Bi times may kaz

Page 1

#05(29) МАМЫР 2015

BI Group холдингінің корпоративтік журналы


МАЗМҰНЫ

БІРІНШІ ТҰЛҒА ПІКІРІ Екатеринборда BI Group өңірлік өкілдігі ашылады .........................................3 ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ BI Group Construction және BI Group Development дамуының қорытындысы және келешегі.........................................................................4-6 Еңбек өнімділігі ...................................................................................................7 BI STRATEGY 100 жылдан кейін бизнесте қалай қалуға болады?......................................8-9 Жаңа тағайындаулар ..................................................................................10-11 Корпоративтік университет..........................................................................12 КОРПОРАТИВТІК ЖАҢАЛЫҚТАР ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл орам»шоу-румына қатысты.............................................................13 Апта сайынғы тексеріс қорытындысы.....................................................14-15 Корея елшісі «Балқаш Жылу Электр Стансасы» құрылыс жобасына қатысты...........................................................................16 «Саламат» ТК-дегі ашық есік күні...................................................................17 «Астана Жилсервис» сервистік компаниясы филиалының қортындысы және жоспарлары...........................................18-19 Үздік құрылысқа – үздік жағдайлар..............................................................20-21 ЭКСПРЕСС-ЖАҢАЛЫҚТАР..........................................................................22-23 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР Жеке тиімділік табысқа жетер жол..........................................................24-25 БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ «BI Group»: олар ең төменнен бастады және тек сондықтан өздерін жоғарыда сенімді сезінеді!..............................26 BI LIFE BI Group компаниясы аула мини-футболы бойынша турнир өткізді...................................................................................................27 Мен жұмысымды жақсы көруімнің себебі........................................................28 BI HOLIDAY «BI Group сиқырлы елі»................................................................................29-31 BI Group-тың 20 игі ісі..................................................................................32-33 БІЗДІҢ BI ЖҰЛДЫЗАЙ КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫМЫЗ................................34-35 Сіз білесіз бе?.....................................................................................................36

2

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


БІРІНШІ ТҰЛҒА ПІКІРІ

ЕКАТЕРИНБУРГТЕ BI GROUP DEVELOPMENT АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛДІГІ АШЫЛАТЫН БОЛАДЫ ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! Сіздермен жақсы жаңалықтарымызбен бөліскіміз келіп отыр — маусым айында Екатеринбург қаласында BI Group Development Холдингінің аймақтық өкілдігі ашылатын болады. Біз бизнесіміздің көкжиектерін кеңейтіп отырмыз және ресей нарығына шығамыз. Біздің ойымызша, көршілес елдегі жалпы тұрақты емес экономикаға қарамастан, ресейлік жобаларға инвестиция салу үшін ең қолайлы мерзім. Біздің компания әлемнің ең үздік 100 құрылыс компаниясының қатарына кіру сияқты стратегиялық мақсатына қол жеткізуге ұмтылатын болады, осыған байланысты ресейлік жылжымайтын мүлік нарығына экспансия жасау – компанияның халықаралық салаларын дамытудағы аса маңызды қадам болып табылады. Аймақтық өкілдікті ашу туралы шешім қабылдаудың алдында, компания маркетологтары Ресей Федерациясының, оның ішінде Орал-Сібір аймағының (Омбы, Новосибирск, Челябинск, Екатеринбург) жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс атқарды. Жүргізілген талдаудан соң таңдай Екатеринбургке түсті. Маркетологтардың пікірі бойынша, бұл қаланың біздің астанамызбен ұқсастықтары өте көп. Оның болашағы зор, қарқынды дамуда, жақсы экономикалық жағдайға ие және тұрғындардың жас мөлшері бойынша құрамында жастар саны басым. Бұл Ресейдің миллион тұрғындары бар қалаларының ішінде тұрғындардың саны бойынша төртінші қаласы. Бүгінгі таңда аймақтық өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлер құрамы анықталды. Өкілдіктің директоры болып біздің компаниямызда жеткілікті тәжірибесі бар және басқарудың айрықша машықтарына ие Роман Батрак тағайындалды. Біз Ресейдегі жобаларды жүзеге асыру барысында, жылдар бойы жинақталған жұмыстың оң принциптерін іс жүзінде пайдаланатын боламыз. Бұл тұрғыда, біздің жолымыз болды, біз әлемнің ең жылдам өсуші қалаларының бірі Астана қаласында алғашқы қадамдарымызды жасадық, бұл тек қана сандық ғана емес, сонымен қатар сапалық та көрсеткіш болып табылады. Жылдар өткен сайын біздің тұтынушының талаптары да артуда, оның талаптары жоғарылаған сайын біз де соған сәйкес болуға тырысамыз. Астана қаласындағы технологиялық даму деңгейі, кейбір ресейлік қалалардың деңгейлерінен анағұрлым артық. Алғашқы жобалар комфорт-сыныпты сегментте жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ онымен бір мезгілде басқа да сегменттер дамуының мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Компанияның республика шегінде дамуы бөлігінде, біз бірінші кезекте Алматы қаласын — біздің географиялық экспансиямыздың маңызды векторы ретінде қарастырамыз. Қазіргі таңда біздің ол жердегі үлесіміз бар болғаны 9% құрайды және алдағы жылдары біз жетекші орындарға шығуымыз қажет. Қорытындылай отырып, біз өзімізідң болашаққа нық сеніммен қарайтынымызды айтқымыз келеді. Ресей нарығын игеру — біз үшін Азия және Еуропа нарықтарына шығар алдындағы өзіндік шынығу. BI Group Development компаниясын осы маңызды тарихи оқиғамен құттықтаймын! Үлкен құрметпен, Тасболат Абдуллин, BI Group Development Холдингі Басқарма Төрағасының даму бойынша орынбасары

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

3


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

АҒЫМДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЖЕДЕЛ ШЕШ КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЛАРЫ МЕН ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕРІ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Компанияның туған күні қарсаңында өткен Директорлар Кеңесінің отырысы барысында BI Group Construction және BI Group Development холдингтері бөлімшелерінің басшылары жұмыс қорытындылары мен болашаққа жоспарлары туралы өз есептерін ұсынды. Дәстүр бойынша, күннің бірінші жартысында BI Group Construction холдингі бас мердігер, тендер өкілдері сөз сөйледі. Отырысты ашқан Холдингтің Басқарма Төрағасы Бауыржан Әбдірашитұлы Исабаев ауқымды құрылыс жұмыстары жобаларды қаржыландырудың кешігуіне байланысты жоспарланған мерзімнен сәл кешігіп басталды деді. Дегенмен, бүгіннің өзінде Дивизиондар жоғалтқан уақыттарын қуып жатыр және талап етілген өндіріс деңгейіне шығу мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ, ол Дивизиондар басшыларына жоғары сапалы құрылыс үшін алғыс айтты. Жоғары сапаны бірнеше мәрте тапсырыс берушілер атап өткен болатын. Сонымен қатар, ол одан әрі жоғары қарқынмен дұрыс бағытта дамуға шақырды.

ялық есеп компания жұмысын жаңа деңгейге көтереді, ал ол кейіннен ірі ауқымды халықаралық құрылыс жобаларына шығуға мүмкіндік береді. КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУЫ Шетелдік әріптестермен жұмыс және BI Group Construction-ның келешектегі жоспарларын жүзеге асыру туралы BI Group Construction Бизнесті дамыту және корпоративтік даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Метин Палик баяндама жасады. Метин өз сөзінде ерекше назарды жобалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударды. Бұл мұнайгаз құрылысы нарығына шығудың маңызды факторы саналады.

КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР Барлық баяндамалар тыңдағаннан кейін BI Group холдингінің басшысы Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев BI Group Construction холдингі басшылығының ауысқаны туралы салтанатты түрде жариялады. 1 маусымнан бастап BI Group Construction холдингі Басқарма Төрағасы болып Талғат Тімкенұлы Қожахметов тағайындалды. Ол бұған дейін Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары BI GROUP CONSTRUCTION қызметін атқарған. Айдын Жұмаділұлының айтуынша, ДИВИЗИОНДАРЫНЫҢ Талғат Тімкенұлы BI меритократиясының жарқын үлгісі БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАРЫ саналады. Талантты әрі еңбекқор қызметкер «АБК БеХолдингі Дивизиондары еліміздің ірі стратегиялық тон» ЖШС-де жабдықтаушы қызметінен елдің ірі құрылыс жобаларын жүзеге асырады. Холдингтің жол дивизион- холдингілерінің бірінің басшысына дейін көтерілді. Өз дары жобалары портфелі жылдан жылға арту үстінде, кезегінде Талғат Тімкенұлы Холдингтің бұрынғы басшыбұл мемлекеттің біздің компаниямызға деген сенімін біл- сы Бауыржан Әбдірашитұлы Исабаевқа тиімді жұмыс діреді. Өз кезегінде, «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» үшін алғыс айтып, компанияның одан әрі сәтті өсуі үшін және «Инфрақұрылымдық бар күш-жігерін жұмсақұрылыс» дивизиондары, уға уәде етті, сондай-ақ, жалпы құрылыс пен бизнеоған артылған жоғары стің жаңа бағыттарын дажәне құрметті жауапкермыту үшін, географиялық шілігін атап өтті. Талғат экспансияның келешегі Тімкенұлы Холдинг акзор бағыттарын қарастыционерлері, серіктестері, руда. тапсырыс берушілері, қызметкерлерінің және КОРПОРАТИВТІК BI Group Construction ОРТАЛЫҚ ЕСЕПТЕРІ холдингі салған, салып Дивизиондар есепжатқан және салатын нытерінен кейін BI Group сандарды пайдаланатын Construction Басқареліміздің барлық азаматма Төрағасының Бірінтарының мүдделеріне баші Орынбасары Талғат рынша назар аударатыТімкенұлы Қожахметов нын айтып, сендірді. Жобаларды басқару ор Бауыржан Әбдіраталығының басшысы шитұлы Исабаев, BI Аяз Баймұлидинов және Group холдингі акциоБалқаш жылу электр нерлерінің бірі BI Group стансасы құрылысы жоConstruction-ның даму басының басшысы Асхат мәселелеріне одан әрі Тұрғынбекұлымен бірге жетекшілік етуге ниетті. учаске шеберлерінің жұОл негізінен тендер, бас мысын біршама жеңілмердігер Холдингі жобадетіп, Холдингтің барлық ларының басым көпшіліжобаларында құрылыс гінің тапсырыс берушілері жұмыстарына тиімді мониболып табылатын мемлеторинг жүргізуге мүмкіндік кеттік органдармен өзаберетін жедел есептеуді ра әрекеттестікке көңіл А.Ж. Рахимбаев, Т.Т. Кожахметов, Б.А. Исабаев енгізу бойынша жобаны бөледі. таныстырды. Операци-

4

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

ШУ ЖӘНЕ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ ҰМТЫЛУ Күннің екінші жартысы BI Group Development холдингінің есептеріне арналды. BI Group Development холдингінің Басқарма Төрағасы Амангелді Ғабдоллаұлы Омаров команданың жаңа мүшесі - «BI-Holding» ЖШС-тің инвестициялық жобалар жөніндегі директоры Эльдар Шамсұтдиновты таныстырып, Дивизиондар басшыларына сөз берді. ДИВИЗИОНДАР БАСЫМДЫҚТАРЫ Өз есептерінде дивизиондар басшылары қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелерімен таныстырып, келешегі зор жобалар туралы әңгімеледі. Одан кейін Құрылыс департаментінің есебін BI Group Development Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Александрович Гуцал ұсынды. Құрылыс департаменті ИТР-желісі рационализаторлық ұсыныстарына талдау жүргізді, Директорлар Кеңесінде ең үздік идеяларға сыйақы беру шешімі қабылданды. Сіздер олармен http://bi-portal/SitePages/ VidePage.aspx мекенжайы бойынша таныса аласыздар. Сапаны бақылау бөлімі корпоративтік стандарттар: есіктердегі нөмірлер, үй нөмірі белгіленген тақтайша, сылақтың машиналық әдіспен жағылуына қойылатын талаптарды әзірлеуді аяқтады. Сәуірде «Үздік құрылыс алаңы» атағы үшін байқау басталды. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар – сапа, мерзім, қауіпсіздік, корпоративтік стандарттардың ұстануы, үнемді өндіріс бойынша ұсыныстар. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар ақшалай сыйақы алады. Әлі күнге дейін құрылыс нысандарындағы бастапқы мәселе қауіпсіздік техникасы ережелерін ұстану болып табылады. BI Group Development Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Александрович Гуцалдың мәлімдеуінше, соңғы бес айда нысандарда 53 тексеру жүргізілді, 356 заң бұзушылық анықталды, олар бойынша жою шаралары орындалды. Холдинг нысандарында MS Project-ті меңгеру және енгізуге байланысты «ЖТК-Астана» мен «ЖТК-Премиум» жобалары басшыларында таныстырылым оқыту мен MS Project Server-ге қосу жүргізілді. МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ Даму жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Тасболат Аманжолұлы Әбдуллин өз сөзінде әлемдік нарықтағы соңғы жаңалықтар туралы әңгімелеп, ірі елдер мен одақтарда экономикалық жағдай жақсара бастады деді, бұл біздің бизнеске де оң әсерін тигізетіні анық. Еске сала кетсек, ұлттық валютаны өткен жылғы реттеуден кейін нарықтағы бағалар шамамен 20%-ға төмендеді. Тағы бір оңды сәт деп сәуір айындағы ректордтық сатылымдарды айтуға болады. Осы айда 1700-ден астам пәтер сатылды. Тасболат Аманжолұлының мәлімдеуінше, жалпы компания дұрыс бағытта дамып келеді. Осы күнге дейін компанияның негізгі үлесі Астанада ұсынылған, сондай-ақ Оңтүстік астана нарығында үлесті ұлғайту жоспарланып отыр. Және де жақын шетелде жобаларды дамыту көзделуде, компания экспансиясының алғашқы қаласы Екатеринбор атанды, онда маусым айында BI Group Development компаниясының өкілдігі ашылады (3 бетті толығырақ). Жылжымайтын мүліктің ерекше сегменті ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлік-

