Bi times - March

Page 1

#03(27) НАУРЫЗ 2015 НӨМІРДІҢ ТАҚЫРЫБЫ:

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

БҰЛ НӨМІРДЕ:

ЖАҢА ЖОБАЛАР

РУСЛАН МЕРГАЛИМОВ BI-КӘСІПҚОЙДЫҢ ТАРИХЫ

BI Group Холдингінің корпоративтік журналы

ЖАҢА АЙДАР: ӨЗ ЖҰМЫСЫМДЫ МЕН НЕЛІКТЕН ЖАҚСЫ КӨРЕМІН

ПОЛ ЭЙКЕРСТІҢ ПІКІРІНШЕ ӨНДІРІСТІ ҮНЕМДЕУ

BI STRATEGY: ЖОҚТАН БАР ЖАСАУ

BI GROUP ҮЛКЕН ОТБАСЫНЫҢ САЛТТАРЫ


МАЗМҰНЫ

Бірінші тұлға атынан Айдын Рахимбаев: Директорлар кеңесінің жылдық жиналысының қорытындылары туралы .............................................................................................. 3-4 BI Group Expo – ның дәл ортасында орамдар салады.................................................... 5 BI Strategy: Директорлар кеңесінің жылдық жиналысының қорытындылары ................................................................................... 6-8 Еңбек өндірімділігі ........................................................................................................... 9 Жоқтан бар жасау! .................................................................................................... 10-11 Пола Эйкерсдің пікірінше өндірісті үнемдеу ............................................................ 12-13 Холдинг серіктестері ............................................................................................... 14-15 Жаңа тағайындаулар ................................................................................................. 16-17 Корпоративтік жаңалықтар «Kazpaco» халықаралық жобаға алғаш рет қатыспақшы ......................................... 18 Арнау ТК............................................................................................................................ 19 «Жыл мезгілдері» – «Күз-1» ТК-де пәтерлердің кілтін алды ................................ 20-21 «МЖК-Астана» дивизионының тас қалаушысы Бразилиядағы WorldSkills халықаралық конкурсында Қазақстанның атынан қатысады ................................. 22 Құрылыс саласындағы әлемдік жаңалықтар: Түркия Босфор астына үш қабатты тоннель салады................................................23 BI HR HR-блоктың жаңалықтары ......................................................................................24-28 BI Person Руслан Мергалимовтің тарихы ............................................................................... 29-31 BI Life Біздің салттарымыз ................................................................................................. 32-35 «Айдың үздік асханасы» конкурсының қорытындылары ........................................... .36 Мен жұмысымды неліктен жақсы көремін? .................................................................. 37 BI Holiday

............................................................................................................ 38-39

Көктем және сұлулық мерекесі ................................................................................ 40-41 «Жылжымайтын мүлік басқармасы» мереке сыйлады ............................................... 42 Құттықтаулар ............................................................................................................... 43 Жұлдызай..................................................................................................................... 44-45 Директорлар кеңесі (Кадрдың артында) ................................................................. 46-47 Экспресс жаңалықтар ................................................................................................... 48

2

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


БІРІНШІ ТҰЛҒА АТЫНАН

ҚЫМБАТТЫ ДОСТАР, ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Сіздермен корпоративтік басылым арқылы қауышып, біздің ортақ жетістіктеріміз, соңғы жаңалықтарымызбен бөлісу мүмкіндігім үшін қуаныштымын, оның ішіндегі ең бастысы – жарқын Наурыз мерекесінде өткен Директорлар кеңесі мен топ-менеджерлердің дәстүрлі көшпелі мәжілісі. Үш күнге жалғасқан кездесуіміз жемісті және мазмұнды өтті. Әр бір дивизион және корпоративтік орталықтардың есептемелері, сонымен қатар осы жылдың жұмыс жоспарын талқылаудан басқа, бұл кездесуде біз Кен Айверсонның «Ашық әңгіме» атты кітабынан алынған негізгі үзінділер бойынша пікір алмастық және діни ұстаз Пол Эйкерстің құрылысты үнемдеу тақырыбында ұйымдастырған тренингіне құлшына қатыстық. Әріптестер, 2014 жылдың қорытындысы, шынымен, әсерлі болып отыр, біз екі үлкен Холдингке бөліндік, және әрқайсымыздың да мақтанарлық табыстарымыз мол. Мәжілістің біріншгі күні BI Group Construction Холдинг дивизиондары есеп берді. Команданың алдына қойылған 2014 жылдың міндеттері абыройлы орындалды. Бұл өткізілген түбегейлі өзгерістер мен енгізілген жаңалықтардың сапасын білдіреді. Холдинг дивизиондары көптеген нысандарды пайдалануға берді: бұл ондаған шақырымдарды құрайтын республикалық және аудандық маңызды жолдар, Назарбаев зияткерлік мектебі, ең ірі жоба «Шалқар-Бейнеу» және басқалар. 2015 жылы BI Group Constructionның келісім жасалған жұмыс көлемі 50 %-ға ұлғайтылғанын айта кету қажет, бұл сома 140 млрд теңгені құрайды. Тағы бір айтатыны, бұл бірінші рет BI Group Development Холдингінен артық болып отыр. BI Group Constructionның алдында маңызды міндет тұр – жоспарланған – ауқымды! –жұмыс көлемін орындау үшін барлық бизнес-үдерістерді сапалы жұмысқа жұмылдыру. Өз кезегінде, BI Group Development Холдингі де 2014 жылы, компания тарихында бірінші рет 300 мың ш.м. астам тұрғын үй құрылысын салды! Бір жыл ішінде мұндай көлемді Қазақстанның ешқандай компаниясы, кеңес дәуірін қоса есептегенде, тапсырған емес. Ал Холдинг командасы бұған қол жеткізе алды! Және, бұған өткен жылғы девальвация мен дүние жүзіндегі тұрақсыз экономикалық жағдайға байланысты, құрылыс көлемін қысқарту туралықауіптенулер де кедергі бола алған жоқ. Қазір 2014 жылы басталған жобалар, біздің 2015 жылы бір күн де жұмыссыз қалмауымыз үшін жеткілікті деп нық сеніммен айтуымызға болады. Дивизиондардың жобалар командалары өткен жылдың нәтижесін қайталауға уәде берді. Бұл жарысқа шақыру! Осы жылдың алғашқы үш айының нәтижелерін қорытындылай келе, командалар өз міндеттерін орындап шығатынына сенімдімін. Директорлар кеңесінің негізгі мәжілісінен басқа, топ-менеджерлер мен екі Холдингтің негізгі қызметкерлер ұжымы бонустық қор мен сыйлықақы жүйесін жаңарту мәселесіне үңілді. BI командаларының өздеріне қолданыстағы тұжырымдаманы түзетіп, жобалар үшін де, толық команда үшін де бонустық қорды есептеудің дұрыс жүйесін қарастырып белгілеу ұсынылды. Таяу арада біз есептеудің жаңа әдісін келісеміз және, бонустық қорға қатысушылардың әрқайсысын онымен таныстыратын боламыз. Директорлық Кеңеске қатысушылардың бәрі Кен Айверсонның «Ашық әңгіме» кітабын талқылауға қатысты. Американдық Nucor компаниясы туралы ұжымдық әңгіме бәрімізге пайдалы болатыны сөзсіз, одан көп нәрсе үйренуге болады. Мен BI Group менеджерлерінің осы кітапта айтылған көптеген пікірлер мен қағидаларды қолдағандары үшін қуаныштымын. Кітаптан мынадай қызық үзіндіні келтіргім келеді: «Бізге үнемі қандай тәуекелдердің адами фактормен байланысты екенін айтумен келеді, ал біз оған: «Барлығы да, дәл осы адами факторда басты әлеует бар екенін дәлелдейді»,- деп жауап береміз. Мен, белгілі бір уақыт өткен соң біздің құндылықтарымыз да американдық Nucor компаниясы тәрізді, ең үздік компанияға сәйкес болу үшін барлығын істей алатынымызға сенімдімін. Біздің корпоративтік мәдениет деңгейіміз, қазірдің өзінде жоғары екенін айта кету қажет. Мен Қазақстанда осындай тату командасы және біздікіндей, жоғары деғңгейдегі корпоративтік мәдениеті қалыптасқан, басқа ешқандай компанияны білмеймін. Кітапта айтылған ойларға сәйкес, біз бүгін дәрежелік жүйені оңтайландыру, әлеуметтік пакетті және барлық қызметкерлер үшін арнайы бірыңғай жұмыс киімін енгізу мәселелерін қарастырудамыз. Біздің әр бір қызметкеріміздің бұл кітапты оқып шығуға мүмкіндігі бар. Осыны істеуді біздің компаниямыздың

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

3


БІРІНШІ ТҰЛҒА АТЫНАН жалпы өмірі мен дамуы бей-жай қалдырмайтындардың бәріне ұсынамыз. Директорлар кеңесінің үшінші күні лин-технологияға (үнемшіл өндіріс) арналды. Біл FastCap компаниясының басшысы, Американың ең үздік лин-менеджерлерінің бірі, Toyota және Lufthansa тәрізді халықаралық бизнестің көптеген ең ірі ойыншыларымен бірге қызметтес болған Пол Эйкерстен өте маңызды білімдер алдық. Біз оның әдістемесін қолдануды бастадық және диренкторлар арсында WhatsApp тобын құрдық, онда біздің мамандарымыз біздің нысандарда енгізіле бастаған, тек шығындарды ғана азайтумен шектелмей, ең басты ресурсымыз – оларды орындауға жұмсалатын уақытты да қысқартатын, жаңалықтарымен бөлісе алады. Біздің міндетіміз компания жобаларының ең үздік тәжірибесін кең көлемде жариялау. Жақсы жаңалықпен бөлісе кеткім келеді, Пол Эйкерс бізбен жұмыс істеуге келісімін берді, бұл біз үшін үлкен абырой. Бұл біздің көрсеткіштерімізді айтарлықтай жақсартуымызға мүмкіндік береді. Мен 2015 жыл біздің компанияның дамуындағы тағы бір саты болып табылатынына, және әр бір қызметкер оны жақсартуға өз үлесін қоса алатынына сенімдімін. Сөз соңында, BI Groupтың жаңа серіктестіктері – Серік Төлебаевты, Арман Жәкеновты және Максим Чернышовты құттықтай кеткім келеді, олар серіктестердің дауыс беруімен серіктестер қатарына қабылданды. Олардың әрқайсысының мансап жолдары біздің кез-келген қызметкеріміздің өсу мүмкіндігін, және болашақта компания серіктесі бола алатынының үргісі. Мысалы, Арман Жәкенов осыдан он жыл бұрын «АБК-Бетон» зауытына қатардағы жабдвықтаушы болып қабылданған, үлкен жолдан өткен ол, өткен жылы «Автодор НС» жол дивизионының бас директоры болып тағайындалды. Серік Төлебаев 10 жыл бұрын компанияға экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы болып келді. Әр жылдары жол салу жобаларына басшылық етті. Өткен жылы «Казахдорстрой» ірі жол компаниясы Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды. Максим Чернышов ең алғаш компанияға дипломалды тәжірибеден өту үшін келген болатын, 11 жыл ішінде «ИЖС-Астана» дивизионының бас директорлығына дейін өсті және компанияның ең жас серіктесіне айналды. Оларды осы оқиғаларымен құттықтаймыз! Әріптестер, алдымызда жаңа, және бұрынғыша шамшыл міндеттер мен мақсаттар тұр! Корпоративтік журналдың келесі шығарылымында жақсы жаңалықтарымызбен бөлісеміз, ал әзірше BI Group Construction командасын Атырау қаласында өңірлік өкілеттіктің ашылуымен құттықтаймыз! Айдын Рахымбаев, BI Group басшысы

4

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


ДИВИЗИОНДАР BI LIFE ЖАҢАЛЫҒЫ

ЖАҢА ЖОБАЛАР

BI GROUP EXPOНЫҢ ДӘЛ ОРТАСЫНАН ЖАҢА ОРАМДАР САЛАДЫ

BI Group Астанада Expoның дәл ортасындағы көрме күмбезінің қатарына Expo Boulevard құрылысын салады. Expo Boulevard тұрғын үй кешені дәл Expo-2017 халықаралық көрмесі өтетін аумақта, оның басты көрнекті орындары жанынан тұрғызылады. Болашақ тұрғындары еліміздің басты оқиғаларын терезеден көріп, тамашалай алатын болады. Тұрғын үй кешеніне таяу жерде Назарбаев Университеті, мектептер, балабақшалар және спорт кешендері бар. Бұған қоса, Expo Boulevardтың жанында Қазақстандағы ең ірі канадалық саябақ орналасқан, онда тұрғындар уақыттарын тамаша өткізіп, табиғаттың сұлулығынан ләззат алатын болады, сонымен қатар, тұрғын үйден бірнеше минуттық жерде ең ірі Mega Plaza сауда және ойын-сауық орталығы орналасқан. Expo Boulevard травертин, гранит, фундермакс және лаймстоун тәрізді жоғары сапалы әрлеу материалдары қолданыла отырып, бірыңғай сәулеттік және ландшафтық шешімін табатын болады. Жоба бойынша өзіндік стилистикада орындалған, 6-8 қабатты тұрғын үй секцияларынан тұратын 5 орам құрылысын салу жоспарланған. «Біз Expo Boulevard тұрғын үй кешені құрылысын іске қостық. Бұл – біз үшін ең маңызды нысан. Шын мәнісінде, бұл жерде Астананың жаңа орталығы болады. Және Expo Boulevard тұрғын үй кешені тұрғындары орталықта өмір сүрудің артықшылығын бағалайтын болады –бұл барлығына жақын болу және бірден ең көп мөлшердегі мүмкіншіліктерге ие болу»,- дейді BI Group басшысы Айдын Рахимбаев. Expo Boulevard – белгілі бір жөннен алғанда, бірегей нысан. Орналасқан жерінің сонылығы, сәулеттік және технологиялық жаңашылдығынан басқа, болашақ тұрғындарды оның бағасы да қуантатын болады.Құрылыс салушы өзінің 20- жылдығы шеңберінде күтпеген ұсыныс жасады – бизнес-класты толық жабдықталған пәтер бағасымен сату. Демек, көптеген қазақстандықтар, ондаған жылдар бойы қазақстандық астананың ең басты көрнекті орындарының біріне айналатын, Астананың ең бір бірегей аумағында орналасқан таңдаулы үйден өздеріне баспана сатып алу мүмкіндігіне ие бола алады деген сөз. Expo Boulevard орамдарында әртүрлі жоспарланған және әртүрлі шаршы көлемді 1200-ге жуық пәтер болады. Сонымен бірге, тұрғын үй кешені кеңістігінің қауіпсіздігі жайлы компания басынан бастап ойластырып қойған, оның жерасты паркингі бар аумағы бейнебақылаудың жарақталған көпсатылы жүйесімен күзетілетін болады. Expo Boulevardтың тағы бір артықшылығы ретінде шопинг-стрит туралы атап өтуге болады, бұл кешен орамдар бойына созылып жатқан әдемі витриналы сауда орындары орналасқан, көрікті серуендеу желекжолы тәрізді көше. Бұған қосып айтарымыз, тұрғын үй кешенінің бірінші кезегін тапсыру 2016 жылғы тамыз айына белгіленіп отыр. BI GROUP Development Холдингінің жарнама және PR бөлімі

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

5


BI STRATEGY

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Наурыздың соңында Директорлар кеңесінің жылдық кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында BI Group Construction және BI Group Development Корпоративтік Холдингтерінің барлық дивизиондарының басшылары есеп тапсырды және жақын келешектегі негізгі шешімдер шығарылды. Негізгі көрсеткіштер BI Group Construction айналымы 2014 жылы 83,9 млрд. теңгені құрды. 2015 жылы оны 56,6 %-ға ұлғайту жоспарланып отыр. BI Group Development айналымы 2014 жылы 143,7 млрд. теңгені құрды, 2015 жылға сценарийлердің бірі бойынша – девальцияны күтуді ескерумен – 107 млрд. теңгені құрды. Холдинг қорытындылары Бүгінгі таңда BI Group Construction есебінде өнеркәсіптік, жол және құрылыс инфрақұрылымы саласындағы 30-дан астам жоба бар. Тендерлік BI Group Construction Холдингін дамытудың ең басты беталысы басшылықтың пікірі бойынша көбінесе жол дивизиндарының келісімшарттарымен қамтамасыз етілген, олар жылдан жылға бүкіл республиканың автожол құрылысында үлкен маңыз атқарып келеді. BI Group Construction Басқармасының Төрағасы, Директорлар Кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев келісімшарттар жасалған жобалардың айналым құрылымымен таныстырды, және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша келешегі зор жобалар туралы әңгімелеп берді. «Нұрлы жол» бағдарламасы тек жол дивизиондарының ғана даму тетігі болып қоймай, жалпы Холдингке де үлкен септігін тигізуде, және біздің болашақтағы өсіміміз және еліміздің автожол құрылысындағы басты орнымызды ұстап тұру жол дивизиондарының тиімді әрі табанды жұмыс істеуіне байланысты», – деп жеткізді Бауыржан Абдрашитұлы. Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Қожахметов жобаларды басқарудың Корпоративтік жүйесін енгізудің ағымдағы күйі жайында айтып берді. Ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру және деректер жинау 90 %-ға аяқталды, басқарушылық есептер мен графиктерді автоматтандырылған пішімдеудің жартысы аяқталды, бір уақытта MS Project бойынша қызметкерлерді оқтыу жүріп жатыр. Жобаларды басқару бойынша жүйені жетілдірумен қатар, Холдингте Кайдзенді енгізу белсенді жүрып жатыр, ол жұмыс өндірісін 10%-ға ұлғайтуға және қаражаттарды үнемдейді. СМЖ бойынша есептің деректеріне (сапа менеджменті жүйесі) сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Корпоративтік орталықта СМЖ әзірлеу және енгізу жүргізіліп келеді, жылдыңсоңына дейін дивизиондарда әзірлеуді үрдіске енгізу жоспарланып отыр. BI Group Development Холдингінің дивизиондары өткен жылы жалпы саны 22 жоба тапсырды, биылғы жылытұрғын үй құрылысының 33 құрылыс объектісін аяқтау жоспарланып отыр.егер шаршы метрлер жөнінде айтар болсақ, біздің компания Алматы және Астана қалаларында жалпы саны 1 млн-нан астам шаршы метр құрылыс жүргізілу үстінде. Сатып алулардың тендерлік жүйесі енгізілген және тиімді жұмыс істеуде, бұл компанияға қаражаттарды анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді. бағдарламалық өнімдерді енгізу, бизнес-үдерістерді автоматтандыру тиімділікті арттыру үшін маңызды болып табылады. Сәйкесінше, 2015 жылы топ-менеджмент KPI-да «Кайдзе» (үнемді құрылыс), «Гранд-Смета» және «MS Project» сияқты міндеттер енгізілген. Құрылыс сапасы мен мерзімдерімен қоса, аса назар еңбекті қорғауға аударылады. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бөлімі 18 жоспарланған жобаларды жүргізді, онда 126 бұзушылықтар анықталды, бүгінгі таңда оларды жою бойынша іс-шаралар әзірленді.

