#02(26) АҚПАН 2015 НӨМІРДІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
«BI GROUP КОМПАНИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҚҰРЫЛЫС ФОРУМЫ» БІЗ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ ШЫҚТЫҚ! 4-5-беттер
БҰЛ НӨМІРДЕ: BI PERSON АЙДАРЫ: «ӨНЕРКӘСІПТІК- АЗАМАТЖОМАРТ ТҮБЕКБАЕВТЫҢ ТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» ДИВИЗИООТАНҒА ДЕГЕН НЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ҚАЙРАТКЕРЛІК МАХАББАТЫ 18-бет BI Group Холдингінің корпоративтік журналы
ХОККЕЙ – НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ ОЙЫНЫ 24-25-беттер
Стр. 22-23
ТҰРАҚТЫ КЛИЕНТТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ BI CLUB Стр. 7
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ 8-9-беттер
БІРІНШІ ТҰЛҒА АТЫНАН
«BI GROUP-ТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ҚҰРЫЛЫС ФОРУМЫ» – БІЗ ДАМУДЫҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІНЕ ШЫҚТЫҚ! Құрметті әріптестер ! Қыстың соңғы айы біздің компания тарихында маңызды оқиғасымен есте қалды – біз алғашқы рет BI Groupтың Құрылыс форумын өткіздік, оған екі холдингтің серіктес құрылыс компанияларынан мыңнан астам өкілдер, сонымен бірге материалдар мен жабдықтарды жеткізіп берушілер, банкирлер, сақтандырушылар, лизинг берушілер және көптеген мүдделі тұлғалар қатысты. Осы іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның ең ірі құрылыс компаниясымен бизнес –серіктестікке жаңа шабыт беру және BI Group жобаларында жеткізілімдер және қосалқы мердігерлік жұмыстар бойынша келісімшарттар жасасуда сапалы жаңа деңгейге көтерілу. Форум барысында компанияның бұрынғы, қазіргі және келешек дамуының көптеген негізгі көрсеткіштері туралы айтылды. Қатысушылар BI Group құрылысы ауқымын өз көздерімен көріп, сену мүмкіндігіне ие болды. Екі холдинг бойынша, сатып алулар және мердігерлік жұмыстар көлемі және тендерлік рәсімдерді тек жеңілдетіп қана қоймай, BI Groupтың бизнес-серіктестерімен келісімшарттар жасасу кезеңіндегі субъективті көзқарас пен сыбайлас жемқорлықты жоюға үндейтін, компанияның тендерлеріне қатысудың жаңа шарттары көрсетілді. Бұдан басқа, Форум барысында BI Group жобаларындағы сапа және қауіпсіздік мәселелері туралы маңызды хабарлама жасалды. Еліміздің барлық құрылыс жобаларында жиілетіп кеткен жазатайым оқиғаларға байланысты, соңғы уақытта ерекше өзекті болып табылатын, өндірістік қатерлерді азайтуды қамтамасыз ету шаралары аталды. BI Group құрылысының сапасын алатын болсақ – жоғары сапалық стандарттар – бұл біздің әрдайым аса жоғары деңгейге көтеруге ұмтылатын, басты бәсекелік артықшылығымыз, біздің брендіміз екені әрқайсымызға мәлім.
2
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
Форум барысында құрылыс сапасының қолданыстағы нормаларымен қоса, болашақта енгізілетін және BI Groupтың өндірістік және технологиялық дамуын жаңа деңгейге алып шығатын стандарттар туралы айтылды. BI Group, сонымен қатар, BI Groupтың серіктес компаниялары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруға ден қойып отыр, осы мақсатта Форум барысында қатысушыларға оқыту шарттары, сонымен бірге Корпоративтік университеттердің қолданыстағы бағдарламалары көрсетілді. Бүгіннің өзінде серіктес-компания қызметкерлерін КУ негізінде оқытуды бірлесіп қаржыландыру мәселесі қаралуда, және біз таяу болашақта Корпоративтік университет түлектерінің қатары BI Group мердігерлерінің талантты кадрлерімен толыға түсетініне сенімдіміз. Біздің компания бір орында тұрмайды, біз жыл өткен сайын ұлғая және күшейе түсудеміз, және біз үшін өз қатарымыздан бізбен бірге жолды жалғастыратын, бәсекеге қабілетті, адал ниетті серіктестерді көру маңызды, бірлесе отырып біз табыстырақ және өркендірек бола аламыз. BI Groupтың құрылыс форумы сәтті өтті деп сеніммен айтуға болады, және біз оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз. BI Group бүгіннің өзінде қосалқы мердігерлікке өзінің барлық жобаларының үлкен үлесін тапсырып отыр. Біздің серіктестеріміз – біздің алтын қорымыз, оларды біз жақсырақ және бұрынғыдан да бай қылғымыз келеді. Оның үстіне, біз аутсорсинг үлесін одан әрмен ұлғайтуға тырысамыз, осылайша компанияның ең жоғарғы деңгейдегі ептілігі мен жаңа жағдайларға бейімделе білуін қамтамасыз етеміз. Қосалқы мердігерлер және жеткізіп берушілер форумы тәрізді осындай диалогтық алаңдарда бірлескен кездесулер өткізу, BI Groupтың өсуіне қарсы шығулардың алдын алу бойынша стратегиялық күш-жігерлердің ажырамас атрибутына айналып келеді. Серіктестермен бірге жаңа белестерге, жаңа жеңістерге жетеміз! Бауыржан Исабаев, BI Group Construction Холдингі Басқармасының Төрағасы
BI BI LIFE LIFE
АПТА САЙЫНҒЫ АРАЛАП ӨТУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ Рахимбаев А.Ж., Омаров А.Г., Ентыбаев Е.А., Ибраев Ш., Байкенов С.
Дәстүр бойынша, әр апта сайын компания басшылығы BI Group Development Холдингінің салынып жатқан және пайдалануға берілген нысандарын аралауға шығады. Біздің компания осыдан бірнеше жыл бұрын пайдалануға берілген және қызмет көрсету бойынша кепілдік мерзімі өткен үйлерге де айрықша көңіл аударып отырады. Дәстүр бойыншағ жұма күні аралап шығу басталады. Апта сайынғы аралап өтуге тұрақты негізде клиенттермен жұмыс жөніндеі бөлім басшылары және сервистік компаниялардың директорлары қатысады. «Солнечный город» тұрғын үй кешені 2011 жылы тапсырылған. Компания басшылығы Холдинг басшысы Айдын Рахимбаев және BI Group Development Холдингі Басқармасының Төрағасы Амангелді Омаров болып, Дамыту жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Тасболат Абдуллин, «Жылжымайтын мүлікті басқару» Дивизионының басшысы Аслан Ибрагимов, «Астана Тұрғын үй Сервисі» және «АстанаТұрғынүйСервисі филиалы» ЖШС директорлары Рустам Айтжанов және Рауан Жанғалиевпен, сонымен қатар, клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім өкілдерімен бірге осы тұрғын үйге келді. Аралап өту кезінде үйдің алдыңғы беті, кіреберістердің ішкі жағдайлары, аула аумағы қарап өтілді. Нысан бойынша сервистік компания орындауға тиіс негізгі шешімдер шығарылды: барлық холдардағы еден кафелін қалпына келтіру, нөмірлеу/жарықтандыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу, жылы ауа райы
«Солнечный город» ТК-ні аралап өту: Рахимбаев А.Ж., Абдуллин Т.А, Ибрагимов А.Е., Айтжанов .Р.Б., Қажмуратова А.Ж.
басталысымен жасыл көшеттер отырғызу, сервистік компания директорының электрондық поштасы мен байланыс телефондары көрсетілген ақпараттық тақтаның жаңа нұсқасын орнату. Бұл жолы сенбілік аралап өту «МЖС-Астана» Дивизионы нысандарында орын алды. Аралап өтудің бірінші нысаны 4-5 қабаттардан тұратын BI Town – азқабатты тұрғын үй кешені болды. Жоба басшысы Мұхтар Иманкулов салынып жатқан нысанды көрсетті, сату бөлімінің мамандары сатылған пәтерлер туралы баяндады. Нысан бойынша келесі шешімдер қабылданды: іске қосылатын кезектердің жоспары мен
Сенбілік аралап өту
үйлерді нөмірлері бойынша орналастырудың жалпы жоспарын көрсету. Келесі нысан – азқабатты тұрғын үй кешені Deluxe Town, жоба басшысы – Мұрат Ербалин. Таяу уақытқа белгіленген негізгі міндет 1-секторды жылуға қосу болып табылады. Үйдің алдыңғы бетін, аула аумағын және пәтерлерді қарап шыққан басшылық төмендегідей шешімдер қабылдады: келісімшарттарға пәтерлердің тазалығы бойынша (құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан орынжайларды тексеруге жауапты адам тағайындау) қосалқы мердігерлермен ҚТ туралы тарауды енгізу, жұмысшыларға арналған жылы дәретханалар бойынша есеп айырысуды. «Солнечный город»ТК-ні аралап өту
Сенбілік аралап өтудің соңғы нысаны азқабатты Comfort Town тұрғын үй кешені болды. Жоба басшысы – Марат Құдабаев. Нысан бойынша, 36 пәтерді клиенттерге Наурыз мерекесіне дейін тапсыру туралы шешім қабылданды. Тұрғын үй сапасы жылдан жылға жақсарып келе жатқанын айта кету қажет, алайда нысандағы мәдениет мәселесіне де лайықты көңіл аударылып отырады. Жылына бір рет ИТҚ құрамы Корпоративтік университетте клиенттік бағдарлылық бойынша оқытылып отырады. Аралап өту кезінде осындай оқуларды жылына бірнеше рет өткізу, оқыту бағдарламасына клиенттермен келіссөздер жүргізу мәдениеті бойынша курстар енгізу, сонымен қатар, қосалқы мердігерлерді таңдау кезінде, курстан өту тарауын критерийлерінің бірі ретінде қабылдап, оқытуға тарту туралы жалпы шешім қабылданды.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
3
БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ BI LIFE
АЙРЫҚША КӨҢІЛМЕН
BI Group ұлттық экономиканы отандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарына арналған тапсырыстарымен қолдайды. Экономикалық турбуленттілік жағдайда бірінші орынға – жобалардың тиімділігі қойылады.
Ақпан айының соңында Астанада BI Groupтың «Интеграция және серіктестік» тақырыбында алғашқы жыл сайынғы құрылыс форумы өтті, ол жаңа клиенттер мен серіктестерді іздеп табу, қазіргі коммерциялық қатынастарды дамыту, сату географиясының аумағын ұлғайту және кеңейту үшін тиімді бизнес-алаңға айналды. Оған мыңға жуық мердігерлік ұйымдар өкілдері, серіктестер және жеткізіп берушілер қатысты. Форумның басты мақсаттары ішінде қазақстандық және шетелдік жеткізіп берушілермен status-quo ынтымақтастықты талқылау, BI Group тендерлік схемаларының қалай жұмыс істейтіндерін жеңіл тәсілмен түсіндіру, сонымен бірге компанияның құрылыс қауіпсіздігі саласындағы доктринасын таныстыру бар. Өз сөзінде BI Group басшысы Айдын Рахимбаев мынаны жариялады: компания әлемнің 35 елдерінің ең ірі құрылыс ұйымдары тізімінде 189-ыншы орынға ие болып, беделді халықаралық Engineering NewsRecord журналының тoп- 250 рейтингіне енді. Бұл - табыстарды шүбәсіз мойындау. Сонымен бірге рейтингке ену компанияның сыртқы нарықтарда белсенді өктемдік жүргізуіне мүмкіндік береді. Халықаралық құрылыс корпорацияларының күшті бәсекелестігін ескерсек, бұл жердегі табыс кепілі басқарудың озат тәжірибелерін енгізу, оның ішінде ауқымды жобалар шеңберінде өзіне тапсырылған жұмыс учаскелерінде тиімді жұмыс істеуге қабілетті шағын және орта бизнесті белсенді тарту болып табылады. Біздің стратегиялық міндетіміз - мердігерліктерді көбірек тапсыру, серіктестерді, мердігерлерді, қосалқы мердігерлерді көбірек жинау. Бұл дүниежүзілік тәжірибе,- деп атап көрсетті Айдын Рахимбаев. Мысал ретінде BI Group тәжірибесін үйреніп жүрген жапондық құрылыс компанияларының бірі туралы айтып берді. - 10 миллиард доллар айналымы бар компанияда небары 7 мың қызметкер жұмыс істейді. Әр қызметкерге шаққандағы өнім – 1,5 миллион долларды құрайды, өйткені әр нысанда небары 20-30 адам жұмыс істейді, қалған жұмыстарды мердігерлік ұйымдар орындайды. Бүгін біз өз күшімізбен жұмыстың 50% шамасындағы көлемін жауып отырмыз, екінші жартысын біздің мердігерлер орындап жүр, дәл осындай жұмыс біздің өте жоғары нәтижелерге жетуімізге көмектесті. Біздің міндетіміз – 100 дүниежүзілік алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларының қатарына ену. Барлық қатысушылар бізді қолдайтынына сенемін, -деп BI Group басшысы қосып айтты. Негізгі вектор айқын: құрамында екі холдингі (development және construction) және 12 дивизионы бар компания мердігерлік ұйымдарды белсендірек тартуды ниет қылып отыр. Мынадай сұрақ туындайды: неге дәл осылай істеу керек? Бәрі өте оңай. Шағын компаниялар икемдірек келеді, олар нақты жұмыс түрлеріне бағдарланады, жаңа жағдайларға жылдам бейімделеді. Шағын компанияларды қойылған міндетті орындауға байланысты қиындықтар кезіккенде, ауыстыру жеңіл болады. Мердігерлер мен жеткізіп берушілерді таңдау барысында BI Group ашық және транспарентті тендер өткізеді, оның жеңімпазы ең төменгі баға мен ең жақсы сапа ұсынған мердігер болып табылады. BI Group Construction басқармасының төрағасы Бауыржан Исабаевтың айтуы бойынша, компания ынтымақтастық үшін уақытпен тексерілген серіктестерге қалай ашық болса, келешегінен үміт Компанияның басшылығы және форумның модераторы Р. Ошақбаев күттіретін жаңа кәсіпорындар үшін де дәл солай ашық. – Бұл форум құрылыс маусымы басталар алдында ұйымдастырылып отыр. Біз айқынбыз және ашықпыз, біздің жоспарларымыз үлкен, сондықтан өзіміздің серіктестерімізге сенім артамыз. Қандай қиындықтар бар екенін тыңдауға дайынбыз. Өзара әрекеттестіктерге қатысты көптеген маңызды мәселелер туралы форумда айтылды. Сондықтан бұл алаң ашық талқылау орны болуға лайықты», – деп атап көрсетті Бауыржан Исабаев. BI Groupтың коммерциялық тендерлеріне қатысу үшін қажетті барлық құжаттардың тізімін компанияның
