Копбаева xx ғасыр әдеб

Page 1

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Көпбаева М.Р.

ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері Оқу құралы

Тараз, 2014


УДК 373(072) ББК 74.268.Қаз. К11 Рецензенттер: Тойғанбекова Ш.М. - «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Басқару және білім сапасы» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Нүсіпова А.Ж. - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жалпы редакциялауды басқарған: Сыздықбаева Ғ.Ұ., «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор Жамбыл облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын институтының Сараптау Кеңесі отырысының шешімімен баспаға ұсынылған (№6 хаттама, 22.08.2014ж.) К11 Көпбаева М.Р. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері»: Оқу құралы, Тараз, 2014. – 133 бет. Бұл оқу құралында әдебиетіміздің алтын дәуірі атанған ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылығының бұрын-соңды айтылмай келген мәселелері толығымен қамтылады. Сондай-ақ, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетті зерттеген ғалымдар туралы да тұңғыш рет ой қозғалып жан-жақты сипаттама беріледі. Оқу құралы орта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының филология, журналистика факультеттерінің студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына және жалпы әдебиет зерттеушілерге арналған.

УДК 373(072) ББК 74.268.Қаз. К11 ISBN 978-601-04-0126-6

© Көпбаева М.Р., 2014


КІРІСПЕ Еліміз егемендік алғанан кейін бұрын-соңды әдебиет тарихында салдарынан

бұрмаланып

келген

әдебиеттің

мәселелері

дұрыс

саясаттың

шешімін

таба

бастады.Ұлттық әдебиетіміздің тарихында ерекше орны бар ХХ ғасыр басындағы сөз өнеріндегі идеялық және тақырыптық ізденістерді жан-жақты ашып көрсетіп, оқырман қауымның таным-түсінігін онан әрі тереңдете түсу мақсатында «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» деген көмекші оқу құралын арнайы жаздық. Күрмеуі көп мәселелердің оң шешімін табу үшін ХХ ғасыр әдебиеті мен мәдениетінде ерекше орны бар тұлғалы қаламгерлерді жеке-дара бөліп алып, олардың ұстанған бағыттары мен жүріп отырған ағым-арналарына қарай бөліп көрсеттік. Еңбегімізде терең ғылыми және методологиялық мәні зор зерттеулер мен монографияларды толығымен қамтып өтуге тырыстық. Тәуелсіз және терең танымдық концепция тұрғысынан келу үшін, оқу құралымызды жазуда басты тенденция ретінде айтулы ғалымдар С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Б. Кенжебаев, С. Қирабаев, Т. Кәкішов, Р. Нұрғали, Д. Ысқақов, Ж. Тілепов, Р. Бердібаев, З. Бисенғали, Ө. Әбдиманұлы, Р. Тұрысбеков, А. Еспенбетов, Қ. Ергөбек тағы да басқаларының ұстанымдарына сүйендік. ХХІ ғасырда тәуелсіз концепция тұрғысынан жазылған бұл оқу құралында әдебеттің мәселелерін негізгі ғалымдар ұсынған үш бағыт: «Діни ағартушы бағыт өкілдері», «Ағартушы-демократтық бағыт өкілдері», «Ұлт азатшыл бағыттың өкілдері» тұрғысынан қарастырдық. Және де аталған оқу құралында алғаш рет халық арасынан шыққан ақын, әнші-композиторлар өмірі мен шығармашылығы жан-жақты қамтылған. Еңбек ұзақ жылға ғалымдық және педагогтық ізденістердің жемісі ретінде баспасөз, монографиялар

және

де

жеке

шығармашылықтардың

жиналып,

сұрыпталып,

қордалануының негізінде жасалды. Аталмыш оқу құралы жоғары оқу орындары мен мектеп және жеке оқырмандар үшін де бұрын соңды толық мәлімет беріліп айтылмай келген құнды ойлардың сұрыпталып, жинақталып берілуімен ерекшеленеді.

3


1.ХАЛЫҚ АРАСЫНАН ШЫҚҚАН ӘНШІ-АҚЫНДАР 1.1.ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ (1867-1923) Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.

Әсет Найманбайұлының шығармашылық ғұмырбаяны. Әсет Найманбайұлының әндерінің шығу тарихы. Әсет Абай дәстүрін жалғастырушы. Әсет Найманбайұлы шығармаларындағы бай мазмұн мен алуан формалар. Әсет батыс пен шығыс мәдениетін меңгерген өнерпаз. Әсет Найманбайұлы ел өнерпаздарының насихатшысы. Әсет Найманбайұлы шығармашылығының зерттелуі.

Пайдаланылған әдебиеттер: Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 709-719-беттер. Әсет. Өлеңдер, әуендер, айтыстар, дастандар, хикаялар, естеліктер. Алматы, 1968. Бес ғасыр жырлайды. ІІ том, Алматы, 1989, 337-345-беттер. Жұбанов А. Халық композиторларының творчествосы. Алматы, 1942. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1963. Затаевич А.В. 1000 песен киргизского (казахского) народа. (Напевы и мелодий). Оренбург, 1925 г. 7. Онтология казахской поэзии. Алма-Ата. 1958. 8. Жұбанов А.Қ. Ақын жырлары. Алматы 1958. 9. Әбдірахманов Т. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. А., 1983 10. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті, Алматы, Қазақ университеті, 2002. 11. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы, Алматы, 1999. 12. Тебегенов Т. Халық ақындары, Алматы 1997. 13. Жеті ғасыр жырлайды: 2 томдық, Алматы. Жазушы, 2004. 2-том. 528 б. 1. 2. 3. 4. 5. 6.

Өткен ғасырдың ІІ жартысында өмір сүріп, әлеуметтік, ғибраттық ойларын өлеңмен, әнмен таратқан Абайдан бастап ақындық өнер қазақ арасында жаңа сапаға ауысты. Ақын сөз шебері ғана емес, бүкіл ел қамын ойлайтын білімді, әлеуметтік қайраткерге айналды. Міне сол дәуірде Абай айналасында бір топ білімді, дарынды жастар пайда болды. Солардың бірі - Әсет Найманбайұлы. Әсеттің есімі оқырман жұртқа, негізінде «Әсет пен Рысжан», яғни айтыс ақыны ретінде таныс. Алайда Әсеттің айтасытарымен бірге «Пушкин», «Салиха-Сәмет», «Ағаш ат», «Үш жетім қыз» т.б. поэма дастандар жазған эпик ақын. «Адамның бұлбұлы» атанған әнші композитор. Оның өзі шығарған «Әсет», «Қаракөз», «Інжу-маржан» секілді ондаған әндері бар. Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысы сегізінші ауылда туған. Әсет-руы Арғын, Қаракесек ішінде майлық деген белгісіздеу атадан шыққан. Әсет жас кезінде ескіше білім алған, әкесі оны 7-8 жасында Көктума қаласындағы Зейнулла деген имамның медресесінде оқытады. Медреседе оқып жүріп, өзінің зеректігін танытып, өлең мен домбыраға, гармонға да құмарлығын білдіреді. Әсет 14-15 жасқа келгенде әкесі өледі де оқуды тастап, Көктал болысы Байжігіт деген елдегі нағашысының қолына барады. Онда Әсет ән салып, өлең айтумен көзге түседі. Әсет осы жерде үйленеді де, өз еліндегі үй ішін көшіртіп алып, туған еліне бұдан кейін қайтып оралмайды. 4


Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған. Әсеттің бала-шағасы қазіргі Семей облысы, Мақаншы ауданы, Бахты селосында тұрады. Әсеттің «Емілбарлық» деген өлеңінде: Жеріміз кейін қалды Емілбарлық Дутыңнан таңда қағаз алдық жарлық деп жат елге барып, жәбір көргендерін ашық айтады. Әсетті білетін жолдастарының айтуына қарағанда, ол өлеңді суырып салып айтатын, тілге бай, сөзге еркін импровизатор ақын. Әсет көп жағдайларда бұқара халықының сұрауымен әртүрлі сықақ өлеңдер, көңіл айту, жоқтаулар да жазып беретін болған. Мысалы Жұрымбай деген байдың сұлуы Бибішке арнаған сықақ өлеңі т.б. Соңғы кезде Жақыпбаев Бозтайжолдас Қ.Әділбекұлынан жазып алған Әсеттің жеті әнінің ішінен: «Мәлике қыздың әні», «Майда қоңыр», «Зұлқия әні», «Мақпал әні», «Кәрілік туралы ән» т.б. сияқты әндері халықтың сүйікті әніне айналған. Әсеттің кәрілік туралы әнінің мәтіні былай: Ақша бет ауырғанда албырарсың, Қаракөз жан бергенде жаудырарсың, Қаламға атша шапқан он саусағың, Астында қара жердің саудырарсың. Әсет қазақ халқының өткен ғасырдағы ауыр тұрмысын, қараңғы қапас өміріндегі орын тепкен өрескел кемістіктерді аяусыз әшкерелейді. Әсет даңқ құмарлықты, жағымпаздықты сынаумен қатар, халықтың кім көрінгенге жем болып, алданып келгендігін надандық деп налып жырлады. Әсет талай айтыстарда да өзін көрсеткен ақын. Бірақ, олардың көбі қағаз бетіне түсірілмегендіктен сақталмаған. Рысыжанмен (қыз) айтысынан Әсеттің айтыс өнеріндегі талантын толық көруге, байқауға болады. Әсет өз заманындағы қисса жазушы ақындар сияқты әртүрлі тақырыпта қиссалар да жазған. Бұл дастанның үш-төрт варианты Қазақ Ғылым академиясының тіл мен әдебиет институтында қолжазба түрінде сақтаулы. Бұл дастан «Ағаш ат» деп аталады. Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, тілі көркем, оқуға жеңіл, оқиғасы ертегі негізінде құрылған тартымды. Әсеттің күрделі шығармасының бірі – «Салиха – Сәмен» атты романтикалық поэмасы. Әсеттің бұл поэмасында Алтай тауын мекендеген Ясукай деген ханның сұлу қызы Салиха мен сол ханның қол астындағы Сәмен деген өжет жігіттің бас бостандықтары үшін махаббат жолында қайырымсыз, хандардың орнатқан әділетсіз заңына әдет-ғұрпына қарсы тұрып, армандарына жете алмай, қатал заңның құрбаны болғандығы жайлы сөз етеді. Әсеттің ендігі бір қисса дастандарының бірі «Үш жетім қыз» атты шығармасы. Әсет орыс әдебиетіне де бой ұрған. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударған. Әсет өзін Абай шәкірттерінің бірі санап, қазақтың ұлы ақынын қадірлеп, ұстаз тұтқан адам. Әсет Найманбайұлы сонау 1904 жылдан бастап-ақ ауылы аралас, қойы қоралас жатқан етене өз-туысы қытай қазақтарына келіп-кетіп жүрген. Онда көбінше Тарбағатайдағы Иса қажының ауылында, Қызыр төре төңірегінде болған, 1916 жылдың дүрбелеңі кезінде Тарбағатайға бала-шағасымен келіп, Байжігіт елінің ішіне қоныстанған. Содан бастап Тарбағатайда, Алтайда, Бұратолада, Іледе болып, ән мен күйдің, өлеңқиссаның туын тігіп, қасиетті елі мен жерінде сауық-сайран салған. Әйелі мен балалары Тарбағатайда, Бұратолада ел ішін ықтасын етіп, аз ғана малмен күн кешірген. Әсет 1923 жылы жадыраған жаз маусымында Іледегі қазіргі Құлжа ауданының Көкқамыр жайлауында дүние салды. Оның көк шыммен көмкерілген ару топырағы сарқыраған Сәтбай бұлағының бойындағы ақын қонып жатқан қазақи татар байы Ғапари қажының жұртына жасалды. Әсеттің сүйегі сол маңдағы Ламбура деген жердегі Тасжота бейітіне жерленіп, басына белгі қойылды. 5


Әсеттің әйелінің аты Тәті (Тәтіжан) Қаракерей ішінде Жаңбыршы руындағы Жылқышы деген адамның төртінші қызы.Тегінде оның «Мақпал» әні әншінің құлай сүйген осы жарына арналған сияқты. Әсеттің Тәті қолында Шәмшібану деген қыз бен Қожеке есімді ұл қалыпты. Оларды кейін Тәтінің інісі құсайын мен Қаракерей Тасы руындағы Мейірман қажының ұлы Омар болыстың әйелі Мәдина бағып-қаққан деп дәлелдейді. Кәдірихан, Рақымжан, Садық, Боранбай сияқты адамдар. Әсет көзінің тірісінде сыйласып өткен әнші, шешен, сері, сұңғыла, бардам әйел осы Мәдинаға «Мәдина» деген естелік өлең де жазып қалдырыпты. Қолға алса-құйқылжың болсын, Күмістей жылтыраған жүні болсын. Аса қара болмаса қоңыр ала, Ал күрең-үш қызылдың бірі болсын. Келінім Мәдинаға дұғай сәлем. Ағамның сұрағаны - шыны болсын. Әсеттің кейіп-кескінін, мінез-құлқын, өнер өресін шәкірттері және сол кезде Тарбағатайда бірге болған Әріпжан артынан еріп, өнер үйренген Қайшымен (Шағантоғайда 1979 жылы сексеннен асқанда қайтыс болған). Алтай ауданы шіріккенде өткен Мұқыш, Бұратолада өткен Кәдірихан, Іледе өткен Рақымжан, Сұлтан Мәжіт, Семенбет Садық, Толымбек ақсақалдар былай бейнелейді: Әсет орта бойлы, толық денелі, қою қысқа қара мұртты, дөңгелек жүзді, болар-болмас майда секпілді қара торы адам еді. Әні де, биі де сазды, қимылы тез ақкөңіл, әзілқой тез қайтар, мысқылшыл болатын. Өлең мен әнде суырып салма, төкпе өнерін бұлдамайтын. Бет-жүзің демейтін, жанынан әншікүйші, сауықшыл жастарды тастамайтын дүбірлі жан еді. Әсеттің жанына шәкірт болып көп жыл ерген әнші, әйгілі «Бөпем» әнінің авторы Кәдихан өзінің Әсетпен Көкқамыр жайлауында болғанын былай баяндайды: «Талайдан Әсеттің атын естіп, құлай жығылып, асқақ әніне құмар болған жалынды да жас кезім болатын. Әсет Көкқамырда жүр дегенді естігенде, менде ес қалмады. Екі бұзаулы сиыр, екі дөнен, бір қой беріп, бір Монғолдың қара жорға атын Әсетке арнап алдым да, Көкқамырға тартып кеттім... Ақын жанына таңертеңгі шайдан кейін, қымызға араласқан қызу дүбірлі кезде жеттім. Жабықбай ақалақшының ауылындағы үлкен үйде көп адам кең дастарханда, әнкүйлі мәжілісте екен. Төрде аңсап барған ұстазым Әсет отыр. Cәлем беріп кіріп бардым да, қамшымды бүктеп, етегімнің қонышына тыға салып, отыра кеттім. Менімен амансәлем үшін шырқалып жатқан ән сәл тынды. Мен жөнімді айттым. Әсет аға күлімсіреп: «Е, Қабанбай батырдың ұрпағы екенсің ғой. Қамшыңды керегеге іліп қой, балтырыңа батады, жайланып отыр» деді қамқорлықпен. Өнерімен өрнек сызған жанашыр жанға жасаураған жанарымен тігіле қарадым». Ардагер Әсет аржақта туылып, бер жақта өтті дегенді естігенде біздегі секемшіл болып қалған үдікті ойдың қылаң беретіні сөзсіз.Бірақ Әсетті тарих тарзысы ұлы отанымыздан, бай ұлттық мәдениетіміздің мінбесінен ары қақпайды. ХIХ ғасырдың екінші жарымынан ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін Шынжаң қазақтарының ішінде Әсет, Ақыт, Кенбай, Жүсіпбек қожа, Көдек, Төлеубай, Шілбіалмахун, Күдері, Әріпжан, Асылхан сияқты жазба ақындар мен жыршылар жетілді. Бұлар өздері жасаған дәуірдегі әр алуан мәселелерді өздерінше толғып, өздерінше көрсетті. Олардың қоғамдық-әлеуметтік өмірлерін туған шығармаларында әр алуан қақтығыстартыстар мен күрестердің таңбалары әрқайсысына өзінше көрінді. Жасаған ортаға әрқайсысы өзінше көз жіберіп, қарғысы мен махаббатын, сүйініші мен күйінішін, қарсылығы мен қолдауын ашық бейнеледі. Сөйтіп, өздерінің тұрғысы: қоғамдық орны арқылы тарих кезеңінде өздерінше бой көрсетті. Жасаған ортасына өздеріне сай ықпаләсер жасады. 6


Әсет Найманбайұлы міне, сол таяу замандағы қытай қазақ әдебиетінің халық басына хан көтерген белді өкілі. Өз өмірінде қайдағы бір «қашқын», «сіңбе» де емес, қазақ әдебиетіндегі тұтас берік бірлік пен тұнық тұлғаны жан-тәнімен қорғаған ардагер жан. Әсет өзін биікке қанат қақтырған тынысты өлкесі Алтай, Тарбағатай,Ілені ғазиз анам, қайсар панам деп, ең соңғы тынысына дейін жырлаған. Әсет тек қазақ халқымен ғана емес, орыс, татар, ұйғыр, өзбек, т.б. туысқан ұлттар мәдениетімен де толық танысып, туысып кеткен. Бұл жөнінде де фактілер толық. Әсет қолына қалам алып «Ағаш ат-қызыл табан», «Француз», «Жамсап», «Перизат», «Барат қыз», «Салиқа-Сәмени», «Нүсіпханы», «Шерзат», «Шәмсия», «Кешұбай» сияқты ертегі-аңыздан бірталай дастандар мен қиссалар жазғанын халық қазынасынан таптық. Әсеттің бай мазмұн, соны форма тапқан осы дастандары мен қиссалары арабпарсының немесе қазақтың ежелгі классикалық жырларының оқиғасы мен стилін жадағай қайталамай, керісінше өз дәуіріне тән ұлттық ерекшеліктермен байытылған. Қалың халыққа өз орталарынан ойып алынған шыт жаңа мұрадай сезім береді. Әсеттің жазып және айтып таратқан өлеңдері де бір төбе. Мысалы Әсет өлеңдері деген атпен тарап жүрген қыруар сырлы да, хикмет өлеңдері: «Насихат», «Өсиет», «Қоштасу», «Қызай елімен танысу», «Мешін жұтып», «Бозбалаларға», «Жабықбай мен Мешпетке», «Шілбі Алмахунға», «Әсет пен Сәмет төренің айтысы», «Әсет пен Қалидың айтысы», «Әсеттің Мәлікпен айтысы», «Әсет пен Бақтыбайдың айтысы», «Әсет пен Кәрібайдың айтысы», «Әсет пен Ырысжанның айтысы», «Есенқұлмен жазысқан хаты», «Жас туралы», «Ана», «Жігіт пен қыздың айтысы», «Табиғат», «Бақытсыз сұлу», «Мұңлы қыз», «Еміл-Барлық», «Ақыт-Дәуіткен», «Ақтаңгер», «Арнама», «Алашнама» (Шежіре) сияқты көп өлеңдері тілден-тілге жалғасып, мидан миға өтіп, жорғадай жұтынып, тотыдай құлпырып бүгінгі күнге жетіп отыр. Әсет шығармаларының дені надандықты, жалқаулықты қандауырлап, ізгі өмірге үндейді. Абай 1889 жылы желкілдеп жетілген жиырма бес жастағы Әсетке арнау жазып, жас ақынның нұрлы бет алысын нұсқады: Біреуден біреу артылса, Өнер өлшеніп тартылса, Оқыған, білген, білген-ақ, Надан, надан-ақ сан қылса. Кісіде бар болса талап, Отырмас ол бойын балап. Жүрер, әр қайдан ізденер, Алар өз сүйгенін қалап. Абай Әсетке өшпес үлгі берсе, Әсет жұрт жиналған жердің бәрінде: «Абай тек өлеңші емес, өрнекші еді ғой» деп отырады екен. Әсеттің Абай мектебінен үлгі алғаны анық. Әсеттің де өз мектебі, өз шәкірттері болған. Мысалы, ел ішінде аты әйгілі бітімші Шеризадан Өтепбергенұлы, Малай төренің баласы Сәмет, Араб Андасұлы, Қали Әділбеков, Кәдірихан, Тоқтаған Бозанұлы, Әділжан Құрманғалиұлы, Қызыр Мамырбекұлы өнерде Әсет айналасынан жапырақ жайған жандар. Әсет өз өмірінде араб, парсышаны үйреніп, ислам дінін жінтіктеп зерттеген сияқты. Ел аралап жүргенде де байманаптарды, діни ғұламаларды өз сөзіне иландырып адалдықты, пәктікті, қайырымдылықты үздіксіз үгіттеп отырған. Дүние жолдас бола ма адамдарға, Не қажет айтып-айтпай надандарға? Байлығын өлеңдермен өңдемек пе, Бұл сырды ашпай болмас жарандарға? 7


Байекем байлығына тоймаған ба, Не жетсін, өнер қуып ойлағанға? «Еңбексіз бақыт таңы атпас» деген Алуды өмір шашап қоймаған ба?деп, жұрт алдында жұғыны кеткен тоймас аранға зілді тойтарыс жасайды. Сонда дін жалауын жамылғы еткен сұрқия Ешен қазірет ортаға араласып: «Ән шырқап, өлең айтукүнә. Бұл жын ойнақ сайтанның ісі. Әсетті жазалау керек» деп даурығыпты. Сонда әншіақын мұны да өлеңнің от қамшысымен былай осқылапты: Дәлең бір дөңгеленген майда жорға, Қисыны қиюласар әрең зорға. Жаралдық адам болып, мал емессің, Ілінбе қазіретім шықпас торға. Мысалы надан адам моламен тең, Не пайда байлығынан арам олжа... Аллаға күпірлік іс істемедім, Қалайша келе мені тарттың сотқа? Отырған өлең тыңдап кеп халайық, Күйер ме тегін мынау жалалы отқа?! Алтын-күміс жамбыға дұға саттың, Не үшін қарамайсыз бар мен жоққа? Құдайға кім кінәлі, кімдер адам, Төрелік айтқызалық осы топқа. «Залалұм уә ән пусаһүм» деген аят, Ей, қазы, осы өлеңде бар ма, жоқ па? «Ассабыр шайтан» деген әділ сөз бар, «Бисабыр рахмани»-деген қайда? Күнәсіз боламын деп ойлай көрме, Саттың ғой дінді апарып әрбір жайға, Алдап-арбап біреудің малын жесең, Ділі қатты демей ме, тілі майда? Әсет атының ардақтылығы, Әсет еңбегінің ұлылығы, Әсеттің басқадан ерекше орны, Әсетке халық қауымының ықыласы мен құштарлығы оның өзіне тән ғана қасиетті әнінен де байқалады. Әсет атақты Біржанның айнымас шәкірті сияқты. Арғынмын, атым Әсет, арындаған Арындап ән сала ма дарымаған? Аспанның аясында ән шалқытып, Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған,- деп шырқаған Әсет: «Аққумын аспандағы ән қосамын, шығарсамшы терден түптен тартып» деген Біржан салға өзге елдің өресі жетпейтін биіктен үндеседі. Дами келе Біржан, Әсет әуендері өрге көтеріп, алысқа шалқытқан қазақ әндеріне француз жазушысы Роман Роллан мынадай баға береді: «Қазақтың отаншылдық жігерге толы халық музыкасының ешкімге, ештеңеге ұқсамайтын ерекше тартымдылығы сондай, қазақ әнін тыңдағанда күллі дала көз алдыңнан өткендей болады». Әсеттің қайсыбір әнін естігенде де өзі қамтыған табиғаттың өлмес куәгеріндей картиналы шымылдық көз алдыңа жайылады. Әсеттің қазір халқымыздың рухани мәдениет қазынасында сақталған «Інжумаржан», «Мақпал», «Жайма шуақ», «Ардақ бірінші», «Ардақ екінші», «Мұңлы қыз», «Көктас», «Қысмет», «Кең дүние», «Ләйлі қыз», «Сырғақты», («Зар қақты»), «Көртолғау», «Шама», «Сырмақ үйкер», «Қоңыр қаз», «Қарғаш», «Әнмен қоштасу», «(«Ақырғы сөз») қатарлы толып жатқан әндері бар. Бұл әндердің шыққан уақыты шығу мән-жайы жөніндегі қыруар хикаялар бар. 8


1955 жылдан бастап іле облыстық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімі мен облыстық мәдениет мекемесі әдеби мұраларды жинауға кіріскен. Ол кезде облыс көлемінде Әсетке ерген шәкірт өнерпаздар да, мол еді. Солардың айтқан дәлелі мен жазылған естеліктер, жазып алған белгілі адамдар қазір де кезігеді. Осы дәлелдерге қарағанда Әсет Тарбағатай, Алтай, Іле өңірінде жүрген кезінде жаңадан 11 ән шығарыпты. Солардың кейбіреулерінің қысқаша мән-жайы былай екен: «Інжу-маржан» әні 1910 жылы Тарбағатайда жазылған, 1917-1918 жылдары «Кең дүние», «Ләйлі қыз», «Қыз мұңы» әнін Тарбағатайдағы Бәйжігіт руы Оспан деген адамның ауылында жүргенде шығарыпты. 1919 жылы Әсет Алтайға Бейсембі Көке күйшінің ұрпақтарын көргелі барып, Жәке, Сүгірбай ауылында он екі Абақты игі жақсыларының ортасында «Қоңыр қаз»,»Көктас» әнін шығарған. 1916 жылы Төкестің Қарағанды Қапсалаң деген жеріндегі Қозыбайдың баласы Тойекенің асына 300 үй тігіліп, Алтай, Арқа, Жетісудан бәрі түгел шақырылған. Осы астың соңын ала келген Әсет әйгілі күйші Қожекенің баласы домбырашы Рақышпен танысады. Астан кейін Рақыштың ауылында қонақ болып жатып «Жайма шуақ» әнін тудырады. «Ардақ біріншіден» 1921 жылы Көкқамырда жүргенде жариялап, «Мақпалда» 1922 жылы Сайрам бойында керей, найман, албан, суан, өзбек, татар, ұйғыр араласқан жәрмеңкеде шырқап, ел қошаметіне ие болады. 1922 жылы күзде «Ардақ екіншіден» Құлжа қаласындаға Ғапаридың Әбілахытының үйінде ән сауықшыларының сайранында айтқан. «Қысмет» әнін 1922 жылдары ырғаққа түсіріп, 1923 жылы жазда Көкқамыр жайлауына жиналған көп ұлттың көңілді елі ортасында толық жариялапты. Бұл әнін Әсет: «барлық бұлшық еттерге қысым түсетін ән болғандықтан «Қысмет» деп атадым» деп түсіндірген. Ең соңында Әсет ажал аранына тап болып, ентелеген жұртқа «Қысметті» айтып бере алмай «Ақырғы сөзін» шығарып көз жұмған. Ал «Сырмақ үйкер» әнінің жасалу тарихы былай көрінеді: Әсеттің атасы Жылқышы ертеректе Әсетті шақырып, бір топ қыз-келіншектердің алдында ән айтқызыпты. Шырқап көтеріліп, құйқылжып төмендеген әнді қыз-келіншектер тықыршып, елти тыңдайды. Сонда Жылқышы: «Апырмай, қарағым, еркек мен тағат таппай кеттім, мыналардың не жаны шыдап отыр екен». Сонда әннің аты «Сырмақ үйкер» аталыпты. Әсет өлеңінің, әнінің, қиссаларының қазақ әдебиетінің марқайуына жасаған ықпалы өте зор. Басқасын айтпағанның өзінде жолсыз шөлейт қалаларда, айсыз қараңғы заманда Әсет пен Таңжарықтың үндері қандай тамаша тоғысқан. Сүйемдей ғана қысқа өмір сүрлеуінде өлең, дастанды төгіп өткен Таңжарық Жолдыұлының: «Абай, Әсет, Ахмет, Міржақыптар, оған қисаң жетпейді мың баланы» - деп ауызға алуы қандай?!. Әсетке адал шәкірт болып, Әсет көз жұмған мекенде қасаған әнші, ақын Рақымжан Мешпетұлының: «Қысмет» бір қызық ән тамашалы, Қақышы жоғары үнмен жарасады. Күлгелеп жүрегіңді, өкпеңді үрлеп, Құрылыс қуатыңмен санасады. Әсеттің дәл өзіндей болмаса да, Рақымжан анша-мұнша жанасады,деуі жоғарыдағы айтқанымыздың айқын дәлелі. Әсет өз өмірінде Шинжаң қазақтарының ортасына оншалық қанық емес Абай, Біржан, Естай, Шашубай, Мәди, Балуан Шолақ, Шәкәрім әндерін толығымен таратушы болды... Сол себепті Алтай, Тарбағатай Іледе Әсет заманымен тартып қазірге дейін талайталай айтулы әншілер, көрнекті композиторлар шықты. Мысалы Әсетті көре қалған немесе соған тақау шыққан Әріпжан, Кәдірихан, Рақымжан, Сұлубай, Бүркітбай, Мұқыш, Жақып. Сұлтан Мәжит қатарлы әнші-ақындардан сырт, бүгінгі күнде де Әсетше сорғалаған әндерді құмарта қуып, ән өнерінің әр түрлі көтерілген Дәнеш, Абылай, Пайхулла, Әбілхайыр, Жұмаш, Еркінбек қатарлы әншілер Әсетше әнмен жетілуде. Әсет өз заманында бүкіл елге таныс өнегелі аға ақын болады. Әрі ақындар қауымының ақылшысы, ұстазы болды. Сондықтан ол ақындық өнердің жаңа жақсы 9


бүршіктерін қайда барса аялап, мәпелеп өсіруге дем берді. Ақындар арасындағы пайдасыз нысайларға дер кезінде ақылын айтып, жөн сілтеді. 1910 жылдары Іледегі Ақдолла, Дәуіт,Алтайдағы Ақат, Ахметпен хат арқылы айтыс бастайды. Бұл айтыс бара-бара өз жақтарынан өтіп, ел мен жердің жыртығына жол салады. Мұны көрген Әсет Тарбағатайда тұрып, дереу арашаға түсіп, мынадай ақылын кесіп айтады. Біржан сал, Ақыт мырза, Дәуітеке, Алтай менен Іледен шықтың жеке, қалыпсың адам басың мақұлыққа, ұқсайсың бірің ешкі, бірің теке... 1911 жылы Әсет Тарбағатайдағы Шыңхай төңкерісінің жерлік құрбаны Демежанның Қараағаш деген кісінің үйінде есіл ерді ел былай жоқтайды: Ассалаумағалейкум, Қара ағаш, Тұрыпсың бұтағың жоқ жап-жалаңаш. Құшақтап сеніменен көрісейін, қарақат, көзіңнен сен ағызшы жас. Құдіред саяңдағы гүлің қайда, Атақты Демежандай ұлың қайда? Маңыңа жан қарамас болып қапсың, Айдай толықсыған түрің қайда? Түндей тылсым қылып байлаған кім, Ұқсасаң болмас па еді Қабанбайға! Әсеттің осы жоқтауының мұңлы ырғағы мен өзім айтатын қиссалардың мұңлы жеріне әуен етіп жүрмін», - деп көп тараған екен Әріпжан ақын. Қорытып алғанда, Әсет мұралары жан-жақтылы, алуан түрлі, саны көп, сапалы мұра. Әсет Найманбайұлының есімі біздің халқымызға әбден таныс. Таныс қана емес-ау, күні бүгінге дейін Әсетті көргендігін, оның әндерін тыңдап, шырқау-шырқау өлеңдерін, айтыстарын естігеннен әңгіме жыр қылып отыратын қариялар баршылық,сол естеліктердің бірінде былай делінеді: «Ес біліп, етек жапқан кездерімде менің анам Мәрия Әсет айтыстарын, Әсет толғауларын жиі айтып беруші еді. 1920 жылдың бер жағы болса керек... Әсет өзінің елінен Тарбағатайға өтіп, ТоқтаБарлық тауларында айтысқа түсіп, Сайрам көлінің бойындағы ауылдарда болып, біздің Майқан тауларына келіпті. Майқан-Сайрам көлінің батысындағы Ақбайтал тауларымен ұштасып жатқан Қорғас ауданының жайлауы. Балдырғаны білектей, бүлдіргені жүректей әсем жайлаудың сыңсып, тұрған кезі екен. Құдай айдап, қызыр жетелеп, аңсағаны көктен түскендей қалың қауым ел Әсеттің айтысын тамашалап, оны неше күн бойы жырғап қалыпты. Сонда менің жаңа түскен шешем тағы бір келіншекке ілесіп Әсетпен айтысқан екен. Арғынның аты Әсет арғындаған, Арындап ән сала ма дарымаған. Аспанның аясында ән толқытып, Бұлбұлмын даусым көкте дамылдаған. Жүйрікпін, жұрттан озған жортарманмын, Майдамын, майда қоңыр мамырлаған. Тауықпын тары тердім найман шалдан, Найман – ел айы туған маңдайшадан. Үйректей, қаздай қалқып, жүрмін жүзіп, Көп елді, көп жұртымды Қызыр шалған. Ертіс, Сыр, Есіл, Іле өзендері Тау өтпес Тарбағатай, Тянь-Шаньнан. Ойда орыс, қырда Қытай қоныстасым, 10


Ауылым бар ауғанға да таяп барған. Жел қабыс сол ортаның заржағымын, Күңіреніп тоқсан бунақ әнге салған. Осылай еске алып отырушы еді менің шешем, қайран Әсет ақынды! Бұл 1940-жылдардың оқиғасы, Кейіннен оқып, білім алып, ат жалын тартып иініп, газетте қызмет істедім. Ақын, әнші Әсет енді менің алдымнан тіпті де жарқын кездесе бергеніне қуанышты болушы едім. 1956-жыл. Жаздың айы. Алтайдың Жемеле ауданында, аудан орталығы – кішкентай Жеменей қыстағында тілшілік сапарымен жүрген едім, осында біздің Іле қазақ автономиялық облысының бір топ өнерпаздары ойын көрсете барды. Аудандық үкіметтің үлкен ауласынан сахна жасап, далада ойын қойды. Міне, көрермендер ду қол шапалақтап, Әсет әнін шырқаған әнші Камалды ерекше ілтипатпен қарсы алды. Әсет әні хор болып шырқалды. Мақпал-ау, Мақпал, Мақпал-ау, Мақпал, Үкілі қоңыр ала үйрек секілдім-ау, Бір хабар алмаған соң өкіндім-ау. Әсет –«Ырысжан мен Әсеттің айтысы», «Ағаш ат» қатарлы өлең құдіретіне сирек кездесетін дастан-жырлар жазған ақын. Мәдениет зор төңкерісінің алдында Әсеттің көп дастан өлеңдері Қорғас ауданы Лау-Сау-Гу мал фермасының Ластай тауында қысы-жазы отыратын малшы Садай Сыламбай баласында бар болатын. Ол кісі түні бойы шам жарығында отырып, «Ағаш атты» оқушы еді. 1988 жылы қыста біз Іле облыстық әдебиет, көркемөнер бірлестігінің бастығы Жұмаділ Маман, жазушы Оразхан Ахметов және мен үшеуіміз кәрияның үйіне сол «Ағаш атты» іздеп бардық. Кәрия науқас болатын, қойған жерінен тауып бере алмады. Себебі, Мәдениет зор төңкерісі кезінде әлгі дастанды сауысқанның ұясына жасырғанын, содан жыл өтіп, алуға барғанда жаңбырмен езіліп, қанша кептірсе де, оқуға келмегенін күрсініп айтты. Биыл Әсет ақынның туғанына 125 жыл толады. 1923 жылдың жаз айында Құлжа ауданының Ұланбура жайлауында қайтыс болған әнші, өнерпаз, ақын біздің Құлжа қаласына да сан рет келген. «Қоштасу» өлеңінде Әсет былайша толғанады: Дариға-ай, осы екен ғой өлім деген, Ешкімге күні бұрын көрінбеген. Абайдай арт жағына сөз қалдырып, Дариға-ай, жақсы екен ғой алу деген. Дүниеде мендей сорлы ақын бар ма, Баспаға ешбір сөзі берілмеген. Үйінде Ғаппаридің жатып алдым, Алмасты кепіриш деп татып алдым. Құдайдың маған берген ажалы жоқ, Құлжадан бес теңгеге сатып алдым... Өлді деп қайран Әсет күңіренерсің, Бұл әнді үйренгенін үйренесің, Бұл әнді бірің бұзып, бірің түзеп, Бұқадай мұрындықсыз сүйрелерсің. Әсеттің айтқаны келді. Содан бері қарай жетпіс жылдай уақыт өтіпті. Қаншама қиын-қыстау күндерді бастан кешірсек те, Әсеттің шырқау әндері бір мезгіл де толастаған емес. 11


Сайып келгенде Әсет Найманбайұлы – сегіз қырлы, бір сырлы ақын, әрі әншікомпозитор. Оның өлең-жырлары, айтыстары мен дастандары және музыкалық шығармалары халқымыздың әншілік дарынын, даналығын танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл мұра, әдеби қазына. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. 2. 3. 4. 5.

Әсет Найманбайұлының шығармашылығына қатысты баспасөз материалдары жинау. Әсет әндерінің шығу тарихы туралы тың зерттеулер. Әсет пен Рысжан айтысының көркемдік құрылымы. Әсет өнер мектебінің шәкірттері. Әсет халық әндерін орындаушы, ел ақындарының өнерін насихаттаушы. 1.2.ЖАЯУ МҰСА ШОРМАНҰЛЫ Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. Жаяу Мұса Шорманұлының ғұмырбаяны. 2. Жаяу Мұса Шорманұлының өнерге келуіне әсер еткен факторлар. 3. Жаяу Мұса Шорманұлы өнерінің түрлі қырлары 4. Жаяу Мұса Шорманұлы әндеріндегі әлеуметшіл сарын

1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9.

Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде. – А., 1969 Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы – А. 1988 Әбдірахманов Т. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. А., 1983 Әбдіғазиев Б. Асыл арна – А.1992 Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті, Алматы, Қазақ университеті, 2002. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы, Алматы, 1999. Тебегенов Т. Халық ақындары, Алматы 1997. Жеті ғасыр жырлайды: 2 томдық, Алматы. Жазушы, 2004. 2-том. 528 б. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. Қазақ ССР ғылым академиясының баспасы, Алматы. 1963.

Жаяу Мұса 1835 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы «Ақшоқы» деген жерде туған. Әкесі Байжан шағын дәулетті шаруа иесі ғана адам болған. Жасынан сергек, сезімтал Жаяу Мұса оқып білім алуға, ән салып, серілік құруға талаптанады.Ауылда қазақша оқып, хат танығаннан кейін енді орысша оқып, білім алуды үлкен арман етеді. Баласының бұл игі талабына Байжанда қарсы тұрмайды. Бірақ та, қысқа жіп күрмеуіне келмей, баласын басқа жерге жіберіп оқытуға Байжанның мүмкіндігі болмайды. Сөйтіп, ойлаған мақсатына жете алмай, жабырқап, көңілсіздеу жүрген кезінде талантты жастың тірегіне қарай, бір жылы ел аралаған Қызылжарлық татар саудагер келеді. Татар саудагеріне жалданып Жаяу Мұса Қызылжар қаласына барады. Бір жағынан байға жұмыс істеп жүріп, оқуға орналасады. Біраз тұрып, қала халқымен танысқаннан кейін әуелден ойын-сауық, той-думанға үйір Жаяу Мұса жастар бас қосқан кештерде ән айтып, гармон тартуға әуестенеді. Оның осындай өнеріне сүйсінген үй иесі де онша ауыр іске қоспай, жеңіл-желпі жұмыстарға ғана пайдаланады. Мұсаны көрші-қолаңдары да, өзімен бірге оқып жүрген таныс замандастары да өз араларындағы ойын-сауықтарға жиі шақыратын болады. Аздан соң-ақ ел аузына ілініп, әнші Мұса атанады. 12


Жылдар өтті. Искусстволық адымын ең алғаш орындаушылық өнерден бастаған Жаяу Мұса енді өз ойынан ән шығару ісімен де шұғылданды. Оның бұл саладағы тырнақалдысы осы кезде ел аузында айтылып жүрген «Көк аршын» әні халыққа тез тарайды. Жаяу Мұса Қызылжар қаласында үш жылдай оқығаннан кейін Омбыға барып, онда тағыда төрт жылдай оқу оқиды. Бұл Жаяу Мұсаның жиырма жастағы ғана кезі еді. Омбыда оқып жүріп, жазғы демалыста еліне барған кездерінде ауыл адамдарынан аға сұлтан Мұсаның елге көрсеткен зорлық-зомбылығын естиді. Бұған Жаяу Мұса қатты қынжылады, халықтың жазықсық жәбірленуіне жаны ашып, жауыздық іске жиіркене қарайды, оны әшкерелеу үшін Омбы газеттеріне бірнеше рет мақала жазады. Бұрын алдынан шығар жан жоқ, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып, мейманасы асқан сұлтанға Жаяу Мұсаның газет жүзінде жарияланған бұл сыны үлкен соққы болып тиеді. Сұлтан Мұса осыдан былай Жаяу Мұсаның соңына түседі. Бірақ, жігерлі жас оған ешбір жасымайды, қолындағы қаламын қару етіп, Шормановтардың озбырлық мінезқұлықтарын әшкерелейтін өткір тілді өлеңдер мен әсерлі әндер жаза бастайды. Шорманов тұқымы соңынан қалмай, 1862 жылы 27 жасында Жаяу Мұсаны жала жауып, абақтыға қаматтырады. Сөйтіп, Мұса 12 жылға сотталып, Тобылға жер аударылады. Жаяу Мұса Омбы түрмесінен Тобылға жөнелтіледі екен деген хабарды естіген жұрт оны көріп қалғысы келіп, көше бойы жолын тосады. Халықтың сүйікті әншісінің басына түскен бұл ауыр қайғыны көрген көпшіліктің қабырғасы қайысып, қатты қынжылады. Осы кезде аға сұлтан Мұса жиналған жұртты қақ жара, Жаяу Мұсаға жақынырақ келіп тұрады да: -Ей, қу кедей! Қолыңнан келмесі бар, несіне құр арам тер болдың? «Әлін білмес әлек» деген міне осы. Мен сияқты сұлтанға соқтығу сен сияқты сорлыға оңай сауда еместігі енді есіңде болсын. Ал, жылы орныңа бар да жат. Мұнан былай жолама менің жаныма, - деп тұтқын жанды тым қатты табалайды. Айтқанына жетіп, әмірі орындалғанына соншалықты масаттанған сұлтанның сөзіне орай Жаяу Мұса тілін тартпай, табандап өлеңмен жауап береді. Мен айтсам, параңды айттым тілім ұзын, Татармын бұйырған жер дәмі-тұзым, Жылансың екі басты ел жалмаған, Қоймаймын неғылсаң да айтар сөзім.Деп, жиын топтың алдында аға сұлтанның айыбын бетіне басады. Сонымен қатар: Тобылға он екі жыл мен айдалдым, Артымда елі-жұртым бәрің қалдың. Сұлтанға еш жазығым жоқ-ақ еді, Жазықсыз жаза көріп, көп сандалдым. Сәлем айт көп Қаржастың баласына, Кез болдым хан-сұлтанның жаласына. Шорманды кім өлтірді мен білмеймін, Сонда да менен құның аласы ма?деп анталаған халыққа мұңын шаға хош айтысады. Жаяу Мұсаның жан тебрентерлік бұл бағалы сөздері жиналған жұрттың сайсүйегін сырқыратады. Олар жазықсыз жанның тұтқыннан босап, тез оралуына тілектестік білдіреді, дуан басы сұлтанның сорақы қаталдығына қарғыс айтып тарасады. Жаяу Мұса полицейскийдің айдауында айдан аса жаяу жүріп, Тобылға әрең жетеді. Мұсаға «Жаяу» деген ат тағылуының себеді осында болса керек. Ал, біреулер дуан басы Шорманның Мұсасы Байжанның жалғыз атты жарлы Мұсасымен аттас болуға арланып, оған «жаяу» деген сөзді өзі қосыпты деседі. Бірақ Жаяу Мұсаның «Ақсиса» дейтін әнінде: 13


Шорманның Мұстафасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса.деуіне қарағанда, алғашқы айтылған сөздің дұрыстығы бар сияқты. Жаяу Мұса Тобыл түрмесінде ұзақ уақыт жатып, қатты күйзеледі, сондықтан да жанындағы кейбір достарының кеңестері бойынша кесімді күндерінің қалағанын кең далада жүріп өтеуді ұнатады да, өз еркімен солдаттық қызметіне баруды сұрап, жоғарғы орындарға арыз береді.Соның нәтижесінде ол 1869 жылы, 34 жасында Петербургке шақыртылып, солдаттық қызметіне алынады. Сол кезде литвалықтардың патшаға қарсы көтерілісін басу үшін жібергелі жатқан Черняев отрядына қосылады. Литвалықтардың көтерлісін басқаннан кейін ол отряд Орта Азия елдерін аралап, Әулиеатаға келеді, мұнда да көтерлісшілерге қатты соққы беріп қырғынға ұшыратады. Міне, осындай жайды көріп, жаны түршіккен Жаяу Мұса онан әрі бұл отрядпен бірге болғысы келмей, бір түнде қашып шығады. Арада айлар жүріп, жүдеп-жадап, туған жеріне келеді. Жаяу Мұсаның елге келгендігін естіген Шормановтар оны тағы да қуғынға ұшыратпақ болады, қашқын деп елге лақап ат таратады. Ұзақ уақыт тұтқында, еріксіз солдаттық қызметінде жүріп, жаңа ғана келген Жаяу Мұса сағынған ел-жұртының ішінде еркімен бой жазып жүре алмай, тағы да қашыппысып, қатал жаудың қолына түспеу қамын қарастырады. Бірақ арамза жау тіміс кілеп қоймаған соң, алыстау жерге барып, бой тасалау үшін Ақмола жаққа қарай жол тартады. Барған бетте Жолаба Қыпшақ дейтін елді аралап, әр жерде қонақтайды да жүреді. Жалғыз атты жолаушының мақсатсыз жай ғана жан емес екендігін аңғарған ауыл адамдары танысқылары келіп, жөн сұрастырғанда өзінің қандай жайда жүргендігін Жаяу Мұса да жасырмай айтып береді. Оның басынан кешірген хал-жағдайына толық түсінген жұрт «Бұтаға қорғалаған торғайдың да жаны қалады» енді еліңе қайтпай-ақ, біздің ортамызда бол,-деп мейірімділік көрсетеді. Осындай ел құрметіне бөленген Жаяу Мұса ән салып, өлең айтып, жүрген жерін ойынсауыққа кенелдіреді. Бір күні сол елдегі Құлбай дейтін байдың үйіне келіп қонады. Құлбайдың баласы Сүйімбайдың Сапар дейтін қызымен танысып, соған үйленбек болады. Бірақ, қызы жақсы болғанмен Құлбайдың сараңдығын ұнатпай, оны келемеждеп «Құлбай бай» деген күлдіргі ән шығарады. Бұл ән осы уақытқа дейін ескермей ел аузында айтылып келеді. Сапарға үйленіп, сол Құлбай аулында біраз тұрғаннан кейін Жаяу Мұса елінен бір көңілсіз хабар естиді. Жаяу мұсаны қолға түсіре алмаған Шормановтардың оған деген қастығы бұрынғыдан да күшейе түседі. Аулын ата қонысынан қыс ішінде көшіріп жіберіп, барлық жер-суын Жаяу Мұсамен ағайындас Поштаев Хұсайын дегенге алып береді. Міне, осы хабарды естісімен хан-сұлтандардың мұндай айуандық әрекеттеріне қатты ызаланған Жаяу Мұса жоғарғы ұлықтарға арыз жазып, олардың жолсыздық жұмыстарын әшкерелейді. Сөйтіп, біраз айтыс-тартыстан кейін істің ақыры Жаяу Мұсаның пайдасына шешіледі де, бұрынға ата қонысын айып-анжысымен қоса өзіне қайтарып алады. Үш жүзге атым мәлім Жаяу Мұса, Көрермен жанның бәрі мендей туса. Аттыдан жаяу жүріп кек аламын, Жігіттер, шамаң келсе, маған ұса!Дейтін әні осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. Сондай-ақ Шормановтардың айдап салуымен өзінің төл мекенін тартып алып, аулын қатты күйзелушілікке ұшыратқан опасыз Хұсайын Поштаевқа: 14


Поштаев бір Айдабол баласы едік, Екеуміз бір қыстауға талас едік. Жыртысын Шормановтың жыртамын деп, Салың ғой аулымызға мұнша мүлік.деп әділетсіздігін айтып, өлең шығарады. Айтысқан жауын жеңіп, көңлі жайланған Жаяу Мұса Сапарды еліне алып келіп, ауыл ішінде ойын-сауығын өткізіп, серілік құру жолына түседі. Бірақ, бұл жағдай оның белгілі қас жауларына жақпайды, сондықтан ебін тауып, тағы да тұтқынға алдыру әрекетін жасайды. Ол үшін әр жерден аңдушылар қойып, қалайда қолға түсіру қамын ойлайды. Бір күні Жаяу Мұсаның өз аулында екенін анықтағаннан кейін Павлодардан бір топ солдаттар жібертіп, ұйықтап жатқан жерінде ұстатады, оның қол-аяғын байлап, оңаша үйге қамап тастайды да өздері қой сойдырып, ойын-сауық жасап, қаннен-қаперсіз отыра береді. Осы кезде ауыл жігіттері Жаяу Мұсаның ақылымен әйелдерше киініп келеді де, қамсыз отырған салдаттардың қаруларын тартып алып, өздерін түп-түгел байлап салады. Жандарынан шошынған солдаттар жалынып-жалпайып, өз бастарын әрең дегенде босатып алады да, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Алайда, істің ақыры насырға шабатынын білген Жаяу Мұса тыныш жата алмай, Шорман тұқымдарынан тасалана тұрғысы келеді. Бірақ, қайда бараран білмейді. Бұрынғыдай ауыл маңында тоғай арасы пана болмайтынын сезеді. Ақыры тәуекелге бел байлап, қашық жерге қоныс аудара тұруға бел байлайды. Сөйтіп, алыс жолға сапар шеккен Жаяу Мұса Қазан қаласына барады. Онда татар халқының музыка мәдениетімен танысады. Қала халқымен біраз үйреніскеннен кейін ойын-сауықтарға қатынасып, өзінің әншілік қабілетін танытады. Творчестволық еңбектерін көптің алдына тартады. Осы кезде Жаяу Мұса : Қыздары Қазан сипатын, Қызықтым сүйіп сымбатын. Көрдім талай арудың Жақсы, жаман келбетін. Алтай тұрып Қазанда, Байқадым қыздар әлпетін.деп, Қазан қыздары атты күлдіргі ән шығарады. Қазанда алты ай тұрып, ел-жұртын әбден сағынған Жаяу Мұса қашып пысып жүріп, бас саулағанша, елге барғаным жөн болар деген тоқтамға келеді. Жаяу Мұса еліне келсе, аулы орнында жоқ. Шорман тұқымдары мал-мүліктерін талан-таражға салып, таратып алыпты, туған-туысқандарын тоз-тоз ғып жіберіпті. Хан-сұлтандардың бұл зорлығы Жаяу Мұсаға бұрынғысынан да қаттырақ батады. Қарсылық көрсетуге шамасы келмеген Жаяу Мұса жаяу-жалпылап жүріп. Омбыға барып, губернаторға шағым жасайды. Губернатор: Шормановтың жолсыздық ісіне тез тыйым салынсын. Жаяу Мұсаның ата қонысы, талауға түскен мал-мүлкі түгелдей өзіне қайтарылсын деп, Павлодар оязына қағаз жазып береді. Бұл барған сапары сәтті болып, үлкен қуанышпен қайтқан Жаяу Мұса арада бірнеше күн жүріп, Павлодарға келеді де, оязға кіріп, губернатордың жазған бұйрығын ұсынады. Бірақ ол тағы бір қолайсыздық жағдайға кездеседі. Ата жауы, аға сұлтан Мұсаның оязбен бірге отырғанын көріп, жүрегі қатты шошынады. Олар губернатордың бұйрығын оқып, екі жақтан зіркілдеп қоя береді. Неге өтірік арыз жазасың, деп жер-жебіріне жетеді. Жаяу Мұса да олардан тілін тартпай, Мұсаның әділетсіздігін айтып, айыбын бетіне басады. 15


Омбыға шошынғаннан жаяу бардым, Арада күн-түн жүріп, шаршап талдым, Бұйрығын губернатор әкелсем де, Пәлеге ашылмастай енді қалдым. – деп басталатын Жаяу Мұсаның бір өлеңі осы кезде жарыққа шыққан көрінеді. Ояз Мұсаны жақтағысы келіп, қаншама жан таласқанмен де, губернатордың бұйрығын орындамай отыра алмайды. Жаяу Мұсаның арызында көрсетілген талаптары түгелімен жүзеге асады. Алайда, Мұса Шорманов Жаяу Мұсаға деген қастық әрекетін үдете береді. Бір жылы маңайдағы ауылдың шабындығын жеді деген жаламен Жаяу Мұсаның бір топ бұзауын қырғызып тастайды. Бұл сияқты шектен асқан қаскүнемдікке арнап Жаяу Мұса мынадай өлең шығарады: Ей, Мұса, мен не жаздым саған жарқын, Күшпенен тоздырдың ғой ауыл халқын. Бұзауын ауылымның қырып салдың, Көрерсің не болғанын істің артын. Мақтанба басыңдағы бағыңызға, Қартаймақ қиын болар тағыңызда. Сізге де сорлы болу қиын емес, Басыңнан бағың тайған шағыңызда. Бұдан біраз уақыт өткеннен кейін аға сұлтан Мұса атақты Арап ұрысы бастаған бір топ адамдарды жіберіп, Жаяу Мұса ауылының тағы да барлық жылқысын айдатып алады. Сөйтіп, Шорман балаларымен Жаяу Мұсаның арасындағы өшпенділік өрте өрши түседі. Жаяу Мұса тағы да Омбы губернаторына арыз беріп, ұрланған жылқыларын орнына салдырады да, Арапты тұтқынға алдырады. Соның артынан көп кешікпей-ақ Мұса да аға сұлтандық қызметінен босатылады. Алысқан жауын жеңіп, көңілі жайланған Жаяу Мұса да жанына өнерлі жігітжелеңдерді жинап алады да, серілік құрып ел аралайды. Жаяу Мұсаның ел арасында беделі артып, салдықпен еркін өмір жасай бастауын көре алмай, қатты күйінген Мұса оған соқтығу үшін сылтау тапқысы келеді. Сол мақсатпен оның қыран бүркітін сұратып кісі жібереді. Оған ызаланған Жаяу Мұса: Ей, Мұса, құс сатпаймын дүние малғы, Болсам да өзім кедей жүрмен жалға. Арам мал елден алған жиындыны Алмақ түгіл, ұстаман сірә қолға. – деп хат жазады. Жаяу Мұсаның бұл жауабы жанына мірдің оғындай қадалған ол не істерін білмей, іштен тынады. Бұрынғыдай айдатып, байлататын әкімшілік әмірі енді жүрмейтініне үлкен өкінеді. Сөйтіп көрнеу күш жұмсау қолынан келе қоймаған соң, жасырын қастық жасау жолын қарастырады. Бір арамзаны ақшаға жалдап Жаяу Мұсаға у бергізеді. Бірақ, дер кезінде емделіп, ауруханада үш ай жатқаннан кейін Жаяу Мұса аман-есен жазылып шығады. Бұл кезде Жаяу Мұсаның өнерпаздық даңқы өз ортасынан асып, көршілес отырған Қарқаралы, Көкшетау, Ақмола елдеріне түгел жайылады. Өйткені осы елдерді бір кездерде ол өзі аралап, шарықтата ән салып, күмбірлете күй шерткен болатын.

16


Жаяу Мұса серілікпен ел аралап жүрген кезінде әйелі Сапар қатты ауырып, 1895 жылы 37 жасында қайтыс болады. Мұсаның Сапардан туған бір ұл, бір қызы нағашысының қолында жетім қалады. Хан сұлтандардан соққы көріп, елге тұрақтай алмай, қашып-пысып жүргенде кездескен сүйікті жары Сапардың кенеттен қайтыс болуы Жаяу Мұсаның жанына қатты батады. Жанына жалғыз ұлы Салықты ертіп, Сапардың қабырының басына барады. Сол жерде отырыпқайғылы көңіл-күйін шерткендей болады. Келдім, Сапар, басыңа, Жалғыз Салық қасымда. Көштің, Сапар, бұл дүниеден Отыз жеті жасында. Қайғыға қайғы қосылды, Тасыған көңілім басылды. Артыңда қалған қос жетім, Апалап кімге асылды?деп «Сапар» атты әнде шығарады. Сапар қайтыс болып, жасы алпыстан асқаннан кейін-ақ Жаяу Мұса бұрынғыдай ел аралауын да азайтып, біріңғай үй шаруашылығымен ғана айналысады. Әуелден мал жинамаған бұл жасы ұлғайып қалған кезде кедейліктің зардабын тартады. Осыған байланысты: Жігітке кедейшілік бір сергелдең, Жоқ болса жалғыз атың өлгенмен тең. Үйіңнен тату құрбың құр аттанса, Немене бұл дүниеден үміттенген. – деп баталатын «Қоңыр» дейтін әнін шығарған көрінеді. Тегінде Жаяу Мұсаның шығармалары кейбір кездейсоқ жағдайларда ғана емес, үнемі кезеңді бір уақиғаларға жазылғандығы байқалады. Оның ішінде осы жинаққа кіріп отырған 40 жуық әндерінің көпшілігі ілгеріде айтылған өзінің ата жауы аға сұлтан Мұсамен арадағы талас-тартыстан туған. Мәселен: «Шорманға», «Бұзау жыры», «Арап батыр», «Бозторғай», «Сұрша қыз», «Гаухар қыз», «Кедейлер», «Ұлы тау», «Баян ауыл» сияқты бірсыпыра әндері осы айтылғандардың айғағы бола алады. Айта кететін бір жай Жаяу Мұсаның кейбір әндерін әркім әртүрлі айтады. Мысалы: «Ақ сиса», «Аулау», «Көк аршын», «Құлбай бай», «Сапар» сияқты әндерін нотаға жаздырған Ақмолалық әнші – кешегі Қосымжан Бабақов мархұмның орындауынан Қарқаралы әншілері: Қуан Лекеров пен Жүсіпбек Елебековтың айтуларында біраз өзгешеліктері барлығы байқалады. Осыған қарағанда, әр жердің әншілері өздерінің үйренуінше айтып кеткенге ұқсайды. Бірақ, бұл жинаққа сол әндердің түрлі варианттары беріліп отыр. Ән мелодияларының өзгешеліктері сияқты оның өлеңдерінің сөздерінде де өзгерістер кездеседі. Мысалы, «Ақ сиса» әнін біреулер: Үш жүзге аты мәлім Жаяу Мұса, Жүрмейді кімдер жаяу зорлық қылса. Аттыдан жаяу жүріп кек аламын, Жігіттер шамаң келсе маған ұқса. – десе, біреулер: Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса, Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса. Шорманның Мұстафасы атымды алып, Атандым сол себептен Жаяу Мұса. – деп айтып жүр. Сондай-ақ: Дариға, іш күйеді зорлығына, 17


Сенді ғой мал басының молдығына. Қорқамын тағы дүре соға ма деп, Сонда да шыдамаймын қорлығына. – дейтін өлеңі «Ақ сиса» әнінде де, «Хаулау» әнінде де айтылып келеді. Сондықтан бұл жинақта осы әндердің мазмұнына қарай сөздері де екшеліп алынды. Ал, енді ән текстеріне ұқсастық жағына келсек, мынадай жайды көреміз: Жаяу Мұсаның «Әндижан» дейін әнінің 1-шумағында: Ішуге осы жақтан шай таппадым, Қайтейін, шіркін көңіл, жай таппадың. Жұлдызға аспандағы қолым сермеп, Торыдай жауыр болған қайқақтадым.дейтін төрт жол «Гауһар қыз» атты әнінде де айтылады. Ал, осы әндердің қайырмасындағы сөздер де өте ұқсас келеді. Міне бұл жағдайлардың бәрі де әнді орындаушылардың әуелде шала-шарпы үйренулері салдарынан туған кемшіліктер болуға тиіс. Жаяу Мұса ән текстілерінен басқа да көптеген өлеңдер жазған көрінеді, оны 1980 жылдар қарсаңында жазған 60 беттей қолжазбасын Қазақ ССР Ғылым академиясының экспедициясы 1955 жылы Қазан университетінің архивінен тапқан. Бұл еңбектерін ол өзі Қазанға барып тұрған кезінде тарсырған болуы керек. Сондай-ақ тағы да бірсыпыра өлеңдерін өзінің баласы Салық 1955 жылы Қазақстанның Ғылым академиясына келіп тапсырған болатын. Оның ішінде ақынның Қытай елінің болашағын болжағандай «Қытай еліне сәлем» дейтін өлеңі де бар. Күрескер композитор, дарынды әнші, жалынды жаршы Жаяу Мұса 1929 жылы 94 жасында, өзінің туып-өскен жерінде қайтыс болады. Оның өзінен соңғы ұрпақтарына қалдырып кеткен музыкалық асыл мұралары осы күнге дейін есікрмей ел аузында айтылып келеді және айтыла да бермек. Тапсырмалар мен сұрақтар 1. 2. 3. 4. 5.

Жаяу Мұса Шорманұлының өнердегі алғашқы қадамы. Жаяу Мұса Шорманұлы талантының көп қырлылығы. Жаяу Мұса Шорманұлы шығармашылығындағы халықшыл сарындар. Ақын әншінің шығармаларындағы жаңашыл және дәстүрлі ізденістер. Ж. Шорманұлының шығармашылығының қазіргі таңдағы зерттелуі. 1.3.БАЛУАН ШОЛАҚ БАЙМЫРЗАҰЛЫ

Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 2. 3. 4.

Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен өнері. Ақынның Балуан Шолақ аталуы. Балуан Шолақ шығармаларындағы қоғамдық әділетсіздіктің бейнеленуі. Балуан Шолақ өлеңдері мен әндерінің тіл көркемдігі және ән әуезі.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Затаевич А.В. 1000 песен киргизского (казахского) народа. (Напевы и мелодий). Оренбург, 1925 г. 2. Онтология казахской поэзии. Алма-Ата. 1958. 3. Жұбанов А.Қ. Ақын жырлары. Алматы 1958. 4. Әбдірахманов Т. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. А., 1983 18


5. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті, Алматы, Қазақ университеті, 2002. 6. Тебегенов Т. Әдебиет тарихы, Алматы, 1999. 7. Тебегенов Т. Халық ақындары, Алматы 1997. 8. Жеті ғасыр жырлайды: 2 томдық, Алматы. Жазушы, 2004. 2-том. 528 б. 9. ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары. Қазақ ССР ғылым академиясының баспасы, Алматы. 1963. 10. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет, Алматы 2001. Біздің көмпіс халқымыз «бірі кем тірлікте» не көрмеген, жер бетінде қаншама азапқайғы болса, соның бәрінің ащы «дәмін түшіркеніп отырып татқан, басын шайқай-шайқай өксумен қан ішіп, қайғы жұтқан. Тіпті 1932 жылы еліміздің шыбындай қырылғанын өз көзімен көрген қариялар әлі бар... Бұл әңгіменің бергі жағы ғана емес пе, егер сәл әріректен қозғар болсақ, істің тұңғиық тереңіне сүңгуге бас айналады, жазуға сөз, айтуға тіл жетпейді. Неге? Қазақтың күллі ғұмыры көкірегінен қайғы, көзінен жас кетпегені аянышты-ақ. Халықтың басына түскен тастан ауыр, мұздан суық мұндай қиыншылық ең алдымен асқар таудың басын шалатын қар секілді жақсы мен жайсаңға соқпай кете алмайды. Сол себепті Асан Қайғы ата: Мұнан соң қилы-қилы заман болар, Заман азып, заң тозып жаман болар. Қарағайдың басына шортан шығып, Балалардың дәурені тамам болар, деп бір тоқтаса, мұнымен қоймай, ел арасының азып-тозып, бір-біріне жақындығы, достығы, береке-бірлігінің болмайтындығын да тереңнен толғап: Ол күндер қарағайдан шайыр кетер, Ханнан күш, қарындастан қайыр кетер, - деп,тағы да ұлы жырау қалай дәл, терең айтқан, тіпті бір үлкен туындыға өзек болатын ірі мәселені екі-ақ ауыз сөзге сиғызған. Асан атадан бұрын да, одан кейін де әлеуметтің қам-қайғысын жатпай-тұрмай ойлаған қаншама ақылмен абыздар өткен десеңізші?! Міне, сол өткен бабамыздың көзіндей тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғындай Балуан Шолақ ата жолы да, жөні де бөлек. Балуан Шолақ жайлы ең алғаш қалам тербеген, оның өмірі мен өнерін қатар алып, терең зерттей отырып, көлемді шығарма жазған жазушы С.Мұқанов. Сондай-ақ Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі А.Жұбанов, Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Е.Ысмайлов, филология ғылымының кандидаты Ғ.Әбетов те әншіақын жайындағы өз пікірлерін білдіріп, нақты деректер берді. А.Жұбанов «Балуан Шолақ» атты мақаласында: «Хан тауын мекен еткен Ұлы жүздің Дулаттан тараған Сәмбет деген руы болды. Сол Сәмбет ішінде Баймырза деген кісіден 1864 жылы Шолақ туды. Оның азын айтып қойған аты – Нұрмағамбет. Кейін қолының басы күйіп (біреулер үсіп дейді) саусақсыз қалады. Нұрмағамбет өзінің бір өлеңінде: Баласы Баймырзаның Балуан Шолақ, Оң қолым отқа күйіп болдым олақ, - дейді. Сөйтіп Шолақ атанып кетеді. Ал «Балуан» деген сөзді оның күрес өнерін көріп, тамашалаған халық қосқан. Баймырза Шолақтың бала кезінде Көкшетауға көшіп барады. Сонда ұсақ кәсіпшілік етеді. Ағаштан түйін түйетін шебер болады, - дейді. Ал, Ғ.Әбетов Балуанның өскен ортасы мен шыққан тегі жайында айта келіп: «Арғы түбі – Ұлы жүз, соның ішінде Үйсін. Балуан Шолақ жастайынан Көкшетау маңындағы елде өсіп, сонда ержетеді», - десе, бұл да алдыңғы пікірден алшақ жатқан жоқ. Балуан Шолаққа байланысты жазушы Ж.Бектұров былай дейді: «Мен соғыс алдында Жамбыл облыстық «Коммунист» газетінде редактор болдым. Отар станциясына 19


таяу тұрған әйгілі әнші, ақын Кенен Әзірбаев, Шу ауданында тұратын ақын Жақсыбай Жантөбетов ақсақалдармен редакцияда да, олардың өз үйлерінде де көп сұхбаттастым. Олардың шығармаларын газетке жиі басып тұрдық. 1914 жылы, яғни Балуан Шолақ осы аймаққа келгенде әлгі ақындардың екеуі де әлі жас жігіттер екен. Кенен жиырма беске жаңа қараған. Шөкеңнің көп ән-өлеңдерін ол осы тұста жаттапты». 1989 жылы 14 маусымда «Қазақ әдебиеті» газетінде былай деп хабарланды: «Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлының) әнші, композитор екенін, әрі ұлттық және цирк спортының негізін салып, қазақтың өзіндік ұлттық мәдениетін дамытуға қосқан үлесін тану белгісі ретінде таяуда Қазақ КССР Жоғарғы Советінің Президиумы қаулы шығарды. Онда: «Жамбыл облысының Шу ауданындағы Ақтөбе селосының аты Балуан Шолақ селосы деп өзгертілсін», - делінген. Сондай-ақ осындағы «Ақтөбе» колхозы бұдан былай Балуан Шолақ колхозы деп аталатын болады» - делінсе, Балуан Шолақтың халық алдындағы қызметінің өтелгендігі деп білеміз. Балуан Шолақ Алатауға келген сапарында бір ғана К.Әзірбаевпен кездесіп қоймай, өлең сөздің даңғылы Жамбылмен жүздескен. Ол жайында «Жұлдыз» журналында жарияланған мақалада айтылады: «...Жайлауда отырған Жамбылға ылдидан Манақ ақын келіп, Қасқарау елінде Балуан Шолақтың жүргенін айтады. Балуан Шолақты көруге Жәкең қатты ынтығып, дереу жолға шығады. Жанына сайыскер әрі балуан, әрі ақын Мақыш пен Сәдірбек ақынды ертіп, үшеуі төмен түсіп кетеді. Бұлар әсіресе Балуан Шолақтың қазанат көтере алмайтын Қалиды балаша қақпақыл ойнатқанына көп таңданысады. Сол кісіге өзін таныстырады да Мақыш «Сұрасаң, менің атым Мақыш балуан» дей келіп: Өлеңді айту деген бізден қалған, Дүние өте шығар, шіркін, жалған. Әнімен Сарыарқаның еліктірген Балуан аға, сізде де бар ма арман? – дегенде, Балуан Шолақ: «Е, бауар, арман кімде жоқ дейсің?» - деп атақты «Ғалиясын» шырқапты». Н.Базарқұловтың «Балуан Шолақ Жетсуда» атты мақаласында айтылғандай, ақын Көкшетауға қайтарында: Мәуелі естен кетпес Алатауым, Хош боп тұр көріскенше жалпы қауым. Жеріне жастай барып өскен елдің, Мен қайттым білейін деп есен-сауын, - депті. Ақын сол жолы Көкшетаудың әсем көркін, мұндағы жақсы адамдарды сағынғанын барынша терең жырлайды: Көкшетауым, Күнде жауын. Сексен көл, Айдын шалқар, Қайран ауылым, - деп бар жанымен толғатты. Осы жыр жолдарын оқығанда біздің көз алдымызға Көкшетаудың мөлдір суы, жібек желі, жасыл қарағайы, ақ балтыр қайыңы елестейді. Осы өлең жолдарында бүкіл бір таудың көркем көрінісін сиғызған ақын талантына таң қаласың. Балуан Шолақ тоғыз жасынан дулы топтың алдында домбырамен ән шырқап, «Әнші бала» деген атаққа ие болса керек. Бұл жайында ақын: Ән салып тоғыз жастан сайрап жүрмін, Талай-талай балуанды байлап жүрмін. Жаманға жол білмейтін жол көрсетіп, Арбаға бұзаудай ғып байлап жүрмін, - деп әзіл-шыны аралас сыр шертеді.