6

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI STRATEGY 2015 жылы еңбек және жобалау өндірімділігін арттыруға бұрынғыша аса назар аударылатын болады, BIM енгізу жоспарланып отыр. BI Group Development Холдингі Басқармасының төрағасы Амангелді Омаров өз банядамасында Этика кодексінің бұзылуы туралы мәселені тағы да қозғады, ол осы бап бойынша шығындардың өсу қарқыны бизнес өсіміне қарағанда жоғары екендігін айтты. Өкінішке орай, өткен жылы салғырттық және Этика кодексін бұзуға байланысты осы шығынның сомасы 167 млн.теңгеге жетті. Көлемдерді ұйғару, пара беру және ҚР ҚК 143 бабы «Құпия хат алысуды, телефондық келіссөздерді, жеделхат немесе өзге хабарламаларды заңсыз бұзу» бойынша бірнеше қылмысты істер көтерілді. Маркетинг және даму BI Group Construction Холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Метин Палик өз баяндамасында компанияның жаңа географиялық және өндірістік буымдарға шығуға жұмсап отырған күштеріне аса назар аударды, сонымен қатар іске асырылуы әлемнің ең ірі құрылыс компанияларының бірі Fluorдың күшімен ғана мүмкін болатын әлеуетті жобамен таныстырды. Саға қысымын басқару жобасы тек баға жетпес инженерлік-құрылыстық тәжірибе алуға ғана емес, сондай-ақ компаниясының еліміздің мұнай-газ саласындағы дегдарлы ойыншылар қатарына кіруіне мүмкіндік береді. Өз кезегінде, BI Group Development Холдингінің Басқарма төрағасының Дамыту бойынша орынбасары Тасболат Абдуллин Алматы нарығындағы компания үлесі өткен жылмен салыстырғанда 9 %-дан 15%-ға өскендігін айтып өтті. Өткен жылмен салыстырғанда компанияның құрылыс нарығындағы үлесі де артты, енді ол 45 %-ды құрайды. Жақын келешекте жаңа географиялық сараланымдарға шығуды жоспарлап отырмыз, компания әлеуметтік-қол жетімді және жалдамалы тұрғын үй, сонымен қатар коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысын жүргізуді көздеп отыр. Дивизиондардың басымдылықтары Іс жүзінде әр бір дивизионның қаржылық-шаруашылық қызметінің мәселелері құрылыс сапасы мен мерзімдері болып табылады. Биылғы жылдан бастап сыйақы беру жүйесі мен бонустық қорды өзгерту жоспарланып отыр. Егер бұрын жоба командалары жоба табысынан пайда лаып келген болса, енді бонустың 70%-ы жоба көрсеткіштеріне байланысты болады да, бонустың 30%-ын команда егер компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткізілген болса ғана, алатын болады, мысалы «Гранд-Смета» немесе MS «Project» енгізілді. Екінші маңызды жоба – бұл сатып алуларды орталықтандыру. Енді Корпоративтік орталықтың коммерциялық бөлімі дивизиондардың көтеруіне болмайтын сол немесе басқа құрылыс мате-

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

7


BI STRATEGY риалына баға орнатады. Тағы айта кететін жағымды сәт, бұл құрылыстың барлық кезеңдерінде өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған Lean-технологиясын енгізу. Өндірісті үнемдеу шебері Пол Эйкерс өткізген тренингтен кейін, телім бастықтары, шеберлер, прорабтар құрылысты үнемдеу тәжірибесімен бөлісе алатын WhatsApp-топ құрылды, алдағы нөмірлерде біз оқырмандарымызбен қызықты идеяларымызбен бөлісеміз. Қызметкерлерді ынталандыру Отырыста әлеуметтік пакетті, бонустар мен ыйақылар жүйесін, рангтік жүйені өзгерту, арнайы киімді сәйкестендіру бойынша шешім қабылданды. Аталмыш мәселелер талқылау және келісу сатысында тұр, Кен Айверсонның «Прямой разговор, или Уроки белой вороны» атты кітабын оқығаннан кейін, осы мәселелер өзектірек бола бастады, өйткені табыс пен айналымдардың өсуімен қатар, біздің компаниямыз қызметкерлерді ынталандыру және кез-келген қызметкер өзін бір үлкен отбасындағыдай сезіне алатын атмосфера құруға да назар аударады. Толығырақ 36-бетте. Басты шешімдер Отырысты қорыта келе, Холдинг басшысы Айдын Рахымбаев нәтижелерді тұжырымдап, басты басымдылықтарды атап айтты: «Біздің алғашқы стратегиямыз – әлемнің 100 үздік құрылысшылары қатарына кіруден басқа, 2020 жылға қарай біздің жылдық айналымымыз 5 млрд-тан жоғары долларды құруы тиіс. Біз жаңа географиялық нарықтарға, оның ішінде ресейде тұрғын үй сату ұтымсыз болғанына қарамастан, сол ресей нарығына шығуды мақсат еттік, өйткені жер сатып алып, құрылысты жоспарлау үшін нағыз оңтайлы сәт. Қазақстан нарығына келетін болсақ, биылғы жылы біз 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз». Жалпы, BI Group холдингтерінің басшылық құрамының баяндамалары сандық және сапалық жоспарда қажетті деңгейге қол жеткізу үшін, соңғы уақыттағы беталыстардың дамуын және іс жүзінде кезігіп жүрген сын-қатерлерді бейнелей алды.

8

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


ЕҢБЕК ӨНДІРІМДІЛІГІ Дивизиондар бойынша 2015 жылғы наурыз айындағы еңбек өнімділігінің салыстырмалы талдауы келесі түрде: BI Group Constructio Холдингі Бірінші орында – Ақтан Аманжолов басқаратын «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионы. BI Group Development Холдингі Бірінші орында – Арман Ахметов басқаратын «МЖК-Астана» дивизионы.

Көшбасшылар жобалары бойынша 2015 жылғы наурыз айындағы еңбек өнімділігінің салыстырмалы талдауы келесі түрде: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында – «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионының Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектебі». BI Group Development Холдингі Бірінші орында – «МЖК-Астана» дивизионының «Ақбұлак Таун» (5 кезегі)

Өндірістік блоктың 2015 жылғы наурыз айындағы еңбек өнімділігінің салыстырмалы талдауы келесі түрде: АБК-Бетон – бір штаттық қызметкерге шаққанда 3 млн. 079 мың теңге.

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

9


BI STRATEGY

ЖОҚТАН БАР ЖАСАУ

ТОЙОТА ТАҢҒАЖАЙЫП КОМПАНИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖҮЙЕСІ Toyota Production System (TPS) Тойота компаниясымен құрастырылған, құрамына басқару философиясы мен тәжірибесі енген және әлеуметтік-техникалық біріктірілген жүйе болып табылады. TPS автомобиль индустриясы үшін өндіріс пен логистиканы, тұтынушылары мен өнім берушілерінің өзара әрекетін ұйымдастырады. Бұл жүйе «үнемді өндіріс» (lean manufacturing) және «үнемді құрылыс» (lean construction) жүйелерінің тікелей ізашары болып табылады. 1948 - 1975 жылдары TPS-тің негізін Таичи Оно мен Эити Тойода қалады.

Тойота компаниясының бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерінде басқаларға қарағанда осы жүйенің үлесі ерекше. Тойота жүйесі бұрыннан машина жасау және өндіріс индустриясында көшбасшы болып танылған. Тойота өз жүйесі үшін шабытты супермаркеттен емес, америкалық автомобиль өнеркәсібінен алған дегенді жоққа шығаруға болады. «Мерзімінде орындау» (just-in-time) деген пікірді компанияның негізін қалаушы Киитиро Тойода бастаған. Бұл пікірді ары қарай жүзеге асыру қажет болды. Супермаркеттің сипаттамасын қарап отырып, Оно өз зауытына супермаркетті үлгі етіп қолданғысы келген. Клиент сөрелерден тауардың қажетті мөлшерін сатып алады. Супермаркет қызметшілері сол уақытта-ақ босаған сөрелерді жаңа тауарлармен толтырады. Осындай тәсілмен автокөліктің қосалқы бөл«Біз өз жұмыс орнымыздан сүйікті шектерін өндіретін жұмысшы орталық «дүадамымызға бір қарағаннан бәрі түсінікті кен сөрелеріне» (қор болатындай етіп сөре жасауға тиіспіз» сақтайтын орын) келіп, бос сөрелерді толтыру Таичи Оно, (1912-1990), үшін қанша өнім шығару керектігін анықтайды. Toyota (TPS) өндірісі жүйесінің және Лин Бұл жүйенің пәлсапасы жүйесінің негізін салушы дұрыс және қалдықты азайтады, сонымен өнімге кеткен шығынды да азайтуға мүмкіндік береді. Toyota қағидаттары: Ұдайы жетілдіру Үндеу «Біз өз мақсатымызға жету үшін сынақтарды табандылықпен және шыдамдылықпен қарсы ала отырып, ұзақ мерзімді көзқарас қалыптастырамыз. Кайдзен «Біз бизнес операцияларымызды үзіліссіз жақсартамыз, олар бізді инновациялар мен жақсылыққа жетелейді».

10

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI STRATEGY Genchi Genbutsu «Үнемі оқиғаның ортасында жүру анық шешім қабылдауға ықпал етеді». Адамдарға деген сыйластық Сыйластық «Біз өзгелерді сыйлаймыз, өзара түсіністік қалыптастыру үшін өз күшімізді аямаймыз, бар жауапкершілікті өзімізге аламыз және өзара сенімді бекіту үшін барлық мүмкіндікті пайдаланамыз». Командалық жұмыс «Біз қызметкерлердің жеке кәсіби өсуін ынталандырамыз, даму мүмкіндіктерімен бөлісіп, жеке және командалық жұмыс көрсеткіштерін арттырамыз». Тәуелсіз байқаушылар Тойота қағидаттарының қорытындысын шығарды: Ұзақ мерзімді философия: 1. Өз басқарушылық шешімдеріңізді қысқа мерзімді қаржылық мақсаттарыңыздың есебінен ұзақ мерзімді негізге қойыңыз. Дұрыс процесс дұрыс нәтижеге әкеледі. 1. Күрделі мәселелерді сыртқа итеріп шығару үшін үзіліссіз процесс ағымын құру. 2. «Тарту жүйесін пайдаланыңыз (РЦЦ жүйесіақпарат ағыны дәстүрлі жүйедегідей керісінше емес, нарықтан басқаруға бағытталатын және күнделікті сұранысқа (сатуға) негізделетін өндіріс жүйесі. 3. Жұмыс жүктемесін теңдестіріңіз. («Қоян сияқты емес, тасбақа сияқты жұмыс істеңіз») 4. Басынан бастап барлығын сапалы істейтін үрдіс құрастырыңыз, сонда қателеспейсіз. 5. Қызметкерлердің үздіксіз жетілуіне және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге негізделген стандартты міндеттер. 6. Мәселе жасырын қалмас үшін үнемі көзбен көріп, яғни визуалды бақылауды пайдаланыңыз. 7. Қызметкерлер мен процесстер үшін сенімді, мұқият тексерілген технологияларды пайдаланыңыз. Қызметкерлер мен әріптестердің дамуының арқасында ұйым құндылықтарының артуы 1. Сіздің компанияңыздың пәлсапасын толық түсініп, оны басқа қызметкерлерге үйрететін көшбасшыларды тәрбиелеңіз. 2. Сіздің компанияңыздың пәлсапасын негізге алатын топтар мен адамдардың дамуы. 3. Әріптестеріңіз бен өнім берушілердің кең желісін сыйлай отырып, оларға сізбен бірге дамуға мүмкіндік беру. Ең түпкі мәселелерді тоқтаусыз шешу ұйымдасқан оқуға алып келеді. 1. Жағдайды дұрыс түсіну үшін өзіңіз барып, бәріне көзіңізді жеткізіңіз. 2. Барлық мүмкіндіктерді таразыға салып, консенсус негізінде шешімді өте тез орындаңыз. 3 Мәселелерді шаршамастан айқын көрсетіп, үзіліссіз жақсарта үйретуші ұйым болың ыз. Тойота өндірістік жүйесін жиі құрғақ орамалдан су сыққанмен салыстырады. Бұл жүйе «шығынды» мүлдем болдырмауға құрылғанын білдіреді. Мұнда «шығындар» дегеніміз процестің дамуына ықпал етпейтін, өніміңіз бен қызметіңізге құндылық қоспайтын дүние деп айтуға болады. Көп адамдар осы шығындарды азайтуға қанша күштері мен уақыттарын жұмсайды. Тағы осынша адамдар осы «шығындар» мәселесін әлі де анықтамағандықтан оған шыдауға мәжбүр. Әрқашан адамдар көндігіп кеткен мәселелердің белгілі бір мөлшері бар, олар «мәселелерді» шешу тәжірибесінен бас тартқан. Тойота Өндірістік Жүйесінің тәжірибесінде қолданылатындай, мәселенің негізгі себебінің шығу көзін анықтау түпкілікті жақсартуға әкеледі. Метин Палик BI GROUP Construction Холдингі Бизнес және корпоративтік даму бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

11


ЖУЛДЫЗДЫ СПИКЕР Жуырда BI Group компаниясына үнемшіл өндірістің үлкен ынтагері, Leanның философиясы және оны құрылыс компаниясында қолдану әдістері туралы баяндайтын бірнеше бестселлердің авторы Пол Эйкерс келіп кетті. Ол жыл сайын Rixos Lake Borovoe мейманханасында өткізіліп тұратын Директорлар Кеңесінің жылдық жиналысына қатысып, компанияның топ-менеджерлері алдына шығып, сөз сөйледі. Полдың айтуынша, үнемшіл өндіріс қарапайым және думанды да бола алады, ең бастысы, оның тиімді болатыны сонша, ол компанияның табысқа жету және өркендеу мүмкіншілігін бірнеше есе арттыра алады. Біз Полға бірнеше сұрақтар қойдық, оларға жауап бере отырып , Пол оқырмандарымызға Lean дегеніміз шынында, бұл не, біз оны өзімізде қалай қолда алатынымыз туралы қысқаша және анық түсін-

нуға тиіссің. Өз тәжірибеме сүйеніп, мен мынаны айта аламын, көп адамдар артық шығындарды көрмейді, ұсақ-түйектерге көңіл аудара бермейді, ал олар, нәтижесінде жинала келіп, бір үлкен қар үйіндісіне айналады да, адамның, компанияның үсті-үстіне үйіп-төгіле береді, соның салдарынан артық шығын жұмсау мәселесі шындыққа айналады және компанияны ақылға сыймайтын шығындарға әкеп соқтырады. Менің өз оқушыларыма арнайтын ең басты жолдауым – бұл артық шығындарды көре білу, олардан құтыла білу, өйткені ақыр аяғында, компаниядағы қиындықтардың көпшілігі дәл осылай, біреулердің өндірістік ресурстарды ұтымсыз пайдалануынан туындап жатады. Сіз Lean философиясына қалай келдіңіз, өндірістің бұл әдісі Сізді несімен қызықтырды? Және Leanды Сіз күнделікті өмірде қалай пайдаланасыз?