4
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ ресми сайтынан табуға болады. Холдинг ықтимал мердігерлердің бірқатар көрсеткіштерін, оның ішінде мердігерлікті орындау мерзімдерін, меншікті техникасының барлығын, компанияның қаржылық жағдайын, аванстық төлемдердің талап етілетін пайыздарын білгісі келеді. Әрдайым екі жеңімпаз жарияланады: егер біріншісі жобаны іске асыруға мерзімді уақытта дайындалып үлгермесе, оның орнына екіншісі келеді. BI Group еліміздегі құрылыс материалдарын ең ірі сатып алушылардың бірі болып табылады. Мысалы, 2015 жылға жоспарланған сатып алулар арасында – 500 текше метрден астам бетон, 46 мың тонна арматура, 60 мың текше метр газды блок, 40 млн. литр ЖЖМ, 700 мың тонна қиыршық тас, 1,8 млн. дана ТББ, 2 млн. текше метр құм, 200 мың текше метр ерітінді бар. Сонымен бірге компания бұл материалдарды отандық жеткізіп берушілерден сатып алуға дайын, ең бастысы, баға мен сапаның теңгерімі болуы қажет. – Иә, бүгін біз шетелдік, оның ішінде ресейлік құрылыс материалдарын сатып алудамыз. Алайда, біз қазақстандық материалдарды да сатып алуға дайынбыз. Ең бастысы, олар ресейліктердікімен салыстырғанда бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Біз мердігерлер мен жеткізіп берушілерге сапаны жақсартыңдар, сонда біз сатып алуға дайынбыз дейміз. Егер олар айтқанымызды елеп-ескерсе, баға-сапа ара қатынасын теңдестірсе, бұдан біз бәріміз тек ұтамыз,- деп Бауыржан Исабаев атап көрсетті. Сонымен бірге компанияда жеткізіп берушілер және мердігерлермен өзара қарым-қатынастар тарихына өте мұқият назар аударылады. Ең сенімді серіктестердің «ақ тізімдері» және олармен ынтымақтастық ұнамсыз деп саналатындардың «қара тізімдері» болады. Мысалы, бұрын BI Groupтың 85 бетон жеткізіп берушілері болған. Өткен жылғы қазан айында тендерлер өткізілді, сөйтіп, олардың саны 17-ге дейін қысқарып, ең сенімділері ғана қалды. Сонымен қатар, форумда Қазақстанда арзан үйлер жағына қарай сұраныс мәдениеті өзгеріп отырғаны туралы айтылды. Сондықтан маржаны біршама төмендетуге бару қажет, бұл еңбек тиімділігін арттыруды талап етеді, және компания серіктестер тарапынан түсінушілікке сенім артады. Оларға BI Groupтың «бәлішін» мына мөлшерде бөлісу ұсынылады: 85,5 млрд. теңгені – құрылыс материалдарына, 72,1 млрд. теңгені –қосалқы мердігерлік жұмыстарға және 15,2 млрд. теңгені – техника жалдауға. Алайда тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасын жақсарту үшін бәріне де жігерлі жұмыс істеу қажет болады. BI Groupтың жоспарлары шамшыл. Бұл халықаралық EXPO 2017 көрмесі үшін тұрғын үйлер мен павильондар, сонымен қатар «Жасыл орам», Назарбаев зияткерлік мектептерін, «Хоргос – Шығыс қақпалары» құрғақ кемежайын тұрғызуға қатысу. Компания «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық ауқымды даму бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп отыр. - Біз «Нұрлы жол» бағдарламасында көрсетілгенбіз. BI Group Construction Холдингі өткен жылы 100 шақырым автомобиль жолдарының жұмысын аяқтады, 2015 жылы 151 шақырым жол тапсыруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті форумда сөйлеген сөзінде Бауыржан Исабаев. Бұдан басқа, форум шеңберінде BI Group өзінің мердігерлерін Корпоративтік университеттің бағдарламалары бойынша оқуға шақырды. Форумда құрылыс салушының өкілдері атап өткендей, келісімшарт жасасқан барлық компаниялар BI Group университетінде жеңілдетілген ақымен оқуға құқылы. «Бізге үлкен көлемдерді сапалы және мерзімінде орындап шығу үшін мықты мердігерлер қажет, - деп атап көрсетті олар. Мақала авторы: Олег Рябченко Казахстанская правда
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
5
БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ BI LIFE
BI GROUP-CONSTRUCTION 2015 ЖЫЛЫ 30 МЫҢ ТОННА ЖЖМ САТЫП АЛАДЫ
BI Group-Construction 2015 жылы 30 мың тонна ЖЖМ сатып алады. Бұл туралы BI GROUPтың: интеграция және серіктестік атты алғашқы жыл сайынғы құрылыс форумы барысында BI Group-Construction холдингі Басқармасының төрағасы Бауыржан Исабаев жариялады. Компанияның 2015 жылға жоспарланған сатып алулары арасында, скипер 250 мың тонна цемент, 1000 тонна арматура, 41 мың тонна битум, 700 мың тонна қиыршық тас, 400 бірлік техника және 1,8 млн. дана темір-бетон бұйымдар бар екенін атап өтті. Ксения ПРИДАТЧЕНКО http://oilnews.kz
BI GROUP-CONSTRUCTION «НҰРЛЫ ЖОЛ» ШЕҢБЕРІНДЕ 150 ШАҚЫРЫМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН САЛАДЫ
Бұл туралы BI GROUPтың: интеграция және серіктестік атты Алғашқы жыл сайынғы құрылыс форумы барысында BI Group-Construction холдингі Басқармасының төрағасы Бауыржан Исабаев жариялады. Біз «Нұрлы жол» бағдарламасында көрсетілгенбіз. Біздің компания өткен жылы 100 шақырым автомобиль жолдарының жұмысын аяқтады, 2015 жылы 151 шақырымға шығамыз, 2016 жылы 151 шақырым тапсыруды жоспарлап отырмыз. Біз қаржылық дәлелдендік. Қаржыландыру көлемі 100 млрд. теңгеден астам соманы құрайды», —деп түсіндірді басқарма төрағасы. Ксения ПРИДАТЧЕНКО http://oilnews.kz
6
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
BI STRATEGY
BI GROUP КЛИЕНТТЕРДІҢ СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРДІ BI Group компаниясы өзінің клиенттерімен кезекті кездесуін өткізіп, 2014 жылдың қорытындылары, одан арғы даму, жаңа жобалар және келешек бағыттар туралы баяндады, нарықтың талдауын жасап, клиенттерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Іс-шараға Тұрақты клиенттер клубының мүшелері, дәлірек айтқанда, 2004-2015 жылдар аралығында BI Groupта үш және одан да көп пәтер сатып алушылар шақырылды. Кездесуге 500-ден астам адам қатысты. Іс-шарадан соң BI Group басшысы Айдын Рахимбаев кездесу позитивті және өте жақсы деңгейде өтті деп атап көрсетті. «Көптеген клиенттер біздің фильмнен және презентациямыздан компания туралы өздеріне көп жаңалықтар ашты, BI Group – тек үйлер мен пәтерлер, жолдар мен зауыттар салушылар ғана емес, бұл, ең алдымен, кәсіпқой және сауатты басқарушылар командасы екенін көрді»- деді ол. Біздің компания осындай кездесулер барысында клиенттерді қызықтыратын жаңалықтар және ақпараттармен бөліседі және клиенттермен өзара қарым-қатынаста жаңа сапалы деңгейге шыға отырып, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында прецендентті құрайды. Бізге дейін бір де бір қазақстандық құрылыс компаниясы клиенттермен осы тәрізді іс-шаралар өткізген емес. Клиенттеріміздің бірі Асқар Базаровтың айтуынша, мұндай көзқарас тек қана өздеріне құрметті тудырады. «Иә, біз құрылыс салушылар үшін кей кездері аса ұнамды емес сұрақтар да қойдық, алайда олар барлық даулы мәселелер бойынша жағдаяттарды анық түсіндіріп берді. Сондықтан BI Groupқа жариялылығы, батылдығы үшін алғысымызды білдіреміз: мұндай кездесулерге кез-келген құрылыс салушының батылдығы жете қоймайтынын айта кету керек,- дейді А. Базаров. Холдингте атап айтылғандай, мұндай іс-шаралар өткізу Тұрақты клиенттер клубы шеңберінде дәстүрге айналған және олар BI Group басшылығының тікелей қатысуымен жиі өткізіліп тұрады.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
7
BI STRATEGY
СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ДАМЫТУ
Әлемдегі жаһандану өсімінің жылдам қарқыны ескеріле отырып, бәсекелестік форматы өзгеріп отырады және жаңа жобалардың құны миллиардтаған АҚШ долларына дейін жетеді. Тиісінше, тәжірибесімен, технологиялар және нарық жайлы білімдерімен алмасу, жаңа қаржылық ресурстар мен бірлескен ноу-хауларды іздеп табу, сонымен қатар тәуекелдерді бөлісу үшін стратегиялық серіктестерді табуға ұмтылатын дүниежүзілік ірі компаниялардағы бизнес-процестер де өзгеріске ұшырайды. Стратегиялық серіктестік қатынастар табыстылығының негізгі факторларына мыналар жатады: – Ұзақмерзімді шынайы берілгендік – Өзара тығыз байланыстар – Бірлескен стратегия Сөз жоқ, компаниялардың өзара сенімі стратегиялық серіктестік қатынастарды бастау және қолдап отыру үшін міндетті болып табылады. Стратегиялық серіктестік қатынастарды жасау үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Роберт М. Гранттың «Заманауи стратегиялық талдау» атты кітабында стратегиялық серіктестік қатынастар мүмкіндіктерін пайдаланатын фирмалар, компанияның мықты тұстарын ұзақмерзімді келешекте екі компанияның жағдайын нығайту үшін қолдана алады деп сендіріледі. Мүмкіндіктермен қоса, өзара тиімді серіктестіктің табысты мысалдары бар. Осындай мысалдардың бірі Nissan-Жапония және Renault-Франция стратегиялық серіктестігі болып саналады. Карлос Госн Альянстың төрағасы және бас атқару директоры болып табылады. Госн Renault–Nissan серіктестік қатынастарын некемен салыстырады: «Жұп некелесу барысында біртұтас, біріктіріліп жіберілген мәнді иеленбейді. Мұның орнына олардың әрқайсысы өзінің дербестігін сақтай отырып, ортақ мүдделер және мақсаттармен біріктірілген, әрқайсысы өз үлесін қоса отырып, бірге өмір тұрғызу үшін күш-жігерлерін біріктіреді. Бизнесте, өнеркәсіптен тыс, ең сәтті және ұзақ серіктестіктер жекелеген мәнге құрмет жағдаятын тұрақты сақтау жағдайында құрыла-
8
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
ды». BI Group жобалық негізде жұмыс істейтіндіктен, біз стратегиялық серіктестік тәжірибесін ойдағыдай пайдаланып келеміз. Біздің дамуымызда ең маңызды стратегиялық кезеңдердің бірі болып VINCI француз компаниясымен БАКАД (Үлкен Алматылық айналма автожол) жобасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісім болып табылады. Жоба Мемлекеттік жеке меншік серіктестік (МЖС) болып табылатындықтан, BI Group компаниясы құрылыс жобаларында дүниежүзілік деңгейдегі МЖС-пен бірге ынтымақтастық жұмысты бастады. VINCI француздық концессиялық және құрылыс компаниясы болып табылады. Оның негізі 1899 жылы қаланған, бұрын Société Générale d’Enterprises деп аталған. Компанияда 190,000 мыңнан астам адам жұмыс істейді, және ол табыстары бойынша әлемдегі ең ірі компания (қытайлық компаниялардан басқа) болып табылады, оның жылдық айналымы 50 миллиард АҚШ долларынан асады, ал 2013 жылы ол жол құрылысы бойынша әлемдегі бірінші компанияға айналды. Vinci Concessions компаниясы атқарған МЖС-тің жол жобаларының жалпы көлемі сегіз елдерде, оның ішінде Ресейде және Канадада 7 000 шақырымнан астам. Жобаларға 7 тәуежай құрылысы, 5 стадион (оның ішінде Париждегі атақты Стад-де-Франс стадионы), туннельдер,көпірлер және басқа да инфрақұрылымдық нысандар бар. Алматы қаласының өтпе жолдарын транзиттік көліктерден жеңілдетуге арналған, БАКАД (Үлкен алматылық айналма автомо-
BI STRATEGY биль жолы) бірлескен жобасы, Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандары аумақтары арқылы өтеді. Ұзындығы 66 шақырым автожол 4 және 6 жолақты қозғалысқа есептелген, цемент-бетонды жабыны бар І техникалық санатты параметрлер бойынша салынатын болады. Жоба бойынша тағы 21 көпір, 19 жер асты жолын және 12 көліктік жол торамдарын салу көзделеді. Жобаны іске асыру кезеңі 2015-2019 жыл. Жоба ұзақмерзімді және стратегиялық маңызды болып саналады. Vinciдің күні кешегі құрылыс жобалары арасындағы ең қызық жобалар: Сантьяго-Чили әуежайын жоспарлау және құрылысының жобасы Реюньон аралындағы Nouvelle Route du Littoral жағалау бойы автомагистралі, Франциядағы ең ұзын жер асты жолымен қоса (5400 м)
Индиана штатындағы (АҚШ) Ист Энд (East End Crossing) өтпе жолы Бұл МЖС Луивилль, Кентуккиді Оңтүстік Индианамен біріктіретін, Қгайо өзені үстіне ұзындығы
762 метр арқанды тартпасы бар көпір тұрғызу үшін құрылған болатын. Ол Кентукки жағынан ұзындығы 512 метр қосарлы туннельден және жол жабынын жақсарту және тиісті инфрақұрылым жұмысы үшін 19
қосымша көпірлерден тұрады. Панамадағы Атлант көпірі Бұл келісімшарт көпірдің орталық аралығы 530 метр және көпір тіреуіштерінің биіктікгі 212,5 м құрайтын, екі жаққа жүретін 2 жолақты жол қозғалысына төзімді, ұзындығы 1050 м арқанды тартпасы бар бетон көпір құрылысына таратылады. Оның 75 м каналды тік саңылауы болады. Атлант көпірі арқанды тартпасы бар, орталық аралығы 530 метрді құрайтын, әлемдегі ең ұзын бетон көпір болады.
