Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығы
АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ
Астана, 2008 3
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығында дайындалған
Пікір жазғандар: Қ.Алпысбаев, ф.ғ.д., профессор Ж.Әскербекқызы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ф.ғ.к.
Алаштың ардағы / Құрастырғандар Е.Тілешов, Г.Әріпбекова. – Астана: Зерде, 2008, – 240 б. Бұл жинақ ұлтының, елі мен жерінің тарихын, мәдениеті мен ӛнерін, дәстүрі мен салтын, халқының қоғамдық-әлеуметтік және рухани дамуына іргелі үлес қосқан тұлғалардың ӛмірін білгісі келетін жастарға арналған. Жинақта Алаш жұртының қасиеті мен қадірін танытатын танымдық ақпараттар ұсынылған. Жинақтың мазмұны мен құрылымы отанының кешегісі мен бүгінгісінен мағлұмат аламын деушілерге лайықталып дайындалған. Сондай-ақ жинақ мұғалімдерге, тәрбиешілерге және жалпы қызығушылық танытатын кӛпшілікке арналып отыр.
© «Руханият», 2008 © «Зерде», 2008
4
АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ Редакторы Дизайнын жасаған
5
Ҧлтты тану – ҧрпақ борышы (Алғысөз орнына) Алла тағала әрбір пендесін жаратқанда оның ұлтын, соған орай дінін, тілін айқындап берген. Дүниеге келген әрбір адам ұлттың бӛлшегі. Адам ӛмірін мәнді, саналы ӛткізу үшін, дүниеде ӛз жолын табуы үшін, әрбірден соң қарапайым тіршілік ету үшін сол ұлт жасаған рухани құндылықтарды білуі, игеруі, қолынан келсе, айналасына, ӛзінен кейінгілерге үйретуі қажет. Ұлттық дәстүр, ата-бабадан келе жатқан салт-сана, ана уызымен жүрегің мен жадыңа тоқылған ӛнеге – сенің ӛмір жолыңды айқындайды. Ұлттың тарихы мен дәстүрінде, мәдениеті мен ӛнерінде, діні мен тілінде адамды адам ететін адамгершілік қасиеттерінің ең озық үлгілері жинақталған. Ұлт перзенті ретіндегі сенің міндетің – сан ғасырлық тарихы бар осы асыл қазынаны бойыңа сіңіру. Ұлттық адамгершілік, ізгілік сабақтарын игермей, сенің шын мәніндегі адам болуың қиын. Адам бойындағы адамгершіліктің үлкені – ең алдымен сол адамгершіліктің ӛзіне ұмтылу. Осы орайдан келгенде, қолыңдағы осы жинақ сенің халқыңды, еліңді, жеріңді тануға жәрдемін тигізеді. Ӛйткені бұл жинаққа бұрыннан белгілі сарапталған дүниелер енді. Ӛскелең ұрпақ ұлтының тағылымына қатысты дүниелерді бір кітаптың ішінен тапса деген оймен негізгі дегендерді осы жинаққа енгіздік. Жас дос! Бұл жинақ сенің ұлтыңа қатысты барлығын қамти алмайды, ӛйткені қазақтың тарихын, дәстүрін, ең кӛрнекті тұлғаларын т.б. жарқырата кӛрсету үшін ондаған, жүздеген жинақтар қажет болады. Біз негізгілерін ғана іріктеп алдық. Мақсатымыз – оқушыға бағыт сілтеу, жол сілтеу, арғы жағын зерделі жастың ӛзі таба бермек. Сондықтан осы кітаппен мұқият таныса отырып, бұдан да үлкен ізденістерге баратыныңа сенім білдіреміз. Ӛйткені шынайы, игі ізденістер ғана ӛз жемісін бермек. Бәлкім сен мұғалім боларсың, қаржыгер боларсың, спортшы боларсың, ӛнерпаз боларсың, инженер боларсың, мәселе сенің қандай мамандық иесі болғандығыңда емес, бастысы – қазақтан туып, Алаштың азаматы болғандығыңда. «Алаш» деген үлкен сӛз, аталы ұғым. Оған лайық болу үшін еліңнің ертеңін ойлар азамат болуға тиіссің. Елің енді егемендік алып, ӛзін ӛзі тану жолына түскенде, одан сен де тыс қала алмайсың. Ахмет Байтұрсынұлы аталарың: «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы!» деген болатын. Сондықтан кешегінің дәстүрлерін бойыңа сіңіре отырып, ертеңгі күні ұлтыңның дамуына үлесіңді қос. Оқығаныңды досыңа, құрбыңа әңгімелеп бер. Бұдан кӛп білсем екен, елімнің ӛткенін біліп, бүгініммен байланыстырсам екен деген ойды кӛкейіңде ұста. Қазақ халқының ұлы халық екендігін ұғын. Ұлы халықтың абыройлы ұрпағы болуға тырыс. Осы жолда ақ жол тілейміз. Құрастырушылардан
6
БОЙТҦМАР ҚАЗАҚ «Қазақ» сӛзінің шығуы жӛнінде кӛптеген пікірлер бар. Ғалымдар бұл атауды кӛбінесе «еркін» сӛзімен байланыстырады. «Қазақ» сӛзі тарихи жазбаларда алғаш рет ХІІІ ғасырда қолданылған. Қазақ атауымен мемлекет ретінде белгілі болуы ХV ғасырға келеді. 1456 жылы Керей хан мен Жәнібек хан қазіргі Шу ӛңіріндегі Қозыбасы деген жерде Қазақ хандығын құрды. Қазақ халқының хандық жүйеде мемлекет ретінде ӛмір сүруі ХІХ ғасырдың І жартысына дейін жалғасты. Осы кезеңнен бастап тәуелсіздік алған 1991 жылға дейін Қазақстан Ресей мен Кеңес одағының құрамында болып келді. Қазіргі кезде қазақ халқы Қазақстан Республикасының 60 пайыздан астамын құрайды. Қазақтар, сонымен қатар, Қытайда, Ӛзбекстанда, Ресейде үлкен диаспора болса, Азия, Еуропа елдерінде де бар. ҚАЗАҚСТАН Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бӛлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Еуропа құрлығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал ӛзені – Еуропа мен Азияны бӛліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі Азия құрлығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы – 2 миллион 724 мың шаршы километрді құ райды. Жерінің аумағы жӛнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасында халық тұрады. Жыл ӛткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын құрайтын байырғы халық қазақтардан басқа ұлттардың да ӛкілдері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар – 30, украиндар – 3,7, ӛзбектер – 2,5 пайызды құрайды. Сондай – ақ елімізде немістер, ұйғырлар, кәрістер, дұнғандар, түріктер және басқа халықтардың ӛкілдері бар. Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына кӛшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Еліміздің Еділ ӛзенінің 7
тӛменгі ағысынан Алтай тауына дейінгі ұзындығы 3000 километрдей болса, Батыс Сібір жазығынан Іле Алатауына дейінгі аралығы мың жарым километрден астам. Ал Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың километрге жетеді. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстан, Ӛзбекстан және және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сондықтан да жыл сайын 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып ӛтеді. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқықты мүшесі. Қазақстанның табиғаты мейлінше алуан түрлі. Оның байтақ жерінде тау да, тӛбелер мен жазықтар да бар. Қазақстан жерінің ең биік нүктесі – Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 6995м жоғары, ал ең тӛменгі нүктесі – Қарақия ойпаты теңіз деңгейінен 132 м тӛмен жатыр. Қазақстандағы ӛсімдіктердің жалпы түрлері 6 мыңнан астам. Олардың ішінде емдік қасиеті барлары, сирек кездесетін түрлері де аз емес. Ал құстардың түрі 500-ден астам. Ӛзен-кӛлдерде балықтың 107 түрі ӛсіп-ӛніп жатса, далалар мен ормандардағы жабайы аңдардың түрі 178-ге жетеді екен. Атырау теңізінің ең терең жері 600 м-ге жетеді. Ел аумағының 10-нан бір бӛлігін таулар алып жатыр. ҚАЗАҚ ТІЛІ Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан тілі XV ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Ол 1989 жылдан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары қазақтардан басқа Қытай Халық Республикасы, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Ӛзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, Қырым татары, қарашай, балқар, құмық және т.б. тілдері. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Қазақ тілінің байлығы, кӛркемдігі ауыз әдебиетімізден, ХV-ХVІІІ ғсырлардағы жыраулар поэзиясынан, би-шешендердің сӛздерінен, Махамбет, Дулат, Мұрат толғауларынан бастап байқалды. Тіліміздің жаңа кӛркемдік деңгейге жетуіне Абай ұлы үлес қосты. Қазақ тілінің кӛркемдік байлығын арттыруға М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, 8
І.Жансүгіровтердің, одан беріде М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, С.Мұратбеков, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, М.Шаханов, Ұ.Есдәулет, Е.Раушанов т.б. қаламгерлердің еңбектері ерекше. Тіліміздің кӛпқырлылығы мен икемділігі баспасӛз тілінен, ғылыми, іскери стильдерден анық байқалады. Қазіргі кезде қазақ тілінде кӛптеген салалық сӛздіктер, синонимдер, фразеологиялық, түсіндірме сӛздіктер кӛптеп жарық кӛруде. Осылардың барлығында тіліміздің тереңдігі мен мазмұндылығы, жалпы байлығы кӛрініп жатыр. Тіл – әрбір ұлттың тарихы, мінезі, болмысы, кәсібі, дүниетанымы, ойлау қабілеті сақталатын асыл қазына. Ол ата-анадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Сондықтан әр адам ана тілін кӛзінің қарашығындай қорғауы, оның орынсыз шұбалануына қандай жағдайда да жол бермеуі керек. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақ қазақпен қазақша сӛйлессін», «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ Қазақ жазуы – қазақ тілінің әріп таңбаларынан тұратын жазу жүйесі. Кӛне заманнан бері қазақтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты кӛне түркі мұралары сақталған. V-ХІІ ғасырларды қамтитын руна жазуы Орхон, Енисей, Талас ӛзендері бойынан табылып отыр. Мұның ӛзі біздің ата-бабаларымыздың ӛмір сүрген географиялық орындарын кӛрсетеді. VІІІ-ІХ ғасырларда қазақ даласына мұсылман дінінің келуі – араб жазуын ала келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді. Яғни осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Махамбет, Шоқан, Абай, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім сияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына орай бейімдеп, қазақ әліпбиін жасады. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық кӛрді, шәкірттер білім алды. Мағжан, Мұхтар сияқты алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жазылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы кирилицаға негізделген әліпби қолданылуда. Қазіргі кезде қоғамда латын әліпбиіне кӛшу мәселесі кӛтерілу үстінде. Түркия, Әзірбайжан, Ӛзбекстан, Түркіменстан сияқты мемлекеттілігі бар туысқан халықтар осы латын әліпбиін қолданады. Дүниежүзілік ақпаратта латын әліпбиінің орны үлкен. Сондықтан латын әліпбиіне кӛшу мәселесі ӛз кезегінде шешімін 9
табуы мүмкін. Әлемдегі қазақтар ӛздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай араб, латын, кирилица таңбаларына негізделген әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгенде ортақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне оң ықпал етпек. ЕЛТАҢБА Қазақ халқы кӛптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді. Егемен мемлекет болды. Әрбір азат елдің ӛзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Олар сол елдің Ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы. 1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды. ҚР Мемлекеттік Әнұраны, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы, ҚР Мемлекеттік Туы. Мемлекеттік елтаңбамыздың авторлары – Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңбамыздың негізі – шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ мемлекеттің түп-негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі кӛшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың отбасының бейнесі. Тұлпар дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті ӛмір сүретін Қазақстан халқының ӛсіп-ӛркендеуін, рухани-байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бетбейнесін паш етеді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз оның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. ӘНҦРАН 2006 жылы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының жаңа Мемлекеттік Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сӛзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, әнұранның мәтінінде 10
ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі кӛрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз – еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны кӛрініс тапқан. Ең бастысы – тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі – ел бірлігі баса айтылған. ТУ Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің бірі Мемлекеттік Ту. Оның авторы – суретші Ш.Ниязбеков. Мемлекеттік туымыз бірыңғай кӛгілдір түсті. Бұл түс тӛбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Кӛк түсті таңдауы – Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, ӛсіпӛркендеудің, ӛмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық белгісі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етіп тұрғандай. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен ӛрнектелген. Күн, қыран, ою-ӛрнек – алтын түсті. АСТАНА Бүгінде жас қазақ мемлекетінің астанасы ретінде әлемді тамсандырып отырған Астана қаласы жайлы деректер кӛп. Ол Есіл ӛзенінің оң жағасындағы жазық жерге орналасқан және Есіл ӛзенінің кӛшкен ел аттылы-жаяу ӛте беретін бұл тайыздау жерін Сарыарқа қазақтары Қараӛткел деп атаған. Ақмола қаласының негізі 1830 жылы қаланды. Оның атауы 13-14 ғасырларда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған. Әуелде Ақмола әскери бекініс болған, кейіннен, 1862 жылы, сол жерге қала мәртебесі берілген. 1863 жылы Ақмола округ, 1868 жылы уезд орталығына айналды. Қала Орта Азия, Сібір, Орал ӛңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқандықтан, жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік, сауда, шаруашылық және мәдени орталыққа айналды. 1914 жылы қалада 3 кірпіш, 4 май ӛңдеу, 2 тері илеу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана жұмыс істеді. Мәдениағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, ауыл 11
шаруашылығы мектебі, медресе, 2 кітапхана болды. Қала тұрғындарының саны 1914 жылы 15 мыңға жетті. Кеңес дәуірінде де Ақмола Орталық Қазақстанның қоғамдықсаяси, экономикалық және мәдени ӛмірінде үлкен орын алды. 1929 жылы қалаға алғашқы поезд келді. 1950 жылы қалада 58 ӛнеркәсіп орны жұмыс істеді. 1954 жылы 5 наурызда Ақмолаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшалондар келіп тоқтады. 1956 жылы 26 желтоқсанда Тың ӛлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың аты 1961 жылы 20 наурызда Целиноград болып ӛзгертілді. Қалада алғашқы жоғары оқу орындары – ауыл шаруашылығы институты, пединститут, инженер-құрылыс институттары ашылды. 1960-80 жылдары қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 жылы Тың ӛлкесі таратылып, 1994 жылы қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды. Ақмоланың геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, ӛнеркәсіптік әлеуеті, құрылыс индустриясын дамытуға қажетті базасының болуы және ірі тасымал торабына орналасуы ескеріліп, 1994 жылы ҚР Жоғары Кеңесі және 1996 жылы 6 шілдедегі Министрлер кабинеті ҚР-ның астанасын Алматыдан Ақмолаға кӛшіру туралы қаулылар қабылдады. 1997 жылы 20 қазанда Н.Ә.Назарбаев «Ақмола қаласын ҚР-ның астанасы деп жариялау туралы» жарлыққа қол қойды. 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен ҚР астанасы – Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылға 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа Астанасының салтанатты ашылу рәсімі ӛтті. Астана қаласы 2 ауданға – Сарыарқа және Алматы аудандарына бӛлінеді.
12
БАБА ДӘСТҤР САЛТ-ДӘСТҤРЛЕРДІҢ ТҤРЛЕРІ 1. Діни әдет ғұрыптар а) Ырымдар мен нанымдар (оң және теріс бата, күн жайлату, отқа май құю, алғыс-қарғыс, ауруды емдеу т.б.) ә) Діни рәсімдер мен мейрамдар (намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажыға бару т.б.) 2. Отбасылық той-томалақтар мен жиындар а) Үйлену тойы ә) Бала тәрбиелеу дәстүрлері б) Жерлеу салты 3. Маусымдық халықтық мерекелер а) Жалпы халықтық тойлар (Наурыз мейрамы. Қымызмұрындық. Сабантой. Соғым басы.) ә) Кәсіптік мейрамдар (биебайлау, жүн қырқар, тулақшашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ т.б.) ҚАЗАҚТЫҢ ТӚЛ МЕЙРАМЫ 1. Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде кӛпшілік бұлақтардың кӛзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атқарады. Бұл кезде мал тӛлдеп, жер кӛктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару» мейрамы деп атайды. 2. Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын-жекжаттар бірін-бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын-сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той-томалақтар да ӛткізіледі. 3. Мизам (Сабан той) – күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда түрлі жарыстар мен ойын-сауықтар ӛткізіледі. 4. Соғым басы қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға сақтаған малдарын сойып, бірін-бірі қонаққа шақырады. Қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса, ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы 13
САЛТ-ДӘСТҤРЛЕР МЕН ЫРЫМДАР Салт – кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет-ғұрып, дәстүр. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт ӛткен сайын салтқа ӛзгеріс еніп, ӛзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ығысып, ӛмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінезқұлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Атаананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Дағды, әдет-ғұрып деген ұғымдар адамның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтарды білдіреді. Аластау – ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы кӛз, тіл тигенді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәлежаладан аластау арқылы тазаланады. Үй-ішін аластауға қазақтар ертеден бастап адыраспанды, аршаны пайдаланған, аршаны үйдің кез келген бұрышына іліп қойған. Егер үйге кӛз тиген болса, адыраспанды немесе аршаны табаға салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластап, есіктерді жауып қойған. Қазіргі кезде жаңа үйге кірген кезде үйді аластау әдетке айналған. Аузына түкіру – ырым. Ертеден келе жатқан ырым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдардай ӛнегелі кісі болсын деген ұғымнан туған. Бие байлар – сауылатын биелерді кӛктемде алғаш рет байлар алдында жасалатын ырым. Желіні тартып, құлындарды байлау кезінде мал сойылып, ауылдағы адамдар түгел қонаққа шақырылады. Бие байлар кӛктем шығып, ақтың молайған кезінде жасалған. Шөміш қағу – ырым. Кӛктемде сәуір айының бас кезінде кӛкжиекті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Осы кезде ата-бабаларымыз «күн күркіреді, кӛк дүрілдеді» деп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғашқы күн күркіреген кезде киіз үйдің босағасына, табалдырығына ағаш шӛмішті тигізіп: Айран, сүт кӛп болсын, Жақсылық кӛп болсын, Жабырқау жоқ болсын. Ел-жұрт тоқ болсын, – 14
деп тілеу тілеп, кӛктемнің алғашқы найзағайлы күркірек жаңбырын қарсы алады. Осыны шӛміш қағу деп атайды. Шашу – әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, ӛрік-мейіз шашады. Шашуды әдетте жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жас балалар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, той жасаған үйге оның жақындары «тойға шашу» деп, тәтті тағамдар әкеледі. Тұсау кесу – бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жеңіл, ақкӛңіл адамға кескізеді. Тұсау кесу құрметіне тағам дайындап, кӛршілерді жинап, жеңіл-желпі құрмет кӛрсетіледі. Тұсау кескен адамға сыйлық беріледі. Тұсауды ала жіппен кесу кӛне шаман дінінен қалған. Аяғына жығылу – ғұрып. Кешірім сұраудың ең үлкен және кішіреюдің ең ауыр түрі – аяғына жығылу деп аталады. Мұнда айыпты адам жанына беделді адамдарды ертіп, тиісті адамның үйіне барып, кешірім сұрайды. Егер іс қиындап асқынып кетсе, айыпкер ӛзі кінәлі болған адамның аяғын құшып кешірім сұрауы керек. «Аяғына жығылу» да жазамен бірдей болып есептеледі. Ант, серт, уәде – халқымыздың сенім кепілінің кӛрінісі. Ант жаудан ӛш алу, еларалық келісім, адалдықтан айнымау сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана айтылады. Ел ішінде адамды «ант атқан» деп жек кӛрген. Ант – адалдық сӛзі. Айдар – ғұрып. Балалардың тӛбе шашын ұзарта ӛсіріп, моншақ араластыра ӛріп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер балаға жасалады. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған. Сәлемдеме – біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы. Ӛзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды. Сәлемдемеге ақша, кӛйлек-кӛншек, орамал немесе соғымнан сақталған сыбаға жібереді. Енші – қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда атаанасының бӛліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті үлесті енші дейді. Еншіні үлкен ата, әке, олар жоқ болса, ұлдың үлкені бӛледі. Қара шаңырақ пен ата-ана кенже баланың қолында қалады. Дәстүр бойынша ұлдың үлкені әке дәулетінің үштен біріне, кенже екіден біріне, ортаншылар тӛрттен бір үлесіне ие болады. Айттыру – қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, әке-шешесінің айттыруға қарсы емес екендігін біледі. Содан кейін қызды ресми түрде айттырады. Ескі 15
салт бойынша қызға жігіттің, жігітке қыздың есімін ататады. Той қамы, басқа да әртүрлі жол-жоралғы осы жолы кесіледі. Ауыз тию – ғұрып. Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл «қара шаңырақтың иесі» қолдасын деген сенімінен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстінде келген адам дәмнен ауыз тиюге тиісті деген ырым бар. Қазақтың дәстүрі бойынша, үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармау керек. Жол беру – қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы. Жасы кіші адам үлкенге бӛгет жасамай, жол босатады, үй ішінде тӛрге отырғызады, астан дәм татар кезде де осы әдеп сақталады. Сүйінші – қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Дүниеге жас нәресте келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде, үлкен сыйлық алғанда қуанышты хабарлаушы адам сүйінші сұрайды, осы кезде бағалы зат немесе ақша берілуі керек. Сыйлық – тұрмыс салт-дәстүрі, құрмет кӛрсету, ол барлық халықтар арасында ертеден келе жатқан дәстүр. Сыйлық бұрын қазақ қауымдарында мәртебелі адамдарға, дарынды ақын-әншілерге, құдажекжаттарға берілген. Сыйлыққа түйе бастаған тоғыз берген, ат мінгізіп, шапан жапқан немесе басқа да бағалы заттар берген. Ал қазіргі кезде үздік ӛнерге, озат адамдарға, үздік спортшыға ақшалай сыйлық беру әдетке айналған. Сыралғы – дәстүр. Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшыдан кездескенде сұралатын жол сыралғы деп аталады. Аңшылар сыралғының сӛзін жерге тастамайды. Той – әдет-ғұрып дәстүрі. Дүние жүзінің барлық халықтары той жасайды. Қазақ халқының мәдени ӛмірінде той ежелгі заманнан бастап үлкен орын алған. Мысалы, қыз ұзату, үйлену, шілдехана, сүндет, наурыз тойлары. Қыз ұзату, үйлену, сүндет тойларына ат шаптыру (бәйге), балуан күрес, кӛкпар, қыз қуу сияқты ұлттық ойындар ӛткізіледі. Тойдың жақсы дәстүрлері бүгінде сақталған, үйлену тойында жар-жар айтылады, түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Тоқым қағар – қазақтың ескі дәстүрі бойынша, жас жігіт алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін жолаяқ, кәде. Алыс жолға кеткен жігіт аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын деген жақсы тілек білдіруге байланысты берген. Тоқым қағуға арнайы қой немесе қозы сойылады, болмаса қазы-қарта асылады. Сыбаға – қазақтың ежелден келе жатқан кәделерінің бірі. Соғым кезінде ауыл адамдары бір-біріне сыбаға берген. Сыбаға келген үй әкелген сыбағаға кӛрші-қолаңдарын, жақын туыстарын шақырады. Сыбаға әкелген табаққа тиісті сыйлығын салып қайтарады. Кӛбінесе 16
отау үйдің адамдары қара шаңыраққа немесе жасы үлкен адамдарға сыбаға береді. ҚАЗАҚ ЫРЫМДАРЫ Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі ӛліп қалады деп тыйым салған. Нанның қиқымын жесе – бай боласың дейді. Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді. Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы ӛспей қалады деп жорыған. Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта кӛп отырып қалады дейді. Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды. Сәби кӛзін ашып ұйықтаса – жары сұлу болады. Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып ӛседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса – болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі. Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып ӛседі. Шӛбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады. Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сӛйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады. Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен ӛнері балаға қонады деген ырым бар. Сәбиге кӛз тимес үшін күйе жағып қояды. Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдаған. Жұма күні кір жума – әруақтар ренжиді. Ақты (сүтті, айранды) тӛксе, малдың желіні кетеді. Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді. Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа телиді. Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тапса, «мені біреу мақтап жатыр екен» дейді. Таба алмаса, «жамандап жатыр екен» дейді.
17
Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны кӛргендер атпен, кӛлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе, бота шошып ӛліп қалады деп ойлаған. Қазақ сейсенбіде жолға шықпайды, іс, жұмыс бастамайды, кӛшіпқонбайды. Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді. Тамақ үстіне келген адамға үй иесі «мақтап жүреді екенсің» деп риза боп қалады. Дастархан жиналып жатқанда келгенге «бізді жамандап жүреді екенсің» деп ескерту жасайды. Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе күйеуің немесе әйелің тастап кетеді дейді. Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды. Мал тӛлдеп жатқанда ешкімге мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды. Жақын адамдарға пышақ, ит сыйламайды. Егер жақын адамның пышағы ӛте ұнаса, оны ұрлап немесе сатып алады. Ауыл ішіне атпен шауып келген жаман ырым. Егер сүйінші сұраса шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келуге тиіс. Қайғылы, қазалы хабарды есірткенде немесе жаназаға шақырғанда ғана атпен шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауы тиіс. Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық» деп кіреді. Үйге келген қонақ адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкум» деп сәлем беру керек. Екіқабат әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді. Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды. Аты сүріншек болады деп балаға тӛстің сүріншегін жегізбейді. Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды. Кӛзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады. Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді. Тауық мезгілсіз шақырса – жаман ырым. Иегің қышыса бір жерден дәм татасың. Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды. Егер ӛздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді. 18
Бейуақытта ұйықтаған, жылаған жаман болады. Қолды жуғаннан кейін оның суын сілікпейді, орамалмен сүртеді. Бала қаспақ жесе, оның үйлену тойында жаңбыр жауады. Баласы шымыр болсын деп екіқабат әйелге сағыз шайнатады. Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды. Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана қуат бер» деп жалаңаяқ жүргізеді. Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды. Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады деген ырым бар. Баласы кіндігіне оралып қалады деп екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды. Бала ортан жіліктің майын жесе, ата-анаға мейірімсіз болады. Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады деседі. Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды. Жас келіннің тӛсі, малдың желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды. Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін ӛркӛкірек болады. Аспаннан ағып түскен жұлдызды кӛргенде қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді. Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, «кӛзің тиеді» деп түкіртеді. Балықтың құйрығын ұстаса, ауға балық түспейді. Ойынға ашуланған адамның басы таз болады. Мал үшеу не тӛртеу (үш не тӛрт тӛл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға кӛмеді. Егер бір үйде қыз туа берсе, келесі баланы ұл болсын деп оған ұлдың атын қояды. Егер ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді. Кӛп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бӛліп алады. Адам басы кемиді деп бӛтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды. Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады. Баланың мойынын тез және түзу бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық ӛткізіп кептіріп қояды. Несібесі кӛп, дастарханы мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды. Жиенді ұрса, қолы қалтырайды деген ырым бар. 19
Қазақ басымыз кӛбеймейді деп адам санамайды. Алыс жолға шыққан адамдар қарашаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады. Қазақ жек кӛрген немесе кӛрмеймін деген адамының артынан бір уыс топырақ шашады. Біреудің үйі ӛртенсе, оның арты жақсылық болады деп ырымдайды. Жаңа айды кӛргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды. Шала туылған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса сонша күн кереге басына іліп қояды. Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туылған баланы Қалдыбай, Қалдыгүл деп атайды. Пәле жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды. Ӛреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады. Ӛліктің денесі оралған кілемді түнде жұлдызға қаратып жайып барып пайдаланады. Шашалған адамға «мал қап» дейді. Ет турағанда бір кесек ет қалып қойса, ет тураушыға ӛтірік айтатының бар екен дейді. Біреу қайтыс болды деп ескертіп, кейін ол тірі болып шықса, «кӛп жасайды екен» деп ырымдайды. Үйдің ӛз сәбиі үйге «ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге кӛп кешікпей қонақ келеді. Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады. Бас киімді теріс қаратып киген жаман істің белгісі. Жас адамдар «басым ауырады» десе, «басыңа бас қосылады екен» дейді. С.Кенжеахметұлы ТЫЙЫМ СӚЗДЕР Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сӛздер. Бұл сӛздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды тӛбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты тӛгу – ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. 20
Мұндай тыйым сӛздер ел ішінде ӛте кӛп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмыз. Дастарханды, тамақты баспа. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме. Малды, ыдысты, тамақты теппе. Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме. Кӛкті жұлма, шашыңды жұлма. Үй айнала жүгірме. Босағаны керме, құшақтама. Табалдырықты баспа, отырма. Үйді сабама, малды басқа сабама. Бейіт тұсынан шауып ӛтпе, жүгіріп ӛтпе. Бейітке қолыңды шошайтпа, оған қарап түзге отырма. Итке ожаумен ас құйма. Түнде үй сыпырма, түнда тырнағыңды алма. Үлкендердің жолын кеспе, сӛзін бӛлме. Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба. Шашыңды жайма. Бетіңді баспа. Тізеңді құшақтама. Ӛтірік жылама. Жұлдызды, адамды санама. Сыпырғышты тік қойма. Қолыңды қусырма. Адамға пышақ, мылтық кезенбе. Бос бесікті тербетпе. Құранды, тамақты баспа. Жақын адамға пышақ сыйлама. Тұзды, күлді баспа. Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме. Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма. Бейуақытта жылама, ұйықтама. Бейуақытта кісіге кӛңіл айтпа. Бӛркіңді теріс киме. Үйде ысқырма. Үйге жүгіріп кірме. Мойныңа белбеу жіп салма. Айды қолыңмен кӛрсетпе. Құдыққа түкірме, ыдысқа түкірме, жоғары қарай түкірме. Шелектегі суға аузыңды батырма. Ақты тӛкпе. Адамды айналма. 21
Адамға қарап түкірме, есінеме. Жалғыз ағашты кеспе. Пышақтың жүзін жалама. Пышақты шалқасынан қойма. Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама. Қызды ұрма. Кісіге, молаға саусағыңды шошайтпа. Орынсыз күлме. Кісі айыбын бетіне баспа. Кӛп сӛйлеме. Адамға, малға зәбір жасама. Балаңа басқа ұрма. Ата-анаңа қарсы келме. Түнде суға барма. Бетіңді сызба. Нанды бір қолыңмен үзбе. Асты үрлеме, асты жамандама. Тамақты сораптап ішпе. Қолыңды тӛбеңе, желкеңе қойма. Ӛтірік күлме, ӛтірік сӛйлеме, ӛтірік жылама. Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа. Қыз ұлдың, ұл қыздың киімін кимесін. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа. Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе. Қабірді баспа. Аманатқа қиянат жасама. Ант ішпе, әбес сӛйлеме. Ӛтірік куәлік жасама. Намазды бұзба. Құстың ұясын бұзба. Құмырсқаның ұясын баспа. Ұрлық қылма, зорлық қылма. Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма. Саусағыңды аузыңа салма. Кісі үйінде түрегеп тұрма. Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе. Саусағыңды кеземе. Аяғыңды тұсама, қолыңды байлама. Кӛп ішінде қатты сӛйлеме, қатты күлме. Желге қарсы түкірме, желге қарсы дәрет сындырма. Үлкеннен бұрын сӛйлеме. Үлкеннен бұрын тамақ жеме. 22
Үлкеннен бұрын отырма, жатпа. Үлкеннің бетінен алма. Шақырмаған жерге барма. Рұқсатсыз үйге кірме. Жұрт кӛзінше кекірме, қасынба. Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма. Жерді сабама, жерді тепкілеме. Баланы шошытпа. Атқа теріс отырма. Қайықты тербелтпе. Әдепсіз сӛзді айтпа, ӛтірік айтпа. Мақтаншақ болма, тәкәппар болма. Әйелге күш кӛрсетпе. Малды боқтама. Асты қорлама. Жәндікті жәбірлеме. Уһілеме. Маңдайыңды, басыңды ұрма. Отты, ошақты аттама. Дастарханды, ыдысты, тамақты аттама. Жаман әдетті үйренбе. Жаманат шақырма. Жаман ырым жасама. Етбетіңнен жатпа. Ерсі қимыл жасама. Шашыңды, тырнағыңды ӛсірме. Кісі тӛсегіне отырма. Теріс қарап отырма, жүреңнен отырма. Сол қолмен тамақ ішпе. Шалбарды басыңа жастама. Қолыңды артыңа ұстама. Түнде мал санама. Түнде күл шығарма. Таңертеңгі асты тастама. Кӛзіңді жыпылықтатпа. Қолыңды кеудеңе қойма. Ерніңді шығарма. Орындықта аяғыңды айқастырып отырма. Бала бетіне үрлеме. Тырнағыңды тістеме. С.Кенжеахметұлы 23
КИІЗ ҤЙ АТАУЛАРЫ 1. Абылайша – керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй. 2. Ақ шаңқан үй – сүттей ақ, аппақ киіз үй. 3. Ақтағыр – екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй. 4. Жаппа – керегесіз, киізбен жабылған баспана. 5. Жолым үй – уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. 6. Қара құрым үй – киізінің тозығы жеткен, ескі үй. 7. Қара үй – киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды. 8. Қараша үй – қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. 9. Орда – еңселі, салтанатты киіз үй. 10. Отау – ұлға енші беріп, бӛлек шығарған киіз үй. 11. Тӛңқайма – бірнеше уықпен ғана кӛтерген киіз үй. 12. Ұраңқай – уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй. Киіз үй, негізінен, кереге, уық, шаңырақ, есіктен тұрады. Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан тұрады. Керегенің екі түрі болады: желкӛз, торкӛз. Желкӛз қатты желге тӛзімді, торкӛз жаңбырлы күндері су жібермейді. Желкӛздің торы үлкен, ағаштары жеңіл, ал торкӛздің торы кішкене, ағаштарының сүйектері ауырлау болады. Керегенің сағанақтары қиғаш орналасады. Бір қанатта 20 сағанақ болады. Сағанақтарды бір-біріне қиғаштап қайыспен байлайды. Қайыс түйе, жылқы терісінен жасалады. Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың діні дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіп, бау ӛткізеді, оны уық бау деп атайды. Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Шаңырақтың шеңбері 3-5 метр шамасында болады. Оны кӛбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металдан құрсаулайды. Шаңырақтың дӛңгелек шеңберін тоғын дейді, оған уық сұғатын тӛрт қырлы кӛз теседі. Тоғынның үстінен түндікті кӛтеріп тұру үшін айқастыра бекітілген ағаштарды қояды, оны күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі. Есік (сықырлауық) – кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріпшығатын есік сықырлауық деп аталады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен тұрады. Есіктің жарма беті нәзік ӛрнекпен безендірілген. 24
Керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жер туырлық деп аталады. Шаңырақты жауып тұратын киізді түндік дейді. Киіз есік – есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Есікті киіз жауып тұрады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұстарту, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау-құралдары қолданады. Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын ӛрнекті жіңішке құр деп атайды. Белдеу – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел кӛтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын ӛрнекті жалпақ құр. Туырлық бау – туырлықты ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ құр. Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстінен айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау. Бақан – бір ұшын (жоғары) екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Бақанды майыспайтын, мықты, түзу ағаштан жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты кӛтеріп тұруға арналған. Ши – кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылады. Шилер туырлықты кереге кӛгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Шиді алуан түске боялған қой жүнін шиге орау арқылы жасайды. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҦЛТТЫҚ КИІМДЕРІ Тақия – Шығыс халықтарына тән бас киімнің түрі. Жеңіл, дӛңгелектеп тігілетін бас киім. Ұлттық ӛрнегіне, тігілуіне қарай әртүрлі болады. Тақияны тіккенде бір түсті матадан (сәтен, шұға, барқыт т.б.) таңдаса, тӛбесі тӛрт сай немесе дӛңгелек, үшкіл тӛбелі етіп тігіледі. Ерлерге арналған тақиның кестелісі де, кесетесізі де кездеседі. Жиегі қолмен немесе машинамен сырылады. Қыздарға арналған тақиялар әртүрлі жіптермен кестеленіп, моншақ, асыл тастармен безендіріледі. Сәукеле – қызды ұзатқанда киетін бас киім. Сәукелені қыз ұзатылғанда күйеу еліне киіп бару үшін тіктіреді.Сәукеле арнайы басылған ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырған матадан 25
жасалып, сырты қымбат матамен (барқыт, атлас, шұға) қапталып, шетін құндыз, кәмшәт терісімен айналдыра тігіледі. Сәукеленің тӛбесіне, ӛн бойына алтын, күміс, маржаннан әшекей тағылып, алтын жібек жіппен кестеленеді. Сәукеленің тӛбесіне жібектен желек тағылып, оған үкі қадайды. Тымақ – аңның немесе малдың терісінен тігілетін қыстық бас киім. Тымақты ішік сияқты тігілген терісіне байланысты: түлкі тымақ, елтірі тымақ деп аталады. Тымақ тӛрт сайлы, биік тӛбелі, суықтан қорғайтындай етіп тігіледі. Тымақтың екі құлағы және мойынды жауып тұратын артқы етегі болады. Кимешек – әйелдердің бас киімі. Кимешек ақ матадан немесе ақ жібектен тігіледі. Ол басты, кеудені, иық пен арқаны жауып тұрады. Кимешектің кеуде жағын, бет жаулықтарын кӛмкеріп кестелейді. Бөрік – қазақтың ертеден келе жатқан бас киімі. Бӛрік қыстық бӛрік (жүн немесе мақта салып тігіледі), жаздық бӛрік болып екіге бӛлінеді. Бӛрікті қыздар да, ер адамдар да киеді. Аңның терісімен немесе қымбат матамен тысталады. Аңның терісіне қарап оларды құндыз бӛрік, кәмшәт бӛрік, түлкі бӛрік деп атайды. Қыздар киетін бӛріктің тӛбесі тӛрт сайлы болып келеді және үкі тағылады, асыл тастармен кӛмкеріліп, күміс теңгелерден салпыншақ тағылады. Қазақта әшекейлі, үкілі бӛрікті сал-серілер де киген. Етік – ертеде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген. Былғарыдан тігілген етіктің қонышы ұзын болып келеді. Былғары етік қара, сары, қызыл түсті бояулармен боялады. Қызкеліншектер қызыл түсті былғарыдан ою-ӛрнектеп тіктірген етік киген. Оны «сапиян етік» деп атайды. Ал мырза сал-сері жігіттер қара түсті былғарыдан, оюлатып етік киюді әдет еткен, оны «саптама етік» деп атаған. Мәсі – аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы – ӛкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Мәсіні ерлер де, әйелдер де киеді. Мәсіні жұмсақ былғарыдан немесе құрымнан тігеді. Кебіс – мәсінің сыртынан киюге арналып, былғарыдан тігілген аяқ киім. Оның басын жұмсақ былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік етіп тігеді. Кебісті оюлап әшекейлеп тігеді. Саптама етік – қазақтың ұлттық қысқы аяқ киімдерінің бірі. Оны ерлер киеді, кең қонышы тізені жауып тұрады. Саптама етікті қыста киетін болғандықтан, оны сапалы былғарыдан тігеді, ішінен киіз байпақ киеді. Байпақ – жылы аяқ киім. Киізден жасалады, саптама етіктің ішінен киіледі. Байпақтың қонышы етіктің қонышынан ұзын болады, тізені жауып тұруы керек. Тізе басары былғарыдан, барқытпен, басқа да матамен кӛмкеріледі. 26
Шапан – қазақ үшін ӛте сыйлы киім. Оны қалың матадан қазақтың ою-ӛрнегін салып, астарлап сырып тігеді. Шапандар әртүрлі тігіледі: сырмалы шапан, қаптал шапан, қыз-келіншектерге арналған қималы шапан. Шапанды ерлер де, әйелдер де, балалар да киеді. Қазақ халқында сыйлы қонаққа шапан жабу дәстүрі әлі жалғасып келеді. Ішік – аң терісінен немесе мал терісінен матамен қапталып тігілетін қыстық сырт киім. Ішік тон сияқты ұзын тігіліп, сәнді мол жаға салынады.Тігілген терісіне байланысты ішіктің әртүрлі атауы болады: бұлғын ішік, құндыз ішік, қасқыр ішік, түлкі ішік. Тон – қойдың терісінен жүн жағы ішіне қаратылып тігіледі, әрі жылы, әрі жұмысқа ӛте ыңғайлы киімнің түрі. Тон тігіп кию ежелгі қазақ салты болған. Тонға мол жаға салынып, екі ӛңірі, жеңінің ұшы, етегі түсті матамен немесе елтірімен кӛмкерілген. Шекпен – қазақтың ұлттық сырт киімінің бір түрі. Ол қойдың немесе түйенің жүнінен тоқылып, кӛбінесе, шапанға ұқсас үлгімен тігіледі. Шекпеннің арасына жүн немесе мақта салып тігілген түрі жеңіл пальто немесе қаптал шапан орнына киіледі. Қамзол – жеңсіз жеңіл киім. Жас ерекшелігіне қарай: бір түсті едәуір қалың матадан, жібектен, мақпалдан, атластан тігіледі. Қыздарға арналған қамзолдың ӛңіріне кесте тігіліп, ою-ӛрнек салынады. Қамзолдың етегі кең болып келеді. Қазақ халқына кең тараған ұлттық киім. Көйлек, жейде – әйелдердің киімі. Қос етек кӛйлекке екі, үш етекті қоса тігеді. Кең етекті кӛйлекке ештеңе қоспай тігеді. Тік етек пен кең етек кӛйлекті әжелер, бүрмелі кӛйлекті жас қыздар мен жас келіншектер киеді. Етегінің қатпарына сай, жеңіне де қатпар түсіріледі. Белбеу – киім сыртынан бел бууға арналған, бір ұшы айылбасты былғары (1,5-2 м), қайыс немесе (2-3 м) шүберек. Шүберекте айылбас болмайды. «Бел» және «Бау» сӛздерінен қосылып, фонетикалық ӛзгеріске ұшыраған. Былғары сыртына кейде алтын, күміс әшекей орнатылады. Биялай – қолға киетін киім. Иленген қой терісінен, былғарыдан тігіледі немесе жүннен тоқылады. Бармақтан басқа тӛрт саусағы біріктіріліп, кейде қажетіне қарай сұқ саусағын даралап та жасайды. Биялайды кей жерлерде қолғап деп те атайды. Ол бес саусақты болады.
27
АТА ТАРИХ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҦРЫЛУЫ Қазақ хандығы – Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың ӛзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілхайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы рутайпалармен Шу ӛңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың кӛктемінде Керейді ақ киізге кӛтеріп хан сайлайды. Әбілхайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды қорытындысы еді. ХV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. ХVІХVІІ ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бӛлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Ӛйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссӛздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды. АҚТАБАН ШҦБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӚЛ СҦЛАМА Жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы ХV ғасырда басталып, ХVІІ ғасырдың аяғы – ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде асқынып кетті. Ел ішіндегі бытыраңқылықты жойып, халықтың бірлігін нығайтуды кӛздеген әз Тәуке 1710 жылы Қарақұм сиезінде қазақтарды жинап, 28
қанжығалы Бӛгенбайды қолбасшы сайлап, бүкілхалықтық жасақ құруға шешім қабылдаған еді. Әйтсе де бұл кезеңде күштердің ара салмағы қалмақтардың пайдасына шешіліп отырды. Қалмақтар ХVІІІ ғасырдың басында ӛздерінің ішкі қайшылықтарын реттеп, әскерін жарақтады. Орыс елімен қарым-қатынасын жақсартып, қару, оқ-дәріні кӛптеп сатып алды. Ал бұл кездегі қазақтардың жағдайы мәз емес еді. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери қуатын әлсіретті. 1723 жылдың кӛктемінде жайлауға кӛшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Екпіні қатты жаудың қалың қолы Қазақстанның оңтүстігінен елге ішкерілей ене берді. Жолында кездескен бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып, Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылынан қазақтар шайқас даласында 100 мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды. Қорғануға мұршасы келмеген ел қырылды, тірі қалғандары атамекенін тастап, үдере қашты. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бӛлігі Сырға Шыршық құятын тұстан сәл жоғары ӛткелден ӛтіп, Ходжент, Самарқан иеліктеріне кӛшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып, Бұхараға ауды. Шұбырған халықтың басым кӛпшілігі Сырдан ӛтіп, Алқакӛлге жетіп құлады. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Қазақ халқының тарихындағы қасірет, Отан басына күн туған бұл кезең қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакӛл сұлама» деген атаумен қалды. БҦЛАНТЫ ШАЙҚАСЫ 1723-1725 жылдары қазақ жерінің біраз ӛңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Азаттықты аңсаған, елдің басын қосып, бірлік болмай, тірлік болмайтынын ұғынған қазақ халқы бардың басын қосып, жиын ӛткізді. Ордабасы жиынында біріккен қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілхайырды хан сайлады. Бӛгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілхайыр бастаған қалың қол 1726 жылдың соңы мен 1727 жылы жоңғарларға қарсы соғыс ашты. 1726 жылы Шұбартеңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңілген жоңғарлар кейін шегіне бастады. Мұның артынша Бұланты мен Білеуті ӛзендері аралығындағы шешуші ұрыста қазақ қолы жоңғарларды Ұлытауға жеткізбей тоқтатты. Бұл ұрыс тарихқа БұлантыБілеуті шайқасы деген атпен енді. Осы жеңістен кейін майдан кіндігі болған тӛбе Қалмаққырылған аталып кетті. 29
ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҦРАМЫНДА ХVІІІ ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саясаты күрделене түсті. Солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан – жоңғарлар, оңтүстіктен – ортаазиялық хандықтардың саяси қысымы күшейді. 1731 жылдың 19 ақпанында Анна Иоанновна патшайым Әбілқайыр ханның ӛтініші бойынша Кіші жүзді Ресей бодандығына алу туралы грамотаға қол қойды. Осы жылдың 10 қазанында Әбілқайыр хан елу алты адаммен Ресеймен келісімге қол қойды. 1740 жылы Орынборда Кіші жүз бен Орта жүздің старшындары мен сұлтандарының сиезі ӛтіп, Ресей бодандығының алғашқы нәтижелері қорытындыланды. Сиезге қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Қазақстанды жоңғарлардың шабуылдарынан қорғап қалу үшін Ресеймен келісімге келу керек деген пікірлер айтты. Осы жылы Кіші және Орта жүздің бір бӛлігінің сұлтандары мен старшындар тобы Ресей бодандығына ант берді. ХVІІІ ғасырдың ортасында Орта жүз бен Ұлы жүздің сыртқы саяси жағдайы күрделене түсті. 1771 жылы Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иассауи мазарында ақ киізге кӛтеріп хан сайланғаннан кейін Абылай хан Ресей, Қытай және ортаазиялық әміршелер арасында тиімді саясат жүргізді. Абылай хан Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі үшін күресті. Патша үкіметі ұсынған хан лауазымынан және тіпті Екатерина ІІ хан етіп сайланғаннан кейін де Петропавлда Ресейге ант беруден бас тартып, патша үкіметі ұсынған сыйларды да алмады. ХІХ ғасырда Ресей империясы қазақ жерлерін түбегейлі отырлауға кірісті. Ресей империясының Қазақстанды отырлау саясаты мынадай бағыттарда жүргізілді: – Қазақ мемлекетінің негізгі белгілерін; – Қазақ жеріндегі әскери отаршылдық және казактардың патшаның отаршылдық және әскери тірегі рӛлінің ӛсуі; – Қазақстанның Каспий теңізінен Ертіске дейінгі, Есіл мен Тобылдан Арал теңізі, Сырдария мен Жетісуға дейінгі аумағын айналдыра салған жаңа қалалар, қамалдар, бекіністердің бой кӛтеруі; – Қазақ қоғамындағы барлық әлеуметтік топтардың құқығына шек қойылуы, бұл кейібр хан, сұлтан, билерді орыс әкімшілігінің ең тӛменгі топтағы шенеуніктеріне айналдырды; мұндай жағдаймен келіспегендер жазалау шараларына ұшырады. 30
ХІХ ғасырдың 60 жылдары Түркістан, Шымкент, Алматы және Ұлы жүз аумағындағы басқа да қалалар мен мекендерді ашық түрде басып алу Қазақстанды Ресейге бағындыру процесін аяқтады. Қазақ жерлері Ресей меншігіне айналды. ҦЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС ХVІІІ-ХХ ғасырларда қазақ даласында Ресей отаршылдарына қарсы бірнеше ірі-ірі ұлт-азаттық қозғалыстары болды. Қазақ халқының тәуелсіздік пен дербес даму жолындағы күресінің негізгі кезеңдері: Сырым Датұлының басқаруымен отаршылдыққа қарсы қозғалыс (1783-1797); Исатай Тайманұлы мен Махамбет Ӛтемісұлының ұлт-азаттық қозғалысы (1836-1838); Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық кӛтерілісі (1837-1847); Жанқожа Нұрмұхамедұлының кӛтерілісі (1856-1857); Есет Кӛтібарұлының қозғалысы (1868-1869); Маңғыстаудағы шаруалар қозғалысы (1870). Аталған қозғалыстардың барлығы отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталды. Мұның ішінде, Ресейдің және кӛрші мемлекеттердің саясатына, Қазақстанның ішкі ӛміріне тигізген әсерімен, ұзаққа созылуы және ауқымдылығымен ерекшеленетін ӛз халқының тәуелсіздігі мен еркіндігі үшін күрескен Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық кӛтеріліс қазақ елінің тарихында маңызы зор, ең кӛрнекті оқиға болып табылады. Ұлт-азаттық қозғалыс кӛсемдері қазақ халқының жадында ұлт батырлары ретінде қалды. Кейінірек, қазақ халқының ұлт-азаттық кӛтерілісінің түкпірінде саяси және ұлттық ой-санасының ӛсуіне ықпал ететін автономия алу ниеті тұрды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтың интеллектуалды және саяси зиялы қауымының әлемдік аренаға шығуы қоғамдық ӛмірде қозғалыс тудырып, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қазақ автономиясын дүниеге әкелді. АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған қазақтың саяси-демократиялық қозғалысы. Қазақ жерінің орыс мемлекетінің меншігі етіп жариялануы, қазақтардың егіншілікке жарамды жерлерінің Ресейден келген қоныс аударушыларға берілуі, Ресейлік әскери31
монархиялық басқару жүйесі осы кезеңнің нақты кӛрінісі еді. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының осылай асқынуы қозғалыстың тарихи негізі болып табылады. Алаш қозғалысының басты мақсаты – қазақ елінің ӛзін-ӛзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал шаруашылығын ӛркендету, егішілік пен ӛнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, ұлттық мәдениетті ӛркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 жылдың ақпан және желтоқсан аралығында ӛзінің шарықтау шегіне жетті. 1917 жылы Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің құрылуы бұл қозғалыстың нәтижесі болды. АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҚҦРЫЛУЫ 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпықазақ сиезі ӛтті. Осы сиезде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Х.Ғаббасовтың баяндамасы тыңдалып, талқыланып, сиез бір ауыздан саяси аумалы-тӛкпелі шақта қазақты әр елде қалдырмай біріктіру мақсатында мынадай қаулы қабылдады: «1) Бӛкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бӛліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі – халқы қазақ-қырғыз , халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан ӛз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға; 2) қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын; 5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады; 6) алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін ӛз қолына алады». Сонымен осы сиездің шешімі бойынша Алаш Орда үкіметі жарияланды. Оның тӛрағасы болып Ә.Бӛкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясын тездетіп жариялау-жарияламау мәселесі дауысқа салынды. Ә.Бӛкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Ж.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан 32
қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария сиезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де кӛзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде ӛзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. ІІ сиездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мӛр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған. КЕҢЕС ҤКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметі Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың құрған ұлттық мемлекеттік бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. 1917 жылдың ақпан мен қазан айларының аралығында қазақ қоғамында түрлі саяси партиялар мен ағымдар пайда болды. 1917 жылдың шілде айында Орынбор қаласында ӛткен бүкілқазақ сиезінде Ә.Бӛкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар жетекшілік еткен «Алаш» партиясы ұйымдастырылды. «Алаш» партиясы ең басты мақсат ретінде Ресей Федерациясы құрамында Қазақ автономиясын құру идеясын ұсынды. Бұл партияға қарсы Кӛлбай Тӛгісов бастаған «Үш жүз» партиясы социалистік идеяны қолдады. 1917 жылдың жазында Қазақстанға бірінші дүниежүзілік соғыстың майдан шептерінен оралған кӛптеген тыл жұмысшылары мен солдаттар большевиктік бағытты қолдады. Осылайша қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы екі бағытқа жіктелді. Осы екіжақты кӛзқарасты тиімді пайдаланған большевиктер 1917 жылы 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі – «Алашорданы» тарих сахнасынан күштеп кетірді. Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін қарулы күшпен талқандады. Большевиктер халық ішінде, жұмысшылар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 1918 жылы кеңестік билік бұрынғы Ресей империясының құрамында болған кӛптеген аймақтарға орнады. 1920 жылы 12 қазанда Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасы құрылды. 1918 жылғы 30 сәуірде құрылған Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы 1924 жылы 27 қазанда таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. 33
Алайда Кеңес ӛкіметі одақтас республикаларға дербес билік жүргізуге мүмкіндік бермеді. АШАРШЫЛЫҚ Азамат соғысынан кейінгі шаруашылықтағы қиыншылықтар Қазақстан аумағының үлкен бӛлігін қамтыған ашаршылыққа алып келді. Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформаға байланысты шаруалардың жекеменшігін тәркілеу, салықтардың ауылшаруашылық ӛнімдеріне ӛсуі, кӛшпелі және жартылай кӛшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру ашаршылықтың басты себептері болды. Еңбек ӛнімділігін шектен тыс арттырып, процент қуушылық орын алды. Ұжымдастыру процесі Қазақстанда 1932 жылдың кӛктемінде аяқталады деп жоспарланды. Ретсіз жылдамдатылған процесс Голощекиннің арандатушылық экспериментіне ұшырады. Қазақ халқы 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырындымен» салыстырады. Бұл оқиға «Кіші қазан» деп аталатын Голощекин экспериментінің салдары еді. Ұжымдастыруда күштеу тәсілдері мен құралдарын қолдану – орасан зор адам шығынына алып келді. Ашаршылық пен оның ауыр зардабы құрбандарының саны 1 млн. 750 мың адамға немесе бүкіл қазақтың 42%-іне жетті. Тарихи отанын 1 010 мың қазақ тастап кетуге мәжбүр болды, оның 616 мыңы біржола шет елдерде қалды. САЯСИ ҚУҒЫН-СҤРГІН Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жабылып, халықтың да оларға деген теріс кӛзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік ӛкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңстік ӛзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» тӛңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин ӛзіне қарсы 34
шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың кӛзін жоюды қолға алды. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. 1930 жылдардың басында Қазақстанда саяси айыпталғандарды қамауда ұстайтын еңбекпен түзеу лагерьлері (Казитлаг, Карлаг, Алжир) жұмыс істей бастады. Мұнда түскен тұтқындар небір азапты күндерді басынан ӛткерді. Бұл лагерьлерге түскен тұтқындардың жағдайы ӛте мүшкіл еді. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бӛтен ойлайтындар» деп айыптады. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25 833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-і «халық жаулары» немесе халық жауларының сыбайластары ретінде айыпталды. ҚАЗАҚСТАН ЕКІНШІ ДҤНИЕЖҤЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА 1941 жылы 22 маусымда Германия КСРО-ға соғыс ашты. Соғыстиың алғашқы күндерінен-ақ Қазақстан соғыс арсеналына айналды. Жауға атылған әрбір он оқтың тоғызы Қазақстан қорғасынынан құйылды. Балқаш, Қарсақпай кен орындары соғыс жылдары ӛндірілген қара мыстың жартысынан астамын берді. Қарағанды шахтерлері тӛрт жыл ішінде 34 млн. тонна кӛмір ӛндірді. Шығыс қоңырат молибден, Жезді марганец, Дӛң (Дон) хромит кеніштері, Ақшатау молибден-вольфрам комбинаты салынды. 19411945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта т.б. кәсіпорындар салынды. Бұл жылдары тылдағы еңбекшілердің жасампаз ерлігі орасан зор. Республика диқандары мемлекетке 360 млн. пұт астық тапсырды. 4 жыл ішінде Қазақстан еңбекшілері майдан мұқтажына 94 млрд. 500 млн. сом жарна ӛткізді. Қазақтар бірінші рет тең құқықта қазіргі заман соғысына қатысты. Алайда соның ӛзінде орыс үстемшілдігі білінбей қалған жоқ. Қазақстаннан майданға 1 млн. 200 мың жауынгер аттанды. Брест қорғанын К.Әбдірахманов, В.Лобанов, К.Иманқұлов, Ұ.Жұматов т.б. қорғады. Мәскеу үшін шайқаста қазақстандықтар даңққа бӛленді. Алматыда жасақталған 316 атқыштар дивизиясы 8-панфиловшы гвардияшылар болып қайта құрылды. Мұнда аға лейтенант Б.Момышұлы басқарған батальон ерекше кӛзге түсті. Сондай-ақ осында Кеңес Одағының Батырлары Т.Тоқтаров, 35
М.Ғабдуллин т.б. соғысты. Ленинград үшін шайқаста С.Баймағамбетов кеудесімен дзотты жауып, соғыс тарихында теңдесі жоқ ерлік жасады. Сталинград үшін шайқаста Н.Әбдіров, Қ.Спатаев т.б. қазақ жауынгерлері батыр атағын алды. Қазақстандықтар Курск түбіндегі, Беларусьтегі, Украинадағы шайқастарда ерлік кӛрсетті. Екінші Дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қойған, жеңімпаз әскердің жеңіс туын тұңғыш рет желбіреткен қарапайым қазақ батыры Р.Қошқарбаев еді. Шығыстың қос шынары атанған Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова ӛздері сұранып, соғысқа аттанады. Соғыста жасаған ерліктері мен қызға тән ӛжеттіктері арқасында Кеңес Одағының Батыры атанады. Майданда кӛрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін тағы бір қазақ қызы Х.Доспанова 2006 жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Белгілі қазақ ақын-жазушылары Ж.Жабаев, С.Мұқанов, М.Әуезов ӛз шығармаларын халықты патриоттық рухта тәрбиелеуге арнады. Екінші Дүниежүзілік соғыста армия қатарына 1200 мың қазақстандық шақырылды. Олардың 497-сі кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 410 мыңнан астам қазақстандық еліне оралмады. Бұл шығын ұзақ жылдар бойы елдің демографиялық жағдайына ықпал етті. ТЫҢ КӚТЕРУ ХХ ғасыр Кеңес елдерінің тарихында оның ішінде Қазақстанда бетбұрыс кезеңі болды. Соғыс аяқталғаннан кейін Қазақстанның алдында халық шаруашылығын дамыту мәселесі тұрды. Бұл кезеңде республикада кӛмір ӛнеркәсібі, ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды. Азық-түлікке деген сұраныс жыл ӛткен сайын арта берді. Астық ӛндіру мәселесін шешу үшін елдің шығыс жағындағы ұлан-байтақ жерді жыртуға бағытталған ерекше жол таңдалынып, «Бәрі тың жерлерді игеру үшін!» деген ұран пайда болды. 1955 жылы жоспарланған 7,5 млн. гектардың орнына 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Тың жерлерді осынша кең кӛлемде игеру ӛзін-ӛзі ақтамауы, табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген ғалымдардың ескертулерін ешкім елемеді. 19541960 республикада тың игеру есебінен астық ӛндірудің жалпы кӛлемі 106 млн тоннаға жетті. Қазақстан алты рет 1 млрд. немесе одан да артық пұт астық ӛткізді. Еліміз астық ӛндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шықты. Тың кӛтеруге байланысты әлеуметтік тұрғыдан бірқатар жағымсыз жағдайлар орын алды. Тың және тыңайған жерлерді игеру үшін одақтың басқа аймақтарынан еңбек қорлары тартылды. Іс жүзінде бақылаусыз кӛші-қон қозғалысы туды. Жергілікті тұрғындар ондағы мектептердің, орталық ұжымшарлар мен кеңшарлардың жабылып қалуына 36
байланысты туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, республиканың жергілікті тұрғындарының саны 30%-ға азайды. Қазақтың ұлт ретінде дамуына, тілі мен дініне қатер тӛнді. Жергілікті жерлердегі ұлт мектептері жабылып, қазақ балалары мектепинтернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым кӛпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Жергілікті халықты орыстандыру саясаты ашық жүргізіле бастады. Сонымен қатар миллиондаған гектар жерді жырту мал жайылымы, шабындық жерлердің азаюына әкелді. ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ Республикамыздың егемендігін құрметтеу, ұлттық тіл мен мәдениеттің қарқынды дамуын қамтамасыз ету, саяси қайраткерлердің жергілікті тұрғындар арасынан жоғарылауына кедергі жасамау талаптарымен 1986 жылы желтоқсан айында Алматыдағы Республика алаңына халық жиналды. Олардың дені студенттер мен жұмысшы жастар еді. Олар орталық ӛкілдерін маңызды мәселелерді шешуде жергілікті билік органдарымен есептесуге шақырды. Жастар ойындағысын толық айтып қалуға тырысты. Мәскеудегі орталықтың жергілікті халықпен санаспастан Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың орнына Г.В.Колбинді тағайындауы кӛтерілістің басталуына түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертең 300дей адам жиналған алаң кешке 20 мыңға толды. Қазақстан астанасына ІІМ-нің арнаулы әскері жіберілді. 18 желтоқсан күні алаңға әскери училищенің бӛлімдері енгізілді. Орталық комитеттің үйі қоршалды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті шекара училищесінің курсанттары да әкелінді. Митингіге шыққан халықты ұстап, жазалай бастады. Олардың біразы арнаулы орындарға, тергеу изоляторларына қамалды. Кӛтерілісшілерге қарсы сапер күректері қолданылып, үйретілген иттер жіберілді. Кӛтеріліске «қазақ ұлтшылдығының кӛрінісі» деген баға беріліп, оған қатысқандар қуғын-сүргінге ұшырады. 8500-ге жуық адам ұсталып, жазаланды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың бірнешеуі қаза тапты. Олардың қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар еді. Қазақ елі ӛз тәуелсіздігін алғаннан кейін Желтоқсан оқиғасының барлық шындығы ашылып, ол жӛнінде жинақтар, кітаптар жарық кӛріп, кинофильм түсірілді.