ті дамытуға басты назар аудару жоспарланып отыр. Алдағы 5 жыл келешегі туралы айта келе, Тасболат Аманжолұлы 2020 жылға қарай компания жылына 1 млн шаршы метр тұрғын үй жылжымайтын мүлкін және коммерциялық жылжымайтын мүліктің тең жартысын тапсыруды жоспарлап отырғанын атап өтті. HR-БЛОК ЖАҢАЛЫҚТАРЫ Қызметкерлер жөніндегі басқарушы директор Ольга Вадимовна Баспаева өз сөзін қызметкерлер саны туралы ақпараттан бастады. Бүгінгі таңда олардың саны 2571 адамды құрайды. Ольга Вадимовна жұмысқа алу кезінде міндетті шарт Әдеп Кодексіне қол қою болып табылатындығын еске салды. Жобалар басшылары, Сату бөлімінің мамандары жыл сайын табыс туралы декларацияға қол қоюы тиіс. Жақыннан бастап компанияда «Grandfather rule» ережесі әрекет етеді. Бұл ереже әр жаңа үміткерді екі деңгейде келісуді білдіреді. «Жоба менеджері» қызметіне барлық үміткерлер Холдинг Басшысымен келісілсе, «Учаске басшысы» қызметіне үміктерлер Басқарма Төрағасымен келісіледі. Аталмыш ережелер бұйрықпен бекітілген. Өткен ДК-дегі (ранг жүйесін жеңілдету, яғни әлеуметтік пакетті теңестіру) бастамалардың бірі - кафетерий қағидасы бойынша әлеуметтік пакет құру. Кафетерий қағидасы бойынша әлеуметтік пакетті жүзеге асыру үшін жұмыс үрдісін автоматтандыруға мүмкіндік беретін арнайы БҚ әзірленген. Корпоративтік еңбек өтілі 1 жылға толған әр қызметкердің әр ұпайы 1000 теңгеге тең 100 ұпай сомасына опциялар тізімінде ұсынылған бір немесе бірнешеуін таңдау мүмкіндігі бар. Корпоративтік еңбек өтілінің болуы қосымша ұпайлар береді. Жүйенің басымдықтары мен кемшіліктері де бар: кейбір басқарушыларды қамту, демотивация. Соңғы ДК-де опциялар санын қысқартып, қызметкерлерден кейінгі байланыс алу ұсынылды. Наурыз айындағы отырыста ұсынылған екінші бастама - желіні қысқа мерзімді уәждемелеу және бонустық қорды бірнеше бөлікке бөлу. Дегенмен, талқылау кезінде баламалы ұсыныс жасалды, яғни оны ЕТҚ (еңбекақы төлеу қоры) есебінен тоқсандық сыйақы арқылы беру. Ольга Вадимовна Корпоративтік университет жұмысының қорытындысы туралы әңгімелей келе, жыл сайынғы аттестаттау нәтижелерін ұсынды. Қызметкерлердің жартысына жуығы талаптарға сай келеді және шамамен үштен бірі жақсартуды қажет етеді. Талаптарға сай келмейтін 9% қызметкерлерге қайта тапсыру, рұқсат алу, жұмыстан шығару және қызметін төмендету сияқты басқарушылық шешімдер қабылданды. Ольга Вадимовна өз сөзін компанияның жиырма жылдығын мерекелеу туралы мәліметпен аяқтады. Биылғы жылы шара Бурабай курорттық аймағындағы Певчий аралында өтеді. Сіздер толық ақпаратты хат арқылы білесіздер. BI GROUP DEVELOPMENT ХОЛДИНГІНДЕ БИЗНЕС ҮДЕРІСТЕРДІ СТАНДАРТТАУ Амангелді Ғабдоллаұлы Омаров өз сөзінде «BI Group Development холдингінде бизнес үдерістерді

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

5


ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ стандарттау» ірі жобасының басталғаны туралы айтты. Жоба компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған, ал бұл біріншіден бизнес үдерістерді жақсаруы және ұжымның жұмыла жұмыс істеуі есебінен мүмкін. Жобаларда бизнес үдерістерді әзірлеу, енгізу және тираждау бойынша әдістемені қалыптастыру және оңтайлы ұйымдастыру құрылымдарын құру үшін танымал жаттықтырушы, біздің КУ-де сабақ берген Жексен Васильевич Джалкибаев шақырылды. Ол әртүрлі жылдары ұлттық компанияларда басқарушылық қызметтер атқарған Әсет Өрентайұлы Исекешов пен Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің көмекшісі болған. «BI Group Development холдингінде бизнес үдерістерді стандарттау» ірі жобасы басталған сәттен бері Жексен Васильевич BI Group Development холдингі Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып тағайындалған. Жексен Васильевич кейбір бизнес үдерістер бойынша кері байланыс берді және ол жағдайдың жақсы екендігіне сендірді, дегенмен атқарушылық тәртіп нашар дамыған деді. Холдинг Дивизиондарына бизнес үдерістерді тираждаумен ауыспалы агенттер айналысады. Олар біздің қызметкерлер, әр дивизионнан 5-6 адамнан болады. Ұжым үшін стандартты қызметке қарағанда басқа жағдайлар жасалады, яғни арнайы әлеуметтік пакет беріліп, жалақыға ақша қосылады. Корпоративтік орталықтан бас ауыспалы агент болып қаржы жөніндегі басқарушы директор Раушан Амангелдіқызы Қайырбекова тағайындалды. Ол қажетті басқарушылық, қаржылық, бухгалтерлік тәжірибеге ие және компанияның ішкі бизнес үдерістерін жақсы біледі. Бастапқы кезеңде логистика жақсарады. Компанияда сатып алулар орталықтандырылған және тендерлік жүйе әрекет еткендіктен, сатып алуларды жоспарлау нашар дамыған. «Авеню саябағы» нысанында тендерлік жүйені автоматтау бойынша ілкі жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін, яғни осындай мерзім бизнес үдерістерді стандарттау үшін беріледі, олардың 4-6-уы Холдинг жобаларына тираждалады. Жобаның одан кейінгі кезеңдері туралы сіздер корпоративтік журналдың келесі сандарынан біле аласыздар. Отырыс соңында Холдинг Басшысы Айдын Жұмаділұлы Рақымбаев барлығын компанияның жиырма жылдығымен құттықтап, сәттілік жоғары жалақы мен мақсаттарға еш кедергісіз жетулерін тіледі.

6

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ 2015 жылдың мамырындағы Дивизиондар тұрғысындағы еңбек өнімділігінің салыстырмалы талдау төмендегідей: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында - Актан Амангельдинович Аманжолов басқаратын «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» Дивизионы. BI Group Development Холдингі Бірінші орында – Арман Сабыржанович Ахметов басқаратын «КТҚ-Астана» Дивизионы.

2015 жылдың мамырындағы Көшбасшы жобалар тұрғысындағы еңбек өнімділігінің салыстырмалы талдау төмендегідей: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында - «Инфрақұрылымдық құрылыс» Дивизионының «АЭА Қорғас – Шығыс қақпасы». BI Group Development Холдингі Бірінші орында –«КТҚ-Астана» Дивизионының «Дэлюкс Таун 1-ші кезек».

2015 жылдың мамырындағы Өндірістік блоктың еңбек өнімділігінің салыстырмалы талдау төмендегідей: АБК-Бетон – бір штаттық қызметкер үлесіне 4 млн. 548 мың теңге. Арман-Гранит – бір штаттық қызметкер үлесіне 778 мың теңге.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

7


BI STRATEGY

100 ЖЫЛДАН КЕЙІН БИЗНЕСТЕ ҚАЛАЙ ҚАЛУҒА БОЛАДЫ!!!

BI Group өзінің 20 жылдығын аса мақтанышпен атап өтеді. Жылдар сырғуда және компанияның өсу қарқыны да, оның энергиясы мен энтузиазміне байланысты арту үстінде. Бұған қарамастан, біз бұл тек қана бастамасы деп санаймыз. Біз тек сол үшін ғана өмір сүруге және жұмыс істеуге тұратын, одан да көп үлес қоса аламыз. Әлемде 100 жылдан, тіпті 1000 жылдан артық жұмыс істеп келе жатқан, көптеген табысты компаниялар бар! Тіпті соғыстар, дағдарыстар, санкциялар, зілзалалар және т.б. жағдайында да жұмыс істеуді мүмкін ететін факторларды зерттей отырып, біз мызғымайтын және берік корпоративті құндылықтары және корпоративтік стратегиялары бар мұндай үлкен компанияларымен өзіміздің ұқсастығымызды байқаймыз. Қазіргі таңда, АҚШ-да компаниялардың өмірлерінің ұзақтығы бар-жоғы 15 жылды құрайды, ал 1920 жылдары компаниялар орта есеппен 67 жыл жұмыс жасаған. Йель университеті өкілі Ричард Фостердің жақын арадағы мақаласына сәйкес, бизнесте 100 жыл мерзімге қалу үшін ұйымдастырудың ерекше үлгісі қажет және тәлім алуға болатын көптеген айқын мысалдар және өздерінің 100 және одан көп жылдық мерейтойларын атап өтіп жатқан көптеген компаниялар бар. Бұл табысты компаниялардың барлығына тән ортақ белгілерге, клиентке нақты бағдарлану, жаңа аумақтарды иеленуге дайындық және өздері жұмыс істейтін қоғаммен тығыз байланыстар жатады. КЛИЕНТКЕ НАҚТЫ БАҒДАРЛАНУ Швейцарияда негізі қаланған, қазіргі таңда жаһандық желіге ие Zurich Insurance Group (Zurich) сақтандыру компаниясы, АҚШ нарығын 1912 жылы енген. Бүгінгі таңдағы оның Солтүстік Америка бойынша бас директоры Майк Фоли, компанияның қарқынды дамуы Zurich компаниясының өзінің клиенттік базасына қайратты қызмет көрсете білу қабілетімен байланысты деп санайды. «Біз Швейцарияда бастадық, бірақ біздің АҚШ-да жұмыс жасайтын клиенттеріміз, өздерін тәуекелдерден қорғау үшін, өздерінің тікелей қызмет ету орындарында сақтандырудың сапалы өнімдерін қажет етті», дейді Фоли мырза. «Осылайша, біз олар үшін қажетті негізгі құзіреттерді және білімнің нақты салаларын қамтамасыз ете отырып, клиенттеріміздің соңынан жүріп жаһындық ұйымға айналдық». Қаржы әлеміндегі алпауыт Lloyd’s of London 1688 жылы құрылған және Bank of Scotland 1695 жылы іргесі қаланған. Сыра өндіруші Shepherd Neame және шарап сатушы Berry Bros & Rudd екеуі де 1698 жылы құрылған. Parsons the Jewellers, Бристоль қ. 1710 жылы негізі қаланған.Пол Дэвис: «Parsons Бристоль қаласында 300 жыл бойына зергерлік бұйымдарын сатады. Компания соғыстарды да, дағдарыстарды да және көптеген қозғалыстарды да басынан өткерді, бірақ ол әлі де жас жұбайларды біздің брендтік түрлі-түсті гаухар тастарды алуы үшін қызықты». Біздің табысымыздың құпиясы: «Біз өзіміздің дамуымызды тоқтатқанымыз жоқ. Бізге компания ретінде 300 жыл болса да, біз өзіміздің маркетингімізбен және өнімдерімізбен басқалардың алдындамыз. Біз, барлығымыздың әрлуан, қызықты екендігімізге және кез-келген сауданың қандай жан рахатын әкелетінін ұмытпайтынымызға сенімдіміз». Кейбіреулері мыңдаған жылдардан артық уақыт жұмыс істейтін бірқатар жапон фирмалары бар. Жапония әлемдегі ең ежелгі үздіксіз жұмыс жасаушы кәсіпорындардың отан болып табылады, олардың қатарына 1300 жылдық тарихы бар отельді және 900 жылдық sake-өндірушіні жатқызуға болады. Бірақ, бұл ұзақ өмір тек Шығыс Азиямен шектеліп қалмайды, италиялық қару өндірушісі Beretta 1526 жылдан бастап жұмыс жасайды, ал тәрелке өндірушісі болып табылатын Zildjian компниясының іргесі 1623 жылы Түркияда қаланған. Қазіргі таңда, Жапония жұмыс тәжірибесі 100 жылдан артық 50 000 кәсіпорынның бизнес-алаңы болып табылады. Олардың ішінде 3886 компанияның тарихы екі жүз жылды қамтиды. Салыстыру үшін, АҚШ-ның Еңбек статистикасы

