Қабдеш Жұмаділов - Пирамида.көрнекті жазушы ҚЖ соңғы ә

Page 1

Пирамида (Əңгiме) Қайролланы «Алматы – Қызылжар» пойызына осында тұратын мектептес досы, белгiлi журналист Əубəкiр шығарып салды. Мұны қонақ үйге жiбермей, үш-төрт күн бойы өз үйiнде күткен аңқылдақ Əубəкiр ендi мiне, жарым көңiл жолдасының қоржын-қолаңын толықтап, сыйсияпатымен ұзатып түр. Екi кiсiлiк жұмсақ вагонға белет алып қойыпты. Алматы вокзалына пойыз жүрерде ғана жеткен бұлар көрсетiлген орынға жедел жайғасып жатты. Əубəкiр шамадан мен тағы бiр буыншақтарды полканың астына сүңгiттi де:– Мынау – бiздiң бəйбiше салып берген жол азығың. Қаралдысы тəуiр көрiнедi, Қызылжарға жеткенше өзегiң тала қоймас, – дедi бүйiрi тоқ бiр-екi дорбаны үстелдiң үстiне қойып жатып. – Ал ендi ел-жұртқа, жора-жолдасқа сəлем айт. Мұндағы ұлға бола көп уайымдама... Есi бар бала ғой, бəлкiм, райынан қайтар. – Есi бар кiсi сөйте ме? Мынадай күйiктi тартқызғанша, ол иттiң құрығаны жақсы едi... – Қой, олай деме... Жастардың терiс жолға түсуiне осы жүрген бəрiмiз кiнəлiмiз. Не iстейсiң, заман солай... Осы кезде радиодан пойыздың жүргелi тұрғанын хабарлап, ұзатып салушылардың вагоннан тез түсуiн сұрап жатқан. – Ал ендi жолың болсын! – дедi ұзын бойлы, иiр қара Əубəкiр төртпақ денелi, қызыл күрең жүздi Қайролланы қапсыра құшақтап. – Денсаулықты ойла, ойсоқты боп, өзiңдi-өзiң мүжи бергендi қой! 1


– Өздерiң де аман болыңдар! Көрсеткен достық пейiлiңе, қалтқысыз көмегiңе рахмет! – дедi Қайролла сəл босаңсып. – Əйткенмен, əлгi ақымаққа көз қырыңды сала жүрерсiң. – Оған алаңдама! Ол жiгiт ендi менiң назарымда болады, – дегендi асығыс айтқан Əубəкiр шығар есiкке қарай тұра жөнелдi. Қайролла терезеге беттедi... Қайролла тағы да ұлы туралы ойлады. Қанат мұны ұзатып салуға келмедi-ау. Қашан пойыз жүрiп кеткенше, бұл баласын келер деп дəмеленген. Амал не, үмiтi ақталмады. Əлгi «Өз балаң өзекке тепсең де кетпейдi» деген қайда? Əкесiнiң бiр зекiп ұрысқанын көтере алмағаны ма? «Əкенiң көңiлi – балада, баланың көңiлi – далада» деген сол. Иə, айтпақшы, Қанат қазiр мұсылман қауымында емес қой, дiнi, дiлi жат кəпiрлер қабиласында. Кəпiрдiң дiнi қатты болады. Өкпесi мен кегiн өлсе де кешпейдi... Əлде кеше ашу үстiнде қолы тым қаттырақ тидi ме екен байғұс балаға? Басы-көзiне таңба түсiрмей, қамшымен жондата екi тартып жiберген. Бес жасар немересi Ермұратқа деп ауылдан өзi өрiп əкелген қамшы едi, қолына қалай түскенi белгiсiз, дереу соны iске қосқан. Батырға жан керек екен, ұлы жандəрмен келiншегiнiң артына барып тығылды. Меруерт келiн де оңып тұрған жоқ, ол да – жойыт дiнiнде. Алапат ашу үстiнде оны да қамшымен «ұшықтап» алғысы келiп бiр оқталды да, сабыр сақтады. Тоба, бұлай болар деп кiм ойлаған. Мұндай сұмдықты өзгеден күтсе де, жалғыз ұлдан күтiп пе едi? Бес қыздың ортасындағы, басынан құс ұшырмай өсiрген жалғыз ұл! Сол балаларды оқытам, жеткiзем деп Қайролланың арқа етi арша, борбай етi борша болмады ма. Ойында ештеңе жоқ, осы көктемде зейнетке шығып, ұзақ жыл бойы қара тақтаның алдында ақ бормен алысқан мұғалiмдiк қызметiн өткiзiп берiп, арқасының босағаны таяуда ғана болатын. Ендiгi арманы бəйбiшесi екеуi əр жаққа ұзатылған қыздары мен Алматыдағы жалғыз ұлдан тараған немере-жұрағаттың қызығын көрiп, орталарында шалқып жүрмек едi. Сөйтiп жүргенде, биыл Алматы жақтан бiр сыпсың сөз жеттi. «Қайролланың ұлы мен келiнi жойыт дiнiне кiрiп, шоқынып кетiптi...». Мұны бiреулер қыбы қанып, сұқ саусақтарымен беттерiн осқылап, өсiрiп айтты. Ендi бiреулер бұларды аяғансып, жағасын ұстай шошынып, жасырын айтқан болды. Бiрақ, солардың қай-қайсысы да көздеген нысандарына жетiп жатыр едi. Əйткенмен, Қайролла бiрден от алып, қамысқа түсе қойған жоқ, əлiптiң артын бағып, толғанып бiраз жүрдi. Ерiккен жұрт не демейдi, бəлкiм, соның бəрi жай өсек шығар. Əйтсе де, Алматыға барып, балаларын өз көзiмен көрiп қайтуға бел байлаған. Оның үстiне, биыл 2