37
ТӘУЕЛСІЗДІК Қазақ халқы – болмысынан еркіндікті сүйетін, кең дала тӛсінде табиғатпен туыстасып, еркін ӛмір сүрген халық. Ата-бабаларымыз сонау кӛне түркі заманынан ХҮІІІ ғасырдың бел ортасына дейін ӛз билігі ӛзінде болып, дербес мемлекет ретінде тіршілік етіп келді. 1731 жылы алдымен Ресейге тақау тұрған Қазақстанның батыс ӛңірлері, кейінірек басқа аймақтары Ресейдің бодандығына кірді. Содан бері қазақ даласын орыс отаршылдығының билеп-тӛстеуі басталды. Бірақ намысты ата-бабаларымыз осы отаршылдыққа қарсы сан кӛтеріліске шықты. Олардың ішіндегі ірісі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлтазаттық кӛтеріліс еді. ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары бастаған ұлт-азаттық кӛтерілісі ӛрістеді. Ол тарихқа «Алаш қозғалысы» деген атпен енді. Ә.Бӛкейхан, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, М.Шоқай т.б. ұлы қайраткерлер 1917 жылы шілде, желтоқсан айларында ӛткен жалпықазақ сиездерінде «Алаш» партиясын және Алаш автономиясын құрды. Кеңес үкіметінің орнауы бұл шын мәніндегі мемлекеттік құрылымның қалыптасуына мүмкіндік бермеді. Сӛйтіп халқымыз кеңес үкіметінің құрамында алдымен автономия (1920), кейінірек одақтас республика (1936) болып енді. Ӛткен ғасырдың соңына таман кеңес үкіметі ыдырап, соның нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздің жӛніндегі декларация қабылданды, ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздікті нығайту, оны әлемдік қауымдастыққа мойындату үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев үлкен еңбек сіңірді. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт қана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл үлкен ұлттар, егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Еліміз жерінің аумағы жағынан бүкіл әлемде тоғызыншы орын алса, қазақ халқы саны жағынан шамамен жетпісінші орындарда. Бұл халқымыздың дүниедегі үлкен ұлттардың бірі екендігін кӛрсетеді. Тәуелсіздіктің арқасында біз ӛз саясатымызды еркін жүргізіп, мемлекет мүддесіне орай саяси, халықаралық, экономикалық байланыстарымызды дамыту үстіндеміз. Қазақ жерінің байлығы, мол табиғи ресурстары еліміздің әлеуметтік ӛркендеуіне бастап келеді. Осының бәрі тәуелсіздік тұсында қол жеткен табыстар. 38
АТАМҦРА «ҚҦРАН» Жетінші ғасырда Таяу және Орта Шығыс халықтарының саяси және мәдени ӛмірлерінде маңызды екі үлкен оқиға болды. Оның бірі Ислам болса, екіншісі араб мемлекеті құрылды. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мекке қаласында дүниеге келген. Ол шамамен 570-580 жылдар арасында кедей хашим тайпасында туған. Пайғамбардың әкесі саудагер Абдулла ерте қайтыс болады. Ал анасы пайғамбарымыз алты жаста болғанда дүниеден ӛтеді. Одан кейін ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. 24 жасында саудагер Хадишаға үйленіп, біраз уақыттан кейін сауда жұмысын тастап, шамамен 610 жылдары дінді уағыздау жолына түседі. Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» Жебірейіл періште арқылы беріліп отырған деген аңыз бар. Сонымен қатар «Құранның» 53сүресінде пайғамбарымыз Алла Тағаланы кӛргенін айтады «ол кӛрінді де аян бере бастады», - дейді. Сонымен «Құран» – адамдарға арналған пайғамбарымыз арқылы жеткен Алла сӛзі. Ол 114 сүреден тұрады. Сүрелер мӛлшерлерінің азаю реті бойынша берілген. «Фатиха» сүресі кіріспе рӛлін атқарады. Әрбір сүре аяттардан тұрады, бір сүреде аяттардың саны әртүрлі болып келеді. 114 сүреде 77,934 сӛзден тұратын 6,616 аят бар. Діни тұрғыдан алғанда «Құранның» мақсаты ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты жою, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен діни ғұрыптарын, жол-жораларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердің дініне қарсы тұру, Алла тағаланың ӛзі сүйген құлдарын адастырмай түзу жолға салу болатын. Саяси тұрғыдан алғанда, «Құран» арқылы жаңа ақиқат дінді таратып, жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылуды, рухани және азаматтық хұқықтарды біріктіре отырып, тағдыр мен ерікті тек Аллаға байланысты ету арқылы мұсылмандарды мойынсұндыру еді. Осы негізде жаңа дінге Ислам деген ат берілді. Оның мәні жаратушы хақ тағала әміріне еркімен бас июшілер дегенді білдіреді. Құран аят-аят болып, 23 жыл бойы әр кезде, нақтылы жағдайларға байланысты, не болмаса бір қарар-шешім қабылдағанда Мұхамед (ғ.с.) пайғамбарға кӛпшілік алдында немесе ӛзіне жеке келіп түскен. «Құран» Мұхаммедтің (ғ.с.) тірі кезінде топталып жиналмаған. Сүрелер оның жолын ұстанушылар арасына тұтас-тұтас күйінде таралған еді. 634 жылы, яғни һижраның 13 жылы Әбу Бәкір халифа Зәйд ибн Сәбитті 39
алдырып, кӛпшілік қолында барлық сүрелерді жинақтауды, сӛйтіп бір кітап етіп дайындауды тапсырған болатын. Содан бастап «Құран» жер жүзіне кітап түрінде тарап келеді. Бүгін де «Құран» әлемнің барлық тілдеріне аударылған. Қазақ тілінде де қасиетті кітаптың Халифа Алтай, Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ғазез Ақытұлы тәржімалаған нұсқалары бар. Д.Мәсімхан КҤЛТЕГІН Күлтегін (684-731) – Қапаған және Білге қаған дәуіріндегі түркі мемлекетінің кӛрнекті әскери қолбасшысы. Құтлұғ қағанның кенже баласы. Ол 7 жасында жетім қалып, 16 жасында қару-жарақ асынып, ел мүддесі үшін ӛмірінің соңына дейін күресті. Ағасы Білге қаған және Тоныкӛкпен бірге Күлтегін 712-713 жылдары түріктердің әскерін Соғды мемлекетіне бастап келіп, оның билеушісі Гуректі жақтап, араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслиммен соғысқан. Одан жеңіліс тауып, кері шегінеді. 712 жылы Алтайды мекендеген қарлұқтар мен түркілердің бір бӛлігі бұларға қарсы шығады. Шегіну кезінде Күлтегін үлкен жасақпен кейін қалып, негізгі күшті қорғап қалды. 714 жылы Білге қаған мен Күлтегін бірлесіп, қарлұқтар мен олардың одақтастарына соққы берді. 715 жылы Күлтегін азаларды Қаракӛл ӛзені тӛңірегінде ойсырата жеңді. Қытай жазбаларына сүйенсек, 715-716 жылдары Шығыс Түрік қағандығы ішкі дағдарыс жағдайында болған. 716 жылы бүлікшілер хан ордасын басып алмақ болғанда, Күлтегін қорғанысты ұйымдастырып, оларға тойтарыс берген. 716 жылы бүлік шығарушылардың бірі иер-байырқу халқы шабуылынан Қапаған қаза табады. Оның таққа иегер баласын Күлтегін ӛлтіреді де, билікке ағасы Білге қағанды отырғызады. Күлтегін қағандықтың сол қол шады және бас қолбасшысы болып тағайындалады. Олар дана Тоныкӛкті ел басқару ісіне қайта шақырады. Күлтегін түркі мемлекетін нығайту мақсатымен бірнеше рет жорыққа шығып, ӛзін қабілетті қолбасшы ретінде танытты. 718 жылы қас жауы табғаштар шабуылын тоқтатты. Қағандық шамамен 721-722 жылдары Қытайға, 722-723 жылдары татабыға жорықтар жасаған. Ӛздерін толығымен іргелес мемлекеттерге мойындатқаннан кейін кӛрші елдермен саяси қатынастарын жақсартты. Ішкі-сыртқы саясатқа Күлтегін тікелей араласып отырған. 723-733 жылдар аралығында мемлекет ешбір елмен соғыспай, халық бейбіт ӛмір сүрді. Күлтегін қой жылы ақпан айының 27-күні 47 жасында дүние салады. Оның құрметіне 40
жазылған Күлтегін жазуы тек түркі халықтарының ғана емес, бүкіл адамзаттың баға жетпес мұрасы болып табылады. Моңғолиядағы Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 шақырым жерге, Орхон ӛзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының жанына орнатылған (8 ғ.). Ескерткіштің биіктігі – 3,15 м, ені – 1,34 м, қалыңдығы – 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер ХІХ ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Күлтегін қабіріне қойылған екі ескерткіштің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі «үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлардың әрқайсысын түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын мадақтап жырлауға арналған қаһармандық дастандар деуге болады. Күлтегін батыр жайындағы бұл екі дастанның да авторы ӛз дәуірінің аса дарынды ақыны, кӛрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (VІІІ ғ.). Ж.Әскербекқызы ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ КЕСЕНЕСІ Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ортағасырлық сәулет ӛнері ескерткіші. 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Түркістан қаласында Қожа Ахмет Иасауи қабірінің басына тұрғызылған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – үлкен порталды-күмбезді мемориалдық құрылыс. Архитектуралық жергілікті дәстүрді жете меңгерген парсылық шеберлердің жобасы құрылысқа негіз етіп алынған. Кесене оңтүстікшығыстан солтүстік-батысқа қарай созылып жатыр. Ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Күйдірілген шаршы кірпіштен ӛрілген. Кесене жобасының ерекшелігі – онда Орталық Азия сәулет ӛнерінде бұрынсоңды ұшыраспаған шатыр жабу тәсілдері қолданылған. Ескерткіште күмбезді, аркалы элементтер мол. Сәулетші-шеберлер тек аркалы күмбезді жүйенің ӛзіне сан түрлі әдістерді қолданған. Кесенеде аса үлкен портал (ені – 50 м-ге жуық, порталдық арканың ұзындығы – 18,2 м), бірнеше күмбез, 35 бӛлме бар. Ғимараттың биіктігі – 37,5 м. Сыртқы қабырғалардың қалыңдығы – 1,8-2 м, қазандық қабырғаларының қалыңдығы – 3 м. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі мешіт, медресе қызметін де атқарған. Кесененің үш қабырғасының үстіңгі жағымен ӛтетін эпиграфтық фризде Құран Кәрім сүрелері мен аяттары жазылған. Жазулар кӛгілдір қышпен ӛрнектелген. Жазулардан «Алла», «Мұхаммед», «О, жарылқаушы», «Билік Аллада», «Алла менің әміршім», «һижраның 800 жылы» деген сӛздерді оқуға болады. Қоладан 41
соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары мен алты шырағдан да сәулет ӛнерінің інжу-маржандарының қатарына жатады. Бұларда оны жасаушы исфаһандық шебер Тадж әд-Дин Изеддиннің есімі жазылған. Қола шырағдандағы жазулар һижраның 799 жылдың 20-рамазанында жасалғандығын кӛрсетеді. Бүкіл құрылыстың мағыналық кіндігі – қабірхана ортасында Қожа Ахмет Иасауиге құлпытас қойылған. Қабірхана есігі жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсірілген. Кесене мешітінің 16 терезесі, қос қабат күмбезі бар. Мешіттің батыс жақ кабырғасына Меккедегі Қағба іспетті 3,5-2,5 метрлік мозаикалық михраб орнатылған. Кесененің оңтүстік-батыс жағындағы Аллаға құлшылық етуге арналған жер асты ғибадатханалары Иасауидің тірі кезінде жасалып, кейін қайта жаңғыртылған. ХVІ ғасырдан кесенеде және оның тӛңірегінде қазақ халқының атақты адамдары (Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз дауысты Қазыбек би, Жәнібек батыр, т.б.) жерлене бастады. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қоқан билеушілері кесенеге жӛндеу жұмыстарын жүргізіп, оның тӛңірегіне қамал-бекіністер салуды қолға алды. 1864 жылы Түркістан қаласын жаулап алған Ресей отаршылары зеңбірекпен атып, кесененің 11 тұсына зақым келтірген. ХІХ ғасырдың соңына қарай Қожа Ахмет Иасауи кесенесі тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастады. 1978 жылы қыркүйекте Қожа Ахмет Иасауи республикалық мұражайы ашылды. 1989 жылы 28 тамызда ҚР Үкіметінің шешімімен «Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы» ұйымдастырылды. Түркия елімен арадағы келісім бойынша жүргізілген ғимаратты қалпына келтіру жұмыстары 2000 жылы аяқталды. 2003 жылы маусымда Парижде ӛткен ЮНЕСКО-ның 27-сессиясында Қожа Ахмет Иасауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Ж.Әскербекқызы АРЫСТАН БАБ КЕСЕНЕСІ Кӛне Отырар жеріндегі сәулет ӛнері ескерткіші. Түркістан жерін мекендеуші халықтардың арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған, есімі Отырар, Сайрам, Иасы ӛңіріндегі сопылардың рухани ұстазы ретінде кеңінен жайылған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Аңыз бойынша, Арыстан баб ӛте ұзақ жасаған екен. Алты жүз жасаған шағында Хз. Мұхаммед ғ.с.‐ мен кездеседі. Оған дейін бұл кездесудің таудың арасында болатыны туралы түсінде әулиелер аян береді. Пайғамбар сол кездесуде Арыстан бабқа «алты жүз жылдан кейін ӛмірге Қожа Ахмет атты бір данышпан келеді, соған мына 42
құрманың дәнін сен апарып бересің», - деп дәнді аманаттайды. Арыстан баб құрманың дәнін тілінің астында сақтайды. Аманатты табыс еткенде, бала Қожа Ахмет ол дәнді жұтып қояды. Арыстан баб балаға «Алты жүз жыл сақтағанда маған дәм татырмадың», - деп ренжиді. Сонда «Алты жүз жыл дәмін сорып, маған құр сүйегін ғана қалдырдың ғой», - депті Қожа Ахмет. Халық Арыстан бабқа әулие деп сыйынған. Сондықтан зиярат етушілер бейсенбі сайын әулие басына түнеп, ғибадат етеді. Ел арасында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сӛз бар. Сондай‐ ақ «Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, ең үлкені – Арыстан баб» делінеді. Арыстан баб кесенесі дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бӛлмелерден құралған. Кешеннің ең кӛне бӛлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бӛлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында салынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жӛнделген. Осыған орай ел арасына тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл ӛгіз келіп, дуалдарды мүйізімен соғып, құлатып кетеді. Ғимараттың қабырғасы қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда осы оқиға тағы қайталанып, құрылыс үйілген тӛбеге айналады. Бұл жай Әмір Темірді кӛп ойландырады. Бір күні түсіне ақ киімді шал еніп, ол Қожа Ахметтің алғашқы ұстазы Арыстан бабтың қабірінің үстіне мазар сал деп кеңес береді. Осы кеңес орындалған соң ғана, Әмір Темір Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесі құрылысын ойдағыдай аяқтапты». Арыстан баб пен Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің арасы алпыс шақырым екен. Бұл – Арыстан бабтың аттаған алты адымы екен дейді аңыз. Арыстан баб кесенесі ХХ ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен (ауданы – 35 х 12 м, биіктігі – 12 м,) бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, солтүстік жағы кесене, оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жӛнделеді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп кӛрсетілген. Кесене мемлекеттің қорғауына алынған. Ж.Әскербекқызы АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ Айша бибі кесенесі – ХІІ ғасырда салынған сәулет ӛнері ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында орналасқан. 43
Айша бибі – тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан салдырған. Бірақ кесенені салдырған сәулетші туралы нақты дерек жоқ. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы – 7,6 х 7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы кӛтерілген. Кесене ортасында 3 х 1,4 м құлпытас орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше бетінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы кӛгеріс ӛрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар кӛгеріс ӛрнекті жұқа кірпішпен ӛрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың бірінде «күз, бұлттар, дӛңгеленген дүние...» деген сӛздер араб әрпімен жазылған. Кесене қабырғаларының қалыңдығы – 80 см. Ол үш бӛліктен: күйдірілген кірпіштен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналармен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық ӛрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет ӛнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Қазақ жобалауқалпына келтіру институты Айша бибі кесенесін жӛндеу жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған. Ж.Әскербекқызы БЕГАЗЫ – ДӘНДІБАЙ МӘДЕНИЕТІ Жадығаттық, яғни археологиялық қазба жұмыстары негізінде табылған жәдігерлерге жасалған ғылыми талдау бойынша, сол заттар алынған жер атауын шартты түрде белгілі бір дәуір мәдениеті деп тану үрдісі бойынша алынған ғылыми атау. Бегазы – ерте заманнан, яғни қола дәуірінен жеткен, Бегазы тауы, Бегазы ӛзенінің жағасындағы обалар. Қарағанды облысындағы Ақтоғай кентінен 40 шақырымдай жерде. Белгілі энциклопедиялық білімдар 44
ғалым Әлкей Марғұлан бастаған арнаулы жадығатшылар тобы 19471949 және 1952 жылдары түгел қазып зерттеген. Сол негізде атақты ғалым «Бегазы мәдениеті» деген атауды ғылымға қосты. Бұл ғылымда мойындалып, талай зерттеулерге негіз болған таным. Мұны «Бегазы – Дәндібай мәдениеті» деп те атайды. Дәндібай да жер аты. Табылған заттар айғақтағандай, бұл обалар біздің заманымыздан бұрынғы ІХ-ҮІІІ ғасырларға, яғни қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын мәдениетті сипаттайды. Ғалымның анықтауынша, ғылымның дәлелдеуінше, Бегазы мәдениетінің ерекшелігі – ескі қола мәдениетінің түрлері ӛзгеріп, соның негізінде оған ұқсамайтын жаңа мәдениет түрлері қалыптасқан. Билігі, діни сенімі, саяси әкімшілік орталығы, ӛндірісі мен ӛндіргіш күштері дамыған, алғашқы мемлекеттік бірлестіктер құру деңгейіне кӛтерілген тайпалар болғандығын танытады дейді. Бегазы – Дәндібай мәдениеті ғылымда – Бегазы кешені, Бегазы қорымы, Дәндібай, Бұғылы ІІ-ІІІ, Саңғыру І,ІІІ, Қойшоқы сынды бірқатар жадығаттық орындар деректері мен жәдігерліктерін қамтиды. Бұл біздің ерте заман тарихымыздың бір тарауы болып саналады. С.Шүкірұлы БЕКЕТ АТА ЕСКЕРТКІШ‐ҒИМАРАТТАРЫ Бекет ата ескерткіш ғимараттары – Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет Ата есімімен байланысты жер асты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. Бекет Ата Мырзағұлұлы (1750-1813) – әулие, халық батыры, абыз кӛреген, ағартушы, сәулетші. Туып, ӛскен жері Жем ӛзені бойындағы Ақмешіт Құлжан, Маңғыстау ӛңірі. Бекет Атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз кӛріпкелдік қасиеттері ӛз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан. Адайлар ӛзінің ұранына айналдырған. Халық Бекет Атаның ӛмірін, қысылғанға жар болған ерекше қасиетін, әулиелігін ықыласпен әңгімелеп, ұрпақтан ұрпаққа ұластырған. ХІХ ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель сияқты ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған. Эверсман: «Үстірттегі таудан үңгіп жасалған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет Ата тӛрт жерден жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, тӛртіншісі Арал жағасындағы Баялыда» дейді. Бекет Ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Бекет Ата ескерткішінің бірі, 45
Эверсманның дерегіне сәйкес, Жем ӛзені бойындағы Ақмешітте, Атырау облысы Құлсары кентінен 65 шақырым жерде. Әктасты жартасқа қоржын там етіп ойып жасалған шағын ғимарат. Оның басына кейін қос кесене тұрғызылған. Екіншісі – Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Бӛлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес. Бекет Атаның Оғыландыдағы жер асты ғимараты жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-тӛрт қанат киіз үй кӛлеміндей үш бӛлме. Бекет ата мүрдесі осы бӛлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Немересі Мұрынның мүрдесі де осы бӛлмеге қойылған. Кіре беріс бӛлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бӛлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген. Жер асты ғимараты маңында кезінде Бекет Ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Қыр басынан ғимаратқа дейін қиялап түсетін жалғызаяқ тастақ жол сақталған. Жаз күндерінде тӛменгі жағындағы Түркіменстанға қарай созылып жатқан ойпат арқылы қатысқан. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет Ата бала кезінде, Бейнеуде жігіт шағында, Баялыда елдің кӛші-қон уақыттарында болған. Ӛмірінің соңғы жылдарының кӛбін Оғыландыда ӛткізген. Хорезмдегі Бақыржан қажыдан білім алғаннан кейін-ақ Оғыландыға келген. Бірақ бұл мекенге қай жылдары орныққаны мәлім емес. Бекет Ата ескерткіштері – оның дарынды сәулеткерлігінің, биік талғамының куәсі. Ж.Әскербекқызы ЖАРКЕНТ МЕШІТІ Жаркент атты екі қала бар. Бірі Қытай халық республикасының Шыңжаң ӛлкесінде. Бұл кӛне қалалардың бірі болып саналады. Мұнда 1858 жылы белгілі құлжа сапарында Шоқан Уәлиханов болған. Бұрын да, қазір де Қытайдағы қазақ бауырларымыз тұрады. Жаркент атты енді бір қала ӛз аумағымызда. Бұл 1891 жылы патша үкіметінің Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ережесі бойынша құрылған уез орталығы. 1910 жылғы дерек бойынша уезде 17 болысқа қараған 157 210 адам болған. 1918 жылы кеңес ӛкіметі орнағаннан кейін Жаркент уезі таратылып, Жетісу облысына қосылған. Жаркент кеңес тұсында аудан орталығы болды. 1942 жылы ол Панфилов қаласы, Панфилов ауданының орталығы болып аталды. Қазір тарихи есімі қайтарылды. Алматы облысының құрамында. 46
Қаладағы мәдени-тарихи орындардың ерекше сәулеттісі де, кӛпке белгілі болғаны да Жаркент мешіті болып саналады. Орта Азия сәулет ӛнері үлгісіндегі бұл мешітті 1892-1895 жылдары ұйғырдың ірі байы Уәли Юлдашев деген кісі Хон-Пик деген қытай сәулетшісіне салдырған. Мешіт тұтастай ағаштан, Тянь-Шань шыршасынан шегесіз қиюластырылған. Беті шығысқа қарата салынған мешіттің ауданы – 28x54 м, биіктігі – 14,5 м, ал мұнарасы – 19 метр. Ол 52 бағанамен тізбектеле айналдырыла қоршалған. Мешіттің іші-сырты ағашқа түсірілген әсем ӛрнектермен кӛмкерілген. Әрбір бағана кендірмен оралып, сыланып, қызыл жосамен сырланып, сырты лакталған. Арабша жазылған жазулардың ӛзі ӛрнекше ӛріліп, ӛте жарасымды келістірілген. Мешіт ауласында қосымша шағын үй және медресе бар. Кешен биіктігі 2,5 метрлік тас қабырғамен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде екі үлкен қақпасы бар. С.Шүкірұлы БӘЙТЕРЕК Астана қаласында 2001 жылы салынған мәдениет және сәулет туындысы. Бәйтерек Астана қаласының жаңа орталығының орта тұсында орналасқан. Қазақстан астанасының Ақмолаға кӛшкен жылына байланысты ғимараттың биіктігі 97 метр болып белгіленген. Әсемдеп жасалған темір конструкциялардың жоғары жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар орналастырылған. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы іспетті. Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді. Ӛйткені самұрық құс ӛз дұшпандарынан сақтанып, жұмыртқасын осындай биік ағаштың басына салады екен. Осы идея Бәйтеректің дүниеге келуіне себеп болған. Қазіргі кезде Бәйтерек Астана қонақтарының міндетті түрде баратын мәдени орнына айналды. Астананың рәміздік бейнесіне айналған Бәйтерек елордада ӛтетін әртүрлі шаралардың, жиындардың, шығарылатын кітаптардың таңбалық белгісіне айналып отыр. «Бәйтерек» атауымен еліміздің әр түкпіріндегі нысандары аталып жүр. Е.Тілешов «ТАРИХ-И РАШИДИ» Кӛрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегі – XIV ғасырдан XVI ғасырдың орта кезеңіне дейін, яғни бірнеше ғасырды 47
қамтитын энциклопедиялық сипаттағы еңбек. Бұл кітаптың жазылу мәдениеті, ғылыми маңызы, тың әрі бізге беймәлім деректерінің молдығы, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық мәліметтерінің сонылығы, тарихи оқиғаларды нақты әрі айқын баяндауы оқырманды да, зерттеушілерді де тәнті етеді. Дулати ӛзіне дейін Тұраннан шыққан тарихи тұлғаларды толық дерлік қамтыған. «Тарих-и рашиди» ақындық қуат, жазушылық шеберлікпен, кӛркем де айшықты тілмен жазылған мемуарлық туынды. Оқырман Орталық Азия мәдениеті, әдет-ғұрпы туралы танымдық мәліметтермен таныса алады. Европа жұртшылығы Мырза Хайдар шығармасымен бұдан 100 жылдан бұрын-ақ танысқан. Оның парсы тіліндегі аталмыш еңбегін ағылшын отаршылары Үндістаннан тауып, аударып, 1895 және 1898 жылдары Лондонда екі рет бастырған. Осы аударма Мырза Хайдар шығармасының әлемге таралуына кең жол ашты. Ғалым мұрасын зерделеуге деген талпыныс бұрынғы Совет Одағы республикалары ішінде біздің елімізде де болмай қалған жоқ. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 жылы «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұдыз») журналында даңқты тарланбоз жайлы «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» атты арнайы мақала жазып, халқымыздың тарихының тым тереңде екеніне кӛңіл аударған. Д.Мәсімхан «ЖАМИҒ АТ-ТАУАРИХ» Қадырғали Қосымұлы Жалайыри (1555-1607жж.) – ғұлама ғалым, белгілі би. Жалайыр тайпасынан шыққан. Қадырғали Жалайыр хан ордасында жас бекзадалардың ақылгӛйі, тәрбиешісі, ханның қарашасы (ақылшы, кеңесші) болған. Қадырғали Жалайыри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете игеріп, Шығыстың классик әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең меңгерген. Қадырғали Жалайыри 1598 жылға дейін Мәскеуде, патша сарайында тұрған. 1600 жылы орыс патшасы Б.Годунов Оразмұхамедті Қасымов хандығының ханы етіп тағайындағанда Қадырғали Жалайыри оның 4 уәзірінің бірі болады. Осы кезде Қадырғали Жалайыри тікелей ғылыммен шұғылданған. Ол 1600 жылы ӛзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты шежіре кітабын жазуға кірісіп, оны 1602 жылы аяқтаған. Шежіренің кӛлемі – 157 бет, қытай қағазына аса ұқыптылықпен жазылған. Қадырғали Жалайыри осы шығармасын Шығыс ғұламаларының дәстүрі бойынша орыс патшасы Годуновқа арнаған. Ол жырақта жүрсе де қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайларын, Қазақстанда рулық, патриархалдық-феодалдық қатынастардың 48
қалыптасуы, хан тӛңірегіндегі сұлтандар мен қарашалар, бектер мен хафиздер т.б. жайлы деректі мәліметтер жазып қалдырған. «Жылнамалар жинағында» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын т.б. түркі тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид әд-Диннің парсы тіліндегі «Жами ат-тауарих» шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғыс хан әулеті және оның ӛзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының ӛмірбаяндарына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХІІІ-ХVI ғасыр аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар мен қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында да деректер бар. Қадырғали Жалайыридың шежіресі – ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гӛлі ақиқаты молырақ екендігін атап ӛткен. Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғұлама тарихшылармен қатар аталды. «Жамиғ ат-тауарихтың» екі нұсқасы белгілі. Оның бірін Н.И.Березин 1825 жылы Қазан университетінің қызметкері Ибрагим Халфиннен алып, 1854 жылы Қазанда бастырған. Бас-аяғы толық емес. Бұл басылыммен Ш.Уәлиханов, кӛптеген татар, қазақ ғалымдары таныс болған. Ал 1922 жылы Қазан молдасы Г.Галеевтің Орталық шығыс кітапханасына мұраға қалдырған кітаптарының ішінен «Жамиғ аттауарихтың» екінші толығырақ нұсқасы табылады. Шығарманың жазылған мерзімі жӛнінде деректер берілумен қатар, екінші бӛлімде кейбір толықтырулар бар. Оның ең ақырғы тарауында қазақ тарихының ХVI ғасырдағы оқиғалары, қазақ хандары мен сұлтандарының генеологиясы берілген. Шежіре қазақ тілінде алғаш 1989 жылы, одан соң 1991, 1997 жылдары жарық кӛрген. Д.Мәсімхан «АЛПАМЫС БАТЫР» Бұл – қазақ халқының қаһармандық эпосы. Терең мазмұны, кӛркемдігі мен тарихи шындықты қамтуы жағынан «Одиссея», «Манас», «Калевала», «Қобыланды батыр» т.б. секілді әлемге танымал жыр. «Алпамыс батырда» халықтың басынан ӛткен қаһармандық оқиғалар эпикалық әсірелеу заңдылығымен берілген. Жырда түрік қағандығы дәуіріндегі (V-VIIғғ.) азаттық үшін күрестің сарындарынан бастап, қазақ халқының XVII-XVIII ғасырлардағы жоңғар шапқыншылығына қарсы қаһармандық ұрыстарының нақтылы елестері де сезіліп отырады. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке 49
ғасырлар бойы жетілу, толығу арқасында жеткен. Әсіресе жырдан батырлық ертегілердің жігі айқын байқалуы эпосты кӛне туындылардың бірі деп есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жырда қарт атааналардың жаратқаннан перзент тілеп әулиелерге түнеп мінәжат етуі, болашақ батырды зарығып кӛруі, жас қаһарманның жедел ер жетіп, айрықша қайрат танытып жүйрік ат мінуі; жау шапқыншылығына ұшыраған елінің кегін қайтарып, туған елін бақытқа кенелтуі, ӛзіне ӛмірсерік болатын сұлу жар таңдап бақытты ӛмір кешуі секілді ежелгі батырлық ертегілерге тән тұрақты сарындар мейлінше анық және толық кӛрсетіледі. Қаһармандардың туып-ӛскен, ӛмір кешкен елі – Жиделібайсын, нақтылы тайпасының аты – қоңырат болып кӛрсетілгені кӛптеген ғалымдардың дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшілігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкілтүркілік және бүкілқазақтық деңгейге кӛтереді. «Алпамыс батыр» жырының халықтың есінен мәңгілік ұмытылмай орын алу себебі тарихи әлеуметтік шындықтың биік кӛркемдікпен жырлануында. Мұндағы бейнеленетін кӛріністердің бәрі де қазақтың кӛшпелі ӛміріне тән мейлінше етене жәйттер. «Алпамыс батыр» жыры ел арасында ғасырлар бойы айтылып келгенімен баспа жүзін алғаш рет 1899 жылы кӛрген. Кеңес одағы құрылғанға дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан. Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев. Кеңес жылдарында ӛзге де батырлық жырлары мен қатар «Алпамыс батыр» сан рет қайта басылды. Тәуелсіздік туын кӛтерген түркі халықтары егемендік алған заманда бұл елдердің ерте кездегі ӛнер байланысын, тағдырластығын, мүдделерінің ортақтығын, кӛркемдік ойлау мәдениетінің жақындығын кӛрсететін этникалық туыстықты дәлелдейтін нағыз қымбат куәліктің бірі «Алпамыс батыр» жыры болуы – оның халықаралық деңгейдегі мәнін арттыра түседі. «Алпамыс батырдың» түп негіздерінің пайда болғанына 1200-1300 жыл толды деп тұжырымдауымызға да осы мысалдар айқын себеп. Жырдың үлкен, кӛркем поэзиялық нұсқалары туысқан қарақалпақ, ӛзбек халықтарында да кездеседі. Д.Мәсімхан «ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны – шетел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік кӛрсеткен ер 50
азаматтардың батырлық істерін кӛрсету. Кӛркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған классикалық шығарма. Жырдың ең кӛне түрі бізге жетпеген. «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын, жыраужыршылар ӛзі ӛмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып, ӛңдеп, әрлеп отырған. Сондықтан да «Қобыланды батыр» жыры кӛп вариантты жыр. Бізге талай ғасыр талқысына түсіп, талай ақын-жыраулардың ӛңдеуінен ӛткен кейінгі нұсқасы ғана белгілі. «Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы тек ХІХ ғасырда ғана қолға алынды. «Қобыланды батыр» жырының бізге 29 нұсқасы жеткен. Оның 26 нұсқасы – Қобыланды батырдың ерлігі жайында, ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бӛкенбай мен Киікбай батырларға арналған. «Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелінетін Қарлыға қыздың достығы, махаббаты, ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың кӛбісі кейінгі кезде жинақталған. Қай нұсқа болмасын алғаш хатқа түсіріп, оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен (Мысалы: Марабай, Мергенбай, Біржан, Нұрпейіс, Қабыл, Сүйінішәлі, Дәулетше т.б.) аталған. Бұл нұсқалардың кӛпшілігі бұрыннан белгілі, халық арасына кең тараған, ғалымдар азды-кӛпті зерттеген жырлар. Кейінгі кезге дейін белгісіз болып келген – Дәулетше нұсқасы. Бұл – мазмұны жағынан, кӛркемдік сапасы жӛнінен болсын биік, оқшау тұрған жыр. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған нұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, О.Нұрмағанбетова т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық, кӛркемдік қасиеті жан-жақты қарастырылған. Жеті буынды ӛлшемнен жырланған эпостың тілі айрықша кӛркем, эпитет, теңеу, салыстыру, бейнелеу, әсірелеу молынан кездеседі. Жырдың этникалық сипаты да біршама арнайы зерттелген. Ел арасына Қара қыпшақ Қобыланды деген атаумен мәлім жырдың қыпшақ этносының ортасында қалыптасқаны анық (В.Боровков т.б.). М.Тынышбаевтың кӛрсетуінше, Қобыланды – Әбілхайыр заманында ӛмір сүрген тарихи тұлға (XV ғ.). Ел аузындағы деректерге қарағанда оның бейіті Қобда ӛзені бойында. С.П.Толстов болса Қобыландының қарақалпақ жеріндегі Қорғанша деген қамалда тұрғанын айтады. «Қобыланды батыр» жырының күрделілігі жер-су атауларынан байқалады. Жырдағы Кӛктем, Аймақ, Қызыл ер, Нарқызыл секілді кӛптеген антропонимдік атаулардың арқауында этнонимдік ұғымдар жатыр. Олардың бірі түркімен, бірі қыпшақ тайпаларына қатысты ұғымдар. Қазір бұл жырлар Мәскеу, Алматы, Орынбор, Қазан, Ташкент, Нӛкіс т.б. қалалар мұрағаттарында, Орталық ғылыми кітапхана қоры 51
мен Әдебиет және ӛнер институтының қолжазба және мәтінтану бӛлімінде сақтаулы. Д.Мәсімхан «ҚОЗЫ КӚРПЕШ – БАЯН СҦЛУ» Қазақ халқының лиро-эпостық жыры. ХІІІ-ХІV ғасырлардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың түзде жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Ары қарай қос ғашық Қозы мен Баян зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – мӛлдір махаббатты дәріптеу. Тілі кӛркем, сюжеті шебер құрылған. Жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. Бұл жырда Аягӛз, Үржар, Лепсі, Қалба тауы т.б. нақты жер-су атауларының кездесуі айқын кӛрінеді. Дастанның басқа да түркі халықтарынан тараған нұсқалары бар. Мысалы, башқұртта «Қозы Курпәс мәнән Маян сылу», Бараба татарларында «Қозы кӛрпеш», алтайлықтарда «Қозы Эркеш» деп аталады. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шӛже т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын ӛздерінше жырлаған. Жалпы жиырмаға жуық нұсқасы бар. Ең кӛп тарағаны – Жанақ нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендері Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісәлин (1834), А.Фролов (1841), Ш.Уалиханов (1856). Ал М.Путинцев жырдың мазмұнын орыс тіліне аударып бастырған (1856). В.Радлов бір нұсқасын жинағының 3-томына енгізген (1870). Г.Н.Потанин бұл жырдың «дүние жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма» екенін айтқан. Н.Н.Пантусов, Р.Ш.Әбдірахманов, Е.З.Баранов т.б. зерттеушілер жырды әр кезде орыс тіліне қара сӛзбен аударып жариялаған. Ақын Г.Н.Твертин (1889-1921) жырды тұңғыш рет орыс тіліне аударып бастырды (1927-1935). 1878, 1890, 1894, 1905 жылдары Қазан қаласында кітап болып жарық кӛрді. Кеңестік дәуірде ең алғаш 1925 жылы Мәскеуде шықса, жырдың Жанақ нұсқасын 1936 жылы М.Әуезов Алматыда шығарған. Жырды М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Қоңыратбаев т.б. қазақ ғалымдары салыстыра зерттеп, оның тарихи әлеуметтік мәнін ашты. Жыр 2002 жылы Астанада басылып шықса, бір нұсқасы 2003 жылы Мәскеу қаласында «Қозы Кӛрпеш - Баян сұлу. Қыз Жибек: Казахский романтический эпос» деген атпен 2 тілде (орыс, қазақ) жарық кӛрді. «Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу» жырының негізінде «Махаббат дастаны» 52
кинофильмі (сценарийін жазған Ғ.Мүсірепов, 1954) түсіріліп, сахналық шығарма (авторы Ғ.Мүсірепов, 1940) жазылған. Шығыс Қазақстан облысы, Аякӛз ауданы, Тансық станциясының маңында Қозы Кӛрпеш – Баян сұлудың мазары бар. Д.Мәсімхан «ҚЫЗ ЖІБЕК» Лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII ғасырда жазылған. Жырды тұңғыш рет 1880 жылы Е.А.Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сӛзбен аударған. XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсанда ел арасынан «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазан қаласында бастырған. Ал Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 жылдары қазақ тілдерінде жариялаған. «Қыз Жібектің» Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 жылдары басылып шыққан. 1958 жылы «Қазақ эпосы», «Казахский эпос» жинақтарында, 1963 жылы «Қыз Жібек» деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланған. Сондай-ақ орыс тілінде 1988 жылы жеке кітап болып жарық кӛрген. Қазіргі орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағанбетов, Е.Рахметов, Р.Мәзқожаевтардың нұсқалары бар. Жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз. Жырдың мазмұнында Базарбай деген байдың Тӛлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда ӛзіне жар іздеп, 210 қыздың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатады. Үш ай бірге болған соң, Тӛлеген еліне барып келмек болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Тӛлегенді ӛлтіреді де, оның қазасын Жібекке ӛзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан ӛлім жазасына кесіледі. Жырдың екінші бӛлімінде хабарсыз кеткен Тӛлегенді іздеп шыққан оның інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді ӛлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады. Д.Мәсімхан «ЕР ТӚСТІК» «Ер Тӛстік» – қазақ батырлық ертегілерінің ішіндегі ежелгі үлгісі. Мазмұны мен сюжеттік құрылысының, кейіпкерлері мен іс-әрекетінің 53
сипатынан «Ер Тӛстік» ертегісі архаикалық мифтің, хикаяның, қиялғажайып ертегілердің қасиеттерін бойына молынан сіңірген. Ерте заманда туып, кӛне дәуірдің кӛріністерін сақтап келсе де, қиял-ғажайып ертегілер халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті ӛмірін кӛрсетеді. Әрине ӛмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Ӛмірдегі тартыстар, болмыс-кӛріністер, ғұрып-әдет... бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Мәселен «Ер Тӛстікте» алғашқы қауым адамдарының ырымдары мен әдет-ғұрыптары да жиі кездеседі. Атап айтқанда Тӛстіктің жер астына түсіп, үстіне шығуы, оның Шойынқұлақпен айқасуы шамандық кӛзқарасқа тән түсінікті бейнелейді. Сӛз болып отырған ертегінің бас қаһарманы, эстетикалық мұраты – халық идеалы. Ертегі тек халық мұратын мадақтайды. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары – аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара ӛкілі. Бұлардың бәрі халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Ер Тӛстік» те сондай кейіпкерлердің бірі. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Сайыста кейіпкердің ӛз күшімен емес, керемет достарының арқасында жеңуі – батырлықтан гӛрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылығы. Кӛркемдік жағынан «Ер Тӛстік» қиял-ғажайып ертегі мен батырлық жырдың элементтерін кең пайдаланған. Тӛстіктің кӛмекшілері де ескі діни сенімдер шеңберінде туып, кейін кӛркем бейнеге айналған. Сондай-ақ сӛз болып отырған ертегідегі басты тақырып – сиқырлы заттардың кӛмегімен бас қаһарманның небір ғажайыптар мен қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Мысалы, Шалқұйрық – тек жүйрік ат қана емес, алдағыны болжай алатын қабілеті бар, неше түрлі сиқырды білетін, адамша сӛйлеп, адамша ісәрекет қылатын қасиетті жануар, Тӛстіктің кӛмекшісі, ақылшысы. Ал жер астында Тӛстікке дос болатын Желаяқ, Таусоғар, Кӛлтаусар сияқты кейіпкерлер – мифтік танымның сипаты. Ертедегі адамдардың мифтік түсінігі бойынша желдің, таудың, судың «иелері» болған. Кейінгі замандарда олар кӛркемдік сипат алып, «достар осындай болса екен» деген адам арманын жүзеге асырушы бейнелер ретінде қабылданған. Д.Мәсімхан «АЛТЫН САҚА» Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі аса бай саланың бірі – балалар ертегілері. Біз бұл арада «бай» деп оның тек санын ғана меңзеп отырған 54
жоқпыз. Бәрінен де маңыздысы қазақ балалар ертегілері ӛзінің ұшқыр фантазиясымен де, қызықты оқиғасымен де, кӛркем поэтикасымен де жас жеткіншектердің жанын ӛзіне тез-ақ баурап алады. Тек баурап алумен немесе жай ғана қызықтырумен ғана шектелмей, жас баланы болашақта ержүрек батыр, қайтпас қайсар, ел қорғаны болуға баулиды. Сондай ертегілердің бірі – «Алтын сақа». Бұл ертегінің де бас қаһарманы, идеялық нысанасы – халықтың арман-мұраты. Мұнда да халықтың аңсары ертегінің басты арқауы. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара ӛкілі. Бұлардың бәрі – халық арманынан әр кезде туған идеал кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған (дұрысы әкесі әдейі қалдырған) алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жӛнеледі. Мыстан кемпір (бірде жалмауыз кемпір деп те айтылады) тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Бұл ертегіде де сайыста кейіпкер ӛз күшімен емес, керемет достарының (астындағы аты, түлкі, қарлығаш, иттері...) арқасында жеңуі – батырлықтан гӛрі қиял-ғажайып ертегінің заңдылықтарына жақындау. Қазақ балалар ертегілерінің басты ерекшелігі есте жоқ ерте заманда туып, ежелгі дәуір құбылыстарын сақтап келсе де, олардың бәрі біріншіден, халқымыздың тұрмысын, салтын бейнелейді, күнделікті ӛмірін кӛрсетеді. Әрине ӛмір шындығын қиял-ғажайып ертегілер тікелей, сол қалпында емес, эстетикалық тұрғыда бейнелейді. Ӛмірдегі тартыстар, болмыс-кӛріністер, ғұрып-әдет бәрі де халықтың эстетикалық рухына сай түзіледі. Екіншіден, ертегілердің бәрі дерлік бас кейіпкерлерін қиын да күрделі, азапты да аянышты кешулерге сала отырып, балаларды ерлікке, отансүйгіштікке баулиды. Мәселен «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлықзорлығынан азат болады. Табиғаттың дүлей мінезі қалай толастамаса, ӛмірде әділетсіздік, жауыздық, қаскӛйліктер де ешқашан ақырласпақ емес. Ондай пендеуи жаманшылықтың бәрін қазақ халқы ертегілерде жезтырнақ, дәу, жалмауыз кемпір, дию т.б. образдар арқылы бейнелей отырып, онымен ӛліспей-беріспей күрескен адамды түбінде жеңіске жеткізеді. Тіпті жеңе алмай бара жатқан күнде жан-жануарлардың ӛзі де аққа жақ болады. Яғни хайуан екеш хайуанның ӛзі әділетсіздікке қарсы, жауыздыққа қас. Д.Мәсімхан 55
«АЯЗ БИ» Қай елде болмасын, жалпы ертегі жанры – аңыздық прозаның дамыған, кӛркемделген түрі. Оның мақсаты – тыңдаушыға ӛмірдегі жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен сұрқиялық, ізгілік пен жауыздық, олардың ӛзара күресі, бастабында ылғи да жамандық, сұрқиялық, жауыздық жеңгенімен, түптің түбінде жақсылық жарқырап кӛрініп, әділеттілік салтанат құрып, ізгілік жеңіс тұғырына кӛтерілетіндігі туралы ғибрат беру. Яғни ол әрі тәрбиелік, әрі кӛркемэстетикалық рӛл атқарады. Басқаша айтқанда ертегі жанрының функциясы ӛте кең. Сондықтан қандай ертегі болмасын, оның ең басты мақсаты – сюжетті барынша қызықты да таңғажайып етіп ала отырып, оны кӛркемдеп, әрлеп баяндау. Қазақ халық ертегілерінің ішінде мұндай үлгідегі ертегілер ӛте мол. Солардың бірі – «Аяз би» ертегісі. Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, кӛреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, кӛпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне. Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан ӛтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін ӛлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан ӛз тағын беруі сӛз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен кӛңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған кӛзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сӛйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын кӛрген сайын тәубасынан жаңылмай, ӛзінеӛзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған. Ӛмірдегі реалды нәрсенің ӛзін әдейі ӛзгертіп кӛрсету – ертегі жанрының ӛзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп кӛрсетуге, сырлы да ғажайып етіп кӛрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі ӛмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Ӛйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да ӛмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді ӛмірде болған тарихи тұлға дегеннен гӛрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген 56
арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының кӛрінісі деген орынды. Д.Мәсімхан
57
ТҦЛҒА АСАНҚАЙҒЫ (ХV ғасыр) Асанқайғы – кӛріпкел философ, ақын, жырау. Шын есімі – Хасан. Еділ бойында дүниеге келген. 1445 жылы Алтын Орда ыдыраған кезде қазақ даласына қайта оралып, Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның ақылшысы болған. Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сӛздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге кӛтерулерін қолдамай, Керей мен Жәнібекке қарсылық білдіргені кӛрінеді. Асанқайғының «Жерұйық» іздеуі туралы айтылған аңыздарынан да халықтың бас құрып, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады. Ел ертеңін ойлап, еңсесін кӛтеруді кӛздеген Асанқайғы Ордадан бӛлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау тӛріне қоныстандырып, халықтың жол бастаушы темірқазығындай болып ӛтеді. Кӛнекӛз қариялардың шежірелерінде Асанқайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытау топырағына жерленеді. Ал Шоқан Уәлиханов: «Асан ата ӛмірінің соңғы жылдарын Жетісуда ӛткізіп, Ыстықкӛлдің жағасында дүние салған» - деп жазады. Асанқайғы халықтың қамын ойлаған ақылгӛй, кӛреген ғана емес, сонымен бірге керемет күйші де болған. Кӛптеген күйлерінің тарихы әлі күнге дейін айтылып жүр. Алайда бүгінгі ұрпаққа «Ел айрылған», «Асанқайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» тәрізді санаулы күйлері ғана жеткен. Л.Серғазы ДОМАЛАҚ АНА (1378-1456) Қазақ халқында елді аузына қаратқан даналығымен, кие қонған әулиелік қасиетімен, ақыл-парасаты, адамгершілік қасиетімен аттары аңызға айналған аналар аз емес. Халық олардың есімдерін еске сақтап қана қоймай, олардың әруақтарына бас ие, пір тұтып, ӛздерін кие, ӛмірлерін ӛнеге етіп, тағылымын ұрпақ санасына сіңіріп отырған. Бұл тұлғалардың зираттары, елі әспеттеп тұрғызған кесенелері ешкімнің зорлығынсыз-ақ халық тәу етіп баратын орындарға айналған. Сондай қасиетті тұлғаның бірі – Домалақ ана. Азан шақырып қойған есімі Нұрила болғанымен, қалың кӛпшілікке Домалақ ана атымен белгілі. 58
Домалақ ана – ең алдымен, алланың нұры тӛгіліп, ұрпағы бірнеше тайпаға айналған елдің анасы. Домалақ ана кезінде батыр әрі би болған тарихи тұлға Бәйдібектің үш әйелінің бірі болғаны белгілі. Бүгінгі Албан, Суан, Дулат тайпалары Бәйдібектің Домалақ анадан туған Жарықшақ деген ұлының кіндігінен тараған. Домалақ ананың әулиелігі мен кӛрегендігі, парасаттылығы мен даналығы, адамгершілігі мен адалдығы жайында аңызбен астасқан әңгімелер кӛп. Соның бірі мынау: Бірде Бәйдібек баба жоқ кезде жауласып жүрген бӛтен елдің адамдары келіп, оның бар жылқысын айдап кетеді. Олар жол-жӛнекей Домалақ ана отауына жолығып, сусын сұрайды. Домалақ ана сусын беріп, олардан олжа қалайды. Үйір-үйір мол жылқыны оңай қолға түсіріп бара жатқандар «қалағаныңды ал» дейді. Сонда айдалып бара жатқан жылқының Бәйдібектікі екенін іштей танып, біліп тұрған Домалақ ана мал басы саналатын Сарыайғырды күндігімен ноқталап алып қалады. Ӛйткені Сарыайғыр бір кісінесе, қалған жылқылар қайтып келетінін біледі. Олар кеткен соң кӛп ұзамай жау қуып кеткен жылқыны іздеп Бәйдібек бабаның бәйбішесінен туған тоғыз ұл келеді. Домалақ ана тоғыз ұлға «сендер әрі бармай-ақ қойыңдар, жылқылар ӛздері қайтып оралады» десе, тоғыз ұл «тоқалдың сандырағын қайтеміз» деп ана сӛзін елеместен, жылқы соңынан кетеді. Алайда тоғыз ұл жау қолынан түгел мерт болады да, Домалақ ана айтқандай Сарыайғырдың кісінеуінен кейін жылқылар дін аман түгел қайтып келеді. Домалақ ананың ӛмірі жүген-құрық тимеген шу асауды еш қарсылықсыз қолына тоқтатқан қасиеті, жылқының қайтып келетінін білген әулие, кӛрегендігі ел ішінде аңыз болып тарап кетеді. Ал тарихи құжаттарда Домалақ ананың 1378 жылы туып, 1456 жылы қайтыс болғандығы, әкесі Әли Сылан, анасы Нұрбике екені айтылады. Нағашы атасы Уәйіс кезінде Моғолстанның ханы болған деген де дерек бар. Қ.Алпысбаев ӘЗ ЖӘНІБЕК (ХV ғасыр) Жәнібек Барақұлы – Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шӛбересі. Оның азан шақырып қойған есімі Әбусаид (кейбір деректерде Бусаит). ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі ӛмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. Оның есімі үнемі Керей ханмен бірге аталып отырады. 59
1456 жылы Дешті Қыпшақта шайбани Әбілқайыр билікті қолына алған соң, кӛшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бӛлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы ӛзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы ӛз қарсыластарымен болатын күресте кӛмектесер деген оймен қазақ басшыларымен одақтас болды. Шайқастар мен соғыстардан шаршаған екі жүз мыңға жуық кӛшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты. Әбілқайыр хан ӛлгеннен кейін хан тағы үшін болған ӛзара шайқастар Дешті Қыпшақта ӛрши түсті. Оған туған жерге оралмақшы болып жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласты. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Ӛз әміршілері жағынан ешқандай кӛмек ала алмаған Шейх Хайдар билік үшін күресте жеңілді. Бұдан кейін Дешті Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары – Жәнібек хан мен Керей ханның қолдарына ӛтті. Олар отыз жыл бойы шайбанилықтармен шайқасты. Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына ӛтуі «Кӛшпелі ӛзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды ӛзгертпесе де, мемлекет атының Дешті Қыпшақ болып ӛзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Ӛзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарады. Билік үшін күресе келе, Жәнібек хан қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты. ХV ғасырдың ортасында Жетісу ӛңіріндегі түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу ӛңірі, Шу мен Талас ӛзендерінің бойындағы қазақтарды біріктіруде кӛп еңбек сіңірді. Жалпы Жәнібектің аты ӛзінің жеке істерінен гӛрі, батырлығы ел аузына тараған тоғыз кӛкжал ұлының ерліктерімен әйгілі. Жәнібек ханның Дешті Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені, ӛмірінің соңғы жылдары мен қалай ӛлгені туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Халық аңыздары мен ӛлең жырларда Жәнібек ханды Әз Жәнібек атаған. Л.Серғазы КЕРЕЙ ХАН (ХV ғасыр) Керей хан – қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі, Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы. ХV ғасырдың 50 жылдарына дейінгі тарихи мәліметтерде Керей хан туралы деректер жоқ. ХV ғасырдың 50 жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Ӛзбек хандығы тайпаларының бір бӛлігін 60
басқарып, Моғолстанға қоныс аударған. Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464 жж.) Шу ӛзенінің бойынан жер бӛліп берген. Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған «Кӛшпелі ӛзбектер мемлекеті» халықтарының біраз бӛлігінің Керей мен Жәнібектің қоластына ӛтуіне қарсы болмады. Ӛзіне қарсы сұлтандардан саси топтың кӛрші болғаны үшін Әбілқайыр Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. 1468 жылы Әбілқайыр хан кенеттен қайтыс болып жорық тоқтатылады. Әбілқайыр ӛлімінен кейін «Кӛшпелі ӛзбектер мемлекетінде» хан тағы үшін күрес басталды. Керей мен Жәнібектің қоластындағы тайпалар Ӛзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысы күшейе түсті. Соғыс басталып, Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері Шейх Хайдар қолбасшылары бағынбағандықтан жеңіліске ұшырады. Шейх Хайдарды жақтайтындардың кӛпшілігінің кӛзі жойылып, тірі қалғандары жан-жаққа босып, бытырап кетті. «Кӛшпелі ӛзбектер мемлекетіндегі» билік Әбілқайыр хан әулетінен Керей мен Жәнібек қолына ӛтті. Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Моғол ханы Жүністің ордасына Бұрыш Оғлан сұлтан шабуыл жасаған кезде айтылады. Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы, Керей ханның ӛзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры, қай уақытта қандай жағдайда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер кӛрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп есептеледі. Л.Серғазы ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ (ХV ғасыр) Қазақ ӛлеңіндегі ерліктің, ӛрліктің, шамырқанған рухтың, шамданған кектің, буырқанып – бұрсанған ашудың, намыс қуған айбынның келісті сӛзі Қазтуған жыраудан басталады. Қазтуған ӛз бейнесін ӛлеңімен ӛзі шебер кескіндейді: Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен кӛбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шәйі жібек оққа кірісті, Айдаса қойдың кӛсемі, Сӛйлесе қызыл тілдің шешені, Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 61
Қалайыланған қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың кӛл шайқаған жалғызы, Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің арасын ӛтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған! («Бес ғасыр жырлайды» 1т. «Жазушы» 1984). Мұнда жыраудың ӛз сипатымен қатар, XV ғасырдағы қазақ қалпынан да дерек аламыз. Жалпы жырау ӛлеңдерінен уақыт табы, сӛз қолданысы, салт-тұрмыс ерекшелігі айқын аңғарылады. Батырдың ашуы қуатты ақын сӛзімен ӛршілдікпен бейнеленген. Жыраудың бізге жеткен мұрасы тым аз. Ӛлеңдері 1912 жылдан бастап баспа жүзіне шыға бастаған. Сӛздері ноғай арасына да таралған. Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деген ӛлеңін тәуелсіздік туғалы әнші Бекболат Тілеуханов жұрт мейірін қандыра жырлап келеді. Бес ғасырлық қазақ ӛлеңінің бастауында Қазтуған жыраудың алдында Асан қайғы ғана тұр. Қазтуған ӛлеңдері ғылыми зерттеуде де қамтылған. С.Шүкірұлы ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ (1465 – 1560) Хандық дәуірдегі қазақ поэзиясының ірі ӛкілі Шалкиіз ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығына сарай маңында жасаған тұлға әрі батыр, әрі би, әрі жырау ретінде ноғайлы дәуірінде ӛмір сүрген. Сондықтан да құмық ноғайлары оның бірқатар шығармаларын ӛздеріне теліп, тӛл жырлары санап жүр. Шалкиіздің әкесі қазақтың ірі феодалдарының бірі болса, шешесі – орыс деректерінде Сыртқы Орда аталатын ұлыстың әмірі Мұса бидің қызы. Ел аузындағы әңгімелерде Шалкиіздің батыр, әскербасы болғандығы айтылады. Шалкиіздің ӛз шығармаларынан да оның жауынгер, жорықшы жырау болғандығы кӛрінеді. Осы тұрғыдан келгенде жыраудың ӛлең, толғаулары – белгілі дәрежеде, жаугершілік поэзиясы. Шалкиіз жырау – әдебиетіміздің тарихында ӛшпес із қалдырған, қазақ әдебиетінің дербес әдебиеті ретінде қалыптасу дәуірінің кӛш басында тұрған тұлғалардың бірі. Ол кӛп уақыт Би Темірдің ордасында болған. Билікке араласумен бірге жорықтарға қатысқан. Соған орай Би Темірдің қадірлі, сыйлы ақылшыларының бірінен саналған. Алайда әділетсіз уәзірлерді ӛткір мінеп-сынаған 62
