсақ, бұл тіл орта ғасырлық әдебиет тілі болған. Шәді Жәңгірұлының өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, тыңдеректерді ғылыми айналымға енгізу арқылы, артында қалған мұрасынан қалың оқырманды сусындатып, қана қоймай, бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның ғылым-білімінің ілгері жылжуына өзіндік үлесімізді қоса алсақ деген тілек, бұл біздің басты да негізгі ұстанымымыз. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Шәді Жәңгірұлы шығармашылығының тақырыптық-идеялық сипаты. 2 Ақынның реалистік шындық өмірге негізделген өлеңі? 3 Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы өз заманында әдебиеттің қай жанрын ерекше өрістете түсті? 4 Шәді Жәңгірұлының «Келіннің бетін ашатын терме» атты дастаны қай жылы жарық көрді? 5 Шәді Жәңгірұлы мұраларындағы шығыстық сарын. 6 Ақының шығыс шайрларының бірі Фирдаусиден аударған туындысы? 7 Ақын шығармалары жазылған тілдердің орта ғасырлық әдебиеттегі орны. 8 Ақын поэмаларындағы тарихи факторлар мен аңыз-әңгімелердің маңызы. 9 Ақын дастандарының тәрбиелік мәні мен маңызы. 10 Шәді Жәңгірұлының рухани мұраларын зерттеген ғалымдарды атаңыз? 11 Шәді Жәңгірұлы қандай бағытты ұстанған жазушыға жатады? 12 Шәдінің «Тарихнама» поэмасы неше тараудан тұрады? 13 «Бір молда» өлеңіндегі өмір шындығы. 14 «Отыншы байға» шығармасы қандай тақырыпқа арналған? 15 Шәді Жәңгірұлы шығармашылығының негізгі тақырыптары. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Шәді Жәңгірұлы шығармаларының мәні мен мазмұны. 2 Шәді Жәңгірұлының аударма саласындағы еңбегі. 3 Ақынның көзі тірісінде шығармалары жарияланып отырған қалалар. 4 Ақынның ислам фәлсафасына арнап жазған туындысы. 5 Ақынның мұралары туралы жазушы М.Әуезовтің пікірі. 6 Ақынның шағатай тілінде жазған шығармасы. 7 Шәді Жәңгірұлының “Тарихнама” атты шығармасындағы тарихи деректердің маңызы. 8 Ақын шығармаларындағы Шыңғыс хан туралы деректер. 9 Шәді Жәңгірұлының “Назым сияр шәриф” шығармасы. 10 Шәді Жәңгірұлы білім алған оқу орындары. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы: Жазушы, 1985. 18


2 Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. Алматы: Білім, 2003. 3 Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы: Алаш, 2003. 4 Келімбетов Н. Қазақ әдебиет бастаулары. Алматы: Ана тілі, 1998. 5 Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы: Ғылым, 2001. 6 «Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. Астана.11-12 қараша, 2011. 7 Е. Дүйсенбайұлы «Жеті ғасыр жырлайды» І-том., Алматы, 2008. 8 Бермағамбетов С. «Діни ағартушылық және Кердері Әбубәкірұлының мұрасы». ф.ғ.кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1995. 9 Ысмайлов Е. «Әдебиет жайлы ойлар». Алматы, 1968 10 Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы, 2003. 11 Әзібаева Б. «Қазақтың діни дастандары». Алматы, 2002. 12 Әуезов М. Шығармалары. 16 том. Алматы, 1985.

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы (1857-1937) Ақын, аудармашы, қазақ ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы, насихаттаушы, жыршы Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы 1857 жылы қазіргі Жетісуда дүниеге келіп, 1916 жылы Шыңжаңның Іле өңіріне барып тұрақтап, сол жерде медресе, мектеп ашып ағартушылықпен айналысқан адам. Ауыл молдасынан оқып, кейін медреседе білімін жетілдірген. Араб, парсы, шағатай, түрік тілдерін толық меңгерген. Оқуын аяқтаған соң ақындық, серілік жолға түсіп, ел аралайды. Сыр сүлейлері мен Қаратау шайырларымен, Сарыарқа мен Жетісудың ақын-жырауларымен жүздеседі. Олардың шығармаларын жазып алып, ел ішінде насихаттаған. Шығыс тілдеріне жетік ақын олардың классикалық әдебиетін, фольклорлық туындыларын тыңғылықты оқыған. Фирдоуси, Хафиз, Жәми, Физули, Науаи жырларымен жете танысқан. Ол XІX ғасырдың 90-жылдарынан бастап Петербург, Қазан, Уфа, Ташкент баспаханаларында қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, Шығыс сюжетіндегі қисса-дастандарды бастыру ісін қолға алады. «Қыз Жібек» (1900), «Айман - Шолпан» (1896), «Сара қыз бен Біржан салдың айтысы» (1898), «Алпамыс» (1899), «КенесарыНаурызбай» (1903), т.б. ұлттық фольклордың асыл мұралары мен «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зылиха», «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат», т.б. шығыс сюжетіндегі хисса-хикаяттар Жүсіпбектің бастыруымен алғаш рет жарыққа шықты. «Мың бір түн», «Кербаланың шөлі», «Тотының тоқсан тарауы», «Дариға қыз», «Қасым Жомарт», т.б. аңыздардың мазмұнын өз бетінше жырлады. Жүсіпбек хисса-дастандар жазумен қатар айтыстарға да қатысқан. Оның Шөкей (Уәзипа) қызбен, Жалайыр Бақтыбаймен айтысқаны белгілі. Алғашқы айтыстары жеке жинақ ретінде басылып (1897, 1910), кейін «Айтыс» томдарына (1964,) енгізілді. 19


Жүсіпбек 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысып, кейін жеңіліс тапқан халықпен Қытай еліне қоныс аударуға мәжбүр болады. Сол өлкеде тұрақтап қалып, бала оқытумен, емшілікпен шұғылданады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы «Қазақ совет энциклопедиясы», «Ақынжыраулар» (1979), «Үш үзік» (1993), «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» (1994) жинақтарында жазылды. Ақынның төл туындылары мен басылым көрген хисса-дастандарының қолжазбалары Қазақстан ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының сирек қоры (ОҒҚ, 170 д. 546, 570-бумалар) мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығында (Ә-И, 901, 121-бумалар) сақталған. Сонымен қатар, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы келешек ұрпаққа талай өнегелі айтыстар қалдырып кеткен бірегей ақын. Мәселен, сондай айтыстардың бірі «Жүсіпбекқожа мен Шөкей қыздың айтысы». Жүсіпбекқожа: Жаратқан бәрімізді Хақ Тағалам, Қолында молларадың дәуіт қалам. Тапсам тауып, таппасам құр қалармын, Сөзіңді сұрайтұғын айтшы маған - деп өзі бастап еміне сұранады. Оның ар жағында қыздың сұрағына жауап бере отырып, айналасына білгенін жеткізіп қалу ойы жатқанын түсініп отырған шығарсыз, «таппасам құр қалармын» дегенінің өзі тауып айтып бере алмаса сауаптан (жүлдеден емес) құр қалатынын меңзеп отыр. Ақыл – дария, білім – теңіз,-деп ақыл мен білімді жұптап отыр. Шөкей қыз: Ендеше тыңдап отыр, Қожа бала, Байқасам затың артық, ақылың дана. Ақын болсаң алдыңа сала айтайын, Әуелі нені жаратқан Хақ Тағала? Жүсіпбекқожа: Болғанда ақыл – дария, білім – теңіз, Білмесек оның жайын адам неміз? Әуелі бар ғаламды жаратты Алла, Сабақ берген молладан естігенбіз. Шөкей қыз: Жігітті әлденеше көзім көрген, Сөзіме өзің болдың жауап берген. Ақын болсаң алдыңа сала айтайын, Кім екен адамзатта бұрын өлген? Бұл жерде Шөкей қыздың өзі сұрап отырған сұрағының жауабын өзі дебілетіні анық аңғарылып тұр. Алайда қарсы жақтан шыққан жауап ел есінде қалу үшін әдейі қойылғандай. Жүсіпбекқожа: Өлеңім айта берсем толып жатыр, Адам ата баласы Қабыл, Абыл. Өзімен егіз қызға көңілі ауған, 20


Абылды өлтіріпті батыр Қабыл. Шөкей қыз: Меккеге әлің жетсе қылғын тауап, Болады-ау бір жаныңа үлкен сауап. Ақын болсаң алдыңа сала айтайын, Дүниеде неше жұп бар, берші жауап? Жүсіпбекқожа: Сөзімді мынау айтқан алғын ұғып, Әр неңіз әлемдегі ерлі-зайып. Толғанып оның несін сөз қыласың, Бір Құдайдан басқаның бәрі де жұп! - деген екен. Міне, ары биік, арманы асыл халықтың адал перзенттері енді сол халықтың ұрпағын ақиқатқа үндеуді өзіне міндет санаған. Осы бір үзік айтыстың өзі жоғарыда айтқан сөзіміздің бұлтартпас дәлелі болмақ. Сондай ақ, Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы бүгінде ұлттық ауыз әдебиетіміз бен айтыс өнерінің озық үлгілерінің біріне айналған озық туынды Біржан мен Сара айтысын алғаш рет жариялаған ақын, оны 1898ж. Қазан қаласында “Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен жариялады. Айтыс 1871ж. қазіргі Алматы облысының Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өткен. Жүсіпбектің айтуынша онда мынадай жолдар кезедеседі: Біржан: Қызы екен Тастанбектің ақын Сара Бәйгеден күнде келген жалғыз қара. Қыз да болса адамның жүйрігі екен, Көрмедік сөзді адамды жеке-дара. Қызы екен ақын Сара Тастанбектің, Жақыны найман Толқын, Есімбектің Сауық қып Садыр, Матай жиылысып, Аулына алдыртыпты Тұрысбектің. Аулына Тұрысбектің Сара кепті, Өлеңді жүндей сабап дүрілдетті. Сол кезде он жетіде ақын Сара, Жел сөзге адам болмас онан епті. Сараның атын білер Арғын, Найман Жүйрік шыққан аталық, қаптағайдан. Баласы Қожағұлдың сері Біржан, Сараны іздеп шықты әлде қайдан. Елі керей, Біржанның ұраны - Алтай-Қарпық. Қызыққа тірі күнде жүрген батып. Атасы - Алтай-Қарпық, елі арғын, Сауықпен жүрген сері дуылдатып. Сараны есітіпті Біржан анық, Бұған да жүрген жігіт өнер дарып. Құдай берген дәулетті аясын ба, 21


Шығыпты он бір жігіт жолдас алып. Ауызын қарсы келсе ашырмаспын, Адамға мақтанар ол менен өзге. Бөденедей қырғи алған жұмарлармын, Құдайым қуат берсе енді бізге». Әлқисса, Жүсіпбекқожаға Сара қыздың Біржанмен айтысқанын өз ауызынан естігендер осылай деп бастан-аяқ баян қылған, айтыс келер жылы болса керек... Сараның сөзі: Қызы едім Тастанбектің атым Сара, Ішінен ер қаптағай шықтым дара, Он үште домбыра алып, сөз сөйлеп ем, Келемін бір сүрінбей жалғыз қара. Қолдай көр ер қаптағай ата-бабам, Сөзімді тыңда құрбым, келсе шамаң. Ақ сүйек пайғамбардың тұқымы деп, Сөзімді естіргелі келдім саған. Тақсыр-ау, күні құрсын ұрғашының , Билігі болмайды екен бір-басының. Тері-терсек бергенсін ит те алады, Бұлындай берекесіз арбашының. Әкемнің төрт түлігі бәрі де сай, Алты ауыл аруақты үш ағам бай Бұлаңдап асау кердей жүрсем-дағы, Тоқтыдай борышқа кеттім, о, дариға-ай. Бір құдай бермесе несіп етпес зарлағанға. Тұңғиық сөзім терең барлағанға. Тақсыр-ау, он сегізге биыл жеттім, Сан жүйрік ілесе алмас самғағанда. Хан, қара, шаршы топқа сан сөйледім, Көз көрмей бәрі бекер нанбағанға. Біреуі атын ұстап тұрды шаужайынан, Сөзінің білдім Біржан ыңғайынан. Толықсып төңкеріліп ән шырқап тұр, Сөйтсе де шошымадым айғайынан. Сонда Біржанның қызды шақырып айтқан сөзі: Бұл үйде Сара бар ма, келсін бері, Іздеген келіп тұрмын Біржан сері?! Жолықпай сөзі өктемге жүрген шығар, Ауылыңда Тұрысбектің өлер жері. Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын, Арғынның Алтай-Қарпық ақтаң кері. Барабар сөзі теңдес адам болса, Көңілімнің тарқаушы еді қайғы-шері. Қырандай аспандағы желді күнгі, 22


Дауысымның көтерілер шықса тері. Болжаған жер шаршысын майталманмын, Жасымнан маған мәлім қыз не дері. Жүсіпбекқожаның «Жүсіпбекқожа мен Зылиқаның айтысы», «Жүсіпбекқожа мен Ләзипаның айтысы», «Сақау қыз бен көсенің айтысы» секілді кесек айтыстары ауыздан ауызға таралып ел есінде сақталған. Ақын, Шайхисламұлы Жүсіпбектің «Қисса-и Мұхаммед Расулалланың дәрул пәниден дарул бақаға рихлат еткен мәселесі» атты еңбегі жайында мәлімет берер болсақ, Шайхысламұлы Жүсіпбек туралы мәлімет берген әдебиеттерде (осы еңбекте пайдаланылған) бұл еңбек жайында білдірілмеген. Алайда, оның қисса-хикаяттарында ислам дінінің әсері бар екендігі жазылған. Туыс халықтар әдебиетін зерттеу мақсатында, Шайхисламұлы Жүсіпбектің бұл еңбегі жайында профессор Метин Акар мақала жариялап, ақынның еңбегін танытты. Профессор Метин Акар өз мақаласында Жүсіпбек Шайхисламұлының Қисса-и Мұхаммед Расулалланың дәрул пәниден дарул бақиға рихлат еткен мәселесі атты еңбегін 8 бөлімге бөліп қарастырған. Бұл қисса, 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Әр өлең шумағы ааха түрінде ұйқасталған. 145 өлең шұмағы мен 1 екі шумақты өлеңнен тұрады (Бұл екі шумақты өлең кітапқа енгізілмеген бір шұмақтың соңғы екі қатары болуы мүмкін). Ақын өз еңбегінде, бұл кітапты жазбас бұрын әр түрлі баспа және қолжазба еңбектерді қарастырып, одан кейін өз еңбегін жазғанын: Әр кітаптан көрдім өлең қылдым, Мұнан артық сөйлеуге келмес шамам. Аралап тұзын таттым талай жердің, Кітаптан әуелі оқып нұсқа көрдім. Әуелі кітаптардан көрдім ізін, Расулдың қисса қылдым екі сөзін (563-564). Нұсқасын әр кітаптан көріп едім, Көңілім оқығанда беріп едім.- деген сияқты өлең шумақтарымен білдірген. Бұл өлең шұмақтары, пайғамбарымыз туралы жырланған діни қисса-хикаяттардың нұсқаларының көптігін білдіреді. Қазақтардың жазба әдебиетке басқа түрік халықтарынан кейін, ХІХ ғасырларда өткені бәрімізге мәлім. Бұл қисса-хикаяттар қазақ әдебиетінде жиналып, қағазға түсірілмес бұрын, ел арасында айтылып, ауыз әдебиетінің жинағы болып есептелетін. Жүсіпбек Шайхисламұлы, өз еңбегін әр түрлі нұсқалардан қарап жазғаннан кейін оны Ахмет Кәрім есімді ноғайға Қазанға бастыруға жіберуі үшін бергендігін, «Бастыруға Қазанға жібергін» – деп, Ахмет Кәрім ноғайға жазып бердім. Арлы-берлі өлең қып жазып алып, «Бастыр» деп, Ахмет Кәрімге беріп едім – деп білдірген.

23


Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының шығармашылығы. 2 Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы қандай тілдерді жетік меңгерген? 3 Жүсіпбектің қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары мен Шығыс сюжетіндегі қиссадастандарды бастыру ісі қай қалалардағы баспаханаларда іске асырылды? 4 Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының қисса-дастандарындағы шығыстық сарын. 5 Ақын қай жылы алғаш рет Біржан мен Сара айтысын баспа беттерінде жариялады? 6 Жүсіпбектің бастыруымен алғаш рет жарыққа шыққан шығыс сюжетіндегі хисса- хикаяттар? 7 Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы өөз заманында қазақтың қандай ақындарымен айтысқан? 8 Жүсіпбектің алғашқы айтыстары жеке жинақ ретінде «Айтыс» томдарына қай жылы енгізілді? 9 Ақын неге Қытай еліне қоныс аударуға мәжбүр болды? 10 Ақын Қытай еліне қоныс аударғаннан кейін онда қандай жұмыспен айналысты? Өздік жұмыс тақырыптары: 1. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының әдеби мұралары. 2. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының қазақ әдебиетіндегі орны. 3. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы еңбектері басылған жинақтар. 4. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының өз елінен өзге елге кетуіне себеп болған жағдай. 5. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының аудармалары. 6. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының туған өлкесі. 7. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы шығармаларындағы ислами көзқарастар. 8. Ақынның «Сал-сал», «Зарқұм», «Жүсіп-Зылиха» шығармалары. 9. Ақынның «Мұңлық-Зарлық», «Шәкір-Шәкірат» шығармаларындағы шығыстық сарын. 10. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының ауыз әдебиетіне қосқан үлесі. 11. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының айтыстары. 12. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы қисса-хикаяттарындағы діни көзқарастардың орны. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Қазақ совет энциклопедиясы, 4-т. 2 ҚҰЭ, 4-ші том, Алматы, 2002. 3 Бабалар сөзі. Астана, 2002. 4 Пантусов Н.Н. Материалы к изучению казак-киргизского наре-чия.В. IV Қатындар ту расында үш ертек (текст, транскрипция и пере-вод). Қазан. Университет. 1902. 5 Қисса-и Біржан сал менен ақын Сараның айтысқаны. Қазан. Матбәғә-и Кәримия.1902 6 ҚызЖібектің хикаясы. Қазан. 1902. 24


7 Хикаят Көрүғлы Сүлтан. Қазан. Университет. 1902. 8 Қисса, Фирпгіл қыз һәм хикая Гүлжәмилә һәм Жүсіпбек Қожа- бек хафа болып ынсафсызларға айтқан бір назым хикаясы. Қазан. Университет. 1903. 9 Қыз Жібектің хикаясы. 1990. 10 Қисса Фиршіл қыз һәм хикая Гүлжәмилә һәм Жүсінбек Қожабек хафа болып ынсафсызларға айтқан бір назым хикаясы. Қазан. Уни-верситет. 1957.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) Қазақ әдебиетінің тарихында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Жас кезінде Шығыс әлемінің білімімен сусындаған, кейіннен орыс тілін меңгеруі арқылы Батыс өркениетінің де ғылыми жаңалықтарымен танысқан ол тарих, этнология, фольклористика, әдебиет, тіл тарихы, этнография, философия, космология сияқты ғылым салаларына арналған еңбектерді жазып қалдырды. Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы Баянауылдағы Қызылтаудың Найзатас деген жерінде ережеп айы, жұма күні, бесін кезенде Көпей шаңырағында дүниеге келген. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жас кезінде ауыл молдасынан дәріс алып, хат таниды. Бес жасында Баяндағы Байжан Смағұлұлының медресесінде Нәжімалдин хазіреттен, кейін 8 жасында Қамариддин хазіреттен оқи бастайды. Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің 1865 жылдан 7 жасар кезінен бастап халық әдебиеті үлгілерін жинай бастағанын анықтарлық дерек жанұялық архивінде сақталған. Мәшһүр Жүсіптің жырлауындағы «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Алтынбас-Күмісаяқ» жырларының варианттары бар. «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Сайын батыр», «Нәрік ұлы Шора батыр» да сүйікті жырлары болған. Әлкей Марғұлан жазбасында «Сүйіндік: Олжабай батыр» ертегісінде «Сақау ақынның айтуынан 1865 жылы жазып алған Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы» деген мәлімет бар. Сонымен қатар ақынның мұрасын жинаушы Жолмұрат Жүсіпұлы жазбасында сабақ беруші Қамар хазіреттің бұл өнірге белгісіз төрт түрлі өлең-қисса әкелгендігі, оларды сегіз жасар шәкірт Мәшһүр Жүсіптің қолжазбадан көшіріп, жаттап алып, ел-жұртқа жайғандығы әңгімеленеді. 1870 жылдары Хамеретдин хазіреттің медресесін бітіріп, мұсылманша орта білім алып шығады. Ауыз әдебиеті нұсқаларымен ерте танысып, халықтық жыр - дастандарды жаттап өседі. Өзінің алғырлығын, сөз өнеріне бейімділігін ол ерте - ақ танытады. Мәшһүр Жүсіп 1875 жылдан бастап біраз уақыт ауылда бала оқытып, қаражат жинайды. Білімін толықтыру мақсатымен 1886 жылы Бұхараға келіп, діни жоғары оқу орнында оқиды. Сосын оқуын Ташкентте жалғастырады. Осы жылдары Орта Азияны аралап, Самарқан, Ташкент, Түркістан, Бұқара т.б. қалаларда болады. Ол осы жылдары түрколог - академик 25


В.В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинап бастыру ісімен айналысады. Мәшһүр Жүсіп 1887-1890 жылдары бірнеше рет Орта Азияны аралап, Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара қалаларында болады. Араб, парсы тілдерін үйреніп, Шығыстың классикалық әдебиетінен сусындайды. Ол осы жылдары Қазанға сапарға аттанып, түрколог ғалымы В. Радловпен танысып, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаумен айналысты. Кейін келе Мәшһүр қазақ фольклорының ең жүйелі жинақтаушысы болды. Мәшһүр Жүсіп бүкіл түркі халқын тегіс сүйген, оны “батыр да, қайсар ел” деп дәріптеген, түркі тілі араб тілінен кейінгі ғажайып үнді, мазмұнды тіл екендігін дәлелдеп айтқан. Әсіресе, Қожа Ахмет Ясауиді түркі елінің ғұламасы атаған, бұл кісі туралы бір аңызды келтіреді. Сопы ақын “тоқсан тоғыз мың машайығын” шақырып: “Сіздер баршаңыз бір жерде отырып, бас-басыңызға бір ауыздан сөз айтыңдар, кейінгі заманға естелік болсын”, – дегенде, “қай ретті қылып сөйлейміз” деп Сұлтан хазіреттің өзінен сұрағанда: “Мақал деп айтылатұғын сөз болсын…” депті. Ең алдыңғысының айтқан сөзі екен: “Хазірет баршамызға бір-бір сөз айт деп шақырды. Жалғызың дәнеме айтпайсың, өзің білме, білгеннің тілін алма деген осы екен-ау”, – дейді. Сонда солардың ең аяқ соңында қалғаны: “Сендердің қасыңда құйысқанға қыстырылған тезек сықылды болып жүріп мен не айтамын”, – деген екен. Орта буында біреуі дәнеме айтпаған соң: “Кел, мұны қол-аяғын байлап, тіпті ештеме айтпаса суға тастап жіберелік” деп бас салғанда: “Құдайға шүкір, көп қорқытады, терең батырады” деген осы екен-ау”, – депті. Қазақ ішінде “мақал” деп айтылып жүрген сөз тоқсан тоғыз мың машайықтан қалған екен десіп келеді”, – деп зерттеуші айтса, біз мақал-мәтелдің бір үлгісі Қожа Ахмет Ясауиден бастау алған шығар деген ойға қалдық. Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады. Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған. Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқара26


тынын дәйектеуге болады.Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді. Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар. Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы; Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі; Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері. Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демократиялық көзқарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фольклорды өзгертуге, түзетуге жатпайтын асыл мұра деп білген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шартын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған. Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бірнеше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шөмекейге қараның ханы болғанын тілге тиек еткен. Мұндай мысалдар ақын қолжазбасында көптеп кездеседі. Екіншіден, фольклорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сондықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағдайын, қалай тарағанын анықтап отырған. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың баласы Алтай деген жігіттің Піспекбайдың жылқысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығармай аман алып шығуы баяндалады. Жылқышының таза көңіліне, адалдығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жоғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады. Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарайтындығы баяндалады. Міне, көріп отырғанымыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады. Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Автор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топшылауларын да бірге беруге тырысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинаушылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фольклорды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге болады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс болғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жалпы бұл әңгімелерде қазақ 27


халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, даналығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бастысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, татулығы, ынтымақтығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жеткендігі айтылады. Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филологиялық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклордың ел арасында ерекше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастерлейтінін барынша айқын көрсетуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық арасында ең алдымен ақын-жазушы ретінде танылғанын ескерсек, онда оның фольклорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл байлығының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есепті бағалағаны анық. Мәселен, ел аузындағы “Жиренше шешен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төркінін білемін деп ізлегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ханының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі боласың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгімесінің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фольклор үлгілерін көбінесе тарихи адамдар есімдерімен ұштастырған. Фольклор үлгілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, айнасы екендігіне көңіл бөлгені байқалады. Жинаушылықтың бесінші ұстанымы – Мәшһүр Жүсіп фольклорды этнографиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыптасуына, тіпті олардың тұрмыс-тіршілігіне, қоршаған табиғи ортасына, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәселен, “Бұл қазақ қай уақыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтылғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шыққандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрынғы заманда қазақтың Жүз деген де аталарының аты болса керек. “Жүз” деген атты руға, “Алаш” деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қылысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – “Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, “Хал-ахуал”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, “Миғраж”, “Хаятбақшы”, “Қорқыт”, “Гүлшат-Шеризат” деп 28


аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті. Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы да сырлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді. Олардың мінез-құлқын салмақты баяндап, сабырлы түйіндейді. Бір қызығы, әрқайсының мінезі әртүрлі, бірі біріне кереғар, күле салуы да жылдам, ренжи салуы да оңай. Енді ақынға сөзімен айтсақ: Аманыңда елжіреп мақтайтын да ағайын, Алыстамай айналып жақтайтын да ағайын. Ауырыңды жеңіл ғып жоқтайтын да ағайын Еркелетіп бетіңнен қақпайтын да ағайын, – десе, бұл күнделікті өзіміз көріп, өзіміз қоян-қолтық араласып жүрген ел тірлігі. Халқымыз “Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол”, – дейді. Ағайынның тағы бір мінезіне ашынып, “Туысқан бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды”, – деп те ашылады. Қалай болғанда да өзіңнің өскен жұртыңа жетері жоқ. Осыны Мәшһүр Жүсіп тіпті әдемі толғайды ол туралы: Әуел баста аңдамай тартып жүрме сазайын, Толып жатыр түрлі сөз қайсыбірін айтайын. Түсінсе түйткіл сөзімді улы тілмен шағайын, Өскен ордам жамандап жақсыны қайдан табайын, – дейді. Мәшһүр Жүсіптің осындай жақсы жырларының қатарына оның “Жеті жетім”, “Қажылық иман шарттары”, “Адам екі түрлі”, “Жанайын ба?”, “Дауасыз дерт”, “Күндіз бен түннің айырмасы”, “Сырға сөз” секілді өлеңдерін атар едік. Өз кезінде Мәшһүр Жүсіп сан-салалы ауыз әдебиеті үлгілерін мол жинағаны, өз замандастарының шығармаларын да хатқа түсіргені көпке аян. Бұл жөнінде академик М.Әуезов былай деп тұжырымдайды: “Ол, өз шығармаларын былай қойып, басы ашық үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт” десе, академик-жазушы С.Мұқанов: “ХVІІІ ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған – Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: “Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар, бізге келіп жеткен тамыры ғана. “Мес” жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Сиясы әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне қолжазбаның әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпайтөкпей сақтауға тырысқан”. Осыған ұқсас пікірді ғалым Ы.Дүйсенбаев та айтқан. Ол: “Мәшһүр Жүсіп Көпеев Бұқарға тиісті деген өлең-толғауларды, ел ішіндегі кәрі құлақ қариялардың аузынан жазып алып, ертеректе қағаз бетіне түсірген, екіншіден ол өзінің шамасы келгенше қарт жыраудың мұрасын толық және келіп жеткен қалпында сақтауға тырысқан, үшіншіден өзі де Бұқардың 29


өмірі және шығармашылығымен жете таныс болғандықтан, кейбір жыртолғауларына түсіндірмелер берумен бірге, басқа да қызықты мәліметтер келтіріп отырған”, – десе, бұл пікірді біз де мақұлдаймыз. Мәшһүр Жүсіп дүниеге келгенде оған ата-баба салтымен азан шақырып, атын Адам Жүсіп болсын деп қойған екен. Ал, оның Мәшһүр Жүсіп дейтін атқа ие болуы жайы да қызық. Сегізден тоғызға аяқ басқан шағында қалың топтың алдында бірде-бір мүдірместен мақамына келтіре отырып “Төрт жігіттің өлеңі”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” лиро-эпос дастандарын жатқа толғайды. Жиылған қауым дән риза болып, “баланың аты – Мәшһүр болсын, тіл-көзден аулақ болуы үшін басына үкі тағып қойыңдар”, – дейді. Қара өлең, қайым өлең, жар-жар, аужар, сыңсу, батырлар жыры, лиро-эпос жыры, шешендік сөздің неше алуан түрін жастайынан жаттап өскен Мәшһүр өзі де он бес жасынан бастап өлең шығара бастапты. Біз өз уақтысында “Жалайридың жел жетпес жүйрігі” атанған Бақтыбай мен Сыр бойының ақыны Бұдабайдың түс көріп, түсінде көген емес, өлең алып, ақын боп оянғанын жақсы білеміз”. Ал, Мәшһүр Жүсіптің қалай ақын болғандығы жайлы әңгімесі оның өзінің алдындағы өнерпаздарға ұқсастығымен бірге, айырмашылығының да бар екендігін анық танытады. Мұны “Он бесте шабыттандым жүйрік атша, кеудеме өлең толды сызған хатша” деген жолдардан ұғынуға болады. Одан бұл кезде жазу-сызудың қазақ өлкесіне кең қанат жая бастағанын, Мәшһүр Жүсіптің де сауаттылықты жоғары бағалап, оған құрметпен қарағанын аңғарамыз. Бірақ, оның осы тұстағы өлеңдерінің тақырыбы күнделікті тұрмыстық жағдайды суреттеуден әрі асқан жоқ. Ол өзі араласып жүрген айт пен той, әртүрлі адам мінезі, жүріс-тұрыс ерекшелігі, көшу, қону, жаз бен қыс, ас, қыз ұзату сияқты нәрселер еді. Бұл өлеңдерінде кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіне терең бойлап, талдау жасау жоқтың қасы, бір сөзбен айтқанда, бұл оның шәкірттік, үйрену кезеңі еді. Мәшһүр Жүсіп, өзі айтқандай, он бес жастан кейінгі өмірінің бәрін дерлік өлеңмен сөйлеген. Ақын дүние танымын, адамдармен қарым-қатынасын, нені сүйіп, нені жек көретінін, кімнен үйреніп, кімнен жиренетінін де өрнектеген. Біз оның мұндай туындыларынан сол кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын, ішкі жан дүниесін, тұрмысын жан-жақты танығандай боламыз. Ақын той мен топта, ел мол жиылған аста бай мен болыстан, би мен бектен ығыспаған, олардың қателіктері мен кемшіліктерін тіке айтып, жуанға істеген “жақсылығын”, жіңішкеге көрсеткен “қорлығын” бетіне басып отырған. Осы ақ ниеті үшін артынан опық жеген кездері де аз емес екен. Расында да ол бала болып ойнамаған, бес жасынан бастап оқуға зейін қойған, ержетіп бозбалалық шаққа жеткен соң да ала қағаздан бас алмаған. Ақын шарқ ұрып ізденудің нәтижесінде білімге де, парасатқа да ерте жетіпті. Күннің шуағын бірінші болып қарсы алып, батып бара жатқан шапағын да өзі шығарып салатын заңғар таудың құзар басы сияқты, алдымен не көрсе де білімді жан көрмек. Ақылды, білімді адам өмірдің соққан бар дауылына төтеп бермек. Мәшһүр Жүсіпті де осындай жан деп білеміз. Оның жанының 30


нәзіктігін, көңілінің жомарттығын, “өзім не болсам да мейлі – өзгенің жаны жараланбасын, басқаның басына бақытсыздық, күңгірттік келмесін”, – деп іштей жақсы тілеумен жүретінін айтып жеткізу мүмкін емес. Мәшһүр жырлары оқушысын еңбекке, адалдыққа, мейірімділікке үндеумен қымбат. Ақын үзбей өлең жазып, халықты өнер-білімге шақырғаны мәлім. Мәшһүр Жүсіптің түпкі арманы – халықты жаппай сауаттандыру еді. Алайда, ол мұндай игілікті іс тек сөзбен ғана іске аспайтынын, ол үшін қолда билік болуымен қатар, мол қаражаттың қажет екендігін кейін сезінді. Амалсыз ішкі мұң-шерін тағы да өлеңмен шертті. Ол көпшіліктің берекесін алатын, жарастығын бұзатын озбырларға үнемі қарсы тұрып келіпті. Бұл турасында профессор Б.Кенжебаев: “Мәшһүр шығармаларының көпшілігінде заман жайын айтады, қазақтың теріс мінездерін, қазақ арасындағы ескіліктің қалдығын, би-болыстарды, патша үкіметінің чиновниктерін сынайды”, - десе, ғалым жіті байқап, дұрыс бағалаған деп білеміз. Мәшһүр Жүсіптің өмір сүрген тұсы - бір рудың малын екінші бір рудың елі барымталап, шетке шыққан жылқы-сиырын сіңіріп кете беретін, әлсіздің күні қараң, күштінің сөзі жүріп тұрған феодалдық қоғамның нағыз қаны тамып тұрған кезі еді. Қысы-жазы ауыл маңы айғай-шу, бос дүрмек. Оқу іздеп, өнер қуып жүрген бір де бір жасты көре алмаған ақын халыққа қарап: Қазағым, өнер ізден, ұрлық-зорлық, Қыласың бір-біріңе неге озбырлық, – дейді. Ақын сөз өнерін өте жоғары бағалаған. Ол адамзат баласының бір-бірімен табыспайтын, жақындаспайтын кезі болмайды, олар бір-бірінің ішкі жан сырын сөйлесу арқылы түсінеді, ұғысады дей келіп: Ұшқан құс, жүгірген аң-жануарлар, Атанды бәрі қайуан – тілі жоқтан, – деп түйіндейді. Бұл жерде ол адамның “ұшқан құс, жүгірген аңнан” артықтығы – ақылында, тілінде дегенді айтып отыр. Мәшһүр Жүсіп өз өлеңдерінде әркім өз еңбегімен күн көрсін дегенді үндейді, сонымен бірге біреудің есебінен тірлік кешу арамтамақтардың ісі екенін де есінен шығармаған. Ақын адам өміріндегі ең бір қымбат дүние достық екенін, досы мол жанның бақытты екенін жан-жақты толғайды. Ақынның бөліп айтуға тұрарлық айрықша бір ерекшелігі, өлеңдерін жазып шығарған. Ол әрбір жырын қағаз бетіне түсіріп, рет-ретімен тәртіптеп, шашау шығармай ықтияттап жинап отырған. Оның алғашқы өлеңдері “Дала уалаяты” газетінде 1889 жылдан бастап көріне бастады. Ақын 1889 және 1890 жылдар аралығында бірнеше мақаламен қоса, бес өлең жариялады. Олар мыналар: “Әңгіме”, “Бәрі қысқа, еркін дүниеге келеді екен”, “Кедейлікке үш қырсық оралады”, “Күн шықпай ерте тұрып”, “Білмейді ел өнерлісін аулақ болар”. Бұл өлеңдердің бәрінің сарыны ортақ, ой арнасы біреу – ол жастарды еңбекке, өнербілімге, егін салуға, сауда істеуге шақырады. Ал, ел ішінде бос тентіреп кәсіпсіз жүрген кейбір желбуаз бозбаланы сынап мінейді: Әр істі ойлау керек әуел бастан, 31


Не пайда өнері жоқ жігіт жастан. Осылай дей отырып, еңбек етпейтін, сыбай-сылтаң жүрісті жандарды ұрыспай, сөкпей, тілдемей, жай ғана сыпайы сөзбен ұялтып, қызартады. Оларға “мынадай бол, мынадай істе” деп те ақыл айтпайды. Тек қана еңбек ет, еңбек адам баласының – анасы дегенді меңзейді. Мәшһүр Жүсіпті өз көзімен көрген, оның барлық еңбегімен таныс-біліс болған сол кездегі орыс оқымыстысы Белослюдов төмендегідей ой қорытады: “Мәшһүр Жүсіп халықтың мұңын жырлай бастайды. Мәшһүр Жүсіп өлеңді жазып шығарды, мұның өзі қазақ әдебиетінің тарихында халықтық сипаттағы жаңа бағыттың дамуына зор түрткі жасады. Бұрын өлең көпшілік алдында ауызша айтылатын, ал ақын атану үшін біреумен айтысқа түсетін, жыршы міндетті түрде суырып салма ақын болуы шарт еді. Енді Көпеев өлеңдері оқырманға жазбаша түрде ұсынылды, ақын деген сөз тек ақын-жырауларға қатысты ғана емес, өлең жазуға қабілетті талант иелеріне де қолданыла бастады”,-деген пікірінің маңызы ерекше. Мәшһүр Жүсіпті 1874 жылы өз ауылының ауқатты адамы Әкімбек деген кісі келіп әкесінен сұрап алады. Бұл байдың Қалибек деген жалғыз баласы бар еді. Арманы перзентін оқыту болатын. Оның молданың алдынан енді ғана шыққан Мәшһүрді ата-анасынан “аттай қалап” сұрауының кілті осы еді. Мәшһүр Жүсіп балаларды оқыта жүріп, жазу-сызуын бір сәт тоқтатпайды. Күндіз сабақ беріп, қалжырап шаршағанына қарамай, түнде май шамның жарығымен өлең жазады екен. Кейбір түнде өзі сүйіп оқитын шығыс ақындары шығармаларына сарыла үңіліп, білімін үздіксіз көтеріп отырған. Адамға қазына дәулет жолдас болмайды, ғылым мәңгі өмірсерік. Өнерді үйрену үшін де алдымен білім керек. Білімсіз бірде-бір ісің ілгері баспайды. Ақын осылай толғамды ойларын ортаға сала отырып, өзі де көп оқыған, ізденген, өзгелерді де осыған үндеген. Ақынның үй ішін бір сөзбен мұғалімдер отбасы десе де болғандай. Өзі көп жылдар бойы бала оқытты. Жәдитті қатты қолдап қуаттаған. Бұл сол кездің жаңа бағыттағы оқу үлгісі еді.ит Ол осы оқу үлгісін жай ғана жақтап қоймай, нақты іс-әрекет еткен. Атап айтқанда, балаларды жәдитше оқытқан, осы үлгідегі кітаптарды ел арасына кеңінен таратуға күш салған. Ақынның Әмен деген ортаншы баласы арнайы жолдамамен Ташкент қаласындағы №4 мектепте сабақ береді. Бір оқушы қыздың әке-шешесі он үш жасар баласын малға сатып, ұзатпақшы болып жатқанда, ара түсемін деп 1921 жылы азғындаған жандардың қолынан қаза табады. Бұл оқиғаны “Ақ жол” газетіндегі қазанамадан көрген ақын қатты күйзелген көрінеді. Мәшһүрдің тұла-бойы тұңғышы Шәрәпи де әжептәуір сауат алады. Өзі алдыңғы қатардағы колхозшы болса керек. Оның бұл баласы 1936 жылы өз ажалынан қайтыпты. Кенже ұлы Пазыл да көп жылдай мұғалімдік қызмет атқарады. Партия мен үкімет еңбегін бағалап, Ленин орденімен наградтаған. Ол 1970 жылы өмірден озыпты. Әрине, Мәшһүр Жүсіп “Алланы бір, пайғамбарды хақ” деген мұсылман. Исламның бес парызы біреуі – иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған. Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып, 32


Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған, –деп толғап қана қоймай, өзі де шариғат жолымен жүрген тақуа. Мәшһүр шайтанды молдаларша ұғынбайды. Оны дербес малғұн, жұрт көзіне көрінбей жүріп азғырушы деп қарамайды. Ақынға сөз берсек, ол: “Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың дейді. Ақын қолына түскен бір шежірені оқып отырып былай деп жазады: “Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” дегендей, анық қазақтың өз ортасында сөйленіп жүрген танымал сөзден шежіре алып жазған біреуі де жоқ”, – дейді. Жақында ғана осы олқылықтың орнын толтырып Мәшһүр Жүсіптің оныншы томы – “Қазақ шежіресі” Павлодар қаласынан жарық көрді. Бұл еңбек халық сусап күткен танымды дүние. Құрастырушылар тарапынан берілген түсінікте: “Қолжазбалардағы материалдар мазмұнына қарап, ғалымның тарих, мәдениет, әдебиет мәтіндерін бір-бірінен бөлмей тұтас ұсынғанына назар аударамыз. Сол себепті мәтін тұтастығын сақтау мақсатында орын алған фольклор, әдебиет үлгілері, фәлсафалық-діни ойлары қолжазбадағы жазылу реті бойынша аралас беріліп отыр. Мәшһүр қолжазбасындағы кейбір мәтінді тарихқа да, әдебиетке де жатқызуға болатынын ескерген жөн”, – десе, бұл өте дұрыс бағамдалған мәселе деп білеміз. Мәшекең орта жүз болғандықтан көбінесе өз елін жан-жақты жазған. Ұлы жүзді де, кіші жүзді де, қожаны да, төрені де ара-тұра болса да сөз етеді. Арғындардың арғы атасы жайлы Бұқар жырау: Бәрімізді сұрасаң, Құтан байдың баласы. Арғындардың сабасы, Қарақожа бас болып, Қабыл болған дұғасы, – дейді. Ал Мәшһүр Жүсіп арғын, найман, тарақты, қыпшақ аталарын жеке-жеке таратып, олардың ішінен шыққан сұлтан, би, батыр, әнші, ақындар жайлы да әжептәуір мәлімет береді. Мәшһүр Жүсіп өмірге көзқарасында, әлеуметтік болмыстарды түйіпбақылауда сыншылдық идеясын ұстанды. Ол кейде өзі өмір сүрген тұстың қалтарыс-қатпары көп көлеңкелі жақтарын барынша батыл сынайды, патша шенеуніктерінің, би-болыстардың “алсам, жесемнен” басқаны білмейтін озбырлығын қатты шенеп айтады. 1905 жылғы халық көтерілісі жайлы тебірене толғап, патшаның 17 қазандағы манифесі көз бояйтын жалған бұйрық екенін ешнәрседен тайсалмай айтқан да Мәшһүр Жүсіп еді. 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан Мәшһүр Жүсіптің “Хал-ахуал”, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, “Сарыарқаның кімдікі екендігі” деп аталатын үш кітабы бірдей жарыққа шықты деп жоғарыда айттық. Бір айта кететін жәйт, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты жинақ “Хал-ахуал” кітабының толықтырылып басылған түрі десе де болғандай. 33


Ақынның осы кітаптарын қадағалап оқыған адам оның сол кездегі Ресейдің саяси хал-жағдайымен белгілі бір дәрежеде таныс екеніне көзі жетеді. Оның бұл өлеңдерінен 1905 жылғы халық көтерілісінің де әсері бар екені көрініп тұр. Осы кітаптардың ішінде патшаның отаршылдық саясатына қарсы айтылған пікір де кездеседі. Мәшһүр Жүсіп Ресеймен қосылудың прогрессивті жақтарымен бірге, қиындығы да аз болған жоқ деп айтыпты. Егер біз осы үш жинақта жырланған дүниелерді түйіп айтар болсақ, халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тірлігін, іс-әрекетін, жан-дүниесін біршама суреттеп беруімен де құнды дер едік. Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістанға үш рет сапар шегеді. Бірінші рет 1887 жылы, яғни 29 жасында барады. Бұл жолы Бұхарада оқып, білімін көтерген сияқты. Арабша, парсыша шыққан кітаптарды қадағалап зерттейді. Екінші рет барғаны турасында: Зубаржат шығыс бапқа бұл барғаным, Жылым қой, отыз жеті жасым еді, – деп анықтама береді. Мәшһүр Жүсіптің өз айтуынша, ол 1895 жылы араға сегіз жыл уақыт салып, жоғарыдағы аталған қалаларға қайта барыпты. Ақынның бұл екі сапары да оның білімін көтеру мақсатынан туғандығы көрінеді. Ал, енді Бұхара, Ташкентке 1907 жылы үшінші рет баруының жөнжосығына келсек, ол алдыңғы екі сапардан басқашалау. Оның себебі, ақынның осы жылы жарық көрген үш кітабында кедей-кембағалдың мүддесін көп толғағандығынан да болса керек. Бұл жөнінде нақты мәліметті Ә.Қоңыратбаев береді. Ол: “Мәшһүр Жүсіптің жоғарғы үш кітабының заңға ілігіп таратылмауы, оны басып шығарған Қазандағы Құсайыновтарға 12 мың сом ауыр айып салынуы, ақынның қамалушылар тізіміне ұшырап ел ішінде бұғып жүруі осыдан”, – деп тұжырымдайды. Ақын Бұхараға, Ташкент жақта төрт жыл жүріп оралған соң да жағдайының жөнді болмайтынын түсініп, бұл жолы Еділ, Жайық жағалауын аралайды. 1940 жылы шыққан “Қазақ әдебиеті хрестоматиясына” Мәшһүр Жүсіптің “Шайтанның саудасы” енсе, осы жылы Мәскеуден жарық көрген “Дала әні” атты қазақ поэзиясының антологиясында бір өлеңі басылды. Сондай-ақ, “ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1983ж.) атты кітапқа бірнеше өлеңдері енді (құрастырушылар Т.Әбдірахманов, Қ.Жармағамбетов), М.Мағауиннің құрастыруымен 1978 жылы “Советский писатель” баспасынан шыққан “Поэты Казахстана” деген кітапта “Шайтанның саудасы” тағы да басылды. Ол 18891894 жылдар аралығында “Дала уалаяты” газетінде бірнеше проблемалық материалдар, “Айқап” журналының 1912 жылғы екі санында көлемді мақала жариялады. Ақын бұл шығармаларында да көпшілік қауымды еңбекке, оқу-білімге, адалдыққа үндейді. Әсіресе қолыңнан келгенше кісіге жақсылық істе, кедейкембағалдың қажетін өтеу адамдық борышың. Ал, халық үмітін ақтарлық игілікті ісің болмаса, кісі санатына қалай қосылмақсың? – деген пікір қорытады.

34


Ол адалдық, адамдық жайындағы толғамды ойларын өлең, мақала, аңыздың айналасында ғана айтпай, көптеген дастан да жазған. Оларды жоғарыда атап өттік. Мәшһүр қазақтың көптеген білікті адамдарымен кездескен. Соның бірі – атақты Қажымұқан балуан. Ол онымен 1925 жылы таныс-біліс болып, екеуі Баянауылда бірнеше күн бірге жүріпті. Бірі ақын, бірі балуан – өнер адамдары іштей түсінісіп, қыл өтпес дос болып, қимай-қимай ажырасыпты. Сондай-ақ, Атбасар дуанының тұрғыны Мейрам Жанайдарұлымен де сырлас дос болыпты. Бұл кісі өз заманының оқымысты адамы екен. Арабша, парсыша, орысша сөйлей де, жаза да біліпті. Айрықша қасиеті – ауыз әдебиетін көп жинапты. Сонымен бірге “Мың бір түннің” бір тарауын өлеңмен жырлап, 1895 жылы “Дала уалаяты” газетінің 41-49 нөмірлерінде жариялапты. Мейрам жырлаған бұл дастан Ү.Сұбханбердина құрастырған “Қисса-дастандар” (1986 ж., 28-32беттер) атты кітапқа енді. Мейрам қара сөзбен емес, тақпақтап, мақалдап-мәтелдеп сөйлейді екен. Оның бізге жеткен мұрасы жоқтың қасы. Ол адамға Мәшһүр Жүсіп мінездеме бере келіп: “Ақылды адамда күлкі де жоқ, ашу да жоқ, кемдік көріп, тарығып сасу да жоқ, басына Қап тауындай бақыт қонса, шалқасынан шалқайып тасу да жоқ”, – деп бағалапты. Жолмұрат Жүсіпұлы өз қолжазбасында Мәшһүр Жүсіптің атақты Бөгембай батырдың немересі Саққұлақпен де тығыз қарым-қатынаста болғанын, ол адамнан ақынның халқымыздың әдеби мұрасын көшіріп алғандығын да айтады. Мәшһүр Жүсіп Ақан серімен бірнеше рет кездескенін, онымен сырласып, пікір алысқанын айта келіп, былайша тебірене сөз етеді: “Ақан серінің Құлагері өлген соң бұрынғы серілік мінезді қалдырып, көп бас қосатын ас, жиын-тойға жүрмейтін, бармайтын болып, дүние махаббатынан мүлде көңілін суытты. Ақан сері адамзаттың сұңқары, қызыл тілдің ділмәрі еді, жігіттің құлпы жібегі еді”, деп жоғары бағалаған, бұл ұлылардың бірін-бірі танығынығы, бағалай білгені ма дерсің. Мәшһүр Жүсіп ел ішін көп шарлап, ақсақалды қарт, ақ самайлы әжелердің аузынан халық ауыз әдебиетін жинайды. Сол мақсатпен кейде баратын ауылына жете алмай далаға қонса, кейде таудың ішіндегі бұлақтың басына түнейді екен. Ақын мал соңында салпақтап күндіз-түні еңбек етіп жүрген кедей шаруаның ауыр азабын, жетім мен жесірдің көз жасын өлеңге қосты. Сол қиындық бейне-бір өз басынан өтіп жатқандай сезінді: Болмайды түн күндізсіз, күндіз-түнсіз, Ай кірсіз деген сөз бар, Құдай мінсіз, Шаттық пенен қапалық кезек нәрсе, Бірінен соң бірі бар артық – кемсіз, – деген жолдармен дүниенің бірқалыпты тұрмай өзгеретінін, алдағы жақсы күннен күдер үзбеу керектігін жырлайды, елге демеу, сүйеу болып, басу айтады. Біз осы жолдардан ақын өз қара басының ғана қамын ойлап қоймай, өзгенің де өзегіндегі өксігін, өкінішін бар жанымен сезіне алатындығын көреміз. 35


Кейде қара қылды қақ жаратын туралығымен де Мәшһүр Жүсіп ел ішінің пысықтарына жақпай қалатын кездері болыпты. Сол себепті бірде момын шаруалармен көңілі өсіп жүрсе, бірде өзін жүдеп-жадап жалғыз қалғандай сезінеді. Ондайда ол қасқайып тұрып жырлап кететін: Бұл сөзім алты алашқа таныс болсын, Адамзат ермін десе намыс болсын. Бір Құдай болысқанға дұшпан оңай, Көптігі қопадағы қамыс болсын. Ақын адам баласын ерлікке, өр намысқа шақырады, адал жанды бір Алланы өзі қолдап-қоршайтындығын тебірене толғайды. Мәшһүр Жүсіптің есімі көзінің тірісінде-ақ көп жерге тарап кеткен еді. Оның да бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол бұл кезде бірнеше кітаптары шығып, елге танылған-ды, екіншіден, көне мұраны жатпай-тұрмай хатқа түсіруімен де белгілі болған десек, осындай жақсы істеріне қанық зиялы қауым оның еңбегін айрықша бағалап, өз еңбектерінде атын құрметпен атап отырған. Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларын ақтарып отырып ҚР ҰҒА Орталық кітапханасының қолжазбалар қорындағы 850-папкадағы аты-жөні белгісіз біреудің мынадай бір естелігіне көзіміз түсті: “Ақын жеті күн ауырды. Дәл жеті күн ауырып жатқанда бір айтқан сөзі: “Ажал жүр жағалап қоймаймын деп, Шәрәпиден жүр бермеймін” деп мырс етіп күледі (Шәрәпиден үлкен баласы). Өзі тірісінде айтушы еді, “жетпіс үшке жеткенше балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үштен ары қарай сүйресең де аспаймын”, – деп. “Азырақ-азырақ тынышсызданып жатқан кісідей болып, жан тәсілім етті де, пысылдап ұйықтаған кісідей болды. 1931 қой жылы жұмаға қарай таңға жақын аяулы ақын, зерделі жинаушы, жақсы азамат жарық дүниемен біржола қоштасты”, – делініпті. Болашақ ұрпақ үшін қыруар жақсы ісімен халық алдында айдай жарқырап көрінген ғұлама жан қашанда халқының жүрегінде болып, ұлттық төл әдебиетіміздің алтын қорында қала бермек. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мәшһүр Жүсіптің «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. 2 Мәшһүр Жүсіптің әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойлары. 3 Мәшһүр Жүсіптің Көпеевтің өмірі мен шығармашылығы. 4 Мәшһүр Жүсіп өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. 5 Мәшһүр Жүсіпт Көпеев шығармашылығының сыншылдық сипаты. 6 «Надан жұрт надандығымен қыздарын тұтқындықта қалдырып, ас ішіпжемейтін арық қылып, қапта қылып өсіреді»-деген жолдар Мәшһүр Жүсіптің қай мақаласынан алынған? 7 Мәшһүр Жүсіптің халқымыздың атақты балуаны, батыр ұлына арнаған өлеңін атаңыз? 8 Мәшһүр Жүсіптің дүниеқоңыздықтан сақтандыратын өлеңі. 9 Мәшһүр Жүсіптің «Ауаны таза ұстау», «Ауаны жаңарту», «Ауадағы микроб» еңбектері қай жанрды қамтиды? 36


10 Мәшһүр Жүсіптің 1907 жылы Қазан қаласында басылған кітабы. 11 Мәшһүр Жүсіптің публицистік мұралары жарық көрген басылым. 12 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің алғашқы өлеңдері қай жылы жарық көрді? 13 Мәшһүр Жүсіптің мұсылман парызын арқау еткен өлеңі? 14 Мәшһүр Жүсіп Көпеев 6 жасында қандай жырды Сақау ақыннан жазып алды? 15 «Сарыарқаның кіндігі екендігі» шығармасында не жайлы баяндалады? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығының тақырыптық-идеялық сипаты. 2 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы діни-ағартушылық сарын. 3 Мәшһүр Жүсіптің ел арасынан жинақтаған ертегілер. 4 Мәшһүр Жүсіптің дүниеқоңыздықтан сақтандыратын өлеңі. 5 Мәшһүр Жүсіптің мысал өлеңдері. 6 Мәшһүр Жүсіп шығармашылығын зерттеген ғалымдар. 7 Мәшһүр Жүсіп Көпеев өлеңдеріндегі ел берекесін кетірген топшылдық, жікшілдік мәселелері туралы ойлар. 8 Мәшһүр Жүсіптің патша манифестері арқасында шығарған кітаптарындағы шығыстық сарын. 9 Мәшһүр Жүсіп шығармашылығындағы фольклор мен этнографиялық мәліметтердің орны. 10 Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы тарихи деректердің маңыздылығы. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп. Көп томдық шығармалар жинағы. -Алматы: Алаш, 2003. - (Алаш мұрасы) 2 Көпейұлы Мәшhүр Жүсіп. Ит дүние: таңдамалы. - Алматы, 2008. 3 Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп. Қазақ шежіресі. 32 т. - Астана: Алтын кітап, 2007. 4 Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931). Баянаулда. - Астана, 2001. 5 Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. - Алматы, 1999. 6 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. - Павлодар: ЭКО, 2003. - 220 б. – (Кереку-Баян кітапханасы. 8-кітап) 7 Көпеев С. Ш. Мәшһүр - Жүсіп өмірі. - Павлодар. – 2000. 8 Ойшыл,ағартушы,ақын,публицист (МәшһүрЖүсіпКөпеев) Алдабергенов Қ. М. Бір туар дара тұлғалар. - Павлодар, 2003. 9 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері: фил. ғылым. канд.. автореф. дис.: 10.02.02 - Алматы, 2005. 10 Тұрышев А.Қ. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени аспектісі: монография. - Павлодар: Кереку, 2008. 11 Сүтжанов С. Мәшһүртану курсы. - Павлодар, 2006. 12 Пазылов Ә. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің мұрасы. Наследие Машхур Жусупа Копеева. - Екібастұз, 2010. 13 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002. 14 Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. – А: Өлке, 1997. 37


15 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994. 16 Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – А: Санат, 1994. 17 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1993.

Нұржан Наушабайұлы (1859-1919) Нұржан Наушабайұлы 1859 жылы Қостанай облысының Қостанай ауданына қарасты Құттық ауылында дүниеге келген. Кейбір зерттеушілер оны 1857 жылы туған дейді. Қазақ Совет Энциклопедиясында және “XX ғасырдағы қазақ ақындары” кітабында (“Ғылым” баспасы, 1988 жыл), ғалым М.Жармұхамедовтың мақаласында ақын 1859 жылы туған деп көрсетілген. Ақын жырлары негізінен толғау, терме, өсиет, тақпақ болса, оны елі де тақтақ деп атаған. Тақтақ сөйлесе сөзге бөгелмейтін, тау суындай сарқыраған, таңдайы тақылдаған, ылдидан шапса, төске озған, ертемен шапса кешке озған жүйрік жыршы. Бейсенбай Кенжебаев “Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары” кітабында: “Нұржан ауқатты кісінің баласы болады. Жасынан діни оқуды оқып жетіледі”, - дегенді айтады. Мұхтар Мағауинның деректерінде: “Шал ақын қартайыңқырған шағында Мәлімбай, Мәлике деген екі перзент көрген... Мәликені қалың қыпшақ ішінде Нұрым дегенге ұзатқан екен. Нұрымнан Айтбай, Айтбайдан Наушабай, Наушабайдан белгілі ақын Нұржан Наушабаев туған”, - деген жолдар бар. Нұржан өз өлеңінде: «Руым қыпшақ, тайпам құттық. таңбам әліп» деп жазған. Нұржан ақынның Қуаныштың баласы Сапарғалимен айтысы көптеген жинақтарға еніп, жұмбақ айтыстың озық үлгісі есебінде ұсынылып жүр. Нұржанның әйелі Бибісара ақын болып, екеуі хат арқылы айтысумен қосылған. Олардан туған жалғыз ұл Сұлтанғазы 1911ж. өліп, артында ұрпақ қалмаған”, деп Сәбит Мұқанов ақын өміріне шолу жасап кеткен. Нұржан Наушабайұлы діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактикалық үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары бар, өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Замананың қалпына айтылған сөз”, “Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13 жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін 38


түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың баяны”, т.б.). Наушабаев шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Нұржан Наушабайұлы тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады. Нұржан Наушабайұлы туралы 20 ғасырды тыңғылықты зерделеген әдебиетші ғалым Б.Кенжебаев “ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары шығармалары” кітабында мол мағлұмат бере келіп, ”Нұржанның бір өзгешелігі – ол өлеңдерінің көбін бұрынғы араб, парсы, шағатай ақындарының үлгі, стилінде жазады: діни сөздерді, араб, парсы, ескі кітаби сөздерді көп қолданады. Бірсыпыра өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы, өз заманындағы тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу, өнер, білім, дәулет, бақыт, мінез-құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады. Оның шығармалары ойлы, мағыналы болып келеді”, – деп баға береді. Нұржан ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітабы үшеу: “Манзұмат қазақия” (1903 жыл), “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1908 жыл) және “Алаш” (1910 жыл). Ақынның “Алаш” деп аталатын кітабы (құрастырған Ақылбек Шаяхмет) Қостанай қаласында 1997 жылы жарық көрді. Оның тақпақ, терме, толғауларының барлығында дерлік бүгінде қанатты сөздерге айналып кеткен фразеологиялық сөз тіркестерін жиі ұшыратамыз. Өйткені, Жиреншені үлгі тұтқан ақынның өзі де ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен болған. Ол өзі өмір сүріп отырған заманның қабағынан шошиды, “адамның жақсысы кетіп, жаманы қалған, жылқының жүйрігі кетіп, шабаны қалған, бидайдың дәні кетіп, сабаны қалған” тұрақсыз жалғаннан түңіледі, қайырсыз байларды, еріншек жандарды сынайды. Нұржанның “Ғалымдық дариясынан іштім қанып” – деген сөзіне қарағанда, жан-жақты білім алғаны аңғарылады. Нұржан өнеріне жазушы Сәбит Мұқанов “Халық мұрасы” кітабында кең тоқталып, академик жазушы оны дарынды ақын деп бағалайды. “Нұржан жасынан пысық, әрі ақын, әрі шешен, әнші, күйші, балуан жігіт болып өседі де, Троицк медресінен жақсы білім алып, ер жете “орта” аталатын дәулет құрады. Содан кейін “игі жақсы” дейтіндермен, әсіресе, Ыбырай Алтынсаринмен жақындасып, күндерінің көбін солармен бірге өткізеді. Ыбырай Нұржанды жоғары бағалайды. Ол өзінің құдасы Қауменнің үйіне Нұржанды ертіп барғанда: “Құда, көп кісімен неге келмедің?”, – десе керек, сонда Ыбырай Нұржанның өнерлерін атай келіп, “осыдан артық көп бола ма?!”, – деп жауап берген екен. Спандияр Көбеев “Орындалған арман” кітабында Нұржанды былайша суреттейді:”Бірақ жиын екі адамның аузына қарап отырған сияқты. Мұның бірі – орысша киінген, ақ құба, шоқша қара сақалы бар, орта бойлы адам. Бұл Ыбырай Алтынсарин екен. Екіншісі – дембелшелеу келген, толық денелі, сирек біткен сары сақалды, басына тақия, үстіне мақпал бешпет киген адам. Бұл Нұржан Наушабаев екен. Біз келіп отырғанда, балаларды орысша оқыту, мектеп салу туралы әңгіме болып жатыр екен. Әңгімені қозғап, осы ауылдың “адам қараларына” ауыр39


ауыр сөз тастап отырған Нұржан еді. Сөзінің ұзын-ырғасын түйе келіп, Наушабаев былай деді: – Сауытбай, тойыңның үстіне келіппіз. Енді осы жақсылықтың ақырын баянды етуді көздеуіміз керек. Бұл сенің өз қолыңда сияқты. “Бітер істің басына жақсы келер қасына” дегендей, ауылыңа еліміздің бірегей ардагері Ыбырай келіпті. Бұл кісінің бұйымтайын естідік. Өзі үшін емес, елі үшін қолқа салып отыр. Обаған болысының әлді бай-мырзалары бірігіп, бір мектеп салатын болсын. Сөйтіп, ауыл ортасынан екі жылдық мектеп ашып, балалар орысша оқытылатын болсын дейді бұл кісі”. Бұл әңгіменің түбі баянды болып, мектеп салынғаны тарихтан белгілі. Нұржан Ыбырай Алтынсаринды аса жоғары бағалап, оған өлең де арнаған. Ал ұлы ағартушы қайтыс болғанда Ыбырайдың қабірі басындағы құлпытасқа Нұржанның: Сайран еттім дүнияда Табылып көңіл хоштарым. АҺли дәулет, жиған мал Қалды қымбат достарым, – деген төрт жол өлеңі жазылған. “Нұржанның әйелі Бибісара ақын болыпты, екеуі хат арқылы айтысумен қосылған. Олардан туған жалғыз ұл Сұлтанғазы 1911 жылы дүние салып, артында ұрпақ қалмаған”, – деп Сәбит Мұқанов ақын өміріне де шолу жасай келіп, оның Құттық ауылында туып-өскенін айтады. Нұржанмен әңгіме-дүкен құрып отырып бір замандасы: “ұл текірек, қыз кекірек, келін кекиген, ағайын ала, ісінің бәрі шала, жақсыны күндейміз, дананы жүндейміз, осы қалай, Нұржеке!”, – дегенде, ақын: “алысқа бармай-ақ қояйық, осы өзіміздің қыпшақтың өзінде бір атаның балалары сыйыса алмайды. Жарбасты, Кішік, Құттық – үш атамыз, Ежелден туыстыққа жоқ қатамыз. Арадан қанаттанып шықса біреу, Біз оған жерден алып тас атамыз, – деп жауап беріпті. С.Мұқанов “Халық мұрасы” кітабында: “Нұржанның әкесі кедей болғандықтан, Троицк қаласы тұрғындарының малын баққан. Шешесі қазақтың XІX ғасырдағы күшті ақыны Шалдың қызы”, – дейді. Ал жоғарыда баяндағанымыздай Мұхтар Мағауиннің деректерінде: “Шал ақын қартайыңқыраған шағында Мәлімбай, Мәлике деген екі перзент көрген... Мәликені қалың қыпшақ ішінде Нұрым дегенге ұзатқан екен. Нұрымнан Айтбай, Айтбайдан Наушабай, Наушабайдан белгілі ақын Нұржан Наушабаев туған”, – деген жолдар бар. Бұл деректердің қайсысы анық екенін айту қиын. Дегенмен, Нұржанның нағашы жұрты да осал болмағаны анық. Нұржанның жырмен жазып шыққан шежіресі де халық жадында. Оған кезінде Сәбит Мұқанов жоғары баға берген. Кейбір үзінділері “Дала қоңырауы” газетінде жарық көрді. Бұл шежіре толық қалпында жариялана қалса, танымдық-тағылымдық мәні зор еңбек екендігі дау туғызбайды. Әлкей Марғұлан: “Нұржан данышпан ақын ғана емес, сонымен бірге қазақ шежіресін жазған ғалым” – деп оның еңбегіне үлкен баға береді. Жылқыда өт, құста сүт, таста тамыр болмайтыны секілді, елін емірене сүйген ақында туған халқына деген өкпе де болмайды. Онда ет-бауыры елжіреген жүрек қана болады. Аяқтан шалған, етектен тартқан, балақтан тежеген әлдекімдерге ренжісе де, тұтас халқына келгенде ашу-ызаға орын қалмайды. Бірақ, қапалы көңілін ашу үшін, көкіректегі шерін басу үшін жыр толғайды. Жастары Қыдыр жасы қырықтан асса да, бұл күндері жаспын деп қызыққа мас болып жүргендер жеткілікті. Нұржан болса: Болмайды жылқы тарғыл, сиыр сары, Кемиді уақыты асса гүл ажары. Дариға, баяғыда мұндай ма дім, Бұл күнде қырықтан асып, болдым кәрі, – десе, оның оркиіктей орғытып, 40


арғымақтай қарғытып өткен жастық шағын аңсаумен қатар даналардан ғибрат алуға шақырып отырғанын аңғарамыз. Ағайын жат болады алыс болса, Болады жат та жақын, таныс болса. Достарың дұшпан түгіл табалайды, Табаның сәл нәрседен шалыс болса... деген жолдарды ақындық өнердің озық үлгісі, маржан сөздің мәйегі деп айтуға толық хақымыз бар. “Ойға салсаң, Нұржанның көп ақыннан сөзі артық”, – деп ақынның өзі айтқандай, “іші алтын, сырты күміс сөз сарасын” саралай білген ақын көзіне көрсетіп, қолына ұстатқандай бейнелеген: Бұлт шалып мұнартқан, Асқар биік тауларың, Төбе болған заман-ай, Асфаһани қылыштар, Қынабынан суырылмай, Көне болған заман-ай. Аққу қалып қатардан, Айқай салып тырналар, Төре болған заман-ай... секілді жыр жолдары бүгінгі күн бейнесін де дәлме-дәл бедерлеп, тамырын тап басып тұрғандай десекте болады. Нұржанның көлемді дастандарының бірі – “Сегіз сері”. Мұнда ақын атақты сері, әрі ақын, әрі батыр атанған Сегіз сері Баһрамұлы Шақшақовтың өмірі мен өнерін жырға қосады. Жер шарлап, салдық құрып думандатқан, Құс салып, ит жүгіртіп, дабылдатқан, Ту ұстап, тұлпар мініп, сауыт киіп, Қол бастап, кернейлетіп, шеру тартқан. Сегіз серінің басынан өткен жағдайлар дастанда жан-жақты баяндалады. Бұл дастанның енді бір ерекшелігі, онда бұған дейінгі қазақ эпостарында дәстүрге айналған әсірелеу тіпті жоқ десе де болады, ақын болған жайды қаз-қалпында суреттейді. Т.Сүлейменов “Сегіз сері” кітабында: “Нұржан Наушабаев “Сегіз сері” дастанын жазар алдында Сегіздің інісі Қуаныштың баласы Сапарғали ақынмен дос болады. Оның аузынан естіген деректерді азсынып, ол Шақшақовтың үйіне барады. Себебі, Сапарғали әкесінің ағасын өзі көрмегендіктен Нұржанға көп ештеңе айта алмайды. Әйтсе де ол Наушабаевты Сегіздің бәйбішесі Ырысбикемен, үлкен ұлы Мұстафамен таныстырып, атасының мұрасын оқып, жазып алуына жол ашады. Ақыры Нұржан Сапарғалидың көмегімен Ырысбике мен Мұстафаның қолындағы қолжазбалардан кемеңгер өнер иесінің өлеңжырларың, қисса-дастандарын және шежіресін мұқият зерттегеніне дастандағы: Әр сөзін, өлең сөзін, өсиет сөзін, Сегіздің шежіресінен көрді көзім. Нақыл сөз, жыр-қиссасын, жұмбақтарын Көшіріп жинағынан жаздым өзім, – дегені дәлел бола алады”, – деп жазады. Бұл дастан Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында сақтаулы жатыр. Нұржан ақынның Қуаныштың баласы Сапарғалимен айтысы бұл күндері көптеген жинақтарға еніп, жұмбақ айтыстың озық үлгісі есебінде ұсынылып жүр. Айтыс табан астында суырып шығарылмаған, ұзақ дайындықтан кейін барып қағазға түскен деп топшылауға болады. Ақындар қазақ тұрмысында жиі кездесетін үйреншікті заттармен қатар сол кезде енді ғана тұрмыста қолданыла бастаған безбен, қолшатыр, тігін мәшинесі секілді бұйымдарды да жұмбақ қылып, шешуін бейнелі тілмен айтып береді. Ақынның Бибісарамен хат арқылы айтысуы да айтыс өнерінің кейде эпистолярлық жанрда дамығанын, қазақ даласындағы өткен айтыстардың бәрі бірдей табан астында шығарылмағанын, көптеген айтыс түрлерін жазба ақындар да жанр есебінде өз шығармашылығында шебер пайдаланғанын көрсетеді. Нұржан өлеңдеріндегі қалып қойған шумақтар, қате жазылған сөздердің біразы “Алаш” жинағын дайындаған кезде араб әрпімен басылған түпнұсқамен 41


салыстырыла отырылып түзетілді. Мәселен, “Бес ғасыр жырлайды” кітабындағы “Леп ұрған кейбір жігітке” өлеңінің аты “Лепірген кейбір жігітке” болып түзелді. Сондай-ақ, “ғұмырды зайық өткізер” (дұрысы: “зайғы”), “қаңтарда қарсы жел ұшар” (дұрысы: “қаңтарда қарсы желге ұшар”) деген жолдар да дұрысталды. Осы орайда бір айта кететін жай, “Бес ғасыр жырлайды” антологиясында да, “XX ғасыр басындағы әдебиет” хрестоматиясында да Нұржан Семиозер (қазіргі Әулиекөл) ауданында туған деп жазылып жүр. Дұрысы: Арақарағай болысы (қазіргі Қостанай ауданы). Шамасы, Нұржан өлеңдерін араб әрпінен қазақшаға алғаш түсіргендер Арақарағайды Аманқарағай деп шатыстырғаннан осындай қате кеткен болар деп жорамалдаймыз. Бір өкініштісі, осы қателер “Жеті ғасыр жырлайды” антологиясында осы күнге дейін сол күйінде жүр. Ғалым Ә. Қоңыратбаевтың “Қазақ әдебиетінің тарихы” деп аталатын оқулығында Нұржанның екі мысалына қысқаша талдау жасалған. “Түлкі мен әтеш” мысалында түлкі әтешке келіп: “Патша жаңа заң шығарыпты, бұдан былай қарай қасқыр мен қой, түлкі мен ит дос болатын болады. Екеуміз де дос болайық, жерге түс!”, – дейді. Сонда әтеш алысқа көз тастап: “Бір қамшы құйрық, шашақ құлақ келеді”, – дегенде түлкі: “Ойбай-ау, ол тазы болып жүрмесін?!”, – деп тұра қашады. “Неге қорқасың, патша заңы бар емес пе?”, – деген сөзге түлкі: “Кім білген, мүмкін, патша жарлығы әлі тазының құлағына жетпеген шығар”, – деп жауап береді. Ал екінші мысалда (“Өгіз бен есек”) есектің ақылымен өтірік ауырып, ауыр жұмыстан құтылған өгіздің орнына қожайын есекті жұмысқа жегеді. Күн бата шаршап-шалдығып келген есек: “Қожайын өгіз бүгін жем жемесе, оны сойып тастаймын деп отыр”, – деп, өзі бейнеттен құтылуды ойлайды. Ғалым осы мысалдарды келтіре отырып, Нұржан ақынның заман қайшылығын адамның азғындауынан іздегенін тап басып көрсетеді. Нұржан ақын заманның қалпына қарап немесе таршылық таянған заманда деп жазған жырларында өзіне дейін айтылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді шеберлікпен пайдаланады. Нұржанның баталарының өзі бір бөлек тақырып. Бірде Нұржан кіші жүз ішінде үш баймен жолығып, мәжіліс құрып отырғанда мынандай бата беріпті: “Жаппастың байы Құланбай, Құланбайдың жылқысы жүген-құрық тимеген Арқадағы құландай, Нұрмағанбетке тимеңіз, шағып алар жыландай, Дос мырзамыз ол да жүр, не болғанын біле алмай”. Құланбай тұрып: “балаларыма бата бер”, – дейді. Сонда Нұржан ақынның айтқаны: “Қамқа тонды кисең де, жаға менен жең керек, үйіңе келген адамды шығарып жүрме желкелеп, байлығына әкеңнің келетін шығар еркелеп, тентектікті қойсаң, шырағым, бір үлкен бақыт өзіңе қонайын деп тұр ентелеп”. Батада ақындық пен шешендік өнердің біте қайнасып тұрғанын аңғару қиын емес. Енді бір сөзінде: “Талай патша айырылды мініп өткен тағынан, талай байлар айырылды айдап өсірген малынан, талай жақсы айырылды құстай ұшқан бағынан, талай ерлер айырылды жол таба алмай барынан, жазылған болса тағдырда, пенденің болмас сағынан“,– дейді. Бұл жолдар да таңдаулы шешендік өнер үлгілері қатарына жатады. Филология ғылымдарының докторы Уәлихан Қалижан: ”Н.Наушабаев халқымыздың қолы биікке жетсе, тек өнер-біліммен ғана жетеді, оқиық, білейік, үйренейік, сонда ғана ел қатарына қосыламыз деп жырлаған. Мұнымен 42


қоса ел бірлігін сақтайық, Жиренше секілді биімізден ғибрат алайық деп те толғаған. Ол тарихымызда көркемдігі жоғары өлеңімен, шиеленіске толы айтыстарымен ұзақ жасай бермекші”, – дейді. Т. Кәкішев “Айқап” журналында басылған сын туралы айта келіп, Нұржанның өз есімін өлеңге қосып жазуы туралы әртүрлі пікірлер болғанын атап көрсетеді. “Ендігі өлең жазушы жастар Нұржанша өзін мақтамай, жұрт үшін қайғырып, халықтың пайдасына айтып, үгіт қыла жазсын” дегені де ілтипатқа аларлық құнды пікір екені аян”, – дейді. Бұл пікірдің өзі қазақ баспасөзінде алғаш жарық көрген әдеби сын болып есептеледі. Нұржан Наушабайұлының “Алаш” кітабында “МәшҺүр Жүсіп атына Нұржаннан бір-екі сөз” деген тақырыппен 36 шумақтан тұратын ұзақ өлеңі жарық көрді. (Нұржан Наушабайұлы. ”Алаш”, Қостанай: “Баспа үйі”, 1997 жыл). Мәшһүр Жүсіп есімін білетіндер өлеңнің мазмұнына үңілмей, атына қараса, оны М.Көпеев деп қабылдайтыны анық. Өйткені, Мәшһүр аты мойындалған бірден бір ақын осы М.Көпеев. Алайда, одан басқа да Жүсіп бар екенін әдебиет зерттеушілері болмаса, оқырмандардың біразы біле бермейді. Біздің айтып отырғанымыз Жүсіпбек қожа. Жүсіпбек қожаның да әдебиет тарихында өзіндік орны бар. Ел арасынан көптеген аңыз, қисса, айтыстар, өлеңдерді жинап, кезінде Қазан қаласындағы ағайынды Каримовтердің баспаханасында кітаптарын бастырған. Ол 1857 жылы туып, 1937 жылы қайтыс болды деген деректер “Бабалар сөзі” көп томдығында келтірілген. (“Фолиант” баспасы, Астана: 2002 жыл). Жүсіпбек Шайхисламұлы осы көп томдықтың 2ші томына енген “Мансұр әл-халаж” атты қиссасында Абайға да жиендік жасайды. Дастан соңында: Өлең – сөздің артығы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. Болғанда қиюы жоқ сөз арасы, Ол зейінсіз ақынның бейшарасы, Айтушы, тыңдаушының көбі надан, Халықтың сөз танымас бір парасы, – деп жазады. Әрине, “патшасы” сөзін “артығы”, “білімсіз” сөзін “зейінсіз” деп өзгертіп, басқа да сөздерді ойынан қосқанымен Абай сөзінің өзгертілген нұсқасы тайға таңба басқандай көрініп тұр. Жүсіпбек осы дастанында: “мұсылмандар, дұғаңнан үміт қылам” – дейді. Нұржан осыған орай: Жоқ іске ақыл-миды бітіресің, Әуелден керек емес, бекер осың. Өтірік хикаятты жазып-жазып, Қалайша дұға қыл деп өтінесің? – деп сын садағын бағыттайды. Нұржан өлеңдері қазақ әдебиетінің тарихына, “Бес ғасыр жырлайды” антологиясына ішінара болса да енгізілді. Оның есімі энциклопедиялар мен әдеби анықтамалықтардан орын алды. Алайда, ақын шығармашылығы әлі де толық зерттеліп, тиісті бағасын алып үлгерген жоқ. Бұлақ көзін ашу, Нұржан жырларын көпшілікке етене таныстыру келер күндер шаруасы. “Сынап білер тыңдаушы, білгенім бүтін, жарты ма?!” – деген ақын сөзі бүгінгі ойлы оқырманға арнап айтылғандай. Қызыл тілін шалқытқан, халқына мирас қалдырған, аз сөйлеп, көп тыңдаған, елінің мұңын жырлаған, қапалы көңілін аша алмай, зіл-наласын баса алмай, жалғаннан аһ ұрып өткен Нұржан ақын қандай құрметке де лайықты. Ел аузында мынадай бір аңыз бар. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин қонаққа шақырған құдаларына топырлатып көп кісі ертпей, жалғыз Нұржанды ғана алып барса керек.- Ыбеке-ау, қанша адам ертіп әкелсеңіз де хан көтеріп, 43


күтіп алар қауметіміз бар еді ғой. Мынау келісіңіз қалай болды, өзі? - деп құдасы таң-тамаша қалыпты. Сонда сердебені онша ұната қоймайтын ұстаз: - Құда шақыруды қазақтың той етіп жіберетінін білемін. Той болған соң ән шырқалып, күй тартылып, ақындар айтысып, балуандар күресіп, бәйге болатыны да белгілі. Ал енді Нұржаннан әнді артық салатын әнші, күйді одан күшті тартатын күйші, айтысып бұны жеңетіп ақын, күреске түсіп жеңетіп балуан бар ма, бұл төңіректе? Оның желкүреңінен затын ат тапшы маған. Сондықтан қырқы жиылып қыр аспайтын санда бар, санатта жоқтарды топырлатпай, бір өзі мыңға татитын досымды әкелдім, - депті. Шынында да, Нұржан Наушабайұлы әйдік әнші, дәулескер күйші, таңды таңға ұрған жыршы, алдына айтыста жан салмаған ақын, жамбасы жерге тимеген балуан, жүйрік мініп, құс салған саятшы, - бір сөзбен айтқанда, нағыз сегіз қырлы, бір сырлы дарын иесі болған. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Нұржан Наушабайұлының еңбектеріндегі сыни көзқарастар. 2 Нұржан Наушабайұлы шығармашылығындағы діни тұжырымдардың тақырыптық ерекшеліктері. 3 Н.Наушабайұлының діни тақырыптағы еңбектері. 4 Нұржан Наушабайұлы шығармашылығын алғаш рет зерттеп, ғылыми құнды пікірлер айтқан қазақ жазушылары. 5 Н.Наушабайұлы әдеби мұраларының басқа ағартушы ақындармен салыстырғанда қандай өзгешеліктері бар? 6 Ақын өз еңбектерінде қандай стильді жиі қолданылған? 7 Ақын туындыларының басым көпшілігі қандай тақырыпқа арналған? 8Нұржан Наушабайұлы «Құран кәрім» атты өлеңінде қандай мәселелерді баяндайды? 9 Нұржан Наушабайұлы шығармашылығындағы заман бейнесі. 10 Нұржан Наушабайұлының «Өгіз бен Есектің хикаясы» өлеңінің мазмұны. 11 Көзі тірісінде ақынның қанша кітабы жарық көрді? 12 Ақынның өлеңдері неше жинақтан тұрады, оларды атаңыз? 13 Нұржан Наушабайұлы шығармашылығының әлеуметтік сипаты, көркемдік стильі жағынан қандай сипаттағы ақынға жатқызамыз? 14 Ақын «Манзұмат қазақия» атты кітабында қандай мәселелерді айтқан? 15 Нұржан Наушабайұлының ақындық өнерінің сырлы сипаттары. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 «Манзүмат қазақия», «Алаш» кітаптарының ХХғ.б. әдебиетіндегі орны. 2 Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. 3 Н.Наушабайұлы шығармашылығындағы жетістіктер мен кемшіліктердің ара салмағы. 4 Нұржан Наушабайұлы шығармашылығының басты тақырыбы. 5 Нұржан Наушабайұлының «Алтыншы назым» өлеңінің мазмұны. 6 Ақынның «Түлкі мен Әтеш», «Өгіз бен Есек» мысалдарында басып көрсеткен адамдардың қасиеттері. 44


7 Нұржан Наушабайұлына әлеуметтік мәселелерді жырлауға бағыт, кеңес берген ақын. 8 Ақынның діни сарындағы шығармалары. 9 Ақын шығармашылығындағы ислами көзқарастардың орны. 10 Нұржан Наушабайұлы туралы ғалым Б.Кенжебаевтің пікірі. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы, 1991. 2 Байтұрсынов А. Әдебиеттанытқыш. Шығармалар. – Алматы, 1989. 3 XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994. 4 Исмайлов Е. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1940. 5 Қазақ әдебиетінің тарихы II том, II кітап. – Алматы, 1965. 6 Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1983

Нарманбет Орманбетұлы (1860 - 1918) Ақын Нарманбет Орманбетұлы 1860 жылы бұрынғы Жезқазған облысы Приозер ауданы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Саға деген жерінде дүниеге келген. Руы – Тобықты. Нарманбет 7 атасынан қолынан билік кетпеген, байлығымен емес, шешен, әділ билігімен ауызына ел қаратқан ұрпақтан тараған. Ақынның төртінші атасы Деріпсалды – Қазақ – Қалмақ шапқыншылығы кезінде ел қорғауда ерлік көрсеткен, Абылайдан бата алған батыр адам. Нарманбет Орманбетұлы алдымен діни мектепте, кейін Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебінде оқыған. Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс болған.12-13 жасынан өлең шығара бастаған. Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз” деп ұлы Абайдың өзі айтқандай, жақсыдан шарапат алуды өмір бойы мұрат тұтқан Нарманбеттің балалық, жастық-жігіттік кездегі шығармалары мен тоқтасқан кездегі ойшыл, өмір ағысын сабақтаудан туған дүниелерін тап басып айту, өмірлік деректерін молынан келтіру қиын іс екені ақиқат. Табиғатында зерек, ізденімпаз Нарманбет бала күнінен бастап-ақ шешендік нақылдарға ден қойып, ел аузынан естігендерін жаттап, ұғып алатын құйма құлақ атанады. Нарманбет жиырма жастан асқан соң ақын, алғырлығымен ел аузына ілігеді. Сол кездердің өзінде-ақ дау-шардың дұрыс-бұрыстығына елдің көзін толық жеткізу үшін нақыл сөздерді орынды жерінде дөп қолданып, тақпақтап кететін “Тобықтының шегір көз шешен сарысы” атанады. Ел басқару ісіне кірісіп, әкесі мен ел арасына дәнекер болады. Қазақ халқының біртуар перзенті, алты Алаштың қамын жеген айтулы Әлихан Бөкейхановтың інісі Смақан қарияның естелігіне жүгінсек, Нарманбет он жеті жасында тілмаш, жиырма тоғыз жасында болыс болған екен. 45


Ақынның шығармашылық өнерінің шарықтау кезеңі 1900 жылдардан кейінгі уақыт. Оның осы жылдардан бастап жазғандары бұрынғыларына қарағанда идеялық-көркемдік жағынан, тақырыбының кеңдігі жағынан құнды да мәнді. Өйткені, ақын осы жылдардан бастап сол ортада болып жатқан шытырман оқиғаларға тереңдей қатысып, әр түрлі қиыншылықтарды бастан кешіреді. 1900 жылы Қасым, Мұса атты екі өнерпаз інісі, бір жылдан соң әкесі Орманбет қайтыс болады. Сол жылы ағайын арасының араздығы күшейіп, ел ішінде дау-тартыс молаяды. Өз аулы қыста жұтқа ұшырап, дәулеті кемиді. Осыған байланысты “Ала болса ағайын”, “Тілеш байға” т.б. өлеңдері туады. XX ғасырдың бас кезіндегі Ресей мен қазақ даласында болып жатқан ірі-ірі өзгерістер ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тақырыбына айналады. 1905-1907 жылдардағы төңкерістен кейін ояну сарынымен “Сарыарқаға қарасақ”, “Қазақ елі біз тұрмыз”, “Жақыпқа”, “Мектеп бастығына” деген өлеңдерін жазады. 1906 жылы Семей шаһарында өткен Мемлекеттік I Думаға депутаттыққа кандидат ұсыну жөніндегі ұлы жиынға қатысады. Осы жылдардан бастап қазақ ауылдарының қоныстан айырылуы жайында “Сарыарқа”, “Жойқын құлан жосиды”, “Шал қайғысы”, “Ауыл қайғысы”, “Бұл күнде байлар ғаяр, билер мекер” т.б. өлеңдерімен бірге отарлаудың жергілікті жердегі қара шоқпары – пристав пен оның төңірегіндегілердің екіжүзділігін, парақорлығын әшкерелейтін “Кер заман” дейтін сатиралық поэмасы дүниеге келеді. Өздігінен талаптанып көп ізденудің арқасында озық ойлы орыс жазушыларының шығармаларын еркін оқитын, оқығанын талдай отырып көңілге тоқитындай дәрежеге көтеріледі. Кейінде, олқын-толқын жылдары ұран есебінде жазылған өлеңінде: Пушкин менен Лермонтов Біздей ақын емес пе? Ақын болған адамдар Жұрттың қамын жемес пе? Әдебиеттен қалыспай Бізде нұсқа салайық, - деуі Пушкин мен Лермонтов шығармаларымен жете танысып, олардың рухынан нәр алғандығын дәлелдесе керек. Ақын өмірінің соңғы бір жарым жылдай уақытын Қарқаралыда өткізеді. 1917-1918 жылдары уездік соттың төрағасы міндетін атқарған. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Қарқарылада құрылған уездік комитеттің құрамына еніп, іле-шала осы комитеттің төрағасы Ақбайұлы Жақып, вицетөрағасы және төралқасы болып Нарманбет сайланады. Осы екі қызметті қатар атқарған ақын 1918 жылдың 2 ақпанында Қарқаралыда Совдеп құлаған соң өз аулына оралады. Нарманбет 1918 жылы Қарқаралы уезінің сот ағасы қызметін атқарады. Ел сүйіспеншілігіне бөлене білген Нарманбет ел ағасы, ақын ретінде халық тұрмысынан, оның басындағы қуанышты-күйінішті жайлардан әсте алшақтамайды. Халқымен бірге болып, оның жоғын жоқтасты. Өмір 46


шындығын өз туындысына арқау еткенін М. Әуезовтың: “...Абайдың алдындағы адамдар деп Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр-Жүсіп, Нарманбеттерді алу керек. Бұл адамдардың кейбірінің Абайдан жас болғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгілі сарынды есепке алу керек. Ол дәуірдің ақындары жазба әдебиеттің басы екені даусыз”, - деген пікірі толықтыра түсіп, Нарманбеттің т.б. аттары аталған адамдардың әдебиет тарихын кезеңге, дәуірге бөлудегі алатын орнын аңғартқандай. Сондықтан да болар оның шығармашылық жолынан XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ халқының саясиэкономикалық кейіпі мен әрқилы әлеуметтік шындығы анық көрінеді. Өткен ғасырдың аяғы-осы ғасырдың басындағы аласапыран, аумалытөкпелі кезіндегі көркем сөз өнеріне ғана емес, жалпы қазақтың қара өлеңіне, оның қадір-қасиетіне, таным-тағылым деңгейіне өлшеусіз үлес қосқан; тар заманалардағы талайлы тағдыр-тарихымызды өлең-жыр тілімен кестелеуде қарымды қабілет танытып, қасірет күйін шертіп өткен шежірелі тұлғалардың бірі-Арқадан шыққан арқалы ақын Нарманбет Орманбетұлы екендігі белгілі. Өлең-сөзге жастайынан құмарта құлаған ақын Қарқаралыға Абайдың келгенің естіп, тілдесіп сөз үйренуді ниет қылады. Оның жатқан үйіне іздеп келіп сәлем береді. Танысудың есебін таппаған Нарманбет: “Тобықты Орманбеттің баласы едім, Сізге сәлем бергелі келдім. Шахатым таусылып қалып еді”, - дейді жорта. Сонда Абай: “Баймын-қайыр-сақауытым жоқ, батырмын – мейір-шапағатым жоқ, молдамын-тағатғибадатым жоқ”, - депті. Сонда Нарманбет іле, қолма-қол: “Бар болып қайыр-сақауатыңыз жоқ болса, қарын ағаңыздан алған ғибратыңыз болар, батыр болып мейір-шапағатыңыз жоқ болса, Ғазірейілден алған һәбіретіңіз болар, молда болып тағат ғибадатыңыз жоқ болса, Әзірейілден алған үлгіңіз болар” - депті. Осы аз ғана тіл қайырысудан кейін Абай Нарманбеттің тапқырлығына сүйсініп, қасына отырғызыпты. Осы таныстық Нарманбеттің Абай мектебінен тағылым алуына, оның жолын қуып, “сырты-күміс, іші-алтын сөз жақсысын” талмай іздеп өтуіне түпкілікті қозғау салады. Нарманбет шығармашылығына тұңғыш ғалым ретінде бағасын берген Мұхтар Әуезов болатын. Ғалым Н.Орманбетұлының шығармашылығын зерттеу ісіне баса назар аударуының өзіндік себептері бар. Біріншіден Нарманбет Абайдың ақындық мектебі шәкірттерінің бірі болса, екіншіден, қазақ әдебиетіндегі «зар заман» ағымының соңғы буынына жатады, әрі соңғы өкілі болып есептеледі . Нарманбет өлеңдерін Абай үлгісімен жазып, тіпті Абайдың ойындағы пәлсафалық сарын, ізгі ниетті ойлар, даналық сөздер Абай өлеңдерінің ізімен ұқсас. Ойлануы бір, жазуы бөлек жырларды тіпті кім жазғаның айырудың өзі бөлек. Кейбір жырларын Абай сөзімен бастап, ары қарай терең философиялық түйіндеу жасап, оны көркем, бейнелі сөзбен жазып, шығарған туындылары қаншама. Нарманбет Абайша ел ағасы ретінде халық тұрмысын, оның басындағы қиыншылықты жазып, халқымен бірге жоғын жоқтаған ақын. Өмір шыңдығын өз туындысына арқау еткенін М.Әуезовтың: «...Абайдың алдындағы адамдар деп Шортанбай, Алтынсарин, Мәшһүр-Жүсіп, 47


Нарманбеттерді алу керек. Бұл адамдардың кейбірінің Абайдан жас болғандығын есеп қылуға болмайды. Бәрінің жазған сөздеріндегі бетті, белгілі сарынды есепке алу керек. Ол дәуірдің ақындары жазба әдебиеттің басы екені даусыз»,-деген пікірі толықтыра түсіп, Нарманбеттің т.б. аттары аталған адамдардың әдебиет тарихын кезеңге, дәуірге бөлудегі алатын орнын аңғартқандай. Ал Профессор Б. Кенжебаев 1958 жылы жарық көрген «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демокрит ақын-жазушылары» деген кітабында Нарманбет Орманбетұлының өмірі, ақындығы жайлы қысқаша мағлұмат бере келіп, Нарманбеттің орыстың классик жазушыларының және Абайдың шығармаларымен таныс болғандығын келтірген Нарманбет даму тарихын күрделі келбетін жырлаған ақын ретінде сыншыл реалист ретінде Абайдан үлгі алуы бірден-бір айғақ. Ғалым Әбдіғалиев айтқандай: «Нарманбеттің көпке мәлім, алғашқы өлеңі 14 жасындағы жазылған. Әйтсе де оның шынайы ақындық өнер жолына түсуі тікелей Абай поэзиясымен жақын танысқан сексенінші жылдардан басталса керек. Ендігі жерде Абай өлеңі Нарманбет үшін бағыт-бағдар берер темір қазыққа айналды » деп жазады. Ақын Абайдан сыншыл реализм әдістерін үйреніп, оны жақсы меңгере білді. Ол өз шығармасына арқау етіп алған оқиғаларын кеңейтіп, әр қырынан аша білуге қол жеткізді. Нарманбеттің ел билеушілерін әшкерлеуін, жан әлемі қатты күйзелгенін мына жолдан да анық айғарамыз: Аждаһаның аузында, Айырылып қалдық қоныстан. Бекіліп мизам шықпай тұр, Әлі бізге Орыстан. Әділеттік азайдыБи, старшын болыстан. Ел ішінде азғында, Төр тимеген құзғындар, Партия жасап жұлысқан», - деп патша ұлығымен қоса, партия жасап ел бірлігін бұзған шен құмар болыстарды, старшындарды сынайды. Жалпы Шен құмар болыс, би, старшын, тағы басқа жергілікті әкімдерді сынау, мінеу, келеке ету Нарманбет шығармаларының жарқын бір көрінісі. Бұл ретте ақын Абайдың жергілікті әкімдерді өлтіре сынайтын көркемдік тәсілдерін сәтті қолданады. Нарманбеттің Абайша қоғамдағы әділетсіздікті батыл сынауы, оны түзетбек болып күресуі, жақсыдан үйреніп, жаманнан безнуі қазақтың жаман кертартпа, келеңсіз қылықтарын баса айтып, құтқарудың жолы оқу білім, -деп Абайша ағартушылық жолды іздейді. Оқудың нұры сәулесі түспеген соң, Көңілінде біздің жұрттың қара жатыр, - деп барлық кеселдің түп-тамыры надандықта дейді, сол надандық апарар жолы қашанда жақсылық емес екендігін, Абай ізімен түйіндеуі осыған хақ. Абайда заманында надандық, қараңғылық атаулымен өмірі күресіп өткені, сол жолда көптеген кара сөздер мен өлеңдерін жазып кетті. Абайдың ағартушылық идеясын одан әрі жалғастырып, өлеңдеріне арқау еткен Нарманбет ақын «Қазақ елі біз тұрмыз» деген өлеңінде тағы да пысықтап өтеді: 48