немересi Ермұрат беске толады. Соны ауылға əкелiп, сүндетке отырғызғандай бола ма, осы сапарда сол шаруаны да бiржайлы ете келмек. Пойызға билет алған соң, Қанатқа телефон соқты. Жүретiн күнiн, мiнетiн пойызын, келетiн уақытын хабарлаған. Баласының сөз лəмi баяғыдай, еш өзгерiс байқалмайды. Əкесiнiң келетiнiн естiп, қуанып жатыр. – Келiңiз, көке! Күтемiз. Бiз биыл үш бөлмелi жаңа үйге түскенбiз... Ермұрат та «атамды сағындым» деп жүр. – О, құлыным сол! Айтпақшы, ол күшiктi биыл сүндетке отырғызуымыз керек қой. Тек осы тұста ғана Қанат бұл күтпеген, естiр құлаққа ерсiлеу жауап қатты. – Бiз Ермұратты əлдеқашан сүндетке отырғызып қойғанбыз, көке! – Сүндетке... Қалайша? Мына бiз ондай рəсiмнен хабарсыз қалғанбыз ба, сонда?! – Таңданғаны сонша, Қайролланың аузына сөз түспей, тұтығып қалды. – Онда тұрған не бар? Бiздiң дiнде... яғни бiз кiрген Иуда дiнiнде ұл бала үш жасқа дейiн сүндеттен өтуi керек екен... – Не дейдi? Əй, ненi оттап тұрсың сен? «Бiздiң дiнiң» не айтып тұрған? – Айтып тұрмын ғой, бiз өткен жылы келiнiңiз екеуiмiз еврейлердiң иуда дiнiне өтiп алғанбыз. Келген соң өзiм түсiндiрем, – дедi Қанат айылын да жимастан. «Жаңа дiнге кiрдiм» дегенi – «жаңа костюм кидiм» деген секiлдi, келдi-кеттiсi жоқ, жай əңгiмедей-ақ айтып тұр! Бұдан ары телефонда қалай кермалдасып тұрарсың, амал жоқ, əңгiменiң жалғасын кейiнге қалдырған. Арадағы екi-үш күн өтiп берсешi, ендi Алматыға жеткенше асықты. Мұнда келсе бəрi бұрынғыдай, бүлiнiп қалған ештеңе жоқ сияқты. Пойыздан Қанаттың өзi жалбырақтап қарсы алды. Көңiлiнде қылау жоқ. Тұрмысы жаман көрiнбейдi. Бiраз ұсталған шетел машинасын мiнiп жүр. Биыл көктемде қызмет орнынан үш бөлмелi үй алыпты. Бұрынғы кеңселерi қысқарып, бiраз уақыт жұмыссыз қалып едi, «Еуразия бəнкi» деген жерден тəп-тəуiр қызмет тауыпты. Бiр есебiн тауып, кейiн Меруерт келiндi де сонда кiргiзген көрiнедi. Ермұрат – балабақшада... Осындай бақуат тұрмысқа көңiлi толған Қайролла баласына келе сала соқтыға алмады. Алғашқы аптығы басылып, бiртiндеп сыр тартуды жөн көрдi. Əзiрше ашық əңгiмеге бармаса да, əке мен бала арасында əлдебiр перденiң тартылғаны анық едi. Үйдегi салт-санаға өзгерiс ене бастағаны бiлiнiп тұр. Мəселен, Қайролла дастархан жиыларда «Аллауəкпар» айтып, ас қайырса, ұл мен келiн қолдарын да жаймай, бедiрейiп отырғаны. Бейне, бөтен бiр ұлттың адамдары секiлдi. Дұғаның, тiлектiң бөлiнуi деген осы 3