жырауды кӛре алмаған Орда тӛңірегіндегілер Би Темірмен арақатынасының бұзылуына итермелеген. Шалкиіздің бізге жеткен шығармалары жырлар, толғаулар. Бұл жӛнінде Қазақстан тарихында дерек те бар. Ақын хандар мен билер, сол дәуірдегі ел ӛміріне жырлар ғана емес, адамгершілік тәлім-тәрбие үлгісіндегі толғаулар да шығарып отырған. Шалкиіз мұралары А.Харузин, П.Распопов, С.Сейфуллин кітаптарында кездеседі. Е.Ысмайылов жырауды сол замандағы ірі әдеби тұлға деп бағаласа, М.Мағауин «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарында бір топ шығармаларымен бірге, әдеби ӛмір жолы жайлы танымдық зерттеу мақала жазды. Сондай-ақ «Қобыз сарыны» монографиясында Шалкиіз шығармашылығы жӛнінде жан-жақты талдаған. Жырау ел ынтымағын, татулығын ӛнегелей келе, халықтың болашағына алаңдайды. Оның ойының тереңдігі, ұшқырлығы, шешендігі, тілінің ӛткірлігі мен байлығы сӛз ӛнерінің шебері екенін анықтайды. Ол адамгершілік пен ерлікті жырлап, дәріптеп, ӛз дәуіріндегі халық рухын кӛтереді. Оның толғауларының дыбыстық жүйесі, шумақ, тармақтарының үйлесімділігі, ырғақтарының ӛзгешелігі, салыстыру, теңеулерінің нақтылығы жыраулық талантының биіктігін дәлелдейді. Ол – адам келбетін, бейнесін жасаудың да шебері. Хан маңындағы батырлардың ерлігі мен асыл қасиеттерін жырлап, елге ӛнеге етеді. Әрқайсысына лайықты бейнелеулер, айшықты сӛз үлгісін таба білген. Ол ӛз дәуіріндегі күрескер, патриот, ел мүддесін тереңнен ойлаған атақты жыраулардың бірінен саналады. Жырау мұралары орыс тіліне де аударылып басылған. Қ.Алпысбаев ҚАСЫМ ХАН (шамамен 1445 – 1518) Қасым хан – Керей ханның немере інісі Жәнібектің ортаншы ұлы. Қазақ хандығы Қасым ханның билігі кезінде шарықтай түсті. Алғашында Керей ханның баласы, тақ иесі Бұрындық ханның атты әскеріне қолбасшылық етті. Қан майданда асқан ерлігімен кӛзге түсті. Бұрындық хан кӛз жұмғаннан кейін таққа Қасым хан отырды. Қасымның хан сайлануымен билік Жәнібек ұрпағына ауысады. Қасым кӛптеген шайқастарда ерлігімен кӛзге түскен батыр, тапқыр қолбасшы болды. Ол хандық құрған 1511-1523 жылдары қазақ қоғамы жоғары сатыға кӛтеріліп, ең қуатты мемлекетке айналды. Ханның басты мақсаты бейбіт ӛмір кешу болатын. Қасым Моғолстан ханы Сұлтан Сайдпен достық қатынаста болды. 1513 жылы Сұлтан Сайд Ташкентке біріккен жорық ұйымдастыруды ұсынды, бірақ Қасым бұл ұсыныстан бас тартты. 63
Кӛршілес рулар мен тайпалар Қасым ханның атақ-даңқын, кемеңгерлігін естіп, ӛз еріктерімен келіп қосылып жатты. Оның қол астындағы аумағы ұлғая берді.1514 жылы Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ ханының Жетісудағы билігі нығая түсті. Осылайша хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияға дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың едәуір бӛлігін, солтүстік-батысында Жайық ӛзені аңғары мен солтүстік шығысында Ұлытау және Балқаш кӛлінен ӛтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін кеңейді. Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық дерлік қазақ рулары мен тайпалары бір мемлекетке бірікті. Қасым ханның қол астындағы халық саны миллионға жетті. Қасым хандығы кӛптеген елдерге танылды. Еуропаның бірнеше елдерімен (Қырым, Астрахан, Қазан, Мәскеу) дипломатиялық қатынас орнатты. Жан-жақты білгірлігінің, саясаткерлігінің арқасында 1516-1517 жылы Мұхамед Шайбанидың әскерін тас-талқан етіп жеңіп, мемлекетін құлатты. Қасым хан қалың қол жинап, Ташкентке жорыққа шықты. Сүйініш қожа хан әскерімен Ташкент түбінде болған шайқаста Қасым хан жарақаттанып, кейін шегінді. Қасым хан 1518 жылы (кей деректерде 1523/24 жыл) Сарайшық қаласында қайтыс болды. Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деп енген ӛзі дайындаған конституциялық құжаттың кӛмегімен ел басқарды. Бұл қазақ ұлтында тұңғыш жасалған заң еді. Заң бес тараудан тұрды. Заңда Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи әдет-ғұрып ерекшеліктер сақталып, сол кездегі қазақ жұртының табиғатына сай етіп жасалған болатын. Қазіргі күні кейбір мәтелдер сол заңның тармақтарынан алынған. Г.Әріпбекова ХАҚНАЗАР ХАН (ХVІ ғасыр) Қасым хан дүниеден ӛткен соң Жошы ұрпағының хандық билік үшін ӛзара талас-тартысы Қазақ хандығын біраз әлсіретті. Ӛзбектер мен моғолдар қазақтарға қарсы одақ құрды. Сырдария бойындағы қалалар қолдан шығып кетті. Хандықтың тағына бірнеше хан отырды (Мамыш – Қасым ханның баласы, Тайыр – Әз-Жәнібек ханның немересі Әдік сұлтанның ұлы, Бұйдаш – Тайыр ханның інісі, Ақымет, Тоғым – ӘзЖәнібек ханның немересі Жәдіктің ұлы). Осы кезеңде қазақ хандығы әлсіреп, біраз тоқырауды басынан ӛткізді. XVI ғасыр аяғында Сығанақ, Отырар, Түркістан және т.б. сырдариялық қалалар Мәуереннахрдағы шайбандықтардың иелігінде болды. Алайда кӛп кешікпей билік басына Қасым ханның асып туған ұлы Ақназар (Хақназар) келді. Ол Қазақ 64
хандығын 42 жыл басқарды. Ол хандықты нығайту үшін елдің күшін біріктіру қажет екендігін түсінді және елді осы ұстаным бойынша басқарды. Әкесінің ісін ілгері жалғастырып, Ноғай ордасын Қазақ хандығына қосты. Башқұрт халқының бір бӛлігі келіп қосылды. Талай жылдар қырқысып жүрген Шайбани әулетімен туыстық қарым-қатынас орнатты. Шашырап жүрген ру-тайпалар хандықтың қол астына келіп қосылып жатты. Сібір хандығымен күрестің нәтижесінде орта жүздің шетте жүрген ру-тайпаларын оңтүстікке топтастырды. Ойраттарға күйрете соққы берді. Моғол ханы Әбд әр-Рашидті жеңіп, ұлы жүз руларының кӛпшілігін қосып алды. Моғолдар Тәңіртаудан әрі ысырылды. Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз қалаларын қайтарып алды. Хандықтың шекарасы Еділ, Жайық ӛзендеріне дейін жетті. Қазақ халқы кемелді мемлекетке айналды. 1573 жылы орыстың бірінші патшасы Иван Грозный Ақназар ханды құдіретті әмірші ретінде танып, Т.Чебуков бастаған елшілік жіберді. Ақназар хан ӛзінің қазақ елін ықпалды мемлекетке жеткіземін деген мақсатына жете алмады. Шайбаниді немересі Бұхар ханы Абдолла мен Ақназар ханның арасындағы достық қарым-қатынастан қауіптенген Ташкент билеушісі Баба сұлтан Ақназар хан мен оның бірқатар батырларына у беріп, опасыздықпен ӛлтіреді. Г.Әріпбекова ТӘУЕКЕЛ ХАН (ХVІ ғасыр) Тәуекел – 1586-1598 жылдары хандық құрған қазақ ханы, батыр, қолбасы. Әз-Жәнібектің немересі Шығай ханның ұлы. Шығай ӛзінің баласы Тәуекелді саяси істерге ерте араластырып, әскери жорықтарға қатыстырады. Шығай хан Бұхар ханы Абдолламен бірігіп, Ақназарды ӛлтірген Баба сұлтаннан ӛш алуды ниет еткен. Бірақ Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығында Шығай хан қайтыс болады. Тәуекел хан таққа отырысымен ата жауы Баба сұлтаннан ӛшін алады. Баба сұлтанның басын алып, Абдоллахқа сыйға тартады. Тәуекел жоңғар-қалмақтарға тойтарыс беру үшін Ресеймен одақтасуға күш салады. Мұндағы мақсаты – Абдоллах пен Кӛшім хандарға қарсы әскери одақ құру және қару-жарақ мәселесі және соғыста тұтқынға түскен інісі ОразМұхамедті қайтару еді. Ал Ресейдің мақсаты – Кӛшім ханға қарсы күресте одақтасу, оны Орта Азия хандықтарымен келіссӛз жүргізуге пайдалану, Абдолла ханға қарсы Тәуекел мен Иран шаһы Аббас І-дің арасында одақ құру еді. Тәуекел хан 1595 жылы Степанов бастаған елшілік ӛкілдерін қабылдайды. Патша үкіметі әскери кӛмек кӛрсетпекші болып шешеді. Тәуекел хан мен оның інісі Есім сұлтанның 65
Мәуереннахрға жасаған жорығы сәтті аяқталып, нәтижесінде Түркістан, Ташкент, Ферғана, Әндіжан, Ақси, Самарқанд сияқты қалаларды ӛздеріне қаратты. 1598 жылы Бұхарамен жасасқан шарт бойынша Сырдарияның орта ағысы бойындағы қалалар Қазақ хандығына қарады. ХVI ғасырдың соңында Бұхарда Абдоллах хан қайтыс болғаннан соң іштей тақ таласы басталған. Осы кезді ұтымды пайдаланам деген ниетпен Тәуекел хан Бұхараны алмақ болады. Алайда Бұхараны қоршау кезінде қатты жараланып, кӛп кешікпей дүние салады. Г.Әріпбекова ЕСІМ ХАН (ХVI – ХVIІ ғасыр) Есім хан – Тәуекел ханның інісі. Есім сұлтан хандық басына кездейсоқ келген адам емес. Ол бір жағынан мұрагерлік жолмен келсе, екінші жағынан халқы үшін еткен еңбегі орасан зор болатын. Атақты қолбасы, батыр, үлкен ақыл иесі болды. Сондықтан да ол хан болуға әбден лайықты адам еді. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы Ер Есім», «Есім ханның ескі жолы» деген аттармен қалды. Ол 1598-1645 жылдар аралығында хандық құрды. Есім хан таққа отырысымен ағасы Тәуекелдің жолын жалғастырды. 1599 жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ хандығына қосып алды. Осыдан бастап Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығының билігінде болды. ХVІІ ғасырдың басында Есім хан мен Ташкент билеушісі Тұрсынның арасында билік үшін күрес басталады. Тұрсыннан жеңілген Есім хан Түркістан билеушісі Абд әр-Рахымды паналайды. Абд әр-Рахыммен біріге отырып, Шығыс Түркістандағы кӛптеген қалаларды қайтарып алады. 1628 жылы Тұрсынды ӛлтіріп, Қазақ хандығының билігін ӛз қолына алды. ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдары батыс Монғолияны мекендеген ойрат тайпалары едәуір күшейген еді. Шарыс тайпасының басшысы Харақұлайдың баласы Батұрдың тұсында (1635-1653) ойрат тайпаларының одағы қалыптасты. Бұл тарихқа «Жоңғарлар» деген атпен әйгілі болды. Қаншама ғасыр бойы шашылып жатқан моңғолдар бастарын біріктірмей ешнәрсеге қол жеткізе алмайтындарын түсінді. XVI-XVII ғасырларда Монғолияның батыс аймағынан Жоңғар мемлекетінің іргесі қаланды. Жоңғар хандығы қаһарлы күшке айналды. Жоңғар хандығының қазақтар үшін қаһарлы күш болатын себебі, олар да салт атты кӛшпелілер болатын. Кӛршілес жатқан Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығынан Ресей мен Қытай қатты қауіптенді. Олар осы екі мемлекетті бір-біріне айдап салып, жер бетінен құртуды 66
ойластырды. Ресей мемлекеті жоңғарлармен елшілік байланыс орнатып, оларды қару-жарақпен жасақтап отырды. Сонымен бірге бірнеше тайпаларына Еділ бойынан жер бӛліп берді. Қазақ даласы жоңғарқалмақтың ортасында қалып қойды. Ыстықкӛл үшін болған алғашқы шайқаста қазақ қолын Есім ханның ӛзі басқарды. Жоңғар-қалмақтың тегеурінін сезген Есім қырғыздармен және батысындағы ноғайлармен ынтымағын күшейте түсті. Шығыс Түркістанмен саяси байланысын жақсартты. Сол кездің ӛзінде Қазақ хандығы 300-400 мыңға жуық атты әскер шығарған. Есім сыртқы саясатта ғана емес, ішкі ел басқару ісінде де қайраткерлігін кӛрсетті. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын ережелер жинағы ХІХ-ХХ ғасырлардың ортасына дейін сақталып келді. Есім хан Түркістан қаласында жерленген. Г.Әріпбекова САЛҚАМ ЖӘҢГІР ХАН (1608 – 1680) Жәңгір хан – батыр, қолбасы, Есім ханның баласы. 1645-1652 жылдары хандық құрды. Бұл кезең қазақ тарихында қазақ-жоңғар соғысының аумалы-тӛкпелі кезі еді. Бұл соғыс, әсіресе қазақтарға ӛте ауыр тиді. 1635 жылы Жәңгір ханның еліне қалмақтар шабуыл жасап, Жәңгір айналасындағы адамдармен қолға түсіп қалады. Жеті жылдай тұтқында болады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан игереді. Кейін біраз серіктерімен еліне оралып, Қазақ хандығының билігін ӛз қолына алады. 1643 жылы Жәңгір хан әскери шеберлігінің арқасында 600 қолымен Батыр қонтайшының 50 мың әскерін талқандайды. Бұл соғыста бір жағынан жиырма мың қолымен Самарқанд билеушісі Жалаңтӛс бәһәдүр кӛмекке келеді. Шайқас тарихта «Орбұлақ шайқасы» деген атпен белгілі. Осы шайқаста Жәңгір хан Цецен ханның ұлы Ғалдамамен жекпе-жекке шығады. Жәңгір жарақат алады. Бұл соғыста күйрей жеңілген жоңғарлар кӛпке дейін қайта бас кӛтере алмады. Осыдан кейін Жәңгір хан жиырма жылдай сал болып жатып қалады. Елі үшін істеген осындай ерлігіне сүйсінген халық оны «Салқам Жәңгір» деп атап кеткен. 1652 жылы болған қазақ-жоңғар арасындағы соғыста жоңғарлар қазақтарды ойсырата жеңеді. Ӛйткені жоңғарлар отты қарумен жарақтанған еді. Жоңғарларға қару-жарақты Ресей патшалығы Сібір арқылы сатып отырған. Ресейдің мақсаты екі ел арасындағы ӛшпенділікті қайта тұтату болатын. Жәңгір хан осы соғыста қаза табады. Жәңгір ханның елін, жерін қорғаудағы асқан ерліктері, ел басқарудағы саяси қайраткерлігі халық есінен шықпай келеді. 67
Г.Әріпбекова ТӘУКЕ ХАН (т.ж.б. – 1718) Ел аузында әз Тәуке деп те аталған Тәуке – Қазақ хандығына 1680-1718 жылдары билік құрған хан. Тәуке хан билік жүргізіп тұрған кезеңде мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты кӛптеген ӛзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар жасалды. Алғаш рет мемлекеттік мәселелерді шешетін хан кеңесін құрды. Хан кеңесіне барлық қазақ руларының билері мен әскербасыларын тартты. Бұрынғы заңдарды жетілдіре отырып, «Жеті жарғы» деп аталған тарихи мәні зор жаңа заң жүйесін жасады. Бұл шараларды жүзеге асыруда Тәуке хан дала ақсүйектерінің ӛкілі – билерге арқа сүйеді. Тӛле би, Қазыбек би, Әйтеке би тәрізді үш жүздің үш биіне басқару тұтқасын берді. Түрлі дау-дамайды шешуде билер сотының беделін кӛтерді. Түркістан қаласы осы Тәуке ханның тұсында қазақ хандығының астанасы болып бекітілді. Кӛрші елдермен дипломатиялық қатынас орнатуда да Тәуке хан айтарлықтай табыстарға қол жеткізе алды. Орыс-қазақ қарым-қатынасын күшейту, бейбіт түрде түйінді мәселелерді шешу мақсатында 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберген. Ол Ташкент қаласын қазақ иелігіне қалдыруда да зор еңбек сіңірді және Сырдария бойындағы тағы 32 қаланы ӛзіне қаратып алды. Қазақ заңнама тарихында Тәуке хан заңдары аса маңызды құжат болып табылады. Тәуке хан заңдарының басты ерекшелігі шариғат қағидасымен боялмай, халықтық сипаты басым кӛрініс табады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталған бұрынғы заңдар толықтырылып, Тәуке хан тұсында «жер дауы, құн дауы» деген тараулар қосылып жасалған. «Жеті жарғы» заңы халық мойындаған билердің жүргізуіне тапсырылады. Ал қазақ халқы бағынуға тиісті «заң» болғандықтан, «Жеті жарғының» аясы кеңейіп, міндеті тарамданып, күнделікті тұрмыста, адамдар арасындағы қарымқатынасты сақтауға тиісті ереже болып қалған. Қ.Алпысбаев ТӚЛЕ БИ (1663 – 1756) Тӛле би – қазақ тарихында аса маңызды іс-әрекеттерімен бағаланатын атақты шешен, ірі қоғам және мемлекет қайраткері, қазақ халқының бірлігін қалыптастырып, нығайтуға зор үлес қосқан әйгілі үш бидің бірі. Он бес жасынан ел билігіне араласқан, ақыл-парасаттылығы, 68
әділ шешімі, шешендік ӛнерімен ерекше кӛзге түскен. Атақты Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп сайлауға қатысады. Үш жүздің ұлықтарын бір орталыққа бағындыруға, бірегей қазақ хандығын нығайтуға атсалысады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы туыстас қазақ, қарақалпақ және ӛзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға белсене араласады. Әсіресе Қазыбек би, Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысуы ұлттық заңнама тарихымыздағы аса маңызды шаралардың бірі болып қалды. Қазақ тарихында ең бір ауыр кезеңде ел басшысы болған, екі жағындағы алып империялар Ресей, Қытай секілді алпауыт мемлекеттермен ӛз халқы үшін оңтайлы саясат жүргізген Абылай ханды тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Тӛле би зор еңбек сіңірген. Ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанған Тӛле бидің әділ, шыншыл, даналығы мол, ойлы тұлға екендігі жӛнінде кӛп әңгімелер ел ішіне кең тарап, сақталған. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда бұған кінәлі болған ӛз туысы Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып алып, оған керуен шығынын жұрт кӛзінше тӛлеттіреді. Тағы бір мысал, 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Тӛле биге шағымданады. Тӛле би Әбілқайырдың ӛлімі үшін Жеті жарғы заңына сәйкес айыпкерлер жеті құн тӛлеуі керек деген шешім шығарады. Тӛле би Әбілқайыр ханның ӛлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің шығынына екі мың жылқы тӛлеуге шешім шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныштығын, тұтастығын сақтауды кӛздейді. Оның артына қалдырған кӛптеген ӛсиет сӛздері ұрпаққа адаспайтын жол кӛрсетіп, жӛн-жоба сілтейтін терең ойлы мағынаға толы. Шешендігі мен даналығы, әділдігі мен парасаттылығы ұштасқан Тӛле бидің «Кӛпті қорлаған кӛмусіз қалады», «Хан азса халқын сатады, халық азса хандыққа таласады» т.б. осы тәріздес ӛсиет сӛздерінде бүгінгі күнде де басшылыққа алатын, кӛңілге түйетін мәні зор ойлар жатқаны айқын кӛрініп тұр. Тӛле би халық арасында «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деген атпен де танымал. Бұлай аталуы туралы да аңыз сақталған. Құрманғазы секілді Тӛле бидің сүйегі де ӛзге мемлекетте Ӛзбекстан астанасында жатыр. ХІХ ғасырдың 20-жылдарына дейін Ташкент қазақтың жері болғаны белгілі. Ұлы би ӛмірінің соңғы жылдарында Ташкентте тұрып, ел басқарған. Қ.Алпысбаев 69
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ (1665 – 1765) Қазаққа ғана емес, жоңғар мен қалмаққа да, қытай мен орысқа да аты мәлім, ел мүддесі жолындағы күресте айтулы еңбегі сіңген қайраткер – Қазыбек Келдібекұлы. Жастайынан шешендігімен орынды тӛрелік жасай білгендігінен Бала би аталып, кейін қаздың қаңқылына үндес қоңыр дауысына қарай Қаз дауысты Қазыбек би атанған. Тәуке хан тұсында Орта жүздің биі болып, иісі қазаққа ортақ заңға айналған «Жеті жарғыны» жасасқан. Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында да тура жолдан таймай, әділдікті ту еткен жоңғар-қазақ соғысында тұтастай Отан соғысын ұйымдастыруда іскерлікпен басшылық ісіне араласқан, аса қабілетті, айбынды кісі болған. Руаралық, жүзаралық хан-сұлтандар тартысы һәм халықаралық маңызды шиеленістер мен келісімдер Қазыбек бидің кесіміне тіреліп отырған. 1763 жылдың 11 наурызында жазылған Қазыбек би туралы Фрауендорофтың Ресей Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Ӛйткені Арғынның ішіндегі ең күштісі – Қаракесек ұлысы. Оның барлық билігі Қазыбек бидің қолында. Қазыбек би бүкіл Орта жүзде ең басты би болып табылады. Оған Әбілмәмбет ханның ӛзі, сондай-ақ Абылай сұлтан, басқа да ұлыстардың сұлтандары мен ел ағалары жыл сайын келіп, әртүрлі кеңестер алады, тіпті Қазыбек бидің келісімінсіз Орта жүзде бірде-бір маңызды мәселе шешілмейді екен», - деп жазылған («Абылай хан» Ӛмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана баспасы – 2005. 350 бет). Ел аузында, халық әдебиетінде Қаз дауысы Қазыбек бидің шешендік сӛздері мен билік кесімдері кең таралған. Жазба әдебиетке түскен сӛздері де мол. Тарихи мұрағаттық құжаттарда, Қытай, Ресей жазбаларында кӛп деректер сақталған. С.Шүкірұлы ЕСЕТ БАТЫР (1667 – 1749) Есет Кӛкіұлы – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Шыққан тегі – кіші жүз жетірудың ішіндегі тама руынан. Әбілқайыр хан Ресейге қосылу мәселесін кӛтергенде соның қасында болып, кіші жүз бен орта жүздің орыс патшасының қол астына ӛтуіне белсенді атсалысқан атақты кіші жүз Бӛкенбай батырдың күйеу баласы. 70
Есеттің әкесі Базарқұлұлы Кӛкі де заманында аты шыққан батыр болған. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» атанған. Тарихшылар Салқам Жәңгір хан Жоңғардың батыр қонтайшысының елу мыңдық әскеріне алты жүз жауынгермен қарсы тұрып шайқасып жатқанда жиырма мың әскермен кӛмекке келетін Жалаңтӛс баһадүрдің әскерінің ішінде Кӛкі батырдың да болғандығын, сол шайқаста оның шеп бұзып, ерекше ерлік кӛрсеткендігін жазады. Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен тұрғыластары сияқты Есет те ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен кӛзге түсіп, батыр атанады. Тәуке ханның тұсындағы жеңісті шайқастардың бірінде найзагерлігімен кӛзге түсіп, ерен ерлік кӛрсеткен Есетке риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп бата беріпті деген әңгіме де бар. Есет батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін де ел болып бірігіп, жоңғарларға қарсы алғашқы алапат соққы берген – Бұланты шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін кӛтерген Ұлы жеңіске ӛз үлесін қосады. Ал Аңырақай шайқасында ол Кіші жүз құрамында соғысады. Есет батырдың кейінгі ӛмірі Әбілқайыр ханның саясатымен тығыз байланысты болады. Орыс патшасының қол астына ӛту кезінде Бӛгенбай, Жәнібек сияқты ірі тарихи тұлғалармен бірге ханның басына тӛнген қауіп бұлтын сейілтуге кӛмектеседі. Ресеймен қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын береді. Есет батыр сексен екі жасында ӛз атамекенінде дүниеден ӛтеді. Л.Серғазы БҦҚАР ЖЫРАУ (1668 – 1781) Бұқаралық ақпарат құралдары жоқ заманда қазақтың пікір алуандығын ақындар мен шешендер, билер білдіріп отырған. Әсіресе ел алдында беделді, сӛзінің дуасы бар, бетті ақын-жыраулар ел тағдырына қатысты ой-пікір, кӛзқарастарды халық атынан билік алдына кӛлденең тартып отырған. Алайда бұл оңай іс емес. Оңай еместігінен де болар, Бұқар: Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден кӛл табылады. Қол бастау қиын емес, 71
Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сӛз бастаудан қиынды кӛргем жоқ, - деген екен. Енді бірде: Арту-арту бел келсе, Атан тартар бүгіліп, Алыстан қара кӛрінсе, Арғымақ шабар тігіліп, Алыстан жанжал сӛз келсе, Азулы сӛйлер жүгініп, - депті. Мұны сол замандағы сӛз қадірін, оның әлеуметтік маңызы мен парызын да айқындаған пікір десек болады. Әлбетте, хан алдына ұсақ-түйек емес, елдік мәні бар әлеуметтік һәм саяси істерге қатысты ой-пікір ұсынылған. Орыспенен соғысып, Басына мұнша кӛтерген Жұртыңа жаулық сағынба... Абылай ханның қасында Бұқарекең жырлайды. Жырлағанда не дейді, Соғыспа деп жырлайды... Ӛлетұғын тай үшін, Қалатұғын сай үшін Қылмаңдар жанжал ерегес. Бұл қылықты қоймасаң, Құдайдың бергеніне тоймасаң, Кӛрерсің сонан теперіш, - дегендей елге, жұртқа зардапты істерден сақтандырып, тежеу сӛз айтып отырады. Бұқар жырау Абылай ханға қоғамдық пікірді айта білген. Бұл ханға бұқараның ойын біліп, ел ішінің ахуалын тануға, күнделікті һәм күрделі қаракет қимылдарының оң-терісін бағамдап отыруға әрі алдағы ісін бағдарлауға ой салып отырған. «Ай, Абылай, Абылай»-лап бетті ханға басқаның тілі жетпес ел сӛзін Бұқар ғана айтқан. Бұқар сӛзі ел сӛзі болғандықтан да халық жадында сақталып, бізге жеткен. Абыз жыраудың дана қартқа лайықты ғибратты сӛздері бүгінгі ұрпаққа да ой салардай мағыналы. 1693-1787 жылдар аралығында ӛмір сүріп, билік тұтқасын ұстаған әз Тәукеден – Абылай хан тұсын қоса би болып, жырау болып билік пен халық арасындағы ӛткелдей болған қайраткер ақын, зерттеулер дерегі бойынша «Бұқар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің аралығындағы ақын» («XVIII-XIX қазақ ақындарының шығармалары». Алматы – 1962, 386 бет). Бұқар жырлары елге кең таралған. Кезінде жұрт жатқа айтқан. Хатқа да түскен. Зерттеулер ресми түрде баспасӛзде жариялана бастауын 1925 жылы «Таң» журналынан деп санайды. С.Шүкірұлы 72
БӚГЕНБАЙ БАТЫР (1678 – 1775) Бӛгенбай батыр Ақшаұлы – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, кӛрнекті мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы, есімдері елге танымал батырлар әулеті. Атасы Әлдеуік еңсегей бойлы Ер Есімнің, әкесі Ақша Әз-тәуке ханның даңқты қолбасылары болған. Бала кезінен қазақ даласының шешендік ӛнерін бойына сіңіріп ӛскен ол жігіт шағында ауылдарға барып, ру арасындағы дауларды шешіп, билердің құрылтайларына қатысқан. Жақын адамдардан әскер құрып, кейін елде «Қанжығалының қырық батыры» атанған. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болып, «Қанжығалы Бӛгенбай» атанып, халықтың құрметіне бӛленген. Бӛгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден ӛтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алған казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында отыз мың қолды бастап барып, казак-орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады. Осы кезден қазақ жері жоңғарлардан азат етілгенше Бӛгенбай батыр аттан түспей, Қабанбай, Олжабай, Жәнібек, Малайсары секілді қазақтың атақты батырларымен бірігіп, ел тәуелсіздігі үшін талай шайқастарға қатысады. Батырлығы мен қолбасшылық дарыны арқасында Бӛгенбай үлкен құрметке бӛленіп, ерлігі ел аузында аңызға айналды. 1730 жылы кӛктемде Балқаш кӛлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында болған «Аңырақай шайқасында» Бӛгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы береді. Ұлы жеңістен кейін Ордабасы жерінде үш жүздің әскер жасақтарының үлкен жиыны ӛтіп, қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып Әбілқайыр мен Бӛгенбай батыр сайланады. Олардың басшылығымен қалмақ әскерлеріне бірнеше рет соққы берілген. 1725-1727 жылдары Бӛгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақ қолын басқарып, қалмақ әскерін асқан ерлікпен жеңеді. Бӛгенбай батырдың соңғы үлкен жорықтарының бірі – Аягӛз ӛзенінің бойында болған. Қазақ қолынан жеңілгенін мойындаған жоңғарлар келісімге келіп, бұдан әрі жауласпауға ант береді. 73
Бӛгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бӛгенбай» атанып, 1775 жылы дүние салып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленеді. Л.Серғазы ӘЙТЕКЕ БИ (1683 – 1739) Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері – Әйтеке Байбекұлы. Ол – жаратылысында әйгілі адам: Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы, бүкіл парсы, ӛзбек, қырғыз, қазақ халқы «жаны пәк жан» деп атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әйтеке Байбекұлы – Қоқан ханы Ақшаның немересі, Жалаңтӛс баһадүрдің немере туысы. 1644 жылы 23 наурызда Ӛзбекстанның Қазбибі тауында, Қызылша ауылында дүниеге келген Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Шешендік қасиеті әкесі Байбек пен Қосуақ бидің ықпалынан болған. Жеті жасынан бастап Әйтекені аталары Ақша хан мен Жалаңтӛс баһадүр ӛз тәрбиелеріне алады. Ол Самарқандағы Ұлықбек медресесінде оқып, оны бітірген соң, ел басқару ісіне араласады. Тілге шешен, істе шебер Әйтеке 21 жасында бүкіл Бұхара мен Самарқан тӛңірегіндегі қазақ, ӛзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болады. 25 жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. Әйтекенің атсалысуымен 1680 жылы Салқам Жәңгірдің кіші баласы Тәуке хан болып сайланады да, ол шешенді ресми түрде айрықша құқылы «Хан кеңесінің» мүшесі жасайды. Осы кезде жаңа заң үлгісіндегі «Жеті жарғы» қабылданады. Әйтеке шешен «қара қылды қақ жарған әділ» ғана емес, жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болған. 1685 жылы Нұрата маңына шабуыл жасаған Қалдан Бошақтының он мың жасағына бес мың қол әскерімен қарсы аттанған. Қырғын соғыс бір күнге созылады. Әйтекеге Самарқаннан, Бұқарадан қалың әскер кӛмекке келе жатыр деген қауесетті естіп, Қалдан Бошақты Сайрам тӛңірегіне шегініп кетеді. Сайрам талқандалып, ендігі жиын Күлтӛбеде емес, Түркістанда ӛтетін болады. Қазақ сахарасына кӛз тіккен кӛрші елдерден қауіптенген Әйтеке 1698-1699 жылдары жиында бірнеше ұтымды ұсыныстар жасайды: шекара аймақтарында ӛз жасақтарымызды ұстау; қару-жарақты кӛптеп сатып алу және оған қаражатты ауқатты адамдардан жинау; қазақ жасағын басқаратын қолбасшының қарадан шыққан шешен, кӛсем, батыр және елшілік жұмысты жақсы білетін адам болуы және оны Ресей, Қытай, Түркия немесе Еуропа елдерінің бірінде оқытып алу. Бұл 74
Әйтекенің мемлекеттік саяси мәселелердегі кӛрегендігін кӛрсеткен еді. Әйтекенің бұл ұсынысын Тӛле, Қазыбек сынды ел басқарған билер қолдайды да, мол шығынды ауырсынған байлар қолдамайды. Ел аузында Әйтеке би айтқан билік, шешендік сӛздер, толғаулар мен баталар, ол туралы аңыз-әңгімелер, жырлар кӛп сақталған. Соның бірі – «Әйтеке би» атты ұзақ дастан. Әйтеке би 1700 жылы Ӛзбекстанның Нұрата ауданы Сейітқұл қорымында қайтыс болады. Ақтӛбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір «Әйтеке ауданы» деп аталады. А.Мұсабекова ҚАБАНБАЙ БАТЫР (1692 – 1770) Тұлғаны заман шығарады. Әрі сол уақытына сай қалыптастырады. Адам қабілеті қоғам қажетсінген күрделі жағдайды шешуге бейімделеді. Бұл ӛз кезеңінің тұлғаға жүктер міндеті. Жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы халқымыздан батырларды кӛп шығарды. Тіпті сол шақтағы қазақ жұртын бүтіндей батырлардан тұрады деуге де болғандай. Әлбетте, сол кӛп батырдың ішінде де дарасы, батырларға да батырлықтың ӛнегесін кӛрсететіндері болады. Сондай дарабоз батыр – Қабанбай. Халықта Қаракерей Қабанбай атанған – Ерасыл Қожақұлы жеке батырлықтан қолбасшылыққа дейін жеткен, ел сыйлап, жұрт сенген, қайратына халық сүйінген кісі болған. Батыр, батыр болғанда да ештеңеден ықпайтын нағыз батыр болыпты. Замандасы Шақшақ Жәнібектен Қарақыпшақ Ерназар батыр: - Ӛзіңіз білетінде кімнің ерлігін ерен деп санайсыз? – деп сұрапты. Сонда Жәнібек: - Ӛткендегі, бергідегі қазақта Қабанбайдан артық батыр болған емес. Қабанбай – әруақты батыр. Бір ӛзі келе жатқанда екпінінен 400500 адамның дүмпуі білінетін. Қабанбай қаранӛпір жауға тиіскенде, кірген жағы – есік, шыққан жағы – жол болып қалушы еді, - депті. Қаракерей Қабанбай батыр туралы халық әдебиетінде сол заманнан бері талай ақын жырлаған толғау, дастан, ӛлеңдер аз емес. Ғылыми зерттеу жазба әдебиеттен де ӛз орнын алған тұлға. Батырдың тұтастай толық бейнесі жасалған шығарма – Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романы. Астана қаласы іргесінде батырға арналып салынған кешенді ескерткіш тарихи-мәдени орындардың біріне айналып отыр. С.Шүкірұлы
75
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1693 – 1748) Әбілқайыр – қазақ халқының тарихына тұтастай үлесі бар тұлға 1710-1748 жылдары кіші жүздің ханы болған. Оның ғұмыр кешкен кезеңі Қазақ хандығының бірлігі әлсіреп, үш жүздің және рулардың да хан-сұлтандары ӛз беттерінше болмақ пейілге бойұрған тұсы еді. Осыны пайдаланған Еділ қалмақтары мен жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, елді Ақтабан шұбырындыға ұшыратты. Ресей мен Қытайдың да пейілдері оң болмады. Мұндай жағдайда орталықтандырылған біртұтас билік, берік бірлік, қатаң тәртіп қажет еді. Ең бастысы қабілетті, табанды ел басшысы керек-ті. Бірақ бақталастық пен тақталастық, алауыздық ол билікті мықтыға емес, әлсізге жығып берді. 1715 жылы әз Тәуке дүние салғаннан кейін, Әбілқайыр да үлкен хандыққа – қазақ хандығына үміткер болғанымен, мұрагерлік жолы бойынша хандыққа Болат сайланады. Әбілқайыр батыр, басшылық жасауға қабілетті кісі болған. Соғыста әдіс-айла, тапқырлық таныта білген. Оны кіші жүз хандығына да, қазақ жасағының қолбасшылығына да жеткізген осы қабілеттері. Оның қолбасшылық қабілеті, әсіресе 1726-1730 жылдар аралығындағы жоңғарларға қарсы Отан соғысында айрықша кӛрінеді. Әбілқайыр ханның ӛмірі ауыр тартыста ӛткен. Ол туралы әлі күнге дейін қайшылықты пікірлер айтылуда. Оның кӛркем әдебиеттегі бейнесі Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романында, Т.Ахтановтың «Ант» спектаклінде жасалған. Әбілқайыр ханды ӛз замандастары тұсында да, кейін де «орысқа қарады» деп кінәлаушылық орын алып келеді. Алайда сол заманда кӛреген кісіге халықты жан-жақтан тӛнген қауіптен, мүлде ыдырап кетуден сақтаудың Ресейге арқа сүйеуден басқа жолы жоқ-ты. Бұл кейін орта жүздің де, ұлы жүздің де билеушілерінің мойындап қол қойған шындығы еді. Әлбетте Ресей империясының да соған жалғасқан Кеңестік одақтың пайдасымен бірге, ұлттық мүддеде зардапты жағдайлары болғаны мәлім. Алайда, мойындауымыз керек, қалай десек те қазақтың XVIII-XX ғасырлардағы зұлматтардан ұлттығын сақтап, тілін, ділін, салт-санасын мүлде жойып алмай, негізінің аман шығып, бүгінгідей тәуелсіз елге айналып, іргелі мемлекет болып отыруында ол таңдаудың «Алыс та болса жақын жол» болғанын кӛреміз. Әбілқайыр ханға барып қайтқан сапары туралы М.Тевкелев Ресей сыртқы істер алқасына жазған 1731 жылғы мәлімхатында: «Әбілқайыр хан: «бүкіл қазақ ордасы бодандыққа қарсы болып, мені ӛлтіремін десе де, мен алған бетімнен қайтпаймын», - деді», - деп жазған. Осы саясатын сылтау еткен бақталастары оған кӛп қиындықтар мен қиянаттар жасаған. Әбілқайыр хан ақырында ӛштесіп, кектескен Барақ 76
сұлтанның жолын тосып, қапыда жасаған жасақты шабуылында мерт болады. Салт бойынша әуелде ажалы жеткен жерге жерленген. Оқиға 1748 жылы Қабырға мен Ӛлкейік ӛзендерінің құйылысы – Аша деген тұста, қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданы мен Ақтӛбе облысының Жабасақ аталатын жерінің түйісінде болған. Бұл жер кейінде Хан, Хан моласы деп аталып кеткен. Мұнда адамдар жеке-жеке ақ жауып, аруланып жерленбеген сыңайлы. Дара бейіт емес, қарасанына қарағанда бестен – оннан, кейбірі тіпті одан да кӛптен болар, руруымен, киім-кешегімен жерленген болса керек. Бейіттер үлкенді-кішілі тӛбе-тӛбе болып жатыр. Жалғыз-ақ дара тұрғаны – Әбілқайыр ханның алғашқы бейіті болған қорымның орта тұсындағы кесектен қаланған құлаған белгінің орны. Кейін Хан сүйегі бұл жерден алынып, басқа жерге жерленген. С.Шүкірұлы ЖӘНІБЕК ТАРХАН (1693 – 1752) Заманның зауалды шақтарында елге ес болатын, тізгінді берік ұстап, не қиындықтан болса да тайсалмай, алға шығатын тұлғалар болады. Кӛп пенде ақылдылығынан емес, менмендік, іштарлық, байлық, ӛзімшілдің кернеуімен билікке ұмтылады. Алайда билікке жеткенімен, ел билеп жетістіре алмайды. Бас пайдадан басқаны ойламайтын ондайлардың халықты сорлатқаннан басқа бітірері жоқ, елді-жұртты ұшпаққа жеткізу орнына, сорға батыратынына тарихта дәлел аз емес. Ал ел деп туған ерлер болса, билік пен байлыққа ӛкпектемей, ерлікке, ел намысын қорғауға ұмтылып, халық келешегін ойлауды мұрат тұтқан. Қазақтың сондай бір кісісі – Жәнібек, Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек Тархан. 1693-1752 жылдары ӛмір сүрген тұлғаның тұсы қазақ халқының аса бір ауыр шағы, «Ақтабан - шұбырынды, Алқакӛл сұлама» аталған жоңғар-қалмақ басқыншылығына қарсы Отан соғысы жүріп жатқан заман-ды. Елді азат ету, халықты сақтау, жерді ұстау – жан пидалыққа дейін баруға теңелген кез-ді. Ерлік те керек еді, соған қоса ақыл-айла мен табандылық та қажет-ті. Осының бәрі бойынан да, ойынан да табылған кісінің бірі – Шақшақ Жәнібек болды. 16 жасында қатардағы сарбаз болып соғысқа кіріп, 17 жасында жекпе-жекке шығып, содан былай шешуші сәтте жоңғардың айтулы батырларымен ылғи жекпе-жекке шығып, жеңісті болып Алғадай атанған батыр Жәнібек қол бастауға дейін жеткен. Тәуке ханның қолынан бастап батыр-хандар Әбілқайыр, Абылайларға серік те, ақылшы да бола білген, ел билігінің ішкі де, сыртқы да саясатында ӛз орны болған тұлға. 77
«Генералы Казахстана» деген ҚР генералдар кеңесі қоғамдық бірлестігі шығарған кітапта (Алматы - 2006): «Указ императрицы Элизаветты Петровны о присвоений звания Тархана Жаныбек батыру был опубликован второго июля 1743 года: Батыра Жаныбека следует считать первым, признанным соседними народами, военным главнокомандующим казахского происхождения», - дейді. Осы кітапта А.И.Левшиннің 1723 жылы: – «Не будь Жаныбека, вся Северная часть казахской степи очутилась бы под копытами войска Сыбана Раптана», - деген сӛзі де берілген. (үзінділер 18 бетте). Ал, 1742 жылы Орынбор комиссиясының бастығы И.Неплюев Сыртқы істер алқасына мәлімхатында: «Ол ықпалы мен беделі жағынан халық арасында хандар мен сұлтандардан кем саналмайды. Хан немесе Сұлтан тұқымынан болмаса да, Жәнібек ӛте ақылды, ӛзін басқа ел ағаларынан артық санайды», - деп жазған. («Абылай хан» ӛмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. Астана-2005. 128-129 беттер). Шақшақ Жәнібек Тархан туралы В.Вартольд, И.Крафт, И.Рычковтар да бағалы пікірлер айтқан. Шоқан, Ахмет Байтұрсынұлы, Абай тӛңірегіндегі ақындар да шығармаларына қосқан. Ал сол заманның куәсі Бұқар жырау: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бӛгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек – Ормандай кӛп Орта жүз, Содан шыққан тӛрт тірек, - десе, Тәтіқара ақын: Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы – болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда, - деп бағалаған. Кӛне жазбаларда Шақшақ Жәнібекке қатысты мұндай деректер жеткілікті. Дастандар да бар. Бүгінгі сӛз емес, ӛз уақыты және сол заманның табы басылмаған шақта хатқа түскен сӛздер құр мақтан емес, тарихи шындық, ер еңбегіне берілген әділ баға. Бергі заман қабырғалы шығармасы Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» және «Үркер» романында да Шақшақ Жәнібектің қайраткерлігі келісті бейнеленген. Тәуелсіздіктен бері де шыққан еңбектер бар. Шақшақ Жәнібек батыр – ұлт тарихында ӛз орны бар тұлға. С.Шүкірұлы 78
РАЙЫМБЕК (1705 – 1785) Райымбек – елін, жерін жоңғар шапқыншыларынан азат етуде кӛрсеткен батырлығы мен ерлік істері аңызға айналған тұлғалардың бірі. Оның жасаған ерліктері халық жадында жатталып, ауыздан ауызға кӛшіп, ұрпақтан ұрапққа ауысып, қазақтың қас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бӛгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай секілді ғасырлар бойы есімі ерекше аталып келеді. Айтушылардың бүгінге жеткізген әңгімелеріне қарағанда, Райымбектің нағашысы Жалайыр Орақ батыр болса керек. Ал ӛз әкесі Түкенің батырлығы болмағанмен атасы, яғни Түкенің әкесі Қангелді әйгілі батыр, ел басшыларының бірі болған. Осы тұрғыдан келгенде Рйымбекке батырлық ӛз атасынан да, нағашы жағынан да дарыған. Райымбектің жас кезінен-ақ кӛріне бастаған болашақ батырға тән ерекше іс-әрекеті мен әулиелік қасиетін сипаттайтын аңызбен аттасқан әңгімелердің бір парасы мынадай: Райымбек үш жасында ат басын алып жүреді, бес жасқа келгенде ӛзі ат ұстап мініп, жылқы айдайды. Жеті жасында жігіт ретінде жылқы бағуға жарайды. Болашақ батыр жеті жасқа келгенде нағашы атасы бір кӛк тай, садақ, айбалта, қылыш, найза, қалқан, сауыт, болат семсер даярлап алып келіп, Қангелді батырға тапсырады. «Менің жиенім Райымбек ӛсіп жігіт болады, ел қорғау үшін жорыққа аттанады. Сонда мінетін аты, асынатын құралдары» депті. Сол сәттен бастап Райымбек кӛк тайды иемденіп, оны ӛзі айтқанын ұқтыруға, түрлі жағдайға икемдеп дағдыландырып үйрете бастайды. Ӛзі он бес жастан асқанша садақ тарту, қылыш шабу, атпен ойнау әдістерін, суда атпен жүзу, жеке ӛзі суға сүңгіп малып ӛту әдістерін меңгереді. Жастайынан дағдыланып, әбден бойына сіңірген бұл қасиеттер кейін жорықтарда жеңіске жетуіне зор мүмкіндік туғызады. Ержүрек батылдығы мен соғыста жеңіске жетудің түрлі амал, айла-тәсілдерді қолдана білумен ұштасқан іс-әрекеті Райымбекті ерекше даңққа бӛлеп, аты аңызға айналады. «Іле ӛзені қақ жарылып жол беріпті» деген аңызбен астасқан әулиелік қасиеті дәріптеледі. Райымбектің әулиелігі жайында айтылатын мына бір аңыз соның дәлелі: «Менің ӛлігімнің ӛзі бір қазан, ошақ», - дейді екен тірісінде батыр баба: «Мен ӛлгенде денемді түйеге артып жүріңдер. Түйе шӛккен жерді қазып жерлеңдер. Сол жерден бір қазан, ошақ шығады» дейді. Шындығында батырдың айтқанын орындап, түйе шӛккен жер қазылғанда қазан мен ошақ шығыпты дейді аңыз желісі. Ол жер қазір Алматы қаласындағы Райымбек батырдың есімімен аталатын даңғылдың бойы. Батыр жерленген жерде шӛккен түйе мүсіні қоса салынған үлкен ескеркіш тұрғызылған. Халықтың құран оқып, тәу ететін қасиетті орынның бірі 79
саналады. Алматы облысында бір аудан, Астанада бір мектеп Райымбектің атымен аталады. Белгілі жазушы Жолдасбай Тұрлыбаевтың батыр баба ӛмірі мен ерлік ісін арқау еткен екі кітаптан тұратын «Райымбек» романы жарық кӛрді. Оның алғашқы томы қазақтың ӛткен ғасырлардағы батырларын ашық дәріптеуге болмайтын кеңес ӛкіметі тұсында 1987 жылы «Тамыз таңы» деп аты ӛзгертіліп шыққан. Бұл тарихи батырлар жеке кейіпкер етіп алынған қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман еді. Қ.Алпысбаев АБЫЛАЙ ХАН (1711 – 1781) Абылай хан – аса кӛрнекті мемлекет қайраткері, әйгілі қолбасшы, ірі тұлға. 1711 жылы Шыңғыс хан әулеті Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Оның шын аты – Әбілмансұр. Қалмақтармен соғыстарда кӛрсеткен ерлігі үшін халық оны Абылай деп атаған. 1771 жылы Әбілмәмбет хан қайтыс болғаннан кейін Абылай хан болды. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарады. Зерделі саясаткер, білімді дипломат, дарынды қолбасшы болды. Оның кӛздеген мақсаты – мемлекетті нығайту, қазақ халқын аман сақтап қалу. Ол дұшпандардан қорғану үшін үш жүздің басын біріктірді. Абылайдың алыстан болжағыш қасиеті ерекше еді. Ол біртұтас қазақ мемлекетін құрды. Кӛрші елдермен экономикалық, саяси байланысты да нығайтудың қажет екенін білді. 1743 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір тудың астына бірігіп, Абылайды ресми түрде Қазақ ханы етіп сайлайды. Абылай Қазақ мемлекетін нығайту мен оның тәуелсіздігін сақтау жолында кӛп еңбек сіңірді. Ол билік құрған жылдары алғаш рет қазақтар мен қалмақтар арасында бейбіт келісім жасалды, Ресеймен, Қытаймен тату қарым-қатынас орнатылды. 1752 жылы жоңғар басшысы Лама Доржы қазақ жеріне шабуыл жасағанда, Абылай хан бастаған қазақ әскері оларға ойсырата тойтарыс береді. Кезекті шабуылдан соң соғыстың айла-тәсілдерін жетік білетін Абылай ӛзінің бес жүз таңдаулы жауынгерлерін жібереді. Лама Доржыны тұтқындап, дарға асады. Абылай хан жоңғарларды жеңіп, Қытай және Ресеймен терезесі тең мемлекет орнатуды кӛздеді. Осы мақсатта ол Қабанбай, Бӛгенбай, Ӛтеген сынды батырлармен қалмақтарға шабуылды күшейте түсті. 200 80
жылға созылған ойраттар мен қазақтар арасындағы сұрапыл соғыста қазақ халқы жеңіске жетті. Бұл жеңіс кӛршілес Қытай мен Ресей үшін қолайсыз болып, 1756 жылы Қазақ хандығы мен Қытай мемлекеті арасында соғыс ӛрті тұтанды, ол 1757 жылға дейін созылды. Бұл қақтығыс та Абылай ханның арқасында бейбіт жолмен шешілді. 1763-1770 жылдары Абылай хан қырғыз ұлысына қарсы жорыққа шығып, жеңіске жетеді. 1771 жылы Еділ қалмақтарын басып алады. Абылай хан ел билеген кезде қазақ халқының рухы кӛтеріліп, мерейі үстем болды. Л.Серғазы КЕНЕСАРЫ (1802 – 1847) Ата тегі жағынан Кенесары – Шыңғыс ханның 27-ші ұрпағы, әйгілі Абылай ханның немересі. Сондай-ақ Ресей патшалығы ӛзінің отаршылдық идеясын түбегейлі орнықтыру үшін қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан хандық басқару жүйесін жойып, жалпыресейлік басқару жүйесін енгізуді кӛздеген іс-әрекеттерінен кейін үш жүздің ӛкілдерінің жиынында халық қолдауымен сайланған (1841) қазақтың соңғы ханы. Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрестің ең жойқын үлгісін кӛрсеткен қолбасшы, ұйымдастырушы, батыр, саясаткер ретінде Кенесары халық жүрегіне берік ұялады. Ол қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқару, басын біріктіру жолында сұңғыла саясатшы бола білді, жанын пида етті. Оның ұлтазаттық кӛтерілістің кӛсемі ретінде жасаған ерліктері, соғыс тактикасы, ұйымдастыру қабілеті жалпақ жұртқа аңыз болып тарады, тарихи құжаттарда да сақталды. Кешегі тоталитарлық жүйедегі шовинизм жайлаған дәуірде Кенесары туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Оның патша саясатына, отарлық езгіге қарсы күресі орысқа қарсы әрекет болып есептелді. Бірақ соған қарамай Кенесарының ӛз ұлтының, халқының бостандық алуын кӛздеген прогресшіл идеясын жете түсінген М.Әуезов ХХ ғасырдың 30 жылдары «Хан Кене» атты пьеса, сәл кейінірек Е.Бекмаханов Кенесары кӛтерілісі туралы зерттеу еңбегін жазды. Алайда бұл еңбектерге ӛкімет тарапынан тыйым салынып, авторлары жазаланды. Кейінгі жылымық жылдары, яғни 1960 жылдардың аяғында І.Есенберлин ғана бұл тақырыпқа қайта оралып, «Қаһар» атты роман жазды. Халықтың тарихи санасын қайта жаңғыртуда І.Есенберлин романының рӛлі ерекше болды. Ӛз тарихын ұмыта бастаған халық «Қаһар» романын ерекше сүйіспеншілікпен оқып, қолдан-қолға тигізбей 81
әкетті. Осы кітап арқылы халық санасының оянуының бір дәлелі – 1986 жылғы желтоқсандағы мемлекет басынан ұлттық кӛсемін іздеген қазақ жастарының кӛтерілісі. Туған халқының бостандығы үшін күрес жолында бар жігерқайратын жұмсаған Кенесары патша әкімшілігімен ауыз жаласқан қырғыз манаптарының қанды қолынан қаза тапты. Тәуелсіз мемлекет болуымыздың нәтижесінде Кенесары рухы қайта жаңғырып, ұлағатты істері тағылым ретінде дәріптелу үстінде. Кезінде ӛзі басқарған кӛтеріліс барысында азат етілген Қараӛткелде, бүгінгі Елордамыз Астана қаласында ұлттық рухқа оранған ескерткіші орнатылды. Қ.Алпысбаев МАХАМБЕТ ӚТЕМІСҦЛЫ (1803 – 1845) Он тоғызыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінде жыраулық поэзияны одан әрі дамытып, ӛзінің жарық жырлары арқылы жауынгерлік ӛлең үлгісін биік сатыға кӛтерген бірден-бір ақын – Махамбет Ӛтемісұлы. Ол 1830 жылдарда Қазақстанның батыс ӛлкесіндегі Исатай бастаған кӛтерілістің басшыларының бірі әрі басты насихатшысы болды. Исатай батырдың сенімді серігі, халықты оның тӛңірегіне топтастыра білген идеолог ретінде Махамбет ел билеушілеріне, олар арқылы отарлыққа қарсы батыл іс-әрекеттерге барды. Ақын ӛлеңдерінде кӛтерілістің мақсат-міндеттері де, себеп-салдары да айқын кӛрініс табады. Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім, деп асқақ арманын білдірсе, оны орындау үшін бас кедергі хандар билігін жою сияқты тағы бір мақсат туындайтыны да Махамбет ӛлеңінің негізгі объектісіне айналады. Еңсесі биік ақ орда, Еріксіз кірсем деп едім Керегесін кескілеп, Орын етсем деп едім Туырлығын кескілеп, Тоқым етсем деп едім Тақта отырған хандардың Тӛрде отырған ханымын Қатын етсем деп едім, деп мақсат тұғырын толғайтын жыр тӛгеді. 82
Мұның бәрін жүзеге асыру үшін ерлердің алдында қандай міндет тұрғанын да Махамбет қағида түрінде қалыптастырып қадап айтқан: Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын тӛске алмай, Тебінгі терге шірімей, Терлігі майға ерімей Алты малта ас болмай, Ӛзіңнен туған жас бала Сақалы шығып жат болмай, Ат үстінде күн кӛрмей, Ашаршылық шӛл кӛрмей Ӛзі талып ет жемей Ер тӛсектей безінбей, Ұлы түске ұрынбай Түн қатып жүріп, түс қашпай, Тебінгі теріс тағынбай Темір қазық жастанбай Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!! – деген жолдары тек батырларды ғана емес, ӛзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық алдындағы міндетін айқындап тұр. Махамбет ӛлеңдері – кӛтеріліс шежіресі, халық мұңының кӛрінісі. Махамбет тұлғасы азаттық жолындағы күрес басшыларының бірі ретінде азаматтық тарихымызда да, сӛз ӛнерінің асқақ ӛкілі ретінде әдебиет тарихында да ӛзіне дейінгілерге де, кейінгілерге де ұқсамайтын қасиетімен ерекшеленеді. Қ.Алпысбаев ҚҦРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҦЛЫ (1818 – 1889) Күй ӛнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлы қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ұлы тұлға. Ол – әрі күйші сазгер, әрі дүлдүл домбырашы. Күйшілік ӛнерді ерекше сатыға кӛтерген ол ұлттық аспаптық музыканы әлемдік классикалық туындылармен тайталаса алатын дәрежеге жеткізе білді. Оның шығармалары арқылы қазақтың күй ӛнері жаңа деңгейде дамып, шыңдала түссе, шәкірттері арқылы домбырашылық шеберлігі жалғастық тапты. Бұрын басқа домбырашыларда байқалмаған орындаушылық шеберлік Құрманғазы 83
күйлерінің ерекшелігін айқындап, жаңа леп, соны тәсіл әкелді. Оның күйлерінде ӛз заманының болмысын сипаттайтын тарихи мазмұн да, терең ойға жетелейтін саздылық та толы. Күйшінің «Аман бол, шешем, аман бол», «Кішкентай», «Ақбай», «Тӛремұрат», «Байжұма», «Назым», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешен», «Перовский марш», «Қызыл қайың», «Кӛбік шашқан» т.б. күйлері нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, әрқайсысының тарихи негізі бар туындылар. Мысалы, «Кішкентай», «Кӛбік шашқан» атты күйлері Исатай-Махамбет кӛтерілісіне арналса, «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың» т.б. күйлер сазгердің ӛз ӛміріне қатысты туған, патша үкіметі, билік иелері тарапынан кӛрген қуғын-сүргінге байланысты шыққан. Құрманғазы күйлері түрлі тақырыпты қамти отырып тыңдаушысын ерекше әсерге бӛлейді. Бойға жігер, кӛңілге шаттық ұялатады. Оның «Бас Ақжелең», «Ұзақ Ақжелең», «Серпер», «Алатау» тәрізді күйлері ӛзге халықтың симфониялық шығармаларынан бірде кем емес ұлттық мұра болып қалды. Құрманғазы алғашқы кезде Ұзақ күйшіден, кейін Байжұма, Баламайсан, Есжан, Шиіркеш тәрізді күйшілерден білім алып, ұстаз тұтса, ӛзі де күйшілік ӛнерде ӛзіндік мектеп қалыптастырған ұлы ұстазға айналды. Сазгер ретінде артына қалдырған мол мұрасы арқылы сан ұрпаққа рухани тәрбие беріп, халық рухын кӛтеруге қызмет етіп келеді. Алматыдағы ұлттық консерваторияға және бір кӛшеге Құрманғазы есімі берілген. Сондай-ақ Ахмет Жұбанов 1934 жылы ұйымдастырған қазақтың тұңғыш академиялық ұлт аспаптар оркестрі, Атырау облысындағы бір аудан Құрманғазы атымен аталады. Құрманғазының зираты Ресейдің Астрахань облысында жатыр. Қ.Алпысбаев ШОҚАН УӘЛИХАНОВ (1835 – 1865) Сауатын мұсылман мектебінде ашып, артынан орысша оқыған, 1847-1853 жылдар Омбыдағы Кадет корпусында білім алған Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов – әскери шенді қызметкер болғанына қарамастан тарихта артына мол мұра қалдырған ағартушы ғалым ретінде бағаланатын оқшау тұлға. Шоқан қазақ сахарасындағы ақсүйектер отбасынан шыққан. Ол атақты Абылай ханның тікелей ұрпағы. Кадет корпусында оқуға қол жеткізе алуының негізі осында. Жаратылысынан қабілетті, тума талант Шоқан кадет корпусындағы негізгі мамандыққа қатысты әскери сабақтармен қатар жағрапия, тарих, 84
батыс, орыс әдебиеттері мен философия, физика мен математика, шетел тілі тәрізді пәндерді де бар ынтасымен оқып, ерекше меңгереді. Ӛзінің ізденгіштігінің, зеректігінің нәтижесінде азаматтық позициясы тез қалыптасып жетілген Шоқанды қараңғылыққа шырмалған, езгіде отырған туған халқының тағдыры ерекше толғандырады. Сондықтан қызметтік тапсырманы орындай жүріп ел тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне қатысты құнды мәліметтерге мән береді. Қызмет бабына орай қазақ даласының кӛп жерін аралағанда, Ыстықкӛлге саяхат жасағанда, Қытайдың Құлжа, Қашқар қалаларына сапар шеккенде халық мұрасының үлгілерін қағазға түсірген. Шоқан қырғыз еліне, Ыстықкӛл аймағына саяхатқа шыққанда, Омбыдан бастап жол-жӛнекей Семей, Аягӛз, Ақсу, Қапал, Шелек, Қарқара жерлерін мекендеген қазақ елінің бай тарихи-мәдени мұраларына, этнографиясына назар аударады, мүмкіндігінше жазып алады. Қырғыздың «Манас» эпосының «Кӛкетай ханның асы» атты тарауын тұңғыш рет қағазға түсіреді. Ыстықкӛл сапарының нәтижесінде «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкӛл сапарының күнделіктері», «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» атты еңбектерін жазады. Құлжа, Қашқарға сапары негізінде «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Жоңғария очерктері» атты еңбектері сол дәуір үшін Ресей ғылымында аса маңызды жаңалық, құнды зерттеу болып табылды. Ӛзінің бар білімін туған халқын оятуға арнаған, ағартушылық жолмен ӛркениетке жеткізуді кӛздеген ұлы ғалым отыз-ақ жыл ӛмір сүріп, 1865 жылы Алтынемел асуының маңында дүниеден озды. Зираты сол жерде. Қ.Алпысбаев ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841 – 1889) Ұлттың ғылым-білімге кӛзін ашқан екі данасы, рухани тұлға тұтып ұлықтар екі ұстазы бар. Олар – Ыбырай мен Ахмет. Бірі – кирилше, яғни орыс әліпбиі бойынша бала оқытуды бастап, ұлттық мектеп тәрбиесінің негізін салушы Ыбырай Алтынсарин де, екіншісі – араб қаріптері бойынша, исі түркі жұртының жаңа әліпбилеріне негіз болған қазақ жазуын дүниеге әкеліп, қазақ-түркі тіл білімінің тұжырымдарын жасап, түркі тілтануының атасы атанған Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ қана емес, еңбектеріне ӛзге жұрттар да бас иген ұлтымыздың бұл екі тұлғасын бүгінгі ұрпақтың да, келер ұрпақтың да қастерлеуі парыз. 85
Кӛне сӛзде ең сауапты іс – кісіге хат таныту болып саналады екен. Сондықтан да «Бір әріп үйреткенге қырық күн сәлем бер» деген. Ал, бұл екі ғұлама – әріп қана емес, күллі ғылым-біліміміздің, XIX-XX ғасырлардағы оқу-тәрбиеміздің негіздерін жасап, қабырғаларын қалап бергендер. Бүкіл славян әлемі ӛз алфавиттерінің негізін салған Кирилл мен Мифодийді ерекше құрметтейді. Қаншама заманнан бері, саясат қалай ӛзгерсе де, олар жасаған алфавит қаншалықты жетілдірілсе де, аттарына кіршік жуытпай, дақ салдырмай аялап келеді. Олардың есімдері қасиетті әулиелер санатында. Жыл сайын құрметпен атайды, әрқилы мерекелік шаралар жасап, ғылыми мәслихаттар ӛткізеді. Олар орыс әріптерін ӛздері жоқтан ойлап тапқан жоқ. Басқаның кӛне жазуынан алып, бейімдеді. Осыдан басқа олардың ешбір еңбегі жоқ. Ал біздің қос ұстазымыз қаншама мұра қалдырды, қаншама нұсқалар жасап берді. Бұл істе Ыбырай Алтынсарин – алғашқы ізашар тұлға. «Ӛнер білім бар жұрттар» кӛш бойы ғана емес, дәуірлік уақытқа озып кетіп, дәуірлеп тұрған шақта, жүрегінде қастерлі істің қасиетті оты жанған Ыбырайдың алдында, қазақты салбӛкселіктен сергітіп, самарқаулықтан серілту, білім қақпасының есігін аштырып, күнкӛрерлік кәсіпке баулу мұраты тұрды. Ыбырайдың алдында ӛз тілінде оқыту тәжірибесі де, оқу-құралдары да, мұғалімдер де, тіпті мектептің ӛзі де жоқ еді. Оған сол жоқтың бәрін жасауға, ұйымдастыруға, табуға – жоқтан бар жасауға тура келді. Ыбырай – оқу-ағарту ісінің үлкен ұйымдастырушысы, қоғамдық қайраткер бола жүріп сол мақсатқа бар ӛнерін, бар қабілетін орайлы пайдалана да білген адам. Ол болайын деп емес, болатын ешкім болмаған соң, еріксіз ӛнер ӛресіне де қол созған. Ағартушы-ұстаз қолға алған абзал ісін мақсатқа жеткізу жолында жазушылық, аудармашылық, ақындық, журналшылық, этнографтық, тіпті мәмілегерлік қабілеттерін де барынша пайдалана білген. «Егер пайдалы істі бастамасаң, ешқашан да ештеңе болмақ емес» деп қиын да болса тәуекелге бел буған ұстаз ӛзін ұлылық биігіне кӛтерген үлкен істің алғашқы қадамын Торғай қаласында аттады. Қазақ жерінің қақ ортасында тұрып, ғылым шырағын тұтатып, білімге шақырған дала қоңырауын қақты. Бұл 1864 жылдың 8 қаңтары еді. Бұл оның Торғай қаласында Орынбор бекінісі комендантында аудармашы бола жүріп, жергілікті тұрғындардан қаржы жинап, мектеп құрылысын да ӛзі басқарып, тӛрт жыл бойы дамыл таппай, тағатсыздана күткен арманды күні болатын. Содан Торғай облыстық мектептер инспекторы дәрежесіне дейін кӛтерілген ол ұлан-ғайыр ӛңірде (қазіргі Қостанай, Ақтӛбе, Ресейдің Орынбор, Қорған, Челябі облыстарын қамтиды) жаңа оқу орындарын ашу жолындағы үлкен ұйымдастыру жұмыстарына қызу кірісіп кетті. 86