Қазақ елі біз тұрмыз, Үлгі өнерден құр тұрмыз. Сауында бар, санда жоқ, Надандықты емдеткен, Қисық жолды жөндеткен, Тым болмаса қам да жоқ. Артта қалған өрнек жоқ, Көрге барса ермек жоқ, Жарық сәуле шам да жоқ, Азбандай буға ілестік, Бұқадай суға сірестік, Қызық түгіл шаң да жоқ»,- деп жалпы қазақтың мәдениетке талпынудан артта, қараңғы қалып бара жатқанына қатты күйінеді. Сонымен бірге тағы да оқу-өнер жолына үндейді. Ол Абай айтқан «Қалың елін, қазағын, қайран жұртын» жанымен сүйді, оның жарқын келешегі – жастарына үмітпен қарады. Жастардың келешегіне үмітпен қарағанын «Жастарға» деген өлеңі арқылы аңғартады. Аталған өлеңде жастарға ескерту жасап, ақыл айтады. Оларға ұран тастап, оқу-өнерге шақырады. Ақынның ел ішіндегі зорлық-зомбылықты, әділетсіздікті, теңсіздікті көріп, болыс, билік құмарларды сынға алғаны Абайдай демократтық қөзқарасыда дау тудырмайды. Бірақ Нарманбет өз дәуірінің тиісті бағасын алды, тіпті Нарманбетке көптеген ғалымдар еңбектерде жазды. Солардың бірі алматылық Балтабай Әбдіғазиев, жерлесіміз Азат Бабашев, кезіндегі журналист ғалым Рамазан Сағымбекұлы, Ақтоғайлық жоғары дәрежелі мұғалім, Нарманбеттанушы Аманкелді Туғанбаев Нарманбеттің ақындығы жайлы тың мәліметтер мен материалдар, зерттеулер ұсынды. Рамазан Сағымбекұлы «Қайта жанған жұлдыз» атты көлемді мақаласында тың, тарихи мәліметтерді молынан келтірген. Автор ақынның әдебиет тарихындағы орнын Шәкәріммен теңестіріп, «Абайдан кейінгі кезеңнің Абайы, сол Абайды өзінен де көп реттерде аласара бермейтін арқалы да ақиық ақын» деп дұрыс баға береді. 1939 жылы ғалым Е. Ысмайылов Мақсұт пен Тұрғанбктің жинағы негізінде алғысөз жазып, “Нарманбеттің өлеңдері” деген атпен таңдамалысын шығарды. Осы ғалымның ақын жайлы жазған қысқаша талдауы 1941 жылы орта мектептің 9 класына арналған әдебиеттік оқу кітабына еніп, шамалы өлеңдері хрестоматияға басылды. Одан бұрын, 1926 жылы “Жиырма үш толғау” деген жинаққа “Орманбеттің жоқтауы” еніп, “Сарыарқа сайран жерімай” деген өлеңі сол кездегі мерзімді баспасөздерге берілді. 1966 жылы Алматыда басылған ақындар айтысының үш томдығының екінші кітабына Жуасбай ақынмен айтысы шықты. 1978 жылы Ленинградта шыққан “Поэты Казахстана” атты антологиялық жинақта біраз өлеңдері орыс тіліне аударылып басылды. Сонымен қатар, профессор Б. Кенжебаевтың жоғарыда аталған еңбегінде Нарманбет Орманбетұлының өмірі, ақындығы жайлы қысқаша мағлұмат бере келіп, “Ұлы Октябрь революциясынан бұрынғы қазақтың оқығандарының ішінен кітап шығарып, баспасөз бетінде өлең-жыр, мақала жазып, көбірек 49


көзге түскен, өздерінің шығармаларында жалпы демократтық-ағартушылық бағыт ұстаған ақын-жазушылары: Мұхаметжан Сералин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Көбеев, Сәбит Дөнентаев, Әкірам Ғалимов, Әріп Тәңірбергенов, Бекет Өтетілеуов, Нарманбет Орманбетов, тағы басқалар болды” – дейді. Тіл – ұлт өкілдеріне адамгершілік-имандылық қасиеттерді дарытатын мәдениеттің қайнар көзі, ұлттық байлық. Мағжанша айтсақ: “Тіл – адам жанының тілмашы. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада ұдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр”. Біз осы ақын айтқан көріністерді, халқымыздың тарихын көркем әдебиет арқылы танып білеміз. Ал оны ақындар жасайды. Сондықтан болар халық оларды өз заманының сүйікті перзенті, елінің атын шығарар ері деп бағалады. Ақын тілінен төгілген отты жер “елдіктің туын көтеріп, ездіктің құтын қашырар” қуатты құрал болған, неше ықылым заманнан бері халқының жай-күйін бағып, барлайтын, қысылғанда жебеуші де демеуші де болып, рухын көтерген жыр дүлділі шайырлар мен ойшыл ақындар екені мәлім. Ақын шығармаларындағы көтерілген мәселелерді санамаласақ: махаббатжастық, саяси және көңіл-күй лирикалары, әлеуметтік-философиялық толғаулар, заман-қоғам-адам тағдырын сөз еткен шешендік жырлар, айтыс, жоқтау, жұмбақ, мақалға айналған тапқыр тұжырымдар, билік сөздермен бірге оқу-ағарту, әзіл-оспаққа құрылған ұтымды қалжыңдар мен эпиграммаларының бар екеніне куә боламыз. Бұған мұсылманшылық шарттарын сөз еткен “Әзел” атты көлемді туындысын қоссақ, ақын жырлаған тақырып аясының өте кең екені аңғарылады. Барлық ақындар іспетті жастық сезім күйлерін өлең өрнектеріне тоқып, сыртқа шығару Нарманбетке де жат болмаған. Олардан бізге жеткендері: “Бірекі хат”, “Көк ала үйрек”, “Ғашық тұрлауы”, кейін сала жазылған “Мен көрдім Қарқаралда бір шариф зат”, “Екі ғашық қысқа таң”, “Балдызға” (өні бар), “Күмісайға” дейтін өлеңдері. Аталған өлең үлгілерінің көпшілігі арнау хат түрінде жазылған. Олардың ішінде әзіл-оспаққа құрылған шағын айтыс қағытпалары да бар. Көбінесе емеуірінге толы жұмбақ сырларын ақын нәзіктікпен сыршыл сезімдерге бөлеп береді. Көңіл-күй тебіреністерін жастық іңкәрлікке орай, снзім әуендеріне беріліп, әлеуметтік істерден оқшаулап алып сөз етеді. Артына өлмес жыр, ісімен өшпес із қалдырып, заман қаһарына ұшырап, кейінгі ұрпақ үшін аты ұмытылып келген ақын Нарманбет Орманбетұлы Қарқаралы уезіндегі 22 болыс елді аузына қаратқан Қотан-Балқаш болысының ең беделді, әділетті болысы болғаны жайлы деректер 1990 жылдан бастап жариялана бастаған. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Нарманбет Орманбетұлының шығармашылық өмірбаяны. 2 Нарманбет Орманбетұлы алғашқы өлеңін неше жасында шығарған? 3Алғаш рет ақын шығармаларының таңдамалысын жарыққа шығарған ғалым. 50


4 Ақынның «Бірінші хат», «Екінші хат» деген өлеңдері қандай тақырыпқа арналған? 5 Ақын шығармашылығының тақырыптық жағынана басты ерекшелігі. 6 Ақынның ғылым мен білімге, ағартушылыққа үндеген өлеңін атаңыз? 7 Нарманбеттің өмірдің түрлі құбылыстарын саралай отырып, өзінің ішкі толғаныстарын арқау еткен өлеңдері? 8 Ақынның «Балалық күй», «Шал қайғысы» шығармаларының мәні мен мағынасы. 9 Нарманбет Орманбетұлы поэзиясының басты жетістіктерінің бірі? 10 Ақынның 1900 жылы Дума сайлауы тұсында шығарған өлеңі? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Нарманбет Орманбетұлы шығармаларының басты мақсаты. 2 Нарманбет Орманбетұлын зар заман ақындарының қатарына қосқан жазушы. 3 Ақын поэзиясының тақырыптық-идеялық сипаты. 4 Нарманбет шығармашылығында ең аз кездесетін сарын. 5 Нарманбет Орманбетұлы поэзиясының Абай дүниетанымымен үндесуі. 6 Ақын шығармаларындағы өмір шындығы. 7 Ақынның “Екі ғашық қысқа таң”, Ғашық тұрлауы” өлеңдеріндегі сезім иірімдері. 8 Ақынның «Өтті –ау дәурен, Аңдып сырт, кетті –ау көңіл тына аламай» деп жырлауына себеп болған жағдай. 9 Түрлі тақырыптар арасынан ақынның жанына ең жақын тақырып. 10 Ақынның «Арнау хат» түрінде жазған өлеңдері. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002. 2 Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –А: Өлке, 1997. 3 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994. 4 Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –А: Санат, 1994. 5 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1959. 6 "Қазақ энциклопедиясы" 7 том. 7 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. 8 А.Н. Туғанбаев “Нарманбет Орманбетұлы.Шығармалары”, “Болашақ – Баспа” редакциялық-баспа бөлімі, 1998. 9 Қазақ Энциклопедиясы", 6 том 10 Кенжебаев Б., Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары, А., 1958. 11 Әбдіғазиев Б., Асыл арна, А., 1992. 12 Орманбетұлы. Шығармалары, Қарағанды, 1998. 13 Қазақстан тарихы: Этникалық зерттеулерде, 10-том. 14 Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы, 7 том. 51


Мақыш Қалтайұлы (1869-1916) Ағартушы, ақын Мақыш Қалтайұлы қазіргі Астана қаласының маңында туылған. Ақмола медресесінде араб, парсы тілдерін үйреніп, дін ілімін меңгерген. Кейін Троицк қаласындағы “Расуля” медресесіне оқуға түсіп, біраз жыл “услу жәдид” әдісімен бала оқытқан. Меккеге барып, қажы атанған. Білімдарлығымен, ақындығымен танылып, “мәшһүр” деген атқа ие болды. Мақыш Қалтайұлының өмірі туралы деректер оның өз туындыларында кездеседі. Ақынның өзіне сөз беретін болсақ «қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» жинағындағы «Атым – Мақыш..» деп басталатын өлеңінде: Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам аты Едіге, қазақ – затым. Ақмола дүр дуаным, қыпшақ – руым Әр жерде сияхлықпен болды жүруім. Туған жер Есіл, Нұра болса дағы, Қушоқы деген жерде бүгін тұруым, -деп өзінің ата – бабасы, туған жері, руы жайында айтып өтеді. Бұл деректерді «Насихат қазақия» жинағындағы «Руым – қыпшақ..» деп басталатын өлеңінде нақтылай түседі: Руым – қыпшақ халқы, асылым – қазақ, Әр қауымға жәһилдіктен болған мазақ. Дуаным Ақмолаский, Қараөткел дүр, Болысым Жайықбаев ғизатлу зат. Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам – Едіге, жас келді қырыққа жақын. Яғни, ақынның өзі «Мың сегіз жүз алпыс тоғыз уәлидәнім» (туған жылым) деп айтып өткендей, сол кездегі әкімшілік аймақ бойынша Батыс Сібір генералгубернаторлығына бағынатын Ақмола облысы, Ақмола уезінің Жайықбаев болыстығына қарайтын Қараөткелді жайлаған қыпшақ руының ішінде 1869 жылы туған. Ақынның дүниеге келген кезі – бұрынғы хандық билеу заманы жойылып, ел арасынан сайланған аға сұлтандық билік те жарты ғасырға жетпей өзгертіліп, қазақ даласы ұсақ болыстарға бөлшектеніп, биліктің барлығы патша шенеуніктерінің қолына көшкен дүрбелеңді XIX ғасырдың екінші жартысы. Мақыштың балалық, жастық дәурені, тіпті саналы өмірінің барлығы да қазақ даласында жүріп жатқан дүрбелеңді саяси ахуалмен тұспа-тұс келді. Мақыш әкесі Қалтай, арғы атасы Едіге – барлығы да орта қолды кедей адамдар болған. Жас кезінде Мақыштың өзі де: Мен Мақыш Ақмоланың пақырымын, Мал басқа бай болмаған тақырымын, - деп өзі айтқандай жоқшылықтың тауқыметін көп тартады. Бірақ ол кедей екенмін деп төмендемейді, қай кезде де, кімнің алдында болса да еңсесін тік, жоғары ұстап бар мақсатын білім алуға, ғылым іздеуге жұмылдырады. 52


Мақыш алғаш сауатын ауыл молдасынан ашып, қадим мектебінде оқып, хат таниды. Алған білімін қанағат тұтпай ары қарай өздігінен ізденіп оқуға кіріседі. Бірнеше молданың алдын көріп, дәріс тыңдап, пікірлеседі. Ол Абдолла мүдәрристен 1894-1897жж аралығында үш жылдай дәріс тыңдап ислам тарихы, мәдениеті жайында кең мағлұмат алады. Абдолла Мақыштың ғылым-білімге деген құштарлығын танып, оған басқа шаһарларға барып оқуға кеңес береді. Сөйтіп ұстаз кеңесімен Мақыш оқу-білім іздеп алдымен Қызылжар, Көкшетау жағын аралап, Тройцкі қаласынан барып шығады. Мақыштың ақын, азамат ретінде дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына Тройцкіде алған білімінің, оқыған оқуының айрықша мәнді, маңызды болғанын бөліп айтуымыз керек. Сондай-ақ, Мақыш ұстазы Зейнолла Расуловтан дүнияуи пәндерден дәріс тыңдаумен қатар сопылық ілімді де үйренеді. Ақын шығармаларында ислам дініне қатысты діни уағыз-өсиет үлгісінде жазылған тәлім-тәрбие сипатындағы өлеңдер болмаса, сопылық дүниетанымдағы өлеңдер кездеспейді. Жалпы Мақыш тіл үйренуге өте ыждаһатты болған. Іздеп жүріп, қолына түсірген араб, парсы, татар тіліндегі ғылыми кітаптарды сол тілдің өзінде оқып, оны терең ұғынуға тырысқан. Үнемі кітап қарап білімін толықтырып отырады. Маңайындағы ғылым мәселелерімен таныс адамдармен сұхбаттасып, ой бөлісіп, пікір таластырады, білімін жетілдіре түсу үшін орыс тілін үйреніп, сол тілде жазылған христиан дініне қатысты әдебиеттерді оқиды. Мақыш медресені тәмамдап, мұғалімдік «шаһадат намасын» куәлігін алғаннан кейін еліне келіп ұстаздық қызметке кіріседі. Ақмола, Көкшетау, Қызылжар жағында бірнеше жыл бала оқытып, шәкірт тәрбиелеп ұстаздық өнегесімен, ғұламалығымен аймаққа танымал болып, «мәшһүр» атанады. Бұл пақырдан қалсын деп әсер соңға, Тәртіп етті біраз сөз келсе оңға. Дін қарындас дұғасын үміт етіп, Тахрир еткен әбиатты Мақыш молла, -деп, ендігі жерде дүние қызығынан баз кешіп, артында із қалдыру мақсатында жазғансызғандарын хатқа тізіп, бірыңғай шығармашылықпен айналыса бастайды. Хақиқи өлмей қалмас ешбір пенде, Ғанимет біл, болғанда жаның тәнде. Өлсе дағы өлмейді деген сөз бар, Жақсы есімін соңғыларға қалдырғанда, - деп өзі айтпақшы, артына елеулі мұра қалдырған ақын 1916 жылы небәрі 47 жыл өмір сүріп көз жұмады. Мақыш Қалтайұлының әдеби мұрасының жай-жапсарын байымдап, дүниетанымдық көзқарасына байланысты пікір білдірген Б.Кенжебаев: «Мақыш молда ақын. Оның дүниетануы, көзқарасы діни. Мәселені түсіндіру, талдау әдісі – шариғатша. Мысалдары, дәлелдері шариғаттан, діни кітаптардан. Бірақ Мақыш қазақ даласының капиталистік қарым-қатынастың жайылуы әсерімен капитализмнің рулық-ақсақалдық, ортағасырлық қалдығына қарсы күресу сарыны әсерімен оянған молда, сол сарында жырлаған ақын», - деп 53


Мақыш шығармашылығының негізгі тірегі исламиятқа қатысты екенін атап көрсеткен болатын. Мақыш Қалтайұлы әдеби мұрасы өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бері жоғарғы оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінде оқытылып келеді. Ақынның шығармашылық өмірбаяныалдымен арнаулы курс, кейін министрлік бекіткен типтік бағдарламамен арнайы пәнде - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің өкілі ретінде қарастырылып, оқулықтарға енгізілді. Алайда Б.Кенжебаевтің авторлығымен шыққан бірнеше басылымдағы (1958, 1966, 1976, 1993) оқулықтарда, Әдебиет және өнер институтының құрастыруымен басылған авторлық ұжымдағы зерттеуде (1992) және Қ.Ергөбековтың құрастыруымен жарияланған хрестоматиялық оқу құралында (1993) ақынның үш- төрт өлеңі ғана қамтылып сөз болды, әрине, бұлар қаламгердің шығармашылық бағытбағдарын, ақындық аңсарын ашып айтуға келмеді. Мақыштың өмірбаяны туралы мағұлматтар да мардымсыз болды. Осыдан арнайы маманданып жүрген студенттер тек Мақыштың ғана емес, діни ағартушылық бағыттағы өзге де ақындардың шығармаларының жанрлық, идеялық-көркемдік ерекшелігі, әдеби үдерістегі бағыт-бағдары туралы толық мағлұмат ала алмады. Оның себептері де жоқ емес. Мақыш Қалтайұлы кеңестік дәуірде шығармашылық мұрат-мақсаты жағынан өзі тағдырлас басқа да ақынжазушылармен бірге «ескішіл бағыттағы», діни көзқарастағы, «кітаби ақын» аталып, зерттеу объектісінен мақсатты түрде шеттеліп келді. Екіншіден, бүкіл шығармашылығы исламдық көркем ойлау жүйесіне негізделген Мақыштың, өзге де ақындардың туындыларындағы араб, парсы тілінен енген діниимандылық, діни-пәлсафалық аталымдардың, сөз орамдарының мол ұшырасуы зерттеушілерге біраз қиындық тудырғаны да рас. Осы орайда ғалым Ш.Сәтбаева тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында былай деген еді: «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғалары, ақынжазушылардың Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Сәбит Дөнентаевтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Спандияр Көбеевтің, Ғұмар Қарашевтің, Нарманбет Орманбетовтің, Шәңгерей Бөкеевтің, Бернияз Күлеевтің, Әріп Тәңірбергеновтің, Нұржан Наушабаевтың, Мақыш Қалтаевтың, Әкірам Ғалымовтың, әнші-композитор, ақындар өмірі мен шығармашылығы байсалды, объективті монографиялық зерттеулер, кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылуын күтіп тұр». Осы аталған ақындардың көпшілігінің әдеби мұрасы жаңаша көзқараста зерделеніп әдебиет тарихындағы орындары айқындалды. Біз сөз етіп отырған Мақыш Қалтайұлының да әдеби мұрасы, ақындық болмысы, шығармашылық бағыт-бағдарына қатысты айтылған құнды пікірлер, тұжырымдар аз емес. Қазақ әдебиеттану ғылымын әр қырынан зерттеген М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Дербісалин, Қ.Сыдиықов, У.Қалижан, Д.Қамзабекұлы және басқа да зерттеуші, ғалымдардың еңбектерінде ақын 54


мұрасына тоқталып, азды, көпті өз ойларын білдіреді. Мұны мақыштану саласында жасалған игі қадамдар деп атап өтуіміз керек. Негізінде Мақыш Қалтайұлының артына қалдырған мұрасы өте мол, өзінің көзі тірісінде-ақ Қазан қаласы баспаханаларында «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бахыс еткен манзумасы» (1907), «Біраз ғибрат сөз...» (1910), «Қазақтың айнасы» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты төл туындылары топтастырылған кітаптары мен «Сақ уа Сұқ халдері» (1913) және «Айна» (1913) аударма кітаптары жарық көрген болатын. Бұл жинақтарда Мақыштың өлеңдері мен толғаулары, мақалалары, аударма туындылары қамтылған. Араб әрпінде, қадим жазуымен жазылған жоғарыдағы кітаптардың барлығын топтастырып, қазіргі қолданыстағы әріпке түсіріп, араб, парсы сөздеріне түсінік жасап «Мақыш Қалтайұлы шығармалары» (Семей,1998) деген атпен жариялап, ғылыми айналысқа түсіріп зерттеген болатынбыз. Енді осыны қазіргі оқу үрдісіндегі қажеттіліктерді ескере отырып оқу құралы ретінде ұсынып отырмыз. Кез келген бір ақынның шығармашылығын зерделегенде, оның өмір сүрген заманы, тарихи, әлеуметтік жағдайы, қоғамдық сана, ұлттық психология, ұлттық мәдени ахуал, қаламгердің қоғамдық құлқы т.б. жағдаяттардың барлығы қамтылатыны сөзссіз. Ақын осыларды өзінше толғайды, өзінің санасынан өткізіп барып көркемдік ойлау жүйесіне салады. Мұның барлығы бір уақытта, ортақ кеңістікте өмір сүрген қаламгерлердің туындыларында көтерілетін ортақ тақырып. Мәселені қай қырынан шешіп, қалай келуіне қарай олардың шығармашылық даралығы айқындалады. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық-мазмұндық ерекшелігі, көркемдік, идеясы нақтыланады. Бұл көркемдік ойлау жүйесінің бұлжымайтын заңдылығы. Сондықтан Мақыш Қалтайұлы шығармашылығын сөз еткенде осы ортақтық пен даралықты қатар ұстадық, бұл арқылы сол тұстағы әдеби үдерістің даму динамикасын аңғаруға болады. Себебі бағыт ортақ – діни ағартушылық, яғни бір қоғамдағы барлық қаламгерге тән, тек қана түр, жанр, көркемдік, сөз қолданыс дара. Мақыш Қалтайұлының өмірі мен әдеби мұраларының жүйелі зерттеліп, оқу-әдістемелік құралдарынан көрініс беруі бүгінгі оқу үрдісі талаптарынан туындап отырған қажеттілік. Мақыш Қалтайұлы мұрасы жайында ой-пікір айту өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталады. Ақынның бұл кезеңдегі бірден-бір зерттеушісі филология ғылымының окторы, профессор Бейсембай Кенжебаев. «Әдебиет және искусство» журналының 1950 жылғы он екінші санында ғалымның «Мақыш Қалтаев» атты көлемді мақаласы басылды. Мақыш шығармашылығы зерттелуінің алғашқы қадамы болып табылатын мақалада зерттеуші ақынның Қазан қаласы баспаханаларында басылып шыққан кітаптарын саралай сүзіп, әрқайсына жеке-жеке тоқталып, қысқаша аңдатпа жасайды, жалпы шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық мәнін, мазмұнын ашып көрсетеді: «Мақыш дүниелік ғылым-білімнің, өнеркәсіптің, байлық-дәулеттің, мәдениеттің қажетін, пайдасын ұғады; қоғамның, халықтың шаруашылық, мәдениет жөнінен ілгері дамуын көксейді; жұртты оқуға, мәдениетке, ғылым, 55


өнеркәсіп үйренуге, отанның өркендеуі жолында қызмет етуге үндейді. Осы тұрғыдан қарап Мақыш қазақтың үйлену, ауру-сырқауды емдету жөніндегі ескі, зиянды ғұрып-әдеттерін сынайды; бектік-феодалдық қалып сарқыны болған надандық, жалқаулық, мансапқорлық, даукестік, партияшылдық сияқты жаман, кертартпа мінез-құлықтарын сынайды. Соларды дін негізінде, низам жолымен жаңғыртуды, түзетуді жөн көреді», деп ақын өлеңдерінің ағартушылық, сыншылдық бағыттағы мән-мазмұнын сипаттай отырып оның шығармашылық бағытын айқындап, саяси-дүниетанымдық көзқарасына әсер еткен саяси-тарихи жағдайларға, заман келбеті, дәуір тынысына тоқталады: «Мақышқа бір жағынан 1905 жылы болған буржуазияшыл-демократиялық революция, екінші жағынан империалистік соғыс, социалистік революция қарсаңында болған саяси-әлеуметтік жағдайлар қатты әсер еткен. Оның саяси ой-пікірі барған сайын өсіп, буржуазияшыл-ағартушылық бағыты ілгерілеп отырған. Осыдан Мақыш қазақ халқының саясат, мәдениет, шаруашылық жөнінен артта қалғандығын, отар болып езіліп отырғанын барған сайын әрі ашық, әрі батыл айтады. Әрине, аталмыш мақала тоталитарлық жүйенің оты өршіп тұрған кезде жазылғандықтан, зерттеуші Мақыш шығармашылығын кеңестік танымның таразысына салып «буржуазияшыл-ағартушылық» бағыттағы ақын ретінде тануға мәжбүр болды. Кейін, елуінші жылдардың соңына қарай, қоғамдағы «саяси жылымық» кезінде әдеби мұраға көзқарас өзгеріп, қараланғандар ақталып қайта зерттеле басталса да, біраз қаламгерлердің шығармашылығына әлі де болса күдікпен жалтақтай қарап, саясат ықпалында, таптық таным тұрғысынан зерделеніп жатты. Оның айғағы 1959 жылы Алматыда өткен қазақ әдебиетінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-теориялық конференциядағы баяндамалар мен пікірталастар. Солардың бірі Б.Кенжебаев жасаған «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы» деп аталатын баяндамасы. Онда ғасыр басындағы әдебиетте «кітаби» аталып жүрген ақындар жайында сөз болады (Бұл топта Мақыш Қалтайұлы да бар : «Кітаби ақын, жазушы деген атау ол топқа жатқызылатын ақын, жазушылардың не таптық идеялық көзқарасын, не көркем әдебиеттік бағытәдісін аңғартпайды, кәсібін, кітап басып шығарғанын ғана аңғартады», дей келе ғалым олардың әдеби бағытын жүйелеудегі негізгі ұстанған принципіне тоқталады: «Оларды саяси-идеялық көзқарасына қарай жіктеген орынды. Сонда қазақтың ХХ ғасыр басындағы жоғарыда айтылған ақын, жазушыларын феодалдық-клерикалдық, буржуазиялық-либералдық ақын, жазушылар деп атауға болады. Бұлардың феодалдық, діншілдік, буржуазиялық, либералдық ойпікірлері көп ретте астасып жатады. Сонымен бірге бұларда демократиялықағартушылық ой-пікірлер де байқалып отырады». Әрине, бұл зерттеушінің өз заманының ығында, саяси тұрғыдан айтылған тұжырымы. Тұтастай алғанда, Б.Кенжебаев жоғарыда сөз болған мақаласынан бастап өмірінің соңына дейін Мақыш Қалтайұлына қатысты зерттеулерден қол үзген жоқ. Ғалымның докторлық диссертация қорғау барысында жазған «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958) атты 56


монографиясында, осы еңбегінің негізінде жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге арналып жазылған «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1966, 1976, 1993) оқулықтарында, сонымен қатар «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1973), «Әдебиет белестері» (1986) сияқты күрделі зерттеулерінде Мақыш шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыптық-идеялық ерекшеліктері жайында тың пікірлер білдіріп, оның өмірі, әдеби мұрасына қатысты құнды деректермен толықтырып отырды. Жалпы, Мақыш мұрасын тұңғыш жинап, оған байыпты бағасын беріп қазақ әдебиеті сахнасына алғаш рет алып шыққан Б.Кенжебаев деп танығанымыз жөн. Алпысыншы жылдары М.Қалтайұлы ақындығы жайында біраз сөз айтқан Ысқақ Дүйсенбаев болды. Қазақ әдебиеті тарихына қатысты көптеген еңбектер жазған Ы.Дүйсенбаев Мақыш мұрасын арнайы зерттемесе де, сөз арасында оның шығармашылығына, ақындық өресіне тоқталып, өзіндік ой-пікірін білдіріп отырды. Зерттеуші Мақыш туралы бірінші рет 1963 жылы шыққан «ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары» атты оқулық-хрестоматияда сөз қозғады. Кейініректе 1965 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихында» (2-том, 2- кітап) және «Эпос және ақындар мұрасы» (1987) атты зерттеуінде еш өзгеріссіз қайталанып басылды. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мақыш Қалтайұлы шығармашылығына қатысты алғаш пікір айтушылар кімдер, олардың еңбектерін ата? 2 Мақыш шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген лингвист ғалым кім, қандай еңбегі бар? 3 Ақын кітаптары қай жерде, қандай баспаларда жарық көрді? 4 Мақыш Қалтайұлының татар тілінен аударған кітаптарын атаңыз, авторлары кімдер, қандай шығармалар қамтылған? 5 Мақыштың алған білімі, оқыған мектептері туралы не білесің? 6 Мақыштың отбасына қатысты қандай деректер білесің? 7 Ақынның діни ағартушылық қызметіне, діни атақ-лауазымына қатысты қандай деректерді білесің? 8 Мақыш Қалтайұлы шығармаларының зерттелуі. 9 Ақынның әдеби мұрасының жарияланып, жарық көруі. 10 Б. Кенжебаевтің, Ә. Жиреншиннің, Ү. Субханбердинаның, Ә. Кәримуллиннің және т.б зерттеу еңбектерін қарастырып, Мақыш Қалтайұлының баспа бетін көрген кітаптарына қатысты конспект жасаңыз. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Мақыш Қалтайұлының өмір деректері. 2 «Мақыш Қалтайұлы шығармаларының зерттелуі» тақырыбына реферат жазыңыз. 3 «Мақыш Қалтайұлы шығармалары» жинағынан ақынның ғұмыр-баяндық өлеңдерін тауып талдаңыз. 4 Мақыштанудағы қазіргі ізденістер (У. Қалижанұлы, Д. Қамзабекұлы т.б.) 5 Мақыштану саласындағы Б. Кенжебаевтің еңбегі. 57


6 Мақыш Қалтайұлының ғұмырнамасы. 7 Мақыш Қалтайұлы шығармашылығының зерттелуі. 8 Мақыш шығармаларының жинақталып жарық көруі. 9 Мақыш Қалтайұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. 10 Мақыш Қалтайұлының «Қазақ ақуалын бәйіт еткен кітабының тақырыптық идеясы.

манзумасы»

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Ә.Д.Әміренов Дәуірі туғызған ақын,- Павлодар: Оқу құралы, 2008. 2 Кенжебаев Б XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті.-Алматы: Білім, 1993. 3 Сыдиықов Қ. «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994. 4 Қамзабекұлы Д.Алаш және әдебиет». – Астана: Фолиант, 2002. 5 Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1973. 6 Кенжебаев Б. Әдебиет белестері: зерттеулер, мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1986. 7 Елеукенов Ш. Шалғынбаева Ж. Қазақ кітаптарының тарихы. Алматы: Санат, 1999. 8 Сыдиықов Қ. Мақыш Қалтаев. Кітапта: ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті (Қазан төңкерісіне дейінгі дәуір). Алматы: Ғылым, 1994. 9 Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. Алматы: Білім, 1998 10 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет.Астана: Фолиант, 2002. 11 ХХ ғасырдағы қазақ әдеби тілі. Астана: Елорда, 2000. 12Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – Мақыш Қалтайұлы шығармалары: өлеңдер, аудармалар, мақалалар. Құрастырып, алғы сөзін жазған Еспенбетов А., Әміренов Ә. – Семей, 1998. 13Құрастырған, алғы сөзін, өмірбаяндық анықтамалар мен араб барсы сөздеріне, діни терминдерге түсініктеме жазған Ә.Әміренов- Павлодар, 2010.

Ақылбек Сабалұлы (1880 - 1919) Ақылбек Сабаұлы, Ақылбек бин Сабал Тұрабаев 1880 жылы 17 қыркүйекте бұрынғы Семей обылысы, Қарқарал уезі, Ақбота болысында дүниеге келген. (Қазіргі Шығыс Қазақстан обылысы, Бесқарағай ауданы, Бестерек мекенінде). Жастайынан Ахмет Риза медресесінде оқыған. Араб, парсы, түрік тілдерін жетік білген. Ақындық өнерде Абайды ұстаз тұтқан. Шығыс әдебиетінің Қисса хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, уақиғалы поэма дастандар жазып байытқан. Әр дәуір өз ақынын туғызады десек, Ақылбек шығармалары өз заманының тұтас бір шежіресі секілді; көз алдында жан жақты жүрек тебіренісімен, сөз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған. Ақынның артында қалдырған мұралары қазақ 58


әдебиетінің үлкен бір тарихи, ол әлі жан жақты зерттеуді керек ететін аса ірі рухани байлық. Өзі өлгенімен, ақынның артынан қалдырған отты жырлары өлген жоқ. Оның өмірі мен шығармашылық жолы зерттеліп, өзінің жыр сүйер халқымен табысып, мәңгілік өмірін әрі жалғастырып жатса да Ақылбек Сабаұлы туралы мәліметтер соның өзінде де өте аз және тапшы. Діни шығыстық ағартушылық бағытының әдеби өкілі Ақылбек Сабалұлының дарынды жазушы, қиссашыл ақын екендігін мойындаймыз. Ол шығыс әдебиетінің қисса хикаяларын аударып, қазақ жазба әдебиетінің тақырып көлемін кеңейткен, уақиғалы поэма дастандар жазып байытқан. Аз ғана ғұмырында бірнеше поэмалар мен дастандар жазып мол мұрасымен қазақ әдебиетінің ілгеруіне септігін тигізген ақын. Ол өзінің шығармашылық жолында әр саланы қозғап сан түрлі: махаббат, сүйіспеншілік, ерлік, батырлық тақырыптарын жан жақты аша білген. Негізгі тақырыпшалары ретінде адамгершілік, адалдық, әділеттікті, өнер ғылым мәселелерін жырлай білген. Жастарды білімге өнерге шақырып, адамдық қасиеттерді өзінің шығармаларына арқау еткен ақын. Ақылбек Сабаұлының мол мұрасы филолог мамандарға белгілі болса да қалың көпшілікке, қазіргі ұрпаққа жетіңкіремей жатыр. Ақынның он шақты жыл шамасында шығарылған өлеңдері, поэмалары, қиссалары жинақы, шымыр әрқайсысының бітімі тиянақты. Тағдыр оты сөнуге жақын екенін ақын бейне бір сезгендей, іштей серпіліс, бұлқыныс байқалады. Ақынның толғаныстары мен ойлары, айнала дүниені танып білуге, арман тілегі тіпті ерте есейген әрі терең. Жап - жас ақынның көркем сөз өнерін меңгергені былай тұрсын, бейнелі, келісті көрініс, эпизот жасауға шеберленгені байқалады. Ақылбек Сабаұлының Қазан баспасынан шыққан қиссалары: «Таһир Зүһра» (1902), (бұл поэмасы «Ғашық- наме» (1976) жинағына кірген). «Бозжігіт» (1910), «Қисса Марғұба», (1911 ж), «Ибраһим» (1911), «Хикмет Нығмет» (1911 ж), «Қырық уәзір» (1911,1920 ж), «Алтын балық, (1912), «Самрұғ» (1915), т.б. Қазаннан басылып шыққан төл шығармалары «Дандан ғашық» «Мағшұқ наме» (1910), - жастық, махаббат жайындағы өлеңдері. Поэмалары: «Назым» (1911 ), «Сұм заман» (1911), «Ғибратнама» (1911), «Сәтбек батыр» (1910) т.б. Өз қолынан жазған еңбектерінен үш қолжазбасы бар. Өлең жырларының негізгі тақырыбы: адамгершілік, адалдық, әділеттік, өнер ғылым мәселелері. Ақылбек кітаптары Мәскеу, Санк -Петербург, Қазан қаласының үлкен кітапханаларында сақталған. Бейіті Жалқайың баурайында, Сарыой деген жерде. Ақылбектің есімі қазақ әдебиетінің тарихында кітаби, қиссашыл ақын ретінде белгілі. Оның Қазан баспасынан шыққан аудармалары: «Тахир Зухра» (1902) «Бозжігіт» (1910), «Ибрахим» (1911), «Ғибрат наме» (1911), «Назым» (1911), «Мағшұқ наме» (1911), «Қисса Марғұба» (1911) т.б. негізінен шығыстық сюжетке құрылған. Ол ақындық жолда Абайды өзіне ұстаз тұтқан, әдеби туындылары тақырыптық жағынан Абай шығармаларымен тамырлас. Өлең жырларында Абай поэзиясына тән адамгершілік, имандылық, әділеттік, бұқараны, әсіресе, жастарды оқу, білім, ғылым мен өнерге үндеу желісі молынан көрінеді. Ол Абайдың үлгісімен өз 59


заманының күңгірт жақтарын, әлеуметтік теңсіздікті батыл әшкерелеп, өмір құбылыстарына сын көзімен қараған. Ақылбек Сабаұлының лирикалық мұрасының біразы ғашықтық лирика. Өмірдің әр кезеңдеріндегі адам көңілінің бір сәт аңсауы, оңаша да сыздатқан ой кернеулер, ой марқабаты т.б тақырыптар ақын лирикасының бояуын қанықтырып тұр. Ақынның поэмалары өзіндік шырайлы ойлар толғаныстарға мол, көркемдік айшықтары әрлі туындылары. Ақынның логикалық поэмаларында адамның әр кездегі жан күйін сезім ирімдерін терең, асқақтата, романтикалық көтеріңкі леппен суреттеуге шебер. Әсіресе ғашықтық, сүйіспеншілік, қуаныш, реніш, күдік, сағыныш, жалғыздық сияқты мәңгілік, жалпыға ортақ сезім күйлері ақын суреттеуінде соншалықты әрлі, айшықты шыққан. Ертіс бойының тумасы, орыстандыру саясатының қатаң ызғары жүрегіне өшпес жара салған жазушы Рамазан Тоқтараов «Бақытты құлдықтын ақыры» романында мынандай үзінді бар: «…бұл поселоктын Жармақ (Ермак) атты пәле болып жабысты. Симка Босой деген бір қағынды өзіндей көп бұзық тобырды: «Бұл біздің ұлттық қаһарманымыз Ермек Тимофеевичтің жаулап алған жерлері екен», - деп кез келген үйге басып кіріп, әңгіртаяқ ойнатып жүр...» жазушы тың игеру кезіндегі ылаңды суреттеп отыр. Жармақ деген басқыншы, қазақты қан қақсатқан жауыз. Осы жауызды Сәтбек деген батыр өлтірген. Кеңес кезінде оның есімі халық санасынан әдейі өшірілген. Сәтбек жайлы ақын - Ақылбек Сабаұлы (1878-1918) үлкен қисса жазып қалдырған. «Сәтбек» қиссасы 1909 жылы Қазандағы «Каримовтар» баспасынан « Қисса- и Сәтбек» деген атпен кітап болып шыққан. Көлемі 14 бет. Қиссада Сәтбектің тұрған мекені. «Мекені Қызылжардың ар жағын Өтіпті жалғыз жігіт бір ұядан», - деп суреттеледі. Қиссада орыстардың басқыншылығы былай суреттелген. Батыстан орыс шықты ұрлай көшіп, Сүйретіп көк арбасын жарды кесіп. Қазақтың қыстау, жайлау, көктеулігін, Келеді кеміріп жеп, бөліп ішіп. Қазақтың кең даласын басып алмақ, Бағын да бодамға алып өзін баспақ. Сайлаған солдатты бар сан мыңдаған Көнбесең бесбатырдан оғын шашпақ. Әуелі ойы арам деп тек демеген, Кең құрсақ, тоқпейіл ел кет демеген. Ақыры өз жерінен айдап шықты Ел тамсанды «қорлық» деп, бұ не деген... Осы шумақтардан бодандық қамытын мойнына ілген еліміздің ащы тағдыры көрінеді. Орыс үкіметінің қазақ елінің шұрайлы да құнарлы жерлерін отарлап өз иеліктеріне алмақшы болғаны бейнеленген. Сан ғасырлар бойы қазақ елінің қиын өмірі мен ауыр тағдырды басыннан кешкендігі суреттеліп отыр. 60


Қазақтың кең даласын басып алмақ, Бағын да бодамға алып өзін баспақ. Осы шумақ жолдарынан бодандық қамытын мойнына ілген еліміздің ащы тағдыры, қиын өмірі көрініс табады. Қиссада бодандыққа қарсы ұлт- азаттық күрес жүргендігін, де сөз етіледі. Зорлыққа көнбейміз деп қазақ шықты, Белдесіп айқасып жүр талай мықты. Күштіге көмегі көп әлі келмей, Біріне - бірі ілесіп кейін ықты... Міне осы өлен жолдарынан қазақ халқының арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мықты ел екендігін көруімізге болады. Қандай қиындық болса да тайсалмай, зорлыққа көнбейміз - деп қарсы шығып, белдесетін, өз абыройларын жерге таптатпайтын ер жүректі халық екендігін көрсете білді. Жауыз Жармақты Сәтбектің өлтіру барысы былай түсіндіріледі: Айналып малшысының үйіне енді, Білейін не сұмдық деп мынау сырды. Дыбыс жоқ үй ішінде тас қараңғы, Кесілген он екі бас көзі көрді. Көрді де жаны ұшты бұл сұмдық Шам алып өз үйіне кіріп кетті. Есікті пәрменіме ашып қалса, Үш ұлын бәйбішемен өлтіріпті. Қайта кеп қонақ үйге көзін салған, Тентектің заманы ғой мына заман. Шай ішіп самаурыннан отыр екен, Бәтішті тоғыз орыс ортаға алған. Орыстар күллі ауылды түгелімен қырып салып, Сәтбектің аты аңызға қызы Бәтіш сұлуды олжалап отырады. Қиссада «Басшысы тоғыз орыс -кәпір Жармақ» дейді. Осы орыстар байлаулы аттарын көруге бір бірлеп шыққанда Сәтбек батыр ақ алмаспен бастарын шауып тұрады. Ең соңында қалған Жармақ осал жау емес. Сәтбектің сілтеген ақ алмас жаза тиіп, кәпірдің сол қолын қиып кетеді. Сәтпекке бір қолымен қалған Жармақтың өзі көп қауып төндіреді. Қиссада: «Сол қолын қиып түсті, оң қол қалды, Шап беріп қабырғадан ұстай алды Көтеріп бір қолымен үйіріп жүр, Байқасаң көп адамнан мынау әлді. Барады қысып Жармақ Сәтбек ерді, Ағызды қысқан сайын қара терді» - деп суреттелген екен. Бірақ Сәтбек батыр қапысын тауып Жармақты жер жастандырады. Орыстар ақыры Сәтбекті ұстап, жаяу айдап, патша алдына жеткізеді. Сәтбек ер патшанын алдында тұрып: Шарлаушы бұдан кейін жібермесең, Қазақты басқа жұрттан кем көрмесең Қайтарып жер мен суды өздеріне, 61


Зорлықпен жерімізді бөлдірмесен. Тарыдай қылмысым жоқ, арым таза, Әділдік болмас маған берсең Бұзылып аймақ елім атқа мінсе. Қозғалса мазаң кетер кең сахара - деп бас ұрмай тіке айтады. Сәтбекті жазалағаннан ешнәрсе ұтпасын білген патша оған бостандық беру арқылы, қазақтың сеніміне кіруді ойлайды. Осындай ірі тұлғаларға үлкен шен беріп, алдап қойып, бүкіл елге бодандық қамытын мықтап кигізуді жоспарлайды. Бұл қулықтың сырын сезген Сәтбек ер шеннен бас тартады. «Шеніңді жеті ғалам мен алмаймын, Алдаған құр сөзіңе сене алмаймын. Сен үшін жан сауғалап қызмет қылып, Боданға елді сатып бере алмаймын» - дейді. Бұл жерде біз Сәтбектің ер жүрек батыр, елі, жері үшін аянбай тер төгіп қызмет қылатын азамат екенін көреміз. Патшаның құрғақ бос уәде сөзіне сенбейтінің, тайсалмай бетке айтып, сен үшін жан сауғалап қызмет қылып, боданға елді сатып бере алмаймын -, деп қайсарлы, өткір мінезімен тайсалмай жауап береді. Сонымен бірге қиссашыл ақын Ақылбек Сабаұлы өңдеп қайта жырлаған нұсқасы Қазан қаласында 1911 жылы жарияланды. «Бозжігіт» жырының қай нұсқасын алсақ та олардың сюжеті ұқсас, яғни Бозжігіт пен Қарашаштың махаббаты адамға қатты әсер етеді, көбінесе аянышты болып келеді. Әсіресе Қарашаш сұлудың бейнесі өте жақсы шыққан. Шығыс дастандарының көбіне ортақ тәсіл – екі жастың бірін - бірі түсінде көріп, ғашық болуы, оқиға желісінде өз бақыты үшін күресулері, сүйгені үшін байлықтан да, мансаптан да бас тартуы айна қатесіз қайталанады. Бозжігіт қазаға ұшыраған шақта бойжеткен оның басына там тұрғызып, ежелден келе жатқан ғашықтар дәстүрін бұзбай өзіне қол жұмсап о дүниеге сүйгенімен бірге құшақтасып аттанады. «Бозжігіт» - дастаны. Ертеден - ақ Дешті Қыпшаққа, кейін қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарының көбіне ортақ және кең тараған ғашықтық дастандардың бірі. Жырдың қазақ арасындағы ең көне нұсқасы – 1842 жылы жазылып алынып, 1870 жылы В.В.Радлов жинағында жарияланған. Мұнан кейін «Бозжігіт» Қазан, Орынбор, т.б.қалалардың баспаларынан 14 рет жеке кітап болып басылып шыққан. Шығыстанушы, ғалым Н.Ф.Катановтың қазақ кітаптары жайында сол кездің өзінде жарияланған бір мақаласында «Бозжігіт» дастанының 1896 жылғы басылымы 10 мың дана болып шыққаны хабарланған. 1911 жылы қиссашыл ақын Ақылбек Сабаұлы «Бозжігіт» жырын өңдеп, Қазан қаласында қайта бастырған. Жыр мен қара сөз аралас жазылған қисса түріндегі нұсқасымен қатар таза өлеңмен жазылған дастан - поэма түрінде кездеседі. Дастан қазақ даласына қолжазба түрінде ғана емес, ауызша да айтылып, кең тараған. Дастанда Бозжігіт пен Қарашаштың адал да берік махаббаты жырланады. Махаббат жолында қаншама қиындықтардың бәрін жеңіп, сүйгенін тапса да, қыз әкесінің қатал, рақымсыз қыңырлығын жеңе алмай мерт болған тебіреніспен баяндалады. «Бозжігіт» жырының қай нұсқасын алсақ та, Бозжігіт пен Қарашащтың махаббаты әсерлі жырланған. Жырдың қолжазба нұсқалары Санк - Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Алматы қалаларының 62


кітапхана қорларында сақтаулы. Ескі қолжазбаның бір нұсқасы Британия музейінде сақталған. Ақан серінің шәкірті, халық ақыны И.Жылқайдаров «Бозжігіт» жырының сюжетіне 1940 жылы поэма жазған. Оның қолжазбасы Қазақстанның Орталығы ғылым кітапханасының қорында сақтаған. Келесі бір ғашықтық дастаны - Таһир - Зуһра. Дастанның сюжеті өзбек, татар, ноғай, әзірбайжан, түрікмен, қазақ арасында кеңінен танымал, батыстың « Ромео Джульеттасы», шығыстың «Ләйлі Мәжнүнімен» үндес. Өзбек әдебиетіндегі осы аттас ертегі негінде алғаш өндеп жырлаған өзбек ақыны Сағди болды (ХVII –ХVIII ғасырлар). Түрікмен ақыны Моллонепс (1810 -1862 ж) өз тілінде Сабир Абдолла «Таһир - Зуһра» либреттосын жазған, кейін ол орыс тілінде аударылып, кітап болып шықты. «Қисса Таһир - Зуһра» дастанының 1883,1888,1889 жылы, қазақ тілінде басылғаны жайындағы мәліметтер А.А.Бобровников пен Н.Ф.Катановтың сипаттамаларында берілген. Қазақстан Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапхана қорында дастанның екі нұсқасы сақтаулы: бірі А.Оразаев (1834 -1883 ж) бастырған нұсқа, ол 1889 – 1908 жылы аралығында Қазан қаласында қазақ тілінде 9 рет басылып шыққан. Бұл нұсқаның мазмұны қара сөзбен баяндалған. Екіншісі – ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қиссашыл ақын Ақылбек Сабаұлы өлеңмен жырлаған нұсқа. Ол Оразаев нұсқасын өлеңге айналдырған. Ақылбек нұсқасы «Ғашықнама» (1976 ж), «Ғашықтық дастандар» (1994 ж) жинақтарында жарияланған. Екі нұсқа оқиғасы да балаға зарығу желісінен басталады. Дәруіш берген қасиетті алманың арқасында патша қызды, оның уәзірі ұлды болады. Балалардың есімдерін Таһир мен Зуһра қояды. Дастанда есейген екі жастың қайғылы махаббаты суреттелген. Патшаның әйелі «дәрежесі өзінен төмен» уәзірдің баласына өткерген сан алуан ауыр жағдайлар сөз болады, сонымен Таһир мен Зуһра махаббат жолында жандарын қияды. Екі жастың жалынды сүіспеншілігі, ішкі сезім тілектері, бас бостандығы үшін күресі дастан сюжетіне арқау болған, олардың шынайы махаббаты. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Ақылбек Сабалұлы оқыған медресе және оқытқан ұстазы туралы мәлімет. 2 Ақылбек Сабалұлының «Қазақ» баспасынан шыққан қиссаларын атаңыз? 3 Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы мен дастандарындағы көркемдік ізденістер. 4 Ақылбек Сабалұлының «Қырық уәзір» қиссасы қай жылы жарық көрген? 5 Ақылбек Сабалұлының «Қырық уәзір» қиссасы мазмұнында туралы баяндаңыз? 6 Ақылбек Сабалұлының шығармашылығының негізгі тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі. 7 Ақылбек Сабалұлының кітаптары қай қалалардағы кітапханаларда сақталған? 8 Ақылбек Сабалұлы қандай сарындағы ақындар тобына жатады? 9 Ақылбек Сабалұлының шығыстық сюжетке құрылған төл шығармалары. 63


10Ақылбектің шығармалары идеясы мен тақырыптары жағынан қай ақынмен тамырлас болып келеді? 11Ақынның «Батыстан орыс шықты ұрлай көшіп,Сүйретіп көк арбасын жарды кесіп» - деген өлең жолдары қай шығармасынан алынған? 12Ақылбек Сабалұлының өз қолымен жазылған еңбектерінің қанша қолжазбасы сақталынған? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Ақылбек Сабалұлы аудармаларының көркемдік ерекшелігі 2 Ақылбек Сабалұлы шығармашылығындағы жастықмахаббат тақырыбындағы өлеңдер. 3 Ақылбек Сабалұлының меңгерген тілдері. 4 Ақылбек Сабалұлының «Тариһ-Зуһра» поэмасы. 5 Ақынның аудармалары негізінен басым болған тілдер. 6 Ақынның әдеби аударма саласына қосқан үлесі. 7 Ақылбек Сабалұлының «Бозжігіт» дастанының идеялық ерекшелігі. 8 Ақылбек Сабалұлы шығармашылығының негізгі идеялық сипаты. 9 Ақылбек Сабалұлы және шығыстық сарын. 10Ақылбек Сабалұлы поэмаларындағы сезім иірімдері. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы, «Аруна» баспасы. 2005. 2 Қазақ ұлттық энциклопедиясы 3 Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы 4 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. 5 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.А: Қазақ университеті, 2002. 6 Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –А: Өлке, 1997. 7 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994. 8 Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –А: Санат, 1994. 9 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1959 10"Қазақ энциклопедиясы" 7 том.

Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939) XX ғасыр басындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі халық ақыны, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуов Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ленин атындағы кеңшарда (қазіргі Тұрмағамбет ауылы) дүниеге келген. Алғаш Алдашбай Ахуннан оқып, сауатын ашқан. Бұқара қаласында әуелі «Мир араб» (1896-1899), кейін «Көкелташ» медресесінде (1896-1905) оқыған. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгерген. «Көкелташ» медресесінде тәжіктің 64


классик жазушысы Садриддин Айнимен достасып, студенттер арасында қабырға газетін шығарып тұрған. Өзі медреседе оқып жүріп, Қарақалпақ елінде бала оқытқан. Осы тұста «Шәкірттеріме», «Ұстаз ұсынысы», «Шөлмек» өлеңдерін жазған. 1905-1925 жылдары ауыл мектебінде мұғалім, 1936-1937 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариатында ғылыми қызметкер болған. 14 жасында «Қара қоңыз» тұңғыш мысал өлеңін, 18 жасында «Мәрді дихан» атты алғаш дастанын шығарған. Нәзиралық дәстүрмен шығыстық сюжеттерді негізге алып, «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз», «Рауа бану»,тағы басқа да оннан астам дастан жазған. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларының негізгі тақырыбы – білімғылымды («Балаларыма», «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын», Ұлдарыма», «Абайды оқығанда»), адамдық пен ізгілікті («Адамдық іс», «Жақсы мен жаман», «Қабанға қарсы ұмытылма ер дегенге», «Толымды жігіт») және сатиралық («Құрбанғалиға», «Бар» мен «Жоқ», «Ал» мен «Бер», «Бірге туған», «Құлжан биге», т.б.) өлеңдерді насихаттау болды. Ақынның сөз өнерінің өміршеңдігін өнеге еткен өлеңдеріне «Назым», «Сөз берсем «жөндеймін» деп бұзасыңдар», «Әр елдің бар бұлбұлы», «Жоқ деме, маза өлеңде», «Жырыңды жаз жөрмелеп», тағы басқалары жатады. Сондай-ақ, «Атаңның әуелінде белінде едің», «Адам» атты діни-философиялық жырлары мен бұрын баспа бетін көрмеген «Хазіреті Омардың хикаялары», «Пендесін Алла жеткерер», «Бұйрық» өлеңдерінде ол өзінің суреткерлік таланты мен дін ілімінің білгірі, терең психологиялық танымының иесі екендігін танытты. Т.Ізтілеуов табиғат тақырыбында «Жыл келді», «Сыр бойы», тағы басқа өлеңдер жазды. Ол жазбаша айтыстың дамуына өзіндік үлесін қоса отырып, Сыр бойындағы жазба айтыс мектебін қалыптастырушылардың бірі болды. Ізтілеуовтің жазба айтыстарын діни айтыс («Тұрмағамбет пен Ермұрат айтысы»), хат айтыс («Тұрмағамбет пен Жүрсеннің айтысы», «Тұрмағамбет пен Әбдікәрімнің айтысы»), жұмбақ айтыс («Тұрмағамбет пен Шәді төренің айтысы»), мысал айтыс («Көк құтан мен шымшық») деп жіктеуге болады. Т.Ізтілеуов бастаған ақындар тобы халықтық игі үрдістердің бірі – топтық өнер жарысын қалыптастырды. «Алты ақынның өмірі туралы айтысында» поэтикалық пікір жарысы философиялық сұхбат түріне жалғасса, Шәді төремен жұмбақ айтысында адамның жас ерекшеліктері табиғаттың түрлі құбылыстарына, жан-жануарлардың түрлі қасиеттеріне теңестіріліп жасырылады. Тұрмағамбет Ізтілеуов ақындарға аралық сөз айтып, бітістіруші би-шешен де бола білген. «Тұрмағамбеттің өзіне тән бір жаңа жанрды атауымыз керек. Ол – Тұрекеңнің өзге ақындардың айтыстарына айтқан аралық сөздері» дейді бұл туралы академик М.Қаратаев. Омар мен Таубайдың Жүсібіне, Омар мен Нұрмаханға, Қаңлы Жүсіп пен Кете Жүсіпке, Кете Жүсіп пен Даңмұрынға арнаған аралық сөздері ақынның адамгершілік ұстанымын дәйектейді. Ақын 1936 жылы Ә.Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақ тіліне еркін аударма жасаған (40 мың жол). Бұл шығарманы М.Әуезов, С.Сейфуллин, 65


Т.Жүргенов, т. б. жоғары бағалаған. Туындының «Рүстем – Дастан» аталатын бөлімі 1961 жылы, «Шаһнама. Рүстем – Дастан» деген атпен толықтырылған нұсқасы 2004 жылы жарық көрген. Өлеңдері «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «Қасиетті Қармақшым», «Ғасырлар толқыны» жинақтарына енген. Зерттеуші М.Байділдаев Т.Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген жырларын, тапқырлық сөздерін жинастырып, «Назым» деген атпен 1972, 1982 жылдары жарыққа шығарды. Ө.Күмісбаев Ізтілеуовтің «Рүстем – Дастанын» жүйелі түрде қарастырып, парсы тіліндегі «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. Ұ.Жаңбыршиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады. Ақын қолжазбалары Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының қолжазба мәтінтану бөлімінде сақтаулы. 1980 жылы Тұрмағамбет Ізтілеуовке туған жерінде ескерткіш орнатылып Қармақшы ауданындағы Ленин кеңшарына, бір көшеге ақынның есімі берілген. Тұрмағамбет творчествосы сан алуан. Ол поэзияның барлық жанрына да қалам тартқан адам. Сауатты болғандықтан ерте кезден-ақ Абай шығармаларымен жақсы таныс болған («Абайды оқығанда» деген өлеңін 1910 жылы жазған). Революциядан бұрын аты шыққан ақын совет тақырыбына арнап бірқатар шығармалар жазған. Шығыс тақырыбына батыл барып, байсалды еңбек жасаған (поэмалары «Мәрді диқан», «Рауа бану», «Данышпан қарт», «Тұтқын қыз» т.б.) қазақ ақындарының бірі Тұрмағамбет дейміз. Әсіресе оның ақындығының шыңы – қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан Фирдоуси «Шахнамасының» 40 мың жолдық аудармасы. Бұл күрделі еңбектің бір бөлімі – «Рүстем-дастан» 1961 жылы өз алдына жеке кітап боп көп тиражбен басылып шықты. Тұрағамбет Ізтілеуовтің қисса дастандары, аудармалары арқылы Шығыс елімен тереземіз тең болды. Тұрмағамбет Ізтілеуов әдеби мұралары тақырыбының жырлану жүйесіне зер салсақ, халқымыздың ғасырлар бойы қордаланған ұлттық құндылығымен тамырлас екеніне көз жеткіземіз. Тәуелсіздікке қол жетуімізге орай халқымыздың әдебиеті мен мәдениеті, ғылымы мен өмірі жаңа қырынан зерделеніп жатқан уақытта Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармалары да қоғамдық көзқарасқа сай қайта қарастыруды қажет етіп отыр. Адамгершілік мәселесін жырлаудың қазақ әдебиетіндегі көрінісін, әдеби байланыстармен ықпалдасуын гуманист ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің шығармашылығы арқылы пайымдаудың маңызы зор.Кеңестік кезең әдебиеттану ғылымында қаламгердің ағартушылық бағыттағы шығармалары бір жақты мансұқталып келді. Сол себепті бұл тақырыпта қалам төкпеген ақын-жазушылар өзінің лайықты бағасын алмады. Бұқарадағы «Көкелташ» медресесінде оқып, діни ілімнен молынан сусындаған. Тұрмағамбет ақын да осы қиянаттан тыс қалмады. Мұсылмандардың сана мен діни дүниетанымды сөз еткен «Аллаға», «Пендесін Алла жеткерер», «Ораза жоқ, намаз жоқ» т.б философиялық, танымдық мәндегі өлеңдеріне кеңестік көзқарас салдарынан көз жұмып қарауға тура келеді. XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясында ерекше сипатқа ие болған жазба айтыс жанры сыр бойы ақындарына жаңа серпіліс әкелді. Жазба айтыс өнерін дамытушылардың бірі 66


ретінде Тұрмағамбет ақынның есімін атауға болады. Оған қоса қаламгер жазба айтыс ақындарына аралық, тоқтау сөз айтып, айтыс жанрын жаңа бір қырынан дамытты. Қазақ әдебиетін шығыс әдебиетімен байланыстыратын аса құнды аудармалар жасап, алтын көпір салған шығыстанушылардың бірі де Тұрмағамбет Ізтілеуов. Осы орайда сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен келген Тұрмағамбет Ізтілеуов өлеңдеріндегі білім- ғылым насихатын, адамгершілік идеялары мен сатираны ұлт әдебиетінің даму үрдісі негізінде қарастырудың өзектілігі айқындала түседі. Өскелең ұрпақ бойындағы ізгілік ізденістерді жаңғырту қоғамдағы маңызды міндеттердегі бірі саналатындықтан, ақынның әдеби мұралары тақырыбын зерттеудің зәулілігі байқалады. Осы секілді жайттар ақынның рухани әдеби мұрасының терең мазмұнын түсінуге көмектеседі. 1957 жылы ақын шығармашылығын зерттеуге мүмкіндік туған кезден бастап оның ақындық талантына баға берілген мақалалар жарық көре бастады. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 1958 жылы маусым айында өткен үшінші пленумында академик Ғабит Мүсірепов Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығын игеру, жұртшылық қажетіне жарату керектігін сөз етіп, тұңғыш рет қозғау салды. Осыдан кейін ақынның әдеби мұрасына көңіл бөлініп, зерттеле бастады. Орта мектеп оқулықтарында Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығына елеулі орын берілді. Тұрмағамбет ақынның ұстаздық қызметі, әдеби мұрасы жайында жазылған Н.Төреқұлов, Қ.Бекхожин, Р.Бердібаев, Т.Тебегенов, Т.Еңсегенов т.б ғалымдардың мақалалары қаламгердің қазақ поэзиясындағы орнын дәйектейді. Ақын мұрасының көркемдік деңгейі, тіл айшығы жөнінде Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаев, Е.Ысмайлов, Р.Бердібаев, Ш.Сәтбаева, Б.Адамбаев, М.Дүйсенов, А.Қыраубаева, Ы.Дүйсенов, Б.Әлменов, Ы.Сағитов және тағы басқалар зерттеушілердің мақалаларын атап өткен орынды. М.Байділдаев Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген өлеңдерін, тапқырлық сөздерін жинастырып, оның «Шаһнама» желісінде жазылған «Рүстем- Дастан» шығармасын 1961 жылы жеке кітап етіп бастырды. Өлеңдер жинағын «Назым» деген атпен 19721982 жылдары (толықтырып) жарыққа шығарды. Зерттеуші ғалым Ө.Күмісбаев Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем- Дастан» поэмасын жүйелі түрде қарастырып, классикалық туынды «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. «Рүстем- Дастан» 2004 жылы «Жазушы» баспасынан толықтырылып қайта басылып шықты. Ұ.Жанбершиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады. Ақынның туған жері Қызылорда өңірі яғни Сыр бойы ежелден - ақ орақ ауыз, от тілді шешендер мен көсем қарияларға, жез таңдай әншілер мен айдарынан жел ескен ақын - шайырларға, жыршы - жырауларға, сал - серілерге кемде болмаған. Өзгеден ойы асқақ, бойы биік осындай парасатты перзенттерін халық сүйсінгендіктен оларды «Сүлей» деп атайды. Солардың бірі – қазақ әдебиеті мен мәдениетіне айрықша үлес қосқан, суырып салма ақындығымен, 67


ерекше талантымен елге танылып, «Сыр сүлейі» атанған ақынның бірі де бірегейі Тұрмағамбет Ізтілеуов. Тұрмағамбет 1901 жылдан бастап үлкен ақын атанған болса, оның әдебиетке келуі Сыр үшін өзінше бір ояну кезеңі болды. Соның басында Тұрмағанбет тұрды. Сыр поэзиясы әр қилы жанрда өзгеше дамиды. Нысанбай, Жаңаберген, Балқы Базар, Рүстембек, Сәрсенбай, Молдахмет жыраулық салтында көрінсе, Нұртуған, Ерімбет қисса ақыны болып көрінеді. Қанды, Кете Жүсіптер, Нағым, Даңмұрындар өзінің толып жатқан шәкірттерімен айтыс поэзиясымен шұғылданады. Толғау, терме ақындары көбейеді. Осылардың бәріне ұстаздық жасаған, қиссалық әдебиетке жол салған ақын - Тұрмағамбет болған. Әңгіме айтушылар көбеюінде емес, Сыр бойында «туркизммен»ұштасқан, қазақтың жазба әдебиетінің келелі түрде туып, соның поэзия дариясына айналуында болған еді. Тұрмағамбет мектебіндегі ақындар қандай жанрда көрінбесін, бұрынғы фольклор стилін тастап, жазба әдебиеттің шығысқа тән жаңа үлгісін жасайды. Бұл стильдің туын көтерген ақын Тұрмағамбет болса, соның жаңалығына түсінгендер Ерімбет, Шораяқтың Омары, Дүр Оңғар сияқты келелі ақындар еді. Тұрмағамбет бір ғана эпопеялық жанр емес, толғау, терме поэзиясын да түгелдей жаңартып, өзгеше байытқан ақын. Оның толғаулары қаншама болса да, бір ұйқаспен бітеді. Осы ұйқасты Сыр бойында қолданбаған ақын кем. Жыраулар Тұрмағамбеттің әрбір толғауына ән - күй ойлап шығарған. Олай болса Сырдың поэзиясы ғана емес, ғажап музыкасын да Тұрмағамбетсіз түсіну қиын. Тұрмағамбетте аздаған айтыс өлеңдері де бар. Сыр бойында Тұрмағамбет стилін бастап қолданған ақын - Қаңлы Жүсіп болған еді. «Турки»деп аталатын бұл стиль Сыр айтыстарында классикалық дәрежеде көрінеді.. Тұрмағамбет толғауларын ел іші осы күнге дейін домбырамен айтады. Жастарды жақсы мінезге, халықты қадірлей білуге шақыратын бұл термелердің ғибраты ғажап. «Адамдық іс» деген термесі халық арасында сақталып, айтып жүр. «Алтау ала болса ауыздағы кетеді», деп бірлікті насихаттайды, «Кейбіреу сәл бақытқа мас болады, шабақтай шалпылдаған қайраңдағы» деген жерде ол болыс - билерді (1907) сынайды. Гуманист, ұстаз ақын өзінің алғашқы поэзиясында елді оқу, білімге шақырады, мансап қуғандарға ақыл айтады. Тұрмағамбет поэзиясында халықтық мазмұн терең болып келеді. Оның қадірін білем десеңіз халық ортасына барыңыз. Жыр жампозы Тұрмағамбет Ізтілеуов артына тәлім - тәрбие, өнеге қалдырып, өсиеттік мәні бар ақыл - нақылдар жазған. Ақынның шығармалары да бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесінде тәлімдік мәнге ие болып, халықтың игілігіне айналып келеді. Ол адамдардың ізгі мұратына үлгі - өнеге ретінде қызмет етеді.Ақын Тұрмағанбеттің «Тәлім» деген өлеңінде: Аға деген ініні - Жаным десе болады. Ерін күткен әйелді - Ханым десе болады. Қызғалдақтай ұл - қызды, Сәнім десе болады, - дейді. 68


Осы өлеңді оқыған әрбір жас жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге ұмтылады. Ақын өлеңде жүрекке жетерлік ой тастайды, жыр желісімен ғибраттық ой түйеді. Оқырман әрбір шығармасынан қорытынды шығарып, өзіне өнеге алады. Өлең адамдар арасындағы қарым - қатынас нормаларын насихаттауға құрылған. «Ақыл тон аңдағанға тозбайтұғын, Ғылым кен күнде өніп, қоздайтұғын. Иелік екеуіне еткендердің Жаны жоқ жер жүзінде озбайтұғын», – деп ақынның өзі жырлағандай, мәдениет саласындағы шоқтығы биік асылдарымызды ардақтай білгенде ғана біздің ұлттық әдебиетіміз өркендей берері сөзсіз. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің шығармашылық өмірбаяны. 2 Тұрмағамбет Ізтілеуов поэзиясының көркемдік ерекшелігі. 3 Тұрмағамбет Ізтілеуов Бұқар қаласында қай медреседе оқыған? 4 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің алғашқы қызметі қандай болды? 5 Ақын Әбілқасым Фирдаусидің қай шығармасын биік көркемдікте жырлады? 6 Ақынның мысалдары қандай тақырыптарды қамтыды? 7 Ақынның «Өгіз бен есек» мысал өлеңі қанша оқиғадан тұрады? 8 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің алғаш рет мысал өлеңін қанша жасында жазды? 9 Ақынның қазақ жазба айтыс мектебін қалыптастыру жолындағы орны. 10Ақынның алғашқы дастаны қалай аталады? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем- Дастан» поэмасы. 2 Ақынның Назиралық дәстүрмен жазған дастандары. 3 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің аудармалары. 4 Ақынның алғашқы өлеңдері. 5 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің поэзиясында дамыған басым бағыт. 6 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің айтыс өлеңдерінің идеялық сипаты. 7 Ақын поэзиясындағы өмір шындығының мәні мен маңызы. 8 Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы туралы қалам тартқан зерттеуші ғалымдар. 9 Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі орны. 10 Ақынның «Тәлім» өлеңінің тәрбиелік мәні. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Мүсірепов Ғ. Жазушы және ұйым міндеттері. Кітапта: Суреткер парызы. Алматы: Жазушы, 1970. 2 Қарбозов Е.К. Т.Ізтілеуов шығармаларындағы адамгершілік мәселер: фил. Ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясының авторефераты. Алматы: 2005. 3 Бердібаев Р. Гүлстанның бұлбұлдары. Алматы, 1970. 69


4 Қарбозов Е.Қ Т.Ізтілеуовтің шығармасының шеберлігі. ҚазМУ хабаршысы. Филология сериясы. 2001-№14. 5 Әбдіқалықова Е. Сүлейлердің сүлейі. Е.Әбдіқалықова. Егемен Қазақстан. 2002- 21 желтоқсан. 6 Қабдолов З Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992. 7 Ізтілеуов Т. Назым. Алматы: Жазушы, 1982. 8 Әбділманов Ө, М. Әуезов және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Алматы: Қазақ университеті, 1999. 9 Ізтілеуов Т. Шаһнама. Рүстем-Дастан. Алматы: Жазушы, 2004. 10 Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. Алматы: 1991. 11 20 ғасырдағы қазақ әдебиеті: Октябрь алдындағы кезең: хрестоматия. құраст. Т.Әбдірахманов, Қ.Жармағамбетов-өңделіп толықтырған 2-ші басылым. Алматы: Мектеп, 1983. 12 «Бес ғасыр жырлайды» Алматы. 1989 жыл ІІ том 13 «Жеті ғасыр жырлайды» Алматы. 2004 жыл ІІ том

70


2-ТАРАУ БАТЫСТЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН ЖАЗУШЫЛАР

Әлихан Бөкейханов (1866-1937) ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрестің көшбасшысы, ұлт көсемі ретінде танылған аса көрнекті қайраткер Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы наурыздың 5-ші жұлдызында бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты елдімекен. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879–1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886–1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту керек. Оның біріншісі: оның еркіндікпен теңдікті бағалаған жерде өскендігі. Ол ұлы Абайдың және басқа ақын жыраулардың шығармаларын оқып, шығармаларындағы халыққа қатысты терең ойпікірлерінен үлкен әсер алып өскен. Сонымен қатар оның өмірінің соңына дейін Қобыланды, Қозы-Көрпеш, Баян сұлу т.б. көптеген халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, зерттеп, насихаттап өтуі де кездейсоқ нәрсе емес дейміз. 71


Болашақ қоғам қайраткерінің өмір жолының қалыптасуына, отаршылдық езгіге қарсы болуына, елінің еркіндікте өмір сүріп, тәуелсіз мемлекет болу жолында күресуіне Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісмен (1837-1847)байланысты ел арасындағы әңгіме аңыздардың да әсері болғандығын ғалымдар өз зерттеулерінде айтып жүр. Екіншіден: ХХ ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Ә.Бөкейханов сияқты ірі қайраткердің қалыптасуы әрине, мүмкін емес-тін. Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, ұлы Француз революциясының және орыс ұлт-азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды. 1917 жылдың жазында Уақыттша үкіметтің комиссары қызметінде жүріп, жазған мақаласында ол: «Бостандық, теңдік, туысқандық 18ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бірі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан табылады, көзі ашық, талапты ер іздесе, бұл үш ұраннан бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқанда болады»,-деп жазды . Оның бұл пікірінен өз өмірінің барлығын халқының бостандығына, тәуелсіздігіне арнауды мақсат етіп қойғандығын, өмір бойы сол жолда жүріп, өмірін де сол жолда қиғандығын жас ұрпаққа үлгі етеміз. 1896 жылы өкімет органдарының шешімімен Ақмола, Семей, және Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге Ф.А.Шербина бастаған экспедиция ұйымдастырылады. Осы экспедицияға қатысуға Ә.Бөкейханов та өз ойын білдіреді. Оның ойынша бұл экспедиция сол тарихи кезеңдегі қазақ жұрты үшін ең қажетті мәселеге айналған жер мәселесін терең түсініп, бір тұжырымдарға келудің жолы еді. Жұмыс мерзімі 1896-1903 жылдар аралығына созылған бұл экспедицияның мақсатын Ә.Бөкейханов жақсы түсінді. Ол Қазақ даласына байланысты Ресей империясының таяу жылдары ірі іс-шараларды іске асырудың даярлық жұмысы екендігін анықтады. 1904 жылы Петербургте Қоныс аудару және жерге орналастыру бас басқармасы құрылды. Ал келесі бір екі жылдың ішінде бұл басқарманың мекемелері губерния, облыс және уез деңгейінде барлық қазақ жерлерінде құрылды. Мемлекет тарапынан үлкен және нақты қолдау алған бұл мекемелердің құқықтық статусы да жоғары болды және олардың негізгі міндеті «артық» жерлерді анықтап, ол жерлерге ішкі Ресейден орыс шаруаларының көшіп келіп орналасуына жағдай жасау еді. Ашықтан-ашық қазақ даласын отарлауға кіріскен мұндай алпауыт күшке қарсы тұру өте қиын болатын. Әлихан Бөкейхановтың саяси көзқарасына Щербина экспедициясына қатысқандығы үлкен әсер етеді. Оның және тағы да басқа қазақтың оқыған азаматтарының саяси көзқарасының қалыптасуына тұңғыш орыс революциясы мен патшалық отарлау саясаты, оның ішінде переселен саясаты үлкен өзгеріс енгізді. Қазақ даласында патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке дайындаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ зиялылары жаңа сипат, жаңа бағыт ала бастаған ұлттық қозғалысқа 72


саналылықпен ұйымдасқан түрде шыға бастады. Сан жағынан да, саясиәлеуметтік күресте жинаған тәжірибелері жағынан да тәжірибелері аз ұлттық интелигенция үшін бұл оңай шаруа емес еді. Сонда да олар осы бағытта газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті мәселелерге байланысты талаптар қойған петициялар ұйымдастыру, мақалалар жазып халықтың көзін ашу сияқты бұрын соңды қазақ даласында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. 1905 жылы маусым айында Қоянды жәрменкесінде жазылған Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі ретінде мынадай тадалтар қойылды: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою; ауылдарда сабақ орыс тілімен қатар қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құрал-цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынының күшейіп, құнарлы жерлердің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік аппаратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу және олардың жұмысында қос тілділікті жолға қою т.с.с. Бұл жазылған құжат халықтың оқыған азаматтарының тұңғыш рет патша өкіметіне өз халықтарының ең қарапайым праволарын жазбаша түрін қорғаудағы саяси күресі еді.Петиция патшалық билікке қазақ елінің еркіндігі үшін күрестің ашық көрінісі болды. Бұл петицияның басында сол кездегі қазақтың оқыған азаматтары-Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. қазақтың белді интеллигенттері тұрды. Бұл кезде империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған Мемлекеттік Думаның жұмыс істей бастауы еді. Қазақ зиылылары алғашқы кезеңде Дума белгілі дәрежеде, қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі деп түсінді. Ә.Бөкейханов І Мемлеукеттік Думаға Семей облысы қазақтарының атынан депутат болып сайланады. Осыған орай «Семипалатинский листок» газеті: «Редакция қазақ халқын нәтижелі сайлау қорытындысымен құттықтайды. Ә.Бөкейханов Мемлекеттік Думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғын жоқтап, тілегін жеткізетін бірден бір адам екеніне халқы сенсе керек», - деп жазды. Әлихан Бөкейханов қазақ халқын жерінен айрып, отаршыдықтың езгісінде ұстап отырған Ресей өкіметінің отарлау саясатын көре білді. Оны өз шығармаларында айтып, жазып халықтың көзін ашты. Қазақтың шұрайлы жерін тартып алып отырған Ресейдің заңдарының қазақ халқына зияндығын әшкереледі. Ол: 1911 жылы 3-Думаға ұзындығы екі жол закон кіргізді: «Түркістанда қазақ жерінен артық жер табылса, қазына өз пайдасына алатын болсын» деп көрсетті. Артық жер деп отырғаны жай сыпайылық көрсетіп отырғаны еді. Малын жайып, сүтін сауып, етін жеп отырған халықта артық жер болушы ма еді? Олардың жерлерін тартып алып орыс мұжықтарына беріп, жерді пайдалану құқығынан ажыратып, өкімет меншігіне айналдырды. Ә.Бөкейханов айтқандай «әлі жеткен алып та, шалып та, жығып та» отырды. Ә.Бөкейханов сол кездегі жерге байланысты «Үшінші Дума һәм қазақ», 73


«Төртінші Дума һәм қазақ», «Дума һәм қазақ» деген мақалаларында жерге байланысты өзекті мәселелерді қозғаумен қатар қазақ даласындағы алауыздықты, аңқаулықты сынап отырды. 1909 жылы бюджет прениесі болғанда һәм қазақ жерін мұжыққа алғанда, чиновниктердің законнан тысқары қылған жұмыстарын беттеріне басып депутат Дзюбинский сөйлеп еді, бұған үкімет мынандай жауап берді: бес-алты қазақты қыстауынан көшіріп, елу-алпыс мұжыққа жер берсек, «қазақ,қазақ» деп құлақтың мазасын алады, осы дума қазақ думасы ма?» деп. Дума қазақ пайдасын тағы жесір қалдырып өте шықты. Мұнан кейін екі бюджет прениесі болғанда қазақ деп сөйлеген депутат жоқ. Бұларда не айып бар?-дейді. Әлихан Бөкейханов шындықты айтып, жерсіз қалған ұлтының қамын ойлады. Қазақтың жыртысын жыртып отырған Думада ешкім жоқ, бізді «надан, бұратана, сауатсыз» деп Думаға кіргізбей де қойды,- деген ащы шындықтың бетін ашты, сөйтіп әділетсіздікпен күресті. Барлық күнкөрісі оның жерімен өлшенетін халықтың тұрмысы әділетсіз өкіметтің уысында кетіп отырды: Переселен бастығы Глинка: «біз мұжыққа жер бергенде қазақтан артық жерді ғана береміз. Қазақты көшпелі деп есеп қылып, жаңа закон шығарып, жер берсек, мұжыққа артық жер қалмайды. Біздің тұрғын жұртқа жер белгілеп беретін закон жобасын шығара алмай күбежектеп тұрғанымыз осы деді. Көшпелі қазаққа мәңгі ғұмырлық деп жер беруге қажет емес, сол үшін қазаққа мұжықша, мұжықпен бірдей надел жер алсаң береміз деп едік, қазақ шырғаға түскен құстай сұранып, топылдап «өз еркімен» мұжық болып жер алып жатыр. Мұнан былай ол қазақ алған наделде үкіметтің жұмысы жоқ , -деді турашыл Глинка бай», - деп жазды Ә.Бөкейханов. Қарапайым, аңқау халқының осылайша «өз еркімен мұжық болуы» ұлтын сүйген ұлы азаматты ұлттық күреске шыңдап кірістірді. Ол егеменді ел болу үшін ұлтының ұлттық намысын оятып, сауаттандырып, ұлттық болымысын қалыптастыру керек деп түсінді. Бұл жолда өзі сияқты оқыған қазақ жастарын тартып, «Қазақ» газетін шығаруға ат салысып, оған үзбей мақалаларын жазып отырды, жер мәселесін қайткенде дұрыс шешуге болады деп, өз арамызда болып жатқан алауыздықты да сынады. «Ашық хат» (Жаһанша Әлмұхаммедұлы Сейдалинге) деген мақаласында: «Айқапқа» Жаһанша мырза хат жазып отыр. Қазақ баласы бас қосса, қазақ жұмысы жақсы орынға барар еді дейді.Қазақ баласы бас қосып, шаруа, жұрт пайдасын сөйлеп, іс қылып тырбанса бірте-бірте қазақ баласы ілгері басуға басқыш табылар еді деп біз де ойлаймыз, бас қосу болмаса жұрт жұмысы қараң қалатын жалғыз ғана жол бас қосу емес»,-деп жұрт жұмысының жақсаруы үшін жақсы медресе, жақсы би, халыққа пайда ойлайтын ақсақал, болыс аулынай, жақсы газет, журнал шығару, кітап шығару болса бас қосудың пайдасы осы бағытта болғанда ғана өзеннен ағып жатқан судай пайдалы болмақ деп, пайдалы іс-істеудің жолын да көрсетуге әрекет жасады. «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»,-деп халқына қызмет етуді өзінің басты мақсаты етіп қояды. «Сусағанның түсіне су кіреді»,-деген мақаласында: «Қол ағашы мықты болса киіз қазық жерге кіреді», 17-октябрь манифестін баса көктеп 3-нші июнь 74


шыққан. Мұны қолдаған орыстың дворян қауымы. Орал қазағы осы орыстың дворянының күшіне сала ма, жоқ аш қасқырдың қошқардан дәметуі сияқты, Орал қазағының түсі бос түс пе? 3-нші июнь қазақ жұртын надан деп депутат жолынан тысқары қалдырған. 1907-нші жылы біз надан болсақ, 6 жылда үкімет көзіне біз сондай жетілдік пе? Кісі өз басына тіленіп, кішірейсе, кемісе өз олжасы 5 миллион қазақ тілегі кемшілік жолына сыймайды. Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену мақсат», - дейді. Жұрт қамын ойлаған азаматтың қандай болу керектігін айта отырып, ол халқы үшін кішірейген, оның қамын ойлап тіленген адамның шын жұртына берілген болу керектігін, ол адамның ұйықтап жүріп жұрт қамын ойламай сергек болу қажеттілігін баса айтады. Бес миллион халқымыздың өмірін «қасқырдың қошқардан дәметкені сияқты» мемлекеттің отарында өмір сүріп отырған халін көріп қынжылады, одан құтылудың жолын іздейді. «Ашық хат», деген мақаласында адам баласының ісі, сөз, ой-ақыл болып басталады. Ақыл, сөз, істің қиындығын «Көпті көрген білер, алысты жүрген білер», «көкіректе сайрап тұр, тілді құдай байлап тұр», дей отырып, істелініп жатқан істің қиындығын, ойдағы сөзді айта алмай бишара халге түсіп жатқан заман әділетсіздігін айтып, адам баласының қаншама замандар жақсылықты, түзулікті айтып келе жатқандығымен, бірақ айтылған ақылды істердің, жазылған нақыл сөздердің сол күйінде қалып жатқандығына күйзеледі. Бірақ құрдымға түспей: «Дүнияда не болса да бірте-бірте аздап, ілгері басып болады. Жас баланың һәм шаш, сақалы өскені мысалды. Ақылды сөз қылмақ қиын, сөзді іс қылмақ мұнан неше есе қиын» деп, ісі тек сөз жүзінде ғана қалмай іс жүзіне асқанда ғана біз мақсатымызға жете аламыз дейді. Ұлтының болашағынан үлкен үміт күтіп, ол жолда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге, ол үшін жұртты білімді болып қана қоймай, жақсы мінезді болуға да уағыздайды. Осы ойы оның оқу туралы «Досмайл ақсақал хаты» сияқты газетада жазылған хаттардан көрініп тұр: Бір сөз қисық шығып барады. Ол-оқу. Оқубілім болса мақсат бәрі табылады дегендей көрінеді. Бұлай болса, бұл адасқандық болды. Оқу-білім бар, оқу ұлғая білім болады. Білімнен мақсат шықпайды. Ғазазіл ұжмақтан надандықпен шыққан жоқ. Балқан соғысында екі жүзден аса адам өлді, бұл соғыс білімсіздіктен емес, мінезден. Адам баласын өзіңдей жақсы көр, сүй деген мінез айтылғалы екі мың жыл болған, - деп жазады. Әлихан Бөкейханов жалаң біліммен қаруланғаннан ешнәрсе шықпайды. Адамда ең алдымен адамгершілік, адамдық, адам баласының бәрін сүйетін жылы жүректілік, жақсы мінез керек деп, үлкен өзекті мәселелердің бірін көтерген. Сол кездегі қазақ оқығандарын ұлтын сүюге, қала берсе барлық адам баласын сүюге шақырады. «Тек білімді болғанда ғана барлық өмір жақсарып кетеді дегенге сенбеймін, қаншама жылдар адам баласы аэропланды, телеграмманы, отарбаны, телефонды шығарды, бұл әрине керек, бірақ білім барлық нәрсені шеше бермейді», деп тек білім болса болды деген жалаң білімді ұрпақ тәрбиелеудің дұрыс еместігін, ең бастысы ұлтын сүйетін ұлтжанды ұрпақ қажеттілігін сол кездің өзінде көре білген. 75


«Сайлау» деген мақаласында: Қырда үлгілі, өрнекті шешен, жүйрік, таза әділ жақсылар да бар ғой! Бұлардың қылып жүрген істері көзге көрініп тұрған жоқ. Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кезек келген жоқ па? Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып, тіршілік қылып жүрмек емес. Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы соның соңынан ерер еді,-дейді. Сайлаудың қалай өтетіндігін сынай келіп, ол жылы мал бағусыз, егін салусыз қалады, жұрт сайлау деп, сайлаушылардың шашбауын көтеріп, қымыз ішіп, ет жеп күндері өтеді, осыншама бүлінгендігі болыс болу, би болу, дұшпаннан кек алу, ал бұдан не пайда?-деп, өзге елдің сайлауындағы жетістіктерді өз жұртына үлгі ете отырып, сөзге шешен, елдің жағдайын жақсы білетін, оның қамын жеп, жағдайын жасайтын азаматы табылса, жұртын жақсылыққа бастаса, жұрты оның соңынан ерер еді, деп күйзеледі. Әлсіз жағы бұл қалай деп, жылайды. Жылағанда қазақ қайда барады? Бар тапқаны арыз беру. Өйткенмен сандалып ақша төкеннен басқа не пайда? Алымды момын кедейге аударып бай болатын мырзалар көзі соқыр емес, көңіл соқырлығына салып жүр ғой. Жұрттың момынын тонап алып болған байлықта қанша береке бар екен? Момындарды ғұмыр бойы жем қылып, пәленшекең қандай мықты деген «жақсы» қазақтың балаларын әкесі өлген күні қасындағы көршілері талап алып отырған жоқ па? Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, бұл жұртта береке бола ма? - дейді. Момынды алдап, арсыздықпен би болған, халықты жемқорлықпен тонаған, тек өз қалтасы мен мансабын ғана ойлаған адамдардың ешуақытта мақсатына жете алмайтындығын, көңілі соқыр, жұртты алдап тапқан пайдасының ешкімге жұқ болмайтындығын әшкерелеген. Сайлау кезіндегі келеңсіздікке қынжылған. «Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт шыққандай, жау шапқандай жанталасып әбігер болады. Әке баладан, аға ініден, туған туысқаннан айрылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өстіп жұрт бүлініп іздегендегісі не? Болыстық, билік, аулынайлық, елбасылық па»,-деп қынжылыс білдіреді. Ол сайлау кезіндегі жемқорлықты, әділетсіздікті, алауыздықты, берекесіздік пен арсыздықты сынаған. Ел басшыларын әділдікке, бірлікке шақырған. Әділдік жоқ жұртта береке де болмайды. Байлықты өнермен, қызметпен, адал еңбекпен іздегенде ғана бірлік, береке кіреді деп, жұртын тазалыққа, парасаттылыққа үндейді. Ел басқаратын басшылардың бойында ұлтын сүйетін ұлылық қасиетті жоғары бағалайды. Дүниедегі жер билігі күннен- күнге ақылды, ұста жұрт қолына ауады деп, ол жұртын оқып, білім алуға уағыздайды. Ел басшыларының: Жұртқа ғаділ би, пайдалы, көпке сүйенген, көп сөзін тыңдаған, билігін орнына салатын, арам жемейтін, іс білетін, халық үшін жаумен алысатын болыс пайдалы,-дейді. Әлихан Бөкейханов халық бойындағы ең бір келеңсіз іс әрекеттің қатарына «ұрлықты жатқызады». «Ұрлық түбі қорлық», деп ұрлықтан атақ та, кәсіп те, кек те табылмайтындығын айта отырып, бұл қылықтың халқымызға жат қылық екендігін, етімізге түскен таңба екендігін дәлелдейді, одан арылудың жолдарын 76


анықтайды. «Сонда да жұрт болып, әу деп, бата қылып, әдіс қылса, ұрлық бұрынғы отқа табынған атамыздың дінінен мықты емес, бірте-бірте жоғалады» - деп жазады. Әлихан Бөкейханов қазақтың жері оның өмірі екенін жақсы түсінді. Барлық шаруашылығы, күн көрісі жермен байланысты халқымыздың жерінен айрылғаны оған туып тұрған үлкен қауіп-қатер екендігін көре білді. Біздің ақылымызша адам баласының шаруасы бірте-бірте қиыншылықпен көп жылдарда аударылады. Мал шаруасын тіршілік үшін ұстап жүрген жұрт 15гектардан жер алса, үлкен аяққа тар етік киген болады. Біз қазақ-ау, 15-тен жер алмай тұрып жан-жағыңа қара дейтініміз, қазақ 15-тен жер алып, осы алақандай жерге мал бақпақ; Мал һәм егін шаруасы отырған, көшкеннен болмайды, жеріне, жерінің һәуасына қарай болады, тағы өзге неше көп себеппен шаруа өзгертіледі. Японияда адам тезегі де ақша. Мұнда кісі қызмет қылмаған алақандай жер жоқ. Мұнда жаһитшыл болмасаң аштан өлесің. Жаз болса қыдырып қымыз ішкен, көрші ауылдың түтінін күзеткен біздің қазақ жігіті. Бізге бұл жұрт тіршілігі мысал бола ала ма? «Жауап хат» дейтін бұл мақаласында Әлихан Бөкейханов өз жұртының бойындағы жалқаулықты сынай отырып, өзге жұрттың бойындағы еңбекшілдік қасиетін оған үлгі етіп ұсынады. Сонымен қатар адасып, не істерін білмей дал болған ұлтына шын жаны ашып, азғантай ғана жер сенің малыңды бағуға ешқандай сәйкес келмейді, ол үшін жердің ауасы, суы, тағы басқа жағдайлары да сәйкес болуы керек, олай болмаған жағдайда қаңғырып кетесің, аштыққа ұшырайсың деп, қарапайым халқының көзін ашуға, жан-жағына қарауға, алданып қалмауға үгіт насихатын жүргізеді. Сол кезде қазақ оқығандарының көпшілігі жер мәселесіне көптеп көңіл бөліп, оның ең өзекті мәселелердің бірі екендігін жақсы түсінген. Солардың бірі - М.Әуезов. Ұлы жазушы өзінің «Өліп таусылу» деген мақаласында отырықшылдық, мәдениет, ғылым, жер т.б. мәселелерді көтерді. Ол әр адамның өмірінде әр түрлі кезеңі бар. Кей кезеңдерде олар күліп туып, күліп кетіп жатады, ол бұның өмірінің өзгеден ісі асып, тасы өрге домалаған кезі. Соңғы бір дәуірде іргесі ыдырап, «Ері мойнына кетіп» жұрттығымен қоштасатын шағы, тірлігінде баға жоқ, жылап өтетін кезі болады. Әр адамның туып өскен жері, әдет-ғұрпы, нанымы, тұрмыс тіршілігі оның өміріне әсер етпей тұрмайды. Бұл іс әр адамға өз туған жерін сүйгізіп, елдігін іздетеді. Кейбір жұрт соғыстан, кейбіреуі аштықтан, енді біреуі өзге жұрттың көрсеткен қысымшылдығынан, аурудан, табиғаттың қолайсыздығынан, мәдениетінің төмендігінен өліп, азайып, құрып жатады. Мұндай жұрттың кәрісінен, жасына дейін қажығандық, талғандық, шаршағандық түрінен көрініп тұрады. Міне осы азғандық, аянышты хал қазақтың да ішінен білініп келеді дей отырып: «Көшпелі халықтың әуелгі түрін өзгертпеске болмады. Ен жайылып еркін қона беруге кең қоныстардың өрісі тарылды. Қаскүнем үкімет шырғалаған қазақты жақсы жердің көбінен айырған, сыйымсыз көршілерді көбейткен. Бір жағынан ел өсті, бұрынғы қалып өзгерді. Өзгеден алып отырған үлгі пайдалы ма, зиянды ма? Қайтсе тұрмысына қолайлы болып, пайдасы артық 77


болатынын мәдениеті жоқ елдің айруы қиын. Әр түрлі тұрмысты араластырған, былықтырған, бірбеткей тәртіптен айрылған, істеп жүрген кәсіптің бірде бірін ұқсата алмай жылдан-жылға кедейшілікке аяқ басып, біздің жұрт азып келеді. Көшпелі қалпы мәдениетке жанастырмайды, отырықшы болу керек дейміз. Егіншіліктің тәртібін білмеген ел, кедей болады. Қай ел болсын мәдениеттің буынын бекітпей, егіншілікті ғылым жолына сүйеп тәртіппен жүргізе алмайды. Отырықшылдыққа тез түсіп кетеді ғой дегенге де бірталай көзді жұмған ерлік керек», -деп күйзеле жазады Бұл халдің де өзгеше хал екендігін өзекті мәселе етіп көтерді. Әлихан Бөкейханов өзінің ғылыми мақалаларында тіл мәселесін, халықтың рәсімін, рухани мәдениетін де көтерген. Бұларға байланысты өте құнды пікірлер айтқан. «Рухани мәдениет қарауылынан», деген еңбегінде: Рухани мәдениеттің бір белгісі жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу, - дейді. «Мұсылман сиезі» мақаласында: Мұсылман сиезі қараған закон жобасы жайында жазылған екен, рухани мекемелерде қағаз татарша тілмен жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұртына ыңғайсыз екені көрініп тұр. Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған, іргелі отырған ел жоқ. Біздің тілді, біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырларымыз қайдан білсін. Біз кітап жазып, журнал, газет шығара бастағанымыз осы 3-4 жылдың ғана арасында. Анық түрік затты халық тілі біздің қазақта,-деп тіліміздің құдіретін, байлығын, әсемдігін Абай өлеңдері арқылы дәлелдеп көрсетеді. Әр кезеңнің өзіндік көкейкесті мәселелері болады. Алаш қайраткерлерінің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі-ұлттық бостандық, егеменді ел орнату, теңдік мәселелері болатын. Бұл жолда олар құрбан да болды. Әлихан Бөкейханов мәселелердің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Ұлы қайраткердің соңынан ерген інілерінің бірі, азаттықтың тағы да бір құрбаны Жүсіпбек Аймауытов оған арнау сөзінде: «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»,-дегенде асыра айтып, қателескен жоқ еді. Тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің: Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын-жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907 жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін «Қобыланды», «Ер Сайын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және басқа да көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиын, - деген сөзіне сүйенер болсақ, 78