20


Балуан Шолақ белгілі бір кәсіппен айналыспаған адам, ол қайда той-тамаша болса, сол жерден табылған, қарапайым халықтың көңілін көтерген. Ақынның өлеңінде сол кедей шаруаның ауыр тұрмысқа деген ыза кегі бар. С.Мұқанов «Балуан Шолақ» атты еңбегінде төмендегідей мәлімет береді: «...әрине, ол бірден ақын немесе әнші болып кеткен жоқ, жас талапкер өнерді халықтан үйренді. Түнгі алтыбақан, ақ сүйек ойындарынан бірде-бір рет қалып көрмепті. Ондағы тамылжып салынған әсем сазды ән, ащы тебіреніске толы күй жас жанын елжіретіпті. Өз әкесі Баймырзаның аршаның түбінен шауып берген домбырасымен халық әндерін, Біржанның мұңлы әуендерін айта жүріп, өзінің де музыкаға бейімінің бар екенін бірте-бірте байқапты. Бір естіген ән мен күйін сол айтылған мезетте ұғып-біліп алып, қайтадан жаңғыртып ойнайтын алғыр боп өсіпті». Әнші-ақын өнерді еріккеннің ермегі деп ұққан емес, ол бұл жолға бүкіл өмірін арнаған адам. Күнді күн, түнді түн демей сауық-сайранның соңына түскен жан. Оның туындысы- қайрат пен жігерге, ашу мен кекке толы. Ақын ел игілігін ойламай, қара басының қамын күйттейтін ел басқарушыларын қатты сынайды, оларға деген ашу-ызасын ала бөтен білдіреді: Жапалақ құс болғанмен, неге дәрі, Жаманның кісілікке бар ма сәні? Жаманға айтқан сөзің еш қонбайды, Ағады құлағынан сөздің барі. Осылай айту арқылы ол өзі білмейтін, білікті адамның тілін алмайтын соған қарамай, көкірегін өрде, көңілін бұлтта санайтын жартыкеш жандардың жандайшап қылығын шенеп-мінейді. Балуан Шолақ өлеңдерінің негізгі сарыны-тепкі көрген халықты қайсарлық пен қайраттыққа үндеу, ақынның мінез-құлқы, өмірбаяны, соның үлгі-өнегесі. Оның туындысынан Балуан Шолақтың кім екенін әбден білуге болады. Ол қиянатқа көнбейтін, басынан артық сөзді асырмайтын, дұшпанға кеудесін бастырмайтын сал-сері әулетіне жататын жан. Оның жырларынан от- жалын лебі ессе, әндерінен сезімталдық пен нәзіктік, тереңдік байқалады. «От ауызды, орақ тілді» ақын бар ашу ызасын бай мен бекке, озбыр мен оңбағанға төгеді: Мен шолақ ажал жетіп өлгенім жоқ, Теңдікті дұшпаныма бергенім жоқ.Оның небір қиян кескі ауыр істерге барып, одан да аман құтылғанын көреміз. Кедейлерге тілі тиген өр көкірек жандарды атақ-даңқы, абыройына қарамай, ел көзінше сілейтіп сыбап тастайды екен. Міне, осы өр мінезі үші ел басқарып жүрген атқа мінерлдер оған неше түрлі жала жауып, «ұры-қары» деген ат қойып, айдар тағыпты. Дегенмен, әмірі жүріп тұрған «мықтылар» оған мың түрлі пәле жауып оны қуғын-сүргінге ұшыратыпты. Қаншама азапты басынан кешірсе де ақын қыран мінезінен, бұлбұл дауысынан танбай жырлай берген: Мен өзім аққан судай тасып жүрмін, Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін. Жаласы сексен өгіз маған ауып, Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін Жұртқа жағар ер-жігіт қылығынан, Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан. Анталаған сан дұшпан қамаса да, Сырдың суы келмейді жұлығымнан. Ақын өзінің ең бір қара түнек жағдайын сөз етіп, әлгілер астамшылық танытып, қаншама қинап, қудаласа да Балуан Шолақтың аппақ көңіліне күйе, ақ жолына ор қаза алмай әбден діңкелесе керек. Ол үнемі еңсесін тік ұстап: Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым, 21


Қамалдың бұзып жүрмін таумен-тасын. Кешегі сентябрьдің базарында, Көтердің елу бір пұт кірдің тасын,- деп Көкшетауды әнге бөлеп, арыстандай айбаттанып, қарапайым шаруаға арқа сүйеп жүре беріпті. Ақын жылы ұясы-үйінен безіп, қиыр қонып, шет жайлап жүргенде оның сенгі де, сүйенгені де кедей кем бағалылар болды. Олар мұны жат көзден жасырып, кісілік сыйқұрметін аямапты. Қалың қауымның шуақты ықылас-ниеті Балуан Шолақты зорлықшылардың зәбір-жапасынан да құтқарыпты. Ақынның бұдан арғы тағдыр-талайы қалай болғандығы жөнінде А.Жұбанов былай дейді: «Шолақтың өмірі осылай кемшілікке соқпай келе жатқанында әкесі Баймырза қайтыс болады. Көп ұзамай шешесі де өледі. Шолақ Ғайныкей деген қызға үйленеді. Әкеден қалған малмен біраз уақыт күнелтеді. Бірақ жай адамдай көптің бірі емес, табиғаттың ұйып берген күш пен көркем сыйы Шолақты үйге отырғызбайды. Жасы жиырмаға келе ол сапарға шығады. Ел аралайды. Айналасына өнерлі жастарды жинайды. Сонымен Шолақ жалғыс емес, өз алдына бір «ансамбль» болып жүреді. Біреулердің айтуынша, Шолақтың ансамблі қазақ даласында бірінші рет кейбір әндерді хор болып қосылып орындаған». Бұл сол кездің жағдайында аса ірі жаңалық, қазіргі ғылым үшін де үлкен маңызы бар мәселе. Бұл жағдай өте бір қабілеттіліктің, сүйекке біткен таланттың көрінісі. Ал, академик-жазушы С.Мұқанов одан әрі тереңдей түседі: «Балуан таудың төскейіндегі шыңға көтерілді де ән шырқады. Мана үйде бірер әнді айтқанда, дауысы аса зор сияқты емес еді. Тысқа шығып сол әнді қайта айтқанда, дауысы биіктеп көтерілді де кетті. Сонда ол айқайлаған жоқ, әдемі нақышымен қоңыр ғана айтты. Осы дауысы тауды жаңғырықтырып, тасты сілкіндіріп жіберді. Ол түні таудың саласында Балуанды және оның нөкерлерінің әнін тыңдаған жұрт кірпік қаққан жоқ. Балуан қызық кісі болыпты. «Мынау пәлен деген әнім, мынау түген деген әнім»,-деп әрбір әннің бір-бір аузын өзі бастап береді екен де, нөкерлеріне «Ендігісін сендер айтыңдар!» дейді екен Олар қосылып айта жөнеледі екен». Ол момын кедей шаруаны алдап жеп, өтірік күліп жүріп, барлық арам ниетін жүзеге асырушы тілмаш Ы.Жайнақов туралы. Ыбырайым, әкең аты Жайнақ едің, Халықты қан қақсатып айдап жедің. Пара алып, қылмыстың ісін түзеп, Түлкідей әккі болған жайнап едің. Қазақтар сауатты деп сенуші еді, Өзінің туысындай көруші еді. Сонда да жазықсызды жазалатып, Жазалыны босатып беруші едің,- десе, бір ған арам тілмаштың жемқорлығын, зымияндығын айтып қоймай, онымен сыбайлас сан мыңдаған адамдардың зұлымдығының бет пердесін ашып береді. Халықты беті жылтырап алдайтын, сұмдардан сақтанып, ойлылыққа, кісі тануға, парасаттылыққа үндейді ақын. Себебі, оның көрген қуғын-сүргіні азабы осы тілмаш сияқтылардың жексұрын іс-әрекеті еді... Жергілікті ел басқарушылары мен байлар Балуан Шолақты жаңа қоныс аударған орыс шаруаларына айдап салған, бала мінезді ақкөңіл ақын екі жүзді сұмырайлардың тіліне еріп, жаза басқан, онысы үшін әлденеше рет айыпталыпты. Ақырында байлар мен болыстардың жаласына түтін түтетіп отырған шаңырағын, өскен жерін тастап Алатауға бет түзеген. Осы күнге дейінгі зерттеушілердің бәрі де ақынды «туған-туысқанның аралауға келіпті», - десе, мұның шындыққа жанаспайтын сөз екендігі кәміл. Оны Балуан Шолақтың мына сөзі де дәлелдей түседі: Көкшетау, мен қайтейін биігіңді-ей, 22


Бауырыңда бейғам өстім киігіңдей. Дұшпаннан қысым көріп, үйден безіп, Басамын қайда барып күйігімді?! Осылай қиялдадым қысылғанда, Тыныштық ойлағанда шыбын жанға. Шырмалып тұзағына зұлымдардың, Көз ілмей күндер өткен ұзақ таңға. Сондағы сая болған Алатауым, Сайраған бұлбұл құсы бақша-бауым. Қарсы алған ағайындар думан құрып Үй тігіп, безендіріп-басқұр, бауын. Құрметті сән салтанат, ойын-сауық, Кетірді көкірегімнен қайғы-дауын. Көңілім тотық басқан көтерілді, Өткендей жауын шайын нөсер жауын. Рақмет, құрметіңе үлкен-кіші, Ризамын ықыласыңа барша қауым. Демек, ақынның өзі айтқандай, ол қыз қуып, сайран салуға емес, басына қауыпқатер төнген соң келген. Балуан Шолақ 1916 жылғы халық көтерілісіне де тілектес болып, бұқара жағында біраз қызмет атқарады. Ол момын шаруаның еңсесін ән-жырымен де көтеріп, оларға рухани дем беріпті. Кейіннен Қазан төңкерісін де қуанышпен қарсы алып, оған өз әлінше септігін тигізіп отырған. Бұл жөнінде сол кездегі Көкшетау совдепінің бастығы, С.Шәріпов ризашылық көңілін білдіре келіп: «Шолақ нағыз халық өкілі, халық батыр екенін революция кезінде жақсы түсіндік. Қазақ-орыс атамандары, елдегі шонжарлар Шолақты «бұзақы», «ұры» деген жаламен саясат өміріне жолатқысы келмеді, ал біз совдепшілер-большевиктер Шолақты өз жағымызға бейімдеп алдық. 1918 жылы Чехославактардың контрреволюцияшыл әрекеті кезінде Шолақ үйіне үш күн жасырын ұстап, астына ат тауып беріп, Атбасарға қарай жөнелтіп салады» - десе, Балуан Шолақтың қиналған азаматтарға қамқорлығын да жоғары бағалауымыз керек. Балуан Шолақтың «Галия» іспетті тәуір әндерінің қатарына оның «Құлан кісінес», «Дікілдеп», «Ыңғай көк», «Желіп-желіп», «Сентябрь», «Қынжыл», «Балуан Шолақ», «Кенже қоңыр», сияқты туындыларын жатқызуға болады. Осы аталған әндердің бәрі фольклорлық сарында жазылғанмен, ішкі сазы, айтайын деген мән-мағынасы автордың өзіндік стилі мен ерекше демекпіз. Әнші-ақынның көптеген өлең, толғаулары мың жолға жуық. Алайда, осы аз ғана шығармашылығының өзімен ол халқына әрі өлең, әрі ән, әрі жігерлі қайрат-күшімен ерекше рухани медеу-сүйеу, жәрдем беріп отырған. Балуан Шолақтың өлең, толғауларынан да, құлпырта салған әнінен де, бір жағынан романтикалық асқақты аңғарсақ, екінші жағынан фольклордың ғажап сарынын байқаймыз. Ол біздің қазақ әдебиетінде осы екі дәстүрді дамытуымен ерекше бағалануға тиісті деп ойлаймыз. Тапсырмалар мен сұрақтар 1. Балуан Шолақ Баймурзаұлының өмірінде әншілік пен спорттық өнердің қатар орын алуының себептері. 2. Балуан Шолақ Баймурзаұлының әншілік, ақындық өнеріндегі ел өмірінің жырлануы. 3. Балуан Шолақ Баймурзаұлының әндеріндегі ұлттық және европалық нақыштар. 4. Балуан Шолақ Баймурзаұлының қазіргі әдебиет пен мәдениеттегі орны. 23


1.4.АҚАНСЕРІ ҚОРАМСАҰЛЫ Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 2. 3. 4. 5. 6.

А. Қорамсаұлының өмірі және өскен ортасы. А. Қорамсаұлының шығармаларындағы замана сипаты. А. Қорамсаұлының шығармаларындағы ождан тақырыбы. Ақындық құдірет және әншілік мәнер. Ақын өлеңдері мен әндеріндегі поэтикалық тіл. А. Қорамсаұлы – халық творчествосын дәстүрлі дамытушы.

Пайдаланылған әдебиеттер: Жұбанов А. Халық композиторларының творчествосы. Алматы, 1942. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1963. Ақансері Қорамсаұлы. Шығармалары. Алматы, 1963. Е. Ысмайылов. Ақан сері (мақала) «Әдебиет және искусства». 1941. №2. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2 том-1 кітап. Алматы, 1962. Жұмалиев Қ. 18-19 ғасырдағы қазақ әдебиеті. Алматы, 1967. Рамазанов Қ. Ақан серінің тұңғыш портреті. //Қазақ әдебиеті, 1999. 19-ақпан. Қайырбеков Ғ. Ақан десе, жыр ағылар жүректен. //Егеменді Қазақстан, 1994. 20 қараша. 9. Ахатаев С. Санамен сараланған сері атағы. //Халық кеңесі. 1994, 25 қараша. 10. Әбдірахманов Т. ХХ ғ.б. қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. А., 1983 11. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет. Алматы, Қазақ университеті, 2002 ж. 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8.

Ақан – кең байтақ жерін, қасиетті ел – жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалынына күйіп, тынымсыз өмір кешкен , өршіл де ілгерішіл поэзияның шебері. Қоғам, адам өміріне өзіндік көзқарасы бар, таным – талғамы биік, көңілді, пафосты лирикалар қалдырған айтулы ақын. Ақынның туған жері – қазақтың кең жазиралы, ата мекені, ту тігіп, орда салған орталық орны, жасыл желек жамылған қалың нулы , көл – көсір өзен – сулы табиғаты бар, тамаша өлке, көк – жасыл қалың қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Ақан – осы бір әсем табиғат құшағында еркелей өскен ел серісі. Болашақ ақын Көкшетау өңірінде , Қоскөлді жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып – өскен. Ол 1843 жылы, күздің жомарт айы – қыркүйекте дүниеге келді. Шілдеханаға жиналғандар оған Ақжігіт деп ат қойғанды. Сол Ақжігіт ата нәсілінен рухтанып, кейін өзін қоршаған Сырымбеттің сырлы сұлу табиғатынан нәр алды, өнерлі өлкенің өрен жүйріктерімен тағдырлас, замандас болып, өнер жолында тәлім – тәрбие алды. Әкесінің күн санап өсіп келе жатқан кішкене ақанды молда жалдап, өз аулында оқытуға талап қылуы тегін емес – ті. Талапты жасқа оқу, өнер қуу – өмір заңы. Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун қазіреттің медіресесіне түседі. Аталмыш медіресе мұсылман салтындағы оқу орны болатын. Онда дін сабақтары барынша мол жүруге тиісті. Сүйтсе де, медіресе маңы, қала қауымы – қазақ даласынан өзге өмір. Сахараның тіршілігі, салт–санасы өзінше бөлек. Әкесі молда етпек болса да, табиғат бөлек жаратқан асау жан діни ұғым – түсініктердің тар шеңберіне сыя алмай, өзгеше жол іздеді. Ол өмірдің баянсыздығын ерте ұқты. Сондықтан дүние, мал жинаудан бас тартып, опасыз дүниені серіліктің қызығымен басып – көктеп, билеуге шықты. Сұлуды сүю, маңына өнерлі жастарды жинап, дүниеден 24


думандатып өту, жүйрікті таңдап мініп, саятшылықты кәсіп ету – оның жалғыздыққа қарсы күрес амалы еді. Бірақ опасыз өмір сері жолына қақпан құрды да отырды. Бәтима мен Ұрқияның өлімі, Ақтоқтымен ажырасу, кейін кездесіп көз жазып қалған Жамал мен Балқадиша тағдырлары, Құлагердің мерт болуы, қара торғай мен Базаралыдан айрылу, Құлагерге мініп бәйгеге шауып жүрген кенже інісі Айбергеннің қазасы – бәрі де Ақан қашып құтыла алмаған, оны қамаған жалғыздық атты темір тор еді. Бұл аз болғандай, ұлғайған шағында ата қонысын патша өкіметі тартып алып, орыс шаруаларын орналастырды. Осы тәрізді қат–қабат сәтсіздік сырт көзге болса да Ақан сағын сындырғандай еді. Сонда да ол заман ырқымен жүре алмады, ешкімге, ештемеге мойын ұсынбай, тіршіліктің ұсақ – түйегіне алданбай, бойын тік ұстап өтті. Мағжанға да, Сәкенге де, Ілиясқа да жұмбақ көрінген , оларды қызықтырған Ақан өмірінің сыры осында болатын. Ілиястың: Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды өмірімен Ақан маған, – деген өлең жолдары да осыған меңзейді. Ақанның ән – өлеңдері оның серілік өміріне лайық лирикалы, сезімтал, шыншыл болып келеді. Ол жастық, бозбалалық сезімді қызықтады, адал махаббатты, достықты ардақтады. Оның геройлары да сол махаббатты шын құрметтеген қазақтың сұлулары мен арулары. Ақанның сұлу әніне лайық шебер ақын болғандығын, біз сол сұлулардың әдеби тұлғасын көркем бейнелей алуынан көреміз. Ол сұлуға, әсемдікке лайық бейнелі сөз, балама, сурет таба біледі, тыңдармандары мен оқырмандарының сезімін қозғайтын нәзік те сырлы теңеулер, эпитет, метафора қолданады: Жайықтың ақ түлкісі аралдағы, Алдымнан сен бір қашқан марал – дағы . Формыңа төңкеріліп жайдым қанат Шарықтап ақ иықша Оралдағы. Ертістің құба талы секілденіп, Алдымнан майысып шық бұрал – дағы . Осы өлеңнің бағасын көтеріп тұрған биік образдар – ақ түлкі, ақ марал, Ертістің құба талы – оңайлықпен қолға түспейтін, күнде кездесе бермейтін құбылысты бейнелейді. Оған қол созып, қанат жайып төңкерілген Оралдың ақ иығы да алғыр. Бұл Ақанның арзанды қызықтаған көрсеқызар емес, сұлуды таңдап, талғап сүйер қыран мінезін де байқатады: Етегін ақ көйлектің алтындаған, Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған, Сексен қыз серуенге шықса – дағы , Ішінде сен қоңыр қаз қаңқылдаған. Мұнда да ақан сұлуын сексен қыздың ішінен таңдайды. Сұлудың мүсіндік портретін жасаудағы ақын шеберлігін көру үшін біз оның Жамалға арналған өлеңдерінің бірінен үзінді оқиық: Тал бойың Құлагердің сағағындай , Тамағың піскен алма сабағындай, Қаз мойын, мөлдіреген қарақат көз, Иегің ителгінің тамағындай. Ішінде өз жұртыңның еркелейсің, Айдынның ақ қайраңы, шабағындай. Тағы бір өлеңінде ол: Күмістен он саусағы тариқан сымдай, 25


Серке сан, бөтегелі, белі қылдай. Бұралып, он майысын, бүктетіліп, Қыссаң да қай жерінен тұрар сынбай, – дейді. Ақан суреттеген бұл бейнелер, негізінен, шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрі арнасында туғаны бірден көзге шалынады. Молдалықтан, мешіттен безгенмен, жасынан араб, парсы үлгілерін көп оқыған ақынның шығыс әдебиеті жолын ұстап қалғаны даусыз. Бұл – жай ұқсастық емес, үлкен өнердің сыпаты. Кешегі « Ләйлі – Мәжнүнді», «Жүсіп – Злиханы», « Фархат – Шырынды», « Зияда – Қорлығайынды» жырлаған ұлы шығыс әдебиеті ғашықтық сезімді әсемдіктің романтикалық биігіне көтерген, сұлулықтың тамаша суреттері жасаған. Ғашықтық сезімді шынайы бейнелеген Низами, Науаи, Жами, Сағдилардың лирикалық ғазалдары әлі өз бағасын жойған жоқ. Ақан махаббат жырларында осыларға тым жақын келеді. Ол өлеңдерінде жоғарыда аталған қиссалар геройларымен қоса Бадиғұл – Жамалды, Сейфілмәлікті, Бәһрам мен Күләндәмді жиі айтады. Иран бақтағы қор қыздарын, ғашықтық жеңген Қап – тауының қиын асуларын мысал етеді, Құлагерді жырлағанда Әзірет – әлінің дүлдүлін еске алады. Ажары ақ жамбыдай жарқылдап, ақ көйлектің етегін алтындатқан, маржандатқан, он саусағы күмістей сымға тартқан, бұралып тұрған қыпша бел сұлулар шығыс үлгілерін қазақтың дәстүрлі жырына жақындату түрінде кірген бейнелер. Сұлулық қашаннан – ақ ұлы суреткерлердің шығармашылық обьектісі болған. Оны гректер мен римдіктер скульптура тілінде бейнелесе, бертін сурет өнері мен әдебиет жырлады. Ақан осы дәстүрді жалғастырған біздің ұлттық ұлы ақынымыз, әншіміз. Бүгінгі реалистік әдебиетке өгейлеу көрінгенмен, күмістеткен, алтындатқан , жылтырақ образдар қазақтың ауыз әдебиетіне де, шығыс дәстүріне де жат емес. Ол – дәстүрлі шығыс салтанатының бейнесі. Ақанның әсем, сазды әндері «Сырымбет», « Үш тоты», « Мақпал», «Балқадиша», қай – қайсы болса да сұлулықты сүйген, соған табынған жанның өмірдің әсем құбылыстарынан түйіндеген ойларының көріністері. Оларда әйелге деген ожар мінездің, қара күштің ешбір белгісі жоқ, қайта сыйластық, адамгершілік, азаматтық мінездер суреттеледі. Әйелді төмен етекті санаған заманда оларды осынша ардақ тұтып, төбесіне көтерген Ақан гуманизмінің сырын да осы әндер айқындайды. Ақанға өмірдегі әсем нәрсенің бәрі жат емес. Оның эстетикалық сезімі табиғаттың өзінен нәр алады. Оның аңшылық, мергеншілік туралы өлеңдері де табиғатты шын қызықтаған адамның көңіл күйін толықтыра түседі. Сұлулық сүйген Ақан жанын сол сұлулыққа қарсы оғаш мінездер жаралайды. Олар бірде Бөрібайдың балтасы болып келіп Құлагерді мерт етсе, екінші жолы лашынға лайық ақсұңқар баласын бөктергіге жемге тастайды. Осы бір тұстағы Ақан өлең-әндері сезім дүниесіндегі күйінішті, психологиялық тебіреністі өткір аша білуімен бағалы. Ол өз қайғысын халықтық трагедияға айналдырды.Осындай бір өткір сезімнің жарқын көрінісі – « Құлагер» әні. Бұл – жанындай жақсы көретін, ер қанаты – тұлпарын жоқтау ғана емес, жауыздыққа, зорлыққа қарсы ызаға, кекке, қоғамдық әділетсіздікке деген наразылық үніне толы ән. Лирико – психологиялық үлгіде туған бұл әнде ақан үлкен ақын есебінде де көрініп, сүйікті Құлагерінің мүсіндік портретін жасайды. Құлагер – ақан трагедиясының соңғы аккорды, серінің азалы үні, қасірет– қайғысы, жастығына, серілігіне, сезіміне қарсы қол көтерген зорлықшыл жуан күшке деген лағнет қарғысы. «Құлагерді» өзі де қиналып айтып, көбіне «Құлагерді» еске алып қайтеміз» деп басқа әнге ауысып кетеді екен. Патша өкіметінің жер саясатына, отаршылдықтың зардаптарына Ақан наразылық білдірген. Әуелде ол жергілікті әкімдердің қысымын патша білсе, түсінер еді, « қойдан қоңыр не қылған халық еді» деп мейірбандық көрсетер еді деп, патшаға шағынудың жолын іздейді. Бірақ бұл ойының қателігін кейін түсініп, « пәленің басы патшаның өзінде екен» дейді. Осы тұстағы Ақан өміріндегі елеулі оқиға – патшаның мұрагері Омбыға келгенде, соны қарсы алуға барған ел шонжарларымен бірге Ақанның да баруы. Сірә, серіге ән салдырып, оның өнерін көрсетіп, патша баласының көңілін аулау үшін жасалған 26


іс болу керек, Ақанды Шыңғыс төренің өзі ертіп барған. Ақан өзінің кейінгі бір өлеңінде «Николай император құзіретіне сөйледім бұл қазақтың жайы ––күйін» дейді. Ақан сөзі қалай аударылды, адресіне қалай жетті, ол арасы бзге белгісіз. Белгілі нәрсе – ақын шағымынан ешқандай нәтиже шықпағаны. Патша ұлы Ақанға медаль сыйлаған, оны сері өзінің ғашық қыздарының біріне тарту еткен. Өлеңдерінде ақан патша өкіметінің қазақты басқа халықтармен тең ұстамай, мейірімсіздік көрсетіп отырғанын, оның шағымына ешкімнің назар аудармағанын айтады. Жерінен айрылған қазақтың көз жасын патша баласының көрмегенін суреттейді: Тасыған қазақ көзі бұлақтай боп, Соятын крестьянға лақтай боп. Патшаның сүйікті ұлы келгеннен соң, Шетке шығып қалдық қой брактай боп. Өлеңде патша бізге қамқор бола алмаса, басымызға бостандық берсін, бет – бетімізбен өлмес күнімізді көрейік деген шарт та қойылады. Осыдан бастап заман шындығын суреттеу сыншылдыққа ауысады. Ол қазақ қоғамының мешеу күйін, «ет пен шайға мәз боп жүрген» болыс – билерін, халықтың сахарада еріншек күй кешіп отырғанын, малша күйсеп, ұйқымен өмірі өтіп жатқан байларын сынай жазады. Заман ағымы мен қоғамдық өзгерістердің сыры жайлы ойлана келе, Ақан бір кез заман адамының сыпатын беруге ауысады. Оның « Заман адамы» атты ұзақ толғауы өз замандасын мінездеуге арналады. Ақан замандасы – өз дәуірінің ұнамсыз мінездерін бойына жинаған ел басшылары, қоғамның белсенді мүшелері. Солардың әрекет – тіршілігін, мінез – құлықтағы өзгерістерін ақын дәл тауып бейнелейді: Жұпар мен гүл майының иісін білмес, Зұлматтың тұмауымен біткен мұрны. Іші зұлмат болған соң керегі жоқ Қаншама болса – дағы жүзді нұрлы, – деп суреттейді ақын алдамшы ел басшыларын. Ол жаңа заманның саудаға құныққан, халықпен қарым – қатынасын есепке құрған «қайыры жоқ, көк қарын жаңа байларын» шенейді. Өмірдегі жақсы мен жаман құбылыстарды қарама – қарсы қойып, шендестіру арқылы Ақан әділет сөзін айтады, пендешілік ұсақ қылықтардан биік тұратын мораль барын еске салады, өмір танудың жоғары үлгісін көрсетеді, оқырманын да соған, жақсы – жаманды айырып тануға үйретеді: Алтынды қорлағанмен жез болмайды Жібекті жуғанменен бөз болмайды. Мысалы әр нәрсенің бәрі сондай, Жаманның көкейінде көз болмайды. Ақан тілегі – адамның көкейіне көз бітіру. Ол дүниені сол көзбен тануға, жақсы– жаманның, асыл мен жасықтың парқын айтуға міндетті. Ақан суреттеген жақсы мен жаманның өлшемі – адамның еліне, халқына пайдалы болуында. Автор жақсыны жарқырата мадақтап, жаманды өлтіре шенейді. Ер пайдасы тиеді сасқан жерде, Ер жаңылып, етегін басқан жерде. Жаманға жазатайым ісің түссе, Жабысып қалады екен аспан, жерге. 27


Жамандар көре алмаған қылады өсек Лайық заманына асқан ерге. Билер көп жұрт алдында тысырайған Жол табар көсем қайда қысқан жерде. Өмір, тіршілік сырын терең білген Ақан жаман адамдарды « қу ілмейтін құландынға», « жөнге жүрмейтін шошқаға», « қайрасаң да өтпейтін жасық темірге» теңесе, жақсы адамдарды» дүбір шықса шыдамайтын шын тұлпарға», « жерде жатса да шірімес шын алтынға» балайды. Жастарға достықты берік ұста, қиянатшыл болма, кішіпейіл бол, адамгершілігің болсын, дұшпанға берілме, өз басың үшін досыңды, жолдасыңды сатып кетпе, жауыңнан қорықпайтын ер бол, мансап, мал қуып, ердің, елдің қамына опасыздық жасама, іші – сыртың бірдей болсын, ғылым, өнер үйрен деген Ақанның арнау сөздері – үлкен ұлағатты, ғибрат үлгілері. Мұның барлығы – Ақан мұрасының мазмұны жан – жақты екендігін, әндерімен бірге оның ойлы өлеңдерінің өз заманына ғана емес, бүгінгі ұрпаққа, геменді елдің отаншыл жастарына үлгі болар жағы молдығын көрсетеді. Ақанның сықақ өлеңдері дәуір мен адам бойындағы ұнамсыздықты аямай шенейді. Оның айтыстары тапқыр, ұтымды сөз үлгілерін қамтиды.Ең басты өкініш – Ақан мұрасының осы күнге шейін толық жиналып басылмай келгені. Кезінде Ақан жырларын Мағжан, Сәкен жинады. Кейін олардың Ақанды мақтауының өзі жамандыққа шықты. Әбілдә Тәжібаев алғы сөз жазып, Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты бастырған соңғы ( 1963) жинақтың өзіне ақынның заман туралы, патша өкіметінің отарлау саясаты жайлы айтқан өлеңдері кірмей қалды. Өлеңдеріне, ән сөздеріне жүргізілген редакциялар да баршылық. Серінің әр мәтінмен айтылып жүрген әндері осындай күйге ұшыраған. Ақанның шығармалары – жастыққа, қаракетке толы өміршең, асқақ туындылар. Оның лирикалары– өмірге, болашаққа құштар жастың жан сезіміне, үлкен жүрек сеніміне суарылған асыл жырлар. «Торыны таңға байлап мінген қандай», «Біздің көңіл қайда жатыр», «Ақ түлкі өзендіөрлеп талда жатыр», « Ішінде орта жүздің жүрмін шарлап», «Майда қоңыр», « Ақ көйлек», «Көк жендет», «Сырымбет» т.б. өлең – әндерінің пафосы қандай жігерлі?! Мұқалу, қажу дегеннің ізі де жоқ. Керісінше өмірге, құштар, өжеттік пен жігерліліктің символы дерлік асқақ. Шалқар көңілдің жадыраңқы бейнесін танытарлықтай аспан әлемінде шарықтайды. Халық бойындағы қайраттың көрінісін де сездіргендей өктем де өршіл. Ақын жүрегінің тынымсыз дүрсілі, тасқан көңілінен жар құлатар дауылдай даусы естіліп – ақ тұрғандай. Ол аспанды шарпып, жартасты жалмап, бір орнығатын тулаған толқын бейнелі. Шиыршық атқан өршіл де өктем жыр. Барлық кездің оқушысын елжірете, елегізітер құдіретті поэзия. Ақ түлкі өзенді өрлеп талда жатыр, Оралдың ақ иығы Айда жатыр. Сөзімнің әр ширегі мың ділдәлық, Әр қарпі алуа – шекер балдай татыр. Баласын ақ тұйғынның бөктергі алып, Қапаста ақ тұйғыным торда жатыр. Шығыршық жібек баулы қолда жатыр. Ақиқат менің көңілім қайда жатыр, Толқыған он екісінде айда жатыр. Кірпіш шай китайский не қылайын, Ақ құйрық памильный шайда жатыр. Алдымда атан тұрса қарамаймын, Арғымақ мың теңгелік тайда жатыр. Ащылы жеке ояң жайлауындай, Ел қонып бауырын төсер сайда жатыр 28


Келтірілген осы шумақтардың өзінен –ақ ақын поэзиясына тән пафос танылғандай емес пе? Ақын бойын кернеген армандар аясы, сенім, сезім серпіндері көзге соғып, көңілге қонарлықтай. Ақанның ақындық құдіреті оның шығармаларының мәнділігінде ғана жатқан жоқ. Соған қоса, ақын поэзиясының көркемдік өрнектері де айқын. Асылы, ол поэзияның мазмұны мен түрін берік біріктіре білген. Айтар ойына сай образды сөздерді сұрыптап, таңдап орынды қолданған. Өзіне дейінгі қазақтың байырғы қара өлеңі формасын бұлжытпай пайдаланған. Оны ақын жасырмайды: «Салғанда қара өлеңге тілім майда» – деп, өзіне қолайлы түр тапқан ақын өз жүрек сезімін толғап, кестелі нақылдар ұсынған. Бір мысал: Жиырма бестен артық жас бар ма? Ұйқыдан жаман қас бар ма? Еріншектен жаман нас бар ма? Ойлаңдаршы, ағалар, Шын жарыңнан артық дос бар ма?.. Су шықпас қазғанменен тау басынан, Қазақтың дау кетпейді сау басынан. Жолдасы сыр айтысқан жау боп шықса, Ер жігіт жаңылады тәубасынан... Көк құтан мойнын созып қаз болмайды, Шөл – құмайт көк шалғынды саз болмайды. Халық ақындары қолданған арнау, толғау, айтыс, жар – жар жанрларын дамыта отырып, олардың да мазмұнын байытып, мәнін зорайтқан, тілін ұстартқан. Бұрын – соңды жасаған қазақтың неше бір ақындары үлгісінде адамның жас ерекшеліктерін де өлеңге қосқан. «Жастық шақтар», « Кәрілік», «Жиырма бес» өлеңдерін шығарып, адамның балалық дәуірінен бастап, жігіттік кезі, одан кейін қартайған шағы толғанады. Басқаны қайталамай, өзіндік сөз айшықтары арқылы адамның өсу жолын бейнелейді. Ақан кейде халық өлеңдерін өзінің жаңа әндеріне текст есебінде де қолданады. Осыдан барып, ақынның әндері халықтық болып, елге сіңісіп кеткен. Бұған «Алай көк» әніндегі шумақтар куә боларлық. Оның бір шумағын келтіре кетелік: Ұшып жүрген әуеде қара шыбын, Қолдан шыққан нәрсенің бәрі шығын. Көрмегелі көп айдың жүзі болды, Аман – есен жүрмісің, қарашығым. Келтірілген шумақтың негізі ақанға дейін де, одан кейін де халық репертуарында өмір сүріп келеді. Ақан қандай өлең түрін қолданса да, оның өлеңі шығарған әніне жан беріп, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырады. «Көк жендет», «Қара торғай» т.б. әндерінің өзі – ақ бұған дәлел. Тек бұлар ғана емес, Ақанның серілік әуеніндегі көп өлеңдері осындай. Аңшылықты, мылтықты, мергендікті, жүйрік керлерді, құмай тазы, қыран құстарды қазақтың қара өлеңімен – ақ әндетіп, тамаша суреткерлік танытады. Ақан өлеңдернің поэтикалық тілінде де ауыз толтырып айтарлық ерекшеліктер мол. Көп жерде ақын халық поэзиясының ең шұрайлы деген үйреншікті тіл кестесін орынды қолданып, шеберліктің бір қырын танытқан. Оған қоса араб, парсы, орыс тілдеріндегі поэтиканы мол енгізіп, шығармасын тіл жағынан құлпыртып, жаңа бейнелеу құралдарын көп қосқан. Байырғы қазақ поэзиясындағы теңеу, эпитеттер – ақын поэтикасының қайнар бұлағы. Халық творчествосында қалыптасқан дәстүрлі айқындауыштардың небір 29


шұрайлыларын ақын өзі суреттеп отырған аурулардың сырт тұлға бітімін, бет – әлпет , кескін – келбетін, жүріс–тұрыс, іс - әрекет, ой – парасат, сезім – сенім дүниелерін бейнелеуге кеңінен қолданады. Сұлуды «Ай қабақ, алтын кірпік, жазық маңдай, қыр мұрын, ақша бет», – деп Абайдан, т.б. ақындардан таныс эпитеттермен айшықтайды. Немесе: «Иран бағындай, гауһардай, бұлбұлдай, жұлдыздай, меруерттей, қор қызындай, айдай, күндей, алтындай, түлкідей», – деген сияқты теңеулерді орынды пайдаланып, өлеңдерін жарқыратып шығарады. Ақан серінің қолданған бұрыннан таныс образдарының өзі мүлде жаңарып, өзіндік әсерін одан да бетер күшейте түседі. Керілген қас, кірпігің атқан оқтай, Ішіме қайғы салдың жанған шоқтай Шер болып еш жібімес менің кеудем, Қасіреттен жұмарланып жатыр доптай... Ақ екен раушан жүзің атқан таңнан, Ай сәулем, бетің жарық жаққан шамнан... Ай мен күн сырнай тартып, жұлдыз билеп, Той қылса көкте Мәлік қуанғаннан. Келтірілген үзінділердегі теңеулер де, эпитеттерде ертеден мәлім поэтикалық тіл үлгісіне жатады. Бірақ Ақанның суреттеуінде олар өзгеше ажарға ие болады. Ай мен күнді музыкант етіп сырнай таттырып, жұлдызды биші етіп тойда билетіп қойған суретті еш ақын жасаған емес еді. Бұны Ақанның таланты ғана қазақ поэзиясына деген арнауларындағы образдар – бірінен бірі өткен, асыл дүниелер. Адам ғана емес, сұлуға келісті көйлек, киім – кешек, сәнді әшекейлер тізбегі оқушының көңілін қоңыраулатып жібергендей әсерлі. Сұлу киер ақ көйлектің тек қана бір етегінің өзінде бірнеше ажар бар: «Етегін ақ көйлектің алтындаған, Етегін ақ көйлектің бүрмелеген, Жағасын машинамен түймелеген, Сақтаулы алтын қазына жауһарымен» деп, ақын көр жиһаздың ішінде отырып, өз ғашығына лайықты әсем бұйымдар таңдап, безендіріп отырғандай болады. Сұлудың ойын жете суреттемей – ақ көйлегінің етегін әсірелеу арқылы – ақ көз алдыңа сұлудың айдай жүзін елестетеді. Дәстүрлі суреттеу, әсірелеу құралдарын орынды қолдана отырып, ақан көп жерде жаңа образдарды да ретімен қолданып, мол енгізген жаңашыл ақын. Сол кездегі поэзияда әлі көрініп жетпеген өрнекті сөздерді жиі қолданып, олардың берік орын тебуіне үлес қосады. Араб, парсы, қазақ, орыс тілдерінен айқындауыш сөздерді мейлінше көп пайдаланатын жаңа ұғым, тың сурет жасайды. Қалқаға анда – санда жазған назым, Ғалымның дәптеріндей томда жатыр... Сымбаттың жас жүректі жандырғандай, Бриллиант гауһар жүзің сонда жатыр... Немесе: Садептің шашыраған жауһарысың, Көңілімнің тереңінен салған ұя, Государия секілді, ерке қалқам, Ксениядай болсаңшы княгиня. Немесе: Болғанда тілің майда – конфет, балдай

30


Жоғарыда келтірілген образды сөздер төркіні сол сөздердің жаңалық сырында. Ғашығына жазған хаттарында айтқан наздар «ғалымның дәптеріндей томда жатыр» деуі – әрі жаңа образ, әрі мәні терең теңеу. Сондай – ақ Государия секілді, Ксенядай княгиня, деген теңеулері де таңқарлықтай. Сұлу қыз еркелігін бейнелейтін қазақтың байырғы теңеулері аздық еткендей , князьдің сылаң қаққан сұлу әйелінің ерекше ерке мінезін көлденең тартқан. Асылы, келген бір князьдің жас әйелінің өрескел еркелігін ақын жасы ұлғая көзімен көріп, оның қылығына таңдану ғажап емес. Мұсылман қауымы әдетінде жоқ бұл әйелдің өктем қылығы ақында таңдандырып қана қоймай, оған ұнап қалған болса керек. Әттең, қазақ қыздарының сондай қысылмай еркін еркелегенін көрсемау деп армандаған да шығар, бәлкім: Ұядан жаңа шыққан ақ сұңқарым, Қараған екі көзің жаудырасын. Ай жарық терезеңнің дәл түбінде, Төсекте қара шашың салбырасын. Қалқамен құшақтасып жатқан күні, Бетіңнің нұры шығып балбырасын, – деген нәзік жолдарда суреттелген қас сұлуларды неге ерекше күтпеске? Неғып, оны басына шығара еркелетпеске?! Біз ақын серінің асқан лирик, оның өлеңдерінің тамыры өз халқының ғасырлар бойы жасаған жан тебірентер жүрекке жылы ән – өлең, жыр – толғауларында жатқанын ескерттік. Өз халқымен қарым – қатысы мол халықтар өнерінің шырын – шәрбатын тартып, тамсанып қана қоймай, оның нәрлі дәмін өз лирикасы бойына етене сіңіріп жіберген ақын биік те алғыр романтикаға ұласқан, ғашықтыққа құштар орасан, жүрек тебірентер, жан жадыратар, өміршең лирика жазды. Әдемілікті қастерлей білді, оған өзі де шын мәнінде ғашық сезінді. Сұлулықты аспанға көтере, ғашығын әулиеге балап, ардақтап, оның жолына бас ұрды. Құмарлық оты тұтанып, жүрегін лаулата жандырған жастардың психологиялық жағдайларын өз басының қасиетіне айналдыра, тебірене толғанды. Адал махаббат рақатын аялап, пәк көңіл тазалығын шаттық жырға бөлеп, әуенді асқақ әнімен аспан әлеміне шарқ ұрып, романтикалық шалқар поэзиясы арқылы жастар сенімінің нәзік пернелерін шертті. Бойларын махаббат дертіне алдырған екі жастың құштар көңілі, сырлы сезімдері, елжіреген емеуріндері, қан қысымының алқымдап аптықтырған қызу қуаты, бәрі – бәрі ешбір қоспасыз, шынайы қалпында бейнеленеді. Ғашықтар сырының тамаша романтикасы, реалистік сурет – сымбаты сомдалады. Сұлуларға табына айтқан сөздерінде ақынның небір ғаламат әсірелеулері, бейнелі жаңа теңеулері мол кездеседі. Мысалы: Көз көріп, көңіл мас боп дидарыңа Сындырдым сүйегімді ойран етіп, Мен түгіл жансыз темір нұрыңа мас. Бұл жолдардағы сөз болатын сұлу көркінен азап шеккен ғашық адам немесе жансыз темірді нұрымен мас қылған ару қыз поэтикасындағы жаңалықты көрсетсе керек. Кей тұста атақты ақындардың күшті образдар жасау үшін өмірлік өшпес із қалдырған жандар бейнесін суреттеуде күннен де, айдан да жарық сәулені іздестіргені мәлім. Ақан да ондай сәулені іздестіріпті. Бірақ ол данышпанды ғана бейнелеу үшін емес, ғашығының мәңгілік образын таныту үшін іздепті. Күннен нұр, айдан раушан сәулетайым, Сен гауһар жанып тұрған мәңгі жарың. 31


« Қараңғы көңілімнің ай мен күні» деп адамның қараңғы көңілін жарқырата жадырататын сұлу сипаты күні – түні сәулесі үзілмейтін мәңгілік жарық болмаса да, тым құрыса, күндіз күн, түнде айдай сәулесін түсіргені абзал демекші сұлулыққа ғашық сері ақын. Сонда ғана оның « Қараңғы көңілі күледі, мастанады», масайрайды. Кейде ақын көп қолданылып жүрген « Отқа түскен көбелек » образын « Шыраққаттүсіп жанған мен пәруәна», – деп өзгешелейді. Уәдеге беріктік бейнесін:» Берік бол оқ жібермес ақ сауыттай , Самархан жібегінен өрген талдап»... десе, кейбірін «қалам бармақ, қамыс бармақ», – деп бармақтың жаңа түрін табады. Бейнелеуде де ақынның ізденгендігі, өзінше бейнелеуге әуестенденгендігі байқалады. «Қия жүзі асылдың қорға тартқан» – деп қия жүзді шығарады, немесе, ол «Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл» – деп қана қоймайды. «Жүз сомдық базардағы пат құндыздай» – деп құндыздың базарда ғана кездесуі мүмкін, мүлде сирек түріне теңейді. Ақтоқты мен Ұрқия сұлулар келбетін бейнелеудегі ақын қолданыстары айшықты. Ұрқияға арнауында ол: «Сары алтын, сапы меруерт қарағым ай, көп қыздардың ішінде тоты дана» десе ал Ақтоқтыны басқаша бейнелейді. Оны «Қыпша бел, бәйгі кердің жарауындай» – дей келіп, «Барлық қыздың туындай асыл еркем», «Тартылған телеграмманың сымын енгізуі, сұлулар тобын қолына ғашықтық туын ұстатып бастауы да өз кезі үшін жаңалық. «Жамал жан, етің аппақ мақтадайсың», – деп дененің ақтығын ұлпа ақ мақтаға теңесе, «жүзіп жүрген судағы сен аққайраң» деп енді балыққа ұқсатады. «Ақ төсің Қап тауының қиясындай» деуі де ешкімге ұқсамайды. Бұлар – Ақанның тек өзіне ғана тән бейнелелер». Талпынам таза туған ажарыңа», – деген жолындағы «Таза туған ажардың» сыры терең. Ақтоқтыны жан – жақты суреттей келіп, ол: Оралдың ақ иығы аңға тартқан, Шолпанның жұлдызындай таңға тартқан. Жамбы мен алтын балдық жарқыраған, Секілді Үргеніште ханға тартқан, – деп нәзік сұлудан биік тұлға шығарады. Аңға түсер ақиық сұңқарға, таңғы шолпанға ұқсатады. Ал сұлу жүзін әмірі күшті ханға сый – таралғы болар жарқыраған жамбыға, асыл алтын балдаққа балайды. Не деген төгілген өрнек, құйылған әсем сөз? Ақынның сұлуға деген жүрегі қандай бай?! Ақан сері қолданған поэтикалық тілдердің байлығы, жаңалығы, жарқындығы таңдануға да, арнайы сөз етуге де тұрарлық. Ақанды оқыған сайын оның поэзиясының көркемдік сыры да есігін айқара аша түседі. Бір кезде Абай: Әсем салдым өлгенше кім қыларлық, Озғанда мезгіл болар тоқтатарлық, – деген болатын. Ақанның әндері мен өлеңдері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Оның есімі – мәңгі жастықтың символы. Лирикалық шығармалары – әдемілік пен махабаттың асыл өрнектері, поэтикалық образдардың сарқылмас көзі. Ақан серінің көркем бейнесін қазіргі көрермендеріміз театр сахнасынан, кино экранынан жиі көріп тұрады. Ақындарымыз жыр қып, жазушыларымыз том –том роман жазып жүр. Серінің әнін үздіксіз тыңдап, құлақ құрышын қандыру мүмкіншілігі туып, Ақанның асыл туындылары өскелең ұлттық мәдениетіміздің алтын қорына біржола еніп кетті. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. А. Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты соңғы кезеңдегі зерттеулер, сыни еңбектер. 2. А. Қорамсаұлы шығармаларындағы ұлттық сарындар. 3. А. Қорамсаұлының ақындығы мен әншілігінің арасындағы поэтикалық иірімдер. 4. А. Қорамсаұлының серілік өнері мен ақындық әлеміндегі ұқсастықтар. 5. Ақансерінің шығармаларындағы образдылық және лирикалық әуез. 32


2.ДІНИ АҒАРТУШЫ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ 2.1.НҰРЖАН НАУШАБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДІНИ САРЫН Лекцияда қаралатын мәселелер: Нұржан Наушабайұлы шығармашылық өмірбаяны Нұржан Наушабайұлы діни білімінің тереңдігі Ақынның «Назымдары» және олардың көркемдік деңгейі Нұржан Наушабайұлының Сапарғалимен жұмбақ айтысының ерекшеліктері. 5. Нұржан Наушабайұлы ақындығы және сазгерлігі. 6. Өлеңдеріндегі өмір-тіршілік, оқу-білімге жаңашыл көзқарасы. 7. Діни ағартушы ақынның шығармашылығының зерттелуі. 1. 2. 3. 4.

мәні

мен

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2004 2. Әбдиманұлы Ө. Өзгеден ойы озық Нұржан ақын / Шапағат Нұр, 2004, №4. 3. Шаяхмет А. Таңдайы тақылдаған Нұржан ақын / Ақиқат, 2004, №5 4. Байтұрсын І. Нұржан Наушабайұлының бейіті / Егемен Қазақстан, 2004 5. Қазақ ССР энциклопедиясы IV том Алматы: Ғылым, 1987. 6. Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы әдебиеті – Алматы:Білім, 1993. 7. Наушабайұлы Н.Алаш. – Қостанай:ЖШС, 1997. 8. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы: ҚКӘБ, 1956. 9. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі, – Алматы: ҚКӘБ, 1960. Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен, Селдетіп, ән тұқымын сол еді еккен. Тобылдан көтерілген бір зор айқай, Сібір мен Сыр суына барып жеткен. Н.Ахметбеков Халық ақыны Нұрхан Ахметбековтың осылай деп басталатын өлеңі XIX ғасырдың белгілі ақыны Нұржан Наушабаевқа арналған. Әр заманның өзіне лайық, өзгеден ойы озық, өресі биік дара тұлғаларының болғаны тарихтан белгілі. Өзі өмір сүрген кезеңдегі теңсіздікке, әділетсіздікке қарсы ақындық үн көтеріп, өзіндік көркем туындыларына өзек еткен сондай ақындардың бірі Нұржан Наушабайұлы. Нұржан – заманында ит жүгіртіп, құс салған, жүйрік баптап, бәйгеге қосқан айтулы сері. Әрі бағы барда күреске түсіп балуан атанған, термелетіп жыр төккен, сөйте жүріп әуейленіп әндетпей, салихалы ой айтқан көшелі ақын. Ақынның өмір жолы туралы айтар болсақ, Наушабаев Нұржан 1858 жылы қазіргі Қостанай облысының Ы.Алтынсарин ауданында дүниеге келген ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айрылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан танып, дидактик, үлгідегі нақл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1903), «Манзұмат 33


Қазақия» (1903), «Алаш» (1910) атты жинақтары Қазан қаласында басылған. Нұржан өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. «Заманның қалпына айтылған сөз», «Тақпақ», «Терме», «Леп ұрған жігітке» өлеңдерінде, сондай-ақ А.И.Крыловқа еліктеп жазған «Түлкі мен әтештің хикаясы», «Өгіз бен есек», т.б. мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған «Қырық тілек» атты 13-жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды («Қырық парыздың баяны», т.б.). Нұржан шығармашылығында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Нұржан тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш «Манзұмат Қазақия» (1903) кітабында, кейін «Айтыс» жинағының 2-томында жарық көрді. Ы.Алтынсаринге арнаған өлеңінде ағартушының еліне, замандастарына өнеге көрсеткен биік азаматтық тұлғасы айқын көрініс тапқан. Өлеңнің 3 шумағы Ы.Алтынсарин құлпытасына қашап жазылған. Ақынның «Көкем-ай», «Көңіл ажар», «Жан сәулем», «Асылай», «Мұқидаш», «Бес тілек», т.б. әндері ел арасына кең тараған. Нұржан туралы ғалым Бейсенбай Кенжебаев «ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарының шығармалары» кітабында мәліметтер беріп, «Нұржанның бір өзгешелігі – ол өлеңдеінің көбін бұрынғы араб, парсы, ескі кітаби сөздерді көп қолданады. Бірсыпыра өлеңдерінде Нұржан заман жайын, қазақтың бұрынғы, өз тұсындағы тұрмысын, ел билеген адамдардың іс-әрекеттерін, оқу, өнер, білім, дәулет, бақыт, мінез-құлық мәселелерін сөз етеді. Солар жөнінде бірталай орынды, маңызды, келісті өсиеттер, мақалмәтел, нақыл сөздер айтады. Оның шығармалары ойлы, мағыналы болып келеді»,- деп баға береді. Нұржан ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітабы үшеу: «Манзумат қазақия» (1903 жыл), «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1908 жыл) және «Алаш» (1910 жыл). Ақынның тақпақ, терме толғауларының барлығын дерлік бүгінде қанатты сөздерге айналып кеткен фразеологиялық сөз тіркестерін жиі ұшыратамыз. Өйткені Жиреншені үлгі тұтқан ақынның өзі де ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен болған. Ол өзі өмі сүріп отырған заманның қабағынан шошиды, «адамның жақсысы кетіп, жаманы қалған, жылқының жүйрігі кетіп, шабаны қалған, бидайдың дәні кетіп, сабаны қалған» тұрақсыз жалғаннан түңіледі, қайырсыз байларды, еріншек жандарды сынайды. Нұржанның «Ғалымды дариясынан іштім қанып» деген сөзіне қарағанда, жан-жақты білім алғаны аңғарылады. Нұржан өнеріне жазушы Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» кітабында кең тоқталып, академик жазушы оны дарынды ақын деп бағалайды. «Нұржан жасынан пысық, әрі ақын, әрі шешен, әнші, күйші, балуан жігіт болып өседі де, Троицк медресесінен жақсы білім алып, ер жете «орта» аталатын дәулет құрады. Содан кейін «игі жақсы» дейтіндермен, әсіресе Ыбырай Алтынсаринмен жақындасып, күндерінің көбін солармен бірге біраз уақыт өткізді. Нұржан діни оқу оқып, шығыс әдебиетіне, шағатай мәдениетіне мейлінше жетік өскен. Жасында Сарыарқаны аралап салдық құрып, серілік жасауда ақын ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізді. Отыз жасынан бастап өлең жазуға салмақты қарап, тиянақты шығармашылық еңбекпен шұғылданады. Жасынан әнші, күйші, шешен ақын өлеңдерін қағазға түсіріп отырған. Шығыстық сарында жазылған жырлары діни философиялық ойлармен суарылып, бөлекше бір тұтас болмысты дүниеге айналады. 34


Нұржан ақын өлеңдері қазақпен бірге кезінде татар, башқұрт дегендей түрік жұрағатына біраз тараған. Ескі әдебиеттің есте сақтағыш тұлғасының бірі Сәйфи Құдаштың С.Мұқановқа Башқұртстаннан арнайы хат жазып,Нұржан ақын өлеңдерінің жай-күйін кеңескені бар. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің қызықты қаламгері Нұржан ақынның көзі тірісінде «Манзумат қазақия» (1903 жыл), «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1908 жыл) және «Алаш» (1910 жыл) жыр жинақтары жарық көрген. Нұржан Ы.Алтынсариннің ауылдасы болған. Той-жиындарда Ыбыраймен бірге дастархандас болып, қиын түйінді шешу қажеттілігі туғанда оған өз ақылын айтып, көсемдігі мен шешендігі талай жерден алып шыққан. С.Көбеев өзінің «Орындалған арман» романында Нұржанның өмірінен үзінді келтіреді: «Сауытбайдың тойына көп адам жиналған екен. Бәшең аулындағы, кедей де болса, бас көтерген адамдардың бірі – менің әкем болғандықтан оны да ортадағы үлкен ақ боз үйге түсірді. Біз үйге кірсек, жұртлық толып, қымыз ішіп отыр екен. Ақсақал, қарасақалдың алуан-алуан түрі осы үйде бас қосқан екен. Төрде мес қарын, доп-домалақ қара бұжыр біреу отыр. Бұл – Тыржық деген бай екен. Сәлде киген біреу отыр – ол молда болып шықты. Бірақ жиын екі адамның аузына қарап отырған сияқты. Мұның бірі – орысша киінген ақ құба, шоқша қара сақалы бар, орта бойлы адам. Бұл кісі – Ыбырай Алтынсарин еді. Екіншісі – дембешелеу келген, толық денелі, сирек біткен сары сақлды, басына тақия, үстіне мақпал бешпет киген адам. Бұл – Нұржан Наушабаев екен. Ыбырайдың Нұржанды қасынан тастамай ертіп жүретін себебі, оның тек қана туыс, бауырластығында ғана емес, оның бір өзінді бірнеше адамға татитын өнердің баса қосылғандығында болса керек. Мәселен, Нұржан ақындығымен қоса әнші, сері, сал, балуан, батыр, шешен болған деседі. Бір басында осыншама өнері бар Нұржанды Ыбырай Алтынсарин ылғи қасынан тастамай алып жүрген. Тойға барса да, топқа түссе де, дауға араласып, қиын түйін істі шешу қажеттігі туғанда Нұржанның көсемдігі, шешендігі, ақылдылығы талай жерден алып шықса керек. Өз заманының өнерпазы Нұржан Наушабайұлы шығармашылығын алғаш зерттеп, ғылыми пікір айтқан, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаевтар болса, Ә.Дербісалин, Ш.Сәтбаева, Ш.Нармұхамедов, Б.Әзібаева сынды ғалымдар оны кеңейтті. Б.Кенжебаев Нұржанның әдеби мұрасын басқа да ағартушы ақындармен салыстыра келіп: «Нұржанның бір өзгешелігі – өлеңдерінің көбін бұрынғы араб, парсы, шағатай ақындарының үлгісінде жазады: Парсы ескі кітаби сөздерді, діни арабша сөздерді көп қолданады»,- деп оны бір ерекшелігін осы тұрғыдан айқындай түседі. Ал, енді сан қырлы саңлақ таланттың өзіндік ерекшелігі өз заманындағы әртүрлі бағыттардағы ақындардан нендей қасиетімен дараланады, сараланады дейтін болсақ, бұл ақынның дүниеге көзқарасы, өміртанымы арқылы айқындалады. Ең алдымен, Нұржан – діни ағартушы ақын. Оған басты себеп ол діни мектепте оқыған, дінге деген өзіндік танымы бар, бұл тақырыпты шығармашылығының негізгі өзегіне айналдырған ақын. Яғни, Нұржан – діни ілімді көп оқыған ғұлама адам. Өзі кезінде мұсылманша да, орысша да білім алса, діни бағытты берік ұстанған. Ол дін арқылы бүкіл саяси өмірге араласып, саяси көзқарас қалыптастырып, дін арқылы ұлт теңдігіне ұмтылды. білімді уағыздады. Ақын білім мен адамгершілік қасиет дінді сүю арқылы келеді деп ұғынып, соны бүкіл жырына арқау еткен. Ақынның көзі тірісінде үш кітабы жарық көрген. Оның алғашқысы араб қарпімен жазылған «Манзумат қазақия» (1903 жыл.32 бет) жинағы. Екінші кітабы «Нұржан мен Сапарғалидің жұмбақ айтысы» (1903 жыл араб әрпінде 16 бет). Үшіншісі «Алаш» жинағы. (1910 жыл, араб әрпінде 63 бет) Ақынның ұзақ жылдар тек әдеби шолуларда ғана ата аталып келуінің басты себебі діншіл ақын деген атақ тағылып, кеңестік идеологияға жат ақын ретінде бағалануы еді. 35


Бүгінде тәуелсіз ел ретінде өткенімізге ойлы көз салып, құлақпен ғана ұғып қоймай, жүректен өткізіп, көкірекпен көріп тұрған шақта көп нәрсеге басқаша қарай бастадық. Нұржанның мұрасын халыққа танытуда 1997 жылы бұрынғы «Алаш» атымен қайта шыққан ақынның толыққанды жинағының орны ерекше. Құрастырып, алғы сөзін жазған Ақылбек, Шаяхмет, Жинақтың да, құрастырушы еңбегінің де құндылығы, алғаш рет ақын мұрасының қазіргі жазу үлгісіне түсіріліп, оқырманды оның шығармаларымен толығырақ таныстырам деген талпынысында. Әр кезеңдегі Нұржан ақын жайлы айтылған әдебиетші-ғалымдардың, қаламдас-қоныстас адамдардың ой-пікірлерінен үзінділер беріліп, қысқаша алғы сөз жазылған бұл жинақ Н.Наушабаевтың мол мұрасынан мағлұмат бере алады. Кезінде Нұржан ақынға әлеуметтік мәселелерді жырлауға бағыт, кеңес берген Ы.Алтынсарин екен. Ұлы ұстаздың ақыл-кеңесін тыңдап, өзінің бағытын анықтап алған Нұржан ақын, кейіннен Ы.Алтынсаринге деген ризашылығын білдіріп, өлең де арнайды: Жұртыңнан екі жая Тіне, Қармыс, Әр ерлер өз тұсында алған алғыс. Бүркіттей ұя салған Римстанда, Талпынтып балапанын ұшты бір құс. Зәһарды балдан тәтті қылатұғын, Халыққа қамқор ондай ер болмады тұс – деп, ақын Ыбырай атамыздың күллі қазақ баласының оқып, білім алуына тигізген әсерін дәлелдей түседі. Ұлы ағартушымен достық, оған тіршілік мәнін терең тануға негіз болады. Ол енді өмір, қоғам, адам деген ұғымдарға өзгеше қарай бастайды. Ақын өлеңдері – халық тілінің қайнарынан нәр алған, соның нәріне суарылған өлең. Оған Нұржан ақын өлеңдерінде мақал-мәтелдер мен нақыл сөздердің қолданылуы дәлел. Ол жақсылық пен жамандық, арамдық пен адалдық, заман, салт-сана, оқу өнері, надандық сияқты түсініктерді жыр-толғауларына арқай етеді. Әрине, ақынның алған білімінің заманасының көлемінен шыға алмай қалатын тұстары бар. Ол, әсіресе, діни тақырыптарға бағытталған өлеңдерінде көп. Кейде ол көмек пен тіректі Құдайдан күтеді. Ақын халқына адал қызмет еткісі келеді, бұл жолдағы кедергі күш бай, болыстар мен жемқор ұлықтарды әшкерелеп отырады. Ақын өз заманының көкейкесті мәселелеріне белсене араласып, насихат өлеңдер жазып, әлеуметтік жағдайды сөз етіп, өзінше түсіндірмек болған. Сондықтан да Нұржанның өмір сүрген ортадан түйген білік-танымын жүйелей кету оның шығармашылық болмысын ашуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ақынның өмір жолының шамшырағы - өнер-білім. Ол оны өз өмірінің мәні деп түсінген. Сол себептен де өмі бойы, ізденіс үстінде болған, ақын әр өлеңінде өнер-білімнің пайдалы екендігін үнемі айтып отырады. Оны толғандыратын екінші бір мәселе замана жайы. Ол дүние азған заманда әділдік, ізгілік жолы қиын болатынын анық айтады. Сонымен бірге ескідегі «еркін», «тыныш» заманды қайтып оралмайтын арман етіп аңсап, өзі арқа сүйейтін тіректі ізгілік пен адамдық қасиетіне үндейтін дүниеден табады. Осыдан келіп Нұрдан шығармаларында өткенге қайта-қайта жыр арнау, сұқтану, соны егіле жоқтау басымырақ. Нұржан – шығармаларының әлеуметтік сипаты, көркемдік стилі жағынан алғанда сыншыл реалист ақын. Ол таза шығармашылыққа көшкен кездегі алғашқы өлеңдерінде өз заманына мұңдана көз тастап, отаршылдық зардабын айқын аңғарған. Сондықтана заман тозады, қоныс тарылады, ел биелеген атқамінерлердің ниеті бұзылады деген сияқты уайым-қайғыға беріледі. Қазақтың шұрайлы жерінен айырылып, күштіден қысым көргенін, халықтың тіршілігі ауырлап, күн-көрісі қиындап кеткенін жырлайды. Ақынның жаны осындай тығырыққа тірелген жағдайдан шығар жол таппай қиналып, кімнен демеу күтерін білмей дал болады. Күштінің әлсізді тырп еткізбей ұстап отырғанын, қоғамның құрсаулы екенін меңзейді. Заманның теңсіздігі, жаппай етек алған әділетсіздік, әр адам өз орнын таппай 36


біреудің өнері мен еңбегі еш болып, біреудің асып-тасып, байлыққа мастанып жүргенін баяндай келе, «заман-ай» деп егіледі. Арзан мен қымбаттың, Бағасының бір болып, Қатар жүрген заман-ай! Қыран құстай қыр аспай, Қыран кіріп қатарға, Қуды ілген заман-ай! Тұлпар кірмей дүбірге Мәстек шауып бәйге алып, Озып жүрген заман-ай! Жүн жібекке теңеліп Асыл барқыт, берендер Тозып жүрген заман-ай! Қарап тұрсаңыз Нұжанның сол кездегі айтқан сөздері дәл бүгінгі күнге тура келіп отыр. Дәл қазіргі қазақ қоғамындағы дарынды мен білімділердің есікке ысырылып, ақшасы мен «жоғарыда» танысы барлардың төрге озған заманы суреттелген. Сондықтан Нұржан шығармалары әлеуметтік мәселелерді қамтып жырлау жағынан қазақ әдебиеті тарихында маңызды орын алады. Нұржанның тақырыбы жағынан сан-алуан өлеңдерінің негізгі айтар ойының бірі – адам дінді айтқанда оның адамдық қадір-қасиетіне байланысты. Нұржан адамдық, әділдік жайындағы өлеңдері өзі өмір сүрген кезі мен әлеуметтік қоғам ортасындағы шындық нанымды бейнелеген. Қоғамдағы шындықты жаза отырып, уақыт ағымына үлес қосады. Оның шығармаларын оқи отырып, ақынның болмысын танимыз, оны өзі өмір сүрген қоғамдағы алар орнын көреміз. Себебі, «Ақынның өз тұлға бейнесін тебіренткен ойсезімдерінен айтылып, баяндалып отырған өмірдегі алуан түрлі жағдайға, қоғамдық мәселелерге, адамның әртүрлі іс-әрекетіне қатынасынан, берген бағасынан айқындала түсіп, жан-жақты толық көрініс табады» деген тұжырым біздің ойымызды бекіте түседі. Қалай дегенде де Нұржан шығармашылығының басты жемісі – діни тақырып. Ақын өлеңдерінің айтар ойы осыған келіп саяды. Көтерілген көп өзекті мәселелерден дін, Ислам тақырыбы бәрінен озық тұрады. Нұржан дінге, жалпы дүниеге өмір мен өлімнің арақатынасына диалектикалық тұрғыдан қараған ақын. Ислами білімі жетік болғанмен, ол дінге соқыр сеніммен, ессіз фанатизммен берілген. Дінге қатысты өлеңдерінде Құранкәрімнің мағынасын, қадір-қасиетін толық түсіндірген ақын мұсылман парыз, уәжіптеріне де талдау жасайды.Ол мұсылманның қырық парызын жеке-жеке етіп көлемді «Қырық парыздың баяны» деген өлең жазады. Профессор Қ.Жұмалиев Нұржан шығармалары мен Ислам мәселелерін сөз ете келіп: «Нұржан Наушабаев бұл мәселені Әубәкірден гөрі тереңдетіптіп, қырық парыздың әрқайсысына жеке тоқтап оның мәнінің тұтыну жолдарын өлеңмен үгіттеді» деген пікір айтады. Ақын қырық парыздың мәнін талдай келіп: «Әуелі иман, ораза, намаз, зекет, Сен бұған, бір Аллахтан сол берекет. Әуелі, имам жаратқан тәңірі бір, Болды кітап Пайғамбарым иман қыл деп. Он екі парыз осы білсең пәнда. Ықыласың, көңілің болсын мұнда. Үшеуі ғұсылда, төртеуі тахаратта, Және де төрт парызың таямумда»,деп бастаған діни тақырыпты одан әрі өрбітеді, қай жерде қалай орындалады, ғұсыл деген не, тахарат деген не екенін түсіндіреді. Ақынның шығармаларындағы Ислам – ерекше өзгеше дүние. Ол діннің барлық ізгі мұратын талдап, өзінің зерде сүзгісінен өткізіп, адамзаттық құндылықтарды уағыздайды. 37


Нұржан шығармаларындағы діни көзқарас жайында профессор Б.Кенжебаев: «Нұржан өлеңдерінің біразы Ислам дінінің мән-жайы, парыз-қарызы, заң-шариаты туралы. О дүние, бұ дүние діндар адамдарының мінез-құлығы және жақсылық пен жамандық жайында. Ақын бір сөзінде: «нұсқалап дүние, ақырет бәрін айттым»,- дейді, Әрі діни фанатизм түрінде ғана айтпай, оны діни ізгілік, жалпы адамгершілік, ағартушылық тұрғыдан түсіндіреді», -деген өте орынды пікір айтып, тұғырлы тұжырым жасайды. Ол діннің ғылыми мәні мен мәңгілік мұраттарды ұғындыратын дәнін аршып, екшеп пайдаланады. Тақуалық пен діншілдікті құр дәріптемей, қайта дін мұраттарын ескілікке, діни дүмшелікке, тіпті қоғамдық әділетсіздікке қарсы руханият құндылығы ретінде пайдаланады. Нұржанның діншілдігінің тағы бір себебі – қазақты шоқындыруға, христиан дінін таратуға бағытталған саясатқа қарсылығында жатқан секілді. Санасы сергек, ойы озық жан қашанда төніп келе жатқан қатерді елден ерекше сезіп, алдын алары белгілі. Сонда да хақ жолынан адаспадық, Бәит пен алуан түрлі жол ашпадық. Пайғамбар хақ, жаратқан Аллах бір деп, Бөтен дін ұстанғанға жанаспадық. Ақын жер бетінде Исламнан басқа діннің түрі көп екенін, бірақ өзге дінге бой ұрмайтынын, берік ұстанған бағытынан таймайтынын анық айтады. Тұтастай алғанда Н.Наушабаев мұрасы өз заманынан озық ойларымен, бүгінгі күнмен өзектес ой-армандарды жырлай білгендігімен бағалы. Ақынның жетістігі сол заманның өзінде-ақ мәңгі өлмес құнды тақырыптардыдәл тауып, жырлағандығында. Сондықтан, оның шығармалары халық жүрегіне сыналып кіріп, салмақты орын алған. Тапсырмалар мен сұрақтар 1. Ақынның адамның жаратылуы қазақтың шығу тегі жайындағы пікірлері. 2. Жалпы өмір құбылыстарын жырлаудағы діни мотивтер. 3. Н. Наушабайұлы шығармаларындағы ақындық шеберлік пен көркемдік ізденіс. 4. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің қолданыста үйлесім табуы. 5. Н. Наушабайұлы шығармаларының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. 2.2.МАҚЫШ ҚАЛТАЕВ-ДІНИ АҒАРТУШЫ, АҚЫН Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 2. 3. 4. 5.