Метин Палик,Бизнесті дамыту және корпоративтік дамыту бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
9
BI STRATEGY
ХОРГОС ӘЛЕМДЕГІ МАҢЫЗДЫ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ БОЛА АЛАДЫ BI Group Холдингі басшысы Айдын Рахимбаев және BI Group Constructionның корпоративтік дамыту жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары Метин Палик Дубайда өткен Silk Way Investments форумына қатысты. Форумға қатысушылардың барлығы Дубай қаласының Джебель Алидің өнеркәсіптік бөлігіндегі арнайы экономикалық аймаққа (АЭА) барып көрді. АЭА Джебель Али бүгінгі күні әлемдегі ең жылдам дамушы АЭА-лардың бірі болып табылады. 48 шаршы шақырымнан астам алаңға 6400 компания орналастырылған, олардың 120-сы әлемдегі ең ірі компаниялар болып табылады. Джебель Алиді Dubai Worlds Ports (Порты Оператор) басқарады, және ол сонымен бірге «ХОРГОС – Шығыс қақпалары» АЭА-ның да операторы болып табылады. Dubai Worlds Ports ең ірі дүниежүзілік портты операторлардың бірі. 2011 жылғы мәлімет бойынша, лондондық консалгтингтік Drewry Shipping Consultants компаниясының есептемесіне сәйкес, Dubai Worlds Ports компаниясы дүние жүзіндегі үшінші ең ірі портты оператор болып саналады. Географиялық тұрғыдан дүние жүзіндегі ең әртараптандырылған портты оператор бола тұрып, DP World әлемдік нарық үлесінің 6,7% иемденіп отыр. Компания әлемнің 31 елдерінде 60 қолданыстағы және 11 салыну үстіндегі терминалдарына ие. DP Worldты БАЭ үкіметіне тиесілі Dubai World компаниясының ең ірі дүние жүзілік инвесторы және девелопері басқарады. Бұдан әрі еркін аймақ туралы қызық деректер. • Ауданы - 40 км2 • АЭА Джебель Алиді «қала ішіндегі қала» деп атайды. Онда қонақүйлер, мейрамханалар, кеңселер және «қала» өміріне қажетті барлық басқа қоғамдық ғимараттар бар. • Бұл жерден компаниялар қоймаларды жалға алуларына болады (ең азы 45 м2) және жылына әр м2 үшін 150$ шамасында төлейді. Немесе олар жеке қойма салып алу үшін әр м2 үшін жылына 15 $ төлеп, жерді жалға алуларына болады. Бірақ мұндай жағдай-
10
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
да жер телімінің ең азғантай ауданы 10 000 м2 болуы қажет. • Өнімділік және тиімділіктің негізгі көрсеткіштері қатаң қадағаланып отырады. Егер бүгін олар бір сағат ішінде 150 автомобиль жүгін түсірсе, ертең бұл нәтижені жақсарта алады. Олардың мақсаты – 70 секундта бір контейнердің жүгін түсіру нәтижесіне жету! • АЭА Джебель Али БАЭ ЖІӨ-нің 25% құрайды. • Контейнерлердің өндірістік қуаты жылына 19 миллионды құрайды. АЭА «Хоргос-Шығыс қақпалары» өз жұмысын 2015 жылғы 15 шілдеде бастайды. DP World –тың тәжірибелі басшылығы және білікті басқаруындағы болашақ жұмысына байланысты, Хоргостан күтілетін нәтижелер өте жоғары. Соңғы 20 жыл ішінде, Hewlett Packard сияқты осы тақырып төңірегінде форумда баяндама жасаған көптеген американдық өндірушілер, өздерінің өндірістерін АҚШтан Қытайға аударуда. Және сондықтан, олар өз өнімдерін Қытайдан Еуропаға жеткізудің жаңа тәсілдерін табулары қажет. Хоргос арқылы теміржол жақсы балама болады. Хоргоста жүкті тиеп қоюдың жалпы мерзімі 22 күнді құрайды, бұл әдеттегі тауарды тиеуге жұмсалатын 40 күнмен салыстырғанда едәуір жылдам. Бүгінгі әлемде жаңа өнімдер өз тұтынушыларын мейлінше жылдам табуы қажет. Әсіресе бұл ақпараттық технологиялар мен электрондық кәсіпорындарға қатысты, өйткені өнімдердің жарамдылық мерзімі қысқа және нарықтағы бәсекелестік адам сенгісіз қарқынды. Біздің компания «Хоргос-Шығыс қақпаларының» негізгі мердігерлерінің бірі болып табылады, біз дүние жүзінің алдыңғы қатарлы 30 елдері қатарына ену мақсатына жету үшін, инновациялық жобаларға қатысуға дайынбыз. Метин Палик,Бизнесті дамыту және корпоративтік дамыту бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары
BI GROUP CORPORATE BI LIFE UNIVERSITY Корпоративтік университетте екі жыл қатарынан «Қысқы мектеп-2014-2015» іске асырылып келеді. Біздің мектеп инновациялық нарыққа өзгеше бір экскурс жасауға мүмкіндік беретін, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыстың әртүрлі салаларындағы бағыттарға шолу жасауға арналады. Мектеп бағдарламасында дәрістер, тренингтер, семинарлар бар. 2014 жылғы желтоқсан айынан бастап мектепте 180 –ге жуық қатысушылар оқып шықты. Дәстүр бойынша, бұл іс-шараға Ресейдің және Қазақстанның үздік жаттықтырушылары қатысады. Оқыту семинарларын Knauf, Alsecco, SkyTeach, Veka, Basf және басқа жетекші компаниялардың өкілдері өткізеді.
Бастаушы құрылысшыларға арналған «Қысқы мектеп» - бұл жаңа нәтижелерге жетуді тілейтін, тәжірибе жүргізіп көруге дайын, қандай да болмасын идеялар ұсынатын, оларды шығармашылық қайта түсінуге ұмтылатын мамандар үшін тәжірибе,біліктілік және күш-жігермен бөлісуге арналған коммуникативтік алаң. Сабақ таңертеңнен кешке дейін жалғасады, алайда жігіттердің бейформалды қарым-қатынастарына да уақыт қалады. Қатысуға Компания дивизиондарының ӨАҚ-ға (өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс) мамандандырылған, оқуға барлық ықылас білдірген қызметкерлері шақырылады. «Қысқы мектеп» BI Group Development және BI Group Construction Холдингтерінің бірнеше дивизиондарының қызметкерлерінің басын қосты. Мектеп жұмысына, негізінен жас, келешегі бар, болашақта өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелер көрсетуге дайын мамандар қатысады. Мектепте басты назар құрылыс өндірісінің технологияларымен байланысты теориялық және практикалық мәселелерді талқылауға ғана бағытталмайды. Мектеп шеңберінде өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс, Кайдзеннің жұмыс әдістемесі, клиенттер және серіктестермен қарым-қатынас, ақпараттық технологиялар, Этика Кодексі, қаржылық қызмет және тағы басқа маңыздылығы кем түспейтін бағыттар бойынша тақырыптық бағыттарда жұмыстар атқарылады.
Мектептегі сабақтарды құрылыс және әкімгерлік салаларының жоғары білікті мамандары жүргізеді. Техникалық ғылымдар профессоры, НГАСУ (СИБСТРИН) «Құрылыстық өндірістің технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Титов М.М. құрылыс бойынша жекелеген қолданбалы аспектілер мәселесіне тоқталды: «Арматура салу. Қалыпты қондыру. Плиталар құрылғысы», «Монолиттік жұмыстар». Н ГАСУ ( С И БСТ Р И Н ) «Құрылыс экономикасы және инвестициялар» кафедрасының меңгерушісі Н.П.Ерошинамен бірге кірпіш қалау және гидрооқшаулау жұмыстары тақырыптары қаралды. Мектеп жұмысының жекелеген бағыты ИТҚ қызметкерлерін құрылыс технологиялары және әкімгерлік мәселелері бойынша ішкі жаттықтырушылардың оқытуы болып табылады. 12 наурыздан бастап Корпоративтік университет ішкі жаттықтырушылардың күшімен тренингтер өткізуді бастайды. «Қысқы мектеп» жұмысының нәтижесінде қатысушылар құрылыс және басқа салалар бойынша жаңа білім алады, және алған білімдерін болашақта кәсіпқой қызметте пайдалануларына мүмкіндік беретін, міндеттерді шешу, құрылыс технологиясы және ұйымдастыру әлеуетін түсіну үшін бірлескен топтар ұйымдастыру дағдыларын үйренеді.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
11
BI GROUP CORPORATE BI LIFE UNIVERSITY
BI Group –тың негізгі құндылықтарының бірі кадрлер құрамы – күшті команда және барлығы үшін тең мүмкіндіктер. Осы бағытта жұмысты жүзеге асыру үшін компанияда қызметкерлерді оқыту, біліктіліктерін арттыру және дарындылықтарын дамыту бойынша әртүрлі жобалар өткізіліп тұрады. Осындай жобалардың бірі – жыл сайынғы Қысқы мектеп шеңберінде оқыту ұйымдастыру болып табылады. Биыл BI Group Construction Холдингінде «Қысқы мектеп 2015» 26 қаңтардан бастап 20 ақпанға дейін жалғасты. 330 тыңдаушы 10 бағдарлама бойынша әртүрлі бағыттарда оқып шықты. Осы бағдарламалар бойынша оқытуды өткізу үшін өз салаларының үздік сарапшылары шақырылды; Сібір мемлекеттік автомобиль-жолдары академиясының оқытушылары, логистика және сатып алулар саласының бизнес-консультанты, «Қазавтожол» АҚ сапа жөніндегі департаментінің директоры, ҚжЕҚ жөніндегі сарапшылар. Осы қысқы мектептің басты ерекшелігі біздің компанияның қызметкерлерінің оқытушы ретінде тартылуында, олар тек теориялық білімдерімен бөлісіп
12
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
қана қоймай, үйрету курстарының негізі болып табылатын, біздің нысандардағы үздік тәжірибелерді қолдану үлгісімен жүргізген практикалық сабақтары. Он үш ішкі жаттықтырушылар 2014 жылы желтоқсан айында басталған, «Ішкі жаттықтырушылар институты» жобасының 1-кезеңіне іріктеліп алынды және оқытылып шығарылды. Оларды жеке атап кеткен жөн: «Қазақжолқұрылыс» зертханасының бастығы – Иванов Игорь; «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионы контроллинг бөлімінің бастығы – Әлімжанов Мирдос; «Қазақжолқұрылыс» жедел есеп жүргізу бойынша инженер экономисі – Исаева Ирина; «BI Group Construction» жобаларды басқару орталығының бас маманы – Баймулдинов Аяз; «BI Group Construction» жобаларды басқару орталығы жоспарлау бөлімінің инженері – Кисметова Нурия және «BI Group Construction» жобаларды басқару орталығының ресурстық жоспарлау жөніндегі маманы – Абдықалыкова Жадыра; «Қазақжолқұрылыс» механизациялау жөніндегі басқарушы директор – Ермағамбетов Ерік; «BI Group Construction» логистика және сатып алулар жөніндегі басқарушы
BI GROUP CORPORATE BI LIFE UNIVERSITY
директор – Асылбаев Дәулет; «Қазақжолқұрылыс» өндірістік блогының басшысы – Сидлецкий Андрей; «АБК Автожол НС» ЖШС директорының өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары – Смағұлов Абай; «BI Group Construction» өндіріс жөніндегі басқарушы директоры – Берекетов Марат; «BI Group Construction» әкімшілік-құқықтық департаментінің директоры – Бимендин Ален Дастенұлы; «BI Group Construction» механизациялау жөніндегі директоры – Саликов Марат. «Қысқы мектеп-2015» жобасы қызметкерлердің біліктіліктерін арттырудан басқа, тағы бірнеше өте маңызды мақсаттарды көздейді – әртүрлі дивизиондардың қызметкерлерін таныстыру, тәжірибе алмасу, және қызметкерлерді 2015 жылға қойылған міндеттерді орныдауға уәждендіру. Жұмыстың корпоративтік стандарттары жеке блок түрінде берілді, Дивизиондар мен Корпоративтік орталықтың топ-менеджерлері Холдингті және жалпы компанияны дамытудың келешек жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар тыңдаушыларға арнап, жылы және тату жағдайда конкурстарымен, жүлделерімен «Қысқы мектеп 2015-тің ресми ашылуы» тәрізді бірнеше корпоративтік шаралар ұйымдастырылып, конкурстар өткізілді, жүлделер тапсырылды; Астана бойынша және қаладағы Холдинг нысандарына экскурсия жасалды, ҚР Ұлттық мұражайына апарылды, жобаны ресми жабу іс-шарасы боулинг-орталықта өткізілді, онда Қысқы мектепке қатысушылар ептіліктері және дәлдіктерін сынға салды. Әр бағдарламаның
қорытындысы бойынша сертификаттар тапсырылды, барлық тыңдаушылар өздрінің ұсыныстары мен тілектерін білдіре отырып, кері байланыс сауалнамаларын толтырды. Біз Қысқы мектептің барлық тыңдаушылары және оқытушыларынан өте жақсы пікірлер алдық. Сонымен бірге, сауалнамаларда келесі жолы және жыл бойы тағы қандай қосымша оқыту бағдарламаларын өткізу туралы сұрақтар пайдаланылды. Тыңдаушылар айтқан тілектер мұқият талданып, нәтижесінде болашақта ішкі оқытуларды өткізу үшін жаңа қызық та маңызды тақырыптардың тұтас бір тізімі жасалды. Сөз соңында, Қысқы мектеп – 2015-ті ұйымдастырып, оқытуға қатысқан барлық қызметкерлерге алғыс білдіргім келеді! Сіздердің барлық бастамаларыңыздың бұдан былай да табысты бола беруін тілеймін. Кез-келген оқу қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған, осы жоба компанияның және жекелеген тыңдаушылардың жалпы табыстарына өз үлесін қосады деп сенеміз. BI Group кадрлер құрамын оқытуға, ұжымды біріктіруге және корпоративтік мәдениетті дамытуға аса зор көңіл бөледі. Біз тек өзіміздің клиенттеріміз және серіктестеріміз үшін ғана емес, өзіміз үшін де бақытты мекен тұрғызамыз! Аида Ешкеева, BI Group Construction Холдингінің кадрлер жөніндегі басқарушы директоры
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
13
BI LIFE
КОМПАНИЯ ЖҮРЕГІ – ӨТБ
Көктем басталды және онымен бірге сүйікті мерекелеріміз ілесті. Солардың бірі Халықаралық әйелдер күні. Бұл нөмірде біз құрылыс компанияларының басты бөлімшелерінің бірінде жұмыс істейтін – өндірістік-техникалық бөлім (ӨТБ) жайында әңгімелегіміз келеді. Халық арасында ӨТБ мамандарын құрылысшылар және қаржыгерлер бір тұлғада деп атайды және бұл сөздің жаны бар, өйткені олардың сметаларды, жұмыс көлемдері мен материалдарды есептеумен қатар, құрылыс ерекшелігін де толық меңгеруі қажет. Осы саладағы ерекшеліктердің бірі – осы кәсіпте әйел адамдардың басымдығында. Кейбіреулер сметалар құру және тексеру, жұмыс көлемдерін есептеу және құрылыс кезеңдерін қадағалау жалықтыратын кәсіп деп ойлайды. Алайда осы мақаланың кейіпкерлері бұл пікірмен келіспей ғана қоймай, сметашы мамандығы қызықты әрі қажет етілетін кәсіп екендігін дәлелдейді. Біз оларды бұл ммандық несімен қызықтырғандығын, олар өз таңдауына өкінбейді ме, ӨТБ инеженерінің қандай сапалары болуы тиіс, және ұжымдағы ер адамдар бұл кәсіби пікірге қалай қарайтындығы жайлы анықтап көрдік. Инфографикада біз біздің компаниямыздағы жәнне Қазақстанның құрылыс саласындағы, әр жалпы әлемдегі гендерлік бөлуді қарастырдық. Өз материалымызды біз «МЖК-Астана» дивизионының ӨТБ бастығы Вера Павловна Гельдтің тарихынан бастауды ұйғардық. Вера Павловна құрылыс саласында 30 жыл жұмыс істеп келеді, мақтау грамотасымен және «Қазақстан Республикасының алғысы» төсбелгісімен марапатталған, біздің компаниямыздағы жас мамандарды тәрбиелеп, «Үздік тәлімгер» атағын алды. Ол 20 жасында құрылысқа шебер ретінде келді, одан кейін прораб болып істеді, сондықтан да ол құрылыстың егжей-тегжейін меңгерген, біз оның тарихын өз аузынан естідік: «Мен құрылыс саласын өз қалауыммен таңдадым, маған құрылыс салу және өз еңбегімнің нәтижесін көру ұнады. Жобалардың өмірде жүзеге асқанын көру мен үшін маңызды. Тұрғызуына өзім қатысқан объектілердің жанынан өтіп бара жатып, мен мақтанышпен бөлісемін. Бұл BI Group компаниясының және басқа да республикалық маңыздағы объектілер. Мәселен, «Қазақстан» спорт сарайы менің сүйікті жобаларымның бірі. Мен 2006 жылы газетте ӨТБ инженері қызметіне хабарландыру көріп, «АБК-Курылыс» компаниясына жұмысқа келдім. Компания бөлімшелерге бөлінгеннен кейін, Алмат Болатұлы Исмағұлов мені өзімен бірге «АБК-Курылыс-2» ЖШС-не алып кетті. Ол жерде мені ӨТБ бастығы етіп тағайындады. Мен өз кәсібімді жақсы көремін, бір кездері құрылыс мамандығын таңдағаным үшін бір сәт те өкінбеймін. Мен жұмысқа мерекеге келгендей келемін, ұжымымыз өте тату. Мен бөлім бастығы ретінде барлығын жұмылдыруға тырысамын, өтйкені ұжымдағы ахуал жұмыстың басты негіздерінің бірі болып табылады еме пе. Практикаға келген студенттер BI Group компаниясында ӨТБ инженеріне қажетті барлық машықтарға үйренуге болады деп айтқанда, бойымды мақтаныш билейді. Жас мамандарға айтарым бір ғана жайт – егер сендердің қалауларың болса, онда сендер міндетті түрде өз мақсаттарыңа жетесіңдер. Айта кетейін, мен BI Group компаниясы тұрғызған үй – «Шаңырақ» ТК-де тұрамын, үйімді өте жақсы көремін,