ғой... Келесi күнi ұл мен келiн қызметке кеткенде, Қайролла олардың жатын бөлмесiне кiрген. Төрге жақындай бере, жүрегi зу ете түстi. Бiр бұрышта алабажақ пирамиданың суретi тұр. «Мынау бiздiң Астанадағы пирамида ғой. Мұны неге қойды екен?» деп таңданды Қайролла. Оның дəл жанында креске керiлген Христостың бейнесi... Демек, ұл мен келiн «калимаға» тiлдерiн келтiрмей, осы иконға шоқынатын болғаны ғой... Бұлар ендi Мұхаммет үмбетi емес, басқа бiр қауымның өкiлдерi. Сен өлсең, жаназаңа кiрмейдi, қабiрiңе келiп, Құран оқымайды. Бұған ендi жалғыз ұлдан дұға бұйырмайды деген сөз. Əке мен бала арасындағы шиыршық атқан əңгiме сенбi күнi, сəскелiк шайдан кейiн басталды. Бүгiн жастардың қолы бос, қызметке бармайтын күнi. Немересi далада ойнап жүр. Қайролла осы оңашалықты пайдаланып, неше күннен берi жиналған запыранды төктi-ау бiр. Баласына деген өкпе-наласын, қояр кiнəсiн айтып жатыр, айтып жатыр... Өзi осы əңгiменi бастарын бастаса да, баласын iштей аяп, Қанат қазiр қатты ұялатын шығар, тiптi, кiрерге тесiк таппас деп ойлаған. Сөйтсе, бұл оңбай қателесiптi, мүлде олай болған жоқ. Қысылу, ұялу түгiл, Қанат тiптi шiмiрiккен жоқ. Оның да осы əңгiмеге күнi бұрын əзiрленгенi көрiнiп түр. Əкесiнiң сөзiн баланың тiлiн қызықтағандай, сəл езу тартып, жымия тыңдап отырды да, осы тақырыпта əркiммен айтысып, əбден төселген мəнермен суырыла сөйлеп кеттi. – Осыншама бүлiнетiндей не боп қалды, көке? – дедi əке жүзiне қаймықпай қарап. – «Қашқанның да, қуғанның да сиынары – бiр құдай» демекшi, бəрiмiздiң барар жерiмiз – бiреу емес пе. Жаратушы – жалғыз. Дiн дегенiмiз – соған апаратын жол ғана. Пайғамбар – жол нұсқаушы, пенденiң мiндет-парызын түсiндiретiн дəнекер ұстаз... Мен дүниедегi дiндердi саралай келiп, Иуда дiнiнен асар дiндi таппадым. – Солай де... Ал Исламнан не мiн таптың? Ол – бiздiң мың жылдық баба дiнiмiз ғой! – дедi Қайролла шыдай алмай. – Ой, көке, қазiр исламда бедел қалды ма? Исламның абыройын арабтардың өздерi-ақ түсiрiп болды емес пе. Арабта ауызбiрлiк жоқ. Мiне, отыз жылдан асты ғой – айнала қоршаған жүз миллион арабтың небəрi бес миллион Израильден таяқ жегенiне. Иран мен Ирак анау – өзара қырқысып, ақыры əркiмге жем болған. Ислам мемлекетi атанған Пəкiстан мен Ауғанстанның да жетiсiп тұрғаны шамалы... Мұхаммет шын құдiреттi пайғамбар болса, алдымен өз арабтарын жарылқап алмай ма?! – Тəйт ары!.. Мұхамметке тiл тигiзушi болма! Мұхаммет – арабтардың ғана емес, күллi мұсылман қауымының жалғыз пайғамбары, – дедi Қайролла ауылдағы Мұқай молдадан естiгенiн қайталап. 4


