#06(30) МАУСЫМ 2015 BI GROUP КОМПАНИЯСЫ ӨЗ 20-ЖЫЛДЫҒЫН ЕКПІНДІ ӨТКІЗДІ!
ТАБИҒАТТАҒЫ ЗЕРДЕЛІ ДЕ ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС! 30-31 бет 8-11 бет
ҚАНАТ КЕҢЕСҰЛЫ ЖАҚУПОВ: «ТЕК ЖАН-ТӘНІҢМЕН ІСТЕСЕҢ, ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА БОЛАДЫ» 20-22 бет BI Group Холдингінің корпоративтік журналы
САПА МЕН РИЗА КЛИЕНТТЕР - ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ 18-19 бет
УӘЖДЕМЕ – ҒАЖАЙЫП ҚҰРАЛ 32-33 бет
МАЗМҰНЫ
БІРІНШІ ТҰЛҒАДАН ....................................................................................................3 «Үздік құрылыс алаңы» сайысының аралық нәтижелері.....................................4-5 Үздік қосалқы мердігерлік бригадалар...................................................................6-7 BI HOLIDAY BI Group компаниясы 20-жылдық мерейтойын атап өтті................................8-11 Астанада BI Group қолдауымен МУЗ-ТВ Сыйлығы болып өтті.....................12-13 BI Group жүректерді біріктіреді! .............................................................................14 5:0 – кәсіпқойдың жеңісі: Талғат Тимкенұлы, туған күніңізбен! .....................................................................15 ЭКСПРЕСС ЖАҢАЛЫҚТАР Қанат Ерман: «Мен жүлделі орын үшін күресуге даярмын».................................16 «I love BI Group!»........................................................................................................16 Әріптесіміздің жаңа жеңісі........................................................................................17 Сапа мен риза клиенттер – жетістік кепілі....................................................18-19 BI PERSON Қанат Кеңесұлы Жақупов: «Тек жан-тәніңмен істесең, жақсы жұмыс жасауға болады»...........................................................................20-22 КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ ........................................23 «Ақбұлақ Таудағы» қоныстой – тұрғын үй кешені толық берілді..................24-25 Comfort Town тұрғын үй кешені тұңғыш тұрғындарын қабылдады..............26-27 Тағылымгерлердің жаңа толқыны сертификат иеленді.................................28-29 Табиғаттағы зерделі де пайдалы демалыс! .....................................................30-31 BI STRATEGY Уәждеме – ғажайып құрал....................................................................................32-33 ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІА
.............................................................................................34
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАЛЫМДАР .................................................................................35 BI Group компаниясы 19-мыңыншы клиентін құттықтады................................36 Бәрі де стартта! BI Group компаниясы «Отбасылық старттар» өткізді...........................................................................37 20 МЕЙІРІМДІ ІС BI GROUP BI Group компаниясы қашықтан оқыту бағдарламасын сыйлады......................38 БІЗДІҢ BI ЖҰЛДЫЗАЙ КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫМЫЗ ...........................................39 Ата-аналар мен балалар шаттығы үшін! ........................................................40-41 Өскемендегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ойын алаңы сыйға тартылды .................................................................................41 BI Group-пен бірге бақытты балалық шақ! ...........................................................42 АЛ СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ... ........................................................................................43-44
2
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
БІРІНШІ ТҰЛҒАДАН
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздерді BI Group 20-жылдығымен құттықтаймын! Біздің Холдинг пен тобымызға барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізіп, ұзақ жылдар бойы үздік құрылыс компаниясының атағын биік ұстауды тілеймін! BI Group Construction Холдингінің құрылған сәтінен аттай бір жыл өтті. Осы уақыт ішінде біз өз әлеуетімізді өсіріп, жобалар портфелін ұлғайттық. Бүгінде BI Group Construction – ірі басты мердігерлік, тендерлік холдинг, ол жол салуда, азаматтық-өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық құрылыста, құрылыс материалдарын өндіру мен жобалау саласында жұмыс істейді. Өзінің ауқымды қызметінің арқасында, біздің Холдинг Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, оның барлық дерлік бөлігінде азаматтық және өнеркәсіптік мақсаттағы стратегиялық маңызы бар нысандар салу бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде. Алдағы үш жылға Холдингтің жоспарлы жұмыс көлемі 500 млрд. теңгені құрайды, оған қоса жыл сайын бізде компанияның кірістік бөлігіне белгілі бір үлесін қосатын жаңа тендерлік жобалар туындап отырады. Егер, өткен жылда қаржы айналымы 89 млрд болса, биылғы жылы 127 млрд теңгені құрап отыр, олар ендігі қол қойылған шарттармен куәландырылады. 2014 жыл ішінде холдинг инфрақұрылымдық және жол құрылысында ұсынылған барлық тендерлерге белсенді қатысты, сондықтан келесі бес жылға жыл сайынғы өсім 15-20% болады деген болжам бар, яғни жалпы алғанда 2020 жылы Холдингтің жыл сайынғы шоғырландырылған кірісі 2 млрд $ құрауы керек. Холдинг дивизиондары ел үшін маңызды және ірі жобаларды сәтті іске асыруын жалғастыруда. Біз - елдегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрылысына қатысып жатқан жалғыз компаниямыз. Біз Қостанай қаласындағы мектепті ендігі қолдануға тапсырдық. Осы жылы Астана, Семей, Өскемен қалаларындағы осыған ұқсас мектептердің үш жобасы құрылыс кезеңінде, оларды 2015 жылы қолданысқа енгізу де жоспарланып отыр. Сондай-ақ бізге EXPO-2017 көрме кешенінің алаңында құрылыс жүргізу бойынша ауқымды жобаны сеніп тапсырды. Жол дивизиондары - BI Group Construction құрылымындағы ірілерді бірі болып табылады. Дивизиондар мемлекет үшін маңызды стратегиялық мәнге ие жобаларды іске асырды. Үш жол Дивизионының келісімшарт жасалған көлемі – 200 млрд теңгеге жуық, осы жылы 80 млрд теңгеге жуық көлемді игеру жоспарланып отыр. Холдингтің тағы бір мақтанышы – «АБК-Бетон» зауыты болып табылады, ол Астана қаласындағы бетондық-ерітінділі өнім өндірісі көшбасшыларының бірі болып табылады. Келешекте күтілетін жоспарлар туралы айтар болсақ, біздің алдымызда басты мақсат – еліміздің ірі инфрақұрылымдық-өнеркәсіптік компанияларының қатарына кіру болып табылады. 2020 жылға 2 млрд айналымның 15%-ға жуық барлық көлемі Қазақстаннан тыс жерлерде қалыптастырылуы тиіс. Біз Ресей мен біздің көршілес елдердің нарығына үміттене қарап отырмыз. Біз үшін қазір мұнай-газ саласы ерекше қызығушылық танытып отыр. Біз мұнай-газ құбырларын салу мен қайта құрастыру кезінде барлық жұмыстар кешенін орындауды, оның ішінде тораптық, аяқтауыш және қосалқы нысандарды салу, оған қоса жолдар мен кірме жолдарды салуды жоспарлап отырмыз. Сөз соңында, BI Group Construction тобын ірі басты мердігерлік, тендерлік Холдинг ретіндегі жұмысының алғашқы жылымен құттықтағым келеді. Алда бізді жаңа жеңістер мен жетістіктер күтуде, оған бірлесе қол жеткіземіз, әрбіреуіңіздің біздің ортақ ісімізге қосқан үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Құрметпен, Талғат Тимкенұлы Қожахметов, BI Group Construction Холдингінің басқарма төрағасы
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
3
BI LIFE
«ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ» САЙЫСЫНЫҢ АРАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ BI Group Development Холдингінің үздік құрылыс алаңы атағына арналған сайыстың аралық нәтижелері бойынша, үздік бестікке енгендер: 1. Времена года (Зима 2 кезек) – 7,43 ұпай 2. Арман Кала (8 кезек) – 6,95 ұпай 3. Асыл Тау (2 кезек) – 6,84 ұпай 4. Арман Кала (9 кезек) – 6,71 ұпай 5. Promenade EXPO блок А– 6, 67 ұпай Сәуір айында BI Group Development Холдингінің үздік құрылыс алаңын анықтайтын жыл сайынғы сайыс бастау алғандығын еске саламыз. Оған Холдингтің барлық құрылыс алаңдары қатысады, олардың арасындағы жеңімпаз жыл сайынғы Құрылысшы күні мерекесінде жарияланады. Жеңімпазға құрметті атақпен бірге 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі! Сондай-ақ ІІ және ІІІ орын иегерлеріне ынталандыру сыйақылары қарастырылуы мүмкін. Үздік құрылыс алаңының бағасы интегралдық бағаларды салыстыру әдістемесін қолдана отырып, ОТН, БИоТ, ОКК, Кайдзен және ЦУП қызметтерінің ай сайынғы сараптамалық және статистикалық есептерінің
«Зима 2 кезек» құрылыс алаңы
«Арман Қала» тобы (8 кезек) – ай қорытындысы бойынша II орын
4
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
негізінде қалыптасады. Сайыс туралы ережемен ішкі порталда толығырақ таныса аласыздар. ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ: 1. Сапаны бақылаудың электронды жүйесі: техникалық қадағалаудың электронды жүйесіндегі ОТН инженерлері берген мерзімі өткен, жойылған және берілген ұйғарымдардың саны туралы статистикалық мәліметтер негізінде. 2. Құрылыс мерзімін сақтау: ҚМТ орындалуы туралы ЦУП және Кайдзен қызметінің мәліметтері негізінде. 3. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау: құрылыс алаңдарындағы оқыс жағдайлар мен тәртіп бұзушылықтар туралы мәліметтер ескеріледі. 4. Корпоративтік стандарттарды сақтау: ОКК қызметі құрылыс алаңдарын ресімдеу мен жабдықтау стандарттарын тексереді. 5. Lean енгізу: Кайдзен қызметі ұсынатын жұмыс өндірісіне, еңбек қауіпсіздігіне және жұмыс сапасына енгізілген жақсартулар туралы статистикалық мәліметтер негізінде
Рейтинг көшбасшылары: «Времена года «Зима» тұрғын үй кешенінің
BI LIFE
«Арман Кала» (8 кезек)
Ай қорытындысы бойынша ІІІ орынды алматылық «Асыл Тау» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңы иеленді
V орында - «Promenade EXPO» жобасының тобы
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
5
BI LIFE
ҮЗДІК ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕРЛІК БРИГАДАЛАР Осы айдан бастап BI Group Development Холдингінің «Үздік қосалқы мердігерлік бригадалар» айдары басталады. «ИЖС-Астана» Дивизионының тағылымгері Асқар Баетовтың бастамасының арқасында, тұрғын үй кешендерін салып жатқан жұмысшылар өздерін біздің корпоративтік журнал беттерінен көре алады. Бірақ, үздік атанудың оңай еместігін бірден айта кету керек. МҚТ, қауіпсіздік техникасы мен компания стандарттарын сақтаудан басқа, үздік бригадалар өздеріне тікелей басшылық ететін жоба жетекшілерінің ұсыныстарын алуы керек. Осы айда бірден бірнеше бригада үздік деп танылды. Оларды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:
«Элсервис Астана» ЖШС
Ай қорытындысы бойынша, «Времена года» (Зима-2) ТК құрылыс алаңы үздік деп танылды, бұл жеңісте осы бригаданың үлесі де бар, олар тұрғын үй кешені мерзімінде тапсырылып, сапасы жағынан дес бермеуі үшін күннен күнге бар күш-жігерлерін салуда.
«Времена года» (Зима) тұрғын үй кешенінің қосалқы жұмысшылар бригадасы
6
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
BI LIFE Маусым айында «Ақбұлақ Таун» (5 кезек) жобасы сәтті аяқталды. Жоба тобының арқасында, тұрғын үй кешені мерзімінде тапсырылды. Онда біздің қосалқы мердігерлік бригадалардың үлесі бар екендігі сөзсіз. Жоба жетекшісінің ұсынысы бойынша «Элсервис Астана» ЖШС және «Алтын Пласт» ЖШС бригадалары үздік атанды. Аталған бригадалар жоба аяқталғаннан кейін, біздің Холдингтің басқа нысандарындағы жұмыстарға кірісіп кетті. Comfort Town аз қабатты үйдің тұрғындарына салтанатты кілт тапсыру рәсімі кезінде компанияның тағы да бір жарқын дәстүрі дүниеге келді, ол – жоба тобын естелік стеллалармен марапаттау. Іс-шара кезінде стеллалар жоба тобына ғана емес, өзін барынша ерекше көрсеткен қосалқы мердігерлік компанияларға да табысталды. Бұл тізімде олар екеу – «Ануш Көкше» ЖШС және «Gefest 2050» ЖШС. Өз нәтижелеріңізді жақсартып, жеңіске ұмтылыңыздар да біздің айдардың кейіпкері атаныңыздар!
«Алтын Пласт» ЖШС
Гуцал А.А. «Ануш Кокше» ЖШС өкілімен бірге
Баспаева О.В. «Gefest 2050» ЖШС өкілдерімен бірге
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
7
BI HOLIDAY BI Group Холдингі компания қызметкерлері үшін нағыз есте қаларлық мереке ұйымдастырып, өзінің 20-жылдық мерейтойын екпінді атап өтті. Ауа райы аздап кедергі келтіргенімен, ол ВІ-діктердің топтық және мерекелік қарқынын бүлдіре алмады.
BI GR КОМПАН 20-ЖЫ МЕРЕЙТ АТАП
Сенбілік таң сәрімен, 1500-ден астам қызметкер дәмді таңғы аспен бекініп, Астанадан танымал автобустармен серуенге шықты. Тойлау орнына барар жолда, биылғы жылы ол Жұмбақтас (Бурабай) аралы болатын, олар «Астана-Бурабай» жобасын іске асыру кезінде автокөлік апатынан қайтыс болған әріптестері Нұрболат Матыбаев пен Оксана Лиді еске алу үшін Макинка ауылының маңындағы «Черная роза» ескерткішіне тоқтады. Компания олардың еңбегін ұмытпайды. Бурабайға келген беттен бастап, ВІ-діктердің достас тобын әрбір қадам сайын сый күтіп тұрды. Мерекенің ұйымдастырушылары оларды құттықтап, шапалақ ұра қарсы алды. Шабақты көлінің жағасында дәм-тұзға толы ақ шатырлар әсем бейне беріп, жаңа келген қызметкерлерді жүргізушілер Мақсат Бүгібаев пен Игорь Ермашов сахнадан қарсы алды. Іс-шараның салтанатты ашылуы ретінде Қазақстанның әнұранымен мемлекеттік тудың және компанияның әнұранымен корпоративтік тудың көтерілуі болды. Бұл миссия BI Group Construction және BI Group Development Холдингтерінің басқарма төрағалары Талғат Тимкенұлы Қожахметов пен Амангелді Ғабдоллаұлы Омаровқа, сондай-ақ компанияның тұңғыш қызметкерлерінің бірі – краншы Николай Александрович Жидков пен жас гвардия өкілі - тас қалаушы және World Skills ұлттық сайысының жеңімпазы Қанат Ерманға сеніп тапсырылды.