Ыбырай Алтынсариннің елі үшін жасаған еңбегі ұлт есінде мәңгі қалмақ. Оның есімімен ӛзі іргесін қалаған Торғай қазақ орта мектебі, Арқалық педагогикалық институты, Алматыдағы педогогикалық академия, ауыл, аудан, бірнеше қалалардағы кӛшелер аталады. Ескерткіштер мен мұражайлар бар. Ыбырай шығармалары әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Кӛптеген шығармалары қазақ әдебиетінің тозбас қазынасына жатады. Әсіресе «Қазақ хрестоматиясы» – ұлттық мектеп оқулықтарының бастауы, сыныпты үлгісі болып табылады. «Кел, балалар, оқылық» атты ӛлеңі күні бүгінге дейін мектеп оқушыларының әнұранындай болып келе жатыр. Ыбырай Алтынсарин туралы Ғафу Қайырбеков «Дала қоңырауы» атты дастан, Жайсаңбек Молдағалиев «Таза бұлақ» атты роман жазды. Оған арналған ӛлеңдер мен әндер, еңбектерінен ғылыми зерттеулер жазылып келеді. С.Шүкірұлы АҚАН СЕРІ ҚОРАМСАҦЛЫ (1843 – 1913) Бұрынғы қазақ ӛнерпаз жігітке жеті ӛнерді де азсынып, шын мәнісінде «Сегіз қырлы бір сырлы», яғни алуан ӛнердің басын қоса білген қабілетті жігітті нағыз жігіт деп санаған. Сондай тума талант, дарындардың бірі һәм бірегейі – халыққа Ақан сері атымен танылған Ақжігіт Қорамсаұлы. Ақын, әнші, сазгер, домбырашы, шешен, атсейіс, бүркітші, аңшы. Сол заман серісіне не ӛнер қажет болса, бәрін білген. Серілік – ел кезген дүрмекті топтың құр дырду желікпе әрекеті емес, ӛз заманының ӛнер мектебі болған. Бір Ақанның ӛзінен қаншама ән қалды. Оның әрқайсысының бір-бір дастандық оқиғалы сыры бар. Ақтоқтыға арнап қаншама ән шығарды. Осы Ақан сері - Ақтоқты оқиғасының желісінде Ғабит Мүсірепов пьеса жазды. Бұл спектакль 1942 жылдан бері республикалық және облыстық театрларда, аудандық халық театрларында тұрақты қойылуда. Сыдық Мұхаметжанов пен Ғабит Мүсірепов жазған «Ақан сері - Ақтоқты» операсы 1982 жылдан Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылып келеді. «Құлагер» әні негізінде, әннің туу оқиғасына құрылған Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы толқытпай, толғантпай қоймайды. Осы негізде түрлі қайшылықты пікір туғызған кино да бар. «Балқадиша» әнінің оқиғасы бойынша Серік Тұрғынбекұлы «Ақан сері Балқадиша» атты дастан жазды. Сәкен сері Жүнісов алғысӛзін жазып, тұсауын кескен бұл дастанды оқырман қауым жылы қабылдады. Ал Ақан сері ӛмірін тұтастай қамтыған Сәкен сері Жүнісовтың «Ақан сері» романы қазақ ӛмірінің бір дәуірлік шежіресіндей: салт-сана, әдет-ғұрып, ел тұрмысы, ӛнердің небір түрі, тебіреністі оқиғалар кестелі 87
тілмен кӛркем баяндалған. Сӛздің, ұғым-танымның естен шығып бара жатқан небірінің мән-мағынасын білесіз. Ӛнерлі ӛнерді ӛсіреді, ӛнер ӛнерді ӛрістетеді. Ақан серінің әндерін орындауда Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыныв, К.Мыржықбаевтай әншілер, спектакльде басты кейіпкерлерді бейнелеген Ш.Айманов, Ш.Жандарбеков, Қ.Бадыров, Е.Ӛмірзақов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Қармысов, Р.Қойшыбаева, Ы.Ноғайбаев, М.Сүртібаев, Ш.Мусиндердей әртістер кӛпшілік құрметіне бӛленді. Ақан серінің ел аузындағы әңгімелері де бір пара. «Баспа-бас қызға бермес» Құлагері опат болғанда Науан Хазірет: - Біздің үйден дәм татып барып кетуің керек еді, кәдік содан болды, - депті. Сонда Ақан: - Е, Хазіретғали торға түскенде, дүлділі орға түскенде де сіздің үйден дәм татпаған ба екен? – депті. Иә, ұшқыр ойлы Сері сӛзден қапы кетпеген шешен де болыпты. Тұтқиылдан тап бергенді шалт сӛзімен тойтара да білген, сӛз есесін жібермеген кісі екен. Ӛнер қуған ӛрелі жасқа Ақан ӛнегесі аз емес. С.Шүкірұлы АБАЙ (1845 – 1904) Болашақ ӛзі білер, ал бүгінге дейінгі ақындықта, ӛлеңші-ақын емес, ойшыл ақындықта Абайдан астым деп тасырлық қылған пенде болмаған шығар. Бұл ақындықтың небір шыңына кӛтерілген, биігінде жүрген ұлт ақындарын тӛмендетпес деймін. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегендей, әр ақынның ешкім таласпас ӛз биігі, қазақ ӛлеңіндегі ӛз орны бар. Олардың орнын Абай алмайды, Абайдың орнын олар алмайды. Бұл Алатаудың бір-біріне қосылмас, алайда тұғыры бір шыңдарындай ақиқат. Дегенмен Хан-Тәңірі шыңының орны бӛлек. Семейдің Шыңғыстауынан Алатаудың сол биігіне кӛтерілген ақын – Абай. Заманында Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған Абай сол Ресейге қараған патшалық заманда да, кешегі ә дегенде бай нәсілді деп ат-тондарын ала қашып, соңынан Абайдан асқан ақын жоқ деп мойындаған кеңестік заманда да, бүгінгі Тәуелсіз Қазақ елі тұсында да Абай ақын дара келеді. Абайдың атын, оның ақындығын халқы, ұлтым деген білімпаз зиялылар қорғап келеді. Абайдың аты, атағы, ақындығы Абайдың ӛзіне емес, ұлтына, жұртына керек. Ақындықта, ақындық арқылы айтылған даналық ойда, ғибратты сӛзде Абайға жүгінудің мәнісі осында. 88
Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бӛкейхановтың, Мұхтар Әуезовтің, исі Алаш зиялыларының, қазақтың жіктен азат, әділмін деген игі жақсылары Абайға ұйып, тоқталған. Бір Абайдың ӛзі қазақ ӛнерінің қаншама тарауының ӛркендеуіне жол салды. Абай ӛлеңі, Абай қарасӛзі, Абай беріп кеткен ӛнеге мен ақыл-ой – пьеса, опера, кино, роман, сандаған ғылыми еңбектер болып, әлем мәдениетінің санатынан орын алды. Абай Мұхтар Әуезовті дүние жүзі қаламгерлерінің таңдаулы жүздігінің санына қосты. Абай спектакльдері, операсы, киносы, әндері арқылы, Абайға орнатылған ескерткіш, салынған сурет, жазылған ғылыми еңбектер арқасында қаншама ӛнер мен ғылым адамдары даңққа бӛленді. Абай дүниеге келгеннен бергі бір жарым ғасырдан астам кезеңде қоғам неше мәрте ӛзгерді, саясат талай құбылды, соның бәрінде де Абай тұғырынан тапжылмай, қазағымен бірге келеді. Абай XIX ғасырда жасап, XX ғасырға тӛрт-ақ қадам басып, есігінен ғана қарап кеткенімен, ӛткен жүз жылдықтағы ұлттық мәдениетіміздің тұғыры болды. Абайдың ұлылығы осында. Яғни, Абай Мұхтар Әуезовтің таланты арқылы ӛз тұлғасы, ӛз ортасы, ӛз заманы, ӛз ӛре-биігі, ӛз ӛнерімен Қазақ ұлтын әлемге танытуға, сӛйтіп дүниежүзілік мәдениетке үлес қосуға арна бола алды. Мұхтар Абайды терең қабаттан алтын аршып алғандай жарқыратса, Абай да Мұхтарды ұлылық биігіне кӛтерді. «Тіл жүректің айтқанына кӛнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» деп білген Абай – жалғандыққа бармаған шыншыл, ойшыл, ӛлеңді сара сӛзбен кӛмкерген ақын. С.Шүкірұлы МӘШҺҤР ЖҤСІП КӚПЕЕВ (1858 – 1931) Кешегі ХХ ғасырда жетпіс тӛрт жыл ғана ӛмір сүрген Советтік Социалистік Республикалар Одағы деп аталатын мемлекетте, түрі ұлттық, мазмұны социалистік деп аталғанымен ұлы орыстық шовинизммен ұштасқан коммунистік идея басым тоталитарлық жүйеде іс-әрекеті мен шығармашылығында діни кӛзқарас, ұлттық мақсат тәуелсіздікке ұмтылу идеясы бар тұлғалардың есімін ел есінен шығарып, ұмыттыру мақсатында саясат бұғауында ұстап, оқытбай жасырып келгені белгілі. Қазақ халқының осындай перзенттерінің қатарындағы, ХІХ ғасырдың екінші жартысы және ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт білімпаздары мен зиялы топ ӛкілдерінің бірі – Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлы. Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. Ауыл молдасынан бес жасынан оқып, хат таныған ол 1870 жылы 89
Хамаретдин хазіреттің медресесінде, одан кейін Бұхарадағы діни жоғары оқу орнында оқып білім алады. Жасынан ӛнер білімге, әдебиетке құмар болған жас ақын ауыз әдебиеті үлгілерімен жас кезінен танысып халықтық жыр-дастандарды жаттап ӛскен. Мәшһүр Жүсіптің: Айрылдым дәл он бесте ақыл естен, Жабысып бір дауасыз ауру тӛстен, – деген жыр жолдарына қарағанда оның ақындық жолға бой ұруы, алғашқы шығармашылық қадамы он бес жасында басталған. 1875 жылдан бастап ол оқытушы бола жүріп, шығармашылық жұмыспен айналысады. 1907 жылы Қазандағы Құсайыновтар баспасында «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте кӛп жасағандықтан кӛрген бір тамашамыз» атты кітаптарын бастырып шығарады. Ақын «Дала уәлаяты» газеті мен «Айқап» журналында заман ағымына байланысты публицистикалық мақалалар да жариялап тұрды. Ол «Ер Сайын», «Ер Кӛкше», «Кӛрұғлы», «Шара батыр» жырларын, Баяты ақын Шӛже, Шӛже мен Қалдыбай, Жанақ пен Түбек, Жанақ пен Сақау, Күдері мен Ұлбике, Ұлбике мен Жанкелді, Шортанбай мен Орынбай, тағы басқа айтыстарын, Бұқар, Шортанбай, Шӛже, Орынбай тәрізді ақындардың, қазақ ру-тайпаларының шежіресін қағазға түсірді. Ақын ӛзінің қай шығармасында болсын халық кӛкейіндегі толғағы жеткен мәселелерді сӛз етеді. Мысалы, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» дейтін еңбегінде халықтың ӛз жер-суынан айырылып, патшаның отаршылдық бұғауына түскенін ашына жазады. Ол ӛз заманының барлық болмыс-бітімін, бүкіл қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, рухани-мәдени ӛсу деңгейін, кем-кетік тұстарын кеңінен толғайды. Бұл тұрғыда Мәшһүрдің шығармаларындағы ағартушылық сарын оның поэзиясында айрықша кӛрініс табады. Ақынның Шығыс қиссадастандарының, мысал ӛлеңдерінің озық үлгілерін үйрене отырып, еліктеп жазған «Гүлшат – Шеризат», «Шайтанның саудасы», «Ғибратнама», «Баяннама» тағы басқа дастандары мен мысал ӛлеңдері кең тараған. Мәшһүр Жүсіп ӛзінен бұрын ӛмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократиялық үрдіске, ӛркениетке жетуді насихаттайды. Жасынан діни білім алған, Құран - Кәрімді жаттап ӛскен, діни тәлім-тәрбие кӛрген Мәшһүр ӛз шығармаларын жазғанда шариғат ережелерін басшылыққа алып отырған. Осындай кӛп қырлы қаламгер, білімпаз, ағартушының тағылымды істерін ұрпақ санасына сіңірудің орнына қайтыс болған соң артына түсіп, жиырма бір жылдан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінде Мәшһүрдің ұлтшыл буржуазиялық және діншілдік кӛзқарасты 90
әшкерелейтін мақаласы жарияланады. Оған Қазақстан Орталық партия комитеті қаулы шығарып, ақынның моласы талқандалып, баласы Фазыл мектептегі мұғалімдік қызметінен қуылады. Қ.Алпысбаев ӘЛИХАН БӚКЕЙХАН (1870 – 1937) ХХ ғасырдың алғашқы ширегі Ресей аумағында болып жатқан халықтық толқулар мен ӛкіметке наразылықтың, саяси кӛзқарастың ұшқыны шет аймақтағы бодан елдерге де жетіп, ықпал әсері тиіп жатты. Бұл құбылыстан қазақ даласы да тыс қалған жоқ. Отарлық шырмауындағы халықтардың арасынан да Ресейдің ірі қалаларында оқып білім алған, кӛзі ашық кӛкірегі ояу ұлт қамын, ұрпақ болашағын ойлайтын азаматтар шыға бастады. Сондай азаматтың бірі жан-жақты білім иесі, қазақтың басын біріктіріп ерікті ел болуын кӛксеген, сол мақсатқа жету жолында ӛз бойындағы бар қасиетін, ақыл-ойын, ӛнербілімін, жігер-қайратын, бүкіл саналы ӛмірін арнаған қазақтың ұлы перзенті Әлихан Бӛкейхан еді. Ол – ұлтына қамқор болуға бар күшін жұмсаған қазақтың алғашқы оқымысты азаматы. Сан-салалы мамандықты игерген, ұшан теңіз білім иесі Әлиханның кӛкейкесті арманы ұлтының тәуелсіздік алып, ӛз алдына ел болуы, ӛркениет биігіне кӛтерілуі болды. Қоғам қайраткері, экономист, әдебиетші, публицист, аудармашы ретінде ол бар күш жігерін сол мақсат жолына бағыттады. Ұлт мұратына бағытталған саяси кӛзқарасы мен іс-әрекеті жыл ӛткен сайын шыңдала түскен Алаш саяси партиясын құрушы Әлиханды бір мақсат жолында ой біріктірген зиялы қауым ақыры 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақ құрылтайында қазақ автономиясы жарияланып, бір ауыздан тұңғыш Қазақ Автономиялық Республикасының тӛрағасы етіп сайлайды. Алайда 1919-1920 жылдар жаңа кеңес ӛкіметінің жарлығымен Алаш ӛкіметі зорлықпен таратылады. Қазақтың автономиясы мәселесін тұңғыш кӛтеріп, оны іске асырған Әлихан Нұрмұхамедұлы Бӛкейханға 1920-1922 жылдары «буржуазиялық ұлтшыл» деген айдар тағылып, тергеулер жүргізіліп, айлап абақтыда отырады. 1922 жылы Мәскеуге жер аударылып, 1937 жылы халық жауы ретінде атылғанға дейін саяси бақылау аясында жұмыс атқарады. Қ.Алпысбаев
91
КЕЙКІ БАТЫР (1871 – 1923) Патшалық Ресей саясатымен де, кеңестік большевиктікпен де сыйыспаған ержүрек азаматтың бірі – Кейкі батыр. Патшалық Ресейге жиналған кек, наразылықтың сыртқа шығуына себеп болған 1916 жылғы патшаның қазақтан майданның қара жұмысына адам алу туралы жарлығына қарсылық дүмпуі кӛтеріліске айналып, ақбозат шалып, құран ұстап, ант берісіп, Алла деп атқа қонған Торғай кӛтерілісшілерінің арасындағы беделді батырлардың бірі Кейкі – Нұрмағамбет Кӛкембайұлы болды. Атыс ӛнеріне әбден жаттыққан аңшы Кейкі – қолмерген атанған. Кӛздемей, оңы-солы, алды-арты демей, атүсті айқаста «желкесімен де кӛріп» жауынан бұрын қимылдап үлгіреді екен. Қызыл комиссар Әліби Жангелдиннің ықпалымен большевиктер жағына шыққан бас сардар Амангелдіге ермей, «Ақ орысың не, қызыл орысың не, сары орыстың – бәрі орыс» деп Азаттық деген жолдан таймай партизандыққа, кеңеске қарсылық жасаушы топтарға қосылып жүріп, соңында жеке қалған. Ақыры соңына түскен кеңес жазалаушылары 1923 жылы Кейкіні қапыда атып, басын кесіп алып, айы күні толып отырған әйелінің ішін жарып ӛлтіреді. Бала кезімізде қарттардан естігеніміз: Кейкінің басы Торғай қаласы тұсындағы Торғай ӛзеніне салынған ағаш кӛпірде бір апта бойы ілініп қойылған. Содан кейін белгісіз жаққа алып кеткен. Кейінгі деректерде Петербордағы Эрмитаждың қоймасында деседі. Кейкі батырдың әдебиеттегі бейнесі Ғабит Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасында Кете батыр болып бейнеленеді. Мақан Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда» кітабында жұмбақталып айтылады. Кейкінің қарасӛзде жасалған кӛркем бейнесі Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты романы еді. Алайда кеңес заманында шыққан онда да аты анық айтылмаған-ды. Кейкі бейнесі ӛз атымен анық айтылып, қанық бояу дерегімен түгелденіп шыққан шығарма Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр» тарихи дастаны (Алматы «Білім» - 2001). Кітапқа алғысӛз жазған Әбіш Кекілбаев: «Әлеуметтік кекшілдіктің уына булыққан тапшылдық идеологиясы отаршылдық арқасында әлемдік үстемдікке жетудің ең сорақы, ең сойқан саясатын жүргізді. Бұл дастан – сол саясаттың біздің қауымға қалай жаңа дін болып дари бастаған кезеңін бейнелейді. Сол дінге еріп батырларымыз басынан, азаматтарымыз арынан, халқымыз тарихи талайынан айырыла бастады, - дей келіп, - ... бұл жолғы бақ – біздің маңдайымызға бұрын-соңды қонбаған бақ. Бір үркітіп алсақ, қайтіп қонар-қонбасы неғайбыл бақ», - деп дастан жыр еткен уақытқа сипаттама бере отырып, бүгінгі тәуелсіздіктің қадірін де түсіне білуге үндейді. 92
С.Шүкірұлы АХМЕТ БАЙТҦРСЫНҦЛЫ (1873 – 1937) Ахмет Байтұрсынұлын заманында үлкен-кіші атын толық атамай, Ахаң десіпті. Ұлтым деп патшалық Ресей заманының қуғынынан кӛз ашпаған, халқым деп кеңес заманының бар азабын тартып, «Жазығым не?» деп қоғамға сұрақ қойған, ақыры саясат құрбаны болған Ахаң бір тұлғаға емес, мың тұлғаға татар ұлтына қайыры тиген кісі. Сол Сәбит: «Ленинді бай сыйламайды, сӛзін оқып сүйінбейді, күледі, мазақтайды. Ал, Ахаңды еңбекші сыйламайды. Ӛйткені, Ахаңның еңбекшіге арнап ӛткізген еңбегі жоқ», - деген. Ленинге қатысты сӛзі жӛн болар, ал Ахаңа қатысты сӛзінде ұшқарлық бар. Ахаң таптан, топтан биік тұрған тұлға, ұлт кӛсемі болған тұлға. Сәбит «Кӛсеммін деп айтуға Ахаңның ӛзі батырлық қыла қоймас», дегеніндей Ахаң «мен кӛсеммін» демеген, кӛсемдікке ұмтылмаған да. Ол тек ұлтына қызмет етуді ғана мақсат еткен. Ахаңды кӛсем деп мойындаған – ел, жұрт, халық, ұлт. Сӛздің бастапқы шығуы – шәкірті Мұхтар Әуезовке тән. Тіпті, сол шақта қызыл сұңқар атанып, билікте отырған Сәкен Сейфуллиннің ӛзі Ахаңның 50 жылдығында, «...байын, кедейін айырмай, қазақты ғана сүйетін адал жүрек, ұлтжанды» деп сипаттаған. (Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. «Жазушы» 1989. 7-бет). Қалайда Сәбит Мұқанов та: «Ахаңның тарихи істері бар. Әйткенмен, Ахметті қазақ еңбекшілері ұмытпайды емес, қазақ тарихы ұмытпайды», - деп еріксіз мойындайды. (С.Мұқанов сӛзінен келтірілген деректер «Алаш ақиқаттары кітабынан. Алматы «Алаш 2006. 84-бет). 1998 жылы мынадай жағдайға ӛзім куә болдым. Қостанайда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Мемлекеттік университеттің бастамасы бойынша (сол кездегі ректоры марқұм Зұлқайнар Алдамжаров) Ахаң күндері ӛтті. Қостанайдың ең мәртебелі кӛшелерінің біріндегі «Советская» деген сӛз алынып тасталып, «Ахмет Байтұрсынұлы кӛшесі» деген сӛз салтанатты түрде шегеленді. Бұрынғы облыстық атқару комитеті ғимараты алдындағы алаңда тұрған бір ғасырдай сананы билеп, ӛзіне жарты әлемді бас идіріп келген Лениннің мүсіні тұғырынан алынып, орнына Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш орнатылатындығы жазылған белгі тас қойылды (кейін ескерткіші орнатылды). Кӛзқарастары әуелден келіспеген, оның билікті саясатының сілтісі тиіп, тақсірет тартқан Ахаң уақыт сынынан ӛтіп, тарих қойнауынан кӛтеріліп, әу баста ӛзі тұруға тиісті орынға тұрды. Бұл Ахаңды тарихтың ғана емес, халықтың да ұмытпағандығы болса керек. Сол жолғы жиында академик Зейнолла Қабдолов Ахаң еңбегін 93
Аристотельдің ісіне теңей отырып: «Ахаң ана тілін түрлеуші, Ана тілі деп атаған кісі. Кезінде Қажым Жұмалиев пен Есмағамбет Ысмайылов екеуі қазақ әдебиетінің теориясын жазды. Бірақ ол еңбектің басы жоқ еді. Бассыз нәрсе түсінікті болар ма? Ол бас – Ахаң еңбегі болатын. Ахаңды тірілтіп алған бақытымызбен құттықтаймын», - деп еді. Ахаң – қазақ әліпбиінің атасы, қазақ тіл ғылымының, түркі тілтану ғылымының атасы. Бұл бүгінгі сӛз емес, кезінде оны солай деп танып, мойындаған болатын. Бүгінгі қазақ әліпбиін Ахаң негіздеген, оның дыбыстарын анықтап, әріптерін атап, жазу ереже-емлесін жүйелеп, бүкіл қазақ тіл ғылымы атау сӛздерін қазақша қалыптастырып берген. Ахаң – қазақ мысалының негізін салушы, аудармашы, кӛсемсӛзші, кәсіби журналшылықтың, баспагерліктің бұларды ұлт мүддесіне орайлы пайдаланудың ӛнегесін танытқан, жалпы бойға біткен қабілетті баспайдаға емес, халыққа арнау үлгісін кӛрсеткен тұлға. С.Шүкірұлы ХАЛЕЛ ДОСМҦХАМЕДҦЛЫ (1883 – 1937) Досмұхамедұлы Халел – аумалы-тӛкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, ӛмір мен ӛлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам ӛмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан кӛп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Туған жері – қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы. Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел бұдан кейін Теке қаласындағы реалдық училищеге түсіп, оны үздік бітіреді. Ӛнер-білімге құмар жас Санкт-Петербургтегі Әскери-медициналық академияда алты жыл оқып, алтын медальмен бітіріп шығады. Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел арнайы шақырумен Орынбор қаласында ӛткен Жалпы қазақ-қырғыз сиезіне қатысады. Осында қазақ-қырғыз ӛлкелік автономиясы жарияланып, Алашорда ӛкіметі құрылады. Ол мүше болып сайланады. Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа ӛкіметтің жұмысына тартылады. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушы, оған қосымша Орта Азия университеті медицина факультетінің ауруханасында ординатор қызметтерін 94
атқарады. 1924 жылы Ресей академиясының Орталық ӛлкетану бюросының мүше-корреспонденті болып сайланады. Ӛзі проректор болып істейтін халқымыздың алғашқы жоғарғы оқу орны – Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ашуға, соның ұйымдастыру жұмыстарын атқаруға белсене араласады, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің жүйесін құруға, қазақ тілінде ғылыми терминология жасау ісіне үлес қосады. Қоғамдық қызметтермен қатар ана тілінде оқулықтар жазуға да араласады. «Табиғаттану», «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Адамның тән тірлігі» (қазақша-орысша жаратылыстану сӛздігі), «Сүйектілер туралы» атты еңбектер жазды. Мақалалары «Шолпан», «Ақжол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет-журналдарында жарық кӛрді. Қазақ-қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, редакторы болды. ҚазПИ-де проректор болып жүрген Халел тұтқындалып, қазіргі Воронежге жер аударылады. Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу, содан соң Алматы түрмесіне отырады. 1937 жылы әскери трибуналдың үкімімен атылды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмыстық атқару коллегиясында қайта қаралып, ақталды. Л.Серғазы ҚАЖЫМҦҚАН МҦҢАЙТПАСОВ (1883 – 1948) Қазақта «Күш атасы – Қажымұқан» деген сӛз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараӛткел ауылында Мұқан (Қажымұқан) атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынанақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңғалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс палуаны И.Злобинмен белдеседі. И.Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте екі жыл оқып, үлкен күрес ӛнеріне жолдама алады. Сӛйтіп Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс палуаны Генрих Веберді жеңеді, Рига қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында ӛткен халықаралық жарыста кіші алтын медальды, Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін күрестен үлкен медальды жеңіп алады. 1911 жылы Мұқан Стамбулда түріктің атақты палуаны Нұрлыны жығады, сол үшін «қажы» атағына ие болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды Никитиндер циркінде қазақ 95
батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген атпен күреске шықты. Бұдан әрі палуан Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде ӛткен жарыстарда жеңістерге жетті. 1913 және 1914 жылдары Троицкі мен Парижде ӛткен жарыстарда әлем чемпионы болды. Қажымұқан қазақтың ұлттық күрес ӛнерін ғана емес, жапон халқының ұлттық күресі джиу-джицуденді де меңгерді. Дегенмен Еуропа қалаларында ӛнер кӛрсеткен Қажымұқан барлық жарыстарға Ресейдің атынан түсіп жүргенін айта кету керек. Қажымұқанның ӛлең шығаратын да ӛнері болған. Қажымұқанмын қазақта күшім асқан, Достарым алып палуан орыстардан. «Черный Иван» атанып он екі жыл Жиырма тӛрт патшаның жерін басқам , деп жырлаған екен палуанның ӛзі. Айтса – айтқандай, палуан дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы болған Иван Поддубныймен, Иван Шемякинмен, Иван Заикинмен және атақты палуан Вейланд Шульцпен ӛмір бойы дос болып ӛтті. 1927 жылы ҚазАКСР Орталық Комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған палуан күш ӛнерін кӛрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға жіберді. Осы ұшақпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет жауынгерлік тапсырма орындады. Спорт ӛнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қаза болды. Темірланда Қажымұқанға ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларындағы стадиондарға палуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы кӛшелер бар. А.Мұсабекова МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885 – 1935) Міржақып Дулатов – ағартушы, ұлт мүддесі, тәуелсіздік жолындағы жалынды күрескер, Алаш қозғалысының қайраткері болған азамат. Осы жолда ақындық, жазушылық аудармашылық, журналшылық қабілеттерін барынша пайдаланған. Алғашқы қазақ романы – «Бақытсыз Жамалдың» авторы. Жалынды үнге, жігерлі шақыруға толы «Оян, қазақ!» кітабын шығарып, қуғынға түскен. Бұл еңбекті белгілі әдебиет тарихын зерттеуші ғалым Ербол Тілешов: «Сӛйтіп, Алаш қалам қайраткерлері қазақ әдебиетінің ұлт96
азаттық идеяны мұра тұтқан ояну дәуірінің жаңа беттерін ашты. Бұл мазмұны жағынан да, бейнелеу мүмкіндіктері жағынан да, түрлікжанрлық жағынан да жаңа әдеби дәуір деген атауға лайықты кезеңдік әдебиет болатын. Оны «Алаш әдебиеті» деп атай бастадық. Алаш әдебиетінің басы – Ахмет Байтұрсыновтың «Масасы» мен Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» жинақтарына енген, алғашқылары 1904-1905 жылдардан бастап жазылған жалынды жырлар», - деп қазақ әдебиетінің жаңа бір дәуірінің басы деп бағалайды («Алаш және Әуезов» «Жазушы»– 2007. 204-205 беттер). Азаттық мүддесі жолындағы күреске халықты шақыру, ояту, еңсе кӛтерту ісіне Міржақып ӛз уақытының мүмкіндігіне қарай баспасӛзді жақсы пайдалана білген. Ол «Қазақ» газетінде бас редактордың орынбасары, жауапты хатшы болды. «Айқап», «Серке», «Ақжол» және татар, орыс тіліндегі басылымдарға да жиі шығып тұрды. Әлбетте, бұл әйтеуір бірдеңе жазу емес, мақсатты түрдегі ой-пікір, елді ояту, саясатқа тарту мүддесіндегі саяси жұмыс болатын. Ол Алаштың табанды күрескері болды. Бірінші және екінші жалпықазақ сиезінің ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласып, Алаш партиясының бағдарламасын жазды. Очерк, кӛсемсӛз, мақала, кескіндеме, шағын әңгімелер арқылы Міржақып Дулатов қазақ журналшылығының, оның жанрларының да жетіліп, қалыптасуына үлес қосты. Зерттеушілер Міржақыптың «Қазақ, қырғыздың ататегі» атты мақаласын жоғары бағалайды. Бұл зерттеуде қазақ тарихына қатысты ӛзге жұрттар жазбаларындағы XVIII-XIX ғасырлардағы ұшқары, дәйексіз болжамдарды сынай отырып, «Д.Фердоусидің «Шахнамасындағы» қазақтар туралы мәліметтерге, қазақтар жайында Х ғасырдағы Вамбери пікіріне сүйене отырып, қазақ атауының тарихы ежелгі дәуірлермен астасады деген пікірлерге тоқталады» («Қазақстан тарихы. энциклопедиялық анықтамалық» Алматы – 2006, 211 бет). Міржақып Дулатов Ахмет Байтұрсынұлымен тізе қоса, тізгіндесе жүріп, ұлт тәуелсіздігі жолындағы күресте батыл болған, айнымай, табандылықпен не бейнетті кӛрсе де шыдай білген. Ол 1935 жылы айдауда Ақтеңіз-Балтық каналы құрылысында жүріп қайтыс болады. Ахаң, Жақаңдардың замандасы, саяси кӛзқарасы үшін қуғын кӛрген ақын Файзолла Сатыбалдыұлы Міржақыптың қазасын естігенде: Міржақып ӛлді деген сӛз, Ішімді ӛртеп кетті лез. Дірілдеп жүрек демігіп, Малынды жасқа екі кӛз. Қасиет тұтқан Алашым, Кеңге жайған құлашын. 97
Намысты қолдан бермеген, Қайран да менің нағашым. Міржақып пен Ахмет Нақақтан-нақақ болды шет. Бір уақыттар болғанда Ақталар орнап әділет. Қиянат кетпес тоқтаусыз Әділ сӛз қалмас құптаусыз. Күндердің күні болғанда Міржақып кетпес жоқтаусыз, - деген екен. Сол сӛздің шындығын міне, тәуелсіздік заманында кӛріп отырмыз. С.Шүкірұлы ЖАНША ДОСМҦХАМЕДҦЛЫ (1886 – 1932) Досмұхамедұлы Жанша – Алаш қозғалысының қайраткері, заңгер. 1886 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1912 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітіріп, 1917 жылдың ақпанына дейін Томск округтік сотында қызмет істеді. 1916 жылғы ұлт-азаттық кӛтеріліс тұсында басқа да Алаш зиялыларымен қатар мәселенің бейбіт жолмен шешілуін жақтап, халықты кӛтеріліске шықпауға шақырды. Ресейдегі Ақпан тӛңкерісінен кейін болған қоғамдық-саяси ӛзгерістер кезінде облыстық жалпықазақ сиездерін ӛткізуге белсене араласты. Орал облыстық қазақ комитетінің тӛрағалығына сайланды. 1917 жылы мамырда Мәскеуде ӛткен Бүкілресейлік мұсылмандар сиезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі тӛрағасының орынбасары болып сайланды. Уақытша үкіметтің Құрылтай жиналысы туралы заң жобасын дайындайтын мемлекеттік кеңестің мүшесі болды. 1917 жылы желтоқсанда ӛткен ІІ-жалпықазақ сиезінде жарияланған Алашорда үкіметінің құрамына енді. 1918-1919 жылдары Батыс Алашорда бӛлімшесіне басшылық жасады. 1918 жылы наурызда Х.Досмұхамедұлымен бірге Алашорда үкіметі атынан кеңес үкіметінің басшылары В.И.Ленинмен және И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссӛздер жүргізді. 1920 жылдан бастап әртүрлі шаруашылық жұмыстарда, Мәскеудегі «Малшы» басқармасында аға экономист болып қызмет етті. Ұлттық мәдениетті кӛркейтуге, ғылымның, білімнің дамуына үлкен үлес қосты. 1922-1925 жылдары «Талап» мәдениет кӛркейту қауымының мүшесі болды. Ж.Досмұхамедұлына қауымның тӛрағасы Х.Досмұхамедұлы Түркістан заң шығару халық комиссариатының ӛтініші бойынша, азаматтық және қылмыстық кодексті қазақ тіліне 98
аударуды тапсырған. Ж.Досмұхамедұлы «Уголовный кодексті» «Жауыздық низамнамасы» деп аударған. Бұл аударма 1000 данамен жарық кӛріп, оған М.Дулатов сыни пікір жазған. Ж.Досмұхамедұлы ХХ ғасырдың 30-жылдары (1932) кеңес үкіметі ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Ж.Әскербекқызы ӘМІРЕ ҚАШАУБАЕВ (1888-1934) Қазақ ән ӛнерінің тарихында қайталанбас тұлға ретінде бағаланатын Әміре Қашаубаев таланты – сирек кездесетін талант. Ауызша айтылатын ол туралы әңгімелерде әншінің даусы аңызбен астасқан қиял-ғажайып ертегілерде болатын құбылыстардай әсерде бейнеленеді. Сондай бір әңгіме былайша баяндалады. Ӛткен ғасырдағы жиырмасыншы жылдардың аяғында Әміре бастаған әртістер Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарқара жайлауында концерт қойып жүреді. Кезекті бір концертте әнге шӛлдеп отырған халық әртістерді жібермей концерт ұзаққа созылады. Түн жарымынан ауып, концерт аяқтала бергенде бір топ атты кісі сау ете түседі. Сӛйтсе, ӛрісте жылқы бағып жүрген жылқышылар екен. Жайлаудағы ашық далада шырқалған әнді естіп жеткен беттері екен. Жылқышыларды тәнті қылып, делебелерін қоздырып талықси жеткен асқақ дауыс Әміренікі болады. Ал жылқышылар келген жермен концерт болып жатқан жердің арасы сегіз шақырымның үстінде дейді. Шындығында да Әміренің даусы ӛте биік ноталарды қиналмай алатын әрі диапазоны ӛте кең аса сұлу үнді болған. Мұны дәлелдейтін тыңдаушысын еріксіз мойындатқан тарихи фактілер аз емес. Соның бірі 1925 жылы Париж қаласында ӛткен бүкіл дүниежүзілік ән ӛнері кӛрмесінде екінші бәйге және күміс медаль алып қайтуы. Тіпті Әміре бірінші бәйге алғандай екен, әнші даусының күштілігі сонша, оның табиғи дауыс екендігіне сеніміздік білдірген қазылар алқасы адамда мұндай дауыс болуы мүмкін емес деген күдікпен екінші бәйге беріпті деген әңгіме де ел ішінде айтылады. Қалай болғанда да Әміренің орындаушылық шеберлігі, даусының ӛте күштілігі мен диапазонының кеңдігі, үнінің аса сұлу, әуезділігі тыңдаушысын тамсандырмай қоймаған. Осындай ӛзінің әншілік дарыны арқасында жоғарыда Париждегі кӛрмеде қазақ әнін тұңғыш рет әлем кеңістігіне шығарып, Европа жұртшылығын таңғалдырып мойындатқан Әміре кейін, 1927 жылы Москва консерваториясында, осы жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында ӛткен халықаралық 99
музыкалық кӛрмеде ӛнер кӛрсетіп, қазақ әндерін тағы да әлемге паш етті, асқақтата шырқады. Қ.Алпысбаев ОСПАН БАТЫР (1889 – 1951) Оспан батыр Сіләмұлы бүгінгі ҚХР Шыңжаң ӛлкесінің Алтай аймағына қарасты Кӛктоғай ауданында туған. Оспанның батыр атағының шығуы – 1940-1951 жылдар арасы. 1940 жылы Есімқан, Ырысқан бастаған Кӛктоғай, Шіңгіл елі Шың шысай үкіметіне қарсы қарулы кӛтеріліс жасағанда, сол топқа қосылып шыққан. Бұрын қарапайым шаруаның бірі болған Оспан соғыс барысында кӛрсеткен ерліктері арқылы батыр атанып, қос басқарып, кӛзге түсе бастайды. 1941 жылы Құбының құмын жалаңаш қоспен қыстап шыққан Оспан тобы небәрі жеті-ақ адам еді. 1942 жылы жаз маусымына ілінген соң-ақ әр тараптан, Қытай үкіметінен қорлықзорлық кӛріп, қашып шыққандардың қосылуымен адам саны кӛбейе берді. 1944 жылы 12 қарашада Шыңжаңда Шығыс Түркістан республикасы ӛз тәуелсіздігін жариялайды. Бұл жаңа үкіметті Оспан батыр алғашында жан-тәнімен қорғауға бел байлады. Осы рухпен 1945 жылы 6 қыркүйекке дейін ол бүкіл Алтай аймағын Гоминдаң басқыншыларынан толық азат етеді. Бірте-бірте Шығыс Түркістан республикасы КСРО және Қытай сынды екі үлкен мемлекеттің қыспағына түседі. Бірі олай атып, бірі былай қағып, қақпақылға салып жүріп, ақыры 1946 жылға келгенде барлық іс Қытайдың пайдасына шешіледі. 1946 жылы 1 шілдеде Шыңжаң ӛлкелік бірлескен үкіметі құрылады. Бұған бұрынғы батыс солтүстік Қытай әкімшілік мекемесінің бастығы Жаң Жыжұң тӛраға болып тағайындалады да, бұрынғы Шығыс Түркістан республикасының басшысы Ахметжан Қасыми енді сол ӛлкелік үкіметтің бастығының орынбасары болып белгіленеді. Ал, әйгілі Оспан батыр ӛлкелік үкіметтің мүшесі, қосымша Алтай аймағының губернаторы болып тағайындалады. Оспан батыр 1945 жылы қыста Сарсүмбе қаласына кӛшіп барып, сол жерде губернаторлық міндетін ӛтейді. 1946 жылдың жазғы тұрымында Кӛктоғай ауданының Қуүй деген жеріндегі ӛзінің байырғы мекеніне қайта кӛшеді. Сарсүмбеде тұрған осы бір жыл ішінде ол ӛзі басқарып тұрған үкіметтің қандай үкімет екенін толық танып біледі. Сондықтан ол бұл үкіметтен бас тартып, ӛзінің бұрынғы ұлт-азаттығына қол жеткізу мақсатын жүзеге асыру үшін жаңа майдан ұйымдастыруға кӛшеді. 100
Міне, осылайша Ресейдегі, мейлі Қытайдағы болсын, мейлі орыс яки қытай немесе қазақ болсын, қызыл үкімет десе, коммунист десе, тӛбе шашы тік тұратын Оспан батыр 1946 жылдан бастап коммунистердің, ашығын айтқанда, Кеңес Одағының тікелей басқаруындағы Шығыс Түркістан армиясымен соғысуға бел байлайды. Алғашында Қытай қолымен, кейін КСРО, Моңғол, Қытай қатарлы үш мемлекеттегі коммунистік қызыл армиямен он жыл соғысқан, олардың жиырма мыңнан астам адамын қырып, дүниені дүр сілкіндірген Оспан батыр ақыры 1951 жылы ақпан айында Қанамбал тауының Мақа деген жерінде қапыда қолға түседі. 1951 жылы 23 сәуірде ӛзінің ата жауы, қас дұшпаны коммунистік Қытай үкіметі қолынан Үрімжіде атылады. Д.Мәсімхан МҦСТАФА ШОҚАЙ (1889 – 1941) 1917 жылы уақытша ӛкімет құлап, барлық билік большевиктердің қолына ӛткенінен кейін коммунистік жүйеге қарсы топтар жағына шығып, ақыры шетел асып барып, ӛмірінің соңына дейін түрік әлемінің бірлігі, «Тұтас Түркістан» идеясын жүзеге асыру үшін күресіп кеткен Алаш қайраткері, қазақ халқының аяулы бір ұлы – Мұстафа Шоқай. Торғай, Сыр қазақтары Ресейдің отары болмай тұрғанда әкесі Хиуа ханының уәлиі болған, Сыр алқабы қазақтарының арасында зор беделі бар Шоқайдың отбасында дүниеге келген Мұстафа жас кезіненақ отаршылдықтың ӛктемдік пиғылын жақсы сезініп ӛседі. Мұстафаның нағашылары да орыстардан Хиуа хандығын қорғауда ерекше кӛзге түскен атақты әскербасылар болады. Алғыр, тумысынан қабілетті Мұстафа ӛз заманының озық ойлы, сауатты қыздарының бірі, әскери қызметтегі отбасында туып ӛскен анасы Бақтының үйретіп, оқытуымен бес жасқа толмай-ақ жазу-сызуды үйренген. Бастауыш білімді Сұлутӛбе станциясындағы орыс мектебінде алады да 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Алайда оған тиесілі алтын медальді бермей, орнына күміс медаль береді. Ӛз мүмкіншілігіне сенген ол гимназияны бітірісімен, СанктПетербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Оны 1917 жылы бітіріп шығады. Студенттік ӛмірінің алғашқы сәттерінен-ақ қоғамдық-саяси ӛмірге араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. 1912 жылы Санкт-Петербургтегі қазақ, ӛзбек, татар, башқұрт, әзірбайжан студент жастары Балқан соғысына байланысты Түркияны қолдау қозғалысын ұйымдастырғанда, Мұстафа белсенді мүшесі болады. Студенттік шағының ӛзінде ол атқарған іс101
қимылдарға мысал жеткілікті. Ә.Бӛкейханның ұсынысымен 1916 жылы Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарады. Түркістандағы кӛтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия жібергенде, оның құрамында депутаттар А.Ф.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен М.Шоқай да болады. Санкт-Петербургке оралғаннан кейін ӛзі жинаған материал негізінде Мұстафа 1916 жылғы кӛтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін даярлады. 1917 жылғы Ақпан тӛңкерісі нәтижесінде патша ӛкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алады. Түркі мұсылман халықтарының бостандық алуына мүмкіндік туады деп үміттенеді. Сӛйтіп ол 1917 жылы кӛктемде Түркістан ӛлкесіне оралады. Сол жылы 16-21 сәуір аралығында Ташкентте ӛткен Түркістан ӛлкесі мұсылмандарының І-сиезіне қатысып, оның тӛралқасына мүше болып сайланады. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болады. «Түркістан ӛлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» ұйымына тӛрағалық етеді. Бірінші жалпықазақ сиезіне қатысады. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа, кандидаттыққа ұсынылады. 1917 жылы Қазан тӛңкерісінен кейін барлық билік кеңестік жүйеге кӛшіп, ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің ӛз бақылауына ала бастаған соң, М.Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан ӛлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қазанға кӛшіп, сонда ӛлке мұсылмандарының тӛтенше сиезін ӛткізуді қолға алады. 1917 жылы 28 қарашада ӛткен сол ІV сиездің тӛралқасына басшылық жасайды. Сиез шешімімен құрылған Түркістан автономиясынын 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланады әрі уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болады. Ал 1917 жылғы желтоқсанда екінші жалпықазақ сиезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Бұдан кейін де осындай ұлт мүддесін қорғап, тәуелсіз ел болуға қатысты ірі-ірі шараларға басшы, мемлекеттік деңгейдегі лауазым иесі болуына қарамастан тоталитарлық жүйенің түптілікті жеңуіне орай ӛз бағытынан қайтпаған, ұлтжанды тұлға Мұстафа Шоқай туған жер, атамекенді қаншалықты қимағанмен, ӛз мақсат, идеясын жалғастыру үшін 1921 жылы шетел асып кете барады. Ресей аумағында жүргенде А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец», Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газетінде істеген, 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесіп «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарып тәжірибе жинақтаған ол эмиграцияда жүргенде осы бағыттағы ісін қарқынды жалғастыра білді. 102
Түркияда біраз аялдап, Францияға қоныстанған ол қиыншылықтарға қарамастан бастапқы идеясы бағытында кең ауқымды, терең мазмұнды күрес жүргізіп отырды. А.Ф. Керенскийдің « Дни», П.Н. Мюликовтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етеді. 1927 жылдан Парижде Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен шығатын «Иени Түркістан» журналында белсенді қызмет атқарды. «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымына жетекшілік етті. 1929 жылдан «Жас Түркістан» журналын шығаруды қолға алады. Журналда Орта Азия республикалары жӛнінде қисынсыз жүйе болашағы туралы аса ӛткір сын мақалалар жариялап отырды. Бұл сын мақалалар кеңес ӛкіметі басшыларына ӛте жайсыз тиді. Сондықтан кеңес ӛкіметінің үгіт-насихаты М.Шоқайдың сынына қарсы мақсатты түрде жұмыс істей бастады. Алайда М.Шоқай ӛз мақсатынан, түпкі идеясы түрік бірлігін сақтауды жүзеге асыру мұратынан еш уақытта қайтқан жоқ. Сол мақсат мұратын іске асыру жолында жүргенде Ұлы отан соғысы басталған 1941 жылдың желтоқсан айында Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда қайтыс болды. Атын айтуға болмайтын заманда да бір жақсысы қазақ халқы ардақты ұлының атын еш ұмытқан жоқ, айтып жүрді. Тәуелсіздік таңымен бірге Мұстафа сияқты ұлы перзенттерінің есімі жаңғыра шығып, асқақ үнмен естіле бастады, ұлт рухын кӛтере бастады. Қ.Алпысбаев МАҒЖАН ЖҦМАБАЕВ (1893 – 1938) Жастық шақ, жастар жайлы сӛз қозғала қалса, кім де болса, «Мен жастарға сенемін!» деген Мағжанның сӛзінен бастары анық. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің кӛрнекті ӛкілі Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев жас жүрегі қазағым, ұлтым деп жалындап тұрған айтулы азамат, ұлт мақтанышы еді. Ол 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы Сасықкӛл жағасында дүниеге келген. Дәулетті отбасынан шыққан Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) татар зиялысы М.Бегішевтің медресесінде, 1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқып білім алды. Білімге құмар жас Шығыс халықтарының, қазақ, татар әдебиетін, дастандарын, 1909 жылы шыққан Абай ӛлеңдерін оқып тұщынды, тағылым алды. Ӛзі де «Атақты ақын, сӛзі алтын хакім Абайға» деген ӛлең жазды. 1912 жылы «Шолпан» атты тұңғыш ӛлеңдер жинағы басылып шықты. Татар жазушысы Ғ.Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантӛринмен, кӛрнекті жазушы Б.Майлинмен танысуы ақынның ӛмір 103
жолына игі ықпал етті. Ол 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, «Бірлік» ұйымының жұмысына араласты, Ә.Бӛкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов секілді Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатты. Бұл кезде ӛлеңдері де «Қазақ» газетінде жарияланып тұрды. 1917 жылғы ақпан кӛтерілісінен кейінгі саяси жағдайларға Мағжан белсене араласып, Алаш партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. Алайда «Үш жүз» партиясының жаласымен бір айға жуық абақтыда отырып шыққан соң, «Бостандық туы» газетінде, «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет істеп жүріп, халық ағарту жұмыстарымен айналысты. Осы жылдары жалынды ақынның «Батыр Баян» поэмасы жарыққа шықты. 1923-1927 жылдары Мәскеуде орыс әдебиетшілерімен тығыз байланыста болады. Алайда Мағжанның 1923 жылы Ташкентте шыққан жыр жинағы талқыға түсіп, ақынды жаңа құрылысқа «уралап айғайламады», кедей сӛзін сӛйлемеді деп айыптап, ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Онымен қоймай, Бурабайда, одан соң Қызылжарда оқытушылық қызметтер атқарып жүрген Мағжанды қаскүнемдер «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін айыптап, 10 жылға айдауға кесті. 1936 жылы М.Горький мен Е.Пешкованың араласуымен бостандық алса да, кӛп ұзамай, оны «саяси себептерге байланысты» деген айыппен тағы да мұғалімдік қызметтен босатады. Айналдырған қырсық алмай тына ма, 1937 жылы Алматыға келіп, аударма ісімен шұғылданып жүрген, азып-арып, кедейшілік пен рухани таршылыққа душар болған Мағжан 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесіледі. А.Мұсабекова МҦХТАР ӘУЕЗОВ (1897 – 1961) Қазақтың жаңа мәдениетке бет бұрған кезеңінде жұлдыздай жарқырап кӛзге түскен ұлы үш тұлғасы бар. Олар – Абай, Ахмет Байтұрсынұлы және Мұхтар Әуезов. Мұхтар Абайды да, Ахметті де ұстаз тұтқан. Бұл үш тұлға жаңа дәуірдегі біздің бүкіл мәдениетіміздің бастауы, қайнар кӛзі десек артық айтқандық болмас. Егер Мұхаң болмаса, рухани ӛміріміз не күй кешер еді? Иә, егер Мұхтар болмаса, Абай енді ғана аршылып жатар ма еді, «Абай жолынсыз» әлем әдебиеті мен мәдениетіне Қазақ деген жұрт қай мұрасымен мойындалып, қосылар еді, Манастай жыр Алатаудың шатқалынан асып, дүниеге танылар ма еді, Мұса Жалил түбегейлі ақталып, «Моабит дәптері» даңққа бӛленер ме еді, қазақ халық әдебиетінің жетпіс жеті атадан келе 104
жатқан қатпар-қатпар қыртыстарының бүгістері жазылып, беті ашылар ма еді, қазақ ұлттық операсының сыныпты негізі дәл осылай жасалар ма еді? Ұлттық сахна ӛнерін Мұхаң негіздеп бермегенде, үлгі етеріміз кім болар еді? Қазақ әдебиетінің тұжырымы мен сынының негізін Мұхаң салмағанда, ол үрдісті кім бастар еді? Ахаңдар ақталғанша әдеби сын зерттеулеріміз Зейнолла Қабдоллов айтқандай «бассыз» жүре берер ме еді? Арғы замандардан арна тартқан үлкен ұстаздықтың үрдісі мен дәрістік шешендік ӛнегесін кім қалдырған болар еді? Заманына орай соныдан арна тартқан ұлттық сан-салалы ӛнер мен ғылымның қайнар кӛзі Мұхаң болып бастау алмағанда, даламызда дарындар қаулап қайта кӛктер ме еді? Кезінде кӛріп, уақтылы батасын бермесе, Қылышты Шыңғыстан кейін Сӛзді Шыңғыс дүниені қайта жаулап алар ме еді, алмас па еді? Ӛнер мен ғылымның сан-саласында Мұхаң кӛзін ашып берген рухани бай мұраға қанар ма едік, әлде кенеземіз кебер ме еді? «Абай жолындағы» бар қазақты сүйсінткен, қазақ қана емес, оқыған қай ұлттың да ӛкілі таңғажайып кӛрген ұлттық болмыс, мәдениет сипаты сондай тұнық қалпында бізге жетер ме еді, жетпес пе еді? Абайды ӛз бетімізше түсініп, ұлы деп таныр ма едік, танымас па едік, әлде бір даңғой ол орын менікі дер ме еді? Ұлы есімді ырым еткен сӛзге бейім басқа Мұхтарлар кӛпке танылар ма еді, танылмас па еді? Сезімге тыйым салынған кеңес заманында да, қандай қуғын-сүргін болса да махаббатқа тосқауыл жоғын кім дәлелдер еді? Абайдан кейінгі алып деп, тіпті Абайдың ӛзін де жарыққа алып шыққан алып деп кімді айтар едік? Пәлі, Абай ғана ма? Тек Абайды ғана таныту ма еді мақсат? Абай тұлғасы, Абай ортасы, Абай заманы, Абай ӛре-биігі арқылы дүниежүзілік мәдениетке енші қосу ғой Мұхаң мұраты. Бәйтеректің кӛлеңкесі түскен жерге ештеңе шықпайды, ал Мұхаңның кӛлеңкесі түскендердің бәрі мықты. «Әке балаға қырық жыл азық» дейді, ал Мұхаң барша халқына мәңгілік рухани азық боларлық мұра жасады-ау. Ендігі жерде оны ұлттың Абай шоғырындағы рухани атасы десе кӛп пе екен? Иә, Абайды тұғыр етіп, Ахаңды ұстаз тұтып, албырт талант қанатында саясат майданына шығып, әдебиет пен ғылымда ұстаздық пен қайраткерлікті тең тартқан, әлем әдебиетіне «Абай жолы» атты екі томдық мұра қосқан, ұлт есімін жер-жиһанға паш еткен, ұлы деген ұғымға шын лайықты тұлға – Мұхаң, Мұхтар Әуезов. Мұрат Әуезовтің «Саналы қазақтың барлығы мойындайтын айқын нәрсе – Алаш азаматтарының бізге қалдырған мұрасы – кең байтақ жер, терең ой, биік рух, қайсар мінез» деген сӛзін Мұхаңа да айтсақ абзал. («Алаш және Әуезов», Жазушы – 2007. 46 бет). С.Шүкірұлы 105
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ (1899 – 1964) Сәтбаев Қаныш – ұлттың ұлы тұлғалары қатарынан орын алған, ғылымда Кеңес одағының ӛзін мойындатып, есімі дүние жүзіне танылған, ерен еңбегімен 100 жылдығы (1999ж.) ЮНЕСКО кӛлемінде аталып ӛткен, талантты ұйымдастырушы, кемел кісі. Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясын құрып, ұзақ жылдар оның Президенті болды. Ғалымдығын дүниеге мәшһүрлеп, жаңадан табылған бір минерал мен кіші планетаға есімі берілген. Сондай-ақ Алатауда Сәтбаев мұздығы, Сәтбаев шыңы бар. Сәтбаев атында Геологиялық ғылымдар институты, Қазақ ұлттық техникалық университеті аталады. Астана, Алматы және басқа да қалаларда кӛшелер мен мектептерге, мекендерге ғалымның есімі берілген, ескерткіштер орнатылған. Қ.Сәтбаев еліміздің кен байлықтарын ашуда, ел экономикасын дамытуда, мәдениетін ӛркендетуде орасан еңбек сіңірген, жан-жақты қабілет иесі болған. Мемлекет және қоғам қайраткері, геология-минерология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан және КСРО ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірнеше мәрте депутаты және Одақ кӛлеміндегі кӛптеген ғылыми комиссиялардың мүшесі болған. Қаныш Имантайұлының екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру ісіне қосқан еңбегі айрықша. Бұл тұста ол Одақ кӛлемінде аса беделді болған. Алайда Қаныш Имантайұлы да саяси қуғындаудан шет қалмаған. Қызметтен, елден ығыстырылып, Мәскеуде бой тасалаған кезі де болған. Алайда, кейін жағдай сабасына түсіп елге оралып, Қазақстан ғылым академиясын екінші мәрте басқарған. С.Шүкірұлы ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ (1904 – 1973) Қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеев Алматы облысы, Жаркент ауданында дүниеге келген. Ол – қазақ бейнелеу ӛнерінің негізін қалаған ұлттық сурет ӛнерінің алғашқы шеберлерінің бірегей тұлғасы. Кескіндемеші-график ретінде де белгілі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген ӛнер қайраткері Ә.Қастеев сурет ӛнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудовтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің кӛркемсурет студиясында тәлім алған талантты қылқалам шебері ӛзінің тума қабілетін ӛзіндік ізденіспен жетілдіріп, ӛнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналды. 1954-1956 106
жылдары Қазақстан Суретшілер Одағын басқарады. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Депутаты болып сайланды. КСРО-ның жоғарғы Мемлекеттік Орден, медальдарымен марапатталды. Оның алғашқы «Тігін үстінде», «Мектепке», «Кӛгілдір кӛйлекті қыз» еңбектерінен бастап, «Түрксиб», «Амангелді сарбаздары», «Колхоз тойы», «Қалыңдық» т.б. туындылары халықтың сүйіспеншілігіне бӛленді. Ол «Киіз үйдің ішкі кӛрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Қос құрбы», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт-дәстүрге арналған кӛптеген шығармалар салды. «Афтопортрет», «Қарындасымның портреті» деп портрет салуға ұмтылған атақты суретші кейіннен «А.Құнанбаев», «Ж.Жабаев», «Ш.Уәлиханов», «А.Иманов», «Ғ.Мұратбаев», «К.Әзірбаев» портреттерін бейнелеу арқылы әйгілі адамдарымыздың ӛшпес тұлғасын кескіндеді. Бір ғана Абай тұлғасын бейнелеуге «Абай киіз алдында», «Жас Абай», «Абай жаз жайлауда» еңбектерімен қатар классик ақын шығармаларын оқып, әсерлену негізінде салған суреттері де жетерлік. Ол Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Шымкенттегі ӛнер училищесі мен ҚР Мемлекеттік ӛнер мұражайы атақты суретшінің атында. Қ.Алпысбаев ӘЛКЕЙ МАРҒҦЛАН (1904 – 1985) Әлкей Хақанұлы Марғұлан – қазақтың ғұлама ғалымы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, ӛнертанушы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, қазақстандық ғылымға еңбек сіңірген қайраткер, профессор. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1925-1931 жылдары Ленинград қаласында Шығыс институтында, сонымен қатар Ленинград мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің шығыс бӛлімінде оқиды, бұларға қоса Ӛнер тарихы институтында дәріс тыңдайды. Осында оқып жүргенде КСРО Ғылым академиясы ұйымдастырған Қазақстан мен Алтай халықтарының тарихын зерттеу экспедициясына қатысып, адайлар мен наймандардың әдет-ғұрпы, тұрмысы мен ӛнерін зерттейді. Оқуды бітіріп келгеннен кейін Қазақстан Оқу Халық комиссариатының жанындағы Жаңа Алфавит комитетінде ғылыми қызметкер болады. Сырдария, Талас, Шу ӛзендері бойындағы ежелгі қалалардың орнына алғаш рет археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, содан жинаған материалдар негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс ӛнерінің тарихына» атты монографиялық еңбек жазады. 107
«Хандар жарлығының тарихи-әлеуметтік мәні» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, кӛне қыпшақ тарихын зерттеудегі құнды ғылыми еңбекті дүниеге әкеледі. Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институты археология секторының меңгерушісі болып тағайындалған Әлкей Марғұлан К.А.Ақышев, М.Қ.Қадырбаев, А.М.Оразбаевтармен бірігіп, «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» атты кітап жазуға қатысып, оның редакциясын басқарады. Ұзақ жылғы зерттеу нәтижесінде жарық кӛрген еңбек жоғары бағаланып, оның авторларына Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық беріледі. Шоқан Уәлихановтың әдеби мұраларын жинастырып, оны бес том етіп шығаруға басшылық еткен. Қазақтың ежелгі жыр-аңыздарын жинастырып, зерттеген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірген. Тарих, археология, этнография, әдебиет және ӛнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден атсам энциклопедиялық мақалалар жариялаған. Л.Серғазы ЖҦМАБЕК ТӘШЕНОВ (1915 – 1986) Кеңестік қоғамға барынша беріле қызмет істеп, сол қоғаммен сыйыспаған тұлғаның бірі – Тәшенов Жұмабек Ақметұлы. Ғалымдық жолы экономика ғылымының кандидаттығында тежеліп, партия – совет қызметтерінің барлық жолынан ӛтіп, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Тӛралқасының тӛрағасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тӛрағасы қызметтерін атқарған. 1961 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі тӛрағасы болып, беделді тұрған шағында Н.Хрущевтің қазақ жерін бӛлшектей бастаған саясатына батыл қарсы шыққандықтан 1961-1975 жылдар бойы Шымкент облыстық атқару комитеті тӛрағасының орынбасары ғана болып отыруы – Мәскеудің, КОКП-ның қандай кекшіл болғандығын танытса керек. Тұлғалар ауысқанымен, үстемдік саясаты ӛзгермеген. Мәскеу жалынды, қабілетті қайраткерді тұсаған да қойған. Оған ғылым докторлығын да қорғатпаған. Сол қызметтен зейнеткерлікке шыққан Тәшенов Жұмабек 1986 жылы дүниеден ӛткен. Оның есімі халық есінде аңызға айналып, кеңестік замандағы азаматтықтың, ерліктің, табандылықтың ӛнегесі болып келді. Ел үшін, жер үшін, яғни ұлт келешегі үшін басын тіккен азамат ерлігін болашақ ұрпақ та ұмытпас. С.Шүкірұлы 108
БАУЫРЖАН МОМЫШҦЛЫ (1910 – 1982) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында жеңімпаз батыр командир ретінде даңқы шыққан қазақтың біртуар ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс басталған жылы күзгі, қысқы алапат шайқастарда ӛз батальонын 27 рет шабуылға бастап шыққан, 5 рет жау қоршауын бұзып, жауынгерлер құрамын аман-есен дивизиясына қайта қоса білген Бауыржанның атағы аз уақыттың ішінде-ақ шартарапқа жайылып үлгерді. Ұлтжандылығы, ержүректігі, ақыл-парасаты, әскери білімділігі мен тактиканы терең білуі отансүйгіштікпен ұштасқан ол майдан даласында жасаған ерліктері арқылы шын мәнінде кӛзі тірісінде аты аңызға айналған тұлға болды. Қандай жағдайда жүрсе де ұлтжандылығын кӛрсете білді, ұлттық намысты қорғай білді. Тез арадаақ аты аңызға айналған Бауыржанның соғыс жүріп жатқан кездің ӛзінде ӛмірін, ерлік істерін арқау еткен А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабы жарық кӛрді. Кейінгі дәуірде де ол туралы Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз», К.Серікбаев «Менің ӛмірімдегі Бауыржан Момышұлы» (орыс тілінде) атты кітаптар жазып жариялады. Алайда батырлық даңқы соншалықты кең жайылғанымен Бауыржанға дер кезінде «Кеңес Одағының Батыры» деген атақ берілмеді. Ӛйткені ерлігі адал болғанымен, ӛз ұлтын ерекше сүйетіні, кіршіксіз таза ұлтжандылығы шовинистік пиғылдағы басшыларға ұнамады. Тек мемлекетіміздің дербестігі туралы декларация жарияланған соң ғана (12.12.1990) «Кеңес Одағының Батыры», «Қазақстанның халық қаһарманы» (1995) атақтары берілді. Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер, ержүрек қолбасшы ғана емес, сонымен қатар қазақ әскери прозасының негізін қалаған жазушы. Оған «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Ұшқан ұя» т.б. кітаптары дәлел. Оның ӛмірі үлгілі, іс-әрекеті тағылымды. Алматы мен Астана қалаларында Б.Момышұлы атында кӛшелер, мекемелер бар. Жамбыл облысында, Алматы, Астана қалаларында батырға арналып ескерткіш қойылған. Қ.Алпысбаев ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ (1911 – 1955) Бүгінгі алпыстан жоғары жастағы кісілер кезінде Қасымның ӛлеңдерін жатқа айтушы еді. Қасым Аманжоловтың аты елге есімімен Қасым деп тараған-ды. Соғыстан кейінгі сӛзбен отыз жылдың кезеңінде Қасым сӛзі ел ішінде аса қадірлі болды. Оның әсіресе: 109