Мақыш Қалтаев өскен ортасы Мақыш Қалтайұлының ел ішіне ақындығымен мәшһүр болуы. Шығармашылыққа келу жолдары. Мақыш Қалтайұлы аудармаларының көркемдік және идеялық сипаты. Ақын шығармашылығындағы діни ұғымның ағартушылық маңызы.

Пайдаланатын әдебиеттер: 1.Әміренов Ә. Мақыш Қалтаевтың аудармалары / Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №5. 2. Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев.//Әдебиет және искусство.1950, №12. Кенжебаев Б., Есназарова Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп», 1966, 260-бет. 3. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., «Жазушы», 1986;,XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп»,1993; Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., «Ғылым», 1973. 4.Ақмола: Энциклопедия. А., «Атамұра», 1995, 248-бет. 38


5.Қалижанұлы У. Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым. А., «Білім», 1998; Қазақтың тәлімдік ой-пікірлер антологиясы. А., «Рауан» 1999; ҚСЭ.6-том. А., 1975. 640-б. 6.Каримуллин А. Книги и люди. Казань, 1985, 310 с. 7.Карими З. Айна. Қазан: Домбровский мәтбуғасы, 1913.23-б. 8.Шілдебай С. Түрікшілдік және Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс. А., «Ғылым», 2002, 214-б. 9.Боздағым. А., «Жазушы», 1990.304-бет. 10. Ысқақов Ы. Қазақ татар әдеби байланысы. А., «Ғылым», 1976,175-б. Отаршыл Ресей патшалығының түрлі саяси әрекеттері, тарихи жағдайлары оятқан қазақ оқығандарының, ақынының бірі – Мақыш Қалтаев. Мақыш жастай ерінбейжалықпай, ғылым жолына түсіп, әриене, діни медреселерді бітірген, кейін өзі де дәріс беріпті, молда болыпты, елді, жерді аралапты, жақсы мен жаманды саралапты. Мақыш Қалтайұлы Ақмола облысы Қараөткел маңында 1859 жылы туып, 1916 жылы қайтыс болған. Жасынан ескіше көп оқыған, Целиноград, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында, Троицк жағында бала оқытады.Бұрынғы Семей, Жетісу губернияларындағы қазақ ауылдарын аралап көрген. Талмай оқи-оқи, өз бетімен іздене жүріп, ел арасына аты тарайды, ел «молда Мақыш» немесе «Мәшһүр Мақыш» деп құрметпен атайды екен. М.Қалтаев шығармаларында діншілдік сарын өте басым болып келеді. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндейді.. Дінді – адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынады. Кейде пәни дүниеден жақсылық таппай, бақидағы қызықты жырлау арқылы ұсынатын тұстары бар. 1907 жылдан бастап шығармашылықпен айналысып, 1907-1913 жылдар арасында сегіз кітап шығарған. М.Қалтаев ΧΧ ғасырдың басында ең көп кітап жазған ақынның бірі болып табылады. Қай ақынды зерттесеңіз де, ол өз өмір сүрген ортасын, жерін, суын,ауылын, аймағын, қай жылы, қай жерде туып-өскеніне дейін жазып қалдырғанын көреміз. Біздің ойымызша, автордың өзінен артық кім жақсы біледі, автордың өзінен асып кім куәлік бере алады? М.Қалтайұлы да туған-өскен жерін суреттеген, ақын «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен мәнзумасы» атты кітабында: Атым – Мақыш, Қалтай дер атам атын, Бабам аты – Едіге, қазақ – затым. Ақмоладүр дуаным, Қыпшақ руым, Әр жерде саясатпен болды жүруім. Туған жер Есік, Нұра болсадағы, Қушоқы деген жерде бүгін тұруым. Бар арманы өз халқының сауатын ашу болғандықтан, ол осы өзі айтқан Қушоқы, Қараөткел деген жерлерде бала оқытады. Ақын күндіздәріс оқытып, түнде май шамның жарығымен өлең жазып, қаншама еңбектенсе де, әлдене алмапты, жоқ-жұрыны тірлікпен өмір өтіпті. Ол өзінің осындай нашар хал-жағдайын әртүрлі кітабында жырлап айтқан, ал «Тура жол» (Қазан,1910) деген жинағында тіпті тереңдетіп: Мен Мақыш Ақмоланың ақынымын, Мал, басқа бай болмаған пақырымын. Қаламмен қызмет қылған иранлардың, Әуелі болмасам да, ақырымын. Ақынды жүдеулік кедейлік кесіте алмайды, жасыта алмайды, ол өлең-жырды жаза түседі. Елін, өз Отанын барынша сүйген Мақыш Қалтайұлы есін біліп, етегін жапқан соң, бірыңғай жазушылықпен айналысуды өзіне иұрат санайды.Осы жолда аянбай тер төгеді, күндіз-түні жазған өлеңдерінің басын қосып, құрап, алты өлең кітабын шығарыпты. Олар: «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас (баян) еткен мәнзумасы» (Қазан, 1910), «Қазақтың 39


айнасы» (Қазан, 1910), «Тура жол»(Қазан, 1910), «Бар оқиға»(Қазан, 1913), «Сақ-сұқ» (татаршадн аударма, Қазан 1913), «Насихат қазақия» (Қазан, 1907). Жасына қисса-дастан, толғау аоқып, халықтың қара өлеңін, әнін, күйін тыңдап өскендіктен, Мақыш Қалтайұлы өз ойын, бүкіл үміт-арманын өлеңмен тоғапты. Ол қуанса да, күйінсе де өлеңменен сөйлеген. Осы тұрғыдан профессор Б.Кенжебаев: «Мақыш – ақын. Әлгі кітаптарынол тегіс өлеңмен жазған. Мақыштың өлеңдері қазақтың, шығысиың бұрынғы ауызша, жазбаша әдебиетінің дәстүрінде өлең-жыр, дастан-қисса, назым-мысал, нәзира үлгісінде келеді. Соларды ақын өзінше қиыстырған. Ол шығармаларында кітаби, халықтық сөздерді, сөз тіркестерін әрі көп, әрі орынды пайдаланған. Қазақ халқының өлең мәдениетін игерген. Мақыш өлең-жыр, дастан-қиссамен қатар, мақалалар да жазған. Оның мағыналы, көлемді мақалалары «Қазақ әйелінің бас бостандығы», «Қазақ тілінде кітап шығарудың керектігі туралы» деп аталады. Мақыш өз ұлтының төл перзенті, ол «елім-жұртым, халқым» деген асыл азамат. Жұрттың қамын жан-жақты терең ойлаған. Ақын елді сауаттандыру жағын көп ойлаған, тіпті армандаған десек те артық айтқандық емес, ол жасөспірімдерге арнап «Сақ-сұқ» деген кітапты татаршадан аударып шығарыпты, бұл Ғ.Рашиди деген ақынның өз кезеңіндегі ел-жұртына арнаған асыл дүниесі, бір қызығы қазақтың төл туындысындай қабылданады: Оқу парыз балаларға, Оқулыға баға бар ма? Оқудан үлкен аға бар ма? Оқу керек ойынды қойып, Жас уақыт гауһар-жақұт, Шегі жоқ шын көңілде тот. Өмірі өтіп өкінген көп, Оқу керек ойынды қойып. Ақын балалар біздің болашағымыз, олар қараңғы жолда қалмасын, алды жарық болсын, ақты ақ, қараны қара деп танысын, Алланың ақ жолы әділеттілікті сүйсін,ешкімнен тепкі көрмесін, біреуден өздері де қиянат тартпасын, «жас уақытыгауһар», ғылым-білімді тез меңгереді. Білім адамды парасатты да біліктілік етеді, білімі бар адам ешкімнен үркіп, сескенбейтінін жырлайды, ол: Оқу бітпес азық болар, Оқымаған азып-тозар. Көңілі жер жабық болар, Жастықта жарамас Жалқаулықты қой. Жалқаулық адам баласының дұшпаны, білім адам баласының ең жақын досы, білім алып, «достық» көмегіне сүйену керек пе, жоқ жалқау болып, дұшпанының табасына қалған дұрыс па, тағы да ақынға сөз берсек, ол: Ақымақтарға ақыл болар, Айтса сөзі мақұл болар... Оқудан да асар бар ма, Надандықтан қашар бар ма, Болсын нәсіп нашарларға, Білмеген мен білген қандай, Мысалы оның тән мен жандай, Біреуі түн, біреуі шамдай. Бекер болмас бекінген, Жерде қалмас жетілген. Жастықта жарамас, Жалқаулықты қой. 40


Біздің халқымыздың «білімдінің беті жарық, білімсіздің беті шарық» деген қанатты сөзін М.Қалтайұлы жан-жақты толықтырып, тіпті тереңдете жырлаған. Бұл еңбектің екі түрлі мәні бар, біріншіден, жасөспірімдерді оқуға, білуге, үйретуге, еңбек етуге, үлкенді сыйлауға үндесе, екіншеден білімді мен білімсізді, өнегелі мен өнегесізді, жол білетін мен жөн білместі салыстыра отырып, бірінен талмай үйренуге шақырса, бірінен алыс жүруге, маңайлап жақын бармауға хабардар етеді, тіпті, түсіндіріп, күдерін үздіруге дейін толғайды. Б.Кенжебаев алғашқы зерттеулерінде М.Қалтаевтың татар тілінен аударған «Айна» және «Сақ уа сұқ хәлдері» кітаптарын атаса, кейінгі еңбектерінде аталған екі кітаптан басқа екі бөлімнен тұратын «Бұлбұл құс» кітабын қосып, барлығы төрт кітап аударған деген мағлұмат береді. Сондай-ақ, 1995 жылы «Атамұра» баспасы шығарған «Ақмола» энциклопедиясының бір жерінде Мақыш Қалтаев татар тілінен екі кітап аударды деп жазса, енді бірде төрт кітап аударған деп бір-бірімен сәйкеспейтін әр түрлі дерек келтіреді. Біз талдап отырған «Сақ-сұқ» жинағы жайында тәуір пікірді «Қазақ кітабының шежіресі» атты еңбекте айтыпты. М.Қалтайұлының «Сақ-сұқ» атты аударма кітабы тікелей Ы.Алтынсариннің 1987 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Киргизская хрестоматияның» әсерінен шықты ма дейміз. Өйткені, үлкен ағартушының сол еңбегіндегі «Сөзбасы» деп аталатын бөлімі сөз етіп отырған. М.Қалтайұлының аударма еңбегіне өте жақын, тіпті сәйкес, ұқсас деуге де болады.Енді Ы.Алтынсаринға келсек, ол: Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.. Істің болар қайыры, Бастасаңыз аллалап, Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Көбіміз,бәріміз десек те болады, Ы.Алтынсариннің осы өлеңін білетінбіз, бірақ «Бір құдайға сыйынып» деп басталатынын кейіннен ұқтық.. Кеңес одағы кезінде «Кел, балалар, оқылық» дегенді оқып келдік, ғалымдар да бізге осылай түсіндірді. Сөйтсек, иманмен басталған әдемі дүниені бұзып, ұрпағымызды дінсіз, ділсіз етіп тәрбиелеуді алдын ала ойластырып қойған екен. Ы.Алтынсарин де, М.Қалтайұлы да өлеңдерін «Алланы» айтып бастайды, болашақ ұрпақты білім-ғылымға құштар болуға, ерінбей еңбек етуге, ата-ананы, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға шақырады. Екеуі де педагогиканы терең білетін ұстаз екендіктерін, көп оқыған парсатты жандар екенін көрсете білді, ұрпаққа үлгі-өнеге шаша білді. Бір айырмасы, М.Қалтайұлы көп жылдар бойы оқытылмай, жарияланбай, жабық күйде жатып қалды. Халқымыздың «Қап түбінде асыл пышақ жатпайды»,- деп тегіннен-тегін айтқан дейсіз бе, ақыры жарыққа шығып,ел игілігіне айналып отыр. Ақын саналы өмірін елін, әсіресе, жас ұрпақты сауаттындаруға арнапты, ол қолынан келгенше бала да оқытқан, шамасы келгенше сол ағартушылық мақсатын жүзеге асыру жолында кітап та жазған. Әсіресе, М.Қалтайұлы ғана емес, ΧΧ ғасырдың басындағы көптеген ақындардың ағартушылық ісін қолдап-қорғағаны белгілі. Бұл жайында Қазақ 41


Энциклопедиясында:» ΧΧ ғасырдың басында өлеңдер жазып, кітаптар бастырып, атағы шыққан, шығармаларында ағартушылық бағыт ұстанған қазақ ақын-жазушылары – Ә. Шоқанұлы (1858-1912); М.Қалтайұлы (1865-1916); Н.Наушабаев (1859-1919); М.Ж.Көпеев (1858-1931), Ш.Жәңгірұлы (1855-1933) және т.б.» деп айта келіп: «Кітаби ақындардың сіңірген еңбегі: олар ауыз әдебиетінің үлгілерін және жазба әдебиетінің текстерін ерінбей жинап,оларды жариялап отырды»,- десе бұл өте дұрыс пікір дейміз, өйткені сол кезде өз туындысы бар, аударып шығарған кітабы бар, М.Қалтайұлы да ауыз әдебиетіне жанжақты көңіл бөлген зиялы қауымның бірі. Ал, М.Ж.Көпеев, Ш.Жәңгірұлы, Ш.Құдайбердиев сияқты ел ішінен қайнап шыққан ғұламалардың жөні бір басқа. М.Қалтайұлының өз тұрғыларынан сәл айырмашылығы ол өзіөмір сүріп, өзі араласқан дәуірдің кем-кетігін дөп басып айтуға, тауып айтуға, танып айтуға барынша тырысады, көбінесе онысы сәтті шығады да, ол: Әр жұрттың көп аралап көрдім парқын, Базар барған біледі малдың нарқын. «Пайдаңды басыңа қыл» деген дейін, Сөйлеймін өзіміздің қазақ халқын. Әуелгі ізден айырылмай адасып жүр, Пайда, зарар ойламай алдын-артын, Адамбыз деп адасып алшаңдаймыз, Адамдықтық білмейміз тіпті шартын. Ауруға ащыдан дауа қылар, Табиғат болса да қанша сапқын. Ащы айтты деп ашуы келгендердің, Бола қалмас қасында жүзім жарқын. Біз ақынның осы кішкене үзіндісінен-ақ оның әділеттің ақ жолында болуға тырысатынын, қолынан келгенінше ел-жұртына құшағын ашып,көмектесуге дайын екенін байқаймыз. М.Қалтайұлының «Қазақ айнасы» атты жинағы туралы «Қазақ кітабының шежіресі» атты еңбекте бұл туындының мазмұны айтылған. Ақын көпті көрген, көп жерді аралаған, жақсымен де жаманмен де дәмдес-тұздас болған, өзі өмір сүрген, білген, саралап, талдап, өзінше қорытынды жасай келіп,ақырында адам баласы тек жақсы ісімен ғана мәңгі ғұмыр кешеді дей келіп: Мен өзім екі жолды жарастырдым, Пікірімді жүргізіп салыстырдым. Хақ сөзді халықтан қорқып қойғым келмей, Алдау, арбау жағынан алыс тұрдым. Достығымды қастықтай көргендерге, Түзу болмай азырақ шалыс тұрдым, Бір сөзімді бір атқа саудаламай. Білгенімді тұра айтып қалыс тұрдым. Адам баласына жақсы болу үшін көп нәрсе керек-ақ, соның бір абзал түрі – әділдік, туралық, қара қылды қақ жарған Алланың ақ жолы шындық. Жалған сөйлеу жарамсақтан адамзаттың дұшпаны, ащы да болса бетке айту кісілік екені хақ. М.Қалтайұлы өзі қандай адалдықты ұнатса, сол жолмен жан-жақты тура бұрылмай жүрсе, халайық-қауымнан да, елден-жұрттан да, ағайын-бауырлардан да әділдікті талап еткен. Бүкіл тірлігі, оқуы, ізденуі жұртқа шашқан үлгісі де осы ақ жол еді, арманы да, алдағы үміті де осы еді. Ақынның алдағы күнге деген жарық сенімі туралы айта келіп, Б.Кенжебаев: «Әсіресе соңғы өлеңдерінде Мақыш еліміздегі қалыптың, қазақ тұрмысының жаңғыратынына сенеді, соны арман етеді. 1913 жылы шыққан бір кітабындағы бір өлеңі былай келеді: Кетер бір заман шексіз бұл ақ қарлар, Жылынар күн, болар желеусіз шуақтар. Көре алмаспын мен ол қардың кеткенін, 42


Болмаса халіме бір шипа жақтан. Кетер боран, аяз бен жел, суық та, Жауып жаңбыр, жері көктер шуақта. Жасыл мақпал кілем болар қара жер, Болармын мен көруде ол уақытта. Болар дүние ол уақытта бір жеміс бақшадай, Ағар сулар сылдырап, төгілген ақшадай. Шаттықпен қызық көріп жүрер әркім, Ол күнде тек болсын менің қабірім сарай. Өсер көктер жер үстінде толқындап, Сайрар құстары неше түрлі мұңдатып. Болар күнде әркімге бостаншылық, Тек мен жатармын топыраққа былғанып. Ақынның аузына сөзді Алланың өзі салды»,- демекші, шынында М.Қалтайұлы еліміздің еркіндікке қол жетіп, егемендік алатынын қалай сезген? Әрине, бес уақыт намазын қаза қылмаған, отыз күн оразасын да дұрыс ұстаған, оның үстіне «Мен мұсылманмын» деп кеудесінқаққан әрбір азаматтың армандайтын қажылығана да барған Мақыш аса құдіретті Алланың өзі алдындағы жақсы күнді сездірген секілді.Ол алты өлең кітап шығарып,төрт аударма жинақ берегн еңбекқор жан екенін жоғарыда сөз еткенбіз, сосы өлең-жырларының ішіндегі жілік майы татитыны «Қазақ айнасы» атты өлең кітабы екенін тағы да айту артық болмас, ақын осы аталған еңбегінде: Айнадай көрсетемін жұрттың мінін, Қорқып ішке жимаймын сөздің шынын. Жақын, алыс, дос, дұшпан – бірдей, Сөйлеймін жалтақтамай хақтың құлын. Мақыш Қалтайұлының өлеңдері де, аудармалары да әр кезде сөз болып келген, біреулер өлеңдерінің идеясына, мазмұнына мән берсе, енді бір зерттеушілер шындықты айтады, ақиқатты жырлайды деп тәуір бағалайды. Ал, кейбір тіл зерттеушілері ақынның өлеңдерінде араб, парсы, түркі тілдерінен сөздер бар деп тілінің шұбарлығын тілге тиек етеді. Біз осы орайда Ә.Құрышжановқа құлақ ассақ, ол: «М.Қалтаев шығармаларытаза «кітаби тілден» гөрі, «қоспа тілде» жазылған. Яғни бұл шығармалардың негізгі сөздік қоры мен грамматикалық құрылысы қазақ тіліне тән де, орфографиясы сол кездегі бірсыпыра түркі тілдерінің жазу дәстүріне тән. Сонымен бірге, онда бөтен тілдерден, әсіресе, араб-парсы тілдерінен алынған сөздер де жеткілікті»,- деген ғалымның пікірінде шындық бар. Расында М.Қалтайұлы «Тура жол», «Насихат қазақия», «Біраз ғибрат сөз», «Бар оқиға» кітаптарынан жоғарыда Ә.Құрышжановтың айтқан пікірінің дұрыстығы байқалады. Ақынның шығармашылығын арнай зерттеген келелі ғылыми еңбек болмағанымен, ол туралы және шығармашылығы туралы бірқатарғалымдар, ақындар мен жазушылар әр кезде ғылыми ойлар, пікірлер айтқан. Біз ең алдымен, Б.Кенжебаевты айтамыз, профессор өзінің «ΧΧ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті» атты ғылыми еңбегінде М.Қалтайұлына арнайы тоқталып, «Мақыш Қалтайұлы» деген ғылыми жүйелі тарау жазған.Ол осы еңбегіндеақынның өмірбаянын, өлеңдері мен аудармаларына кеңінен түснік береді. Айтулы ғалым Ы.Дүйсенбаев та М.Қалтайұлының шығармашылығына арнап бірнеше құнды пікірлер айтқан, содан кейін Ә.Дербісәлин, Ә.Құрышжанов, М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Т.Нұртазин секілді зерттеушілердің еңбектерінде аталады. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Мақыш Қалтайұлының шығармашылығына қатысты тың деректер мен баспасөз материалдарын әзірлеу. 2. Ақынның «Тура жол», «Біраз ғибрат сөз», «Бар оқиға» өлеңдеріндегі ағарту және тәуелсіздік мәселелерінің жырлануы. 43


3. М. Қалтайұлы «Насихат қазақия», «Қазақ айнасы» шығармаларындағы шежіре және дерек мәселелері. 4. Мақыш Қалтайұлы шығармашылығының кеңестік дәуірде зерттелу жайы. 5. Ақын аудармаларының қазақ әдебиетіндегі көркемдік маңызы. 2.3.МӘШҺҮР–ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҒЫ Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. Мәшһүр Жүсіп өмірінен деректер 2. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниетанымы 3. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы дін және ізгілік мәселелері 4. Халық ауыз әдебиетін жинаушы, шежіреші. 5. Шығыс әдебиеті мен Мәшһүр – Жүсіп туындыларындағы ортақ сюжеттер 6. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының зерттелуі. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Мұхамедханов Қ.Мәшһүр Жүсіп Қ. Мәшһүр-Жүсіп мұрасы жөнінде / Жұлдыз, 2006, №3 2.Сүтжанов С. Мәшһүр Жүсіп дүниетанымы / Қазақ тілі мен әдебиеті, 2005 3.Дәуітұлы С. Мәшһүр Жүсіп шежіресі / Асыл мұра 4.Жүсіпов Н. Мәшһүр Жүсіп « Дала уалаяты» газетінде / Қазақ тілі мен әдебиеті,2007 5.Жүсіпов Н. Мәшһүр-Жүсіп – қазақ ауыз әдебиетін жинаушы/ Қазақ тілі мен әдебиеті,2005 6.Жүсіпов Е. Шығыс әдебиеті мен Мәшһүр-Жүсіп туындылардағы сюжет төркіндестігі 7.Теметаева Г. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы мен батыс және шығыс әдебиеті байланысының мәселелері / Егемен Қазақстан, 2006, №5-6 8. Мәшһүр Жүсіп Қ. Бағзыдан жеткен үн / Егемен Қазақстан, 2006, №3 9.Евсюков В.В. Мифы о вселенной. Новосибирск. Наука. Сиб. Отд., 1988. 33с 10.Аманқос Мектептегі. «Ғарыш қонағының хаты немесе көне түрік руникасының құпиясы» атты монографияға этнолингвистикалық тарихи пайымдама. // Ана тілі, 7 мамыр, 1988 11.Библия. Москва: Изд-во Моск. Патриархии, 1990.10с. 12.Құран Кәрім. Медине, 1991.217,226,343 б 13.Дала уалаяты газеті. Алматы: Ғылым, 1992. Т.4. 77-80 б. 14. Пиотровский М.Б. Коранические сказания. Москва: Наука, Гл.ред. Вост.лит.., 1991.51с. 15.Мәшһүр-Жүсіп. Сүлеймен пағамбар мен құмырсқа. // Азия. 3 шілде,1992.5б. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев 1858 жылы қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1863 жылы Байжан деген қазіреттің ұйымдастыруымен Баянауылда медресе ашылады да, әкесі бес жасар Жүсіпті соған оқуға береді. Жүсіп оқуға өте жас түссе де, өзінің алғырлығымен, зеректігімен бірден көзге түседі. Ол алғашқы қыстың өзінде хат танып шығады да, 7 – 9 жасында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ер тарғын» сияқты батырлар жырын және шығыс қиссаларының біразын жатқа соғатын болады. Жүсіп он бес жасына дейін медресе оқуында болады. Әуелі Нажмидден қазіреттен кейін Омбыдан келген Қамар қазіреттен оқиды. Мәшһүр-Жүсіп ақындық өмірінің алғашқы кезеңінде, он алты жас пен отыз жасының аралығында, қыз-келіншектерге, өткендегі батырларға арнап өлең – жыр шығарып жүреді. Ел аралап, сөз зергерлерімен жиі жүздесіп, сөз өнерін меңгереді. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинайды.

44


Жүсіп 29 жасында, 1887 жылы Ташкент, Бұхара қалаларына барып, ол жақта тоғыз айдай уақыт болып, шығыс мәдениетімен танысумен бірге діни білімін де көтеріп қайтады. 1888 жылдан бастап бірінші қазақ газеті «Дала уялаты» бетінен МәшһүрЖүсіптің мақалалары мен өлеңдері жиі көрініп отырады. Ақын бұл жылдары ұрлықтардың әділетсіздігін, байлардың зорлықшылдығын, ел ішінде өріс алғаннадандықты сынайды, елді өнерге, отыршылыққа шақырады. Ең бастысы, халықтың ауыр тұрмысын көрсетеді. 1894 жылы, 36 жасында Мәшһүр-Жүсіп Орта Азия жаққа екінші рет саяхат жасайды. Ақын бұл сапарларында бар жерден де халықтың ауыр өмірін көре түсіп, өз үнін батыл шығара бастайды. 1888 жылдардан бастап Мәшһүр-Жүсіптің халық өмірін белсене жырлай бастағанын ескере отырып, 1888 – 1905 жылдардың арасындағы еңбегін ақындық өміріндегі екінші кезең, сапа жағынан мүлде жаңа кезең деп білеміз. Мәшһүр-Жүсіптің ақындық өмірінің үшінші кезеңі 1905 – 1912 жылдарды қамтиды. Ол әсіресе 1905 – 1907 жылдары саяси санада батыл көрінуімен байланысты. Бұл кезеңнің айырмашылығы сол – патша үкіметінің 17 қазанындағы манифесінен кейін қазақ халқының наразылығы өсе түсумен бірге, патшаға сеніп алданғаны Мәшһүр-Жүсіп шығармаларынан анық көрінеді. Ақын 1907 жылы Қазан баспасынан «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы», «Хал-ахуал» деген үш кітабын бастырып шығарды. Ақын бұл үш еңбегінде де патша манифесіне сеніп кеңшілік күтеді, қазақ даласын жайлаған жоқшылық пен теңсіздіктің күштілігін де, себебін де ашып береді, ашына сынайды. 1905 жылғы патша манифесі алдау боп шыққағалы Мәшһүр-Жүсіптің баспа бетін көрген шығармалары қайта қаралып, кітапты басып шығарушылар да, оның авторы да қуғынға ұшырауынан анық көрінеді. Шамамен, 1913 жылдан бастап, Мәшһүр-Жүсіптің өмірінің ақырына – 1931 жылға дейінгі аралық уақытты ақын өмірі мен творчествосының төртінші кезеңіне жатқызамыз. Бұл кезде ақын жазудан мүлде қол үзіп кетті деуге болады, өйткені анда-санда туған-туысқандарына хаттары, бірен-саран өлеңдері болмаса, ел өміріне белсене араласып, жазғандары мүлде аз. Ақынның соңғы жылдар ішінде үндемеуін оның жігерінің жасып, үмітінің тозып, 1907-1912 жылдары күшейген қуғыннан қорғалақтап қалғанынан деп білу керек. Көп уақыт Мәшһүр-Жүсіп совет заманы тұсында ештеңе жазбады делініп келді. Ол пікірлердің бекер екендігін жаңадан табылған бір топ өлеңдері де дәлелдесе керек. Әйтсе де жасы келіп қалған дығы бар, жеке қайғысы бар, түрлі себептермен бұл кезде сирек жазған. Мысалы, 1915 жылы оның әйелі қайтыс болса, 1921 жылы 18 маусымда Ташкент қаласында мұғалімдік етіп жүрген Әмин деген баласы 34 жасында қаза табады. Әмин Мәшһүр-Жүсіптің: «бір балам бар өзімнен өте туған» деп үлкен сенім артқан баласы екен. Қазақ ССР Ғылым академиясындағы МәшһүрЖүсіп қолжазбаларының арасында Әминнің де бір топ өлеңдері бар. Оның, әсіресе, 1916 жылғы халық наразылығы жөнінде жазғандарының ішінде жоғары идеялы өлеңдері баршылық. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев 1931 жылы 27 қарашада қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Ескелді деген жерде дүние салды. Сүйегі күні бұрын өзі салдырған бейіт үйіне жерленген. Жоғарыда атап кеткеніміздей, 1888 жылдардан бастап шыға бастаған «Дала уалаяты» газетіне Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өз мақалалары мен өлеңдерін жиі бастырып, ел өміріне маңызды деген мәселелерді өзінше көтеріп отырған. Сол кездегі қазақтың демократ ақын-жазушыларының көтерген негізгі 45


тақырыптарының бірі халықты өнер-білімге, отырықшылыққа шақыру болса, Мәшһүр-Жүсіп те сол ойды өзінше осы газет бетінде көтереді. 1890 жылы халықты кәсіпке, отырықшылыққа шақырған ойларын былай деп түйеді: Деп айттым пайда қыл деп бозбалаға Меңіреулер біреу түртпей қозғала ма? Мал да бақ, егін де сал, сауда да қыл Бостан-бос жүрмедеймін құр далада. Мәшһүр-Жүсіптің тағы бір үлкен еңбегі сол - әйелдерге білім берудің қажеттігін батыл қуаттап, өзінше болса да дәлелдейді. Ол былай деп жазады: Ғылым «еркекке бір есе керек болса әйелге он есе керек». Олай деу себебін ақын өзінше дәлелдермен тұжырымдайды. Біріншіден, оның еркекке қарағанда, оқуға мүмкіншілігі аз, сондықтан қамқорлыққа еркектен гөрі де әйел зәру. Екіншіден, әйел оқыса, баланың жанында көп болатындықтан, баласында білімді ғып шығаруға көп көңіл бөлер еді дейді. Автор сонымен бірге бала тәрбиесі жөніндегі пікірлерін де ортаға салады. Баланың жақсы болып өсуі үшін ата-анасы білімді болсын, қоршаған ортасы, әсіресе, көршілері үлгілі адамдар болсын дейді. Баланың өнерсіз, жалқау надан боп келетіні шала тәрбиенің нәтижесі екенін ашады. Ең бірінші тоқталатын өлеңіміз – ақынның 37 жасында жазып, кейін 1907 жылғы « Хал-ахуал» жинағына кіргізген өлеңі «Бұлбұл мен Қаршығаның айтысы», Мәшһүр-Жүсіп бұл өлеңінде Бұлбұл арқылы халық қамын жоқтаушы ақынның, яғни, өзінің бейнесін жасайды да, оны Қаршығаға, өз пайдасын ғана ойлайтын ел билеушілердің өзімшіл қолшоқпарларына қарсы қояды. Өлеңнің басында Бұлбұл Қаршығаға келіп екеуінің басында екі түрлі жай бар екенін айтып, себебін сұрайды. Ол Қаршығаға сен болсаң «билердің оң қолында» жүресің, тамағың да тоқ, беделің де сыйлы. Мен болсам, «әр түнді сайраумен» өткіземін, сондағы іздейтінім бір қызыл гүл, ол ашылса, бақытты болар ем, бірақ ашылар емес» дегенді айтады да: Зарлаймын ұзын түні көрермін деп, Көре алмай ашылғанын қасіретім көп. Ғұмырымда бір ашылған уақытын көрмей Барамын бұ жалғаннан уайым жеп, деп, мұңын шағып, не істеуі керегіне одан ақыл сұрағандай болады. Қаршыға жатып келіп Бұлбұлды сөгеді. Бір гүлге ғашық боп түні бойы сайрайтындығың сенің ақымақтығың, өйткені өз пайдаңды ойлай білмейсің. Мұратқа жеткің келсе, мен сияқты үндемес бол, күштілерді тыңдай бер дегенді айтады. Қаршығаның бұл көзқарасын Бұлбұл өте дәл сынап, өте әдемі жауап береді. Сен тамақ үшін сатылып, бір ұрттам үшін қан үшін бір құс өлтіресің, бүйтіп қор болып жүргенше өлгенің жақсы еді. Ал мен мұратыма жетпесем де өзіме - өзім ризамын, өйткені ісім дұрыс дегенді айтады. Ақын өлеңінің соңында өз атынан сөйлеп, Бұлбұл ісін жастарға үлгі етеді: Құс болсаң, бозбалалар, Бұлбұлдай бол Табылар іздегенге бір қызыл гүл. Ет үшін бір – екі елі торға түскен Тіл алсаң, бола көрме қаршыға сол 1907 жылы Қазан баспасынан Мәшһүр-Жүсіптің үш кітабы шықты дедік. Бұл кітаптарының бәрінде де ақын патшаның манифест шығарғанына назар аударады, манифест арқылы жақсылық орнайды деп сенгендігін білдіреді. Бірақ оны жергілікті әкімдер халықтан жасырды деп, олардың бұрынғы ниеттерінен қайтпай отырғандарына назаланады. Қолында үкіметі тұрған күнде Жіберсін біздің жаққа не қып қиып, 46


деп, әкімдердің өз еркімен теңдік бермейтінін дұрыс байқаса да, патшаны олардан бөліп алуы ақынның адасуы еді. Кітаптың алтыншы бөлімінде Мәшһүр-Жүсіп, әсіресе, 1869 жылдан кейін күшейе түскен патша үкіметінің қанау саясатын әшкерелейді. Қарсы келген талай ерлердің түрмеде қан жұтып жатқанын, елді қорқыту үшін ұлықтардың тұтқындау, штраф салу, жала жауып қуғындау шараларын жүргізетінін баян етеді. Сегізінші бөлімінде де ел арызын ешкімнің тыңдамайтынын мәлім етеді. Жетінші бөлімінде елдегі теңсіздікке, озбырлыққа, қанау саясатына, қулық – сұмдыққа ақынның батыл қарсы шыққанын көреміз. Өлеңді өз тілімен сөйлетсек: Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан Әр нәрсе шағымызда болып жатқан ...Құрметті ел билеген хакімдер де Жыландай зәрін төгіп сорыпи жатқан. Бас салып мұңлы – зарлы, кем - кетікті Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан. ... Жатырмыз бір қараңғы ұзын түнде Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан. Ақын осы кітабының ішіндегі «Қазақтың қылып жүрген жұмысы» деген екінші ұзақ өлеңінде де көп мәселелерді қозғайды. Мәшһүр-Жүсіп, ең бірінші, ел ішіндегі партия болып жікке бөлінушілікті айыптайды. Оның нәтижесінде ел өмірінің берекесі кететінін, күнде кеңеспен, даумен босқа уақыт өлетінін, өз жақтарына көбірек адам тарту үшін көп мал шығын болатынын айтады, мұның бәрінің көбінесе болыстыққа таласу үстінде болатынын көрсетеді. Біреуді біреуге айдап салушылардың әрекетін мінейді, мұндай жік – жікке бөліну, әсіресе, кедейге зиян екенін ашады: Таусылмай ала жаздай күнде жиын Жұмыс жоқ еш бітірген жалғыз тиын. Сабылтып жалғыз атын тулақ қылып Кедейге мінері жоқ болды қиын. Жыртылды байға ерумен кедей таңа Есінен адастырып байдың шаңы. Мәшһүр-Жүсіп кітабының алғашқы бөлігінде де ел билеушілерді түйреп еді, мұнда ол сынын тереңдете түседі: Жалаңдап аждаһадай ауылнайлар Беліне ақ киізден күйек байлар Цифрын бес тиынның бес теңге деп Кедейдің хат білмеген соры қайнар. Мойнына сары жезден қарғы салып, Алдына неше түрлі дау – шар барып, Жиылып қара құстай билер отыр Жемтігін өлексенің қоршап алып. Ақын олардың үстінен қарайтын жоғарғы ұлықтардың да озбырлық пен әділетсіздікке келгенде, бір – бірінен кем түспейтінін бейнелейді: Хакімде үкіметші әділдік жоқ, Параны көп жейтұғын, сол өнерде. Сабылтып ат – айғырды қан – сорпа ғып Чиновник қырып – жойып жүрген елде. Былқылдап майға піскен қой – қозыны Сұраусыз, ықтиярсыз соя берді. Тауықтың қоразындай қоқиланып Боқтайды стражник тұрып төрде. 47


Автор ел тарасында кездесетін ұрыларды да байларды арқа тұтатынына, оның залалын кедей – көпшілік тартатынына назар аударады: Байлардан аты даяр боп тұрған соң Ұрылар ұрлығынан тыйылмаған. Би, болыс, бай мен ұры біріккен соң Кем – кетік, нашарлар күн көре алмаған. Сол кітаптағы мына бір үзіндінің өзі де Мәшһүр-Жүсіптің үстем езуші таппан ел сыйыспағанын дәлелдемей ме? Байға дос көп, кедейге бәрі дұшпан Бар – жоқты теңгеретін жоқ таразы. Қажы мен қожа – молда біріккен соң Күшейді өштік – қастық, ел аражыАқын осындай ұнамсыз жайларға ашына отырып, қазақ халқын ынтымақтасып, бірігуге, өнер – білімге, отырықшылыққа үгіттейді: Өнерге, ғылым – білім болсақ жерік Берілер ақыр бір күн басыңа ерік. Көп жұрттан көз жасыңа қылсаң куә Табылар мұңлы – зарлы саған серік. Енді бір тоқталатынымыз – «Шайтанның саудасы» оқиғалы. Мәшһүр-Жүсіп бір өлеңнің өзінде бүкіл заман шындығын әлеуметтік теңсіздікті, қанаушы тап өкілдерінің теріс, зиянды істерін кең қамтып көрсете алған. Ол үшін ақын алдымен базарға сатуға он бес көлік жүк әкеле жатқан шайтан мен Ғайса пайғамбарды кезіктіреді. Қай әдебиетте болмасын шайтан алдау, екіжүзділіктің символы ретінде алынып келгені белгілі. Өлеңде қанаушы тап өкілдерінің алдау, қиянат істерінің сол шайтаннан асып түскені нанымды да, әсерлі берілген. Шайтанның сауда жасауға базарға жүк әкеле жатқанын білгенде (шайтанның сауда жасауы да тосын, таң құбылыс), Ғайса пайғамбардың таң қалуы да болайын деп тұрған оқиғаға оқырман қызығуын арттыруға қызмет етеді. Шайтан бес есектің біріне өтірікті, екіншісіне айлакерлікті, үшіншісіне күншілдікті, төртіншісіне зорлықты, енді біріне тәккаппарлықты артып алғанын мәлімдейді. Сол зиянды, теріс әдет істерді кімдер сатып алатыны шайтан сөзімен беріледі. Шайтанның өз табысына сенімі молдығы, жүгін алушылардың таласып алатынын қайталап айтып, соңы мақтаныш тұтатыны да сол жүк иемденушілер ісінің келіссіздігі жарқырап ашылуына ықпал етеді: Базарға айдап барып салсам қатар, Алдымен жетіп келер алыпсатар. Түк қоймай өтірігімді талап алып, О да алдап көрінгенді, дәмін татар ...Базарға алып барса не қалады? Қараумен әр нәрсеге көз талады. Білетін күншілдіктің қадір – құнын, Оқыған көп оқулы молда алады. Шаршарсың базар барсаң басың қатып, Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып, Жұрт билейтін ұлықтар таласумен Зорлығымды алады пұлға сатып. ...Біреуі ұн, біреу пұттан май алады Біреу қой, біреу тайынша, тай алады. 48


Тәккаппарлық жүгімді қалдырмастан, Жетілген надандыққа бай алады. Назар аудара қарасақ, Мәшһүр-Жүсіп сол зиянды әдет иелері кімдер екені жай таныстырып қоймайды, солардың әрқайсысының теріс, зиянды әрекеттерін жеріне жеткізе әшкерелей біледі. Мәселен, алыпсатарлар өтірікті жай ғана немденіп қоймайды, «О да алдап көрінгенді» дәмін татады. Ол аз десеңіз, мына бір сыны тағы бар: Көтерме өтірікпен менен қалған, Бар күшін сап олар да сөйлер жалған. Кім болса бұл заманда сол әкетер, Қор болып қашан өтірік жерде қалған?! Ұлықтардың зорлықты таласып алуы да олардың зорлықшыл болғанда. Соның барып тұрғаны екенін танытып тұр. Одан кейін берілген мына бір ойларды тек шайтан айтқан пікір деп бөліп қарастыра алмаймыз. Бұл ара – тұра автордың өзі кірісіп, шайтанның аузына өз идеясын салып, ортақ төл сөз жасаған тұстары: Неге болыс болады малын шашып, Қашан болып шыққанша жанталасып. Текке тиын біреуге кім береді, Зорлық пенен алмаса үкімі асып. Мәшһүр-Жүсіп өлеңінде бұл айтылған сындармен шектелмейді. Жоғарыда көрсетілген зиянды әдеттердің бәрі бес есепке артылса, қалған қашырға бірдей (қашыр есептен де көп жүк көтереді емес пе) бір – ақ жүк артылған. Демек, мұндағы кесепат бәрінен де асып түсетін ең ауыр кесепат деген сөз. Ақын он қашырдағы жүктің атын «Тамиғ» деп берген. Е. Ысмайыловтың 1940 жылы құрастырған оқулығында да, Т. Әбдірахманов, Қ. Жармағамбетов құрастырған 1959 жылғы хрестоматияда да «Тамиғ» сөзі «Дәме ету», «Тілемсектік» мағынасын береді деп түсінік берілген. Біздіңше «Тамиғ» сөзінің араб тілінде мағынасы көп. Бұл өлеңдегі «Тамиғ» мағынасы дәме ету, тілемсектік ұғымына сыймайды. Сондықтан «Тамиғ» сөзінің араб тіліндегі «сараңдық, ашкөздік» мағынасы өлең рухына, ондағы адамдар іс-әрекетіне дөп келеді деп санаймыз. Өлеңнің өзіне сөз берейік: Бес есек өзді-өзінің орнына өтті. Жүк еді он қашырда бір ретті. Артқаным бәріне де тамиғ еді, Біреуін тіленшілер талап кетті. Иыққа ала қоржын салған алды. Қайыр сұрап жұрт тынышын алған алды. Пірге қол берген сопы пірадарлар Жұрттан пұл жинап қажыға барған алды. Егер тек осы екі шумақпен шектелсек, сөз мағынасын «дәме ету,тілемсектік» деп шектеуге де болатын тәрізді.Бірақ өлеңнің келер жолдарында дәме ету тілемсектік ұғымы емес, ашкөздік, сараңдық, дүниеқорлық көрінеді ғой: Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті. Тоғызы өтпей біраз тентіретті. Қожа,молда,ишандар елді жеген, Дағдарып тұрған шақта солар жетті. Біз үйде қалай шыдап жатамыз?-деп, Мұны алсақ,қарық олжаға батамыз,- деп. Шайтаннан көтерме алған бұл тамиғты, 49


Қыдырып үйден-үйге сатамыз, - деп. Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды. Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды. Біреуде шай, біреуде ет қайнатып, Жұрттан пайда шығарып алмақ болды. Ақын сонымен қатар халық санасын улайтын дін иелерінің алдамшылығын, пайдакүнемдігін жайып салады: Басына дағарадай сәлде салды, Жұрт қоршап: -Ой, тақсыр! – деп, ортаға алды. Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып, Тәспіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап, Надандық қисық, қыңыр жолға бастап. Онысы – жерге шашқан бидай, тары. Торғайды келу үшін торғай бастап. Міне, бұл жолдардың жеке өзі-ақ Мәшһүр-Жүсіптің дін иелерін жай, жеңіл әжуалап, қана қоймағанын, барынша өткір түйрей білгенін дәлелдесе керек. Өлең соңындағы өзі кірісіп айтқан қорытынды сөзінде де Мәшһүр-Жүсіп өз сынының жай бір сөз арасындағы сын еместігін әйгілейді: Ежелден болып өстім байға өш, қас. Қожа, молда, ишандар – бәрі бір бас. Назар аударарлық жәйіт: Мәшһүр-Жүсіптің қанаушы тап өкілдерінен ірге бөлуі, оларды барынша батыл айыптауы бір шығармасында ғана емес, жоғарыда көргеніміздей, көп туындысында қайталанып келіп отыратындығы. Осы орайда айта кетейік, 1928 жылғы қазақ байларының мал-мүлкі конфискеленуінен кейін 1931 жылы өлер шағында жазған мына бір өлең жолдары – сол бұрын айтылған пікірлерінің әрі жалғасы, әрі қорытындысы: Ай, Мәшһүр, туа қастас болдың баймен, Бай көрінсе, қашушы ең қолат саймен... Байдың түбі боларын біліп мұндай Сөйлесіп қойғансың ба бір құдаймен. Онан соңғы бір қасың – қожа – молда. Олармен елдеспедің бұрын – сонда. Жамандап бас – басына өлең жазып Жазған сөзің әр жерде жүрді қолда. Қажы мен ишандарды түйрей шаныштың, Кейін бәрінен бойыңды аулақ салып қаштың. Азап бойың тік тұрып осылардан, Арапшы жік көрсетер бар ма албастың?! Рас, Мәшһүр-Жүсіпте қайшылық болмады емес. Ол көбінесе, жоғарыда атап өткеніміздей, 1905 жылғы патшаның октябрь манифесіне деген бастапқы үміті ақталмағаннан кейін біраз сарыуайым, торығуға салынуына байланысты. Ал, бірақ ақын қашан да әлеуметтік теңсіздікті батыл сынап: езуші байларды өлтіре түйреп, езілуші кедейлерге жанашырлық білдіріп отырған. Мұны біз жоғарыда талданған шығармалардан айқын көрдік. Оқырман көпшілік Мәшһүр-Жүсіпті көркем шығарма кейіпкері ретінде де біледі. Сондай-ақ, Мәшекеңнің ел арасынан жиған біраз фольклорын мұралары ақынның өзі тірі күнінде 1907 жылы Қазан баспасынан шығарған «Сарықарқаның кімдікі екендігі» 50


атты кітабының қара сөзбен жазылған нұсқасында көптеп кездеседі. Бұл еңбек 1990 жылы Мәшһүр Жүсіптің таңдамалы шығармаларының I-томына (құрастырушы С.Дәуітов) енгізілді, тек өлеңмен жазылғаны толық та, ал қара сөзбен жазылған көлемді бөлігі түсініктеме ретінде көп қысқартылып берілген (екі еседей). 1990 жылғы кітапта «Он сан ноғай білген соң, Орманбет би өлген соң, бұл Сарыарқаны қара қалмақ...» деген тіркес соңындағы көп нүктенің орнында «Қатысыбан» деген сөз түсіп қалып отыр (Қатысыбанқалмақтың ханы-Н,Ж.). Ақынның бұл еңбегінде: өзінің әлеуметтік-философиялық ойлары, дүниеге деген көзқарасы,тарыхқа өзінше баға беруі,оның жақсы-жаман жақтарын көре білуі, кейінгі үрім-бұтаққа арнаған үлгі-өнеге, өсиеттері жинақталып берілген. Сол сияқты Олжабай батыр, Жасыбай батыр,Шоң би туралы тарих үшін құнды деректер де,жер-су аттарына байланысты аңыздар да,Орта жүзден қажыға алғашқа болып барған уақ Нүркен бай,т.б. хақында айтылған деректер, этнографиялық мәліметтер мен фольклор үлгілері де баршылық. Сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп өз қолжазбасындағы кейбір өлең жырлардың В.В. Радловтан алынғанын ескертеді. Солтүстік өңір, Бұхар, Ташкентке барған сапарында Мәшһүр-Жүсіптің белгілі адамдарымен: Жәңгір төре, Саққұлақ шешен, Сыздық төре, Ақан сері, Көшек қожа мен Күдері қожа тұқымдары, Абылай хан тұқымдары, Мәделі қожа тағы басқалармен кездескені бізге ақын жазбаларынан мәлім. Бұл деректерге қарап отырып, Мәшһүр-Жүсіп жазбасында кездесетін Абылайға, Кенесары мен Наурызбайға қатысты аңыз-әңгімелерді т.б. Сыздық төре Кенесарыұлы мен Абылай хан тұқымдарынан алуы мүмкін десек, ал, шежіре, Бөгембай тағы басқа батырлар төңірегіндегі мәліметтерді Саққұлақ шешенмен, айтыс ақыны Күдері қожаға қатыстыны оның тұқым-жұрағатынан, Ақан сері мен Мәделі қожа өлеңдерін олардың өз ауыздарынан жазып алды деуге де болады. Әйтсе де, мұның біразы шындыққа жақынырақ болса, біразы сәйкес келмеуі де мүмкін. Мәселен, ақын жазып кеткен «Кенесары, Наурызбай өлімі туралы» әңгімесі соңында мынадай дерек бар: «Өлтіруге көзі қимай Тілеуғабыл Наурызбайды үш ай (тоқсан күн) сақтапты. Ақырында Тілеуғабыл өзі бір жаққа кеткенде, жанкүйері өлген қырғыздар қоқиланып келіп, өлтіріп тастады» дейді. «Наурызбайды өлтіргендер дәнемеге де ұшыраған жоқ»,−десіп мұны қырғыз жұртының өздерінің жиһан кезген, орыс қолына түсіп, жер аударылғандары айтысады. Болмаса, Кенесары, Наурызбай қырғызға түскенде туғаным жоқ»,−делінген. Міне, бұл дерек түсініктеме орнына жүрсе, әрі әңгіменің жазылынып алу тарихына да сай келеді, тек деректі жеткізушінің нақты аты-жөні көрсетілмеген. Ал, «Абылай аспаған сары бел деген сөздің мағынасы» атты жазбасында МәшһүрЖүсіп әңгімені аяқтай отырып, оқиға растығына дәлел ретінде Төртуыл ішінде жүрген Төлеген Қожаның өлеңін береді: Кешегі өтіп кеткен хан Абылай, Соғыпты құбыладан ескен желдей. Сонау бір сары белден аспадым деп Кетіпті арман қылып біздің елді-ай!... Бұған қарап жоғарыдағы әңгіме хатқа сол өлең авторының айтуы негізінде түсірілген деуге болады. Ақынның «Жарылғап пен Абылай хан» әңгімесінде мынадай дерек кездеседі: « Бұрынғылар аңыз қылған: «Қазақта байлық, бектік, ұрлық−үшеуі бір тұқымға сыйған емес. Жалғыз-ақ осы үшеуі Жарылғапқа сыйған. Не үшін? Бұған дуа кеткен. Абылай хандай аруақты ерден дуа алған!− делінген сөз. Баймұрын мырзаның тұңғышы Шотақ байда көрдік. Мінезі−қойдай қоңыр, мырзалығы−жиексіз мыржа, әулие дерлік, табиғат иесі бір адам еді. Сол Шотақтың бәйбішесінен туған Исақ, Ермек-Мұса, Секербай заманындағы ұрының атақты дөкейі болды. Былтыр мен биыл атағы шығып жүрген Қышқашта сол Жарылғаптан шыққан ұры. Тірі болсаңдар, естисің. Қышқаштан дөкей Шатынауық шыққанын». Қазақстан мектебі, № 6, 1993, 79б.) 51


Бұл мәліметке сүйенсек, әңгіме негізінде тарихта болған оқиға желісі жатады да, оны жеткізуші не Жарылғап ұрпақтары, не сол маңайдағы Жарылғап нәсілін жақсы білетіндер деп тұжырымдауға болады. Мұндай шығарма ішінде кездесетін кейіпкерлер мен оқиға желілеріне түсініктеме беру басқа жинаушыларға ғарағанда Мәшһүр-Жүсіп әдістемесінің өзгешілігін таныта отырып, оның тарихи шындыққа жақын болуын негіздейді. Мәселен, шағын ғана «Төйте тәуіп» әңгімесінің өзінде-ақ, сол жердің не себептен «әулиелі Ақкөл» атануын Мәшһүр-Жүсіп былай деп жазған: « Бұл қозғаннан шыққан−Төйте тәуіп. Қызылтауда Жосалы деген жерде қоныс қыстады. Таң намазын сол жерде оқып, бесін намазын Ақкөлдің жағасында оқып, бір түн түнеп жатып, ертеңгі бамдатты сол жерде оқып, өмір бойы әдет қылған дейді. Ақкөлдің «әулиелі Ақкөл» атанғаны сондықтан дейді. Өзіне Қаракесек деген елден тоқсан қатын келіпті бала сұрап, бәріне де бірдеме депті, бір қатын құр қалыпты. Ол қатын назаланып жылап: «Осынша қатын бәрі алғанда, құдайдың сүймес пендесі мен болғаныма көзіңіз жетті ме?»−деп, жылап қоя берген соң,− «Бар, бердім!»−депті. Сол бала Жарылғап: Ақтанберді баласы жанысбай болған екен дейді». Ал, « Абылай ханның түсі» жазбасында: «Шымкент, Сайрам барып, оған Әбдірахман деген сартты ие қылды. Онан Жизақ үстіне барып, бір қоңыраттың байы қонақ қылып, сол түні оның бір келіні ұл туып, ол баланың атын Абылай қойған. Ол Абылай да өсіп-өніп бір тайпа ел болған. Жер ауып жүрген бір Қайып деген ұрпағына сөйлестік»,− делінген дерек келтіріледі де, әңгіме әрі қарай жалғасын табады. Бұл үзінді соңында мәліметтер де осы әңгіменің жазылынып алу тарихы есебінде жүрері анық. Сол аталған Төйте тәуіп лепесімен туған баланың есімін, тегін, бәрін дәл көрсетуі МәшһүрЖүсіптің бұл деректі сол қаһармандар туып-өскен жердің адамдарынан естігенін аңғартады деп санаймыз. Мәшһүр-Жүсіптің «Атасының аты біленбей өз аты шыққан ерлер» атты еңбегінде де белгілі бір әңгіменің жазылынып алыну тарихына қатысты дерек бірге берілген: «Қыпшақ Қорлыбай бидің баласы Досболдан, атаға жүйрік дегенмен шығыс жұртының біреуі ата сұрапты. Сонда өзінен Адам атаға шейін сырғытып айта беріпті. Адам атаға барғанда, «Адам атасы кім?−дегенде. −Адам атасы−Арслан,−депті. Естіп тұрған ғауымдар: −Жарықтықтың атаға жүйрігі-ай! Адам атаның атасының атын да біледі,−деген. «Мұндай атаға жүйрік жан тумас»−десіп, дүркірей-ақ жөнеліпті. Ол кісінің айтуы»... Көріп отырғанымыздай Мәшһүр-Жүсіп бұл әңгімені нақты кімнен жазып алғанын дәл көрсетіп отыр. Яғни әңгіменің жеткізушісі болып, қыпшақ Қорлыбай бидің баласы Досбол алынған. Бұны зерттеуші-ғалымның жинау әдістемесінің бір ерекшелігі деуге болады. Қайталап тұжырымдайыз: бұлай әңгіменің жазылып алыну тарихының берілуі Мәшһүр-Жүсіп жинаушылығының басты ерекшелігін, өзіндік жинау әдістемесінің басқалардан артықшылығын, өзгешілігін танытады. Ал, оқиғаның тарихта шын болғанының дәлелі ретінде «Төлеген ұлы Жанғабыл» әңгімесінің соңында Кәрібаев ақынның өлеңі кірістірілген: Кіші жүзге сыя алмай Тастай көштің жеріңді. Төлеген ұлы Жанғабыл Тоқсан кісіңді өлтіріп Бітеу сойып басыңды, Қоқанға берді жеріңді! Біздіңше, тарихта фактілерді баяндаған осы өлеңге қарап, әңгімені бізге жеткізушінің екінші бір авторы Кәрібоз деп бағалауға болады. Бұл тұста Мәшһүр-Жүсіп осы тәрізді өлеңдер негізінде әңгімені қара сөзге түсірген болуы керек деп те шамалаймыз. Қалай дегенде де, Кәрібоз өлеңінің қайткенмен, әңгімені жеткізуде белгілі бір орны болғандығы анық. Белгілі бір өлең мен тарихи дерек арасындағы сабақтастыққа 52


«Шорман би» әңгімесінен де көруге болады. Онда болған оқиға дәлелі ретінде Қанжығалы Қоскелді Досан ақын мен Қаржас Елтай ақынның сөз қағыстырулары беріліп: «Сонда Елтай ақын: Керей мен Қанжығалы сен емес пе ең? Байлаулы бұзауыммен тең емес пе ең? Кешегі жеті еріңді құнсыз қылған Балам-ау, әкең Қаржас мен емес пе ем,−дегенде, Досан ақын дәнеңе тауып айта алмай, жеңіліп қалыпты»−делінген. Мәшһүр-Жүсіп «Едіге туралы» әңгімесін қайдан жазып алғандығын да дәл көрсетіп кеткен: «Бұл сөзді кеше жалаң аяқ Ашдүр айтып, ол кісі де өзін сол жерге қойдырған екен. Қуандықтан шыққан Арық Қоңырбай−Айқожа; Есеннен халфе болып шыққан Ақбанбастың Ақпанымен бірге барып, Түркістанда мырза Фиасыт билеп тұрған заманда сартпен дауласып, «жалаң аяқ Ашдүр қазақтан шыққан әулие Керейіт сары сопының баласы еді» деп, сүйегін арқаға қоямын деп, сартты сөзден жеңіп көрін ақтарып, жалаң аяқ Ашдүрдің денесі шірімей, сасымай көмілген қалпында жатыр екен дейді. Қол созып қала бергенде, ашық тұрған күн алай-түлей боран болып кеткен соң, қойылған жерінен қозғағанын аруағы жаратпады-ау десіп, қайта жауып, үстіне белгі тұрғызып сонда Арық Қоңырбай Ақпанға айтқан екен; −Мен сенен бұрын өлемін, мені осы жерге қойыңдар,−деп. Өзінің өсиет қылуымен Ақпан Арық Қоңырбайды да сол араға апарып қойыпты. Ол жерге Бабай түкті Шашты Ғазиздің барлығын Едіге айтыпты. Ол екеуінің барлығын Арық Қоңырбай айтыпты. Арық Қоңырбайдың анық сол жерде екенін, міне, біз айтып отырмыз. Осындай біреуден- біреуге мирас болып келе жатқан сөз» Міне, бұдан Мәшһүр-Жүсіптің ел аузында таралған белгілі бір сөздің, не бір оқиғаның туу жағдайын, ауыздан-ауызға қалай таралғанын, осы күнге жету себебін−бәрін қамтығанын көреміз. Бұл тек Мәшһүр-Жүсіп жинаушылығына ғана тән артықшылық, өзгешелік десек қателеспейміз. Шоңға қатысты бір әңгімеде, бидің Қорысбайдың асына баруы, қасына ат бәйгесіне қосуға Жананның Қараласын; палуан бәйгесіне түсіруге Қаржас−Ақша; Байболаттың Байболатынан шыққан Сақау ақынды; Күлік Жаңабатыр бидің баласы қаһарлы Жанақты т.б. алып жүруі айтылады. Әңгіме Шоң бастаған көштің жеңіспен елге оралуымен аяқталғанын Мәшһүр-Жүсіп жаза отырып, манадай сілтеме келтіреді: «Сол астан қайтып келе жатып Тоқада Үш қозы атанған Телқозы, Байқозы, Қарақозының Телқозысына түстенуге түсе қалғанда, Телқозының бәйбішесі саба ұстап, қымыз құйып отырып, Шоңның қарасына көзі тойып отырып бойы иіген екен. Кідірмей бұл ұл тауып, атын Шоң қойған екен. Күні кеше Алтай, Тоқада атағы жер жарып, «Шоң баласы» атанған Шоң сол еді,−дейді. Тоқсан ауыз сөздің түймедей түйіні бар деп бұл әңгімені ұмыттырмаған Сақаудың бір ауыз өлеңі: «Мейрамның бас қосқанда бес баласы, Бұл қайыр Қоңыр екен дуанбасы. Қуандық Қарысбайға ас бергенде Жананның келген екен қара аласы. Бес мейрамның ұлына түгел жеткен, Қарқымбайдың үкілі бір сабасы»− Міне бұған қарап, әңгіме негізін Мәшһүр-Жүсіп Сақау ақыннан алды дей отырып, бұл деректі де әңгіменің жазылып алыну тарихы, түсініктемесі есебінде қарастырамыз. Сондай-ақ, Шоң би туралы әңгімелердің жазылу шынайлылығымен көңіл бөлгізеді: «Айдабол Поштай баласы Құсайын, Қаракесек Алшынбай баласы Қақабай, Қаржас Еркебұлан баласы Жантемір Шоң өлген жылы туған балалар. Осы айтылғандардың жиырма бес мүшелеріне туған Мәшһүр-Жүсіп өзінен жиырма бес жыл бұрын өлген Шоңның қасында бірге жүргендей ме, қалай?» 53