8
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
BI HOLIDAY
ROUP НИЯСЫ ЫЛДЫҚ ТОЙЫН П ӨТТІ
Салтанатты ашылудан кейін, «Қазақжолқұрылыс» ЖШС басқарма төрағасы Серік Қошқарбайұлы Төлебаевтың басшылығымен мыңнан астам қызметкер маңызды миссияға – Гиннестің рекордтар кітабына енуге мүмкіндігі бар «ВІ-20» ірі таңбабелгісін суда салдардың көмегімен салуға кірісіп кетті. Орасан таңбабелгі Шабақты толқындарында құстың самғар биігінен әсем бейне беріп тұрды. ВІ-діктер бұл бастаманы жеңіл орындап, осы арқылы өздерінің бірлігі мен корпоративтік рухын тағы бір рет паш етті.
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
9
BI HOLIDAY
Бірақ осымен бітпеді, олардың барлығы кең ауқымды және бұқаралық тимбилдингке – яғни Абылай хан алқабынан бастап Көкшеге қарай, атап айтқанда «Шайтантас» деп аталатын жартасқа қарай (оның биіктігі теңіз деңгейінен 300 метр, ал көтерілу ұзақтығы 900 м) көтерілетін 2100 метрді құрайтын қашықтыққа марафондық жүгіріске аттанды. BI Group қызметкерлері, ауа райының сергелдеңіне қарамастан (марафон кезінде нөсерлетіп жауын жауған еді), бұл тапсырмамен де тез сынасты, осы арқылы өздерінің қуаты мен берілмейтін күш-жігерін қайтара көрсете алды. Марафон соңында жартасқа «BI Group 20 жыл» деген жазбасы бар компания туы тігілді.
10
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
BI HOLIDAY
20-жылдық мерейтойды тойлаудың салтанатты бөлімі кешке таяу басталды, дәл осы кезде марафондық жүгіріс пен таңбабелгі жасау бойынша топтық жарыстардың нәтижелері жарияланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақы табысталды, кейін компания кілттік қызметкерлерді туған күн мерекесіне орай осы айрықша мерекеден естелік ретінде атаулық қол сағаттармен марапаттады. Ал біздің компанияда оннан астам жыл бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер, яғни «Дәстүр сақшыларын» осы жылы ерекше сыйлықпен – романтика мен махаббат қаласы Парижке жолдамамен марапаттау туралы шешім қабылданды. Бұл сыйлықты 100-ден астам адам иеленді. Салтанат кезінде BI Group Холдингінің басшысы Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев атап өткендей, компанияның басты артықшылығы – адамдар. «Қызметкерлер - BI Group-тың басты құндылығы, - деп атап өтті ол, - Күндізтүні, ыстық пен суыққа қарамастан, астана мен елдің шеткері аумақтарында қазақстандықтар үшін қажетті үйлер мен жолдарды салып жатқан және салып келген адамдар, өзінің компаниясына, өз әріптестері мен жолдастарына адал адамдар. Дәл осы адамдар – біздің басты мақтанышымыз». Акционерлер, басқарма мен компания серіктестерінің орындаған сүйікті және халық әні атанған «Біз сіздерге бақыт тілейміз» әнін орындауы қызметкерлер үшін тағы да бір сый болды. Дәстүрлі түрде, компания қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздарын шақырады. Осы жылы, сауалнама нәтижелері бойынша, қызметкерлер «Дискотека Авария» тобы мен әнші Наталья Гулькинаны таңдады. Қазақстандық «Ұмай» тобы да өзінің әсем дарынын тарту етті. Шабақты көлінің жағасындағы тосын би алаңында үздік құрылыс компаниясының қызметкерлері шақырылған жұлдыздардың әсерлі әндеріне біраз биледі. Осының барлығы дирижабльдің әсерлі ұшуымен сүйемелденді. Осы кезде үлкен отбасының басқа бөлігі ВІ дәстүрлі алауының айналасында гитарамен айтылып жатқан сүйікті әндерді рахаттана тыңдап отырды. Бірінші күн бағдарламасы аяқталғаннан кейін, компанияның топ-менеджерлері, қызметкерлері мен ұйымдастырушылар шатырлы қалашыққа ұйықтауға орналасты. Оған тіпті нөсер жауын да еш кедергі келтіре алмады. Оянғаннан соң, ВІ-діктер таңғы жаттығуларға барып, таңғы астан кейін үйлеріне аттанды. Екі әсерлі күн үздік құрылыс компаниясына тән бір сәт ретінде өтіп, мереке сәтті аяқталды! Біздің алдымызда жаңа белестер бар және ол тек басы ғана! BI Group, 20-жылдық мерейтойың құтты болсын! Диана Сейфуллина
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
11
BI HOLIDAY
АСТАНАДА BI GROUP ҚОЛДАУЫМЕН МУЗ-ТВ СЫЙЛЫҒЫ БОЛЫП ӨТТІ
Астана қаласында астананың ең ірі «Астана-Арена» стадионында жыл сайынғы 13-ші «МУЗ-ТВ. Гравитация» музыкалық сыйлығы болып өтті, оған BI Group компаниясы ресми серіктес ретінде қатысты. Шоу өте көріністі өтті. Жүргізушілер Ксения Собчак, Андрей Малахов, Лера Кудрявцева мен Максим Галкин әртістерге әзіл айтып, ал музыканттар көрерменді әсерлі нөмірлерімен тәнті қылды. Филипп Киркоров, «Серебро» тобы, Дима Билан, Эмин Агаларов, Нюша және басқа да әртістер жеңімпаз атанды. Көкейкесті табақты BI Group басшысы «Ең үздік ерлер бейнесі» номинациясында Сергей Лазаревке табыстады. Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев күміс табақпен қатар, танымал ресейлік әншіге брендтелген күміс құрылыс дулығасын сыйлады, оны Лазарев сол жерде бірден киіп көрді. Қазақстандағы «МУЗ-ТВ» Сыйлығы – ресейлік және отандық жұлдыздардың қатысумен өткен гала-концерт пен open air ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық іс-шарасы болып табылатындығын атап өткен жөн.
12
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
BI HOLIDAY
Және оған «BI-Жұлдызай» мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған шығармашылық фестивалінің «кішкене жұлдыздары» да белсенді ат салысып, қызыл кілем бойымен «Астана-Аренада» сыйлық табыстау басталар алдында Сати Казанова, Диана Гурцкая және Евгений Папунаишвили сынды әртістермен жүріп өтті. Евгениймен бірге қызыл кілемге шыққан «Фантазия» тобы (фестиваль жүлдегерлері) «Лезгинка» биінен шағын үзінді орындап, Папуанашвилиді, жүргізушілер мен көрермендерді өздерінің екпінді дарынымен таң қалдырды. Ал осы іс-шарадан бір күн бұрын, жас дарындар қазақстандық және ресейлік эстрада әртістерімен бірге «Хан Шатыр» СОО-дағы сахнада өнер көрсетті. Фото: Kipyat.com
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
13
BI HOLIDAY
BI GROUP ЖҮРЕКТЕРДІ БІРІКТІРЕДІ!
Жас жұбайлар мен НЗМ жобасының тобы Астанада
11 маусым күні «Азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс» Дивизионының «Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі» жобасының инженер-энергетигі Қырықбай Қадыр мен «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының HR-менеджер Айнұр Тұяқбаева заңды некелерін қиды. Олар өткен жылдың қазан айында Павлодар қаласында BI Group Construction Холдингі ұйымдастырған тимбилдингте танысқан. Жас жұбайларды некелерімен құттықтап, шексіз махаббат пен бақыт тілейміз!
14
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
5:0
BI HOLIDAY
– КӘСІПҚОЙДЫҢ ЖЕҢІСІ: ТАЛҒАТ ТИМКЕНҰЛЫ, ТУҒАН КҮНІҢІЗБЕН!
50 жас – ауқымды және әсерлі атап өтуді қажет ететін атаулы күн. Өздерінің басшыларын BI Group Construction Холдингінің қызметкерлері ерекше құттықтады. Таң сәріден бастап «Номад» БО барлық қызметкерлері Талғат Тимкенұлын тату ұжыммен қарсы алды. «Happy birthday to you» атты еш ескірмейтін классикалық әуенмен қызметкерлер әуе шарларының көмегімен мерейтойлық 50 санын композициялап, өнер көрсетті. Құттықтаулар «Азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс» дивизионының бухгалтері Ильмира Қожаниязованың орындауындағы Ирина Аллегрованың «С днем рождения» әнімен жалғасын тапты. Холдинг қызметкерлері мерейтой иесіне танымал «Барселона» клубының «50» деген мерекелік нөмірі бар футбол формасын сыйлық ретінде тарту етті. Сонымен қоса, Талғат Тимкенұлы осы команданың жанкүйері де болып табылады. BI Group Холдингінің басшысы Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев, компания серіктестері мен дивизиондардың бас директорлары мерейтой иесін құттықтауға келді. Өз құттықтауында Айдын Жұмаділұлы Талғат Тимкенұлының компанияның дамуына қосқан зор үлесін атап өтті. Біз Талғат Тимкенұлын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Берік денсаулық, бақыт, отбасы үйлесімі мен жаңа белестерді бағындыруда сәттілік тілейміз!
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
15
ЭКСПРЕСС ЖАҢАЛЫҚТАР
ҚАНАТ ЕРМАН:
«МЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ҮШІН КҮРЕСУГЕ ДАЯРМЫН»
Қанат Ерман, «МЖК-Астана» Дивизионының «Promenade EXPO» жобасының тас қалаушысы, Бразилияда өтетін WorldSkills халықаралық сайысына даярлануда. Қанат өз шеберлігін құрылыс нысанында да, компанияның оқу-өндірістік орталығында да шыңдап келеді. Шақырылған оқытушы мен жоба жетекшісінің орынбасары, оның тәлімгері Қуаныш Айтжанов Қанатқа сайысқа дайындалуға көмектерін беріп жатыр. Бүгінде, әлемдік біріншіліктің ұйымдастырушылары қатысушыларды күтіп тұрған сұлбалармен таныстырды. Бірақ, сайыстың соңғы сұлбасын ұйымдастырушылар сайыстың өзінде ғана көрсетіп, осы арқылы қатысушаларды шешуші кезеңде не күтіп тұрғандығы туралы тылсым құпияны сақтап отыр. Біз Қанатты жұмыс орнынан тауып, өз мүмкіндіктерін қалай бағалайтындығын сұрадық. Ол: «Мен жүлделі орын үшін күресуге даярмын, мен бар күш-жігерімді салып, барлығын сапалы және мерзімді аяқтауға тырысамын», - деп, сенімді жауап берді. Оның сенімділігі қуантады, себебі көбіне сенімділік жеңіске жетудің кепілі емес пе? Біздің әріптесіміз Қанат Ерман WorldSkills Kazakhstan ұлттық сайысының жеңімпазы атанғандығын және Қазан қаласында өткен осындай сайыста үшінші орын иеленгендігін еске сала кетейік. Тамыз айында, әлемнің басқа бөліктерінен келген қатысушылармен бірге ол Бразилияға компанияның намысын қорғауға аттанады. Біз өз әріптесіміз үшін жұдырықты түйіп ұстап, соңғы жаңалықтарды қарап отырамыз. Сұхбаттасқан Диана Сейфуллина
I LOVE BI GROUP! Дәл осылай компанияның «МУЗ-ТВ. Гравитация» Сыйлығы шеңберінде ұйымдастырған флешмоб аталған болатын, оған қалалықтар мен қала қонақтары белсене ат салысты. «Астана-Арена» стадионының жанында орналасқан үлкен көк түсті ВІ әріптерінің брендтелген орнатылымы мен үлкен қызыл жүрек ерекше танымалдыққа ие болды! Фотосеттер нәтижелерін әлеуметтік желілерде #bigroup20 хэштегін енгізу арқылы көруге болады.
16
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
ӘРІПТЕСІМІЗДІҢ ЖАҢА ЖЕҢІСІ
ЭКСПРЕСС ЖАҢАЛЫҚТАР
Біздің әріптесіміз, 1С АЖ сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы Азамат Қасымбеков «1С Бағдарламалау: Кәсіпорын 8» атты Қазақстан бойынша өткен сайыста ІІ орынды иеленді. Биылғы жылдың маусым айында Азамат Санкт-Петербург қаласында өткен «ІТ-Планета 2014/15» халықаралық олимпиадасына қатысып, ТМД елдері мен РФ округтерінің финалистері арасында жалпы есепте 10-шы орынды иеленді! Бұл Азаматтың бірінші жеңісі емес екендігін еске сала кетейік. Өткен жылы Азамат Қазақстан бойы осындай сайыста ІІІ орынға қол жеткізген еді. Құттықтаймыз және келешек сәттіліктер тілейміз!
ФУТБОЛ АЛАҢЫ БОЛАШАҚ ЧЕМПИОНДАРҒА ТАРТУ РЕТІНДЕ «Азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс» дивизионы компанияның 20-жылдығына арналған акция шеңберінде Семей қаласының №3 балалар үйіне футбол алаңын тарту етті, онда 90-нан астам тәрбиеленуші тұрады. Балалар концерттік нөмірлер даярлап, біздің қызметкерлерге өздерінің қолдан жасаған панносын сыйлады. Сондай-ақ, ашылымға «Спартак» клубының футболистері шақырылып, олар балалармен бірге жолдастық матч ойнап, оларға футбол формалары мен доптарды табыстады.