Берсең бер, бермесең қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын Астанамды, Ӛлеңнің отын жағып асырармын Ӛзімді, әйелімді жас баламды, - дегендей ӛткір шумақтарын екінің бірі қисыны келген жерде айтып қалушы еді. Кәдімгідей біреуге ӛкпесін білдіру үшін қолданатын. Ал, ән салу, ӛлең айту қажет болғанда Қасым ӛлеңдері, әсіресе «Дариға сол қыз», «Жас дәурен», «Ӛзім туралы», «О, дариға, алтын бесік туған жер» (ән жинақтарында «Туған жер») атты ӛлеңдері жиі айтылушы еді. Мектеп, жоғарғы оқу орындарының концерттік бағдарламаларында Қасым ӛлеңдері міндетті түрде болатын, белгілі әнші, әртістер де жиі орындайтын. Қасымның: Жас дәурен – жігер оты жанған жалын. Кӛрмесем қызығыңды армандамын, Ӛмірге екі келер уақытым жоқ, Сондықтан үлесімді мол қармадым, - дегендей отты ӛлеңдері, отаншыл сӛздері, ӛршіл мінез, сыршыл сезім, жігерлі үні кӛпті баурайтын. Ақындардың кейінгі жас буындарында жасық, жылауық, сарнауық ӛлеңдердің кӛбейіп кетуі – Қасымдай қазақ ӛлеңінің асқарына шығып, қиындыққа қажымай, «От шайнап, жалын бүрке» алмағандықтан, «Ӛзге емес, ӛз мінін ӛзі» айта білмегендіктен де шығар-ау. Майданда от кешкен, тұрмыс-тауқыметін тартып, дертті болған ақын еш мойымайды, күйзелмейді. Отаншыл Қасым: Уа, дариға алтын бесік туған жер, Қадіріңді келсем білмей, кеше гӛр, Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей, Ақын болмай, тасың болсам мен егер, - деп жырлайды. Қасым ауыр заман, құбылмалы саясат, соғыс, тұрмыс шаршатқан жұртты жұбатқан, сергіткен ақын. Қазір де Қасым сӛзі тозған жоқ, Қасым ӛлеңі ескірген жоқ. Қасым уақытпен үндесе алмай жатқан жоқ, Қасым – сол баяғы бір Қасым. Тек бүгінгі мәдениет тұтқасын ұстағандардың ұлттың ӛткені мен бүгінін ұштастыра алмауынан шығармалары қазіргі жастар қолына тимеуде, тәлім-тәрбие істеріне орайлы пайдаланылмауда. «Біреудің аспандағы асылымын, Біреудің жұртта қалған жасығымын» деген ақын сӛзі шындыққа жанасып отыр. Білгенге – асыл, білмегенге, әрине «Танымасын сыйламастың» кебі де. Бүгінгі ұрпақ, келер ұрпақ талпынып ӛсер тұғырлар – осындай, Қасымдай қайсар тұлғалар. Біз – кіміміз бар дейтін жұрт емеспіз, қай салада да тұлғалы кісілеріміз болған, болып отырған, бола да берер кемел жұртпыз. Тек солардың қадірленуі кемшін. Қастерленуі жетіспейді. Еске алдым мінезіңді сағынғансын, 110
Жасамай кеткен сабаз жарым жасын. Бұл күні біз қайтеміз деймін тағы, Ӛлеңнің жазып кетсе бәрін Қасым, - деп тұстасы, сыйласы болған Ғафу Қайырбеков айтқандай Қасым адамның жан сарайын жайландырар, кісіге жігер, қайрат берер қуатты ӛлеңдердің небір сойын жазған ақын. С.Шүкірұлы ДІНМҦХАММЕД ҚОНАЕВ (1912 – 1992) Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы ата-анасының болашағынан үлкен үміт күттірген ұлы еді. 1912 жылдың 12 қаңтарында Алматы қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген ол жасынан оқу-білімге аса зерек болады да, 1930 жылы Мәскеу қаласындағы түсті металдар мен алтын институтына оқуға түседі. Болашақ ғалым еңбек жолын Балқаш мыс комбинатының Қоңырат кенішінде бұрғылау станогінің машинисі болып бастайды, одан цех бастығы, сол кеніштің бас инженері, кейін директоры болып қызмет атқарады. Қиын да қызығы мол еңбек жолында жас жігіт оңды-солын таниды, ӛз ісіне мығым, табанды, байсалды азамат болып қалыптасады. «Алтайполиметалл» комбинатында, Риддер кенішінде, Лениногор кен басқармасында басшы қызметтер атқара жүріп, ғылым саласында да еңбектенеді. 1968 жылдан техника ғылымдарының докторы. Д.А.Қонаев ӛмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнады, 25 жылдан аса Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Осы жылдарда республикамызда жаңа ӛнеркәсіпті аудандар қалыптасты, Жезқазған, Маңғыстау, Торғай облыстары шаңырақ кӛтерді. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр стансасы, Павлодар трактор зауыты т.б. кәсіпорындар осы жылдардың жемісі еді. Алматы облысының Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын салуға да айрықша кӛңіл бӛлді. Д.Қонаев нағыз «ұлтым» деген азамат еді. Ол басшылық еткен жылдарда КСРО-ны Н.Хрущев, М.Горбачев, Л.Брежнев сияқты басшылар билеген. Ол әрдайым ӛз халқына адалдығын ұмытқан емес. Республика аумағының тұтастығын сақтап қалуда табандылық танытты. Ӛзбекстанға берілген Оңтүстік Қазақстанның мақта ӛсіретін аудандарын қайтарып алды. Қазақстанда неміс, ұйғыр автономияларын құру, Маңғыстауды Түркіменстанға беру сияқты Орталықтың ұсыныстарына қарсы шықты. Д.А.Қонаев Алматы қаласының қазіргі заманғы ең кӛрікті қалаға айналуына кӛп күш салды. 111
Табиғатында сабырлы, ешкімге қатты сӛйлемейтін Димекеңнің адалдығы, адамгершілік қасиетінің жоғарылығы бір бӛлек әңгіме. Асыл азаматтың кӛп жылдар бойы ӛз жалақысын балабақшаға аударып тұрғаны кейіннен мәлім болған. Д.Қонаев үш рет Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ӛмірінің соңғы жылдарында ел ішін аралап, кӛптеген қызықты кездесулер жасады, осылайша ӛзін халық ақсақалы ретінде танытты. Ұзақ жылдар елінің сүйіктісіне айналған ол 1993 жылдың 22 тамызында дүние салды. 2002 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында ұлттың ірі тұлғасының мұражай-үйі ашылды. А.Мұсабекова КҤЛӘШ БАЙСЕЙІТОВА (1912 – 1957) Байсейітова Күләш та қазаққа есімімен танылған ӛнер саңлағы. Ұлтымыздың кенже туған жаңа ӛнер саласы – операда «Шығыстың бұлбұлы» атанып, ұлт атын дүниеге әйгіледі, тамылжыған әндерімен халқымыздың аяулысына айналды. Ән ӛнерін, сахна ӛнерін жаңа сатыға шығарды. Күләш – ел есінде, әлбетте бүгінгі аға ұрпақ ӛкілдері арасында әлі де сол қалпында сақтаулы дара тұлға. Қазақ қыздары арасынан ӛнер жұлдызы болып туып, ерте ағып түскен талант. Қыз Жібек, Ақжүніс, Сара, Ажар, Еңлік, Айман, Шұға сынды әдеби кейіпкерлерге айналып, есімдері кӛпке танымал болған. Қазақ қыздарының бейнелерін халқымыз Күләш келбеті, Күләш ӛнері арқылы танып, білді. Ӛнер биігіне ерте кӛтеріліп, кӛпке кеңінен танымал болған Күләш 1934 жылы, яғни 22 жасында Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі, 1936 жылы КСРО халық әртісі атағын алды. 1948-1949 жылдары КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Ел ӛміріне, қоғамдық іске белсене араласқан Күләш бейбітшілікті қорғау комитетінің мүшесі, Қазақстан Жоғарғы кеңесінің алғашқы үш дүркін депутаты болып, қоғам қайраткері биігіне кӛтерілді. Сахнада ол бейнелеген қазақ және басқа ұлт операларындағы қыздар сахна ӛнеріндегі үлгі, кейінгі толқын ӛнеге тұтқан мектепке айналды. Күләш опера әншісі ғана емес, концерттік те бағдарламалармен ән салып, кӛрермендерін талай сүйсінткен. Спектакльдерде де басты рӛлдерде ойнап, опера ӛнеріне әншілігі мен әртістік таланты танылып барып келген. Күләштің толық есімі – Гүлбаһрам, Гүлбаһрам Жасынқызы Бейісова. Әншілік ӛнер оған белгілі әнші болған әкесінен дарыған деседі. Күләштің кинода, киножурналда, таспа жазбаларда сақталған үні 112
тыңдаушысын әлі де сүйіндіреді. Күләш ӛнерде тыңнан жол салғандар қатарында, ал қазақ қыздары арасында кезінде дара шыққан жұлдыз болған. С.Шүкірұлы ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН (1915-1983) ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарының соңына қарай қалың кӛпшілікті дүр сілкіндірген шығарма дүниеге келді. Әдеби ортаға ұйқыдан оятқандай әсер еткен бұл шығарма «Қаһар» романы болатын да, авторы жаңа есім – жас талап емес жасамыс, орта жастағы Ілияс Есенберлин еді. Шындығында да «Қаһар» романы қазақ әдебиетіне сілкініс әкелді. Ӛйткені роман қаншама аңыздарға, жырларға, әңгімелерге арқау болған, қаншама ғылыми-зерттеулер, кӛркем-әдеби туындылар жазылғанымен, кейінгі ұзақ жылдар бойы ауызға алуға тыйым салынған Кенесары кӛтерілісі жайлы болатын. Бұл шығарма кезінде тарихи шындықты объективті түрде жазғанымен, саяси қылмыскер ретінде сотталған Е.Бекмаханов зерттеуінің негізгі ӛзегі етілген, «Хан Кене» пьесасын жазғаны үшін М.Әуезовті қуғындауға себеп болған тарихи тұлға жайлы еді. Зерттеу еңбектер «қамауға» алынып, ол туралы аңыз, әңгіме, жыр айтқан ауыздарға қақпақ қойылған уақытта тарих тағылымын кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатын кӛздеп, ел шежіресінің, ұлт тағдырына қатысты шетін мәселелерді жеткізудің ауыр жүгін арқалап, тағдыры беймәлім сапарға шыққан осы ««Қаһар» еді. Халық тарихына барлау жасаған алғашқы сапар сәтті болды. Оқырманның ықыласына бӛленіп, қалың жұртшылықтан қолдау тапқан «Қаһардан» кейін ұлтжанды қаламгер ел рухын кӛтеріп, ұлт санасын оятуға деген ынта-жігері бұрынғыдан да күшейіп, осы тақырыпты жалғастыра «Алмас қылыш», «Жанталас» романдарын дүниеге әкелді. Үш роман «Кӛшпенділер» деген атаумен трилогияға бірікті. Сӛйтіп І.Есенберлин бұрыннан бар «Кӛшпенді» сӛзін қазақ әдебиетінде бірінші болып айналымға енгізді. «Кӛшпенділер» фильмінің аты мен идеясы І.Есенберлин әкелген тарихи ұғымның жаңғырығы мен ізі екені ақиқат. Кейінірек «Алтын Орда» трилогиясын жазып бітіріп, бірақ кітап болып шығуын кӛрмей ӛзі дүние салды. «Қаһар» романы бірінің артынан бірі жазылып толықтырылған алты кітаптан тұратын тарихи эпопеяның нүкте қойылатын соңғы бӛлігі болғанымен, ұзақ ғасырлық шежіренің қағазға түскен, кітап болып оқырман қолына тиген алғашқы қарлығаш үзігі болатын. Шығарманың эстетикалық мәнімен қатар, кӛкірек кӛзін ашып, кӛңіл кӛкжиегін кеңейтер танымдық маңызын 113
оқырман жақсы түсінді. Сондықтан да тарихи эпопеяның алғашқы кітаптары шыға бастағанда студенттік жатақханаларда, алыстағы ауылдарда оқырмандар бір-бірінен қолқалап сұрап, қолдан-қолға кӛшті, қойшының қонышында, егіншінің қойнында, студенттің қолтығында жүрді. Бір ұрпақтың ауысуы ғана емес, бір халықтың екінші халыққа ауысуы сипатын да кӛркем баяндайтын тарихи шежіре болмысында жазушы тарихи тағдырлардың қатыгез әрекеті мен жанкешті тіршілігі арқылы кӛрінетін тарихи тағлым мен тарихи таным тұжырылатынын аңғартады. Тарихи дәуірлер бедерін реалистік тұрғыдан кӛркем бейнелеудегі Ілияс Есенберлин концепциясының дұрыстығын бүгін уақыттың ӛзі дәлелдеп отыр. Тарихқа жаңа ғылыми кӛзқарасты Ілияс Есенберлин сонау алпысыншы-сексенінші жылдар арасында-ақ ӛзінің тарихи романдары арқылы халық зердесіне ұсынып кеткен. Қазақтың кӛптеген аға буын жазушылары секілді Ілияс Есенберлин де тӛңкерістен кейінгі ӛтпелі дәуірдің сан қилы оқиғаларына қатысып, соған куә болды, соны ӛз шығармаларына арқау етті. Ол кезең, расын айтқанда, үлкен шырғалаңға, терең трагедияларға толы еді. Есенберлин сол шырғалаңды, халық басындағы сол трагедияларды жазып, ӛзге қаламгерлер бара бермеген тақырыптарға қалам тербеді, ел ӛміріне, ұлт тағдырына қатысты мәселелерді арқау етті. Оның қаламынан туған «Айқас», «Ғашықтар», «Кӛлеңкеңмен қорғай жүр», «Қатерлі ӛткел», «Маңғыстау майданы» тағы басқа романдар соған дәлел болады. Бұл романдарда бүкіл бір қоғамның, бүкіл бір дәуірдің тыныс-тіршілігі, мәдени-тарихи, әлеуметтікпсихологиялық жағдайлары кең кӛлемде қамтылды. Қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең кӛп роман (17) жазған қаламгер де – осы І.Есенберлин. Қ.Алпысбаев ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ (1922 ж.т.) Сәби кезінде ұшқыш болсам деп армандамайтын бала сирек болар. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов те осындай ізгі арманның иесі болды. Батыр кәдімгі ауыл баласы еді, ол 1922 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Оның жастық шағы Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласында ӛтеді. Талғат осы қаладағы аэроклубқа үзбей барып жүргендіктен, оның ұшқыш болуға құмарлығы бірте-бірте арта түседі. Сӛйтіп ол он алты жасында парашюттің жібек жібін ұстап, зеңгір кӛктен жерге қарай талай 114
секірді. Аэроклубтағы осындай жаттығуларды толық меңгерген Талғат ӛзі талаптанып, Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищелеріне түсіп оқиды. Сұрапыл соғыс біреудің арман қанатын қиып түссе, Талғат секілді ұшқыш болып Отанымның керегіне жарасам деп армандаған жандардың ӛзін-ӛзі сынайтын уақытын жақындатып-ақ жіберген жоқ па?! Ел басына күн туған 1943 жылдың қаңтар айында Т.Бигелдинов 144-гвардиялық авиация полкіне қабылданады. Қанды соғыс кезінде Талғат Бигелдиновтің жүрек жұтқан батыр болғандығын айғақтайтын әрекеттері кӛп болды. Мәселен, жанындағы достарынан айырылып, жалғыз қалған ұшқыш ӛзінің ізіне түсіп, пулеметтен оқ жаудырып келе жатқан, аса тез ұшатын жау ұшағына ӛзінің штурмовигін шұғыл бұрып алып, оны ӛзінің оқ құшағына алған. Неміс ұшқышы оқыстан болған бұл әрекетті мүлдем күтпеген болатын, сондықтан да лезде отқа оранып, жерге құлдыраған. Осылайша ұшқыштық шеберлігі күн сайын ұштала түскен Талғат аспанға кӛтерілген сәтте, жау әскері командирлерін талай-талай есі кетіп, құдайына сыйынатындай жағдайларға душар етті, батыр жау ұшақтарын баудай түсіріп, танктерін, автомашинасын, зеңбірегін бірден-ақ жойып жіберіп отырды. Аспан кӛгінде ойнақтаған кешегі сержант капитан дәрежесіне дейін кӛтеріліп, «ИЛ-дер» эскадрильясын басқарды. Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов басқарған бұл эскадрилья Харьков түбінде, Днепр ӛзенінен ӛтерде, Львов операциясы кезінде неміс басқыншыларына жойқын соққы беріп, Одер және Нидте асқан ерлікпен Берлинге шығар жолдарды ашты. Батыр Берлин тӛбесімен ӛте тӛмен ұшып, картаға жау әскерінің шоғырлануын түсіріп алады, бомба тиеп алып, гитлершілерді тұншықтыруға аттанып бара жатады. Осындай ерен ерліктері үшін 1945 жылы 26 қазанда Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Жас ұрпаққа батырлықтың керемет үлгілерін кӛрсеткен қос Алтын Жұлдыз иегері Талғат Бигелдинов бейбіт ӛмірге аман-есен оралғаннан соң да Әскери-әуе академиясын бітіріп, әртүрлі қызметтер атқарды. Оның ӛмір жолы мен кереметтей ерлік істері ел есінде мәңгіге сақталардай болды. А.Мұсабекова РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ (1924 – 1988) Мәңгілікке жер құшқан фашистердің соңғы ұясы – Рейхстагтың үстіне жеңіс туын желбіреткен Қошқарбаев Рақымжан 1924 жылдың 19 115
қазанында Ақмола облысы, Тельман ауылында (кезінде «Қырық құдық» деп аталған екен) ӛмірге келген. Анасынан тӛрт жасында айырылып, 13 жасында аяулы әкесі НКВД түрмесіне жабылған Рақымжан жетімдіктің азабын бір кісідей-ақ тартты. Отан-ананың тәрбиесі бойына сіңген балажігіт Ұлы Отан соғысы басталған соң-ақ елін жау қолынан азат етуге бел буады. Ол осы ізгі мақсатпен 1942 жылы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласындағы жаяу әскер училищесіне оқуға түседі. Осы жерде Рақымжан алыстағы арманы болған күтпеген жағдайға тап болады: жігерлі жас жігітті баяғыда НКВД құрсауына түскен әкесі іздеп тауып, әке мен бала Фрунзеде сағынысып жолығысады. Ардақты әке осылайша сүйікті ұлының сапар жолына ақ батасын береді. Ә дегеннен-ақ атқыштар дивизиясына түскен Р.Қошқарбаев 1944 жылдың қазан айынан бастап 1-Беларусь майданында взвод басқарады, Польша, Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысып, жаумен аянбай шайқасады. Ержүрек жас жауынгер сүйікті елін жау қолынан босатуға жан аямай соғысады. Ал Берлин операциясы кезінде лейтенант Р.Қошқарбаевтың жасаған ерлігі әлем кӛрмеген ерлік болып, тарихта қалды. 1945 жылғы 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатовпен бірге Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Бұл жӛнінде Алматының бір мектебінде оқушылармен болған кездесудегі батырдың ӛз әңгімесі аса әсерлі: «Үш жүз метр. Иә, осы шағын қашықтықты біз 6 сағат бойы еңбектедік. Бір сәт кӛк түтін бе, кӛтерілген шаң ба, алдымыз бұлыңғыр тұман болып кетті. «Тағы да кеттік», - деп мен алға қарай тұра жүгірдім. Серігім Г.Булатов та құстай ұшты. Рейхстагтың сатылы табалдырығына табанымыз тиді-ау. Екеуміздің де кӛзімізде жас. Денемізде әлсіз діріл бар. Бұл, шамасы, қорқу, толқу, қуаныш сезімі болар. Демімізді басып, ес жиған соң, Гриша алып келген жалауды Рейхстаг қабырғасына қададық. Аз уақыт ӛткен соң, біздің артымыздағы негізгі күш те келіп жетті». Иә, бұл ержүрек қазақ жігітінің бойындағы ата-бабасынан қалған нағыз ерліктің кӛрінісі еді. Соғыстан кейінгі жылдары Рақымжан Қошқарбаев Эльба бойындағы кеңестік оккупация әскери бӛлімінде қызмет атқарды. 19471967 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жӛніндегі бас басқармада инспектор, ал 1967 жылдан «Алматы» қонақ үйінің директоры болды. Р.Қошқарбаев Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, кӛптеген медальдармен марапатталған. Берлиндегі Рейхстагқа ту тігіп, қазақтың нағыз батыр ұлт екендігін дәлелдеген қайсар азамат Рақымжан Қошқарбаевқа 1999 жылы тәуелсіз еліміздің «Халық қаһарманы» атағы берілді. Р.Қошқарбаев 1988 жылы 10 тамызда Алматыда қайтыс болды. 116
А.Мұсабекова НҦРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ (1925 – 1998) Қазақстанның (1975) және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (1984) халық артисі, Қазақстанның халық қаһарманы (1998) сазгерлікті орындаушылық ӛнермен ұштастыра отырып, тыңдаушысын тамсандырған, аты аңызға айналған Нұрғиса Тілендиев – қазақ музыка тарихында қайталанбас тұлға. Кеңестік дәуірде туып, бүгінгі кәсіптік ӛнердің аясында тәрбиеленсе де халықтық фольклордан мол сусындап ӛскен, ӛз творчествосына да фольклорлық сипатты кӛп сіңіре білген ол – сирек кездесетін талант. Нұрғисаның ерекше қасиетінің ӛзі – ӛткен дәуірдегі халық ӛнерпазының бойында кездесетін бірнеше ӛнердің жиынтығы бір ӛзінен табылатындығы. Ол – композитор, ол – виртуоз домбырашы, ол – дирижер, ол – ұйымдастырушы, ол – фольклоршы, зерттеуші, халық мұрасын ынтамен жинап, ел игілігіне асырушы. Нұрғиса бойындағы табиғат сыйлаған дарынның негізгі тамыры әріде жатыр. Ол дүниеге келген Жетісу ӛңірі – суырып салма ақындық мектеп қалыптасқан, әншілікті, күйшілікті, сал-серілікті мирас етіп, дәріптеген құйқалы топырақ әсіресе айтыс ӛнерінің айрықша дамып, жетіліп бергі заманға дейін қаймағы бұзылмай жеткен аймақ та – осы жер. Оның үстіне батыс пен шығысты, оңтүстік пен солтүстікті жалғастырып, Ұлы Жібек жолының торабы болған Жетісу ӛлкесі ХІХ ғасырдың соңына ала қазақ даласының түкпір-түкпірінен келіп, ат басын тірейтін жәрмеңке базарына, ӛнер ордасына айналған. Абайдан бастап Балуан Шолақ, Біржан, Әсет, Естай, Шашубай сияқты әнші, композитор, ақындар келіп, халыққа ӛнерін тамашалатқан. Әйгілі Балуан Шолақ пен Әсет әндері Жетісу аспанында қалықтап, даланы, тау-тасты, сай-сала, орманды әсем сазға бӛктірген. Нұрғисаның үлкен әкесі Тіленді де – Байсерке күйшімен үзеңгілес жүріп күй тартысқан, күйшілік ӛнерді мирас қып, артына мол күй мұрасын қалдырған ӛнерпаз. Талантты жастың үлкен ӛнер жолына түсіп, музыкалық білім алуына жол ашқан, мүмкіндік туғызған ӛнер саласы бойынша тұңғыш әрі жалғыз академик, композитор, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбанов болған. Болашағынан үміт күтіп, қаршадай баланы үлкен оркестрге мүше етіп алуы – Ахмет Жұбановтың Нұрғиса талантын жазбай танып, оған сенім артқаны болса керек. Ұшқан ұяда кӛрген тәрбие, ӛскен ортадан алған тағылым, ӛнер ордасы берген білім ұштасып келіп 117
Нұрғиса талантын шыңдап, бойына біткен дарын тармақтарын бір арнада тоғыстырады. Ол – кӛкірегін кернеген арман сазы, жүрек сыры, махаббат назы, туған ел қуанышы ән болып тӛгілген, күй болып шалқыған композитор. «Жан сәуле», «Кел еркем, Алатауыңа», «Куә бол», «Құстар әні», «Ӛз елім», «Саржайлау», «Алатау», «Кӛш керуен», «Аққу», «Аңсау», «Баянауыл бауырында» тәрізді әндер, «Ата толғауы», «Әлқисса», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет» т.б. аспаптық шығармалары мен ондаған драма, кинофильмдерге жазған музыкалары соның айғағы. Ол – тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, құмарынан шығаратын, кӛрерменді тамсантып, таңдай қақтырар, күй шерткенде бармағы пернеден бал тамшылататын домбырашы. Бұған мысал ретінде оның барлық концерті туралы айтпай-ақ, 1946 жылғы Кремль сарайында «Балалайканы» орындап, жеке орындаушылық шеберлігімен тәнті етсе, 1983 жылы Москвадағы Чайковский залында «Отырар сазы» оркестрінің концертінде оған қоса композиторлық, дирижерлігімен сүйсіндіріп, сондай-ақ 1994 жылы Солтүстік Кореяда жыл сайын ӛтетін дәстүрлі дүниежүзілік ән мерекесінде 64 мектептен келген ӛнерпаздардың ішінде Нұрғиса басқарған, дирижерлік еткен «Отырар сазы» оркестрінің бірінші орын алғанын айтсақ та жеткілікті. Қ.Алпысбаев ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ (1930 – 1992) Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мӛлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас... 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка ӛнерінің ән жанрына аса айқын да соны леп ала келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951-1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне (проф. В.В.Великановтың класы бойынша) қабылданды. Ш.Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұндық ауқымы кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, 118
жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Ӛмір – ӛзен» т.б. ӛлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады. Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы. Сазгердің «Ана туралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағынамазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр. Ш.Қалдаяқовтың кӛптеген әндері Р.Бағланова, Р.Абдуллин, Б.Тӛлегенова, Р.Мұсабаев, З.Қойшыбаева т.б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш.Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш.Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» (реж. Т.Ахметов) атты ғұмырнамалық деректі телефильм түсірілді. Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш.Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды. Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бӛлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филормония мен бір кӛше, Алматы қаласындағы бір кӛше, композитордың туған ӛлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филормониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқауфестивалінің ӛтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық кӛрді. А.Мұсабекова МҦҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ (1931 – 1976) «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі ӛлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бӛленіп келе жатқан Мұқағали ақын 1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай кӛмкерген Шалкӛденің жазығы, жалбызды 119
жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мӛлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының кӛгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қ.Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды ӛзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға. Мұқағали Қасымды қай жағынан болсын пір тұтып мақтан еткен. Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым?! Қасым солай болмаса, несі Қасым. Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің, Әммесінен Қасымның десі басым, деп толғайды. Қасым тағдыры ӛз басына келіп, дерт меңдеген шақта да, ол ажал алдына бас имей, Қасымның қайратын ӛнеге тұтады. М.Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен. Таулар менің таусылмайтын бақытым, Ал, ырысым – ұлан ғайыр кең далам, - деп жырлайды. Ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жадырап ашылады. Боз далам, күрең далам, жасыл далам. Кісі емес саған келіп бас ұрмаған. Құныға құрышым бір қанбай қойды-ау, Қалай ғана құшармын ғашық далам? – деп сыр тӛгеді. Мұқағали нені жырласа да поэзиясында ӛзіндік үні естіліп, ӛзіндік қолтаңбасы кӛрініп тұрады. Ақынның туған жері, ауылы, оның адамдары, ӛз ӛмірі – поэзиясы. Ол әр уақытта ӛз халқымен бірге қуанып, халқымен бірге күйініп отырады. Сондықтан ақын жасаған әр образ – сол бір кезең тарихының, ӛмірінің шынайы бейнесі. Қырық бес жыл ғана ӛмір сүрген ақынның тірі кезінде шығармалары ӛз дәрежесінде кітап болып жарық кӛре алмады. Шағыншағын екі-үш кітапшасы ғана басылды. 1976 жылы қайтыс болғаннан бері ақынның мол мұрасы жеке том болып та, екі томдық, тӛрт томдық болып та жинағы шықты. Тірісінде ӛз бағасын ала алмаған, алайда шығармалары арқылы халқының ең сүйікті ақынының біріне айналған М.Мақатаевқа 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді. Алматыдағы бір мектеп, бір кӛше ақын есімімен аталады. Туған ауылы Қарасазда ақын мұражайы бар. Қ.Алпысбаев 120
ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ (1939 ж.т.) Жолым түсіп Маңғыстауда болғанымда (2001) Қошқар ата мекеніне таяу Ақшұқыр ауылында ӛзі университетте Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, мектепте Әбішке сабақ берген 79 жастағы Зияда Ғұсманқызын кӛрдім: - 1945 жылы Таушыққа келіп, мектепке орналастым. Кӛп жыл сонда болдым. Әбіш те сол кезде оқыды, сабаққа жақсы еді. Қоғамдық жұмысқа белсене араласатын. Сурет те салушы еді. Ӛзі 9 класта оқыса да, 10 кластың балаларын ұялта сӛйлейтін... Әбіш бүгінде Әуезовтың жақсы шәкірті, ізін басқан сӛз зергері, қайраткер ұлық қой, - деп еді. Сол жылы болса керек, Әбіш орыс тілінде оқыған бір кітабынан қазақ жазушысы кӛшіріп алғандығын байқап, досы Сәбит Абдуллин екеуі «Лениншіл жасқа» мақала жазыпты. Ол жарияланып, Алматыда едәуір әңгіме болыпты. Әбіш Кекілбаевтың бір қыры – сыншылық қабілетінің тұсаукесері осы мақала болса керек. Ал публицистік жолы 6 сыныпта оқып жүргенде бір ұшқыш тарапынан болған әділетсіздікті сынап «Комсомольская правдаға» шыққан сын мақаласы екен. Қалам тартысын журналистік бағдардан бастап, ақын болып танылып, сыншы болып кӛрініп, қара сӛзге туын тіккен Әбіш Кекілбаев қарымды қаламгер болып, 12 том шығарма берді. Мұхтар Әуезовтен дәріс алып, Мұхаң алдында, студент шағында әдебиет сынынан баяндама жасап, ғұлама жазушыны риза етіп, алғысын алған Әбіш – ұстаз үмітін толық ақтаған қаламгер. Қаламгер ғана емес, қоғам һәм мемлекет қайраткері. Кеңес заманында болсын, тәуелсіздіктен бергі кезең болсын, Әбіш билікті мекемелерде, биік орындарда болып, елдің бүгіні мен болашағына қатысты келелі істердің шешілуіне атсалысып келеді. Қандай қызметте болсын шулатпай, жеміс ағашындай үнсіз тұрып жұмыс тындыратын Әбіштің қолтаңбасы тәуелсіздік жылдарындағы кӛптеген істерден аңғарылып жатады. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың қай ортада болсын сӛйлеген сӛзі тыңдалмаған, жазғаны оқылмаған, ой-пікірі ескерілмеген емес, әрі оның бәрі де ықыласпен қарсы алынып, қуатталған. Ұстазы Мұхтар Әуезов «Абай жолы» арқылы ұлтымыздың тұтастай бір ғасырын – XIX ғасырды бейнелесе, Әбіш Кекілбаев «Үркер», «Елеңалаң» романы арқылы ұлт ӛмірінің XVIII ғасырын суреттеген. Әбіштің ӛз бойында да қазақтың бір ғасыры, XX ғасыры жүр деуге болады. С.Шүкірұлы 121
НҦРСҦЛТАН НАЗАРБАЕВ (1940 жылы туған) Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жайлы әңгімелеудің ӛзі – бақыт. Олай деудің себебі – басынан бейнеті арылмаған, «мың ӛліп, мың тірілген» қазақ халқының тәуелсіздіктің қыл бұғауынан мәңгілік азат болуы – осы есіммен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз жылдар бойы қан тӛгіп, күрессе де ала алмаған тәуелсіздікке біз тек ӛткен ғасырдың соңын ала ғана қол жеткіздік. Осыған орай 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойған осы тұңғыш Елбасымыз болды. 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы қарапайым қазақтың отбасында дүниеге келген Нұрсұлтан Назарбаев жасынан отбасына мейірімді, іні-қарындастарына қамқор, ата-анасының нағыз сүйеніші болып ӛсті. Шаруаға икемді, тіл алғыш, үлкен-кішіге ілтипатты бала үй-ішіне азық-түлік, малына жемшӛп тасумен ӛзі де айналысатын болған. Мектепте озат оқып, ылғи алдыңғы қатарда кӛрінетін, сыныптас достарынан да кӛмегін аямайтын. Мінезі орнықты, ісіне тындырымды да сабырлы Нұрсұлтан жаңалыққа жаны құмар жігіт болып ӛсті. Ол алғаш, барлық алғыр балалар сияқты, ұшқыш болуды армандаған, кейін ол ойынан бас тартты. Сӛйтіп ол Днепродзержинск техникалық училищесін, Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, жоғары партия мектебін бітірді. Нұрсұлтан Назарбаев қазір экономика ғылымдарының докторы, академик. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жасалған игілікті істерге тоқталатын болсақ, ең бастысы, 40 жыл бойы 459 рет жер беті және жер асты ядролық жарылысын жасап, адамзат баласына ажал оғын тӛгіп келген Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Астананы Елордаға кӛшірудің де ұлт тұтастығын, ел тыныштығын ойлаған Елбасының кӛреген бастамасы екендігі бүгінде баршаға аян. Қазіл бұл қала әлемді таңғалдырып отырған, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған сәулетті де сәнді елордаға айналды. Қарап отырсаңыздар, қаншама ірі мемлекеттік мәселелер Елбасы кӛрегендігімен әрдайым оңтайлы шешімін табуда. Қытай мен Ресей сияқты алып мемлекеттермен арадағы шекараның жайы – Нұрсұлтан Әбішұлы бейбіт жолмен шешкен халықаралық мағынадағы ең сүбелі мәселелердің бірі емес пе?! Ал қазақтың ана тілін мемлекеттік тіл етіп, мәртебесін жоғарылатқан кереметті айтсаңызшы! Тұтастай мемлекет болып ана тілімізде ойлап, ана тілімізде сӛйлейтін халге жеткеніміз жеңіс емей немене?! Халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, қазақ ұлты санының ӛсуіне бар мүмкіндік пен жағдай жасалуда... 122
Нұрсұлтан Назарбаев халық тілегімен ӛткен 2005 жылғы сайлауда қайтадан Президент болып сайланды. Бұл – Елбасыға халқы тарапынан жасалған зор құрмет екені анық. А.Мұсабекова МҦХТАР МАҒАУИН (1940 жылы туған) Аса кӛрнекті жазушы, белгілі әдебиет зерттеушісі, ғалым, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, бүгінгі қазақ әдебиетінің кӛшбасшыларының бірі Мұхтар Мағауин Шығыс Қазақстан облысы, Аягӛз ауданында дүниеге келген. Тумысынан қабілетті, талапты бала жасынан кітапқұмар, білімге құштар болып ӛседі. Барлық пәнді ӛте жақсы оқумен қатар әдебиетке деген ынтасы ерте оянған Мұхтар мектеп қабырғасында жүргенде-ақ қазақ әдебиетінің мол қырынан сусындап, әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен танысып үлгереді. Кіндік қаны тамып, ержеткен жері Ұлы Абай туып, ӛмір кешкен ӛлке болғандықтан, қалыптасқан дәстүр бойынша Абай ӛлеңдерін ерте бастан жаттап ӛскені ӛз алдына, күні кешеге дейін атын айтуға, шығармаларын шығаруға, оқуға тыйым салынған Шәкәрім туралы ескі кӛз қариялар айтқан әңгімелерден біліп, оның ӛлеңдеріне қанық болады. Мектепті алтын медальмен аяқтап, Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірген, оның аспирантурасын тамамдаған Мұхтар қазақ хандығы дәуіріндегі қазақ әдебиеті бойынша зерттеу жүргізіп, диссертация қорғауының нәтижесінде әдебиеттану ғылымына аса маңызды ғылыми жаңалық қосты. Бұған дейін ұстанып келген қазақ әдебиетінің тарихын үш ғасыр ары жылжытты. Мұхтар Мағауин – сирек кездесетін білімдар, ғұлама ғалым, әмбебап қаламгер. Оның әдебиет зерттеушілігі, тарихшылдығы, кӛсемсӛзшілігі бірімен бірі кірігіп жатқан бірлікте, ажыратуға келмейтін тұтастықта кӛрініс табады. Не туралы жазса да, қандай тақырыпқа қалам тартса да негізгі түйіні қазақ тағдыры, ұлттық болмысы, бабалар ӛнегесі, ұрпақ болашағы, тіл мен діл жайындағы ойларға барып тіреледі. Шығармашылығын әдебиет зерттеушілігінен бастаған М.Мағауин кейіндеп бірыңғай жазушылықпен айналысып, кӛркем шығарма жазуға ден қойды. Тұңғыш әңгімесі «Кешқұрым» 1964 жылы «Жұлдыз» журналына басылған. Қаламгердің «Ақша қар», «Бір атаның балалары», «Қияндағы қыстау», «Кӛк кептер» әңгіме повесть жинақтары мен «Кӛк мұнар», «Шақан шері» романдары, «Аласапыран» атты тарихи дилогиясы басылып шықты. Әртүрлі тақырыпқа жазылған бұл 123
шығармалардың қай-қайсысы да кезінде әдеби ортаның назарын ӛзіне ерекше аударып, оқырмандарын қатты сүйсіндірген туындылар болды. Солай бола тұрса да жұртшылықты Мұхтарды алғаш жазушы ретінде ерекше әсерге бӛлеген шығармасы – 1969 жыл «Жұлдыз» журналында жарияланған «Әйел махаббаты» әңгімесі. Шығарма жазудағы ӛзіндік ерекшелігі, кӛркемдік құпияны игеруі, образ жасау шеберлігі, тарихи деректерді орайына келтіріп қисынды қолдануы, жатық та кӛркем тілі қай кезде де қалың оқырманның ықыласына бӛленбей, әдеби ортаның назарынан тыс қалған жері жоқ. Оның «Ұлтсыздану ұраны» кітабы бүгінгі мемлекеттік мәселені кӛтерсе, «Қобыз сарыны», «Ғасырлар бедері» атты зерттеулері қазақ әдебиеті тарихының ӛзекті мәселелерін қамтиды. Ал «Қазақ тарихының әліппесі» еңбегі ұлт тарихының ұзын-ырғасын әсерлі баяндайды. Жазушы ұзақ жылдар бойы М.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институтында ғылыми қызметкер, Абай атындағы ҚазҰПУ-да доцент, «Жазушы» баспасында бас редактор қызметтерін атқарды. Қазір Чехия астанасы Прагада тұрады. Соңғы жарық кӛрген шығармасы «Жармақ» сонда жазылған. Қ.Алпысбаев МҦХТАР ШАХАНОВ (1942 жылы туған) Қазақтың тілі мен ділі, ұлттық қалып-қасиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы танбай жазып келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов үлкеннің де, кішінің де сүйіктісіне айналғаны белгілі. Ол – Қазақстан Республикасы Халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1999). 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Тӛле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. М.Шаханов 1969 жылы Шымкент пединститутын бітірді. Ол 1961-1965 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1965-1970 жылдары «Ленишіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды. Болашақ ақынның алғашқы ӛлеңі «Сырдария» (1959) деп аталады. 1966 жылы М.Шахановтың тұңғыш ӛлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық кӛрді. 1968 жылы махаббат, достық тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді» атты ӛлең жинақтары жарық кӛрді. 1970-1971 жылдары М.Шаханов Шымкент облыстық комсомол комитетінде сектор меңгерушісі, 19711976 жылдары ҚР Телевизия және радиохабар жӛніндегі мемлекеттік комитеттің аға, бас редакторы, ал 1976-1979 жылдары ҚР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жӛніндегі мемлекеттік комитеттің 124
бӛлім бастығы қызметін атқарды. 1974 жылы М.Шахановтың «Қырандар тӛбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық» атты жинақтары жарыққа шықты. Ақын 1984-1993 жылдары «Жалын» альманағының бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы (1986 жылдан бастап) қызметтерін атқарды. Осы жылдары ақынның «Махаббатты қорғау» (1982) және «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты ӛлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды. М.Шаханов 1993-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы тӛтенше және ӛкілетті елшісі, 2004-2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. М.Шаханов поэмаларының тақырыптары сан алуан. «Танакӛз» шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы кӛне аңыздардың желісіне құрылған, «Күретамырды іздеу» жастық шақты жырласа, «Сенім патшалығы» кӛне дәуір мен бүгінгі ӛмір адамдарын шендестіре суреттеп, философиялық ой түйеді, «Махаббатты қорғау» махаббат триптихтарынан тұрса, «Нарынқұм трагедиясы» халық қамы үшін күрескен патриот ақын Махамбеттің ӛміріне арналған. Ақынның «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді. М.Шаханов – драматургия жанрына да қалам тербеген. Оның «Махаббат таңы» (1970), «Сенім патшалығы» (1977), «Кӛкейкесті» (1987) атты поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. «Уақыт бедерлері» (1981), «Зерде кітабы» (1984) атты жинақтары орыс тілінде жарық кӛрді. М.Шахановтың шығармалары шет елдерде де басылып шықты. А.Мұсабекова ТОҚТАР ӘУБӘКІРОВ (1946 жылы туған) Жас кезінен алдына қалайда ұшқыш болуды мақсат етіп қойған арманшыл жандардың бірі Тоқтар Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысының Бірінші Май ауылында туған. Ата-анасынан жастай жетім қалған ол апасының қолында тәрбиеленеді. Тоқтар үшін ӛзі балалық шағын ӛткізген аяулы мекенін кӛк жүзінен кӛру арман болды. Балаң жігіт, ең алдымен, бос уақытында аэроклуб үйірмесіне қатысып, парашюттен секіруге әуестенді. Осылай асыл арман аясында жүріп ол орта мектепті бітірген соң, Армавирдегі ұшқыштар училищесіне оқуға түсті. Инженер-ұшқыш атағымен училищені бітірген Тоқтар Қиыр Шығыста жұмыс істеп жүріп, 1-класты әскери ұшқыш атағын иеленді. 125
Ӛз ісін жетік меңгерген маман ретінде ол аса жауапты да қиын жұмыстар атқарды: түрлі маркадағы бірнеше әскери ұшақты сынақтан ӛткізді. Албырт жастың әлі де алдына қойған мақсаттары кӛп еді, ақыры ол ӛз арманына жетті. 1986 жылы «Тбилиси» авиакрейсеріне «МИГ29К» дыбыстан жылдам ұшатын ұшағын қондырып алып, сол кемемен әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Осы батырлығы үшін Т.Әубәкіровтің есімі Гинестің рекордтар кітабына жазылды. Тоқтар 50-ден астам жаңа ұшақтарды сынақтан ӛткізді. Осындай ӛміріне аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырғаны үшін ер жүрек жігітке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақ жігіті Отан алдында жасаған ерлік әрекеттерін әлем жұртшылығы алдында дәлелдеуін осылай бастады. Ӛз ӛміріндегі ең бір шуақты сәт жайлы Тоқтар былай деп әңгімелейді: «Ол кезде ғарышқа тек Тоқтар Әубәкіров емес, бүкіл қазақ баласы ұшып бара жатты. Сонда мен рапортты басқа тілде беруім керек пе? Рас, ол уақытта мен қазақ тілін жете білмейтін едім. Себебі 30 жыл ғұмырым орыстар арасында ӛтті. Сонда да тілімді бұрап: «Мен қазақпын! Мен ұшуға дайынмын! Қазақ халқы үшін!» - дедім. «Кемеңіз от алып, жерден кӛтеріліп бара жатқанда, қандай сезімде болдыңыз?» дейсің. Жалпы, ғарышкерлердің арасында жазылмаған мынадай заң бар. Ғарыш кемесі кӛтерілер сәтте «поехали» деп айту керек. Ол сӛз Ю.Гагариннен қалған. Бірақ мен осы дәстүрді бұзып: «Халқым, сен үшін отқа да, суға да түсуге дайынмын!» - дедім. Қазақша айттым, ол сӛздерім таспада бар». Ресейдегі әскери қызметтен босаған соң, Тоқтар Әубәкіров тәуелсіз мемлекетіміздің ғарыш саласындағы істеріне басшылық жасады, Елбасының ғарыш істері жӛніндегі кеңесшісі болды. Тоқтар Әубәкіров – техника ғылымдарының докторы (1998), профессор (1997), Кеңес Одағының еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы, авиация генералмайоры (1995). Қазір Тоқтар Әубәкіров – Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, халық қалаулысы. Елімізде туындап отыратын күнделікті мәселелерге белсене араласып, олардың оңтайлы шешілуіне үлесін қосуда. А.Мұсабекова
126
АТАТЕК ШЕЖІРЕ Шежіре арқылы біз халықтың этникалық құрылымы, шығу тегі, таралуы, тұтастығы жӛнінде мол мағлұмат аламыз. «Шежіре» сӛзі «сақтау», «ағаштың бұтағы» деген ұғымдарды білдіреді. Шежірешілдік кӛшпелі қоғам туғызған қажеттілік және кӛшпелілердің әдет-ғұрып, салт-санасының негізінде туған. Ел арасында ӛмір тарихын ӛте жақсы білген «шежіре адамдар» болған. Олар қазақтың ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрін, заңдарын, әдет-ғұрпын, ай-күн есептерін жақсы білген, небір аңыз-әпсана, жырларды жадында сақтаған. Қазақ тарихын зерттеуші ғалымдар негізгі дерек кӛзін шежіреден алады. Шежіренің ішінде аңыз бен шындық та, ертегі мен әпсана да, ӛнер мен ғылым да бар. Осы жағынан алғанда дәстүрлі қазақ мәдениеті мен шежірені біртұтас қарастырамыз. Қазақтар ӛз бастауын Алаша ханнан алады. Алаша ханға байланысты айтылатын шежірелердің орны бӛлек. Ӛз мемлекеттілігін танығысы келген халықтың осы Алаша ханға байланысты аңыздарға жүгінгені жӛн. Кейінгі орта ғасырлардағы тарихи оқиғаларды, халықтың басынан ӛткен айшықты кезеңдерді Рашид ад-Дин, Әбілғазы Баһадүр, Ӛтеміс қажы, Мұхамед Хайдар еңбектерінен кӛруге болады. Қазақ елінің тарихын толықтыра түсетін бір дерек Махмуд Абдоллах пен Уәлидің «Зубдат ал-асрары» деген еңбегі. Мұнда қазақтардың орта ғасырлардағы кӛрші елдермен саяси қарым-қатынасы баяндалады. Бертін келе ХІХ ғасырдың соңында Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» деген кітабы, Ә.Бӛкейхан сӛзімен айтсақ, «қазақ шежіресінің тұңғышы» болды. Мұнда Шәкәрім халықтың ӛткен тарихын баяндаған. Халық ауыз әдебиетін жинауда М.Ж.Кӛпеевтің де еңбегі зор. С.Мұқанов: «М.Ж.Кӛпеев шежіресінің ӛзге шежірелерден ерекшелігі, ол әрбір аталарды баяндағанда, сол аталардың тұсында болған оқиғалар туралы ел аузында қалған ертегі-аңыздарды қоса айтады» деп жазады. Жарық кӛрген құнды шежірелердің бірі – Құрбанғали Халидтің «Тауарих Хамсасы». Шағатай тілінде жазылған бұл туындыда қазақ елінің тарихы, әдет-ғұрпы, «қазақ» этнонимінің шығу тарихы, рулар жӛнінде тың деректер кездеседі. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында қазақ шежіресін жасауға Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, М.Сералин, М.Тынышбаев, Н.Наушабаев кӛп еңбек сіңірді. Шежірелік дәстүрді ХХ ғасырда Х.Арғынбаев, С.Толыбеков, С.Мұқанов, В.Востров, М.Мұқанов жалғастырды.
127
Қазақ шежіресінің ӛскелең ұрпақты ұлтын ұлықтауға тәрбиелеуде үлкен мәні бар. ЖҤЗ Қазақ елі үш жүз бола отырып, елдің тәуелсіздігін, қазақ жерінің тұтастығын сақтап отырған. Ал осы «жүз» деген ұғым, осы сӛз қайдан пайда болған деген сұраққа келсек, оның жауабын, әрине тарихи деректерден іздейміз. 1456 жылы Қазақ хандығы құрылып, кӛрші елдерге таныла бастайды. Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті қыпшақ, Керей хандығы т.б. мемлекеттердің ұйытқысы болған туысқан тайпалардың кӛпшілігі Қазақ хандығының туы астына топтасты және оның аумағы кеңейді. Қазақ хандығына сол қазіргі Қазақстан аумағы түгел қарап, қазақ тайпалары мен қырғыз, қарақалпақтар т.б. топтасып, 1560-1580 жылдарда Ақназар ханның қол астына кірді. «Жүз» ұғымы осы кезде пайда болды деушілер бар. Ал кейбір зерттеушілер «жүз» ұғымы бұған дейін пайда болып, Қазақ хандығы сол бӛліністі сақтап қалды дейді. Қалай болғанда да, «Жүз» деп аталатын әкімшілік-аймақтық құрылым кең байтақ аймақты басқарудың және жаудан қорғаныс ұйымдастырудың тиімді жолы болып қалыптасқан. Ата қонысы, шаруашылығы, туыстық қарым-қатынастары бірбіріне жақын тайпалар мен рулар Жүздік бӛліністі құрады. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1715) хандықтың Жүздік құрылымы күшейіп, жергілікті билік пен орталық биліктің арақатынасы нақты айқындалды. Қазақ халқы, негізінен, үш жүзден және рулар мен ұлыстардан тұрады. Үш жүздің ұраны – «Алаш». Ұлы жүзге қаңлы, сары үйсін, жалайыр, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, ысты, ошақты, шанышқылы тайпалары енеді. Олар Жетісу жерінде, Талас, Шу, Сырдария, Іле ӛзендерінің алқаптарында қоныстанған және б.з.д. Үйсін ордасынан бері бір-бірінен ажырамаған. Сондықтан да «Ұлы жүз – Үйсіндер» деген ұғым халықтың жадында берік орныққан. Ал Орта жүзге арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тайпалары енеді. Олар, негізінен, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан, тіпті Оңтүстік Қазақстанның Сырдария ӛзенінің тұсын мекендеген. Жүздердің ішіндегі жері кең және арғын тайпасы кӛп болғандықтан, бұл жүз «Орта жүз – арғындар» деп аталып кеткен. Кіші жүзге байұлы (12 ата), әлімұлы (6 ата), жетіру (7 ата бірлестігі) кіреді. Олар Батыс Қазақстан ӛңірін, Еділ, Жайық, Торғай, Тобыл, ӛзендерінің атырабын, Маңғыстауды, Каспий, Арал теңізі жағалауларын, Сырдария ӛзенінің тӛменгі ағысын мекендеген. Ел 128
аузында оларды Алшыннан тараған деп айтатындықтан, «Кіші жүз – Алшын» деген ұғым қалыптасқан. Қазақ хандығының аймақтық тұрғыдан үш жүзге бӛлінуі халықтың ынтымақтастығы мен біртұтастығын, қауіпсіздігін сақтаған. А.Мұсабекова ЖҤЗДЕРДІҢ КЕСТЕСІ ҚАЗАҚ ҦЛЫ ЖҤЗ қаңлы сары үйсін жалайыр албан суан дулат шапырашты сіргелі ысты ошақты шанышқылы
ОРТА ЖҤЗ арғын тарақты қыпшақ қоңырат найман керей уақ
КІШІ ЖҤЗ әлімұлы байұлы жетіру
ХАНДАР КЕСТЕСІ Қазақ хандығының хандары 1. Керей – шамамен 1456-1473 жылдар 2. Жәнібек – 1473-1480 жылдар 3. Бұрындық – 1480-1511 жылдар 4. Қасым – 1511-1518 жылдар 5. Мамаш – 1518-1523 жылдар 6. Таһир – 1523-1533 жылдар 7. Бұйдаш – 1533-1534 жылдар 8. Қожа Мақмұт – 1534-1535 жылдар 9. Тоғым – 1535-1537 жылдар 10. Хақназар – 1538-1580 жылдар 11. Шығай – 1580-1582 жылдар 12. Тәуекел – 1582-1598 жылдар 13. Есім – 1598-1628 жылдар 14. Жәңгір (Салқам Жәңгір) – 1628 (1645) – 1652 (1680) жылдар 15. Тәуке – 1680-1718 жылдар 129
16. Болат – 1718-1726 (1729) жылдар Кіші жҥз хандары 17. Әбілқайыр – 1718-1748 жылдар 18. Нұралы – 1748-1786 жылдар 19. Ералы – 1791-1794 жылдар 20. Есім – 1795-1797 жылдар 21. Айшуақ – 1797-1805 жылдар 22. Шерғазы – 1805-1824 жылдар Жаңадан Ішкі Орда немесе Бӛкей Ордасы қҧрылды. 23. Бӛкей – 1801-1815 жылдар 24. Шығай – 1815-1823 жылдар 25. Жәңгір – 1823-1845 жылдар Орта жҥз хандары 26. Қайып – 1716-1719 жылдар 27. Сәмеке – 1719-1734 жылдар 28. Әбілмәмбет – 1734-1771 жылдар 29. Абылай – 1771-1781 жылдар 30. Уәлі – 1781-1819 жылдар 31. Бӛкей – 1815-1819 жылдар 32. Кенесары – 1841-1847 жылдар ҚАРҒА ТАМЫРЛЫ ҚАЗАҚ Адамның жасына байланысты атаулар
1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте 1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бӛпе, ұл бала – бӛбек 2 жастан 3 жасқа дейін – бүлдіршін 3 жастан 5 жасқа дейін – балдырған 6 жастан 7 жасқа дейін – сәби 8 жастан 12 жасқа дейін – ойын баласы 13 жастан 15 жасқа дейін – ересек бала 16 жастан 19 жасқа дейін – бозбала 20 мен 30 жас аралығы – жас жігіт 30 бен 40 жас аралығы – дүр жігіт 40 пен 50 жас аралығы – ер түлегі 130
50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы 70 пен 80 жас аралығы – ақсақал 80 жастан жоғары – шал, қарт, қария Мҥшел жас 1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау) 2-мүшел – 25 жас (жігіттік жас) 3-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтау) 4-мүшел – 49 жас (орта жас) 5-мүшел – 61 жас (орта жас) 6-мүшел – 73 жас (қарттық) 7-мүшел – 85 жас (кәрілік) 8-мүшел – 97 жас (қалжырау) 9-мүшел – 109 жас (шӛпшек сүю) 10-мүшел – 121 жас (немене сүю) Ер адамның өз жұртының атаулары Ата – әкенің әкесі, бергі ата Арғы ата – атаның әкесі Әже – әкенің шешесі, үлкен әже Әке – ӛзінің туған әкесі Апа – ӛзінің туған шешесі (анасы) Әпке – ӛзінен жасы үлкен қыз (әйел) Қарындас – ӛзінен жолы кіші қыз (әйел) Аға – ӛзінен үлкен ұл бала Іні – ӛзінен кейінгі ұл бала Ағайын – бауырлас, аталас адамдар Баба – арғы ата, үлкен ата Жеңге – ағаның әйелі Келін – інінің әйелі Жиен – күйеуге шыққан әпкеден не қарындастан туған бала Жиеншар – жиеннен туған бала Жезде – әкесінің күйеуі Күйеу – қарындасының күйеуі Немере – ата-ананың ұлынан туған баласы Шӛбере – немереден туған бала Шӛпшек – шӛбереден туған бала Немене – шӛпшектен туған бала Туажат – неменеден туған бала 131
Жүрежат – туажаттан туған бала Жегжат – жүрежаттан туған бала Ер адамның нағашы жұртының атаулары Нағашы ата – шешенің әкесі Нағашы әже – шешенің шешесі Нағашы аға – шешенің аға-інілері Нағашы апа – шешенің апа-сіңлілері Нағашы іні – шешенің бауырларынан туған жасы кіші бала Нағашы қарындас – шешенің бауырларынан туған жасы кіші қыз Нағашы жеңге – шешенің апа-сіңлілері күйеуі Бӛле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары Ер адамның қайын жұртының атаулары Қайын ата – әйелінің әкесі Қайын ене – әйелінің шешесі Қайын аға – әйелінің ағасы Қайын бике – әйелінің әпкесі Қайын іні – әйелінің інісі Балдыз – әйелінің сіңлісі Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі Әйел адамның қайын жұртының атаулары Қайын ата – күйеуінің атасы Қайын ене – күйеуінің шешесі Қайын аға – күйеуінің ағасы (жақын ағалары) Қайын бике – күйеуінің әпкесі (жақын әпкелері) Қайын іні – күйеуінің інісі (жақын інілері) Қайын сіңлі – күйеуінің қарындасы (жақын қарындастары) Абысын – қайын ағасының әйелі Ажын – қайын інісінің әйелі Жезде – қайын бикесінің күйеуі Күйеу – күйеуінің қарындасының жұбайы
132
ҦЛТ ЖАРШЫСЫ «АЙҚАП» ЖУРНАЛЫ «Айқап» журналы ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының ұлты үшін атқарған ұлы еңбектерінің куәсі. Журнал 1911 жылдың қаңтары мен 1915 жылдың қыркүйегі аралығында Троицк қаласынан кейде айына бір рет, кейде екі рет шығып тұрған қазақтың алғашқы қоғамдық саяси және әдеби-мәдени журналы. Редакторы – кӛрнекті кӛсемсӛзші, ақын, зерттеуші Мұхамеджан Сералин. Журналды шығару ісіне татар ұлтының зиялылары біршама қаржылай-рухани кӛмек кӛрсеткен. Басылымның 88 саны жарық кӛрген. Журналда А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғырұлы, Б.Ӛтетілеуұлы, С.Дӛнентайұлы, Қ.Кемеңгерұлы, Ә.Ғалимұлы т.б. қалам қайраткерлерінің еңбектері жарияланған. «Айқап» ұлт тарихы мен мәдениеті тақырыбын да біршама зерделеген. Қалайда журнал ХХ ғасыр басында қазақтың саяси, мәдени деңгейінің ӛсуіне айрықша ықпал еткен. Басылым атына келсек, қазақтың «әй, қап!» деген ӛкінішке толы сӛзінен туған. Яғни, мақсаты – ӛкініштің орнын толтыру болған. Ал, «Айқапқа» айдын әрі пана Троицкі Қостанай-Торғайға жақын, әрі сол кезде бұл ӛңір тұтасымен Орынборға қараған еді. Соңғысының кейін астана болып кетуінің де сыры осында. Қазіргі кезде «Айқап» бетінде жарық кӛрген материалдар сол кезеңнің даму ерекшелігін, ұлт мәселелерін тануда үлкен деректік мәнге ие болып отыр. «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ «Қазақ» газеті – 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.ХХ ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының үні болған бұл тарихи газет сол тұстағы қазақ баласының ойын, ұлттық ӛресін тәрбиеледі. Ұлтазаттық қозғалыстың басты басылымы болған «Қазақ» газеті Ә.Бӛкейхан, А.Байтұрсынұлы бастаған ұлы шоғырдың ұлт алдындағы орасан еңбектерін халыққа таныта отырып, әлеуметтің саяси жағынан сауаттануына, ұлттық намысының оянуына, тұтас ел болып ұйысуына ӛлшеусіз еңбек сіңірді. Бұл газет кӛтерген идеялар халқымызды біріктіріп, тәуелсіздікке ұмтылуына қуат берді. «Алаш» партиясының, автономиясының үні болған газет халқымыздың күрес жолындағы айғақтарына толы басылым. Бірінші саны 1913 жылғы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шығып 133
тұрған. Бастырушысы – «Азамат» серіктестігі. Газетке қаржылай кӛмектескендердің кӛшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нӛмірі жарық кӛрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл – «қазақ ұлты» деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-ӛнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы – А.Байтұрсынұлы, оның ӛкілетті ӛкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бӛкейхан, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, Х.Досмұхамедұлы, С.Дӛнентайұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. ХХ ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газетжурналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты. «Қазақ» газеті бетінде жарық кӛрген материалдар ұлт-азаттық қозғалысын зерттеуге, оның тұлғаларының ӛмірбаянын толықтыруға, «Алаш» партиясының, Алашорда үкіметінің тарихын тануға мол дерек береді. «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ Бұл республикалық қоғамдық-саяси газет бір ғасырға жуық уақыт бойы Қазақстанда болып жатқан ӛзгерістер мен жаңалықтардың жаршысы болып келеді. Газет әуелде 1917 жылы желтоқсан айында «Ұшқын» деген атпен жарық кӛрген, бұдан соң «Еңбек туы» (1920), «Еңбекшіл қазақ» (1921-1925), «Еңбекші қазақ» (1925-1932), «Социалды Қазақстан» (1932-1937), «Социалистік Қазақстан» (1937-1991), «Егеменді Қазақстан» (1991-1993) деген атаулармен шығып тұрды. Ол алғаш Орынборда, кейінірек Алматыда, қазір Астанада жарық кӛреді. Газетке редакторлық еткендердің ішінде Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Ш.Мұртаза, Ә.Кекілбаев сияқты кӛрнекті тұлғалар бар. Егемендік алғалы бері газет еліміздің тәуелсіздігін баянды етуге, тарихи кезеңдер мен тұлғаларды тануға елеулі үлес қосып келеді.
134
«ЖАС АЛАШ» ГАЗЕТІ Еліміздегі жастарға арналған ең байырғы, беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы наурыз айында Ташкентте жарық кӛрді. Тұңғыш редакторы – Ғани Мұратбаев. Газет 1927 жылдан «Лениншіл жас» деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қазақ жастары дүниетанымының қалыптасуына, ұйымдасуына кӛп еңбек сіңірді. Қазақстан ӛз алдына тәуелсіз мемлекет болған соң еліміздегі саясиәлеуметтік мәселелер жӛнінде кӛптеген бастамалар кӛтерді. «Жас алаш» қашан да ӛзінің ӛткірлігімен, батылдығымен елімізде демократиялық үрдістердің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Ол жастарымыздың ұлттық дүниетанымын, ұлттық намысын, ұлттық рухын қалыптастыру мен шыңдауға мазмұнды материалдарымен іргелі үлес қосуда. Газеттің «Студент», «Руханият», «Алдаспан», «Мыңнан бір мезет», «Ақ отау» сияқты қосымшаларында қазақ жастарының ӛміріндегі ӛзекті мәселелер жӛнінде толғамды мақалалар, сұхбаттар ұсынылып жүр. «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ГАЗЕТІ Қазақ әдебиетінің дамуына, жалпы қазақ мәдениетінің насихатталуына үлес қосқан бұл апталық басылым 1934 жылдың қаңтар айынан бастап шығады. Алғашқы редакторы – Б.Майлин. Газетте І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың классикалық туындылары жарық кӛрген. Газет арқылы қазақ оқырманы әдеби, мәдени, тарихи танымдық материалдармен кеңінен таныса алды. Атап айтқанда, газет беттерінде қазақ ақынжазушыларының ӛлең, жыр, дастандары, әңгіме, очерктері, роман, повестерінен үзінділер, байырғы мәдени қазынамыздың ел аузында жүрген асыл үлгілері, кӛне тарихымызға қатысты деректер мен археологиялық-этнографиялық мұралар, қазақ әдебиетінің ӛткені мен бүгіні және келешегі жайлы байыпты әдеби-сын мақалалар, елдік елеулі мәселелер – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени оқиғалар жӛнінде публицистік ӛткір ой-толғаулар, дүние жүзі классиктерінің үздік туындыларынан аудармалар жарияланады. Сонымен бірге оқу-ағарту, білім, ғылым саласындағы әр алуан кӛкейкесті мәселелерді сӛз етеді. Кино, театр, сымбат, қол ӛнерінің келелі тақырыптарын кеңінен толғап, белгілі әдебиет, ӛнер қайраткерлерімен сұхбат жүргізіп, олардың жаңа шығармашылық туындыларын оқырмандарға таныстырып отырады.