ПОЛ ЭЙКЕРСТІҢ ПІКІРІНШЕ ӨНДІРІСТІ ҮНЕМДЕУ

Пол Эйкерс

діріп береді. Пол және BI Group-тың басшылық құрамының басым көпшілігі Leanның фислософиясымен таныс және бұл өндіріс әдісі нені білдіретінін түсінеді, алайда желілік жұмыскерлердің көбі үшін «үнемшіл өндіріс» - бұрынғыдай, олардың сөздігіндегі жаңа термин болып табылады. Lean философиясы нені білдіретінін бір-екі ауыз сөзбен айтып беріңізші, өндірістегі осы жаңа және өте маңызды тренд жайлы қысқаша қалай түсіндіруге болады? Мен Leanды бір-екі сөзбен былай түсіндіруге болады деп ойлаймын, бұл: залалдарды көру, ресурстардың артық шығынын көру. Сенің менеджменттің қай деңгейінде тұрғаның маңызды емес, алайда сен ресурстардың артық жұмсалуын – уақыт немесе материалдар болсын, көріп отыруға талпы-

12

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

Пол Эйкерс және тренинг кезіндегі компанияның топ-менеджерлері

Мен бұл философияға жай қызығып қана қойған жоқпын, мен Leanға ғашық болып қалдым және бұл махаббатым осы күнге дейін сақтаулы. Осыдан 15 жыл бұрын, мен басқарған фабрикада екі жапондық жігіт жұмыс істеді, олар бастамашылықпен жұмыс істей отырып, екі Lean-жаңалықты өндіріске енгізді және мен олардың істеген жұмысына лайықты баға бере алдым. Олардың күш салуымен, осыған дейін бірнеше сағатқа созылатын толық бір өндірістік кезең 45 минутқа дейін қысқарды, міне, сол кезде мен Leanның философиясынсыз компаниямыз қаншама зардап шегіп келгенін түсіндім. Мен көп оқыдым содан соң, келесі жылдары Lean бойынша сабақ беруге көштім. Ал құрылысқа мені бір оқиға алып келді, мен Lean философиясы бойынша дәріс оқушы ретінде Сан – Франциско қаласына,


ЖУЛДЫЗДЫ СПИКЕР Калифорниядағы Құрылыс университетіне шақырылдым. Мен өзімнің тыңдармандарымды таңғалдыру үшін бар күш-жігерімді салып дайындалдым. Дәріс өте жоғары деңгейде өтті, тіпті ол бір күнде интернеттен 70 000-рет тыңдалғанын айта кету қажет. Міне, сол кезде мен құрылысшыларға дәл осы Leanның жетпей тұрғанын және дәл осы философия экономиканың өте маңызды бұл саласындағы өндіріс әдістерін өзгерте алатынын түсіндім. Күнделікті өмірде мен Leanды жұмыста ғана емес, үйде де қолданамын, балаларымды үнемшілдікке тәрбиелеп жүргеніммен, мен отбасыма қысым жасауға тырыспаймын. Абай болыңыздар, отбасылық қарым-қатынастар иррационалды фактор- махаббатқа құрылады және кез-келген артық үнемшілдік отбасылық-қарым-қатынастардың түбіне жететінін есте сақтау қажет. Lean философиясы біздің компанияға қалай көмектесе алады? - Мен Leanның Сіздің компанияңыздың одан арғы табыс кілтіне айналатына сенімдімін. Мен Сіздердің жобаларыңызда болдым, үнемшіл өндірісті дамытуға бар күш-жігерлерін салып, еңбектеніп жүрген құрылысшыларыңызды көрдім, алайда алдарыңызда Сіздер осы уақытқа дейін жүріп өткен жолдан әлде қайда ұзақ жол тосып тұр. Құрылыстың өзі бар әлемде – өндірістің тиімсіз әдістерінің тұтас бір топтасқан жері. Бұл көптеген факторлармен байланысты, солардың ішіндегі басты рөл осы жерде және тап қазір шешуді талап ететін, жиі болып тұратын штаттан тыс жағдайларға тиесілі. Идея бойынша,өндірістік үдерісті көп күнге алдын ала жоспарлап қою – үлкен құрылыс үшін өмірлік қажетті құрамдасы болып табылады. Мен АҚШ-тың құрылыс алаңдарының бірінде болдым, ол жерде әрбір қызметкердің жұмыс жоспары 6 аптаға алдын ала жасалып қойған. Бұл жұмыс уақытын мүмкін болғанша тиімді пайдалануға көмектесетін өте үлкен серпін, менің ойымша, бұл бәріміз, оның ішінде, BI Group та ұмтылуға тиіс меже. Leanды енгізу үдерісінің бір бөлігі болу үшін, жұмыскерлер не істеуі қажет? - Әдеттен тыс естілгенімен, жұмыскерлер ешнәрсе істеуге тиіс емес, Leanды тек жетекшілер, яғни олардың үлгілі жұмыстары арқылы ғана енгізуге болады. Егер жетекші әрдайым және барлық жерде үнемшілдікті сақтап жүрсе, оның үлгісіне басқа қызметкерлер де еретін болады. Мен үлкен

компанияны басқарамын, және біз өндіріске мүмкін болғанша, жақын болу үшін, кеңсені қажет етпейміз. BI Group үйлер салумен айналысады, және Сіздің компания өндіретін ең басты құндылық – бұл жылжымайтын мүлік. Сондықтан, меніңше, Сіздің компания басшылығының көп уақыттарын құрылыс алаңдарында өткізіп отыратыны өте дұрыс. Шындығында, сен өндіріске қаншалықты жақынырақ болсаң, Leanның дамуы соншалықты жоғарылай түседі. Lean философиясы Жапония, Корея сияқты, ресурстары өте шектеулі елдерде кең таралған, ал енді, пайдалы қазбаларға және басқа ресурстарға бай, қымбат бағалы материалдарды қалай үнемдейміз деп ұдайы ойлануды қажет етпейтін елдер не істеуі тиіс. Егер біздің орасан зор аумағымыз және мол табиғи ресурстарымыз бар екенін ескеретін болсақ, біздің қазақстандықтар Leanды қалай дамытуы қажет? Lean ресурстарға үнемшіл қатынаспен тығыз байланысты, алайда, меніңше, бұл философияның өзегі кедейлік немесе байлықта емес, қарапайымдылықта. Нақ осы қарапайымдылық, өз табысы болып саналмайтын қаржыны ысырап етпей, өз шамасына қарай өмір сүре білу- үнемшілдіктің кілті болып табылады. Сондықтан қарапайым адами құндылықтар, дұрыс өмір салты осы философияның катализаторы бола алады. Сіз өз уақытыңыз және ресурстарыңызды бекер шығындамауды үйрене отырып, компанияның табыстылығын арттыруға көмектесесіз, өз еліңіздің, бүкіл әлемнің жақсара түсуіне көмектесесіз. Lean өндірістің ең қарапайым саналатын нәрселердің бәрінде кездеседі – бұл өндірісті айтарлықтай жеңілдететін және әрбір «артық» кірпішті , әрбір «артық» шегені сақтап қалатын, мерзімдерді дұрыс қоя білу, сапаға зардабын тигізусіз, материалдар мен ресурстарды үнемдей білу, оңтайлы құрылыс шешімдерін таба білу. Құрметті әріптестер, Кайдзен жүйесіндегі инновациялар туралы жаттықтырушы Пол Эйкерстен білгілеріңіз келсе, мына сілтеме бойынша өтулеріңізге болады: http://2seconlean.com/category/lean –videos Әңгімелескен Аян Зикирин, BI Group Construction Холдингінің PR-менеджері

Компанияның топ-менеджерлері Пол Эйкерспен бірге

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

13


ХОЛДИНГ BI LIFE СЕРІКТЕСТЕРІ

КОМПАНИЯ СЕРІКТЕСТЕРІНІҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Директорлар Кеңесінің өткен жылдық жиналысында компания серіктестері болып жаңа серіктестер – «Казахдорстрой» ЖШС Басқармасының төрағасы Серік Төлебаев, «Автодор–НС» жол дивизионының бас директоры Арман Жакенов және «ИЖС-Астана» дивизонының бас директоры Максим Чернышов бір ауыздан қабылданды. Құттықтаймыз! СЕРІК ҚОШҚАРБАЙҰЛЫ ТӨЛЕБАЕВ «Құрылыс-жол машиналары» мамандығы бойынша ЦИҚИ, С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын «математика және информатика» мамандығы бойынша, Ақмола қаржы-экономикалық колледжін «қаржы» мамандығы бойынша, ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша, Бизнес халықаралық академиясын – «Іскери-әкімшілік магистры» мамандығы бойынша, Гончаров атындағы КазАДИ-ді «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша аяқтады. Холдингтегі еңбек жоРахымбаев А.Ж., лын 2005 жылы СЭБ баИсабаев Б.А., стығы ретінде бастаған. Төлебаев С.Қ. 2008-2010 жылдар аралығында «BI GROUP» ЖШС бас директорының орынбасары лауазымында қызмет еткен. 2010 жылы «Казахдорстрой» орталығының директоры етіп тағайындалған. 2010 жылдың қазан айында Серік Қошқарбайұлына «Қостанай қаласын айналу» жолының жобасын басқару сеніп тапсырылған. 2011 жылы «Казахдорстрой» ЖШС Шучинск филиалының директоры болып, кейіннен Солтүстік аймақтық дирекцияның директоры болды. Тамаша басқару қабілеттерінің арқасында 2012 жылдың қазан айында оған «KAZPACО» ЖШС басшылығын сеніп тапсырған. 2013 жылдың сәуір айынан бастап 2014 жылдың тамызына дейін ол «Казахдорстрой» ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары болып, бір уақытта «Ертіс өзеніндегі өткел көпір» ірі жобасының директоры болды. 2014 жылдың 2 қыркүйегінен оны «Казахдорстрой» ЖШС Басқарма Төрағасы етіп тағайындады. Серік Қошқарбайұлының басшылығымен жол құрылысы саласында ірі жобалар жүзеге асырылады. АРМАН ҚА ДЫРҰЛЫ ЖАКЕНОВ 1996 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітіреді. 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық университетті «Мемлекеттік және муниципалды басқару» мамандығы бойынша аяқтайды. 2008 жылы Халықаралық Бизнес Академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша оқиды, академиялық дәрежесі магистр. 2013 жылы КазАДИ-дің «Құрылыс» факультетін «Техника және технология» мамандығы бойынша аяқтайды. Арман Қадырұлының тарихы біздің компанияда өсудің үлгісі іспеттес. 2005 жылы «АБК Бетон» компаниясы директорының орынбасары болып тағайындалады. 2006-2007 жылдары «АБК-Электромонтаж» компаниясына директор болып тағайындалады. 2007 жылы «АстанаЖилСервис» ЖШС директоры болады. 2008 жылы «АБК-Бетон» директоры етіп тағайындалады. 2009 жылы «Астана-Петропавловск» автомобиль жолын қайта жөндеу жобасы тапсырылады, онда ол өндіріс бойынша директор орынбасарының лауазымында қызмет атқарады. 2009 және 2011 жылдары «Казахдорстрой» ЖШС Жамбыл филиалының «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының «Алматы-Қордай-Благовещенка-Мерке-Ташкент-Термез» 404-443 шақырым учаскелерінің реконструкциясы жобасының бірінші орынбасары ретінде тағайындалады. Бұдан кейін ол «СП Казахдорстрой-Hyundai» ЖШС бас директоры лауазымында қызмет атқарады. 2013 жылы «Казахдорстрой» ЖШС Жамбыл филиалының директоры ретінде тағайындалады, оның басшылығымен ірі жобалар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» – «Тараз 3» автомагистралі

14

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


ХОЛДИНГ СЕРІКТЕСТЕРІ

Жәкенов А.Қ. өз командасымен

сияқты тіпті халықаралық жобалар да іске асырылды. 2014 жылдың тамыз айында «Автодор НС» ЖШС басшысы ретінде тағайындалады. Бірнеше айдан кейін оған «Автодор НС» жол қозғалысының басшылығын сеніп тапсырады. Еліміздің ірі жол жабалары Арман Қадырұлының басшылығымен іске асады және іске асып келеді. МАКСИМ ВАЛЕРЬЕВИЧ ЧЕРНЫШОВ Ол заманауи гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Халықаралық бизнес академиясын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. Студент болып жүріп, біздің компанияда диплом алды тәжірибесін өтті. Максим Валерьевич 2004 жылы диплом қорғаған соң «АБК-Құрылыс» заңгер лауазымына орналасады. 2004 жылы Максим Валерьевичті заңгерлік бөлімнің бастығының міндетін атқарушы лауазымына тағайындайды, ал 2005 жылдың ақпан айында заңгерлік бөлімнің бастығы болып тағайындалады. 2007 жылы «АБК Құрылыс» және BI GROUP компаниялары қосылады, осыған байланысты заңгерлік басқарма ұйымдастырылып бөлімдерге

Омаров А.Г. және Чернышов М.В.

бөлінеді, сол бөлімердің бірін Максим Валерьевич басқарады. Оның кәсіби деңгейі қарқынды дамиды. 2008 жылдың басында-ақ заңгерлік басқарма бастығы болса, жыл соңында әкімшілік директоры болып тағайындалады. 2011 жылдың желтоқсан айында Максим Валерьевич үшін жаңа белес басталады – оған «Арман қала» жобасын жүргізу сеніп тапсырылады. 2012 жылдың мамыр айында ол «МЖК-Астана» дивизионының бірінші орынбасары лауазымына ұсынылады және жобаның басшысы ретінде қала береді. 2014 жылдың маусым айында Максим Валерьевич «ИЖС-Астана» дивизионының бас директоры болып тағайындалады.

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

15


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР BI GROUP Construction Холдингі

Мұрат Сейхан Бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор қызметіне тағайындалды. Мұрат 2001 жылы Стамбул техникалық университетін «Инженерқұрылысшы» мамандығы бойынша, 2002 жылы осы университетті МВА бағдарламасы бойынша «Жобаларды басқару мамандығы бойынша және 2004 жылы магистратураны аяқтады, 20014 жылы – «Real Estate Development» саласында екінші жоғары білім алды. Жалпы жұмыс өтілі 13 жыл. Бұрын Limak Insaat (TR), инженер-экономист болып, Bureau Veritas (TR) – инспектор, Landmarkk Turkes (KZ- TR) –инвестициялар бойынша маман, BASE-MK Real Estate Development (KZ) компаниясында директор, Metro Cash & Carry (KZ) жобалық директор және DTZ (KZ) компаниясында басқарушы директоры болып істеген.

Бальмухамедов Нұржан Саржанұлы «BI GROUP Construction» Холдингінің проблемалық активтермен жұмыс істеу бойынша басқарушы директор қызметіне тағайындалды. Нұржан Саржанұлының екі жоғары білімі бар: Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1992 ж.) және Жүсіп Баласұғын атындағы Қырғыз ұлттық университеті (1999 ж.). Жалпы жұмыс өтілі 23 жыл, оның ішінде BI Group Холдингінде 10 жыл. Бұрын BI GROUP Construction Холдингінің экономикалық қауіпсіздік қызметінің бас маманы қызметін атқарған.

BI GROUP Construction Холдингі

Жеңіс Мүбаракұлы Шаяхметов «BI GROUP Construction» Холдингінің Қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. Жеңіс Шаяхметов получил образование в Великобритании, закончив в 2012 Эксетерский Университет по специальности «Бухгалтерский Учет». Холдингтегі жұмысын Жеңіс 2013 жылы бастады. Бұрын «МЖК- Астана» дивизионында және «BI GROUP Development» Холдингінде қаржылық талдаушы болып жұмыс істеген.

16

Морозов Денис Владимирович

Құманбаев Серік Нұрмұханбетұлы

Басқарма төрағасының механизация бойынша кеңесішісі қызметіне тағайындалды. Денис Владимировичтің жоғары инженерлік білімі бар және 1997 жылы қаржы бағытында екінші жоғар білім алды. Жалпы жұмыс өтілі 30 жыл, олардың ішінде жол құрылысы саласында 17 жыл. Бұрын банктік құрылымдарда және Caterpillar, Case, Wirtgen халықаралық компанияларында жұмыс істеген.

BI GROUP Construction Холдингінің Бизнесті дамыту бойынша өңірлік менеджері қызметіне тағайындалды. 2010 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Механика» мамандығы бойынша, 2013 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «Көліктік құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады, сонымен қатар 2013 жылы Мирбис МВА тыңдаушысы болды. Холдингте 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Бұрын «Казахдорстрой» ЖШС тендерлік бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

BI GROUP Construction Холдингі «KAZPACO» жол дивизионы

Тұрғынбекұлы Асхат «Балқаш ЖЭС құрылысы» жобасының басшысы қызметіне тағайындалды. Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобильжол академиясын «құрылыс» мамандығы бойынша үздік аяқтады, Gangneung Wonju National University (Оңтүстік Корея) магистратурасын азаматтық құрылыс мамандығы бойынша үздік аяқтады. Шетелдік – ISAN CORPORATION (Корея), DOHWA Engineering (Корея) сияқты компанияларда жұмыс өтілі бар. Асхат Тұрғынбекұлы Халықаралық Сертификатталған Жоба менеджері бойынша емтиханды сәтті тапсырды және оған Америка Жоба Менеджері Академиясының Gold Embossed AAPM сертификаты берілген. от Американской Академии Проект Менеджеров. 4 тілді: қазақ, орыс, ағылшын және корей тілдерін еркін меңгерген. Бұрын BI Group - Construction Холдингінің Жобаларды басқару орталығының бастығы қызметін атқарған. MBA – Мирбис бағдарламасының тыңдаушысы.

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

Быков Николай Александрович

Есенжолов Жұмат Қуанышбайұлы

«Балқаш ЖЭС құрылысы» жобасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. 1975 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша аяқтаған. Бұрын әр түрлі жеке және мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарған. Холдингте 2013 жылдан бері жұмыс істейді, бұрын Астана қаласындағы жоба басшысы қызметін атқарған (ОңтүстікШығыс).

Балқаш ЖЭС телім бастығы қызметіне тағайындалды. Бұрын «Арқалық–Шұбаркөл» темір жол желісінің құрылысы» жобасында осыған ұқсас қызмет атқарған. Корпоративтік жұмыс өтілі 2 жыл.


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР BI GROUP Development Холдингі BI GROUP Development Корпоративтік орталығы

Ошағанова Махаббат Серікқызы Персонал бойынша Басқарушы директордың орынбасары қызметіне тағайындалды. Махаббат Сеікқызы екі жоғары білім алды: Омск мемлекеттік педагогикалық университетін «Педагог-психолог» және Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетін «Бухгалтер- экономист» ммандығы бойынша аяқтады. Pre- MBA дәрежесі бар. Холдингтегі жұмысын Махаббат Серікқызы 2005 жылы HR бойынша менеджер қызметінен бастады. Бұрын Ранее занимала должность начальника Управления по работе с персоналом ТОО «МЖК BI-Premium» ЖШС Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма бастығы қызметін атқарған. Холдингке келгенге дейін «АБДИ Компани» ЖШС тәжірибеден өтуші психологы, соынмен қатар корпоративтік клиенттермен жұмыс істеу бойынша менеджер қызметін атқарған.

«МЖК-Астана» дивизионы

Айман Мұханбетова Корпоративтік университет директоры болып тағайындалды. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік университетін аяқтады, Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар. 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ докторантын «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады. Экономикадағы философия докторы. Айманның «СамұрықҚазына», «ҚазМұнайГаз», «KEGOC», Қазақтелеком, «Қазпочта», «Казатомпром», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ компанияларда тренингтік жұмыс бойынша үлкен тәжірибесі бар. Айман «Human Technologies» тренгингтік компаниясын басқарған және Қазақстанның жетекші университеттерінде басшылық тәжірибесі мол, Халықаралық Бизнес Университетінде МВА бағдарамасының жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.

