kulager

Page 1

І.Жансүгіров. Құлагер

Құлагер Толғану Тасқында, тау суындай кӛңіл жыры, Қазактың сусындасын ойы-кыры. Бұрқырат бұлағынды кең далана, Бастырмай шӛпке-шарға токтап кұры. Далаңның той болғанда бүгін күні, Жүйріктей бабындағы жүгір, міні; Орай шап алдын, артын жиын жұрттың, Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны. Шарықта шартарапқа қиял құсы, Кӛңілдің кеп тұрғанда күнді алғысы. Халқыңның қуанышын қанат қып қақ, Қашан да қала берер ұяң кісі. Қашаннан казак кӛшкен тарих кӛші, Таланып жаудан, жұрттан жеткені осы. Кӛсемі кӛш алдында басшы болып, Бақыттың жайлауына қонған тұсы. Шат кӛңіл, шадыман жұрт ақынысың; Жүйріктің жұрт қуантқан жакынысың; Баласың бақытты елге, түс майданға, Халкыңның кайратысын, акылысың. Тілісің, теңіз коңіл, батылысың, Ӛткір ой, сезгір сезім батырысың. Желіндей қуаныштың жеделдей соқ, Ӛлеңнің ӛзені бір сапырылсын. Күйіндей домбыраның кұлдырасын, Суындай Алатаудың сылдырасын; Сӛздердің асыл, кӛркем тасын кала, Ұйқасы елеңімнін сыңғырасын. Тегінде кәр құлақсын, сұңғыласың, Сондықтан сұлу сезді жыр қыласың. Соғайын сӛзімнен бір сұлу сарай, Я кӛрсін, я кӛрмесін тұрғыласым. 1


І.Жансүгіров. Құлагер

Ұзаққа жүгіретін ӛрен жүйрік, Секілді тыз етпеге қақпай күйбік, Кӛсіліп ӛресі ұзак поэмаға, Жай тастап, кең кұлаштап желдей жүйткіп. Десе де "Бұл ақынның сӛзін сүйдік", Десе де "Ақынымыз кетті жидіп"; Тастай бер ортасына ӛз сӛзіңді, Ұлы ұрпақ, осы күні кӛпте билік. Халқымның куанышты бұлбұлымын, Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін. Кӛтеріп кӛптің кӛңілін күнде шауып, Жүлде алар жұма сайын туды күнім. Шат елдің шешенімін, даңғылымын, Шыным сол, правом бұл, заңды мұным. Астанам Алатаудан саңқылдасам, Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым? Бақ туын тұрғанда ұстап бүгін қазақ, Кӛңілі судай тасып, оттай маздап. Ескі күн елім кӛрген енді ойласам, Кӛрінер кейде корлық, кейде мазақ. Соларды әдетім еді айту аздап, Ескіге ендігі елдің кегін козғап; Ескі күн — елдінжылап еткен күні, Ескі ән, күй сондыктан калған боздап. Ежелден ескеруші ем елдін сӛзін, Бұлактың тазалауға тінтіп кӛзін. Бар ма деп ашпаған сыр, айтпаған жыр Құлакты кырға түріп жүрген кезім. Актарып асыл сӛздің алтын, жезін Салатын дүкеніме бар мінезім. Актарған Арка астын инженермін, Ал жұртым, керегіне тұрса сӛзім. Ӛзгеге ұғындырмас ӛзі бұзбай, Сыншыдан сақта құдай сортаң тұздай. Шатасқан шалдуардан жиіркенем, Елімнің ескісінен сӛз айтқызбай. 2


І.Жансүгіров. Құлагер

Сапырған сырлы сӛзді сары қымыздай, Заманның отырғам жоқ салтын бұзбай; Асылын арамынан аршып алдым, Қашаннан қазынаға халқымыз бай. Туған жер Мен ӛзім тауда туып, тасында ӛстім, Жасымнан мұз тӛсеніп, қарды кештім; Асқарда Аршалыға қозы жайып, Бұлттың аспандағы касында ӛстім. Жоңкенің жоғары ала басында ӛстім, Ақ гауһар Ақтастының тасында ӛстім. Аспанда акиығы шаңқылдаған Құздардың кұламалы астында естім. Сондықтан бір қазақпын тауды сүйген, Тасы жоқ, таусыз жерді жерсінбеген. Алматым Алатаудың бауырында Аңқылдап жел соққандай ән мен күйден. Жасымнан жырлап едім тауды талай, Гималаи, Кавказ, Жӛңке, Алтай, Алай. Ордасы ой, кеңілімнің ала асқарлар, Жырлатпай жүрегімнен жатсын қалай? Таудағы тасқындаған ағын судай, Ӛлеңім басталады таудан ұдай. Әсемін әңгіменің кеп таратқан Айтылмай қалған екен тау мынадай: Кӛк орман, кӛркем тоғай маужыраған, Сұлудың кӛзіндей кӛл жаудыраған. Малта тас, маржан, ақық меруерт тас Тӛгіліп кел жиекке саудыраған. Кӛк кілем, балаусасы балбыраған, Кӛк жібек жапырағы жалбыраған. Ақ қант аспандағы сонда жауып, Бал бұлақ таудан, тастан орғылаған. Бұл тауды іздейміз бе біздер шеттен, Талайы осы таудың бізге біткен. 3


І.Жансүгіров. Құлагер

Мактауға, мактануға тұратын жер Айтамын Кӛкшетауды даңқы кеткен; Оқжетпес оқшырайып ӛрлеп кеткен, Кеудесін керіп кӛкке сермеп кеткен. Қия кұз, жақпар сарай, бура тастар Тәртіппен кӛлді айнала сәндеп шӛккен . Кавказдай таласпайды аспан-кӛкпен, Каһарлы Хантәңірі емес қар бекіткен; Алтайдай асу бермес аскар емес, Жӛңкедей жолсыз емес құж-құж біткен. Кӛкшетау жер жаннаты жеке біткен, Бұл сұлу кен далада бойын күткен. Жомарт тау дастарканды, момақан тау, Шипа тау тазартатын барлық дерттен. Кӛкшетау кӛп жердің бір кӛркем жері, Қыз орман, Бурабайдың мӛлдірлері. Жамылып жасыл баркыт, асыл кұндыз Түрленген тоты құстай тау кӛркемі. Сайраған бұлбұлындай әншілері, Зулаған дүлдүліндей жүйріктері. "Хан тұрып қазағына, ханды ант ұрған", Қонысы Абылдайдың бір күндегі. Қазактың әсем жері Арқасында, Арқаға жетер Арал, Балқашың ба? Сырымбет, Зеренді, Иман, Айыртаулар Арқаның тізілгендей алкасына. Арқаның алқа қонған даласына, Ауылдай таулар отыр жарасымда. Алапқа бетегедей киіз тӛсеп, Оранған орманды тау ағашына. Бұлақтың тәттісі де, тазасы да, Кӛлдердің кен мӛлдірі тап осында. Айдыны ала шұбар, құс қиқулар, Ауыл, мал, масаты кӛл жағасында.

4


І.Жансүгіров. Құлагер

"Ауылы Сырымбеттің саласында, Ақ сұңкар ғашык болып баласына". Құмар боп жерден жүйрік, кӛктен кұсқа, Тұр таулар ән шырқалған арасында. "Ол күнде осы тауда жалғыз жан жүр, Дүниеден аулақтанған дабыр-дүбір. Қара шал қайынды отыр кӛлеңкелеп, Бір қу бас шал үстінде ілулі тұр. Не еткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл? Бұл ӛзі ән күңірентіп айтады жыр". Осылай ертегі қып кетуінде Елдің де ескі аузында жоқ па екен сыр? Салғанда шалқып, шырқап әр түрлі әнге, Осы шал ұқтырғандай кӛп әнгіме. Жетісу, Ертіс, Арқа жүрген жаттап, Байбайлап салған әнін "Кұлагерге". Кетсе де шалдың ӛзі кептен кӛрге, Жайылған әні, сӛзі жалпақ елге. Елімнің есігінен иттер куған Сорлының сүйреген ел басын тӛрге. Жаксының жаксылығын жан айтады, Сондықтан "Құлагерді" бәрі айтады. Егіліп әндеріне, сӛзін тыңдап, Ерінді ел қиялы дардайтады. Қазақта Құлагерді кӛп айтады, "Серінің серігі еді" деп айтады. "Ат сыры иесіне мәлім" деп жұрт, Тегінде мал кермесе, неге айтады. Заманда сонау сарсаң Ақан тұрған, Ол заман — ерге тұсау, зорға думан. Жалмап жеп айналасын аш кенедей, Семірген жұрт қанына нелер жуан. Хан кабан — халық құлағын бұрап тұрған, Бүйі би — билеп-тӛстеп сұрап тұрған. Кор қылып ақ алмасты отқа кесеп, Жүз-жүз жар теңін таппай жылап тұрған. 5


І.Жансүгіров. Құлагер

Барымта — ел шулатып жылқы қуған, Әупілдек батыр шыққан әр рудан. Ел құнға жұма сайын бір жығылып, Қара нар, қалы кілем бітім қылған. Қанды кек ел арасын ұшыктырған, Қорқауды кол табылмай тұмсыққа ұрған. Асыл ер, арманда жар опықжеген, Албасты әлсіз жанды тұншықтырған. Қырдағы қара сойыл бақандаған, Қалада қара жүрек қаһарланған. Тұсында сері болсын, пері болсын, Ұнайды ӛмірімен Ақан маған. Ол күнде қазак мұндай жасармаған, Құл мен күң қожасынан аса алмаған. Жарлыға, жалғызға да дес берді ме, Жыландай ысқырынған зәһар заман. Керексіз кісі болған ол заманға, Қайткенмен бір жұмбақ сыр бар Ақанда. Ез болмай, елге сыймай кім тұра алған, Жалғыз боп жанаса алмай барлык жанға. Түскен жан сондай күйге сұм жалғанда, Ескеріп енді ойлансақ тегін жан ба? Қыңыр жан қырық кісімен қырық пышақ боп, Ел таппай ӛте берген неге арманда? Ішінде ӛрті жанып басылмастай, Шемендеп дерті кеткен ашылмастай. Тентіреп тауда, таста неге жүрді, Тасталып танылмаған асыл тастай? Бай басып, батыр әлде жасқаған ба, Би тауып, шерін шындап ашпаған ба? Сұңкар құс сүймеген бір жұмыртқасын Ұядан садағалап тастаған ба? Таба алмай тыныштықты туған елде, Кете алмай біржолата бӛтен жерге, Тартқанда жалғыздыктан жаны қорлык, Тӛсеген талай ерлер оққа кеуде. 6


І.Жансүгіров. Құлагер

Жақсы боп елден ӛлім талай ерге, Аз ба екен оққа ұшқандар дуэльдерде? Ӛлімді жан қорлықтан жақсы кӛрген Не дейміз Лермонтов пен Пушкиндерге? Ӛмірде бастырмастан кӛңілін ӛрге, Кім еді ел талантын тықкан жерге? Қыз емес, кара күш пен каңку сӛздер Ертерек ер журегін кӛмген кӛрге! Ӛмірде солардайын қорлық тартқан, Сұм заман ӛткір жанды қор кып баққан. Жаралап ер жүрегін жау қанжары, Ысқырып жылан ӛмір жанын шаққан. Лермонтов болмағанмен біздің Ақан, Кісі ме ед ақындықтан кұр алақан? Ортасын олқы кӛрген бүл да дара, Имеген иттерге бас сері, дарқан. Еріксіз ерте туған ел еркесі, Жетпестен қиылатын ер желкесі. Лермонтов, Пушкин кӛктен атылған күс, Түскен бе Кӛкшетауға кӛлеңкесі? Қайт болып қара күштен меселдесі, Халықтың қайғыда ӛткен нешен досы. Жаныштап жұрттың жанын жерге тыққан Қара күш, қанку сӛздер - кесел де осы. Тегінде тегін бе екен Ақан сері, Бұл да бір емес пе екен елдің ері? Ӛз ұлын, ӛз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын кайдан кемеңгерді? Туғаны Арқадағы Арғын елі, Ӛскені Кӛкшетаудың шалғын жері; Ащы тіл, асау мінез қылығынан Атанып кетпеді ме "азғын", "пері"? Лақабы — әлде әулие, әлде пері, Арқаның атақтысы Ақан сері. Кӛкшеде сұлу сүйіп, ӛлен айткан, Бұландап такымында Құлагері. 7


І.Жансүгіров. Құлагер

Кӛкшеге жаз кӛк жібек жапқандайын, Кӛкшеге қыс ақ күміс шапқандайын. Кӛкше кыз күзде киіп қырау ішік, Кӛк айна — кӛлі қыста қатқандайын. Жамылған қыста ак үзік ақ қардайын, Тӛселген жазда кілем мақпалдайын. Қырдағы ел "Құлагердің" әнін тыңдап, Былайша әңгімелер Ақан жайын: Ақан Бурабай бір таза жер "пері" жүрген... Онда жоқ жын мен сайтан ӛріп жүрген. Ағашқа атын байлап кӛлеңкелеп, Ақан ғой анда-санда келіп жүрген. Ақандай осы тауда сері жүрген, Су ішіп, тауда шие теріп жүрген. Қайындай мінсіз, таудай таза жігіт, Кӛң-коңыр, былапыттан жеріп жүрген. Жасынан иеленген баласындай, Талпынып Кӛкшетауға анасындай. Кӛліне бетін жуып, ат суарған, Арқаның бір сиқырлы айнасындай. Сұрша тал — сұлу қолдын саласындай, Қып-қызыл қайың — қыздың баласындай. Жамылған жанат ішік, мӛлдір сұлу, Кӛзінің Кӛкше кӛлі шарасындай. Кісі емес Акан тӛрде билік айткан, ¥ры емес, ауыл торып, ел шулатқан. Молда емес, мешіт салып, зекет алып, Нәжісін дүниенің бойға жаққан. Ол емес және ӛзінің малын баққан, Жалшы емес және байдың отын жаққан. Кісіні ит етінен жек кӛретін Дау қуып, арыз айтып, биге шаққан. Тӛренің тұсындағы қасына ерген, Ӛзін ел құрмет қылған кӛрген жерден. 8


І.Жансүгіров. Құлагер

Жерлерді тоқты сойған топыр кылып, Сал сүрей, саңлақ мініп, сұлу сүйген. Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен Ӛмірді ӛткізген жан ӛз ырқымен. Ӛмірдің ащы емес, тұщысын да Қызықтап жігіт ойын, кыз күлкімен. Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден, Кӛп сұлу кӛзін сүзген күнді ӛткізген. Қызықтың, айдынына құлаш ұрып, Армансыз каздай қалқып, қудай жүзген. Солардан келе-келе жаны безген, Ӛмірде әлсіздігін әбден сезген. Сезгір жан, нәзік кӛңілін азап алып, Жабырқап жапан түзді жалғыз кезген. Кісі емес коп қатынды үйірлеген, Болған жоқ бір пендеге тию деген. Текті құс тазалықты колына ұстап, Арманы-ақ сұлулықты сүю деген. Адамнан, айналадан, күйіркеден, Бой тартып ел ішінен жиіркенген, Безінген біржолата тағы болып, Аулақтап әсем тауда жүруменен. Сұлулықжерден ӛніп, кӛктен жауған, Тапқан ол тыныштықты таза таудан. Шомылып мӛлдір кӛлге, орманда ұйықтап, Жақсы жер жұмбақ жанын аялаған. Қарағай, қайың, талдар - қалың орман, Тау мен тас жеке жанға болған корған. Қиқулап ӛлең айтып, күйлер тартып, Сері үшін құс, кӛбелек қылған думан. Таза тас сияқтанған күміс кесек, Жапырақ секілденген таза тӛсек. Жүрегін жуықтаса жаралаған: Кір ӛмір, тікен тұрмыс, улы есек.