– Иə, ислам қауымында Мұхаммет пайғамбар жалғыз, – дедi Қанат сөзiн сабақтап. – Ал Христиан, Иуда дiндерiнде пайғамбар дегенiңiз ондап саналады. Саусағыңызды бүге берiңiз: Мұса пайғамбар (Моисей), Ибрагим (Абрам), Ысқақ (Исак), Жақып (Якуп), Сымағұл (Исмаил), Иса пайғамбар (Христос)... Мiне, осылай жалғаса бередi. Бəрi де – Алланың елшiлерi. Көрiп отырсыз ғой – Жаратушының кiмдерге көбiрек сенiм артқанын. – Ал сенiң түскен жолың қайсы? Христиан ба, Иуда ма? – дедi дiн тарихына шорқақ Қайролла əлi де ештеменiң байыбына бара қоймай. – Христиан мен Иуданың негiзi бiр ғой. Пайғамбарлары ортақ, – дедi Қанат жадырай түсiп. – Бiздiң ұстанғанымыз – Иуданың Хасида тармағы. Шығыс Еуропа мен ТМД елдерiне көбiрек тараған – осы хасидизм. Оның өкiлдерi қазiр саясатқа да, экономикаға да барынша ықпал етiп отыр. – Əрi дүниедегi ең қуатты, ең бай дiн де – Иудаизм! – дедi манадан үндемей отырған Меруерт келiн осы тұста сөзге араласып. – Ал сол байлықтан сендерге бiрдеме тидi ме? – дедi Қайролла ұл мен келiнге сынай қарап. – Тигенде қандай! – Қанат тiптi насаттанып кеттi. – Мына басымыздағы үйдi солар алып бердi. «Еуразия банкiсiнен» қызмет берiп отырған да – солар. Ал бұл банкiнiң басында кiмдер отырғанын бiлетiн шығарсыз... Олар дiн насихатынан қаржы аямайды. Жыл сайын миллиардтаған доллар жүмсайды. Мұндай байлық кiмде бар? Сенбесеңiз, Мұсылман мешiтiне барып көрiңiзшi: аш-аламан жұртқа тым құрса бiрбiрден қалаш үлестiруге де шама-шарқы жетпейдi. Қайролла ұлына айтар уəж таппай, бiр сəт үнсiз отырып қалды. Ал ұл мен келiн бет қаратар емес, сайрап тұр. Екеуi екi жақтап, мұны тұйыққа тiрегiсi келе ме, қалай? Ендiгi отырыста мəн жоқ. Дiнi жат, тiлеуi, дiлi жат мына қуыста ендi бiр минөт те бөгелуге болмас. Осы қазiр қарасын батыруы керек. Сол оймен киiм-кешегiн, қоржын-қолаңын жинастыра бастаған. Бiрақ үнсiз кете салмай, соңғы патронын атып кеткен дұрыс шығар. – Əй, атадан азып туған шошқа, берi қара! – дедi ұлының қасына төне жақындап. – Иуда тұрмақ диюдың дiнiне кiрсең де, ендi мен үшiн сенiң құның – көк тиын. Көрiп тұрмын: ар-ұжданыңды ақшаға сатыпсың. Ертең тағы бiреу одан да көп ақша төлесе, сол дiнге кiресiң бе? Ошақтағы отымды өшiрмейдi, өлсем басыма келiп құран оқиды деп сенi де құдайдан тiлеп алдым-ау!