8

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


BI STRATEGY бюросының мәліметтеріне сәйкес, 1994 жылы құрылған америкалық төрт компанияның бірі ғана, 2004 жылға дейін табысты жұмыс атқарған. 2007 жылы бизнестегі 1429 жылдан кейін Kongo Gumi храм-құрылысын салушы компаниясының қаржысы таусылды және өзінен ірі компанияның құрамына енді. Бірінші сұрақ, Kongo Gumi сияқты компания, оның неге сонша ұзақ уақыт бойы жұмыс істегендігі туралы. Бір жағынан, мұндай компаниялар, әдетте әрқашанда қажетті салаларға жинақталған. Kongo Gumi будда храмдарының құрылысын салуға мамандандырылған, бұл оларға күшті будда тарихы бар елде аса сенімді артықшылық береді. Компания ең алғашқы храмын 593 жылы Осакаға таяу жерде салған және одан бері алты рет қалпына келтірген (әрине, Kongo Gumi компаниясы). «Міне мысал», деді Centuries of Success авторы Уильям О’Хара, The Wall Street Journal журналында 1999 жылы, «Ежелгі жанұялық кәсіпорындар, жиі-жиі адамның негізгі қызмет түрлеріне тартылады: сусын өндіру, кеме қатынасы, құрылыс, тамақ, қару». Тек ұлы компаниялар ғана іскерлік белсенділігі 100 жылға және одан да артық уақытқа созылатын мұра қалдыра алады. Forbes журналындағы «Бизнесте мәңгілікке қалу» Смақаласына сәйкес, ғасырлар бойына жұмыс жасай алатын компанияны құрудың 5 үздік себебі бар. 1. Қызметкерлерге инвестиция салу – қызметкерлердің өздері жұмыс жасайтын компанияға қосқан үлестері. Бұл нені білдіреді? Өзара сыйласымдылық және үлес қосу, компанияның нақты белгілеріне өтетін, оның мінезі мен принципін қалыптастырады, бұл еңбекті ұзақ уақытқы ұйымдастыруға және басқа да өзара қарым-қатынастарға алып келеді. Бұл белгілер компанияға жан-тәндерімен берілген Қызметкерлерді сыйлаудан, оларға сенуден, шын берілгендіктен, сенімнен, батылдықтан және ризалықтан тұрады. Басшылар толықтай жетекшілік етеді. Тек сонда ғана айтарлықтай табыстарға қол жеткізілетін болады. 2. Клиенттермен және қоғаммен серіктестік қатынас – үлкен пайда көзі. Сенім және сенімділік. 3. Жақсы басшыларда қосымша машықтар алу және шынымен де ұлы адам болу мақсатында лауазым бойынша өсу мүмкіндігі болады. 4. Жүз жылдық тарихы бар компаниялар қаржы тұрғысында тұрақты болып табылады. Олар өрлеулер мен жеңілістер аз болады және жұмысты жоғалту мен жұмыстан шығу мәселелерінде аз күйзеліске тап болады. 5. Бұл компаниялардың ұсыныстары құндары және бірегей артықшылықтары айқын және анық. Маркетинг және сатулар неғұрлым тиімді болып табылады, және де компания өз беделінің қалпына келуін қажет етпейді. Біз өзімізді болашақта әйгілі 100 жылдық тарихы бар компаниялардың бірі болу мақсатында, өз дамуының алғашқы кезеңдерінен өтіп жатқан компанияның бір бөлігіміз деп санаймыз. Біздің күш-қайратымыз біздің корпоративтік құндылықтарымызда... Туылған күніңмен BI Group... Метин Палик, BI Group Construction Холдингінің Басқарма Төрағасының Корпоративтік даму және бизнесті дамыту бойынша орынбасары

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

9


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР Холдинг BI Group Construction

Кожахметов Талғат Тимкенович BI Group Construction Холдингі Басқармасы Төрағасы лауазымына тағайындалды. Омбы мемлекеттік аграрлық университетін «А.Ө.К. салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша аяқтаған. MBA дәрежесіне ие. Холдингте он жылдан артық қызмет атқарады. Бұрын BI Group Construction Холдингі Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары, «Казахдорстрой» ЖШС Басқармасы Төрағасы қызметтерін атқарған. Оның жетекшілік етуімен жол құрылысын салу саласында ірі республикалық маңыздағы жобалар жүзеге асырылған.

Холдинг BI Group Construction

Бабайко Юрий Леонидович

Заришева Аида

Шайкенов Мадияр

«Казахдорстрой» Жол Дивизионына қызметкерлер бойынша менеджер лауазымына тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың мамыры аралығында BI Group - Construction Холдингінде қызметкерлер бойынша менеджер қызметін атқарды. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша үздік аяқтаған, Экономика және Бизнес магистрі дәрежесіне ие. BI Group дейін «Antal Kazakhstan» және «ANCOR CA» халықаралық рекрутингтік компанияларда қызмет атқарған.

«Қазақжолқұрылысы» Жол Дивизионы экономикалық қауіпсіздік басқармасы басшысы лауазымына тағайындалған. Мадияр өзінің Холдингтегі жұмысын ЭҚҚ маманы ретінде бастаған. Бұрын Астана қ. Ішкі Істер Органдарында және «Астана қ. бойынша Бір реттік талондарды сату бойынша басқарма» ММ қызмет атқарған. 2011 жылы «Көкше» Академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Пшембаев Молдабек Жартаевич

Исмаилов Құрманғазы Ахатаевич

Жаксылыков Ғабит Мухумович

«Астана- Ерейментау-Шідерті 36 – 88 км.» жобасы үшін инертті материалдар шығару бойынша өндірістік блоктың жетекшісі лауазымына тағайындалды. Мұның алдында «Кайсар-Б» ЖШС – қиыршық тас, асфальтбетон шығару бойынша директоры қызметін атқарған, жол құрылысы саласындағы жұмыс өтілі 1987 жылдан басталады.

«Алматы – Өскемен а/ж 42 және 44 км.» жобасының басшысы қызметіне тағайындалды. «Қазақжолқұрылысы» ЖШС 2010 жылдан бастап, «Орал – Ақтөбе 619-723 км.», «Ақтөбе қаласын солтүстік беттен айналып өту», «АБЗ - Ақтөбе» жобаларында ӨТБ инженері қызметін атқарған, жол құрылысы саласында 2002 жылдан бастап қызмет атқарады.

«Астана- Павлодар - Қалбатау –Өскемен» Орталық-Шығыс Дәлізін реконструкциялау, «Астана- Ерейментау-Шідерті 58-88 км.» автомобиль жолы телімі жобасына жол құрылысы киімін орналастыру бойынша телім бастығы лауазымына тағайындалды. «Қазақжолқұрылысы» ЖШС Щучинск филиалында 2007 жылдан бастап қызмет атқарады, Астана-Петропавловск автожолын реконструкциялау лот – 10, лот – 11, ЩБКА, Бурабай п. Жол желілері және т.б.» жобаларында жол құрылысы жұмысшысы, шебер болып қызмет атқарған.

BI Group Construction Холдингі жобаларының аға жетекшісі лауазымына тағайындалды. 1980 жылы Еңбек Қызыл Жұлдызды орденді С.М.Киров атындағы Орал политехникалық институтын, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Құрылыс саласында үлкен тәжірибеге ие. 2009-2011 жылдары «Сибур Холдингте» құрылыс бойынша директор қызметін атқарған. 2011-2014 жылдары «ТРАНССТРОЙ» корпорациясында бас директордың орынбасары лауазымында жұмыс істеген. 1982 жылы ерен еңбегі үшін медаль берілген.

10

«Казахдорстрой» Жол дивизионы

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

BI Group Development Холдингі «КТҚ-Астана»Дивизионы

Омаров Алибек Амантаевич

Сайдалин Айдос Сапарович

Утемисов Қайрат Байзрахманович

Арнайы жобалар басшысы орынбасары лауазымына тағайындалды. 2008 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек қызметін 2008 жылы Теңіз – Астана ЖШС сметашы-инженер лауазымынан бастаған.

Borovoe Country Club 1-ші кезегі Premium жобасы бас бухгалтері лауазымына тағайындалды. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек қызметін 1998 жылы Фирма ВАЛСС ЖШС бухгалтері лауазымынан бастаған. BI Group 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұрын «Big-Elite» ЖШС, «Family Village» ЖШС бас бухгалтер лауазымдарында қызмет атқарған.

«Камал» жобасының 1 кезегі телімі басшысы лауазымына тағайындалды. Еңбек қызметін 1998 жылы «Базис А» Корпорациясында шебер лауазымынан бастаған. 2014 жылдың қаңтар айында Comfort Town 3 кезек жобасына телім басшысы қызметіне қабылданған.

BI Group Development Холдинг Корпоративтік орталығы

BI Group Development Холдингі «КТҚ-Премиум» Дивизионы

Шамсутдинов Эльдар Ринатович

Сагандыкова Айгуль Каратаевна

Кулаева Наталья Михайловна

«BI-Holding»ЖШС инвестициялық жобалары бойынша директоры лауазымына тағайындалды. Алматы Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған. Мұның алдында «Демир Казахстан Банк» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша бас маманы қызметін атқарған, «Сбербанк» АҚ ЕБ корпоративтік клиенттер қаржы құралдарын тарту бойынша бөлімшесіне жетекшілік еткен. Біздің компаниямызға келгенге дейін «Светодиоды». Kazakhstan» ЖШС және «ANCOR CA» директор қызметтерін атқарған.

«Premier Palace» ЖШС бас бухгалтерінің м.а. лауазымына тағайындалды. Айгуль Каратаевна 2006 жылы Қостанай әлеуметтік академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған. Өзінің кәсіптік қызметін Айгуль Каратаевна 2003 жылы Қостанай қаласындағы «Тамерис» ЖК бухгалтер қызметінен бастаған. Холдингке Айгуль 2012 жылы материалдық үстел бухгалтері лауазымына жұмысқа келген еді.

«КТҚ BI Premium» ЖШС өндірістік-техникалық бөілімнің м.а. лауазымына тағайындалды. Наталья Михайловна 1990 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтаған. Наталья Михайловна өзінің кәсіптік қызметін 1982 жылы Аймақтық бас мемлекеттік «Целингипросельхоз» ӨИ жеке және үлгілік жобалау бөлімінің технигі лауазымында бастаған. 1990-1996 жылдары «Казжелдорпроект» ӨИ жобалаушы лауазымында жұмыс атқарған. 2007-2013 жылдары «Найза-Құрылыс» Концерні» ЖШС ӨТБ, СШБ жетекші инженер болып жұмыс істеген. Наталья Михайловна холдингте 2013 жылдан бастап басшы қызметін атқарады.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

11


CORPORATE UNIVERSITY

PRE-MBA-2014 ЖӘНЕ SPEC PRE-MBA-2015 ТҮЛЕКТЕРІ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАУ КЕЗІ

Pre-MBA-2014 және Spec Pre-MBA-2015 білім беру бағдарламаларының қорытынды кезеңі жобаларды қорғауға дайындалу және табысты қорғау болды. Біздің түлектер оқу барысында алған өз білімдерін көрсетті, қорытынды жобаларын қорғады және оның практикадағы қолданылуын көрсетті. 26, 27, 28 мамырда Корпоративті университетте Pre –MBA-2014 және Spec Pre-MBA-2015 бағдарламалары тыңдаушыларының қортынды жобаларын қорғау күні болды.2014 жылы КУ Pre-MBA төрт тобы және Spec Pre-MBA-2015 тұсаукесер бағдарламасының екі тобы іске кіріскен еді. Айта кететін бір жайт, қорытынды жобаларды қорғауға компания басшылығы, дивизиондар жетекшілері және компания HR-менеджерлері қатысты. Қорғауға 117 адам жіберілді, олардың 82 қызметкері табысты қорғап шықты, 17 жұмыс таңдаулы деген атаққа ие болды. Олар «КТҚ Астана» және «Автодор-НС» дивизиондары түлектері болды. Соңғы Директорлар кеңесінде максималды ұпай алғандарды МВА емтихансыз қабылдау мүмкіндігі, грамоталармен және сыйақылармен марапаттау туралы мәселелер талқыланған болатын. Жұмыстарын қорғай алмаған қызметкерлер, оны түзетулер енгізілгеннен кейін қайтадан тапсыратын болады. Журналымыздың келесі санында біз Корпоративтік университеттің осңғы жаңалықтарымен бөлісетін боламыз, ал қазір біз «Автодор-НС» жол дивизионы бас директоры, Холдингтің серіктесі АрманКадыровичЖакено¬вке қорытынды жұмыстарды ең жақсы жүргізгені үшін алғыс білдіргіміз келеді. АйманМуханбетова, Корпоративті университет директоры

