Журнал той (5)

Page 1

119 118

Болат Төлеубаев: “Аңдамай сөйлесең, абыройсыз қаласың” - «Болат шоумен стиліндегі асаба» дегенді жиі естиміз. Бұл өз таңдауың ба, жоқ әлде елдің сұранысына жауап беру ме? - Мен негізі көптің алдына қазақша КВН арқылы шықтым.Университетте оқып жүрген кездерімде Қарағандыда қазақша КВН лигасы енді-енді қалыптасып, жандана бастаған еді. Біздер алғашқылардың бірі болдық. Университет, облыс көлемінде бақ сынадық. Жетістіктеріміз де болды.Менің той басқарудағы стилімді айқындаған осы қазақша КВНның сахнасы деп ойлаймын. Ал енді тойдың базарына араласа бастаған кезімде жүргізуші- шоумендік стиль үстемдік құрып келе жатты. Осы стильдегі ағалардың соңынан ердім.Тәлімін алдым,үлгісін ұстандым. Айдос Бекмағанбетов, Ержан Найманбаев сынды аға тамадалардың қасында жүріп, көп нәрсені үйрендім.Ол ағаларымыз тойларды ғана емес,облыстық,тіпті Республикалық деңгейдегі кез келген мәдени шараны атқарып жүрген өз ісінің шеберлері дер едім. Қаншалықты шоумен болып кеткенімді білмеймін. Бірақ, аяғымыз аспаннан салбырап түскен жоқ. Ескінің есті сөзін алдық, жаңаның жақсылығын игердік, үлкендерден үйрендік.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
Журнал той (5) by Bliss design studio - Issuu