оның ірі қайраткер ретінде қалыптасуына көмектескен ұлттық рух пен халықтың ой маржандары екендігі сөзсіз». Белгілі қоғам және қалам қайраткері Ә.Бөкейханов ең біріншіден халық мұраларын педагогика ғылымының негізгі бір саласы ретінде жинау, жүйелеу жұмыстарын басты міндет етіп қойып, елді рухани тұрғыдан ағарту мақсатын көздеді. Екіншіден, Ә.Бөкейханов қазақ педагогика ғылымының жаңаша ой жаңғыртуы, өскен елдің өркениетіне жетуі тиіс деген идеяны ұстанып, осы бағытта табанды еңбек етті. Үшіншіден, ол халық ауыз әдебиетінің өз заңдылығын ескере отырып, халық педагогикасының да, фольклордың да, әдебиеттің де нәтижесін елдің рухани игілігіне айналдыруды мұрат тұтты. Сондықтан да ол өзінің «Рухани мәдениет қарауылынан» деген мақаласында былай деп жазады: «Рухани мәдениеттің бір белгісі жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп адам баласына жақсылық жол ашу»,-деп білді. Ғалым Д.Қамзабекұлы Ә.Бөкейхановтың 1915 жылы «Қазақ» газеті бетінде «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр» жырына жазған пікірін сараптай келіп: «...бірінші, қаламгер фольклор заңдылығын ескермегендей көрінгенімен, негізі ауыз әдебиеті шығармаларының тарихилығы мен соған сәйкес (яғни, дәуірдің суретін көрсететін) көркемдігіне жіті назар аударған, ал бұл сол кез үшін әдебиетті танудағы үлкен жетістік еді; екінші, мақала авторлық әдебиет туған кезде жазылғандықтан, Әлиханның аталған жырға қатысты мәселені нақты адамнан сұрағанына бірыңғай «фольклор заңдылығы» тұрғысынан қарауға да болмас; үшінші, қалай дегенде зерттеу иесінің жыр мәтіндеріндегі «саф» пен «қоспаны» саралауын өзіндік әдеби-эстетикалық тұжырымы болғандығымен түсіндіреміз». Жалпы Ә.Бөкейханұлының жоғарыдағыдай фольклорлық мұраларға пікір айтып, өзіндік талдау-талқысына т.б. салуына, бір сөзбен айтқанда, фольклортану жолына түсуіне себепкер кім десек?! Өмірбаяндық деректерде де, кейінгі жазылған зерттеу мақалаларында да белгілі фольклортанушы ғалым Г.Н.Потанин есімі жиі аталуы т.б. - бәрі, сөз жоқ, Ә.Бөкейханұлының фольклортанушы ғалым болып қалыптасуында аталған ғалым еңбегінің әсері мол болғандығын танытады. Жалпы Ә.Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклортану ғылымына қатысты жазылған 10 шақты еңбегі бар. Олардың бірі- табиғат құбылысы, жыл мезгілдері туралы космологиялық түсініктер мен жыл басы –наурыз айы туралы жазылған «Жаңа жыл» атты мақаласы; екіншісі- «Қара Қыпшақ Қобыланды» атты сын-мақаласы; үшіншісі- «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» атты жырларды өңдеп бастырған кітаптары; төртіншісі – белгілі зерттеуші А.Байтұрсынұлының жинап, өңдеп бастырған «Ер Сайын» мен «23 жоқтау» кітаптарын саралап, алғысөзін жазғандары т.б. бұлардың бәрі дерлік Ә.Бөкейханұлының «Қыр баласы» деген бүркеншік атымен жарияланған. Әлихан Бөкейханов 1913 жылы «Қазақ» газеті бетінде белгілі фольклортанушы ғалым Г.Н.Потанинге арнап мақала жазды. Мақалада Г.Н.Потаниннің туған жылы, жері, қай жерде, кіммен бірге оқығандығы, қандай қысым көріп, қанша мерзімге сотталғаны, қазақ 79


фольклортану ғылымы үшін атқарған қызметі т.б. турасында берілген бағалы дерек көздері мол берілген. Сондай-ақ ХХ ғасырдың басында фольклор үлгілерін қай жерлерден жинастырғандығы хақында мәліметтер де келтіріледі: «Осы келер жаз (яғни 1914 ж.-Н.Ж.) Потанин Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын өзені бойына барады. Июнь басында «Қоянды» жәрмеңкесінде болады. Тоқырауында жаздай жатып, қазақты аралап көрмекші, қазақтың ертегі, жұмбақ, мақал, ескі жақсыларының сөзін жинамақшы»,делінген. Ғалым Әлихан Бөкейханұлының фольклорды халықтың мәдениет тарихының көзі деп қарағаны мәлім. Мәселен: «...Бес ауыз өлеңде жұрт салты айнаға түскендей көрініп тұр. Жеккен арба, болдырған ат, жемтік іздеп ұшқан қарға, өрмек тоқыған қатын, жылаған бала, қайғырған ару- бәрі мұнда бар,- дей отырып,- ... «Қобыландыда» бұл сияқты дәмді сөз жоқ десек, адасқан болмаймыз. «Қобыланды» кейінгі айтушының тепкісін көп көріпті. Бұл айтушылар өз жандарынан көп сөз қосқан»,- деуінен, біз ғалымның кейінгі айтушылардың нұсқаны өзінше өзгеріске түсіргенін ұнатпағанын аңғарамыз. Ал, ғалымның мына бір пікірінен: «Міне, осындай «тілге жеңіл, жүрекке жылы, теп-тегіс жұмыр келген айналасы» деген Абай сынына жанасатын өлең мынау беттерде ..., - дей келе,- қазақта «Қобыландыны» шығарған кісі тегінде жақсы ақын екен»- деген сөз осы өлеңдерге қарап айтылған болар», -деуінен, біз Ә.Бөкейханұлының алғашқылардың бірі болып, фольклордың көркемдік ерекшелігіне де баса назар аудартқанына көз жеткіземіз. Бірде ғалымның: «Қобыландыда» жақсы өлеңдердің қосағына көп дәмсіз өлеңдер қосақталған көрінеді... «Қобыландыны» қайта басқанда, бұл сары-ала сөздерді шығарып тастаған жөн»,- деуінен де, зерттеушінің фольклор үлгісін кейінгі түрлі «қоспа» делінгендерден арылту талабы шаң береді. Міне, мұнда әлемдік фольклортану ғылымында фольклор үлгілерін бастырғанда, ешбір өзгерістерге, өзгертулерге түсірмей, көркемдігі төмендігіне қарамай т.б. сол қалпында жарыққа шығару керектігі турасында қалыптасқан негізгі принциптеріне сай емес пікір айтуы т.б. – бәрі, сөз жоқ, белгілі бір ғылым саласының түрлі кезеңде түрлі ауытқуларға ұрынуы мүмкіндігін айғақтайды. Ғалымның енді бірде: «...кітапты қайта басқанда Қобыланды батырдың өзінің суретін де, атының суретін де жырдағы жазуға дәл қылып басу керек. Тайбурылды тяжеловоз боз айғырға айырбастағанға қазақ көзі ұялады»,- деуінен, біз ХХ ғасырдың басында фольклор үлгілерін кітап етіп бастыру ісінде белгілі бір жүйеліліктің, ғылыми көзқарастың т.б. қалыптаса бастағанын көреміз. Бұлардан бөлек Ә.Бөкейханов 1923 жылы «Темірқазық» журналының №1 санында ғалым Ә.Диваевтың 1922 жылы жарық көрген «Бекет батыр», «Мырза Едіге» жырларын қысқаша талдап кетеді. Бұл эпостық жырларда сөз болатын оқиғаны, бейнелерді қазақтың белгілі бір тарихи кезеңімен байланыстыра, салыстыра қарастырады. Сөйтіп олардың тарихта болғандығын дәлелдейді. Және де бұларды мектепте балалар оқитын кітаптардың қатарына жатқызады. 80


Жоғарыда баяндалған деректерді саралап қорыта айтқанда Ә.Бөкейханов ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы көрнекті ғалым, ірі қоғам қайраткері, ұлт көсемі ғана емес қазақ әдебиетінің эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с. әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Ұлт көсемі Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы. 2 Әлихан Бөкейхановтың қайраткер ретінде қалыптасуының рухани негіздері. 3 Қазақ әдебиетінің эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттегендігі. 4 Әлихан Бөкейхановтың 1913 жылы «Қазақ» газеті бетінде жарияланған белгілі фольклортанушы ғалым Г.Н.Потанинге арнаған мақаласы. 5 Ә.Бөкейхановтың ХХ ғасырдың басындағы қазақ фольклортану ғылымына қатысты жазылған еңбектері. 6 Әлихан Бөкейхановтың әдебиеттану ғылымы тұрғысынан жазылған еңбектері. 7 Әлихан Бөкейхановты әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым ретінде айтылған ғалымдардың пікірі. 8 Әлихан Бөкейхановтың публицистикалық еңбектері. 9 Тарихшы ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің пікірі. 10 Ә.Бөкейхановтың қазақ педагогика ғылымы жайындағы пікірлері. 11Саясаткердің сол кездегі жерге, әлеуметтік, саяси жағдайға, мәдениет пен рухани мәселелерге байланысты жазған еңбектері. 12 Тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен қай жылы таныстырды? 13 «Қараңғыда қан жылап, қаңғырған күнде басыңды қазақ жолына құрбан қылған ағамыз, асқар беліміз! Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге жағып қойған шамшырақ»,-деген сөздің авторы кім? 14 Ә.Бөкейхановтың бүркеншік есімдері. 15 Ә.Бөкейхановтың 1923 жылы №1 санында «Темірқазық» журналына шыққан мақаласы. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Ә.Бөкейхановтың 1915 жылы «Қазақ» газеті бетінде «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр» жырына жазған пікірі. 2 Ф.А.Шербина бастаған экспедицияға қатысуы. 3 Әлихан Бөкейханов - көрнекті фольклортанушы ғалым. «Рухани мәдениет қарауылынан» мақаласының маңызы. 5 Ғалым Ә.Диваевтың 1922 жылы жарық көрген «Бекет батыр», «Мырза Едіге» жырларын талдауы. 81


6 «Мұсылман сиезі» мақаласы. 7 «Жаңа жыл» атты мақаласының мазмұны. 8 «Қара Қыпшақ Қобыланды» атты сын-мақаласының ғылымдағы орны. 9 «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш- Баян сұлу» атты жырларды өңдеп бастырған кітаптары. 10 Әлихан Бөкейханов-публицист. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 1861-1930 жылдардағы Қазақстанда бастауыш білім берудің тарихы. Монография. – Алматы.1986 2 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы Алматы., 1995. 3 Қойшыбаев Б. Әлихан Бөкейханов. Қазақ әдебиетi. 1989ж. 9 маусым. 4 Қойгелдиев М., Ә.Бөкейханов саяси портрет. Ақиқат.1992. 5 Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы., Қазақ энциклопедиясы. Бас редакциясы. Алматы., 1995 . 6 Бөкейхан Ә. Шығармалар. Алматы., 1994. 7 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы., Атамұра, 1999. 8 Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Алматы., Жетi жарғы, 1998. 9 Айқап, Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы. 1995. 10 Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. Алматы: Жетi жарғы, 1996. 11 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Ататек. Алматы., 1995. 12 Бекмаханов Е.Б. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-Алматы, 1994. 13 Назарбаев Н.Ә. Қалың елім қазағым.-Алматы: Өнер,1998. 14 Букейханов А. Киргизы. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы, 1995. 15 Букейханов А. Киргизы. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы, 1995.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Қазіргі таңда кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі 82


құжаттар бойынша айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылумен жалғасады. Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады: Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың беделатағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ” газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге үндейді. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас 83


ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды. Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат (скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. "Өнердің ең алды – сөз өнері саналады. "Өнер алды – қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы. Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп, А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын84


жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды. Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді. Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін. Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан қосады. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, — деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”, “Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады. “Қартайған арыстан” мысалына: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады, малайың да, — деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай, берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп: Ойласақ оқиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап болжайтұғын. Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел белгісі оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бірбірінің жүзін жыртқан. Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ, келер сырттан, — деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды. Мысал жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. “Дала уалаяты” газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инелік пен құмырсқа” (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді. Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: “Аққу, шортан һәм шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, 85


“Шал мен ажал (өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. “Ала қойлар”, “Есек пен қамыс (шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді, Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық, дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын. Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Алданып жегеніме оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі қарам, — деген жолдардың нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы. Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып – деген сөздерді патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып сөйлейді, тартыстар, қайшылықтарды көрсетеді. Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Қалмаған түк қасиет қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын жұрттың қамын адам азған. Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу, ел болу мақсаты бар тілектен жоғары қойылады: Мен бұқтым, жаттым, Сен бұқтың жаттың, Кім істемек қызмет? Ауызбен айтып, Істерде қайтып, Жоламасақ не міндет? Тек жүрсе тоқ жүрмекті Қиын деме білмекті. Қазір әлем поэзиясындағы ділмар сөз – афоризм боп кеткен түрік ақыны Назым Хикметтің: Мен жанбасам лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап Аспан қалай ашылмақ, — деген жолдарының Ахмет Байтұрсынов өлеңімен әуендестігі кісіні таң қалдырады. “Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан “жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ қалпы”, “Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына” өлеңдерінде ұлы Абай сатирасын еске түсіретін сарындар, ойлар, образдар бар. “Анама хат”, “Жауға түскен жан сөзі” 86


– қорлық-зорлыққа мойымаған, бостандық, еркіндік жолында бәріне көнген қайратты ерлер тұлғасын мүсіндеген жырлар. “Масада” Пушкиннен аударылған “Қыздыр дейсің мәжілісті, жан дейсің”, “Ат”, “Данышпан Аликтің ажалы”, “Балықшы мен балық”, “Алтын әтеш”, Крыловтан аударылған “Сорлы болған мұжық”, “Қаздар” шығармалары да берілген. Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, - деген жолдарда өз уақытының сыры айтылса: Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтындар мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бір күншіл, менікі ертеңгі үшін, - деген уақытта ақын болашақпен сырласқандай, өлместігіне сенеді. Екі жинақ - “Қырық мысал”, “Маса” – қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. Әр түрлі оқиғаларға, халықаралық жағдайға, заң, құқықтану, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған “Тағы да народный сот хақында” (1911), “Қазақ һәм ІҮ Дума” (1912), “Земство” (1913), “Жер жалдау жайынан” (1913), “Көшпелі һәм отырықшы норма” (1913), “Уақ қарыз” (1913), “Бұ заманның соғысы” (1914), “Жәрдем комитеті” (1915), “Закон жобасының баяндамасы” (1914) (осы мақала үшін Ахмет Байтұрсынов штраф-айып төлеген), “Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение” (1914), “Губернатор өзгертілуі” (1914), “Соғысушы патшалар” (1914), “Қазақ жерін алу турасындағы низам” (1913), “Қазаққа ашық хат” (1916), “Бастауыш мектеп” (1914), “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек” (1923), “Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері” (1926) сияқты көптеген мақалалар публицист Ахмет Байтұрсыновтың көзқарасы эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсетіп, рухани даму кезеңдерімізден мол хабар береді. Ал ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған еңбектері бірнеше том боларлық мол дүние, бұлардың ішінде 1913 жылы жазылған “Қазақтың бас ақыны” еңбегі – оқшау, дара тұр. Абайдың тарихи миссиясы, рухани болмысымыздағы орны, көркемдікэстетикалық сипаттар дұрыс көрсетіліп, терең талданып, алғаш рет қазақ оқырманының алдына тартылды. Өмірдің сан алуан көкейкесті мәселелерін арқау етіп жазған Ахмет Байтұрсынов мақалалары алдымен “Айқап” журналында, 1913-1918 жылдар арасында өзі редакторлық еткен “Қазақ” газетінде, кейін кеңес баспасөзінде жарияланған. Мақалалар саны көп, олар мерзімді басылым бетінде шашылып жатыр, бұларды жинап, сұрыптап, ой елегінен өткізіп, жүйелеп бастырып шығару арқылы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи зердеміздің қазір ойсырап, үңірейіп тұрған беттерін толтыратын боламыз. Қазіргі қолда бар материалдардың негізіне сүйенгенде қаламгер – оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика, жер иегері, кәсіп істеу, халықаралық қатынастар, тарих, құқықтану, заң, философия, қоғамдық күрестер, мәдениет, әдебиет, эстетика проблемаларын тереңнен қозғап, өз кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік ойға мұрындық, ұйытқы болған 87


пікірлер айтып, тұжырымдар жасаған. 1917-19 жылдар арасында әр қиянды шиырлаған кездерін автордың өзі де мойындаған. Автордың “Қазақ өкпесі” мақаласында (“Айқап”, 1911, № 2) тарихи мәселелерге объективті, ғылыми тұрғыдан қарайтындығы көрінеді, қазақ хандығы неліктен құлады, өз алдына дербес мемлекет болып тұра алмаудың себебі, Ресейге қосылудың негізгі жағдайлары деген проблемалардың жауабы айтылады. “Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты”, дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қояды. Бұл бағытта жазылған, бірі-бірімен сабақтас мақалалар өте көп. “Оқу жайы” (“Қазақ”, 1913, № 11) мақаласында өз кезіндегі мектептер ісін тиянақтай отырып, сол тұстағы Қостанай уезіндегі сауаттылық мәселелерін қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, әл әрбір үш жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек келтіреді. “Қазақша оқу әлі бір белгілі тәртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді. Тәртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жолы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық жоқ, оқытудың қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті ететін жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимун (педучилище) жоқ” деп күйзеледі. Мұның үстіне автор қазақша, орысша, екі тілде білім алу жүйесін ерекше қолдап, “жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған жан қалмасын” деп дәл қазіргі күндегі тәуелсіздік шарттары алға міндет етіп қойып отырған терең білім беру принциптерімен үндес тұжырым жасайды. Ал, революциядан бұрын жазған еңбектердің басым көпшілігінің негізгі идеясы ағартушылық, демократтық, прогрестік биік нысана, олар біздің азаматтық, рухани дамуымыздағы маңызды, мәнді кезеңдер шындығын ашады, бірқыдыру ойлар, пікірлер дәл қазіргі уақытқа қызмет ететінін көруге болады. Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске кіреді. Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы, әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. "Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды. М.Дулатовтың "Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа 88


жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Мақалада тұңғыш рет ақын, ғалым, публицист, қоғам қайраткерінің туған уақыты, кіндік қаны тамған жері, ол ортаның басты сипаттары, білім алған ошақтары, қызмет еткен орындары, әлеуметтік қызметтері, саяси-қоғамдық көзқарастарының өзгеруі, сан алуан эволюциясы жан-жақты ашылып берілген. Ал екінші мақалада А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектерін, әсіресе тіл саласында ендірген жаңалықтарын саралауға арналған. Мәскеуде 1929 жылы "Коммунистік академия” баспасынан шыққан "Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында А.Байтұрсынов: "Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі... Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы” деп бағаланып, негізгі өмірбаяны беріледі, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылады. Өз уақытының аласапыран құбылыстарын бағалау, болашақ алыс өрістерді көруге келгенде жас Мұхтар Әуезов даналығына таң қалмасқа болмайды. Алмағайып ағыстарға малтығып, қалың тұманда адаспай, Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнына қатысты дәл бүгінгі күнмен үндес, орайлас пікір-тұжырымды жігіт-желең, 25-26-лардағы балғын ойшыл қалай тауып айтты екен деп таң қаласың: "Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, "Қырық мысал”, "Маса” еңбегі, "Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды”. ("Ақжол”, 1923, 4 ақпан), – деп жазады ол. Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамның бірі – Сәкен Сейфуллин. Ол "Еңбекші қазақ” газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: "А.Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан өз заманында патша арам қулықты атарманшабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губернатор, соттарға күшін сатып, тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызметтерін қылды”. "Қырық мысал”, "Маса” кітаптарын, "Қазақ” газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан компартияға кіргенін түгел шолып айта келіп, мынандай түйін түйеді: "Қалай болса да жазушы аз ғана, әдебиеті нашар қазақ жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай... Елуге келген Ақаңды шын көңілден құттықтап, өмірінің ұзақ болуын тілеймін”. Түркістан республикасы Орталық атқару комитеті мен Түркістан Орталық партия комитетінің газеті "Ақжол” 1923 жылғы 4 ақпанында шыққан 270санында: "Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе мен әріп, тіл һәм оқу 89


құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді”, — деп жазылған. Бұдан кейінгі уақыттарда, әділет принциптері бұзылып, адамшылықты таптаған зұлмат жылдар, нәубет, селебе, қан қырғын – репрессиялар басталған кезде, көп нәрсе мүлде бұрмаланды, "байтал түгіл бас қайғы” дейтін күндер туған. Ол шақта Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерін талдап, тарихтағы орнын көрсетпек түгіл, атын атаудың өзі – қылмыс, азамат басын жұтатын, абақтыға апарар жолға айналды. Бірақ сонда да ескі газет-журналдарды, архивтерді ақтарған, көне кітаптарды оқыған сұңғыла жандар алдынан тұтас тау сілеміндей болып Ахмет Байтұрсынов мұрасы шығар еді; көзі – қарақты, қайрат-жігерінен, азаматтығынан айырылмаған аға буынның кейбір есті өкілдері, кейде оңашада, алды-артына бір қарап қойып: "Ақаң былай деген ғой” деп суырыла жөнелер еді. Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды жуас, момын көрінгенмен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: "Мынау Ақаң жазған "Әдебиет танытқыш”, әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой” деген екен. Жас, өр кеуде, тұяғына тас тимеген шәкірт өмірде талай теперіш көріп, таяқ жеген, дана ұстаз тілін алды дейсіз бе. Ақаң кітабы, ондағы пікір-байлам, ойтұжырым, жаңалық – табыс туралы айтып та, жазып та жіберген. Жұрт білмей ме, көрмей ме, көрсетпей ме, білген, көрген, көрсеткен. Сонда тұмсығы тасқа тиген шәкіртіне ұстазы айтқан сөз: "Ескерттім ғой, - болмадың. Енді оқасы жоқ. Шыда! Мұндайда еңбек етсең ғана еңсең көтеріледі”. Қазақстанда Байтұрсынов есімін ауызға алуға да, жазуға да тыйым салынған уақыттарда түркологтар тарапынан оқта-текте ол туралы бірен-саран пікірлер айтылып қалып жүрді. Әсіресе академик А.Кононов еңбегі қалың көпшілікті елең еткізді. Аты шартарапқа мәлім, беделді тілші ғалымның редакциясымен және алғысөзімен Мәскеуден 1974 жылы шыққан "Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі” кітабында Ахмет Байтұрсыновтың туған жылы, өскен ортасы, атабабасы, білім алған мектептері, қызмет еткен орындары, әлеуметтік-қоғамдық қызметі, басты еңбектері нақты айтылып, ол "араб алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды” деп тарихи тұрғыдан әділ көрсетілді. Кейбір қазақтың "қырағы” оқымыстылары бұл пікірлермен келіспей өз ұлтшылымызды өзіміз әшкерелейміз” деген пікір айтты. Қазақстан азаттық алғанға дейінгі Ахмет Байтұрсынов туралы жазылған пікірлердің сілемі осындай. Күрделі тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы жайлы тілшілер - Ә.Қайдаров, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, әдебиетшілер - Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғали, тарихшылар - К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, жас ғалымдар – А.Мектепов, Ғ.Әнесов, Б.Байғалиев 90


т.б. еңбектері шыға бастады. Бір томдық шығармалары, үлкен көлемді "Ақ жол” (құрастырған Р.Нұрғали), "Тіл тағылымы” (құрастырған Р.Сыздықова) кітаптары басылды. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы. 2 "Қазақ” газетінде редактор болып қай жылдары қызмет етті? 3 Күрделі тұлғаның өмірі, ғылыми, әдеби мұрасы жайлы жазылған еңбектер. 4 Профессор Бейсенбай Кенжебаевтың пікірі. 5 "Ақжол” 1923 жылғы 4 ақпанында шыққан 270-санында жазылған пікір. 6 Мәскеуден 1974 жылы шыққан "Отандық түркологтардың. библиографиялық сөздігі” кітабында Ахмет Байтұрсынов туралы жазылған пікір. 7 А.Байтұрсыновтың ғылыми еңбектері. 8 Тіл саласында ендірген жаңалықтары. 9 Мәскеуде 1929 жылы "Коммунистік академия” баспасынан шыққан. "Әдебиет энциклопедиясының” 1-томында жазылған пікірлер? 10 «Маса» жинағының маңызы. 11 «Әдебиет танытқыш» еңбегі. 12 Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми мақалалары. 13 Ахмет Байтұрсыновтың аудармалары. 14 Қоғам қайраткерлік еңбектері. 15 Ағартушылық бағытта жазылған еңбектері. 16 "Еңбекші қазақ” газетіне (1923 жыл, 30 қаңтар) "Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды” деген арнаулы мақаланың авторы. 17 Ахмет Байтұрсынов және «Қазақ» газеті. 18 Ахмет Байтұрсыновтың қоғамдық қызметтері. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Ахмет Байтұрсынов және «Қазақ» газеті. 2 Ол ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі. (Реферат жазыңыз) 3 “Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек” (1923) мақаласының мазмұны. 4 “Партия һәм кеңес құрылысындағы рушылдық әсері” (1926) мақаласының маңыздылығы хақында. 5 Ахмет Байтұрсынов – публицист. 6 Ахмет Байтұрсынов – аудармашы. 7 «Маса» жинағының тақырыптық-идеялық маңызы. 8 Ол - әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым. 9 “Жиған-терген” өлеңінің идеялық мазмұны. 10Ахмет Байтұрсыновты зерттеген ғалымдар, жазылған еңбектер. 11Ахмет Байтұрсынов – әдебиеттанушы ғалым. 12Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегі. 13Ахмет Байтұрсынов және Алаш. 91


14 Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әдебиетіндегі орны. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.»ЖШС, 2010. 2 Айбын. Энциклопедия. Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. 3 «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 4 «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002. 5 Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009. 6 Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998. 7 Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009. 8 “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия. Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. 9 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002. 10 Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. – А: Өлке, 1997. 11 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994. 12 Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – А: Санат, 1994. 13 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1993.

Мұхамеджан Тынышпаев (1879-1938) Қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мұхамеджан Тынышпаев 1879 жылдың 22 мамырында Жетісу облысы, Лепсі уезі, Мақаншы-Садыр болысында (қаз.Қабанбай ауд.) дүниеге келген. Ол 1889-1900ж. Верный ерлер гимназиясын алтын медальмен бітірген. Гимназия қабырғасында жүргенде-ақ Тынышпаев өзінің ізденгіштігімен, білімдарлығымен, жан-жақтылығымен ерекшеленіп, құрмет беделге ие болды.1899 жылы Верный қаласында өткен А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында «...Полтава» шығармасындағы ұлы Петр мен Мазепаның адамгершілік қасиеттері» туралы шағын ғыл. Баяндама жасап, ұстаздарын тәнті еткен. Гимназия директоры Вахрушев Жетісу обл. әскери губерниясына жолдаған өтінішінде Тынышпаевқа «тамаша шәкірт қана емес, нағыз талант иесі. Сондықтан да, жоғарғы мәртебелім, сізден өтінерім, құзырыңыздағы қаражаттан Тыныпаевқа стипендия бөлсеңіз» деп жағымды мінездеме берді. Сонымен қатар, оның барлық пәннен балы жоғары екенін, келешекте Санкт-Петербургтағы темір жол инженерлерін даярлайтын институтқа баруға құштар екендігін хабарлайды. 1900 ж. Мұхамеджан өз 92


мақсатына жетіп, Санкт-Петербургтегі тек дворян әулетінен шыққан балаларды ғана қабылдайтын І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтқа түсіп, оны 1906 ж. бітіреді. Студент кезінде саясиқоғамдық шараларға белсене қатысып, туған халқының мұң-мұқтажын ашық айта бастайды. 1905ж. 17 қазандағы патша манифесінен кейін ішкі Ресейде саяси толқу өршіп, әр түрлі жиындар өтеді. Солардың бірі-1905ж. 19 қарашада өткен Автономшылар одағының І-съезінде Тыныпаев Ресей отаршылдарының қазақ даласындағы жымысқы, озбыр саясаты туралы сөз сөйлеген. Қазақтардың жерін тартып алып, жаппай орыстандыру арқылы жергілікті халықты ұлт ретінде жоюға ұмтылған патша әкімшілігінің жүгенсіз әрекеттерін сынап, үкіметке сенімсіздік білдірді. Бұған дейін ол Ресей министрлер комитетінің төрағасына хат жазып (20.6.1905), Қазақ еліндегі жергілікті патша әкімшілігінің озбырлығын баяндаған; «Уақытша ереже» бойынша билеп-төстеу заман талабына сай келмейтінін дәлелдеп, әскери билікті азаматтық билікпен алмастыруды, ел басқару үрдісінде адалдықты, әділеттілік, заңдылық принциптерін орнықтыруды ұсынған болатын. Институт бітірген соң Тынышпаев Орта Азия темір жол құрылысына инженер-маман ретінде жолданады, 1907ж. 2 Думаға Жетісу облысынан депутаттыққа сайланы, басқа да далалық өкілдермен бірге патша үкіметінің отаршылдық-аграрлық саясатына қарсы күрес шараларын ұйымдастырды.Дума таратылған соң Орта Азия темір жол құрылысына айрықша уәкілетті нұсқаушы-инженер болып тағайындалып, Әмудария өзені арқылы өтетін көпірді салуға қатысады. 1911ж. Урсатьевск-Әндіжан т.ж. құрылысының бастығы әрі бас инженері болды. 1914ж. елге оралып, Жетісу т.ж. учаскесінің Арыс-Әулиеата құрылысының бастығы әрі бас инженері қызметіне кіріседі. Осы кезде оқуға бара жатқан бозбала Тұрар Рысқұловпен кездесіп, оған ақшалай көмек береді. Верный округтік прокурорының талап етуімен тергеушіге берген түсініктемесінде Мұхаметжан 1916ж. ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттарын, барысы мен нәтижелерін терең талдап, патша үкіметінің қазақ халқына жасаған озбырлығын, отаршылдық астамшылығын ашап көрсетті. 1917ж. Ақпан революциясынан кейін ол эсер О.Шкапскиймен бірге Уақытша үкіметтің Жетісу обл. Комиссары болып тағайындалған. Осы жылғы 7 сәуірде уақытша үкімет кадет Н.Н.Шепкиннің төрағалығымен 9 адамнан тұратын ерекше Түркістан к-ті құрылып, оған бұратана халықтардан Ә.Бөкейхановпен бірге Тынышпаев та мүше болды. Мемлекеттік-саяси құрылыс жұмыстарын жеделдету мақсатымен 9-16 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан аймағының өлкелік комитеттері делегаттарының съезіне қатысып, үш күн мәжілісін басқарды. Содан соң 12-23 сәуірде Верный қаласында өтетін І-Жетісу съезіне жүріп кетеді, бірақ жиынға қатысқанқатыспағандығы жөнінде нақты дерек жоқ. 1917 жылы шілдеде өткен І-қазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 26-28 қарашада өткен Түркістан өлкелік мұсылман съезінде Түркістан (Қоқан) автономиясы уақытша үкіметінің төрағасы әрі ішкі істер 93


министрі болып сайланды. 1917 жылы 26 желтоқсан - 1918ж. 6 ақпан аралығында Қоқан автономиялық республикасының Премьер - Министрі қызметін атқарды. алашорда үкіметінің қызметіне белсене қатысып, кеңестік билікке қарсы күресті. 1918-20ж. қазақ елінің дербестігін қалпына келтіру жолында аянбай еңбек етті. Осы мақсатта сол тарихи кезеңде бір-бірін күшпен алмастырған әр түрлі Ресей Үкіметтерімен (уақытша Сібір үкіметі, Құрылтай жиналысына мүшелер комитеті, Колчак үкіметі) келіссөздер жүргізуге қатысты. 1920ж. Ташкент қаласындағы Қазақ халық ағарту институтында ұстаздық етті. Сонымен бірге Орыс географиялық қоғамы Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының , «Талап» қоғамының белсенді мүшесі болды. Қазақ халқы тарихының күрделі мәселелеріне арналған еңбектер жазды. 1921ж. Түркістанда темір жол бөлімінде, 1922-23ж. Түркістан АКСР Су шаруашылығы басқармасында, 1924ж. Ташкентте Қазақ халық ағарту институтында, 1925ж. Жетісу губерниясының атқару комитетінің Жол бөлімінде басшылық қызметтер атқарды. 1927 жылдан бастап Түркістан-Сібір темір жол құрылысында қызмет етті. Осы құрылыстың жобалаушысы, негізгі маманы болды. Тынышпаевтың кәсіби шеберлігі Түркістан-Сібір темір жолы құрылысын салу барысында айырықша танылды. М.Тынышпаевтың өмірі мен қызметі туралы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатов шығарған «Қазақ» газеті 1917 жылғы 247 санында: «Мұхамеджанов Тынышпаев – ІІ Государственный Дума ағзасы, иженер. Саясат ісіне жетік, халыққа таза жолмен қашаннан қызмет етіп жүрген алдыңғы қатарлы зиялы азамат» деп көрсетіп, оның 1905, 1916 және 1917 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметі туралы «Мұхаметжан қазақта бір болса өзі, екі болса екінші кісі екендігі», - деп бағалайды (Қазақ 1917.28 ақпан). Сол сияқты «Семиреченские ведомости» газеті де Құрылтай Жиналысына депутатыққа кандидат М. Тынышпаевты «1905 жылғы революциялық қозғалысқа араласқан, Жетісу қырғыздары арасынан бостандық пен революция идеяларын үгіттеп таратқан, облыстан шыққан тұңғыш қырғыз» (1917, 7октябрь) деп сипаттайды. Қазақстанның қай аймағынан шыққан зиялы қауым өкілдері болмасын олардың көпшілігі Әлихан Бөкейхановтың және оның сенімді өкілдерінің қазақ қауымы үшін жетекші саяси ролін мойындайтын. Мұның жарқын дәлелінің бірі ретінде өзі де қазақ ұлттық интеллигенциясының үлкен тұлғаларының бірі болған М.Тынышпаевтың Әлихан Бөкейхановқа 1917 жылы сәуірдің 10-ында жазған хатынан төмендегі үзінді келтіруге болады: «Қымбатты Әлихан аға!.Мұстафа (Шоқайұлы) Орынбордағы қазақтардың ұстаған жолы мен біздің көзқарасымыз туралы айтып берді. Мен сізбен біздің көзқарасымыз бірдей болып шыққанына аса қуандым: Орынборға барып келешекте жасайтын қадамдарымды сіздің шешімдеріңізбен үйлестіру ойымда бар еді, алайда бақытыма қарай, менің ойларым, сіздің бағытпен бірге, бірдей болып шықты»,деп жазады. 94


Думаға тұңғыш сайланған ұлт өкілдерінің бірі М.Тынышпаев өз заманының талабын терең түсініп, халқын тек ағартушылық жолымен ғана емес, азаттық жолындағы күреспен де, мемлекетті қалпына келтіру барысында демократиялық күрес жолымен де өз пікірлестерімен бірге тарихта өшпес із қалдырған ұлы тұлғаларымыздың бірі. Ол-артына өзі өмір сүрген кезең оқиғаларынан да, халқымыздың тарихының келелі мәселелерін толғаған зерттеулерімен де өшпес мұра қалдырған ғалым. М.Тынышпаевтың «Ұлы мәртебелі мырзаға» (Түркістан генералгубернаторына) деген мақаласында қазақ даласында Ресей өкіметінің өкілдерінің жүргізген саясатына талдау жасайды. Жетісу облысының генералгубернаторы Г.А.Колпаковскийдің адамгершілігі бар, адамдарға көзқарасы жақсы зиялы адам ретінде мінездеме беріп, орыс халқының арасындағы озық ойлы адамдардың іс-әрекетіне тоқталып өтеді. Ол бұл мақаласында халқымыздың бойындағы қарапайымдылықты, момындық мінезін тәптіштеп түсіндіре отырып, халыққа қиянат жасалмай басқарған жағдайда ол халықтың ешқашан өздігінен көтеріліске шықпайтындығын, бірақ әділетсіздікке, зорлыққа көне алмайтынын да түсіндіреді. Қазақтарды генералдар Кауфман мен Колпаковский (1867-1889ж.ж) басқарған кезеңді бөле жарып атаған дұрыс. Әкімшілік шенін генерал Колпаковскийдің өзі реттеді; уезд басшылығына көбінесе шала сауатты, бірақ әділ, мақсатшыл, халықшыл, мәдениетке ықыласты адамдардан тағайындады. Әрине, сол кезде де алаяқтық және басқа да жәйттер кездесіп қалатын еді, алайда мұндай жекелеген оқиғалар генерал Колпаковскийдің назарына ілігіп, тез арада тұншықтырылып тасталып жүрді. Екінші кезең-1889 жылдан (генерал Колпаковский кеткеннен кейін) 1905жылға дейін созылған өтпелі кезең болды; өлкеде харам ойлы адамдар пайда болып, қарапайым қазақтарды тонауға ойысты, мәселен бір қорап швед сіріңкесін бір қойға сатты, т.б.; орысша тіл, жазу үйренген қазақтар осы қазақтар мен татарлардан шыққан жолбикелерге еліктеп, резеңке калош, жылтыр етік киді, шылым, папирос тартуға, арақ ішуге әуестенді. Тағы басқа алаяқтар көбейіп қазақтарды жиі алдап кетіп жүрді; өмір сүру қиын, әрі қымбатқа түсті, орыс әкімшілігіндегі кадрлар бұрын қазақтармен ешқандай қарым-қатынаста болмаған кездейсоқ адамдармен ауыстырылды. Оған сайлаудағы парақорлық қосылды, дау жанжал ұлғайды, - деді. Орыстардың Жетісу өлкесін басқару барысын осылайша саралайды. Алдыңғы топ халықты басқару барысында демократияшыл пиғылда болса, екінші кезеңде қазақ халқына орыс билеушілерінің отаршылдық пиғылда екендігін көрсетті. Халықтың ар-намысын аяққа таптап, қыздарын зорлап, шұрайлы жерлерін тартып алып, ұлтының намысына тиіп қорлық көрсетеді. 1906 жылы Шкапский Жетісудан қуылып, оның орнына бұдан кейін Верныйдан 8 жыл бойы(1914 жылға дейін) қозғалмаған С.Н.Велецкий әкелінді. Велецкийдің алғашқы әрекеті жергілікті халықтың ғана емес, облыс әкімшілігінің де алаңдаушылығын туғызды; Верный уезінің Шамалған болысында жаппай жерді тартып алу ісі басталды, бұл әуел бастан-ақ кірмелер өкілеттілігінің қазақтарға, заңға, қалыптасқан жағдайға менсінбей 95


қараушылығын көрсетті; жерлер генерал М.Е.Ионовтың қорғағанына қарамастан қазақтардан тартып алынды, - деп жазады Мұхамеджан Тынышпаев. Жер мәселесіне байланысты М.Тынышпаев әділетсіздіктің куәсі болып, халқының алдауға түсіп, оған көнбеген жағдайда зорлықпен жерлерінен, атақоныс мекендерінен айрылып жатқанын дәлелді негіздермен көрсеттіп отырды. Халыққа қиянат жасап отырған билеуші топтың өз дегенін іс жүзіне асырып отырғандығын көре білді. М.Тынышпаев халықтың тұрмыс-тіршілігінің күннен-күнге қиындап бара жатқанын, ол қиыншылықтардың өмірдің барлық кезеңдеріне байланысты екендігін де көре білді. 1868 жылғы ереженің қазақтарға көлденең келген қиыншылық болғандығы соншалық, жер дауы кейінге ысырылып қалды, деп жазды. Сайлаудағы парақорлық, заңсыздық, қарапайым халықты талау, бірінбірі өлтіру т.б. өрескел әрекеттер қарапайым халықты әбден шаршаты. Кірмелер мен жергілікті халықтың арасындағы талас-тартыс кірмелердің пайдасына шешіліп, халық біржолата жерлерінен айрылып жатты. М.Тынышпаев осындай әділетсіздік кезінде саяси аренаға шығып, ұлтының тәуелсіздігі үшін, бостандығы үшін күресті. Гимназияның еш кінәсі жоқ директоры М.В.Вахрушевтің қызметінен кетіп, Дейнеконың директор болуы да көп әсер етті, - дейді. Бұл заңсыздық қазақ балалары оқып жатқан гимназияларда, жоғары оқу орындарында да етек алып жатты. Қазақ балалары үшін тағайындалған стипендияның алынып тасталғанын, оны орыс балаларына берулері де, тек стипендиямен күн көріп жүрген қазақ студенттерінің оқуға мүмкіншіліктері болмай, сабақтан кетулері етек алып, әділетсіздіктің шектен шығып жатқандығын, ашына жазып, М.Тынышбаев бұл бассыздықты да сынайды. Ол институттың соңғы курсында жүргенде 1905 жылғы төңкеріске қатысады. Сол жылы өткен автономистерінің сьезіне қатысып, онда «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыпта баяндама жасайды. Бұл баяндамасында патша әкімшілігінің қол астына қараған шет аймақтардағы халықтарға жасап отырған озбырлықты, адам төзгісіз ауыр өмірін әшкерелейді. Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени даму жолын тежеу үшін ерекше заңға негізделген арнайы басқару жүйесі енгізілді. Сондықтан сахарадағы қозғалыстардан жалпы түсінік беріп, одақ мүшелеріне қазақ халқының жапа шеккен, қорланған өмір тұрмысымен кеңірек таныстыру өзімнің мақсатым деп білемін. Қазқ даласының өзін-өзі басқару жүйесі, саяси, рухани, діни сенімкөзқарастары мен экономикалық әл-ауқатының жан-жақты тәркіленіп, титығына жетуінің салдары көшпелілердің наразылығын туғызып, қозғалыс толқынын өршіткен басты себепке айналып отыр,-деп бастайды баяндамасын. Туған елінің мұң-мұқтажын мүмкіндікті қалт жібермей бас қосқан зиялы қауымның алдында айтып қалуы, империялық Ресей әкімшілігіне М.Тынышпаевтың есімін әйгілі етеді. Осыдан бастап патша жандермериясының қара тізіміне ілініп, өмірінің соңына дейін әрбір басқан қадамы аңдулы болады. ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу өлкесінен жиырма сегіз жасар Мұхаметжан Тынышпайұлының сайлануы – халық алдындағы оның зор 96


беделі мен үлкен сенімге ие болғанын көрсетеді. Әрине, халықтың мұндай таңдауы патша үкіметіне ұнамайды. М.Тынышпаев өзінің «Учредительное собрание» деген мақаласында: Һәр жерде, һәр патшалықта осы күнгідей уақиғалар болған. Сонда халықтың өз ортасынан шыққан көсемдер халыққа кеңшілік закондарын жасап берген. Сөйтіп шығарған закондарды негізсіз закондар дейді. Осы закондарға тіреліп, өзге қарапайым, жәй закондар шығады. І Гос Думашылардың алдында негізгі закондарды бас хүкімет өзі шығарған. Сондықтан бұл закон халыққа пайдасыз болып, бар күш үкіметтің өзінде болды, - деп жазды. Бұл айтылғандардан халыққа пайдасыз заңдарды сынай отырып, өкіметтің өз пайдасына ғана қатысты шығарылған заңдардың негізсіз екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар бұл мақаласында жаңа құрылған үкіметтен көп үміт күтіп, ол ойын былайша тұжырымдап көрсетеді: «Не болса да қазақтарға таң атты деп, қуанышты болып үміттенеміз. Патшалардың һәм хүкіметтердің қиқарлығынан талай жолсыздық, жауыздық көрдік. Қазақтың даласы, қырғыздың тауы қанға толып еді-ау. Енді бұдан бұлай ешнәрсе жоқ деп ұқыпсыз отырғанымыз жарамайды. Ілгері басып талпынып, заманымыздан қалыспай, ұмтыла басуымыз керек. Егерде ілгері басып, ұмтылып бәйгеден қалмаймыз десек; егерде халықтың игілігін, көгеруін, ел болып жер бетінен көшпеуін тілесек, мына болашақ Учредительный собраниеге ең білімді, көсем, шешен, тартымды, пайдалы, сенімді адамдарымызды сайлаймыз. Мен ұлы жүз, сен кіші жүз, анау орта жүз демей, мен аталының баласы, анау кіші ауылдың баласы демей, бәсекеге түспей, жұрт жолына құрбан болатын келісті адамдарымызды сайлауымыз тиіс», - деп елді берекелі бірлікке шақырды. Болашақтың қамын жеп, елінің ертеңін ойлап, өзекті мәселелерді қозғады. Ол жолда елім дейтін адал ұлдарын тәрбиелеп, ел ісіне араластырудың қажеттілігін көре білді. Елдің болашағы ақылды, оқыған, тәрбиелі, отанын жанындай сүйетін, ол жолда барлық қиыншылыққа төзе білетін, бірлігі бар ұрпақтың қолында деп түсінді. Ол да өзге оқыған зиялы қауым сияқты Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күткен еді. Белсене қызмет етіп, саяси қызметкер ретінде танылған болатын. Мұхаметжан IY мұсылмандар сьезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан (Қоқан) автономиясының премьер-министрі болып сайланады. Түркістан автономиясын кеңестер күшпен талқандағаннан кейін М.Тынышпаев Алашорда қайраткерлерімен бірге, азамат соғысы жылдарында қызылдарға қарсы күреседі. Одан нәтиже шықпаған соң, кеңес үкіметі жағына шығып «буржуазиялық маман» ретінде Ташкентте, Қызылордада, Алматыда әртүрлі деңгейде шаруашылық қызметте жұмыс істей бастайды. 20-жылдары ұлы жүректі тұлға азамат соғысы барысында жұтқа ұшырап, ашыққан қазақтарды аман алып қалу мәселесіне ерекше көңіл бөледі. «Солтүстік Жетісудың 31 болысындағы қалыптасқан шаруашылық жағдай хақында» деген тақырыпта өлке өмірін экономикалық жағынан жақсарту шараларының нақты жоспарын көрсететін баяндама дайындап, Д.Фурмановтың назар аударуына ұсынады. Бұл баяндаммен танысқан Түркістан АКСР ОАК-нің төрағасы Т.Рысқұлов өте жоғары бағалайды. 1921 жылы білікті маман Ташкент 97


каласына шақырылып, онда Түркістан республикасының Жер шаруашылығы министрінің Су шаруашылығы басқармасының бастығы болып тағайындалады. Ол сонымен бірге Түркістан каналының жобасын жасауға қатысты. Қазақстанда Ұлттық Республикалардың құрылуы және олардың жерін межелеуге байланысты Мұхаметжан Тынышпайұлы ОАК-нің жерге орналастырудың ерекше комиссиясының көшпелі шаруашылық жөніндегі аға маманы қызметіне тағайындалып, техникалық кеңестің мүшесі болды. Ол осындай жауапты қызметтерді атқару барысында халқына адал қызмет етуді алдына мақсат етіп қойып, бұл қызметтерді адалдықпен, шыншылдықпен, имандылықпен орындады. Өзінің борышы мен міндетін таза атқарды. Бойындағы адамгершілігін ар-ұятын, ізеттілігін, білімін халқының болашағына жұмсады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Мұхамеджан Тынышпаев қай жылы қайда туылған? 2 1921 жылы білікті маман қандай қызметке тағайындалады? 3 М.Тынышпаевтың «Учредительное собрание» деген мақаласында не туралы айтылған? 4 «Қазақтар және қоғамдық қозғалыс» деген тақырыптағы баяндаманың мазмұны. 5 «Солтүстік Жетісудың 31 болысындағы қалыптасқан шаруашылық жағдай хақында» еңбегінің маңызы. 6 Жер мәселесіне байланысты жазған Мұхамеджан Тынышпаевтың пікірлері 7 «Қазақ» газетіне 1917.28 ақпан күні жарияланған материалдар хақында. 8 Қай жылы Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 9 Қай жылы 4-Түркістан өлкелік мұсылман съезінде Түркістан (Қоқан) автономиясы уақытша үкіметінің төрағасы әрі ішкі істер министрі болып сайланды? Қай кезеңде Қоқан автономиялық республикасының Премьер Министрі қызметін атқарды? 10 М.Тынышпаевтың қазақ қоғамдық ғылымдарына қосқан үлесі? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 ІІ Мемлекеттік Думаға Жетісу өлкесінен жиырма сегіз жасар Мұхаметжан Тынышпайұлының сайлануы. 2 М.Тынышпаевтың «Ұлы мәртебелі мырзаға» (Түркістан генералгубернаторына) деген мақаласында қазақ даласында Ресей өкіметінің өкілдерінің жүргізген саясатына талдау жасауы. 3 М.Тынышпаевтың Әлихан Бөкейхановқа 1917 жылы сәуірдің 10-ында жазған хаты. 4 Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов және М.Дулатовтардың М.Тынышпаев туралы жазған пікірлері. 5 М.Тынышпаев туралы жазылған ғылыми еңбектер. 98


6 Қазақ халық ағарту институтында ұстаздық етуі. 7 А.С.Пушкиннің 100 жылдық мерейтойында «...Полтава» шығармасындағы ұлы Петр мен Мазепаның адамгершілік қасиеттері» тақырыбындағы ғылыми баяндамасы. 8 М.Тынышпаев және Алашорда қайраткерлері. 9 Азамат соғысы барысында жұтқа ұшырап, ашыққан қазақтарды аман алып қалу мәселесіне байланысты іс-әрекеттері. 10Халыққа пайдасыз закондарды сынауы. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 «Қазақ» Субханбердина Ү., Сахов Қ, Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы,1998. 2 Қазақ әдебиеті. 1991 -22 -29 наурыз 3 Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз –кайсахского народа.Ташкент: 1925. 4 Тынышбаев М. Великие бедствия... Ташкент 1927. 5 Левшин А.И. Описание киргиз –казачьих, или киргиз –кайсацких, орд и степей. Под Общ.ред М:К.Козыбаева –Алматы: Санат,1996. 6 «Қазақ» 1916 №166, 211,24 сандары 7 Тынышбаев М. Ұлы мәртебелі мырзаға. Қазақ әдебиеті.- 1990.-26-қазан; 8 М.Тынышбаевты еске алу кеші. Қазақ әдебиеті.-1997-21-мамыр; 9 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы: Санат, 1995. 10 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. -Алматы: Ататек, 1995. 11 Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. А:,Атамұра,1998. Т.2. 12 Тақаров Б. Қазақтан шыққан тұңғыш инженер-теміржолшы . Түрксиб тынысы- 1994. 13 Қазақстан тарихы. (Очерк). -Алматы: Дәуір, 1993. 14 Қойгелдиев М. Алашорда . Егемен Қазақстан.- 1992. 15 Қаратаев Т. "Алаш" және "Алашорда". -Алматы: КазГУ, 1990.

Міржақып Дулатұлы (1885-1935) Міржақып Дулатұлы 1885 жылғы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысының үшінші ауылында, қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Қызбел елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше сауатты, өз дәулеті өзіне жетерлік, атақты шебер болған адам. Ол жасаған ат әбзелдері, саптама етіктер, әйелдердің жұмсақ мәсілері кезінде бүкіл Сарыарқаға белгілі болған-ды. Ал Міржақыптың анасы Дәмеш қарапайым да мейірімді жан еді. Тек ауылдағы тойларда оның салған әні адам жанын қатты тебірентіп, әйгілі әншілердің өздерін таң-тамаша қалдыратын. Бұл – көнекөз қариялардың айтып кеткен естеліктері. Болашақ Алаш қайраткерінің балалық шағының өткен жері – Қызбел өзенінің бойы. Ел аузындағы аңызға арқа сүйесек, қыратты жер алыстан 99


қарағанда жатқан қыздың бейнесін елестетіп, орта шенінде жота жіңішкере келіп, қыз беліне ұқсағандықтан, бұл жер Қызбел деп аталған. Керісінше, Әбілбек Нұрмағамбетұлының айтуынша, «Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде «қыз» сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның бірі – «сараң, сығырдаң». Бізше, «Қызбел» біріккен сөздің біріншісіне, осы мағына сәй-кес көрінеді. Өйткені мұнда бұлақ көзі тапшы. Ал, «бел» сөзіне келсек, ол «қырат, төбе» мағынасында тек бізде ғана емес, сағай, қойбол сияқты түркі тілдерінде де «пел» қалпында айтылып, «төбе, төмпешік» ұғымын иеленеді. Осыларға сүйене отырып, «Қызбелді» қазіргі түсінігімізге сәйкестесек, «Сараң төбе» болмақ. Жорама- лымыз аталған жер таби- ғатына жуықтай түсер де- ген ойдамыз» (Ә.Нұрмағам-бетұлы, Жер-судың аты – тарихтың хаты, Алматы, «Балауса», 1994 ж.). Қызбел өзені Ұлытау жерінен ағатын Дәмді, Мойын- ды, Сары өзендерінен бастау алады. Сарықопа – іргелес отырған Мадияр, Өтей, Шымболаттардың мекендеген құтты қонысы. Мадияр – арғын тайпасының руы. XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін Міржақып Дулатұлының шығармашылығынсыз көзге елестету қиын. Ол қазақ әдеби процесінде маңызды тұлға. Көптеген жылдар бойы оның есімі еске алынбады, алашордалық жау ретінде көрсетілді. Алайда, 1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап шықты. Оның бірі Абай өлеңдер жинағы, екіншісі – Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысалы», үшіншісі «Оян, қазақ!» атты Міржақып Дулатұлының публицистикалық- лирикалық жинағы. Қоғам қайраткері, ақын С.Сейфуллин сол кездегі қоғамдық өмірге баға бере келіп, «Қазақ зиялылары хақында» деген мақаласында: «Қазақ оқығандарының арасында 1905 жылдан бастап-ақ... революциялық идея, ұлттық теңдік пен азаттыққа үндеу етек алды. Жаңа оянып кле жатқан қазақ интеллигенциясының ол кездегі дем берушілері Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсыновтар болды»,- деп жазуы тегін емес. Міржақып талантының нағыз шырқау биігі езілген қазақ халқының тарих сахнасына шыққан революциялық күрестер мен шайқастар дәуіріне дәлме-дәл келді. Болашаққа деген нық сеніммен жігерленген Міржақып, өз творчествосын қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы күресімен тығыз байланыстыра, халықты оятуға, білімге, оқу-ағартуға үндеді. Міне, Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты кітабы (1909) дәл осындай уақытта жарыққа шықты. Ақын жинағында саяси сарын басым екендігін байқаймыз. Бұл кітап қазақтар үшін ұлт-қозғалыстың алғашқы бағдарламалы құжатындай болды. Міржақып азаттық қозғалысының саясатын берік қалыптастыруды және оған бұқара халықты кеңінен тарту мақсатымен өзінің кітабында этикалық қалыптарға көңіл бөліп, оның екі түрлі бағытын көрсетеді. Алғашқы бағыт – азаттық күресі идеясы, ерік бостандығы (хуррият), адамгершілік (инсаният), өнегелілік (хакка ниет), екінші бағыт – қайырымдылық (хайыр), мейірімділік (ихсан) және өзара көмек (жәрдем). Сондай-ақ сыртқы жаумен емес, ішкі жаумен – қараңғылықпен, басқыншылардың әскери күшіне өнер күшін, өнер құдіретін қарсы қоя отырып күресуден көрінетін зорлық-зомбылық жасамау, күштемек идеясы. 100


Этикалық нормалар көмегімен Міржақып адамның жеке басының ерекшелігіне негіздеп, әлеуметтік әділетсіздіктің түп-тамырын ашты, ұлтына, тіліне, дініне, сеніміне қарап адамдарды езгілеуді мінеп-шенеді. Әдебиет сыншысы С.Сәдуақасұлы Міржақыптың шығармашылығы туралы пікір білдіргенде, оның ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткері және жазушы-публицист екендігіне ерекше назар аударған. «Оян, қазақ!» жинағына енген өлеңдер туралы айтқанда Міржақыптың Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына берген бағасымен сипаттауға болады: «Ахмет Байтұрсынұлы өзінің өлеңдерінде махаббат туралы, әйел туралы, табиғат туралы жарламайды, онда лепірмелі көп сөз де, қанатты сөздер де жоқ. Ол қарапайым да, түсінікті қазақ тілімен еркіндік туралы, ұлт туралы, езілген және артта қалған қазақ ұлты туралы жырлайды, ұлтты білімге, еңбек етуге және ғасырлар бойы ұйқыдан құтылуға шақыра отырып, әрбір қазақтың санасында адамзаттық сезім оятады». Міржақыптың азаматтық поэзиясының философиялық – эстетикалық тұғыры «Оян, қазақ!» кітабының алғашқы жолдарынан бастап-ақ Міржақып поэзиясының азаматтық бағыты аңғарылады. Ол халықтың ғасырлар бойы меңіреу ұйқыдан оянып, өзінің артта қалғанына көз жіберуге, халқымыздың аяқтан шалатын әдеттерін айыптап, өнерді үйренуге шақырады. Осы мәселелерді шешпейінше, халықтың нағыз шын бостандыққа жетпейтінін уағыздайды. Ақын: Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой, Қатардан сол себепті қалыппыз ғой. Ғалым мен мағрифатты керек қылмай, Надандық шәрбәтіне қанықпыз ғой,- деп ашына жазады. Патша өкіметінің дала өлкесінде өткізіп отырған, болыстық және ауылдық басқарушылар сайлауы, халыққа қисапсыз көп шығын әкелді, жікшілдікті күшейтті. Соның нәтижесінде патша өкіметінің жаңа заңдары ел ішін іріте түсті. Осы тәртіптерді сынай отырып, азамат ақын ар-ұждан биігіне шақырады: Ағадан іні айырылды, атадан ұл, Ағайын арзандады, қымбаттап пұл. Сатылды ғазиз ұждан аз ақшаға, Ғәләмәті надандықтың емес пе бұл? Патша өкіметінің басқыншылық саясатын әшкерлей отырып, интернационалист ақын өз отандастарын орыс тілі мен мәдениетін үйренуге де үндейді: Орысша білмек қазаққа бек ләзік, Руссияда болған соң біздің тұрақ. Сусыныңды бар-дағы қандырып ал, Мысалы ғылым жатқан ағып бұлақ. Ақын мәдениет пен ағарту жұмыстарын саналы өркендету үшін қазақ газеттері мен журналдарына ден қояды: Газет, журнал оқы да мағлұмат ал, Көз жіберіп һәр іске салып құлақ. Аршын жұтқан кісідей қақырайма, 101


Намыстанбай білгеннен үйрен сұрап. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағында қазақ халқының болашақ буыны – жастарға ерекше үміт артып, оларды туған елінің оятушысы деп санайды: Ғылым үйрен, ашылсын көзің жастар, Тәрбиеле өзіңді – өзің жастар. Өзің біліп ешкімге айтпай қойма, Білгеніңді тезірек халыққа шаш, бар. «Оян, қазақ!» кітабы ақынның философиялық – эстетикалық көзқарастары хақында да сыр толғайды. Араб философиясын үлгі тұтқан, оның кітабында жақсылық пен жамандық, еркіндік, азаттық, адалдық, сұлулық, абырой, сыпайылық, байлық, кедейлік т.б. туралы эстетикалық категориялар баршылық. Бұл кітапты терең түсіну арқылы мынадай ойға келдік: бұл – әдебиеттік мақсатта құрылмаған – саяси шығарма. Бұл хақында ақын өзінің негізгі нысанасын былай білдірген: Бұл сөзді жазғаным жоқ ақын болып, Халық тентек, жалғыз өзім мақұл болып. Қайғы мен хәл мүшкілін білдіргенім, Ұйқыда жұрт жатқан соң ғафыл болып,- деген жолдардан ұлы Абай әсері танылады. Ол: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп жазған еді ғой. Міржақып қазақ халқы үшін басты этикалық категория азаттық, ағайындық пен теңдік деп білді. Тек отаршылдықтан азат болған жағдайда ғана ағайындық пен теңдік қатынас бекіп, ұлттар оянып, гүлдене түседі деген тұжырымға келеді: Айнымай тұтқан жолын болсаң мынау: Азаттық, ағайындық, теңдік сұрау. Тайсалмай дұрыстыққа жанды қисаң, Борышы адамдықтың сонда тұр-ау... Немесе: Болсын ғақылына малың серік, Һүнерлі сегіз қырлы сырың берік! Дүние аз күн қонақ мысалында, Болғаны жақсы емес пе өзінде ерік. Міржақып адамзаттық сапаларды былайша бөледі: «жау жүрек», «тауфик» (сыпайлық), «абырой», «шешен тіл», «терең білім», «көңіл шебер», «ихсан» (мейірімділік), «иганат» (қайырымдылық), Міржақып өзінің рухани ұстазы, Абай тәрізді жамандық атаулыға жалпы адамзаттық өрелі өлшемдерді қарсы қояды: Тауфиқлы, инабатты болсаң, жігіт, Құрметтер халық сені дәрежелеп. Уағдасыз өтірікші болсаң егер, Баддұға оқыр соған әркім қарғап. 102


«Талап, еңбек, терең ой, қанағат пен рахымды» Абай адамдағы бес түрлі моралдық сапалық белгілер деп таныды, ал «өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек пен бекер мал шашпақ» - адамның бес түрлі жауы дейді. Міржақып байлардың менмендігі мен ақымақтығын өткір сатирамен түйрейді: Һимметсіз байларымыз бәрі нада, Хайыр, ихсан, иғанатдан аулақ қашқан. «Анау артық, мен кейін қалам ба?»деп Өзді өзі хәсәтілікпен құр таласқан. Одан әрі ақын былай деп үн осады: Файданды жақсы болсаң тигіз көпке, Жатырқап һеш адамды сыртқа теппей. Автор өз шығармаларының халықпен тіке байланыста болу үшін диалог формасын пайдаланады. Ол өзінің ғибрат сөздерінің «желге ұшпасына» сенеді. Өнегелілік жайлы өлеңдерде, сұрақ формасы арқылы, философиялық ойлауы айқын аңғарылады: Білдің бе: досың қандай, қасың қандай? Болмаңыз көрсе қызар көрінгенге. Байқаңыз: фасық қандай, асыл қандай, Енеңді шыға беріп кетер боқтап... Көз жібер: олақ қандай, тәсіл қандай? Фасықтар ер қадірін қайдан білсін. Көрмейді ой жіберіп нәсіл қандай? Файдасыз мылжың сөзді әркім айтар. Автордың философиялық категорияларға ден қоюына қазақ сахарасында кеңінен өрбіген философиялық ағымдар ықпал еткен болады. Алғашқы ағым, біздің пайымдауымызша: әл-Фараби, Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, Абай, Ғұмар Қараш есімдерімен ерекшеленсе, ал екінші ағымдағы: Ахмет Иассауи, Шортанбай, Мұрат, Дулат, Шәкәрім есімдерін атауға болады. Алғашқы ағымның өкілдері – идеяның негізін материалистік тұрғыдан қараса, екіншілері, діни этика төңірегінен іздеді. Міржақып өзіндік ой-көзқарастары бола тұра, бұл екі ағымның дамуын заңды деп есептеп, олардың идеяларын шығармаларында кең қолданды. Абай «Отыз жетінші» сөзінде былай деп жазады: «Сократқа у ішкізген, Ионна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? – Ол көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та жөнге сал». Міржақыпта туған елінің көзінің ашуына тер төгіп жүргендіктен өмірдің ащы-тұщысына жазылған сөздеріне назар аударады: Зәрәше халыққа файда келе ме деп, Бұл өткен сол ниетпен қызметім. Қиыстырып кәфари хал айттым назым, Көтеріп оқушының көңіл шатын. Сезімді жауып қойма халыққа тарат, Тілейтін құрбылардын бір хәжәтім. 103


Аз жасап өмірде көрдім көп іс, Ретін шамалауым халықтың тегіс. Қаралас һәр қайсысы көрінеді, Бірі артық, біреуі кем дейтін емес. «Оян, қазақ!» кітабының өн бойында жақсылық пен жамандық туралы философиялық ой тайталасқа түсіп отыр. Міржақып жамандық дегенді қалай парықтаған? Біз кітаптың алғашқы тарауынан-ақ, патшаның саясатының халықтық ілгерілеуіне енжарлық туғызғанын байқаймыз: Мың жеті жүз отыз бір санасында Біз кірдік Руссияның фанасына. Һүнерсіз бостығымыз көрінген соң, Қызықпас кім қазақтың баласына... Кір жуып кіндік кескен қайран жерлер, Мұжыққа, қош аман бол, барасың да. Қасиетті бабамыздың зияраты, Қалдың ғой көшесінің арасында. Моншаға зираттың тасын алып, Ағашын отқа мұжық жағасын да Таба алмай бір барғанда еш белгісін, Көзден жас көлдей болып ағасың да. Міржақып жамандықтың тамырын, қазақтың надандығынан, қала салмайтындығынан, егін екпейтіндігінен іздейді. Бұл ойын ол «Оян, қазақ!» кітабында айқын көрсетеді. Суреткер ескі тұрмысты міней келіп, өз халқын әлем мәдениетінен үйренуге шақырып жақсылыққа қарай үміттендіреді: «...һәр халықтың күші һүнер болса, һүнерге аллатағала қасында һүмәтті саясында біз қазақтар да артық болсақ керек, соның үшін мұсылманша ғылымдар оқып, дінімізді танып, надандардың көзін жойып, көңілін ашып мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық...» Ақын ойынша, егер халық игілігіне пайдалы нәрсе әкелмесе жақсылық әркез жақсылық емес: Майда бол жігіт болсаң тал жібектей, Жақсы емес қатты болу тікенектей. Ғылымның болса-дағы ұшан-теңіз... Файда жоқ өз халқына қызмет етпей. Кейде жамандық жақсылыққа себеп болады: Ішінде темір тордың шынжырлаулы, Жатқанын көрмеймісіңқайран халқың. Көп қуып, қорқақ едік, батыр қылды, Біздерге енді не бар аянатын? Міржақып қытай ойшылы Лао Цзы пікірін ұстана отырып, жақсылық пайдалы түрде алға шығуы керек деп санайды. Ақын дін туралы ойларында мұсылман деген сөз және қазақ дәстүрлері өзінің мәнін жойып бара жатқанын өкініш сезімін білідіреді: 104


Дегенмен «мен мұсылман» іс бітпейді, Бұл күнде жұрттың бәрі күн күтпейді. Қазақша киім киіп сөйлегенмен Мойныңнан фарыз,уәжіп бір түспейді. Сондықтан қазақ жастарының алға қойылатын бірінші талап: Әуелі үйренетін бір ғылымның, Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың. Шарттарын исламның кәміл білсең, Ахиреттік азық берер шын ғылымың. Бұйырған, тыйған ісін шариғаттың: Секілді фарыз, уәжіп мұны ұғуың. Хат жазып, түркі танып, құран оқып, Қираәт қағидамен жүргізуің Ақынды қазақ халқының қоғамдық жағдайы, жер мен дін мәселелерімен бірге әйел тағдыры, патриархалды өмірдің қалдықтары да ойлантады. «Жесір дағуалары хақында» атты тарауында қазақ әйелінің тұрмысн айқын көрсетеді. Міржақыптың өткір сатирасы, феодалдық дәуірден қалған қалың малды, әмеңгерлік салтты қатты түйрейді: Біздің қазақ халқының бір ғадеті, Шариғат низамда жоқ бұл ғадеті. Шындығында мұсылман діні әйел теңсіздігіне, оның қалың малға сатуға қарсы. Сол себепті де автор, қазақ байларының осындай аяусыз әділетсіздіктерін қатты әшкерлейді. XX ғасырдың басында шетел капиталының Қазақстанға тарала бастауы байлар мен кедейлер арасында наразылықты күшейтті. Міржақыпқа қазақ даласында пайда бола бастаған тап күресі жат еді. Бұл жөнінде ақын: «Бай болып һүнер білсең тіпті жақсы...», - деп жазған еді. Ол үшін бағалысы, оның отандастары Байлықты Біліммен біріктірсе материалдық және рухани өркендеуіне жол ашылады: Тым артық кедей болсаң оқығаның, Білгенге қиын емес кету байып. Мағлұмсыз ал дәулеті уақытша Бүгін бай, ғажап емес ертең ғариб. Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға, Түседі ләхытқа бірге барып. Мысалы надандықтың қараңғы түн, Білгеннің жүрген жері бәрі жарық. Ақынның ойынша, адам материалдық жағдайымен қоса рухани әлеім тұрғысынан да жұтаң болса, онда екі есе бақытсыз болғаны: Малға кедей болғаның жетілерсің, Ғылымға кедей болғаның өкінерсің. Хазірде құлағыңа кірмесе де Файдасын ақырында бір білерсің. Сонымен, жетпіс жылдай мадақталған коммунистік идеяны таразылай келіп, біз қайтадан Міржақыптың ақиқат ойлары мен өлшемдерінен тұратын 105


«Оян, қазақ!» кітабының құдіреттілігіне басымызды иеміз. Ұзақ жылдар бойы мәдениетімізді, тілімізді, тарихымызды, ұлттық дәстүрлерімізді жоғалтып ала жаздаған біздің қоғамымыз оянды ма, әлде жоқ па? деген сұрақ еріксіз ойға оралған сәтте, Міржақыптың «Оян, қазақ!» деп салған ұранының мәртебесі биіктей түскендей болады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы. 2 Әдебиет сыншысы С.Сәдуақасұлының Міржақыптың шығармашылығы туралы пікірі. 3 «Бақытсыз Жамал» романының идеялық мазмұны. 4 «Оян қазақ» шығармасының мазмұны, көркемдік ерекшелігі. 5 Міржақып өз шығармаларында адамзаттық сапаларды қалай бөледі? 6 Ақынның ағартушылық саласындағы шығармалары. 7 Ақынның қазақ халқының қоғамдық жағдайы, жер мен дін мәселелеріне байланысты қандай шығармалары бар? 8 Әйел тағдыры, патриархалды өмірдің қалдықтары туралы жазған еңбектері. 9 Патша өкіметінің басқыншылық саясатын әшкерлейтін өлеңдері. 10 Міржақып шығармаларының көркемдік, тақырыптық ерекшелігі. 11 Міржақып Дулатовты зерттеген ғалымдар. 12 Автордың философиялық категориялары. 13 Қоғам қайраткері, ақын С.Сейфуллиннің Міржақып шығармашылығына, қоғамдық өмірге баға беруі. 14 Міржақыптың ақиқат ойлары мен өлшемдерінен тұратын «Оян, қазақ!» шығармасынан үзінді оқыңыз, талдаңыз. 15 М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 ХХ ғасыр басындағы тарихи-әдеби процестегі М.Дулатұлының орны? 2 М.Дулатұлының Тұңғыш романшы? 3 Міржақып Дулатов туралы зерттеген ғалымдардың еңбектері? 4 Қазақ романы және психологиялық талдау. 5 Алаш деп соққан жүрегі. 6 Ақынның философиялық – эстетикалық көзқарастары. 7 «Оян, қазақ!» кітабының өн бойындағы философиялық ой-тайталастар. 8 Міржақыптың басты этикалық категориясы? 9 Азаттық, ағайындық пен теңдік туралы шығармалары. 10 Міржақып және қазіргі заман. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Дулатова М. Ардақтап өтем әкемді. Жұлдыз, 1990, №6; 2 Тәжібаев Ә. Халық деп соққан жүрегі. Соц.Қазақстан, 1989, 27, июль 173. 3 Елеукенов Ш. Тұңғыш романист. Жұлдыз, 1990, №6 4 Елеукенов Ш. Жаңа жолдан. Алматы, 1989. 106


5 Ж.Ысмағұлов, Міржақып Дулатов туралы сөз. Жұлдыз, 1991, №2 6 Мақпырұлы С., Міржақып Дулатов шығармашылығы. Қазақ тілі мен әдебиеті, 1993, №2 7 Әбсемет М. «ХХ ғасыр басындағы тарихи-әдеби процестегі М.Дулатұлының шығармашылығы», 1991. 8 Нұрғали Р., Әуезов және Алаш. Алматы. Санат. 1997. 9 Бисенғали З.Қ. «ХХ ғасыр басындағы қазақ романдары», 1997. 10 Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы. Санат. 1996. 11 Нұрпейісов К., Алаш һәм Алашорда. Алматы. Ататек, 1995. 12 Бес ғасыр жырлайды. Алматы. Жазушы. 1989. ІІ том 13 Бес ғасыр жырлайды. Алматы. Жазушы. 1989. І том 14 Міржақып Дулатұлы шығармалары. І том. Алматы: Ғылым, 1996. 15 М.Дулатов. Шығармалары. Алматы. «Ана тілі». 2010. 16 М.Дулатов. Шығармалары. Алматы. «Жазушы». 2001.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) XX ғасыр басында алмасқан қоғамдық құрылыстар мен жіктелеген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол бір аласапыран заманның шындығын әдебиет тілінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинаған. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласқан. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесілген. Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталған. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Сарыарқаның сәлемі", "Ахха-хау", "Көшу", "Ұршығым", "Жәмила", "Әскер марсельезасы", "Тұңғиық түпсіз астында", "Ленинге" және "Нұр күй" поэмасы. Оның поэтикалық туындыларында ескі қазақ тұрмысындағы қилы-қилы өмір көріністері, ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтардың көңіл-ауғаны реалистік бояуымен көрінген. Жоқшылық ызғары сүйек-сүйегін сырқыратқан адамның мұңы, қасіреті "Ұршық" өлеңінде, теңіне бармай, қалың малдың құрбандығына "шалынған" қыз зары - "Жәмила" өлеңінде, "қазақ байыса қатын аладының" кері, ата сақалы аузына шыққан, шашы мен сақалының ағына қарамай, жас қыздарды малға сатып алып, "жас иіске" аңсары ауған шалдың "құтыруы" - "Ах-ха-хау" өлеңінде жырланған. "Ленинге" өлеңі дүние жүзі пролетариатының ұлы көсемі Ленин 1924 жылы қаңтарда қайтыс болған қаралы күні жазылған. Бірақ бұл жалаң үгіт, ұран түрінде жазылмаған, философиялық астары терең туынды. 107


Аймауытовтың дүниетанымы кең, бейнелеу құралы өткір де оралымды ақын екендігін "Нұр күй" поэмасынан аңғаруға болады. "Нұр күй" поэмасының сюжеті өмірлік шындықты арқау еткен. Сәбилі болып, қуанышы қойнына сыймай, көңілі тасыған ана, бүлдіршіннің жанары су қараңғы екенін көргенде, қасіреттің қара тұманына тұншығады. Алайда, бала өнерге аса құштар боп, барлық аспапта ойнайтын асқан өнерпаздығымен елді тамсандырады. Кейін орыс дәрігерлері оның көзін емдеп, жанары нұр шашады. Шексіз қуаныш көкірегін кернеген бала "Нұр күйін" шығарады. Абзалы, поэманың түп қазық идеясы: кемтармын деп жасыма, өнер үйреніп, қайғыңды ұмытуға тырыс, адамның қолынан келмейтін керемет жоқ, күндердің күнінде мақсатқа жетіп, мерейленер шақ тумақ, еңсеңді тік ұста. Поэма жастарды өмірді сүюге, талмай күресуге үндейді. Жүсіпбек Аймауытов мұрасының салмақты саласы - оның драматургиясы. "Ескі тәртіппен бала оқыту" (1917), "Рабиға" (1917), "Ел қорғаны" (1925), "Мансапқорлар" (1925), "Қанапия мен Шәрбану" (1926), "Шернияз" (1926) атты пьесалары бар. Бұл драмалық шығармаларды ол қазақтың сахна өнерін өркендету мақсатымен жазған. "Ескі тәртіппен бала оқыту" пьесасы білімге, өнерге құлшыну, надандықтан арылуда мектепті түбегейлі өзгерту мәселесін батыл қоя білуімен құнды. "Рәбиға" атты бір перделі туындысында жас қыз Рәбиға бата бұзудан, атаана қарғысынан қорқып, мал беріп, айттырып қойған Байділдә қойшыға қосақталады. Есіл-дерті малда, тұрмыс есеңгіретіп жіберген қойшы байқұс, жүрегі ыстық, көкірегі сезімтал Рәбиғаны өзінен шапшаң түңілдіріп, жирендіріп алған. Теңдік жоқ жерде, сүйіспеншілік жоқ жерде шаңырақ шайқалмай тұрмайды. Байділдә ісіне тындырымды, момын шаруа саналғанымен, әйеліне де малға сатып алған күңінше қарап, қолына қонған қамар бұлбұлын үркітіп алуымен тынады. Рәбиға күресе жүріп, меңіреу, қапас тірлікті жеңіп, бас бостандығын алады. "Ел қорғаны" пьесасы - әлеуметтік тереңдігімен, өмірлік тартыстардың шынайы да шымырлығымен тәнті ететін дүние. Азамат соғысы жылдарындағы қамсыз, қарусыз жұртты ақтар қырып-жойып, талап, бүлдіріп, "арамдап, аяққа басып" кетіп жатыр... Аумалы-төкпелі заманның дегеніне көніп, ашынған аңның аузында, шүйілген жыртқыштың тырнағында кете беру керек пе? Ел қорғаны боларлық қауқар қазақтан табыла ма? Аймауытов пьесасында осы жүректі шабақтайтын уытты мәселені батыл қояды. Оқығаны сілтідей тынған жұртқа заман туралы, өкімет саясаты жөнінде шешіле келе: "...біздің көздегеніміз - байлардың автономиясы емес, елді кедейге билететін автономия алмақпыз. "Алашорданың" басындағы бұрын патшаға қызмет қылған төрелер, ақсүйектер, ескі оқығандар болатын. Олар саясат білмеді, төңкерістің бағытын болжай алмады, олар адасты. Адасқандарын кейбіреулері жаңа білді. Енді бізге қосылып жатқандары бар. Ахмет Байтұрсыновты естулеріңіз бар шығар?" дейді. Алаштың басында тұрғандар патша өкіметі тұсында оқып, өмір сүрсе, күнін көру үшін неге қызмет істемеске? Ескі оқығандардай әлеуметтік топтан шыққанына қарап бағаланбай, халыққа сіңірген еңбегімен бағаланбақ емес пе? 108


Олар саясатты білмедіге санау - ұшқары пікір. Нағыз саясатты солар білсін.... "Балшабизмнің" болашағын да жіті аңғарады. Бірақ күш қосқан, ақыл қосқандарының табансыз, жігерсіздігі, ұшқалақ ойы, өктем әрекеті ойға алған кең масштабты істің ойранын шығарады. Әліби Жанкелдин, Ахмет Байтұрсынов Лениннің қабылдауында болып, алашордалықтарды ақтап алуына осындай көрегендік бары талассыз ғой. Бұл - бүгінгі анықталған ақиқат биігінен айтылып отырған сөз. Ж.Аймауытовтар заман пиғылына қарай кейіпкер аузына әлгіндей сөз салмасқа лажы да жоқты. Шындығында, Ә.Бөкейханов, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер, Мұстафа Шоқай, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Дулатов, т.б. зиялы азаматтарымыз адасқан жоқ, уақытқа бейімделді, дүниенің бәрін тып-тыйпыл қылып, аузын арандай ашқан айдаћардың жолында көлденең жату - көкбет өлермендік; қарадай құрбан болу - халықтың көксеген арманын жерге қарадай көмумен бір есеп. Оған олардың ары жетпеді. "Ел қорғаны" пьесасының астарында бүгінгілер де, келешек ұрпақ та ақылоймен бойлап, түйіндейтін көк-түйін жұмбақтар жеткілікті. Шекспир трагедияларындағы адам образын жасау, уақыт шындығын кестелеу, оқиғаларды типтендіру, өлмес идеялардың, тартыстардың ширығар көзін табу, оны көркемдікпен бейнелеу тәсілдерін Жүсіпбек "Мансапқорлар" драмасында еркін пайдаланған. Пьесаның басты кейіпкері 55 жастағы болыс Қасқырбай - нағыз көкжалдың өзі. Мансап биігіне дәулеттің күшімен көтерілген алпауыт. Дүние шіркінді шыр айналдырып, жақсысы мен бар қызығын қамтып қалуға араны ашылған ашқарақ байқұсты тағдыр бір шикі өкпеден қысады. Уылжыған жап-жас әйелі бала көтермейді. Қасқырбай болыстың жыланның аяғын көрген жылпос інісі, тілмаш, жас оқыған Мүсілім ағасын орнынан тайдыру үшін жанынан безгендерден топ құрып, партиягерлік ұйымдастырып, үстінен арызды қардай боратып, ояздың аузын алады. Бірақ сезікті шаруаны бастауға сәті келіңкіремей жүргенде, сақасы алшысынан түседі. Қасқырбайдың шайтаны басылмаған тоқалы Күләнда "ғашықтық отына күйген" қайнысының өтінішімен күйеуінің ақысын аңдып, оңашада у беріп қатырады. Ағасын өлтіртіп, жеңгесін ластап, ояздың аузын ақ маймен тығындап, елді тақырға отырғызып барып Мүсілімнің болыстыққа қолы жетеді. Драматург осы пьеса оқиғалары негізінде досың қулар мен сұмдар болмасын, бауырыңа тартқан жақының жаныңды алар ажалың, қосылған қосағың беті жылтырап, іші қалтырап тұрмасын, аз ғұмырыңды ажалыңнан бұрын жалмап, не азаппен өткіземін демесең, аздыратын әзәзілдеріңді бойыңа дарытпауды мәслихат еткен. "Біреуге ор қазба, қазсаң тереңірек қаз, өзің түскенге жақсы". Қасқырбай трагедиясы соған меңзейді. Драмалық тартысы өткір, характер жасаудағы драматург ізденістерін байқататын сүбелі шығармасы - "Қанапия мен Шәрбану" пьесасы. Бір-бірін сүйген екі жас Қанапия мен Шәрбану тағдырларын қосуға ескі салттың үрдісі бөгет боп, көлденең тартылады. Оның үстіне 1916 жылғы шілде айындағы қара жұмысқа қазақтан солдат алу жөніндегі патша жарлығы кезінде туған тосын оқиғалар қос асықтың тәтті арманын ащы запыранға айналдырады. Жарлы Исатай жалғыз баласы Ынтықбайды солдаттан аман алып қалу мақсатымен әлпештеп отырған қызы Шәрбануды қолының қысқалығынан Сазанбай байға 109


қосып, соның шарапаты тиюінен дәме қылады. Аздаған мал-мүлкін баласының жолына шашып-төгіп, қызын байға тоқалдыққа бергенімен, әлеуметтік теңсіздік сорлы кедейді құтқара алмайды. Жалғыз баласы қара жұмысқа алынып, Шәрбану Сансызбай мен көкдолы, қытымыр бәйбіше Қалипаның тозағына тап болады. Сүйген жігіті Қанапия солдаттан оралып, диуана кейпінде байдың үйіне келіп, ретін тауып тордағы тотысын қапастан құтқарып, милицияның көмегімен бастарына бостандық алады. Бұл, әрине, кездейсоқтық емес, жалшы өкіметі кедейлерге еркіндік берген, соларды қорғаған заманның шарапаты. Сазанбай баяғы дәуірі басында тұрса, өзіне "қорлығы" өткен пақыр жігіт пен асау да "күнәһар" тоқалын жазалаудың небір құлақ естімес түрін ойлап табарына сөз бар ма? Уақыттың қас-қабағынан жүрегі шайлыққан шонжар, бостандығын алып, уысынан шығып кеткен жастардан "кешірім" сұрап, ширыққан тартыс шешімін табады. Адам характері сол аумалы-төкпелі заман аясында бар сымбат-ажарымен, боямасыз-қоспасыз өзіне тән табиғатымен көрініс берген. Жүсіпбек бұқарашыл жазушы болғанымен, қазақты тапқа жіктеп, кедей мен байдың арасына ала баған тартпаған. Ұлттың намысты жоғары қойған, оған, әрине, сол кезде қазақтың зиялы қауымын толғандырған саясаттың ықпалы тимеді деу де қисынсыз. Жүсіпбек "Шернияз" пьесасында оқу орнынан ұшқан ұлттық зиялылар өкілін арқау еткен. Өмірі мен әрекеті, жастық қызық-шыжығы, күрес әдісі де нақты өз болмысына тән орайластырылған. Қалада тәрбие алған оқыған азамат Шернияз ақын бар ізгілік, тазалық, әділдік, мырзалық, пәктік, сұлулық сахарада деп көңілі тоғайып жүретін. Жастық аңғырттықпен, бірбет асаулықпен қызметке кіріскенде, тіршілік шырғалаң-шиыры толқын үстіндегі жаңқадай қақпақыл қақтырып жағаға лақтырып тастайды. Ағасы Алшағырдың көңілін жықпаймын деп істеген заңсыз бір ісі ағайын, ру мен ру, жүз бен жүз, ауыл арасындағы дау-дамай, бітіспейтін керісті ушықтырып, піспеген басты тығырыққа тіреп, жас жігітті қызметінен кетуге мәжбүр етеді. «Бұлай бұрсаң, арба сынады, бұлай тартсаң өгіз өледі» демекші, ел арасы бүлініп, арты өртке айналуға аз-ақ қалғанда, "бұзылған елден" безіп, қалаға барып жан шақырады. Ауылдан ағайынның жікшілдік, партиягерлік мінезінен зәрезап боп шошынып, ширыққан Шерниязды драматург: Нәрестедей таза жанды Ел бар ғой деп ойлаушы ем. Дос та, жар да, махаббат та Елде ғой деп барлаушы ем... Жүрегім елді кездірді Бұзылған елден бездірді, - деп толғандырады. Жаны нәзік, санасы сергек, жүрегі таза ақынның ояну эволюциясын Жүсіпбек қапысыз ашқан. Азамат соғысы кезіндегі елдің шонжар, болысбилерінің лаңы, ақсақалдарының бұйрығы, ұрылардың қылмысынан, бақсының, молданың, парақорлардың халыққа тарттырған азабы, қорлығына шыдамай, теңіздей долданып, буырқанған Шернияз: Ой, кер заман, кер заман, 110


Талан-тараж қан жылау, Қабақ қату қансырау. Азаматы жабылу, Малы күнде сабылу, Ұлып жатыр Ұлы жүз? Қырғын тауып аштықтан, Ел еңіреп егілу. Кіші жүзі тұншығып, Елін әскер жеміру. Орта жүзі ойсырап, Сұм Колчактан езілу. "Сорлатам" деп қазақты Қазақтың көзі қарықты Азаматын қырам деп Атаман Дутов желігу. Кеше бір туған жарық күн Көріне түсіп шегіну, - дейді. Шернияздың бұл монологынан біз іштей өзін-өзі тұншықтырып, кегін, жойқын әрекетін түпке сақтаған жанартаудай аласұрған сәтін аңдаймыз. Ол күллі қазақ шеккен ғазап уытының "дәмін алып отыр". Ұлы жүз аштан қырылып, Кіші жүзді қазақ-орыстар тұншықтырып, Орта жүзді Колчак сұм табанымен таптап, тыпырлатып жатыр, көзіқарықты қазақты атаман Дутов түгел қырып, ұлы Қазан әкелген жарық күнді ақтар мен интервенттер сөндірмек, бақытты тартып алмақ. Міне, дабыл соғылды, күнім туды, жеке бастың сәтсіздігін, шырғалаңын ойлар жай жоқ, топқа қосылып, халқымызды жұтып қоймақ болған айдаһарлар Колчак пен Дутовтың "басын қағып" алғанша арпалысу қажет. Азаттығын, тәуелсіздігін алмаған ел құл болуға ғана жаралған мешел, мешеу ел. Пьесаның финалында өмір өткелінен өтіп, кемдікте, қорлықта жүрген жылаулы еліне қорған болып, жұбатуға белін бекем буған парасат иесі Шерниязды көреміз. Жүсіпбек Аймауытов осылайша, көйлекшең тумаған, күнәдан да пәк емес, бірақ халқына шын берілген, заман тынысына қанық, елдің жуан ортасынан суырыла шыққан қазақ зиялысының ояну, күреске келу стихиясын нанымды бейнелеген. "Шернияз" - үлкен қоғамдық, әлеуметтік, моральдық, этикалық, адамгершілік, гуманистік мәселелерді кең арнада қамтыған ақ өлеңмен, публицистикалық стильмен жазылған философиялық драма. Сондықтан да болар, пьесаға жарияланған жабық байқауда "Шернияз" бірінші, ал М.Әуезовтың "Қарагөзі" екінші орын алған. Жүсіпбектің пьесалары тақырып жағынан бірін-бірі толықтырып, дәуірдің тұтас картинасын жасайды. Тартыстары шымыр, кейіпкерлері бірінің образын бірі ажарлап, әрекетін, мінезін айқындап, оқиғадан оқиғаға іріленіп отырады. Драматург кейіпкерлер санын өсіруге ынтықпайды, шақтаулы кейіпкерлерімен шалқар шындықты алдыңа жайып салуға қаламгерлік қажыры еркін жеткен. Артық оқиға, шашау шыққан әрекет, тілдегі олақтық оған жат.Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. 111


Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан "Қартқожа", "Ақбілек" романдары және "Күнікейдің жазығы" повесі туды. "Қартқожа" романы 1926 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады. Жүсіпбек Қартқожасын туғанынан қағілез, жүрген жерін күйдіріп, опырып-жапырып, бірден биікке ұмтылған жүйрік, саңлақ жанды кейіпкер етпеген. Ол ешнәрсемен қақ-соғы жоқ, "момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрнын қоңқитып" жүргені. Жасы 10-11 шамасында. Мұрнын қос-қостан тартып, "екі жеңі де сауыс, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығы да жөнді тазармайтын" кәдімгі тұрмыс тақсіреті ерте жүдеткен тақыр кедейдің баласы. Жазушының кедей баласы сыртынан қарағанда азып-тозып, кірқожалақ, жасқаншақ, енжар болып көрінгенімен, жан сарайы сәулелі, ояу, жүрегі сергек келетін себептерін осылайша тәптіштеуінде көп сыр жатыр. Бар сенгені қолындағы бірер малы есептелінген қасқа кедейдің ертеңгі бұлыңғыр күнін қаламгер жүрегі сыздай отырып баяндайды. Серік Қирабаев бұл роман жөнінде мынандай баға береді: «...Қартқожа арқылы азаттық, теңдік дүбірі оятқан жас ұрпақтың ұлттық ой-өрісін, санасезімін көрсетуге ұмтылған жазушы мақсаты осы айтылғандардан анық танылады...» "Ақбілек" романы - Жүсіпбектің суреткерлік өнері толысқан шағындағы шығармасы. Тақырыбы жағынан бұл туынды да "Қартқожаның " идеясын толықтыра түскен, соның заңды жалғасы іспетті. Қартқожа Кеңес төңкерісіне дейін ауыр да азапты тұрмыс шынжырынан босана алмай құлдықта, кіріптарлықта күн кешсе, төңкерістен кейін теңдік, азаттық, әділеттік тауып, жаңа заман қайраткері дәрежесіне көтеріледі. Ал "Ақбілек" романында Жүсіпбек феодалдық-патриархалдық құрылыстың қатал заңы мен тәртібін бұзып-жарып шығып, бақытын қажыр-қайратымен, білімімен тапқан жаңа заман әйелінің бейнесін жасаған. «Ақбілек» əлемі – халқымыздың өткен өмірі мен тарихының, қазақ қызы мен əйелінің тағдыр-талайын кең көлемде суреттеген тағылымды туынды. Ұлт руханиятын, көркемдік танымды биік белеске көтерген даңқты туынды, айшықты қолтаңба жемісі. «Ақбілек» əлемінің ақиқаты осы...» дейді филология ғылымдарының докторы Рақымжан Тұрысбек. Шынымен де,..«Ақбілек» романы ұлттың талайлы тарихын, қазақ өмірінің қиын да күрделі кезеңін, басты тұлғаның ауыр да сындарлы сəттерін тағы сондай нақтылы көрініс, шынайы оқиға, бедерлі бейнелер арқылы көрсетіп, тақырып табиғатын, көркемдік-эстетикалық мұраттарды шебер де 112


шешен, шынайы үлгіде баяндаған байыпты, тағылымды туынды шығарма болып саналады. Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романын жаза отырып, басты кейіпкер бейнесін сомдауда оның образына сүйсінген тәрізді. Оның тылсым бейнесін үлкен махаббатпен суреттеген. Романның алғашқы жолдарында Ақбілек бейнесі былайша сомдалған: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі - жас түлегі, айы-күні - сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдыратып, былдыратып, ақ көйлегін көлеңдетіп...» Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесі қандай болу керектігі жөнінде дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған. Көнеден желісі үзілмеген халық ауыз әдебиеті мен жазба нұсқаларда бойжеткен қыз: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көзді, жайдары мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ аршын төсті, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, керілген ақ маңдайлы, сүйріктей ақсаусақты, сүрме қасты, ұзын кірпікті, ақ білек, жаржан тісті, қыр мұрынды т.б.» сөз суреттерімен сомдаған ғой... Халықтық түсінік бойынша: «Тегіне қарап қызын ал, соғуына қарап қару ас», «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық», «Шешеге қарап қыз өсер» дегендей, текті қыздың белгісін туған анасының мінезі, үлгі-өнегесі және қызына берген тәлім тәрбиесін айқындайды. Шығарма тақырыбы иемденген басты тұлға - Ақбілек аяулы әке мен қымбат анасының алдында ерке де әсем болып өсті. Құрбыларымен де әзілі жарасып, ақылына көркі мен көңілі сән беріп еді. Бірақ бұл жарастық, жастық салтанатын түстері суық, ойлары теріс, жүрістері суыт төрт атты бұзғанды. Олар бейбіт ауылдың апшысын қуырды. Үлкен үй – дәулетті Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, жас түлегі Ақбілекті ойбайлатып алды да жөнелді. Бұдан кейінгі жердегі Ақбілектің өмірін, көрген зорлығы мен тартқан азабын ешкім де дұшпанына тілемес. Ақбілек трагедиясы сол кездегі ұлттық мәселелермен байланысты. Ақ орыс солдаттарының ұрлап әкетуі, Ақбілекті қара мұрт офицердің әйел қып ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанымен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің қашқақтауы, атастырған күйеуінің тайсақтауы, ел-жұрттың оған бір түрлі аяушылықпен қарауы өлімнен де ауыр. Оның үстіне орысты кәпір деп қарайтын ұғым бар. Ауыл жігіттерінің зорлығы болса, еленбей де қалуы мүмкін нәрсені «кәпірдің қолына түсіп, соған қатын болған» сөзді тіпті көпіртіп әкетеді. Өйткені ел түсінігінде кәпір атаулы жау, онымен араласқан, шатасқан елдің бәрі харам және діннен безген. Бүкіл халықты, оның ішінде қазақ қызын осы тұйықтан алып шыққан Қазақ төңкерісі, Кеңес өкіметі. Ел көзіне көріне алмай, күлкі болып ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып, жар тапты, бақытты өмірге қадам басты, Міне «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды.