9


І.Жансүгіров. Құлагер

Аканды сол күндегі сопы десек, Әсем тау оған кұбыла, Мекеге есеп. Ән — азан, әдемі сӛз — намаз болып, Кітап боп кӛңілін ашқан гүл-бәйшешек. Бүл ӛзі ауылында аз оқыған, Алғыр ой, ақын, әнші — коп тоқыған. Елді улап,_алім тілеп жалмаң каққан Бұл емес,.бӛлек еді кӛп сопыдан. Кӛрмеген ілімді артық кӛк тоқтыдан, Не тапсын білгенімен коп соқырдан. Тәңірісі табынатын табиғат боп, Мешіт қып мекен алған кӛк шоқыдан. Жасынан туып, ӛсіп мекен қылған Жерінен патша қуған, қала отырған. Ел інін суға алдырған суырдай боп, Жойқын жұт — сұрапылда малын кырған. Арманды ел ақ патшаға арыз қылған, Арыздан борыш басып, қарыз қуған. Жер мұңын, елдің шерін ӛлең қылып, Акан да жанның бірі жаны ауырған. Және де жақынынан жарды сүйген, Сол үшін ауыл-аймақ, безген үйден. "Алам" деп Ақмарқаны алас ұрып, Ала алмай акырында жаны күйген. Сол үшін тау пәлені басына үйген, Тартқан ол тауқыметті болыс, биден. Соқпадым онысына осы арада, Бар ма деп жолдастарым жазып жүрген... Күйдіріп осындайлар жанын жеген, Кеңесіп келісе алмай қалын елмен. Тілімен жырды жаттап, жерді жоқтап, Ол ӛзін жазалаған алдыменен... Сұрама оның бәрін бүгін менен, Тіршілік болса тағы айтып берем. Ақанның ең аяулы әңгімесі — Тек бүгін тарқасалык "Құлагермен". 10


І.Жансүгіров. Құлагер

Арқада Ақанды айтқан әнгіме кӛп, Қылады оны әулие әлдене деп. Әулие болмаса да безеген жан, Неліктен? Тарихшылар табар себеп. Мен ӛзім сері Ақанды кӛргенім жок, Сӛздерін, әнін жаттап, тергенім жок. Аканның ӛзін кӛрген, сезін терген Адамдар айтпас мұны ӛтірік деп. Серінің сүйген жары — Ақмарқасы, Келіндей Кӛкшетаудың жан қалқасы. Сол ма екен елден айдап ән салдырған, Жүрегін күнде шауып қыз балтасы. Асыққан азап болып кызға айқасы, Қайғымен ӛртеді ме қыз — қалқасы? Жұрттан ба, жарынан ба жанын қинап, Серіні сыйғызбаған ел ортасы? Әйтеуір Құлагерді мініп баптап, Жалғыз жан жапан түзге кеткен актап. Ақ кӛңіл, асқар жанын алып кашқан, Арамнан, айналадан, кірден сақтап. Сондықтан ән шырқаған жырды мақтап, "Асылым, Ақмаркам" деп атын жаттап. "Сендерге сүйгеніммен келмедім" деп, Орманға, құсқа, тасқа қызды мақтап. Жете алмай арманына болып қапы, Күңірентіп әніменен кең аймақты; Түлкі үшін тасқа түскен қыран кұстай Болған соң кетті ме екен жаны запы? Жатталып Ақмарқаның аузында аты, Телміріп таста отырып жазған хаты. Жары да, жолдасы да тек біреу-ақ — Онысы астындағы жалғыз аты. Меншіктеп таза бұлак, таудың тасын, Мекендеп жүрген дейді кӛлдің қасын, Айтады осылайша айтушылар, Кім білсін, әлде ӛтірік, әлде расын... 11


І.Жансүгіров. Құлагер

Тамсантқан әніменен кәрі, жасын, Демейміз елге Ақанды сӛз қылмасын. Әнгіме Ақан емес, Құлагер ғой, Осынан бастамақшы ек сӛздің басын. Ендеше кӛлденең сӛз былай қалсын, Қызықсыз қысыр сӛзге кім айналсын. Кӛңілін кӛркем таудын жайлауына Шығарып, сері салтаң кете барсын. Асық боп Ақан жоқтап Ақмарқасын, Деп біраз жалын шығып, шер тарқасын. Жаңғыртып Сырымбеттің күллі алабын, Серіңіз серпіп кӛкке ән шырқасын. Бұлбұлдар кемейлерін бүлкілдетсін, Кӛделер ақ үкісін үлпілдетсін. Суырып кӛк жібектін суыртпағын, Құлагер кӛк шалғынды күртілдетсін. Суықта паналасын ну тоғайға, Ыстықта келеңкелеп саяжайға Жауында үңгір тасқа ықтап, ұйықтап, Шомылып жүре берсін Бурабайға. Бата қып батқан күнге,туған айға, Бейшара жүре берсін Бурабайда. Серіні "пері" деген қалың қауым Не ғылсын, бір мақсымды қудалай ма? Ac Басталды әнгіменің былай басы, Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы. Арқада Ерейменді мекен еткен Керейде Сағынайдың болыпты асы . Қаудырап аппақ қудай сақал, шашы, Қалтырап жынданғандай қолы, басы. Сағынай саптыаяққа сиіп ӛлді, Тоқпақтай тоқсан тӛртке жетіп жасы . 12


І.Жансүгіров. Құлагер

Білмеймін кім екенін Сағынайдың, Кім білсін, қай жыл ӛтті, ӛлді қай күн Малы мол, малайы кӛп, қатыны кӛп, Әйтеуір болуы анық бірі байдың. Жоқ, болмас бірі ғана кұры байдың, Ӛзі — нән болса керек, руы — айдын. Осы астың біз айтпай-ақ ӛзі айтады Болғанын әлдеқандай сұмырайдын. Жоқ, болмас бірі ғана құры байдың, Ӛзі — нән болса керек, руы — айдын. Осы астың біз айтпай-ақ ӛзі айтады Болғанын әлдеқандай сұмырайдың. Іріндеп, сығырайып екі кӛзі, Болыпты Керейдің бір бұлдысы ӛз. Алдынан дау, аузынан сӛз кетпепті, Айтқанда керейлерше "Дәудіңӛзі". Оларша — жердің белі, таудың кұзы, Ата ұлы, арыстандай кер ауызды. Біздерше — хат білмейтін бір қатты шал, Жуан ит сүйек бермес, жалмауызы. Қар кетті, кӛк жетілді, ағаш мүлги, Жетіпті Сағынайдың жылы жылжи. Қар жұқа, қысы жақсы, жер соны боп, Сол жылы Арқа елінде болып ед күй. Қатарлап қаладайын үйлерді ылғи, Кӛше боп кӛк майсаға тігілген үй. Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір, Хат алған неше дуан, болыс пен би. Әр елдер тұрғы-тұрғы, алые, жақын Жаратып келіп жатқан дәмелі атын. Бас коскан неше дуан ақтарылды ас, Жалпақ жұрт түгел естіп жатты данкын. Әйтеуір әудем жерге шаба алатын Бұл астан калдырған жок казақ атын. Қалмастан каладағы биржевойлар, Саудагер қалдырған жоқтағалы атын. 13


І.Жансүгіров. Құлагер

Керейдің ас болған соң осы шалы, Ағылды алуан жүйрік қосылғалы. Қаптасты құмырсқадай қырға казақ, Ас емес, шегірткенің жосылғаны. Қараӛткел келіп жатыр, Қарқаралы, Кереку, Баян, Семей, Торғай — бәрі. Жетісу осында кеп күйып жатыр, Арқаға аунап шӛкті Қаратауы. Әр жактың қошқарлары, маркалары, Әр жерде ауыр котан, алкалады. Жиылды Сағынайдынсорпасына, Асын жеп, атын шауып таркағалы. Әр елдің бұкалары, ӛгіздері, Қызыл кӛз, саба құрсақ — семіздері, Жерлерден жарты ай жүріп келгендер бар, Келіпті пәленшеде дегізгелі. Дейміз бе осыларды нені іздеді? Жын қуды астықетін жегізгелі. Арқаға аударылды ас дегенге Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері. Жан-жақтан ағытылды сабаны артып, Түсіріп, дүрілдеп жүр табак тартып. Кісіге шыпылдады ақ ордалар, Қалың ат ер-тұрманы етіп жалт-жұлт . Байланған кыс бордакы домалантып, Сойылды талай мертік, талай шартык. Соларға бір сұғынды сұрпақбайлар, Мал сойып, табак тартып, сорпа калкып. Арқаның жазы жібек, жері сая; Қоңыр жаз самал соққан күн жылмая. Қазақты асқа келген Арқа күтті, Су беріп бал бұлақтан, кілем жая. Тәтті жал, қазы, қарта мая-мая, Дамылсыз дастарқанды жүрген жая Жігіттер танымы жоқ, табақ тасып, Болғансып терлеп-тепшіп, бая-шая. 14


І.Жансүгіров. Құлагер

Шалдарға былш-былш қақырынған ары қымыз салкын үйде сапырылған. Қальщтоп, қара құрык, қамыс кісі Толықсып, желді күндей жапырылған. Әр елдің дәріптеген батырынан , Ақсақал ат әкелген ата ұлынан. Біреуді білмесе де нән деседі — Шіреніп насыбайды атуынан. Бір үйде тұздықтаған тәтті табақ, Бір үйде ет тартылмай қаққан жалак. Бір жерде табақ, теуіп етке ӛкпелеп, Боқтасып бір үй жатыр жерді сабап. "Шорманның Оқасы!" деп шапты анталап, Бір үйді кырғыз алды — Шабдан манап. Оязы Қараӛткелдің, Измаилов Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ. Жиынға ояз мінген бір арғымақ Тыншымай мамаағашта тұр қарғылап. Тұқымы тобылғыдай тор қасқаның, Алынған француздан англо-арап. Бүгіліп бауырынан, жүйрік жарап, Жан-жақан келіп жатыр не желді аяқ. Кӛл асқа қыр қазағы кұстай қаптап, Топырлап қонып жатыр үйге тарап. Бір үйде бәйбішелер бауырсақтай, Ауызы еттен, майдан дамыл таппай; Сүртініп сорпа терін жеңіменен, ¥зын күн істеп отыр қарнын каптай. Келіншек — жас жауқазын, сарымсақтай, Қыздар да пісіп отыр қауыншақтай; Ақ тамақ, алма бетті арулар жүр Қыдыртқан бақалшылар сабыншықтай. Бір үйде қобыз даусы шымыраған, Күңіреніп кейде, бірде ыңылдаған; Бір кезде бебеу қағып, күшіктей боп Қыңсылап, сынсығандай күй жылаған. 15


І.Жансүгіров. Құлагер

Бір үйде домбыра да ыңыранған, Қыр күйі құлдыраған, бұлдыраған; Қос шек "Қосбасарды" сылқылдатып, Жүректі жүлып жеуге күй жынданған. Ет асып, пышақ қайрап, малды кырған, Кедейге сонда ырза емес бай антұрған. Жалғыз-ақ бұл жиында малшылар жоқ, Аңсаған ас етіне қойшы қырдан. Албасты Арқадағы абжылан — Молда отыр ысқырынып оқып құран; Атты арбап, атан жұтып жатыр молда, Құранмен жем түсіріп жуан-жуан. Түлкісін санап қыстай пұшпактаған, Бір үйде бір дарақы кұс мақтаған. Саудагер мата сатқан сӛз қатып тұр Қылжақтап бір тоқалға тұштақтаған Бір үйде ӛлеңші отыр жұрт мақтаған, Сӛз сатып, тиын тілеп елді ақтаған. Толтырып сүйек-саяқ дорбасына Бір қора кайыршылар жүр каптаған. Кәрі акын кіжінеді оңмең кағып, Бала ақын сары масадай жатыр шағып; Екі жақ ереуілдеп керісіп тұр, Даттасып бірін-бірі атып, қағып. Қолына я бӛрік, я тұмақты алып, Ақтаған ат үстінен сияқтанып, Жаршылар жағы сембей зар кағып жүр, Жұрт жатыр әр хабарды құлақтанып. Таң атса шаң бермейді астың үйін, Күн батса жан бермейді тіреп иін. Сылтауы ас, Сарыарқаны қазақ басты, Қыл сақал, қымыз сасып, қолпаң киім. Осындай болып жатты ұлы жиын, Жиынның мыңнан бірін айту қиын. Еті тау, қымызы кол деуге болар, Айтқанда тартынқырап астың сыйын. 16


І.Жансүгіров. Құлагер

Жүз-жүзден жүрген жігіт даяшыға, Ак кӛбік мінген аттың жаясында. Екі айдай Ерейменді ет сасытпай, Жұрт малын жылулаған аясын ба. Сан сойыс Сағынайдың бұл асына Мал қайдан жетіп жатыр, расында? Жан-жақтан топ-тобымен тӛгілген мал, Кетерген малый Керей үй басына. Мал айдап жан-жақтан жұрт оннан, бестен; Кӛп саба келіп жатыр елдей кӛшкен. "Жоғалған тоқтым бар" деп бай жүгінсе, Қойшыға билер отыр кесік кескен. Шығынын, шаңырақ акын мұнша дескен, Бір үйде старшиндар құлақ кескен. Жасауыл анау жерде ат аударып, Мынау жер жесір дауы дүрілдескен. Жиылған кӛп күшіген әрбір тұстан, Қалмастан қарға, кұзғын түгел ұшкан. Тояттап қазы, қарта, түйе кекірік, Қып-қызыл билер жатыр қымыз құскан. Қап қарын үйелмендер тісі шыққан Ішіне ет пен майды істеп тықкан. Желпініп алды-артынан жел соқтырып, Тер сасып, қарнын қасып, битін сыққан. Сопылар тәсбі тартып, құман ап жүр, Әр үйге "Аллай хақ" деп дуана жүр. Кемпірі Сағынайдың опыраңдап, "Кет-кет!" деп дуананы қуалап жүр. Қарғалар қызыл корген анталап жүр Май шайнап жамбастарды жаңқалап жүр Итініп ет үйлерге ит пен жетім, "Қай жерден қағамыз" деп байқап-ақ жүр. Мырзалар күміс тұрман шалқалап жүр, Кедейлер отын шауып арқалап жүр. Күңірентіп Сағынайдың кәр моласын, Осындай ас боп жатты Арқада бір. 17


