,Х г
МЛоманов
X
ТҮРКІ ТІЛДЕРШЩ САЛЫСТЫРМАЛЫ ГРАММАТМКАСЫ
4f/s?v; —^^
4Н
^^Щ
МЛоманов
ТҮРКІ ТІЛДЕРШЩ САЛЫСТЫРМАПЫ ГРАММАТЖАСЫ Tyulemissov Madi
/plyJ/Cyu/
tmadi1@gmail.com
a Алматы, «Қазақ университеті», 1992
ББК 81 Т 57 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Жауапты редакторы Наурызбай Ақбаев
57
Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.— Алкіаты: «Қазақ университеті», 1992.— 192 бет. ISBN 5—7090—0018—3 Білікті ғалым М. Томановтыц бұл оқулығында туркітану гылымының Орта Аэия аймағына баса наэар аударылған. Онда түркІ тІлдерІнің фонетикалык* морфологиялық курылысы айрықша сез етіліп, грамматикалық мәннің жасалу тэсілдерІ мен морфемалар туралы мағлүмат беріледІ. Есім сөз түлғасының езгеруІне, сез талтарына жеке-жеке тоқталады. Етістік тарауында тарихи-салыстырмалы тіл білімінің соңғы жацалыктары пайдаланылған.' Екбек студенттер мен аспиранттарға, сондай-ак түркітану ғылымымен шүғылданатын оқырмандарға арналған. Қурастырып, баспаға әзірлсген — автордың қызы Н. Томанова. Арнаулы редакторы — фнлология ғылымынын кандидаты Б. Сағындықов.
4602020400-033 416(05)—92 ISBN S—7090—0018—3
„
©Томанов Мархабат,— 1992
АЛҒЫ СӨЗ 50-жылдардың орта түсы мен 60-жылдардың басында цазац тіл білімінде үлкен бір топ жас таланттар мен зерттеушілердің есімдері ғылыми жүртшылықтың назарын бірден аударған болатын. Қазіргі таңда олар тіл тарихы, диалектология, синтаксис, салыстырмалы тіл білімі, стилистика т. б. салаларда танымал білімпаздар ретінде жақсы таныс. Атақ, лауазым жағынан алып царағанда да, алды Қазақстцн Республикасы Ғылым акадёмиясының академигі, корреспондент мүшесі, жоғары оқу орындарында кафедра меңгерушісі, академиялық институттың бөлім меңгерушісі, ғылым докторы деген сияқты дәрежеге жетті және қызметтерді абыроймен атқарады. Біздің түсінігімізше, цазац тілін зерттеушілерді ата үрпақ (А. Байтүрсынов, М. Дулатов, Қ. /Жүбанов), әке үрпақ (Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, X. Басымов, I. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Ғ. Мүсабаев, М. Балақаев т. б.), одан кейінгі ізбасарларды аға үрпаң деп бөлетін болсақ, филология ғылымының докторы, профессор Мархабат Томанов кейінгі толқынды осы аға үрпақпен байланыстырушылардың қатарынан табылады. Ғылым мен үстаздық қызметке араласқан 35 жылдай мерзім ішінде професеор М. Томанов саны да, сапасы да ауыз толтырып айтарлың еңбек етіп, қатарласқанның алдыңғы шебінен көрініп отырды. Оның қаламынан 13 монография, оқулықтар мен оқу қүралдары, 200-дей ғылыми және көпшілікке арналған мақала дүниеге келді. Мархабаттың өмірі де өз түрғыластарының өмірімен үқсас. Ол 1932 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы «Абыла» колхозында қарапайым шаруаның отауында өмірге келді. Жосалы поселкесіндегі № 26 қазақ орта мектебін тамамдаған ол 1949 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне оқуға түсті. Университетті бітіргеннен кейін қазақ тілі кафедрасы бойынша аспирантураға қалдырылды. Одан 3
соң әр түряі ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарында қызмет істеді. Студент кезінен алғырлығын таныта білген ол ғылыми ізденіспен үзбей шүғылданды. Сөйтіп, I960 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондентмүшесі, профессор М. Балақаевтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі мезгіл мәнді сөз тіркестері» деген тацырыпта кандидаттық, ал 1975 жылы «Қазац тілі тарихи морфологиясының негізгі мәселелері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. М. Томановтың ғылыми және үстаздық ңызметі өзін тәрбиелеп, білім берген Қазақ университетімен тығыз байланысты. 1964—1979 жылдары осы университеттің қазақ тілі кафедрасында доцент, профессор болды да, 1979 жылдан бастап өмірініц ақырына дейін осы кафедраның меңгерушісі қызметін атқарды. Кандидаттық диссертациясының тақырыбынан көрініп түрғанындай, профессор М. Томанов ғылымға келген алғашқы жылдарда синтаксис, стилистика мәселелерімен айналысты да, одан кейін қазақ тілі мен түркі тілдерінің тарихымен беріле шүғылданды. Қайтыс боларынан (1989 жылдың 19 желтоңсаны) санаулы күн ғана бүрын «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» атты еңбегінің негізгі тарауларын аяқтап, машинкаға беріп үлгерген-ді. Қолдарыңыздағы кітап — автордың осы соңғы көлемді еңбегі. Марқүмның өз цолымен жазған жоспарына қарағанда, бүл кітап бүдан да ауңымды зерттеу ретінде қарастырылғанға үцсайды. Автордың жоспарын еш өзгерісъіз келтіре кетелік: «Еңбек кіріспеден және төрт тараудан түрады. Кіріспеде түркі. тілдері фонетикасын, лексикасы мен грамматикасын салыстырып зерттеудің мақсаттары мен принциптері' баяндалады. Түркі тілдерін ғылыми түрде салыстырудың қысқаша тарихы сөз болады. Бірінші тарауда «Түркі тілдерін генеологиялық жағынан классификациялаудың негізгі принциптері» әңгімеленеді. Тілдердің қай топқа жататындығын анықтайтын фонетикалық, лексикологиялық, грамматикалың ерекшеліктер туралы, Орта Азия, Кавказ, Шығыс Европаны щкендеген түркі халықтарының тарихы туралы басты-басты мағлүматтар беріледі. Екінші тарау «Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы» деп аталады. Мүнда түркі тілдерінің әр түрлі топтарына тән фонетикалық ерекшеліктері әңгімеленеді. Дыбыс сәйкестері, сингармонизм заңының тілдік көріністері, түркі тіл4
деріндегі буын қүрылымы мен оның типтері жүйелі баяндалады. Әсіресе, түркі тілдерінің Орта Азия аймағына ерекше көңіл бөлінеді. Үшінші тарау *Түркі тілдеріне ортақ лексика және жекеленген этнолингвистикалық ерекшеліктері» деп аталады. Түркі тілдерінің ортақ сөздік қүрамы туралы арнайы тоқталғаннан кейін, қыпшақ, қарлүң, оғыз және бүлғар топтарының лексикалық ерекшеліктері жеке-жеке сипатталады. Төртінші тарау «Түркі тілдерінің салыстырмалы морфологиясы» деп аталады. Мүнда тараудың мазмүнын ашатын мынадай тацырыпхар цамтылады: 1. Сөздің қүрамы: а) түбірдің түрлері; ә) сөз жасайтын жүрнаңтар; б) сөз түрлендіретін жүрнақтар; в) көптік категориясы; г) тәуелдік категориясы; ғ) жіктік категориясы. 2. Сөз таптары: а) зат есім; ә) сын есім; б) есімдік; в) сан есім; г) үстеу; ғ) етістік және оның категориялары. Бүл жоСпармен салыстырғанда, кіріспенің, бірінші тарау мен үшінші тараудың жоқ екенін байқайсыздар. Соған қарамастан, бүл еңбек университеттерде оцылатын «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы», педагогика институттарында оқылатын «Түркологияға кіріспе» курстары бойынша оқу қүралы міндетін өтей алады. Оқу құралы автордың 1970—1978 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі студенттерге оқыған лекцияларының негізінде жазылып, соңғы ғылыми жаңалыңтармен толықтырылған. Кітаптағы бірқатар материалдар Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков, A. H. Кононов, Ф. Г. Исхаков, A. M. Щербак сияқты атақты ғылымдардың еңбектерінен, М. Б. Юнусалиев, Ә. Т. Қайдаров, В. Г. Егоров, Л. Н. Харитонов сияцты үлт тілдері мамандарының зерттеулерінен алынған. Материалдарды баяндаудың теориялық бағыты — қазіргі түркологияда кең таралған «Н. А. Баскаков классификациясы» деген атпен белгілі түркі тілдерін таптастыру жүйесі. Салыстыруда тірек болған тіл — қазіргі қазақ тілі. Басқа тілдер материалдары қазіргі қазақ графикасымен берілген. Оқу қүралында түркі тілдеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың сандық және сапалық айырмашылықтары, үцсастыцтары студенттердің үғымына түсінікті тілде баяндалған. «Сына» дауыссыздар, дауыссыздардың түсіп ңалуы, дауыссыздардың ассимиляциясы сияқты фонетикалық қүбылыстарға қазіргі ғылым түрғысынан сипаттама берілген. Сөз таптары, олардың сан алуан категориялары,
5
түбір мен қосымшалар туыстас тілдермен өзара салыстырыла отырып, жан-жацты талданған. Ояардың грамматикалық семантикасы мен қызметіндегі басты-басты айырмашылықтары жүйелі әңгімеленген. Әсіресе, «Етістік және оның морфологиялық категориялары» деп аталатын тарауша шабытпен жазылған. Міне, белгілі ғалым, танымал үстаз Мархабат Томановтың соңғы бір еңбегі жайында айтылар аз сөзіміз осы таңілеттес. Оның талай жылдар бойы жазылған көптеген зерттеулері жайында ілгеріде өте қысқа сөз болды. Шынтуайтқа келгенде, проф. М. Томановтың ңай еңбегі де туған тілдің цыр-сырын үйренуді мақсат еткен студентшәкірттердің әлі де көп жыл сырласы бола беруге лайық. Сондықтан олардың да қайта басылым көріп, көптің игілігіне айнала бергені жөн. Мырзатай СЕРҒАЛИЕВ, филология ғылымының докторы, профессор.
I тарау TYPKI ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ФОНЕТИКАСЫ
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЖҮЙЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің өзіндік ерекшелігі жайлы айтпас бұрын олардың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге тоқтау орынды. Өйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік семьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады. Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық топтарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде ерекшелейтін белгілер, мынадай болып келеді. 1. Фонетикалық жүйе бойынша: а) сөздің бірінші буынында кездесетін дауыстылар мен сөздің келесі буындарында ұшырайтын дауыстылар екі түрлі жұйе құрайды. Бірінші буында ашық-қысаң, жуан-жіңішке, еріндік-езулік болып жұптасатын 8 дауысты дыбыс жұмсалады. Кейбір тілдерде бұл 8 дауысты дыбыс 16-ға дейін көбейеді. Өйткені оларда дауысты дыбыстар әдеттегідей әрі созылыңқы дыбысталады. Екінші және одан кейінгі буындарда көбіне жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік болып бөлінетін 6 дауысты дыбыс жұмсалады. Сонымен, бірінші буын вокализмі мен екінші буын (сол сияқты одан кейінгі буындар) вокализмі сандық жағынан да, сапалық жағынан да бірдей емес, әр түрлі болып отырады: ә) біршама жүйелі болып отыратын сингармонизм заңдылығы. Сингармонизм заңдылығы бірен-саран тілдерде (мыс, ұйғыр тілі) умлаутпен күрделеніп отырады; б) сөз басында 7 дауыссыз фонема айтылады (кейбір ауытқуларды еске алмағанда), оның төртеуі — шұғыл дауыссыздар (б, т, қ, ч), біреуі — мұрын жолды (м), екеуі — ызың (проточные)—с, й. Сөздің ортасы мен соңында 17 дауыссыз айтылады, олардың 7-і шұғыл (взрывные) — п, б, д, к, қ, г, ч, 4-і мұрын жолды — м, р, ң, н, 4-і ызың (проточные) дауыссыздар — й, с, з, ш, екеуі — діріл дыбыстары (плавные) — л, р, сөз 7
соңындағы шұғылдар екі вариантты, ғ, г ұяң дауыссыздары сөз ішінде тұрақты болып келеді. Сөздің абсолют басывда бір ғана дауыссыз айтылады, яғни сөз басында дауыссыздардың қабаттасьш келуі түркі тілдерінде тән емес. Түркі тілдерінің байырғы консонантизмі басқа жүйелі тілдермен (герман, семит т. б. салыстырғанда, сапа, тұр жағынан өзгеше болумен бірге, көп көріністі емес, бірөңкей болып келеді. Сонымен бірге, түркі тілдері фонетикалық жүйесінің үлкен бір ерекшелігі — сөз екпінінің сөздің соңғы буынына түсетіндігі. Кейбір сөздер мен грамматикалық формаларға байланысты аздаған ауытқуды ескермегенде, бұл ерекшелік түркі тілдеріндегі тұракты белгілердіН тобына жатады. II. Морфологиялық құрылыс бойынша: а) морфологиялық құрылыстың негізі — аффиксация. Олай болатын себебі — типологиялық жағынан жалғамалы Сагглютинациялы) топқа жатады. Мәні мен қызметі әр түрлі аффикстер бір-біріне қабаттасып, қосарланып жалғана береді. Сөздің морфологиялық құрылымы үш элементтен: түбір мен суффикстен және жалғаудан құралады. Осы бөліктерден құралған сөздер негізінен 3 типке бөлінеді: 1. Тек қана түбірден құралған сөз; 2. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтардан құралған сөз; 3. Түбір мен бір не бірнеше жұрнақтан және бір не бірнеше жалғаудан құралған сөз. Түркі тілдерін зерттеушілер сөздің жоғарғы көрсетілген үш типінен басқа төртінші, аралас типін де көрсетеді. (Дени т. б.) Бұл тип жоғарғы көрсетілген типтердің құрама элементтерінің кейбірінің орын ауыстыруынан және қосымшалардың аралас түрлерінің қатысуынан жасалады. Төртінші типтің құрамы мына тәріздес: түбіржұрнақ (бір не бірнеше)—жалғау — аралас қосымша — жалғау. Мысалы: дау-лас-қан-дар-дікі-нен; ә) сөз таптары түр жағынан басқа тілдердегі сондай типтерді негізінен қайталағанмен, олардан езге шылаулар (предлогтардың орнына) тобының бар екенімен ерекшеленеді. Шылаулар грамматикалық қызметі мен мәні жағынан индоевропа тілдеріндегі предлогтарға ұқсас болғанмен, қолданылу ыңғайы жағынан олардан мүлде өзгеше. Жалпы, жалғамалы тілдёрде сөздердің орналасу тәртібіне сәйкес шылаулар да өздері қатысты сөздерден кейін келеді. Ал басқа тілдердегі предлогтар болса, өздері қатысты сөздің алдында айтылады. Сонымен бірге, роман-герман тілдерінде кең қолданылатын артикльдер жүйесі түркі тілдерінде жоқ. Олардың (артикльдердің) мәні көбіне сөз не грамматикалық форма 8
арқылы беріледі. Басқа тілдерден ерекшелейтін тағы бір белгі — жіктеу есімдіктерімен сілтеу есімдіктерінің этимологиялық байланысы: мен — бұл, сен — ол т. б. Басқа тілдермен салыстырғанда, бұл түркі тілдерінде етістіктің функциялық түрлерін жасайтын аффикстер әлдеқайда мол да көп түрлі; б) грамматикалық категориялар жүйесінде мына тәрізді ерекшеліктер бар: 1) индоевропа тілдерінде зат есімдер жанды және жансыз құбылыстарды білдіруіне қарай грамматикалық категорияларға жіктелсе, түркі тілдерінде адамды және басқа заттар мен құбылыстарды білдіруіне қарай жіктеледі. Грамматикалық род категориясы жоқ; 2) тәуелдік жалғаулар және тәуелдікті білдіретін конс^рукциялар жүйесі бар. Грамматикалық категориялардың бұл түрлері басқа тілдердегі «быть» етістігімен келетін конструкциялардың мәні мен қызметін атқарады; 3) абстракт көптік мәннің жекелік тұлға арқылы берілуі, ал көптік жалғаудың бір шама нақты мәнді білдіруі; 4) көптік, жекелік тұлғалардағы сөздерге жалғаулардың өзгеріссіз, бірыңғай жалғануы; 5) тәуелдік септеудің бар екені; 6) атау тұлғаның көп мәнділігі; 7) шығыс септікті конструкциялардың салыстырмалы шырай мәнін беретіндігі. III. Лексикалық қор бойынша: а) байырғы лексика нақты ұғыммен байланысты болып келеді де, интеллектуалды лексика, абстракты және мәдени ұғымды білдіретін сөздер көбіне басқа тілдерден көне, жаңа дәуірлерде ауысқан болып отырады; ә) байырғы лексика көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді; б) мән-мағына тұрғысынан жіктелген сингармониялық параллельдер бар; в) синкретизмнің (түбірлердің, негіздердің) іздері бар. IV. Синтаксистік құрылыс бойынша: а) сөздер арасындағы синтаксистік қатынас көбіне олардың орналасу тәртібі арқылы беріледі. Синтетикалық тәсілдер арқылы синтаксистік қатынастардың берілу аумағы орын тәртібіне қарағанда әлдеқайда тар; ә) сөз тіркесі құрамында болсын бағынышты мүшелер бірінші, алдыңғы орында тұрады: анықтауыш анықталушының алдында, толықтауыш пен пысықтауыш баяндауыштың алдында, сол сияқты бастауыш баяндауыштың алдында келеді; б) сын есіммен, сан есімдер анықтауыш қызметінде зат есім анықталушымен ешбір қосымшасыз қабыса байланысады (алтын қасық, темір күрек, ағаш үстел); г) сұрау мәнді сөйлемдер сұраулық шылаулармен айтылады; ғ) толықтауышқа логикалық екпін түсіру үдііін оны табыс септіктің ашық түрінде айтыи, 9
сөйлемнің басқы шетіне шығарады; д) халық тілдерінде түсіндірмелі (сСгносительное) есімдіктер жоқ, сондықтан олар арқылы қалыптасатын сабақтас я саласас түсіндірмелі сөйлемдер де жоқ. Әдеби тілде (жазба тілде) ондай сөйлемдердің орнына сөйлемге ұқсас конструкциялар — сөз тіркестері қолданылады. Түркі тілдерінің сөздеріне ғана тән, оларды басқа тілдерден ерекшелейтін өзгешеліктер, түркологиялық зерттеу қорытындыларына қарағанда осылар. 1. Фонетикалық зерттеу объектісі — сөйлеу тілі. Сөйлеу тілі деп дыбыстар жүйесі мен ырғақ — дыбысталу әуенінің (екпін, тон, пауза) бірлігі айтылады. Сөйтіп, фонетика тілдің дыбыстар жүйесі мен ырғақ — дыбысталу сипатын бірге қарастыратын болады. Ескертетін бір жағдай: дыбыс пен ырғақ — дыбысталу әуені физикалық құбылыстар, яғни физика ғылымы қарастыратын құбылыстар. Демек, дыбыс пен ырғақ — дыбысталу жүйесінің физикалық қасиеттері лингвистика ғылымының объектісі бола алмайды. Аталып отырған құбылыстардың фунқциялық қызметі, яғни дыбыстар жүйесі мен ырғақ — дыбысталу әуенінің дыбыс комплекстерін мағыналық тұрғыдан бір-бірінен саралап, жіктеп, ажыратып тұратын қызметі ғана лингвистика ғылымының объектісі болады. Екінші сөзбен айтқанда, фонетика аталған құбылыстарды осы тұрғыдан ғана қарастырады. Сондықтан да тіл білімінде дыбыстық жүйені зерттеу таза фонетикалық тұрғыдан жүргізілмейді, Фонетикалық зерттеулер фонологиялық мақсаттарға бағындырылады, оған фонологиялық сипат беріледі. Зерттеудің фонологиялық бағыты тілдегі фонемаларды, фонемалар жүйесін анықтауды мақсат тұтады. Бұл үшін зерттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Жиі қолданылатын әдіс — оппозиция әдісі. Бұл әдіс бойынша бірбірінен мағыналық айырмашылығы бірен-саран дыбыс өзгешелігіне негізделген сөздер зерттеу объектісі ретінде алынады. Зерттеудің екінші бір әдісі коммутация әдісі деп аталады. Коммутация әдісі бойынша объекті ретінде алынған сөз құрамындағы бір дыбыс басқа дыбыспен ауыстырылады да, оның сөз мағынасына әсері зерттеледі. Сонымен қатар, фонетикалық зерттеулерде дистрибуциялық талдау әдісі де қолданылады. Алайда, соңғы кезеңдерде фонологиялық зерттеулерде жеке бір ғана әдісті қолданудың бір жақтылығы жайында көп айтылып жүр. Зерттеушілердің көпшілігі аталған әдістерді қатар қолданудың жемісті болатындығын дәлелдеп отыр. Фонетикалық зерттеулердің мақсат-нәтижелері әр түрлі 10
болуы мүмкін. Фонетикалық зерттеу бір ғана тілдің фонологиялық жүйесін айқындауды мақсат етуі, немесе бірбіріне жақьін бірнеше тілдің фонологиялық жүйелерін зерттеп, оларға ортақ белгілерді айқындауы мүмкін. Ал ортақ белгілер тілдердің өте көне дәуірінің көрінісі болуы ықтимал. Кейде фонологиялық зерттеулер жеке дыбыстың (фонеманың) даму жолдарын айқындауды мақсат етсе, кейде фонологиялық жүйеде болған өзгерістерді бёлгілейді. Соңғы зерттеулердің нәтижесінде диахрондық фонология, яғни тіддің тарихи фонологиясы келіп шығады. Салыстырмалы фонетикалық дыбыстық жүйені зерттеудің жоғарыда көрсетілген екі түрлі мақсатын біріктіреді. Оған себеп: туыс тілдердің фонетикалық жүйесін салыстырған кезде олардың ұқсас, бір-біріне тең құбылыстарын (бұлар, әрине, көп) анықтап қана қоймай, ненің салдарынан пайда болған дейтін сұраққа да жауап береді. '~2. Салыстырмалы грамматика, оның бір саласы салыс тырмалы фонетика салыстыру әдісін тіддердің ареалдық шектелісімен толықтыруды қажет етеді. Салыстыру әдісін қолдану зерттелетін тілдердің генетикалық туыстығыь мойындаудан келіп туады. Белгілі бір тілдер тобының бір ғана негізден немесе бір-біріне жақын негіздерден тарағандығын дайындау арқылы оларды өзара салыстыра зерттеудің объективтілігі келіп шығады. Бір-біріне жақын, туыс дегі танылған тілдерді арелдық әдіспен зерттеу мұндай тілдердің қалыптасу, даму барысында өзара әсері болатындығын мойындаудан келіп шығады. Түркі тобына жататын тілдердің бір-бірімен жақындық дәрежесі әр түрлі: бір тіл мен екінші тілдің бір-біріне жақындығы, ұқсастығы үшінші бір түркі тілімен салыстырғанда айқындалады. Өйткені, алдыңғы екі тілдің бір-бірінен жіктелуі, үшінші тілмен салыстырғанда кейін болған құбылыс. Айталық, қазақ тілі мен қарақалпақ тілі өзбек тілімен салыстырғанда бірбірімен ұқсас, жақын. Өйткені, олар қыпшақтық негізден тарағандар. Ареалдық әдіс жақын туыстықтың негізінде қалыптасқан ұқсастықтарды емес, көрші орналасу нәтижесінде пайда болған ұқсастықтарды зерттейді. Мысалы, Орта Азияда орналасқан түркі тілдерінің бір-біріне ықпалын зерттеу — ареалдық әдістің міндеті. Орналасу ретіне қарай ареалдық лингвистикаға бір-біріне өте жақын тілдермен қатар, бір-бірінен біршама алыс тілдер де зерттеу объектісі болады. Орта Азиядағы түркі тілдерінің бірбіріне жақындық, ұқсастық дәрежесі әр түрлі: қазақ, қарақалпақ тілдері бір-біріне өте жақын болса, өзбек, түрік11
мен тілдері біршама алыс. Бірақ замандар бойы шектес территорияда өмір сүру жиі араласуды қажет етті. Сондықтан аталған тілдердің қазақ тіліне ықпалы, айталық, қыпшақ тобындағы башқұрт тіліне қарағанда көбірек болдЫ. Соның салдарынан олардың құрамында ұқсас белгілердің қалыптасуына алып келді. Салыстырма зерттеуде ареалдық әдісті қолданудың қажеттігі осындай жайлармен айқындалады. 3. Дыбыстар жиынтығы сөз құрайды, алайда, оның дыбыстық құрамы берілетін ұғымның (зат, құбылыс, қимыл атауы т. б.) ерекшелігімен тікелей байланысты емес. Екінші сөзбең айтсақ, қүм сөзінің осылай дыбысталуы құмның құрылымдық ерекшелігімен байланысты емес. Сондықтан ол әр тілде әр түрлі аталады. Ұғым, зат ерекшелігі оларды белгілейтін сөздердің дыбыстық құрамымен байланысты еместігінің тағы бір дәлелі — ұқсас дыбысты жиынтықтардан тұратын сөздер бір тілдің өзінде әр түрлі ұғымдарды білдіреді. Мысалы, қазақ тілінде тай сөзі бір-біріне байланысы жоқ ұғымдарды білдіреді. Алайда, дыбыс жиынтығынан тұратын сөз бен оның мағынасының арасындағы осы ерекшелікті ескерсек, бір-біріне ұқсас сөздер мен формалардың бірнеше тілде кездесетіндігін және олардың тұрақтылығын қалай түсіндіруге болар еді? Тілдің бір-біріне ықпал етуі, араласып отырғаны белгілі. Сондай қатынастардың нәтижесінде, бірі екіншісіне тең, дыбыстық құрамы жағынан ғана емес, мағыналас болып келетін элементтер пайда болып отырады. Мұндай құбылыс қай тілдің болеын тарихында кездеседі. Дегенмен, бір тілден екінші тілге сөз ауысудың да шегі болады. Халықтың өмір сүру, тіршілік ету ерекшелігімен тікелей байланысы жоқ сөздердің бірнеше тілде ұқсас дыбысталып, ұқсас мағына білдіруі бір тілден екінші тілге сөз ауысудың нәтижесі ретінде қаралмайды. Айталық, есептік сан есімдердің бірдей (немесе ұқсас) дыбысталуы, астрономиялық атаулардың, әлде- барлық халықтардың өмір тіршілігінде кездесетін құбылыстардың бірдей не ұқсас аталуы бір тілден екінші тілге сөз ауысудың, тілдер араласуының нәтижесі бола алмайды. Сондай ұқсастықтардың бірнеше тілде кейде тіпті территориялық шектестігі жоқ (мысалы, қазақ, әзірбайжан) тілдерде ұшырасуы олардың ортақ негізден тарағандығын дәлелдесе керек. Сондай ауысудың нәтижесі деп қарауға келмейтін тілдік элементтердің қатарына септік жалғауларын, фонологиялық жүйені жатқызуға болады. 4. Әлеуметтік-экономикалық т. б. тарихи тіршілік 12
ерекшеліктеріне байланысты қазіргі түркі халықтарының қай-қайсысы да тарихи-этногенездік тұрғыдан әр түрлі диалектілерде сөйлеген тайпалардан құралған. Әр түрлі диалектілерде сөйлеген тайпа тілдері негізінде қалыптасқан тілдердің құрамында диалектілік айырмашылықтар болады. Мұндай тілдер тарихи даму барысында бір-біріне әсер етеді. Соңғы процестер тілдердің жеке топтарының ішінде қалыптасқан нормадан ауытқушылықтардың (аномалия) шығуына алып келеді. Түркі тілдерінің ішінде басқа тілдермен бірнеше қабат араласудың нәтижесінде қалыптасқан тіл — чуваш тілі. Чуваш тілінде басқа түркі тілдері арасында болатын дыбыс сәйкестіктері жүйелі түрде кездеспейді. Чуваш тілінің сөздік қорының бір-біріне мүлде ұқсамайтын көп қабаттылығы оның әр кезде әр түрлі тілдермен қарым-қатынасқа түскендігін көрсетеді. Чуваш тілінің фонетикалық жүйесін зерттеушілер оның вокализмінің құрамында Еділ бойындағы түркі тілдеріне ортақ болып келетін ерекшеліктермен қатар, ол тілдерден өзгеше таза чуваштық «ізді» де, сондай-ақ әр қилы фонетикалық қоршаудың нәтижесінде қалыптасқан өзгерістерді және кейінгі замандарда ауысқан сөздер құрамындағы өзгерістерді ажыратады. Чуваш тілінің Еділ бойындағы тілдермен ортақ болып келетін ерекшеліктерінің қатарына а дыбысының еріндік ыңғайдаайтылуы,о>у,б>ұ (ү) ауысулары,а дыбысыныңәбден қысаңдап і-ге айналуы, редукцияланған, у, ұ, і (ы) і дыбыс қатарларының қалыптасуы жатады. Ал, чуваш тілін Еділ бойындағы басқа түркі тілдерінен ерекшелейтін «таза чуваштық» белгілер қатарына сөздің басқа шеніндегі этимологиялық дауыстылардың орнына дауыстылар мен дауыссыздардың тіркесіп айтылуы жатады. Езулік дауыстылардың орнына й-мен келетін тіркестері, еріндік дауыстылардың орнына в (у)-мен келетін дыбыс тіркестері (дифтонгтар) айтылады. Соңғы түрі (в-мен келген) байырғы сөздер құрамында барлық уақытта сақталады. Егер бұл заңдылық сақталмаса, ондай сөз соңғы кездерде басқа тілдерден ауысқан деп қаралады. Чуваш вокализмінің үшінші бір ерекшелігі — айрықша комбинаторлық-позициялық өзгерістердің нәтижесінде сөз ортасында дауыстылардың «қысқарып» қысаңдауы: віл—«умирать» (<бл), вёләр—«убивать»); (екінші) буынды қысаң дауысты әбден қысқарып редукцияланады, піс—«вариться» « п ы ш ) , пез эр —«варить», шыв —«вода» « с у ғ ) шавар — «орошать». 13
Чуваш вокализмінің енді бір ерекшеліктері соңғы замандарда көбінесе татар тілінен ауысқан сөздердің құрамында кездесуі. Олар: сөздің бас шеніндегі әдеттегі д (тіс аралық қатаң дыбыс) орнына й айтылуы: jjiypae «ленивый», jaHaui «ошибка», іамжак «мягкий» в протезасының айтылмауы: Spy «род, племя», уға «лук», удй «сено», урам «улица», утрав «остров», уга «позумент», ш дыбысының л-ға айналмай айтылуы: кёрёш «бороться», jpaui «рожь», т&рЗш «стараться», хЗмЗш «камыш», адаш «тезка», хуш «добавлять», адаш —«заблудиться», булаш «помогать», тужёк «перина»; сөздің басында ч сақтауы, ал сөз соңындағы ч-ның ш-ға айналуы: чуп «бежать^, qejeK «цветок», чЗм «нырять», аш «внутренность», айтылуы тиіс орындарында ротацизмнің айтылмауы: кам&с «кумыс», тігес «ровный», кус «глаз», тус «терпеть», пус «миткаль», тйгМс «тесный», тузан «пыль», пас «портить», азав «клык», Ззат «провожать». Белгілі дәрежеде аралас тілдер қатарына татар, ұйғыр, өзбек тілдері де жатады (мыс, сөз басындағы j , j дыбыстарының айтылуы). Бірақ бұлардың араластығы сыртқы тілдердің (әсердің) нәтижесі емес, диалектілердің өзара қатынасының нәтижесі. Түркі тілдерінде сөз басында қатаң, ұяң дауыссыздардың алмасуы да диалектілік қарым-қатынастың әсері болса керек. Соңғы мың жарым жыл бойында түркі халықтары басқа халықтармен жиі қарым-қатынасқа түсіп, өте көлемді территорияға жайылды. Түркі тектес емес халықтармен қатынастың барысында олардың сөйлеу тілі ассимиляцияланып, түркілік сыпат алды. Алайда, сонымен бірге түркі тілдері «жеңілген» тілдердің ықпалынсыз қалған жоқ. «Жеңілген» тілдердің жеке әсерлері диалектілік айырмашылықтар түрінде жайылып кетті. Кейде олар жалпы түркілік сипаттың кейбір көріністері тәрізді ұғынылды. 5. Әр қилы жүйедегі тілдерді зерттеушілер үнді-европа тілдеріне қарағанда түркі тілдері бір-бірінен соншалық алшақ еместігін атап көрсетеді. Олай болатыны — түркі тілдерінің бір-бірімен қоян-қолтық жақын қоныстас болуы біздің заманымыздан соншалық алшақ жатқан жоқ. Орталық Азияның түрқі тайпаларынЫң ортақ отаны болған дәуір біздің заманымыздың алғашқы 7—8 ғасырларына қатысты екені белгілі. Үзақ уақыт қоян-қолтық қоныстас болу олардың тілдерінің жақындасуына жағдай жасады. Сөйтіп, территориялық жағынан бірыңғай орналасу жеке тілдер құрамында тілдік ерекшеліктердің бірыңғай қалыптасуына алып келеді. Тілдер құрамында бір негізден тарау 14
белгілермен қатар, қоныс бірыңғайлығынан туған ортақ белгілер немесе ареалдық ерекшеліктер қалыптаса бастады. Түркі тілдіері ішінде территориялық белгілері жағынан бірыңғай болып келетін Бділ бойы Ортаазиялық ареалдарды ажыратуға болар еді. Еділ бойындағы татар, башқұрт және чуваш тілдеріне ортақ белгілер деп чуваш тілівде а-ның о(у)-ға ауысуым, а езулігшің татар, башқұрт тілдерінде лабиалдыққа айналуын, үшеуінде де редукцияланған дауыстылардың фонологиялық дәрежеге жетуін, қысаң ерін дауыстыларының чуваш тілі мен татар тілі диалектілерінде езулікке айналуын атауға болады. Осылардың әрқайсысы да көрші мари, пермь тілдерінде де байқалады. Сол сияқты шығу тектері бірыңғай емес өзбек, қазақ, ұйғыр, қьфғыз, қарақалпақ, түрікмең тілдеріндегі ортақ ерекшеліктер көбінесе қоныстас отырудың нәтижесі екендігі дәлелденіп отыр. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЖҮЙЕСІ
Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дауысты мен көп буынды сөздердің бірінші және келесі буыңдарындағы дауыстыларды бір-бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамыидағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес. Көп буынды сөздер құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингармонизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады. Оның үстіне фонемалар жүйесін анықтау үшін комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыстылар қарастырылуға тиіс. Ал комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады. В. В. Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф (бұлар қазіргі қарашай-балқар, қырғыз, құмық, түрік тілдерінде) бар деп қараған еді. Кейін әзірбайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9-ға жеткізеді (э). Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді. Кейін Б. Я. Владимирцов пен Н. М. Поппе монғол вокализмінің ерекшеліктеріне сүйеніп, түркі негіз тілінің (сондай-ақ. түркі-монғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мынадай фонемалар тән деп көрсетеді: іа/ чуваш тіліндегі 15
анлауттағы jy, якутта a/, a немесе S/ түркі a, чуваш, якут I/', ё /е — мен салыстырғанда біршама жабық, чуваш і/, Ш/ чуваш у, басқа дауыссыздың өзгеруіне байланысты/1. Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір туркі тіліндегі дауыстылармен сан жағынак сәйкес келмейді. Мұндай әр қилылық, бір жағынан, сол түркі тілінің негізін салған ру-тайпа тілдерімен ұштасып жатса, екінші жағынан, олардың әрқайсысының тарихи дамуының да жемісі. Түркі тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына тәрізді болып келеді: әзірбайжан тілінде—9, башқұрт—11, қарақалпақ—8, қырғыз—8, татар —11, түрік —8, түрікмен —9, өзбек —6, ұйғыр — 8, чуваш—9, якут—8, алтай—8, ноғай—11, тува — 8, шор — 8 т. б. Қазақ тіліндегі дауыстылардың саны әр түрлі көрсетіліп отыр. Бірсыпыра оқулықтар мен зерттеулерде 9 дауысты фонема бар дейтін тұжырым айтылады. Қазақ тілінде 12 дауысты фонема бар деушілер дифтонгоид дауыстылар немесе аса қысаң дауыстылар дейтін топты көрсетеді де, оған бу, ки/ киім ки тэрізді сөздер құрамындағы дыбыстар тіркестерін жатқызады. Дұрысында бұлар жалаң дауысты дыбыстар емес, қысаң дауыстылар мен дауыссыздардың қосындысы, тіркесі. Олай болса, қазақ тілінде 9 дауысты дыбыс бар дейтін көзқарас шындыққа сай. Дауысты дыбыстардың санын, сол сияқты сапасы мен ерекшеліктерін анықтау үшін оларды фонетикада қалыптасқан принциптер бойынша топтарға жіктеу қажет. Сонда ғана дыбыстардың жалпы түркілік ортақ қасиеттерімен қатар түркі тілдерінің жеке түрлеріне ғана тән өзгешеліктері айқындалады. Дауысты дыбыстар жасалу орындарына қарай, дыбысталуына, еріннің қатысуына қарай және дыбысталу процесінде тілдің көтерілу дәрежесіне қарай жіктеледі. ЖУАН-ЖІҢІШКЕЛІК ДАУЫСТЫЛАР
Бірінші принцип бойынша дауыстылар жуан-жіңішке топтарға бөлінеді. «Жуан-жіңішке»— қазақ тіл білімінде қолданылатын термин. Тіл жайлы әдебиеттерде жіңішке дауыстыларды палаталь дауыстылары немесе тіл алды, таңдай (передние, небные) дауыстылары деп атайды да, жуан дауыстыларды — веляр немесе тіл арты дауыстылары деп атайды. Жіңішке дауыстылар ауыз қуысының алдыңғы 16
бөлігінде, жуан дауыстылар ауыз қуысының артқы бөлігінде жаса^ады. Осыған сәйкес бүкіл түркі тілдеріне ортақ дауыстылардың мынадай екі тобы жіктеліп шығады: жуан дауыстылар — а, о, у, 1; жіңішке дауыстылар — а, 6, з, у, I, ә. Бұл жүйе тек өзбек тілінде ғана түгел емес: а, э, о, у, у, і. Өзбек тілінде дауыстылардың жуан-жіңішкелік жүйесі сақталмайды, яғни дауыстылар ондай топтарға жіктелмейді. Өзбек тілінің бұл ерекщелігі иран тілдерінің әсерімен байланыстырылып жүр. Иран тілдерінің әсері өзбек тілінің негізін салушы тайпа тілдеріндегі дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке жұптарын ажыратпайтын кейбір ауытқулардың фонологиялық сипат алып орнығуына түрткі болса керек2. Соның салдарынан қазіргі өзбек әдеби тілінің құрамывда басқа түркі тілдеріндегі ы — і, (-І), у — ү, о — ө дауысты жұптарының орнына үш дауысты и, у, у ғана айтылады. Яғни өзбек тілінде дауысты дыбыстардың саны азайды да, олар өз ішінде, басқа түркі тілдеріндегідей, жуан-жіңішке жұптарға-жіктеле алмайтын дәрежеге жетті. Алайда, өзбек сөйлеу тілі әдеби тілдің бұл ерекшелігін сақтай бермейді. Өзбек тілінің қыпшақ тілі диалектісінде дауыстылардың саны 8 және олар жуан-жіңішке болып 4 жұпқа жіктеледі. Дауыстылардың жуан-жіңішке топтарға жіктелуі толық сақталмайтын тілдің бірі -7- ұйғыр тілі. Дауыстылардың жуан-жіңішке түрлері барлық түркі тілдерінде бірдей болып келмейді. I Дауыстысы қазақ, татар, башқұрт, чуваш, ноғай, хакас тілдерінде ғана фонемалық мәнде қолданылады да, басқа тілдерде фонемалық мәні жоқий (и) дыбысының (сирек сөзінің құрамындағы — и-ге жақын) варианты есебінде ғана айтылады. Ә дауыстысы тек қана татар, башқурт, әзірбайжан, түрікмен, ұйғыр, қазақ тілдерінде, өзбек тілінің сингармониялық говорларында айтылып, фонемалық мән береді. Дегенмен, осы аталған тілдерде де бұл дауыстының айтылуы әр түрлі болып келеді. Айталық, татар, башқұрт тілдерінде ә ауыз қуысының ашылуымен дыбысталады да, сапалық жағынан орыс тіліндегі а-ға жақындайды. Әзірбайжан, ұйғыр, татар, башқұрт тілдерінДе ә түбір ішінде де, қосымшалар құрамында да айтылады, ал қазақ тілінде тек қана бірінші буында айтылады. Қолданылу жиілігі тұрғысынан әзірбайжан, ұйғыр тілдері алдыңғы орында, одан кейін татар, башқұрт тілдері тұрады. Ең сирек айтатын тілдер — қазақ, түрікмен тілдері. Әзірбайжанда: әл (қол), әр (ер — мужчина), мән (мен), сән (сен), кәс (кес); башқұртта: әтес (әтеш), сәғэт (сағат), 17
тәмәкә (темекі), кәрәк (нужно); татарда: этәч (әтеш), сәғэт (сағат), тәмәкә (темекі), тәгәрмәч (дөңгелек); ұйғырда: кәл (кел), кәт (кет), бәр (бер), кәң (кең), тэрэп (тарап); түрікменде: кәтмен (кетпен), дәри(дәрі), кәсе (кесе), дәне (дән). Әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі ә көбінесе көне түркілік е (8) дыбысының орнына айтылады: көне түркі: мен, сен, кес, кел, тер, әзірбайжан, ұйғыр: мән, сэн, кәл, тәр т. б. Сондай-ақ бұл тілдерде ә араб, парсы тілдерінен енген сөздердің құрамында айтылады: мәктәп, шәһәр, дәрәх, кәмбағал — ұйғырша; мәктәб, шәрг (шарқ, шығыс), пәрәкәт (қарекет, әрекет)— әзірбайжанда. Аффикстер құрамында ә бұл тіддерде жуан — а-мен қатар айтылады: -лар, -ләр, -дан, -дәл (ұйғырда — де-дын), -да, -де. Үйғыр тілінде бұл айтылғандардан басқа ә дыбысының қолданылуының мына сияқты ерекшеліктері бар. Құрамында ә дыбысы бар сөздерге кейбір аффикстер жалғанғанда, бір буынды сөз құрамындағы о дыбысы е-ге айналады да, ал көп буынды сөздің соңғы буынындағы ә дыбысы и-ге айналады, бәл — бәлким, бел-иң, бел-и; қәләм — қэл-имим, қэл-им-иң. Татар, башқұрт тілдеріндегі ә дауыстысы: 1. Басқа тілдердегі а дыбысының орнына айтылады — бәйлэ (бағла) (байла), әйлән (айнал, айлан), әйт (айт), жәй (йәй, жай, йай, жая) т. б. 2. Орыс тілінен енген және сол арқылы келген байырғы сөздер құрамында a, o (айтылуы а) дыбыстарының орңына — кәрзинке, шәл (шаль), кәрлә (карлик), биварә (ведро) т. б. 3. Араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында (әзірбайжан, ұйғыр тілдеріндегі тәрізді) айтылады, сэлам, сәләм, қәләм, әгәр (егер), мэгәр (бірақ, дёгенмен) т. б. Дауыстылардың жуан-жіңішке болып жіктелуі, көне ескерткіштер фактілеріне қарағанда, көне түркі тіліне де жат болмаған. Алайда, ол тілде жуан-жіңішке нұсқаларға жіктелу дәрежесі барлық дауысты фонемаларда бір дәрежеде болмаса керек. Көне түркі ескерткііігіерінің фактілеріне жүгінсек, а/8, о/6, у/ұ (немесе ү) жіктелуі фонологиялық жағынан тұрақты болып келеді де, і/і жіктелуі қатаң сақтала бермеген. Тәуелдіктің III жағының жалғауы мен тәуелдеулі табыс жалғауы сөз негізінің сапасы қандай болса да жіңішке жалғанған. В. В. Радлов осы ерекшелік жайлы айта келіп, мынадай мысалдар келтіреді: қағані, қызі, сачі, субі, қағані, қызін, сачін, субін. Осы сияқты ауытқулар басқа формалардың да жалғануынан байқалады. Бұл фактілер сөздің соңғы буындарында і/і 18
жіктелуінің сақталғандығын дәлелдемейтіні айқын. Қазіргі туркі тілдерінде дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне негізделген сөздер бар. Дауыстылардың жуан-жіңішкелігіне негізделген вариантты сөздердің пайда болуы әсте жаңа дәуірлер жемісі болмаса керек. Ондай вариантты сөздер бір тілдің құрамында да, сондай-ақ бірнеше тілдер құрамында да кездесуі аталмыш құбылыстың түркі тілдерінің фонологиялық тұрғыдан, әсіресе дауысты фонемалардың жуанжіңішке варианттарға жіктеліп тұрақталмаған кезінің көрінісі болуы әбден ықтимал. Қазақ тіліндегі шай — шәй, жай — жәй, Тыйын — тійін сөздері жуан-жіңішкелікке негізделген варианттар. Алайда, бұл келтірілгендер көне дәуірде қалыптасқандар емес, байырғы сөздерге ұқсастық (аналогия) жасаудан келіп шыққандар, яғни жаңа кезеңнің жемісі. Жуан-жіңішкелікке негізделген байырғы сөздер тілдің құрамындағы элементтердің саралану процестерінде жеке-жеке мәндерге ие болған: ақыраңдау — әкіреңдеу. Жуан-жіңішкелікке негізделген вариантты сөздер бірнеше тілдерді салыстыра қарағанда аса көп екендігі анықталады: тува — дыл, якут — тыл, қырғыз, ноғай, құмық, өзбек — тил, қазақ — тіл, татар, башқұрт — тел; якут, тува — ыт, қазақ, қырғыз, ноғай, құмық, өзбек, түрік, әзербайжан, түрікмен — ит; түрік —. йәшіл, басқа түркі тілдерінде йашыл — (жашыл, жасыл); қазақ — жас, қырғыз — йаш, башқұрт — иеш; қазақ — байланыс, башқұрт — бәйленіш; кДзақ — жабыстыр, татар — йабыштыр, башқұрт — йәбіштір; қазақ — өгүз, түрік — өкүз, якут — оғус; қазақ — сегіз, якуі — ағыс; қазақ — тыңца, татар, башқұрт — тыңла, түрік — дінле; қазақ, қарақалпақ — тық, түрік — дік (қазақ тілінде бұл сөздің ұяң варианты — тік басқа мағынада қалыптасқан), қазақ — байла, басқа тілдерде — бағла, татар — бәйлә т. б. Дауыстылардың жуан-жіңішке болып жіктелуіне негізделген вариантты сөздердің санын бұдан да ұлғайта беруге болады. Мұндай сөздердің қалыптасуы түркі тілдерінің көңе дәуірінде дауысты дыбыстардың осындай топтарының фонемалық мәнге ие болғандығын әсте дәлелдемейді. Фонемалық мәні жоқ, сөз мағынасын ажыратуға бейтарап дыбыстар ғана сапалық жағынан тұрақсыз болып келеді. Қазіргі түркі тілдеріндегі жуанжіңішкелікке негізделген вариантта сөздердің көпшілігінің жеке тілдер құрамында дербес мағынаға ие болуы соны дәлелдейді. Вариантты сөздердің дербее мән-мағынаға ие болуы көбінесе бір ғана тіл құрамына тән құбылыс. Ал бірнеше тілдер арасында олар дыбыстық айырмашы19
лықтарға негізделген варианттар дәрежесінде қала береді. Жеке тілдерде варианттардың дербес мәнге ие болуы бірден болған жоқ, тілдің тарихи даму барысында оның құрамындағы жіктелу (дифференциация) процесімен, әдеби тіл аясында стильдік салалардың саралануы, жаңа ұғымдарға атау беру процесімен байланысып жатады. Дербес мәнге ие болу арқылы бір ғана фонеманың көріністері болған дыбыстар фонемалық қызметке ие болып қалыптасады. Сондықтан қазіргі қазақ тіліндегі ырық, ірік, шаңқ, шіңқ сөздерінің құрамындағы дауыстылардың қайсысын да дербес фонема ретінде ұғынамыз. Жуан-жіңішкелікке негізделген вариантты сөздердің генезисі жайлы түркологияда әр түрлі көзқарастар айтылып келеді. Бір кезде В. В. Радлов вариантты сөздерде жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуы өте жиі болатындығын көрсете келіп, оны неміс тіліндегі умлаут құбылысымен еалыстырған еді. Оның ойынша, вариант сөздер құрамындағы мұндай құбылыс (жуандардың жіңішкеге ауысуы) соңғы буындағы жіңішке дауыстының алдыңғы буынға әсерінен туса керек. Ұйғыр тілін зерттеушілер вариант сөздер құрамындағы жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуын сөздің аңлаутында j дыбысы айтылған жағдайда ғана мүмкін екендігін атап көрсетеді. Үйғйр тілінің фактілері бұл тұжырымды жоққа шығармайтын тәрізді: йетиқ (жатқан), йерим (жарым), йезйігі (жазу, жазыс), йеңи (жаңа), йеқин (жақын). Ұйғыр, өзбек тілдерінде, әсіресе, жуан ы(і) дыбысы құрамында і дауыссызы бар сөздерде жүйелі түрде жіңішке і дауыстысына айналады. Осындай құбылыс, жүйелі түрде болмаса да, әзірбайжан тілінде кездеседі. Вариантты сөздердің қалыптасуы жайлы түркологияда басқа да пікірлер айтылды. М. А. Черкасский 1960 жылы жарияланған «Тюркский вокализм и сингармонизм» дейтін зерттеуінде вариантты сөздердің шығуы мен қалыптасуын түркі тілдері құрылысының даму ерекшеліктерінен іздейді. Оның ойынша, түркі тілдері де өз басынан полисинтетикалық күйді откізген. Тілдің полисинтетикалық құрылымы дауысты дыбыстардың сапалық тұрақсыздығын (себепсіз ауысуын) жоққа шығармайды. Сөздер комплексті тұтастықтарға бірігеді де, бүкіл комплекс сингармонизмге негізделеді. Түркі тілдерінің немесе бүкіл алтай тілдерінің тарихқа белгісіз өте көне дәуірінде жеке түбірлерден құралған комплекстің неғізінде морфологиялық тұлғалардың қалыптасуы әбден мүмкін. Бүгінгі түркі тілдері құрамын20
дағы бірсыпыра аффикстердің арғы негізі дербес сөздер болғандығы талас туғызбайды. Жеке сөздердің аффикске айналто комплекстер құрамында жүзеге асуы әбден мүмкін. Алайда, дербес түбірлердің комплекске бірігуі сингармонизмге непзделді ме — мәселе сонда. Қазіргі тілдің фактілері сөздердің комплекске бірігуі, сондай-ақ бүкіл комплекстің тұтастық белгісі — дауыстылар үндестігі болды дейтін тұжырымды дәлелдемейді. Бүкіл сөз құрамының дауыстылар сапасы тұрғысынан бірдейлікке түсуі, екінші сөзбен айтқанда, синғармонһзм жүйесіне бағынуы комплёкстің тұтастық ретінде ыдырап, оның компоненттері дербестік дәрежеден айырылған кезеңде ғана мүмкін болады. Сондықтан түбірлердің комплекске бірігуі сингармонизмге негізделе алмайды. АШЫҚ-ҢЫСАҢ ДАУЫСТЫЛАР
Барлық түркі тілдерінде дауыстылардың ашық, қысаң топтары қолданылады. Дауыстылардың ашық және қысаң сапалық топтарына жіктелуі ауыз қуысының ашылу дәрежесіне немесе дыбысталу процесінде тілдің көтерілуі дәрежесіне байланысты. Ашық дауыстылар ауыз қуысының барынша ашылуы арқылы, қысаң дауыстылар сәл ғана ашылуымен дыбысталады. Дегенмен, ауыз қуысының ашылу дәрежесі барлық ашық дауыстылардың дыбысталуында бірдей дәрежеде бола бермейді. Фонетика мамандары ауыз қуысының барынша ашылуы арқылы пайда болатын дауыстылар мен бір қалыпты ашылуынан пайда болатын ашық дауыстыларды ажыратады. Түркі тілдеріндегі дауыстыларды бұл принцип бойынша топтастырғанда, бір жағынан, сапалық тұрғыдан олардың біркелкі еместігін, екінші жағынан, сан жағынан әр түрлілігін көруге болады. Жалпы, туыс тілдер арасында дыбыстардың сапалық топтарының біркелкі болуы сирек кездесетін құбылыс. ДауыстылардЫң ашық, қысаң сапалық топтарының әр Қилылығын туркі тілдерінің жеке топтарының әр түрлі генезистің қалыптасып, дамуымен байланыстыруға келе бермейді. Айталық, қыпшақ тобына жататын тілдер құрамындағы дауыстылардың сапалық топтары бірдей емес. Сондай-ақ әзірбайжан тілінде ашық дауыстылардың саны — бесеу, қысаң дауыстылардың саны — төртеу болса, хақас тілінде 4 ашық дауысты, 5 қысаң дауысты айтылады. Башқұрт пен татар тілдерінде — 2 (кейде 3 деп те көрсетіледі) ашық дауысты, 8 түрлі жартылай қысаң, қысаң 21
дауыстылар айтылатын көрінеді. Бізбен көршілес қырғыз тілінде 4 ашық (және жартылай ашық) дауысты, 4 қысаң (және жартылай қысаң) дауысты болса, өзбек тілінде ашық дауыстының саны — 2, қысаң және жартылай қысаң дауыстының саны —4 болып келеді. Түркі тілдерінің қиыр шығысында жатқан якут (саха) тілінде 4 ашық (және жартылай ашық) дауысты, 4 қысаң дауысты бар. Ал онымен шектес шор тілінде нағыз ашық дауысты — 1 , жартылай ашық дауыстылар —3, қысаң дауыстылардың саны —4. Сонымен түркі тілдерінің арасында ашық-қысаң дауыстылардың саны бірдей болып келетін тілдер аз. Қазақ тіліндегі ашық, қысаң дауыстылардың саны -жоғарыда көрсетілгендердің ішінде тек қана әзірбайжан тілінде қайталанады. Жеке түркі тілдерінде ашық-қысаң дауыстылар сапалық жағынан бірдей емес. Бір тілде айқын ашық айтылатын дауысты екінші тілде сәл бәсең немесе керісінше болып отырады. Барлық тілдерде сапалық жағынан ұқсас дыбысталатын тіл арты жуан дауысты а. Ал басқа дауыстылар туралы осындай тұжырым жасауға әсте болмайды. Мысалы, о дауыстысы бір тілде айқын ашық дауысты болып айтылса, екінші бір тілде айқын ашық естілмейді, сәл бәсең айтылады т. б. Жеке тілдерге тән осындай ерекшеліктерді ескере келгенде, түркі тіддерінің бір тобында дауыстылар ашық және қысаң болып екі топқа бөлінсе, екінші бір тобында үш түрлі сапалық топқа: ашық, жартылай ашық, қысаң топтарға ажырайды. Кейбір түркі тілдерінде қысаң дауыстылардың өзі сапалық жағынан екі түрлі болып келеді; жартылай қысаң (яғни қысаң мен ашық дауыстылардың арасы) және айқын қысаң. Еділ бойы түркі тілдеріндегі қысаң дауыстылардың мұндай түрі басқа тілдерде қайталана қоймайды. Осы ерекшеліктердің барлығын ескере келгенде түркі тілдерін дауыстылардың сапалық түрлері ыңғайына қарай мынадай шағын топтарға шартты түрде жіктеуге болады: 1) Дауыстылар 2 топқа: ашық және қысаң болып жіктелетін тілдер: якут, алтай, тува, қырғыз, балқар тілдері. Бұл тілдерде де, жоғарыда айтылғандай, дауыстылар ашық, қысаң болып екі топқа жіктеледі: а, э (а), о, ё — ашық дауыстылар, ё, і, у, ү — қысаң дауыстылар. Бұл тілдердегі дауысты фонемалардың саны —8. 2. Дауыстылар үш топқа: ашық, жартылай ашық және қысаң немес ашьіқ, жартылай қысаң, қысаң болып жіктелетін тілдер: әзірбайжан, қарақалпақ, башқұрт, татар, чуваш, қазақ, хакас т. б. Бул тілдердегі ашық-қысаң (ашық; 22
жартылаи ашық, қысаң немесе ашық жартылай қысаң, қысаң) дауыстылардың саны 9, кейде 11 -ге дейін барады. Бұл топқа жататын тілдердегі дауыстылардың сапалық бөлінісін байқау үшін әзірбайжан тілі мен хақас тілдеріндегі дауыстыларының жіктелуі үлгісін келтіру орынды: езуліктер еріндіктер ашық — a a o o әзірбайжан: жартылай ашық э қысаң і і У У ашық а э о о хакас: жартылай қысаң Т қысаң і' і У У ^Сакас тілінде э дыбысы айқын ашық болып айтылса, әзірбайжан тілінде жартылай ашық түрінде айтылады. Оның есесіне хакас тілінде ашық а (қазақ тіліндегі ә) дыбысы жоқ. Сондай-ақ хакас тілінде әзірбайжан тіліндегі қысаңнан гөрі ашыққа жақын айтылатын дауыстылар қатары жоқ болса, әзірбайжан тілінде қысаңға жақын айты-. латын дауыстылар қатары жоқ. Сонымен, бұл тілдерде дауыстылардың жалпы саны бірдей болғанмен, олардың сапалық түрлері бірдей емес. Дауыстылардың ашық, қысаң топтарға жіктелуі түркі тілдерінің генезистік ерекшеліктерінің қатарына жата ма, әлде тілдердің тарихи даму барысында пайда болған ерекшелік пе? Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде кездесетін мынадай екі тұрлі құбылыстарды еске алу керек: біріншіден, қазіргі түркі тілдерінің қайсысында дауысты фонемалардың ашық, қысаң варианттары фонемалық қызмет атқарады. Бұл ерекшелік дауыстылардың ашық не қысаң айтылуы сөз мағынасына бейтарап еместігін көрсетумен бірге, оның жаңа, кейінгі даму барысында қалыптасқан құбылыс екендігін дәлелдейді. Екіншіден, қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да айырмашылығы ашық, қысаң дауыстыларға негізделген вариант сөздердің тобы қолданылады. Оларды вариантты сөздер деп атау басқа сөздерден ерекшелеу мақсатынан туған. Мағыналық дербестік тұрғысынан оларды вариантты деп қарауға келмейді. Қазақ тілінде бұл топқа мына сөздерді жатқызуға болар еді: арсылда — ырсылда, сатыр — сытыр, аңқылда — ыңқылда, маңқылда — міңкілде, жалтыл — жылтыл, тайа — тіре, шаңқыл — шіңкіл, тақыл — тықыл, жалпыл — желпіл т. б. Бұл келтірілген сөздердің 23
қайсысы да бір-бірінен мағынасы жағынан жіктелгендер. Ал, әдеби тіл мен диалектілер арасында осындай айырмашылыққа негізделген варианттар да кездеседі: ояу — ұяу, сөндіру — сүндіру, өткел — үткел, көңіл — күңіл, тұман — тыман, бұлақ — бцлақ, мұздау — мыздау, ұрлау — ырлау т. б. Соңғы мысалдарды барлай қарағанда, тек ашық дауыстылардың қысаңға айналуы ғана емес, сол сияқты дауыстының жартылай ашық дауыстығы (ояу — ұяу) айналуын, ал жартылай ашық дауыстының әбден қысқарып, шолақ қысаңға айналуын көруге болады: (булақ — былақ, сөндіру — сүндіру, көңіл — күңіл). Дауыстылардың осындай ауысуы барқа түркі тілдерінде де кездеседі. Н. А. Баскаков алтай тілінің Куманды диалектісінде о > у , ө > ү ауысуларының жиі кездесетіндігін айтады3. Ал, көне түркі ашық дауыстыларының қысаңдарға ауысуы башқұрт, татар тілдерінде заңды қалыптасып кеткендігі белгілі4. Ол тілдерде ашыққысаң сәйкестігіне негізделген паралель сөздер де мол кездеседі. Чуваш, якут тілдерінде басқа түркі тілдерінде сөз басында айтылатын ашық дауысты а дыбысының орнына қысаң ы дауыстысының айтылуы осы құбылыстың бір көрінісі. Бұл фактілердің барлығы дауыстылардың ашық-қысаң топтарға жіктелуі түркі тілдерінің генезистік зандылықтарының қатарына жататындығын дәлелдейді. Әрине, мерзім жағынан ашық-қысаң негізінде вариантты сөздердің жасалуы алғашқы құбылыс та, ашық-қысаң формасында қалыптасқан сөздердің дербес мәндерге ие болуы екінші дәрежелі құбылыс. Дауыстылардың жіктелуінің ашық және қысаң топтарға жіктелуі байырғы да, аралық топтардың — жартылай ашық, жартылай қысаң топтардың кейбір тілдерде қалыптасуы жеке тілдердің тарихи дамуының барысында орныққан. Тілдердің біразында, әсіресе оңтүстік-батыста орналасқан оғыз тобында жартылай ашық айтылатын э дыбысы орныққан. Бұл дыбыс,бір жағынан, ашық дауысты сәйкес те, екінші жағынан, аса қысаң і дыбысына сәйкес келеді. Әзірбайжан тіліндегі э түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде бірінші буында айтылған созылыңқы дауыстының қысқарып, қалыпқа түскен түрі, ал а дауыстысы — сол кезеңде қалыпты айтылған дауыстының қазіргі көрінісі. Оғыз тілдерінің бірі — түрікмен тілінде э дыбысы көне дәуірлерде қалыпты айтылған дауысты дыбыстың орнына қалыптасқан да, созылыңқы дауыстының орнын созылыңқы М, I дыбыстары басқан. Сондықтан әзірбайжан Зк, түрікм. эк (ек), әзірб. а\л. түрікм. эл (қол), әзірб. ала, түрікм. элэ 24
(еле), әзірб. бәш, түрікм. баш, якут біэс (6ecj3 — ji", якут сіэ (же), әзірб. дә, түрікм ді, якут діэ,— дэ (де), әзірб. гёт, түрікм гіт (кет) т. б. Татар, башқұрт, чуваш тілдерінде жоғарыда көрсетілгендей жартылай қысаң дауыстылардың қатары қалыптасқан: I, і, о, 6. Бұл құбылыс тек Еділ бойындағы тілдерге тән. Ол тілдерде (башқұрт, татар) жуан, ашық a дыбысынан басқа ашық дауыстылардың бәрі қысаңданып, қысаң дауыстылар, керісінше бір шама айтылатын дәрежеге жеткен. Бұл бір ғана аймаққа тән, басқа тілдермен жиі әрі ұзақ қатанастың негізінде қалыптасса керек. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерінде жартылай ашық э дауыстысымен қатар шығыс тілдерінен енген сөздер құрамында а дыбысы қалыптасқан. Сөйтіп, түркі тілдерінің көпшіліғінде екі варианттар тұратын фонема үш вариантты болып шыққан: a/ a/ э. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде дауыстылар мен дауыссыздар тіркесінен қысаң дифтонгоид дауыстылар қалыптасқан: ит (ійт), жи (жый), ти (тый), итер (ійтер) т. б. Алайда, бұларды дербес дауысты фонемалар деп санауға негіз жоқ. Өйткені, бұлар, жоғарыда айтылғандай, дауыстылар мен дауыссыздар тіркесінің айтылуда бірігуінің нәтижесі. Сонда дифтонгоид дыбыстың алғашқы сыңары (қысаң дауысты дыбыс) буын сапасын ғана айқындайды да, өзінен кейінгі дауыссыз сыңармен бірлікте айтылғанда ғана фонемалық мәнге ие болады. Түркі тілдерінің біразында ұшыраса қоймайтын бұл дыбыстардың бар ерекшелігі осында. Дегенмен, кейбір түркологиялық әдебиеттерде бұларды дауыстылардың принциптік төртінші тобы деп түсіндіру бар. Мұндай тұжырымның негізсіз екендігі, ең алдымен, дифтонгоидтарды құрайтын дауысты сыңарлардың өз алдына принциптік топ бола алмайтындығында жатыр. ЕЗУ, ЕРІН ДАУЫСТЫЛАРЫ
Дауыстыларды жіктеудің үшінші принципі — ерін қатысына қарай жіктеу. Дауыстыларды жіктеудің бұл принципі түркі тілдерінің барлығына бірдей тән құбылыс. Алайда, дауыстылардың еріндік пен езулікке жіктеу дәрежесі барлық түркі тілдерінде бірдей емес. Жалпы түркі тілдерін шолғанда, олардың кейбіріне ортақ болатын жіктелу мына құрамда келеді: езуліктер — а, а, Т, і, еріндіктер — о, б, у, ү. Барлық түркі тілдерінде ортақ деп қаралатын бұл жүйе бойынша әрбір езулік дауыстыға бір еріндік дауысты 25
сәйкес келеді. Алайда, түркі тілдерінде негіз болған осы жүйеден ауытқушылық кездесіп отырады. Ондай ауытқулардың негізгі түрлері мына тәріздес: өзбек, белгілі дәрежеде татар, башқурт тілдерінде езулік жуан а дауыстысы біршама айқын білінетін еріндік мәндермен айтылады. Өзбек тілінде еріндік мәндермен айтылудың күштілігі сондай, ол тілде айқын езулік болып айтылмайтын а және еріндік мәнермен айтылатын а сөз мағынасын ажыратады, яғни олар фонемалық мән алған. Ал, чуваш тілінде езулік жуан а дыбысының еріндік мәнермен айтылуы тілдің даму барысында оның жеке диалектілік топтарында еріндік о, у дыбыстарына айналуына жағдай жасаған. Мысалдар: қора (сын есім), қара (етістік), қази (етістік), қозақ (зат есім), таниш (таныс), тонмақ (тану, танбақ), танг (тар, іші тар), тонг (таң атты), там (дәм), том (үйдің төбесі, үй тап) топ етті (еліктеуіш), топмақ (табу, таппақ), қат (қабат, қат-қат), қотмоқ (қату, қатаю) сал (сәл, сәл-пәл), сол (сал, зат есім), солмақ (салу), санамақ (санау), сон (сан, дене мүшелері), сон (сан есім), алам (ауру, науқас, азап), олам (әлем), асл (асылы, негіз), осилмақ (асылу), аччақ (ашыған, ашып кеткен), очик (ашық) т. б. Бұлар өзбек тілінің өз құрамында а дыбысының еріндік мәнермен айтылуының фонемалық дәрежеге жеткендігін дәлелдейді. Басқа көптеген түркі тілдерінде айтылатын жуан езу дауысты өзбек тілінде жабық а немесе о түрінде айтылуы, жоғарғы фактілерді еске алмағанда, мыналардан көрінеді: қазақ, басқа тілдер ат, өзбек — от; қазақ, басқа тілдер — ата; өзбек — ота; қазақ, басқа тілдер — бала; өзбек — тош; қазақ, басқа тілдер — тамақ//тамғақ; өзбек — томақ; қазақ, басқа тілдер — қасық, қашық; өзбек — қошақ; қазақ, басқа тілдер — балта; өзбек — болта; қазақ, басқа тілдер — мал; өзбек — мол; қазақ, басқа тілдер — бас//баш; өзбек — боиц қазақ, басқа тілдер — бар//пар (етістік); өзбек — бор; қазақ, басқа тілдер — тарт//дәрт; өзбек — торт; қазақ, басқа тілдер — айақ//адақ//атақ; өзбек — сеқ (ойоқ) т. б. Алайда, түркі тілдерінің барлығына ортақ болып келетін бірсыпыра сөздер өзбек тілінде де а езулігімен айтылады: қара, айрим, сариқ, мақта (етістік) т. б. Сонымен қатар, өзбек тіліне орыс тілі арқылы енген сөздер құрамында a, o дыбыстары сол қалпында айтылады. Ал, қазақ тілінің түбір құрамындағы о өзбек тілінде у түрінде айтылады. Басқа тілдермен, әсіресе қазақ тілімен салыстырғанда, татар, башқұрт тілдерінде а жуанырақ қатаңдау естіледі. 26
Өйткені, ол тілдің артқы жағынан, көмейден шығады. Сондықтан басқа буын құрамындағы а татар, башқұрт тілдерінде дифтонг тәріздес оа түрінде естіледі. Тек соңғы буындар құрамында ғана таза а қазақ тіліндегідей естіледі. Алайда, бұл тілдердегі а дыбцсының еріндік мәнермен айтылуы фонемалық мән алмаған. Ал басқа түркі тілдеріңде бірінші буывда айтылатын о татар, башқұрт тілдерінде у түрінде естіледі: ул (ол), ул (он), йуқ (жоқ), уқ (оқ) т. б. Чуваш тілінде түркі сөздерінің құрамындағы a, y түрівде айтылады: ула (ала), улма (алма), сула (сал), пур (бар), утам (адым, қадам), хура (қара), сухал (сақал), туп (тап), чун (жан), сут (сот) т. б. Сонымен бірге, чуваш тілінің басқа диалектісінде о түрінде де айтылады, Чуваш тіліндегі бірсыпыра сөздер құрамында тува, якут тілдеріндегі сияқты жалпы түркілік а орнына қысаң ы айтылады: сыхла (сақта), хыта (қатты), пыл (бал, пал). Алайда а жуан дыбысының еріндік мәнер алуы, жоғарғы фактілерден байқалатындай, жалпы түркілік құбылыс емес. Сондықтан түркі негіз тілінде ондай ерекшелік болған немесе а (о) у тәрізді еріндік дыбыстардың сәйкестігі болған деп қарауға негіз жоқ. Зерттеушілердің біразы бұл құбылысты субстрат теориясымен, яғни белгілі бір тіл құрамындағы жеңілген тілдің қалдығы деп қарайды. Ал енді бір топ зерттеушілер оны тілдің ішкі даму заңдылығының ерекшелігі деп қарайды. Қазіргі түркі тілдерінен осы екі көзқарастың екеуін де дәлелдейтін фактілер табуға болады. Өзбек тіліндегі а-ның о-ға айналуын, сол сияқты чуваш тілінде а-ның у мен о еріндіктеріне айналу құбылысын ішкі заңдылықтың ерекшелігі деп қарауға жеткілікті дәлел жоқ. Бұл тілдердегі а езулігінің еріндік дыбыстарға айналуын олардың құрамына енген тайпа тілдерінің немесе тілдердің әсері деп қарауға негіз бар. Өзбек халқының құрамына тек қана түркі тайпалары емес, иран тектес халықтардың да орта ғасырларда сіңісіп кеткені тарихи шындық. Көшпелі түркілер Орта Азияның егін жайы мен қалаларын жаулап алумен қатар олардың тұрғындарын да ассимиляцияға ұшыратты. Қандай тіл болмасын, қолданудан шыққан уақытта да ол өз ізін қалдырады. Өзбек тілі құрамындағы әңгіме болған құбылыста да солай деп қарауға ңегіз бар сияқты. Чуваш тіліндегі құбылысты да осыған ұқсас деп қарау қолайлы. Сонымен қатар езуліктің еріндікке айналуы кейде фонетикалық қоршаудың нәтижесі, екінші сөзбен айтқанда, комбинаторлық өзгерістің бір түрі. Езулік дауыстымен көрші не бір тіркесте айтылатын дауыс27
сыздардың әсерінен алғашқының (езулік а дыбысының) еріндікке айналуы әзірбайжан, татар, башқұрт, ұйғыр, эпизодтық ыңғайда хакас, якут т. б. тілдерде кездеседі. Мысалы, татар зерттеушісі Л. Заляй Қазан татарлары қьора (қара) деп атайды, ал мишарлар (мишар диалектісінің өкілдері) қара деп таза езулік а арқылы сөйлейді деп жазады5. Сол сияқты, әзірбайжан диалектілерінде — бош, боба, бормасдован, това, попағ, ұйғыр тілінде — бовай, момай, хакас тілінде — обом, побом, якут тілінде — хотун, хомус, ордух6. Бұларды қазақ тілінде (сондай-ақ көпшілік түркі тілдерінде) бас, баба, бармақ, табан, таба,//тапа, папақ, бабай, мама, аң (басқа тілдерде ав, ау (ағам, папам, қатын, қамыс, артық) кейбір тілдерде артуқ) деп, езулік айқын а дыбысымен айтылатыны белгілі. Дауысты дыбыс еріндік немесе еріннің қатысуы арқылы жасалатын дауыссыздармен немесе кішкене тіл қатысымен жасалатын қатаң дауыссыздармен бір тіркесте келген. Сондай фонетикалық қоршаудың комбинаторлық өзгеріске себеп болуы әбден ықтимал. Оның үстіне түркі тілдерінің бірсыпырасында көрші еріндік дауыссыздың әсері мен қысаң езуліктер қысаң еріндіктерге айналу. құбылысы кездеседі: Қазақ: мін, тува: мун, тұрікмен: мүн, ұйғыр: мін//мүн, қазақ: шірі, әзірбайжан: чүрү, түрікмен: чүйре, ұйғыр: чірік (чүрүк), қазақ: жіп, түрікмен: йүй, қазақ: жібек, түрікмен: йүпәк т. б. Түркі тілдерінің біразында жоғарыда айтылғанға кері құбылыс (еріндіктердің езуліктерге айналуы) ұшырасады. Чуваш тілінде бұл, басқа тілдермен салыстырғанда, әлдеқайда жиі ұшырайды: мый (мойын), пелет (бұлт), петем (бүгін), кемел (күміс, күміш), тиле (түлкі, түлкү), тегі (.түп), тетем (бүтін, бүтүн), сер (жүз), кел (күл), телек (түс көру), сет (сүт), қан тырла (күндіз), виссо (үш, үч) т. б. Осындай құбылыс хакас; алтай, якут т. б. тілдерде де ұшырасады: алтай — дымыртқа (жұмыртқа) мына (мүны), аны (оны), тонақ (түмсық мүрын); хакас — пызо (бүзау), якут — чылты (жүлдыз), былыт (бұлт), сымыт (жұмыртқа) сырыт (жүру) т. б.