Оспанов Әміржан Қайырбекұлы «МЖК- Астана» дивизионы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұрын мұнай саласындағы«КазМунайГаз» ҰК» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ және т.б. сияқты ірі компанияларда басшылық лауазымдар атқарған. 2010 жылы Роберт Гордон Университетінде мұнайгаз басқармасында МВА, Ұлыбританияның Абердин қаласында Абердиннің бизнес мектебін аяқтады. 1998 жылы Астана қаласындағы Аграрлық университетті «Бух.есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады.

«МЖК-Премиум» дивизионы

Айтқазин Данайхан Әсемханұлы

Түстікбаева Аяна Батырханқызы

«Park Avenue» жобасының басшысы қызметіне тағайындалды. Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Холдингте 2003 жылдан бері жұмыс істейді. «АБК Құрылыс» күзет қызметінің аға инспекторы қызметінен бастады. Бұрын BI Village Deluxe жобасы басшысының орынбасры қызметін атқарған. 2014 жылы СИБАДИ «Құрылысты ұйымдастыру және технология» мамандығы бойынша түсті. Pre-MBA бағдарламасының тыңдаушысы.

«МЖК- Премиум» дивизионының HR-менеджері қызметіне тағайындалды. Холдингтегі жұмысын Аяна Батырханқызы 2007 жылдан бері «Билд Инвестментс Груп» АҚ қаржы бойынша директор орынбасарының көмекшісі қызметінен бастады. Екі жоғары оқу орнын аяқтады: Ақмола технология және бизнес университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша жіне «Фемида» Университетінің Қарағанды филиалын «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады. Бұрын «МЖК BI-Premium» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

17


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҒЫ

«KAZPACO» ТҰҢҒЫШ РЕТ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАҒА ҚАТЫСАДЫ KAZPACO техникасы жұмылдырылды

Жобада дайындық жұмыстары басталды

2013 жылғы сәуір айында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корея Республикасы Үкіметінің арасындағы Балқаш ЖЭС-ін қаржыландыру, жобалау, құрылысын салу, пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласын дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. «КАZPACO» (КАЗПАКО) Жол Дивизионы командасы, акционерлері «Самрұқ-Энерго» АҚ, «KEPCO» және «SAMSUNG. оңтүстік кореялық компаниялар консорциумы болып табылатын «Балқаш ЖЭС құрылысы» деп аталатын жаңа жобаны іске асыруға қатысу құрметіне ие болды. Құрылыс алаңы жайғасқан орын Алматы облысының Жамбыл ауданының және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы аумағындағы Үлкен ауылынан 2,5 км жердегі Балқаш көлінің Оңтүстік-батыс жағалауы болып табылады. Жобаның мақсаты Қазақстанның Оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясы тапшылығын жабу. 2015 жылғы ақпан айында «КАZPACO» (КАЗПАКО) жол дивизионы командасы Балқаш ЖЭС-і құрылысы үшін құрылыс алаңын дайындау жұмыстарын орындау бойынша өткізілген тендердің жеңімпазы деп танылды. Содан кейін, 2-апта ішінде, ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін жол-құрылыс техникасы жұмылдырылып, жоба командасы жасақталды және 2015 жылғы 1-наурыздан бастап команда жұмысты орындауға кірісіп кетті. Жоба бойынша болашақта ЖЭС энергия блогі салынатын 49 га алаңды және уақытша ғимараттар мен құрылыстар салынатын 18 га алаңды тегістеу жұмысы ұйғарылған. Ол үшін 380 мың.м3 көлеміндегі тасты жерді шұңқырлау жұмысын орындау ( оның ішінде 260 мың м3 көлемінде бұрғылау-жару жұмыстары) және осы көлемді үйіп төсеу. Қазіргі уақытта жобада 70 жұмыскер адам және 34 ауыр техника бірлігі жұмыс істеуде. Бұл жобаның құндылығы - ол дивизионның тарихындағы алғашқы халықаралық келісімшарт болып табылады және осы Samsung тәрізді алыптармен жұмыста жинақтаған тәжірибе келешекте біздің жас дивизионның дамуы үшін өте пайдалы болады. Команданы ірі жобаны іске асырудың басталуымен құттықтаймыз! Әсемгул Омарова, кадрлер бөлімінің маманы және «KAZPACO» жол дивизионының ӨТБ мамандары

Жоба командасы

18

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

Жоба командасы


«АРНАУ» ТК

ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҒЫ

Кокымбаев Б. А., Бегалин Е. Б., Баекешов М. Т.

Бұл шығарылымда біз сіздерге «МЖС-Астана» тұрғызып жатқан «Арнау» (1-інші кезек) құрылыс нысанындағы соңғы жаңалықтар жайлы айтамыз. Бұрын бұл дивизион тек жеке тұрғын үй құрылысымен (BI Village коттедж алабы) айналысып келгенін айта кету қажет, содан кейін бұл команда Естай Ентыбаевтың басшылығымен азқабатты клуб тектес үйлер (Deluxe Town,Comfort Town,BI Town) тұрғызуды бастады. «Арнау» - бұл дивизионның тарихындағы жаңа орам. «Арнау» - бұл, ЭКСПО 2017 өткізілетін аумаққа, президент тас жолы, астананың көрнекті орындары – Министрліктер үйі және Салтанат аркасына жақын орналасқан беделді аудандағы көпқабатты тұрғын үй кешені. Соңғы жаңалықтар туралы бізге жоба жетекшісінің орынбасары Абусаид Аюпов былай деп әңгімелеп берді: «Өткен жылы, 2014 жылғы сәуір айында осы нысанның құрылыс жұмыстары басталып кетті. Жоба 6 блок, 9 кіреберіс, 320 пәтер құрылысын қамтиды. Пәтерлер жетілдіріліп әрленген алғашқы күйінде тапсырылады, 99 орынға арнап, кіріктірілген паркингімен қоса берілетін кеңсе жайлары бар. Құрылысты аяқтау2015 жылғы қыркүйек айына жоспарланып отыр. Алайда біз бұл нысанды Құрылысшылар күні қарсаңында пайдалануға беруді тұспалдап отырмыз. Ең алдымен біздің команда туралы айтқым келеді: ИТҚ-құрамының 90 % - ның орташа жасы 27 жастан аспайды. Команданың әр мүшесі өзінің функционалдық міндеттерін анық орындайды және барлық қойылған міндеттерін мерзімінде атқарып отырады. Бүгін таңда ОВК және НВК, ішкі электрлендіру бөлімдері бойынша инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр, сонымен қатар қасбет және төбе жабындысы жұмыстары белсенді жүргізілуде. «Арнау» ТК өте ыңғайлы және тыныш ауданда салынып жатқанын айта кету қажет, ал жақын арада бұл жерде балабақша және мектеп тәрізді әлеуметтік нысандар пайда болады. Біздің ауданды алда жарқын келешек күтіп тұр деп ойлаймыз!».

Альпеисов К. И., Мұхамедрахман А. Қ., Кокымбаев Б.А., Бегалин Е. Б., Жанадилов М. Б., Жакыпбеков С. Ш., Ермаганбетов Н. Т., Абылай Қ. А., Абдуалиев Д. Н., Арысбеков Ш. Ә., Унгаров Н. А., Сейтенбаев К. С.

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

19


BI PRODUCT BI LIFE

«ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ» – «КҮЗ-1» ТК-ДЕ ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАПСЫРЫЛДЫ Бақытты қоныстанушылар

Тұрғын үй кешенінің қасбеті

Наурыз айының соңында «Жыл мезгілдері» (Күз - 1-ші кезек) В тұрғын үй кешенінің жаңа қоныстанушыларына компания пәтер кілттерін тапсырыды. Оның құрылысын «МЖК-Астана»Дивизионы жүргізгенін еске сала кетейік. Бұл күні 200-ден астам отбасы өз үйлерінің кілттеріне ие болды, солардың бірі – Сейтназаровтар отбасы кілт тапсыру іс-шарасына ерекше тебіреніспен келді, өйткені бұл жас отбасының тұңғыш үйі. Олардың кішкентай ұлы, үйдің болашақ қожайыны ретінде, пәтердің табалдырығын бірінші болып аттады, Сейтназаровтар отбасының мүшелері өздерінің алғашқы ұяларының кілтін алғандарына өздерін бақытты сезінетіндерін жасырмады. Әлмахановтар отбасы үшін бұл BI Group-тан алған бірінші пәтерлері. Отбасы отағасының айтуынша, компания өзін баспананы уақытында тапсыратын жауапты құрылыс салушы ретінде таныта білгендіктен, олар өз таңдауларын біздің компанияға тоқтатыпты. Арман Ахметов, «МЖК-Астана» дивизионының бас директоры: – Нысанның ерекшелігі, ең алдымен оның тақырыптары жылдың әр мерзіміне сәйкес келетін тұрғын үй кешендерінен тұратынында. Үйәдемі болып шықты, клиенттеріміз риза. Бұл үй біздің визит карточкамыз болады деп ойлаймын және болашақ клиентеріміз оның артықшылықтарын бағалайтын болады. Жобаны әйел адамның басқарғаны бірден байқалады, Светлана Николаевна осы үйдің әр бұрышы үшін өзінің талғамын қолданды, байқаған болсаңыздар, кіреберістердің дизайны ерекше назар аударуға тұрарлықтай. Команда дивизионы клиенттерді риза қылу үшін ортақ күш-жігерлерін жұмсай отырып, құрылысты мерзімінде тапсыруға тырысты, сол үшін олардың әрқайсысына алғысымды білдіремін. Светлана Бойко, жоба басшысы: – «Жыл мезгілдері» – қызық және өзінше бірегей жоба. Тұрғын үй кешеніне озық дизайнерлік және сәулеттік шешімді стандартты және практикалық құндылықтар қатар қолданылған. Бұл тек сыртқы түрге ғана емес, үйлер мен пәтерлердің ішкі жоспалануына да қатысты. Мен тұрғындардың әрқайсысы да үйінің бірегей екенін

Оңнан солға қарай: Шайзин А.С., Оспанов А.К., Ахметов А.С., Бойко С.Н., Мергалимов Р.Б., Бершимбаев Б.М., Аманбеков Н.А., Садырбай У.Б., Чернышов М.В. және іс-шара қонағы

20

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI PRODUCT Алмахановтар отбасы

Слева направо: Ахметов А.С., генеральный директор дивизиона «МЖКАстана»; Шокаев К. начальник участка ЖК «Аrt House»; Мергалимов Р.Б., первый заместитель генерального директора дивизиона «МЖК-Астана», руководитель проектов; Аманбаев Т.М. начальник участка ЖК «Времена года» (Осень); Ахметов Н., энергетик ЖК «Времена года» («Осень»); Садвакасов Р.А. начальник участка ЖК «Акбулак Таун»; Баратов Н., помощник геодезиста ЖК «Времена года» (Осень).

және ол қаланың пәтерлері мен үйлерінің жалпы көпшілігінен ерекше екенін батыл айтып, мақтана алады деп ойлаймын. «Жыл мезгілдері» тұрғын үй кешені өзінің «Барлық мерзімдерге» деп аталатын атына толық лайық. Бұл жерде қолданылған құрылыс және әрлеу материалдарының бәрі тек қана сенімді, қауіпсіз, мәңгілік бұзылмайтын және орасан зор жүктемелер мен температураның ауытқуларына төзімді болып табылады. Ғимараттың көтергіш каркасына темірбетон қолданылған, арақабырғалар мен ішкі қабырғаларға газблок пайдаланылған. – Пәтерді таңдау кезінде біз үйді салуға пайдаланылатын материалдарға, болашақ үйіміз салынатын орынға және құрылыс салушының сенімділігіне басты назар аудардық,дейді «Жыл мезгілдері» тұрғын үй кешенінің 2-бөлмелі пәтер иесі Айдар Қалиев. - «Жыл мезгілдері» бізге барлық параметрлері бойынша лайықты, өте жақсы нұсқа болып шықты. – Біздің үйдің кіреберіс холдары жанға жайлылығымен таңғалдырды, - деп қоштады Санель Боранбаева, «Жыл мезгілдері» тұрғын үй кешенінің тұрғыны. – Табалдырықтан аттасаң болғаны, өзіңнің үйде екеніңді сезінесің. Шын мәнісінде, дәл осы холдар, кіреберістер, баспалдақ алаңдары үй туралы алғашқы әсерді қалыптастырады. Домофондары кіріктіріп орнатылған берік есіктері, кіру топтары және лифт аймақтарындағы заманауи жарықтандыру күн мен тәуліктің кез-келген уақытында«Жыл мезгілдері» тұрғын үй кешенінің тұрғындарын қуанышқа бөлеп тұрады. Бұдан басқа, кіреберістің интерьерінде пайдаланылған дизайнерлік тәсілді де байқаймыз.Бұл жерде түстер мен фактуралардың жанға жайлы ашық қисындастырулары басым. Кіреберістің төбесіндегі және қабырғаларындағы күзгі пейзаж көрінісі холдың дизайнына ашық бояуларды қоса түседі және өзіндік даралығын білдіреді. Сыртқы сұлулығынан бөлек бұл жерде практикалық маңыздылыққа да орын берілген: әрбір қабаттағы қозғалыс көрсеткіштері және бейнебақылау жүйесі тұрғындадың өздерін тәулік бойы қауіпсіз сезінулеріне жағдай туғызады. Бұған қосарымыз, «Жыл мезгілдері» (Күз-2) тұрғын үй кешенінің екінші кезегін тапсыру осы жылдың мамыр айына белгіленген. BI Group Development Холдингінің жарнама және PR бөлімі

Сейтназаровтар отбасы

Кіреберістердің бірі

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

21


BI LIFE «МЖК-АСТАНА» ТАС ҚАЛАУШЫСЫ БРАЗИЛИЯДАҒЫ WORLDSKILLS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҚАЗАҚСТАН БЕДЕЛІН ҚОРҒАЙДЫ

Осы жазда Сан-Паулада өтетін World Skills жұмыс мамандықтары бойынша Әлем чемпионатында «Тасты қалау» саласында BI Group пен Қазақстан компаниясының беделін «МЖК-Астана» дивизионының тас қалаушысы Қанат Ерман қорғайтын болады. Ұлттық байқауда ол бірінші орынға жеңіп алды және халықаралық чемпионата қорғау құқығына ие болды.

Қанат Ерман

World Skills жұмыс мамандықтары бойынша қазақстандық чемпионаттың финалы Астана қаласында өтті. Оның қорытындылары бойынша BI Group компаниясының «МЖК-Астана» дивизионының тас қалаушысы Қанат Ерман «Тасты қалау» номинациясының жеңімпазы атанды. World Skills – қозғалыс, оның мақсаты жұмыс кәсіптерін түсіндіріп көпшілікке тарату, мәртебесін және кәсіби даярлығы мен біліктілік стандарттарын көтеру болып табылады. Кәсіби шеберлік байқауы 7 сала бойынша өткізіледі: токарлық іс, пісіру жұмыстары, кірпіш қалау, сантехника және жылу жүйесі, әрлеу және гипсокартон жұмыстары, шаштараз ісі, мейрамхана ісі (аспаз) ИТ жүйелерін басқару. WorldSkills комитетінің өкілдері, осы жоба кадрларды дайындаудың ең үздік тәжірибелерін таратуды, таңдалған салалар бойынша кәсіби және білім стандарттарын синхрондауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ бірыңғай коммуникациялық инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Чемпионат қатысушыларын құттықтауға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Бердыбек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен World Skills халықаралық комитетінің өкілдері келді. - Сіздер – біздің еліміздің болашағысыңдар, және индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру көбінесе сіздерге тәуелді, - атап көрсетті ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердыбек Сапарбаев. – Құрылысқа, ауыл шаруашылығында, инженерлік технологиялаға және басқа да салаларға жаңа технологияларды ендіру біздің еліміздің экономикасын сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, BI Group басшысы Айдын Рахимбаев World Skills ұлттық байқауының жеңімпаздарын құттықтады және дарынды жастарды бұдан әрі компанияда жұмысқа орналасу мүмкіндігімен BI Group компаниясында тәжірибеден өтуге шақырды. – Бүгін Қазақстанның құрылыс саласы және атап айтқанда, біздің компания үшін маңызды күн, осы сияқты іс-шаралар жұмыс кәсіптерінің мәртебесі мен беделін көтеруге мүмкіндік береді, - өз сөзінде атап көрсетті Айдын Рахимбаев. – BI Group республикалық маңызы бар бірнеше жобаларды іске асырады және біз WorldSkills жобасының әрбір номинантын осы объектілерде тәжірибеден өтуге, сондай-ақ тұрақты жұмыс істеуге шақырамыз. Тағы қосып айтқым келетіні, WorldSkills 2015 кәсіби шеберлік байқауы – бұл 43-ші халықаралық чемпионат, оған Қазақстан Республикасының ұлттық командасы алғаш қатысқалы отыр. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Әлем чемпионатында жеңіске жетуіне тілектеспіз!

22

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР

ТУРКИЯ БОСФОР АСТЫМЕН ҮШ ҚАБАТТЫ ТОННЕЛЬ САЛАДЫ Түркия Стамбулдың азиялық және еуропалық жақтарын біріктіретін Босфор астымен үш қабатты тоннель құрылысының жобасы туралы жариялады. Түркия Премьер-министрі Ахмет Давутоглу маусымдық сайлау қарасаңында жобаны «Түркия болашағының жаршысы» атай отырып, тиісті мәлімдеме жасады. Премьердің айтуы бойынша ұзындығы 6.5 км жаңа тоннель Стамбулдың автомобиль мен темір жолын ықпалдастырады, ал оның негізгі мақсаты бірнеше миллион халқы бар қалада жол қозғалысы қарқынын әлсірету болып табылады. Жобаның жалпы құны 3.5 миллиард долларға бағаланады. Бірақ Түркияның көлік министрі Лютфи Элван мемлекет оған бір де цент салмайды деп мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, мердігер құрылыстың шығынын өзі төлейді, ал кейін өз түсімін бажды жинау есебінен алатын болады. Тоннель 2020 жылға дайын болады деп күтіледі. Бұл түрік үкіметінің көптеген батыл жобаларының бірі. Бұрын Босфорға түсетін жүкті азайту үшін Стамбул арқылы канал салуды, сондай-ақ бұғаз арқылы үшінші көпір мен әлемдегі ең ірі үшінші стамбул әуежайын салуды ұсынылды. Түркияның ең ірі қаласы Стамбулды екі бөлікке бөліп тұрған Босфор жүктілік деңгейі бойынша әлемде төртінші орын алады.