12

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ «ЗЕЛЕНЫЙ КВАРТАЛ» ШОУ-РУМЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Зеленый квартал» шоу-румына келді. Оның ашылуы туралы «Самрұқ Қазына Девелопмент» және BI Group ЭКСПО-2017 дайындық барысында жариялаған болатын. «Жасыл квартал» - «СамрұқҚазына Девелопмент» және BI Group мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі шеңберінде жүзеге асырылып отырған, жылжымайтын мүліктің жаңа айтулы жобасы. «Жасыл квартал» - бұл экологиялық қауіпсіздікке заманауи тәсілдемені және энергияны үнемдеудің жаңа технологияларын ұсынатын, құрылыстар мен ғимараттардың инновациялық құрылысының бірегей жобасы. Президент шоу-руммен және электрокарлардың барлық түрлерін қуаттандыруды қарастыратын және квартал аумағында құрыысы салынған, еліміздегі алғашқы толыққанды электрмен қуаттандыру бекетімен танысты. «Жасыл кварталдың» құрылысы астанамыздың сол жақ жағалауында «Хан Шатыр» СОО және BI City тұрғын үй алабына жақын жерде салынуда, бұл болашақта Астанамыздың аталмыш ауданының дамуына зор үлес қосатын болады. Бұл 20 гектардан артық аумақта көп қабатты тұрғын үйлер, коммерциялық кеңсе ғимараттары, мәдениет және әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, сонымен қатар субтропикалық микроклимат және экзотикалық дендропарк жасалатын, бірегей био-күмбезі, саябақтар, су қоймалары бар басқа да ғимараттар құрылыстарын жүргізу жоспарлануда. «Жасыл квартал» жобасы концепциясын британдық AEDAS сәулет компаниясы әзірлеген. Жобаны жүзеге асыру «Самрұқ Қазына Девелопмент» және BI Group компаниясының мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде жүзеге асырылуда. Жоба құрылысы 2014 жылдың желтоқсанынан 2016 жылға дейін салынады. Жобаның жалпы құны 44 млрд, теңгені құрайды. «Жасыл квартал» жобасында тұрғын үйлерді сатуда 15 жылға 7,5 % ипотека да қарастырылған. Аталмыш тұрғын үй алабының барлық құрылыстарында энергияны үнемдеу саласындағы заманауи әзірлемелер қолданылатын болады. Сонымен қатар, ландшафттың суарылмайтын жүйесі, коммерциялық ғимараттарда «қолданылған суларды» жинақтау, тазалау және қайтадан пайдалану, әртүрлі үлгілер бойынша қоқыстарды орталықтандырылған жинақтау жүйесі, автокөлікті қоюдың ақылды жүйесі, велокөліктерді сақтауға арналған бокстар, баламалы отынмен жүретін автокөліктерге арналған арнаулы орындар, еліміздегі ең алғашқы толыққанды электрмен қуаттандыру бекеті және көптеген тағы да басқа жүйелер қарастырылған. Айта кететін бір жайт, «Жасыл квартал» - бұл LEED - The Leadership in Energy & Environmental Design («Энергетикалық және экологиялық жобалау саласындағы жетекшілік») халықаралық сертифкатына ие болатын Қазақстандағы ең алғашқы жоба. Экологиялық құрылыс саласындағы әлемдік тәжірибе көрсеткендей, LEED жүйесі бойынша ғимаратты сертификаттау, экологияны сақтаудың және энергияны үнемдеудің халықаралық көрсеткіші болып табылады. Сертификаттау үдерісі дизайннан пайдалануға беруге дейінгі құрылыс жобасының барлық кезеңдерін толығымен қамтиды.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

13


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

АПТА САЙЫНҒЫ ТЕКСЕРІС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Арнау жобасы командасы

Айдың соңында BI Group Development Холдингінде компания басшылығының қатысуымен дәстүрге айналған аралап шығу орын алды. BI Group басшылығы Айдын Жумадилович Рахимбаев және Амангелді Габдуллинович Омаров, жоба менеджерлері, олардың орынбасарлары, Сату департаменті мамандары, департаменттер мен басқармалар директорлары тұлғаларында «КТҚ Астана» Дивизионы жобаларын аралап шықты. Олардың ең алғашқы барған жерлері, көп пәтерлі үй болып табылатын «Арнау» тұрғын үй кешені болды. Қазіргі таңда кешеннің бірінші және екінші кезектерінің құрылысы жүргізілу барысында. Жоба басшысы Абусаид Аюпов, оның орынбасары – Ерлан Бегалин, телім басшысы – Бат Кокымбаев жобаның қазіргі таңдағы жағдайы туралы айтып берді. Орын алған ашық есіктер күнінде клиенттер өз тілектерін білдірді және Клиенттермен жұмыс бойынша бөлім өкілдері объектіні қарап шығып, олардың талап-тілектерінің көпшілігіне жоба командасының құлақ асқандығын жеткізді. Объектіні қарап шыққан соң, басшылық келесі шешімдерді қабылдады: Техникалық бақылау бөліміне қосалқы мердігер ұйымдар жұмыстары сапасын бақылауды, оның ішінде кешеннің барлық пәтерлерін лазерлік деңгеймен мұқият тексеруді. Ақпаратқа және тәжірибемен алмасуға тұрақты түрде қол жеткізуді қолдау мақсатында, желілік қызметкерлер үшін ұялы телефондар сатып алуды қамтамасыз етуді және тиісті қызметтерді күйге келтіруді (Электрондық почшта, WhatsApp).

14

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Аралап шығушылар барған келесі жоба Deluxe Town объектісі болды. Шағын қабатты клубтық үй аяқталу кезеңінде, тек құрылыс жұмыстарының ақтық кезеңдері ғана қалған. Аумақты және үйді қарап шыққаннан соңбірнеше шешім қабылданды. Олардың ішіндегі ең негізгісі – үй аумағын көгалдандыру және асфальт төсеу болды. Сенбі күнгі объектілерді аралаудағы соңғы орын, 4-6 қабатты 8 тұрғын үй кварталынан тұратын шағын қабатты Comfort Town үйі болды. Жоба басшысы Марат Кудабаев және бас директордың экономика және қаржы бойынша орынбасары Андрей Ким жедел шешілулері қажет ететін, негізгі мәселелер туралы айтып берді. Компания басшылығы барлық ескертулерді Компанияның туған күніне дейін жоютуралы нақты мерзімдер қойды. Объектілерді аралау жұмысшылар асханасындағы бірлескен түскі аспен аяқталды. Тұрақты түрде жүргізіліп тұратын қажетті мониторингті жүргізуге, жобаларды жүзеге асырудың қалай жүргізіліп отырғанын, оларды жүзеге асыру барысында қандай күрделі мәселелердің туындайтынын білуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, аталмыш шараларға қатыса отырып, қызметтестер тәжірибе алмасу, ең таңдаулы практика және инновациялық идеялармен алмасу мүмкіндігін алады.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

15


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

КОРЕЯ ЕЛШІСІ «БАЛҚАШ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ» ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ

«Балқаш Жылу Электр Станциясының» құрылысын салу жобасына Кореяның Қазақстандағы елшісі Сон Чхи Кын және «Балқаш ЖЭС» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші Орынбасары Асташев Владимир Анатольевич келіп кетті. Жоба басшысыАсхат Тургынбекулы жобаның жүзеге асырылуы барысы туралы айтып берді. Kazpaco компаниясының жоба басталғалы бері тапсырған телімдеріне сапар ұйымдастырылды. «БЖЭС» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші ОрынбасарыВ. Асташев алаңдағы жұмыстың сапасы және ұйымдастырылуы деңгейінің жоғары екендігін атап өтті, сонымен қатар Сон Чхи Кын мырзаға Kazpaco компаниясының Қазақстандық құрылыс нарығында жетекші болып табылатын BI Group холдингі құрамына кіретіндігі туралы да айтып өтті. Елші мырза қысқа мерзім ішінде Kazpaco компаниясының үлкен көлемдегі жұмыстарды атқарғандығын атап өтті және құрылысшыларға бұдан арғы жұмыстарында табыстар тіледі. Бахыт Ибраев BI Group Construction Маркетологы

16

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

А.Тургынбекулы, В.Астшев, Сон Чхи Кын


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«САЛАМАТ» ТК-ДЕГІ АШЫҚ ЕСІКТЕР КҮНІ

BI Group компаниясы астанамыздың Абылай хан-Мұстафин-Махтумкули-Жансүгіров көшелерінің шаршысында орналасқан, «Саламат» тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің болашақ тұрғындарына арналған ашық есіктер күнін өткізді. 200-ден артық жанұя өз пәтерлерін көздерімен көру және компания өкілдерімен кездесу мақсатында келді. BI Group мамандары компанияның барлық клиенттерге, оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша кеңестер берді және тұрғын үйдің сипаттамалары туралы айтып берді. Шара,ға қатысушылар үшін құрылысы салынып жатқан кешен бойынша экскурсия ұйымдастырылды: клиенттер құрылыс барысын және үйді әрлеу кезеңдерін өз көздерімен көрді, сонымен қатар өздерінің түзетулерін енгізуге мүмкіндік алды. Келушілер өзіндің максималды жетілген инфрақұрылымы бар «Саламат» тұрғын үй кешенінің құрылысының салынуы концепциясын және орындалып отырған жұмыстар сапасын аса жоғары бағалады. Қол жетімді жерде жайлы өмір сүру үшін барлық қажеттінің бәрі бар. Жақын маңда №7 емхана, мектеп-лицей, кафе, супермаркеттер, «Аружан» сауда-ойын сауық орталығы орналасқан. Тұрғын үй кешенінің ыңғайлы орналасуы, сонымен қатар астанамыздың Оң және Сол жақ жағалауларына оңтайлы, жылдам жетуге мүмкіндік береді. «Саламат» тұрғын үй кешенінің негізгі басымдығы, оңтайлы орналасуынан бөлек қол жетімді баға болып табылады. Бүгінгі таңда үйдің жоғары айтылған артықшылықтарына құрылысты салушыдан келіп түскен қызықты ұсыныс та қосылды: 50 және 100% төлем жасау барысында, 5 және 10% жеңілдіктер қарастырылған. «Саламат» ТК ашық есіктер күнінен барлығы жақсы әсер алды: клиенттер – болашақ пәтерлерінен, құрылысты салушы – сатып алушылардың оң пікірлерінен және олардың тұрғын үй кешеніне қызығушылықтарынан. «Саламат» тұрғын үй кешенінің құрылысын салумен «КТҚ-Астана» дивизионының айналысатынын айта кету қажет.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

17


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

«АСТАНА ЖИЛСЕРВИС» СЕРВИСТІК КОМПАНИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАРЫ

Сіз пайданың бәрі кімге қалатыны маңызды болмаған жағдайда, бұл өмірде көп нәрсеге қолыңыз жетеді. Гарри Труман

«Астана Жилсервис» сервистік компаниясы филиалы, көшпелі директораттар шеңберінде компания қызметкерлерін «Жұмбақтас» қонақ үйінің жайлы конференц-залында жинады. Шара шартты түрде екі бөлімге бөлінді – бірінші бөлімі жұмыстар қорытындылары және болашаққа деген жоспарлар туралы баяндамаларға арналса, ал екінші бөлігінде қызметкерлер өз ой-пікірлерімен бөлісті және ағымдағы міндеттер туралы айтып берді. Филиал директоры Жангалиев Рауан Курметкалиевич өз сөзін BI Group компаниясының айналымдары туралы презентациядан бастай отырып, алдағы бірнеше жылға арналған компанияның стратегиялық мақсаттары мен жоспарлары туралы айтып өтті: «Біз ең ірі холдинг BI Group еншілес компаниясы болып табыламыз. Өткен жылы біз әлемнің 250 үздік құрылыс компанияларының құрамына кірдік, компанияның айналымы – 238 млрд, теңгені құрады. 2015 жылға арналған жоспар бойынша ол 262 млрд. Теңгені құрауы қажет. 2020 жылға қарай біз әлемнің үздік 100 құрылыс компаниялары қатарына кіру жоспарымызда бар. «Астана ЖилСервис» компаниясының мақсаты – Астана қаласында сервистік қызмет көрсету және қызметтерді ұсыну саласының жетекшілігіне қол жеткізу». Рахимбаев Айдын Жумадилович апта сайынғы объектілерді аралауы барысында айтқанындай: «Тек қана құрылыс салумен айналысатын компания сәтсіздікке ұшырайды. Әмбебап болу қажет. Біздің сервистік компаниялар – компаниямыздың бетке ұстары болулары қажет және егер, біздің клиенттер біздің сервисіміздің өте жақсы екенін айта білсе, басқа адамдар да біздің пәтерлерді алуға ұмтылатын болады. Сервис – өнімді қорытындылайтын және қызықтырып көз тартқызатындай болуы қажет. Мысалы, әлемдік автомобиль өндіру алпауыттары Toyota, Honda жыл сайын өздерінің машиналарын болар-болмас ақаулары үшін кері қайтарады, мұнымен олар өздерінің тұтынушыларына және сервиске деген қарым-қатынастарын көрсетеді. Өткен жылы біз, «Біздің үйіміздің жаңа беті» атты жобамызды бастадық, бұл мақсаттар үшін жүздеген миллион теңге қаржы бөлінді, бұл біздің өз тұтынушыларымызды ойлайтынымызды және оларға өзіміздің бей-жай қарамайтындығымызды білдіреді». Сервис – бұл тек қана үйдің аумағын тазала және көгалдандыру ғана емес, бұл ең алдымен – тұтынушылардан алынған кері байланыстықарастыру болып табылады. Біз өзіміздің тұтынушыларымызды тыңдауымыз және олардың жасаған барлық ескертулерін уақытылы жойып отыруға тырысуымыз қажет. Қаржылық көрсеткіштерге келетін болсақ, бүгінгі таңда біздің тиімділік 8,4% құрады, биылғы жылы біз оны 15%-ға дейін арттыруға тырысуымыз қажет. Әрбір жылы біз оны ұлғайтып отыруымыз қажет, 2016 жылдың жоспары бойынша 18%-ға дейін, ал 2017 жылы 20%-ға жеткізуіміз қажет. Бұл жерде айта кететін бір