СОЗЫЛЫҢҚЫ ДАУЫСТЫЛАР
Дауысты дыбыстарды жіктеудің жоғарыда аталған принциптері, бүдан бүрын аталғандай, түркі тілдерінің барлығына дерлік тән құбылыстар. Сондықтан барлық тілдерге тән құбылыстардың жеке тілдердегі ауытқулары айырықша назар аударуды қажет етеді. Жеке тілдердегі бинарлық топтар арасындағы сәйкестіктің сақталуы бірде экстралингвистикалық себептерге байланысып жатса, бірде субстраттық ерекшеліктермен нёмесе тілдің ішкі заңдылығымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, дауыстылардың барлық түркі тілдеріне емес, жеке тілдерге ғана тән болып келетін сапалық топтары бар. Олар негізінен дыбыстардың жасалу процесінде дауыстың мөлшеріне негізделген. Сондықтан оларды дауысты дыбыстардың өлшемдік жіктелуі деп те қарауға болар еді. Сондай топтардың бірі — созылыңқы дауыстылар. Созылыңқы дауыстылардың жіктелуі әдеттегідей (нормалы) дыбысталатын дауыстылармен салыстыра қарағанда мүмкін екендігі белгілі. Соңғы топ (әдеттегідей дыбысталатындар) түркі тілдерінің барлығында бар. Ал, созылыңқы дауыстылар немесе дауысты дыбыстардың созылыңқы айтылуы барлық тілдерде емес, алтай, қырғыз, гагауз, түрікмен, тува, хакас, шор, якут тілдерінде ғана бар. Осы аталған тілдерде дауыстылардың созылыңқы немесе әдеттегідей дыбысталуы фонемалық дәрежеге жеткен. Сондықтан ол тілдердің фонетикалық жүйесі жайлы сөз болғанда, созылыңқы дауыстыларға тоқтамай кету мүмкін емес. Ең алдымен, түркі тілдерінің көне дәуірлеріне түркі негіз тілінде дауыстылардың созылыңқы дыбысталуы болған ба?— дейтін мәселеге тоқталу қажет. Түркологияда бұл мәселе туралы әр түрлі көзқарас айтылды. Зерттеушілердің бір тобы түркі негіз тілінде бар деп қараса, екіншілері созылыңқы дауыстылар жеке тілдердің даму процесінде қалыптасқан деп есептейді. Алайда, Орхон-Енисей ескерткіштерінде, одан кейінгі Махмуд Қашқаридің «Диуанында» созылыңқы дауыстылардың айрықша белгілермен белгіленуді, олардың кейін пайда болғанын дәлелдейді. Енисей жазбаларында а дауыстысынын таңбасы әдетте жазылмайды, бірақ созылыңқы а дыбысын білдіретін жағдайда түсірілмей жазылып отырады. Сондай-ақ Қашқари қалыпты дыбысталатын а-дан айрықіііа созылыңқы а дыбысын (қос әріп арқылы) белгілеген. Түркологияда созылыңқы дауыстылардың екі тобы жіктеліп айтылады: алғашқы немесе түркі негізі тілінен келе жатқан созылыңқылар, кейін 29
қалыптасқан созылыңқылар. Алғашқы созылыңқы дауыстылар қатарына якут, түрікмен тілдеріндегі созылыңқылар жатады да, басқа тілдердегі созылыңқылар кейін қалыптасқан екінші реттегілер деи қаралады. Түрікмен, якут тілдеріндегі созылыңқыларды «алғашқылар» деп танудың себебі мынадай: бұл тілдерде созылыңқы дауыстылармен айтылатын жалпы түркілік сөздер басқаларда әдеттегідей дыбысталатын дауыстылармен айтылады. Осы себептен оларды түркі негіз тілі дәуірінен қалған жүйе деп қарайды. Қосымша ескертетін бір жай — якут тілінде созылыңқылармен қатар басқа түркі тілдеріндегі әдеттегідей дауыстыларға, түрікмен тілінде созылыңқы дауыстыларға сай айтылатын үдемелі дифтонгілер (восходящий дифтонг) де бар. Сонымен алғашқы созылыңқылар тек якут, түрікмен тілдерінде сақталған да, басқа тілдерде дыбыстардың позициялық өзгерістерінің нәтижесінде пайда болған екінші реттегі созылыңқылар бар. Дегенмен, созылыңқыларды алғашқы, екінші реттегілер деп бөлу тарихи тұрғыдан ғана. Ал, тілдің бүгінгі жүйесі тұрғысынан былайша жіктеудің пәлендей принциптік мәні жоқ. Якут тілін зерттеушілердің байқауы бойынша, якут тілі созылыңқы дауыстыларды жиі айту жағынан да, саны жағынан да басқа түркі тілдерінен (созылыңқы дауыстьыар бар) ерекше. Якут тіліндегі созылыңқы дауыстылардың саны 8 (соншалық әдеттегідей дауыстылар бар), олар сапалық жағынан да, қолданылуы жағынан да түрікмен тіліндегі сондай дауыстыларға ұқсас. Якут тіліндегі созылыңқы дауыстылардың түрікмен тіліндегі сияқты, шығуы мен қалыптасуын белгілі бір позициялық өзгерістермен түсіндіру мүмкін емес. Якут тіліндегі созылыңқылардың жеке түрлері мен қолдану орындары мына сипатта болып отырады: созылыңқы а таас (тас), зат (ат)-> баар, аас, хаас (қас); созылыңқы у: уу (су), улуу (ұлы, үлкен), УРУУ (РУ. тұқым), уол (ұл), туора (тура, түзу); созылыңқы ы: қыыс (қыз, қыз бала), асыы (асуы), ыыт (ытыру, жіберу, жөнелту); созылыңқы и: қиир (кір, үйге кір), биил (бел), тиис (тіг), созылыңқы ү: түүн (түс, түс көру), үүт (сүт), түүр (түру, орау), түүн (түн); уо, ұо дифтонгілері: (ат), үос (от), күөл (көл), туал (тол, туға тол), түәс (төс), туора (тура), суол (жол), суох (жоқ), буол (бол), суон (жуан); иэ үдемелі дифтонгі: биэс (бес), биер (бер) т. б. Осымен байланысты якут тілінің үдемелі дифтонгілерінің мына ерекшелігін де айтып кету керек. 30
Якут тіліндегі үдемелі дифтонг басқа түркі тілдеріндегі (түрікмен т. б. тілдерінен басқа) дауысты — г (ғ) немесе қ (х), кейде ғ (г), немесе қ (к) мен дауысты дыбыс тіркестеріне, әлде үзілмелі дифтонгіге (исходящий дифтонг) сәйкес қолданылады. Қазақта ұл, басқа тілдерде — оғыл, ұғыл, якут — уол, қазақта — үйрен, басқа тілдерге өгрен, ойрен, якутта — үәрэн, қазақта — бауыр, басқа тілдерде — бағыр, якутта — быар т. б. Сөйтіп қазақ тілінде аса қысаң дауыстылар орнына якут тілінде үдемелі дифтонгілер айтылады. Ондай дифтонгілердің бірінші буын құрамайтын сыңары қысаң дауысты, екінші буын құрайтын сыңары ашық дауысты болып келеді: у-о, ү-е, ы-а т. б. Сонымен, якут тіліндегі үдемелі дифтонгілерді ғ, г дауыссыздарының дауыстылармен тіркесінің өзгеру ерекшеліктерімен байланыстыра қарауға мүмкін екендігін көруге болады. Якут тіліндегі созылыңКылар тек түбір сөздер құрамында ғана айтылып қоймайды, жеке морфологиялық формалар құрамында да айтылады. Мына морфемалар созылыңқы дауыстылармен дыбысталады: а) қимыл есім қосымшасы — ыы//ии, -уу//үү: кәл//кәлии (келу), тур, туру (тұру). Бұл қазақ тіліндегі — у формасының мәнін береді; ә) кәсіп иесін білдіретін қосымша — ааччы//-ээччи, -ооччу//-өөччу: суруй (жаз), суруйааччы (жазушы), бил (біл), билээччии (білгіш); б) чаан/чеен, чоон/чеен. Бұл тұлға қазақ тіліндегі кішірейту, еркелету мәнін беретін — -қан, -қай тәрізді қосымшалардың мәнін береді. Бүөтүр (Петр), Бүөтрчээн (Петенька); в) -лыын/-тыын/-дыын/ -ныын — құралдық мән беретін (қазақ тіліндегі көмектес септік) қосымша: хаас (қаз), хаастыын (қазбен); г) (-лаағар), (-таағар), (-дағаар), (-наағар)— салыстырмалы септік қосымшасы, яғни қазақ тіліндегі -дай/-дей қосымшасының қызметін атқарады: кустаағар (құстай, құстан артық (кем)) эпеттәәғер (аюдай, аюға қарағанда); ғ) -лаах//-таах//-даах//-наах. Кісілік иелікті білдіретін қосымша, яғни қазақ тіліндегі -лы қосымшалы кісі есімдерінің, кісіні білдіретін сөздердің мәнінде айтылады: ағалаах (әкелі), қыыстаах (қызды, қызы бар); д) -лаағы// таағы/-даағы қазақ тіліндегі — дағы аффиксінің орнына қолданылады: тыатаағы (тайгадағы) т. б. Түрікмен тіліндегі созылыңқы дауыстылар да сан жағынан да, сапа жағынан да якут тіліндегі созылыңқылармен орайласып жатады. Түрікмен тіліндегі созылыңқылар көп ретте дауыссыз дыбыстар ыңғайында бірдей дыбысталатын сөздерді мағыналық жағынан жіктеп тұратын айырым белгі 31
болып қолданылады. Олар Н. К. Дмитриевтің көрсетуінше, мына төмендегідей реттерде сөз мағынасын ажыратады: А-а: ақ (сын есім), ақ (етістік), аз (азу, азды, жолдан азды), аз (аз, сын есім), арт (арты, арқа, ту сырты); арт (етістік, жүк артты), ашық (ғашық), ашық (асық, зат есім), бар (бар, модаль сөз), бар (етістік), дат (тас) — даш (алыс, қашық, сырт), газ (қаз, зат есім), газ (етістік) т. б. О-о: е (ои) қ (жоқ) ёк (йоқ) (жұғынды), тоз (тозаң), тоз (тоз, етістік) т. б. Ө-ө: өлим (түйе сүтінің қаймағы), өлим (өлім, зат есім), сөк (ұрыс), сөк (бір нәрсені сөк), өт (зат есім, малдың өті), өт (өтістік, судан өт) т. б. И-и: бил (бел, зат есім), бил (етістік), иш (іс, зат есім); йш (етістік); Ы-ы: гыз (қыз, зат есім), ғыз (қыз, етістік), сыр (етістік, сыдыр, сыйыр), сыр (зат есім, біреудің сыры), сығыр (сықыр), сығыр (сиыр); У-у: уч (бір нәрсенің ұшы), -уч (етістік); бут (бұт, аяқ), бут (идол, тұтқа табыну), дул (кереге), дул (тұл қалау); ү (үй), ү: дүш (түс, түс көру), душ (түс, етістік), түйір (жина), дүр (Інжудүрді — кісі аты); Ә-ә: кәл (сай, шалшық), кел (оңбаған), эт (адымда — етістік), таңдай (зат есім), ет (істе — етістік, ет — зат есім), дәри (дәрі), дери (тері), чәк (шекара), чек (тарт, сүйре), т. б. Бұл келтірілген сөздердің барлығында дауыссыз дыбыстар бірдей де, айырмашылық олар білдіретін мағыналарда ғана. Ал мағыналық айырмашылық дауыстылардың айтылу мөлшерінен ғана белгіленген. Бұл жерде, сонымең дауыстылардың созылыңқы айтылуы фонетикалық қызметке ие болған. Соңғы дауысты дыбыс жайлы мынаны ескерту керек: түрікмен тіліндегі э дауысты е дыбысынан дыбысталу мөлшері жағынан ғана емес, сапасы мен жасалу жағынан да ерекше. Ә — созылыңқы, тіл алды, жіңішке дауысты дыбыс. Басқа созылыңқы дауыстылар сияқты мұнда әдеттегідей айтылатын вариант дыбыс жоқ. Сондықтан жоғарыда келтірілген ә-е параллельдерін сапасы, мағынасы жағынан да, жасалу орны жағынан әр түрлі дыбыс сәйкестіктеріне негізделген деп қарау керек. Жоғарыда айтылғандай бәрі түрікмен тіліндеғі созылыңқы дауыстылардың сөз мағынасын айырудың критерийі болатын орындары. Сонымен бірге, түрікмен тіліндегі созылыңқы дауыстылар әдеттегідей дыбысталатын дауыстылармен айтылатын сыңарлары жоқ түбірлер құрамында да айтылады. Мұндай созылыңқы дауыстылар, әрине, сөз мағынасын ажыратпайды: дағ, яйлағ (жайлау), дайы (нағашы), яғ (тай), ғаш (қас), ара (ара, екі нәрсенің арасы), 32
баба (ата) ; сЗры (саты), дор (торы, торы ат), оба (ауыш), долы (толы), бөрі (бөрі), гөк (көқ), әр (ер), бүз (мүз), гүч (күш), қын (қиын), тыйыз, тыз (тез), ис (иіс), нирә, нирәк (қайда), ир (ерте) т. б. Мұндай созылыңқылармен айтылған сөздердің қазіргі түрікмен тіліндегі қысқа дауыстымен айтылатыны жоқ. Сондықтан бұл сөздер құрамындағы созылыңқы дауыстылар мағынасын айырады деп қарауға дәлел жоқ. Түрікмен тіліндегі созылыңқы дауыстылар араб, парсы тілдерінен енген сөздер құрамында айтылады. Егер ол сөздер түпкі тілде созылыңқы дыбысталған болса, түрікмен тілінде сол қалпында дыбысталады: Ыхлас, халы (кілем), айна, миве (миуа, жемістер), хайван, жогапкәр (жауапкер), ят (жау жадында қалды), диван (сот), азап (азап, араб сөзі), хал (хал, хал-ақуал), хич (еш: парсы сөзі, еш болмаса), ахыр (ақыры, араб сөзі), ахыр (малға шөп салатын жер, парсы сөзі), бағ (бақ, парсы сөзі). Сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздер құрамындағы екпінді дауыстылар түрікмен тілінде созылыңқы айтылатын болып қалыптасқан: аптамабыл, апрыл, тилпун, чәйнек, завут, артыл (артель) т. б. Дегенмен, қазіргі түрікмен әдеби тілінде бұлайша дыбысталу бірте-бірте нормадан шығып бара жатыр. Түрікмен тілівде созылыңқы дауыстылар бірқатар морфологиялық формалардың жасалуына қатысады. Алайда, бұл реттегі созылыңқылар омонимдес формаларды бір-бірінен ажырататын белгі ретінде емес, қосымшалардың түбірге жалғануы арқылы пайда болған фонетикалық өзгерістердің қатарыыа жатады. Созылыңқы дауыстылар айтылатын формалар мына төмендегілер: 1. Сын есім жасайтын -қы/кі қосымшасы түбірге жалғанғанда, сөз негізінен соңғы дауысты дыбысты созылыңқыға ' айналады: мектепдәки. Бұл жерде созылыңқыға айнальш тұрған жатыс жалғауының құрамындағы дауысты дыбыс. 2. Өткен шақ көсемше қосымшасы -й дауысты дыбысқа аяқталған түбірде жалғанғанда: башлаиып>башлап, ишлег ип>ишлеп. 3. Өткен шақты білдіретін көсемшенің қосымша сөзге жалғанғанда, оның құрамындағы дауысты созылыңқыға айналады: алман (алма-ып), сермен (берме-ип). 4. Көсемше жасайтын -қа//кэ қосымшасы: барйарка (барған бетте). 5. Бағыт мәнді үстеу жасайтын -к қосымшасы жалғанғанда: оның алдындағы дауысты созылыңқыға айналады: екарық (йокарық жоғары), илерик (алға), бәрик (бері), гайрак (кері), аңрық (анда). 6. Дауыс.тыға аяқталған ескі сөздерге тәуелдіктің I — I I жақ қосымшалары жалғанғанда, ол дауыстылар созылыңқыға айналады: 2—3732
33
атам, атаңыз, атаң, кечәмиз, кечән. Алайда, күнделікті тіл тәжірибесінде жиі қолданылатын осындай сөздердің едәуір бөлігі әдеттегідей дауыстылармен айтылады: әнем, әнен, әнеңиз, әжем, еңгем т. 6. 7. Дауыстыға аяқталған сөздерге ілік, табыс септіктері жалғанғанда, олар созылыңқыға айналады: атанын, атаны. 8. Батыс жалғауы дауыстыға біткен сөздерге жалғанғанда, сөз негізінің соңғы дыбысы мен қосымша бір-біріне ұласып, созылыңқыға айналады, ата>а/ата, горры-а, гарра-дери, -а>дера (теріге) -мақ тұлғалы қимыл есіміне барыс жалғауы жалғанғанда, қосымша құрамындағы дауысты созылыңқыға айналады. Бұл мына жолмен жүреді: алмақ-а>алма (к) -а>алма-ға алмаға (алмаққа). Бұл жерде морфологиялық жылысу процесінің ізі бар. Бұл айтылғандардан басқа, кейбір қосымшалар түбірге жалғану ерекшелігіне байланыссыз, жеке тұрып та 'созылыңқы дауыссыздарға айналатындығын көрсете кету қажет. Олар көп емес. Осы шақ есімшені жасайтын қосымшалар -ян (йан) -йэн: алян (алатын), берейән (беретін): а) салыстырмалы шырай жасайтын -рак, -рек, кичирәк (кішірек), чаррах (кәрірек); ә) ашық райдың осы шағын жасайтын -яр (йар), әйр: окаяр (оқып тұр), берйәр (беріп тұр) т. б. Диахрондық тұрғыдан алдыңғы топты тілдің даму барысында қалыптасқандар, яғни екінші дәрежелі құбылыс деп, ал соңғыларды алғашқы (первичные) құбылыс деп қарауға әбден болады. Дауыстылардың созылыңқы айтылуы, жоғарыда көрсетілгендей, алтай, тува, хакас, шор, қырғыз, гагауз тілдерінде де бар. Алайда, бұл тілдердегі созылыңқы дауыстылар якут, түрікмен тілдеріндегідей емес, әр тілдің даму барысында олардың ІШІСІ заңдылықтарына сәйкес қалыптасқандар. Олай деп қаралатын себебі — бұл тілдердегі созылыңқы дауыстылардың қайсыеы да дауысты мен дауыссыз дыбыстардың әр түрлі тіркестік өзгерістерінің нәтижесінде немесе екі дауысты дыбыстың ұласуы, әлде әлсіз дауыссыздың, буын элизиясы нәтижесінде қалыптасқандар. Бұл процестер жеке тілдердің ішкі заңдылықтарына сәйкес әр түрлі көрініс тапқан. Дегенмен, жоғарыда аталған тілдердің бәрінде ерекшеліктерді ескеру қажет, ұқсас не бірдей тілдік процестің әр тілдегі нәтижесі бірдей емес, екінші сөзбен айтқанда, жоғарыда аталған тілдер құрамындағы созылыңқы дауыстылар жүйесі бір сипатта, бір дәрежеде қалыптаспаған. Бұл ретте жеке тілдерге тән ішкі ерекшеліктердің тілдік сипат алуын көруге болады. Айрықша бір 34
ескертетш жай — алтай, қырғыз, гагауз, тува, хакас, шор тілдеріндегі созылыңқы дауыстылар басқа түркі тілдеріндегі дифтонгілерге сәйкес қолданылады. Бұл ерекшелік ол тілдердегі созылыңқы дауыстылардың екінші дәрежелі құбылыс екендігін тағы айқындай түседі. Аталған тілдердің ішінде қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылар өз ерекшеліктерімен оқшауланады. Оның үстіне, қырғыз тілі, егер созылыңқыларды есепке алмағанда, қазақ тіліне құрылымдық ерекшеліктері жағынан аса жақын тілдердің бірі екені белгілі. Сондықтан қырғыз тілінің айрықша құбылысын салыстъфу арқылы білу жеңілірек. Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың жасалу ерекшелігін байқау үшін, созылыңқы дауыстыларға жеке-жеке сипаттама беру қажет. А дыбысы а + ғ дыбыс тіркесінің орнында қалыптасқан: саам (сауым, басқа тілдерде сағым), жаа (жау, басқа тілдерде жағ), аарчы (тазала), аары (ара), аала (шуылда) т. б. Алайда, қырғыз тіліндегі ерін үндестігінің күштілігі соншалық, екінші буында (байырғы түбір мен қосымшаның шегінде) айтылуға тиіс созылыңқы а көбіне созылыңқы о-ға айналып кеткен. Жоғарыда келтірілген байырғы қырғыз (жалпы түркілік) сөздерінен басқа, созылыңқы а араб тілінен енген сөздер құрамында айтылады: аадам (ғалым), аалым (ғалым). Бұл жерде алдыңғы сөздер тәрізді, дауысты мен дауыссыздың тіркесі орнына айтылғавдығы анық. Б дыбысы е-г-е дыбыс тіркесінің орнында қалыптасқандығы байқалады: эс, ее (ие, еге), зер (басқа тілдерде эгер, эйер), зен (ен, дала, йен), мее (мый), кееңкире (қаңғыр, бас қаңғырды), кечээ (кеше), кебээр (кебу, қаңсу, құрғау, кеберсу, кезеру). Бұл да араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында айтылады: меер (мейір, мейірім), зеен (зейін), неет (ниет), ёстимал (ықтимал) т. б. О дыбысы а + ғ дыбыс тіркесінің орнына айтылады. Әзірбайжан, түрік, түрікмен, өзбек, ұйғыр тілдерінде осы сипатта кездеседі, ал көне жазбаларда жүйелі түрде қолданылған. Қазақ, құмық, ноғай, татар, башқұрт тілдерінде ау түрінде аитылады. Қырғыз тілінен мысалдар: тоо (тау), басқа тілдерде та^ (дағ); боо (бау-ла, байла, басқа тілдерде"бағ), coo (cay, сауық, басқа тілдерде сағ), copy (apy, басқа тілдерде де ағру (ағры), оору (ауыру, басқа тілдерде ағыр), боор (бауыр, басқа тілдерде бағыр), жоо (жау, көне тілдерде йағ), жоогасын (жауқасын), жоодур (жәудір, жәудір көз), жбон (жуан, басқа тілдерде йоган), доо (дау), булоо (баулау), ооііі (ауыс), соогала (сауға), соол (суал, суалып қалды), соот (сауыт) т. б. Со2*
35
нымен бірге о дыбысы араб, парсы сөздерінің құрамында айтылады: сооп (сауап), доор (дәуір), соода (сауда) т. б. Б дыбысы ег, ег, еү дыбыс тіркестерінің орнына айтылады: жее (жеу), дөө (деу, айту), төө (түйе), көө (күйе), күрөөкө (кіреуке), моон (бүйем), өлчөө (өлшеу), т. б. Араб, парсы тілдерінен енген сөздерде қолданылады: дое (дәу), доолот (дәулет), у дыбысы ұқ, ұғ, үу дыбыс тіркестерінің орнына айтылады: туу (ту), тұу (басқа тілдерде туғ), буу (бұу, басқа тілдерде буу, бұғ), буудай (бидай, басқа тілдерде буғдай), суук (суық), су (суу, басқа тілдерде буғ), суур (суыр, қынаптан суыр), суут (суыт), туура (тура, басқа тілдерде туғра), уурда (ұрла, басқа тілдерде оғырла), уула (аула), уук (уық), жуук (жақын), уул (ұл, басқа тілдерде оғыл). Оның жіңішке сыңары болатын ү дыбысы ег, өг, еү, үг, үй, үу дыбыс тіркестерінің орнына айтылады: үүр (үйір, басқа тілдерде үгір), күү (қүй, басқа тілдерде күг) күүгүм (кетуім, күллө (күйле)* тирүү (тірі, көне тілдерде тіріг), түрүү (түрік, түру), түзүү (тізу, тізік), элүү (елу көне тілдерде еліг) т. б. Қырғыз тіліндегі у/ү дыбыстары, зертеушілердің бақылауына қарағанда, дыбысталу тұрғысынан дифтонгілерге жақындаспайды, яғни олар дыбысталғанда, басқа кейбір тілдердегідей, алдынан қосымша қысқа дауысты естілмейді7. Бұл, сірә, тек қырғыз тіліне тән ерекшелік болса керек. Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың ұзынырғасы осылар. Ол тілде ы, й созылыңқы дауыстылары жоқ, яғни сол дауыстылардың созылыңқы айтылуы кездеспейді. Қырғыз тіліндегі созылыңқы дауыстылар кез келген морфологиялық тұлға құрамында айтыла бермейді. Қырғыз тілінің белгілі зерттеушісі А. И. Батмановтың көрсетуінше8, олар мына тұлғалар құрамында ғана айтылады: 1. Шартты рай аффиксінің құрамында: -раак//-реек, -роок// -реек: көп-рөөк. 2. -ып, -іп көсемшесінің құрамындағы қысаң дауысты түбір құрамындағы ашық дауыстымен ұштасып; созылыңқы дауыстыға айналады: таап, тап-ып, тепп<теп-ип т. б. Бұл құбылыс — п дауыссызына аяқталған түбір етістіктердің көсемше тұлғасында ғана мүмкін. 3. Жинақтау саны есімдерін жасайтын тұлға -оо//өө түрінде дыбысФалады: үчөө (үшеу). Бұл тұлға көне түркі тілдерінде, сондай-ақ қазіргі түркі тілдерінің бірсыпырасында егу, ег, өг түрінде дыбысталатыны белгілі. 4. Тұйық етістік тұлғасы -уу/-үү, -оо//-өө түрівде айтылады: бегүү (беру), алуу (алу). Бұл тұлға көне түркілік -ығ, -іг 36
негізінде қалыптасқәндығы айқын. 5. Сын есім жасайтын қосымша -ллу/-лүү, -дуу/-дүү, -туу/-түү: басталауу, (балталы), оромолдуу (орамалды). Бұл тұлға көне түркі тілінде қазіргі кейбір тілдерде -лығ, -ліг түрінде дыбысталатыны мәлім. Ёкінші дәрежелі созылыңқы дауыстылар тува, гагауз тілдерінде көп реттерде фонемалық қызмет атқарады, сөз мағынасы ажыратудың критерийі болады. Фонетикалық құрамы бірдей сөздер бұл тілдерде тек қана дауысты дыбыстың дыбысталу дәрежесіне қарай лексикалық, кейде грамматикалық мағыналар береді. Тува тілінен мысалдар: ал (етістік), аал (ауыл), бар (бұйрық райдың II жағы), баар (бару, тұйық рай), чыл (жыл), чыыл (жинал, жиыл), ол (сілтеу есімдігі), оол (ұл, жігіт), боо (сілтеу есімдігі), боо (мылтық), удур (қарсы, қарсы жақ), удуур (ұйықтау), бер (маған бер), бээр (беру), төле (ақша төлеу), толээ (өкіл), кір (үйге кір), киир (үйге кіргіз), көр (сен көр), көөр (көру). Тува тілінде созылыңқы дауыстымен айтылатын түбір кейде қосымшалы сөзге келеді: әрге (кұқы, право), әргээ (бармағы) тәуелдіктің III жағы), өң (оң, түр, түс) өөң (үйі, оның үйі). Қосымшалы түбірлердің түбір сөзге сәйкес келуі түбір мен қосымшаның шегіндегі дауысты дыбыстардың ұласып, созылыңқыға айналуынан болса керек. Зерттеушілер тува тіліндегі созылыңқы дауыстылардың мынадай қалыптасу орындарын көрсетеді: I. Әлсіз дауысты дыбыстардың вокализацияға ұшырап, алдыңғы дауыстымен ұласуы: өөрен (үйрен, кейбір тілдерде үгрен, өрген), баадым (бардым, ар аа). 2. і, г, ң, л, в, м дауыссыздардың әр түрлі жағдайда түсіп қалуы арқылы: а) сөз арасындағы дауыссыздың түсіп қалуы аас (ауыз, басқа тілдерде ағыс), чаа (жаңа, басқа тілдерде жаңа, даңы), ә) дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда, сөздің соңғы дауыссыз дыбысының түсіп қалуы арқылы: уг (бағыт), уу (оның бағыты), б) қосымшаның басқы дауыссыз дыбысы. түсіп қалады: кижи (кісі), кижээ (кісіге, барыс септік). Гагауз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың фонемалық қызыметіне мысалдар: дур (туу, басқа тілдерде доғур, доғыр), дур (түру), гир (кекіру)Угир (кір, үйге кір), юрт (айран, басқа тілдерде йоғұртя, юрт (үй, қора), дал (жайлау, шашылу, басқа тілдерде дағыл), дал (сүңгу, бату түрік тілінде дал), аз (ауыз), аз (аз), аз (аз, жолдам аз), ала (жыла, басқа тілде ағла), ала (ала, ала-құла), ач (ағаш), ач (аш, аш кісі), ач (аш, есікті аш), арт (арты, 37
артқы жақ), арт (арт, етістік), душ (түйіс, соғыс), дүш (түс, түс көру), дүш (түсу, құлау), сан (жез леген) сан (ойлау, байыптау), сат (сағат), сат (сат, бір нәрсе сат), су (суу, басқа тілдерде соғу), су (су, басқа тілдерде буғ), қар (қар), қар (сабан араластырылған лай). Н. К. Дмитриев гагауз тіліндегі созылыңқы дауыстылардың мынадай жасалу жолдарын көрсетеді: a—г—a a: a (аға), курба (құрбақа, басқа тілдерде курбаға), a — ғ — ы > а : ар (ауыр, ағыр), бар (бақыр, басқа тілдерде бағыр) буза (бұзау, басқа тілдерде бузағы), чар (шақыр, басқа тілдерде чағыр), ы—ғ—ы>ы: балы (балығы, оның балығы), сыр (сиыр, басқа тілдерде сығыр), о//у—ғ//-у у: дүр (туу, басқа тілдерде доғур), бұл (тұншығу, булығу, басқа тілдерде боғул), ө//у -г// й-ү>ү: бүн (бүгін, бүгүн), бкү (биік, бүйүк), үт (үгіту, майдалау), е//и-г//й-и>й: билези (білезігі, оның білезігі), й (игі), гими (киімі, оның киімі), и//е—г—е е: жер (бауыр, басқа тілдерде жийер, жигер); a—г a: (ay, басқа тілдерде ағ), ары (ауру, басқа тілдерде ағры, азы (аузы, оның аузы, басқа тілдерде ағызы), я (май, басқа тілдерде йағ), ямур (жаңбыр, басқа тілдерде яғмур), са (сау, басқа тілдерде сағ), ы—ғ>ы: сы (сыю, басқа тілдерде сығ, сык), a — ғ > о : дору (тура, басқа тілдерде доғуру), бодай (бидай, басқа тілдерде боғдай), у—ғ>у: ду (ту, бала ту, басда тілдерде дуғ), и—к//т//й>й: чи (шық, басқа тілдерде чығ), ди (ти, тиіп кетпе, көне тілдерде тег, басқа тілдерде диг, дег, дей, ги (ки, киім ки, басқа тілдерде гей), ө / / ү — й ү: дүме (түйе, түрікмен: дүгме), тү (қауырсын, бірақ бұл сөз қазақ тіліндегі түк сөзімен түбірлес болса керек), үсүз (үйсіз, түрік өксүз). Сонымен, созылыңқы дауыстылар айтылатын тілдер және олардың негізгі сипаты, қысқаша айтқанда, осындай. Созылыңқы дауыстылар жүйесін сипаттаудан мынадай қорытынды жасауға болар еді. Созылыңқы дауыстылар қолданылатын тілдер географиялық орналасу тұрғысынан іргелес емес. Якуттар қиыр шығыста жатса, түрікмендер оңтүстікте, ал гагауздар туркі халықтарының ең батысына орналасқан. Бұл жағдай созылыңқы дауыстыларды ареалдық айырмашылықтар қатарына жатқызуға болмайтындығын көрсетеді. Олай болатыны: ареалдық айырмашылық не ұқсастық территориялық жағынан ұласып жатқан тілдер қурамында ғана қалыптаса алады. Алғашқы созылыңқы дауыстылардың бір-бірімен шектеспейтін, тіпті кейінгі замандарда бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түспеген тілдер құрамында сақталуы түркі негіз тілінің 38
құрамында әдеттегідей дыбысталатын дауыстылармен қатар созылыңқы дауыстылар жүйесі болған көзқарасқа негіз болып жүр. Қазіргі түркологияда бұған қарсы айтатын басқа дәлел жоқ. Даму барысында түркі тілдерінің көпшілігінде ондай жүйенің сақталмауын оқшау құбылыс деп есептеуге болмайды. Дүниеде белгілі көне тілдердің біразында дауыстылар әдеттегідей және созылыңқы айтылған. Тарихи даму барысында созылыңқы айтылған дауыстылар қысқарып, қысаңданып кетсе, енді бір тілдерде дифтонгілердің қалыптасуына негіз болған. Созылыңқы дауыстылардың тарихи өзгерісінің бұл екі көрінісі қай тілдің болмасын сөйлеу процесін тездетуге, дыбыстау мүшелерінің қызметін жеңілдетуге ұмтылумен ұштасып жатады. Түркі тілдерінің даму тарихында алғашқы созылыңқы дауыстылардың көп тілдерде сақталмауы түркі сөзінің басқы буынының фонетикалық өзгерістерімен сабақтас. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған бірінші буын екпінді болады. Өйткені, сөздің негізгі мәні бірінші буын арқылы берілетін еді, сондықтан ол басқа буындардан гөрі созылыңқы айтылады. Созылыңқы дауысты дыбыс, сонымен қатар фонетикалық құрамы бірдей, түбірлерді жіктеп түсіндірудің негізгі белгілерінің бірі болады. Алайда, айтуда қиындық келтіретін қатаң дауыссызды ұяң айтуға ұмтылу тілдердің даму барысында сөз басын жаппай ұяңдату тенденциясын туғызды. Қатаңнан басталатын свздердің ұяң варианттарының пайда болуы түбір сөздердің созылыңқы дауыстыларының белгілі^дәрежеде өзгеруіне алып келді. Әрине, түркі тілдерінің ежелгі кезеңдерінде басталған бұл процесс кейінгі даму барысында әр тілде әр дәрежеде көрінді. Қазіргі түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстарды жіктеудің негізгі принциптері мен топтары осындай. Бұл шолудан мынадай жағдай аңғарылады: қазіргі түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың жеке топтарға жіктелуі бірдей болғанмен, олардың сапасы бірыңғай емес. Жеке тілдер арасындағы негізгі айырмашылық дауыстылардың жеке түрлерінің бір-бірінен ерекшеленуіне негізделеді. Ол айырмашылықтар дауыстыларды жеке-жеке сипаттағанда ғана айқын байқалады.
ЖЕКЕ ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ СИПАТЫ
.А дауысты фонемасы түркі тілдерінің басым көпшілігінде айтылады. А дыбысын айтқанда тілдің кейін қарай жиырылатыны белгілі. Бірақ тілдің кейін қарай жиырылу дәрежесі тіл атаулының барлығында бірдей емес. Соран орай, оның дыбысталуында айырмашылықтар болып отырады. Дыбысталу мен сапасы жағынан а фонемасы қазіргі қазақ, алтай, әзірбайжан, балқар, қарайым, қырғыз, қарақалпақ, құмық, түрік, түрікмен, ұйғыр, хакас, шор тілдерінде бірыңғай бір-біріне жақыи дәрежеде. Айырмашылық башқұрт, татар және өзбек тілдерінде кездеседі. Башқұрт пен татар тілдеріндегі а фонемасы, басқа тілдермен салыстырғанда, біршама «жасық» яғни о-ға жақын естіледі. Мұндай мәнер татар тілінде айқынырақ та, башқұрт тілінде ондай дәрежеде емес. Ж. Киекбаевтың айтуы бойынша, а фонемасының о-ға ұқсас естілуі көбіне татарлармен шектес, аралас территориядағы башқұрттар тілінде кездеседі. Онда да бірінші буыннан екпін түспейтін көп буынды сөздерде ғана9. Егер башқұрт тілінің көрнекті маманының осы тұжырымын ескерсек, бұны татар тілінің ықпалы деп те қарауға болар еді. А дауыстысының еріндік мәнер алуының нағыз жетілген түрі өзбек тілінде бар. Өзбек тілінде, басқа тілдердегі а дыбысымен салыстырғанда, әлдеқайда ашық айтылатын а (айрам, қара, сайла) дыбысымен қатар, басқа тілдерге а орнына айтылатын" о дыбысы бар. Сондықтан жалпы түркілік (тіпті, көне түркілік) а дыбысының өзбек тіліндегі үш түрлі баламасы: ашық, езулік а (аздаған сөздер құрамындағы) дыбысы мен тіл алды ә, жабық а немесе о дыбысы туралы аиту керек болады. Мысалы, қазақ таныс, өзбек: таниш — a a; қазақ: мен, кел, өзбек: мән, кәл -а ә; қазақ бар, сал, өзбек: бор, -сол т. б. (Өзбек тілінің бұл ерекшелігі осыдан бұрынғы тақырыпта толығырақ айтылды). Қазіргі тува, тофалар тілдерінде а сонорлардан басқа дауыссыз дыбыстардың алдында айтылғанда ғ, һ дыбыстарындағыдай қырылмен айтылады. Түркологияда фарингализациялану (фарингализация, форинкс — тамақтың тесігі) деп аталатын бұл ерекшелік тек қана аталған тілдерде кездеседі. Тува, якут тілдерінің қөп сөздерінде жалпы түркілік а орнына қысаң ы дыбысы сәйкес айтылады: қазақ: жат, якут: сыт, тува: чыт, қазақ: қарын, тува: хырын, қазақ: жарық, тува: чырық, якут: сырдық, қазақ: ай, якут: ыл, қазақ: қалың, тува: қылын, қазақ: ат, якут: ыт, қазақ: қамшы, якут: қымны, тува: 40
кымчы т. б. Ескерте кететін бір ерекшелік — кейде тува, якут тілдеріндегі сөздер бірдей болып келе бермейді. Өзара сай түсіп жатса да (бір сөз екі тілде де ы дыбысымен айтылады), кейде екі тілде екі тұрлі дыбысталады: якут тіліңде ы дыбысымен айтылған сөз тува тілінде а-мен айтылады, якут: ыл (ал), тува: ал. Чуваш тілінде жалпы түркілік а дауыстысына ы, у, a (редукцияланатын, қысаң a), a дыбыстары сәйкес айтылады: хыт (қат), пыр (бару), сыхла (сақта), хыта(қатты), пыл (бал), тамар (тамыр), ылдаи (алтын), ыйт (айт), пылджак (балшық), субах (шабақ), хуйға (қайғы), урба (арпа), ура (аяқ), тура (тарақ), туп (тап), хуран (қайық), хура (қара) а дьібысы әдеттегі а дыбысынан гөрі шолақ, жабық дыбысталады. Чуваш тілінің мамандары бұл дыбысты орыс тіліндегі екпінсіз буында айтылатын о (мыс, трактор) дыбысымен салыстырып, оның тұрақсыздығын, түсіп қалуға бейімділігін атап көрсетеді, (қазақ тіліндегі жапырақ-топырақ сөздерінің құрамындағы ы тәрізді10: йанаш (жаңылыс, жаңылу), асла (асын), уйах (ай) аиар (айғыр), анлан (аңда, ұқ), вахат (уақыт). Чуваш тілінде әдеттегі (жалпы түркілік) а туыстықты білдіретін терминдер мен басқа тілдерден (орыс, татар) енген сөзер құрамында айтылады: аппа (апа), атта (ата), кажак (қасық) корнис (корниз т. б.) Сонымен қатар, жалпы түркілік түбірлер құрамындағы а дыбысына жіңішке ү, ә дыбыстары сәйкес айтылуы да ұшырайды: сус (шаш, басқа тілдерде чач, сач},. пурнә (бармақ) кейбір тілдерде пармақ, певэр (бауыр, басқа тілдерде пағыр) т. б. Соңғы сәйкестік аса сирек кездесетін құрылыстар қатарына жатады. Түрікмен, якут, тува, хакас, шор, қырғыз, гагауыз, алтай тілдерінде әдеттегідей дыбысталатын а фонемасынан басқа созылыңқы айтылатын а дыбысы да бар. Түрікмен, якут тілдеріндегі а алғашқы, түрік тілдерінің ежелгі кезеңінен қалған дыбыс та, басқа тілдердегі созылыңқы а тілдердің даму процесінде, фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан біршама жаңа құбылыс (бұлар жайлы осыдан бұрын кең әңгіме болды). Е фонемасы қазіргі түркі тілдерінде екі түрлі негізде қалыптасқан: таза түркілік е, орыс тілі арқылы енген сөздер құрамындағы е. Таза түркілік деп қаралатын е немесе түркі сөздерінің құрамында айтылатын £ дауыстысы көне түркілік а дауыстысының көрінісі. Алайда, көне түркілік (Радлов транскрипциясы бойынша) дауыстысы қазіргі түркі тілдерінде бірыңғай сипатта қалыптаспаса ке41
рек. Солай екендігін қазіргі түркі тілдерінің материалдарын салыстырғанда айқын көруге болады. Түркі тілдерінің барлығына ортақ байырғы сөздердің бірінші буынында көне түркілік а фонемасының көріністерін мына сөздер құрамынан көруге болады: әзірбайжан — кәл, кэс, тәр, ұйғыр — кәл, кәс, тәр, алтай — кел*, кес, тер, қазақ — кел, кес, тер, түрік — гел, кес, тер, якут, татар — кил, кис, тир, хакас — кил, кис, тир, чуваш — кил, кас, тар. Бұл сөздер құрамында көне түркілік а дыбысына мына дыбыстар сәйкес қолданылған: ә (8), е (э), и. Чуваш тіліндегі кейбір сөздер құрамындағы а диалектік ауытқу екені айқын. Қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі е дыбысы басқа түркі тілдеріндегі сондай дыбыстан дифтонгіге ұқсастығымен ерекшеленеді. Қазақ, қарақалпақ тілдерінде бұл ерекшелік, әсіресе туйық буында айқын көрінеді: сөздің абсолют басындағы е дыбысының алдынан і қысаң дауысты айқын байқалады: іле, іекі т. б. Сондықтан да қазақ тіліндегі (қарақалпақ тілінде де) сөз басындағы е айтылуда дауыссыз й-ге жақын дыбысталады: йэл, йәкі т. б. Осыған ұқсас құбыльіс, зерттеушілердің байқауынша, ноғай, балқар, гагауз тілдерінде бар көрінді. Түркі тілдерінің ішінде көне түркілік а дыбысының ерекше көрінісі татар, башқұрт, хакас тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерде, жоғары мысалдардан байқалатындай, э (е) түрінде емес, и түрінде, яғни қысаңдап, қысқарған түрде дыбысталады: кил, тир, кис. Алайда, а дыбысының әбден қысаңдап, қысқаруы татар тілінде ғана қалыптасқан жүйеге айналған, ал башқұрт тілінде бұл заңдылықтан ауытқу жиі кездеседі. Ал, тува тілінде е фонемасының көмей арқылы айтылатын варианты да бар (фарингализация). Бұл құбылыс ол тілде фонемалық мән алған, сондықтан эт—ет (ет), ет — зат, дүние, мүлік. Бірақ басқа түркі тілдерінде мұндай айырмашылық жоқ. Е фонемасының әр қилы ерекшелікпен дыбысталуы сөздің екінші буыны мен соңында да байқалады. Мына мысалдарға көңіл аударайық: қазақ — етек, әзірбайжан — әтәк, ұйғыр — этәк, өзбек — этак, татар — итәк, башқұрт — итәк, хакас — идәк, алтай — элек, құмық — этек т. б. Бұл фактілерге қарағанда, екінші буында мынадай сәйкестік бар: е-э / э-а. бірінші буынмен салыстырғанда байқалатын бір ерекшелік — онда қысаңдап, қысқару жоқ. Осыдан бұрын айтылғандай, бірсыпыра түркі тілдерінде созылыңқы айтылатын е дыбысы да бар. Түркі тілдеріндегі о дыбысы екі түрлі негізде қалыптас42
қан деп қарауға болады: түркілік о, орыс тілі арқылы енген сөздер құрамындағы о. Түркілік о дыбысы — орыс тіліндегі осындай дыбыспен салыстырғанда әлдеқайда жабық айтылатын ерін дыбысы. Өйткені, түркілік о дыбысын айтқанда ерін кейін қарай көбірек жиырылады да, ауыз қуысы өте тар ашылады. Түркілік о фонемасының осы сипаты көпшілік тілдерде бар, оларда сақталады. Алайда, жалпы түркілік о фонемасының жеке тілдердегі көрінісі барлық уақытта бірдей болып келмейді. Бұл тек қана басқа буындағы о дыбысына ғана емес, соңғы буындардағы о дыбысына да қатысты. Сөздердің басқа буындарындағы жалпы түркілік о дыбысының дыбысталу көріністері мына төмендегі мысалдарды салыстырудан байқалады: қазақ — қол, әзірбайжан — гол, қарақалпақ — қол, құмық — қол, ноғай — қол, тува — хол, түрік — кол, хакас — хол, алтай — кол, өзбек — кул, башқұрт — кул, татар — кул. Бұл фактілер бойынша мынадай дыбыс сәйкестігі келіп шығады: о—ұ—у. Бұл сәйкестіктің екінші, ортаңғы элементі өзбек тілінің ерекшелігі болып табылады. Өзбек әдеби тілінде о типтес екі түрлі фонема бары белгілі: басқа түркі тілдеріндегі а дыбысына сәйкес келетін, о-дан гөрі «ашық» айтылатын о (от, -борат, бор) және басқа тілдердегі о (кейде ө) дыбысына сәйкес келетін, бірақ одан қысаң айтылатын о. Соңғы о фонемасы айтылуда у-ға жақын естіледі. Акустикалық жағынан өзбек тілінде о у-мен о-ның арасынан естіледі. Оны дыбыстағанда ауыз қуысы у дыбысын айтқандағыдай, бірақ ілгері қарай жүйткіген дӘрежеде болады. Өзбек графикасында дыбыстың осы қасиетін ескергендіктен болса керек, оны у түрінде белгілеген ужар — ожар, уймоқ — ою, уйламоқ — ойламақ, ойлау, уйинчоқ — ойыншық, уйчи — ойлы, улчамок — өлшемек т. б. Басқа түркі тілдерінде о, ө дыбыстарына, яғни жуан дыбысқа ғана емес, жіңішке дыбысқа да сәйкес келуі өзбек тілінде сингармонизм заңдылығының болмауында екендігі белгілі. Татар, башқұрт тілінде таза о дыбысы жоқ, бұл жағынан басқа түркі тілдерінен (чуваш тілінен басқа) оқшау түрады. Татар, башқұрт тілдерінде о орнына қысаң айтылатын у қалыптасқан: ул, уқ, құл, юқ, (йуқ), ол, (йул) удзатын (ұзату), узон (ұзын). т. б. Осы ыңғайда мынаны ескерту қажет. Татар, башқұрт тілдеріндегі бірінші буында айтылатын қысаң у қазақ тілінде тек р дауыстысына ғана емес, у дыбысына да сәйкес келеді т. б. Чуваш тілінде жалпы түркілік о дыбысына бірінші буын құрамында бірінші дыбыс не дыбыс тіркестері сәйкес келеді — у дыбысы 43
айтылады: хул (қол), сул (жол), редукцияланған й тахар (тоғыз), май (мойын), ву дыбыс тіркесі айтылады: вунна (он), вучак (ошақ), ва дыбыс тіркестігі: вал (ол), вы дыбыс тіркестігі: выр (ор, орақ ор). Түркі тілдеріндегі бірінші буында айтылатун о дыбысының неғізгі ерекшеліктері осылай. Ал, екінші, одан соңғы буындарда о дыбысының қолдану ерекшелігі түркі тілдеріндегі ерін үндестігі заңдылығымен тығыз байланысты. Түркі тілдерінің көпшілігінде ергн үндестігі заңдылығы дамымаған. Сол себептен оларды жалпы түркілік о көбіне сөздіқ (түбірдің) бірінші буынында ғана айтылады да, екінші, үшінші буындарда, аффикстер құрамында қолданылмайды. Сондай тілдің бірі — қазақ тілі. Қазақ тілінде жалпы ерін дауыстыларды о дыбысы тек қана бірінші буында айтылады да, қалған буындарда кездеспейді. Жалпы түркі тілдерінің кейбіреуінде о дыбысының екінші буында қолданылуы аса сирек ұшырасатын құбылыс. Ерін үндестігі заңдылығы тек қысаң дауыстыларды қамтитын тілдерде о дыбысының айтылуы екінші буыннан аспайды. Бұл топқа хакас тілін жатқызуға болады. Мысалы: пызо (бұзау), хыро (қырау), тырбос (тырма) т. б. Алайда, зерттеушілер арасында хакас тіліндегі екінші, соңғы буында айтылатын о дыбысын кейін, хакас тілінің даму барысында қалыптасқан құбылыс дейтін пікір айтылып жұр. Ерін үндестігі заңдылығы әбден дамыған тілдер қатарына қырғыз, алтай, якут тілдері жатады. Бұл тілдерде ерін дыбыстарының үндесуі тек қысаңдарда ғана емес, ашық дауыстыларды да қамтиды. Сол заңдылыққа лайық о дыбысы буын орнын таңдамай, қосымшалар құрамында қолданылады: алтай тілі — оро (орау), такто (тұрақтау), ойлоо (ойлау, түсіну), полот (болат) торко (торқа, жібек), сокор (соқыр), дьоон (жуан), доско (доска, тақта), остол (стол, үстел), қырғыз тілі — ортон (орта, жер ортасы), орток (ортақ, жолдас), орой (орай, шаш орайы), оңол (оңалу), олжоло (олжалау), озондо (азан салу, жылау), ондо (анда, ана жақта), ойгоо (ояу), ортоктош (ортақтас, істес), аторлот (атарла, мал отарла), ошондойлап (анадайлап, маңайлап) т. б. Қырғыз тілі ерін үндестігі заңдылығы әбден дамыған тілдерге жатады. Сондықтан ол тілде о дыбысы түбір негіз құрамында ғана емес және буын санына қарамай айтылады. Қазақ тілінде, қырғыз тілінің екінші, үшінші, кейінгі буындардағы о дыбысының орнына жуан езулік дыбыстар айтылады. О дыбысының жіңішке сыңары — ө. Бұл да жалпы 44
түркілік дауысты фонемалардың қатарына жатады. Дыбысталу ерекшелігі жағынан ғана емес, қолданылу ерекшелігі жағынан да о дыбысы өзінің жуан сыңарының іздерін қайталайды. Ө дыбысы татар, башқурт тілдерінде осы сапасында жоқ, оның орнына жіңішке қысаң дауысты ү айтылады: күз, сүз, үт (от). Чуваш тілінде бұған ү, кейде у, a жуан дауыстылары, ва, ви дыбыс тіркестері сәйкес қолданылады: күле (көл), үс (өс), кус (көз), кур (көр), вилем (өлім) т. б. Ө дыбысы нақ осы сипатында өзбек әдеби тілінде бұл дыбысқа осыдан бұрын айтылған у дыбысының жіңішке варианты сәйкес айтылады: улик (өлік), улим (өлім), улмоқ (өлмек), улчам (өлшем), үзга (өзге), укинч (өкініш) т. б. Дегенмен, өзбек диалектілерінде, әсіресе қыпшақ негізді диалектілерінде ө дыбысы (фонемасы) айтылады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай, құмық, қарашай-балқар тілдеріндегі ө дыбысының басқа тілдердегі сондай дыбыстан ерекшелігі бар. Бұл тілдердегі ө монофтонгіден гөрі дифтонғіге ұқсас келеді: алдымен жіңішке, қысаң дауысты естіледі. Алайда, бұл ерекшелік сөздің абсолют басында айтылатын ө дыбысына ғана қатысты. Ал, бітеу буын құрамындағы ө тек қана монофтонг екені айқын. Ө дыбысының екінші буыннан бастап сөз соңында қолданылуына ерін үндестігі заңдылығымен ұштасып жатады. Ерін үндестігі дамыған тілдерде ө дыбысы екінші, үшінші буындарда, қосымшалар құрамында айтыла береді. Ал, ерін үндестігі ондай дәрежеде дамымаған тілдерде, мысалы, қазақ тілінде екінші буыниан кейін езулік жіңішке дауыстылар айтылады. Қазақ тіліндеғі ү дыбысына әзірбайжан, алтай, балқар, гагауз, қарашай, қырғыз, құмық, тува, түрік, түрікмен, хакас, ұйғыр, шор, якут тілдерінде у дыбысы сәйкес айтылады. Қазақ тіліндеғі ұ дыбысына ұқсас, жақын естілетін дыбыс башқұрт, қарақалпақ, ноғай, татар тілдерінде бар. Қазақ тіліндеғі у-мен ы-ның арасында, ал басқа тілдерде, мысалы, ноғай тілінде, о мен у-дың арасынан жасалатын дыбыс. Қайсысында да ұ дыбысы у-мен салыстырғанда, монофтонгіден гөрі дифтонгіге жақын дыбысталатын фонема. Чуваш тілінде бұл дыбыстың орнына редукцияланатын а, ы кейде редукцияланатын е дыбыстарына сай келеді. Осы ерекшеліктерді ескерсек, түркі тілдері арасындағы У-у -а(ы) дыбыс сәйкестігін көруге болар еді. Мысалы, қазақ — бұлт, қарақалпақ — бұлт, башқұрт — болот, татар — болыт, әзірбайжан — булут, алтай — булут, қырғыз — бу45
лут, тува — булут, түрікмен — булут, хакас — пулут, чуваш — пелет т. б. Көне түркі тілінде у дауысты дыбысы айтылатындығы ескерткіш материалдары арқылы белгілі. Түркі тілдерінің көпшілігінде сөздің бірінші буынында айтылатын у сол көне түркілік дауысты фонеманың жалғасы екендігі талас туғызбайды. Көне түркілік у фонемасының өзгерген варианты — қазақ тілінде және басқа тілдерде айтылатын у фонемасы. Әрине, қазақ т. б. қыпшақ тілдерінде айтылатын бұл дыбысты барлық уақытта көне түркілік монофтонг у-дың өзгерген түрі деп қарауға келе бермейді. Кейбір қазақ сөздерінде (сөз басында айтылатын) ұ, оғ, ұғ тәрізді дыбыс тіркестерінің өзгерген түрі болып келеді (көне түркі оғыл, қазақ ұл). Түркі тілдерінің көпшілігінде (созылцңқы дауыстылар айтылатындардан басқа) сөз соңында, сөз ортасында у дыбысы айтылады: қазақ — жазу, су, қырғыз — суу, қазақ — сату, башқұрт — һатыу, татар — сату, қазақ — азу, қырғыз — азуу, татар — азу, қазақ, татар — бу т. б. Келтірілген сөздер құрамындағы у түбір сөздің басында айтылатын у дыбысымен (сол сияқты қазақ т. б. тілдердегі у) бірдей емес. Соңғы түбір сөздің басындағы у ұ — дыбыс — көне түркілік у фонемасының жалғасы, оның негізінде қалыптасқандар. Ал, жоғарыда келтірілген сөздер құрамындағы у дыбысы ағ, ығ, ғу, ғы тәрізді дыбыс тіркестерінің фонетикалцқ өзгерістерге тусуі нәтижесінде келіп шыққан. Ол дыбыс тіркестері түбір құрамының элементтері емес, түбірге жалғанған қосымшалар. Жоғарыда келтірілген сөздер қазіргі түркі тілдерінің бір қатарына мына түрде дыбысталынады: йазғучы — ұйғыр, суғ — хакас, садығ — хакас, азығ — хакас, бұғ — әзірбайжан, өзбек, бұғ — түрікмен т. б. Сонымен, сөздің мұндай шенінде айтылатын у қосымшалар құрамындағы дыбыс тіркестері езгерістерінің нәтижесінде пайда болған. Ерін үндестігі қалыптасқан тілдерде бірінші буында айтылған у не о дыбыстарының жаңғырығы ретінде екінші, үшінші буындарда да у дыбысы айтылады. Бұл заңдылық айқын көрінетін тіл — қазіргі қырғыз тілі. Қырғыз тіліндегі түбір құрамында екінші, үшінші бунда айтылатын у бірінші буындағы еріндік дауыстының көрінісі де, қосымша құрамындағы у жоғарыда көрсетілген дыбыс тіркестерінің көрінісі болып табылады. Осы жерде мынадай фактілерді ескеру керек: булут, жудуруқ тэрізді бөліп-жаруға келмейтін көп буынды сөздердің екінші буынындағы у дыбысы көне түркілік у дыбысы болуы 46*
керек. Өйткені, бұл сөздер осы сипатында V—VIII ғ. ескерткіштерінде кездеседі. У фоңемасы қолданылатьж түркі тілдерінде бұл фонеманың жіңішке түрі кездеседі. Бұл дыбыстың өзінің жуан сыңарынан акустикалық ерекшелігі — оның «жұмсақ» естілуінде. Басқа айырмашылық жоқ. Алайда, у фонемасының жіңішке сыңары түркі тілдерінің барлығында бірдей қолданылмайтындығын ескеру керек. Айталық, қазақ тілінде у фонемасының жіңішке естілуі («жұмсақ» варианты) тек екінші буынды ғана мүмкін. Ондай жағдайда сөздің біріиші буынында жіңішке дауысты айтылуға тиіс. Сөйтіп, бірінші буында жіңішке дауыстының ықпалымен екінші буыңдағы у жіңішкеріп жұмсалады. Қазақ тіліндегі екінші буында айтылатын жіңішке у дыбысының мына тәрізді ерекшеліктерін атау керек: а) жіңішке у қазақ тілінде фонемалық қызмет атқармайды, ол тек у фонемасының жұмсақ варианты ретінде ғана айтылады, ә) жіңішке у қазақ тілінде байырғы түбір қурамында емес, қосымша құрамында айтылады: кел-у, кет-у т. б. б) қазақ тіліндегі у — дифтонгоид, оны екі дыбыстың қосындьісы, ұласуы деп қарау керек: кел-үу, кет-үу. Бұл дифтонгоид бір кездегі (қазіргі бірсыпыра тілдерде бар) түбір мен қосымша шегіндегі қысаң дауысты мен г дыбысының тіркесі негізінде келіп шыққан: іг>у. Сонымен қазақ тілінде жіңішке айтылатын у фонемасы, бірақ белгілі позицияда айтылатын у фонемасының «жұмсақ» варианты ғана. Осындай вариант татар, башқұрт, ноғай тілдерінде бар. Бұл тілдердегі жоғарғыдай позицияда айтылатын у фонема емес, сөз мағынасын ажыратпайды, дифтонг тәрізді естіледі: қазақ — келуу, татар — келү, башқұрт — килеү, ноғай — килеу. Алайда, жоғарыда айтылғандай, түркі тілдеріыің көпшілігінде жіңішке айтылатын у фонемалық қызмет атқарады, дербес фонема болып жұмсалады: әзірбайжан — бүтүн, алтай — бүдүн, қырғыз — бүтүн, тува — бүдүн, хакас — пүдүн т. б. Ал, татар, башқұрт тілдеріндегі түбір құрамындағы жіңішке у (қазақ тілінде ү) дыбысының орнына ө айтылады: татар — бөтен, башқұрт — ботон. Сонымен, туркі тілдері арасында у—ү—ө дыбыс сәйкестігі шығады. Тіл арты, жуан айтылатын ы фонемасы түркі тілдерінің басым көпшілігінде бар. Тек өзбек пен ұйғыр тілдерінде ғана осы сипатта айқын дыбысталатын фонема жоқ. Ол тілдерде ы мен и дыбыстары бір-бірімен ұласып, бір ғана и фонемасына айналып, әзірбайжан тіліндегі сөз басындағы ыи дыбысымен ұласып кеткен. Чуваш тілінде бұл фонема, 47
басқа тілдермен салыстырғанда, біршама ашық дыбыс*алады (а): тйнла, басқа тілдерде таңла, тыңла; тараш, басқа тілдерде тырыш, тырыс. Көңіл аударар айырмашилық якут, тува тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерде көп сбздер құрамында жоғарыда айтылған (осы тараудың бас жағында) а орнына ы айтылып қана қоймайды, о орйына a ашық дауыстының қолданылуы кездеседі. Мысалы: якут тілінде басқа түркі тілдерінде қысаң дыбысымен айтылатын тәуелдік жалғауы ашық а дауыстысымен қолданылады, ағата (әкесі), аат-а (аты, есімі), сол сияқты: быар (бауыр), быа (бау), ыал (ауыл), бұл сөздер құрамындағы ы a — дифтонг, қазақ тіліндегі у дифтонгісінің орнында айтылған: тува тілінде — қылын (қалың), хырын (қарын). Чуваш тілінде ы дыбысы басқа түркі тілдерінде а орнына қолданылады: ылтан (алтын), тыра (тары), тымар (тамыр), пыл (бал), хырам (қыран), ыр (ары, шарша), йывар (ауыр), хысма (қыспақ), пыр (бар, бару), сыхла (сақта), хыта (қатты), хыт (қай, қапта), ывас (алақан), ыйт (айт, айту) тына (тана) т. б. Сонымен бірге, чуваш тілінде басқа түркі тілдеріндегі сияқты ы фонемасы, кейде оның жіңішке варианты і фонемасында да айтылады: пыіда (бит), іыда (ит), тыр (қыру, жону), хір (қыру, қырып жіберу) т. б. Чуваш тіліндегі сөздер құрамында айтылатын ы басқа түркі тілдеріндегі у (ү), о дауысты фонемаларының орнына қолданылады: быт (тұт), ывал (ұл), выр (ор), выран (орын), шыв (су), ыйха (ұйқы) т. б. Сонымен басқа түркі тілдері мен якут, тува тілдерінің арасывдағы ы-а дыбыс сәйкестігі және басқа түркі тілдері мен чуваш тілі арасындағы а ы і у о ұ дыбыс сәйкестіктері келіп шығады. Бұл сәйкестіктер, әрине, сөздің басқы түбір құрамында болатын құбылыстар екені белгілі. Түркі тілдерінің біразында, атап айтқанда, қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, чуваш тілдерінде акустикалық жағынан ұқсас болып келетін і дыбысы айтылады. Бұл дыбыс жоғарыда әңгімелеген ы дыбысының жіңішке сыңары болып табылады: қазақ — тіл, кір, башқұрт — тіл, кір т. б. Чуваш тіліндегі і дыбысы басқалармен салыстырғанда біршама ашық еріндік мәнермен айтылады. Татар, башқұрт, тілдеріндегі і қазақ тіліндегі баламасымен салыстырғанда е дыбысына сәл жақындау айтылады. Алайда, аталған тілдер құрамындағы і өте қысқа дыбысталады. Бұл дыбыс қолдануы жағынан көне түркі тіліндегі и (і) дауысты фонемасына сәйкес. Қазақ, қарақалпақ, ноғай,. 48
татар, башқұрт, хакас, чуваш тілдеріндегі і басқа түркі тілдеріндегі и дыбысына сәйкес айтылады. Жоғарғы мысалды жалғастырсақ, әзірбайжан — дил, кир, қырғыз — тил, кир, якут — тыл, киир т. б. болып шығады. Бұлардың құрамындағы и жоғарыдағы і дыбысыңа сәйкес қолданылған. Бұл ыңғайда түркі тілдерінің арасындағы і-и сәйкестігін көруге болар еді. Түркі тілдерінің көпшілігінде айтылатын и дауысты фонемасының өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ, ноғай тілдеріндегі дауысты деп танылатын и, анығына келгенде, екі дыбыстың қосындысы немесе дифтонгоид: сійрек, әзірбайжан — сейрек, түрікмен, қырғыз — кейрек т. б. Бұл келтірілген фактілер қазіргі түркі тілдері арасындағы мынадай дыбыс сәйкестігін көрсетеді: и—і—іи. Сонымен қатар, қазіргі түркі тілдері құрамындағы и, і дыбыстары шығу, қалыптасу тегі жағынан бірыңғай, сондықтан қолданылуы жағынан да сәйкес. Бұл екі дыбыс арасындағы басты айырмашылық — и дыбысы тіл ұшының жоғары қарай көтерілуінен жасалады да, сөз ұзақтау естіледі, ал і дыбысы барынша — қысаң, қысаң дыбысталады. ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР ЖҮЙЕСІ
Қазфгі түркі тілдерінде барлық тілдерге ортақ болып келетін 23—25 дауыссыз фонема бар. Дауыссыздардың қазіргі тілдердегі мұншалық үлкен топ құрауы тілдердің ұзақ даму процесінің нәтижесі. Түркі тілдерінің көне ескерткіштері Орхон — Енисей жазбаларының тілдерінде арнаулы графикалық таңбамен белгіленген дауыссыз фонемалар саны 16—17-ден аспайды. Сонда, шамамен 7—8 дауыссыз фонеманың қалыптасуы — тілдердің даму барысында болған құбылыс. Жаңа фонеманың пайда болуы, әдетте, тілдің іштей өзгеріс дамуының немесе басқа тілдермен қарьім-қатынастың нәтижесі болуы мүмкін. Тілдің іштей өзгерісінің нәтижесі дегенде тілдің дыбыстық жүйесінің өзгерістері еске алынатыны белгілі. Түркі тілдерінде жаңа дауыссыз фонеманың пайда болуын жоққа шығаруға, әрине, негіз жоқ. Сол сияқты басқа тілдермен қарымқатынасқа түсудің салдарынан сөз ауысады. Жаңа атауды, жаңа ұғымды білдіретін сөздің ауысуымен бірге кейде жаңа фонема пайда болады. Тілдің кейінгі даму барысында ондай фонемалардың көпшілігі тіл құрамында орнығып қолтума фонемалармен оппозиция құрады немесе белгілі бір сөздер құрамында ғана орнығып қалады. Әйтсе де, мынадай бір 49