14
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
құрылыстың барлық кезеңдері есімде. Менің пікірімше, компанияның өсімі ӨТБ инженері қалай есептегендігіне байланысты, өйткені қалған бөлімдер – олар статисттер, олар ӨТБ мамандары берген ақпаратты өңдейді. Сондықтан, ӨТБ – бұл компания жүрегі» деп айта аламын. «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионының ӨТБ бастығы Фурадеева Татьяна Анатольевна жайлы әріптестері оған жыл жүзбен әрі құрметпен қарайтындығын айтады. BI Group компаниясында ол он жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде оның іске асырған объектілерінің ішінде республикалық маңыздағы ірі жобалар бар: «Нұр Отан» әкімшілік ғимарат, «Тальго-Тұлпар» жолаушылар вагонын шығару зауыты, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі – әрі бұл тізіміске асырылған жобаларды толық қамтымайды. Кәсіби қызметін ауыстырғандығы, тәлімгері және бірінші объектілері жайлы ол бізге былай деп әңгімелеп берді: «Биыл менің BI Group компаниясында жұмыс істейтініме 10 жыл болады. Білімім «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша болса да, Компаниядағы өз қызметімді экономика бөлімінен бастадым. Кейбіреулер құрылыс – бұл ер адамдардың кәсібі деп санайды. Мен мұнымен келіспес едім. Менің ойымша, кәсіпті өз ақыл өрісіңе сәйкес таңдау қажет. Менің ақыл өрісім ұтымды-практикалық, сондықтан да осы саланы таңдадым. 2005 жылы «АБК-Құрылыс» корпорациясының бөлінуіне байданысты мен кәсібімді ауыстыруды ұйғардым, сөйтіп, экономисттен ӨТБ инженері мамандығына ауыстым. Менің тәлімгерім Медет Есетұлы Аменовтің ақыл-кеңесінің арқасында мен кәсібім бойынша өстім, қызметім жоғарылап, ӨТБ бастығы болып тағайындалдым. Біздің қазіргі ұжымымыз жас, әр қайсысы бір-бірінен жаңа нәрселерге үйренеді. «АБК-Құрылыс-1» ЖШС ұжымдық бірлігі маған ұнайды, бір-бірімен тату. Менің ойымша, біздің салаға келген адам үшін оның не нәрсеге талпынатындығын және қандай нәтиже көргісі келетіндігін түсінуі маңызды болу қажет. ӨТБ – бұл сөзсіз компанияның басты буыны». Мария Тортайқызы Шәріпова, «МЖС-Астана» дивизионының ӨТБ бастығы, өз анасы сияқты мұғалім болуды армандаған екен. Алайда оның тағдыры басқаша шешілді: 17 жасында жас қыз құрылысқа келеді, осы кәсіпті таңдағанына ол еш өкінбейді, Мария Тортайқызы бұл жайында былай деп әңгімелейді: «10 сыныпты бітіргеннен кейін мен Алматы қаласына педагогикалық институтқа түсуге келдім, бірақ армандарым орындалмады, мен конкурстан өтпей қалдым. Ауылға оралудың мәні жоқ, анаммен ақылдастым да, мен № 46 құрылыс училищесіне түсуді шештім. Ол кезде бұл ойда жоқта келген шешім болатын, брақ бірнеше жыл өткен соң, және қазір де мен бұған еш өкінбеймін. Сөйтіп, мен 17 жасымда СМУ-19 (құрылыс-монтаждық құрылыс) жұмыс істей бастадым. Бастапқыда сылақшы болып істедім, өндірістен үзілмей құрылыс техникумын аяқтадым, техникумды бітірген соң, мені басқармаға ауыстырды, ол жерде мен 2000 жылдан бастап жұмыс істедім. Сонда мен СМУ-19-да 29 жыл қатарына жұмыс істеппін. Отбасымы-
BI LIFE збен елордаға көшуді ұйғардық, ол жерде мен хабарландыру бойынша «АБК-Құрылыс» компаниясына сметалық бөлімнің жетекші маманы болып орналастым. Кейін мені «BI Village» ЖШС-не ауыстырды, ол жерде бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келемін. Ұжымымыз жақсы. Құрылысты жақсы көремін және егер менде өткен уақытқа оралу мүмкіндігі туындаған болса, ойланбастан, құрылыс техникумына түсуші едім. Қаланың өсіп келе жатқанын көріп, әрі онда сенің де еңбегіңнің үлесі бар екендігін сезінуді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Компания құрылымында ӨТБ – бұл компанияның миы деп айтуға болады, барлық үдерістер ӨТБ арқылы өтеді». Енді сіздерге біздің компаниямыздың жаңа ұрпағы жайлы айта кетсек. Лаура Әлімбетова бірнеше жыл бұрын «АБК-Автодор-НС» ЖШС-нің Павлодар филиалының техникалық менеджері болып тағайындалды. Өз қызмет жолып ол 2009 жылы ӨТБ маманы болып бастады. Кәсібінің қыр-сыры және тәлімгері Саида Зарыпханова берген баға жетпес тәжірибе туралы ол былай дейді: «Компанияға мен 2009 жылы келдім, оған дейін экономикалық білім алған болатынмын. Бірінші жұмыс күнім әлі есімде, ол кезде менде тек экономикалық салада ғана емес, құрылыс саласында да еш тәжірибем болмаған. Бірақ менің тәлімгерім – техникалық мәселелер бойынша бас директоры Саида Зарыпханованың арқасында, мен кәсібімнің қыр-сырын, жұмыстағы басты сәттерді меңгеру мүмкіндігіне ие болдым. Мен бір нәрсеге үйренгім келді, кәсібімді жетік меңгеріп, қызмет бабында өскім келді. Әрине, бастапқыда ересек қызметкерлер жұмыс бойынша кейбір ескертулер айтып жүрді, алайда уақыт өте олар менің өз қатарларында жұмыс істеуге лайықты екендігіме көз жеткізді. BI Group компаниясына келгеннен кейін, екі жылдан соң мені ӨТБ бастығы етіп тағайындады. Біздің компаниямыз маған жұмыспен қатар өсу мүмкіндігін берді, компанияның арқасында мен екінші кәсіби жоғары білім алдым. Өткен жылдың соңында мені техникалық менеджер етіп тағайындады, басқа қалаға көшуді мен бірден шештім, өйткені мен объектіде жұмыс істегім келді, үдерісті көзбен көргім келді. Менің ойымша, ӨТБ материалдың сапасынан бастап, құрылыс технологиясына дейінгі барлық ақпаратты меңгеруі тиіс. ӨТБ – маңызды әрі қажетті ақпараттар қоймасы деуге болады. Кейіпкерлердің қызықты әрі шын көңілмен айтылған тарихтарын «МЖК-Премиум» дивизионының ӨТБ бастығы Светлана Большакованың тарихымен аятағымз келеді. Белсенді, артистік қасиеті бар, нәзік жанға қарап отырып, ол неге сценада жұмыс істемеген екен деп ойланасың. Алайда, оның мінсіз жұмысының нәтижелеріне қарап, оның өз орнын тапқандығына көз жеткізесің, жұмысты өз қызығушылықтарымен біріктіре алады, толығырақ кейіпкер тарихында: «Мектепті аяқтаған соң, менің алдымда кәсіпті таңдау міндеті тұрды: сол кездегі сәнді кәсіптердә таңдағым келді, олар: заң, қаржы салалары. Бірақ ата-анам мені бірден дұрыс шешімге тартты, ол мамандықтармен беделді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі аз, ал құрылыс мамандығы қай кезде де бар, болған, болады да деді. Сөйтіп, құрылыс факультетін таңдадым. Қазір мен бұған бір сәтке де өкінбеймін.
Маған өз жұмысым ұнайды, жұмысыңның жемісін көру, бұл ғажап. BI Group компаниясына мен техникалық бөлім бастығының көмекшісі болып келдім. Менің бірінші басшым Қанат Меңдіқұлов болатын. Осы бөлімде жұмыс істеу мен үшін өте тамаша бастау болды және өз бастығымның арқасында көп нәрсеге үйреніп, баға жетпес тәжірибе алдым. Менің тағы бір тәлімгерім деп мен телім бастығы Батырғали Жанабергеновті санаймын. Уақыт өте алған тәжірибем маған ӨТБ-ге ауысуға көмектесті, ол жерде мен маман болып қызмет атқардым. Ал осыдан бір жыл бұрын мен бөлім бастығы болып тағайындалдым. Менің қызмет бабында өсуіме жұмыс нәтижелерім, өз ісіме құштарлығым және айналадағылардың пікіріне құрметпен қарау ықпалын тигізді. Жұмыстың барлық үдерістері дұрыс бағытта жүру үшін, тиісті атмосфера құру маңызды. Бұл менің қолымнан келді деп ойлаймын, маған әріптестерім кеңеске жүгінген кезде, мен оларға сөзсіз көмектесемін, сондықтан да маған әріптестерім дәл сондай қатынаспен қарайды. Маған біздің компанияда өзімізді тек білікті мамандар ретінде ғана емес, сондай-ақ, өзіміздің шығармашылық жақтарымызды да көрсетуге мүмкіндік беретіндігі ұнайды. Мен корпоративтік іс-шараларға қатысуды ұнатамын - осылайша, бос уақытта сандардан дем аласың, әрі бұл жұмыс қабілеттілігіне де әсер етеді. ӨТБ жұмысын көпшілігі жалықтыратын жұмыс деп ойлайды, шын мәнінде олай емес, жаңа объектілер, жұмыс көлемдері, адамдар, жоба командалары көптеген жағымды әсерлер береді, мен өз жұмысымды жақсы көремін, осы сөзбен бәрін жеткізуге болады». Міне, біздің кейіпкерлеріміз осындай – саналы, көрікті, қызықты. Барлық әйелдерді, аналарды, өткен мерекелерімен құттықтаймыз және жұмыста әрі жеке өмірінде сәттілік тілейміз! Диана Сейфуллина, корпоративтік журналдың шығарушы редакторы
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
15
СҮРЕТТІ РЕПОРТАЖ
Сіздердің назарларыңызға BI Group компаниясының EXPO-2017 мамандандырылған көрмесімен ұштастырылған EXPO Residence ең ірі жаңа объектісінің құрылысынан фоторепортаж ұсынамыз. Объект әр қайсысында жеті үі орналасатын үш телімді білдіреді, олардың жалпы алаңы 6,2 гектарды құрайды. Бұл 700-нан астам пәтер! Екі жыл бойы жоба «ИЖС-Астана» дивизионының күшімен іске асырылады.
16
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
ЕҢБЕК ӨНДІРІМДІЛІГІ 2015 жылдың ақпан айы үшін Дивизиондар кесігіндегі еңбек өндірімділігінің салыстырмалы талдауы келесі түрде: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында – «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионы. BI Group Development Холдингі Бірінші орында – «МЖС-Астана» дивизионы.
2015 жылдың ақпан айы үшін Көшбасшылар жобалары кесігіндегі еңбек өндірімділігінің салыстырмалы талдауы келесі түрде: BI Group Construction Холдингі Бірінші орында – «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионының «Әлемдік деңгейдегі колледжі». BI Group Development Холдингі Бірінші орында – «МЖС-Астана» дивизионының «Жыл мезгілдері» (күз, 1-кезек).
2015 жылдың ақпан айы үшін Өндірістік блоктың еңбек өндірімділігінің салыстырмалы талдауы келесі түрде: АБК-Бетон – бір штаттық қызметкерге 2 млн. 640 мың теңге.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
17
ДИВИЗИОНДАР BI LIFE ЖАҢАЛЫҒЫ
ЖАҢА ЖОБАЛАР
«ӨНЕРКӘСІПТІК-АЗАМАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» ДИВИЗИОНЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
«Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионы өзін «Назарбаев зияткерлік мектебі» құрылысының жақсы әрі жауапты мердігері ретінде көрсетті. Бұл жолы дивизионға Өскемен қаласында осыған ұқсас мектеп құрылысын салуды сеніп тапсырды. Жоба командасы осындай мектептің құрылысын Қосатанй қаласында сәтті аяқтады, Астана және Семей қалаларында мектептердің құрылысы жалғасуда. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҰ және «АБК Құрылыс – 1» ЖШС «Өскемен қаласындағы 720 оқушыға есептелген 120 орындық жатын корпусы бар Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» объектісінің құрылысы бойынша жұмыстарды сатып алу туралы шарт жасасты. Мектеп құрылысы 2014 жылдың желтоқсанында басталды және жұмыстар өндірісінің кестесіне сәйкес объект 2015 жылдың қарашасында пайдалануға тапсырылады. Құрылыс телімі Сәтпаев көшесі, 158- үй мекенжайында орналасқан. Телімнің алаңы – 5,9 га. Сонымен қатар, алаңда трансформаторлық қосалқы станция құрылысы, алаңдар құрылысы, ойындар мен демалысқа арналған алаңдар құрылысы көзделген. Дивизион командасын жаңа жобалрымен құттықтаймыз! Ким Вероника, «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» дивизионының HR-менеджері
«BI VILLAGE DELUXE» ЖШС ҚАЛАНЫҢ ҮЗДІК САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРНІҢ ҚАТАРЫНА КІРЕДІ «МЖС-Астана» дивизионының «BI Village Deluxe» ЖШС «Салық салудың жалпы орнатылған режимі» номинациясы бойынша жеңіске ие болды. Осы номинациядағы жеңімпаздарды таныстыра отырып, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Абылқайыр Ысқақов былай деді: «Осы номинацияның жеңімпаздары Қазақстанның құрылыс нарығындағы көшбасшылар» болып табылады, олар ғимараттар мен имараттарды жобалаудан пайдалануға дейін қызметтердің кең шеңберін ұсынады». Осы іс-шараға бастама жасаған ӨР ҚМ Мемлекеттік кірістер жөніндегі комитеті болды. Осы акцияның мақсаты адал салық төлеушілерді моральдық ынталандыру, сонымен қатар қазақстан бизнесінің жаңа имиджін қалыптастыру болып табылады, ол үшін басымды мәселе бюджет алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы әрі толық орындау болып табылады. Жеңімпаздарды таңдау барысындағы басты көрсеткіштер келесілер болды: салықтар мен кедендік төлемдерді төлеу уақтылылығы, түсімдер өсімінің қарқыны, декларациялар мен есептерді тапсырудың уақтылылығы, бюджетке қарыздың және орындалмаған мәлімдемелердің, әкімшілік жауапкершілікке тартулардың және салықтың салмақ деңгейінің болмауы. «МЖС-Астана» дивизионын осы оқиғамен құттықтаймыз!