І.Жансүгіров. Құлагер

Қулагер Қайырып қыстай баптап Құлагерді, Осы астын дақпыртына Ақан келді. Мінгізіп бәйге бала, жайтаңдатып, Аулына ас бергеннің тақау келді. Араға алты конып, алыс жерді Алып еджайлап жүріп Ақан сері. Хабары Құлагердің осы жаққа Келуші ед еміс-еміс кӛптен бері. Кӛз тігіп, тұрған күтіп Кӛкшетауға Даяшы шапты алдынан қарсылауға. "Қош келдің, сері!" деген сәлемменен Түсірді Ақанды әкеп ақ отауға. Дегендей: шешен — дауға, батыр — жауға, Жүйрікті — бәйгеге, — деп бағалауда. "Дүлдүлі Кӛкшетаудың келді, — десті, — Топ жарған талай елге салған сауға" . Кермеге қойды байлап Құлагерді, "Манайдан жан жүрмесін" деді сері. Кәзінен неге таса қылсын Ақан, Іргені ат жақтағы түргіздірді. Дегенге "Кӛкшетаудан Құла келді", Кӛруге ынтызар боп ел жүгірді. "Біреудің тіл мен кезі тимесін", — деп Дұға оқып, Акан жерге түкірінді. Дабысы бұрын жеткен Керқұланың, Дегенге "Келді" түрді ел құлағын. Ac тегіс алды, артына калды үймелеп, Кӛруге Кӛкшетаудың Кер пырағын. Жиылған Арғын, Керей жан-жағына, Кермеде калғып тұрды арда Құла. Не сыншы, не қырағы — жиылған жан Кӛздерін қалды сүзіп саңлағыңа. 18


І.Жансүгіров. Құлагер

Салбырап тұр Кұлагер байлауында, Қарасып Құланың бас, аяғына: —Осы ма, Құлагерің? - деседі жұрт, —Жүйрігі жануардың қай жағында? —Салпы ерін, сала сүйек, салбыр тірсек. —Қатыбас, қаншыр мойын, ит ӛндіршек. Бітімі ойқы-шойқы, орда-шорқы, Пішкендей жануарды олақ ӛлшеп. Алмайды мынау бәйге жылқы кӛрсек, Кӛк еті кедір-бұдыр, бӛлшек-белшек. Кӛкшетау шолағын да мақтайтын ел, Осыған ит болайық бәйге берсек. Құлаға мініп қоян атар едім. Мен мұны жүргіншіге сатар едім. Болғанша асқа күлкі "ат қостым" деп, Үйімде тыныш қана жатар едім. Қойшыға мен мінгізіп қояр едім. Семіртіп мен соғымға сояр едім. Кемпірдің азасына әкеп салып, Бата оқып, ет, кымызға тояр едім. Сүиеп - сиыр сүиек, қиқы-жиқы, Сал бӛксе, жазық бауыр, ұзын тұрқы... Осы ма даңқы шыққан Құлагер? - деп, Ac тегіс Ақан атын қылды күлкі. Сыншының келіп кӛрді отыз-қырқы, Күреңбай кӛріп деді: "Жаман сұркы, Алдынан ұмтылғанда аң кұтылмас, Артынан жӛнелгенде жетпес жылқы!" Сӛзіне Күреңбайдың жұрт таң қалды, Не сыншы, не сұңғыла ортаға алды. Жылқының қырағысы, шежіресі – Күреңбай кӛзін сүзіп тұрып қалды. Күреңбай кезі тұнып кӛп кадалды, Айналып алды-артына кӛзін салды. Естуге Күренбайдың байлау сӛзін Тарқамай кӛптің тобы тұрып қалды. 19


І.Жансүгіров. Құлагер

Күреңбай керіп тұрып артын, алдын: "Жануар жүйрігі екен жылқы малдың, Жері ұзақ, күші алдында ерен жүйрік, Бітімі ӛзі айтып тұр жануардың. Келіскен кескін мынау, омыраудың Ӛзі айтар: каратам, - деп, - қазақ кауымын. Сом аяк, быртық бақай, болат тұяқ Тасындай шұбар ала Кӛкшетаудың. Тәует бас, қамыс құлак, қуарған жақ, Құлан жал, бұлан мойын, қой жұткыншақ, Қоян жон, жазык жая, жауырынды, Құс топшы, қос шынтағы қалкыңқырақ. Сіңірлі, жер соғарлы, аяғы тік, Түлкі тос, тазы тізе, ит жіліншік, Шашақты, шақпақ етті, аласа ұршық; Құндыздық қалай біткен құйрыққа дүп? Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық, Не қою, не болмаса емес сұйық! Бұтының арасынан ел кӛшкендей, Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық. Шүйделі, шоқтығы ӛргек, шідерлігі, Серке сан, желмаядай тілерсегі; Тау желін тартса жұтқан талыс танау, Тынысты кенде жатыр кеңірдегі. Жүрсе де жаздай құры болмайды тоқ, Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ. Қакпан бел, калбағайлы, үнгір сағак, Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ. Қанында шығысың мен батысың жок, Ағылшын арғымактың шатысы жоқ. Қашаннан қазағымның қолтумасы, Араптың дүлдүлінің қатысы жоқ. Маңғұлдың мес аты емес тұқырынған, Бұл таза швед, шотлан тұқымынан. Жануар шапса жүйрік, мінсе берік, Озбайды жүгіргенде жылқы мұнан. 20


І.Жансүгіров. Құлагер

Сүйегі жануардын жылқыдан жат, Бұл емес текежаумыт не қазанат. Күйкиіп кӛзге қораш керінседе, Шапқанда шалдырмастай бітер қанат. Екпіні үй соққандай пысқырғанда, Шалдырмас кӛктен құсқа, жерден аңға. Жықпаса жалғыз қазық жануарды, Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға. Бұл тұлпар келіп тұрған әбден бабы, Салбырап тұрғанына деме "жабы". Мақдайы жарқырап тұр жануардың, Ашылып тұр осы аста мұның бағы. Кӛзімнің кӛбеймесе бүгін ағы, Есімнен жанылтпаса сайтан тағы. Егер де шын жылкыны мен танысам, Хақ мұның қырып-жойып бәйге алмағы!" —Пәлі! Ат таныдың! —Таптың, сӛз-ақ! Деп оны ӛзге казақ етті мазақ —Кӛмбеде кӛрісерміз, асықпаңдар! Сол күні Құлагердің сӛйлер ӛзі-ақ! Сол күні Құлагердің айтар ӛзі-ак, Қайтейін онан бері созді қозғап. Қазақы қолдың жүйрік жылқысы осы, Cay емес танымаған мұны - кӛзі ақ. Соны айтып кете барды сол Күренбай. Ақанды ортаға алып би менен бай: - Жарқыным, жалғызбысың? - Елің кайда? — Деп жатыр жабырласып жӛнін сұрай. Еліңе сауын айттық біздер ұдай, Тоймадық келісіңе сенің мұндай. Жетелеп жалғыз атты жеке кепсің, Ешкімді Қарауылдан жолдас қылмай. "Елі емес, Кӛкшетаудың аты келді, Не керек онан басқа? - деді Сері. 21


І.Жансүгіров. Құлагер

— Қүлагер қосатыным, атым — Ақан, Таратсын, жаршы қайда, шақыр бері!" Аканның айтуымен жаршы келді. Ол да бір зар қақсаған арсыз еді; Атының жайын Ақан айтып беріп, "Осыны жұртқа хабар салшы!" - деді. Кӛктұйғын тиған жүйрік осы жақты, Берместен бес жыл бәйге келе жатты. Жиында нешедуан жүйрік жиған "Шаппай бер, бәйгемді!" – депталай айтты. Жар салып шауып жүріп шартарапты, Құлагер келгендігін жар таратты . Кұлағы Құлагерге қанық шіркін — Иесі Кӛктұйғынның ішін тартты. Алтайда ұрпағы бар Бегайдардың, Бұлар да бір биігі біткен нардың. Баласы Бегайдардың Батыраш бар Ӛр кӛңіл, жуан кеуде, бірі аусардың. Атты айттық жоғарыда бір Кӛктұйғын, Әкелген асқа Батыраш сол жүйрігін. Кағатын қанаттыны ӛрен жүйрік, Қоймаған қырдан жылқы бұл бір қырғын. Берместен келе жатқан жанға бәйге, Бәйге алған кейде жетім, кейде түйе. Сілтідей Сарыарқаны тиған тұлпар, Бәйгені бұл аста да "берем" дей ме? Иесі Батыраш бір кеппе кеуде, Ұр-кӛппе, томырық мінез, намыс берме; Осы аста сағы сынып, бағы тайса, Ол ӛзін дап-дайын тұр "ӛлдім" деуге. Шулатқан Арғын елін, Арқа халкын, Естіген Батыраш та Күла даңқын. Сатылап сұрап еді кісі салып, Қолына түсіруге Ақан атын.

22


І.Жансүгіров. Құлагер

Жамбыға, жесір, малға шағып нарқын, "Болам — деп, - куда, тамыр кеніл жақын". Қызығып Құлагерге неше жылдай, Жіберіп Жексенбайды қолқалайтын. Жүрегі жаралған ер жүйрікпенен, Сері Ақан сұрауына илікпеген. Сонан соң кегін сақтап кеткен Батыраш, Үкілеп Кӛктұйғынын "жүйрік" деген. Кӛк, Құла - екі арыс та жүйрік деген, Дәл мұндай ӛзге жерде килікпеген. "Келіпті Құлагер ат" дегенінде, Мәні сол Батыраштың күйбіктеген. Ӛлгенде Сағынай шал ел шулатқан, Кӛктұйғын сонан бері ішін тартқан. Сұлы жеп, сүт сіміріп мәпеленіп, Белдеуде осы Кӛк ат қыстай қатқан. Кӛктұйғын күңірентіп талай шапқан, Бәйге алып шапқан сайын алғыстатқан; Осы аста бас бәйгені оймен алып, Батыраш кӛптен бері үйде жатқан. Ниетпен дәл осындай Кӛк ат келген, Қашаннан "қап!" — деп азу басып жүрген. Құлагер Кӛкшетаудан кеп қалған соң, Қызғанып Батыраштың іші ӛртенген. Елі шет, руы жат, жалғыз елден Асқа Ақан ат қосып тұр алыс жерден. Барлығы Батырашқа болды толғақ, Қауіп илеп ажалындай Құлагерден. Егес Кӛлеңке үй, күрпілдетіп саба піскен, Ac қандай әңгімешіл қымыз ішкен. Әнші Акан әсем әнін аяған жок, Жиылған дауысын сұрап мәжілістен. Ақ отау топырлады Ақан түскен, Қалың жұрт кетті керіп сырттан, іштен. 23


І.Жансүгіров. Құлагер

Шығады Ақан даусы әнге талып, Безелген ғашык жармен, қыран құспен. "Ой, қалқа, біздің кӛңіл қайда жатыр, Толқыған он тӛртінші айда жатыр. AT түрса, атан тұрса кӛз салмаймын, Арғымақ, асыл тұқым тайда жатыр. Хош иісі жадыратып кӛңіл ашқан, Ақ құйрык, мәмілелі шайда жатыр. Гүл шашақ, жасыл жібек жайлауында, Кӛңілім ел қонбаған сайда жатыр..." Ән тәтті Ақан салған Арқадағы: " Үш тоты", "Ақ саусақ", "Ақмарқалары". Салғанда "Сырымбеттей" сүйікті әнін, Қасына жиылған жұрттар қамады. Арқаның жүйрігіндей ән салады, Ӛрге айдап барып-барып, жалтарады. Түйіліп түлкі кӛрген қырандайын, Қылмандап кос қанатын қомданады: "Жайыктын ак түлкісі аралдағы, Алдымнан сен бір шыккан марал дағы; Пормьща тӛңкеріліп, жайдым канат, Шарыктап акиықтай Оралдағы. Ертістін құба талы секілденіп, Алдымнан шық майысып, бұрал дағы. Қызыл гүл сен болғанда гүлбақшада, Біз бұлбұл күйін шерткен Ирандағы. Қиянын қиынында тұрсан дағы Қиғаштап қанатымды қонам дағы..." Асырған айғай әнін алты қырдан, Әкесі асқақ әннін әнші Біржан, Ақандай майда кӛмей, нәзік емес, Құлақты Біржан ашы әнмен қырған. "Үш тоты", "Кӛкшетауым", "Ахау, арман", "Жайдарман", "Жайма қоңыр", "Кер кашаған", "Ой, ерке", "Мейлін-мейлің" дегендердің 24


І.Жансүгіров. Құлагер

Бәрі де - Ақан баптап салатын ән. Бақырмай домбыраны кӛкке бұлғап, Аққудай әсем дауыс — үн сыңғырлап; Қышуын жаныңыздын майда касып, Тербетер жан кӛнілін биязы ырғақ. Кӛкшеден кұйылғандай бір бал бұлақ, Тәтті әнге халық қанды, ел сусындап. Соққандай жаздың желі Арқа жакта, Елжіреп жүрек әнге, жусап құлақ. Әндермен әсем-әсем Ақан серін, Қаратты ауызына астың елін; Ӛлеңге сұлулықты қосты талай: " Ақмарқа", "Ардагерім", "Тастүлегім". Деп: "Әні тым тәтті екен тӛменгі елдің! " Ұмытты ӛзге әншілер ӛз әндерін. Машықтан Ақан әнге косып отыр Ӛзінің айтып жүрген ӛлеңдерін: "Торыны талға байлап мінген кандай? Үкілеп, әсемдетіп жүрген кандай? Тұсынан қызды ауылдың. ән шырқатып, Қалкаңа құрып жүрген сүлдер қандай?! Сӛз салып қалқа жанға жеңгесінен, Кұрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай? Ишарат, әзілменен сӛз қатысып, Қыз сырын жеңгесінен білген кандай? Сыланып сал торыны мінген кандай? Сай құлдап, жарды күтіп жүрген кандай? Бір сайға торышаны байлап тастап, Артына ақбоз үйдің келген қандай? Алаңдап, алабұртып тұрғаныңда Алдыңнан қарсы шықса ақша мандай... Қалқашың косылғанда атқан тандай, Кӛңілің шалықтаған шаттанғандай!.. Жамылып екеу ара бір кӛрпені, Бастасып тар тӛсекте жатқан кандай? 25


І.Жансүгіров. Құлагер

Сол жерде айтылмаған сыр қалар ма, Мысалы абдыра ашып ақтарғандай. Ақырын үйден шығып таң алдында, Байлаулы тор құнанды тапқан кандай? Шылбырын сал торының кызға ұстатып, Шақшаны ерге қағып атқан қандай! Ойласаң бүл дүниеде не қызық бар, Қасынан қалқа жанның аттанғандай! Аулыңа ӛлендетіп сен кайтасың Бәйгеден атын келіп мақтанғандай..." "Ақ шашақ", "Жайма шуақ", "Кербез керім " -Ақанның асты ұйытты осы әндері. Әсем тау, ат қызығы, ашық оты, Ән болып қыран құстың ку ілгені. Соққандай Сырымбеттің салқын желі, Отырды думан қылып, шалкып Сері. Жат елдің жаңа әніне соңыркасып, Отырды "Ой, пәле-айлап" астын елі. Қызықтап Акан салып әр түрлі әнге, Мәжіліс боп отырды, елге әңгіме. Ән тоқтап, Ақан созге айналғанда, Ауысты жұрт аңызы Қүлагерге: —Қуанып қалдық сіздің ат келгенге, Құланы даңқы шыққан ап келгенге. —Атыңыз бұрын кездеспеген шығар Алтайда алғыр тұйғын Кӛкпенен де? —Кӛктұйғын кӛптің алдын бермей-ақтұр, Ӛзге мал онан озып келмей-ак тұр; Шаптырмай жиын сайын бәйге сұрап, Бақ-талай Батырашта, ӛрлеп-ақтұр. Ырысы жануардың таймай-ақ тұр, Батыраш аруақты ӛрге айдап-ақ тұр. Алдына әлі күнге жылқы салмай, Бақытын бар жүйріктің байлап-ақтұр.