ерекшелікті айту керек: бұкіл тілдердің барлығына ортақ болып келетін заңдылықтар бар да, жеке бір ғана тілге/тән заңдылықтар немесе белгілер бар. Дауыссыз дыбыстар жүйесінің дамуында ондай ерекшеліктер де, байқалады. Егер бүкіл консонантизм жүйесінің дамуы түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстардың көп түрлілігіне, екінші сөзбен айтқанда, баюына алып келсе, бұл процесс жеке тілдер тарихында бірыңғай, біртектес болған емес Бірыңғай болмау себебі: жеке халықтың этногенезі өзімен туыстас екінші бір халықтың этногенезімін бірдей бола бермеуінде ғана емес. Әлеуметтік, географиялық жағдайдың салдарынан жеке бір халықтың тарихи дамуы басқа туыстарынан өзгеше болып отырады. Әлеуметтік, географиялық жағдаймен байланысты ол халық бір халықтармен әр түрлі қатынасқа түседі. Осының бәрі оның тілінде өзінің іздерін қалдырады. Тіл білімінде экстралингвистикалық фактор деп аталатын жағдайлардың салдары тек тілдің лексикалық қорына ғана әсер етіп қоймайды, фонетикалық жүйесінде де белгілі дәрежеде ықпал жасайды. Жеке түркі тілдері құрамында дауыссыздар жайында осы тұжырымды айтуға болады. Дауыссыз дыбыстардың жоғарыда келтірілген саны қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Егер жеке тілдер ыңғайында салыстыратын болсақ, дауыссыз дыбыстар саны бірдей болып келетін тілдерді түркі тілдерінің ішінен ұшырастыру қиын. Айталық, қазақ тілі грамматикасының авторлары 25 дауыссыз дыбысты атаса, оған ең жақын тілдің бірі — қарақалпақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар дейді. Қазақстан ертеден шбктес, аралас болған өзбек тілі 28 дауыссызды, ұйғыр тілі 24 дауыссызды қолданады. Түрікмен тілінде 22 дауыссыз айтылады. Қазақтармен әрі шектес, әрі этникалық жағынан жақын болып саналатын башқұрт тілЧнде 28 дауыссыз дыбыс" айтылса, көршілес қырғыз тілінде 22 дауыссыз дыбыс қолданылады. Ал, қиыр батыста орналасқан чуваш тілінде 24 дауыссыз фонема айтылады12. Чуваштармен шектес, башқұрттармен этногенез жағынан бірыңғай татарлардың әдеби • тілінде 24 дауыссыз фонема қолданылады . Кіші Азиядағы түрікмендердің әдеби тілінде 24 дауыссыз фонемалар қолданылатын көрінеді14 т. б. Осы қысқа шолудың өзінен түркі тілдеріндегі дауыссыз фонемалардың сан жағынан бір тілден екінші тілге ауысып отыратындығын көруге болады. Алайда, бір нәрсені алдын ала ескерту керек: дауыссыздардың саны бір тілде аз, екінші тілде көп дегенде, 50
жалпы тұркілік дауыссыздардың кейбірі белгілі бір тілде сақталмаған, ізі жоқ деген қорытынды шықпауға тиіс. Тұркі тілдері арасындағы дыбыс сәйкестіктерін ескерсек, белгілі бір дыбыс кейде конвергенция құбылыстарына ұшыраған. Соның салдарынан екінші бір тілдегі екі дауыссыз бір ғана дыбысқа ұласқан. Дауыссыздар санының ыңғайлас болуы тілдердің географиялық орналасу жағынан көршілестігіне немесе этногенездік бірілігіне негізделе бермесе керек. Айталық, ол ерекшеліктерді еске алсақ, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінде, сол сияқты башқұрт тілі мен татар тілінде дауыссыздардың саны бірдей болса керек еді. Алайда, қазіргі қазақ пен қарақалпақ, башқұрт пен татар әдеби тілдері құрамындағы дауыссыз фонемалардың саны әр түрлі. Бұл айырмашылықтар, бір жағынан, әр тілдің өзіндік даму ерекшеліктерінен туса, екінші жағынан, әр түрлі экстралингвистикалық факторлардың жемісі. Қазақ тілііуі,егі сияқты басқа түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстар дыбыстау органдарын (ерін, дауыс шымылдығы, тіл, кішкене тіл, мұрын, көмей) дауыстау процесіне қатысу дәрежесіне қарай, дыбысталу ерекшелігіне қарай жіктеледі. Алайда, осы аталған жіктеліс белгілері түркі тілінен кездеседі деп қарауға болмайды. Бұл жерде жеке тілдің өзіндік даму ерекшеліктерін т. б. еске алу керек. Айталық, түрік тілін зерттеушілер ол тілдегі дауыссыздарды мұрын жолды деп бөлудің фонетикалық негізі жоқ деп есецтейді. Өйткені, мұрын жолды дауыссыздар, дауыссыздардың басқа топтары сияқты, жұптап келетін жүйе құрай алмайды. Қазақ тілін де осындай топқа. жатқызуға бблар еді. Сондай-ақ фарингалдық дауыссыз дыбыс ( һ ) қазіргі түркі тілдерінің біразында қолданылғанмен, көмей арқылы'\ дыбысталатын басқа дауыссыз дыбысты түркі тілдерінің басым көпшілігі білмейді. Ал, салар тілі мен сары ұйғыр тілінде дауыссыздар осындай принцип бойынша жіктеледі. Сол сияқты, чуваш тілінде татар тілінің мишар диалектісінде кейбір дауыссыздардың міндетті түрде не «жуан» (твердый), не «жіңішкё» (мягкие) айтылуы басқа түркі тілдерінде кездеспейтін құбылыс. Мысалы: чуваш тілінде, зерттеушілердің айтуынша, л, н, т, р дыбыстары міндетті түрде сөз құрамында әрі «жуан», әрі «жіңішке» айтылады. Сондықтан ол тілде «жуан» л, р, т, н дыбыстары және «жіңішке» р, л, н, т дыбыстарын ажыратады және олар жуптасып келетін жүйе құрады. Сондай-ақ ол тілде кейбір дауыссыздар тек «жуан» айтылады, ал екінші біреулері тек «жіңішке» 51
айтылады. Мысалы, с дыбысы тек жуан айтылатын дыбыс та, ч, й дыбыстары тек қана «жіңішке» айтылады16. Ал, қазақ тілінде бұл көрсетілген дыбыстар дауыстылардың ыңғайымен «жуан» да, «жіңішке» де айтылуы мүмкін. Сонымен, дауыссыздарды жіктеудің жоғарыда аталған принциптері — түркі тілдерінің барлығына бірдей ортақ. Олардан басқа, жеке тілдерге ғана тән ерекшеліктер бар. Жасалу органдарының қатысына қарай топтағанда, түркі тілдеріндегі дауыссыздардың мынадай топтарын атау керек: ерін дауыссыздар м, б, п, дыбысы көне, жаңа түркі тілдерінің фактілеріне қарағанда, түркі негіз тілінде болған фонемалардың қатарына жатады. Түркі ескерткіштері тілінде кездесетін мына фактілер дәлелдейді: мұйын (мойын, иоң мұң), мәңгі, мыйық, мін, мен, мең т. б. Сөз басында м орнына б дыбысының қолданыла бастауы тілдердің даму барысында болған процесс: бойын, пойын, (мойын^, бәңгү, пәңгу (мәңгі) т. б. Бұл дауыссыздар түркі тілдерінің барлығына ортақ, барлығында бар дыбыстардың тобына жатады. Осы топқа әр түрлі құбылыстардың нәтижесі ретінде қалыптасқан еріндік арқылы жасалатын в, ф дыбыстарын да жатқызу керек. Алғашқы үш дыбыс түркі тілдерінің ежелгі фонологиялық жүйесінің көрінісі болғандықтан, байырғы түркі сөздері құрамында, соңғылар көбіне басқа тілдерден ауысқан сөздер қурамында айтылады: вагон, фабрика т. б. Дегенмен, кез келген сөз құрамында айтылған в, ф дыбыстарын сыртқы әсердің нәтижесінде деп қарауға болмайды, олар кейде тіл құрамында немесе сөз құрамында болған фонетикалық өзгерістің нәтижесі болып отырады. Мысалы: әзірбайжан — вар (бар), түрік — варлық, әзірбайжан — варлығ (өмір сүру, тұрмыс), әзірбайжан — говулмақ, түрік — қовумақ (құрылу, жер аударылу), әзірбайжан — довшан, түрік — тавшан (қоян), әзірбайжан — овлағ, түрік — авлағ (аң аулайтын жер), гагауз — куфне (кухня), тафта (тақта), фороз (қораз), түрікмен — арфа (арпа), ғафы (қақпа, көне түркі қапығ). Ал, башқұрт пен татар әдеби тілдерінде в, ф дыбыстары, қазақ тіліндегі сияқты, тек сырттан енген сөздер құрамында айтылады. Бұл — түркі тілдерінің басым көпшілігіне ортақ ерекшелік. Дегенмен, таза түркілік сөздер құрамында в дыбысының айтылуы бар факты екені әзірбайжан, түркі тілдерінің материалдарымен ғана емес, түркі тілдерінің шығысына орналасқан салар, сары, ұйғыр тілдерінен де керінеді17. Ал, ф дыбысы — түркі тілдерінде сыртқы әсердің нәтижесінде жаңа дәуірлерде қалыптасқаң 52
фонема. Шығысқа орналасқан түркі тілдерінде көне дәуірдің өзінде иран тілдерінің әсерімен, кейінгі замандарда батые тілдерінің әсерімен ф дыбысымен айтылатын едәуір сөздер тобы қалыптасты. Қазіргі түркі тілдерінің құрамында айтылатын саф (саф алтын) сөзінің құрамындағы ф мен фабрика сөзінің құрамындағы немесе Фазыл, Федор тәрізді кісі аттарының құрамындағы ф дыбыстары — әр түрлі этимологиялық негізден тарағандар. Жоғарыда гагауз тіліндегі ф дыбысымен айтылатын (басқа тілдерде өзгеше' дыбысталатын) сөздер сондай құбылыстың нәтижесі. Ор» наласу территориясына, мәдени ерекшелігіне байланысты болатын мына жайды ескеру керек: қиыр батысқа орналасқан түркі тілдеріндегі ф фонемасы :— тек батыс тілдерінің әсері. Ол тілдерден шығыс тілінде пайда болған ф дыбысының ізін табу қиын. Шығыс тілдерінің әсерімен қалыптасқан ф дыбысы Орта Азия түркі тілдерінде кездеседі, ал шығысқа орлаласқан түркі тілдерінен арабпарсымеи қатар қытай тілінің ықпалымен қалыптасқан ф дыбысы кездеседі18. Сөйтіп, территориялық көршілік жеке тілдерде ф дыбысының әр түрлі негізде қалыптасуына алып келген. Дыбысталуына, тілдің қатысына қарай дауыссыз дыбыстар үш түрлі айтылады: тіл алды, тіл ортасы және тіл арты дауыссыздары. Түркі тілдерінің барлығында кездесетін тіл алды дауыссыз дыбыстары деп мыңаларды атау керек: с, з, д, т, р, н, ж, дж т. б. Бұлардың ішінен ж типтес дыбыстар туралы ерекше айту жөн. Әзірбайжан, түрік, қырғыз тэрізді тілдер құрамында жалаң ж фонемасынан басқа аффрикат дж фонемасы айтылады. Осыған ұқсас аффрикат дыбыс чуваш тілінде де бар (чуваш орфографиясы бойынша с). Бұл аталған тілдердің бәрінде де дж аффрикат дауыссыз фонемалық қызмет атқарады. Алайда, аффрикат дж дыбысының таралу шегін 2—3 тілмён шектеуге келмейді. Қазақ, татар, ұйғыр, өзбек т. б. тілдер құрамында бұл дыбыс диалектілік ерекшеліктердің бірі ретінде ұшырасып отырады. Бүл жеке тілдің этникалық негізімен немесе көрші тілдің әсерімен байланысты. Осы топқа башқұрт, түрікмен тілдеріндегі д, б тіс аралық дыбыстарын жатқызуға болады. Олардың арғы негізі с мен з дыбыстарымен ұласатындығы, бірақ олар с, з дыбыстарымен фонемалық қарама-қарсылық құрай алмайтыны жайлы түркологияда бұрыннан айтылып келе жатқан. Башқұрт, түрікмен тілдерінде басқа түркі тілдерінің сөз арасында және сөз соңында айтылатын з дыбысының орнына тіс 53
аралық д (дз) дыбысы қолданылады: башқұрт — без, һез, һүз, аз, каз, һаз; түрікмен — биз, сиз, көз, аз-, газ, саз; қазақ — біз, сіз, сөз, көз, аз, қаз, саз т. б. Бұл дыбыстар көие түркі тіліндегі д (т) дыбысына сәйкес айтылады. Көне түркі тілінде: адақ (атақ), құдық (құдуқ), қадағ (қатағ), итил, башқұрт тілінде: адзақ, қодзоқ, қаздақ, идзел т. б.19 Бұндай сәйкестіктер башқұрт, сол сияқты түрікмен тіліндегі д, б тіс аралық дауыссыздары көне түркілік д (т) дыбыстары өзгерісінің нәтижесінде келіп шыққан. Оған бірінші себег), жоғарыда айтылғандай, башқұрт (сол сияқты түрікмен) тіліндегі тіс аралық д дыбысы көне түркі тілдеріндегі сөз арасында, сөз соңында айтылған д дыбысына сәйкес келеді. Ал, башқұрт тілінде, сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздердің орта шенінде айтылуға тиіс д дыбысы тіс аралық дж дыбысына айналып кетеді: бораэда — бураздза. Осы жағдай парсы тілінен енген кейбір сөздер құрамынан байқалады: базар — бадзар. Бұл құбылыс^а керісінше сөз басындағы з өзгеріссіз қалады: залим, жаман, зиян, зар т. б. Бұл құбылыс көне түркілік д дыбысының екі дауысты аралығында (сөз ортасында) әлсіреп, спирантқа айналған дейтін көзқарасты біршама дәлелдей түседі. Көне түркілік қатаң т өзінен кейінгі және бұрынғы дауыстының ыңғайымен (түбір мен қосымша негізінде) ұяңдап, д дыбысына айналуы заңды құбылыс еді. Соңғы дыбыс сөйлеу процесінде соңғы дауыстының ықпалымен спирантқа айналуы башқұрт тілінің (сол сияқты, түрікмен тілінің) фактілерімен дәлелденеді. Сондықтан башқұрт тілінің көрнекті зерттеушісі Ж. Киекбаевтың мына схемасы бұл дыбыстың даму жолын біршама толық көрсетеді: т, д, д, дз 20 . Көне түркі дәуірінің соңғы кезінде екі дауысты дыбыс аралығындағы д-ның з-ға айнала бастауы (мүмкін, белгілі бір тайпа тілінің ықпалымен) Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ортағасырлық түркі тілдерінде көне түркілік д-ның з түрінде айтылуы нормаға айналады. Соңғы з дыбысының негізінде башқұрттық тіс аралық дз аффрикатының қалыптасуын жаңа дәуірдің жемісі деп қарау керек. Жоғарыда келтірілген дыбыс сәйкестігі схемасының қай элементі де қазіргі түркі тілдері құрамынан ұшырасатындығын айту керек: якут — атах, қазақ — адақ, (тау), хакас — азах, башқұрт — азақ. Сонымен, жоғарғы схема түркі тілдерінің тарихи даму барысында болған өзгерістерді көрсетіп қоймайды, қазіргі түркі тілдерінің арасындағы дыбыстардың сәйкес қолданылу жолын және жеке тілдер54
дің өзіндік фонетикалық ерекшеліктерін де байқатады. Башқұрт, түрікмен тілдеріндегі тіс аралық з дыбысы жоғарыда әңгімелеген д дыбысының қатаң варианты болып табылады. Башқұрт тіліндегі дз тіс аралық дыбысы сөз басында айтылмайды, сөз арасында, сөз соңында ғана айтылады. 3 тіс аралық дыбысы көне түркі тілінде сөз ортасында, сөз соңында айтылған с, түркі тілдерінің көпшілігінде сондай позицияда айтылатын с дыбысына сәйкес келеді: көне түркі, қазіргі түркі тілдерінде — ыссығ, түс, кесмек басу, бармас, башқұрт тілінде — эсзе, төсз, кисмәк, басыу, бармас т. б. Сонымен қатар, башқұрт тілінде кейбір сөздер құрамында айтылатын б орта түркілік сөз соңында айтылған з дыбысына сәйкес тгүсіп жатады: алмаз, кёлмез, севмез, тутмаз; башқұртша — алмас, кәлмэс, һоймэс, тотмас. Соңғы фактілер дыбыстардың мынадай ауысуы болғандығын көрсетеді: з — с — з: алмаз — алмас — алмаз. Қазақ тіліндегі бұл позициядағы с дыбысы мына фактілерге қарағанда, з дыбысының спирант з(с) дыбысына айналу жолындағы екінші звено болып табылады. Бұған байланысты соңғы ескертетін жай — көне түркі тілінде, қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде сөз басында айтылатын с башқұрт тілінде һ көмей дыбысына айналып кеткен: һары (сары), һин (сен), һез (сіз), һигез (сегіз), һейөнес (сағыныш), һүз (сөз), һет (сүт,), һейек (сүйек), һеңер (сіңір) т. б. Сонымен башқұрт тілінде көне түркілік және жалпы түркілік с дыбысы екі түрлі сипат алған: сөз басында (кейде сөз ортасында) һ көмей дыбысына ауысса, сөз ортасы мен соңында с(з) тіс аралық спирантына ауысып кеткен. Қазіргі түркі тілдерінің едәуір тобында кездесетін көмей дауыссызы һ жоғары фактілерде ескерсек, башқұрт тіліндегі сондай көмейлік дыбыстан этимологиялық жағынан бүтіндей басқаша дыбыс екендігін байқауға болады. Тіл ортасы дауыссыздарына түркі тілдері жайындағы әдебиеттерде көбінесе мына дыбыстар жатқызылып жүр: к, г, ч, й, т. б. ал й дауыссызы — сөз басында қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде айтылатын дыбыстардың бірі. Алайда, й дауыссызының қолданысы, кейбір зерттеулерге қарағанда, негіз тіл дәуірінен келе жатқан құбылыс болмаса керек. A. M. Щербак сөз басындағы й белгісіз көне заманда сол позицияда айтылған тіс аралық қатаң спирант дауыссыздың кейінгі замандар бойында өзгерісінің нәтижесінде қалыптасты деп есептейді2'. Егер осы көзқарасты қабылдасақ, онда чуваш тілінде сөз басында айтылатын с-мен якут тілінде сол позицияда айтылатын с-й дауыссызына 55
негіз болған тіс аралық спиранттың кейбір ерекшеліктерін сақтаған деп есептеу керек болады. Ал, қазақ т. б. қыпшақ тілдеріндегі ж дыбысы да өзінің архетипіне оғыз тілдеріндегі й-ге қарағанда әлдеқайда жақын болып шығады. Алай^
• •
«
22
да, бұл көзқарасқа қарсы шкір аитылып жүр. Сібірдегі кейбір тілдерде (тофалар т. б.) дауыссыз й-дің мұрын арқылы айтылатын варианты кездеседі. Сондай дыбыс көне ескерткіштер тілінде ұшырасады (С. Е. Малов транскрипциясы бойынша). V—IX ғ. ескерткіштерінде а, і, ы, р (жаман, оңбаған), қа у (қандай), қо (қой), чыга (кедей), уа (жай, жаз), қыма (қидан), ақ ақ (қаймақ), түру айа (тырна) т. б. Бұл фактілер й дыбысының қолданылуы жаңа дәуірде болған құбылыс екендігін дәлелдемейді. Шығысқа орналасқан тофалар тілінде, кейбір ыңғайда якут тілінде қолданылатын й дыбысының дауыссыз й-ге этимолоғиялық қатысын дәл айту қиын. Көне ескерткіштер тіліндегі й мен і дыбыстарының өзара байланысы жайлы айқын факті жоқтың қасы. Салыстырма фактілер ыңғайында й дыбысын нй, нғ, нг, йн дыбыс тіркестерінің дамуының нәтижесі деп қарауға негіз бар сияқты. Өйткені, жоғарыда келтірілген сөздер кейінгі, орта ғасырлардағы ескерткіштер тілінде анығ, қанйу, қон, чыған тәрізді түрде берілген. Осыларды ескерсек, і дыбысы дауыссыз й-дің комбинаторлық өзгерістер нәтижесінде пайда болған аллафоны ,деп қарауға негіз бар. Якут тіліндегі і басқа системалы тілдерден енген сөздердің құрамында ғана айтылады: іар (бет, жүз) т. б. Тофалар тілінде і дыбысы бірен-саран сөздердің басқы н, м позициясында айтылады және ондай сөздер эдетте мұрын жолды дыбыстарына аяқталады: арын (жауырын), іам (қоқыс). Сонымен қатар, ол якут, тофалар тілдерінде сөз ортасында екі дауысты дыбыс аралығында айтылады: мыіыс (мүйіз), мәіы (мын), аіах (ауыз, тесік), туіах (туях), куіах (қабық), иіә (ана, шеше), хаіох (қою) киіит (келін), кәіүр (күйе, затқа түсетін күйе, күйе жеді), қуіас (күн, көне түркіше қуйаш), тыіыс (тығыз, қатты). Тіл алды ш дыбысына қарағанда, ч дыбысы түркі тілдерінде сөздің басқы позициясында жиі айтылады. Алайда, қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын ч дыбысын тек қана түркілік құбылыс деп қарауға болмайды. Қазіргі түркі тілдерінде айтылатын ч аффрикатының екі түрлі негізін көрсетуге болады. Ол дыбысталу табиғаты жағынан «жұмсақ» болып келетін қос дауыссыз тәрізді естілетін ч: түрік — уч, біч (піш, киім пішу), татар — оч (үш) уч 56
(өш, өш алу), чық (шық), чын (шын, шындық), чия (шие), әтәч (әтеш, қораз): орыс және батыс тілдерінен енген сөздер құрамыида: чемпион, чайник т. б. Соңғы сөздер құрамындағы ч орыс тілдеріндегідей қатаң естіледі. Сондықтан келтірілген сөздер құрамындағыдай ч әрпімен белгіленген дыбыстарды сапалық жағынан бірдей деп есептеуге әсте болмайды. Олардың өзара ұқсастығы — екеуінің де аффрикат екендігінде, бірақ түркілік ч әлдеқайда ұяң, «жұмсақ» естіледі. Тіл арты дауыссыздарына қ, ғ, х дыбыстары жатқызылады. Түркі тілдерінің көпшілігінде тіл артынан жасалатын қатаң қ дыбысы айтылады. Ондай тілдерде қ тіл ортасы дыбыстарының қатарына кіретін к дыбысымен фонемалық қатынаста қолданылады. Қазақ тілі — сондай тілдердің бірі. Әдетте, түркологияда бұларды (ғ, г дыбыстарын қоса) «к типтес фонемалар жүйесі» деп біріктіріп атау олардың фонемалық қатысыка негізделсе керек. Қ, к дыбыстарының фонемалық қатынасы барлық түркі тілдерінде бірдей көріне бермейді. Түркі тілдерінің кейбір топтарында к дыбысыныц қай позицияда қолданылуына қарай көрші айтылған дауыстының әсерімен «жуан» не «жіңішке» естілуі бар. Ғ әрпімен әр текті дыбыстар белгіленеді. Көне түркі жазбаларында сөз ортасында, сөз соңывда айтылған, жуан дауыстылармен бірге қолданылатын ғ түркі тілдерінің көпшілігінде әр түрлі өзгерістерге ұшыраған. Айталық, қазақ тілінде дифтонгілер мен қырғыз т. б. тілдердегі созылыңқы дауыстылар белгілі дәрежеде сондай процестің нәтижесі. Дегенмен, түркі тілдерінің кейбір тобывда, мысалы, оғыз тілдерінде сол фонема өз қалпын сақтап қалған. Көне түркілік ғ фонемасы сақталмаған тілдерде бұл әріп бір ыңғайда қатаң қ дыбысының уяң вариантын білдіреді. Қ дыбысының ұяң вариантын білдіретін ғ сөз ортасында келетіні белгілі. Бұл — түркі тілдерінің көпшілігінде бар құбылыс. Сонымен қатар, оғыз тілдерінде сөз басыңдағы қатаң қ ұяңдап кеткені мәлім. Ал, түркі тілдерінің көпшілігінің құрамында шығыс тілдерінен ауысқан, ғ дыбысынан басталатын сөздердің едәуір тобы орныққаны белгілі. Сонымен, шығу тегі жағынан әр түрлі дыбыстар тобы ғ әріпімен белгіленген. Бұлардың барлығына ортақ қасиет — жуан дауыстылармен тіркесіп; жуан айтылады. Ғ дыбысы тіл алды г дыбысымен. фонемалық қатынасқа түседі. Түркі тілдерінде көмей арқылы жасалатын бір ғана дауыссыз дыбыс бар: һ (кейбір тілдер алфавитінде х арқылы 57
белгіленген) һ дауыссызы көне туркі жазбалары тілінде ұшыраспайды. Тек бірен-саран сөвдердің басында протеза ретінде қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде һ фонемасы сөздердің едәуір тобының басында қолданылып қалыптасқан. һ фонемасының сөз басында айтылуын барлық уақытта протезалық құбылыс деп қарауға болмайды. Ол көп сөздердің құрамында органикалық элемент ретінде келеді: әзірбайжан — һорох (орақ), өзбек хаккж (қарға), харакат (әрекет), қозғалыс, башқұрт — һары (сары), һұң (соң), hay (cay), якут — быһах (пышақ), іцыһын (қысында, қыста), кіһі (кісі), ұйғыр — һарақ (арақ), харам (арам), хармақ (шаршау, арып-аршу), хаң-таң (аң-таң болу), хава (ауа), хәре (ара), хар (әр, әр кісі) т. б. Көмейлік дыбыстың сөздің абсолют басында айтылуы көбіне өзбек, уйғыр, әзірбайжан, түрікиен, гагауз тілдеріне тән. Бұл позицияда һ көбіне протеза ретінде айтылатыны байқалады. Сол тілдерден келтірілген сөздер қазақ тілінде басқы көмей дыбысынсыз айтылады: орақ, әрекет, арақ, арам, аң-таң т. б. Алайда, башқурт, якут тілдерінің материалдары ол тілдер құрамындағы һ дыбысының басқа тілдердегі с, ш дыбыстарымен сәйкес қолданылатындығын байқатады: сары, саң, пышақ, қыс, кісі. Дауыс қатысына қарай дауыссыз дыбыстар қатаң және ұяң (үнді) болып жіктеледі. Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздардың арасындағы басты белгі — белгілі бір дыбыстың жасалу процесіне дауыстың қатысуы. Қатаңдар мен ұяңдардың арасындағы айырмашылық — фонемалық па, әлде ондай дәрежеге жетпеген бе?— дейтін сұраққа айқын жауап беру әзірге мүмкін емес. A. M. Щербаков көне, жаңа түркі тілдеріндегі қатаңдар мен ұяңдардың қолданылу ерекшелігін сипаттай келіп, түркі негіз тілінде дауыссыздың мұндай жіктелуі фонемалык мәнге ие болады дейтін өзінен бұрын айтылған пікірлерге қарсы шығады. Оның айтуынша, түркі тілдерінде дауыссыздардың белгілі бір позицияда қатаң естілуі, екінші жағынан, оның күшпен айтылуына да байланысты, сондай-ақ кейбір дыбыстардың ұяң естілуі олардың әлсіз айтылуының белгісі болса керек. Сонымен Щербак пікірін қорытындыласақ, түркі тілдеріндегі дауыссыздарды дауыс қатысына қарай қатаң (күшті және ұяң), әлсіз деп жіктеу әлдеқайда орынды болмақ23. Дауыссыздарды дауыс қатысына қарай жіктеуді қай түрде алсақ та, қазіргі түркі тілдерінде қатаң, ұяң дауыссыздардың сөздің қай позициясында болсын бірбірінен қатаң-ұяң тұрғысынан жіктеліп қолданылуы бар. 58
Мысалы: қазақ тілінде — тақ, дақ, тән, дән, таба, тапа, аяқпен тапа, алға, алқа, сақа, саға, татар тілінде — тапа (шай) таба, басқа, баға, әзірбайжанда — қол (бұта), (ғол), (қол), тағ (кумбез), дағ (тау) т. б. Дегенмен, қатаңдар мен ұяңдар арасындағы айырмашылық фонемалық дәрежеде ме дейгін тұрғыдан келгенде, фактілер жеткілікті бола бермейді. Мысалы, қазақ тілінде біраз сөздер қатаң дауыссызбен де айтылады, бірақ олардың арасындағы мағыналық айырмашылық сезілмейді: мысалы, диірмен және тиірмен. Сонымен қатар, сөз басында қатаң я ұяң дауыссыздың айтылуына қарай сөз мағынасының өзгеруі, жаңа сөз пайда болуы тілдің даму барысында басқа тілдермен қатынасқа тұсудің нәтижесі болуы мұмкін. Айталық, қазақ тіліндегі күл, гүл тәрізді сөздердің басқы дыбысы қатаң я ұяң болуына қарай бір-бірінен мағыналық жағынан ажырауы шартты нәрсе: гүл, сөзі парсы тілінён ауысып орныққан да, екі сөз арасындағы фонемалық қатынас пайда болған. Нақ осындай жағдай басқа тілдерде, әсіресе ортаазиялық түркі тілдерінің көпшілігінде ұшырасады. Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздардың сөздің қай шенінде қолданылуы, қазіргі түркі тілдерінде белгілі бір жүйемен келеді. Сөз басында қатаң дауыссыздарды қолданатындар — хакас тілі мен чуваш тілі. Бұл тілдерде сөз қатаң дауыссыздардан басталады да, көпшілік түркі тілдерінде осы позицияда ұяңдап айтылады. Хакас, чуваш тілдері мен түркі тілдері арсында кездесетін сөздің абсолют басындағы қатаң дауыесыздар мен ұяң дауыссыздардың сәйкестігі осылай келіп шығады. Сөздің бас шетінде ұяң дауыссыздардың қолданылуы түркі тілдерінің барлығына бірдей тең құбылыс емес. Үяң дыбыстарды сөз басында көп қолданылатын топ — оғыз тобы (әзірбайжан, түрікмен, түрік тілДері). Оғыз тобындағы тілдер сөз басындағы ұяң д, ғ, г дыбыстарын басқа түркі тілдерінщ қатысымен салыстырғанда көп қолданылады: әзірбайжан — дағ, дайан, дамар, дамжы, дан, аз, демір, дер, дәиц түрікмен — дағ, дайан, дамыр, дамжан, даң, дәмір, тір, дәш; қыпшақ тілдерінде — тау, тайан, темір, тамыр, таң, таз, темір, тер, тес; түрікменде — гел, гит, герек, гир, гейим, гелин, геч, гермек, гиң; қазақ тілінде — кел, кет, керек, кір, киім, келін, кем, көрмек, кең; әзірбайжанда — газ, ғал, rap, гуч, ғыз, ғол, ғат, ғұл, гуш; қазақта — қаз, қал, қар, күш, қыз, қол, қат. (Асқа қатық қат — араластыр), қүл, құе. Дегенмен, оғыз тілдерінде сөздің абсолют басында 59
д, ғ, г дыбыстары, ал қыпшақ тілдерінде сол позяцняда т, қ, к дыбыстарының қолданылуы тән екендігін айтумен бірге, мұныц өзі мызғымайтын құбылыс емес екенін де ескерту керек. Айталық, жоғары ізбен көбелек, кендір, кес сөздері түрікмен тілінде г дыбысымен айтылады деп тұжырымдауға болар еді. Алайда, ол тілде аталған сөздер көбелек, кендір, кесмек түрінде дыбысталатыи кврінеді. Сол сияқты, оғыз тілдерінің бірі түрік тілінде даш, емес, таш, қаз, қал, қар, қат, қач, қойдың, қыз, қыл, қын, қыш (қые — мерзім маусымы) түрінде дыбысталып, әзірбайжан, түрікмен тілдерінен ерекшеленіп келеді. Дегенмен, ол тілде де rip (кір), гоз (көз), гок (көк), гөр (көр) гүз (күз), гүн (күн) гуч (күш) екінші сөзбен айтылады, басқа оғыз тілдерімен бірдей дыбысталады. Әзірбайжан тілінің өзінде де, зерттеушілердің айтуы бойынша, бір жағынан: тикан (тікен), тикмак (тікпен, тігу) тох (тоқ), токулмәк (төгілу), төккүнтү (төгінді), екінші жағынан — доймағ (тоймақ тойу) дарағ (тарақ), дузағ (тұзақ) т. б. Сонымен жоғарыда көрсетілген жүйе абсолютті, одан ауытқу болмайды деп қарау, әрине, бір жақты болмақ. Өйткені, тіл атаулының бәрінде, оның ішіңде құрылысы мен сөздік қоры, фонетикалық жүйесі жағынан бір-біріне ұқсастық генезистік, бірліктің, ортақтастықтың нәтижесі болып келетін тілдерде ешбір құбылыс басынан аяғына дейін түгел жіктелідейді. Әңгіме болып отырған құбылыс ыңғайында осы ерекшелікті көруге болар еді. Оғыз тілдерінде сөздің абсолют басында ұяң дыбыстар айтылып, ережеге қосымша ретінде тағы да екі түрлі ерекшелікті ескерткен жөн. Әзірбайжан тілін зерттеушілер ол тілде кейбір сөздің абсолют басында айтылатын д таза т емес, тз тәрізді қатаңнан басталып, ұяңға аяқталатын күрделі дыбыс екендігін айтады24. Егер осы құбылысты еске алсақ, әзірбайжан тіліндегі сөз басында айтылатын д таза ұяң дыбыс еместігін, бұл арқылы ол басқа оғыз тілдерінен едәуір ерекшеленетіндігін көруге болады. Әзірбайжан тілінің бұл ерекшелігі оғыз тілдерінде, сондай-ақ тува тілінде сөз басындағы қатаң т әлсізденш, ұяңдаған деитш пікірді , толығымен қуаттайтын тәрізді. Сонда оғыз тілдеріне тән жалпы заңдылық — сөз басындағы қатаң т дыбысының ұяңдауы да, ал ескі іздің қалдығы — кей сөздер құрамында сөз басында т дыбысының айтылуы болып шығады. Әзірбайжан тілінде кей сөздердің басында тд тәрізді күрделі дыбыстың естілуі — аралық буын болса керек. Екінші бір ерекшелік — оғыз тілдерінің ішіндегі түркі тілінде сөз б.а60
сында қатэң дауыссыздар да, ұяң дауыссыздар да айтылады. Түрік тілінің ерекшелігін дәлелдейтін материалдар жоғарыда келтірілді. Басқа оғыз тілдерінде ұяң д дыбысынан басталатын біраз сөздер түрік тілінде қатаң т дыбысыиан басталып айтылады. Кейбір зерттеушілер осы ерекшелікке қарай, қазіргі түрік тілі «жасы жағынан ОрхонЕнйсей ескерткіштері тілінен де көне дейтін пікір айтады. Алайда, мұндай пікір түркі тілдеріне негіз болған тілде^дауыссыздардың қатаң-ұяң болып жіктелген, сондықтан түркі сөздерінің басында қатаң дауыссыз да, ұяң дауыссыз да қолданылған дейтін тұжырымна» келіп шыққаны айқын. Қазіргі тарихи түркологиялық зерттеулерде мұндай тұжырымды бекіте түсетін фактілер кездеспейді. Олай болса, түркі сөзінің басында көне дәуірде (немесе негіз тілде) қатаң дауыссыздар ғана қолданылса керек, ал ұяң дауыссыздардың қолданылғандығын (немесе олардың болғандығын) дәлелдейтіндей айқын факт жоқ, сөз басында ұяңдардың қолданыла бастауы тілдің дамуы барысында қалыптасқан құбылыс дейтін бұрыннан айтылып келе жатқан, біршама орныққан көзқарас әлі өзінің күшін жойған жоқ. Ал, түрік тілінде сөз басында қатаң дауыссыздармен қатар ұяң дауыссыздардың айтылуы сол тілдің өз ішіндегі диалектілердің әдеби тілді қалыптастыруға қатысу дәрежесінде бағынышты болуы мүмкін немесе солтүстік-батыс тілдерінің көне дәуіріндегі ықпалының нәтижесі де болуы әбден ықтимал26. Түркі тілдерінің қазіргі күйісөз басында т немесе д дыбысының айтылуы фонологиялық мән алатындығын әсте дәлелдемейді. Қазақ тілінде (әдеби тілде болсын, говорлар мен әдеби тіл арасында болсын) бір ғана сөздің әрі т, әрі д дыбысымен айтылу фактісі бар, бірақ олардың арасында мағыналық айырмашылық болып көрген емес. Сөз басында т, д дыбыстарынан құралған қатаң-ұяң жұптардың қолданылуына байланысты кейбір басты ерекшелік осы айтылғандай. Түркі тілдерінде сөз басында п, б жұбының қолданылуы жоғарғы айтылғандардан сәл өзгеше. Бұл екі дыбыстың қолданылу ерекшелігі жағынан қазіргі түркі тілдері бірыңғай еместігі өз алдына, кейбір тілдердің тек өздеріне ғана тән ерекшеліктері бар. Сөз басында п қатаң дыбысын айтатын тілдер тобына хакас, шор, тува, чуваш тілдері жатады. Бұл дыбысты жүйелі. емес, эпизодтық ыңғайда басқа да түркі тілдері қолданады. Мысалы, қазақ тілінде п дыбысынан басталатын біраз сөздер кездеседі. Бірақ 61
ондай сөздердің біразының дублеттері бар (яғни жарыса қолданылуы), ал едәуір көпшілігі басқа тілдерден ауысып келген сөздер. Қазақ тілінің осы ерекшелігі түркі тілдерінің көгшіілігіне ортақ. Сөз басында б ұяң дауыссызын айтатын тілдердің саны әлдеқайда көп. Бұл топқа оғыз тобындағы тілмен бірге қыпшақ тобындағы тілдерді де, Сібір мен Шығысқа орналасқан тілдерді де, көне түркі, көне ұйғыр, көне қыпшақ тілдерін де, сондай-ақ қарлұқ тобындағы тілдерді де жатқызуға болады. Көне мұралар тілінде сөз басында қатаң п өзінің ұяң вариантына қарағанда өте жиі айтылғандығы қазір әбден айқын. Бір кезде В. В. Радлов Сібірдегі шор, хакас, тува тілдерінде (өйткені, олар замандар бойы өздерінің Азиядағы «туыстарынан» оқшауланып келген) жақын болу керек, сондықтан «Құтадғу білік» тілі сөз басында қатаң п дыбысын айтқан деген оймен дастанды солай транскрипциялаған еді. Алайда, кейінгі зерттеулер, әсіресе В. Томсеннің дастан тілін ырғақ, ұйқас жағынан зерттеуі Радлов ойының қате екенін көрсетті.'С. Е. Маловтың белгілі классификациясы бойынша көне құрылысты сақтап қалған деп қаралатын якут тілі де б дыбысынан бастап айтылатын тілдер тобына жатады. Мысалы, хакас — пір, піс, пол, пар, пулут, пурун, пас, палық, палты, якут — биэр, биэс, було, быар, баар, былыт, мурун, бас, балық т. б. Бұл фактілер көршілес орналасқан, этногенездік жағынан бір-бірімен қабысып жататын екі тілде де аталған дыбыстарды сөз басында қолдану тұрғысынан үлкен айырмашылық бар екендігін көрсетеді. Түркологияда осыдан бұрын баяндалғандай, түркі сөздерінің көне дәуірінде қатаң дыбыстан басталып айтылғандығы жайлы байлам орнығып келеді. Бірақ кейбір зерттеушілер сөз басында қатаң дыбыстармен қатаң ұяң дауыссыздардан б дыбысы айтылса керек дейтін де пікір айтып келеді. Оған дөлел — көне мұралар тілінде, сондай-ақ бүгінгі көпшілік түркі тілдерінде, солардың ішінде якут тілінде, сөз басында б ұяң дауыссызы басым қолданылатындығы. Ал, батыстағы башқұрт тілінде басқа тілдерден (мысалы орыс тілінен) ауысқан, п қатаң дауыссызымен айтылатын сөздердің өзі б дыбысымен айтылады. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде сөз басында ұяң б дыбысының қолданылуын тарихи тұрғыдан мына құбылыспен ғана түсіндіруге болады. Тарихқа белгісіз түркі сөздері қатаң дыбыстардан басталып, екпін бірінші буынға түсті (сөздің өзі де бір буынды еді). Тілдің даму барысында сөз құрамының күрделенуіне байланысты 62
бірінші буынды бұрынғыдан гөрі күштірек айту қажеттігі туды. Өйткені, негізгі ой мен негізгі хабар (информация) бірінші буын арқылы беріледі. Сөз құрамының күрделенуіне байланысты екпін сөз соңына (бірінші буыннан соң) қарай жылжыды да, бірінші буын, екінші жағынан, кейінгі буындардың сапасын айқындаушы міндетіне ие болды. Соңғы жағдай басқы дыбыстың да, бірінші буынның да естілуін күшейту қажеттігін арттыра түсті. Мұндай міндетті атқаруға қатаң дауыссыздар қолайлы емес еді. Осындай тілдік қажеттіліктен барып сөз басының ұяңдауы, яғни дауыс қатысы бар дыбыстарды қолдану жүйесі қалыптасты. Тілдегі өзгеріс атаулының қайсысы да тілдің құрамын немесе бүкіл тобын түгелдей қамти бермейтіндігі белгілі. Соидай ерекшелікті (әдетте тіл білімінде «закон исключения» деп аталатын заңдылықты) б, п дыбыстарының сөз басында қолданылуынан көруге болады. Қатаң, ұяң дауыссыздардың сөз ортасында қолданы £ луының өзіне тән жүйесі мен ерекшелігі бар. Қазіргі түркі тілдерінде аталған дауыссыздардың осы позицияда қолданылуын шолғанда, көзге тусетін ерекшелік — әрбір қатаң дауыссыздың ұяңдауы барлық тілдерде бірдей емес. Сөз ортасындағы дауыссыз дыбыстар ыңғайында екі түрлі күй еске алынады: екі дауыссыз арасы (интервокальное положение) және дауыссыз дыбыстардың қосарлануы (стечение согласных). Дауыссыздардың сапасын белгілеуде екі дауысты дыбыс арасы үлкен роль атқарады. Осы позицияда жұмсалып қатаң дауыссыздар толығынан немесе біршама, кейде бірен-сараны ұяңдап отырады. Қандай дәрежеде болса да, ұяңдаудың басты себебі — дауысты дыбыстардың екі жақты ықпалы екені айқын. Екі дауысты аралығында айтылған қатаң дауыссыздар толығынан ұяңдап кететін тілдер — Сібір мен Алтайдағы (якут пен қарағас тілдерінен басқа) түркі тілдері мен чуваш тілі. Сондықтан чуваш тілінде: збир (біз), эзир (сіз), вуда (отын), уба (аю), туда (тойған), чазах (тез)27, хакас тілінде: сазым (менің шашым), ады (оның аты); тува тілінде: олар (отты жер, жайылым), азып (іліп) т. б. Якут тілінде бұл позицияда т дыбысы сол күйінде ұяңдамай айтылады. Ал қарағас тілінде т, ш дыбыстары созылыңқы дауысты дыбыстан кейін келсе ғана ұяңдап кетеді: будум (бұт, менің аяғым). Якут тілінде екі дауысты аралығында с қатаң дауыссызы һ спирант дыбысына айналып кетеді: бас (бас, адамның басы), баһы (оның басы), түс (түс, құла), түһәбит (біз құламыз). Ал, Сібірдегі түркі тілдерінде шартты рай тұлғалы дауысты 63
не сонор дыбыстардан кейін — за-зе түрінде айтылады: с, з ал қатаң дыбыстар кейін өз сипатын сақтайды. Қыпшақ, қарлұқ, озық тілдерінде түбір құрамында қатаңдар да, ұяңдар да айтыла береді. Түбір құрамында қатаң дыбыстар екі дауысты аралығында келгенмен, ұяңдай бермейді. Бұл жағынан олар чуваш тілі мен Сібір, Алтай бойындағы түркі тілдерінен бүтіндей оқшауланып тұрады. Дауссыздардың ұяңдауы (толық немесе ішінара) бұл тілдерде негізінен түбір мен қосымша шегінде болып отырады. Дауыстыдан немесе ұяң (сонар) дауыссыздан басталған қосымша жалғанғаыда, қыпшақ тілдерінде қатаң п, қ дауыссыздары ұяңдайды да т, с, ш, ч дауыссыздары өзv геріссіз айтылады. Қазақ тілінде — тап-табы, дақ-дағы, оқ-оғы, татар тілінде — бақ-бағы, ақ-ағым т. б. Қарлұқ тілдерінде екі дауысты арасында айтылған қ, п қатаң дауыссыздары көбінесе зат есімдер құрамында ұяң айтылады. Бірақ осы ереже араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздерге таралмайды: балығым (өзбек), Совет Итофок (Совет Одағы). Оғыз тілдерінде екі дауысты арасында айтылған п, т, қ, ч қатаң дауыссыздары бір буынды сөздер құрамында, не үнді дыбыстардан басталған қосымша жалғалғанда ұяңдап кетеді: түркі тілдерінде — қап-қабы, діп-дібі, ат-ады (оның есімі), от-оду (оның аты); түрікмен тілінде — от-оды. Алафда, бір буынды сөздердің барлығы бірдей осы ережеге бағына бермейді. Мысалы: жоғарыда аталған тілдердің құрамында мынадай фактілер кездеседі: түрік тілінде — от-оту, (оның оты, шөбі), ат-ату (оның аты, көлігі); түрікмен тілінде — ат-аты (оның келігі), от-оты (оның шөбі). Сырттай қарағанда, түбір мен қосымша шегіндегі қатаң дауыссыздардың ұяңдауы немесе сол қалыпында қатаң айтылуы омоним арасында мағыналық айырмашылықты белгілеудің тәсілі тәрізді. Кейбір зерттеушілер бұл құбылысты осы тілдерде созылыңқы дауыстылардың (этимологиялық созылыңқы) бар екендігімен түсіндіреді: созылыңқы дауыстылардан кейін айтылған қатаң дауыссыз ұяңдап кетеді, әдеттегі дауыстыдан кейін келген қатаң сол қатаң қалпында қалады28. Түркі тілінде қатаң дауыссыздың ұяңдамауы етістік негіздерге де жайылады. Э. В. Севортян мынадай мысалдар келтіреді: атийор (ол атып жіберді), динлетийор (тыңдатқыз), отар (жаю, мал жаю), өпүш (сүйісу), сапарақ (бұрылып), бақийор (қарап тұр), ақийор (ағып жатыр). Сонымен бірге, осы сөздерге ұйтқы болған кейбір түбірлерге 64
тікелей қосымша жалғанғанда, қатаң дауыссыз ұяңға айналады: ет-едиор (істеп жатыр), жоқ-жоғал т. б.29. Қатаң дауыссыздардың ұяңдау құбылысы түркі тілдерінің біразында бір екпінмен айтылатын екі сөздіК аралығында да кездесіп отырады. Алдыңғы сөздің соңғы буыны мен соңғы сөздердің алдыңғы буынының құрамына байланысты екі дауысты аралығында қалған қатаң дауыссыздың ұяңдауы қазақ тілінде әдеттегі құбылыс екені мәлім: қара кер — қара гер, дәу қара — дәу ғара, барып айт — барыб айт, келіп айт — келіб айт т. б. Нақ осындай құбылыс башқұрт, қарақалпақ, құмық, тофалар (қарағас), чуваш, якут тәрізді географиялық орналасуы бір-бірінен алшақ жатқан тілдерде ұшырасады. Сондықтан бұл құбылысты белғілі бір аймаққа немесе этникалық генезистік топқа тән ерекшелік деп атауға ешбір негіз жоқ. Екі дауысты дыбыстың аралығында кейбір дауыссыздардың үнді дыбыстарға айналуы түркі тілдерінің біразында ұшырасады. Мысалы, қазақ тіліндегі п дыбысының жартылай дауысты у-ға айналуы: тап-ып — тауып, шап-ып — шауып т. б. Сөз соңында қатаң я ұяң дауыссыздардың қолданылуы да түркі тілдерінде бірыңғай болып келмейді. Шор, алтай, тува, хакас, якут, чуваш тілдерінде сөз соңында тек қатаң дауыссыздар айтылады. Түркі тілдерінің басқаларында қатаң дауыссыздар жиі айтылғанмен, сол позицияда ұяңдарда да қолданылып отырады. Сөз соңында көп ыңғайда ұяң дауыстыларды қолданылатын тіл — әзірбайжан тілі. Әзірбайжан тілінде сөз соңындағы жалпы түркілік п, т, қ, ч дыбыстары ұяңдап, үнді дыбыстарға айналып кетеді: ғанад (қанат), ігід (жігіт), атмағ (атпақ), ағадж (ағаш), айағ (аяқ) т. б. Басқа тілдерден ауысқан соңында ұяң дыбыстар түркі тілдерінің қайсысында болса да қатаңға айналып айтылады. ҚОСАР ДАУЫССЫЗДАР. Кейбір түркі тілдерівде дауыссыздардың қосарлануы кездеседі. Бұл ыңғайда түрікмен әдеби тілінде, сол тілдің есарий диалектісінде, құмық тілінде мынадай фактілерді көрсетуге болады: түрікмен тілінде аррық (арық), чаррық (кәрілік), ыссы (ыссы), аччы (ащы), уллу (ұлы), гиччи (кіші), итті (жіті), қаққа (қойнау), қоччақ (батыл). Нақ осы сияқты фактілер, бірақ ұяң дыбыстардың қабаттасуы, әзірбайжан тілінде кездеседі: аддым (адым), адцамач (аттамақ), саггыз (сағыз), әшшек (есек), (бұл фактілер Н. К. Дмитриев еңбектерінен алынды). Осыған ұқсас фактілер қазіргі қазақ тілінде де ұшы3—3732
65
райды: ащ-щы, тұщ-щы, тәті-ті, сәт-ті т. б. Олай болса, негіздер құрамында кей дауыссыздардың қосарлануы, басқа түркі тілдері сияқты, қазақ тіліне де жат емес. Н. К. Дмитриевтің айтуынша, басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, әзірбайжан тілінде туывды етістіктер құрамында дауыссыздардың қосарлануы жиі ұшырайтын факті және ондай етістіктердің арғы түбі — еліктеуіш сөздер болып келеді: заггыл — дамаг (қазақ тіліндегі зықы, зықысы шықты — сөзімен байланысты болуы мүмкін), гаггылдамаг (қақылдамақ), тапжылдамаг (тыпылдау). Түркі тілінде: ешшек, қашшұқ (қасық), йүззүк (жүзідік), ашшағи (төмен, төменгі жақ), аззық (азық-түлік), анне (ана), йассы (жазық). Түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін құбылыс — екі, жеті, сегіз, тоғыз, отыз, елу — сан есімдердің қосар дауыссыздарымен айтылуы: өкки, икки, экки, йетти, йедди, иетди, едди. Якут тілінде — сэтте, секкиз, сеггиз, сәккиз; өзбек тілінде — түққиз, тоққуз; түрікмен — доққуз; әзірбайжан — доғғуз, орттуз, оттыс, еллиг, элли. Түркі тілдерінің қайсысымен салыстырғанда да сөз құрамында қосар дауыссыздарды жиі қолданатын тіл — чуваш тілі. Чуваш тілінде суққыр (соқыр), анне (ана), атте (ата), кукка (көке), каччы (күйеу), чече (шешек), шакка (есік қағу, қағу) тәрізді сөздердің түбірінде дауыссыздардың екі дауысты аралығында қосарланып келуі әдеттегі құбылыс. Сол сияқты, бірден онға дейінгі сан есімдердің қосарланған дауыссыздармен айтылуы да әдеттегі құбылыс: перре, икке, виссе, таватта, пиллек, ултта, сичче, саккар таххар, вунна. Алайда, чуваш тілінде қосарланған дауыссыздардың жиі айтылатыны — түбір мен қосымша шегінде. Оларды алдыңғы топтан бөліп, белгілі дәрежеде морфологиялық мән алған құбылыс деп қарауға болар еді. Чуваш тілінің мамандары дауыссыздардьщ қосарлануының мына тәрізді түрлерін көрсетеді: 1. Екі буынды зат есімдердің ілік, барыс септікте қосар дауыссызбен айтылуы: ваййан (ойынның), сассен (пышақтың), куллен (көлдің), ваййа (ойынға), сессе (пышаққа), күлле (көлге); 2. Сондай сөздер тәуелдік жалғаумен (үш жағы да), көптік жалғаумен келгенде: саввам (менің әнім), савву (сенің әнің), савви (оның әні), саввамар (біздің әніміз); 3. Дауыссыз не қысаң дауыстыға аяқталған сын есімдер мен салыстырмалы шырай — pax тұлғасымен келген сын есімдер тәуелдіктің III жағы и қосымшасы жалғанғанда: пысак (үлкен), пысакхи (ссхл үлкен), лайахрах (жақсырақ) — лайахраххи (сол жақсырақ, сол тәуірлеу); 4. Тәуелдіктің III жағы — и қо66
сылғанда мына тұлғалардың соңғы дыбысы қосарланады: осы шақ есімшесі — акан (екен) — сыракан (жазушы) — сыраканни; келер шақ есімшесі — ас (ес), оның болымсыз түрі — мас (мес), пулас (болар болатын), пуласси, пулмас (болмас, болмайтын), пулмасси. Өткен шақ есімшесінің болымсыз түрі — ман (мен)— варанмен (оянбас, оянбайтын), варанманни; 5. Осы шақ, көпше III жақта барлық етістіктер қосар с дауыссызымен айтылады. (Болымды түрде де, болымсыз турде де); пуранассе (тұрады, тіршілік етеді), пуранмассе (тұрмайды), щухашлассе (ойлайды), шухашламассе (ойламайды), хепертемессе (қуанбайды); 6. Жекеше, көпше, II жақта өткен шақ етістіктері қосарланған т дыбысымен айтылады: сапасаттам (соғысты); осы шақта айтылған қалау рай етістіктері де т дыбысымен айтылады: пуслаттам (мен бастар едім); 7. Малла (мелле) есімше тұлғасы барлық уақытта қосарланған л дыбысымен айтылады; бағытты білдіретін бірсыпыра үстеулер де қосарланған л дыбысымен айтылады: келелле (үйге қарай), хуланалла (қалаға қарай), ялалла (деревняға қарай), лёрелле (солай қарай), вараралла (отызға қарай), ситмелелле (жетпіске қарай), купталла (осылай қарай) т. б. Бұлардың бәрі барыс септігі негізінде қалыптасқан үстеулер; 8. Жинақтық сан есімдерден жасалғаң үстеулер құрамында түбірдегі дауыссыз қосарланады: печчен (жалғыздап), иккен (екеулеп), виссен (үшеулеп), таваттак (төртеулеп), пиллекен (бесеулеп), улттан (алтаулап), сиччен. (жетеулеп), саккаран (сегіздеп), таххаран (тоғыздап), вуннан (ондап). Бүл айтылғандар чуваш тілінде түбір мен қосымша негізінде немесе қосымшаның әсерімен түбірде болатын дауыссыз дыбыстардың қосарлануының негізгі түрлері ғана. Бұлардың бәрі белгілі бір фонемалық тұрғылармен байланысты болып, сол морфёманың дыбыстық айырмашылығы ретіңде ұғынылады. «СЫНА» ДАУЫССЫЗДАР. Түркі тілдерінде дауыссыздардың екі дауысты арасында «сына» ретінде қолданылуы біршама кең тараған құбылыстардың қатарына жатады. Әрине, кез келген дауыссыз мұндай позицияда қолданыла алмайды. A. M. Шербак «сына» ретінде қолданылатын дауыссыздар деп мыналарды көрсетеді: р, ш, с, й307 И сына дыбысының қолданылуы көне түркі тілінде кездеседі. Ол тілде жіңішке дауыстьщан басталған сөздердің құрамында жіңішке дауыстыдан бұрын й сына дауыссызы айтылған. Қазіргі тілдердің ішінде бұл жүйені одан гөрі 3»
67
дамытқан тіл — қарашай тілі. Көне түркі тілінде й сынасының қолданылуын мына сөздерден көреміз: йумуртқа (бірсыпьфа алтай тілінде умуртқа, умуқта), йығач, йамрақ (сүйікті), йем (ем), йығла (жыла), йьфа (қашу, ыра қашу), йіг (ауыру), йідіз (биік), йіл (іл, ілу), йінічке (жіңішке). Қарашай тілінде: йешік (елік), йөгүз (егіз), йүч (үш), йетгйөр (өткір), йүй (үй), йуренир (үйрену),'йер (әр). Қарашай тілінде й сынасының айтылатын орны тек сөздің абсолют басы ғана емес, сөздің орта шеыінде ерін дауыстіяларының алдында да айтылады: сйоз; гагауз тілінде: йем (ем, емшек ем), йең (ең, ең алды), йүрк (үрк, үрку). Қарақалпақ тілінде (қазақ тілінде де) сына й дыбысы е, о, ө дыбыстарының алдынан естіледі. И сына дыбысы басқа түркі тілдерінде кездеседі. Бұл ыңғайда оғыз тілдеріндегі сөз ішінде й дыбысының қолданылуьш айту керек. Мысалы, түркі тілінде йазмайыныз (жазбаңыз) — йаз-ма-й — ының, бабайы (әкесі) — баба-й-ы т. б. Бұған қоса, ол тілдерде осы шақ есімше тұлғасы — йор түрінде й-мен айтылатындығын қосу керек. Осындай із ескі түркі (орта ғасыр) тілінде болған: сайрайур (сайрайды)— сайрай-ур, сөзлейур (сөйлейді) — сөйлей-үр т. б. Р, ш дыбыстарының сына ретінде қолданылуы көбіне топтау сан есімдерінің құрамывда, түбір мен қосымша шегіңде екі дауыстының арасында (дауыстыға аяқталған түбір мен дауыстыдан басталатын қосымша арасында) болады: орта түркі тілінде — іккірер (екеуден), алтырар (алтаудан), татар тілінде — ікішер (екеуден). Ұйғыр тілінде — р дыбысы дауыстыға аяқталған сөзге тәуелдік жалғау жағынан айтылады: тохо-р-ум (тауығым), дүниары (дүниесі). С дыбысының сына ретінде қолданылуы түбір мен жалғаудың арасы. Бұл көбінесе, қазақ тіліндегі сияқты, тәуелдіктің III жағынан кездеседі: бала-с-ы. ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ ТҮСІП ҚАЛУЫ. Түркі тілдері сөз ортасындағы қ, ғ, к, г дауыссыздарын айту-айтпауына қарай өзара жіктеледі. Көне дәуірде жазылып, бізге жеткен ескерткіштер тілінде көрсетілген дауыссыздарды сөз ортасында қолдану әдеттегі норма, қалыптасқан құбылыс екенін көруге болады. Алайда, қазіргі түркі тілдерінің едәуірі ол зандылықты жоғалтқан. Бұл топқа оғыз, қарлүқ және қыпшақ тілдерін жатқызуға болады. Мысалы: қазақ — керек, өзбек — керак, татар — кирек, түрікмен — герек, көне түркі тілі — кергек, қазақ — қүлақ, көне түркі тілі — құлқақ т. б. Алайда, мұндай құрамды сөздердің басым көпшілігін 68
Сібір мен Алтай маңына орналасқан түркі халықтары сақтап айтады. Оғыз тілдерінде аталған дыбыстардың айтылуы түбір сөздерғе ғана емес, қосымшаларға да таралған. Оғыз, қыпшақ тілдеріне ортақ болып келетін өткен шақ есімшесі оғыз тілдерівде қ-ғ дыбысы түсіріліп ан-ен түрінде дыбысталады. Сол сияқты, қ-ғ дыбыстарының сақталу, сақталмауына қарай түркі тілдерівде барыс септіктің екі түрі қалыптасқан: «солтүстік варианты» деп қаралатын қа-ке, ға-ге және «оңтүстік варианты» деп қаралатын а-е (ат-қа, ат-а) т. б. Осы өзгерістің нәтижесінде көне түркілік қы-кі, ғы-гі қимыл есім тұлғасы солтүстікбатыс тілдерінде у түрінде қалыптасқан, қимыл есімінің (кейде тұйық рай) жаңа тұлғасын қалыптастырады: ал-ғу, ал-у, бер-гу-бер-у т. б. Сөз соңындағы қ, ғ, к, г дауыссыздары түркі тілдерінің көпшілігівде түсіп қалған: элліг-элли — елу, атлығ-атлыатты, сарығ-сары т. б. Бұл позицияда түрікмен, әзірбайжан тілдерінде ғ, г дыбыстары сақталып қалған. Сөз соңындағы ғ, г дыбыстарының қазірғі түркі тілдерівде эр түрлі көрініске ие болғавдығы белғілі факт. Ондай өзгерістің негізгі түрлері мына тәрізді болып келеді. Сөз соңында көне түркілік ғ, г қазіргі қыпшақ тілдерінде у, кейде й-ге, жеке сөздер құрамьгада қатаңдап қ-ға айналса, алтай тілінде й және ұзағырақ дауыспен айтылатын й, (түрік, түрікмен, өзбек, ұйғыр тілдерінде қатаңдау естілетін ғ және, у, в тәрізді о, у дыбыстарынан соң), хакас тілівде ғ (г) болып естіледі. Осы ізбен көне түркілік тағ, суғ сөздері аталған тілдерде мына сыпатта дыбысталады: алтай — тағ, қазақ — тау, қырғыз — тоо, түрікмен — дағ, өзбек — тоғ, хакас — тағ, чуваш — ту, алтай — су, қазақ — су, қырғыз — су, түрікмен — дув, өзбек — сув, хакас — суғ, чуваш — шьпц сөйтіп сөз соңында ғ, қ, г, к дыбыстары бірсыпыра тілдерде сақталмай, түсіп қалған, кейбір тілдерде ғана сақталған. Сонымен қатар ғ, г дыбыстары әр түрлі өзгеріске де ұшыраған. Сөз құрамында тарихи тұрғыдан тұрақсыз болып, көбіне түсіп қалатын дауыссыздар р, л, н үнді дауыссыздары. Қазіргі түркі тілдерінің ішінде қарашай, балқар тілдерінде н дыбысының түсіп қалуы ол тілдердегі жіктелу жүйесінің қалыптасқан заңдылығына айналған: мен чабаққыма (н), сен чабакқыса (н), бірақ сұраулық шылау мы жалғанса, мен чабаққы-ман-мы? (мен балықшымын ба?). Көне, жаңа түркі тілдерінде белгілі шылау сөздің бірлен біле түрінде екі вариантта айтылуы да. н дыбысының тұрақсыздығынан, 69
түсіп қалуға ыңғайланған екені айқын. Ал, III жақ тәуелдік жалғау көпшілік түркі тілдерінде септелген уақытта н дыбысымен айтылады: атасы-ата-сын-да. Түркологияда таралғаң болжам бойынша, жалғаудың алғашқы сипаты-ын, сын түрінде болған, сөз соңындағы н түсіп қалуынан барып в, сы варианттары қалыптасқан. Н дыбысы сөз ішінде, келесі аффикстің алдында сақталса керек: ата-сын-да, бірақ ата-сы. Л дыбысының түсіп қалу құбылысы қазірғі түркі тілдерінен де, түркі тілдерінің даму тарихывда да кездеседі. Дегенмен, л дыбысьгаың түсіріліп айтылуы, негізінен қыпшақ тілдеріне тән құбылыс екенін айту қажет. Башқұрт, татар тілдерінде китер (кил-тер), тутыр (тултыр), утыр (ул-тыр). Бұл етістіктің л мен айтылатын варианты жоқ: буһа (бул-һа), буғас (бул-һас болған соң), қарақалпақ тілінде: боса (болса), қаса (қалса) т. б. Қазақ тілінде бұл құбылыстың кең жайылғандығы соншалық, кейбір сөздер қазіргі сөйлеушілер ұғымында л дыбысынсыз қалыптасьш кеткен: әкел (алып кел), апар (алып бар), боса (болса), қап қойған (қалып қойған), әпер (алып бер) т. б. Оғыз, қарлұғ тілдерінде де л дыбысының түсіп қалуы кездеседі. Бірақ ол тілден бұл құбылыс, қыпшақ тілдеріндегідей кең жайылған емес. Р дыбысының түсіріліп айтылуы көне дәуірінде-ақ қалыптаса бастаған құбылыс. Бірле шылауы X—XI ғасырларда екі түрлі айтыла бастаған: бірле біле, бірі р дыбысымен, бірі ондай дыбыссыз қолданылған. Қазіргі қазақ тілінде, басқа да түркі тілдерінде айтылатын келер шақ тұлғалы — ады р дыбысының түсіп қалуының нәтижесінде барып қалыптасқан: ала-турду (ала-дур — ала-ды) ал-ады. Қыпшақ тілдерінде қолданылатын е көмекшесі етістігі р дыбысының түсіп қалуынан осы сипатта қалыптасып кеткен. Құмық тіліндегі көптік жалғаулы (лар) зат есімде септелгенде ілік, табыс, барыс септіктерде р дыбысы түсіп қалады: йоллар, йолла-ны, йолла-ға. Қарашай, балқар тілдерінде көптік р дыбысынсыз қалыптасқан: ла-ле. Р дыбысының түсіп қалуы қазіргі түркі тілдерінің көпшіліғінде кездеседі. Алайда, түркі тілдерінің бәрінде бұл жүйені заңдылық деп қарауға келмейді. Бір тілде. р дыбысымен айтылатын сөз, екінші тілде дыбыссыз қолданылады: қазақ тілінде — арыстан, оңтүстік-батыс тілдерінде — асла, қазақ тілдерінде — орта, якут тілінде — отто, қазақ — қурдас, ұйғыр тілінде — құдаш, көне түркі тілдерінде — құртғар, қыпшақ тілінде — құтул, түрік тілінің диалектісінде — гөдум, басқа түркі тілдерінде — көрдім, гөрдүм, сол тілде апа, көпшілік тіл70
дерде — арпа, башқұрт тілінде — тоған, қазақ тілінде — тұрған т. б. Бұл фактілер р дыбысын түсіріп айту белгілі бір аймақпен шектелмейтіндігін бұл түркі тілдеріне ортақ, бірақ бірде-бір тілде жүйеге айналмаған құбылыс екенін көрсетеді.
ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ АССИМИЛЯЦИЯСЫ Дауыссыз дыбыстардың ассимиляциясы мен диссимиляциясы туралы негізгі мәліметтер дауыссыздардың жеке топтары мен түрлері жайында әңгіме болғанда айтылады. Бұл жерде жеке түркі тілдерінде кездесетін кейбір ерекше құбылыстар жөнінде қысқаша мағлұмат беру көзделеді. Дауыссыздардың жоғарыда әңгіме болған топтарының ішінде қатаң және ұяң болып жіктелетін түрі ассимиляция мен диссимиляция құбылыстарына тығыз байналысты. Өйткені, ассимиляция (немесе дауыссыздардың үндесу зандылығы дыбыстардың белгілі бір фонетикалық ерекшелік бойынша бір-бірімен не ілгері қарай (прогресшіл ассимиляция), не кейін қарай (регресшіл ассимиляция) үйлесу болып табылады. Нақ осындай үндесуге, үйлесуге түсетіндер, егер кейбір тілдерде кездесетін еріндік дыбыстардың үндесуін еске алмасақ, жоғарыда айтылған қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар. Бұл құбылыстың дауыстылардың үндесуінен басты ерекшелігі — дауыссыздардың үндесуі дотаң айтылған екі дыбысқа ғана жайылады да, сөз құрамындағы басқа дауыссыздарға әсер ете алмайды. Дауыссыздардың ассимилияциясы түркі тілдерінің көпшілігінде сөздің шыққан тегіне қарамай, қатаң сақталып отырады. Бұл жерде осы заңдылықтың дауыстылардың үндесу заңдылығынан тағы бір үлкен ерекшелігі көрінеді. Сырттан, басқа тілдерден енген сөздер дауыссыздар ассимиляциясына түгел ыңғайласа отырып, дауыстылар заңдылығына бағына бермейді. Мысалы, түрік тіліндегі өспап, қазақ тіліндегі себеп сөздерін осы процестің екі түрлі көрінісі деп қарауға болады; түрік тіліндегі вариант түгелдей ассимиляцияға ұшыраған, бірақ дауыстылар үндесуінің сақталғандығы байқалмайды, ал қазақ тіліндегі вариантында дауыстылардың үндесуі бар (о баста исбат), сонымен бірге сөздің соңы қатаң болғандықтан қосымшалар да қатаңнан басталатын болады. Дауыссыздардың ішінде сонор дауыссыздарды бөліп алып қарау қажет. Р, л, м, н, й сонор дауыссыздарының 71
қатаң айтылатын (мысалы: п, б, т, д тәрізді) варианттары жоқ. Сондықтан бұл дыбыстар қатаң дауыссыздармен де, ұяң дауыссыздармен де бір тіркесте айтыла береді. Бұл заңдылық қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде түбір құрамында қатаң сақталады. Мысалы: қазақ — арқа, малта, шайқа, қорға; түрік — есіңе, текне (тегене), камчы (қамшы), домбай (өгізше), гөлге (көлеңке). Ал, түбір мен қосымша шегінде сонор дауыссыздар ыңғайында кейбір тілдерде біраз ерекшеліктер ұшырасады. Енді сондай ерекшеліктер кездесетін тілдердің басты-бастыларына тоқталайық. Оғыз тобындағы әзірбайжан, түрік, түрікмен тілдерінде түркі тілдеріне тән заңдылықтың негізгі белгілері қатаң сақталып айтылады. Дегенмен, оларды өзара салыстырып қарағанда, бір-бірінен де, сондай-ақ басқа да (айталық қазақ тілінен) ерекшеліктері барлығы байқалады. Түрік тілінде дауыссыздардың не қатаң, не ұяң болып үндесуі сөз түбірінде сақталады және көбіне сөздің шыққан тегіне қарамайды. Сөз түрік сөзі болмай, басқа тілдерден ауысқан болса, осы заңдылыққа ыңғайласады: ексік (кемшілік), істе (тіле), өзге (өзге), гөвде (дене, тән), ақсақ (ақсақ) т. б. Әзірбайжан тілінде осы зандылық негізінен сақталып отырса да, бұл жүйеден біраз ауытқулар ұшырайды. Әзірбайжан тіліндегі ондай ауытқулар тек араб, парсы тілдерінен енген сөздерде ғана байқалмайды, жалпы түркілік, не әзірбайжандық сөздер құрамынан да кездеседі: араб, парсы сөздері — рүтбә (атақ, дәреже), тәсбит (нығайту, жетілдіру) исбат (дәлел), мүсбәт (оң қарау, мақұлдау) т. б. Әзірбайжан сөздері — басғын (басқын), асғы (асқы, асылып қойған нәрсе), асғьфіиақ (түшкіру) бычғы (егеу), ғүпғұру (құпқұрғақ), бағчы (бағбан), тәвшүмәк (ентігу), лағчы (қалжыңбас), тутғач (үстағыш), яғсыз (майсыз) т. б. Осы мысалдарды барлап қарағанда, қыпшақ тіліндегі қатаң дауыссыз қ дыбысына сай қолданылатын ғ дыбысы қатаң дауыссыздармен бір тектес айтылғаңдығын көруге болады. Әзірбайжан тіліндегі бұл ауытқу түбір мен қосымша шегінде байқалады: сөз түбірі негізі қатаң дауыссызға аяқталса, қосымшаның басқа дыбысы көбіне ұяң болып отырады: атдан (аттан), этде (етте), ачды (ашты) т. б. Сонымен қатар оңтүстік-батыс тілдерінде сонор дыбыстардан басталатын қосымшалар қатаңға аяқталған түбірге жалғана береді, яғни түбір мен қосымша шегінде қатаң-сонар тіркесі пайда болады: іслік (ысқырық), өснемек (есінеу), ічре (іште, іштен) т. б. Егер түбір сонар дыбысқа аяқталса, қосымшаның басқа қатаң дыбысы ұяңдап кетуге тиіс. 72
Бірақ осы соңғы ереже барлық уақытта сақтала бермейді. Өйткені, бұл тілдерде қатаң дауыссыздардан басталатын, бірақ ұяң варианты жоқ, біраз аффикстері бар. Олардың негізгі түрлері мыналар: етістіктен ёсім жасайтын ынты (ын-ты), сарсынты (сарсылу), кәзинти, гезинти (кезу қыдыру), токүнтү, докүнтү (төгінді қалдық), соқүнтү (сөгінді) т. б. Осы аффикетің ты элементі арқылы еліктеу етістіктерінен зат есімнің үлкен бір тобы жасалған гүрүлті (гүріл, гүрілдеу), вызылты (ызыл, ызылдау), фісілті, фысылты (пысыл, пысылдау), улуту (уілдеу, уіл) т. б. Кейбір 'зат есімдерден сын есім жасайтын ки: дүнәнки, дүнкү, (кешегі), йарынкі (ертеңгі), бүгүнкү, бүкүнкү (кешегі), бүгүнкү, бүкүнкү (бүгінгі) т. б. Есім жасайтын чьс овчу (аңшы), әлчи (әлші), алверчи (саудагер), үзүмчү (жүзімші, жүзім өсіруші) т. б. Түркі тілінде, әзірбайжан тілімен салыстырғанда, қатаңцардың үндесуі ұяңдардың үндесуінен гөрі әлдеқайда жүйелі болып отырады, қатаң сақталады. Түркі тіліндегі ассимиляциялық бір түрі — қаіаң дауыссыздың өзінен бұрынғы ұяң дауыссызға ықпалы басым болып келетіндігінде: течсім тешсім (сіну), гіпта гібта (қызғаныш), ічтіма іштіма (жиналыс), істірапі ізтіраб (қиналу, бейнет) т. б. Осындай құбылыс әзірбайжан тілінде де бар. Аталған тілдерде регрестік ассимиляция мынадай ыңғайларда байқалады: л дыбысы өзінен бұрын, не соң айтылған мұрын дыбысы н-ге ыңғайласады: оннар онлар (олар), гелиннер гининлер (келіңцер), диннемек динилемек (тыңдау, құлақ салу); дыбысы н өзінен соң айтылған еріндік м, б дыбыстарымен ыңғайласады: чембер, чәмбер, ченбер, ченбәр (шеңбер), мемба, мәмбә, менбә, мәнбә, (қайнар, бастау); түркі тілінде р дыбысы өзінен соң айтылған л дыбысына ыңғайласады: олуллар олурлар (олай бола береді), гелиллер, гелирлер (олар келеді); с дыбысьгаың алдывда айтылған ш дыбысы с дыбысына айналады: язмыссын, язмышсын (сен жазған екенсің), вермиссин, вермішсін (сен берген екенсің ғой). Түркологияда әдетте ысылдау диссимиляциясы (свистящая диссимиляция) деп аталатын бұл құбылыс буын қүрамында (не буын жасаушы) қысаң дауысты болса, айқын көрінеді де, буын жасаушы ашық дауысты болса, айқын естіле бермейді. Қазақ тілінде осыған керісінше қүбылыстың с дыбысының ш-ға ыңғайласуы бар. ас-шы>аш-шы, қос-шы>қош-шы т. б. Түрік тілдеріндегі құбылыс с дыбысының өзінен бұрынғы дыбысқа ықпалы басым екендігін көрсетсе, қазақ тілінде, керісінше, с 73
дыбысының ызың ш-ға ықпалы жоқ, қайта өзі соның әсерінен ұшырайтындығын көрсетеді. Түрік тіліндегі тағы бір көңіл аударарлық құбылыс ч, дж аффрикаттарының бірсыпырасы дауыссыздар алдында жалаң ш, ж дауыссыздарына айналып кетуі; кечмек> кешмек (кешу),қачты (қашты, қашыпкетті);учкур>ұшқыр (бау), еджат>еждат (жұрағат), еджнаОежнас (сорт, тұқым) т. б. Бұл құбылыс түркі тілдерінің біразында, соның бірі қазақ тілінде, кездесетін вариантты сөздердің пайда болу жолын түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы, осы құбылысты ескерсек, қазақ тіліндегі далан, жалаң, жүзу, дүзу т. б. мағыналас, вариантты сөздердің пайда болуы аффрикаттарының екі түрлі жазылуының нәтижесі екенін байқатады. Түркі тілдерінің батысында жатқан, бұлғар негізді чуваш тіліндегі ассимиляцияның мына төмендегідей ерекше түрлері кездеседі: 1. түркі тілдерінің біразында, солардың бірі қазақ тілінде, өзгеріссіз айтылатын қатаң, ызың дыбыстардың кейбірі мына жағдайда ұяндао әлсізденеді: а) екі дауысты аралығында: лаша>лажа, упа>уба (аю), уса>уза (пайда), ә) сонор мен дауысты аралығында: урпа>урба (арпа), килтеЖилде (үйлер), чавса>чавза (шынтақ). 2. Ш және дз (с ысылдақ аффрикат) дыбыстарына аяқталған зат есімдерге сем көптік жалғауы жалғЗнғанда, түбір мен қосымша шегінде екі ш не екі дз дыбыстары пайда болады, яғни ш өзінен кейінгі с дыбысына ықпал жасайды: чавашсем>чавашшем (чуваштар), пелешсем>пелешем (таныстар), алсишсем>алсишшем (қолғаптар), йывадзсем>йываддззем (ағаштар), хутадзсем>хутадзем (қаптар), кадзсемЖадздзам (кештер) т. б. 3. Щ, дз дыбыстарына аяқталған зат есімдерге сын есім жасайтын cap, сер қосымшалары жалғанғанда жоғарыда айтылған құбылыс пайда болады: чувашсер>чувашшер (чувашсыз), пелешсер>пелешшер (таныссыз) т. б. Бұл құбылыс чуваштың жазба әдеби тілінде ескерілмейді, өйткені жазуда морфологиялық принцип қолданылады. 4. Көсемше тұлғалары сан, сен, са, се, ш және дз дыбыстарына аяқталған етістіктерге жалғанғанда, екі ш не екі дз дыбыстары пайда болады: пулашсан>пулашшан (егер көмектессең), тарашсан>тарашшан (егер тырыссаң), тушсан>тушшан (егер бұйырсаң-жумсасаң, қыссаң) т. б. Чуваш тіліндегі бұл ерекшелік оңтүстік-батыс оғыз тілдерінен өзгеше екені көрініп тұр: оғыз тілдерінде өзіне көрші дыбысқа ықпал жасайтын с дыбысы. Бірақ түсіндіру мүмкін болмаса да, 74
қазақ тіліне де ұқсас: қазақ тілінде ш дыбысы с дыбысына ықпал жасап, өзіне ұқсатады: алыс-шы>алыш-шы. Айырмашылығы: чуваш тілінде алдыңғы дыбыстың соңғы әсері де, қазақ тілінде соңғы дыбыстың алдыңғыға әсері түрінде көрінеді. Бірақ екі тілде де ш дыбысы басым, ықпал етуші дыбыс та, с дыбысы ықпалға ұшыраушы дыбыс. Чуваш тілінде регрестік ассимиляцияның мына тәрізді түрлері бар: 1. т дыбысына аяқталатын етістіктер осы шақтың көпше 1 жағында соңғы т қосымшаның басқы п дыбысының ықпалына ұшырап, екі- п түрінде естіледі: вулатпар>вулаппар (оқып отырмыз), хағалатпар>хавалаппар (қуып бара жатырмыз), тасататпар>тасатаппар (тазалап отырмыз), юлатпар>юяаппар (қаламыз), петеретпер>петереппер (бітіріп жатырмыз), кететпержетеппер (күтіп отырмыз), ас ес келер шақ есімшесіне шан, шен қосымшасы қосылғанда, с дыбысы ш-ға айналып, қосарлы ш пайда болады: әпе дзырасшан>эпе узырашшан (жазайын деп отьфмын), эсе дзырасшан>эсе дзырашшан (жазайын деп отырсың), вал катартасшан>вал катарташшан (ол көрсетейін деп отыр) т. б. Өткен шақтың III жағында (көпше де, жекеше де) жұмсақ естілетін т дыбысы қосымшаның басқы ч дыбысымен үйлеседі: пуранатче>пураначче пуранатчедз>пураначчедз (тұрды, олар тұрды), килетчче>килечче, килетчедз>килеччедз (келді, олар келді), каларатче> каларачче, каларатчедзжаларачедз (шығады, олар шығады) т. б. Енді чуваштармен көрші, қоныстас орналасқан қыпшақ тілдерінің бірі — башқұрт тіддеріндегі осындай құбылыстардың негізгі түрлеріне тоқталайық. Башқұрт тілінің басқа қыпшақ тілдерінен бір үлкен ерекшелігі — түбір мен қосымша шегінде басқа түркі (қыпшақ) тілдерінде кездесе қоймайтын ұяң дыбыстардың айтылуы. Башқұрт тілінің мамандары мұндай құбылысты екі дауысты аралығында, дауысты дыбыс әсерінен болған комбинаторлық өзгеріс деп қарайды. Дегенмен, комбинаторлық өзгерістің осындай түрін басқа қыпшақ тілдерінен ұшырата қоймаймыз. Олар мына төмендегідей: 1. Жедел өткен шақ қосымшасы дауысты дыбысқа аяқталған етістік негізге ны түрінде, яғни н дыбысынан басталып жалғанады: ашаны (асады), қараны (қарады), әшләмәнем (істемедім), нақ осындай құбылыс дауысты дыбыстарға аяқталған зат ееімдерге шығыс септік жалғауы жалғанғанда пайда болады: қала-дан>қаланан, бүре-дән>бүренән. Қыпшақ тілдерінің басқасында бұл орында д дыбысы айтылады: қаладан, қара-ды т. б. Сонымен бұл кұбылысты жалпы 75
қыпшақтық д орнына н сонор дыбысының айтылуын көрші дауыстының әсері деп, комбинаторлық өзгеріске жатқызу түсінікті бола бермейді. ДауысТы дыбыс әсері бірде ұяң (д), бірде сонор болып көрінуі оның таза комбинаторлық еместігін байқатады. Башқұрт тілі диалектілерінің өзінде бұл құбылыстың бірнеше көрінісі барлығы көрсетіліп жүр. 2. дз, р, й, у дауыссыздарьіна аяқталған зат есімдер мен етістіктерге д дыбысынан басталған: қосымшалар (жатыс, шығыс септіктері, жедел өткен шақ) жалғанғанда, қосымшалардың басқы д жалаң дауыссызы аффрикат дз түрінде естілетін болады: қар-да>қардза (қарда), тай-да>тайдза (тайда), тау-да>тау-за (таудаҚяр-да>ярдза (жағада, жарда), қаз-дан>қаздзан (қаздан), тай-дан> тайдзан (тайдан), бар-ды>бар-дзы (барды). т. б. 3. Жатыс септік қосымшасы дауысты дыбыстарға аяқталған сөздерге ла, ле түрінде жалғанады: дала-ды>дала-ла, бүлмә-дә> бүлмә-лә т. б. Бірақ көптік жалғаулар сонор дыбыстарға аяқталған негіздерге жалғанғанда д дыбысынан басталады: қорал-дар (құралдар), тил-дәл (тілдер), кадзан-дар (қазандар) йіндәр (жеңдер); қатаң дыбыстарға аяқталған негіздерге жалғанғанда т дыбысынан басталады: ат-тар, іт-тәр (иттер), ұқ-тар (оқтар), т. б. Бұл ретте қазақ тіліндегі осындай жүйеден еш айырмашылығы жоқ екендігі көрініп тұр. 4. дз, р, й, у дыбыстарына аяқталған сөздерге жалғанғанда, көптік жалғаулар дз аффрикатымен айтылады: кадз-ларжадз-дзар (қаздар) айыру-лар>айыңдзар. (айлар), тай-лар>тай-дзар (тайлар) т. б. 5. Башқұрт тілінің жеке диалектілік топтарьшда м, н, ң дыбыстарына аяқталған есімдерге көптік жалғау-нар түрінде, сөз жасаушы кейбір аффикстер нық, на (лық, ла емес) түрінде жалғанады: урдан-лар>урманнар (ормандар), урам-лар> урам-нар (көшелер), тың-ла>тың-на (тыңдаэ, утын-лық> утын-нық (отындық) т. б. Дз, р, й, у дауыссыздарына біткен сөздерге ілік, табыс жалғаулары жалғанып, дз аффрикатынан басталып айтылатын болады: тау-ның>таудзың (тау-дың), қар-ны>қар-дзы (қарды), тау-ны>таудзы (тауды) т. б. Алайда, осы жалғаулар қатаң дыбыстарға аяқталған сөздерге жалғанса, қазақ тіліндегідей қатаң дыбыстан басталып айтылады: ат-ны>ат-ты, ат-ның>аттың, аяқ-ты>аяқты, аяқ-ның>аяқ-тың т, б. Соңғы жағдайда қазақ тілінен еш өзгешелігі жоқ екендігі айқын. Сонор дыбыстарға аяқталған сөздерге жалғанғанда бұл жалғаулар қазақ тіліндегідей сыпатта дыбысталады: қорал-ның>қоралдың (құралдың), қорал-ды>қорал-ды (құралды), ұрам76
ның>урам-дың (көшенің) т. 6. Сонымен, башқұрт тіліндегі ерекше ассимиляцияның кейбір түрлерһнң қальштасуын башқұрт тілі консононтизмінің тарихи қалыптасуының тамырларьгаан іздеу керек. Кейбір қосымшалардың белгілі бір дыбыстардан кейін дз аффрикатьгаан басталуы сондай ерекшеліктердің қатарына жатады. Дз аффрикаты тек қана қыпшақ тілдерінде емес, түркі тілдерінің басым көпшілігінде кездесе бермейтін. ерекше құбылыс. Башқұрт тіліндегі регрестік ассимиляция көріністері қазақ тіліндегі сондай құбылыстан оқшау емес. Зерттеушілер башқұрт тілінде регрестік ассимиляцияның мына тәрізді түрлерін көрсетеді. 1. Ғ, г, қ дыбыстарының алдында айтылған н мұрын жолды ң дыбысына айналады: боронғо>-бороңғо, иртәнге>иртәңге, һузыңқы>һузыңқы, тыртыңқы>тартыңқы, һалыңқы>һалыңқы (бұрынғы, ертеңгі, созылыңқы, дауысты, тартыңқы — дауыссыз, салыңқы) 2. Б, п, м ерін дауыссыздарының алдында айтылған н, м дыбысына айналады және бүл құбылыс курделі сөз (сөз тіркесі) құрамында да, түбір мен қосымша шегінде де кездеседі: ун бер — умбер (он бір), ун биш — умбиш (он бес), конбағыш (күнбағыс), Буранбай — Бурамбай, кәйенбике, кәйембике (қайынбике), алғанбыз — алғамыз (алғанбыз), биргәнбез, биргәмбез (бергенбіз), алғанмын — алғаммын, биргәнмен — биргәммен, т. б. Башқұрттың жазба әдеби тілінде жазудың морфологиялық принципі қолданылады. Сондықтан бұл көрсетілген құбылыстар жазба тіл ерекшелігі деп саналмайды, сөйлеу тілінің өзгешелігі дәрежесінде ғана қалған. Башқұрт тілін зерттеушілер ол тілдегі регрестік ассимиляцияның мынадай бір өзгешелігін көрсетеді: түбір мен қосымша шегіндегі регрестік ассимиляция қосымшаның басқы дыбысының түбірдің соңғы дыбысына әсері түрінде емес, түбірге бірінші боп жалғанған қосымшаның соңғы дыбысына, яғни негіздің соңғы дыбысына ең соңғы қосымшаның басқа дыбысының әсері түрінде көрінеді31. Жоғарыда келтірілген мысалдарды қайта көрейік: ал-ған-мын, ал-ғаммын. Соңғы қосымшаның басқы м дыбысы өзінің алдында айтылған ған қосымшасының соңғы дыбысына әсер еткені айқын. Ассимиляцияның ерекше көріністері қазіргі құмық тілінен кездеседі. Н. К. Дмитриев материалдары бойынша, олар мына төмендегідей болып келеді: 1. Н сонор дыбысына аяқталған зат есімдер мен етістіктер шығыс, жатыс жалғаулары және өткен шақ қосымша н дыбысынан бастап жалғанады: ұлан-да — улан-на (ұлад), ичин-де ичин-не (ішінде), уьюнде уьюн-не (үйінде), улан-дан (ұлдан), 77
ичин-ден>ичин-нен (ішінен), уьюн-ден уьюн-нен (үйінен) т. б. Құмық тілщің осы ерекшелігімен байланысты екі жайды көрсету орынды: біріншіден, аталған қосымшалардың басқы д дыбысы н сонорына айналуы осыдан бұрын әңгіме болған башқұрт тілінде бар, бірақ ол тілде бұндай өзгеріс сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда ғана мүмкін. Екіншіден, түркі тілдерінің біразында жатыс, шығыс септіктердің қосымшаларының н дыбысынан басталып айтылуы тәуелдеулі сөздерден кейін ғана мүмкін құбылыс. Қазақ тілінде сол із сақталған. Дегенмен, қазақ тілінде н дыбысына аяқталған сөзге (түбірге негізге) шығыс септік жалғауы н сонорынан басталып жалғанады: бала-сы-нан, Асан-нан, Үсен-нен, алған-нан бірақ: бала-сы-н-да, Асан-да, Үсен-де, алған-да. Сөйтіп, • қазақ тілі бұл ыңғайда әңгіме болып отырған екі тілдің екеуінен де өзгеше сипатты (мүмкін, аралас сипатты) танытады. 2. М дыбысына аяқталған сөздерге де жатыс, шығыс септіктері нан, на түрівде жалғанады: атым-да>атым-на (менің атымда), оюнум-да> оюнум-на (менің ойымда), ким-деЖем-не (кімде) атымдан>атым-нан, оюнум-нан>оюнуш-нан, ким-ден>кимнен. Құмық тілінің бұл ерекшелігі, бір жағынан, қазақ тіліне (шығыс септік бойынша), екінші жағынан, башқұрт тіліне барып ұшырасатындығы көрініп тұр. 3. Жатыс, шығыс жалғаулары мүрын жолды ң дыбысына аяқталған түбірлер мен негіздерге нан, на түрінде жалғанады: түбір сөздерге таң-да>таң-на, таң-дан-нан, атаң-на>атаң-на, атаң-нан> атаңцан, гөзерин-не гөзгерин-не, гозлериңяден>гөзлериңнен т. б. Тағы да шығыс септігі ыңғайында қазақ тіліндегі сипатпен бірдей. Соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсері, яғни регрестік ассимиляцияның төмендегідей көріністерін атау қажет: 1. Аффикстің басқы дыбысы болған л сөздің (түбірдің, негіздің) соңғы дыбысы болған н сонор дыбысына әсер етіп, өзіне ұқсатады: душман-лар>душмал-лар, заманлар>замал-лар, құнан-ларжұналлар, қазан-лар>қазаллар, қазан-лы>қазал-лы, гелген-лер>гелгел-лер, орманлық>ормал-лық, бичен-лик>бичел-лік т. б. Қысқасы, н дыбысына аяқталған сөздерге ықпал жасайтын л дыбысынан басталатын лар, лық, лы аффикстері екені жоғарғы мысалдардан байқалып тұр. Және мұндай ықпал —өзгеріске ұшырайтыьг таза құмық сөздері ғана емес, басқа тілдерден ауысып орныққан сөздер де осы ықпалға түсіп айтылады. Бұл құбылыс құмық тілінен басқа ноғай тілінде ұшырасады, ал түркі тілдерінің басқа топтарынан кездеспейді. Сондықтан 78
бұл құбылысты кавказдық қыпшақ тілдерінің ерекшелігі деп қарауға мүмкіндік бар тәрізді. 2. Бір екпінмен айтылған екі сөздің біріншісі дауысты, не сонор дыбысқа аяқталған болса, екінші сөздің басқы дыбысы болған қатаң қ ұяңдап ғ түрінде естіледі: аты қайда>атығайда, қара қозу>қарағог зу, қызыл қаю>қызылған, барған қатын>барған ғатын, чал қоян>чалғоян (сұр қоян). 3. Езулік жіңішке дауыстылармен айтылатын сөздің басындағы ғ дауыстыға не сонарға аяқталған создерден кейін спирант й дыбысына айналып кетеді: эки геме>эки йеме, гече гелме>гечейелме (кешке келме), сувға чир сув>ғайір, уллу йиши>уллуйиши. Құмық тілінде кездесетін, тұркі тілдерінің басқа топтарында ұшыраса қоймайтын кейбір ассимиляциялық құбылыстар осындай. Батыс түркі тілдеріндегі ассимиляциялық құбылыстарды шолудан байқалатын мына жайды ескерту қажет. Батыс түркі тілдерінің әрқайсысын басқалардан ерекшелейтін құбылыстар болғанмен, олардың өзара байланысы сол құбылыстар арқылы көрінеді. Айналып келгенде, бұлардың бәрі белгілі бір позицияда дыбыстардың тұрақты сәйкестігі арқылы біртұтас проценттің әр түрлі көріністері сияқты болып келеді.
79
II тарау ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ МОРФОЛОГИЯСЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түркі тілдерінің морфологиялық құрылысының мына тәрізді басты ерекшеліктері бар: 1. Морфемалардың бір-бірінен жігі айқын ашылып тұратындығы. 2. Түбір морфеманың семантикалық және грамматикалық жағынан біршама дербес қолданылатындығы. 3. Әрбір морфема көпшілік жағдайда сөз құрамында мотивті болып келіп, белгілі бір семантиканың иесі болып отыратындығы. ГРАММАТИКАЛЫҚ МӘННІҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ МОРФЕМАЛАР
1. Түркі тілдеріндегі морфемалар басқа жүйелі тілдердегі сондай элементтерден ерекше болып келеді. Ол ерекшелік түркі тілдері жүйелі жалғамалы (агглютинациялық) болып келетіндігінде және агглютинацияға байланысты сөз тұлғасы құрылысының ерекшелігі, грамматикалық мағыналардың берілуінің ерекшелігіне барып ұштасады. Қазіргі тіл білімінде агглютинация құбылысын жанжақты қамтитын айқын ереже қалыптаса қойған жоқ. Зерттеушілер бұл құбылысқа әр қилы анықтама берумен келе жатыр. Алайда, тіл мамандарының көбісі агглютинацияның негізі деп мына заңдылықты атайды: агглютийативтік тілдерде берілетін грамматикалық мағыналардың санына сөз құрамындағы грамматикалық көрсеткіштердің саны біршама сай, көбіне екеуі тепе-тең болып отырады. Сондықтан ол тілдерде сөз формасының күрделенуі (көрсеткіш қана емес, сөз беретін мағынаның да) аффикстердің сөзге қабаттасып жалғануы арқылы іске асады да, ондай құбылыс сөз формасының іштей өзгерісі немесе ішкі флекция арқылы болмайды. Осындай грамматикалық көрсеткіштер саны мен грамматикалық мағыиалар санының сәйкестігін сақтауға құрылған сөз формасының қалыптасқан орны мен қызметі, мәні айқындалып, синтаксистік тіркеске ұқсас болып келеді. 80
Агтлютинативтік тілдердегі сөз формасының бұл ерекшелігі кейбір зерттеушілердің (Штейнталь) ол тілдерде грамматикалық мағыналар дербес сөздер арқылы берілген, грамматикалық форма атымен болмаған дейтін қорытынды жасауына мүмкіндік берді. Диахрондық тұрғыдан алғанда, агглютинативтік тілдердегі жеке морфемалардың (аффикстердің) арғы тегінің сөз болуы мүмкін. Алайда бұгінгі тілдердегі кез келген морфеманы жеке сөзбен салыстыруға ешбір негіз жоқ. Синхрондық тіл білімі сөз бен морфеманы (аффиксті) грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да принципті айырмасы бар элементтер деп есептейді. 2. Грамматикалық мән аффикстерден басқа синоним сөздерде екпіннің орын ауысуы арқылы да беріледі: қазақ тілінде — алма (зат есім), алма, салма (етістік), салма (зат есім), әзірбайжан — ахшам (кеш), ахшам (кешкілік), тура (осы жер), тура (мында), һара (қандай орын), һара (қайда), сабаһ (тацертең), сабаһ (өттеу). 3. Грамматикалық мағына берудің тағы бір жолы — негіздердің қайталанып айтылуы. Бұған сын есімнің күшейтпелі түрі жатады. Бұл тәсілде қайталанған негіздердің бірі (көбіне алдыңғысы) қысқарып, оған п, б, м дыбыстарының біреуі қосылады. Бұл тәсілдің екінші түрі алдыңғы сыңардың сәл өзгертіліп айтылуы арқылы көрінеді: ат-мат, әзірбайжан ет — мет, пул — мул, қарашай ахча — махча т. б. 4. Түркі тілдеріндегі аналитикалық (немесе перифрастикалық) формалар, олардың грамматикалық мәндерін білдірудегі ерекшелігі өз алдына тоқтауды қажет ететін мәселе. Аналитикалық немесе перифрастикалық формалардың грамматикалық мәнді білдіруі, басқа тәсілдермен салыстырғанда, өзгёше болып келеді. Мұнда, біріншіден, абстракты мән көмескі болып келеді де, көбінесе деректі әрекетке қосымша мән беру басым болып отырады, екіншіден, грамматикалық тұрақтылық лексикалық тұрақтылықпен ұштасып жатады да, екеуін бір-бірінен ажыратып қарау мүмкін бола бермейді. Үшіншіден, мұндай тіркестер екі, үш, кейде одан да көп сөздерден құрала береді: жүгіріп бара жатыр едім. Қазақ тілінің осы үлгісі барлық түркі тілдерінде ұшырайды. Төртіншіден, аналитикалық (перифрастикалық) формалар құрамындағы көмекші қызметтегі етістіктер тек сол контекст құрамында ғана көмекші мәнде жұмсалады. Әйтпесе, олар басқа ыңғайда дербес сөздер ретінде қолданыла алады. Бесіншіден, аналитикалық 81
формалар, әдеттегі грамматикалық формадай, жан-жақты емес, олардың көпшілігі етістіктердің белгілі бір семантикалық топтардың айналасында ғана болып отырады. Мысалы, тура формасы қалып етістіктерінен ғана жасалса (башқұрт тілінде осындай), п жүр формасы созылыңқы қимыл етістіктерінен жасалады т. б. Аналитикалық тіркестердің грамматикализациялануы да біркелкі болып келмейді. Мысалы, құрамында қал, сал, кел, бер, түс, шық, жібер, таста, кет, жаз, қой етістіктері бар тіркесті толық грамматикализациялануға ұшыраған деп айту қиын. Олар сол процестің үстінде. Ал, құрамында — е (р) етістігі бар — р — еді, йор — еді, -а — еді, -а тұрған — еді, -мақта — еді, -ған — еді, ~мыш — еді, -п — еді, -ғай — еді„ -са — еді., формаларының грамматикализацияланғандығы сонша, бұлардЪі әдеттегі тұлғаларындай деп қарау керек. Сонымен, аналитикалық формалар түркі тілдеріне ғана тән сөз формаларының бірі деп қаралуға тиіс. КҮРДЕЛІ МОРФЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Күрделі морфологиялық тұлғалар (единицалар) деп бірнеше морфемадан құралып, тілдік материал мен тұлғаның мазмұнының бірлігін білдіретін сөз тұлғасын айтады. Тілдік материал — дыбыс, тұлға — белгілі бір мәнді білдіруде дыбыстардың ерекше құрылымға бірігуі. Әр түрлі мәнді білдіруде дыбыстық құрылымның айырықша болып отыруы сөз тұлғаларын іштей ажыратуға, сол сияқты оларды (сөз тұлғаларын) әр тұрлі грамматикалық кластарға жіктеуге басты негіздің бірі болып саналады. Сөз құрылымы түркі тілдерінде сөздің белгілі грамматикалық мән білдіре алатын бөліктерінен тұрады. Сөз негізгі екі бөлікке ажырайды: түбір (негіз) және аффикс немесе аффикстер тобы. Кез келген түркі сөзі құрамындағы морфемалардың орналасуы қалыптасқан жүйеге бағынады. Әуелі түбір (негіз) морфема, содан кейін аффикстік (немесе суффикстік) морфема келеді. Функциялық процестер түбір морфемамен аффикстік морфеманың түйіскен жерінде болады. Түбір морфема әр түрлі мән бере алады: белгілі бір грамматикалық класқа тән мәндерді білдірумен қатар атау септік тұлғасымен (есім болса) немесе бұйрық райдың П жақ (етістік болса) тұлғасымен сәйкес келеді. Аффикс көбіне бір ғана мәнді білдіре алады, сондықтан мүндай жағдайда грамматикалық тәсілдердің санын білдіретін грамматикалық мәндердің санымен сай келеді: 82
оқушыларымыздың — сөздің тұлға құрамында төрт түрлі қосымша бар: шы — кәсіп иесін білдіретін сөз жасаушы жұрнақ, лар — көптік жалғау, (ы) мыз — тәуелдік жалғау, дың ілік септік. Егер сөз жасаушы қосымшаны жеке алмасақ, мұнда үш түрлі грамматикалық мән үш түрлі аффикс арқылы берілген. Бұл жерде грамматикалық мән категориялық мағына ыңғайында берілген. Мысалы, бір ғана — ымыз деген тәуелдік жалғау тәуелдік мағынамен бірге жақтық (Іжақ), көпше (орталық) мағынаны білдіріп тұр. Сондықтан ғрамматикалық тәсілдердің формалардың саны мен ғрамматикалық мәндердің саны сай келеді дегенді шартты түрде түсіну керек (редактордың ескертпесі). Ал негізгі түбірді іс істеуші субьектіге айналдыратын шы аффиксін қрса есептегенде, төрт түрлі қосымша арқылы берілген32. Аффикстік морфемалар атқаратын қызметіне, туғызатын мәнінің ретіне қарай қатаң жүйемен айтылады. Атамызға сөзінің құрамындағы тәуелдік жалғау мен барыс жалғаудың орындарын ауыстыруға болмайды. Аффикстердің орын ауыстырып айтылуы бір ғана ыңғайда — көптік жалғау алдынан тәуелдік жалғауды айтуда кездеседі. Бұл барлық тілдерде емес, Қырым татарлары, қарағас, чуваш тілдерінде кейде ұшырасып қалады. Ахазылар (қарағас) — ахазы-лар. Түркі тілдеріндегі ёсім сөз тұлғаның барлығына бірдей болып келетін үлгісі мына тәрізді: т-а-с-тж-сж-т — түбір, a — түбірдің сапалық, не басқа бір айырықша ерекшелігін білдіретін аффикс, с санды білдіретін қосымша, тж — тәуелдік жалғау, сж — септік жалғау. Кейде есім түбір орнына заттанған етістік туынды түбір айтылуы мүмкін. Ондай жағдайда айрықша сапалық ерекшелікті білдіретін қосымшадан басқасы (а) сол сөзге жалғана алады. Әрине, мұндай сөз тұлғасы, таза есім тұлғаға қарағанда, әлдеқайда күрделі болып келеді. Өйткені, етістік түбірге әр түрлі тұлға жасайтың аффикстер жалғана алады, солардың үстіне бүкіл құрамның есімге айналуына мүмкіндік жасайтын қосымша қос^ілады. Мұндай туынды есім сөз тұлғаның жалпы моделі мына тәрізді: Т (е-ес-м-бж ) -а-с-тж-сж. Есім түбір ретінде қолданылатын негіздің өзі күрделі: е — етістік түбір, ес-етістік, м — модальдық мән беретін қосымша, б — болымсыздық, ж — етістік түбірді есім ретінде қолдануға мүмкіндік жасайтын қимыл есім қосымша.сы. Әрине, есім орнына қолданылатын кез келген етістік негізден осы қосымшалардың бәрін іздеуге бола бермейді. Бұл жалпы сипаты ғана, көптік, тәуелдік, септік жалғаулар түбірге жалғана алады. Ал, түбірдің ерекше 83
сапасын аңғаратын аффикстер (жұрнақтар) жалғана бермейді. Олардың әрқайсысына тән қолдану сферасы бар. Айталық, — ма жұрнағы сөз тұлғалардың белгілі бір тобына ғана жалғанса, -нақ жұрнағы сын есімдерге, олардың барлығына емес, белгілі бір мағыналық тобына ғана жалғана алады т. б. Етістік сөз тұлғасының барлық тілдеріне ортақ жүйесі мына тәрізді: Т ес-м-б-р-ж-т-түбір, ес — етіс қосымшасы, м — модальдық қосымша, б — болымсыздық қосымшасы, р — рай қосымшасы, ж — жақ, сан қосымшалары. Сонымен қатар етістік түбір орнына есім түбірден жасалған сөз тұлға қолданылады. Етістік сөз тұлғасының келтірілген бұл жүйесі — оның толық түрі. Түркі тілдерінде етістік сөз тұлғаның осы аталған компоненттері түгел айтылмайтын, қысқарған түрі бар. Ол — көеемше тұлғалары. Көсемше тұлғаларының рай, жақ, сан қосымшаларын қолдамайтыны мәлім (қабылдаған жағдайда көсемшелік дәрежеден шығып қалады). Олардың орнына п — ғалы т. б. қосымшалар айтылады. ЕСІМ СӨЗ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ
Есім сөз тұлғасының өзгеру тәсілдері деген жалпы атпен есімдерге тән жалғаулар жинақталңп отыр. Бұлай атаудың өзіндік себептері бар: салыстырмалы грамматика пәні белгілі бір тілді синхрондық жүйемен түгелдей сипаттауды мақсат етпейді. Олай болатыны — ондай сипаттау бұл пәннің міндеті емес. Әрбір тілдің грамматикалық құрылысы жайлы оқулықтар, ол мәселелер жан-жақты талданған. Екінші жағынан, салыстырмалы грамматика жеке сөз таптарының негізгі ерекшеліктері мен олардың әрқайсысына тән категорияларды түсіндіруді мақсат етпейді. Тіл білімінің бұл негізгі мәселелерді теориялық тіл білімі мен жеке тілдер грамматикаларында толық айтылып, талданады. Салыстырмалы морфология теориялық тіл білімі мен қазақ тілі грамматикалық құрылысын түгелдей оқыған, олардың барынша хабары бар тыңдаушыларға арналады. Сондықтан онда жеке сөз таптарының теориясы жайлы арнайы түсінік беру қажет емес. Осылардың барлығын ескергёнде, бүкіл есімдерге тән жалғауларды осы атпен біріктіріп, жүйелей айту қолайлы деп есептедік. Септік жалғаулары. Атау септіктің арнайы тұлғасы қазақ тілінде ғана емес, барлық түркі тілдерінде жоқ.. 84
Атау деп қарауға мүмкін болатын арнайы тұлға қазіргі түркі тілдерінде ғана емес, түркі тілдерінің бүкіл даму тарихында болған емес. Бірақ соған қарамастан, өзіне тән арнайы грамматикалық формасы болмаса да, атау септіктің өзіне ғана тән грамматикалық мағынасы (субстантық), ол нольдік формада тұрған сөздің өзіне тән синтаксистік қызметі (грамматикалық субьект) бар екенін ескеруіміз керек33. Ілік септік тұлғасының түркі тілдерінде қолданылатын варианттарын шамамен мына тәрізді топтарға бөлуге болады: 1. -Ның (-нің) -ның — Қырым татарлары, татар, өзбек, ұйғыр тілдері: II. -наң, -ның, -нуң, -ноң, -дың, (-деын), -лун -дон (-дзонг), -тың, -тоң, яғни басқа дыбыс бірде н, бірде д, бірде т, бірде тіс арқылы дз турінде айтылуымен қатар, дауысты дыбыс та бірде езулік, бірде еріндік болып өзгереді. Бірақ алдыңғы топ тәрізді соңғы дыбыс мұрын жолды н түрінде айтылады. Варианттардың мұндай көп түрлілігі бір ғана тілге тән емес. Бұл вариаиттар қазақ, алтай, башқұрт, тува, хакас, шор тілдерінде к,олданылады: алтай — тістің, (біздің) бідздзің т. б. III. -ның, -нун, -дың, -дун, -тың, -тун. Бұл варианттардың басқа ерекшелігі құрамында әрі өзулік, әрі еріндік дауыстылар айтылуымен қатар, соңғы алдыңғылардай таза мұрын жолды ң немесе н. Бұл ерін үндестігі әбден дамыған қррғыз тілінде айтылады. IV. -нын, -нун, таза мұрын жолда ң дыбысымен емес н дыбысына аяқталған. Алайда, алдыңғылармен салыстырғанда, бұлар тек қана н дыбысынан басталады. Бұлар түбір мен қосымша тегінде, дауыссыздардың ықпалдасуы жоқ қарапайым тілінде айтылады: V. ың, -уң, -ның, -нуң; бірде дауыстыдан, бірде н дауыссыздан басталатын варианттар түрікмен тілінде бар: біздің, оқувчының. VI. -(й), -ын -(й) -ун, -нун — бұлардың негізгі ерекшелігі — дауысты дыбысқа біріккен сөздерге жалғанғанда септік қосымшасының алдынан «жалғастырушы» и айтылады. Бұлар әзірбайжан, гагауз, түрік тілдерінің ерекшелігі. VII. -ны, ну — әдеттегі соңғы дауыссыз жоқ. Бұлай айтылу қарашай-балқар, құмық тілдеріне тән. VIII. -ны, ды, -ты, -мі, -зі, -сі, -ші, -рі, -і, -хі, -чі, -лі, -пі, -ві, -джі өзбек тілінің жеке говорларында кездесетін варианттар. IX. -ы, -ан, -нан (іан),— чуваш тілінде айтылатын варианттар: пуллан (болықтың), тірән (төрінің), лажанан (жылқының), манан (менің) пірен (біздің) т. б. Бұлардың барлығын салыстырып қарағанда, ілік септіктің айрықша болып келетін мына варианттарын атау керек: I. Қазақ 85
немесе жалпы қыпшақ тілдеріндегі түрі — бұлар ықпал зандылығының нәтижесінде дауыссыз дыбыстар ыңғайында ұш түрлі болып келеді; II. Өзбек, ұйғыр т. б. тілдердегі түркі — тек қана н дыбысынан басталатын түрі, III. Құмық т. б. тілдердегі түркі — соңғы дауыссыз жоқ түрі, IV. Өзбек говорларындағы түрлер тобы. V. Чуваш тіліндегі варианттар. Басқы дыбыстың ыңғайына қарай туркі тілдерінде кездесетін ілік септік қосымшаларын екі топқа бөлуге болар еді: дауыстыдан басталатын түрі (-ын) және дауыссыздан басталатын түрі (-нын). Түркологияда осы екі варианттың қайсысы бұрын қалыптасқан деген сұраққа жауап беруде әр қилы пікірлер айтылып келе жатыр. Бетлинг, ^Ғадлов т. б. зерттеушілер дауыстыдан басталған вариант (-ын) қалыптасу мерзімі жағынан әлдеқайда бұрын болған, ал соңғы дауыссыздан басталатын вариант алдыңғының сөз құрамында морфологиялық ығысу құбылысына ұшыраудың нәтижесі деп қарайды. Солардың нәтижесінде қалыптасқан (-ның) кейін барлық есім сөздерге жалғана, алатын еркін қосымша болып кетсе керек. Алайда екінші бір топ зерттеушілер дауыссыз дыбыстан басталатын вариант (-ның) бұрын қальштасқан, оның өзінен не сөзінің энклитикалық қолданысының нәтижесгн дауыстыдан басталатын қосымша соның кейінгі варианты деп есептейді 34 . Түркі тілдерінің ішіндегі ілік септік жалғауы кездеспейтін — якут тілі: Якут тілінде — та қосымшасы арқылы біздің тіліміздегі ілік цен «жасырын» табыс септік мағыналарын береді. Бірақ айқын ілік септік мәні ол тілде атымен жоқ. Якут тілінің бұл ерекшелігі манғол тілдерінің ықпалы деп түсіндіріледі. Якут тілінің қалыптасу, даму тарихында монғол тілдерінің ықпалының басым болғандығы белгілі. Ондай ықпалдың нәтижесі бұл ыңғайда ғана емес, тілдің басқа салаларында да байқалады. Сонымен, бұл жағынан якут тілі — түркі тілдерінің ерекше түрі. Түркі тілдеріндегі ілік септіктің өзіндік үлкен ерекшелігі — ол басқа септік жалғаулары сияқты, жеке қолданылмайды. Бір тіркесте айтылған екі есім сөздің өзара байланысының бір тәсілі ретінде ғана көрінеді. Қысқасы, қазақ тіліндегі Асанның үйі тәрізді конструкция басқа түркі тілдерінде бар құбылыс. Мұндай конструкция құрамындағы тәуелдік жалғау мен ілік жалғау бір ғана байланыстың көрінуінің екі тәсілі екені айқын. Тәуелдік жалғау ілік жалғауынсыз, ілік жалғау керісінше, тәуелдік жалғауынсыз айтылмайды. Дегенмен, қазақ тілінде ілік жалғауы бір ғана 86
ыңғайда дербес грамматикалық тұлға ретінде айтылады. Ол біздің бала, сіздің ауыл, өзіміздің жігіттер тәрізді модаль құрамында кездеседі. Осындай қолданыс басқа түркі тілдерінде бар: әзірбайжан — сізін күчә, алтай — менің бала, өзбек.— бізнің ел, көне, орта туркі тілдерінде ілік жалғаулы тұлға кейде септіктер жалғанатын негіз болғандығын көруге болады: бізіңе, сізіңе, меніңдің т. б. ілік жалғау үстіне барыс, жатыс, шығыс жалғаулары жалғана берген. Қазіргі тілдер ішінде осындай факт татар, башқұрт, чуваш т. б. тілдерінде көбірек ұшырайды. Чуваш — пірінде (бізде — бізіңце), пірянден (бізден — бізіңден), пірінбе (бізбен — бізінмен), башқұрт — мініңче (меніңше) т. б., қазақ тілінде бұл сақталмаған. Тек бір ғана жағдайда байқалады: біздіңше — бізше, сіздіңше — сізше. Мұнда да ілік жалғаусыз тұлға көбірек қолданылатынын айту керек. Ілік жалғаулы тұлғаның басқа септіктерге иегіз болуын ілік жалғаудың тек есімдерге қолданылуынан іздеу керек. Басқа бірде-бір септік жалғау мұндай шектеулі қолданыста болмайды: олар не екі (әрі есім, әрі етістік) немесе тек қана етістікке қатысты айтылады. Барыс септік түркі тілдерінде әр түрлі сипатта көрінеді. Қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын барыс септік қосымшаларын өзара салыстырып келгенде, олардың барлығына негіз болған вариант деп қа (-қе, -ға, -ге) вариантын айту керек. Қазақ тіліндегі -қа түркі тілдерінің бірсыпырасында, әсіресе оңтүстік-шығыс тілдерінде -ға түрінде, яғни басқы дыбысы ұяң болып айтылады. (Әрине қазақ тілінде де осыдай вариант бар, бірақ негізгісі -қа, ал -ға соның сингормониялық сыңары ретінде ғана ұғынылады). Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде бұл қосымша -ха/хо, якут тілінде осылармен бірге — на түрінде айтылып қалыптасқан. Дегенмен, -қа түрінде қатаң дыбыстан басталу негізінрн қыпшақ тілдерінің ерекшелігі де, -ға негізінен өзбек, ұйғыр тобына жататын тілдер ерекшелігі. Оғыз тілдерінде (оңтүстік-батыс) барыс септік қосымшасы -а, -йа (кейде диалектілік ерекшелік ретінде ғана) түрінде дыбысталады. Дегенмен, оғыз тілдеріндегі (немесе жалпы оңтүстік-батыс тілдеріндегі) -а, -йа варианттарын алдыңғылардан оқшау қалыптасқан деп қарауға болмайды. Мұндай варианттардың шығуьг — түркі тілдеріндегі дыбыстардың тарихи ауысуларының нәтижесі. Чуваш тілінде осы варианттар қолданылады, сонымен қатар -на (якут тіліндегідей) варианты айтылады. Барыс септік қосымшаларының алдыңғыларға көп ұқ87
самайтын түрлері алтай, тува және хакас, шор, кейде түрікмен тілдерінде кездеседі. Бұл тілдерде созылыңқы дауыстылар бар. Соған сай сөзге жалғанған барыс септік қосымшасы өзгеріске тұсіп, қосымша орнына сөз соңында созылыңқы дауысты пайда болады, ал жіктеу есімдіктері іштей өзгеріске түседі. Мысалы: шор — ма, -ма, -ға, -са, -саға, алтай — ма -маға, о -оға т. б. Барыс септіктің тағы бір ерекше тұлғалануы қазақ, қарақалпақ тілдеріндегі -ған, маған, саған. Мұндай тұлғалану басқа бірде-бір түркі тілінде жоқ және көне ескерткіштерде кездеспейді. Зерттеушілер, әсіресе, академик В. В. Радлов мұны көне түркі тіліндегі ғар аффиксінің өзгерген, дамыған түрі деп қараса, Котвич метатеза құбылысының нәтижесі деп есептейді (маған-менға). Қалай болғанда да, бұл тұлғаның қалыптасу жолын дәл түсіндіргеи пікір әзір жоқ. Сонымен, қазіргі. түркі тілдерінің сөз құрамындағы барыс жалғауы мынадай сыпаттарда көрінеді: қазақ — маған, атқа, әзірбайжан: адам-а, мен-е, ғапы-йа (есікке), алтай: ме (маған), айылға (үйге), йепашқа (жаппаға, шалашқа), гагауз: қыр-а, (қырға, далаға), масайа (столға), бан-а (маған), қарачай: атаға (әкеге), ма-майа (маған), қырғыз: малға, маға (маған), тува: молға, мәмәне (маған), түрікмен: йарма (жармаға), дурна (тырнаға), хакас: хасқа (қазға), сана (шанаға), чуваш: хірә (қырға), хулана (қалаға), мына (маған), шор: ма-маға т. б. Түркі тілдерінің көпшілігінде тәуелдік жалғауды сөзге жалғанатын барыс қосымшасы, қазақ тіліндегідей, -а түрінде, ал тәуелдіктің III жағында тұрған сөзге -на түрінде жалғанады. Табыс септіктің түркі тілдерінде қолданылатын қосымшаларының барлығы -ны//-ні вариантының айналасына топталады. Түбірдің (негіздің) соңғы дыбысының сапасына қарай -ды, -ты түрінде түрленуі қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездеседі. Сонымен қатар, ерін үндестігі дамыған тілдерде қосымша құрамындағы дауысты дыбыс тек езулік емес, еріндік те болады (мыс, қырғыз, тува т. б.). Табыс септіктің басқа тілдермен салыстырғанда ерекше болып көрінетін қосымшасы чуваш тілінде бар. Ол тілде бұл қосымша -а, -на түрінде, яғни ашық дауыстымен айтылады. Қазіргі түркі тілдерінің бірде-бірінде табыс септік қосымшасының мұндай ашық дауыстылармен айтылуы кездеспейді. Табыс септік қосымшасы қазіргі гагауз, түрік тіл88
дерінде, әзірбайжан говорларында тек дауысты дыбыстардан түрады: -ы, -у бірақ дауысты дыбысқа аяқталған негіздерге -йы, -йу түрінде жалғанады. Қатайым, қарашай-балқар, құмық тілдеріндегі табыс жалғауы тек қана н дауыссызынан басталады: -ны, -ну. Басқы дауыссыз дыбысы көп түрлі болып келуі қазіргі өзбек тілінің жеке диалектілік топтарынан кездеседі. Сонымен, табыс жалғауы қалған негізгі түркі тілдерінде мына тәрізді тұлғаланады: әзірбайжан: ана-ны, адам-ы, алтай: қапты (қапты), үгу-ні (үкіні), башкұрт: йул-ды (жылды) т. б. Түркі тілдерінің бәрінде қазақ тіліндегі сияқты тәуел діктің III жағындағы сөзге табыс жалғауы -ын түрінде жалғанады. Бұл жағынан якут тілі басқа тілдерден оқшау тұр. Якут тілінде табыс септіктің -ын түрінде жалғануы тәуелдіктің үш жағының үшеуіне де қатысты: атыбын (атымды), атығын (атыңды), атытын (атын), атыбытын (атымызды), атығытын (аттарыңды), атларын (аттарын). Жатыс септіктің қазіргі түркі тілдеріндегі негізгі тұлғасы -да, сөздің соңғы дыбысының ықпалымен ол т қатаң дауыссызынан басталады. Қысқасы, қазақ тіліндегі -да, -та (жіңішке варианттарымен қоса) жалғаулары қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Сонымен қатар, башқұрт тілінде жатыс септігі -да (алдыңғы қосымшаның варианты) және -та қосымшалары арқылы да беріледі, -да вариантын да қосымшасының башқұрт тілінің ерекшелігіне ыңғайланған түрі деп қарауға болады (өйткені, ол тілде аралық дауыссыздар бар), -та қосымшасын солай деп қарауға дәлел жоқ. Башқұрт тілін зерттеушілер оны тілдің ежелгі кезінен қалған рудимент деп қарайды3э. Чуваш тілінде жалпы түркі тілдеріне ортақ қосымшадан басқа, жатыс септік -ра, -че қосымшаларымен беріледі, -ра қосымшасын көне түркі жазбаларында кездесетін осындай қосымшамен салыстыруға болады. Көне түркі тіліндегі ол қосымша көбіне жатыс септік мәнінде қолданылады. Түрікмен тілінің диалектілерінде жатыс септіктің -да, -на түрінде тұлғалануы ұшырасады. Якут тіліндегі -та қосымшасы жатыс мәнінде емес «белгісіз» табыс септік (қазақ тіліндегі кітап оқыдым конструкциясы қүрамындағы тәрізді) мәнінде қолданылады. Жалпы, түркі тілінде ортақ жатыс үстеуге айналып кеткен есімдік тұлғаларының құрамында ғана ұшырайды. Манна (мұнда), суманна (осында), ішінне (анда, ана жақта), онно (анда, бұл жақта), сонно (сонда, сол жақта). Якут тілінде жатыс септік қызметін барыс септік ат89
қарады. Екінші сөзбен айтқанда, басқа сөздерде жатыс септік айтылатын орындарда барыс септік қолданылады (мыс, остуолға төрт кинигә оунна биир карандаас бар) столда бір кітап және қарандаш бар) мұның өзі қазақ тіліндегі жатыс пен барыс септіктерінің алмасуын еске түсіреді. Қазақ тіліндегі үстеулердің құрамында жатыс жалғауы жиі кездесетіні белгілі, -да және көне түркіліқ (қазіргі чуваштық) -ра қосымшаларындағы сөздердің үстеуге айналуы жалпы түркілік құбылыс екендігін айту керек. Қазіргі түркі тілдерінде жатыс септік қосымшасының жалпы сипаты мына тәрізді: алтай: туда (тауда), бісте (бізде), башқұрт: йулда (жолда), далада (далада), қалала (қалада), уларда (оларда), чуваш: холара (қалада), варманда (орманда), кілде (үйде), маыра (менде) т.б. Шығыс септік қосымшаларын шамамен үш түрге бөліп қарауға -бөлар еді. Бірінші түрі деп қазақ тіліндегі -дан, яғни ашық дауыстымен келетін варианттар. Бұлар ұйғыр тілінен басқа тілдердің бәрінде бар. Екінші түрі қысаң дауыстымен келетін варианттар -дын (-дін, -тін, -тын). Бұл тек қана ұйғыр тілінде кездеседі. Аффикстің соңғы дыбысына қарай үшінші түрін көрсетуге болады. Түркі тілдерінің барлығында шығыс қосымшасы -н дыбысына аяқталады. Ал, алтай тілінде айқын мұрын жолды, -ң дыбысымен аяқталады. Сонымен, бұл тұрғыдан қарағанда, шығыс қосымшаларының үш түрін көрсетуге болады: -дан, ашық дауыстымен келген, түркі тілдерінің басым көпшілігінде қолданылады: -дын, қысаң дауыстымен келген ұйғыр тілінде қолданылады, яғни ұйғырлық түр; -даң, мұрын жолды дыбысқа аяқталатын алтайлық түр. Алайда, шығыс қосымшаларының басты дыбысы әр қилы болып отырады. Басқы дыбыс ыңғайымен қарағанда, мынадай топтарды көреміз: 1) тек қана д дыбысынан -дан, өзбек тілі, әзірбайжан тілі, түрікмен тілі, 2) д, т дыбыстарынан басталатын ұйғыр, түрік тілдері. 3) д, т, н дыбыстарынан басталатын қазақ, татар, қарақалпақ, хакас, алтай тілдері. 4) д, т, н, з дыбыстарынан басталатын башқұрт тілі. 5) тек қана т дыбысынан басталады: -тан, -тән, -тон, -ттан, -төн, -ттен, -ттон, -ттөн, 6) р, т, ч, дыбыстарынан басталады: -ран, -рен, -тан, -тен, -чен. Сонымен, шығыс септігінің қазіргі түркі тілдеріндегі көрінісі мына тәрізді: әзірбайжан: ердон, алтай: йерден, башқұрт: ерузен, ұйғыр: иәрдин, якут: сиртен, чуваш: черттен (жерден). пилекрен (белденэ, урамран (көшеден) т. б. 90
Қазақ тіліндегі көмектес септік мәнінің берілу жолдары қазіргі түркі тілдерінде әр түрлі болып келеді. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: 1. -мен (-пен) т. б. -бен (-бенен), -мен. 2. -ла, -ло. 3. -ба, -па, -ма. 4. -была, -пыла, -мыла. 5. -пала -палан. 6. -бан, ман, -нан. 7. -дан, -тан, -нан, -бынаң, -мынаң. 8. -дан, -нан. Бірлікті, құралдықты білдірудің тәсілі болып табылатын бұл қосымшалар қазіргі өзбек тілінде, басқа тілдерде айтылатын білэ (білән, бірлән) шылау сөзінің әр түрлі өзгерістері нәтижесінде қалыптасқан. Дегенмен, шылаудың жалғауға айналу процесі бірыңғай болмаған. Сондықтан ол әр тілде әр түрлі көрініске ие болған. Келтіріліп отырған тізімнің бірінші тобы тек қазақ тілінде, содан соң өзбек тілінің қыпшақ диалектісінде ғана айтылады. Екінші топ алтай, түрік тілдерінде, хакас тілінің қызыл, бөлтір диалектісінде, үшінші топ шор, қарайым, чуваш тілдерінде қолданылады. Төртінші топ шор тілінде, хакас тілінің қызыл, бөлтір, сағай диалектілерінде, бесінші топ тек қана чуваш тілінде кездеседі. Алтыншы топ хакас тілінің жоғарыда аталған қызыл, бөлтір, сағай диалектілерінде, жетінші топ качан диалектісінде, сегізінші топ оғыз тілдерінде айтылады. Сонымен, таралу аумағы жағынан негізгілері (жеке халық тіліне тән болып келетіндері) деп мыналарды бөліп айту керек: -мен, -ла, -ба, -пал, -лан. Қалғандары бүтін халық тілі емес, оның жеке диалектілік ерекшеліктері. Хакас тілінде көмектес мәнін беретін қосымшалар көп және олардың әрқайсысы әр түрлі диалектілік топтардың керінісі, мұндай көп түрлілік халық тілінің бірнеше диалектілік топтан қүралуынын нәтижесі. СоНымен, көмектес мәнін беретін қосымшалардың қазіргі түркі тілдерінде сөз құрамында көріністері мына тәрізді: алтай: малтала (балтала), атла (атпен), гагауз: авшамнан (ақшамнан), (кешкілік), қарайым: атба (атпен), ілбе (итпен), хакас: атнан (атпен) холынан (қолымен), азахнан (аяқпен), хакас — қызыл: ағачла (ағашпен), хакас-кошы: атпынан, аттан (атпен), чуваш: пулаба (балықпен), манба (менімен), санба (сенімен), пычақпыла (пышақпен), лажабала (атпен) т. б. Түркі тілдерінің көне дәуірінде қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік мәні екі тәсіл арқылы берілген. Біргелік мән бірле (оның өзі де құралдық мән) -ны аффиксі арқылы берілген. Шылау сөздің өзгерістері нәтижесінде бірсыпыра түркі тілдерінде қалыптасқан тұлғалар — осы айтылғандар. Алайда, мына жайды ескерту мақұл: қазақ 91
тілі оқулықтарында ғана арнаулы жалғау туралы айтылады, түркі тілдерінің көпшілігінің оқулықтарында сондай типте қолданылатын шылау туралы айтылады. -ын қосымшасы қазіргі түркі тілдерінің бірде-бірінде актив қолданылатын қосымшасы ретінде сақталмаған. Оның іздері, сөз құрамына еніп, кірігіп кеткен іздері қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын үстеу сөздер құрамында жиі кездеседі. Қазақ тіліндегі ертеңгісін, кешкісін, астын, үстін тәрізді сөздер құрамындағы -ын, бір кездегі сондай қосымша. Зерттеушілер -ын қосымшасының нағыз жалғау мәнінде сақталуы деп чуваш тіліндегі қузан кур (көзіңмен көр) тәрізді бірен-саран тіркес құрамындағы -ын қосымшасын еркін жалғау деп қарауға болмайды. Қазіргі якут тілінде біркелкі мәнде (қазақ тілінің көмектес септігінің бір мәні) қолданылатын -лын, -дын, -тын, -нын, -мун, -нун қосымшасы бар. Бір кезде академик Радлов мұны сын есім жасайтын -лығ аффиксі мен көне түркілік құралдың септік қосымшасының бірігіп кетуінен жасалған деп қараған. Қалай болғанда да, қазіргі басқа түркі тілдерінде байқала бермейтін освіндай қосымша якут тілінде бар. Мысалы: туруйа саһыллыи (тырна мен түлкі), сірәйә кулғахтың (оның беті мен құлағы), убайым оғотунун (мен ағам баласымын) т. б. Қарашай-балқар, құмық, башқұрт диалектілерінде -лайын, -лайу/лай септік жалғауы қолданылады. Мағынасына қарай мұны қазақ фольклоры тілінде ұшырасып қалатын -дайын/алыптайын, сұңқардайын қосымшасымен бірдей деп қарау керек. Екеуі де ұқсасітыру мән береді, зат есімдерге ғана жалғанады. Осыдай аффикс (лайу, лайын) көне түркі тілінде, сондай-ақ көне қыпшақ тілінде қолданылғандығы бізге жеткен ескерткіштерден мәлім. Алайда, кейінгі даму барысында барлық тілдерде бірдей орнығып қалмаса керек. Мұндай қосымша көбіне поэзия тілінде, көтеріңкі стильдің бір құралы есебінде ұшырасып қалатыны бар. Қазақ тілінде жанама бағытты білдіру де, іс бағытталған мекенді білдіру де бір ғана септік арқылы -барыс септігі арқылы көрінеді. Көне түркі тілінде жанама бағыт көбіне на аффиксі, іс бағытталған мекен -дару аффиксі арқылы білдірілген. Қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде бұл аффикс үстеу сөздердің құрамында ғана қалған; қазақ: тысқары, сыртқары; алтай: тышқары, өңігері (кешкілік), ічкері (ішкері), учқары (ұшқары), ұш жағына, қүскәрі 92
(күзге қарай); башқұрт: (қышқары) қысқа (қарай), һуңқары (кейінірек), кіскері (кешкілік),төшкәрі (түске қарай); түркі: ілгері (ілгері), ічері (ішкері), дышары (тысқары), қарайым: артхары (артқа қарай), қарашай-балқар: ічкері (ішкері), тышқары (тысқары), оғары (жоғары), шор: мынары (бері қарай, мына жаққа қарай), анары (ана жаққа қарай). Ескерткіштер тілінде қолданылған -кор, -ғар аффиксі есімдіктерге жалғанған жоқ: анар (оған), мүңар (оған, бұған), мынар (мына жаққа, мынаған). Бұл аффикс қазірғі башқұрт, татар диалектілерінде, қарайым, құмық, ноғай, тува, хакас, шор, якут тілдерінде бар; башқұрт: шоңарғы (мынаған), анарға (анаған), тігіңерге (оған), қарайым: анар (анаған); құмық: буғар (бұған), шуғар (соған), оғар (оған), қараноғай: мағар (маған), сағар (саған), бұғар (бұған), соғар (соған), оғар (оған), татар: монор (бұған), анар (анаған), шунар (соған), тотува: қайна (қайда), соңғар (кері қарай), сонға (солға қарай), хакас: чоғар (жоғары), тасхар (тысқары), часхар (көктемге қарай), чайхар (жазға салым, жазға қарай), күскер (күзге салым, күзге қарай), шор: мынартын (осы жақтан мынар-тын), анартын (ан-ар-тын), (ана жақтан), якут: ағабымығар (аға-бы-ты-ғар), (әкемізге), ағағытығар (аға-ғыты-ғар), әкеңізге), ағаларығар (аға-лар-ы-ғар) олардың әкесіне, -ға-ру-ғар аффиксі екі түрлі қосымшаның (-ға, -ру) бірігуінің нәтижесі дейтін пікір түркологияда көптен айтылып, дәлелденіп келеді. Бағытты білдіретін септіктің ерекше қосымшасы тува тілінде бар: -дыва, -тыва, -дува, -тува және -ғыды, -қыды, -ғуду» -ДУДУ> -ҚУДУ- Тува тілін зерттеушілер бұл қосымшалар бағыт мәніндегі таба, тыба шылауларынан қалыптасқан деп қарайды: дағдыва (тауға), дергіді (көкке). Хакас тілінің диалектісінде бағытты білдіретін септіктің -cap, -зар, -са, -за, -са, -за тәрізді қосымшалары қолданылады: Абақанзар (Абақанға), атсар (атқа), хозанзар (қоянға), тағзар (тауға), ібзер (үйге), туразар (үйге), ағассар (ағашқа), көлзар (көлге), туразары (үйге), хайса (қайқа), этсе (етсе) т. б. Чуваш тілінде бағытты біддіретін септік қосымшасы -алла: вар, маналла (тоғайға, орманға қарай), кілелле (үйге қарай), отаралла (ара ұясына қарай). Түрікмен тілінің жәулит (йомуд) диалектісінде бағытты білдіретін септік қосымшасы -қ: дүйек (түйеге), дүрек (үйірге). Түрікмен әдеби тілінде бұл қосымша мекен үстеу93
лерініц құрамында кездеседі: ілерік (ілгері), (оңтүстікке), ічерік (ішкері), дашарық (тысқары), йоқ арық (жоғары), шығысқа, ғайрақ (кері қарай, қайыра, солтүстікке) ашық (төмен қарай, батысқа), берік (бері қарай), шойлек (анна жаққа), нірек (қайда). Түрікмен тіліндегі бұл қосымша -қа аффиксінің құрандылығы жайлы пікірдің тууына себеп болды. З^рттеушілердің бір тобы -қа функциялық жағынан бір-біріне ұқсас екі аффикстің' қосымшасы деп қарайды36. Түркі тілдерінің бірсыпырасында екі түрлі қызметте қолданылып, екі түрлі мағына беретін -ча (-че) қосымшасы кездеседі. Олардың бірі қазақ тілінде үстеу жасайды деп қаралатын -ша қосымшасы. Қазақ тіліндегі -ша қосымшасы зат есімдерге жалғанып, сын-қимыл үстеулерін жасайды Да, (өзбекше: айуанша), есімше тұлғаларына қосылып мезгіл мәнін туғызады (айтқанша, келгенше). Алайда -ша қосымшасы кез келген сөзге (есімдерге) жалғанбайды, сөздердің белгілі бір семантикалық топтарын қажет етеді. Бұл — жалғыз қазақ тілінде ғана емес, түркі тілдерінің барлығына тән ерекшелік. Алайда, -ша (ча) аффиксінің беретін мағыналары түркі тілдерінде бірыңғай болып отырмайды. Бұл аффикстің қазақ тіліндегі мағыналары түркі тілдерінде бірыңғай болып отырады. Бұл аффикстің қазақ тіліндегі мағыналары түркі тілдерінің көпшіліғіне ортақ деп қарауға болады. Сонымен қатар, жеке тілдерде бұл аффикс басқа мағыналық мәндерді білдіре алады. Олардың кейбір басты турлері мынадай. Тува тілінде -ча бағытты білдіреді: хемче (өзенге), ежікче (есікке), шор, хакас тілінде салыстырмалы-шектеулі және бағыт мәнінде айтылады: адайча (иттей), ит сияқты, иттің үлкендігіндей), чолджа (жолмен, жол бойымен), харджа (қармен, қар үстімен). Сан есімдерге жалғанып, болжам, шамалау мәнінде қолданылады. Көне түркі: йүзче (жүз шамалы), орта түркі: мінче (мың шамалы), бір айчас (бір айдай), түрік: бінлерче (йыл) мың жылдай), хакас: чібіргіче (жиырмадай, жиырма шамалы), якут: уонча (он шамалы), сүрбечче (жиырма шамалы), сүсче (жүздей). Етістіктің қимыл есім тұлғаларына жалғанып, көсемшелік (не соларға ұқсас) тұлғалар жасайды: көне түркі: йемішінче (жеткенімше), болдуғунча (болғанынша) т. б. Қазақ тілінде -ша, -ғанша, -майынша түрінде келеді. Сонымен, -ша косымшасы біздің тіліміздегі белгілі мағыналарынан басқа, бірсыпыра тілдерде -дай, көмектес септігі, «шамалы», «шақты» шылауларының орнына қолданылады. Екінші бір -ша қосымшасы 94