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
17
BI LIFE
САПА МЕН РИЗА КЛИЕНТТЕР – ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ
«ДОСТАР-3» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
«PROMENADE EXPO» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
18
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
Клиенттердің ниеттестігі – кез келген бизнес жетістігінің кепілі. Біздің компания бұл сауалға ерекше назар аударады. Компания үшін клиенттерге тіпті ең талғампаз сатып алушылардың талаптарына сай келетін жақсы әрі сапалы өнім ұсыну өте маңызды. Сапа компания деңгейіне сай болуы үшін, компания қызметкерлерінің күн сайынғы техникалық қадағалауымен қатар, акционерлер, Холдингтің басшылығы Айдын Жұмаділұлы Рахымбаев, Бауыржан Әбдірашитұлы Исабаев пен BI Group Development Холдингінің Басқарма төрағасы Амангелді Ғабдоллаұлы Омаров апта сайын қолданысқа берілген тұрғын үй кешендері мен салынып жатқан нысандарды қарап өтеді. Жұма және сенбілік қарап өтулер жобаларды іске асыру барысын бақылауға, «нақты орында» ағымдағы мәселелерді шешіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Қарап өтулерге қатысатын әр түрлі дивизиондардың өкілдері үздік тәжірибелерімен бөлісіп, олардың көпшілігі Холдинг нысандарына жолданады. Дәстүрлі түрде, жұма күні қарап өту қатысушылары компанияның бірнеше жыл бұрын қолданысқа берілген нысандарына барады. Өткен жылы бізде «Сіздің үйдің жаңа тұлғасы» атты бағдарлама бастау алды, ол дағдарыс жылдарында салынған тұрғын үй кешендерінің ішкі және сыртқы көрінісін жақсартуға бағытталған. Биылғы жылы бағдарлама аясында осы мақсаттарға 300 млн теңге бөлінді. Қазақстандағы ешбір құрылыс компаниясы бұрын тапсырылған үйлерге қаржы салмайтындығын атап өту керек. Жазғы маусымды ашқан бірінші нысан – «Достар-3» тұрғын үй кешені атанды. Бұл астанадағы ауданы бойынша ғана емес (21 гектар), сондай-ақ пәтерлерінің рекордтық саны бойынша ең ірі шағын аудан болып табылады. Қарап өту қатысушылары сыртқы бетін, подъездердің ішкі жағдайы мен алаңдық аумақты қарап өтті. Қарап өту кезінде клиенттермен кері байланыс орнатылғандығы да өте мәнді. Олардың көпшілігі «АстанаЖилСервис» Холдингінің сервистік компаниясының жұмысына тәнті. «Подъездер үнемі таза, алаңда бірде бір қоқыс көрмейсің. Сервистік компания кешен тұрғындарының қамын ойлайтындығы көрініп тұр», - деп үй тұрғыны Айнагүл Өмірсейітов өз ойымен бөлісті. Тұрғындар мен кешеннің үй басқармасының сөздерінен бірнеше шешім шығарылды. Негізінен, олар аумақты жарықтандыру және көркейту, ағаш отырғызу және ақпараттық тақталарды ауыстыруға қатысты болды. «Астана ЖилСервис» сервистік компаниясына құмсалғыштардың жаңа форматы, қа-
BI LIFE баттардағы электр қапталдарын ауыстыру, әйнегі бар екінші кірме есіктерді орнату және футбол алаңының жабынын жаңарту бойынша бюджетті келісімге беру керек. Қарап өту кезінде әзілкеш оқиғалар да орын алды. Үй тұрғындарының бірі Холдинг басшысы Айдын Жұмаділұлы Рахымбаевтың үй кешеніне қызмет көрсетудің сапасы туралы қойған сауалына қарап өту қатысушыларына алғыс білдіріп, біздің компания туралы, және де басшының артында тұрғанын білместен, ол туралы жылы лебіздерін білдірді. Басшы өзін таныстырған кезде ол қатты таң қалды. Риза тұрғын айтқандай, ол клиенттерге деген мұндай қарым-қатынасты бірінші рет көріпті, және компания тұлғалары клиенттерде туындайтын тіпті ең қарапайым сауалдарға назар аударатындықтарына дән риза екендігін білдірді. Өткен айда тағы екі тұрғын үй кешені қарап өтілді – «Номад» және «Восточный 1,2». «Номадқа» қатысты, қарап өту қатысушыларында алдыңғы бет бойынша сауалдар туындады. Табылған олқылықтарды жуық арада қосалқы мердігерлер қалпына келтіреміз деп уәде берді. Аталмыш сауал басшылықтың тікелей назарында. «Восточный 1,2» тұрғын үй кешені компанияның алғашқы нысандарының бірі, бірақ оның сапасы жаңа нысандарға дес бермейді. Осы жылы жөндеу жұмыстары жоспарланған, ал жақында компания кешеннің екі кезек тұрғындарына балалардың жаңа ойын алаңын тарту етті. Салынып жатқан нысандар да кем емес. Компанияның тұрғын үй кешендерінің құрылысы да толық серпінмен жүріп жатыр. Сенбілік қарап өтулер – тораптың маңызды сауалдары туралы білудің мүмкіндігі. Компания басшылығы құрылыс сапасын ғана бақылап қоймай, компания персоналына да назар аударады. Нысанда жүріп, жұмыскерлерді толғандыратын сауалдарды тікелей естіп, тамақтандыру сапасын бағалауға болады. Өткен айда Компания басшылығы Холдингтің бірнеше ірі нысанында бірден болып өтті. «Лазурный квартал», «Promenade EXPO», «Времена года», «Family Town», «Арман Кала» - бұл қарап өту қатысушылары әрбір сенбі сайын аттанған нысандардың толық емес тізімі. Шешуді қажет ететін сауалдар жеткілікті. Негізінен, олар МҚТ, ішкі және сыртқы көріністі өңдеуге қатысты. Құрылыс кезінде туындайтын барлық сауалдар жобаның заманауи тобымен шешіледі. Сондықтан, клиенттер қам жемесе де болады. Олар өздерінің барлық лебіздерін дәстүрлі «Ашық есіктер күні» шарасында және клиенттермен жұмыс істеу бөлімінде білдіре алады. Диана Сейфуллина
«НОМАД» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
19
BI PERSON
ҚАНАТ КЕҢЕСҰЛЫ ЖАҚУПОВ:
«ТЕК, ЖАН-ТӘНІҢМЕН ІСТЕСЕҢ, ЖАҚСЫ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА БОЛАДЫ»
Касенаева К., Батталов Е., Жакупов К., Михайлова Г., Жумагалиев Б.
Қанат Кеңесұлы, сіздің BI Group-тегі карьераңыз сізді тұлға, адам ретінде өздігінен көрсетеді. Біздің оқырмандарға қалай бастағаныңыз, қалай дамып, қазіргі жұмысқа қалай келгеніңіз туралы айтып беруді өтінеміз. Мен BI Group қатарындағы жұмысымды 11 жыл бұрын пластикалық цех басшысы қызметінен бастадым. Өз мамандығымды мен аграрлық институттан алып, құрылыс мен үшін жаңа және қызықты бағыт атанды. Ол кезде компания Қазақстанмен бірге дәуірлеп, экстенсивті дами бастады, біз барлығын бірден ұғынып, жаңа нәрселерді жұмыс барысында үйрендік. Пластикалық цехте бір жыл істегеннен соң, мені бизнестің барынша жаңа бағытын – аграрлық өндірісті дамытуға жолдады. Біз астаналық нарыққа бағдар ұстадық, ол әр жыл сайын сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін қажет ететін. Біздің алқаптарымыз қазір «Триумфалды Арқа» салынып жатқан жерде болған, біз өндірістің жаңа деңгейіне шығу үшін бар күш-жігерімізді салдық: топ сауатты жинақталып, өндірістің технологиясы өзгертілді, жаңа тұқымдар сатып алынып, ақырында ол біздің учаскедегі өнімнің барынша артуына алып келді. Келесі карьералық кезең – «АБК Құрылыс» ЖШСнің №4 құрылыс-монтаждық басқармасы болды. Мен компанияның осы ірі бөлімшесіне «Краун Плаза», «Достар-2», «Лазурный квартал» сияқты орасан және маңызды жобалар іске асырылып жатқан кезде басшы болып келдім.
20
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
Қанат Кеңесұлы – «МЖК Премиум» Дивизионының Бас директоры. Оның басшылығымен BI Group ең ірі және ауқымды девелоперлік жобалары іске асырылып келеді: BI City, Viva Plaza, «Премьера», «Милан- ский квартал», «Парижский квартал», «Британский квартал», ЖК «Триумфаль- ная Арка», «Viva Plaza» БО, «Милано» БО. Өткен жылы Дивизион премиалдық сегменттің 400 пәтерінен астамын қолданысқа тапсыра алды, олардың әрбіреуі жоғары өмір деңгейінің заманауы стандарттарына сай. Бірақ, бұл нағыз ВІ-көшбасшы және жүрегі жарқы адам Қанат Кеңесұлымен әңгімелесуге болатын тақырыптардың азы ғана. Оның қызметтік мәртеесі BI Group сан түрлі даму бағыттарының көрінісі ретінде, ал оның өмірлік бағдарлары оның көпжылдық жемісті тәжірибесінің нәтижесі ретінде көрінеді, ол компания тарихының ажырамас бөлігі болып табылады.
Ал 1200 орындық мектеп ерекше атап өтуді қажет етеді, себебі біз оны білім күніне орайластырып, осы арқылы заманауи стандарттармен салынған жаңа ғимаратпен оқушылар мен мұғалімдерді біраз қуанттық. Мектептің жаңа ғимаратына ендігі 8 жыл толды және қазір, жанынан өтіп бара жатып, мен бақытты балаларды, кезінде тек жай ғана көшет болған өсіп қалған ағаштарды көріп, астананың дамуына өз үлесімді қосқандығымды сезінемін. 2008 жылы дағдарыс орнап, ол компания үшін сынақ болып қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерді де ашты. Осындай мүмкіндіктердің бірі шалғай жатқан Ханты-Мансийск қаласындағы «Иртыш» тұрғын үй кешенінің салынуы болды. Бұл компания үшін бірегей жоба атанды, оның себебі нысанның Қазақстаннан тыс жерде салынуында ғана емес, сондай-ақ жұмыстың тәсілін қатал сібірлік жағдайға бейімдеу болып табылды. Осылайша, мысалы, материалдар мен жабдықтарды жеткізу үшін біз өзен баржаларын қолдандық, ондай Қазақстанда жоқ десе де болады. Біз басында тек тұрғын үй кешендерінің құрылысынан ғана тұратын жобаны жетілдірдік. Тапсырыс берушілермен жүргізілген келіссөздерден кейін, мектеп пен балабақша салу туралы шешім қабылданды, осы арқылы біз ірі тұрғын үй кешенін қаланың автономды тұрғын бірлігіне айналдырдық. BI Group компаниясының 250 қызметкері аталған нысанда еңбек етіп, жұмыстың сапасын ғана емес, сонымен бірге жылдамдықты да көрсете білді – біз қаладан кеткенге дейін жұмыс кестесінен аса отырып
BI PERSON жұмыс жасадық. Аталған нысанның құрылысы қала басшылығының тікелей назарында болды. Губернатордың өзі келіп, нысанды айына бір рет бақылап отырды және құрылыстың нәтижелеріне тәнті болды. Бұл жобада КТБ жетекші маманы Айдын Майусов, қаржылық менеджер Дәулен Жағыпаров, заңгер Бақытжан Досмағамбетов, бас есепші Бағдат Омаров, шебер Ғалым Қалданов сынды мамандар өздерін үздік кәсіпқойлар ретінде ұсына білді. Олардың барлығы бүгінде Холдингтің әр түрлі бөлімшелерінде қызмет етеді. Қазақстанға келгеннен кейін, мен «Астана-Бурабай» автобанының салу жобасына жолдандым. Біздің компания Макинск қаласының жанында жол торабын салумен, жолды 45 км ұзындықта көркейтумен айна лысты (1500 белгі бірліктерін орнату, автобустарға арналған барлық аялдамалар мен демалыс алаңдары, полиция бекеті, қардан қорғайтын қоршаулар, су өткізгіш тораптар мен арналар). Жол құрылысында механикалан дыру ерекше мәнге ие болатыны на қарамастан, дәл біздің учаскеде «қол жұмыстары» өте көп болды, ол менің 500-ден астам адамның жұмысын ұйымдастыруға жеке жауапты екендігімді білдірді, оларды дұрыс орналастырып, оларға жақсы тұрмыстық жағдай жасау қажет болды. Автобанның қырық бес километрлік учаскесі мерзімінде тапсырылды, сонымен қаса тіпті тапсырыс берушілердің өздері де аталған жобаның сәтті аяқталатынына күмән келтірген еді. Автожол құрылысымен қатар, біздің бөлімше Ақмола облысының Щучинск қаласындағы орталық өрт сөндіру ДЕПО-сының құрылысымен де айналысты. Аталған ДЕПО жаңа стандарттармен салынып, осындай нысандарды салудағы барлық халықаралық нормаларға сай болуы керек еді. Жобаға арналған техника мен жабдықтар Франция, Германия сияқты батыс елдерінен әкелініп, жобада сонымен бірге кризистік орталық пен ДЕПО қызметкерлеріне арналған 12 пәтерлік үй де қарастырылды. Бізге 18 ай құрылыс мерзімін белгіледі, бірақ біз 11 айда аяқтап, ДЕПО-ны қолданысқа бергеннен кейін, Премьер-министр басқарып келген делегацияны қабылдадық, олар нысанды қарап шығып, ДЕПО қабырғасында өткен бүкіл Ақмола облысының кәсіпкерлер жиналысына қатысты. Астанамен телекөпір ұйымдастырылып, оның барысында барлық республика аталған нысанның сапасына толық көз жеткізе алды. Солтүстік Қазақстандағы жұмыстардан кейін, біз одан да бетер әлеуетті жоба – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автоторабының учаскесін салуға аттандық. Менің тобыма «Қазақжолқұрылыс» ЖШС ұтып алған екінші лот (358-389 км) тапсырылып, біз бұл тапсырманың көпшілік үшін ірі сынақ болғанына қарамастан, оны сәтті аяқтадық. Мен жол құрылысындағы Леонид Владимирович Стрельский, Амангелді Байсейітұлы
Кәрімов, Абай Советұлы Смагулов, Алтынбек Алыбаев сынды «нағыз кәсіпқойлармен» бірге жұмыс істей алдым. Техниканың бұзылуын болжамдап, сол арқылы өндірістің мүмкін тежелуін ескерте алатын мамандар да болды. Біздің жол құрылысшыларымыз үш күн ішінде бетон салғышты шашып, қайта жинай алды, осы кезде көршілеу учаскедегі кореялық жол салушылар осындай қызмет үшін 21 күн сұраған болатын. Жалпы алғанда осы жобадан кейін, біздің топ барынша біріккен жұмысқа қол жеткізіп, сағат механизмі сияқты жұмыс атқарды, әрбіреуі өз жұмысын қалай және қашан орындау керек екенін біліп отырды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасы мен үшін жол құрылысындағы соңғы жоба болды, кейін мен қазіргі жұмыс орнына ауыстым. «МЖК- Астанадан» «МЖК-Премиумге» бір Дивизион бөлініп, ол премиум-санатты үйлердің құрылысына шоғырландырылды. Біздің жобалар туралы сіздер естідіңіздер, олар астананың визиттік карталары атанды, мысалы «Триумфальная Арка» ТК еліміздің Президенті тікелей бақылап отырады, себебі бұл үйлер Қазақстанға келіп-кететін шетелдік қонақтар үшін қаланың бет-әлпеті іспеттес болады. Сіздің дивизион салған үйлердің айырмашылығы қандай? Біздің үйлерде негізінен ауқатты адамдардың тұратыны құпия емес, сондықтан біздің үйлердің бағасы артық, бірақ біздің дивизион салған пәтерлер аумағы жағынан ірірек, және премиум-үйдің халықаралық стандарттарына сай және қаланың дегдарлы аудандарында орналасқан. Біздің үйлердің бағасы орналасу орнына ғана емес, сонымен бірге біз қолданатын сирек және қымбат материалдарға да байланысты біршама қымбат. Өз үйінің артықшыл оңтайлылығы үшін төлеуге даяр адамдар әрдайым табылады және біз өз үйлеріміз арқылы астанадағы жаңа өмір сапасын көрсетеміз. Мен, болашақта барлығы осындай стандарттарға ұмтылады деп ойлаймын. Ол кезде ауқымды өмір кеңістігі қымбат нәрсе емес, барлығына қол жетімді болады. Басымдықтарды әрдайым дұрыс қою маңызды, ал біздің басымдық – инновациялар мен сапа. Сіз өз тобыңызды қалай ынталандырасыз? Менің қызметкерлерімнің әрқайсысында өз идеялары мен өндірістік мәселелер шешімінің көрінісі бар, біз өз шешімдерімізді талқылай аламыз және ол қажет, және менің басшы ретіндегі міндетім адамдарға тек жан-тәніңмен істеген кезде ғана, жақсы жұмыс жасауға болатындығын жеткізу болып табылады. Мен оларға бағдар беріп, қызметкерлер ойымды әр түрлі тосын шешімдер тауып өздері дамытады. Оңтайлылығы арттырылған нысанды салып жатқан кезде және жауапкершілік барлығының иығына жүктелгенде, жұмыскерлердің олардың жұмысы әрдайым көз алдында және әрдайым маңызды екенідігін