26


І.Жансүгіров. Құлагер

Ат шапса ішімізде, сыртымызда Кӛктүйғын жеткізбей тұр жылқымызға. "Бас бәйге Батыраштың сыбағасы", — Деп тегіс қойды ұйғарып жұртымыз да... Алып жүр аруақсыз да, құдайсыз да, Құланың бақытын сіз де сынайсыз да. Естуші ек Құланың да кӛптен даңқын, Құдайдан Кӛк озбауын сұрайсыз да... —Естігем бұрын даңқын Кӛк неменің, "Алтайдын жүйрігі онан жоқ" дегенін. Жолықпай иесіне жүрген болса, Осы жол Кӛк шолақты бӛктеремін! Ақанның осылай деп ӛктегенін, "Құламнан озар жылқы жоқ" дегенін, Жеткізді Батырашқа бір ку ауыз, "Құлаға бӛктерілер Кӛк" дегенін. Есітіп Батыраш боп бұлан-талқан, Кӛкжалды қысып кетті ашу, сайтан. Тепсініп ақ отауға келді кіріп, Жиған жоқ аяғын да жаткан Ақан. Қылған жок қоркауыңнан қауіп, қайқаң; Дауысы Батыраштың шыкты катаң. Қамшысын бүктеп, шарта жүгініп шал Аканға созі мынау сондағы айткан: —Қанғырып Қарауылдан аска кепсің, " Осы аста абиырым басқа" депсің . Озіңе оз аузыңмен бәйге әперіп, " Атынды ӛзгелерің қоспа!" депсің. Атаң аз Алтайымнан қалай кӛпсің? Алдымнан бәйгемді алып корген жоксың. Сорпасы Сағынайдың бу болды ма, " Алтайдан озамын!" деп,... жепсің. Алтайда мен акиық үшқан конбай, Қарамды коре алмайтын сендей торғай. "Бӛктерем Батыраштың Кӛк атын!" деп, Оттапсың ауызыңа ие болмай. 27


І.Жансүгіров. Құлагер

Қарауыл, қайрат қашан бітті мұндай? Басуым коңілінді тіпті оңай! Тӛренің атын ерттеп ӛскен ел ең, Ӛзіңе ат бітіпті-ау, байғүсым-ай! Ақанға батып кетіп шалдың созі, Аңырап алғашкыда калды да езі; Утілмен алды шалды шағып-шағып, Лап берме, оныңдағы от мінезі: —Әңгүдік, әкірең каккан, албыт сезді, ... кӛк ешкінің жыртыккозді, Алтайдың, кәр жынындай бақылдаған, Кӛк сакал, азбансынған, бұл кім озі? Ат біткен Қүлагердей Аканына, Ол дайын Кокті жерге такауына. Бәйгеден басы-козін су кып озбай, Ат сенің карай ма екен сакалыңа?! Би болсаң, би шығарсың Алтайыңа, Тілімді терезем тең, тартайын ба?! Кӛгінді боктермесем атым сенікі, Шапса да әкең мініп байталына! Тұтқыштай ӛңі күйіп қап-қара боп, Батыраш басқа сӛзді баптаған жоқ. "Батырып Батырашқа жіберді-ау" деп, Тым-тырыс үндемеді тыңдаған топ. Жайраңдап жайсаң Ақан қаймыққан жоқ, Жүрегін жолбарыстан айнытқан жоқ. "Жат елде жалғыз жүрмін" деп именіп, Болар деп түбін қалай қайғырткан жоқ Жұрт сӛзді онан әрі жаңғыртқан жоқ, Қаңқулап, кағажулап кағытқан жоқ. Насырға шабатынын біліп жиын, Шаппаған бәйге басын ауыртқан жоқ. Кӛгеріп Батыраш шал басы қалтақ — Қалтақтап жан-жағына етіп жалтақ; Біле алмай не қыларын үйден шықты, Халықта кетіп жатты үйден тарқап. 28


І.Жансүгіров. Құлагер

Жүйріктей жиын жарған қағып жайтақ, Таңғалтып ән, атымен елді байтақ; "Ауылым қонған Сырымбет даласына! " Деп Ақан ән сап жатты басты шайқап. Көмбе Тауысып қол қымызды, таудай етті, Неше күн Ереймен тау етке бӛкті. Күтіліп келген мейман тойынған соң, Ат шауып, бәйге үлесер мезгіл жетті. Шаң басып қотарылған жер мен кӛкті, Арқаның елі тегіс ат ерттетті. Қарақшы калай қарай тартатынын Хабар қып жаршылар да шауып кетті: "Ай, әлеумет, жарандар, Аска жиын адамдар! Жарға құлак салыңыз, Бірің калмай, бәріңіз Айтқанымды біліңіз, Атқатегіс мініңіз! Тарап кетті табақшы, Тауға тартты қарақшы, Солай қарай жүріңіз! "Кембе қайда?" - десеңіз, Кӛзді салып кӛрсеңіз: Ӛркеш-ӛркеш кӛрінген, Орғылап су тӛгілген, Балдырғаны білектей, Балаусасы жібектей, Бүлдіргені кенектей, Ерейменнің тауында, Егізқызыл баурында, Жоламанның қасында, Жыландының басында, Кӛк жайдақтың шенінде, Боз ойнақтың белінде, Қайындының дӛңінде, Қарақусақ кӛлінде, Сонда бәйге тӛбеге Жиыласыз кӛмбеге! Халқым, солай жүресіз, 29


І.Жансүгіров. Құлагер

Қарақшыға ересіз, Тоғыз дуан тоғыскан, Сегіз дуан бас қосқан Сердебені кӛресіз!" Жаршылар осылайша кетті сарнап, Бәйгенің болар жерін жұртқа жарлап. Қара жер қайысқандай калың жиын, Қыбырлап кұмырсқадай жүрді қаулап. Лек-лек топ, ағытылды адам аңдап, Теңіздей толқын жанға толды жан-жақТұяқтан түтін болып жер менен кӛк, Бауырын Ерейменнің басты шаңдак. Ұқсаған ен тоғайдың ағашына, Мол жиын таудын сайы, саласында. Түлкілер тұйықталып қолға түсті, Кісінің қалды қоян арасында. Адамның кӛз жеткісіз қарасына, Дегендей иісі қазақ бәрі осында. Жауғандай Ерейменге жаңбыр кісі, Қусақтың тартты тура жағасына. Әр түсті ат, алуан кісі мінуі де, Халықтың жазғы шӛптей киімі де. Бейне бір шегірткенің қонуындай, Қусақтың жұрт жиылды биігіне. Әркім-ак элем байлап жүйрігіне, Құйрығын сайгүліктіңтүйді, міне. Жапсар ел жақын кӛңіл, тілектес боп, "Бәйгелі болсын!" — деп жүр бір-біріне. Шықты шаң, басты тұман Жыланды жақ, Сол шаңнан шығып жатыр ат кылмандап. Тұмарлап, үкілеген ӛңшең жүйрік, Жиылды жұрт алдына сүмбе саңлақ. Жүргендер жұрттан озып, топтан тандап, Жараған жыл емірге осы асқа арнап, Алдырып жеті сайын желіктерін, Қатқандар бірі — қамшы, бірі - қармақ. 30


І.Жансүгіров. Құлагер

Сақа аттар, cap кідірлер, сары тісті, Дәмелі донен де бар, жүйрік бесті. Кұсындай қырдын ӛңшең ап-ала боп, Жүйріктер жұртты үнілтіп кәзгетүсті. Ат саны барған сайын бірден ості, Атқа еріп тамашалап халык кошті. Аттарды жазып-сызып керешілер, Санақшы санын бір мың үш жүз десті "Осы асты кӛптен күтіп, деген шапсақ, Пәленше, түгеншеден озып бақсақ; Жүргенше жеке-жеке жүйрік болып, Арыстың асында бір бақ сынатсақ..." Деген ой бәрінде де болып мақсат, Жиылды қазақтағы ӛңшен жақсы ат; Қашаннан қарлығаштай жаршы міскін, Қызғыштай қалың топка жүрді қақсап: "Кор әлеумет, жарандар! Кӛмбедегі адамдар, Маған кұлақтігіңдер, Келген атты біліңдер, Айтайын қайсы біріңді, Жиылды жүйрік, жиылды! Ойың менен қырыңды Жиған аска бүгінгі Кімдер келмей қалысқан, Аяқ жетпес алыстан, Құлақ жетпес дабыстан Жиылды осы кӛмбеге, Шапқалы түр бәйгеге Бӛкен санды бурылдар, Шапса мыңнан суырылар. Жылқы малдың жүйрігі, Серке санды Құла бар, Қозыбайдың дүлдүлі Келген атты біліңдер! Серпінді Кӛк бұ да бар, Қайсы бірін айтайын; Шапса желде йзулатқан, Шудың бойын шулатқан Меруерт жолдас Ақсұр бар. Сырдың бойын сілтідей 31


І.Жансүгіров. Құлагер

Тыйып жүрген Қызкара, Осы жолы бақ сынар. Кайсы бірін айтайын; Бәйге бермес үдайы Ұлытаудын Құбайы. Кашағанның кұдайы Қаратаудын Құмайы, Қыпшақтың Ақбақайы, Қырғыздың Кектопайы, Ақшатаудың Аласы, Кӛкшетаудың Құласы, Ертістен Елік-құбақан, Есілдің Қасқабұласы, Айтайын қайсыбіріңді; Жиылды жұрт, жиылды. Аралдың Алаүйрегі, Жарылқаптың Жирені, Балкаштың бейпіл Бертесі, Семейдің Сүрсеркесі, Тӛстен түлкі қоймаған Тобықтының түйғыны — Жамбылторы осында, Жауғашардың жүйрігі, Кайсыбірін айтайын; Алатаудың басынан Ақ қанат Кер келіп тұр Аузымен құс тістеген; Жалғыз қазық жықпаса, Жылқы озбайтын кұспенен. Шапса екпіні дауылдай, Ала кӛйлек арудай Сыпыра басып, сылаңдап, Кӛкала жүр бұлаңдап. Қайсы бірін айтайын; Алуан-алуан күліктің, Аскан-аскан жүйріктің, Косылып тұр отыз боз, Жиырма жирен, қырық қара, Кердің ӛзі екі жүз. Тағы, тағы, тағы да, Таласып тұр бағына: Тоқсан торы, жетпіс кӛк, Ала, құла саны жоқ..." ■ 32


І.Жансүгіров. Құлагер

Осындай хабарымен топқа соғып, Жаршы жүр жағы тынбай бәйек болып. Жиын жүрт жүйріктерді тамашалап, Аттардың алды-артына кетті толып. Әр жақтын санлақтарын сұрап кӛріп, Дүрілдеп ұмтылып жүр соңына еріп. Кеңесіп, керілдесіп, кеулеседі — Қой ,қозы жамырасқан секілденіп. Am айдау Ақан да алып шықты Құлагерін, Салпитып тұрды Құла үлпіршегін. Жай тастап тӛрт аяғын келді тұлпар, Оңаша жұрттан аулақтұрды Серің. Талтайтып жимай тастап тілерсегін, Салпитып тұрды Құла үлпіршегін. Күреңбай Ақанға кеп сӛз айтады: —Аласың астың алдын, Ақан серім! Құлаң бір дүлдүл екен жануар-ай! Жүйрікке колы жеткен жарығандай. Саған да ішім ырза, жолың болсын, Жылқыны жігітімсің танығандай. —Күткен бір атым еді күнінен тай, Жолдасым осы ат менің неше жылдай! —Ендеше бас бәйгені алып түрсың! —Айтқаның келсін, сыншым, аузыңа май! Батыраш танушы еді бұл да малды. Құлагер Кӛк атқа ажал сықылданды. Алғаш-ақ Құлагерді кӛрген күні Ауырып, ұйқы кӛрмей ыңқылдады. Кӛмбеде Құлагерге тағы барды, Шықты да алды-артына кӛзін салды: "Арқаның албастысы бұл шығар" деп, Ішінен Құлагерден кауіптенді. Батыраш бала жастан атқа кұмар, Айқайшыл, ат әперген баққа кұмар. 33


І.Жансүгіров. Құлагер

Арам ой, ата намыс ұр-шоқпары, Кір кӛңіл, сарайының батпағы бар. "Осы ма данкы шыккан Құла тұлпар? Сүйегі белек екен, сұмдық шығар! Арқанын алдын алған Кӛктұйғынның Алатын әзірейілі осы шығар. Жануар, бітісіңде ерек екен! Сүйегің алқа-салқа белек екен! Кергем жоқ керіп жүріп мұндай атты, Жүгірсе шаба ма екен, желе ме екен? Бұл кәпір жылқы ма екен, немене екен? Осы аста алдымен-ақ келе ме екен? Алдына ат салмаған Кектұйғынға Бір пәле Кӛкшетаудан келген екен! Жылқыдай селт етпейді, не мінезі? Жай, салаң, мінезі ме - бой күйезі? Естуші ем сұмырайдың сырттан даңқын, Жайлы емес, не қылса да келген кезі. Отты екен жануардың екі кезі! Перінін пырағы ма мұнын езі?" Түтігіп, қап-кара боп тұрды Батыраш, Жалғыз-ак "Қап! Қап!" болып айткан сезі. Осылай айтпағанмен ішінен сыр, Томсарып Батыраш кеп толғатып тұр. Кек қайнап, ыза кернеп, жауыккандай, Қалып тұр қаны қашып, сүлдесі кұр. Шетсіз кеп шегіртке жан қыбыр-қыбыр, У да шу, айкай-сүрең, ыбыр-жыбыр. Аттырып Ақан атын оқты кезге Тұрғанын білсін қайдан ажал құрғыр. Не қылсын, Ақан оған қарасын ба? Жау, мейлі, жүре берер жар астында. Тұмарын Құлагердің шешіп алып, Сипап тұр аясы мен жаясын да.