5


– Құрансыз қалам деп қайғырма, көке. Ақша төлесең құран ұстаған ақ сəлделi молдаларды тiзiп тастауға болады! – дедi Қанат сазбеттенiп сазарған күйi. – Сен маған иманды да ақшаға сатып əперетiн шығарсың?.. – Иə, ақша өлiге де, тiрiге де керек. Ақша күнəдан да тазартады. Ұрылар мен жемқорлар неге жыл сайын қажылыққа барады дейсiң... Өзiң қажыға барасың ба? Алдағы жылға тiзiмдетiп қояйын. – Керегi жоқ. Сол ақшаңа өзiң Израильге барып, Христосқа тауап етерсiң... Соны айтып есiкке қарай бет алған. Өзiнше ұл мен келiн шылбырыма оралып, жiбермес деп ойлаған. Қайдағы. Безерген күйi орындарынан қозғалған жоқ... Кенет, босағада iлулi тұрған, кеше өзi немересiне сыйға тартқан елiк сапты қамшыға көзi түстi. Көкiрегiнде сөзбен жеткiзуге болмайтын кектi ашу бар едi. Дереу қамшыны қолына алды да, көйлекшең тұрған Қанатты жондата екi тартып жiбердi. Содан көшеге шығып, такси ұстап мiндi де, мектептес досы Əубəкiрдiң үйiне келдi... Қалың ойдың шырмауына iлiккен Қайролла пойыздың Бiрiншi Алматы вокзалына келiп тоқтағанын аңғармай да қалыпты. Мұнда да абыр-сабыр тiршiлiк. Əлдебiр кешiккен жолаушылар, жүк тасыған ұсақ саудагерлер вагондарға асығыс мiнiп жатыр. Көп өтпей Қайролла отырған купеге де сəлдеге ұқсас, дөңгелек ақ кепештi, кiршiксiз таза киiнген, бiр инабатты адам кiрдi. Қасында ұзатып салушы атқосшылары болар, жайдақ ақ тақиялы тағы екi жiгiт жүр. Үшеуi де дiн қызметкерi екенi көрiнiп түр. Ұзатушы екi жiгiт ақ бөрiктiнi өз орнына қолпаштай отырғызып, жүктерiн жайғастырды да: – Ал, Имам-еке, жолыңыз болсын! Жиындарыңыз табыспен өтсiн. Қайтарда қандай көлiкпен келетiнiңiздi хабарлайсыз ғой. Алла бұйырса, алдыңыздан шығып, қарсы аламыз, – десiп, имаммен қоштасып жатты. Түсiнiктi. Демек, мұның купелес серiгi – дiн адамы болды. Анаумынау емес, бiр мешiттiң имамы. Ұзақ жолда бұл кiсiмен тiл табысып, сөйлесе алса жақсы болды. Қайролла мана вагонға кiрген бетте-ақ жеңiлденiп, жол киiмiн киiп алған. Ендi серiгiне де жағдай жасап: – Күн ыстық екен. Сiз ендi асықпай киiм ауыстырып алыңыз! – деп дəлiзге шығып кеттi. Бiраздан соң қайта оралса, серiгi мүлде басқа пошымға ауысыпты. Жеңсiз шолақ көйлек, спорт костюмi. Сəлде орнына киетiн қардай аппақ кепешiн қорапқа салып, жоғарғы сөреге шығарып қойыпты. Басқа киiмдерi де қабырғадан орын алған. Өзi оншалық тұйық та жiгiт емес 6


екен. Жөн-жосық айтып, сөз сабақтады. Алматыдағы бiр мешiттiң наибимамы. Есiмi – Хайридден. Таяу күндерде Астанада ашылатын дiн құрылтайына бара жатыр. Мүфти бастатқан дiн орталығының адамдары алдын ала ұшақпен кетсе керек. Не үшiн екен, Хайриддендi делегаттар тiзiмiне кейiн қосыпты... Қайролла да өз кезегiнде аты-жөнiн, зейнеттегi мұғалiм екенiн, Алматыға бiр шаруамен келiп, ендi Қызылжарға қайтып бара жатқанын айтып өттi. – Құрылтайларыңыз əлгi жаңа салынған пирамидада өтетiн болар, – дедi сонан соң өзiнiң де əр нəрседен хабардар екенiн аңғартып. – Иə, сонда өтетiн шығар. Ол ғимаратты осы құрылтай үшiн арнайы салды ғой. – Ары-берi өткенде таяу жерден бiр-екi рет көргенiм бар. Iшi қалай екен өзiнiң? Ал сырт көрiнiсi маған онша ұнамады. Перғауындардың моласы ғой – пирамида дегенiңiз. Тiптi, ырымға жаман... Өзiне жүз миллиондаған қаржы кеткен дейдi. Одан гөрi қалаға көрiк берiп, сəн кiргiзетiн қазақтың күмбез шаңырақты ақ ордасын орнатпай ма? – Конкурсқа түскен жобалардың арасынан елбасы осы үлгiнi ұнатыпты ғой, – дедi имам сəл-пəл езу тартып. – Сiрə, шетелден келетiн қонақтардың талғамын есепке алған болуы керек. Қиуадан кезiккен екi жолаушы арасында бұдан ары əңгiме өрбiмей, бiразға дейiн үнсiз қалысты. Жүйрiк пойыз түстiк батысқа қарай кiдiрiссiз зулап келедi. Талай қайталанған үйреншiктi жол. Осы бағытта Шу бекетiне дейiн барады да, содан солтүстiкке бұрылып, Арқаға қарай тура тартады. Түскi астың кезi де таяп қалған секiлдi. Жолсерiк жiгiттер купелерге шай тасып, қарбаласып жүр. Бұлардың купесiне де бiр шəйнек шай, ас iшетiн ыдыс-аяқ əкелiп қойды. Жолаушылар азық салынған қоржындарына қол соза бастады. Қайролла да мана Əубəкiр əкелiп қойған дорбадан пiскен қазы мен тауық етiн, қалаш нан мен көкөнiстер шығарды. Имам да құралақан емес екен, əртүрлi тəттi-дəмдiнi ол да қосып жатыр. Тек осы тұста бiр ыңғайсыз iс болды: Қайролла дорбадан арасан суын алам дегенде, соның қасынан бiр шөлмек «Журавли» деген арақтың сопаң етiп шыға келмесi бар ма. – Қап, мынау ұят болды-ау! – дедi сасып қалған Қайролла. – Менi пойызға Əубəкiр деген жолдасым шығарып салған. Соның iстеп жүргенi ғой... Менiң имаммен сапарлас болатынымды қайдан бiлсiн. – Өзiңiз əсiлi iшетiн бе едiңiз? – дедi имам мұның бетiне күле қарап. – Ас алдында аздап тататыным бар едi... Кеше Əубəкiр екеуiмiз түн ауғанша əңгiме соғып, бiрер шөлмектi босатқанбыз. Мынау – соның «бас жазуға» бергенi ғой... 7