18

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ жайт, жоспар құру және өзіміздің бағыт-бағдарымызды айқын көру, біздің тек өсуді және кеңеюді жоспарлауымызды білдіреді. Тиімділіктің артуына бірнеше факторлардың есебінен қол жеткізуге болады. Бірінші – біз тарифтерді көтеруіміз қажет. Біз 15 тұрғын үй кешеніне қызмет көрсетеміз, биылғы және келесі жылы тағы да 5 ТК қызмет көрсету жоспарда бар. Пәтерлер саны 6900-дан 8000-ға артады. Бұл жерде атап өтетін бір жайт, біз тарифтерді көтермес бұрын өз тұтынушыларымыздан кері байланысты алу қажет, барлық ескертулерді жоюымыз, кейбір тұрғын үй кешендерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуіміз қажет және бұрынғыдай сапаға басты мән беруіміз қажет. Өсімнің екінші факторы төлемдерге қатысты, біз оларды 100%-ға жеткізуіміз қажет. Біз мысалы, 628 пәтердің тек 617 ғана төлем жасайтын жағдайдан арылуымыз қажет. Тиімділіктің өсуінің үшінші факторы – бұл шығындарды оңтайландыру болып табылады. Бұл жерде Омаров Амангелды Габдуллиновичтің: «Сан бойынша ғана емес, сапаны да өсіру қажет» деген сөздерін айта кеткен жөн. Бұл қызмет көрсетілетін үйлер сандарының артуы, қызметкерлердің сандарының артуы дегенді білдірмейді. Және соңғы өз командама ескерткім келетіні – бұл клиентке бағдарланушылық. Халық айтқандай, өзіңді біреумен салыстырғанның орнына, өзіңмен салыстыру қажет. Біздің осыдан бірнеше жыл бұрын кім болғанымыз бен қазіргі жағдайымыздың арасы жер мен көктей. Біздің деңгейіміз айтарлықтай өсті, біз қазіргі таңда тұтынушылармен еш айқайшусыз, тыныш қана әңгімелесе аламыз, ал бұл біз үшін ең бастысы» - деп Рауан Курметкалиевич өз сөзін аяқтады. Келесі болып сөз алған, филиал экономисті Жакупаев Жанат компанияның қаржылық-шаруашылық бөлігіне баса назар аударды: «Әр жылы қызметкерлер үшін,оның нәтижесіне тек қана тоқсандық сыйақы көлемі ғана емес, сонымен қатар жалпы компанияның өсімі тәуелді болатын дербес KPI (қызметтің негізгі көрсеткіштері) жасалынатын болады. Біз бірегей организм сияқты команданы жерге қаратпауымыз және максималды жұмыс істеуге тырысуымыз қажет». Ресми бөлікті телім бухгалтері Нургалиева Сакыпжамал Сапаргалиевна, компанияның өсіміне қандай шаралардың көмектесетіндігін айта отырып жалғастырды: «осы жылы біз дебиторлық қарызды азайтуымыз, кіріс бөлігін ұлғайтуымыз, барлық тұрғын үй кешендері бойынша калькуляцияны қайтадан жасай отырып, тиімділікті арттыруымыз қажет. Жоғарыда айтылған міндеттердің барлығына қол жеткізудің бірнеше жолдары бар: барлық пәтерлер бойынша төлемдерді есептеу арқылы, тіпті әлі шарттар жасалынбағандарға төлемдерді есептеу арқылы және шығындарды төмендету есебінен, бұл үшін сатып алулар жоспарын жасау қажет. Егер сервис мәселесіне келетін болсақ, онда тұтынушыларға оңтайлы болу үшін бізде Интернет банкинг жұмыс жасайды, тұтынушыларға шоттарды электронды пошта арқылы жіберуді ұсынамын, бұл бізге шығыс бөлігін және адами қорларды төмендетуге көмектеседі». Компания қызметкерлерінің қызметтік міндеттері туралы және компанияның негізгі ережелері жазылған брошюраны жасау туралы кадрлар бөлімі маманы Каракулова Гульмира Кенесбаевна: «Әрбір қызметкер жұмысқа рәсімдеу барысында, лауазымдық міндеттерге қол қояды. Қызметкерлерге оңтайлы болу үшін және тұрақты ақпарат үшін, аталмыш брошюрада қызметтік міндеттер жазылған, жұмыс барысында міндетті түрде қажет болатын негізгі сәттер көрсетілген. Біз оны сіздердің түзетулеріңізге сәйкес толықтыруға дайынбыз» деді. Кофе-брейктен соң сервистік компания қызметкерлері өз пікірлерін жеткізуге, тжірибелерімен бөлісуге және ағымдағы міндеттерді шешу жолдарын табуға мүмкіндік алды.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

19


ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ BI Times өткен сандарында «Нұрлы жол» бағдарламасының негізгі жобаларының бірі «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионы құрылысын салып отырған, «Қорғас – Шығыс қақпа» арнайы экономикалық аймағы Құрғақ порты туралы, оның Бас директоры Тубекбаев Жомарт Тубекбаевич айтып өткен еді. Бұл аталған компания үшін де, сонымен бірге жалпы еліміз үшін де маңызды жобадағы құрылыс жағдайларымен танысу үшін, BI Group Construction және BI Group Development Холдингтерінен делегация жиналған, олар тек қана құрылыс ауқымын ғана емес, сонымен бірге «Қорғас – Шығыс қақпа» АЭА Құрғақ порты құрылысшыларына арналған тамаша тұрмыстық жағдайларды да өз көздерімен көріп қайтты. Құрылыс алаңына келгеннен кейін, қос холдинг делегациясы «Құрғақ порт» құрылысшылары қалашығымен таныстырылды. Ең алғашқы көзге түсетіні – бұл құрылысшылар кентінің жинақылығы мен тазалығы. Кент дуалмен қоршалған және жарықпен жабдықталған топырақ үйілген жерде орналасқан. Құрылысшылар қалашығының ішінде өмір сүруге қажеттінің бәрі бар – ішіндегі жайлы температура ауа баптау жүйесі мен кондиционерлердің көмегімен қамтамасыз етілетін, сырты қапталған тұрғын контейнерлер, бірнеше дәретханалар, душ қабылдау бөлмелері, демалыс бөлмелері, жиналысқа арналған бөлмелер, кір жуу бөлмелері және монша да бар. Бұдан бөлек, құрылысшыларға тамақ дайындауды бірбірімен жарыса отырып дәмді, пайдалы және әр алуан тамақтарды (4 реттік тамақтану 800 теңге тұрады) жасайтын екі асхана қамтамасыз етеді, құрылысшылар жылу мен ыстық суды екі қазандығы және көмір қоры бар қазандық есебінен алады. Құрылыстан тыс алаңдарда волейбол алаңы және көшеттер егілген газон орналасқан. Құрылысшылар қалашығының барлық бос аумағы, қалашық ішіндегі, сонымен қатар сыртындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бейне бақылаумен жабдықталған. Тағы бір тоқтала кететін жайт – зиянды түтін аумағын шектейтін және жұмысшыларды бір-бірлерін сыйлауға мүмкіндік беретін, темекі тартуға арналған орындар. Қалашықтың ішіндегі және сыртындағы барлық қабырғалары компания логотипімен безендірілген, ал сыртқы дуалда: «Біз бақыт мекенін салудамыз!» жазуы жазылған. Қысқа және нұсқа айтатын болсақ, «Қорғас – Шығыс қақпа» АЭА Құрғақ портықұрылысшылары қалашығы үлгілі болып табылады. Бізде – осы тамаша орынға келушілерде, тек қана жағымды әсерлер ғана қалған жоқ, сонымен қатар тек жетекші жобалардың құрылысын салумен тоқталмай, әрбір күн сайын күрделі жағдайларда жұмыс істей отырып, олардың тұрмыстары өздері толыққанды демала алатындай және әрбір жаңа жұмыс күні сайын қуана оянатындай жайлы қалалық тұрмысқа неғұрлым жетеғабыл қылып BI Group «ғажайыптарының» негізін қалаушыларды

20

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

ҮЗДІК ҚҰРЫЛЫСҚА –


– ҮЗДІК ЖАҒДАЙЛАР

ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ жоғары деңгейлі жағдайлармен қамтамасыз ететін компания үшін мақтаныш та қалды. Бұл біздің еліміз үшін ғасыр құрылысының басқа да негізгі сапа көрсеткіші құрылыс қарқыны және жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Осылайша, «Қорғас – Шығыс қақпа» АЭА Құрғақ порты құрылысшылары тек қана жобалық-сметалық құжатнамада белгіленген мерзімдерге үлгеріп қана қоймай, сонымен қатар үдемелі қарқынмен жұмыс істеуде, кейде жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін басқа мердігер ұйымдарды күтуге мәжбүр болады. Жобадағы қолданыстағы барлық техника GPS жүйесімен қаматамасыз етілген, телім басшылары операциялық есепті қолдана отырып жұмыс жасайды, бұл қорларды максималды тиімді қолдануға мүмкіндік береді, ал бүкіл команда істелінетін жұмыс жылдамдығын екі есеге арттыра отырып, екі кезекпен жұмыс атқаруда. Қорытындысында, құрылысты жүргізудің мұндай тәсілі ең жоғары шенеуніктердің назарына ілінеді, жобаға бірнеше рет Қазақстан Республикасы Премьерминистрі – Кәрім Мәсімов, Қазақстан Темір Жолы компаниясының басшысы Асқар Мамин және тағы да басқалар келді. «Құрғақ порт» жобалаушылардың ойлары бойынша Қазақстанды, Қытайды және Еуразиялық аймақ елдерін әлемдік нарықтарға шығу жолдарымен қамтамасыз ететін, халықаралық деңгейдегі диструбициялық және көлік-логистикалық орталыққа айналатын болады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 500 жұмыс орны ашу көзделуде, ал жоба толық іске қослыған соң 10 мың жұмыс орны ашылатын болады. Қазіргі таңда Нұркент кентінде «Құрғақ порт» жұмысшыларына арналған тұрғын үй алабының құрылысын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде, Пиджим кентінде балалар бақшасының, мектептің, аурухананың құрылысын салу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілу үстінде. Инфрақұрылымдық құрылыс дивизионы әртүрлі мақсаттағы азаматтық объектілердің құрылысын салу, сонымен қатар салықтар мен алымдардан еркін, арнайы экономикалық аймақтардағы өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылысын салу сияқты жаңа жобаларға байланысты экономикалық өсімнің белсенді бөлігіндегі өзінің қатысуын жалғастыруға ниетті. Іс жүзінде бұл үлкен жеңістерге қол жеткізуге қабілетті, жетекші дивизионның күшімен қамтамасыз етілген BI Group компаниясының дамуының жаңа кезеңі болып табылады. Қос холдинг делегаттары да Инфрақұрылымдық дивизион көрсеткен жұмыс сапасы және талаптары үшін шын жүректен қуанышты және жақын болашақта дивизионның жаңа жетекші жобалары туралы естігілері келеді. Аян Зикирин, BI Group Construction Холдингінің PR-менеджері

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

21


ЭКСПРЕССЖАҢАЛЫҚТАР

ОТ ПЕРВОГО ЛИЦА

ЖОБАНЫҢ АЯҚТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Өткен санымызда біз «Жыл кезеңдері – Күз 1-ші кезек» тұрғын үй кешенін табысты тапсыру және жаңа пәтер иелерінекілттерді тапсыру туралы айтқан болатынбыз. Жобаның ынтымағы жарасқан командасы бір-бірлерін осы оқиғамен құттықтады және жайлы кафеде кездесті. Осы шарадан фото есеп ұсынамыз және жобаның аяқталуымен құттықтаймыз!

СПОРТТЫ ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ! «КТҚ-Алматы» қызметкерлері оңтүстік астанамыздағы өткізілетін барлық шараларға белсенді қатысады. IV Халықаралық марафон да ескерусіз қалмады. Ынтымақты компаниямен, олар BI Group компаниясының жалауын желбірете отырып, көпшілік жүгіуге қатысты.

22

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


СОДЕРЖАНИЕ

ЭКСПРЕССЖАҢАЛЫҚТАР

БІЗ - ТАЗА ҚАЛА ҚАЛА ҮШІН! BI Group Construction Холдингінің жетпістен аса қызметкерлері, қалыаның басқа ұйымдарымен бірге, «Біз - таза қала үшін» жалпы қалалық сенбілігіне белсенді қатысты. Қала көшелерін тазалаумен бірге, бұл күні 3500дан артық түп ағаш егілді, олардың 100-ін BI GroupConstruction Холдингі дивизионы қызметкерлері отырғызды.