Ал, «Әз Тәйтеке би» әңгімесі ішінде берілген мақал-мәтелдердің авторы−заманында төрт Шөмекейге қараның ханы болған Өтетілеу деген кісі екенін, оның әкесі Кетебай заманында Алшын Қаражігіттің баласы Сопақ екенін Мәшһүр-Жүсіп ескертпесінен біліп отырамыз. Осы Сопақтың құн даулағаны турасында әңгіменің берілуі, әңгіменің бізге жеткізушінің есімі көрсетілуі т.б. мұның бәрі Мәшһүр-Жүсіптің бұл тұста да кімнен не алса да аты- жөнін көрсетіп отыруды ұмытпағанын дәлелдейді. Келесі «Жәуке би» әңгімесін кімнен және қайдан алғандығын Мәшһүр-Жүсіп алдымен ескертіп кетеді. Онда: «Қазақ жұртының Орта жүз Арғын тайпасынан Аққошқар Сайдалы атанған. Сол Аққошқар−кішкентай баласының сөзі»,−делінген. Міне, біз жоғарыдағы әңгімені Арғын тайпасынан шыққан Аққошқар баласынан Мәшһүр-Жүсіп жазып алғандығын көреміз. Ал, «Мәшһүр – Жүсіптің ала қарғамен айтысы» өленіңде қарға өзінің не себептен қарғысқа ұшырағанын түсіндіреді. Кемені тышқан тескенде, жылан бүк түсіп жатып алып тесіктен су жібермейді. Кейін сол үшін сыйақы талап етіп: «Кәнеки, еті тәтті мақұлық қайда?» - деп өтініш жасайды. Нұх пайғамбар тапсырмасымен мұны айқындау үшін алдымен қарға жіберіледі. Қарға құрлық жерді алдымен тапса да, жемтікке тойып, тапсырманы ұмытады. Ол кешіккен соң, соңынан ұшқан қарлығаш қарғаның ең тәтті деп адам етін атағанын естіп, адамға жаны ашып, айтқызбас үшңн қарға тілін шоқып алады. Пайғамбар алдына барғанда, қарға тілі кемсін болғандықтан да, не түйгенін айта алмай қалады. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлының «Сүлеймен пайғамбар мен құмырсқа» атты әңгімесі және «Сүлеймен пайғамбар мен байғыз» өлеңі бар екені белгілі. Бұл шығармалар сюжетінің бастау көзін іздесек, «Құран кәримге» тірелеміз: «Сүлейменнің (Ғ.С.) жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды... Ол бұлармен ақыр құмырсқаның ойпатына келген сәтте бір құмырсқа: «Әй, құмырсқалар! Ұяларыңа кіріңдер! Сүлеймен, оның әскерлері білмей жаншып кетпесін», - деді. М.Б.Пиотровский еңбегінде осы фабула қайталанып, соңында Сүлейменнің мұны естіп, құс тілін білетіні үшін жаратушыға ризашылық білдіруі келтіріледі. Мәшһүр – Жүсіпте құмырсқа сақтандырудың естіген соң, Сүлеймен оны шақыртып алады. Құмырсқа: «Менімен тілдесіп, жауаптассаңыз, құлағыңыздан қақ түбінен орын беріңіз. Әйтпесе, біріміз – көкте, біріміз – жерде, сөзіміз түгел бола ма?» - деп сұрайды. Құмырсқа – оны айтқаным: «Аналар басып кетеді де, сендер жаншылып қаласыңдар!» дегенім емес. «Алма алмадан реңк алады. Ат есекпен бір ақырда тұрса, мінездес болады. Желге ұшып жеңіл тартып жүргендерді тамаша қыламын деп, пікір, зікірден бос қалып, ғафыллардан болып құдай қасында тапталып, уатылып қаларсың!» дегенім еді. Құмырсқаның: «Сұрасам, құдайдың қзі неге бергенін айт: жұрттан бөлек не берді?! – деген сауалына Сүлеймен өзіне билеу үшін желді, билік үшін жүзікті бергенін айтады. Ал, құмырсқа желдің де, жүзіктік те мақтаныш бола алмайтынын өзінше дәлелдейді. Одан әрі Сүлейменнің: «Құдай жаратуда қайсымызды жақсы жаратты?» - деген сауалын құмырсқа орнықты жауап береді: «Бұл турадан хабарым бар. Хамидур шүкір жаратуында осы отырған сенен мені жаратты. Неге десең: өзге дүниене қарағанда, басың кіші, миың аз: Ақылыңның аздығы – сол! Менің өзге дүниеме қарағанда, қарның жуан: тойымдығың жоқ, қанағатың аз. Тойымы жоқ қанағатсызда қасиет бола ма?! – дейді. – Менің өзге дүниеме қарағанда, бөксе тарпым жуан: сол үшін өз қаралдымдан үлкен нәрселерді көтере беремін. Ақылымды көп қылып, тамақ үшін уайымды жоқ қылып, өзімнен зорды көтеретұғын күш беріп жаратты. Мұнан артық жаратылу бола ма?!- дейді». Әңгіме соңында құмырсқаның: «Жалғыз бидай жеті жыл жеуіме жарайды», деуіне шүбә келтіріп, Сүлейменнің оны жеті жыл бір бидаймен қамағаны құмырсқаның сол мерзімде жарты бидайды ғана жарытып, пайғамбардың қатесін бетіне басқаны баяндалады. Әңгіме былай тәмамдалады: «Хазірет Сүлеймен тоба қылып құмырсқадан қанша үгіт- насихат алып, өзінің білместігіне, оның білімділігіне қайыл болды. – Менен соңғы патша болғандар 54


мұнан ғибрат алсын! Біреудің көзге көрінісі құмырсқадай болса да, тауып айтқан сөзіне құлақ салып тұра қалсын! – деп, кітапқа жаздырып, кейінгіге қисса қылып кетті». Бұл әңгіменің кеңейтілген нұсқасы «Дала уалаяты» газетінің 1889 жылғы санында жарияланды. Құран кәримнің 27 – нәміл сүресінде Сүлеймен мен құмырсқа лебіздеусуінен кейін Сүлеймен мен Бөбісек деген құс әңгімесі берілген: (Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендейді де: «Бөбісекті неге көрмеймін, немесе ол жоғалып кетті ме?» - дейді... Сонда ол көп кешікпей-ақ келіп: «Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім», - деді. «Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі, оның үлкен тақты бар» ( Шахыл қызы Былқыс қатын патша бар еді. Б.М.К.Р.). «Оны да, елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрді. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді». Міне, осында келтірілген Былқыс (Билкис) туралы дерек араб әдебиетінде жаман ниетті әйел ретінде Сүлейменге байланыстырыла алынғанына зерттеуші Б.Я. Шидфар назар аудартады. Мәшһүр- Жүсіптің «Сүлеймен пайғамбар мен Байғыз» өлеңінде әйелінің теріс тілегін орындамаққа патша тамам құсты жинағанда, тек байғыс келмей қалады. Кейін оның келмеу, бөгелу себебі сұралғанда, Байғыз бен Сүлеймен лебіздесуі былай өрістейді: - Еркекті ессіз қылып қара басып, Зор болды ұрғашыға араласып. Еркек пен қатынды теңгергенде, Бір қатын артық шықты саннан асып. -Көз жұмбай дария кештім пенделіктен, Көрмедім пайда жиған дүниеліктен. Құдайым артық- кемсіз жұп жаратқан. Болғаны қатын артық ол неліктен? -Жалғанда аз күн теріп нәсіп жерміз Білмейміз бұ жүргенде не үшін жүрміз? Кей адам қатын тілін алатұғын, Біз оны еркек демей, қатын дерміз. -Қаралдың жұдырықтай ақылың зор, Қатын тілін алғанды қылдың ғой қор! Айырдың қан төгетін көп кінәдан, Байғызым, қанша дүние тұрғанша тұр! Мұның бәрі көне шығыс аңыздары мен Мәшһүр- Жүсіп туындылары арасында үндестік, орайластық, тығыз байланыс жатқанын дәлелдей түседі. Мәшһүр- Жүсіп пен Шығыс мәдениеті (оған ежелгі түркі мәдениеті де кіреді) үндестігі дегенде белгілі бір тақырыптағы, оның ішінде дәстүрлі баламаны пайдаланудағы, сабақтастық мәселесіне көңіл бөлгіміз келеді. Әлем әдебиетінде ертеден махаббат пен сұлулық үйлесуінің тұрақты нышаны, символдық белгісі ретінде бұдбұл мен гүлді жұптастыра алудың жиі қолданылып келгені белгілі. Мәшһүр жас шағында Шығыстың араб, парсы, түрік тіліндегі әдебиетінің шәкірті болды. Өйткені, Мәшһүр Жүсіп ортағасырлық мұсылмандық шығыстың көрнекі ақындарының туындыларын, араб, парсы, түркі әдебиетінің діни тақырыптарындағы қисса-дастандарын жаттап, елге таратып, насихаттап таратушы ретінде халық арасында аты шыққан еді. Шағастың әлемге әйгілі «Мың бір түн», «Шахнама» кітаптарын, шариат негіздерін, ислам философиясының негізгі бастауы Құран-Кәрімді жетік білген. Шығыстың ұлы ойшыл ақындары Фердоуси, Сағди, Жәми, Руми, Қожа Хафиз, Науаи еңбектерін түпнұсқадан оқып, жатқа білген. Шығыс сюжетіне құрылған «Гүлшат-Шеризат», «Көреұғлы» және діни тақырыпта ислам ілімі мен Құран-Кәрім хикаяларымен үндес «Жер мен Көк», «Миғрат», «Пайғамбардың дүниеден өтуі», «Ғани Арыстанның әңгімесі» және тағы басқа шығармаларын жазған. 55


Қазақтың белгілі ақыны Мәшһүр Жүсіптің шығармаларының 20 томдығын шығару 2001-2016 жылдарға жоспарланған болатын. Бұл- үлкен істің бастаушысы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Е. Арын. Осы орайда сол 20 томдықтың редакторлар алқасымен таныстуруды орынды деп білеміз. Олар: Е. Арын, С. Қирабаев, А. Құсайынов, Қ. Мәшһүр-Жүсіп (жауапты редактор), С. Қасқабасов, Р. Нұрғалиев, С. Бегимов, М. Әбусейітова, С. Дәуітов, Д. Қамзабекұлы, Н. Жүсіпов, Е. Жүсіпов. Бұл ғалымдар жайдан-жай топтастырылған жоқ. Олар бұрын да, қазір де Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын жариялауға ат салысып, ақын томдарын әзірлеу жиындарына қатысып, пікір білдіріп келген білікті мамандар. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын басты рудың неге кешеңдеп қолға алынғаны да белгілі. Алдымен ақынның 1907 жылы Қазан қаласында басылған 3 кітабі: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітаптары 1912-1913 жылдары Ресей патшасы цензурасы назарына іліккені, сол кезде ақын шығармаларын жариялауға тыйым салынып, өзі қуғынға ұшырағаны мәлім. Патша заманында теперіш көрген ақын Кеңес билігі кезінде де қысымнан босаған жоқ. Рас, 1940-1950 жылдар аралығында ақын шығармалары мектепте оқытыла бастады. Әйтсе де елуінші жылдар басындағы «Ұлтшылдықпен күрес» науқаны Мәшһүр-Жүсіпке де салқынын тигізді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының мектеп оқулығынан шығуымен бірге, оның өзі көзі тірісінде салдыртқан кесене де үкімет нұсқауы бойынша, адамдар қолымен талқандалды. Әйтсе де И. Сталиннің жеке басына табынудың КПСС XX съезінде 1956 жылы сыналуы, көп ұзамай С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлиннің және басқа да азаматтардың ақталуы ақын шығармаларының алдымен жоғары оқу орны хрестоматиясында (1959ж.), кейін газет-журнал беттерінде жариялана бастауына жол ашты. Осы орайда ақын таңдамалысының 1,2 томдары 1990,1992 жылдары Алматыдағы «Ғылым» баспасынан жарыққа шықты. Мәшһүр-Жүсіп еңбектерін топтап , қарастырғанда, үш салаға бөлуге болады. Бірінші, ақынның өз өлеңдері мен поэмалары. Екінші, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинауы. Үшінші, ғылымның әр салаларына қатысты жазып қалдырған түрлі зерттеу еңбектері. Мәшһүр–Жүсіп туындылары аз да болса, орыс тіліне де аударылды. Ақынның бір өлеңі Мәскеуден 1940 жылы шыққан «Дала әндері» («Песня степей») антологиясына енсе, екінші бір өлеңі («Шайтанның саудасы») Ленинградтан 1978 жылы шыққан «Қазақстан ақындары» жинағына (құрастырушы. М. Мағауин) енді. М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты коллективі құрастыруымен 1965 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті тарихы» еңбегінің 2-том, 2-кітабында да Мәшһүр-Жүсіп туындылары біршама қарастырылған. Қазақ ССР Ғылым академиясындағы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қызметкерлері әдебиет тарихына қатысты кітаптарында көп материалдарды Мәшһүр-Жүсіптен алғанын жап-жақсы көрсетіп келеді. Мәселен, 1982 жылы шыққан «ХV – XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» кітабында Марғасқа жырау, бұқар Қалқаманұлы, Көтеш Райымбекұлы туындыларының көбі Мәшһүр-Жүсіптің қолжазба қорынан алынғаны айтылады. Мәшһүр-Жүсіп есімі, еңбектері мәні Мәскеуден 1966 жылы шыққан «Қысқа әдеби энциклопедиясының» үшінші томында да, Алматыдан 1975 жылы шыққан «Қазақ совет энциклопедиясының» жетінші томында да берілген. Кейінгі жылдары шыққан бес томдық Қазақ ССР тарихында да Мәшһүр-Жүсіп қайшылықтары ескеріле отырып, сонымен қатар оның еңбектерінің елеулі мәні атап көрсетіледі. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Мәшһүр- Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректер жинастыру. 56


2. Ақын шығармаларындағы ұлттық мәселелер төңірегіндегі дін және дүниетаным. 3. Мәшһүр- Жүсіп жинаған ауыз әдебиеті үлгілері мен шежірелердің қазіргі мәдени мұрадағы бағасы. 4. Шығыс аңыздарын негіз ете отырып жазған жыр-дастандарындағы көркемдік, тақырыптық, сюжеттік ерекшеліктер. 5. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының қазіргі таңдағы тың деректермен толығуы. 2.4.ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ - ДІНИ ӘДЕБИЕТТІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. 11.

Шәкәрім Құдайбердіұлының өскен ортасы және тәлім –тәрбие алудағы мұсылманшылдықтың маңызы. Шәкәрім Құдайбердіұлы - Абай мектебінің шәкірті. Шығыс және түркі халықтарының әдебиетін, тарихын меңгеріп және оны қазақы ұғымда жырлауы. Шәкәрім Құдайбердіұлы дүниетанымының қалыптасуындағы ислам діні мен суффизмнің мәні. Шәкәрімнің өз заманындағы зиялылармен (Л. Толстой, С. Мұқанов) шығармашылық байланысы. Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмаларындағы ұлттық және Шығыстық ойтанымның көріністері. Поэмаларындағы тарихи дерек пен көркемдік шешімінің үйлесімі. Шәкәрім лирикасындағы тың стильдік қолданыстар мен поэтикалық ерекшеліктер. Шәкәрім Пушкин шығармаларын аударушы. Шәкәрім – көсемсөзші, шежіреші, тарихшы. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының зерттелуі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Шежірелі, шерлі ғұмыр.Қазақ әдібиеті, 1998, 3 шілде. Әбдірасылова Г. Шәкәрімнің таным-тағлымы / Ақиқат, №1 қаңтар, 1996,89-91 б. Оразбаева А. Шәкәрімнің шежірелік шығармасы/ Ақиқат, №9, 2004, 91-94 б. Қайырбеков Ә. Шәкәрім қажының Сәбеңе хаты / Егемен Қазақстан, 22-наурыз, 2006, 5-б. 5. Жеменей И. Шәкәрім және парсы әдебиеті / Қазақ әдебиеті, 2007, №11, 1,13-б. 6. Жұмағали З. Шәкәрім – аудармашы / Азия транзит,2004, №5 маусым, 32-35-б. 7. Шәкәрімнің өмірбаяны. Абай,2006, №1,52-55-б. 8. Омаров А. Ақынның бес дастаны / Қазақ тілі мен әдебиеті, 2005, №3,58-63б. 9. Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толық жинағы. 10-т. Алматы; «Ғылым: ғылыми баспа орталығы, 2003, 456-б. 10. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы:Қазақстан – Сана, 1991, 8б. 11. Құдайбердиев Ш. Өлеңдері мен поэмалары А., 1990ж. 12. Жеменей И. Хафиз және қазақ әдебиеті А.,2000ж. 13. Шәкәрім. А., Жалын, 1988.256б. 14. Әлпештеді мені көп. Егемен Қазақстан, 2003, №3.

1. 2. 3. 4.

Жарты ғасырдан еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі- Шәкәрім қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын 57


орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді. Қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрі танытқан бірегей қаламгер еді. Ш.Құдайбердиев 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде, қазіргі Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысының Абай ауданында дүниеге келген. Шәкәрім әкесі Құдайберді — Құнанбайдың Күңке дейтін бәйбішесінен туған жалғыз ұлы. Құдайбердінің Дәметкен (Төлебике) дейтін бәйбішесінен Омар, Мұртаза, Шаһмардан, Шәкәрім туған. Ол — Абайдың немере інісі. Абайдың жақын інісі болумен бірге, тікелей Абай мектебінен өткен нағыз шәкірті. Өз елінің сөз мұрасына қоса, басқа жұрт асылдарын меңгерген Шәкәрім Абай мектебінен өтеді, оның кеңес-ақылымен өлеңдер шығара бастайды, поэмалар жазады. Шәкәрім Абай аясында саналы, талантты ақын болып қалыптасты. Ол Абайдың көзі тірісінде-ақ оның, данышпан ақын екендігін алғаш танып, өлең өрнектерін арнады: Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. , Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Ал, енді олай болса, кімді алалық, Қазақта қай жақсы бар, көз саларлық. Шын іздесек — табармыз шын ғалым! Жалыналық Абайға, жүр, баралық. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасынан хат таниды. Әкесі Қүдайберді 1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден өтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім қалады. Бұған оның мына өлең жолдары куә: Бесімде оқу білсін деп, Ата-анам берді сабаққа. Жеті жаста жетім боп, Түскендей болдым абаққа. Шәкәрім әкеден жетім қалғанымен, жетімдік көрмеген, Құнанбайдың ерке немересі болып өскен, Өзі: "Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, ойыма не келсе соны істеп әдепсіз, ғылымсыз өстім. Әйтсе де түркі танып, орысша хат танып қалдым", — деп жазады "Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі" атты туындысында. Сөйтіп білім-ғылымның қадір-қасиетін кештеу болса да терең түсініп, өз бетімен оқып-үйреніп, рухани қазыналарға көп үңіледі. Қазақ халқының бай әдеби мұрасына қоса, өзге жұрттың да әдебиетін жетік білген Шәкәрім көп тілді (араб, парсы, түрік, шағатай, орыс) меңгерген. Шәкәрімнің азамат ретінде қалыптасуында, Абай тәрбиесінің өзіндік орны бар. Оның өз заманының білімді де, парасатты азаматы дәрежесіне көтерілуіне Абай ерекше әсер еткен. Бұл туралы жоғарғы еңбегінде Шәкәрім өзі былай дейді: "Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза — қазақ ішінде Абай деп атайды — сол мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылымның сәулесін сездім. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ болғандықтан, қадірі азырақ білінді. Алай болмағанда дәнішман,хаким, философ кісі еді. Қор елде туды да, қорлықпен өтті" "Шәкерім — ескі қоғам мен жаңа қоғамның арпалысында өмір сурді. Өйткені,бала Шәкерімнің өскен ортасы, алған білім нәрі — Абаймен тығыз байланысты. Ол ескілікті мүлдем жоққа шығарған жоқ.Жаңаның яғни дамудың өзі тамырын ескіліктен, өткеннен алатынын ұға білді. Бір қоғам аунап түсіп, екінші қоғам есік ашқан өліара шақта алпыстағы ақсақалдың жан дүниесінде белгісіз бір күш 58


тайдай тулап жатты. Кеңес үкіметін алғашқыда ел қатарлы жылы қабылдағанымен, осынау жас кұрылысқа бел шешіп, етене араласпады. Тек ағартушылық жолындағы арман құсы:елдің бәрі жаппай сауаттанып, қараңғылық торынан құтылар-ау деп үміттенді. Осыған байланысты сол кездегі алғашқы қазақ басаспасөздерінде үлгілі үгіт-насихатқа толы туындыларын жариялап жүрді. Кейіннен Кеңес үкіметінің жаппай науқаншылыққа салынып, теріс қылықтар көрсете бастағанын көре түскен сезімтал ақын бәрін қойып, елден бөлініп, жалғыз өзі тау арасында ғұмыр кешуге бел байлаған. Шәкәрім - шығыс елдерін көп аралаған адам. Алып Азияның бірнеше ірі калаларында болып, олардағы дүниежүзілік кітапханаларда білім нәрін бойына жинап, арнасына сіңіре тускен. Сонау техника атаулының түске де кірмейтін кезінде Құнанбай атасының жолын қуып, Меккеге барып, қажы атанғаны өз алдына бір төбе. Шәкерім — Абай бұлағын әрі қарай дамытамын деп бүкіл өмірін ізденумен, жалықпай, талмай еңбек етумен өткізеді.Ол Абай ағасының салған жолмен қараңғы елге күн нұрындай сәуле түсіргісі келді. Осы жолда талай-талай жауһар інжіу дүниелер жазды. Шындыққа толы көркем "дастандар, ойлы да мағыналы өлең- жырлар, сұлу да нәзік әндерді жарыққа шығарды, Ел игілігіне айналыл отырған елеулі еңбектерін атап өтсек: 1911 жылдың өзінде-ақ Орынборда «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» атты кітаптары шыққан. «Ләйлі-Мәжнүн», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек».«Нартайлақ пен Айсұлу». «Қодардың өлімі» атты кең тынысты , эпикалық поэма-дастандары ұлттық әдебиетіміздің інжу- маржандары болып саналары сөзсіз. Аударма саласында Шәкерімнің еткен еңбегі зор. Оған дәлел, А. С. Пушкиннің « Дубровский әңгімесі» дейтін романын және «Боран» повесін өлеңмен қазақшаға тәржімалады. Лев Толстойдан «Ассирия патшасы Ассархадон», «Үш сауал», «Крез пртша» әңгмелерін өз тілімізде сөйлетті. 'Проза саласында 1925 жылы жазылғзн «ӘділМария» атты романын атауға болады. Осы сан алуан шығармаларының бәрінде ол реалистік көзқарасты ұстанды. Өмір ағыстарының нақтылығын, махаббат пен табиғат жарасымдылығын тілге тиек қылды. Сондай-ақ , ағартушылық, әлеуметтік-әшкерелеушілік ғибратқа толы даналық нәрін қоса өріп отырды Шәкәрімнің әзірге белгілі бес дастаны бар. "Оятқан мені ерте - Шығыс жыры" деп өзі айтқанандай, ақын бал дәурен балалық кезінен Шығыстың ұлы шайырларынан сүйіп окып, олар жайлы мағлұматқа қанық болған. Атақты шайырлар салған дәстүрдің бірі артқыға кемінде бес дастан қалдыру еді. Осы әдіспен бір-бірімен күш сынасу творчестволық бәсекеге түсу шығыстың бұрын-соңды өткен ұлы ақындары үшін жазылмаған қағида есепті еді. Осыны жақсы білгсн Шәкәрімнің бес дастан жазуы кездейсоқтық болмаса керек. Бес дастанның үшеуі ("Нартайлақ-Айсұлу", "Қалқаман-Мамыр" және "ЕңлікКебек") - қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі ("Ләйлі-Мәжүн". "Дубровский") - аударма туындылар. Үшеуінің бірі - '"Нартайлақ-Айсұлу" дастанын Сәбеңе хатында "25 жаста жазғаным" деп Шәкәрімнің өзі атап көрсеткендіктен оның 1883 жылғы тырнақ алды поэма екені күмән туғызбауға тиіс. Бұл жайды ілкіде айтқанбыз. Сондықтан қазіргі сөзді '"Қалқаман-Мамыр" және "Еңлік-Кебек" дастандарынан бастайық. Екеуі де 1912 жылы Семей қаласында "Жәрдем" баспасында басылып шыққан, қалың қазақ сүйіп окыған, халық арасында кеңінен танымал дастандар. Екі кітап та автордың таныстыру есепті кішкене кіріспе сөзімен ашылады. Өкінішке қарай, екі дастанын жазған уақыты да мәлімсіз. Ахат Шәкәрімұлы 1992 жылы "Жұлдыз" журналында жарияланған естелігінде "Қалқаман-Мамыр" 1888 жылғы, ал "Еңлік-Кебек" 1891 жылғы деп дерек береді «Елден басқа қайғым жоқ»— деп өткен ұлтжанды ойшыл 60-қа жуық өлеңін халқына, оның хал-жайы мен рухани өмірі жағдайына арнайды. Жер аралап талай мәдениетті елді көрген, талайын сынаған Шәкәрім оларды өз елімен салыстыра келіп, арасындағы жер мен көктей: айырмашылықты көргенде жапан далада мәдениет, өнер59


ғылым сәулесінен шет қалып: азып-тозып бара жатқан қазағын қайтсек те , қатарға кіргіземін деп ой кешеді. Ел басына түскен дерттің себебін, одан құтқарудың жолын іздеп қайғыланады, азаптанады. «Елді бұзған не десең — кетті наным»,— деп Шәкәрім қазақтың бір-біріне жауығып, жамандық ойлаған, патша саясатының кесірінен бірлігі ыдырап, бас-басына бытыраған жайын айтады. ...Бір көзің бір көзіңе сенбеген осы, Аңдиды ана көздің не қылғанын... ...Бірлік түгіл иман жок, наным кетсе, Жуымас алдайды деп бір бұлт етсе, Жаулық түгіл жанжал да шықпас еді, Ант етпей-ақ, айтылған сөзге жетсе,—деп, келешегі қараңғы сорлы жұртын тығырықтан шығарудың жолы — халык,түсінігінің өзгеруі деген тоқтамға келеді. Жабайы тұрмыс сүреңсіз өмірден өркениетті мемлекетке айналу жолы білім атты баспалдақ — саналы секіріс арқылы ғана іске асатындығын насихаттайды. Қазақтың ғылым білім, әділет үшін қам жемей, так мал үшін қайғыруы жетімсіз іс екенін түсіндіріп: ...Ғылым бір кенің ғой, Ауырсаң емің ғой, Бәріне жетеді, Таусылмас көлің ғой,— деп ғылымды, ал: Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс, Демейді қол өнерді ешкім бұрыс,— деп өнерді мақтайды. «Ашу мен ынсап» деген өлеңінде «Бұлдыр мешеуліктің» жұртының надандығына, оның ұсақ-түйек тіршілігіне күйініп үмітсіздіке салынғанын, сонда көмекке ой мен қайрат, сабыр мен ынсап, сақтық, ұят, рахым, ар көмекке келіп, саңырау, надан елдің көзі мен құлағын ғылым арқылы ашу керектігін, сондай «сумен» суғарылған ел ғана өз демін алған «тамаққа» ұмтылатынын айтып, ақыл бергенін жазады. Өлең: ...Ондай адам қазақтан,— Көп туса осы заманға. Басар еді-ау азаптан Қазақ шығып самалға,— деген оптимистік оймен аяқталады. «Шаруа мен ысырап» өлеңінде сырт сұлулығын ғана ойлайтын кербездердің есепсіз даңғойлығын, ойсыздығын сынай келіп, «Жалтырауық тағынып, әркімге мазақ болғаннан», «іштегі нұрды» таза сақтауға, таза жүріп, адал шаруаны кәсіп қылуға шақырады. «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Хайуан пен ақымақтар» өлеңдеріндегі адамдарға беретін салыстырмалы психологиялық сипаттамалары өте мәнді. Шәкәрім қай шығармасында болсын халқының ақкөңіл аңғалдығымен астасып жататын надандығы, «шолақ ойлап, шолтаңдап, сырттанситын» мақтанқұмарлығы бір күндік даңғаза үшін жанын сатуға бар арсыздығы өткір сыналады. ...Іс қылады таптым деп біздің қазақ Онан көрген пайдасы болады аз-ақ. Ақырында ол кісі зиян шығып. Көрінгенге күлкі мен болар мазақ. «Қүдай кешер алда»,— деп күнә қылмақ, Ар кетіріп ант ішіп, жан сатылмақ. Не жалғанда немесе ақыретте. Оңа алмастай өкпеден бір атылмақ. Белгілі пікір жоқ, тұтынатын жолы жоқ, ұлтының емес, басының қамын ойлап жүрген, Абай «пысықтар» атаған қулар бейнесіне жаны күйініп ұсақтап кеткен қазақ баласының, ұлт ұрпағының жөнделіп, көңілге қуат қыларлық іске кетеріне сенімі азаяды: ..Адалдық жолы болар заман бар ма, 60


Жан болдық шын жексұрын надандарға. Адастың деп отырмын айғай салып Бар тапқаным сол болды, амал бар ма? Шәкәріынің нағыз жүректен қайнап шыққан нала-шері меңіреу надандыққа, рухани саңыраулыққа сөзі өтпей, айласы болмай, шарасыздықтан туған күйі, ащы зары, жан айғайы «Тағы сорлы қазақ» өлеңінде көрінеді. Өнер-ғылымнан, бақ-дәулеттен, ақылгөй данадан, жолбасшы көсемнен сорлы қалған не қылған бейшара елміз деп күңіренеді. Қазақта білім, сана, әлеуметшілік, ұлттық сезім жоқтығына қорланады, намыстанады. Шәкәрім зарланады, налиды. Ей, көп халық, көп халық, Көп те болсаң шөп халық,— деп бір орғаннан қалмайтын «саны бар, сапасы жоқ" ел екенін білдіре, ұлт намысына тие сөйлейді. Бірақ бұл сөздерді өз халқын кемсіту, мұқату үшін емес, жанына, намысына тигізе әдейі айтады. Халықтың бойындағы жақсы қасиеттерді ешкім мансұқ етпек емес, ал жағымсыз қылықтарды айту, өзіңді-өзің аяусыз сынау, өз дертіңді өзің анықтау кеселді дерттен құтылу тәсілі ретінде қолданылып отыр. ...Мен жетелеп өлемін, Өрге қарай қазақты. Өлсем де ойын бөлемін. Сөзбен салып азапты. Бұл ұлтына жаны ашыйтын адам сөзі емес пе. Азамат болсаң қазағыңа пайда тигіз, шын жүрегіңмен ұлтыңа адал қызмет ет деп азаматқа сын артады: ...Адамдық борышың. Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта, оны біл. Талаптан да білім мен өнер үйрен. Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл. ...Қайтадан қайырылып қауымға келмейсің, Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт — Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің! Сонда өзгеге қор болмай, ел қатарлы кәсіп қылатындығын көкірегі ашылып, тынысы кеңеиетіндігін түсіндіреді. Байларды болыстыққа таласып, «партияға шашқанша қолында қорегі бар кезінде баласын оқытып ғылым іздетуге, жарлыларға кежірлікгі қойып, жастарға көрінгенге құмар болып, ойын-күлкімен уақыт өткізбей, «ғылым кенін табуды, үйренуді» айтады. Қазақты егін егіп, мал тауып, білім-ғылым жолына түсуге шақырады: «...адам оқып, білім үйренуі қажет. Білім-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек»,— дейді Шәкәрім Шәкәрімнін «Түрік, қырғыз-казақ һәм хандар шежіресі» атты енбегі - ұлттық әдебиетіміздің тарихындағы елеулі мұралардың бірі. Профессор М.Мырзахметов былай дейді: «Шәкәрім шежіресінің ой қазығы қазақтардың шығу тегі, нәсілі арабтардан емес, түп төркіні көне түркі әлемінде жатқанын ғылыми дәлелдеді, нақтылы тарихи деректер көзімен аша отырып, Абай бағдар берген тарихи танымды одан ары жетілдіре жалғастыруында жатыр. Шәкәрім шежіресінде тұжырымдалған өзекті ойлар желісі 61


негізінен ғасырлар бойы ауызша айтылып келе жатқан қазақ және түркі халыктарының аңыз әңгімелері мен Батыс, Шығыс рухани ой қазыналарына табан тірейді» . Шәкәрімнің шежіресі — прозалык және поэзиялык түрде жазылған тарихи-әдеби шығарма. Жан-жақты ізденіспен жинақталған бұл енбектен қазақ халқының көп ғасырлық тарихына байланысты деректер өзара сабақтасқан бөліктерден құралады. Шежіренің прозалық бөлігі - тарихи баяндау тілімен жазылған. Шәкәрімнің осы шежіресі арқылы онын тарихшы-этнограф зерттеушілігі де айқындалады. «Бісміллә ал рахман ал рахим» деп басталатын осы шежіренің прозалык бөлімінде мынадай тақырыптармен аталатын тарихи баян-әңгімелер бар: «Шежіреден бұрын», «Шежіре басы», «Казактың кайдан шыққаны», «Ұлы жүз», «Кіші жүз», «Орта жүз» (қаңлы, кыпшак, қоңырат, қара қырғыз, керей, найман, уак, төленгіт, тарақты, арғын, орта жүздегі Арғынның рулары), «Хан шежіресі», «Шыңғыс хан шежіресі», «Стамболдағы Османлы түрік, һәм сұлтанары», «Парсыдағы һәм Закавказьедегі түрік нәсілі», (сарт, өзбек, ноғай), «Башқұрт, қалмақ һәм телеуіт», «Түркімен», «Якут», «Оранхай», «Енесейдені түрік», «Күншығыс Түркістандағы түріктер». Шәкәрім шежіресінің кара сөзбен жазылған бөлігіндегі аталған тақырыптар тарихи деректерді жүйелі баяндаумен берілген. Қазак халқының ежелгі түркі ру-тайпалары жүйесіндегі ең негізгі кұрамды танытатыны барлық тарауларда да анық байқалады. Шежіренің осы бөліміндегі тарихи баяндаумен жазылған бөлімшелерден туындының әдеби сипатын танытатын бірнеше ерекшеліктерді байқаймыз. Біріншісі - тарихи деректердің авторлық көңіл-күй әуендері, авторлық көңіл-күй әуендері араласқан лирикалық-психологиялық сипатпен әңгімеленетіндігі, екіншісі — шежіренің құрылымында өмірбаяндық-ғұмырнамалық тұрғыдағы лирикалық-психологиялық баяндаулардың кездесетіндігі. Тарихи деректердін авторлык көңіл-күй әуендеріндегі психологиялык сыршыддықпен баяндалуы шежірелік шығарманы тындаушылардың, оқушыларардың кабылдау ықыласына ерекше әсер етеді. Тарихи деректер — шежірелік шығармалардағы ұрпактар жалғастығын танытатын басты сипат. Сондықтан Шәкәрімнің шежіресіндегі авторлық баяндаулардың поэтикалықпсихологиялық ықпалдылығы ерекше байқалады. Қазақ тарихының түпкі бастау негіздері, әуелгі ата-бабалар және олардың тарамдалған ұрпақтары жүйелерін сабақтастыра баяндаудын әдеби тәсілімен берілген мазмұны әсерлі окылады. Шәкәрім шежіресінің осы прозалық бөлімінде, қазақ тарихындағы кесек бітімді адамдардың тұлғаларын даралап сипаттаудың да бар екендігін көреміз. Мысалы, автордың Құнанбай туралы жазған жерінен әдеби-тарихи сипаттамалардың тоғыса тұтасқан табиғатын: «...ұлы атамыз Кұнанбай марқұм жайынан аз сөз жазамын. Марқұм бұл елдің бек надан кезінде шала хат танып калса да, әкесі Өскен биге әр жақтан келген хаттарды алып барып, бірін-біріне салыстырып өзінен өзі оқып, түркі кітапты оқитын болыпты. Және ноғай молдаларды тап, елсізге үй салғызып, қазақ балаларын жиып алып, молда мен соларды сонда сақтап оқытып, бұл тағы қазаққа оқу оқытып хат танытқан сол қажы марқұм еді. Осы күнгі, күзеу қорамыз Ескі там деген жер бала оқытқан тамның орны еді. Қажы марқұмның алдына келіп, қазақ бұрын намаз оқымай жүрген де, намаз оқушы еді. Насыбай харам бір молда айтқан соң, насыбай атқандардын мұрнына құямын насыбай шыларды тиіп еді. Бұрын өзі бермейтұғын қазаққа зекет бергізген кісі еді. Осы күнгі Қарқаралыдағы мешіт сол кісінің салғызып құдайы қыл мешіті еді». Бұл — әдебиет жанрларынын ішінде эссе табиғатына тән саптауымен жазылған толғаныстар. Әсіресе, эссе авторына тән. Шежіренің прозалық бөлігінде туған халықтарының қалыптасу даму көздерін, ұрпақтар жалғастығын әдеби публицистикалық және тарихи деректі тұрғысында автор әсерлі баяндаған. Тарихи деректердің жүйелілігін сақтай отырып, авторлық баяндаудың публицистикалық сарындарымен жазылған еңбектің әдеби сипаты айрықша сезілді. Себебі, авторлық «Мен» тұғырын баяндалған шығарманың идеялық-композициялық 62


желісі оқырмандарды өзіне үйіре тартып отырады. Шәкәрімнің туындысының әдебиет тарихында өзіндік орны бар. Қазіргі әдебиеттану ғылымының анықтамасы бойынша: «Шежіре (ар, шәджәрә) халықтың құрамына кіретін тайпа-рулардың тегін таратып, бір - бірімен туыстық дәрежесін айыратын тізбе. Бұл анықтама Шәкәрімнің шежіресін тануы толық сәйкес келеді. Қазақ әдебиетінің тарихындағы көрнекті ақындардың шығармашылық мұраларында өлеңмен жазылған шежірелер бар. Бұл дәстүр XIX ғасыр мен X ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің мазмұнында анық байқалады. Өлеңмен жазылған шежірелер қазақ идеясындағы ақындық шығармашылығын тарихилық заңдылығы жүйесін танытады. Халқымыздың рухани мәдениетіндегі ата-бабалар жолын, ұрпақтан ұрпаққа жалғастығын поэзия тілімен арқылы ақындар - ұлттық дүниетанудағы уақыт пен кеңістік сабақтастығын дәлелдеді. Әрине, халықтың болуын, қалыптасып, дамуын тарихтың поэзиялық шежірелік шығармалары жұртшылық ықыласпен қабылдап ұрпақтардың шыққан тектерін, аталар тарихын, ұрпақтар жалғастығын арттыратын туындылар әдебиеттің гуманистік ұлағатын кеңейте түсті. Шәкәрімнің аталған шежіресінің бірінші бөлімі өлеңмен жазылған. Шежіренің бұл бөлімі лирикалық және дидактикалық-философиялық өлеңдерден («Мақсұд», «Қазақ», «Насихат», «Хош») және әдеби-тарихи («Қазақтың түп атасы») құралады «Мақсұд» атты өлеңі Жаратушы Алла («Бір Алла бергеніне сансыз шүкір») мінәжат етуден басталады. Автор жазудағы мақсатын, халықтың ең тарихын жазу арқылы ұрпақтарға адамгершілік тәрбиесі ықпалын жасау атын білдіреді. Халықтың да, билеушілердің татулықпен еңбек сүйістікпен ғана өсіп-өркендейтін уағыздайды: ...Бітірдім түрік, қазақ шежіресін, Боса да кемшілікті, қисық-бүкір, Елім-ау, неге ерініп тек жатасың, Ғылымға бір кіріссең дән татасың. ...Жазғанда мақсатым көп менің тағы. Қазақтың қараңғы еді артқы тағы. ...Құр шежіре демеңіз мұның өзін, Ойланып ғибрат алып әрбір сөзін. Берекелі күн қандай бұ күн қандай. Соған салып қараңыз ақыл көзін Шәкәрімнің өлеңмен жазған шежіресі — туған халқына рухани пайдалы жасауды көздеген даналықтың көрінісі. Бұл — Абай дәстүрін ұстанған тұлғаларға тән ерекшелік. Мысалы, шежіренің «Қазақ» атты бөлігінде ұлттық өркендеуіне кедергі болып отырған кесапатты қылықтар өткір тілмен сыналады. Ғылымды, өнер-білімді игеруге құлықсыздығы, ағайын ішінің араздығы, ұрлық, өтірік және т.б әлеуметтік кертартпалықтарды сынайды: ...Демейді ғылым біліп жанданайын, Мақсаты мақтан іздеп паңданайын. Қанша ұқтырып айтсаң да қалыбыңда, Ойда жоқ жігерленіп қамданайын. Міне, естісеңіз елдің жайын, Көтінен кейін кетті басқан сайын. Қайран елім, қазағым, қайран жұртым, Көп айтып, аһ дариға, неғылайын Шәкәрім шежіресінің идеялық мұраты — халықтың бұрынғы және кейінгі тарихын жалғастыра отырып, қазақ халқына ілгері өрлеу үшін насихат айту. Шежіренің «Насихат» атты бөлімінде халқының үлкендерін де, жастарын да ғылым игеруге шақырады. Кел, байлар, балаңды оқыт, ғылым ізде, Қазақты бастайтұғын қару ізде 63


Шәкәрім шежіресінің идеялық-композиииялық желісіндегі «Қазақтың түп атасы» — тарихи дастан түрінде жазылған шығарма. Тарихи дастанның құрылысын іштей мынандай тақырыпшалар бойынша саралауға болады: біріншісі - қазақтың Түркі, оғыз тайпалары бірлестігі кезеңі; екіншісі - қазақтың түркі - моңғол тайпалары бірлестігі кезеңі; үшіншісі - Алтын Орда - Қыпшақ. Дәуіріндегі қазақ тарихы; төртіншісі - Сақа, Осман түріктерінің тарихы; бесіншісі - Қазақ хандығы кезеңінің оқиғалары; алтыншысы ХҮІІІ ғ. Абылай хан басқарған кезең, қазақ-қалмақ соғыстары. Шәкәрімнің бұл тарихи дастан-шежіресінен халық тарихындағы көрнекті тұлғалар (ақын-жыраулар, батырлар, хандар) деректілік сипатпен дараланады... Жан – жақты талант иесі Ш. Құдайбердіұлының шығармаларының көлемі мен жарыққа шығуы туралы Ахат Шәкәрімұлы былай дейді: 1. «Мұсылмандық». Жас кезінде жазылып, 1911 жылы Орынборда бастырылған. 2. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі», 19 жасында жинастыра жүріп, 1911 жылы Орынборда бастырған. 3. «Қазақ айнасы». 1-бөлім (өлеңдер) 1878 бен 1904 жылдарда жазылған. 1912 жылы Семейде бастырған. 4.«Қалқаман — Мамыр» (поэма). 1888 жылы жазылып, 1912 жылы Семейде бастырған. 5. «Еңлік — Кебек» (поэма) 1891 жылы жазылып, 1912 жылы Семейде бастырған. 6. «Дубровский» (поэма, Пушкиннен). 1908 жылы жазылып, 1924 жылы Семейде басылған. 7. «Ләйлі — Мәжнүн» (поэма Физулидан). 1907 жылы жазылған Мұхтар Әуезов араб әрпімен Ташкентте журналға бастырған. Екінші рет Сәкен Сейфуллин латын әрпімен кітапша етіп, 1934 жылы Алматыда бастырған. 8. Ерте кездегі газеттерде, журналдарда басылған өлеңдері, қара сөздері бар. 9. «Боран» (поэма, Пушкиннен) ертеректе жазылған. 1936 жылы Алматыда журналға басылған. 10. «Шын бақ айнасы». Әңгіме. 1918 жылы «Абай» журналының 4нөмірінде басылған. 11. «Ұлтшылдық туралы». Әңгіме. 1918 жылы «Абай» журналының 3нөмірінде басылған. 12. «9 бет бәйіт» (араб, фарсы, түрік тілдерінде аралас жазылған). «Дума» деген поэмасы ертерек, 1904 жылдар шамасында жазылып, Қазанға жіберіліп, цензурадан өтпеді деп хабарланған. 13. «Шыны бақ» (Ұзақ әңгіме). 14. «Нартайлақ — Айсұлу» (поэма). 15. «Әділ — Мария» (роман). 16. «Галилей» (ұзақ әңгіме). 17. «Қазақ айнасы» (2-бөлім, әңгіме). 18. Өзінің әндерімен жазылған пьесасы. 19.Қызылордаға жіберілген 8-шығармасы. Мұнда Ақан сері жайлы және «Шыны бақ» атты пьесасы, тағы басқа әңгіме, өлеңдері бар. 20. «Том ағайдың балалары» ( Гарриет Бичер Стоудан. Гарриет) 1812 жылы туып, 1866 жылы өлген дейді. 21. «Бәйшешек бақшасы» (Бұл шығармасында өлеңдері, қара сөздері және басқа да әңгімелері бар). 22. «Асархадон— Лаэли» (Толстойдан). 23. «Үш сауал» (Толстойдан). 24. «Крез патша» (Толстойдан). 25. «Ұждан» (Күн шығыс жүз әңгімесінен). 26. «Қол шатыр бұйрығы» (Күн шығыс жүз әңгімесінен). 64


27. «Пан-жи-зан-хан» (Күн шығыс жүз әңгімесінен). 28. Хафиздан аударған 288 жол өлеңдер. Бұл он түрлі өлеңнің біреуі «Абай» журналына басылған. Ал біразы Тәжік Академиясының шығаратын журналының бетінде басылған. 29. Мысал өлеңдері. 30. Нақыл сөздері. 31. Жұмбақтары... 32. «Жайлаудың баласымен айтысы» (22 жасында жазылған). 33. «Шал мен кемпірдің ғашықтығы» (поэма). 34. «Өмірбаяны» (өлең). 35. «Үш анық» (философиялық әңгіме). 36. «Жан мен тіршілік туралы» (философиялық әңгіме). 38. Мен білетін 30-ға тарта әндері бар. 39. Көп ұсақ өлеңдері. 40. Мен шала білетін «Боз торғай» атты күйі. 41. Ескі сөздер. Шәкәрімнің басталып, бітпей қалған жазбалары: «Абай өмірі», «Қазақ лұғаты», «Құран аудармасы», «Адам баласының шын бақытты өмір сүруі жайлы әңгіме. Мен білмейтін әңгіме, өлең, ән, күйлері, ерте кезде газет-журналдардағы жазылған өлең, қара сөздері бар екені сөзсіз. Әкем: «30 жас шамасында бірі айдай тілім байланып, сөйлей алмайтын болып қалдым. Осы кезде 7 жастан бастап жазған өлеңдерімді өртеп жібердім. Артынан Абай ұрысты. Өзім де, өкіндім»— дейтін. Әкей өзі екі әңгімесін нашар дейтін. Бірі — «Мұсылмандық» дейтін шығармасы: «Мұны надан, білімнен хабарым жоқ кезімде, басқа жұртта «Ғибадат сламия» деген кітап бар, олар араб тілінде не түрік тілінде жазылады, қазақ тілінде жоқ деп, соларға еліктеп жаздым, оны мансұқ еттім»,—дейтін. «Екінші — «Түрік хандар шежіресі» деп, өлеңмен Түрік қауымында болған хандарды жаздым. Бұл — жасымда шежіре жазбақ болып, бірнеше елдердің шежірелерін оқығанымда, «Отечественная история» деп патша, хандарды жазғандарды көріп, еліктегенім, осы да біліми көзқараспен айтылмаған,- дейтін. "Ал, дастандары туралы: «Жазған поэмамда «Нартайлақ — Айсұлу» поэмасының поэзиялық жағы «Дубровский» поэмасы мен «Ләйлі -Мәжнүн» поэмасынан төмен. Оның негізгі себебі, өте асығыс жазылуынан болса керек. Бірақ оның уақиғасы - егер пьесаға аударылса, қызықты болар еді,- дейтін. Шәкәрім орыстың ұлы жазушысы Лев Толстоймен хат жазысып, пікір алмасқанын С.Ақатай, Ғ.Есім, Ғ.Боқаш, т.б. ғалым-зерттеушілер талдап-таразылап жүр. Мынаған назар аударайықшы: "Үшінші сұрағыма Толстой: — Жазушының артық қасиеті — өз қатесін көріп, оны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. "Біреудің қатесін біреу көреді" деген бар. Бәрінен де адам өз қасиетін өзі түзегені артық. Өз қатесін өзі түзей алатын қасиет адамның өз бойыңда бар. Ол — адамға біткен ақ жүрек. Егер адам өзі істеген ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімін ашып бере алады. Ақыл толғауынан өткен қорытындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ықпалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, біреудің мінін де көре алады. Сондықган, әділ сыншың — ақ жүрегің, — деп жауап берді. Осындай ақыл, кеңес берген Толстойды мен ұстазым деп бағалап, ардақтаймын, — дейді Шәкәрім». Шәкәрім 1912 жылы «Айқапта» №5 білімділерге өтініш-хат жариялайды. Бес сауалдың жауабын сұрайды. "Бес сауал мынау: 1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұды не? 2. Адамға тіршілік ең керегі не үшін? 3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат-бейнет (сауал-азап) бар ма? 4. Ең жақсы адам не қылған кісі? 5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма? Қай түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не? Шәкәрим Хұдайбердіоғлы". Бұл сауалдардың әрқайсысына жеке-жеке еңбек арнауға болады. Қазіргі кезде казақ ғалымдары арасында 65


ондай ізденістер бар. Академик Ғарифолла Есім өзінің "Шәкәрім" атты еңбегінде осы бес сауалдың да жауабын іздейді. Толғамдар жасайды. Ой тарқатады. Пікір жарыстырады. Жауап демейді, «сауалға ізденіс» дейді. Мәселен байқап отырсақ адам баласының жауапқа қанағаттанған кезі болмаған. Бәрі уақытша сұрақтың жауабы дәл сәтінде дәлелді болғанмен, заман оза, күндер өте сол дәлел дәлелсіздене бастап, адамның күдік сезімін оятып, жаңа жауап іздеу -басталады", — дейді философ-ғалым. Шәкәрімнің бес сауалын тілге тиек етудегі мақсатымыз — Сәбит Мұқановқа 1931 жылғы жазған хатында ол өзінің кітаптары мен қолжазбаларын шығарып, еңбегінде осы бес сауалдың да жауабын іздейді. Толғамдар жасайды.Ой тарқатады. Пікір жарыстырады. Жауап демейді, "сауалға ізденіс " –дейді. Мәселен байқап отырсақ адам баласының жауапқа қанағаттанар кезі болмаған. Бәрі уақытша сұрақтың жауабы дәл сәтіңде дәлелді болғанмен, заман оза, күндер өте сол дәлел дәлелсіздене бастап, адамның күдік сезімін оятып, жаңа жауап іздеу басталады", — дейді философ-ғалым. Шәкәрімнің Сәбит Мұқановқа 1931 жылғы жазған хатында ол өзінің кітаптары мен қолжазбаларын таныстырумен қоса, өзін мазалап жүрген өзекті сауалдарды да, көзқарастарын да білдіреді. Шәкәрімнің хаты былай жалғасады; "Бұлардан басқа да аудармаларым, өлең, сөздерім бар, бірінші уақыт тығыз болып, екінші қырық бес жасымнан бергі тең, сөздерім философия жағына салынып: об отвлеченного вопроса объективное рассуждение болғандықтан, үкімет басуға рұқсат қылмас және бұл кезде халыққа тарату да лайықсыз ба деп жібермей қалдым. Себебі: жан сыры, жаралыс сыры, дүниедегі тәмам шатақ діндер туралы жазған. Қырықтан аса бергенімде: Жан не?Дін не? Барша әлем қалай жаралған, адамға жаратушы жағынан не өзінің ар, нысабы жағынан салынған міндет бар ма? Болса ол не? Адамда толық ерік бар ма? Жан өлген соң жоғалатын зат па?Адам бұл өмірде не қылған жөн? деген сияқты ылғи дене сезімімен сезілмей іш жаққа: әдетіне, дініне, нанғанына, құмарына бұрылмай ойлайтын ноқтасыз — таза ақылмен ғана білетін істер туралы: дін ғалымы, ғылым ғалымы, ойшыл философтардың бұл туралы жазған кітап, айтқан сөздерін өзімше сынға алып, дұрысын алып, терісін тастап шығарған қорытындыларым еді. Мен: пәлен пайғамбар, түгілен профессор айтты дегенге тоқтап қалмаймын. Өз ақылым қабыл алмағанды кім айтса да теріс көрем. Бірақ ақыл қабыл аларлық, дәлел айтса ол кім болса да бас ұрам. Мақтанып кеттім, - мақтан емес іздегенім, тамам адам пайдасы болғандықтан, ақылым айтқан хақиқатты айтпай тұра алмаймын. Еріксізбін ". Міне, С.Мұқановқа жазып отырған хатында Шәкәрім өзінің білімділерге сонау 1912 жылы қойған сауалдарын басқа бір қырынан алға тартады. Осы сауалдарға өзінің "философия жағына салынып" жауаптар іздегенін де жасырмайды. Жан сыры, жаралыс сыры, жаратушы міндеті, дін сыры, адамның ары, әдеті, нанымы, құмары, нысабы, т.б. жөнінде "қырықтан аса бергенінде" ой кешіп, Абай секілді дүние сырына үңілуге бет бұрғанын ашық айтады. Шәкәрімнің ойшылдығы әлгі сұрақ-сауалдарды қоюынан-ақ аңғарылады. Қ. Мұхаметхановтың: "Шәкәрім сыншыл еркін ойдың, өз сөзімен айтқанда, "ноқтасыз ойдың", "сау ақылдың адамы" деуіне толық қосыламыз. Шәкәрімнің хаты былай аяқталады: "Міне, осыны айтып отырғаным да адамшылық арым: барша адам баласына пайдалы деп 30 жыл инемен құдық қазып тапқан хақиқатты неге жіберіп, алдымен осыны басуын неге тіленбейсің деп еркімді билеп, "Жан сыры, Жаратылыс сыры" деген қысқаша қорытындымды тағы жібердім. Әттең, дүние, осыны құр қазақша ғана басып қоймай, орысшаға да жақсы переводпен (смыслен.) переводтап, ғылымды азаматтың бірі еңбек етіп, переводын өзіме көрсетер ме еді? Қазақшасы тез басылып шығар ма еді? Тірі күнімде не қарсы айтылған дәлелді сындарын, не білімді ойшылдардың қобыл алғанын біліп өлсем армансыз болар едім. Бұл "Жан сыры", "Жаралыс сыры" басылмайтын болса, тез қайтарғаныңызды өтінемін. Лажы болса, колжазбаларымның бәрін қайтарып отырарсыз. Тағы бір тілегім: менің Қолжазбам басылса да, басшысымен баспахана қаражатымен маған әрқайсысынан 66


елу данасын жіберсеңіз екен. Балаларыма, достарыма мирас деп беру үшін. Қайсысы басылса да "Мұтылған" деген атыммен басылғаны жөн болар еді. Бір сөзім: менің кейбір теңдерім қазақтың бұрынғы өлең жырларының әнімен айтылмайды, әрқайсысыныц өзім шығарған әні (матифы) бар. Әнді хатпен ұғындыруға болмайды. Өзім барып ұғындыруға, жергілікті үкімет басындағы кейбіреулердің қараңғылығынан қолда каражат, баста бостандық қалмай тұр. Хош! Бақытты болыңыз! Мұтылған ". Лев Толстой елуден асқан, шағында "Жан сыры" және "Менің дінім қайсы?" дейтін ой- толғауларын жазған екен. Шәкәрім де өзінің ғұмырының соңғы отыз жылын: тұтастай дерлік дүние сырын ұғуға арнағанын екпін түсіре ескертуінде үлкен гәп жатыр. Енді сол еңбегінің тасқа басылып, жарық көргенін армандайды. Өзінің 8 айлық ғана көрер жарығы барын сезгендей, "тірі күнімде", "біліп өлсем", деген сөз тіркестерін қолданып "Баста бостандық қалмай тұр" деуінен қауіп ойлап алаң көңіл бола бастағаны да байқалады. Шәкәрім "Мұтылған" - яғни "Ұмытылған" деген әдеби бүркеншік атты таңдауында да терең астар бар. Бірақ ол ұмытылған жоқ, ұмытылмайды да. Елсіздегі Саятқорадан жолданған хаттан суыртпақталған сыр сорабы тармақталып барып, Шәкәрім мен Сәбит қарым-қатынастарын жаңаша байыптауға ұласатынын байқаймыз. С. Мұқановтың мұражай қорындағы аталған хат, фотосурет және кітап Шәкәрімнен қалған жәдігерлер ретінде аса бағалы. Шәкәрім мен Толстойдың қарым – қатынасы туралы баласы Ахат былайша еске алады: Толстой туралы, бір мәжілісте, мен әкейден: «Сіз Толстой туралы жай әңгімеңізде де, Толстой туралы жазған өлеңіңізде де өте бағалайсыз» — дедім. Сонда, әкей айтты: «Мен Толстойды бұрын да бағалайтынмын. Әсіресе мен Толстойдан үш сұрақ сұрадым. Сол сұрақтарыма Толстой маған өте қымбатты жауап қайырды. Сол жауаптары мені толғандырып, ғибрат алатын сабақ болып, көңілімде орнап қалды. 1. Адамның арына тиетін жағымсыз қылықтардың өзім білетін бәрін тізіп жаздым да, «...Осылардың ішінде және біз білетін, арға ең ауыр тиетін не?» дедім Толстой бұған: «Осы жазғандарыңның бәрі де адамшылық арға тиетін нәрселер. Меніңше, арға ең ауыр тиетін іс бар. Ол — егер адам көпшілікке, не жалпы қоғамға зиян келетін хақиқат істі біліп, соны үш нәрседен қорғанып, сол ақиқатты айтпай қалса, сол арға өте ауыр тиеді. Бірінші, сен өте бай болып, сол хақиқатты айтсаң, малыңа, зияны тисе, екінші, сен мансап иесі болып, сол хақиқатты айтсаң, мәнсабыңнан айрылатын болсаң, үшінші, сол хақиқатты айтсаң, басың жазаланатын болса. Міне осы үш түрлі зардаптардан қорғанып, көпке зиян келетін хақиқатты біле тұра айтпай қалсаң, арға ең ауыр тиетін осы - деді. 2.. «Ірі шығармалар жазуға бет алдым. Бұған қандай кеңес бересіз?» — деп, көлемді шығарма жазу жайында ақыл сұрадым. Толстой бұған: «Көп адамдар қатысқан көлемді шығарма болсын, не ұсақ әңгіме болсын, алдымен сол әңгіменің уақиғасына, іс-әрекетіне жазушы өзі араласқандай жетік болуға керек. Сол уақиғаның ізі, сыры, қоғамға байланысты әрекетіне жазушы өзі араласқандай жетік болуға керек. Сол уақиғаның жайы жазушыға айнадай айқындалып, сезіліп тұрғандай болуы керек. Олай болмаған күнде, әңгіме, дәл, қызықты болып шықпайды. «Көлеңкеге пішкен тон бойға шақ келмейді» деген мәтелді жазушы ойдан шығармауға керек. Ішіне араспай, сырттай ой-жотамен жазған шығарма шындыққа жанаспай, қызықты болып шықпайды», — деді. 3. «Жазушы, оның ішінде мен өз жазғанымның дұрыс терісін сынай алмаймын. Өз шығармасының қатесін қандай әдіспен көріп, сынап-түзеуге болады?»— дедім. Бұл үшінші сұрағыма Толстой: «Жазушының артық қасиеті — өз қатесін көріп, соны түзей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бермейді. «Біреудің қатесін біреу көреді»—деген де бар. Бәрінен, адам өз қатесін өзі көріп, өзі түзегені артық. Өз қатесін өзі түзей алатын қасиет адамның өз бойында бар. Ол адамға біткен—ақ жүрек. Егер адам өз істеген ісін, жазған 67


сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің нәзік сезімі ашып бере алады. Ақылтолғауынан өткен қорытындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ымбалына беріліп дағдыланған адам өз мінін де, басқаның мінін де көре алады. Сондықтан, әділ сыншың — ақ жүрегің»,— деді. Осындай ақыл-кеңес берген Толстойды мен ұстазым деп бағалап, ардақтаймын!»— деді әкей. Шәкәрім «Көрініске шоқынған», «Кел, аяқшы, қымыз құй», «Ей, жарымыз, ай нұры», «Тұр, аяқшы, бер қымыз», «Көңіл жібі қолымнан», «Егер сүйікті, ол бала», «Анық ерге жолдас бол», «Мәжілісінде досыңның», «Кешегі басшы піріміз» деп басталатын өлеңдерді Шығыстың әйгілі ақыны Хафизден аударған. Бұлардың ішінен «Көрініске шоқынған» деп аталатын бір өлең «Абай» журналының 1918 жылғы 3-санында басылды. Ал, басқа өлеңдері ақынның көзі тірісінде жарияланбаған. Сол «Абай» журналында басылған өлеңнің алдындағы таныстыру сөзінде ақын: «Баяғыда осыдан бірнеше ғасыр бұрын парсы жұртында әрі білгіш-данышпан, әрі сопы, әрі ақын Қожа Хафиз деген кісі болған екен. Сол кісінің өзі мен сөзінен байқалған иманына қазақ жұртының талантты да алғыр жастарын таныс қылмақ үшін, төменгі жырын қазақ тіліне аудардым», - деп көрсеткен. Шәкәрім Қожа Хафиз ғазалдарының қазақша аудармасын жасауда өлеңнің мазмұнына үңіле отырып, қазақтың дүниетанымына, психологиясына да қатты көңіл бөліп отырғанын Хафиз ғазалдарындағы сопылық терминдерін қазақшалап отырғанынан-ақ аңғару қиын емес, яғни Шәкәрім өз аудармасының қазақ оқушыларының түсінігіне лайықтап, аздап әрлеп өзгертіп, негізінен түпнұсқадағы мағынасын сақтап қалу принципін ұстанып отыруға тырысқан. Хафиз ғазалы мен Шәкәрім аударған 2 бәйітті қатар беріп көрелік. Хафиз өлеңінің мазмұндық жолма-жол аудармасы: 1. Әй, Сағи, шарап нұрымен біздің кесені нұрландыр. 2. Әнші әндет, дүниеде біздің мұратқа жеткен күн. 1. Біз көргенбіз кеседен жар жүзінің суретін. 2. Сен хабарсыз біздегі шарап ішудің ләззатынан. Парсылардың классикалық поэзиялары бәйіттік өлшемдермен саналады. Және әр бәйіт екі мысрадан тұрады. Мәселен, жоғарыдағы Хафиз ғазалдары екі бәйіт немесе төрт мысра есептеледі. Шәкәрімнің көркем аудармасы мынадай: Кел, аяқшы, қымыз құй, Кесемізді нұрландыр. Домбырашы, тартшы күй, Бізге уақыт берді қыр. Жарқыраған кеседен, Жар суретін көрдік біз. Хабары жоқ кеседен, Не біледі сезімсіз. Бұл аудармада Шәкәрімнің еркіндігі бой көрсетеді. Шәкәрім түпнұсқадағы «шарапты» қазақтың сүйікті сусыны — қымыз, «пияланы» кесе, «сағиды» - аяқшы деп алған. «Әнші, әндет» дегенді қазақыландырып, «домбырашы - күй тартшы» дейді. Шәкәрім парсыша жетік білген, сопылық әдебиеттің майталман ақыны Хафиздің сопылық астарының қырларын жақсы түсінген. Әйтпесе, иманы берік Шәкәрім соншама Хафизге ынталы болмас еді, өйткені, Мұхтар Мағауиннің тұжырымынан байқағанымыз Шәкәрімді Хафиздегі терең философиялық ой, астарлы меңзеулер қызықтырғаны соншалық - ол өмірінің соңғы сәтіне дейін Хафизбен сырласып, үндесуге құштарлық танытып кеткендей көрінеді. «Мей» немесе балама атауы «шарап» және «сағи», «кесе» сөздері сопылық астарға ие. Мәселен, «сағи» сөзінің (шарап құюшы) дегеннен басқа «пір» деген мағынасы бар екенін Шәкәрімнің білгендігі дау тудырмайды. Алайда, Шәкәрім өмір 68