18
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
КОМФОРТ-КЛАСТАҒЫ БАСПАНЫНЫҢ ЖАҢА ҰРПАҒЫ
ДИВИЗИОНДАР BI LIFE ЖАҢАЛЫҒЫ
Promenade Expo – бұл комфорт-кластағы жаңа ұрпақтың жылжымайтын мүлкі. Комфорт көптеген ұсақтүйектерден жиналады. BI Group Холдингі комфорт кластағы тұрғын үй кешеніне арналған тұжырымдаманы оның орналасу орнының ұтымдылығынан ыңғайлы планировкасы мен дамыған инфрақұүрылымына дейін мұқият ойлап жасады. Жоба ауқымды және құрылысы бойынша жуық екі жыл ішінде белсенді жұмыс жүргізіледі. «МЖК-Астана» дивизионының жаңка тұрғын үй кешенінің құрылысы 2014 жылдың мауысымында басталды. Тұрғын үй А, В, С, D төрт блоктан, 56 үйден тұрады. Біз «A» блогының телім бастығы Қуаныш Айтжановпен сұхбаттастық, ол объектінің соңғы жаңалықтарымен бөлісьі: «Бүгінгі таңда бірінші кезектің монолитті каркасы аяқталу сатысында тұр. Терезелерді салу жүргізілуде. Жеті қабатты блоктарда монолит жұмыстары аяқталды, кірпіш салу жұмыстары да аяқталуда. Бірінші кезек үш жеті қабаттан, екі тоғыз қабаттан, бір он төрт қабаттан, бір он сегіз қабаттан тұрады. Наурыз айының соңында негізгі саты дайын болады. Осылармен қатар паркингте монолит жұмыстары да басталып кетті. Жылыту және желдету жүйесін құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада қасбетті әрлеу жұмыстарын жоспарлап отырмыз, сонымен қатар «С» блогының құрылысы жүргізілуде, ол жерде монолит жұмыстары қызу жүргізілуде. Тұрғын үй кешенінің ерекшеліктерінің бірі ретінде – «МЖК-Астана» ТК-нің «бірінші желіде» салынып жатқандығын және ЭКСПО аумағына тікелей жақын орналасқандығын айтуға болады. Жоба басшысы Руслан Мергалимов, оның орынбасары Махсутхали Айдарбеков болып табылады. Жоба командасы жаңа, бірақ бірлігі ұйыған команда».
Телім бастығы Қуаныш Айтжанов қауіпсіздік техникасы туралы жұмыс өндірушісі Әсет Жексембаев пен шебер Жасын Әубәкіровтің естеріне салуда.
Сол жақтан оң жаққа қарай: Айдарбеков М.С., жоба басшысының орынбасары; Айтжанов К. Т., телім бастығы, Мейірханов Ж. Ж., жұмыс өндірушісі; Жексембаев А. А., жұмыс өндірушісі; Абдиллаев Б. К., шебер; Әубәкіров Ж. К., шебер; Сыдықов А. Т., шебер; Бустанов Б. А., шебер; Бөлекбаев Д.О., геодезист; Пиржанов К.Ж., диспетчер, Қаратаева Ж., қоймашы.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
19
ДИВИЗИОНДАР ЖАҢАЛЫҒЫ
ЖАҚЫНДА «ПРЕМЬЕРА!» БОЛАДЫ Құрылысын салумен «МЖК-Премиум» дивизионы айналысатын «Премьера!» тұрғын үй кешені өзінің алғашқы тұрғындарын қабылдап та үлгерді. Жуық арада кешеннің ресми тұсаукесері болады, әзірге объектінің соңғы жаңалықтары жайлы әңгімелейміз.
«Премьера!» тұрғын үй кешені 1-3 блогы премиум кластағы жоба, бес тұрғын секциясынан, биіктігі алты және сегіз қабаттан тұрады, сонымен қатар, екі деңгейлі паркингі бар. «Бүгінгі таңда сыртқы және ішкі су құбыры, кәріз және жылу трассалары желілері толық сланыған. Барлық секциялар тұрғындарды қоныстандыруға дайын. Дизайн-жобаға сәйкес, паркинг едендері жоғары сапалы полимер материалдардан, ал қабырғалары ашық түстерге боялған. Тұрғын секциялардың бірінші және екінші қабаттарында италия декоративтік әрлеу әдісін қолданумен, таза әрлеу жұмыстары аяқталған. Ол клинкерлі плиткалармен үйлестікте дара стильге ие», – деп бөліседі жоба басшысы Төребек Бертілеуов. «Қасбетті клинкерлі кірпішпен, травертиннен жа-
Бертлеуов Т.Қ., «Премьера» ТК 1-ші кезентін жоба жетекшісі; Қалиев С., бас прораб; Мынжасаров Е., прораб; Жумабекова А., шебер; Ваказе Т., шебер; Бектемисов Д., ПТО бас маманы; Нуртазин Ж., жабдықтаушы; Буралхиева А., шебер; Сулейманов А., шебер; Ахметов М., жумысшы; Абдыгалимов Е., жумысшы; Алдуашова К., нормалаушы; Джумашева А., кілтші.
20
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
салған беткі плиткамен және фибробетонды белдеулермен сыртқы әрлеу; витраждарды құрастыру; шатырды жабу жұмыстары аяқталды. Ішкі сумен жабдықтау, су бұру, жылыту, барлық сантехникалық және электр техникалық аспаптарды орнатумен, электр монтаждық жұмыстар орындалды. Күн жылынған бетте кешеннің аумғында көзделген қоғамдық аймақтарды және тұрғындардың белсенді демалыс алаңдарын жайластыру бойынша қалған жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр», – деп әңгімелейді ӨТБ бас мамны Дамир Бектемісов. «Премьера» - жапондық философия қолданылған бірінші объект екенін естеріңізге саламыз, ол өндіріс үдерістерін үздіксіз жетілдіруді, қосалқы бизнес-үдерістерді әзірлеуді, басқаруды, сонымен қатар өмірдің барлық тұстарын көздейді.
BI PRODUCT
BI GROUP «ВЕРНЫЙ» ТК ҚОНЫСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ КІЛТТЕРІН ТАБЫС ЕТТІ
BI Group «Верный» тұрғын үй кешенінің 2-ші кезегінің жаңа қоныстанушыларына кілттерін табыс етті. Комфорт-кластағы жоба елорданың Оң жағалауында «ескі» орталықтың ыңғайлы әрі дамыған аудандарының бірі Ш. Айманоы, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов және Қарағанды көшелерінің текшесінде орналасқан. Бақытты қоныстанушыларды жаңа пәтерлерімен құттықтауға олардың туыстары, достары, сонымен қатар компания қызметкерлері де келді. «Пәтер сатып алу әрқашан да жағымды әсерлер береді. Бұл өз үйің, адам өміріндегі ең басты мекен, сондықтан да ол әрдайым жайлы әрі жылы болу керек. Және біз бұл үшін бәрін жасадық. «Верный» ТК құрылысы кезінде ең жоғары сапалы құрылыс материалдары мен заманауи технологиялар қолданылды», – дейді
жоба басшысы Светлана Бойко. «Верный» тұрғын үй кешенінің 2-ші кезектегі пәтерлері жақсартылған қара әрлеумен тапсырылды. Оны орындаудың жоғары сапасы – BI Group жұмыс стандарттарының бірі. «Бөлмелер кең, тамаша жоспарланған. Енді өз пәтерімізді қалауымыз бойынша жайластыру және BI Group компаниясының клиенті болып, дұрыс таңдау жасағанымызға қуану қалды». - деп бөлісті тұрғын үй кешенінің тұрғындарының бірі Олжас Әбдіқалықов. Кешеннің жағымды тұстары ретінде тұрғындар балалар ойын алаңы орналасқан ауланың көлік жүру бөлігінен оқшауланғандығын және тұрғын үй аймақтарына тікелей қол жетімді кіріктірмелі автотұрақтарды атап айтты. «Біз өз пәтеріміздің кілтін алғанымызғ өте қуаныштымыз. «Верный» ТК біздің үмітімізді толық ақтады, кешеннің дизайны және оқшауланған аулалар өте ұнады, ол жерде балалар еркін қыдыра алады», - дейді «Верный» тұрғын үй кешенінің 2 бөлмелі пәтерінің иелері Марал мен Расул Каримовтер. Бүгінгі таңда «Верный» тұрғын үй кешенінің 2-кезегі пайдалануға тапсырылғандығын естеріңізге саламыз, ал 3-ші кезекті 2015 жылдың желтоқсанында тапсыру жоспарланады. Материалды BI Group Development Холдингінің Жарнама және PR бөлімі дайындаған
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
21
BI PERSON
ЖОМАРТ ТҮБЕКБАЕВТЫҢ ОТАНҒА ДЕГЕН ҚАЙРАТКЕРЛІК СҮЙІСПЕНШІЛІГІ BI Person айдарының кейіпкері, «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының бас директоры, компания әріптесі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, өзін бизнесте де, мемлекеттік қызметте де көрсете білген тиімді менеджер, үлкен отбасның отағасы, қамқоршы ер және төрт баланың әкесі – Жомарт Түбекбайұлы Түбекбаев. Жомарт Түбекбайұлы – «жердің тұзы» деп атайтындардың бірі болып табылады: оның адалдығы, негізділігі, басымдықтарды дұрыс қоя білетіндігі, көпжылдық жұмыс тәжірибесімен дамыған менеджерлік түйсігі әрі сөзсіз ұйымдастырушылық таланты – оның командасына, міне, 8 жылдан астам уақыт бойы ең батыл жобаларды іске асыруға көмектесіп келеді. «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының болашақ бас директорының BI-тарихы 2006 жылы компанияның топ-менеджерлерінің шақыруы бойынша цемент өндіру зауытының (BI цемент) жобасын іске асыруға Жомарт Түбекбаев қосылғанда басталды. Оның іскерлік ептілігі лайықты бағаланды, және 2009-2010 жылдары Жомарт Түбекбайұлы Қызылорда облысындағы гидромелиоративті имараттарды көтеру жобасын басқарды. Бұдан кейін «Жетіген-Коргас» темір жолының құрылысын салу бойынша қызықты жоба жалғасты. Онымен ең жоғарғы деңгейлерде жасалған қазақстан-қытай іскерлік келісушіліктер іс жүзінде іске асырылды. Темір жол желісінен кейін мемлекетаралық шекарадағы Алтынкөл станциясы өзін пайдалануға тапсыруды күтіп тұрды, Жомарт Түбекбаев оны компанияның сәтті жобаларының жылнамасына мәңгілікке енгізіп, бұл міндетті де үздік орындап шықты. Компания және жалпы ел үшін «Шалқар-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» темір жол желілерінің құрылыс жобасы қандай маңыз атқарғандығы туралы BI Group қызметкерлерінің басым көпшілігі және тіпті әр бір қазақстандық біледі. Жаңа көлік артерияларын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке өзі ашты, Жомарт Түбекбаевтың нақ өзіне осы басты жобаларды («Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының өндірістік қуаттылықтарын компанияның басқа стратегиялық маңызды жобаларына пайдалануға байланысты, «АрқалықШұбаркөл» жобасының құрылысы «KAZPACO» жол дивизионының күшімен аяқталды – автордың есткертпесі) басқару сеніп тапсырылды. Және іске асыруымен Жомарт Түбекбаевтың басшылығымен «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионы айналысатын мемлекеттік ауқымдағы
22
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
соңғы ағымдағы жобалардың бірі «Хоргос-Шығыс қақпалары» құрлық порты болып табылады. Жоба бірегей, іс жүзінде бұл ең бірінші қазақстандық құрлық порты, ол тікелей Қытай Халық Республикасының шекарасында орналасқан және Қазақстан мен ҚХРның көліктік жүйесімен темір жол және автомобиль жолдары арқылы бірігеді. Нақ осы жерде құрлық портына тікелей жақын жерде аты аңызға айналған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасы өтетін болады, ол Еуразияның оннан астам еліндегі ең басты инфрақұрылымдық артериялардың біріне айналады. Егер Жомарт Түбекбаевтың басшылығымен жүргізілген жобалардың тарихына шолу жасайтын болсақ, онда осы жобалардың ауқымы мен маңыздылығы қаншалықты артып келе жатқанынан куә боламыз. Жомарт Түбекбаев – ең жоғарғы деңгейдегі кәсіпқойдың айқын бейнесі, оның әлеуеті әлі де таусылмаған және жыл сайын жаңа-жаңа, күрделі де, көлемді жобаларды ісе асыруға қатысып келеді. Өз сәттілігінің нәтижесін кейіпкер үнемі еңбектенуге және ұжымның татулығына байланысты деп санайды: «Команданы жинай білу – тиімді менеджердің ең басты сапаларының бірі болып табылады. Мен бұл туралы бір сәтке де ұмытпайсын және біздің компаниямыздың жобаларын іске асыру шеңберінде бірге жұмыс істеген адамдардың еңбегін бағалаймын» – дейді Жомарт Түбекбаев. Бұған қоса, «Инфрақұрылымдық құрылыс» дивизионының бас директоры болашақта BI Group – бұл ең үздіктер командасы болады деп санайды. Ол компания қозғалысының бағытын айқындайды және кезкелген экономикалық әрі өндірістік-технологиялық өзгерістерге бейімделе алады. «Компанияның маневрлілігі көбінесе штаттың көлемімен, және әр қызметкердің біліктілігінің жоғарылығымен айқындалады. Менің ойымша біздің компаниямыз холдингтердің өзінің жұмысын барынша жеңілдетуге тырысуы тиіс, құрылыс кеңістігінің өзінің аутсорсингі үшін кеңістік құруы тиіс және одан да жоғары деңгейге ауысуы тиіс, сол кезде біз ауқымдардың мәселелерімен қалай күресу туралы қам жемейміз,
BI PERSON Ж.Т. Түбекбаев Дивизион ұжымымен
оның орнына BI Group құрылыс қоғамдастығына кіретін бизнес-серіктестердің жұмысын көбірек үйлестіре алатын боламыз. Мен бұлардың бәрі бізді тек жинақы етеді деп санаймын, бұл бізге әлемнің ең үздік 100 құрылыс компаниясының құрамына кіруге мүмкіндік береді» – деп бөліседі мақала кейіпкері. Егер Жомарт Түбекбайұлының моральдық, адамгершілік қаисеттеріне келетін болсақ, онда ең алдымен біз оның көздерінен патриоттықты, туған жеріне деген сүйіспеншілігін бірден байқаймыз. Ол өз елі үшін адал қамкөңілдік танытады, Қазақстанды үздік жағына қарай өзгерту үшін қалай және не істеуге болатындығы жайлы ой толғатады. Жомарт Түбекбайұлының жобаларының ауқымы мен мемлекеттік маңыздылығы осы жарқын сезімге түрткі болуы да ықтимал, ол бүгінгі таңда көптеген азаматтарда ресми сипатта ғана көрсетіледі. Мақала кейіпкері шын мәнінде өз отанының лайықты ұлы, оның қорғаушысы мен көмекшісі деп атауға тұрарлық. Жомарт Түбекбайұлы отбасында дәл осындай жағымды басқа қырынан көрінеді. Оның аз сөзділігінің астарында төрт баласы мен жарына деген үлкен қамқоршылық пен сезімталдық жатыр. Жомарт Түбекбайұлының туғандары оны әр кезде асыға күтіп, отбасымен бірге өткізетін күндерін санауға мәжбүр болғанымен, оның жұмысының маңыздылығын түсінетіндігі Жомарт Түбекбайұлының жаңа кәсіби биіктерге көтерілуіне мүмкіндік береді, оны әрқашан да жан-жақты қолдайды. Мақала кейіпкері демократиялық әке, ол егер бала банкир, қаржыгер, немесе музыкант, аспаз, әртіс болғысы келсе, оған