113


Ақ өлең үлгісімен жазылған "Күнікейдің жазығы" повесі - Аймауытовтың төңкеріске дейінгі қазақ өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті, таптық көзқарасын айқындайтын туынды. Бұл жөнінде С.Қирабаев: «Күнікейдің осы ортадан таза, өзінің басың, адамдық арын қорғап шығып, Байманға қосылуы, онымен ұзатылған жерінен қашып кетуі – қазақ қызының өз теңдігін қорғаудағы үлкен жеңісі», - дейді. Ескі ата салты қосқанымен, табиғаты қоспайтын Тұяқтан безген мұңлы бойжеткеннің оны даланың шынары санап қол созған іңкәрлігін Баймен сал жеңіл түсініп, жеңіл қарым-қатынаспен жер соқтырады. Қыз жолы қандай жіңішке?... Арманы қиырды шалғанымен, адымы қысқа. Қорқау, жұлмыр, түлкі заманның жігітінің де сырты сыпайы, іші - түтін. Обал, сауап, тазалық, махаббат жөнінде суырыла сөйлей отырып, өзінің бір сәттік "пайдасы" үшін қасиеттіні ластап кетуге шімірікпейді. Күнікей - әрі өзінің таза сезімінің, әрі қаскөй заманның әлеуметтік теңсіздігінің құрбаны болған бақытсыз қыз. Жазушы Күнікей басынан кешкен жайларды ретроспективті /шегініс/ тәсілмен баяндап, оның жастың шақ, бойжетіп тұрмыс құруы, бақытсыздықтың тұзағына түсуі - бәр-бәрін кейіпкердің аузымен баяндау арқылы заман сырына, мораліне, еңбексіз, харакетсіз күн кешкен азып-тозған қоғамдық салтқа, тұралататын қайыршылық тұрмысқа бойлатады. Кейіннен кедейлердің не себепті өздерін өздері қанап-езіп, қорлап келген байлардан жерініп, олар арқа сүйеген қоғаммен кескілескен күреске шығатынының бұлтартпас себептері пісіпжетіліп, осы "Күнікейдің жазығында" тұнып тұр. Повестің тілі Жүсіпбек ізденісінің тағы бір қырын көлденең тартады, романда қазақ халқының көне дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғүрпына, жастық күйлеріне қатысты этнографиялық, экзотикалық материалдар да өте мол. Өзін осылайша талантты прозашы ретінде танытқан Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан бірқатар көркем әңгімелер де туды. 1918 жылы жазалған "Бетім-ау, құдағи ғой" атты әңгімесінен бастап, 1927 жылы жазылған "Ханалар тарихына" дейінгі аралықта өмірге келген "Елес" (1924), "Әнші" (1925), "Боранды болжағыш әулие" (1926) тәрізді әңімелерінің қай-қайсысынан да өзі өмір сүрген дәуірдегі елдің тұрмысын, ой-арманын, заман тынысын жетік білетін әрі оны көркем тілмен, парасатты оймен өрнектеп жеткізе алатын тамаша прозашының қолтаңбасы айқын байқалады. “Боранды болжағьпп әулие" әңгімесінде қазақ ауылының қыстың бір боранды күніндегі өмірі суреттеледі. ... Сақылдаған сары аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз. Қыстың аязды күнін жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында баяндайды. Сол боранда бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: "Шіркін, бұлай боларын алдын ала болжап білсем-ау", — деп армандайды. Кейін қалаға барып барометр туралы 114


естиді. Соған қолым жетсе деген арманға беріледі. Шағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады. Жазушы ұсынып отырған суреттер тура өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны байқалады. Жазушының "Әнші" әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған. ...Жетішатыр - жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойынсауық "кататься". Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса - пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала. Әңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр. Одан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құйшы қыз Шекет, қымызға құмартқан қалалықтар. Осындай бір сәтте дастарқанға әңгіменің бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді. Оқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады. Әңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы - Семей, ал әнші Әмірқан қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан - Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. ...Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, Азда болса бірегей болды. Сүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты. Бұл - ән айтып отырған әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар. Тұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінін көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды. Жүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген "Тәрбиеге жетекші" (1924), "Психология" 115


(1926), "Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды. Жүсіпбек Аймауытов - өз өмірінде сан салалы шығармашылық қызмет атқарған адам. Оның әдебиеттің білікті сыншысы ретінде танытқан мақалалары: "Абайдан соңғы ақындар" 1918 жылы М.Әуезовпен бірігіп жазған, "Мағжанның ақындығы туралы", "Сұңқар жыры", "Әдебиет мәселесі", "Көркем әдебиетті саралау", әлі де оқушылар қолына тие қоймаған театр, музыка, өнер тарихына қатысты жазғандары бар көрінеді. Бұл еңбектерден байқалатын жай, Жүсіпбек өз бетімен қол-көсір білім алған, заманның ең ғұлама адамдарының бірі болғандығы. Әсіресе, ақын Мағжан Жұмабаевтың поэтикалық әлеміне терең бойлап баруы, оның үлгі-өнеге алған мектебін, әр шығармасының өмірге келу тарихын байыппен, парасатпен талдайтын зерделілігі таңқалатын құбылыс. Бұл мақала күні бүгінге дейін мағжантану ғылымының көш басында тұруы содан. "Көркем әдебиетті саралау" атты мақаласында төңкеріске дейін көр-жерді өлең қылған қожа-молдалардың тірлігін, оның бөтен сөзбен былғанған "шала сауатты поэзиясын" сынай келіп, Жүсіпбек қайткеңде олең өнер болады деген сауалға толымды жауап іздейді. Жазушы шығармашылығын сөз еткеңде, ол өмір сүрген дәуірінен шығармашылығын бөле-жармай, бірлікте қарастыруды мәслихат еткен. "Сұңқар жыры" мақаласында М.Горький шығармашылығы жөнінде қазақ жазушысы өз пайымдауларын ортаға салады. Қазақ оқырмандарын Горькийді тануға жетелеген ойлы да бағалы еңбек. Тақырып табиғатына ену, елдік мұраттарға назар аудару, мәдени-рухани құндылықтарды жоғары бағалау, көркемдік қайнарларына ден қою – Жүсіпбек Аймауытұлының әдеби-сын еңбектерінде кеңінен көрінеді. Осы реттен келгенде, Жүсіпбек Аймауытұлының білікті әдебиетші, сындарлы сыншылығын академик Серік Қирабаев тап басып таниды: «Жүсіпбек – өз заманының белгілі сыншысы болған, әдебиет мәселелеріне қатысты көптеген ой-пікір қалдырған жазушы. Оның мақалаларынан, хаттарынан, тіпті көркем шығармаларының ішінен де автордың жазу өнері жайлы, оның ерекшеліктері туралы, суреткердің психологиялық, творчестволық сипатын түсінудің принциптері жайлы қызықты ойлар кездеседі. Әдебиеттің жаңа дәуірдегі міндеттерін түсіне білген жаңа көзқарасты қаламгер ретінде ол сөз өнеріне, оның өкілдеріне тың міндеттер артты. Олардың ішінде белгілі бір дәуір әдебиеті дамуына арналған шолу да, жеке ақынның шығармашылық бетін анықтауға құрылған портрет те, рецензиялар да кездеседі. Бірсыпыра қызықты ойлар жазушы хаттарында да орын алған». Жүсіпбек Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласы «Лениншіл жас», 1923, №5 ұлттық сөз өнеріне, өлең-мұраға қояр талап-тілегімен мәнді болып табылады. Мақалада әдеби сынның мақсат-мұраттары, көркем туындыны таныптаразылаудағы шындық сырлары, өлең-өнердің өзіндік өрнектері айқындалады. Мағжан мұрасы, ондағы көркемдік мұраттар, ізденіс арналар, ой мен сөз жүйелері, тіл-стиль сипаттары кеңінен көрсетіледі. Ақын әлемі туып-өскен, тәлім-тәрбие алған орта, өнегесімен сабақтастықта сараланады. Ақындық мұрат, өнер өрісі Мағжан поэзиясымен сабақтастықта сөз етіледі. Мағжан 116


мұрасын тану мен талдау тұстарында: «Қазақ әдебиетінде романтизм дәуірі аяқтануға Мағжан көмек көрсетті», «Сентиментализм әсері, әсіресе әйел теңдігіне арнап жазған өлеңдерінде ұшырайды», «Бейнешілдердің өлең жазу әдісін Мағжан қазақ әдебиетіне кіргізеді» деп түйін жасайды. Сонымен бірге: «...ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, школ, мектеп, ашқан күшті ақын», «Мағжан сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқырлығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңлы зарымен күшті... нәзік сезімнің ақыны» деп талант табиғатына енеді. Қалам қуатына, ой-сөз жүйесіне, сыр-сезім иірімдеріне мән береді. Біздіңше, автор ақын табиғатын терең ашады. Ақын мұраты мен ақындық өнер сипаттарына еркін енеді. Өлең өнерге, мұра-мирасқа байыпты ден қояды. Көркемдік құпиясына, сөз сыры мен ой орамдарына мән береді. Шындық шырағын ту етіп, ақын әлеміне, поэзия патшалығына батыл барлау жасайды. Ой-сөз жүйесін байыпты саралайды. Қазақ әдебиеті тарихын кең көлемде қарастырған, «Мағжан-Сәкен» атты зерттеудің авторы профессор Тұрсынбек Кәкішев Мағжан мұрасына қатысты мақала туралы былай деп жазды: «Бұл шын мәніндегі сыни-эстетикалық еңбектің екі тұрғыдан, біріншіден, Мағжан ақындығының қыры мен сырын ұғынып алуға, көркемдік әлеміне қалай кіріп, қалай түсіну, ақын жанының қалтарыс-бүкпелерін қалай ұғу керектігін көрсеткен, әлі күнге дейін жалғыз мағжантануда ғана емес, бүкіл қазақ әдебиеттануында асқар бел болып келе жатқанымен, екіншіден, әдебиет сынының қаншалықты биік көтерілгеніне көрсеткіш: сын тарихында белгілі бір кезең жасаған туынды екендігімен құнды. Теориялық ой-пікірлерін мөлдіреген әсем тілмен, ажарлы орамдармен жеткізуінің өзі үлкен өнер. Дұрыс айтқанына да, бұрыс айтқанына да эстетикалық дәлелдер келтіріп, көздеген мақсатына жетудің өнегелі үлгісін осы еңбектен көреміз. Осындай ерекшеліктермен күні бүгінге дейін сын жанрындағы биік шеберліктің эталоны болып келеді... Жүсіпбек Аймауытовтың мақаласы көп шындықтың бетін ашты, көркемдік түсініктің ауылы қай жақта болатындығын, оны қалың көпшілікке қалай түсіндіріп берудің жолын көрсетті» Сан қырлы өнер иесі Жүсіпбекті Қайым Мұхамедханов: «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері. Ол əрі ақын, əрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы жəне педагог - ағартушы» десе, Темірбек Қожакеев:«Ж.Аймауытов – бүкіл бітім табиғатымен, бар икем – қабілетімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адам» деп бағалайды. Ал Бейімбет Майлин: «Мен Жүсіпбек Аймауытовтай шебер жазушыны бұрын-соңды көрген емеспін», деп таңданса, Тұрсынбек Кəкішұлы «...классикалық реализмді өз шығармасында жарқырата пайдаланып, ешкімге жалынып-жалпылдамай өзіндік еркіндік пен тəуелсіздікті пайдаланып, алашшыл қалпын сақтап өткен дарын - Жүсіпбек» деген. Сонымен қатар, Ғабит Мүсірепов: «Жүсіпбек Аймауытов-творчестволық интеллигенциясының жарқын өкілдерінің бірі, романист, драматург, аудармашы. Оның көркем шығармалары идеялылығымен, эстетикалық бояуларының қанықтығымен, 117


стилінің əдемілігімен ерекшеленеді» десе, Сəду Мақашов «Жүсіпбек қаламға қанша шебер, жүйрік болса, сөйлегенде ағып тұрған шешен еді» деп жоғары бағалаған болатын. Жалпы, Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ. Жүсіпбек Аймауытов қазақ қоғамы дамуының ең бір күрделі кезінде, төңкерістер дәуірінде аз ғана ғұмыр сүріп, азап пен қуғынды көп көрсе де, мойымай, халқына деген адал пейілінен айнымаған, жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарынды перзенті. Тағдыр жазған келте ғүмырында өлмес рухани мұра қалдырды.Оның сол кезде жеткен биігіне (жазушылығы болсын, ғалымдығы болсын, теориялық ойының жетілу дәрежесі болсын) қазақ зиялылары көп кейін жетті деуге болады, ал оның жан-жақты дарындылығын айтсақ, оған тең адам қазақ ортасында кемдекем деуге боларлық". Атақты жазушы Ғабит Мүсіреповтің ол туралы мына жазғаны көп нәрсені аңғартады: "Өз басым қазақта мұндай білімді, жан-жақты дарынды жанды әлі кездестіргенім жоқ. Мен білетін Жүсіпбек - тамаша жазушы, драматург, ақын, аудармашы, режиссер, әнші, музыкант, ғалым, көркем сынның негізін салған дарын. Оның драматургиялық шығармалары да шымыр,... көркемдік шоқтығы биік болып кеткен..." Бұған Жүсіпбектің ойшылдығын, философиялық ойының даму сатысының биіктігін, оның терең методологиялық және методикалық ойға негізделген ұстаздық қызметін қоссақ, Ғабит Мүсіреповтің мұндай жанды "әлі кездестіргенім жоқ" деуінде үлкен шындық жатқанын аңғарамыз. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Жүсіпбек Аймауытов қай жылы қайда дүниеге келген? 2 Ғабит Мүсіреповтің ол туралы жазғандары? 3 «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері. Ол əрі ақын, əрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы жəне педагог - ағартушы», деген пікір кімдікі? 4 Ж.Аймауытовты зерттеген ғалымдар? 5 «Мағжан-Сәкен» атты зерттеудің авторы кім? 6 "Көркем әдебиетті саралау" мақаласында не туралы айтылады? 7 Жүсіпбек Аймауытовтың аудармалары. 8 Жүсіпбек Аймауытұлының «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақаласының мазмұны мен маңызы. 9 "Сұңқар жыры", "Әдебиет мәселесі", "Көркем әдебиетті саралау" мақалаларында не жайында айтылған, кіммен бірге жазылған? 10 Жүсіпбек - тамаша жазушы, драматург. 11 Жүсіпбек Аймауытовтың оқу-ағарту мәселелеріне қатысты жазған ғылыми еңбектері. 118


12 Академик Серік Қирабаевтың зерттеу еңбектері. 13 Жүсіпбек Аймауытовтың ақындығы. 14"Жан жүйесі және өнер таңдау" (1926) атты еңбегі. 15Аймауытовтың төңкеріске дейінгі қазақ өміріндегі теңсіздікті, таптық көзқарасты айқындайтын туындысы.

әлеуметтік

Өздік жұмыс тақырыптары: 1. Тағдыр жазған келте ғүмырында өлмес рухани мұра қалдырған қайраткер. 2. Жүсіпбек Аймауытовтың педагогика-психологиялық еңбектері. 3. Жүсіпбек Аймауытов - психолог жазушы. 4. «Ақбілек» романының көркемдік ерекшеліктері. 5. «Күнікейдің жазығы» повесінің көркемдік, эстетикалық бояулары. 6. «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері» тақырыбына эссе жазыңыз. 7. Жүсіпбек Аймауытов – творчестволық интеллигенциясының жарқын өкілдерінің бірі. 8. Жүсіпбек Аймауытов - романист, драматург, аудармашы. 9. Ж.Аймауытов – ұстаз. 10. Жазушының "Әнші" әңгімесі. 11. Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері(реферат). 12. «Қартқожа» романының идеясы, көркемдік ерекшелігі. 13. Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралар. 14. Ж.Аймауытов - қысқа әңгіме шебері. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том. - Алматы: Ғылым, 1999. 2. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. - Алматы: Ана тілі, 1993. 3. Тұрысбек Р. Жүсіпбек .Зерттеу.- Алматы: Санат, 1997. 4. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994. 5. Құндақбаев Б. Жүсіпбек Аймауытов және театр өнері. - Кітапта: Шернияз.Пьесалар жинағы. - Алматы: Өнер, 1990. 6. Құсайынов Д.Ө., Қ.Ш. Шүлембаев, Өнегелі өмір. Саясат 1997 №12. 77-86. 7. Аймауытов Ж. «Таңдамалы шығармалары» Алматы, 1990. 8. "Қазақ әдебиеті", 1988 ж., 9 желтоқсан. 9. Аймауытов Ж. «Шернияз» Алматы, "Өнер", 1989. 10. Ақбілек: Роман, повесть, əңгіме. – Астана: Елорда, 1998. 11. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жібек жолы, 2002. 12. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жібек жолы, 2003. 13. Шернияз: Пьесалар жинағы. Ж. Аймауытов; Құраст. Б. Құндақбаев. – Алматы: – Өнер, 1990. 14. Шернияз: пьесалар жинағы. Құраст.: Б. Құндақбаев. – Алматы: Өнер, 1990. 15. Тұрысбек Р. Аймауытұлының əдеби-сын еңбектері. Ақиқат. – 2010. – № 7.

119


Мұстафа Шоқай (1890-1941)

ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық намысын қорғап, ұлтын езгіден азат ету үшін басын бәйгеге тіккен бір топ зиялы қауым өкілдері болды. Ұлт мүддесі үшін күрескен саяси қайраткерлеріміздің ерен еңбегі Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана ашық, толық әрі жан-жақты зерттеле бастады. Осындай қызыл империя тұсында қиянат көріп, жалаға ұшырағандардың бірі – көрнекті қайраткер, саясаткер, публицист – Мұстафа Шоқай. «Алыста ауыр азап шеккен бауырым, Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым. Қамаған қалың жаудың ортасында, Көл ғылып көздің жасын төккен бауырым» - бұл Мағжан Жұмабаевтың тағдырдың жазуымен саналы ғұмырын атамекеннен жырақта өткізген Мұстафа Шоқайға арнаған өлеңі. Мұстафа - қазақтың, тіпті Түркістанның тарихында саяси эмиграцияны алғаш бастаған көрнекті қайраткер, ғұлама тарихшы. Мұстафа Шоқай 1890 жылы қаңтардың 7-сі күні Түркістан өлкесіне қарасты Сырдария округіндегі Наршоқы ауылында дүниеге келген. Бала Мұстафа бастауыш білімді ауыл мектебінде, орта мектепті Ташкенттегі орыс гимназиясында алған. Ал кейін Петербор университетінің заң факультетін үздік бітіріп шыққан. Сөйтіп, Еуропа мен Шығыс дәстүрінде тағылым алған ол орыс, түрік, өзбек, француз, ағылшын және поляк тілдерін жетік білген. Оның алғашқы қоғамдық жұмысы - Төртінші Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Түркістан өлкесі атынан өкіл болып тағайындалуынан бастау алады. 1917 жылғы Ақпан революциясын Мұстафа Шоқай мен оның серіктері үлкен үмітпен қарсы алды. Қазақ халқы бостандық сәулесін көргендей болды. Ташкент қаласында Түркістан мұсылмандарының, яғни бүкіл Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының құрылтайы шақырылды. Мұстафа Ресейдегі барлық мұсылман халықтарының белгілі қайраткерлерімен, Дума депутаттарымен араласып, жалпы мұсылмандық, жалпы түркістандық идеяны ұстанады. Алайда Түркістан мұсылмандары бірлік таныта алмады. Мұстфа Шоқай осы кезде құрылған Түркістан автономиясының Сыртқы істер министірі Мұхаметжан Тынышбаев отставкаға кеткен соң бас министр қызметін атқарды. Түркістан автономиясы ұзақ жасаған жоқ. 1918 жылдың қаңтар айында Қоқандағы Мұсылман автономиясына қарсы қанды қырғын ұйымдастырылып, оның басшысы Шоқай шет елге қашып кетуге мәжбүр болды. Мұстафаның эмиграциядағы өмірі де оңай болған жоқ. Бұған Мұстафаның өмірлік серігі, сүйікті жары Мария Шоқайдың жазған естеліктері дәлел. Мұстафа 1918 жылдың көктемінде Ташкентте қызылдардан тығылып жүргенде Мария Яковлевнамен мұсылманша некелеседі. Осы уақыттан бастап орыс қызы Шоқаймен өмірдің барлық ауыртпалығын бірге көтеріп, оған рухани күш-қуат беріп отырған. Кеңес үкіметі Мұстафа Ұлы Отан соғысы жылдары немістермен 120


сыбайлас болып, өз Отанына опасыздық жасаған деген айып тақты. Алайда мұның барлығы дәлелесіз, алып-қашпа әңгіме екені дәлелденді. Жаудың қолына түскен совет солдаттары басқа ел өкілдерімен салыстырғанда ерекше ауыр халде болды. Себебі, Сталиннің бұйрығы бойынша жау қолына түскендер опасыздар деп есептеліп, халықаралық келісімдерге сәйкес оларға ешқандай көмек көрсетілмейтін. Осылайша, кеңестер көсемі соғыс жағдайында өз сарбаздарына өгейлік танытты. Ал эмиграцияда жүрген ұлтжанды Мұстафа отандастарының өмірін сақтап қалуды өзінің бірден-бір борышы санады. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Түрмеден босаған оны немісфашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартпақ болады. Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекеттерге барды. Ол совет солдаттарының лагерінде 1941 жылдың тамыз айынан қараша айына дейінгі аралықта болғаны рас. Ол жерде Мұстафа ондаған мың түркістандықтармен кездеседі, олардың жағдайын түзетуге бар күш-жігерін салды. Концлагерьлердегі тұтқын¬дардың адам төзгісіз ауыр халін көріп келгеннен кейін: «Гитлер мен Сталиннің кемшілігі көп, олар – шын мәнінде, залымдар. Мен бұлардың қайсысы күштірек екен деп ойламаймын. Шындығында, олардың саясат пен зұлымдықта дәрежелері бірдей», – деп жазды. Кейінірек неміс армиясының группенфюрері С.С.Иоахимге жазған хатында: «Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты ұлыларды тәрбиелеген ұлттың тұтқындарға жасап отырған зұлымдығын көре отырып, мен Түркістан легионын басқару туралы ұсы¬ныс¬тан және сіздермен әрі қарай жұмыс істеуден бас тартамын», – деген мазмұнда хат жазды. Демек, Мұстафа немістермен ауыз жаласты деп айыптау дұрыс емес. Осыдан көп ұзамай, Шоқай 1941 жылы Берлиндегі «Виктория» ауруханасында құпияға толы жағдайда қайтыс болды. Бұл жөніндегі ресми анықтамада «сүзектен қайтыс болды» деп көрсетілді. Бірақ жары Мәрия Шоқай Мұстафаның сүзекпен Түркістанда жүргенде ауырғандығын және оған қарсы иммунитеті болуы тиістігін өз естеліктерінде жазды. Сөйтіп, Алаштың аяулы азаматының қандай жағдайда не себепті дүниеден өткендігі күні бүгінге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Сүйегі Берлин қаласындағы мұсылмандар бейітіне жерленген. Бүгінде Мұстафа Шоқайдың мұраларын жинастыру, зерттеу және объективті баға беру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір еліміздегі және шет елдердегі бұрын қол жетпеген құжаттарды саралау, мәселенің ақ-қарасын ашу мүмкіндігі туды. 2010 жылы Францияның НожанСюр-Марн қаласында Мұстафа Шоқай тұрған үйдің жанына оның ескерткіші орнатылды. Францияға жолы түскен әр қазақ Мұстафаның тұрған үйін өз көзімен көріп, қабырғалы саясаткердің тас мүсініне тағзым етуді өз борышы санайды. Мұстафа Шоқай 1929 жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды. Бұл журналдың алдына қойған міндетін Шоқай: «Егер біз халқымыздың ұлттық тәуелсіздік жолындағы талаптарының 121


мән-мағынасын сол күйінде әлсіретпей «Яш Туркестан» беттерінде бере алсақ, онда бәріміз үшін қасиетті және аса ауыр жауапкершілік артқан міндеттердің бір бөлігін өтеген болар едік», деп сипаттады. «Яш Туркестанда» Түркістан халқының мәдениеті, кеңестік биліктің бұл өлкедегі саясаты және 2-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастар сияқты қоғамдықсаяси мәні өткір зерттеу мақалаларын жариялады. Мұнда тек Түркістан өлкесі ғана емес, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Еділ-Жайық бойы, Қырым халықтары туралы өзекті материалдар басылып тұрды. Мұстафа Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық-аумақтық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келуін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде бөле отырып билеу саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады. Түркістанда кеңестік биліктің орнауы және оның қызметі, іске асырылған жер-су реформасы, байлар меншігін тәркілеу, көшпелілерді отырықшы тұрмысқа көшіру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін талдауда нақтылы мәліметтерге жүгіне отырып, тоталитарлық жүйені сынға алды және оның солақай саясатын әлем жұртшылығына паш етті. Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз. Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда. Мұның себебі түсінікті. Өйткені Алаш Орда үкіметі және оның жетекшілері туралы зерттеулер, Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерге қарағанда көш ілгері болып отыр. Сонымен қатар кеңестік кезеңде тыйым салынған Алаш жетекшілері туралы ақиқаттар қайта құру-жариялылық кезеңінде ақтаңдақ беттер ретінде Шоқайдан бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған да болатын. Осы кезде Шоқай туралы еш нәрсе айтылмады. Шоқай тек Қазақстанның соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап айтқанда 1990 жылдың аяқ шенінен кейін ғана ауызға алына бастады. Қазақстанда бұрынғы Кеңестік идеологияның салдарынан Шоқайға сенбей күмәнмен қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық. Сонымен бірге Алаш Орда жетекшілері туралы зерттеулерде, олармен Шоқай арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш және Түркістан автономиялары құлағаннан кейін оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстарға жеткілікті назар аударылмауда. Міне осы себептерден Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін. 122


Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап Алаш Орда жетекшісі Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа баулыған Бөкейхановтың өзі десек қателеспеспіз. Демек Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. Оған қоса Ташкенде, Қоқанда Түркістан автономиясының ішінде жүргеннің өзінде Бөкейхановпен байланыста болып жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсатмүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас. Бұл тұрғыда Шоқай, Алаш қозғалысының жалғасы деген пікірге қосылмайтындардың мынадай пікірлерді алға тартуы мүмкін. «Шоқайдың Еуропа елдерінде ұстанған басты екі мақсаты бар еді. Біріншісі – тәуелсіздік, екіншісі – бір тұтас Түркістан идеясы, яғни Түркістан одағы. Ал Алаш көсемдері болса автономия пікірін жақтады және әсіресе Бөкейханов өзге Түркістан халықтарымен, өзбектермен одақтасуға қарсы болды. Оның орнына Сібір үкіметімен одақтасуды жақтады. Мұндай арада үлкен пікір айырмашылығы болған екі әрекетті қалайша бір-бірінің жалғасы деп айтамыз». Дұрыс, Бөкейхановтың кезінде, атап айтқанда, «Қазақ» газетіне 1917 жылы қазан айында жазған бір мақаласында былай деп атап өтеді: «Біз Түркістанмен діндес, туысқанбыз. Автономия болу – өз алды мемлекет болу. Мемлекет болып іс атқару оңай емес. Біздің қазақ іс атқаратын азаматқа жұтап отырған болса, біздің жалпы қазақ қараңғы болса, Түркістан халқының қараңғылығы һәм шебер адамының жоқтығы бізден он есе артық. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп біз қайда барамыз». Бөкейхановты Түркістан аймағында ескішілдік пен діни фанатизмнің басым болуы және халықтың дүмше молдалардың шылауында жүруі де ойландыратын. Осы себепті оның ойынша, Түркістан өкіметі мен Алашорда Өкіметінің бірлесуі екі соқырдың қол ұстасып жолға шығуы деген сөз еді. Бөкейханов, сондай-ақ, Түркістан мен Алашорда өкіметтері бірлесе қалған жағдайда, биліктің ескішіл күштердің қолына өтуінен сескенетін. Өйткені, Ташкенге барып, жұмыстарына қатыса алмаса да, Түркістан Комитетінің бір мүшесі ретінде Ташкенттегі ескішілдердің Шоқай жетекшілігінде саяси ұйым, Ұлттық Орталықтың саяси іс-қимылдарына кедергі келтіруге дейін барған, әсіре діни фанатизмдері туралы құлағдар еді. Қазан айында Семейде сөйлеген сөзінде Бөкейханов ескішілдердің діни фанатизмдерін тілге тиек етіп, олардың Ташкент қалалық басқарма мәжілісінде оба ауруының Алланың ісі екендігін айтып, оған қарсы шаралар қолдануды күнә санап, қарсы шыққандықтарын айтты. Сондықтан Бөкейханов, Дулатовтың Кеңес дәуірінде ОГПУ-ге берген жауабында да айтқанындай, Түркістанда ескішілдердің діни фанатизмі саяси жұмыстарды ойдағыдай жүргізуге кедергі болады деген пікірде еді. Алайда Түркістан үкіметінің жұмыстары, Алашорда жетекшілерінің өзбек және қазақ халықтарының саяси ынтымақтасуының алдында тұрған ең маңызды кедергі ретінде бағалаған ескішілдердің саяси саланы 123


бақылайтындықтары жайындағы алаңдаушылықтың орынсыз екенін көрсетіп берді. Өміршең мәселелерде халықтың саналы қимыл жасап, ескішілдерге қарсы жаңашыл қайраткерлерді қолдайтыны байқалды. Сонымен, Түркістан үкіметі толықтай жаңашылдардың қолында болды. Тіпті үкіметтің басында қазақ болуларына қарамастан, алдымен М.Тынышбаев және кейіннен Шоқай сынды білімді саясаткерлер тұрды. Мұның өзі Түркістанда көпшілікті құраған әсіре діншілдердің үкіметте әсерлі бола алмайтындарын көрсетіп берді. Бөкейхановтың түркістандықтармен одақтасуға қарсы қатаң көзқарастарының жұмсарғаны Сырдария қазақтарының құрылтайында белгілі бола бастады. Өздеріңізге белгілі, Сырдария қазақтарының Түркістаннан бөлініп, Қазақ өкіметіне қосылу туралы бір шешім қабылдауы үшін шақырылған сол құрылтай, жиналу мақсатына қарама-қайшы бір шешім қабылдап, Қазақ өкіметі мен Түркістан өкіметі арасында ынтымақтастықтың алғашқы қадамына түрткі болды. Құрылтайдың қарарларының бірінде «Алашорда өз алдына автономия жариялап болып Түркістан автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге шешім қабылдайды», – деп атап өтілді. Қазақ автономиясының жариялануынан кейін Түркістан үкіметімен бірігудің тілге тиек етілуі бізге осы одақтың күн тәртібіне енгенін көрсетеді. Бірақ қаңтар айында пайда болған оқиғалар, бұл мәселенің өкімет аралық кездесулерде талқыланып, одан әрі дамытылуына мүмкіндік бермеді. 18 қаңтар күні большевик күштерінің Орынборды басып алуымен бірге Бөкейханов басшылығындағы Алашорда өкіметі тарап кетті. Айдың соңында Түркістан өкіметі де большевиктер тарапынан біржола тарқатылды. Сонымен, большевиктер Алашорда мен Түркістан өкіметтері арасында басталғалы тұрған ынтымақтастықтың іске асуына мүмкіндік бермеді. Алайда бұл жағдай Алаш көсемдері мен Түркістан Автономиясы жетекшілерінің бір-бірімен тізе қоса жұмыс істеулеріне кедергілік келтіре алмады. Түркістан Үкіметі құлағаннаннан кейін қиын-қыстау күндерді басынан кешірген Мұстафа Шоқай Қоқаннан Ташкенге, ол арадан Орынборға өтіп Алаш Орда жетекшілерімен бас қосты. Олар ұлттық әрекеттің бұдан кейінгі бағытын белгілеу үшін 1918 жылдың 30 тамызы мен 7 қыркүйегі арасында Орынбор және Самара қалаларында бірқатар жиналыстар өткізілді. Бұл жиналыстарға Шоқайдан басқа Алаш көсемдерінен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулат және М.Тынышбаев қатысты. Сонымен қатар Қоқан өкіметі мүшелерінен Убейдуллах Хожа да осы жиналыстарға қатысушылардың арасында болды. Сонымен, Алашорда, Түркістан және Башқұрт Өкіметтерінің өкілетті қайраткерлерінің басы осы жиналыстарда қосылды. Жиналыстардың қорытындысында бұл үш өкіметтің «Оңтүстік-Шығыс автономиялық Мұсылман Өлкелері Одағы» деген атпен бір федерация болу және қазақ және башқұрт әскерлерін бір армияға топтастыру туралы шешім қабылданды. Уәлиди жиналыстарда федерация жоспарының жан-жақты талқыланғанын айтады. Аталған федерация жоспары шамамен қазіргі Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанды қамтитын 4.010.139 шаршы километрлік бір кеңістікті және 1917 жылғы есеп 124


бойынша ұзын саны 15.673.680 адам және мұның 82 пайызын мұсылмандар құрайтын халықты қамтыды. Сонымен, 5 қаңтар күні Түркістан қаласында Сырдария қазақтары құрылтайында алғашқы қадамы басылған Алашорда мен Түркістан автономияларының одағын құру жолындағы жұмыстар сегіз айлық үзілістен кейін Орынборда Башқұрт өкіметін де қосылып, кең түрде жалғастырылды. Өйткені айдай анық боп ортаға шығып отырған бір шындық бар еді. Ол большевиктердің Ресейдің түркі тілдес халықтарына өзін-өзі басқару құқын ешқашан бермейтіндігі еді. Мұны тек білектің күші найзаның ұшымен большевиктермен соғыса отырып қана алу мүмкін еді. Ал бұл үшін болса, күш біріктіру қажет еді. Мұның жолы Орта Азияның түркі тілдес халықтарының бір федерация төңірегінде одақтасуы еді. 1918 жылдың қыркүйек айында Алашорда, Түркістан және Башқұрт өкіметтері басшыларының жиналысында белгіленген осы стратегия кейіннен Шоқайдың Европада большевиктерге қарсы жүргізетін идеялық күресінің негізін құрады. Осы федерация туралы қызық бір кездесуді орайы келгенде атап өткен жөн. Ол кездесу Шоқай, Бөкейханов, Уәлиди және Тынышбаев түрік ұлтшылдығының идеялық негіздерін салушы Юсуф Акшора арасында 1918 жылы Уфа қаласында болған еді. Ол кезде Акшора Түркияның Қызылай ұйымы атынан І дүниежүзілік соғыста орыстарға тұтқынға түскен түрік әскерлері мен офицерлерінің Түркияға қайтарылуы мәселесіне байланысты Ресейде ресми сапарда жүрген еді. Акшора Уфадағы ескі досы Мүпти Ғалимжан Барудидың қонағы ретінде Ресей Мұсылмандарының Дін Істері Басқармасы болып саналатын Мұсылман Рухани Мәжілісінің ғимаратында тұрып жатқан еді. Сол ғимаратқа барған делегация Оңтүстік-Шығыс автономиялық Мұсылман Өлкелер Одағы туралы оған мәлімет берді. Сонымен қатар француз тілін білетіндігіне байланысты онан болашақ федерациялық мұсылман ұлттық өкіметінің Сыртқы Істер министрі қызметін қабылдауын өтінді. Бірақ, 1918 жылғы 12 қыркүйекте өткен кездесуде Акшора өзіне айтылған федерация пікіріне мән бермеді.Түркия азаматы болуына байланысты Ресей ішіндегі қандай да бір саяси қозғалысқа белсене араласуының мүмкін еместігін алға тартып, өзіне ұсынылған қызметтен бас тартты. Сонымен қатар Акшора одақ атын «Шығыс Түріктерінің Федерациясы» деп атаудың дұрысырақ болатындығын көрсетті. Бөкейханов орыстардың бұл одаққа бойлары үйренгенге дейін, оған пантүркизм таңбасы басылуына себеп болатын атаулардан бойды аулақ ұстаудың қажет екенін, бірақ уақыт өте келе ол аттың да қабылданатындығын айтты. Сонымен, Шоқай мен серіктерінің Уфадағы Түркістан Федерациясы туралы пікірлеріне қолдау іздеу жұмыстары табыссыз аяқталды. Түркістан Одағы пікірі – Алаш көсемдерінің халықаралық жағдайды көріп байқағаннан кейін геостратегиялық жағдайға байланысты ұтымды пікірі. Ол кейін Шоқайдың күресінің белді пікірлерінің бірі болды. Бұл шынайы қажеттіліктен туындамаған жағдайда арада 80 жылдай уақыт өткеннен кейін тәуелсіз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны Орталық Азия Одағы 125


ретінде қайта жаңғыртпас еді. Оның тек Қазақстан үшін ғана емес, аймақтағы өзге елдер үшін де қандай қажет екенін Елбасы Назарбаев 2005 жылы ақпан айындағы жолдауында нақты түрде ортаға салған еді. Алаш қозғалысы қай жылдарды қамтиды? Егер бұл сұраққа Мұстафа Шоқайды қоспай жауап қайтарар болсақ, ол 1913-1918 жылдарды қамтиды. Оның «Қазақ» газетімен тығыз байланысты екенін айтсақ қате болмас. Өйткені Алаш көсемдері сол журнал маңайында 1913 жиналып, халықтың басын қосты. Кейін бұл басқосу Алаш Партиясы мен Алаш Орда үкіметін дүниеге келтірді. Ал большевиктердің қысымымен 1918 жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір мерзімді ғана қамтиды. Біз Алаш қозғалысы 1913-1918 жылдар арасын ғана қамтиды деген пікірмен келіспейміз. Біздің ойымызша ол қозғалыс Қазақстанда Алаш партиясы, үкіметі және баспасөз органы Қазақ газеті тұншықтырылғаннан кейін, Шоқайдың қайраткерлігінде шетелдерде, атап айтқанда Еуропада жалғасты. Міне сондықтан біз оның мерзімін 1913-1939 жылдар арасы деп айтамыз. Демек ол 5 жылдық қозғалыс емес, 26 жылдық қозғалыс. Біз бұл жерде қозғалыстың мерзімін Шоқай қайтыс болған 1941 жылға дейін апарудың да дұрыс еместігін айта кетпекпіз. Өйткені Шоқай 1939 жылы Гитлер ІІ Дүниежүзілік соғыс отын тұтатып кеткен кезде өзінің саяси іс-қимылдарын жалғастырудан қалады. Яш Түркістан тоқтады. Өзі 1941 жылы мамыр айында немістерге тұтқынға түсіп, саяси іс-қимылдардан қалды. Бұл жерде атап өтерлік жәйт, Алаш қозғалысының бастапқы баспасөз органы «Қазақ» газеті болса, ол өмірін тоқтатқаннан кейінгі екінші баспасөз органын «Яш Түркістан» деп атап көрсеткен дұрыс. Ол өздеріңізге белгілі 1929-1939 жылдары арасында 10 жыл, 117 саны жарияланды. Енді бұл жерде Ыстамбұлда 1927-1931 жылдары арасында жарық көрген «Йені Түркістан» журналы қайда деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл да орынды сұрақ. Бұл журналдың бағыты, Яш Түркістанға ұқсайды. Сондықтан оны осы орайда атауға болады. Бірақ ол журналда Шоқайдың мақалалары басылып шығып тұрғанмен, Шоқайдың ондағы рөлі шектеулі болды. Ол негізінен Зәки Уәлиди басым болды. Шоқайдың сол журнал шығып тұрғанның өзінде 1929 жылы одан бөлек Яш Түркістанды шығара бастауы оның Йені Түркістанға көңілінің толмағанын көрсетсе керек. Сондықтан оны дара Алаш қозғалысының басылымы деп айту қиын. Енді Алаш жетекшілері мен Шоқай арасында елеулі көзқарас айырмашылықтарынан болған автономия және тәуелсіздік мәселесіне тоқтала кетейік. Кезінде Алаш жетекшілерінің автономияны, Шоқайдың тәуелсіздікті жақтағаны дұрыс. Бірақ Шоқайдың да бастапқыда автономияшыл болғанын ескерген жөн. Ол Еуропада алғашқы жылдары орыс демократтарымен тізе қоса отырып Ресей Федерациясы құрамында автономиялық ұлттық саяси құқықтар үшін күрес жүргізді. Тіпті бұл үшін сан рет жолдасы Зәки Уәлидидің ащы сынына душар болды. Кейінгі тәжірибелер автономиялық құқықтармен ел мүддесінің көсегесінің көгермейтінін байқатты да, Шоқай 1927 жылдан бастап тәуелсіздік идеясын ту етіп көтере бастады. Демек Шоқайдың тәуелсіздік 126


идеясы, Алаш Орда жетекшілерінің автономия пікірінен алшақтығы емес, қайта оның бастан өткен тәжірибелер негізінде дамытқаны болып отыр. Халқының теңдік алып бостандықта өмір сүруі үшін М.Шоқай: «Әр халықтың өзіндік, ұлттық ерекшеліктері болады. Оның тілі, діні, ділі, әдетғұрпы, елдігі мен еркіндігіне нұқсан келмеуі керек.Әр ұлттың өз өкілі өзінің еліне басшылық жасауы тиіс және оның құқығына ешқандай кедергі келмеуін қадағалау қажет»,- деп түсінеді. Мұстафа Шоқай да кеңес үкіметін өзінің пікірлес достары сияқты қуанышпен, үлкен үмітпен қарсы алады. Халқының бостандықта өмір сүруі үшін жанқиярлықпен әрекет жасайды. Алаш қайраткерлерінің сол кездегі Ақпан революциясынан, демократтық бағыттағы орыс саяси партияларынан үлкен үміт күтіп, өздеріне қол ұшын береді деген сенімі ақталмады. Бірақ, Ақпан революциясы Түркістандықтар үшін бостандыққа жол ашқандай еді. М.Шоқай елдегі саяси қозғалысқа белсене араласып, ұлттық қозғалыстың белсенді мүшелерінің бірі болады. М.Шоқай кеңестік Россияның түркі халықтарын одан ары орыстандыру саясатына үзілдікесілді қарсы шығады. Ол: «Ресейлік түріктер өз ата мекендерінің орыстар тарапынан жаулап алынғанын біледі, ал біздің қанымыз да, жанымыз да, рухымыз бен зейініміз де орыстықтан, ресейліктіктен бөлек. Біз соған қарамастан ақпан төңкерісі кезінде орыс халқымен тең құқықта, татулықта өмір сүрудің жолдарын іздеп, халқымызды «Ресей демократиялық федеративтік республикасы шеңберінде орыстармен бірге өмір сүруге» үндеп көрдік. Орыс демократиясының саяси жарамсыздығы салдарынан ақпан төңкерісі жеңіліс тапты. Ресейде орыс большевизмі үстемдік құрды»,-деген пікірі кейінгі тарихымызға да қатысы бар терең астарлы пікір. Большевиктер билікті қолға алғаннан бастап, тап жағынан жіктеп, жұмысшы, солдаттардан депутаттар кеңесін құрады. Жұмысшы табы жоқ Орта Азия халықтары алғашқы жылдары мұндай кеңестерден сырт қалды, Кеңес өкіметі жергілікті халықпен санаспады. 1919 жылы Қазақстанда ревком құрылып, оған қазақтардан ешкімді лайық көрмей Москвадан Пестковскийді жібереді. 1920 жылы Қазақ автономиясы құрылады. Ташкентте құрылған ревком мүшелігіне жергілікті халықтың өкілдерінен ешкімді қабылдамады. Ондағы ойлары «бұратана халықтың ішінде жұмысшы табының болмағандығынан, мұсылман қауымын өкімет құрамына енгізу мүмкін емес» деп табады. Оқыған азаматтары бола тұра жергілікті халықтардың арасынан ешкімді өкімет жұмысына араластырмайды. М.Шоқай Түркістан халықтары тарихында бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше тұлға. Оның Түркістан халықтарының 1917 жылғы Қоқан автономиясының демократиялық қозғалысына басшылық жасауы тарихтағы елеулі оқиғалардың бірі. М.Шоқайдың эмиграциядағы өмірі де қиыншылыққа толы. Жат елде қаржы-қаражатсыз тұрмыс құрып, оның үстіне тынымсыз саяси-ғылыми – баспагерлік жұмыстармен айналысуы қанша күш-жігер мен табандылықты талап еткенін түсінуге болады. 20-30 жылдардағы Мұстафа Шоқайдың өз халқының тәуелсіз болашағы үшін тау төңкерерлік қайрат-жігерін, табандылығын, білегін түрініп қызыл империямен ымырасыз күрескендігін 127


мақтанышпен айтуға болады. Мұстафа Шоқай туралы айтылған көп сандырақтардың бірі соғыс жылдарындағы оның өз отанына опасыздық жасапты мыс дегендері... Ал шындығында ол совет солдаттарымен легион құрылғанға дейін кездесіп, оның немістердің өз жоспарларына сәйкес құрылғандығы ескерілмейді. Зерттеулердегі деректер бойынша легион Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27 желтоқсанда кенеттен ауруханада белгісіз себептермен қайтыс болған соң ұйымдастырылғаны да белгілі. Мұстафаның зайыбы Мария Шоқайдың айтуы бойынша Мұстафа Шоқайдың соңғы жазбалары тарихи шындықтың бетін ашады. Немістер Мұстафа Шоқайды ұстап алып кетеді де, оған радио бойынша түркістандықтарға үн қату тапсырылады. Мұстафа өз ойын былайша айтады: «Мен айналадағы жағдайды, әсіресе екі мәселені ескере отырып әлгі ұсынысты қабылдадым. Мұндай шешім алуыма біріншіден, соңғы екі жылда атамекенедегі оқиғаларға зер салып отырудан мақұрым қалғандықтан, екіншіден, Кеңес мектебіндегі кадрларды жете білмей күмәнді күй кешкендіктен еді... Біз басым бөлігі Кеңес заманында дүниеге келген және біз туралы бірнәрсе естісе де орыс большевизмнің теріс айнасына қарап таныған жастармен ұшырасуға бет алдық. Олармен шындық ахуалды түсінісуге септігін тигізетін ортақ тіл табыса аламыз ба? Міне, бәрінен бұрын миымды шыр айналдырған сауалдар осылар болатын»,-дейді. Сырт елде атамекенінен қашықта жүрген аяулы ұлымыздың бұл айтылған ой-пікірлерінің шындық болғандығы анық. Олай дейтініміз Мұстафа Шоқай және сол сияқты алаштың ардақты азаматтарының кім екендігі туралы совет заманында туып өскен, орыс большевизмінің тәрбиесін алған ұрпақтарымыз олардың кім екендігін білмейтін. Олар жайында тарихи шындық бұрмаланған заман болатын. Тіптен Мұстафа Шоқайдың Германияның билік орындарына олардың тұтқындарға істеп отырған азабын айтып, олардың мәдениетті халық екендіктерін беттеріне салық қылып, тұтқындарға жеңілдік сұрап хат жазып, өзін қауіп қатерге басын байлағандығын да жақында ғана біліп жатқан жоқпыз ба? Күйзеліске түсіп, екі оттың ортасында қатты қиналғандығынан оның өмірінің қаншалықты қыйыншылықта өткендігін көрсетеді. Мұстафа Шоқай кеңес үкіметінің билік құрған алғашқы күндерінің өзінде-ақ ісі мен сөзінің арасындағы алшақтықты нақты фактілік негізде талдап көрсетті. Ол большевиктердің ұлт мәселесіне байланысты бағдарламаларына сенімсіз қарайтын санаулы адамдардың қатарында болды. Біздер енді ғана қазақ және басқа Түркістан халықтарының Октябрь революциясын қабылдай алмауын табиғи құбылыс деп санасақ, М.Шоқай сол кездің өзінде-ақ коммунистік идеяның тарихи кезеңдегі Түркістан халықтарының негізгі мүддесінен, яғни мемлекеттің саяси еркіндігінен алшақ тұрғандығын көре білген. М.Шоқай кеңестік Россияның түркі халықтарын одан әрі орыстандыру саясатына қарсы тұрған. Ол біздң қанымыз да, жанымыз да, рухымыз да орыстікінен бөлек деген. Ол- революциялық өзгеріске дейінгі түркістандық зиялылар арасынан орыс демократиясымен бірлікте патшалық билікке қарсы күрес тәжірибесін ғылыми талдауға алып, аса қажет тұжырымдар жасаған бірден-бір қайраткер. Тарихи тәжірибені сарапқа салып жасаған тұжырымында ол мынаны дәлелдейді: 1917 жылғы ақпан революциясы ұлттық мемлекет құруға 128


сенімсіздік туғызуы; аз уақыт өмір сүрген ұлттық тәуелсіз үкіметтердің Алашорда, Түркістан (Қоқан) автономияларының яғни Россиядағы бұрынғы отарлық тәуелдікте болған елдердің зиялыларының «орыстың төңкерісшіл» демократиясына деген сенімінің жаңсақтығы; кеңес үкіметінің жер мәселесіне байланысты қазақ еңбекшілеріне берген уәдесін орындамауы; кадр саясатындағы ымырасыздықты да сынға алды. Отаршылдарға өзімен тең сөйлесіп, жергілікті бұқара халықты басқара алатын басшылардың қажеті жоқтығын да ол өзінің еңбектерінде айтып отырды. Сонымен қатар, қазақ жұрты мен зиялыларының ішкі Россиядан келген қоныс аударушылар толқынын тоқтату туралы тілектерінің де аяқ асты болғанын, тоталитарлық биліктің біржолата орын алғандығын, отаршылдардың патша заманынан бері келе жатқан жер мәселесіне байланысты арманын Кеңес үкіметі бір-ақ қаулымен орындай салғанын М.Шоқай көре білді. Өз заманында Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын қатесіз тани білген, онымен ымырасыз күрескен, бар ғұмырын ұлтының жарқын болашағына арнаған, шенқұмарлықтан, тәкәппарлықтан аулақ болған Мұстафа Шоқайдың өмірі жас ұрпаққа ұлттық тұлғаның қандай болу керектігін дәлелдейді. Енді оның «Яш Түркістанда» жарияланған кейбір мақалаларының саяси мазмұнына тоқталып өтелік. «Ұлт мәселесі төңірегінде» деген еңбегінде былай деп жазады: Ұлт мәселесінің түрі жағынан әр алуан болғанымен, мағынасы мен нәтижесі бір. Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығының төңірегінде айтылған мәселе белгілі бір мағынасы жоқ, жайдан жай айтыла салған мәселе. Олай дейтініміз большевиктердің 1917жылғы көкек айында болған жиналысында Сталин мен Пятаковтың сөйлеген сөздерінде ұлт мәселесінің шынайы болымысын ашып айтқандығын жазды. Қорыта айтар болсақ, Мұстафа Шоқайға Алаш қозғалысының соңғы жетекшісі деп айтуға болады. Ол өзінің саяси ұстаздары, Алаш қозғалысының құрылтайшы жетекшілері большевиктердің қысымына тап болып түрмелерге қамалып, кейін атылып кеткеннен соң, Алаш туын шетелдерде көтерді. Сонымен қатар Түркістан автономиясына да Алаш қозғаласының бір тармағы деп қарау керек. Өйткені Ташкент және Қоқандағы саяси іс-қимылдарға Шоқай өзінің жеке инициативасымен емес, қайта Бөкейхановтардың нұсқауы бойынша араласып атсалысты. Өйткені ол кезде қазақтар Түркістан деп атаған әкімшілік аймақтағы облыстарда қазақтардың жарымынан астамы өмір сүретін. Демек бұл қазақтардың құқығын қорғау да, әрине, Алаш мұраты. Сонымен қатар Алаш қозғаласы мүшелерінің бұл саяси құрылымда басты рөл атқарғандығын да ескергеніміз жөн. Оның бірінші президенті Мұхаметжан Тынышбаев белгілі Алаш қайраткері. Ал кейін оның орнына сайланған екінші және соңғы президенті Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай. Міне осындай жағдайда Түркістан автономиясын қалайша Алаш қозғалысынан тәуелсіз, бөлек әрекет деп айта аламыз? Бәлкім оны Алаш Орда үкіметінен тәуелсіз саяси құрылым деп бағалауымыз мүмкін. Олай болса, Алаш қозғалысының ауқымы Алаш Орда үкіметінен әлдеқайда кең және ауқымды. Сонымен оның екі саяси құрылымы бар деп айта аламыз. Атап айтқанда біреуі Алаш Орда үкіметі болса, екіншісі Түркістан үкіметі. Мәселеге осылайша қараудан ұтылатын жеріміз жоқ, қайта 129


ұтарымыз көп. Бұл жағдай қазақ саяси ой және философия тарихының ауқымын кеңейтіп, тереңдете түседі. Мұстафа Шоқайсыз, Түркістан Автономиясынсыз Алаш қозғалысының тарихы жарты кеш болып қалады. Оның мәні толық ашылмайды. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарына Алаш қозғалысының заңды жалғасы, тіпті соңғы түйіні, эволюциясы деп қараған жөн. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мұстафа Шоқай қай жылы, қайда дүниеге келген? 2 Мұстафа Шоқайдың өмірі жас ұрпаққа нені дәлелдейді? 3 Қай жылы Қазақ автономиясы құрылады? 4 Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстар 5 Мұстафа Шоқай қай жылдан «Яш Туркестан» («Жас Түркістан») журналын шығаруды қолға алды? 6 Бүгінде Мұстафа Шоқайдың мұраларын жинастыру, зерттеу және объективті баға беру бағытындағы жұмыстар. 7 Орынбор және Самара қалаларында қандай жиналыстар өткізілді? 8 Мұстафа Шоқайдың Гитлер мен Сталин туралы айтқан пікірлері. 9 Мұстафа Шоқай саяси қызметі? 10 М.Тынышбаев және Мұстафа Шоқай. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Ұлт мүддесі үшін күрескен саяси қайраткер. 2 Түркістан автономиясы және Алаш қайраткерлері 3 Мұстафаның зайыбы Мария Шоқайдың естеліктері 4 Мұстафа Шоқай және «Яш Түркістан» газеті. 5 М.Шоқай: «Әр халықтың өзіндік, ұлттық ерекшеліктері» туралы пікірлері. 6 Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдары және Алаш қозғалысы. 7 М.Шоқай Түркістан халықтары тарихында бүтін бір кезеңді қамтыған ерекше тұлға. 8 М.Шоқайдың эмиграциядағы өмірі. 9 Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. 10 Мұстафа Шоқай - көрнекті қайраткер, саясаткер, публицист. 1 2 3 4 5 6 7

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004. Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995. Хайит Б. “Türkistan Rusya ve Çin Arasında”. Ыстамбұл, 1975. Нүрпейісов К. “Алаш һәм Алашорда”. Алматы: Ататек, 1995. Байбот Кошым-Ноғай Серiкбай-ұлы. "Мұстафа Шоқай. Түркістаннын қилы тағдыры". Алматы, "Жалын", 1992. "Мұстафа Шоқай. Мария Шоқай. Естеліктер" (құрастырған Ә. Такенов, М. Койгельдиев), Ыстамбұл, 1997. "Мұстафа Шоқай. Тандамалы" (аударып құрастырған Айтан Нүсіпхан), 1-2 том, Алматы, "Кайнар", 1998-1999. 130


Дархан Кыдырәлі. "Мұстафа Шоқай: өмірі, танымы, күресі", Анкара, 2001 (түрік тілінде) 9 Әбдіуақап Қара. "Мұстафа Шоқай", Алматы, "Арыс", 2004. 10 Әким Тарази. "Мұстафа Шоқай". Алматы, "Жазушы", 2008. 11 Кошым Есмағамбетов. "Әлем таныған тұлға". Алматы, "Дайк-пресс", 2008. 11 Мәмбет Қойгелдиев «Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай» Алматы, 1995. 12 Ә.Бөкейханов Шығармалар Алматы: Қазақстан, 1994. 13 А.Сатаев «Мұстафа Ташкентте». Қазақ елі, 1997. 14 Ә.Әлібеков «Мұзарт». Егемен Қазақстан, 2004. 8

Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі – Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Омбыдан елге қайтып келіп, айналасында болып жатқан қоғамдық жұмыстарға араласады. 1917 жылдың көктемінде Ақмола облыстық халық ағарту бөліміне қызметке кіреді. Алаш партиясының жұмысына араласады. Ақмола губерниялық "Бостандық туы" газетінде жұмыс істейді. 1922 жылы Ташкентке келіп, сондағы "Ақ жол" газетінің редакциясына кіреді. 1923-1926 жылдары Мәскеудегі әдебиет-көркемөнер институтында оқиды. 1927 жылы елге оралып, оқытушылықпен айналысады. Бірақ көп ұзамай Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1936 жылы тұтқыннан босап, еңбек жолына қайта оралысымен, 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі. Мағжанның шығармашылық жолы Қызылжар қаласында оқып жүргенде басталады. Бойында әдебиетке деген құштарлықтың ұшқыны бар жас Мағжанның жүрегіне 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы орасан зор әсерін тигізеді. Абайдың жыры талапкер ақын жүрегіндегі ұшқынға алау береді Алғашқы жырларын жазады. Татар 131


жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтің көмегімен 1912 жылы Қазан қаласында Мағжанның "Шолпан" деп аталатын тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді. 1922 жылы Қазанда ақынның таңдамалы өлеңдер жинағы кітап болып шығады. Мағжан – лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т.б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады. Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді. 1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. Қазақ халқының саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани болмысы ХХғасырдың басында ерекше тегеурінмен сілкіне оянды да, қоғамдық ой сана толық мәнінде жаңғыру дәуірін бастан кешті. Сол жаңғырған қоғамдық ойсананың көш басында ұлт тағдырына өмірін арнаған тарихи тұлғалар болды. Оларды Ғабит Мүсірепов "алыптар тобы" деп атады. Алыптар тобы қазақ халқының дербес мемлекеттігі, әлеуметтік экономикалық нығаюы, ұлттық рухтың оянуы, мәдени рухани жаңғыруы сияқты кесек-кесек мәселелердің жалынын ұстап, нақтылы әрекеттерге мұрындық бола білді. Өкініштісі, осынау тарихи кезеңдегі серпілістің тозбас мұраттары соңғы екі-үш буын ұрпақтың көзі мен көңілінен таса болып келді. Тоталитарлысоциалистік жүйе алыптар тобын жаппай репрессиялап, олардың озық ойидеяларына тыйым салды. Нәтижесінде ұлттық сананың сабақтастығы үзілді. Тарихқа кеткен есені қайтарудың өзекті міндеттерінің бірі репрессияланған алыптарымыздың мұрасын тезірек игеріп, бүгінгі және болашақ дамуымыздың қажетіне жаратып отыру. Ол үшін екі бағытта тегеурінді жұмыстар атқарылуы керек. Біріншісі, репрессияланған арыстарымыздың шашылып қалған мұраларының сабақты жібіне дейін жинап, теріп жарыққа шығару. Сөйтіп рухани айналымға түсіру. Екіншісі, сол мұралар туралы байсалды зерттеу жұмыстарын жүргізу. Яғни, ұзақ уақыт бойы көз бен көңілден таса болып келген мол мұраның тарихи бағасын беріп, мәдени рухани өмірбаянымыздың құрамдас бөлігі ету міндеті тұр. Жалпы соңғы жылдары ақталып, тарих қойнауынан аршылып жатқан арыстарымыздың ішінде өмірі мен шығармашылығына қатысты ең бір дерегі тапшы тұлғаларымыздың бірі Мағжан Жұмабаев. Бүгінгі күнге жеткені ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітаптары, баспасөз бетіне жарияланған шығармалары және ақын шығармашылығы туралы жарық көрген бірлі жарым мақала рецензиялар ғана. Бұлардың өзі Қазақстандағы архив, кітапхана қоймаларынан аластатылып, негізінен Москва, Ленинград қалаларында ғана 132


сақталып қалған. Әрине, бұлай болудың негізгі сыр себебі заманының қанды шеңгеліне Мағжан ақынның ерте ілігуінен болу керек. Түптеп келгенде, Мағжан 1929 жылы сотталып, жеті жыл айдауда болып, онан соң араға бірер жыл салып 1937 жылы біржола тұтқындалғандықтан, оның өмірі мен шығармашылығы туралы жиырмасыншы жылдардың соңынан бастап қалам тартылмады деуге болады. Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын Мағжан Жұмабаевтың өзі де өлеңі де қиын-қыстау тауқымет жолын көп кешкен. Қалың бұқара оқушы қауым арасында әуелден-ақ қаншалықты белгілі аты мәшһүр ақын болып танылса да, ресми ортада барған сайын көз аша алмай , тыныштық дүниеден қара үзіп, кешегі қуғын - сүргін заманда есімі біржолата өшуге айналған жан. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне Мағжан куә. Олардың бәрін ақын ой елегінен, өлең өрнегінен өткізіп отырған. Қай сәтте болса да ақын үлкен ой , ойлану, толғану үстінде. ХХ ғасыр басының қазақ ортасына тән демократиялық, ағартушылық, бостандық ізденістері Мағжан Жұмабаев үшін Қазан төңкерісімен бітіп, арманға қол жеткендей үзіліп қалмайды, одан кейін де ақын өз болжамынан танбай, жалпы халықтық, адамдық, мұраттық жайлардан қол үзбейді. Бұрынғы қаймағы бұзылмаған қазақ елін еске алады, соны жырлайды. Мұнысы сол бір дәуірдің тым әдемі, уайым қайғысыз, жұмақ болғанынан емес, жаңа заманның көп қайшылық тудырғанынан, аяғы немен тынары белгісіз жаппай үрейден еді. Жалпы ақындық беті Қазан төңкерісінен көп бұрын қалыптасқан Мағжан жаңа кезеңде көп нәрселерге байсалды жауап іздейтін, адам тіршілігінің, өмірінің мәнін ұққысы келетін, талаланты жетсе, оның құпия сырын ашуға ұмтылатын, сара сезімнің ақыны болып көрінеді. Талант жайына келсек, Мағжан Жұмабаев өнімді шығармалық өнердің адамы екенін Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген кезінде, 1912 жылы Қазан қаласында "Шолпан" өлең жинағы шыққан тұста танытқанды. Сол кезең жайындағы естелігінде Башқұртстанның белгілі қарт жазушысы Сайфи Құдаш былай дейді. « Қазақтың талантты жас ақыны Мағжан Жұмабайұлы "Ғалия" медресесінде садақ атты қолжазба журнал шығара бастады, өзінің медреседегі оқу кезінде шығарған өлеңдерін соның бетінде жариялап тұрды. 1912 жылы Қазанда оның тұңғыш өлеңдер жинағы да шықты. Сөйтіп қазақтың поэзия әлемінде өзіндік беті бар ерекше ақын дүниеге келді, Абайдың классикалық дәстүрін алға алып барушылардың ең ірісінен саналмақ ».Мағжан өз тегін де, өз жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ардақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті. «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді »дегенде қауіпқатер жоқ демегені белгілі, бірақ сонда, қылша мойны талша қиылатынын біліп пе? Жалпы алып қарағанда, «мен өлмеймін» деген сөздерде терең шындық жатқаны рас. 60 жылдан аса уақыт бойы автократия ақын үнін шығармай, тұмшалап келсе де, ақыры жалғастық тапқаны шындық. Философиялық 133


мағынада ақын өлеңі мен дана сөзі өлмек емес. Мағжан ақын тағдыры бір сыдырғы емес, шытырманды, соқпақты, аяғы трагедиялы. Ғасыр басына- ақ ел жұртына белгілі болған ақын айдаудан көз ашпаған, жарты ғасырдан аса уақыт есімі аталмай кетіп, тек 1988 жылдың желтоқсанында ақырғы рет ақталды. Ақырғы рет 1960 жылы-ақ ақталған болатын, бірақ оның есімін атауға, шығармаларын жариялауға рұқсат болмады. Себебі Мағжан өлеңін бастыруды тоқырау заманының басшылары мақұл көрмеді, жабулы қазан жабулы күйінде қалды. Сондықтан кейінгі буын бұл ақынды аз біледі, тіпті білмейді де. Бұл жай енді баршамыз білетін, көзіміз жеткен, « әттеген ай » деп өкінетін өткен тарих болып отыр. Енді Мағжан Жұмабаев мұрасын оқып зерттеуге жол ашылды. Бір кездерде ақын есімін еске алғаны үшін де, баспасөзде, тіпті ауыз екі әңгімеде атағаны үшін де, талай адам тауқыметін тартып құқай көрген. 1956-1977 жылдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин ақталғаннан кейін Мағжан Жұмабаев творчествосы қайта қаралған. 1958 жылы комиссия құрылып, таңдамалы лирикаларын жариялау жөнінде ұйғарым да болған. Ал, 1960 жылы Түркістан әскери округы әскери трибуналының коллегиясында М.Жұмабаев толығымен, біржола ақталған екен. Бір таңғаларлық нәрсе, бұл жөнінде комиссия мүшелері де, не Жазушылар одағы мен ғылыми мекемелерге де хабарланбаған, қортынды шешім айтқан әдебиетшілер де, басқа мамандар да ештеңі білмеген. Жұмбақ сыры сол кездегі басшылардың: бұл саяси ақтау емес, бар болғаны азаматтық жағынан ақталу деген үстірт, жаңсақ түсінігінен екені енді мәлім болды. 1958 жылы КСРО Прокуратурасы ақтаған Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы да дәл осы «дәлел» айтылған-ды. Өкініші сол, шешімдерді осылай ұғындырып, өңін теріс айналдыруға күш салған белгілі мәдениет қайраткерлері де болды. Олар Мағжан Жұмабаевтың көзі тірісінде де, кейін де ақын атына қара күйе жағып, азаматтық та, ақындық та абыройын төгуге әрекеттенген. Ақын жайындағы мұндай ұғымның жаңғырығын бұрын соңды әртүрлі мақалалардан көреміз. А.В.Луначарскийдің редакциясымен шыққан « Әдебиет энциклопедиясында » да Мағжан нағыз ұлтшыл, сары уайымшыл ақын болып суреттелген. Мұның бәрі айналып келгенде, билеп төстеу аппараттың нұсқауымен жүзеге асып отырғаны анық. Міне, осы жағдаяттар өкімет билігінің барынша әкімшілік қалпының қатаң тәртібін айғақтайды. Сонан да М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердіұлының, М.Дулатовтың жеке бастары қаралып, мұралы ұлттық мәдениеттен тыс қалды. Олардың шығармалары ешбір дәлелсіз мансұқ етілді, әдебиет пен мәдениеттің басты бөлігіне, яғни тапшыл мазмұндағы деген бөлігіне қарсы қойылды. Шындығында, бұлардың шығармаларында теңдік, еңбек, іс-қимыл, адамның бас бостандығы мәселесі терең көтерілген. Ал, Алашорда ұйымына қатысты деу де дәлел емес, өйткені 1919 жылы-ақ В.И.Лениннің декретімен ұйымға да, оның адамдарына да кешірім жасалған.Мағжан Бекенбаласы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы, « Молодежный » совхозында дүниеге келген. Орташа ауқатты семьядан шыққан. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы ( Петропавловск ) медресеге оқуға түседі, бұл медресені 134


араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, ауқатты семьядан шыққан жергілікті интеллигент Мұхаметжан Бегишев ашқан екен. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.Мағжан он екі жасында Қызылжар қаласындағы Бегишев медресесіне түскеннен бастап әдебиетпен қатты шұғылданған. Тіпті қазақ, татар әдебиетін былай қойғанда, ол араб-парсы ақындарының, атап айтқанда, Фирдоуси, Сағади, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи сияқты даналардың ұлы дастандарын түп нұсқадан оқып үйренуді өзінің машығына айналдырған. Ал ұлы Абай мен Дәрдман (өлеңдерін қазақша жазған татардың ұлы ақын Зәкір Садықұлы Рамиев) өлеңдерінің қазақ дүниесіне келуі кішкентай Мағжанның жан-жүрегіне ауызбен айтып жеткізе алмайтын телегей теңіз әсер әкелді. Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, Абайға арнап « Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға » деген өлең жазды. Абайға деген махаббатының нәзік қылын шертті. Ақын болуды арман етті. Жас жігіттің өлең жазып жүрген талабы, қазақ халқының әйгілі қамқоршысы, қазақ еліне: « Қаным – башқұрт, тәнім - татар, жаным - қазақ » - деп мәтел таратқан ұлы жазушы Ғалымжан Ибрагимовты қатты толғантады. Сондықтан да Ғалымжан 1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кәрімовтардың баспасына табыс етеді, 1912 жылы Мағжанның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Ғалымжан 1911жылы шыққан « Қазақ қызы » романының бірінші бетіне 16жасар Мағжанның «Айға» деген өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп келтірген: Кең дала көресің ғой мынау жатқан, Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан. Асқар тау, балдан тәтті сулары бар, Әне сол анам еді мені тапқан. Мағжанның терең ой мен сұлу суретке толы өлеңдерінің шығуы тек қазақ еліне ғана емес, сонымен бірге татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қарақалпақ елдеріне де жеткен үлкен құбылыс еді. Ал бала ақынның өз елі – қалың қазақ халқы - бала Мағжаннан ардагер Абайдың ізбасарын еріп, өлең жырдың әсерлі де әдемі әуеніне бөленді. Елдегі оқумен қанағаттанбаған болашақ ақын 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер-жазушысы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге (халқымыздың белгілі әншісі Ермек Серкебаевтың әкесі) Медресе – Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда Жоғары оқу орнымен бара бар еді. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, жоғарыда айтылған белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың, медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады. Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов оған білімін әрі қарай көтере түсу керектігін айтып, ақыл кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы Мұғалімдер Семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 жылы Қазан қаласында « Шолпан » атты тұңғыш жинағы басылып шыққанда оған жоғарыда айтылған Ғалымжан Ибрагимов көп жәрдем еткен. 135


Өлеңдержинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. Бір айта кетер жәйт 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді. Мағжан да, әрине, оны оқыған. Семинарияда Мағжан Жұмабаев болашақ революционер ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. «Жан сөзі» атты атақты өлеңінде ақын өзінің « Медресе Ғалиядан » кетуіне үзілді кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау-шарға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады, тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалығын салып, зіл зала ізін қалдырады. «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі осы сәттерде туған. 1912-1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ»газетінің редакторы, түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де, жан жақты, терең суарылған, аса дарын иесі Міржақып Дулатовтан дәріс алып, шығармалықтың жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген. 1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралғаннан кейін қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді. Мағжан өмірінің бұл тұсы біраз драмалық жайларды бастан кешірген кез еді. Уақытша үкімет кезінде және онан соң біресе Колчак әскері, біресе Совдеп билік құрып тұрған кезде, « Алашорда », «Үшжүз» партияларының айтысы кезінде М.Жұмабаев «Алаш» партиясының мүшесі ретінде бір уақыт түрмеге жабылады. 1919 жылы, жоғарыда айтылғандай өзі сүйіп қосылған жары Зейнеп баладан қайтыс болады, аздан соң ұлы да шетінейді, «Баланың қабір тасына» деген өлең жазады. «Өлгені емес, жерді тастап кеткені, ізгі оймен жайлы жәннат төрінен орын алып, ата анасын күткені» дейді ақын. Бұл тұстағы белгілі, әрі әйгілі өлеңі, әлгінде ескерілгендей «Мені де, өлім, әлдиле». Әлеуметтік жолайырық кезінде шартарап құшағындағы қамығулы ақынның жанына жара боп түскен соң жақындарынан айырылу қайғысы қатты күйзелтеді. Бірінен соң бірі келген қаза оған тағдырдың сайқымазағындай көрінеді де, ашынған көңілден: «Өлім күйі тәтті күй. Балқиды жаным бұл күйге: Мені де, өлім, әлдиле, Әлдиле, өлім, әлдиле» - дегізеді. Жастайынан бірге өмір сүріп, ақырында сүйіп қосылған жары Зейнепке арнаған « З-ға » өлеңінде: «қосылған жас күнімнен жарым едің, сүйікті анық досым, жаным едің, алысқа ұзақ жолға шыққанымда, сарғайып мені күтіп қалып едің» деген жолдардан 136


ақынның өкініш, қиналыс, жан толқуын аңғаруға болады. Екінші әйелі Зылихаға Мағжан 1921 жылы үйленеді. Ол кісі 96 жасқа келіп дүние салады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М.Жұмабаев Ташкентте шығармашылық өнімді еңбек етеді. Сонда шығатын «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқарып, біраз дүниелерін бастырады. Дәл осы кезде қалың қауымға таныс поэмасы « Батыр Баянды » жазып, жарыққа шығарады. 1923-1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде жоғары әдебиет, көркемөнер институтында оқиды,ол кезде институтты В.Брюсов басқаратын еді. Бұл жылдары ол орыс әдебиетін, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды. Орыс мәдениет қайраткерлерімен жете танысып көпшілігімен достық қарым-қатынаста болады. Бұл кезеңде де ақын жаны жай таппайды: ылғи сын, қаңқу, шаншу сөздерден көзі ашылмайды. Ескішіл, байшыл ақын атанады. Оқушы қауымға Мағжан өлеңдерін жат өлең ретінде, өткенді көксейтін, жаңа өмірге ілестірмейтін, кертартпа, уайымшыл шығармалар деп уағыздайтын мақала, сөздер баспа бетінде көбейе бастайды. Әсіресе, осы Мәскеуде оқуда жүргенде мұндай материалдар қаптап кетеді. 1923 жылы Ташкент жұртшылығы алдында Ж. Аймауытов Мағжан ақындығын талдап, терең түсіндіретін баяндама жасап, оны «Лениншіл жас» журналына бастырып шығарса да, сыңаржақ сыншылар тобы ақынның соңынан қалмайды. Қайта өлеңдері орынсыз мақталды деп , оған кінә қояды. Ойламаған жерден болған төтенше оқиға Мәскеуде оқитын қазақ жастарының Мағжанға қарсы жиналысы еді. 1924 жылдың аяғына таман өткен бұл жиында Мағжан өлеңдері талқыланып, оның ақын шығармаларын теріске шығарған қаулысы елге, Қазақстанға жіберіледі. Мұндағы газеттер жиын ұйғарымын басып шығарады. Мәселен, «Еңбекшіл қазақ» газеті оны 1925 жылы 14 қаңтарда жариялаған. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын «Сәлем хат» деген өлең жазады. Ол «Тілші» газетінде жарияланады. Өлеңде мынадай жолдар бар: Қайтуым хақ, белді буып тас қылып, Кет деме, елім, енді мені басқа ұрып. Дейтін болсаң: қой жырыңды, жырауым, Қобызымды қиратармын тасқа ұрып. «Еңбекші қазақ» газетінің 1924 жылғы 19 желтоқсанындағы санында «Сәлем хат жазған азамат Мағжан Жұмабайұлына» деген ескертпемен «Сәлемге сәлем» деген жауап өлең басылады, авторы Сәбит Мұқанов. Онда мынадай жолдар бар: Сен құлан, өз қағынан жүрген жеріп, Ел аман, жұрт тыныш кезде қайғыға еніп. Сүйгіш жолыңнан табан бұрма, Қобызыңнан, ақыным, безбе әлі. Ақынға қарсы шабуылдың соншама мейірімсіз, қатал болғанын елін сағынып оқуда жүрген жанның жүрегі елжіреп жазған сәлем хатына берілген осы қарғыс жауаптан байқауға болады. Жаңа құрылысқа, жаңа тұрмысқа қарсы нақтылы өлең жазбаса да «уралап, айқайламадың» деген, тап күресіне белсене 137


араласып, жарлы-жақыбай сөзін сөйлемедің деген айыппен осылай қатаң сынға алынды. Шындығында ақынның 1912-1923 жылдары шыққан жинақтарын қарап отырсақ, ылғи ғана қазақтың бишара халі, ғылым білім, теңдік жоқтығы жырланады. Сонда Мағжанның ғажайып ақындық талантына бақталастықпен, бақастықпен қарсы шықпаса, не үшін оған осыншама шүйліккен деген ой туады. Бұл жорамалды кейінгі 60-жылдар жайы да дәлелдей түседі: ақталған ақынға жол бермей, атын мүлде өшіріп тастау, 1960 жылы «Өмір және поэзия» деген кітабында Ә.Тәжібаевтың Мағжан Жұмабаев творчествосын жоққа шығаруы, 1968 жылы «Простор» журналының ақын жайында ақтау мақалалар басылған нөмірінің солайымен жойылып кетуі, айналып келгенде осының бәрі ілгергі дәуірде дәлелсіз қудалау қылықтарының әшкере болуынан сескеніп, қорқу салдарынан емес пе екен деп те ойлайсың. Әйтпесе Мағжан ақындығына осындай адамдар шүбә келтіреді деу қиын. Мәселен 1927 жылдың өзінде Ә.Тәжібаев: Мағжандай іздемеймін Қорқыт көрін, Қобызбен сарнамаймын сұрап өлім. Кезбеймін есуас боп ен даланы, Қуатты орыс, қазақ еңбекші елім. Көр де аулақ, өз басымнан өлім де аулақ, Көрсетем Мағжандарға көрдің төрін - деп жазады. Белгілі «Тоқсанның тобы » поэмасына да қарсы ұзақ өлең жазғаны мәлім. Бірақ 90- жылдары, Әбділда Тәжібаевтың өзін-өзі сынға алып, «Мағжанның алдында кешірілмес күнә жасадық» деп, 1989 жылғы Мағжан жинағына мүлде жаңа көзқараспен мақала жазуын ақын алдындағы, жұрт алдындағы адалдығы деп қарауымыз керек. Мағжан шығармаларына көп тоқталып, саяси жағынан, таптық жағынан қатты сынға алғандардың бірі Ғаббас Тоқжанов. «Мағжан совет тұсында» деген мақаласында Мағжанды табы, тобы бөлек, сөзі жат ақын дегенге дейін барады. «Пікір, идея жағынан Мағжан идеяшыл ақын, қиял Мағжанның тәңірісі. Қазаққа келгенде, Мағжанның саяси жолы қазақ байына қосылып отыр. Бүгінгі қазақ еңбекшілерінің жаңа тұрмысы оған ұнамайды. Бүгінгі заман «сұм заман». Бұ жағынан қарағанда, Мағжан байшыл ақын. Бұ күндегіден безген келешегі жоқ, уайымшыл жылауық ақын». Ал өлеңнің ажары әдемілігі, көркемдік қасиеті дегенге келгенде мұнан Ғаббас Тоқжанов безбейді, мойындайды. «Қазақ әдебиетіне Мағжан кіргізген жаңалықтары жоқ емес. Мағжан күшті ақын. Өз ойын, өз тілегін ұқтыра білген ақын. Көркемдік, әдемілік жағынан қарағанда Мағжан өлеңдері үлкен оқиға. Жүсіпбек айтқандайын: « суретті, кестелі көркем сөз Мағжаннан басталады ». Өлеңнің сыртын Мағжандай келтірген қазақтарда әлі де ақын жоқ. Аз сөзбен көп сөз айтатындық Мағжанда бар. Мағжан сөзге еркін ақын. Күшеншек ақын емес, айтам дегенін оқушының көңіліне қонғандай, сезімін қозғағандай қылып айтады. Кейбір өлеңдерінде « шешендік, толғау күй төгіліп кететіні рас ». 1929жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптауларман он жылға сотталды. Шын мәнісінде бұл Сибир ревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым 138


еді.

Өкініштісі сол 1929 жылдан 1938 жылға созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақыт бостандық алады, еліне келеді. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып істейді. Бірақ біраз уақыттан кейін бұл қызметтен босатылады. Ол туралы өзі: « не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне, 20шақты күн болды жұмыссыз отырмын » деп жазады, Алматыдағы Жазушылар одағының бастығы Сәбит Мұқановқа жолдаған хатында. Бұл хат 1937 жылы 20 ақпанда жазылады. Наурыз айында Алматыға келеді. Бұл кез айтыс-тартыстың нағыз қайнап тұрған кезі. Біреудің үстінен біреу жала жауып, ұстатып, айдатып жатқан уақыт. 13 тамызда Ілияс Жансүгіров ұсталады. 29 тамызда Жазушылар одағының хатшысы М.Қаратаевтың «Социалистік Қазақстанда»: «Қазақ әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек» деген бас – аяғы жиырма шақты жазушыны, ең алдымен Сәкенді қаралаған, мұндай фашист жендеттерінің көзін жою керек деген мақаласы басылды. 16 қыркүйекте «Казахстанская правдада» осы мақаланың орысшасы басылды. 24 қыркүйекте Сәкен үйінен ұстатылып әкетілді. Мұндай жағдайда алдында өзі 7-8 жыл отырып келген Мағжанның күні не болмақ? Аласапыран тұста, ақыры 30 желтоқсанда Мағжан ұсталады да, 1938 жылы атылады. Сәкен Сейфуллин 1938 ақпанда атылады. 1936 жылы Омбы жағында жүрген сәттің бірінде інісі Мұхаметжанға жолығып, осы тұста жазған « Өміріме өкпем » деген өлеңімен таныстырады. Бұл кейін Мұхаметжанның қызы Гүлқаныстан табылды. Онда ақынның трагедиялық мүшкіл халі, өмірге налуы өте қайғылы суреттелген: Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба? Тән арып, тамырда қан қалмадың ба? Жалған үшін жан қиып, жапа шектім, Еңбегім екі болып жанбадың ба? Жайшылықта жан қиған, жақын дүние, Талып тұрсам, назарың салмадың ба? Ортекедей орғытып, оққа жығып Жалмауыз, жауыз жалған, жалмадың ба? Сонда да болса, шеккен қайғы-қасіретін, тартқан азабын ақын дәптерде жазып қалдырмауы мүмкін де емес сияқты. Қалай жорамал жасасақ та, М.Жұмабаев үнін 1927 жылдан кейін естімейміз. Ақын үні тынды. Өзі бір кездері толғана жазған үні өшкен бұлбұл кейпі ақынның басына келді. Мағжан Жұмабаев өлеңдерін оқи отырып, өзі көп айтатын тылсым буғандай әсерге енесің, таңғаларлық күй кешесің, ойлар мен толғамдардың терең тұңғиығына сүңгіп, әсем суреттер дүниесіне кіресің. Не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сезімнен хабар беретін алуан бояудың сырларына қанығып, ақынның құдіретті шеберлігіне бас ұрасың. 1918 жылдың өзінде Ж. Аймауытов пен М. Әуезов былай жазыпты: «Сезімге әсер берерлік суретті өлеңдер көбінесе Мағжан, Міржақып, кейде Сұлтанмахмұт әм Ахмет 139


Мәметовтікі. Бұлардың өлеңінде өзгеше бір сарын бар, жүрегінің сезімін суреттейтін нәрсемен жалғастырып әкететін артықша бір маңыз бар. Бұлар сыршыл (лирик) ақындар». Ақын тау туралы толғансын, не дарқан даланың кеңдігін жырласын, тіпті көл, немесе жазғы таңды, қысқы кешті, егінді, не жер, күн, ай жайында айтсын, бірінші кезекте өзінің дүние түсінімі ішкі жан күйі тұрады, сонысымен айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебіренеді. «Көкшетау», «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Алдамшы өмір», «Ой», «Жел», т.б. өлеңдері куә. Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге өріліп, бірге астасып жатады. Әлем құбылысы санамен, көңілмен үндесіп, сұлу, сырлы, тіпті кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Өлең патшалығында Мағжан Абайды пір тұтқан, ұстазы еткен. Мағжанның ақын болып қалыптасуы алдында Абайдай алыптың тұрғандығы. Халқының артта қалып, ішкені мен жегеніне мәз күйін күйіне жырлаған Абай сарыны Мағжанда да өз жалғасын тапса керек. Алдында сөз болған 1912 жылы шыққан «Шолпан» жинағында ақын: Ойламай біздің қазақ текке жатыр, Бар іске жанаса алмай шетте жатыр. Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң, Қазекең таң қаларлық кепте жатыр,-деп халқының аянышты халін жеткізеді.Оқу-өнерден кемшін қалған қазақ елінің жай-күйі қапаландырады, толғандырады, кейде тіпті ашындырады. Келесі бір «Мен кіммін?» деген өлеңінде: Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың, Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың. Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ, Көз қырымен күліп қана қарармын. Мен өлмеймін менікі де өлмейді, Надан адам өлім жоғын білмейді. Өзім - патша, өзім - қазы, өзім – би, Қандай ессіз не қылдың деп тергейді? Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына, керек десеңіз өмір тағдырына кәміл сенетінін байқаймыз.Мұның бәрі асыптасудың, астамдықтың белгісі емес, асылдықтың, жайдың жасылындай өткірліктің жөні. Адамның денесі қандай мысқалдап өсіп, жетілетін болса, сезім де пікір де сондай, бірте-бірте жетіліп өркендемек; адам туа ұлтшыл, туа адамшыл бола бермейді, ұлттық сезім де сол сықылды әуелі үй ішінде, одан қала берсе туған ауыл, туған жерден бастап жоғары өрлейді. Туған ауылын, жерін сүймеген адам ұлтшыл бола алмайды. Мағжанның ұлт сезімі де жақыннан алысқа қарай тереңдейді. Мағжанның алғашқы кезде ұлтшылдығы нағыз жүректен қайнап шықпай, сол кездегі ұлтшыл азаматтарға еліктеп солардан жұқтырып алғандығы сезілді. Міндік, міне, біз қайық. 140


Есен-сау өтсек... Тілекке жетсек, Сонда біздің шын айт.. Деген өлеңдерінің: Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ Деген сөздермен сарыны бір Қазақтың халі қандай ауыр екенін сезсе де, ол күнде Мағжанда келешектен үміт күткендік сезіледі. Бұл қалыпта заман тұралап қалмас, бізде де жарық сәуле күн туар дегендей жұбаныш болады, неғұрлым отаршылдық, жауыздық күшейе берсе соғұрлым қазақтың жанына батар, ашындырар, ашынған ел қорғалай бермес, қарсы бас көтерер деп сенеді: Мезгілше мейлі келсін, тісі батсын, Сұр жылан өзі оятар қатты шақсын! Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз, Көрерлік төңіректі тек таң атсын! Бұл өлеңнен патша үкіметіне қарсы екендігі, келешектен үміт күткендігі анық байқалып тұр. Келесі бір өлеңдерінің тақырыптары қазақ азаматтарына бағытталады. Азамат болсаң қазағыңа пайда тигіз, үйтпесең «ібіліссің» деп ауыр міндет артады. Азаматқа сын тағады. Қазақ азаматы саясат жүзінде пікірі шынықпаған бала екенін көреді, белгілі пікір, жол тұтына алмай, бас қамын ойлап, боялып жүрген кейбір азаматтарды сөгеді: «Біреуіне» сен тәңірім деп табынад, «Біреуіне» мен құлың деп сағынад, «Біреуіне» садақа бер деп жалынад, «Біреуіне» құйрық болып тағылад. Ылғи сорлы сағым қуып сабылад, Ылғи түссіз бір сұр нәрсе жамылад. Қазағы-қой, артынан оның ағылад. Азаматқа қонақтық қой табылад. Бұл өлеңде қазақ қой сықылды, кім бастаса, соған ере береді, қазақта білім, сана, әлеуметшілік, жұртшылық сезім жоқ. Сол қазаққа «ұлық» болғаныңа мастанбай, шын жүрегіңмен тура бастап, адал қызмет ет дегені. М.Жұмабаев қайсібір ғалымдар дәлелдегендей «жаңа өмірді түсінгісі келген жоқ» емес, түсінгісі келді. Бірақ ол имансыздықты түсінбеді. Екі сөйлейтіндерді, дәреже-даңқ үшін Отанын сататындарды, бейімделгіштерді түсінбеді. Ақынның кеңес өкіметі кезеңінде (1920 –1927) жазған барлық жанрдағы шығармаларынан «бүгін» деген бір буды саралайтын көзқарасы байқалады. Мағжан қоғамдық-саяси көсемсөз туындыларынан тыс әдебиет, ақын-жазушылар туралы мақала, сыни еңбектерінде де «бүгінге» кешегінің көзімен қарайды. Мағжан Жұмабаевтың әлі ғылыми айналымға түспеген ілгерідегідей рухтағы екі мақаласы бар екені тағы бар. Бұл екі еңбек те ақынның «Жәжеке» бүркеншік есімімен шыққан. Аталған лақап ат тек Мағжандікі екенін ғалымдар 141


жақсы біледі. Бірінші мақала «Автономия кімдікі?» деп аталады. Ол «Кедей сөзі» газетінің (Омбы) бетінде 1921жылы 12 ақпанда жарияланған. Екінші мақаланың аты «Жеті батыр». Алғаш «Ақ жолда» (Ташкент) жарық көрген. Мұны 1923 жылы 16 ақпанда «Тілші» (Алматы) газеті көшіріп басқан. Бұл екі еңбек Мағжан Жұмабаевтың 3томдық шығармалар жинағын құрастырып жариялау барысында еленбей қалып кеткен. Қос мақалада ақын жаңа дәуірді түсінгісі келгенін, түсінбегені туралы оқушымен ой бөлісуді қалағанын аңғартады. Автономия- қазақ оқығандарының арманы еді. Мағжан Жұмабаев бұл жайында өз ойын: «Алаш елінің бостандығы ешбір уақыт алаш мырзасының, яки бірлі-жарым жолдастың бостандығы болған емес. Бостандық елдікі! Автономия елдікі! Автономия жолында малды, басты құрбан қылдым деп, қазақ оқығанының қайсысының болса да айтуға хақы жоқ», - деп шегелейді. Келесі «Жеті батыр» мақаласының жанрын аннотация-сын деуге де келеді. Өйткені қаламгер 7 кітапшаны шағын ғана көлемде таныстырған. Бірақ олардың мақаласының соңында «ескерту ретінде»: «Бұл жырлардың қиссасы туралы пікірімді екінші бірде жазуға өзімді борышты қылып кетем», - деп жазыпты. Мұны жазды ма, жоқ па зерттеуді қажет етеді. Сонымен жоғарыда аз-кем сөз еткен екі мақалада Мағжан Жұмабаевтың кеңес өкіметі тұсында ізденгені, имандылық үшін қаламымен қызмет жасағаны белгілі болды. Ол шындықтан қашпады. Алайда асыра сілтеу үрдісін, сауатсыздықты, мәдениетсіздікті көріп қамықты. Сырлы жүрегін солардың батпандай салмағы баса берді,баса берді... Ғұмыры осыншалықты ауырпалықпен өткен әдебиетіміздің шоқ жұлдыздарының бірі – Мағжан ақынның өмірі қазақтың ауыр тағдырының тарихи беттері десек асыра сілтеу болмас! Ақын қандай жағдай болмасын қолына ұстаған өлең атты қаруын төмен түсіріп, мұқалған емес. Өлеңдерінен заман мұңы, замана шындығы, халқына деген жанашырлық лебі есіп тұрса да қазаққа жат деп тануы сорақылықтың нақ өзі болса керек. Сол Алаш жұрты аңсаған тәуелсіздік тұғыры биіктеп тұрғанда, солар аңсаған білімнің кілтін тапқан заманда, керегемізді өзге елдермен теңестіре білген ендігі уақытта бұл жандардың есімдері ұмытылмақ емес. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Қандай отбасында, қайда, қашан дүниеге келген? 2 Қайда сауатын ашады? 3 1905-1910 жылдары қай қаладағы медреседе оқиды. 4 Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М.Жұмабаев қайда еңбек етеді. 5 Қандай журналдарда, газеттерде қызмет атқарды? 6 Қалың қауымға таныс поэмасы «Батыр Баянның» идеялық, көркемдік ерекшеліктері. 7 Өлең патшалығында Мағжан кімді пір тұтқан? 8 Мағжанның терең ой мен сұлу суретке толы өлеңдері, тақырыптары. 142


9 Ақын шығармашылығы туралы зерттеулер 10 С.Мұқанов пен Ә.Тәжібаевтың ақынға арнаған шығармалары. 11 М.Жұмабаевтың ағартушылық еңбекетері 12 Ақын өмірінің жұмбақ тұстары. 13 Мағжан және Алаш қайраткерлері. 14 Ақынның дастандары және көркемдік тәсілдері. 15 Мағжан және баспасөз мәселесі. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Әдебиетіміздің шоқ жұлдыздарының бірі – Мағжан ақынның өмірі. 2 Сырлы жүрек және батпандай салмақ. 3 Мағжан өлеңдерінің тақырыптары. 4 Мағжанның қоғамдық-саяси көсемсөз туындылары. 5 Мағжан өлеңдерінің эстетикалық сарындары. 6 Мағжан - келешектен үміт күткен ақын. 7 Ақынның тау туралы толғанысы, дарқан даланың кеңдігін жырлауы. 8 Ақын шығармашылығындағы дүние түсінімі, ішкі жан дүниесінің көрінісі. 9 Мағжанның проза саласындағы еңбегі. 10 Мағжан поэмаларының табиғаты. 11«Шолпанның күнәсі» және қазіргі заман. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 М.Жұмабаев. Шығармалар. 3 томдық, 1-т., Алматы 1995. 2 Шериаздан Елеукенов « Көп томдық шығармалар жинағы, VI том», Алматы 2012. 3 Мұқанұлы Сәбит «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы, Атамұра, 2008. 4 М.Жұмабаев Шығармалары, Алматы. 1989. 5 М.Әуезов Шығармалары, А. 17 т. 6 М.Ғабдуллин, Б.Ысқақов «Халық ауыз әдебиеті» 1974. 7 Е.Асқаров «Батыр Баян» туралы бірер дерек, «Жұлдыз», 1989. 10 Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.2. А, 1961. 11 Р.Бердібаев «Ертегіден эпосқа», «Мұрагер» журналы 1992, №2, 23-б 12 Ә.Қоңыратбаев «Қазақ эпосы және түркология» А.1987. 13 Ш.Елеукенов «Мағжанның эстетикалық көзқарастары», «Жұлдыз» журналы.1992. №6, 187. 14 М.Жұмабаев. Шығармалары. Т.1. А, 1989.