BABY VILLAGE – БАЛАЛАР БАҚШАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІ BI Group компаниясы құрылысын салған BabyVillage балалар бақшасы, мамыр айының соңында алғашқы «қарлығаштарын» - түлектерін шығарып салды. Ата-аналар мен балалар бұл оқиғаны, балалар бақшасы аумағына шырша отырғызып көңілді атап өтті.Сонымен бірге, ол жерде жаңа дәстүр пайда болды – енді балабақша аумағында, балабақша түлектерінің аттары ойылып жазылатын нағыз Жұлдыздар аллеясы болатын болды. Балалар бақшасы ұжымын, ата-аналарды, балаларды және «Жылжымайтын мүлікті басқару» дивизионын алғашқы түлектерін ұшырғандарымен құттықтаймыз! BabyVillage балалар бақшасы туралы толығырақ, Сізкелесі мекен-жай бойынша http://www.babyvillage.kz/ және нөмірлер бойынша: 8(7172) 683-255 / 8(7172) 683-257 / 8(777)436-03-60 біле аласыз.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

23


ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

ЖЕКЕ ТИІМДІЛІК ТАБЫСҚЫ ЖЕТЕР ЖОЛ «Көптеген бизнес-жаттықтырушылар бүкіл әлем бойынша өз лекцияларын оқиды. Бірақ, берілген «сабақ» тек саған оны шын табысқа жеткен адам айтқанда ғана есте қалады»... Табыс құпиясы және алға қарай қандай бағытта жылжу қажет екенін, өз қызметкерлеріне BI Group холдингі Басшысы Рахимбаев Айдын Жумадилович әңгімелеп берді. Қос холдингтен шамамен 700 қызметкер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті қабырғасында жиналды, бұл университет холдинг Басшысы оқыған кезде «Целиноград инженерлік-құрылыс институты» деп аталған болатын. Біз сіздер үшін «табыс рецепті» туралы қысқаша конспект жинқтадық. «Мен өзім үшін табыс формуласын он жыл бұрын анықтағанмын және ол әлі де өзекті» деп бастады өз сөзін Айдын Жумадилович. Еш таңданарлығы немесе ғажаптығы жоқ. Не нәрсеге қол жеткізгің келсе – жұмыс істе, одан да артыққа қол жеткізгің келсе – жетілуге тырыс. Осы сәтте холдинг Басшысы неғұрлым тезірек және нәтижелі жұмыс жасау үшін араларын қайрауға уақыттары жоқ, өйткені олар дамуға аса жұмысбасты ағаш кесушілер туралы әңгімені есіне алды. МАҢЫЗДЫ 1. 5 жылдан кейін кім болатыныңды – 2 зат анықтайды: - Өзара қарым-қатынас, байланыстар, достық: адамға өзінің көретінін, естігенін және немен немесе кіммен өзара қарымқатынас жасағаннан алатынын бойына сіңіру қасиеті тән. Сондықтан, араласу шеңберін таңдау аса маңызды. Егер, сенің айналаңдағы адамдар жоғарыға тырмысса, онда сен де осы табысқа әкелетін жарыстан қалмайтын боласың. - Сен қандай кітаптар оқисың: әрине көп адамдар көркем әдебиетті жақсы көреді және оқиды, бірақ маңызды кітапхана – іскерлік әдебиеттері туралы да ұмытпаған жөн. «Табыстың бар құпиясы – тіпті де құпия емес! Олардың барлығы қол жетімді, олар осы кітаптарда жазылған!» деп атап өтті Айдын Жумадилович. Тұрақты түрде оқу қажет, олар бізді оқытып ғана қоймайды, олар сонымен қатар біздің ойымыз үшін тамаша жаттығу болып табылады, өйткені олар ойлау қабілетін дамытады. 2. Әрқашан өзіңнен күткендегіден артық жұмыс жаса: Барлығы қарапайым. Бұл принцип тек алға жылжығысы келетіндерге арналған. 3. Ең бағалы және орны толмас қор, ол – уақыт. Тайм-менеджмент мәселесі жұмысшылар арасында көптеп кездеседі. Жалпы уақыт жеткілікті, тек өзіңнің күн тәртібіңді дұрыс бөле білу қажет. Шет тілін үйренгіңіз келеді ме? Бар болғаны таңертең ертерек тұру қажет. Таңғы сағат 6-да ешкім сіздің мазаңызды алмайды және таңертең жаңа шет тіліндегі сөздерді жаттау үшін басыңыз неғұрлым жақсы жұмыс істейді. Барлығына үлгеруге болады. 4. Сыртқы келбетіңіз. «Сіз ақ халатсыз келген дәрігерге сенетін бе едіңіз?». Сырт келбетіңіз бизнес ортада аса маңызды. Өз сөзі барысында холдинг Басшысы, өздері бизнестерін жаңадан бастаған кездегі әңгімемен бөлісті. Ол кездегі өнім берушілердің оларға сене бастауларының және жұмыс жасай бастағандарының негізгі факторларының бірі, біздің басшылардың өз табыстарына жетер жолдағы дұрыс сырт келбеттері болған. «Қазіргі кім екендігіңізге сәйкес киінудің қажеті жоқ, болашақта кім болғыңыз келетініне сәйкес киіну қажет» дейді А.Рахимбаев. 5. Әлеуметтік желілер. Біз уақытты дұрыс бөлу және жұмсау туралы айттық, енді осы уақытты ұрлайтын нәрселер туралы айтайық. «Мен әлеуметтік желілерді, тек жер шарының басқа шетінде болғанда ғана пайдаланамын. Басқа уақытта мен бұл түймелерді ұялы телефонымнан жоямын». Осы жайттар теледидар қарауға байланысты да айтылды. Сол мәнсіз ток-шоуларды және сериалдарды қарап отырып, сіз басқа біреудің өмірімен өмір сүретін боласыз. Теледидарға ең қымбат қор уақытты ұрлауға мүмкіндік бермеңіз. 6. Команда. Холдингтер мен дивизиондар Басшыларының бейнелері бейнеленген слайдты ашып Айдын Жумадилович: “Ең бастысы сенімді командаға ие болу, сол жғдайда ғана біздің табысқа арналған жолымызға ешқандай кедергі болмайды».

24

BI TIMES No 05(29) - МАЙ/2015 МАМЫР/2015


ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР Бір америкалық зерттеу компаниясы табысты және табысты емес адамдар арасында талдау жүргізді. Әдеттегі әдеттердің мәні қандай және олар мінезді қалыптастыруда қандай рөл ойнайды және олардың соңынан қандай нәтижелер болуы мүмкін:

Холдинг басшысы, олардың маңыздылығын атай отырып әрбір тармаққа тоқталып өтті. Мақсат қарапайым және айқын – зиянды әдеттерден арылу және пайдалыларын алу. Әдеттер тұлғаны қалыптастырады, ал бұл сенің болашақта кім болатыныңды анықтайды. Сөзінің соңында BI Group қызметкерлері өздерін қызықтыратын сұрақтарын, олардың жеке басқа немесе кәсіпке қатысты екендігіне қарамастан қойды, Айдын Жумадилович өз жауаптарына қоса кеңестер бере отырып, ешкімді назардан тыс қалдырған жоқ. Шеберлік сыныбы соңында әрбір қызметкер өзіне сабақ алды және пайдалы кеңестер алды. Бахыт Ибраев BI Group Construction Маркетологы

«Егер сіз «Досыңды жоғалтқың келсе – оған қарызға ақша бер» деген мақалға сенетін болсаңыз, онда сіздің достығыңыз, оған берген сомаңыздай ғана тұрады». А.Рахимбаев

BI TIMES BI TIMES No 05(29) No 05(29) - МАМЫР/2015 - МАЙ/2015

25


БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ

«BI GROUP»: ОЛАР ЕҢ ТӨМЕННЕН БАСТАДЫ ЖӘНЕ ТЕК СОНДЫҚТАН ӨЗДЕРІН ЖОҒАРЫДА СЕНІМДІ СЕЗІНЕДІ! «Қазір тек қысқа мерзімді жобалар салынатын уақыт. Бүгін досың, ертең ол адам саған қажет емес. Ұзағынан ойлану қажет. Уақыт барлығын өз орнына қояды». Олар табысты, олар бай, олардың мақсаттары бар және олар Еуразиялық ұлттық университет түлектері. Бүгін«BI Group» Қазақстандағы ең ірі құрылыс компаниясының негізін қалаушылар немесе өздерін компанияның «ұйытқысы» деп атаушылар, өмірде өздері сияқты табысты болғысы келетін және өз болашақтарының негізін бүгіннен бастап қалаушылармен, яғни Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесті. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ түлектері Қауымдастығы ұйымдастырған кездесуде, «BI Group» Басшысы АйдынРахимбаев, «BI Group Construction» холдингі басқарма төрағасы Бауыржан Исабаев, «BI Group Development» серіктесі Асхат Омаров және «BI Group Construction» холдингінің басқарушы серіктесі Нурдаулет Акимжанов студенттердің сұрақтарына жауап берді және бағалы кеңестерімен бөлісті. Ал сұрақтар аз болмады. Олардың бірі достық пен бизнеске қатысты болды. Бәрімізге белгілі болғандай компания басшылары бір топта оқыған және ЕҰУ жатаханасында бір бөлмеде тұрған. Олардың достығы 25 жылға жалғасуда. Оларға қалайша достықтарын сақтай отырып, бизнесті жүргізудің қалайша мүмкін болатыны туралы сұраққа, АйдынРахимбаев өздерінің ең алғашқы рет Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ №4 жатаханасында орын алғанда 1990 жылдың 28 тамызында танысқандарын есіне алды. Ал Бауыржан Исабаев оларды ол заманда сәнді болған ауылшаруашылық жұмыстарының оларды өте жақындастырғанын қосты. - Қазір тек қысқа мерзімді жобалар салынатын уақыт. Бүгін досың, ертең ол адам саған қажет емес. Ұзағынан ойлану қажет. Уақыт барлығын өз орнына қояды», - деді ол. Төрт достың қызықты және күлкілі студенттік естеліктері туралы сұрақ та қойылмай қалмады. - Біздің әңгімелеріміз оқытушыларға ұнамайды, - деп қалжыңдады АйдынРахимбаев. Есептеудегі кеткен қателіктен соң стандарттық 8 метрдің орнын, ұзындығы қырық метрлік эксковатор макетін жасаған Нурдаулет Акимжановтың курстық жұмысы туралы да айтылды. 10 жылдан кейін Мюнхендегі техниканың әлемдік жетістіктері көрмесінде, олар тап сондай эксковаторды тапқанда олардың таң қалмасқа шаралары болмаған. Сұрақтар сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерінің тәлімдемелері туралы да болды. Қазір 3-4 курс студенттері «BI-Стажер» бағдарламасы бойынша «BI Group» жарты күндік тәлімдемеден өтеді. Студенттерді «BI Group» компаниясының басшыларының көлемі де қызықтырды. Олар бүгінде көлемдері 500ден 1000 шаршы метрге дейінгі коттедждерде тұрады екен. Жаңа және Қазақстан үшін келешегі зор құрылыстың жер асты түрі бойынша дайын идеялары мен жаңа ұсыныстары барлар да кездесті. «BI Group» өкілдері Астана қаласында метрополитен құрылысын салу туралы да ойланатындарын атап өтті. Бүгінгі кеште төрт дос және қазір төрт табысты бизнесмен өздерінің табыстарының тарихы туралы айтып берді. Олар қарапайым жігіттер болған және өз мақсаттарына жеткілері, ойларын жүзеге асырғылары келген. Бұл үшін оларға өте көп еңбек ету қажет болған.барлығы да вагондарды түсіруден, құрылыс алаңдарындағы жұмыстардан және т.б. басталған. Олар ең төменгі сатылардан бастаған, сол үшін олар өздерін биікте еркін сезінеді. Өздерінің үлгілерімен төрт дос қазіргі жастарға – еңбек пен алға ұмтылудың мақсаттарға жеткізетінін дәлелдеді. Кездесу соңында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов қонақтарға кездесу үшін рахмет айтты және «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет мақтанышы» деген белгі берді. Ол сонымен қатар, Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының ІІ (ИИДМБ) бесжылдығын жүзеге асыру мақсатында, ғылыми-зерттеу базасымен қамтамасыз ету мақсатында «Құрылыс материалдарын, өнімдерін және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша кадрларды дайындау бойынша, еліміздің ірі құрылыс компанияларымен ынтымақтаса жұмыс істей отырып, Ғылыми-зерттеу орталығын (ҒЗО ҚМжК) ашу туралы шешімнің қабылданғанын айтып өтті. - Ең алғашқы үлесті «BI Group» қосты. Біз үшін қайтарымсыз негізде, жабыспалы және ұнтақ заттарды, төгілмелі материалдарды белсендіруге арналған планетарлық диірмен сатылып алынды және бізге берілді. Бұл бізге нано деңгейде материалдардың физика-механикалық және химиялық қасиеттерін зерттеуге, жаңа құрылыс материалдарын әзірлеумен айналысуға мүмкіндік береді, деді ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің деканы Талғат Байтасов. Сонымен бірге, Еуразиялық ұлттық университет холдинг үшін дуалды білім беру шеңберінде екінші жыл «Құрылыс» мамандығы бойынша 17 магистр дайындауда екенін баршамызға аян. ЕҰУ пресс-қызметі http://www.enu.kz