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
21
BI PERSON білулері керек. Менің ойымша, барлық бизнес-кітаптар, барлық тренингтер бір идеяны үгіттейді: басшы ең алдымен ынталандыруы керек, кейін бұйрық беруі тиіс, ал мен өз қызметкерлерім өздерін өзі ынталандыруына септігімді тигізуге тырысамын, себебі ешбір сөз адамның бойында жұмысқа деген құмарлық тудыра алмайды, тек өз еңбегінің жемісін көріп, әрбір жұмысшы өзінің нағыз мақсатын ұғына алады. Екінші маңызды фактор, ол тұрмыс: ол жақсы болса, өзге ойлар да аз болады. Сондықтан, мен өз қызметкерлерім жақсы киінген, тоқ және өмірлік энергияға толы болуын үнемі қадағалап отырамын. Спорттың көмегімен команда құру да біршама маңызды. Біздің дивизион хоккейден BI Group турнирінің қос дүркін чемпионы атанды. Бізді нағыз «арман тобы» бар, олар уақыт болғанда үнемі ойнайды. Хоккей – ерлердің спорт түрі, ол төзімділікті, қайсарлық пен табандылықты талап етеді. Сондықтан, менің ойымша, біз қанша жақсы ойнасақ, сонша жақсы жұмыс істейміз. Жұмыс тақырыбынан басқа, өзіңіз дүниеге келген және өзіңіз құраған отбасыңыз туралы айтып берсеңіз. Мен Шығыс Қазақстанның Көкпекті ауданында тудым. Менің отбасымда басты құндылық – жақын адамдарға деген адалдық пен әділдік болатын. Менің әкем күні бүгінге дейін мен үшін үлгі, өмірлік бағдар болып келеді. Мен әрдайым, қандай да бір шешім қабылдар алдында, менің әкем қалай жасар еді деген ойға келемін. Ол маған шынымен де көмектесіп, дұрыс жолдан тайынбауға септігін береді. Мен құраған отбасы менен, жарым мен үш қызымнан тұрады. Үлкені күйеуде, менің 9 айлық немерем бар, ал кішісі келесі жылы мектепке барады. Отбасым – менің бақытым, мәнім, мен расымен жанұяшыл адаммын және осыны мақтан тұтамын. Біз сіздің тұлғалық қасиеттеріңіз туралы оқырманға айту үшін, француз жазушысы Марсель Пруст даярлаған сауаларды қоямыз, ол осы сауалнаманы өзін және өзінің әр түрлі өмір кезеңіндегі рухани жағдайын түсіну үшін өзі қолданған.
22
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
Қандай жақсы қасиеттерді бағалайсыз?
Әділдік, шынайылық пен риясыздық
Ер адамның бойындағы ең құнды қасиет?
Берілген сөзге адал болу
Әйел адамның бойындағы ең құнды қасиет?
Махаббат пен аналық инстинкт
Сіздің сүйікті ісіңіз?
Жұмыс, спорт.
Сіздің басты сипатыңыз? Берілген уәделерімді әрдайым орындауға ұмтылу Сіздің бақыт идеяңыз?
Отбасы, достарым
Сіздің сүйікті түсіңіз бен гүліңіз?
Жасыл түс, әдемі гүлдер көп, мен үшін ерекше біреуі жоқ
Қай жерде тұрғыңыз Астанада келеді? Сүйікті жазушыларыңыз? Абай Шынайы өмірдегі сүйікті кейіпкерлер?
Әкем
Сүйікті тағамыңыз?
Картоп пен
Неден жиіркенесіз?
Өтірік
Қазіргі сәттегі рухани жағдайыңыз? Сүйікті нақыл сөзіңіз?
ет пен сатқындық
Жауынгер рух «Ешқашан тоқтамайтын өмірмен бірге тек алға, алға жүре беру керек». Эмиль Золя
Аян Зикирин, BI Group Construction Холдингінің маркетинг және PR бөлімінің басшысы
CORPORATE UNIVERSITY
КОРПОРАТИВТІК УНИВЕРСИТЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Бұл ай компания үшін де, Корпоративтік университет үшін де BI Group туған күнін тойлаумен байланысты ұнамды әрекеттерге толы болды. Компанияның 20-жылдығына орай кітап шығару жоспарланып отыр. Корпоративтік университет компания басшылары мен ескі қызметкерлерінің белгілі ресейлік журналист, ақын, жазушы, «Яндекс.Книга» авторымен кездесу ұйымдастырды, ол біздің компания туралы кітап жазады. Ал осы кезде, бір аптаның ішінде EXECT Business Training компаниясының консалтинг тәжірибесінің Директоры, ресейлік коучер Елена Барышниковамен бірге коуч-сессиялар қарқынды өтіп жатты. Компанияның акционерлері мен кілттік қызметкерлері өздерінің стратегиялық мақсаттарын айтып, карьераны әрі қарай дамыту үшін іс-шаралар жоспарын белгіледі. Бұл ай, сондай-ақ компанияның жабдықтаушылары мен логистерін Excel бағдарламасында жұмыс істеу дағдаларын тексеру үшін кешенді тестілеуден өтті. Тестілеу сараптамасы біздің қызметкерлердің көпшілігі Excel бағдарламасының дағдыларын тиісті түрде білмейтіндігін көрсетті. Тіпті, компания қызметкерлерінің бірімен оқыс оқиға орын алды, ол тест нәтижелерін жалған жазып, нәтижесінде өз қызметінде құзіретсіз болып қалды. Оны сенімнің жоғалуы се-
Команда құрау бойынша тренинг
бебінен жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Осы айдан бастап «ВІ-тағылымгер» тағылымдама бағдарламасы басталды. Бағдарламаның ашылуы команда құрау тренингінен басталды, онда тағылымгерлер мен жаңа қызметкерлер бір бірімен танысып, компанияның мақсаттары, стратегиясы мен құндылықтары туралы ақпарат алды. Біздің ішкі тренер, клиенттермен жұмыс жасау департаментінің директоры Индира Қашқынбаева осы қызықты тренингті өткізді. Компанияның стратегиялық стратегиясына сәйкес, біз әлемнің 100 мықты әлемдік құрылыс компанияларының қатарына кіруге ұмтылудамыз. Осыған байланысты, біз халықаралық бизнес тілі – ағылшын тілін меңгеруіміз қажет. Сондықтан, Корпоративтік университет М&K тілдік орталығымен бірге Корпоративтік орталық қызметкерлерін ағылшын тіліне оқыту бойынша жобаны іске қосты. Дарынды оқытушылардың арқасында, сабақтар қызықты әрі әсерлі өтуде. Келешекте мұндай сабақтарды дивизиондық компанияларда да өткізу жоспарда бар. Айман Муханбетова, Корпоративтік университет директоры
Муханбетова А., Соколов-Митрич Д.
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
23
BI PRODUCT
«АҚБҰЛАҚ ТАУНДАҒЫ» ҚОНЫСТОЙ – ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ТОЛЫҚ БЕРІЛДІ
Бақытты қоныстанушылар
Жүздеген ересектер мен балалардың бақытты жүздері, күлкі, музыка мен сыйлықтар – осылайша «Ақбұлақ Таун» тұрғын үй кешенінің 4,5,6 кезек тұрғындары қоныстойды тойлады. Астананың Оң жағасында, Б.Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысқан ауданында орналасқан жарқын жаңа үй толық беріліп, тұрғын үй кешенінің барлық кезектері қолданысқа енгізілді. – Бүгін біз «Ақбұлақ Таун» жобасына логикалық нүкте қоямыз, оның сәтті бастамасы 2012 жылы басталған еді, – деді Мухамеджан Әбішев, «Ақбұлақ Таун» тұрғын үй кешенінің 4,5 кезек басшысы. – Тұрғын үй кешені қоныстануға даяр екендігін толық жауапкершілікпен айта аламын. Бірегей орналасу орны, оңтайлылық, қауіпсіздік пен құрылыстың жоғары сапасы – бұл «Ақбұлақ Таун» жобасы жетекшілерінің мақтанышы. Кешенді байқамау қиын – қайсар сәулеттік шешімдер мен шырын түстес айқын фасад оны қала құрылысының бейнесінен ерекшелейді. – Біз өз үйлеріміздің сапасын мақтан тұтып, клиенттерімізге кілттерді қуана табыстаймыз! – деп атап өтті «Ақбұлақ Таун» 6-кезегінің басшысы Руслан Мергалимов. – Бүгін тұрғын үй кешенінің 301 тұрғыны өздерінің көптен күткен пәтерлерінің кілттерін алады.
24
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
BI PRODUCT
Жоба тобы
Салтанатты ашылу кезінде BI Group Development Холдингінің құрылыс басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Гуцал мен персонал бойынша Басқарушы директор Ольга Баспаева жоба тобы мен үздік қосалқы мердігер ұйымдарға естелік стеллаларын табыстады. Құрылыс шекарасының бойындағы кешендік тәсіл аясында, «Ақбұлақ Таун» тұрғындарының барлық тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Тұрғын үй кешенінің сыртқы кеңістігі дүкендер мен қызмет орталықтарынан тұрады. Жабық паркинг, үй жанындағы аумақты көгалдандыру, ауқымды балалар мен спорттық алаңдар «Ақбұлақ Таун» жаңа қоныстанушыларын қуантты. – BI Group көңіл қалдырған жоқ.Бұл компаниядан сатып алынған біздің алғашқы пәтер. Біз жұмыс сапасына және персонал тарапынан назарлы қатынасқа ризамыз, – деп бөлісті Айнагүл Мейірманова, кешеннің тұрғыны. – Бүгін, пәтердің кілті қолымда тұрғанда, мен «Ақбұлақ Таунды» таңдау арқылы дұрыс шешім қабылдадым деп нық айта аламын! «Ақбұлақ Таун» пәтер иелері үшін, сондай-ақ BI Group компаниясының басқа да жаңа үйлері үшін тағы бір бонусты айта кету керек, ол – нысанды толық қолданысқа енгізгеннен кейін үш жылдық кепілдік қызмет көрсету. Кепілдік мерзім аяқталғаннан кейін де, BI Group өз үйлеріне үнемі назар аударып отырады. Тазалық пен тәртіп бойынша барлық мәселелерді BI Group сервистік компаниясы – «Астана Жил сервис» атқарады. BI Group Development Холдингінің PR-бөлімі М.Г. Әбішев және Р.Б. Мергалимов
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
25
BI PRODUCT
COMFORT TOWN ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ТҰҢҒЫШ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Жоба тобы
Жақында Comfort Town тұрғын үй кешенінің 1 кезегінің салтанатты ашылуы болып өтті. 150-ге жуық отбасы Астананың сол жағалауында, BI Village коттедждік ауданындағы заманауи шағын қабатты тұрғын үй кешенінде қоныс тойын атап өтті. Comfort Town – бұл 4-6 қабаттық клубтық типтегі тұрғын үй кешені, ол өзіне қала сырты үйі мен пәтердің ең үздік артықшылықтарын біріктіре алды. Тұрғын үй кешені «Триумфальная Арка» кешенінің жанында, Ботаникалық бақ пен EXPO-2017 көрме павильонының маңында орналасқан. Кешеннің аумағы оқшауланған – орын тыныш және экологиялық жағынан таза. - Comfort Town орналасқан қаланың жаңа және келешекті ауданы шаң мен шудан алыста орналасқан, бірақ қалалық оңтайлылықтан айрылған жоқ, - деді жоба басшысы Марат Құдабаев. – Клиенттердің қалауы бойынша, көптеген пәтерлер Еуропа мен ТМД үздік материалдарының қолданылуымен таза әрлемеде ұсынылды. Біз клиенттеріміздің барлық қалауларын ескеруге тырысып, мақтан тұтуға болатын үй салып шықтық. Кешеннің ішкі аумағында көгалдандыру қарастырылған, белсенді және тыныш демалыс орындары жабдықталған, сондай-ақ тұрғындарға жер асты ақылы паркинг берілді, оған жылдам лифт арқылы 6-қабатты үйдің кез келген қабатынан түсуге болады. Жаңа қоныстанушылар Comfort Town-дағы өмірдің
26
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
барлық әдемілігін бағалап жатқанда, тұрғын үй кешенін тапсыруға орайластырылған мереке енді қызып келе жатқан еді. Ересектер көршілерімен танысып, музыкалық сүйемелдеуді тамсана тыңдап жатты, балалар алаңда көңілді аниматорлар мен клоундардың өнерін тамашалап жатты. Қоныстануға пәтерлердің бақытты иегерлеріне олардың туыстары да жиналды. Қоныстанушыларды құттықтауға құрылыс басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Гуцал мен персонал бойынша Басқарушы директор Ольга Баспаева да келіп, жобаның аяқталуы туралы естелік ретінде топ пен қосалқы мердігер ұйымдарға естелік стеллаларды табыстады. - Біз заманмен тең жүріп, өз нысандарымыздың құрылысында жоғары стандарттарға қол жеткізу үшін сапалы жаңа құрылыс материалдары мен технологияларын қолдануға тырысудамыз. Тұрғын үйдің жаңа форматы - Comfort Town шағын қабатты тұрғын үй кешені де одан тыс қалған жоқ, - деп атап өтті Андрей Гуцал. – Тұрғын үй кешені инженерлік стандарттар мен қазіргі уақыттағы технологиялық шешімдерге толық сай келеді. Тұрғындар Comfort Town-дағы өмірдің барлық артықшылықтарын бағалай алады деген сенімдемін. Comfort Town-дағы бақытты пәтер иегерлерінің қатарында тұрақты клиенттер де бар. - Comfort Town-дағы пәтер – бұл біздің BI Group-тан сатып алып жатқан үшінші пәтеріміз, - деді Шаргүл Садвокасова, жаңа кешеннің тұрғыны. – Қызметтестік
BI PRODUCT
Бақытты қоныстанушылар
жылдары бойында, біз компания ұсынатын қызметтердің сапасы мен сенімділігіне көз жеткіздік. BI Group – біз сенетін компания. Компанияға Скоба отбасы да өз алғыстарын білдірді. Константин, Ксения мен олардың кішкентайы жобаның барлық тобы мен ОРК қызметкерлерін тікелей таниды: «Біріншіден, басқалары сияқты біз де BI Group компаниясына сенеміз. Сондықтан пәтер таңдау кезінде, біз еш ойланбастан сіздің компания мен Comfort Town-ға назарымызды аудардық. Бізге жобаның тұжырымдамасы бірден ұнады. Компанияның басшылығына, жоба тобы мен ОРК-ге алғыс
Гуцал А.А., Баспаева О.В., Кудабаев М.Е.
