Ежелгі әдебиет

Page 1


Сыр бойының ежелгі әдебиеті Сыр еліндегі әдеби көркем ойдың даму тарихын сөз еткенде ертедегі жазба ескерткіштерді зерделеу керек болады. Оның бастау алар кезеңі – ұлы бабамыз Қорқыт ғұмыр кешкен 9-10 ғасырлар. Зертеушілер қазақ әдебиетінің тарихын екі үлкен салаға бөліп, біріншісін көне түркі әдебиеті атап, оны «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама», «Махаббатнама» секілді көне әдебиет жазбаларымен байланыстырып келеді. Осы көне әдебиет жазбаларының сыр өңірінде жазылғанын мақтаныш ете отырып, ғасырлар бойы зерделеніп, сараланып, уақыт таразысынан өткен рухани байлығымызды қазіргі күн тұрғысынан талдап, осы құндылықтарымызды бүгінгі ұрпаққа және келесі толқындардың бойына сіңіруді мақсат ету тұрғысында осы шолу дайындалып, тұтынушылар назарына ұсынылып отыр.

Қорқыт ата кітабы: Жырлар. – Астана: Фолиант, 2008. – 608 б. – ( Сырдария кітапханасы) «Қорқыт ата кітабы» - бүкіл түркі әлемінің ұлы кітабы. Оны тұңғыш рет 1973 жылы қазақ тіліне тәржімалаған ғалым Әуелбек Қоңыратбаев болды. Қорқыт ата кітабы – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. Ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған емес, ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан, ұзақ жылдарды қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы. Ол ертеде жыр, ертегі, әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп, үлкен бір эпосқа (жырға) айналған. Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек, онда он шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, он шақты ру, тайпа ұлттарының өткен дәуіріндегі оқиғалары суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі Алтайда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде немесе Сыр бойында, Сардала мен Кавказда өтіп жатады. Бұлай болуы оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді жайлап өткендігіне байланысты еді. Сондықтан Қорқыт ата кітабына бір ел, не бір ғана халық ие боп меншіктей алмайды, онда бірнеше хаықтың үлесі бар. Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник.


атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады. “Қорқыт Атаның кітабының” басқа кейіпкерлеріне тоқтала кетсек Қазан – оғыз елінің көсемі және басқа кейіпкерлері Бәмсі-Бейрек, Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар басқа да қазақ эпостарынан елеулі орын алған.

Рабғузи Насреддин. Қисас – ул әнбия. – Астана: Фолиант, 2008. – 552 б.- ( Сырдария кітапханасы) Рабғузи Насреддин Бурһанеддин баласы ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІҮ ғасырдың басында өмір сүрген жазушы. Қазақ арасында көп тараған пайғамбар, әулиелер туралы хикая, аңыздар жинағының авторы. Араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерген, жергілікті түріктерден шыққан Насреддин Рабғузи Рабат қаласында мекен еткен. Оның оғыз тайпасының перзенті екенін өзінің есімі де айғақтайтап тұрғандай. Шірік-Рабат (бұрынғы Рабат қаласы) қаласының қазіргі орны Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қуаңдария ауылының өңірінде орналасқан. Кітаптың ХҮ ғасырға жататын бір нұсқасы Лондондағы Британия мұражайында, ХҮІ ғасырлық бір көшірмесі Ленинградтағы КСРО Ғылым академиясының шығыс фондысында сақталған. Н.Рабғузидің «Қисас-ул әнбия» атты кітабында қасиетті «Тәурат», «Забур», «Інжіл» және «Құран Кәрімдегі» пайғамбарлардың өмірі мен олардың бастан кешкен оқиғалары жайында айтылады. Оқырман діни, танымдық және тарихи сипаттағы іріктеп алынған көркем әңгімелер арқылы Адам ата мен Хауа анадан бастап, соңғы Мұхаммед пайғамбарға дейінгі адамзат тарихының таңдаулы оқиғаларымен таныса отырып, өміріне баға жетпес құнды ғибрат ала алады. Діни бағытта жазылған әдеби мұраның мақсаты ізгі, мұраты биік. Аса рахымды жаратушының 18 мың ғаламды қалай және не үшін жаратқаны, мүбәрак нұр иесі Адам атадан бастап, пайғамбардың сәруары атанған Хазіреті Мұхаммед с.ғ.с.-ға дейінгі аралықтағы көптеген пайғамбарлардың өз қауымы мен жұрты үшін атқарған игі істері жүйелі түрде баяндалады. Кітап көне түркі жазба ескерткіштеріне жатады. Көпшілікке арналған туынды.