34


І.Жансүгіров. Құлагер

Қызыл шыт тартып беріп баласына, Кӛп аттың коя берді арасына: "Алдыңа бір-екі-ақ ат салып отыр, Келгенше сонау жердін шамасына. Бұл айдау — қырғын жорық, байқап отыр, Барғанша бұлаң күйрык, шайқап отыр; Жел жақта шаң қаптырма, ұрма, қалқам! Теқ қана тізгін қағып жайқа да отыр. Қайтарда тізгініңді тежеп отыр, Тақымды қамшы салмай безеп отыр. Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба, Тек қана бір мӛлшерді кӛзде де отыр. Кӛрдің бе сонау жатқан кӛк ӛзекті? Ӛткенде сол ӛзектен салшы тепкі; Қоя бер басын сонда, қарғатайым! Ӛзі алар онан кейін қалған бетті. Ал күнім, сен де жӛнел, аттар кетті, Шан басты, жел жаққа тарт, жер мен кӛкті; Ажырап мен сендерден қалдым жалғыз, Алла, ӛзіңаман келтір екі ермекті!" Қалың ат, кӛп баланың арасында, Құшақтап Акан сүйді баласын да. "Кош, аман келгеніңше күтемін" деп, Мойнынан құшақтады Құласын да. Алуан ат - торы осында, қара осында, Не саңлақ, сәйгүліктің бәрі осында. Күңірентіп, кен даланы дүбірлетіп, Тӛгілді ат Ерейменнің саласына. Екі атты екі айдаушы мінген жайлап, Аттарды дүркіретіп жӛнелді айдап. "Дау-дамай ат келгенде айрылсын" деп, Кереші келер жолға қойды сайлап. Сүзілген құйрык, жалы ӛңшең жайдақ, Балалар бәйшешектей шыттар байлап; Бәйгеде бәсекемен бақ сынасқан Қалың ат кӛлді айнала кетті қайнап. 35


І.Жансүгіров. Құлагер

Атқа еріп ел тӛгіліп алыс кетті; "Қайт!", "Қайттап!" елге әңгірлеп шабар жетті. Керуге ат қайтканша озге ойынды Теңіз топ толкып, қалқып, бұрды бетті. Шулатып, маңыратып қойдай кӛпті, Қасына қарақшының айдап жетті. "Ел түссін, енді балуан болады" деп, Кәрі ояз тор қасқалы арс-үрс етті. Балуан бәйге Құжынап құмырсқадай сала-сала, Мұнда жоқ қатын-калаш, бала-шаға. Ояздыңтәртібімен иірілді жүрт, Бодам ел, "тақсырлаған", жақ аша ма? Шытырлап атбайланды қалмақшаға, Жӛңкіліп жаяу халық келді ортаға. Балуанды түсетүғын тағы жарлап, Жаршылар жағы сембей жүр қақсауда. Алапқа алқа-қотан отырды жан, Жері жоқ ине шаншар, адам тұрған. Жаяулап тай шаптырым жерге келді, Алыста аттар қалды байластырған. Ояздың тәртіп кылып айтуынан, Басқарып кісі шықты ата ұлынан. Кӛк дӛнде дүрбі салып ояз отыр, Басына кӛлеңкелеп шатыр құрған. Кең жазық, майса кӛгал ортасында, Жиылды жұрт Қусақтың жотасына. Күреске кең ашықты сайлады жұрт, Арналған алыптарға айқасуға. Ұқсағанжазды күнгі жауқазынға, Тізілді ел Ерейменнін алқасына; Алысып Арғын, Найман күш сынасып, Атты айдап, азаматпен шайқасуға. ■ 36


І.Жансүгіров. Құлагер

Даурығып қарсы жак та қобырасты, Балуанын шешіндіріп, дабырасты. "Тез шығар балуанынды!" деген дауыс, Атойлап, қыр кӛрсетіп, жамырасты. Ауылда едірең деген қымыз масты, Сескентіп мынау думан кӛңілін басты. Кей балуан кісі ӛлгендей жер шүкылап, Жүрегі жігіттердің үрке қашты. Балуаны шешінген жақ дікең қақты, "Кісінді шығар! Шығар!" деп-ақ бақты. Шыдамай шешінуге нелер балуан, Самай тер шекелерден шып-шып ақты. Аттатып, атқандайын алшаңдатып, Ақситып бір балуанды арсаңдатып, Аруақтап жетелеген бір караның Ноқтасын сыпырды әкеп, талтаңдатып. Кергенде мұны халық қалды қатып, "Мынаған шыға алмас, - деп, - ешкім батып Қораға түскен жалғыз жолбарыстай, Ол тұрды кӛрген кӛзді таңырқатып. Бұл асқан алып еді, мықты қара. Талқандап таудай дәуді жықты қара. Шошытып бар жігітке мысық болып, Тышқан қып іннен інге тықты қара. Бура сан, бұқа мойын, түкті қара, Күмбездей кӛрінеді күпті қара. Борбандап жолбарыстай жонын беріп, Майданға бір тізелеп шӛкті кара. Алдырмас тірі жанға алып, берік, Шошынды бұл қарадан халық кӛріп. Біледі алуан түрлі әдісті де, Ӛткізген талай күрес, талай цирк. Боз шолақ мінген жаршы және келіп, Балуанды баяндады сӛзге теріп. Тыңдасты астың халқы құлақ қойып, Бір-бірін басып, жаншып, ентеленіп. 37


І.Жансүгіров. Құлагер

— Мынау, мынау, мынау ер! Піл сүйекті, бұлан ер, Арыстандай айбынды ер, Жолбарыстай жуан ер. Ертістің бойын сіліккен ер, Еділдің бойы үріккен ер. Ірбіт, Алтай, Мекерже, Жәрмеңкеде шыққан ер. Алатаудың алыбын Алып жерге соқкан ер. Қаратаудың алыбын Қағып жерге тыққан ер. Аюбайдың асында, Онда он алты жасында, Атан жыққан алыпты Абжыландай жұтқан ер. Бұқа мойын, бура сан, Бұғалык бермес шу асау, Талайлар қорқып бұққан ер. Не нәндерді беріктей Қағып, сілкіп циркті, Қалаларды құртқан ер. Алды-артына бірдей ер, Алысқанға дүрдей ер. Адамзатқа сырттан ер, Қолы құрыш қорғасын Алысқанның кек етін Сықпа құрттай сыққан ер. Айқасқанның терісін Шаранадай жыртқан ер. Әзіреті Әлінің Әдіс күшін тұтқан ер. Жаршының бұл айтқаны бекер де емес, Осылай етіп отыр кӛп те кеңес. Адамның бурасына адам батып, Батылдық күресуге етер де емес. Жаршының жырлағаны жалған да емес, Шыны сол, ӛтіріктен зарлау да емес. Кеңкек тӛс, кен жауырын, үңгір қара – Ӛзге жан бұл тұрғанда балуан да емес.

38


І.Жансүгіров. Құлагер

Келіп еді осы қара әлдеқайдан, Күресті қуған жігіт кішкентайдан. Қаланы жығып, қырды ағалаған Бір асқан алып еді, заты Найман. Ac беріп алты арысқа даңқын жайған, Тауып ед бауырды бұл Сағынайдан. Жатыр ед күшін әдей кӛрсеткелі, Керейде қонақ болып бір-екі айдан. Шығатын зор қараға бір жан болмай, Жігіттер қоян болды, жүрек калмай. Сібірдің цирктерін сілкіп шыққан Осыны алып отыр ояз колдай. Қаратау кӛрген емес зорды мұндай, Жетісу кісі таппай болды жымдай. Балық боп Арал, Балқаш ауызын ашты, Қауіп қып қорғалады Семей, Торғай. Қарсы жақ кісі таппай болды жүдеу, Кӛк темір болды жасып алмас егеу. Салбырап бет моншағы балуандардың, Теп-тегіс томен қарап, болды күйеу. Бітік кӛз, үрпек сары, дембелшелеу Шешініп қарсы жақтан шықты біреу. Қораштау кӛрер кӛзге, балуан дерге, Аруақтап Оқас жағы қылды тілеу. Атағы бұл сарынын балуан Жақып, Шыныраудан түйе тартып алған Жакып. Әдісқой, алысқанда дӛңгеленіп, Топтарды талай жығып, жарған Жақып. Асына Абақ, Керей барған Жақып, Онда да бас бәйгені алған Жақып. Мойынын қашағаннын үзген талай, Дейтұғын Баянауыл Таутан Жақып. Бұл Жақып әлде жалшы, әлде малшы, Болмаса Оқасқа ерген бір итаршы. Жүректі, кім болса да күшті жігіт, Сияқты би колында жезді қамшы. 39


І.Жансүгіров. Құлагер

Жеп-жеңіл, қаршығадай, сары шаршы, Үйелмен, үлкен дәуге жүрді қарсы. Айнала кӛптің алдын қыдырыстап, Безектеп таныстырды тағы жаршы: — Мынау, мынау, мынауым, Сексеуілден бұрауым. Алысқанда шақ келмес Алыбың мен дырауың. Түсті Арғынның тобынан, Құтылу жоқ колынан. Албастысы алыптың, Әзәзілі әдістін. Шоршығанда, ыршыған, Шегіртке сары, оқ жылан. Бӛденелер бӛріктей Қаққанынан соғылған. Азулысы алыптың Ашуланса тістеген, Айласына кӛз жетпес, Астына жанның түспеген. Салған жерден сырттаған, Еш пендеден ықпаған. Тиген жерден тіктеген, Бұғалықтап толғаса, Қашағанды бүктеген. Ығына келіп қалғанда Ықтыжарды күтпеген. Шалуға адам сайтаны, Шапшыған да шоршыған Шалқар кӛлдің шортаны, Сең соққандай сілкінді, Балуанға түскенде Балықтайын бұлқынды, Ұстау киын шіркінді. Басым күшті, ер жүрек, Балуандардың әкесі, Таудың тарғыл текесі — Секірсе сексен кадамға, Ұстатпайтын адамға. Қарсы алдына келгенде Қақпандайын серперлі, Жан жыққан жоқ ӛрт ерді. Алыптарды аударды, 40


І.Жансүгіров. Құлагер

Еңгезерді еңсерді. Келсап-келсап білектін Талайын талай тӛнкерді, Алысса бура шӛккені. Адуын алып кӛк бӛрі, Арыста талай бәйге алып, Айқасты талай кӛп кӛрді. Айқайда талай түсе қап, Асқынғанды бӛктерді. Аптықты талай басқындап, Алыста талай бӛксерді. Айтып-айтпай немене, Аңсағанға сусаған, Алысуға дӛп келді. Курес Құз қара тұра келді алас ұрып, Сарыны қорашсынып, баласынып. Тап берді қара қабан сары мысыққа, Байғұсқа болды тым-ақ жан ашырлык,. Ышқынтып сыбызғыны, дабылды ұрып, Екеуін қоя берді шабындырып; Алысты арс-ұрс етіп екі арыстан, Таласты, бірін-бірі алып, жұлып. Сарыны ешіктіре, жауықтыра, Арсандап омыраулады алып қара; Түспеді ол допша қарғып, мысықша ырғып, Дегендей "Күшің болса алып қара!" Ол дағы ӛз әлінше алып қана, Әркімді жығып жүрген шалып қана. Бұлтылдап жыққан жерде жатпайтұғын, Басқаға бастырмайтын балық бала. Желкілдеп қара сақал шудадайын, Бұлқынды алып қара бурадайын. Шабынды қаңтардағы күйі түсіп, Дегендей "Алып соғып, жұлмалайын". Бұлқынды шайнастырған бурадайын, Жұлқынды жұтпақшы боп суда жайын. 41


І.Жансүгіров. Құлагер

Тасындай тиірменнің тастасып жүр, Қарасып құшқтары барған сайын. Сияқты бірі жуан, бірі жұқа, Ӛкіріп сүзісіп жүр екі бұқа. Таласты ел алдында екі арыстан, Алысып, арс-ұрс етіп сілке, жұлқа. Сарыны сол жағына алып қымқа, Қайқайтып қара балуан шалды қырқа. Жатама, серке сары, кетті шоршып, Жерді шаң, ӛзін қан кып, етін жырта. Жейдедей жалаңаш ет жыртылуда, Сүйтсе де ол ойланып жүр ұмтылуға. Сіресіп оң жағына қырындайды, Арқалап, қырына алып, жерге ұруға. Жақыптын жатыр күші оң жағында, Оңбайды түскен адам ол жағына. Иыққа "Ап!" дегенде алып қалды, Сықырлап азар алды қол, қабырға. Айласын балуан Жақып қылып қалды, Ӛңқиіп ӛгіз қара мініп қалды. Доңгелек айналдырып, серендетіп, Жерге алып ноқталыны ұрып қалды. Ду етіп Арғын жағы күліп қалды, Аңырып Найман жағы тұрып калды. Аруақтап, әулекілер айғай салып, Қорқақтар қояндайын бұғып қалды. Күрс етіп жүнді қара жерге түсті, Үстіне балуан сары міне түсті. Бастырмай тізесімен қақты қара, Алып қой, бӛрі басар ол да күшті Екі айғыр бір-біріне салды тісті, Қараның кӛрінеді алды күшті. Таласты тамашаға қос құтырған, Мәз кылып кырдағы үлкен мәжілісті. Аударып және Жақып, және басты, Допша атып бірін-бірі домаласты. Лақтырып бірін-бірі бӛрікше атып, 42


І.Жансүгіров. Құлагер

Екеуі жығыса алмай, кайта ұстасты. Ұсатты аяқтары басқан тасты, Кӛк қырқа жұлмаланып, шандақ басты. Қопақтап отыра алмай койдай шулап, Екі жақ "А, кұдайлап", аруақтасты. Сарыны қара кӛкпар лақ қылды, Ұршықтай үйіргенде лақтырды. Екеуі ӛлерменге жеткен кезде, "Айыр!" деп, халыққа ояз жұбап қылды. Арғын жақ "Жығылды!" деп шулап тұрды, Найман жақ "Жыққан жоқ!" деп жанжал қылды. Сірескен шайнасумен екі арланды, Кереші кісілер кеп екі айырды. Баян жақ "Бэйге бер!" деп келді оязға: "Бәйгесін, кім жыққанын жаз қағазға!" Керей жақ бергізбестен кетті кернеп: "Итжығыс! Мынаның да жыққаны аз ба?" Тимеді сүйтіп бәйге Окас тазға, Оларға күш қыларлық қайда оязға! Болмады ояздікі елге бітім, Мұндайда әңгірлейтін әулекі аз ба? "Жықты, — деп желіккен жақ, — біздін қара!" Болмады омыраулап жанжал қыла. Бәйгені "біздікі" деп тұрып алды, "Түсті, - деп, - алғаш жерге сары бала!" Қоймады "күресем" деп жүнді қара, Аусарлау әугіп, даңғой, жынды қара. "Дәл жықпай даулы бәйгені алмаймын" деп, Байлауды бітпес дауға қылды қара. Жақыптың жағы жатыр "күреспе!" деп, "Жетеді осы абиыр, тіреспе!" деп. "О да олжа бас бәйгені бӛліп берсе, Бұл қара асқан алып, сырдесте" деп. "Екеуін тағы, тақсыр, күрестір" деп, Ояздан Оқас, Шабдан қылды тілек. 43


І.Жансүгіров. Құлагер

"Ӛздерің білесіндер!" деп ояз отыр, Болды жұрт қайта екеуін күрестірмек. Екідай болып тұрды елдің жағы, "Шык! Шық!" деп жүнді қара шабынады. "Шықпалап" Баян жағы бәйек боп жүр: "Абиыр осы жолы қағылады". "Шық!" деген ер қорлыққа намыстанды, Шешінді шеге сары алысқалы. Жаманат корықты деген, қорлык, сірә, Күреспей қайда қояр жабысқанды?! "Шығамын нар тәуекел, тағы барам, Жықсам алам, жықпасам тағы калам. Болмастан ӛкіректеп ол тұрғанда, Сесімді кӛрсетейін мен де бәләм. Мен де адам, расында ол дағы адам, Бір-бір кой шешемізді қалжалаған. "Шығар!" деп дәу қаранын дікектеуі Тимейді тіпті женіл ол да маған..." Халкыңның сырын ӛзің білесін де, Ісіне күйесіңде, күлесінде. Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп, Әйтеуір сол халықты сүйесің де. Созылған соз құйылды жүйесіне, Байланды тағы қайта күресуге. "Ананы еркек болса алып кел!" деп, Отырды жүнді қара жүресінде. Тап берді теріс азу бір-біріне, Бұқадай сүзгіледі жүнді, міне. Сарт етіп шеге сары іштен шалып, Қаршыға қазды қағып ілді, міне. Сарының қаршығадай ілуіне, Аруақтап Баян жақтын күлуіне, Қараны қайыстырып бұрағанда, Күрт етті... бір гәп болды жілігіне...