білдіргіміз келеді. Ал бізге басшылық еткен менеджер Әсем Әбдіхалықты ерекше атап өткіміз келеді, ол кез келген уақытта бізге құрылыс кезеңі туралы ақпарат беріп, бізді мұқият тыңдап отырды», - деп бізбен ойын бөлісті Константин. Comfort Town жылжымайтын мүлік әлемінде жаңа белестерді ашуда – қалалық пәтер оңтайлылығы бар қала сырты үйі. Жайлылық пен оңтайлылық – бұл жаңа құрылыстың нышандары, BI Group компаниясы клиенттердің үйінде бақыт пен ынтымақ орнауы үшін барлығын жасайды.
Скоба жанұясы
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
27
BI LIFE
ТАҒЫЛЫМГЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ СЕРТИФИКАТ ИЕЛЕНДІ
Егер Сіз ЖОО түлегі болсаңыз және еліміздің ірі Холдингі – BI Group командасының бөлігі болғыңыз келсе, сіз «ВІ-тағылымгер» бағдарламасында бақ сынай аласыз. Біздің Холдингте 2012 жылдан бастап сәтті жұмыс істеп келе жатқан «ВІ-тағылымгер» бағдарламасы қазақстандық және шетелдік ЖОО түлектері үшін карьералық өсімнің үздік бастау алаңы атанып отыр. 200-ден астам үміткер қатысуға өз өтінімдерін беріп, бірақ таңдаудың бірнеше кезеңін өту кезінде: эссе, кейстерді шешу және сарапшылармен сұхбат, олардың алпысы бағдарламаның қатысушысы атанды. Тағылымдаманы сәтті өткеннен кейін, кешегі студенттер біздің компанияның толыққанды қызметкерлері болып шықты. Олардың көпшілігі бірнеше жыл ішінде өсіп, басқарушы орындарды иеленіп отыр. Бұл жерде, BI Group Development Холдингінің ірі Дивизионы – «МЖК-Премиум» техникалық қадағадау Бөлімін өткен жылы басқара бастаған Фуад Башировты атап өтуге болады. Оның қарамағында 9 адам жұмыс істейді. Ал бірнеше жыл бұрын, бағдарлама қатысушысы ретінде ол компанияға «МЖК-Астана» Дивизионының ТҚБ маманы ретінде орналасқан еді. Тағылымдама кезінде алынған дағдылары мен білімінің арқасында, және оның әлеуетін байқай білген тәлімгері Әділбахыт Есімханұлы Рахымбаевтың көмегімен ол карьерада сәттілікке қол жеткізді. Осы бөлімде өз ка-
Даниил Варкентин
28
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
рьерасын Асқар Серғазин де бастады, ол ТҚБ маманы ретіндегі жемісті жұмысынан кейін, шебер болып тағайындалып, бүгінде «Арман Қала» ТК аға прорабы лауазымын иеленіп отыр (4-6 кезек). Нұрсерік Бекболат та «ВІ-тағылымгер» бағдарламасының бірінші толқынының таңдау турына қатысты. Бірнеше айлық тағылымдамадан кейін, ол шебер болып тағайындалып, бүгінде «Саламат» нысанының прорабы болып істейді. Бағдарламаның басқа қатысушысы Нұрбек Лекеровтың да карьерасы осындай, ол «Promenade EXPO» нысанында прораб болып істейді. Тағы да бір мысал – Берік Баймұхаметов «ВІтағылымгер» бағдарламасы арқылы бірнеше жыл бұрын компанияға орналасты. Берік басқа қалада тұратын, және поездан түсе сала, қолындағы чемоданымен біздің компанияға тағылымдамаға келді. Жақында ол BI Group Development Холдингінің Корпоративтік орталығының қаржылық сараптама және жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Айтпақшы, оның қарамағында қаржылық сарапшы Даниил Варкентин де жұмыс істейді, ол да «ВІ-тағылымгер» бағдарламасынан бастаған еді. Даниил жақсы маман ғана емес, сондай-ақ шығармашыл тұлға, оның өлеңдері корпоративтік журналдың өткен басылымдарында жарияланды. Қаржылық блокта бағдарламаның басқа да қатысушылары өздерін көрсете алды.
Фуад Баширов
BI LIFE
Аида Шаржау, Ильмира Кожениязова, Аида Сейфуллина, Айым Тұрғынбаева «МЖК-Астана» және «Азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс» Дивизиондарының Орталық бухгалтериясында жұмыс істейді. Әмірбек Бекенов «МЖК-Астана» дивизионында қаржылық сарапшы болып істейді. Бағдарламаның көптеген қатысушылары дивизиондардың өндірістік-техникалық бөлімдеріне орналасты. Олардың қатарында: Динара Кудайбергенкызы, Максим Мухамбетов, Разия Тоганбаева, Сабина Кусдавлетова, Аякоз Садыкова, Ляззат Байбосынова, Нурсултан Суюндуков, Диас Кауашов, Айдос Рахимов және басқалары. Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАТУ бұрынғы студенттері Мария Роднищева мен Сәкен Ақпас дамыту бөлімінде өз карьераларын сәтті жасауда, олар біздің компанияның клиенттерге ұсынатын өнімдерін жасайды. Ал, Әйгерім Қопабаева BI Group компаниясына Британдық Huddersfield университетін аяқтағаннан кейін келіп, таңдау кезеңдерін сәтті өтіп, компанияға HR-менеджердің көмекшісі ретінде қабылданды, тағылымдаманың екі аптасынан кейін оны BI Group Development Холдингінің Корпоративтік орталығының HR-менеджері лауазымына тағайындады. Жақында ол «ВІ-тағылымгер» жобасының менеджері атанды, соның арқасында ол BI Group тобының құрамына келген еді.Жыл сайын құрылыс мамандықтарының
Аскар Сергазин
мәртебесі артып келе жатқандығы қуантады және бағдарламаға келетін жастар санына қарап, жастар құрылыс алаңында жұмыс істеуден қашпайды деп айтуға болады. Бағдарламаның мамырлық толқынында құрылыс мамандықтары басым. Үміткерлер BI Group Construction және BI Group Development Холдингтерінің Басқарма төрағалары Талғат Тимкенұлы Қожахметов пен Амангелді Ғабдоллаұлы Омаровтың қолынан сертификаттарын алып, тағылымдамаға кірісіп кетті. Сертификаттарды салтанатты табыстау күні, персонал бойынша басқарушы директор Ольга Вадимовна Баспаева тағылымгерлер үшін компания туралы таныстыру презентациясын өткізді.Әрбір тағылымгерге тәлімгер бекітілген, олар компанияның тәжірибелі мамандары. Айдың әрбір соңғы сәрсенбісі сайын компанияның ішкі тренерлері жеке тиімділік бойынша тренингтер өткізеді. Жақында, команда құрау бойынша алғашқы тренингті клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директор Индира Қашқынбаева өткізді. Екінші айдан бастап тағылымдама төленетіндігін еске саламыз, ал жұмысқа орналасу жұмыс нәтижелеріне тікелей байланысты. Сондықтан тырысып, бізбен бірге өсуге талпыныңыздар. Еліміздің ең үздік құрылыс компаниясына қош келдіңіздер! Диана Сейфуллина
Айгерим Копабаева
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
29
BI LIFE
ТАБИҒАТТАҒЫ ЗЕРДЕЛІ ДЕ ПАЙДАЛЫ ДЕМАЛЫС!
«МЖК-Астана» және «ИЖС-Астана»
Директорлар Кеңесінің өткен отырыстарының бастамалары жүзеге асып, компания қызметкерлерінің тарапынан қолдау тауып отыр. Осындай жаңа бастамалардың қатарында әлеуметтік пакетті теңестіру, арнайы киімнің бірыңғай стандарты мен компания қызметкерлерінің отбасы мүшелерімен бірге көшпелі директораттарының өткізілуі бар. Мамыр-маусым айларында екі Холдинг дивизиондары көшпелі директораттар өткізді. «Қазақжолқұрылыс» жол дивизионы, «АБК-Бетон» зауыты, сондай-ақ «Арман-Гранит» ЖШС Бурабай көлінің әсем жағалауындағы демалыс аймағында көшпелі директорат өткізді. BI Group Construction Холдингінің үш еншілес компаниясының 60-тан астам қызметкері өз отбасыларымен бірге негізгі жұмыстық сауалдарды, демалыс пен оқытуды талқылауға шықты. Бірінші күн барысында, Директорат қатысушылары жобалардағы жұмыстарды іске асыру және жоспарлау бойынша барынша өзекті мәселелерді талқылай алды. Бір жиналыста әр түрлі дивизион жұмысшыларының жиналуы оң фактор болып табылатындығы сөзсіз – «биейдіктердің» әрқайсысы Холдингтің әр түрлі бөлімшелеріндегі жұмыс ерекшеліктерімен танысып, қызметтестік пен коммуникацияларды жақсарту сауалдарын талқылады. Бұл кезде, жұбайлар мен балалар үшін белсенді сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылды.
Балалар үшін – ойын аймақтары, аниматорлармен бірге көңілді эстафеталар. Жұбайлары үшін – қызықты шеберлік оқулары. Іс-шара кешкі мерекелік аспен жалғасын тапты. Келесі күні таңертең шақырылған тренер Олег Мецекпен бірге Lean Construction бағдарламасы бойынша оқыту болып өтті. Оқыту кейстер мен тапсырмаларды қолдану арқылы тренинг түрінде өтті. Тренингте құрылыс саласындағы үнемшіл өндірісті ұйымдастыру сауалдары қарастырылды, ауқымды құралдар жиынтығы ретіндегі Lean мен адамдарды күн сайынғы жақсартуға тарту философиясы ретіндегі Kaizen сәйкестігі көрсетілді. Оқыту ұраны – «Менеджерлер өрт сөндірумен емес, үрдістерді жақсартумен айналысуы керек!». Бұл кезде Бурабай шипажайлық аймағының басқа бөлігінде «Азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс» дивизионы көшпелі директорат аясында екі жемісті күн өткізді. Бірінші күні, BI Group Construction Холдингінің басқарма төрағасы Талғат Тимкенұлы Қожахметов операциондық есепті енгізудің маңызы мен қажеттілігі туралы айтып, «Қазақжолқұрылыс» Жол дивизионында енгізу мысалымен оның тиімділігін көрсетті. Компанияның ішкі тренерлері Аяз Баймулдинов пен Ирина Исаева Дивизионда операциондық есепті енгізу мәселесі бойынша түсініктеме өткізді. Шеберлік оқуларында есептілік форматы, ақпаратты өңдеу мерзімі мен үрдістері туралы проблемалық сауалдар қарастырылды, есептіліктің жаңа формала-
Талқылаулар кезінде «МЖК-Премиум»
«МЖС- Астана» дивизионы тренингте
30
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
Жұбайлар шеберлік оқуында
BI LIFE
«Қазақжолқұрылыс» жол дивизионы, «АБКБетон» зауыты және «Арман -Гранит» ЖШС
рын бекіту бойынша шешімдер әзірленіп, қабылданды. Сондай-ақ жоба жетекшілерінің салынып жатқан нысандардың ағымдағы жағдайы туралы есептері тыңдалды. Директораттың екінші күні сессиядан басталды, онда құрылыс нысандарындағы, атап айтқанда биіктіктегі, құрылыс ағаштарын бекітуде, қоршаулар кезіндегі қауіпсіздік техникасының стандарттары туралы ақпарат таныстырылды. Материалдар ағымдағы жағдайдың сараптамасымен сүйемелденді. Сессия бейне материалдармен сүйемеледеніп, «Чарлиді есіңде сақта» атты фильм көрсетілді. Сессия қорытындылары бойынша қауіпсіздік техникасын сақтау үшін қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту шараларының кешенін әзірлеу ұсынылды. Осындай директорат «Автодор-НС» және «Kazpaco» жол дивизиондарымен бірге өткізілді. ЖҚ бастамалары мен ағымдағы сауалдарын талқылаумен бірге, екі дивизион қызметкерлері отбасылары және әріптестерімен бірге жақсы демалып қайтты. BI Group Development Холдингінің дивизиондары осы бастаманы қолдап, көшпелі директоратқа қатысу үшін отбасылары және әріптестерімен бірге Бурабайға аттанды. Қызметкерлер мен олардың отбасыларының лебіздері бойынша, осындай іс-шаралар – ағымдағы сауалдарды талқылауға, өзіндік даму мен бірлескен демалыс үшін оңтайлы алаң болып табылады. «МЖК-Премиум» және «МЖС-Астана» дивизиондарының қызметкерлері бірер негізгі сауалдарды шығарды, оларды шешу құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл сауалдар негізінен арнайы техникаға қатысты болды. Үнемдеу және шығындарды негіздеу мақсатында, директорат қатысушылары GPS көмегімен техника есебін жүргізуді ұсынды (GPS көмегімен есептеу жүйесі BI Group Construction Холдингінің нысандарында белсенді қолданылуда). Осы сауалдың шешімін әріптестер техникалық бөлімді күшейтуден және Дивизион шеңберінде техниканың жекелеген түрлері бойынша
бірыңғай диспетчерлік қызметті құрудан көреді. «МЖК-Астана», «ИЖС-Астана» дивизиондары директораттың ресми бөлімі кезінде сан нормативтерін әзірлеуге арналған жұмыстық топты құру бойынша шешім қабылдады (блокқа, подъездер саны мен қабат санына орай). Талқылау кезінде әріптестер барлық учаскелер үшін бірыңғай ИТР құрылымын құрып, жұмыстар көлемінің жоспарлы/нақты сараптамасын өткізуді ұсынды. Компания қызметкерлері жиналыста маңызды шешімдер қабылдап, тренингтерде жаңа білім алып жатқан кезде, олардың отбасы мүшелері әр түрлі белсенділіктерге қатысып жатты, жұбайлары скрапбукин, мінсіз макияж және әйелдердің тартымдылық құпиялары бойынша шеберлік оқуларына қатысып, ал балалары аниматорлармен ойнап жатты. Екі күндік іс-шара гала-кешкі аспен аяқталды. Директорат қатысушылары осы жағымды әрі пайдалы саяхатқа риза болып, осындай уәждемелік және жемісті іс-шараның тезірек қайталануы туралы лебіздерін білдірді. Компания акционерлері қызметкерлермен ой бөлісіп, осындай директораттарды жылына екі рет өткізу мүмкіндігі туралы шешім қабылдады. Ұсынылған ақпарат үшін Ким Вероникаға, Төлегенбаева Әсемге, Қабаш Данаға, Заришева Аидаға, Түстікбаев Аянға, Айтымова Динараға, Базарбаева Гузельге, Баянтауова Анарға, Шакола Александраға алғысымызды білдіреміз.