өзбек тілінде, қырғыз тілінің диалектілерінде шектеу мәнінде қолданылады: тунгече (түнге шейін), ахшамғача (ақшамға дейін), қышқача (қысқа дейін), бу курчача (бұл күнге дейін), тоғғача (тауға дейін), қырғыз: отузунчу йылғача (отызыншьГ жылға дейін). Дегенмен, бұлардың бәрі жалғаулар дәрежесіне жетпеген аз ғана семантикалық топтар айналасында қолданылатын қосымшалар ғана. Сонымен, түркі тілдерінде і<олданылатын септік жалғауларының ұзын-ырғасы, олардың варианттары, негізінен осылар. Бұл шолудан жалпц түркі тілдеріне тән негізгі септік жалғауларын, жеке тілдердің бір-бірінен формальдық ерекшеліктерінен байқауға болады. Енді септік жалғауларының түркі. тілдеріндегі мазмұны мен қызметі қандай, бұл тұрғыдан жеке тілдер арасындағы айырмашылықтары қандай сипатта дейтін басты мәселелерге көщу қажет. Септік жалғауларының мазмұны әдетте екі түрлі ерекшелікті ескерген уақытта ғана біршама толық түрде көрінеді. Олар: синтаксистік қызмет және семантика. Септік жалғаулары, ең алдымен, синтаксистік қызмет тұрғысынан ажырайды. Өйткені, олардың кейбірінің мазмұны тек синтаксистік қызметі арқылы көрінеді. Мысалы: табыс септіктің негізгі мазмұны — сабақты етістіктермен байланысқа түсіп, солардың жетегінде айтылып, есімнің етістікке бағыныштылығын көрсететін белгі, яғни синтаксистік байланыс. Сонымен қатар, септік жалғаулары белгілі бір мәндердің берілу тәсілі бола алады. Осылардың барлығын жинақтай келгенде, септік жалғауларының екі қызметі келіп шығады: біріншісі — синтаксистік қызмет те, екіншісі — соның негізінде туатын мән, мағына, яғни семантикалық қызмет. Алайда, септік жалғауларын осы тұрғыдан қарастырғанда, осы екі қызметтің көріну дәрежесі барлығында бірдей, бірыңғай еместігін байқатады. Осы екі қызметтің қайсысының басым болып келуіне қарай, септік жалғауларын әдетте грамматикалық септіктер және көлемдік септіктер деп жіктейді. Осылайша жіктеу түркологияда дәстүрге айналып кетті. Грамматикалық септіктердің бірінші мәні синтаксистік, екінші мәні семантикалық қызмет болады. Грамматикалық септіктер адвербиалдық мән бермейді. Көлемдік септіктер, ең алдымен, адвербиалдық мән (пысықтауыштың) туғызады да, сол арқылы синтаксистік қызметке ие болады. Екінші сөзбен айтқанда, мұвдай септіктердің бірінші мәні — пысықтауыштық қызмет, ал екінші мәні синтаксистік байланыс, грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктердің арасында басты айырма95
шылық — олардың меңгеруші етістікпен ара қатынасынан көрінеді. Грамматикалық сегітік. есім — «тістік жүйесінде басым қызмет атқарады. Мысалы, табыс септікті тура толықтауышты түсіріп айтуға болмайды, олай болған күнде сөйлем мазмұнына нұқсан келеді. Көлемдік септік есім — етістік жүйесінде ондай басым мәнге ие емес. Мысалы, көлемдік септікте келген жанама толықтауыштың айтылмай қалуынан сөйлем мазмұны бұзылмайды. Түркі тілдерінде атау, ілік, табыс — грамматикалық септіктер болып саналады да, барыс, жатыс, шығыс және қазақ тіліндегі көмектес септік — көлемдік септіктер қатарына жатады. Осыларды жеке алсақ, атау мен табыс септіктерін теңестіру — синтаксистік, грамматикалық септіктер мен көлемдік септіктерді теңдестіру — синтаксистік — семантикалық болады. Ал, жатыс, шығыс септіктерінің қолданыста ауысуы таза семантикалық құбылыс болып шығады. Өйткені, олардың ауысуы грамматикалық мәннің, байланыстың ауысуына алып келмейді. Берілетін мағына мәнерлерінің ауысуына ғана алып келеді. Атау септігі түркі тілдерінде„әдетте бастауыштың тұлғасы, ілік септік анықтауыштың бір тұлғасы болады. Ал, табыс септік тура толықтауыштың тұлғасы, ол барлық уақытта сабақты етістікпен байланысады. Жатыс, шығыс, барыс және көмектес септіктер әр түрлі адвербиалдық мәндердің бврілу тәсілдері есебінде пысықтауыш пен жанама объект мәнінде жанама толықтауыштың тұлғалары болып келеді. Түркі тілдеріндегі атау септігінің қызметі мен мәні кең. Атау тұлғасы бастауыш, тура толықтауыш (кейде жанама толықтауыш), анықтауыш қызметінде, сондай-ақ күрделі баяндауыш құрамында қолданылады. Атау тұлғадағы бастауыш етістіктің барлық түрлерімен байланысады. Атау тұлғасының анықтауыш болуы түркі изафеті деп аталатын конструкциялардың I — I I түрлері құрамында кездеседі: Арал теңізі, алтын сағат. Мұндай қолданыстар түркі тілдерінің барлығында дерлік кездеседі. Атау түлғаның тура толықтауыш қызметіне немесе қазақ тілі оқулықтарында қалыптасқан термиңология бойынша «табыс септіктің жасырын қолданылуы» қазіргі түркі тілдерінің барлығында кездесетін құбылыстардың бірі. Ілік септік қазіргі түркі тілдерінің бәрінде есімнен жасалған, есімге қатысты анықтауыштың грамматикалық тұлғасы болып қолданылады. Сондықтан, ілік септіктің жиі қолданылатын конструкциясы — түркі изафетінің түрі. Зерттеушілер изафеттің үшінші түрі мерзім жағынан ең 96
кейінгісі, олай болса ең негізгісі дейтін қорытынды айтады. Алайда, бұл ілік септік қосымшасының шығу, қалыптасу мерзіміне қатысты болмаса керек. Осыдан бұрын айтылғандай, якут тілінде ілік септік жоқ. Бұл айтылғандар якут тілінен басқа түркі тілдеріне қатысты. Табыс септіктің негізгі қызметі — тура толықтауыштың грамматикалық тұлғасы ретінде қолданылуы. Соған лайық ол қазіргі түркі тілдерінің басым көпшілігінде сабақты етістіктермен бір тіркесте жұмсалады. Барлық түркі тілдеріне ортақ. осы ережеден ауытқу қазіргі өзбек әдеби тілінде кездеседі. Өзбек тілінде табыс септік тұлғасы, тура толықтауыш ырықсыз етіс тұлғалы етістіктермен қолданылады: ашны (ейилди) ас желінді. Қазақ тілінде бұл ыңғайда табыс тулғасы атау тұлғасына ауысады да, тура толықтауыш грамматикалық бастауыш болып ұғынылады. Ал, түрік (осман) тілінде табыс тұлғасы тек сабақты ецістіктермен емес, келу, кету, бару, (түрікше: гелмек, гітмек, вармақ) тәрізді қимыл мәнді етістіктермен тіркеседі. Мұндай синтаксистік қоршауда табыс тұлғасы, әрине тура толықтауыш емес, пысықтауыш болып ұғынылады. Мысалы: қапыты ессіздіжеге чечтік. Мердірёнлері чықтық. Қазақ бұл сөйлемдерді «есіктен сыбыссыз өттік. Баспалдаққа (баспалдақтан) ш ы қ т ы қ » — деп шығыс, барыс (не көмектес) септіктерін қолданар еді. Алайда, қазіргі түрік әдеби тілінде бұл қалыпты құбылыс көрінеді. Барыс септіктің негізгі қызметі мыналар: 1. Іс бағытталған жақты, нәрсені білдіреді. Қырғыз: ол орунға отурду, түрікмен: ғоншуларға пггти (көршілерге қарай), якут: күөлге құстар түстүлер (көлге құбтар келді). 2. Іс-әрекетке қатысты жақты, нәрсені білдіреді: түрік: бана баба де (мені ата де), башқұрт: уға нізбулған (оған не болған), шор: піске керек чоқ (бізге басқы кер>гі жоқ) 3. Іс-әрекет жеткен, не жететін мезгіл, мекен шегі: қазақ: сағат бесте қайтады, башқұрт: сәғәт бишқа қайта, қырғыз: отузға шықтым, хакас: часқа кілезер (сағат беске келіңіздер); 4. Мақсат, арнау. Қазақ: суға барады, алтай: суға барар, ноғай: қарт төзәккә кәтті, түрікмен: ақамаға гелді (оқуға келді), хакас: ол ағасха парған (ол ағашқа, ағаш әкелуге кетті); 5. Заттың бағасы, құны. Қазақ: ол жүз coRffa қой сатып алды; қырғыз: ал джүз сомғо қой сатып алды: түрікмен: бу алы йудз манада алды (бұл атты жүз сомға алды); 6. Істің себебі: қазақ: (оның) күлгеніне кейіді, алтай: қорқығанына ол орды берді (қорыққанынан ауырып қалды). Соңғы алтай тілінен келтірілген мысалды қазақ 4—3732
97
шығыс септігімен айтар еді. Алайда, бұл жазба тілдегі стилъдік ерекшелік болса керек. Жалпы барыс септік тұлғасының себеп пысықтауыш қызметінде жұмсалуы — көп тілге тән құбылыс. Қазақ тілінде барыс септік пен жатыс септіктің сырт көзге ұқсас қолданылуы бар: сағат 5-ке келдім, сағат 5-те келдім. Алайда, қазіргі әдеби тіл бұлардық әрқайсысына жеке-жеке мән жүктейді. Ал, өзбек тілі говорларына барыс септіктің жатыс орнына қолданылуы жиі кездеседі: Акам колхозға ішлейді, біз йатакқа тураміз т. б. Оидай құбылыс тува тілінде де бар: барыс тұлғасы өткен шақ, келер шақ етістіктерімен тіркесіп, жатыс мәніыде қолданылады. Қызылға чурттап тұрғанмен — қызылға тұрғанмын. Қызылға чурттар мен — қызолға турамын (тұратын боламын), бірақ қызылда чурттап тур мын (осы шақ). Ал якут тілінде барыс тұлғасы статикалық етістіктермен тіркесіп келсе, жатыс мәнін береді: ат далға турар (ат қорада тұр). Шығыс септіктің негізгі мағыналары мына тәрізді: 1. Іс-әрекеттің басталатын мекен орны, мезгілі: сөзден сөз шығады, қырғыз: сөз сөздон түйт, алтай: борү малдан бір байталды тутты (қасқыр жылқыдан бір байталды ұстады). 2. Заттың, әрекеттің шыққан көзі, ортасы:— тастан сарай салғызды, алтай: бу столду шівіден (бұл стрлды шыршадан жасаған), шор: шорлар арбадан талқан іштепчалар (шорлар арпадан талқан істейді); 3. Салыстырылатын затты білдіреді: темірден берік, шор: қазыңнан қадығ (қайыңыан қатты), чуваш: пыдцан да тутла (балдан да тәтті), ұйғыр: аттін өгіз, іштін пәс (оттан берік, аттан аласа); 4. Іс-әрекеттің себебі мен салдары: ауықтан тыну, тува: соқтан донар (суықтан тоңады), қарайым: башлады улсу сувсаптан да ачлыхтан (халықтың сусыздықтан және аштықтан шыдамы кетте бастады». 5. Іс-әрекеттің құралын білдіреді: әйнектен көрді, алтай: өбәгән кәзнәктөң көрді (шал әйнектен көрді), шор: элгіден піліп алдым (елшіден біліп алдым), башқұрт: қулымдан тотты (қолымнан ұстады), ноғай: ол тартпаға мойнынан асылған. 6. Іс-әрекеттің бүкіл объектіге емес, бір ғана бөлігіне жайылғандығы: шайдан іштім, тува: шайдан хайындар (шайдан қайнат), өзбек: қызні бошыдан сілэді (қызды басынан сипады). Сонымен қатар шығыс септік барлық түркі тілдерінде реттік, есептік сан есімдер мен конкретті 98
зат есімдерге жалғанатын нешеден? қаншадан? дейтін сұрақтарға жауап берігі, даралық мән туғызады: бес кітаптан сатып алдық, қырғыз: беш китаптан сатып алдық, татар: бір кітәптән, хакас: пірәр қызыңдән (бір кісідеы) т. б. Жалпы түркілік қолдаиыстан ауытқу тува тілінде кездеседі. Тува тілінде шығыс тұлғасы істің объектісін білдіреді: чазақтан чарлық үмдұрған • (үкіметтен, үкімет жарлық шығарды). Тағы бір ерекшелік татар тілінде кездеседі — ол тілде шығыс тұлғасы істің болған мекенін білдіреді: басқычлардын міній (басқыштармен көтеріліп). Башқұрт тілінде өзгелік тіркескен объект шығыс тұлғасында айтылады: мін баланы хат йодздырам (мен балама хат жаздырам). Қазақ мұндай ыңғайда, әрине, барыс септігін қолданар еді. - Түркі тілдерінің бәрінде өзгелік етіс тұлғасы баяндауышты сөйлемдерде логикалық субъект шығыс тұлғасы болып келеді: башқұрт: һін йақшылардзын тілдәрінен мақталдың (ең жақсылардың аузынан мақталдың), әзірбайжан: мәғалә машһур журналист тәрәфіндән йазылмышдар (мақала белгілі журналист тарапынан жазылған) т. б. Алайда, қазақтың әдеби тілі бұл тәрізді конструкцияларды көп қолдана бермейді. Қазіргі қазақ тілінде щығыс тұлғасының барыс тұлғасымен жарыса қолданысы бар: сізден өтінішім бар, сізге өтінішім бар. Бұл қолданыстың таралған жері тек қазақ тілі болмаса керек. Мысалы, башқұрт: алтын тайқандап шорлана. Түркі тілдеріндегі септік жалғаулардың тұлғалары мен қолданылу ерекшеліктері, сондай-ақ олардың жеке тілдері ыңғайында кездесетін кейбір ерекшеліктері осындай. Түркі тілдеріндегі септік жалғауларының мағынасы мен қызметі айқын, олар бір-бірінен синтаксистік қызметі жағынан да, семантикалық жағынан да жіктелген, ерекшеленген. Сондықтан кейде септік жалғауларының бірінің орнына екіншісінің қолданылуын олардың бір-біріней толық жіктелмеуінің салдары деп түсінуге болмайды. Біріншіден, бұл сирек кездесетін құбылыс, екіншіден, бұл — жеке тілдің тарихи ерекшелігін- немесе басқа тілдермен қатынасқа түсуінің, кейбір септік жалғауларының белгілі бір мәнді білдіруде өзара айқын жіктелмеуінен де болуы мүмкін. Айталық, көне түркі тілінде табыс септік тұлғасы мекендік мән берген: Қара қулуғ олурур ертіміз (қара құмда отыр едік). Қазақ тілінде мұндай ыңғайда бәрінде статикалық мекенді білдіретін жатыс септік қолданылады. Ал, кейбір түркі *ілдерінде бұл 4«
99
орында барыс септік айтылады. Бұндай өзгерістер жеке тілдердің тарихи даму ерекшелігінің нәтижесі. Ал осыдан бұрын айтылған тува тіліндегі шығдыс тұлғасының логикалық субьект мәнінде қолданылуы басқа тілдермен қатынасқа түсудің нәтижесі болуы мүмкін. Қазіргі қазақ тіліндегі «сізге//сізден өтінішім бар тәрізді» конструкциялар құрамында бірде шығыс, бірде барыс септіктерінің қолданылуы сол екі септік жалғауының осындай мәнді білдіруге айқын шектелмеуінің нәтижесі. Шығыс, барыс жалғауларының бұндай қолданысы басқа түркі тілдерінде бар. Башқұрт: алтын тайқандін тайқанына шатлана, түрік, ұйғырларын бір қысымы (ұйғырлардың бір бөлігі), түрікмен: чағаларын чағалардан бір нечеджі (балалардың бірнешеуі) т. б. Тәуелдік жалғаулары. Әдетте тәуелдік категориясының екі түрлі жайывда айтылады: абстракт тәуелдік және конкреттік тәуелдік. Тәуелдік категориясының соңғы түрі арнаулы аффикстер арқылы жасалады. Тәуелдік жалғауларының түркі тілдеріндегі жиі қолданылатын түрлері мына тәрізді: Жекеше: I ж. -н/м,— I м, -ам, -ем II ж. -п/н, -у/н, -ы/н, -у/н, -у, -ү III ж. -с/м, -с/у, -з/н, -а/у, -е Көпше: I ж. -н/мыс, -у/муз, -н/сыз, -у/буз, -ы/бас, -у/бус, -ы/ выз, -у/вуз, -ы/выс, -у/вус, -быт, -мыт, амар, емер. II ж. -ы/ныз, ^у/нуз, -ы/ныз, -у/нуз, -ы/ғыс, -у/ғуз, -ы/ йыз, -у/йус, -у/вуз, -ғыт, -қыт, -ыт/ыкыт, -ар, -ер. III ж. -с/ы, -с/у, -з/у, -лара, -нара, -дара, -тара. (I, II жақтарда жақша ішіндегі дыбыстар дауыссыз дыбыстарға аяқталған сөздерге, III жақта жақта ішіндегілер дауыстыларға аяқталған сөздерге жалғанған). Бұл келтірілген қосымшадардың жеке тілдерде қолданылуын мына мысалдар байқатады: Қазақ тілі: ат-ы, ат-ла-ры ат-ым, ат-ымыз (егер сөз мұрын даат-ың, ат-тарың уыссызына аяқталат-ыңыз, ат-тарыңыз са — нары). ат-ы, аттары Башқұрт тілі: татар тілі: ат-ым, ат-ыбыз ат-ым, ат-ыбыз ат-ың^ аты-ғыз ат-ың, ат-ығыз ат-ы, ат-тар-ы ат-ың, ат-ығыз 100
Бұл келтірілген тұлғаларды негізінен түркі тектес тілдерге тән деп қарауға болады. Үш тілден келтірілген мысалдар арасындағы айырмашылық — көпше II жақта ғана байқалады: қазақ: -ыңдар, татар, башқұрт: -ығыз. Түркі тілдер тарихында ғ/ң сәйкестігі болғавдығы белгілі жай. Қазақ тілінде -лар жалғауының айтылуы — жаңа құбылыс, оның орнына — з қосымшасын айту — жалпы түркілік із болса керек. Қыпшақ тобындағы құмық тілінде де осы варианттар (татар, башқұрт) қолданылады. Жалғыз ғана айырмашылық — құмық тілі жекеше, көпше III жақта бір қосымшаны (ы) қолданылады, көпшеде көптік жалғауы айтылмайды. Оғыз тілінде қолданылатын тәуелдік жалғауларының сипатын түрік тілінен келтірілген мына мысалдардан байқауға болады: ат-ым, ат-ымыз, қыпшақ тілдерінен айырмашылығы көпше ат-ын, ат-ымыз II жақта -ынзы (ыңыз, -ының орнына), ат-ы ат-лар-ы көпше I жақта -ым, -ыз (башқұрт, татар, құмық тілдеріндегі -ыбыз). Бұл жағынан түрік тілі қазақ тілімен бірдей. Тәуелдік жалғауларының үшінші ерекше тобы алтай, хакас", шор, тува. тілдерінде қолданылады. Алтай тілі: дымым (жол-ым), двол-ын, двол-ы, двол-ыбыс (жол-ымыз), дволы-ғар (жол-дарың), двол-й (жекеше тұлға қайталанады). Якут тіліндегі тәуелдік жалғаулар басқа тілдердегі варианттардан едәуір оқшауланады: ат-ым, от-ум, (піше-ім), ат-ың, от-ун, баһ-а (бас-ы), от-о (пішен-і), Көпше: ап-пыт (ат-ымыз), хотуммут (бәйбішеміз), балт-ыбыт (қарындасымыз), сөз түбірі: балыс (ак-кыт аттарың), ох-хут (оқтарың), хотун-нут (бәйбішелерің), ат-тара (аттарың), хотун-нара (бәйбішелері), қиыс-шара (қыздары). Якут тілінде ерін үндестігі басым. Сондықтан жекеше II жақта ерін дауыстылары айтылады. Чуваш тілінде тәуелдік жалғауларының мына түрлері қолданылады: ут-ам (ат-ым), ут-ем (денем), хут-у (қағазың), фер-ү (қызың), ывал-е (ұлы), хер-е (қызы), көпше: ұт-амар (атымыз), ут-ар (аттарымыз), ут-а (жекешемен бірдей). Тәуелдік жалғаулары түркі тілдерінде көптік жалғауларынан кейін айтылады. Қазақ тілінде, басқа да түркі тілдерінде (говарлық ерекшелік ретінде) кейде тәуелдік жалғау көптік жалғаудан бұрын айтылады: ағамдар, ағаңдар т. б. Мұндай қолданыс белгілі мақсатты көздейді. Тарихи тұрғыдан тәуелдік жалғауларының шығуын жік101
теу есімдіктерінің қолданысымен байланыстыратын көзқарас түркологияда орныққан. Тәуелдік жалғауларының арғы негізі жіктік есімдіктері дейтін пікір жалпы алғанда дау туғызбайды. Мәселе жіктік есімдіктерінің қандай тұлғасы тәуелдік жалғауларына, қай тұлғасы жіктік жалғауларына негіз болды дейтін сұраққа жауап беруде. Н. К. Дмитриев осындай пікірді айта отырып, бұл жалғаулардың жіктік есімдіктерінен қалыптасуы тікелей емес, басқа бір аралық форма арқылы болса керек деп жазған еді. Ал, A. M. Щербак соңғы кезде жарияланған еңбегінде тәуелдік жалғаулары жіктік жалғауларына барып тіреледі, ал олардың өзі жіктеусілтеу есімдіктерінен қалыптасқан деген тұжырым айтады. А. М. Щербак тұжырымын қостамайтын мынадай фактілер бар: көне түркі тіліндегі тәуелдік жалғаулар қазіргі тілдерден ешбір өзгеше емес. Бірақ жіктік жалғаулары әлі толық қалыптасып бітпеген, оған дәлел: баяндауыш қызыметіндегі сөзден кейін көбіне толық тұлғалы жіктеу есімдіктері айтылады. Нақ осындай жағдай Махмут Қашқаридың сөздерінде де кездеседі. Егер осы фактілер ескерілсе, онда әуелі жіктік жалғаулары, солардан барып тәуелдік жалғаулары қалыптасты дейтін тұжырымды түгел қабылдау мүмкін бола бермейтіні айқын. Ал, Щербак келтіретін татар тіліндегі барам тәрізді қысқарулар түркі тілдерінің бүгінгі сипатының көрінісі. Осы тәрізді қысқартып айту қазақ тілінде жиі ұшырайды. Сонымен, тәуелдік жалғауларының жекеше I жағы -м қалай болғанда да, «мен» жіктеу есімдігіне барып тіреледі де, II жағы -н «сен» жіктеу есімдігіне басқы дыбысының түсіп қалуы арқылы қалыптасқан. Ондай құбылыстың мүмкін екендігі якут тіліндегі II жақ жіктеу есімдігінің ен түрінде айтылуымен дәлелденеді. Түркі тілдерінің біразында тәуелдік жалғауларының III жағы қазақ тіліндегі сияқты, вокатив мәнінде қолданыла алады: Ағасы, қашан келдіңіз? Мұндай қолданыс, әсіресе, татар, өзбек тілдерінде жиі кездеседі: әтісі (әйелдің күйеуіне қаратып айтуы), энісі (күйеуінің әйеліне қарай айтуы) т. б. Ал, хакас тілінде мұндай қызметте тәуелдіктің II жағы айтылады: аған (атаң), аджаң (ағаң), чаджан (апаң), тайын (нағашың, тағың), т. б. Ал, тәуелдіктің I жағы қазақ, ұйғыр, өзбек тілінде сөйлеушінің эмоционалдық қатынасын білдірудің құралы ретінде де қолданылатыны белгілі. Чуваш тілінде тәуелдіктің III жағы кейде батыс тілдеріндегі артикульдің қызмет атқаратыны байқалады: кімеі (қайық), кіммі (осыдан бұрын айтылған, белгілі қайық). 102
Сонымен қатар, түркі тілдерінің қайсысында тәуелділіктің III жағы әр түрлі үстеу сөздер құрамыыда қолданылып, сөз жасаушы аффикс қызметін атқарады. Қысыжазы, турасы, дұрысы ақыры тәрізді III тәуелділікте қалыптасқан үстеулер — тек қана қазақ тілінің ерекшелігі емес, түркі тілдерінің барлығына тән сөз топтары. Сондай-ақ III жағы арқылы қалыптасқан қос сөздер де (күндіз-түні, қысы-жазы), сондай топтың қатарына жатады37. Тәуелдік категориясының бар мағынасы мен қызметі — мен -кісімен, біз-кісі, -біз сипатты конструкцияның ұзаққа созылған семантикалық дамуының нәтижесі. Мұндай конструкция құрамында жіктеу есімдігінің қайталануы әуелгі кезде предикативтік тіркестің сыңарларын байланыстырудың тәсілі болды. Түркі тілдері дамуының әр түрлі кезеңінде бұл конструкция кісінің, не заттың сапалық ерекшелігін білдірумен қатар кісінің, не заттың екінші бір кісіге, не затқа қатынасын білдіреді. Бірінші қызметте (кісі не заттың сапалық ерекшелігі) мұндай конструкция ер кемекші етістігімен ерекшеленеді: Біз кіші ерүр біз, біз кіші ерді біз. Кейінгі даму барысында ер етістігінің қолданылуы міндетті болмайды. Өйткені, конструкция онсыз да сол мәнде тұрақталып қалады. Соның нәтижесінде біз -кіші -біз>біз кісіміз предикативтік конструкциясы кеміп шығады. Мұндай предикативтік конструкция қалыптасқан кезден бастап екінші мәнді білдіретін омоним конструкциясының қалыптасуы басталса керек. Бұл процесс ілік жалғауының қалыптасуымен бітеді: мен— кісі — мен — менің кісім, біз — кісі — біз _— біздің кісіміз38. Қөптік жалғаулары. Қазіргі түркі тілдеріңде, сондай-ақ көне жазбалар тілінде (көне тілдерде) бірлікті білдіретін қосымша жоқ, болған да емес39. Арнаулы морфологиялық тәсіл арқылы берілетін сандық ұғым — көптік. Көптік ұғым чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде -лар аффиксі арқылы беріледі. Түркі тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының сапасына қарай -лар аффиксінің басқы дыбысы ассимиляцияланып, әр түрлі варианттар пайда болады. Бұл аффикстің негізгі екі варианты -лар, -лер, (немесе -дар, -дер). Бір.ғана -лар түрінде айтылу өзбек тілінің' сингармонизмді сақтамайтын диалектілеріне тән. Көптік жалғауын өте көп вариантпен айтатын тіл — якут тілі. Якут тілінде басқы (-л) дыбысының өзгерісінің нәтижесінде және дауысты дыбыстардың еркіндік, езулік түрлеріне қарай 16 вариаит қалыптасқан: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер, -лор, -дор, -дер, -тор, -төр, -нар, -нер, -нор, -нер. 103
Ал, алтай тілінде 12 варианты қолданылады. Бұл тілде тек н дауыссызынан басталатын варианттар жоқ. Қыпшақ тілдерінің бір башқұрт тілінде 8 варианты айтылады: -лар, ләр, -тар, тер, -дар, дер, -дзар, дзәр. Мұнда н дыбысынан басталатын варианттар жоқ, бірақ башқұрт фонетикасының үлкен ерекшеліктерінің бірі дз африкатынан басталатын варианттар бар. Татар тілінде басқы дыбыстың ыңғайымен екі вариантта, дауысты дыбысқа қарай екі вариантта, барлығы 4 вариантта, айтылады: -лар, -ләр, -нәр. Н дыбысынан басталатын варианттар мұрын жол дауыссызға біткен сөздерге жалғанады. Ал, екі вариантты көптік жалғаулары (-лар, -ләр), қолданылатын тілдер — түрік тілі мен әзірбайжан тілі. Ескеретін бір жай: көптік жалғауының варианттары әдеби тіл мен оның диалектілерінде бірдей емес. Мысалы, әзірбайжан диалектілерінде осыдан бұрын айтылған екі варианттан басқа н, д, т, з дыбыстарынан басталатын варианттар қолданылады. -Лар жалғауының соңғы дыбыссыз (-ла) айтатын тілдер де бар. Мұндай вариантты норма ретінде қалыптастырылған тіл — қарашай-балқар тілі: таң-ла, жер-ле, (таулар, жерлер). Бірақ көптік жалғауының үстіне дауысты дыбыстан басталатын басқа бір қосымша жалғанса, көптік жалғау -лар, толық түрінде айтылады: таула, тау-лар-ы, жерле, жер-лер-і. Ал, құмық тілінде көптік жалғаудың екі варианты да (-лар), (-ла) қолданылады. Бірақ бұлардың әрқайсысының қолданылатын орны бар. -Да варианты мынадай орындарда айтыладьі: 1. Ілік, табыс, (бұл екеуінің тұлғалары бұл тілде бірдей -ны жалғауларының алдынан: йол-ла-ны (жолдардың), (жолдарды), соз-ле-ни (сөздердің, сөздері). 2. Барыс жалғауының алдына: йол-ла-ға (жолдарға), -ла аффиксінің сөзге жалғану тәртібінде басқа тілдерде кездеспейтін ерекшелік якут тілінде бар. Якут тілінде зат есімдерге көптік жалғау жалғанғанда, оның алдынан қосымша -т пайда болады: кейде сөз негізі өзгеріп келеді. Уол (үл, ұлан), -уолаттар (ұлдар, ұландар), тойон (мырза), -тойоттар, хотун (қатын, әйел), -хотуттар, қыыс (қыз), -қырғаттар, ходоғой (қүдағи), хозоғуттар т. б. Дегенмен, мұндай өзгерістер барлық зат есімдерге тән емес. Оның үстіне кейбір зат есімдер екі түрлі айтылады: бірден оеындай өзгешеліктермен, бірде әдеттегідей: құнан (өгізше), -қуңаннар (қунатар) т. б. Якут тіліндегі мұндай өзгешеліктің тарихын түсіну үшін түркі тілдеріндегі -т көптік қосымшасын еске түсіру керек. Ол тілде -т аздаған сөздерге ғана қосылып, көптік мән берген және ондай сөздер жекеше 104
тұлғада -н дыбысына (якут тіліндегідей) аяқталған. Көне түркі тілін зерттеушілер ол қосымша монғолдан келген дейтін пікірді қуаттайды. Ал, бүгінгі якут тілі көп замандар бойы монғол тілінің ықпалына ұшырағаны белгілі. Кейбдр сөздердің көптік жалғауы бойынша екі түрлі айтылуы да оның сыртқы ықпал қалдығы екенін дәлелдесе керек. Осыдан бұрын айтылғандай, чуваш тілінде -лар жалғауы жоқ, оның орнына -сем (сен) көптік жалғауы айтылады. Сонымен -лар көптік жалғауының жеке тілдерде қолданылуының негізгі ерекшеліктері мыналар: 1. Түркі тілдерінің бәрінде -лар аффиксінің сингормониялық варианттары бар. 2. Әзірбайжан, құмық, ноғай, түркімен, түрік, ұйғыр тілдерінде көптік жалғау -л дыбысынан басталады да, екі вариаңтты болады. (-лар, -лер, -ләр). 3. Алтай, қырғыз, якут тілдерінде көптік жалғаудың қатаң, ұяң дауыссыздардан басталатын варианттармен қоса, жуан-жіңішке еріндік дауыстылармен айтылатын варианттары бар; 4. Татар, тува, хакас, шор, якут тілдерінде көптік жалғаудың н дыбысынан басталатын варианттары қолданылады; т қатаңнан басталатын варианттар қазақ, алтай, башқұрт, қырғыз, тува, хакас, шор, якугі тілдерінде айтылады; д ұяң дауыссызынан басталатын вариант алтай, башқұрт, қазақ, қырғыз, тува, якут тілдерінде бар. Ал, башқұрт тілінде бұл айтылғандардан басқа африкаттан басталатын вариант қолданылады. Қазіргі түркі тілдеріндегі көптік жалғаудың айтылу сипаты мына мысалдардан көрінеді: қазақ: аттар, қояндар, айлар, әзірбайжан: атлар, довшанлар, алтай: аттар, қойондор, башқұрт: аттар, куяндар, айдзар (айлар), қырғыз: аттар, коөндор, құмық: атлар, қоянлар, татар: атлар, куяннар, тува: ачттар, койаннар, түрік: атлар, таушанлар, өзбек: отлар, куенлар, хакас: аттар, хозаннар, чуваш: үтсем (аттар), куянсем (қояндар), шор: аттар, қозаннар, якут: аттар, қуобахтар. Ең соңғы ескертетін жай — көптік жалғаудың сөз құрамыыдағы орны туралы. -лар көптік жалғауы есім негізге тікелей жалғанады да, одан кейін тәуелдік жалғауы, содан кейін ғана септік жалғау айтылады: аттарына, аттарыңды т. б. Бұл -лар жалғауы қолданылатын барлық түркі тідцері үшін мызғымайтын жүйе болып табылады. Алайда, чуваш тіліндегі -сем көптік жалғауының айтылу орны мундай емес -сем жалғауы тәуелдік жалғауынан кейін айтылады да, септік жалғаулары соның үстіне барып қосылады. Сонда чуваш тілінде сөз құрамында морфемалардың тәртібі мына тәрізді болып келеді: сөз негізі тәуелдік жалғау, 105
көптік жалғау, септік жалғау. Чуваш тіліндегі көптік жалғаудың екінші бір ерекшелігі — ол сөз негізінде ешбір өзгеріссіз жалғанады, сингармонизм заңдылығына бағынбайды. Зерттеушілер чуваш тілі жалғауының мұндай ерекшелігін оныц басқа жүйелі тілдер ықпалымен кейін қалыптасқан деп түсіндіреді. Ссшымен қатар түркі тілдерінде жеке сөздер, кейде формалар құрамында ажырайтын, тарихи тұрғыдан көптік жалғау деп есептеуге мүмкін қосымшалар да бар. Сондай қосымшаның бірі — есімдіктер құрамынан және жақтық қосымшалар құрамынан ажыратуға болатын (-ы) з қосымшасы. Қазіргі қазақ тілінде екінші жақтың көпше түрінде екі түрлі тұлғаланатын белғілі: бар-ың-дар, бар-ың-ыз-дар. Бірінші түріндеғі -ың жақтық жалғау да, -дар көптік жалғауы екені айқын. Бірақ екінші түрдегі -ың жақтық жалғауы екендігі анық болғанмен, -ыз қосымшасын да сондай қарауға еш негіз жоқ. Өйткені, мұнда мән -лар аффиксі арқылы беріліп тұр. Көне дәуір ескерткіштері тілінде -ым I жақ жекелікті білдіреді де, -ыз II жақ, көпшілікті білдірген. Бұл фактілерді еске алсақ, қазақ тіліндегі II жақтың сыпайы түрі деп қаралатын форма тарихи тұрғыдан II жақ көптік болғанын түсінуге болады. Сонымен қазақ тіліндегі -ыңыздар тұлғасы жақтық жалғау мен екі түрлі көптік жалғаудың қабаттасуы болып щығады. Көптік жалғаудың қабаттасуы -ыз қосымшасының қазақ тілінде өзінің дербес мәнін жоғалтумен байланысты. -ыз қосымшасының көптік ■мәнде қолданылуы — қазіргі түркі тілінде, басқа тілдерде -ң, -ма түрінде келеді. Тарихи-салыстырмалы зерттеулерде келтірілетін -ан, -т, -гүн тәрізді формалар (егер бір кезде олар мән берген қосымшалар болған күннің өзінде де) қазіргі түркі тілдерінің ешбірінде актив қолданылмайды. Түркі тілдерінде арнаулы көптік жалғаудың тұлғасы көбіне жіктелмейтін көптік немесе жинақтық көптік мағынасын береді. Сондықтан тас, құм, жылқы, мал, шай т. б. сөздер, ең алдымен, солай деп аталатын заттардың жіктелмейтін көптігін білдіреді. Мұндай тұлғалы сөздердің осы мағынасы көне түркі тілдеріне де тән. Бұл тұлға қазіргі тілдерде сонымен қатар, бірліктің, жекеліктің көрсеткіші ретінде ұғынылады. Көптік жалғаудың ең негізгі мағыналарының бірі — жіктеуге келмейтін көптікті, жинақтық көптікті білдіру болып табылады: столдар, малдар, кісілер дегенде -лар жалғауы белгілі бір санды білдірмейді, жалпы көптік заттар тобын, мал тобын, кісілер тобын ғана білдіре алады; ноғай; бу кімнің йылқылары, 106
турік: бутун онулуғун кітаплар т. б. Сонымен қатар қазіргі түркі тілдерінде көптік жалғау жекелікті, бірлікті және II—III жаққа құрметті, кейде мысқыл-сықақты білдіру үшін де қолданылады. Қазақ тілінде ағамдар, атамдар тәрізді тұлғалар ағасы мен атасының көптігін білдіріп тұрған жоқ. Сол сияқты өзбек тіліндегі атамлар, бувімнің ерлері тәрізді қолданыстар да сондай. Бұлардың бәріндегі -лар жалғауы көптікті білдіріп тұрған жоқ, бір ғана кісіні білдірген. Бірақ сол жекелік мән екінші бір мәнермен — сөйлеушінің әңгіме болған жоққа ізеттік қатынасың білдірумен күрделенген. Түркі тілшілерінің біразынша (якут, татар, башқұрт т. б.) -лар жалғауы сөйлеушінің сөз арналған жаққа ерекше қатынасын — жақсы, өте жақсы көретіндігін білдірудін тәсілі ретінде қолданылады: татар, қояшқайларым (күніи, күндерім), башқұрт: йәнқайларым (жаным, жандарым), якут: күннерім (күнім, күндерім), аттарым (атым менің — аттарым менің) т. б. Қазақ эпосының тілінде көбіне атақты батыр, оның атақты аты кейде көптік тұлғада айтылады. Бұл қолданыс жыршының ерекше қатынасын білдірудің тәсілі. Дегенмен, қазақтың халық тіліне мұндай қолданыс тән емес. Қазақ фольклоры тілінде затты, құбылысты, күй-қалыпты білдіретін сөздерге -лар жалғанып, ерекше экспрессивтік мән бёріледі: I ...таулардан асып жөнеді т. б. Осы тәсіл — түркі тілдерінің көпшілігіне тән қолданыс: башқұрт: ағідзілдер, аша ук аттым, гагауз: қаннарақый (қандар ақты), татар: чөйләр ічтім, түрік: қанларға бойамақ. Қазақ тілінде есімдіктердің көптік тұлғаларда айтылуы үш түрлі мақсатта болатыны белгілі: тура мәнінде, яғни көптікті білдіреді, сыпайылықты, . құрметтеуді білдіреді, қалжың, мысқылды білдіреді. Осындай қолданыс қазіргі түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Ал, жалқы есімдіктердің көптік жалғауларымбн келуі жинақтылық, топтау мәнін береді. Бұл да жалпы түркілік қолданыс. Жіктік жалғаулары. Жіктік жалғаулары тек қана есімдерге тән қосымшалар еместігі белгілі. Синтаксистік флзметі жағынан жіктік жалғауларын баяндауыштық қосымшалар деп қарауға болар еді. Өйткені, белгілі бір сөздер баяндауыш қызметінде жұмсалуының негізгі тәсілі — жіктік жалғаулары екені мәлім. Жіктік жалғаулар сол қызметте арнайы жұмсалатын сөздер — етістіктерге жалғанып, олардың айрықша үлкең-трбын жасайтыны белгілі. Түркі тілдерінің барлығына ортақ осы заңдылықты еске ұстай отырып, жіктік жалғауларының екінші бір үлкен қолданы107
сын ұмытуға болмайды. Жіктік жалғаулары зат есімдермен де қолданылады, олардың сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалуына дәнекер болады. Әрине, тарихи тұрғыдан зат есімдердің баяндауыш қызметіне икемделуі — біршама жаңа құбылыс. Жазба әдеби тілдердің қалыптасу дәуірінде зат есімдер тікелей жіктелетін дәрежеге жеткені қазіргі ғылымда талас туғызбаса керек. Түркі тілдерінің көне дәуірінде сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалған есім мен көмекші етістік тіркесі әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде өзгеріске түседі; көмекші етістік баяндауыш құрамынан түсіп қалады да, жіктік жалғауы тіркестің лексикалық діңгегі — есімге жалғанатын болады. Зат есімдердің жіктелу тарихын айтқанда осылай түсіндіруге болар еді. Бұған қоса арнайы ескеретін жай баяндауыш қызметіндегі (дара не күрделі болеын) сөзден кейін көне дәуірлерде жіктеу есімдігі сөйлемнің (сөздің) қай жақта айтылғанын білдіріп, грамматикалық қызмет атқарған. Осылардың бәрін ескергенде, түркі тілдеріндегі баяндауыш, сол сияқты етістіктердің жіктелуі — есім құрылысты дейтін тұжырымның мәнін айқын түсінуге болады. Түркі тілдеріндегі жіктік жалғауларын сыртқы пішініне қарай екі түрге бөліп қарау керек: жіктеу есімдік негізді түр және тәуелдік жалғаулар негізді түр. Жіктік жалғаулар түрлерін бұлайша атау, әрине, шартты. Өйткені, бұлардың арғы негізі — жіктеу есімдіктері. Алайда сыртқы пішіні жағынан бұлардың бірі жіктеу есімдіктері тәрізді күрделі болып келсе, екіншілері қазіргі тәуелдік жалғауларына көбірек ұқсайды, солар тәрізді жалаң құрамды болып отырады. Бұлардың қазіргі түркі тілдеріндегі сипаты төмендегідей: I. Жіктеу есімдік негізді түрі Жекеше: I ж. і/(-ман) -мын (бан-2) -бын (пын) якут, хақас). I ж. -сан/сын; III ж. қосымшасыз. Көпше: I ж. -быз(-быс) -быт (якут) -мыз (выз) бұл тұлғалар түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде жоқ); II ж. -сыз (түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде жоқ); -сыңыз (сыңын) оңтүстік-батыс тілдерінде); -сыздар (-силер) (-смер) -сер -зер; III ж. I. Қосымшасыз. 2. Көптік жалғау -лар айтылуы. Жіктік жалғауларының бұл кестесі біршама тұтае күйінде көбіне қыпшақ тобына жататын. тілдерде қолданылады. (Әрине, кейбір тілге тән фонетикалық ауытқуларды есепке алу керек. Ал II жақ қосымшалары (-сыңыз) оғыз тобын108
тілдерде бар. Жіктеу есімдік негізділердің т&менегідей түрі бар. Sapbi Жекеше. I ж. -й/ам, -й/эм, -й/ым. Мұның ашық дауыстылы түрі тек қана әзірбайжан тілінде айтылады. II жақ. -қын (-ғын) -нын. Бұл якут тілінде қолданылады. III ж. -дыр (-тыр) түр етістігінің өзгеріп қосымшаға айналған түрі әзірбайжан, түрік, гагауз тілдерінде айтылады. 2. -ды, -т (алдыңғы етістіктің әбден қысқартып қосымшаға айналған түрі)—өзбек, қазақ, қырғыз т. б. тілдерде қолданылады. Көпше. I ж. 1). -й/ыз — осыдан бұрын әңгіме болған көптік жалғауы. Түрік тілінде өткен шақ, нақ осы шақ, келер шақ тұлғалы етістіктерге қосылады: 2). -ғың — якут тілінде бұйрық райдың осы шақ түріне жалғанады, III ж. -дырлар (-тырлар)— әзірбайжан, түрік тілдерінде кейбір етістік тұлғаларына ғана жалғанады. ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУДЫҢ НЕГІЗДІ ТҮРІ
Жекеше. I ж. -м, II ж. -нг, -ң, -н. Бұл екеуі де барлық түркі тілдерінде қолданылады. Енисей жазбаларының тілівде кездесетін II жақ қосымшасы (жедел өткен шақ формасының құрамында) -ғ (сен барды -ғ) шығуы жағынан -ң тұлғасымен ұялас деп қарауға әбден негіз бар. Якут тіліндегі II ж. қосымшасы -ғыт, татар, құмық тіддеріндегі сондай қосымша -ғыз — барлығы да осы негіздес еқені айқын. Көпше. I ж. 1(-мыз) -мыс ерінді дауыстылы варианттары да бар, еткен шақ етістіктеріне жалғанады. ОрхонЕнисей жазбаларында шағатай, қарағас, ұйғыр тілдерінде. 2 (-а) ңар — хақас тілінде ғана кездеседі: һараңар (барайық) -қ/-н — шартты рай етістіктеріне жалғанады. Бұл қосымша солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс тілдерінде қолданылады. II жақты білдіретін қосымшалар көп түрлі болып келеді. Олардың бастылары мыналар: 1) -ң, -н — негізінен бұйрық рай және шартты рай тұлғаларына жалғанады: қазақ: ал-ың-дар, Өзбек: олинг, Әзірбайжан: алың, түрік: алын. Әзірбайжан, түрік тілдерінде бұлардан басқа -й/ин, -й ин тұлғалары қолданылады. 2) -ыңыз, -ңыз (еріндіктен айтылатын нұсқалары да бар) — нақ осы шақ тұлғаларына, шартты рай, бұйрық рай тұлғаларына жалғанады: қазақ: алдыңыздар, әзірбайжан: алды-ңыз, өзбек: алдин-гиз, түрік: алды-ныз, қазақ: алсаң-дар, өзбек: олсангиз, түрік: 109
алсаныз т. б. әзірбайжан, түрік тілдерінде мұның йү-ыныз, -й/иниз нұсқалары бар. 3). -ннглар, -ндар, -ңлар, -нар нақ осы шақ тұлғаларына бұйрық рай етістіктеріне, қазақ тілінде шартты рай тұлғаларына жалғанады: қазақ: алыңдар, алдыцдар, өзбек: олинглар, хакас: алдыңьар. 4). Екілік тұлға -аң/-ең. Бұл тұлға хақас т. б. шығыс тілдерінде екілік жұптық мәнінде ғана қолданылады: хакас: һарань (екеуміз барамыз); якут тілінде осы мәнде -ыах тұлғасы айтылады: барыах (-мен, сен барамыз). III жақта қосымшасы болады немесе көптік жалғау -лар жалғанып айтылады. Бұл айтылғандардан басқа етістік тұлғаларына жалғанып, жақ мәнін беретін, тәуелдік жалғау негізді деп есептеуге боларлық мынадай қосымшалар кездеседі: бұйрық рай тұлғаларына жалғанып, қолданылатын III жақ қосымшалары -сын/-зын, -сынлар, -сындар, -сынар (сынар) -зыннар) -зыңар: алсын. Орхон-Енисей жазбаларында, түрік т. б. оңтүстік-батыс тілдерінде қалау рай тұлғаларына жалғанатын көпше I жақ қосымшалары: -й/алылх, түрік: алалым -алайық, башлыйалым -бастайық; Орхон-Енисей жазбалары: сүлелім, -лақ, -лық, -йық — өзбек: олайық; қазақ: алалық, алайық; -аал, -аалы, -аалыңдар — тува, хакас т. б. шығыстағы тілдерде айтылады: тува: бараал, бараалы — барайық. Жіктік жалғаулардың келтірілген тұлғаларын өзара салыстыру арқылы олардың күрделі варианттарын құрама бөліктерге ажыртуға болар еді. -ңыз типтес тұлғаларды -ңцар типтес түлғалармен салыстырғанда -ң және ыз, -дар құрама элементтері айқындалады. -ң жақтық қосымша екені айқын, ал ыз немесе fSK қана -з, -ы «жалғастырушы» дауысты — көне көптік жалғауы болса, -лар қазіргі түркі тілдерінің басым көпшілігінде қолданылатын көптік жалғауы. Көне көптік жалғауы -ыз қазіргі қазақ т. б. түркі тілдерінде сыпайылықты білдіретін қосымша ретінде орнығып қалды. Ал тува тіліндегі көпшё I жақ тұлғасын (-аал, -аалы, -аалыңар, көне түркі тілінде, қазіргі түркі тілінде қолданылатын -й) алып тұлғаларын, өзбек тіліндегі -лик, қазақ тіліндегі -лық, йық тұлғаларымен салыстырғанда -й/алы және -м, қ құрама элементтері келіп шығады. -М және қ элементтерін көпше, бірінші жақтық мән беретін негізгі грамматикалық, тұлғалар деп тану керек. Өйткені, -алы немесе -йалы тұлғалары -ғалы түрінде көне түркі тілінде етістіктің мақсаттық мән беретін тұлғасы ретінде қолданылған. Қазіргі қазақ тіліндегі -ғалы тұлғасы көсемшенің (өйткені өзгермейді) мақсат түрі деп танылады. 110
Бұған қарағанда, қазіргі тілдердегі жекеше, I жақ қосымшасы деп қаралатын -м тұлғасы баста тек жекелік мән бермеген болса керек, бұл тұлға бір замандарда жекелікпен қатар көптік мән берсе керек. Ал, қазіргі түркі т. б. тілдеріндегі -й алым тұлғасы қалау рай ретінде ұғынылатыны белгілі. Хакас тіліндегі I жақ, екілікті білдіретін -аң және якут тіліндегі -ыах: аффикстерін басқа түркі тілдеріндегі -ық аффиксімен салыстыру бұлардың бір ғана негізден таралғандығын көрсетеді. Фонетикалық өзгерістердің ерекшеліктерін ескергенде, түпкі негіз деп хакастық -аң аффиксін айту керек. Өйткені -ң мұрын жолды дыбысы түркі тілдерінің көне дәуірінде -нг немесе -ңғ аффиксты болуы әбден мүмкін. Сондай қосар дыбыстың таралуы екі түрлі рефлекс береді. Соның бір рефлексінен (-ғ -дан) -қ пайда болуы заңды. Осыларды еске алғанда, түркі тілдерінің көпшілігінде айтылатын ық хакастық тұлғадан таралуы әбден ықтимал. Ондай якуттық тұлға аралық звено болып қалады. Өйткені зерттеушілердің айтуынша, якут тіліндегі -ыах мағына хакастық тұлғаға (екеуі де екілік тұлға), сыртқы пішін жағынан жалпы түркілік ық (х-к) тұлғасына жақын. Жіктік жалғауларының есімдік негізді, тәуелдік жалғауы негізді түрлерін салыстыру мынадай құбылыстарды байқатады: 1) айқын да жүйелі көрінетін тұлға — II жақ. Мұның өзі бұл тұлғаның етістіктердің жіктелу жүйесінде, сондай жіктік жалғаулар құрамында біршама кеш қалыптасқандығын көрсетеді. Өйткені көне тарихи дәуірлерде қалыптасу, ұзақ мерзім бойында қолдану процесін өту оны фонетикалық өзгерістерге алыпкелер еді: 2) I—II жақ тұлғалары -м, (-ң) -н өздерінің алғашқы қалыптасу дәуірінде коллективтік немесе екілік мән берген болу керек. Хакас тіліндегі параң, тува тіліндегі бараалыңар және оңтүстік-батыс тілдеріндегі алалым тұлғалары сондай ерекшелікке меңзейді. 3) Оңтүстік-батыс тілдеріндегі I жақ қосымшасы -ы/н тарихи тұрғыдан тікелей мен/бен жіктеу есімдіктерімен емес, хакас т. б. тілдеріндегі екілікті білдіретін -а/ң тұлғасымен байлащысты болуы керек. Түркі тілдерінде бір жүйемен келетін жіктік жалғауларының арғы негізгі қай тұлға қандай негізден тараған бұл мәселені арнаулы баяндаған жөн. Қазіргі түркі тілдеріндегі жекеше, I жақ қосымшасын үш түрлі топқа бөлуге болады. I топ -маң/-мең/-мән, -ма/-ме және -мың, -мің, -мұң -мүн. М дыбысынан басталатын варианттар көбіне қыпшақ тобындағы тілдерде кездеседі. Сондықтан оларды көбіне 111
«қылшақтық түр» деп атайды да, б дыбысынан басталаг тын варианттарды «оғыздық түр» деп атайды. Бұл атаулар турколөгияда әбден қалыптасқан ұғымдар қатарына жатады. М дыбысынан басталатын варианттар жеке тілдерде п, кейбір тілдерде б, п дыбыстарымен ауысып қолданылады. Бұл топтағы жіктік жалғауларының екінші бір ерекіііелігі — дауысты дыбыстардың ауысып келуі. Бұл тұрғыдан ашық дауыстылармен айтылатын варианттар: -паң/-мән/ -мен және қысаң дауыстылармен айтылатын варианттар: -мың (-мің) -мұң -мүн ажырайды. Соңғы н дыбысьшың түсіп қалуы қарашай-балқар тілдерінде ғана ұшырасады. Онда да соңғы н дыбысының айтылуы жікТік жалғаулы сөздің абсолют соңында келгенде ғана мүмкін: Чабақчы-ма (-балықшымын). Егер жіктік жалғаудан кейін басқа бір қосымша айтылған болса, онда жіктік жалғау толық түрінде айтылады. Ашық дауыстымен айтылатын варианттар көне түркі тілінде (Орхон-Енисей жазбалары) шағатай әдеби тілінде, қыпшақ тілінде, қазірғі хакас, қарағас, өзбек, ұйғыр, ноғай, құмық, тува, қарақалпақ, Қырым татарлары тілінің солтүстік диалектісінде айтылады. Жекеше I жақ жіктік жалғауының бұл варианты тарихи түрғыдан ең көне түрі деп қаралады. Өйткені, бұлар өздерінің арғы негізі I жақ жіктеу есімдігінен дыбыстық сипаты жағынан ешбіререкшеленбеген қалпында айтылады. Сонымен бұл варианттар көне тілдермен қатар бірсыпыра қазіргі тілдерде айтылады. Бұл ерекшелік екінші жағынан аталып кеткен қазіргі тілдердің құрамында тілдің көне дәуірлерінің куәсі іспетті тұлғалардың сақталып қалғандығын көрсеіеді, Қысаң дауыстылармен келген варианттар қазіргі Бділ бойы татарлары тілінде, Сібір татарлары тілінде, башқұрт, алтай, хакас, якут, қазақ, қырғыэ тілдерінде айтылады. Бұлардың ішінде якут, хакас, алтай, қырғыз тілдері тарихи тұрғыдан әлдеқайда көне тілдер. Дегенмен, қысаң дауысты варианттар өздерінің арғы негізі — I жақ жіктеу есімдігіне ашық дауысты варианттан әлдеқайда алыс. Жіктік жалғауының, сондай-ақ жіктеу есімдігінің тарихи сипаты қандай? Осыдан бұрын айтылғандай, «қыпшақтық түр» м дыбысынан басталады да, «оғыздық түр» б дыбысынан басталады. Егер олардың арғы негізі — жіктеу есімдігі — м дыбысынан басталса, онда «қыпшақтық түр» алғашқы деп танылуға тиіс. Ең көне мүра Орхон-Енисей жазбаларында I жақ жіктеу есімдігі көбіне -бен түрінде кездеседі. Алайда Орхон-Енисей жазбаларында сол заманғы түркі тайпалары 112
■гілдерінің бар ерекшелігі берілген деп айтура болмайтындЫғы айқын. Ол заманғы түркі тілдерінің сан жағынан моД болғандығын сол тілдегі диалектілік ауытқулар да дәлелдейді. Сондықтан бұлардьщ арғы сипатын айқындауға тек сол жазбалар тіліне сұйеніп қоюға болмайды. Талассыз факт мынадай: сен есімдігі сіз есімдігіне тікелей қатысты болса, біз есімдігі де жекеше мәнді білдіретін есімдікке тікелей қатысты болу керек. Логика осыны мақұлдайды. Сонда II жақ есімдіктер с дыбысынан басталатын сияқты, I жақ есімдіктері б дыбысынан басталуға тиіс. Ал, біз есімдігінің м дыбысынан басталып айтылғандығын көне тілдер де, қазіргі тілдер де білмейді. Олай болса, жекеше I жақ білдіретін есімдік о баста б дыбысынан басталған, ал м дыбысынан басталатын вариант кейін қалыптасса керек. Ал I жақ жіктеу есімдігі негізінде қалыптасқан жіктік жалғау да алғашқыда б дыбысынан басталған, м дыбысынан басталған вариант кейін шыққан. Сонымен I жақ жіктеу есімдігінің бастапқы сипаты -бен, -бән, жіктік жалғаудың да алғашқы сипаты осындай болса керек. I жақ жалғауларының II түрі деп әзірбайжан тіліндегі -әм/-ем түрік тіліндегі -ым/-ім варианттарын атау керек. Бұл екеуінің арасындағы айырмашылық — дауыстыларының саласына байланысты — бірінде ашық дауысты, екіншісінде қысаң дауыстылар қолданылады. Ашық дауыстымен айтылатын әзірбайжандық түр екі вариантқа жіктелсе, қысан дауыстымен айтылатын тұріктік түр төрт вариантқа ы/і у/ү жіктеледі. Бұл екеуі ашық дауыстымен айтылатын әзірбайжандық түрді көне түр деп қарау жөн. Өйткені, ол өзінің арғы негізіне әлдеқайда жақын тұр. Аталған жалғаулардың 3-түрі түрікмен әдеби тілінде -дырын/дірін сипатында айтылады. Бұл аффиксті зерттеушілер (Н. К. Дмитриев) мынадай құрама бөлшектерге ажыратады: -дыр/ын, дыр бөлігі түр (оғыз тілдерінде дүр сипатында айтылады) етістікке барып ұласады да, -ын бөлшегі I жақ жіктеу есімдігінің қысаң дауыстымен айтылатын варианттарына барып тіреледі (бән, оғыз тілдерінде сөз басындағы б кейде түсіп айтылу заңдылығы бар, мысалы, бол-ол). Көпше I жақ жалғауларының бір түрі -біз/піс. Бұл түр жекеше I жақ -бын түрінде айтылатын тілдерде қолданылады. Бұлардың ішінде негізгісі әрі кенесі деп біз вариантын айту керек. Өйткені, I жақ көпше түрдің арғы түбі біз жіктеу есімдігі десек, бұл вариант өзінің негізіне 113
дыбысталу жағынан өте жақын. П дыбысынан басталатын вариант — түбір мен қосымша негізіндегі ассимиляция за^ңдылығының нәтижесі. Бұл түрдің көзге оқшау көрінетін варианты якут тілінде айтылады: -быт/ -пыт/-бут т. б. Түркі тілдерінің көпшілігінде айтылатын з/с дыбысының орнына қатаң т дыбысы айтылатыны белгілі. Мына жалғауда сол ізбен -быт -пыт -быз не быс түрінде айтылады. Орхон-Енисей жазбаларында ұйғыр, шағатай, қарағас т. б. біршама көне тілдерде айтылатын -мыз/-нің, -муз/-мүз яғни м дыбысынан басталатын варианттарды қалыптасу жағынан екінші дәрежелі деп қарау керек. Өйткені, осыдан бұрын айтылғандай, жіктеу есімдігінің м дыбысынан басталатын варианттарының қалыптасуы — екінші дәрежелі құбылыс. Жекеше II жақ жіктік жалғаулары біршама бірыңғай болып келеді. Сыртқы сипаты жағынан бұл жалғаулар өздерінің арғы негізі — II жақ жіктеу есімдігінен көп алшақтамаған. Бұл жалғаудың көне түркі, шағатай, қыпшақ, ұйғыр тілдерінде, сондай-ақ тува, әзірбайжан тілдерінде қолданылатын -сән/-сен варианты ашық дауыстылармен аяқталады, сен есімдігінен сыртқы пішіні жағынан ерекшеленбейді. Бұл жалғаудың екінші варианты алтай,' татар, қазақ, қырғыз, түрік т. б. тілдерінде айтылады: -сыц/сын. Бұл варианттың алдыңғыдан мынадай ерекшеліктері бар: 1. Қысаң дауыстылармен айтылады; 2. Басқы дыбысы тек қатаң -с емес, кейбір тілдерде ұяң -з -дан басталып та айтылады; 3. Соңғы дауыссыз мұрын жолды -ң болып келеді. Шығу, қалыптасу мерзімі жағынан алдыңғыдан кеш қалыптасса керек. Бұл варианттың дыбыстық өзгеше түрі башқұрт, якут тілдерінде айтылады. Башқұрт тілінде -пың/ -пен/ -һоң/һон түрінде дыбысталады. Өйткені, бүл тілде басқа түркі тілдеріндегі -с қатаң дауыссызы жүйелі түрде һ дыбысына ауысқан. Якут тілінде -ғын/ -гин -гун -тун/-түн және -қын/-кин -кун/-күн түрінде дыбысталады. Бұл якут тілі фонетикасының ерекшелігінен туған құбылыс. Көпше II жақ қосымшалары варианттарының ішінен Орхон-Енисей жазбаларында, ұйғыр және ортағасырлық шағатай әдеби тілінде, срл сияқты қыпшақ тобына жататын тілдерде қолданылатын -сыз/ -сіз -суз/-сүз түрін өзінің арғы -сіз жіктеу есімдігіне ең жақын түр деп қарау керек. Бұл қосымшалардың кейбір өзгерістері Қиыршығыс пен Сібірдегі түркі тілдерінде ұшырайды. Ол өзгерістер 114
м^іна тәрізді: 1. Басқы -с дауыссызы кейбір тілдерде -з түрінде айтылады; 2. Соңғы -з немесе -с дыбысы кейбір тілдерде -п дыбысына ауысады. Ал, якут тілінде бұл сипатта дыбысталады: -ғыт/ -гит/ -ғут/ -гүт/ -қит/ -кит/ -кут/ күт. Бір ескертпе: қазақ тіліндегі -сыз көбіне сыпайылық мән беретіні белгілі. Сондықтан қазақ тілінде көпше II жақ екі түрлі тұлғаланады: -сыңцар -сіңдер және сыздар -сіздер. БұлардЫ екі жікке бөлуге болатыны айқын: жақтық қосымшалар /-сың және (-сыз), көптік қосымша -лар. Осы қосымшаның нұсқасы деп қарауға болатын тұлға Сібірдегі түркі тілдерінде кездеседі: -сынар/-сынар Бұл алдыңғы сияқты екі жікке ажырайды: -сы/-сы және -нар. Ал қарақас тілінде бүл -силәр түрінде дыбысталады. Оңтүстік-батыс тілдерінде (әсіресе, оғыз тобындағы тілдерде) бұл қосымшаның -синиз/сиңиз түрі қолданылады. Ал башқүрт тілінде -һығыз түрінде дыбысталады. Бүларды да -сын және -ыз құрамы бөліктеріне ажыратып түсіну'қажет. Сібірдегі кейбір тілдерде айтылатын -сығар/-зығар вариантын -сың/-сығ және -ар/ыз бөліктеріне ажыратып талдауға керек. ЗАТ ЕСІМДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Салыстырмалы грамматиканың басты міндеті — тілдерге ортақ морфемаларды анықтау, сондай-ақ ерекше оқшауланып тұратын морфемаларды ажырату. Осы тұрғыдан қарасақ зат есімдердің жасалуын, оларды жасайтын тәсілдерді жалпы түркі тілдеріне ортақ деп қорытындылауға болады. Бірақ сол ортақ тәсілдердің жеке тілдерде таралуы, қолданылуы бірдей емес. Сондықтан олардың әрқайсысына жеке тоқталу қажет. Қазіргі қазақ тілінде зат есімдерден зат есім жасайтын қосымшалар басқа да түркі тілдерінде қолданылады. -шы, -ші қосымшасы қазіңгі түркі тілдерінде субъектінің кәсібін, тіршілік, күнкөріс қызметін білдірудің тәсілі ретінде қолданылады (түркі тілдерінің көпшілігінде -ч дыбысынан басталады: -чы (аңшы) авчы, ділчі, балықшы, па-лықчы (хақас) т. б. Кейбір тілдерде бұл аффикс жалғанған сөздер субъектінің белгілі бір әдетке, іске икемділігін білдіре алады: шор тілінде: уруціча (үрысқақ), терчи (тершең). Бұл мағына қазақ тілінде -шыл (-шең) -қақ аффикстері арқылы беріледі. -Шы аффиксті сөздер бірсыпыра тілдерде субъектінің белгілі бір қоғамдық ағымға, тапқа қатысты екендігін білдіреді: өзбек тілінде: республикачи, монархия115
чи; қазақ тілінде: стахановшы, мичуринші т. б. Дегенмен, қазақ тілі өзбек т. б. тілдермен салыстырғанда ерекшелеу болып келеді: республикашыл, монархияшыл т. б. Ал қарашай-балқар, тува тілдерінде аффикс субъектіні тұрған, туған жеріне қарай ажырататын тәсіл ретінде қолданылады: қарашай-балқар: нальчикчі (Нальчик қаласының тұрғыны), қызылччы (Қызыл қаласының тұрғыны) т. б. Бұл мән қазақ тілінде -лық аффиксі арқылы беріледі. Ал якут тілінде -сыт, -сут аффиксі арқылы беріледі: балықсыт балықшы, (суолджут жолшы), кусчут (құсшыл, қус аулағыш), тімирджіт (темірші, темір үстасы). -лық, лығ, -луқ, -тық, -дық, -нық аффикстері арқылы түркі тілдерінде көбінесе абстракт мәнді зат есімдер жасалады: қалыптылық, достық, шындық; өзбек: ақтық, (ақтық), келішлік (келіс, келу); ұйғыр: балылық (балалық), чуваш: чурелых (құлдық); якут: ахлық (астық); әзірбайжан: гезеллік (сұлулық) т. б. Бұл аффикспен келген сөздер заттың таралғанын, щыққан мекенін, кейде сол заттардың жинақты тобын білдіре алады: жүзімдік, йузумлік, көмүрлүк, пішендік т. б; тұрған, шыққан мекенін білдіреді: олмалиқ, тошкентлик (өзбекше); кәсіби, тіршілік ерекшелігін білдіреді: түрік: чабанлық, қойлулық (ауыл шаруашылығы маманы) т. б. лас, -лес, (-дас, -даш, -таш, -тас) қимыл иесі субъектіні білдіреді: ауылдас, алтай тілі: айылдаш (ауылдас), ілдеш (елдес, ауылдас), башқұрт тілі: қырдзаш (құрдас), ұйғыр тілі: сәһбетдаш (сухбаттас), пікірдеш (пікірлес), хакас тілі: харындас (қарындас), чуваш тілінде: хурыңдаш (туысқан). Зат есім жұрнақтарының ішіндегі ерекше топ — кішірейткіш-экспрессив мәнді сөздер айтылатындары: ық/-әк,/-оқ/-ек/: масақ; татар: башақ/ екеуінің де бастапқы түрі -бас/баш; жолақ, әзірбайжан: золох; -қа/-ке: қырғыз: атеке, шеиюке, ерке т. б. -қы/-ки; түркімен: атақы, тува: авақым (ава-ана) өзбек, қазақ, балақай, татар: қуйанқай (қуйан-қоян). -ш/-ч: аташ, бабаш, ноғай тілі: абаса (ана). -ач, әч. хакас тілі: хазынас (хаіың-қайың), шор тілі: ертегегш (өртеч-үйрек). -ша, -ше (-ча, че): кітапша, бұтақша, өгізше, әзірбайжан: бағча, (бағ-бақ), түрікмен: өкүзче, қырғыз: төкөче (текешік). -шақ, -шек (-чақ, чек): қүлыншақ, түйіншек, хакас: тураджақ, (үйшік), түрікмен: довүнчек (түйіншек). -ай (-әй): татар: бабай, қазақ: атай, тува: авай (ава-ана) 116
-тай (-тәй): ағатай, әкетай, еркетай т. б. Көне, жаңа түркі тілдерінде жиі қолданылатын аффикс -дырық, -тұрық (-дірік, -тірік), -дурық, тұрық; тұмылдырық,, өмілдірік, мойынтұрық, өзбек: сақалтурық (сахал тарағы), түрікмен: ағыздырық, ұйғыр: еғиздириқ (ауыздық), қазақ тілінде бұл сөз құрамынан -ры буыны түсіп қалса керек. Якут: томдорук (ауыздық), хакас: ултурух (ұлтарақ). Сонымен, бұл көрсетілгендер — есім түбірден зат есімдер жасайтын аффикстер. Бұлар түркі тілдерінің басым көпшілігіне ортақ. (Әрине, кейбір фонетикалық айырмашылықтар болуы заңды). Ал, етістіктерден зат есім жасайтын аффикстер тарихи тұрғыдан есімшілік формалар болып табылады. Тіл Дамуының көне дәуіріндегі есімше формаларының заттануынан етістік негізді зат есімдер қалыптасса, объективациялануынан етістік негізді сын есімдер келіп шықты, сөйтіп генетикалық бірлік аталған сөз таптары құрамында іздерін қалдырды. Кейде бір аффикс зат есім құрамынан да, сын «сім құрамынан да ұшырайды (ыс, -іс: соғыс, айтыс -зат есім; кеміс, тегіс — сын есім т. б.) • СЫН ЕСІМ
Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жатады. Зат есімдермен мағыналық байланысының себебі осыдан бұрынғы тақырыпта айтылды. Ал, сын есімдердің кейбір түрлерінің (көбіне етістік, негізгі сын есімдердің) есімшелермен (немесе үстеулермен) байланысы бірыңғай формалардың тілдің даму барысында әрі есімше, әрі сын есім, кейде үстеу ретінде қалыптасады. Бір мысал: Көк -түс аты, аспан — есімше тұлғасы, сын есім; -кы: шайқы — зат есім; -қыіш тұтқыш — зат есім, тапқыш — сын есім. Түркі тілдеріндегі сын есімдердің бір ерекшелігі—(мүмкін, тек қана түркі тілдеріндегі емес, жалпы алтай тілдеріндегі) оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, басы ашық тёк қана «сын есімдерге тән» деп қарауға болатындай морфологиялық тұлғалардың өте аздығы (немесе тіпті жоқтығы). Айталық, қазақ тіліндегі сын есім жасайтын қосымша -лы түп негізі жағынан -лық қосымшасының тарихи варианты. Ал -лық көне түркі тілінің өзінде таза сын есім жасайтын қосымша болмағаны мәлім, сын есімнің шырай түрлерін 117