44


І.Жансүгіров. Құлагер

Сылқ етіп жүнді қара жерге түсті, Үстіне түйғын сары міне түсті. Шегіртке атып кетті бастан ыршып, Жүндіге жан жабырлап жүгірісті. Осыған екідай боп елеуресті, Үйткені етке тойып, қымыз ішті. Құтыртып, қораздайын қырқыстырып, Дағдырын қос аусардың сүйтіп шешті. Ыңыранып жүнді жатыр ӛкпе соғып, Сермеліп екі қолы, жанын қорып. Бұралып қалған екен сол аяғы, Сыныпты жіліншігі күл-күл болып. Оқас тұр шоқтығы асып, жеңген болып, Ояз тұр үңірейіп шылым сорып. Сӛйлейді біреу аяп, біреу кажап, Жаралы жіліншікке шаншу болып. Кӛгеріп жатыр балуан қаны кашып, Кӛргеннің бәрі аясты, жаны ашып. Балуаны жыққан Арғын шуылдап жүр, "Аруақ қолдады" деп, кӛңілі тасып. Оязға Оқас кеп тұр маң-маң басып, "Беріңіз, бәйгемді!" деп баяндасып. Тоғызды түйе басты үлесті жұрт, Таласып суыртпаққа жанжалдасып. Бір тайды бара жатыр біреу алып, Бір койды кетіп қалды біреу қағып. Жұлысып бір шаршыға екі сақал, Бір-екеу ырылдасты ит сықылданып. Жақын жоқ, жанашыр жоқ, жалғыз қалып, Қүз қара зарлап жатыр, дір-дір қағып. Бәйгені ас етіндей жұлқылап жүр, Біреудің жіліншігін малға шағып. Осындай не дейсіндер әлеуметті, Ac беріп алыстырған сол әдетті? Сӛксеңіз, соқсаңыз да болды солай, Мен ӛзім осындайдан кӛрдім кӛпті. 45


І.Жансүгіров. Құлагер

Сонымен балуаннын бәйгесі ӛтті, Оташы мертіккенді бебеулетті. Бұл да бір ел қыдырған есер екен, Сорлыны атқа ӛбектеп алып кетті. Am қайтқанда Жасымнан жылқы десе менін жаным, Атырдым жылқы ішінде ӛмір таңын. Жапанда жел жылқынын үстінде ӛскем, Мекендеп еміріме аттын жалын. Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім, Жырым — жылқы, жүйрік ат — салған әнім. Аспан асты, жер жүзі — кең сақара, Күн коріп атам қазак келген мәлім. Қазақтың жылқы ансатқан жарлы, байын, Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым. Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы, Білген жан бекер демес аттың жайын. Бірге ӛскен бала күннен кұлын, тайым, Top құнан кӛшке мінген күн-күн сайын, Автода ағарса да сақал, шашым, Атымды не бетіммен ұмытайын! Бұл күнде автом да бар, атым да бар, Бәйге алу самолетпен салтымда бар. Бізде жок Сағынайдын сасық асы, Тойына Октябрьдің атым шабар. Сауықты, салты қызық халқым да бар, Жылқымда асылданды қолтумалар. Түрленді қазағымнын қалын малы, Аттарым асыл тұқым жарқыл қағар! Қызығы қырдың үлкен бәйге шапқан, Күнірентіп кӛк жайлауды атты тартқан. "Бала, — деп, — әрі пысық, әрі жеңіл", Иесі талай аттың мені тапқан.

46


І.Жансүгіров. Құлагер

Мен дағы мүндай кезде жылмаң қаққам, Мінгемін не сандаққа суман қаққан. Кӛп атты талай-талай тастап кейін, Қыр кұсын тақымымда қылмандатқам. Сәйгүлік мыңнан озған, ӛңкей саңлақ, Қырғындап қайтар жерге жетті шаңдап. Айдаушы тырна қатар тегіс тізіп, Қайтуға ыңғайланды айдалған ат. Қаз-қатар, мың үш жүз ат жайды қанат, Балалар бір-біріне: "Алақ! Алақ!" "Ал қайт!" деп кашан қолын сілтейді деп, Бар бала айдаушыға тұрды қарап. Шығар деп қашан даусы "Кайт! Қайттаған!" Ӛзім де талай-талай жалтактағам. Болар ма ат үстінен қырда қызык, Жалғанда арман бар ма ат қайтқаннан! AТ қайтты әлденеше он шақырымнан, Кӛп атты қайырмады жақын бұдан. Жӛнелді түтіндетіп мың үш жүз ат, Шаң кетті кӛкке шапшып сапырылған. Арыста ағалаған нелер санлақ, Қашаннан қатып-сенген бәйгеге арнап. Ұрандап бәйге шапқан бала халқы, Күңірентіп жердің жүзін кетті шандап. Шаңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қанбақ; Балалар ұран салып, безді зарлап. Шапқан ат, салған ұран - күңіренді Арқа, У да шу, ұлан-азар болды жан-жақ. Күңірентті ойды, қырды ӛңшен күлік, Арканы дүбірлетті дүбір қылып. Кӛшіріп жерді, кӛкті келеді аттар, Керілген кеңдаланы бүліндіріп. Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп, Адақтап барған сайын шықты жүйрік. Тӛртеудің мың үш жүзден мойны озып, Құлагер келе жатты тістеп кұйрық. 47


І.Жансүгіров. Құлагер

Артында тӛртеуінің мын ат қалды, Балалар барған сайын шулап қалды. Жер шіркін барған сайын бауырын жазып, Шан шіркін барған сайын будақталды. Шаң кӛкке ӛртенгендей шумақталды, Аттерге шомылғандай суды ақтарды. Күн шілгер, адам, айуан судан кеуіп, Түтігіп талай аттар құлап қалды. Құдықтан, жерошақтан қазақ казған, Жұлдыздай жалт етеді жүйрік жазған. Шынайы жел жүйріктер қырға біткен, Деген сӛз былшыл біздің жылқыны "азған". Тӛрттұлпар соқты желдей мыңнан озған, "Жетсең ал!" деген есеп мұнша созған. " Армансыз болсын аттар" деп әңгірлеп, Қазақтар коюшы ма еді кұрты қозған?! Жарысты ӛншен тұяқ жолды сойып, Тӛрт кетпен келе жатыр дабылды ойып. Тӛрттұлпар шанын бӛліп, ұзай салды, Жолшыбай аттың бәрін қырып-жойып. Ӛссем де атқа шауып, бала болып, Айтуға жетпейді әлім мұны толық. Бір сӛзбен бүктеп айтып, байлағанда, Осы айдау бопты қатты қырғын жорық. Үстінде Құлагердің қандай бала? Тастап ек баяндамай оны шала. Ақанның елден келген бір жолдасы, Кетелік оны да айта осы арада: Бұл ӛзі елдеп бір жетім бала, Ақанға бауыр басқан ӛкіл бала. Кӛзіндей Құлагердің күтеді Ақан, Бейбаққа Ақан сері секілді ана. Ол кезде жетімдер кӛп қақтығатын, Мынаны Ақан сүйіп, жақтыратын. Асырап аш, жалаңаш қалдырмастан, Біреуге еліндегі бақтыратын. 48


І.Жансүгіров. Құлагер

Бәйгеге қосар болса Ақан атын, Мінгізіп бұл баланы апаратын. Тақымы жетімектін құтты болып, Құлагер қосқан сайын бәйге алатын. Құланың біліп алған бала сырын, Серінің келтірмейтін және ашуын. Қалың ел, аспан, жердің арасында, Ақан деп білетін ол жанашырын. Ақан да әкесіндей баласының, Жоқтығын жоқтатпаған анасының. Қорғайтын ол ӛмірде үш-ақ затты: Құласын, баласын, кӛз қарашығын. Сонымен Ерейменге тӛрт ат кетті, Тӛрт бала барған сайын ұзап кетті. Қара үзіп қала берді ӛзге бала, Қалғанды қорлықтеуіп, ыза ап кетті. Жүйріктер жүндей сабап жолды түтсін, Ат солай бара берсін, бұл соз бітсін. Келейік кӛмбедегі кӛпке тағы, Сарылып кеткен атты қанша күтсін. Айғай, шаң аттан шыққан кокке кетсін, Екпіні жел соққандай дүрілдетсін. Жел жүйрік Сарыарқаны домбыра қып, Тӛрт тұлпар тұяғымен жерді шертсін. Am шаңы Айнадай мӛлдіреген Қусақ кӛлі, Осы еді Ерейменде жердің сӛлі. Ел жайлап, мал жайылып, думан болған, Жайдырған жасыл кілем жұмақ жері. Тӛбесі осы кӛлдің биік жері, Қусақтың мәлдірі еді Кӛкше кӛлі. Бәйгесі балуанның тарқағанда, Асықты атты тосып астың елі. Айдалған астың аты алые жерге, Болар ма Қызқашканды жақын дерге. 49


І.Жансүгіров. Құлагер

Шықты шаң кӛз ұшында ақ шүйке боп, Құлдырап ат ойысты Қусақ кӛлге. Кім жетсін тау бауырынан соққан желге, Дәл сондай аңқыды аттар жазық жерде. Тау тӛсін дүсірлетіп, дүбірлетіп, Таласты осы тӛрт ат Ерейменге. Жанына еліміздің жылқы жаққан, Жылқыға жетпеген кӛз жаутаң қаққан. Мінсең ат, ішсең кымыз, жесең қазы, Қашаннан қазақ халқы жылқы баққан. Атты артық кӛрген елміз мінген тақтан, Қызық-ақ біздің бәйге қырда шапқан! Шыдар ма қазақ жаны ұшып кетпей, Аттарға шаң шығарып келе жатқан. Ұзақ жол, талай қырқа, талай қабат Тауысып шыққан жоқ па келе жатқан ат! Қайта ма Қызқашканнан шауып жылқы, Жетпесе тегі бұған ұшып қанат! Қадалып шыққан шаңға үңілді кӛз, Ӛзара дуылдасқан басылды сӛз. "Кім де кім атка мінсе жазалы!" деп, Жарлықты және берді үңірек ояз. Жарқырап жатыр Қусақ келі сайрап, Жас кайың жағасында желмен ойнап. Шаң қылаң кӛз ұшында берген кезде, Қобырай бастады жұрт кӛзі жайнап. Тыйды ояз "Тыныштал!" деп қатты айғайлап, Қазақты кауызға айдап, жіпсіз байлап. Қусактың кер жол аскан кезеңіне Қылт етіп келе жатқан ат шықты қайнап. Бұрқ етті кезең асып шұбалған шаң, Қобалжып қозды құрты астағы жан. Ойысты үш-тӛрт қара үздік-создық, Алдыңғы ат бірі — қылаң, бірі — баран.

50


І.Жансүгіров. Құлагер

Кӛргенде кӛз ұшында келе жатқан Караны қоя ма кӛз күн-түн баққан? Жасаурап екі кӛзі тұра алмады, Кұласын кұлдыраған танып Ақан. Созылды осы тӛрт ат кӛл айнала, Алдына екі ат шықты жеке дара. Ӛтетін ат қылт етіп Жыланды ӛзек, Суы жоқ, бұтасы кӛп — жырақана. Күткен кеп қайтқан аттан кӛрсе қара, Жынданбай жанды қазақ тұра ала ма? Деп тұрып: "Тоқта! Тоқта!" "Шаппа! Шаппа!" Топалаң болмаушы ма еді тұра-бара? Сорғалап сол ӛзекке ат та құлап, Жоғалды жұрт кӛзінен келе жатқан ат. Ӛзектен үздік-түйдек үш ат шықты, Алдында қылт еткендей болды бір ат. Елде жоқ осы кезде ұшар қанат. Қайтсын-ау қазақ, кӛңіл құмарланад. Ақанның не болғанын білгеміз жоқ, Алдыңғы ат баранданбай кылаңданад. .. Жұрт кӛрді ат үшеу-ақ бірі қалды; "Баран жоқбағанағы!" деп шулады. Тырмысқан тӛске таман үш желді аяқ, Дегенше әне-міне келіп қалды. Кӛктұйғын келе жатқан екен алды, Жануар, қанат қағып ӛрге салды. Талассыз керешіден кемел ӛтіп, Қайқайып қарақшыға кете барды. Алтайдың қосқан аты асып аруақ, Кӛк аты Батыраштың келді заулап. Дауысы баласының азар шығып, Шырылдап ӛте шықты "Бегайдарлап!" Аяғы бұран қағып, бота маймақ, Айтпақтың күреңі ӛтті: "Тӛлебайлап". "Шормандап" кәр, шор аяқ бурыл ӛтті, Лап ұрып, қозып кетті, жұрт айқайлап. 51


І.Жансүгіров. Құлагер

Ел шіркін бұл аттарды қанша күтті, Ат қайтты алып бар қызық, бар үмітті... Жүгірді аттарына қаптап жаяу, Енді ұстау осыларды қылмыс тіпті... Ұрандап мын үш жүзден үшеу ӛтті, Қара жок ӛзгесінен, қайда кетті? Аспан шу, жердіңбетін шаңыт борап, Біреуді біреу тіпті білмей кетті. Қысылған бағанадан қысталаң боп, Тәртібін ояздың ел ұстаған жоқ. Алуға атын әркім жолдан іздеп, Жарысып ат алдынан үшпаған жоқ. Тек Құла астыңалдын шайқаған жоқ, Бәйге алып, жиыны жарып, жайқаған жоқ. Айырылып Ақаннан да қалдык, міне, Кеткенін қалай қарай байкағам жоқ. Жалгыз қазық Біз енді айналмаймыз астағы елге, Аты кеп, әңгір қағып жүргендерге. Би Окас, кәрі оязға түкіреміз, Жатқанда сері түсіп сергелденге. Шапқан ел жетті қаптап Қусак кӛлге, Әлгі ӛзек, ат кӛрінбей кеткен жерге; Алдыңғы ат баран болмай, қылан болып, Айталық не болғанын Құлагерге. Ызғытып ат келе жатты қол айнала, Ат күткен кӛмбедегі кӛрді қара. Жібермей Құлагерді тізгін тежеп, Кезеннен ойысқанша келді бала. Сырдесте Сері атына шапқан бала, Бәйгені шапқан сайын қаққан бала. Құланың кұлағында ойнап ескен, Серіге сенімді боп жаққан бала.