«Автодор НС» және «Kazpaco»
«Азаматтық-өнеркәсіптік құрылыс» дивизионы
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
31
BI STRATEGY
УӘЖДЕМЕ ҒАЖАЙЫП ҚҰРАЛ
Әлемнің 100 ең үздік құрылыс компанияларының қатарына кіру үшін, біздің компания өз қызметкерлерін барлық деңгейде үнемі ынталандырып отыруы керек. Бір кездер көшбасшы болып келген ірі компаниялардың белгілі бір сәтте көшбасшылық позицияларын жоғалтып алған жағдайлары тарихтан белгілі. Осының барлығы төңкерілген жетістікке байланысты. Олар қалаған мақсаттарына қол жеткізіп, әрі қарай өсу мен дамудың қажеттілігі жоқ деп шешті. Осыдан біз өзіміз үшін мәнді ғибрат ала аламыз – өсім қарқынын арттыру үшін отандық және халықаралық нарықтың мүмкіндіктерін қолдану үшін біз өзіндік уәждеме мен команданың барлық мүшелерін ынталандырудың маңызы туралы ұмытпауымыз керек. Жақсы ынталандырылған команда – әрдайым жеңімпаз команда болады. УӘЖДЕМЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Википедияға сәйкес, уәждеме мінез-құлықты туындатып, жеткізіп, мақсатқа ұмтылысын қолдап отыратын үрдіс ретінде айқындалады. Уәждеме – бізді әрекетке итермелейтін нәрсе. Уәждеме мақсаттан бастау алады. Жақсы белгіленген мақсаттар сіз қалаған нәрсені елестетуге және сізді оған қол жеткізу ойыңызды «жігерлендіру» режиміне енгізуге мүмкіндік береді. «Сам себе МВА» атты кітабында, Джош Кауфман уәждемені екі түрге бөледі: қалаған заттар бағытындағы қозғалыс және керек емес заттардан алыстау. Алыстау басым болып табылады, оны автор үңгір адамының үлгісінде түсіндіреді – арыстанды түскі асқа жегеннен көрі, одан қашып құтылған абзал. Дәл сол сияқты, сіз басқа адамдарды саналы түрде қорқыта отырып, тезірек жұмыс істете алмайсыз. Олар белгілі бір уақыт бойы сізге бағынғанымен, әр-
32
BI TIMES No 05(29) 06(30) -МАУСЫМ/2015 МАЙ/2015
Өмір – оқиғалардың айналымы, және әркім оған ілесе алмайды. Карьерада, спортта немесе басқа салада биікке көтерілу әркімге бұйырмайды. Бірақ, еңбекке жарамсыз көрінген адамдар қандай да бір салада сәттілікке қол жеткізген кездер де аз емес. Яғни, мәселе тағдырда немесе қандай да бір жағдаятта емес, ол басқада. Ғалымдар осы мәселені сараптап, әрбір адам қалаған жетістігіне қуатты құрал – уәждеменің көмегімен қол жеткізе алатындығын анықтады. Психологтардың пікірінше, уәждеме тіпті IQ тестке де әсер ете алады. Егер адамның ынтасы мықты және ол әрдайым жақсы көңіл-күйде болса, ол қарапайым деңгейге қарағанда 10-15% артық IQ нәтижесін ала алады.
дайым сізден құтылып кетудің жолын іздейді. Сіз бен сіздің команданы мүмкін қауіптен алыстауға итермелейтін ішкі жанжалды алып тастаңыз, сонда сіз өзіңіз бен командаңызды сіз үшін қажетті бағытта қозғалуға ынталандыра аласыз. Негізінен, жақсы немесе нашар уәждеменің үлгісі ретінде спорт командаларын алуға болады. Жақсы жаттықтырушылар өз ойыншыларын жақсы ынталандыратыны соншалық, олар өздерінің жеке көрсеткіштерін жақсарта алады. Осы материалда біз өз командасын ынталандыра алған жарқын тұлғалар туралы айтып өтеміз. МОУРИНЬО СТИЛІ Жозе Моуриньо ең үздік футбол жаттықтырушыларының бірі болып табылады, өзінің жаттықтырушысының уәждеме тактикасы туралы команда капитаны Джон Терри: «Ол расымен жігерлендіреді, және мен үшін Жозе Моуриньодан басқа ең үздік күш-қуат алу көзі жоқ» дейді. Терридің айтуынша, Моуриньо өзінің табиғи қалпын сақтап, өз ойыншыларының жеңіске деген ұмтылысын ұстап отыру үшін әрекеттері кейде олқы болып көрінсе де, қолынан келгенін жасайды. «Кейде, ойын кезінде, біршама қателіктер жіберіп, матчты ұтылып қалған кезде, сен матч аяқталған соң көңілі толмаған жаттықтырушыны көріп, оның ескертулерін тыңдаймын деп күтесің. Бірақ, бізді керісінше салмақты жаттықтырушы күтеді, ол біздің қателіктерімізге салмақты жауап береді. Жозе келесілерді айтады». Уәждеме әдістеріне қатысты, Жозе Мауриньо басқа жаттықтырушыларға қарағанда барынша жоғары деңгейде екендігі айтпаса да түсінікті. Тағы бір мысал – әйгілі «Манчестер Юнайтед» то-
BI STRATEGY бының жаттықтырушысы – Алекс Фергюсон. Ол өз командасын рекордтық 27 жыл бойы жаттықтырып келді.
«ОЙЫНШЫ ҮШІН ЖАТТЫҒУ АЛАҢЫНДА СЫНҒА ОРЫН ЖОҚ. КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ ҮШІН ӨЗІНЕ АЙТЫЛҒАН «ЖАРАЙСЫҢ» ДЕГЕН СӨЗДІ ЕСТУДЕН ЖАҚСЫСЫ ЖОҚ. ОСЫ БІР КІШКЕНЕ СӨЗ АДАМДЫ 100% ЫНТАЛАНДЫРАДЫ» - ДЕП АЙТАДЫ АЛЕКС ФЕРГЮСОН.
Уәждеменің маңызы туралы басқа да танымал тұлғалар айтып өтті:
«ӘРБІР АДАМҒА ТУҒАН СӘТІНЕН БАСТАП БЕЛГІЛІ БІР ЭНЕРГИЯ САЛЫНАДЫ, ЖӘНЕ ОСЫ ЭНЕРГИЯ ІШІҢДЕ ЛАУЛАП ТҰРҒАН КЕЗДЕ – СЕН ӨМІР СҮРЕСІҢ. ЭНЕРГИЯ ТАУСЫЛҒАНДА – СЕНІҢ ЖЕР БЕТІНДЕГІ ӘРЕКЕТІҢ АЯҚТАЛАДЫ» . Н.Ә.НАЗАРБАЕВ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«АҚЫЛ – БҰЛ ШЕК. АҚЫЛЫҢЫЗ БІРДЕҢЕНІ ІСТЕЙ АЛАМЫН ДЕГЕН ОЙЫҢЫЗДЫ ЕЛЕСТЕТЕ АЛҒАН КЕЗДЕ, СІЗ ОНЫ ІСТЕЙ АЛАСЫЗ; СІЗ ОЛ ҮШІН БАРЛЫҚ 100% ШЫНАЙЫ СЕНУІҢІЗ КЕРЕК». АРНОЛЬД ШВАРЦЕНЕГГЕР, АКТЕР
«АҚША – ЫНТАЛАНДЫРУШЫ ФАКТОР ЕМЕС. АҚША МЕНІ АЛАҢДАТПАЙДЫ, ОЛАР МЕНІҢ ОЙЫНЫМДЫ ЖАҚСАРТА АЛМАЙДЫ. ОЛАРДЫ САҚТАУ ЖЕҢІЛДІГІ БАР. МЕН АЯҒЫМДАҒЫ ДОППЕН ҒАНА БАҚЫТТЫМЫН. МЕНІҢ ЫНТАМ МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНЫМ КЕЗІНДЕ КЕЛЕДІ. ТІПТІ МАҒАН АҚША ТӨЛЕМЕСЕ ДЕ, МЕН ФУТБОЛДЫ ТЕГІН ОЙНАЙМЫН». ЛИОНЕЛЬ МЕССИ. ФУТБОЛИСТ
«БІРДЕҢЕНІ ҚАЛАУ ЖЕТКІЛІКСІЗ. СІЗ ОЛ ТУРАЛЫ АШТЫҚ СЕЗІМІН ОЯТУЫҢЫЗ КЕРЕК. СІЗДІҢ ЫНТАҢЫЗ БАРЫНША ҚОЛ ЖЕТПЕЙТІН БОЛУЫ КЕРЕК, СОЛ КЕЗДЕ ҒАНА СІЗ ЖОЛЫҢЫЗДА ПАЙДА БОЛАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН КЕДЕРГІНІ АСЫП ТҮСЕ АЛАСЫЗ». ЛЕС БРАУН, САЯСАТКЕР
«АҚША МЕН ЕШҚАШАН ДА СТИМУЛ БОЛҒАН ЕМЕС, ОЛАР ЖАЙ ҒАНА ЕСЕП ЖҮРГІЗУ ӘДІСІ. НАҒЫЗ РАХАТ ОЛ ОЙЫН ОЙНАУ». ДОНАЛЬД ТРАМП, БИЗНЕСМЕН, ЖАЗУШЫ.
Метин Палик, BI Group Construction Холдингінің корпоративтік даму және бизнесті дамыту басқармасы төрағасының орынбасары
BI TIMES BI TIMES No 06(30) No 05(29) МАУСЫМ/2015 - МАЙ/2015
33
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 2015 жылдың маусым айына Дивизиондар бойынша еңбек өнімділігінің салыстырмалы сараптамасы келесі түрге ие: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында – «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионы. BI Group Development Холдингі Бірінші орында – «МЖК-Премиум» дивизионы .
2015 жылдың маусым айына көшбасшылық жобалары бойынша еңбек өнімділігінің салыстырмалы сараптамасы келесі түрге ие: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында – «Омбы-Қапшағай». BI Group Development Холдингі Бірінші орында – «Миланский квартал» (3-ші кезек )
2015 жылғы маусым айына өндірістік блок еңбек өнімділігінің салыстырмалы сараптамасы келесі түрге ие: «АБК-Бетон» ЖШС – 3 млн. 857 мың. теңге бір штаттық қызметкер үшін. «Арман-Гранит» ЖШС – 823 мың. теңге бір штаттық қызметкер үшін.
34
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАЛЫМДАР BI Group Сonstruction Холдингі Корпоративтік орталық
Әкімжанов Нұрдаулет Қуанышұлы Басқарма төрағасының әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасарының лауазымына тағайындалды. Бұрын «BI Group Construction» Холдингінің Басқарушы Серіктесі лауазымында қызмет етті. BI Group Холдингіндегі жұмысын Нұрдаулет Қуанышұлы 2003 жылы пластикалық цех басшысының лауазымынан бастады. Кейін ол «Қазақжолқұрылыс» және Development МЖК-Алматы дивизиондарын басқарды. Оның басшылығымен «Астана-Бурабай», «Ханты-Мансийск» РФ, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты Республикалық және халықаралық маңызы бар ірі жобалардың құрылысы жүргізілді. 2008 жылы Қазақстан Республикасы мен оның астанасының дамуы мен ілгерілеуіне қосқан үлесі үшін Нұрдаулет Қуанышұлы «10 жыл Астана» медалімен, ал 2010 жылы Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100-жылдығы құрметіне «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды. 1995 жылы Нұрдаулет Қуанышұлы Ақмола құрылыс институтын «Жерасты-құрылыс, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша тәмамдап, 2003 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады. Халықаралық Бизнес академиясында іскери әкімішілік магистрі дәрежесін алды. BI Group Корпоративтік университетінің шеңберінде МВА бағдарламасының түлегі.