– Онда тезiрек басыңызды «жазыңыз» да, қалғанын тығып тастаңыз. Имамның алдында арақ тұрғаны ыңғайсыз болар. – Ой, рахмет! Имамның бəрi осы сiз сияқты болса ғой, шiркiн!.. Бiздiң ауылда Мұқай деген молда бар. «Арақ iшкен адамның иманы бойынан қырық кез ұшып кетедi» деп кiсiнiң зəресiн алады. Қайролла соны айтып, жаңағы шөлмектен қырлы стақанға иықтата құйып алды да, шалқая тартып жiберiп, семiз қазыдан қарбыта асады. Құрыс-тырысы жазылып, бiрден жадырап сала берген. Сонан соң шөлмектiң қақпағын жауып, дорбаның түбiне сүңгiтiп жiбердi. – Айыпқа бұйырмаңыз, Имам-еке. Үлкен жиынға бара жатқан ғұлама адамсыз ғой. Онда əртүрлi дiн өкiлдерi бас қосады: Имам Хазiрет те, Əулие əке падiре де, поп та, келең-кешiл де бiраз күн бiр табақтан ас iшесiздер. Мұсылман жағы арақ-шарапты «харам» десе, ендi бiреулерi атасының асындай көредi... Солармен де ортақ тiл табам деп бара жатырсыздар ғой. Сондықтан менiң жаңағы бiр пенделiк əбестiгiм көңiлiңiзге келмес, – дедi тiл күрмеуi шешiле бастаған Қайролла көсiле сөйлеп, – Құдай айдап, жақсы жолыққаныңызды қарашы. Менiң басым толған сұрақ. Рұқсат етсеңiз, жол қысқарту үшiн солардың бiрнешеуiн сiзге қойсам деп отырмын. – Иə, сұрауыңызға болады. Ауылыңызда уағыз айтатын молда, шариғатқа ұйытатын мешiт жоқ па, немене? – Бар ғой. Бiр бай жерлесiмiз былтыр əкесiне арнап ауылға мешiт салдырған. Имам – соның немере ағасы Мұқай молда. Оқымаған кiсi, бiрақ имамдық куəлiгi бар. Оның бiлетiнi – тек бейiш пен тозақ. Адамдарды бейiшпен жарылқап, тозақпен қорқытады. Мұқайдың айтқанын орындасаң – бейiшке барасың, қылдан тайсаң – тозаққа кетесiң. Осылайша, халықты əбден үрейлендiрiп бiттi. Ылғи бiрсарынды уағыздан адамдар жалығады екен ғой. Жарайды, Мұқай пəтшағар өзiмен кетсiн. Осындай дүмшелер ғой Исламның қадiрiн кетiретiн, – дедi Қайролла iштегi қыжылын бiртiндеп сыртқа шығарып. – Жалпы, ата дiнiмiздiң қасиетiн əлi танып болғанымыз жоқ. Жоғары бiлiмдi мұғалiм – менiң түрiм мынау, былайғы қарапайым халық не күйде? Сонда деймiнау, – дедi ол күйiне дауыстап. – Бiздiң атеист басшылар, яғни кешегi коммунистер мен комсомолдар алдымен Исламды бойларына сiңiрмей тұрып, жүз дiнге жол ашпақ болғаны қалай? Бұл – əсiлi бiздiң қол көтере алмайтын шоқпар емес пе? Алдымызда небiр алып елдер тұрғанда, ондай мiндеттi бiзге кiм жүктедi? Бұл не? Мақтан ба, даңғойлық па, əлде жарнаманың бiр түрi ме? Мынадай тапшылықта жүз миллиондаған долларға пирамида салдырдық. Ендi дүниежүзi дiндарларын шақырып, Құрылтай ашпақпыз. 8