кедергі жасаудың қажеті жоқ деп санайды. «Нағыз шеберлік әрқашан да бағаланады, және өз еңбегі үшін әрқашан да лайықты марапатқа ие бола алады» - дейді Жомарт Түбекбаев. Мақаланы аяқтай келе, біз Жомарт Тубекбайұлының BI Group компаниясының жиырма жылдығына арналған және әр қызметкерге бағытталған тілек сөздерін келтіргіміз келеді. «Біз мемлекеттік құрылыс жобаларына келгенде бар болғаны 5-6 жыл бұрын бізді білетіндер қатары аз болатын, бізге сенетіндер де аз болды. Бірақ аз уақыт өткен соң, біз қай жерде қатыспасақ та, қай жобада болмасақ та, біздің даңқымыз бізден алда келеді, нақ біздің компаниямызға ең ауқымды әрі ең маңызды жобалар сеніп тапсырылады. Бұл сіздер мен біздердің еңбегіміз, енді біз қандай жағдай болмаса да, лайықпен ие болған беделімізді сақтауға тиіспіз, құрылыс сапасы мен мерзімдерін жігермен ұстап тұруымыз қажет және бір-біріміз үшін әрқашан да дайын болуға тиіспіз. BI Group алға адымдап қадам басып келеді, әр бір қазақстандықтың, әр бір отандасымыздың өмірін жақсартатын технологиялар мен біздің кәсіпқойлығымыз ең батыл да, биік жобаларға шығуға мүмкіндік беріп отырған кезде, тек біздің өзіміз ғана өсімімізді экстенсивті қадамнан интенсивті қарқынға ауыстыра аламыз». Аян Зикирин, BI Group Construction Холдингінің PR-менеджері
Ж.Т. Түбекбаев Дивизион ұжымымен
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
23
BI LIFE
НАҒЫЗ ЕРЛЕРДІҢ ОЙЫНЫ
«МЖК-Астана» және «ИЖСАстана» құрама командасы «Казахдорстрой» командасымен бірге
Салауатты өмір салты және команда рухын қолдау – біздің компаниямыздың ажырамас құрамдас бөліктері болып табылады. Жыл сайынғы BI Group холдингінің командалары арасындағы хоккей бойынша корпоративтік турнир дәстүрлі түрде ақпанның соңында болды және алғаш рет қазақстанның басты жұлдыздары - «Барыс» ХК жаттығатын «Тарлан» мұз сарайының аренасында ұйымдастырылды. Қарысқа қатысушылар компанияның BI Group Development және BI Group Construction холдингетірің бөлімшелері мен дивизиондарының қызметкерлері болды. Спортшыларды қолдауға бірнеше ондаған жанкүйерлер, достары мен әріптестері келді, олар алаңда қайталанбас мерекелік атмосфера құрды. Басшылықтың атынан Холдинг басшысы Айдын Рахымбаев, Директорлар кеңесінің мүшесі, BI Group Construction Холдингі Басқармасының төрағасы Бауыржан Исабаев, BI Group Development Холдингі Басқармасының төрағасы Амангелді Омаров құттықтау сөзімен шығып сөйледі. Турнир жарқын әрі тартымды өтті. Командалардың жарысқа мұқият дайындалғандығы көрініп тұрды. Биыл хоккей баталияларына 6 команда қатысты. Олардың ішінде «МЖС- Астана», «МЖК-Премиум» дивизиондарының өкілдері, «ИЖС-Астана» және «МЖК-Астана», «Казахдорстрой», «Автодор-НС» құрама командасы, «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» және KAZPACO» құрама командасы. Жарыстардың нәтижесі бойынша қола медальге «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» және KAZPACO»
С. Жуков, Н. Григоров
24
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
В. Кузько, М. Баекешев, Р.Дангилов
BI LIFE құрама командасы ие болды. Күмісті «Казахдорстрой» командасы, алтынды «МЖК-Премиум» командасы алды. «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» және KAZPACO» құрама командасының мүшесі Амангелді Айсин турнирдің үздік қақпашысы атанды. Үздік шабуылшы ретінде «Казахдорстрой» жол дивизионының қызметкері Владислав Кузько, Үздік қорғаушы ретінде «МЖК-Премиум» дивизионының қызметкері Алексей Долгих танылды. «Ұтымды ойыны үшін» номинациясын «ИЖС-Астана» командасы алды. Көрермендерге ұнамдылық сыйлығын «Автодор-НС» жол дивизионының командасы алды. «Жеңіс рухы үшін» номинациясында «МЖС-Астана» дивизионының командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздар естелік кубоктар, медальдар мен ақшалай сыйлықтар алды. «МЖК-Премиум» командасы екі жыл қатарынан турнир жеңімпазы болып отыр. Команда капитанының айтуынша сәттілік құпиясы команданың тұрақты жаттығуында екен, және бұл жерде олардың татулығы да өте маңызды жайт. Екінші орынның иегерлері «Казахдорстрой» командасы да компанияның ең мықты командаларының бірі болып сналады. «Казахдорстрой» Басқарма Төрағасы Серік Төлебаевтың өте сақ басшылығымен команда өз жігерін тағы да дәлелдей алды, өткен жылы команда хоккей баталиясна қатыспағанын естеріңізге сала кетеміз.
А.Ибрагимов, А. Исмағулов, А. Долгих, Т. Жиенгер, А. Сембеков. «МЖК-Премиум» командасы
«Промышленно-гражданское строительство» және «KAZPACО» құрама командасы «Казахдорстрой» командасы
Жанкүйерлер
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
25
BI LIFE Халықаралық әйелдер күні көктемнің ең асыға күтілетін мерекелерінің бірі. Бұл күні ерлер өздерінің сүйікті ханымдарын құттықтауға асығады, қала ашық түстерге бөленеді, гүл дүкендерінде нағыз қарбалас басталады. Биыл BI Group Development корпоративтік орталығының және Сату департаментінің ер адамдары компаниядағы нәзік жандарды «Аффари» БО-да оркестрмен және жауқазындар шоғымен қарсы алды. Жарқын құттықтаулар фуршетпен және мерекелік бағдарламамен жалғасты, елорда әншісі Ильдар Омаров өзінің танымал әнін шырқады, ал кештің жүргізушісі Нұрсұлтан Зайкенов болды. Құттықтау сөзімен ісшараны Басқарма Төрағасы Амангелді Омаров ашты. Кештің ең айқын нөмірлері Қаржы бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары Ғабит Зейдалиевтің, Құрылыс бойынша Басқарма Төрағасының орынбасары Андрей Гуцалдың және Инвестициялар бойынша басқарушы директор Ермұрат Төлепбергеновтің «хип-хоп» стиліндегі құттықтаулары болды десек артық айтпаймыз. Нәзік жандарды Көктемнің осы тамаша меркесімен құттықтаймыз!
АЙДЫҢ ҮЗДІК АСХАНАСЫ
«Айдың үздік асханасы» конкурсы біздің компаниямызда жұмысын сәтті жалғастыруда. Бұл конкурс екі Холдингтің тамақтандыру жүйесін арттыру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған. Бұл конкурсқа BI Group Development және BI Group Construction холдингтерінің объектілері мен кеңселерінде тамақтандыру қызметтерін көрсететін барлық операторлар қатысады. BI Group Construction Холдингінде қаңтар және ақпан айларының нәтижелері бойынша үздік асханалар ретінде Тассай станциясындағы «Шалкар-Бейнеу» жобасына қызмет көрсететін ЖК «Кульбаракова Сауле», және «Астана қаласының Әлемдік деңгейдегі Колледжі» жобасына қызмет көрсететін «Kalibri Energy» ЖШС асханасы танылды, директоры Байдүсен Жақсылық Шалқарұлы. BI Group Development Холдингінде қаңтар және ақпан айларының нәтижелері бойынша ең көп балды МЖК-Премиум дивизионының Park avenue (2-ші кезек) жобасына қызмет көрсететін ЖК «Токсиитов Т.А.» асханасы алды. Оларға ауыспалы жалауша және BI Group Development холдингі басшылығынан алғыс хат табыс етілді. Құттықтаймыз! Сіздердің назарларыңызды әр бір асханада «Шағымдар мен Ұсыныстар кітабы» жұмыс істейтіндігіне аударамыз. Онда өздеріңіздің тілектеріңіз бен ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстарыңызды көрсетулеріңізді сұраймыз.
26
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
BI LIFE
«KAZPACO» ЖОЛ ДИВИЗИОНЫНЫҢ КОМАНДАСЫ ЫНТАЛАНДЫРУ САПАРЫНАН ОРАЛДЫ «KAZPACO» жол дивизионының командасы Пхукет аралынан ынталандыру сапарынан оралды. «Пхукет – нағыз тропикалық жұмақ», – деп бөліседі дивизион қызметкерлері. Пхукетте біздің экзотикалық демалыс туралы елесіміздің бәрі бар: таулар, сарқырама, аппақ пляждар, кокос плантациясы, экзотикалық жануарлар, жемістер. Пхукет аумағының 70%-ы – көз тоймас керемет таулардан тұрады, біз оларды ұшақ иллюминаторы арқылы тамашаладық. Пхукетте әрқашан жылы және дымқыл.
Бірінші күні біз атыраптармен таныстық, және біз үшін үйреншікті емес климатқа үйрендік. Сонымен қатар, келесі күні таңертеңнен бастап белсенді демалыс күндерін бастадық. Шолу экскурсиялары біз үшін ең ғажайып әсерлер қалдырды: Будда храмы, латекс фабрикасы, жылан фермасы, зергерлік фабрика, інжу-маржан фабрикасы. Пхукет аралынан бір сағаттық жол жүретін жерде Тайландтың атақты аралы Пхи Пхи орналасқан. Нақ осы жерде аты шулы «Пляж» фильмінің түсірілімі жүргізілген, оның басты ролінде Леонардо Ди Каприо ойнаған. Бұл жерлердің керемет сұлулығы соншалықты, оларды ұмыту қиын. Жартастар, көкшіл теңіз және суасты әлемінің байлығы – осының бәрі біртұтас әлемдей үйлескен. Демалыстың соңғы күнінде гала-кешкі ас ұйымдастырылды, онда қызметкерлер тығыз отбасы шеңберіне жиналып, өз әсерлерімен бөлісті. 10 күн көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті, ең керемет жерлерде болып, оңтүстік күн сәулелерінен рахат алдық, теңіз толқының шуылымен команда өз демалысын тәмамдады, сөйтіп, жағымды әсерлерден қуат алып, еңбек күндерін ары қарай жалғастыру үшін энергетикалық қуатын толықтырды. Дивизион командасы туған жерлері – Қазақстанға қайтып оралды да, жұмыстарын жалғастырды. Дана Кабаш, дивизионның HR-менеджері, Әсемгүл Омарова, «Арқалық-Шұбаркөл» жобасының кадрлар бөлімінің маманы
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
27
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР
BI Group Construction Холдингі «Өнеркәсіптік-азаматық құрылыс» дивизионы
Кездыкпаев Ерлан Есенбайұлы
Қарсақбаев Жомарт Бахытұлы
Яковенко Николай Павлович
Өскемен қаласындағы «120 орындық арнайы корпусы бар 720 оқушыға есептелген «Химиябиология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жобасының басшысы қызметіне тағайындалды. Компанияда 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді. “Восточный”, “Восточный -2”, “Отау”, “Достар-1,2”, “Краун Плаза”, “Солнечный город-1”, «Viva Plaza» ТК-нің құрылыстарына қатысқан. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Астана- Бурабай» трассаларының жол жобаларының құрылысына қатысқан. .
Өскемен қаласындағы «120 орындық арнайы корпусы бар 720 оқушыға есептелген «Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жобасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Астана қаласының Политехникалық колледжін аяқтады, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобильдік-жол академиясын «Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады. Компанияда 2014 жылдың қазанынан бастап жұмыс істейді.
Өскемен қаласындағы «120 орындық арнайы корпусы бар 720 оқушыға есептелген «Химиябиология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жобасының телім бастығы қызметіне тағайындалды». Құрылыс саласындағы жұмыс өтілі 38 жыл, Өскемен қаласының құрылыс компанияларында аға прораб,техникалық қадағалау инженері болып жұмыс істеген, сонымен қатар басшылық қызметтер атқарған.
BI Group-Construction Холдингі «Казахдорстрой» Дивизионы
28
BI Group Development Холдингі «МЖК-Астана» дивизионы
Исабеков Медет Ерболұлы
Шамсутдинов Ильдар Закиұлы
«Астана-Ерейментау 58-88» жобасының басшысы қызметіне тағайындалды. Ахмет Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін специальность «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. Бұрын «Қостанай қаласындағы айналма жол» жобасының басшысы қызметін атқарған.
ҚжЕҚ қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды. 1995 жылы Арқалық политехникалық техникумын «Құрылыс және ғимараттар мен имараттарды пайдалану» мамандығы бойынша аяқтады. 2012 жылы Қазақ тұтынущылар одағының КЭУ «Юриспруденция» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. Корпоративтік жұмыс өтілі 2 жылдан астам. 2014 жылдың қыркүйегінде, қарашасында КУ өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша семинарды тыңдады.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР
BI Group Development Холдинг і Корпоративтік орталық
BI Group Development Холдингі «МЖК-Астана» дивизионы
Баспаева Ольга Вадимовна
Жанкобулова Әлия Әміржанқызы
Асқарова Мария Советқызы
Персонал бойынша басқарушы директор қызметіне тағайындалды. Бұрын Корпоративтік университет директоры қызметін атқарған. 2006 жылы Халықаралық бизнес академиясын, Алматы қаласында МВА аяқтады. Холдингте 2012 жылдың ақпанынан бері жұмыс істейді. Бұрын «Недвижимость Казахстана» газетінде HR-менеджер, «Цеснабанк» АҚ Персоналды дамыту басқармасының жетекші маманы және Орталық Азияның АНКОР кадрлар холдингінде рекрутер-консультант қызметтерін атқарған.
Кадрлар бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды. 1985 жылы Рудный Индустриалды институтын «Инженер- электромеханик» мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Орталық-Азия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтады. Жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан астам, кадрлар бөлімінде – 10 жылдан астам. Бұрын жеке және мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.
Кепілдік қызмет көрсету бөлімі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. 1991 жылы ЦИҚИ «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтады. Холдингте 2004 жылдың қарашасынан бастап жұмыс істейді. Бұрын ОГО бас маманы қызметін атқарған. 2015 жылдан бері Pre-MBA BI тыңдаушысы болып табылады.
BI Group Development Холдингі «ИЖС-Астана» дивизионы
Гатовский Михаил Евгеньевич
Қабылқас Арман Нұриденұлы
ИЖС дивизионының жабдықтау және логистика бөлімі бастығы қызметіне тағайындалды. Бұрын «МЖК-Астана» дивизионында материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген. Корпоративтік жұмыс өтілі 2 жыл.