BI Group Сonstruction Холдингі Корпоративтік орталық
«Автодор-НС» жол салу дивизионы
Әділұлы Нұржан
Билялов Марат Қамбарұлы
BI Group Construction Холдингінің Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды. Бұрын Нұржан Әділұлы «Қазақжолқұрылыс» ЖШС-де Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасарының және «BI Holding» ЖШС-де Басқарушы директордың лауазымдарын атқарып келді. BI Group Холдингіндегі жұмыс жолын 2012 жылы «АБК-Неруд» ЖШС-де Директордың қаржы жөніндегі орынбасарының лауазымынан бастады. Оған дейін «Казкоммерцбанк» АҚ-де, «Азия Несие Қоры» Қоғамдық қорында қаржы бойынша басқарушылық лауазымдарды иеленіп келді. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Сыртқы экономикалық іскерлік» мамандығы бойынша тәмамдап, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Келешекті жобалар бойынша техникалық директор лауазымына тағайындалды. Бұрын Марат Қамбарұлы «Strabag», «SNS-LAVALIN INT.» сынды халықаралық құрылыс компанияларында қызмет етті, сондай-ақ мемлекеттік орталық органдарда – 2001-2004 жылдар аралығында «Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінде» жұмыс істеу тәжірибесі бар. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қайта құрастыру Жобасын басқару бойынша кеңесші болды, «Алматы-Астана автомобиль жол торабын іске асыру», «Батыс Қазақстанның автомобиль жолдарын іске асыру», «Алматы-Бішкек автомобиль жолдарын бейімдеу» атты жобалардың құрылысына бақылау жүргізді. Марат Қамбарұлы тендерлерді ұйымдастыру және өткізуде ерекше тәжірибеге ие. Құрылыстағы халықаралық стандарттар туралы білімді меңгерген, SANA-2001, ABC-4, ARRIBA атты сметалық бағдарламалармен жұмыс істейді. 2001 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдады..
BI Group Development Холдингі Корпоративтік орталық
Батрак Роман Игоревич
Баймухаметов Берик Аскарович
Ресей Федерациясындағы BI Group Development өкілдігінің және «BI-Holding» ЖШС МЖК жобаларды дамыту бөлімінің директоры лауазымына тағайындалды. 2002 жылы Роман Игоревич Қазақстан-Ресей университетін «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдады. BI Group Холдингіндегі жұмысын 2008 жылы «АБК Құрылыс-2» ЖШС-нің заң бөлімінің маманы лауазымынан бастады. Бұрын МЖС – Астана Дивизионы Бас директорының әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары лауазымын иеленіп келген. 6 жылдан астам басқарушылық тәжірибесі бар. BI Group Корпоративтік университетінің МВА дәрежесі бар.
«BI-Holding» ЖШС Қаржылық сараптама және жоспарлау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Өзінің кәсіби қызмет жолын Берік Асқарұлы 2012 жылы ФОРЕКС валюталық нарығында трейдер болып бастады. Холдингтегі жұмысын 2013 жылы қаржылық сарапшы лауазымынан бастады. Индиана штатының «Пурдью» университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Қолданбалы статистика, актуарлы есептер» мамандығы бойынша тәмамдады.
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
35
ЭКСПРЕСС ЖАҢАЛЫҚТАР
BI GROUP КОМПАНИЯСЫ ӨЗІНІҢ 19-МЫҢЫНШЫ КЛИЕНТІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
BI Group компанияның 20-жылдығы аясында өзінің 19-мыңыншы клиентін құттықтады. «19 000-шы клиент – өте ұнамды, ол біздің қарқынды, біздің өсімді және берілген уәделердің орындалуын көрсетеді, себебі нысандар салынып, тапсырылады, олар кез келген талғамға сай және астаналық және күллі елдің сатып алушыларының арасында кеңінен танымал», - дейді Әсел Қажымұратова, Сату департаменті директорының орынбасары. BI Group компаниясының 19000-шы жылжымайтын мүлік сатып алушысы Зилия Қошқарбаеваға, «Арман қала» ТК (9 кезек) үш бөлмелі пәтерінің иесі, компания келісімшартқа қол қойылған атаулы күні бірқатар сыйлықтар даярлады. Менеджерлер әсерлі би орындаған тосын флешмоб клиентімізді, сондай-ақ осы кезде офисте болғандардың барлығын біршама қуантып, таң қалдырды. Бірақ бимен қарсы алу – Қошқарбаевтар отбасына тарту етілген жалғыз сыйлық болған жоқ. Паркинге берілген сыйлық сертификаты, МУЗ-ТВ 2015 Гравитация Сыйлығына арналған билеттер мен... пәтерді сатып алғаны үшін ресейлік хип-хоп орындаушысы, МУЗ-ТВ сыйлығының номинанты Джиганның жеке құттықтауы – осының барлығы BI Group компаниясының 19 мыңыншы жылжымайтын мүлік иегерін күтіп тұрды. «Таңғажайып құттықтау, біз үшін тосын сый болды, - деп бөліседі Зилия Қошқарбаева, - Біз тек қана оң эмоциялар алдық, бұл шынайы ертегі дерсің. Компанияда қызметтес болуға ұнамды кәсіби команда жұмыс істейді. Көркею, сәттілік және жақсы сатылымдар тілеймін! BI Group, көтеріңкі көңіл-күй үшін көп рахмет!». Әсел Қажымұратова атап өткендей, биылғы жылы мерейтойлық – 20 мыңыншы клиент күтіледі, және ол салтанатты құттықтау оның алдындағыға қарағанда кем болмайды деп уәде берді.
36
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
BI HOLIDAY
БӘРІ ДЕ СТАРТТА! BI GROUP КОМПАНИЯСЫ «ОТБАСЫЛЫҚ СТАРТТАР» ӨТКІЗДІ
«Спорттық отбасы – тату отбасы!» - деген ұранмен, BI Group компаниясы «Отбасылық старттар» деген атаумен командалық жарыстар өткізді. Іс-шара BI Group компаниясының 20 жылдық мерейтойына орай «ВІ-ге 20 жыл – 20 мейірімді іс» жобасының аясында өткізілді. BI Group компаниясы салған 18 тұрғын үй кешенінің алаңдары бір күнге ең нағыз спорттық алаңға айналып шыға келді, онда барлық қалағандар «Отбасылық старттар» атты көңілді сайыстар мен эстафеталарға қатыса алды. Ауқымды іс-шараға құрылысшының тұрғын үй кешендерінде тұрып жатқан 17000-нан аса ересектер мен балалар шақырылды. Аналар, әкелер, балалар, аталар мен әжелер – тату отбасылардың барлық жас тобындағы өкілдері жылдамдық, икемділік пен жеңіске деген ұмтылысын сынау үшін жиналды. - «Отбасылық старттарды» біз компанияның мерейтойлық жылында өткізіп отырғанымыз кездейсоқ емес. BI Group мерейтойы – бізге ғана арналған мереке емес, ол біздің барлық клиенттерімізге жасаған таңдаулары үшін «алғыс» білдіру тәсілі,- деді Амангелді Омаров, BI Group Development Холдингінің Басқарма төрағасы. – Бүгінгі жарыста барлығы да жеңіп, әркім өз жеңісіне жетеді деген ойдамын. Ал ең бастысы, осының барлығын біз бірге – бір үлкен тату жанұя түрінде жасаймыз! Міне, жарысқа қатысушылар әділқазылардан нұсқау алу үшін және старттар алдында аздап шынығу үшін алаңдарға жүгіріп кетті. Ата-аналар өз әрекеттерін ерекше талқылап жатыр, балаларына күрделі
кезеңдерді түсіндіруде, спорттық рухты көтеру үшін бір-бірін командалық ұранмен жігерлендіріп жатыр – жарыс қарапайым емес, өте қызықты өтуге даяр. Отбасыларға көкеніс-жемістермен епті ойнайтын епті аспаздың рөлін ойнауға, отбасылық қайықпен елес көлді «тез» жүзіп өтуге, орасан волейболдың қатысушылары атануға және тіпті 5-метрлік секіргіштен секіре алуға мүмкіндік берілді! - Бізге бұл отбасылық мереке орасан зор қуаныш пен біршама ұмтылмас әсер қалдырды, - дейді «Сармат» тұрғын үй кешенінің «Чемпион» командасының мүшесі Айымгүл Ілиясова. – Бәрінен көбірек «Орасан волейбол» сайысы ұнады – сергектік пен біршама жарқын эмоциялар ала алдық. Ал финиште жеңісе жеткенімізді түсінген кезде нағыз бақытқа кенелдік. «Отбасылық старттар» жақсы көңіл-күй сыйлауымен қатар, жарыстар танысу және көршілермен тілдесу алаңына айналды. - Біздің команда ұтқан жоқ, бірақ мен «Арман қала» көршілес кезектерінің қыздарымен таныстым, - дейді «Арман қала – 1» тұрғын үй кешенінің 7 жасар тұрғыны Аня Смирнова. – Енді бірге қыдырып, ойнайтын боламыз. Мереке көпке дейін есте қалады! Жарыстар қатысушылар үшін де, жанкүйерлер үшін де әсерлі әрі қызықты болып өтті. Мерекенің жарқын аяқталу нүктесі әуе шарларының ұшырылуы болды: бір уақытта 18 алаңнан аспанға 18000 көк және ақ шарлар ұшырылды, олардың әрбіреуімен «Отбасылық старттардың» әрбір қатысушысының арманы бірге самғады.
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
37
20 МЕЙІРІМДІ ІС BI GROUP
GROUP КОМПАНИЯСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН СЫЙЛАДЫ
Үйде мектептегідей оқу – осындай мүмкіндікті BI Group мүмкіндігі шектеулі 20 балаға тарту етті, олар денсаулық жағдайына байланысты жалпы білім беретін мектепке бара алмайды. «ВІ-ге 20 жыл – 20 мейірімді іс» жобасының аясында BI Group оқушыларды қашықтан оқыту бағдарламаларынан, ноутбук пен ұялы USB-интернеттен тұратын жиынтықтармен қамтамасыз етті. BilimLand қашықтан оқыту платформасы – қазақстандық жетекші әдіскерлер және мұғалімдермен әзірленген бастауыш мектептің толық бағдарламалық курсы. Бастауыш мектептің 8 негізгі пәні бойынша жандандырылған бағдарлама математика, табиғаттану, ана тілі, қазақ тілі, оқу, сурет, музыка, еңбек және өзін-өзі тану бойынша 170-тен астам тақырыпты қамтиды. Курс интуитивті іздеу және оңтайлы тақырып топтамасымен ерекшеленетін бірегей онлайн платформаның көмегімен ұйымдастырылған. - Қазіргі уақытта қашықтан оқыту орын мен уақытқа тәуелсіз түрде жеке режимде оқыту үшін нағыз мүмкіндік болып табылады, сондықтан біз балаларға осындай сыйлық тарту етуді шештік, - деп түсіндіреді BI Group компаниясының BI Resource әкімшілік директоры Архат Әшімханов. Балалар мен қыздар сыйлықтарды алғыспен қа-
38
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
былдап, олардың алдында қашықтан оқытудың ашатын мүмкіндіктерін таңданыспен талқылады. - Мен бұрыннан бері ноутбук туралы армандайтын едім, - дейді №40 мектептің үздік оқушысы Аяжан Еңсебаева. – Енді ол менде бар, бірақ бұл әлі соңы емес: қашықтық бағдарламаның арқасында мен менің құрбыларым сияқты оқимын. Мен сүйікті пәнім – математикадан бағаларымды жақсарта аламын деген сенімдемін, - деп қосты оқушы қыз. Сыйлықтар үшін балалар ғана емес, олардың қуанышын бөлісе келген ата-аналары да ризашылығын білдірді. Қашықтан оқыту бағдарламасы біздің балалар үшін өте пайдалы, себебі білім алумен қатар, олар компьютерді, Интернетті қолданып үйренеді, мүмкін келешекте мұндай тәжірибе оларға жұмыс табуға септігін тигізер, - дейді Махаббат Бекмахамбетова. - BI Group-ке бүгін балаларының арманы жүзеге асқан барлық ата-аналардан шексіз алғысымды білдіремін! «ВІ-ге 20 жыл – 20 мейірімді іс» - компанияның 20 жылдық мерейтойына арналған BI Group жобасы. Жыл бойына BI Group компаниясы қызметкерлерінің қатысуымен және қолдауымен 20 әлеуметтік жоба іске асырылды.
БІЗДІҢ BI ЖҰЛДЫЗАЙ КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫМЫЗ
ЖАҚСЫЛЫҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ
БЦС-мен науқас балаларды сауықтыру – күрделі және көп кезеңді үрдіс, оның қатысушылары ата-аналармен және науқас балалардың жақын ортасымен тығыз байланыста жұмыс істейтін біліктілігі жоғары мамандар болуы керек. Білікті медико-педагогикалық көмек көрсету және денсаулықты қалпына келтіру мәселелерін шешу мақсатымен, Астана және Жаңаөзен қалаларындағы «ВІ Жұлдызай» медициналық бейімдеу орталықтарында Айлин және Шай клиникаларының (Израиль) Максим Старец (бейімдеуші) және Натали Зайтель (логопед) сынды шетелдік мамандармен, сондай-ақ отандық «БАҰҒО» АҚ (Бала мен Ананың Ұлттық Ғылыми Орталығы), «РББО» АҚ (Республикалық Балалар Бейімдеу орталығы) және «Ақсай» УК (Университеттік клиника) мамандарымен бірге кезекті бейімдеу жұмыстары өткізілді. ЕДШ маманы Максим Старец пен Людмила Васильевна Дробышева (Алматы, Қазақстан, «Ақсай» университеттік клиникасы) бірлесе отырып, «дәрігер-бала-отбасы» байланысы немесе емдік-педагогикалық тәсіл қағидасына негізделген емдік дене шынықтыру сабақтарын өткізді. Аталған тәсілдер техникасымен ғана емес, балаға қатынасымен де ерекшеленеді. Манипулятивтік тәсіл кезінде бала белгілі бір процедураларға ұшырайтын объект ретінде алынады, ал емдік-педагогикалық тәсілде – бала мен оның отбасы мамандардың серіктесі болады, осы кезде баламен субъективті, тең құқықты қарым-қатынас орнайды. Медициналық бейімдеудің негізі емдік-педагогикалық сабақ болып табылады. Сабақтың қағидасы – оқыту арқылы емдеу. Балаларға көмек белсенді физикалық және психо-эмоционалдық әрекеттен басталады, олар тұрақты және жас пен науқасқа сай болуы керек. Бағдарламалар бейімдеудің амбулаторлық кезеңінде (бейімдік «жеңіліс») ата-аналарға, отбасы мүшелеріне, мүмкіндіктері шектеулі балалардың қамқоршыларына арналған, ол ата-аналар үйде жалғыз қалып, баланы күту, дамыту және тәрбиелеуге қарапайым білімі болмаған жағдайда қолданылады.