52


І.Жансүгіров. Құлагер

Шаң қауып, желді жұтып, шӛліркеген, Қансытып, құрғап тандай, күн де жеген. Қалжырап келе жатты үні бітіп, Ат қағып, шел мендетіп, шабу женген. Кӛргенде кӛп кісіні Ерейменнен, Орғытып айналғанда Қусақ кӛлден, Қалықтап кобылардан кұстай ұшып, Асқанда бұлдырықтай безіп белден. Құлагер жеткізсін бе жекпе-жекке, Келеді басын тартып, қорқып текке. Кӛк атты қағып, соғып омыраумен, Ағындап келіп түсті Кӛкӛзекке. Кара жок, мындаған ат калды артта, Ӛзге аттар әлдекайда бұл мезетте. Құланың басын қоя бермек еді, Кезікті бір тосқауыл осы ӛзекте. Қусақтың осы қылта мойынында, Аттардың шауып ӛтер жолы мұнда. Кек кернеп, жасырынып тұрды біреу, Бір жаман осы ӛзекте ой қылуға. Айбалта ырғай сапты койынында, Сол еді мылтығы да, сойылы да. Алтайдың ақылынан ашуы кӛп, Арғынның ес болмайды дойырында. Ақ мылтық - ұшқыр боз ат бар астында, Жау тұрды жасырынып жар астында. Жол үсті тасқа біткен қарағанның Әлгі түр атты күтіп дәл астында. Мінгені боз, кигені қара үстінде, Құлагер тізгіндеген бала үстінде. Мылтықтың ауызына ұшқан құстай, Ағызып жетті жаудыңдәл үстіне. Кӛрінді ат, келе жатыр Кӛк ат алда, Қамшылап шырылдайды бала зорға. Тӛбелеп басқа, кӛзге Тұйғын келед, Шайқалып, шарқ аяқтап, түсті жарға. 53


І.Жансүгіров. Құлагер

Сияқты Кӛкті соғып, Құла аларға, Тосқауыл мұны кӛрген тұра алар ма? Кӛмбеге кӛрінім жер қалған кезде, Кұла алса қорлық қатты мұнан бар ма? Кетіпті тер шүмектеп Кӛкті жауып, Құлагер кұйысқандас, қылды қауіп. Терлемей қабағы да Кұлагердің, Келеді іркіп бала, еркін шауып. Кӛк атты омыраулайды Құла қуып, Жендетті ыза ап кетті, ашу буып. Қанталап екі кӛзі кӛрмей кетті, Қан мұздап сала берді, бойы суып. Осы ӛзек — Ақан айткан мәлшерлі ӛзек, Кел деген осы араға тізгін тежеп. Кайқайып осы ӛзектен ӛткеннен соң, Ұрандап қоя бермек бала безеп. Камшылап екі жаққа алма-кезек, Баласы Кӛктұйғынның қақты безек Кӛк атты осы арада артқа тастап, Жӛнелер Құлагерге осы кез ед. Нән, жуан, менмен кеуде, намыс ері, Суық қол Батыраштың жібергені. Жалт етті жайдың оты жүрегінен, Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді Жаудырды кӛңіліне аспан селді, Кӛк дауыл соқты шайқап Қусақ кӛлді. Мергеннің бір маралға кезі түсіп, Секірген бір киікті қасқыр кӛрді. Басынан Ерейменнің соқты боран, Түйілді кара бұлттай қара қыран. От болып екі кӛзі кӛрмей кетті, Жауды сел - қар ма, қан ба қабағынан. Қылуға қауіп-қатер бала мұнан, Аман ғой ақ кӛңілдің арамынан. ӛріні бӛрік астынан білмей қалды, Ойнақтап ӛте берді жау алдынан. 54


І.Жансүгіров. Құлагер

Суық қол, оқтан ұшқыр, тастан қатты, Ол ӛткір аспаһанның кӛк болаты. Қызғаншақ, қиқар, кесел, ұрыншақ,ӛр, Қаскүнем қара кӛніл жаман таты. Тұрғаны тығырықтау жердің шаты, Ақ мылтық — астындағы ақбоз аты. Ұрымтал жерден оқтай ұмтылғанда, Бала да білмей қалып, болды қапы. —А, кұдай-ай! Бере кӛр! — деп ұмтылды, Ұйтқып кеп соқты ӛкпеден жел сықылды. Қыспақ жол, Жыландынын жырасында Қақтығып бір-біріне ат тығылды. Сап етіп бердеңкедей кеп ұрынды: —Бере бер, балам, бері ылбырынды! Жанасып Құлагерге қалғанында, Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды... Шапшып қан шекесінен шыр айналды, Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды. Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ, Тек бала жерге доптай домаланды. Кұлагер шапшытқанда кӛкке қанды, Тек бала шыр-шыр етіп аттан салды. Жоқ болды ақбоз атты, қара киім, Тұйғынкӛк шыға шауып кете барды. "Бай-бай, Қулагерім!.. " Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап, Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап. Шіреніп тӛрт аякты, танау қағып, Ыңқылдап ӛліп барад ат қырқырап. "Аттандап" ӛткен жанға қолын бұлғап, Баласы Құлагердің жүр шырқырап. Қалың шаң қаптай шапқан қара-құрык, Балаға бұрылмайды ешкім бірақ. Десендер қайда Ақандай қыран құсты, Ол тастап аста тұрған жиылысты; 55


І.Жансүгіров. Құлагер

Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп, Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты. Кӛргенде ол мынадай сұмдық істі, Үстіне Құлагердің құлап түсті. Білмеді не болғанын, айрылды естен, Аймалап Құлагердің басын құшты. Келер деп үміт қылып алдыменен, Аты бұл алып келген алые жерден. Жат елде жалғыз езі, сүйген аты, Серінің санасалық халіменен... Құлагер қорқырайды қаныменен, Ақан да шырқырайды жаныменен.. Егіліп, тӛгіледі Ақан сері, Зарлаған Құлагердің әніменен: "Не болды-ай, бай-бай, саған Қүлагерім?! Суалдың, сорлы иеннің бұлағы едің... Тірегі кӛнілімнің, бәйтерегім, Бұл жерге қалайынша құлап едің?! Бай-бай-ай, Бай-бай-ай-ай, Бай-бай-ай-ай, Ба-а-й-ай, Бай-ай-ай... Бай-бай-а-й, Бай-бай-а-й, Құлагерім... Шынынмен кеткеніңбе, Құлагерім! Қасымда қасынысып тұрар едің Баспа-бас қызға бермес жануарым! Басылар ӛлгенімше қайтіп шерің?! Құлагер, айналайын, арғымағым! Осы еді ӛлмегенде шабар шағың. Кұтсыз кӛл, Жыландының жырасында Құшақтап қанды басын зар жыладым. Құлагер, жаз жайладым, қыс жайладым, Артына қызды ауылдың кӛп байладым. 56


І.Жансүгіров. Құлагер

Жеріңе қамшы тимес, пышақтиіп, Құшақтап қу басыңды ойбайладым... Құлагер, айналайын, жүлде алғаным, Басындай Арқарлының күн шалғаным! Барғанда акыретке пырағым бол, Кызығын коре алмадым бұл жалғанның. Құлагер, кұлыныңнан маған біттің, Тӛртбеліп түн ұйқымды баптап күттім; Жылқыны қыл құйрықты елде кӛргір! Қандай жан шекесінен қағып ӛттің? Кұлагер, қолда ӛсірген құлыным-ай! Ішінде омыртқамның жұлыным-ай! Жын ба екен, сайтан ба екен, қаза болғыр, Қанды кол қастықпенен ұруын-ай! Құлагер, құлыныңнан керім едің, Нағашым сұрағанда беріп едің. Аттарды Ерейменнен айдағанда Оқты кӛз, у құйылғыр, кӛріп едің". Осылай Ақан зарлап жылап жатты, Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты. Күйіңді ол, күңіреніп Құлагерге, Айрылды ол, аттан — жақсы, достан - тәтті. Аспанда күн күйігіп, күйді қатты, Ӛкіріп жел мен жер де жылап жатты. Ереймен бұлақтары кӛлге жылап, Серіге кӛл күрсініп кӛңіл айтты. Жарлының жалғызы ӛлсе жанын ұрар, Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар. Жел жылап, кӛл күрсініп жатканы не, Таудағы "Ой, бауырымдар" неге сулар? Ой мен қыр, орман, тоғай неге шулар? Аң мен кұс күйініп жүр, не үшін бұлар? Арқаның аяулы аты ӛлгеніне Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!

57


І.Жансүгіров. Құлагер

Жалпылдап жапырағымен сергелденде, Селкілдеп қайындар да тұрды желде. Егіліп қара тастар қайыршақ боп, Жылаған бұлақтармен кетті келге. Не берсін жат жалғызға, аз кедейге, Тіксе де оларға емес, аска бәйге; Жұмсарды Құлагер мен Ақанды аяп, Дұспанның бауырынан тас та кейде. Қояндар қайғырысты кеуегінде, Кӛбелек күйіп ұшты бірден-бірге. Қуанды түлкі, қарсак, қырда каскыр Жылқы жоқ соғатын деп бұдан енге . Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге Неткен жан шыдай алар мұндай шерге. Қашаннан қаяу кеңіл сері Ақанға, Қайғырған сияқтанды кек пен жер де. Деген сӛз — әшейін сӛз — жан жылады, Аяса адам неге қан қылады? Осыған жылау түгіл, қуанған бар, Кӛретін оңай олжа ӛлген малды. Қарғалар қарқылдасып хабар салды, Күшіген қызыл керген аспанды алды. "Білмеген ер қайғысын, сұмырай!" деп, Қаршыға қуып жүрді сауысқанды. Жүйріктің жосылғанда қызыл қаны, Жүрегі жер мен кӛктің тызылдады. Қуанып қан кӛргенге қара шыбын, Асындай Сағынайдың быжылдады. Күңірентіп дауысымен кӛк пен жерді, Емірентіп, жылауымен Ерейменді; Еңіретіп ыңкылымен Арқа желін, Толқытып кӛз жасынан Қусақ кӛлді. Қандатып қарсы алдында Құлагерді, Қоймастан Ақан атқа жылай берді... Жыласын, сәйлеп қалсын соңғы сӛзін, Қылалык біз әңгіме былайғы елді. 58


І.Жансүгіров. Құлагер

Қара күш Аттары келіп болып астағы елдін, У-шуы басылды әбден Ерейменнің. Тегілді ас Жыландының жырасына, "Ақанның атыпты, - деп, — Құлагерін!" Жиылды жұрт басына Құлагердің, Тұлпардың топыр басты жатқан жерін. Жат жаудың жаны ашымас, бауыры тас, Ішінде уанбады жылап Серің. Аканға ешкім "кой!" деп айта алмады, Ер кӛнілін еңіреген қайтармады. Жазықты сияқтанып жанның бәрі, Жанына жақындауға бата алмады. Дұспаны тұрды ішінде, ұялмады, Досы да бірге жылап, қия алмады Үстіне жұрт жиылып тұрғанында, Күңіренген дауысын Ақан тыя алмады: "Кұлагер, Ақаныңды кайғы басты, Қайғысы барған сайын арылмас-ты. Сан жүйрік, сан тұлпарды мінсем дағы, Құлагер енді маған табылмас-ты! Бай-бай-бай... Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, Соғып ем семізінде сегіз арқар. Серігім жанымдағы жақсы кӛрген, Күйігің, қайран атым, қайтсем тарқар! Құлагер, атаң тұлпар, анан сұңкар, Соғып ем семізінде сегіз арқар. Сен едің жан атым да, қанатым да, Табылмас енді маған сендей тұлпар! Құлагер, жас күніңнен тайым едің, Солкылдақ тауға біткен кайың едің. Бәйгеге Құлагерді қосқанымда, Бір тайпа ел бәйгесіне байып едің! 59


І.Жансүгіров. Құлагер

Құлагер, жас күніңнен құнаным-ай, Сүйегің, еті таза бұланым-ай! Касыңнан бӛлек жерге жатпаушы едім, Айрылып Ақан сенен, куардым-ай! Әкесі Құлагердің жастан соқыр, Бай-байлап басыңды ұстап Ақан отыр. Қуанған Құлагердің ӛлгеніне Молдасы сауысқанның құран оқыр! Қарағым, шабушы едің, Құлагерім! Салбырап саптыаяқтай теменгі ернін; Атығай, Қарауылға бәйге әперген, Айрылдым сенен неғып, ардагерім!? Құлагер, бәйге шапсаң бала мінген, Астына ат кӛрпесін сала мінген. Асына Ақылбайдың қосқанымда, Алып ем бәйгесіне қаймалы інген. Құлагер, шапсаң бауырың жазылатын, Жер ошақтұяғыңмен қазылатын. Кұшақтап қу далада қалдым жылап, Жазым боп жау қолынан жалғыз атым! Құлагер, қуанышпен қосып едім, Алдыңнан үмітпенен тосып едім; Жиылып Арғын, Найман қарағанда, Тіл мен кӛз тиер ме деп шошып едім... Құлагер, қуанышпен қосып тұрдым, Қоссам да қауіптеніп шошып тұрдым; Қылмаған кӛзден таса, Құлагер-ай! Қайтермін, бір қарақшы тосып ұрдың... Құлагер құлынынан досым еді, Баспанам — тауға тіккен косым еді. Қандай сор Ерейменге айдап келген!? Қазаңның жеткен жері осы ма еді?! Қыстауым Сырымбеттің жел бетінде, Мың қарғыс, сені олтірген жендетіңе! "Алые жер, апарма!" деп қақсап еді, Қарармын енді калай ел бетіне..." 60


І.Жансүгіров. Құлагер

Ac елі, арыс ұлы "қой-қойлады", Қойсын ба Ақан оңай, ойбайлады... Жылатып жиын жұрттың қақжартысын, Зарында Құлагердіңбай-байлады. Жатқанда отқа күйіп Ақан жаны, Керек пе Құлагердің не болғаны? Ұрған кім Кұлагерді, ұры қайда? Ӛлер ат ӛлді, ұрыдан не шығады? Ақанды қандай адам қойдырады? Бала да кӛзі іскенше кӛп жылады. Сол жерде жиылған жұрт анталасып, Тексеріп тӛрт баладан сӛз сұрады. Түрілді, анталап жұрт, ел құлағы, Ортаға тӛрт баланы алды дағы. Ішінде сол топырдың дұспан да бар, Деп тұрған: "Ат жығылып ӛлді дағы!" Құлагер құлаған жоқ, жау қас қылмай, Ұрған жау тұрған шығар албастыдай. Қанды қол жасырынып жүрген шығар, Қорадан қойды жарған кәрі касқырдай. Қарлықты Ақан даусы жылай-жылай, Түптеді, топырлап жұрт сұрай-сұрай. Балалар ӛз кӛргенін айтып шықты, Халық ашты қанды қолды күмән ылмай. Тек бала ат, киімін танып қалды, Жұрт оны ойға жорып анықтады. Ақбоз ат, қара киім, Кӛктұйғын ат... Барша жан Батыраштан қауіптанды. Болды деп Батыраштан жұрт ұйғарды, Берместен Кӛкке бәйге кәпке салды. "Ұрынды ұстап тұрған алып кел!" деп, Бопсалап, Батыраштар шылатанды. Батыраш селкілдетті кӛк сақалды: "Бір жылқы жығылды да, ӛлді ажалды, Осыған ұры бізді қыласың!" деп, Күш айтып, Керейлерге зіркіл салды. 61