Арман қала Г-1 (8-кезек) жобасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, бұрын «ИЖСАстана» дивизионының жабдықтау және логистика бөлімі бастығы болып жұмыс істеген. ҚАЗМЗУ «Заңтану» мамандығы бойынша және КУ Pre-MBA бойынша аяқтаған. Корпоративтік жұмыс өтілі 5 жылдан астам.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
29
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
ОЙЛАУДЫ ДАМЫТАМЫЗ: ШАХМАТ
Өздігінен даму дегеніміз – бұл үнемі өзін өзі тәрбиелеу бойынша жұмыс істеу, өздігінен жетілу және жеке қасиеттерін дамыту деген сөз. Бұл үдеріс барысында адам өзінің тілек - мақсаттарына бар назарын шоғырландырады және ұдайы оларды жетілдіріп отыру үшін жаңа біліммен қаруланып отырады. Бұл үдеріс өмірде табысқа жетудің ең негізгі кепілі болып табылады. BI TIMES журналының өткен шығарылымдарында біз сіздермен спорттың пайдасы, саламатты өмір салтын тек BI Group қабырғаларында ғана емес, одан тысқары жерде де дамытып отыру туралы әңгіме қозғадық. Енді ақыл-ойды дамыту туралы сөйлесетін уақыт келді. Білім - түсінікті де анық ұғым, ал ақылойдың өзін қалай дамытуға болады? Стратегиялық және аналитикалық ойлау білігін өзімізге өмірде де, жұмыста да пайдалы қылу үшін не істеуіміз қажет? Өздігінен дамудың ең көп тараған түрлерінің бірі – Шахмат ойнау. Әңгіме сол туралы болмақ ... Шахмат – мыңдаған жылдарға созылатын тарихы бар, өзінің көпшілікке танымалдығын тіпті компьютерлік технология ғасырында да жоғалтпай келе жатқан ойын. Шахматтың басты құндылықтарының бірі адамның интеллектуалдық қабілеттерін дамыту болып табылады. Ойын үдерісі бас миының екі жартышарларына бірдей жұмыс істетеді, сондықтан олар үйлесімді және реттелген түрде дамиды. Шахмат – бұл элиталық ойын, оны көптеген саяси қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, әртүрлі дәуірлердің шығармашыл тұлғалары ұнатып ойнаған. Оны заңды түрде адамзаттың ең ежелгі ойындарының бірі деп атауға болады. Шахмат туралы еске түсірулерді біржарым мың бұрынғы замадағы дереккөздерден табуға болады. Шахмат ойнау барысында біздің миымыз баға жетпес интеллектуалды қорек алады, жетіледі және дамиды. ШАХМАТ ОЙНАУДЫҢ ПАЙДАСЫ Ойын партиясы кезінде бас миының екі жартышарлары бірдей жұмыс істейді. Адам бірден логикалық және абстрактылы ойлауды пайдаланады. Логикалық ойлауға мидың сол жақ жартышары жауап береді. Ойыншы партияның шешімін ойланады, жүрістердің бірізді реттілігін жасайды, оқиғалардың сауатты тізбегін құрастырады. Мидың оң жақ жартышары – бұл абстрактылы ойлау. Ол ықтималды жағдаяттар жасау үшін жауап береді. Ойыншы қарсылысы жасауы мүмкін жүрістерге назар аударады, партияны үлгіленген жағдаяттар негізінде құрастырады. Сонымен қатар ойын барысында шұғыл және ұзақ мерзімді жады белсенді қолданылады. Адам мнемикалық үдерістерге дем береді. Шахмат сандық, көзбен шолу және түстік белгілерге сүйеніп ақпараттануға негізделеді, оларды адамның бас миы бір мезгілде өңдеп шығуы қажет. Әрине, мұндай жүктеме интеллектуалды қабілеттерге оң әсерін тигізеді. Жақсы шахматшы дұрыс жорамал жасауы, ойынның шешімін бағдарлай білуі, қарсыластың жүрістерін алдын ала болжап біліп отыруы қажет. Оның үстіне, ойыншы тез шешім қабылдап, олардың салдарын ескеріп отыруға үйренуі тиіс. Мұндай дағдыларды үйрену – шахматтың баға жетпейтін пайдасы. Мамандар балаларды шахмат ойнауға ерте жастан бастап үйретуге кеңес береді. Егер бастапқы кезеңнен бастап осы ойынға құмарлықты оята білсе, бұл баланың интеллектуалды және жеке тұлғалық дамуына оң әсерін тигізеді. Балалар логикалық ойлауға, ойларын шоғырландыруға, ақпаратты есте сақтауға үйренеді. Оның үстіне шахмат ойнау олардың жеңіске деген жігерін, мінездің табандылығын және эмоционалдық
30
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ тұрақтылықты дамытады. Партиядан ұтылу – бұл да тәрбиелеудің маңызды элементі болып табылады. Бала жеңілуді, өз қателерін талдауды , баға жетпес тәжірибе жинақтауды үйренеді. Жеңілісті лайықты бастан кешіру және одан өзіне пайда ала білу – мінездің маңызды қасиеті, оны шахмат ойыны кезінде қалыптастыруға болады. ШАХМАТ ПАРТИЯСЫ: ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАНАҒАТТАНУ ЖӘНЕ МИДЫ ЖАТТЫҚТЫРУ Кез-келген ойын сияқты, шахматтың да өз ережелері бар. Көп адамдар шахмат фигураларының қалай жүретінін жаттап алса болғаны, оны ойнау оңай деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. Бұл жай ғана фигуралардың тақта үстімен қозғалып жүруі емес. Дәл осындай себеппен, жыл сайын шахмат бойынша турнирлер өткізіліп, оған барлық дүние жүзінен дарынды оцйыншылар қатысып, жарысады. Шахмат – спорттың толық бағалы бір түрі, жеңу үшін үнемі жаттығып отыру қажет. Ойын барысында логикалық ойлау, айлалы жүрістер құра білу, стратегия және тактика қажет. Жақсы ойыншы зейінді, орнықты және төзімді бола білуі қажет. Шахмат ойнауды үйренудің түрлі тәсілдері бар. Кітабын тауып алыңыздар, ойын туралы Интернеттен оқып біліңіздер, жақсы ойыншыдан үйретуін сұраңыздар. Әртүрлі адамдар әртүрлі тәсілдерді таңдайды, өйткені біз ақпаратты әртүрлі қабылдаймыз. Біреулерге оқып шықса болғаны, кейбіреулерге айтып беру керек, тағы сондай. Ойынды үйрену барысында ойынның ерекшеліктерін түсініп алу үшін асықпау қажет. Әр жүрісті, әр әрекетті жақсырақ есте сақтап, түсіну үшін тақта үстінде қайталап көру қажет. Теорияны үйреніп болған соң, ойнауды бастаңыздар. Өз-өзіңмен ойнаудың қажеті жоқ, бұл сізге қажетті дағдыларды бермейді. Әрдайым қарсыласпен ойнаған дұрыс. Өзіңізге шахмат бойынша, сізден гөрі тәжірибесі бар серіктес тауып алу қажет. Осылайша, сіз одан жаңа тактикалық тәсілдерді үйренесіз, оның шеберлігіне жетуге ұмтыласыз, сөйтіп жылдамырақ кәсіпқой шахматшыға айналасыз. Оның үстіне тәжірибелі тәлімгер жаңа бастаған ойыншылардың қателерін тез көріп, түзетуге көмектеседі. Барлық адамдар бірдей шахмат клубтарына барып ойнауға уақыт таба бермейді. Мұндай жағдайда, шахмат ойнауды, үйде айналысуға болатын хоббиге айналдырыңыз. Бүгін компьютерлерге, планшеттерге және телефондарға арналған көптеген үйрету бағдарламалары бар. Сіз партияны кез-келген ыңғайлы уақытта бастай аласыз. Бағдарламаларды өз деңгейіңізге оңай реттеп келтіруге болады. Сонымен бірге, олардың үйренуді жеңілдететін сыбыр сөздері болады. Жаңадан бастаушылар кейде шахматты тастап кетеді, оларға бұл ойын іш пыстыратын, қызық емес болып көрінеді. Алғашқы әсерге бой алдырмаған жөн. Шахматты миға арналған жаттықтырғыш деп ойлаңыз, оны күнделікті қайталап отыру қажет. Бұл сізге ойынды бастапқы кезеңде тастап кетпеуге көмектеседі. Біраз уақыттан соң сіз бұл ойынның ғажабын түсіне бастайсыз, логикалық ойлауды үйренесіз. Сіздің стратегияларыңыз табысты бола бастайды. Дұрыс жасалған жүрістер әкелетін жеңіс қуанышына баға жетпейді. Сол кезде сіз, шахматқа ынтық адамдардың неліктен көп екенін түсінетін боласыз, өзіңіз де солардың қатарын толықтырасыз. Тіпті жеңілістің өзі де қанағат әкеледі. Қарсыласыңыз мұқият жоспарлаған әдемі партия – бұл тек тәжірибе ғана емес, сонымен қатар жаңа білім болып табылады. Әдемі партиялар екі ойыншыға да эстетикалық қанағат сыйлайды. Егер шахмат қызықсыз болып көрінетін бастапқы кезеңге төзсеңіз, кейін сіз өзіңіз де бұл ойынның тартымдылығына көз жеткізесіз. Бизнес дегеніміз – бұл үлкен шахмат тақтасы екені ешкімге құпия емес. Алдын ала болжап білу, және оқиғаларды жорамалдау, ойынның барлық мүмкін болатын нұсқаларын есептеп шығуға ұмтылу және шешімін табу, жылдам шешім қабылдау және шешуші жүрістерді жасау – міне шахматшы алатын негізгі дағдылар осындай. Материалды дайындаған Бахыт Ибраев, BI Group Construction Холдингі маркетологы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке шахматы.. Экспонат Президенттің дәйексөзімен қойылған, онда мемлекетті басқаратын кез-келген адам шахмат ойнай білу керектіг туралы і айтылған.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
31
BI LIFE
BI GROUP CONSTRUCTION: ТАРИХТЫҢ ІЗІМЕН Адамның мәдени дамуы оның тұлға ретінде дамуының негізін қалаушы болып табылады. Өзі өмір сүріп жатқан елдің тарихын білу – оның міндеті. BI Group Construction – ірі әлеуметтік-жауапты Холдинг ретінде, осы бағытта қолдау көрсету мақсатында, қызметкерлер үшін мәдени-ағарту бағдарламасын ұйымдастырды. Осы бағдарлама шеңберінде 2015 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы – Орта Азияда аналогы жоқ, соны жоба. Мұражай 2014 жылы 2 шілдеде ашылған. Ұлттық мұражайда бірегей экспозициялары бар заманауи көрме технологиялары пайдаланылады. Ықылас білдірген қызметкерлер мұражайды аралауды «Этнография залы», «Тәуелсіз Қазақстан залы», «Астана» залына» шолу экскурсиясын жасаудан бастады. Алдымен, экскурсияға қатысушылар Қазақстан картасы пішіндес өзгеше экраннан «Өз елім» атты таныстырылымды тамашалады. Ал экскурсия «Астана» атты динамикалық шоумен аяқталды. Бұдан соң әркім өзі қалаған залдарды аралап, мұражай жәдігерлерімен танысуды жалғастырды. Экскурсияға қатысушылар мұражайдан зор әсер алып, тәнті болып қайтты және келешекте мұнда тағы келуге ықылас-тілектерін білдірді. Осы тамаша мәдени бастама біздің компания үшін жақсы дәтүрге айналып, жалғасын табатынына сенімдіміз. «Тұңғыш Президент Мұражайына» келесі экскурсия 14 наурызға жоспарланды. Аида Заришева, BI Group Construction HR-менеджері
32
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
BI LIFE
НАҒЫЗ ЕРЛЕР МЕРЕКЕСІ
Ескі де, жарқын мереке – Отан қорғаушылар күнін тойлау – бұрынғыша дәстүр болып қала береді. «Қазақжолқұрылыс» ЖШШ-ның Солтүстік-Шығыс филиалында жұмыс істейтін әйелдер ұжымы екінші жыл қатарынан ұжым жігіттерін мерекелерімен құттықтады. Бұл күні біз жігіттерге арнап мерекелік дастарқан жайдық, шағын сыйлықтар дайындадық және мерекелік-конкурстық бағдарлама ұйымдастырдық: біздің жігіттер әскери әндерді сапта жүріп шырқады, дене жаттығуларын көрсетті, конкурс шарттары бойынша, бірде қарақшылар бейнесін сомдаса, енді бір кезекте екі командаға бөлініп, жылдамдықтарын сынап, орындықтар жасап жарысты. Барлық қатысушылар осы іс-шарадан ұшан-теңіз жағымды әсер алды! Анара Асанова, кадрлер бөлімінің маманы
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Автожол НС» жол дивизионы ұжымы жоба басшысы Айдын Майусовты екінші ұлының туылуымен құттықтайды және сәби мен оның анасына денсаулық тілейді! Айдын Серікұлы және оның жұбайы Дана BI Group компаниясында танысты. Олардың танысу тарихы бір романтикалық фильмнің сценариіне арқау бола алады. Олар 2008 жылы танысты. Ол кезде Айдын Серікұлы смета жасау бөлімінің бастығы болатын, және оның кабинетінде бөлме өсімдіктері толып тұратын. Әдеттегідей бір жұмыс күні кабинетке бухгалтерия бөлімінен бір әдемі қыз гүл өскінін сұрап келді. Әрине қыз жігітімізге бірден ұнады, алайда олардың ара қатынастары әзірше достық деңгейде қалды. Айдын Серікұлы, біздің компания жобаларын іске асыру үшін Ханты-Мансийскіге жол жүріп кетті. Бірақ тағдыр екеуіне бірге болуды жазыпты, олар «Қазақжолқұрылыс» ЖШСда жұмыс істеп жүріп, тағы кездесті, осыдан бастап енді бір-бірінен айрылмауға бел шешті.Айдын Серікұлы мен Дана үйлену тойын жасау үшін әдемі датаны таңдады. Енді, міне, олардың тұңғыштары Ерасылдың Алдияр атты кішкентай бауыры бар. Мінеки, BI Group жүректерді осылай қосады! Біз құттықтауларға қосыламыз!