26

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


BI LIFE

BI GROUP КОМПАНИЯСЫ АУЛА МИНИФУТБОЛЫ БОЙЫНША ТУРНИР ӨТКІЗДІ

Астана қаласындаүлкен футбол мейрамы. BI Group компаниясы, астанамызда компания салған тұрғын үй кешендері командалары арасында аулу мини-футболынан чемпионат өткізді. Жарыс «BI Group 20 жыл – 20 Қайырымды Істер» мерейтойлық акциясы шеңберінде болып өтті. BI Group аула командалары арасындағы мини-футболдан алғашқы чемпионаты Well House ТК өтті және 11 ересектер және 4 балалар командалары арасында бағалы ақшалай сыйлықтар үшін талас алаңына айналды. Шара Астана қаласының әр аудандарынан жиналған 100 спортшының басын қосты (айта кететіні, астанада BI Group 60 тұрғын үй кешенінің құрылысын салған!) және жарыс қатысушыларымен жанкүйерлері үшін қызықты және пайдалы уақыт өткізу болды. Турнирді ұйымдастырушылар – «Жылжымайтын мүлікті басқару» және «Казахдорстрой» дивизиондары болды. Дивизиондар басшылары –Серік Кошкарбаевич Тулебаев және Аслан Еншилесович Ибрагимов құттықтау сөздерін оқыды. Олар қатысушыларға табыс және жеңістер тіледі. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы ойындар қорытындылары бойынша ақшалай сыйлықты және жеңімпаз кубогын алған «Шаңырақ» ТК жеңімпаз атанды. Чемпионат ұйымдастырушылары болашақта да аула футбол командаларына, тек чемпионат өткізіп ғана қоймай, сонымен қатар материалдық тұрғыда көмектесіп отыруға уәде берді. Ересектер дивизионында жарыс тек қана кубок үшін болған жоқ, сонымен бірге аймақтық деңгейде ойнауға қабілетті чемпион мәртебесі мен беделі үшін болды. Негізінен құрамын 30 жасқа дейінгі жас жігіттер негізін құраған, 11 жеңіске құштар аула командасы жалпы 11 ойын ойнап 71 гол соғып, шебер және тартысты ойын өрнегін көрсетті. Тартысты жарыс қорытындысында BI Group ересектер арасындағы чемпионатының ақтық финалына үш команда шықты: «Мирас» ТК, «Гульдер»ТК және «Верный» ТК. BI Group ересектер арасындағы аула мини-футболынан Алғашқы чемпионатының финалы Астанамыздың футбол тарихына енуге де тұрады. Финалға шыққан командалар өзара ойнаған үш ойынның қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтау мүмкін болмады, тек қана жеңімпаз команданы емес, соңғы команданың өзін анықтау қиынға түсті. Әрбір ойнаған команда өз қарсыласын 3:1 есебімен жеңді және осындай есеппен басқа финалға шыққан командадан жеңілді! «Гульдер» ТК командасы, екінші орын алған «Мирас» ТК және екі басқа финалға шыққан командаларға жол берген, осылайша үшінші орынды місе тұтқан «Верный» ТК командаларынан оза шауып турнир чемпионы атанды. Чемпионаттың бас төрешісі және Астана қаласы Футбол сүйер Лигасы мүшесі Руслан Матаевтың сөзі бойынша, өткен турнир тек қана қаланың әр бөлігіндегі командаларды біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар жалпы қалалық және аймақтық деңгейде әуесқой командалар арасында чемпионат өткізуге мәре алаңы болған, Астаналық аула футболының дамуына үлкен ықпал жасады. Өз кезегінде, турнир чемпионы Юрий Дмитриев – ең таңдаулы қақпашы, BI Group аула командалары арасындағы мини-футбол чемпионатының – қазақстандық футболдың жарқын болашаққа деген үлкен үмітін көрсеткен және жаңа буынның міндетті түрде командалық және жеке ойынның жаңа деңгейін көрсетуге тырысатын шынымен де қайырымды іс болғанын атап өтті. Аян Зикирин, BI Group Construction Холдингінің PR-менеджері

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

27


МЕН ЖҰМЫСЫМДЫ ЖАҚСЫ КӨРУІМНІҢ СЕБЕБІ Біздің қызметтестер өз шығармашылықтарын біздің рубрикамызға жіберіп отырады. Алтынбек Шаяхметович Шаяхметов, «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионы жобаларының бас сәулетшісі біздің компаниямызда бар болғаны бір ғана жыл жұмыс істейді, бірақ өзі айтқандай, біздің компаниямыздағы алғашқы жұмыс күнінен бастап, оған: ұжым да, еңбекті ұйымдастыру да, достық қарым-қатынастар да, компанияның өз қызметкерлеріне деген қатынасы да ұнаған, және ол өз махаббатын компанияның 20 жылдығына арналған өлең-құттықтаумен білдіруді ойлаған.

95-те «Трейдинг» болып құрылған, Арманы еді бұл достардың бұрыннан. Құрылыстың әр саласын меңгеріп, «Холдинг» болып орын алдың тұғырдан. Дағдарыстың қиын-қыстау кезінде, Қызылорда, Ханты-Мансийск жерінде, Құрылысты үлкен-кіші деп бөлмей, Салып шықтың намыс үшін кезінде. Қуанып, қыспашылық заманның өткеніне, Қолыңның мүмкіншілік қадамына жеткеніне. Жобасын халықаралық додада жеңіп алдың, «Батыс Европа-Батыс Қытай» жолының бір бөлігіне. Тиесілі осы жолдың бітріп құрылысын, Қуанышқа , абыройға бөленді құрылысшың. Үлкен істе істелген еңбегіңнің бағасы бұл,

Көтерілген жоғарғы сатысына құрылыстың. Завод салдың вагондары «Тұлпар-Тальго» аталған, Барар жерге жүйткіп ілезде жете алған. Көріп жүрміз, сенің қосқан еңбегіңнің жемісі, Астана мен Бурабайдың арасындағы - «Автобан». Тұрып жатқан көп халық, сенің салған үйлеріңде кешегі, «Ризамыз, рахмет, жолымыз болды»- деседі. Кезек келсе шаңырағының қабырғасын кеңейту, Нысанасы - сен тұрғызған сапалы тұрғын үйлер кешені. Әрқашанда алдында бол жарыста, Ешқашанда әріптестен қалыспа, Туған күнің, 20 жылың құтты боп, Әрқашанда көріне бер биіктер мен табыста.

Алтынбек Шаяхметов, «Өнеркәсіптіказаматтық құрылыс» дивизионы жобаларының бас сәулетшісі

BI GROUP ТАС ҚАЛАУШЫСЫ ҚАЗАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ WORLDSKILLS ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ Тас қалаушы Қанат Ерман Қазан қаласында болып өткен WorldSkills стандарты бойынша кәсіптік шеберлік бойынша ІІІ Ұлттық чемпионаттың финалында 3-ші орын алды.

ТМД елдері мен шет елдерден келген жүздеген қатысушылар мен сарапшылар, Татарстанның астанасында 55 құзіреттің (41 конкурстық және 14 презентациялық) әрбірі бойынша, жұмыс мамандығы бойынша таңдаулы кәсіпқой атағы үшін таласты. Шара Татарстанның заманауи көрме алаңы болып табылатын, «Қазан жәрмеңкесі» көрме орталығында өткізілді. BI Group компаниясының «КТҚ-Астана» Дивизионы тас қалаушысы Қанат Ерман «құрғақ құрылыс, майлау маманы» құзіреті бойынша өз шеберлігі мен кәсіпқойлығын көрсетті. Тапсырманы табысты орындау үшін Қанатқа, өзі BI Group компаниясындағы жұмысы барысында жылдар бойы жинаған барлық білімдері мен шеберліктері қажет болды. Осы жылы ұйымдастырушылар шынымен де күрделі міндет қойды – қисық бетті каркаспен қапталған конструкция құрылысы. Және Қанат алға қойылған міндетті тамаша орындап шықты. Мұның дәлелі – ұлттық чемпионат финалындағы 3-ші орын болды. WorldSkills – бұл мақсаты кәсіптік шеберлік конкурстарын өткізу және ұйымдастыру жолымен, әлемдегі таңдаулы

28

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

практикалар мен кәсіптік

стандарттарды үйлестіру жолымен жұмысшы кәсібінің мәртебесін арттыру және дамыту болып табылатын коммерциялық емес халықаралық қозғалыс болып табылады. WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әртүрлі елдерде өткізіледі және өнеркәсіптік барлық бағытта көрсететін, шеберлікті шыңдау және кәсіптік дайындықты арттыру саласындағы маңызды оқиға болып табылады. Конкурсқа қатысушылар өз араларындағы ең таңдаулылары болып табылады және WorldSkills мүше елдердің кәсіби чемпионаттарында іріктеп алынады. WorldSkills мамандықтары бойынша Қазақстан чемпионатының жеңімпазя атанған Қанат Ерман, Қазақстанның және өз компаниясының намысын 11-16 тамызда Сан-Паулу қаласында өтетін «WorldSkillsCompetition» жұмыс мамандықтары бойынша әлем чемпионатында қорғайтын болады.


BI HOLIDAY

«BI GROUP СИҚЫРЛЫ ЕЛІ»

Дауыс беру қорытындысы:

Биылғы жылы балаларды қорғау күніне BI GroupDevelopment Холдингі «BI Group Сиқырлы елі» деген атаумен өткізді. Қызметкерлердің балалары үшін аниматорлардың, биік қуыршақтардың, аквагриерлардың және сайқымазақтардың қатысуымен тақырыптық шаралар ұйымдастырылды. «Аффари» бизнес-орталығының холында балаларды аниматорлар күтіп алды. Сабын көпіршіктері, сүйікті балалар әндері, квесттер мерекеге одан да қуанышты етті. Көңілді конкурстардан соң, балалар 6-шы қабатқа көтерілді, ол жерде оларды дәмді тағамдар және балалар сурет салатын, браслет тоқитын және пластилиннен әртүрі мүсіндер жасайтын жетілдірілген шеберханалар күтті. Шарада балалар шығармашылығы конкурсы нәтижелері жарияланды (фотоны қараңыз). Шара сахнамен және қағаз дискотекамен аяқталды, балалар мәз-мейрам болды.

Ең жақсы қолөнер: 2-ші топ –7-ден 12 жасқа дейін– «Ертегiалемi BI group», Авторы: Райхан Серикханова, 10 жаста. Қызметкер - Амангельды Тамимов, «Bi-Holding» ЖШС

1 -ші топ –0-ден 6 жасқа дейін– «Алқызыл гүл». Авторы: Аделя Кудайбергенова, 4 жаста. Қызметкер – Марлен Кудайбергенова, «BI Premium КТҚ»Дивизионы

ДОБРЫНЯ ҚОЯНЫ. Ерте-ерте ертеде мейірімді қоян болыпты және оны Добрыня деп атапты. Ол бәріне сөзімен де, ісімен де көмектесіпті. Бірде, қоян орманды саңырауқұлақжинап жүреді және біреудің жылап отырғанын естиді. Добрыня талдың астынан кішкентай айдаһарды көреді. Мейірімді қоян айдаһарды аяп кетеді, және оның жанына келіп, не болғанын сұрайды. - Саған не болды, неге сен жылайсың? – деп сұрады Добрыня. - Менің досым жоқ, мен сондықтан жылаймын. -Бұл қалай? Достар бәрімізде бар! – деді Добрыня. - Ал менде жоқ! – деп солқ-солқ етті айдаһар. - Бірақ, неге? – деді қоян. -Өйткені менен бәрі қорқады, менің түрім қорқынышты – деп сыбырлады айдаһар Тимошка. -Сен тіпті де қорқынышты емессің, керісінше сен әдімісің және сүйкімдісің!» - деп жауап берді Добрыня. - Сен шынымен де солай ойайсың ба»?- деп сұрады сенімді дауыспен айдаһар. - Иә, әрине! –деді Добрыня – Ал енді кеттік біздің үйге. Мейірімді қоян айдаһар Тимошканы өзінің үйіне қонаққа алып келді, олар бір-біріне ұзақ уақыт бойы қызықты оқиғалар айтты және тортпен және кәмпиттермен нәй ішті. Келесі күні Добрыня Тимошканы (айдаһардың осылай атайтын еді) бәрімен таныстырды. Ол бәріне ұнады, барлығы бірге ойнады және қуанды. Тимошкада көп достар пайда болды, сосын ол әрқашан Добрыня есімді қоянға алғысын білдіретін болды!