Материалды жинаған Бақыт Ибраев BI Group Construction Холдингінің маркетологы

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

23


BI HR 22-23 наурызда өткен Директорлар кеңесінің өзгешелігі Кен Айверсонның «Ашық әңгіме немесе ақ қарғаның сабақтары» атты кітабы бойынша пікірталастың өткізілуінде. Дәстүрлі көшпелі іс-шара екі Холдингтің 100-ге жуық топ-менеджерлерінің басын біріктіріп, онда дивизиондар мен жобалардың жұмыс қорытындылары тыңдалды, Корпоративтік орталық пен Корпоративтік университеттің стратегиялық жоспарлары туралы айтылды. Жылдық ДК қатысушылары өздері авторлары болып саналатын көптеген бастамалардың ішінде қызметкерлер құрамын уәждендіру жүйесін қайта қарау, жұмыс жағдайларымен қанағаттанғандық туралы сауалнама өткізу жұмысы бар. Таяу келешекте өндіріс қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін және тамақтану үшін өтемақы төлеу мәселесін қайта қарау көзделген. Бұл Кен Айверсонның «Ашық әңгіме немесе ақ қарғаның сабақтары» атты кітабының басты кезеңдерінің мәнін түсінгендіктің кейбір нәтижелері және біздің американдық Nucor болат қорыту компаниясы сабақтарынан қорытынды жасауды үйренуге білдірген ықыласымыз. Бізді компанияның өз қызметкерлерімен қарым-қатынастары, бизнесті жүргізу қағидалары, орталықсыздандыру, эгалитарлық мәдениеті, еңбекақы төлеу жүйесі (белгіленген еңбекақы нарықтықтан төмен, алайда ауыспалы бөлігі жұмыс нәтижесі үшін төленеді және ол еңбекақыдан бірнеше есе артық) шабыттандырды.

«Прямой разговор, или Уроки белой вороны» кітаптың сарабы

Кітап бойынша пікірталас үш кезеңге жалғастырылды; әрбір жоба-менеджерімен атаулы талқылау, workshop қағидасы бойынша шағын топтардағы жұмыс, және екінші күннің соңында екі холдингтің алқалық талқылауы өткізілді. Пікірсайыс үшін 4 блок ұсынылды: еңбек өнімділігі және еңбекақы төлеу, ертеңгі күнге сенімділік, қызметкерлермен әділетті қарым-қатынас және «ақырғы инстанцияны» құру. Нәтижесінде ұқсас атаулармен және кітапты талқылау барысында идеялар тудырған 4 жұмыс тобын құрдық. Біз қазір де қабылданған шешімдерді соңына дейін тыңғылықтауды жалғастырудамыз, ал біздің жұмыс топтарымыз жаңа қатысушылармен толығуда, олардың саны екі қазіргі күні екі жүзден асты. Қазіргі кезде пікірталастар ди-

24

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI HR визиондар деңгейінде жалғастырылуда және біз кітап идеясымен шабыттанған, бей-жай емес барлық тілек білдірушілерді пікірталасқа қатысуға шақырамыз. BIG TALK: түзу әңгіме бойынша қызметкерлермен қатынастың құрылысының төрт ұстанымы

Еңбектің өндірімділігі және төлемақы Басшылық компанияны дурыс басқарса, қызметкерлер қызметақыны еңбектің өндірімділігі ушын ала алады

Ертеңгі күнге сенімділік Қызметкерлер жұмысты жақсы атқарса, өздерін ертеңгі күнге сенімділік сезуге керек

Әділ қатынас

Қызметкерлер әділ қатынасқа деген құқығы бар, олар оны сезуге керек

Соңғы инстанция Компанияда қызметкерлер аппеляциямен келе алатын инстанция енгізу керек

Дәстүрлі Family Management бағдарламасы бойынша, іс-шараға келген отбасы мен балалар үшін әр түрлі белсенді жұмыстар ұйымдастырылды. Ерлі-зайыптылар Ольга Крюкованың визаж бойынша «Өзіңді түстердің арасынан таны» атты және Мұхтар Бекжановтың «Табысты ер және еркек» атты шебер-сыныбына қатысты, ал бұл кезде балалар қызығушылықтары бойынша клубтарда өздеріне ұнайтын жұмыстармен айналысты: «Ақылды ұлдар мен ақылды қыздар» интеллектуалды ойыны, скрапбукинг бойынша шебер-сыныптар, «Қолтырауын» және BI Kids the World гала-концертіне дайындалу. 22 наурыз, Наурыз мерекесі күні барлық іс-шараға қатысушылар үшін үлкен мерекелік дастарқан жайылды. Ерлі-зайыпты топ-менеджерлер әдемі ұлттық киімдерін киіп келді, қонақтармен кеш жүргізушісі Мұрат Мұтұрғанов ойын-сауық ұйымдастырып, BI Groupқа арнап ән шығарған «Ұмай» тобы өз өнерлерімен қуантты. Көшпелі іс-шараның соңғы күні балалар ата-аналарын BI Kids Choice Awards гала-концертіне шақырып, өз өнерлерін көрсетті: олар би биледі, ән салды, соңы біріккен флешмобқа ұластырылды.

Топ-менеджерлердің балалары

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

25


BI HR

О. Крюкованын мастерклассында

Мәжілістің соңғы күні leanді Америкада және бүкіл әлемде әйгілі танымал етуші Пол Эйкерстің тренингіне арналды.

Пол Эйкерс және компанияның топ-менеджерлері

Оның келуіне байланысты үнемшіл өндірісті енгізу біртіндеп жаңа даму кезеңіне шығарыла бастады. Біз WhatsApp тобын құрдық, оған қызметкерлеріміз үнемшіл құрылыс туралы идеяларын білдіретін бейнероликтерін, өнертабыстық ұсыныстарын салып жібереді. Бұл роликтердегі басты кейіпкерлер желі қызметкерлері -учаске бастықтары, шеберлер, прорабтар, мен біздің Корпоративтік университеттің көптеген тыңдаушыларын көріп жүрмін, және оқу оларға өздерін сенімдірек сезінуге көмектесетінін түсіндім. Осылайша өз іс-тәжірибелерімен бөлісу өзіндік қалыпқа айналып келеді және ол нысанның, дивизионның тұрған орнынан, қабаттылығынан немесе сараланымынан тыс пікір алмасып тұруларына мүмкіндік береді. Бұл акция, жоғарыда аталған кітаптан алынған мына дәйексөздің ең жақсы көрінісі болып табылады: «Бізге үнемі қандай тәуекелдердің адами факторға байланысты болатынын айтумен келеді, ал біз оған: «Барлығы да дәл осы адами факторда басты әлеует жасырулы екенн дәлелдейді»,- деп жауап береміз.

26

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

«Үнемшіл өндіріс» видеоролигінің фрагменты

Ольга Баспаева, BI Group Development Холдингінің қызметкерлер құрамы бойынша Басқарушы директоры


BI HR 20-23 наурызға дейін Rixos Lake Borovoe мейманханасында кезекті Директорлар кеңесі өткізілді. Бұл шағын мақаламда, осы іс-шараға қатысушы ретінде алған әсерлерім туралы баяндағым келеді. Бұл менің BI Group компаниясындағы алғашқы рет жылдық Директорлар Кеңесіне қатысуым. Мейманханаға 19 наурызда келдік. Презентацияға дайындық кезіндегі ұйқысыз түн, бос зал ішінде сөйлейтін сөзді әбден пысықтау, қойылуы мүмкін сұрақтарға жауап беруге дайындалу және әрине, қобалжығандық, барлығы да жақсы өтсе екен деген орасан зор тілек. 20-наурыздың таң мезгілі. Жаңа келген көктемнің таңғы таза ауасы. Жартылай бос дәлізбен мәжіліс залына беттеп келемін. Жүректің дүрсілі жиілеп, минутына 120 – рет қағып тұрғандай, бойды жайлаған адреналин жауынгерлік көңіл-күйді сездіреді. Залға кіргенім сол, алдымнан жүздері күлімдеген, өзімнің әріптестерімді кездестірдім: «Сәлем! Қал-жағдайың қалай?», «Құлпырып кетіпсің», «Бәрі жақсы болады» және тағы бір-екі әзіл сөз. Осындай достық және жағымды жағдайдан соң, менің қобалжуым да ұшты-күйлі жоғалды. Енді мен жемісті еңбек етуге дайын едім. Әуелі ресми бөлім өткізілді, акционерлер барлығымызбен риясыз көңілмен жылы шырай таныта отырып сәлемдесіп, барлық қатысушылардың жұмысқа оң көңіл-күйлерін келтірді. Директорлар кеңесінің бірінші бөлімі – Дивизиондардың өткен жылғы жұмыстарының есептерін тыңдау. Бұл блокта негізгі қиын жұмыс аймақтарының жұмыс нәтижелеріне қатысты және ең жақын 2-3 жылға межеленген келешек даму мәселелері қаралды. Корпоративтік орталықтың өкілі ретінде, мен үшін бұл – ДК-дағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылды. Бизнестің жағдайы қалай, келесі жылы бізге қандай тәуекелдермен және мүмкіндіктермен жұмыс істеуге тура келеді, өткен жылды қандай нәтижелермен аяқтадық. Баяндамаларды тыңдаушы қауым өте белсенді болды, сұрақтар қойылды, қызу талқылаулар жасалды, шешімдер қабылданды. Менің қойын дәптерім бірінші бөлімнің соңына таман жартысына дейін жазуларға толды. Бәрі қызық! Талқылау барысында болашаққа жаңа ойлар туындайды, дәптердің шеттеріне «Владимирден сұрау қажет», немесе «Метиннен сұрап нақтысын білу қажет» деген белгілер қойылады, жаңа кәсіби терминдермен танысасың. Керемет! Мен түні бойы ұйықтамағанымды ұмытып та кеттім. Уақыттың қалай өткені білінбей қалды. Студенттік кездер есіме түсті, жалықтыратын қызықсыз дәрісті тыңдап отырғанда, ұйқы қысып, көздерің жұмылады, уақыт тоқтап қалғандай сезіледі, минуттарың сағаттарға айналғандай күйді кешесің, ал бұл жерде, бәрі керісінше, бәрі қызық, уақыт лезде өте шығады және оны осыншама тоқтатқың келеді. Кофе-брейк хабарланды. Менің кофе-брейктерді жақсы көруім тек гастрономиялық қызығушылықпен ғана байланысты емес – бұл өзіндік бір шағын-тимбилдинг, сен кез-келген қатысушының жанына тақап, пікірлесе аласың, қысқаша мәселелер талқылайсың, ең болмаса, шай үстінде жай ғана танысып, визит карточкаларымен алмасасың, жағымды көңіл-күймен қуаттанасың. ДК-ның екінші бөлімі Корпоративтік орталықтың есеп берулеріне арналған. Бұл бөлім дивизиондар өкілдері үшін қызықты, өткен жылы бизнес үшін методологиялар, жобаларды енгізу, бизнестің келешек дамуы бойынша қандай пайдалы іс жасадық., міне осылар жөнінде сөз қозғалды. Менің презентациям соңына таман болатын, үзілісте Серік Қошқарбайұлы Төлебаев маған жақсы кеңес берді: қобалжығанды басу және жағымды күйге келу үшін мінбенің қасында 2-3 минут тұра тұру қажет. Мен дәл солай істедім, сенесіздер ме, көмектесті, үлкен қауым алдында сөз сөйлейтіндерге дәл осылай етуді ұсынамын. Еңбек өтілі көп, тәжірибелі ұстаздардың өздері де кеңістікке бойларын үйрету үшін, ерте келіп жатады. Менің баяндамамнан кейін өте көп сұрақтар қойылды, осылай болады деп күтілген, өйткені адами капиталға қатыстының бәрі, 21-ғасырда аса маңызды болып табылады. Осыдан 11 жылдай бұрын

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

27


BI HR мен «Фанк стиліндегі бизнес» атты кітап оқыған едім, бұл кітаптың негізгі ойы мынадай: басты ұраны үздіксіз, жалтақтаусыз «Тұрақты даму» болып табылатын адамдар мен олардың қабілеттіліктері, кез-келген компанияның ең маңызды ресурсына айналады. Бұл мәселе HR блокты талқылау барысында маңыздылардың бірі болып қаралды. Компания қызметкерлерді дамытуға орасан зор қаражат құяды: бұл әр түрлі МВА, PreMBA оқып-үйрену бағдарламалары, жаңа мамандық алу. Шебер-сыныптар өткізуге біз әлемдік сарапшыларды шақырып отырамыз, маусымаралық кезеңде біздің қызметкерлер, жыл сайын ИТҚ-ның 50%-ын қамтитын «Қысқы мектепке» барады, оның міндеті нәтижені ұстап тұру емес, оны одан да көп және тиімді қылу. Директорлар кеңесінде HR блогіне қатысты қаралған екінші бір үлкен мәселе, уәждемелеу жүйесі. Биыл HR еңбек өнімділігі еңбеақы төлеу деңгейінің негізгі өлшеміне айналатын жаңа жүйе дайындайды. Ең бастысы, жаңа жобаларды дайындайтын жұмыс топтарына әр түрлі лауазымдар мен дивизиондар өкілдері қатысулары тиіс. Осы ДК-де біз осындай алғашқы жұмыс тобын құрдық, оның қатысушылары: Холдингтің барлық дивизиондарының өкілдері, қаржы директорлары, жоба басшылары, HR, бас директорлар, Басқарма. Біз қызметкерлерге жылдық сыйақы төлеу туралы жаңа идеяларды талқыладық. Пікірталастар жарты күнге созылды, ортақ талқылау болды, содан соң шағын топтарда жұмыс жасалды, орынжайдағы ауаның температурасы кей кездері 40 градусқа дейін жетті. Қызу таластар болды, алайда ең басты түйін: ой-пікірді жанды және бәріне түсінікті еттік. Қазір бұл жұмыс аяқталу сатысында тұр, сәуірде ол ортақ күш салумен бекітілетініне және өмірге ену құқығына ие болатынына сенімдімін. Күннің екінші жартысында біз бәріміз бірге Кен Айверсонның «Ашық әңгіме» кітабы бойынша қызу жұмысқа кірісіп, ұсынымдар әзірледік 10 адамнан тұратын топтарға бөлініп жұмыс істедік. Бірінші кезеңде 40-тан астам ой тұжырымдалды, жалпы талқылаудан соң, олар нақты іс-әрекет жоспарына айналды. Екінші күннің соңында өз жұмысымыздың нәтижесін екі Холдинг ДК –нің барлық қатысушыларына жарияладық. Біздің жоспар қабылданды, енді оны өмірге енгізу ғана қалды. ДК-нің үшінші күні Lean-технологияларына, яғни «үнемшіл өндіріске» арналды. Біз осы саладағы халықаралық сарапшы Пол Эйкерстің шебер-сыныбына қатыстық. Мені оның өз ісіне деген махаббаты тәнті қылды. Біздің жұмыстағы өмірімізді жеңіл де тиімді қылудың қаншама қарапайым және өте тиімді тәсілдері бар. Тек бір сәтке ғана тоқтап, ойлану қажет. ДК-ден соң біз екі Холдингтің What’sАpp тобын құрдық, оған өзіміздің барлық lean-идеяларымызды жіберіп отырамыз, алғашқы қарлығаштары да пайда болды. Жақсы идеялар – вирус тәрізді: көресің де бір нәрсені өзгерту ниетін жұқтырасың. Мен де солар сияқтымын, бір ой туды … Төртінші күн. Үйге қайтатын уақыт келді. Мені бір жағымды шаршағандық сезім тұмшалады, өзіңді бір пайдалы да маңызды іс тындырғандай сезінесің. Мен өзімнің тамаша, әдемі, ақылды және позитивті адамдармен танысқаныма өте бақыттымын. Сен КО-дан немесе дивизионнансың ба, ол маңызды емес, маңыздысы, біз керемет жұмыс істедік, араласып әңгімелестік және достасып кеттік. Біздің ұжым тамаша! Мен сіздердің әрқайсыларыңызға қолдауларыңыз, қызу таластарыңыз, ашық қарым-қатыныстарыңыз үшін, сіздердің бар болғандарыңыз үшін ризалығымды білдіремін! Аида Ешкеева, BI Group Construction Холдингі Персонал бойынша басқарушы директор

28

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI PERSON BI LIFE

РУСЛАН МЕРГАЛИМОВ – ВІ КӘСІБИ ШЕБЕРІНІҢ ТАРИХЫ BI Group – тек сапалы салынған үйлер, жолдар, мектептер, спорт кешендері ғана емес, сонымен қатар бұл мыңдаған адамдардың қызықты тарихы мен тағдыры да. Бұл тәуелсіз Қазақстанымыздың жаңа астанасын салған және салып жатқан ұрпақтың тұтас өмірі. Біздің көптеген мамандарымыз өздерінің тек компанияның ырысы, жемісі үшін ғана емес, тұтас еліміздің, қаламыздың дамуына қаншама үлес қосып жатқандарын түсінбейді. Міне, сондықтан да BI Group тарихына үңілу өте маңызды, мұнда қаншама өз ісінің шеберлері көп жылдар бойы Қазақстанның ең үлкен құрылыс компаниясының табысы үшін үлестерін қосып, аянбай тер төгуде.