«МЖК-АЛМАТЫ» КИНО КЕШІН СЫЙЛАЙДЫ
2014 жылдың қорытындыларын «МЖК-Алматы» Дивизионының «Astana Realty Plus» ЖШС «Hollywood» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырып, өзіндік бір жарқын тәсілмен атап өтті. Бұл кеште әр адам өзін нағыз жұлдыздай сезінді. Қонақтар қызыл кілем үстімен жүріп өтті, оларды саксофон әуенімен қарсы алды. Компания қызметкерлері екі командаға бөлініп, төменде аталған әйгілі фильмдерді сахналады: «Кедейлер ауылынан шыққан миллионер», «Маска», «Шуриктің шытырман оқиғалары». Іс-шараның соңында, «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған қазақстандық әйгілі актер Ерболат Тоғызақов, компания қызметкерлеріне дипломдар және жыл қорытындылары бойынша Оскарларды тапсырды
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
33
ЖҰЛДЫЗАЙ
BI «ЖҰЛДЫЗАЙ» ҚОРЫ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
Дробышева Л. В. (ЛФК РК Ассоциациясының Президенті) «Анашыммен бірге» бағдарламасы бойынша балалар және олардың аналарымен ЛФК бойынша сабақтар өткізуде, Жаңаөзен қаласы
BI «Жұлдызай» қорының медициналық-әлеуметтік жобасы Маңғыстау облысында өзінің алғашқы және маңызды нәтижелерін көрсетті. Еске сала кетейік, 2015 жылғы 15 және 17 қаңтар аралығында Жаңаөзен қаласында «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың шектелмеген резервтері» атты медициналық-әлеуметтік жоба бастама алды. Тексеру қорытындысында, күрделі ота жасауға, қайта дәрігерлік кеңестерге, комбустиолог-ортопед, реабилитолог, эпилептолог-невролог және невропатолог мамандардың кеңестеріне мұқтаж балалар анықталды. Осы мақсаттарға байланысты, Вильнюс қаласынан «Сантаришке» емханасының дәрігерлері – біздің литвалық достарымыз шақырылды. Олар ҰҒАБ АҚ (Ұлттық ғылыми Ана мен Бала орталығы), РБОО АҚ (Республикалық балаларды оңалту орталығы) және «Ақсай» УК (Университеттік клиника) дәрігерлерімен бірге 18 ақпанда алдыңғы қойылған міндеттерді орындау үшін Маңғыстау облысына жол жүрді. Нәтижелері мынадай: Литва қаласынан келген профессор Кестутис Санюкас Ақтау қаласында 2 балаға «Туа біткен сан сүйегінің шығуы» диагнозы бойынша ота жасады; - 5 балаға мынадай оталар жасалды: - Төс сүйегінің семсер тәрізді өсік эпихондромасы; - Оң қолдың 3-5 саусақтарына (постожоговая контрактура); - Оң қолдың 2-5 саусақтарына (постожоговая рубцовая контрактура);
34
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
- Оң жақ сан сүйегінің хондромасы; - Сол жақ шынтақ буынының постравматикалық деформациясыа, Жаңаөзен қ., Нағыманов Б.А. (м.ғ.к., ҚР ДМ штаттан тыс ортопеді) 9 балаға ЭЭГ мониторингі жасалды; Дәрігер – эпилептолог Пранинскиене Рутаның кеңестері, (Вильнюс қ., Литва) Жергілікті дәрігерлермен үйрету шебер-сыныптары өткізілді. 15 сертификат тапсырылды. 18 ақпаннан 4 наурызға дейін 50 шақты бала және олардың аналары, ресми ашылуы 2015 жылдың 18 наурызына белгіленген ДСК (денешынықтыру-сауықтандыру кешені) кешенінің «Жұлдызай» МОО-да (медициналық оңалту орталығы) «Анашыммен бірге» бағдарламасы бойынша Дро-
Жаңаөзен қ., ота жасау
ЖҰЛДЫЗАЙ бышева Л.В. өткізген ЛФК сабақтарына қатысты. Одан ары, Маңғыстау облысындағы барлық іс-шаралар аяқталған соң, дәрігерлер Астанаға қайта оралып, бұл жерде Кестутис Санюкас 9 ота жасады, оның ішінде 8-і ҰҒАБ АҚ –да, және 1-уі Астана қаласы № 2 ҚБА-да жүзеге асырылды. Сонымен бірге, Литва қаласынан келген білікті дәрігер эпилептолог-невролог Пранинскиене Рута «Жұлдызай» қоры негізінде 31 баланы тексеріп, дәрігерлік кеңестер берді. Медициналық-әлеуметтік жоба шеңберінде мамандар дайындау мақсатында, қазіргі күні Жаңаөзен қаласының № 2 балалар емханасының екі қызметкері Астана қаласындағы РБОО АҚ –да оңалтудың өзекті мәселелері бойынша оқып үйренуде.
Пранинскиене Рута, невропатолог – эпилептолог дәрігер (Вильнюс қ., Литва) Жаңаөзен қаласында кеңестер беру үстінде
БІЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫМЫЗ! Біз сіздерді сәбилердің сырқаттарынан айығуларына үшін өте ризамын.Қызметкерлерге мейірімдері және байланысты бақытты оқиғалармен таныстыруды бізге деген ақ ниетті пейілдері үшін, сіздердің қиын жалғастырамыз. Мұнда сіздердің де үлестеріңіз бар, да ауыр жұмыстарыңыз үшін бөлек алғыс білдіргім қымбатты қызметкерлер. келеді. Сіздерге жолыққаным үшін қатты қуаныштымын, Ералы Томирис – 3- жасар қыз, ДЦП диагнозымен ең сіздерге амандық-саулық және өркендей берулеріңізді алғаш «Жұлдызай» қорына келгенде өте әлсіз болатын. тілеймін!» – деп Томиристің анасы ағынан жарылды. Отыра да алмайтын, аунай да алмайтын, дене бітімі Біз сәбилерге сауығудың қиын да болса, қол жетімді бұралып біткен болатын. үдерістерінде жаңа табыстарға жете берулеріне «Жұлдызай» МОО-да үш оңалту курстарынан өткен тілектеспіз. соң және тұзды шахтада тыныс алу процедуралары, логопед-дефектолог сабақтары, сонымен бірге ине терапиясы және массаж жасау тәрізді емдеуденешынықтырудан тұратын кәсіпқойлық емдерді алған соң, Томирис өздігінен аунап түсуге бейімделді. Одан ары қарай гиперкинез де азайды, баланың денесі табиғи қалыпқа келе бастады. Ине терапиясын өткізудің арқасында ішек жолдарының жұмысы жақсарды. ЛФК нұсқаушысы өткізген сабақтардың нәтижесінде әуелі еңбектеп, содан соң аяғынан тұрып алғашқы қадамдарын жасай бастады. Логопеддефектолог сабақтары да жемісін көп күттірген жоқ, Томик (мамасы оны осылай атайды) ептеп сөйлей алатын болды. Төсекке таңылып, тек түсініксіз дыбыстар ғана шығара алатын баланы аяғынан тік тұрғызу іске асырғысыз болып көрінген. Алайда, біздің мамандардың табанды командалық жұмысы осындай нәтижелер берді. Қор базасына енгізілген әрбір бала білікті мамандардың дәрігерлік тексерулерінен өтіп, кеңестерін тыңдады. Осы балалардың әрқайсысы біздің қордың бір бөлшегіне айналды. Біздің барлығымыздың жүректеріміз олардың денсаулығы үшін бір жүректей соғады! «Жұлдызай» қорымен алғашқы танысуымыз 2013 жылы болды. Біз бір орталыққа барып, денешынықтыру емдеу бойынша ақылы курстарға қатысып жүргенбіз, сол жерде басқа аналармен танысып, олардан кәсіпқойлар командасы жұмыс істейтін орталық туралы естідім. Мен бірден қызығушылық танытып, ол қай жерде, базаны қалай табуға болатыны жайлы Ералы Томирис сұрастырып біле бастадым. Осылайша, біз анасымен бірге сіздерге келдік. «Жұлдызай» қорына көмектері
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
35
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
БЕЙЖІНДЕ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ӘУЕЖАЙ САЛЫНАДЫ
Захи Хадидтің конкурстық жобасы жаңа Бейжің әуежайы құрылысын салу туралы берілген барлық өтінімдердің арасынан ең үздік деп танылды. Бейжіңнің жанында бірнеше әуежайлар салынған, алайда олар өздеріне түсетін күш-салмаққа төтеп бере алмауда: жолаушылар легі күн сайын арта түсуде, таяу арада бұл үлкен қиындықтарға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жергілікті билік қазірден бастап үлкен әрі жетілдіріле түскен әуе вокзалын салу туралы бастама көтеріп отыр. Захи Хадидтің бюросынан басқа, жобамен жұмыс жасауға ADPI инженерік компаниясы шақырылды, оның қызметкерлері Шарля де Голля және Орли атындағы париждік әуежайлар терминалдарында қызмет көрсетумен айналысады. Жобаға сәйкес, жаңа ғимарат жылына 45 млн жолаушыларға қызмет көрсете алады. Терминал теміржол қатынасымен тығыз байланыста болады, ал кешеннің жалпы ауданы шамамен 700 000 ш м. құрайды. Бастаманың бюджеті – 13 млрд доллардан асады. Жұмыс таяу арада басталып, 2018 жылы аяқталады. Хадидтің айтуынша, жаңа әуежай Бейжіңнің ең маңызды экономикалық және мәдени орталықтардың бірі болып қала беруіне көмектеседі және жаһандық әлемде байланыстарды кеңейте түсуді қамтамасыз етеді.
36
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ӘЛЕМДІК ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРДАҒЫ ҚОНАҮЙЛЕР ҚҰРЫЛЫСЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ СЕРПІЛІС
TopHotelProjects – қонақүйлер туралы жетекші ақпараттық портал – ғаламшардың ең ірі мегаполистеріндегі жоғарғы санатты қонақүйлер құрылысы туралы өздерінің статистикаларын жүргізді.Осы статистикаға сәйкес, халықаралық экономикалық орталықтар жетекші дүниежүзілік қонақүйлер брендтерінің қонақүйлер құрылысы төңірегінде кәдімгідей серпілісті бастан кешіруде. Брендті қонақүйлердің ең көп құрылыс саны Нью-Йоркте салынуда. Егер бұл мегаполистегі жыл сайынғы туристер легі, шамамен алғанда, 11,8 млн адамды құрайтынын ескерсек, бұған таңдануға болмайды. Қазіргі күні Нью-Йоркте 83 жоғарғы санатты қонақүй нысандарының құрылысы жүргізілуде. Жыл сайын 18,7 млн. туристерді қабылдайтын, әлемдегі ең ірі туристік орталық – Лондонда – қазір 51 қонақүй жобасы іске асырылуда. Мамандардың айтуынша, Британия астанасындағы қонақүй салу серпілісі оның туристік орталық ретінде танымалдығының тұрақты өсуімен түсіндіріледі. Инвесторлар қонақүйлер құрылысына, олардың бәрі жоғарғы санатты, қаржыларын аямай құюда. Әр жыл сайын, әлемдегі ең романтикалық астана – Парижге 15,7 милн. жуық саяхатшылар келеді. Париждің қонақүй индустриясын дамытуға инвестициялар, алдыңғы қалалардікімен салыстырғанда қарапайымдау, алайда салынып жатқан 29 қонақүй француздардың астанасындағы ең жетекші қонақүйлерге айналатыны айдан анық. Таяуда ашылған люкс санатындағы екі қонақүй - Mandarin Oriental қонақүйі және Еуропада бірінші рет салынған Peninsula Hotels компаниясының қонақүйі, салымшылар тарапынан Париждің қонақүй индустриясына үлкен қызығушылық бар екенін білдіріп отыр. 2015 жылы Германияның ең ірі қаржы орталығы Майнадағы Франкфуртта 19 қонақүй нысаны ашылады деп күтілуде, олардың бірі Accor қонақүйлер компаниясының салтанатты мейманханасы болмақ. Осы қонақүй индустриясы саласының еуропалық көшбасшысы ең сәнді құрылыс алаңы конкурсының жеңімпазы аталды. Accorдың жаңа қонақүйі Ескі операға жақын, Майнадағы Франкфурттың іскерлік ауданының дәл орталығында салынады. Жаңа бесжұлдызды Sofitel қонақүйінің нөмірлік қоры 150 бірлікті құрайды, ал құрылыстың құны компания үшін 250 млн.евроға түсіп отыр. Сонымен бірге, қонақүй индустриясы саласында ең жақсы дамыған қалалардың тізімінде 17 қонақүй нысанын тұрғызып жатқан Сингапур, 7 жаңа мейманхана құрылысымен айналысып жатқан Гонконг, және таяу арада 6 жаңа люксті қонақүйлері ашылатын Токио қалалары бар.
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
37
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2016 ЖЫЛЫ ДУБАЙДА ALADDIN CITY ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Металл, шыны және бетон материалдарын бірегей біріктіру арқылы іске асырылған «Аладдиннің қаласы» деп аталатын бұл құрылыс Хор –Дубай деп аталатын тарихи орында тура су үстіне салынады. Осы таңғажайып архитектуралық жобаның құрылысын бастау 2016 жылға жоспарланған. Идеялардың фантастикалықтығына қарамастан, жұмыстар жоспарланып, осы орасан зор жобаны қаржыландыру басталып кетті. Aladdin City жобасының негізіне Синдбад-теңізшінің саяхаттары және батыл Аладдин туралы ертегілердің суреттері алынған. Сонымен бірге, құрылыс үшін таңдалған орын ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Дүниежүзілік мұра тізбесіне енгізілуі жоспарланып отырған, қорғалатын аймақпен қиылыспайды. Қазіргі таңда келешекте мұнаралар тұрғызылатын аудандарда ағаш қайықтар мен шағын кемелерге арналған айлақтар орналасқан. Аладдин қаласының мұнаралары, ойға алынған құрылыс жоспары бойынша, болашақ қонақүйлер нөмірлерін, сонымен қатар көптеген дүкендер, мейрамханалар және кеңселерді қамтиды. Шығанақтың өзі, сауда порты орнына енді жолаушылар жүзетін кемелер орны мен су үстінде әртүрлі ойын-сауықтар өткізетін орынға айналады.
38
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
«САНТЬЯГО БЕРНАБЕУ» РЕКОНСТРУКЦИЯСЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛУЫ МҮМКІН
Мадридтік «Реалдың» стадион үйі «Сантьяго Бернабеудің» реконструкциясы кейінге қалдырылуы мүмкін,- деп хабарлайды ресми сайт. Себебі Мадридтің жоғарғы соты клуб пен испандық астана биліктері арасындағы келісімшартты, «Реалға» арена айналасындағы жерді алу барысында заңсыз көмек көрсетілген деген желеумен бұзған. Мадридтік клубтағылар барлық кемшіліктерді ескере отырып, ынтымақтастыққа дайын екендерін мәлімдеді. Бұдан бұрынырақ, «Сантьяго Бернабеудің» реконструкциясы 500 миллион евроға түсетіні мәлім болған. Сонымен қатар, AS-тың хабарлауынша, «Королевский клубтың» үйдегі аренасы өзінің атауын Абу-Даби International Petroleum Investment Company (IPIC) мемлекеттік мұнай инвестициялық компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде өзгертіп, «Абу- Даби Бернабеу» атауын алады. Стадионның атын қайта қойғаны үшін БАЭ компаниясы «Реалға» жылына 20 миллион евро төлеп отыратын болады, бұл қаржыны мадридтік клуб, аренаның реконструкциясына да жұмсауды жоспарлап отыр. Материалды дайындаған Бахыт Ибраев, BI Group Construcion Холдингі маркетологы
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
39
АЛ СІЗДЕР БІЛЕСІЗДЕР МЕ...
ЖАСЫРЫНУ ШЕБЕРІ ДЕП АТАЛАТЫН ЕРЕКШЕ ҮЙ БАР
Tham &Videgard агенттігі – 21 ғасырдың басындағы швед архитектурасы көшбасшыларының бірі - ағаш үстіне өзгеше бір үй салды. Оның өзгешелігі мынада: ол орманға өзіненөзі сіңіп жоғалып кетеді. Оны көріп қалу әжептәуір қиын, өйткені сыртқы қабырғалары айнадан жасалған. Егер бұл үй туралы естімеген болсаңыз немесе оның дәл қай жерде орналасқанын білмесеңіз, оны байқамай қалуыңыз мүмкін. Айнадан жасалған қабырғалары қоршап тұрған орман бейнесін тамаша шағылтып көрсетеді. Сыртынан не есік, не терезелері көрінбейді. Үйді тек кіретін есікке апаратын басқышынан ғана ажыратуға болады. Архитекторлар үй жергілікті пейзажбен бірге тұтасып кетуі үшін көп еңбек сіңірген. Оны, егер тұрған орнына зер салып қарамасаң, байқау мүлдем мүмкін емес.
40
BI TIMES No 02(26) - АҚПАН/2015
Үйді тұрғызып бекіту барысында бір де бір ағаш кесілмеген. Ол тек бір ағаштың діңіне жай ғана бекітілген. Қабырғалардың негізіне жеңіл алюминий пайдаланылған. Үй шағын ғана, алайда, оның ішіне қаланың әбігерінен қашып құтылғысы келетін екі адам еркін сыйып кетеді. Шағын балконы бар, ол да айналармен қапталған. Жергілікті фаунаны елеусіз ғана бақылап отыруға болады. Түнде бұл үйді терезелерінен түскен шам жарығынан ажыратасыз. Материалды дайындаған Шакола Александр, BI Group-Construction Холдингі ER-менеджері