І.Жансүгіров. Құлагер

Қарғады мұны халық, азарлады, Әркім-ақтүс-тұсынан бажандады: "Кесілсін ердің кұны Құлагерге!.." "Тартатын тоғыз айып сазаң бар-ды!" Осындай сӛздермен ел киіп кетті, Қалың жүрт қадала айтып кәрін тӛкті. Қазактың елі-жұрты күңіреніп, Үстіне қанды колдың бұлттай шекті. Жұрт мұнда тындаған жоқ биді, бекті. Теңіз кеп тасығандай толкып кетті. Акырып тұс-тұсынан долданды жұрт, Ызалы басу қиын болды кепті. Кылмыска, қиянатқа мұндай айқын Күңіренді ел Ақаныңды танымайтын. Не шалдар шіміркеніп селкіл какты, Жігіттің даусы шықты жаркын-жаркын. Ашу, кек, күңкіл басты елдің артын, Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын. Тітіреп жұрттыңжаны күйіп кетті, Атқызып отыра алмай аяулы атын. Арғынның Алтайынан болса дағы, Жауызды ел корғамады, қоршамады. "Құран соқ, Құлагерді ұрмағанға!" -Деп халық Батырашты қоршалады. Шаң болды Қусақ кӛлдің кӛк жайдағы, Шу болды Жыландының боз ойнағы. "Қорладың сүйегімді!" - деп сіресті, "Асымды бүлдірдің!" - деп Керей жағы. Күйінді бұл корлыққа Керей жағы, Кіжінді Керейдің де кедей жағы. Ашынды ашу қысып азаматтар, Күңіренді Ерейменде ел аймағы. "Аканды білмесек те, халык бармыз, Қайтуға ол ырзалықпен ынтызармыз. Шапқанда бізді келіп мұның елі, Біз сонда бұл қылмысқа не қылармыз? 62


І.Жансүгіров. Құлагер

Жылатқан жолаушыны жүрген жалғыз, Біз қазақ бұл қорлыққа шыдамаймыз". Ұрыға азу басып іздеді жұрт: "Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз!" Үлкен шу, бітпес жанжал болды бұл іс, Демей тұр Батырашты қазақ дұрыс. Күңірентіп кендаланы кешкі кеңес, Болмады соз байланып қырда тыныш. Кеулесіп Керей, Арғын — сендей сүріс, Болуға айналып тұр үлкен ұрыс. Алмады Алтай жағы мойнына, Айғақсыз әлсіреп тұр айқын қылмыс. Болмайтын Батыраш бір кӛк айыл шал, Онын да жігітіне жер қайысар. Тентек, ор, тұқымынан теріс азу, Алтайда адам пішінді аю шығар. Жатқанда Ақан атқа күңіреніп зар, Бұқара шулағанда болып ұлар; Оқастың оязбенен қасынан кеп, Тепсінді тұрған кепке Батыраш шал: "Е, Керей! Азған Арғын, Уак, Найман! Сендерде ненің буы қоқырайған? Ӛлді деп Қарауылдың бір жылқысы, ¥рыны қанды мойын таптың қайдан? Аулақ тарт, атың басын Алтайымнан, Келмейтін Керей-серей бақайымнан. Жала қып, барымтаға бәйгемді ұстап, Жеріңді кӛріп тұрмын бата айырған! Мойныма ат ӛлімін болсаң қойған, Бір жылқым Қарауылдан тартып сойған! Кесіп ал күшің болса құлағымды, Әйтпесе болғаның не сонша ойран? Күшінді кӛрем бәйге бермей қойған, Тартылар ӛз табағың астан, тойдан. Шыдап кӛр қонысында тыныш отырып, Есемді ел шапсам да алмай қойман!" 63


І.Жансүгіров. Құлагер

Осыны айтып кӛк шал селкілдеді, Керейлер жым боп қалып, желпінбеді. Батыраш осыны айтып шіренгенде, Жұрт тарқап бара жатқан секілденді. Бытырап, ырың-жырын кӛптің кӛңлі, Басылды Қусақ кӛлдің кӛпіргені. Құшақтап Құлагердің әлі басын, Ақанның басылған жоқ ӛкіргені. Желпінтіп жетелеген Түйғын кӛкті, Алтайлар топтан бӛлек тұрған шеткі, "Бәйгемді барымта ұстап отыршы!" - деп, Керейге кіжінген шал жүріп кетті. Онымен Оқас тағы бірге кетті, Шабдан да Алатауға бұрды бетті. Ойран ел, ӛлген атпен жұмысы жоқ, Ояз да ылаулаған атын жекті. Сонымен сол кеткеннен бұрылмады, Қайтқан жан кұмырсқадай қыбырлады. Ӛзара ӛлген атты аңыз қылып, Таралды алды-артына рулары. Теқ қана қалған бір топ дуылдады, Қарғадай жемтіктегі шуылдады. Шырқырап Ақан отыр ат басында, Шығарып шерлі даусын құлындағы. Ат шіркін, елге дәулет, ерге санат, Ат шіркін, елге қайрат, ерге қанат. Жарлының жалғыз аты жазым болса, Қалмай ма жарымжан боп, жерге қарап? Аттың азалы әні Күн батты, кӛленке алды Арқа жерін, Кешкі жел жыбырлатты Қусақ кӛлін. Қоштасып Құлагерге күңіренді Ақан, Қайғыртып қасындағы қалған елін. "Кош, енді қалдың кейін, Құлагерім! Тұрмадың, жығылғаннан жылап едім. 64


І.Жансүгіров. Құлагер

Жалғанда саяқ жүріп таяқ жедім, Кӛретін күнім шығар бұ да менің... Бай-бай, бай-ай, Бай-бай, бай-ай... Құлагер, қоштасқаным ел алдында, Жемтігің қалды сенің Жыландыда. Айрылып жаныңдағы жалғыз сенен, Қайтты иең, тұрмаған соң жылады да. Құлагер, жануарым, пырағым-ай, Қалдың-ау Ерейменде шырағым-ай! Сенікі, менікі емес, қарға, құзғын! Оқи бер Құлагерге құраныңды-ай... Кӛзіңнен айналайын тостағандай, Қияр ем сені не ғып тастағанға-ай; Басынды итке неге иіскетейін, Ерте-кеш кұшақтамай жас баламдай! Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай! Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай. Тигізбей топыраққа жоғары іліп, Сақтармын ӛле-ӛлгенше қу басынды-ай!" Соны айтып Кұлагердің басын кесті, Кӛрген жан: "Қайтсін шіркін, асыл!" — десті. Достары: "Қайран ер-ай, обал-айлап", Қастары: "Сол сыйымен барсын!" — десті. Алда бас, арт жағына ұл мінгесті, Бәйгені ӛзге қалған жан үлесті. Бір салып атты бұтқа Ақан сері, Жамылып жүріп берді қоңыр кешті Жеделдеп жетім ұлмен жүріп кетті, Ұйқысыз ұзақ таңға бүлкілдетті. Ұзын жол, жұлдыз жарық, жазғы түнді, "Құлагер" деген әнмен күңірентті. Әнімен шығаруға ішкі дертті, Шырқатып ащы үнімен шерін шертті. Болады салған әні су сепкендей, Сӛндіре алмаса да жанған ӛртті. 65


І.Жансүгіров. Құлагер

Ащы зар, ауыр шері айғайлатты, "Құлагер" айтқан сайын кайғы ойлатты. Ұйқышыл, керең қырға маза бермей, Күрсінтіп соқыр түнді бай-байлатты. Шер даусы ен далада шықты қатты, Түн, дала, ел тӛсекте тыңдап жатты Құлақ сап қырда қоян, қорада қой, Жылқылар жайылыста ішін тартты, Бесікте бала оянып, ұйып қапты, Кемпір, шал жамбасына зарлы үн батты. Қыз, келін қой күзеткен айтақтамай, Түнгі ауыл зарлы әнді тыңдап жатты. Зарлатты, аңыратты, жорғалатты, Күйік ән кӛкке серпіп, сорғалатты. Азалы, ащы дауыс зарлағанда, Жұрт бірге жоқтап жатты ӛлген атты. Бай-байлап "Құлагер" ән бебеу қақты, Талда құс, белдеулерде бедеу қатты. Зарлы әнін "Құлагердің" жылқышылар Сүйеніп кұрығына тыңдап қапты. Жолшыбай жол кӛп елді аралатты, Бұрылмай бас ӛңгерген баран атты, Керен түн кең даланы күңірентіп, Бай-байлап "Құлагерге" бара жатты. Кӛргенде Кӛкшетауды дерті қатты, Жүрген жер Құлагермен жанға батты. Кетер түн Құлагердің жатқан жерін Кұшақтап, жер бауырлап, жылап жатты. Тау мен тас жоқтағандай Кер құла атты, Бар бұлақ кӛлге суын бауырымдатты. Кірсіз жер, кінәсіз жел жылы ұшырап, Кұланын қазасына кӛңіл айтты. Ардақтап ат байлаған бір ағашын, Қастерлеп Құлагердің ілді басын. Аңырап ағыл-тегіл боп отырды, Кӛзінің омырауына құйып жасын. 66


І.Жансүгіров. Құлагер

Кӛкшенің күйіндіріп тауын, тасын, Күңірентіп сай-саласын, кӛлдін басын. Ат жанды, аяулы аттың иесі Ақан, Жоқтады жуанбастан кер Құласын. Кей-кейде жауын болып жылап ақты, Кей-кейде дауыл болып сокқы қатты. Кей-кейде күңіреніп, кӛлдей толқып, Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты. Кей-кейде әнге шырқап елең айтты, Кей-кейде томсырайып тастай қатты. Қылғандай қайынды кос, тасты тӛсек, Аһылап, ағаштағы бастай қатты. Жаз ӛтіп, жапырак солып, күз де бопты, Қуартып жасыл жерді, қазан соқты. Күйкиіп Кӛкшетаулар күпі киіп, Жайлауда тышқан аңдып, түлкі жортты. Күзгі ауыл сары от іздеп қуды қоқты, Қозы, лақ ӛсіп бопты шыбыш, тоқты. Жиналып желі, ноқта, саба сорғып, Ызғырық естіртеді ойда жоқты. Ақанның кӛңілі осы күздей болып, Қазасы Құлагердің ӛткен соғып, Кӛңлінің Кӛкшетауы қуаң тартып, Қызығын кайғы орағы кеткен орып. Құланың кайғысынан қатып, сеніп, Қурай боп екі-үш айда қалған шӛгіп. Құлауға құйын соқса оп-оңай тұр, Құрт жеген құба сӛңкел секілденіп.

п " .

Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ; Оларды іздеп, жұртпен жауықпақ жоқ. Қапыда қатты тиген сол соққыдан Қираған жан қанаты сауықпақ жоқ. Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ, Оларды енді кӛксер мақсат та жоқ. Күңіренген күні-түні "Құлагерге", Асқақ ән, әсем үнді заржақ та жоқ. 67


І.Жансүгіров. Құлагер

Кеткендей қызықтарқап, қаны суып, Айдаған айдалаға жаны қуып. Жап-жалғыз тауды, тасты мекендеген, Жанына жолатқызбай жанды жуық. Ӛмірден жиіркеніп кӛңілі суып, Қалғандай айналадан ӛзге туып. Жатады жанды кӛрмей жапан түзде, Кӛліне Бурабайдың кірін жуып. Баурында Окжетпестің бір шоқ қайың, Жүреді сонда Сері келіп дайым. Ілулі сол қайында тұрған қу бас, Қобыздай ызылдар жел соққан сайын. Басында айтамыз деп бастың жайын, Әңгіме қылдық, білем, астың жайын. Мынау бас — Құлагердің қу басы еді, Мына шал -Ақанжалғыз, қашқындайын. Қайыңның қасына кеп жүрген Сері, Байлаулы Құлагердің тұрған жері. Сол жерді тауап кылып окта-текте, Кетпейді осы арадан сонан бері. Ән болып Кӛкшетаудың күңіренгені, Сӛз болып жат мінезі, шерткен шері; Кетіпті елдін аузы әуезе қып: "Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан –пері Ӛтті күн. Қалды ағашта бас қуарып, Қартайды Сері, сақал-шаш қуарып. Серіксіз, елсіз, малсыз есіз тауда Ӛткізді ӛмірін ол, басқа уанып. Тентіреп тауда ұдайы, таста каңғып, Оты ӛшкен, бойында жоқ жас құмарлық. Басар жер, барар тауы — Бурабай боп, Бейшара бағып ӛткен басты мал ғып. Шүйке шал, аузы ұрадай опырылған, Су мұрын, ку мұрт, ұрты шұкырайған; Боз бура бір күндегі тасқа шӛгіп, Шал отыр қу қайында мықырайған. 68


І.Жансүгіров. Құлагер

Келсаптай тұзды түйген бас ағарған, Түздегі ку бастайын жак куарған; Бетіне ел кӛшкендей сүрлеу түсіп, Шӛлдегі шыңыраудай кӛз суалған. Жігіттің бір күндегі Кӛкшетауы, Күрсінткен кеп сұлудың "Кокем-ауы"; Жаңғыртқан жақсы жерді, жалпақ елді, Әсем үн, аспанға ӛрлеп салған әні. Бір күнде болған жігіт жан жайлауы, Қайда онын күлкі, ойынмен айнаңдауы? Құлазып күзді күнгі Кӛкшетаудай, Қызықтың кӛшіп кеткен cap жайлауы. Кӛніліне Кұлагерден құйылып мұз, Күйкиіп отыр таста Ақан байғыз. Жан тынышын елден емес, жерден тапқан, Сондай бір адам бопты жаны жалғыз. Даусына жаңғырып тау, жаңғырып құз Серінің салған әнін сағынамыз. Қазақтың киялының жақсы аты деп, Біз дағы Құлагерге қамығамыз. Сорлы Ақан "Құлагер" деп жылап, күйген Елдің ол құлағына жылы тиген. Болса да мейлі сері, мейлі пері, Ақанның аты мен жұрт әнін сүйген. Қайтқанда басты ӛңгеріп, сонау түннен, Ән алған қалың қазақ кайғылы үннен. Қағып ап кыз, келіншек күзеттегі, Жылқышы жылқы ішінде салып жүрген. Ат шапқан Арқадағы аруаққа, Ел малын қоңырсытқан жер ошақта — Асына Сағынайдың атын сойып, Сорлы Ақан күңіреніп қайткан шақта; Құйылған "Құлагердей" ән кұлаққа, Күңіреніп Ерейменде ӛлген атқа. Алатау, кеңдаланың Қыр, Сырында, Ән тарап жатты осындай Арқа жақта. 69


І.Жансүгіров. Құлагер

Аты ӛліп, астан Ақан шаршап қайтты, Ауылға онын әнін малшы ап кайтты. Ел-елден Ерейменге жиылған жан, Еліне "Құлагер" деп ән сап қайтты. Жұрт жоқтап қапыда ӛлген қайран атты, Әр жақта ел бұлбұлы сайрап жатты. Ішегі домбыраның сыңсып жылап, Әншілер "Құлагерге" бай-байлатты. Құланы мақтады жұрт "мал басы" деп, Тындады Ақан әнін "зарласын" деп; "Қазақтың бір аяулы атын атқан Барша жұрт Батырашты қарғасын" деп. Ақанды айтпаса да "қолбасы" деп, Аяды "Құлагердің жолдасы" деп; Лағынат оқыды әнмен ӛткен күнге, "Сол сұмдық қайтып қырда болмасын!" деп.

70


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.