Аталған BI Times шығарылымының кейіпкері Руслан Мергалимов болып табылады. Міне ол табанды 13 жыл компанияда қызмет етуде. Оның өмір жолы қазіргі жастарға үлгі ететіндей, өйткені өз еңбек жолын шебер болып бастап, бас директордың Бірінші орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Әр күні сағат 6. 50-де тұрып, бір сағат ішінде өзінің бес жобасының біріне барып, Астана қаласындағы тағы бір тұруға қолайлы үйлердің құрылысының қалай жүріп жатқанын тексеру оның басты міндеті. Ол өз командасына сенеді, сонымен қатар оның әрбір қатысушысы функционалдық міндеттерін жақсы орындайтын, өз ісіне берілген шеберлер деп санайды. Ол өзін құрылыстан тыс елетете алмайды және де өзінің қажетті уақытта қажетті жерде екеніне кәміл сенеді. Русланның өміріне қатысты қойылған бірнеше сұрақ оның өзін үйде де, жұмыста да бақытты сезінуінің себебі, Русланның пікірінше балаларға дұрыс тәрбие беру үшін ненің қажет екені, жиырма жаста қандай болғаны жайлы және бүгінгі күні қалай өзгергені туралы білуге ықпал етеді. Руслан, Сіздің қазіргі жұмысыңызда Сізге ең бастысы не ұнайды? Мен өз еңбек жолымды шебер болып бастаған едім, қазіргі алып отырған лауазымға дейін жету үшін мен құрылыс компаниясындағы кәсіби өсудің барлық кезеңдерінен өттім. Мен құрылыс учаскесіндегі кез келген маманның функционалдық міндетімен таныспын. Бүгін мені адамдардың жұмысқа деген түрлі көзқарастары қызықтырады. Біреулері барлық жүмысты атқаратындай, бірден қамтығысы келеді де соңында сәтсіздікке ұшырайды, ал кейбіреулері керісінше, өзіне жүктелген міндетті кезең-кезеңмен атқарады да, соңында табысқа кенеледі. Тағы бір маңыздысы – құрылыс алаңында ғана емес, басыңда да тәртіп орнату. Кейбіреулер дұрыс ойланбағандықтан, бір мәселеден екінші мәселеге секіріп жүріп, өз істерімен жасаған хаос

құрбаны болады. Әрбір құралды, әрбір функционалды міндетті орын орнына қойып жүргендер өз ісін жеңіл бағдарлап, көптеген мәселенің маңыздысын табуға тырыспай, барлық жағдайды бірден көз алдына елестете алады. Менің қызығушылығым барлық процесті рационалды түрде орындауға жұмылдыру. Менің 5 учаскемнің әрқайсысы өзінше бірегей және қызықты, оның біреуіне ғана ерекше назар аударуға болмайды, сондықтан стандарттау және жұмыс орнындағы тиімділік менің басты міндеттерім, оларды шешудің өзі мені рахаттандырып, қуаныш сыйлайды. Сіздің ойыңызша өз білімін тәжірибеде алған кәсіби маманды жас ғалым ауыстыра ала ма? Жоқ. Бұл түрлі білім, түрлі пікірлер, түрлі дағдылар. Әрине, ЖОО өте жақсы деген бағамен бітірген жас маман өлшеу, санау сияқты жұмыстарды атқара алады, өндірістік процесске болжам жасай алады, бірақ ол кез келген күрделі жағдайда тез және тиімді әрекетті талап ететін ағымдағы мәселелерді шешумен таныс емес. Бұл ретте ұжымда тіл табыса білу, өндірістік процесстің түрлі деңгейлерінде не және қалай айту қажеттігін білу маңызды. Өйткені біздің жұмыс командалық жұмыс, тізбектің бір буыны болу – мәселені табысты шешудің маңызды бір факторы болып табылады. Тәжірибе тек қана шешуі қиын мәселені шешуде ғана емес, сонымен қатар шешілмейтін мәселе болмайды деген сенім қалыптастыра алуымен де бағалы. Мен кез келген жағдайдан шығатын жол бар деп есептеймін, қаншама жақсы жазылған кітапқа қарағанда тәжірибе оны тез табуға мүмкіндік береді. Сіздің жобаларыңыздың бірегейлігі неде? Ал ерекшелігі ше? Менің компаниям тапсырған соңғы жоба – І және ІІ кезектегі Ақ Бұлақ Таун. Маған осы жобаның орналасқан жері, оның айналасындағы ғимараттармен

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

29


BI PERSON және әлеуметтік құрылыстармен тамаша үйлесуі де өте ұнайды. Ақ Бұлақтың жанында ірі сауда орталығы, оқушылар сарайы және астананың негізгі көлік жолдары бар. Біз үйлердің инфрақұрылымына – жер асты паркингі, қолайлы шыға берістерге де көп көңіл бөлдік. 2 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға магистраль жолдардан қауіпсіз қоршалған ойын аймақтары бар. Біз алғаш рет «Креатон» қасбеттік материалдарын осы Ақ Бұлақ Таунға пайдаландық, сонымен қатар Ақ Бұлақтың кіреберісін бірін-бірі қайталаматындай ерекше әшекейлеп, қоғамдық аумақтарды өзгеше тәсілмен салдық. Жобаның өзі компания үшін ерекше болды. Біз Басшылық пен Холдинг және қазіргі уақытта осы ыңғайлы үйлерде тұрып жатқан клиенттеріміздің күткен нәтижелерін ақтау үшін бар күшімізді салдық. Cіздің командаңыздың артықшылығы неде? - Біздің команда әрқашан күткендегідей емес, одан көбірек жаса деген ұстаныммен жұмыс істейді, сондықтан біздің салған үйлеріміз заманауи және әдемі болып шығады. Менің ойымша, тағы біздің бір артықшылығымыз диалог құра білу, мен басқаруда иерархияның жағымсыз жақтарын жойып, әрқашан алып отырған лауазымына қарамастан, тең дәрежеде қарым-қатынас жасауға тырысамын. Яғни біз-бірімізге өз пікірлерімізді, тілектерімзді айта аламыз, мәселені шешуде қажет болса дауласа да білеміз, ал ең бастысы біз өз қызметімізді атқарып қана қоймай достаса білеміз. Өз әріптесіңді маман ретінде ғана қарамай, командаңыздың бір бөлшегі ретінде қарағанда бірлескен жұмыстың нәтижесі де мүлдем басқа. Біз біріміздің желкемізден қарап тұрмаймыз, керісінше, қиын-қыстау кездерде қол ұшын беріп, кез келген міндетті бірлесе отырып шеше аламыз – міне осының барлығы біздің басты ұстаным. Сіз үшін BI Group-тегі жұмыс нені білдіреді? – BI Group менің екінші үйім. Мен мұнда маман, кәсиби шебер, менеджер ретінде қалыптастым. Мұнда мен жобаларға қатысты өз ойларымды толық жүзеге асыра аламын, өз тәжірибеммен басқалармен бөлісемін, ең бастысы BI Group-пен бірге өсіп келемін, осында тек Руслан Мергалимов, Куаныш Айтжанов, Дархан Тогаев, Руслан Садвакасов

30

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

жұмыс қана емес, достарымды да, А.С. Ахметов және А.Б. Исмагулова сияқты ұстаздарымды да таптым. Ең бастысы, мұндағы өз жұмысым туралы айтатыным: толыққанды өмір сүремін. Көп жұмыс істеймін, жұмыста көп уақыт болатын кездерім де болады. Кешке үйіме асығамын, ал әйелім мен балаларыма келгенде өзімнің жақындарымның ортасында болғаныма қуанып, өзімді бақытты сезінемін. Ал таңертең сағат шырылдағанда қуанышпен тұрып, өзімнің сүйікті жұмысыма баратыныма рахаттанамын. Мен жұмысқа барғанда солай болғандықтан емес, сонда жұмыс істегім келетіндіктен барамын. Осының өзі BI Groupтағы жұмыстың маңызы. Сіздің балалық шағыңыздың жарқын кезі қандай? Фотоаппаратымның болғаны әлі есімде, мектепте оқып жүрген кезде қызыққан ісім болатын. Ағайым өзі университет бітірген соң маған өз фотоапаратурасын тастап кеткен болатын. Бұл сол кезде өте бағалы сыйлық еді. Балалық шағымда мен ауылда тұрдым, сондықтан қаладан фотограф келгенде ғана суретке түсе алатынбыз. Содан кейін 1976 жылы шығарылған фотоаппаратты иеленген соң мен мектептегі балалық шағымның әрбір кезеңін суретке түсіруді әдетке айналдырдым. Өз бөлмемде қызыл шам жағып, көптеген фотосуреттер басып шығардым, қазірдің өзінде менің балалық шағымның әуесқойлығының көрінісі іспетті көптеген фотосуреттері бар альбом сақталды. Сіздің ұнататын көркем шығармаңыз бар ма? Кітабыңыз? Бала кезімде басқа балалар сияқты көркем әдебиет оқитынмын, ал есейгенде не оқу керектігін таңдап оқыдым. Сүйікті авторларымның ішінде Антуан де Сент-Экзюпери, Хемингуэй, Борис Акунин. Сонымен қатар бағыт беретін, ойлануға мүмкіндік беретін бизнес жайлы кітаптар. Бұл Роберт Кийосаки, Джон Кехо, Роберт Грин және тағы басқалары. Балалық шағымда маған физика мен математика ұнайтын, ауылдық жарыстарда да жеңген кездерім


BI PERSON болған. Ал есейгенде өзіңді дамыту, кәсіби шеберлікке жету туралы кітаптар оқи бастадым. Маған Дональд Трамптың «Как стать миллиардером» деген кітабы ұнайды. Трамп – құрылыс магнаты, ол әлемнің іскери астанасы заманауи Нью Йорктің бет-бейнесін құрастыруда маңызды роль атқарған. Мен оның өмір, табыс, мүмкіндіктерді пайдалану туралы ойларын бағалаймын. Егер сіз құрылысшы болмасаңыз, онда кім болар едіңіз? Үлкен сыныптарда оқығанда физика сабағы қатты ұнайтын, содан энергетикалық мамандықты таңдаймын деп ойладым, бірақ әкеммен ақылдаса келе құрылысшының оқуын оқыдым. Сол кездегі қабылдаған шешімге қазір еш өкінбеймін, шынымды айтсам, өзімді құрылыстан тыс жерде елестете алмаймын. Студент болған кезде құрбыларым сияқты коммерциямен айналыстым, ал құрылысшы болмасам мүмкін коммерсант болар едім, мен есеп-қисапты жақсы көремін, ал сатуда бұл ең бастысы. Біздің компаниямызға биыл 20 жыл, сіз жиырма жасыңызда қандай болдыңыз? Ол кезде армандары мен идеялары көп төртінші курстың «жасыл» студенті едім. Есейгенде отбасым және үш бөлмелі пәтерім болса деп (күледі – автор ескертпесі) армандайтынмын, ал қазір менде барлығы бар болғанда мақсаттың биік, әдемі болуы керектігін түсінемін. Сен жас болғанда болашақ туралы көп ойлайсың, табысқа жетудің кілтін іздейсің, ал есейгенде тек ойлап, іздестіріп қана қоймай, көп еңбектену қажеттігін түсінесің. Лев Толстой айтқандай, адамды адам ететін еңбек, сондықтан басты мақсатым жұмыс істеу, менің ойымша еңбек жолымды жаңа бастадым, ал компания үшін 20 жыл деген көп емес, сондықтан біз жылдан жылға өсе бермекпіз. Отбасының бақыты неде? Отбасында ең бастысы сыйластық, және компромисс таба білу. Отбасылық өмірде тұрмыстық мәселелер көп, оларды біз қалай жеңеміз, бірімізге біріміз қаншалықты шыдамды боламыз – осының барлығы отбасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Мен өз жұбайымды жақсы көремін және сыйлаймын, оған өте разымын және ол да отбасымды қамтамасыз ету үшін, оларды өмірдің қиын-қыстауларынан алып шығатын кездерім үшін маған разы деп ойлаймын.

естіген бір әңгімені айтып берейін. Баяғыда бір прораб өмір сүріпті. Өмір бойы үй салумен айналысады да қартайғанда зейнеткерлікке шығайын деп шешеді. - Бастығына жұмыстан шығамын, зейнеткерлікке кетемін, кемпіріммен бірге немерелерімді тәрбиелеймін деген екен. - Бастық жақсы маманды жібергісі келмейді де оған : - Сен енді кетеріңде бір үй салып бер, содан кейін сені зейнеткерлікке шығарып саламыз дейді. Сыйақы да береміз дейді. - Прораб келіседі. Жаңа жоба бойынша ол шағын отбасына арналған үй салуы тиіс болатын: келісімдер, материал іздестіру, тексерулер басталады. - Прораб зейнеткерлікке шығуға өте асығады. Жұмысты аяғына дейін жеткізбей, арзан материалдар алдырады. Ол өзінің жұмысын сапасыз істеп жатқанын сезеді,бірақ өзін кәсіби өсуінің тоқтауымен алдаусыратады. Құрылыс біткен кезде ол бастығын шақырады. Бастығы үйді қарап шығып: Ал енді бұл үй сенікі. Міне кілт, енді көше бер. Барлық құжаттар ресімделді. Бұл саған фирманың атынан ұзақ мерзімді жұмысың үшін сыйлық,- дейді. Прорабтың сонда қандай сезімде болғаны оған ғана мәлім. Ол ұяттан қыпқызыл болып тұрады, ал басқалары қол шапалақтап жаңа қонысымен құттықтап жатқанда оны ұялғанынан қызарып тұр деп ойлайды, ол енді өзінің қателіктері алдынан шығатынын сезіп қысылса, басқалары оны қымбат сый алғанына қысылып тұр деп ойлайды. Енді ол жаман салынған жалғыз үйде тұруы қажет. Бұдан шығатын мораль: бәріміз прорабпыз. Әрқайсымыз өз өмірімізді құрастырамыз. Кейде оған күш жұмсамаймыз, осы нақты құрылыстың нәтижесі маңызды деп есептемейміз. Артық күш жұмсап қажет бар ма? Бірақ соңында біз өзіміз салған үйде тұратынымызды сеземіз. Бүгінгі күні не істесек те оның ертеңгі күн үшін маңызы бар екенін түсіну қажет. Бүгін өзіміз ертең келіп тұратын үйімізді салып жатырмыз. Сұхбаттасқан Аян Зикирин. BI GROUP Construction Холдингінің PR менеджері Жасын Аубакиров, Руслан Мергалимов, Куаныш Айтжанов

Бала тәрбиесінде ең басты не деп ойлайсыз? Менің ойымша, ең бастысы балаға «стержень» орнату. Сәби кезінен-ақ бала өзіне сенімді, ешбір комплекстері жоқ, өзін өзі қорғай алатындай болуы тиіс. Ол есейген сайын оны мақсаттылыққа бағыттау қажет, өйткені өмірде өз мақсатың болуы қажет, мақсатың болса сонда қиындықтарды жеңу қолыңнан келеді. Өмірдегі құндылықтарыңызды көрсететін оқиғаны айтып беріңізші Әр адамның өмірінде белгілі бір кезеңдерге байланысты құныдылықтары да әр түрлі. Өзім жақында

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

31


БІЗДІҢ САЛТТАРЫМЫЗ

BI GROUP ҮЛКЕН ОТБАСЫНЫҢ ДӘСТУРЛЕРІ Біздің жиырма жылдық тарихы барысында BI-ізгі салт-дәстүрлер қалыптасқанын мақтан тұтамыз, оны үлкен және тату команданың әрбір мүшесі сақтайды, біз осы салт-дәстүрлерімізбен BI-отбасының жаңа мүшесін таныстырамыз! БІЗ КОМПАНИЯНЫҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫН МЕРЕКЕЛЕЙМІЗ: - Компания мен оның бөлімшелерінің жетістіктері; - Компанияның туған күні, Құрылысшылар күні, Жаңа жыл мен басқа да мерекелер, оның ішінде кәсіби мейрамдар; - Тұсаукесерлер мен аяқталған жобалар; - Бонустарды беру. Наурыз мейрамына арналған мол дастархан

і жаңа

Көңілд

Ғашық тар кү нін тойла ту

жыл Жарқын коорператив

Мерек елер қызық ты

Мерекені көңілді қарсы аламыз

Компанияның топменеджерлері

БІЗ ТУҒАН КҮНДЕРДІ МЕРЕКЕЛЕЙМІЗ - Қызметкерлердің; - Мерейтой иелеренің; - Дивизиондардың; - «Прямой разговор» Кен Айверсонның кітабын оқып шыққан немесе «белой вороны» сабағын тыңдағаннан кейін алқа Д және одан жоғары дәрежелі қызметкерлердің туған күндерін өз қол астындағы қызметкерлермен бірге асханада тойлау шешімі қабылданды, бұл ұжымды одан әрі жақындастыра түседі және онда тату, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл оқиғаның қорытындысы ретінде фотоесеп беріледі, біз «Туған күнді тойлау» белгісі бар сіздердің суреттеріңіз бен кімнің туған күні болғанын және сіз оны қалай тойлатқандарыңызды қысқаша сипаттайтын әңгімеңізді мына мекенжайға жіберіңіз: seifullina_d@bi-group.kz

32

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

Біздің туған

ылай

рын ос

I қызда

із B ерлерім Біздің ды а л а ы қарс

күніміз


БІЗДІҢ САЛТТАРЫМЫЗ БІЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНАМЫЗ ЖӘНЕ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИ СПОРТТЫ ДАМЫТАМЫЗ: - Біздің басшыларымыз, Айдын Рахимбаев пен Бауыржан Исабаев «Дакар» ірі халықаралық ралли-марафонда корпоративтік экипажымен қатысады; - Жыл сайын Компанияның туған күні құрметіне BI Team турнирі өткізіледі; - Жыл сайын екі холдинг дивизиондары арасында хоккей турнирі өткізіледі; - Жобалар арасында футбол турнирлері өткізіледі; - Біз Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы ұйымдастыратын спартакиадаға қатысамыз; - Біздің қызметкерлер фитнес-клубтарға барады; - BIGROUP Construction холдингі өткен жылы Павлодар қаласында спартакиада өткізді, осы іс-шара дәстүрлі шараға айналайын деп отыр; - Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін бөлім қызметкерлері үшін компания футбол мен хоккей алаңдарын жалдайды; - Қызметкерлерді сауықтыру – бұл да компанияның қамы. Біздің қызметкерлер медицина тексеруден өтеді.