135
Еліміз егемендік алған уақыттан бері қарай бұл басылым ұлтымызды ұйыстырар басты баспасӛз құралдарының біріне айналып отыр. «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІ 1990 жылдың 22 наурызынан жарық кӛріп келе жатқан апталық газет. Алғаш редакторы – Ж.Бейсенбайұлы. Газеттің негізгі мақсаты – қазақ тілінің жай-күйі мәселелерін кӛтеру, тіліміздің мемлекеттік мәртебесін орнықтыруға атсалысу және елтану, тілтану тақырыптарына арналған материалдар жариялау. Алғашқы шыққан сандарынан бастап «Ана тілі» газеті нағыз ұлттық бағытты ұстанды. Онда тіл мәселесінің қоғамдағы орны мен рӛлі жӛнінде, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту туралы ӛткір бастамалар кӛтерілді. Сондай-ақ Алаш зиялыларының ӛмірі мен еңбектері жайында, әдебиет, мәдениет, тіл саласындағы тұлғалардың шығармашылығы хақында ӛзекті материалдар ұсынып келеді.
136
АТАМЕКЕН АҚМЕШІТ Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – кӛне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған. Ресей империясы, Орынбор губерниясының әскери губернаторы В.А.Перовский бастаған отряд Ақмешіт бекінісін басып алуға жіберілді. Ол кезде В.Перовский Ресейдің Орта Азиядағы саясатын дербес жүргізуге толық құқылы адамдардың бірі болған екен. Ол, тарихи деректерге қарасақ, Қоқан хандығының бекінісі болып тұрған Ақмешітке 1853 жылы 2 шілдеде келіп жетіпті. Оның отрядында 2850 жауынгер, кӛптеген зеңбіректер, қару-жарақтар болған екен. Генерал бекіністің Түркістанмен, Ташкентпен, Бұхарамен, Хиуамен, басқа да жергілікті мекендермен қатынас жолдарына қатаң бақылау орнатып, сол жерлерге барлаушы топтар жіберіп отырған кӛрінеді. Ақмешітте 400-ден астам сарбаз, зеңбіректер, қару-жарақ қоймасы болды. Жасақтарды Бекбай, Құлбай, Қаңлыбай деген қазақ жүзбасылары және Лепес есімді қарақалпақ басқарды. Тыңғылықты әзірліктен кейін 28 шілдеде генерал шешуші шайқас бастады. Оған қазақ сұлтандары Елекей (Ермұхамед) мен Мұхамеджан Баймұхамедовтің қарулы күштері де қосылды. Қорғанды алу кезінде 230 ақмешіттік қаза тауып, 77-сі (35-і жаралы күйінде) тұтқынға түсті. Ақмешіттің ойрандалуы Ресей империясының Орта Азияны одан әрі отарлауына жол ашты. Ақмешіт генералдың құрметіне 1853 жылы 31 тамыздан бастап «Перовск форты» болып аталды. Қазан кӛтерілісінен кейін ғана бекініске Ақмешіт аты қайта берілді. Ол Сырдария облысының уездік орталығына айналды. 1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, қала 1929 жылға дейін Қазақстанның астанасы болып тұрды. А.Мұсабекова 137
АЛАТАУ Кең кӛлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. Кӛпжылдық қарлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау кӛрінісіне қарай – Алатау аталған. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ ӛзі. Жер жәннаты – Жетісуға нәр беріп, әр беріп, кӛркейтіп, кӛктетіп тұрған, оны Жерұйық атандырған осы Алатаудың нұры. Алатаудан басталатын құнарлы Іле ӛзені жеріміздің қақ ортасындағы Балқаш кӛліне құйып, ен даланың да мейірін қандырып, Бетпақдала мен Сарыарқаға да нәр беріп тұр. Еліміздің жетпіс жылдай астанасы болған жұмақ қала – Алматы да Алатаудың баурайында. Мұнда сәулет ӛнерінің жетістіктері саналатын небір ғимараттар, ғылым мен ӛнер ордалары, демалыс, ойын-сауық орындары, спорт кешендері бар. Еліміздің зиялы қауымы да әзірге Алматы қаласында шоғырланған. Мұнда 1,5 млн аса халық тұрады. Сондай-ақ, Қарасай, Талғар, Талдықорған, Қапал, Жаркент сияқты кӛптеген қалалар да осы таудың баурайында. Алатаудың Хан-Тәңірі шыңы, Шарын шатқалы дүние жүзіне мәлім. Алатау – жеріміздің кӛркі, еліміздің сәні болып саналады. Тау қойнауларындағы сандаған демалыс және сауықтыру орындары, Медеу мұз айдыны, шаңғы спортына арналған кешенді орындар Алатау мәртебесін арттыра түсіп, баурайына жұртшылықты жинай түсуде. Еліміздегі ең ірі, жануарларға бай хайуанаттар бағы да осында. Ал, Алатау бӛктерінде, Алматы облысының аумағында ӛсімдіктер мен хайуанаттарды қорғауға, табиғатты, табиғи ескерткіштерді сақтауға арналған мемлекеттік қорықтар да бар. Бұл күнде теңізге айналған Қапшағай су қоймасы, ондаған бұлақтар мен кӛлдер ӛңір ажарын аша түсіп, тұрғын халық берекесіне айналған. Мекен еткен кісі алыс кетсе сағындыратын, кӛрген жанның есінен кетпейтін Алатаудың табиғаты жылдың қай мезгілінде болсын кӛркем, таза, қызықты. С.Шүкірұлы 138
АЛМАТЫ Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы ӛзенінің жағасында салынған бекініс кӛп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында ӛмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің ӛзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – тӛрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол тӛрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Тӛрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың ӛзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бӛлшектері, кӛпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы кӛшпелілердің идеологиясы жӛнінде білуге кӛп мүмкіндік туғызады. Алматы-І қаласының орны қаланың оңтүстігіндегі «Горный гигант» колхозының жерінде орналасқан. Қала екі қатпардан тұрады, терең орлардың ішіне салынған, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыра түскен. Жалпы топографиялық белгілеріне қарағанда, оның ІХ-ХІІІ ғасырларға жататыны анықталған. Алматы-ІІ қаласының орны Кіші Алматы ӛзенінің бойында, қазіргі шекара училищесі тұрған жерде болатын. Құрылыс жұмыстары кезінде бұл арадан орта ғасырлық ұстахана, дайын бұйымдар, кетпен, соқаның тісі, темір қазанның бүйірі табылған. Осы жерден балқыған металл құятын шӛміш пен су құятын екі құмыра да шықты. Есентай (Весновка) қаласы Алматыдағы Ботаника 139
бағының шеңберінде, Ремизовка мекені Әл-Фараби кӛшесінің жоғары жағында, Тереңқора қаласының орны Алматының солтүстігіндегі «Заря Востока» поселкасының жерінде жатыр. Сонымен, археологиялық олжалар Алматының тарихын едәуір ұзартып, оны Шығыстың кӛне қалаларының қатарына қояды. А.Мұсабекова АЛТАЙ Қазіргі Қазақстан, Моңғолстан, Қытай және Ресей мемлекеттерінің шекаралық түйіскен ӛңіріндегі тау жүйесі және таулы аймақ атауы. Тау мен ӛңірдің біздің елімізге қарасты бӛлігінде Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ресейдің Алтай ӛлкесінде де, моңғол жерінде де, Қытайға қарасты Алтай аймағында да басқа жұрттармен бірге қазақтар тұрады. Алтай – ертеде тұтастай түркі жұртының мекені болған ӛңір. Соның ішінде қазақтың да баба қонысы, атамекені. Халқымыздың біраз бӛлігі Алтайды мекендеп келеді. Халқымыз басқыншылардан елді-жерді қорғауда үлкен ерліктер жасаған ӛңір – Қаракерей Қабанбай, Ақыр Жәнібек аталған кіші (керей) Жәнібек батыр, Оспан батыр сынды ел қорғаны болған тұлғалар шыққан. Ертіс, Об, Енесай сияқты үлкен ӛзендер Алтайдан басталады. Қаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Қатын, Би, Абақан, Қобда, Ақбұлақ сияқты кӛптеген ӛзендері бар сулы, нулы ӛңір. Табиғаты ажарлы, аң мен құсқа бай. Жетпістен аса сарқырамалар, үш жарым мыңдай үлкенді-кішілі кӛлдері бар. Үлкендері – Зайсан, Алтынкӛл, Қаражал, Қамысжал, Марқакӛл. Алтай тауында тұщы су қорының кӛзі болып табылатын мыңнан астам мұздықтар бар. Алтайдың 70% таулы-орманды белдеуге жатады дейді. Мұнда еліміздің басқа ӛңірлерінде бола бермейтін терісаяқ, қоңыр аю, марал, солтүстік бұғысы, елік, құдыр, сілеусін, барыс, бұлғын, құндыз, таутеке сияқты аңдар мен жануарлар, ұлар, құр, тоқылдақ, үнді қазы, шіл, үкі, байғыз сияқты құстар мекендейді. Ӛзендерінде бекіре, тайман, аспан балық, алабұға ӛседі. Мұнда «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген аздаған арқар да кездеседі. «Алтай ботаника бағы» деп аталатын ғылымизерттеу мекемесі бар. Ӛсімдік әлемі ӛте бай – жоғары сатыдағы тӛрт мыңдай түрі ӛседі деседі. «Алтайдың алтын адамы» 1997 жылы біздің жерімізге шекаралас Ресейге қарасты Локоть ауданында табылған. Бұл да Есік обасынан шыққан «Алтын адамға» ұқсас, Сақ дәуіріне жатады. Мұндай мұралар «Алтай ескерткіштері» деген атауға ие болған. 1713 жылдан бастап зираттар тоналып, табылған бұйымдар Ресейге жеткізіліп, «І Петрдің 140
Сібір коллекциясы» деген атауға ие болған. Бұлар қазір СанктПетербургтің Эрмитажында. «Суы бал, кӛдесі май, жері майса, Ағызған сары алтынды тастан Алтай» деп әнде айтылғандай, Алтай кенді ӛңір. Мұнда қорғасын, мыс, мырыш, алтын, күміс, кадмий, селен, теллур, сүрме, индий, галлий тәрізді кӛптеген кен кӛздері бар. Тіл ғылымында Алтай сӛзінің тегі кӛнеден келе жатқан түркілік алтан – алтын сӛзінен сабақталады. Бұл оның ежелден кенге бай, жеріміздің, еліміздің алтын алқасы екендігін айғақтайды. Ғылымда ертеден қалыптасқан «Алтай тілдері» деген ұғым бар. Бұл осы ӛңірді, жалпы шығыс халықтарының біразын тілдік тұрғыда біріктіретін жиынтық атау. Алтай тілдерінің үлкен бір тобы – түркі тілі болып табылады. Қазір бұған әзірбайжан, түрік, түркімен, гагауыз, қарайым, қарашай, балқар, құмық, қазақ, қырғыз, қарақалпақ, татар, ноғай, тува, хакас, ӛзбек, ұйғыр, шор, шұбаш, жақұт, алтай, естек (башқұр) тілдері жатады. Қазіргі жастар арасында кең тараған ән – Тынышбай Рахымовтың «Алтайдың ар жағынан келген ару» деп аталатын әні. Бұл әнді туған елден, қарашаңырақтан шет жүрген ағайынға деген сағыныш сәлемі десе де болғандай. С.Шүкірұлы АҢЫРАҚАЙ Бұл – тарихымызда ерекше орны бар оқиға болып саналатын, жоңғар басқыншыларына қазақ қолының алғашқы тойтарыс берген тегеурінді соққысы. Түпкілікті жеңіске дем берген алғашқы ірі жеңіс. Үш жүздің хандары мен билері, батырлары мен сұлтандары, барша игі жақсылары жиналып, 1726 жылы Ордабасыда (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында) ортақ әскер құрып, дара қолбасы сайлап, бір орталықтан басқаруға жетіп, үлкен даярлықпен кіріскен шайқас нәтижесі. Соғыс қазіргі Аңырақай деп аталатын Балқаш кӛлінен оңтүстікке қарай 120 шақырымдай жердегі Итішпестің Алакӛлі (қазіргі Сорқұдық) маңында болған. Бас қолбасшылыққа Әбілқайыр хан сайланып, 30-35 мыңдай қол жиналып, жоңғардың 35-40 мыңдай әскерімен соғысқан. Шайқас болған алаңның ұзындығы 35 шақырым, ені 20 шақырым екен. Соғыс кӛктемде басталып, ай жарымға созылған. Аңырақай шайқасына Қабанбай, Бӛгенбай, Жәнібек (Шақшақ), Ӛтеген, Сәмен, Қойгелді, Саңрық, Хангелді, Жауғашар, Есет, Тайлақ, Саурық, Әбілмансұр (Сабалақ-Абылай), Наурызбай, Қарабатыр, Елшібек, Тӛлек, 141
Бӛлек, Ақша сынды қазақ батырлары қатынасып, үлкенді-кішілі қосындарды басқарған. Кей деректе Аңырақай деген қалмақ батыры екен, оны жекпежекте Бӛлек батыр ӛлтірді делінеді. Алайда қазақ қолы жеңіске жеткен бұл соғыстың Аңырақай шайқасы аталуына және соғыстың жоңғар әскерімен болғандығына қарағанда, жер атауы бұл соғыстан бұрын орныққан сыңайлы. Аңырақай қалмақтың да, жоңғардың да есіміне келіңкіремейді. Бұл кәдімгі жердің табиғи жаратылыс келбетіне қарай қойылған аты сияқты. Аңырап жатқан кең жазық, аңқылдаған жел – аңырақай дала. Аңырақай – ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолында қаны тӛгілген қасиетті де тарихи орны. Осы шайқаста жеңіске жетпегенде, қазақ халқының тағдырының қалай боларын, қазақ жерінің кімнің иелігіне ӛтерін кім білсін. Бұл жеңіс ел рухын жанып, еңсе кӛтертті. Жаудың беті қайтты. Қазақтың тегеурінді халық екендігін сырт жұрттар сезінді. Осы 1729-1730 жылдан бастап, елді жоңғар және қалмақ басқыншылығынан түбегейлі азат ету шайқастары жеңісті бола түсті. Мұның арты Ресеймен ынтымақтаса отырып, қазақ жеріне басқа кӛзалартушылардың бетін қайтаруға жеткізді. Бүгінгі ел бірлігі, жер бүтіндігінің бір байлауы осы Аңырақай шайқасының нәтижесінде жатыр деуге болады. С.Шүкірұлы БАЯНАУЫЛ Баянауыл шежіресі – Баянаула тауынан бастау алады. Бұл – Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы жатаған тау. Батыстан шығысқа 40-50 шақырымға, ал солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 шақырымға созылып жатқан, биіктігі 600-1026 метр аралығындағы Жасыбай, Жанбақы, Торыайғыр, Жақсы Аула, Жаман Аула сілемдерінен тұрады. Тау шатқалдарындағы қазан шұңқырларда пайда болған Жасыбай, Сабындыкӛл, Торыайғыр кӛлдері, табиғи үңгірлер, небір бейнелі жартастар, бұлақтар, бозтал, балқарағай, аққайыңды орман-тоғайы керім кӛріністі, таза ауа, мӛлдір сулы – жанға дауа табиғи орта құрайды. Осындай кӛркем жерде Павлодар облысының Баянауыл ауданы, оның орталығы Баянауыл кенті орналасқан. Павлодар қаласынан 210 км Сабындыкӛл жағасында тұр. Баянауыл ӛңірінен қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, ғылымына ірі үлес қосқан Мәшһүр-Жүсіп Кӛпейұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қаныш Сәтбаев сынды тұлғалар дүниеге келген. 142
Мұнда жиырмадан астам жадығаттық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған оба-қорғандар, тастағы жазулар, таңбалар, үңгірлер бар. Ӛсімдіктері мен жануарлар әлемі де бай. Ӛсімдіктердің тӛрт жүзден астам түрі, аң-құстардың екі жүздей түрі мекендейді. Жасыбай кӛлінің жағасында демалыс орындары, Баянауыл саяхатшылар тұрағы жұмыс істейді. Ӛңірде табиғат байлығымен қатар кен байлығы да бар. С.Шүкірұлы БӚКЕЙ ОРДАСЫ Патшалық Ресейдің «бӛліп ал да билей бер» саясатының және қазақ жұртының батыс ӛңіріндегі күйзелісті тұрмыс жағдайының қажетсінуіне байланысты ӛмірге келген аумақтық-әкімшілік басқару орталығы. Еділ-Жайық аралығындағы Нарын құмы 1771 жылы қалмақтар ауғаннан кейін бос жатты. Елдегі биліктілердің ішкі тартыстарынан халық күйзеліске ұшырап, қоныс аударатын қолайлы жер іздей бастады. Жұрт назары Нарын құмына ауды. Бұл жағдайды жақсы аңғарған Бӛкей сұлтан батыл қимылға кӛшті. Бӛкей – Әбілқайыр ханның баласы Нұралыдан туған. Ол 1801 жылы Ресей патшасы І Павелдің Нарынды тұрақты қоныс етіп бекітіп беруін ӛтінеді. Бұл тілек сол жылы 11 наурыздағы патша жарлығымен қанағаттандырылады. Бӛкейді бұл іске ынталандырған – билік, соңына ерген жұртты шақырған – жер, ал патшаны иліктірген жағдай – кіші жүз қазақтарын екі иелікке бӛлу, сӛйтіп оны әлсірету болды. Бұған қоса, Еділ-Жайық аралығындағы сауда жолдары да қауіпсіздендірілетін болды. Бұл жағдай Ресейдің қазақ жеріне ықпалын нығайта түсті. Бӛкей хандығы, яғни Ішкі Орда осылайша 1801 жылы құрылды. Оның алғашқы ханы – Бӛкей болды. Ордаға қарасты үй саны алғашқы 5 мыңнан 1825 жылы 10490 шаңыраққа жетіп, 50 мыңнан аса жанды қамтыды. Бӛкей қайтыс болып, баласы Жәңгір ер жеткенге дейін, яғни 1815-1823 жылдары Орданы Шығай сұлтан басқарды. 1823 жылы хан тағына Жәңгір отырды. Жәңгір хан басқару жүйесін ӛзгертіп, хан депутаты, хан кеңесі, старшын-есауыл, арнаулы тергеуші, іс жүргізетін кеңес тәрізді құрылымдар жасады. Әрбір ру басына ӛзіне берілген сұлтандар мен билерді қойды. Ру ішіндегі аталықтарды старшындар басқарды. Бұл ру басшылары мен старшындарды Орынбор шекаралық комиссиясы бекітті. Хандықтың әкімшілік орталығы – Орда қаласы 1826 жылы салынды. Тауарлы-ақша қатынасы біршама ӛркендеді. Егіншілік және басқа да кәсіпкерлікке жағдай жасалды. Мешіт-медрессе салынды. 1840 143
жылы бастауыш орыс-қазақ мектебі ашылды. Қазақ жеріндегі мамандандырылған мұрағат мекемесінің алғашқыларының бірі де, Бӛкей ханның негіздеуімен осында ашылды. Әсіресе, Жәңгір хан тұсында Ішкі Ордада ағартушылық, мәдениет, ел басқару, кәсіпкерлікті дамыту істерінде елеулі жетістіктер болды. Дегенмен, бұл шаралар да елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын түбегейлі шеше алмады. Әлеуметтік қайшылықтар ӛрши берді. Бұл Исатай Тайманұлы мен Махамбет Ӛтемісұлы бастаған кӛтеріліске соқтырды. Кӛтеріліс хан ордасын шайқалтқанмен, еш нәтежеге жеткен жоқ. 1845 жылы Жәңгір ӛлгеннен кейін мұндағы хандық билік жойылды да, Ішкі Орданы басқару жӛніндегі уақытша кеңес құрылып, шенеуніктік билікке берілді. Алаш қозғалысы тұсында Бӛкей Ордасында екі басқосу ӛтті. Бірінші сиез 1917 жылдың 20-25 сәуір аралығында У.Танашевтің тӛрағалығымен, екінші сиез 1917 жылдың 10 қыркүйегінде зиялылар қауымының ұйымдастыруымен шақырылды. Екі сиезде де жергілікті басқару жүйесіндегі құрылымдық ӛзгерістерге байланысты маңызды шешімдер қабылданды. Россияның саяси жағдайы, Бӛкей Ордасындағы саяси жағдай, жер мәселесі, сауда-саттық, білім беру, денсаулық сақтау т.б. мәселелер енгізілді.
С.Шүкірұлы БӚРІТАСТАҒАН Бӛрітастаған – Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысына қарасты), Ақсуат ауданының мидай жазық даласындағы алып жұмбақ тастың атауы. Айналасында тӛбе де, тӛбешік те жоқ бұл тас бейне аспаннан құлаған метеорит (ақыртас, кӛктас) сияқты. Аумағы он екі қанат киіз үйдің үлкендігіндей. Бӛрітастаған аталған бұл тастың пайда болуы туралы әртүрлі әпсаналар бар. Бір әпсанада қой бағып жүрген кемпір қолындағы ұршығын қойға тиген қасқырға лақтырыпты. Сол ұршық осы тасқа айналып кеткен екен. Ол заманның адамдары соншалық алып болыпты. Екінші әпсана бойынша, Бӛрітастаған аспаннан құлаған (метеорит) кӛк тас. Оны Кӛк тәңірі ӛзі тастаған. Кӛк Тәңірінің балама атауы – Кӛк бӛрі. Сонда Бӛрітастаған тауы, ең алдымен Кӛк Тәңірінің жерге тастағаны, яғни «сыйы», басқаша айтсақ, «Тәңір тастаған» болып шығады. Түркі тектес халықтар ӛздерін кӛк бӛріден тарағанбыз деп те есептейді. Бұл жағынан келгенде бӛрі – тотемдік аң. Оның кӛкпен байланысты, тылсым сырлы құпиясы, қасиеті бар. Бӛрітастаған туралы әпсаналар ӛзінің шығуы жағынан ӛте кӛне, мифологиялық ойлау дәуіріне жақын. «Бӛрі» атауының «Тәңір» деген сӛздің мағынасын беруі кӛне дәуірлерге тән. 144
Ж.Әскербекқызы БУРАБАЙ Жер шоқтығы атанған кӛрікті Кӛкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы ӛңірі. Осы тӛңіректегі атаулар Бурабай кӛлінің даңқымен кӛпке танымал болған. Бурабай кӛлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Кӛл – теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте. Қыратта, тектоникалық ойыста, табиғи тұрғыда пайда болған бұл кӛлдің ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км. Едәуір терең – орташа алғанда 4,5 метрден, ең тереңі – 7 метрге дейін барады. Суы таза, тұщы, жұмсақ, тұнықтығы сондай – түбі және ондағы жәндіктер анық кӛрінеді. Ешқайда қосылмайтын тұйық кӛл болғанымен, ақторта, алабұға, сазан, табан, шортан балықтар ӛседі. Қарағайлы, қайыңды орман, Кӛкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Кӛкшетаудың сексен кӛлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркӛл, Жӛкей, Бурабай болып, тұтастай осы ӛңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің кӛп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1810 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу – сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына айналған. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі Бурабай кӛлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет кӛрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай кӛлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай кӛлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар. С.Шүкірұлы БҦЛАНТЫ ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі жоңғар басқыншыларына соққы берілген жердің бірі. Бұл соғыс – Бұланты шайқасы, кей деректе Бұланты-Білеуті шайқасы деп аталады. Ұлытау ӛңіріндегі қос ӛзеннің 145
аралығында ӛткен бұл шайқас 1727 жылы болған. Бұл Әбілқайыр ханның біріккен қазақ қолына Бас қолбасшы болғаннан кейінгі алғашқы қимылдың бірі және жеңісті шайқас болып саналады. 1723 жылдан бастап қазақ жеріне тұтқиылдан шабуыл жасап, елді орасан апатқа ұшыратқан жоңғар әскері 1725 жылға дейін біздің жеріміздің Шығыс ӛңірін, Жетісуды, Сырдың біраз жерлерін басып алып, енді Ұлытауға беттеген кез болатын. Бұл халқымыздың «Ақтабаншұбырынды, Алқакӛл-сұлама» босқынына ұшырап, жауға тоналып, тұтқын болып, қазақ даласын әйгілі «Елім-ай» әнінің зары кернеген шақ-ты. Жоңғар әскері әлі қуатты, елді аяусыз қырып-жойып, тонап келе жатқан екпінді кезі болатын. Бұланты шайқасы болған жер, яғни майдан алаңының ұзындығы 60 шақырымды, ені 20 шақырымды қамтыған тегіс қыратты жер болған. Бұл тӛбе кейін «Қалмаққырылған» деп аталған. Жоңғарлар Ұлытауға жете алмай, ауыр шығынға ұшырап, кері қайтты. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан: «Ескі жырларда (І-ҮІ) айтылатын «Қамал», «Темір қақпа», «Алтын кешен», «Ақсарай» тәрізді ұғымдар сол дәуірде Жетісуда, Талас ӛзені бойында, Сырдария, Маңғыстау, Жайық бойларында, Орталық Қазақстанда үлкен-үлкен қалалар болғанын сипаттайды. Оларда қақпасы мықты, биік мұнаралар, сәулетті сарайлар тұратын (Сығанақ, Сауран, Түркістан, Күлтӛбе). Аянышты жері, жоңғар шабуылында бұл шаһарлар тегісімен қирап, қазақ жұрты қаласыз қалды», - деп жазады. С.Шүкірұлы ҚАЗЫҒҦРТ Еліміздің аумағындағы аңыз-әпсаналарға толы, аты кӛпке мәлім тарихи орындардың бірі болып саналады. Алатаудың Талас жотасының оңтүстік-батыс сілемі. Халық әдебиетінде, тарихи-мәдени зерттеулерде Қазығұрт тауы деген атаумен белгілі. Шымкент қаласынан 35 шақырымдай жерде. Ұзындығы – 20, ені – 10 шақырымдай аласа тау. Биіктігі 600 метрден 1768 метрге дейін кӛтеріледі. Оңтүстік беткейінде Келес ӛзені бар. Жергілікті жұрт тау атын – Қазығұрт әулие деп кісі есімімен байланыстырады. Халқымыздың аңызында дүниені топан су басқанда қазіргі тіршілік иелерінің тұқымын сақтап қалған Нұх пайғамбардың кемесі осы Қазығұртқа тоқтаған екен дейді. Тауда кеменің нышаны бар. Аңыз ӛлеңдегі: «Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған,» - деген сӛз исі қазаққа тараған. Аңыз тӛрт түліктің, жалпы жер бетіндегі тіршіліктің топан судан кейінгі қайта жандануын 146
Қазығұртпен байланыстырады. Бұл туралы басқа жұрттардың да аңыздары бар. Ал бұл біздің қазақы тӛл аңызымыз. Әркімнің ӛз аңызы ӛзіне нанымды. Ал ғылым болса, әлі ізденісте. С.Шүкірұлы ҚАРАТАУ Еліміздің оңтүстігіндегі, Тянь-Шанның сілемі болып саналатын таулы жота. Ол Талас Алатауының батысымен ұштасып, солтүстік батысқа қарай 420 километрге созылады. Бірте-бірте аласара түсіп, Сарысу мен Шу ӛзендерінің атырабына барып аяқталады. Таудың ені кей тұстарда 60-80 км-ге барады. Негізінен аласа, кәрі таудың ең биігі – Бессаз (2175 м). Оңтүстік батысында Сырдария, солтүстік шығысында Талас ӛзендері жанай ағады. Жаз айларында қар болмайды. Сондықтан да Қаратау атанған деседі. Қаратау Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының аумағын қамтиды. Дені Тараз ӛңірінде. Қаратау – Кіші Қаратау, Оңтүстік батыс Қаратау болып екі жотаға бӛлінеді. Үлкен Қаратау, Кіші Қаратау деп те атайды. «Қаратаудың басынан кӛш келеді» - деп басталатын белгілі «Елім-ай» әнінің шыққан жері осы Қаратау. Батырлар жыры, аңызәңгімелерде айтылатын «Қараспан тауы», «Қараспанды жауға алдырып», «Қараспанды жаудырып» дегендей сӛздер тегі де осы ӛңірден. Қаратау күй мектебі, Сүгірдің шертпе күйлері дамыған ӛңір. Моңғол және жоңғар, қалмақ шапқыншылықтарынан қорғану мақсатында салынған ерте заманғы «Қаратау қамалдары» деп аталатын бекініс орындарының қырық шақты ескерткіші бар. Бұған Қарақ, Қатынқамал, Қызтӛккен, Әбзел, Бабай, Қарасуан, Суындық тәрізді орындар жатады. Бұлардың кейісін «Мықтың үйі» деседі. Мық – қалмақ қолбасыларының атауы дейді. «Қаратау шимайлы тастары» да – ерте мәдениеттің бір ӛрнегі болып саналады. С.Шүкірұлы ҚАРҚАРАЛЫ Қарқаралы – тау. Сарыарқадағы ұзындығы қырық, ені жиырма бес шақырымдай жатаған тау. Биігі – Жиренсақал аталатын 1338 метрлік шоқы. Атаудың шығу тегін тау шоқыларының ұлтымыздағы қарқара деп аталатын әйел бас киімінің бітіміне ұқсастығынан деп те санайды. Алайда осы тауды мекендейтін қарқара атты құстың болуы және бас 147
киімнің ӛзінің де сол құс бейнелілігі – қарқара құсқа жол бермек. Бұл Бұланды, Құланды,Маралды, Арқарлы дегендей атау. Қарқаралы – ӛзен. Қарқаралы тауынан кӛз алатын бұлақтар мен қар суынан қорланып, 63 шақырымдай арнамен Дат кӛліне құяды. Үлкен Қарқаралы, Кіші Қарқаралы делініп екі саладан қосылады. Ӛзен атауы тау атауынан, яғни жер атауынан шыққан. Қарқаралы – осы ӛңірдегі кӛне заманғы мекеннің орындары. Жадығаттық зерттеу жұмыстары бұларда б.з.б. 1 мың жылдықтың бас кезінде ӛмір сүрген адамдардың мал, егін шаруашылығымен, кен ісімен айналысқанын айғақтайды. Қарқаралы тас мүсіндері – ғылыми жиынтық атау. Бұл VІ-VІІІ ғасырлардағы түрік қағанаты тұсынан қалған тас мүсіндер. Қарқаралы – қала. Патшалық Ресей заманында 1824 жылы салынған. Қарқаралы уезіндегі Қарқаралы округінің орталығы болған. 1862 жылы 18 болысты біріктірген округ халқы 60 мыңға дейін жеткен. Сол заманда Қарқаралы Орта Азия мен Қытайдан Сібірге, яғни Ресейге баратын керуен жолының үстінде болғандықтан сауда орнына айналады. Қарқаралының Қоянды жәрмеңкесінің аты шығады. Қарқаралы 1934 жылы Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының орталығы болды. Қалада бірқатар тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Солардың бірі – Қарқаралы мешіт-медресесі. Мешіт 1850-1851 жылдары, Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып тұрған кезінде (1849-1852 ж.) салынған. Соған орай Құнанбай мешіті аталып кеткен. Мешіттің жергілікті жұрттың сауатын ашып, хат танытуда, ислам дініне бойcындыруда елеулі еңбегі болған. Жері шүйгін, сулы, нулы ӛңір – малға да, жанға да жайлы тұрақ. Кен байлығы да олқы емес. Қарқаралының кенді ӛңірінде бірнеше полиметалл, барит, темір және түрлі сирек металдар кеніштері бар. Бұл тарихи қалада Алаш кӛсемдері, ұлтымыздың ардақты тұлғалары Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бӛкейхановтар болған. Тарихи «Қарқаралы петициясы» осында жазылған. Ахаңның «Қош сау бол, Қарқаралы жуылмаған,» - деген ӛлеңі де оны патша үкіметі осында қамауға алғанда жазылған. С.Шүкірұлы ҚОЗЫБАСЫ Қозыбасы – тарихи жер атауына жатады. Бұл ерте заманнан бар сӛз. Бүгінгі Қазақ елі, Қазақстан мемлекетінің бастауындағы XV ғасырда құрылған Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ кӛтерген. 148
Тарихи дерек кӛзі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегінде: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн кӛрсетпеді. Жәнібек хан мен Керей хан одан Моғолстанға қашып барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбасы аймақтарын берді. Олар барып, орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, Ӛзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бӛлігі (қарамағындағылардың) Керей хан мен Жәнібек ханға кӛшіп кетті, сӛйтіп олардың маңына жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетті. Оларды ӛзбектер-қазақтар деп атады. Қазақ сұлтандары сегіз жүз жетпісінші жылдары билей бастады (1465-1466 ж.) ... » - деп жазылған. Міне, осы кезеңнен Қазақ халқының, Қазақ ұлтының ұлы тарихы басталады. Қазақ хандығы алғашқыда Батыс Жетісу жеріне, яғни Шу мен Талас ӛзендерінің алабына орналасқан дейді. XVI ғасырдан бастап бұл ӛңір Қазақстан, яғни қазақ мекені деп атала бастаған кӛрінеді. Қозыбасы – Қазақ хандығының алғаш ту тіккен жері. Ол қазіргі Жамбыл облысының Қордай тауындағы шоқы. Бітімі қозының басына ұқсас болғандықтан осылай деп аталған. Бұл ӛңір, яғни Қозыбасы баурайы Қордай тауындағы шұрайлы жайлау. С.Шүкірұлы ОРДАБАСЫ Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы ӛңір. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылдасылады. «Күлтӛбенің басында күнде жиын» деген сӛз сол заманнан қалған. Сол жолы біртұтас қазақ әскері құрылып, Бас қолбасшы сайланды. Батырлығы, әдіс-айласы, соғыс тәсіліне жетіктігімен танылған кіші жүз ханы Әбілқайыр үш жүздің біріккен қазақ жасағына Бас қолбасшы болды. Ордабасыдағы сол баталасу бәтуәлі болды. Қазақ жеңіске жетті. Жоңғардан ел азат етілді. Одан кейін де ұлт басына талай нәубет тӛнді. Қазақ талай мәрте қару ұстап, атқа қонды. Ұзақ жүріп, тайталаспен, жанталаспен жүріп, Тәуелсіздікке де ие болды. Осы жеңісті, түпкілікті жеңісті, қазақтың заманалардан бергі арманы болып келген тәуелсіздікке қол жеткен – 1993 жылы осы Ордабасыда тағы бір үлкен жиын болды. Ол – шын жеңістің шынайы 149
тойы еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аса бір тебіреніспен еркін сӛйлеп, елдікке үндеп, болашаққа барар жолды меңзеп еді. Әруақ қонып, нар шӛккен жеріміздің биігіне ұлт туын тігіп, ел-жұртын бірлікке, бүтіндікке шақырған еді. Ордабасына XVIII ғасыр басында жиналған қазақ ашулы кек, ар-намыс туы, ел тағдыры шешілер майданға шыбын жандарын шүберекке түйіп, «Уа, тәңірім жар бол!» – деп атқа қонса, бұл жолы, «ұзағынан сүйіндір!» – деп қуанысып тарасқан-ды. Қазақты үш ғасырда бауырына екі жиған Ордабасының екі жиыны да қайырлы болып, ел тірлігіне, жеңісті істерге бастауда. С.Шүкірұлы ОРЫНБОР Ресей мемлекетіндегі Орынбор облысының орталығы Орынбор қаласы Орал ӛзенінің оң жағасында орналасқан. Тарих парақтарына үңілсек, Ресей императрицасы Анна Ивановна ӛзінің қол астына кірген кіші жүз қазақтарының жерлерін игеру және бағындыру мақсатында 1734 жылы 18 мамырда Кирилов экспедициясын ұйымдастыруға нұсқау берген. Экспедиция құрамында жерді, ӛзен-суды қағазға жақсы түсіре алатын әскери маман болу керектігі кӛзделген және бұл жұмыстарды халықтың ашу-ызасын келтіріп алмай, ӛте сақ жүргізу керектігі айтылған. Сонымен қатар қазақ жері арқылы Орта Азия халықтарымен сауда қатынасын жасау үшін Ор ӛзенінің Жайыққа құяр сағасында қала тұрғызып, теңіз арқылы сауда жолын жалғастыру мәселесі алға қойылған болатын. Қаланың іргетасы 1735 жылы 19 (30) сәуірде қаланған. Қаланың Орынбор деп аталуы да осы ӛзеннің атына байланысты болған. Бұл қамал арқылы Ресей мемлекеті Башқұртстан, Қазақстан, Орта Азияның халықтарымен сауда-саттығын ӛркендетті. Бұдан соң қазақ даласындағы Патшалық Ресейдің отарлық саясаты күшіне енді. 1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссен жасаған «Орынбор қазақтарының жарғысы» кіші жүздегі хандық билікті жолға қоюға негіз болды. 1824 жылы 20 наурызда бекітілген бұл жарлық бойынша кіші жүз қазақтарын екі жүйемен басқару – бірі шекараға жақын орналасқан қазақтарды басқару және екіншісі далалық аймақта сүріп жатқан қазақтарды басқару кӛзделді. Екі басқару жүйесі де Орынбор шекаралық комиссиясына бағынды. Далалық басқарма кіші жүз даласын тӛртке бӛлді: олар – Шығыс, Орта, Батыс және Ішкі бӛлік деп аталған. Әр бӛлікте үш сатылы басқару – ауыл, ру және бӛлік болды. Ауылды старшындар, руды билеушілер, бӛліктерді аға сұлтандар мен кеңес басқарды. Патша осылайша бірте-бірте кіші 150
жүздегі хандық билікті жойып, ондағы басқаруды метрополиядағы басқару жүйесіне жақындатуды мақсат етті. Сӛйтіп 1844 жылы 14 маусымда күрделі қылмыстық істерді әскери сот арқылы жазалауды жолға қойған «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» бекітілді. Ереже бойынша қазақтардың арасындағы дау-жанжалды шешіп отыру үшін қазақ даласын қорқытып бағындыруды жолға қойған сот реформасы жасалынды. Бұл реформа 1868 жылға дейін ӛзгеріссіз қолданылды. 1850-1851 жылдары Орынбор қаласы генерал-губернаторлықтың да орталығы болып есептелді. Бұл жерде кӛптеген лауазымды, әскери атағы жоғары азаматтар қызмет атқарды. Азамат соғысы жылдары қала ӛміріндегі ауыр кезең болды. Қызылдар мен ақтардың арасында қала үшін қиян-кескі соғыстар жүрді. Кеңес үкіметі орнаған соң, кӛп ұзамай, 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР-ы құрылды. Орынбор қаласы 1920-1925 жылдары Қырғыз (Қазақ) АКСР-ының астанасы болды. Тек 1925 жылы ғана Қазақ АКСР-ының астанасы Қызылордаға кӛшіріліп, Орынбор қаласы мен губерниясы Ресей федерациясының құрамына берілді. А.Мұсабекова ОТЫРАР Сайрамда бар сансыз бап, Отырарда отыз бап, Баптардың бабы Арыстан бап. Аты алты әлемге мәшһүр болған ғұлама, ғалым Әбу Нәсір әл Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған ӛлке Фарабтың астанасы болған Отырар шаһарының аты мен атағы алысқа жеткен. Бабаларымыздың басынан ӛткен қилы-қилы заманның куәсі болған Отырар жазба деректерде Фараб, Тарбанд, Тұрарбан, Тұрар Отырар деген аттармен кездеседі. Б.з.д. ІІІ ғасырда жазылған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жинағы «Авестада» Кангхе (кейінгі қаңлы) аталған ежелгі елдің немесе қаланың, кӛне түрік жазуларындағы Канғу Тарбант атауларының Отырардың арғы тарихымен ұштасып жатқандығын ғалымдар дәлелдеген. Отырар – моңғолдың жер қайысқан қолына бағынбай, алты ай бойы алысқан қала тұрғындары мен батыр бабаларымыздың жазықсыз тӛгілген қаны сіңген қала. Моңғолдар талқандаған қала кӛп ұзамай қайта бой кӛтеріп, бұрынғысынша маңызды саяси орталыққа айналды. 1405 жылы Қытайға қарсы жорыққа аттанып бара жатқан Әмір Teмip жолшыбай ат басын Отырарға тірегенде, кенеттен суыққа шалдығып, сол жерде қаза болған. Қазіргі кезде 20 м биік тӛбе болып қалған 151
қаланың орнынан ХІV ғасырдың соңы мен ХV ғасырдың басында Отырарды билеген Бердібек ханның салтанатты сарай-мешітінің қалдығы ашылды. Оның топографиясы мен күрделі құрылыс жүйесі кезінде бұл жерде хандарға ғана тән зәулім сарайдың болғанын аңғартады. Күйдірілген кірпіштермен қалыңдығы бір метр етіп айналдыра қаланған тӛрт бұрышты сарайдың құбыла жағында үлкен мешіт, қақ ортадағы аулада терең құдық, оған қарсы шетте әртүрлі сарайлар салынған. Шамамен 12-13 м болатын құдық ішкі жағынан дӛңгелентіп күйдірілген кірпіштермен ӛрілген. Ғалымдар Әмір Teмip дәл осы сарайда дүние салған деген болжам айтып жүр. Отырардағы тіршілік ХVІІІ ғасырдың жартысына дейін жалғасқан. Оның саяси-әкімшілік орталық ретіндегі рӛлі ХVІ ғасырдан бастап бәсеңдеп, керісінше орталық Түркістан қаласына қарай ауысқан. Отырарда теңге соғу кәсібі ХVІ ғасырға дейін жалғасса, Түркістанда ХVІ ғасырдан басталады. Отырарда алтын, күміс теңгелер де соғылғаны туралы деректер бар. Отырарда жасалған сырлы ыдыстар бүкіл Орта Азия қалаларына тараған. Қалада шыны ыдыстар жасайтын тамаша шеберханалар болған. Қазбадан табылған кӛгілдір және түрлі-түсті ыдыстар ӛздерінің керемет кейпімен танымалы. Олардың сапасы да ӛз дәуіріне сай жоғары деңгейде. Қазба кезінде табылған теңгелер кӛмбесі қаланың алыс шетелдермен де, кӛршілес халықтармен де тығыз сауда байланысы дамығанын байқатады. Отырардың орны қазіргі Шәуілдір ауылынан солтүстікке қарай 7-8 шақырым жерде жатыр. Орталық аумағы 20 гектардан астам, биіктігі 18-20 м болатын қала қирандысы бүл күнде Отырартӛбе аталады. Тӛбенің батыс бұрышынан қиып салынған қазба Отырардың іргесі б.з. І ғасырында қаланғандығын кӛрсетті. Отырарда 2001-2004 жылдары ЮНЕСКО - Қазақстан - Жапония мемлекеттері шеңберінде «Ежелгi қала Отырарды қорғау және сақтау» деген халықаралық жоба icкe асырылды. Сол жоба бойынша бұрын қазылған мешіт, монша, кұмыра жасайтын шеберханалар, қала қабырғалары әрі қарай бұзылудан корғалып, ерекше күтімге алынуда. Айтылған Бердібектің сарайы да қатырылып, кӛпшілік кӛретін тамаша тарихи нысанаға айналды. 2004 жылдан бepi «Ежелгі Отырарды қалпына келтіру» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Археологтар мен қаланы жаңғыртушы мамандардың болжамдары бойынша, Отырар ортағасырлық мұражайға айналып, Қазақстанның Помпейі болуы тиic. 2008 жылы жүргізілген қазба кезінде екі шетінде күйдірілген кірпіштерден ӛрілген дӛңгелек мұнаралары бар қаланың бас қақпасының орны қазылды. Моңғол әскерлерінің шабуылына алты ай бойы ерік бермей тұрған қақпа осы болды. Отырардың қасында Арыстан баб кесенесі бар. Ол – қазақтың діни ғұламаларының бірі 152
Ахмет Иассауйдің ұстазы. Түркістандағы Әзірет сұлтан кесенесіне тәу етіп келген мыңдаған мұсылман қауым алдымен сол Арыстан баб кесенесіне, сосын Отырартӛбеге соғып, зиарат етіп шығады. Содан кейін барып Түркістанға, сондағы Ахмед Иассауи кесенесіне бет алады. Д.Талеев САЙРАМ Ұлы Жібек жолының Шаш (Ташкент) пен Таразды байланыстырған бӛлігіндегі сауда мен қолӛнерінің, кейіннен түрік халықтарының рухани орталығы болған шаһар. Кӛпшілік ғалымдардың пайымдауынша Сайрамның бастапқы аты Испиджаб болған. Түріктен шыққан ғұлама бабамыз М. Қашқари ӛзінің «Түрік тілдерінің сӛздігі» атты еңбегіндегі Сайрам – Исбижаб аталатын Байза шаһарының қосымша аты деп жазған. Мұсылман аңызы бойынша Сайрамды Ыдырыс пайғамбар салдырған. Ол кезде шаһар Сарйам аталса керек. «Мұхаммед пайғамбар аспанға алғаш кӛтерілген түні аспаннан тӛгілген жарық нұр (сәуле) жердегі бір мекенге тік түсіп тұрса керек. Сонда пайғамбар Жәбірейілден: – Мына нұр қайда түсіп тұр? – деп сұрапты, сонда Жәбірейіл – Мырза, бұл сәулелер Мадинат әл-Байдаға түсіп тұр, – деген екен. Сонда пайғамбар: – Бұл алланың нұры жауған шаһар екен, сол жерге барып қайтар ма еді? – депті. Сол кезде алладан Жәбірейілге әмір келіп жетеді. – Сен пайғамдарға Мадинат әл-Байда шаһарын аспанға алып кел, менің сүйікті кӛмекшім оны кӛрсін, – деп бұйырады. Сол сәтте аспанға жеткізілген шаһардың саясында отырып оқыған намазының соңында пайғамбар «Е алла батаның батасын сен ғана бересің, жалғанда жалғыз пәк ӛзің ғана, маған да қамқор болуыңызды ӛтінемін» дегенде Жәбірейіл «әумин» деген екен. Сосын қаланы қайтып орнына қойған екен. Аңыз бойынша шаһардың үш аты бар: біріншісі – Мадинат әлБайда, екіншісі – Испиджаб, үшіншісі – Сарйам (Сайрам). Араб географы әл-Магдиси «Шаһар гүлденген шағы Испиджаб ӛлкесінің орталығы болғаны кездері. Сол кезде шаһардың рабаты және бұқаралық мединесі болды. Онда жабық базар, мата сататын жәрмеңке мен үлкен мешіт орналасқан. Мединенің тӛрт: Нуджакат, Фархан, Шахра және Бұхара қақпасы белгілі. Әр қақпаның маңында: нахшебтер, бұхарлықтар, самарқандықтар рабаттары мен зираты және базары жақын Қаратегін рабаты орналасқан. Бұлардан басқа шаһарда 1700 рабат бар деседі. Испиджаб – шекаралық тамаша бекініс, айнала дуалмен қоршалған рабадтың ішінде ешкім тұрмайтын ішкі қамал – 153
цитадель бар. Бұл жердің тұрғындары егін шықпай қалу дегенді білмейді. Жемістері үлкен болмағанымен шырынды әрі тәтті. Шаһар таза, бұл жердегі ӛмір жағымды», деп жазған. Мәуереннахрдағы харадж (салық) тӛлемейтін жалғыз шаһар ретінде айтылатын Сайрам алланың шапағаты жауған қасиетті мекен болған. Сол кездерде Испиджаб ӛлкесінің құрамына Сырдың бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран және Жанкент; Қаратаудың теріскей бетіндегі Баладж бен Беруке; Жетісудың Құлан, Меркі, Суяб қалалары кірген. Кейіннен шаһар Қазақ хандығының тірегіне айналған үлкен саяси-экономикалық орталық болды. Сайрамда мұсылман дінін уағыздаушы отыз әуленің мазары бар. Солардың басына салынған кесенелердің кӛпшілігі осы күнге дейін сақталған. Д.Талеев САРАЙШЫҚ Еуропа мен Азияны қақ бӛліп жатқан Жайық ӛзенінің оң жағалауында орналасқан Сарайшық (Сарайжук,Сарайчук) шаһарының іргесі Алтынорда тұсында қаланған болатын. Оны Шыңғыс ханның немересі, Жошының баласы Бату хан салдырғаны туралы Әбілғазы хан шежіресінде жазылған. Еуропадан шығып, Еділдегі Алтынорданың астанасы Бату Сарайы арқылы Хорезмге, одан әрі Қытай, Үндістанға баратын трансконтинентальды керуен жолы Сарайшықты басып ӛтетін. Сол жолдың бағыты жайлы бізге кӛптеген кӛпестер мен саяхатшылар қалдырған деректер жетті. Хамдаллах Казуинидің 1339 жылдар шамасында жазған «Сапарнамасында» осы жол бойындағы елді мекендер ара қашықтықтарымен қоса кӛрсетілген. ХІІІ ғасырдың орта тұсында Еділдің бойынан астана тұрғызған Алтынорданың аяқ алысынан сескенген батыс елдері достасу, дипломатиялық байланыс жасау мақсатымен елшілерін бірінен соң бірін жіберіп жатты. Елшіліктерге жүктелген жасырын тапсырмалар болған. Солардың қатарында Алтынорданың әскери күшін барлау секілді жансыздық, Алтынорда халқын христиан дініне кіруге үгіттеу секілді миссионерлік мақсаттарын айтуға болады. Батыстың жіберген елшілері В.Рубрук пен П.Карпиниге жүктелген басты тапсырмалар да осындай сипатта болған. Сарай Батудан шешуші жауап ала алмаған елшілер Қарақорымға (Мӛңке ханға) бара жатқан жолда осы Сарайшық арқылы ӛткен. Ӛз бабамыз Бейбарыс Мысырға сұлтан болмай тұрған кезде мұсылман елдерінің атынан Алтынордаға елшілікпен келіп кеткен. Сол байланыстардың әсері болуы керек, алдымен Берке хан бауыры Тоғай 154
екеуі мұсылмандықты осы шаһарда қабылдаған. Ӛзбек ханның исламды мемлекеттік дін ретінде қабылдау салтанаты дәл осы Сарайшықта жүзеге асты. Алтынорда дәуірінде Сарайшықта теңге соғылғаны жайлы да мәліметтер бар. 1996-2000 жылдары арасында Сарайшықта жүргізілген қазба кезінде бетіне арабшалап «Сарайшық» жазылған мыс теңгелер табылды. ХІV ғасырда Сарай Берке арқылы Орта Азияға ӛткен арабтан шыққан саяхатшы Ибн Батута: «Ұлысу (Жайық) деп аталатын ӛзеннің жағасындағы Сарайшық шаһарына тоқтадық. Шаһарда саяхатшылар мен қажылықтан қайтқан мұсылмандарға тегін тамақ пен жатар жай беретін орын бар екен. Ол завия аталады. Завияның иесі қарт ата бізді тамақтандырып, ақ батасын берді. Біз шаһарда болдырған аттарымызды сатып орнына түйелер алдық. Ӛзеннен Бағдаттағыдай қайықтардан құрастырып салынған керемет кӛпір арқылы ӛттік», деп таңдана да тамсана суреттеп жазған. Сарайшық туралы деректердің мәліметтерін топтастыру – «шаһар сол кезде Алтынорда мемлекетінің рухани орталығы болған ау?» деген ойға әкеледі. Олай дейтініміз, Жәнібек, Бердібек секілді Жошы ұрпақтарын ақ киізге кӛтеріп, Алтынорда тағына отырғызу салтанаты осы шаһарда ӛткен. Сарайшықта Алтынорданың бірнеше хандары және басқа да тарихи тұлғалар жерленген. Солардың арасында Мӛңке-Teмip, Тоқтай, Жәнібек, Бердібек хандар бар. Шаһар бірсыпыра уақыт арасында Қазақ хандығының батыстағы астанасы міндетін де атқарған. Ӛмірінің соңында Сарайшықта тұрған қазақтың әйгілі ханы Қасым да осы шаһарда жерленген деп айтылады. Кейіннен Ноғай ордасының орталығы болған шаһар Еділ бойындағы орыс казактарының 1580 жылғы ойранынан қирады. Қаланың қаңырап бос қалған бӛлігі ХVІ ғасырдан бастап ӛлілер мекені, мазарға айналды. Сарайшықтың қираған орны Атырау қаласынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Жайық ӛзенінің оң жағалауында. Ол жерде Сарайшық аталатын кішкене ауыл осы күнге дейін бар. Сол ауылда И.Н. Тасмағанбетов 1999 жылы мешіт пен музей салдырған. Музейдің алдына Сарайшықта жерленген хандарға арнап тамаша ескерткіш тұрғызылды. Музейге қаланың орнында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық жәдігерлер қойылған. Бұл күнде қаланың басым бӛлігін ӛзен суы жуып кеткен. 1996 жылдан бері Сарайшық қаласының орнында жүргізіліп келе жатқан археологиялық қорғау қазбалары нәтижесінде Қазақстан тарихының Алтынорда дәуіріндегі келбетін кӛрсететін бай материалдар жинақталды. Д.Талеев
155
САУРАН Ортағасырлар кезінде Сырдария ӛзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан ӛлкесі деп атаған. Сол ӛлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан ӛлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолӛнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды. Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы ӛткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған. ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратӛбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын кӛрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратӛбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой кӛтерген. Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт, ханака секілді қайырымдылық мекемелерін салдырды. Шаһар саяси және экономикалық орталық ретінде ӛзінің маңызын кейінгі жүзжылдықта да жоғалтқан жоқ. Сауран үшін ӛзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар ӛткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында ӛтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне ӛтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған. Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады. Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты 156
мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы кӛптеген жылнамашылар жазған. Сол кездегі жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары осы күнге дейін жақсы сақталған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай ӛткеннен кейін ерекше кӛркейіп, ірі рухани орталыққа айналады. Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын-жазушы Уәсифи қызыға жазған. Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген. Уәсифидің айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6-7 шақырым жердегі Міртӛбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады. Шамамен ХІV ғасырда салынған екінші Сауранның орны Түркістан қаласынан Қызылордаға қарай ӛтетін теміржолдың бойымен 45 шақырым жерде сақталған. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бӛліктері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы кӛпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін кӛрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары кӛп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап ӛлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы кӛне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер кӛретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Д.Талеев СЕМЕЙ Семейдің тұрған жері ерте замандардан ежелгі тайпаларға тұрақ болған. Бұл жерде сонау қола дәуірінен бастап, ғұндар, Түрік қағандығы, Қыпшақ, Керей, Найман ұлыстары мекен еткен. ХVІ-ХVІІ 157
ғасырларда қазіргі Семей қаласы тұрған жерде Доржынкит қаласы болған. Құба қалмақтардың аңыздарына қарағанда 1600 жылы Асма тархан Доржи деген кісі Жеті шатыр сарайларын тұрғызған. Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінде осы Жеті шатыр қаласы айтылады. Семей 1782 жылдан уездік қала болды. Сол кезден-ақ Орта Азия халықтары мен кӛршілес елдердің Шәуешек, Құлжа, Қашғар қалаларымен сауда-саттық жүргізіле бастады. Мұның ӛзі қаланың жандануына ӛз септігін тигізбей қоймады. ХІХ ғасырда қалада бірнеше зауыт жұмыс істеді. Оқу-ағарту жұмыстары жүргізіле бастады. Оның нақты кӛрінісі осында ашылған уездік училище, әйелдер училищесі, бес мұсылман медресесі. 1917 жылы Семей қаласы саяси ӛмірге араласа бастады. Осында жергілікті Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бастауымен Семей облыстық қазақ сиезі ӛтті. Қаланың атын Алаш қаласы деп ӛзгертуге кӛп күш салды. Алаш партиясының Семей облыстық комитеті 1917 жылы күзде Семей қаласында ашылды. Семей ӛңірі қазақтың ұлы ақыны Абайдың, философ-ойшыл Шәкәрімнің, әдебиет майталманы М.Әуезовтің және дүние жүзіне танылған атақты әнші Әміре Қашаубаевтың туып-ӛскен жері. Г.Әріпбекова СЫҒАНАҚ Болса тәңірім екінші өмір қиғандай, Сығанақта көз жұмар ем қиналмай Ғисамедин әл-Сығанақи Қазақстан тарихында жарқын із қалдырған бабаларымыздың елдігі мен ерлігіне тірек болған – Сығанақ қаласы. Ортағасырлық мұсылман деректерінде, әсіресе моңғол шапқыншылығына, Әмір Темір мен оның ұрпақтарына қатысты деректерде қаланың мәртебесі мен салиқалы келбеті жайлы кӛп мәліметтер сақталған. Алғашқы мұсылман деректерінде қала «Даруль – Куфр» (дінсіздердің қаласы) аталып келді. Кезінде қыпшақ бірлестігінің астанасы болған, гүлденген қалада Сығанақтың диірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таралған. Ұлы Жібек жолының бойындағы аса ірі сауда мен мәдениет орталығына айналған қаланы моңғолдар аяусыз талқандаған. 1220 жылы кӛрсеткен қарсылығы үшін қанау мен тонауға ұшыраған қаланың жайын XIII ғасыр тарихшысы Жуайни тәпкіштеп жазған. Ол «Жошы Хасан қожаны Сығанақ тұрғындарын берілуге үгiттey үшін жіберген еді, бірақ халық оны ӛлтіріп, карсылық кӛрсетеді. Тек шабуылдың жетінші күні ғана Сығанақ жеңіліске ұшырап, қала халқын моңғолдар түгелімен кырып тастаған» деп жазады. Моңғол ойранынан кейін Сырдария бойындағы 158
қалалардың ӛмipі бipaзғa дейін тоқтап, олардың кeйбipi сол қираған күйінде қайта бас кӛтермей қала берді. Сол бір сұрапыл оқиғалардан жиырма жыл ӛткен соң Сырдария алқабымен ӛткен Плано Карпини күнделігіне: «Біз қираған сансыз кӛп қалаларды, кұлаған бекіністерді және қаңырап қалған кӛп елді мекендерді кӛрдік» деп жазыпты. Бірақ кӛп ұзамай Сығанақ қайта жаңғырып, ӛзінің бұрынғы сәулетті күндеріне қайта оралды. XIV ғасырдың екінші жартысында қала Ақ Орда астанасы болады. Сығанақта Жошы ханның ұрпақтары Ерден хан, оның ұлы Мүбәрак қожа, Орыс хандар билік жүргізген шақта тенге соғу ісі жолға қойылып, хан сарайы секілді күрделі құрылыстар салынған. Қазақтың қарулы қолы «Алаш мыңдығы» осы шаһарда жасақталды. Осы тұста Орыс хан басқарған ел тарихи әдебиеттерде алаш елі аталып жүр. Ш.Уәлиханов, А.И. Левшин секілді ғалымдар Орыс ханды «Алаш хан» атағаны тегін болмаса керек. Сығанақтың гүлденген шағын ӛз кӛзімен кӛрген Шайбани ханның жылнамашысы Фазлах ибн-Рузбихан «шаһарда күн сайын бес жүз түйенің еті қуырылып, кешке қарай одан түйір де қалмайды. ... Сығанақтың айналасы кӛкорай дала, тоғай болып келеді. Осы арада жабайы ешкi, жабайы қой және басқа да жануарлар ӛpiп жүpeдi. Қала тұрғындары оларды жаз мезгілінде аулап, қысқа азық даярлайды. Құc eтi бұл арада ӛте арзан» деп жазған болатын. Аса ірі сауда шаһарына айналған Сығанақта күніне 500 түйеге артылған тауарлар сатылатын. Солардың арасында кӛшпелілер алып келетін ең жақсы садақтар мен жебелер үлкен сұранысқа ие болған. Сығанақ секілді шұрайлы шаһар үшін шайқастар Тоқтамыс пен Орыс ханның, Әбілқайыр хан мен қалмақ Енге тӛренің, кейіннен Қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының арасында болды. Осының бәрі шаһардың аса маңызды аймақтан орын теуіп, кӛптеген хандар мен айтулы ақсүйектер жерленген қасиетті орынға айналғандығынан болса керек. Шаһардың маңы жүгірген аң мен ұшқан құсқа бай ну тоғай болғаны жайлы тарихшы Рузбихан «Сығанақтың айналасы кӛкорай дала, тоғай болып келеді. Осы арада жабайы қой мен ешкі және басқа да аңдар кӛп жүреді. Жаз мезгілінде шаһарлықтар оларды аулап, қысқа азық даярлайды. Құс еті бұл арада ӛте арзан», – деп жазады. Талай-талай қиын-қыстау заманды басынан кешіріп, қаншама тарихи маңызды оқиғалар орталығы болған шаһардың қираған орны бұл күнде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында, Сырдария ӛзеніне жақын маңдағы Сұнақ ата қойнауында жатыр. Шаһардың орнында болған кӛк күмбезді керемет кесененің қирандысын ХХ ғасыр басында ғалымдар зерттеп, сызба суретін салған болатын. Кӛп ұзамай кесене құлап, тӛбеге айналған. Сығанақты 159
зерттеуге қатысқан ғалымдар осы кесене Әбілхайыр ханға арнап салынған деп жүр. Д.Талеев СЫРЫМБЕТ Халық әдебиеті, ән-жыр, Шоқан, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұсаларға қатысты оқиғаларға, кӛркем әдебиет пен зерттеу еңбектерге байланысты аты елге кеңінен тараған жер атауы. Сырымбет кісі есімі деседі. Сырымбет, Қырымбет деген ағайынды кісілер екен. Сырымбет шоқысы тәрізді Жақсы ӛңіріндегі Қалмақкӛл тұсында Қырымбет шоқысы да бар. Сырымбет батыр болған деседі. Қалай да жер атауының кісі есімінен пайда болғандығы аңғарылады. Ӛйткені жердің табиғи бедеріне қарай қойылса басқаша болар еді. Кӛкшетау жоталарының қыратты, шоқылы жалғасы. Далалық Сырымбет қыратының теңіз деңгейінен биіктігі 330-380 метрдей. Саумалкӛл, Құмдыкӛл, Ақбас дегендей шағын кӛлдер бар. Жерінің дені егістік. Шоқ-шоқ қарағай, қайың тоғайлар ӛседі. Сырымбет даласының жерінде Ақмола облысының Шоқан Уәлиханов атындағы ауданы орналасқан. Аудан орталығынан солтүстік батысқа қарай отыз шақырымдай жерде Сырымбет шоқысының етегінде Сырымбет ауылы бар. Сырымбет жерінде Шоқан Уәлихановтың балалық шағы ӛткен. Жас шағында Ақан серінің ауылы да жайлаған. Мұнда ол серілік құрған шағында да жиі болып, сауық құрған. Елге кең таралған «Сырымбет» әнін шығарған. С.Шүкірұлы ТАРАЗ Тараз – Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас ӛзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула ӛзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В.Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты – Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген кӛпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың тілі мен әдет-ғұрыптарының, заңдарының 160
Қытайдағы сияқты болатыны туралы жазылған (Зуев Ю.А. Суяб туралы Қытай деректері. 91б.). Біз бұл деректерді Тараз қаласының аса ертеден келе жатқан қала екендігі жайлы мәлімет үшін беріп отырмыз. Тараздың VІІ ғасырда осы Ұлы Жібек жолында маңызды рӛл атқарғаны жайлы мағлұматтар ежелгі шежірелер мен географиялық шығармаларда кездеседі. Қала 751 жылы арабтардың, 766 жылдан бастап қарлұқ қожалығының, ІХ ғасырдың аяқ шенінде саманидтердің қол астында болады. 893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға соғыс ашып, ақыры Тараз әмірі жауға бас иеді, Исламды мойындайды. ІХ-Х ғасырларда Тараз қаласының егіншілік алқаптың, Талас Алатауындағы күміс руднигінің жанында орналасқандығы оның экономикалық және мәдени ӛрлеуіне мүмкіндік жасады. Х ғасырдың географы Максидидің жазуы бойынша «Тараз – бау-бақшалы, қалың елді, оры, тӛрт қақпасы және қонысталған рабаты бар үлкен бекітілген қала». Х-ХІ ғасырларда Жетісуды, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны қараханидтер династиясы жаулап алғаннан соң, Тараз жаңа мемлекеттің бір қожалығының астанасына айналады. Ислам діні үстемдігінің нәтижесінде ХІ ғасырда жаңа үлгідегі Айшабибі, Қарахан, Бабажыхатун мазарлары салынды. Р.Вильгельмнің деректері бойынша, ХІІІ ғасырда болған моңғол шапқыншылығы қарсаңында Тараз қолдан қолға ауысқан. Ол тіпті моңғолдардың қолына түспес үшін Мухаммед хорезмшахтың әмірімен талқандатылған да, ХІІІ ғасырдың орта шенінде қала қайтадан қалпына келтірілген. Жалпы Тараз қала ретінде ХV ғасырға дейін ӛмір сүрген, бірақ оның орнындағы отырықшы қоныс ХVІІІ ғасырға дейін болған. Осы тұста пайда болған жаңа қала, Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары тӛңірегіне салынғандықтан, Әулиеата деп аталды. Ал 1936 жылы қаланың аты Мирзоян болып, одан соң, 1937 жылы Жамбыл болып ӛзгертілді. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н.Назарбаев 1997 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен қалаға тарихи аты – Тараз атауы қайтарылып берілді. 2002 жылы 25-26 қыркүйекте Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды. Тараз бүгінде мәдени-экономикалық жағынан ӛркендеген, жергілікті халық «жер жәннаты» деп атайтын шағын да болса кӛрікті, берекелі, ырысты қалаға айналды. А.Мұсабекова
161
ТОРҒАЙ Торғай даласы деген кең ұғым. Мұнда Торғай қолаты деген таным бар. Торғай аңғары – Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпатын жалғастыратын ӛңір. Жеріміздің солтүстік-батысында солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 шақырымға созылады. Ені 20-70 км аралығында. Ғалымдар зерттеуінше Торғай қолаты кезінде Батыс Сібір мен Тұран теңіздерін қосатын бұғаз болған сыңайлы. Ғылымда Торғай қақпасы деп – Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған-Құсмұрын, Торғай-Сарықопа аралығындағы табиғи ӛткелді айтады. Торғай үстірті деп – жеріміздің солтүстік батыс бӛлігіндегі кӛтеріңкі үстіртті айтады. Орал – Мұғалжар – Сарыарқа – Батыс Сібірді жалғастырады. Бұл ұзындығы 630 км ені 300 км шамасындағы алқапты қамтиды. Торғай үстіртін қақ жарып Торғай қолаты ӛтеді. Орталық Торғайға үстіртті-қыратты Қарғалытау, Қызбелтау, Торғай атыраптарын жатқызады. Торғай Ұлытаудан бас алып, Шалқартеңіз сорына, яғни Суаяғы – Құрдымға барып сіңетін ұзындығы 825 километрлік ӛзен. Тоқсан салалы Торғай деп аталатын ӛзеннің басты-басты су кӛздері – Қараторғай, Жалдама, Ӛлкейік, Асарыторғай, Қайыңды ӛзендері. Осы ӛзеннің жағасында 1845 жылы Орынбор деп аталған бекініс салынды. Әскер, орыс-казактар кӛшіріліп әкеліп қоныстандырылды. Торғай облысының құрылуына байланысты 1868 жылы Торғай уезі құрылып, ол уездік қала атанды. Бұл Торғай облысында болған 4 уездің бірі болды. Оған 11 болысқа бӛлінген 65 ауыл қарады. 1897 жылғы санақ бойынша уезде 87 039 адам болған. Белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсарин осында алғашқы қазақ мектебін ашты. Алаш кӛсемдері Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтар сауаттарын осында ашты. 1916 жылғы ұлт-азаттық Торғай кӛтерілісі осында болды. Торғай қаласы кеңес тұсында Торғай ауданының орталығына айналды, кейін Жангелдин атанды. Торғай деген атпен 1868 жылы Орынбор генералгубернаторлығының құрамында облыс құрылды. Орталығы Орынборда болды. Ол Қазан тӛңкерісінен кейін жабылды. 1970 жылы Торғай облысы ашылып, Арқалық қаласы облыс орталығы болды. 1988 жылы жабылып, 1991 жылы қайта ашылып, кӛпке бармай тағы да жабылды. Қазір Торғай даласында Қостанай облысына қарасты Амангелді, Жангелдин аудандары мен Арқалық қаласы бар. Мұнда Тосын құмы, балықты Ақкӛл, Сарықопа қорығы, Қызбел тауы сынды табиғаты бай, аң-құсы кӛп жерлер бар. С.Шүкірұлы 162
ТҤРКІСТАН Есте жоқ ерте заманда «тура» тайпасы мекендеген аймақты Тұран деп атаған. Сол аймақты қазіргі түрік тектес халықтардың, соның ішінде қазақтың арғы бабалары түрік тайпалар одағы мекендеген. Сондықтан да Түркістан қаласы мен оның маңындағы үлкен аймақты ортақ атаумен Түркістан, яғни «түрік елі» деп атаған. Әрине бұл атаумен алғашқыда анағұрлым үлкен аймақ аталған. Ортағасырлар кезінде Сырдария ӛзенінің ортаңғы ағысынан Қаратау тауының баурайын қамти отырып, Арал теңізіне дейін созылған аймақты Түркістан жері, Түркістан уәлаяты, Түркістан ӛлкесі деп әртүрлі атаған. Түркістанның құрамына Отырар, Сауран, Сығанақ, Сайрам, Яссы секілді кӛптеген қалалар кірген. Осы қалалар алдымен түрік бабаларымыздың, сосын қазақ халқының саяси-экономикалық, мәдени және рухани орталығы болған. Ол кездерде Түркістан қаласының аты Шауғар екен. Шауғар Х ғасырдағы араб деректерінде айналасы бірнеше қатар қалың қорғаныс дуалмен қоршалған қала деп кӛрсетіледі. Мешіті базар алаңының шетінде орналасқан. Сол заманда қарлұқтардың құрамында болған қаланың маңында самани әулетінің қолбасшысы Насыр ибн Ахмед бастап келген жаугершілік жорыққа қарсы тұрған үлкен шайқас болады. ХІІ ғасырда Сайрамнан шыққан діндар, шайқы Қожа Ахмет Иассауи Түркістан ӛңіріндегі кішкене шаһарға қоныс тепкеннен кейін, мәдени орталық сол жерге ауысты. Ал Шауғардың аты тарих сахнасынан біртіндеп түсіп қалады. Иассауи мекендеген шаһарда қылует мешіт ашылғаннан бастап мұсылман дінінің сопылық ағымының орталығына айналды. Қожа Ахмет ӛзінің ересек ӛмірін сол шаһарда ӛткізіп, бүкіл мұсылман халқын ынтымақ пен бірлікке шақырған тамаша діни шығармаларын сонда жазды. Шайхы қайтыс болғаннан кейін оның денесі қойылған қабірдің басына кішігірім кесене салынып, шаһарға Иассы аты берілді. ХІV ғасырда Алтынорданың есі жоқ есерсоқ ханы Тоқтамыс Иассыны шауып, Ахметтің кесенесін талқандап, ішіндегі құнды да қасиетті мұраларын тонап кетеді. Бірақ кӛп ұзатпай оның ізімен қуып барған Әмір Темір Алтын Орданың астанасы Сарайды талқандап, оны тонаудан жинаған қазынаға Қожа Ахметтің басына зәулім кесене тұрғызады. Осы кесененің тұрғызылуына байланысты ел ішінде керемет аңыз сақталған. Сол аңыздың мазмұны мынадай: Әмір Темірдің бұйрығымен кесене құрылысы басталған күні түн ауа үлкен қара бұқа келіп жерден әжептеуір кӛтеріліп қалған құрылысты мүйізімен сүзіп, желкесімен соғып талқандап кетеді. Ертесіне құрылысшылар таң-тамаша болып, құрылысты қайта бастайды. Түнде ӛткендегі бұқа тағы келеді. Не керек алғашқы түнгі оқиға үш рет 163