Бағдарламаның мақсаты: «Практикалық дағдыларды, тұрмыстық бейімдеуді және ата-аналардың қоғам алдындағы баласы үшін әлеуметтік жауапкершілігін үйрету арқылы ниеттес серіктестік». Балалармен белсенді емдік гимнастика сабақтары өткізілді. Сабақ кезінде, жаттығулар қозғалыс функциясына сәйкес жатқан , отырған және тұрған күйде орындалды. Жеке процедураның ұзақтығы 30-дан 40 минутқа дейін созылды. Айлин және Шай (Израиль) клиникасының білікті логопед маманы Натали Зайтельдің кеңесін 88 бала алды (51 бала Жаңаөзенде, 37 бала Астанада). Сондай-ақ Жаңаөзен қаласында 9 ЭЭГ зерттеу өткізіліп, 200 бала «ВІ Жұлдызай» орталығының ЕДШ залында сабақтардан өтті. Отандық және шетелдік мамандарды тарту арқылы мүгедек балаларға медициналық көмек көрсету мақсатымен «Мүмкіндіктері шектеулі балалар шексіз резервтерге ие» атты медико-әлеуметтік жобасын іске асыру мүгедек балаларда ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді, ал мамандардың жұмыс орнында оқытуы кадрларды даярлауға септігін тигізеді. Құрметті әріптестер, балаларды емдеуде сіздердің де үлестеріңіз бар. «ВІ Жұлдызай» қайырымдылық қоры сіздерге Медико-әлеуметтік жобаға қатысқандарыңыз үшін шексіз шынайы алғысын білдіреді. Сіздердің көмектеріңіз – қайырымдылықты дамытудағы құнды үлес және күрделі неврологиялық аурулары бар балаларды емдеудегі сезілетін қолдау. http://zhuldyzai.kz/ сайтынан Сіздер қордың есептерімен таныса аласыздар. Егер сіз балаларды емдеуге үлес қосқыңыз келсе, қордың маманы Махаббат Кәрімжановаға – 87771103540 немесе сіздің дивизионның кадрлар бөлімінің маманына жүгіне аласыз.
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
39
20 МЕЙІРІМДІ ІС BI GROUP
АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ШАТТЫҒЫ ҮШІН!
«Жылжымайтын мүлікті басқару» және «МЖК-Астана» дивизиондары «Восточный-1», «Восточный-2» кешендерінің тұрғындары үшін «ВІ-ге 20 жыл – 20 мейірімді іс» жобасының аясында жағымды сыйлық жасады. Мерекелік іс-шараға «Жылжымайтын мүлікті басқару» дивизионының басқарушы директоры Аслан Еншілесұлы Ибрагимов пен дивизион командасы қатысты. Олар балалар мен ата-аналарды құттықтап, балмұздақпен сыйлап, аспанға түрлі-түсті шарларды ұшырды.
40
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
ОТ ПЕРВОГО ЛИЦА
20 МЕЙІРІМДІ ІС BI GROUP
СОДЕРЖАНИЕ
БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ
ӨСКЕМЕНДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНЕ ОЙЫН АЛАҢЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
- Өскемендегі «Үміт» балалар үйінде – нағыз мереке, оны балаларға «BI Group» құрылыс компаниясы сыйға тартты. Ғимарат алдында мектепке дейінгі балаларға арналған ойын алаңы салынды, бірақ онда ересек балалар да, тіпті мұғалімдер де көңіл көтерді деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. Мұнда әткеншектер, орындықтар, тау, құмсалғыш бар, ал аяқ астында – жұмсақ жасанды жабын. Балалар мен қызметкерлер жаңа құрылысқа деген шынайы қызығушылықтарын жасырмайды. – Біз осы сыйлық үшін дән ризамыз, - дейді «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсекенова. – Осы елеулі күнде ашылымға ересектер де, балалар да қуанып отыр. Біздің үй құрылыс компаниясымен достығын әлі де жалғастырады, сіздерге көп рахмет. «BI Group» Қазақстанның әр түрлі аймақтарында құрылыспен айналысады, бірақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы да ұмытпайды. – Біз «Үміт» балалар үйімен өте жақсы ынтымақтастықтамыз, - дейді Шығыс Қазақстан облысындағы «BI Group» жобасының басшысы Ерлан
Кездікпаев. – Балалар алаңымен қатар «Үміт» тәрбиеленушілеріне басқа да сый жасауды жоспарлап отырмыз. Мысалы, туған күн иелерін құттықтап отырамыз. Холдинг мүмкіндіктері шектеулі шығармашыл балалар үшін «Жұлдызай» фестивалінің ұйымдастырушысы болып табылады, «20 мейірімді іс» бағдарламасы бойынша бірқатар әлеуметтік жобаларды іске асыруда. Семейде біз 820 орындық Назарбаев зияткерлік мектебін салып жатырмыз. Сонымен қатар, құрылысшылар «Астана EXPO-2017» көрмесін жасау бойынша жобаны іске асыруда. Ерлан Кездікпаевтың сөзінше, компанияның балалар үйімен қызметтестігі тығыз әрі жылы болмақ, ал келешекте балалар холдинг қызметкерлерінің қатарына қосылуы мүмкін-міс, сондықтан, жоба жетекшісі жақсы оқып, сауатты маман болуды тілейді. Ақпарат көзі:http://altaynews.kz/19438-fosterchildren-playground-ust-kamenogorsk.html
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
41
BI HOLIDAY
BI GROUP-ПЕН БІРГЕ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ!
BI Group Construction Холдингі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай нағыз мереке ұйымдастырды. «Думан» ойын-сауық орталығында «Бақытты балалық шақ» деген атаумен іс-шара өткізілді. Әсем әуеннің лебізімен іс-шараның жүргізушілері және көңілді аниматорлардың тірі дәлізі кішкене қонақтарды қарсы алды. Балалар үшін сурет салу, өлең оқу сайыстары, те-
атрландырылған интерактивті шоу, сиқырлар, «құмды шоу», сондай-ақ біршама сауықтырғыш ойындар мен сайыстар ұйымдастырылды. Осындай мереке «Қазақжолқұрылыс» ЖШС Солтүстік – Шығыс филиалы қызметкерлерінің балалары үшін де ұйымдастырылды. Әдемі ойыншықтар түріндегі сыйлықтармен қатар, балалар кинотеатрға «Хранитель луны» мультфильмін көруге де барды.
Балалар қолөнері сайысының қорытындылары: «МЕН ЕРТЕГІ ЖАСАЙМЫН» БАЛАЛАР ҚОЛӨНЕРІ 1-ШІ ОРЫН Чутаева Дария, 9 жас 2-ші орын 1) Бозшаев Арсен, 6 жас (жасанды – Аққулар) 2) Кожахметова Айша, 10 жас (жасанды – Сіріңкеден жасалған үй) 3-ші орын 1) Цой Ангелина, 6 жас (жасанды – Отбасы) 2) Алмагамбетов Санжар, 6 жас (жасанды – «BI-Group – біз бақыт саламыз!») «Мен ертегі құраймын» балалар қолөнері 1-ші орын – Алжасарова Амина, 12 жас («Алиса ғажайыптар елінде» ертегісі) Әсерлі флешмоб пен ортақ фото осы жарқын мерекенің әсем аяқталуы болды. Барлық балаларға жұмсақ ойыншықтар мен махаббат пен жылудан тұратын әсем көңіл-күй тарту етілді.
42
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
Күннің көзі әрдайым жанып тұрсын, Көк аспаным әрдайым ашық болсын, Уайым-қайғы өтсін мәңгі айналып, Балалардың жүрегі тек нұрға толсын. Александр Шакола, BI Group Construction Холдингінің ER-менеджері
АЛ СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ...
ЕНДІГІ САЛЫНЫП ЖАТҚАН, ӘЛЕМНІҢ 10 ЕҢ ТАҢҒАЖАЙЫП ҒИМАРАТТАРЫ
Заманауи сәулет расымен де таңғажайып және адамды жұлдыздарға жеткізуге талпынуда. Бұл мақаладан сіз салынып жатқан ғимараттарды көре аласыз – ол болашақтың жақын екенінің белгісі, және ол керемет. Ауқымы таң қалдырады! КОРОЛЬ МҰНАРАСЫ Әлемдегі ең биік ғимарат болып табылатын Араб Әмірлігіндегі Бурдж Халифадан 167 метрге биік Король мұнарасы Сауд Арабиясында салынып жәтыр және ол ғаламшардағы биіктігі бір километрге жақындайтын тұңғыш ғимарат болады. Джиддада орналасқан құны $1,2 млрд құрайтын жобаға ғажайып кондоминиумдар, офистік жайлар, обсерватория, «Four Seasons» қонақ үйі мен әлемдегі ең биік терраса 157ші қабатта орналасады (ғимараттың шыңына дейін әлі де алыс). Аспан тіреген ғимаратты салу өткен жылы ресми басталып, 2019 жылы аяқталады.
ШАНХАЙ МҰНАРАСЫ Қытайдағы құны $4,2 млрд құрайтын 121-қабатты Шанхай мұнарасының салынуы 1993 жылы басталып, осы жылдың басында аяқталды, енді әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір, биіктігі бойынша әлемдегі екінші ғимарат, оның ресми ашылуы 2015 жылы болады. Көп функционалды аспан тіреген ғимарат тоғыз әр түрлі тік аймақтан құралған және ауа райы қалпынан қорғану және табиғи желдетуді қамтамасыз ету үшін мөлдір әйнек жабын қабатымен қоршалған. DUBAI PERL Дүние бөліктері формасы түріндегі жасанды аралдарды, адамзатқа белгілі ірі сауда орталығын, және де әлемдегі ең биік ғимаратты жобалау кезінде, әлдекім Дубайда аяқтарын қатал жайған қарапайым тұрғын үйге ұқсас ғажайып ғимарат болуы керек деп шешті. Парсы шығанағына қарайтын 73-қабаттық Дубай Перлдің құрылысы 2009 жылы басталып, 2016 жылы аяқталуы тиіс. Жоспарланып отырған «ішкі қалада» аспан көпірімен байланысқан төрт мұнара және 1800 орындық премиум театр орналасады, онда Дубай халықаралық кинофестивалі өткізіліп отырады.
AGORA GARDEN 2016 жылы Agora Garden ғимаратының құрылысы аяқталады, ол ұмай-ана мен адамзат туындыларының арасындағы компромисс атанады. Бұратылған 20-қабаттық құрылыс барлық мәнде жасыл түсті болады: әрбір қабаттағы балкондарда бау-бақша болады, сондай-ақ ендірілген өмір қамсыздандыру жүйелері, оның ішінде күн батареялары мен жауын суын өңдеуіштер орнатылады.
WORLD ONE 117-қабаттық World One аспан тіреген ғимараты Мумбайдың кейбір бай тұрғындарына үй атанады және Джорджио Арманидің «Armani/Casa» студиясының дизайнымен әрленген 300 ғажайып үш және төрт бөлмелі пәтерлерде тұрады (бағасы $1,5 млн басталады).
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015
43
АЛ СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ...
КОРОЛЬ АБДАЛЛАНЫҢ МҰНАЙ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ (KARSARC) Барлық аталған ғимараттардан жерге барынша жақын орналасқаны, бірақ ғажайыптылығы кем емес Сауд Арабиясындағы KARSARC көпұлттық орталыққа қарағанда, Джеймс Бонд шытырман оқиғаларындағы зұлымның апанына көбірек ұқсайды. Футуристикалық дизайн – діни сәулетші Захи Хададтың туындысы, ол алты қырлы жасушалардың орамасын негіз ретінде алған. LOTTE WORLD TOWER Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы барлық басқа ғимараттардан біршама биік, көкжиектен 556 метр биіктікте 123 қабаттық Lotte World Tower аспан тіреген ғимараты 2016 жылы салынып бітеді. Ғимаратта төменнен жоғары қарай: дүкендер, офистер, пәтерлер, қонақ үйлер және ең үстінде бақылау алаңы орналасады. Ол сондай-ақ Солтүстік Кореядағы «Ryugyong» ерекше пирамидалық қонақүйін де басып озып, Корея түбегіндегі ең биік ғимарат атанады. «ДАВАНГ» ТАУ ШИПАЖАЙЫ Жұрты қалған тау кен орны мен көл үстіндегі екі жартас ортасында қалықтап тұрған қонақүйлерден шаршадыңыз ба? Қытайлық Даванг тау шипажайы сіздерді 2016 жылдан бастап күтеді. Ұзындығы 170 метрге созылған шипажай «мұзды ойын-сауық әлемінен», жабық шаңғы кешенінен, аква саябақ пен ілмелі бақтардан тұрады. «СОНДЖАНГ» ҚОНАҚ ҮЙІ Жартастар мен көлдердің ортасында орналасқан қонақуй – Қытайдағы жоғары санатты демалыс орындарының тізіміндегі келесісі екендігі айқын. Даванг тау шипажайы сияқты, «Songjiang» қонақүйі де карьерде орналасқан, сонымен бірге Шанхайдан алыс емес жерде орналасқан және ол карьердің қабырғаларына салынады, ал алдыңғы беті бойынша сарқырама ағады. Ал егер, сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, төменге барыңыз – олар судың астында орналасады.
Материалды даярлаған Александр Шакола, BI Group Construction Холдингінің ER-менеджері
СУЧЖОУДАҒЫ ЧЖУННАНЬ ОРТАЛЫҒЫ Жақында Қытайдағы Сучжоуда 730 метрлік 138 қабаттық орталықтың құры-лысы басталды, оның алдында әлі ұзақ жол күтіп тұр. Бірақ, егер құны $4,5 млрд жоба кестеге сәйкес 2020 жылы аяқталса, ол Қытайдағы ең биік және әлемдегі биіктігі бойынша үшінші ғимарат атанады. Мұнаралы қонақүй, офистер мен тұрғын жайлар ендігі аяқталған 69 қабаттық Шығыс Қақпасы аспан тіреген ғимаратымен бірге орналасады, ол бірнеше рет айтылғандай, шалбарға қатты ұқсайды.
44
BI TIMES No 06(30) МАУСЫМ/2015