Жазғы

акиада спарт

Дакар триум фатор Рахим ы Айды баевт н ы қарс ы алу

BI Team турни рі

Хоккей бойынша корпоративтік турнир

Біздің жанкүйерлеріміз

үшін Жеңіс ты қуаныш р! е т т ә с

БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР БӨЛЕМІЗ ЖӘНЕ БІЗДІҢ КӨМЕККЕ ӨТЕ МҰҚТАЖДАРҒА КӨМЕКТЕСУГЕ ТЫРЫСАМЫЗ: - Компания басшылығы бірнеше әлеуметтік Біздің қызметке рлеріміз жобаларды құрды, олардың ішінде BI «Жұлдызай» қан тапсыруда корпоративтік қоры, ол әр түрлі ауыр сырқаттары бар балаларға көмектеседі және «Аналар үйі» Қазақстан Республикасындағы жетім балалар санын азайту мақсатында құрылған. - Біздің әріптестер ай сайын ерікті түрде BI «Жұлдызай» корпоративтік қорына өз қаражаттарын аударады; - Біз қайырымдылық акцияларына қатысамыз, оның ішінде Бурабайдағы қайырымдылық веложарысына қатысады; - Біз қалалық сенбілікке қатысып, ағаштар отырғызамыз; - Компанияның туған күні мен Қала күні құрметіне Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі біздің бөлімдер елді мекендерге сыйлықтар жасайды. Мысалы, осыдан бірнеше жыл бұрын, Елорда күні құрметіне біздің компания қала қонақтары мен тұрғындарына күн сағатын сыйлады, «Өндірістік-азаматтық құрылысы» дивизионының командасы компанияның 19-жылдық туған күні құрметіне Қостанай қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» аумағына 19 шырша отырғызды; - Жыл сайын жаңа қызметкерлер балалар оңалту орталығының туған күн иелерін құттықтайды. Біздің әріптестер балаларға сыйлықтар сыйлайды және балалардың қоятын көріністерін тамашалайды; - BI Group компаниясының өз қан қоры бар, жылына 2 рет компания қызметкерлері қан тапсырады; - Біздің филиалдар балалар үйлеріне көмектеседі.

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

33


БІЗДІҢ САЛТТАРЫМЫЗ БІЗ БІЗДІҢ КЛИЕНТТЕРІМІЗ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТҮСІНЕМІЗ, СОНДЫҚТАН БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН СЕРІКТЕСТЕР: - Компанияның бірінші басшылары мен қызметкерлері апта сайын салынып жатқан және тапсырылған объектілерді аралап, тексеріп шығады; - Біздің клиенттер «Ашық есіктер күніне» қатысады және өз көздерімен олардың болашақ үйі қалай салынып жатқандарын көре алады; - Жылына екі реет BI Club тұрақты клиенттерімен кездесу өткізеді; - Біздің серіктестер арасында тиімді бизнес-алаңды құру, коммерциялық қатынастарды дамыту және көлемдерді арттыру мақсатында компания алғаш реет ұйымдастырған Құрылыс форумы жыл сайын дәстүрлі шараға айналайын деп отыр; - Екі Холдингтің жүйесі мен тамақ сапасын жетілдіру мақсатында ең үздік және ең нашар тамақ операторларын анықтау үшін «Ең үздік асхана» байқауын өткізеді; - Ең үздік қызметкерлер компания есебінен «Уәждемелік сапар» бағдарламаның арқасында шетелдің және еліміздің ең үздік шипажайларға барып, демалады;

ілерді аралау

нша объект

Дәстүр бойы

Жаңа клиент терді қарсы алу

БІЗДІҢ КОРПОРАТИВТІК ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР МЕН САЛТ-ЖОРАЛАР: Біздің командада өз ісіне адал және сүйетін адамдар жұмыс істейді, компания жыл сайын корпоративтік өтілі 10 және одан астам жылды құрайтын қызметкерлерге бағалы сыйлықтар сыйлайды; - Сынақ мерзімін сәтті өткен қызметкерлерге салтанатты жағдайда компанияның бірінші басшылары BI Group белгісі мен жолқапшық береді; - Компанияның акционерлері жылына бірнеше рет жас қызметкерлермен кездесіп, олардың барлық Холдинг басш ысының жас мамандарме н кездесуі атқарып келе там қызмет ыстау Он жылдан ас йлықтар таб сы еткерлерге жатқан қызм

34

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


БІЗДІҢ САЛТТАРЫМЫЗ Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз

қызықтыратын сұрақтарына жауап береді; - «BI-тағылымдадан өтуші» және «BIмагистрант» бағдарламалары компания қызметкерлерінің қатарына дарынды жастарды тартуға мүмкіндік береді; - Корпоративтік іс-шаралар кезінде корпоративтік киім кию дәстүрге айналған (егер басқа dress code көзделмеген жағдайда жеңіл жейде, кепка және т.б.); - Жаңа жылда жасырын түрде бір біріне сыйлықтар жасайды. Біз кез келген елдегі сияқты біздің отбасымызда өз салт-дәстүрлер, әдетғұрыптар мен салт жоралар барын мақтан тұтамыз. Біздің компанияда жас отбасылар

БІЗ БӘРІМІЗ БІР КОМАНДАМЫЗ

құрылады, көптеген қызметкерлер бүкіл әулеттерімен еңбек етеді және бізге осы игі істі ұзақ жылдар бойына сақтау маңызды, өйткені біз болашаққа үлкен перспективалар құрамыз. Компанияның әрбір қызметкері өзінің жаңа идеяларын ұсына алады және егер оны көпшілік қолдаса ол тағы бір тамаша дәстүрге айналады! Өз ұсыныстарыңызды мына мекенжайға жолдаңыздар: seifullina_d@ bi-group.kz. Ал, әзірше «ЖТҚ-Астана» дивизионының HR-менеджері Раушан Әлжанованың идеясымен таныстырайық, ол «Жұлдызай» қорына ең көп қаражат аударған қызметкерге «Жыл меценаты» номинациясын беруді ұсынды. Сонымен бірге, ол уәждемелік сапарға BI Group үлкен жалауын алып шығуды және әдемі жерлердің аясында әдемі суреттер жасау қажет, осылайша корпоративтік демалыстың жағымды әсем сәттерін еске салатын үлкен корпоративтік альбом жасауды ұсынды. BI GROUP Construction және BI GROUP Development холдингтері мен маркетинг бөлімі және BI GROUP Construction PR Холдингінің HR-менеджерлерін материалды дайындауға көрсеткен көмектері үшін алғыс айтамын. Диана Сейфуллина, Коммуникация менеджері / корпоративтік журналдың шығарушы редакторы

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

35


BI LIFE

«АЙДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК АСХАНАСЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Өткен айдың қорытындысы бойынша BI GROUP Construction Холдингінің үздік асханасы «Казахдорстрой» жол дивизионының Павлодардағы «Ертіс өзеніндегі өткел көпір» жобасының «ЖК Карагизова» асханасы үздік асхана болып танылды. «Казахдорстрой» ЖШС Солтүстік-шығыс филиалы кеңсесінің асханасы шамамен 60-70 адамға қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетушілер өте әдепті, сыпайы, мейірімді. Ұсыныстар мен шағымдар кітабында қызметкерлердің мақтаулары ғана бар. Асхана жұмыс істеп келе жатқаннан бастап тағамның сапасы төмендеген емес және тағамдар түрлі-түрлі. Сондай-ақ аспаздар ұлттық мерекеде қызметкерлерге мерекелік тағамдар дайындайды. ЖК «Карагизова» асханасының шағын ұжымы өз істері үшін мақтауға тұрады» дейді жоба қызметкерлері. BI GROUP Development Холдингінде «МЖК Астана» дивизионының «Лазурный квартал» жобасының асханасы үшінші рет үздік болып танылды. Жоба ұжымы тағамның сапасы, алуан түрлілігі, тазалығы және қызмет көрсету деңгейі туралы жағымды пікірлерін айтады. BI GROUP Development Холдингінде «ИЖС-Астана» дивизионының «Expo Residence» жобасына қызмет көрсететін ЖК «Бабаева» асханасы үздік балып танылды. Жоба қызметкерлеріне олардың тағамдары мен қызмет көрсету сапасы ұнайды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Өкінішке орай, айдың қорытындысы бойынша нашар асханалар да бар: BI GROUP Construction «Осакаровка» жобасына қызмет көрсететін ЖК «Шорик» асханасы, BI GROUP Development холдингінің «Арман қала» жобасының ЖК «Хан В.С.» асханасы. Олардың көрсететін қызметтерін жақсартып, әлі де алға шығуға мүмкіндіктері бар. Айдың ең үздік асханасы деген жарыс екі холдингтегі қызметкерлерді тамақтандыру жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылғанын естеріңізге саламыз. Аталған жарысқа BI GROUP Construction және BI GROUP Development холдингтерінің объектілері мен кеңселерінде тамақтандыру қызметін ұсынатын барлық операторлар қатысады. ЖК Керейбаев ұжымы

Альжанова Р., Айткенов Г. асхана қызметкерлерімен бірге

Ертіс өзені арқылы өтетін Көпір өткелі жобасының асханасы

36

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


Құрметті корпоративтік журналдың оқырмандары, журналдың өткен сандарында «Мен неліктен BI Group-та жұмыс істегенді ұнатамын» фото байқауы өз бастауын алғанын жариялағанбыз. Біздің әріптестеріміз осы байқауға белсене қатысып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті. Солардың алғашқыларын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. Ал, BI Group компаниясының жетпіс мыңнан астам ұжымына өзін танытқысы келгендерге сіздің суреттеріңіз және өз жұмысыңызды не үшін жақсы көретініңіз туралы шағын әңгімені мына мекенжайға жібере алатындарыңызды еске саламын: seifullina_d@bi-group.kz, сондай-ақ осы мекенжайға сіз корпоративтік журналдың сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарыңызды да жіберуге болады. Құрметпен, Диана Сейфуллина, BI Times корпоративтік журналдың шығарушы редакторы Мен өз жұмысымды неліктен жақсы көремін … міне, жұмыс барысында болатын осындай кадрлар үшін. Сұрапыл аязды, қыстың күні нағыз жылу шашқан сәуле. Қарапайым тұрғындар бұл жорық шатыры немесе түсті шамдар деп ойлап қалуы мүмкін, ал шын мәнінде, біз осылайша темір бағандарының астына анкерлік бұрандамамен орнатылатын құм бетондарын қыздыруды шештік. Бағандардың жанына прожекторларды қойып, оларды пленкалармен байлап ораймыз, тиісінше булану пайда болады, осы процедуралардан кейін бетон берік болады! Міне, барлығы жеп-жеңіл және оп-оңай! Олег Быковский, «Өндірістік-азаматтық құрылысы» дивизионы «Астана қаласының әлемдік деңгейдегі колледжі» жобасының прорабы

Мен өз жұмысымды жақсы көремін! Мен, мұнда сенбі де, жексенбі де келемін! Мен, мұнда Туған күнді, Жаңа жылды, 8 наурызды да қарсы аламын, Мен, мұнда қара түнді батырып, аппақ таңды қарсы аламын, Шаршамаймын, ашуланбаймын, ренжімеймін, Жұмыстан ат арам өледі деген мақал бар, Ал мен – ажалсыз, мәңгілік пырақпын! Шын мәнінде, мен осы көңілді өлеңді Ғаламтордан алдым, мен өз ісімді сүйемін. Шынымды айтсам, негізі BI Group жұмыс істеп жүргеніме бақыттымын! Валерий Мелешко, 1С АЖ сүймелдеу бөлімінің бас маманы

Біздің әрлеушілер командасы бірігіп жасайтын сұлулық пен әсемдіктің көрінісі теңдесі жоқ дүниелер үшін мен өз жұмысымды жақсы көремін!

Біздің жұмыс білектің күшін, ұқыптылық пен табандылықты талап етеді. Бұл оңай емес, бірақ біз менеджерлер мен басшылықтан қарапайым, шын көңілден айтқан «Рақмет!» сөзін естігенде, біздің еңбегіміз зая кетпегенін түсінеміз.

Марал Құсаинова, сылақшы-бояушы, 20 жыл өтілі бар әрлеуші, «Париж кварталы» жобасы, «МЖК-Премиум» дивизионы

Байсерік Какешов және Сәкен Мұқаммеджанов, «Private Development Company» ЖШС жұмысшылары, «Жылжымайтын мүлікті басқару» дивизионы

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

37


BI HOLIDAY Наурыз мерекесінің құрметіне BI GROUP және Construction Development дивизондары компания қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар мерекенің қонақтарына арнап дастарқан жайды. Наурыз – адамдарға ізгілік әкелетін мереке. Қазақ халқы бұл күні «Ақ мол болсын!» деп тілек айтады, яғни, бұл өмірде жақсылық мол болсын дегенді білдіреді. Бұл айда табиғатпен бірге адамның бойында жақсылық, жаңашылдық оянады. Біздің материалымызда біздің компания күн мен түн теңелген көктем мерекесін қалай қарсы алғанын әңгімелейміз.

BI GROUP холдингінде Наурыз мерекесін тойлау дәстүрге айналды. Мұнда мерекеге ерекше көңіл-күймен дайындалады. Таңертең компания қызметкерлерін ұлттық киім киген арулар қарсы алды. Ұлттық әуендер тамаша көңіл-күй сыйлады, келген қонақтар дастарқанға шақырылып, бауырсақ пен қымыз, Наурыз мерекесінің басты тағамы - Наурыз көже берілді.

BI GROUP Construction корпоративтік орталығы

BI GROUP Development корпоративті орталығының клиенттері мен қызметкерлері Наурыз көжеден дәм татты. Түрлі-түрлі тағамдарға толы дастарқан, әдемі шарлар, жақсы әуен және құттықтау сөздер қонақтарға көктем мерекесінің жақындағанын сездірді.

BI GROUP Development корпоративтік орталығы

Аманжолов А.А., Өнеркәсіптіказамттық құрылыс Наурыз дивизионының бас директоры А.Б Нурмановқа алғыс хат құрылыс» ұсынуда

мейрамын «Өнеркәсіптік азаматтық ЭКСПО 2017 объектісінде қарсы алды. Мерекеге басқа объектілердің қызметкерлері де шақырылды. Дивизионның қосалқы мердігер ұйымдары, тапсырыс беруші өкілдері де қатысты. Жалпы жиыны 300-ден артық адамды құрады. Қонақтарға арналып арқан тарту, гирь көтеру, армреслинг сияқты жарыстар ұйымдастырылды. Арнайы орнатылған сахна әншілер мен қызметкерлер орындаған ән-күйге бөленді. Мерекенің ресми бөлімінде жоба мен мердігер ұйымдарының ең үздік қызметкерлеріне алғыс хаттар берілді. Ақ шаңқай әдемі тігілген киіз үйлерде қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрі бойынша мерекелік мол дастарқандар жайылды.

Өнеркәсіптік-азамттық құрылыс дивизионының ұжымы

38

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI HOLIDAY «МЖК Астана» дивизионының ұжымы Наурыз мерекесін әдеттегідей көңілді де, тату өткізді. Дивизион қызметкерлері өздері жасаған сценада мерекелік концерт ұйымдастырды. Қызметкерлер ән айтып, домбырада күй тартты, сценалар қойып, бейнероликтер көрсетті. Концерт аяқталғн соң, барлық қонақтарды қазақтың ұлттық тағамдарына толы дастарханға шақырды. Әрине, бұл жолы да қазақтың ең басты ұлттық тағамы бесбармақсыз болған жоқ. Мерекелік дастарханнан кейін дәстүр бойынша ұжымның ерлер жағы өзара «жілік сындыру» бойынша жарысты. Ондаған ер жілікті сындыруға тырысып бақты, бірқ бұл тек Бахытбек Жухиннің ғана қолынан келді, ол осы күннің батыры атанды. МЖК-Астана

«МЖК-Премиум»

«МЖК –Премиум» дивизионы Наурыз мейрамын «Премьера» объектісі аумағында қарсы алды. Алдын ала әрбір бөлімге жеребе бойынша белгілі бір ұлттың салт-дәстүрін көрсету тапсырмасы таратылды. Қатысушылар жарыстарға ерекше жауапкершілікпен қарап, қазақ, орыс, үнді, жапон, кавказ, ұйғыр халықтарының тағамдарын дайындады. Дәмді тағамдардан дәм татылған соң әр қатысушы өз ұлттарының салт-дәстүрін көрсетті. Осы күні қазақ, орыс тілдерінде ән шарықтап, жапон, кавказ билері тамашаланды. Сахнада қызметкерлер шағын концерт көрсетті. Соңында барлығы Наурыз көже және өзбек палауының дәмін татты. Дәмді етіп жасалған ұлттық тағамдар үшін сыйлықтар да берілді.

МЖК-Премиум дивизионының қызметкерлері

Асыл Тау тұрғындары

«МЖК-Алматы» дивизионы «Асыл Тау» үйінің тұрғындары үшін жарқын мереке ұйымдастырды. Мереке қонақтары арқан тарту ойынына қатысты, балдырғандар асфальтта сурет салды, ойын ойнап, ән салды. Ересектер мерекемен құттықтады. Қонақтар палаудан дәм татып, ыстық бауырсақтардан ауыз тиді, тәттілермен ша» ішті. Міне, біздің компания бұл мерекені осындай керемет көңіл күймен қарсы алды! Ақпарат ұсынғаны үшін Ким Вероникаға, Исагулова Гузельге, Тустикбаева Аянаға, Кусманова Гүлжанға және Шакола Александрға алғыс айтамыз.