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938) Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданы) туған. Сарыарқаның сағымды даласы, мөлдір сулары, толқыған Нұра, Есіл өзендерінің бойы, алыстан көз тартқан Аба, Ор тауларының бауыры - болашақ 143


ақынның балалық шағы өткен, жаз жайлау рахатын көріп, алтыбақан теуіп, ақсүйек ойнаған, қыстың боранды ұзақ түндерінде қиял-ғажайып, ерлік оқиғаларға толы батырлар жырын естіп, мың түрлі сырмен адам жүрегін елжіретер ән мен күй тыңдаған, айт пен тойдың қызығын көріп, айтыс пен бәйгені қызықтаған алтын бесік, ыстық ұясы. XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика каламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин - қоғамдык ой-пікір, әдеби-мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде - Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңа арқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді. Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады. Одан кейін бес жылдай Ақмолада оқьш, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтьш семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады. Ол осы жылдары орыс және Еуропа әдебиетін ден қоя оқиды. Абайды сан қайталап, ауыз әдебиеті мен фольклордан мол хабардар болады. Сөйте жүріп, өлең жазуды машық қылады. Алғашқы өлең жинағы 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады. Қазақта ол кезге дейін, Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан ешкім болған емес. Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады. Көп ұзамай, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады. Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді. Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады. Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оның үстіне тұр-тұрпаты да айта қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге түсіп, көрнекті тұлғаға айналады. Коммунистік партияның бастауымен халық бостандық альш, кедей-кепшік қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген Сәкен бірден социализмді, кеңес өкіметін жақтап шығады. Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің "азап вагонында" көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады. Кектемгі лайсаңда аш-арық, ауру ақын 500 шақырым жерді жаяу өтіп, еліне келеді, онда тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын тепкен Жетісуға келіп, партия, 144


кеңес органдарының жұмысына көмектеседі. Қым-қуыт, дүрбелеңді заман шындығы мен романтикасын көрсеткен "Асығып тез аттандық", "Далада", "Кел, жігіттер", "Сағындым", "Қамаудан", "Біздің жақта", "Қашқынның аулы", "Жас қазақ марсельезасы", т.б. әсерлі өлеңдері мен "Бақыт жолында" драмасы - сол кезең жемісі. Тар жол, тайғақ кешу, тайталас күресте шынығып, кемелденген азамат ақын 20-жылдардың 1-жартысында ірі мемлекет қайраткері, үлкен саясаткер ретінде көрінді. 28 жасында Қазақстан үкіметінің басшысы, Бүкілодақтық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Сонымен қатар өршіл ақын жаңа дәуірді жаңаша жырлаған, қазақ әдебиетіне бұрын болмаған образдар мен түрлер, сөз оралымдарын әкелген шығармашылығымен жаңа бағыттағы әдебиетке көшбасшы болды. Кілең мақтауға ұрынбай, қоғамдық өмірдің көлеңке жақтарын да күйзеле суреттеді. "Ауыл байғұс, мінеки", "Келіншек ойы", "Ақсақ киік", "Сыр сандық", т.б. тамаша жырлары мен "Аққудың айырылуы" атты символикалық көркем поэмасы - осындай дүниелер. Сәкен өз кезінің тақырыбына арналған поэмаларымен қатар, туған жер сұлулығын, аңыздары мен тарихын зор шабытпен әсерлі суреттеген атақты "Көкшетау" дастанын жазды. Қазан төңкерісі тұсындағы аумалы-төкпелі кезең шежіресі іспеттес өмірбаяндық "Тар жол, тайғақ кешу" романы оның прозалық кесек туындысы болып табылады. Өмірінің соңғы он шақты жылында ғылыми-зерттеу, оқытушылық жұмыстарымен айналысты, Қазақстан Жазушылар одағында, газет-журнал редакцияларында алқа мүшесі болды. Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Сөзге шешен, домбырашы, саятшы, аңшы Сейфолланың көп істері, әрекет, қимылы, мінез қалыбы болашақ ақынның өр, қайсар, әділ болып өсуіне әсер етеді. Еркелікті білмейтін, орынсыз күлкіге, жылауға жоқ тұрымтайдай бала шешесі Жамалдың ертегілерін тыңдаудан жалықпайды. Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса-хикаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «Орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп Нілді зауытына жібереді. Тоғыз жасында ауылдан кетіп, Кенішке келген Сәкен бір орыстың сиырын бағып, пешке тас көмір жағып, су әкеп, әр түрлі жұмыстар істей жүріп, әуелі сол үйдің кемпірінен бір жыл орысша тіл үйреніп, екі жыл зауыт мектебінде оқиды. Кешке ата-ана алақанына салған бақытты бала, бүгін кісі есігінде. Кешке кеш жатып, кеш оянған ұйқыдағы жайбарақат ауылда болса, бүгін түтіні аспанға шаншылған зауыт, балғаларды дүрсілдете соғып, көк темірді сағызша илеген ұсталар, есе, теңдік бостандық талап етіп ереуілге шыққан жұмысшылардың арасында. Жеті қат жер астындағы шыңырауға түсіп, көздері ғана жылтырап, шаршап-шалдығып шахтадан шығып келе жатқан кеншілер, сан алуан машиналарды жүргізіп, тас қопарып жатқан жұмысшылар, жатақ үйлер, ауыр тұрмыс, тартысты өмір суреттері алғыр, зерек, есті бала жүрегіне ыза, намыс, кек болып байланды. Кейін олар ақынның көптеген шығармаларына арқау болады. 145


Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық-әлеуметтік көзқарастарының қалыптасуы, шығармашылық қадамының басталуы оның 1908-1913 жылдары Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған жылдарымен тығыз байланысты. Тырнақ алды адымын Нілді зауытында қалжың өлең жазудан бастаған жас дарын қазақ фольклорын, Абай шығармаларын, орыс, Еуропа әдебиеттері классикасын игеруге талаптанады. «Айқап» журналына хабар, сын, мақала, бірнеше өлең бастырады. 1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында басылып шығады. Қазақ даласының астан-кестеңін шығарған 1916 жыл оқиғалары, әсіресе әлемді дүр сілкіндірген 1917 жылдың алапат толқыны Сәкенге қатты әсер етті. Әр түрлі өлеңдер жазып жүрген тіпті әлі балалық мінезден арылмаған жас ақын ақпан Революциясы болып, патша құлатылғаннан кейін Ақмолаға келеді. Тартыстың бітімсіз күресі аз уақыт ішінде романтик жыршыны тез ширатып, тіпті оның шығарма жазуға қолын да тигізбей, әлеумет қайраткері, саяси күрескер етіп шығарады. Сәкен Сейфуллин түрлі қызметтер атқара жүріп, қазақ әйелдеріне теңдік беру, дін басыларды ауыздықтау, бұрынғы дәулет, байлық, әкімшілік-билік иелерін тізгіндеу, кедей-кепшік, жұмысшы, жалшыға күш беру, әлеуметтік іске тарту секілді сан алуан саяси шараларды жүзеге асырады. 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасы 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнада қойылады. Басқа да революционерлермен бірге Сәкен қол-аяғы шынжырланып Колчак түрмесінде отырады, аш-жалаңаш, қорлық-зорлық көріп Анненковтың азап вагонының тауқыметін тартады. Тоғыз айға созылған бұл тамұқ тақсіретінен ер жүрек ақын 1919 жылы наурыз айында Омбы тұтқын лагерінен қашып шығып құтылады. Мыңдаған шақырым жаяу-жалпы, арып-ашып жүріп, ол ақыры Түркістан өтіп, Әулиеата (қазіргі Жамбыл) атырабында Кеңес өкіметін орнату жұмыстарына белсене қатысады. 1920 жылы Қазақ Автономиялы Республикасы құрылғанда, Сәкен Сейфуллин Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі, Жер-су Комиссиясының төрағасы, ал ІІІ Кеңестер съезінде, 1922 жылдың қазанында Қазақстан Комиссарлар Кеңесінің төрағасы етіп сайланады. Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК) мүшесі ретінде КСРО көлемінде шешілетін күрделі саяси, әлеуметтік, шаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады (1922-1925 жылдары). «Еңбекші қазақ» газетінің (қазіргі «Егемен Қазақстан») «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы болған Сәкен Сейфуллин қазақ кеңес баспасөзінің басында тұрды. 1925-1937 жылдар арасында Жазушылар одағында, басқа да орындарды басшылық қызметтерде бола жүріп, жоғары оқу орындарында ұстаздық етті. Кең құлашты қоғам қайраткері, адал, шыншыл ақын С. Сейфуллиннің даңқы алысқа тарады. Сәкен қарбалас, аласапыран күндері тынышталып, бейбіт өмір арнасына түскен уақытта негізгі өмірлік мұраты қаламгерлік екенін әбден ұғынады. Барлық қайрат – күшті талант-дарын, жігерді көркем сөзбен туған халқына қызмет етуге жұмсайды. Оның қаламынан туған «Асау тұлпар» (1922), «Домбыра» (1924), «Экспресс»(1926), «Тұрмыс толқындары» (1928), 146


«Көкшетау» (1929), «Альбатрос» (1933) , «Қызыл ат» (1933), «Социалистан» (1927), «Жер қазғандар» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920), драмалары туды. «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» (1931), «Батырлар» (1933), «Қазақ әдебиеті» (1932) зерттеу еңбектері – қазақ фольклоры мен әдебиетінің көп материалдарын жүйелеп, озық әдебиеттану принциптері негізінде жазылған, танымдық – тәрбиелік мәні жоғары туындылар. Сазгер ретінде Сәкен Сейфуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты. 1936 жылы қазақ әдебиетінің көзі тірі классигі Сәкен Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, әлеуметтік ерекше қызметі ескеріліп, оған Еңбек Қызыл Ту ордені берілді. Сталиннің жеке басына табыну кеселінен жазықсыз жалаға – репрессияға ұшыраған Сәкен Сейфуллин 1938 жылы 26 ақпанда мерт болды. Әкесі Сейфолла репрессияға ұшырады. Сәкеннің тұңғыш «Өткен күндер» өлеңдер жинағы Қазандағы «Матбуғат Кәримия» баспасынан басылып шыққан. Кітапқа енген өлеңдердің әлеуметтікқоғамдық мазмұны, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, поэтикалық-ақындық қуаты қаламгердің табиғи үзік талантын, азаматтық позициясын, пәлсапалық дүниетанымын анық көрсетіп береді. Бұл тұста баспадан кітап болып шығып жатқан қазақ жазушыларының шығармалары некен-саяқ, ұлы ақын Абай туындыларының басылғанына не бары бес-ақ жыл өткен еді. Сәкен жинағындағы өлеңдер идеялық тұрғыдан алғанда ағартушылық, демократтық бағытта, сыншыл реализм әдісінің арнасында жазылғандығын көреміз. Жас ақын қазақ өміріндегі, халық тұрмысындағы маңызды әлеуметтік тақырыптарды көтеріп, оған көркемдік, эстетикалық талдау жасайды. Патша отаршылығы, қазақ елінің қараңғылықтан көзі ашылмағандағы, қазақ байларының надандығы мен топастығы, өздері бірікпей, жан-жаққа тартқан ел басшыларының берекесіздігі, тектес саяси-әлеуметтік тақырыптарды қозғау, кедейлік, жоқтық зардаптары, білімге үндеу оларға халық мұраттары тұрғысында жауап іздеу жас ақынның азаматтық ой-өрісін көрсетеді. Бұл идеялар «Мұра», «Түс», «Кім басшы аға халыққа», «Қазақ сабағы», « Надан бай», «Жетімге», «Інішегіме» өлеңдерінің бәріне тән. Оқу - білім қуып, жастай қалға кеткен жас өспірімнің елге деген сағынышы, туған жерге деген махаббаты, ауыл көріністерін, ел тұрмысын, этнографиялық жәйттерді бейнелейтін «Жайлауға көшу», «Жайлауда қымыз ішу», «Айт күні» өлеңдерінен жақсы көрінеді. Бұл туындыларда есте қалар қанық бояумен салынған табиғи суреттер, бірте-бірте жойылып бара жатқан, қазақтың кешегі өмірінің белгілері - өткен күндер картиналары бар. Ұшқын атқан алғашқы ғашықтық, махаббаттың нұрлы сәулесін жырлауға да жас ақын қаламы бейім, бұл ретте Абай ықпалы мол. Әлеуметтік айқын позиция, халықтық идея, бейнелі тіл орамы, мәдениеттің өлең кестесі бар «Өткен күндер» жинағы қазақ әдебиетіне тегеурінді талант келгендігінің айғағы болды. Сәкен Сейфуллиннің құнды еңбектері жайлы «Аққудың айырылуы» поэмасында ақын аллегориялық тәсілмен көркем ой айта білген, мәңгілік махаббатты жырлаған. Бас аяғы жұп жұмыр ықшам, келісті туындының ширақ сюжеті, жымдасқан композициясында назар аудару керек. Алдымен Арқадағы 147


құмы маржан, суы күміс, айнала көк кестелі, шайы шымылдық, жасыл құрақты айна көлдің суреті беріледі. Лирикалық кейіпкер анда санда демалысқа осында келер еді. Қызғыш, тауқұдырет, шағала, сұқсыр,қасқалдақ, үйрек секілді көлді мекендеген құстар сәнді болғанымен, бұл мекеннің толымды суретін бере алмайды. Аққудың келуімен көлде жаңаша, әсем тіршілік пайда болады. Қос аққудың махаббат мейрамы басталады. Ақын бұл құбылыстыкөз алдыңызға дәл келтірердей жанды, тірі, динамикалыкартина жасайды. Сұлулық, гармония, табиғаттың тамаша жаратылысы айдын көл, оның бетіндегі шашақты толқындар, суда қалқи жүзе жүріп, сүйіспеншілік ләззатымен балқыған қос аққу мұнын бәрі әсерлі, образды бейнеленеді. Қамыс арасында тығылып тұрып, сұршамерген бір аққуды атып алады. Сөйтіп қас қағымда табиғаттың ғажап жаратқан асылы сұлулық символын мерт қылады. Жалғыз қалған екінші аққудың қиналысын ақын кең толғап, ақыры оның өзін өзі биік көктен тастап жіберуін үлкен трагедиялық күшпен суреттейді. Бірінсіз бірі тірлік ете алмайтын аққу құстардың қасиетін ақын үлкен символдық идея, махаббат идеалы, сүйіспеншілік мұраты ретінде асқақтата бейнелейді. Сәкен Сейфуллин өз шығармашылығында азаматтық позицияны бірінші қатарға қойған, өнердің әлеуметтік, тәрбиелік мәнін аса қатты құнттаған, шығармалары арқылы қоғамға қолма қол ықпал жасауды ойлаған жазушы. Оның барлық жанрдағы туындыларының басты бір ерекшелігі өз заманының, уақыттың көкейкесті, актуальді мәселелерін көтеріп, соларға көркемдік идеялық саралау жасауында жатыр. Кезінде көп даудамай тудырған «Қызыл ат» поэмасында ақын өзі бұрыннан да әр» сәтімен қолданған, аллегориялық әдіспен Қазақстандағы коллективтендіру кезінде кеткен үлкен қателіктерді, солардың кесапатынан туған трагедиялық қиындықтарды, ащы шындықтарды жасырмай айтады. Ақын мен Қызыл аттың айтысына құрылған бұл туындыны қазақ поэзиясындағы ең уытты әлеуметтік сатира деуге болады. Саяси сауаттары төмен белсенділер әшкерлене сыналады, кей жерлерде аштық кеселінен адам шығындары болғанын патриот ақын жасырмай айтады. «Қызыл ат» поэмасында Сәкен Сейфуллин өмірдің трагедиялық қайшылықтарын ашық айтып, дәл бейнелеп, болашақ бағдарларды көрсетуге мүмкіндік беретін, әр түрлі көркемдік формаларды, шарттылық тәсілдерді пайдаланды. Қазақ әдебиетіндегі ерекше туындылардың қатарында Сәкен Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романы да аталады. Алғашқы тараулары 1922 жылдан бастап «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланған бұл шығарма тұңғыш рет 1927 жылы жеке кітап болып басылды. 1936 жылы роман екінші рет баспаға әзірленгенде, автор оны елеулі өндеуден өткізген. Осы нұсқа бірнеше рет қайта басылды. Туынды орыс тілінде аударылды. Жазушы шығармаға арнап жазған «Беташар» деген алғы сөзде «Мақсұт 1916 жылдары болған тарихи қозғалыстың, ұлы өзгерістің Қазақстандағы өзім көрген, өзім білген, оқиғаларынан баспа жүзінде әйтеуір із қалдыру болды» дейді. Шынында автор осы алға қойған жазушылық міндетін түгел орындап шыққанын көреміз. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының танудың технологиясы. Мектепте дастан оқыту мәселесі Сәкен Сейфуллин поэтикасында символ 148


дәрежесіне көтерілген бірнеше тұрақты образ бар. Олар асау тұлпар, қызыл сұңқар, аққу, домбыра, экспресс, альбатрос, сырсандық, толқын. Осылардың ішінде сұлулық, тазалық идеалы ретінде алынатын бейне аққу. Бұл образ «Көкшетау» поэмасында, «жемістер»повесінде кең суреттеледі. Романның «Тар жол, тайғақ кешу» деген аты автордың идеяны ашуда образдық, символдық рөл атқарса, жеке тарауларға берілген аттарда саяси, көркемдік дәлдік бар. Шығарма Омбы семинариясын бітіріп, 1916 жылы Ақмола уезіне келіп, Бұғылы еліндегі ауылдық мектепке мұғалім болып тағайындалған жас Сәкен Сейфулиннің оқу басталғанға дейін жалпы Россияда өтіп жатқан санақ жұмысына қалай орналасқанын баяндаудан басталады. Туындыдағы барлық негізгі сюжетті ақынның өзі бастан кешкен, не өзі көзімен көрген, не өзі естіген оқиғалар жүйесі құрайтындықтан, шығарманың автобиографиялық, тіпті мемуаралық сипаты сезіліп тұрады. Мұнын үстіне Қазақстан өміріндегі аса маңызды әлеуметтік қоғамдық істер, күрделі тартыстар, дәлірек айтқанда, 1916 жылғы ұлт азаттық қозғаласы, төңкеріс жылдарының көрінісі, нақты дерекпен, объективті тұрғыда көрсетілгендіктен де бұл туындыда саяси роман қасиеттері мол. Әр түрлі партиялар программаларын, түрлі қоғам қайраткерлерінің дүние танымын, мақсаттарын, заман шындығын дәл беру үшін жазушы тарихи деректерді, газет материалдарын өзгеріссіз қалпында, цитата түрінде алып отырады. Ондай көркемдік тәсілдер шығармаға көсемсөз, журналистика элементтерін ендірген. Осындай жайттар «Тар жол, тайғақ кешуді» тарихи мемуаралық роман деуден гөрі, деректі саяси роман қатарына қосуға көбірек негіз береді. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын тыңғылықты оқи отырып саралайтын болсақ, дүниедегі сұлулықты ақынның өлең жолдарымен сипаттауға болатындай көрінеді. Сондықтан да ұлттық әдебиетімізде қайталанбас қолтаңба қалдырған ақынның орны қашанда ерекше болып қала берері сөзсіз. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Алаш және Сәкен. 2 Сәкен Сейфуллин қай жылы, қайда туылды? 3 Сәкен атаман Анненковтің "азап вагонында" қанша уақыт болды? 4 Қай семинарияда оқыды? 5 Сәкеннің алғашқы шығармалары. 6 Ақын туралы жазылған еңбектер. 7 Сәкеннің прозасы. 8 Ақын шығармаларының тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері. 9 Сәкеннің дастандары. 10 Ақынның қоғамдық қызметтері. 11 «Тар жол, тайғақ кешу» шығармасы хақында. 12 Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы. 13 Қай журналдардың редакторы болды? 14 1917 жылы жазған «Бақыт жолында» драмасының мазмұны мен идеясы. 15 «Қызыл ат» поэмасындағы көтерілген мәселе, пьесаның көркемдік ерекшеліктері. 149


Өздік жұмыс тақырыптары: 1. Сәкен Сейфуллиннің шығармаларындағы сұлулықты жырлауы. 2. Сәкеннің жан жақты білім алуы, азаматтық әлеуметтік көзқарастары. 3. "Аққудың айырылуы" атты символикалық көркем поэмасы. 4. Сәкен Сейфуллиннің қоғамдык ой-пікірі, әдеби-мәдени тарихымыздағы орны. 5. Сәкен Сейфуллин шығармашылығындағы азаматтық позициянының көрінісі. 6. Сәкеннің елге деген сағынышы, туған жерге деген махаббаты, ауыл көріністерін жырлаған шығармалары. 7. Ақынның ел тұрмысын, этнографиялық жәйттерді бейнелейтін туындылары. 8. Сәкеннің поэмалары. 9. Сәкен көркем прозашы. 10. С.Сейфолланың драматургиясы. 11. Сәкен сүйген арулар. 12. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер. 13. Ұшқын атқан алғашқы ғашықтық, махаббаттың нұрлы сәулесін жырлауы. 14. Сәкен және Абай. 15. Сәкеннің қоғамдық қызметтері. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 С.Сейфуллин. Шығармалар жинағы. 1-6т. Алматы, 1964. 2 Т.Кәкішев. С.Сейфуллин, Алматы, 1997. 3 Т.Кәкішев. «Сәкен Сейфуллин.Өнегелі өмір», Алматы, 1996. 4 Т.Кәкішев. Сәкеннің соты. Алматы, 1994. 5 Е. Смалов Ақын және революция, 1964. 6 Ә.Тәжібаев Өмір және поэзия, 1998. 7 Сәкен Сейфуллин, Тар жол тайғақ кешу романы, 1977. 8 Қазақ әдебиетінің тарихы Үшінші том, 1979. 9 С.Қирабаев, Қазақ әдебиеті,1989. 10 Т.Кәкішев, Октябрь өркені, 1956. 11 С.Қирабаев Сәкен Сейфуллин, 1962. 12 Қ.Мумалиев, Стиль және өнер ерекшелігі, 1996.

Бейімбет (Бимұхамед) Майлин (1894-1938) Бейімбет (Бимұхамед) Жармағамбетұлы Майлин XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Болашақ қаламгер 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. 150


Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьп, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Сөйтіп, ол жоқшылық зардабын өзі де әбден біліп-танып, кәрі әжесі мен анасының зарлы кейістіктерінен, құдайға шағынуларынан тітіркене тұшынып өседі. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек. Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен сабақ алады. Содан кейін 16-18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап қалмай, 1913-1914 жылдары Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет'') мектебін бітірген соң, 1914 жылы Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияға түседі. Онда әйгілі оқымыстылар, жазушылар Мәжит Ғафури, Ғалымжан Ибрагимов (бертінде - 90-жылдардың басында қайтыс болған) дәріс беретін. Әйгілі башқұрт жазушысы Сайфи Құдаш пен Мағжан Жұмабаев та осы медреседе қатарлас оқыған. Медреседе шығып тұрған "Садақ" атты қолжазба журналдың 1914 жылы 3-санында Бейімбеттің тұңғыш туындысы - "Шұғаның белгісі" хиқаяты жарияланады. Проза жанры қазақта енді ғана тәй-тәй тұра бастаған кезде жиырма жасар жігіттің бірден осыншалық көркем, әсерлі хикаят жазуы зиялы қауымды таңтамаша қалдырады. Бұл хикаят өзінің барша асыл қасиеттерімен осы күнге дейін тамсандырьш келе жатқан татымды туынды болып қалып қойды. Бейімбет сол жылдары орыс тілін үйреніп, орыстың классикалық әдебиетімен танысады. Бірақ ол денсаулығына байланысты оқуын аяқтай алмайды. Емделу жағдайымен Троицкіге барады (1915ж.), ондағы "Айқап" журналына өлеңдер бастырып, журналдың шығарушылары: Мұхамеджан Сералинмен және дарынды ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровпен жүздеседі. Ауылында мұғалім болып жүрген кезінде қазақ жастарын майдандағы қара жұмысқа алу туралы 1916 жылғы аты шулы патша жарлығына қарсы бүкіл ел көтерілгенде, Бейімбет Майлин ұлт-азаттық көтерілісін жақтап, азаматтарды атқа қонуға шақырған өлеңдер жазады. 1917 жылғы ақпанда патшаның тақтан түсуін, қазақ елінің азаттық алуына мүмкіндік туды деген оймен, қуана қарсы алады. Елді мал деп, мансап деп, немесе бай, кедей болып бөлініп, ала ауыз болмай, тұтас ұлттың мүддесі жолына жұмылуға шақырады. Б.Майлин 1923-1937 жылдары аралығында «Ауыл», «Еңбекші қазақ», «Ауыл тілі» газеттерінің әдеби қызметкері, редакторы, қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Б.Майлин поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында, «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде жарияланған алғашқы өлеңдерінен бастап-ақ ел өмірінің сан-салалы көкейкесті мәселелеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң-мұқтажын, арман-аңсарын, әсіресе азаттық, теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Б.Майлин сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс 151


бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алды. Қаламгер қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосты. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады. Б.Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінеді. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет Майлин шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер. Оның 15-ке тарта повесі бар. Алғашқы «Шұғаның белгісі» повесі қазақ прозасының классикалық шығармаларының бірі болып табылады. Жазушының «Берен» повесінде бұрын сауатсыз ғұмыр кешкен қазақ қызының оқып, білім алып, халық ағартушысы болғаны суреттеледі. Ал «Азамат Азаматыч» романына қазақтың жаңа ұлттық интелегенциясының қалыптасуына арқау болған. Сонымен қатар, XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ ауылының тарихи өзгерістері, адамдар танымының түрлі құбылыстары аяқталмай қалған «Қоңсылар», «Тартыс» романдарында көркем суретеледі. Қаламгер драма саласында 25-тей пьеса, либретто, сценарий жазған. «Шаншар молда» атты тұңғыш пьесасынан бастап бір және екі актілі «Ауыл мектебі», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Талтаңбайдың тәртібі», «Жасырын жиылыс», «Шұға», «Майдан», «Жалбыр», «Амангелді», тағы басқа драмалық шығармалары бар. «Амангелді» сценариі бойынша (В.Иванов, Ғ.Мүсіреповпен бірге) кинофильм түсірілді. «Жалбыр» либореттосы бойынша опера (музыкасы Е.Брусиловскийдікі) қойылды. Бейімбет Майлин шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады. Замандастары: «Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді», - деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста қырықтың төртіне жетер-жетпесте дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында С.Сейфуллин, I.Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Қазақтың маңдайына сыймай кеткен аса дарынды да иманжүзді азаматы Бейімбет Майлиннің трагедиялық тағдыры мен қаламгерлік дарынын бірнеше зерттеуші ғалымдар зерделеуде, солардың бірі танымал ғалым Тоқтар Бейісқұлов. Ол «Бейімбет Майлин публицист» деген шағын кітапшасынан кейін әр кездері «Қанатты қаламгер», «Дарын даралығы», «Бейімбетті атқан кім?», «Қилы заман азабы», «Бейімбет Майлин және ұлттық өнер» кітаптары мен «Би аға» естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Б.Майлин «Еңбекшіл қазаққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалаларымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім 152


меңгерушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген. 1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Б.Майлин секілді жеті-сегіз адам жетекшілік еткені мәлім. Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының бас редакторы болып істейді. Бейімбет Майлин – ақын: әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.Сонымен қатар, Бейімбет Майлин – реалист. Оның поэзия, проза драматургия салаларының қайқайсында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық; ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес. Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін, сырсипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға болмайды. Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін тотының түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз. Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі ең жеңілі, ырғағы, ұйқасы... - Абай реформаларынан көш кейін жатады. Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген «Бейімбет – қазақ өлеңінің асқан шебері» деген пікірде ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда өлеңдерінде бәсең, әлсіз. Олай болса, Майлин поэзияның қадір-қасиеті неде? Екі нәрседе – жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден, Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді. Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты. Осы екеуінің үстіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды (әлсіз әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығының өзгелерден оқшау тек өзіне ғана ерекшелігі белгіленеді де, оның жоғарыда айтылғандай, қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі анықталады. Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма! Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да! Азын-аулақ миың болса басыңда, 153


Партия, штат, дау - шарыңды қой, қазақ! - дейді. Бұл сөздің бүгінгі күн үшін де ешбір ескірмегенін дәлелдеп жату артық. Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Ол - бүгінде де қазақ оқырмандарының ең көп оқитын, қызығып оқитын жазушыларының бірі. Қазақ прозашыларының қазіргі таңдаулы саңлақтары Бейімбет Майлинді өздеріне ұстаз санайды және оның шеберлігінен үздіксіз үйренеді. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Бейімбет қаймағы бұзылмаған қазақ ауылында туып, өсті. Қазақ төңкерісіне дейінгі, Кеңес өкіметі үшін күрес аласапыранында, өзі жазықсыз жазаға үшырағанға дейінгі кеңестік кезеңде реалист суреткер басқа тақырыптарға алаңдамай, өзіне жақсы таныс, өзі қалың ортасында ғұмыр кешкен сол ауыл тіршілігін өз шығармаларының арқауы етіп алады. Өзі сияқты ауылдан шыққан және ауыл өмірін ешкімнен кем білмейтін біраз қаламдастары қаланы, зауыт пен фабриканы, жұмысшы табын шығармаларына тақырып етіп жатқанда, саясат соған үндеп жатқанда, Бейімбет еліге қойған жоқ. Мұны оның ауылдан ұзап шыға қоймағандығынан деп түсіндіруге болмайды. Бұл оның талантының өзіндік сипатына, шығармашылық бейімділігіне, өзіндік таньм-түсінігіне байланысты еді. Осы мәселе жөнінде оның өзі де 1931 жылы: "Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді. Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ" деп жазған. Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған күш не екенін мына шумақан анық көруге болады: Сенің зарың - зарлайтыным өмірде, Сенің арың - арлайтыным өмірде. Сен жыласаң - көзден жасым тамшылар, Сен қуансаң - қайғы, шерім аршылар. "Кедейге" деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті. Ал "Ұлы күн" өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де айтады. Жырлағаным - кедейдің жыры, Сырлағаным - кедейдің сыры. Сырым да бір, жырым да бір, Мен-дағы сол кедейдің бірі. Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі — кедейдің көзімен қарайды. Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп-төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен жіктер өкілдерінің ой-санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы. 154


Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық тұрғысынан көрсетеді. Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде ақ: Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой! Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой! Қолды созып, бойды жазып жүргізбей, Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, - деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып, "жалыңдаған жүрегін сендіретінін" күйіне жазған. Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал- "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп: Барлық қазақ иемденіп жұмақты, Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын. Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл-сықағы келе-келе поэзиясының күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді. Ақын өз талантының осы ерекшелігін сүйіне сомдаған кейіпкері Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін суреттегенде молынан пайдаланады. Мырқымбай образының сәттілігі, тартымдылығы көп жағынан ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына байланысты. Жазушы бұрын табан астында жаншылған қараңғы ауыл кедейінің замана үрдесіне ілесіп, еркіндікті сезініп, ел қатарына қосылу барысын шынайы, нанымды, тартымды бейнелейді. Оның атының өзінде жинақталған ұғым, астарлы мағына бар. Қазақтар елеусіз, ескерусіз біреуді Мырқымбай ғой, Мырқымбайлардың бірі ғой дейді. Мына Мырқымбай - сол жүздеген, мыңдаған Мырқымбайлардың 20-жылдардағы қат-қабат өзгерістер барысындағы тағдыр-талайының мәнді белгілері іріктеліп жасалған ортақ бейнесі. Лауға ат сұраған ауылнайға тіл тигізіп, ожарлық көрсеткен Мырқымбайға әкесі: Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!.. Бай, бай, бай, бай! Жарым ес-ай! Құның ба еді Бір шолақ тай! - дейді. Ал Мырқымбай бұған: Әке-ау, мұның не? Ауылнай құдай ма еді? Әкімді құдай деп, шұлғимыз да отырамыз ба? - деп жауап береді. 155


Реалист жазушы шындық шеңберінен шығып отырған жоқ. Бұл кездегі, яғни 1922 жылғы Мырқымбай одан бес жыл бұрынғы байға бағынышты, болыстың сөзі, қылығы болатын Мырқымбай емес, өмірдегі жаңа өзгерістің өзіне қатысты жақсы жағын сезініп, еті тіріле бастаған. Алдына қойған мақсаты үшін күресу сезімі оянған, бірақ ол күресуді қарсы келгенмен жағаласа кету, қисық сөйлеп, қыңырлығын көрсету, бет бақтырмау деп біледі. Одан арғыға білігі жетпейді. Ал әкесі баласының әлгіндей қылығына күйіп-піседі: Бар, шақырып кел! Сары атты бар! Қол қусырып, аяғына жығылсаң, Ашуын тастадым дер! - дейді. Бірақ тоң мойын бала әке ақылын алмайды: - Бара алмаймын. Оған пенде бола алмаймын! Тентіретіп жіберсең де, Бұл тіліңді ала алмаймын! - деп, алған бетінен қайтпайды. Бейімбеттің әр кезде Мырқымбайға арналған жиырма шақты өлеңі арқылы Мырқымбайдың өсу, өзгеру жолы, мінез-құлқының әр қыры дәл, нанымды, өзінше өзгеше суреттеледі. Сөйтіп, Мырқымбай бейнесі сомдалып, типтік, барша Мырқымбайларға ортақ бейнеге айналады. Міне қарапайым кейіпкерлерді шебер суреттеу арқылы артында өшпестей рухани мол мұралар қалдырған дарынды жазушы өз заманындағы солақай саясаттың салдарынан жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде нені жырлайды? 2 "Кедейге" , "Ұлы күн" деген өлеңдерінің тақырыбы мен идеялық мазмұны. 3 Кедейдің типтік бейнесін табиғи сомдаған туындылары. 4 "Шұғаның белгісі", "Раушан - коммунист" хиқаяттары. 5 «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде қай жылдары қызмет етті? 6 Басқа қандай баспасөздерде басшылық қызметтер атқарған? 7 Жаңа заман әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыстіршілігін зор шабытпен жырлаған шығармалары. 8 Көзі тірісінде Б. Майлиннің қаншаға жуық жеке кітабы шыққан? 9 1934-1937 жылдары қай газеттің редакторы болып қызмет атқарған? 10 Майлиннің ақындық қызметі қай шығармасынан басталады? 11 Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қай қолжазба журналында тұңғыш қандай өлеңі жарияланған? 12 Қаламгер драма саласында қаншаға жуық шығарма жазған? 13 Қай жылы нақақтан қамауға алынып, қай жылы атылды деп жүрміз? 14 Тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақтың маңдайына сыймай кеткен аса дарынды тұлғасы. 156


15Бейімбет Майлиннің трагедиялық тағдыры мен қаламгерлік дарынын зерттеуші ғалымдар. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Бейімбеттің қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін суреттеуі. 2 Бейімбеттің ауыл адамдарының мінез-құлқын шыншылдықпен жанжақты бейнелеуі. 3 Оның қазақ поэзиясының тарихындағы өзіндік орны мен үлесі. 4 Бейімбеттің "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Неке қияр", т.б. драмалық шығармалары хақында. 5 Бейімбет Майлин шығармалары - қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына. 6 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында С.Сейфуллин, I.Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болуы. 7 Қазақтың маңдайына сыймай кеткен аса дарынды да иманжүзді азаматы Бейімбет Майлиннің трагедиялық тағдыры. 8 Бейімбет Майлиннің қаламгерлік дарынын зерттеуші ғалымдар. 9 Бейімбет - реалист жазушы. 10 Бейімбет Майлин – публицист. 11 Бейімбет және ұлттық әдебиет. 12 Бейімбет Майлин – поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. 13 Қазақ прозасында әңгіме жанрының Бейімбет Майлин шығармалары арқылы кемелденуі. 14 Бейімбет шығармалары арқылы казақ қыздарының бейнесінің сомдалуы. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002. 2 Әбдіманов Ө. “Қазақ” газеті. Алматы, 1993. 3 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. А., 2003. 4 Би аға. (Бейімбет Майлин туралы естеліктер), Құраст.Бейісқұлов Т, А.,1991. 5 Бейісқұлов Т. Қанатты қаламгер. А., «Жазушы», 1984. 6 Бейісқұлов Т. Дарын даралығы. А.,1994. 8 Бейсенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. А., 1997 9 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. А., «Ғылым», А; 1992. 10 Жармағамбетов Қ. Бейімбет Майлин А., ҚМКӘБ, 1961. 11 Кенжебаев Б.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Алматы,1993. 12 Мақпырұлы С, Сыдықов Т. Қазақ әдебиеті. ІІ бөлім, Астана., 2007. 13 Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. А., «Жазушы», 1966. 14 Омаров І. Бейімбет хақында бірер сөз. Кітапта: Әдеби толғамдар. А., 1990. 15 Шалабаев Б. Қазақ романдарының тууы мен қалыптасу тарихы. А., 1994.

157


Ілияс Жансүгіров (1894 -1938) Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) дүниеге келген. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінеді. Өз үйінде әкесінен хат танып, молда алдын көрген Ілияс жүйелі түрде білім алмақ болып Алматыға келеді, мұғалімдер институты жанындағы қысқа мерзімді курста оқиды. Жас азамат Қазақ ағарту институтында, Жетісу облыстық "Қосшы" комитетінде, губерниялық оқу бөлімінде, "Тілші" газетінің редакциясында қызмет етеді, ауыз өдебиеті үлгілерін жинайды. Газет - журналдарда алғашқы өлеңдері басылып шыға бастайды. 1928 жылы "Сағанақ" деген тұңғыш кітабы шығады. Ілияс Жансүгіров 1925-1928 жылдары Москвадағы Коммунистік журналистика институтына түсіп, орыс, Европа классиктерінің шығармаларын тереңдеп оқиды. Бұл тәжірибе ақын талантының жарқырай ашылуына әсер етеді. Елге оралған соң "Еңбекші қазақ" газетінде істеп, 1934-1935 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы болады. 1935-1937 жылдары көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. КСРО жазушыларының I съезіне қатысады. Ол 1927-1938 жылдары өндірте жазып, поэзия, проза, драматургия, сын, аударма саласында жиырмадан астам кітап шығарып, артына мол өдеби мұра қалдырды. Ақынның эпикалық шығармаларындағы бейнелеу тілінің байлығы, сонылығы, стиль өрнегі, құйылған сөз тасқыны, адуынды күші Ілияс Жансүгіровті қазақ халқының сүйікті қаламгерлерінің бірегейі етті. Ілияс Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.АНекрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне мен В.Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына 158


Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғаның дәлелдеді. Қазіргі таңда Республикамызда бірнеше мектеп, көше, аудан, шаруашылыққа, Талдықорған қаласындағы Жетісу Мемлекеттік университетіне оның есімі берілген. Сол қалада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдеби-мемориалдық мұражай жұмыс істейді. Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын иесі. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді. Ілияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу - 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер - Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. Ақынның тұнғыш кітабы шыққаннан жазықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10 жылға жетер-жетпес аралықта Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін "Жолдастар" атты пьесаларымен байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен "Жетісу суреттері", "Гималай" атты керемет көркем жыртолғауларына қоса, артынан "Дала", "Күй", "Күйші", "Құлагер" сияқты классикалық поэмалар беріп, ақындық шыңына көтерілді. 159


Көзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады. Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыстіршілігін, азаттықты көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді. Ілиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасов-тың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды. Ілияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге. Бүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті жазушыларының қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын халық қастерлеп, жастайынан жаттап өсуде. Жалпы қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген "Әнші" өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы "Күйші" мен "Құлагер" сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды. Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі - өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін: Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы Қазақта қобызшының қалғаны сол, Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, - деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні сезіледі. Осы "жарықшақ үні тозған қаңсыған", "еңкейіп екіндідей күні кеткен" шалыңыз кім десеңіз: Қобызшы ол "Ақ көбікті" аңыратқан Боздатып "бозінгенді" күңіренткен

160


Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған "Бозінген" күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз. Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі "Күйші" поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден тау өзенінің арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық, Жетісудың ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда. Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыкқан салт атты, сабау қамшылы бір жігіт сондай той-думанның біріне тап болады. Бар жақыны - жар дегенде жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Ешкім есімін ауызға алмайды, сірә білмейтін болса керек. Бірақ сол аты жоқ Сарыүйсініңіз осында жиналған хан мен қараны тамсандыруда: Аңқытып ақ орданың бір жағында Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп, Құмар қып тартқан күйдің ырғағына. Оның күйін тыңдаған жұрт: Жып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей, Құрыштап құлақтарын үн кескендей. Сылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ, Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей. Оның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды." Асан Қайғы", "Теріс қақпай", "Сарыөзен", "Бозінген", "Қаражорға", "Қорамсақ" күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен ел тарихын елестетеді. Осыларды автор: Анқылдап алтын күрек домбырадан Құйып тұр жазғы жылы жаңбырдай боп, - деп суретті сөзге көшіреді. Табиғат тып-тыныш бола қалды. Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп, Қамыстан жолбарыс та ыңыранды. Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына, Бұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына. Мақұлық жерде, көкте маужырады. Қараған бір жан болмай шаруасына. Су ақпай, жатты толқып арнасында, Қарғалар қалқып қалды жар басында. Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт, Тырп етпей тілеулес боп зарласынға. Осылайша, адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы - " Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы" Қарашаш — ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не 161


күйге ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Құлағында хан Кененің: Үйсіннің ерулігі болар бізге, Бергенім басы бүтін байлап басын, - деген мұздай сөзі. Поэмаға өзек болған негізгі идея - қазақ халқының тоқсан тарау, яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі. Ә дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл дүниежиһазбен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді: Қара қас, қылан қабақ, кер кұба қыз Қарашаш, алмас сағақ, құралай көз. Сырықтай ордадағы сымдай бойы, Талшыбық қыпша белдің өзі нағыз. Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз, Ақ қоян, бозша, байтал, ақша нар қыз. Қымыздай балға ашытқан тәтті қыз,- болып көрінеді. Оңаша тыныш сәнді отауда осылай елестеген сұлу Қарашаш Күйшінің жүрегінде ғашықтық отын жандырып, құштарлық сезімін лаулатады. Осыдан кейін үйреншікті күй тілі кенет жаңа, сұрапыл, ыстық тасқын боп бұрқайды. Оқырман жалынды жаңа саздың туу сәтінің куәгеріне айналады, өнер психологиясын аңдайды. Күйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін жаңа шығарма тудырған шабыт құшағындағы кезі былай суреттеледі: Саусақтар ойнап, орғып, қаздаң қағып, Суырып ішек тілін, мұңын шағып. Жүйріктің шын күйі келгенінде Шығаннан шыға шаппай тұрсың нағып. Асқақтап, кейде күйді көкке өрлетіп, Алыстап, шырқап, сілтер, әрі кетіп, Қайырып, қалықтатып, қайта оралтып, Бірден-бір ақырын-ақырын төмендетіп. Ызғытып, өлке өрлетіп, баяулатып, Соқтырып кейде боран дауылдатып, Көңілдің асқарынан тұманды айдап, Артынан нөсерлетіп, жауындатып... Күй ырғағын, әуен-сазын айнытпай бейнелеп, нөсерлеткен, тасқындай үдей жөңкілген сөз түйдектері кім-кімді де тырп еткізбей, баурап алады. Домбыра бебеулетті, безілдетті, Кернетіп кең даланы кезіп кетті. Біресе қашағанды қырда қуып, Ән шырқап қоңыр түнде, қой күзетті,дейді тағы да. 162


Қазақ күйінің табиғатын қазақ болмысының көрінісі, қимыл-әрекеттерімен мұншама дәл бейнелеу үшін солардын бәрін керемет сезімтал жанмен білу және асқан талант қажет екені көрінеді. Сұлу қызға көңілі кеткен күйші неше алуан сезім толқындарын, күшті психологиялық толқуларды басынан кешіреді. Сондай сәттерде күйші жігіт біресе түлкі алатын құмай тазы, аққуға түскен тұйғын құс тұрпатты періге де айналып, ханшаны Алатаудың үстінен алып ұшып, жеті дариядан аман өтіп, алтын тауға апарып, кұшып та жатады. Ал қиял қанаты талып, өзінің шын болмыстағы отырған жеріне оралғанда: ханша - Қарашашты, қарашы Сарыүйсін - өзін көреді. Арадағы тұңғиық әлеуметтік теңсіздікті көреді. Күй құдіреті Қарашашты да балқытып, құштарлық жалынына шарпытып, бір сәт басқа дүниенің бәрін ұмыттырып жібереді. Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен? Күйшім боп өміріне жүрсін бе екен? Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой? Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен? Бұл сорлы күйді неге үйренді екен? Күй ата бұған дарып жүрген бе екен. Қарашаш мұны қалап алдым десе, Хан Кене намыстанбай, ти дер ме екен? дейді бұл сәтте. Бірақ ол да өзі отырған үйдегі шын өмірге оралады. Жоқ, болмас, ауырдым ба, жындандым ба, Қараға хан затымды былғармын ба. Бұл менің басыбайлы бір малайым Тиюге енді маған құл қалды ма?! Екеуі де ғашықтық құштар сезімнің құшағында өздерін- өздері арпалысқа түсірген психологиялық тартыс желісін Сапақ оқиғасы үзіп жібереді. Күйші мұның қайсысы - өң, қайсысы - түс екенін ажыратудан қалған. Қарашаштың төсегіне барған мен шығармын, біткен жерім осы болар деп, өлі мен тірінің арасында тұрғанда, Қарашаштың домбырашыға тап берген қызметшісіне: "Қолыңды қоқаңдатпа' күйшіме!" - деген әмірін құлағы шалып, жан шақырады. Қарадан шыққан жігіт Сапақ бізді басынды деп, болған-болмағаны белгісіз болымсыз бірдеңе үшін күллі елді қынадай қырып тастағалы отырған ханшаға Кене "қой" демейді, бөлтірікке бөрі ырық береді, арыстан тісі ақсиып , сырттан барлап отырады. Ақыры амалы құрыған, қалың жұртты босқа қырғызғанша, жалғыз құрбандықпен құтылмақ болған үйсін пәлекеттен дулат Сапақты Қарашаштың алдын алып келеді. Қарашаш ақырғы сәтте демін ішіне алып, күйзеліп тұрған ел мен өлі-тірінің аралық халіндегі Сапақтың әкесі Әлімкұлга қарап: "Қайтейін қылышымды қандап соған. Көбіңе қидым", - деп Сапақты жөніне жібереді. Осы оқиғаның бәрін бастан аяқ көзімен көріп, Қарашаштың каһарына мініп, қан төкпек болғандағы айдаһар сықылды ұсқыны күйшінің жан дүниесінде орасан өзгеріс жасайды: кұмарлық сезімін де, одан от алған жүрек тербетер " жалын күйін де сөндіріп тастайды. 163


Поэмада әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет - өнер деген идеяны ақын тамаша суреттер, поэтикалық көркем образдар арқылы терең толғап жеткізген, сонымен қатар онда ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері, эстетикалық нысанасы ашылып, олардағы образдар, суреттер айқындалған. Соның бәрін ақынның қалай біле бергені таңдандырады. Және әрбір күйдің өзіндік сипаттарын ашық, бейнелеген кездегі басқа ешкім айтпаған, тек Ілияс қана қолданған, тапқан теңеу, образдар қаншама. "Қоғадай салбырасып, хан, қарасы, намазға ұйығандай отыр тыңдап", "домбыра айналаға, дүбір салды, адақтап жалғыз шапқан жүйрік аттай", "батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі бір домбыраға мінгескендей", "жыланнан сырға салған жолбарыс қыз", "қалтырап, қырау тұрып жүрегіне", "ыңыранып белі кеткен жолбарыстай", "толғантып тоқсан түрлі қыз көңілің, жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті", "Таратып тоқсан күйді жібердің деп" бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты", т.б. Ылғи осылай. Бұл теңдесі жоқ ғажайып поэмада: күй - өлеңге, өлең - күйге айналады. Ілиястың өзі ақын - сазгер мен сазгер-ақын болып кетеді. Күй мен өлең бір тілде сөйлейді. "Күйші" поэмасы - романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік туынды. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын қай жылы бітірді? 2 1934-1935 жылдарда қайда жұмыс атқарды? 3 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген өлеңі 4 Алғашқы жинағы қай жылы жарық көрді? 5 Ілиястың драма саласындағы туындылары 6 Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров қайда, қашан дүниеге келген? 6 Күйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін тұстарынан үзінді оқы 7 "Күйші" поэмасы - қандай сарында жазылған туынды? 8 А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса тағы қандай туындысын аударды? 9 «Дала» поэмасының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері 10 «Құлағер» поэмасының өзіндік ирімдері мен көркемдік шеберліктер 11 Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемді туындысын ата 12 Ілияс Жансүгіров шығармаларының зерттелуі 13 Қандай баспасөз беттерінде қызмет атқарды? 14 «Күй» поэмасының тақырыбы мен идеялық мазмұны 1 2 3 4

Өздік жұмыс тақырыптары: Ілиястың шығармашылығының көп қырлылығы мен алуан сырлылығы . Ілияс Жансүгіров - қазақ сөз өнерінің қайталанбас дарын иесі. І.Жансүгіров аудармалары. Күйші поэмасының көркемдік, тақырыптық ерекшелігі. 164


5 І.Жансүгіров - қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі. 6 Ілияс - қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында жазған бірегей қаламгер. 7 "Күйші" поэмасына өзек болған негізгі идея. 8 Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары. 9 «Дала» поэмасының мазмұны мен идеясы, көркемдік ирімдері. 10 Ілияс Жансүгіровтың драмалық шығармалары. 11 «Ілияс Жансүгіров - Қазақ поэзиясының Құлагері» тақырыбында шығарма жазыңыз. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Жансүгіров І. Шығармалар. ІІ том. А., 1960. 2 Бельгер Г. Этюды о переводах Ильяса Жансугурова. А., Ғылым 3 Талжанов С. Өткен күндер сөйлейді. А., Жазушы. 1979. 4 Қаратаев М. І.Жансүгіров. А., Жазушы 1961. 5 Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. А., Жазушы 1984. 6 Назарбаев Н. Қалың елім қазағым. А., Өнер 1998. 7 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана. Күлтегін. 2002. 8 Әділбекова Л. І.Жансүгіров прозасының идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Ф.ғ.к....диссер. – Алматы, 1998. 9 Иманғазинов М. І.Жансүгіровтың шығармашылық лабораториясы (прозалық туындылары бойынша). Ф.ғ.к.... диссер. автореф. – Алматы, 1998. 10 Әбілқақов М. І.Жансүгіровтың драмалық шығармаларындағы тартыс пен қаһарман. Ф.ғ.к.... диссер. автореф. – Алматы, 2003. 11 Османова З. І.Жансүгіров поэзиясы тілінің көркемдік ерекшеліктері. Ф.ғ.к….диссер. – Алматы, 2004. 12 Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010. 13 Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. – Алматы: Арыс, 2007. 14 Оразбаева Ф. Тіл әлемі. Алматы: – Ан Арыс, 2009. 15 І.Жансүгіров поэзиясындағы «қара» сөзінің қолданысы. «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2007. 16 І.Жансүгіров поэзиясындағы «ақ» сөзінің қолданысы. Профессор С.М.Исаев: Қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың теориялық және әдістемелік мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2008.

Қошке Кемеңгеров (1896-1937)

ХХ ғасыр басында алаштың елдік жүгін, бар ауыртпалығын мойымай көтерген үркердей ғана оқыған зиялылардың қатарында Омбы уезінде дүниеге келген Қошке Кемеңгерұлының алар орны ерекше. Қошке Кемеңгерұлы 1896 жылы 15 шілдеде сол кездегі территориялық бөлініс бойынша Ақмола облысы, Омбы уезінің Қаржас ауылында дүниеге келген. Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. 165


Кемеңгер Дүйсенбай, Дүйсебай есімді екі ұл сүйген. Дүйсенбайдың перезенттерінің аты: Доспағамбет, Тәшмағамбет, Нұрмағамбет, Мақыш. Ал Дұйсебайдан: Бекмағанбет, Жармағамбет, Құлмағанбет, Қошмұханбет (Қошке), Өсербай атты бес ұл, Нұржәмилә, Сәнипа, Ханипа есімді үш қыз тараған. Дүйсебайдың Қошмұхамбеті есейе келе қалам ұстағанда, жазғандарына “Қошке Кемеңгерұлы” деп қол қояды. Ата атын қадірлеу-қазаққа етене тән дәстүр. Сондықтан ғасыр басында “ұлы” деген қосымша бүгінде замандастарымыз арыла алмай жүрген “ов” жалғауының орнында қолданылған. Діндар Дүйсебай ерте жастан хақ жолына түсіп, бойдақ күнінде-ақ Меккеге барып келіп, қажы атанады. Осы қасиетті Меккеге барарда ол Атығайдың беделді мырзасы Қартабаймен сапарлас болады. Жас Дүйсебайды Қартабай қатты ұнатып, елге келгенде оған Жәмила есімді қызын өз қолымен ұзатады. Сонымен болашақ қаламгер көзі ашық, ауқатты, берекелі отбасында туып, жан-жақты тәрбие алған. Мұсылмандық парыздың ең негізгісі - баланы оқыту екенін жақсы түсінген Дүйсебай ұл-қызын түгел молда, мұғалімге беріп, хат танытады. Тек арапшамен шектеліп қалмай, орыс тілінде үйретеді. Қошке қисықтағы Қаржаста Белгібай молдадан оқыған Қошкені әкесі Омбы приход школына береді. Алғаш христиан дініне тарту үшін ашылған приход школдары мұсылмандардың ниетін аңғарғаннан кейін олардың балаларын “Божий Закон” сабағынан босатқан-ды. Жас Қошке осы школдан орыс тілін, басқа да пәндердің негіздерін үйреніп шығады. Мұнан кейін Қошке Омбының ветеринарлық-фельдшерлік школына түседі. Арнаулы оқу орны болғандықтан мұнда ол зоотехника, медицина негіздері бойынша сабақ алады. 1913 жылы аталған школдың 2-класын бітіргенде, Омбы ауылшаруашылық училищесіне түсуге аңсары ауады. Осы жылы аталған білім ордасына Қошкемен бірге Ахмет Әбдірахымұлы, Смағұл Қазыбекұлы, Мұхтар Саматұлы сынды шәкірттер де түседі. 1917-1918 жылдардағы саяси оқиғалар тұсында Қошке сергелдеңге түскен халық пен оқығандардың ішінде жүрді. Бұл кезде заман қатал, саясат құбылмалы еді. Осыған қарамай Алаш зиялылары сеңдей соғылысқан жұрттың арасынан бөлінбей, мәмілегерлік жолын іздеді. 1917 жылы сәуірде Қошмұхамбет Кемеңгерұлы Дінше Әділұлын ертіп, Ақмола облыстық қазақ комитеті атынан (Омбыдан) Ақмола қаласына келіп, уездік қазақ комитетін ашады. Оның төрағасы болып Сәкен Сейфоллаұлы тағайындалады. Қазақ комитетін құрушылар Ақмола шаһарында бірде медреседе, бірде қала басқармасының үйінде жиналып, аласапыран заманның қиындығынан халықты қалай аман сақтап қалу жолын ақылдасады. Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған “Жас қазақ” ұйымының жұмысына да қатысады. Бірақ облыстық қазақ комитеті мен уездік қазақ комитеті арасындағы кейбір маңызды мәселелер бойынша туған келіспеушіліктен соң және “Жас қазақ” басшылары Алаш Ордадан бойын аулақ салғаннан кейін 1917 жылы тамызда Қошке Омбыға қайтады. Сол жылы күз, қыс айларында Қ.Кемеңгерұлы Ақмола облыстық Алаш партиясы комитетін ашуға күш-жігер жұмсайды. Сөйтіп, өзі сол комитеттің мүшесі болады. Желтоқсанның 5-13 166


арасында Орынборда әйгілі Алаш Орда үкіметін жариялайтын ІІ жалпы қазақ съезіне делегат ретінде қатысады. Жас тұрғысынан жиырмадан енді асқан ол күрестен де, ізденістен де шет қалмады. 1915-1916 жылдары Омбыдағы қазақ жастары сол жағалаудағы Қаржаста жасырын жиналатын болса, 17-жылғы өзгерістен соң қала ішінде ашық мәжіліс құрды. Алғашқы бас қосулардың нәтижесі – 1918-1919 жылдары Алаш Ордаға қалтқысыз жәрдем берген, ел бірлігі мәселесінде біршама тиянақты жұмыс жасаған “Жас азамат” ұйымы мен газеті еді. Қошке осы ұйымның алқасына кірді, оның Қызылжар қаласында шығып тұрған үні – “Жас азамат” газетіне редактор болды. “Қазақ”, “Сарыарқа”, “Абай” сынды ұлттық басылымдардың ізбасары іспеттес “Жас азамат” бетінде алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалар нөмір құрғатпай шығып тұрды. Бұл газет большевиктердің имансыз әрекеттерін елге жария қылды. Сондай-ақ қиын кезде жастарды ауызбірлікке шақырды. 1919 жылы Қошке Омбы политехника институтына оқуға түседі. Мұнда ол бірінші курсты ғана оқиды. 1920 жылы Ақмола облысына (орталығы – Омбы) қарайтын Петропавл (Қызылжар) уезіне мұғалімдікке шақырылады. Мұнда ол жаңадан құрылған, аты заманына сай “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде дәріс оқи бастайды. Бұл шақта мұнда Мағжан да сабақ беретін. Осы оқуды тәмамдаған, кейін Омбыдағы қазақ педучилищесінің директоры болған Жүнісбек Жанғонақов естелігінде: “Курста 200 мұғалім оқыды. Қошмұхамбет жаратылыс пәнінен сабақ берді. Ол кісі әдебиет мәселесімен де шұғылданып жүретін еді. Қайсы уақытта өзінің жазған әңгіме, пьесаларын қолжазбасынан оқитын”, - деп жазады. Қызылжар қаласында Қошкенің драматургтік қабілеті де ұштала түсті. Осыған дейін “Әулие тәуіп” секілді пьесасын сахналатып үлгерген Қ.Кемеңгерұлы енді бұл саладағы шығармаларының тақырыбын кеңейтті. Оның қаламынан 1919-1920 жылы “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты қос пьеса дүниеге келді. Бұл екеуі де Қызылжардағы қалалық бақтың сахнасында қойылды. Ж.Жанғонақов 1916 жыл оқиғасы туралы “Қасқырлар мен қойлар” пьесасында өзі – урядник рөлін, ал кейін жазушы болған Сәбит Мұқанов – болыстың шабарманы рөлін ойнағанын айтады. 1923 жылдың көктемінде Қ.Кемеңгерұлының жеке өмірінде үлкен оқиға болады: ол профессор Зарницынның жетекшілігімен Қызылжар жерінде халыққа ем-дом көрсетіп жүргенде Мұхамеджанқызы Зурамен көңіл қосып, шаңырақ көтереді. Бұл кезде Қошке студент-практикант еді. Тағдырдың жазғанына не шара, 1924 жылы наурызда Зура бала үстінде дүниеден озады. Осынау трагедия Қошкені есеңгіретіп тастайды. Ақырында Қошке 1924 жылы Түркістан республикасының орталығы Ташкенттке кетті. Сол жылдары зиялылардың көбісі Ташкентке орнықты. Мұндағы саясат райы салыстырмалы түрде Орынбордан тәуір еді. Түркістанда өкімет басындағылардың ескі оқығандарға ықыласы бөлек болды. Х.Досмұхамедұлы 1922 жылы құрған “Талап” қауымына елшіл азаматтар топтасқан еді. Ғұмырының Ташкент кезеңі Қ.Кемеңгерұлы шығармашылығының тынысын кеңейтті. Ол Омбыда бастаған “Қазақ тарихынан” зерттеуін аяқтап, 167


Мәскеудегі “Күншығыс” баспасына тапсырды. Аталған баспадан сонымен бірге 1925 жылы қаламгердің “Бұрынғы езілген ұлттар” атты ғылыми еңбегі мен “Қазақша-орысша тілмашы” жарық көрді. Сөздікті түзуге Қ.Кемеңгерұлының жетекшілігімен Байғасқаұлы, Баймақанұлы, Дәулетбекұлы, Темірбекұлы, Сәрсенбайұлы қатынасқан. Қошке осы Ташкентте жүріп 2 кітаптан тұратын қазақ тілінен “Жабыропалықтар үшін оқу құралын” жазды. Оның біріншісі 1928 жылы Ташкентте, екіншісі 1929 жылы Қызылордада басылды. 1918-1919 жылы С.Садуақасұлы: “Жас талап Кемеңгерұлының прозасы келешегінен үміт күттіреді” деп жазғанындай-ақ, Қошке қаламынан оның өмірінің Ташкент жылдарында “Отаршылдық ұсқындары,” “Қанды толқын”, “Момынтай”, “Ерлік жүректе”, “Қазақ әйелдері”, “Жетім қыз”, “Дүрия”, “Назиха” тәрізді тумысы ерекше әңгімелер туды. Суреткер Қ.Кемеңгерұлы әріптесі Мұхтар Әуез, Жүсіпбек Аймауытұлы секілді прозада ұлттық нақышты сақтай отырып, көркем бейнелеудің биігіне ұмтылды. Қошке Кемеңгерұлы Ташкентте шебер журналист ретінде де қабілетқарымын аңғартты. Ол Омбыдан келісімен “Ақ жол” газетінде қызмет істеді, сондай-ақ ғылыми-танымдық “Сана” журналының бірер санына редакторлық етті. “Ақ жол” тілшілерінің 1925 жылы өткен тұңғыш жиынын ұйымдастыруға атсалысты. Әлеумет, шаруашылық, ғылым-білім хақында алуан-алуан мақала жазды. Әдебиет жөніндегі айтыста сындарлы пікір білдірді. Күйбең журналистік, ағартушылық тіршіліктен қолы босағанда замандастары туралы жазбақ болған романына материал жинады. ҰҚК архивінен табылып отырған, 1925 жылы 16 наурызда Д.Әділұлына жазған хатында ол: “Сен өміріңде талай тарихты бастан кешірген жансың ғой. Менің ептеп қаламды ермек ететінімді білесің. Өмір жолыңмен танысқым келеді. Кішкене уақытыңды бөл. Есеп беру кезеңі туды. Мен қазақ зиялылары жөнінде роман жазуға отырдым” дейді. Саяси сапырылыстарға толы 20-жылдардағы Ташкент тарихында Қошмұхамбет Кемеңгерұлы тек қаламгер ретінде ғана емес, ағартушы-педагог ретінде де қалды. Ол 1926 жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқығанын айтады. Қайраткер сондай-ақ САГУ-дың рабфагында, даярлық бөлімінде, шығыстану факультетінде, кеңестік шаруашылық пен құқық факультетінде, педагогика факультетінде қазақ тілінен дәріс оқыған. 1929 жылы жазда қаламгер бабасы су ішкен Ысқақбұлақтан шөлін қандырып, Шоман көліне күреңторысын суарып, Қызылтаудан қимай батып бара жатқан күнге қызыға қарап, бүлдіршіндерін Сарытаудың топырағына аунатып қайтқан екен. Өзінің сол кездегі көңіл күйін, бастан Кеңес өкіметіне қарсы әрекет жасаушы” деген жалған айыппен нақақтан абақтыға жабылады. Өткізіп жатқан қиянатты Қошке былай суреттейді: Ашығып үш күн болды абақты үйде, Жатырмын дым сызбастан халсіз күйде. Осыдан олай-бұлай болып кетсем, Жеткізер кім сәлемді біздің үйге? 168


Ашығып үш күн болды кетті шама, Ауыр ой бойды билеп, жүрек жара. Осыдан олай-бұлай болып кетсем, Жеткізер кім сәлемді мұңлы анама. Ашығып үш күн болды төсегімде, Жатырмын белді буып тәуекелге. Осыдан олай-бұлай болып кетсем, Жеткізер кім сәлемді туған елге... Немере ағасы Нұрмағамбетке жазған бір хатында Қошке қым-қуыт кезеңнің халін былайша жеткізеді: Сағынып сәлем жаздым тілмәш аға, Сарғайып санаменен кетті баға. Құс- ауға, балық-кездесті ғой, Тағдырдың жазуына жоқ қой шара. Осы 30-жылдың қазан айының соңында Қошке Ташкенттен Алматы абақтысына айдалды. Ол Алматы түрмесінде 1932 жылдың сәуір айының соңына дейін отырады. 20 сәуірде үштіктің шешімімен 58-баптың 10,11тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, Украинаның Валуйки қаласына жер аударылады. Қаламгер мұндағы темір жол жүйесінде дәрігер болды. Зәйра Қошкеқызының естелігіне қарағанда, әкесі 1937 жылдың ортасында сонау Ташкенттен бастап жазған замандастары туралы романды аяқтаған, енді соны Алматы баспаларына жеткізудің жолын қарастырған. Сол кітап кейін қолжазба күйінде НКВД қармағына түскен. 1937 жылдың қара құйыны Шарбақкөлдегі дәрігер Қошкені қиналмай-ақ тапты. Ол оның сыртқы киімінің де, жан дүниесінің де аппақ таза екенін ескеріп жатпады. Қаламгердің елшілігі бұл науқанға ілінуіне себеп болды. Марқұм Гүлсім ана айтады екен :Қошке ұсталардан бұрын түс көріпті.Түсінде бір ақсақал оған қараңғы үйге кіргенде үш терезені көрсетіп “ енді тұрағың осы”, - депті. Қараңғы үйге кіргенде үш терезе көрініпті. Сөйте тұра тылсым қараңғылық мұны жұта беріпті. Артынша өзінше түс жорып айтыпты: “ Гүлсімжан, жаманшылық келе жатыр ма деймін. Жүрек шіркін соны сезгендей. Балаларға абай болшы” ,-депті. Жазушы қатерді сезген екен. 1937 жылы 7 тамызда қайта ұсталады. НКВД қызметкерлері бұл жолы Қошке үйінің астын үстіне келтіріп ақтарып-шашып, оның бар жазған мұрасын олжалап, әйелін, бала-шағасын жылатып, өзін Омбы қаласына қарай айдады. Қошке Омбы қаласындағы НКВД абақтысында 3 ай азапты күндерді өткізді. “ Сібірде кеңес өкіметіне қарсы диверсиялық бас көтерулерді ұйымдастырмақ болған ұлтшыл ұйымға жетекшілік етті ”деген айыппен, тағылған кінәларды мойындамағанына қарамай, ату жазасын алды. 1937 жылы 17 қарашада бақи дүниеге көшкенін туған-туысқандары білмеді. Тек бір құдай ғана білді. Қошке әділет азаттық жолында шейіт болды. 169


Солай заман алға оза берді. Кешегі өтпестей болған қаралы күндер, азалы жылдар да өтті. Бір кездегі жазықсыз жазаланғандар енді біртіндеп ақтала бастады. Арадан жиырма жыл өткенде 1957 жылы 17 тамызда Сібір әскери округінің әскери трибуналы әкелерін ресми түрде ақтағанда, Зайра, Нарманбет, Сәуле тоталитаризмнің жөн-жосығын білетін саналы азаматтар еді. Сондықтан олар бұл хабарды естігенде қуанса да, бақиға кеткен әкені жоқтап жылап тұрды. Қошкенің алды өзіне, арты ұрпақтарына жарық екен. Бір кездері қажы ұрпағы атанған әулет үбірлі-шүбірлі болды. Гүлсім ана ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Ері ақталған соң, Омбының Шарбақкөлінен шындық іздеп Алматыға келді. Сол кезде Гүлсім әжесінің қандай қиындықтарға тап болғанын, соған берілмей, өз мақсаты үшін табанды түрде күрескен ерлігін немересі Гүлнар былайша дәріптейді: - Гүлсім әжеміз Қошке атамыздың ақталғандығы жөніндегі қағаз қолына тиісімен, бірден оның шығармаларын жинақтау ісіне кірісіп, сол үшін сонау Омбыдан Алматыға көшіп келді. Сөйтіп, ұлт руханиятына бей-жай қарамайды-ау деген Мұхтар Әуезовтен бастап, Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаев сынды азаматтардың алдына кіреді. Сондай кездің бірінде Қошкемен көзі тірісінде сыйласып тұрған Мұхтар Әуезов алдына кірмесін, сағы сынады» десе керек. Солайша сегіз жыл табанынан тозып, әжем атамның «Алтын сақина» атты жинағын шығарады. 1995 жылдан бері Қошкенің мұрасы бірнеше дүркін кітап болып шықты. 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің үш томдық шығармалар жинағын жариялады. Қошкетану ғылымы да қалыптасып, салаланып келеді. Қошке бұл өмірде әр адам үшін өлімнің хақ екенін білсе де, орынсыз һақ екенін білсе де, орынсыз һәм мезгілсіз келген ажалға өзі ынта-шынтасымен сүйген халқының араша тұра алмағанына, ел басшыларының имансыз әрекетіне күйініп, дүниеден озды. Оның өмірі тұрлаусыз өмірге ой салып кетті. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Қошке Кемеңгерұлы қай жылы өмірге келді, қайда оқыды? 2 “Қызыл мұғалімдер курсында” оқытушы ретінде қай кезде дәріс оқи бастайды 3 Қошке Омбы қаласындағы НКВД абақтысында қанша ай азапты күндерді өткізді 4 2004-2006 жылы “Алаш” баспасы қайраткердің қанша томдық шығармалар жинағын жариялады? 5 Ғылыми-танымдық қандай журналға редакторлық етті 6 1925 жылы 16 наурызда Д.Әділұлына жазған хаты 7 Қошке Кемеңгерұлы - шебер журналист 8 С.Садуақасұлының Қошке Кемеңгерұлы туралы пікірі 9 Қай жылы Орта Азия университеті мен Түркістан әскери училищесінде дәріс оқыған. 10 “Қазақ әйелдері”, “Жетім қыз”, “Дүрия”, “Назиха” тәрізді қазақ әйелдерінің образын сомдаған туындылары. 11 Омбыда бастаған қандай зерттеу еңбегін білесіз, қай жылы аяқтады? 170


12 Мәскеудегі “Күншығыс” баспасынан қай жылы қаламгердің “Бұрынғы езілген ұлттар” атты ғылыми еңбегі мен “Қазақша-орысша тілмашы” жарық көрді. 13 “Жабыропалықтар үшін оқу құралын” қайда, қашан жазды? 14 Қошке Ақмолада Сәкен ұйытқы болған қандай ұйымының жұмысына қатысады? 15 Қошмұхамбет Кемеңгерұлының «Алтын сақина» атты жинағын кім шығарады? Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Қошмұхамбет Кемеңгерұлы және Алаш партиясы. 2 Қ.Кемеңгерұлы әңгіме жанрының шебері. 3 Қошмұхамбет Кемеңгерұлы тек қаламгер ғана емес, ағартушы-педаго.г 4 Қошмұхамбет Кемеңгерұлы-драматург. 5 “Қасқырлар мен қойлар”, “Бостандық жемісі” атты драмалық шығармаларының идеясы. 6 “Жас азамат” бетіндегі алаштың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған мақалалары 7 Абақтыда өткізіп жатқан қиянатты Қошкенің суреттеуі 8 “Отаршылдық ұсқындары,” “Қанды толқын”, “Момынтай”, “Ерлік жүректе” атты прозалық шығармаларының идеялық мазмұны. 9 Алаштың елдік жүгін, бар ауыртпалығын мойымай көтерген қазақ зиялысы. 10 Қошмұхамбет Кемеңгерұлы және қазақ баспасөзі Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Қошке Кемеңгерұлы шығармалар жинағы. Бірінші том.Алматы “Алаш” 2005. 2 Қошке Кемеңгерұлы шығармалар жинағы. Екінші том.Алматы “Алаш” 2005. 3 Парашылар. Қызылорда 1926. 4 Ескі оқу. Қызылорда 1927. 5 Тұтқынның ойы. Қызылжар 1919. 6 Отаршылдық ұсқындары. 1925. 7 Қанды толқын” Қызылорда 1926. 8 Моиынтай. Орынбор 1925. 9 Дүрия. Қызылорда 1927. 10 Пайғамбар” Пушкиннен Айқап журналы 1915. 11 Сәскелік көлдің жағасында” Айқап журналы 1915.

Бернияз Күлеев (1899-1923) Соңғы жылдары қазақ мәдениетінің даму тарихында үлкен сілкініс, өзгеріс процесінің жүріп жатқаны баршаға аян. Азаматтық тарихымызда да, рухани мәдениетіміздің тарихында да өрісін таппай келген мәселелердің бірі – ақтаңдақтар мәселесі еді. Тарихи-мәдени үрдісіміздегі нешеме құбылыстар мен тұлғалар ақтаңдақ болып тарихта өзінің орны мен әділетті шешімін күтіп еді. Дүниені, шындықты барлық ауқымында алып көрсетпей, жартыкештендіріп, таза таптық тұрғыда өлшеп-пішетін маркстік-лениндік дүниетаным өзінің салқынын, ащы зардабын кешегі кеңестік империяны мекендеген ұлттар мен 171


ұлыстардың мәдениетіне, әдебиетіне, өнеріне қатты тигізді. Осылайша қазақ әдебиетінің тарихын бүгінгі күннің тұрғысынан дәуірлеуге байланысты кенеуін шешер түйінді мәселелер баршылық. Бұл әсіресе қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың басындағы тарихына қатысты мәселелерде көрінеді. Әдебиет тарихының осы кезеңдегі тұлғаларына әртүрлі дәрежедегі саяси айыптаулар тағылды. Олардың нақты іс-қимылына байланысты айыптаулардың ауыры да, жеңілі де болды. Бұл жерде байшыл-ұлтшыл деп атаған ақын-жазушылар жөнінде айтпаса да болады. Өздері қазақ әдебиетінің тарихына кіргізіп, шығармаларын қарастырып отырған ағартушы-демократ ақын-жазушылардың көпшілігі дерлік осындай әртүрлі дәрежедегі саяси кінәлаулардан құр қалған жоқ. Міне, осындай кінәлаулардың негізгі нысаналарының біріне айналған ақын-жазушылардың бірі – Бернияз Күлеев. Небары жиырма төрт-ақ жас ғұмыр кешкен ХХ ғасыр басында жасаған қазақтың аяулы да талантты ақындарының бірі Бернияз Күлеевтің есімі қазақ әдебиетінің тарихында бірде аталып, бірде аталмай келеді. Бернияз Күлеев көп жасап, көпті көрген адам емес. Ол 1899 жылы бұрынғы Ақтөбе губерниясы, Бөрте болысының 5-аулында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Күлей – Бернияздың ұлы атасы, өз әкесі – Бекен дейтін кісі. Бекен Берниязды 8 жасынан бастап оқытады. Ел ішіндегі медресе, мектептерде әуелі ескіше (қадимше), кейіннен жаңаша (жәдитше) білім алған Бернияз Орынбордағы Хусаиновтың мектебінде, одан кейін екі кластық школда, оны бітіргеннен кейін Ақтөбе гимназиясында, 1917-1918 жылдары Орынбор қаласындағы Қырғыз мұғалімдік семинариясында орысша оқып, дүниелік ғылымнан пән жүйесінде мағлұмат алады. Білімге құштар, әрі зейінгі студент өзінің оқып жүрген кездерінде семинария, гимназия сабақтарымен ғана шектелмей, орыс, қазақ, татар, батыс әдебиеті үлгілерімен, әсіресе А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Абай, Тоқай шығармаларымен көп шұғылданады. Бернияздың таңдамалы тұңғыш жинағы 1969 жылы «Айтшы, ақ қайың» деген атпен жарық көрді. Бұл таңдамалы жинаққа ақынның ең таңдаулы деген 143 өлеңі мен «Жердің жүзі жаз еді», «Қайда екен», «Жорық», «Жындымын ғой кейде қаным таситын» деп аталатын төрт поэмасы енгізілген. І Дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің оқиғалары, 1917 жылғы Ақпан революциясы сана сезімі сергек, жаңа қалыптасып келе жатқан ақынның көңіл-күйін бей-жай қалдырмаса керек. Бернияз Күлеевтің творчестволық жолы бір ізді емес. Ол кейде торығушылыққа да ауытқып отырады. ХХ ғасырдың басындағы қоғамдықсаяси жағдайдың күрделілігі, сол кездегі әлеуметтік, эстетикалық толқулар туралы алдыңғы тарауларда айтылды. Бірақ, Б.Күлеевтің торығуы мен толқуы басқашалау. Ол өзінің жастайынан орысша тәрбиеленуіне байланысты творчестволық беталысында да орыс әдебиетіне айрықша ден қойды. Соған орай ұлы орыс әдебиетінің ең жақсы дәстүрлерін қабылдай отырып, кей ретте кертартпа топтардың да ықпалына ерген. Бернияз Күлеев – қазақ әдебиеті тарихынан келелі орын алатын үлкен дарын иесі. Әр түрлі жағдайға қарай оның творчествосында кездесетін 172


торығушылық, күйректік сарындар болғанмен, Бернияз Күлеев реалистік мектептің өкілі, негізінде демократтық идеяны қолдаған, осы жолда жемісті еңбек еткен талантты ақын. Бернияз Күлеев – ХХ ғасыр басындағы поэзиясына мазмұны жағынан да, түрі жағынан да өзіне лайық үлес қосқан таланты ақындардың бірі. Ол революциялық ұлы өзгерістердің тікелей ықпалымен азамат соғысының ең бір күрделі, ең бір жауапты жылдарында езілгендерді еркіндікке үндеді. Б.Күлеев қалам тартқан кезеңде Ұлы Октябрь социалистік революциясының алғашқы күндерінен-ақ халық бостандығын бірден жырлап кеткен С.Сейфуллин сияқты қазақ суреткерлері тым аз еді. Азамат соғысы кездерінде революция тақырыбы, отар халықтар сілкінісі бұрын демократтық-ағартушылық бағытта жазып келген ақын-жазушылар творчествосында тым сараң қамтылған-ды. Революция заманы мен халық азаттығын өз замандастарынан бұрын жырлағандардың бірі Бернияз Күлеев болды. Оның шығармалары әсіресе осы ерекшелігімен құнды. Бернияз Күлеев өзінің творчестволық тәжірибесінде Абайдың сыршыл лиризмін, Сұлтанмахмұттың философиялық толғауын, ондағы азаматтық пафосты игеруге ұмтылып, Пушкин, Лермонтов поэзиясын қазақ рухында меңгеруге талаптанды. Ол қазақ поэзиясында бұрын кенже дамып келген баллада жанрын өрістете түсті; махаббат лирикасын дамытты. Өз тұстастарының ішінен махаббат серпілістерін Бернияз Күлеевше мүсінді әрі мол жырлаған ақын аз деуге болар еді. Бернияздың ақындыққа әуестігі негізінен 1916 жылдан басталады. Ал поэзияға түбегейлі ден қойып, нағыз ақын ретінде танылуы – 1918 жылдар шамасы. 1918 жылдың басынан совет қызметіне араласқан ақын сол жылы Торғай облысының советтік съезінде облыстық комитетке мүше болып сайланады. Қызмет бабымен өз еліне келген ол осы жолында бірнеше лирикалық шығармалар жазады. Кейбір мәліметтерге қарағанда Бернияз Күлеев осы кезде «Шын сүйіскендер» атты драма да жазғанға ұқсайды. Бірақ оның қайда қалғаны, кімнің қолына түскені белгісіз. 1919 жылдың күзінде айбынды Қызыл Армия Орынбор атырабын ақтардың әскерінен тазартып, қазақ даласын басқаратын Революциялық комитет құрылады. Революциялық комитет Бернияз Күлеевті Ақтөбе губерниясына комиссар етіп, өте жауапты жұмыстар тапсырады. Ақын бір жағынан Губерниялық соғыс комиссариатында қызмет істеп, революциялық комитеттің органы «Ұшқын» газетінің редколлегия мүшесі болады. Қауырт қызметтерге байланысты бұл тұста творчестволық жұмыспен жөнді айналыса алмайды. Тек өзінің жастық сезімдеріне орай «Жазғы жапыраққа» сияқты бірліжарым махаббат лирикаларын ғана шығарады. 1920 жылы Бернияз Күлеев ҚазАССР Халық ағарту комиссариатының жолдамасымен қазақша кітап, оқу құралдарын бастырушы өкіл ретінде Қазан қаласына барады. Қазан қаласында ол кейбір қазақ ақындарының шығармалар жинағын, халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін құрастырып бастырады және өзі оларға алғы сөз жазып, кітапқа енген туындылардың мән-мағынасы, авторлары жайында қысқаша түсініктер беріп отырады. Мәселен, Сұлтанмахмұт 173


Торайғыровтың поэмалар жинағын 1922 жылы тұңғыш рет Б.Күлеев бастырып шығарған. Өмірінің ақырына дейін ҚазАССР Халық ағарту комиссариатының кітап шығару қызметін атқарған жас ақын өзінің ішінде саяси-әлеуметтік, дүниетану көзқарастарын прогресшіл бағытта өрістетуге ұмтылып отырған. Мұны біз азамат соғысы тақырыбына арналған лирикалық шығармаларынан, әсіресе 1920-жылдары жазылған саяси, романтикалық өлеңдерінен айқын аңғарамыз («Алға», «Ел ерлеріне», «Ер жігітке»). Бірақ болашақты болжауға, тарихи оқиғалар сырын дұрыс бағдарлауға саяси-әлеуметтік көзқарасы жағынан да, өмір тәжірибесі мен жас шамасы жағынан да қабілеті жөнді жетпеген ақын өмірінің соңғы кезінде кейде дарашылдық қорқыныштарына беріліп кетіп, осы бағытта пессимистік шығармалар жазды. Бернияз Күлеевтің творчестволық қызметі негізінен демократтықағартушылық бағытта дамыды. Оның бұл тұстағы шығармаларында өмір шындығы реалистік тұрғыдан байыпталып, соған орай ақын творчествосындағы халықтық сарындар да айқындалып отырады. Бірде әлеуметтік теңсіздік, оқу ағарту, әйел бостандығы тақырыптары ақынның өз түйсіктерінен өтіп барып, бір түрлі сезімталдық, өршілдік (романтикалық) сипат алса, бірде ақын езілген еңбекшілер мен екі жақты қанауға душар болған қазақ халқының қамын ойлап, азаттыққа, әділдікке үндейді. Бұл ретте Бернияз Күлеевтің «Қазақ қызы», «Қымыз», «Алға», «Ел ерлеріне», «Қуларға» сияқты саяси лирикалары – ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінде сирек кездесетін шығармалар. Ақдәулетұлы Әбділдәнің 1928 жылы 10 сәуірдегі «Еңбекші қазақ» газетінің №81 санында жарық көрген «Күлейұлы Бернияз туралы» мақаласында автор Бернияздың ойы басынан бұзық еді, оның жастай алған тәрбиесі татар және қазақ оқығандарының айналасы болды. Ол кезде қазақ оқығандарының ұлтшылдығы дәуірлеп, айғайлап тұрған кезі, осылардан тәрбие алған Бернияз қайдан оңсын деген пікір түйеді. Бернияз шығармаларында төңкерісті түсіне алмағандықтан еңбекші тапқа сенбеді, өзінің ұлтшылдық, байшылдық сезімін жеңе алмады дейді. Неге Бернияз қызыл әскерге арналған өлеңін «Ел ерлеріне» деп атайды? – деп соқтығады. Әуелі, «Ел ерлері» деген тақырыптың өзі қате. Қызыл әскер елдің әскері ме, елдің ері ме? Жоқ, Қызыл әскер – таптың әскері, таптың ері. Тап болғанда, еңбекші таптың әскері. Бернияздың «Ел ерлеріне» деудің орнына «Еңбекші тап ерлеріне» десе тілі келмей ме екен? Болмаса саяси білім жетпей, ел мен еңбекші тапты айырмады ма екен? Олай деу мүмкін емес, Бернияз оқыған. Тап дегеннен гөрі оның аузына ел оңай түскен». «Ойландым» өлеңінде еңбекші тапқа сене алмаған ақын байшылдық, ұлтшылдық сезімдерінің жетегінде кетті деген қисындарды айтады. Ақынды Алашорда қайраткерлерімен бірге алып қарап, «Елім, жерім» деп қақсаған ұлтшылдардың пиғылын тарих біледі» - деп бопсалайды.

174


Жиырмасыншы жылдардың ортасын ала қазақтың талапты, дарынды ақын-жазушыларының көпшілігінің шығармалары пролеткульттің ұранына ерген ұрда-жық, солақай сыншылардың сынау обьектілеріне айналды. Бұл сынауларда обьективті талдау мен эстетикалық тағылым өте таяз жатты. Міне, осындай қилы кезеңдерде Бернияз Күлеев те буржуазияшыл, байшыл-ұлтшыл әдебиеттің өкілдерінің қатарынан орын алды. Бернияз Күлеев 1917 жылдардан бастап жеке өлеңдерін сол кездегі әр түрлі газеттерге ұсынып отырады, олардың кейбіреулері басылып та шығады. Айталық, ұлтшыл-буржуазияшыл «Алаш» газетінде басқа ақындармен қатар Бернияз Күлеевтің де бір-екі өлеңі жарияланады. Бұл өлеңдердің сыр-сипатын тарихшы ғалым Т.Елеуов былайша түйіндейді: «Алаштың» беттерінде сол уақыт тақырыбын, яғни қазақтар мен қазақ әйелдері тағдырын т.б. қамтып, ақындар да көптеген өлең жазды. Бірақ, олардың өлеңдерінде пессимизм, өткендегі хандық дәуірді мадақтау, ауылдағы тап тартысынан шошыну сарыны басым. Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің, Бернияз Күлеевтің, Шәйбай Аймановтың жеке өлеңдерінде ғана белгілі мөлшерде қазақтың шын өмірі бейнеленген». Т.Елеуов айтып отырған Бернияз Күлеев өлеңдерінің бірі – «Қазақ қызы». Өлең сюжетке құрылған: меңіреу түнді жаңғыртып, ақынның құлағына бір ащы зар келеді. Сөзін тыңдап қараса, ата-анасының зорлауымен малға сатылып кеткен жас қыз екен. Ащы зар жан-жүйесін тебіренткен лирикалық кейіпкер қызбен бірге жылайды да, «бақытың ашылсын» деп бата береді. Лирикада қалыпты сюжетпен қатар табиғат суреттері мен қыздың монологі де ақын идеясының ашыла түсуіне айрықша септесіп тұр. Түптеп келгенде, автор қазақ әйелдерінің басындағы қорлықты надандықтан болған нәрсе деп біледі. Сондықтан да ол лирикасын елгезек тілекпен ғана аяқтап, қызға былай дегізеді: Өнер-білім бізге де бір қонар ма, Жемісіне іші-сыртым толар ма?! Қара бұлт қаптай бәрі серпіліп, Таң ататын бізге де күн бола ма?! Тағылық пен қорлыққа күйінген әділ жандардың ортақ арманы қызды да, ақынды да осылайша қатты толғантады. Адаммен, елмен, халықпен бірге күйіну – сонау Махамбет, Абайлардан бері қарай жалғасып келе жатқан дәстүр. Халықпен бірге «жылау», оның аянышты халін, істерін көргенде ызалану – ХХ ғасыр басындағы бұқарашыл ақын-жазушылардың көпшілігіне тән қасиет. Творчестволық қызметінің алғашқы кездерінде Бернияз Күлеев те Абайша ыза төгіп, халқы үшін шарқ ұрып, қатты қынжылады: Жырла да зарла, көңілім, Сел болып жасың төгілсін. Есіткен ойдан без кейін, Қамығып, шындап егілсін. Ақын жүрегі ашық. Ол өзінің ел үшін, халық үшін егілетінін, соның тілеуін тілеп, езілген «ұлтының ұланы» болғысы келетінін ашып айтады: 175


Күл, ойна, жыла, қайғыла, Ел болса ойға алғаның. Аз күндік жалған зайғыда, Қалмасын құрттай арманың. Ақын бірде Пушкинше, Абайша өрге шауып, халқының, ұлтының ауыр дертіне шипа іздейді, жүрек лүпілін, көңіл сырын соған арнайды: тек жатпа, дүниенің төрт бұрышын шарла, біл, ел-жұртыңа еңбек ет, сонда ғана жадырайсың, - дейді. Революция заманының, революцияшыл пролетариат табы өкілінің бейнесін жасай алмағандықтан, Бернияз Күлеевтің ең жақсы, ең өткір деген саяси лирикаларының өзі Кеңес поэзиясының санатына қосыла алмай, революциядан бұрынғы бұқарашыл әдебиетті кеңес әдебиетіне жалғастырған баспалдақтардың бірі ретінде сол революция қарсаңындағы демократтық прогресшіл қазақ поэзиясының аясында қалып қояды. Сондықтан Бернияз Күлеев творчествосы жайында социалистік реализм әдебиетіне жанастырып пікір айту қиын. Ақын тіпті табиғат, махаббат лирикаларында да халықтық, ұлттық еркіндікті, адамдардың жайдарман шаттығын арман етуден танбайды. Ең тамашасы – ақын 1917-1920 жылдардағы шығармаларында патриархалдыфеодалдық қазақ даласындағы әлеуметтік жіктерді, қоғамдық теңсіздіктерді көреді. «Қымыз» атты сатиралық өлеңінде күмбездей кең орданың сәні қымызда екенін, жарлы-кедейде қымыз жоқтығын ашып айтады. Ал революция жылдарында елдегі саяси-қоғамдық өзгерістерді, жаңалықтарды қалтқысыз қабылдап және қолдап, үкімет билігін езілген еңбекшілердің өз қолына алғанына қатты қуанады. Бостандық тақырыбына арналған өлеңдерінде халықтың патша, хан-сұлтан, би-болыстар билеген қара түнек замандағы ауыр тұрмысын да образды сөз кестелерімен нанымды түрде сипаттайды: Есіңде ме, ел ерлері, өткен күн, Ұрпағыңның өміріне жеткен күн?! Кесік құлақ, тілік табан алапсыз, Жарыңды күң, жаныңды құл еткен күн,- дейді «Ел ерлеріне» өлеңінде. Ақынның халықтық позициясының ұстамдылығы, беріктілігі сонша, ол жерінен айрылған елдің, ел үшін құрбан болған ердің, ат құйрығына тіркелген арудың аянышты да өжет әрекеттерін, еңбекшілердің ертедегі жұтаң тұрмысхалдерін ашына ақтарып келеді де, одан әрі осы күйге түсірген кім екенін лирикалық кейіпкердің сол озбырларға қарсы айтылған сөзі сияқтандырып батыл әшкерелеп береді: Патша, зада, сұлтан, төре, хандарың, Жан алушы жандарал мен жандарм Тіске жұмсақ бұқараны жем қылып, Айдаһардай азу біткен заңдарың. Ұлы Октябрь социалистік революциясы езілген халықтарды еркіндікке жеткізді. Патша үкіметі мен қазақ даласындағы бай-болыстардың қанды шеңгелінде, қатал заңдарында жаншылған еңбекші бұқара адам баласы 176


тарихында тұңғыш рет қоғамның тең праволы, азат мүшесі болды. Бернияз Күлеевтің түсінігінше, осындай зор саяси-әлеуметтік өзгерістер жасап, халыққа бостандық әперген ел ерлері: Айсыз қара, ауыр неше көп күннің Арымадың, бәрін бастап өткіздің. Ерік туын берік ұстап қолыңа, Бұқараны бостандыққа жеткіздің. Бостандық жолындағы ұлы шайқас революция жеңген күні-ақ аяқтала қойған жоқ-ты, тап жаулары өздерінің үстемдігін сақтап қалу мақсатымен сасық дәмелерге беріліп, Совет өкіметіне қарсы құралды күрес жүргізіп жатты. Ақын бұл зор да сұрапыл майданда ел ерлері түпкілікті жеңіп, мәңгі-бақи бостандық орнайтынына кәміл сенеді: Аз шыдасаң, елді жаудан ашарсың, Жау жүрегін жасқанбастан басарсың. Біріктіріп бес бөлегін жалғанның, Мәңгі бақи елмен еркін жасарсың. Бернияздың «Алға» лирикасы «Ел ерлерінің» жалғасы іспеттес. Екеуі де 1920 жылы жазылған. Мұнда да ақын «Ел ерлеріне» лирикасындағы сияқты жаңа таптың жас азаматтарын бостандық жолындағы ұлы жорыққа шақырады: Ар, айбарлы азамат, Жас арыстан – жаңа тап, Жатпа, жетті заманың, Ұмтыл алға, алға бақ.. Дариядай тас, зырлап ақ, Арыстандай айға шап. Жауды, жатты жіберме, Жолбарыс боп жолда жат. Бұл арада ақын еңбекші халықты жас арыстанға теңей отырып, Россияда капиталистік қанау мен отаршылдық кісеннің тас-талқанын шығарған жаңа тапты көреді, оны түпкілікті жеңіске шақырады. Бұл ретте ол – реалист болумен қатар, жалынды романтик. Сөйтіп, Бернияз Күлеев Ұлы Октябрь революциясы жеңістерін, азамат соғысының сыр-сипатын, халықтың қуатты күші мен бостандық салтанатын шынайы байыптайды. Ал суреттеу нақысы жағынан азамат соғысы жылдарында жазылған күрес, жеңіс пафосына толы шығармаларының өзі көбінесе ескі ерлік жырлары стилін еске түсіріп отырады. Лирикалық кейіпкерлерінің іс-әрекеті ауыз әдебиеті мұраларындағы таңғажайып қаһармандықтар шеңберінде сипатталады. Әсіресе, қазақтың батырлар жыры мен Махамбет толғауларындағы ерлікті жырлау дәстүрлерін кеңінен пайдалана отырып, солардың көркем сөз кестелерін көп қолданады. Бірақ ақын стиліндегі бұл ерекшелікті кемшілік ретінде емес, ежелден келе жатқан ерлік жырлар дәстүріне ұласқан, оны жаңа мазмұнға сай дамыта түскен көркемдік құбылыс деп қарауға тиіспіз. Бұл ерекшелік ақын поэзиясының халықтық сипаттарын да айқындай түседі. Мәселен, ол «Ер жігітке» толғауында жаңа заманның – революция заманының жас күрескерін төмендегіше бейнелейді: 177


От-жалындай өшпес айбар жүректе, Өмір өлмес болат қалқан білекте. Алмас, алмас, оқ дарымас көк сауыт, Мың сан қолға жалғыз шабу тілекте. Революция дәуірінің күрескерін қолына қалқан ұстап, үстіне көк сауыт киіп, мың сан қолға жалғыз шабатын көне заманның батырларына теңеу ақынның романтизм стиліне орайлас. Алайда, реалистік сипаты жағынан сол кезеңдегі көркемдік даму дәрежесінен төмендеу жатқаны да рас. Бернияз – негізінен романтик ақын. Ол сыншыл реализм әдісін толық игере алмаған. Онда ескілікті еңсере сынап тастайтын сатиралық шығармалар да аз кездеседі. «Қуларға» сықағында совет заңын қолдағансып, ал іс жүзінде еңбекшілерді сұрқиялықпен іштен шалған үстем тап өкілдерінің сасық қулығын әжуалап шенейді: Ел білмей ме ісіңді, Құр өзгерткен түсіңді. Абырой, атақ алуға Босқа төккен күшіңді. Кеше боз ең –қызардың, «Өрең жетті» - ұзардың. Жәй басып, жүз жылмитып, Бүгін өзге түр алдың. Автор үстем тап өкілдерінің қулығы өздерімен бірге құрып бітетінін дәл түйіндейді: Арттағыға айқындап, Тарих берер жазаңды. Бұл өлең ішкі мазмұны мен поэтикалық нақысы жағынан да, автордың баяндау стилі мен ұстаған позициясы жағынан да сол тұста жазылған «Ұлтшылдың сандырағы» (С.Сейфуллин), «Қаулы», «Елшілге» (С.Дөнентаев), «Қарынға» (Б.Майлин) тәрізді саяси сықақтарға ұқсас және соларды толықтыра түседі. Б.Күлеевтің «Қуларға» өлеңі де «Ел ерлеріне», «Алға», «Ер жігітке», «Кім бар?», «...ға» (бірінші варианты), «Заман-ай әніне» лирикаларымен қатар революциядан бұрынғы және революция кезінде де ұласа берген сыншыл реализм әдісі аясындағы демократтық әдебиетті қазақ совет әдебиетіне жалғастырған құнды шығармалардың бірі болып табылады. Бернияз Күлеев творчествосындағы пессимистік сарындардың тамыры тереңіректе, яғни ақынның кейініректе жалпы рухани күйзелушілікке ұшырауында жатыр. Рухани күйзелушілік көбінесе белгілі бір саяси-қоғамдық жағдайды дұрыс түсіне алмаудан, әлеуметтік құбылыстардың болашағына сенбеуден туатыны ақиқат. Бернияз Күлеевтің басындағы трагедия да негізінен осы себепке саяды. Ақын бірде Совет үкіметінің халыққа деген жанашыр қамқорлығын, еңбекшілер тұрмысының күн-күн сайын гүлдене түсуін үлкен сеніммен, асқан ризашылықпен жырлап береді. Ақынның суреттеуінде, Ұлы Октябрь революциясының жеңісі – бүкіл адам баласы бақытының ұлы бастамасы. Бұдан 178


кейінгі өмір совет заңының құдіретті күші әкелген әділдік жөргегіне бөленбек. Автор осы ойларын ашық та анық жеткізу үшін публицистика стиліне барады. Мәселен, ол балалар үйіне жиналып жатқан жас жеткіншектердің өткендегісі мен болашақтағы бақытты өмірін төмендегіше бейнелейді: Ыссы-суық зардабына бірдей көніп, Жанары сөнген көздің жасы кеуіп. Жер ас жоқ, жұбататын қарындас жоқ, Жас бала – жетім сорлы жүрген кезіп... Аш, арып, тепкі көрген жетім бала, Келіңдер, күнелтіңдер әзір пана. Асырап, киім беріп, білім беріп, Ойнатып өз үйіңдей етер жаңа. Өлеңдері сияқты Бернияз Күлеевтің балладалары да идеялық-көркемдік тұтастығы жағынан мүлтіксіз емес, сыршылдық, ойшылдық қасиеті мол, көркемдік дәрежесі жағынан жоғары, қазақ поэзиясында өзіне лайық орын алуға жарайтын құнды, әсем туындылар санатына қосылады. Түйіндей айтқанда, Бернияздың сыршылдығы – ойшылдығынан, үйренген дәстүрінен, көңіл-күйі мен идеалдарынан туған ақындық стиль. Ақынның лирикаға, пейзажға, психологиялық параллелизмдерге көбірек ден қоюы да сыршылдығына байланысты. Бернияз өзінің творчестволық жолын бұқарашыл-ағартушылық бағытта бастады. Оның алғашқы ақындық нәрі – Пушкин мен Абай, Сұлтанмахмұт пен Махамбет және халықтың бай ауыз әдебиеті болды. Орыс, қазақ, татар әдебиетінің халықтық, классикалық дәстүрлерін шамасы келгенше сарқа пайдалануға ұмтылған өрелі ақын сыршылдықты, табиғатты сүюді, еңбекші халық пен жәбір шеккен ұлт бұқарасына жаны ашып, қамқоршы болуды, шындықты жасырмауды солардан үйренді. Бернияз Күлеев шығармаларын жандандырып, құлпыртып тұрған нәрсе – жарастықты, ойшыл назым, өжет үндеу, нәзік сезім, арпалысқан көңіл. Бернияз қысқа өмірінің соңғы кезінде азамат соғысы мен оның ауыртпалығын түсіне алмай, торығушылық, күйрегіштік сарынға да салынды. Соған орай, бұл тұста саяси-қоғамдық көзқарасы мен ұстаған бағыты жағынан әрі-сәрі ұйтқып, әдеби-эстетикалық талғамы құбылып, жақсысы мен жаманы аралас келіп отырды: халықтық пен дарашылдық, өршілдік пен күйректік, ойшылдық пен ынжықтық, махаббат пен безіну бір өзінің ақындық қиялына сыйып кетті. Бірақ Бернияз Күлеевтің шығармаларында халықтық, тенденция, оптимизм, өмірді сүю, бостандыққа құлаш ұру, күреске үндеу жағы басым болды. Ақын мұраларының прогресшіл қасиеті де осында. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Б.Кулеевтің өмірі мен шығармашылығы. 2 Бернияз – қандай ақын? 3 Бернияздың таңдамалы тұңғыш жинағы қай жылы, қандай атпен жарық көрді? 4 «Қымыз» атты сатиралық өлеңінде не жайында айтылады? 179