жасайды дер есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде болса керек. Бұлардың бәрі сын есімдер деп аталатын грамматикалық топ түркілердің негіз тілі құрамына қатысты деп тұжырымдауға дәлел болмайды. Сын есімдердің басқа топтарынан (әсіресе, зат есімдерден) семантикалық және грамматикалық жағынан жіктелуі, өз алдына топ ретінде оқшаулануы тілдің даму барысында орныққан құбылыс бЬлса керек. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1. Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері де) контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы (трансформация); 2. Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйенің қалыптасуы. Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларьіның әуелі анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Бұл жолмен (трансформация) жасалғандарға қазіргі тіліміздегі негізгі сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тілдерінің барлығында кейбір фонетикалық өзгерістермен қолданылатын көк, қара, қызыл, жасыл, сары, жас, кәрі т. б. сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл сөздердің арғы негізі әр түрлі есім де, етістік те болуы мүмкін. Айталық, қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнін де береді (қара көрінді); ал етістік деп қарауға дәлел — бұл сөздің етістік тұлғасы қарай, соңғы -й элементі көсемше тұлғ"асы. Ал, көсемше тек етістік түбірден ғана жасалатыны белгілі, сары сын есімінің арғы негізі — етістік, бұл сөздің көне түркі ескерткіштері тіліндегі тұлғасы сарығ, соңғы-ығ әдетте етістік түбірғе жалғанатын қимыл-сын қосымшасы. Сонымен, осы айтылғандардан шығатын қорытынды: негізгі сын есімдер о баста әр түрлі есім тұлғалардың қолданысы негізінде қалыптасқан. Жоғары фактілерден байқалып отырғандай, трансформация жолымен түбір сөздер ғана емес, туынды түбірлерде де сын есімге айналған. Негізгі түбірлер сапалық сын есімдерге ұйтқы болса, туынды түбірлер көбінесе қатыстық сын есімдердің негізін қалады. Туынды түбірлер негізінде қалыптасқан сын есімдердің едәуір тобы қазіргі тілде шырай қосымшаларын қабылдамайды. Мысалы: кеш — кешірек, кештеу, бірақ кешкі сын есімі шырай қосымшаларын қабылдайды. Ал, сын есімдер жасаудың екінші жолы — оларды басқа сөздер тобынан ерекшелейтін морфологиялық жүйенің қалыптасуы — туынды есім түбірлердің трансформация жолымен сын есімге айналуына негізделсе керек. Туынды 118
түбірлердің текст құрамында қолданылу барысында сындық мән алып, орнығуы олардың форманттарының сын есімдік мән туғызу тәсілдері ретінде қайта ұғынылуына жағдай жасады (аналогия). Осы жолмен есімдерден сын есім жасайтын -лы және -лық (бір аффикстің екі варианты) етістіктерден сын есім жасайтын -қын, -ар, -қыр т. б. аффикстер құралған, сын есім жасаудың морфологиялық жүйесі қалыптасты. Қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімдерді морфологиялық тұрғыдан екі топқа бөліп қарастыру қалыптасты. Ондай топтар: негізгі есімдер және туынды сын есімдер. Негізгі сын есімдер тобында әдетте бүгінгі тіл құрамында бөліп қарауға келмейтін, түбір ретівде ұғынылатын сөздер жатады да, туынды сын есімдерге қосымшалар арқылы басқа сөз таптарынан (есімдер мен етістіктерден) жасалған сын есімдер жатады. Негізгі сын есімдер: ақ, қара, көк, қызыл, сары, ала, жақсы, жаман, зор, үлкен, кіші, тегіс, бай, кедей сияқты сөздер барлық түркі тілдерінде айтылады, (әрине, әр тілдің немесе тілдер тобының өздеріне тән фонетикалық ерекшеліктеріне сай). Негізгі сын есімдердің едәуір тобы, әсіресе түр-түсті білдіретін сын есімдер бүгінгі түркі тілдерінде кейбір фонетикалық ерекшеліктермен түғел қайталанып отырады. Мысалы, қазақ: ала,ноғай: ала, ұйғьф: ала, алтай: ала, түркімен, әзірбайжан: ала т. б. сол сияқты заттың ерекшелігін білдіретін сөздер түркі тілдерінің барлығына дерлік тән, мысалы, қазақ: жаңа, ноғай: йаңы, құмық: йаны, ұйғыр: йени, түрік: йени, әзірбайжан: йёңи, чуваш: джіні, қазақ, ұйғыр, қарақалпақ: көк, түрік: гөк, татар: күк, якут: күрк, чуваш: кывак, түркімен: гөөк т. б. Сонымен бірге негізгі сын есімдердің кейбір түрлері, әсіресе заттың әр түрлі сапалық ерекшеліктерін білдіретін сын есімдер жеке тілдердің қалыптасу, даму ерекшеліктеріне лайық өзгеше болып отырады: бұл жерде, әсіресе чуваш тілін еске алу керек. Мысалы, чуваш: ваты -қарт, кәрия, віті — ұсақ, майда, хырақ, хырах — жалғыз, лутака — аласа, домалақ. Бұл ұғымдар көпшілік түркі тілдерінде басқа сөздер арқылы беріледі. Чуваштық эквиваленттер басқа түркі тілдері мен чуваш тілі арасында белгілі дыбыс сәйкестіктеріне жатпайды, чуваш тілінің өзіндік дамуының нәтижесі болып табылады ° Сонымен қатар сөздік қордың басқа саласы сияқты, сын есімдер тобы да басқа тілдермен байланыс арқылы 119
толығып отырған. Чуваш тіліндегі -лытқы, -тыныш, -лутра -аласа, жатаған, янкар — шірік, шулятра — үлкең, дәу т. б. толып жатқан сын есімдер, өзбек тіліне араб, парсы тілінен енген сын есімдер т. б. осы жол арқылы қалыптасқандар. Туынды сын есім жасайтын аффикстердің бірі және осы қызметте ең жиі қолданылатын -лық, -лік (бұлардың фонетикалық варианттары -лығ, -ліг, -лы, -лі). Бұл аффикске қатыс^ы ескеретін бір жай — көне түркі, ескі түркі (орта түркі) тілдерінде бұл аффикс кебіне -лығ (соңғы дыбысы ұяң -ғы) сипатында айтылған да, әрі зат есім, әрі сын есім жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының қалыптасуы — фонетикалық өзгерістерінің нәтижесі41. Мұндай аффикстердің ұяластығы бүгінғі тіл құрамында қолданылу ерекшеліктерінен байқалады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде -лы орнына -лық немесе керісінше қолданылу кездеседі (аудандық жер — ауданды жер). Қазіргі түркі тілдерінде -лық және лы аффикстері арқылы жаңа сөз тудыру қатыстық сын есімдер (яғни туыиды сын есімдер) жасалуының ең өнімді тәсілдері болып табылады. Тува: даштығ (тасты), дағлығ (таулы), суғлығ (сулы), өзбек: куркинчли (қорқынышгы), хакас: маллығ (малды), тоннығ (тоңды, киімді), башқұрт: ішлі (етті). Осы тұлғалас қатыстық сын есімдердің қазіргі түркі тілдеріндегі семантикасы мен қолданысы көбіне ыңғайлас болады да, тілдер бұл жөнінде бір-бірінен пәлендей оқшау құбылыс байқатпайды. Дегенмен, қазіргі кейбір тілдерде бұл тұлғалы сын есімдердің өзгеше қолданысы да (көне түркі тілімен салыстырғанда) байқалады: -лы, -лық тұлғалы сын есімдер кісінің ұлт, мекенге қатыстылық мәнін білдіреді. Мысалы, қарашай: қытайлы (қытайлық), оруслу (Ресейлік), карачайлы (қарашай, қарашайлық), түрік: истанбуллы (Стамбулдық), түркімен: Морылы (Морайлық) өзбек: Самарқандік (Самарқандық) т. б. Бұндай қолданыс -лы, -лық тұлғалы сын есімдердің семантикалық дамуының нәтижесі. Түркімен, ұйғьф тілдерінде осы мәнде -лық, -лек аффиксі де қолданылады: ітлек (етті), музлақ (мұзды). Якут тілівде осы мәнде -тах, -тәх аффикстері айтылады: аттах (атты), оғолох (ұдды). Қатыстық сын есім жасайтын аффикстердің бірі -шақ, (-шек і-чан, -чен, -ча). Бұндай тұлғалы сөздер белгілі бір іске, әрекетке, әдетке ыңғайлылықты, икемділікті білдіреді. Қазақ: бойшаң, алтай: соғушчан (төбелесшіл), ұрысқақ, татар: талайчән (талайшыл), өзбек: сүзчан (сөз120
шең) т. б. Қазақ тілівде, тағы басқа тілдерде бұл мәнде -қақ, -кек аффикстері айтылады (үрысқақ). бұл айтылғандардан басқа есім түбірлерден сын есім жасайтын аффикстер мыналар: -қы, -кі: қысқы, жазғы, әзірбайжан: ахшамықа (ақшам уақытындағы, кешкі), түрік: сабаһқы (ертеңгі), чуващ: сурки (көктемгі), тува: часқы (көктемгі) т. б. -дақы, -декі жоғарыдағы аффикс пен жатыс жалғау қосымшасынан құралған: ауыддағы, үйцегі, түрік: долаптақы (шкафтағы), якут: тыатағы (тайгадағы), хакас: чирдеги (жердегі) т. б. Қазіргі түркі тілдері құрамында сын есім жасайтын аффикстердің жалпы саны әдәуір. Бірақ олардың көпшілігі (жоғарыда айтылғандардан басқалары) өнімсіз, азын-аулақ сөздер құрамында ғана кездеседі. Мысалы: -ғай аффиксі қазақ тілінде қапсағай тәрізді бірен-саран сөздер құрамында ғана ұшьфайды. Ал, татар тілінде айтылатын -лач, -леч аффикстері (итлэч -етті, йыплач -жүндес) қазақ тілінде атымен кездеспейді. Немесе қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі (ақылман, қараман), алтай ііліндегі -сығ (дашсығ -тас сияқты, кіэзізіг-кісілік), қазақ тішвдегі -гөй (ақылгөй) тәрізді аффикстер көбіне аталған тілдерде және бірен-саран сөздер құрамында айтылады. Сондай-ақ жеке аффикстердің белгілі бір тілдер құрамьгада қолданылу дәрежесі де бірдей больш келмейді. Мысалы: қазақ тілінде -ман аффиксі сьш есім жасамайды, ал қарашай-балқар, түрік тілдерінде сын есім жасайтын аффикстер қатарына жатады. Сол сияқты -сақ аффиксі кдзақ тілінде кейбір есімдерге қосылып, субъектіні басқалардан ерекшелейтін қылық, мінезге үйірлігін білдіретін сыв есімдер жасайды: сусақ, малсақ т. б. Бірақ шай, айыр, балық т. б. есім сөздерге жалғанбайды, яғни сондай зат есімдерден сын есім жасамайды. Екінші сөзбен айтқанда, мұндай қолданыс қазақ тілінде норма емес, ал алтай тіліыде: арақызақ (арақ құмар), үйқұзақ (үйқышыл), тува тілінде: айунзақ (ойынға қүмар), чайымсақ (шайқұмар), балығымсах (балыққа қүмар), якут тілінде: этімсех (етке қумар, ет қүмар) т. б. Қазақ тілі мұндай жағдайда -шыл, -қор, -қүмар тәрізді қосымшаларды қолданар еді. Қолданысқа байланысты мұндай ерекшеліктер көбіне әдеби тілдің даму ерекшеліктерімен ұштасып жатады. СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ШЫРАЙ ТҰЛҒАЛАРЫ
Сын есімдердің шырай категориясының сипаты мен ерекшеліктері жайлы жеке тілдерге арналған қорытьшды121
зерттеу еңбектерде толығынан айтылып келе жатыр. Сын есімнің шырайлық мәндерінің берілу тәсілдері екі түрлі: аналитикалық жане синтетикалық. Аналитикалық тәсіл арқылы шьфай мәнін туғызу — қазіргі түркі тілдерінде кең жайылған құбылыстың бірі. Бұл арнайы сөздің әдетте «күшейткіш сөз» не «күшейткіш буын» деп аталатын сын есіммен тіркес арқылы беріледі. Шырайлық мән берудің қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік кездесетін тәсілі -ең сөзінің сын есімдермен тіркесі: қазақ: ең жақсы, түркімен: иң яғшы, шор: ен чакшы, ұйғыр: ең яхшы, тува: эң эки, құмық: иң да яхшы, ноғай: эң яксы, т. б. Бң күшейткіші қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданылады. Бұл күшейткіш тек қана якут, чуваш тілдерінде кездеспейді. Якут тілінде бұл мәнде саамай (орыстың самый сөзі), ал чуваш тілінде чи күшейткіштері айтылады: Чуваш лайых (өте жақсы), якут: саамай үлүгәй (өте жақсы). Күшейткіш сөздер қазіргі түркі тілдерінің барлығында бірдей кездесе бермейді. Олардың бастылары мына төмендегілер: әзірбайжан тілінде лай, чох күшейткіштері қолданылады: лап ях ты, лай чырмызы (қып-қызыл); лай сөзі якут, тува, алтай тілдерінде де айтылады. Бірақ ол тілдерде күшейткіш қызметінде емес, дербес сөз табы ретінде қолданылады. Башқұрт тілівдегі күшейткіш қызметінде бик, үтә, бигрәк, ғәжәй тәріэді сөздер қолданылады: бик яхшы, бигрэк йімлә (аса сүйкімді) т. б. Бұл сөздердің кейбірі қазақ тілівде сол мәнде, сол қызметте айтылады. Мысалы: өте, сондай. Бірақ бигрәк, бик сөздері айтылмайды. Ал ғажап сөзі күшейткіш қызметінде қолданылады. Алтай тілінде сүрекей, сүреек (екеуі де өте тым, аса мәндерінде), тың (өте мықты, өте күшті тәрізді мәндерде айтылады) сырақай (тіпті, өте) тәрізді күшейткіштер айтылады: сүрекей күч (өте күіші), сүреек салқынду (өте желді) т. б. Бұл сөздер ортаазиялық түркі тілдерінде ұшыраса қоймайды. Түркімен тілінде орән, жуда, аша сөздері, хакас тілівде най (өте), тын (аса, тым), уғаа тәрізді күшейткіш сөздер айтылады. Бұл айтылғандардың барлығы күшейтпелі шырай (қазақ тіл білімінде кейде «асырмалы шырай» деп аталатын шырай түрі, яғни заттың сындық қасиетін шамадан тыс асыра бағалаудың тәсілі болып табылады. Күшейтпе мән сонымен қатар сын есімдердің интенсив формалары арқылы да беріледі. Интенсив формалар әдетте редупликация (буынның қайталануы) арқылы жасалады. Қайталанатын бірінші буын, қайталанған буын п, б, м, кейде с, р дыбыстарына 122
аяқталады: қып-қызыл, әзірбайжан: ғыт-ғьфмызы, гөм-гөй (көкпеңбек), тәртәміз (өте таза, тап-таза) Бус-бүтін (бүпбүтін), алтай: боп-боро (боп-боз), чоп-чоқор (ап-ала), гагауз: қас-қата (өте қатты, қап-қатты), түрік: бом-бош (боп-бос), қырғыз: оп-оор (ап-ауыр) т. б. Сонымен бірге қазақ тілінде: (көкпеңбек) туппа-тура, қарашай-балқар тілінде: таапа-толу, қаппа-қарауы, құмық тілівдегі: түппетүз (түп-түзу), түрік тілівде: йапа-йалныз (жап-жалғыз). Салыстыр: жападан-жалғыз, түркімен тіліндегі тапба-таза, өзбек тіліндегі чіппа-чін тәрізді тіркестер редупликацияның ерекше түрі болып табылады. Бұлар басқы буынға -ба, -па буынның қосылуы арқылы жасалған. Интенсив формалардың арғы негізі — сын есім түбірдің түгеядей қайталануы, яғни түзу-тұзу, қара-қара тәрізді қолданыста алдыңғы түбірдің фонетикалық өзгеріске түсуінің нәтижесі дейтін пікір бар . Түстің, сапаның, түрдің т. б. сывдық қасиеттің белсендігі түркі тілдерінде арнаулы қосымшалар арқылы беріледі. Оыдай қосымшалар мына тәрізділер: -рақ, -рек (-ырақ, -ірек), -ымтыл (умтыл, -мтыл), -шыл, -шіл, -ыл, -ум, ылт, -ілт, (-улт), -ылтым, (-ултым -ылдым, ылтым, -ылтьфым, -ултурум, -улдурым, -ғыл, ғул, -ғұлт, -қылт, -қылтым, т. б. Қазақ: сарырақ, сарғылт, ашқылтым, алтай: қысқылтым (қызғылт) сарғылтым, қаралтым (қарарақ), қазақ: ақшыл өзбек: ақчіл, қарашай-балқар: ақсыл, әзірбайжан: бояумтыл (бозғылт), гәйүмтүл (көкшіл), ағымтыл (ақшыл), ғырмызымтым (қызылырақ). Көрсетілген аффикстердің кейбірінің таралу шегі шағын. Мысалы: -рақ аффиксі якут, алтай, түрік, әзірбайжан, гагауз тілдерінде қолданылады43. Ал әзірбайжан, түрік тілдерінде актив қолданылатын -ым/-тыл аффиксі. Қазақ тілівде тек диалектикалық ыңғайда ғана ұшырасады. Онда да сол оғыз тобына жататын халықтармен араласып жататын территория тұрғындарының тілівде ұшырайды. Сынның салыстырмалы артықтығьш, не салыстырмалы бәсеңдігін білдіретін шырай түрін жасайтын тәсіл -ырақ, -ірек, -рақ, -рек аффиксі. Бұл — шырайдың осы түрін жасаудың түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатын тәсілі, қазақ: қалыңырақ, қарашай-балқар: қалынырақ, қызылырақ, қьфғыз: ағурак, көгүрек, қаттурақ (қаттырақ), ноғай: көгүрәк, түрік: інджәрәк (жіңішкерек), күчүрәк (кішірек), түркімен: аджырақ (ашырақ), өзбек: қорарақ (қарарақ), чуваш: ілэмлерех (әсемдірек), -рақ аффиксі кейбір зат есімдерге, бар, жок, сөздеріне, кейбір тілдерде көсемше 123
тулғаларына, сондай-ақ үстеулерге жалғанып қолданылады: сыртырақ, сыртқарақ тәрізді қолданыстар қазақ тілінде кездессе, татар тілінде арқазарақ (кейжірек), қарайым тілінде ағарақ қарьшдаш (аға), ігітрах қарындаш, (іні) т. б. -рақ аффиксінің мұндай әр түрлі топқа жататыи сөздерге жалғанып қолданылуы оны әдеттегі форма туғызушы (шырай жасаушы) қосымшалар тобында қараудың негізділігіне күмән туғызады. Әр түрлі грамматикалық, семантикалық топтарға жататын, әр түрлі синтаксистік қызметте қолданылатын сөздерге жалғана беруі оны (-рақ) аффиксін шырай жасайтын тәсілдёр қатарына жатқызып, олардың бірі деп қарауға мүмкіндік бермейді. Егер ол сондай тәсілдердің бірі ғана болса, тек негізгі сын есімдерге жалғанар еді. Бұл ерекшелік түркологияда әр кез айтылып жүрген -рақ аффиксін сөз тудырушы (есім тудырушы) аффикстер қатарына жатқызу керек дейтін пікірдің негізі бар екендігін көрсетеді44. Бүл аффикстің айқын салыстырмалы шырай жасайтын жері — шығыс септікті конструкция құрамывда ғана. Мысалы: Мұрат Мақсұттан гөрі жайырақ. Ал якут тілінде осы мағынада салыстырмалы септік айтылады: хаттың титэгэр күстех (қайын қарағайдан күштірек). Дегенмен, -рақ айтылмайтын тілдер де бар: якут, алтай, гагауз тілдерінде салыстырмалы мән туғызатын мұндай аффикс айтылмайды. Шырай тұлғасын жасайтын кейбір тәсілдер белгілі бір тілдерде ғана қолданылып, сөйлемдерді айрықшалайтын белгі ретівде қаралады. Солардың бірі -сав (-сов) -су (-сыв) -сөй аффиксі. Бұл аффикс көбіне әзірбайжан, құмық тілдерінде қалданылады: Әзірбайжан: узунсов (ұзынша), делсов (ақымақтау), құмық: назіксув (нәзікше), улуусов (үлкендеу), биіксув (биіктеу), сазықсув (толықтау). Ал якут тілінде сондай мағынада -тықы (-туну) -нуну -сызр (суар) аффикстері айтылады: қыратыңы (майдалау), суоннуну (жуандау), ітітіңі (ыссылау), барбахсыар (нашарлау), мблтохсуор (алсіздеу). Қазіргі қазақ тілі грамматикаларында (басқа түркі тілдері оқулықтарында да) сын есімдердің етістік түбірлерден қосымша арқылы жасалуы немесе етістіктерден сын есімдердің жасалуы жайлы айтылады. Дұрысында, жалпы түркі тілдерін тарихи салыстыру тұрғысынан қарағанда, етістіктерден сьш есім жасалуы жайлы емес, етістік тұлғаларьшың трансформация жолымен сын есімдер құрамына ауысуы жайлы айту орынды. Трансформация арқылы сын есімдер құрамына енетіндер тек қана түбірлер емес, туынды түбірлер де. Трансформация арқылы енген 124
туынды түбірлер семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да өзгеріп, қалыптасады. Әрине, сөздің семантикалық, функциялық жаңа мәні оның бұрынғы, байырғы мәні мен қызметіне негізделеді, соның негізінде пайда болып, тұрақталады. Сын есімнің мәні мен қызметінде қалыптасқан тұлғалар оның морфологиялық жүйесі ретінде ұғынылады. Қазіргі түркі тілдеріндегі «етістіктен жасалған сын есімдер» деп аталатын топтың қалыптасуын солай түсіну қажет. Әуелі сондай етістік тұлғалары сын есімдер қурамына ауысты да, солардың негізінде етістіктен сын есімнің морфологиялық тұлғалар жүйесі қалыптасты. Қазіргі түркі тілдерінде осы қызметте жиі қолданылатын тұлғалар деп мыналарды көрсетуге болар еді: -қын, -ғын: қазақ: сүргін, қырғын, солғын, өзбек: сөлгүн, әзірбайжан: кесгін (өткір), түрік: қырғын, тува: шапқын (шапқан, жарысқан), чуваш: сискэн (сезгіш) т. б., -ын, -ін, қазақ: бүтін, ұзын, түрік: бутүн, т. б.; -ар, -ер -ыр/-ір, түркімен: ақар (ағатын, ағым), әзірбайжан: йарар (жарамды), татар: қайнар (қайнаған), чуваш: хаээр (тар, тығыз); -қыр, -кар, -ғыр, -гир; алғыр, білгір, түркімен: алғыр, татар: безгир (сезгіш), қырғыз: тайқыр (тайқыш), алтай: билгир (білгір), -қан, -ген, -кен, -ған, ген түрік; довүшкен (төбелескіш), ырхан, (арық), чуваш: хыткан (қатқан), жүдеу; аған/еген: қабаған, сүзеген, тебеген, түркімен: өураған (бұрған), якут: умнуған (ұмытшақ), көреген, әзірбайжан: йатаған (жатағын); -ық, -ик, тува: үзүк (үзік, үзілген), қырғыз: джабық (жабық), түрік: ачық, (ашық), әзірбайжан: чүрүк (шірік); -ма, -ме: өрме, бөсме, татар: кушма (қоспа). ОСыған дейін баяндалған сын есім тұлғалары — белгілі бір сапаның, сынның барлығын, тәндігін білдіретін топтары. Сын есімдер, сонымен қатар, белгілі бір сынның, қасиеттің жоқтығын білдіре алады. Түркі тілдерінде бұл мән, -соң/-сіз аффиксі арқылы беріледі. Бұл аффикс чуваш тілінде басқаша р-в сәйкестігінің негізінде -свер/сэр түрінде дыбысталады: әзірбайжан: йағсыз (майсыз), сусуз (сусыз), түрік: татсыз (дәмсіз), чуваш: утсыз (атсыз), тэпсэр (түнсіз). Бұл аффикс екі тілде — якут, шор тілдерінде жоқ. Ол тілдер сын-сапаның жоқтығын, тән еместігін синтаксистік конструкция арқылы білдіреді. САН ЕСІМ
Түркі тілдері өздерімен көршілес халықтармен (тілдермен) салыстырғанда, сан, санақ жайлы ұғымды ежелгі 125
кезеңде қалыптастырған. Ондай қорытынды жасауға дәлел — ондық атаулары мен мыңдық атауының түркі сөздерінің негізінде қалыптасуы. Халықтар тарихы ондай атаулардың басқа тілдерден ауысуы арқылы қалыптасуын көбірек біледі. Сонымён қатар түркі тілдерінің тарихи санаудың екі түрлі тәсілін білген ° . Даму б түркі тілдеріне ортақ бір ғана тәсіл — санақ жеткен ондыққа керек бірлікті санақ бара жатқан ондыққа тіркей айту (еккі еліг — 42) бүтіндей қолданыстан шығып қалады. Сондықтан бүгінгі түркі тілдерінде санақтық бір ғана жүйесі айтылады. Бірлік атауларының жалпы түркі.тілдеріне ортақ сипаты мына тәрізді: бир, пир беш, бел секиз ики, екіи алты тоқыз үч йети он төрт Бұл сандар түркі тілдерінің ерекшелігіне лайық әр түрлі айтылуы мүмкін. Айталық, қазақ тілінде, басқа тілдермен салыстырғанда, и дыбысы өте қысқа, қысаң естіліп і түріне түседі. Ал, йети, секиз, екіи сөздерінің құрамындағы е бірсыпыра тілдерде жартылай ашық, жіңішке ә түрінде дыбысталады. Оның үстіне бұл сөздерде дауыстылардың созылыңқы түрі түрік, чуваш, якут тілдерінің фактілері негізінде ғана жорамалданған. Бүгінгі түркі тіядерінің басым көпшілігінде бұл сөздердің ешқайсысы созылыңқы дауыстымен айтылмайды. Сондай-ақ ш дыбысы бірсыпыра тілдерде с түрінде й дыбысы эй түрінде айтылады. Ал, бел (бес) сөзі тек чуваш тілінде ғана айтылады. Ол тілде сонымен қатар бес сөзі вис, алты сөзі улт, екі сөзі аккэ, үш сөзі виссэ түрінде айтылады. Мұның барлығы — чуваш тілінің тарихи ерекшеліктерінен туған айырмашылықтар. Алайда чуваштық осы айырмашылықтардың бәрін түркі тілдері тарихындағы дыбыстардың тарихи ауысуларымен түсіндіру мүмкін емес. Ондық атауларының бүкіл түркі тілдеріне ортақ жорамал сипаты төмендегідей: йығырма йығырба ікон отыз, ошне үчон қырық, төртон
елліг, пешон пың, мың алалтон йетміш, йетон секісон токусон Мыңнан жоғары сандық ұғымды білдіретін сөздер басқа тілдерден ауысқан: түмен (10000) монғол (кейбір зерттеушілер индоевропа тілдерінен ауысқан деп есептейді) сөзі, 126
миллион, миллиард — орыс тілінен ауысқандар т. б. Түркі тілдерінің көпшілігінде 20, 30, 40, 50 сандарын білдіретін сөздер 2, 3, 4, 5 сан атауларымен ешқандай байланыспайды, өзара ешбір ұқсастығы жоқ. Ал, 60, 70, 80, 90 сандарын білдіретін сөздер — 6, 7, 8, 9 сан атауларының негізінде қалыптасқан. Дегенмен, қазіргі түркі тілдерінің кейбірінде осы жүйелерден ауытқулар кездесіп отырады. Шор тілінде 20, 30, 40, 50 сандарын білдіретін сөздер 2, 3, 4, 5 сан атауларының негізінде пайда болған: ійгоң, (20), ужон (30), төртон (40), пежон (50), ал тува тілінде осындай жүйе 30 бен 90 арасындағы сан атауларында кездеседі: үжен (30), дөртон (40), бэжон (50), алдан (60), чэдон (70), сэзон (80), тозон (90), алтай, якут тілдерінде 40 пен 90 арасында осындай; алтай: төртон, бэжон, алтан, дэтэн, сэгізэн, тоғузон, якут: түөрт уон, біэс уон, алта уон, сэттэ уон, ағыс уон, тоғус уон. Есімдік санды білдіретін сөздер қай тілдің болмасын тұрақты қоры болып табылады. Қай тіл болмасын, біртұтас құбылыс ретінде танылатын бір белгі — есептік сан есімдер. Бұл жүйенің басқа тілдерден ауысу жолымен қалыптасуы — тілдер* тарихында аса сирек ұшырайтын құбылыс, екінші жағынан есептік сандарды білдіретін сөздердің ұялас болып келуі тілдердің өзара жақындығының, генетикалық ұяластығының дәлелі болып табылады. Түркі тілдерінде реттік сандар бірнеше аффикстер арқылы жасалады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатын, көп таралғаны ынчы-унчу/ -ыншы (ындышы) -ынсы/-оніо: әзірбайжан: бірінджі, дөрдүңцжі, бенинджі, алтай: екінчі, төртінчі, бежінчі, башқұрт: бірінсі, өсөнсө. Осы аффикстің кейбір тілдер диалектілері құрамында -ымчы, -қанчы тәрізді диалектілік варианттары ұшырасады. Мысалы, әзірбайжан диалектілерінде бірімджі, өзбек диалектісінде сәкізімчі, ушламчі (үшінші), түркімен диалектісінде т. б. -мэш(э) аффиксі тек қана чуваш тілінде қолданылады: пэрэмэш (бірінші), икемеш (екінші). Чуваш тілінде қолданылатын бұл аффикс сырт пішіні жағынан өзгешелік болмаса, құрылымдық элементтері жағынан басқа тілдердегі -ыншы аффиксімен ұқсас: -м және -н (алдыңғы жалғастырушы дауыстыны алып есептегенде) элементтері жинақтық сан жасағандар (айталық, үжем сөзіндегі- -м, солардың үстіне барып -шы аффиксі қабаттасудан қалыптасқан. Басқа тілдерде ұшыраспайтын аффикс тува, тофалар тілдерінде кездеседі: -қы/-ки/-ғы/-ги: бирги (бірінші), 127
үшкү (үшінші), бешки (бесінші); тофалар тілінде осы аффикс ш элеменіімен күрделенген: төрт-ишки (төртінші). Тува тілінде ғана айтылатын, монғол тілінен ауысқан дуғар форманты бар: бір дуғар(бірінші), үш дуғар (үшінші), алды дуғар (алтыншы) т. б. Жинақтау сыңарын білдіретін сөздер түркі тілдерінде мына төмендегі аффикстер арқылы жасалады: -ау/-ав/-еу/ -ев жинақтық сан жасаудың кең жайылған тәсілі, татар: икэв, үчәв, алтав, алтай тілінде бұл аффикс -у, -ү түрінде дыбысталады: екү, үчу; қырғыз тілінде -ө түрінде дыбысталады: екө, үчө; түркімен тілінде -ов, -ав, учев; якут тілінде -ыа, -иэ, иккиэ, үһүе. Бұл аффикс оғыз тілдерінде жүйелі қолданылмайды, кейде шағын аймақтарда диалектілік айырмашылық ретінде ғана ұшырайды: -авла, -хала, -ала, өзбек, алтай, тува, шор тілдерінде қолданылады; өзбек: учевле, бешевле; алтай: экіле, үчүле, төртүле; тува: дөртэлэ, бөжэле т.б. Бұл аффикс қазақ тіліндегі екеуле, үшеуле тәрізді сездер құрамында айтылатын аффикске ұқсас. Бірақ екеуі екі түрлі мағына береді: қазақ тіліндегі -е/уле аффиксіиің соңғы элементі -ла етістігін жасайтын жұрнақ, сондықтан сөздер туынды етістік болып үғынылады. Болжамды сандық ұғымды білдіру жолдары бірнешеу. Солардың көп жайылған, көп кездесетін түрлері мыналар: -ча, -джа, қырғыз: бешче, хакас: онджа, отысча, чүсче (жүздей), пісче, хырыхча, алтонджа, якут: уонча, уончака (ондай), отучча (отыздай), әзірбайжан: онларджа, отуэларджа, иузлердже, -ча аффиксі шақты, шамалы, чаклы сөздерінің қысқаруының нәтижесі болуы мүмкін. Қолданылу ерекшелігі соны дәлелдейді. -дай/-дей: бұл аффикс қазақ, қырғыз, башқұрт тілдерінде қолданылады: башқұрт: алтмыштай, мыңцай, қырғыз: отуздай. ЕСІМДІКТЕР
Түркі тілдеріндегі сөз таптарының ішінде ерекше грамматикалық топ ретінде көзге түсетіндер — есімдіктер. Ол ерекшеліктер мынадай: 1). Қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Айталық, зат есімдердің сондай жүйесі бар. Ал үстеулердің (кейде, сын есімдердің) жартылай болса да (өйткені басқа сөз табын жасауда да кездеседі) өзіне тән сөз жасау жүйесі бар. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөз128
дерден жасалмайды. 2) Олар тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды. Ондай өзгерістердің түрі: септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы өзгеру. 3) Өзіне тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ. Бұл ерекшеліктер тек бір тілдегі емес, жалпы түркі тілдеріндегі есімдіктер деп аталатын сөздер тобына ортақ. Есімдіктерді семантикалық жағынан біріктіретін белгі — затты, нәрсені, кісіні білдіреді, ал грамматикалық мән тұрғысынан біріктіретін белгі — контексте бастауыш, кейде толықтауыш қызметінде жұмсалады. Осы екі белгі арқылы есімдіктер өз алдына грамматикалық класс тобына біріге алады. Жіктеу есімдіктері қазіргі көне түркі тілдерінің барлығына ортақ. Олардың негізгі түрлері мына тәріздес дыбысталады: әзірбайжан: мән, сән, о, біз, сіз, онлар, алтай: мэн, сэн, ол, біс, елер (о-лер), (о-лор), алтай диалектісінде: снэр (сіздер, с-нэр), апар, онор (а) (о-нар) башқұрт: -мін, ігін, ул, бізде, һідэ, улар, өзбек: мән, сән, у (ул), хакас: мін, сін, ол, піс, сірзр, олар, чуваш: әбі (эп), эзі (зс), выл (ву, у, ул) эбір (эб-ір, ібір), эзір, (эз-ір, і-бір) візәм (узім), шор: мзн, сэн, ол, піс, сілэр, ылар. Айрықша тұлғалар якут тілінде бар: мін, эн, кіні, біһігі, эһігі кінілер Якуттың бұл тұлғалары (I ж, мін сөзінен басқасы) басқа тілдерде ұшыраспайды. Жіктеу есімдіктерінің жекеше және көпше тұлғаларының ұқсастығы олардың шығу тегітуралы кейбір пікірлердің тууына негіз болады. О. Бетлинг осы фактіге сүйене отырып, жіктеу есімдіктерінің көптік түлғасын жекеше тұлғаларының өзара кірігуінен қалыптасқан деп қарады (-мін, -сін, -біз, сін, -сін, -сіз), ал Котвич, Мукачи, Банг, Рамстедт — бұлардың көптік тұлғаларының құрамындағы з екілікті (көптікті) білдірген қосымша, алдыңғы бөліктері (мі, сі)— жекеше түрлері, яғңи о бастағы сипаты деп қарайды. Бұл авторлар жіктеу есімдіктерінің ең алғашқы сипаты мына тәріздес болған деп түсіндіреді: 1. ме/н, бі/н, мі/н, се/н, сі/н, е/н, і/н. II ба/н, ма/н, са/н, ан; III. біз, сіз із. Бұл үш топтың әрқайсысы, авторлардың ойынша, бірбірінен тек қана морфологиялық жағынан ажыраған. Сондықтан бүгінгі түркі тілдерінде әр түрлі қалыптасқан. Совет түрколоғы А. М. Щербак жіктеу есімдіктері жүйесінің алғашқы сипаты мына тәріздес болған деп қарайды: пән, сән, ын, ан, пи, с, си, с, анлар. Жіктеу есімдігінің I жағы п дыбысынан басталған деп қарайтын жорамал түркі тілдерінің негіз тіліндегі сөздер қатаң дыбыстан ғана басталған дейтін тезистен туған. 5—3732
129
Кейін қатаң дыбыс фразалық екпін нәтижесінде ұяңға өзгеріп, м дыбысына сәйкестігі келіп шығады: (пән) -бән (мән) -мен. Чуваш тіліндегі тұлғасы еске алынса, соңғы н дыбысы алғашқы құрамда болмаса керек. Оның пайда болу кезі жайлы мәселе әзір шешім тапқан жоқ. I жақ тұлғасының ә дыбысымен айтылатын варианты байырғы да, ө (мен) -і (-и І-мін) дыбыстарымен айтылатындары кейін қалыптасса керек. III жақ тұлғасының арғы сипаты жайлы A. M. Щербак пікірі мен түркі тілдері материалдарын ескерсек, III жақ қызметін сілтеу есімдігі ол атқарған деп қарауға дәлел көп. Көпше I—II жақ тұлғаларының 6 бастағы, алғашқы сипаты жайлы айтқанда, г ескерер факт мынадай: кейбір түркі тілдерінде сіз есімдігінен жасалатын көптік тұлға сілер, яғни з элементісіз айтылады. Бұл сөздердің қазіргі түркі тілдерінде 2 түрлі қалыптасуы о баста бұлар соңғы элементсіз айтылған, соңғы з кейін түбірімен бірігіп кеткен екілік (не көптік) тұлғасы дейтін пікір дәлелді болуы әбден ықтимал. Назар аударатын бір ерекшелік — жіктеу есімдіктерінің септелуінде байқалады. Әрине, есімдіктерге жалғанатын септік жалғаулар зат есімдерге де, басқа сөздерге де жалғана береді және мұның өзі барлық түркі тілдерінде бірыңғай болып отырады. Дегенмен; есімдіктердің жеке тұлғаларына жалғанғанда жалғау да, кейде есімдіктің өзі де өзгеріп отырады. Тарихи түркологияда әр кез айтылып жүрген пікір: түркі тілдерінің көне дәуірінде септелудің үш түрі болған деген пікір бүгінгі тілдердегі есімдіктің бойында кездесетін сондай ерекшеліктерге негізделсе керек. Сол үш түрдің бірі (зат есімдердің септелуі немесе жай септеу, тәуелді септеу және есімдіктердің септелуі)— есімдіктердің, анықтап айтқанда, жіктеу және септеу есімдіктерінің септелуі. Жіктеу есімдіктерінің септелуі түркі тілдерінде бір сипатта емес. Түркі тілдерінің әр тобында (кейде жеке тілдерде де) әр қилы көрінеді. Солардың негізгі үлгілері мына тәріздес: әзірбайжан тілі: Атау мән сән о биз сіз онлар Ілік мәним сәним онун базим сизин онларын барыс мәнә сәнә она базә сизэ онлара Табыс мәни сәни ону бизи сизи онлары Шығыс мәндән сәндән ондан бизден сиздән онлардан Жатыс мәндә сәндә онда биздә сиздэ онларда Айрықшалық: I жақ жіктеу есімдіктеріне ілік жалғауы 130
-ым түрінде, басқаларына -ан түрінде жалғанған. III жақ жіктеу есімдіктері. о түрінде айтылады. Оғыз тобындағы басқа тілдерден байқалатын айырмашылықтар мыналар: түрік тілінде оған орай барыс септікте бана, сана түрінде, ілік септікте бенім, сенім түрінде айтылады. Түркімен тілінде ілік септік -аң түрінде, ал барыс септік -ңа (маңа), (сана) түрінде жалғанады. Барыс жалғауы құрамында -ң дыбысының айтылуы н (ман және ғ -ғар) дыбыстарының тоғысуының нәтижесі деп қаралады. Есімдіктер жіктелуінің бұдан өзгеше -лар түрі чуваш тілінде бар: Атау эпі эсі лыл эпир эсир вісем Ілік манын санын унын пирін сирін ввікенін ына пире сире вісене Барыс мана сана ына пире сире вісене Табыс мана сана Шығыс манран санран унран пиртен сиртен вісенчен Жатыс манра санра унра пирінтен сирінтен вісенче пирте сирте пирінте сирінте Чуваш тілінің фонетикалық ерекшелігінен туатын өзпгшеліктерді ескермесек, бұл жүйе құрамынан мына жай байқалады: жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері атау тұлгасында бір бөлек те, басқа септіктерде (іліктен бастап) екінші түрлі. Соңғы түрі жалпы түркілік сипатқа әлдеқайда ұқсас. Барыс септікте чуваштық тұлға түрік тіліндегі сондай тұлғаларға сәйкес түсіп жатады. Есімдіктердің септелуінің тағы бір ерекше түрі құмық, ноғай, татар, башқұрт тілдерінде қалыптасқан. Ноғай тілі мен сен менім сеним маға саға мәни сени меннен сеннен менде менде т. б
Құмық тілінде :
мен мени маға мени менден менде
сен сени саға сени сенден сенде
сиз биз бизин сизин бизге сизге бизин сизин биздин сиздин бизди сизде
Осыған дейін айтылған тілдерден (оғыз тобындағы, чуваш тілдерінен) айырмашылығы барыс септікте. Ілік септікте қосымшасы I жақ жіктеу есімдігіне -ым түрінде, II жақ жіктеу есімдігіне -ин түрінде жалғанады. Өзгешелік: ілік септігі жекеше тұлғаларына -и түрінде жалғанады, іліқ пен табыс жалғаулары бірдей, сиздин өзгешелік байқалмайды. Сөйлем ішінде ол тұлғалар өздері 5*
131
қатысты айтылатын сөздері арқылы ғана ажыратылады: есімдерге қатысты айтылған болса — ілік септікте, етістіктерге қарсы қатысты айтылған болса — табыс септікте ұғынылады. Басқа туркі тілдеріыде ұшырамайтын өзгешелік — барыс септіктің ерекше дыбысталуы алтай тілінде бар: ме-ге, се-ге. Барыс септіктің мынадай тұлғасы қолданылғанда сөз негізінің жіңішке дыбысталуы басқа бірде-бір түркі тілінде жоқ. Дыбысталуы жағынан басқа тілдердегі тұлғалардан ерекше септелу үлгісі чуваш, шор тілдерінде бар. Шор тілі: А. мен сен ол пис силер ылар I. 1меен сеен аан пистин силердин ылардын Б. маға саға аға писке силерге ыларға Т. маа саа аа Т. мени сени аны писти силерди ыларды Ш.. менен сенен анаң пистен силерден ылардан Ж.. менде сенде анда писте силерде ыларда Тува тілінде: А. мен сен ол бис силер олар I мәәң сәәң соң бистиң силерниң оларның Б мәңээ сәңээ аңаа биске силерге оларға Т. мәә сәә аа Т. мени сени оңу бисти силерни оларни Ш.. менденсенден оон бистен силерден олардан Ж. менде сенде ында бисте силерде оларда Түркі тілдерінің барлығында қолданылатын сұрау есімдіктері кім? не? Кім? сұрау есімдігінің түркі тілдеріндегі айтылу сипаты мына тәрізді болып келеді: 1) чуваш тілінде кам, яғни ашық дауыстымен айтылады, мүмкін сипат тек осы тілде ғана; 2) алтай, хакас, шор тілдерінде көм түрінде; 3) ким — бүгінгі түркі тілдерінің көпшілігінде (әзірбайжан, түрік, түркімен, ұйғыр, қарашай-балқар, қарайым т. б.) айтылатын вариант кім — қазақ, иоғай тілдерінде айтылатын вариант. Бул тізімнен шығатын қорытынды кім сөзінің барлық түркі тілдерінде бірыңғай болып келетіні, мұның өзі — тілдердің туыстығын дәлелдейтін басты фактілердің бірі екендігі. Бүгінгі түркі тілдерінде не есімдігін білдіретін сөздер мына тәрізді түбірлерден тарағандығы байқалады: 1. Орхон-Енисей жазбаларында қолданылған не сөзінен; 2. Чуваш тілдерінде не мәнінде айтылатын мін сөзінен; 132
3. Тува елінде айтылатын чүү (ле мәнінде) сөзінен. Алғашқы түбірден тараған варианттар бүгінгі тілдерде мына сипатта айтылады: әзірбайжан тілінде нэ, алтай, қазақ, қарақалпақ, құмық, ноғай, түрік тілдерінде не, башқұрт, татар тілдерінде ни, шор, хакас тілдерінде ноо. Қазірғі түркі тілдерінің көпшілігінде нимә, мемә, неме, нима, ниме есімдіктері айтылады. Зерттеушілер бұлардың қайсысы екі сөзден, не және ме сөздерінен жасалған деп қарайды. Алдыңғы не сұрау есімдігі де, ме чуваш тілдеріндегі -мон сөзінің (не мәніндегі) қысқарған варианты болу керек деп есептейді46. Ал қырғыз тіліндегі эмнә э (не сөзінен қалған элемент) -м, (не негізінен қалған элемент) не бөліктеріне ажырайтын болуы керек. Татар тіліндегі нәрсе (қазақ тілінде не нәрсе, бір нәрсе тіркестері құрамында айтылады) көне түркілік не ерсе тіркестен қалыптасса керек. Көпшілік түркі тілдерінде қолданылатын сұрау есімдігі қай түбірінен тарағандар. Дегенмен, нақ осы сипатында дербес айтылатын сұрау есімдігі қазақ, татар, башқұрт, алтай тілдерінде ғана бар. Әзірбайжан тілінде н дыбысына аяқталған варианттан жасалған сөз -қансы (қайсы). Ал түркімен, тува т. б. тілдерде й дыбысына аяқталған (қай) варианттан жасалған сөздер айтылады: хайсы? Алтай тілінде бұл сөздің қажы, чуваш тілінде хаше варианты айтылады. Бұл негіздің қан, қай варианттарынан жасалған сөздер түркі тілдерінде мына сипаттас болып келеді: ұйғыр: қандағ, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек: қандай, хакас: хайдағ, ноғай: қандай, тува: қандығ, алтай: қандый, якут: ханнық, шор: қайдығ. Қалай мәнінде айтылатыи есімдіктер не және қай/қан түбірлерінен жасалғандар: құмық: нечик, татар: нйчек, башқұрт: нисек, түрікмен: ничик, қазақ, башқұрт, ноғай: қалай, хакас: хайди, якут: хайдах, шор: қайдө, қайды, алтай: қанайып. Қалай есімдігі көсемше тұлғасынан қалыптасса керек (қа-ла-й, -ла — етістік жасайтын қосымша); алтай тіліндегі вариант та солай; бірақ шор, якут, хакас тілдеріндегі варианттар есім тұлғалары (қай-дих-дай, қайда). Қанша мәнінде жұмсалатын есімдіктер мына сипаттас болып келеді: түрік: қач, тува: қаш, якут: хас. 2. Әзірбайжан: нәгәдәр, татар: ни кадәр, йи чаклы, чуваш: мін чухлі. 3. Үйғыр: нәччә, әзірбайжан: нәчә, башкұрт: нисэ, қазақ: неше, хакас: нинже, алтай, қырғыз,. өзбек, ұйғыр, шор: қанча, хакас: ханджа, қазақ: қанша. алғашқы топ бөліп-жаруға 133
келмейтін түбір сездер (фонетикалық өзгерістер нәтижесінде бір орынды дәрежесіне жетуі мүмкін.) Көңіл аударарлық ерекшелік — бір-біріне өте ұқсас (түрік қаш, якут -хас). Екінші топтағылар не есімдігінің негізінде қалыптасқан тіркестер, ал үшінші топтағылар қан түбірінің негізінде жасалғандар, осыдан бұрынғы қандаи мәнді есімдіктерімен ұялас. Қашан, қайда, қайдан мәнінде айтылатын есімдіктер мына сипагтас болып келеді: әзірбайжан: не заман, һарада, һара, һарадан; башқұрт: қасан, қайдзан; құмық: қайчан, қайда, не орге, қайдан; тува: қажан, қайда, қайнаар, қаяа, қайыже, қайынын, қайыртан, якут: хаһан, хайна, хантын; шор: качан, кайда, қаяа, қайдан; чуваш: хысан, хыссан, ыста, ыст ан (бұл жерде негізгі топтарының бір-бірінен сәл ерекшелігі бар түрлері ғана келтірілді). Бұл шолудан түркі тілдерінде осы мәнде қолданылатын сөздердің ұяластығын — бір түбірден тарағандығын көруге болады. Ортақ түбір -қай, осы түбір мен шақ сөзінің көне құралдық септік тұлғасының тіркесінен барып қашан (қайшан) қалыптасқан деп қарауға әбден негіз бар: (қай-чағын -қай-ча(ғы)н -қайшан-қашан. Әзірбайжан тіліндегі һара сөзі тіркес негізінде қалыптасқан (һай) -қайрра (-һара), тува тіліндегі варианттарды да осы түбір мен септік жалғаулары мен кірігуінен қалыптасқан деуге толық негіз бар. Сұрау есімдіктерінің септік жалғаулары тұлғасынан қалыптасқан негіздердің тағы бір тобы -неге, не себепті, неліктен мәнді есімдіктерден тарағандар: нигэ, неге, неліктен, неден т. б. Өздік есімдігі түркі тілдерінің басым көпшілігінде ң түбірінен жасалған: қазақ: өзім, өзі, әзірбайжан: өзүм, татар: үзәм, бараба: үсим, алшор, хакас, тува, алтай, тофалар тілдерінде: боз (дене мәнінде) түбірінен жасалған. Шор: позым, хакас: позыле, тува: бояум, алтай: бойым, тофалар: бодум, якут тілінде монғолдан ауысқан бөйә сөзі қолданылады: бәйэм, бәйән (өзін). Түрік, гагауз тілдерінде бұл мағынада кәнди сөзі айтылады: кәндилі (өзім), кәндиң (өзің). Қарашай-балқар тілінде көс (көсим, өзім), чуваш тілінде хам сөзі айтылады. Қазақ тілінде айтылатын сілтеу есімдіктерін мағыналық жағынан үш топқа (әрине, шартты) жіктеуге болар еді: сөйлеушінің өз айналасы -мынау, осы, бул, міне, сөйлеушіден сәл алыс білдіру — осынау, анау, сөйлеушіге көрінбейтін жерге орналасқан зат — ол, сол. Осындай жүйе түркі тілдерінің барлығына дерлік тән. Әрине, қолданылу процесінде бұл топтардың бір-біріне ауысуы, бірінің ор134
нына екіншісінің қолданылуы болып отырады. Бұл да барлық түркі тілдерінде ұшырасатын құбылыс. Сілтеу есімдіктерінің түркі тілдеріндегі дыбысталу сипаты мына төмендегідей: көне түркі тілі: бу, ол, ортағасырлық тілдер: ошбу, ошол, башқұрт: ошо, шул был, ул, қырғыз: ушу, ушул, ошо, ошол, ноғай: шу, шо, түрікмен: үшбу, щу, якут: субу, сіті, бу т. б. Кейбір өзгерістерге ұшырағандар —; конкретті сілтеу мәнінде айтылатын, бул ол (немесе бу, о) сөздері көп өзгеріссіз қайталанып келеді. Соңғы сөздер мынадай өзгерістерге ұшырайды: бірде ашық, бірде қысаң, еріндік дауыстылар айтылады және бірде л дыбысы айтылады да, бірде айтылмайды. Сілтеу есімдіктерінің септелу жүйесі біркелкі емес. Бұл орайда кейбір айырмашылықтарды төмендегі кестелердем көруге болады; бүл есімдігініц үш тілдегі септеу үлгісі мына тәрізді: Қазақ: А. Бүл Түрік: бу I. бүның,.мұның бундуи Б. бүған буна Т. бүны, мүны буну Ж. бұнда, мүнда бунда Ш. мүнан, бұнан бундан К. бүнымен, мұнымен Қазақ тіліндегі септелу үлгісі.ноғай, алтай тілдерінде (алтай тілінде барыс тұлғасы -бо, ноғай тілінде буға), түрікмен т. б. тілдерде қайталанып отырады. Ал, түрік тіліндегі жүйе әзірбайжан, өзбек, қарайым тілдерінде қайталанады. Септелу жуйесіндегі бүндай ерекшеліктер туркі тілдерінің бір-бірінен алшақтаған, оқшаулДнған кезінде қалыптасса керек. Ондай қорытындыға себеп, айырмашылықтар бір этногендік топқа жататын (мысалы: түрік, түрікмен) тілдер арасында кездеседі. Ал ұқсастық этногендік жағынаи алшақ топ тілдер арасынан байқалады. Жалпылауыш есімдіктерінің негізгі түрлері түркі тілдерінің барлығына дерлік ортақ болып келеді. Қазақ: барлық, барша, бэрі, (бір түбірден), күллі, бүкіл, түгел, бутін; көне түркі: бары, барча, бүтүн, түгел әзірбайжан: вар, вары, бүтүн; қарайым: бар, бүтүн, түгел; қырғыз: бары, бардық, бүткүл, бутүн, түрікмен: бары, бүтін, түкел, бітін, бари, барча, бүтүн; ұйғыр: бэрі, бэрчә, пүтүн, пүткүл; шор: парча; якут: бары, барыта. Дегенмен, кейбір тілдерде сол тілдің өзінде ғана айтылатын жекелеген сөздер кездеседі: көне туркі: қамуғ, төгме, 135
әзірбайжан: ғаму, йаму, башқұрт: тотыс, тұркімең: тутуш. Жалпылауыш есімдіктерінің ішінде ең байырғылары прономинализацияға ұшыраған бүл сөзінен жасалғандығы. Ал, бүтін, күллі, түгел, тәрізді сөздер (солардың әр түрлі тұлғалары да) басқа сөз таптарынан ауысып, есімдік мәніне (әрине, контекстік қөлданылудың нәтижесінде) ие болған. Саралау мәнді есімдіктер араб, парсы тілдерінен ауысқан әр (һәр), бағзы сөздері арқылы жасалғандар, қазақ: әр нәрсе, бағзы бір кісі, әзірбайжан: һәр кім, һәр кімсә, қарайым: ғар, қарашай-балқар: хор кім, хор бір, хор не, хор қайсы, қырғыз: ар кім, ар бір, ар қайсы, ар қандай, татар: һәр, һәрбір, һарсім, өзбек: бағэн, һар бір, һар кім, шор: ар. Бұл сөздерді түркі тілдері ғрамматикаларында әр түрлі түсіндіру бар: бірде бұларды жалпылауыш есімдіктері, бірде анықтауыш (определительные) есімдіктері деп түсіндіреді. Дұрысында, һар сөзімен келген тіркестерден қалыптасқандар саралау, бір-бірінен даралап, ажырату мәнінде қолданылады. Егер бұлардың осы ерекшелігін ескерсек, жалпылауыш есімдіктерінен бұларды бөліп алып қарауымыз керек. Қолданыс мәні жағынан бұл топқа жақыны — болымсыздық есімдіктері. Болымсыздық есімдіктері қазіргі түркі тілдерінде мына сипатта айтылады: қазақ: ешкім, еш нәрсе, әзірбайжан: һәчкім, һәм кімсе, һәм кэс, һәч це, һеч һансі (ешқандай), алтай: эшнемә, башқұрт: һіс кім, Һіс нөме, һіс ні, ғағауз: һіч бішәй (еш нәрсе), татар: һічкім, һічні, һічнәрсе, түрік: һіч кімсэ, һічбір. Бұл сөздер (■пркестер) парсы тілінен ауысқан һіч, эч аффикстерінің негізінде қалыптасқан. Бірсыпыра тілдерде контекс ыңғайымен болымсыздық мәнінде белгісіздік есімдіктері қолданылады. Мысалы, алтай: кімде (ешкім), ноде (еш нәрсе), башқұрт: біркімде (ешкім), бір немеле (еш нәрсе), татар: біркім (ешкім), ніде, бірмы (еш нәрсе) т. б. Белгісіздік есімдіктерінің ең байырғы түрі бір сөзімен айтылатын түрлері болу керек: қазақ: бір кісі, біреу, бірдеме, бір нәрсе, алтай: бір кіжі, бір нәмә, кажі бір (кейбір), кумық: бір қат, ноғай: бір кім, бір зат, тува: в р кіжі. Түркі тілдерінде, сонымен қатар, белгісіздік есімдіктерін жасайтын морфологиялық тұлғалар кездеседі. Олар мыналар: -дыр -дүр (кейде соңғы р дыбысының айтылуы): башкұрт: кімдір (әлдекімдер), нэмэлір (әлденемелер), қырғыз: кімдер бірге эмнэдір (әлденелер), қандайдыр бір (қандай болмасын), ноғай: кімді борэв (әлдекімдер), қан136
дай ды (қандай бір), салар: кэмэр, наңжыр, татар: кімдір, нідір, нэрсәдір, түрікмен: кімдер, нэмэдір т. б. Белгісіздік есімдіктерді жасайтын аффикстердің бірі — шартты рай тұлғасы -са/-се: әзірбайжан: кімсе (әлдекімдер), нэсэ (әлденелер), гагауз: кімсэ, кімсэй, нэсэ, қарайым: кімсе, нэс т. б. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілер кімсэ тұлғасының шығуын кім есімдігі мен шартты рай тұлғалары көмекші етістік тіркесінің фонетикалық өзгерісінің нәтижесі деп қарайды. Бірсыпыра түркі тілдерінде белгісіздік есімдіқтері әлде (алла) алда (аллы) алқа сөзінің тіркесі арқылы жасалады. Қазақ: әлдекім, әлдене, башқұрт: әллекім, әлденеме, қырғыз: алда. кім, алда эмнэ, алда қандай, татар: әлле кім, әллені, әлле нәрсә, элле қайсы, өзбек: аллакім, алланімә, алланарса. Ал, шор, алтай тілдерінде бұл аталған тәсілдерден басқа сөзді қайталап қолдану арқылы белгісіздік есімдіктері жасалады: кәм-кэм, не-не, чуг-гүч (әлдене) т. б. Орта Азия мен Кавказды мекендейтін түркі халықтарының тілдерінде парсы тілінен ауысқан фалан (філән), пәлен сөзі белгісіздік есімдік мәнінде қолданылады: әзірбайжан: філан, қазақ: пәлән, пәленше, құмық: паланча, түрікмен: пылан, пыланы, өзбек: фалән т. б. ЕТІСТІК ПЕН ОНЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Етістік деп қимыл-әрекетті, қалып пен күйді білдіретін, етіс, рай, шақ, жақ, сан, болымсыздық категорияларын арнайы морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы білдіре алатын сөз табы аталады. Етістік деп аталатыи сөз табына тікелей жақ, шақ қосымшаларын қабылдай алатын сөздер жатады. Мұндай ерекшелік олардың синтаксистік қызметі арқылы айқындалады. Сол сияқты синтаксистік қызметі бойынша түркі тілдеріндегі етістіктер жіктелетін формалар жүйесіне және жіктелмейтін, жақ, шақ бойынша өзгермейтін формалар жүйесіне бөлінеді. Етістіктің есімдерден морфологиялық тұлғалар арқылы бөлектенуі түркі тілдерінде бір сипатта өтеді. Оның себебі: етістіктердің есімдерден негізгі жіктелісі ата тіл, -негіз тіл дәуірінде басталған процесс. Дегенмен, бұл процестің (яғни етістіктердің есімдерден жіктелуінің) әлі де түгелдей аяқталып болмаған. Айталық, қазіргі түркі тілдерінде есімдер мен етістіктерге жақ, шақ жалғаулары бір сипатта жалғанады. Мысалы, ноғай тілінде: аламан, тува тілінде: алыр мэл, алыр сән. Ал қазақ тілінде: инженермін, аламын, 137
инженерің, аласың т. б. Көне туркі тілінде: мен Цатыр мен т. б. Бұл фактілер жаңагы аталған формаларда етістіктер мен есімдердің айқын жіктелгендігін көрсетпейді. Сондайақ, кейбір тілдерде ды тұлғалы жедел өткен щақ ер көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Тұрік тілінде: гелдійді (ер етістігінің продукцияланған түрі). Бұл -ды тұлғасының о баста таза етістік болғандығын дәлелдейді. Етістіктердің есімдерден бөлектеу процесі негізінен етістік мәнін, қызметін жасайтыи аффикстерді қолдану арқылы жүреді. Бұл — күрделі процесс. Бұл процестің күрделілігінің екі түрлі жағдайы бар: біріншіден, етістіктің құрылымдық дамуы, етістіктің грамматикалық мәнінің дамуымен бірге оның категориялық жаңа белгілері дамиды, жаңа грамматикалық белгілері келіп шығады. Екіншіден, предикатив қызметінде тұрақты қолданылу арқасында қимыл есімдері етістіктің мәні мен қызметіне ие болып отырса да, есім мәні мен қызметінен бірден ажырап қалмайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі есімше формалары деп қаралатын морфологиялық топ есімдерше түрленіп, септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдайтыны белгілі. Екінші жағынан, сол формалар етістіктердің қасиеттерінен ажырап қалмаған: олар есімдерді меңгереді, баяндауыш қызметінде тұрақты қолданылады. Осыдан барып түркі тілдеріндегі есімше формалары әр түрлі синтаксистік қызмет атқарады: баяндауыш болады, анықтауыш мүше қызметінде тұрақты қолданылады, септеліп толықтауыш қызметін де атқарады. Қысқасы, синтаксистік жағынан есімшелер есім мен етістіктерге тән қызметтердің барлығында жумсалады. Түркі тілдерінің тарихы басқаша құбылысты береді: -ды қимыл есімі орта ғасырдың кейбір жазба тілінде көмекші етістікпен келіп те, жеке келіп те баяндауыш қызметінде жұмсалып, анықтауыш қызметінде қолданылады. Ал қазіргі түркі тілдерінде -ды тек баяндауыш кызметінде жұмсалады. Бұл ыңғайда қимыл есімі түгелдей етістік формасына ауысады. Етістіктердің ежелгі сипаты туралы мәселе. П. М. Мелиоранский өзінің Күлтегін ескерткішін мұқият зерттеуге арналған белгілі еңбегінде «...көне дәуірлердегі түркі тілдерінде түбірлердің етістіктер мен есімдерге жіктелуі қазіргідей қатаң жүйе болмаса керек» деп жазғаны белгілі. Белгілі ғалымның бұл ескертпесі түркі тілдері тарихының аса бір үлкен проблемасын аңғартады. Шынында, есімдер мен етістіктер мәндерінің бір сипатты түбірлер 138
мен негіздер арқылы немесе омонимдер арқылы берілуін қалай деп түсінуге болады, есім де, етістік те болып ұғынылатын түбірлер мен негіздер тілдің ежелгі сипаты болған ба, - әлде кейін қалыптасқан құбылыс па? дейтін сұрақтарға жауап беру тілдің қазіргі жағдайын еркін түсіндірумен қатар, оның тарихын да түсінудің басты шарттарының бірі болып табылады. Жалпы етістіктердің шығуы, қалыптасуы жайлы мәселенің басқа тілдерге де қатысы бар. Тіл дамуының ежелгі дәуірінде сөздер етістік, есім болып жіктелмей, бір сөз әрі етістік, әрі есім болып ұғынылған. Бұл тұжырым тіл білімінде үлкен бағдарға негіз болмаса да, есімдер мен етістіктердің шығуы туралы тарихи морфологиялық түсініктердің пайда болуына түрткі жасады. Орыс оқымыстысы A. A. Потебня «орыс тілінде біздің заманымызға қарай есімдер мен етістіктер арасындағы қарама-қарсылық күшейе түседі»— деп жазды. Сондай-ак ол: «қазіргі орыс тілінде етістіктің сөйлемде айтылмауы есімдік сөздерінің алғашқы екендігіне дәлел бола алмайды, бұл жерде басқа да құбылыстың болуы әбден ықтимал» деп қарады47. Сонымен, бұл айтылғандардан «етістіктеалғашқы құбылыс па?» дейтін сұрақ туады. Күлтегін ескерткішін зерттеу үстінде П. М. Мелиоранский есімдер мен етістіктердің формалық жағынан бөлектенбей келуін байқағаны белгілі. Кейінгі зерттеулер бүл қүбылыстың көне ескерткіштер құрамында ғана емес, яғни көне түркі тілдерінде ғана емес, қазіргі түркі тілдерінде де бір екендігін анықтады. Түркі тілдерінде тоң (тоң мұз, тоң май), тоң (ол тоңды), тат (тат басты, тістің таты), тат (дәмін тат, астан тат), көш (үлкен көш, күзгі көш), көш (бұл жерден көш), қат (қат-қат қылып жинады), қат (жер қатты), сұқ (сұқ саусақ), сұқ (қолын сұқты) сөздерінің түбір күйінде омонимдік қатар құрып немесе бір ғана түбірдің етістік болып та, есім болып та ұғынылуы бар. Мұның өзі бірен-саран тілдерде ғана кездесіп қоймайды, түркі тілдерінің барлығында бар, барлығында орныққан құбылыс. Кейбір түркі тілдерінде есім-етістік омонимиясы бірте-бірте азая бастағаны байқалады. Кейбір тілдерде омонимдік атаулардың бір сыңарына аффикс жалғану арқылы ол етістікке, не есімге айналады да, синкретикалық қатар түзеді, екеуі екі тұлғалы сөз ретінде ұғынылатын болған. Мысалы: қазақ тілінде: ақ (ақсын, қалу — ойланбай қалу), аңца (аяғыңды аңдай бас), бай (бай кісі), байы (ол байыды), оң (оң жақ, оңба ісі оңбайды), оңда 139
(жөнде, қолда), тың (тың алды), тыныш (тыныштық), тыншы (тыншыды), дем (дем алды), демік т. б. Есімдер мен етістіктер омонимдердің мұндай жолмен бір-бірінен жіктелуін кез келген тілден сан-салалы фактілер арқылы көруге болады. Бұл жағдай тілдер арасынан байқалады: бір тілде синкретикалық жұптың есім сыңары бар да, екінші тілде сол түбір сипатында — етістік ретінде ғана айтылады немесе керісінше қолданылады; қазақ тілінде қарт, қария — есім түбірлер, түрік тілінде қары-қартаю, қазақ тілінде түн — зат есім, мезгіл атауы, түрік тілінде мезгіл атауы және «қараңғы түсу, көз байлау» т. б. Мұндай синкретикалық параллельдер _ туыс тілдер арасында мол кездесетіні мәлім. Қазіргі түркі тілдерін көне мұралар фактілерімен салыстырып, тарихи тұрғыдан қарастыру мынаны көрсетеді: көне түркі тілдерінде есім-етістікті синкретикалық жұптардың саны қазірғі түркі тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Біздің заманымызға жуықтаған сайын ондай сөздердің саны азая бастады. Көне дәуір мұраларымен салыстырғанда, орта ғасырдың соңғы кезеңдеріндегі мұралар тілінде едәуір азайғаны байқалады. Мұның өзі орыс лингвисі А. Потебняның пікірін растайды, сөз жасаудың аффиксальді тәсілі салаланып, тілдің бүкіл өн бойын қамтумен бірге есімдік-етістік синкретизмінің аумағы тарыла береді. Есім-етістік синкретумы әуелі етістіктер қалыптасты ма, әлде есім қалыптасты ма дейтін түбегейлі мәселемен тығыз байланысты. Өйткені, бір ғана түбірдің әрі есім, әрі етістік болып ұғынылуы, сол қызметте жұмсалуы олардың қайсысы бұрын немесе қай мағына дейтін мәселені алға тартады. Мұндай сұрақ түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де көп замандар бойы қойылып келеді. Үндіевропа, семит тілдерін зерттеушілер бұл сұраққа етістіктің жіктелетін тұлғаларының арғы негізі — есімдер деп жауап бергені мәлім.э0 Түркі тілдерін зерттеушілер де замандар бойы есімдердің өзгеру процестерін мойындап, тіл дамуының барысында етістіктерді морфологиялық жағынан жіктеледі деп есептеді. Бул қорытынды мынадай тарихи зерттеулерде дәлелденген негіздерге сүйенеді: әрі есім, әрі етістік болып ұғынылған түбірден әуелі қимыл есімі жасалып, қимыл есім тұлғасы арқылы процесс пен күйдің қатысы, сондайақ сөйлеушінің қимылы мен оның орындаушыға көзқарасы білдірілген. Қысқасы, қазіргі тілдердегі шақ, жақ, модаль жайлы ұғым тудыратын грамматикалық формалар 140
жүйесінің алғаш шыққан жері — қимыл есім тұлғасы. Сондықтан жіктелетін (яғни жақ, шақ, модаль ұғымдарын тудыратын) етістік категорияларының шығып, қалыптасуында қимыл есімдер жүйесінің ролі зор. Тұркі тілдерінде қолданылатын қимыл есімдерін мағынасы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай еқі топқа бөліп қарау керек. Олар: субстантивтік қимыл есімдері және объективтік қимыл есімдері. Субстантивтік қимыл есімдері зат есімдердің қызметі мен мағынасында қолданылады. Ал объективтік қимыл есімдері атрибуттық және предикативтік қызметтерде қолданылады. Дегенмен, қазіргі тілдерде айқың £өрінетін бұл жіктеліс көне дәуір мұраларының тілінде айқын байқала бермейді. Дұрысын айтқавда, ол тілдерде субстантив пен объектив арасындағы айырмашылықты не функциялық өзгерістен, не қолданыстан байқау қиын, тіпті байқалмайды да. Түркі тілдері тарихында қолданылған, қазір де қолданылатын қимыл есімдері шамамен 40 шақты. Олардың ішінде көп тілдерде қолданылатындары мыналар: -мақ, -ма, -ыс, -ыш, -ынч, -ғы, ық, -ығ, -ы, ыт, -ын, -мыш, -қын, -ған, -дық, -ыр, -ар, -қыр т. б. Бұл көрсетілген тұлғалардың ерін дауыстыларымен (мысалы, -уш, -ғу) келген, ұяң дауыстылармен айтылатын (-ғын, -ғыр) варианттары бар. Кейбір тілдердің фонетикалық ерекшеліктері бойынша езу дауыстыларынан гөрі ерін дауыстыларының айтылуы басым болса, (мысалы, қырғыз тілі) кейбір тілдерде қатаң дауыссыздардан гөрі ұяң дауыссыздардың айтылуы басым келеді (айталық, оғыз тілдері). Сондықтан жоғарыда көрсетілген тұлғалардың варианттары жалпы түркілік аяда алғанда көп салалы болып отырады. Бұл көрсетілген тұлғалар әр түрлі тілдерге немесе жеке топтағы әр түрлі тілдер тобына тән болып, сол тілдің ерекшелігін немесе сол тілдердің айырылым белгілврін көрсетеді. Мысалы, -ған. тұлғасы көбінесе қыпшақ тілдеріне тән, ал -мыш тұлғасы оғыз тіліне, сондай-ақ Сібір мен Қиыр Шығысты мекендеген кейбір тілдерге ортақ. Жеке тілдердің, сондай тілдер топтарының осындай айырмашылықтары бар әрі олар заңды құбылыс. Өйткені, «түркі тілдері» деген жалпы атпен біріктірілетін тілдер өз ішінде әр түрлі этникалық және лиыгвистикалық топтарға жіктеледі. Қай топ қандай тайпа тілдері негізінде қалыптасса немесе қай тіл қай тайпалық тілдер одағына қатысты болса, сол тайпа тілінің немесе тайпалар тілдерінің жүйелік белгісін сақтайды, солар бойынша жүйелеиіп, 141