сүрген кезеңде көпшілікке сопылық, ұғымдар бейтаныс еді, сондықтан ақын «мей» сөзін шарап, «сағиді» - шарап құюшы деп тәржімаламау себебі, ол кезде қазақтар шарапты маскүнемдікке жетелейтін, ислам шарттарына қарсы қағида ретінде қабылдауы мүмкін болғандықтан саналы түрде осылай аударған. Хафиз ғазалының мына бір бәйітін: «Қорқамын қиямет күні сұрағанда артық болмас, Шейхтің адал наны біздің арам судан» Шәкәрім: Сырт көрініс, қылған еп, Бұза ма деп қорқамын. Арақпен тең болар деп, Жалған сопы тұз-нанын, — деп еркін тәржімалайды. Шәкәрім еркін аударған ғазалдың сопылық астарын терең білген. Өйткені, Шәкәрім оны қазақы өлеңнің қалыбына салып, таза ұлттық пішіндегі төлтума шығармаға айналдырған. Шәкәрім аудармалары ұлттық таным-түсінікке қабысатындай ұғымдылығымен ерекшеленеді. Ол қабылдаушының ұлттық ерекшелігін ескерген. Сонымен бірге эстетикалық қуатты, поэзиялық тұрғыдан төрт аяғын тең басқан көркем болуын назарда ұстаған. Шәкәрімнің аудармасын ғазалдың ішкі мазмұны және сыртқы пішініне қарап сараптамақ болсақ, мұнда біз Шәкәрімнің қазақы ұғымға ыңғайланған тұстарын байқай аламыз. Мәселен, Хафиз ғазалының мына бәйітіне назар салайық: Құй, сақи, қалған шарапты табылмайды бәйіштен, Мұсалла гүлзары мен Рукнабадтың жағасы. Шәкәрімнің аудармасына қарайық: Қалған қымызды әкәл сен, Бер, аяқшы, кесемен. Гүлді жеміс, Талды өзен, Табылмайды бейіштен. Мұнда Шәкәрім біраз сөзді қазақтың түсінік-нанымына лайықтап беріп отырғаны аңғарылады. Ол шарапты —қымыз, аяқшы деп — шарап құятын «сағи» адамды, «Мұсалла» атты Шираздағы бақты — гүлді жеміс, Рукнабад өзенін — Талды өзен деп беріпті. Яғни Шәкәрім егер сөзбе-сөз бәрін бере берсе, қалың қазақ жұртына бұл ғазал түсініксіз болып қалуы ғажап емес еді. Шәкәрімнің кейбір сөздері өз қалпында аудармай, оның орнына өзінше балама сөз түрінде қолдануы. Алайда, қойылған сөз арқылы өлең ұғымы өзгермейді, қайта қазақ тілінде сөйлейтін адамға түсінікті түрде беріледі. Сондай-ақ, бәйіттің аудармасына қарап, Шәкәрімнің Иран елінен хабары мол екенін байқадық. Өйткені, Мұсалла (Иран бағы) және Рукнабад (өзенін) дәл ұғып әдемі де мазмұнына сай аударыпты. «Теңіздің толқындары қараңғы түнде қорқынышты, Жағалаудағы тыныш жандар біздің жайды не білсін» деген бәйітті Шәкәрім былайша қазақыландырады: Қараңғы толқын, қанды оқпын, Қорқыныш, жүк ауыр. Біздің жайды не білсін, Жағада жүксіз жат бауыр. Ал, Шәкәрім түпнұсқа авторымен шығармашылық бәйгеге түскендей, өлеңді әрлендіре, шумақтардың орнын ауыстыра тәржімалайды. Ақын Шығыс классиктерінің біразының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шәкәрімнің бұл саладағы ең көлемді мұрасы арабтың орта ғасырдағы жыры "ЛәйліМәжнүн". (1922 жылы "Шолпан" журналында жарияланған). Автор бұл туындыны Физули Бағдади нұсқасынан аударған. Жырдың басында ақын Физулидің аудармасы туралы, оның тілінің шұрайлылығы мен көркемдігі туралы толық жазады. Бұның өзі 69


түптеп келгенде, қазақ әдебиетіндегі нәзирагөйлік дәстүрдің замды жалғасы ретінде таныла алады. Шәкәрім Хафиз шығармаларынан да "Кел аяқшы қымыз құй", "Ей, жарымыз, айнұры", "Тұр, аяқшы бер қымыз", "Анық ерге жолдас бол" және т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Шығыс шайырларының сара жолын негізге ұстанған ғұлама ақын, олардың арақ, шарап сипатында қолданған сөздеріне тура түсініктеме беріп отырған. "Кел аяқшы қымыз құй" атты өлеңінде кездесетін "арақ" деген сөзді - қымыз деп алғанын, "арақ" (қымыз) дегені ақыл, ғылым: хақиқатта "жар" дос дегені, Алла тағала һәм табиғаттың көркемдігі деп өзгертіп жазғаны жайында түсініктеме ретінде ескертіп отырады . Ежелгі Шығыс поэзиясын еркін игеріп, қазақтың қара өлеңінің қасиетін жетік меңгерген, Абайды үлгі тұтам Шәкәрім Шығыс поэзиясына тән мәснәуи (бәйт) үлгісіндегі өлең құрылысына сәйкес өлеңдер жазады. Ақынның "Насихат" деген өлеңі арабтың екі жолды бейт үлгісінде жазылған. Сен ғылымға болсаң ынтық бұл сөзімді әбден ұқ, Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер. Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт, Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер. Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин, Лермантов, Некрасов, Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімдарлықпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, аттары аталған ойшылдардың ту етіп көтерген эстетикалық, философиялық, концепциялары жекелеген ұлттың дара жетістігі емес, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таниды. Туған халқының осындай озық, өнер кәусерінен барынша мол сусындауы игілікті іс деп білген Шәкәрім дүниежүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығарлмаларын ана тілінде сөйлете бастайды. Соның ең елеулілерінің бірі - "бірі А.С.Пушкиннің «Дубровскии романы». Түпнұсқа мен Шәкәрімнің "Дубровскийін" әліміз жеткенше өзара салыстырып қарағанымызда, қазақ ақынының аталмыш полотноның бүкіл бітім-болмысын мейлінше толық шығаруға күш салғанын байқаймыз. Пушкин қағазға түсірген хикаяның сыртқы нобайы ғана емес, ішкі имірімлері де, айсбергтің су астындағы бөлігінің жөн-жобасы да, нақышын жоғалтпаған. Кейіпкерлердің мінез-құлқын, өмірлік позициясын, олардың әрқайсысының даралық сипаттарын өрнектеудегі түпнұсқа авторының қолтаңбасы білімдарлықпен қоса бесаспап суреткерлікпен жүзеге асқан. Дегенмен Шәкәрімнің: Сөйтсе де кете қоймай шетке басып, Айтармын алыстамай шын жанасып. Әншейін ертек айтып отыр демей, Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып, - деген жолдар соның дәлелі. Пушкин соқпағынан табан аудармауды жалаң мақсатқа айналдырмағанын аздыкөпті кейбір еркіндіктерге бару арқылы шығарманың жұртшылыққа түсініктірек болуы жағын негізгі нысана еткенін арнайы айтуымыз керек. Мұны алдымен ескерткен Шәкәрімнің өзі-тін. Аударманың кіріспесіндегі: Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, Қазақтың шағылдырар надан көзін, Ғылымнан көзілдірік кимеген ел, Туралап көре алмас күннің көзін. "Дубровскийдің" Шәкәрім қажы жасаған нұсқасында да тікелей қатынасы бар. Пушкинде романның сюжеті бірден: "несколько лет тому назад в одном из своих поместий жил старинный русский барин, Кирилла Петрович Троекуров" (с. 128) деп басталса, Шәкәрімнің "Дубровскийі" 124 жолдан тұратын прологтан кейін барып желі тартады. Пушкиннің ой-өрісін, қалам ұстау өзгешелігін, азаматтық позициясын толық та 70


терең зерделей білген қалам ақыны әр дәуірдегі адамньң, қоғамның болмысын, түр сипатын ұзақ шола, келіп: Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, Қазақтың шағылдырар надан көзін, Ғылымнан көзілдірік кимеген ел, Туралап көре алмас күннің көзін. жеке мен жекенің, жеке мен көптің арасындағы үйлестіктің не қайшылықтың әрқилы себептерге байланыстыы бір қалыпта тұрмайтынын тілге тиек етеді. Бүгінгі бардың ертең жоқ, болуының, бүгінгі достың ертең жауласып шыға келуінің әлеуметтік, психологиялық астарына үңілуге талпынады. Түптеп келгенде бұл романда айтылатын ойдың негізгі қазығын, идеялық нысанасын меңзейді: Жазған жоқ Пушкин мұны ермек үшін, Мақсаты: бізге ғибрат бермек үшін. Қиянатшыл, зорлықшыл, парақордың, Мінезінің суретін көрмек ұшін. Шын махаббат не екенін білдірмекке, Уағдашыл әділетті сүйдірмекке. Жақсы мінезді айтқанда жан ерітіп, Зұлымдықтан жиреніп күйдірмекке. Ақылсыз мал мен мансап кім екенін, Сырты - адам, іші шошқа, сұм екенін. Алла сүймек, ар сүймек, адам сүймек, Ұқтырар адамдықтың шын екенін. Пушкиннің "Дубровскийінде" Егоровнаның хатынан бірсыпыра жайдан хабардар болып, асығыс үйіне оралып келе жатқан Владимирді Антон жемшіктің "Песочное" станциясында (аудармада "Құмдыбекет") күтіп алғаны, жолда бала Дубровскийдің әкесінің жай-күйін сұрағаны, қызметшінің нендей жауаптар қайтарғаны жөнінде бір алуан мәлімет бар. Бұл эпизод Шәкәрімде жоқ. Мұның мәнісі, біздіңше, мынау. Оқырмандар Троекурорвтың қолдан жасаған қиянат қысымынан кәрі Дубровскийдің дертке ұшырап, қатты науқастанып қалғаны туралы бұрыннан толық таныс болатын. Екі байдың не себептен араздасқаны шығарманың бұдан кейінгі беттерінде тамтұмдап әртүрлі жағдаяттарға орай қайталанып отырылады. Сондықтан аудармашы алдында айтылып кеткен оқиғаны жұрттың есіне тағы да бір сала кетуді артық деп санаған. Прозада әуел бастан белгілі эпизоттарды нендей бір мақсатпен қайыра жаңғыртулар бола береді. Ал, поэзияның табиғатына мұндай жомарттық жараса қоймайды. Көп сөзділікке, сюжеттің шұбаландығына апарып соғады. Мұны жетік білетін Шәкәрім түпнұсқа қара сөз болғанымен оны басқа түрмен сөйлетуге бел буған соң, поэзияның өзіне тән ерекшелігіне өктемдік жасамаған. Пушкин де жас Дубровскийдің жемшік Антоннан біраз жайттың сырын аңғарғаннан кейін көңіл-күйі құлазып. көпке дейін өзімен-өзі болғаны қысқаша баяндалса, қазақ ақыны оның сол сәтіндегі мұң мен шерге толы ішкі әлемін молырақ қамтуды дұрыс деп санаған. Мұны аталмыш дүниенің бойындағы ең бір тартымды жолдар деп білеміз. Шал Антон бишік бұлғап божы қақты, Сар желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты. Өткенін қанша уақыт пайым етпей, Владимир тым терең ой ойлапты. Ат пыр-пыр, арба күр-күр, қоңыраушылдар Тау, ағаш кейін қалып, қақты бұлдыр. Бұлардан Владимир түк сезбейді, 71


Әкетпес әлде қайда көңіл құрғыр. Түпсіз ой, түпсіз қиял неше мыңдап, Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрады ымдап. Тұңғиық тұманданғаналдынғы өмір, Тұрғанын біліп болмас не дайындап. Қайрайды, кейде ыза боп, жауға тісін, Ойлайды кейде реттеп, қылмақ ісін. Ашық көзі жұмулы есепті боп, Көрсе де көрмегендей түктің түсін. Осындай ұйқылы-ояу бір ой басты, Қайғы, үміт, қайрат, ыза араласты. "Әнекей, "Покровский" «қышылақ» деген, Антонның дауысымен көзін ашты. Осы келтірілген үзінді аудармашының сөзбен келісті өрнек сала білетін үздік талант иесі, майталман психолог екенін, демек Пушкиннің гуманистік, суреткерлік қолтаңбасын жетік түсінгенін айнытпай айғақтайды. Нағыз өнер сайысы осындай болмақ. Арбаға жегілген аттардың қайсысының қалай жортқаны да тәржімешінің өзінің болжамасымен дүниеге келген жолдар. Төл еңбегі. Пушкиннің кәрі Дубровскийдің ауыр сырқаттан дүние салған сәті: "он лежал в креслах, на которые перенес его Владимир, первая рука его висела на полу, половина опущена была на грудь - не было уже и признака жизни во всем теле, ёще не охладело, но уже обезображенном кончиною» деген жолдармен берілсе, Шәкәрімде сол көрініс: Өлмей, өшпей тұра ма адам фәні, Мұзға айналып қалыпты ыстық тәні Басы иіліп кетіпті кеудесіне, Ашулы оң қолының алақаны. Басын имек - тағдырға көндім демек, "Фәрмәньша мойнымды бердім" - демек. Алақаны ашылған ишараты – "Несін алдым, мен ақтан өлдім" демек, - деген өлең тармақтарымен бейнеленген. Шәкәрім қажы түпнұсқадан арнайы ауытқи отырып жер басып жүргендердің бәріне қатысты ой түйеді. Шәкәрім қажының Пушкиннен жасаған екінші аудармасы - "Боран" повесі.Повесть Пушкинде "В конце 1811 года, в эпоху нам достопамятную, жил в своем поместье Ненарадове добрый Гаврила Гаврилович Р. Он славился во всей округе гостеприимством и радушием; соседи поминутно ездили к нему поесть, попить, поиграть по пяти копеек в бостон с его женою, а некоторые для того, чтоб поглядеть на дочку их Марью Гавриловну, стройную, бледную и сем-налиатилетнюю девицу. Она считалась богатой невестою, и многие прочили ее за себя или за сыновей" деп басталады. Автор тарапынан берілетін осы ремарканы қазақ ақыны: Мың сегіз жүз он бір жыл шамасында, Он екінші жылменен арасында. Саврило Сагроловин дейтұғын бай, Отырған Нишандырып қаласында. Оншалық зор қала емес, отар екен, Зор салты ғой оңдайды қала деген. Қарыз бергіш, ашық жүз, қонақшыл бай, Сол жерді иемденіп қылған мекен. Прасковья Петровна - бәйбішесі, Онын да түгел еді әр немесі. Сонда келіп карта ойнап, сауық салып, 72


Қызық күндер өткізген көршілесі. Қызы Мария бек сұлу, һәм әдепті, Сол жылы он жетіге жасы кепті. Оны көрген бозбала ынтық болып Дариға-ай, осы қызды алсақ депті. "Боранның" қазақшасы да тартымды. Мұнда да сюжет желісін шашпай-төкпей түгел сақтау нысанасы көзге бірлеп шалынады. Прозаға жаттығы жоқ кейбір тәптіштеулер қалдырылып кеткен. Дәстүрі, салты, тұрмыс өрнегі бөлек сахара тұрғындарына түсінікті болсын деген ниетпен кейбір жайттарды тартатыңқырай әңгімелеген. Сөз кестесі де келісті. Дегенмен... "Боранның" қазақшасында аратұра бастапқы нұсқадан, біздіңше, орынсыз алыстаңқырап кететін тұстары "Дубровскийдегіден" гөрі молдау ма дейміз. Бұл еркіндікті кейде қостасақ, кейде орынсыз көріп, бейтарап отырып қалатындай күй кешеміз. Мүмкіндігі шағгын біреу болса, әрине, әңгіме бөлек. Ал, Шәкәрім сынды алыптардың жөні бір басқа. Ондай ғұламалардың әрбір сөзі мен сөйлемінің назардан еш уақыт қағыс қалмайтындығы соған орай. Путаккидегі Мария Гавриловананың жүректің әміріне көніп, көрші Жадрино (Шәкәрімде - Шадрии - З.Ж.) селосындағы шіркеуде Владимирмен некелесу рәсіміне бел байлап, түнде жолға жиналғаны киім-кешектерін буып-түйгеннен кейін өзінің сырлас, дос қызына, одан соң жасағалы отырған батыл қадамына жалбарына-жалына кешірім өтініп әке-шешесіне хат жазғаны, шаршап-шалдығып таң алдында ғана төсегіне қисайғаны, бірақ, әртүрлі қиқы-жиқы түстер мазалап, орнынан құр сүлдесі көтерілгені, үй-ішінің оны сырқаттанып қалдыға жорып естері шыққаны, сол күні тәбеті тартпай тұрғанын сылтауратып кешкі тамақтан бастартқаны, баққа шығатын есік арқылы, сүйіктісіне берген серті бойынша аттану сапарына түпкілікті тәуекел еткені суреттелетін жолдарды Ш. Құдайбердиев былайша сөйлеткен: Түн болған соң, Мария дайындалды, Бірге өскен малай қызын қасына алды. Шкаф, айна, столға амандасып, Шамаданға киімін түгел салды. Хат жазды ата-анадан кешу сұрап, Асықтық әкеткенін айтты жылап. Конвертке екі жүрек сурет салды, Сыртынан тұрғандай ғып от шашырап. Хат тастап, иесіз үйге амандасып, Жөнелді бақша жақтан есік ашып. Қараса алай-дүлей катты боран, Қалың кар жердің бәрін қалған басып, Келтірілген шумақтың өзін оңаша бөлек оқығанда майталман зергердің қолынан шыққан келісті өрнек ретінде, қабылданатынына еш күмән жоқ. Ой да айқын, сөздер де өзінің орын-орнында, бөлек-салақ немесе жетпей тұрған ешнәрсе таппағандайсың. Ал, түп нұсқа мен салыстырып қарар болсақ, жағдайды, орынды, кейіпкердің сол мезеттегі қан тамырының қысымын бейнелейтін небір сырлы детальдар, өкінішке орай, қалып қойғанын байқаймыз. Мәселен, Пушкинде жоғарыда қысқаша өз сөзімізбен айтып өткеніміздей, Мария Гамрилонна Жадрино селосына бірден аттанып кетпейді. Керекжарақ дүниелерін ыңғайлағаннан кейін бір тәуліктен соң жолға шығады. Әке-шешенің қарсылығы, екіншіден табан тіреген шешімнің арты нендей нәтижеге соқтырарына көңілі қатты алаңдаған жас арудың сол сәтте екі оттың ортасында қалғандай күй кешкені баяндалатын жолдардың қысқаруға ұшырауы шығарманың сыршылдық әуеніне нұқсан келтірген. Орысшасындағы: "она втайне прощалась со всеми особами, со всеми предметами, ее окружавпіими" деген сөйлемді "шкаф, айна, столға амандасып" деп 73


аударған. Әрине, еуропалық дәулетті адамның мекен-жайында ол мүліктердің міндетті түрде болатыны белгілі. Бірақ, Пушкинде олардың аттары аталмаған ғой. Шамадан деген сөз де жоқ. Повесте сәл кейінірек қыздардың ат шанаға қолдарына үлкендеу бір түйіншек пен кішкене қобдиша ұстап отырғаны айтылады. Ал, қазақ ақыны жолға шыққан әйел керек-жарақ заттарын шамаданнан басқа қайда салушы еді деген оймен ол ыдысты өз жанынан қоса салған. Мұнда тұрған соншама оғаштық жоқ сияқты. Әйткенмен, көркем аударманың о бастағы тұрпатыннан алшақтамағаны ләзім. Пушкинде одан әрмен ел жұрттың бәрі ұйықтады-ау деген шақта Мария Гавриловна мен қасына ерген жолдас қызының, нәрселері қолдарында, бау-бақша арқылы жылыстап далаға шыққаны, долы боранмен алыса-жұлыса, жан дәрмен Владимир жіберген шанаға отырып, Жадриноға тарта жөнелгені біраз тәптіштелсе, Шәкәрімде ол керініс жинақы да шағын: Малтығып жүре алмады қарға батып, Ысқырған бір дыбысқа келе жатып, Шанаға екі қызды отырғызып, Көшір де жүріп кетті сырылдатып. Күшейді соққан боран барған сайын, Сөйтсе де көшір білді жүру жайын. Бұл қыздар сол бетімен бара тұрсын, Владимир қайткенін баяндайын. Орысшасындағы: "поручив барышню попечению судьбы и искусству терешкикучера, обратимся к молодому нашему любовнику" деген сөйлем жаңағы келтірілген үзіндінің соңғы екітармағы түрінде жүзеге асқан. Ауытқу болмашыға тән. Жоғалған пәлендей ештеңе жоқ. Тек бірінші нұсқадағы уағдалы жерде қыздар келіп үлгергенше ауа райының қолайсыздығынан атшы мен аттардың қатты қажып, мазасызданғаны суреттелетін мына штрихтің: "Лошади, прозябнув, не стояли на месте; кучер Владимира расхаживал перед оглоблями, удерживая ретивых. Он помог барышне и ее девушке усесться и уложить узлы и шкатулку, взял вожжи и лошади полетели" қалып қоймағаны орынды еді. Өйткені есік-терезені тарсылдатып, долдана соққан қатты боран бұл шығармадағы жай, ауа райының кездейсоқ қолайсыз көрінісі ғана емес, кейіпкер біткеннін бәрін әуре-сарсаңға салған зормылқау күш, жазмьштың әркімге тарқтызған сыбағасының алапат себепкері. Демек, әлгі келтірілген шағын үзік автордың айтпақ ойының түйініне жетелейтін елеулі сілтеменің бірі. Сәл бұрмалаңқырай сөйлесек, оның эстетикалық функциясын кәдуілгі оркестр құрамындағы былайынша қарапайымдау көрінгенімен, үлкен дүрмектің сапында өзіндік үні бар музыкалық аспаппен салыстыруға тұрарлықтай. Оның орнын жоқтауымыздың себебі сол. Түп нұсқада Владимирдің күні бұрын Жадринодағы шіркеудің Священнигіне жолығып, оны өйтіп-бүйтіп ақыры Мария Гавриловнамен некесін қиғызуға көндіргенін, одан соң куәгерлер іздеп біраз азаптанғанын, сәті түсіп отставкадағы қырықтар шамасынлағы Ларвин дейтін көрнекті және Шмидт дейтін жер өлшеуіш пен бір капитан-тәлімгердің он алтыға келіп қалған ұлымен келіскені айтылады. Бұл эпизод та қазақшасында жоқ. Тек ол суреттеменің бастапқы жағында: Шодрин деген қышлақта, он шақырым, Білуші еді бір кәрі поптың бәрін. Соған неке қиғызбақ болды екеуі, Жалынып берсе-дағы біраз ырым. Шадринге Владимир күндіз барған, Попы да, куәсі де дайындалған. Пар атын Марияға жіберген соң, Өзінің жегуіне бір ат алған, 74


деген қысқаша хабарлама ғана бар. Байқап қарағанда, ол да Влалимирдің сүйіктісімен ортақ шаңырақ көтеріп, түтін түтетуге белсене кіріскенін айғақтайтын кескіндеме. Тәржімашының оны нендей себептен тастап кеткені белгісіз. Ата-бабаларымыз қашанда үйлену тойын ерекше қадірлеген, бірен-саран төтенше жағдайлар болмаса, ауыл-аймақты түгел жинап, әрине, мүмкіндігі жеткенше, думандатып өткізген. Неке қию рәсіміне де үлкен мән берілген. Жұбайлардың семьялық ұжымын ресми заңдастыру салтанатына екеуінің бірі жазатайым қатыса алмаса, сенімді адамдардың куәлігі талап етілген. Тек солардыц мәлімдемелері негізінде ғана неке қиылатын болған. Той-домалақ, ойынсауықтар да айтылып жүретін: "куә лүрміз, куә дүрміз, куәлікке жүре дүрміз" деп баста латын қаратпа қалжың сөздердің шығу тегі соған байланысты. Демек жұбайлардың некелесу сәтінде куәгерлер қатыстырылуы қазақтар үшін соншама жаңалық емес. Сөйтсе де аға ұрпақтарға орыс ағайындардың үйлену салтына қатысты әдет-ғұрыптарынан мәлімет беру мақсатында повестегі сол жолдарды көпсінбей, аудара салғанның артықтығы жоқ еді. Бұл бір. Екіншіден, көркем өнер туындысы да етегі бар, жеңі бар дегендей, бір бүтін дүние. Басқа тілге аударылғанда әрқилы себеппен қырналып, шағындала берсе, тұтастығынан айырылып, табиғи жүдеушілікке ұшырауы сөзсіз. Мәселенің ең қиыны, міне, осы. Одан соң Владимирдің үш ат жеккен шанасын Мария Гавриловнаны Жадрино селосына алып келуге жіберіп, өзінін бір ат жеккен кішкене шанамен жападан жалғыз некелесу сапарына шыққаны, бірақ, қатты боранның әлегімен түні бойы адасып, уәделескен уақытында қалыңдығымен кездесе алмағаны суреттелетін қым-қуат оқиғалар қазақша нұсқада жарым-жартылап қана қамтылған. Сол боранды түні Мария Гаврилованың Владимирмен жолығысу мүмкіндігі болмай өз үйіне қайта оралғаны, бір жағынан ұстанған арманына қолы жетпей, оған қоса бүкіл денесін суық ұстап, ертеңіне төсегінен қатты сырқаттанып оянғаны, қыздың түнгі серуенінен мүлде бейхабар әке-шешесінің оның қалшылдап-дірілдеген мүшкіл халінен өлердей шошынғаны баяндалатын жолдар да тәржімеде толық емес. Оған қоса еркіндік басым. "Что твоя голова, Маша?" - спросил Гаврила Гаврилович. "Лучше, папенька",отвечала Маша. «Ты, верно, Маша вчерась угорела», - сказала Прасковья Петровна. "Может быть, маменька", - отвечала Маша" деген диалогтар: Әкесі айтты: қарағым, өңің жаман, Иіс тиіп қалған ба бүгін саған?" -түрінде ғана берілген. "Никто в домо не знал о предположенном побеге. Письма, накануне, ею написанные, были сожжены; ее горничная никому ни о чем не говорила, опасалась гнева господ. Свяшенник, отставной корнет, усатый землемер маленький улан были скромны, и недаром. Терешка-кучер никогда ничего лишнего не высказывал, даже и во хмелю. Таким образом тайна была сохранена более, чем полудюжинного заговорщиков" -деген автор сөзінің қалып қоюы түп нұсқаны оқымаған адамға көп жағдаяттың қыр-сырын ұғынуға кедергі келтіреді. Мәселен, Мария Гавриловна кетер алдында бірін жолдас қызына, бірін ата-анасына бағыштап екі хат жазғаны қайда? Олар да түнгі боранға ұшырап, бір жерде қарға көміліп қалғанның қай жағында деп ойламасына кім кепіл. Аудармадағы, біздің байқауымызша, сәтті шыққан деп Мария Гавриловнаның қызуы көтеріліп, қатты науқастанғаны, анда-санда сандырақтағанда боранды түні қандай мақсатпен қайда барғанын, не көріп, не білгенін, нендей іс тындырып қайыра оралғанын маңайындағылардың бәрін таңдандыра өз аузынан айтып бергені әңгімеленетін тұсты арнайы айтар едік. Жинақы да көркем. Кейбір штрихтардың қалып қойғанына қарамастан Пушкиннің қолтаңбасы айқын сақталған. Оқиға, одан туындайтын көңіл-күй бүкіл бедерімен тізбектелген. Сондай-ақ, қазақ ақыны жәан-жағын түгел аяусыз жалмаған 1812 жылғы французорыс соғысын, оның нәтижесін отандас ұлы көршілеріміздің бас киімдерін аспанға атып, зор қуанышпен мерекелегенін түп нұсқа деңгейінде суреттеген. Бұл шумақтарды оқыған 75


кезде біреуден жасалған көшірме емес, төрт тақтасы түгел, - таза ұлттық поэзиямен сусындап отырғандай әсерге бөнелесің. Повестің финалы - Владимирдің француздардан қаза табуы, оның артынан іле-шала Гаврила Гавриловичтің дүние сәлуы, Прасковья Петровнаның қызымен екінші бір жердегі қонысына көшіп баруы, Мария Гавриловнаның көпке дейін тұрмысқа шыққысы келмей жүріп-жүріп барып, кешегі қан майданнан жарадар болып ауылына оралған полковник Бурминді ұнатып, соған тигені - екі классиктің екеуінде де ерекше шабытпен жазылған деп танимыз. Анадағы боранды түннің бірсыпыра шырғалаңының сыр-сипаты, соған орай басты тұлғалардың өзіндік интеллектуалдық қадір-қасиеті, әсіресе, осы кейінгі аккордта жарқырай ашылады. Поэзиямен аударылған дүниенің бойынан оның проза қалпындағы "өзіндік стилін, тіл кестесін, үлгі-өрнегін" түгелімен талап етудің не жөні бар? Шәкәрім қажы қалайда Пушкин соқпағынан тақжылмауды мақсат етпеген. "Дубровскийдің" кіріспесінде: Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, Қазақтың шағылдырар надан көзін. Ғылымнан көзілдірік кимеген ел, Туралап көре алмас күннің көзін. Сөйтсе де кете қойман шетке басып, Айтармын алыстамай шын жанасып. Әншейін ертек айтып отыр демей, Жүрекпен тыңдағайсың ақылдасып, - деп ескертетінін жадымыздан шығармағнымыз мақұл. Көркем әдебиеттің әр тегінің бөлек-бөлек әлем екенін де ұмытпалық. "Дала уалаяты газетінің" 1892 жылғы бір санында Еңлік-Кебек оқиғасының жай қара сөз түрінде баяндалғаны мәлім. Оның "өзіндік стилін, тіл кестесін, үлгі-өрнегін" Шәкәрім қажының Мағауия Абайұлының, М. Әуезовтін сол есімді шығармаларынын бітім-болмысынан іздестірді. Шәкәрім қажы "Боранның" бастапқы калпын сақтауға тырысқан. Бірақ, "Дубровскийге"қарағанда мұнда еркіндік басымдау. Жоғарыда салыстыру барысында нақты айтып өткеніміздей, кейіпкерлердің өзіндік ерекшелігін әртүрлі қақтығыстартыстың әлеуметтік, психологиялық негізін айқындайтын детальдардың талайы орынсыз қысқартуға ұшыраған. Шағындалған, жинақталған эпизодтар да баршылық. Бұл жайттар бәрінен бұрын шығарманың сыршылдық, көркемдік сипатына көлеңке түсірген. Әлгіндей өзгертулер, әріне тәржімашының мүмкіндігіне шалғай келгендіктен емес, біріншіден, оған поэзияның табиғаты -майда-шүйдеге көңіл аудармай, тек өмірдегі ең елеулі мәселелерді ғана теріп алуды талап ететіндігі "кінәлі", екіншіден, ақын кейбір жағдаяттарды қазақ оқырмандарына қажеті шамалы деп ұйғарып, жай қалдыра салған ба дейміз. Ондай шешімнің артық-кемі бір кезде байқалмаса, аударманың қазіргі биік өнерлік деңгейге шырқаған шағында назарға ілікпеуі мүмкін емес. Асылы, бағаның өз лайығына сақ әділ белгіленуі қашанда ақылға сыйымды, жарастықты құбылыс. Қалай десек те Шәкәрім қажының білікі де талантты аудармашы екеніне еш күман жоқ.Оның басты дәлелі- Пушкин,Толстой шығармаларының ол жасаған қазақша нұсқалары, әсіресе, «Дубровскийдің» тәржімасы. Ғұлама ақын ғұмырнамасының бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейі қандай? Ақын алғаш рет саяси "жылымықта", 1958 жылы, ақталды да "Қазақ әдебиетінде" өлеңдері мен шығармашылығы туралы мақала жарияланды. Амал қанша саяси ахуал қабағы тағы өзгеріп акын есімі қайта жабылды. Жиырма жыл өткенде, яғни 1978 жылы "Поэты Казахстана" атты кітапта жазушы Мұхтар Мағауин ақынның өмірі мен творчествосы туралы мақаласын жариялаған еді. Алайда жалғыз карлығаш көктем әкелмейді. Шәкәрім мұрасының халқымен қайта қауышуы бұдан соң да ұзақ он жылға созылды. 76


Ақыры 1988 жылы (бақсақ ақын өмірінде "8" санымен аяқталатын үнемі өзгерісті жыл) Шәкәрім шығармалары жинағының екі кітабы бір уақытта басылып шықты. Біріншісі - "Жазушы" баспасынан шыққан көлемі 560 беттік " Шәкәрім шығармалары" атты кітап. Онда Шәкәрімнің өмірі мен өнері жайлы Әбділда Тәжібаев пен Шәмшиябану Сәтбаеваның "Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931)" деген мақаласы берілді. Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмалары топтастырылған "Жалын" баспасынан шыққан көлемі 254 беттік "Жолсыз жаза атты екінші кітапта Мұхтар Мағауиннің "Абайдың інісі" деген Шәкәрімнің өмірі жайлы мақаласы жарияланды. Осы жылдың 15 сәуірінде жұртшылық "Қазақ әдебиеті" газеті бетінен Қайым Мұқаметхановтың "Шәкәрім" атты еңбегін оқып, ақын ғұмырнамасына қаныға түсті. Ал, бұлардан төрт жыл кейін яғни 1992 жылғы "Жұлдыз" журналының N11 санында Шәкәрімұлы Ахаттың "Менің әкем, халық ұлы — Шәкерім" атты көлемді естелігі жарық көрген болатын. Міне, Шәкәрім ғұмырнамасы жазылуының қысқаша тармағы осы. Аталған еңбектерде де өзекті мақсат - ұмытылған Шәкәрімді туған халқымен қайта қауыштыру болды. Екіншіден, олар кешегі кеңестік саяси көзқарас дәуірінде жазылды. Сондықтан Шәкәрімнің қазақтың ақыл-ойы мен философиясына қосқан үлесі, ақынның толысу, кемелену кезеңдерін саты-сатылап анықтау сияқты мәнді тақырыптарға тұсау салынды. Ал, бұларсыз көп мәселелердің бетін ашу, мысалы, туындыларының жазылу уақытын шатастырмай дұрыс анықтау қиын, бәлки мүмкін емес. Сонымен, Шәкәрімтану ғылымы жетер өрісіне жетті деуге әлі ертерек. Ал оның бір саласы – қажының өмір тарихын зерделеп зерттеу аяқталмаған ғылымдық жұмыс. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Ш. Құдайбердіұлының өміріне қатысты тың деректер жинастыру. 2. Абай мектебінің үлгісін алушы және оны дәріптеуші тұлға екенін дәлелдеу. 3. Шәкәрім шығармашылығындағы адам тағдыры, жан, тән, өлім, өмір мәселелерінің әдеби философиялық көркем сипаты. 4. Ш. Құдайбердіұлы өлеңдеріндегі азаматтық сарын. 5. «Қазағым», «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Бостандық туы жарқырап» өлеңдеріндегі ақындай ойдың эволюциясы. 6. Шәкәрім лирикасындағы көркемдік шеберліктің сыры. 7. Ақынның көрнектрі туындылары «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік -Кебек» поэмаларындағы жазғы әдебиетке тән тарихи-әлеуметтік, әдеб-эстетикалық талаптарға жауап беретіндігі. 8. Шәкәрім – шебер аудармашы. 9. Шәкәрімнің қазақ прозасына қосқан үлесі «Әділ-Мария» романындағы қазақ өмірінің шындығы. 10. Шәкәрімнің жаңадан табылып жатқан шығармалары. 11. Шәкәрім шығармашылығының тарих, философия, әлеуметтану, әдебиеттану ғылымдарында зерттелуі. 3.АҒАРТУШЫ – ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ 3.1.М. СЕРАЛИН - АҒАРТУШЫ, ДЕМОКРАТ ЖӘНЕ ҚАЙРАТКЕР Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. М. Сералыұлының жалынды өмірі мен жарқын шығармашылыққа қадамы. 2. М. Сералыұлы-қазақтың алғашқы журналисі. 3. «Айқап» журналы арқылы ақынның ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. 77


4. Ел тағдыры, жерді игеру, білім алу, қала салу идеяларын насихаттаған әңгіме, очерктері. 5. Аударма жанрындағы еңбегі. 6. Сюжетті поэмалары «Күлкәшима», «Топжарғандардағы» композициялық ерекшелік және тіл көркемдігі. 7. Ақын, журналист шығармашылығының қазіргі таңдағы зерттелуі. Пайдаланылған әдебиеттер:

С.2.

1. Қалиев Е. М.Сералин – ағартушы, демократ және қайраткер / Ұлағат, 2002, №5 2. Левитская И. Живые драгоценности. Алма-ата,1976,79с. 3. Суханбердина У., Дәуітов С. «Айқап». Алматы,1995. 4. Ужгин С. Странички былого. Воспаминания. Кустанай.Обл.истор.-краев.музей.-

5. Суханбердина У., Дәуітов С. «Айқап». Алматы,1995, 47-б. 6. Суханбердина У., Дәуітов С. «Айқап». Алматы,1995, 112-бет. 7. Суханбердина У., Дәуітов С. «Айқап». Алматы,1995, 232 8. Кенжебаев Б. Журналист Мұхамеджанов Сералин. Алма-Ата, 1957. 9. Бейсембаев К. Прогрессивно-демократическая и марксисткая мысль в Казахстане нач. XX в. Алма-Ата, 1965; Зиманов С., В.И.Ленин и советская национальная государственность в Казахстане. Алма-Ата, 1970. 10.Ергөбеков С. «Гүлкәшима» - ғашықтық жыры / Жұлдыз, 2005,№3 11. Ергөбеков С. М.Сералиннің «Киіктің көз жасы» атты дастаны туралы / Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №6.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының демократ ағартушысы, әрі қайраткер тұлғаларының бірі- Мұхамеджан Сералин. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін Туған халқының санасын оятуға, қараңғылықтан құтқарып оқу- білімге қол жеткізуге, қазақ елін көркейтуге, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосуға арнаған еді. Оның өмірі мен қызметі қазақтың белгілі ағартушы демократтары. С. Көбеев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқаларының идеяларымен, көзқарастарымен тығыз байланысты.Осы қазақ зиялыларының бір ғана мақсаты қазақ халқының санасын ояту болды. Олар қараңғылықтан жапа шегіп өз қолындағы байлығынан айырылып, отаршылдық езгіге түсіп, енсесі езілген халықты ояту үшін аянбай күресті. С. Торайғыров: «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам», десе А. Байтұрсынов: Қазағым елім, қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Тонауда малың, қамауда жаның, Аш көзіңді оянып»,- деді. М. Дулатов: Көзіңді аш, оян қазақ , көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті , дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты»,- деп айтты. Ал, М. Сералин болса қазақтың басындағы ауыр халді арылтып, санасына жарық сәуле шашу үшін қазақтың мұң- мұқтажын баршаға жеткізу үшін, қазақ зиялылырының ой- пікірлері мен көзқарастарын бір жерге түйістіру үшін алғашқы басылым «Айқапты» шығарды. «Айқап» қазақтың мұңын айтып, жоғын жоқтаған тұңғыш журнал болды. Айқап беттерінде қазақ зиялылары жандарына батқан ащы шындықты айтып, қазақтың халі жері туралы, теңсіздік туралы мәселелерді көтерді. 78


М. Сералин 1872 жылы қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданында дүниеге келген. Ата- бабалары Түркістан маңында қоныстанған, мал шаруашылығымен айналысқан. Әкесі Серәлі ақын және әнші болған. Өлеңді ауызша да, жазып та шығарған. Ол кісінің ақын екеніне «Сұлу ағаш» деген өлеңі мысал бола алады.Өлеңінде қазақтың жерінен айрылып, шаруалары шайқалып, кедейлікке ұрынған халін сипаттайды. «Мен әкемнен осы өлеңді естідім, бірақ ол кезде жазып ала алмадым.Кейіннен сол әкемнен естіген жырды «Топжарған» деген поэмаға айналдырып жаздым деп айтушы еді әкем»,- деді Ғалия Мұхамеджанқызы. 13 жасында Серәлі Орынбай ақынмен айтысқан. Серәлі мен Орынбайдың айтысын 1943 жылы қазақ жазушысы Шахмет Құсайынов жазып алып, Қазақ КСР Ғылым Академиясының ғылыми кітаптар қорына берген. Қазақ өнерінің жанашыры, қазақ әндерін көп жинаған А.В. Затеевич Серәлі ақынға мынадай баға берді; «Песню Сералы я лично склонен считать одним из перлов настояшего сборника. По своей форме она необыкновенно светла и оригинальна». Серәлі ақынның немересі Ғалия Мұхамеджанқызының қолында ақынның қайтыс болар алдында жазған өлеңі болуы керек, мынадай өлең жолдары бар. «Сағатым менің теңгелік бағасы артық, Барады ғұмырым өтіп күн- күн санап. Әр түрлі ойға алған қиялым көп, Оң жолға баса бергей құдай қалап. Тақаурап осы күнде тұрған шағым, Қайтып болған соң мал мен бағым, Үзілмей жеті атадан келе жатқан, Кеттің бе азып - тозып әруағым». Осы өлең жолдарынан біз Серәлі ақынның өз заманында айтулы ақындардың бірі болғанын аңдаймыз. Жоғарыда айтылған өлең жолдарының соңында былай делінген: Ойласам бұл дүниенің бәрі фәни, Фәниден адам бар ма қалған бақи, Сахабба, 33 мың пайғамбарлар Алланың сүйер досы Мұхаммед те Алланың аманатын қақ тапсырып, Ол дағы бұ дүниеден өткен сапар». Ақынның араб әрпімен (төте жазумен) жазылған қолжазбасын қосымша бетте жіберіп отырмыз. Серәлі ақын 1876 ж.дүниеден қайтқан. М.Сералин 1880-1887 жылдары Троицк қаласындағы медреседе оқыды. Оқуды аяқтағаннан кейін оны шешесі Қостанай қаласындағы туысы Арыстан Мыржақып ұлына жіберді. Қостанайда екі кластық орыс- қазақ училищесінде оқыды. Оқудағы кезінде алғырлығымен, зеректігімен мұғалімдердің көзіне түсті. Орыстың белгілі адамдарымен танысады. Ильиннің ақылымен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түседі. Бірақ бұл аяқтай алмай, туған жерінде еңбекке ерте араласты. Осы кезден жас Мұхамеджанның ағартушылық қызметі басталады.Қазақ балаларын оқытудың өзінің міндеті деп санады. Осы мақсатпен қазақтар жиі қоныстанған Арал өңіріне келіп бала оқытады, ақындық пен айналысады. Ақын 1900 жылы «Топжарған» поэмасын жазды.1900 жылы «Гүлқашима» поэмасын жазды. 1900 жылы М.Сералин Троицк қаласына келіп, Янушев деген саудагер приказчик болып жұмысқа тұрды. Янушевтің тапсырмасымен Орынбор, Қостанайдың біраз жерлерінде болып, халықтың өмірімен жете таныса бастады. Алдыңғы қатарлы ойшыл зиялылар мен кездесті. Сералиннің қоғамдық идеясы мен саяси көзқарасының қалыптасуына Троицк қаласында болуы көп әсерін тигізді. Осында орыс- татар халықтарының өнері , әдебиеті мен танысады. Жас кезінде кітапқа өте 79


құмар болған ол Қазан, Уфа, Орынбор қалаларынан орысша- татарша кітаптар алдырады. Орыс- татар әдебиеттері мен танысуы оның ой - өрісін кеңейте түсіп, демократ – ағартушылық көзқарасының қалыптасуына әкелді. Халық ауыз әдебиетін жинады. М. Сералиннің саяси идеясына және ағартушылық көзқарастарының қалыптасуына негіз болған, яғни ол нәр алған үш қайнар көздері болды. Біріншісі, қазақ халқының өмірі, тұрмысы, өнері мен әдебиеті. Себебі ол қазақ ауылының тұрмысын көріп өсті. Сондықтан да қазақтарды отырықшылыққа көшіріп, егін салуды, кәсіп етуді армандады. Кейіннен «Айқап» журналында қазақтың жер мәселесі туралы көп жазды. Қазақты көшпеліліктен құтқарып, отырықшы елге айналдырса, онда елдің шаруашылығының, мәдениетінің дамуына әсер ететін жақсы білді. Қала да көркейеді, халық та өседі. Осы орайда М. Сералиннің рухани нәр алған бұлағы қазақтың ақын- жыраулары еді. Оларды оқу арқылы, өзі де жақсы білетін қазақтың мұңы мен жоғы Сералиннің болашақта ұлтының күрескер жанашыры болуына әсер етті. Екінші, М. Сералиннің саяси көзқарасының қалыптасуына орыс зиялыларының себепші болуы. Ужгин, Ильинский, Ашморин, Сосновский және басқа да орыс зиялыларымен жиі араласты.Олар арқылы орыс өнері және әдебиетімен танысып, саяси- идеялық, ағартушылық көзқарастарын толықтыра түсті. Үшінші, татар мәдениеті мен әдебиеті ерекше орын алды. Оған себеп Сералиннің шешесі ноғай Бекшентаевтың қызы еді, әрі саудагер Янушевпен туыстық жақындығы болған. М. Сералин татардың тарихшы- этнографы Шагабудин Марджанидің еңбектеріне қатты қызықты. Ш. Марджанидің 100 жылдығыдна М. Сералин арнайы мақала жазып, онда шығыс халықтарының орыстармен байланысын нығайтудың қажеттілігін айтты. «Себебі орыс мәдениеті шығыс халықтарының мәдениетінің дамуына әсер еттеді», -деді. М.Сералиннің саяси- қоғамдық белсенділігі ағартушылық идеаларымен қатар, оның саяси күрескер ретіндегі тұлғасын қалыптастырады. 1911 жылы «Айқап» шыққанға дейін М. Сералин саяси шыңдалған белсенді күрескер еді. Ол туралы С. Ужгин былай дейді: «Когда в 1905г.в Росси широко раскинулось революционное движение, М. Сералин не был уже в категории тех демократически настроенных казахских интеллигентов,которых сабытия в Росси озадачили своим бурным размахом, он увидел в них неизбежный этап в судьбах Росси и населяющих ее народов в движении вперед к более светлому будущему». М.Сералин 1905 ж. «Уклар» (Стрелы) және ұл «Әлгасраль Джадиду» басылымдарын оқып ағартушылық және саяси бағыттағы мақалаларға баға беріп, сараптап отырды. Орыс- татар ұлттарының демократиялық прогресшілдік ой елегінен өткізіп отырды. Сол себептен 1905 жылы Қостанайдағы революциялық үйірме ұйымдастырған митингіге қатысып С. Ужгинмен пікірлес болды. Қазақ ауылдары М. Сералин арқылы қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды біліп отырды. Ауыл балаларын оқыту үшін жаңа үлгідегі мектептер ашуға белсене атсалысты. Осы мектептерге орыс- татар оқуының ең тиімді, озық жақтарын енгізуге тырысты. 1919 жылы Орынборға барып, «Ұшқын» газеті редакциясында жұмыс істеді, 1921 жылы Қостанайға қайта барып, мұнда Шұбар болысының атқару комитетінің төрағасының орынбасары, «Ауыл» газетінің редакторы (1923- 1926ж.ж.)болды. Кеңестердің Бүкілқазақстандық ІІ съезінің, Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінің делегаты болды. 1924 жылы И.В. Ленинді жерлеуге қатысып, «Жоқтау» атты өлеңі мен «И. В. Ленинді жерлеу» деген мақаласын жариялады. Ол сонымен бірге қазақтың алғашқы журналистерінің бірі еді. «Айқап» журналымен «Ауыл» газетінде басылған мақалаларының тақырыбы мазмұнына қарай ағартушылық прогресшыл бағытта болғаны баршамызға белгілі. 80


1928 жылы өз ауылында қарыз серіктестігін, жерді бірлесіп пайдалану серіктігін ұйымдастырды. Өкіметтен шаруаларға күш- көлік, соқа- сайман алып беріп, ауылының шаруашылығын көтеріп, мәдени жолға салады.Барлық саналы өмірін туған халқына аянбай қызмет етуге арнаған бір туар тұлға 1929 жылы дүниеден қайтты. М. Сералинді ХХ ғасырдағы өз халқының болашақ қамын ойлаған демократ – ағартушы, күрескер, қайраткер тұлғалардың бірі деп айта аламыз.1911 жылы 10 қаңтарда Троицк қаласында қазақтың тұңғыш журналы «Айқаптың» 1- нөмірі шықты. Оның негізін салушы да,авторы да, идеялық жағынан ұйымдастырушысы да М. Сералин болды. Журналдың бұлайша аталуын М. Сералин былай түсіндірді: «Біздің қазақтың «Әй, қап» демей тұғын қай ісі бар?! Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табылмайды. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтар үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. «Қап» ынтымақсыздығымыз- ай дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға «ендігі сайлауда көреміз, қап, бәлем- ай!» дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» деген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге ылыайық «Айқап» болды. Журнал 1915 ж. қыркүйек айына дейін «Энергия» баспасында қазақ тілінде басылып жүрді. «Айқапта» шыққан материалдар, саяси - әлеуметтік мақалалар, әдеби шығармалар, қазақ арасындағы ағарту мәселелері, ана тілі, әліппе, емле мәселелері, бостандық, теңдік мәселелері болды. М. Сералин «Айқаптың» бір неше санында былай деп жазды; «Заман ғылым заманы болғайсың, әрбір жұрт қатарынан кейін қалмас үшін, ақша аямай кітап,газет, һәм журнал бастырып халыққа таратудың әждәһәтінде». 1911 жылғы нөмірінде Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ өлкесі», М. Сералиннің «Қазақ қай заманда Россияға қосылған». Қ. Бәтішұлы «Қазақ шежіресі», М. Дулатовтың «Жер мәселесі», «Екі қыздың мұңы» және тағы басқа да мақалалар мен әңгіме, өлеңдер басылды. 1912-1913 жылғы нөмірлерінде алғы сөзі ретінде М. Сералин бірінші жер мәселесін; екінші, партияға бөлінудің жер ішіндегі залалын; үшінші оқыту мәселесі; төртінші қыздар мен әйелдерді оқыту мәселесін көтерді. «Айқаптың осы жылдардағы басылымдарында М. Жұмабаевтың өлеңдері, М. Дулатовтың «Жазу тәртібі», У. Халилиннің «Тіл сақтаушы» атты мақалалары шықты. А. С. Пушкин, А.П. Чеховтың аудармалары жарияланды. М. Сералин Фердаусидің «Рустем - Зораб» дастанын аударып жариялады. Осы айтылғандардың ішінде әлеуметтік саяси мәні зор тақырыпты көтерген М. Көпеевтің «Туысқан - бауырларыма бір насихат» деген мақаласы. Автор қазақ үшін көкейтесті мәселені көтерген. Қазақтың басындағы жаугершілік қыйн кезеңдерде халықтың қырғынға ұшыраған, қаналғаны, малдан айырылып тоналғаны туралы айта келіп, Ресей жұртымен ынтымақтасу, олардың жақсы қасиеттерін үйрену, оқуға, ғылымға, өнерге қол созу жөнінде айта келіп, ел ішіндегі орыс оқуы жастарды бұзады деген кері тартпа қараңғылық пікірге қарсы шығады. М. Дулатовтың «Жазу тәртібі» мақаласы. А. Байтұрсыновтың қазақша жазуға тәртіп пен үлгі көрсетіп, әліппе бастырмақшы болғанын жазады. Бірақ кейбіреулер А. Байтұрсыновты түсінбеген. А. Байтұрсыновтың артық әріптерді кемітіп, қазақ тіліне қолайлы етіп жасаған әліпбиіне ноғай жазушыларының реніш білдіргенін айтады. «Қазақтың оқығандары қазақ балаларын өз тілінде үйрету үшін жеңілдікті басқа ретпен тапса, ноғай жазушылары өкпелер ме екен?». Мақаланың негізгі 81


мақсаты қазақ әліппесін жасау және осы әліппені жөнсіз сынағандарға А. Байтұрсынов жақсылап оқысын деген пікір тудырады. У. Халилин жазған «Тіл сақтаушы» мақаласы ана тілі төңірегінде мәселе қозғайды. Сол кездің өзінде тілді сақтау, ана тілінде оқу, іс қағаздарын, сот және кеңсе істерін ана тілінде жүргізу М. Сералин, А. Байтұрсынов, С. Сейфулин көтерген аса маңызды мәселелер еді. Бүгінгі күн тәртібінен түспей келе жатқан өзекті тіл мәселесі кезінде арыстарымызды да қатты толғандырған екен. 1914-1915 жылдары «Айқапта» басылған материалдарда қазақтар арасындағы дау- тартыстар, кейбір қазақ зиялыларының пікірлерінің алшақтығы туралы сыни мақалалар жазылған. «Қазақ» газеті де жер мәселесін көтерді. Ә. Бөкейханов Думада көтерген «Жер законы» туралы «Қазақ» газетінде алғаш пікірлер болды. Мысалы, «Жер бүтіндей қазақтікі», «Жер сатылмайды»,сырттан келе жатқан келімсектерге тиім салу,көшіп келуді тоқтату жөніндегі көкейтесті мәселелер бойынша «Айқап» бас қосып съезд өткізуді ұсынды. Ал «Қазақ» газеті жиналыс қылмай- ақ баспа бетінде сөйлессек қайтеді деп ұсыныс жазды. Қазақтардың тұриысы жөнінде де «Айқап» пен «Қазақ» арасында тартыс туды. «Айқап» отырушылдыққа көшуді айтса, «Қазақ» ата- бабасынан көшпелі қазақ көшпеліліктен бірден қол үзе алмайды деді. Осы мәселелер төңірегінде Сабыржан Ғаббасов өз ойын білдіріп «Ашық хат» жариялады. Қазақ зиялылары арасындағы пікір алшақтығы мен кемшіліктерді айта келіп, былай дейді: «Айналдырған бір журнал, бір газет, бір- біріңді көре алмағандай көрінесіңдер. «Айқапқа» айтар өкпеңіз болса, халық майданына қоймай- ақ өз араларыңда бітірсеңдер болатын еді ғой.Алты млн. қазақ халқына жолбасшы болған «Айқап» емес пе. «Қазақ» газетін де тудырған «Айқап» емеспе? Сіздің «Айқапқа» тиісетініңіз қазақ халқына бас қос, сияз қос, мұң- мұқтажды халық майданына қой деген сөз ғой. «Адам бол» деген сөзде не айып бар? Жер жүзінің тарихында сөздердің бәрі де сиязбен болған емес пе? Мінекі, өзіміз байқап отырғандай, «Қазақтың»да «Айқаптың» да көтергені бір мәселе- ол қазақтың қамы еді. Келіспеген себебі олар қайтсек қазаққа тиімді болады деп әрқайсысы өзінше қарайлаудан туған көзқарастар еді. Өйткені отаршылдық езгісінен еңсесі түсіп дамудан артта қалған елде бұл мәселені бірден оп оңай шеше қою мүмкін емес еді. Қазаққа қолайлы, тиімді жағын көп ойластырғаннан қазақ зиялылары көп жағдайда өзара келісе алмады. 1915 ж. соңғы нөмірлерінде Ә. Бөкейханов «Он төрт тоғыз бола ма?» деген сөзін жариялады. Патша өкіметінің Думасына (1009ж.) қазақ жері туралы закон жобасы жіберілген еді. Бөкейханов қазақ жерін қорғағаны бәрімзге белгілі. М. Сералин, А. Байтұрсынов және басқалары «Айқап» беттерінде жер мәселесін ұдайы назардан түсірмеді. Қазақтың өз жері өзінде болған жағдайда, ол мемлекет болып, тарих жүзінде өмір сүре алады. Мемлекет болып өз жерінің қожасына айналғанда, қазақ сол жердің байлығын өзінікі екенін сезінгенін, шаруашылығы өркендеп, қала көбейіп, қазақ жастары ғылым мен білімге, өнерге қол жеткізе бастағанын М. Сералин «Айқап» беттеріне «Қазақ шежіресі», «Келешек заманның қамы» «Жер мәселесі» және тағы басқа еңбектерінде жариялады.Көзі ашық қазақтың зиялылары көтерген жер мәселесі М. Сералиннің де көкейтесті ойлары еді. Соның нәтижесінде Ресейдің Челябинск жеріне қосылған Қостанайдың жерлерін қайтарып алуға үлес қосты. Отырықшылдыққа көшіру үшінде барынша тер төкті. М. Сералин көңіл бөлген мәселелердің бірі әдетғұрып, салт- сана еді. Осы орайда жарық көрген мақалалар ескіліктен арылып, жаңаша өмір сүруге уағыздалған. М. Сералин және басқалары әйел теңдігі мәселесін көтерді. Қазақ әйелдерінің санасын оятып білім, алуға, еркіндікке жетуге арналған өлең, әңгімелері жарияланды. 82


М. Сералин тіл мәселесі туралы көп айтты. Өзі ана тілін , құрмет ету қажет деді. М. Сералиннің осы ой - пікірлерінен өз ұлтының жанашыры, қамқоры, ұлтының ұйтқысы екенін жақсы байқаймыз. Қазір көтеріліп жүрген тіл мәселесін ұлтының келешегін ойлаған Сералиндер сол кездің өзінде - айтқан болатын. «Қазағым», «халқым», «елім» деп еңіреген ерлер «Айқаптың» төңірегіне жиналып, халқының санасын оятуға бағытталған ересен еңбектерін атылмыш журналдың бетіне жариялады. Мұхамеджан Сералиннің бірінші поэмасы «Топжарған». Ол 1900 жылы Троицкіде бөлек кітап болып шықты. 1903-1907-1915 ж.ж.қайта басылды. «Топжарған» поэмасының тақырыбы қазақ халқының өмірінде ХІХ ғасыр 36040 жылдарында болған оқиғаға байланысты: Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт азаттық қозғалысқа байланысты.Автор поэмасының басында Кенесарының және оның маңына жиналған топтың кәсібін, іс- әрекетін былай суреттейді. Қаңтарда Жыланшықты қыстау екен, Жайлауға Торғай суын көктей өткен. Қараса, Қомалақтың қара отына, Наурызбай, Кенесары мал семірткен. Поэманың кейіпкері жас Адай жігіт өз елінен ғашықтық жайымен немере ағасын атып өлтіріп, қашып шығады: бір- екі жыл Теке маңын, Жайық бойын кезіп жүреді: тама, шекті, шеркес руларын аралайды. Ұрлық істеп күн көреді. Осылай жүріп кейіпкер бір күні Кенесарының шекті руына мал ұрлау, ел тонауға келген үш жігітіне кез болады. Олар Адай жігіт ұйықтап жатқанда ұстап алып, аты мен тұтқынды олжа етіп Кенесарыға алып барады олар бара жатып адай жігітке: Біз елден апта болды шықтық шетке, Шектіден мал ұрлауға келсе епке, Толғанда аттың мойны сен кез келдің, Құлақ сал, Олжасың мына кепке, Біз сені Кенеханға апарамыз, Құл қылып бірімізге біз аламыз,- дейді. Хан алдына барғанда жортуылшы жігіттер мақтанады: тұтқын жігітті қуып жетіп біз ұстадық, ат үстінде сайылып, жеңіп, байлап матап алдық дейді.Адай жігіт мұның бәрінің жалған екенін, ұйықтап жатып қолға түскенін айтады. Тақсыр-ау, астымда атым жүйрік желден, Жарыста озушы едім қалың елден. Қашсам да, құтылар ем қолға түспей, Ушеуі ат үстінде болсам көрген,дейді. Сонда жортуылшы жігіттер ханға тұтқынның сиықсыз, жаман, жауыр атын әкеп көрсетеді. Хан тұтқын жігіттің әлгі сөзіне сенбей және шын жүйрікті тани алмай , оған ертең осы атпен қашып көр деп қаһарланады. Ақын мұнан кейін бауырынан жараған тұлпар мініп, қашқанды қууға әзірленіп, құнығып тұрған хан жігіттерін қуғыншыларды суреттейді.: Бәрі де өңшең бөрі ішкендей қан Тиындай көрінбейді көзіне қан. Жігіттер қатар - қатар түзеп тұрған шақта Ордадан нөкер ертіп шығады хан... Поэмада, мұнан әрі, қашқалы тұрған тұтқын жігіттің қалпы сүреттеледі. Ол жалаңдап тұрған қанішерлердің найзасының ұшында тұрмын деп сезбейді. Салмақтана түседі. Кенесары жігіттерінің бәрі де қашқынның шаңына ілесе алмай қалды. «Періме, адамзат па, шайтан ба?»- деп, ертеңіне жиналған топ қашқан жігітті 83


әңгімелеп отырғанда, ол есіктен сәлем беріп, кіріп келеді. Өтетілеудің ақшасын өзіне қайтарып береді.Кенесары жігіттен оның кім екенін сұрайды. Жігіт оған өзінің әлгі тарихын баяндайды. Ақырында ол өзінің сол өңірге Кенесарыны іздеп келгенін айтады. Ол өз ықтиярымен Кенесары тобында қалады. «Топжарған» поэмасында Мұхаметжанның тілі таза; ақын бұрынғы діни кітап сөздерді аз қолданған, тіпті қолданбаған десе де болады. Тарихи шындықты, реалдық өмірді таза қазақ тілінде, нағыз реалистік сөздермен реалистік жарасты теңеу, салыстырулармен суреттеген. «Топжарған» - тарихи- реалистік, көркем поэма. М. Сералиннің «Топжарғаннан» соң жазған поэмасы – «Гүлкәшіма». Ол алғаш рет 1903 жылы жврияланған. Тақырыбы - қазақ қызының бас бостандығы, сүйіспеншілігі. Жалпы, бұл тақырып қазақтың ауыз әдебиетінде ежелден бар екндігі белгілі.Бірін – бірі ұнатқан екі жастың сүйіспеншілік жолындағы күресі, оған қарсы қойылған кейбір тосқаулар, содан кейде екі жастың опат болып жатуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде орын алған тақырып. Біз бүгін сөз етпек болып отырған Мұхамеджан Сералиннің «Гүлкәшіма» поэмасы да осы әдеби дәстүріміздің заңды жалғасындай. Екі жастың сүйіспеншілігі,әртүрлі себептермен қосыла алмай құса болуы (әріне, сол уақыттағы сана сезім әсері) жиі- жиі кездесіп отырғаны айқын. Қызды малға сату, теңіне емес, кеміне беру секілді теңсіздікке, әділетсіздікке шыдамаған жас жүрек кейде өзін- өзі құрбандыққа айналдырады. Енді ақынның «Гүлкәшіма» поэмасы жөнінде, оның әдебиетімізде алар орыны, маңызы жөнінде айтқан әдебиет зерттеуші- ғалымдарымыздың бірді- екілі пікірлерін келтірелік. Ең алдымен Мұхамеджан Сералин мұрасын зерттеде, оны бүгінгі оқушыға жеткізуде ақын шығармашылығын тұтастай алып қараған Бейсенбай Кенжебаевтың еңбегі орасан зор. Сондықтан да біз поэманы талдамас бұрын ол кісінің зерттеу еңбектеріндегі поэма жөнінде айтқан пікірлерін назарға ала отыралық: «Мұхамеджан Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасы - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш реалистік поэмалардың бірі. Бұған дейінгі поэмалар негізінен ауыз әдебиеті үлгісіндегі эпостық, салттық жырлар мен ертегідегі Шығыс әдебиеті дәстүріндегі ертек, қиял- ғажайып қиссалар, дастандар еді... ...тақырыбы, идеялық мазмұны жағынан болсын, сюжеті мен композициясының қисынды,қызықты болып келуі, реалистік жайларды көрсетуі жағынан болсын «Гүлкәшіма» бірқыдыру жақсы көркем шыққан поэма,бұл өз заманында жаңа көрініс, үлкен табыс»,- деп Бейсекең айтса, «Қазақ әдебиеті тарихының» ІІ томының екінші кітабында М. Сералинге арналған тарауда (ғалым, Ә. Дербісәлін) ақынның «Гүлкәшіма» поэмасы жайында былай делінеді. «М.Сералин өз кезеңінің өте үлкен мәселесіне арнап бірінші рет қалам тартқан қазақ қызының аянышты өмірін шындық түрінде суреттеген жазушы болды. Бұдан М. Сералин өз дәуірінің көкейкесті мәселесімен түсіне және оған өз шығармашылығы арқылы белседі үн қоса білген ақын деген қорытынды туады». Поэма төрт бөлімнен тұрады.бірінші бөлімде автор «Сөз басында» деп атап, онда өзі куә болған бір жайды баяндайды.болған оқиға желісі негізінен мыналар еді: Қалаға жәрменкеге бара жатқан автор жолда бір шал - кемпірдің үйіне қонады. Шал мен кемпірдің Баймұхаммет есімді әрі ақын, әрі оқыған жалғыз баласы сол күні үйде жоқ екен. Жәрмеңкенің тарқар шағында ақын бір ғажап хабар естиді. Тобыл өзенінің жағасында бір жас жігіт ғашықтық дертінен өзін- өзі бауыздап өлтіріпті. Бұл жігіт жаңағы шал кемпірдің жалғыс баласы екен. Қазақ дәстүрімен көңіл айтуға келген ақынға әкесі мен шешесі Баймұхамметтің кітап, дәптер салған 84