6 Бернияз өзінің творчестволық жолын қандай бағытта бастады? 7 «Алға», «Кім бар?», «Заман-ай әніне» лирикаларының тақырыбы мен көркемдік, эстетикалық бағыты. 8 Бернияз Күлеев творчествосындағы пессимистік сарындардың тамыры неде? 9 Бернияз Күлеевтің ең өткір деген саяси лирикалары. 10 «Ойландым» өлеңінің тақырыбы мен идеясы. 11Ақынның 1917-1920 жылдардағы шығармалары, қазақ даласындағы әлеуметтік жіктерді жырлауы. 12 «Ел ерлеріне» лирикасындағы лирикалық сарын, шығарманың идеясы. 13 «Алаш» газетінде ақынның жарық көрген туындылары және олардың тақырыптары 14 Ақын шығармаларындағы лирикалық кейіпкерлер. 15 1922 жылы тұңғыш рет Б.Күлеев кімнің шығармалар жинағын бастырып шығарған. 16 Б.Күлеев шығармаларының зерттелуі. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Бірақ Бернияз Күлеев шығармаларындағы халықтық тенденция. 2 Ақын мұраларының прогресшіл қасиеті. 3 Б.Күлеевтің «Қуларға», «Ел ерлеріне», «Алға», «Ер жігітке», «Кім бар?» т.б. өлеңдерінің ішкі мазмұны мен поэтикалық нақысы. 4 «Қазақ қызы» өлеңіндегі сюжет және ақын идеясы. 5 1920-жылдары жазылған саяси, романтикалық өлеңдері. 6 Бернияздың сыршылдығы - ойшылдығы, көңіл-күйі мен идеалдарынан туған ақындық стиль. 7 Бернияздың творчестволық жолы, шығармаларының бұқарашылағартушылық бағыты. 8 «Алға», «Ер жігітке», «Кім бар?», «...ға» (бірінші варианты), «Заман-ай әніне» лирикаларындағы сыншыл реализм әдісі. 9 Бірақ Бернияз Күлеев шығармаларындағы авторлық позиция. 10 Ақынның табиғат, махаббат лирикалары. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Қазақ әдебиетінің тарихы. ІІ том. Алматы, Ғылым. 1965 2 С. Жәмбеков. Бернияз Күлеевтің ақындық мұрасы, Көкшетау. 2002 3 Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-кітап, 6-том, 2006 4 Ы. Дүйсенбаев. Ғасырлар сыры. Алматы,Жазушы. 1970 5 Б.Кенжебаев. Әдебиет белестері. Алматы. Жазушы, 1986 6 С. Мұқанов. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1972 7 Б. Күлеев. Мұңды бұлбұл. Алматы, Олжас кітапханасы, 2012

180


Смағұл Сәдуақасов (1900 – 1933) Қоғам және мемлекет қайраткері 33 жасында-ақ қыршынынан қиылған һәм осынша қысқа ғана ғұмырында ұлттық, мемлекеттік мүдде тартысына ерте араласып, аз жасында артына мол мұра қалдырып, мемлекеттіктің нығаюы жолында көп іс тындырған ерекше құбылыс иесі Смағұл Сәдуақасұлы - 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында дүниеге келген. Аққан жұлдыздай оның жүріп өткен қысқа жолы әркімге-ақ таңдай қақтырары хақ. 16-17 жасынан қазақ жастарының «Бірлік» атты тұңғыш ұйымына араласып, кейіннен Ақмола облыстық Алашорда комитетінде, Сібір төңкеріс комитетінде, Кеңестік Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросында, Қазақ автономиялық республикасының Жастар одағында, Қазақ ОАК төралқасында, Қазақ автономиялық республикасы Жоспарлау комиссиясында, Халық ағарту комиссариатында жауапты қызметтер атқарды. 20 жасында қазақ жастарының көшбасшысы болса, 25 жасында білім мен мәдениетті үйлестірген ағарту министрі қызметін атқарыпты. С.Сәдуақасұлының қатаң саясаттың өтінде жүріп, қазақ мемлекеттігі үшін сіңірген еңбектері, ұлт мәдениеті мен әдебиетіне, баспасөз бен алғашқы театр ісіне қосқан үлесі өлшеусіз. Кеңестік қызыл кезеңнің кесірі қайраткердің еңбегі мен шығармашылығына бет бұрғызбағанымен, Тәуелсіздіктен бергі зерттеулер оның ұлт тарихындағы тұлғалық ұлылығын қайта жарыққа шығарды. Смағұл Сәдуақасов туралы, әдебиет көздері оның туған жылы туралы әртүрлі пікір айтады. Кейбіреулерінде бұрынғы Қорған болысы Ақмола губерниясы деп көрсетілсе, енді біреулерінде – Көкшетау қаласына жақын маңда орналасқан Жарқын ауылы аталады. Өзінің туған ауылында әкесінің қолында мұсылманша хат таныды, кейін әкесі баласын Омбыға әкеліп, осында ол 1915 жылы ауылшаруашылығы мектебін тамамдаған. Осы жерде ол Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Қошмұхаммед Кемеңгеров сияқты жас ақындармен және жазушылармен танысып, олардың поэтикалық және әдеби шығармашылығын зерделейді. Осы жылдары оның «Бірлік» атты жасырын үйірме құрғанын айта кеткен жөн. Кейін, яғни 1921 жылы, Смағұл Сәдуақасов «Жастарға – жаңа жол» кітапшасында осы жасырын жастар ұйымының бағдарламасы мен істері туралы сыр шертеді. Ақпан төңкерісінен кейін Смағұл Сәдуақасов Уақытша үкіметтің шешімі бойынша құрылған Омбы қаласындағы өзін-өзі басқару комитетінің жұмысына қатысады. 1918 жылдың мамырында «Бірлік» ұйымы барлық қазақ жастарының съезін өткізді. Съезге қатысушылар «Молодой азамат» («Жас азамат») бірегей ұйым құру туралы қаулы қабылдап, Смағұл Сәдуақасов басқарма мүшесі болды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Смағұл Сәдуақасов Дала өлкесінің саяси өміріне белсене кірісіп кетеді. Қазақстан Кеңесінің I съезінде Смағұл Сәдуақасов ҚазОАК президиумының мүшесі болып сайланады, кейін ЖОАК мүшесі де болды. Жас қазақ республикасы үкіметінің қалыптасу кездерінде Смағұл Сәдуақасовты комиссары Ахмет Байтұрсынов болған халықтық білім беру халықтық 181


комитетінің орынбасары етіп тағайындайды, ал 1925 жылдың жиырма бес жасарлық Смағұл Сәдуақасов ағарту ісінің наркомы болып тағайындалады. «Қазақстандағы мемлекеттілік пен жаңа өмірдің бастауы көзінде болған Смағұл Сәдуақасов, оның қалыптасуы мен дамуы үшін көп үлес қосты. Оның азаматтық әлеуеті 1925-1927 жылдары, яғни ол халық ағарту комиссары болған кезеңде толығымен ашылды. Бұл кезең Қазақстандағы голощекиншілдіктің шыға бастау кезіне сәйкес келді», - деп Батырхан Дәрімбетов өзінің «Таңдамалы» атты кітабының алғысөзінде жазады. Смағұл Сәдуақасов пен Ф.Голощекин көзқарастарындағы айырмашылық, әсіресе олардың арасындағы ымырасыздық, ауылдың ауқатты отбасыларының мүлкін тәркілеу мәселесіне байланысты болды. Смағұл Сәдуақасов ауылдың социализмге өтуінің тура жолы – кооперация деген пікірді ұстанды. Ол осындай мемлекеттік көзқарас барысында әрбір адам өзінің еңбегіне қарай өмір сүреді деген ойда болды. Смағұл Сәдуақасов өз ойлары мен істерінің өмірде жүзеге асуы үшін біршама күш-жігер жұмсады. Ол өз халқының көнекөз зиялыларына қарапайым адами қамқорлық танытты, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмухамдов сияқты сол кездегі жоғары білікті адамдарды жұмысқа орналастырды. Көптеген сыни мақалалар, Абай, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Бернияз Күлеев, Бейімбет Майлин шығармаларына әдебиеттік шолу жасаған. 1923 жылдың ақпан айында үкімет тапсырысы бойынша Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойында баяндама жасады. Бірақ Смағұл Сәдуақасов бірнеше рет Голощекин мен оның саяси қоршауы функционерлерінің айдауына түсті. Біраз уақыттан соң Смағұл Сәдуақасов «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы орнынан босатылады, бұл газетте Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсыновтың баяндамалары мен өлеңдері жиі жарияланатын. 1927 жылдың қараша айында ол халық ағарту комитеті орнынан босатылады. Біршама уақыт Ташкенттегі қазақ педагогикалық институтында ректор болып қызмет етеді. 1928 жылдың наурыз айында бұл лауазымнан да босатылады. Орталық Азияда Смағұл Сәдуақасов сияқты адал және алдына мақсат қоя білетін тұлғаға сәйкес орын да, қызмет те табылмады. Кабинет есігін Лев Троцкий теуіп кіретін Ф.Голощекин Алматыға жер аударып келгенінде «Не, әлі хандық құрып жүрсің бе?» деген сөздерді мысқылдай айтқан. 1918 жылғы Екатеринбургтегі патша отбасын қуғын-сүргінге салған бұл жендет осы жерде де өзінің арам пиғыл істерін жүзеге асырды. Шая (Филипп) Голощекин ойлап тапқан «сәдуақасовшылдық» деген тағылған атақ Қазақстанның жас зиялылары үшін саяси және қоғамдық өмірде ең құртатын атақ болды. Кітапханада сол кезеңде басылып шыққан Қазақстан туралы «Қазақ фольклоры және қазақ әдебиеті очерктері» атты брошюра бар, сол кітапшаның бірінші бетінен бастап «сәдуақасовшылдық» деген термин кездеседі. Смағұл Сәдуақасовтың абыройы мен ақылы зор болғандықтан, сол кездегі республика басшысы Филипп Голощекин оны ашық жазалауға батылы бармады. Оны Мәскеуге БКП (б) ОК-нің билігіне аттандырып жіберді. Қазақстанның 182


бұрынғы халық ағарту комитетінің басшысы Смағұл Сәдуақасовты Мәскеудегі темір жол көлігінің инженерлері институтының бірінші курс студенті етіп анықтады. Халық комиссарының жасы да студент болуға мүмкіндік берген еді, ол 28 жаста болатын. Институтты аяқтағаннан кейін Смағұл Сәдуақасов Сталиннің жеке өкімімен Қазақстанға жолданған жоқ, ол Мәскеу - Донбасс темір жолы құрылысына жіберілді. Ресми хабар бойынша, Смағұл Сәдуақасов Воронеж қаласында жұмыс істеп жүріп, 1933 жылдың күзінде сүзек ауруымен ауырып, сол жылдың 16 желтоқсанында Мәскеу ауруханасында қайтыс болады. «Азия әдебиеті» альманахында басылып шыққан екі мақала Смағұл Сәдуақасовтың үлкен әдеби дарындылығын дәлелдейді. Әдебиет және қоғамдық-саяси өмір саласында оның көптеген ойлары мен пікірлері бүгін де өзекті. Смағұл Сәдуақасовтың әдеби еңбектерін қайта басып шығару, біздің аймақ халықтарының тіліне аудару қажет екендігі анық. Смағұл Сәдуақасовтың отбасы туралы айтпай бұл мақала толық болмас деп ойлаймын. «Нельзя о прошлом забывать» кітабының көп тарауларын Сырым Бөкейханов өзінің екінші анасындай болып кеткен Елизавета Әлиханқызы Бөкейханова-Сәдуақасоваға арнаған. Осы кітапта Смағұл Сәдуақасовқа да арналған тарау бар. Бұл кітаптан біз оның патшалық Ресейдің Мемлекеттік думасы депутаты белгілі «Алаш Орда» топбасшысы, ғалым және ағартушы Әлихан Бөкейхановтың қызына үйленген болғанын білеміз. Той 1923 жылы Смағұл Сәдуақасовтың туған елі Жарқын ауылында болады. Оның жалғыз баласы Ескендір өз еркімен майданға кетіп, одан қайтып келмейді. Елизавета Әлиханқызы соғысты басынан өткізіп, майданда дәрігер болды. 1945 жылы майор атағымен медициналық қызметтен запасқа шығарылды. Соңғы уақытты Мәскеуде тұрып, ғылыми-медицианлық еңбектермен айналысты. Медицина докторы ғылыми атағын қорғап, профессор болды. 1970 жылы қайтыс болып, Новодевичье зиратына жерленді. Сырым Бөкейханов апайының жаназасында әкесінің қайғыдан қабырғасы қайысып, еңіреп отырғаны, Ресейде қазақ қызымен жақын адамдай қоштасқандары, Отанынан алыс жерде, Мәскеуде, Әлихан Бөкейханов, оның қызы Елизавета мен жолдасы Смағұл Сәдуақасовтың жерленгендері жөнінде өз кітабында жазады. Елизавета Әлиханқызы Бөкейханова-Сәдуақасова өз көзі жұмылған сәтке дейін Смағұл Сәдуақасовтың қуғын-сүргін органдарының құрбаны болғанына күмән келтірген жоқ. Смағұл Сәдуақасов өз мақалаларында шаруаларды ауыл кооперативтерін ұйымдастыруға, жастарды кооперативтер қозғалысын басқаруға шақырды. Яғни, Смағұл Сәдуақасовтың істерінде қазіргі жастар үшін үлгі болып табылатын реформатор рухын сеземіз. Бұның қазіргі өмірде де берер маңызы зор. Жиырмасыншы жылдары қазақ қоғамындағы халықтың білім-ілімге деген сұранысы оқулықтардың, танымдық, ғылыми еңбектердің жазылуын тездетті. Бірақ оны жазатын маман қат еді. Осы орайда С. Садуақасұлының «Жастарға жаңа жол» (1924), «Кооперация һәм қазақ шаруасы» (1924), «Жастармен 183


әңгіме» (1925) атты танымдық әрі ғылыми кітапшалары мен «Қазақстан» (1922), «Күнбатыс һәм Күншығыстың бостандық жолында күрестерінің тарихы» (1923), «Жаңа жұртшылық негізі – ғылым» (1925), т. б. ғылыми мақалалары замандастарының көңілінен шыққан. «Смағұл Садуақасұлы «Еңбекші қазаққа» 1925 жылы редактор болып келісімен, газеттің тілі де өзгеріске ұшырай бастады. Біріншіден, шығарушылар газет материалдарын қалың бұқараға түсінікті қазақ тілінде жеткізуді көздесе, екіншіден, газетті халық тілін шұбарлаудан басқа берер пайдасы күмәнды шетелдік сөздерден таза ұстауға күш салды. Редактордың ұйғарымы бойынша осы айтылған шаралар арқылы газет сол кезеңдегі қазақ өмірінің ең өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешудегі құралға айналуға тиіс болды» -дейді тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелдиев. Осындай тілге деген жанашырлықтың арқасында басылымның таралымы үш мыңнан сегіз мыңға дейін өскен. «Көтеріл, жастар!» мақаласы «Еңбек туы» газетінің 1920 жылғы 13қарашасында жарық көрген. Мұнда саясат пен ұлтшылдарымыздың аражігін ашып көрсетіп, мәселені келешек жастарға тірейді. Енді не істеу керек? Смағұл сары уайымшылдыққа салынбайды. Сол себепті төңкеріс тудырған дәуірден баз кешіп кетуді қаламайды. Оқығандар елден жырақтанса, мыңдаған халықты «саясатпаздар» құздан құлататынын Смағұл түсінеді. Ол: «Енді бізде кім бар? Алдымыздағы асқар таудай жүкті кім арқалайды? Ұлттың ісін, елдің жұмысын кім атқарады? Еңбекшілердің кім ақылшысы болып, кім оларға жолбасшылық етеді?» – деп қойған сұрағына өзі: «Жастар, жастар, жастар. Бұлардан басқа ешкімге сенім, ешкімнен үміт жоқ» – деп жауап береді. Қаламгер аға толқын өкілі ақын Мағжанның «Мен жастарға сенемін» деген пікірін негіздей отырып, алдағы істердің жауапты екендігін қаперінен шығармайды. Мақаладағы «Бүкіл халықтың тұрмысын өзгерту, адамшылық, ұйымшылдық негізімен өзгерту, жаңа дүние орнату деген жеңіл жұмыс емес. Бұл секілді жұмыс басын жарып, көзін шығарғанмен оңдалмайды. Бұған ақыл керек, білім керек, ақ жүрек, адал ниет керек» деген Смағұл ойы 20-жылдары аса көкейкесті, сындарлы естілгені анық. «Ауылдағы жастар туралы» мақаласы «Еңбек туы» газетінде 1920 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған. Мақалада ауылдағы жастарды ұйымдастыру, қоғамға пайдалы жұмысқа тарту, олардың іскерлігін қалыптастыру мәселесі көтерілген. Осы еңбегінде Смағұл бұрындары құрылған ұйымдардың кемшілігін айта отырып, оны қайталамауды, өткеннен сабақ алуды ескертеді. Көсемсөзші қазақ жастарының ерекшелігіне қарай жұмысты жоспарлауды ұсынады. «Біздің Қазақстан – ауылдың республикасы. Қазақтың 99 пайызы ауылда. Сондықтан ауыл жастарының арасындағы жұмыс ең бірінші орында болу керек», – дейді. Смағұл ауыл жастарына менсінбей қарайтындарды, оларды алға жетектеудің орнына меселін қайтаратындарды: «Қазақтың ұлтшылдары ондай «төрелерге» тиісті баға берсе де, қазақ ішінде «төрелік» қалған жоқ. Күні бүгінге дейін шаһарлы жерде жүрген дұп-дұрыс адам секілді жігіт елге шықса, шіңкілдеп, тоқаңдап кетеді. Балалармен сөйлесу түгілі, жаман-жәутік қазақпен де сөйлеспейді»- деп сынайды. Смағұл осы мақаласында: «Осы күнгі заман – бірлескеннің, білгеннің заманы. Бірлестің, 184


бірауызды болдың – сен күн көре аласың. Бытырадың, надан болдың – өлесің» – деп, ел жастарын ұйымдасуға, өрелілікке шақырады. «Жастар съезіне» атты мақаласын қаламгер «Қазақтың саяси пікірінің тарихы – қазақ жастарының тарихы» сөйлемімен бастайды. Бұл еңбегінде С. Садуақасұлы аға толқынның кезінде топтаса алмағандығын, «көпке бірдей жақсы аты шыққан қазақтың азаматы аздығын», жастар содан сабақ алу керектігін сөз ете келіп, жаңа замандағы жас лектің мақсат-міндеттеріне және санадағы сауатсыздықпен күрес қайтсе жеңіске жететінін әңгіме етеді. Жастардың ұйымдасып отырғанын үлкен күшке балап, оларға мүмкіндікті қолдан жібермеу жөнінде ақыл-кеңес береді. Ұлтты қадірлеуді ескертеді. «Мен – коммунист. Маған қазағы да, орысы да бәрі бір» деушілер табылады. Бірақ бұл секілді сөзді айтушылар орысқа да, қазаққа да пайдасыз адам болып шығады», – дейді Смағұл. Автор мақаласын: «Көтеріл, жастар! Ұйымдас, жастар!» – деген үндеумен аяқтайды. Байқап отырғанымыздай, Смағұл осынау үш мақаласында да ұлт ертеңі жастардың қолында екенін сөз етеді. Смағұл идеясы қазіргі публицистикамен үндес. Смағұл Садуақасұлының көсемсөздік сипаттағы «Қостанай-Торғай» атты жолжазбасы «Қызыл Қазақстан» журналында 1922 жылы жарық көрген. Онда: «Қазақ… Қазақты білесіз. Қазақтың қолынан не дәрмен келеді? Қойша айдаған жаққа жүре беру. Қырса, үндемей қойша қырыла беру. Біз – мал емес пе!»деген сөзінен өрбітіп, Қостанай мысалында кеңестік билікке мойынсұнған қазақ жұртының ауыр халін, көнбістігін, пәсейген рухын сөз етеді. Отаршылдардың зымиян іс-әрекетін әшкерелейді. «Қостанай уезінің қазағы орыспен сан жағынан тепе-тең, құқық жағынан, бостаншылық жағынан Қостанай қазағының халі ескі замандағыдан төмен. Іс басында бір қазақ жоқ деуге болады. Бәрі орыстар… Істегендері зорлық-зомбылық, қиянат, қырып кету, жойып кету. Ел ішіне жақсылық сөзбен, таза пікірмен барған біреу жоқ» – дейді көсемсөзші. Смағұл Садуақасұлы жолжазбада қостанайлық оқыған азаматтардың (қазақ) неліктен елеусіз орындарда жұмыс істеп отырғанын да зерделеген. Оның пікірінше, қабілетті қазақтардың аяғынан шалып отырған – отаршылдар. «Колонизаторлардың әдісі жақсы-ақ! – дейді мысқылмен Смағұл. – Біреуді «жалқау» дейді, жалқау бола қалады. Екіншіні «контр» дейді, контр бола қалады! Өздері оңды, басқа жұрт жаман». Мұнда сондай-ақ Қостанай қазағының арасында отаршылықты қасақана ұйымдастырып отырған кімдер екенін нақты деректермен көрсетіп, өкімет, ел назарын берекесіздік қалай туындап жатыр және оны қайтіп болдырмау керек деген мәселеге назар аударады. «Қазаққа не керек?» мақаласы «Өртең» газетінде 1922 жылы басылған. Бұл мақала қаламгердің туған ұлты туралы ой-толғамдарының заңды жалғасы деуге болады. Қаламгер «Ой тұрмысты жетектейді, тұрмыс ойды жетектейді» деген ежелден келе жатқан тұжырымның мәніне үңіледі. Қазақ тұрмысы құлдырауының обьективті себептерін көрсетіп, оны түзеу жөніндегі ойларын ортаға салады. Қаламгердің пікірінше, шикізатты сыртқа шығармай, қазақ жерінде өңдеген абзал. Бұл мақсатқа тезірек фабрик-зауыт, шойын жол салып қана жетуге болады. Оқуды дұрыс жолға қоймайынша, шаруа жақсармайды. 185


«Оқусыз адам уықсыз тігілген үй секілді»- дейді ол. Автордың пайымынша, қазақ ұлты түгел еңсесін көтермесе, онда оның теңдікке жетпегені. Бұл ойын ол: «Қазақтың теңдігі бес-алты жігіттің төре болғанымен табылмайды, осындай жұрттың тіршілігін көркейтетін жұмыстармен табылады»деп қорытындылайды. Оның мақалалары ұлт ертеңіне қатысты өзекті мәселелерді бүгежектемей, халыққа әрқашан ашық жеткізіп отырғандығымен де бағалы. Қазіргі кезде баспасөз бетінде бас мақала соншалықты көп көрінбегенімен, кезінде ол жетекші жанр деп саналатын болған. Себебі ол өз алдына үлкен мақсаттар қойып, ірі мәселелерді жазады. Тек жазып қана қоймай, оларды шешудің жолдарын қарастырады. Осы жерде оның жазылу тілі мен стилі де айқындалады. Бас мақаланы жазған автор онда тек өз ойын ғана емес, жалпы ұжымның ойын да айтады. Бас мақаланың тағы бір өзгешелігі оның публицистикалық салмағында. Мұнда журналистің мәні бар, көпшілікті қызықтыратын, оқырманды көптен толғандырып жүрген тақырыптары қозғалады. Алайда, бас мақаланы жазуға кез келген журналистің өресі жете бермейді. Оны жазу үшін жан-жақты терең білімді, әлеуметке дұрыс бағыт бере алатын сарапшыл, шыншыл бола білу керек. С.Садуақасұлының әрбір мақаласы өте көркем жазылған. Ең басты қасиеті сөйлемдерін сағыздай созбай, қысқа да нұсқа жаза білуінде. Ешбір босқа тұрған, басы артық сөз кездеспейді. Орынсыз қайталау мүлдем жоқ. Кез келген мақаласы тұщына, тамсана оқылады. Смағұл тіл тазалығына өте қатты көңіл бөлген. Сол кездегі баспасөзде ең қатерлі жайт – араб, парсы, орыс сөздерін орынсыз қолданып, ана тіліміздің шұбарланып жазылуы көрініс тапқаны да белгілі. Алайда, Смағұл өз кезегінде оған да тосқауыл қоя білген. Намыс пен қайсарлықты, ұлттық рух пен ұлттық сананы таразылаған XX ғасыр – тамыры терең ұлттық тарихымыз үшін күрделі кезең болды. Осындай дүрбелең сәттерді еске алсақ, сол кезеңдегі Алаш ұранымен қазақ халқын серпілткен алып тұлғалар оймызға келеді. Бойына қаһармандық пен зиялылық қатар қонған, большевиктік әділет күші мен әділетсіздікке қарсы бар күшжігерін сарп еткен сондай тұлғалардың бірі де бірегейі – Смағұл Садуақасов болды. Смағұлдың мемлекеттік және қоғамдық қызметі туралы дәуірінде қалыптасқан танымға байланысты біржақты баға берілудің салдарынан оның рухани мұрасы да соңғы уақытқа дейін зерттелінбеді. Алайда қазақ жастарының тұңғыш ұйымы «Бірлік» пен оның бағытын дәйекті түрде жалғастырған «Жас азаматтығы», Алашорданың облыстық комитетін құрудағы еңбегін кеңес қоғамының мүддесіне байланысты ескермегеннің өзінде, Сібір төңкеріс комитетіндегі (1920), Кеңестік Күншығыс ұлттары жастарының орталық бюросындағы (1920), Қазақ автономиялы республикасының Жастар одағындағы (1920), Қазақ ОАК-і төралқасындағы (1920-1921), Бүкілресейлік ОАК-індегі (1920-1921), Семей губернелік төңкеріс комитетіндегі (1921), Қазақ ОАК-нің Түркістан Автономиялы республикасы өкілдігіндегі (1921), Қазақ автономиялы республикасы Жоспарлау комиссиясындағы (1923-1924), Халық ағарту комиссариатындағы (1925-1927) жауапты қызметтерін елемеу, ескермеу тарихи әділетсіздік болар еді. 186


Көтерген тақырыптарының ауқымы турасында: «Өмір үшін күресу» (1918), «Көтеріл, жастар!» (1920), «Өткен күндер һәм болашақ» (1922), «Шарт керек пе?» (1922), «Қостанай — Торғай»(1922), «Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» (1924), «Қазіргі дәуір іс дәуірі» (1925), «О национальностях и националах»(1928) және тағы басқа толып жатқан мақалаларында қазақ қоғамының өтпелі дәуіріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың қандайлығын һәм ел мен оның көсемдерін тығырыққа тіреген зәруліктерді шешудің амалдарын көрсетеді. Өркениетті болуға талпынған елге қажетті шартты орындау ісінен күшін аяп қалмады. Смағұл Садуақасұлы «Нужды аула» (1919), «Бірінші мақсаттарымыз»(1920), «Халық ағарту мәселелері»(1925), «Оқу ісінің кемшіліктері, оларға қарсы шаралар» (1926), «Қазақстанда халық ағарту мәселелері» (1927), т. б. мақалалары мен соңғы аталған кітабымен аттас кітапшасында елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз етеді. Смағұл Садуақасұлы бұл жылдары театрдың, әртістік кәсіптің, пьеса танудың әліпбиі іспеттес «Ұлт театры туралы» (1925), «Алғашқы тәжірибелер», «Баянды еңбек күтеміз», «Мәдениет тәрбиесі»(1923), «Ұлт театрына бір жыл» (1927), тағы осы секілді бірнеше мақала жазады. Нәтижесінде қайраткердің сөзі мен ісі биіктен табылып, үлгілі театр, талантты әртістер, ойлы көрермендер қалыптасты. Смағұл Садуақасұлы – азаматтық қасиеттері мол қоғам қайраткерлігімен қатар, көсемсөзші, сыншы – әдебиетші, жазушылық қырынан танылған үлкен дарын иесі. Оның қаламынан туған «Сәрсенбек» тарихи-көркем романы, «Аптономиа», «Өртең» , «Сақымбай, Мақамбет» атты проза жанрындағы әңгімелері, «Самақбай, Сақындық», «Күміс қоңырау» повестері бар. Смағұл Садуақасұлының бұл шығармалары қазақ әдебиетіндегі проза жанрының дамуында алатын орны ерекше. Смағұл шығармалары, мақалалары, көсемсөздері – халқымыздың асыл мұрасы. Оның шығармаларының басты идеясы – ұлт азаттығы, елдің мұраты болып табылады.Смағұл Садуақасұлы есімі XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан елінің қайсар тұлғалы қайраткерлерінің қатарында аса құрметпен аталады. Ол жиырмасыншы жылдары өзін ел қамын ойлаушы, көрнекті мемлекет қайраткері, әрі көреген саясаткер ретінде таныта білген қайталанбас тұлға, қайтпас қайсарлығымен ел жадында мәңгі сақталар ардагеріміз. Смағұл Садуақасұлы 1916 жылы Омбы ауыл шаруашылығы училищесіне түсісімен, қолына қалам ұстап, көрген – түйгендерін қағазға түсіре бастады. Оның қаламының ұшталуына Омбыдағы қазақ жастары құрған, мақсаты: «қазақ халқын мәдени һәм әдеби жағынан ілгергі қатардағы жұрттарға қосу, ұлтшылдық сезімін туғызу һәм ұлттықты сақтау». Қайраткер-қаламгер Смағұл Садуақасұлының артынан қалған аманаты, асыл мұрасы ол – көркем шығармалары. Бұл туындылары кезінде әдебиет білгірлерінің назарына іліккенімен, әдебиеттану ғылымы саясиланған тұста ұмытыла бастады. Ауызға алынғанның өзінде Смағұл прозасының мәні халыққа теріс түсіндірілді. 187


Кеңес дәуірінің «жылымық» тұсында профессор Б.Кенжебайұлы жазушы Смағұл Садуақасұлы туралы: «Смағұл «Салмақбайдың ауылында қалайша кооперация ашылды», «Күлпаш» деген романдар, «Күміс қоңырау» деген повесть жазды. ...Әдебиет тарихы тек ірі ақын, жазшылардың творчествосын ғана зерттеп қоймай, бүкіл әдебиеттің даму процесін, ұлылы-кішілі әдебиет еңбекшісінің еңбегін зерттеу шарт» , - деп жазды. Смағұл Садуақасұлы мұрасының мұқият сақталынбағанына байланысты біздің қолымызға оның 1922 жылға дейінгі шығармалары тимей отыр. Хронологиялық жағынан жазушы повестен бұрын роман жазуға кіріскен. Мұны М. Әуезов мұражайынан табылып отырған «Сәрсенбек» романының қолжазбасы дәлелдейді. Автор шығарманы жазуды бастаған уақытын «1922 жыл, 21 қараша» деп көрсеткен екен. «Сәрсенбек» - 1916 жылғы оқиғаны арқау еткен қазақ әдебиетінің алғашқы тарихи-көркем романының бірі. Аталған туындының неліктен роман жанрына жататынын үш дәлелмен анықтай аламыз. 1«Сәрсенбек» - қазақ әдебиетінде роман жанрының енді дүниеге келген кезінде туған күрделі шығарма. 2 Роман талабына сай «Сәрсенбекте» үш желі қатар тартылып отырады. Олар: 1) көтерілісшілердің күрес барысы; 2) қаладағы оқығандар тіршілігі; 3)Күлпашқа қатысты оқиғалар, яғни қала мен ауыл арасындағы тосқауылбөгеттердің қалпы; 3 А. Байтұрсынұлы ескерткен тұрмыс сарынын түптеп, терең әңгімелеу, түгел түрде суреттеу бар. Романның: «... Біреулер «алар» дейді, біреулер «қояр» дейді, біреулер «жарайды» дейді, біреулер «жоқ» дейді. Біреулер «қояды» дейді, біреулер «қоймас» дейді, біреулер «барам» дейді, біреулер «жоқ» дейді. Біреулер алып жатты, біреулер беріп жатты, біреулер күліп жатты, біреулер жылап жатты», - деп басталуы сол заманның сұрапыл сәттерін, қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды, тартыстарды көрсетеді. Келесі бір назар аударарлық нәрсе ол – шығармада сомдалған көркем образдар. Романдағы көркем образдар өте шебер, ұтымды бейнеленген. Мәселен, автор, Жұпар есімді батыр қыздың образын: «Оң қолын көтеріп, аспандағы айды алатын кісідей, айғайлап сөйлеп Жұпар тұр. Қолы қимылдаған сайын білікке ілген тобылғы сапты қамшысы дір-дір етеді. Салауатты үлкен кісіше әр сөзін шегелеп, қызына айтады»,- деген кестелі сөздермен шебер суреттейді. Тағы бір ерекше көзге түскен образ ол – қолбасшы Амантайдың қасында еріп жүрген бір қас батырдың бейнесі. Автор бұл өжет батырды: «Атқа отырысы қыран бүркіт секілді сергек. Қоңыр жүзді, дөңгелете қырылған сұйық сақалды. Ісіңкі қалыңдау қабақтың астында екі көзі от шашады. Орта бойлы, дембілше денесі ердің үстіне нығыз. Қимылы тез», - деп, маржандай тізілген әсем сөздермен өте керемет бейнелейді. Қай көркем шығарманы алсақ та, ондағы ең әсем суреттеулер табиғат көрінісін жасауда қолданылатынын аңғарамыз. «Сәрсенбек» романында да 188


табиғат бейнесі оқырманның жүрегінен орын алады. Мысалы: «Қас қарайған шақ еді. Қап-қара болып түнерген күн. Батыстан қою бұлт қаптап келе жатты. Аспан мен жер тұтасқан зауал кеште дала төсін дүбірлетіп қатты келе жатқан сартылдаған ат тұяғы естілді. Сып-сып етіп сауырға тиген қамшының суылы кешкі тыныш ауаның қалпын бұзғандай», - деген үзіндідегі тылсым табиғат бейнесінен халқымыздың басына түскен қара бұлтты күндерді байқаймыз. Қаламгердің проза жанрындағы тұңғыш туындысы ретінде 1922 жылы баспа бетін көрген «Аптономиа» әңгімесі деп санаймыз. Шығармаға 20жылдардағы қоғамдық-саяси шындық арқау болған. Онда 1920 жылы автономияға қол жеткізген қазақ халқының бұл өзгерісті қалайша қабылдағаны көркем тілмен жеткізіледі. «Аптономиа» әңгімесінің негізгі идеясы – елдің мұраты. Шығармадағы бейнелер жүйесі осы идеяны ашуға қызмет етеді. Сондай-ақ, бояуы қанық осы бейнелер арқылы сол кездегі қазақ қоғамында орын алған тарихи шындық болмысын тануға болады. Бұл әңгіме қазақ әдебиеттануында алғаш және соңғы рет аса көрнекті ғалым А.Байтұрсынұлының 1926 жылы басылып шыққан «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде аталынды. Ғалым бұл еңбегінде Смағұл Садуақасұлының «Аптономиа» әңгімесін ұсақ әңгімелер қатарына жатқызады. Қаламгер бұл әңгімесінде Жарқынбек атты кейіпкер арқылы «Автономия» туралы түсініктің қазақ санасында қалай қалыптасқандығы жайлы сөз етеді. Мәселен: «- Жолдастар! Қазақ халқы аптономия алып жатыр. Ол аптономияның мағынасы – отау деген сөз. Орыстың кіндік хүкіметі – үлкен үй, орда секілді. Біз – одан енші алған отаумыз. Отаудың үй ішінің аспаптары, беретін қонағасы үлкен үйден бөлек болады. Сол секілді біздің ішкі жұмыстарымыздың билігі өзімізде. Оқу, оқыту, халық сотын жасау, елді тәртіптеп бағып тұру, шаруасын түзеу – бұл секілді істер біздің өзіміздің билігім ізбен істелетін жұмыстар. Отаудың үлкен үйімен бірге болатын жерлері бар. Мысалы, мал бағу, көшу, қыстауды бірге салу һәм сол секілділер. Біздің қазақ аптономиясының да түпкі Ресей хүкіметімен қосылатын жерлері мыналар: соғыс жұмыстары, отан қорғау жұмысы, азық-түлік, шаруашылықтың жалпы саясаты, ақша жұмыстары, орысша айтқанда, финанс дейді». Смағұл Садуақасұлының қаламынан туған келесі бір шығарма ол «Өртең» атты лирикалық әңгіме. Онда сюжет немесе оқиға желісі жоқ. Әңгіме жазушының отаны туралы тебіренісі, жерімен, елімен іштей сырласуы, мұңдасуы баяндалған. Біздіңше, «Өртең» әңгімесінің тууы «Өртең» газетінің жарық көруімен, жаңа заманға еріксіз тап болған алаш зиялыларының тынысы – «Жас азамат» мүшелерінің соны қауымдастық идеясы төңірегіне топтасуымен байланысты. Жастардың мақсаты санадағы шірік қауды өртеп, өртең шығару еді. «Өртеңде» сюжет болмағанымен, қазақтың көшесін, біте қайнаған бүгінін, ертеңін ой таразысымен бағамдаған, ұлттың ұтқаны мен ұтылғанын, озық қасиеті мен мінезіндегі кемшілігін табиғат бейнесімен астастырып, көркемдікпен көмкерген ерекше мазмұн бар. «...Қараңғы түнде қалқыған, маужырап ұйқыға кеткен сеңгір таулар. Іштері толған қазына: алтын, күміс, тас көмір, темір, қорғасын. Ұйпаланған қаудан шөп. «Қашса, қоян жасырынған». Күндер өтіп барады. Жылдар өтіп барады. 189


Заман жүріп келеді. Қараңдап қазақ әлі жүр. Қарайып киіз үй әлі тұр. ... Ау, қазақтың баласы! Еркін өсіп, еркін еміп, ел болған еңбекші ел! Еңбегің осы ма? Қараңдап неге жүре бересің? Жайылып созылған сары даланы неге көркейтпейсің? Ұйпаланған шірік қауды неге жұлып тастамайсың? Мол байлықты неге алмайсың?», - деген ойлар, жоғарыда айтылған дүниелерге дәйек болады. Төңкерістен кейін қазақ оқығандары арасында екі айрылған көзқарастар пайда болды. Осы мәселе, Смағұл Садуақасұлының «Салқымбай, Мақамбет» әңгімесінде сөзге тиек етілді. Әңгіме кейіпкері екі-ақ жан. Бірі – Сақымбай. Екіншісі – Мақамбет. Уақыт – қым-қуат төңкерістен кейінгі кез. Кеңістік – оқығандардың басын қосқан саяси сапырылыстарға толы қала. Әңгімеде атыс та, шабыс та жок. Бірақ тартыс бар. Ол – көзқарас, дүниетаным арасындағы тартыс. Тартыс жай көр-жер туралы емес, руханияттың қасиетті мәселесі – ұлт тағдыры жайында. Мақамбет «жер жүзінің төңкерісі үшін қазақты құрбан қылуға» бар, ал Салмақбай «дүниенің жұмағы болса, сол жұмаққа қазақ та барсын, неміс те барсын» деген пікірді ұстанады. Біз мұны төмендегі мысалдар қатарынан байқаймыз. «Мақамбет Салмақбайды қағып жіберіп: - Сен, Салмақбай, нағыз ұлтшылсың. Мен мұны саған көптен айтайын деп едім. Орыстың бәрі сені жек көреді. Бәрі: «Салмақбай ұлтшыл» дейді. Менің саған айтатын ақылым. Ұлтшылдықты таста! Екеуіміз де қу кедейдің баласымыз. Осы қазақ не береді!? Әркім өзі тырысу керек. Салмақбай жұлып алғандай: - Жоқ, Мақамбет! Сенің айтқаныңның бәрі қате. Менің жүрген жолым көпшілікке қарсы емес. Жұрттың бәрі тең болсын дегеннен артық не керек. Әуелі мен барайын, сен тұра тұр деген сөзге мен қарсымын». Осынау дерек көзі 30-жылдардағы ел басына төнген қара бұлтты айғақтайтын дәлелдердің бірі ғана. Шаң басқан архив қойнауына дендеген сайын, тыйым салынған дүниелерді жарыққа шығарған сайын Смағұл сынды сан жүздеген ұлт қайраткерлері өлімнің құпиясы ашылуға тиіс. Бірақ, «ер болмаса, ел ғаріп» делінген нақылдың астарында жұрт азаматын бағалап, қастерлей білсін деген ойдың жатқандығын ескермесек, енді жазамыз деп отырған тарихымыз толымсыз тарих боп шығуы мүмкін. Сонымен, 1933 жылдың қақаған қысында Смағұл Садуақасұлы қапыда аққан жұлдыздай қыршынынан қиылды. Аруақты ер арманда кетті. Артында жығылған сайын жұдырыққа төпеленген қалың елі мен әке тәлімін сіңіру бұйырмаған жеті жасар жәдігер тұяғы Ескендір, ерте солған гүлдей жары Елизавета қалды. Ең өкініштісі, үлкен саясаттан шеттелінген жылдары жиғантергенін, оқыған-тоқығанын іс жүзіне асыруға ғұмыры жетпеді. Бірақ қайраткердің еңбегі ізсіз қалмады. Мағжан ақынның Смағұлды жоқтап: Жас Смағұл үздік туған бала екен, Байтақ елге асқар таудай пана екен. Сол баладан, сол панадан айырылған,

190


Қайран қазақ, орны толмас жара екен, - деген өлең жолдарында қайраткерге ағалары, тұстастары атынан берілген баға деп білеміз. Осының бәрі Смағұл жолының әрі терең, әрі мағыналы, әрі трагедиялы екенін көрсетеді. Қазақтың бұрмалаушылықтан сабақ алған Отан тарихында «Смағұл Садуақасұлы жолы – елшілдік, батылдық және азаматтық жауапкершіліктің үлгілі жолы» деп жазылатынына сенімдіміз. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мемлекеттіктің нығаюы жолында көп іс тындырған ерекше құбылыс иесі Смағұл Сәдуақасұлы қай жылы, қайда туылған? 2 Смағұл Садуақасұлының қаламынан туған - «Өртең» атты лирикалық әңгіменің сюжеті мен композициясы. 3 Елдегі оқу-ағарту зәрулігін сөз еткен еңбектері. 4 «Аптономиа» әңгімесінің негізгі идеясы 5 Смағұл Садуақасұлы 1916 жылы қай оқу орнында оқыды? 6 «Салқымбай, Мақамбет» әңгімесінің мазмұны ме идеясы 7 Смағұл Садуақасұлының атқарған қоғамдық қызметтері 8 Профессор Б. Кенжебайұлының жазушы Смағұл Садуақасұлы туралы пікірі 9 «Смағұл Садуақасұлы жолы – елшілдік, батылдық және азаматтық жауапкершіліктің үлгілі жолы» тақырыбына ғылыми мақала жазыңыз. 10 «Сәрсенбек» - романының өзіндік ерекшеліктері. 11 Мағжан ақынның Смағұлды жоқтап жазған өлеңінен үзінді оқыңыз? Смағұл Садуақасұлы жайында жазылған еңбектер. Қаламгердің проза жанрындағы тұңғыш туындысы, оның тақырыбы. 14 А. Байтұрсынұлының 1926 жылы басылып шыққан «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде қай шығармасы аталынды. 15 «Салқымбай, Мақамбет» әңгімесінде сөзге тиек етілген әңгіме кейіпкерлері. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 С.Сәдуақасұлының қатаң саясаттың өтінде жүріп, қазақ мемлекеттігі үшін сіңірген еңбектері. 2 Ұлт мәдениеті мен әдебиетіне, баспасөз бен алғашқы театр ісіне қосқан үлесі. 3 Қоғамның дамып көркеюіне қосқан үлесі. 4 С.Сәдуақасұлы көркемсөз шебері. 5 С.Сәдуақасұлын зерттеген ғалымдар. 6 Елі үшін еңбек еткен ерен тұлға. 7 «Сәрсенбек» - қазақ әдебиетінде роман жанрындағы алғашқы туындылардың бірі. 8 Смағұл Садуақасұлының қазақ әдебиетіндегі проза жанрының дамуында қосқан үлесі. 9 Орта Азия өміріндегі жаңа дәуір» (1924), «Қазіргі дәуір іс дәуірі» (1925), «О национальностях и националах»(1928) т.б. мақалаларында көтерілген мәселелер 10 Смағұл Садуақасұлының «Аптономиа» әңгімесінің жанрлық ерекшелігі. 191


Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Д. Қамзабекұлы. Смағұл Садуақасов: Ғұмырнамалық деректі хикаят. – Алматы: «Қазақстан», 2009. 2 Б. Кенжебайұлы. Өтелмеген парыз. Қазақ әдебиеті,1957. 25 қаңтар. 3 А.Байтұрсынұлы. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер.Алматы: «Атамұра», 2003 4 С. Садуақасұлы. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы: «Алаш», 2003. 5 XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994. 6 Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Қызыл Орда, 1932. 7 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1997. 8 Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2002.

192


3-ТАРАУ АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН ЖАЗУШЫЛАР

Шәңгерей Бөкеев (1847-1920) Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған жаңа қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол 1847 жылы Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан оқып, білім алады. Өнерге, өлең сөзге жас кезінен әуестенеді. Ордадағы медресені бітіріп, мұсылманша білім алғаннан кейін, Астраханьдағы реальды училищиге түседі. Одан кейін Орынбордағы Кадет корпусында екі жыл оқиды. Орыс тілін үйреніп, орыс әдебиеті, мәдениетімен танысады. Самар губерниясында (қазіргі Куйбышев облысы) бітімші сот (мировой судья) болып жұмыс істейді. Әділдік жолын іздеу, шындықты қорғау жолындағы ой-санасы осы тұста қалыптасқан сияқты. Ол әкімшілік-төрешіл биліктің зорлық, алдау, парашылдық сыр-сипатын көріп, бұл жұмыстан бойын аулақ салуды ойлайды. Сөйтіп, біраз жыл қызмет істегеннен кейін қызметін тастап, өз еліне келеді. Бұдан кейін кеңсе жұмысына араласпай, патша тарапынан дворян атағын алып, Самар губерниясындағы дворяндар тізіміне тіркеледі де, еңбекпен, өнермен шұғылданады. Орданың Жәнібек жағындағы Көлборсы деген жерді өз меншігі етіп, сол кездегі орыс помещиқтері сияқты тұрақ жай тұрғызады. Онда ағаштан, тастан сәулетті үйлер, мектеп, медресе, мешіт салғызып; туыстарының балаларын оқытады. Бау-бақша, алма ағашын ектіріп, егін салады. Асыл тұқымды мал өсіреді. Шәңгерей ашқан мектепте білікті мұғалімдер жұмыс істейді. Сондай бала оқытқан, білімді әрі талапты мұғалімнің бірі көрнекті ақын Ғұмар Қараш (18761921) еді. Ол Шәңгерейді аға тұтып, жиі араласып тұрады. Шәңгерей оның ойөрісінің кеңеюіне, орыс әдебиетімен танысуына ерекше ықпал етеді. Ғұмар Қараш «Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына» деген толғауында: Алғыр жүйрік сұлтаным, Ақылың жетіп алысқа Ілгеріні болжадың. Болжағанның белгісі, Атаңнан мұра қалған су. Көлборсыны меншіктеп, Жағасынан жер алдың... Кешегі өткен бабаңыз. 193


Хан Жәңгірден үлгі алдың, - деп жырға қосқан. Сонымен қатар, Шәңгерейдің ақындығын, тілге шешендігін, сөз асылын қадірлеген көсемдігін, серілігін тамаша суреттеген. Бұл толғауы ақынның 1914 жылы Уфада шыққан «Аға тұлпар» жинағында жарияланған. Осыдан бастап Шәңгерей өз мекенінде оқшау өмір сүріп, аңшылықпен айналысты, жақсы ат, қыран құс, құмай тазы ұстаған. Құс салып, ит жүгіртіп, саятшылық өнерін қызықтаған. Шәңгерейдің ерекше көңіл аударған бір ісі - әдебиет, өнер, ғылым болады. Ол орыстың классик жазушыларының шығармаларымен танысады. Лермонтовты, Гогольді сүйіп оқиды. Ән-күйге, сурет өнеріне, сән-салтанатқа ерекше көңіл қойған ол ақын, әнші, күйші, домбырашы, суретші сияқты өнерпаздарды өзіне жақын тартып, олардың өнерін тамашалайды. Ол қадір тұтқан өнер адамдарының бірі – орыс суретшісі Мальцев деген досы. Оған шеберхана да салып берген. Орыстың Фет, Тютчев сынды ақындарының да өлеңдерін оқып, әсерленеді. Шәңгерейдің бай кітапханасы болған. Ғылыми әдебиеттерді, әр түрлі қазақ және орыс тіліндегі газет-журналдарды алдырып оқыған. ХХ ғасырдың басында қазақ, татар тілінде басылған ақындардың кітаптарын оқып, қоғамдық, әдеби өмірдің беталысынан үнемі хабардар болып отырған. 1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда «Қазақстан» газетін шығару мәселесі сөз болғанда, бұл істі қолдап, оған қажетті қаржыны толықтыруға көмектескен де Шәңгерей еді. Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де дерек бар. «Қара мұрт» атты роман, «Сұрау-жауап» деген көлемді әңгіме жазса керек, бірақ ол туындылары сақталмаған. Ол 1917 жылы шамасында Көлборсыдағы қонысын тастап, аталас төре тұқымдары мекендеген Ақбақай деген жерге (Батыс Қазақстан облысы, қазіргі Қаратөбе ауданы) көшіп келеді. Қоныс аудару себебі де мәлімсіз. Бізге белгілісі - өмірінің соңғы кезінде ел ішінде даулы, таластартысты мәселелерге көп араласпай, оқшау өмір сүрген. Шәңгерей 1920 жылы қаңтарда сол Ақбақайда қайтыс болған. Ақынның біраз өлеңдері «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) деген жинақтарда жарияланған. Бұл жинақтарды бастырған Ғ. Қараш еді. Кеңес дәірінде Қызылорда қаласында ақын өлеңдерінің жинағы (1933) басылды. Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары әлеуметтік өмірдің әр түрлі жақтарын қамтиды. Отаршылдық салдарынан туындап жатқан өзгерістерді көре білген ақын бұрынғы хандық дәуірдегі өмірді аңсайды. Оның қоғамдық ойпікірлері, топшылаулары бірде өмір шындығын айқын көрсетсе, бірде өткенге алаңдау сарынында келеді. Жер-судың құты кетті, сәні кетті, бәрі адыра қалды. Бұрынғы асыл адамдар енді жоқ, бұрынғыдай билер, ерлер енді тумайды дейді. Адыра дедім Нарынды, Құсы ұшып көлінен, Құты кетіп жерінен, Саба құрсақ билерден, Еңіреген ерлерден, Айырылып адыра қалғанда.., - дейді. Ақын өз кезіндегі жаңалықтардың бәрін бірдей қабылдай бермеген. Қазақ даласындағы ел билеудегі жаңалықтар 194


мен заң, тәртіптер, біртіндеп еніп жатқан капиталистік қарым-қатынастар, отаршылдық, сауда-саттық, халықтың жерден қыспаққа ұшырауы сияқты өзгерістер Шәңгерейдің көз алдында өтіп жатты. Бұрынғы хан ордасындағы ата-баба билігі мен беделі жайлы ұғым-түсініктер оның ақындығын сол бағытта оқшаушырақ қалыптастырды. Бұл кезеңде хан тұқымдарының да еркіндігі шектеле бастаған еді. Ақынның: Құйрық атып құлия, Түлкідей қашқан жымия. Қаранды үзіп барасың, Бізден де, қайран дүния... деуі содан туған. Сондықтан да ақын бұрынғы ата-баба дәуірі еркіндік дәуір еді, ешкімге тәуелді емес едік, дегенді білдіреді. «Ағасын ақылдың артық асқармен тең» өлеңінде: Ағасын ақылын артық асқармен тең, Асылдың арқар ұранды тіреуі – сен. Ала ту Абылайдың ала аттансаң, Аламан артындағы біреуі – мен.., деп, ұлы дүбір шықса қалмас едім, ел тәуелсіздігі үшін аттанған сарбаздың қатарында мен да Абылайлап аттанар едім дейді. Хан тұқымдары арасында Абылай ханның ел тәуелсіздігі үшін еткен тарихи еңбегі дәріптеліп, есімі қастерленді. Ақынның өмір мен өлім туралы пәлсапалық толғанысынан өмір шындығының елесі көрінеді. Ол тумақ, өлмекті табиғи құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ойын өлеңінде лирикалық бейне арқылы жеткізеді. Барлық қауіпқатерді себеп-салдарлы түрде көрсетеді. «Өмірдің өтуі» өлеңінде қырдағы құланның аман жүрмегі жоқ, құдыққа құлан құласа, құлағында құрбақа ойнар, суға құлан шұбырса, жолын тосқан жолбарыс жүрегін жұлып, жем етер. Ол да аман қалмайды. Бөкен терісін бөрік еткен, сексеуілді күрке еткен мерген жалғыз оқпен оның да қазасын жеткізеді. Мерген де ажалдан құтылмайды. Кім болса да ажал оғынан құтылмақ емес дейді. Өз заманындағы әлеуметтік құрылысқа жатырқай қараған ақын алдағы болашақтан үміт күтпейді. Ақын ескі қоғамдық құрылыстың күйреуін белгілі мөлшерде өз басының да трагедиясы деп түсінетін сияқты. Бұл дүние пәнилығын етеді екен, Бір дәурен өтіп, бірі жетеді екен... Өзіне халық аузын қаратқан ер, Тіріге, өлсе, қадірі кетеді екен... Бұл сөздерінен де өмірдің өтуі, ескінің өтіп, жаңаның келуі, елді аузына қаратқан ерлердің, көзден тайса, көңілден кететінін айтып, торыққандай болғанын көреміз. Шәңгерей шығармаларында өнер, ғылым, білім тақырыбы ерекше жырланады. Ол ғылым жетістігінде үлкен сеніммен қарайды. Қоғамның дамуы үшін қажет шарттардың бірі – ғылым екенін ұғындыруға күш салады. Жастарды оқуға, ғылыммен шұғылдануға шақырады. Оқысаң ғылым нұрын білім асар, Көңілдің кіршік басқан көзін ашар. Мас болған біліміне кейбір жастар, 195


Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар. Апырай, кімге аян бұл жиһанның Белгісіз ұлылығы асқар-асқар! Ғылымға ұмтылушы жастарға Шәңгерейдің үлгі еткені – Бұхарда, Казанда оқып келген қазақ-татар молдалары емес, дүние жүзіне әйгілі ғалымдар. Ол атақты ағылшын ғалымы Эдиссонды (1847-1931) үлгі етеді. Эдиссон Томас Алва – американың атақты физигі, электротехника мен байланыс жөнінде көп жаңалықтар ашып, түрліше құрал-аспаптар ойлап шығарған ғалым. Сонымен қатар, ғылымға бөгет жасайтын надан молдаларды шенейді. Ақын Эдиссонға арнаған өлеңінде ғылым мен надандықты бір-біріне қарамақарсы қояды. Ғылымды бұтағы көп, жемісі мол, биік шынар бәйтерек бейнесінде суреттеп, ғалымның әр саласын сол бәйтеректің жемісі ретінде бейнелейді. Бұл ғылым – бір бәйтерек шектен асқан, Шұлғанған бұтағына ғарсы-күрсі. Бар ғаләм он сегіз мың саясында, Таусылмас, бұтақ сайын бар жемісі. Шайтани бұл өнерді қалай дейміз, Әр өнер – сол жемістің бірдемесі. Эдиссон мұны істеген – ғалым адам, Оқымас, жалқау біздей емес надан. Пәнделерден қимие-симие ғылымы хикмет, Көп сырлар ашты түпсіз дариядан... Ақын ғылымның қоғамдық маңызын көпшілікке түсіндіруді оқыған адамға міндет етіп қояды. Шәңгерей өлеңдерінде өмірдің әр кезеңдерінің суреті бар. Ол бес, он жеті, жиырма алты жастағы өмірді суреттеп, балалықтың, жігіттіктің, егде тартқан шақтың бейнесін өте шебер бейнелей білген. Ақын Шәңгерей Бөкеевтін жұмбақтау, дара күн кешкен өмірі кешегі кеңестік жүйе кезеңінде туған халқының танымынан тысқары қалды. Шәңгерей Бөкеевтің ақындық ғұмырбаянын әдебиет тарихында орнықтыру бағытында жасалған зерттеулерді негіз ете отырып, ақын мұрасын әдебиет тарихы оқулықтарына енгізуде қазақтың белгілі әдебиеттанушы ғалымы, жоғары мектепте оқытылатын әдебиет тарихына арналған іргелі оқулықтардың авторы Ханғали Сүйіншәлиев елеулі еңбек жасады. Әр жылдары Шәңгерей Бөкеев шығармашылығына арнап жазылған академиялық мақалаларында Ханғали Сүйіншәлиев заман ағымына орай пікіройларын толықтырып, жаңғыртып отырғанын байқаймыз. Ғалым-ұстаздың 2006 жылы «Санат» баспасынан толықтырылып, өңделіп қайта басылым көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» оқулығында да Шәңгерей Бөкеев туралы арнаулы тарау бар. Осында ақын мұрасын танудың қайсыбір фактілеріне қатысты автор мынадай пайымдау жасайды: «Шәңгерей Сейіткерейұлы – ақтаңдақтар қатарына ілініп, көп жылдар бойы халқымыз көз жазып қалуға айналған көрнекті ақындарымыздың бірі, ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің ірі өкілі, өз дәуіріндегі ақындық өнерде өз үлесі, өшпес орны айқын қайталанбас қаламгер. Сонымен бірге ол – қазақтың жазба әдебиетін өркендету, 196


оның образдылығы мен көркемдігін жетілдіре түсу жолында елеулі еңбек еткен шын мәніндегі жазушы да. Бірақ, жетпіс жылдан астам тарихы бар кеңестік мәдениетіміздің назарына жете ілінбей, шығармашылығы көмескі қалпында қалып, орынсыз кінәлар тағылып, тарихи бағасына ие бола алмаған асыл сөздердің авторының бірі осы Шәңгерей». Шәңгерей шығармашылығы туралы тиянақты, негізді, жан-жақты мәліметті бере отырып, Х. Сүйіншәлиев ақын мұрасындағы жазба әдебиеттің даму, қалыптасу фактісіндегі орнына назар аударуы бекер емес. Бұл мәнде Шәңгерей шығармашылығы арнайы зерттеуге тартылуы құба-құп болмақ. Шәңгерейдің тұспал мен таңбалық нышандары басым озық лирикасының құны мен мәні Ханғали Сүйіншәлиев танымында тағы да аса бағалы бір қыры. «Ол адам жанының құпия сырларын аша-ақтара жыр шерткен ең сезімтал лирик, қазақтың адамгершіл, сыршыл, мәнді де мәнерлі поэзиясының аты әйгілі ақыны». Ханғали Сүйіншәлиев дара дарын Шәңгерей поэзиясының көркемдік қуат, құндылығымен тұтас ашылып, айқындалып зерттелмеу себебін дәуір ақиқатынан табады. «Кеңестік дәуірде қалыптасуға бет алған қазақ әдебиеті сынының Шәңгерейдей сән-салтанат жыршысын тап басып тануға шамасы жетпеді. Ол өзінің кенжелілігіне сай бірден ғылымның сара жолына түсіп кете алмай, әр түрлі тұрпайы да, анайы ағымдар жетегіне ілесіп, солшылдыққа ұрынды. Ғылыми-тарихи көзқарастан ауа жайылды». Ғалым әдеби танымдағы тапшылдық талаптардың тарихи салдарлары Шәңгерей шығармашылығын зерттеуде де көп көлденең тұрғанын орынды атап көрсетеді. Шәңгерейдің туып-өскен ортасы, ата-тегі де ақын мұрасының кеңінен таралып, насихатталып, танылуына аз кедергі келтірмегені рас. Бұл жөнінен Ханғали Сүйіншәлиев те Шәңгерейді «Қандыбалақ төрелерден шыққан, озбыр ортаның түлегі» деп таниды. Оны шын өнер иесі, ақын есебінде тани алмай келуіміздің негізгі себебі де осы тегіне байланысты болғанын атап көрсетеді. Ақынның шыққан тегі, өскен ортасы, бала шақтағы мұсылманша сауат алу жолын баяндай келіп, оның ендігі кең өріс, дүние болмыстың терезесін айқара ашуға бет алған кезеңіндегі өмір фактілерін айтуында да Х. Сүйіншәлиев ақындық тағдырдың қалыптасу тарихынан хабар беретін елеулі жайларды тізеді. «Асылы, Шәңгерейдің оқу, іздену жолындағы сапары оң болған. Ол өз кезіндегі білім, ғылым жолына жеткізетін дүнияуи мектептен оқып жетілген. Әуелі, Астрахан реальное училищесінде, одан кейін Орынбар кадет корпусында оқыған. Өз тізгіні өзіне тигеннен кейін білімді, зиялы орталарда болыңқырап, өзінің дүниетанымын кеңейте түскен. Сартау, Самар, Орал, Қазан, Уфа шаһарларында жергілікті ұлықтар қатарында қызмет те атқарған». Шәңгерейдің әкімшілік билік саласынан көп жайды көңіліне түйіп, онан кейін де ешқандай жұмысқа араласпау себептерін егжей-тегжейлі тарқата айтқан Х. Сүйіншәлиев ақынның аса биік өредегі адамгершіл мінез-құлқына тоқталып, мән береді. 197


Шәңгерейдің елде жоқ үрдістен орыс дворяндарынша тұрмыстық мәселелерге көңіл бөлуі өз алдына бір дүние болатын. Х. Сүйіншәлиев патшадан дворяндық атақ алған қазақ төресінің, Шәңгерей ақыннның бұл өмір салтына қатысты мынадай деректерді көпшілікке жеткізеді. «Патша тарапынан өзіне дворяндық атақ алып, мекен-жайға лайық жер бөлдіріп, өзінің меншігін белгілеп, сол жерінде білгенін, ойына келгенін жасап, адамгершіл істер атқарған. Тәуелсіз өмір кешіп, еңбеккке, өнерге негізделген жаңаша тұрмыс құрып, шаруа кәсібінің жүйесін жасамақ болған. Сол кездегі орыс помещиктерінің имениесі, хуторлары оған үлгі болса керек. Әсіресе, Л.Н. Толстойдың Ясная Полянадағы меншікті шаруашылығының үлесін қатты ескерген. Сол ұлы жазушының зор гуманистік бағытын қолдап, қолынан келгенінше қазақ жағдайына лайық істер жүргізген». Шәңгерей «Көлборсы» атты құнарлы алқаптың игілігін ағайын-туыс, елжұртпен бөліскен. Қазақ шаруаларының жаңа тұрмыс жасауына қолайлы жағдайлар туғызады. Үй салдырады, қора-қопсы салдырады. Мал өсіріп, егін егумен айналысқан елге керегін тауып бергізіп, дүкен ашқызып, базар саудасын дамытқызған. Балаларды оқытуды қолға алған. Көптеген білімді оқытушы жалдаған. Тұрмысқа қажетті заттар соғатын ұстаханалар жұмыс істеген. Монша да салынған, көңіл көтеріп, өнермен айналысатын орындар да ашылған. 25-тен енді асқан шағында Шәңгерей орыс помещиктерінің үлгісіндегі өмір ортасын туғызады. Сонымен бірге Көлборсыда ұлттық өнер саятшылық, аңшылық, әншілік те қызу жанданады. «Қазақтың қалың ортасында сауық-серуені мол Орда тұрғындары ішінде өткендіктен, оның өткен-кеткен тарихынан, өнерпаз адамдарынан хабардар болып, ол білігін толық игеруге күш салады. Елдегі аттары әйгілі ақын, жыраулар мен әнші, күйші музыканттар Бөкей ордасына, Шәңгерей мекеніне соқпай өтпейтін болады. Олардың кейбірін айлап ұстап, өнер үйренер жас қауымға үлгі етеді. Осы Шәңгерей сияқты өнерге құштар қайраткерлердің еңбектері арқасында болса керек, Батыс өлкесіне мәлім бөкейлік әуен, ән-күй, саз қалыптасады. Бөкейлік саздың өзгешелігін музыка зерттеушілер назарға алмай жүр». Осы мәселе қазақ ән-саз мектептерінің бір ерекшелігіне қатысы бар мәселе сияқты. Ханғали Сүйіншәлиев өте орынды назар аударыпты. Ғалым бөкейлік саз өнері туралы кәнігі маман болмаса да біршама ұғындыру жасаған екен. Шәңгерей Бөкееев өмірге көзқарасында ескі хандық дәуірін аңсаушылық бола тұрса да, ғылымға шақыру, молдалардың надандық іс әрекеттерін әшкерелеу, өнер-ғылым жолында ерінбей еңбек етіп, жаңалық ашқан ғалымдарды келешек жастарға үлгі ету, өлімге қарсы өмірді жырлау, орыс халқының ұлы ақыны М.Ю.Лермонтовтың патриоттық идеяны жыр еткен тамаша поэмасын қазақ тіліне аударып, жұртшылығымызға таныстыру, ұрпағына үздік көркем лирикалық өлеңдер қалдыру - бәрін жинақтасақ, Шәңгерейдің әдебиетіміздің дамуы үшін елеулі үлес қосқан ірі ақының бірі екендігіне көз жеткізу қиын емес. 198


Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Ақын қашан, қайда, қандай отбасында дүниеге келген? 2 Шәңгерейдің әдебиетіміздің дамуы үшін қосқан үлестері 3 М.Ю.Лермонтовтың қандай идеяны жыр еткен поэмасын қазақ тіліне аударды? 4 Ханғали Сүйіншәлиев Шәңгерей ақыннның өмір салтына қатысты қандай деректерді көпшілікке жеткізеді? 2 Шәңгерей Бөкееевтің өмірге көзқарасы, өзіндік принциптері. 3 Шәңгерейдің бізге белгілі шығармалары, олардың тақырыптары. 4 Шәңгерей прозалық шығармалар жазған деген де деректерге байланысты пікіріңіз. 5 Шәңгерей поэзиясының тақырыбы, көркемдік қуаты мен құндылығы. 6 Ақынның ғылым мен надандықты бір-біріне қарама-қарсы қойған өлеңдері. 7 1911-1913 жылдары қазақ зиялыларының ұымдастырумен Оралда қандай газетті шығару мәселесі қозғалды, оған Шәңгерейдің қолсқан үлесі қандай? 8 «Жәңгір ханның немересі, сұлтан Шәңгерей Сейіткерейұлына» деген толғауы және оның авторы? 9 Ақынның «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) деген жинақтары және оған енген өлеңдері. 10«Ағасын ақылдың артық асқармен тең» өлеңінің идеясы мен көркемдік қиырлары 11Шәңгерейдің елде жоқ үрдістен орыс дворяндарынша тұрмыстық мәселелерге көңіл бөлуі. 12Шәңгерейдің оқу, іздену жолындағы сапары. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Шәңгерей Бөкееев өмірге көзқарасы. 2 Ақынның ғылымға шақыру жолындағы еңбектері. 3 Молдаларды олардың надандық іс әрекеттерін әшкерелейтін шығармалары. 4 Өнер-ғылым жолындағы еңбектері. 5 Ақынның жаңалық ашқан ғалымдарды келешек жастарға үлгі етуі, өлімге қарсы өмірді жырлаған өлеңдері. 6 Шәңгерей Бөкееев туралы жазылған еңбектер мен оны зерттеген ғалымдар. 7 Ақынның «Шайыр» (1910) және «Көкселдір» (1912) атты жинақтары. 8 Шәңгерей Бөкееевтің аудармалары. 9 Шәңгерей Бөкееевтің философиялық танымы, өмірге көзқарасы. 10Шәңгерей Бөкееевтің шығармашылығы. 11

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. – Алматы: Санат, 2006. 2 Шәңгерей. Өлеңдер жинағы, ККӘБ, Алматы, 1933. 2 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- А: Қазақ университеті, 2002. 3 Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. – А: Өлке, 1997. 199


4 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – А: Ғылым, 1994. 5 Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – А: Санат, 1994. 6 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. – А: Білім, 1959.

Әріп (Мұхамедғарып) Тәңірбергенұлы (1856-1924) ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, Абай поэзиясының қайнар бұлағынан сусындап өскен талантты ақындарымыздың бірі Әріп Тәңірбергенұлы 1856 қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекенінде дүниеге келген. Ақын 11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. Сөйтіп Абайдың талантты шәкірттерінің біріне айналған. 1882-84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып қызмет атқарған. 1884-87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында жұмыс істеп, 1890 жылы өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болған. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет си яқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі. Әріп шығыстың ғажайып оқиғалы ертегілік сюжетіне құрылған бірнеше дастан жазған. Оның алғашқысы “Зияда-Шахмұрат” дастаны 1884 жылы жазылып, 1890, 1892, 1893, 1896, 1909, 1912 жылдары немере туысы Жақып Байжігітұлының атынан Қазан қаласында баспадан шыққан. “Қисса-и Бәхрам” дастаны 1908, 1912 жылдары жарық көрді. Осы шығармалары және “Қожа Ғапон” “Нұрғызарун”, “Тахир” дастандары - махаббат тақырыбына арналған қисса үлгісіндегі туындылар. Әріп сонымен бірге, ислам дінін жақсы біліп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды зерттеген. Әріптің қиссашылдығын айыптаған Абайдың әділ сынынан кейін ол өз кезінің әлеуметтік өмір шындығын жырлауға бет бұрып, қарапайым халық жоқшысы болды. Өлеңдерінің тақырып аясы кеңейіп, ғылым, білім, еңбек туралы шабыттана жырлап, сараң байлар мен жебір би-болыстарды, өтірікші-өсекшілерді, халық есебінен күн көруші пайдакүнем алаяқтарды сын тезіне алды. Көптеген өлеңдерінде қалың мал сияқты ескі әдет-ғұрыпты әшкерелеп, әйел теңдігі мәселесін батыл көтерді, өнер-ғылымды насихаттап, жастарды білім алуға шақырды. Әріп өз шығармашылығында Абайдың дәстүрін ілгері жалғастыра білді. Қапалда қызметте болған кезінде атақты ақын қыз Сарамен танысып, ғашықтық жырларын арнады. Біржан мен Сара айтысын көркемдік жағынан 200


қайта өңдеп, хатқа түсірді, баспаға ұсынып, мәңгілік мұра етіп қалдыруда көп еңбек сіңірді. Әріп 1913 жылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды. А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды. Белгілі ғалым, заңғар жазушы М.Әуезов 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында да Әріп есімін Абайдың ақын шәкірттерінің қатарында ауызға алады. Зерттеуші Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде сыналған ақындардың бірі осы Әріп екенін, оның бұған қатты намыс қылып кектеніп, Абайдан есесін қайтармақ болып, «Біржан – Сараның» айтысын шығарғандығын айтады. Бірақ арада он бес жыл уақыт өткеннен кейін М. Әуезов өзінің алғашында айтқан: «Біржан - Сара» айтысын шығарған Әріп. Біржан, Сара Әріпке әншейін ойдан шығарған геройлар есепті ғана керек...» деген пікірінен қайтып қалады. Абайдың ақындық айналасын жетік білген Әуезовтің Әріп туралы әр кезде әр түрлі пікір айтуына не себеп болды деген сұрақ туады. «Жазушы мұндай өзгеріске саналы түрде барған сияқты, алғашқысы қалтықсыз көңілден шыққан шын ойы болса, екіншісін уақыт талабына, заман ауқымына қарай амалсыз жасалған жүріс деп білеміз». Жоғарыда баяндағанымыздай Әріптің Семей уездік училишесінде оқып жүрген жылдары (1877-1881) Абайды көріп-біліп ұстаз ретінде таныған уақыты. Әр жыл сайын Семейге ұзақ уақытқа келіп, кітапханада болып, Михаэлис сияқты достарымен, қалада оқып жүрген қазақ шәкірттерімен Абайдың бас қосып мәжіліс құрып тұратан әдеті болғаны мәлім. Ұлы ақынның мұндай мәжілістерінің мән-жайы бізге Көкбай ақынның өлеңдерінен белгілі. Әріп те Абайдың мәжілістеріне қатысып жүріп, оның тарих, әдебиет, өнер-білім жайында айтқандарын есітіп, біліп, ұққандарын көңіліне түйіп, ұлы ұстаздың тағылымымен өнер жолына мықтап түседі, өлең жазумен қатар оқиғалы шығармалар жаза бастайды. Абайдай өлең сөздің құдіретіне айналған тағылымы мол ұстаздан дер кезінде үлгі-өнеге көрген Әріп осы кезден бастап өмір бойы қолынан қаламын тастамай шығармашылықпен айналысады, артына мол, талантты дүниелер қалдырды. Әріптің басқа ақын-шәкірттерге қарағанда өмірі де өзгешелеу болды. Ол Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, Мағауия сияқты үнемі Абай қасында бола алған жоқ. М. Әуезовтің «Абай ақындығының айналасы» (1934) деген мақаласында Әріптен басқа осы төртеуін атауы да сондықтан шығар. Ақындық сапарын ерте бастаған Әріп шығармаларының тақырыбы да сан алуан. Ақын шығармашылығындағы М. Әуезов назар аударған ғылым, еңбек, әйел халі және елге жуандық жасаушы содырлар туралы өлеңдеріне біраз тоқталмақпыз. Әріптің осы тақырыптағы шығармаларының дені оның ақындық шеберлігі толысып кемеліне келген кезі 1890 жылдары жазылған болатын. Бұл оның өлеңдерінің идеялық мазмұны тереңдей түскен, ұстаз ақынның әдебиеттегі реалистік дәстүріне жақын келген тұсы еді. Әріптің «Еңбек туралы» деген көлемді өлеңі айтар ойы, идеясы жағынан ұстазы Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Сегі аяқ» өлеңдерімен мазмұндас. Абайдың бұл өлеңдеріндегі елге қойған бір кінәсі «жақсы мен жаманды айырмадың» болып келсе, Әріпте: 201


Адалды – адал, арамды – арам демей, Қара Жаһил надансың, қасқыр түсті. Шындығында қазақты құртып келген бір кесел – жақсы мен жаманды, арам мен адалды айыра алмайтын надандық екені белгілі. Әріптің осы өлеңіндегі: Күн ұзын ел қыдырып, сумен қағып, Өтірік пен өсекке судай ағып, Екі табақ ет жесең еліресің, Жерден алтын тапқандай масаттанып. Терлеп еңбек істерлік біреуің жоқ, Бар әдетің бос жүрген пәле бағып, - деген шумақ Абайдың «Сабырсыз, арсыз еріншек»өлеңіндегі аңдығаны тек өсек пен өтірік, іздегені пәле, шаруаға қырсыз, даңғой, мақтан құмар адамдарды сынайтын шумақтарын еске түсіреді. Әріп те ұстазы Абай сияқты еңбек етпей, елді алдап, ұрлық-өтірік, қулықсұмдықпен күн көрушілерді батыл әшкерелейді. «Еңбек туралы» өлеңінен соң Әріп өз заманындағы әйел халін суреттейтін «Қалың мал туралы» өлеңін жазады. Әйел теңдігі ежелден халықтың көкейкесті арманы еді. Бұл мәселе халық поэзиясында да, XIX ғасырдағы Абай бастаған жазба әдебиетке де көрсетілген әлеуметтік тақырыптардың бірі болатын. Әріптің бұл өлеңі де Абайдың осы тақырыптағы «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңімен сарындас. Абай өз өлеңін жас қызды кәрі шалға беру тәрізді ел ішіндегі сорақылыққа қарсылық ретінде жазғаны белгілі. М. Әуезов Әріпті Абайға жақындастыра түсетін оның елге зәбір көрсетуші озбырлар жайлы сыншыл, сатиралық өлеңдері деп атап көрсеткен болатын. Ақын «Қабанбайға», «Найман Серікбай қажыға», «Қалыбек биге айтқаны», «Байтоқаның қызына», «Тәуірбек болысқа», «Қапылдың тірлігі» және т.б. өлеңдерінде замандастарының жағымсыз қылықтарын үнемі әшкерелеп отырған, қаймықпай батыл сөйлеп, өзінің оларға деген көзқарасын үнемі ашық білдірген. Әріптің бұл өлеңдеріндегі мысқыл, әжуа Абайдың осы тақырыпта жазылған «Мәз болады болысың», «Болыс болдым мінекей», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңдеріндегі уытты сатирамен ұштасып отырады. Әріп сатирасының бір өзгешелігі олар көлемі жағынан шағын, алғашқы шумақтар кекесін мен келемеж түрінде келеді де, олар соңғы шумақта өткір сатираға айналып, түйінді ой ашық айтылады. Әріп ақынның мұнан да басқа көркемдік, реалистік сипаты жөнінен ұстазы Абаймен үндесетін шығармалары мол. Жоғарыда сөз болған өлеңдер Абай шығармаларымен көбіне мазмұн жағынан ғана үйлесіп келсе, «Нәпсіге», «Дүние туралы», «Албырып өскен жігіттік» деген өлеңдері ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» және т.б. өлеңдерін көркемдік қадір – қасиеті, сөз қолданысы, сыртқы, ішкі ұйқас, буын, бунақ, тармақ, дыбыс әуезділігі жөнінен де еске түсіреді. Абай өлген соң, арттағы жас қауым ендігі жерде Әріп ақынды ұстаз тұтқан сияқты. 1924 жылы Әріп қайтыс болғанда, оның шәкірттері көптеген жоқтау 202


өлеңдерін шығарып, ақын есімін құрметтеп еске алады. Әріптен тікелей дәріс алған Шұғыбан Қауметов: Абайдың ізін басқан данышпаным, Аянбай надандықпен алысқаным. Орыс, қытай, араптың тілін біліп, Ғылымның шыңына өрлей ғарыштадың, - деп жоқтаса, сол кезде жиырма жастан жаңа асқан жас ақын Шәкір Әбенов оны: Ғылымнан он екі пән хабардар боп, Кеудеңе түсіп еді күн дидары, - деп сипаттайды. Абай дәстүрін жалғастыру ісі оның өз айналасынан осылай басталғанымен еш уақытта бұнымен толастамайды. Академик З. Ахметов айтқандай, ол «...одан кейінгі кезеңдермен, қазіргі әдеби процеспен ұласып жатыр». Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Әріп Тәңірбергенұлының өмірі мен шығармашылығы. 2 Әріп Тәңірбергенұлы шығармаларындағы ағартушылық сарын. 3 Әріп Тәңірбергенұлы қандай тілдерді жетік білген? 4 Әріп Тәңірбергенұлының тілмәштық қызметі. 5 Ақын шығармаларының жалпы сипаты қандай? 6 Ақын өлеңдеріндегі ғылым мен білім туралы ойлар? 7 Ақынның сыншылдық бағыттағы өлеңдері. 8 Ақынның Біржан мен Сара айтысын бастыруы. 9 Ақын шығармашылығының Абай өлеңдерімен үндестігі. 10 Әріп Тәңірбергенұлы туралы М.Әуезовтің ой-пікірі. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Әріп-Абайға ой санасы жақын ақын. 2 Абай мен Әріп шығармаларының сабақтастығы. 3 Әріп Тәңірбергенұлының ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. 4 Ақынның дүние, өмір жайындағы «Дүние туралы», «Өлім туралы» т.б. өлеңдері. 5 Әріп Тәңірбергенұлының айтыстары. 6 Әріп Тәңірбергенұлының ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі орны. 7 Ақын өлеңдерінің тақырыбы, идеясы, көркемдік сипаты. 8 Ақын поэзиясындағы өмір шындығы. 9 Ақынның «Қабанбайға», «Найман Серікбай қажыға», «Қалыбек биге айтқаны» өлеңдері. 10 Ақынның әйел теңдігі тақырыбына жазған «Қалың мал туралы» өлеңі. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Ерденбеков Б. Әріп ақын жайлы деректер әлі де жетерлік: Ақын Ә.Тәңірбергеновтің өмірі және қоғамдағы атқарған қызметі жайында. Семей таңы .- 2000 2 Зұлхаров Ғ. «Қандыжап-Көкбайдың дастаны: Ә.Тәңірбергеновтың дастаны туралы. Үш анық.- 1999. 203


3 Мұхамедханұлы Қ. Әріп Тәңірбергенов: Өмірі мен творчествосы туралы. Абайдың ақын шәкірттері. 2-ші кітап.-Алматы., 1995. 4 Серікбаев С. Арқаның ақиық ақыны: Ақын Ә.Тәңірбергеновтың туғанына 145 жыл. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Дидар.-2001. 5 Серікбаев С. Арқаның ақиық ақыны: Ақын Ә.Тәңірбергеновтың туғанына 145 жыл. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы. Дидар.-2001. 6 Семей өңірінің ақын-жазушылары: био-библиографиялық көрсеткіш.Семей : Талант, 2005. 7 Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет, білім). Өскемен: ШҚМУ, 2006.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) Артына өшпестей рухани мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болған. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан алтау, анадан төртеу» дегендегі аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен (шын аты Төлебике. – М.Ж.) үйренсе әкесі Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын, жыраулардың өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі. Осындай тәрбие көріп өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының оянуына осы үлгі қолайлы жағдай жасайды. Бұған бала Шәкәрімнің әкесі Құдайберді қайтыс болғанда айтқан мына бір тырнақ алды өлеңі дәлел бола алады. Далада ойнап жүрген жас Шәкәрім өрлеп бара жатқан бір жұлдыз құртын өлтіріп алады. Аздан соң өзінің сол ісіне әрі әкесінің өлімі есіне түсіп, мына бір өлең жолдарын жұлдыз құрты атынан суырып салып айтса керек: «Өлтірдің, онан таптың қандай пайда, Өмір сүріп жүруші ем жазда сайда. Өлімнің қандайлығын көзің көрді, Кешегі тірі жүрген әкең қайда?! Менің де жетім қалды балаларым, Олар да жылайды іздеп аналарын. Өзің жетім, жетімді аясаңшы, Жоқ екен басыңда ми-саналарың!» 204


Осы болған оқиғаны әжелеріне келіп айтқан жас Шәкәрімге олар «Енді бұдан былай өлең шығарма!» деп тыйым салыпты. Мұны естіген Абай тірі тұқымнан шыққандарға өлең жазу айып саналатынын біле тұра, әлгі аналарға қарсы, «өлең жазба деу дұрыс емес» деп Шәкәрімді қорғап қалыпты. Осы бір ауыз сөз Шәкәрімнің ақын болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Есейе келе Шәкәрім ағасы Абайдың сол ұмытылмас қамқорлығын еске алып: «Абай болмаса, менің ақын болуым екіталай еді» деген екен. Осындай шешуші өмір кезеңдерін ақын өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты көлемді жырында ірі-ірі үш дәуірге бөліп қарастырып, алғашқысы, Құнанбай қажы мен анасының тәрбиесінде өткен жиырма жыл десе, екіншісі, болыстықпен зая кеткен жиыриа жыл, ал соңғы отыз екі жыл Абай айналасында өткен іздену, өсіп жетілу мерзімі еді деп көрсетеді. Сөйтіп, ақын алғашқы қырық жылдық өмірін нәтижесіз, зая кеткен десе, соңғы жылдарды ғана жемісті кезең деп санайды. Ақын өзінің 19 жаста жазған «Жастарға» атты өлеңінде де ұлы ұстазының өз өмірінен алатын орны мен мәнін, тіпті кейінгі буын жастарға деген әсерықпалын орынды бағалап: «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық! Мынау Абай – бір ғалым жол шығарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді. Осындай арналы бағыт беретін өлең жолдары ақын оқу, білімсіз надандық пен қараңғылық түнегінде қалған халқын оятып, оның мәдениетті елдер қатарына қосылуы үшін, Абай ұстанған жолды жастарға үлгі етіп ұсынады, алдағы жарқын болашақтың тек жастарға байланысты екенін дұрыс түсініп, надандықтан арылуға үндеп, надандардың артына ешнәрсе қалмайтынын ескертеді: «Сендерден белгі нең қалар, Жемтігін жеген жем қалар. Ақылы дария Абайдан Таусылмас қоры – кен қалар!» - дейді. Шәкәрім өзі жемісті кезең деп атаған жылдарында да ұлы Абай бастаған игі дәстүрді жалғастыруға, ел өмірінің шындық көріністерін көркем бейнелеуге айтарлықтай үлес қосты, әдебиетімізге сан алуан поэзиялық туындылармен қатар проза мен аударма саласында да мәні зор еңбектер қалдырды, ұлы Абайдың лайықты шәкірті бола білді. Осыған орай ұлы жазушымыз М. Әуезовтың Шәкәрім жөнінде айтқан мына бір салиқалы пікірі ойға оралады: «Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақындар төртеу. Оның екеуі 205


Ақылбай, Мағауия – Абайдың балалары. Қалған екеуі – Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағынасындағы шәкірттері. Абайдан аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие алудан басқа, бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған... Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзетудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын-шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушының мектебі сияқты болады» (М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. Алматы, 1967. 244-б.), - деп көрсетеді. Шәкәрімнің өзіне үлгі тұтып өскен ұлы Абайдан тыс үш бұлақ бастауы бар десек, солардың алғашқысы қазақтың төл әдебиетінің ықпал әсері еді дей аламыз. Екіншісі Шығыс әдебиетінің туындылары деген жөн. Осы бағытта ол әйгілі Қожа Хафиз лирикаларының Физулидің «Ләйлі Мәжнүн» дастанын қазақшаға аударды. Үшіншісі, орыс ақын жазушыларынан М.Е.СалтиковЩедрин, М.Ю.Лермонтов, Н.А.Некрасов, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой шығармаларының игі әсері еді. Шәкәрім бұлардан А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесімен «Боранын» қазақ тіліне өлеңмен аударса, Л.Н.Толстойдың бір топ әңгімелерін қазақша сөйлетті. Өмірге, әдебиетке көзқарас, танымы мен түсінігі жағынан Шәкәрімге ең жақын тұрғаны орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой болғаны мәлім. Ол өзін Л.Н.Толстойдың шәкіртімін деп санап, оны мақтан тұтты. «Әйел, балашағасынан безіп, елсіз қорада Л.Толстойша бөлініп тұрып жатыр» деп қанқу сөз таратқан қайсыбір кісілерге жауап ретінде ақын: «Кейбіреу безді дейді қатынынан, Туысқан, бауыр бала жақынан. Қаңғырып, Толстойша өлер дейді, Шатасып қартайған соң ақылынан, Мен болсам Толстойдай арманым жоқ, Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ. Сырымды білетұғын сендер емес, Өлейін деп елсізге барғаным жоқ», - дей келіп, осыған орай өз басының арман-мұңын да ортаға жайып салады: «Таза ой ойлай алмас үйде басым, Ойсыз сіңбес бойыма ішкен асым. Ой жемісін теремін өлгенімше, Өсектесін, күндесін мейлі қасым!» - дейді. Жеті жасында әкеден жетім қалған Шәкәрім Құдайбердіұлы бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болды. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазды: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, оны қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік, Һәм алланың берген ақылы да ,бүкіл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихаттанып, аз ғана болса да ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім 206


алмаса да, өз бетінше ізденуінің арқасында және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Ш.Құдайбердіұлы өз заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылды. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алды. Шәкәрім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысты мол алған: «...және аятта: «Ей, мұсылмандар, пайдаланыңыз берген адал ырзығымнан», - деген», «Хадис: «Адал уәдесін бұзбаған иманның белгісі», деген, «...адам өзін-өзі танымақ деген, жаратқан иесінің құны екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ». Сонымен қатар, Шәкәрім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген: «Тарихта әрқашан адал жан өлмейтін», «Адамның адал ұлы болам десең, алдымен өзіңнің нәпсіңді жең», «Көп төбетке жетелі қайдан күшін, Құтқара алмай адалды пысады ішің», «Адаспайсың ақылды арлыға ерсең, Жолай көрме жылмайы сопы көрсең, Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың, Алданбайсың артынан ере берсең»; «Бір мезгіл: «Ой, тәңір-ай Адал жардың жолында өлгеннің арманы не?» - дегенде, тіпті, ер болып кетеді», «Адалға орын емес қазақ іші, Татты ғой соры арылмас таза кісі, Өзін асырар қазақтың өнері жоқ, Бірін-бірі талайлы бар жұмысы», «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық»; Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары: «Арсыз, арам айланы тастасалық, Адал іске талаппен бастасалық», «Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп, жаны үшін адамшылық ар сақтайды», «Талаптан адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір Аллаһқа біз демекпіз», «Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар, Кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек», «Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп, Таза ақыл косылса, Әлемнің таласын», «Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, - Бұл төртеуін кім кылса, шын адам сол»; Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданды: 207


«Адам мен еті адал хайуандардың бәрінің де сарқыты адал», «Халалға ойламайды шыдайын деп», немесе «Мойныңа менің қаным халал болсын, Болма енді Қалқаманның қанына ортақ». Ол орыс,батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқының дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге шақырды. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайда ол ХХ ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол, жазалаушылар атқан оққа ұшып,оның денесі айдаладағы құдыққа тасталды. Ол «Халық жауы» ретінде айыпталып, оның шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданында, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл көше ақын есімімен аталды. Сонымен қатар Семей қаласындағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді. Ш.Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 жылы «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Ш.Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрді. Сонымен қатар Ш.Құдабердіұлы бірнеше ән де жазған тұлға. Оның әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық азамат Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919-1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданды. Соның нәтижесінде, 1926 жылы Н.Ф.Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында, Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса, қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылды. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 208


Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көрді. Бірақ, екі әннің де өлеңінің астына нота жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі, А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні,А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында, «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбердин Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған. Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Шәкәрім шығармашылығы жайлы пікірлер мен зерттеулер (1913- 1981) 2 Т. Жұтбай зерттеулеріндегі Шәкәрімнің шығармашылық ғұмырбаяны? 3 Шәкәрімнің ақталу тарихы. 4 Шәкәрім шежіресі, оының тарихи мәні? 5 «Қазақ айнасы» жинағы, оның әдеби- тағылымдық, әлеуметтік сипаттары. 6 Шәкәрім мұрасының ақын ақталғаннан соңғы кезеңдегі әдеби- ғылыми айналымға ену, зерттеулі жайлы. 7 «Мұсылмандық шарты» еңбегінің діни, фольклорлық- этнографиялық, тарихи және тағылымдық мәні? 8 Шәкәрімнің ғылым жайлы ой- толғамдары. («Ғылымсыз адам айуан», «Сен ғылымға..», т.б. өлеңдері мен мақала, әңгімелері негізінде). 9 « Бәйшешек бақшасы», «Шын бақтың айнасы» әңгімелер топтамасы. 10 Шәкәрімнің мысал өлеңдері. («Баяулы суыр», т.б.) 11 Шәкәрімнің «Үш анық» трактаты. 12«Қодардың өлімі» поэмасындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. 13Шәкәрімнің шығармашылық ғұмырбаяны? 14 Шәкәрімнің дидактикалық өлеңдері. 15 Шәкәрімнің фольклорлық, этнографиялық мақалар мен әңгімелері? 16 Шәкәрім және Шығыс әдебиеті. 17 Шәкәрімнің төңкеріс жылдарындағы өмірі мен шығармашылық мұрасы және олардағы кемеңгердің ой- тұжырымдары. 1 2

Өздік жұмыс тақырыптары: Шәкәрімнің өмірі мен өскен ортасы. Ш. Құдайбердиевтің шығармашылық жолы. 209


3 Шәкәрім – аудармашы. 4 Шәкәрім поэмаларының тарихи және әдеби негіздер 5 Қалқаман-Мамыр поэмасы. 6 Шәкәрім прозасы, қара сөздері. 7 Абай мен Шәкәрімнің рухани тамырластығы. 8 Ақынның поэма жанрына қосқан үлесі. 9 Шәкәрім және орыс әдебиеті. 10 Ақын шығармашылығының зерттелу жайы. 11 Шәкәрімнің проза жанрына қосқан үлесі. 12 Шәкәрімнің діни және философиялық көзқарастары. 13 Шәкәрімнің Пушкиннен аударған шығармалары. 14 Шәкәрімнің Қожа Хафизден аударған өлеңдері. 15 Нәзира үлгісімен жазылған туындылары. (Ләйлі-Мәжнүн) 16 Шәкәрімнің Толстойдан аударған шығармалары. 17 Шәкәрім және Қожа Хафиз поэзиясындағы үндестігі. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 М.Әуезов , Ж Аймауытов “Абайдан соңғы ақындар”. Абай 1993, №5 2 Әуезов М. Абайдың туысы мен өмірі. Абай, 1992, №1,2,3. 3 Әуезов М. Абай ақындығының айналасы. Кітапта: Әуезов М. Абай Құнанбаев. Алматы: Санат, 1995. 4 Шәкәрім (Өмірі мен творчествосы жайында). Қазақ әдебиеті 1988 15 сәуір. 5 Дербісалин Ә. Шәкәрім поэмалары. Дербісалин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. – А., 1990. 6 Жанботаева Қ. Ақынның сөзі өлмейді. Ақынның жаңа шыққан өлеңдері мен поэмалары туралы. Алматы ақшамы. 1991-27 наурыз. 7 Сүйіншәлиев Х. Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ш. Құдайбердіұлы поэмалары. Алматы: Рауан. 1990. 8 Өлеңдер. Бес ғасыр жырлайды. – Алматы: Жазушы, 1989. 9 «Үш анық » Алматы: Қазақстан баспасы 1991. 10 Ш.Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты А.:1993. 11 Құдайбердиев Ш. “Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі”. 12 Шәкәрімнің білім,ақыл,таным туралы ой – толғамдары.Бақраденова А.Қазақ тілі мен әдебиеті 2001. 13 Шәкәрім. Иманым, Арыс баспасы, Алматы: 2000. 14 Қыраубаева А. Мен сорлы жоққа ғашық болып өттім (Шәкәрімнің ЛәйліМәжнүн дастаны) Кітапта Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері (Ғылыми мақалалар жинағы) Алматы. 1993, 33-39 б., желтоқсан.