салаланады. Сондықган көрсетілген тұлғалардың түгелдей бір тіл қурамынан немесе тілдер тобы құрамынан кездеспеуі немесе бір тұлғалардың жиі қолданылып, екінші бір тұлғалардың аса сирек, анда-санда ғана кездесуі де занды құбылыс. Айталық, жоғарыда аталған — мыш қазақ тілінде, басқа да қыпшақ тілдерінде жекелеген сөздер құрамынан ғана ұшырайды, еркін қолданылмайды. Өйткені, қазақ тіліне, жалпы қыпшақ тілдеріне негіз болған тілдер құрамында ондай тұлға қолданылмаған. Ал, -мыш тұлғасы кездесетін сөздер тілдердің кейінгі байланысының (ареалдық байланыс) нәтижесі болуы әбден мүмкін. О оғыз тілдерінде -ған тұлғасының ұшырасуын да солай тұсіну керек. Тілдердің даму барысында қимыл есімдері фонетикалық, грамматикалық және семантикалық өзгерістерге ұшырады. Тіл құрамындағы функциялық жіктеліс қимыл есімдеріне әсер етпей қоймады. Сондай ішкі даму ерекшеліктеріне байланысты қимыл есімдері пішіндік өзгерістермен қатар грамматикалық өзгерістерге ұшырады. Нәтижеде кейбір тілдер құрамында жеке қимыл есімдердің белгілі бір грамматикалық семантикада, қолданысында орнығуын айту керек. Ондай тұлғалардың жалпы түркілік құбылыс екендігі тек салыстыру арқылы ғана айқыидалады. Мысалы, түркі тілдерінің көпшілігінде -ма тұлғасы зат есімдер құрамында орныққан. Қазақ тілінде, Сібір мен Алтайға орналасқан тілдерде де сондай. Ал -ынш тұлғасы қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысында қимыл есім қызметінде қолданылмайды. Ондай тұлғалы сөздер көпшілік тілдерде зат есім ретінде ұғынылады. Көне мұралар тілінде -унч қимыл есім тұлғасының қолданылуы кең жайылған құбылыс емес. Бұл тұлғада реттік сан есімдер құрамы сақталып қалған: үшінші, бесінші, жетінші тәрізді реттік сан есімдер жасайтын -ыншы тұлғасы бір кездегі қимыл есімі екені айқын. Кейін қосылған элемент -ы болса керек. Бұл, сірә, сөз соңын тиянақты аяқтауға ұмтылудың нәтижесі де, оның ш дыбысынан соң қысаң дауысты і айтылған. Сан есімдер құрамында орнығып, сан есім жасаушы морфологиялық тәсіл ретінде ұғынылып кеткен қимыл ёсім тұлғасы бұл ғана емес: біреу, екеу тәрізді сандар жасайтын -у, алты, жеті сөздерінің құрамындағы -ты, бірер сөзінің құрамындағы ер тұлғасы көне замандарда еркін қолданылған қимыл есім формалары. Алдыңғы -у тұлғасының байырғы сипаты -гү, -ғу, ғ дыбысы әсерінің нәтижесінде -у -ға айналған; алты, жеті сөздерінің құрамындағы -ты қазіргі 142
тілд^рде көбінесе -ды болып айтылады, яғни жедел өткен шақ жасайтын тұлғаның ескі сипаты сөздер кұрамында тұрақтап қалған. Ал -ер қосымшасын есімше тұлғасы деп қарауға керек. Түркі тілдерінің тарихында жоғарыда көрсетілген алғашқы қимыл есім тұлғалары негізінде қимыл есімдерінің екінші қатары — күрделенген тұлғалары қимыл есімдерінің алғашқы жалаң түлғаларының өзара немесе басқа бір тұлғаларымен тіркесіп, жымдасуынан пайда болған. Олардың көне, жаңа тілдерде кең таралған басты түрлері мыналар: -мачы, -дачы (-тачы), -ығсақ, -ышсақ, -сақчы, -ығчы, -ғучы, -ығма, -ығлы, -ғалы, -ғанлы, -мақлы, -ығлық, -ғулық, -ажақ, -асы т. б. Бұл тұлғаларды сырттай шолып қарағанда олардың алғашқы г бірінші бөлігі міндетті түрДе қимыл есім тұлғасы болып келеді де, екінші бөліғі қимыл есім тұлғасымен субъектіге телитін тұлғасының қосындысы ( - ы ғ + -|-сақ, -ығ-)-чы, -ғу+чы т. б.) немесе есім жасайтын аффикс (-ға+лы, ғ у + л у қ ) болып келеді. Қалайда мұндай аффикстердің екінші компоненті есім жасауға, яғни субъектіге тікелей қатысты есім жасауға бейім тұрады. Қимыл есім формаларының бұл тобы етістіктің жіктелетін категорияларын жасауға тікелей қатысты. Жоғарыда айтылған қимыл есімдерінін іщінде етістіктің жіктелетін категорияларының - арғы негізін салғандар немесе етістік категорияларына айналғандар ең алдымен атрибут қызметінде қолданылатындары немесе сол қызметке бейімдері. Атрибут — қызметіне бейімдері өзіне қатысты есім еөздермен семантикалық субъект-атрибут қатынасына түседі. Сол семантикалық қатынастың кейінгі дамуы субъект пен предикат қызметіне айналады, соған орай олардың арасындағы қатынас қайта ұғынылады. Предикат қызметіне ие болу үшін қимыл есімінің сөйлем не сөз тіркесі құрамындағы мәні қайта немесе басқаша ұғынылуға тиіс, соның салдарынан субъектіні білдіретін сөзбен арадағы қатынас қайта ұғынылады. Бұл жерде субъект пен предикат мәніндегі тұлғалардың мезгіл мен жақ тұрғысынан ыңғайласып келуі предикативтік қатынастың негізінде еске алынады. Шақ жағынан ыңғайласу, сондай мәннің қалыптасуы жаіс туралы ұғымның негізін беретін тәсілдердің қажеттігін туғызады. Әрине, жақ жайлы ұғым немесе сондай ұғымдардың жийнтығы қимыл есімнің негізгі мағынасының — қимыл атаулының дамуы, соның жіктелу нәтижесі екені белгілі. Предикатив қызметінде қимыл есімдерінің қолданылуы 143
сөздің белгілі бір мәнде «мамандануын» туғызады. Яғни әрбір қимыл есім формасы белгілі бір мәнде қолданылып қалыптасты да, басқа мәндерден ажырап қалды немесе олар бұл тұлғаның тікелей қолданылатын аясы болудан қалды. Әрине, мұндай процесс әрі ұзақ мерзімді қамтиды, әрі өте күрделі болады, оның үстіне жеке тілдердің өздеріне тән ерекшеліктері, даму айьірмашылықтары бар. Мұны қазіргі түркі тілдеріндегі ашық рай мазмұнының бірыңгай болмауынан көруге болады. Айталық, қазақ тілінде -а тұлғасы көбінесе осы шақты (немесе грамматикаларда айтып жүргендей ауыспалы осы шақты) білдіреді, яғни бұл тұлғаның осы шақты білдіруі келер шақты білдіруден гөрі әлдеқайда басым. Ал — р түлғасы қазақ тілінде келер шақты білдіреді, ал гагауз, әзірбайжан, түрік тілдерінде — a тұлғасы негізінен қалау рай жасаушы форма, -р тұлғасы ауыспалы осы шақты білдіреді. Қимыл есім тұлғалары іс пен қимылды білдірсе, морфологиялық ешбір тұлғасы жоқ түбір етістік бұйрық райдың екінші жағы болып қалыптасқан. Бұл ешбір қосымшасыз тұлғаны — есімдердің атау септік тұлғасының, етістіктердің бұйрық райлы II жағындағы морфологиялық қосымшасыз тұлғасы мен есім-етістік жүйесінің қалыптасуына алып келеді. Ал етістіктердің өз ішінде бұйрық рай мен ашық райдың семантикалық қарама-қарсылығы орнықты. Сөйтіп, тілдік жүйенің кейінгі дамуының өзегі болып табылатын қарама-қарсылықтар келіп шықты. Тілдің кейінгі барысында бұйрық рай тұлғасы сол сипат, сол қалпында қалды да, ашық райлық тұлғалар жүйесі күрделі өзгерістерге (фонетикалық, морфолоғиялық және семантикалық) ушырайды. Шығу тегі мен қалыптасу ерекшелігі жағынаи бұйрық райдың II жағывдағы етістіктің түбір тұлғасын есімдердің вокатне тұлғасымен салыстырудың логикалық негізі бар. И. А. Богородицкий есімдердің вокатне тұлғасын етістік түбірдің субъектісі деп қарайды. Етістік түбір қимыләрекет атауы, ал қимылдау субъектісі — вокатне 8. Қимыл есім тұлғаларының ашық рай тұлғалары тіркес құрамының соңывда айтылады. Әуелі кез келген сөздер тіркесі (есімдер) біркелкі болады. Тіркес құрамындағы компоненттердің қызметі мен мәні^олардың арасындағы грамматикалық қатынас арқылы айқындалады. Грамматикалық қатынас олардың орнына, яғни араласуына негізделеді. Қимыл есімдердің тіркес құрамында соңғы орынға — басыңқы компонент ретінде орналасуы олардың пре144
дикат қызметі мән мәніне байланысты. Қимыл есімдерін предйқат қызметінде орнығуын тиянақты аяқтаған процесс —, оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесіп айтылуы болды. Жіктеу есімдіктері қимыл-әрекеттің орындаушы субъектімен байланысын көрсететін бірден-бір тәсіл — предикаттық мәннің басты тәсілі. Жіктеу есімдіктерінің тіркееіп қолданылуы: істі тікелей жүзеге асырушы жақ, сандық мәнмен бірге жаңа грамматикалық категория ұғымы келіп шығады. Түркі тілдерінің құрылымдық ерекшеліктері жайлы сөз болғанда, әр кез пассивтік қатынас пен предикативтік қатынасты білдіретін тәсілдердің тарихи бірлігі жайлы айтылады. Мұндай тұжырым қазіргі түркі тілдерінің құрамында предикат қызметіндеғі сөздер тәуелдік қатынастағы сөздердің тұлғаларына ұқсап жіктеледі: барса -м, бала-м, келді-м т. б. Мұндай ұқсастықтар кездейсоқ емес. Түркі тілдерінің көне дәуірінде қазіргідей екі түрлі жіктелудің орнына бір ғана жіктелу жүйесі болған. Жоғарыда көрсетілген шартты рай тұлғасы көне жазбаларда барсармен түрінде жіктелген, яғни бұл тұлғада жіктеу есімдіктері толық жалғанған. ' Сондай жалғану жедел өткен шақ тұлғасывда да бар. Бірақ қимыл есім тұлғаларының басқа түрінен гөрі етістік мәнге ерте ие болған, сол мәнде актив қолданылған тұлғалар жедел өткен шақта -ды, шақты рай тұлғасында -са болса керек. Өйткені, қазіргі тілдерде бұл екі тұлға таза етістік, яғни ашық райлық мәнінен басқа түрде қолданылмайды. Басқа қимыл есім тұлғалары көбінесе екі жақты болып келеді. Бір тілде ашық рай мәнінде қолданылса, екінщі тілде қимыл есімін жасайды немесе әрі ашық рай, әрі есімше (қимыл есімі) қызметін атқарады. Соңғы ыңғайда бір қызметте актив, екінші қызметте пассив болатыны бар. -ды, -са тұлғаларының предикаттық қызметтегі көрінісі оларға жалғанған қосымшаның өзгерістерге түсуіне себеп болды: фонетикалық өзгерістер (элизия мен редзикция: -м, -мын) нәтижесінде олардың кейбір тұлғалары пассив тұлғаларымен бірдей болып шықты. Сонымен, қимыл есімдері негізінде шақ тұлғаларының немесе ашық рай тұлғаларының қалыптасып, жүйе есебінде дамуы шамамен осылай түсіндіріледі, мұны тарихи түркологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Есімдер мен етістіктердің байырғы диффуздығы, олардың бір-бірінен семантикалық айырмашылығы, синтаксистік функцияға негізделуі түркі тілдерінің орын тәртібін немесе 145
сөздердің орналасу тәртібін қатаң сақтайтын синтакси^тік құрылысының қалыптасуына негіз болды. Мұндай сқйтаксистік құрылыс тілдік жүйеліліктің басты құбылысы — ашық рай формаларының немесе түркі тілдеріндегі предикативтік қатынас пен предикаттық категория ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасады. Сонымен, түркі тілдеріндегі синкретизм — тілдің ежелгі дәуіріндегі қалып-күйі, аффиксальды тәсіл арқылы есім, етістік жасау жолдарының даму, соның салдары ретінде өзгеріске түсу нәтижесі. Аффиксальды тәсілдің қалыптасуы арқылы қимыл есімдері келіп шыққан. Қимыл есімДерінің қозғалысқа, тілдік стихияға түсу^інің нәтижесінде ашық рай тұлғалары, предикаттық тұлға қалыптасты. Ашық рай тұлғаларының генезиЬін айқындау, оның тарихи құрамын талдау, екінші жағынан, синтаксистік құрылыстың тарихи құрамын анықтау баяндауыш пен баяндауыштық қатынастың есімдер негізінде пайда болғанын көрсетеді. Сондықтан түркі тілдеріндегі сөйлемдер есім негізінде жасалады. Бтістіктің жақтық қосымшалары. Етістіктерге қосылып жақ мәнін туғызатын қосымшалардың шығу тегі бір болғаньІМен, сыртқы пішіні әр түрлі болып келеді. Олар екі топқа жіктеледі. Бірінші топқа бұрынғы өткен шақ пен осы шақ, келер шақ тұлғаларына жалғанатын қосымшалар жатады. Осы топқа қалау рай тұлғалары мен бұйрық рай тұлғаларына жалғанатын қосымшалары да енеді. Жекеше I жақ қосымшалары кейбір тілдерде мына сипатта кездеседі: -мын, -бын (қазақ); чулым татарлары, якут, қырғыз, хакас тілдері: ^мин. -мин, -мән: татар, башқұрт тілдері; -мән: ұйғыр тілінде; -м: татар, башқүрт, қазақ тілдерінде кездеседі, алам; -ым, -им: алтай, шор, гагауз, түрік тілдерінде; -ын, -ин: тек. түрікмен тілінде ғана қолданылады; аларын алардын; -әм, -эм: әзірбайжан уілінде қолданылады. -п(-ып): тек чуваш тілінде қолданылатын вариант. Жекеше II жақ қосымшалары: -сың, -сиң: қырғыз, қарайым тілдерінде айтылады; -сын, -син: түрік, гагауз тілдері; -сың, -сің: қазақ, башқұрт, татар, қарақалпақ, ноғай тілдерінде айтылады. -сең: тува тілінде айтылады. Жіңішке дауыстының сыңары жоқ; -саң, -сең: озбек тілінде айтылады; 146
, -сан, -сән: әзірбайжан тілінде ғана айтылады; -са, -се: соңғы ң дыбысының түсуі арқылы қалыптасқан бұл вариант қарашай-балқар тілінде ғана қолданылады; -сең: ұйғыр тілінде ғана айтылады; -дисың, -дисиң: түрікмен тілінде ғана айтылады; -һың, -һің: башқұрт тілінде1 ғана бар; -ғын, -гин: тек якут тілінде бар. Жекеше III жақ қосымшалары — туркі тілдерінде кейін қалыптасқан. III жақ қосымшасына негіз болған сөз — тур етістігі. Бұл сөз бірсыпыра түркі тілдерінде қысқарып, өзгеріп кеткен: ноғай, қазақ, қарақалпақ тілдерінде -ды: алады, қырғыз тілінде — алат, чуваш тілінде — сырат, қарашай-балқар тілінде — алады, алат, өзбек тілінде — олади, туркімен тілінде — алыпдыр, ұйғыр тілінде — әліпту. Тур етістігінің турур есімше тұлғасы предикативтілікті берудің факультативтік тәсілі ретінде қолданылған. Көне жазбаларда жоғары тұлғаның 3 жақта қолданылған фактісі бар: күледүрмен, аладырсыз. Осыған ұқсас тұлғалану қазіргі әзірбайжан, түрікмен тілдері диалектілерінде кездеседі: бармаздырсың, бармаздырсыңыз т. б. Кейінгі дәуірлерде I—II жақтарда турур етістігін қолданудың қажеттігі жоғалды. Осымен бірге баяндауыш құрамынан ол f ұлға түсіп қалады. Көпше (жаққосымшалары) кейбір тілдерде мына сипатта қолданылады; -биз, -быз: қарашай-балқар, қырғыз, құмық, қарайым тілдері; -быз, -бэз: татар тілі; -быз, -бэзд: башк^рт тілі; -быс, -бис: алтай, хакас, шор, тува, чулым татарлары тілдері; -быт, -бит: якут тілі; -мыз, -миз: қырым татарлары, өзбек, ұйғыр тілдері; -мыз, -міз: қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері. Бұлардың өзбек, ұйғыр тілдерінен айырмашылығы: қысаң жіңішке і дыбысы айтылады және қосымшаныц басқы дыбысы түбірдің (негіздің) соңғы дыбысының аяқталуымен б, п дыбыстарына ауысып айтылады, ұйғыр тілінде тек қана — лиң варианты айтылады, бұл тек сол тілдің ерекшелігі. -ыз, -из: гагауз, түрік тілдерінде бұл қосымшалар көне дәуірлердегі екілік (көптік) қосымшасы негізінде қалыптасқан. Шамамен, бұл қосымшасынын I жақ көптік мәнді туғызуын осы мәнде -ң қосымшасын қолданумен бірдей деу керек. Осы қосымшаның қатаңдаған варианты түрікмен 147
тілінде айтылады: -ыс, -ис, осымен байланысты, бір негізден тараған вариант әзірбайжан тілінде айтылады: -ых, -их. Бұл жедел өткен шақ тұлғасына жалғанатын -ық(-қ) қосымшасымен байланысты болуы мүмкін. -Пыр, -пэр чуваш тілінде ғана айтылатын варианттар. Сыртқы пішіні басқа тілдерден бүтіндей өзгеше болғанмен, оларды тарихи тұрғыдан түсіндіруге болады: б мен п дыбыстарының бір-бірімен ыңғайластығы, бір-біріне ауысып отыратыны белгілі құбылыс, ал р мен з дыбыстарының тарихи ауысулары түркі-монғол бірлестігінің іштей жіктелуінің бір белгісі, сонда б > п және р > з ауысуларының нәтижесінде -быз қосымшасы (немесе жіктеу есімдігі) -пэр сипатында қалған. Яғни чуваш тілінде өте көне вариант сақталған. Көпше II жақ қосымшаларының жеке тілдерде қолданылуы: -сыз, -сиз; құмық, қарайым, ұйғыр, өзбек тілдерінде айтылады. Бұл қосымшалар өздерінің арғы архетипінен алыс кетпеген. -сыз, -сіз қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдерінде айтылады, -сыңыз, -сиңиз түрікмвн тілінде айтылады. Қазіргі тіл тұрғысынан бул қосымшалар екіге жіктеледі: сың — жіңішке қосымша да, -ыз көпше қосымшасы, яғни екінші жақты білдіретін қосымша мен көптік қосымшасының қосындысынан II жақ көпше қосымшасы қалыптасқан. -сыныз, -синиз. әзірбайжан, гагауз тілдерінде айтылады. Бұлардың құрамын жоғарыда айтылған ретпен түсіиуге болады: -һығыз, -һэгэз тек башқұрт тілінде ғана айтылатын вариант. Тарихи тұрғыдан -сығыз вариантынан шыққан. Бұл -сыңыз тұлғасының бір варианты; көне түркі тілінде екінші жақ қосымшаларының бірі -ьіғ, -іг түрінде айтылғаны белгілі. Сонда -сығ екінші жақты білдіретін қосымша да, -ыз көптік қосымшасы. Екеуінің қосындысынан II жақ көптік қосымшасы шыққан. -сыңдар, -сіңдер, -сыздар, -сіздер қосымшалары жақтық және сандық қосымшалардың қосындысы. Бұл қосымшалар қазақ тілінде гана айтылады. Бір ескеретін жэй: алдыңғы екі вариант «иайы, соңғылары сьшайы варианттар деп қаралады. Осындай жіктеліс ортаазиялық түрхі әдеби тілі қазақтар арасында қолданылған дәуірде пайда болып, қалыптасқан. -Сыщіар, -сиңыер. Бұл қосымадалардың да құранды екені сыртқы аішіыінен көрініи т$р( лгаһплк қосымшаға -лвр аффиксінщ бір варианты -*Щ> $Я£ытаы. Хакас, чулым татарлары тілдерінде айтылады. -зыңар, -зиңер — алтай тіліңде айтылады. сш>ар, -сигер, -зығар, -зигер — алтай тіліыде кездеседі. 148
Осы қосымшалармен бірыңғайлас қосымшалар деп хакас, шор тілдерінде қолданылатын -зар, -зер аффикстері бар. Бұлардың арғы негізі II жақтың көне қосымшасы -сиғ, -сығ, осы қосымшаның бірде басқы дыбысының ұяңдауына орай интервакциялық позициядағы ғ түсіп қалған (-зар) кезінде ғ дыбысы түркі тілдері тарихында жиі кездесетін өзгеріске түсіп, мұрын жолды ң-ға айналып кеткен (-сыңдар). Ал соңғы элемент -ар -лар -дың варианты немесе -ар жинақтау-топтау қосымшасы (бірер сан есімі құрамындағы сияқты) деп есептеледі. Якут тілінде басқа тілдерде кездеспейтін қосымшалар қосындылары: -ғыт, -гит, -қыт, -кит, -хыт, -хит, -ңыт, -ңит. Бұл қосымшалардың арғы тарихи негізі -ғыз(-ғыоғыт). Қосымшаның алдыңғы бөлігі -ғ екінші жақты білдірген де, екінші бөлігі (-ыз>з) көптік мән берген. Екеуінің қосындысынан барып екінші жақ көптікті білдіретін күрделі қосымша қалыптасқан. Тува, татар, ұйғыр тілдерінде -силер, -силәр қосымшалары айтылады. Бұлардың өзгешелігі з дыбысы түсіп қалып, қалыптасқан. Көпше III жақ қосымшалары түркі тілдерінің көне дәуірлерінде болмаған. Тілдердің даму барысывда жеке тілдерде III жақты -лар қосымшасы қалыптасқан. Чуваш тілінде III жақ мәнінде -сэ қосымшасы айтылады: килетсэ — олар келеді т. б. Мұндай қосымша басқа тілдерде кездеспейді. Сондықтан мұны чек чуваштық құбылыс деп қараған мақұл. Етістіктерге жалғанатын жақтық қосымшалардың екінші тобы -ды тұлғалы жедел өткен шақ, шартты рай тұлғаларымен қолданылады. I жақ жекеше қосымшасы барлық тілдерде -м түрінде айтылады. Мұның басқа варианты жоқ. II жақ көпшілік тілдерде -ң түрінде айтылады. Әзірбайжан, гагауз, чуваш, түрік т. б. аздаған тілдерде мұрын жолды дыбыс н-ға айналған: алдын, илдэн. Көне түркі тілінде қолданылған I жақ қосымшасы -ғ, -г қазіргі бгрде-бір түркі тілінде сақталмаған. III жақ көне түркі тілінде де, қазіргі түркі тілдерінде де арнайы қосымша арқылы берілмейді. Көпше I жақ көптеген тілдерде жедел өткен шақ, шартты рай тұлғаларына -қ (кейде -к) түрінде жалғанады. Бұл жүйені сақтамай, бірінші топтағы қосымшаны қолданатын тілдер хакас, алтай, шор, тува тілдері. Чуваш тілі -мэр, -мыр (-быз) қосымшаларын қолданады. Көпше II жақ қосымшалары — түркі тілдерінде көп вариантты. Бірақ олардың бәрі фонетикалық өзгерістердің нәтижесі: -ғыз, -гиз — қарашай-балқар, құмық тілдерінде; -ғыз, -гэз — татар, башқұрт тілдерінде; 149
-ңыз, -ңиз — түрікмен, Қырым татары, өзбек, қазақ (сыпайы тұлға) тілдерінде айтылады; -ныз, -низ — әзірбайжан, түрік, гагауз, қарайым тілдерінде; цлар, — ұйғыр тілінде, -ңцер, -ңдар — қазақ тілінде; -ңар, -ңер — тува, хакас, қырғыз тілінде айтылады; -ғар, -гер — алтай тілінде ғана айтылады. Чуваш тілінде II жақ қосдомшасы -ыр, эр түрінде айтылады. Чуваш тілінің фонетикалық ерекшелігін ескере отырып, бұл қосымшаны -ыз қосымшасының варианты деп қарауға болады. Якут тілінде бұл қосымша -ғыт түрінде дыбысталады. Тарихи тұрғыдан бұл -ғыз ( ғ ы о ғ ы т ) қосымшасының якуттық варианты. III жақ қосымшасы түркі тілдерінде жоқ. Бірақ көпшілік тілдерде -лар көптіюжалғауын қолданады. Етістіктерге жалғанатын жақ қосымшаларын жалпы шолып қарағанда, бүкіл түркі тілдерінде мынадай тенденциялар байқаладьк Бүкіл жекеше жақ тұлғаларынан жіктеу есімдерін барынша қысқартып айту аңғарылады. Сондай ұмтылыстың нәтижесінде I және II жақтар мынадай процестерге ұшыраған: -мен, -бен, -пен; -м бұл жерде сөздің соңғы элементтері (-м) жоғалған. Бұл процесс түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Кейбір етістік формаларына (айталық, қалау райға) жалғанатын жақ қосымшаларынан сөздің (жіктеу есімдігінің) басқы элбменттерінің жоғалып, соңғы элементтерінің жақ жалғауы шегінде тұрақталуын көруге болады: -пен, -бен, -мен, -п, хакас тілінде парын «барайын», орта ғасыр жазбаларында пәгелің «жүрейік те», ұйғыр тілінде: баралын '«барайык, та» т. б. Кейбір тілдерде -пен, -бен-мен, -п, чуваш тілінде: ілэдеп «алам» т. б. Екінші жақта да осындай процесс жүрген: -сен, -сен>ң, -н. Кейбір тілдерде сөздің соңғы элементтері жоғалып, басқы элемент жақ қосымшасы ретінде қалыптасқан: -сен, -сең, -с, хакас тілінде: алыс «ал, аяңдар», адыре •«отырыңдар» т. б. Ал III жақта турур етістігінің қысқарған түрі қырғыз тілінде кездеседі: келет «келеді». Бұл ретте мына процесс көрінеді: турур>тур// дур//ту//ду ты//ды, ал қырғыз тілінде мұның үстіне -т. Көпше I және II жақтарда жіктеу есімдіктерінің қысқарып, бір фонемалы тұлғаға айналуы жеке тілдерде диалектілік құбылыс ретінде ғана кездеседі: түркімен тілінде бериоз «береміз», бариоз «барамыз», алас «аламыз», гелес «келемі», өзбек тілінде күрдүз «көрдіңіз» т. б. 150
Кейбір жақ қосымшаларының қолданылу тарихын еске алу керек. Мәселе мынада: түркі тілдерінің ең көне ескерткіштері — Орхон-Енисей жазбалары тілінде I жақ көптік тұлға тек қана -мыз, -быз. Яғни, қазіргі қазақ тіліндегі етістік тұлғаларының әр түрлі жақ тұлғалары бойынша өзгерісі бұл ескерткіштердің тілінде жоқ. Осы жақта қ аффиксінің айтылуы XI ғасырдан, Махмуд Қашқаридың «Диуанынан» басталады. Бірақ «Диуан» тілінде де -мыз, -бен, -қ тұлғаларының жарыса қолданылған, ал олардың жеке тұлғаларға телініп жіктелуі әлі байқалған жоқ. Мысалы, «Диуанда» жедел өткен шақ түлғасЬі -мың аффиксімен де, -қ аффиксімен де қолданылады: бастымыз, келтүк т. б., -қ аффиксінің еркін және қазіргі тілдегідей жүйемен қолданысы орта ғасырдан кейінгі кезеңдерде тұрақталған құбылыс. Қолдану фактісі тұрғысынан -мыз аффиксін көне әрі байырғы деп қарауға негіз бар. Дегенмен, мына жайды ескеру керек: тас жазбаларда тек -мыз тұлғасын қолданатын тілдер көрінісі болмасына кепіл болу мүмкін емес. Өйткені, қазіргі тува, хакас, чуваш, шор, якут тілдерінде етістік тұлғаларында көпше I жақты білдіретін қосымша -мыз аффиксі ғана. Түркілердің көне отанынан батысқа қарай қоныс аударып орныққан халықтар тілдерінде бұл жақты білдіретін қосымшалар екі түрлі: -мыз және қ. Бұл тілдерде, қазақ тілдеріндегідей, бұлардың әрқайсысының қолданылу жүйесі бар. Ал алтай тілінде осы қосымшалардың екеуі де қолданылады, алайда ол қолданыстан белгілі бір жүйе байқалмайды; мысалы, -ды тұлғасы -быс(>-мыз) қосымшасымен де, -қ қосымшасымен де: алдық түрінде айтыла береді. Егер осы фактілерді ескерсек, түркі тілдерінде бұл қосымшаларды қолданудың алғашқы сипатын тува, хакас, шор тілдері деп, одан кейінгі дәуірдегі алтай тілі, ең соңғы түрін басқа туркі тілдері деп қарау керек. II жақ қосымшалары -сыңларт -сыңыз тұлғаларының алдыңғысы екі топқа жіктеледі: -сың және -лар. Алдыңғы элемент -сың жекеше, оның архетит екінші жақты білдіретін жіктеу есімдігі, ал -лар — көптік жалғауы. Осындай ойды екінші тұлға туралы да айтуға болады: -сың — жақ қосымшасы, -ыз — көптік қосымшасы. Бір кезде Радлов қолдап, Бетлинг ұсынған бұл пікір ұзақ замандар бойы түркологияда көп қайталанды. Бірақ бұл мерзім ішінде түркі негіз тілінде -ыз не -з дейтін көптік (не екілік) жалғауы болғандығын дәлелдейтін бірде-бір факт табылған жоқ. Сондықтан бұл пікір оңды айтылған, өтімді болжам 151
болып қала береді. Дұрысында, көпшенің II жағында сол мйнді жіктеу есімдігінің өзгеріссіз қолдану мүмкін құбылыс тәрізді. Ал -сыңыз тұлғасының пайда болуын жекеше II жаққа аналогия жасаудың салдары деп қарау ықтинал. Рай категориясы. Рай категориясы рай тұлғаларынан тұрады. Қазақ тілі оқулықтары рай категориясын әдегге былай деп анықтайды: сөйлеуші лебізінің я сөйлеуші пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдер арқылы берілетін модальдік (рай) категориясы. ...«Модальдік категориясының етістік формалары арқылы берілетін амал-тәсілдерінің жүйесі етістіктің райы деп аталады». (А. Ысқақов, «Қазіргі қазақ тілі», 1974, 322-6.) Осы анықтама рай категориясының негізі — модальдық екендігін, модальдық мән мен мағына туғызатын етістік тұлғаларының жүйесі рай категориясын құрайтынын дұрыс айтқан. Бір ғана дәлдік қажет — рай категориясының неғізін жасайтын модальдықтың көрінісі — қимыл-әрекеттің шындыққа қатысын сөйлеушінің (я айтушының) бағалауы болып табылады. Етістіктің модальдық категориясының мазмұнын «қимыл мен субъектінің бір-біріне байланыс ерекшелігінің сөйлеуші тұрғысынан бағалануы, сондай байланыстың іске асуына, не аспауына сөйлеушінің қатысы» деп бағалау керек. Рай формалары модальдық мәнді мезгіл шақ жайлы ұғыммен ұштастыра білдіреді. Модальдық мән субъективтік (яғни айтушының іске қатынасын білдіруі), объективтік (жай хабарлау) жағдайлар өткендегі сөз болған кезеңдерді болашақтағы істі растау, қостау немесе жоққа шығарады. Модальдық және шақтық формалардың рай категориясында бірлесіп келуі істі білдіруде объективтік және субъективтік мәнерлеудің ұласып жатуына негізделеді. Объективтік мәнердің басым болуы субъективтік мәннің бәсең болуына байланысты, ал рай тұлғасында субъективтік мәннің басым болуы объективтік мәндердің әлсізденуіне ұштастырып жатады. Модальдық мәндерді, мән жүйелерін білдіру дәрежесі тұрғысынан рай түрлері бірыңғай, бір сипатты емес. Модальдық мәндерді білдіру дәрежесі тұрғысынан ашық рай райдың басқа түрлерінен ерекшеленеді: модальдық мәндер жүйесін білдіру дәрежесі жағынан ашық рай нольдік тұлға деп қаралады. Ашық рай тұлғасы модальдық мәндерді білдіретін аффикстер тобы бірінен кейін бірі қабаттасып 152
келеді. Осындай ерекшеліктеріне байланысты ашық рай бір топ етістікте, ал қалған рай түрлері екінші *опта көрінеді. Басқа рай түрлерінің ішінен бұйрық рай ерекшеленіп тұрады: ол қимылдың өзін білдірмейді, оны орындауға қозғаушы болады. Ол әрекет өтініш, бұйрық, тыңдаушының еркінен тыс көтермелеу болып келуі мүмкін. Рай категориясының мазмұны мынадай бөліктерден тұрады: 1) іс жайлы хабар (фактіні констатация жасау) — бұл мән ең алдымен ашық рай формалары арқылы беріледі, 2) істің істелу мүмкіндігін, оиың орындалу дәрежесін білдіру — бұл мәндер қалау, шартты райлар формалары арқылы беріледі, 3) істің орындалу не орындалмауы жайлы тілек, өтініш, ұйғарым, бұйрық мәндерін білдіру бул мәндер бұйрық, қалау, кейде ашық рай тұлғалары арқылы беріледі. Туркі тілдері грамматикаларында рай түрлері әр түрлі болып келеді. Олардың саны 4-тен 12-ге дейін жетеді. Мысалы, қарайым тілінде 4 түрлі рай көрсетіледі — ашық, бұйрық, қалау, шартты райлар,49 қазақ тілінде негізінен осындай рай түрлері аталып жүр. Ал гагауз тілінде бұлардан басқа мақсат (міндет — долженствовательное наклонение) райы бар деп көрсетіледі.00 Якут тілінде 10 түрлі рай аталады ашық рай, бұйрықты рай, шартты рай, мүмкіндік райы, бекіту (қостау) райы, мақсат райы, болмаған, не істелмеген істі білдіру райы, әдеттегі болған істі білдіру райы, үндеу райы, болжау райы т. б.), әзірбайжан тіліиіқ мамандарының бір тобы бұл тілде 4 түрлі, екінші бір тобы 12 түрлі рай түрлерін көрсетеді.52 Алайда бір ғана жүйеяік, құрылымдық топқа жататын, материалдық негіздері бірдей тілдерде немесе бір тілде бір ғана категорияның әр түрлі топтасуы сол құбылыс жайындағы түсініктің әр түрлі болуына байланысты. Айталық, қазақ тілінің мамандары -ғалы аффиксін мақсат рай (немесе міндет рай) деп танымайды, көсемше категориясының (оны әдетте етістіктің функциялық салаларына жатқызады) бір көрінісі дөп қарайды. Ал түркі тілдерінің кейбір зерттеушілері осы тулғаны дербес райға жатқызады. Немесе бару керек, бармақ керек тәрізді күрделі етістік тұлғалары қазақ тілі мамандары өз алдына рай жасай алмайды дейді. Ал қарашай-балқар тілі мамандары, кейбір түркі тілдерін зерттсушілер мұны бекіту-қостау (утвердительное) райы деп түсіндіреді. Ал кейбір тілдер грамматикаларында көрсетілетін райдың 10—12, кейде 14 түрін бүкіл түркі тілдеріне ортақ, тән болып келетін 4 түрлі райға топтауға, 153
сондай-ақ кейбір жеке тілдерде белгілі бір рай тұлғалардың тілдің кейінгі даму барысында орныққанын (яғни функционалдық тұлғалардың қалыптасуы) көруге болады. Түркі тілдеріне ортақ ондай рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, сонымен бірге кейбір тілдерде кейбір тұлғалардың рай мәнінде тұрақталуы кездеседі. Бұйрық рай. Түркі тілдерінде бұйрық рай тұлғалары жоқ деп қаралады. Ондай деуге себеп — түркі тілдерінде бұйрық райдың негізгі түрі ретінде II жақ айтылады, ал бұл жақта етістіктер көбінесе қосымшасыз бұйрық мәнін білдіруге бейім тұрады. Егер осы қағиданы ұстансақ, онда «түркі тілдеріндегі бұйрық рай тұлғалары» дейтін пайымдау артық. Бірақ түркі тілдерінің көпшілігінде осы тұлға, яғни II жақ тұлғасы арнаулы аффикстер арқылы беріледі. Ондай арнаулы аффикстер арқылы бұйрық мәнін беру кене түркі тілдерінде бар. Осы ерекшелік: туркі тілдерінде бұйрық мәнін аффикс арқылы беру байырғы ма, әлде түбір тұлғасы аркылы беру байырғы ма? дейтін сұрақ қойылып келе жатыр. Байырғы тәсіл — арнаулы аффикс арқылы бүйрық мәнін беру тұрақталып, бұйрық мәні аффикстен түбірге ауысқан кезде немесе тұрақты қолданыс нәтижесінде бұйрық мәні түбірге ауысқан кезде аффикс түсіп қалып, қалыптасқа^і. II жақ түбір тұлгалы бұйрық райға қосыльгп жұмсалатын қосымшалар мына төмендегідей: -қыл, -ғыл. Көне жазбалар тілінде бұл аффикстен келген бұйрық рай қатал да айқын бұйрықты білдірген: созлегіл, бергіл, ешідгіл, бошатқыл, болғұл, әзірбайжан тілі: гелгіл, гөргіл, бағыш лағыл. -қын, -ғын, -кун, -ғун. Бұл аффикс те жоғарыдағы мән мен функцияда қолданылады. Өзбек тілі диалектісінде: келгін т. б. Қазақ тілі диалектілерінде де қолданылады. -қыр, -ғыр, -қур, -ғур. Алдыңғы аффикстерден айырмашылығы — эмоционалдық мәндері бар. Башқұрт тілі диалектісінде: қап-талғыр «құрып қалғыр». Нақ осындай аффикс, осы мән-мәнерде қазақ тілінде де қолданылады: құрғыр, қүрып қалғыр т. б. Бұл аффикс р есімшесінің осы шақта қолданылған нұсқасы, қазіргі түркі тілдерінде объективацияға үшырап, анықтауыштық қатынастағы тұрақты тіркестер құрамында кездеседі, сол құрамда ғана қолданылады. -чы, -чу, -шы, -ші; көне жазбалар тілінде: кэлчү, бармачу, қазақ тілінде: баршы, көрші, башқұрт тілінде: ал-сы, татар тілінде: -алчы, өзбек тілінде: алчы, қарашай-балқар тілінде: келсінчі. 154
-сан(а), -сын(а): әзірбайжан тілінде: алсана, ноғай, татар гілдерінде: алсана, алсанан, түрікмен тілінде: алджана «алсайшы, алсаңдаршы», қазақ эпосында: бар сана, кел сана, хакас тілінде: пірзана «берсейші». -ғыла, -ғла; алтай тілінде: барғыла «барыңдаршы», қыргыз тілінде кілгіле: «келіңдерші, келе беріңдерші», хакас тілінде: атпағыла «атпаңдаршы», шор тілінде: аңыағыла «аң аулаңдаршы», нанғыла «қайтыңдар». Бұйрық немесе айқын бұйрық сөйлеушінің атынан екінші жақта ғана беріледі. Сондықтан бірінші жақта және үшінші жақта берілген бұйрық туралы ойлану керек. I жақтағы бұйрық сөйлеушінің өзіне арналғандықтан, бұйрықтан гөрі үндеу, үгітке көбірек ұқсайды. Екінші жағынан, I жақтағы бұйрық сөйлеушінің өз ісі, әрекеті, қылығы жайлы шешімі болуы мүмкін. Соңғы реттегі қолданыстағы бұйрық райдың I жағы деп қараудың негізі сонда. Бұйрық райдың I жағын жасайтын қосымша қазіргі тілдерде мына еипатта кездеседі: әзірбайжан тілі: алайым, алтай тілі: алайын, қазақ тілі: алайын т. б. Бірақ кейбір тілдерде I жақ болып ұғынылғанмен, жақ қосымшасы түсіп қалып, ноль тұлғасы қалыптасқан. Дегенмен, тұлғалардың қайсысында қалау, тілек мәнінде де ұғынуға болады. Бұйрық райдың III жағы деп қаралатын тұлғаларды да осылай ұғыну керек. Бұл тұлғалар бүгінгі тілдерде мына сипатта айтылады: әзірбайжан тілі: алсын, алтай тілі: алзин, башқұрт тілі: алһын, чуваш тілі: ілдір, якут тілі: ыллын; Сонымен айқын, ашық, бұйрық тек II жақта ғана айтылады да, анық бұйрық мағынасын кейде күшейтіп, кейде бәсеңдету үшін, кейде оған қосымша модальдық мән үстеу үшін, кейде сол тұлғаға арнайы қосымшалар қосылып қолданылады. Қалау рай (оптатив) түркі тілдерінде қалау рай мәнін туғызатын тұлғалар деп мыналар аталады: -ғай, -ай, -асы, -а, -са, -cap. Қалау рай мағыналарының берілу тәсілдері бірдей емес. Сібір мен Алтайдағы түркі тілдерінде қалау рай мәндері жекеше, көпше I жақта, кейде I, II жақтарда көрінеді. Ал I, II, III жақтарда бірдей қалау рай мәні өте сирек ұшырайды. Түркі тілдерінде көп таралған қалау рай тұлғалары -ғай, -ай, -ғай көне түркі тілінде келер шақ мәнін туғызып, жиі қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде де бұлар кең қолданылады: -ғай тұлғасы етістік түбірге жалғанады да, одан кейін -мын, -сың, -быз, -сыз, -сындар, кей тілдерде III 155
жақта -лар көптік жалғауы жалғанады. -ғай тұлғасының туркі тілдеріндегі жіктелу үлгісі қазақ тіліндегі үлгіден алшақ емес: алғаймын алғаймыз алғайсың алғайсыздар, алғайсыңдар алғай алғай Бұл тұлғаның нақ осындай жіктелу жүйесі ортағасырлық жазба тілдерінде қолданылған. Салар тілінде бұл тұлға -ғыйы түрінде айтылады: алғыйы, якут тілінің грамматикаларында «возможное наклонение» дейтін рай түрі аталады. Бұл жалпы түркілік қалау рай тұлғасы -ғайдың өзгерген айа (-эйе, -ойо, -ойэ) вариантымен жасалатын рай түрі: мин бара: йабын, ен бара: йағын, бұйрық рай, «мен барғаймын, сен барғайсың, ол барғай». Осы аффикстің фонетикалық варианты -ай, -ый түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылады: әзірбайжан: алым, қазақ: алайық, татар: алыйым, чуваш: пулам (болайын), якут: ылым (алайын). Кене тілдерде де қолданылған: көне түркі тілі: йатайын, олдрайын, алай, білай, орта ғасыр жазбалары: өлдүрейім, варайым, йашурайын, алай, көрейім, йэгелім, берейік т. б. Бұл аффикс -алы түрінде де айтылады. Бір тілдің езінде -ай, -ғай, -алы түрінде жарыса қолданылуы бар: қазақ тілінде: барғаймыз, барайық, баралық. Осындай қолданыс түркі тілдерінің біразында кездес^ді. Дегенмен, варианттардың әрқайсысының өзіне тән қолдану шегі бар: егер -ғай барлық үш жақта айтылып, қолданылатын болса, -ай, -алы варианттары I жақта ғана айтылады: қазақ тілінде: барайын, баралық, барайық, қырғыз: жазалық, башқұрт тілі: қарайым (қараймын), һәйләшейік (сөйлесейік). Қалау рай тұлғаларының жақ жалғауларын қабылдау тәртібі бірыңғай емес: -ғай тұлғасы осы шақ, келер шақ тұлғаларының ізімен жіктеліп, соларға жалғанатын жақ жалғауларын қабылдаса (барғай -мын, барғайсың, барғай -мыз), -ай тұлғасы мен -алы тұлғасы жедел өткен шақ тұлғасы -ды-ның ізімен жіктеліп, соған тән қосымшаларды қабылдайды: барайық, баралық. Бірақ -ай тұлғасы жекеше I жақта шығу тегі белгісіз -ын түлғасын қабылдайды. Бұл тұлғаның арғы негізі қандай тұлға екені жайлы айқын пікір жоқ. Мүмкін, бұл да -ым тұлғасының бір варианты, соңғы элементонология жасаудың нәтижесі болар. Түркологияда бұл туралы осындай пікір айтылады. Екінші жағынан, осы тұлғаны барғаймын тұлғасының өзгеріске түсуінің нәтижесі деп қарауға болмас па еді: бар4-ғай+мын>бар+(ғ) ай+мын>бар+ай(м) ын 156
бар+ай+ын. Ғ дыбысының көп буынды сөздер құрамында әлсіз, тұрақсыз екендігі белгілі жай. Дәлелдеуді қажет ететін ерекшелік -м дыбысының жоғалып кетуі. Мұны ұқсас тұлғаларды бір-бірінен жіктей айтуға ұмтылудың нәтижвсі деп қарауға болады. Грамматикалық мәні өзгеше бодса да, келер шақ тұлғалары осыған ұқсас жолмен өзгереді. Қалау райлы мәнді жақ мағынасынан жіктеп, ерекшелеп айтуға ұмтылудан осындай тұлғалық өзгеріс пайда болады. Түрік, әзірбаижан, ғагауз тілдерінде келер шақ мәніиде қолданылатын -асы тұлғасы сол тілдердің ортағасырлық күйінде қалау рай жасаған. ал — асы — бын ал — асы — быз ал — асы — сән ал — асы — сыз ал — асы ал — асы Бұл тұлға кейінгі даму барысында түгелдей келер шақ мәнін алып, орнығып қалған. Дегенмен, оның шақ тұлғасы ретінде орнығуы ерте кезде болған құбылыс. Махмут Қашқарида йа қурасы оғур — жақ тартатын уақыт тәрізді фактілер көптеп берілген. Ал мұндай қолданыстар жаңағы тұлғаның шақ тұлғасы ретінде орнығуына дәлел болады. Якут тіліндегі -ыыһы тұлғасы осы — асы тұлғасының фонетикалық варианты (ы, а, һ, с). Бұл тұлға якут тілінде мақұлдау райын (утвердительное наклонение) жасап, мәні мен қызметі тұрғысынан қалау райдан онша оқшауланбайды: бар — ыыһы — бын «баруым керек», бар — ыыһы — ғын—«сірә, барайын» бар — ыыһы Әзірбайжан, түрік, гагауз тілдерінде қалау рай мәнін беретін -а формасы айтылады: ал — a — м;ал — a — г; ал — a — сан; ал — асы —"ныз; ал — а; ал — a — лар Жалғанатын жақ қосымшаларына қарағанда, бұл тұлға қазақ тіліндегі аламын (алам) тұлғасымен бірдей. Тек айырмашылық — көпше I жақта: бұл жақта қазақ тілі — мыз қосымшасын қолданса, әзірбайжан тілі, әдетте, -ды жедел өткен шақ тұлғасына жалғанатын -қ ( > ғ ) қосымшасын қолданады. Екінші бір айырмашылық: көпше II жақта бар (әзірбайжан тіліндегідей -сыңыз) тұлғасы қазақ тілінде қалау рай мәи бермейді, тек келер шақ мәнін, яғни ашық рай мәнін береді. Бұл жерде бірыңғай, бір сипатты тұлғаларды әр тілде әр түрлі мәнге ие болады. Қалай болғанда да, әзірбайжан т. б. оғыз тілдерінде қолданылатын қалау райдың бұл турі қазақ тіліндегі келер шақ тұлғасы аламын 157
(алам) тұлғасымен генезистік байланыста болады. Келер шақ мәні мен қалау рай мәні бір грамматикалық мағынаның екі түрлі көрінісі екені талас тудырмайды. Ал тілдердің даму, тіл құрамындағы элементтердің функциялық жағынан жіктелу дәуірінде жазба тілдің әсері арқылы мәндес, қызметтес тұлғалар өзара жіктеліп, бір-бірінен ажырап отырған. Мұндай жіктеліс, әсіресе, екі тіл ыңғайында ж ұ р - ' ген заңды қүбылыс. Әзірбайжан тілі мен қазақ тілі арасындағы айырмашылықты осылай түсіндіруге болады. Шартты рай. Шартты рай түркі тілдерінде үш түрлі тұлға арқылы жасалады: -cap, -ca, -сан. Бұлардың ішіндегі ең көнесі, байырғысы -cap түлғасы. Бүл түлға ең көне мұра Орхон-Енисей жазбалары тілінде көрініс тапқан: олурсар, ерсер, паңылсар т. б. Орхон-Енисей жазбалары тіліндегі -cap жақ қосымшаларын қабылдамайды, яғни жіктелмейді: ол йергеру барсар түрік бодун өлтечісен — ол жерге барсаң, түрік жұрты өлесің. Бұл сөйлем құрамын- . дағы -cap ешбір жақ қосымшасын қабылдамаған. Әрине, қазіргі тіліміздің нормасы түрғысынан барса етістігін жіктемей айту (II жақта) мүмкін болмас еді. Зерттеушілер -cap тұлғасын қүранды деп қарайды: -са және -р, -са бөлігін «санау, есептеу, солай болса деп ойлау» етістігімен бірдей деп қарайды да, -р есімше тұлғасы, яғни алғашқы етістіктен есімше жасаған түлға деп қарайды. Дүрысында -cap сол жазбалар тілінде есімше қызметінде қолданылған: көзүңүз йүзүмге тутсар болса —«көзіңіз жүзіме тоқталар болса». Ал Махмут Қашқари ічсе, урса, алса, қачырса, сатса, келічсе, көрсе, барығса тәрізді етістіктер қүрамындағы -са қосымшасын са етістігімен бірыңғай деп қарайды. XI ғасырдың атақты ғалымының бұл пікірі көп жағдайды аңғартады. Аталған қосымша мен көне түркілік са (қазіргі тілде «сана») етістігі бір негізді, яғни қосымша дербес етістіктің өзгеше функциялық қолданысынан қалыптасқан. Шартты райдың -сан тұлғасы тек чуваш тілінде ғана қолданылады. Ашық рай, қалау рай, бұйрық және шартты райлар, оларды жасайтын тәсілдер түркі тілдерінің барлығына ортақ және бұлар жайлы түркі тілдері мамандарының көзқарастары бірыңғай. Түркі тілдерінде бүлардан басқа түрлі райлық мәндер туғызатын формалар және рай деп есептеліп (зерттеушілердің көзқарасы тұрғысынан), әрқилы аталып жүрген рай түрлері бар. Соңғы топқа қатысты көзқарастарды бірден түжырымдаған дүрыс. Жеке халық тілдерінің қалыптасу, сондай-ақ жазба тіл құралдарының функциялық жіктелісі дәуірлерінде кейбір 158
тұлғалар жайлы түркілік мән-мағынадан басқа қосымша модальдық мән-мәнерлерге ие болып қалыптаса бастаған. Айталық, -ғай тұлғасы кейбір тілдерде (мысалы, қазақ тілінде) қалау, тілек мәнін білдіретін тұлға есебінде сақталғанмен, кейбір тілдерде атымен жоқ, сақталмаған. Ал тува, хакас тілдерінде келісім мәнінде (согласительное наклонение) сақталған көрінеді. Сол тілдер мамандары бұл тұлғаны солай деп түсіндіреді. Тува тілінде келгіжемче тұлғасы жіктелген рай (предельное наклонение) жасайды деп қаралады. Ал жалпы түркілік тілде бұл тұлға -ғанша, -генше тұлғасымен негіздес және мағыналЪс. Соңғы тұлға, мысалы қазақ тілінде, көсемшелік тұлға деп танылады. Якут тіліндегі тұжырымдылық (утвердительное наклонение), хакас тіліндегі ундеулік (сослагательное наклонение) райлары жалпы түркілік мәндерді білдіреді. Түркі тілдері грамматикаларында әр түрлі аталып жүрген осындай тұлғалардың арғы негізгі — қимыл есімдері, солардың белгілі бір септік жалғаулы түлғалары, тәуелдік тұлғалары т. б. Ал бұл тұлғаларға тіл мамандарының көзқарастары, түсініктері әр түрлі. Сондай тұлғалардың бір тіл емес, бірнеще тілдерде кездесетін басты түрлері мына төмендегілер: 1. Міндет мәнді рай жасайтын тұлға -малы оғыз тілдерінде қолданылады: әзірбайжан: йазмалыйам (жазуым. керек), йазмалы ідім (жазуым керек еді), йазмалыдыр (оның жазуы керек еді); бүл тұлға башқүрт, татар тілдері диадектілерінде кездеседі, ал чуваш тілінде ол -малла сипатында айтылады: ісмеллі (ішуге арналған). Якут тілінде міндет мәнді рай жасайтын бірнеше тұлға қолданылады: -ардаах: баррдаахпын (баруым керек); -ыахтах: барыахтаахтар (олардың баруы керек). 2. Ниет мәнді рай -мақшы, -ғандай -ғаіщек тұлғалары арқылы жасалады: башқұрт тілі: кілмексі булдым, бармақ була, барғандай, барырузай, барғылай (оның бару ниеті бар). Әзірбайжан тілінде бул мән -асы түлғасы арқылы беріледі: гедесійем (кетуім керек). Якут тілінде бүл мән -ыыһы түлғасы арқылы беріледі: барыыһыбын (сірә, баратын шығармын). 3. Хакас, тува тілдерінде -ғай тұлғасы арқылы келісім мәні беріледі: барғай мен (жарайды, барайын), барғай біс (жарайды, барайық). Якут тілінде осындай мән -аайа, -аарай (III жақ) тұлғалары арқылы беріледі: бараайабын (сірә, барармын), бараарай (сірә, барар). 4. Ұйғыр, шор, тува, хакас т. б. тілдерде -ғудағ, ғыдек тұлғалары арқылы (-ғу+-дағ) болжау мәнді етістіктер жа159
салады: а л ғ ы д е к м е н (мүмкін, алармын). Ашық рай. Ашық рай деп әдетте орындаушының іске тікелей қатысты екендігін білдіретін етістік тұлғасы айтылады. Іс істеуші мен іс орындаушының іске қатысы, әрине, белгілі бір мезгіл, шақ көлемінде ғана көрініс бере алады. Осыдан барып, іс істеушінің іске қатысы белгілі бір мезгілде, мерзімде ұғынылады. Ал мезгіл, шақты айқывдаудың шегі сөз айтылып тұрған кезде болады. Осы тұрғыдан өткен шақ, яғни өткен уақыт, өткен мезгіл, сондай-ақ келер шақ, алдағы уақыт, алдағы мезгіл ажыратылады. Осыған сәйкес ашық рай тұлғалары үш тодқа жіктеледі: өткен шақ, осы шақ және келер шақ. Түркі тілдерінде қолданылатын шақ тұлғалары мыналар: -ды, -ған, -мыш, -а (ыы негізді осы шақ тұлғалары), -ар (осы негізді келер шақ тұлғалары). Бұл тұлғалар дара күйінде немесе етістіктермен, басқа да сөздер тобымен күрделеніп, әр түрлі құрам мен сипатта түркі тілдерінің барлығында жиі қолданылады. Өткен шақ. Істің болғандығын айқын, анық білдіретін тұлға -ды, оның түркі тілдерінде кездесетін варианттары -ты, -ду, -ту және -ра. Бұл тұлғаның семантикалық ерекшелігі — өткен шақ мәні модальдық мәнмен күрделенбейді және басқа қимыл-әрекетке база ретінде ұғынылмайды, яғни ондай мағына туғызбайды. Бұл тұлға өткенде болған және болғаиына сөйлеуші сенімді, өзі көзімен көрген, өзі куә болған істі білдіреді. Сондықтан бұл тұлға арқылы жасалатын өткен шақты түрколоғиялық әдебиеттерде кейде айғақты, сенімді (прошедшее определенное, прошедшее очевидное) өткен шақ. деп атайды. -ды тұлғалы өткен шақ (немесе қазақ тілінде жедел өткен шақ) аса тұрақты қолданылатын тұлғалардың қатарына жатады. Бұл тұлғаның түрақты болып келуіне оның модальдық мәндерге бейтарап болумен қатар, семантикалық көп салалығы себеп болса керек. Бұл тұлға жедел өткен шақ (немесе тура мағынасындағы өткен шақ) мәнінен басқа бұрынғы өткен шақ, қалыпты өткен шақ, белгісіз өткен шақ мағыналарында қолданылады. Мысалы, қазақ тілінде: біз көшеге шықтық, башқұртша: Ғайнетдин менән икәү урамға сықтық (Ғайнетдинмен екеуміз көшеге шықтық), түркіше: Иүрүді. Мердивенлері гечті. Сола сапты. Be дурақлады — Жүрді. Баспалдақтан өтті. Солға бұрылды. Және тоқтады. Өзбекше: Мен чой ичдим — мен чай іштім. Якутше: Якутскайдан почта кэллэ — Якутскіден почта келді. -ды тұлғасының жақ бойынша жіктелуі мына тәріздес: 160
Қазақ тілі мен бар-ды-м сен бар-ды-ң Ол
барды
Түрік тілі: йаз-ды-м йаз-ды-н йаз-дыӨзбек тілі: кел-ди-м кел-ди-ң кел-ди
біз барды-қ сендер барды-ң-дар ояар барды
башқұрт тілі: ал-ды-м ал-ды-ң
ал-ды-қ ал-ды-ғыз
алды
алдылар
йаз-ды-қ йаз-ды-ныз йаз-ды-лар
быс-т-ым (кес-■ быс-т-ыбыт тім) быс-т-ың быс-т-ығыт быс-т-а быс-т-іялар
кел-ди-к кел-ди-ңиз кел-ди-лар
бар-д-ым бар-д-ың бар-ды
бар-д-ыбыт бар-д-ығыт бар-д-ылар
-ды тұлғасының арғы теп, оның шақтық қызметте тұрақталуы туралы түркологияда толып жатқан пікірлер айтылады. Сол пікірлерді қорыта келгенде, барлық зерттеушілер келісетін қорытывды: мынау -ды тұлғасы өзінің алғашқы қалыптасу дәуірінде қимыл есімдік тұлға, яғни шақ, модаль шектеріне бейтарап, біраз есімдерше түрлене алатын, қимыл процесс атауы болған. Бұл тұлғаның о баста қимыл есім мәнінде қолданылғандығын дәлелдейтін факт — бұл тұлға тәуелдік жалғаулары бойынша жіктеледі, яғни жақтық мән тәуелдік жалғаулары жалғану арқылы беріледі, онан кейін, орта ғасырдың ескерткіштері ретінде бұл тұлға ер көмекші етістігімен бір тіркесте жұмсалған: келді ерді, бердіміз ерді, берді ерді. Ал көмекші етістікті баяндауыштық қызметке икемі жоқ сөздерге (яғни есімдерге) тіркесіп, сол дәуір жазбаларында бұл тұлғаның анықтауыш қызметінде айтылған: сасыды нең, йумшады нең; бұл фактілер сол заманғы түркі тілдерінің білгірі Махмуд Қашқари «Диуанында» кездеседі. Бұл тулғаның арғы сипаты қандай болды дейтін сұраққа келсек, бірсыпыра ғалымдар бұл тұлғаның ежелгі түрі -дық деп қарайды. Ал енді бір топ зерттеушілер оның алғашқы сипаты -ыт, Мелиоранский осы күнгідей -ды болған деп қарайды, дегенмен, алғашқы сипаты -дық деп есептеушілер тілдік фактілердің тарихи өзгерістеріне сүйенеді. Бірақ ондай өзгеріс тұлғаның соңғы дыбысы қатаң болғанын дәлелдей алмайды. Өйткені, түркі тілдері тарихында сөз соңында қатаң қ дауыссызы өзгеріске түсуі 6—3732
161
жүйелі құбылыс болған емес. Кейбір формалар мен сөз құрамынан қатаң қ дауыссызы түсіп қалуы сөз соңында емес, интервокал жағдайда ғана мүмкін. Ал өткен шақтың бұл тұлғасы туралы мұны айтуға келмейді. Сондықтан тілдер дамуының көне дәуірлерінде қатаңға және ұяңға аяқталған бір тұлғаны екі вариантты болған деп қарау дәлелді. Үяңға (ғ) аяқталған варианттың фонетикалық өзгерістер нәтижесінде -ды сипатында келуі түркі тілдеріндегі жүйелік өзгерістердің ерекшелігі. Ғ, Г дыбыстары түркі тілдерінде кейде түсіп қалып отырған. Ондай өзгерістер жеке сөздермен қатар, формалар құрамында болып, нәтижеде әр сипатты варианттарға жіктелген. Сондай өзгерістер нәтижесін -ды тұлғасынан көруге болады. Бұған негіз болған -дық (немесе Орхон жазбаларындағы -дуқ) екі түрлі айтылған, оның бірі -дығ (-дуғ) болуы әбден мүмкін. Осы варианттың қазіргі көрінісі -ды, ал қатаңға аяқталған вариант қазір де түркі тілдерінде қолданылады (қазақ тілінде қылдық, тасаттық тәрізді сөздер құрамында). Бір ғана тарихи фактіні алайық: Орхон-Енисей жазбаларында -дуқ тұлғасы (яғни қатаңға аяқталған вариант) баяндауыш қызметінде жіктелмеген. Ондай баяндауышты сөйлемдер құрамында жақтық мән бастауыш қызметіндегі жіктеу есімдігі арқылы берілген. Олай болса, -ды тулғасының тәуелдік жалғаулары арқылы өзгеруі оның қимыл есімі болғанын көрс"ётеді. Түркі тілдерінің бірқатарында өткен шақтың ерекше түрі — қалыпты өткен шақ (длительное время) бар. Овдай тілдер өзбек, қарайым, Қырым татары, якут, қарашай-балқар, түрік, түрікмен, гагауз, әзірбайжан тілдері. Өткен шақтың бұл түрі -ар, -ыр есімшелерінің жедел өткен шақ тұлғасы -ер (е) көмекші етістіғінің тіркесінен жасалады. өзбекше: барар едим барар едик барар едиң барар едиңиз барар еди барар едилар якутша: аһар этим аһар этибәт (ашар едім) аһар зтиң аһар этигит аһар этә аһар этилар қарайымша: алыр едим алыр едик алыр едиң алыр едийиз алыр еди алыр едилар Қырым татары: алыр едим алыр едик алыр едиң алыр едиңиз алыр еди алыр едилар 162
Қазіргі ұйғыр тілінде алыр едим тіркесі құрамындағы сөздер тоғысып, фонетикалық өзгерістер нәтижесінде алаттым түріне түскен: алаттым, аллаттиң, алаттук, алаттиңлар, алатти; оғыз тобына жататын түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен тілдерінде тіркес құрамындағы көмекші етістік өзінен бұрынғы есімше тұлғалы негізгі етістік құрамына ығысып, қосымша дәрежесінде орныққан: түрікше түрікменше йазардым йазардық алардым алардық йазардық йазардыңыз алардың алардыңиз йазарды йазардылар аларды алардылар гагауз әзірбайжан алардым алардық алардым алардық алардын алардыныз алардын алардыңыз алардылар аларды алардылар аларды Өткен шақ білдіру ерекшеліктері жағынан бір-біріне жақын тұлғалар: -ған, -мын, -ған тұлғасы өткен щақ мәнінде қыпшақ, қарлұқ-ұйғыр тектес тілдерде, сондаи-ақ Сібір мен Алтайды мекен еткен түркі халықтары тілдерінде (якут' тілінен басқа) қолданылады. Қазақ тілінде -ған есімшесі сөйлеу кезінде әлдеқайда бұрын өтіп кеткен істі, сөйлеушінің анық көзі жететін істі білдіреді. Бұл тұлғаның қолданысы осы тұлға айтылатын түркі тілдерінің барлығына тән. -ған тұлғасының қызметі мен мағыналары чуваш тілінде -не есімше тұлғасымен беріледі. -ған тұлғасының жақ бойынша түрленуі: башқұрт тілі қазақ тілі: алғанмын алғанбыз барғанмын барғанбыз барғансыз барғансыңдар алғанһың алғанһығыз барған барған алған алғандар өзбек тілі: келганман келганмиз келгансиң келгансиз келган келганлар Дегенмен, -ған тұлғасының жақтық мәнде қолданылуының кейбір ерекшеліктері барын ескеру керек. Айталық, қазақ тілінде -ған тұлғасы негізінён өткен уақытта, мезгілде болған істі білдіреді. Мен барғанмын, сен барғансың тәрізді қолданыстарда -ған тұлғасы сөйлеу кезінен әлдеқайда бұрынғы уақытта болған істі білдіреді. Мерзімді білдіру тұрғысынан осы ерекшелік ескеріліл, қазақ тілі грамматикаларында бұл тұлға көбіне «бұрынғы өткен шақ» деп (жедел өткен шаққа қарама-қарсы) аталады. Ал башқұрт тілінде бүл тұлғаның қолданысында кейбір ерекшелік6*
163
тер бар. -ған есімшесінің ерекше варианты түрікмен тілінде кездеседі: -ан» Бұл тұлға ғ дыбысының түсіп қалуынан жасалған. Бірақ -ан тұлғасы түрікмен тілінде жіктеліп, жалғаусыз айтылады: ол йазан (ол жазған), олар йазанлар. Ал чуваш тілінде бұған сәйкес қолданылатын тұлға -ны, бұл да жіктелмейді. Осындай тұлға айтылатын түркі тілдерінің біразында -ған есімшесі сөйлеушінің өзі куә болмаған, яғни өзі көрмеген істі хабарлаудың құралы ретінде қолданылатын көрінеді. Әсіресе, мұндай мәндер 2—3 жақтарда айқын байқалады. Башқұрт тілінің зерттеушілері осындай қорытынды айтады.53 Қазақ тілінде бұл тұлғаның қолданысынан мұндай мәнді байқау қиын. Қайда сен барғансың, ол барған г тәрізді қолданыстардан істің болғандығына сөйлеушінің күмән келтіруі былай тұрсын, солай болғандығын растайды. Қазақ тілінде -ған тұлғасының үш жақта айтылуынан істің істелгендігін, орындалған-орындалмағаңына куә болмағандық жайлы қосымша мәнер синтаксистік қоршауға байланысты тууы мүмкін. Мысалы: Естуімше, ол сол үйге барған. Бірақ бүл тұлғаның қолданысынан, оның жалаң өзінен туындамайды. қырғызша: барған елем барған елек алған идем барған елең барған елеңдер алған идэк барған еле барған еле алған идэң алған идэгәз алған иде/алған идәлар Башқұрт тілінде басқа қыпшақ тілдеріндегі е қөмекші етістігінің орына бол етістігінің есімше тұлғасы айтылады. Нақ осындай ерекшелік хакас, шор тілдерінде ғана бар: тек қазақ тілінде II жақта -ың, -дар тұлғаларының қабаттасуы бар. Басқа тілдерде бұндай қабаттас жоқ.Қазақ тіліндегі қабаттасу -ыз тұлғасының көптік мәнді жоғалтып, сыпайыландыру көрсеткіші ретінде орныққан. Басқа тілдер -з қосымшасының көптік мәнін қабылдап алған. -ған тұлғасы Орхон-Енисей жазбаларында кездеседі. Бұл мәнде, яғни өткен шақ мәнінде жазбалар тілінде -мыш тұлғасы қолданылған. -ған тұлғасы тек ортағасырлық ескерткіштер тілінде -мыш тұлғасында қатар қолданылған. Бұл тұлғаның өткен шақ мәнінде -мыш тұлғасымен аяқталуы Карахан жазба ескерткіштерінде, одан кейіндегі көне қыпшақ жазбаларында бар. Ал шағатай тілі ескерткіштерінде өткен шақ мәні көбінесе -ған тұлғасы арқылы берілген. Махмуд Қашқаридың «Диуанында» -ған тұлға164
сы істің дүркінділігін білдіретін тұлға ретінде түсіндіріледі. Сонда -ған тұлғасының бұл қызметін қазіргі қазақ тіліндегі -оған тұлғасының қолданылуымен салыстыруға болады. Бұл факт -ған тұлғасының бұл мағынадан ажырауы -аған (а+ған) тұлғасы қалыптасуынан кейін болуы ықтимал. -ған есімше тұлғасының негізгі және бастапқы мағынасы: өткенде болып кеткен істі қазіргі кезде айтылып тұрған мезгілдің фактісі ретінде хабарлау: Мен барғанмын — барған уақыт әлдеқашан өтіп кеткен, бірақ енді ғана хабарланып отыр. Хабарлау фактісінің мезгілмен астасуына қарай өткен шақтың бұл түрі нақ осы шақпен байланысып жатады. Кейбір тілдерде бүл тұлғаның белгісіз өткен шақ (неопределенное прошедшее время) ретінде ұғынылуы да осы ерекшелікке байланысты.^ Шынында, алғанмын, көргенмін тәрізді тұлғаларда істің істелу фактісін хабарлау бар да, қашан, қай мезетте болғандығына мән берілмеген. Қазақ тілінде, әрине, бұл ерекшелік белгілі бір модальдық қосымшалармен астаса бермейді. Сондықтан ол қазақ ұғымында белгісіз өткен шақ мәнін білдіретін тұлға ретінде емес, етістіктің болған фактісін хабарлаудың тәсілі ретінде түсініледі. Якут тілінде өткен шақ мағынасы -быт, -пыт, -мыт формалы есімшелердің жіктелуі арқылы беріледі: бар-бып-пын бар-бып-пыт бар-бых-қьш бар-бых-қыт бар-быт бар-быт-тар Якут тіліндегі бар етістігі қазақ тіліндегі кет етістігінің қызметін атқарады. Біздің тіліміздегі бар етістігі кейде кері мағынада қолданылады. Мысалы: Сен бар, үйге бара бер тәрізді қолданыстағы «бар, кет» етістігі орнына айтлып тұр. Якут тілінде бар етістігі біздің тіліміздегі осындай сөзбен мағыналас. Оғыз тобындағы тілдерде: әзірбайжан, түрік, гагауз тілдерінде -ған тұлғасының орнына -мыш тұлғасы жұмсалады. Көне дәуірден қалған мұралар тілінде өткен шақ мәнінде қолданылған -мыш, -ған формалары кейінгі дәуірлердегі (орта ғасырлардағы) жазбалар тілінде ұшырасады. Бүдан -мыш бұрын қалыптасқан дейтін ұшқары қорытынды шықпаса керек. Тек осындай тілде (-мыш тұлғасын айтатын) сөйлейтін тайпа тілдері әр түрлі қоғамдықәлеуметтік жағдайларға байланысты жазуға бұрын түсуі мүмісін. Белғілі бір тайпа тілдері өткен шақ мәнінде әуелі -мыш, кейін -ған тұлғасын қолданды деп қарауға ғылыми дәлел жоқ. Жеке тілдерде бұл түлғаның аттары мына төмендегідей: ,,