Оғызнама //Әдеби жәдігерлер: Жиырма томдық. 1 том. Көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер. – Алматы: Таймас, 2007. – 504 б. – ( Мәдени мұра) Оғыздар, байырғы түркі руларының одағы, бірінші мыңжылдықтың басынан бастап, Сырдария өзенінің жағасында өмір кешкен. ІХ – Х ғасырларда оғыздар мемлекет құрып, астанасы Сырдарияда болды. Бұл қала Жаңакент немесе Жаңа Гузия деп аталды. Көне түркі әдебиетінің теңдессіз ескерткіші – «Оғыз – нама» дастанының мазмұнына үңілейік. Кітаптағы мәтіннің басында бұқаның – Оғыздың суреті тұр. Баяндау ежелгі түркілердің, дәлірек айтқанда, ежелгі түркі билеушісі – қағанның ұлы туған бағзы замандардан басталады. Бала қара көзі мен қара қасы қиылған сұлу болды, жалпы елден ерекше сипатта туылды. Нәресте айлап емес, күн санап өсті. Қырық күн дегенде аптал азамат болып, барлық жігіттерді еркін басқарды. Тамақ жегенде үлкен адамды жолда қалдырды, мәніді сөзімен ақсақал қарияны таңырқатты. Осы бір ерекше баланың атын әкесі Оғыз деп қойыпты. Сол маңайда бір үлкен орман балған. Онда жалмауыз пайда болып, ел-жұртын жеп қоймайды. Осы жалмауызды Оғыз қаған жеңеді. Оғыз көкпен тілдесуді ұнататын. Бір күні оңашада Аспан Құдайы Тәңірмен сырласып отырса, әлем түрлі-түсті бояуға малынып, Күннің нұры, Айдың арайы жерге шашылады. Сол кезде көктен ғажайып сұлу қыз түседі. Ару қыз Тәңірдің батырға тартқан сыйы болатын. Батыр бірден оған ғашық болып қалады да ол қызға ойланбастан үйленеді. Ай күні жеткенде әйелі үш ұл табады. Тұңғышына Күн, ортаншысына Ай, кенжесіне Жұлдыз деп ат қояды. Тағы бірде аң аулап жүріп, ағаштың қуысында отырған көрікті қызды көреді. Ол қыздың көзі көктен де көгірек, шашы теңіз толқынындай, тісі інжудей екен. Оғыз осы қызға да ғашық болып, үйленеді. Одан Көк, Тау, Теңіз деген үш ұлды болады. Бір күні Оғыз қаған ел-жұртына жарлық шашып, той жасайды. Тойда көк бөріні ұран етіп, дүниенің төрт бұрышына қаған болмақ ойы бар екенін жариялайды. Оғыз ханның алты ұлынан төрт-төрттен жиырма төрт ұрпақ тарап, тұтас бір тайпа елге айналады. Оғыздың рулары: қаңлы, қыпшақ, ұйғыр, қарлық, қалаш, ағачир болған. Оғыздың жорықтарын көкжал бөрі бастап отырады. Сонымен оғыз қаған жорығын былай елестетуге болады. Оғыз қаған әскері Мұзтауға (Алтайдың оңтүстігін) қырық күншілдік жерден шығып, Еділге қарай жүріп отырып, күшті көрші Византия – Үрім қағанмен


соғысып жеңеді. Еділ Жайықтағы Бұлғарияны, ежелгі қыпшақ руларын бағындырып, Сырдың орта ағысындағы қалың қаңлыларды біріктіріп өзіне қаратады. Содан әрі шығысқа қарай қарлұқ тайпаларымен бас қосып, одан кейін қазіргі Қытай жеріндегі таңғұт (тибет) шүршіт, масар, барақаларды қаратып, еліне қайтып оралады.....

Махаббатнама //Әдеби жәдігерлер: Жиырма томдық. 11 том: Хорезми. Махаббат – наме. – Алматы: Таймас, 2010. – ( Мәдени мұра) Сыр бойында туған орта ғасырлық мұралардың қатарына Хорезмидің «Махаббатнама» дастанын да қосамыз. 1985 жылы дастанның араб тіліндегі нұсқасын әдебиет зерттеушісі Алма Қыраубаева қазақ тіліне тұңғыш рет тәржімалап шықты. «Махаббатнама» - түркі әдебиетінің үлгісі. Дастанның басталуы мен аяқтамасы бар. Оның алғашқысы - ғазал да, соңғысы - хикаят. Негізгі бөлігі махаббат – сүйіспеншілік тақырыбына құрылған он бір намадан тұрады. Бұл дастан Ахмет Йасауидің сопылық поэзиясының әсерімен жазылған. «Махаббатнамадағы» сопылық дәстүр он бір хаттың өне бойында белгісіз бір қызға ғашықтығын баяндауынан байқалады. Сопылық поэзиядағы сүю – Жаратушыны тану жолындағы әрекет. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу – Алланың шеберлігін мадақтау болып табылады. Адам өз болмысын тану арқылы Алланың құдіретін таниды. Дастан «жауаптасу-хат», «арнау – хат» жазу арқылы, біреуге немесе көпшілікке арнау ретінде жазылған. Дастанда қыздың пікірлері яки жігітке қайтарған жауабы берілмейді. Оны тек жігіттің толғауларынан ғана аңғаруға болады. Жырда мақал-мәтел, Құран мен Хадистен үзінділер көп қолданылған. «Махаббатнаманың» «Хикаят» аталатын шағын бөлімі – шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек, өз алдына шығарма. Айтар ойы – азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақылпарасатты материалдық құндылықтардан артық қою. Ақын «Хикаяттың» соңын: «Әуре болма сарай іздеп көк тіреген керемет, Бір үзім нан, су болса, одан артық не керек» - деп аяқтайды. Бұл сопылық дүниеде жан тазалығын бәрінен жоғары қояды. Дастанда «шарап культі» жырланады. Шығыс поэзиясындағы «шарапқа мас болу» ұғымының мәні тереңде. Шарап – бұл жерде символдық нышан ғана, Алланы жүрекпен ұғып-білуге арналған, Аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатын сіміргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу - Алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан. ХІҮ ғасырда Сыр бойында мәдени өмір жанданып, Көкорданың