Қалаларда күпiнiң битiндей өрiп жүрген миссионерлер... Будда дейсiз бе, Кришна дейсiз бе, Иуда дейсiз бе, Католик дейсiз бе, өмiрi бiз естiмеген дiн секталары... Мұны қалай түсiнемiз? Қазақ жерi дүниежүзi дiндерiнiң «лабораториясына» айналмақ па, сонда? Бiздiң ата дiнiмiз қайда қалады? Мұндай қойыртпаққа бiздегi Ислам орталығы неге тосқауыл қоймайды? Мына сұрақтар Хайридден имамның да шымбайына батып кеткен болар, жауап беруге асықпай, қалтасынан беторамалын алып, тершiген маңдайын баппен сүрттi. Сонан соң: – Тақ бiр парламентте отырғандай-ақ сөйлейсiз-ау, ағасы! – дедi серiгiнiң бетiне күле қарап. – Əйтсе де, айтқан сөздерiңiз өте орынды. Дəл қазiр дүние дiндерiнiң басын қосу – елiмiздiң iшкi қажеттiлiгiнен туып отырмағаны рас. Бұл бастама миллиард халқы бар Қытай мен Үндiстаннан, немесе Рим, Иерусалим, Мекке-Медине секiлдi ежелгi дiн орталықтарынан бастау алмай, күнi кеше атеистер жайлаған Қазақстанда сөз болуы көп елде таңданыс тудырғаны да өтiрiк емес. Бiрақ бiз – жаңа идеялар елiмiз ғой. Бiздiң басшылар қашан да сенсациялық ұсыныстар жасауды ұнатады. Мəселен, Еуразия қауымдастығы, долларды ығыстыратын əлемдiк жаңа валюта, Халықтар Ассамблеясы... Дүние дiндерiнiң құрылтайы мен ешкiмде жоқ пирамида салу да – соның бiр дəлелi. Бiз халықаралық аренада мынадай қырларымызбен көрiнуге тиiс екенбiз. Ол – Қазақстанды «жүз ұлттың» жəне «жүз дiннiң» отанына айналдыру... – Жетiскен екенбiз! – дедi Қайролла шыдай алмай. – Сонда əлгi көп ұлт пен көп дiннiң шешек атып, салтанат құруы бiздiң қазаққа не бередi? Ұлтқа тигiзер пайдасы бар ма? – Нақты қазақ ұлтына ештеңе бере қоймас. Оның есесiне, мемлекет басшылары зор абыройға кенеледi. Тiптi сол үшiн бiздiң басшымызға халықаралық сыйлық бередi деген де сыбыс бар. Қайролла жай кезде болса, ызадан тағы бiр «елудi» тартып жiберер ме едi, қайтер едi. Бұл жолы имамнан қаймығып, iштен тынды. – Жарайды, абырой тапсын, сыйлықтарын ала берсiн. Оған кiм қарсы, – дедi əлден уақытта. – Бiрақ, басқаға жақсы атанамыз деп жүрiп, соры арылмаған, бейшара халқымызды iштей iрiтiп, тоздырып алмаймыз ба? Мен бiлсем, дiндердiң қарақұртша қаптауы – халықтың бағы емес, соры... Кешiрiңiз, мен осы сапарда сол кiрме дiндердiң кесiрiнен Алматыдағы жалғыз ұлымнан айырылып келе жатырмын. – Қалайша? Шейiт болып кеттi ме? – Жоға, шейiт болса арман не? Ол ит атаның аруағын, исламды сатып, Иуда дiнiне өтiп кеткен жоқ па! 9