түрік тілі: әзірбайжан тілі: йаз-мыш-ым йаз-мыш-ыз йаз-мыш-ым йаз-мыш-ых йаз-Мыш-сын йаз-мыш-сыңыз йаз-мыш-сыңыз йаз-мыш-сын йаз-мыш йаз-мыш-лар йаз-мыш-дыр йазмышлар гагауз тілі: ал-мыш-әм ал-мыш-ык ал-мыш-ын ал-мыш-ыңыз ал-мыш ал-мыш-лар Жіктелуі жағынан әзірбайжан, гагауз тілдері бірыңғай да, түрік тілі өз аддына: алдыңғы екеуінде жақтық қосымша ашық дауыстымен келеді, көпше I жақта қыпшақ тілдерінің -қ қосымшасы айтылады. Түрік тілінде жекеше I жақ қысаң дауыстымен (яғни қыпшақ тілдеріндей) айтылады, бірақ көпше I жақ -қ қосымйіасымен емес, -ыз қосымшасымен беріледі. Сонымен бір топқа жатқанмен олардың арасында осындай форма айырмашылықтары бар. -Мыш тұлғасы өткен уақытта болған істі білдіреді, бірақ қай кезде болғандығы анықталмайды (белгісіз өткен шақ); өткен уақытта болған, бірақ сөйлеуші, хабарлаушы куә болмаған істі білдіреді, кейде өткен уақытта болғандығы жайында басқа біреулерден естіген істі білдіреді т. б. -Мыш тұлғасы мен көмекші етістігінің жедел өткен шақ тұлғасы (-ды) бұрынғы өткен шақ мағынасында қолданылады. түрік тілі: әзірбайжан тілі: йазмыштым йазмыштық йазмышдым йазмышдық йазмыштың йазмыштыңыз йазмышдың йаздышдыңыз йазмышты йазмышларды йазмышды йазмышдылар гагауз тілі: алмыштым алмыштық алмыштын алмыштыңыз алмышты алмыштылар Бұл жерде екі түрлі шақтық тұлғалардың (-мыш және -ды) қабаттасып келгенін көреміз. Мұндай жағдай жалпы тілдерде (олардың ішінде, түркі тілдерінде) көп ұшыраспайды. Якут тілінде -быт есімшесінің ет(е) етістігімен тіркесі арқылы осындай шақтық мән беріледі: барбыт етим (кеткен едім) барбыт етибит барбыт етиң барбыт етигит барбыт ете барбыт етилер Бұл тұлғалар өздерінің негізгі мағынасынан басқа қосымша модальдық мәндерді білдіреді. Дегенмен, түрік тіліндегі «-мыш+жіктік жалғау+дыр (-тыр)» тіркесі өткен 166
шақта айқын модальдық мән туғызатын форма ретінде көрінеді: йаз-мыш-ым-дыр йаз-мыш-ыз-дыр жазып қойғанбыз йаз-мыш-сын-дыр йаз-мыш-сын-ыз-дыр йаз-мыш-тыр йаз-мыш-лар-дыр Этимологиялық жағынан -мыш якут тіліндегі -быт тұлғасымен байланысты. Тарихи зерттеулер б-м және ш-с-т ауысуы болғанын дәлелдейді. Сондықтан якут тіліндегі -быт қосымшасының басқы дыбысы басқа бір тілде м түрінде айтылуы мүмкін де, якут тіліндегі соңғы т жалпы түркілік с/ш дыбыстық өзгерісі болуы ықтимал. -Мыш тұлғасы беретін бұл мағыналар чуваш тілінде -са өткен шақ есімше тұлғасы ер жедел өткен шақ тұлғасының өзгеріске түскен тіркесі арқылы беріледі: сырзатым (жазғаным) сырзатымыр сырзатын сырзатыр сырзаччэ сырзачэс Бұлардың соңғы қосымшалары -тым қосымшасы е етістігінің I жаққа жіктелген түрі (етим, -тын) II жақтағы етин, ччэ ети тұлғаларынан қысқарып, өзгерген. Түрікмен тілінде мұндай мәндер -ан есімше тұлғасы мен ер етістігінің жәдел өткен шақ тұлғасының тіркесі арқылы беріледі: аландым (алғанмын) аландық аландың аландыңыз алаңды аланды Өткен шақтың осы түрлерімен мәндес болып келетіндер -ып көсемшелерінен жасалады. Қазақ тіліндегі -ып көсемшесінің жіктелген түрі баяндауыш қызметінде өзі куә болмаған немесе оған айқын сенім жоқ өткен шақ жасайды. Қазақ тілінде мен барыппын, сен барыпсың, ол барыпты тәрізді сөз қолданыстары сөйлеушінің өткен іске куә болғандығын білдірмейді. Болған, я болмаған оқиғаны, басқа біреудің сөзі арқылы естігенді білдіреді. Өткен шақтың мұндай түрі қазақ тілінен басқа ноғай, қырғыз, өзбек, ұйғыр тілдерінде қолданылады. ноғай тілі: алыппан алыппыз алыпсаң алыпсың алыпты алыптылар
қырғыз тілі: алыпмын алыппыз алыпсың алыпсынар алыпты алышыптыр 167
өзбек тілі: ұйғыр тілі: келибман келибмиз аптимен аптимиз келибсан келибсиз (алыппын) келибди келибдиәпсән әпсилар лар әпту апту Ал осы көсемше тұлғасы е көмекші етістігінің жіктелген тұлғасымен тіркесіп келіп, айқын болған істі сөйлеу кезінен едәуір бұрын болған, бірақ енді ғана еске алынған істі білдіреді, яғни бұл тұлғаның мағынасын бұрынғы өткен шақ тобына жатқызып, соның сөйлеу кезеңімен ұштастырылған түрі деп қарауға болады. қазақ тілі: өзбек тілі: жазып едім жазып едік йозыб едим йозыб едик жазып едің жазып едіңдер йозыб едиң йозыб единиз жазып еді жазып еді йозыб еди йозыб едилар Қазақ, өзбек тілдерінде қолданылатын бұл тұлғаның мағынасын: жазып едім, әлі бірақ хабар жоқ; жазып едім, енді ғана хабар алдым деп түсінуге болар еді. Бұл формада істің орындалғанына сөйлеушінің куә болғаны мен сөйлеу мезгілі байланыстырылған. Екінші сөзбен айтқанда, бұрынғы өткен шақ нақ осы шақпен астастырылған, байланыстырылған. Бұрыңғы өткен шақтың басқа түрлерінен мұның ерекшелігінің өзі осы. Өткен шақтың енді бір түрі көбінесе дүркін-дүркін болып тұратын, әдетке айналған істі білдіреді. Мағынасына қарай мұны қалыпты өткен шақ деп атайды. Бұдан бұрын айтылған өткен шақ түрінен айырмасы — бұрын болған іс осы шақпен астастырылмайды. Қазақ тілі: баратынмын баратынбыз баратынсың баратынсыңдар баратын баратын Татар тілінде бұл тұлғаның аналитикалық түрі қолданылады: бара тырған едим бара тырған идэк бара тырған идең бара тырған идэгэз бара тырған идэ бара тырған идэлар Ноғай тілінде тіркес арқылы жасалған тұлға айтылады: баратаған әдім баратаған эдэн баратаған әдә Қазақ тіліндегі -атын тұлғасы — аналитикалық тіркестің әбден қысқарып, өзгеріп, морфологиялық қосымшаға айналған түрі. Аналитикалық тіркестің' толық түрі 168
-а+турған+мын(-сын), оның келесі буыны -а+туғын-f мын, одан кейінгісі, ең соңғысы -а+тын+мын. Аналитикалық тіркестің татар тіліндегі түрі: а+тырған+едим. Татар тіліндегі бұл вариант осы сипатта ғана қолданылады. Бұл варианттың өзгерген түрі — ноғай тіліндегі түрі: -атаған+ едим. Қазақ тіліндегі бұл варианты өзгеріске түскен: атын-fедім. баратын едім, баратын едің, баратын еді, баратын едік, баратын едіңдер, баратын еді. Мұның да негізі -атын қосымшасы. Өткен шақтың осындай мағынасының түрі -ушы+е тұлғасы арқылы беріледі: Қазақ тілі: барушы едім барушы едік барушы едің барушы едіңдер барушы еді барушы еді қарашай-балқар тілі: барывчу едим барывчу едик барывчу едиң барывчу едигиз барывчу еди барывчу едиле Бұл тұлға құрамындағы өткен шақтық мәнді туғызатын е көмекші етістігі — жедел өткен шақ тұлғасы, -ушы қосымшасының алғашқы бөлігі -у қимыл есім тұлғасы, ^ғни шақтық мәнге бейтарап тұлға, -шы — іс істеушіні білдіретін (осы-шақта) субъективтік форма. Осы үш түрлі тұлғаның қатар келуі арқылы жедел өткен шақ жасалып тұр. Қырғыз тілінде бұл мән -чы қосымшасының (субъектіні білдіретін қосымшаның) етістік түбіріне тікелей жалғануы арқылы беріледі: джазчумун джазчубуз джазчусун джазчусуңар джазчу джазышчу Ал шор тілінде бұл -чаң есімшесінің жіктелуі арқылы беріледі. Хакас тілінде осындай есімше тұлғасы арқылы беріледі: ырлачаңмын (әндететін едім) ырлачаңмыс ырлачаңзың ырлачайзар ырлачаң ырлачаңнар Іс істеуші субъектіні білдіретін -шы осы жақты білдіретін есімше ретінде ұғынылады. Соңғы мағына етістік түбірге байланысты: іс қимыл мен іс иесін білдіруші грамматикалық тұлғалардың ұласуы нәтижесінде сондай мән пайда болады. Іс істеушіні, іс иесін білдіретін қосымша кейбір тілдерде басқаша тұлғаланады: қырғыз тілінде -чу, яғни 169
соңғы дыбысы еріндік дауысты дыбыс, шор, хакас тілдерінде -чаң, басқа тілдердегі осындай қосымшамен ұқсас элемент алдыңғы дыбыс ч, бұлардың бәрі бір тұлғаның әр түрлі варианттары, мұны олардың бір ғана мағынада қолданылатынан көреміз. Өткен шақтың тағы бір түрі, арнаулы әдебиеттерде (грамматикалық зерттеулерде) «белгілі өткен шақ» (прошедшее определение) деп аталып жүрген түрі осы шақ көсемшелері мен отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің қатысуы арқылы жасалады. қазақ тілі: бара жатыр едім бара жатыр едің бара жатыр еді
бара жатыр едік бара жатыр едіңдер бара жатыр еді
өзбек тілі: йазайотқан едим йозайотқан едик (жазып жатыр едім) йозайотқан едиң йазойатқан едиңиз йозайотқан еди йозайотқан едилар Алтай тілінде бұл мән -ып көсемшесі мен ікат, тұр етістіктері тіркесі арқылы беріледі: бара даттым (бара жаттым) барып даттық. барып даттың барып даттығар барып датты барып даттылар үреніп тұрдым (оқып жаттым) үреніп турдық үреніп турдың үреніп турдығар үреніп турды үреніп турдылар Алтай тілінде бұл қызметте отыр, жүр етістіктері қолданылады.-Татар тілінде мұндай мән -а тұлғалы көсемше мен ер етістігінің тіркесі арқылы беріледі: бара идем бара идек бара идең бара идегез бара иде бара иде Ноғай, құмық, Қырым татарлары тілдерінде осы модаль тұтасымен қайталанады: ноғай тілі: бара едим бара едик бара едиң бара едиңиз бара еди бара едилер Қырым татарлары тілі: ала едим ала едик ала едиң ала едиңиз ала еди ала едилер 170
Өткен шақтың -й көсемшесінің негізінде жасалған осы түрі түрікмен, түрік тілдерінде қолданылады: түрік тілі: йазы ордум йазыпордуқ — (жазып жатқанбыз, жазғанбыз) йазыпордун йазыпордунуз йазыпорду йазыпордулар түрікмен тілі: йазыпардым йазыпардық — жазып жатқанбыз йазыпардың йазыпардыңыз (жазғанбыз) йазыпарду йазыпардылар Осы шақ. Айқын осы шақ немесе қазақ тілі грамматикаларында айтылып жүргендей, нақ осы шақ түркі тілдерінің бардығында бірдей айқын көрінбейді. Әрине, ^ондай мәнмәнерлер жүйесін айқындап айтуға умтылу барлық тіл атаулыға тән болса да, оны грамматикалық тәсілдермен жүйелеп, бекіту барлық түркі тілдеріне тән тілдік құбылыс емес, осы шақтың мұндай түрі қазақ, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ноғай тілдеріндё және Сібірдегі алтай. тува, хакас, шор тілдерінде кездеседі. Қазақ тілінде нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің дербес жіктелуі арқылы жасалады. Өйткені, нақ осы шақ мағынасын арнайы тәсілдер арқылы білдіру кейбір тілдерде кездеспейді. Қазақ тілі аталған төрт етістікті жақ бойынша өзгертіп, нақ осы шақтың жалаң түрін жасайды: отырмын отырмыз отырсың отырсыңдар отыр отыр Қырғыз тілінде осындай жүйе қолданылады: жүрүмүн, жүрүсүн, жүрү, жүрүмүз, жүрүңсүз, жүрү, огурмун, отурсун, отуру т.б. Түркі тілдерінің көпшілігінде мундай мән көсемше тұлғалары мен жатыр, тұр, отыр, жүр етістіктерінің тіркесі арқылы беріледі: қазақ тілі: жазып отырмын жазып отырмыз жазып отырсың жазып отырсыңдар жазып отыр жазып отыр қырғыз тілі: джазып джатабыз джазып джатамын джазып джатасын джазып джатасыңдар джазып джатар джазып джатар қарақалпақ тілі: алып жатырмыз алып жатырмын
алып жатырсың алып жатыр өзбек тіліз йоза йотирман йоза йатирсиң йоза йотир
алып жатырсыңдар алып жатыр йоза йотирмиз йоза йотирсиз йоза йотир
ноғай тілі: бара йатырмын бара йатырмыз бара йатырсың бара йатырсыз бара йатыр бара йатырлар Осы тіркестің фонетикалық өзгеріске ұшырап кіріккен түрі ұйғыр тілінде қолданылады: окуватимән, оКуватимиз, окуватисәң, окуватисиз, окуватиду. Ал алтай тілінде ол тілдің ерекшелігіне лайық жат етістігі д дыбыстан басталады және соңғы -ыр қосымшасынсыз қолданылады: алып дадым алып дадыбыс алып дадың алып дадығар алып дат алып дат Тува, хакас, шор тілдерінде сол тілдердің фонетикалық сипатына лайық жат етістІгі чат түрінде дыбысталады: ойнап чам—(ойнап жатырмын) ойнап чабыс ойнап чазың ойнап чазар ойнап ча ойнап чалар Қазақ тілі грамматикасында ауыспалы осы шақ кейде «неғайбыл осы шақ» деп аталып, әдетке, дағдыға айналған істі, кейде келешекте орындалатын істі, келешекте созылатын істі, т. б. мән-мәнерлерді білдіреді. Мұндай мәнмәнерлер түркі тілдерінің көпшілігінде бір сипатты тәсілдер арқылы беріледі. Ондай тәсілдердің бастылары мына төмендегідей: көсемшенің -а, -й тұлғаларының жіктелуі арқылы: татар тілі: башқұрт тілі: алам, аласың, ала алам, алаһың, ала алабыз, аласыз, ала алабыз, алаһығыз, ала Дауысты дыбысқа аяқталатын етістіі^терге бұл қосымша -й — дифтонг түрінде жалғанады. Бұл әсіресе құмық, қазақ т. б. тілдерде айқын көрінеді: ашаймын, ашайсан, ашай, ашайбыз, ашайсыз, ашайлар. Бұл келтірілген тілдерде үшінші жақта нольдік тұлға сақталады немесе -а қосымшасының үстіне басқа қосымша қабаттаспайды. Ал мына мысалдарда келтірілген тілдердегі III жақта ерекшелік бар — жақты білдіретін қосымша пайда болады: 172
казақ тілі: ноғай тілі: өзбек тілі: аламцн аламыз аламан аламыз йозаман йозамыз аласьщ аласыңдар аласаң аласыз йозасың йозасыз алады алады алады аладылар йозади йозадилар сәл өзгеЧүрі қырғыз тілінде айтылады: жазам жазабыз жазасың жазасыз жазат жазышар III жақта шақты білдіретін қосымшадан кейін айтылатын -ды -т*ур етістігінің — осы шақ көрсеткіштерінің бірі болып табылатын етістіктің фонетикалық өзгерістерге .түсіп, қысқарған, қосымшаға айналған түрі. Мұндай қолданыстағы сөздің қосымшаға айналуы заңды құбылыс, өйткені грамматикалық қосымша қызметте қолданылған компонентке әрқашан екпін түспейді, ол өзінен бұрын айтылған негізгі сөздің шылауында болады. Ал екпін түспеген сөз алдыңғы сөздің ықпалына ұшырап, фонетикалық пішінін өзгертеді. Мұнда да тұр етістігі — нақ осы шақ немесе айқын осы шақ жасайтын төрт етістіктің бірі. Осы шақ тұлғасының етістікке оның қосарланып айтылуын шақтық мәнді айқындай түсуге ұмтылудың салдары деп түсіну керек. Бірақ мән-мағына жағынан тепе-тең элементтердің қабаттасуы олардың біреуінің өз мәнін жоғалтып, басқа мәнге ие болуға~(егер элизияға ұшырамаса) алып келеді. Алдыңғы 2-жақ тұлғаларына аналогия жасаудың нәтижесінде -ды жақтық мән алған. III жақтың қосымша қызметіндегі тұр етістігі қысқарған. Бір ғана дыбыстан тұратын морф^маға айналған түрі қырғыз тілінде бар: -т: жаз-ыш-а-т, жаз-а-т. Бұл жерде сөздің соңын қатаң айтуға ұмтылу нәтижесін көруге болар еді. III жақ қосымшасы қызметіндегі тұр етістігінің біршама. құрамдық тұтастығын сақтаған түрі қарайым тілінде, татар диалектілерінде кездеседі: аламын алабыз аласың аласыз аладыр аладырлар Алтай, хакас тілдерінде -тыр(-дыр) морфемасы үш жаққа бірдей қосылып айтылады: хакас тілі: таб-а-дыр-бын таб-а-дыр-зың таб-а-дыр
(тауып аламын)
таб-а-дыр-быз таб-а-дыр-зар таб-а-дыр-лар 173
алтай тілі: бар-а-дыр-ым (бара жатырмын) бар-а-дыр-ыбыс бар-а-дыр-ың бар-а-дыр-ығыр бар-а-дыр-ы бар-а-дыр-ы Кейбір түркі тілдерінде бұл қосымшаның -ды І,/І I жақта жалғанып қолданылады: алтай тілі — барадым. барадың, барат, барадыбыс, барадығар, барадылар. Осыддай құрылымдық түр Сібірдегі татарлардың тілдеріндё кездеседі. Сонымен қатар Қиыр Батысқа орналасқаң Чуваш тілінде осыған уқсас құрылымдық түрді кездестіремдз: сырадып — жазып .отырмын, сырадын, сұрат, сыратпыр ->— жазып отырмыз, сырадыр, срассэ. Чуваш тіліндегі свз басындағы с дыбысын мынадай дыбыс сәйкестігі бойынша түсіну керек: й, ш, ш, с. Қысқасы, чуваш тіліндегі сөз басындағы с басқа түркі тілдерінде осы позицияда айтылатын ұяң дыбыстың көрінісі болып табылады. -ды, -дыр қосымшаларының қабаттасып қолданылуы етістіктің семантикасына ешқандай өзгеріс енгізбейді. Олар қай жақта айтылса да, шақтық я жақтық мән-мәнерлерге мағына үстемейді. Осы шақтың бір үлкен түрі -ар(-әр, -ыр) -ір есімшелерінің жіктелген тұлғаларынан жасалады: әзірбайжан тілі: түрік тілі: алырам аларых алырым алырмыз аларсан аларсыныз аларсын аларсыниз алар алырлар алыр алырлар өзбек тілі: оларман олармиз оларсан оларсаниз олар оларлар Бұл үш тілде де жалпы түркілік сақталған. Айырмашылық: қысаң дауысты вариант әзірбайжан, түрік тілдерінде айтылады да (екеуі де оғыз тобына жатады), өзбек тілінде ашық дауысты вариант айтылады. Қысаң дауысты вариант бұлардан басқа Қырым татарлары тілінде, тува, қарашай-балқар, салар, сары ұйғыр тілдерінде кездеседі. Қысқасы, қысаң және ашық дауысты варианттардың қолданылуын белгілі бір аймақпен шектеу мүмкін емес. Сондай-ақ -ар және -ыр варйанттары арасындағы функциялық айырмашылықты бүгінгі түркі тілдері материалдары бойынша дәлелдей алмайсың. Тек әзірбайжан тілінде -ар келер шақ мәнінде, ал -ыр осы шақ мәнінде қолдану басым болып отырады. Түрік, түрікмен тілдерінде осы шақтың ерекше құры174
лымдық түрі қолданылады: етістік түбір + ы ( й ) +йор+жақ қосымшалары: -йаз+йор+ум; йаз -ы йор+сун, йоз-ы-йар; түрікмвн тілінде де осыған ұқсас құралымдық түр қолданылады: йазыпорум — жазып отырмын, жазамын йазыпоруз йазыпорсун йазыпорсунуз йазыпор йазыпорлар түрікмен тілі: алйарын алйарыс алйарсын алйарсыңыз -йарч-йор аффикстерінің қысқарған, редукцияланған түрін гагауз тілінен кездестіреміз: алерым, алерсын, алер. Түркологияда ең көп пікір айтылған мәселе —йар, -йор аффикстерінің арғы төркіні, олардың қалыптасу ерекшелігі жайлы А. Н. Кононов, Н. К. Дмитриев: «-йор аффиксін гелийүрүр тәрізді тіркестер құрамындағы йүр етістігінің өзгерісі, соның варианты» деп қарайды. Ф. Е. Корш йатур (йат етістігінің есімше түрі) тұлғасының қысқарып, сығылысуынан (ортадағы т дыбысының түсіп қалуы) -йор тұлғасы шыққан дейді. Ал А. П. Поцелуевский -йар форманты йазыбйор тіркесінің өзгерісінен қалыптасқан дегенге саяды. Мұның алдыңғы пікірлерден айырмасы: йаз-}-ыб (көсемше тұлғасы) +йор, яғни йор етістігі өзінен бұрынғы етістіктің нольдік тұлғасына емес, көсемше тұлғасына тіркескен. Түрік тіліндегі ы (ый-ор) сол көсемше қосымшасының қалдығы. Түрікмен тілінде бұл элемент кейін жоғалып кеткен. Сонымен бірге, түрікмен тілінде ерін үндестігі жоғалумен бірге, йор етістігі құрамындағы еріндік дауысты езулікке айналған. Осы шақтың қалыптасу тарихы бойынша пішіні жағынан ерекше түрі якут тіліиде қолданылады: бар-а-бын, бар-а-быт, бар-а-ғын, бар-а-ғыт, бар-ар, бар-ал-лар. Якут тілін зерттеушілер бұл тұлғаның I—II жақтары -а тұлғалы көне есімшеден, ал III жағы -ар есімшесінен жасалған деп қарайды.55 Қысқасы, якут тілінің бұл тәсілінің құрамынан түркі тіліндегі -а және -ар тұлғаларының семантикасымен салыстырып көруге болады. Келер шақ түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін -ар, -ыр, -р тұлғалы есімшелерден жасалады. Бұдан бұрын осы шақ түрлерінің бірі ретінде аталған морфологиялық тұлға осы шақ мәнінде де, келер шақ мәнінде де қолданыла алады және бұл бір ғана ұлт тілінің ерекшелігі емес, жалпы түркі тілдеріне тән заңдылық ретінде көрінеді. Түркологияда «аорист» деп аталатын көзқарас -р түлға175,
сының мағыңалық және функциялық ерекшелігін еске алады. өзбек тілі: йозарман йозарсың йозар
йозармиз йозарсиз йозарлар
қарашай-балқар ттлі: санарма (есяітеймін) санарса санарсыз санарбыз санар санарла
алтай тілі: татар тілі: келерим келерибис алырмын алырбыз келерин келеригер алырсың алырсыз келер келер алыр алырлар түрікмен тілі: аларын аларыж аларжың аларжыңыз алар аларлар Тұлғалануы жағынан мынадай ерекшеліктерді көрсету керек: жіктік жалғауларының толық түрі (-мын, -мыз, -быз) қолданылатын тілдер: өзбек, татар тілдері, ал түрікмен тілінде I жақта ерекше тұлғалар -ын, -ыж (соңғы тұлға көптік тұлға ретінде көпшілік тілдёрде қолданылатыны белгілі) айтылады, -ын тұлғасы көпшілік тілдерде көсемше тұлғаларына жалғасатыны белғілі, бірақ -р тұлғасына жалғанбайды. Түрікмен тілі бұл жағынан көптеген тілдерге ұқсамайды. Ал алтай тілінде -р тұлғасына жіктік жалғауының қысқа түрі, басқа түркі тілдерінде (мысалы, қазақ тілінде) -ды өткен шақ тұлғасының түрі жалғанған. Әрине, -р тұлғасының білдіретін мән-мағынасына қарап, мұны айтарлықтай өзгешелік ретінде қарамауға болар еді. Бірақ бірсыпыра түркі тілдерінде -р тұлғасы жіктік жалғаудың мұндай варианты шақты білдіріп, баяндауыш қаракетінде жұмсалу мүмкіндігінен айырылып қалады. Қазақ тіліндегі берерім жоқ, келуіңці айтқан жоқсың тәрізді қолданыстар шақтық мәнін бермейтіні былай тұрсын, баяндауыш қызметінде де айтылмаған. Мұндай қолданыс -р тұлғасының қимыл есімдік мәнін танытады. Ал қимыл есімдері шақтық мәнғе бейтарап, сондықтан олар есімдер тәрізді түрленіп, солардың қызметі мен мән-мағынасын атқарады. Алтай тіліндегі өзгеше түрленуді осылай түсіндіруге болады. Келер шақтың бір түрі -ашақ/-ежек тұлғасы арқылы беріледі. Татар тілі: алашақман, алашақбыз, алашақсын, алашақсыз, алашақ, алашақлар. 176
өзбек тілі: түрік тілі: йазачақман йазачақмиз йазаджағым - йазаджағыз йазачақсан йазачақсыз йазаджақсын йазаджақсыныз йазачақ йазачақ йазаджақ йазаджақлар қүмық тілі: татар тілі: барачақмаЦ барачақбыз алашақмын алашақбыз барачақсан барачақсыз алашақсың алашақсыз барачақ барачақлар алашақ алашақлар Қазақ тілінде бұл тұлға говорлық ерекшелік ретінде ғана кездеседіі Қазақстанның батыс облыстарының тұрғындары тіліндй бұл тұлға татар тіліндегі жүйемен айтылады. Яғни: баражақпын, баражақПыз, баражақсың, баражақсыңцар, баражақ. Түрікмен тілінде бұл жақ бойынша жіктелмейді, яғни жіктік жалғаулары жалғанбайды. Баяндауыштың қай жақта айтылғаны бүкіл сөйлемнің мағынасы арқылы немесе бастауыш қызметіндегі сөз арқылы айқындалады. -ажақ тұлғасы тува, хакас, шор, алтай, якут тілдерінде қолданылады. Кейбір тілдердің фонетикалық сипа?ы мен стиліне қарай -ажақ тұлғасы -ачақ, яғни ч аффрикатымен (өзбек, құмық тілдерінде), дж аффрңкатымен -аджақ түрінде (түрік, әзірбайжан тілдерінде); ш дыбысымен -ашақ түріңде (татар тілінде) айтылады. Ал ноғай тілінде -айақ түрінде айтылады: бар-айақ-пан, бар-айақ-пыз, бар-айақ-аң, барайақ, бар-айаң-лар. Ноғай тіліндегі форманы түсіндіру үшін түркі тілдері арасында кездесетін й > ж > ш дыбыс ауысуы мүмкіндігін және дж-ч-ш-ж дыбыс сәйкестігі кездесетіндігін еске алу керек. Егер осы тәрізді түркі консонантивті құрамында болғандығын факт деп қарасақ, ноғай тіліңдегі -айақ жалпы түркілік -ажақ тұлғасының тарихи варианты болып шығады. Бұл тұлғаның енді бір тарихи варианты якут тілінде қолданылады. Якут тіліндегі -ыах есімшесі келер шақ" мәнін береді де, оның жіктелген тұлғалары келер шақ жасап, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады: бар-ыағ-ым бар-ыағ-пыт бар-ыағ-мын бар-ыах-хыт бар-ыағ-ың бар-ыах-тара бар-ыағ-а Бұл есімше якут тілінде қимыл есімдерінше түрленеді, бірінші жақта -ым (бар-ды-м дегендегі жақ қосымшасын салыстыр), ал үшінші жақта тәуелдік жалғаудың III жағы -а (якут тілінде ашық дауысты а басқа түркі тілдеріндегі қысаң ы дыбыстық қызметін атқарады). Якут тіліндегі -ыах тұлғасының оғыз тілдеріндегі -ажақ (-аджақ) тұлғасымен 177
фонетикалық сәйкестігін былай деп түсіндіруге балар ёді: 1) басқы ы және а дыбыстарының сәйкестігі жайлы ^олардан бұрын айтылады. Мұндай сәйкестік якут және> басқа түркі тілдбрі арасында ғана емес, чуваш және бас^а түркі тілдерінің арасында да байқалады; 2) -аджак (-ажақ) тұлғасының құрамындағы ызың (әлсіз) дыбыстьуң түсіп қалуы, ал соңғы дыбыстың фарингалдануы (х) ^әтижесінде якут тіліндегі -ыах оғыз тілдеріндегі -аджак^ тұлғасының функциялық әрі семантикалық баламасы рётінде қолданылады. Якут тіліндегі бұл тұлға шақтық тәсілдерге негіз болып, өзге жақ тәсілін жасайды: -таах аффиксімен күрделеніп, қазақ тіліндегі -лық қосымшасының варианты мақсаттық мәндегі келер шақты білдіреді: барыах-таах-пын — менің баруым керек, барыах-таах-тын — сенің баруың керек т. б. Оғыз тілдерінде келер шақ мәнінде қолданылатын тағы бір тұлға -асы есімшесі: аласымын, аласысың, аласы. Бұл тұлға түрікмен, әзірбайжан тілдерінің тарихына қатысты. XIII—XV ғасырларда қолданылған жазба әдеби тілде қолданылған. Қазіргі тілдерде диалектілік ерекшелік көне дәуірдің қалдығы ретінде ғана ұшырасады. Қазақ тілінде -асы тұлғасында қалыптасқан едәуір сөздер бар, олардың бәрі қимыл есім болып келеді: аласы, бересі, келесі — алты аласы, бес бересі т. б. Әрине, бұл тұлға қазақ тілінде жақ мағынасында қолданылмайды, мұндай тұлғалы сөздер сан жағынан аз. Бұл тұлғалы сөздер көрші тілдерден ауысқан, яғни ареалдық өзгерістердің нәтижесі. Келер шақтың бір түрі — мақсатты, ниетті келер шақ. Келер шақтың бұл түрі түркі тілдерінің бір қатарында арнаулы тәсілдер арқылы жасалады. Қазақ тілінде бұл мынадай тәсілдер арқылы жасалады: -мақ тұлғасы есімшелердің жіктелген тұлғасы арқылы: бармақпын, бармақсың, бармақ, бармақпыз, бармақсыңдар, бармақ; -мақ тұлғасына -шы қосымшасының қабаттасып келіп жіктелуі арқылы: айтпақшымын, айтпақшысың, айтпақшы. Алдыңғы тәсілден мұның айырмашылығы сол, бұл тұлға істі істеуші мен іс иесі субъектіні айқын білдіреді. -Ғалы көсемшесі мен отыр етістігінің тіркесі арқылы: айтқалы отырмын, айтқалы отырсың, айтқалы отыр т. б.; тіркес құрамындағы -ғалы көсемшесі мақсат мәнін береді де, оның отыр етістігімен тіркесуі нәтижесінде келер шақ мәні пайда болады. Өзбек тілінде мақсатты келер шақ мәні -мақ -чи тұлғасы арқылы беріледі: айтмокчиман, айтмоқчисан, айтмақчи, айтмоқчимиз, айтмақчисиз т. б.; түрік тілінде мақ178
са^ы келер шақ -малы тұлғалы қимыл есімінің жіктелуі арқылы жасалады: йаз-малы-й-ым — (жазуым керек) йаз-мал^і-сын йаз-малы
йаз-малы-йыз йаз-малы-сыныз йаз-малы-лар
Башқұрт тілінде мақсатты келер шақ -мақсы тұлғасының жіктелген түрімен және -мақсы+бұл тіркесімен беріледі: бармаксымын, бармаксыһын, бармаксы, бармаксыбыз, бармаксыһығыз, бармаксылар. бармаксы булам бармаксы булкбыз бармаксы булаһсыз бармаксы булаһығыз бармаксы була бармаксы булар. Башқұрт тіліндегі бұл тәсіл жалпы қыпшақ тілдерінде қайталанады. Ерекше тұлға түрік тілінде ғана кездеседі. Түрік тіліндегі -малы тұлғасы -мақшы (башқұрт тіліндегі -мақсы) тұлғасымен бірдей емес. Бұл тұлғаны -ма -лы деп ажыратып, алдыңғысын қимыл есім тұлғасы, қимылдың, атауын білдіретін тұлға, ал -лы сөз жасайтын жұрнақ деп түсіну ұтымды. Ал -мақсы тұлғасы осыдан бұрын айтылғандай -мақ және -шы элементтеріне ажырайды: -мақ қимылдың орындалуы субъектімен байланысты екенін, -шы іс істеуші мен.орындаушы субъектіні білдіреді. Бұлар құрама элементтер ретінде бір-бірінен бүтіндей өзгеше тұлғалар. Түркі" тіліндегі ұқсас тұлғалар қарашай-балқар, чулым татарлары тілдерінде кездеседі. Етістік түбіріне -лық тұлғасы жалғанып, жіктелу арқылы ниетті келер шақ түрі жасалады: барлықма, барлықса, барлыкда, барлықбыз, барлықсыз, барлыкдыла. Чулым татарлары тілінде: келлүкем, келлүксин, келлүк, келлүкбис, келлүксингар, келлүк. Соңғы екі тілдегі келер шақ тұлғасының ерекшелігі сол (басқа түркі тілдерінде кездеспейтін ерекшелік) — етістік түбірғе -лық қосымшасының, есімге жалғанатын қосымшалардың тікелей жалғануы түркі тілдеріне жат құбылыс. Мына жерде де етістік түбірге -лық аффиксінің тікелей жалғануын емес, сөз құрамынан кейбір элементтердің түсіп қалуын немесе элизия нәтижесін көруге болады. Ол процесс мына жолмен жүреді: бар-ыр-лық бар+(ыр)4-лық барлықынызым), р дыбысының әр кез элизияға ұшырамайтынын түркі тілдерінің тарихы дәлелдеді. Бұл арада да құрамында сол дыбыс бар буынның түсіп қалуы нәтижесінде есімге айналған қимыл есім тұлғаларына жалғанатын -лық етістік түбірге тікелей қосылған. Қысқасы, бұл 179
фонетикалық өзгерістің нәтижесі. Қазақ тілінде келер щақтың тағы бір түрі — болжалды келер шақ ғай(-гей), -қай(кей) тұлғасы арқылы беріледі: барғаймын, барғайсың, барғай. Келер шақтың бұл түрі тілек, қалау мәнінде айтылады. Сондықтан грамматика оқулықтарында бұл тұлғаны қалау рай деп түсіндіру басым. Егер әрбір модальдық мән объективтік мағынаның заңды қосымшасы екенін мойындасақ, әуелі шақтық мағына, яғни объективтік мағына, соған қосымша, содан туындайтын модальдық мән >— қалау мәні бар. Қысқасы, бұл тұлғаның шақтық мағынасы — алғашқы негіз де, қалау мәні — соңғы қосымша мән. Бұл тұлға осындай мән-мағыналарда түрік тілінде т. б. тілдерде айтылады. Болымсыздық мәннің берілу жолдары. Түркі тілдерінде болымсыздық мәннің берілуі есімдерге де, етістіктерге де арнайы қосымшаның, не сөздің жалғануы, тіркесуі арқылы жүреді (олай болатыны: барлық грамматикалық мән белгілі бір қосымшаның қосылуы арқылы туындайды). Есім құрылымды синтаксистік конструкцияларда болымсыздық мән жоқ, түгіл сөздері арқылы беріледі, ал түгіл сөзі сөйлем құрамында болымсыздық мән тудыратын грамматикалық тәсіл ретінде қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданылады, сондай-ақ көне тілдерде де қолданылған: көне қыпшақ, көне оғыз: тәгүл, дегүл, дәгүл, қазақ: түгіл, башқұрт, татар: түгілг әзірбайжан: дэйіл, қарашайбалқар: түйүл, түл, ноғай: түвіл, түрікмен: дәэл. Бұл сөздерде жиі қолданылатын тағы бір сөз: емес, қарақалпақ: емес, тува: эвэс, ұйғыр: эмэс. Бұл сөздің арғы сипаты, орта ғасыр мұраларындағыдай, ермес (ер-ме-с) көмекші етістігі болымсыз түрінің есімше тұлғасы. Дегенмен, түркі тілдерінің барлығында қолданылатын етістіктің болымсыздық қосымшасы -ма. Қазіргі түркі тілдеріндегі етістік тұлғаларының болымсыздық түрі тек осы қосымша арқылы жасалады және осы қосымша арқылы басқа да болымсыздық қосымшалары жасалатын топтарға ажырайды. Екінші сөзбен айтқанда, болымсыздық мән тек -ма қосылуы арқылы жасалатын тұлғаларға және -ма қосымшасымен бірге болымсыздық мән беретін тіркестер жасалатын тұлғаларға ажырайды. Бірінші топқа, яғни -ма қосымшасы арқылы болымсыздық мән туғызатын тұлғаларға: бұйрық рай, қалау рай және шартты рай тұлғалары, сондай-ақ ашық райдың жедел өткен шақ, болжалды келер шақ тұлғалары жатады: қазақ: барма, бармағайсын, бармасаң, алтай: келбейін (кел180
меймін), башқұрт: алмам, құмық: алмайман, тува: келбейін, өзбек: күрмәй, күрмәйін, якут! сыппаппын, гагауз: алмарым т. б. Екінші топқа, яғни -ма қосымшасымен қатар басқа сөздермен тіркесіп болымсыздық мән беретін тұлғаларға бұрынғы өткен шақ, әсіресе айқым келер шақ тұлғалары жатады: қазақ: бармаған, барған емес, ноғай: бармайақ, барайақ түйіл, татар: бармайажақ, баражақ, түгіл, түрік: йазмайажақ, йазажақ дейіл, өзбек: бормаган, барған емәс, ұйғыр: алмаған, алған әмәс. Екінші топтың қатарында аталған тұлғалар санын мұнан да ұзартуға болады. Бірақ екі түрлі тәсіл арқылы үнемі өзгеріп отыратын осылар. Кейбір етістік тұлғалары болымсыздық мән туғызбайды немесе болымсыздық мән туғызатын тәсілдер бойынша өзгермейді. Айталық, қазақ тіліндегі қимыл есім түлға -мақ арнаулы болымсыздық қосымшасын қабылдамайды, оның болымсыз түрі ашық рай түрінде айтылады: ол оқуға бармақ, ол оқуға бармайды. Әрине, бұл түлғаның болымсыз түрін бармақ емес деп те қолдану бар. Алайда соңғы тәсіл бүгінгі тілде еркін қолданылатын грамматикалық тәсілден гөрі белгілі бір сөйлеу тәсілі ретінде түсініледі. Әзірбайжан, құмық тілдерінде бұл тұлға осылай айтылады, -ма аффиксі кейбір түркі тілдерінде мына түрде келеді: қазақ: -ма, -ба, -па, әзірбайжан: -ма, алтай: -па, по, -ба, -бо, тува: -па, ба, -ва, -ма, якут: -па, ба, -ма, чуваш: -ма, -ма. Қазіргі кейбір түркі тілдерінде (-п, -б) алдыңғы дыбыстың сапалық әсерінен (ілгерінді ықпал) өзгереді. Айталық, қазақ тіліндегі үш вариант (м, б, п дыбыстарынан басталуы) сондай заңдылықтың көрінісі, якут, алтай, тува тілдеріндегі варианттарды да солай түсіну керек. Татар тілінде, башқұрт диалектілерінде, хакас тілінде аффикстің құрамындағы дауыстының қысаңдауы бар. Мысалы, татар: алми (алмай), башқұрт: бармима (бармай ма?), хакас: турбин (тұрмай) т. б. Бтістіктің болымсыздық тұлғаларының жалпы сипаты осындай. Олардың бәріндегі басқа дыбыстық ерекшеліктерін ескермесек, бұл тұлға бірыңғай, бір сипатта келеді. Тек біз бұл түлғаның екі түрлі ерекшелігіне тоқталамыз. Бірінші ерекшелік — келер шақ түлғаларының -ма тұлғасында қолданылуы: I. бар-мас-пын II. бар-мас-сың III. бар-мас 181
Ал осы шақ тұлғалары мына тәріздес: I. бар-май-мын II. бар-ма-й-сың III. бар-ма-й-ды. Енді осы шақтың мынадай тұлғаларын салыстырып қарайық: етістік түбір — болымсыздық тұлғасы+келер шақ көсемше+ жақ қосымшасы. Шақ мәні көсемше арқылы берілген. Ал келер шақ: етістік түбір + болымсыздық тұлға -с (келер щақ есімше) +жақ тұлғасы арқылы жасалған. Мұнда басқа шақ тұлғаларында қолданылмайтын келер шақ есімше қолданылған. Бұл болымсыз тұлғадағы етістіктерге тән ерекшелік. Сондықтан бұл тұлға (-с) тек болымсыздық тұлғаның шақ түрі деп қаралады. Екінші ерекшелік түрікмен тілінде кездеседі. Түрікмен тілінде жоғарыдағы жіктеу мына түрде келеді: йаз-мар-ын йаз-мар-сың йаз-маз Егер осы фактілерді өзара салыстырсақ, түрікмен тіліндегі I, II жақта айтылатын -р III жақтағы -з тұлғасына сәйкес келеді. Оның үстіне, түркі тілдерінің көпшілігінде -з қосымшасы қатаңдап кетеді. Сөйтіп, түркі тілдерінің даму барысындағы р-з-с ауысуы келіп шығады. Ал -с оғыз тілдерінде айтылатын осы келер шақ есімше тұлғасында тағы кездеседі. Сонымен түрікмен тілінде болымсыздық етістік тұлғасында айтылатын -р өзге түркі тілдерінде келер шақтың болымсыз түрһадегі -с келер шақ есімшесінің тұлғасы болып шығады. ЕСІМШЕ
Түркі тілдеріндегі есімшелер етістіктің бір түрі — модификациялық түрі болғанмен, олардың басқа сөз таптарымен (есімдермен) тарихи байланысты. Сондықтан көне түркі тілдерінде, тіпті қазіргі түркі тілдерінде қолданылатын кейбір есімше тұлғалары зат есімдер мен сын есімдер, үстеулер құрамынан ұшырасады. Бұл тілдің даму барысында есімше тұлғаларының кейбір топтары аталған сөз топтары құрамына трансформацияланғанын дәлелдесе керек. Түркі тілдеріндегі есімше тұлғалары аталған сөз топтарының ғана құрамында - трансформацияланбайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі, сондай-ақ көне түркі тілдеріндегі (жазба ескерткіштер тіліндегі) есімше тұлғалары түп негізгі жағынан қимыл есімдері, яғни шақ мәнінде бейтарап қимыл атаулары болады. Сол қимыл атаулары кон182
текст ыңғайында зат есім қызметінде де, сын есім қызметінде қолданыла келе бірсыпырасы қимыл атаулары мәнінде, бірсыпырасы қимылдың нәтижесі мәнінде тұрақталған. Ал олардың едәуір тобы сөйлем құрамында жақтық мән алып, етістіктердің есімдерге жақын, бірақ шақтық мән туғызатын тобына айналады. Соңғы ерекшелік сөйлем құрамында қалыптаса алатын предикативтік қатынастың өз ішінде жіктеліп, оның құрамына енген компоненттердің дара-дара грамматикалық мән беретін тәсілдерге айналуымен байланысты. Жоғарыда есіміііе тұлғаларының есім сөз топтары құрамында ұшырасатыны туралы айтылады. Енді сондай тұлғалардың негізгілерін көрсете кетелік. -ма, -ба тұлғасы: қазақ: кеспе, түрікмен: сынма (сының), татар: булмә (бөлме), әзірбайжан: беркитмә (бекіту) т. б. Бұлардың кейбірі зат есімдер (кеспе, бөлме), кейбірі сын есімдер (сынма т. б.) -ық, -ик тұлғасы: қазақ тілінде бұл тұлғалас сөздер көбінесе сын есім мәнінде орныққан: батық, жатық, сұлық т. б.; түрік: ратық, (батып кеткен, батқан), қырық (қираған), дүтүк (түсік, түсіп кеткен, қазақ тіліндегі «түсік» басқа мәнде — мерзімінен ерте ай туған бала), өзбек: боғлик (байлаулы), бузуқ (бұзылған), сөнүк (сөнген), чуваш: пызык (бұзылған), хакас: полек (бөлек, бөлінген), якут: кэйиик (сүзеген) т. б. -қа, -ға тұлғасы қабырға, қақпа, қапқа тәрізді бірен-саран сөздер құрамында қалған. Қазіргі түркі тілдері құрамында қимыл есім жасайтын мұндай қосымша кездеспейді. Ал арқа тәрізді сөздер құрамындағы -қа барыс септік қосымшасы. -қан, -ған тұлғасы қорған, түрікше чалшқан тәрізді сөздер құрамында кездеседі. Бұл тұлғаны қазіргі солтүстік-батыс түркі тілдерінде қолданылатын -ған есімше тұлғасының көне сипаты. Бұл -ған есімшесінің әлі мезгілдік мән алып, есімше дәрежесіне жетпеген күйін танытады. Кейін ол тілдердің даму барысында мезгілдік мән алып (баяндауыш қызметінде жұмсалу барысында) етістіктің жақтық тұлғалары қатарына өтеді. Алғашқы сипатында етістік жеке сөздер құрамында негізгі сын есім мәнінде орнығып қалатын. Қазіргі якут тіліндегі етістік негізгі сын есімдердің үлкен тобын құрайды: ыарытычкн (ауру), ырычан (жүдеу), умнучан (ұмытшақ) т. б. Түрік тілінде бұл тұлғалас сөздер істің нәтижесін білдіретін сын есім ретінде қолданылады. Башқұрт тілінің зерттеушілері -ған тұлғалы сын есімдерді адъективация процесінің нәтижесі деп қарайды.56 -қын, -ғын тұлғасы генезистік жағынан -ған тұлғасының, 183
ал мағынасы жағынан сол тұлғаның варианты. Қазіргі түркі тілдерінде көбіңде сан есімдер, сонымен қатар зат есімдер құрамында кездеседі: қазақ: қашқын, түрік: қачқын, чуваш: чупқын, түрікмен: зақын, қазақ: ұшқын, әзірбайжан: дурғун, қазақ: бүрғын т. б. Аффикстің қысаң дауыстымен айтылуы соның көнелігінің белгісі. Қазіргі түркі тілдерінде осы қосымшаның есімше мәнінде қолданылу фактісі кездеспейді. -л(-ал) тұлғасы біраз тілдерде зат есімдер құрамында ұшырайды: қазақ: құрал, түрікмен: гурал, татар: қырал. -ым тұлғасы бірен-саран зат есімдер құрамында ұшырайды: қазақ: кесім, әзірбайжан: кәсим, қазақ: бөлім, әзірбайжан: болум т. б. -мыш тұлғасы зат есімдер құрамында кездеседі: қазақ: тұрмыс, татар: тырмыш, қазақ: жазмыш, татар: йазмыш, өзбек: утмиш (өткен) т. б. Алғашқы, бастапқы мәні — істің нәтижесі, бұл мәнде ол етіс және мезгіл мәнін білдіруге бейтарап болса керек. -ын тұлғасы сын есімдер мен зат есімдер құрамында кездеседі. Қазақ: келін, әзірбайжан: кәлин, қазақ: жиын, әзірбайжан йығын, түрік: бүтүн, қазақ: бүтін, қазақ: ағын, башқұрт: ағын, қазақ: бүтін, башқұрт: ботон, қазақ: жасырын, башқұрт: йәшерен, қазақ: сауын (сиыр), башқұрт: һауын, якут: амырын (қорқынышты, қатал), ңамын (жұмсақ) т. б. -ан, -ән сирек кездесетін уұлға: өткен (өт етістігінен), башқұрт: қысан (қысылған), сабан (шабан ат) -ар, -әр, -ыр, -ір біраз тілдерде сын есім мен зат есімдер құрамында айтылады: чуваш: хэзэр (тығу), әзірбайжан: ахар (ағатын су), йашар (жасайтын, жасалған), башқұрт: исәр, қазақ: есер, башқұрт: ужар, қазақ: ожар (кісі) т. б. Мәні жағынан келер шақ есімшесі -ар тұлғасына жақын, орайлас мән береді. -ты, -ті, -ыт, -іт, -т тұлға бөгет, жарасты тәрізді сөздер құрамында ғана кездеседі. Бірсыпыра сөздер құрамында күрделенген -нты түрі айтылады: тастанды. Бұл жердегі н, сірә, етіс қосымшасы болса керек. -тық, -дық тұлғасы қазақ тіліндегі қалдық, татар тіліндегі қалдық, башқүрт тіліндегі табылдық (табылған зат), түрік тіліндегі білдік (таныс) тәрізді бірен-саран сөздер құрамында қалған. -дық аффиксімен келген сөздер негізінен зат есімдер құрамында кездеседі. Олар істің, әрекеттің нәтижесі ретінде танылып, сол нәтиженің атауы ретінде орныққан. -ыш, -ыс, -іш. Бұл тұлға қазақ тіліндегі батыс, шығыс, жатыс тәрізді сөздер құрамында, башқұрт тіліндегі белеш (біліс), борош (бұталған), салыш (қисық), таныш (таныс), йуаш (жуас), ығыш (ығысқан, жайласқан) тәрізді сөздер, қыр184
ғыз тілінде батыш (батқам), әзірбайжан тілінде бүкүж (бүкір, бүкірейген) сөздер құрамында сақталып қалған. Түркі тілдері тарихын зерттеушілер бұл аффиксті генезистік жағынан оғыз тілдердегі өткен шақ есімшесі -мыш тұлғасымен байланыстырылады. Бұл көрсетілген тұлғалардың барлығы есім сөз таптарының құрамына (зат есімдер мен сын есімдер) ауысып, солардың арасында тұрақталып қалғандар. Мезгіл, шақ мәніне бейтарап қалған мұндай тұлғаларды түркологияда есімшелерден ерекшелеп, қимыл есімдері деп атайды. Жоғарыда көрсетілген тұлғалар солардың қатарына жатады. Көне дәуірлерде, түркі тілдерінің қалыптасу кезеңдерінде қимыл есім тұлғаларының біразы таза есімшелер мәніне ауысқан (не сондай грамматикалық мәндерге ие болған). Ондай процестің бірден-бір көрінісі сол, олар шақтық мән алып, оған қимыл мәнін қосып алған. Енді сондаи тұлғалардың басты-бастыларына тоқталайық. Осы шақ, келер шақ мәнін беретін есімшелер -ар, -ыр қазіргі түркі тілдерінің барлығында дерлік қолданылады. Қазақ тілінде -ыр тұлғасы үнемі болып тұратын істі, яғни осы шақты білдірсе, башқұрт тілін зерттеушілер гбұл тұлғаны келер шақ деп айқындайды57. -Ар тұлғасы қазақ тілінде келер шақ немесе ауыспалы осы шақ мәнін береді. Әзірбайжан тілінде -ар көбінесе келер шақты білдірсе, -ыр осы шақты білдіреді. -ыр қазақ тілінде осы шақты білдірудің еркін қолданылатын тәсілі емес, тек отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерінің құрамы«да ғана нақ осы шақ мәнін жасайды. Якут тілінде -ар, -ыыр тұлғалары семантикалық тұрғыдан мәндес, бір-бірінен ажырамайды. Айырмашылық: -ар қосымшасы дауыссыз дыбысқа біткен түбірлерге, -ыыр қосымшасы дауысты дыбысқа біткен түбірлерге жалғанады. Бірақ бұлар якут тілінде осы шақ, келер шақ және аяқталмаған өткен шақ есімдерін тудырады. -ан, -ән тұлғасы түрік, әзірбайжан, гагауз, түрікмен тілдерінде жиі қолданылады: әзірбайжан: йазан (жазатын, түрікмен: оқайан/оқитын), түрік: алан (алатын), гагауз: учан (ұшатын) т. б. Зерттеушілер бұл тұлғаны құрамды деп қарайды: -н бөлігі етістіктен қимыл есімін жасаған қосымша, ол шақ мәнін беретін -а(-е) қосымшасына күрделенген. Түркі тіліндегі осы шақ мәнін беретін -ан қосымшасы осылай қалыптасқан. Генезистік жағынан бұл тұлға -ын(-ін) қосымшасымен ұялас: жиынтерін т. б. Соңғы қосымша етістік түбірден қимыл есімін жасаған. Бар айырма: -ан құрамында шақ мәнін туғьі185
затын қосымша бар, ал екіншісінің құрамында ондай элемент жоқ. -ыһ қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде зат есімдер мен сын есімдер құрамында сақталып қалған қазақ: жиын, ағый, бүтін, қырғыз: озон (ұзын) т. б. -аджақ/-еджек оғыз тілдерінде қолдаиылатын, келер шақ мәнін беретін тұлға. Түрікмен, түрік, әзірбайжан т. б. тілдері бұл тұлғаны жиі қолданады. Якут тілінде бұған сәйкес тұлға -ьгах: барыах (баратын), ыытыах (жіберетін, жөнелетін) т. б. ӨТКЕН ШАҚ ЕСІМШЕЛЕРІ
-ған, -қан, -ген, -кен есімше тұлғасы қазақ, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, татар тілдерінде, сондай-ақ алтай, тува, шор, тофалар, хакас," өзбек, қырғыз тілдерінде бұрынғы өткен шақ мәнінде қолданады: қазақ: жазған, қырғыз: джазған, өзбек: йажған, татар: йазған, алтай: барған, шор: парған, ноғай: барған, хакас: чатхан т. б. Оғыз тілдерінде мұндай есімше тұлғасы айтылмайды. Орхон-Енисей жазбалары тілінде де мұндай қолданылмаған. Бұл жазбаларды оғыз тілдерінің ескерткіші дейтін пікірді дәлелдейтін белгінің бірі осы айырмашылық болса керек. -мыш, -міш, (-мыс, -міс) есімшелері оғыз тілдерінде бұ^рынғы өткен шақ мәнін береді, қыпшақ *г. б. тілдерде қолданылатын -қан тұлғасының эквиваленті. Орхон-Енисей жазбаларында да өткен шақ мәнінде осы тұлға қолданылған. Қыпшақ тілдерінде мұндай тұлға қолданылған ба? дейтін сұраққа айқын жауап беру қиын. Алайда, осыдан бұрын айтылғандай, қыпшақ тілдерінде осы тұлғада қалыптасып кеткен зат есімдер мен сын есімдер баршылық. Дегенмен, ондай сөздер құрамындағы -мыш тұлғасы есімшеден гөрі қимыл есімге жақын. Өйткені, ондай сөздер құрамындағы -мыш шақ мәнін беруде бейтарап тұлға ретінде көрінеді. Якут тілінде бұл тұлғаға -быт есімше тұлғасы айтылады, ол да осыған ұқсас грамматикалық мән туғызады. Алайда, якут тіліндегі -быт бұрынғы еткея шақ мәнінде де, айғақты өткен шақ мәнінде де қолданылады. Сонымен қатар, түр^кі тілдерінде жаңа дәуірлерде қалыптасып,' орныққан есімше тұлғалары бар. Ондай тұлғалар барлық түркі тілдерінде бірдей ортақ емес, кейдечтілдердің шағын тобына, кейде көрші орналасқан 2—3 тілге ортақ болса, кейде бір ғана тіл ерекшелігі байқалады. Сондай тұлғалардың бірі -атын. Бұл тұлға қазақ, қара186
қалпақ, алтай, өзбек, татар т. б. тілдерде ауыспалы шақ мәнінде қолданылады. Оның арғы түбі -а(ыы жақ көсемше)—тұрған (бар етістігінің өткен шақ есімше тұлғасы). Осы -а — тұрған тіркесінің фрнетикалық өзгерісі қазақ тілінде -атын, қарақалпақ тілінде -атыған, татар тілінде -атырған, алтай тілінде -атан, өзбек тілінде -адиган тұлғаларын туғызады. Ал құмық, чуваш, хакас тілдерінде осы мәнде -аған тұлғасы қалыптасқан. Оның арғы негізі -а (көсемше) -ған (есімше): құмық: алаған (алушы, алатын), хакас: парпған (баратын, барушы), чуваш: пареған (жүретін, жүруші). КӨСЕМШЕЛЕР
Көсемшелер — етістіктің тікелей жіктелмейтш тұлғалары. Олардың екінші бір ерекшелігі — көсемшелер белгілі бір шақты білдірмейді, екіншісі сөзбен айтқанда, олардың семантикасы шақты білдіру емес, бірақ олар белгілі бір шақтық мәнмен астасып, ыңғайласып отыратын қимылды білдіреді, өзінен бұрынғы, өзімен мезгілдес, өзінен кейінгі іспен астасып, айтылу арқылы сол қимылдың мезгілін айқындайды. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілердің ойынша, түркі негіз тілінде көсемшелер бүгінгі тілдердегідей көп түрлі болмаған. Олай балса, бүгінгі түркі тілдерінде айтылатын көсемше тұлғаларының барлығы бірдей байырғы тұлғалар емес, олардың біразы тілдердің даму барысында әр түрлі тілдік өзгерістердің нәтижесінде қалыптасқан. -а, -е тұлғалары көсемшелер етістік баяндауыш білдіретін қимылмен бір мезгілде, бір мезетте болатын қимылды білдіреді де, сөйлем құрамында соның (етістік баяндауыштың) анықтаушысы болады. Бұл тұлға кейбір тілдерде -йа, -йу, -йы, -йо, -й түрінде көрінеді. Көне түркі: йете, тутуну, башқұрт: һорай (сұрай-сұрай),-қарайым: сөзлей (сөйлей-сөйлей), қарашай-балқар: қарай, татар: башный; (бастай, бастай берді); кене түркі: өлү, орта түрік: сақлайу (сақтай) т. б. -йа, -йу, -йы варианттары көне түркі тілінде еркін қолданылғанмен, тілдердің жаңа кезеңдерінде олар қолданыстан ығыса бастағаны байқалады. Түркі тілдерінің жаңа дәуірінде -а мен -й тұлғалары бірігіп, біртұтастыққа айналған. Сөйлей-сөйлей тәрізді етістіктер (немесе үстеулер) құрамынан сол біртұтастықты көреміз. Қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысында да -й дербес қолданылатын қосымша есебінде көрінбейді. Көне түркі тілін187
де бұл қосымша тій (ін) тәрізді бірен-саран сөздер құрамында айтылады. Көне түркі тіліндегі -а, -ы, -й, -у (йу) тұлғаларын дербес тұлғалар деп тану қиын. Жазба тілін зерттеушілер бұл мәселе туралы әр тұрлі пікірде. П. М. Мелиоранскийдің бұларды өзара жақын, мәндес тұлғалар болғанмен, бір тұлғаның варианттары емес деп қарағаны белгілі. В. Т. Кондратьев бұлардың барлығын бір тұлғаның варианттары деп есептейді. Қалай дегенмен, бұлардың ішінен тұрақталып қалғандары тек -а тұлғасы, оның варианты -е ғана. Сондықтан тұлға біреу де, қалғандары соның варианттары дейтін пікір орынды. Тіл құрамында «өліге» айналатын элементтер не лексикалық, не грамматикалық дербестігі жоқ тәсіддер екені белгілі. Қазіргі түркі тілдерінде бұл тұлға актив қолданылмайтын тілдік тәсілдердің қатарына жатады. Өйткені, ол әрі сирек кездеседі, әрі кез келген етістікке жалғана бермейді. Етістіктердің белгілі бір тобының құрамында ғана кездеседі. Якут „тілінде бұл тұлға -а/-ыы түрінде айтылады да, етістік баяндауыш білдіретін негізгі қимылға қосарлас, бір мезгілде болған іс-әрекетті білдіріп, сапалық анықтауыш қызметін атқарады. Яғни, қызметі жағынан жалпы түркі тілдеріндегі сипаттан ауытқымайды. -П тұлғасы — көне тілдерде де, жаңа тілдерде де қолданылатын актив тұлға. Негізгі мәні — етістік баяндауыштың қимылға дейінгі немесе бір мезгілде болған әрекетін білдіреді. Көне түркі тілінде бұл тұлға -пан, -пен (ыбар) -ыбен) түрінде қолданылған. Қазіргі түркі тілдерінде негізінен -п/-ып, -іп сипатында қолданылады. Дегенмен, кейбір тілдерде бұл тұлғаның өзгеше варианттары ұшырасады. Олар мына төмендегідей:1 әзірбайжан тілінің жеке говорларында -ыф, -уф түрінде айтылса, түрікмен диалектілерінде -ыв, -ов, -ув варианттары кездеседі. Сары ұйғыр тілінде -у, -в түрінде, яғни соңғы дауыссыз дыбыс айтылмайды. Құмық, салар тілдерінде, яғни өзбек тілінің жеке говорларында соңғы дауыссыз дыбыс қолданылмайды. Якут тілінде де мұндай тұлға жоқ, басқа түркі тілдерінде -п тұлғасы атқаратын қызмет пен мән -ан тұлғасымен беріледі. Көне түркі тілдерінде -п көсемшесінің ілік, жатыс, шығыс септік тұлғаларымен және көптік жалғауымен айтылу фактісі бар. Ескі түркі тілінде: болубдан (болып, болғандықтан) -шығыс септік, бақубаның (бағып, қарап) -ілік септік т. б. Мұндай өзгерістер қазіргі түркі тілдерінде де ұшырасады, әзірбайжан тілі диалектілерінде верібен (беріп), алыбан (алып), ғызарыфдан (қызарып, қызар188
ғандықтан), қарайым: көруплер (көріп), әшітіпілер (есітіп) т. б. -ғалы, -қалы, -ғалы -қанлы тұлғасы якут, чуваш тілдерінен басқа барлық түркі тілдерінде қолданылады. Осындай көсемше тұлғасы көне түркі тілдерінде де қолданыс тапқан. Көне түркі: кечкелі, көргелі, қазақ, қарақалпақ: келгелі, алтай, хакас: келгелі; түрік, түрікмен: гелгелі; қарашай-балқар: келгенлі, қырғыз: келгені, келгелі, құмық: гелгенлі, гелгеллі, ноғай: келгенлі т. б. Тува тілінде -қала, -ғала, -ала түрінде ашық дауыстымен айтылады: кіргеле (кіргелі). -ғалы тұлғасының қалыптасу жолы былай түсіндіріліп жүр: келгенліктен бері, келгеніліден бері, келгенлі бері. Щылаудың тікелей қолданылуы кейде міндетті болмай қалады. Сондықтан қазақ тілінде келгелі, көрген жоқ тәрізді қолданыс норма ретінде тұрақтап қалған. Сонымен түркі тілдерінің көпшілігінде мәндес қолданылатын -ғалы, -қалы көсемшесінің жалпы сипаты осындай. Қазақ тілінде -ғалы мақсат мәнінде қолданылады. Осындай қолданыс көне түркі тіліне тән: сүсі ебіг барқығ йулғалы барды — әскері үйді, дүниені талағалы барды. Бұл тұлғаның мұндай қолданысы қазіргі түркі тілдерінің барлығына ортақ. Ұйғыр: алғылы кедцім — алғалы келдім, қырғыз; алғаны келдім, өзбек: олғани келдим, якут тілінде бұл тұлға -аары түрінде айтылады: бараары (барғалы) көрөөрү (көргелі). Алтай тілінде бұл мәнді (мақсат мәніне) -арға (-ар, -ға) тұлғасы қолданылады. -ғалы -қүранды, -ға қимыл есім, -лы сын есім жасайтын аффикс. -Ғач, -ғас, -ғаш, -аат бірсыпыра қыпшақ (татар, башқұрт), ұйғыр, якут, тува, алтай т. б. тілдерде қолданылады. Ол тілдерде бұл тұлға негізгі қимылдан сәл ертерек болған қимылды білдіреді. Татар: байығаш қиыш байығаш (күн батқан соң, күн батқанда), өзбек: кетгәч, тоң оқирғач кушлар сайрай башлайды (түн кетіп, таң атқан соң құстар сайрай бастайды), башқұрт: алғас (алған соң, алысымен), якут: бараат (барысымен, барған соң) т. б. Оғыз тілдерінде, кейбір қыпшақ тілдерінде -арақ, -әрек, әк тұлғасы қолданылады: татар: кирәрәк (кетіп, кете бер), әзірбайжан: охуйараг (оқыт), түрік: дуйарақ (сезіп) т. б. Өзбек тілінде бұл түлға етістікке жалғанып, қарқынның бәсеңдеуін, қимыл-әрекеттің пәстігін білдіреді. Кейбір зерттеушілер көсемшелер тобына жоғарыда айтылғандардан басқа, -ғаніііа, -ғанча (булардың варианты -ғынча, ғинчә), әзірбайжан тіліндегі -дыкча, -дикче тұлғаларын жатқызады. Алайда, қазақ тіліндегі -ғанша көсемшеден гөрі үстеуге жақын, ол үстеу қызметіне қолданылып, 189
соған тән мән-мағыналарды туғызады, -ғанда тұлғасы да жатыс септік тұлғасында қалыптасқан үстеу. Сонымен -а, -е, -һ тұлғаларын түркі тілдерінің көне, жаңа дәуірлерінің бәрінде қолданылған және қолданылатын ортақ байырғы көсемше тұлғалары деп қарау керек.
СІЛТЕМЕ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1. Б. Я. Владимерцев и Н. Н. Поппе. Из области вокализма монгольско и турецкаго праязыка. ДАН-В, 1924. 2. Е. Д. Поливанов. Узбекская диалектология и узбекский литературный язык. Ташкент, 1933, стр. 17. 3. Н. А. Баскаков. Диалект кумандинцев. М., 1922. 4. 9, 19, 20, 31, 32. Ж. Киекбаев. Башқүрт тілінің фонетикасы. Уфа. 1958. 5. Л. 3. Заляй. Развитие татарской диалектологии в советский период —«Материалы по диалектологии». Казань, 1955. 6. 21, 23, 25, 28, 30. A. M. Щербак. Сравнительная фонетика тюркских языков. Л., 1970. 7. 8. И. А. Батманов. Фонетическая система современного кризсного языка. М., 1946, стр. 45, 50. 10. 12, 18, 27, 40. В. Г. Егоров. Современный чувашский язык, 1971, стр. 130—131. 11. Башкирско-русский словарь. М., 1958, стр. 747. 13. Ф. Г. Исхахоө. О некоторых фонемах татарского языка.— Ст. «Исследования по сравнительной фонетике тюркских языков» М., 1955. 14. A. H. Кононое. Грамматика современного турецкого литературного языка. М., 1956, стр. 25. 15. 17, 18. Э. Р. Теншиев. Строй саларского языка. М., 1976, стр. 46—60.
190
22. 36. Б. А. Серебренников. О некоторых спорных вопросах сравнительно-исторической фонетики тюркских языков.—«Вопросы языкознания», 1960, № 4. 24. 46. Исследования по сравнительной фонетике тюрских языков., М., 1955, стр. 270. 26. 29. Э. В. Севортян. Фонетика турецкого литературного языка. М., 1951, стр. 65. 33. С. Исаев. Еще раз об именителыюм падеже (атау септік).— «Известия АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения», 1979. стр. 4. 34. 48. 5. А. Богородицкий. Введение в татарское языкознание в связи с другими тюркскими языками. Казань, 1953. 35. Д. Киекбаев. Программа курса «Историческая грамматика баш-> кирского и татарского языков». Казань, 1967. 37. С. Исаев. Қазақ әдеби тілінің совет дәуірінде дамуы. А., 1973 122—138-6. 38. 39. Б. А. Серебренников. О некоторых приемах восстановления арханических черт грамматического строя языка. М., 1965, стр. 4. 41. Ғ. Айдаров, Ә. Қүрманжанов, М. Томанов. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1971. 42. Н. К. Дмитриев. Грамматика башкирского языка. М., 1957, стр. 85. 43. 44. 5. А. Серебренников, Н. 3. Гаджиева. Сравнительно-историческая грамматика. М., 1960. 45. Ә. Қүрышжанов, М. Томанов. Орхон-Енисей ескерткіштерініц зерттеу тарихы мен грамматикалық очерктер. А., 1966. 47. А. А. Тогебня. Закон по русской грамматике М., 1958, стр. 84. 49. К. М. Мусаев. Грамматика караимского языка М., 1964. стр. 265. 50. Л. А. Покровская. Грамматика гагаузского языка. М., 1970, стр. 177. 51. Е. Ж. Корина. Наклонение глагола в якутском языке. М., 1970, стр. 28. 52. М. Ш. Раеимов. История формирования накЛонений глагола в азфбайджанском языке. А., 1971, стр. 6. 53. 56, 57. Грамматика современного башкирского литературного языка. М., 1981, стр. 274. 54. ■ А. П. Поцелуевский. Избранные труды. Ашхабад, 1975. 55. Грамматика современного якутского языка. М., 1982, стр. 306. 58. A. A. Кононов. Грамматика современного узбекского литературного языка. М., 1960; Л. Н. Харитонов. Залоговые формы глагола в якутском языке А., 1963; А. К. Калыбаева. Категория залога в современном казахском языке. АКД, 1949. 59. И. В. Кармушин. Категория глагола в алтайских языках. АДК. А., 1968. 60. Д. М. Насилов. К истории вспомогательных глаголов в тюркских языках.—«Тюркологические исследования» М., 1976. 61. Тюркологические исследования. М., 1976, стр. 161.
МАЗМҰНЫ Ллғы сөз « '.!'.' ^ / тарау. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Тұркі тілдерінің негізгі жұйелік ерекшеліктері 7 // тарау. Тұркі тілдерінің салыстырмалы морфалогиясы. Туркі тілдерінің морфалогиялық құрылысыиын ерекшеліктері . . . 80 Сілтеме әдебиеттер тізімі 190
Мархабат ТОМАНОВ СРАВНИТЕЛЬНАЯ ГРАММАТИКА ТЮРКСКИХ
языков Учебное пособие (На казахском языке) Редакторы Ж. Махмұтова Көркемдеуші редакторы Ө. Тілеулиев Техникалық редакторы Ф. Овчинникова
ИБ № 4 Теруге 30.12.91. жіберілді. Басуға 25.09.92. қол қойылды. Пішімі 84X108 /зг. Жогары офсет. Газеттік қағаз.. Шартты баспа табағы 11,16. Ессптік баспа табағы 11,2. Таралымы 3630 дана. Тапсырыс 3732. Багасы 18 с. Қазақстан Республикасы Білім университеті» баспасы, 480012, тар көшесі, 65 «а»-үй.
беру министрлігінің «Қазақ Алматы қаласы, Космонав-
Қазақстан Республикасы Баспасөз және бүқаралық аміарат министрлігінің «КІТАП» полиграфиялык кәсіпорындары өндірістік бірлестігінің Кітап фабрикасы, 480124, Алматы қаласы, Гагарин, данғылы, 93-үй.