шаңырақ көтергенін ескерер болсақ, «Махаббатнама» Сығанақта жазылды деген пікір жобаға келеді. Бұл түркі поэзиясы қазақ әдебиетінің тарихында көрнекті орын алады. Қорыта айтқанда, «Мұхаббат-наме» түркі тектес халықтар әдебиетінде «намешілдік» әдеби ағымға жол салып берген бірегей шығарма.


Пайдаланылған әдебиеттер: Асыл мұра түркі антологиясы: Ғылыми-көпшілік альманахы / Құраст.: Қ.Алпысбаев, М.Ескеева, Ұ.Исабеков т. б. - Астана: Сарыарқа, 2012. – 568 б.: илл. Ежелгі сыр жазбалары - Көне дәуірдегі қыпшақ тіршілігін суреттейтін Раванды Хорезмидің «Махаббат-намасы» Сығанақ қаласында жазылған //Жаңарған Жаңақорған: Тарихнама – Алматы, 1998. – 61—62 беттер Еңсегенұлы Т. Атамұра: Көне Түркі эпостық шығармалары: Монография / Еңсегенов Т. – Алматы: Ғылым, 1997. – 202 б. Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі Арал – Сырдария өңірінің орны»атты халықаралық ғылыми конференция материалдары / Ред. басқарған Б.Момынбаев. – Алматы, 2009. – 432 б. Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері: Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: Аруна, 2006. – 252 б. Қоңыратбаев Т. Әуелбек Қоңыратбаев – түркітанушы. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 1996. – 120 б. Қорқыт ата кітабы: Жырлар / Жауапты ред. Б.Кәрбозұлы. – Астана: Фолиант, - 2008. – 608 б. (Сырдария кітапханасы) Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет: 5 томдық шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: Өнер, 2008. – 261 б. – (Үркер) Махаббат-нама //Әдеби жәдігерлер: Жиырма томдық. 11 том: Хорезми. Махаббат - наме. – Алматы: Таймас, 2010. - ( Мәдени мұра) Оғыз – наме, Махаббат – наме / Құраст. Ә.Дербісәлин, М.Жармұхамедов, Ө.Күмісбаев. – Алматы: Ғылым, 1986. – 208 б. Оғыз-нама //Әдеби жәдігерлер: Жиырма томдық. 1 том. Көне дәуірдегі әдеби ескерткіштер. – Алматы: Таймас, 2007. – 504 б.- (Мәдени мұра) Оғыз - нама. Оғыз - қаған дастандары эпикалық дастан //Сыр елі: Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы. Қазақ энциклопедиясы, 2005. – 544 б. Сарбасов Б.С. «Оғыз – наме» кітабы эпос ескерткіші: Филолог. ғылым. канд... дисс. Автореферат. – Алматы, 2010. – 24 б. *** Еңсегенұлы Т. «Махаббатнама» құпиясы: Махаббатнама дастаны туралы //Сыр бойы. – 2002. – 18 мамыр Керімұлы Ә. Жаңа «Диуани Хикмет» пен «Махаббатнама»: Ахмет Иасауидің «Диуани Хикмет» шығармасы және Хорезмидің «Махаббатнама» шығармасы жайлы //Түркістан. – 2011. – 26 мамыр. – 10 б. Медетбаев Т. «Қисас – Ул – Әнбия» - ғасырлар ескерткіші: Рабғузи еңбектері туралы //Ақмешіт хабаршысы. – 2010. - №1. – 43 – 47 б.


Хорезми-Рауани. Махаббатнама: / Хорезми-Рауанидің «Махаббатнама» дастаны – сыр бойында дүниеге келген әдеби мұра/ Тәржімелеген Б.Серікбайұлы / //Қазақ елі. – 1996. – 12 қаңтар. – 13 б. , 19 қаңтар. – 14 б.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.