сандығын көрсетеді. Ол сандықтан Баймұхамметтің өлең жазған бір дәптері табылады. Екінші бөлім - «Баймұхамметтің дәптері» аталады. Бұл бөлімде Баймұхаммет пен Гүлкәшіманың ең алғаш қалай жолыққаны, өзара қалай хат алмасып тұрғаны , жігіттің қызға өзінің жүрек сырын баяндауы, айттырып қойған күйеуіне ұзатылар тойы, ұзатылып бара жатқанда ішкі сырын жігітке ашып, өзінің де Баймұхамметті бір көргеннен -ақ ғашық болғандығын айтып хат жазып кетуі. Үшінші бөлім - «Қалтадан шыққан қағаздағы сөз» Мұнда Баймұхаммет өз өмірін не үшін қиып бара жатқаны, себеп болған жайт - Гүлкәшімаға ғашық екендігі, сол ғашығына қосыла алмау себебі жырланған. Соңғы төртінші бөлім - «Сөз соңында», сөз ақын атынан айтылады. Ол оқушысына бұл қиссадан қандай ғибрат алдың деп сауал қойып, оған өзі жауап береді. Қазақтың жаман әдетінен екі жас жаман қорлық көрді. Біреуі сол қорлыққа шыдамай, сүйгеніне қосыла алмағанына қапа болып өзін- өзі өлтірді, екіншісі атаананың дегенінен шықпай, салт – дәстүрді бұзбай, сүйген жігітін тастап, айттырған күйеуіне ұзатылды. Бірақ ол да бүкіл өмірі қорлықта өтетін,өмір бойы шырағы өшкен сорлы дейді. Екі жасты қор етіп отырған қазақ дәстүрін, жаман әдетін сынайды. Жастарды өнер білімге ұмтыл, халқыңа пайдаңды тигіз деп уағыз айтып аяқтайды. Мұхамеджан Сералин өзінің аталмыш поэмасын кейінгі жастарға үлгі, ғибрат болсын деп жазған. Бұл жөнінде ақын былай дейді: ...Реттеп қадери - халқисса қылдым, Қыссаға «Гүлкәшіма» есім бердім. Бір ғибрат заманға болар ма деп , Қызыл гүл тау аралап тастан тердім. Әрине, әрбір өнер туындысы оның қай саласы болсын, белгілі бір дәрежеде адамға тәлім – тәрбиелік ғибраты болары, сол үшін жазылары хақ. Бірақ осы мәселе, яғни өнер туындысын дүниеге әкелу мақсаты міндетті түрде ең бірінші ғибраттық, мақсатта болуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ақын - жазушылары шығармаларында орын алды. «Гүлкәшіма» поэмасының негізінен үш - ақ кейіпкері бар. Екеуі - жас ғашықтар - Баймұхаммет пен Гүлкәшима. Үшінші кейіпкер - екі жастың іс- әрекетін бағамдап, пайымдап, оқушысына жеткізіп отыратын екі ғашықпен оқушы арасындағы дәнекер тұлға - ақынның өзі. Поэма төрт бөлімнен тұрады. Соның ішінде «Сөз басында» деп айдар тағылған бірінші бөліммен «Сөз соңында» аталған соңғы төртінші бөлім тікелей ақынның өзінің «басынан кешкен жайттары» - поэманың дүниеге келуіне себепкер болған оқиғалар және одан жасалынған қорытынды ойларБұл жөнінде жоғарыда азды - көпті әңгімелеп өттік.Сондықтан да ендігі сөз етеріміз екі кейіпкерБаймұхамед пен Гүлкәшима жайында болмақ. Поэмада айтылар негізгі ойды осы екі кейіпкер көтеріп тұр. Өйткені поэманың бүкіл сюжеттік желісі композициялық арқауы осы екі жастың арасындағы іс-әрекетке, сезім түйсінулеріне негізделген, соған бағындырылған. Сонымен бірге ақын сомдауындағы Гүлкәшима қыз- ертеңгі ана. Жас та болса, үлкен аналық жауапкершілікте,адал аналық сезімінде. Әйелдің жар алдындағы, ананың сәби алдындағы таза сезімділігі алдымен бүкіл адамзат, оның ішінде ұлттардың рухани жағынан таза өсуінің, өнуінің көзі. Автор ойы сол көкжиекте,ақын қазақ қызын сол ар тазалығы көкжиегінен іздейді. Іздейді де табады. ...Айтайын мағлұм болсын сізге халім, Ілгері тілеуім бар менің жаным, Тудырған бұзық болса аналары, Кейінгі не болмақшы балаларым, Нәсілін адамзаттың өрбітуге, 85


Біздерді хақ жаратқан шамаладым... Болашақ ұрпағы үшін, оның алдындағы өзінің аналық адалдығы үшін өзін әрқашанда таза ұстар Гүлкәшима - ақын жүрегіндегі қазақ қызының символдық нұсқасы. Енді поэмада Баймұхамет бейнесінің сомдалуына келер болсақ, ол ақынның кей сәттерде өмірге көзқарасымен келіспеген кереғар бейне. Бірінші . поэманың негізіне шын өмірде болған оқиғаның алынуы,сүйгеніне қосыла алмаған Баймұхаметтің өзін- өзі өлтіруі.Сол оқиға негізінде ақынның осы поэманы жазып, онда өз еркінен тыс кейіпкер өлімін сол болған қалпында көрсетуі. Екінші ,сүйіктісі Гүлкәшиманы - ата- ана, сол кезеңдегі қазақ қоғамының дегенінен шықпаған биязы қазақ қызын өз бақыты жолындағы күреске қоса алмай, бұйығы қазақ қызының санасында төңкеріс жасап өз соңына ерте алмаған кейіпкер – Баймұхаметтің өзіне- өзі қол жұмсауы. Өз өмірін сүйіспеншілік жолында қиюы. Махаббатсыз, сүйусіз салпаң құлақ өмірге лағнет айтуы. Үшінші, автор мен кейіпкер арасындағы кей сәттегі кейіпкер келіспеушіліктің болуы табиғи нәрсе. Өйткені , автордың туындысында бар кейіпкер оның көңілінен шықпай, артық іс- әрекетке бармай жатса, не, бір бағытта ғана әрекет етсе, онда тіпті көркем туынды дүниеге келмеген болар еді. Келсе, кейіпкерлері дараланбай, ісәрекет үстінде бір- бірінен айырғысыз болып, ақын алдына қойған биік шығармашылық мақсатына жете алмаған болар еді. Баймұхаметтің бұл әрекеті сүйіскен екі жастың қосылуына бөгет болып, тосқауыл қойған ескі әдет- ғұрыпты қоғаммен болған белгілі бір дәрежедегі күрес формасы.Қоғамдағы қасаңданып қатып қалған дәстүрді өзгертуге,санаға сәуле түсіру мақсатында жасалған ұлы әрекет. Ұлы әрекет иесі- ғашықтық жолындағы ұлы құрбандық.Баймұхамет нық шешімді тұлға. Сүйгені үшін әрқашан дайын. Бірақ ол күреске бұйығы қазақ қызы – Гүлкәшима жоқ. Сондықтан Баймұхаметке өлімнен басқа жол қалмағандай.: Отына ғашықтың шыдай алмай, Кешірдім өзімді-өзім бұл дүниядан... Өз ғұмырым ақырда өзім тамам еттім, Айрылып сүйген жардан жүрген жаман... Баймұхамет өз өлімімен бұл дүниеде қазақ қоғамында қалыптасқан дәстүрге қарғыс айтқан жан. Поэма сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық дертті мәселелердің бірі- әйел бас бостандығы мәселесін көтерудегі һәм шешу жолындағы алғашқы қадам. Ғашық жар, махаббат жөнінде қазақтың фольклорлық дүниелерінен бастап М. Сералиннің «Гүлкәшимасына» дейін талай сөз болған. Бірақ дәл «Гүлкәшима» поэмасы секілді әйел бостандығы жөнінде, оны бүкіл халықтық, қоғамдық дерт ретінде, кең көлемде сөз еткен дастан жоқ десек қателеспеспіз. ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде М. Сералиннің «Гүлкәшима» поэмасынан соң, бұл тақырыпта қалам тербеушілер қатары көбейе түскені белгілі. М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» , С. Көбеевтің «Қалың мал», Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы дүниеге келіп, қазақ әдебиетінің көркем жанрын толықтыра түсті. Ал осы шығармалардың көш басында Мұхамеджан Сералин шығармашылығы, оның ішінде «Гүлкәшима» поэмасы тұр деу шындық шырайы. М. Сералиннің бізге келіп жеткен поэзиялық шығармаларының бірі- «Киіктің көз жасы» атты дастаны.Бұрын баспа беттерін көмермеген.Шағын дүние. Көлемі он шақты бет. Қазақстан Орталық мұражайы қорында сақтаулы. Тұпнұсқа емес. Көшірме. Шығыстық діни қисса- дастандар түрінде жазылған дүние болып шықты. Дастан тақырыбы жағынан діни аңыздық үлгіде. Оқиғасы ертегі сипатты. Кейіпкері Жәбірейіл пенріште, Мұхаммед Пайғамбар және жөйіт аңшы мен Киік. Дастанның 86


оқиғалық желісін не мазмұнын өзімізше сөз етер болсақ, дастан автордың өз оқушысына арнаған бір шумақ өлең жолымен басталады: Құдая әр пендені өзің қолда, Жақпайсың рахметіңмен біздей құлға. Сөйлейін пайғамбардан бір хикаят Жамағат, құлақ салып мұны тыңда! Онан әрі дастан оқиғасы Жәбірейіл періштені құдайдың Мұхаммет пайғамбарға жібергені туралы айтумен өрбиді: Жәбірейіл бір күн келді, я пайғамбар, Құдайым сәлем айтты құлағың сал. Жолына Мәдиненің шықсын дейді. Алла тағаланың бұйрығымен, ол бұйрықты періште Жәбірейілдің жеткізуімен пайғамбар Мәдиненің жолына шығып, алыстан бір қарайғанға көзі түседі. Не болса да жақындап көрейін деп келсе, қақпан құрып жүрген жөйіт екен. Қақпанына бір киік түсіп, соны қуып жүреді. Қақпанды сүйретіп қашып жүрген киікті жөйіт аңшы ұзатпай- ақ ұстап алады. Жақындап келген пайғамбар сойылғалы жатқан киіктің жан қиналысын көреді. Мұхаммед Пайғамбарды көрген киік оған мұңін шағады: Сөйлейді пайғамбарға киік жатып, Өзінің көңіліндегі мұңын айтып. Кәпірге кіріптармын, әй, Мұхаммет, Мен мұнан құтылармын енді қайтып... Бар еді жаңа туған екі қозым, Не қылып, жетім қалып күн көреді. Басыма бұл дәулетті тәңірім салды, Жапанда екі қозым жетім қалды. Туғалы қозыларым үш күн болды, Құдайым жетімдікке рауа қылды, Мұхаммет кепіл болсаң мен барайын, Емізіп қозыларым мен келейін. Баланың ризығын хақ жеткізер, Тақсыр- ай, себебіңмен мен көрейін. Киік зарын естіген Мұхаммед рахым , өтініш айтып, Алла тағалаға жалбарынады. Киік жанына араша сұрайды: Құдайым, бұл махлұққа рахымың сал, Баршасы жүмілә жанның сізге мұқтаж. Кәрімсің не қылсаң да құдіретің мол. Алла тағала жалбарынып, Мұхаммед Пайғамбар аңшы жөйттен киікті кепілдікке сұрайды. Қозыларын тез емізіп келсін, сосын сойып жей бер дейді. Бұл сөзге көнбеген аңшы: -Ұстадым бұл киікті қуып зорға Далада жүрген аңға кепіл болып, Мұхаммед, сенде сірә ақыл бар ма?! Далада жүрген аңға бек сенесің Киікке кепіл болып бар ма есің?! Берейін кепілдікке, я, Мұхаммед. Бұл киік келмей кетсе, не бересің? Пайғамбар бұл киік келмей кетсе, бір киіктің орнына он киік беретін болып, киікті кепілге алып, оның тез келуін қадағалап, шығараып салады. Киік те Мұхамедке уәдесін беріп, қозыларын ақырғы рет емізіп келмекке аттанады. Қозыларын емізіп тұрып, оларға болған жайды баяндап жылайды. Ана киік тез еміп қалуларын сұрайды. Сонда қозылары ана киікке біз сенен қалып не 87


боламыз. Түбі аштан өлеміз. Онан да біз де сонда барайық, тағдырдың жазғаны осы болар. ...Шара басқа түссе өлім ноқта Ақырда ана таппай біз де өлерміз... Анажан дұрыс болар біз әм ерсек Көп дәулет- ақ сүтіңді барғанша емсек. Көрген соң қақымызға дұға қылар Себеппен пайғамбардың жүзін көрсек,-деп екі қозысы ілесіп, бір киік үшеу болып,уағдалы уақыттары өтпей- ақ келіп қалады. Бұл жағдай аңшы жөйітке қатты әсер етеді. Осы сәт дастанда былай берілді: Бір киік үшеу болып келе жатыр Ол жәйіт мұны көріп қалды қайран. Үшеуі жолға түсіп келді жетіп, Айтылған уағдасы кетпей өтіп. Сертіне мына киік жеттіғой деп, Жәйіт тұр қайран болып, есі кетіп, Жылайды сонда жөйіт көңілі балқып, Менен де даладағы киік артық. Осылайша даладағы жануар киіктің Мұхаммед пайғамбарға берген уағдасын орындап, сертте тұруына қатты қайран қалған жөйіт енді маған дін үйрет деп, Мұхаммед пайғамбарға өтініш етіп, ісләм дініне кіреді. Расулалла енді маған дін үйрет деп, Мұсылман болды сонда иман айтып, Жөйітке пайғамбарым дін үйретті, Құдай бір пайғамбарым хақ деп үйретті. Пайғамбар үмбетім деп шапағат етіп, Құдайым жаратқан соң барша үмбетті. Киікке ұлықсат беріп қоя берді. Ол ғаріп тізесін бүгіп тағзым қылды. Пайғамбар үмбетім деп шапағат етіп, Құдайым жарылқасын мумын құлды. Шығыстық үлгідегі шағын дастан осылай аяқталды. Оның өн бойына өрілген оқиға өрімі соған сәйкес ақын сөз саптауы, мақамы бізге осыны аңғартады. Құдіретті күшті Алла тағаланың өзі бейкүнә киіктің жайын біліп, оны қатыгез аңшы қолынан құтқарып, араша болу үшін Жәбірейіл періштені Мұхаммед пайғамбарға жұмсап отыр. Алла тағала әділ. Әр ғаламат істің шебері. Теңдесі жоқ құдіретті күш иесі. Қақпандағы киік мұңлық Мұхаммед пайғамбарға мұңын шағады. Оның мұңын пайғамбар жан – жүрегімен сезініп, түсінеді. Араша болады. Дастандағы Мұхаммед пайғамбар бейнесі – қаталдыққа жаны қас,зұлымдыққа қарсы күреске даяр, мейірімді тұлға. Ғажайып шапағатты жан. Кұдыреті күшті Алла тағаланың жердегі өкілі. Жөйіт дінсіз. Сондықтан да ол надан, қатігез. Алла тағаланың құдіретімен болған жайға еріксіз күә болған қатал да дінсіз жөйіт дінге кірді. Көкірегіне сенім жүрегіне жылы сенім ұялады. Дастандағы киік бейнесі - мұсылманшылықтың Алла тағалаға, оның жердегі өкілі Мұхаммед пайғамбарға деген шексіз берілгендіктің, сүйіспеншіліктің символдық тұлғасы. Бұл дастан қараған кісіге ақынның бұрынғы екі поэмасынан, табиғаты жағынан тым бөлек секілді көрінеді. Расында да солай екні даусыз. Бірақ байқап қараған кісіге бұл дастанның оның бізге бұрыннан мәлім «Топжарған» және «Гүлкәшима» поэмаларымен іштей байланысты рухани сабақтастықта екендігі анық білінеді 88


Мұхаметжан Сералиннің үшінші поэмасы- «Рүстеп Зорап». Ол орыс тілінен аударылып, «Айқап» журналының 1914 жылы 22, 23, 24- сандары мен 1915 жылы 2,3,4,5,9,- сандарында басылды,бөлек кітап болып шықпады. Мұхаметжан поэмаға ұзақ түсінік жазған. Онда әуелі поэманың кімнен,қалай аударылғанын хабараған: «Қадірменді оқушыларымыздың алдына салып отырған мына «Рүстеп - Зорап» қиссасы - фарсы тілінде жазылған атақты «Шаһнама» деген кітаптің бір саласы. Рюккерт деген немістің бір шайыры «Рүстеп Зорап» қиссасын «Шаһнамадан алып, бір жағы тәржіме, бір жағы ұйқастыру секілді қылып немісше жазған...соны орыс шайыры Жуковский 1846-1847 жылдары орысша өлең қылып, арттырып, кемітіп қалыбына лайықты істеп шығарған. Мен оны шамам келгенше қазақ тіліне Жуковскийдің шығарған қалыбынан тым алстатпай аударуға тырыстым»,- деген. Мұнан кейін ол «Шаһнама» және оның авторы, жазылу тарихы, қай тілдерге аударылғаны, оның ішінде қазақ тіліне де аударылғаны жер жүзі әдебиетіне тигізген әсері туралы қысқашы мағлұмат береді: «Шаһнама» жыры дүниеге таралған соң мұның шайырларға зор әсері болған... Осы күнде қарасақ Фердаусидің астамдықпен айтқаны: Мен өзімнің жырымнан Биік сарай салдырдым, Жел, жаңбыр оған жетпестей Өлсем де тірі болармын, Ақылы барлар оқылық Жыр жазған кітап қалдырдым Өмірге өшіп кетпестей»,-деген сөзі түп- түгел расқа шығып отыр»,-дейді М.Сералин. Ақырында, ол - поэмаға ұзақ түсінік жазған себебін аңғартады: «Мақсат кейбір сыншылар : «Бұл – баяғының мылжыңы. Мұны несіне жазып машақаттанған. Мұнан халыққа келер түк пайда жоқ деп айта келса, соларға қарсы жауап орнына тұрсын деген. Жоғарыда аты аталған жұрттар адасса, мен де адасқаным дегім келгені»,- дейді. А. В. Жуковский аударып жазған «Рүстеп - Зорап» он кітаптан тұрады. 1) «Рүстемнің аңға шығуы», 2) «Зорап», 3) «Хеджир және Гүлдаферид», 4) «Рустем және Кейқуат», 5) «Ақ сарайдағы той», 6) «Зорап және Хеджир», 7) «Рүстеп Зорап» (бірінші ұрыс), 8«Рүстеп- Зорап» (екінші ұрыс), 9) «Рүстеп- Зорап» (үшінші ұрыс), 10) «Рүстем» деп аталады. Мұхаметжан қазақ тіліне тек бірінші кітаптың атын алған да, басқаларын «Екінші кітап», «Үшінші кітап» деп атаған. Поэма кішкене кіріспе сөзден басталады. Оның орысшасы былай: Из книги царственной Ирана Я повесть выпешу для вас О подвигах Рүстем - Зорап. Осыны Мұхамеджан былай келтірген: Ау, азамат, мырзалар, Жыр жырлауға азырақ, Сіздерден жауап сұраймын. «Шаһнамадан» көшіріп, Иран жұрттың ерлері Рүстем мен Зорап жайынан, Жалықпай құлақ салыңыз, Азғана кеңес құрайын. Поэманың басы орысша былай басталады: Заря едва на небе занялась, Когда Рустем, Ирана богатырь Проснулся, встав с постели, он сказал. 89


Осыны Мұхаметжан былай аударған: Бір заманда, бір күнде, Таң сарғайып атқанда, Иранның ері Рүстем ер, Төсегінен тұрыпты. Өзінен- өзі ыңыранып, Әңгіме кеңес құрыпты. Поэманың екінші кітабының басы орысша былай басталады: Пора пришла- и у Темины Родился сын, прекрасный, Как месяц. Радостно ,гордостно его Прижала к есердцу иать и со слезами Им любавалась: Он был вылитый Рустем. Осыны Мұхамеджан: Күні жеткен шағында, Темиден бір ұл туған Толған айдай балқыған, Иісі жұпар аңқыған. Қуанышы мен қорқынышы Араласқан анасы Баласын басып жүрекке Шалқар көлдей шалқыған, Нағыз Рүстем сипаты, деп аударған. Осы келтірілген мысалдардан Мұхамеджан Сералин «Рүстеп- Зорап» поэмасын орсшадан дәлме- дәл, сөзбен- сөз аудармай, еркін аударған; оның кей жерін кеңейтіп, кей жерін қысқартып отырған, кей жерін дәл аударып, кей жерінің мағынасын ғана берген. Ал Мұхамеджан өлеңді аударуға, тіпті өлең жазуға шебер емес. Оның өлеңдерінің кейде өлшем, ұйқасы жетпей де жатады, кейде керекті болып шықпайды да. Бірақ «Шаһнаманы» қарапайым сөздермен аударса да, қазақ тілінің стилімен жазған.Жер жүзі әдебиетінің асыл қазыналарының бірі болған «Шаһнаманы» қазақ тіліне аудару үлкен де тарихи, мәдени мәні зор жұмыс еді. Мұхамеджан Сералиннің орыс тілінен аударған екінші шығармасы- «Жусан» ол қазақ тұрмысынан, Қазақстан туралы көптеген әңгіме, очерк, мақала жазған Сібір жазушысы Антон Сорокиннен (1924 жылы қайтыс болған) аударылып, «Айқап» журналының 1915 жылғы сандарында басылды. Онда қазақ даласын суреттеп береді. Ақынның осы еңбектенуі оның халыққа қазақ әдебиетіне қызмет етуге тырысқандығын көрсетеді. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. М. Сералыұлының қоғам өміріне араласуы, қайраткер дәрежесіне көтерілуі. 2. «Айқап» журналын ұйымдастырып шығарудағы басты мақсаты. 3. «Қазақ халқының мұқтаждығы», «Біздің бұрынғы һәм бүгінгі хәліміз», «Жер әңгімесі» мақала-очерктеріндегі ұлт мәселелерінің шешімін табуы. 4. М. Сералыұлының өзге де ағартушы ақындармен (С. Торайғыров, С.Дөнентай, Ғ. Қарашұлы, А. Байтұрсынов, М. Дулатов) шығармашылық және дүниетанымындағы үндестік. 5. Аударма жанрындағы еңбегі мен жаңалығы. 6. Көлемді поэмаларындағы дәстүр мен жаңашылдық.

90


3.2.СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ – АЗАТ ӨМІРДІ АҢСАУШЫ Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. Ақынның қысқа ғұмыры және әлеумет, қоғамдық қызметтерге араласуы. 2. Сұлтанмахмұт және «Айқап» журналы. 3. Сұлтанмахмұт Торайғыров лирикаларындағы табиғат, әлеумет, махаббаттың шеберлікпен жырлануы. 4. Ақынның «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэмаларындағы көтерілген тақырып және азатшылдықты аңсау. 5. Ақын шығармашылығындағы реалистік және сыншылдық көзқарастар. 6. «Қамар Сұлу» романының жанрлық сипаты және жазылу ерекшелігі. 7. «Кім жазықты?» романындағы дәуір психологиясының көркем әрі шынайы суреттелуі. 8. Ағартушы ақынның шығармаларының тіло көркемдігі және мазмұн тереңдігі. 9. Сұлтанмахмұттың көсемсөз саласындағы рухани мәні терең мақалалары. 10. С. Торайғыров шығармашылығының ұлттық әдебиеттен алар орны. Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: 1.Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2004 2. Кенжебаев Б. Мақыш Қалтаев.//Әдебиет және искусство.1950, №12. Кенжебаев Б., Есназарова Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп», 1966, 260-бет. 3. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. А., «Жазушы», 1986;,XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., «Мектеп»,1993; Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А., «Ғылым», 1973. 4. Қирабаев С. Ақын тағдыры // Торайғыров С. 2 томдық шығармалар жинағы. –Алматы: Ғылым, 1993-1 том. -197 б. 5. Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұт Торайғыров. –Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1957120 б. 6. Бисенғали З.Қ. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы: зерттеу. –Алматы: Өлке, 1997-268 б. 7. Еспенбетов А. Сұлтанмахмұт Торайғыров. –Алматы: Ғылым, 1992-200 б. 8. Ысқақұлы Д. Әдебиет алыптары. –Астана «Фолиант», 2004-304 б. 9. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. –Алматы. Қазақ университеті. 2002455 б. Жас ғұмыры мен жалынды күшін елінің ертеңіне сарп етіп, сол жолда бейнет пен азаптың талай ауыртпалықтарын көтерген санаулы жұлдыздардың бірі – С.Торайғыров. С.Торайғыров 1893 жылы қазан айының 28 жұлдызында қазіргі Көкшетау облысының, Қызылту ауданында дүниеге келген. «Сұлтанмахмұтқа Торайғыр төртінші ата, солай бола тұрса да Сұлтанмахмұт өзінің фамилиясына Торайғырды таңдап алған. Оның себебі, Торайғырда қазақ халқы жақсылық жағынан ғана біледі. Торайғыр жасанған жаудан қайтпаған, найзагер батыр болған. Төр бергенде жат-жақынына қарамайтын. «Өте әділ би болған», дейді ақынның немере інісі Шәймерден Торайғыров, Әкесі Шоқпыттан қара таныған Сұлтанмахмұт алдыңғы ойлы Нұрғали сияқты ұстаздардың алдын көргеннен кейін білімге деген құштарлығы қанаттана түседі. Қазақтың талай зиялыларын біліммен сусындатып көкірек көзін ашқан Троицк қаласындағы ақынның өткізген жылдары(1912-1914) айрықша оның мәдени-саяси көзқарастарының қалыптасуна «Айқап» журналының маңында болуы, әсіресе онда қызмет атқаруы ықпалын тигізді. 1913-1914 жылдары жазған «Қандай басшы?», «Түсімде», «Бұлар кім», «Бір адамға» өлеңдерінде ақын саяси қоғамдық көзқараспен тақырыпты терең қамтиды. 1914 жылдың жемісі маналатын «Бір адамға» лирикасында ақын бүкіл бір халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған. Ол жамандықтан жеріп, әділетсіздікті 91


сықақтай отыра, ұнамды бейне идеялын іздестіреді. Эпикалық шығармаға өзек боларлықтай ой өлеңнің бір аясына сыйғызған. Торайғыров ақындығына тән бір қасиет – лирикалық кейіпкердің жүрек сырын монологпен жеткізу. Жалпы алғанда, субектінің көңіл-күйін монологпен жеткізуі күллі лирика табиғатына жақын десек те, Сұлтанмахмұтта ол барша өлеңдерін, поэмаларын қамтитын жазушылық өмірбаян 1917 жылдың ортасына дейінгі мерзімде ауызға ілікпей жүр. Басты себеп бұл уақытта С.Торайғыровтың Семей қаласындағы қырғыз(қазақ) комитетіне мүшелікке енуі. «Алаш» партиясының басшыларымен тығыз қарым-қатынаста болуы. С.Торайғыров «байшыл», «ұсақ, буржуазияшыл» т.б. айдарлардың байыбына бармай тағылуы «Алаш ұраны» өлеңіне байланысты. «Алаш ұраны» 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі іле шала жазылған шығарма. Ақпан төңкерісінен кейін қазақ жерінде кеңінен өріс алған автономия алу, өз алдына жеке ел болу идеясы «Алаш ұраны» өлеңінен өзекті түйіні кесекті байламы. Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз. Енді алашты ешкімнің Қорлығына бермейміз! Жасасын, алаш, жасасын! деп ақынның жігерлене жыр кестелеуі сол заман ақиқаты көз алдымызға елестеді. С.Торайғыров 1917-1918 жылдары «А, дүние!», «Сарыарқаның жаңыры», «Жас жүрек», «Не жасаймын» т.б. өлеңдерін жазып, әлеуметтік сан саналы жәйттерді көтерді. Ақын «Сарыарқаның жаңбыры» мысал өлеңінде бостандықты бар болмысымен асыға күткенін аңғартады. Өлеңде ақын табиғаттағы өзгерісті салыстыра суреттеу арқылы өмір өзгерісін меңзейді. «Жаңбыр» символдық образ, әрі табиғатты оятып, сәнге бөлеуіш ғажайып күш. Сондықтан да Торайғыров «Сарыарқаның жаңбыры» мысал өлеңінде 19*17 жылғы ақпандағы революцияны күйіп кеткен меңіреу далаға жан бітірген, шермендегі елдің көсегесін көгерткен жаңбырға теңейді. Осы бір түбірлі өзгеріс кезіндегі ақынның көңіл-күйі «Жас жүрек» өлеңінде өрнектелген. Ақпан революциясы тек «тәтті үміттің қиялы» ғана болып, «шындық», «достық таппадым», «өмір бойы алдандым» деп лирикалық кейіпкер жүрек сырын ақтарды. Болашаққа зор сенім арту, келешектен бір сәтте күдер үзбеу, қоғамдық-саяси құбылыстарды жан-жақты қамту С.Торайғыровтың 1918-1919 жылдары дүниеге келген «Осы да әділдік пе?», «Өң бе түс пе?», «Дауылдағы әбігер», «Ғайса кім?», «Кезек қашан келеді» шығармаларынан молырақ аңғарылады. Ұлы өзгеріс тұсында дүниеге келген туындыларын оқығанда аңғарылатын түйін С.Торайғыровқа тән азаматтық әуен, поэзиясындағы дәуір сипаты революция туғызған жаңалықтармен астасып, ұштасып жатады. С.Торайғыров лирикасына тән өз ішкі сезім дүниесін бар қырымен оқырманға жайып салу тәсілін «Қамар сұлуда» да сақтаған. Романда әр кейіпкер көңіл-күйінің де автор көзқарасының да лирикалық, психологиялық сипаты басым. Қазақ жұртының бойындағы айықпас дерт қызды малға сатуды әжуалай отырып, көптің көкейінде жүрген саулға суреткерлік көзбен үңіле қарап, елін емірене сүйген азаматтық жүрегімен толғана тебіренген С.Торайғыров көргенді, көшелі жастардың көбейе түсуін барынша қалады. Қамар, Қасен сияқты жастардың кейде дәлелі жетіңкіремейтін, тиянақты әлсіз әрекеттерге араласып кетуі ниеті түзу, көңілі ақ қаламгердің ұнамды кейіпкерлеріне шаң жуытпай, оларды тек үлгіге ұстау, жастарды тәрбиелеуге пайдалану ниетімен ыңғайлас. Қамардың ерте есейіп, тез оянуы, тағдыр тауқыметіне тіреліп, шырғалаңға шырмалуы әйелі өлген Жорға Нұрымға айттырылуынан басталады. Қамардың басына түскен мүшкіл халді автор көптің аузымен: «Шіркін, Қамардай, шынымен сол дөңкиген 92


өгіз секілді немеге кетеді-ау!» деген күйзеліске, күңіреніске толы ашу ызалы жолдармен жеткізеді. Романдағы тартыстың шиеленісіп, ширыға түскен тұсы Омардың аулына «күйеу» Жорға Нұрыммен келуі. Жазушы Қамарды күрес алаңына алып шығуды қажет санағанымен, ұнамды кейіпкерлерінің зұлымдыққа төзбейтін, еркіндікті сүйетін өнегелі буынның өкілі екендігін ескерген. С.Торайғыров қазақ даласындағы ескілікті салт-дәстүрінің қырсығынан сергелдеңге түсіп кертартпа әдет-ғұрыпқа қарсы тұрған Қамар, Ахмет, Қасен сынды жастарды көпшілікке үлгі ете отырып, Жорға Нұрым, Оспан би, Қалтан қажылардың тағылық әрекеттерін әшкерелейді. Шығармада автор бейтарап емес, өзінің ішкі сезім дүниесін, көңіл-күйін барынша айқын жеткізді. «Қамар сұлу» С.Торайғыров творчествосының ғана емес, бүкіл XX басындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік таптық қайшылықтар, кетуі кетіп, ішінен іріп, іргесі бұзылып бара жатқан қоғамдық ортаның ұсқынсыз келбеті. «Кім жазықтыда» қазақ ауылындағы үш ұрпақ, өкілдерінің құлдилай құлдырауы межеге алынады. Жазушы Тасболат, Әжібай, Қабыш арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, қоршаған ортадағы дертке ұласып, ушыққан салт санадағы өресіздікті дөп басып суреттеп, қатал сынға алған. Тасболат бай кенже ұлы Әжібайдың қолын биікке жеткізу үшін оқуға береді. С.Торайғыров Әжібай бейнесін жан-жақты ашуды мақсат тұтқан. Мал дәулеттің буына малданған тұрлаусыз, пәтуәсіз Әжібай ауылдағы әйелдерді Жаңыл мен Жәнішті місе тұтпай, енді «Қызыл су» қаласындағы оқыған қыз Аппақайға көңілі кетеді. Қанша айла шарғыға барып, шашылғанымен Әжібай Аппақайдың көңілін бұра алмады. Көп әйел алуды мақтан тұтқан Әжібай әке малын шашып, тағы бірнеше рет үйленеді. Әкесіне ас беріп атақ аламын, болыстыққа таласамын деп текке малын шашқан Әжібай трагедиясының айқын белгі беруі сұрапыл жұттан соң жүген ұстап қалуы. Мал жинап, байлық құраудағы тапқан ақылы -қызы Күлтайды малға сату. Автор Әжібайдың заңды жалғасы Қабыштың жексұрын іс қимылдары арқылы әжібайшылдықтан безіндіреді. Романда XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ ауылындағы әлеуметтік таптық қайшылықтардың шиеленісуі, Тасболат, Әжібай, Қабыштардың күні өтіп шаңырағы шайқалып бара жатқандығы, жалпы қоғамның азып тозып, құруға бет бұрғандығы нанымды меңзеумен суреттелген. Дүниеден тым ерте кешіп, әдебиетте үзіпжұлып оншақты жыл ғана қалам тартқан біртуар С.Торайғыровтың әдеби мұрасы жариялылықтың ықпалымен толыға, марқая түсті. Кер заманның қанжығасына бөктеріліп тарихтың қыртысында қалған дүниелері иесін тапты. «Таныстыру» (1918) мен «Айтыстың» (1919) ұзақ уақыт жұртшылық назарынан тысқары қалып, қоюының басты себебі қазақ қоғамының өткендегі мен болашағы туралы толғамдарының большевиктік саясат пен үйлестік таппағаны. «Таныстыру» поэмасы Алашорда басшыларын дәріптейтін, «Айтыс» байшылдық ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін шығармалар деп танылады. «Таныстырудағы» Оқыған поэмадағы өзекті ойды желілеуші ғана емес, аумалы төкпелі уақыттың лебін сезінетін, көрген түйгені бар тұжырымы мол азамат. Ал оның қарсыласы, сұрақ қойып, оқығанға ойтүрткі болған адам да көптің бірі емес, қоғамдағы өзгерістерді өзінше топшылайтын, тіпті сұхбаттасының тұжырымындағы шалалау қарпылған тұстарды нақтылай алатын зейінді жан. Өзінің білімдар кеңесшісі сияқты үлкен ғұламалардың шығармаларына сілтеме жасап отыратын тұстары да бар. Халық мұңын мұңдасуда, еңселі ойлар тізбегін тұю тұсында екі кейіпкердің ара жігінің байқалмай қалатын кездері де көрініс береді. Шығармадағы қара қазақпен оқығанның бойындағы мұндай ұқсастықтармен бірге әрқайсысының психологиялық әлемі, сөз саптау мәнері өзінше. Оқыған өзіне мәлім мағлұматтарды көңіл таразысына 93


сала жинақтай келіп, салихалы ой түйінімен жеткізсе, кара қазақ өзіне беймәлім дуниені сұрауды жалтақтамай, кімдерді не үшін ұнатып, не үшін ұнатпайтынын төтесінен айтады. Қара қазақтың: Туғанда құдай иіп мұндай заман, Сұрайтын бір сөзім бар, сенен балам. Тап біздің осы Семей облысының Көшбасшы адамдарын айтшы маған, - деп басталатын бірінші сұрағы төңкеріс тұсындағы саяси әлеуметтік жайды оқығанның тарата баяндауына негіз болады. Осы шумақтағы алғашқы тармақтың («Туғанда құдай иіп мұндай заман») өзі бодандық шеңгелінде жаншылған қалың елдің бостандық туын желбіретушілерге деген сенімін білдіреді. Оқыған азамат жауабын қазақ елінің басқалармен терезесі тең еркіндікте, бостандықта өмір сүруін өмірлік мақсатына айналдырған әйгілі Әлихан Бөкейхановты таныстырудан бастайды. Түймеге жарқылдаған алданбаған, Басқадай бір басы үшін жалданбаған. Көркейер қайткенде алаш деген ойдан, Басқа ойды өмірінде малданбаған. Поэмада Ә.Бөкейхановтың және оның алты миллион қазақ үшін жеке басының рахатын «құрбан еткен» серіктерінің абырой атағы сұрақ қоюшы, қарапайым халық өкілінің атынан да толықтырылған: Басында ол қарағым тұр ғой дәйім, Тек ұзақ өмір берсең бір құдайым. Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов, Білемін ол үш ердің айтпай жайын. Кешегі қара күнде болмап па еді, Бірі күн, бірі шолпан, бірі айым. Солардан басқа кешегі кім бар еді, Қазақ үшін «шам қылған жүрек майын?» Поэмадағы оқыған мен қара қазақтың әңгімесінің жалғасы аты аталған бағыт мақсаттарын ұстанған, еліне қадірлі Әліхан Ермекұлы мен Халел Ғаббасұлын таныстыруға арналады. Ә. Ермеков қазақтан шыққан тұңғыш профессор математик Томск технологиялық институтының түлегі, ел тағдырының шешуші кезеңдерінде талай мәртікке барған адам. Сөйлеп кетсе қозғалар бойда жаның, Тас болса да ерітер жүрек қанын. Шындығы, тереңдігі, әділдігі, Тусаң ту, осылай дегізер жанның бәрін. Онан соң Халел Ғаббасұлымен жүздесеміз. Төңкерістен бұрын Москва университетін тәмамдаған, оқымысты, терең ойлап, алыстан болжайтын адам. Семейде «Алаш» партиясы құрылғанда, ұйымдастырушылық іскерлік қабілетімен халық жүрегіне жол тапқан жан. Жас жігіт университеттен оқып шыққан, Халыққа қызмет парыз деп миына ұққан. Алданбас, алыс болжар, алдын көрер, Болса да оған мәлім жерге тыққан. Айлаға қарай біліп айла құрғыш, Табалы қайдан болса, содан ілгіш. Бір іске тура план құрылуда Деуге болар Семейде осы білгіш, - дейді оқыған Х.Ғаббасұлының сөзі мен ісінің бір жерден шығатындығын, шешімділігін, бірбеткейлілігін жоғары бағалайды. Поэма желісінен ел басына күн түскен кездегі Х.Ғаббасұлының салқындылықпен қалың жұртқа 94


ғана емес, ақынның өзіне тоқтау бола білгені байқалады. М.Әуезов естелігі осының дәлеліндей: «Сұлтанмахмұт 1916 жылы Қатон қарағай жағынан қайтып Томскіге оқуға кетерде біраз уақыт Семейде тұрды. Осы орайда, қазақ оқығандарының бір жиналысы болып, онда «июнь жарлығы» туралы мәселе қаралды. Жиналыста кейін алашорда басшыларының бірі Халел Ғаббасов «Қазақ» газеті сілтеген бағыт бойынша, «патшаның жарлығына карсы болмау керек майданға жігіт беру керек» деді. Сұлтанмахмұт шығып, Халелге қарсы сөйледі. Майданға жігіт бермеу керек, ел көтерілгелі отыр, сендер кері тартпандар,- деді. Сонда Халел Сұлтанмахмұтқа қатты кейіді, ұрсып тастады. «Пырызып» себебінен білді халық Толқынға тоқтатқан ақыл салып, Ығын шығын қырғыннан өз уезін Калды ғой ақылменен аман алып, деді. Ә. Бөкейханов, М.Дулатов, «Алаштың азаматына!» үндеу хат жариялап, елді бекерге қырылып қалудан сақтандырған еді: «Біздің жұртқа айтатынымыз: бұған көнбеске болмайды, мұны бұрын да сан рет айттық. Көнбейміз деушінің сүйгені жан тәттілік болса, салыстырып қаралық: көнгенде жұртқа қандай ауырлық бар, көнбегенде қандай ауырлық бар? Көнгенде шаруаға кемшілік те келер, барған жігіт (қазаға да ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас) қазаға ұшырар деп ауру сырқаудан болған қазаны айтамыз, әйтпесе, солдат қылып алмайды, соғыстан өлмейді. Көнбегенде көретін ауырлық бағынып тұрған үкіметтің арлығынан бас тартсақ, жау жағадан алғанда, бас қорғап үйде қаламыз деп мемлекетке қамшымыздың ұшын бермесек үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, ол күшті законға сүйеніп істер. 1916-жылы ұлт қозғалысы тұсында халықтың тұтастай қимыл әрекет жасауына алашордашылар бөгет жасады деген айып айдар тағылды да, ал шығындығында сол көтерілістің аяғы жаппай тоналу мен қуғын сүргінге әкеліп, қалың елді әуре-сарсаңға түсіргенін де тарих бекер дей алмас. Поэмада қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Кұдайбердіұлы ерекше ілтипатпен аталады. Ерте оянған кісінің біреуі осы, Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын. Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға, Ақсақал бола алғандай осы кәрің ... Бұл қазақтың мақсұты биік алыс, Таппаса да сөзіне құлақ салыс. Казақ деп жекелеме адамзат де, Ол кісінің пікірімен болсаң таныс. Шәкәрім барша қазақтың, бүкіл адамзаттын ынтымағын көксеген, -ақылшы, ойшы бейнесінде көрінеді. Нәзипа Құлжанкеліні мен Нұрғали Құлжанұлына «Таныстыруда» лайықты орын берілген. Ардақты бар Нәзипа деген ханым, Газет журнал жүзінде жұртқа мәлім Оқыса сондай әйел шығар еді деп, Оқығандар бағалар сөздің дәмін. Нәзипа Құлжанова Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалім болған. Халқымыздың тарихына, ауыз әдебиетіне, тұрмыс-салтына қатысты аса көп деректер жинап, кейбірін кезінде жариялаған. Нұрғалиды жақсы білген, кейбір деректерге қарағанда, олар ақынға Семей қаласындағы семинарияға түсуге ақыл - кеңес берген. Бірге айтайын Нұрғали Құлжан ұлын, Жаңылмасақ бұлайша мұның сырын. Қайратты, кең ойлайтын сабырлы адам, Жасымайтын, бермейтін жанға сырын... Бір ұстаған жерінде қалар қатып, Кім болса да сөйлейді сөзді батып, 95


Өз көңілінде түзу деп ұққан ойың. Істейді жіберсең де қазір атып. Н.Құлжанов жайындағы естеліктер, оның қажырлы большевик ұстанған жолына өмірінің ақырына дейін берік болған күрескерлігін растайды. Халқына күш жігерін аямай қызмет етті. Н.Құлжанов 1919 жылы ақтардын қолынан қаза тапты. Романың басты мақсаты өз тұсындағы қоғамдық әлеуметтік өзгерістерді дұрыс түсініп, елді тура жолға бастайды-ау деген, қазақтан шыққан қайраткерлерді қалың елге таныстыру, ой салу. Керісінше, ақын Мұқаш Боштайұлы, Жақып Ақбайұлы, Рахымжан Мәрсекұлының аттарына ауыр сөздер айтып, олардың әлеумет көңілінен шығатындай ештеңе тындырмағанын, жеке бастарының мансабын күйіттеуден аса алмағанын ашына суреттейді. Бұл тұстарда ақын кейбір кейіпкерлердің іс-әрекетін бір түрлі бояумен беріп, өзіндік таным-сенім шеберлерінде шектелгені де байқалады. «Таныстыру» С.Торайғыровтың поэзия жанрындағы тұңғыш талпынысы. Ақын уақыт талабына сай жедел жауап беріп, төңкеріс тұсында толқыған ел көңіліне ұялаған жұмбақ сауалдардың бірін өнер туындысы арқылы пайымдауға міндет еткен Ақынның «Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары қазақ әдебиетіндегі мүлдем жаңа құбылыс. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы, - деп жазады көрнекті әдебиет тарихшысы М.Мағауин қазақ сөз зергерлерінің ғасырдан-ғасырға ұштасып келе жатқан, адам және оның табиғаты, өмір және оның мәні туралы толғауларының бір арнаға келіп тоғысқан құймасы, шырқау шыңы тәріздес». «Адасқан өмір» (1918) лирикалық философиялық, сюжетсіз поэма. Поэманың өн бойында адамның өмірі, коғамдағы орны, әлеуметтік іс-әрекеті турасындағы топшылау орын алған. Лирикалық кейіпкер «меннің» дүниеге келген шағынан бастап жарық дүниеден қайтқанға дейінгі ғұмыры төңірегінде автордың түйіндеулері монологпен берілген. Кейіпкердің ішкі толғанысы мен қоғамдық ортамен қатынасын шектемей, бөлектемей, оның іс-әрекетін, қимыл-козғалысын бүкіл халықтық күллі азаматтық дәрежеге көтеріп жырлауын Сұлтанмахмұттың кол жеткен табысы деп білген жөн. Поэмадағы «Мен бала бөлімінде нәрестеге тән пәк психологиялық сезім басым. Ақынның лирикалық «мені» жігерлі. «Сыйлар деп дүниеге келдім, міне!» деп өмір есігін ашқан! «мен» асқақ сөйлейді: Мен азатпын, мен ақпын, мен өсемін, Не қылсамда басымды бердім міне! Сұлтанмахмұттың сарылып соңына түскен әділдік бостандыққа жете алмай жүрген шағында айналасындағы жұртқа тек достық ниетпен карайтын бала «меннің» көңіл күйін көтеріңкі беруі орынды. Поэманың «Мен жігіт» бөлімінде менің жігіттік шағындағы айналасына, қоршаған ортаға көзқарасын барынша тереңдеп қамту арқылы ақын әлеуметтік философиялық сырларды ашқан. Лирикалық кейіпкер әкім ойлап, ел билегісі келеді, жауапкершілікке қолбасшы да болғысы бар, ғалым болып, дүниеде ашылмаған сырларды пайда жоқтығын, байлықпен бақыт сатып ала алмайтынын түсінеді. Сондағы «менің» іздегені-әділдік. Лирикалық қаһарман қоршаған ортадағы жетесіздікті сынаумен шектелмей, халық өмірін жақсартудың басы әділдік пен бақытта деп түсінеді. Ендеше мен жабысам негізгі іске, Әділдікке бас игіз, бақ та, күш те. Қарғаймын әділдіктен басқа жолды. Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске. .. Бұл «Мен тоқтадым» бөліміндегі кейіпкер толғанысының түйіні. Торайғыров суреткердің әлеуметтік тақырыпты жырлауда қалтарыстарынан көш ілгері озғандығын айғақтайтын қомақты пікір. 96


Поэмада «ырқына дүние тұрсын дене көнбес», ұйқы тамақ, қайғы жолдас» кәрілік кез қайран жиырма бесті сағынатын ұлғайған шақтың қуанышы мен реніші, жеңісі мен жемісі келісімді суреттелген. Мен өлік мен суық тән, менде жан жоқ, Жүрегімді өмір жоқ ыстық қан жоқ Үміт жоқ жек көру жоқ махаббат жоқ, Сезім жоқ кірпігімді қозғар хал жоқ, Өлеңнің, көрнектілігіне қоса қуатты болуын ескерген Торайғыров поэзиясында қайталау көріктеу құралы қызметін атқарады. Торайғыровтың «мені» әлеуметтік саяси өмірдегі өзгерістерді дұрыс пайымдайтын және олар жайлы берік көзқарасы бар кейіпкер. Бейшараны шын досқа санар едім, Ол үшін оқ астына барар едім, Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз, Қорықпай-ақ жалғыз жақта қалар едім, деу өрелі, саналы жанның көкірегінен шығар сындарлы, салиқалы пікір. С.Торайғыровтың «Адасқан өмірі» қазақ қоғамының алуан -алуан тұрмыс-тіршілік қалпын өнер туындысы арқылы салмақтап, философиялық түйіндеудің озық үлгісі. С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасымен үндес, өзектес туындысы «Кедей» (1919). Поэмадағы лирикалық кейіпкер - кедей арқылы ақын өзінің демократиялық ой пікірін айқынырақ таныта түскен. Поэма бастауында берілген картина үлкен әлеуметтік мәселеге меңзейді. Ақын суық сүреңсіз, ызғарлы, қараңғы күзгі түн иттен басқа жолдасы, үстіне ілер лыпасы жоқ кедейдің ауыр тұрмыс халі, шығармасының өн бойында көрсетпегі де сол. Кедейдің аузымен айтқызған: Әкем, шешем, арғы атам солай өскен, Олардың да өкпесін есек тескен, Мен істеген жұмысты олар да істеп, Мұқтаждықтан кұтыла алмай күнін кешкен, деген жолдармен Сүлтанмахмұт тап теңсіздігінің әріден келе жатқан ата жауы екендігін көрсеткен. Ұрпақтан -ұрпаққа, өктемдікке төзбестік білдіру -кедейдің бөліп айтарлық қасиетінің бірі. «Көрден тұрған кісідей өңі» бар қаладағы қаналушы кедейдің (жұмысшы) ауыр тұрмысын поэмаға енгізу нәтижесінде ақын шығармасының саяси әлеуметтік көтерер жүгін кебейте түскен. Поэмада кедейге өмір жайлы сұрақ қойғызып, басындағы ауыр халді өзгертуге үндеу идеясы бар. Байларға өгіз болып өту үшін, Дүниеге шынымен-ақ келгенім бе? Кедейдің тап мұндай ойға келуі - кейіпкердің өскендігі. Уақыттың ағымына, икеміне кетпей тарихи саналы іске, өмірдегі өзгерту әрекетіне даярлық үстіндегі адамның қиялы. Лирикалық кейіпкер «бейнеттен басқа алдымда үміт жоқ» деп қорықпайды, бақытқа жетуге ұмтылады. Торайғыров кедейінің ойынша адамнын басты қасиетінің бірі «бақытқа талпыну». Жоқ мен бұған разы тіпті болман! Бақытты іздеу керек басқа жолдан, Бұл жолда көрге дейін өмірін беріп, Жан аз ба менен басқа әуре болған?

97


Ақынның мұндағы айтып отырған бақыты бүкіл саналы өмірінің идеялы, туында, бостандық, «әділдік» атты сөздер жазылған қоғам. Суреткер шығармасымен қоғамды өзгертудің қажеттігін аңғартса, өз міндетін атқарғаны деп ұғамыз. Сыншыл әдебиеттің белді өкілі С.Торайғыров «Кедей» поэмасымен XX ғасыр басындағы қазақ ауылындағы таптық қайшылық, қоғамдық әлеуметтік теңсіздік тақырыптарын қозғап, шынайы суреткерлік шешім жасады. Ақың аулындағы қаналушы тас кедейдің тұрмысын, халін саяси жағдайын түбегейлі көрсету арқылы типті бейне сомдап шығарды. С.Торайғыров өмірінің ақырында жазып, аяқтай алмай кеткен шығармасы «Айтыс» (1919-1920). 1922 жылғы «Адасқан өмір», 1933 жылғы «Толық жинақта» жарияланып, көп жылдар бойы оқырманға жол таба алмай келді. Елдікті, егемендікті аңсаған өрелі ойын ақын «Айтыста» қоюлата түсіп, ата қоныстың тұтастығы, ана тілі мәртебесінің кемімеуі, салт-дәстүрдің берік сақталуы сияқты мәңгілік проблемаларды қозғаған. «Айтыс» поэмасын жазуда ақын қазақ фольклорындағы көне де құнарлы жанр айтыс поэтикасына ден койған. Дала ақыны мен қала ақынын салыстыра - келіп, қоғамдағы қоршаған ортадағы, өмірдегі, сан қырлы әлеуметтік адамгершілік этикалық проблемаларды көтерген. Поэмада екі кейіпкер бар - дала ақыны, қала ақыны. Айтысты бастаған қала ақыны мен - мендік танытып, менсінбей сөйлейді: Сен кімсің семіз, толық тән жағынан? Өгіздей бар шығарсың әл жағынан? Көрінген, көрнегіңнен, жүрісіңнен, Топастығың білінген әр жағынан. Сыртқы тұрпат бойынша мінездеме берген қала ақынынын жетесіздігіне дала ақыны байсалды жауап қайтарады. «Мен, қазақ қазақпын» деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Поэмадағы Ақ Жайықтан Алтайға созылған шалқар даланы еркін жайлаған қазақтың ұрпағы екенін дала ақыны тамаша жеткізген. Қала ақыны өз кезегінде қарсыласына сол далаңда бөгде жанарды селт еткізерлік не бар, несі қызығарлық деп қажайды. Кең тынысты дала ақыны бабаларының кіндік кесіп, кір жуған ата қонысын сипаттауға келгенде кең көсіледі. Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс, Иісі аңкып, бетім сүйген самал желім. Күндік болып мал менен жанды өсірген, Жаз жайлау, күзі күзек қысқы тебін. Толтырып жағасына ақ ауылды, Мың жылқы жүзіп ішкен шалқар көлім ... ... Маңайы малға толып, бие байлап, Жағалай өзендерді қонған елім ... Поэмаға ғасырлар бойы қалыптасып, екшелген бабалардың салт-дәстүрі әдеті ерекше ілтипатпен суреттеледі. Дала ақыны қазақ ауылындағы билік дәстүрін мадақтайды. «Қағазсыз, полициясыз» екі ауыз сөзбен дау-дамайды тиятын төрелік айтқанда турарлықтан таймайтын билерді қаланың парақор, қиянатшыл соттарына қарсы қояды. «Айтыста» ақын өзі талай рет шығармаларында шегіне жеткізе отырып суреттеген тап қайшылығы, қанаушы мен езушінің, каналушының дүрдараздығын жанай өтеді. Поэманың жанрлық сипаты да соны қалайды. Қай кезде де болмасын айтыскер ақын қарсыласына ұпайын жібермей, үстем шығу мақсатында жаманын жасырып, жақсысын 98


асырған. Сол дағды мен дала ақыны да қарсыласы алдында туған елінің мерейін үстемдету ниетімен, оның бүкіл адами танымға ұсынуға ұялмай сыятындарын ғана тілге тиек еткен. Дала ақыны кезінде ел басына күн туғанда елінің тұтқасы болған, оның еркіндігі мен бостандығын армандап сол жолдағы қайшылыққа қайыспаған хандар мен бектерді, батырларды үлкен ілтипатпен еске алады. Елі үшін қартайғанша аттан түспей, Бір күні бел шешініп тамақ ішпей. Ел қылған ерлерінен жетім қалып, Халыққа болды ол дәурен көрген түстей, - деп елінің есесін ешкімге жібермеуге тырысқан, халық жолындағы ұлдарды аңсайды. Поэмада ақын - жыраулардың халықтың таным-түйсігін тереңдетуде, талғамын қалыптастырып, рухын жігерлендірудегі өзіндік ойын айрықша тілмен суреттеледі. Даламның ақындарын айтсам сізге, Үлгіге сөз патшасын содан ізде, Миға тамақ жүрекке сусын беріп, Даңқы кеткен ақын көп бұл үш жүзде. Халқымыздың ежелден өлеңді, өнерді қастерлейтін абзал қасиеті, туған жерін, әсем даласын, ел қорғар ерін жырға бөлеген ақыны С.Торайғыров суреттеуінде жарасымды, нәрлі поэзияға айналған. «Ер Тарғын», "Қобыландыны» оқып байқа, Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа. Ақындықтың қуаты есіңді алып, Бас алмастан оқырсың қайта-қайта. Кешегі Бұқар жырау, Жанақ ақын, Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын. Ахметпенен Міржақып әм Мағжан, Алты алаштың баласы біледі атын, - деп мақтанышпен көркем сөз сарбаздарын өнегелейді. С.Торайғыров «Айтыс» поэмасында тіл құдіреті, тіл тағдырына терең мән берген. Ана тілі адам болмысымен тығыз байланыста, ақыл-ой сезімімен бірлікте екенін тамаша жеткізген. Қазақтың даналық тұнып тұрған он бір мақалын поэтикалық шумақтарға топтап, оқырманды ойланта, толғанта тебірентіп тиянақты тұжырым ұсынады: Байқасаң, қазақтың өзінде бар, Дүниенің генилігі, пайғамбары. С.Торайғыров кейіпкері дала ақыны енді бірде халықтың әдет-ғұрып, салт-санасы, мінез-құлқы төңірегінде ой тербейді. Дала ақынының көзіме қарағанда, қазақ тұрмысында жасанды қылымсу, өтірік көлгірсу жоқ үлкенді сыйлау, кішіні қадірлеу қанына сіңген қасиет. Даламда бар ұят, құдай деген, Қалаңдай намысы жоқ жолсыз емен. Әділдердің көретін сыйлығы бар, Жауыздарға бір жаза бар деп сенем. Қала тұрмысының біртіндеп дала өміріне ене бастауынан қорқады дала ақыны. Мың Париж, жүз Мәскеудің керегі жоқ, Басымда тұрар болса осы қалып, Даламның кеңшілдігін, бейқамдығын, Жаным іздеп, жүрегім сүйеді анық - дегенде, дала ақынының бойындағы елін елти сүйген ізгі махаббат пен жаңалыққа тосырқай қараушылық аралас. Мені өз еркіме қой, қалпыма қой, Айтатын бар тілегім, қала, саған! 99


Еркіндігін, елдігін сақтауды көздеген, ақ та пәк ғұмыр сүрмекші дала ақынының мінез көзқарасы. С.Торайғыров дала ақынның кесек - кесек ой қозғап, салмақты түйін жасауына кейде тіпті тұлғаланып, биіктеп кетуіне жол ашқан. Қала ақының өткір сынына төзіне алуы, біріншіден, кемшілікті аямай мінеу айтыс жанрының талабымен үндессе, екіншіден С.Торайғыровтың шаһармен жүздесуімен, қаланы тануымен сабақтас. С.Торайғыровтың алғаш көрген қаласы - Троицк. Мұнда медреседе оқыды. «Айқап» журналында қызмет істеді. Ауру-сырқау медреседегі оқуын тәмамдатпады. «Айқап» қызметінен шығып қалды. Шарасы таусылып еліне қайтты. Екінші көрген қаласы Семей. Орысша оқуға қабылданбай, Қатонқарағайға сапар шегуге мәжбүр болды. Қайта оралып әлеумет ісіне араласуының сәті тағы да түспеді. Үшінші қала Томск. Томда да жоқшылық . Ауру. Аштық. Осының барлығы Торайғыров көзқарасының анықталуына, поэмадағы кейіпкерлер образын сомдауға ықпал жасағандығы даусыз. Сендей ме ел болатын елдің түрі? Айтасың өтіп кеткен бұрынғыны. Ел едім ел болатын дей алатын. Бейшара-ау не жайың бар осы күйі?! - деп, сөз кезегі тиген қала ақыны қарымта қайыра, сайысқа түседі. Елдікке бастайтын намыс ұстанған жолдан қайтпайтын наным сенім, жұртты соңына ертетін ерлерің бар ма дала ақыны? Салмақты сауал, өрелі идея. Жоқ сенде мұндай намыс көптен өлген, Бабанды тұрғызбасаң қайта көрден. Қорласа, дүрелесе, басқа тепсе, Тақсырдан басқа сөз жоқ қазақ көнген. Дала ақынының жанын жанып, намысына тие айтуында шындық пен жанашырлық егіз қатар жүргендігі анық- «Болды да партия, ел іші бүлінді» деп Абайды мұңға батырған кеселдің ел арасында өршіп, өрбуі «қаладан қылыш көрмей» жөнге келмеуі, қала ақынының түсінігінше, дала қазағынын алтыбақан алауыздығы, ынтымақ, бірліктің жоқтығы. «Қазақты жарытпайды қазақ билеп» Есіттім талай қазақ айтты сүй деп. Билесе бәрі жабыла билемекші, Болмаса қалғанының іші күймек. Оязға шабысып, шала бүлініп, пара беріп, шен шекпенге, жез жаққа болыстыққа таласатын қазақ ауылындағы надандық әдетті қала өлтіре сынайды. Шашты қайырып, шүлдірлетіп, төресініп, Мақтануға оқыған, бізге мәлім. «Читаю, писаюды» білгендердің Қазаққа көріп жүрмін не қылғанын «Читаю, писаю», - М.Дулатовтың ел үстінен күн көріп, мансап тағына көтерілуінде, «орысша біледі» деген жалған куәлікті сатып алған жандарды келекелеген «Қазақ» газетіндегі фельетоны. Ғылымға бой ұрмай, техника тілін меңгермей дамыған жұрттар қатарына қосыла алмайсың, «күшті» мен «тістінің» аузында кетесің, лепірген бос сөзден гөрі ел іргесін сақтайтын ізгі қасиет, ұйымдасқан бірлік ынтымақты тірлік ізде дейді қала ақыны. Шығарма аяқталмай қалғандықтан авторлық позиция көмескі. Ақын кейіпкерлерінің тоқайласар түйіні әркімді ойлантары хақ. С.Торайғыровтың «Айтыс» поэмасы XX ғасыр әдебиетіне қосылған қомақты олжа, айтулы қазына дәрежесінде. Ақын лирикалық қаһармандарының жан дүниесін ақтара ашып, әлеуметтік адамгершілік проблемаларын бүкіл адамзаттық деңгейге көтере қозғайды. 100


С.Торайғыровтың «Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» туындылары қазақ поэмасы тарихындағы жаңа беттер ғана емес, әдебиетіміздегі бедерлі белес, үрдісті үлес. С.Торайғыровтың публицистикалық мұрасы сан салалы, онда очерк проблемалық мақала, әңгіме, әдебиет сыны, рецензия, мақала репортаж ел аузынан жиған терген, аударма материалдары да ұшырасады. Торайғыровтың әр жанрда қалам тартуы зор білімдарлығын, жаңалық атаулығы жақын тұруын тағы да әйгілей түседі. С.Торайғыров творчествосын ұзақ жылдар зерттеген профессор Б.Кенжебаев: «Сұлтанмахмұт публицистикалық шығармаларының бәрі де актуальды күрделі, көкейтесті мәселелер жөнінде жазылған; бәрі де аса мазмұнды, терең мағыналы. Сонымен бірге, автордың ой пікірлері жүйелі, дәлелді, сөз байламдары, сөйлем құрылыстары нақ, қисынды, көркем суретті деп түйген. «Зарландым» 1912 жылы жазылған дүние. Жинақтарында әңгіме аталып жүргенімен, табиғатында проблемалық очерк мақалаға жақын. Немере інісі Шәймерден Торайғыров деректеріне қарағанда, жиырма бес, отыз дәптер екен. Ақын «Зарландымда» қазақ ауылының қилы-қилы әлеуметтік эстетикалық, психологиялық мәселелерін көтеруді ниет еткен. Ең алдымен Торайғыровты толғантатын сұрақ - оқу, білімге ұмтылу. Атаананың балаларын оқытуға құнсыздығы, немқұрайлы көзқарасы, қазақ арасында білімнің жолға қойылып, ғылымның таралуына орасан бөгет туғызғандығына назар аударады. «Зарландым» туындысымен үңдес, туыстас ойларды «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» мақаласы. Мақалада автор мұғалім жаңаша оқып, педагогика ғылымынан хабардар болғанымен, ойлаған ісін жүзеге асыруға қазақ тұрмысының әлі де аяқтан шалып келе жатқанын ашына жазады. Замандастарынан оза шауып, зеректігімен, елгезектігімен, ізденімпаздығымен қазақ өлеңі мен әнінің жоқтаушысы бола білген Торайғыров асыл мұраның тағдыры туралы ойын «Өлең айтушылар» деген мақалада өрнектеген. С.Торайғыровтың «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» мақаласы XX ғасыр басында қазақ әдебиеті сыны іргетасының берік қолдануына ұйытқы, негіз туынды екендігі даусыз. Мақалада көтерілген проблемалар сың өрісінің кеңейуіне, сыншылық ойдын бұтақтана жайылуына айтулы әсерін тигізді. С.Торайғыровтың сыншылдық келбетін танытатын шағын мақала рецензиясы «Жаңа кітап» М.Дулатовтың 1913 жылы жарық көрген «Азамат» өлеңдер жинағына арналған. Мақалада жинақ «бөтен тілден аршыңқы, мағынасы тереңірек», деп мазмұны мен түрі жарасқан, тілі айшықты жинақ есебінде бағаланады. С.Торайғыров көркем әңгіме, очерк жанрларына да қалам тербеген. Оның «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Жазықсыз тамған қан», «Сақып пен Жантұрсын» шығармалары қазақ прозасының алғашқы қарлығаштары. 1913 жылы жазылған «Ауырмай есімнен жаңылғанымның» тақырыбы жесірлік касіретін тартқан әйел басындағы ауыр жағдай. Есінен айырылып, алты жыл қара жамылған әйелді, өз ықтиярынсыз көр соқыр, саңырау шалға «жесірімізді тентіретпейміз деген желеумен» қоспақшы. Ескі салттың илеуіне түскен бейшара жан қарсылығын ішуге бұйырған неке суын аспанға атумен білдіреді. Бұл әйелдің айналасына ғана білдірген қарсылығы емес, әлеуметтік теңсіздікке атқан оғы. «Қазақ» газетінде 1915 жылы жарияланған «Жазықсыз тамған қанда» бақытына жете алмай сұм заман қатал тәртібінің құрбаны болған екі жастың тағдыры баяндалады. С.Торайғыровтың «Әлиханның Семейге келуі» мақаласында қоғам қайраткері, ғалым, публицист Ә.Бөкейхановтың елі үшін істеген әрекеттерін тере отырып, әдемі жеткізеді. Сұлтанмахмұттың аяқталмай қалған «Социализм» (1918) мақаласында автор социализм теориясын мансұқтамай, қарапайым тілмен қоғам келбетін түсіндіруге тырысқан. С.Торайғыровтың көсемсөзі мен ұсақ прозасы қазақ публицистикасының ой-өрісін жаңа белеске көтерген дүниелер. С.Торайғыровтың қай жанрда жазылған шығармалары болмасын дәуір шындығы, ондағы қайшылықтар мен әлеуметтік өзгерістерді суреттеуде барынша өткір, сыншыл да шыншыл бағыт ұстанған. Ақын өз өмірінің мақсатын былай түйеді: 101


«... Жасамаймын еңбектей жемісін көзбен көремін деп, Жасаймын бір қолғабыс кейінгіге беремін»,- деп жырлайды. Өнерге деген тұрпайы, дөрекі көзқарасқа карсы шығып, кез-келгеннің аузына түскен «қатын ойбайларды» өнер деп ұғуға болмайтындығын да өз жырларында талантты ақын анық та, шебер бейнелеген. Өнерді өнерден түсініп, оның көркемдігін, суреттілігін, образдылығын арттыруды көздеген. Бұл мәселеде Сұлтанмахмұт Торғайғыров ұлы ғұлама ақын Абай пікірлерін жан-тәнімен қолдаған жаңашыл азамат десек қателеспейміз. Абайдың өнер жайлы өзекті пікірлерін басшылыққа алған, соған сүйенген талантты жан өз творчествосына да жоғары жауапкершілікпен қарағандығы оның өз шығармаларынан анық көрінеді. Қаның қайнап, жаныңды қинап көп тер төгіп шығарған туындыны ғана ол асыл сөз деп біліп, шын таланттарды ғана ақын да есептеген. Сұлтанмахмұт Абайды өзіне пір тұтып, басқа әріптестерін, қаламдастарын Абайды тануға шақырған. «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы ерінбе» деуі де сондай ізгі пікірдің, ашық-жарқын көңілдің айғағы. «Сөз мәнісін білмесең, өлең оқып не керек. Не айтқанын сезбесең, жарапазан не береді?» дейтіні де сондықтан. С Торайғыровтың «Кеше түндегі түс, бүгінгі іс» атты сюжетті қысқа толғауында аспан әлемдегі планеталар өзара тілдеседі. Бұлт пен жел, Жетіқарақшы мен Үркер тартысып Айға шағым жасайды. Бірінен екіншісінің көрген қорлықтарын баяндап, әрқайсысы өзіне бостандық талап етеді. Бірақ өкінішке орай, олардың ешқайсының шағымдары іске аспайды. Бұл арада ақын өз кезеңіндегі бостандық үшін күресті астарлап бейнелейді. Сұлтанмахмұт шығармаларының ең бір құнды тарауы махаббат лирикасы деу өте орынды. Өйткені, оның талантының жарқырап көрінетін тұсы да осы, ол Абайдың «Махаббатсыз дүние бос» деген қағидасын түсіне білген. Өмірдің қызығы мен жас дәуреннің арман-мүддесін махаббатқа, қалтқысыз адал достыққа тірек, өлеңдерінің көпшілігінде жүректегі шынайы, сырлы да назды сырларды ақтаруға арнайды. Мәселен, «Жан қалқам», «Қыз сүю», «Аққудай үлбіреген сұңғақ мойын», «Назды, нәзік ақсәулем» және де басқа шығармалары бірін-бірі құлай сүйген ғашықтарға арналған ескерткіш дерлік өте көркем лирика екендігіне талас жоқ. Әрбір ескерткіш мүсіндер ең алдымен өзінің сырт көрінісімен көз тартады, ғашық жарды оқырманына ақын да, оның әдемі сымбатты портретін жасау арқылы таныстырады. Тегінде адам портретін жоғары шеберлікпен жасап шығару, оның ішінде мінсіз сұлудың тұлға-тұрпатын бейнелеу оңай шаруа емес. Оған ең алдымен озық талант, нәзік шеберлік қажет. Шын суреткерлерге тән көрегендік жылт еткенді байқағыштық, әсемдіктен әсер алғыш сезімталдық және көргенін көркем сөзбен көсілте жырлар шешендік ауадай қажет. Ал, Сұлтанмахмұттың қазақ қызының көркіне сұқтана сурет жасауы оның ерең жүйріктігінің, талантының, шеберлігінің куәсі. Қыз сұлулығын ақын өмірдің көркі, тіршілік-тынысы деп жоғары бағалайды, бірақ жігіттіктің ермегі, құмарлықтың көрегі дейтін қате пікірге мүлдем қарсылығын да ашып айтады. Түсіне білген адамға бізді қоршаған табиғат та, қиындығы мен қызығы қатар өрілетін өмір де өзіндік сұлулығымен қадірлі, қымбат. Әсіресе, адам сұлулығы, қыздың қайталанбас көркі табиғаттын (құдайдың) адамға берген баға жетпес сыйы. Ал, ол сыйды қадірлеп ұстай білген абзал, өзінің ғұмырынын соңғы жылдарына дейін Сұлтанмахмұт жар сұлулығын жырлаудан жалықпаған ақын. Ғашықтардың бетпе-бет кездесіп, арманынан шыққан тұстарын ол Абайша ашық айтып, сыр шертеді. Егемен ел болған кезден бастап өзге де таланттар сияқты С. Торайғыров творчествосына деген көзқарас түбірімен өзгеріп, оның ірі тұлғасын, ғажайып талантын жан-жақты кеңірек тануға жол ашылды. Ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орны көрнекті. Қазақ прозасына қосқан үлесі зор азамат, оны жанр, түр жағынан байытуға да сүбелі үлес қосты. Рас, қазақтың жазба әдебиеті XX ғасырдан бастап ерекше қарқынмен дамуға бет алды, жазба әдебиетіміз де өркендеп өсті. Ғасырлар бойы дамыған қазақ поэзиясының өзі дәуір талаптарына сай өзгеріп жетілуде. Ал, Сұлтанмахмұттың поэзиядан прозаға аяқ басқан қадамын тек «Қамар сұлу» романы арқылы көріп қоймай, 102


оған қоса көптеген әңгіме, мақала, еңбектерінен де көруге болады. Ақын роман жазуға кіріспес бұрын «Зарландым» (1912- ж.) , «Ауырмай есімнен жаңылғаным» (1913 ж.).- және тағы да басқа көркем әңгімелер жазған. Сөйтіп әуелі жазудан бастаған қаламгер көлемді роман жазуға бет бұрды. Азамат ақын таланты сан қырлы, ол белгілі публицист де. Қазақ тілінде шыққан «Айқап» журналында қызмет атқарып, күрделі мәселелер жөнінде мазмұнды мақалаларды үзбей жазып тұрды. Әрине, қаламгердің бұл саладағы еңбектері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Публицистикалық жұмыстары да жаңашыл ағартушылық сападағы өткір сыншы реалист, ақынның жарқын идеясын танытатын мәні зор мазмұнды шығармалар. Әсіресе оның «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?» (1913ж.) деген мақаласы жаңаша оқып, Еуропа мәдениетін тез меңгеруді насихаттайды. «Өлең мен айтушылары», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайында» (1913ж.) атты мақалаларыда автордың өлеңге, көркем өнерге көзқарасын танытады. Қаламгер қалдырған мұралардың ішінде осындай алуан түрлі ой қозғайтын қара сөзбен жазылған шығармалар да жеткілікті. Оны терең келешектің міндеті. Сұлтанмахмұт шығармалары жинау, бастыру, зерттеу ісінің де ұзақ тарихы бар. Бұл үлкен істің басында Жүсіпбек Аймауытов сияқты ұлы жазушымыз тұр. Ол 1927 жылы 15 қарашада Мәшһүр-Жүсіпке жазған хатында «Сұлтанмахмұт сөздерін былтыр түгел жинап, үлкен кітап қылып, баспаға бергенмін. Одан «басылады» деген хабар алып отырмын»- деп жазыпты. Алайда кітаптың жарық көруін тағдыр Жүсіпбекке жазбады. Ол 1933 жылы ғана Жүсіпбек жазған алғы сөз бен түсініктерсіз жарық көрді. Одан бергі дәуірде Сұлтанмахмұт шығармалары бірнеше рет басылды. Оны зерттеу саласында Б. Кенжебаев, Ы. Дүйсенбаев, Д. Әбілов, С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Т. Әбдірахманов сияқты әдебиетшілер едәуір еңбек етті. Соған қарамастан қазіргі ұлттық әдеби мұраға деген жаңа көзқарас қалыптаса бастаған тұста Сұлтанмахмұттың толық жинағын (бұрын басылмаған дүниелерін қамти отыра) бастыру, оны зерттеуге байланысты жаңа еңбектер жасау қажеттігі күн тәртібіне қойылып отыр. 1926 жылы «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының, сөздерін жинау науқанына ат салысыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек Аймауытов: «ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Қаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін!» деп жазған екен. Сұлтанмахмұт шын мағынасында осы сөзге татитын ақын. Ол көп жанының,бірі емес, от болып жанып кеткен, құйрықты жұлдыздай ағып түскен, тұлпар талант еді. Сондықтан, Сұлтанмахмұт есімі қазақтың жыр-дариясын құрайтын үлкен, асау, арналы өзенінің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. С. Торайғыров шығармашылығына қатысты бүгінге дейінгі түрлі көзқарастардың болу себептері. 2. Ақынның «Айқап» журналындағы қызметі. 3. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы. 4. Тарихи өзгерістердің, төңкерістер заманының ақын санасына ықпалы. 5. Ақын лирикаларындағы ағартушылық және азатшылдық тенденциялар. 6. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларындағы кейіпкерлер жан-дүниесіндегі қайшылықтар. 7. Поэмаларында кездесетін композициялық ерекшеліктер. 8. «Кім жазықты?», «Қамар Сұлу» романдарындағы тың образдар және тіл кестесі. 9. Еліміз егемендік алған уақыттан бергі С. Торайғыров шығармашылығының зерттелуі. 103


4.ҰЛТ-АЗАТШЫЛ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ 4.1.АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – САҢЛАҚ САНАТКЕР, РУХАНИ КӨСЕМ Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7.