Ең жақсы балалар ертегісі – «Добрыня қояны» Авторы: Аруна Жандильдина, 3,5 жаста. Қызметкер – Аскар Жандильдин, «КТҚ Астана» Дивизионы геодезисті, «Идеал Инвест Групп» ЖШС

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

29


BI HOLIDAY BI-Village Comfort-2 және Family Village коттедж қалашықтары аумағында, Кездыкпаева Салтанат Сансызбаевнаның басшылығымен Коттедж қалашықтарына қызмет көрсету бойынша сервистік компания, Балаларды қорғау күніне арналған шараны атап өтті. «Action» мерекелік шаралары компаниясының арқасында, екі қалашықтағы мереке қайталанбастай және ұмытылмастай болып өтті, балалар асфальтта суреттер салды, «ЭнгриБёрдс» аттракциондарында ойнады, күлкілі және ойнақы аниматорлар, олар үшін билер, флэш-мобтар, конкурстар, ойындар ұйымдастыра отырып олардың көңілдерін көтерді. Балаларды трансформерлерлдің күлкілі биі– бұл 2-3 метрлік роботтардың биі болды және сиқыршының өнері өте қуантты. Мереке қаладағы жалғыз қолға үйретілген динозаврдың шоуымен аяқталды. Бүкіл мереке бойына 5-6 метрлік батут орнатылды. Телегей-теңіз әсерлер, қуаныш және күлкілер тек қана балалардың ғана емес, сонымен бірге ересектерді де қуантты.

30

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


BI HOLIDAY «BI-Village Comfort-2» қалашығының тұрғыны Асангалиева Шолпан Кадыргалиевна мереке туралы өз әсерлерімен төмендегідей бөлісті: «Мен біздің қалашығымызға бір апта бұрын ғана көшіп келгенмін, бүгінгі көріп отырғаным бұл –балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін деөте жақсы мереке. Бүгінгі шарада менің қызым осы жерде тұратын балалармен танысты. Ұйымдастырылуы өте керемет, барлығы жақсы деңгейде ұйымдастырылған, бұл жерде балалар да, ересектер де рахат алады. Тамаша шара үшін оны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет», деп өз ойымен бөлісті.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

31


BI GROUP-ТЫҢ 20 ИГІ ІСІ

«КТҚ-АЛМАТЫ» ИГІ ІСТЕРІ

BI Group компаниясының жиырма жылдығына арналған «20 игі іс» жобасы шеңберінде, «КТҚ Алматы» Алматы қаласындағы №1 Балалар үйіне тамашы сыйлық – балалар ойын алаңын тарту етті. Енді балалар құммен ойнай алады, алтыбақандарда және алтыбақанда ойнайтын болды. Балалар үйінің басшылығы және балалар BI Group игілігі және сыйлықтары үшін, өз алғыстарын білдірді және Алғыс хатын табыстады. Аталмыш жоба шеңберінде компания қызметкерлер мен басшылығы, мектеп кітапханаларын жаңа қызықты кітаптармен толтыра отырып, аз қамтылған жанұялардың балаларына арналған төрт интернат оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтап шықты. Игі істер мұнымен аяқталған жоқ. BI Group туылған күнінде 30 мамыр күні дүниеге келгенбарлық бүлдіршіндер, дивизион атынан ескерткіш сыйлықтарға ие болды. Дәстүрлі туылған күн иесі шарасы шеңберінде, балалар үйі тәрбиелелнушілер сыйлықтар алды. Жақсылық пен игілік жақсы екенін түсіну сондай жағымды және біздің қызметтестер мен компания ешқашан сырт қалмайды және балаларға эмоциялар мен ерекше тосынсыйлар жасайды.

32

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


BI GROUP-ТЫҢ 20 ИГІ ІСІ

BI GROUP ӨЗІНІҢ ТУЫЛҒАН КҮНІНДЕ ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ 77 жаңадан туылған нәрестеге BI Group компаниясы бағалы естелік сыйлықтар тапсырды. Компания осылайша өзінің туылған күнінде – 30 мамырда дүниеге келген жаңа астаналықтарды құттықтады. - 20 жыл бұрын BI Group компаниясы құрылған болатын және өзіміздің мерейтойымыз шеңберінде біз 20 Қайырымды Іс акциясын өткізуді шештік, - дейді «КТҚ-Премиум» Дивизионы бас директоры Канат Жакупов. – осындай қайырымды істердің бірі – бұл компаниямен бір күні дүниеге келген жас нәрестелерді құттықтау. BI Group өкілдері құрамына италияндық бренд Chicco-ның тамақтандыруға арналған орындығы да кірген, арнайы сыйлықтарымен Астанамыздың барлық перзентханаларын аралап шықты, оларды жас аналар мен медициналық қызметкерлер құшақ жая қарсы алды. Жадыра Медетбаева 30 мамыр күні өзінің тұңғыш нәрестесі - ұлды дүниеге әкелді. Және BI Group қызметкерлері келген сәтте, ұлының есімін де қоймаған еді. Ұяла жымиып отырып, ол барлық аналардың атынан сыйлықтар мен назарлары үшін компанияға үлкен алғысын білдірді және өз кезегінде компанияны да мерекесімен құттықтады. - Өсе беріңіздер және ең таңдаулы болыңыздар! –деп шын жүректен өз тілегін білдірді. Көктемде BI Group –тың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде, «BI-дың 20 жылдығы – 20 Қайырымды Іс» акциясы басталғанын айта кетейік, команда тек қана бизнес-мақсаттар ғана емес, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік акциялар біріктіреді. 20 риясыз Қайырымды Істер – компанияның барлық қызметкерлері шын жүректен қабыл алған үндеу болып табылады.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

33


БІЗДІҢ BI ЖҰЛДЫЗАЙ КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫМЫЗ

«BI-ЖYЛДЫЗАЙ-2015» Х РЕСПУБЛИКА Жыл сайынғы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «BI-Жұлдызай» шығармашылық конкурсы Халықаралық балаларды қорғау күні мерекелік гала-концертпен аяқталды. Бірнеше айға созылған аймақтық іріктеу кезеңі, 6 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтаған және флешмобпен аяқталған Астана қаласындағы екінші тур өткен аптаартта қалды: гала-концерттәің алдында астаналық «Нұржол» бульвары, ең соңы «BI-Жұлдызай» әнұранын ыммен ұжымдық орындаумен аяқталған, 700-ден артық адамның қатысуымен (!) «10 жыл» деген жазу (фестиваль қатысушылар және конкурсанттарды қолдауға келген олардың қатарластары) жазылды. Айта кететін бір жайт, «BI-Жұлдызай 2015» Астана қаласына, өздерінің мақсатталақтарының және рухтарының күштілігінің арқасында, аймақтық іріктеу турларында жеті жарым мың балалардың арасында озып шыққан еліміздің түпкір-түпкірінен 300 ден астам ұлдар мен қыздарды жинағанын айта кеткен жөн. Астанада олардың өнерлерінің ақтық сынын атақты әртістерден құралған құзіретті жюри алқасы бағалады. Шараның деңгейінің жоғарылығын мерекеге қатысушы қонақтар көрсетті – министрлер, Парламент депутаттары. Фестивальдің гала-концертін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев ашты, ол «BI-Жұлдызай» қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің құттықтау хатын оқып берді. «Менің жас достарым! Өздеріңнің білімге деген ұмтылыстарыңмен, шығармашылықтағы және спорттағы жетістіктеріңмен, сіздер бүгін еліміздің өркендеуіне деген өз үлестеріңді қосудасыңда. Сіздердің әрқайсыңыз өздеріңнің қайырымды істеріңмен Қазақстанды әлемге әйгілі ететіндеріңе сенімдімім. Сіздерге сенемін – қазақстандықтардың жаңа буыны!» деген екені мемлекет Басшысы. Фестиваль қатысушылар арасында жүлделі

34

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015


БІЗДІҢ BI ЖҰЛДЫЗАЙ КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫМЫЗ

АЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨЗ МӘРЕСІН ЖЕТТІ

-

орындардың қалай бөлінгеніне қарамастан, олардың әрқайсысы жеңімпа болып үлгерді – өмірлік жағдайларды жеңді және ең бастысы өздерін жеңе білді. Мысалы, «Хореография» номинациясындағы жеңімпаздар және Гран-при жеңімпаздары Шымкенттен келген Ахмет Асхат пен Жайна Ширшикбаевалар. Балалар мүгедектер арбасында отырып, көрермендердің көзайымы болған тамаша биді билеп берлі. Көрермендерді соқырларға арналған мектеп-интернат оқушысы Курал Бекдаулеттің де өнері бей-жай қалдырған жоқ. Ол қазақ халық әні «Ду-дарайды» орындады. «Ыммен орындау» номинациясы бойынша жеңімпаз Алмат Тенизбай, Серік Ибрагимовпен бірге оның «Жаяу» әнін бірлесе орындады. Сонымен қатар, өз нөмірлерін Астаналық Аллаберген Абеуов, Павлодарлық «Непоседа», Алматы қаласынан келген «Фантазия» және Ақтөбелік «Өрнек» бишілер ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Бұлардан бөлек, Валерия Хан (Астана), Ерхан То¬леубек (Астана), Назима Иса¬ханова және Ырысдаулет Орынбек (Шымкент) сияқты балалар да өз өнерлерін паш етті. Олармен бірге «Асыл» тобы, әнші Қайрат Нұртас және ресейлік әнші Диана Гурцкая да фестивальда өнер көрсетті. Он жыл бұрын 50 қатысушыдан басталған фестиваль, бүгінде еліміздің барлық аймақтарын қамтиды. Фестивальді құрған «BI-Жұл¬дызай» қорының қамқорлық кеңесінің төрағасы Айдын Рахимбаевтың сөзі бойынша, негізгі мақсат – балаларды өз күштеріне сендіру. «Жаңа жұлдыздарды ашу және оларға өз шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға көмектесу – міне біздің міндеттеріміздің бірі. Фестивальдің жұмыс жасап отырған 10 жылдық тарихында 20 000 «сиқырлы» балалар бұл ұмытылмас балалық және сенім мерекесінің қатысушылары болды және олардың әрқайсысы ештеңеге қарамастан, талант үшін ешқандай шекараның жоқ екенін дәлелдеді», деді ол.

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

35


СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ..ЖХ

ҚИСАЯТЫН КӨПІРДІҢ БАР ЕКЕНІН

2001жылдың қыркүйегінде Солтүстік Англиядағы Гейтсхед қаласында, 35 000 адамның көз алдында, «Вилкинсон-Эйр» сәулет бюросының жобасы бойынша құрылысы салынған әлемдегі ең алғашқы қисаятын көпір ашылды. Тайн өзеніндегі жаңа инженерлік-өнеркәсіптік объект Миллениум Көпірі немесе Мыңжылдық Көпірі деген атауға ие болды. Құны 40 миллион долларды құраған ауқымды жобаны жүзеге асыруға екі жылдай уақыт кетті. Ланкашир графтығындағы Болтон зауытында құйылған және Уоллсендте құралған, көпірдің құрамдас бөліктері, жүзбелі көтеру краны «Азиялық Геркулестің» көмегімен 10 километр жерден жеткізілді. Көпірдің құрамдас бөліктерін монтаждау барысында техникалық жоспарға сәйкестігінің дәлдігі екі миллиметрден асқан жоқ. Миллениум Көпірі Ньюкасл және Гейтсхед қалаларының жағалаудағы аумақтарын қоса отырып, өзеннің үстінде 126 метрге созылды.Бір-біріне қарама-қарсы, ішектерге ілінген екі болат доға өзінің әдемілігімен көз тартады. Олардың бірі күмбез түрінде су бетінен 50 метр биіктікте орналасқан, ал көледенң орналасқан екінші доға бойынша көптеген жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүреді. Осы тамаша конструкцияасында, айтарлықтай күшті жел жүктемесіне қарсы, шағын және орта көлемдегі өзен көліктері өтеді. Ал

36

BI TIMES No 05(29) - МАМЫР/2015

көкжиекте ірі кеме көрінген сәттен бастап, скульптуралық құрылыс жылдам құбылады. Мыңжылдық Көпірі гидравликалық ашу жүйесініңарқасында қозғалысқа келеді.соңдары түйіскен екі конструкция, палубалық доғаны көтере отырып және бір мезгілде оның қарсы салмағының вертикалы доғасын төмен түсіре отырып 40 градусқа қисаяды. Көтеру үдерісі 4 минуттан сәл артық уақытты алады, үлкен корабльдердің қозғалысына арналған су бетінен 25 метрлік биіктіктегі кеңістікті босатады. Бұл «театрландырылған» көрініс жылына 200 рет қайталанады, оны көру үшін көптеген көрермендер жиналады. Осындай әсерлі қозғалысы үшін Миллениум көпірі «Көз қысу» деген атқа ие болған. Ұлыбританиядағы Мыңжылдық көпірі, Тайн өзенінің жан-жағын құбылта отырып, Еуропадағы ең әдемі көпірлердің бірі болып табылады. Аркалардың ашылуы туристердің көзін қызықтырардай көрініс болатын, заманауи көпір құрылысының бірегей үлгісі әлемнің түпкір-түпкірінен көрермендер жинайды. 2002 жылы «айналма» көпірдің талантты әзірлеушілері Джим Эйр және Крис Вилкинсон Британдық сәулетшілердің корольдік қоғамымен (RIBA) мәртебелі Стирлинг сыйлығымен марапатталды. Материалды дайындаған Шакола Александр BI GroupConstructionER-менеджері


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.