Журнал той (6)

Page 1

119 118

Бойдақ жігіттердің санын азайтып Саян Жарылғапов та жас отаудың іргетасын қалады. «Жақсы әйел-жігітке біткен бақ» демекші, айтулы асаба Қарағандының ажары ашық, жаны жаз Айшуақ аруын қармағына түсірген. Саян өз тойының тізгінін өнердегі інісі Айтуған асабаға тапсырыпты. Тамыздың он сегізінші жұлдызы екі жастың қуанышына ақ тілектерін аямаған ағайын«Университет» кафесіне жиналып, тамаша тойдың куәсі болған. Саян, таңдап алған жарың жаныңа сая болып, сүйіктіңді қорғай алар пана бол!

Бала –тірек, бала – бақыт. Белгілі тамада Бақыт Сұлтанның шаңырағында ерекше шаттық. Жары Лаура сүйіктісіне ұрпағын жалғастырар ұл, үлкен ұлдары Нұрсұлтанның артынан ерер іні сыйлапты. Бақыттың бөбегіне Заңғар есімі бұйырған екен. Заңғар шілденің он алтысы дүниеге келді. Жанұясы жанға толған Бақыттың баласы биігі заңғар таудай, жемісі мол баудай болсын! Есіміне лайық жігіт, елін сүйер азамат болсын!

Мейрбектің мерейі үстем болды! Өнер жолын КВН-нен бастаған Мейрбек Байшагиров облысымызда орны бөлек шоумен асаба атанғалы қашан. Тамаша тамада, қанша кыздың арманы болған Мейрбек талай жас отаудың бақытын жырлай жүріп, өз бақытын тауыпты. Сатпаевтай іргелі елдің қызы Бақытгүл Қарағандыдай киелі жердің келіні атанды. Ару қыз Мейрбектің көзіне университет қабырғасында жүргенде түскен екен. Алғашқы кездесуде-ақ жалынды жігіт сөз салған. Алайда, жігіттің қылжақ мінезін білетін ару ойыны ма деп, «жоқ» деген екен. Қайткенде, Мейрбек қылықты қызды қармағына түсіріп, 26-тамыз «Абиба» мейрамханасында жастардың дүбірлеген тойы өтті. Кез келген тойды «жандырып» жүретін Мейрбектің тойын үш асаба кезекпен басқарған. «Базар жоқ» театрының актері Али Байжұмат, Батыр Бекжігіт, Ілес Көпбосын. Қос ғашықтың қызығына қаламыздың мықты өнерпаздары қатысып, той жоғары деңгейде өтсе керек. Іздеріңнен ізетті ұрпақ еріп, жүздеріңнен күлкі кетпесін!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.