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) ХХ ғасырдың басындағы белгілі жазушы, ақын, публицист, журналист Мұхамеджан Сералин Қостанай облысы Қарабалық ауданының Өрнек ауылында дүниеге келген. Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушы Мұхамеджан 210


Сералиннің қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған қызметінің бүгінгі таңдағы еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор. М. Сералиннің өмір жолы мен атқарған қызметі тарихшылар тарапынан терең зерттеле қойған жоқ. Бұл мәселеге негізінен осы күнге дейін әдебиетшілер мен заңгерлер тарапынан ғана назар аударылып келгені белгілі. Тарихшы-ғалымдар көп жағдайда қайраткердің ХХ ғасыр басында атқарған қызметін өздері зерттеген мәселеге жанама мәселе етіп қарастырумен шектеліп келгені аян. Соған орай кең деректік материалдар негізінде және жаңа методологиялық ұстанымдарға сүйеніп М. Сералиннің өмір жолын, атқарған қоғамдық-саяси қызметін және халқымызға сіңірген еңбегін тұтастай ашып көрсетуді отандық тарих ғылымы алдыңдағы өзекті мәселе деуге негіз бар. Сондай-ақ мұндай бағыттағы зерттеу жұмысының нәтижелері ұлттық мүддені биік тұтушы ел азаматтарын қалыптастыруға септігін тигізеді. М.Сералиннің саяси келбетін объективті түрде ашып көрсету арқылы қайраткер өмір сүрген дәуірдің қыр-сырын түсінуге де мүмкіндік аламыз. М.Сералин ғұмыр кешкен кезең патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын қарқынды түрде жүргізген, азаттық қозғалыс арнасына зиялы қауым өкілдерінің тартылған, патшалық биліктің құлап, алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы талпынысы және кеңестік биліктің орнығу дәуіріне тұспа-тұс келді. Сол тұстағы қазақ халқының хал-ахуалы мен қоғамдық-саяси өміріндегі ерекшеліктерге М.Сералиннің өмір жолы мен қызметін зерттеу арқылы да көз жеткізуге болатындығы да күмән тудырмайды. М.Сералин бүкіл күш қайратын, ерік-жігерін туған елін көркейтуге жұмсаған қаламгер-қайракер соңында рухани мол мұра қалдырды.Ол мұралар еліміздіңм тарихын әлі де тереңдете зерттеуде мол пайда тигізері сөзсіз. М.Сералин XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік қомақты орынға ие қайраткер-қаламгер, ұлттық мүдені биік тұтқан тұлға. Оның қайраткер ретінде қалыптасыуына өскен және білім алған ортасы әсер етті. Қазақ халқының қамыт уын киіп, орыстандыру мен шоқындандырудан ауыр зардаптарын тартып жатқан шақ XIX ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келген М.Сералин халқының азаттығын аңсап өсті. М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметі ұлттық мүддемен толық үйлесімділік тапты. Қайраткердің өмір жолын, атқарған қызметін зерттеу XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі еліміздің тарихының қыр-сырын терең түсінуге жол аша түсетіндігіне негізделді. М.Сералин 1880-1887 жылдары Троицкідегі медреседе оқиды. Содан кейін Қостанайдағы екі кластық мектепке түседі. Оны 1891 жылы табысты аяқтайды. Елде аз уақыт аудармашы болады да, Арал маңына оқытушы болып кетеді. Білімін өздігінен жетілдіре түсіп, орыс, татар жазушыларының шығармаларын көбірек оқиды. 1900 жылы Троицкіге көшіп, Яушев деген көпестің приказчигі болады. Мұхамеджан ел аралай жүріп, қазақтың мақал-мәтелдерін жинап жазып жүреді. 1911 жылы Троицкіде демократтық бағыттағы «Айқап» журналын шығарды. М.Сералин қиындықтарға қарамастан, 1915 жылға дейін журналдың шығуын қамтамасыз етеді. 211


М.Сералин отырықшылыққа үндеген, қалаға қоныстану оның жақсы тұстарын дәлелмен көрсеткен. Жүз туралы, жүз арасындағы жаулықтың халыққа қаншалықты қасірет әкелетінін журналда көтерген. Өзінің туған ауылында кітапхана мен мектеп ашады. М.Сералин болыстық басқарушылардың тарапынан жіберілген әділетсіздік пен заңсыздықтарға қарсы күреседі. М.Сералиннің бастамасымен №5 ауылда Шұбар болысында 1917 жылы ауыл құрылып, суырып салма ақын Сералының құрметіне «Сералы ауылы» деп аталады. Бұл ауылда 30 үй болған. Егіншілікпен айналысып, қала типті тұрғын үйлер ғимараттарының құрылысы бой көтерген. Жетімдер мен кедей балаларына қамқорлық көрсеткен. Мектепте кешке ересектер арасындағы сауатсыздықты жою мақсатында курстар құрылған. Жастар күшімен көркемөнерпаздар үйірмесі ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына тегін спектакльдер қойылған. Пьеса авторы көбінесе М.Сералиннің өзі болған. Спектакльдерде феодалдық көріністер сыналып, білім, ғылым мадақталып, табиғи байлықтар мен жануарлар әлемін сақтауға көңіл бөлінеді. Алда айтылып кеткен деректерге назар аударсақ Мұхамеджан Сералин суырып салма ақын деп жазылған.оған дәлел ретінде мына деректі жатқызуға болады. Бір жылы қожа еліне атақты Орынбай ақын келеді;Сералы сонымен айтысады.Осыдан былай оның елге ақын атағы жайылады. Сералының өлеңдері ауыздан ауызға,елден елге тарайды.Оның осындай ел аузында сақталған екі өлеңі 1915жылы «Айқап» журналында жарияланған. Ол өлеңдерінде Сералы өзінің жастай жетім қалғанын,кедей болғанын,суықтық өлең шығарғанын баяндайды: Құдайым сәби шақта жетім етті Жетімдік,жарлықпенен қатты дертті. Ата-анамды жақсы көрген арқасында Көрген жан баршасы да құрмет етті. 1919 жылы Орынборда «Ұшқын» газетінің редакциясында жұмыс істейді. 1920-1921 жылдары М.Сералин Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы және партия ұйымының хатшысы болған. 1922 жылы Қостанай губерниясының құрылуымен байланысты, М.Сералин жер бөлімінің меңгерушісі жұмысына жіберіледі. Содан соң губерниялық атқару комитетінің президиумына мүше етеді. Осы қызметте жүріп, өлкенің экономикалық, мәдени өмірін жандандыруға көп үлес қосады. 1922-1926 жылдары «Ауыл» газетінің редакторы болып жұмыс істейді. 1928 жылы М.Сералиннің денсаулығы нашарлап, туған ауылына оралады. Кітапхана құрып, Москва, Орынбор, Қазан, Қызылорда және басқа қалалардан газет-журналдар жаздырып алады. М.Сералин 1928ж Қазақстан орталық атқару Комитетіне мүше болып өтеді; 1924ж қаңтар айында Кеңестердің бүкіл Россиялық 2 съезіне,делегат болып сайланады.Делегат ретінде В.И.Ленинді жерлеуге қатысады.Ол жөнінде «Қайғылы қара күн»деген очерк, «Ленин», «Жоқтау» деген өлеңдер, «Ленинді жерлеу» деген мақала жазады. 212


М.Сералиннің ауылында туып өскен,араласып жүрген,ақырғы рет оны 1929ж май айында көрген Жұмаш Еленов деген кісі Мұхамеджан жөнінде мынадай әңгіме айтады.Ол кентік әлпетті,аласа бойлы,толық дембелше келген кісі болған екен.Ел оны Мұхамеджан демей «Бақа қожа»(руы қожа болған соң), «Мұқат» дейді.газет журналдарға Мұхамеджан «Мұқат», «Мыс» деп те қол қояды екен. М.Сералиннің журналистік қызметі екі кезеңге бөлінеді. 1-кезеңіне «Айқап» журналында төңкеріске дейін басылған 40-қа жуық мақалалары жатады. 2 кезең 1918-1928 жылдар аралығын қамтиды, бұл кезеңде «Ұшқын», «Еңбекші қазақ», «Ауыл» газеттерінде саясат, шаруашылық, мәдениет мәселелері жайында мақалалары жарияланды. 1900 жылы алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. 1909 жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. М.Сералин Ы.Алтынсариннің ағартушылық-демократиялық идеяларын қолдады. Ол Фердоуси «Шаһнамасының» «Рүстем - Зораб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қоғамдық ғылымдар маркстіклениндік методология мен партиялық принциптердің үстемдігінен арылып, өркениеттілік ұстанымдарға негізделген методологияның арнасына түсті. Соған орай ХХ ғасыр басындағы ұлттық саяси элита өкілдерінің өмір жолы мен қызметіне қатысты объективті пікірлер айтылып, тұжырымдар жасала бастады. М.Сералиннің мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты зерттеулер жүргізудің қарқыны арта түсті. Белгілі әдебиетші-ғалымдар Ү.Субханбердина мен С.Дәуітовтың құрастыруымен «Айқап» журналына еңген мақалалардың жинағы жарық көрді. Осы жинақта «Айқап» журналының редакторы М.Сералинге қатысты объективті пікірлер білдірілді. Заңгер-ғалым Қ.Ыдырысовта М.Сералиннің шығармалар жинағын құрастыру бағытында жұмыстар жүргізіп, 2002 жылы М.Сералиннің мақалалары мен публицистикалық шығармалары, поэмалары мен аудармалары енген кітапты жарыққа шығарды. Осы жинаққа «Ұлт тарихындағы ұмытылмас есім» деген тақырыпта алғы сөз жазған Қ.З.Ыдырысов мынадай орындағы пікір білдіреді: «Еліміз тәуелсіздік алып, ұлтын егемендікке жеткізу жолында құрбандыққа болса да, ар жолынан таймай беделін биік, абыройын жоғары ұстап, халыққа қызмет етудің үлгісін көрсеткен әрбір Алаш азаматы өмірінің мемлекетіміз үшін қайталанбас құндылық болып табылатынын түсіну, М.Сералин шығармашылығын зерделеуге жете мән беруімізді талап етеді». Белгілі әдебиетші-ғалым С.Ергөбек М.Сералиннің шығармашылығына байланысты «Қайраткер-қаламгер Мұхамеджан Сералин» атты еңбегін 2004 жылы жарыққа шығарды. Бұл еңбекте М.Сералиннің мұрасы үш топқа бөлініп қарастырылды. Бірінші бөлімде - қайраткердің әдеби мұрасы, екінші бөлімде публицистикалық мұрасы, үшінші бөлімде - аудармалары. Автор М.Сералиннің шығармалары мен аудармаларын зерделеумен шектелгенімен зерттеулерге 213


мынадай құнды ой-пікір білдіреді: «Жаңаша бағалап-бағамдауды қажет ететін тұлғаның бірі - ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, қоғам қайраткері - Мұхамеджан Сералин. Бұған дейінгі зерттеулерде М.Сералин коммунист ретінде мадақталып, кейбір түрікшілдік, исламшылдық пікірлері не бүркемеленді, не қателік ретінде саналды. М.Сералин қазақ мәселесінде ұлтшыл, тұтас түрік жұрты жөнінде түрікшіл, тіпті исі ислам бірлігін аңсаған азамат. М.Сералинді исламдық, түрікшілдік, ұлтшылдық көзқарасы үшін сынау қате. Бұл - М.Сералин дүниетанымынан туған көзқарасы, наным-сенімі, шығармаларында ту етіп ұстайтын темірқазық идеясы». М.Сералиннің қаламгерлігі тәуелсіздік жылдары қазақ әдебиетшілеріне ғана емес, өзбек әдебиетшілерінің де назарына ілінді. Өзбек әдебиетші-ғалымы О.Шарафуддинов өзбек ақыны, әрі жазушысы Шолпанның шығармалар жинағына «Әдебиет жасаса - ұлт жасайды» деген тақырыпта алғы сөз жазып, онда М.Сералиннің шығармашылығына да назар аударады. Оның пікірінше, М.Сералиннің «Тіл мен әдебиет халықтың рухы» деген ұстанымы өзбек қаламгеріне, соның ішінде Шолпанға да елеулі ықпалын тигізген. Қазақ тарихшыларының 1991 жылдан бергі еңбектерінде де М.Сералинге қатысты тың ой-пікірлер білдірілуде. Көрнекті тарихшылар К.Нұрпейісов пен М.Қойгелдиевтің алаш қозғалысына байланысты жазылған еңбектерінде М.Сералинге және оның жетекшілігімен шыққан «Айқап» журналына байланысты тың тұжырымдар бар. К.Нұрпейісов: «Қазақ зиялылары халықтың қалың бұқарасын туған өлкені қайта құрып, түрлендіру ісіне жұмылдыруда ұлттық газеттер мен журналдар, поэзиялық жинақтар мен көпшілікке арналған әр алуан тақырыптар бойынша жинақтар шығарудың маңызын жақсы түсінді. Қазақтың ұлттық баспасөзінің толыққанды алғашқы екі басылымы 1911 жылы дүниеге келді», - дей отырып, бұл істегі М.Сералиннің қайрат-жігеріне назар аударады. Деректанушы-ғалым Қ.Атабаевтың еңбегінде М.Сералиннің қазақ баспасөзін шығару ісіндегі қызметіне назар аударылған. Автор М.Сералиннің 1906 жылдан бастап қазақ баспасөзін шығару жолында әрекеттенгенін, бірақ қайраткердің ондай әрекеттері сәтсіз аяқталып отырғанын негіздеумен қатар, қайраткердің «Айқап» журналын шығару жолында сіңірген еңбегін нақтылы деректермен дәйектейді. Сондай-ақ автор «Айқап» журналының ХХ ғасыр басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде қарастырып, М.Сералиннің бұл басылымдағы мақалаларын деректанулық тұрғыда талдауға алады. М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қыры Башқортстан мен Қырғызстан ғалымдарының еңбектерінде де көрініс табуда. Башқортстандық ғалым Л.С.Тузбекованың еңбегінде М.Сералиннің Уфадағы «Ғалия» медресесінің ұстаздарымен және шәкірттерімен байланысы мәселесі қарастырылған. Автордың көрсетуінше М.Сералин «Ғалия» медресесінде оқыған шәкірттер арасына «Айқап» журналын насихаттап, шәкірттердің біразын осы журналға тілші ретінде тартқан. Л.С.Тузбекованың бұл мәліметін қырғыз ғалымдары Э.Манаев пен А.Османкулов та нақтылай түседі. Бұл авторлардың кітабында ХХ ғасыр басындағы қырғыз ағартушысы 214


И.Арабаевтың М.Сералинмен тығыз байланыс орнатып, «Айқап» журналында қырғыздардың сол тұстағы өміріне, тыныс-тіршілігіне қатысты мақалалар жариялағаны айтылады. Топжарған поэмасының қысқаша мазмұны. Мұхамеджан Сераллиннің бірінші поэмасы-«Топжарған». Ол 1900 жылы Троицкіде бөлек кітап болып шықты.1903-1907-1915 жылдары қайта басылды.1936 жылдан бері орта мектептерге арналып шығып жүрген әдебиет хрестоматисында үнемі басылып келеді. «Топжарған» поэмасының тақырыбы қазақ халқының өмірінде XIX ғасырдың отызыншы,қырқыншы жылдарында болған оқиғаға байланысты:Кенесары,Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты. Автор поэмасының басында Кенесарының және оның маңында жиналған топтың кәсібін,іс-әрекетін былай суреттейді: Қаңтарда Жыланшықты қыстау еткен, Жайлауға Торғай суын көктей еткен. Қарасай Қошалықтың қара отына, Наурызбай,Кенесары мал семірткен. Қасында төленгіті жүз қаралы үй, Жігіттің айтқаны өлең,тартқаны күй,- дейді. Поэманың бас кейіпкері жас Адай жігіт өз елінен ғашықтық жөніменм немере ағасын атып өлтіріп,қашып шығады; бір-екі жыл Теке маңын, Жайық бойын кезіп жүреді; тама, шекті, шеркес руларын аралайды.Ұрлық істеп күн көреді. Осылай жүріп кейіпкер бір күні Кенесарының шектім руына мал ұрлау,ел талауға келген үш жігітіне кез болады. Олар адай жігіті ұйытқып жатқанда ұстап алып, атымен тұтқын олжа етіп Кенесарыға алып барады; олар бара жатып адай жігітке: Біз елден апта болды шықтық шетке, Шектіден мал алуғ келсе епке. Талғанда аттың мойны сен кез келдің, Құлақ сал,олжаладық,мына кепке, Біз сені Кенеханға апарамыз, Құл қылып бірімізге біз аламыз,-дейді. Хан алдына барғанда жортуылшы жігіттер мақтанады:тұтқын жігітті құып жетіп ұстадық,ат үстінде сайысып жеңіп,байлап-матап алдық дейді.Адай жігіт мұның бәрі жалған екенін, ұйықтап жатып қолға түсіп қапы қалғанын айтады. Тақсыр-ау,астымда атым жүйрік желден, Жарыста озушы едім қалың елден. Қашсам да құтылар ем қолға түспей, Үшеуін ат үстінде болсам көрген,- дейді. Сонда жортуылшы жігіттер ғана тұтқынның сиықсыз,жаман,жауыр атын әкеп көрсетеді. Хан тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және шың жүйрікті тани алмай, оған ертең осы атыңмен қашып көр деп, қаһарландырады 215


Ақын мұнан кейін бауырынан жараған тұлпар мініп, қашқанды қууға әзірленіп, құнығып тұрған хан жігіттерін қуғыншыларды суреттейді. Бәрі де өңшең бөрі ішкендей қан, Тиындай көрінбейді көзіне жан. Жігіттер қатар түзеп тұрған шақта Ордадан нөкер ертіп шығады хан... Сәлемін берген көптің құп алады, Кене хан жан-жағына көз салады, Сәулетін баырлардың көргеннен соң, Ішінен мақтаныш қып қуанады. Поэмада ,мұнан ары, қашқалы тұрған тұтқын жігіттің қалпы суреттеледі. Ол жалаңдап тұрған қанішерлірдің найзасының ұшында тұрмын деп сезінбейді. Салмақтана түседі. Өтетілеудің күміс шақшасын сұрап алып насыбай атады. Кенесары жігіттерінің бірі де қашқанның шаңына ілесе алмай қалады. «Пері ме, адамзат па, шайтан ба», деп,ертеңіне жиналған топ қашқан жігітті әңгімелеп отырғанда,ол есіктен сәлем беріп, кіріп келеді. Өтетілеудің шақшасын өзіне қайырып береді. Кенесары жігіттен оның кім екенін сұрайды. Жігіт оған өзіңің әлгі тарихын баяндайды. Ақырында ол өзінің сол өңірге Кенесарыны іздеп келгенін айтады.Өз ықтиярымен Кенесары тобында қалады. Поэманы оқып шыққанда Кенесары төңірегіндегіер ұры-қарылар,ел тонаушылар,кісі өлтірушілер еді,кісі өлтірген,елінен қашқан ұры жігіт сол ұрылар,кісі өлтірушілер,ел тонаущылар тобына қосылды деген пікір айқын аңғарылады. Поэманың негізгі идеясы да-осы.Хан төңірегіндегі жігіттер шығармада әшкерлене сынай баяндалады. Сонымен қатар поэманың әр жерінде Кенесары мен жөнінде хан,мырза,батыр деген сияқты мадақ сөздер кездеседі. «Топжарған» адай жігіттің қолға түсуінен басталады; тез өрбіп, адамды тартып әкетеді. Ал ол жігіттің кім екені,не қылып жүрген адам екені,ниеті-бәрі поэманың ақырына дейін жұмбақ болып отырады; тек ақырында бір-ақ ашылады. Қорыта келе «Топжарған» поэмасында Мұхамеджан Сералиннің тілі таза; ақын бұрынғы діни кітап сөздерін, татарша сөздерді аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады. Тарихи шыңдықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде нағыз реалистік сөздермен, реалистік, жарасты теңеу салыстырулармен суреттеген. «Топжарған»-тарихи реалистік, көркем поэма. «Гүлқәшима» поэмасының қысқаша мазмұны. М.Сераллиннің екінші поэмасы «Гүлқәшима» (1913)-қазақ халқының сол кездегі өмірінен алынып жазылған реалистік-романтикалық, сюжетті поэма. Оның негізгі идеясыадамның бас бостандығы, әйел теңсіздігіізгі тілектеріне жете алмай арманда өткен екі жастың, бір-біріне шын ғашық қазақ қызы Гүлқашима мен қазақ жігіті Баймағамбеттің әңгімесі. Поэма үш бөлімді: бірінші бөлімі-жазушының көрген-білген бір оқғасы; екінші бөлімі-Гүлқашима Баймағамбеттің ғашықтық әңгімесі; үшінші бөліміавтордың қорытындысы. 216


Қиссаның-Баймағамбет дәптерінің мазмұны былай: Көктемде Сыр елі Арқаға көшіп келеді. Олардың ішінде Тілеубергендердің жақындары, таныстары болады.Баймағамбет амандасуға Сырдан көшіп келген ауылға барады. Сонда Медетбай деген байдың үйінде болып, оның Гүлқашима деген қызын көріп, соған ғашық болады. Себебі, ол әрі ақын, әрі молда, әрі ақылды, әрі сұлу болады. Таранған тоты құстай бір асыл зат, Меңзесем құр қызына болмайды ұят. Ақ жүзді ақылы кәміл,шырын сөзді, Үстінде сәндік үшін киген манат. Көп артық ұзын емес,орта бойлы, Аса көп сөйлемейді,терең ойлы, Күлгенде екі беті шұқырайып, Сүйкімдім көрінеді жүзі нұрлы. Баймағамбет бұл сырын Сүлейман деген жігітке айтады. Ол қыздың айттырған күйеуі бар, бірақ ол қызға тең емес. Сен хат жазып көр, менің інім апарып береді дейді. Баймағамбеттің Гүлқашимаға ғашықтығы арта береді. Ақыры ол хат жазады. Хатты лоблып, толықсып, қолы қалтырап, қайта-қайта жазып ,жыртады. Ақыры хат жазады, оның басын дұғай сәлем деп бастайды. «Күйген соң отына алдым қалам»,-дейді. Қыз Гүлқашима жігіттің сөзіне жауап қайтарады. Өзінің басы бос емес екені, ойнап-күлудің реті жоқ екенің айтады: Мал берген мен біреудің жесірімін, Қос жұртты әзіл сөзге қылам ба мерт, Той қылып,құда болып,құйрық жесіп, Мал сізге,қыз бізге деп айтылған шарт,-дейді. Жігіт бұған шыдамай қыздың ауылына барады, қызбен оңаша сөйлеседі. Қыз айтқанынан қайтпайды. Ақыры ол «Тойыма кел»,-ақырғы пікірімді той үстінде хатпен айтайын деп уәде береді. Күзде Гүлқашиманың тойы болады. Баймағамбет соған барады.Той, бәйге, жарыс, палуан күрес, ойын-сауық, жар-жар айтулар суреттеледі. Гүлқашима уәдесі бойынша,той үстінде Баймағамбетке хат жазып жібереді. Хаттың басын «Ішкі сырым»-деп қояды. Онда Гүлқашима өзінің Баймағамбетке ғашық екенің,күйеуің тең көрмейтінің бірақ енді бәрі кеш екенің, амалсыз айттырған күйеуіне тиіп, Баймағамбетті ойлап, өмір бойы жылай-жылай жүретінің айтады. Мұнан кейін Баймағамбет өлерде жазған хатында ғашықтық зарынан өлгенін,ата-анасынан айыптаммай,еске алып жүруін өтінген. Осыдан кейін «Сөз соңы». Ол-автордың қорытындысы. «Ғибрат бар екі-үш түрлі бұл қисада» деп келеді. Баймағамбеттің өлуіне Гүлқашиманың өз теңі емес адамға тиіп, мәңгі мұнды болып жүруіне:1)Қазақтың ескі әдеті кінәлі:сол бойынша халық теңі емес,сүймеген жастарды зорлап, байлап, матап қосады; 2) Ата-ана өз баласын өзі малға сатады, мал орнына беріп, салады, баладан малды жақсы көреді. Осылардан қазақтың жас, білімді, ақылды, сұлу қыздары гүлдей солады. 217


Баймағамбет пен Гүлқашима әңгімесін қазақтың қыздары, жігіттері сабақ алсын: олар ескі ғұрып-әдетке көнбесін, қайта оған қарсы күрессін, өнер-білім іздесін, қазақтың аруағын көтерсін: Жас күнін өнер іздер нақ дер шағың, Халқыңның ойлай берші оңар жағын,-дейді. Мұхамеджан Сералин «Гүлқашима» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі.Жазушының бірм жағынан,реалдық өмірді,шын тұрмысты,болған өзі көрген уақиғаны суреттеп,сол арқылы жастарға ескіден жирен,оған қарсы күрес,өнер,білім ізде,халыққа қазмет ет,халықтың аруағын көтер деуі,екінші жағынан,оқиғаға өзі араласып отыруы,әңгімені көбінше хат ретімен,кейіпкерлердің хат жазысып,сөйлесулері ретімен келтіруі,сюжет құруы оның орыс халқының бұрынғы,өз тұсындағы үлгілі әдебиетінен біраз үйренгенін көрсетеді. Жазушы стилінде, тілінде ертедегі шығыс әдебиетінің, ертек қиял-ғажайып қиссалардың әсері едәуір. Оны өте-мөте жазушы кейіпкерлердің келбеттерін.портреттерін суреттегенде айқын аңғарылады. Автор Гүлқашиманы көзі-жұлдыз, кірпігі-найза,қасы-жай, мойны алманың сабағындай, тамағынан ішкен асы көрінеді,тісі-інжу,-деп бейнелейді; Баймағамбеттің Гүлқашимаға ғашық болуын, ынтызарлығын суреттеуінен Мәжнүннің Ләйлаға ғашық болуы сезіледі. Жазушы поэмасында тек ғашықтық әңгімені ғана емес,сонымен қатар, тиісінше халықтың тұрмыс-салтын, шаруашылық-тірлігін, табиғат көрінісін де суреттеп отырады. Мысалы Сыр елінің арқаға көшіп баруы,Арқа елінің егін салатыны, той ойын-сауық, жазушының базар шығуы, Тобыл бойын, моланы суреттеуі, тағы-тағылар. Мұхамеджан Сералиннің шығармасының сюжеті мен композициясын құруға шебер ақын деуге болады. «Айқап» журналы небары 4 жыл ғұмыр кешті. 4 жылда оның 88 нөмірі жарық көрді. Осыған қарамастан Алаштың тарихында өшпес із қалдырды. Соның әуелгісі «Айқап» журналының басқарушысы һәм бастырушысы болған Мұхамеджан Сералинн. «Айқап» журналында оның ірілі-уақты қырықтан аса мақаласы басылған.Бұл мақалалардың көпшілігі сол замандағы қазақ халқының саясишаруашылық,мәдени халі мен болашағы туралы жазылған.Оның бір еңбегінде бірнеше мәселені сөз ететіні де. Сондай-ақ ол мақалаларының көбіне саралап, арнайы ат қоймайды, көбін күнделік, хат сияқты етіп жазады. Мұхамеджан Сералин өз басылымы үшін сол кездегі ең көкейкесті жайларға арнап,бас мақала жазып отырған. Мәселен, М.Сералин «Қазақ халқының мұқтаждығы» материалында жер мәселесі туралы проблема көтеріп,оны ауыл қазақтарына бөліп беру идеясын ұсынды «Қазақ халқының қазіргі мұқтаждығы не?, -деп сұрау қойып, сол сұрауға басқалардың берген,беретін жауаптарын келтіреді.Кейбіреулері қазақ халқының қазіргі тілегі-бұрынғы қалпында көшпелі,мал өсіруші жұрт болып қала беру дейді;енді біреулері қазақ халқының қазіргі тілегі өз алдына мүфтілік алу дейді. Бұл дұрыс емес екендігін айтады, дұрыс емес екендігін дәлелдейді. 218


М.Сералиннің «Қызмет иесі мырзаларға», «Қадірмен оқушыларға!», «Басқарушыдан», «Айқап», «Басқармадан» деген сияқты бірқатар мақалалары «Айқап» журналы туралы, оның мақсаты мен міндеттері туралы жазылған.Мәселен,ол өзінің жоғарыда аталған «Қызмет иесі мырзаларға» деген мақаласында: «Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды Журналымызға «Айқап» деп есім бердік... Біздің қазақтың «Ай,қап!»демейтұғын қай ісі бар? «Қап» дегізген, қапияда еткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды.», деп жазса, ал екінші бір «Құрметті оқушылар» атты мақаласында «Айқап» журналын жұрттың оқи бастағанына бір жыл толғанын, «Айқап» журналы жер мәселесі туралы жұртың ойын қозғауға себеп болғанын халық соты, әйел теңдігі, балаларды оқыту, сайлауға таласудың зиянды жағы тәрізді зәру мәселелерді жазуды қолға алып отырғандығын айтты. М.Сералин патша отарлау саясатының түпкім мақсатын дәл тани біліп, оны жұртқа дұрыс түсіндіруде де білгірлік танытты. Мәселен оның мына пікіріне құлық түрелік: «Соңғы он жыл ішінде үкімет... қырғыз-қазақтарды отырықшы қылып өнер үйретейін, өнерге алғызайын» салдырап көшіп азап шеккенше отырықшы болып жан тыныштық қылсын деп емес, отырықшы болып 10-15 десятина жер алып, ала алмағандардың жерін кесіп алмақ». Бұдан басқша «Айқап» мемлекеттік Думаларға, Дума сайлауларына байланысты мақалалар жариялады. Қазақтарға да сайлау құқы берілуін, Думаға қазақтан да депутат сайлануын, онда халқымыздың көкейкесті мәселелерінің қаралып,шешімін табуын талап етті. Осыған орай М.Сералин «Айқаптың» 1912 жылғы үшінші санында «Юбилей туралы» атты мақала жариялап, онда Романов тұқымдарының патшалық құрғандарына 300 жыл толу мерекесіне қатысатын қазақ өкілдеріне мынадай тапсырма жүктелді: 1. Қазақтан Думаға депутат сайланатын болсын; 2. Қазақ жеріне енді шеттен көшпенділер келтіру тоқтатылсын; 3. Қазақ, орыс орналасқаннан қалған жер қазақ пайдасына берілсін; 4.Мал шаруашылығын жаңаша өркендетуге орыспен қатар қазақтарға да учаске болсын; 5. Қазақстандағы қазынадан сатылатын жерлерді орыспен қатар қазақтың да сатып алуына рұқсат етілсін; 6. Дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, халық сотын өзгерту туралы сұралсын. Осы барған мырзалар өздерінің Петерборды көріп қайтқанына мәз болмай, азырақ халық пайдасы туралы оны-мұны ескеріп қайтса дұрыс болар еді. Кеңесіп, тиісті орындарға мұн-мұқтажымызды айтып, арыз ұсынса екен...Кезі келгенде мұқтажымызды сұрау өкімет алдында ешбір теріс болмас деп ойлаймын». Кеңес үкіметі тұсында «Айқап» журналын көтере мадақтауға жол бермей, оның, редакторы М.Сералиннің атын да бірде айтқызып, бірде бүркемелеп келгендігі де біздің ойымызша осындай ашық пікірінен туған болуы керек. «Айқап» журналы жұртшылықты Абайдан үлгі алуға, соның жолымен жүруге шақыра отырып, бұл жөнінде: «Біз Самарқан,Түркістан, Бұқара, 219


Ташкент жағынан келген бас қатырғыш дін жаһистерінен арылып, енді еуропа мәдениетіне суарылған өнерлі тілді жасалық. Ол өнерлі тілдің үлгісін бізге Абай берді. Абайдан үйренейік, одан соң сынаптай таза, күмістей кіршіксіз қазақтың ауыз әдебиетінен бұрынғы сөз тапқыр шешен сөздерінен үйренейік», деп жазды. Мұхамеджан Сералин «Келешек заманымыздың қамы» деген мақаласында. «Қазақтың осы күнгі қалпы екі жолдың айрығына келіп тоқтаған, қай жолға түсерін анық білмей дағдарған жолаушы секілді. Низам қазақтың алдына екі түрлі жол салып қойған: бірі-кочевой норма, яғни еркек, әйелге бірдей қаз басқан жан басына он екі десятина жер алу, екіншісі переселиченская норма. Ол бойынша қаз басқан еркек кіндікке он бес десятинадан жер алып, қала салып, отырықшы болу. Бұл жолдың кейінгі нәсіл-нісіп үшін қайсысы қолайлы болады деп ой жүргізбеген қазақ аз болса керек. Ақылы бүтін әр қазақтың басында осы ой бар. Бірақ мұның тиянақты шешуін көрсеткен адам әлі жоқ» - дейді. Сералин осы мәселені шешу үшін қазақ съезін шақыруды талап етеді. Осындай екі талай кезде бұрынғы ел ағасы адамдар съезд шақырып, кеңескен. Әбілхайыр Россияға қосыларда осылай еткен. Біз де қазір солай етейік дегенді айтады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Мұхамеджан Сералиннің өмірі мен шығармашылығы. 2 Мұхамеджан Сералин «Келешек заманымыздың қамы» деген мақаласында не туралы айтады? 3 «Айқаптың» 1912 жылғы үшінші санында «Юбилей туралы» атты мақаласының мазмұны. 4 «Гүлқәшима» поэмасының қысқаша мазмұны. 5 Мұхамеджан Сераллиннің бірінші поэмасы-«Топжарған» қай жылы қайда бөлек кітап болып шықты? 6 «Құрметті оқушылар» атты мақаласында қандай өзекті мәселе көтерілген? 7 Мұхамеджан Сералиннің «Гүлқашимасы» қандай поэма? 8 «Айқап» журналы жұртшылықты неге шақырды, алдына қандай мақсат қойды? 9 Романов тұқымдарының патшалық құрғандарына 300 жыл толу мерекесіне қатысқан қазақ өкілдеріне қандай тапсырма жүктелді? 10 «Гүлқашима» поэмасы қандай бөлімдерден тұрады? 11 «Топжарған» поэмасының тақырыбы, мазмұны мен идеясы, көркемдік. ерекшеліктері. 12 Жазушы шығармаларының стилдік, тілдік ерекшеліктері. 13 М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметінің кейбір қырлары. 14 М.Сералиннің шығармалары мен аудармалары. 15 Белгілі әдебиетші-ғалым С.Ергөбектің және басқа да ғалымдардың пікірі. 1

Өздік жұмыс тақырыптары: Мұхамеджан Сералин - публицист. Журналистика саласына сіңірген еңбегі. 220


2 «Гүлқәшима» поэмасының көркемдік ерекшелігі, поэманың идеясы. 3 «Айқап» журналының көтерген мәселелері. 4 «Қазақ халқының мұқтаждығы» материалында көтерілген проблема. 5 М.Сералиннің «Қызмет иесі мырзаларға», «Қадірмен оқушыларға!», «Басқарушыдан», «Айқап», «Басқармадан» мақалаларында көтерілген өзекті мәселелер. 6 «Гүлқәшима» поэмасының тақырыбы мен идеялық мазмұны. 7 Жазушының кейіпкерлердің келбеттерін, портреттерін суреттеу. 8 «Топжарған» поэмасындағы оқиға желісі. 9 Қайраткердің «Айқап» журналын шығару жолында сіңірген еңбегін. 10 Қайраткер жайында айтылған пікірлер мен зерттелген еңбектер. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994. 2 Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Қызыл Орда, 1932. 3 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1997. 4 Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2002. 5 Қазақстан ұлттық энциклопедиясы,7 том 6 Нысанова С. «М.Сералиннің қоғамдық-саяси қызметі» атты диссертациясы, 20-11-2008 7 Хабаршы журналы «Қазақстан газеті мен Айқап журналы және онда қызмет істеген ірі тұлғалар» мақаласы.авторы А.Қарықбай 2011ж, 29 саны.

Ғұмар Қараш (1875-1921) «Ғұмар Қараш 1875 жылы бұрынғы Бөкей ордасындағы Таловка қисымында №2 старшындықтағы Құрқұдық тұрағында дүниеге келген. Ол Қараштың алты ұлының үлкені деп» жазады белгілі тарихшы Исатай Кенжәлиев өзінің «Ғұмар Қараш» атты кітабында. Бұл 1920 жылы көкек айында Ғұмардың өз қолымен жазылған «Тіркеу карточкасынан» алынған дерек. Бұл өңір қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарайды. Ғұмардың руы – Кіші жүз құрамына кіретін ноғай-қазақ. Оның ішінде қояс, одан Оразақай. Әйгілі Шәлгез жырау Тіленшіұлы Ғұмардың түп атасы делінеді. Ғұмар әкеден жастай жетім қалса да, ауқатты ағайындары арқасында қатарынан қалмай білім алған – әуелі ауыл молдасынан оқып, хат танып, сауат ашады. Кейін Ғұмар Жазықұлы, Ысмағұл Қашғари сияқты молдалардан, Жалпақтал (Фурманов) елді мекеніндегі Ғұбайдолла Ғалікеев хазіреттен дәріс алғаны айтылады. Исатай Кенжәлиев Ғұмарды жас кезінде сол өңірдегі 1 кластық орыс-қырғыз училищесінде оқуы да мүмкін дейді. Өйткені Ғұмардың жастайынан татар, орыс, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген. «Ғұмар Қараш» атты кітап жазған зерттеуші Мақсат Тәж-Мұраттың еңбегінде кейіпкеріміздің Уфадағы «Ғалия» медресесінде, тіпті Стамбұлда оқығандығы туралы деректер 221


бар екенін ортаға салады. Алайда бұл мәліметтерді нақтылайтын тарихи құжат әзірге табылмаған. И.Кенжәлиев Ғұмардың 17 жасынан-ақ молда болып, 1892-1898 жылдары туған жері Құрқұдықта бала оқытқанын айтады. 1902-1910 жылдары да өзі туып өскен ауылында, Тіленшісай, Борсы мекендерінде жәдитше (жаңаша) бала оқытқаны белгілі. Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер-ағартушы, дін-шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама-ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры. Оның 1910-1918 жылдарда Қазан, Үпі (Уфа), Орынбор қалаларынан «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Өрнек», «Тумыш», «Бәделхажы», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» сияқты өлең кітаптары мен прозалықфилософиялық толғаныстары жарық көрді. Сонымен қатар ел аузында жүрген ақын, жыраулар мұрасын, эпостық жырларды жинап, жариялауда елеулі істер атқарды. Қазақстанның батыс өңіріне тараған батырлық жыр мұраларды жинастырып, 1910-1912 жылдары Орынбор қаласынан «Шайыр», яки қазақ ақындарының басты жырлары», «Көксілдер», яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батыр-лары уа ғайри мағыналы жырлар» деген екі жинақ шығарады. «Шайыр» жинағына Байтоқ, Жанұзақ, Доспамбет, Қазтуған, Шәлгез, Әсет, Шәңгерей шығармаларын, шешендік сөздер мен «Ер Шобан», «Әділ сұлтан» сияқты жырларды – жиырмадан аса әдеби мұраны топтастырған. Ғұмар Қараш XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласына кең тараған «Айқап», «Мұғалім», «Шора» журналдары мен «Қазақстан», «Ұран», «Дұрыстық жолы», «Қазақ дұрыстығы» сияқты газеттерде сол дәуірдің көкейкесті мәселелері хақында өлеңдер мен мақалалар жариялап, мерзімді баспасөз бетінде жиі көрінеді. Ғұмар Қараштың 1919 жылы қазақ жазушыларын біріктіретін алғашқы одақ негізін салғанын айтсақ, өзі туып-өскен өңірден «Қырқұдық» аталатын ауыл шаруашылық артелін ұйымдастырып, қандастарын жаңа өмірге бейімдегенін еске алсақ, қысқа ғұмырында қыруар іс бітірген тұлғаның толайым бейнесін тани түсеміз. Ғұмар Қараш – «Қазақстан» газетін шығарушы тұлғалардың бірі. Газет 1911-1913 жылдар арлығында шығып тұрды. «Қазақстан» газеті – шын мәнінде тәуелсіз қазақ баспа-сөзінің қарлығашы десе болады. Өйткені, оған дейінгі газет-журналдар – Ташкенттегі «Түркістан уәләятының газеті» (1870-1882), Омбыдағы «Дала уәләятының газеті» (18881894) патшалы Ресейдің өз саясатын жүргізуі үшін шығарған басылымдар болса, Троицкідегі «Қазақ газеті» (1907) мен Петербургтегі «Серке» газеті (1907) бір ғана санынан кейін жабылып қалған. Ал «Қазақстан» – Орда мен Оралда (1911-1913) біршама ұзақ уақыт тұрақты шығып, таралған. Ғұмар Қараш 1918 жылы айына екі рет шығатын «Мұғалім» атты тәлімтәрбие, ғылыми-пән журналының шығарушылар алқасын да басқарған. Бұл – 222


тұңғыш қазақ кеңес педагогикалық журналы еді. Ғұмар Қараш осы журналда «Педагогика» атты еңбегін жариялайды. Әрине, кеңес өкіметі билік құрған жылдары Ғұмар Қараш – тыйым салынған тұлға, оның шығармашылығы – жабық тақырып болды. Тек 1988 жылдан бастап қана оның өмірі мен қызметін ашық зерттеуге жол ашылды. Дегенмен, арада өткен ширек ғасырда әлі жарық түспеген ақтаңдақ көп. 1994 жылы Қабиболла Сыдиықовтың құрастыруымен жарық көрген Ғұмар Қараш шығармаларының «Замана» жинағына кірмеген өлеңдер, мақалалар әлі де көп. Ғұмар 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және «Алаш» партиясына үмітпен қарайды. Оның 1918 жылы «Тұрымтай» жинағында жарияланған «Көреміз бе?», «Келер ме екен?», 1918 жылы 22 қаңтарда «Сарыарқада» жарық көрген «Алаштың азаматтарына» деген арман мен үмітке толы өлеңдері осы кезеңде жазылады. Ғұмар Қараш 1917 жылы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне қатысады. Делегаттар ақынды Мәскеуде болатын Ресей мұсылмандары съезіне өкіл етіп жібереді. «Революция басталған кезде Ғұмар Қарашев Уфада болатын. Ол сондағы муфтиаттың (діни мекемелер орталығы) IV бөлімін басқарды. Бөлім міндеті – медресе шәкірттері мен жоқ-жітік балаларға жәрдем беру, оларды оқыту шараларын ұйымдастыру еді» – деп жазады Салтанат Ысмағұлова «Қиын да сұлу тағдыр» атты мақаласында («Жалын» журналы, №3, 1989 ж) 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Ғұмар Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне шақырылып, сонда тартымды баяндама жасайды. Сәбит Мұқановтың «Омар – Алашорда партиясының үкімет молдасы болды» дегені оның осы кезеңін меңзей айтылған сөз. Сәкен Сейфуллин де «Тар жол, тайғақ кешуде» «сиез төрағасының төрт серігінің бірі – Омар Қарашұлы» деп кесіп айтады. Ғұмар өмірінің осы кезеңіндегі көңіл күйі оның 1918 жылы жарық көрген «Тұрымтай» жинағындағы «Көреміз бе?», «Келер ме екен?» өлеңдерінен байқалады. Ғұмар Алаш автономиясы жарияланған тарихи кезеңде жазылған «Алашқа», «Алаш азаматтарына» өлеңдерінде халықты әлеуметтік белсенділік пен сергектікке, ел мен жерді қорғауда тұтастыққа шақырды. Ау, Алаш, көзіңді бүгін ашар күнің! Қарманып ілгері аяқ басар күнің! Шығарып бір жеңнен қол, бір жерден сөз, Адымдап асқар белден асар күнің. Теңізім, телегейім – қайран елім, Кемерлеп толқын атып, тасар күнің! Ақ күміс, қызыл алтын жиғаныңды, Құрбан қып осы жолға шашар күнің! Терезең теңгеріліп қатар тұрса, Осы! - деп сонда жүрек басар күнің. Ау, Алаш, заман жайын білеміз бе? Құлаққа айтқан сөзді ілеміз бе? Заманның ыңғайынша амал қылып, 223


Зырлаған желмаяға мінеміз бе? Өнерлі, білімдінің қылған ісі Майданда мұны байқап көреміз бе? Күш қосып, құралданып бас қорғаудың Жолына белді буып кіреміз бе? Болмаса күнде бір ел қырғын тауып, Жылаулап бастан-аяқ жүреміз бе? («Алашқа») Ақ жүрек азаматтар асқар күнің Дұшпанды алдан байқап жасқар күнің; Дұрыстық ел қосында еткен істі, Қол соғып, қошеметтеп қостар күнің Күш қосып, қол ұстасып сөз бекітіп, Арадан алалықты тастар күнің; Адасқан қойдай шулап ерген елді, Бұлтармай оң бағытқа бастар күнің. Аңқылдақ Алаш ұлы сеніп отыр. Орнынан шығып, соны растар күнің! («Алаш азаматтарына») «Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған ақын 1918 жылы діни мансабын біржола тастап, елге нақты қызмет ету, әлеуметтік өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі Жәнібекке келеді. 1918 жылғы 24-қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің I съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің I, II, III, IV съездеріне делегат боп қатысады. Съездерде жарыссөзге шығып, өз пікірін ашық айтады. Ол осы жылдарда жаңа кезеңді насихаттайтын «Екеуі екі басқа» мақаласын, «Дұрыстық жолы», «Жаңа жыл құтты болсын» сияқты өлеңдерін жазады» дейді «Замана» жинағында Қ.Сыдиықов Ғұмар Қараш өмірінің соңғы кездері туралы. Шынында да, Ғұмар Қараш өмірінің соңғы жылдары большевиктер партиясына кіріп, қызыл үкіметтің орнауына ерекше үлес қосқандай көрінеді. 1920 жылы 21 маусымда II Бөкей губерниялық партия конференциясында губкомның пленум мүшесі болып сайлануы, сол жолғы I пленумда губкомның үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі – азамат ақынға халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді. Әрине, жоғарыдағы жәйттерге қарап, оқырман «бір кездері молда болған, шариғатқа жетік Ғұмар Қараш енді қызыл коммуниске айналып, өзінің ішкі қағидаларына қарсы шыққан екен» деген ой түймеуі керек. Ғұмар Қараш – әрқашан да өз ұлтының жанашыры еді. Оның әр қызметі – ұлтының табанына ұлтарақ болып, бір қажетіне жарауға ұмтылу болатын. Большевиктер сапына кіріп, кеңес жұмысында жүрген Ғұмарды қызыл казактардың бандасы Ефим Панченко бастаған тобыр 1921 жылы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қылышпен турап өлтіреді. Ал Ғұмардың ұлтжанды туындылары «социалистік реализмге сүйенген қазақ совет әдебиетіне» сәйкес келмегендіктен алпыс жылдан аса архивтен шығарылмады. 224


Ғұмар Қараш – әртүрлі мерзімді баспасөз беттерінде көп жазған қаламгер. Қазан төңкерісіне дейін-ақ бірнеше кітап шығарып, халық арасында өте танымал болған Ғұмар өз заманында қазақ үшін Абайдан кейінгі рухани тұлға, ойшыл қаламгер ретінде мойындалған болатын. Ақынның мезгілсіз қазасы хақында «Қазақ тілі» (1921, № 136) газеті: «Ғұмардың атын Россиядағы қазақ елі түгел біледі деп айтсақ та өтірікші болмаймыз. Қазақ еліне білімді, пікірлі қызметкерлердің өте керек болып тұрған заманында Ғұмар сияқты зор ғалымның қашқындар қолынан қылышпен кескіленіп өлтірілуі жанды күйдіреді, жүрегімізге от жағады», – деп жазыпты. Бұл жерде де Ғұмар Қараш «зор ғалым» ретінде сипатталған. Ғұмардың пәлсапалық ой-толғамдары 1910 жылы Орынбордан жарық көрген «Ойға келген пікірлерім», 1911 жылы Уфадан басылған «Өрнек», 1913 жылы Қазаннан шыққан «Бәдел-хажы» атты кітаптарынан анық көрінеді. Ғұмардың әдебиет, тіл, кәсіп, өнер туралы мақалаларының қай-қайсысы да оның терең ойлы көсемдігін, тілі шебер шешендігін көрсетіп тұрады. Тарихтың алмағайып кезеңдерінде Ғұмардың болашақты болжай алар көрегендігі де көрінеді. Мысалы, «Қазақстан» газетінде Ғұмар қазақты дәстүрлі көшпелі мал бағу кәсібінен отырықшы-лыққа ауысуға шақырады. Өнері алға озған өзге халықтармен бәсекеге түсуге, олардан тіршілік таласында ұтылып қалмауға үндейді. Ғұмар Қараш жас кезінен өлең шығарып, ел аузынан халық ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинаған. ХХ ғасырдың басында қазақ жерінде арабша, татарша, түрікше басылымдарды оқып, сол кездегі заман мен дәуір жағдайын көріп, әдеби, тарихи, философиялық кітаптарды көп оқыған. Ислам дінін жетік білген Ғұмар Қараш дүниелік ғылымдардан мағлұмат алып, қазақша, татарша газет, журналдарда мақала мен өлеңдерін жария еткен. Ақын 1917 жылғы ақпан төңкерісіне және "Алаш" партиясынан қазақ елінің қоғамында үлкен өзгеріс болатынан сеніммен қарайды. Мәселен, оның "Көреміз бе?" деген өлеңінде: Жарық жолға бастаушыға ереміз бе? Ақ жүректі шын ерлерге сенеміз бе? Таза қанды, кірсіз жанды қазақ жұрты Өз алдына ел болғанын көреміз бе? Ғұмар Қараштың ұлтшылдық сарында жазылған өлең жолынан өз ұлтының болашағын, халық тағдырын ойлағанын көреміз. Ақынның сонымен қатар, негізгі ойы елдік, бірлікте, өз билігі өзіндегі тәуелсіз ел болуды арман еткен. Жастайын дінді жетік меңгерген ақын төңкеріске де сын көзбен қараған. Оны ақынның "Неден қорқам?" деген өлең жолынан байқауға болады: Мезгілсіз ерте туған таңнан қорқам, Жауынсыз құр желдеткен шаңнан қорқам. Таң туды, мезгіл жетті деп адасып, Құрылған қараңғыда заңнан қорқам. Теңгеріп жарлы, байды, құрып жұмақ, Теп-тегіс жұртқа жеткен тойдан қорқам... Асығыс істей салған істен қорқам, 225


Қандары тасқан қара күштен қорқам... Ақын Ғұмардың бұл өлеңінен қоғамды өзгертуде қан төгіс, күшпен, зорлық-зомбылықты емес, яғни жұмаққа барудың басқа жолы барын айтады. Ақын Қазан төңкерісін қабылдамағанымен, болашақта қазақ елінің елдігін, бірлігін сақтайды деп сеніп артқан "Алашорданың" ұзаққа бармайтын да сезеді. Ақын жоғарыда аталған "Көреміз бе?" деген өлеңінде былай деген: "Алаш" атты орда құрып шалқығанын, Бақ дәулетті туып өсіп балқығанын, Әрбір істе қазақ исі аңқығанын, Тірлікте көзімізбен көреміз бе? Ғұмар Қараштың ұлтшылдық сарында жазылған өлеңінен туған елінің еркіндігін, елдігін аңсағанын және болашаққа зор арман-үмітпен қарағандығын аңғарамыз. Ел тағдыры, қоғам сипаты, өмірдің өзекті мәселелері ақын шығармаларының ең өзекті тақырыбы. Қорыта айтқанда, Ғұмар Қараш - қазақ тарихында өз орны бар түлғаның бірі. Өйткені оның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал еңбек етіп, болашаққа жен сілтеп, өз үлтын өркениетті елдер қатарына қосуға бағытталған.Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда кұрбан болса да, ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін тарихи, әдеби тұрғыдан зерттеу қазіргі заман қажет етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Ғұмар Қараштың өлең-толғауларындағы көсемсөздері мен мақалаларын атаңыз? 2 Ғ.Қараштың қоғамдық көзқарастары? 3 Ғ.Қараштың мерзімді баспасөз беттеріндегі еңбектері. 4 Ғ.Қараштың поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. 5 Ғ.Қараштың аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. 6 Ғұмар Қараштың тарихи кезеңде жазылған «Алашқа», «Алаш азаматтарына» өлеңдерінің идеялық мазмұны, көркемдік қырлары. 7 «Ойға келген пікірлерім», 1911 жылы Уфадан басылған «Өрнек», 1913 жылы? Қазаннан шыққан кітаптарындағы философиялық тұжырымдары? 8 "Неден қорқам?" деген өлеңінің тақырыбы мен идеясы? 9 Ғұмардың әдебиет, тіл, кәсіп, өнер туралы мақалалары? 10 1910-1913 жылдар аралығанда шыққан ақынның еңбектері. 11 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Ғұмар Орынборда өткен жалпы қазақ съезіне шақырылуы. 12 «Шайыр» жинағына топтастырылған жырлар мен әдеби мұралары. 13 Ғұмар Қараш туралы жазылған пікірлер. 14 Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл-философ, қайраткер-ағартушы. 15 Оның 1910-1918 жылдарда Қазан, Үпі (Уфа), Орынбор қалаларында жарық көрген өлең кітаптары мен прозалық-философиялық толғаныстары.

226


Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Исатай Кенжәлиевтің «Ғұмар Қараш» атты кітабы. 2 Ғұмар Қараштың ақындығы. 3 Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы. 4 Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы. 5 Ғ.Қараштың аудармалары. 6 Ғ.Қараш – реалист ақын. 7 Ғұмар Қараштың 1918 жылы шыққан "Тұрымтай" жинағындағы өлеңдері. 8 Ғұмар Қараштың ұлтшылдық сарында жазылған өлеңдері (үзінді оқыңыз, талдаңыз) 9 Ғұмар Қараш - өз ұлтының жанашыры (реферат жазыңыз) 10 Ғұмар Қараш - қазақ тарихында өз орны бар ақын (реферат жазыңыз) Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Қараш Ғ. Замана. А., Ғылым, 1994ж., 240 бет 2 Тәжімұратов М. Ғұмар Қараштың ақындығы. Диссер.фил.ғ.к., А.,1993, 3 Тәжімұратов М. Сөзі түпсіз қараңғыға көз болған. Абай, 1996 4 Таирова Б.Л. Ғұмар Қараштың философиялық көзқарасы. Философ. ғыл.канд. А.,2007 5 Кенжалиев И. Ғұмар Қарашұлы туралы кейбір тың мәліметтер. Ақиқат, 1995ж., №4, 75 бет 6 XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1994. 7 Мұқанұлы С. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Қызыл Орда, 1932. 8 20-30 жылдарындағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1997. 9 Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 2002.

Спандияр Көбеев (1878-1956) Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты №3 ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл, тек қолөнерiмен күн көрген. Әкешешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанында Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi 227


жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады. Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала»1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған. «Мен Пушкин, Лермонтов сияқты ақын-жазушылар шығармаларының мазмұнын айтып түсіндірдім, әсіресе Крыловтың мысалдарын көбірек оқып, аударып беріп жүрдім»,- дейді Спандияр. Спандияр тағы бір сөзінде: Надандыққа, феодалдық ескішіл, өрескел сорақы салтқа қарсы жүргізудің бірден біреуі – халықты ағарту, балаларды оқыту, халықты сауаттандыру деп, оны мәдениет сатысына аяқ бастыру деп ұғынушылардың бірі мен едім. Бірақ сегіз – тоғыз жыл оқытушы болғаннан кейін феодалдық салт пен күресу үшін бір ғана балаларды оқыту жеткіліксіз екеніне көзім әбден жетті. Бұл күресте халық санасына күштірек әсер ететін басқа да құралдар керек сияқты көрінді. Іздене келе мен осы мақсатқа жету жолында ағартушыға ыңғайлы күрес құралынының бірі көркем әдебиет екен деген ой түйдім. И.Крыловтың мысалөлеңдері аудармасының мектеп оқушысы былай тұрсын, халық бұқарасына еткен әсері осы ойымның дерегі еді. Мен осы ойымды жүзеге асыру мақсатымен 1911 жылдан бастап «Қалың мал» романын жазуға кірістім» дейді. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Қазақ әйелінің халжайы, бас бостандығы, теңдігі деген тақырыпты бір Спандияр ғана емес, ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын, жазушыларының бәрі дерлік жазды.Бұл мәселені жедел шешуді қажет ететін нағыз көкейкесті күрделі мәселелердің бірі деп қарады, оған әрқайсысы шешу іздеді. Бірқатар ақын, жазушылар қазақ арасында әлі бектік-феодалдық ескіліктің сарқыны, ескілік заңы тіпті күшті. Сондықтан ол жағдайда еркіндікке – сүйгеніне, теңіне тиюге, теңдік алуға талпынған қазақ әйелі ол мақсатына жете алмады. Осы негізде кейбір ақын, жазушылар өздерінің роман ,повесть, поэмаларын солай, бас кейіпкерлерінің өлуімен немесе трагедиялық жағдаймен аяқтады. Бірқатар ақын, жазушылар: рас, қазақ арасында бектік- феодалдық қалып арқылы, ескілік заңы күшті. Бірақ, сонымен бірге, қазір қазақ арасында көріне бастаған,өсіп, арпалысып, оны жеңе алатын жаңа күш те бар деп білді. Сондықтан бұл ақын ,жазушылар өздерінің роман, повесть, поэмаларын солай, басты кейіпкерлердің ескілікті қарсы күресте жеңіп, негізгі мақсаттарына жетумен шешіп отырды. 228


«Қалың мал» романында жетпіс шамалы кейіпкердің аттары аталады. Олардың ішінде бірқатар кейіпкерлер аттары аталып, сол аталған жерінде қалып қояды; ал бірқатар кейіпкерлер әңгіме барысында, роман сюжетінің ұласуына жиі ұшырасып, тартыстарға араласып, азды- көпті қызмет атқарады. Автордың мұндай кейіпкерлері: Тұрлығұл, Итбай, Ғайша, Қожаш, Құрымбай, Байғазы, Әбіш, Амантай, Жамантай, Серғазы, Ақсұлу, Балкүміс, Жүніс, Бірке, Әлке тағы басқалар. Шығарманың кейіпкерлері, әрине, бір-біріне қарама-қарсы екі топқа: Ұнамсыз кейіпкерлер тобы мен ұнамды кейіпкерлер тобына бөлінеді. Бірінші топқа жататын кейіпкерлер: Итбай, Құрымбай, Байғазы, Әбіш, Амантай, Жамантай, Серғазы, Ақсұлу, Балкүміс, Жүніс , Бірке, Әлке. Романда осы екі топтың тартысы суреттеледі. Спандиярдың ұнамсыз кейіпкерлері түгелдей бай, би, ақсақал, атқа мінер, молда- қарттар. Олар ескіні: ру-ақсақалдық, бектік-феодалдық қалыпқа, оның салт-санасына, заң дәстүріне, ғұрып- әдетіне, байлар мен билердің озбырлықтарына қарсы күреседі. Қазақ әйелінің бостандығы, теңдігі, еңбекші бұқараның адамдық-азаматтық құқы, еркі тәрізді бостандықтың болуын талап етсе, қоғамда әділеттің болуын көксейді. Осыдан Спандиярдың «Қалың мал» романының негізгі мазмұнына ескішілдер тобы мен жаңашылдар, жастар тобын,халық тұрмысын, шаруасы,салт-санасы, ой-сезімі, іс-әрекеті, тартысы, ескі мен жаңанын, кертартпалық пен ілгерішілікдің күресін жаңанын ескіні жеңуін көруге болады. Бұл жағдайлар «Қалың мал» романының сюжетінен айқын аңғарылады. Ол былай: Қатыны өлген, жасы алпысқа жеткен ірі бай Тұрлығұл елдің Құрымбай, Байғазы деген байлары мен билерінің ұйғаруы, кеңесі бойынша Итбай молданың он бес жасар қызы Ғайшаны өзіне айттырады, атқамінер, береді. Ал Ғайша Тұрлығұлды менсінбейді, өлердей жек көреді. Осыдан ол өз теңі, кедей, еті тірі, оқыған Қожашпен көңіл қосады. Шешесі Ақсұлудың, жанашыр жеңгесі бойынша Ғайша Қожашпен қашпақ болады. Оны әкесі Итбай біліп қалады. Ғайшаны тез Тұрлығұлға ұзатады. Бірақ Ғайша Тұрлығұл мен тұрып қалмайды. Аз уақыттан кейін, Қожаш қосылып, үйлі – жайлы, бала- шағалы болып, мақсатына жетеді. Романдағы негізгі ұнамсыз кейіпкерлердің бірі – Тұрлығұл. Жазушы, әуелі, оның портретін береді. Оны былай бейнелейді: «Тұрлығұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты,көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елде зәбірлі, көршілеріне мазасыз қатты мінезді адам еді», - дейді. Онан соң, автор Тұрлығұлдың үй- жайын, шаруашылығын көрсетеді. Ол сексен шақты сиырды, елу шақты жылқысы, бес жүздей қойы, өз үйі, қонақ үйі, әр түрлі малға арналып салынған қора- қопсылары бар, жер суы көп, бірнеше малшы, жалшы, қызметкер ұстайтын ірі бай, нағыз феодал. Ақырында, жазушы Байғазы, Құрымбай билерге өздерінің іс- әрекеттерін өз ауыздарынан баяндау арқылы Тұрлығұл да солар сияқты би, осылардың істегенін істейтін адам дегенді айтпақ. Ал, бұлар ел ішінде жер дауын, жесір дауын, ұрлық, барымтаны, ру таласын қоздырып, солардан мал табады. Біреудің жақсы жер суын, біреудің 229


жақсы аты мен тазысын, біреудің жесірін,қызын не өздері тартып алып, не көп мал: сый, пара бергендерге тартып әперіп жүрген зорлық , Тұрлығұл кескіні келіспеген мінезі жаман көршіге жайсыз,елге зәбірлі,залым, ауыл арасындағы ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс, адам еңбегін қанайтын ірі бай еді, - дейді, жазушы. Бірақ, роман желісінде Тұрлығұлдың бұл сипаттары, мінез-құлықтары, бір жағынан, түгел ашылмайды; екінші жағынан, Тұрлығұлдың жүріс-тұрысы, өзінің қылығы, іс-әрекеті арқылы бейнеленіп көрсетілмейді, автор аузынан баяндалады. Мысалы, жазушы Тұрлығұл қатты мінезді, елге зәбірлі көршіге жайсыз адам еді дейді екен. Мұны ол сол Тұрлығұлдың іс-әрекетін суреттеу арқылы, оның біреуге істеген зорлық-зомбылығын, біреуге көрсеткен залымдығын бейнелеу арқылы көрсетуге де болар еді.Сондай-ақ, жазушы Тұрлығұлды үстем тап арасында беделді еді, ел ішінде оның ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс еді дейді екен. Оны автор сол Тұрлығұлдың ісі арқылы көзге көрсетуі, көңілге құюы керек еді.Романда бұлардың бірі де жоқ. Оқушы романның ұзын бойына Тұрлығұлдың ең болмаса, ірі бай, феодал ретінде өзінің малшы, жаршыларына ұрысқанын, соларға істеген қаталдығын, зорлығын, арамдығын көрмейді; әйелі Ғайшаны үйінен алып кеткен Қожашқа, оның еліне көрсеткен зорлықшыл күшін, жуандығын, амалын тікелей көре алмайды, екінші сөзбен айтқанда, романның негізгі кейіпкерлерінің бірі болған Тұрлығұлдың бейнесі жетілмеген, жан-жақты, тұтас көркем болып шықпаған. Романның негізгі ұнамсыз кейіпкерлерінің басты бірі Итбай молда. Жазушы Итбайды жан-жақты, толық көрсеткен. Оның тек дүние, молда, шаруа, үй қожасы ретінде іс-әрекетін ғана көрсетіп қоймай, мінез-қылығын да, ой-қиялын, психологиясын, ішкі дүниесін де көрсеткен. Мысалы, Итбай- сараң, жарамсақ; қонақ асыны адамына қарай береді; би, атқа мінер, өзіне пайдалы адам келсе, бүтін қазы асып, асты-үстіне түсіп, жақсылап қонақ етеді. Ол әйеліне: «Сен ит, қымызды әркімге құйып, астың берекесін аласың. Енді қалыпты бәйбішенің салтымен асты берекелендіріп ұста»,- дейді. Итбай- мейірімсіз, мал жанды адам. Оның есіл-дерті мал, баю, бай деген атақ алу. Итбай перзентінен де мал ыстық, сондықтан малды басынан артық көреді. Оның Ғайшаға мейірімі түспейді, малға мейірімі түседі. Малын бәйек болып бағады; құлындарын «айналайын» деп сүйеді. Ал, перзенті Ғайшаға ешқашан жылы шырай бермейді, жылы сөз айтпайды. Итбай- мақтаншақ, атақ құмар. Қай жермен құда болғанына, Тұрлығұлға қызын бергеніне масайрайды; Тұрлығұлдың үйіне барғанда ішкен-жегенін, оның байлығын айтып мақтанады; қорасында мал көбейгеніне, қалтасына ақша түскеніне желігеді. Қалаға бара жатып, ат айдаушыға: Ауыл үстінен шауып өт, бұл кім екен деп көргендер таңырқап қалсын дейді. Осылай жолдағы бір кісіні басып кете жаздайды. Қалада көп пұл алдым деп, дүкеншіге: «Бай, шыныңды айтшы, өзің ес білгелі мендей тұтас екі жүз елу сомның саудасын істеген кісі бар ма?» - деп мақтанады. 230


Тең бай жер мен құда болған соң, он шақты бие байлап, қымызы молайған соң, Итбай дың соған басы айналады; мінез- қылығы, жүріс-тұрысы мүлдем өзгеріп кетеді. Жазушы осының бәрін орын-орнымен, дәлме- дәл жарасты, көңілге қонымды етіп суреттейді; кей жерде Итбайды шебер, әжуа, мысқыл, сықақ етіп көрсеткен осыдан Итбайдың бейнесі толық, келісті жасалған; Тұрлығұлдың бейнесінен көп жақсы болып шыққан. Романды ашып тұрады. «Қалың мал» романының негізгі жаңашыл, ұнамды кейіпкерлері – Ғайша мен Қожаш. Романда бұл екеуінің бейнелері бір қос тәуір шыққан. Ғайша 14-15 жасар. «Сұлу, ай десе аузы, күн десе көзі бар; киген киімінде бір кіршігі жоқ,бармақтары майысқан, бойы тал шыбықтай; шай құйғанда бір аяқты қағыстырмай; әдеппен отырып, тұрып жүреді». Өзі аздап оқыған, хат біледі. Ауызының ебі бар; жанынан шығарып өлең де айтады. Шешесі Ақсұлу Ғайшаға істің жайын түсіндіреді. Шалға барып, қалай адам боласын деп,өксіп жылайды.Ғайша жылап, сықтап, реті келгенде сөзбен айтып, өлеңмен шер шертіп, Итбайдың өзін Тұрлығұлға бермек болғанына тіпті наразы екенін, Тұрлығұлды тең көрмейтінін, сүймейтінін білдіреді. Серғазының үйінде болатын шілдеханада Ғайша Қожаштай өз теңін табады. Ол Ғайшаны, Ғайша оны сүйеді. Екеуі де оңаша сөйлесіп, Ғайша оған Тұрлығұлдай бәледен құтқар дейді. Ол Ғайшаға құтқарам деп екеуі уәделеседі. Бір орайда Ғайша мен Ақсұлу былай деп кеңеседі: « - Апа, осы ағам, мені жақсы көрем деуші еді. Онысы бекер екен-ау? - Сені жақсы көргенменде бай мен малды артығырақ көрггені ғой ... - Апа, осы адам өз баласын кемшілік , қорлыққа қалай қияды екен? - Рас, қалқам, қазақтың қыз, « жат жұртқа жаратылған бала» дейтіні бар ғой. Кім болсада соған тек мал берсе, бере салады. Қыз байғұстың: Барма екен ата-анадан баулы қатты; Баласын әлпештеген малға сатты....деп өлең айтып, жылайтыны содан ғой. Ғайша үндемей мұңайып біраз жатты да қатты күрсініп: - Апа, қар қашан кетеді? Қырға қашан көшіп шығамыз?- дейді». Ғайшаның қар қашан кетеді? Қырға қашан көшіп шығамыз деген сөздері екі түрлі мағынада аңғарылады: біріншісі сөздің тар өз мағынасында – қырдың кетуі, жаздың келуі,ал екінші мағынасында естіліктің жойылуы, бостандық, теңдік. Осыны Ғайша ұзақ күтеді.Қар кетсе, жаз ышғып, ауыл қырға көшіп,жайлауға қонады. Сол кезде Итбай ауылына Ғайшаның сүйген жігіті, оны құтұарам деген қамқор Қожаш келеді. Екеуі қол ұстасып қашып кетпекші болады. Қожаш орта бойлы, талдырмаш, сабыр иесі,сұлу қара торы,уәдеден таймайтын жігіт. Замандастары оны сол мінездерінен қте жақсы көруші еді. Қожаш пен Ғайша екеуінін бойы да,жасы да, ойы да тең;екеуі де сұлу, әдепті,ақылды;екеуі де оқыған,талапты,жігерлі. Қожаш достарының көмегімен Ғайшаны өз үйінен алып қашпақшы болады. Бұл ауылда оған Серғазы оның әйелі Балкүміс,Ғайшаның анасы Ақсұлу көмектеседі. Алайда, оларды көріп қойған Итбай Ғайшаны ұстап алып 231


үйіне біраз қамап қояды. Кешікпе» Тұрлығұлға ұазатады. Қожаш тағы да жолдастарын ертітіп, Тұрлығұлдың ауылына барып, Ғайшаны содан алып қашады. Тұрлығұл Ғайшаны қайтарып алмақ болғанда, Қожаш ел арасының ежелгі даушарларын, кек барымталарын пайдаланып Тұрлығұлға теңдік бермейді. Ғайша екеуі отандасып тұрады. Жазушы романның ең соңында, эпилогы ретінде Есіл жағасында тігулі тұрған отауды, отау маңында ойнап жүрген балаларды, жайылып жүрген малдарды, үйде шай қойып жүрген әйелді, оның шөп орып жүрген ерін суреттейді. Әйел –Ғайша, Еркек – Қожаш. Отау да, балалар да,малдар да солардікі дегенді айтады. Роман осылай аяқталады. Автор өз романы жайында былай дейді: «Бұл романды жазып шығу маған оңайға соққан жоқ... біріншіден, роман жаылған кезде баспа жүзін көрген қазақтың жазба түрдегі көркем әдебиет шығармалары тіпті аз еді... екіншіден, романның сюжеті, оның құрылысы, кеіп- кескендері жайында кеңесетін ешкім болмады. Мұны түсінер деген бірең- сараң адам болса, оның да «қызық екен» дегеннен басқа айтары жоқ болатын. С.Көбеевтің соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. «Орындалмаған арман» кітабының алғашқы екі бөлімі: «Балалық шақ», «Мен оқытушы» деген екі бөлімі дұрыс жазылған. Себебі бұл бөлімдерінде жақсының, жаңаның, өршілдің өкілі жазуышының өзі болып отырады. Ол мейлі өзінің оқу таңдап :ескі оқуды мансұқ етіп, жаңа, орысша оқуға түсумен болсын, мейлі оқытушы болып, Кішіқұм сияқты шет-шалғай жерлерде мектеп ашып, бала оқытумен болсын, мейлі орыс классиктерінің шығармаларын халыққа жастарға әңгіме айтып берумен болсын, бір жағынан, ел ішіндегі елшіні, ру- ақсақалдық , бектік-феодалдық қоғам қалдықтарын мінеп-сынап отырады да, екінші жағынан жақсыны үгіттеп,жаңаны жайып,соларды орнықтырып отырады. Жалпы алғанда, Спандияр кітабының бұл бөлімдерінде өмірді тарихи нақты, дәл, даму қалпында көрсеткен деуге болады. Ал, кітабының соңғы екі бөлімінде : «Қилы кезеңде », «Орындалмаған арман» деген бөлімдеріне келгенде, яғни 1905 жыл төңкерісі мен 1917 жылғы Ақпан, Қазан төңкерісі туралы,еліміздің Қазан төңкерісінен кейінгі өмірі туралы жазылады. Сонымен қатар, С.Көбеевтің Крыловтан аударған мысалдарында көптеп кездестіреміз. Мысалы, «Бүркіт пен тышқан » деген өлеңінде патша мен бұқараны мысал етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама бұқара халықтың үнін тыңда дейді. « Квартет »деген мысалында патшаның мемлекеттік кеңесін мазақ етеді. Сол сияқты, «Жұрт кеңесі» деген мысалындағы арыстанның қасқырға қой баққызғанын айтады. Төре, әкім, сол атаулының пара жегіштігін, халықты қан қақсататын қорқау озбырлығын және кінәнің барлығын халыққа артатындығын «Аңдарға келген індет», «Түлкі мен суыр», «Піл әскер басы» деген мысалдарында мысқыл етеді. 232


«Патша сұраған бақалар» деген мысалда бұрын бақалардың патшасы дөңбек болады. Бақалар оған риза болмай, жаңа пашта сұрайды. Жаңа пашта болып тырна келеді. ол келе бақаларды бытырлатып жей береді. Бақалар зар қағады, бірақ жаңа пашта сұрауға батылдары бармайды. Бұданда қалың жаманы келер деп, қалың сорға шыдайды. Яғни бұл мысалдан жазуышының патша атаулыға жиренішті қарағанын, халыққа қатты жаны ашығанын көрсетеді. «Ағаштың тамырлары мен жапырақтары» деген мысалында ақын сүйектермен крестьяндардың таласын бейнелейді. Тамырлар дегені крестьяндар, еңбекші халық, ол қараңғыда қайрат етіп, бүкіл байлықты жасап жатыр. Ал, жапырақтар ақсүйектер табы. Олар бұқараның тапқанын жеп жатыр дейді. Халықтың жоқшысы болады. Сонымен қатар, «Мектепке шақыру» деген өлеңінде былай болып келеді: Балалар жиналыңыз мектепке ерте, Мәз болмай деген сөзге мырза ерке. Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты, Зат емес надае кісі олар текке. Ертеңгі шақырумен әтеш құстың бәрі, Әр қайсысы қызметінде келгенше әлі. Қалбаңдап көбелекте тек жүрген жоқ, Бал жинап кетіп барад ара да ұшып, Тоғайдың қызығына тоймастай жан, Орманда қыбырлаған әр түрлі аң. Тұра сап тоқылдақта тек жүрген жоқ, Ерте мен құстар сайрап салады ән. Шөпшілер тоғайда жүр, шөбін шауып, Қол күші еңбегімен пайда тауып, Балықшы ауын қарап, қайықта жүр, Ден сауда жұмыста бір қызық-сауық. Қарасай әрбір мақлұқ қызметінде, Көрінеді осылайша күнде- түнде. Аллалап сағыңызға қол қойыңыз, Надан боп жұрт болмассың тек жүргенде – бұл өлеңінен байқайтынымыз жастарды оқуға, білімге шақыру арқылы жастардың сауатын ашып, қоғамда болып жатқан жайыттарды жеткізу үшін астыртын түрде жазылған өлең. Ал «Қайыршы» деген өлеңінде: Қайыршы бір мүсәпір білуші ед шал, Үрерге ит, тігерге тұяқ болмаған мал. Ертеден кешке дейін қайыр сұрап, Жүруші еді көрінгенге айтып амал. Әркіммен бұл қалыппен жинағанын, Жақсының құдай үшін сыйлағанын. 233


Ғарып-ғасыр, ақсақ, соқыр, нашарларға. Өзінен таратушы ед ылғи әман – деген өлеңінен байқайтынымыз өзі қайыршы болсада қайыр сұрап, тіленіп алғанының бәрін жетім- жесір көр соқырлармен бөліске түсетіні жайында айтылған. Яғни бұл өлеңнің бізге берер тәрбиесі көп. Спандияр Көбеев қазақ халқының 19 ғасырдың аяқ кезі мен 20 ғасырдың алғашқы жартысы ішіндегі бүкіл әлеуметтәк өмірін көзімен көрді. Оны жай кісі болып, көптің бірі болып көрмей, саналы, білімді оқытушы, жазушы, қоғам қайраткері болып көрді, соған белсенді араласты. Көпті көрген Спандияр өз заманында қазақ тілінде оқу кітабын жазып бітірді. Орыстың классикалық әдебитеінің кейбір шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ жұртшылығына таратудағы сіңірген еңбегі де бір алуан. Қазақ әдебиеті саласында қалдырған осы тәрізді бағалы мұаралар арқылы С.Көбеевтің есімі қазақ әдебиеті тарихында қашан да құрметпен қарады. Соңғы он шақты жыл ішіндегі Спандияр өзінің өмірі мен қоғамдық қызметі, басынан өткен оқиғалары мен ойлары, көргендері мен білгендері туралы мемуарлық көлемді шығарма жазды. Онысы «Орындалмаған арман» деген атпен 1952 жылы басылып шықты. С.Көбеев 1956 жылы, 2 желтоқсанда 78 жасында ұзаққа солзылған ауыр науқастан қайтыс болды. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеев қай жылы, қайда туылды? 2 Кімнің көмегiмен Спандияр қай жылы мектепке алынады? 3 Оның аудармалары «Үлгiлi тәржiме» және «Үлгiлi бала» қай жылы кiтап болып басылып шықты? 4 «Мектепке шақыру» деген өлеңінің тақырыбы мен идеялық мазмұны? 5 «Орындалмаған арман» деген мемуарлық көлімді шығармасының идеялық мазмұны, жазушының стилдік ерекшелігі. 6 «Қайыршы» деген өлеңінің тәрбиелік мазмұны. 7 «Ағаштың тамырлары мен жапырақтары» деген мысалының мазмұны, көркемдік қырлары. 8 С.Көбеевтің Крыловтан аударған мысалдары. 9 Жастарды оқуға, білімге шақырған шығармалары. 10 «Қалың мал» романы қай жылы басылып шығады? 11 «Орындалмаған арман» кітабының алғашқы екі бөлімі қалай аталады, кітапта не жайында айтылады? 12 «Қалың мал» романының сюжеті мен композициясы, ондағы кейіпкерлер. 13 «Патша сұраған бақалар» мысалы. 14 С.Көбеев ұлағатты ұстаз. 15 С.Көбеев жайында жазылған еңбектер.

234


Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына тигізген әсері. 2 С.Көбеев – аудармашы (реферат жазыңыз) 3 Орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың мысалдарынан аудармалары. 4 «Қалың мал» романының көркемдік қырлары. 5 С.Көбеевтің мысал өлеңдері (үзінді жаттаңыз, талдаңыз) 6 Ағартушылық бағыттағы шығармалары. 7 «Орындалмаған арман» - өмірді тарихи нақты, дәл, даму бағытында көрсеткен мемуарлық туынды. 8 Төре, әкім, сот атаулының пара жегіштігін, халықты қан қақсататын қорқау озбырлығын суреттейтін туындылары. 9 «Қалың мал» романының тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері (реферат жазыңыз) 10 С.Көбеев - оқытушы, жазушы, қоғам қайраткері (баяндама жасаңыз) Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Б.Кенжебаев. «ХХ ғасыр басындағы әдебиет»- Алматы: «Білім»,1993. 2 Қ. Ергөбек. «ХХ ғасыр басындағы әдебиет» - Алматы: «Білім» , 1994. 3Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы, «Атамұра», 1994. 4 1861-1930 жылдардағы Қазақстанда бастауыш білім берудің тарихы. Монография. – Алматы.1986. 5 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы Алматы., 1995. 6 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы., Атамұра, 1999. 7 Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. Алматы., Жетi жарғы, 1998. 8 Айқап, Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы. 1995. 9 Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. Алматы: Жетi жарғы, 1996. 10 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Ататек. Алматы., 1995. 11 Назарбаев Н.Ә. Қалың елім қазағым.-Алматы: Өнер,1998.

Тайыр Жомартбаев (1884-1937) Тайыр (шын аты Тайлақбай) Жомартбаев 1884 жылы қазіргі Абай ауданы жеріндегі Мұқыр өзенінің бойындағы Мұқыр ауылында дүниеге келген. Өз әкесі Боқай, үлкен атасы Жомартбай да кезінде дөңгеленген шаруашылығы бар, мал бағып, көп бала өсірген еңбек адамдары болған. Тобықты ішіндегі – Көкше руынан тараған. Мұқыр ауылы бір кездерде «Бірлік», қазір «Шәкәрім» деп аталады. Көкбай медресесінде хат таныған. Бірден оқуға қаражат болмаған соң, Тайырға Жақия Зұлқарнаев деген байдың жұмысын істеуге тура келеді. Пысық Тайыр өзіне міндетті жұмысты да істеп, бай баласымен мектепке барып жүріп, білім көзін аша түседі. Ақыры сауат таныған ол 20 жасында ауылына қайтып келіп, ескі қоныс «Баян қорық» деген жерде мектеп ашады. 1911 235


жылы медресені бітіріп, өзімен бірге оқыған татар қызы Адғия Фахрлислашқызы Ормановаға үйленіп, «Жаңа Семейде» ашылған мұсылман мектебінде сабақ берді. Жастар тәрбиелеуде жаңашыл, прогресшіл Тайыр Семейдегі 12 мешіттің имам-хазіреттеріне ұнай қоймайды, ақыры түрткіге түсіп, соққыға жығылып, жұмысын тастауына тура келеді. Тайыр Жомартбаев Ғ.Тоқай, С.Көбеев, С.Торайғыров сияқты жастарды тәрбиелеуде ескілікке қарсы тұрды. Оның «Қыз көрелік», «Балаларға жеміс» атты еңбектері соның айғағы. Кітаптары 1912 жылы Семейдің «Ярдам» («Жәрдем») баспасынан жарық көрген. Арманы жастарды білімге ынталандыру болғанын Тайыр «Балаларға өнеге» деген өлеңінде ашып айтқан. Тайыр Абайды сүйіп, оның шығармаларын насихаттаймын деп «Абайшыл» атанып, қуғынға ұшырағандардың бірі. Тайыр Жомартбаевтың ұйымдастыруымен 1914 жылы Абайдың қайтыс болуының 10 жылдығы атап өтіледі. Ағартушылық жұмысы, «Айқап» журналының белсенді мүшелерінің бірі болғаны жергілікті басшылыққа ұнамайды да, оны 1915 жылы Семейден Өскемен, Зайсан қалаларына жер аударады. Зайсанда көп жыл мектеп директоры болып қызмет атқарады. Мамандығы математик болғанымен, өлең шығаратын ол, шәкірттері есепке тез қалыптасу үшін «Бөлшек сандардың ережелерін» өлеңмен жазып жаттықтырады екен. Ұстаздық жолда Ы. Алтынсаринді үлгі тұтқан. Балаларға білім берудің барлық әдістерін қолданып, көп ізденеді, мектепті білім алудың қызғылықты ордасына айналдыра білген. Ол 1927 жылы қайтадан Семейге көшіп келіп, ағартушылық жұмысын одан әрі жандандыра түседі. 1937 жылдың қыркүйек айында «халық жауы» деген атпен ұсталып қамауға алынады. 1937 жылдың 2 желтоқсанында жазықсыз атылған. Ал, 1957 жылы ақталған. Тайыр мектепте ер балаларға, әйелі қыз балаларға сабақ береді. Шынында кең жазиралы Арқа жерінің өнерсүйгіш сауықшыл Шыңғыс елі Тайырдың бойына ақындық, жазушылық қабілетті ерте ұялатты. Өзінің ұлы жерлесі ақын Абайды рухани ұстаз тұтты. Абайдан нәр алып, тебіндеп өскен егіннің бір көкжелегі – «Қыз көрелік» романы. Себебі, романның үштен бірі өлеңмен жазылған. Романның ішінде аракідік ұлы ақын есімі құрметпен еске алынып, кейбір өлеңдерінен үзінді де пайдаланылған. Романның қысқаша мазмұны төмендегідей: Керей руы ішіне ертеректе келіп қазақ болып кеткен тәшкендік сарт Ғайса деген саудагер байдың баласы болмапты. Бертін келе Ғайса мал беріп, тоқалдыққа кедей Жұбаныш дегеннің қызы Жәкішті алады. Бұдан Ғайникамал деген қыз туады. Бәйбішесі Бәкіжан Ғайникамалды қырқынан шыққан соң өз бауырына салады да, Жәкішті күң есебінде ұстайды. Бір жасқа толмай-ақ Ғайникамалды атастыруға келеді. Бұған әкесі Ғайса қарсы болып, ешкімге уәде бермейді. «Қызым өскен соң теңін өзі тауып алар» деп, сөз салғандарды маңына жуытпайды. Әкесі Ғайникамалға жеті жасынан бастап өз ауылына мұғалім жалдап оқыттырады. Соның арқасында бірталай ауыл балалары да сауатын ашып, хат таниды. Он үш жасқа келгенде Ғайникамал әкесіне: «Мені осы күнімде әрі қарай оқыт» деп қолқалайды. Әкесі Ғайни қызының айтуына көніп, оны Уфа қаласындағы «Дәрілмұғалимат» медресесіне оқуға аттандырады. Жалғыз жібермейді, қасына 236


бәйбішесі Бәкіжанды қосып жібереді. Қызы Ғайникамал Уфаға үйренген соң Бәкіжан елге бір жылдан кейін оралады.Үйіне хатты қыз өлеңмен жазады. Ұл мен қыздың теңдігін. «Сәлем айт маңыңызда жігіттерге, Ғылымға болмас па екен ол да жерік? Қайдағы надандықты қуаттайды, Болғандай надандықпен пайда серік. Ұл мен қыз басқа жұртта бәрі бірдей, Қызды қыз деп кеміткен қазақ һәмен, Айтарым ағайынға келсе шамам» деп жырлап, жерлестерін надандықтан құтылуға, білімге шақырған тілегін жолдайды. Ғайникамал медресені мақтау қағазымен бітіріп, ауылына қайтады. Бойжеткен қыз үйіне келген кезде арғыннан – Әділхан, найманнан – Мұқаш, керейден – Сейітхан деген өздері бай, әрі мырза үш жігіт қыз таңдап жүр екен. Үшеуі де Ғайникамалға сөз салып, оның есін шығарады. Қыз олардың үшеуін де ұнатпайды. Бірақ, үшеуінің де көңілін қалдырғысы келмеген Ғайникамал оларға өлеңмен хат жазып, үйіне шақырады. Хат былайша басталған: «Деп жүрген жас жігіттер қыз көрелік, Таңдап ап сұлу қызды, мал берелік. Мырзалар қыз таңдаған келсін мұнда, жігітті қыз көретін біз көрелік». Шақыртумен келген үш жігітке қыз: «Дүниеде адам көрмеген сыйлық алып келгендеріңе тием» дейді. Үш жігіт үш жаққа: Әділхан-ағылшын еліне, Мұқаш – герман, Сейітхан – француз патшалығына тартады. Әділхан Лондон базарынан фонарь сатып алады. Бұл фонарьға мініп ұшсаңыз, бір сағатта қалаған жеріңе барады екенсіз. Мұқаш Берлин базарынан дүрбі тәрізді түрікпен сатып алады. Оның ішіне үңіліп қараса, ауылында жүрген Ғайникамалды көреді. Сейітхан Париж базарынан бір ұзын, іші қуыс сыбызғы алады, аузымен үрлесе өлген адам қайта тіріліп кетеді екен. Уәделескен үшеуі қайтарында бастарын Омбыда қосып, Мұқаш алған түрікпеннен қараса, Ғайникамал өліп, оң жақта жатыр екен. Үшеуі Әділхан тапқан фонарьға мініп, Ғайникамал ауылына жетеді. Сейітхан қолындағы сыбызғы-резинкамен Ғайникамалды тірілтіп алады. Енді үшеуі қыз үшін таласқа түседі. Ғайникамал тағы да үшеуінің басын қосып: «Менің мақсатым-малды, бай кісінің қатыны болу емес. Кім де кімнің білген шамалы білімі болып, мақсаты оқымаған, білмеген халықтың көзін ашпақшы болса, сол уақытта мен сол кісінің өмірлік қызметкері болайын. Мен де оқымаған, білмеген әйелдердің көңіл көзін ашсам-ау деген мақсаттамын. Енді, мырзалар, менің обалыма қалмаңдар», – деп жауап береді. Қыздан біржола түңілген үш жігіт бірігіп, оған қастандық жасауға әзірленеді. Дәл осы кезде Семей шаһарында тұратын Тарамбай деген нашарлау адамның баласы Мұхаметқали іздеп келіп, Ғайникамалмен сөз байласады. Бұл да сол «Дәрілмұғалимат» медресесін бітіріп қайтқан жігіт екен. Олар бір түнде Ғайникамал ауылынан Семейге салт атпен аттанып кетеді. «Мұхаметқали еркек балаларды, Ғайникамал қыз балаларды оқытып, екеуі халыққа пайдалы адам болып өмір сүріп тұра бастады» деп аяқталады роман. Романдағы оқиға желісі шағын ғана. «Қыз көрелік» романының алды-артында жарық көрген М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамалында» және С.Көбеевтің «Қалың мал» романдарының өрнектері бұдан гөрі күрделірек. Екі романда да ұлы жанрға тән оқиғаның басталуы, өрістеуі, шиеленісуі және шынайы шешілуі бар. Қарама-қарсы тұрған екі жақ, олардың толассыз тартысы бар. Мысалы, С.Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Ғайшаның әкесі Итбайдың қызын ақшаға сатып базарға баруы, 237


«менімен сауда жасайтын дүкен бар ма?» деп күпінуі таныс мінездің нанымды көрінісі, өмір шындығы. «Қалың малда» кейіпкерлерді қимыл-әрекетімен, озбырлығымен таныстыру басым болса, «Қыз көрелікте» ертегі стилінде баяндау тәсілі қолданылған. Әділін айту керек, «Қыз көрелік» өзінің құрылымы жағынан романның болған түрі емес, қайта болам деген талпыныс түрі. Оның солай болуы заңды да. Өйткені көш жүре түзеледі емес пе? Ендеше, заман өсіп, ержеткен сайын шығармаға көзқарас та, талғам да өзгеріп, ерекшеленіп, іріктелініп отырады. Көзқарас демекші, 1829 жылы орыс әдебиетінде Ф.Булгарин дегеннің «Иван Выжигин» атты романы жарық көріпті. Осы романның басты кейіпкері Иван Выжигин жасында тұл жетім болып, иттің үйшігін паналап, өсе келе жасауы мол бір қалыңдыққа үйленіп, «аузы аққа тиіп», ақыры арманына жетеді. Қысқа мазмұны осы ғана. Бірақ, бұл орыс әдебиетіндегі тұңғыш роман саналады. Бұл романды кезінде В.Белинский іске алғысыз етіп сынаған екен. Сөйте тұра: «Бұл роман ішкі қадір-қасиетімен емес, жарыққа шыққан мезгілін алғанда Русь романдарының басы болып есептелінеді. Орыс халқының өз өмірінен алынып, орысша жазылған роман сәтті еңбек бола алар ма? деген сұрақ туады, сол сұраққа бірінші жауап берген Ф.Булгарин болды. Міне, бар қасиеті осы-ақ», – дейді ұлы сыншы. Әділінде, әрбір шығарма өз кезеңінің таразысымен өлшеніп танылмақ. Содан кейін оны бүгінгінің биігінен бағалай бер. Жоғарыда «Иван Выжигин» романы орыстың тұңғыш романы екені айтылды. Прогресшіл идеясы жағынан да «Иван Выжигин» романынан анағұрлым жоғары тұрған «Қыз көрелікті» қазақтың тұңғыш романдарының бірі деуге неге болмасқа? «Қыз көреліктің» идеясы адамгершілікті уағыздайды, қадір тұтады, теңдік мәселесін, өнер-білімді насихаттайды. Сол кезде Ғайса әкенің қыз баласын оқыту үшін ауылында мектеп ашуы, оны ауыл балаларымен бірге оқытуы, оған қоса қызын үйінен шет жерге ғылым іздеуге жіберуі, сүйгенін өзіне таңдатып, қалыңмалсыз ұзатуы – мұның бәрі өз кезінде қазақ өмірінде көз көріп, құлақ естімеген жаңалық, тіпті жаңалық емес, адам айтқысыз ерлік болатын. «Қыз көрелік» романының авторы Жомартбаев Абай жолын қуып, оны өзіне ұстаз тұтып, өнерін өнеге тұтқаны келісті көрініп тұр. Абай егіні қылтанақсыз қалмаған. Абайдан нәр алып, тебіндеп көктеген егіннің піскен дәні – «Қыз көрелік». Тайыр Жомартбаев орысшаны да жақсы меңгергенге ұқсайды. Пароход, число, воздушный шар – канон сияқты сөздерді орынды пайдаланады. Ағылшынды «іңгліш» деуі де нақа құралақан кісі емес. Дүниежүзлік картаны да біледі. Арабшадан да хабары мол екені шығармада анық көрінеді. Шығыс халықтарының көбі «Родина» деген орысша атауды «ватан» деседі. Татарда, башқұртта, өзбекте, әзірбайжанда, тіпті түрікте де солай. Ал, біздің қазақ оны «Отан» деп алған. Қазан төңкерісіне дейінгі кітаби шайырлар шығармаларында мүлде жоқ. 20 ғасырдың басында өткен Абай мен Сұлтанмахмұтта да кездеспейді. Ал, қазақ топырағында осы сөзді тұңғыш рет көркем әдебиетке кіргізген Тайыр Жомартбаев екен. Атап айтсақ, «Қыз көрелік» атты романының беташар сөйлемін автор: «Семипалат шаһарының күнбатыс жағын Отан етіп Керей деген қазақтың үш атасының баласы тұрады» 238


деп бастаған. Әрине, бұл контексте «Отан» атауы қоныс, мекен деген сөздердің баламасы. Ал, кеңестік дәуірде «Отан» атты оттан ыстық сөзді төл әдебиетімізде тұңғыш рет Сәбит Мұқанов өзінің 1925 жылы жазылған «Қызыл Арқа» өлеңінде қолданған. (Бұл екі деректі табушы М.Әлімбаев). ХХ ғасырдың басында талпынған, тырбанған қазақ өнершең ойы әр қияға құлаш сермей бастаған-ды тіпті, қазақ романының толғағы Қазан төңкерісінен бұрынырақ басталған. Бұлар нәресте прозалар – «Бақытсыз Жамал», «Қыз көрелік» және «Қалың мал» еді. Әрине, бұлар әлі торсық шеке романның өзі емес. Локомотивтен алғашқы ағылшын паровозының айырмашылығы қандай болса, дәл бүгінгі романнан бұл алғашқы романдардың айырмашылығы да сондай. Бірақ екеуі де «паровоз», екеуі де «роман» деп атала береді. Ендеше, «Қыз көрелікті» де осы логикамен роман деп атауға негіз баршылық. Романға арқау болған оқиға өмірден алынған ба? Автор ең әуелі ауыл өмірін суреттейді. Ғайса тұрмысын баяндай отырып, артынан ертегілік оқиғаны өрбітеді. Жар таңдаған қыздың сынаған жігітін қиынға айдайтыны Шығыс халықтарының, оның ішінде қазақ ертегілерінде де бар сюжет. Айтпақшы, мүмкін автор, мәдениетті мұғалім В.Шекспирдің «Венеция көпесі» атты пьесасын оқыған, шығар. Сонда кездесетін Порцияның үш сандығын өзінше келтіріп тұр ма? Әрине, бұл да зерттелетін шаруа. Ал қыз бейнесі қайдан алынған? Орайы келгенде айта кеткен жөн. Тайыр Жомартбаев пен оның «Қыз көрелік» романы туралы абайлық қарт ақын Шәкір Әбеновтің (1994 жылы 93 жасында қайтыс болды) айтқан мына бір әңгімесі назар аударарлықтай: «Қазан төңкерісі алдында, тіпті одан кейінгі жылдарда да Тайыр романын қолдан түсірмей ыстық ықыласпен оқып, мазмұнын көңілге тоқып өсіп едік», – дейді Тайырдың өзін де көріп, айтқан өлеңдерін де жаттап алып жүрген Шәкең. Амал не, арада өткен 70 жыл бәрін естен шығарды. Сол кездегі зиялы ауыл адамдарының айтуларына қарағанда, «Қыз көрелік» романындағы кейіпкерлер Тайырдың өз замандастары болса керек. Кейде Тайырмен бірге Уфадағы медреседе Семей губерниясынан 12 шәкірт оқуға барған деседі. Солар кейіннен оқуларын бітіріп, әр аймақта мұғалімдік қызмет атқарған. Ғайникамал сол 12 шәкірттің бірі, Семей қаласындағы бір татардың қызы дегенді сол кезде естіген едім. Осыған қарағанда романдағы қыз бейнесі нақты өмірден алынуы әбден ықтимал. Ал, романдағы мұғалім Мұхаметқалидің прототипі Тайыр Жомартбаевтың өзі деуге болады. Бұл пәтуалы пікірді «Абай шәкірттері» атты кітабында («Алаш» баспасы, Алматы, 2005) танымы мол дәйекті деректерімен белгілі ғалым Қайым Мұхаметқанов анық атап өткен. Жомартбаевтың екінші кітабы да сол 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» серіктестігі баспасынан «Балаларға жеміс» деген атпен жарық көрген. Мұнда ол Абай шәкірті екендігі, одан үлгі-өнеге алғанын барынша дәлелдейді. Кітап басынан аяғына дейін елді, жас ұрпақты білімге, оқуға үндеген өлеңдерден тұрады. Бұл кітапта, сондай-ақ, Л.Толстойдың «Әділ билік», К.Ушинскийдің «Мектепке шақыру» әңгімелерін жасөспірімдерге өлең түрінде аударып ұсынады. «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағын әділінде Т.Жомартбаев жас жеткіншектерге оқулық ретінде шығарған. Жинаққа кірген он тоғыз өлеңнің бәрі дерлік жас буынның сана-сезімін оятып, адамгершілікке, ізгілікке, 239


мейірімді, бауырмал болуға, еңбекке баулып, тәрбие жемісін беруге арналған. Жинақтың бірінші бетінде берілген: «Неге болды кісіде Екі құлақ, жалғыз тіл? Көп естісін, аз сөйлеп, Дегені ғой, соны біл» – деген бір ауыз өлеңнің өзі жас жеткіншектердің сезімін селт еткізіп, көңілін кітапқа аудартатындай. Жинақта берілген «Замандастарға қарап», «Біздің хал» атты өлеңдері сыртқы түрімен ғана емес, тұтас мазмұнымен ұлы ақын Абай ықпалын, Абай өлеңдерінің әсерін сездіреді. «Қарайған көзің, Сөйлеген сөзің Көрінер елге, бос қалмас. Қарыны тойған, Қайғыны қойған, Құлағын жалғыз сол салмас. Еңбек кетпес далаға, Үйретейік балаға» – деп бала тәрбиесіне мән беруге шақырады. Ал, «Біздің хал» атты өлеңінде ақын жалпы халықтың, қоғамның жайын аңдата отырып, тұрмыстағы мәні зор мәселені алға тартады. «Нұрланып, балқып шықты күн, Жерді айналып кетті түн. Оянды шулап мақлұқат, Шықпады жалғыз бізден үн», – дегендегі «күн» – ХХ ғасырдың бас кезінде басқа ұлттардың білімге батыл бет бұруын аңғартса, «шықпайды жалғыз біздің үн» деуі – таза қазақ тілінде оқытатын мектебі жоқтығын алға тартады. Одан әрі: «Күн айналып болды кеш, Үйді жылытты жалғыз пеш. Жабуын білмей жақсақ та, Болды біздің еңбек еш» - деп сипаттауы ешбір түсінікті қажет етпейтіндігін ескертеді. Ақын осы өлеңдегі түйінді ойын жастарға арнайды: «Қарғы талап атына, Өрле шығып сатыға, Тауға шықпақ сол мақсат, Кім жүрмейді жатыға. Шырақтан бұл қыл жарық, Пайдалансын аш-арық. Тауанды бол бір іске, Тауды бұз да, тас жарып». Өлең бейнелі сөз тіркестеріне барынша бай. Мысалы, «күн», «түн», «түс», «кеш», «жарық», «таң» сөздері тіке қолданылып тұрғанымен, ауыспалы мағынаға ие болып, оқу-ғылымды, надандық пен қараңғылықты бейнелеп тұрғаны күмәнсіз. Тайырдың «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағындағы барлық өлеңдері бүкіл болмысымен үгіт-насихат сарынында жазылған. Жомартбаев жинақтың ең соңында: «Сөз қылдым мен тәмам, Сүйретер өзі бұл заман. Асықпасаң байқарсың 240


Нелер жақсы, не жаман»,- деп қай жолдың дұрыстығын ажыратуды балалардың өз еншісіне қалдырады. Тайыр Жомартбаев кезінде бірнеше пьеса да жазған. «Осы ма, қазақ, өмірің?» пьесасы Зайсан қаласында, «Сарсүйек құда» пьесасы Семей қаласында қойылған екен. Кезінде «Айқап», «Жаңа мектеп» журналдарында Тайыр өлеңдері мен фельетондары жиі басылып тұрған. Жергілікті бай-жуандар Семей губерниясының патша чиновниктеріне жамандап, «Осы ма, қазақ, өмірің?» деген ащы мысқылға толы пьеса жазғаны үшін Тайырды Зайсан жаққа жер аудартқан. Ол жақта Маңырақ болысында үш-төрт жылдай мұғалімдік жұмысын атқарған. 1928-1937 жылдары Тайыр Семей қаласындағы №14 мектептің директоры, Семейдегі мұғалімдер техникумында, ауылшаруашылығы техникумында қазақ тілі мен әдебиетінен, математикадан сабақ берген. Иә, кезінде ойлы өлеңдерімен, көркем пьесаларымен қанықты болған халық мұғалімі Тайыр Жомартбаевтың артына қалдырған әдеби мұрасы аз емес. Соңғы ширек ғасыр ішінде Тайыр Жомартбаев хақында әдеби шолу мақалаларда жол-жөнекей атүсті еске алынып жүр. Арнайы зерттеу, мақала, еңбек жоқтың қасы. Рас, «Жалын» баспасы «Алтын сандық» атты сериямен қазақтың ХХ ғасыр басындағы үш романы – «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Қыз көрелікті» бір кітап етіп 1982 жылы жұртшылыққа ұсынды. Әрине, бұл құптарлық шаруа. «Қыз көрелік» романының өз оқырмандарымен 70 жылдан кейін қайта қауышуы болса керек. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Тайыр (шын аты Тайлақбай) Жомартбаев қай жылы қайда, қай ауылда дүниеге келген? 2 Оның «Қыз көрелік», «Балаларға жеміс» атты еңбектерінде не жайында айтылады? 3 Кітаптары қай жылы қандай баспада жарық көрген. 4 Жастарды білімге ынталандыруға шақырған өлеңін жатқа айтыңыз, талдаңыз 5 1928-1937 жылдары Тайыр қайда қандай қызмет атқарған? 6 «Балаларға жеміс» атты өлеңдер жинағы қандай сарында жазылған? 7 Тайыр Жомартбаевтың артына қалдырған әдеби мұрасы. 8 «Қыз көрелік» романының тақырыбы, идеясы, көркемдік қырлары 9 «Қыз көрелік» романы деп атауға не негіз болған? Романға арқау болған оқиға өмірден алынған ба? Романның оқиға желісі және кейіпкерлері. 10 «Замандастарға қарап», «Біздің хал» атты өлеңдері түрімен ғана емес, тұтас мазмұнымен кімнің ықпалымен жазылған. 11 «Біздің хал» атты өлеңінде ақынның алға тартқан мәселес.і 12 Жомартбаевтың екінші кітабы қай жылы қайда, қандай баспада жарық көрген? 13 Тайыр Жомартбаев – драматург. 14 Тайыр Жомартбаевтың ұйымдастыруымен 1914 жылы не ұйымдастырылады 15 Абайшыл ақын. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 «Қыз көрелік» романы. Романның қысқаша мазмұны. 241


2 «Қыз көрелік» романы және М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С.Көбеевтің «Қалың мал» романдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктері. 3 «Осы ма, қазақ, өмірің?» атты пьесасының мазмұны, тақырыбы мен идеясы. 4 «Замандастарға қарап», «Біздің хал» атты өлеңдері сыртқы түрі мен мазмұны, көркемдік қырлары. 5 Тайыр Жомартбаевтың публицистикасы. 6 Л.Толстойдың «Әділ билік», К.Ушинскийдің «Мектепке шақыру» әңгімелерін өлең түрінде аударуы. 7 Белгілі ғалым Қайым Мұхаметқановтың «Абай шәкірттері» атты кітабындағы («Алаш» баспасы, Алматы, 2005) танымы мол дәйекті деректер. 8 Тайыр Жомартбаевтың драматургия саласындағы еңбектері. 9 Поэзиялық шығармаларының тақырыбы мен көркемдік қырлары. 10Тайыр Жомартбаевтың ағартушылық саласындағы еңбектері. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Әбдешев М. Ұлт жанашырының талайым тағдыры. Құқықтық Қазақстан.2007. 2 Ғасыр басында: Әдебиет саласына XX ғасырбасында келген білімді мәдени қайраткер, тәжірибелі ұстаз Т. Жомартбаевтың өмірі мен қызметі жайында. XX ғасыр басындағы қазақ ақын жазушылары. - Алматы., 1982. 3 Жиреншин Ә.Қазақ кітаптары тарихынан.- Алматы: Қазақстан, 1971. 4 Қабышев Т. Т.Жомартбаев өмірбаянына қатысты тың деректер.Ұлт тағылымы.- 2004. 5 Қабышев Т.Б. XX ғасыр басындағы ағартушылық ағым және Тайыр Жомартбаев шығармашылығы: Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты.- Алматы: 2005. 6 Қосуақ Т.А. Азапты аластаған арулар. Естелік-әңгімелер. Т.А.Қосуақ.Алматы: Арыс, 2004. 7 Құлбарақов С. "Қыз көрелік" - қазақ прозасының қарлығашы. Абай.- 2002. 8 Семей өңірінің ақын-жазушылары. Библиографиялық көрсеткіш құраст: З.Мағауина; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама библиографиялық бөлім.- Семей: Талант, 2005. 9 Зұлхаров Ғ. Қазағым-қандасымды еркелеттім: (алғашқы қазақ романының бірі – “Қыз көреліктің” авторы Т.Жомарбаевтың шығармашылығы хақында) Ертіс өңірі. – 2010. 10 Қабышев Т. Абайдың поэзия дәстүрін дамытушы. Семей таңы. - 2004. 11 XX ғасырбасында келген білімді мәдени қайраткер, тәжірибелі ұстаз Т. Жомартбаевтың өмірі мен қызметі жайында. XX ғасыр басындағы қазақ ақын жазушылары.-Алматы.,1982. 12 Қабышев Т. Т.Жомартбаев өмірбаянына қатысты тың деректер.Ұлт тағылымы. - 2004.