«МЖК-Алматы» BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

39


BI LIFE

КӨКТЕМ МЕН СҰЛУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ

8 наурыз көктемнің алғашқы нәзік те тамаша мерекесі. Жаны нәзік тұлғалардың сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл күні ер адамдар әйелдерді үйде де, жұмыста да құттықтайды. Ұлдар аналарын, немерелер әжелерін құттықтайды. Барлық жерге көктемгі көңіл күй жайылады. Осы дәстүрді жалғастырып, Холдингтің ер адамдары Номад БО қызметкерлерін құттықтады. Кәсіби оркестрдің орындауындағы классикалық әуендермен әйелдерді гүл шоқтарымен қарсы алды. Құттықтау соңы BI Group Construction компаниясының әсем қыздары

BI GROUP Construction компаниясының ерлері нәзік жандарды осылай қарсы алды

мерекелік дастарқанға ұласты. Холдингтің корпоративтік орталығы өз қызметкерлеріне тосын сый жасады. Холдинг басшылығының жылы сөздерінен кейін әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры Алена Бимендинаның орындауында тамаша романс және менеджер Аян Зикириннің «Очарована, околдовано» әні тыңдалды. «Казахдорстрой» жол дивизионы қуанышты да көңілді құттықтауымен ерекшеленді. Дивизион басшысы Серік Төлебаев май, нан және су қойылған дастарханға шақырды. Ризашылығын және тілектерге толы құттықтау сөзін айтып, барлық еркектердің күшімен «бай» дастарқан жасалды дегенде, оның қалжыңын барлығы түсініп қойды, мейрам дәмдітәттіге толған мерекелік дастархан басында жалғасты. Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс дивизионының ер адамдары қыздарға арнап мерекелік кеш ұйымдастырды. Караоке-мейрамханада әріптестерін гүл шоқтармен қарсы алып, оларға өздерінің тамаша мақтауларын айтып, осы кеште өлең-жырлары мен әндерін тарту етті, би жарыстарын көрсетті. «МЖК-Алматы» ер адамдары өз әріптестеріне жауқазын гүлдерін сыйлап, мерекелік дастарқан ұйымдастырды. Қыздарға бұл күні мақтаулары мен құттықтауларын аямады. «ИЖС–Астана» дивизионы ерекше құттықтау ұйымдастырды. Дивизон ер адамдардың барлығы қатысқан креативті ролик түсіріп құттықтады. Роликті сіздер мына сілтеме бойынша қарай аласыздар: https://www.youtube.com/ watch?v=LjtZr1odyMM. Өнеркісіптік-азаматтық құрылыс Халықаралық Әйелдер дивизионының тату ұжымы күнін көктемнің басында

40

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


LIFE BIBI LIFE МЖК-Алматы сұлулары

МЖК-Алматы ерлері

тектен текке мерекелемейді, өйткені әйел адамның миссиясы - қоршаған ортаны сұлулық пен үйлесімділікке толтыру, әлемге жаңа өмір сыйлау. Ақпарат пен фотосуреттерді ұсынғандары үшін Вероника Ким, Раушан Альжанова, Гульжан Құсманова, Ботагөз Рахимоваға алғысымызды білдіреміз. BI GROUP Construction ЕR менеджері Шакола Александр

Креативті ИЖС-Астана

ИЖС-Астана ерлері

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

41


BI LIFE

«ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ БАСҚАРУ» ДИВИЗИОНЫ МЕРЕКЕНІ ТАРТУ ЕТТІ Жылдың басында Аслан Ибрагимов басқаратын «Жылжымайтын мүлікті басқару» атты дивизоны құрылған еді. Оның құрамына коммерциялық жылжымайтын мүлікті басқарумен айналысатын барлық сервистік компаниялар кірді. BI Village және Family Village коттедж үйлерін басқаратын сервистік компаниялар өз аумағында тұрғындарға арнап мереке ұйымдастырды, сонымен қатар Отан-Ана алаңында корпоративтік орталықтың күшімен мол дастарқан жайылған киіз үй орнатылды. BI Village және Family Village отбасылық қалашықтарында Наурыз мерекесі тату және көңілді атап өтілді: коттедж қалашығының тұрғындары үшін BI Group өзінің Village Servise атты еншілес сервистік компаниясымен бірлесе отырып мереке ұйымдастырды. «Наурыз-сан ғасырлардан келе жатқан мейірімділік пен достық мерекесі. Бұл мереке жақындарыңмен уақытты бірге өткізуге арналған. Сондықтан біздің компания коттедж қалашықтарының тұрғындарын бір шаңырақтың астына жинауды ұйғарды», - деді клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы Сымбат Әділханова. Бүгінгі мерекенің арқасында көршілер бірбірімен міндетті түрде танысады деп сенеміз. «Тамаша мереке, дәл осылай көңіл көтермегеніме талай уақыт болды ғой. Ешқайда да барудың қажеті жоқ, мереке үйімізге өзі келді» - деді Family Village тұрғындарының бірі Айнагул Дүйсенбай. Ұлттық әуендер мен әншілердің тамаша дауысынан келген қонақтар бір орындарында тұра алмады. Family Village тұрғыны Мария Паутова: «Кеткіміз де келмейді. Бұл мейрам шынында да отбасылық жылуын шашқан керемет мереке болды», - деді. Family Village қонақжай қалашығында отбасылық мерекені тамашалап, мол дастарқаннан дәм татып жатқанда Garden Village қалашығында ыстық болып кетті. Оның себебі жарқыраған көктемгі күн ғана емес, от шашу болатын. Би мен от шашу араласқан ерекше қойылым ұмытылмастай болды. «Біз бұл мерекені ұмытпаймыз, жоғары деңгейде өтті. Біз уақытымызды тамаша өткізіп қана қоймай, көршілерімізбен танысып та үлгердік»,- деді Қымбат Аренова. Балалар да тыс қалған жоқ. Мерекені ұйымдастырушылар кішкентай көрермендерге арнап көңілді аниматорлар мен сайқымазақтарды шақырыпты. Олар түрлі ойындар мен жарыстар өткізді. Тапқырлығы, шапшаңдығы үшін жас тұрғындар шарлардан жасалған сыйлықтармен марапатталды. «Біздің балаларымыз таң-тамашаға кенелді. Қаншама көз қызықтырар ойындар, жарыстар, сыйлықтар. Барлық ұйымдастырушыларға керемет көңіл-күй сыйлағандары үшін рахмет!», – деді Әсем Төлегенова. Family Village-де отбасы қалашығының 462 коттеджі бар екендігін естеріңізге сла кетеміз, олардың 259на тұрғындар қоныстанып та үлгірді. Garden Village коттедждік кентіне келетін болсқ, бүгінгі таңда бұл жерде 19 отбасы тұрып жатыр, ал 96 коттедж тапсыруға дайындалуда.

42

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

Наурыз коттеждік кеттерде

Әртістердің қатысуы

Отан-Ана алаңындағы біздің киіз үй

Қонақтар


BI LIFE

ТУҒАН КҮНІҢМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Біз «ИЖС-Астана» дивизоны өзінің креативті де бірегей ойларымен ерекшеленгенін айтып өткен болатынбыз, осы жолы да ерекше көзге түсті. «МЖК-Астана» дивизионымен бірлесе отырып, «ИЖС Астана» дивизионының бас директоры Максим Чернышовты туған күнімен құттықтады. Максим Валерьевичті құттықтау үшін «МЖК-Астана» дивизионынан бұрынғы әріптестері, жоба жетекшілері, сондай-ақ «ИЖС - Астана» дивизионының барлық құрамы жиналып, Максим Валерьевичке 033 МАХ деген ерекше нөмірі бар «Москвич» автокөлігін сыйға тартты. Белгіленген уақытта безендірілген көлік дивизион кеңсесінің жанына келіп, иесі көлікті жүргізіп көрді. Максим Валерьевичті өткен туған күнімен және компания серіктестерінің құрамына енуімен құттықтай отырып, кәсіби өсуде биіктерден көрінсін деп тілейміз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының ұжымы бақытты жас жұбайлар Еркін Жұмағалиев пен Нұргүл Нуркеновны отау тіккен салтанатты тойымен құттықтады. Жас жұбайлар 2014 жылдың жазында «Шалқар-Бейнеу темір жол желісінің құрылысы» сияқты жаңа жобада танысқан. Нұргүл кадр бөлімінің маманы болса, Еркін жоба басшысының жүргізушісі. 2015 жылдың 22 наурызында Көктем мерекесінде Шалқар қаласында заңды некелерін қиды, оларды «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионынан келген әріптестері өлең жолдарымен құттықтады. «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының ұжымы

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

43


ЖҰЛДЫЗАЙ

BI «ЖҰЛДЫЗАЙ» ҚОРЫ: ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДА ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ

Балаларды емдеу BI «Жұлдызай» қорының ажырамас және негізгі бөлігі болып табылады. Қордың өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі Жаңаөзен қаласында «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығын ашу болып табылады. Қазір, өңірде 600 баладан астам тіркелген БСА ауыратын сәбилер өз туған қаласында медициналық және психологиялық көмек ала алады. Біз бұрын осы медициналық орталықты ашуға дайындықтың бастапқы кезеңдері және Қазақстан мен Литвадан шақырылған мамандармен кеңес өткізілгені туралы жазғанбыз. 18 наурызда «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығының ресми ашылуы болды. Жобаны «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ демеушілік қолдау көрсетумен BI Group «Жұлдызай» холдингінің корпоративтік қорының күшімен іске асырылады. Орталық Рақмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің базасында орналасқан. Осы іс-шара құрметіне қор мен мұнай компаниясының өкілдері бір командаға бірігіп балалар мен олардың ата-аналарына арнап ұмытылмас мереке ұйымдастырды. Көп мөлшердегі шарлар, жарқын түсті костюм киген көңілді аниматорлар, концерттік бағдарламалар және «Жұлдызай» КҚ атынан сыйлықтар қатысушыларға жағымды эмоциялар сыйлады. Орталықты ашу салтанатына Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ж.Айсабаев, КҚ директоры қатысты. «Жұлдызай» Г.Н. Исабаева және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ әлеуметтік-әкімшілік департаментінің директоры Б.С. Иманғалиев. «Жұлдызай» медициналық оңалту орталығын ашу салтанатына орай Астана қаласының білікті мамандары мына профильдер: ортопедия, балалар хирургиясы, эпилептология, неврология және емдік дене шынықтыру бойынша консультативтік-диагностикалық қабылдау өткізді. «Жұлдызай» орталығында тұрақты негізде емдік процедуралар, массаж, емдік дене шынықтыру, ЭЭГ (электроэнцефалография) мониторингі және тар шеңбер мамандандырылған мамандар: невропатолог, ортопед-травматолог, логопед және психолог қызметтер көрсетеді. Жаңаөзенде МОО ашу кезінде астаналық МОО қызметкерлері ЕДМ екі жергілікті инструкторын оқытты, енді олар сол жерде тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ, кезекпен Астана қаласының «Жұлдызай» МОО инструкторлары барып, олармен өздерінің тәжірибелерімен бөліседі. Ерекше балалардың ата-аналары атап көрсеткендей, енді оларға ауыр сырқатты жеңу және барлық қажетті процедуралардан уақытылы өту оңайға түседі.

44

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


ЖҰЛДЫЗАЙ

ЖАНСҰЛТАННЫҢ ЖАҢА ӨМІРІ

Біз өз оқырмандарымызды «Жұлдызай» МОО кішкентай науқастарының сәтті сауығу тарихымен таныстыруды жалғастырамыз және олардың еміне ай сайын өз қаражаттарын аударатын BI Group қызметкерлеріне алғыс білдіргіміз келеді. Сіздердің балаларға деген ерекше ықыластарыңыздың арқасында балалар ауыр сырқатты біртіндеп жеңді және өздерінің алғашқы қадамдарын жасай бастады, осындай БСА диагнозы бар ерекше балалар үшін бұл үлкен жетістік. Кішкентай Жансұлтан Жаңаөмірдің тегі «жаңа өмір» деген мағынаны білдіреді. Бұл әбден символды, өйткені БСА (балалардың церебралды сал ауруы) диагнозы бар кішкентай сәби «Жұлдызай» қорымен танысқан сәттен бастап жаңа, қуанышты сәттерге толы өмір басталды. Жансұлтанның анасы айтқандай, осы күн айрықша күн болып табылады: «Біздің ұлымыз бұрын жүрмейтін, еңбектемейтін және өздігінен отыра алмайтын. Біз «Жұлдызай» МОО үнемі емдеуге, дәрігерлердің тексеруінен өттік, шетел дәрігерлерінен кеңестер алдық. Тәжірибелі дәрігерлер мен инструкторлардың арқасында Жансұлтан еңбектей бастады, біраз уақыттан кейін ешкімнің көмегінсіз өздігінен отыра алатын болды. Біздің қуанышымызда шек жоқ. Төрт жасқа толу қарсаңында ол алғашқы қадамдарын

ПАЙДАЛЫ ІСТЕР

«Жұлдызай» медициналық-оңалту орталығының екі жыл қызметі ішінде орталықтың инструкторлары «Балалардың церебралды сал ауруы» (бұдан әрі БСА) диагнозы бар көптеген балаларды өздігінен жүруге үйретті. БСА – бұл күрделі ауру, бас миының қабында болатын бұзушылықтың салдарынан туындайтын күрделі қозғалу мүшешелерінің бұзылуы түрінде байқалады. Ағзаның қозғалу функцияларының бұзылуы бала туа салысымен байқалады және оның одан арғы өмір бойында сақталады. Мұндай бұзылулар нақты бұлшық ет топтарының әлсіздігінен байқалады, олар қол мен аяқтың үйлескен қозғалысының болмауына әкеп соқтырады, салдарында жүре алмауы, басының шайқалуы және т.б. бұдан басқа, осы ауыр сырқаттың салдарында баланың сөйлеу қабілеті бұзылуы, кейде ақылойы дамымай қалуы мүмкін. Осы қауіпті сырқаттың салдарын ерте кезеңде алдын алу үшін емдік дене шынықтыру мәдениетімен (бұдан әрі – ЕДМ) тұрақты негізде айналысу маңызды. БСА диагнозы бар балалар үшін ЕДМ айналысу өте маңызды. Ол жалпы ағзаны сауықтырады, барлық органдар мен тіндерді жалпы бекітуге мүмкіндік береді, оның көмегімен ағзадағы барлық алмасу процестері жақсарады, әлсіреген бұлшық еттер бекиді, ақыл-ой қызметі мен қан айналымы жақсы жұмыс істей бастайды, омыртқаның қисайған жерімен күресудің тиімді жолы. Осы бағытты дамыту мақсатында BI «Жұлдызай» корпоративтік қоры Вильнос (Литва) қаласының «Santariskiu klinikos» емханасынан халықаралық деңгей реабилитологы, Саткуте Дайва ханым шақырды, ол сапар барысында бірнеше іс-шаралар өткізді. Ол біздің мамандармен бірлесіп, емдік дене шынықтыруды қолдану тәсілдерінің мәселелері бойынша емдік-консультативтік қабылдаулар өткізді

жасады. Екі айдың бойында күнделікті инструкторлармен бірге біз нық басуды үйреніп жүрміз. Біз ұлымыздың жетістіктеріне қуанамыз, әрі мақтан етеміз. Бұл, ең алдымен, «Жұлдызай» МОО еңбегі. Осы жақын арада «Жұлдызай» МОО біз «Тұсау кесер» жоралғысын өткіземіз. Біз көмек пен қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз, осы игі іске өз үлесін қосып отырған әрбір ізгі жанға денсаулық тілейміз! және қажетті дене жаттығулары мен басқа құралдарды іріктеп алуды қоса белгіленген ережелерге сәйкес емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізу тактикасын анықтады. Жұмыс тәжірибесіне емдік дене шынықтырудың қазіргі заманғы әдістемелері енгізілді. Сондайақ, Саткуте Дайва ханым инструкторлармен бірге медициналық оңалтудың жеке бағдарламаларын құру және түзетуге қатысты. Осы іс-шаралар біздің балаларымыз қажетті емді уақытылы алу үшін ЕДМ әдістемелерін тұрақты жетілдіруге бағытталған. Барлық қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша «Жұлдызай» КҚ маманы Махаббат Кәрімжанқызына хабарласа аласыздар, Тел.: 8 (7172) 57 94 14 Сот.: 8 777 110 35 40 www.zhuldyzai.kz

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

45


BI LIFE

46

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015


BI LIFE

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

47


СІЗ БЕЛІСІ БЕ...

BI GROUP CONSTRUCTIONНЫҢ ӨҢІРЛІК ӨКІЛЕТТІГІ АШЫЛДЫ

Бизнестің кеңеюі және еліміздің батыс өңірінде жаңа нарықтарға шығуына байланысты, Атырау қаласында BI Group Construction Холдингінің өңірлік өкілеттігінің кеңсесі ашылды. Оның басшысы болып Серік Құрманбаев тағайындалды. BI Group Construction Холдингін осы жаңалығымен құттықтаймыз! Мекенжайы: Қ. И. Сәтбаев көшесі 23 Б, 4 қабат

Серик Курманбаев және Метин Палик

КӨКТЕМ – ӨЗГЕРУ КЕЗЕҢІ! BI GROUP КОМПАНИЯСЫ САТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ ӨЗГЕРГЕНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ Астана қаласында шопинг-стрит пайда болатынын Сіз білесіз бе? Сауда жасау көшесі Expo-ның жүрегінде орналасқан Expo Boulevard тұрғын үй алабы орамы бойынша созылып жататын болады. Мұнда Expo Boulevard тұрғынардары, сондай-ақ қала тұрғындары мен астана қонақтары сәнді тауарлар сатып ала алады, сонымен бірге уақытты қызықты және пайдалы өткізе алатын болады. Еске сала кетейік, Expo Boulevard тұрғын үй алабын біздің компания тұрғызатын болады..

48

BI TIMES No 03(27) - НАУРЫЗ/2015

Көктем – өзгеру кезеңі! Bi Group компаниясы сату департаментінің мекенжайы өзгергені туралы хабарлайды. 13 сәуірден бастап біз Сіздерді жаңа мекенжайы бойынша күтеміз: Астана қаласы, Сол жағалау, Viva Plaza бизнес-орталығы, Сығанақ көшесі 18/3. Бізге қарама-қарсы «Пекин Палас» орналасқан. Қош келдіңіз!


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.