Ахмет Байтұрсынұлының қасиетті де қасіретті ғұмыры Ұлттық баспасөз жолындағы күрес. А. Байтұрсынов өміріндегі қазақ газетінің орны. Қайраткердің мақалаларында тарихи шындықтың батыл бейнеленуі. Маса жинағындағы халықты ояту идеясы. А. Байтұрсынұлы - ақын, ғалым һәм аудармашы. Ұлт әдебиетінің жанашыры.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2004 2. Әбдиманұлы Ө. Қазақ әдебиетіндегі ұлт –азаттық идея. Алматы: Қазақ университеті, 2007-325 б. 3. Кәкішов С. Ақан туралы ақиқат. Алматы, Қазақстан-Шапағат, 1992-112 б. 4. Байтұрсынов А шығармалары. Алматы. Жазушы. 1989-320 б. 5. Сыздықова Р. А. Байтұрсынов. Алматы. Ана тілі. 1992-448 б. 6. Қамзабекұлы Д. Руханият. Алматы. Білім 1997-272 б. 7. Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. Алматы, Атамұра Қазақстан. 1995-168 б. 8. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, Білім. 1995-284 б. 9. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда Алматы, Жалын. 1996-224 б. 10. Әбдиманұлы Ө. Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу-эссе. –Алматы: «Арда», 2007-296 б. Қазақ әдебиетінің алтын ғасырында ерлігі мен дарыны тең түскен бір туар қайраткердің бірі –Ахмет Байтұрсынұлы. Тәуелсіз қазақ танымында ұлттың рухани көсемі саналған күрескер тұлғаның өмір жолы мен қоғамдық болымысы, ақындық өнері және азатшыл ғалымдық ізденісі туралы келелі еңбектер, ғылыми зерттеулер ұзақ уақыттан бері жүргізіліп келеді. Белгілі зерттеуші, нағыз Ахметтанушы ғалым Ө. Әбдиманұлы азатшыл ойдың көсемінің тұлғасын былайша бағамдайды: «Ахмет Байтұрсынұлы – тек күрескер тұлға ғана емес, замананың алмағайып шақтарын көркемдік танымға арқау етіп, оны шынайы шыншылдықпен суреттеген, сөйтіп сол арқылы ертеңгі ел тәуелсіздігіне үмітпен қарауға үндей білген, парасатты ойлары арқылы болашаққа жол сілтеген дарын, қарымды қалам иесі». Азатшыл рухтағы қазақ әдебиетінің көшбасшысы болған дана да дара тұлға Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы өзгелердікіне қарағанда өзіндік бір ерекшеліктермен танылады. Ғалым-ұстаздың өз қолымен жазған өмірбаянында: «Мен Торғай уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886 жылдан бастап 1891 жылға дейін 2 класты Торғай орыс-қазақ училищесінде оқыдым. 1891 жылдан 1895 жылға дейін Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебінде оқыдым, 1895 жылдан бастап Торғайдың әр жерінде, әр түрлі бастауыш училищелерде, ауылдық мектептерде істедім», -дейді. Екі ғасырдың тоғысында еңбек жолын бастаған Ахмет, мектеп қабырғасында бас-аяғы 6 жыл ғана оқығанына қарамастан, қоғам өмірінің, халықтың мұң-мұқтажының ең өзекті мәселелеріне терең бойлап, етене араласады. Басты мақсаты ең алдымен оқу-білімнің дәнін, нәрін егіп халықты ағарту болды. Осы жолда ол оқу бітірген 1895 жылдан 1907 жылға дейін Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ұстаздық етсе 1921-1926 жылдары Орынборда қазақтың халық ағарту институты деп аталатын оқу орнында, 1926-28 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтында дәріс беріп, 1928-29 жылдары 104


Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі мен әдебиетінің профессоры болып істейді. 1917 жылдың аласапыранына дейін Орынборда тұрады. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынборда «Қазақ» газетін шығарады. Газет 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін шығып тұрады. 1917 жылғы ақпан революциясынан кейін елде ұлт-азаттық көтерілісі күрт белең алады. Халыққа шынайы бостандық іздеген қазақ интелигенциясының өкілдері әртүрлі партиялар мен ұйымдар құра бастады. А. Байтұрсыновтың осынау замана ағымындағы істерден тыс қалуы мүмкін емес еді. Сол тұста ұлттық теңдікті аңсаған өз пікірлестерімен бірге Ахмет «Алаш» атты партия құрып, 1917 жылдың жазынан Алашорда жетекшілерінің біріне айналады. Осы партияның бірінші және екінші съезінде ерекше еңбек етіп, Алаш партиясының программасын жасауға атсалысады. Бұл программаның жобасы алғаш «Қазақ» газетінің 1917 жылдың 21 қарашасындағы санында жарияланады. А. Байтұрсынұлының «Қазақ» газетіндегі қызметіне келер болсақ ол 1913 жылдың 2-ші ақпанынан 1918 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында газетті шығарып қана қоймай, соның белді басшы жетекшісіне айналады. Ахмет Байтұрсынов 1909 жылдан 1910 жылдың 21 ақпанына дейін Семей қаласында абақтыда отырады. Қылмысын әйгілеген нақты айғақтар болмағандықтан, патша жандармериясы оны босатып, бір тәуліктің ішінде Семей қаласынан кетуге, 3 жыл бойы қазақ даласынан сырт жерде тұруға үкім шығарады. Сөйтіп А. Байтұрсынов ежелден ғылыми және мәдени дәстүрі бар, қазақтың оқыған азаматтары шоғырланған Орынбор қаласына 1910 жылдың наурыз айында келеді де, онда 1918 жылдың аяғына дейін тұрады. Азапқа белшеден батып жүріп, 1913 жылдың қаңтар айында «Қазақ» газетін шығару үшін рұқсат алады. Газеттің алғашқы санының шыққаны туралы құжатта былай делінген: «Қазақтың алғашқы саны 1 айдан кейін, яғни 2 ақпан күні жарық көрді. Басып шығарған Орынбордағы «Каримов, Хусайынов және К» серіктестігінің баспаханасы». Ал газеттің аты неге «Қазақ» деп аталғандығы туралы Ахмет: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күш қосып, көмектесіп қызмет ету қазақ баласына міндет...Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенше, ғұмыр жеткенше істеп кетелік. Малша оттап, асап ішіп, халық үшін қам қылмай, қарын тойғанша мәз болып, мал өлімінде өлмейік» дейді. Сонымен бірге қайраткер газеттің алдына қойған мақсатын, көздеген мұратын «Бұл газеттің мақсаты жұрт пайдасына көз болу; қазақ арасына ғылым, өнер жайылуына басшылық ету; басқа жұрттардың халінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін зәкүндерді, хакімдердің бұйрық-жарлықтарын білдіріп тұру. Государственная Дума хәм Государственный Совет жұмыстары турасында жете хабар беру, ішкі хәм сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу; күнелту: сауда, кәсіп, жер-су, егін-таран, мал шаруасы жайынан кеңесу. Оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету; адам хәм мал дәрігерлігі жайында жазу» деп айқындап берді. Бұлайша айқындаудың басты себебі үкімет орындарының арнайы рұқсатымен шыққан газет солардың талап-тілегін орындамаса, бірден жабылып қалар еді. Өкімет орындарының түсінігі бойынша, газет бірінші кезекте патша үкіметі билігінің ішкі және сыртқы саясаты, қазақ халқының өміріне қатысты қаулы-қарарларын жұртшылыққа жеткізіп, оларға билік тұрғысынан түсінік беріп отыру еді. Осы мәселеге байланысты 1914 жылдың 8 қарашасында Ахмет Байтұрсынов газетті жетісіне екі рет шығару үшін губернатордың атына өз қолымен жазған арызына қосымша етіп газет бағдарламасын жібереді. 15 бөлімнен тұратын бағдарламаның ең алғашқы үш бөлімі бойынша газет халық арасында насихаттау үшін өз мойнына мына міндеттерді алады. 1. Қазақтарға қатысты үкімет нұсқаулары мен заңдарын жариялау. 2. Мемлекеттік Дума мен Мемлекеттік Совет жұмысын жариялау. 3. Ішкі және сыртқы хабарларды басып жариялап отыру және т.б. 105


Үкімет орындары газеттің саяси бағытын қалт жібермей мұқият бақылап отырған. Газет ресми орындарға күдік туғызбау үшін алғашқы кезде бұл талаптарды орындауға мәжбүр болады. Осындай қиын жағдайда газеттің үздіксіз шығып тұруы қаражатқа байланысты еді. Ресей ішкі істер министрлігі рухани істер департаментінің бастығы ерекше тапсырмалар шенеунигі Тарановский Орынбор губернаторына жолдаған құпия хатында, «Каспий» газетінің мәліметіне сүйене отырып, өткен жылы «Қазақ» газетіне қазақтардың 1600 сом ақшалай жәрдем беріп, қолдағандығы туралы мәліметтің қаншалықты шын екендігін департаментке шұғыл хабарлауын талап еткен. Патша өкіметінің қатаң бақылауына қарамастан, газетке қол ұшын беріп қаржылай көмек көрсеткен 255 азаматтың тізімін газет өзінің №151,152,153 сандарында жариялайды. Солардың ішінде 429 сом қаржы берсе, ал 100 сомды бай, 2-3 сомнан шаруалар, 25-50 тиыннан оқушылар мен студенттер берген болатын. Бұдан газетке мемлекет тарапынан ешқандай қаржылай көмек көрсетілмегені көрінеді. Газет оқырмандарының көбі жастар болатын. Олардың ішінде әсіресе елден тысқары жүрген, Ресейдің іргелі қалаларында оқитын қазақ студенттерінің газетке деген ықыласы ерекше еді. «Қазақ» газетіне 1 жыл толғанда редакцияға жан-жақты, әсіресе Ресейде оқитын қазақ студенттерінен құттықтау жеделхаттар ағылып келген. Мысалы «Қазақтың таң сәулесі жылға толғанын құттықтаймыз, хәм еңбегі болашақта жемісті болып, жұрт пайдасын көргенін тілейміз». Қазақ студенттері 2 ақпан. «Жас қазақтың толған жылын құттықтаймыз, хәм қымбат ұлтымыз қазақ жұртын нұрландыру жолында өмірлі болып, көп жылдар қызмет етуін тілейміз». Жас қазақтар 2 ақпан. Перебург. Қазақ газеті бетінде басылған қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне қатысты кейбір жарияланымдар ел билеушілердің озбырлығын, әділетсіздігін аямай әшкерлеген. Мұндай мақалалар ресми орындардың наразылығын тудырып, олар газет редакциясын үнемі бақылауға алып, тінтулер жүргізіп отырған. Оның редакторын бірнеше рет жауапқа тартып, айып салып, абақтыға да отырғызған. Осы шараларға қарамастан «Қазақ» газеті өз заманының инциклопедиясына айнала алған. Себебі жалғыз өзі көптеген басылымның міндетін қатар атқарып отырғаны анық. «Қазақ» газетінің тақырыптық ауқымы кең, жанры сан-салалы. Бүгінгі ұрпақ үшін ол сонысымен құнды. Мысалы, газет бетінен поэзия, проза, аударманың үздік үлгілерін кездестіреміз. Олар-«Туған жер», М. Жұмабаев, 1913 жыл, №5, «Жұт», М. Дулатов, 1913 ж, №8, «Елім-ай», М. Дулатов, 1914, №52. Келтірілген мысалдар «Өлең-жыр» айдарымен тұрақты жарияланып тұрған. Олар басымның көбіне екінші болмаса үшінші бетінің төмен жағына қарай орналасқан. Себебі, газеттің бірінші бетінде саясат, экономика, әлеуметтік жағдайлар мен хабарлар, ақпараттар орын алған. Авторлар кейде өз аттарын толық жарияласа, кейде бүркеншік атпен қатысқан. Мәселен, -«Ешкі тау», Н. Маркестон, тәржімеленген- «Қыр баласы». Көбінесе, «Көркем проза үлгілері», «Оқшау сөз» айдарымен жарық көріп отырған. Ал басылым бетіндегі ғылыми еңбектердің өзін бірнеше салаға бөліп қарастыруға болады. Мысалы, медицинаға байланысты Е.Қасболатовтың «Чума» 1913 жыл, №8 және Ж. Тілеулиннің «Денсаулық жайынан» атты көлемді еңбегі 1913 жылы, №9,19,20 жарық көрген. Мұнымен қатар газет тек адамдардың денсаулығына ғана көңіл бөліп қоймай қазақтың ата кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан мал дәрігерлік тақырыбына жазылған ғылыми еңбектер де жариялаған. Мысалы газеттің 1913 жылы №9 санында «Мал індеті», сол жылы №27 санында «Сиыр малы тұқымын асылдандыру» атты еңбектер шыққан. Сондай-ақ «Қазақ» газеті өзі шығарып тұрған жылдары қоғамдық –саяси, әлеуметтік –экономикалық және рухани өмірдің өзекті мәселелерін көтеріп, халықтың ұлттық сана –сезімін оятуда сан алуан жұмыстар істеді. Қалың жұртшылық көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылы өмірінің барлық мәселелерінен осы басылым арқылы хабардар болған. Мәселен, көшпелі ауылды отырықшыландыру мәселелері газет бетінде қызу пікірталас тудырады. Мұнымен қатар, «Қазақ» газеті ақпарат тарату ұйымына 106


айналып ішкі және сыртқы жаңалықтарды бұқараға хабарлап таныстырып отырады. Осыған байланысты Ахмет Байтұрсынов былай дейді: «Дүниеде болып жатқан істер, сөйлеп жатқан сөздер кімге пайдалы, кімге залалды екендігін күні бұрын біліп, пайдалы болса шаттанып, залалдысынан сақтандырып тұрды». Басылым бетінен статистикалық еңбектер, жарнамалар, әртүрлі мерзімді басылымдарға шолулар, қаражаты тапшыларға, мұқтаж болған оқушыларға жәрдем сұрауда жарияланып тұрды. 1918 жылы Кеңес үкіметінің секемшіл басшылары Алаш-Орда үкіметін құрып, кеңес үкіметіне қарсы ашық күреске шықпақшы деп газетті айыптап тез арада жабуды талап еткен. Бұйрық, әрине жедел жүзеге асырылып 1918 жылдың күз айында 265 санынан кейін «Қазақты» шығару амалсыз тоқтатылды. Бұл А. Байтұрсынов және алашшыл қазақ зиялыларына, кеңес үкіметі тарапынан жасалған бірінші ашық соққы, рухани қысым еді. Шындығында да, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтың жан аямай, бар ынтасымен қажырлы еңбектенулерінің жемісі-«Қазақ» газеті саяси ұлттық жас қазақ баспасөзінің көшбасшысы дәрежесіне көтеріліп үлгерген болатын. Қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, қазақ әдебиеті тарихында тыңнан сүрлеу салған ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрында еткен еңбегі орасан. Ол Қазақстанда аударма кітапты алғаш бастырушылардың бірі. А. Байтұрсынов орыстың классик жазушысы И.А. Крылов мысалының бір тобын қазақ тіліне тәржімалап, «Қырық мысал» деген атпен Санкт Перебургте 1902 жылы жеке кітап етіп шығарған. Бұл И.А. Крыловтың шығармаларының қазақ тілінде, тіпті Орта Азияда тұңғыш рет кітап болып бастырылуы. И.А. Крылов мысалдарының басқа тілдерге аударылуы сөз болғанда, алдымен тілімізге Ыбырай мен Абай есімдері оралады. Олардың кейін өмір сүрген ақынжазушылардың Крыловқа соқпай кеткендері кемде-кем. Солардың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі аса қомақты дер едік. «Қырық мысал» кітабында И.А. Крыловтан аударылған дүниелермен бірге орыс әдебиетінде мысал жанрын қалыптастырушылардың (А.П. Сумароков, В.И. Майковпен бірге) бірі И.И. Хемницердің «Ат пен есек» шығармасы да бар. Бұлардың бәрі өте сауатты, қазақ оқырмандарының ұғымына лайықталып аударылған. Мысалдың оқиғаға құрылып жазылатыны белгілі. Оны үлкен де, кіші де тез есте сақтап қалады. Жазба дүниелердің өте аз кезінде А. Байтұрсыновтың мысал жанрын таңдап алуы тегін болмаса керек. Ол аударған мысалдардың тәржіма екені тіпті сезілмейді, төл шығармадай оқылады. «Қырық мысалға» енген біраз туындылар орыс мысалшыларының ізімен, идеясымен жазылған Ахаңның өз өлеңдері болып табылады. Бірақ осының ара-жігін ажырату мәселесіне ешкім көңіл бөлмей келеді. Кітаптың алғашқы бетінде ақын оқырмандарға: «Орыстың тәржіма еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат ағза деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дер үш шумақ өлең арнайды. Ахаң әдеби шығармаларының ішінде мысал жанрын таңдап алуының үлкен мәні бар. Мысал жанры жөнінде ол 1926 жылы жарық көрген «Әдебиет тыңайтқыш» атты кітабында жазады. Мұнда ол мысал жанры жөнінде келелі пікірлер айтады. Оның қазақ топырағындағы жайына, шығу тарихына да тоқталды. Сатирада күрделі жанр болып саналатын мысал-қазақ халқына да жат емес. Мысалдар арқылы тұспалдап, ой-түйін, өткір мәселелерді айтуға болады. Мысал жанры да тәрбие құралы. Ол адамдарға ғибрат айтады, дұрыс бағыт бағдар береді, жақсылыққа шақырады. Ахаңның «Қырық мысалындағы» қайсы бір туындыны алмаңыз, соңғы шумақтары алдыңғы жолдардан шығатын ой түйін, ақыл-насихат болып келеді және ол қазақтың қарапайым сөз тіркестерімен, өрнекті тілімен, мақал-мәтелдерімен жеткізіледі. 107


Мәселен, «Өгіз бен бақа» атты мысалда шалқар көлге келіп су ішіп тұрған өгізді қызғанған көл бақа өгіздей болам деп су іше-іше жарылып өледі. «Әуелде құдай өлшеп берген дене, Қаншама зорланғанмен артылмапты, Нақыл сөз: «әлін білмеген әлек» деген Осындай әуре болған жаннан қапты», -деп ғибрат айтады. «Қасқыр мен тырна» деген мысалда сүйекке қақалып өлейін деп жатқан қасқырды тырна құтқарып қалады. Неше күннен бері дәм татпаған қасқыр тырнаның өзіне жасаған жақсылығын лезде ұмытып, оған тап береді. «Бастан құлақ садаға» деп, бишара тырна бас сауғалап тұра қашады. «Қайырды қарап істе адамына, Қарайлас өзіңменен шамалыға, Қасқырдай қара жүрек залымдардың, Жүрмеңдер түсіп кетіп тамағына», -деп түйіндейді ақын мысалын. А. Байтұрсыновтың И.А. Крыловтан аударған және соның ізімен жазылған өлеңдерін оқыған сайын жан дүниеңіз байи түседі. И.А. Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалының оқиғасын әрбір мектеп оқушысы жақсы біледі. Ахаңның аударған мысалының басқа ақындардан бір артықшылығыірімшігінен айрылған қарғаны аңқау қазаққа теңейді. «Жұрт едік аңқау өскен қазақ болып, Далада кең сахара көшіп-қонып. Алдаған залымдардың тіліне еріп, Жүрмесек жарар еді мазақ болып», -деп мысал соңына өз жанынан екі шумақ өлең қосады. Мұнысы жарасымын тауып-ақ тұр. Бұл жолдар қазіргі кезде де мәнін жоймасы хақ. Ақаң мысалының түйіні-қазіргі кезде жекешелендіру саясатында кең байтақ даласындағы байлығынан, алдындағы барынан айырылып отырған аңғал қазақтарды көз алдыңызға елестетеді. «Иттің достығы» деген мысалда Мойнақ пен Төрткөз деген төбеттер мәңгі бақи тату тәтті дос болып жүреміз деп пәтуаласып, ақыр аяғында ас үйден лақтырылған омыртқаға таласып, ырылдасып, бір-біріне тіс батырғаны суреттеледі. «Иттерге таласса да жарасады, Әйтпесе ит әдетінен адасады, Дос болған адамдарға қарап тұрсақ, Биікпен тең деп болмас аласаны. Сүйектей арасына нәрсе түссе, Иттерден олар артық таласады», -деп кейбір адамның дүние үшін тіпті иттен де бетер мінез көрсететіндігін әжуа етеді. А. Байтұрсыновтың екінші бір кітабы- «Маса» деп аталады. Бұл жинақта ақын қазақ өміріндегі надандықты, қараңғылықты, шаруаға қырсыздықты, енжарлықты, марғаулықты сынап-мінейді. Сынай отырып оқуға, білімге, жақсылыққа үндейді. Сойқы тілмен қанша түйресе де кез-келген өлеңінде өз халқына деген сүйіспеншілік сезімі, жанашарлық жан дауысы сезіліп тұрады. Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса, Сап-сары, аяқтары ұзын маса. Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен, қара яки қызыл маса Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса? Осы жолдардан «ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса»-сергектікті, қозғалыс күйді, серпіліс пен ізденісті сәулелейтін астарлы бейне екені көрінеді. Ол «Үстінде 108


ұйықтағанның айнала ұшып», қоғамның енжар, жалқау, ұйқыдағы күйден оянуына қызмет етеді. Осы ағартушылық ойды ақын басқа да шығармаларында әрі қарай дамыта түседі. «Масаның» негізгі идеялық қазығы- жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын өлеңдері жалпы, сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес екені белгілі. Ақын өз өлеңдерінде көбіне Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырып, дамытқан өрісті ойды, қалып алған дәстүрлерді, гуманистік әуендерді, демократтық бағыттарды жаңа жағдайда өзінше жалғастырушы ретінде көрінеді. Бір сөзбен айтатын болсақ, Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер топтамасы-көп ғасырлы қазақ поэзиясының дәстүрлерін, демократтық- ағартушылық әдебиет үлгілерін жаңа тарихи жағдайда дамытып, жалғастырған идеялық- көркемдік деңгейі жоғары туындылар. «Малшы мен маса» мысалын да қалың ұйқыға кеткен малшыны қара жылан шағайын деп келе жатқанда, оны маса сақтандыру мақсатымен шағып ұйқысынан оятпақ болады. Бірақ малшы масаны ұрып өлтіреді. Сонда ғана малшы өзіне жақындап қалған жыланды көріп, істеген ісіне опық жейді. Ахаң мысалдың соңында: «Мысалы, қазақ малшы ұйықтап жатқан, Жыланды пәле делік аңдып баққан. Пәленің түрін көрген мен-Сарымса, Халықты оянсын деп сөзбен шаққан», -дейді. Ахаңның өзін масаға теңеп, осындай сыншыл да шыншыл өлеңімен ұйқыдағы халықты оятпақшы болған ойы түсінікті. Ол кезде отаршылдықтың тақсіретін тартқан, басында бостандығы жоқ қазақтың жайы «еспесі жоқ қалтылдақ қайық» іспетті еді. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарында тамаша эпитеттер соны теңеулер, сәтті шендестірулер, жеңіл ирония, ойлы күлкі, ащы сарказм баршылық. Әсіресе, қазақ мақалмәтелдерін ретін тауып, орнымен қолданғанына риза боласыз. Мәселен, «Әлін білмеген әлек», «Ұялған тек тұрмас», «Не ексең, соны орасың», «Аузыңды құрғақ қасық босқа қажар», «Халық айтса, қалып айтпайды», «Жазмыштан озмыш озбас» сияқты мақалмәтелдер әрбір мысалдың айтар ойына әр беріп ажар-көркін келтіріп тұр. Сегіз қырлы, бір сырлы талант иесі А. Байтұрсыновтың мысал жанрындағы еңбегін терең зерттеу-алдағы күннің міндеті. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі орны- «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ даласына істеген еңбегі, өнер, білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты-біз ұмытсақ та тарих ұмытпайтын істер болатын», -деп жазды М. Әуезов. Иә, ұлы ұстаздың еліне жасаған Алатаудай еңбегін енді халық та, тарих та ұмытпайды. А. Байтұрсынұлы өлеңдеріндегі ағартушылық сипаттың өзіне дейінгі ақындардан өзгелеу бір астарлы сыры да осы. Ақын өнер, білімді «таза күйінде» уағыздап қоймайды. Ол оны халықтың санасы оянып, өзгенің езгісіндегі тұрмысының себеп-салдарына көз жіберіп, бостандыққа ұмтылудың нұрлы сәулесі деп санайды. Бостандық ұғымы бұрынғы поэзияда басты ой нысанасы етілмесе, Ахмет өлеңдерінде ол негізгі тақырып, «темірқазық» іспеттес. Абай, Ыбырай туған халқының тағдырына күйзеліп, озық кеткен өзге халықтармен иық теңестіруді «тіл ұстартып, өнер шашпақтан» іздесе, Ахмет оны бостандық үшін күреспен байланыстырады. Оның өзіне дейінгі саңлақ ақындардан бір қадам ілгері басқандығы да, поэзиясының салмақтылығы мен құдіреті де осында. Ақынның «Досыма хат», «Жиған-терген», «Анама хат», «Жауға түскен жан сөзі», «Жауап хаттан» т.б. өлеңдерінің тегеурінді қуаты осы бір ұқтырар ой аңғарында жатыр. Ахметтің жинақтарына енбей қалған кейбір өлеңдері бүркеншік есіммен «Қазақ» газетінде жарияланған. Ал «Қазақта» көбіне ел мұңын жоқтаған азатшыл поэзияның ғана орын тапқаны шындық. Мәселен, газеттің екінші санында жарияланған «Көшбасшы» өлеңінен –ақ осы бір талап айқын сезіледі. «Зарыққанда қылған бата» деп аталатын 109


өлеңнің шымыр шумақты өткір сөздері «жүрекке дөп, ойға жөн». Көңілдегі мұңды оятып, ұмтылысқа, қимылға шақырғандай: Сөйлесін! Жүйрік болса інжу тізіп, Жосықсыз бас ауыртпай босқа езіп. Құйса екені қысқасынан түсіндіріп, Ретті, төрт аяғы түгел келіп. *** Көсем бол тура жолға бастап кетсін, Қалмасын кейінгілер соңына еріп. Бай болса, малын қисын жұрты үшін, Аямай керегіне тұрсын беріп. *** Қайдағы аламанға ас дегенде, Осқырып жоламайтын не бар жеріп? Шығарып бір жерден сөз, бір жеңнен қол, Ықпасын! Бүгежектеп, тұрсын берік. Өлең сөздері «Қазақ» мақсатымен үндес шығып, көкейдегі көп ойға қозғау салады. Өлең авторы белгісіз, қол қойылмаған. Бірақ Ахмет қолтаңбасы байқалады. Ахметтің бұдан да кейін де бүркеншік есіммен бірнеше өлеңдер жариялағанын еске алсақ, «Қазақтағы» өлең-жырдың бастауында өзі тұрғандығына күмәндануға болмайды. Сонымен қатар ел тарихының ірі өзгерістері кезеңдерінде өлеңмен үн қатып, ойын білдіріп отырған. Ахаңның бүркеншік есімдері жөнінде зерттеуші Бейсембай Байғалиев «Ақынның «А.Б»-дан басқа «Арғын», «Байқаушы», «А» деген бүркеншік есімдері болған» деген пікір айтады. Ахаңның «Қазақ» газетінде «Байқаушы» есімінен үш өлеңі жарық көрген: «Дағдарыс» атты өлеңі /1915, №116/ бірінші дүниежүзілік соғыс алапатын арқау етсе, «Қоян» /1915,№163 қазақ жұртын қатты қыста қамсыз қалмауға шақырады, «Туған тілім» (1916, №167) ана тілдің асыл қасиетін жырлауды мақсат тұтқан. Алғашқы өлеңінде қантөгіске қарсылығы көрініс табады. Баяғы «Абыл-Қабыл» түс келіп тұр. Өтірік үкі тағып, тұмар байлап, Қосқанмен алдында қай шын келіп тұр. Ақын жалған намыс, жалған ұранмен өркениетті деген Еуропа елдерінің бірбірімен қырқысуын, халық басына әкелген зор қасіретін өткір сынайды: Жер жүзі қызыл қанға боялып тұр, Ес кетіп, ескі намыс оянып тұр. Үлгілі Европа ұлттарынан, Үлгі ал деп айтуға ауыз ұялып тұр. «Туған тілім» өлеңінде «Кені бай, кемелі мол туған тілін» бар мүмкіндігі енді ашылып, түрленіп келе жатыр деп жырлайды. Сонымен бірге тіл ұстартуға үйренудің, оны өркендетудің бағытында айқындай кетеді: Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа, Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа. Жау болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа. Ел болсаң, есігім бос, ен деп ұлтқа. Балықтай жүзіп адам, құс боп ұшқан, Түндігің ашулы тұр күн батыстан. Ғылым мен кереметтің кенін тапқан, Нұр кірер білім-өнер мол жақ тұстан, 110


деуімен батыстық өркениеттен үйренуді, солар салған ғылым-білімді игеруді көздегені аңғарылады. Саналы ғұмырында тіл тазалығы жолында күрескен Ахаң қазақ тілінің өзгелермен араласып, шұбарланып кетпеуін қатты қадағалағаны белгілі. Міне, осы өлеңде сол бір өзіндік бағытынан айнымаған Ахаңды тағы танимыз. Кемсініп кең ордамды адасқандар, Тіліме жау боп найза қадаспаңдар! Бір айттым, екі айттым, бұл-үшінші, Жорта бер, жолың алыс, адассаңдар, Мен болман болдырамын «татар» десең, Мен жатпан «бір бөлмеңде» жатар десең! Өтпеймін тамағыңнан жұтам десең, Жолым бір, қолып міне «қатар» десең. 1916 жылдың аласапыранды тұсында елдің «қызыл қанға боялмауын» тілеген Ахмет қарулы көтеріліске қарсы болып, саяси жолмен, келісіммен шешілудің жолында жүрді. Әрине, Ахмет бастаған топтың бұл бәрекетінің дұрыс-бұрыстығына уақыт таразы. Қалай болғанда да Ахаңның елге жамандық ойламағаны белгілі. Біздің бұл ойымызды оның сол бір тұтас «Қазақта» Қазақ Алшабай оғлы деген бүркеншік есіммен жарияланған «Обалы кімге?» өлеңі дәлелдей түседі. Онда Ахмет өзінің ұстанған көзқарасының дұрыстығын, елді дүрліктіргенмен пайда жоқтығын айтып, қырылған елдің обалы кімге деген өткір сұрақ қояды. Шошыды қой, Ойламай ой, Жел беруші молдықпен, Ақырынан қорқамын, Болама деп үлкен той. Бұлт шықты түрленіп, Күннен –күнге зорланып, Бұршақ жауса түбінде Қашар жер жоқ ұрланып. Дос көріп қалды, Зор әбілет басты, Кім арқалап көтерер, Төгілген мұнша көп жасты? 1923 жылы А. Байтұрсынұлының елу жылдық мерейтойына арналған мақаласында қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезов: «...Ахаңның майданға алғаш жыры шығып, әдебиет, саясат жолында жол бастаған күндері бәріміздің есімізде. Ахаңның бұрынғы айтқан сөзін қазақ даласы әлі ұмытқан жоқ. Өлеңдегі белгілі сарын әлі ескірген жоқ. Әлі күнге қазақ даласының күшті сарыны болып, арқаның қоңыр желімен бірге өсіп, шалқып жатыр», -деп оның поэзиясындағы буырқанған бұлқыныстың, рухы мәңгі өлмес азаматтық идеяны жалау еткен өлең жолдарының тот баспас асылдығын танытқан еді. «Маса» жинағына енген өлеңдерден, әсіресе, кейінгі басылымдарына енген өлеңдерінен күресшіл рух, 1905-1907 жылдардағы революциялық толқулардан қанағаттан тасқын күштің серпілісі ұшқын шашады. Ақын өлеңдеріндегі төңкерісшілдік сарын өлең жолдарындағы ішкі тегеурінінен, ширыққан шымыр ойлар арқылы білінеді: Байқасақ, жезде, Бауыздар кезде, Үн шығу бар емес пе?! Үндемей өлсек, Сүйекпен көмсек, Кейінгілер демес пе?! 111


Лақ құрлы бақырмау, Өлген екен апырма-ай! Ал Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әдебиетіндегі ұлт-азатшыл әдебиетті бастаушылардың бірі. Қай әдебиеттің тарихында болмасын ағартушылар, ағартушыдемократтар, ұлт-азатшылдар кезеңі және олардың ірі-ірі өкілдері болған. Бұл сипат қазақ әдебиеті тарихына да тән болса, онда ұлт-азатшылдық кезең сөзсіз Ахметтен басталары анық. Ендеше Сәкен Сейфуллиннің тарихи шындықты айтқан пікірі, яғни «қорлыққа шыдап, күйікке көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жақтаған патша заманында жалғыз Ахмет еді» (77) дегені көп нәрсені айқын аңғартып, түнекте жанған шамшырақтай тарих тереңіне жетелейді. Әрине, А. Байтұрсынұлының саяси-революциялық қызметі туралы әңгіме өз алдына. Біз оған журналистік-публицистикалық қызметін қарастырған сәтте кеңірек тоқталатын боламыз. Біздің қазір көңіл аударарымыз оның қайраткерлік-азаматтық тұлғасын, ақындық-азаматтық тұлғасының бір мысқал да кем еместігі. Азаматтық поэзиясынан оның өмірлік өзгерістерге белсенді қатынасы көрініс беріп, қоғамдық қайраткерлігін айқындай түседі. Поэзияның саяси-әлеуметтік мәнін арттыра түсуге, жетілдіруге тырысуы содан. Әсіресе, «Қа... қаласында», «Жұртыма», «Ақын ініме», «Жауап хаттан» тәрізді өлеңдері оның қоғамдық-қайраткерлік бағдарламасын мейлінше аша түседі. Оларда жеке басқа қатысты күйініш-сүйініштен, қасірет-қайғыдан гөрі халық қамын жеген азаматтық поэзиясының халықтық сипаты басым жатады. Революциялық күрес жолындағы бағыты саралана түскен кезде «Анама хат» деген өлеңін шығарды. Ол 1909 жылы жазылды (3) «Анама хат»-ақынның жүрек түкпірін жарып шыққан, жан дүниесін терең аша түсетін сыршылдыққа толы, сезімге бай өлең. Ол ана алдында өзінің жан сырын, ата ұлынан халық ұлына көтерілуді Көздеген мақсатын жайып салады: Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам... Адамнан туып, адам ісін етпей, Ұялмай, не бетіммен көрге барам?! Ұстанған бағытынан айнымайтындығын, адамдық арды аттап кете алмайтынын, мақсатқа жету жолында өмірдің күйкі тірлігі түкке тұрмайтынын өршіл леппен жеткізеді: Тайпалған талай жорға, талау тұлпар, Тағдырдың кез болып тұр кермесіне. Солардан жаным-тәнім ардақты емес, Орынсыз күйзелейін мен несіне?! Ахметтің лирикалық кейіпкері дерексіз бейне емес, керісінше азаттық қозғалысының қайтпас күрескері- ақынның өз бейнесі. Жаңа заман тудырған төңкерісшілдік санамен қаруланған, күрескерлік борышын жете түсінген күрескер азаматтың образын сомдайды. Ақын тудырған жаңа бейнеден өмірде өзі үшін емес, өзгелердің бақыты үшін күресуге бел байлағандық, шын берілгендік байқалады. Сондықтан да Ахмет өлеңдерінде құрғақ ділмәрсу, мағынасыз ұраншыл айқай аз, тіпті жат. Әр сөз өз орнын тауып, салмақтана түседі. Сонымен бірге ақын нақты адамды, оның сезім-күйін жырлай отыра қазақ қоғамының ең бір ділгір мәнді мәселелерін көтеріп, жалқыдан жалпыға бұрылады. А. Байтұрсынұлы творчествосындағы ұлт-азатшыл бағыт оның саяси бостандыққа жетуді аңсауынан, қазақ халқын орыс патшасы езгісінен азат етіп, отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақ ұлтының өзін-өзі басқаруына қол жеткізу арманынан, бар даусымен үн қосуынан көрінеді. Қазағым-елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. 112


Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып (71,30 б). Ахметтің осы «Жиған-терген» өлеңі түгелдей «масаның» соңғы басылымында 1922 жылы жарияланды. Бернияз Күлеев айтуына қарағанда, төңкерістен бұрынғы «масаларда» соңғы шумақ цензура рұқсат етпегендіктен берілмей келген. Өйткені мұнда халық басына төнген ең күшті қауіп анық та айқын көрсетілген. Ахмет өлеңдерінде осынау ғаріп күйге түсудің себебі іздестіріліп, арғы негізіне ой жүгіртілді. Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын құйса жылжи беру Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ. Мүшкілін халіміздің жаңа білдік... Ақын отаршылдықтың кесір-кесапаты ауыз бірліктің жоқтығынан деген ойға бекіп, ел тұтқасын ұстағандар халық намысын сатып, басқаға бодан еткеніне қабырғасы қайысады. Қараймын кейін, Орысқа шейін. Хан бағыпты қазақты. Баға алмай жөндеп, Басқаға көн деп, Артқан жұртқа, азапты. Бас адамдар халықты, Сатып, сыйлар алыпты. Өткен замандағы ел ағаларының жіберген қателіктеріне өкіне отырып, ақын өмір ағысының бір орнында тұрып қалмасын сезеді. Тарихта жаңғыру мен жаңару болып жататындығын, өткендердің қателігін қайталамай, жаңа жолға бастап, жаңа заманға қарай көш түзеу қажеттігін ескертеді. Жолдар бар өзге, Жоба бар сөзге, Жүрекке дөп, ойға жөн. Өз өмірін күреске арнаған ақын отаршылдықтың шынжыр-бұғауын тас-талқан етер қуатты күнді аңсап, тезірек жетуін асыға күтеді: Қашан жанып шамшырақ, Сәуле беріп жарқырап, Болар жарық төрт тарап?! Қашан маған іздеген. Күліп жылы жүзбенен, Болар серік бақ қарап. Ақын үшін бақыт ұғымы, бақыт ұғымы революция ұғымына пара-пар. Ақынның лирикалық кейіпкері бақытты күнді аңсаушы ғана емес, сол күннің тезірек жетуіне себепкер болуға ұмтылады. Елдің бетке ұстар замататарын бірлікке шақырып, күреске үндеген Ахмет өлеңдері бостандықты, азаттықты аңсаған әлемнің алдыңғы қатарлы прогресшіл үнімен ұштасып жатады. Мен бұқтым-жаттым, Сен бұқтың-жаттың, Кім істемек қызмет?! Ауызбен айтып, Істерге қайтып, Жоламасақ не міндет?- деп халқының көкейкесті арманын жырлауда ештеңеден тайсалмайтындығын, ақ жол нұсқаудан шаршамайтынын айтады. 113


Ахмет өлеңдері тек күрес құралы ғана емес, оның өлеңдері -әрі әлеуемттік мәселені көтерген, өмірдің өзінен ойып алған суреттер мен сын-сарынға толы, көркемдік деңгейі жоғары мәнді сөз жиынтығы. Оның өлеңдері-ақынның жан айқайы. Сондықтан да Ахмет өлеңдері ішкі сезім, ой-пікірге толы. Жүрегіңнің жарасын Көрсет жұртқа, қарасын, деп жылаған ақын жиған-түйген ой-пікірін, ашу-ызасын, үзілмес үмітін, жүретін тербеген сан сезімді өлең өрнегіне түсіре отырып, туған халқымен сырласқандай болады. Жаныға да жарыла сөйлейді, тебірене-толғана сөйлейді. Қараңғы қазақ елін, қайран жұртын аятқысы келген. Өз қарекетін уаны төгер «қара шұбар жыланның» сырын сезініп, малшыны оятқысы келген эмаса әрекетіндей сезініп, ащы да болса ашық шындықты айтқысы келді. Сөйтіп ол 1911 жылы Орынборда төл өлеңдер жинағын қалың ұйқыда жатқан қаперсіз халқын ояту үшін «Маса» қылып ұшырады. Түсіне қарап Ішінен түңілме Күшіне қарап Ісінен түңілме, - деп басталған «Маса» өлеңдер жинағы осылай дүниеге келеді. Ойды жинақтай келе, сауаты, саңылауы жоқ қазақтың халқын жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген сүйікті ұстаз, қажымайтын қаһарман-Ахмет Байтұрсынов артына елеулі мұра қалдырып, әдебиетке өз үлесін қосқан. Ахмет Байтұрсынов- қазақтың әдеби тіліне негіз салушы, қазақты «ән» деп бастап оқытып, надандықбпен күрескен бірінші ұстаз, оқу ісіне жазуға жаңалық кіргізген дана реформалар, патшашыл үкіметтің зұлым саясатымен қажымай күресіп, қарсы пікірін таратқан қаһармен, қазақ халқының атақты ақыны, қай жағынан болса да қазақ халқының көсемі. Жоғарыда айтылған пікірлерді жинақтап, пысықтай отырып, Ахмет Байтұрсыновтың ақындық мұрасы жайында мынадай екі ерекшелікті атап айтуға болады. Біріншіден Ахмет Байтұрсынов –ағартушы, ғалым, қоғамдық- саяси қайраткер ретінде қандай ірі тұлға болса, ақындық өнерде де қайталанбас орны бар, туған әдебиетімізде тұтас бір дәуірді бейнелейтін кесек бітімді дарын иесі. Өз өмірін туған халқының бостандығы мен бақыты жолындағы күреске түгелдей бағыштаған ең алдым ен осы жолда қару етіп пайдаланады. Бұл тұрғыдан алғанда, оның есімі өзінің алдында ғана өткен ұлы Абай дәстүрінің ең бірінші мирасқорларының қатарында аталуға лайық. Екіншіден, Ахмет Байтұрсынов өзінің ақындық мұрасы арқылы ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіне халық мүддесінің жоқшысы бола алатын саяси күрескер бейнесін әкелді. Өзінің барлық әрекетін туған елінің мұң-мұқтажымен ажырамастай тұтастықта деп түсінген ақын шабытты жырларында дәл сондай жанкешті күрескердің бедерлі, беделді тұлғасын жасады. Бұл екі ерекшеліктің екеуі де туған әдебиетте кейіннен кең өріс алып, өркен жайған жемісті нышандар. Сондықтан оларды әрі қарай жан-жақты зерттеп, ғылыми тұрғыдан терең байыптау-әдебиеттің таяу болашақтағы абыройлы міндеті. Ахметтей саңлақ елдің ұрпағы болашақта ақын салған сара жолдың ізбасарлы екені даусыз. Ұлылыққа тән бар қасиетті бойына ұялатқан асыл арыс екі ғасыр тоғысындағы алма-ғайып заманда елінің елдігі, туған халқының теңдігі үшін отаршылдыққа қасқайып қарсы тұрған қажырды қайратымен ұрпақ жадында мәңгі қалары сөзсіз. Иә, Ахметтей адамзаттық ойдың алыбын енді танып, кемел ілімінің кеніне енді ғана кенеліп жатырмыз. Әйтсе де, бүгінде бұл тұрғыда біраз ізденістер жасалғанын атап өткен жөн. Ахметтануға кешегі Міржақып, Елдес, Телжан, Сәкен, Мұхтар, Смағұлдар 114


салған сара жолды бүгінгі Р. Сыздықова, Ж. Ысмағұлов, Р. Нұрғали, С. Дәуітов, А. Ісмақова сынды көрнекті ғалымдар ахметтанудың даңғылына айналдырып, кеңейте түсуде. Көрнекті тарихшы ғалымдар К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Қ. Атабаевтар Байтұрсынұлының ұлы тұлғасын қоғамдық-саяси қайраткерлік, ұлт күрескері тұрғысынан жан-жақты ашса, әр саладағы жас ғалымдар түрлі ғылым саласы бойынша зерттеп, ізденіс ауқымын ұлғайтты. Бү Момынова «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика (1994), Т. Қасенов «Мысал жанрының стилі мен тілі (Ахмет Байтұрсынұлы, «Қырық мысал») (1994), А. Қыдыршаев «А. Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы» (1995), А. Машканова «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ жазуының реформаторы» (1996), Қ. Сақов «Қазақ» газетіндегі ұлттық –саяси мәселелердің жазылуы» (1998), Р. Үсембаева «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу» (1999), Б. Иманбекова «Ахмет Байтұрсынұлының тәлімдік ой-пікірлерін педагогикалық колледждердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары» (2000), И. Ыбырайжанов «Ахмет Байтұрсынұлының білім жайлы педагогикалық мұралары» (2001), Ж. Байтелесова «Қоғамдық сананы қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлы публицистикасының ролі» (2002), К. Ашекеева «Ахмет Байтұрсынұлының философиялық көзқарастары» (2003), Г. Ерназарова «Қазақ публицистика тілінің дамуындағы А. Байтұрсынұлы кезеңі» (2004), Қ. Ибраймов «Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі терминология және стилистика мәселелері» (2005), А. Байтұрсынұлы музейінің қазіргі директоры Р. Имаханбетова «Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат деректері негізінде)» (2006) деген тақырыптарда кандидаттық диссертациялар қорғады. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» атты 2 томдық оқу құралының (2002) Ахмет Байтұрсынұлы туралы үлкен тарауын жазып, «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті» атты жоғары оқу орындарына арналған оқулығымыздың (2002) бір тарауын Ахаңа арнадық. «Алаштың азатшыл әдебиеті» (2007) атты монографиялық зерттеуімізде ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиетте ұлт-азаттық идеяның негізін қалаған А. Байтұрсынұлы екендігін дәлелдеп, арнайы бөлім жаздық. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1.А. Байтұрсынұлы ұлт зиялыларының атасы, қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері. 2.Жасөспірім Ахметтің әлеуметтік теңсіздіктер мен отаршыл бұғауды бала күнінен сезіп өсуі. 3.А. Байтұрсынұлының «Қазақ» газетіндегі шығармашылығы. 4.«Маса», «Қазақ қалпы», «Қазақ салты» т.б. өлеңдеріндегі сатиралық сарын. 5.«Қырық мысал» жинағындағы баяндау шеберлігі. 6.Қайраткердің ғалымдық, педагогтік еңбегі. 7.А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығының қазіргі қазақ әдебиетінде зерттелу мәселелері. 4.2.АЗАТШЫЛ ҺӘМ АЛАШШЫЛ - МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ 1. 2. 3. 4.

Лекцияда қаралатын мәселелер: Міржақып Дулатұлының өмірі және қайраткерлік еңбегі. Баспасөз өміріне араласуы «Серке» және «Қазақ» газеттерін ұйымдастырудағы ролі. «Оян қазақ» жинағындағы күрескерлік рух, азатшыл идея. Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының төл әдебиетімізге құбылыс болып енуі. 115


5. Міржақып Дулатұлы шығармашылығындағы көсемсөз, аударма еңбектерінің ұлттық ар-намысты оятудағы көркемдік және тағылымдық мәні. Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1 Әбдіманова Ө. «Қазақ газеті» , Алматы «Жалын» 1993 2 Бекхожин Х. «Қазақ баспасөз тарихшының очеркі 1880 – 1958». Алматы «Мектеп» 1981 3 Садуақасов Н. «Қазақ тілі мен әдебиеті» №5- 6, 1994 4 Садуақасов Н. «Қазақ тілі мен әдебиеті» № 3- 4, 1994 5 Әшімханов Д. «Бес арыс», Алматы «Жалын» 1992 6 «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» оқу қуралы 2 кітап, Алматы «Қазақ университеті» 2002 7 Жолдасбеков М; Сарғараұлы Қ; Сейдімбек А; «Ел тұтқа»(Ел тарихының әйгілі тұлғалары ), «Күлтегін» баспасы, Астана 2001 8 Дулатов М. Шығармалары Алматы, «Жазушы» 1991 9 Әбсеметов М. «Оян, қазақ!», Алматы «Алтын Орда» 1991 10 Қазақстан мектебі №9, 2003 11 Қазақстан мектебі № 2, 2006 12 Қазақстан әдебиетінің энциклопедиясы Алматы, 1991 Бұрынғы Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында 1885 жылғы қараша айының соңында шағын дәулетті шаруа отбасында туылған. Міржақып екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалды. Ағасы асқардың тәрбиесінде өсіп, әуелі ауыл молдасынан ескіше тіл сындырп, сосын Мұқан атты мұғалімнен орысша хат таниды. Ал 1897 жылы Торғай қаласындағы кезінде Ы. Алтынсарин ашқан орыс- қазақ мектебіне түсіп, бес жыл білім алады да, бішама уақыт ел ішінде бала оқытып кәсіп етеді. 1904 жылы Мыржақып Омбы қаласына барады. Мұнда ол өзінен аттай бір мүшел үлкен, 30 дан жаңа асып, кемелене келіп тұрған кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен танысып, білжола табысады. Келер жылдың жазына қарай екуі Қарқаралыға келіп, Әлихан Бөкейханов бастаған бірнеше қазақ зиялылары бірігіп, жоғарыда әйгілі петицияны жазып жолдайды. Бұл құнды құжат туралы кейінірек жазған бір мақаласында Мұхтар Әуезов былай дейді: «...Ол петициядағы аталған үлкен сөздер:бірінші - жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші- қазақ жеріне жемство беруді сұраған. Үшінші отаршылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ, мүфтиге сұраған. ...Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған». Өз кезінде қазақ халқының «күрескерлік мақсатының манифесіндей болған» «Оян, қазақ!» кітабын 1911 жылы Орынбордан қайта бастырып шығарған Мыржақыпты құпия полиция тыңшылары сол жылдың маусым айында тұтқындап, кітаптың қолдарына түскен таралымын тәкілейді. Семей түрмесінде 19 ай бойы отырған Мыржақып бостандыққа шығысымен Орынбордағы Ахаңа қайта барып қосылып, 1913 жылдың ақпан айынан бастап А. Байтұрсынов- бас редакторы, М. Дулатов оның орынбасары, жауапты хатшысы қызметінде қыр өлкесінің ағартушылық – демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы – айтулы «Қазақ» газетін бақандай бес жыл шығарып тұрады. Алғашында үш мың дана болып басылған газеттің таралымы бір жылдың ішінде 8 мыңға жетеді. Шығармашылық еңбек жолында «Оян, қазақ!» (1909-1911), «Азамат» (19131914), «Бақытсыз Жамал» (1910-1914), «Терме» (1915), «Балқия» (1922), «Оқу құралы» (1924) деген сияқты бес - алты кітаптарын жазып қалдырған М. 116


Дулатовтың 1907-1927 жылдар аралығында түрлі басылымдар бетінде жариялаған мақалалары оның журналист публицист ретіндегі биік шығармашылық дарыны мен азаматтық позициясын айқын танытады. М. Дулатов қаламынан туған мақалаларда әлеуметтік өмір, экономика, мәдениет - әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтылады. Әсіресе , оқырманға өте бағалық тынымдық деректік материалдары оның терең білімпаздығы мен бірге талғампаз сараптаушылық қарым қабілетін айғақтайды. Мәселен, Міржақып «Азамат Алашұлы» деген бүркеншік атпен «Айқап» журналында жариялаған «Абылай хан», осы журналда 1913 жылы жарық көрген «Эсперанто тілі» (Международный язык «эсперанто»), «Қазақ» газетіндегі «Ғабдолла Тоқаев», «Хазірет Сұлтан», «Абай», «Шоқан Шыңғысұғлы Уалихан», « Григорий Николаевич Потанин», «Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов» (орыс тілінде), «Қазақ, қырғыздың аты, тегі, туралы» т.б. мақалаларында қазақ өнері мен ғылымына зор әсер ықпал еткен әр кезең тұлғаларының өмірі мен еңбектері жан- жақты толымды баян етіледі, баға беріледі. «Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларына сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны- әдебиет ал жансыз тән жасамақ емес, - деп, көркем әдебиет туралы терең ой толғай отырып, - әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш- Абай сөзі, Абай аты боларға керек... Бәлкі мұнан кейін Абайдан үздік, артық ақындар, жазушылар шығар бірақ ең жоғары , ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз - Абай!»- деген ерекше пікірді сонау елең - алаң 1914 жылдың өзінде жеріне жеткізе жазып, кеткен Міржақыптың ұлт мәдениеті тарихындағы өз орны туралы да солай деуімізге толық негіз бар. Жоғарыда аталған тарихи- зерттеу мақаласының бірінде Міржақып: «Қазақтың түрі бірдей еместігі құрамалығына дәлел болғанымен, ескі жұрт екендігіне қарсы дәлел бола алмайды. Қайта құрама бола тұрып, бұл күнде тілі, әдет- ғұрпы, салт- санасы бір кісінің баласындайдығына қарағанның өзінен қазақтың ескі жұрт екендігі кейіннен қосылғандардың ұйытқысы қазақ екендігі сипатталады»,деп, «Қазақ - құрама, түр - әлпеттері соны растайды. Өздері бері де, күні кеше ғана жұрт болған» дегенге саятын Г. Миллер, П.Паллас, И.Георгий, Н. Рычков, Ф. Фишер, Г. Клапорт, К. Рейтер, В. Вельяминов- Зернов, Чулочников, Ивановский, Харузин еңбектеріндегі евроцентристік пиғылдағы жаңсақ пікірдің жанын сала терістеп, жоққа шығарады, нақты деректермен уәж айтады. «...Қазақ - Х ғасырдың ар жағында көп заман бұрын өздерінің хандары болып, өзін-өзі билеген ежелден қазақ аттаған түрік жұртының бір тарауы» деген батыл тұжыры жасайды. «Жазу тәртібі», «Мұғалімдерге», «Тіл құралы», «Қазақ әдебиет кеші», «Надандық құрбаны», «Манап драмасы», «Қазақ» баспаханасы», «Баспасөз үмесі», «Қазақ тілін жүргізетін комисиясының құлағына алтын сырға», «Қазақ тілінің мұңы» сияқты бірқатар мақалаларында М. Дулатов қазақ тілінде сауатты жазып- оқу жолындағы жаңа ізденістер қазақтың жаңа жазба әдебиеті, театр өнері, қазақ баспасөзінің аяқ алысы мен тіл тазалығы, тіл өрісін кеңейту мәселелерін жан- жақты әрі жанашырлықпен жазады. Қазақ тілі бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз айтамыз. Бірақ құр бай, таза деу мен ғана тіліміз өздігінен сақталып, әдебиетіміз өршіп кете ала ма?»- деп 1915 жылы мәселе көтерген ол: «Бір жағы Бұхар, бір жағы Меке-медине, Стамболдарда оқып қайтқандарымыз да бар. Солардың бәрі ноғайшалап, арабшылап, сартшылап қайтып жүр... Орысша оқығандарымыздың көбі екі сөздің көбі біріне орысша қатынастыруды үйреніс қылып алған. Осыдан топшылауға болады- таза деген қазақ тілі де күн бұрын сақталуына қам қылмасақ, бірте бірте бұзылып кететіні»,- деп осыдан жүз жылғы жуық бұрын қылған қаупі дәл бүгінге қарата айтылғандай әсерлі, өтімді. Немесе «Қазақ тілі мемлекет тілі болды, енді заң-зәкүн бұйрық – жарлықтың, кеңсе істерінің бәрін қазақшаға айналдырамыз деп талпынғанымызға да талай жыл қазақ тілін жүргізу үшін орталықта дербес комиссия да құрылды. Бірақ орталық комиссияның болсын, я жер117


жердегі бөлімдері болсын қазақ тілі қалай жүріп жатқанын жеке тексеріп отырғандығына шегіміз бар», - деп 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жазған ашыныс – өкініші де бүгінгі біздерге тым таныс жағдай емес пе?! 1923 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған «Баспасөз умесі» атты мықаласында: «Әр жұрттың, әр мемлекеттің мәдениет майданында ілгері - кейінгінің қатасыз өлшеуіші болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті... Бұған көзі ашық, көңілі тетіктер көптен иман келтірген,- дей келе,- егер газет, журнал халықтың санына қарай шығатын болса, төңкерістің алдында біздің қазақтың 80- нен артық газет, журналы болуға керек еді. Бұл болды ма? Неге болсын! Сексен түгіл сегіз газетіміз болмаушылық біздің мәдениет сатысының ең төменгі сатысында тұрғандығымызды көрсетеді!»- деген күйінішін де жасырмайды. Қалың қазақтың намысына қозғау салып, баспасөз маңызын ашып көрсетеді. Оны дамытудың, өрге бастырудың оннан астам нақты іс- шараларын атап береді. Жоғарыда да бірлі- жарымын атап өткеніміздей, Міржақып Дулатовтың «Тургайский», «М.Д», «Түрік балсы», «Азамат», «Мадияр», «Маяр», «Байқаушы», «Азамат лашұлы», «Алашбайұлы», «Таймінер», «Тайбағар», «Алакөз», «Қолғанат» деген сияқты көптеген бүркеншік аттар мен патша үкіметінің отаршылдық саясатын шенеп, әшкерелеп халықтың өз заманының өзекті мәселелерін көріп, түсіне білуге бірлікке шағырған өткір саяси мақалалары көп. 1907 жылы «Арғын» деген бүркеншік атпен жазылған «Біздің мақсатымыз» атты мақаласы үшін «Серке» газеті тәркіленді. Ол туралы полиция протоколында: «Барлық қазақ халқына арналан үндеу сияқты» делініп, Петербург баспасөз істері комитети «газеттің осы нөміріне қатысты барлығы да жауапқа тартылсын» деген шешім шығарды. «Қазағым менің, елім менің!» деп басталатын бұл мақала одан әрі: «Ең алдымен, қазақ халқы - Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады... Чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып – соғып, мал- мүлкін тартып алып, ойына не келсе соны істейді. Енді чиновниктер біздің дінімізге,әдет – ғұрпымызға, біздің молдаларымызға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...» дейді. Ал «Жер мәселесі» деп аталатын (1911ж.) мақаласында «Ішкі Россиядан бұлттай қаптап көшіп келе жатқан мұжық алдағыға көз салуды үйреніс қалмаған қазақ халқын да ойға қалдырды,дейді де, - мұның себебі не? Халықтың өсіп, жердің өспеуі, һәм тозуы- қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті миллиондап жерсіз мұжықты үкіметтің қазақ жеріне қондыруы. Бұл «тілеусіз қонақтар» келе бастағаннан бері тарылып тарылып, атамекеннен ірге қозғалып, қазақтың шаруасының күйзелуі, 15-20 жылдан бері бұл көшпелі мұжықтардың келіп бітуінің, ұшы - қиыры көрінбей , бұлай болғанда, енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып, ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал...» - деп, ел басына төніп келе жатқан үлекен апатты алдын - ала болжайды. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсыновтар мен бірігіп жазған «Алаштың азаматына» (1916 ж.), А. Байтұрсынов, М.Тұнғашин, С. Қыдырбаевтер мен бірігіп жазған «Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына» (1916 ж.) деген мақалаларында бірінші жақан соғысының өртіне шалдыққан Россияның қол астындағы мұсылман халықтарынан, оның ішінде қазақтардан да майданның қара жұмысына адам алу туралы патша жарлығы мен байланысты бұқара халықтың арандап, қырғынға ұшырап қалмауын ойлап шырылдаған перзеттік үні сыбырға, төзімділікке шақырады. Алғашқысында бұл жарлыққа көнген - шаруаға кемшілік те келер, барған жігіт бейнетке де, қазаға да ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас. Ал көнбегенде көретін ауырлық-қазақ шын қарсылық қылатын болса, ел-елге отряд шығады. Елдің берекесі кетеді, басын малға әлегі бірдей кетеді, елдің іргесі бұзылады... Военное положение иғлан жетілген жерде түймедей, жазыққа түйедей жаза болады...» деп таразының екі басын салғастырып, түбін ойлап іс қылуды, ел іргесін бұзылмауын, үлкен іркіншілікке 118