242


Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Екі жасында шешеден жетім қалған Сұлтанмахмұттың балалық шағы Баянауылда өтеді. Алты жасында - хат таныған Сұлтанмахмұт 1908 жылы Баянауылда Әбдірахман молданың медресесінде екі-үш жыл, 1911 жылы жаңаша оқыған Нұрғали деген мұғалімнен бір қыс оқиды. Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларға барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоқтығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды. Сұлтанмахмұт Торайғыров жасында жабысқан дерт кеселінен 27 жасында қайтыс болды. Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Ақын өмір сүрген кезең - XX ғасырдың бас кезі - Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Бірімен-бірі қабаттасқан үш бірдей төңкеріс патшашылдық биліктің тас-талқанын шығарды. Отаршылдық езгінің әлсіреуі ұлттардың оянуын тездетті. Қазақ жеріндегі отаршылдыққа, әлеуметтік езгіге қарсы күрес те осындай жағдайда өрістеді. Бір жағынан патшаның отаршылдық саясаты еңсесін көтертпей, екінші жағынан феодалдық-патриархалдық мешеулік, қараңғылық шырмаған халықтың азаттыққа, рухани жаңаруға ұмтылуы қаншалықты қажеттіктен туса, соншалықты сол кездегі тарихи жағдайдың сәттілігінен қолдау тапты. Оларды ұлт көсемдері - Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтар басқарды. Олар елдің дербес, тәуелсіз жолмен дамуына, мәдениет пен прогреске ұмтылуына жол салды. Сұлтанмахмұт қиян кескі күрес – көтерілістер, сұрапыл соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат ақыны, күресшіл ақыны болды. Бұл жағынан ол ұлы Абайдың жолын дамытушы болды. Ақ патша тағынан құлап, қалың елін отыршылдық езгісінде ұстаған басқару жүйесі күйреген соң бірнеше ғасыр бойы үстемдік құрған иимпериядағы басқа бұратана халықтар секілді қазақ халқының еңсесі көтеріліп, ұлт азаттығына қол жеткізуіне ұмтылған қайраткерлер батыл қимыләрекет жасауға кірісті. Алаш партиясы құрылып, алаш үкіметі орнауы осы жаңа тарихи-әлеуметтік жағдайдағы қоғамдық өмірдің талабынан туған оқиға және қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянғанының айқын көрінісі еді. Алаш туы астында жарық күндей болып өнер шашуға талпынып, шиыршық атып үнемі толғанып жүрген ақын «бостандық», «теңдік» деген алаш ұранына қуана үн қосты. «Алаш ұраны» атты өлеңінде: 243


Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз! Енді ешкімнің алашты, Қорлығына бермейміз! Адамдықтың қолына Бастаған ерлер соңында Басқаға көңіл бөлмейміз! Қандай шайтан келсе де, Алдауына көнбейміз! Өлер жерден кеттік біз, Бұл заманға жеттік біз, Жасайды алаш, өлмейміз! Жасасын алаш, жасасын! Сұлтанмахмұт алаш партиясының ұранын, алаш үкіметінің бостандық жолымен елді көгерту мақсатын өз жанына жақын санап, бар ықыласымен құптады. Сұлтанмахмұт осы идеяны жақтаушы болды. Ол туған халқын феодалдық кертартпа салт-сананың, қараңғылықтың езіп-жаншып отырғанын ашып көрсетер өткір, сыншыл өлеңдер жаза отырып, оларды ілгері ұмтылуға, өз тағдырын өзі жасауға қатысуға шақырды. Ұлттың азаттық жолындағы күресіне үн қосты. Әр ақынның тағдыры әр түрлі жағдайда қалыптасады. Ол қоғамдағы әділетсіздік туралы, әйел тағдырына немқұрайды қарайтын мінез жайлы, дін мен діни оқудың схолостикалық сипаты жөнінде айтады. Оларға өз ұғымындағы әділеттілік, адамдық, ар-иман туралы түсініктерді қарсы қояды. Суреткерлікке ұмтылыс оның бай қызы мен бай ұлының, байлық пен кедейліктің бейнесін танытуға арнаған жырларынан байқалады. Алайда олар үлкен ұғымдағы саяси көзқарасты, ақындық позицияны анықтай алмайтын еді. Мұндай ақындық таным мен байсалды көзқарас Сұлтанмахмұттың 1912 жылдан басталатын шығармашылығының жаңа кезеңінде ғана бой көрсетеді. Соған қарамастан жас ақынның алғашқы талабы оның ескі ұғым мен діни білімнің шеңберіне сыя қоймайтындығының белгісі сияқты. 1912-1913 жылдары Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, онда әуелі медреседе оқып, кейін «Айқап» журналының редакциясында қызмет істейді. Осы кезден басталатын шығармашылық жолында оның ағартушылық көзқарасы анық танылады. Ол Абай мен Ыбырайдың осы саладағы ойларын дамыта отырып, өнер мен білім жолына үгіттейді, оқудың пайдасын әңгімелеп, мәдениетті елдердің тіршілігін үлгі етеді.Үмітті жастарға артып, олардың ел, қоғам алдындағы міндетін түсіндіреді. Ақынның «Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқуда мақсат не?», «Анау-мынау» сияқты өлеңдері, негізінен, осы тақырыпқа арналған. Оларда ақын жастар алдына оқып білім алып, елге қызмет ету идеясын, осы салада бірігіп, күш қосу қажеттігін ұсынады. Сонымен бірге Сұлтанмахмұт ел ішіндегі өнерге, оқуға деген ескі көзқарасты, елдің қараңғылығын, надандығын сынайды. Ақын өлең түрі жағынан бірқатар жаңа ізденістерін байқатқанмен, бұл жырлар, негізінен, үгіттік өлеңдердің дәрежесінен асып кете қойған жоқ-ты. Оқу жолындағы үзіліс, «Айқаптағы» қызметтен кету, одан кейінгі Баянауылға барып «Шоң серіктігін» ұйымдастыру 244


талабының іске аспауы өзгеше бір сипат алып келді. Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері бойынан, өзі айтқандай, «Қараңғылықтың көгіне» ызалана алға ұмтылған, ізденімпаз, білім-өнер аңсаған жаңа ұрпақтың өкілін танимыз. Өмір бойы халқы көрген азап пен надандық, қазақи қыңыр мінездер ашындырған оның «Шындықтың аулын іздеуге» бел шешіп кірісуі де осы кез. Осы жолда ол алдымен орыстың тілін, ғылымын үйренуді мақсұт тұтады. Оллаһи, ант етемін Алла атымен, Орыстілін білемін һәм хатымен. История, география пәнді білмей, Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен. Келгенше осыларды отыз жасқа, Іншалла, бәрін түгел ұғам басқа. Отыз жасқа келгенш еұға алмасам, Сұлтанмахмұттың ақындық, азаматтық жаңа бағдарламасы ретінде ұсынған осы сөзінен лапылдап тұрған ақындық мінездің қайсарлық пен табандылыққа ұласуын көреміз. Ол нені айтса да қарабайыр айта алмайды, таусылып, жеріне жеткізе оқырманын иландыра айтады. Оның «Шоңсеріктігін» ұйымдастыруға жәрдем бермеген Шорманның Садуақасына айтқаны мен сол ауылдан ренжіп шығып келе жатқанда достарына айтқан сөзінде де осы мінез байқалады. Ешбір кедергіге мойын ұсынбай, «ілім-білім жинап» халыққа қызмет ету, жұлдыз болып емес, «толған айдай балқып туып» еліне жарық болу, сөйтіп «Қараңғы қазақ көгіне өрмеле пшығып күн болу», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуға кіру» - Сұлтанмахмұт мұрат тұтқан асқақ идеялар. Ақынның «Шәкірт ойы» өлеңінде: Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне Күн болмағанда кім болам?! Мұздаған елдің жүрегін Жылытуға мен кіремін. Еңбек, бейнет тарауы Рақатқа сарқылар. Қыздырып күннің қарауы, Надандық теңізі тартылар. Орны отайып көгерер, Қызығын жайлап ел көгерер. Сол ғана айта алған, сол ғана армандаған тың жол, тың мақсат! Надандықтың теңізі тартылып, ел қызыққа бөленген заманды армандайды. Осы арқылы ол лирикалық кейіпкері бойына дәуірдің рухын дарытты. Осыдан бастап Сұлтанмахмұт ағартушылығы бірсыпыра тереңдейді. Бұрынғы үгіттік өлеңдердің орнына лирикалық кейіпкердің жансырын, іс-әрекетін суреттейтін жырлар туады. Ақын характерді алға ұстайды, өмір шындығын соның ұғымы мен ісі арқылы ашуға ұмтылады. Өмірдің күрделілігі сияқты нақты адам тіршілігі де күрделі, қайшылықты. Ойлаған іс орындала бермейді, алыс арман жеткізбейді. Әрбір сезім адамы сияқты ақын да бұған қайғырады, күйінеді, 245


күйзеледі. Сұлтанмахмұт та, оның лирикалық кейіпкері де оны бастан аз кешпеген. Ол кешкен қиыншылықтар мен сәтсіздіктер ақын жырларында мол із қалдырған. Алайда бұл өлеңдерден лирикалық кейіпкердің тағдырға мойын ұсынбай, лапылдап от боп қасарыса алға ұмтылғаны, ауыртпашылыққа қарсы шабар өжет мінезі көрінеді. Тұрмыс,тағдыр бірі де Бұл мақсаттан бұра алмас. Қаһарман Рүстем, Әлі де Бұрам деп жолда тұра алмас,-дейді ақын. Оның «Тұрмысқа» өлеңінде: Ден сау болса тағдырдың, Көкке ұшырам күлдерін. Жігермен талап еткен соң. Қоям ба екен сүлдерін. Серпіп тастап түндерін Туғызамын күндерін,- дейді ол. Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы - өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады. «Алаш ұраны» өлеңінде: Алаш туы астында, Біз-алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы. Құрт аурудай жайлаған, Құртпаққа бізді ойлаған, Қанымызға тоймаған, Қолымызды байлаған, Ерімізді айдаған, Елімізді лайлаған, Жерімізді шимайлаған, Өшті залым қарасы. Жасасын алаш, жасасын! Алаш туы астында, Қолдайтын алаш бабамыз. «туысқандық», «теңдік» - деп, туын қолға ап шабамыз, - деп алаш идеясын асқақтата жырлайды. Бақытты болашақты, аңсаған армандардың орындалуын Алаш есімімен байланыстырады. Жеріміз көктеп, еліміз аңсаған бостандыққа жететін күн туды деп, шаттана жырлайды. Жерімізді лайлаған, ерімізді құлдыққа айдаған отаршылдықтың құлдығынан құтылатын күн туды деп, Алаш идеясының шынайылығын, халықты теңдікке, бостандыққа бастайтын Алаш 246


рухын, оның көсемдердің іс-әрекетінің халықтың болашағының жарқын болуы үшін жұмсалатындығын дер кезінде түсіне білді. Сұлтанмахмұт өз заманының өзекті мәселелеріне арнап бірнеше поэма жазды. Атап айтқанда, "Кедей" поэмасы ғасыр басындағы қазақ кедейлерінің хал-жағдайын, сезім-күйін, ауыр тұрмысын бейнелесе, "Адасқан өмір" поэмасында ақын айналасында болып жатқан оқиғаларға, өмір құбылыстарына өз сезімі арқылы шолу жасайды. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы түрінде жазылған "Айтыс" поэмасында қазақ даласындағы өзгерістер, әлеуметтік өмір көріністері суреттелсе, "Таныстыру" поэмасында төңкерістер заманындағы қазақ елін өрге жетелеген қайраткер азаматтар бейнесін сомдауға талпыныс жасалады. «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы әлеуметтік жағдай, қазақ әйелінің, қазақ халқының тұрмыс тіршілігі. Бұл тұрғыда оны әлеуметтік роман есебіңде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсете отырып, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғым-нанымын терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың кертартпа жақтарын әшкерелейді. Сол негізде феодалдық-патриархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. Сұлтанмахмұттың суреттеуінде, Қамар - өз заманының озық қызы, сұлу, ақылды, ақын, аздап болса да оқығаны бар. Соны сүймеген адамына байлап беріп, оның жан ауруын, ішкі дүниесін түсінбей, бақсы-балгерге емдетіп, төбесін тестіріп, қолдан өлтірген - сол дәуірдің қоғамдық тәртібі. «Кім жазықты» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған беделді, белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез-құлқы жан-жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық-болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық-зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға (Әнуар бейнесі) күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жаңаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейгесіне (әжібайшылдыққа) көтереді. Әжібайшылдықты тудырып отырған да - қазақтың ескі тәртібі, ортасы, тәрбиесі. Ол есейіп алып, сол тәртіпті қорғаушыға айналады. Оның айналасы рулық дау-жанжал, таптық тартыс, жылаған әйелдер, жаңалықты қабылдамайтын меңіреу, мылқау топ. Келесі шығармасы «Айтыс» - әр қилы пікірге ұшырап жүрген поэманың бірі. Бұл - ақынның соңғы, әрі аяқтай алмаған шығармасы. Мұнда ол дала ақыны мен қала ақынын айтыстырып, сол арқылы қала мен даланың әрқайсысының өзіне тән артықшылығын және қайшылықтарын, ерекшеліктерін талдайды. Дала ақынының сөзін басымырақ ұстап, Сұлтанмахмұт соның аузымен қазақтың жерін, табиғатын, елін, ел басшылары мен батырларын, ақын-жыршыларын, салт-дәстүрін мақтан тұта жырлайды. Қазақтың тілі мен дүниетанымының өзіндің болмысын суреттейді. Даланы ол қалаға қарсы 247


қойып, оның у-шуын, адамдарының дала адамдарындай кең пейіл еместігін, жіктелушіліктің молдығын, әділетсіздікті ашып көрсетеді. Сірә, қаладағы өмірін оқу іздеп, үнемі жолы сәтті болмай, көп қиыншылықпен өткізген Сұлтанмахмұттың қала туралы әсері жақсы болмаған болуы керек, ол көбіне даланы баса айтып, тіпті оның көрер көзге оғаш кертартпа әдет-салттарын, емші бақсы-балгерлеріне, «қайырымды байларына» шейін асыра мақтап жіберетіні көзге шалынбай қалмайды. Сонымен бірге қала ақынының аузымен ауылдағы алауыздық, барымтаның, партияның күштілігі, ғылым-өнер жоқтығы сыналады. Жер мен бай - күштінікі екені ашылады. Қала өнерін, білімін, келешегін мақтан тұтады. «Айтысты» мансұқтаушылар кезінде оның «феодалдық ескілікті мадақтауын» тілге тиек етті. Ал енді “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзі мен көріп, ойымен түйген, білімбілігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. Сұлтанмахмұттың «Таныстыру» атты шығармасы - бұл көлемді шығарма. Ол - бұл шығармасында Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлерімен таныстыру мақсатын көздейді. Ол қара қазақ пен оқыған адамның диалогына құрылған. Қара қазақ аумалы-төкпелі осы заманда кімге сүйеніп, кімге сенуге болады деп сұрайды да, оқыған оған жауап береді. Алдыңғы кезекте ол Әлихан Бөкейхановты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты таныстырып, олардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы жалынды еңбегін зор бағалайды. Әлиханды ақын жоғарыда жазған мақаласында келтірілген өлең жолдарымен мақтайды. Оларға ерген жастар ішінен Әлихан Ермековті, Халел Ғаббасовты, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлын, қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлері Нәзипа, Нұрғали Құлжановтарды таңдап алып, олардың еңбегіне сипаттама береді. Ақын ойлары жалаң баяндалмай, образ ашар бейнелі сөздер мен суретке құрылған. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1Ақынның өмірі мен шығармашылығы. 2«Айтыс» - поэмасының өзіндік ерекшеліктері 3«Қамар сұлу» романының негізгі тақырыбы қандай? 4«Алаш ұраны» өлеңінің тақырыбы мен идеялық мазмұны 5Ақын «Шәкірт ойы» өлеңінде не туралы жырлайды? 6"Кедей" поэмасының тақырыбы мен идеялық мазмұны. 248


7Алашорда үкіметінің белгілі қайраткерлерімен таныстыру мақсатын көздеген шығармасы. 8«Кім жазықты» романында көтерілген өзекті мәселелер. 9Сұлтанмахмұт шығармаларының негізгі тақырыбы. 10 «Оқып жүрген жастарға», «Талиптарға», «Оқуда мақсат не?», «Анаумынау» т.б. өлеңдерінен үзінді оқыңыз, талдаңыз. 11 “Адасқан өмір” шығармасында ақын не жайында жазады? 12 Ақын өмір сүрген кезең. 13 Сұлтанмахмұтты зерттеген ғалымдар. 14 1912-1913 жылдары қайда, қандай қызмет істеді? 15 «Айтыс» - поэмасының тақырыбы мен идеясы. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны. 2 “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының лирикалық кейіпкері. 3 Сұлтанмахмұттың «Таныстыру» атты шығармасы. 4 «Кім жазықты» романы Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысы. 5 Сұлтанмахмұт мұрат тұтқан асқақ идеялар. 6 Сұлтанмахмұттың ел ішіндегі өнерге, оқуға деген ескі көзқарасты, елдің қараңғылығын, надандығын сынаған туындылары. 7 «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам!» тақырыбына шығарма жазыңыз. 7 Сұлтанмахмұт - өз заманының азамат ақыны, күресшіл ақын. 8 Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. 9 Сұлтанмахмұт - реалист ақын. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Сұлтанмамұт Торайғыров. Дүние дөңгелегі айналады. А.2008. 2 Сұлтанмамұт Торайғыров. Шығармалары ІІІ том. А.1997. 3 Б.Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы әдебиет»-Алматы: «Ана тілі»,1993. 4 Қазақ әдебиеті. Хрестоматия. Алматы, «Рауан» баспасы. 1998. 5 Торайғыров С. Шығармалар. Екі томдық. 1-т. 2-т, Жалпы редакциясын басқарған Ы.Т.Дүйсенбаев. Алматы: Жазушы, 1967. 6 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы: Білім, 1995. 7 Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар (Қазақ өлеңі хақында). Астана: 2002. 8 Қабдолов 3. Сөз өнері. Алматы: Мектеп, 1973. 9 Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973. 10 Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат. 1994. 11 XX ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. Құрастырған Қ.Ергөбек. Алматы: Білім, 1994. 12 Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұтты зерттеу, тану мәселелері. «Жұлдыз», 1993 13 Ақбаева Л.С.Торайғыров шығармаларындағы адам мәселесі туралы. Кітап: Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері. Алматы: Қазақ университеті. 1993. 249


Сәбит Дөнентаев (1894-1933) Сәбит Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылында дүниеге келген. Жас кезінде ауыл молдасынан сауат ашып, хат таныған. 1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен дәріс алған. Онан кейін Павлодар қаласындағы Қасым қожаның медресесіне түсіп, өзінің осы жүйедегі білімін толықтырады. Мұнда пән негіздерін үйреніп, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады. Бұл жылдары Сәбит өздігінен ізденудің арқасында прогресшіл татар әдебиетімен танысады,Абай шығармаларына ден қояды. «Айқап »журналын үзбей алып тұрады.Орыс әдебиетін,әсіресе Крылов мысалдарын қызыға оқиды.Осы негізде оның ой-санасы есейіп,ақындық таланты оянады. 1915 жылы «Айқап» журналында Сәбиттің «Уақ түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы басылып шығады. Бұл жинаққа кірген өлеңдер ақынның сол дәуірдегі қазақ халқы өмірінің әр алуан күйлерін, қоғамдық шындықты көркем бейнелеуге ұмтылғанын, сол негізде демократтық,ағартушылық әдебиетке үн қосып,оның идеялық көркемдік арнасын толтыруға қатысқанын көрсетеді. Бұл кездегі әдебиетке қазақ халқының қараңғылық пен надандықта шырмалып отырғаны саналып,елді өнер білімге үгіттеу жағы көбірек сөз болатын. Сәбит те осы тақырыпқа белсенді үн қосты. Ақын наданды айыптады. Оны халықтың түбіне жетіп отырған нәрсе дейді де,ел басындағы жамандықтың бәрі осы арқылы келгенін сынайды. Ауыл мектептерінде мұғалім бола жүріп, халық ағарту ісіне мол үлес қосқан. Баянауылдағы партия жұмысына белсене араласады Сол жақта халық соты болып жұмыс істейді. 1923 жылдан Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жұмыс атқарды. Өлеңдері мен мақалалары осы газетте басылады. 1929 жылы Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына мүшелікке өтеді. Ақын қаламынан шыққан «Әйел теңдігін қалай түсіну керек», «Хат танымаған қатарға қосылмайды», «Баспасөз күшейсін», «Әуелі шаруа оңалу керек»,т.б. мақалалары әйел теңсіздігі, ауыл тіршілігі, халықаралық саясат туралы айтылады. «Көркемтай» деген әңгімесінде жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі. Жастардың білім алуының орнына құр сенделіп, жалаң сөз қуып жүргенін «Екеуі де дұрыс» атты оқшау сөзінде мінеп-шенейді. Кеңестік саясатқа риза болмаған ақын өмірінің соңғы кезеңінде партия қатарынан шыққан. 1933 жылы 23 мамырда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болады. Семейдегі Шығыс кентіне бұрылыстағы қалың қорым зиратта жерленген. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәбит Дөнентаев өз дәуірінің шындығын ешкімге ұқсамай сатиралық жанрда дамытты. Октябрь революциясына дейінгі шығармаларында еңбекшілердің құлдыққа, қорлықта өткен өмірін зор өкініш, аянышты күйзеліспен суреттейді. Ал совет дәуіріндегі өлеңдерінде көсеміміз Ленин бейнесін, революция жеңісін, кешегі жалшылардың бақытқа жетіп, қоғам өміріне араласуын жырлайды. Мақала, очерк, фельетондарында жаңа өмірдің келелі міндеттеріне тоқталып, 250


оған қарсылық білдіретіндерді аяусыз әшкерлейді. Кітапқа сонымен бірге жазушының өмірімен, творчествосымен кеңірек танысуға көмектесетін бір топ естеліктер енгізілді. Ақын қаламынан туған «Әйел теңдігін қалай түсіну керек» (1924), «Хат танымаған қатарға қосылмайды» (1924), «Баспасөз күшейсін» (1926), «Әуелі шаруа оңалу керек» (1924); «Қытайда әлеумет соғысы» (1924), «Саясат дүниесінде» (1924), т. б. мақалаларында әйел теңсіздігі, ауыл тіршілігі, халықаралық саясат туралы айтылады. «Көркемтай» деген әңгімесінде (1924) жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі. Жастардың білім алуының орнына құр сенделіп, жалаң сөз қуып жүргенін «Екеуі де дұрыс» атты оқшау сөзінде (1925) мінеп - шенейді. И.А. Крыловтың, Ғ. Тоқайдың, т.б. бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Ақынның балаларға арнаған өлеңдерін екі бағытта қарастыруға болады. Оның бірі - тікелей балалар әдебиетіне жататын туындылар болса, екінші бір тобында бала көзқарасымен қарай отырып, үлкен әлеуметтік мәселе көтереді. Осы орайда «Балалық», «Балалықты сағыну», «Ұры мен баласы» сынды өлеңдерін атап өтуге болады. Татар классигі Ғабдолла Тоқайдан аударған. «Рамазан айында» деген сатиралық өлеңі мен «Калила мен Дамнадан» тәржіма жасаған «Бір көлдегі үш балық», «Бит пен бүрге» мысалдары еркін аударманың озық үлгісіне жатады. Сондай - ақ «Ібілістің шайтандарына айтатыны», «Ауырған арыстан», «Көзі тоймайтын ит», «Екі теке», «Көк төбетке», «Сұңқар мен қарғалар», «Бозторғай», «У жеген қасқырға» тағы да басқа туындылары мысал жанрына кеп құйылған қомақты үлес. Ақын мысал өлеңдерінде жан - жануарларды мысал етіп алады да, солардың іс-әрекеті арқылы қоғамдағы ашкөздік, аярлық, жағымпаздық, қаскөйлік, жалқаулық, парақорлық сияқты жағымсыз қасиеттерді өткір сынға алып, халықты еңбекке, бірлікке шақырады. Сәбит Дөнентаевтың публицистикалық мақалаларында негізінен ел тұрмысындағы өзгерістер, адам психологиясындағы жаңалық, әлеуметтік теңсіздік және өнер тақырыбы, кедейлердің қатарға қосылуы, уақыт, заман туралы толғаныс тағы басқа мәселелер сөз болды. 1916 жылы 25 маусымда қазақтарды тыл жұмысына алу жөніндегі патша жарлығына орай Сәбит Прибалтика маңайындағы Ригада окоп қазу жұмысына жіберіледі. Екібастұзда жұмыс істеп жүргенде Сәбит сондағы жұмысшылар тұрмысы, ел жайы, майдан жұмысына алынған азаматтар туралы бірнеше өлең жазады. Соның бірі «Екібаста» деген өлеңінде: Ауқаулап сиыр сауған әйел даусы, Дәл бүгін атсаң да жоқ,шапсаң да жоқ. Завод тұр көк түтіні аспанға өрлеп, Отырсың шайға қанбай көзің терлеп. Қасақтан арқан бойы ет алуға, Ерініп бір біріне әкеп бер деп. Тамаққа тапқан табыс жетпейтін боп, Айтқан көп елге сәлем «ас жібер» деп. 251


Күшіктей жұртта қалған дыбыс тыңдап, Екі көзі төртеу болды «кім келер» деп. «Жолдастар уайымға берілмелік!» Деп бір біріне қайрат бермек. Қай жерде жөнді жұмыс кездесер деп, Сартылдап ертелі кеш сабылғандар. Жұмысқа лайығы кетіп жатыр, Жөні кеп,жұмыс бейнет табылғандар, - деп, ақын сол кездегі жұмысшылардың ауыр тұрмысын анық суреттейді. Ал «Заман кімдікі?» деген өлеңінде ақын: Бұл заман байқағанға күштінікі, Азулы, тырнақты мен тістінікі. Дүниенің патшалығы, батырлығы Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі - деп, сол ескі заманның әлеуметтік сырын,қоғамдық теңсіздікті,кедей мен бай арасындағы әлеуметтік алшақтықты,әкімдер мен байлардың ел талап, халықты зарлатқан қиянатшылдығын басып көрсетеді. Сәбит «Бостандық» деген өлеңінде: Тілекті бүгін хақтың берген күні, Көл дария көздің жасын көрген күні. Талайдың тіршіліктен қол сермеген, Қайғысын тас талқан ғып бөлген күні. Жаз шығып бір сағатта күркіреп күн, Тырбаңдап,тайынша торпақ өрген күні. Құт болған екі аяқты айуандардың, Қатарға адам болып енген күні. Ақ деп қан,шәйіт деп жан өлмек енді, Шын жасын әлеуметке берген күні. Ғаламға аузын ашқан айдаһардың, Мерт болып мақсатының өлген күні, - деп, Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясын қуанышпен қарсы алады.Сөйтіп,ақын 1917 жылы ақпан төңкерісіне байланысты жұмыстан қайтып, еліне оралады. Оралысымен Семейде Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов сияқты алаш азаматтары оқыған мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Семейде ол уақытта алаштың игілері бас қосып жатқан болатын. Бұл қозғалысқа С. Дөнентаев та қосылып, қоғам қайраткері ретінде көзге түседі. Қазан төңкерісінен кейін төңкерісті жақтап, өз өлеңдерінде жаңа өмірді насихаттап, ауыл адамдарының өмірі түпкілікті түрде өзгеретіндігіне үміт артады. Сонымен бірге Сәбит ауыл мектептерінде мұғалім бола жүріп, халық ағарту ісіне мол үлес қосқан. Баянауылдағы партия жұмысына белсене араласады Сол жақта халық соты болып жұмыс істейді. 1923 жылдан Семейдегі 252


«Қазақ тілі» газетінде жұмыс атқарды. Өлеңдері мен мақалалары осы газетте басылады. Ақын қаламынан шыққан «Әйел теңдігін қалай түсіну керек», «Хат танымаған қатарға қосылмайды», «Баспасөз күшейсін», «Әуелі шаруа оңалу керек», т.б. мақалалары әйел теңсіздігі, ауыл тіршілігі, халықаралық саясат туралы айтылады. «Көркемтай» деген әңгімесінде жетім баланың көрген қорлығы, аянышты өмірі суреттеледі. Жастардың білім алуының орнына құр сенделіп, жалаң сөз қуып жүргенін «Екеуі де дұрыс» атты оқшау сөзінде мінепшенейді. С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 1912-1918 жылдар арасы, екінші кезең - кеңес дәуіріндегі шығармашылығы, яғни 1918-1928 жылдар арасы. Сәбит өлеңдерінің тілі жатық, орамды өткір келеді. Ақын сықақ, мысқыл, әзіл өлеңдерінде сол жанрдың өзіне лайық сықақ сөздерді, шет сөздерді орынды кірістіреді. Мысалы,оның «Нағиманың өкпесі» деген өлең фельетонында: Кем шығар Нағимадай келбетті әйел, Оңай ма таласуға даладағы ел! Ол түгіл қалада да теңелмейтін, Нешелер келте шашты,құмырсқа бел. Ол емес өзгелердей киім құмар, Орысша он ақ түрлі көйлегі бар. Оны да мода қуып алғызған жоқ, Біреуі кең боп кеткен,біреуі тар. Жаққанмен опа далап жөнін білген, Жері жоқ баттастырып,бет бүлдірген. Сөзінде жүрісінде жоқ ақ шығар, «Қазақтың қатыны» боп сыр білдірген. Мұны өте құнды да көркем жазылған сықақ, әзіл өлең деуге әбден болады. Сәбит Дөнентаев поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға көп көңіл бөледі. Ақынның төңкерістен бұрынғы өлеңдері ішінде мысалдар көп: «Бозторғай», «Ауырған арыстан», «Көк төбетке», «Екі теке» т.б. Ақын мысалдары көңілге қонымды әрі терең мағыналы болып келеді. Мұны оның «Бозтоғай» деген мысалының сюжеті мен мазмұнынан байқаймыз: Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық көреді. Сөйтіп өз мұңын қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып,екіншісін аңдып отырған жерінен көреді. Бозторғай мұңын енді қаршығаға айтпақшы болып,оны іздеп келе жатқанда,көлде қырылып жатқан үйректерді көреді; оларды қырған қаршыға екенін біледі де, бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді: Деді де,бір түкіріп ұшты аспанға, 253


«Қайткенде айла табам шыбын жанға? Бұлардың бәрінен де бекзат еді, Барайын деп ойлады лашын ханға» Көп іздеп неше түрлі бейнет көріп, Оны да бір мезгілде тапты келіп. Түбінде бір теректің бекзадасы, Жеп отыр қаздың етін көкірек керіп. Жаным ау мынау біздің төреміз бе? Шынымен ақтық көрмей өлеміз бе? Кемтарға бұлар қайтіп кек әпермек? Құдірет көн деген соң көнеміз бе? Дағдарды осыны айтып торғай сорлы, Жеріне барам деген барып болды, Бүркітке құс патшасы жолығуға, Кезіпті жер жиһанды оңды солды. Тапқанын бүркітті іздеп,таппағанын, Шаққанын ішкі мұңын шақпағанын. Білмеймін,әлі күнге естігем жоқ, Жатқанын жаны тыныш жатпағанын!.. Ақын мұнда патша үкіметін келістіріп сынаған.Оның басқа мысалдары да осындай болып келеді. Сәбит мысал жанрына шебер ақын деуге болады. Сәбит кемеңгер Абайдан көп үйренген ақындардың бірі. «Абайға» деген өлеңінде былай деп жазады: «Қараңғыда туып ең, Қара бетті жуып ең. Таба қылмай дұшпанға, Қолға ұстаған туымыз, Қанат-құйрық, бойымыз. Қонғанда да ұшқанда. Құрмет етіп затыңды, Бетке ұстаймыз атыңды...» Тұтастай алғанда бұл өлеңнен Сәбиттің Абай поэзиясының идеялық бағытын, әлеуметтік сырын дұрыс бағдарлағанын кереміз. Сонымен бірге Сәбиттің Абайдан тікелей үйренгендігінің де айғағы, яғни бұл өлең Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісінде, соның өлшемін, ұйқас түрін сақтап жазылғандығы даусыз. Тек бұл емес,көптеген өлеңдерін Сәбит Абай поэзиясындағы әр алуан формаларды пайдалана отырып жазған. Мысалы, «Кемшілікте» деген өлеңінің ұйқасы мынадай: «Тағдырда жазған соң алла, Мен түстім мынадай халға... Етерлік жәрдемің бар ма, Жақындап, жанассаң нетер? Талай күн жүріп ек бірге, Талай бір кіріп ек түрге, 254


Тұрғанда мен мұндай күйде, Қайырылып қарасаң нетер?..» Мұнда әр шумақтың алғашқы үш жолы қатарынан ұйқасып, сол шумақтардың соңғы, төртінші жолдары бірыңғай үйлеседі. Бұл - «Білімдіден шыққан сөз...» деп басталатын өлеңінің негізгі шумақтарында Абай қолданған ұйқастың үлгісі. Дөнентаев поэзиясының өзіндік бір ерекшелігі юморлық бағытына, сатиралық өткірлігіне байланысты. Ол революцияға дейінгі қазақ әдебиетінде Абай мен Сұлтанмахмұттан кейінгі ірі сатирик ақын болып табылады. Сәбит Дөнентаев ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық, ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілі. Ол Абайдың реалистік дәстүрін берік ұстап, әдебиеттің халықтық мұраттарын ілгері дамытқан, өз дәуірінің мәселелеріне үн қосқан ақын болды. Ол замандастарын қараңғыдан жарыққа ұмтылуға, өнер білім үйреніп қзық елдердің қатарына теңелуге, ынтымақты болуға шақырған кемеңгер ақын. Ақын төңкеріске дейінгі әдебиетімізде де, төңкерістен кейінгі әдебиетімізді де өзіндік орны бар, өшпес із қалдырған үлгісі, әдемі мұрасы мол көрнекті ақын жазушыларымыздың бірі. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1 Ақынның өмірі мен шығармашылығы. 2 Сәбиттің «Уақ түйек» деген атпен алғашқы өлеңдер жинағы қайда, қашан басылып шықты?. 3 Ол замандастарын неге шақырды? 4 «Кемшілікте» деген өлеңінің мазмұны мен идеясы, тілі. 5 Ақынның өлеңдері ішіндегі мысалдары және олардың тақырыптары. 6 С.Дөнентаевтың «Абайға» деген өлеңінің мазмұны мен тақырыбы. 7 Ақынның аударма саласындағы еңбектері. 8 «Бозторғай» деген мысалының сюжеті мен мазмұны. 9 Сәбит Дөнентаев поэзиясының көркемдік қырлары, өзіндік өзгешеліктері. 10Сәбит Дөнентаевтың публицистикалық мақалаларының тақырыптары. 11Сәбиттің «Бостандық» деген өлеңінің тақырыбы, көркемдік қырлары. 12Ақынның балаларға арнаған өлеңдері. 13«Көркемтай» деген әңгімесінде не суреттеледі? 14«Нағиманың өкпесі» деген өлең фельетонының тақырыбы, жазылу стилі, көркемдік қырлары. 15Ақын жайындағы зерттеулер мен еңбектер. Өздік жұмыс тақырыптары: 1 Өлеңдерінің тақырыптық аясы. 2 Сәбиттің «Уақ-түйек» жинағы. 3 Ақын қаламынан шыққан «Әйел теңдігін қалай түсіну керек», «Хат танымаған қатарға қосылмайды», «Баспасөз күшейсін», «Әуелі шаруа оңалу керек», т. б. мақалаларының тақырыптары, көтерілген өзекті мәселелер. 4 Сәбит Дөнентаев өз дәуірінің шындығын жырлады (эссе жазыңыз) 5 Ешкімге ұқсамайтын сатирик ақын. 255


6 Сәбит Дөнентаев - ХХ ғасырдың бас кезіндегі демократтық, ағартушылық әдебиеттің көрнекті өкілі(реферат жазыңыз). 7 Ол - Абайдың реалистік дәстүрін берік ұстанған, әдебиеттің халықтық мұраттарын ілгері дамытқан ақын (баяндама жазыңыз, өлеңдерін талдаңыз). 8 И.А. Крыловтың, Ғ. Тоқайдың, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударуы. 9 Әйел теңсіздігі, ауыл тіршілігі, халықаралық саясат туралы жазылған мақалалары.Ақын туралы айтылған естеліктер. 10 С.Дөнентаевтың публицистік еңбектері. Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: 1 Б.Кенжебаев. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. - Алматы: «Ана тілі»,1993. 2 Қ.Ергөбек. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. - Алматы: «Білім»,1994. 3 Дөнентаев С. Шығармалар.- Алматы: Көркем әдебиет, 1957. 4 Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы. Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1966. 5 Назарбаев Н. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Алматы: Атамұра, 1996 6 Мұқанов С., Бекхожин Қ. Қазақ әдебиеті тарихының очерктері. Алматы: Жазушы, 1958. 7 Еленов Ж. Сәбит Дөнентаев. Алматы: Рауан, 1985. 8 Молдашева Р. Сарыарқадан Семей таңына дейін. Алматы: Дәуір, 2005. 9 Б.Жақып. Публицистикалық шығармашылық негіздері.Алматы: ҚазҰУ, 2007. 10 Қирабаев С. Сәбит Дөнентаев. Алматы: Рауан, 1991. 11 «Айқап» энциклопедиясы Ү.Сұбханбердина, Қ.Сақ, С.Дәуітов. Алматы,1992. 12 Дөнентаев С. Шығармалар. Алматы: Рауан, 1990. 13 Жиырмасыншы ғасыр басындағы әдебиет: Хрестоматия.Жоғары оқу орындары студенттеріне арн.оқулық. Автор-құрастырушы Қ.Ергөбек.Алматы: Білім,1994. 14 Умарова Г. С. Қазақ әдебиетінің тарихы: оқулық. Г. С. Умарова, С. Ғ. Шарабасов.- Астана: Фолиант, 2007.

256


ҚОСЫМШАЛАР ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША СӨЗТҮСІНІК (ГЛОССАРИЙ) Негізгі терминдік ұғымдар: әдеби байланыс, тарихнама, хисса дәстүрі, әдебиет сыны, ағартушы-демократиялық бағыт,әдебиеттің қоғамдық мәні, классикалық әдебиет, кітаби ақын, өмір шындығы және көркем шындық, поэзия, роман, романтизм, саяси әлеуметтік өлең-жырлар, сыншыл реализм, мысал, нәзира, назым, нақыл өлең, ақын, арнау, арнау өлең, дастан, жылнама, жыр, жырау, жыршы, қисса, мадақ өлең, насихат өлең, поэзия, поэма, толғау, алаш, жәдит, жәдитшілдік, қадим, танзимат, тәржіман, гетерогенді, генезис, беллетристика, декадент, дифференциация, дивергенция, поляризация, радикалды поляризация, түркістандық, инерция, руханият, жаһаттас, милләт түсініктемелері. Әдеби байланыс - белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы. Тарихнама - әдебиет теориясының, тарихының, сынының даму барысындағы деректер мен дәйектердің, мәліметтердің жинағы. Әдебиеттану ғылымының жүріп ӛткен жолы мен қол жеткізген нәтижелерін жинақтап көрсету арқылы тарихнама ғылымының бір орында тұрып қалмай, алға қарай жылжуына қызмет етеді. Хисса дәстүрі – түркі тілдес халықтарға араб әдебиеті арқылы келген еркін махаббатты, ізгілікті, адамгершілікті жырлайтын шытырман оқиғалы поэтикалық шығармалар жалғастығы. Әдебиет сыны - өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатысын саралайтын, әдеби дамудың ағымдық мәселелеріне бағыт сілтейтін әдебиеттану ғылымыны бір саласы. Ағартушы-демократиялық бағыт – ағартушылықдемократияға, жаңаша пайымдауға негізделген көзқарас. Әдебиеттің қоғамдық мәні – көркем әдебиеттің халық ӛмірінде атқаратын міндеті, танымдық, тәрбиелік, көркемдік маңыздылығы. Классикалық әдебиет – үлгілі, кемелденген, жоғары сапалы деген мағынаны береді. Кітаби ақын – шығыс әдебиетінің араб, парсы, түркі тілдес халықтарында бар поэзияның озық үлгілерін өзінше жырлап, хисса, дастандар жырлаған ақын. Өмір шындығы және көркем шындық – көркем өнерде, оның ішінде әдебиетте шығарма, әрине, өмір шындығына сүйеніп жазылады. Көркем шындық - өмірді образды түрде бейнелеп, жоғары эстетикалық мақсат тұрғысында терең ашу. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығарма. Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, орта ауқымында мүсіндейтін көлемді эпикалық шығарма. 257


Романтизм - әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жағымды жақтарын көтере суреттейтін көркемдік әдіс. Саяси әлеуметтік өлең-жырлар – кезеңдік поэзияның саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтік мақсат-мүдделерді айқындайтын саласы. Сыншыл реализм - әдебиеттегі көркем әдіс, өмірді шыншылдықпен суреттеп, бейнелеп, адам характерін типтік жағдайда көрсете отырып, қоғамдағы кемшіліктерді сынға алу. Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, сюжетті шағын көлемді шығарма. Нәзира – мұсылмандық Шығыс поэзиясында орта ғасырларда қалыптасқан әдеби үрдіс. Назым – түркі классикалық поэзиясына қатысты парсы әдебиетінің ықпалымен қалыптасқан ұғым. Нақыл өлең – ғибратты, тағлым берерлік мәні бар, ойды ықшамды түрде жеткізетін, өткір нақышты сөздерге негізделген терме, жыр, өлең. Ақын – поэзиялық туынды, өлең, жыр-дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиғаға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі. Арнау өлең –белгілі бір адам бейнесін, мін-сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды. Дастан – парсы сөзі – тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді. Жылнама – тарихты жыл-жылға бөліп баяндау түрі. Жыр - қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді позиялық шығарма. Жырау – ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау-жырлап айтушы. Жыршы – ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы. Қисса – қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегіхикаялары. Мадақ өлең – салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер. Насихат өлең – уағыздау, ақыл-кеңес сарыны басым келетін өлең. Поэзия – көкем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Толғау – күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма. Алаш – рәмізді сөз, «ал» түбірі от, қызыл, жалын деген мағына береді. ХХ ғасыр басындағы саяси-мәдени серпілістің атауы. 258


Жәдит – жаңа оқу, жаңаша оқу деген мағынаға ие. «Усул-и жәдит» дыбыстап оқуға негізделген жаңаша оқу. Руханияттағы мәні де – жаңашылдық. Жәдитшілдік – жаңашылдыққа сүйенген ағым, бағыт. Исламдық оқутәрбие, саясат саласындағы жаңашыл ағым. Қадим – ескі, байырғы деген мағынаны беретін атау. Жаңашылдықты, өзгерісті қолдамайтын ағым, бағыт. Танзимат - өзгеріс деген мағынаны беретін атау. ХІХ ғасырдағы Османлы түрік ағартушыларының бастамашылдығы. Тәржіман – аударушы деген мағынаны беретін ұғым. И.Гаспринский газетінің аты және сол бағытты жақтаушылардың ныспысы. Мағынасы: әлем мәдениеті мен технологиясын тура, түсінікті етіп жеткізу дегенге келеді. Гетерогенді – құрамы жөнінен әр текті дегенді білдіретін атау. Генезис – тек-тамыры, шығуы деген мағынаны беретін атау. Беллетристика – тура мағынасы «сырлы әдебиет», қолданыстағы мағынасы – проза тілімен жазылған көркем әдебиет. Декадент – «өнер өнер үшін» деген бағытты ұстайтын сыршыл, мұңшыл қаламгерлер атауы. Олар шығармашылықта жеке-дара тұлғаның орнын ерекше бағалайды. Дифференциация – әдеби-мәдени пікірлесудегі негізді өзгешелік. Дивергенция – әдеби-мәдени пікірлесудегі бір немесе бірнеше мәселе бойынша өзгешелік. Поляризация – пікір таласудағы принципті келіспеушілік. Радикалды поляризация – әдеби-мәдени пікірлесудегі барлық мәселе бойынша қарама-қарсылық. Түркістандық – Орта Азиялық қаламгерлердің және жалпы адамдардың ХХ ғасыр басындағы жиынтық атауы. Инерция – бұрынғы қозғалыстың әсерінен дененің бір орында тұрып қалмауы. Ал мәдениет пен әдебиеттегі мағынасы бұрынғы бағыттың, ағымның кілт тоқтамауы. Руханият – рухқа, адамның жанын жетілдіруге қатысты білім-ғылымның, тәжірибе-ізденістің жиынтығы. Жаһаттас – мұрат жолындағы бірлік (М.Әуезұлы анықтаған атау). Милләт – ұлт атауының балама нұсқасы, осыған сәйкес туған әдеби ағым – милләтшілдік.

259


ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫТЫПТАРЫ 1 ХХ ғасыр басындағы ұлттық әдебиеттің даму бағыттары: идеялық, жанрлық, көркемдік ізденістер. 2 Діни-ағартушылық және ағартушы-демократтық бағыттағы әдебиет. 3 Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің стильдік ерекшеліктері. 4 Шәкәрім лирикасының тақырыптық арналары. 5 Сұлтанмахмұт поэзиясы - өз дәуірінің шындығы. 6 А.Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы. 7 М.Дулатұлының шығармашылық мұрасы. 6 Н.Орманбетов пен Ғ.Қараш шығармаларындағы азаттық идея. 7 1916 жылғы ұлт-азаттық күресіне байланысты туған жырлар. 8 Діни-ағартушылық бағыттағы ақындар шығармашылығының ерекшеліктері. 9 Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы. 10 Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы дәуір шындығының суреті. 11 ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар. 12 Мұхамеджан Сералин поэмалары. 13 М.Дулатов поэзиясындағы азаттық арна. 14 М.Жұмабаев поэзиясындағы сыршылдық. 15 С.Торайғыров поэмаларындағы әлеуметтік өмір шындығы. 16 С.Торайғыров романдарының жанрлық ерекшелігі. 17 А.Байтұрсынов – аудармашы. 18 С.Көбеевтің «Қалың мал» романының тақырыбы. 19 Ш.Құдайбердиев поэзиясындағы Абай дәстүрі мен жаңашылдық. 20 Ш.Құдайбердиев поэмаларындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім. 21 Мақыш Қалтаев шығармашылығындағы діни көзқарас пен адамгершілік тәрбиенің ұштасуы. 22 Ағартушы-демократтық бағыт ерекшелігі. 23 Ж.Аймауытовтың драматургиясы. 24 Әсет Найманбаев дастандарындағы шығыс дәстүрі. 25 С.Дөнентаев – мысалшы. 26 Қиссашыл, кітаби ақындар шығармашылығының ерекшеліктері. 27 Шәді Жәңгіров шығармашылығы. 28 Әріп Тәңірбергенов ақындығы. 29 Бекет Өтетілеуов – аудармашы. 30 Бернияз Күлеев лиризмінің сыршылдығы. 31 ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі жанрлық ізденістер. 32 ХХ ғасыр басындағы баспасөздегі қазақ әдеби сыны. 33 ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы. 34 ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі азатшыл-демократтық бағыт. 35 А.Байтұрсынов ақындығы. 36 С.Көбеев – аудармашы. 37 А.Байтұрсынов - әдебиет зерттеушісі. 38 С.Торайғыров ақындығы. 260


39 М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының идеялық-көркемдік жетістіктері. 40 Ғұмар Қарашев поэзиясындағы танымдық-философиялық ой толғау. 41 М.Сералин – публицист. 42 М.Жұмабаев өлеңдеріндегі көркемдік ізденістер. 43 М.Жұмабаев поэмаларындағы ұлттық болмысты ашар көркемдік шешімдер. 44 С.Дөнентаев поэзиясындағы әлеуметтік теңсіздік мәселелері. 45 Нұржан Наушабаев ақындығы. 46 ХХ ғасыр басындағы кезіндегі драмалық шығармалар. 47 С.Сейфуллин лирикасы. 48 С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романындағы тарихи шындық көрінісі. 49 С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ батыр бейнесі. 50 І.Жансүгіров «Күй» поэмасындағы өнер құдіреті. 51 І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы өнерпаз тағдыры. 52 І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы Ақан бейнесі. 53 І.Жансүгіров лирикасындағы шеберлік. 54 Б.Майлин «Шұғаның белгісі» повесіндегі әйел тағдыры. 55 Б.Майлиннің әңгімелеріндегі қарапайым адам бейнесі. 56 Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романындағы өмір шындығы. 57 Б.Майлин лирикасындағы Мырқымбай бейнесі. 58 Б.Майлин - әңгіме жанрының шебері. 59 Б.Күлеев лирикасындағы сыр мен сезім. 60 Б.Күлеев поэмаларындағы дәстүр мен жаңашылдық. 61 Ағартушы-демократ жазушылар шығармашылығындағы басты тақырыптар. 62 1916 жылығы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған өлең-жырлардың идеялық ерекшеліктері. 63 Ж.Жабаевтың патриоттық тақырыптағы өлең-жырлары.

261


ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ ХХ ғасыр басындағы Қазақ қоғамының жағдайы және ағартушылық үрдісі. Ұлттық күрес және әдебиет. Рухани серпілістің алғышарттары. «Оян, қазақ!» сарыны және оның ел руханиятындағы көрініс.і Ұлттық баспасөз және әдебиет. Алғашқы мәдени ұйымдардың әдеби дамуға әсері. Ресей халықтары арасындағы рухани-мәдени бірлік пен дүниетанымдық ізденістер және И.Гаспринский құбылысы. 8 Жәдитшілдік: әдебиет пен қоғам, көремөнер мен саяси күрес арасындағы байланыс. 9 ХХ ғасыр басындағы әдеби-эстетикалық тұжырымдамалар. 10 Жаңа әдеби жанрлардың тууы мен қалыптасу деңгейі. Алғашқы тәжірибелер. 11 Шығыстық-ағартушылық бағдардағы ақындар шығармашылығындағы танымдық негіздер мен әдеби-көркемдік ізденістер. 12 Отандық әдебиет және ислам құндылықтары. 13 Батыстық-ағартушылық бағдардағы қаламгерлер шығармашы-лығындағы танымдық негіздер мен әдеби-көркемдік ізденістер. 14 Әдебиеттегі Алаш идеясы. 15 Ауыз әдебиетінің авторлық әдебиет арқылы зерделенуі мен көркемделуі. 16 Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы шығармашылығы және ел әдебиетінің жүйелену үрдісі. 17 Шәді Жәңгірұлы шығармашылығы және Шығыстық сарын. 18 Ақылбек Сабалұлы шығармашылығы және дастандардағы көркемдік шарттылықтары. 19 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы және ХХ ғасыр әдебиетіндегі тарихилық шарты. 20 Мақыш Қалтайұлы шығармашылығы және милләтшілді.к 21 Нұржан Наушабайұлы шығармашылығындағы халық, дін тақырыбы. 22 Нарманбет Орманбетұлының ақындығы мен танымдық әлеуеті. 23 Діни ағартушылық және әдебиеттегі тұлғатану мәселесі. 24 Шәкәрім шығармашылығы: иман, ел һәм рухани ізденіс. 25 Шәңгерей Бөкейұлы шығармашылығы: поэзиядағы үйлесім, наз, бейнелер жүйесі. 26 Ғұмар Қараш шығармашылығы және діни-мәдени қайраткерлік. 27 Зайырлы дүниетаным мен ғылыми-ағартушылық ізденістер. 28 Әлихан Бөкейхан шығармашылығы: саясат пен мәдениеттегі көшбасшылық. 29 Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы – мәдениеттегі жүйелі ағартушылық бастауы. 30 Міржақып Дулатұлы шығармашылығы: сана бостандығынан ел бостандығына дейін. 31 Райымжан Мәрсекұлының әдеби-сын еңбектері.

1 2 3 4 5 6 7

262


Ұлттық саяси күрестің әдебиеттегі көрінісі мен жаңа ағартушылықтағы бастамашыл істер. 33 Мұхамеджан Сералыұлының шығармашылығы: көсемсөз бен көркемсөз. 34 Спандияр Көбейұлы шығармашылығы: үлгілі бала, үлгілі тәржіме, үлгілі роман қандай болмақ? 35 Тайыр Жомартбайұлының шығармашылығы және әдебиеттегі жәдитшілдік сипаттары. 36 Сұлтанмахмұт Торайғырұлы құбылысы: жаңа рух, таза қан, түзу кеуiл. 37 Сәбит Дөнентайұлы өлеңдері: шығармашылықтағы заман мен замандастар бейнесі. 38 Тарихи поэма және жаңа романдардың тақырыптық-көркемдік ерекшелігі. 39 Мағжан мен Сәкеннің алғашқы шығармалары. 40 Бернияз Күлейұлы поэзиясы. 41 Әдебиеттегі жастар серпіні және «Абай» журналы. 42 Жаңа кезең әдебиеті және жаңа әдеби сын. 43 ХХ ғасыр басындағы әдебиетте мәдениеттану және өнертану құбылысы. 44 «Садақ», «Балапан» журналдарының әдеби материалдары. 45 Алаш қозғалысы тұсындағы әдебиеттің қоғам өміріндегі маңызы. 32

263


ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 1-Нұсқа 1. ХХ ғасырдың басындағы қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмысының сипаты? А) Еуропаша; В) Санскрит; С) Мұсылмандық; D) Далалық; Е) Көпсатылы 2. «Айқап» журналының шығарушысы әрі редакторы? А) М.Сералин; В) С.Торайғыров; С) А.Байтұрсынов; D) М.Дулатов; Е) Ж.Аймауытов 3. Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» жинағы қай жылы, қай баспадан жарық көрді? А) 1915, Уфа «Тұрмыш»; В) 1915, Қазан, Кәрімовтер; С) 1917, Ташкент, Ғарифжанов; D) 1915, Уфа, Шарих; Е) 1911, Қазан, Домбровский 4. Нұржан Наушабаевтың жинағы? А) «Айна»; В) «Жиған-терген»; С) «Халық мұңы»; D) «Жастық жемістері»; Е) «Манзумат қазақия» 5. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал» кітаптарының авторы? А) Ақмолла; В) Мәшһүр Жүсіп; С) Мақыш; D) Әубәкір; Е) Тұрмағамбет 6. С.Торайғыровтың құрған мәдени-ағарту ұйымы? А) «Шоң серіктігі»; В) «Балапан»; 264


С) «Алқа»; D) «Азамат»; Е) «Алаш» 7. С.Торайғыровтың «Кім жазықты» туындысы қандай жанрда жазылған? А) Поэма; В) Роман; С) Баллада; D) Ода; Е) Әңгіме 8. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасының бөлімі қалай аталады? А) Мен – сәби; В) Мен келемін; С) Менің әнім; D) Мен; Е) Менің сөзім 9. «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржіма» жинақтарының авторы кім? А) С.Дөнентаев; В) С.Торайғыров; С) С.Көбеев; D) Н.Наушабаев; Е) М.Көпеев 10. С.Дөнентаевтың мысал өлеңі: А) «Ауырған арыстан»; В) «Қасқыр мен қойшы»; С) «Аю, түлкі, қасқыр»; D) «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»; Е) «Қасқыр мен қақпан» 11. С.Көбеевтің «Қалың мал» романының кейіпкері? А) Жорға Нұрым; В) Сәрсен; С) Жамал; D) Тұрлығұл; Е) Омар 12. «Орындалған арман» кімнің туындысы? А) С.Торайғыров; В) С.Дөнентаев; С) С.Көбеев; D) М.Дулатов; Е) Н.Наушабаев 265


13. Қазақ әдебиетіндегі ең алғашқы роман? А) «Бақытсыз Жамал»; В) «Қамар сұлу»; С) «Қалың мал»; D) «Шұғаның белгісі»; Е) «Кім жазықты?» 14. М.Дулатовтың кітабы? А) «Уақ-түйек»; В) «Оян, қазақ!»; С) «Шолпан»; D) «Жиған-терген»; Е) «Айна» 15. «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ-жазушылары» кітабының авторы? А) С.Қирабаев; В) Ә.Дербісәлин; С) Б.Кенжебаев; D) Т.Нұртазин; Е) Қ.Жұмалиев 16. «Қазақ» газетінің шығарушысы әрі редакторы? А) М.Дулатов; В) Ш.Құдайбердиев; С) Ә.Бөкейханов; D) А.Байтұрсынов; Е) Ж.Аймауытов 17. Итбай қай шығарманың кейіпкері? А) С.Көбеев «Қалың мал»; В) М.Дулатов «Бақытсыз Жамал»; С) С.Торайғыров «Қамар сұлу»; D) Б.Майлин «Шұғаның белгісі»; Е) М.Сералин «Гүлқашима» 18. «Екеу» деген бүркеншік атпен «Абай» журналын кімдер шығарды? А) А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов; В) М.Дулатов, М.Жұмабаев; С) С.Торайғыров, С.Дөнентаев; D) М.Әуезов, Ж.Аймауытов; Е) М.Әуезов, М.Жұмабаев 19. С.Дөнентаевтың әлеуметтік теңсіздікті ишаралайтын мысал өлеңі? А) «Бозторғай»; В) «Қарға мен түлкі»; 266


С) «Аққу, шортан, шаян»; D) «Есек пен бұлбұл»; Е) «Шегіртке мен құмырсқа» 20. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің негізгі сипаты? А) Ұжымшылдық; В) Тапшылдық; С) Ағартушылық; D) Қайта өркендеу; Е) Жабығушылық 21. ХХ ғасыр басындағы әдеби үдерісте негізгі ұғымға айналған сөз? А) Ақыл; В) Жұрт; С) Алаш; D) Тамыр; Е) Аламан 22. Мына ұғым-атаудың қайсысы ХХ ғ. басындағы рухани өмірде жетекші сөз ретінде қолданды? А) Қадим; В) Жәдит; С) Жаһил; D) Напіл; Е) Мәшһүр 23. Қазақ зиялыларына жаңғыру тұрғысынан тікелей әсер еткен ірі тұлға? А) Толстой; В) Айни; С) Гаспринский; D) Казем-Бек; Е) Стальский 24. Ә.Бөкейханның мақаласын көрсетіңіз? А) «Алашыма»; В) «Бас ақын»; С) «Ән-күй һәм оның құралы»; D) «Сапарнама»; Е) «Жат сөздер» 25. «Үш анық» еңбегінің авторы? А) Абай; В) Сұлтанмахмұт; С) Шәкәрім; D) Міржақып; Е) Ахмет 267


2-Нұсқа 1. «Дүние, дүние, дүниесің, Сұм дүниеге алданып, Нәпсіге пенде сүйінесің. Жарықтың арты – қараңғы, Ақырда бір күн күйінесің....» Авторы кім? А) Шәкәрім; В) Шәді; С) Жүсіпбекқожа; D) Асанқожа; Е) Ғұмар 2. «Болғанмен қанша күші тіреуленген, Адамның әрекеті құралмайды. Һадисі Апылатондай болса-дағы, Бәрібір бір қалыпта тұра алмайды». Кімнің өлеңінен алынған үзінді? А) Шәді; В) Ғұмар; С) Ақылбек; D) Сұлтанмахмұт; Е) Шәкәрім 3. «Назым чәһәр дәруіш» кітабының авторы? А) Шәкәрім; В) Шәді; С) Насихат; D) Сұлтанмахмұт; Е) Шәңгерей 4. «Бір күн қалар ақыр сөздеріміз, Өлеміз қаза жетсе өздеріміз...». Мұны қай ақын айтқан? А) Мақыш; В) Сұлтанмахмұт; С) Шәкәрім; D) Мәшһүр-Жүсіп; Е) Ақылбек 5. Мәшһүр-Жүсіп ақындықпен қоса қандай шығармашылықпен айналысты? А) Әншілік; В) Сазгерлік; С) Фольклоршылық; D) Дәнекерлік; Е) Сәулетшілік 6. «Арыңның болсын өлең айнасындай» деген қай ақын? А) Шәкәрім; В) Ғұмар; С) Ақылбек; 268


D) Мұса; Е) Иманжүсіп 7. «Үркер мен Таразы шашуды шашуға, Шолпан да қарады мауқын бір басуға. Темірқазық арқандап қос бозатын, Жаратып ойы бар тойыңа қосуға...». Авторы кім? А) Мақыш; В) Омар; С) Әкрам D) Шәкәрім; Е) Шәді 8. Шәкәрім жазған өлең? А) Анық пен Танық; В) Санақ пен Шанақ; С) Айдын мен Айқын; D) Айдар мен Жайдар; Е) Бақыт пен Бақ-құт 9. Мақыш Қалтайұлының кітабын ата? A) Тура жол B) Ақ жол C) Нұрлы жол D) Сара жол E) Айна жол 10. Татар қаламгерлерінен З.Кәрими мен Ғ.Рашидиді аударған ақын? A) Шәкәрім B) Мақыш C) Ғұмар D) Міржақып E) Ақылбек 11. «Бар уақиға» кітабының авторы? A) Мақыш B) Мәшһүр-Жүсіп C) Ақылбек D) Шәкәрім E) Шәді 12. Ақылбек Сабалұлының кітаптары? A) Ғибрат-наме, Сұм заман B) Өмір, Зар заман C) Айлақ, Тар заман D) Бақидан-бақиға, Дос E) Қайран, дүния! Заман-ай! 269


13. Ғасыр басында 29 кітап жариялаған ақын? A) Мақыш B) Шәкәрім C) Ғұмар D) Ақылбек E) Мағжан 14. «Ойға келген пікірлерім» кітабының авторы? A) Ғұмар B) Шәді C) Шәкәрім D) Ахмет E) Міржақып 15. Ғұмар Қараш кітабын ата? A) Көк дөнең B) Аға тұлпар C) Ақ тұлпар D) Бала жүйрік E) Ақ желең 16. Ресейдің рухани бодандығының сырын ашқан «Орыс мұсылмандығы» еңбегінің авторы? A) Маржани B) Курсави C) Бейбуди D) Гаспринский E) Әл-Омскауи 17. Қазақтың тұңғыш романы? A) «Қалың мал» B) «Бақытсыз Жамал» C) «Әділ-Мария» D) «Қыз көрелік» E) «Кім жазықты» 18. Алғашқы қазақ пьесасы? A) «Шын сүйіскендер» B) «Еңілік-Кебек» C) «Надандық құрбаны» D) «Неке қияр» E) «Шернияз» 19. Қазақ романына бәйге қай басылымда жарияланды? A) «Сарыарқа» 270


B) C) D) E)

«Бірлік туы» «Қазақ» «Абай» «Айқап»

20. Әлихан Бөкейханның псевдонимі? A) Қыр қазағы B) Қыр ұлы C) Қыр баласы D) Түрікпен E) Алаш 21. Шәкәрімнің «Қалқаман-Мамыр» шығармасына сын жазған қаламгер? A) А.Байтұрсынов B) Ә.Бөкейханов C) М.Дулатов D) Р.Мәрсеков E) М.Жұмабаев 22. Ә.Бөкейхан қай шығарманы аударды? A) Петербор әңгімелері B) Ваня ағай C) Хамелеон D) Дворяндар ұясы E) Асауға-тұсау 23. Мағжанның «Қазақта» жарияланған шығармасы? A) Қорқыт B) Қойлыбайдың қобызы C) Түркістан D) Орал тауы E) Мен жастарға сенемін 24. «Мадияр» қай қаламгердің псевдонимі? A) Сұлтанмахмұт B) Әлихан C) Ахмет D) Ғұмар E) Міржақып 25. «Қазақ» газетінде «Қазақ әдебиеті жайынан» (1915) атты әдеби-талдау мақаласын жазған автор? A) С.Торайғыров B) Р.Мәрсеков C) Б.Майлин D) Б.Серкебаев E) Ж.Жәнібеков 271


3-Нұсқа 1. «Қазақ поэзиясының антологиясы (ХХ ғасырдың бас кезі)» жинағын 1993 даярлаған мекеме? A) ҚазМУ B) ҚазҰПУ C) Әдебиет және өнер институты D) Мәдениеттану институты E) Жазушылар Одағы 2. Мына ғалымдардың қайсысы ХХ ғасыр басындағы әдебиетті арнайы зерттеген? A) М.Хамзин B) Ә.Дербісәлин C) Ә.Дербісәлиев D) Қ.Алпысбаев E) М.Қозыбаев 3. Мына өлең М.Дулатовтың қай шығармасынан алынған? «Етемін үміт жастардан, Жаңа гүл шашқан бақшадай. Мұрасын оңай кім табар, Жар салып жұртқа қақсамай....» A) Біздің мақсатымыз B) Жастарға C) Тікбақай D) Бақытсыз Жамал E) Таршылық халіміз 4. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» жинағы алғаш қашан шықты? A) 1906 B) 1911 C) 1909 D) 1907 E) 1910 5. Ғ.Қараштың әдеби лақап аты? A) Қыр баласы B) Ғабдолла Мұштақ C) Мұтылған D) Араби Машрап E) Якуб-бей 6. ХХ ғасыр басында «Айқапта» А.Пушкиннің «Пророк» шығармасын қазақ тіліне аударған автор? A) Қ.Кемеңгеров B) М.Сералин 272


C) D) E)

М.Дулатов А.Байтұрсынов Б.Күлеев

7. Атышулы «Манап» пьесасының авторы? A) И.Лаптев B) А.Сорокин C) А.Белослюдов D) И.Лиханов E) Т.Петровский 8. Әдебиет тарихында айтылатын «кітаби ақындар» терминінің мағынасы? A) Шығысшыл кітап шығарған ақындар B) Батысшыл кітап жариялаған ақындар C) Баспаханада істеген ақындар D) Қолжазба кітап шығарған шығысшыл ойшылдар E) «Книжниктерді» қазақша аударғандар 9. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал» кітаптарының авторы? A) Ақмолла B) Мәшһүр Жүсіп C) Мақыш D) Әубәкір E) Тұрмағамбет 10. С.Торайғыровтың құрған мәдени-ағарту ұйымы? A) «Шоң серіктігі» B) «Балапан» C) «Алқа» D) «Азамат» E) «Алаш» 11. А.Байтұрсыновтың 1911 жылы Орынбор қаласында жарық көрген жинағы? A) «Маса» B) «Әдебиет танытқыш» C) «Қырық мысал» D) «Жиырма үш жоқтау» E) «Ер Сайын» 12. «Қазақ» газетінің жарық көрген жылдары? A) 1910-1916 B) 1913-1918 C) 1900-1910 273


D) E)

1913-1920 1912-1919

13. А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» атты кітабы алғаш қай қалада жарық көрді? A) Ташкент B) Қазан C) Петербург D) Троицк E) Семей 14. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы қай жылы, қай қалада жарық көрді? A) 1910, Орынбор B) 1913, Орынбор C) 1909, Петербург D) 1915, Орынбор E) 1922, Ташкент 15. «Таныстыру» поэмасының авторы? A) М.Дулатов B) С.Торайғыров C) С.Дөнентаев D) М.Жұмабаев E) М.Сералин 16. «Айқап» журналының жарық көрген жылдары? A) 1910-1915 B) 1910-1916 C) 1911-1915 D) 1912-1916 E) 1913-1917 17. ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық ағымның өкілі? A) А.Байтұрсынов B) М.Дулатов C) С.Торайғыров D) С.Дөнентаев E) Мәшһүр-Жүсіп Көпеев 18. 1912 жылы Шәкәрім Құдайбердиев аударған туынды? A) «Дубровский» B) «Рустем-дастан» C) «Мың бір түн» D) «Шильон тұтқыны» E) «Шаһнаме» 19. «Роман не нәрсе?» еңбегінің авторы? 274


A) B) C) D) E)

Ә.Бөкейхан Р.Мәрсеков А.Байтұрсынов М.Дулатов Б.Күлеев

20. «Медресе Ғалия» шәкірттері қандай журнал шығарды? A) Сабақ B) Садақ C) Балапан D) Тұмар E) Ой 21. М.Сералин шығармасы? A) Азамат B) Айтуған C) Топжарған D) Тұңғыш E) Алға 22. С.Дөнентаевтың «Айқапта» басылған өлеңі? A) Қазағым B) Заман кімдікі C) Жастарға D) Барамын E) Ойлы жас 23. «Тумыш» кітабының авторы? A) Шәкәрім B) Бейімбет C) Ғұмар D) Мәшһүр E) Қошке 24. «Айқапта» мақала, өлең жариялаған қазақ қызы? A) А.Асанова B) М.Сейдалина C) Б.Айсина D) Л.Тоқаева E) Р.Басова 25. С.Көбеевтің 1910 жылы жарық көрген кітабы? A) «Қалың мал» B) «Үлгілі тәржіма» C) «Орындалған арман» D) «Үлгілі бала» E) «Азамат» 275


4-Нұсқа 1. «Исатай-Махамбет» дастанының авторы? A) Н.Наушабаев B) Ы.Шөреков C) М.Қалтаев D) Ш.Жәңгірұлы E) Ә.Ғалимов 2. М.Көпеевтің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабы қашан жарық көрді? A) 1907, Қазан B) 1909, Петербург C) 1911, Орынбор D) 1913, Қазан E) 1912, Ташкент 3. 1914 жылы жарық көрген «Жиған-терген» кітабының авторы? A) М.Қалтаев B) Н.Наушабаев C) Ш.Жәңгірұлы D) Б.Өтетілеуов E) Ә.Ғалимов 4. «Бекболат» дастанының авторы? A) О.Шипин B) И.Дәукебаев C) Т.Көбдіков D) С.Есенбаев E) Күдері 5. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне арнап жыр-дастан жазған ақындар? A) Н.Наушабаев, М.Қалтаев B) М.Көпеев, Ж.Шайхисламұлы C) О.Шипин, С.Есенбаев D) Ш.Жәңгірұлы, Б.Өтетілеуов E) С.Көбеев, Ә.Тәңірбергенов 6. М.Дулатовтың 1913 жылы Орынборда жарық көрген кітабы? A) «Терме» B) «Бақытсыз Жамал» C) «Азамат» D) «Оянған қазақ!» E) «Қырық мысал» 276


7. М.Сералиннің өмір сүрген жылдары? A) 1872-1929 B) 1894-1933 C) 1878-1956 D) 1883-1949 E) 1870-1918 8. ХХ ғасыр басындағы символистік поэзияның өкілі? A) М.Көпеев B) С.Торайғыров C) С.Дөнентаев D) Ә.Тәңірбергенов E) Б.Күлеев 9. «Дала уалаятының газеті» жарық көрген жылдар? A) 1870-1882 B) 1888-1902 C) 1900-1905 D) 1880-1900 E) 1890-1895 10. «Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов, Бірі – күн, бірі – шолпан, бірі айым» деген өлең жолдарының авторы кім? A) Ә.Тәңірбергенов B) Ғ.Қараш C) Н.Орманбетов D) С.Торайғыров E) Н.Наушабаев 11. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған дастан? A) «Хикаят Орқа-Күлше» B) «Прием» C) «Гүлқашима» D) «Исатай-Махамбет» E) «Топ жарған» 12. А.Байтұрсыновтың 1912 жылы жарық көрген кітабы? A) «Оқу құралы» B) «Тіл құралы» C) «Маса» D) «Қырық мысал» E) «Тіл жұмсар» 13. «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара сазға қонып салқындаған. Бір өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды денемізде шарпылмаған» өлең жолдарының авторы кім? A) М.Дулатов 277


B) C) D) E)

М.Жұмабаев Ә.Тәңірбергенов Ғ.Қараш А.Байтұрсынов

14. С.Торайғыровтың шығармасы? A) «Оянған қазақ!» B) «Баяншы» C) «Ауырмай есімнен жаңылғаным» D) «Маса» E) «Шолпан» 15. Арап әліпбиі негізінде қазақ жазуына тұңғыш реформа жасаушы? A) М.Дулатов B) Ы.Алтынсарин C) М.Жұмабаев D) С.Көбеев E) А.Байтұрсынов 16. «Қазақтың бас ақыны» мақаласының авторы? A) А.Байтұрсынов B) Ә.Бөкейханов C) М.Жұмабаев D) С.Торайғыров E) М.Дулатов 17. 1915 жылы Орынбор қаласынан М.Дулатовтың қай кітабы жарыққа шықты? A) «Оянған қазақ!» B) «Азамат» C) «Бақытсыз Жамал» D) «Терме» E) «Қырық мысал» 18. Жорға Нұрым, Қалтан қажы қай шығарманың кейіпкерлері? A) «Бақытсыз Жамал» B) «Қамар сұлу» C) «Қалың мал» D) «Шұғаның белгісі» E) «Топ жарған» 19. «Топ жарған» поэмасының кейіпкері? A) Амангелді B) Бекболат C) Кенесары D) Наурызбай 278


E)

Күйші

20. «Оян қазақ!» жинағы қай жылы, қай баспадан шықты? A) 1909, Қазан B) 1910, Қазан C) 1911, Орынбор D) 1912, Орынбор E) 1922, Ташкент 21. Әжібай, Тасболат қай шығарманың кейіпкерлері? A) «Айтыс» B) «Адасқан өмір» C) «Кім жазықты?» D) «Таныстыру» E) «Қамар сұлу» 22. «Қилы заман» повесінің бас кейіпкерлері? A) Ұзақ,Сәмеке В) Қартқожа, Әмірқан С) Абай, Шәкәрім D) Бақтұғыл, Тектіғұл Е) Тұяқ, Байман 23. Қазақ қызының өсу жолын көрсететін шығарма? А) Қамар сұлу В) Шұғаның белгісі С) Гүлқашима D) Ақбілек Е) Бақытсыз Жамал 24. Мағжан Сәкен туралы еңбек жазған зерттеуші? А) Т.Кәкішев В) М.Әуезов С) С.Мұқанов D) Ә.Нарымбетов Е) Қ.Жұмалиев 25. Бейімбет Майлиннің жоқшылық туралы әңгімесі? А) «Күлпаш» В) «Айт күндері» С) «Талақ» D) «Берен» Е) «Көк өгіз»

279


5-Нұсқа 1.

Шұғаның ғашық жары? А) Тұрағұл В) Қожаш С) Жорға Нұрым D) Мекәйіл Е) Әбдірахман

2.

Ақан сері туралы поэманы көрсетіңіз? А) Қаракер В) Ғашық жар С) Көңіл сыры D) Құлагер Е) Ақ жорға

3. Ш.Уалиханов туралы жазылған еңбек? А) Жұмбақ жол В) Махаббат, қызық мол жылдар С) Аққан жұлдыз D) Ақбоз үй Е) Махаббат туралы аңыз 4. М.Әуезов әңгімесіндегі «оқыған жігіт»? А) Жұмағұл В) Балташ С) Ақбала D) Төлеген Е) Ұзақ 5. Ең алғаш прозалық өлең жазған ақын? А) Бейімбет В) Ілияс С) Мағжан D) Абай Е) Сәкен 6. М.Жұмабаев символизмін танытатын өлеңдер? А) «Күншығыс», «Орал тауы» В) «Жұлдызды- жүзік, айды алқа қып берейін» С) «Р альбомына», «Гүлсім ханым» D) «Алтын хакім Абайға», «Абақтыда» Е)«Толқын», «Шолпы», «Мені де, өлім әлдиле» 7. М.Жұмабаев шығармаларын қазақшаға аударған автор? А) А.Пушкин 280


В) М.Лермонтов С) Н.Гоголь D) М.Горький Е) Л.Толстой 8. Ана тақырыбымен әйгілі жазушы? А) М.Жұмабаев В) Ғ.Мүсірепов С) С.Сейфуллин D) С.Мұқанов Е) Б.Майлин 9. М.Әуезов аударған «Отелло» пьесасының авторы? А) Н.Гоголь В) Э.Золя С) У.Шекспир D) Г.Мопассан Е) О.Бальзак 10. С.Сейфулиннің қоғам дамуына сай құны түсіп қалған шығармасы? А) «Аққудың айырылысуы» В) «Көкшетау» С) «Қызыл ат» D) «Айша» Е) «Жерқазғандар» 11. А.Байтұрсынов «ақын тілді» шығармаларға қандай атау береді? А) Шешен сөз В) Дарынды сөз С) Көсем сөз D) Қара сөз Е) Терме 12. Ауыз әдебиетін сауықтама және зауықтама деп екіге жіктеген ақын? А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) А.Байтұрсынов D) С.Көбеев Е) С.Торайғыров 13. М.Әуезов қазақтың қай ханы туралы пьеса жазды? А) Кенесары В) Абылай С) Жәнібек D) Әбілқайыр 281


Е) Жорлбарыс 14. «Күйші» поэмасынды ханша қаһарына ұшыраған жігіт? А) Сапақ В) Әзімбай С) Әлімбай D) Мұрат Е) Медет 15. «Дала» поэмасы қай жылы жазылды? А) 1920 В) 1930 С) 1905 D) 1940 Е) 1904 16. «Өткен күндер» жинағы шыққанда С.Сейфуллин неше жаста еді? А) 29 В) 35 С) 20 D) 45 Е) 52 17. С.Сейфуллиннің драмалық шығармасы? А) «Бақыт жолына», В) «Үш қиян», С) «Ескендір » D) «Бандыны қуған Хамит» Е) «Мен» 18. Қазақ драма өнерінің негізін салушы? А) Ж.Аймауытов В) С.Сейфуллин С) Ж.Шанин D) М.Әуезов Е) М.Жұмабаев 19. «Психология» еңбегінің авторы? А) М.Әуезов В) С.Сейфуллин С) Ж.Аймауытов D) М.Әуезов Е) М.Жұмабаев 20. «Педагогика» еңбегінің авторы? 282


А) М.Әуезов В) М.Жұмабаев С) Ж.Аймауытов D) М.Әуезов Е) С.Сейфуллин 21. «Мансапқорлар» пьесасының кейіпкері? А) Мүсілім В) Сыздық С) Тұяқ D) Құрымбай Е) Сапақ 22. 1925 жылы Ташкентте басылып шыққан Ж.Аймауытов пьесасы? А) Хан кене» В) «Мансапқорлар» С) «Рабиға» D) «Ел қорғаны» Е) «Шернияз» 23. Қартқожа романында көрінетін белгілі тұлға? А) М.Әуезов В) С.Мұқанов С) С.Торайғыров D) Ш.Уәлиханов Е) Қамбар батыр 24. Ж.Аймауытов қандай оқу орнын басқарды? А) Медресе «Ғалия» В) Шымкенттегі педагогика техникумы С) Қазақ ұлттық университеті D) Орыс-қазақ школасы Е) Кадет корпусы 25. М.Жұмабаевтың ең көлемді жинағы қашан басылды? А) 1923 жылы Ташкент В) 1931, Уфа С) 1935, Троицк D) 1929 Ташкент Е) 1942 Алматы

283


ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫ

СҰРАҚТАР

НҰСҚАЛАР № 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25

1 С А А Е В А В А С А D С А В С D А D А С С В С С С

2 С А В D С А D А А В А А D А В D В В С С В С D Е В

3 С В В С В А D D В А А В С А В С Е А А В С В С В В

284

4 В А D В С С А Е В D В А Е С Е А D В С А С А D А С

5 Е D С А С Е D В С С В С А А В С А D С В А D С В А


ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Негізгі әдебиеттер: 1 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті: Оқу құралы.- Алматы: - 2012. 2 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Зерттеу. Астана, «Күлтегін» баспасы, 2002. 3 Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. – Астана: «Фолиант», 2001. 4 Пірәлиева Г. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануы.–Алматы: Қаз.Мем.Қыз.Пи. баспаханасы., 2007. 5 Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Білім, 1993. 6 Мұқанов С. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Атамұра, 2008. 7 Әуезов М. Әдебиет тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1991. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт-азаттық идея.-Алматы: Қазақ университеті, 2007. 8 Бисенғали З. Қазақ прозасы. ХХ ғасыр басы: Жаңа роман жолында. -Алматы: «Арыс» баспасы, 2010. 9 Кәкішев Т. Сайыс. – Алматы: ҚАЗ ақпарат, 2000. 10 Смағұлова Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі.–Қарағанды: «Болашақ- Баспасы», 2005. 11 Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. – Астана: «Фолиант», 2004. 12 Ісмақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы: «Мектеп», 2009. 13 «Айқап». – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995. 14 Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – Алматы, 1969. 15 Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы. –Алматы, 1988. 16 Әбдіғазиев Б.Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. 17 Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім Шығармашылығының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: Кенже-пресс, 2002. 18 Әбдиманов Ө. «Қазақ газеті». –Алматы, 1993. 19 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. –Алматы, 1964. 20 Бес арыс. – Алматы: Жалын, 1992. 21 Бисенғали З. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. –Алматы: Өлке, 1997. 22 ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1994. 23 Ерденбеков Б. Әріп ақын. – Алматы, 2001. 24 Кәкішев.Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. –Алматы: Санат, 1994. 25 Қазақ әдебиетінің тарихы. 6 томдық. –Алматы, 1965. 26 Нұрғалиев Р. Ахмет Байтұрсынов. –Алматы, 1991. 27 Қазақ поэзиясының антологиясы.-Алматы: Ғылым, 1993. 28 ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия.-Алматы: Білім, 1994. 29 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. –Алматы, 1989. 30 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы, 1997. 31 Қазақ әдебиетінің тарихы (3 том). – Алматы., 1967. 32 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. – Алматы, 1998. 33 Тәжібаев Ә. Есімдегілер. –Алматы, 1993. 34 Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. – Алматы, 1983. 285


35 Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5-том.-Алматы: Ғылым. 1999 36 М.Жұмабаев Шығармалар. 3 томдық, 1-т., Алматы 1995 37 М.Жұмабаев Шығармалары, Алматы 1989 38 Ш.Құдайбердіұлы. Мұсылмандық шарты. Алматы 1993 2. Қосымша әдебиеттер: 1 Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. - Алматы, 1979. 2 Ғабдуллин Н. Ғ.Мүсірепов. - Алматы, 1982. 3 Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік жинақтау. - Алматы, 1987. 4 Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. - Алматы, 1988. 5 Дүйсенов М. Ақын мұраты. - Алматы, 1987. 6 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. - Алматы, 1977. 7 Жақыпов Е. Дастаннан-драмаға. Алматы, 1979. 8 Кәкішев Т. Дәуір дидары. - Алматы, 1985. 9 Кенжебаев Б. Жылдар жемісі. - Алматы, 1984. 10 Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. -Алматы, 1986. 11 Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы,1976. 12 Қабдолов З. Көзқарас. - Алматы, 1996. 13 Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. 3 томдық. - Алматы, 1974. 14 Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. -Алматы, 1982. 15 Нарымбетов Ә. Қазақ поэмасы. - Алматы, 1977. 16 Нұрғали Р. Айдын. - Алматы, 1985. 17 Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. -Алматы, 1997. 18 Нұртазин Т. Бейімбет Майлин творчествосы. - Алматы, 1966. 19 Нұрқатов А. М.Әуезов творчествосы. - Алматы, 1985. 20 Ордалиев С. Бейімбет Майлин творчествосы. - Алматы, 1990. 21 Уақыт және қаламгер. Әдеби сын. - Алматы, 1977. 22 Досжан Д. Абақты. – Алматы, 1992. 23 Досмұхаммедұлы Х. Аламан. – Алматы, 1997. 24 Әбдіғазиев Б. Асыл арналар. – Алматы, 1992. 25 Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы, 1997. 26 Дүйсенов М. Ақын мұраты. – Алматы, 1987. 27 Жұртбаев Т. Бейуақ. – Алматы, 1992. 28 Ергөбек Қ. Мейірім шуағы. – Алматы, 1985. 29 Исмакова А. Казахская художественная проза. – Алматы, 1998. 30 Кәкішев Т. Мағжан – Сәкен. – Алматы, 1999. 31 Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы, 1996. 32 Қирабаев С. Өнер өрісі. – Алматы, 1971. 33 Майтанов Б. Көркемдік нәрі. – Алматы, 1983. 34 Нұрқатов А. Жалғасқан дәстүр. – Алматы, 1980. 35 Омаров І. Шабыт шалқары. – Алматы, 1973. 36 Сахариев Б. Күрескер тұлғасы. – Алматы, 1980. 37 Серікқалиев З. Жылдар сазы. –Алматы, 1971. 38 Тұрысбек Р. Жүсіпбек (зерттеу). – Алматы, 1997. 286


39 Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау. –Алматы, 1974. 40 Әбдезұлы Қ. Жазушы және заман шындығы. – Алматы, 2003. 41 Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1989. 42 Дөнентаев С. Ұрпағыма айтарым. – Алматы, Жазушы, 1989. 43 Дулатов М. Шығармалары. –Алматы, Жазушы, 1991. 44 Кердері Әбубәкір. Қазағым. – Алматы, Жазушы, 1993. 45 Көпеев М-Ж. Шығармалары. – Алматы, Ғылым, 1991-1992. 46 Мәшһүр Жүсіп. Шығармалары. – Павлодар, 2003-2007. 47 Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы, Жазушы, 1988. 48 Торайғыров.С. Шығармалары. – Алматы, 1993. 49 Тұрмағанбет. «Рүстем-дастан». – Алматы, 2004 50 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы, Білім, 1995. 51 Байшығанұлы К. Қайтейін жалған дүние. – Алматы: Толғанай Т., 2008. 52 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құраст. З. Ахметов, Т. Шаңбаев. – Алматы, Ана тілі, 1996. 53 Байтұрсынов А. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Алаш, 2003. Ғаламтор материалдары: 1 www. kazakhadebiet.kz сайты. 2 www. kultura.kostanay.kz сайты. 3 www. inform.kz сайты. 4 www. adebialem.kz сайты.

287


МАЗМҰНЫ Алғы сөз............................................................................................................... 1-ТАРАУ ШЫҒЫСТЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫНЖАЗУШЫЛАР Мұса Байзақұлы (1849-1932)............ ................................................................. Шәді Жәңгірұлы (1855-1933).............................................................................. Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы (1857-1937) .................................................... Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) ............................................................. Нұржан Наушабайұлы (1859-1919) .................................................................. Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)............................................................... Мақыш Қалтайұлы (1869-1916).......................................................................... Ақылбек Сабалұлы (1880-1919)......................................................................... Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939).................................................................... 2-ТАРАУ БАТЫСТЫҚ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН ЖАЗУШЫЛАР Әлихан Бөкейханов (1866-1937)......................................................................... Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938)..................................................................... Мұхамеджан Тынышпаев (1879-1938)............................................................. Міржақып Дулатұлы (1885-1935)....................................................................... Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)...................................................................... Мұстафа Шоқай (1890-1941).............................................................................. Мағжан Жұмабаев (1893-1938)........................................................................... Сәкен (Сәдуақас ) Сейфуллин (1894-1938)....................................................... Бейімбет (Бимұхамед) Майлин (1894-1938)...................................................... Ілияс Жансүгіров (1894-1938)............................................................................. Қошке Кемеңгеров (1896-1937).......................................................................... Бернияз Күлеев (1899-1923)................................................................................ Смағұл Сәдуақасов (1900-1933)......................................................................... 3-ТАРАУ АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН ЖАЗУШЫЛАР Шәңгерей Бөкеев (1847-1920)............................................................................ Әріп (Мұхамедғарып) Тәңірбергенұлы(1856-1924)......................................... Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)............................................................... Мұхамеджан Сералин (1872-1929)..................................................................... Ғұмар Қараш (1875-1921).................................................................................... Спандияр Көбеев (1878-1956)............................................................................. Тайыр Жомартбаев (1884-1937)........................................................................ Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)............................................................ Сәбит Дөнентаев (1894-1933)............................................................................

288

3

10 14 19 25 38 45 52 58 64

71 82 92 99 107 120 131 143 150 158 165 171 181

193 200 204 210 221 227 235 243 250


ҚОСЫМШАЛАР ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ БОЙЫНША СӨЗТҮСІНІК (ГЛОССАРИЙ)................................................................................................. ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ .............................................

257

ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ҮЛГІ ТАҚЫРЫПТАРЫ...................................... ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ.......................................... .................................. ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫ ......................................

260 262 264 284

ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................

285

289


Әбдіқадырова Тұрсынай Рыстайқызы Сыздықбаева Ғалия Ұзақбаевна

ҰЛТ РУХАНИЯТЫ (ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті) Оқу құралы

Басуға 22.08.2014 жылы қол қойылған Пішімі 60х84 1/16. Офсеттік қағаз. Бағасы келісім бойынша. Есепті беті 18,1; Таралымы 200 дана.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.