Ештемеге түсiнбей аңырып қалған имамға Қайролла ұлымен арадағы əңгiменi бастан-аяқ баяндап бердi. Қанаттың ислам туралы пайымдауларын сөзбе-сөз қайталап, ақырында ұлын айтысып жеңе алмайтын болған соң, ашу үстiнде қамшыға кезек бергенiн де жасырған жоқ. – Бұған не айтасыз, Имам-еке? Мен ендi не iстеуiм керек? Шаңырақ шайқалды, тұқым азды, ұлт ыдырады деген осы емес пе?! Қарауындағы халқын қорғай алмайтын, көрiнген дiнге жол беретiн ислам – əлгi бiздiң ұл айтқандай, əбден қадiрi қашқан, дəрменсiз сорлы болғаны ма? – Мəселе – дiнде емес, саясатта, ұстанған заңдарымызда, – дедi Хайридден бұл жолы ширыға сөйлеп. – Бiз демократияшыл ел боламыз деп, халықаралық түрлi келiсiмге талғамай қол қойдық. Ал демократияның бiр шарты – ұждан бостандығы, дiн еркiндiгi. Əркiм қалаған дiнiн қабылдауға ерiктi... Балаңызға бекер қамшы жұмсағансыз. Егер ол «əкем дiнге бола менi соққыға жықты» деп арызданса, сiздi соттап жiберуi мүмкiн. Осыдан кейiн бұл тақырыпта əңгiме болған жоқ. Қайролла бұдан ары өз басының мұңын айтып, жас имамды қажай берудi лайықсыз көрдi. Байқап отыр, Хайридден имамның да қолында тұрған билiк жоқ екен. Өзiң сияқты ол да шарасыз. Қайролла түскi астан кейiн мызғып алмақ болып, жантайып жатқанды. Бiрақ жуық арада ұйқысы келе қоймады. Не үшiн екен, баяғыда өз елiнде ғұмыр кешкен Науан хазiреттi еске алды. Өз халқы үшiн өлiмнен де қаймықпайтын ондай жолбарыс жүректi ерлер қайда қазiр?! Науан хазiрет орыс отаршылдарының қазақ қоныстарын тартып алуына, қазақ балаларын бiр шеттен зорлап шоқындыра бастағанына арыстанша атылып қарсы шыққан ғой. Есiл азамат ақыры Сiбiрге айдалып, сол сапардан оралмады. Науанның ел iшiндегi ағартушылық қызметi өз алдына бөлек əңгiме. Əйгiлi Ақан серiлер Науан хазiреттiң медресесiнде оқыған. Амал не, қазақтың жарамсақ жазушылары Науандай тұлғаның өшпес бейнесiн сомдаудың орнына, оны жағымсыз бiреуге, құбыжыққа айналдырып жiбердi. Əттең, қазiр де сол Науан хазiрет секiлдi бiр рухани көсем шықса ғой, шiркiн! Осындай тəттi қиялға шомып жатып, ұйықтап кетiптi. Кешкi астан кейiн де мəнерлi əңгiме болған жоқ. Көршi купеде Қайролланы бiлетiн жiгiттер келе жатыр екен. Бiраз уақытты солармен бiрге өткiздi. Пойыз Астанадан күн шығар-шықпаста өтедi екен. Хайридден имам осында түсiп қалып, Қайролла жол сапарын одан ары жалғастырмақ. – Ертең Құрылтайда сөйлейсiз бе? – дедi Қайролла имаммен қоштасып тұрып. 10


– Бас-басымызға сөз тие қоймас. Ал бас мүфтидiң сөйлейтiнi анық. – Ендеше, сол мүфтиге сəлем айт! «Лəббəй, тақсыр» деп бұғып отыра бермей, қазақтың елi мен жерiн басқыншы дiндерден қорғасын! Ақ кепешiн қайта киген сұлу имам сызыла езу тартты. – Айтайын, бiрақ бiздiң мүфти ондай тəуекелге бара қояр ма екен?! – дедi мұның қолын алып тұрып. – Балаңызды ойлап, тым шаршамаңыз, аға. Дүние бұл бетiнде тұра бермес. – Рахмет, айналайын, жолың болсын! Пойыз солтүстiкке қарай баяу жылжып кеттi. Қаланың əр тұсынан зəулiм ғимараттар бой созады. Анау тұрған – Бəйтерек, анау – Ақорда, анау – Парламент үйi... Есiлдiң сол жақ қапталындағы сол биiк үйлердiң тасасында шөпшiлердiң итарқа жаппасындай тағы бiр сұлба қалып барады. Ол – қазақ даласына Мұса пайғамбар əулетi əкелiп орнатқан, перғауын моласының көшiрмесi – пирамида! Қабдеш ЖҰМАДIЛОВ 2009, наурыз.

11


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.