қайталанған кезде Әмір Темір ғажайып түс кӛреді. Түсіне ақ сақалды, үстіне аппақ киім киген қария енеді. Ол: «Иассауидің ұстазы Арыстан баб әулие еді. Оның мазары Отырардың маңында қараусыз жатыр. Соны сезген Қожа Ахметтің әруағы ғой сендерге ескерту жасап жүрген. Әуелі Арыстан бабтың басына ескерткіш тұрғыз. Істерің содан кейін оңға басар» дейді де жоқ болып кетеді. Ертесіне бірсыпыра ойланғаннан кейін Әмір Темір Арыстан бабтың басына кесене тұрғызуды бұйырады. Содан кейін Ахмет Иассауидің мавзолейін бастапты. Ғалымдардың айтуынша Темір кесенені аяқтап үлгермеген. Дегенмен Қожа Ахметтің алғашқы кесенесінен Тоқтамыс әкеткен заттарды қайтып әкеліп орнына қойғызған да сол Әмір Темір деседі. ХV ғасырда Қожа Ахметтің кесенесін қоршай бекініс салынды. Иассы қаласы біртіндеп осы аймақтағы бүкіл мұсылмандардың киелі орны болды. Түркістан ӛңірінің әкімшілік орталығы Иассыға ауыса бастады. Иассы осыдан бастап Қазақ хандары мен ақсүйектерінің пантионына айналды. Саяси орталық ретінде әлсіреген Отырар мен Сауранның кӛпшілік тұрғындары Иассыға келіп, қоныс тепті. Қала қорғаныс құрылыстары мықты қамалға айналды. 1582 жылы ӛзбектің ханы Абдаллах жер қайысқан қолмен келіп, Түркістан қамалын ала алмай, кері кеткені туралы тарихшы Хафиз Таныш жазған. ХVІ ғасырдың соңында Қазақ хандығының иелігіне толығымен ӛткен Түркістан ӛлкесі хандықтың саяси тірегі, мәдени-экономикалық және рухани орталығына, Түркістан қаласы оның астанасына айналды. Ғалымдардың айтуынша, бұл оқиға Есім ханның тұсында болған. Қаланың атының Түркістан болып ӛзгерілуі де осы тұсқа сәйкес келеді. Қазақ тарихының қаншама оқиғаларына куә болған қалада хан сайлау салтанаттары да болған. Солардың ішіндегі айтулысы 1771 жылы Абылайды қазақтың бас ханы етіп сайлау рәсімі. Бір орталыққа бағынған қазақтың қуатты мемлекетінің орталығы Түркістан қаласы рухани орын ретінде де үлкен беделге ие болды. Алғашқы Түркістан саналатын Шауғардың қираған орны қазіргі қаладан 8 шақырым жердегі Шойтӛбе қалашығы, Иассы қаласының орны Түркістанның қақ ортасындағы Күлтӛбе қалашығы, ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы Түркістанның орны қазіргі Әзірет Сұлтан (Ахмет Иассауи) кесенесінің айналасындағы құланды тӛбелер екендігі ғылымда мойындалған. Айтылған орындарда жүргізілген қазбалардан шыққан заттай деректер қаланың жасы 1500 жыл емес 2000 жылдан асатынын толық растайды. Д.Талеев
164
ҦЛЫТАУ Сарыарқаның оңтүстік-батыс шетіндегі 240 шақырымға созылып жатқан ұсақ шоқылы, аласа таулы алқап. Биіктігі 400 метрден 1134 метрге дейін жетеді. Едіге тауы, Кішітау дегендей тауларға бӛлінеді. Ұлытау тӛңірегінде түркі қағандығы заманының белгілері – тас мүсіндер кӛп сақталған. Ұлытаудан Қараторғай, Сарыторғай, Ұлы жыланшық, Терісаққан, Қаракеңгір, Жезді ӛзендері бастау алады. Ұлытауда ертеде хан ордасы болған. Орда тігілген үй орындары әлі күнге дейін сақталған. Алаша хан, Жошы, Домбауыл кесенелері, басқа да тарихи орындар, кӛрікті жерлер бар. Дегенмен, далалық ӛңірдің кӛбі шӛлейт. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана салуға жер таңдағанда, қазақ жерінің қақ ортасы болып саналатын Ұлытаудың басты сәйкессіздігі осы шӛлейттігі, яғни су тапшылығы болыпты. Мұнда Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданы орналасқан. Аудан орталығы – Ұлытау кенті Жезқазған қаласынан солтүстікке қарай 150 шақырымдай жерде. Арқалық қаласынан да сондай қашықтықта. Кент іргесі 1846 жылы қаланған. С.Шүкірұлы ҤСТІРТ Үстірт – маңайындағы жазықтардан жарқабақпен ерекше оқшауланып тұратын қыратты жазық. Биіктігі 200-500 м-ге дейін барады. Үстірт пайда болу жолдарына қарай құрылымдық, жанартаулық және денудациялық болып бӛлінеді. Құрылымдық Үстірт ӛткен геологиялық дәуірлердегі теңіз орындарында кездеседі. Жанартаулық Үстірт жер астынан шыққан лавалардың жер бедерінің бұрынғы кедірбұдырларын тегістеулеріне байланысты қалыптасады. Денудациялық Үстірт таулардың үгіліп аласаруынан қалыптасады. Үстірт Қазақстанда кең тараған. Ірілері – Үстірт, Торғай, Маңғыстау үстірттері. Үстірт – батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкӛл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырабы аралығын алып жатқан дӛңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550-600 км-ге созылған, ені 300-400 км. Ауданы – 200 мың км2. Үстірттің орташа биіктігі – 150200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері – Мұзбел жоны (341 м). Тұран ойпатында орналасқан, геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтүстік бӛлігі мен шығыс бойлықтың 56°-қа дейінгі батыс бӛлігі Қазақстан аумағына кіреді (Маңғыстау обл.), қалғаны Ӛзбекстан жерінде. 165
Үстірт тӛңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша кӛтерілген және үсті жалпақ, жазық дӛң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бӛліп жатқан ойыс, ойпаттар кездеседі. Үстірттің ортаңғы бӛлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан, мыс, солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай, Қосбұлақ ойыстарында, оңтүстіктегі Асеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар кӛп. Орталық, шығыс, оңтүстіктерінде әктас, гипстің суда еруінен пайда болған ұзындығы 5-25, тереңдігі 1-2 м үңгірлер (Балаұйық үңгірі), қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шӛл аймағында жатқандықтан жазы ыстық, қысы салқын, ауасы құрғақ (3060%), жауын-шашыны аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалыңдығы 10 см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып кӛктайғақ болады, боран соғады. Үстіртте ӛзен, тұщы кӛл тіпті жоқ, бірақ ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды. Сұр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т.б. шӛптер сирек ӛседі, ойыс-ойпаттарында сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі. Құмды ӛңірінде теріскен, жүзгін, еркекшӛп т.б. ӛседі. Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бӛкен, қарақұйрық т.б. мекендейді. Үстірт кӛктемде, жазда, күзде мал жайылымы, қойнауында мұнай мен газдың мол қоры анықталған. Ж.Әскербекқызы ШЫМКЕНТ ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт ӛсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафаддин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың кӛрсетуінше, мұнда андроновшылар дәндік тары, бидай егіп ӛсірген, ірі қара мал ұстаған, қой баққан. Мыс пен қола металдарынан еңбек құралдарын – балта, пышақ, пішен шабатын шалғылар, қару-жарақ пен әшекейлер т.б. жасаған. Шымкент жерінде сақ тайпалары жасаған қола ұшты жебелер, қанжарлар тәрізді сақ қару-жарақтары табылған. Сақ ұрпақтары – кангюйлер б.з.д. І мыңжылдықта Сырдарияның орта ағысында аса қуатты Кангюй (Қаңлы) мемлекетін құра білді. Шымкент территориясында бірнеше елді мекендер болды. Олардың біразы қирағанмен, қазіргі автотұрақ территориясында, Шымкент фосфор 166
зауытына жақын тұста және басқа да жерде табылғандарын мемлекет ӛз қорғауына алған. Моңғол дәуірінен кейін Шымкент ірі қалаға айналған. Оның қалдықтары – ескі қаланың қамалы қаланың орталығында, жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді, жер бедерінен 25 м биіктікке бой созған. Доға кӛлемі 30-45 м, бұрыш-бұрышында мұнаралар байқалады, кіреберіс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Бӛлекше Сібір корпусының тәржімашысы Филипп Назаров бекіністі былай сипаттайды: «...Бадам ӛзені бойындағы (қала) биік дӛңес басына салынып, жарқабақты биік қабырғасымен кӛмкеріп тұр. Қалаға ӛзен жағынан бір атпен ғана жүріп ӛтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан ойып жасалған терезешелерден кіріп, қала ішінен қазылған арналарды толтырады, бірқатарына су-диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз салынған. Неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсу үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады». Қамал тұрған жерді қазғанда, екі құрылыс ашылған, олардың бірі – ХІХ ғасырға, ал екіншісі –ХVІІ-ХVІІІ ғасырға жатады. Табылған қыш ыдыстардың ХVІІІ-ХІХ ғасырға жатқызылуы да мүмкін. Шымкент қаласының нақ ортасында орналасқан бұл ежелгі қала қалдықтары әлі де зерттелуге тиіс. Жібек жолымен сапар шеккен туристер кӛрсін деп құрылыстардағы қалдықтар консервіленіп, музейлендіріліп қойылған. Шымкент қаласы 1932 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, тұрғыны 526,1 адам (2006). Тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана қалаларынан кейінгі республиканың үшінші қаласы. «Шымкент» сӛзі (түрікше «шым» – алқап, қойнау, «кент» – иранша елді мекен) «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді. А.Мұсабекова ШЫҢҒЫСТАУ Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бӛлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягӛз аудандары аумағында. Осы Шыңғыстау бауырында қазақтың данышпан ақыны Абай Құнанбаев ғұмыр кешкен. Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар ӛзені аңғарымен бӛлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш тӛбелері жатыр. Абсолюттік биіктігі 1000-1100 м, ең биік жері – 167
Ақшатаудағы Қособа тауы (1305 м). Тӛмен және орта палеогеннің жанартаутекті шӛгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат т.б. жыныстардан түзілген. Жылына 200-250 мм шамасында жауын-шашын түседі. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Кӛксала т.б. ӛзендер басталады. Беткейінде бұта тобылғы, қараған, аңғарларында тал, терек, қайың, шалғын шӛп ӛседі. Арқар, киік, қасқыр, түлкі, борсық, суыр т.б. мекендейді. Ж.Әскербекқызы
168
АНАУЫЗ БАТА Ақ тілек аянды болсын, Ақ бата баянды болсын. Қазақтың дастархан басында, түрлі жиын-тойларда, адам ӛмірінде кездесетін қуаныш кезінде той иесіне, қуаныш иесіне және т.б. арнап, сондай-ақ алыс жолға аттанғалы тұрған азаматтарына ақ жол тілеп, қол жайып айтатын тілегі бата деп аталады. Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері: 1. Нәрестеге бата 2. Асқа бата 3. Ұлға бата 4. Қызға бата 5. Келінге бата 6. Сапар бата 7. Жастарға бата 8. Сүндет той батасы 9. Наурыз батасы 10. Ораза айт батасы 11. Жарапазан батасы 12. Ас қайыру батасы т.б. Жас баланың күлкісін бер, Жас ананың ұйқысын бер. Жомарттың қолын бер, Жорытқанның жолын бер. Қыздың қылығын бер, Судың тұнығын бер, Асаудың арынын бер, Түнгі оттың жарығын бер. Асқар таудың паңдығын бер, Бұлбұл құстың таңғы үнін бер. Даланың жазықтығын бер, Гүлдің нәзіктігін бер. Теңіздің тереңдігін бер, Қыранның кӛрегендігін бер. Ердің кӛңілін бер, Бүркіттің жігерін бер. 169
Лашынның жүрегін бер, Нағыз достың тілегін бер. Мәңгі-бақи ажырамас, Шын ғашықтың тілегін бер! Әумин! Ҥй иесіне берілетін бата Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті тӛгейін. Денсаулығың мықты болсын, Абыройың зор болсын. Қайда барсаң алдыңнан, Жарқыраған жол болсын. Бастарыңа бақ берсін, Не берсе де, нақ берсін. Қырда жүрген Қыдырды Үйлеріңе ап келсін. Қарындарың тоқ болсын, Қайғыларың жоқ болсын. Шүпірлеген үйіңде, Балаларың кӛп болсын. Әумин! Жас бӛбекке беретін бата Кӛтерейік білекті, Нұрға бӛлеп жүректі. Бӛбекке бата берейік, Ағынан айтып тілекті. Сәбиіміз сүйкімді болсын, Ӛнер-білімге икемді болсын, Бәйтеректей бойшаңданып, Ӛнер, ӛршіл, ӛркенді болсын, Жақсы жолды таңдасын, Жамандық тәлім алмасын, Даналардың дәстүрін, Жаңаласын, жалғасын. Шұғылалы шуақ күн кешсін, Басын сұр бұлт шалмасын, Қос топшысы талмасын, Қырандай биік самғасын. 170
Ары адал, жаны жаз, Құрбысынан қалмасын! Абай, Жамбыл, Міржақып, Шоқан, Ахмет, Мағжандай Тасқа басқан таңбасын, Мәңгілік артына із қалдырсын! Әумин! Шілдехана тойында берілетін бата Анасының аяулы Жарып шыққан кемерін, Қадам басып ӛмірге, Жас шыбықтай бүр жарып, Жаңа жайған желігін, Торсық шеке, ақ маңдай, Ӛсе берсін бӛбегің. Ӛмірі ұзақ болсын деп, Кӛңілі нұрға толсын деп, Ақ батамды беремін. Азамат боп ер жетсін, Қиын кезде жолдастан Аямайтын кӛмегін. Тойың тойға ұлассын, Бола берсін дегенің! Аллаһу ақпар! Асқа бата Дастарханыңа береке берсін, Бастарыңа мереке берсін, Астарыңа адалдық берсін, Бастарыңа амандық берсін, Дендеріңе саулық берсін! Әумин! *** Ашып тастап пейілді Дастарханың жайылды. Қасиетті нан ұлық Берекең тұр нақ ұйып. Асыл сӛздер шашылды, Бар абырой бақ орнап Ел сыйласын басыңды. 171
Аңыз болып отауың Айта жүрсін асыңды. Сүйген жарың, Бала-шағаң аман боп, Бүтіндесін асылды. Ниетіңе біз тойдық. Рахмет шәйіңа, Риза еткен бір қойлық! Әумин! Ҧл балаға бата Жорытқанда, балам, жолың болсын, Қалтаң байлыққа толсын, Бір толмасын, жылда толсын, Ӛмір жасың ұзақ болсын! Қатарыңнан озған ӛрен бол, Қыз кӛзіндей терең бол, Сынай қалса – құлақ сал, Мақтай қалса – керең бол! Әумин! *** Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып тӛрлетсін, Азамат болып кӛрікті, Ғұмыры болсын берікті. Азамат болсын ардақты, Мінезі болсын салмақты, Ӛнері болсын жан-жақты, Осы айтқанның бәрі Қабыл болып, Алла берсін зор бақты! Әумин! Қыз балаға бата Талдай бой берсін, Сұңғыла ой берсін, Жаздай жамал берсін, Қардай жанар берсін! Анаға шуақ болсын, Ағаға қуат болсын, Нәзік жаны болсын, 172
Елінің ары болсын, Басына ӛнердің бағы қонсын, Ақ орданың шамы болсын! Ф.Оңғарсынова Жастарға бата Қуаныш қайырлы болсын, Жастар абыройлы болсын. Уайымдары жоқ болсын, Кӛңілдері тоқ болсын, Адал еңбек арқасында Табыстары мол болсын. Алақандары ашық болсын, Ӛмірге машық болсын! Күйбең қалып кейін қалмай, Жаңалыққа ғашық болсын. Ұрпақтары ер болсын, Кемеңгерлермен тең болсын. Оларды кӛре алмағандардың, Бедел-берекеті кем болсын. Әумин! Той жасаған ҥй иесіне берілетін бата Құрметті той иесі, Ісіңді тағдыр оңдасын, Қайда жүрсең қолтықтап, Қыдыр бабаң қолдасын! Жамбылға ұқсап кӛп жаса, Денеңде дерт болмасын, Тойың тойға ұласып, Жан-жүрегің толғансын, Күннен-күнге кӛбейсін, Дос-жараның, жолдасың. Бақытың тассын әманда, Бергенін тәңірі алмасын! Ӛміріңді ұзартып, Балаң менен немерең, Шӛберең мен шӛпшегің, Туажаттар жалғассын! Келінге бата Отша лаула, сӛнбегін, 173
Еш жамандық кӛрмегін. Қосағыңмен қоса ағар, Құтты болсын қадамың, Келін болдың, қарағым. Салтын ұста, ардақта, Үлкен ата-бабаңның. Ошақтан от кетпесін, Үйіңнен кӛп кетпесін, Адал болғын жарыңа, Лаула, оттай, жалында! Әумин! Сапар бата Жолыңды алла қолдасын, Жаманшылық болмасын. Сенімді болсын жолдасың, Жолыңды кескен оңбасын. Сәтті болсын істерің, Жақсы болсын түстерің, Жұмсақ болсын ішкенің. Кӛрмеген жерді кӛріп қайт, Ырзығыңды теріп қайт. Айдарыңнан жел есіп, Желіп барып, желіп қайт. Әумин! Наурыз батасы Наурыз келіп қар кетті, Ақ қар, кӛк мұз жұтатқан Шаруа елінен зар кетті. Наурыз келіп жаз кірді, Жаз періште «Әз» кірді Күнеске тосып арқасын, Жан біткенге наз кірді. Арық-тұрақ тӛрт түлік, Кӛк жеп жапа-тармағай Қабырға жаппай қалмағай. Кӛтеремнің тӛрт бұты, Ербегей де сербегей Енді шығын бермегей. Бізге келген бәлекет – Қармен бірге қаңғырып, 174
Таудан ары ӛрлегей, Мұсылман бетін кӛрмегей. Жарапазан батасы Қонақтасын берекет, Қаша берсін пәлекет. Қиын дейді қиямет, Жақын дейді ақырет. Ақыретке барғанда, Қыл кӛпірден аман ӛт! Міне, бата, ақ ниет, Бола берсін берекет. Қиын дейді қиямет, Жақын дейді ақырет, Құлшылық қыл Аллаға, Қыл кӛпірден таймай ӛт. Кірсін дәулет, Шықсын бейнет. Алла атымен бейнет ет. Жоқ-жітікке рақым ет. Тәңір сені қолдасын, Уайым-қайғы болмасын. Қабыл болсын оразаң, Әулетіңді оңдасын! Бата – ӛлеңдер 1. Кемеңгердің алғыр ойын берсін, Екі дүниенің абыройын берсін! 2. Талаптымен тау астырсын, Талантымен таластырсын. Жамандықтан адастырсын, Жақсылықпен жанастырсын! 3. Білімің молая берсін, Еңбегің зорая берсін. 4. Мақсаттарың айқын болсын, Ӛмірлерің жарқын болсын. Еңбектерің кӛшелі болсын! 175
5. Білімің тереңдесін, бауырым! Ӛнерің кемелденсін, бауырым! Жұлдызың жайнасыншы, бауырым! Табаның таймасыншы, бауырым! Дос-жарың безінбесін, бауырым! Қысылса сені іздесін, бауырым! АЛҒЫСТАР, АҚ ТІЛЕКТЕР
Бастай бақ, шаштай дәулет берсін! Тарыдай тасып, бидайдай бӛк! Қаздай қалқы, қудай жүз! Қаймағы бұзылмасын! Қабыл болсын! Тілегіңді берсін! Шаңырағың биік болсын! Ӛзегің талмасын! Ӛмірің ұзақ болсын! Несібелі бол! Той тойға ұлассын! Жаныңа жамандық бермесін! Қоныс жайлы болсын! Кӛңіліңді кір шалмасын! Күлкіден айырмасын! Адалынан берсін! Кӛш-кӛлікті болсын! Ауызбіршілік болсын! Торқалы той болсын! Алла абырой берсін! Талабың ӛссін! Сапарың сәтті болсын! Ел-жұрт аман болсын! Құдай сәтін салсын! Ақ мол болсын! Мұратыңа жет! Ғұмырлы-бақытты бол! Қыдыр ата жолдасың болсын! Аспаның ашық болсын! 176
Ниетің қабыл болсын! Кӛсегең кӛгерсін! Нұр жаусын! Бақытты бол! Иманды бол! Мың болғыр Құтты болсын! Қайырлы қадам болсын! Жұлдызың жансын! Талабыңа нұр жаусын! Бауы берік болсын! Мың жаса! Ұзағынан сүйіндірсін! Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін! Айың оңыңнан, күнің солыңнан тусын! От басы, ошақ қасы аман болсын! Дастарқаныңа береке берсін! Алладан рақым болсын! Кӛйлегің кӛк, кӛңілің тоқ болсын! Қоныс құтты болсын! Мерейің үстем болсын! Құдай күлкіден айырмасын! Үбірлі-шүбірлі бол! Қыдыр ата жолдасың болсын! К.Оразалин (Ақ тілек Ақ бата) МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР Отан қадіріне жетпеген ӛз қадіріне жетпейді. Отанын сатқан оңбас. Отан үшін күрес – ерге тиген үлес. Елдің елдігі ерінен танылар, Елдің байлығы жерінен танылар. Ел-елдің бәрі жақсы, 177
ӛз елің бәрінен де жақсы. Еліңді тастап шетке кетпе, Шетке кетсең де кӛпке кетпе. Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ. Ӛзге елде сұлтан болғанша, Ӛз еліңде ұлтан бол! Жемісті ағаш жер бауырлар ӛседі, Жетелі жігіт ел бауырлап ӛседі. Жер – қазына, су – алтын. Аққу кӛлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. Үйіңде қартың болса – асыл қазынаң. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таниды. Кӛпке топырақ шашпа. Жолдасты жол айырады. Жӛн сұраған кісі адаспайды, Жол сұраған кісі жаңылыспайды. Бір жеңнен қол шығар, Бір жағадан бас шығар. Жаман туыстан жақсы жолдас артық. Бас болмақ оңай, бастамақ қиын. Ел иесіз болмайды, Сӛз жүйесіз болмайды. 178
Кӛп ішінде сӛйлеген кӛсемдіктің белгісі. Кӛпке сӛзі ұнаған шешендіктің белгісі. Бірлік еткен озар, Бірлеспеген тозар. Ата ӛнері балаға мұра. Ата тұрып бала сӛйлесе – шіркіндігі, Аға тұрып іні сӛйлесе – еркіндігі. Баланың ұяты әкеге, Қыздың ұяты шешеге. Ана алдында құрмет, Ата алдында қызмет. Анаңа ауыр сӛз айтпа, Атыңа ауыр жүк артпа. Ана сүті бой ӛсіреді, Ана тілі ой ӛсіреді. Әке балаға сыншы. Әкесі бардың арысы бар, Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Мінсіз дос болмайды, Мүлтіксіз қос болмайды. Адамның әдемілігі шыншылдығында. Шындық бар жерде ӛтірік байқап жүреді, Шындық жоқ жерде шіреніп, шайқап жүреді. Адал дос алтыннан қымбат. Үлкенді сен сыйласаң 179
кіші сені сыйлайды. Кіші сені сыйласа Кісі сені сыйлайды.
ЖАҚСЫ СӚЗ – ЖАРЫМ ЫРЫС Кездескен адамдар бір-біріне «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем береді. Бұл «сізге нұр жаусын» деген сӛз. Сәлем алушы «Уағаликүміссалам!» дейді. Бұл «Сізге де нұр жаусын» деген сӛз. Таңертеңгілік немесе таң атып келе жатқанда кездескен адамдар «қайырлы таң болсын» деп тілектестік білдіреді. Наурыз күні «Ұлыс құтты болсын!», «тӛрт түлік ақты болсын» деуді ұмытпаған жӛн. Жаңа жылға «жыл құтты болсын», «бақыт, табыс жылы болсын» деп құттықтайды. Халық әдетінде әрбір істі, тамақты «біссімілда» деп бастайды. Үйге келген кісі шаңыраққа сәлем беріп кіреді. Үй иесі сәлемін алып, жасы кіші болса қайта сәлем беріп, «хош келдіңіз», «тӛрге шығыңыз» деп ілтипат кӛрсетеді. Кешкілік үйге келгендер «кеш жарық» деп кіреді. Қазақ әрбір сәтті күнге, қуанышқа, мәжіліске, тойға келгенде «құтты болсын» деп игі сӛзді қосып айтады. Тойға жиналғандар «той-тойға ұлассын» деп құттықтайды. Мұны қабыл алғандар «айтсын», «айтқаның келсін», «бірге болсын» деген жылы сӛздермен қарсы алады. Мәжіліске немесе бірнеше адам бас қосқан жерге келген адам «орта толсын» дейді. Үйдегілер «кемісі сізбен толсын» деп орын ұсынады. Жұмыс немесе іс басына келген адам «іске сәт» десе, оған «айтсын-ақ» деп жауап береді. Жаңа үйленген жастарға «құсың құтты болсын», «отау берік болсын» деп құттықтайды. Ас үстіне келгендер «ас тәтті (дәмді) болсын» дейді. Жаңа қоныстанып жатқандарға «қоныс құтты болсын» деп жӛн сұрасады. Кӛшіп бара жатқандарға «кӛш оң болсын», «кӛш кӛлікті болсын» деп тілек білдіреді. Жолаушыға «қайда барасыз» деген дұрыс емес, «жол болсын», «жолдасың Қыдыр болсын, «сапар сәтті болсын» деу керек. Ол «әлей болсын» деп жӛнін айтады. Зат, бұйым сатып алғандарға «игілігіңе тұтын» деген жӛн. 180
Киім сатып алғанға «киімің күйрек, жаның берік болсын» деп айтады. Соғым сойған үйге «бұйыртып жегізсін» дейді. Жаңа туған айды кӛргенде «ай кӛрдім, аман кӛрдім, ескі айда есірке, жаңа айда жарылқа» деп бата жасайды. Ағып түскен жұлдызды кӛргендер «менің жұлдызым жоғары» деп тәубаға келеді. Алғаш күн күркірегенде «жер кӛк болсын, ақ кӛп болсын» деп тілек тілейді. Мал тӛлдетіп жатқандарға «тӛл кӛбейсін» дейді. Мал айдағандарға «айдар кӛбейсін» дейді. Бәйгеге ат қосқандарға «шабар кӛбейсін» дейді. Егін егіп жатқандарға «бір дәнің мың дән болсын» дейді. Ораза ұстаған кісілерге «оразаң қабыл болсын» деу керек. Ораза кезінде біреулер ауыр сӛз айтатын болса оған «менің аузым берік еді» деген жӛн. Адам түшкірсе «жәрәкімалда» дейді. Мал түшкірсе «тұш, жануар» деу керек. Шашалған адамға «май қап» дейді. Жел шығарып қойған адамды «шӛремді бер» деп құлағынан тартып, ұялтады. Ауырған адамның кӛңілін сұрап, «тез сауығыңыз», «дертіңе шипа берсін» деп тілектестік білдіреді. Кешкілік аурудың кӛңілін сұрамайды. С.Кенжеахметұлы АТАДАН ЖЕТКЕН АСЫЛ СӚЗ Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға құрмет ет. Жақсыдан ғибрат ала бергеннің ісі оңға басады. Ұстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл. Қожа Ахмет Йасауи Естіге айтқан ақыл сӛз – шыңға тіккен тумен тең, Ессізге айтқан ақыл сӛз – құмға сіңген сумен тең. 181
Хан әділ болса – халық ынтымақты болады. Майқы би Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің. Асанқайғы Сәлем – сӛздің анасы. Бұқар Қалқаманұлы Сырт тазасы не керек, тазарт әуел ішіңді. Үмбетей Тілеуұлы Мен ағайынды екеумін: біреуі – ӛзім, екіншісі – халқым. Сырым Датұлы Ата-ананы, мейманды құрметтесең – Меккедей нұрға толар үйдің іші. Шал Құлекеұлы Қазақ халқы – ең бір бейбіт халықтардың бірі. Тіл – қай халықтың болсын басты белгісі. Шоқан Уәлиханов Жақсы жолдас сыр шашпас. Ақан сері Қорамсаұлы Естілердің айтқан сӛздерін ескеріп жүрген кісі ӛзі де есті болады. Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық. Құдайшылық – жүректе. Қалпыңды таза сақта! Ғылымды , ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Жаман дос – кӛлеңке: басыңды күн шалса – қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса – іздеп таба алмайсың. Еріншектік – күллі дүниедегі ӛнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады. 182
Адамды сүй, алланың хикметін сүй. Алланың ӛзі де – рас, сӛзі де – рас. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Қаракет қыл, пайдасы кӛпке тисін. Кекшіл болма – кӛпшіл бол. Біріңді, қазақ, бірің дос, Кӛрмесең – істің бәрі бос. Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын Пайда ойлама – ар ойла. Хақ сӛзді бала айтса да тоқтамақ керек. Абай Орынсыз ұмтылудан сақтайтын алты түрлі ноқта бар: олар – ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық. Ең әділі – ынсап, ӛзгелердің тізгіні сонда болуға тиіс. Адамдық – борышың. Адамның ең асылы – қиянатсыз, ақ пейіл адам. Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос – ӛміріңде ӛкіндірмес қасиеттер осылар. Анық бақ: кірсіз ақыл, мінсіз сӛз, адал еңбек. Жүрегіңді нұрмен жу. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң – шын бақыт осы. 183
Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл. Шын бақ – ата-ананың махаббаты мен балалардың таза жүрегінде. Шәкәрім Құдайбердіұлы Бостандыққа апатарын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана. Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады. Анық түрік затты халық тілі – біздің қазақ тілі. Ғұмыр бәйгесінде біздің қазақ тілі ӛз бәйгесін алар. Тірі болсақ – алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада ӛз тізгіні ӛзінде бӛлек мемлекет болар! Әлихан Бөкейхан Тілі жоғалған жұрттың ӛзі де жоғалады. Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі. Білімнің бас құралы – кітап. Ғылым мен ӛнер кӛбейген сайын – бейнет кемиді. Әркім ӛз білгенін, ӛзінің қолынан келетінін істеу керек. Ахмет Байтұрсынұлы Ел түзелсін десең – әуелі ӛзіңді түзе. Ер еңбегі – елге ортақ. Арманың болсын – арманға қоса дәрменің болсын. Сұлтанмахмұт Торайғыров Жігіт қадірі – ӛнерімен ӛлшенер болар. Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет. Берекені кӛктен тілеме – еткен еңбектен тіле. 184
Қай істің болсын ӛнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Адам кӛркі – ақыл. Жауға – жалынба, досқа тарылма. Мұхтар Әуезов Қазақ деген ел – бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза кӛгалды сүйетін халық. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек ӛгей ұлдары ғана менсінбейді, ӛгей ұлдары ғана аяққа басады. Еліңе опасыздық – туған анаңа опасыздық. Еліміздің ұйытқысы – әдет-ғұрпымыз. Бақыт деген – еркіндік. Ғабит Мүсірепов Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі. Ӛз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. Ата-ана қадірін біле алмаған – халық қадірін біле алмас, Халық қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана ӛзегі. Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, ӛткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың ӛзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. 185
Халықтық дәстүр – асыл мұра. Бауыржан Момышұлы Мәдениеттің мәйегі – кітап. Рухани әлемі кең, рухы биік ел – қайсар ел. Ондай елді ешкім жеңе алмайды. Рухы сынған, рухани жүдеген елді жеңу де – жеңіл. Шерхан Мұртаза Елдің туы жығылмас – тілдің туы жығылмай. Тілім менің байрағым Қадыр Мырзалиев Мәдениет дегеніміз – кісілер арасында адам болу ӛнері. Олжас Сүлейменов Достық, ең алдымен, – еркіндік. Асқар Сүлейменов Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат – Азамат! Елің теңелмей тұрып – ӛзің теңелмейсің. Әбіш Кекілбайұлы Адамдарға ақыл-парасат ӛз ӛмірін жақсарту үшін берілген. Тарих пен тіл – тамырлас. Біздің бүкіл тарихымыздан мен екі олжамызды бӛліп атар едім. Оның біріншісі, әрине, – ата-бабаларымыздың ӛздерінің қанын тӛгіп, жанын беріп жүріп, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қазақтың қасиетті жері. Тағы бір олжамыз – сол атабабаларымыздың арқасында бар бояуымен, сырлы сазымен осы күнге аман-есен жеткен тұп-тұнық, мӛп-мӛлдір қазақ тілі. Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл. Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның 186
ғажайып мол рухани қазынасы да – бӛлім-жаруға келмейтін ортақ қазына. Қазақ елі – ежелден еркіндік аңсаған ел. Ӛз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойғы арманы еді. Құдайға шүкір, ӛз билігіміз ӛз қолымызға тиді. Қазақстан Республикасы бұдан былай тәуелсіз, демократиялық мемлекеттердің қатарына жатады. Ӛз территориямызда ӛкімет билігін толық ӛз қолымызға алдық. Ішкі, сыртқы саясатымызды дербес жүргіземіз, әрі қарай қалай ӛмір сүру керек екенін ешкімнің нұсқауын күтпей-ақ ӛзіміз шешетін боламыз. Менің сенетінім – жақсылық, менің сенетінім – болашақ! Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін – бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сӛзсіз. Шүкір, ел есін жиды: тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екенін кештеу де болса түсіндік. Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ – тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық. Нұрсұлтан Назарбаев
187
АСЫЛ СӚЗ «АЛАҢ ДА АЛАҢ, АЛАҢ ЖҦРТ» Қазтуған жырау шамамен ХV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахан облысының Красный Яр қаласының маңында дүниеге келген. Әкесінің аты – Сүйініш. Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының кӛсемі, әскербасы, батыры болған. Дешті Қыпшақта ХV ғасырдағы дүрбелең кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз. Тек ғасырдың екінші жартысында ӛз қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына ӛткендігі ғана белгілі. Сірә бұл қазақтардың қазіргі Қазақстан жерінің орталық және батыс бӛлігін түгелге жуық қайта иеленіп, біршама күшейген шағы, яғни 1460-1480 жылдардың арасы болса керек. Жыраудың бұдан соңғы ӛмірі туралы дерек сақталмаған. Қазақтың жыраулық поэзиясы ӛзінің ӛршіл рухымен, асқақ азаматтық пафосымен, алмастай ӛткірлігімен ерекшеленеді. Сондай рухты поэзияның кӛрнекті ӛкілінің бірі – Қазтуған жырау. Жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын жырының орны ерекше. Жырдың ӛзі екі бӛлімнен тұрады. «Алаң да алаң, алаң жұрт, Ақала ордам қонған жұрт» деп басталатын алғашқы бӛлімінде жырау Еділдің ежелден ата қонысы екенін, ӛзінің де кіндік кескен – туған жері екенін аңдатса, «Салп-салпыншақ анау үш ӛзен, Салуалы менің ордам қонған жер» деп басталатын екінші бӛлімде Қазтуған Еділ бойының жерінің құнарлығы мен шұрайлығын бейнелейді. Бейнелейді деу аз, сӛзбен сурет салады. Әсірелесе де әсерлі, жанды сурет. Жыр соңында ақын: «Қайран да менің Еділім, Мен салмадым, сен салдың!», - деп аһ ұрады. Енді ше?! Жырды оқып отырып ақынға ілесіп қалай күрсінгеніңді сіз де сезбей қалған болар едіңіз. Себебі: Жабағылы жас тайлақ, Жардай атан болған жер, Жатып қалған бір тоқты, Жайылып мың қой болған жер! Жарлысы мен байы тең, Жабысы мен тайы тең, Ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай, – деп жер жаннатын, жерұйық мекенді қайтіп жатқа қиясың?! Қимайсың! Қимағандықтан ақынмен бірге аһ ұра отырып, ӛлеңді қайта бір оқып, Еділдің сұлу табиғатын, дұрысы ақын салған Еділдің суретін қайта бір тамашалағың келеді... 188
Д.Мәсімхан «БІРІНШІ ТІЛЕК ТІЛЕҢІЗ» Бұқар жырау (1684-1782) – ХVІІІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең кӛрнекті ӛкілдерінің бірі. Ол – жасынан ӛз ортасына кең танылған, батыл да парасатты жырау ретінде атақ-даңқы алты Алашқа жайылған, Қазақ еліне кеңінен танымал тарихи тұлға. Атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі – аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Бұқар жыраудың хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емес. Бұқар жырау Қалқаманұлының ӛлеңдері, ӛзі тұстас ӛнерпаздармен салыстырғанда, кейінгіге молырақ жеткен. Бұқар – қазақ халқының арман-тілегін, елдік ынтымақ-бірлігін кӛксеген жырау, кемел кемеңгер, терең ойшыл. Жырау шығармашылығының осы бір ерекшелігі оның «Бірінші тілек тілеңіз» деп аталатын ұзақ толғау жырынан да айқын аңғарылады. Жаратушыға жалбарынып, Алладан тілек тілеу десе, кӛп адам бақыт-байлық, атақ-абырой, шен-шекпен тілейді. Елден озуды, жұрттан еңселі болуды, сӛйтіп байлықпен тӛңірегінің «кӛзіне ұруды» кӛксейді. Ӛз айналасындағы осындай пендешілікті ерте сезген Бұқар жырау былайғы жұртқа жаратушыдан не сұрап, Алладан не тілеу керектігін аталған жырына арқау ете отырып, ӛзінің ӛмірлік пәлсапасын ортаға тастайды: Бірінші тілек тілеңіз: Бір Аллаға жазбасқа. Екінші тілек тілеңіз: Әзәзіл, пасық, залымның Тіліне еріп азбасқа... Осылайша сӛз бастаған кемеңгер жырау, ойшыл ақын Алладан тілейтін тілектің 11 түрін келтіреді. Оның бастылары мыналар: тӛсек тартып жатпауды, бес уақ намаздың қаза болмауын, жеріңнен айрылып қалмауды, тоқсандағы қарт бабаңның топқа жаяу бармауын, анаңның аңырап қалмауын, әйеліңнің жесір қалмауын т.б. Осы арқылы абыз жырау елдік, ерлік намысты қайрап, туған халқының ынтымақ-бірлігін бекемдеуді, сӛйтіп «желкілдеген ту, жер қайысқан қол келгенде» «содан сасып тұрмауды» ӛсиет етеді. Соны кӛксейді. Тыңдармандарына да Алладан осыны тілеуді аманат етеді. Д.Мәсімхан
189
«ЗАР ЗАМАН» Шортайбай Қанайұлы 1818 жылы Жамбыл облысының Қаратау ӛңірінде туылып, 1881 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында ӛмірден озған. ХІХ ғасырда ӛмір сүрген қазақ халқының тарихындағы ірі тұлғалардың бірі, ақын. Ол ӛз дәуірінің бүге-шүгесіне дейін білген. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе бір аймақтың ғана тұрмыстіршілігін жырлаған жоқ, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, кӛптің жоқтаушысы болды. Зобалаң заманның зорлығын кӛзімен кӛріп, жанымен, тәнімен сезінген ол ӛзінің «Зар заман», «Бала зары», «Тар заман», «Опасыз жалған» т.б. тәрізді толғаулары арқылы ақиқаттың астарын айқара ашып берді. Шортанбай толғауларының ішінде кӛпшілікке кеңінен тараған туындысы – «Зар заман». Аталған толғауында бүгінгі заманның кейіпкеспірін бағамдап, халқының болашағын болжай білген ақын, елі үшін қабырғасы қайысып, тығырықтан жол іздейді. Кер заманның кескінкелбетін батыл да ашына толғаған ол, ӛз тарапынан байлам, тұжырым жасайды, баға береді. Мынау ақыр заманда, Алуан-алуан жан шықты. Арам, араз хан шықты. Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп кӛрер күші жоқ Ақша деген мал шықты. Кедей қайтіп күн кӛрер? – Сол себептен қорқамын! Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салтдәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмысбітімінен ажырамауға үндейді. Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен саясаты «Зар заман» ақындарының ӛлең-жырларында жан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздырып, дінінен аулақтау сияқты империялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысы «Зар заман» ақындарының қайраткерлік поэзиясын ӛмірге әкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататын ӛршіл рух, әсіресе Мұрат Мӛңкеұлының жырларынан айқын байқалады. Сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу – ақын шығармаларының басты сарыны. Бір ғана Шортанбай емес, бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын 190
жол таппай қиналады. Шортанбай халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін біріншіден, отаршылдар қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншіден, заманның азып, діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Сондай-ақ Шортанбайды да қамтыған «Зар заман» ақындарының қайқайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн мен кӛркемдік жағынан байытуға ерекше үлес қосты. Д.Мәсімхан «ҤШ ҚИЯН» XIX ғасырда ӛмір сүрген қазақ жырауларының аса кӛрнекті ӛкілдерінің бірі – Мұрат Мӛңкеұлы. 1843 жылы қазіргі Атырау облысына қарасты Қарабау ӛңірінде дүниеге келіп, 1906 жылы Маңғыстау ӛңірінде қайтыс болған деген болжам айтылады. Мұрат – бір жағынан, ӛткен замандар ӛмір-тарихынан молынан сыр топтайтын дастаншыл ақын болса, екінші жағынан, ӛзі ӛмір сүрген ортадағы халықтың мұңын айтып, зарын топтаған әлеуметшіл ақын. Ақын шығармашылығынан молынан орын алатын орыс отаршылдығының озбырлығын әшкерелеген шығармалары кеңес үкіметі кезінде шет қақпай кӛріп келді. Сондай шығарманың бірі «Үш қиян» деп аталады. Ӛлеңнің аты – Еділ, Жайық, Маңғыстау ӛңірлеріне байланысты қойылған. Еділдің бойы – қанды қиян, Жайықтың бойы – майлы қиян, Маңғыстау бойы – шаңды қиян, Адыра қалғыр үш қиян! – деп басталатын ұзақ толғау жырда ақын осы үш қиянның арғы-бергісін, ӛткен-кеткенін ӛткір де ӛрнекті тілмен тебірене толғайды. Толғауында бір кездері қазақ халқының ӛз билігі ӛзінде, жерінің шетін жауға басқызбай тұрған заманын емірене, елжірей еске алған ақын, отаршылдардың тұрғын елді ата қонысынан айырып, ерлерді қанатынан қайырып жатқанына аһ ұрады: Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны – Ойындағысы болғаны. Маңғыстаудың үш түбек Оны дағы алғаны. 191
Ақын елді елдігінен, жерінен, бас еркінен айыратын отаршылдықтан құр әшейін үрейленбейді. Отаршылдықтың ертеңін қолмен қойғандай айтады. Қарап отырсақ, алдыңғы патшалы Ресей, одан кейінгі оның заңды мұрагері Кеңес одағы тұсында «Адыра қалғыр, үш қиянды» қойып, тұтас қазақ халқы «қоңсысына құл боп» кеткен жоқ па?! Мұрат ақынның ұлылығы осының бәрін күн ілгері сезіп, күн ілгері айта білгендігінде. Д.Мәсімхан «ЕРЕУІЛ АТҚА ЕР САЛМАЙ» Махамбет Ӛтемісұлы – күрескер ақын, жаужүрек батыр, балкӛмей жырау, дәулескер күйші. Исатай Тайманұлы бастаған кӛтерілістің кӛсемі әрі жалынды жыршысы, ӛз қоғамының идеялық күрескері. Махамбет! Бұл есім – ӛмірдегі қайсарлықтың синониміне, ӛнердегі қасиеттің символына айналған аса аяулы әрі ардақты ат. Кӛзі ашық, кӛкірегі ояу қазақтың бір де бірі бұл есімге бейтарап қарай алмайды: «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай... – дей бастасаңыз-ақ болғаны, алдымен мейірімін тӛгеді, содан соң мерейленіп кетеді. Махамбет ӛлеңі – қазақ сӛзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сӛз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің ӛлең-жырында жоқ. Қазақ әдебиетінің ұлы материгіндегі ӛзгеше бір сырлы арал болып тұрған Махамбет поэзиясының тақырыбы біреу – майдан. Не үшін болып жатқан майдан? Қазақ елінің елдігі, еркіндігі мен егемендігі үшін болып жатқан ерлік майдан. Махамбет тек осы тақырыпты ғана толғады. Оның барлық ӛлеңін бір жерге топтағанда «Жорық жыры» болып шығатыны сондықтан. Бір ғана идеяда – Қазақ халқының азаттығы мен бостандығы жолында туған, қалыптасқан, дамыған Махамбет шығармашылығы, тұтастай алғанда, автордың «сегіз қырлы, бір сырлы» автопортретін жасап, мұның ӛзі тек біздің ғана ұлттық менталитетімізге тән ерлік пен елдіктің ӛшпес рухына айналып отыр. Махамбет жырларының үлкен тақырыбы – халық, шаруа, солардың феодалдық-хандық құрылыс тепкісінен құтылуға бағытталған бостандығы мен арманы болған еді. Яғни ақын поэзиясының халық тағдыры туралы жыр екенін оның «Ереуіл атқа ер салмайынан» ӛзге де 192
«Соғыс», «Толғау» деген алғашқы ӛлеңдері дәлелдей алады. Жәңгір хан ордасының үстіне халық қаһарының бұлты тӛнген күндерді ақын ӛзгеше шабыт, ынтамен жырлайды. Тебінгі теріс тағынбай, Темір қазық жастанбай, Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?! - деген сӛздер бір ғана батырларды емес, ӛзінің бостандығы үшін қолына қару алып аттанған бүкіл халық ерлігін жырлау болатын. Бір ауыз сӛзбен айтқанда, елің егемен, халқың азат болмайынша «ерлердің ісі бітпейді» дейді ақын. Д.Мәсімхан «СЕГІЗ АЯҚ» Бұл қазақ ӛлеңіне Абай қосқан ӛлең үлгісінің бірі. Ӛлеңнің құрылысы – ақынның ӛзінен бұрынғы тӛл дәстүрде кездеспеген, тіпті ӛзі кӛп үндестік тапқан ӛзге халықтардың поэзиясында да ұшыраспаған, тек Абайдың ӛзіне ғана тән, тек Абай ғана дүниеге әкеле алған тың үрдіс. Ӛлеңнің ырғақтық құрылысы ӛзгеше ӛрнектелген: Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған, Қиуадан шауып, Қисынын тауып, Тағына жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сӛйлеймін десең, ӛзің біл. Шумақ 5 буынды тармақтар мен 7-8 буынды тармақтардың жүйелі түрге үйлесіп араласуынан түзілген. Тӛрт түрлі дыбыс үндестігіне негізделген үйлесім бар (аабввбгг). Мұнда 3 және 6 тармақтар алыстан байланысады да, қалған кӛршілес тармақтар ӛзара үйлеседі. Келте тармақтарда бунақ үш буынды және екі буынды болып келеді. Сегізаяқта алдыңғы екі тармақта ақындық ой қорытылады. Шебер мүсіндеген бұл ӛлең түрі – қазақ поэзиясында оқшау тұрған туынды. «Сегізаяқ» ӛлшемін, шумақтық ӛрнегін Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, т.б. ақындар ӛз ӛлеңдерінде қолданды. Абай шығармашылығындағы осындай кемелдік пен кемеңгерліктің тұтас бір жүйелі үлгісін танытқан кесек туынды, осы ӛлең үлгісінің атымен жазылған – «Сегіз аяқ». Бұл – ӛзінің ішкі мазмұны жағынан да, ӛлеңдік кӛркемдік қасиеттері жағынан да ӛзгеше тұрған бір тӛбе туынды. Абайдың ақындығы сӛз болған жерде «Сегіз 193
аяқ» ауызға алынбаса, тӛрт құбыласы түгел сәулетті сарайдың ең бір сәнді де мәнді қабырғасын кӛрмей кеткенмен бірдей болар еді. Бұл шығарма – ақынның ӛз заманындағы ел тұрмысы мен адамдар мінезінің ақын жанына талай күйзеліс әкелген қайшылықтары мен келеңсіздіктері жайындағы ашынып та, аһ ұрып та жазған кӛп ӛлеңдерінің жиынтығы тәрізді бағдарламалық мәні бар туынды. Мазмұнына келетін болсақ, ӛз заманындағы әлеумет ӛмірі мен жеке адам тіршілігіндегі бірсыпыра нәрсені ашына толғап, шынайы адақтап шыққан ақын ақыр аяғында тағы да торығып, тағы да түңіліп, шарасыздық күйге ұшырағанын күйінішпен жеткізеді. Атадан алтау, Анадан тӛртеу Жалғыздық кӛрер жерім жоқ. Ағайын бек кӛп, Айтамын ептеп Сӛзімді ұғар елім жоқ. Моласындай бақсының Жалғыз қалдым – тап шыным! Қысқасы ӛзіне лайықтап жазылған әуенді әнімен қоса алғандағы «Сегіз аяқты» бүкіл Абай ақындығының барлық қырлары мен сырларын танытарлық туынды деуге болады. Д.Мәсімхан «ОЯН, ҚАЗАҚ!» ХХ ғасырдың басында туған халқына осылай деп ұран тастаған Міржақып Дулатов – Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, қазақ ақыны, жазушы, драматург, публицист, ағартушы-педагог. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса ірі ӛкілі. Оның тұңғыш ӛлеңдер жинағы 1909 жылы Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері ӛте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келеді, ол тергеу органдарының бақылауына алынады, артынша «Оян, қазақ!» тәркіленеді. Авторы түрмеге жабылады. Кеңес одағы құрылғаннан кейін де ақынға аңду күшейтіліп, 1928 жылдың аяғында қазақ оқығандары қатарында ол тұтқынға алынады. 1930 жылы ОГПУ коллегиясынның үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылады. 1935 жылы қазанның 5-і күні Сосновец станциясында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. 194
ХХ ғасыр басында Қазақстанның қоғамдық және рухани ӛміріне аталған ӛлеңі арқылы «Кӛзіңді аш, оян қазақ, кӛтер басты, ӛткізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һәрам боп, Қазағым, енді жату жарамас-ты», - деп жар сала келген ақын саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ӛсуіне, демократиялық, гуманистік, реалистік бағыттар мен сипаттардың дамуына ӛлшеусіз үлес қосты. Ұлттық мерзімді баспасӛзі жоқ, ал жазба әдебиеті әлі қалыптасып үлгірмеген заманда қоғамдық-саяси тақырыптағы кітаптардың орны ерекше еді. Қазақ жұртының қоғамдық санасына ең жақын жанр – ӛлең түрінде жазылған бұл үндеу ӛлең сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамдық ӛмірінің ең зәру саяси-әлеуметтік мәселелерін кӛтеріп, ұлттық сананың оянуына үлкен ықпал еткен болатын. Кітапқа жазған кіріспе сӛзінде ақын: «Мұнан бұрын ӛткен он бес жылменен бүгінгі халімізді салыстырсаңыз да аз уақытта кӛп таршылықта қалған секілдіміз. Әлі де болса бұрынғыдай қозғалмай ғафилдықта жата берсек, енді аз заманда нешік болмақпыз?», - деген сауал тастайды да, оған «Оян, қазақ!» деген ӛлеңі арқылы жауап береді. Қысқасы, М.Дулатовтың аталған ӛлеңі қазақ халқының ой-сана тарихында үлкен дәуірлік сипатқа ие, саяси-әлеуметтік мәні зор шығарма. Д.Мәсімхан «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН» Қазақ поэзия әлемінде айрықша із қалдырған, ӛзіндік үлкен ӛнер, ӛрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы ӛлең дүниесін кейінгіге аманат етіп қалдырған ақын – Мағжан Жұмабаев. XX ғасырдың бас кезіндегі шытырман оқиғалардың бәріне М.Жұмабаев куә болды. Олардың бәрін ақын ой елегінен, ӛлең ӛрнегінен ӛткізіп отырды. Қай кезде болса да ақын үлкен ой, ойлану, толғану үстінде жүрді. Қандай алапат ӛзгерістер, таңғажайып жаңалықтар туындап жатса да ақын жаны күйзелісте күй кешті, жүрегі ештеңеге елжірей қоймады. Ӛйткені ең негізгі мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры ақын түсінігінде бәз-баяғы жүдеу қалпында. Қазан тӛңкерісінің даңғаза ұраны мен жалған насихатына ақын иланбайды. Сондықтан да ақын ендігі үміті мен арманын жастарға артады: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, 195
Мен жастарға сенемін!» – деп басталатын ӛлеңінде ақын, ӛзінің ертеңнен үміт үзбейтіндігін, бүгінгі кеткен есені, ұтылысты ертең-ақ «кӛздерінде от ойнаған, сӛздері жалынды, ар-намысты жандарынан да қымбат кӛретін» жастар қайтаратынына кәміл сенеді. Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Соның жарқын бір мысалы осы «Мен жастарға сенемін» деп аталатын ӛлеңі. Олай дейтініміз ақын езілген, қорғансыз, күйзеліс үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған ауыр күйін жеріне жеткізе суреттегенмен, жалпы халықты, ұлтты ертеңнен үміт үзбеуге шақырады. Себебі ақынның ұғымында оның туған халқы тағдырына қол қусырған, аяғының басына қараған, мұрнының ұшынан әріні кӛрмейтін, күні біткен, үміті үзілген мүсәпір халық емес. Керісінше, ақын поэзиясында үнемі ой үстінде жүретін, қимыл үстінде кӛрінетін, «үмітсіз – шайтан» деген түсінікпен күн кешетін халық бар. Олай болса ондай халықтан «Тау суындай гүрілдер, Айбынды Алаш елім дер, Алтын Арқа жерім дер» жастардың туатындығына неге сенбеске?! «Неге сенбеске?!» деп бүгін айта салу оңай. Ал Мағжан ақын осы ӛлеңді жазған кезде (1922) кӛпшілік ұлттың ертеңінен күдер үзе бастаған. Ал одан кейінгі заманда бұндай үмітпен күн кешу мүмкін емес сияқты болып кӛрінетін. Сӛйтсек ұлы ақын қателеспепті. 1986 жылы қазақ жастары ақынның: Алаш – айбынды ұраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға, Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін! – деген асқақ сенімін ақтап, сәуегейәулиелігін дәлелдеп берген жоқ па?! Д.Мәсімхан «АЛАШ ҦРАНЫ» 1917 жылғы ақпан тӛңкерісін ақындарымыз шын мәніндегі азаттық таңының атуы деп қарсы алды. Бұның үстіне ел азаматтары да қамданып, жер-жерде уақытша үкіметтің пәрменіне орай қазақ комитеттерін құра бастады. Бұрынғы патша әкімшілігінің орнына қазақтардың ӛзін-ӛзі басқару жүйесі жобаланды. Ақыры «Алаш» партиясының ұйымдасуына барып тірелді. Осының бәрі аз уақыт ішінде халықтың кӛңіл-күйінде едәуір толқулар туғызды. 196
«Алаш» партиясының дүниеге келуін сол тұстағы қазақ жұрты, әсіресе халықтың оқыған саналы-сауатты бӛлігі ерекше қуанышпен қарсы алды. Ақындар жырдан шашу шашты. Осы тақырыпта жазылған ӛлеңдердің ішіндегі ең рухы биік тұрғаны да, ең екпінді, жігерлісі де С.Торайғыровтың «Алаш ұраны» атты ӛлеңі болатын. «Алаш» туы астында Күн сӛнгенше сӛнбейміз, Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермейміз. Ӛлер жерден кеттік біз, Бұл заманға жеттік біз. Жасайды Алаш, ӛлмейміз, Жасасын «Алаш», жасасын! – деп жырлаған Сұлтанмахмұт Торайғыров тек жеке басының пікірін ғана емес, сол кездегі қазақ қоғамының кӛңіл-күйін білдірді. Отар халықтарды құрсаудай қысқан орыс империясының сәл әлсіреген тұсында ӛзінің бір кезде жоғалтып алған тәуелсіздігіне қайта қол созған халықтың жайы еді бұл. Д.Мәсімхан «АБАЙ ЖОЛЫ» М.Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың кӛркем прозасын жоғары деңгейге кӛтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, кӛркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов ӛзінің роман-эпопеясында қазақ халқының, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып кӛрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сӛз ӛнерінде ӛзгеше даралықпен сомдаған. «Абай жолы» роман-эпопеясына шетелдік қаламгерлер Луи Арагон, Н.Тихонов, Б.Матип т.б.жоғары баға береді. Әуезов алғашқыда романға «Телғара» деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мӛлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда жұмыс барысында оның шеңбері кеңейе түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай», онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1-кітабы 1942 жылы, 2-сі 1947 жылы, 3-сі 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, тӛрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық кӛргеннен кейін, ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына 197
топтасқан кӛптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жанжақты ашады. «Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға кӛшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі ӛлімі мен аза тұту, ас беру, жұрт, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бәрі бар. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы ӛмірлік тартысты барынша ашып кӛрсетуге, оның әлеуметтік мәнін күшейтуге тырысады. Белгілі фактілердің шеңберімен шектелмей, қажет жағдайда бүкіл баяндаудың барлық желісін бір түйінге келтіру үшін, басты мәселелерді бір арнаға түсіріп, түйістіру үшін болған оқиға барысын ӛзгертіп, ӛзінше қиыстырып, жаңғыртады. Романдағы түгелдей немесе жарым-жартылай ойдан шығарылған кӛптеген кейіпкерлердің тағдыры ӛмірде болғандай кескін-кейіпке ие болып, жалпы тарихи даму бағытымен байланысты, біртұтас кӛркемдік ойдың ӛзегімен тығыз ұстасып жатады. Тарихи оқиғалар мен фактілердің бәрі роман-эпопеяның бүкіл мазмұнымен тығыз ұштасып, шығарманың кӛркемдік ӛміріне орайлас мән-мағынасы басқаша ашыла түседі. Жазушы кӛркем шығарманың ӛз заңдылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалануға күш салады. Яғни жазушы кейіпкердің ӛмірде болған адамның жай кӛшірмесі ғана болмай, типтік тұлға дәрежесіне кӛтеріліп суреттелуін ұтымды кӛрді. «Абай жолы» эпопеясының ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізді, ана тілімізді ӛркендетудегі рӛлі орасан зор. Эпопеяның кең мағынасында тарих, этногрофия секілді ғылымдар тұрғысынан қарағанда да танымдық мәні аса күшті екенін кезінде академик Қ.Сәтбаев атап кӛрсеткен болатын. «Абай жолы» дүние жүзі халықтарының 116 тіліне аударылған. 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. Д.Мәсімхан «ШҦҒАНЫҢ БЕЛГІСІ» Б.Майлин – қазақ әдебиетінің проза саласын, әсіресе кӛркем әңгіме жанрын ӛркендетуге кӛп еңбек сіңірген қаламгер. ХХ ғасырдың оныншы жылдарының орта тұсында (1914-1915) Б.Майлин «Шұғаның белгісін» жазып, жариялаған кезде қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған, демек, қазіргі жан-жақты жетілген профессионалдық дәрежесінен әлдеқайда алыс жатыр еді. Десек те, дәл осы шығарма суреткерлік шеберлік тұрғысынан пайымдағанда, күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі боп қалып отыр. Повестің фабуласы дәстүрлі: Кедейден шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек деген байдың Шұға атты сұлу қызына ғашық 198
болады. Жігітті қыз да сүйеді. Бұл, әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айрықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босатады. Әбдірахман алып-ұшып, сүйікті Шұғасын кӛруге асығып келсе, қайран ару жарық дүниемен біржола қош айтысқан екен; оның ӛзіне жазып қалдырған хатын оқып, кӛз жасы кӛл болады... Мұның бәрі бүгінгі кӛзге белгілі оқиғадай, жаттанды тақырыптай болып кӛрінгенімен, кӛркем прозасы әлі қалыптасып үлгірмеген заманда, тіпті алғашқылардың бірі болып, жаңа, еуропалық үлгідегі проза жанрымен салған жерден мұндай кӛлемді кӛркем дүние жазу – тек Б.Майлин секілді хас таланттың ғана қолынан келетін шаруа еді. Д.Мәсімхан «ҚҦЛАГЕР» Ақын Ілияс Жансүгіровтің ӛнер тақырыбына жазылған кӛрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі ӛнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің ӛміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі ӛнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Ӛзі ӛмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын ӛнер тілімен кӛрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы кӛптеген ғылымизерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан ӛнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап кӛрсетіледі. Поэмадағы әр кӛрініс, әр оқиға ӛз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек. Ақын бас кейіпкер ӛмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі кӛркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын кӛреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып ӛтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең кӛлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш ӛзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп ӛлтіреді де, ӛз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, ӛшпес қайғы-қасіретке кӛміп тастайды. 199
Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады. Ӛзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, кӛлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады. Поэманың тіл байлығы тӛтенше. Ӛзге поэмаларындағыдай, мұнда да ақын еркін тӛгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқушыны бірден баурап алып, бастан-аяқ ғажайып эстетикалық ләззатқа бӛлеп тастайды. Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім, серпінді, кең, эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара ӛлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мағынасында поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров шығармашылығының биік шыңы екеніне толық дәлел бола алады. Д.Мәсімхан «КӚШПЕНДІЛЕР» І.Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы – қазақ сӛз ӛнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты кӛркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі. І.Есенберлиннің ұлт тағдырына қатысты шетін сырлары мен идеялары кемел бұл эпопеяның алғашқы бӛлігі «Кӛшпенділер» трилогиясы еді. «Кӛшпенділер» трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы қазақ хандығы ӛмір сүрген кезең суреттеледі. Оқиға бүгінгі шекаралық аймақ тұрғысынан қарағанда, Алтайдан атырауға дейінгі шығыс пен батыс аралығы, Батыс Сібір ойпаты және Самарқан мен Сырдарияға дейінгі солтүстік пен оңтүстік аралығын қамтитын географиялық аймақта ӛтіп жатады. Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау кӛзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, ӛмірде болған тұлғалар. «Кӛшпенділер» трилогиясы – партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Ол 200
кезде мұндай шығарманы жазбақ тұрмақ, қазақ халқының ертеректе ӛмір сүрген, артында мол мұра қалдырған, елім деп еңіреген, ел үшін, жер үшін мерт болған батырлардың, хандардың, шешендердің атын атаудың ӛзі, олар жӛнінде әңгіме қозғаудың ӛзі қиын еді, қауіпті еді. Ал Ілияс Есенберлин осының бәрін біле тұрып, қазақ халқының ӛткен тарихын бейнелейтін, тарихтан мол мағлұмат беретін бір кітап емес, бірнеше роман жазып, оқырманға ұсынуы жай ерлік қана емес, талантты жазушының жеңісі еді. «Кӛшпенділер» қазақ халқының ұлттық тарихының бастау кӛзі беріде емес, әріде жатқандығына жӛн сілтеді. Бүкіл бір халықтың ӛміртарихы ұмытылып бара жатқандығын еске сала отырып, оған кінәлі – коммунистік саясат екендігін ашып айтпаса да, ӛмір ағысы басқа арнамен ағып бара жатқандығын, тарих беттері бұрмаланғандығын кӛркем тілмен бейнелеп берді. Д.Мәсімхан
201
АТАШАҢЫРАҚ ШАҢЫРАҚ Ата-бабамызда «қасиетті қара шаңырақ» деген сӛздің бар екенін білетін боларсыздар? Мұндағы «шаңырақтың» киіз үйдің тӛбесіндегі ең қасиетті, киелі бӛлігі екені де сіздерге белгілі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Жаңадан отбасын құрып, ӛмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сӛз. Киіз үй мен кӛк әлемнің арасын қосып тұратын осынау қасиетті ұғым туралы нақтырақ біліп алғандарыңыз жӛн болар. Қазақтың салтдәстүрін терең зерттеген жазушы-қаламгер С.Кенжеахметұлы шаңырақ жайлы да біршама терең тоқталған. Шаңырақ тоғын, күлдіреуіш және кепілдік деген бӛліктерден тұрады. Тоғын дегеніміз – кәдімгі шаңыраққа дӛңгелек түр беретін шеңбер. Тоғынның сүйегі қайыңнан жасалады. Оны оюлап ӛрнектейді және айналдыра жиілетіп уық кіргізетін ойықтар жасайды, уық қалам тәрізді үшкірленетін болғандықтан, оны «қаламдық» дейді. Ал, күлдіреуіш шаңырақтың күмбезін жасайды, кепілдік күлдіреуіш орнынан қозғалып кетпес үшін қойылады. Үйдің сүйегі (қаңқасы) дайын болған соң, оны (шаңырақты да) қызыл жосамен немесе қызыл, кӛк бояулармен бояйды да, оны ӛсімдік майымен майлайды. Бұл ағашқа су сіңбес үшін жасалады. Бай адамдардың шаңырағы, тіпті, күміспен, сүйекпен, мүйізбен әшекейленеді. Шаңыраққа да киізден түндік жасалады. Ол да қойдың ақ күзем (күзде қырқылған) жүнінен басылады. Шаңыраққа желбау деп аталатын ою-ӛрнекті 4 шашақты бау жасалады. Ол шаңырақты бастыру үшін және кӛшкенде байлау үшін қажет. Қалыпты жағдайда желбау үйге әсемдік түр беріп тұрады. Түңдікті де, үйдің басқа киіздері сияқты, дайын болған соң, ақ бормен немесе күйген сүйекпен борлайды, бұл оған әдемі ақ түс береді, әрі киіздің берік болуына, суға, ыстық-суыққа шыдамды болуына ықпал етеді. Қазақта «шаңырақ» сӛзінің «отбасы» деген мағынаны білдіретіні жайлы жоғарыда айтқанбыз. Адамзат ӛмірінің бастауы – осы отбасыға тоқтала кетейік. Отбасы – адам ӛмірінің негізгі кезеңдерін бастан кешіретін ең кіші әлеуметтік топ. Ондағы адамдардың әрқайысы әр отбасы мүшесінің дамуына ықпал етеді.