душар болмауды салиқалы салмақпен ескерсе, екіншісінде: «Біздің қазақ баласы, қанына тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл алыңда: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын жастар басын қорғаймын деп, үйдегі кемпір- шал, қатынбаланың обалына қалмасын! Бізде орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді құдай мен аруаққа тапсырыңдар! Қазақ» газеті М. Дулатовтың қоғамдық - саяси есеюі мектебі болды десек қателеспейміз. Оның қазақ жұртшылығына әйгілі болған газетте жұмыс істеуі, қазақ халқының жоғын жоқтвп, мұның көтеріп жазған өткір саяси мақалалары оның есімін халық арасында одан әрі әйгілі етті. Ол 1914 жылдың 12- мамырынан бастап екінші редактор болды. Ал 1917 жылдың 8 – шідесінен бастап газеттің негізгі ұйымдастырушысы да осы М. Дулатов болған еді. «Ахаң һәм мен екеуміз де депутат бола қалсақ, газет иесіз қалар, халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрібір депутат бол, газет шығар» - дейді ол, съезден кейінгі ашық хатында. Патша үкіметі тұсында басылуы бірнеше рет тоқтатылып, бірақ біржола жабылмаған «Қазақ» газетін толық жабу туралы бірінші нұсқауды демократия, көп пікірлік атаулыға жаны қас Кеңес үкіметі берді. Омбы атқару комитетінің 1918 жылы 4 – наурызда Орынбор Совдепіне берген жеделхатындай «Алаш» партиясының саяси ұйымы ретінде қазақ контрреволюциялық «Алаш – Орда» үкіметін құрды. Кеңес өкіметіне қарсы ашық күреске шығуда. Тез арада газетті жабуды талап етеміз», - делінген Бұйрық әріне, жедел жүзеге асырылып, 1918 жылдың күз айында 265 - санынан кейін «Қазақ шығару амалсыз тоқтатылды. Бұл М. Дулатов және басқа алашшыл қазақ зиялыларын, Кеңес өкіметі тарапынан жасалынған бірінші ашық соққы, рухани саяси қысым еді. Кейінірек А. Байтұрсыновтың елу жылдық мерейтойына арнап жазған мақаласында, М. Дулатов «Қазақ» жабылар кездегі мүмкіндігін былай деп атап көрсеткен еді: «Қазақ» 1918 жылдың қазан айына дейін жарық көрді. Патша әкімшілігінің қатал қыспағы мен ауыр жағдайында А. Байтұрсынов іскер ұйымдастырушылығымен, жанкешті еңбегінің арқасында газеттің жабылар алдында жеке баспаханасы, көп қағаз қоры, шағын кітапханасы болып, тиражы 8 мыңға көтерілді. Бұл дерек «Қазақ» газетінің ұлт мүддесіне қызмет ететін рухани және саяси орталыққа айналғандығын толық дәлелдейді. Өкінішке орай, бұл большевиктерге мүлде ұнамды. А. Байтұрсынов М. Дулатовтың қажырлы еңбектенулерінің жемісі, «Қазақ» газеті саяси – ұлттық жас қазақ баспасөзінің көшбасшысы дәрежесіне көтеріліп үлгерген еді. 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін А. Байтұрсыновпен бірге тізе қосып, «Қазақ» газетіне тең редактор болған жылдар М. Дулатовтың ең жемісі шығармашылық, саяси қоғамдық белсенділік танытқан жылдары болды. Осы жылдары газет бетінде көрнекті ағартушы М. Дулатовтың ұлт тағдырын ойлаған халықтың ең көкейкесті мәселелерін көтерген көптеген ойлы да зерделі мақалалары да жарияланды. Ол қазақ еліндегі барлық бақытсыздықтың түп – тамыры білімсіздікте деп түсініп, қазақ мәдениетінің өзге елдердің көлеңкесінде қалып қоймауы, ұлттың рухани және саяси тәуелсіздігі үшін күресіп, тынымсыз ізденісте өмір сүріп аянбай еңбек етті. Қазақтың әлемдік өркениет көшінен артта қалушылығын жою жолдарын терең ойластырды. Осынау қасиетті бағыттағы оның алғашқы және ең маңызды қадамдары «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оның жұмысын жолға қоюда жарқын көрініс берді. Халықтың үлкен қамқоршысы болан М. Дулатов қазақ әйелдерінің бұрынғы тұрмыс – күйін, мұң – шерін, олар жөніндегі ұлттық әдет - құрып, салт – сананы, көзқарасты жақсы білген. Әйелдер тағдыры оны көп толғандырған. Бұған «Бақытсыз Жамалдай» роман жазып, қазақ әйелінің тіршілігін көрсетуі – айқын дәлел. «Бақытсыз Жамал» жазушы характер қалпын көрсетуде әлеуметтік өмірдің негізгі тартыстарын сюжет етіп алғандығы Жамал тағдырына қатысты тұрғыда анықталады. Әдеби дамуда өзіндік жаңалық болып қабылданған, үлкен жанрдың көп белгілерін өз бойына ықшамдап жинақтаған, халық тағдырының шынайы көрінісін 119


адам тағдырлары арқылы бейнелеуге күш салған, сол дәуірдің моральдық адамгершілігі принциптерін кеңінен таныстыратын дәстүр мен этнографиялық көріністермен тығыз байланыстығы, трагедиялық шешімі арқылы қоғамды өзгертуге деген толғанысты білдірген, сонымен қоса ең негізгі жаңалық болып енуімен қатар әдеби үлгіге айналған, өзінен кейінгі қазақ жазба романдар шоғырының бой көтеруіне негіз болған бұл туындыны сол ғасыр басындағы ие болған статусынан, тарихи орнынан ажырату қиын. Сол себепті ХХ ғасыр басындағы қоғам құрылысындағы ерекшеліктерді, баспасөз қызметін, қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктерін, оманның әдеби дәстүрге әсерін ескере келіп, «Бақытсыз Жамалды» роман ретінде қарастырамыз. Сонан кейін қазақ жазба әдебиетінің нәр алған бастаулары ретінде қазақ халық ауыз әдебиетін, төл прозаның шағын үлгілерін, шығыстың классикалық әдебиеті мен орыс пен батыс әдебиетін аударма нұсқаларын айта келіп, ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба прозасының қалыптасу жолдарын көрсетуде А. А. Жандыбаевтың «Жас өмірім яки жастық өкініші» (1907) кітапшасы мен Ғ. Қараштың «Томан байдың баласы әділ мырза, я болмаса Байғозы байдың қызы ару Шандоз» (1909) әңгімесінің әңгімелеу стильдері мен салыстырып, «Бақытсыз Жамалды» кәсіби көркем проза тілінің тәуір үлгісі екендігін, кейіпкер мінезін тілдік оралымдар арқылы беруге ойысқандығын дәлелдеуге тырысады. Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық жағдайларға байланысты прозаның табиғатына өзгерістер еніп отырса, қазақ ғалымдары да салт ертегілерін, батырлар жырын, лиро - эпостарды романның алғашқы нұсқалары, «халықтық романдар» деп біледі. Мұнда лириканың да, прозаның да, драманың да ерекшеліктері түйіскен. «Бақытсыз Жамал» романында жазушы тармхи шындық көлемінде басты кейіпкердің іс- әрекетін көрсетумен қатар оның характерінің қалыптасу тарихын, тұлғаға айналу процесін белгілі бір дәрежеде көрсетуге күш салған. Халық дәстүрі мен рәсімдерінің ауыз әдебиетіндегі көріністері ұшан- теңіз болса, ол жазба әдебиеті де өзіндік ерекшеліктері мен байытып, ұлттық сипат дарытып отырған. «Қазақ жырлары мен аңыздарының бір қатары халықтық романдар тәрізді. Олар әлеуметтік, таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме жиі ұшырайды» /3/. Эпостық жырларда оқиғалар байланысын жүзеге асырып отыратын қарасөз болса, ал алғашқы қазақ романдарында өлең екі жастың ғашықтық сезімдерін бір – біріне жеткізудің және наразылық пен ішкі қасіретті сыртқа шығарудың құралына айналған. Осы романдағы өлең жолдарының дастаедардың, қазақтың сол кездегі әнші – ақындарының өлең жолдарындағы ойдың берілу жолдарымен ұқсастықтары. Бар. Мысалы: Қараймын томағамды ашып – жауып Тауыңның ақиықша Оралдағы /4/. немесе: Жігіттік бойға тартқан бір гауһар тас Қартайсаң, қайта айналып табылмаған /5/. Оралдың ілер деуші ем ақиығы Шынымен жапалаққа болам ба қор?! /6/. Жақсы қыз баға жетпес бір гауһар тас. Он алты, он жетіге жеткенде жас /7/. Белгілі ұрғашының бізге жайы, Бұл күнде мал боп тұрғой қыздың байы /8/ Қыздың құны бес байтал Сатылып кетті базарға /9/ 120


Осындай ұқсастықтар белгілі бір сөздік қордың ұқсастығын, ой ортақтығынан туып отырған. Қараңғыда қалдым мен Шамшырақ сөнген заманда Арасында екі оттың Мені алла қор еттің. Ішіме түсті ыстық дерт Қайнаған судай қазанда /10/ деген Жамал зарының үзінділерімен А. Байтұрсынұлы жинап бастырған жоқтаулардан алынған үзінділерді салыстырсақ, сарын ұқсастығын, зарды жеткізу үшін таңдалған сөздердің ұқсастығын байқаймыз. Өлең өлшемдері 7-8 буынды жыр үлгісімен орайлас. Салыстырайық: Кешегі сөнген шамшырақ Орнына қайтып жанарма? Өлі менен тірінің Арасында мендеттің. Жазуынан артылып Қайда барар пендесі? Өрттей қайнап жанамын Іштегі дертім барынан /11/. Автор кейде сөз етіліп отырған жайды өз қарасынан лайықтап беріп отырғандығын анық аңғартатын мынадай сөйлемдер де кездеседі: «Білген қадарынша Ғали мен Жамалдың басқа бозбалалар өлең айтып жатса да өлеңдері қашаннан бері айтып келе жатқа екі өлеңдер еді. Мысалы: Біздерде өлең де бар, өнер де бар. 1. Байларда мінілмеген дөнен де бар, - деген секілді, соның үшін артық ләззатлы болмағанға, жазбадым» /12/. Оқушылар! Хикаяңыздағы оқиғалар жоғарыда айтылмыш Сәрсенбайдың үй ішіндегі кісілерден басталғаны себепті, анық аңлатпақ үшін Сәрсенбайдың кім екендігін һәм қандай кісі екендігін жазамын»13/. Міржақып қолданысындағы сөз басындағы «Оқушылар» деген қаратпа сөздің эпостығы «Әлқисса» сөзімен атқаратын қызметі ұқсас деп бағалауға болады. Ғасыр қазақ әңгімесінің жай - күйінен дәуір мәліметтер береді. М.Дулатовтың төңкеріске дейін көптеген әңгімелері жарық көрген болатын. «Қирағат» (1911- 1925) жылдар аралығында жазылып, «Айқап» журналы мен «Қазақ», «Еңбекші Қазақ» газеттерінде жарияланған. Тақырыбы жағынан ел ішіндегі жағымсыз құбылыстарды, мінез кемшілігін сынау және әйел теңдігі мәселесі болып екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа енетін әңгімелері мыналар: «Читаю – писаю» («Қазақ», 1916,№ 165), «Тік бақайлар» («Қазақ», 1916, №178), «Қымбат тай» ( «Қазақ», 1915,№118), «Қуанышты күн» («Қазақ», 1916, №174), «Қызыл қашар» («Қазақ» 1915, №160), «Біздің болыс жарайды» («Қазақ», 1916, №180), «Ішік қайырлы болсын» («Қазақ» , 1916, №170), «Үш құлақ» («Қазақ», 1916, №173), «Кәкең Сәкең» («Қазақ» , 1916, №170), «Жәкеңе қиынболды» («Еңбекші қазақ», 1925, №290). Екінші топқа жататыны: «Екі қыздың мұңы» мен «Жәкеңе қиын болды әңгімесі». Міржақып 1902- 1909 жылдар аралығында мұғалімдік қызметі нәтижесінде балаларға сауат аштыру мақсатымен жазған «Қирағат» кітабында түрлі оқу құралдарына сүйенгендігі байқалады әрі аударма ретінде және тікелей авторларын көрсете отырып, Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Ғұмар мен Бейімбеттің және өзінің балалар ұғымына лайықталған шығармаларын, халық ауыз әдебиеті туындыларынан: ертегі, аңыз дастандарын үзінділер, күлдіргі әңгімелер, бесік жыры, мақал - мәтел, жұмбақтар мен ойындарды мазмұнына қарай араластыра үйлестік пен орналастырып, кітаптың идеалық - көркемдік қызметін арттыра түскен, сондықтан кітап тек балаларға ғана емес, үлкендерге де көмекшілік қызмет атқарғандай 121


деңгейде көтерілген. Оқулық құрамына енген әңгімелердің кейбірінің авторына сілтеме екендігін анықтай түсуді талап етеді. Мысалы: «Бүкір мен бала» (8- бет) , «Қонақ кәде» (51-бет), «Екі саудагер» (36- бет), әңгімелерінің шығарушылары белгісіз, ал 1991 және 1996 жылғы жарияланған Міржақыптікі еместігі айқын. «Таза бұлақ» романсы сияқты сюжеті өзгенікі, идеясы ортақ. Бұрыннан бар сөзге жаңаша мазмұн беру, жаңғырта қайта қолдану, нақылды әңгімеге айналдыру дәстүрлі жол болып табылады. Мәселен, Міржақыптың «Күлмеңіздер кәріге» әңгімесінде үлкенді сыйлау, құрметтеу керектігі туралы айтқан насихаты ХІ дүниеге келген. «Қабуснаманың» тоғызыншы тарауындағы қарттық және жігіттік туралы айтқан өнегелі сөздермен сарындас. Міржақып насихаты сегіз жасар баланың түсіндегі лайықталса, Кейқауыс патша өсиеті жас жігітке арналғандығымен ерекшілігімен. Тәрбие бағыты бір болғанмен, қабылдаушы сана деңгейі түрліше екендігі мықтап ескерілген. Оның жыл мезгілдері туралы жазған шағын әңгімелерін Абай мен Ыбырайдың табиғат тақырыбына арналған өлеңдерінің іздері айқын сезіледі. Міржақыптың аң – құс туралы жазған туындылары С. Шормановтың «Аушы» кітабінің (1907) мазмұнының көздеген мақсатына қарай ерекшелінеді. Шормановтың «Аушысы» ертеде адамдардың тіршілік көзіне айналған аңшылық көзіне айналған аңшылық кәсібінің қазақ-қырғыз халқында тұрмыс салтына байланысты әлі де жалғасын тауып келе жатқанын айтып, осы кәсіп туралы өзгелерге біраз мағлұмат беруге арналған болса, Міржақыптікі балаларға арналған шолу барысындағы танымдық әңгімелері. «Қирағатты» (1924) материалдардың 25 процентке жуығы ғана Міржақыптың төл шығармалары, қалғанының, авторлары бірде нақты, бірде белгісіз болып келетініне қамастан кітап мазмұны сауат ашу мен оқуға жаттықтыруға, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеуге, еңбекке, кәсіпке баулу мақсатына, адамгершілік негіздеріне тәрбиелеуге, еңбекке, кәсіпке баулу мақсатына бағындырылып, сол кезде қазақ тілінде жарық көрген оқу құралдарының ішінен құрметті орын алуға лайықты оқулық болып шықты. М. Дулатовтың қазақтың үніне айналған «Қазақ» газетінде жарияланған әңгімелерінің сатиралық сипаиы басым, қоғамдағы жағымсыз құлық ,,сана иелерінің іс – әрекеттерін күлкімен, ащы мысқылмен сынай отырып, қоғамды жегі құрттай сорып жатқан олардың шығу төркінін, күш алу себептерін, зардаптарын көрсетіп, арылту жолын іздейді әрі өзгелерді жемқолық, пайдакүнемдік, мансапқорлық, шала білгіштік сияқты жазылуы қиын дерттерден сақтандырады. Міржақыптың сатиралық юморлық шығармаларында мысқыл мен күлкіні қатар жұмсайтын сыншылдығының мәні сол қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға наразылық, қарсылық білдіріп, ымырасыз күрес ашуында жатыр. Күлкі мен мысқыл – ертеден – ақ халықтың сыншылдығын, наразылығын білдіретін күрестің құдіретті қаруы. Мысқыл мен күлкінің әңгімелерде мансап пен билік және байлық иелеріне қарсы бағытталғанын сол қоғам заңдылықтарын енгізін әрі сақтап отыратын жоғарғы топқа, солардың әрекеттеріне, олардан туатын кемшіліктерге жаны төзбеушіліктен, сын тезіне салып, тізеуге тырысушылықтан, бедел мен байлықтың адамдыққа өлшем еместігін айтып, солардан сақтандыруға ұмтылушылықтан деп білеміз. Мысқыл мен күлкі мұнда мансапқорлар мен елді жаушілерді тізеге салушы, халық алдында айыптаушы, үкім шығарушы дәрежесіне қөтерілген. Әр әңгіме лайықты сюжеттер тапқырлықпен таңдалып алынып, автордың ойын, көзқарасын жеткізінде жетекші орынға ие болып тұр. Міржақып «Читаю писаю» әңгімесінде елдегі болыстық сайлауға талас сипатын сатиралық түрде береді, елге қалай билік жүргізуді кісі емес, «читаю» , «писаю» сияқты екі ауыз орыс сөзін зорға үйренген жаңа байыған Жарылғас ептілігінің арқасында болыстыққа өтеді. Елдегі ұсақ әкімшілік жұмыстарының тілі болу дәрежесінен де айырыла бастаған қазақ тілінің мүшкіл жайы да оқырман назарынан тыс қалмайды. Дала өлкесіндегі қағаз арқылы жүргізілетін істердің бәрі, тіпті, болыстың кеңсесіндегі іс- қағаздары орыс тілінде жүргізілетіні туралы, ал болыстың 122


өзі шала сауатты іс жүргізуші хатшының айтқанына жүретіні жайлы Ә. Бөкейхан да өз еңбектерінде ескертіп отырған. Ғасыр басындағы қазақ тілінің осындай дәрежесінен қазіргі күйіне жетуі үшін қаншама өзгерістер қажет болды... Орысша оңдырып тіл білмейтін Жарылғастың болыстық билігі тілмашының қолында болады. Тілмашы жалған бұйрықтар жазып, байғұс істі болады, орнынан түсіп, сотқа тартылу қаупі төнеді. Сонда дүмбілез болыс істі болады, орнынан түсіп, сотқа тартылу қаупі төнеді. Сонда дүмбілез болысқа әкесінің айтқаны: «Тілімді алсаң, балам, шитай- шитаеден де без. Болыстықтан без! Қалған малыңнан тағы айырылсаң да, қара басыңды қорғап қал! Бұрынғылар айтқан, балам: «Басқа келген пәліден бастан құлақ садаға...» жазушы үкімі әке аузымен айтылып, қолдан келмес іске ұмтылған, не өзіне, не елге пайда тигізбей, мазаққа айналып, азапқа қалға Жарылғастың мансапқорлық іс – әрекетін әшкерлей отырып, оқырманды осындай жағымсыз қылықтардан сақтандырады. Сынай отырып жөнге салмақ болады, күлге отырып жөнге салмақ болмақ болады, күле отырып тәрбиелейді. Автодың тапқырлығына осы сөздерді әке аузына салуы да жетеді. Міржақыптың «Қуанышты күн» атты әңгімесінің не жайында екендігінен эпиграф етіп алынған хабар береді. Қоғамдық құрылыста орын алып отырған жолсыздықтарды кейіпкерлердің сөзі, іс – әрекеттері арқылы білдірген бұл әңгімелер сатиралық сипаты басым, қалайда болсын халықтан бар ниеті пайда түсіруге ауған, бірді жеп, бірінен жеңілген, бірде үстем түссе бірде «бағынан» айырыла жаздаған шен иелерінің психологиясын ашып, жағымсыз қылықтарын сыныған әңгіменің мақсаты - парақорлықты әшкерлеу әрі халықты мұндай қылықтарды болдырмаудың жолдарын іздестіруге ұмтылдыру болып, табылады. Бүкіл қоғам құрылысы өзі әлсіздерді күштілердің жем етуіне негізделіп отырғанда, мұндай ұнамсыз қылықтардың өршімесе, өшпейтіні мәлім. Сондықтан жазушы асқынған дерттің бетін қайтарар емін жұртшылыққа ашық түрде ұсына алмаса да, олардың арамза қуанышын әскерлеп, бет перделерін көпшілікке ашып көрсетеді, Жармұхамедтің өз сырын білдіретін сөздері әйгілі Абай сомдаған болыс - билердің бейнесін еске түсірді. Осындай азған оқығандары бар елдің ертеңі қандай, соларға тобымен келіп, топырлап тұзаққа түсіп жатқан заңбілмейтін қазақтардың үміті неде екендігіне ой салады. Міржақып әңгімелерін көркемдік – идеялық талдаудан өткізеді әрі оның «Жәкеңе қиын болды» («Еңбекші қазақ», 1925, №290) атты әңгіме жанрының барлық ерекшеліктерін, сақтай жазылған шартты түрде екі бөлімнен тұратын туындысын қазақ әңгіме жанрының алтын қорына қосылған үздік әңгімелердің бірі. Бұл әңгімеде бір қиялға еліккен адамның, тіпті, сол қиял артына салынып, әпенделік қылық көрсетіп, сиықсыз жағдайларға тап болғандығы шебер суреттелген. Сондықтан осы әңгімесі арқылы Міржақып қазақ прозасындағы жаңа адамның - жартылай қиял дүниесіне еліккен, мақтап сүйгіш, ел көзіне түсіп, аузындағы өзі болып жүруге құмартатын атқамінер тобының әпенделу бір өкілін әдебиетке алып келді десек те болады. Кейіпкер өз сөзі арқылы өзінің бар ойын, арман – қиялын, ішкі жан аңсарын, мінез – құлық ерекшеліктерін көрсетеді. Оның ауылнай күшін елге әңгімелеген кезінде пәлен жылы пәленмен түскен жылы деп, жыл атауларын өзінің билік үшін таласқа түскен қарсыласының атымен атауы әрі өзінің ашуы қатты үйез келерде знагін жоғалтып, қатты сасқаны, ақ әскеріне лау тауып беруде көмектескені үшін сыйға алған қылышты үйінде кеңес үкіметі күшейген тұста да тәбәріктей көріп қастерлеп ұстауы, одан туған оқиға - екі айдай абақтыға жабылуы, Хасен, Қасқырбай сияқты дәрежесіне бұрын қолы жетпеген азулы болыстардың атына өз есімен үшінші қылып тіркемелеуі - осының бәрі де Жарқынбай мінез- құлығын аша түсетін сәтті штрихтар. Ал, оның Хасен Қасқырбайларды сайлау кезінде бұрынғыдай ел арасына жік түсірмеуі үшін қалаға апарып жабатыны туралы өсек шығып, олар шынымен жабылғанын кейінгі сезім шарпылысы, өзіне жоқ қиыншықты тілеп, күйзелуі кісі күлерлік ерсі қылық екенімен қатар кісі жиренерлік бейшаралық та болып табылады. Әрі аяу, әрі 123


жиіркену сезімін тудыратын кейіпкерлер көркем әдебиетте сирек болса да ұшырасады. Мақтан дертімен ауыратын кісінің осындай мінез ерекшеліктерін көрсете келіп, автор әңгіменің бірінші бөлімін «Жәкеңе қиын болды» деген мүсіркеу сөзімен аяқтайды. Мұндағы есіркеушілік ауыспалы мәнде, өз басына өзі жау болып жүрген мақтан құлының жөйсіз күйзелісін тәлкек еткендей. Жарқынбай бейнесін кісілігі мол кемел ой иелеріне, жан құмары мен тән құмарын тең ұстаған адамдар бейнесіне қарсы алынған пенде деп білу керек. Үлкен мақсат өнегелі тіршілікте онда жоқ. Оның бойынан биік адамдық мұраттарды іздесеңіз де күмәнді. Қанша дегенмен бұрын елді алдап, қорқытып үйреніп қалған ол Айнакөз деген жесір әйелді әмеңгерлік жолымен өзіне алдап та, арбап та, күш көрсетіп те некелеп алады. Мұнда оның қара басының қамы үшін тек қиялдай бермей өзіне пайда әкелер әрекеттерге белсеніп, кірісіп, жеңіп шығатыны да айқындалған. Жарқынбайдың әмеңгер болуында туысының балаларын қаңғыртпай, әке орнына әке болайын деген сезімнен өзге ойы басым шыққан сияқты. Әңгіме соңында әмеңгер болып, төсек жаңғыртқан заман өзгерісіне икемделе алмай, өзін өзі құрдымға құлатқан Жарқынбай үш жыл абақтыға кесіледі. Ұзақ армандатқан «бақ» - атының ел аузына ілінуі оны абақтыда сүйемесі анық. Сондықтан, автормен бірге оқырман «Жәкеңе қиын болды» демеске шарасы жоқ. Жарқынбай бойындағы мақтанның құлы болу сияқты мінез ерекшелігінің аздаған ұшқындарын Ж. Аймауытовпен «Ақбілегіндегі» «Саулы бозінгеннен»- Мұсабайдың қатынынан, С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» романындағы Шоқай болыстан көруге болады. Қазіргі кезде де Жарқынбайлардың өздері болмаса да сарқыншақтары жоқ емес. Адам бойындағы кемшін мінездердің бірі – мақтаншақ, көзге түсуге тырысушылық, даңғойлық. «Аһ, шіркін, Жәкең!» дегізбектіңтің жеткізер жері жұмақ еместігін М. Дулатов бұл әңгімесінде өте шебер жеткізген. Ақынның революциядан 8 - жыл бұрын шыққан алғашқы жинағының жалпы идеясы мен онда топталған өлеңдерінің негізгі мазмұны «Оян қазақ» деген атынан ақ көрініп тұр. Автордың алдына қойған мақсаты мен айтайын деген ойы төрт жолдық беташарға түгел сыйғызылға: Көзіңді аш оян қазақ көтер басты Өткізбей қараңғыда бекер жасты, Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым енді жату жарамас-ты! Патшаның отарлау саясаты, халықтың өнер - білімнен мақұрым қалуы, тұрмыс күйінің күйзелісі, тағы- тағы неше түрлі қасірет атаулы осы төрт жолға толық сыйызылған. Жинақтың қара сөзбен жазылған шағын кіріспесінен кейінгі «Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халы» деген өлеңінде халықтың басындағы ауыр жағдайды айта келіп, оның тағдырын ойлап толғану, анық еңбек, елдің мүддесіне қызмет ету – әр бір саналы азаматтың ең бірінші борышы екенін ақын былай деп түйіндейді: Адасып қараңғыда сорлы қазақ, Ай тумай, күні һәм шықпай, тұр таң атпай? Сөндірмей жанған өртті көрген адал Қалайша тұру мүмкін жанға батпай?! Содан кейінгі «Қазақ халқының бұрынғы мағшиаты», «Қазақ жерлер» сияқты өлеңдерінде ақын халқымыздың әрегіректе өз бетімен емін - еркін көшіп – қонып жүрген заманын еске алады, оның елдік салтын, жақсы дәстүрлерін жырға қосады. «Өнермен хасіл болған нәрселер» деген өлеңінде ол прогресс, цивилизация жолымен ілгеріленіп кеткен елдердің мәнді де сәнді өмірді қызықтыра еліктіре баяндап, соған соған жетуге шақырады. «Өнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқырмандарымызға», «Жігіттер» тәрізді шығармаларындағы ағартушылық идеяларын М. Дулатов «Шәкірттерге», «Мешіт медресе хақында», «Тәртіпті медресе жоқ бұл 124


қазақта», «Қазақ халқына діни бір уағыз» деген өлеңдерінде өзіндік бір жаңаша педагогикалық принциппен ұштастырады. Медреселер мен ауыл мектептерінде діни оқумен бірге ғылыми пәндері, орыс тілін қатар оқытатын тәртіп енгізілсін деген пікірді ұсынады. «Сайлау жақында», «Жесір даулары жақында аты өлеңдерде патшаның отарлау саясаты шенелді, әйел теңдігінің ұраны тағы да көтерілді. Үлкен проза саласындағы туға әдебиетіміздің тырнақалдысы «Бақытсыз Жамалды» автордың роман деп атауы әбден орынды. Бұл тарам желілері бар, оқиғалы сюжетіне құрылған, жанр талаптарына әбден сай келген күрделі шығарма. Негізгі идеяси – әйел теңді; қазақ болмысындағы қалалық мал, әмеңерлік сияқты кеселдерге үзілді – кеселді қарсы бағыттаған. Онда малға сатылып, зорлықпен теңсіз некеге көндірілген Жамал атты жас қыздың сүйген жігітіне қосыла алмай зар шегіп, көп азап көріп, ақырында жаусыз қаскөйлер зауалынан қайғылы қазаға ұшырау тарихы баяндалады. Бұл шығарма қазақ әдебиетіне осы тақырыпта өзінен кейін пайда болған «Қалың мал», «Шұғаның белгісі», «Қамар сұлу» сияқты бірталай сүйікті шығармаларға ізашар болып, жол салғандығымен бағалы екенін айрықша атап өткен жөн. «Азамат» атты екінші өлең жинағы көлем жағынан шағындау болғаны мен, автордың ақындық өнерге бұрынғыдан төселе түскенін аңғарады. «Оян қазақ» тағы ашық күшті нақап - насихат, тәптіштеп ұғындыру сарыны енді саршыл сезімге, терең ойға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өрісіне қарай бет алғалы байқалады. «Таза бұлақ», «Шағым», «Мұң арманым», «Сырым», «Қажаған көңіл», «Қиял», «Таң» сияқты өлеңдері тақырыбының өзі – ақ нәзік лирикаға сұранып тұрған әркімге де аян болса керек. Осы тақырыптың көркемдік шешімі де көңілге қанымды автордың ақындық мәдениеті әжептеуір жоғарылай түскен. Бірақ ақын өзінің өмірлік мұратына әрдәйім адал. Қай өлеңде де ол жай ғана жеке бастың мүддесін күйттеп сезім жетегіне ілесіп кете бермейді. Азаматтық ар үні, әлеуметтік әуен басым түсіп жатады. Соған мысал ретінде «Мұң» деген өлеңді алайық. Алғаш қарағанда жеке бастың жабырқаңқы кезі суреттелер деп ойларсың. Ал шындығында өрісі әріге мегзейді. Сенімсіз басым, падасыз жасым арманда, Жетермісің тілегіңе жалғанда? Қан тамшылап тұрса да, көзден жас ағып, «Сенікі жөн» деп құлаққа ілген жан бар ма?! Елең етер намысқа, қызып жігіт аз, Бұл не ғажап жұрт керең болып қалған ба? Мен не болсам - болайын, саған садақа Сүйікті жұртым қақпанға түсіп алдан ба! Жоқ тіпті де жеке бастың мұңы емес! Қайта, керісінше ел мұңын халық мүддесін өз басының жеке қасіретіндей жүрекке тым жақын қабылдағандықтан, қатты қиналған азамат жанының халық қамқорындай күрескер адамның қиналған азамат жанының халық қамқорындай күрескер адамның қиналған тәрбиесі естіледі. Дулатов ақындығының алтын жалауындай, туған ел үшін бүкіл өмірін құрбан етуге сәт сайын дайын тұрған күрескердің бейнесіндей болып ел аузында жатталып қалған. «Шағым» атты өлеңіндегі қанатты шумақтарға үңілейікші. Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жарасы, Алаш. 125


Тамшылап көзден аққан бұл суық жас, Балқытып қашан ерітер жүрекі тас?! Қаламнан жылап аққан қара бояу Хазылып қаламға сен жұртқа қыл паш. Жүректен қашан шығар қадалған оқ, Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?! Қажыған қам көңілді бір көтерер Жанымда жаны ашитын адам да жоқ. осы жолдардағы ақын бойын кернеген кек пен оның ішінде жанар таудай буырқанған қалың қайратпен іштей жалғасып, үндесіп жатқан «Арманым» атты өлең жолдары былай өріледі: Зор арманым - жиһанды жүрмін кезе алмай Не бар, не жоқ – дүние қалын сезе алмай. Зейнеп ауыр, қолым қысқа , жолым тар, Іздеген мұрат қолға тиіп тез алмай. Көзім көріп, айтуға тілім бата алмай, Ішім қайнап, тағы да шыдап жата алмай, Мен дей міскін барма екен хақтық қолыңда Керексіз болған еңбегі еткен ақы алмай... Аяусыз жаным, мен бір құрбан ылағың, Болса алуға қаным себеп мұрдың, Болайын сүйініш: жұлдызы жанып бақыттың, Сен көркейді деп естісе құлағым! Өзінің әлеуметтік мұратына, саяси мақсатына, туған халқының бақытына соншалықты таусыла берілген жауынгер ақын дарынында бұл сияқты арыңды асқақ,екпін мен бірге жүрек пернесін дір еткізер, нәзік сезімге толы жұмсақ лиризм де табылады. «Сұлу қызға» деген бір ғана өлеңінің өзі осыған айғақ. Сұлу қыз, қалың елден сені таптып, Көрдім де тамашаңа белден баттым. Майысқан алтын айдар ернесісің Оянған ұйқысынан табиғаттың... Жалынан басатұғын жалғыз өзің, Сөнбестей жүрегіме бір от жақтың, Болмаған мұрат хасіл және өзіңнен Өзіне сырттан балап жүрген заттың... Сұлуым, қазым да сен, төрем де сен, Мұңымды қайта ойналып саған шықтым... Ақын Міржақып Дулатовтың тегүрінді жыр мектебінің кейбір тағылымдары осындай. Қорыта келсек, Міржақып Дулатұлы халқының келешегі үшін, ұрпақ тәрбиесінің болашағы үшін жан аямай күрескен ақын, жазушы, педагог және публицист. Міржақып Дулатов талантының нағыз шырқару сәті езілген қазақ халқының тарих сахнасына щыққан ревалюциялық күрестер мен шайқастар дәуіріне дәлме – дәл келді. Болашаққа деген нық сеніммен жігерленген оның твочествосы қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы күресі мен тығыз байланысты, ол халықты оянуға, білімге, оқу ағарту, күреске үндеді. Дулатұлының тағдыры – патша үкіметінің қуғын - сүргіні мен сталиндік репрессияның зардабынан тар жолтайғақ кешуді басынан өткізіп, қатары сирек тартса да әділет пен жолында халқының мұң - мұқтажын жоқтаған қазақ зиялыларына тән тағдыр. 126


Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. М. Дулатұлының Шығыс пен Батыс әдебиеттерін жетік меңгеруі. 2. Ел ісіне саяси қызметке араласуы. 3. Тұңғыш рет қазақ зиялыларымен бас қоса отырып патша отаршылдарына қарсы шығуы. 4. «Оян қазақ» жинағындағы азатшыл идея, ұлттық мүдденің жырлануы. 5. М. Дулатұлы – лирик, гуманист, публицист. 6. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып дамуына қосқан үлесі. 7. Көсемсөз, аударма жанрларындағы жаңашыл ізденісі. 8. Міржақып Дулатұлы шығармашылығының қазіргі уақыттағы зерттелу жайы. 5.1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ КҮРЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУҒАН ШЫҒАРМАЛАР Лекцияда қаралатын мәселелер: 1. 1916 жылғы саяси-тарихи оқиға. 2. Бұқара халықтың Ресей патшасының саясатына наразылығы және оның ұлттық қозғалысқа айналуы. 3. Халықты көтеріліске шақырған шығармалар. 4. 1916 жылғы көтеріліске байланысты шыққан өлең-жырлардың көркемдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктері және деңгейлерінің әралуандығы. 1. 2. 3. 4.

Пайдаланылған әдебиеттер Ә. Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 1994ж С. Қирабаев, Қ. Мырзалиев «Қазақ әдебиеті» Алматы 1998ж Б. Кенжебаев «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» Алматы 1958ж Әбдиманұлы Ө. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Алматы: Қазақ университеті, 2004

1916 жылы қазақ даласында туған ұлт бостандығы қозғалысы екі жақты қанауға бірдей қарсы бағытталған. Сонымен бірге ол патшалық –отаршылдық тәртіпке де қарсылықтан туған. Оның қозғаушы күші болды. Көтерілістің өзі 1914 жылғы бірінші дүниезүзілік соғыстың қызып жатқан кезінде туды. Оның басты себебі 1916 жылғы 25 маусым жаңалығы делінеді. Бұған дейін патша үкіметі қазақ халқынан әскер алмаған еді. Бірақ соғыс шығынын патша өкіметі әуелден-ақ, қазақ, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, халықтарының мойынына салған болатын. Майдандарға патша әскерінің халі ауырлай бастаған кезде, патша өкіметі өзінің жоғарыдағы жарлығын шығарып, 18 бен 43 жас арасындағы отар аймақ елдер адамдарын өз күші, өз жабдығы мен майданға окоп қазуға алмақ болады. Окоп –майданның алғы шебі екендігі белгілі. Жер –жердегі болыстарда тізім жасалып, оған бай балалары емес ылғи ғана кедей жастары жіберілетіні болды. Болыстардың кеңесінен кедей-шаруалар стихиялық түрде күреске түсіп кетеді. Бірақ көтерілістің негізгі себебі окопқа адам алу ғана емес. Жан-жақты езгіге түскен арасындағы революциялық санадан нәр алып, іштей патша үкіметіне наразы еді. Реакция жылдарындағы патшалық террорлық саясатын айтпағанда, соғыс салдарынан ел ішіндегі би-болыстардың, ұлыстардың озбылырғы, заңсыздық, ел талау шектен асады. Бұл кезде патша өкіметі штат сайлауын біраз азайтып, кісілікті «шынжыр балақ, шұбар төстердің» қолынан шығармайды. Бірақ, болыс сайлауы енді жер жесір дауы түрінде қабындап, ел күйзеледі. Енді елді ұлық бір, болыс екі жесе, ұсақ атқамінерлер тағы жеп, алым-салқ шектен асады. Малдан айрылған шаруалар 127


байлардың сұрапыл қанауында болады. Міне, осы теңсіздіктің бәрі маусым ажрлығы тұсында бірден сыртқа шығады. 1916 жыл қозғалысының өзі 1905 жыл оқиғасының даласында ғана емес, қырғыз, өзбек, түрікмен, бүкіл Орта Азия халықтарына бірдей жайылған қимыл болды. Сондықтан ол әрі таптың, әрі отаршылдық тәртіпке қарсы бағытталған ұлтазаттық жолындағы күрес болды. Қазақтың бт-болыстары, байлары, молдақажылары, байшыл оқығандары 1916 жылы патша үкіметі жағында болды. Қазақ даласындағы көтерілістің айрықша күшті орталықтары –Торғай мен Жетісу болды. 11916 жыл поэзияның ең тәуір үлгілері де осы батырлар қимылы, сол жердегі елдер жайын суреттеуге арналып, көтерілістің үш түрлі кезеңіп бірдей көрсетеді. «Мысалы» Сартай «Тар заман», Жамбыл «Патша өмірі жарылды», Сәт Еспембетов. «Июнь жарлығы» сияқты ақындар патша жарлығының шығуын, елдің қобалжуын батыр суреттесе, Иса Дәукебаев «Бекболат батыр», Күдері ақын «Амангелдінің Торғайды алуы» «Омар Импиндер» «Торғай соғысы», көтерілістің өзін суреттейді. Ал, халықтың жеңіліс жауып, жастардың майданға кетуін Біржан Берденов «1916 жыл» поэмасы Сәт «Жоқтау» секілді ақындар жырға қосады. Бұл кезеңде поэзия тақырыбына майданға кеткен жігіттердің ел-жұрты, ата-анасы, жас келіншектердің қоштасу рухындағы жырларында жатқызамыз. Қоштасу жырларының айтушылары кейде ақын емес, қарапайым халық, көбіне әйелдер болып келеді. Сөйтіп 1916 жыл поэзиясы лирикалық толғау, эпикалық поэма жоқтау, қамтасу жыры сияқт жанрларда қалыптасқан. Лирикалық толғаулар. Бұл үлгідегі өлеңдерге торғайлық күдері ақынның «Амангелдінің Торғайды алуы», Сәт Еспембетовтың «Июнь жарлығы», Орда жағының ақыны Сартайдың «Тар заман» сияқты жалғаулар жатады. Күрделі ақын маусым жарлығына елдің қалай қарайшының, әкімдердің қысымын. Қобалжыған ел ірден күрес жолын таңдайды. Сартай ақын нашақорлықтың күшейіп, байлардың өз балалырын, «приемнан» алып қалып, кедей жастарын жалдап жатқанын айтады. Қиындық, ауыртпашылық алдымен малын мен кедейлер басына түседі. Шаруашылық малы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, заңсыздық пен озбырлық күшейеді. Сартай ақын осы озьырлықтың иесі патша, патшалық құрылыс ұзаққа бармайды, күйрелді деген пікірді айтады. Бұл-халық пікірі азаматтықтың алыс еместігін айтады. Амангелді бейнесі! Күрделі, Сәт, Омар Шипин сияқты ақындар жыры көбіне Амангелді бейнесін береді. Батр осындай қиын-қыстау күндері халық жағына шығып, көтерілген елге бас болады. Ол болыстардан тізімді тартып алып, өртеумен айналысып қана қоймай, 1916 жылдың 6 қараша күні Торғайды басып алады. «Бекболат батыр» жыры Жетісудағы халық көтерілісінің көсемі жайылмас еліне шыққан Бекболат батыр болды. Бекболат түріне жылаған. Оқиғасы Ақын алдымен маусым жарлығының шығып, елдің күреске түсуін, олардың жазалаушы отрядтардан жеңіліс табуын, екінші бөлімінде Бекболаттың қолға түсіп, тергелуін, дарға асылуын суреттейді. Иса Дәукебаев поэмасында Бекболат бастаған қозғалыс тек қазақ арасындағы таптың күрес емес, патшалық тәртіпке қарсы бағытталған үлкен күрес ретінде суреттелген. Үшқоңырда болған соғыста қарусыз халық асқан ерлік көрсетеді. Он бес кісі оққа ұшіп, Бекболат қолға түседі. Поэманың бұдан арғы жері Бекболаттың тергеудегі ерлігін, халықтың бейнесін суреттейді. Тергеуде Бекболат үш рет жауап береді. Бекболаттың жауабы патшалық тәртіптің сыны ғана емес, өзінше бір үкім саяси тәртіптің әділетсіздігі мен халықтың бостандық күткен арманы да көрінеді.

128


Сөйтіп, 1916 жыл оқиғасы, сол жайында туған реалистік жырлар езілген шаруалардың саяси күреске түсе бастағандығын көрсететін үлкен тарихи құбылыс болды. Біржан Берденовтың поэмасы «1916 жыл» ашты. Біржан Берденов поэмасы окопқа барған қазақтардың майдандағы өмірін суреттейді. Сол майданға ақынның өзі де барған. Поэма жол, соғыс көріністерін, халық санасында туған өзгерістерді баяндайды. Барлық оқиғаны дәл суреттеуіне қарағанда. Біржанның қаламгерлігі де болғандай. Кейде ақын ай, күн ғана емес, көптеген қала, орыс сөздіктерінде де дәл келтіреді (прием, новый совет, казарма, вагон, Манучин, Вятна, Псков, аэроплан, скаряд, пулемет т.б.) Осы себептер біз поэманың авторы бар шығарма дейміз. Біржан кеңес дәуірін көрген халық ақыдарының бірі. Поэмада майдандағы қазақтардың бірі. Поэмада майдандағы қазақтардың ой-санасының жетілуі өте айқын суреттелген. Патшалық жақтан түскелін олар газеттен 23 ақпан күн оқып, большевиктердің ісімен де шатыс болады. Поэманың алғашқы бөлімінің рухынан соңғы бес бөлімінің рухы мүлде өзгеше. Алғашқы кезде майдан суретін ақын халық басындағы еріксіздікті, ауыр халды білдіру пленінде жазса, соңғы бөлімдерінде ол серпіліп, бостандқты, революция тасқының дәл тауып жырлағандай болады. Халықтың азаматты қалай арман еткенін ақын «Мысалы» деген таруында былай суреттейді. Тобынан біз айрылған қаз мысалы. Ішінде көп құстардың аз мысалы Қантөгіс майданына келіп қалған Қолайсыз қонған жерін газ мысалы Біз болдық тұтқындағы құс мысалы. Қолынан келмейтұғын іс мысалы босанып шарықтайтын күн бола ма, Теңдік күн жетіп келсе тұс мысалы. Бұл 23 ақпан күнгі газет хабарынан соң туған ой. Майдандағы қызықтар тіпті буржуазиялық революцияның өзінде де місе тұтпайтын сияқты. «Елде қалғандарға сәлем» атты бөлімінде ақын: «Көп қуса қорқақтағы батыр болмақ, ақыры бұл қорқақтық кетпес тегін» деп, кейінгі елді де жұбатады. Бұдан көретініміз: 1916 жыл идеясына халық ақпан оқиғасынан кейін де беріп болған. Поэманың оқиғасы бай, өзінше бір жылнама секілді. Одан Ресейдегі жайды да, қазақ халқының ауыр халі мен арманын да шалып білесің. Майданнан қайтқан қазақтардың Торғайдағы Амангелдіге еріп, кеңес үкіметін орнатуға қатысуын майдан оқиғасы жездеткен. Міне, 1916 жлғы көтеріліске байланысты туған халық поэмасының ауқымы мен көтерген мәселелері осындай болып келеді. -Амангелді бейнесі: Батыр дегеніміз –халықтың ең жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, сол халықтың ой-арманы, мұң-мүддесін көздеген, халық үшін қанын да, жанын да қиюға дайын, қандай қиыншылықтан да тайынбайтын, халықтың адал туған, ержүрек ұлы. Амангелді, міне, осындай адам. Сондықтан оны халық батыр деп атайды. Ал, мұндай батырлар, көбінесе ел басына қиын-қыстау күн туған заманда еркше көзге түседі. Амангелді де осындай қиын кезеңде. 1916 жылғы көтеріліске байланысты тариых сахнасна шықты. Сондықтан да Амангелді бейнесі көтеріліс туғызған халық әдебиетінде ерекше орын алады. Амангелдінің ерлігі жайында өлең-жыр, дастан, толғау, аңыз, ертегі көп. Бұлардың бәрінде де Амангелдінің ел үшін еткен еңбегі, оның теңдесі жоқ ерлігі суреттеледі. Амангелдінің сарбазы болған ақындар «Амангелді шарты» деген жырын да шығарып, таратқан. Амангелді сарбаздарының атынан айтылатын бұл өлеңде күрестің негізгі мақсаты айқын көрінеді. Амангелдінің батырлық жолы мен көтеріліс негізіндегі ерлігі Омар Шипиннің, Сәт Есенбаевтың Күдері Жолдыбаевтың өлең-поэмаларында кеңінен суреттеледі. Бұл 129


шығармаларда Амангелді халықтың ең игі қасиеттерін бойына жинақтаған, оның арман-тілегін көксеген, елі үшін жанын қиған ержүрек батыр, көтерілістің ұйымдастырушысы әрі бастысы әрі басшысы ретінде жан-жақты бейнеледі. Аталған поэмалардың мазмұны да, сюжеттік желісі де бір-бірімен ұқсас. Олар бір-бірін толықтырып отырады. Ақындар жырларына батырдың өмірбаяндық мәліметтерін кіргізе отырып, оның өміріндегі бас-басты кезеңдердің жарқын суреттерін береді. Амангелдінің бабалық, жастық, жігіттік шағын суреттеуде ескі батырлар жырының бейнелеу әдістерін пайдаланады, оның жасынан өжет, қайсар, ер етіп көрсетеді. Ал, көтеріліс кезіндегі батырдың бейнесін таныту үшін олар соғыс оқиғаларын, батыр бастаған сарбаздардың жаумен кездесуін алады. Амангелдінің төңкеріс жылдарындағы еңбегі, жау қолынан қаза табуы да сөз болады. Сәт Ақын Амангелдінің дағдарған елге ой салып, жол көрсеткен бастығын өз сөзімен жеткізеді. Омар Шипин өзінің «Амангелді батыр» дастанында халықты көтеріліске бастауда Амангелдінің қазақтың белгілі революционері Әліби Жангелдинмен пікірлес болғанын көрсетеді. Қазақстан жерінде азаматтың туын тігіп, күрескен абзал азамат Әліби Жангелдиннің Амангелдімен дос болуы, оған дем беруі –тарихи шындық. Амангелді жайындағы поэмаларда көп суреттелетін эпизод көтерілісшілердің Торғайға шабуылы және осы соғыстағы батырдың ерлігі. Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастанында Амангелдінің ерлігімен қоса қолбасшылық өнері де баяндалады. Ақын оның көреген және шебер қолбасшы екендігіне, көтерілісшілерді жабдықтау шараларына кеңірек көңіл бөледі. Амангелдінің қолбасшылық қабілетін көрсететін бір эпизод- осы соғыстан кейінгі жүргізген шаралары. Әскер келетін жолдардың бойына тосқауыл қою, сөйтіп әскерлердің ел ортасына өтуіне бөгет жасау, тұс-тұстан ағылған әскерлердің басын біріктірмей, тұтқиылдан ұрыс ашу, жалпы партизандық соғысқа тән және бірден бір дұрыс шаралар. Мұның өзі Амангелдінің қолбасшылық қабілеті де жоғары болғандығын дәлелдейді. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың бір алуаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді. Бұлардың бір қатарында майданға алынған жігіттердің мұңды халі мен елжұртынан айрылардағы зарлы кейпі көрінеді. Бірсыпыра жырлар жігіттердің майданнан жіберген хаты, туыстарының жауабы түрінде жазылған. Бұл жырлар туған жерден алыста жүрген адамдардың сағыныш сезімін, тұйықтап шығар жол таба алмай күйзелген күйін танытады. Осындай жан түршігерлік ұлт-азаттық көтеріліс ешқашан болмасын. 1916 жылғы қазақ шаруаларының ұлт-азаттық көтерілісі туралы лирикалық жырларды тақырыбы мен мазмұнына қарай төрт топқа бөлуге болады: 1) Үндеу-үгіт жырлары; 2) Жоқтау- қоштасу жырлары; 3) Майдан өмірін бейнелейтін жырлар; 4) Майданнан жазылған сәлем хаттар. Біздіңше бірінші топқа Бұзаубақ ақынның "Құты қашты патшаның", Омар Шипиннің "Аманкелдінің айбаты", "Губернатор келгенде", Батталдың "Туар ма екен бізге күн", "Кеңесу", секілді өлең-жырларын жатқызуға болады. Бұзаубақ ақын өзінің жоғарыда айтылған үндеу өлеңіңде патша өкіметінің ішкітысқы саясатына, әділетсіз соғыстың елге тигізген ауыр зардаптарына тоқталады. Империалистік соғыс кезінде "өзінен зорлар шығып", патшаның жанталасып жатқанын, сол себепті қазақтан майдан жұмысына адам алуды көздеп жарлық шығарғанын айта отырып, бүкіл қазақ халқын патша өкіметіне қарсы жаппай көтерілуге, "атқа мініп, найза алуға" үндеді: Патшаның қорлығынан құтылайық, Жүргенше байлауынан бұлқынайық. Берсең де өлдің балаңды, бермесең де, Одан да жауға қарсы от салайық. 130


Көтерілістің ең бір жауапты кезеңінде осындай қан қыздырғыш үгіт өлеңдерінің ел арасына мол таралуы, сөз жоқ, қалың бұқараға қатты әсер етті. Ал Омар Шипиннің жырларында июнь жарлығын іске асыру мақсатымен елге шыққан губернаторға Аманкелді батырдың ел алдында тайсалмай қарсы сөйлеп, "ат бауырынан қызыл қан ағызбай, елден адам бермеймін" деп кесіп айтқаны жарқын сипатталады. Сөйтіп, бірінші топтағы өлендер "қалың бұқараны азаттық күреске рухтандырып, бірлесуге шақырған, сол көтерілістің ұйымдасу-кемелдену кезеңдерін бейнелейтін жалынды да өткір жырлар болды" (Б.Кенжебаев). Екінші топқа Бөлтіріктің "Ел жарыла көшкенде", Жәнекеевтің "Босқын", Сартайдың "Тар заман", Телеудің "Сарыарқаның зары", "Асқардың қоштасуы", А.Ұлтарақовтың "Қош аман бол", Б.Имановтың "Аманкелдінің анасымен қоштасқаны", халық аузындағы "Қоштасу", "Жұбату", "Аманкелдінің өліміне" және "Балымның жоқтауы" секілді өлеңжырлар кіреді. Қарсақ ақынның жырлары мен "Ел жарыла кешкенде", "Босқын" атты толғауларда июнь жарлығына байланысты "Кіндік кесіп, кір жуған" ата қоныстан ауып, босқын болған елдің халі, шеккен қорлық-азаптары сипатталып, халықты сергелдеңге ұшыратқан жауыздарға нәлет айтылады, "қараңғы түнек серпіліп, бостандық таңы ататын күнді кереміз бе?" деген арман сезіледі. Ақындар кебінесе "кемесі тәуекелдің суға кетпес", "алдынан үміт етіп отырмыз", "үзілмесін күдері" деген жігерге толы үмітті байлам жасайды. Жоғарыда айтылған қоштасу, жоқтау, жұбату жырларының түп негізі әріден басталып, түр мен мазмұн жағынан өзара ұқсас болып отырса да, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты бұл жырлардың әлеуметтік мәні артып, өткірлене түсті. Бұрынғы жырларда әлсіздік пен дерменсіздік, "жасаған иеге" жалбарыну сарыны басым болып келсе, ал 1916 жыл поэзиясында бұл жанр жауыздық пен әділетсіздіктің иесін танып, отаршыл патшаға қарсы күреске үндеді. Езілген елдің ыза-кегін қозғап, аңсаған азаттықтың тек күреспен келетінін аңғартады. Үшінші топқа жататын: Б.Берденовтың "Он алтыншы жыл", Есқайырдың "Зарлы заман кезінде", Т.Өмірбаевтың "Жатқан жерім казарма", М.Жаңабаевтың "Ұзақ жолға аттандық", Ж.Қалымбетовтың "Қайғының жылы туғанда", Ә.Аманжолов пен Б.Қарамолдаевтың "Еріксіз кетіп елімнен" сияқты жыр-толғаулары майдан өмірін бейнелейді. Бұл жырлардың басым көпшілігі ең алдымен сол кездегі көтеріліс пен ел жағдайын, жігіттердің ел-жұртымен қоштасуын сипаттап алып, содан соң ел-жұртқа таныс емес майдан емірін суреттейді. Осы толғау-дастандарды шығарушылардың бәрі де майдан жұмысына алынып, соғыс өмірін ез көзімен көргендер, сондықтан бұл шығармаларда қазақ жігіттерінің жат жерде жүрген қара жұмыстағы күйі шындықты түрде көрсетіледі. Аталған жыр-толғаулардың ішінде Б.Берденовтың "Он алтыншы жыл" атты дастаны майдан өмірін мол қамтуымен, соғыс көріністерін нақты суреттеуімен құнды. Поэма он алты бөлімнен тұрады. Ақын приемға алынған жігіттердің бір айға жуық ұзақ сапар шеккенде көрген қорлық-азаптарын, жол әсерлері мен майдан көріністерін желілі түрде тізбелеп, күнделік тәрізді етіп өлеңге түсірген. Сондай-ақ поэманың "Алғашқы әсер" деген тарауында қазақ жастарының ауылдаған оқ астында еріксіз тас төсеп, жол салып жүргені, олардың соғыстағы ауыр жағдайы шынайы да шындықты бейнеленген. Поэманың тақырыбы сонылығымен ерекшеленеді. Ақын майдандағы жігіттердің өмірін суреттегенде соғыс техникасына байланысты орыс тіліндегі жаңа атауларды да, кейде тұтас сөз тізбектерін де қолданып отырады. Автор кейбір сәтте орыс сөздерін тіпті ұйқас құрау үшін өдейі алып отырады. "Режим, жизнь, большевизм, закондарын, погондарын" тәрізді сөздер мен сөз тіркестері соған дәлел. Б.Берденовтың "Он алтыншы жыл" дастаны — әдебиетімізде тұңғыш сұрапыл майдан өмірін шынайы көрсетіп, көркем суреттеген туынды болумен бірге, жанры жағынан да жаңалықтары бар, күнделік-мемуарлық нышандары байқалатын соны шығарма. Төртінші топқа, ел мен майдан арасындағы байланысты ашатын шығармаларға мыналар жатады: Есқайыр ақынның толғауы, Ақбастың "Нүржанға хаты", Нұржанның 131


"Жауап хаты", З.Әбдірахмановтың "Окоптан хат", ел аузындағы "Ауылдан хат", С.Бегімбетовтың "Туған елге хаты", Әлімхан мен Бөлденің хаттары. Хат үлгісіндегі жазылған бұл жырлар қазақ жігіттерінің жалпы ел-жұртына, туған ел, өскен жеріне, атаана, жан-жарларына деген ыстық сезімі мен сағыныш күйін, арман-мұңын бейнелейді. Сөйтіп ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері 1916 жылғы қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының сан қырлы сипаты мен сан алуан құбылысын терең қамтып, жан-жақты ашатын жырлар болып табылады. Бұларда июнь жарлығына жаппай наразылық толқынының жалпы халықтық стихиялы көтеріліске ұласуы мен оның өрлеу, даму кезеңдері, майдан өмірі сияқты ірі-ірі оқиғалары молынан елес беріп отырады. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың эпикалық түріне Иса Дәукебаевтың "Бекболат", Әлтай Сүйіншәлиевтің "Қалаба", Белтірік ақынның "Ел жарыла көшкенде", Қуандық Бозаевтың "Қарақойын көтерілісі", Күдері Жолдыбаевтың "Аманкелдінің Торғайды алғаны", Сәт Есембетовтың "Құмкен соғысы", Омар Шипиннің "Аманкелді" тәрізді жыр-дастандары жатады. Бұл шығармалардың ішінде идеялықкөркемдік құны жағынан көрнекті саналып жүргені - "Бекболат" дастаны. Дастанда негізінен көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі оқиға сөз болып, көтеріліс басшысы Бекболат батырдың қолға түсіп, дарға асылуы, оның қайтпас қайсарлығы мен жау алдында тізе бүкпеген ерлігі жырланады. Дастанның басты кейіпкері - Бекболат Әшекеев. Ол Жайылмас болысына қарасты 4-ауылдың қазағы, 1843 жылы туған. 1916 жылғы көтеріліске оның інісі Сармамбет Әшекеев, баласы Әбділдә Бекболатовтар да белсене қатысып, басшылық еткен. Бекболат Әшікеев түрмеге поэмада айтылатын 70 кісімен бірге түскенмен, оның ісі "бунттың басшысы есебінде" Верный қаласының отряд сотында кезектен тыс қаралып, оған 1916 жылғы 7 сентябрь күні дарға асып өлтіру жазасына кескен үкім шығарылған. Тарихи деректерге қарағанда Бекболат басқарған көтерілісшілер тобы подполковник Базилевский мен Малышев бастаған жазалаушы отрядпен екі рет кездесіп, арада қырғын шайқас болған. Жігіттер қалың жылқыны жауға қарсы айдап салып, отрядтың аз ғана солдаттарын қоршап алып, жоқ қылуға әрекеттенген. Бекболат бір топ жолдастарымен Қарғалы болысының көтерілісшілеріне қосылмақшы болып кейін шегінеді. Осындай қолайлы кезеңді пайдаланған қарсыластары Күнтубаев пен Сүлейменов өздеріне тілектес 100 қаралы жігітпен Бекболаттың соңына түседі. Ақыры опасыздық жасап, алдап, батырды жолдастарымен түгел қолға түсіреді де, 16 август күні Бекболатты Шамалғандағы Балғабек Төлегеновтың үйіне "келісім үшін шақырылған" жазалаушы отрядқа тапсырады. "Бекболат" поэмасы 1936 жылғы "1916" жыл атты тұңғыш жинақта алғаш рет жарияланып, содан бері түрліше оқулықтар мен хрестоматияларда басылып келеді. Ғалым Е.Ысмайылов: "Бертіндегі тарихи жырларда, әсіресе, 1916 жылғы көтеріліспен байланысты жырларда, дастандарда ылғи соғыс айтыла бермей, елдің қоғамдық тіршілігі кебірек жырланады да, соғыс, қанды қырғын оқиға екінші планда болып отырады", - деп көрсетеді. Осы пікір "Бекболат" поэмасына дәл келеді. "Бекболат" поэмасының композициясын ақын күнделік іспетті етіп құрып, оны белгілі бір заңдылықпен өрбітеді. "Июнь жарлығы", "Елдің қамдануы", "Елге әскер шығуы", "Жайылмастың кемпірлерінің, келіндерінің жылағаны", "Жайылмастың түрмедегілермен жолығуы", "Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны", "Бекболаттың жауабы", "Бекболаттың екінші сұрағы":, "Соттың жауабы мен үкімі", "Бекболат дарға бара жатқанда", "Дар түбінде Бекболатқа төрелердің айтқаны", "Бекболаттың жауабы", "Жайылмастың сұрағы" деген тараулар бір-бірімен тығыз байланысып жатыр. Автордың идеялық нысанасы - әділеттік пен азаттық үшін күрескен қалың бұқараның көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейінгі аянышты халі мен көрген ауыр азабын, сол күрестің туын ұстап халыққа басшы болған Бекболаттың ерлікпен қаза табуын баса жырлау екені осы тараулардың өзінен-ақ көрініп тұр. 132


"Бекболат" поэмасы 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған сан-алуан жырдастандардан өзінің көркемдік шешімін тапқан жоғары идеясымен, тартымды сюжет, композициялық тіл ерекшеліктерінің тұтастығымен дараланып көзге түседі. "Бекболат" поэмасына қатысты бір мәселені айтпай кетуге болмайды. Бұл - "дастан авторы кім?" деген сұрақ төңірегіндегі әңгіме. Зерттеушілердің көбі Иса Дәукебаев авторлығына күмән келтіреді. Өйткені Жетісу өңірінде, жалпы қазақ сахарасында Иса Дәукебаев деген ақын еш жерде кездеспейді. Ол туралы деректе, оның өзге шығармасы да жоқ. 1916 жыл оқиғаларын және оған қатысты шығармаларды жете зерттеген Мұхаммедрахым Жармұхамедов академия қолжазба қорында сақталған үлкен жыр нұсқасының аяғына "Жинаушы Жүніс" деп қол қойылған, кімнің жыры екені айтылмаған дейді. Осы зерттеушінің пікірінше 1916 жыл өлең-жырларын алғаш зерттеген Есмағамбет Смайлов ел арасында айтылып жүрген авторы белгісіз дастанның түрлі нұсқаларын жинап алып, бір ақынға әндеткен болуы керек. Ол Иса деген аттың аталуына қарағанда Иса Байзақов емес пе екен деген пікірін және қосып қояды. Ұлттық әдебиетімізге қосылар асыл дүниелерді сақтап қалу үшін, оларды кеңестік талапқа сай етіп беру үшін әдебиетіміздің жанашырлары қандай айлатәсілдерге бармады десеңізші! Соның бір дәлелі — осы дастан. Есағаң үшін автордан бұрын отаршылдыққа қарсы қайсарлықпен күрескен, ұлттың ұлы рухының символындай Бекболат бейнесі қымбат еді. Сондықтан да ол осы дастанды әдебиет тарихында авторы бар көркем шығарма ретінде қалдырды. Тапсырмалар мен сұрақтар: 1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері. 2. Халықты көтеріліске шақырған шығармалар. 3. Көтеріліс барысын суреттейтін шығармалар. 4. Майдан өмірін суреттейтін шығармалар. 5. Ірілі-ұсақты өлеңдер және оқиғалы дастандар

133


МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ .................................................................................................................................... 3 1. ХАЛЫҚ АРАСЫНАН ШЫҚҚАН ӘНШІ-АҚЫНДАР................................................ 4 1.1. ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ.............................................................................................. 4 1.2.ЖАЯУ МҰСА ШОРМАНҰЛЫ....................................................................................... 12 1.3.АҚАНСЕРІ ҚОРАМСАҰЛЫ........................................................................................... 18 2. ДІНИ АҒАРТУШЫ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ.............................................................. 24 2.1.НҰРЖАН НАУШАБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДІНИ САРЫН 33 2.2.МАҚЫШ ҚАЛТАЕВ-ДІНИ АҒАРТУШЫ, АҚЫН.................................................... 38 2.3.МӘШҺҮР–ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҒЫ............................................ 44 2.4.ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ - ДІНИ ӘДЕБИЕТТІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ.... 57 3.АҒАРТУШЫ – ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ ..................................... 77 3.1.М. СЕРАЛИН - АҒАРТУШЫ, ДЕМОКРАТ ЖӘНЕ ҚАЙРАТКЕР..................... 77 3.2.СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ – АЗАТ ӨМІРДІ АҢСАУШЫ..................... 91 4. ҰЛТ-АЗАТШЫЛ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ............................................................... 104 4.1.АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – САҢЛАҚ САНАТКЕР, РУХАНИ КӨСЕМ...... 104 4.2.АЗАТШЫЛ ҺӘМ АЛАШШЫЛ - МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ ........................... 115 5. 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ АЗАТТЫҒЫ КҮРЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТУҒАН ШЫҒАРМАЛАР........................................................................................... 127


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.