202
Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Ӛйткені адам шыр етіп дүниеге келісімен осы отбасының есігін айқара ашып енеді және осында ер жетіп, тәрбие алады. Сондықтан отбасының адамзат баласының дамуына ықпалы зор. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сӛз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр емес пе? Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Атаанасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып ӛседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан кӛрінеді. Қазақ отбасында ағайын-туыстың татулығы келінге де байланысты. Ӛз отбасында жақсы, кӛреген тәрбие алған қыз бала келін боп түскен жерінде келген отбасының шаңырағын шайқалтпай, қайта олардың татулығын сақтап қалады. Ақ жарқын мінезді, қонақжай, қолы ашық жас келін отбасы мүшелерін ә дегеннен-ақ ӛзіне баурап алады. Осылайша жақсы келіннің аяғы құт болып, отбасы берекесі одан әрі жалғаса береді. Қазақтың «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» деп отыратыны да осыдан. Қазақ халқында осы шаңырақ ұғымына байланысты небір асыл сӛздер бар. «Шаңырақ кӛтерді» – үйлі-жайлы болды, «шаңырағыңа қара» – абайлап сӛйле, «шаңырағы ортасына түсті» – отбасының берекесі кетті деген мағыналарды білдірсе, «Шаңырағың биік, босағаң берік болсын!» деген бата – үйді кӛтергенде, жас жұбайлар үйленген кезде немесе отау тігіп, бӛлініп шыққанда, айтылатын ақ тілектер. А.Мұсабекова КИІЗ ҤЙ Киіз үй қазақтың ӛз ӛміріндегі ұстанар салты мен дәстүрінің де таңбасы, белгісі. Оның дүниетанымының, сан ғасырлық мәдениетінің жарқын айғағы. Ӛйткені қазақ халқының салт-дәстүрінің кӛпшілігі осы киіз үйге байланысты. Киіз үй, ең алдымен, оның иесінің байлығын, тұрмыс жайын білдіреді. Оның екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін түрлері болған. Ал киіз үйдің керегесінің басы 70-тен 360қа дейін барады. Ауқатты қазақтардың киіз үйлері, әлгіде айтқандай, үлкен және ӛте бай жиһазды ӛрнектермен безендіріледі.Оларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Одан басқа киіз үйлердің алты қанат ақ боз, қоңыр үй, қара лашық, күрке отау, итарқа т.б. атаулары бар. Киіз үйлер ӛзінің мәдени-тұрмыстық, шаруашылық жағдайына 203
байланысты да үш түрге: 1) жаздыгүні тұруға арналған, 2) мереке-жиын кезінде қонақ күтіп алатын және 3) жорық кезінде тігілетін киіз үй болып бӛлінеді. Жолаушылар мен жорықшылардың тігетін үйлерін абылайша, ақ қос, қос, қаңқа, (арбаның үстіне тідгілетін үй), жарық үй деп атаған. Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден киіз үй тектес үйшіктер мен күркелер салынатын болған. Бұлар, кӛбіне, қақыра немесе қалқа деп аталған да, жаугершілікте, майдан шебінде далада, жауын-шашыннан қорғану үшін тігілетін болған. Киіз үйдің негізгі қаңқасы – кереге, уық, сықырлауық, шаңырақ – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар бір-бірімен бау-басқұрлармен біріктіріліп таңылады. Оның сыртынан ши тұтылады да, киіз әбзелдер (туырлық, үзік, түндік, киіз есік) жабылады. Бұлардың әрқайсысының ӛз орны бар: туырлық керегеден уықтың ортасына дейін, үзік кереге басынан шаңыраққа дейін, түндік шаңырақты, ал киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Бау-басқұрлар киіз үйдің сүйегін ұстастырып қана қоймай, сыртқы киіздерін де бастырып тұру мақсатында қолданылады. Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәулесі мен тамшы ӛткізбеген, жылу сақтаған. Оларды жасау қазақтың киіз басу, ӛрнек жасау ӛнерін тереңдете түскен. Бұл әбзелдерді ақ тоқтының жүнінен басылып, пісірілген шаңқан ақ киізден пішкен, тіпті кейде киіздің түсін ағарта түсу үшін бор да қосатын болған. Оюлап пішілген ақ киізді ӛрнекті жіппен жиектеген немесе мақпал мен шұғадан ою бастырған. Ал киіз үйдің бау-басқұрлары әшекей ӛрнекпен кӛмкеріліп, түрлі-түсті жіппен тоқылатын болған. Соңғы ғасырдың аяқ шенінде қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына орай, ұлт мәдениетінің де жанданғанын жақсы білесіздер. Қазақтың қасиетті киіз үйі де ұлт мәдениетінің бір кӛрінісі ретінде қайта дәріптелді. Жер-жерде ата-бабаларымызға арналып беріліп жатқан астар мен ӛткізіліп жатқан ұлан-асыр тойлардың сәні қазақтың сән-салтанаты мен ұлттық дәулетін кӛрсететін осы киіз үйлер болуда. Әсіресе алғаш рет 1991 жылы Абылай ханның асында тігілген Торғай ордасы деп аталған киіз үйдің даңқы айрықша болды. Кейіннен оның кӛлемі 12 қанаттан 18 қанатқа дейін ұлғайтылып, Есет батырдың, Шақшақ Жәнібек батырдың, ұлы Абайдың тойларында қайта тігілді. Бұл киіз үйдің биіктігі 8 м, ішіне жүздеген адам еркін сияды. Осындай сән-салтанатты қазақтың киіз үйлері – ұлтымыздың мақтанышы. А.Мұсабекова БЕСІК 204
Кӛшпелі ӛмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – ӛмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, кӛбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік кӛшіп-қонатын қазақ тіршілігіне ӛте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, ӛзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бӛленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді. Ал бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына ӛте қолайлы, ӛйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, кӛшіп-қонып жүргенде, баланың ӛзінің де денінің сау болып ӛсуіне де тиімді. Бесіктің жабдықтары – түбек, шүмек, құс тӛсек, жастық, жӛргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге тӛгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін. Шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылған. Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де болған. Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабаларың Тӛле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, үдере кӛшкенде, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан кӛрінеді. Сонда Тӛлемен қатар келе жатқан кісі : «Мына бейшараның кӛрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаныай», - дегенде, Тӛле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», деген екен. Бесік туралы сӛз еткенде, қазақтың бесікке салу ырымы жайлы айтып кету, әрине, парыз. Ӛйткені ата-бабамызда кез келген салт-дәстүр ӛзінше мағыналы да сәнді болған ғой. Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар ӛздерінің шашуға деген кәделерін ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, ӛнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айналып-үйіріліп отырып бесікке бӛлеп, оның үстіне, баланы әруақтар 205
қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды. Қайсыбір жерлерде бесіктің үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар жабады. Сонан соң бесікке салған әже оның үстіне мініп алып, қолына қамшы ұстап, атпен шапқандай болады. Отырғандар: «Әже, қайда барасыз?» деп сұрайды да, әже оларға: «Меккеге барамыз», «Байдың аулына барамыз», «Жеті қат аспанға, Күн астындағы Күнікей қыздың аулына қыз айттырып барамыз!» т.с.с. қызықты жауаптар қайтарады. Осылайша бесікке салу рәсімі ойын-күлкі, тамашамен аяқталады. Бесікке жабылған таза маталарды үй иесі отырғандарға, ӛздерінің орнына қарай үлестіріп, сыйға тартады. Бұдан соң жас аналар қосылып «Бесік жырын» айтады. А.Мұсабекова ДАСТАРХАН Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір ӛзгешелігі – дастархан жайып, кімді болса да адал кӛңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған. Қазақ – намысшыл халық. Қонақтан тамақ үшін ақы алу деген оның әдетінде мүлдем жоқ. Бұл кӛргенсіздік саналып, ырымға жаман деп есептелген. Расында да қазақ «дастарханы қурап тұр» дегізбеу үшін, ӛзінің ең дәмді асын қонағына сақтап отырады да, реті келгенде, оны дастарханға қояды. Қазақтың ұзақ сақталып, тек қонақ келгенде ғана дастарханға салатын сыйлы асы – сүрленген ет, қазы, шұжық, жент, құрт, қарынға салынып сақталған сары май, тәтті, тары, қант, шай, ӛрікмейіз т.б. «Қонақ асы – қазақтың бӛлінбеген еншісі» деген сӛз бұрынғыдан қалған. Ерулік, қымызмұрындық, сірге мӛлдіретер, соғым басы, кӛңіл шайы, келін шайы т.с.с. бас қосулардың мақсаты, тілек мүдделері қазақтың меймандостық ниетінен туындаған. Қазақ – қонақжай халық., кӛңіл табуға шебер, дос жинауға құмар. Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ», «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ, ең алдымен, мал сойып, қан шығарған. Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Ӛте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған. 206
Сойылатын малды алдымен босағаға әкеліп, қонақтан бата сұраған. Сонан соң ғана ол сойылып, еті қазанға салынған. Етті мол етіп асу, қазыны қазанға бұзбай салу – үй иесінің келген қонаққа деген ниетін білдіреді. Ет піскенше мейманға кең дастархан жайылып, құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылады, қаймақты шай құйылады. Қазақ дастарханының сәні – әрине, асылған ет. Еттің екі түрлі атауы бар: ұстаған ет және тураған ет. Алдыңғысы – қамырдың үстіне жақсылап жасалып, қонаққа тартылатын ет, ал екіншісі – қамыр мен етті майдалап турап, сорпа қосып араластырылған ет. Бұл, кӛбінесе, қарт адамдардың, қонақ кеткен соң отбасы мүшелерінің ӛздерінің жасап жейтін тағамы. Майда туралып, сорпаға араластырылған тураған ет әрі сіңімді, дәмді, әрі қалған еттің ысырап болуынан сақтайды. Қонақ кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарханы мол, таза, кӛргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақтың әр үйі ӛзімде «қонақтың ырыздығы» бар деп ұққан. Ел арасындағы мынадай аңызды айта кетейік. Ертеде ел ішінде бір отағасы жайлы «үйіне барған адамның артынан теуіп шығарады екен» деген қауесет тарайды. Осының анық-қанығын білгісі келген бір ер кісі әлгі адамның үйіне «құдайы қонақ» болып келеді. Үй иесі оның алдына дастархан жайып, барын қояды. Қонақ әбден тамақтанып, үй иесіне алғысын айтып, кетуге бет алады. Үй иесі де онымен жылы қоштасып, есік алдына шығарып салады. Сонда қонақ одан әлгі естіген әңгімесінің себебін сұрайды. Үй иесі оған күліп отырып: «Үйге келген қонақпен Аллаһ тағала оның нәсібін де бірге жібереді. Сондықтан қонаққа мен сол Аллаһ тағаланың соған арнап жіберген нәсібінің бәрін беруім керек. Ал кейде келген қонақ: «Болды, болды, әуре болмаңыз, қажет емес, жетеді», - деп қолымнан қағумен болады. Сондықтан мен Аллаһ тағала жіберіп отырған нәсібіме тосқауыл болған адамның артынан бір теуіп, нәсібімді алып қалуға тырысамын», - деген екен. Демек, әрбір қазақта қонақтың ӛз нәсібін ӛзіне аямай беру деген ұғым қалыптасқан екен. Дастарханға қойған тамаққа мін тағып, «Мен мынаны жемеймін», «Мына тамақ менің денсаулығыма жақпайды» - деп отыру – үлкен әдепсіздік. Сонымен қатар, дастарханнан сарқыт орап алу – дәстүрімізде бар әдет. Алайда, сарқыт алады екем деп дастарханды сыпыра-жайпап әкету ұят нәрсе. Қазақта «Біреудің жаясын жесең, ұшаңды даярлай бер» деген сӛз де бар. Ол – ӛзіңді біреу дастарханға шақырып, ас-ауқатын берсе, сен де оған осындай құрмет кӛрсетуің керек деген сӛз. Бұл – ел арасындағы туыстық пен ынтымақтықты нығайта түсудің бірден-бір нанымды жолы. Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Дастархан басында айтылған әңгіме дәмді, ӛнегелі, ал шешілген мәселе мен жасалған мәміле 207
дәйекті болуға тиіс. Қазақтың бұрын-соңды бар мәселені дастархан басында шешуі де дастархан үстінің киелі екендігіне дәлел болады. А.Мұсабекова ОТАН – АЛТЫН БЕСІК Отбасына, дос-жаранға, қоршаған әлем, жан-жануарға деген ыстық ықыластан басталған махаббат сезімі Отанына, туған жеріне деген сыйластықпен ұласса, ол – адамның рухани деңгейінің биіктігі. Бауыржан Момышұлы «Опасызда Отан жоқ» десе, қарт Жамбыл: Отаным десем, ойыма, Шалқыған байтақ жер келер. Отаным десем, ойыма, Кӛгілдір тартқан кӛл келер. Баурайы байлық, қойны құт, Отаныма ешқашан Мекен де болмас тең келер!деп, ел, туған жер құдіретін шалқи жырлаған. Тылсым дүние тӛсінде еркін тыныстап жатқан ерікті елге деген сый, махаббат сезімі әрдайым осылай тасқындаса керек. «Алтын ұяң – отан қымбат... Туып ӛскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат» (Қазыбек би). Осы кір жуып, кіндік кескен жерді адамзат баласы әрдайым құрметтеп ӛтпек... «О, айналайын, кең далам! Қазақ бауырым жайлаған алып далам! Мінеки, біздің тауларды екі жаққа ысырып тастап, ши менен кӛдеге ырғалып, ұшы-қиыры жоқ шексіз теңіздей кӛсіліп жатырсың. Кім біледі сенің қойныңда жатқан күшті! Жарықтық, сыртыңнан қарасаң, ешбір ӛмір белгісі жоқтай томсарып жатқаның жатқан. Бірақ, кешегі естен кетпес жазда соғыс басталып, жаулар жерімізге қол салғанда ...жел қанатты сәйгүліктер ыстық шаң кӛтеріп, дүбірінен әлем жаңғырықты. Сонда кең далам күңіреніп, ӛзенім бұлқынып, тауларым сілкініп, ӛз елін атқа қондырды. О, айналайын кең далам, тауларым, еліме күш, қуатты берген қасиетіңнен сенің айналайын!». Туған жердің қадірін білмеген, оны құрметтемеген адамды ел азаматы деп айтуға болмайды. Батыр бабаларымыз туған жердің бір уыс топырағын жау қолына бермес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Адамның тәні мен жанының тілегі, мақсаты бір болып, бір игілікке жұмылғанда ғана оның әрекеті ӛнегелі болады, олай болмағанда, рухани әлем мен әрекет арасында қайшылық туып, адам баласы қаскүнемдік іс істеп, сый-құрметтен айырылады. А.Мұсабекова 208
АНА Ананы сыйлау – парызың. Бұл сезім балаға нәресте кезінен сіңіріледі. Ол ананың – балаға, баланың – анаға деген ықылас, құрметі. Бұл, расында, ғажайып сезім! Ана балаға ӛмір берсе, бала анаға түгесілмес бақыт, қуаныш сыйлаған! Сондықтан да олардың бір-біріне деген сый-құрметінде шек жоқ. Ананы мадақтау – адамгершілікті мадақтау. «Ерлер кӛктен түскен жоқ, әйел – оның анасы» дегендей, жаны жайсаң, кӛңілі дархан, дос дегенде ішкен асын жерге қоятын ақкӛңіл, кеудесін елі үшін оққа тосатын батыр ерлер ананың тәрбиесінен шыққан, соның аялы алақанының жылуын, жанарының мейірімін кӛріп ӛскен. Ел қамын ойлап, дархан даланы дүбірлетіп ӛткен, тарих кӛшін батырлығымен, мәрттігімен әрлендірген Абылайлар мен Исатайлар, Махамбеттер мен Амангелділер де анадан туды ғой. Ӛткір тілді, ұтқыр сӛзді, найзадай жарқылдаған билер менен шешендер де ана кӛрегендігінің кәусар бұлағынан сусындамады ма? Домалақ ана, Мұрын ана, Қаз дауысты Қазыбектің анасы Қарқабат ана сияқты жұртты аузына қаратқан әулиеаналар да дӛңгелек дүниенің баға жетпес қазынасын жасаған жоқ па?! Осыдан кейін сен де: «Қадірлейік те, құрметтейік ғазиз Ананы, ӛйткені ол дүниедегі асылдардың асылы – ӛмірді, адамгершілікті сыйлады!» дейсің ішіңнен. Дүниені қан қақсатқан ақсақ Темір де ашынған ананың алдында, оның қаһарынан қорқып, дарға асайын деп жатқан баласын босатқан екен. Ӛзін ақылды санаған Шыңғысханның да ақыл сұрап кеңесетіні парасатымен ел басқарған әйелдер, ру билеген кӛсем аналар, батыр әйелдер, он саусағынан ӛнер тамған күйші әйелдер болған. Әйел – аналардың кемел ақылына тәнті болған бабаларымыз тұрғызған тоғыз кесененің жетеуі Қазақстанда, олар: Сыр бойындағы Бикен Мұнара мен Сырлы там, Тараздағы Айша бибі мен Баба әже, Сарысу ӛңіріндеі Белең ана мен Болған ана, Шымкенттегі Домалақ ене мен Қарлығаш ана т.б. Әйел болмаса, ӛмір де жоқ. Сондықтан әйел-ананы сыйлау, құрметтеу – ұрпақтардан ұласып келе жатқан ұлағатты қасиет. Шығыс әйелдерінің бойына иба-ізет қанымен, ана сүтімен сіңген. Ол ибалы бола жүріп, балалары үшін, отбасының бүтіндігі, елінің амандығы үшін ӛз басын қандай қиындыққа болса да салып жіберуге бар. Кенесары–Наурызбай атты батырлардың әпкесі Бопай да ұлтының азаттығы үшін жасалған қанқұйлы кӛтеріліске белсене қатысушылардың бірі. Тарихшы-ғалым Ермұхан Бекмаханов: «Бопай 209
Кенесарының барлық ірі шайқастарына қатысты және ӛзі де жау тобына партизандық жорықтар жасап отырды. Бопайсыз Кенесарының кеңестері ӛтпейтін және ол Бопайдың ақыл-кеңестеріне құлақ асты»,деп жазған. Ғұлама жазушы М.Әуезовтің алғаш қалам алғанда аузына ілінгені Ана аты болғаны да сондықтан. Оның «Адамдық негізі – әйел» деген туындысынан кейін жазушы Ғ.Мүсірепов қазақ әдебиетіне ананың киелі қасиеттерін ашатын бірнеше кӛркем туындыларды әкелді. Ана бейнесін жан-жақты сомдап, келер ұрпаққа үлкен ӛнеге қалдырды. Ананың нәзік сұлулығына қоса қайрат, батырлығының да бір еркектен кем болмағанына қайран қаласың. Кир патшаның басын алып патшалық құрған Тұмар ханым, Шығыс әйелдерінің патшайымы Тұрқан қатын, Шыңғыс ханды бұлтартпаған Бӛрте ханым, кӛркіне ақылы сай Қарашаш сұлу, Зере сынды терең ойлы, ақыл-айласы жаннан асқан аналар мен арулар бүгін де жалғасын табуда. А.Мұсабекова ӘКЕ Әке – асқар тау. Отбасында әкенің орны бӛлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын кӛтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Ӛтермін сақтауменен салтыңды әсем. Кӛнбей ме кӛңіл шіркін кәрілікке, Ӛкпелеп қалмайсың ба “қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – ӛмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Ӛмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед 210
пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сӛзсіз. Әке ұлқызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді ӛз бауырлары үшін еңбек етіп, ӛмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы кӛп. А.Мұсабекова ДОС Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық кӛрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, ӛмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі: Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері тӛс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, ӛзенді малтып ӛтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді. Жігіт қолбасына: - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн тӛлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек ӛмірімді ғана бере аламын. Ӛмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп ӛтінеді. Қолбасы: - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің кӛздерің керек, екі кӛзіңді ойып аламын, - дейді оған. - Ол да болсын, кӛзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Жау жағы оның екі кӛзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады. Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен. Мұны кӛрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді. 211
Досының ӛмірі, бостандығы үшін ер жігіт кӛзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сӛз осындай қасиеттің кӛрінісі ретінде қалса керек. Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық ӛз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де кӛп мӛлшерде ӛзінің уытын жоғалтады», - деген. Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен ӛмір жолынан ӛткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-ӛрісін біліп ӛскен достар арасындағы сыйластықтың орны бӛлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі. А.Мұсабекова ҦСТАЗ «Ұстаз» – құрметті сӛз. Ол – адамдардың ӛмірге кӛзқарасын, бірбіріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын тӛгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып ӛседі, ӛмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, кӛркейтеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сӛз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға, деген Абай сӛзін ӛзінің ӛмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол ӛзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, ӛмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан. Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, ӛмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан ӛзін Тӛле бидің, Шәкәрім, осы замандағы кӛптеген дарын иелері ӛздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.
212
Шәкірттің ӛмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сыйқұрметі де айрықша болса керек. Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай ӛзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық. А.Мұсабекова ҚОНАҚ Қонақ келсе – құт. Қазақ халқы сырттан келген қонағын құдайдай сыйлаған, оған аса жайлы болған. Қазақ халқында сыйластықтың үлкен бір белгісі ретінде дәм-тұз беруге айрықша кӛңіл бӛлінген. Мұндай салт бойынша жаңадан кӛшіп келгендерге ерулік, қыста соғым басын беру, келінге есік кӛрсету, үлкенге, алыстағы жекжатқа сыбаға беріп жіберу немесе оларды қонаққа шақыру рәсімдері жасалып отырады. Қазақтар қонақты ақ жарқын қарсы алып, астың дәмдісін берген, ӛзі соған керемет рахаттанып қалатын болған. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты бұрынғы заң-ережелерде де қонақ күту жайында айтылып ӛткені белгілі. Мұнда «құдайы қонақты» күтіп, сыйлап жіберу, әгерәки қондырылмаған жолаушы жол бойы әлдеқандай апатқа ұшыраса, оған құн тӛлеу мәселелері дәйекті қарастырылған. Қонақты құрметпен күтіп қана қоймай, оған сый беру де қазақтың әдетінде бар. Заман ӛзгерген сайын әрі елдегі экономикалық жағдайларға, әр жанұяның әл-ауқатына орай, мұндай алыс-берістің мағынасы мен кӛлемі ӛзгертіле де береді. Бірақ, қалай болғанда да, қазақтар, «Үйге кірген жыланның басына да ақ құйып шығарады» деген салт бойынша, қонақты жылы пейілмен қарсы алып, сыймен шығарып салуды үлкен кӛрегендік деп бағалаған. Күтпеген жерден қонақтап келген жолаушыдан ә дегеннен жӛн де сұрамаған, дастархан жайып, асауқатын берген де, тек қонақ аттануға жиналған кезде ғана: «Жол болсын, бұйымтайыңызды айтыңыз», - деген. Бұл – оның қонаққа жасаған үлкен әдебі. Жолаушы: «Әлей болсын!» - деп сӛз бастап, ӛзінің не шаруамен келгенін айтқан. Қонақ тілегі әрдайым құрметпен қабылданып, үй иесі шамасы келгенше оның сұранысын орындауға, қажетін ӛтеуге тырысқан. Пайғамбар хадистерінде үйіне қонақ келмейтін адамдарды «жаман адамдар» деп бағалау бар. Қонақжайлылық қасиеті бар, қонақты 213
құрметпен сыйлайтын адам – пайғамбардың сүйікті құлы деп есептелген екен. «Қонақ қойдан жуас», «Қонақ келсе, құт келер», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табар», «Асыңа тойдырмасаң да, ақ ниетіңе тойдыр», «Кӛңіл кең болса, үйдің тарлығы да білінбес» деген мақал-мәтелдер қазақ халқының осындай қонақжайлылық сияқты тамаша ұлттық қасиетін айғақтайды. А.Мұсабекова ТУҒАН ЖЕР Адамзаттың қоршаған ортаға тәуелділігі сол табиғаттың ен байлықтардың қайнар кӛзі және ӛмір сүру ортасы болғандығынан. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай, адам бойында үш қабілет ерекше жаралған, олар – дене құрылысы, жан құмарлығы мен ой-парасаты. Осындай кӛзқарастың қалыптасу мен даму тарихына кӛз жүгіртсек, оның адам баласының табиғатты танып-білуімен тікелей байланыстылығын аңғарамыз. Адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас ӛмір сүрудегі аса қажетті алғышарттар болып саналады. «Табиғат біртұтас әлем, одан тысқары ештеме болуға мүмкін емес», - деген екен оқу-тәрбие мәселесіне кӛңіл бӛлген философ, психолог-ғалым Ж.Аймауытов. Табиғат мейірімі, табиғат кӛркемдігі адам баласын да мейірімге бӛлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады. Табиғатта сезім бар, құлақ та бар, Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар. Аяласаң, жаныңа шуақ тамар, Қажығанда бойыңа қуат болар. (Мәрзия Аяғанова) Табиғат пен адамның мінезі де ұқсас. Табиғат мейір тӛксе, бар әлем құлпырып жүре береді. Адамның мейірімі де осындай. «Жылыжылы сӛйлесең, жылан іннен шығады», - дегендей, жағымды сӛз, әдепті қылық, пайымды әрекет адам жанын жадыратып, уайымын, қайғысы мен қасіретін ұмыттырады, жағдайын жеңілдетеді, ӛмірге құлшынысын арттырады. Халық ӛзін қоршаған табиғаттың мінез, әдет қалыптарын ӛзіне алады және мәңгіге алады. Табиғат пен адам, егіз әлем ретінде, бірін-бірі күтуге, аялауға міндетті. Олар бір-біріне сый, құрмет жасауға тиіс болса, сол сыйластықтың және бір түрі – адамның табиғатқа деген пейілі. Адам – табиғат перзенті. Ол суға, жерге, айға т.б. оларды жаратқан тәңірге табынады, жалбарынады. Жазушы А.Байтанаевтың: «Жұлдызды 214
қайдан ұстауға болады?» деген әңгімесіндегі кішкентай Беріктің атасының сӛзіне назар айдарайық. «Е, жаратқан, сен кӛктесің, құдіретсің, ешкім саған шек келтіре алмайды. Жердегі пенделеріңе шарапатшы бол! Шаршағанды демей гӛр, ашыққанды жебей гӛр, теріс жолдағының санасына сәуле түсір! Жақсы ойлының тілегін оңғар! Пенде атаулының бейәдеп қылығы болса, кеше гӛр, тәңірі, сен мейірімдісің ғой! Шарапат-шапағатыңнан ешкімді тыс қалдырма, хақ тағала! Әумин!». Адамзат баласы ӛзінің ғана емес, бүкіл ғаламның аман-саулығы үшін жаратылыс алдында ӛзін борыштар сезінері хақ. Тіршілікте тӛрт құдірет – Күн–ана, Жер–ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – ӛмір тынысың», «Судың да сұрауы бар» деген мақалдар осы тӛрт құдіретті қадірлеуден туған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары кӛп таңданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, тісімен құс тістеген ақындар мен шешендер бүкіл қазына-байлықтың қымбаттысы – табиғат күйін ғибрат сӛздеріне, толғау-термелеріне арқау еткен. Олар табиғат күйін адамның кӛңіл күйіне салғастыра жырға қосқан. Рухани байлық табиғатқа деген сыйластықпен жасалмақ. Жас ұрпақтың бойына оны сіңіру, олардың қоршаған ортаға қарымқатынасын, сол арқылы ӛмірге деген кӛзқарасын ояту, соған сай мінезқұлқын қалыптастыру – аға ұрпақтың міндеті. Қазақ халқының атадан балаға қалдырған даналығы – «кӛкті жұлма», «шӛпті таптама» – табиғат кӛріністеріне үлкен жауапкершілікпен қарауы, туған жер табиғатының бұрынғыдан да жайнап, гүлденуіне ықпал жасауды мақсат еткені. Артына «Шипагерлік баян» атты ғылыми еңбек қалдырған Ӛтебойдақ Тілеуқабылұлы адамның ӛз ғұмырында міндетті түрде орындауға тиісті жеті шартты кӛрсеткен, оның тӛртеуі табиғатқа байланысты болған. Олар – «кӛктеп келе жатқан ӛскінге тиіспеу, кӛбеймелі жорғамалдарға тиіспеу, қарлығаштарға тиіспеу, кӛз ашпаған шикілікке тиіспеу». Бұл – табиғатты аялап сақтаудың да үлкен адамгершілік екендігін кӛрсеткен баба ӛсиеті. Кӛшпелі ӛмір, осылайша, қазақты табиғатпен етене байланыстырған. Ӛмір озған сайын адам табиғаттың тылсым күшіне, заңдылықтарына тереңдеп бойлаған. Табиғатты ұмыту – ӛз басымызды ұмыту деген сӛз. Имандылық пен мейірбандылық – ӛркениеттің белгісі. Жас бала табиғат тіршілігін тамашалай отырып, оны сүю барысында үлкен адамгершілік сезімге ие болады, ӛзін табиғаттың ажырамас бӛлігі ретінде сезінеді. Мен тимеймін, жасқанба, Дос болайық, кӛбелек! Жайнап тұрған бақшамда, 215
Гүлдерімді кӛре кет. Тұтқиылдан састыра, Жаңбыр жауса себелеп, Тақиямның астына Тығыла ғой, кӛбелек. (Асқаржан Сәрсеков) Қандай нәзік сезім! Бала мен кӛбелек – табиғат перзенттері, олардың арасындағы сыйластық кімнің болса да ӛңіне күлкі, жүрегіне мейірім ұялатады. С.Экэюпери: «Ең үлкен сән-салтанат – адамдардың қарымқатынасының салтанаты» - деген екен. Бұл сӛзді адам мен табиғаттың ара қатынасына байланысты да, адамдардың бір-бірімен кӛңіл жарастығын табуына байланысты да айтуымызға болады. Ондай жағдайда рахат күй кешеріміз анық. Жастарға да осылайша эстетикалық тәрбие беру, оларды табиғат байлығына сый-құрметпен қарауға тәрбиелеу – олардың бойында адамгершілік сезімін қалыптастыру, шарапатты болуға бейімдеу екендігінде дау жоқ. А.Мұсабекова ТӚРТ ТҤЛІК Бабаларымыз тӛрт түлікке ерекше кӛңіл бӛлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі кӛлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алысберісінің кӛзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы тӛрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысынтанымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандықсаулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған. Тӛрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шӛлге шыдамды, жүк артса – кӛлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе ӛзінің ӛсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады. Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дӛнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, 216
сәйгүлік, дүлдүл арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар оны үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының жүрісіне дейін атаулары болған. Мысалы, аяң жүріс, жорға жүріс, жортақ жүріс, бүлкек желіс, бӛкен желіс, шоқыта жүру, шабыс. Оның түсі де әртүрлі теңеулермен сипатталған: торы, күрең, жирен, ақбоз, боз, кӛк, шұбар т.б. Сиыр малы момақан, қазақтар үшін кӛбінесе тамаққа жараған, ет, сүт, айран, қаймақ, май, құрт, ірімшік т.б. осы сиырдың берген берекесі болған. Сиырды кейде кӛшке де, егіске де пайдаланып отырған. Жалпы, қазақтар сиырды киімге жаратпаған, қонаққа сыйға тартпаған, тіпті түске кірсе де ауыртпалық деп жорыған, тіпті қазақта епетейсіз, икемсіз әрі денелі адамды «сиырдай» деп, сӛйлемейтін адамды «аузын буған ӛгіздей», «мыңқиған бұзау сияқты» деп мазақтайтын тіркестер қолданылады. Дегенмен, сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің кӛзі, балаларының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Сиыры жоқ үй ас-ауқаты жұтаң үй болып есептелген. Сиырды жасына қарай бұзау, торпақ, тана, тайыншща, қашар, құнажын, дӛнежін, сиыр, ӛгіз, бұқа деп атаған. Түйе мен жылқыны, ӛгізді кӛлік ретінде пайдаланады, шанаға, арбаға, малға жегеді, салт та мінеді. Қой – тӛрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі десе де болады. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой ӛсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Ӛзі майда, ӛсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой ӛсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады. Ешкі де қазақтар үшін ӛсімтал малдың бірі болғандықтан, қадірлі. Ешкінің еті жеңіл әрі сіңімді, сүті аса құнарлы болады. Ешкінің сүттісін арнайы ұстап, ана сүтіне жарымаған баланы ешкі сүтімен асырайды. Ешкінің серкесін әрдайым қойдың отарына қосып отырады, оның бүкіл отарды бастап, жайылымға апарып, әкелетін қасиеті бар. Дегенмен ешкіні қонаққа соймайды. Ешкі жеңілтек мал деп есептеледі де, мінезі ұшқалақ, шыдамсыз баланы (әсіресе қыз баланы) «ешкі құсап селтеңдеп» деп, ешкіге теңеп отыратыны бар. Ешкіні жасына қарай лақ, туша, бӛрте, шыбыш, серке деп бӛледі. Тӛрт түлік малдың ӛзі қадірлейтін басын қазақтар басқаға бермеген, онда жұтаңдық орнап қалады деп есептеген. Әрбір рудың ӛз малына салатын таңбасы болған. Оны олар малдың құлағына, мүйізіне, жамбасына салатын болған. 217
Еңбекқор қазақ халқы мал ӛнімдерін ӛте орынды пайдаланып отырған. Шаруашылықта қолданылатын заттар – жылқының жалынан, құйрығынан жасалатын арқан, сиыр мүйізінен жасалатын тарақ, қой жүнінен жасалатын киіз, текемет, тоқылған сырт киім, түйе жүнінен тоқылған шекпен т.б. аса жоғары бағаланған. Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Кедей қазақтар қойдың жабағы жүніне жаңа туған нәрестені де орап, қыстан аман алып шыққан. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар ӛз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып-үйірілген, еркелетіп отырған. А.Мұсабекова
218
ОҚУҒА ҦСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР 1. Майқы би. Шешендік сӛздері 2. Мӛңке би. Шешендік сӛздері 3. Сыпыра жырау «Мен жыраумын, жыраумын» толғауы 4. Бәйдібек би. Шешендік сӛздері 5. Асанқайғы «Еділ бол да, Жайық бол» толғауы 6. Қазтуған «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауы 7. Шалкиіз жырау «Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны» 8. Доспамбет жырау «Айнала бұлақ басы – Тең» толғауы 9. Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегі 10.Жалайыри «Жамиғ-ат тауарих» еңбегі 11.Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім» толғауы 12.Жалаңтӛс баһадүр. Шешендік сӛздері 13.Әйтеке би. Шешендік сӛздері 14.Тӛле би. Шешендік сӛздері 15.Қазыбек би. Шешендік сӛздері 16.Бұқар жырау «Тілек» толғауы 17.Тайкелтір шешен. Шешендік сӛздері 18.Ескелді би. Шешендік сӛздері 19.Балпық би. Шешендік сӛздері 20.Кеңгірбай би. Шешендік сӛздері 21.Ақтайлақ би. Шешендік сӛздері 22.Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы 23.Үмбетей жырау «Бәкеге» толғауы 24.Сырым Датұлы. Шешендік сӛздері 25.Шал ақын «Шежірелі қартың болса» толғауы 26.Бӛлтірік шешен. Шешендік сӛздері 27.Есет би «Қас қара нар мен едім» толғауы 28.Байзақ датқа. Шешендік сӛздері 29.Дулат Бабатайұлы «Құтысына кӛңіліңнің» толғауы 30.Махамбет «Әй, Махамбет жолдасым» толғауы 31.Жанқұтты шешен. Шешендік сӛздері 32.Байкӛкше шешен. Шешендік сӛздері 33.Бала би. Шешендік сӛздері 34.Сүйінбай Аронұлы «Бӛрілі менің байрағым» толғауы 35.Шортанбай «Зар заман» толғауы 36.Нысанбай жырау «Кенесары-Наурызбай» дастаны 37.Майлықожа Сұлтанқожаұлы «Түрлі дәуір беріпті» толғауы 38.Мұрат Мӛңкеұлы «Үш қиян» толғауы 39.Кердері Әбубәкір «Заманым бұлай болған соң» толғауы 40.Қашаған Күржіманұлы «Бұл ӛмірдің мысалы» толғауы 41.Базар жырау «Халық үшін туған қайраткер» толғауы 42.Ақан сері «Адамның біліміне ақыл серік» толғауы 219
43.Шоқан Уәлиханов «ХҮІІІ ғасырдағы қазақ батырлары туралы жырлар» еңбегі 44.Абай. Ӛлеңдері мен қарасӛздері 45.Жамбыл Жабаев «Құлмамбетпен айтысы» 46.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегі 47.Мәшһүр Жүсіп Кӛпейұлы «Қазақ шежіресі» еңбегі 48.Ақыт Үлімжіұлы «Таңдамалы шығармалары» 49.Иманжүсіп Құтпанұлы «Ерейментау» ӛлеңі 50.Әсет Найманбаев «Жас жігіт надандықпен алданады» ӛлеңі 51.Әлихан Бӛкейхан. Мақалалары 52.Ахмет Байтұрсынұлы «Маса» жинағы 53.Ғұмар Қараш «Тұрымтай» жинағы 54.Мұстафа Шоқай. Мақалалары 55.Халел Досмұхамедұлы «Аламан» жинағы 56.Мұхаметжан Тынышбаев «Қазақ халқының тарихынан» еңбегі 57.Міржақып Дулатов «Азамат» жинағы 58.Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы 59.Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы, ӛлеңдері 60.Сұлтанмахмұт Торайғыров «Алаш ұраны» ӛлеңі 61.Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы 62.Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі 63.Сәкен Сейфуллин «Азия» ӛлеңі 64.Сапарғали Бегалин «Шоқан асулары» повесі 65.Мұхтар Әуезов «Қилы заман» повесі, «Абай жолы» романы 66.Сәбит Мұқанов «Мӛлдір махаббат» романы 67.Иса Байзақов «Ақбӛпе» поэмасы 68.Ғабит Мүсіреiпов «Ұлпан» романы, күнделіктері 69.Хамза Есенжанов «Ақ Жайық» трилогиясы 70.Қасым Аманжолов. Ӛлеңдері 71. Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» кітабы 72.Әлкей Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» кітабы 73.Қалижан Бекхожин «Батыр Науан» поэмасы 74.Ілияс Есенберлин «Кӛшпенділер» трилогиясы 75.Тәкен Әлімқұлов «Жұмбақ жан» кітабы 76.Ермұқан Бекмаханов «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан» зерттеуі 77.Жұбан Молдағалиев «Кісен ашқан» поэмасы 78.Әзілхан Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» романы 79.Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы 80.Қуандық Шаңғытбаев. Таңдамалы ӛлеңдері 81.Тұрсынбек Кәкішұлы «Мағжан-Сәкен» кітабы 82.Қалтай Мұхаметжанов. Таңдамалы пьесалары 83.Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы 84.Мұқағали Мақатаев. Ӛлеңдері 85.Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесі 220
86.Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романы 87.Сағи Жиенбаев «Іңкәр дүние» жинағы 88.Қадыр Мырзалиев «Ой орманы» жинағы 89.Рамазан Тоқтаров «Абайдың жұмбағы» романы 90.Тұманбай Молдағалиев «Жиырма бесінші кӛктем» жинағы 91.Жұмекен Нәжімеденов. Ӛлеңдері 92.Тӛлеген Айбергенов «Бір тойым бар» жинағы 93.Асқар Сүлейменов «Болмыспен бетпе-бет» жинағы 94.Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы, «Заманмен сұхбат» жинағы 95.Фариза Оңғарсынова «Сұхбат» жинағы 96.Қойшығара Салғара «Қазақтың қилы тарихы» кітабы 97.Сейіт Кенжеахметұлы «Жеті қазына» жинағы 98.Софы Сматаев «Елім-ай» романы 99.Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы 100. Мұхтар Мағауин «Аласапыран» романы, «Қазақ тарихының әліппесі» зерттеуі, «Ұлтсыздану ұраны» кітабы 101. Сейіт Қасқабасов «Жаназық» жинағы 102. Бексұлтан Нұржекеев «Ерлі-зайыптылар» романы 103. Мұхтар Шаханов «Ғасырларды безбендеу» жинағы 104. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романы 105. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» кітабы 106. Оралхан Бӛкей «Ұйқым келмейді» жинағы 107. Дулат Исабеков «Қарғын» романы 108. Роллан Сейсембаев «Ешқайда бастамайтын баспалдақ» романы 109. Смағұл Елубай «Ақ боз үй» романы 110. Ғарифолла Есім «Хакім Абай» зерттеуі 111. Мырзакелді Кемел «Ақыл қалта» жинағы 112. Тұрсын Жұртбай «Дулыға» дилогиясы 113. Ұлықбек Есдәулет «Киіз кітап» жинағы 114. Есенғали Раушанов «Қара бауыр қасқалдақ» жинағы 115. Әуезхан Қодар «Қанағат қағанаты» жинағы 116. Тұрсынжан Шапай «Шын жүрек – бір жүрек» жинағы 117. Гүлнәр Салықбай «Жан» жинағы 118. Маралтай Ыбраев «Ай-Нұр» жинағы
МАЗМҦН Ҧлтты тану – ҧрпақ борышы ............................................................................... Бойтҧмар .................................................................................................................. Қазақ .......................................................................................................................... Қазақстан ................................................................................................................... Қазақ тілі ................................................................................................................... 221
Қазақ жазуы ............................................................................................................... Елтаңба ...................................................................................................................... Әнұран ....................................................................................................................... Ту ................................................................................................................................ Астана ........................................................................................................................ Баба дәстҥр .............................................................................................................. Салт-дәстүрлердің түрлері ....................................................................................... Қазақтың тӛрт мейрамы ........................................................................................... Салт-дәстүрлер мен ырымдар ................................................................................. Қазақ ырымдары ....................................................................................................... Тыйым сӛздер ........................................................................................................... Киіз үй атаулары ....................................................................................................... Қазақтың ұлттық киімдері ....................................................................................... Ата тарих .................................................................................................................. Қазақ хандығының құрылуы ................................................................................... Ақтабан шұбырынды, Алқакӛл сұлама .................................................................. Бұланты шайқасы ..................................................................................................... Қазақстан Ресей империясының құрамында ......................................................... Ұлт-азаттық қозғалыс ............................................................................................... Алаш қозғалысы ....................................................................................................... Алаш автономиясының құрылуы ............................................................................ Кеңес үкіметінің орнауы .......................................................................................... Ашаршылық .............................................................................................................. Саяси қуғын-сүргін ................................................................................................... Қазақстан Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында ............................................ Тың кӛтеру ................................................................................................................ Желтоқсан оқиғасы .................................................................................................. Тәуелсіздік ................................................................................................................. Атамҧра .................................................................................................................... «Құран» ...................................................................................................................... Күлтегін ..................................................................................................................... Қожа Ахмет Иассауи кесенесі ................................................................................. Арыстан баб кесенесі ............................................................................................... Айша Бибі кесенесі ................................................................................................... Бегазы – Дәндібай мәдениеті ................................................................................... Бекет ата ескерткіш‐ ғимараттары ........................................................................... Жаркент мешіті ......................................................................................................... Бәйтерек ..................................................................................................................... «Тарих-и рашиди»..................................................................................................... «Жамиғат-тауарих» .................................................................................................. «Алпамыс батыр» ..................................................................................................... «Қобыланды батыр» ................................................................................................. «Қозы кӛрпеш – Баян сұлу» .................................................................................... 222
«Қыз Жібек» .............................................................................................................. «Ер Тӛстік» ................................................................................................................ «Алтын сақа» ........................................................................................................... «Аяз би» ..................................................................................................................... Тҧлға ......................................................................................................................... Асанқайғы ................................................................................................................... Домалақ ана ............................................................................................................... Жәнібек хан ............................................................................................................... Керей хан ................................................................................................................... Қазтуған жырау ......................................................................................................... Шалкиіз жырау ........................................................................................................ Қасым хан .................................................................................................................. Хақназар хан ............................................................................................................. Тәуекел хан ................................................................................................................ Есім хан ..................................................................................................................... Салқам Жәңгір хан ................................................................................................... Тәуке хан ................................................................................................................... Тӛле би ....................................................................................................................... Қаз дауысты Қазыбек би .......................................................................................... Есет батыр ................................................................................................................. Бұқар жырау .............................................................................................................. Бӛгенбай батыр ......................................................................................................... Әйтеке би ................................................................................................................... Қабанбай батыр ......................................................................................................... Әбілқайыр хан ........................................................................................................... Жәнібек тархан ......................................................................................................... Райымбек ................................................................................................................... Абылай хан ................................................................................................................ Кенесары .................................................................................................................... Махамбет Ӛтемісұлы .............................................................................................. Құрманғазы Сағырбайұлы ....................................................................................... Шоқан Уәлиханов ..................................................................................................... Ыбырай Алтынсарин ............................................................................................... Ақан сері Қорамсаұлы .............................................................................................. Абай ........................................................................................................................... Мәшһүр Жүсіп Кӛпеев ............................................................................................. Әлихан Бӛкейхан ...................................................................................................... Кейкі батыр ............................................................................................................... Ахмет Байтұрсынұлы ............................................................................................... Халел Досмұхамедұлы ............................................................................................. Қажымұқан Мұңайтпасов ........................................................................................ Міржақып Дулатов ................................................................................................... Жанша Досмұхамедұлы ........................................................................................... Әміре Қашаубаев ...................................................................................................... 223
Оспан батыр .............................................................................................................. Мұстафа Шоқай ........................................................................................................ Мағжан Жұмабаев .................................................................................................... Мұхтар Әуезов .......................................................................................................... Қаныш Сәтбаев ......................................................................................................... Әбілхан Қастеев ........................................................................................................ Әлкей Марғұлан ........................................................................................................ Жұмабек Тәшенов .................................................................................................... Бауыржан Момышұлы ............................................................................................. Қасым Аманжолов .................................................................................................... Дінмұхаммед Қонаев ................................................................................................ Күләш Байсейітова ................................................................................................... Ілияс Есенберлин ...................................................................................................... Талғат Бигелдинов .................................................................................................... Рақымжан Қошқарбаев ............................................................................................ Нұрғиса Тілендиев .................................................................................................... Шәмші Қалдаяқов ..................................................................................................... Мұқағали Мақатаев .................................................................................................. Әбіш Кекілбаев ......................................................................................................... Нұрсұлтан Назарбаев ............................................................................................... Мұхтар Мағауин ....................................................................................................... Мұхтар Шаханов ...................................................................................................... Тоқтар Әубәкіров ...................................................................................................... Ататек ....................................................................................................................... Шежіре ....................................................................................................................... Жүз ............................................................................................................................. Жүздердің кестесі ..................................................................................................... Хандар кестесі ........................................................................................................... Қарға тамырлы қазақ ................................................................................................ Ҧлт жаршысы ......................................................................................................... «Айқап» журналы ..................................................................................................... «Қазақ» газеті ............................................................................................................ «Егемен қазақстан» газеті ........................................................................................ «Жас алаш» газеті ..................................................................................................... «Қазақ әдебиеті» газеті ............................................................................................ «Ана тілі» газеті ........................................................................................................ Атамекен .................................................................................................................. Ақмешіт ..................................................................................................................... Алатау ........................................................................................................................ Алматы ....................................................................................................................... Алтай .......................................................................................................................... Аңырақай ................................................................................................................... Баянауыл .................................................................................................................... 224
Бӛкей Ордасы ............................................................................................................ Бӛрітастаған .............................................................................................................. Бурабай ...................................................................................................................... Бұланты ..................................................................................................................... Қазығұрт .................................................................................................................... Қаратау ...................................................................................................................... Қарқаралы .................................................................................................................. Қозыбасы ................................................................................................................... Ордабасы ................................................................................................................... Орынбор .................................................................................................................... Отырар ....................................................................................................................... Сайрам ....................................................................................................................... Сарайшық .................................................................................................................. Сауран ........................................................................................................................ Семей ......................................................................................................................... Сығанақ ...................................................................................................................... Сырымбет .................................................................................................................. Тараз ........................................................................................................................... Торғай ........................................................................................................................ Түркістан ................................................................................................................... Ұлытау ....................................................................................................................... Үстірт ......................................................................................................................... Шымкент ................................................................................................................... Шыңғыстау ................................................................................................................ Анауыз ...................................................................................................................... Бата ............................................................................................................................. Үй иесіне берілетін бата .......................................................................................... Жас бӛбекке беретін бата ......................................................................................... Шілдехана тойында берілетін бата ......................................................................... Асқа бата ................................................................................................................... Ұл балаға бата .......................................................................................................... Қыз балаға бата ......................................................................................................... Жастарға бата ............................................................................................................ Той жасаған үй иесіне берілетін бата ..................................................................... Келінге бата ............................................................................................................... Сапар бата ................................................................................................................. Наурыз батасы .......................................................................................................... Жарапазан батасы .................................................................................................... Бата – ӛлеңдер .......................................................................................................... Алғыстар, ақ тілектер ............................................................................................... Мақал-мәтелдер ........................................................................................................ Жақсы сӛз – жарым ырыс ........................................................................................ Атадан жеткен асыл сӛз ........................................................................................... 225
Асыл сӛз .................................................................................................................... «Алаң да алаң, алаң жұрт» ....................................................................................... «Бірінші тілек тілеңіз» ............................................................................................. «Зар заман» ............................................................................................................... «Үш қиян» ................................................................................................................. «Ереуіл атқа ер салмай» ........................................................................................... «Сегіз аяқ» ................................................................................................................. «Оян, қазақ!» ............................................................................................................. «Мен жастарға сенемін» .......................................................................................... «Алаш ұраны» ........................................................................................................... «Абай жолы» ............................................................................................................. «Шұғаның белгісі» ................................................................................................... «Құлагер» .................................................................................................................. «Кӛшпенділер» ......................................................................................................... Аташаңырақ ........................................................................................................... Шаңырақ .................................................................................................................... Киіз үй ........................................................................................................................ Бесік ........................................................................................................................... Дастархан .................................................................................................................. Отан – алтын бесік .................................................................................................... Ана ............................................................................................................................. Әке .............................................................................................................................. Дос .............................................................................................................................. Ұстаз .......................................................................................................................... Қонақ .......................................................................................................................... Туған жер ................................................................................................................... Тӛрт түлік .................................................................................................................. Оқуға ҧсынылатын әдебиеттер ...........................................................................
226