БАКЫТКЕРЕЙ ЫСҚАҚ
ХАНТАЛАПАЙ (Қазаң балаларының үлттыц асыҚ ойыны)
АлматЫ «Айқап» 1993
ББК 75.5 Ы 19 Ы 19 Ханталапай: Үлттық ойын.— Алматы: «Айқап» баспасы, 1993.^— 16 б. І5ВЫ 5-7667-0356-2 Халықтыц улттық овындары — *#п с/алалы, көп қырлы күбылыс, алттык, мұранын ' ба* ► қізійнчрыңьія; 'бірі. Олар коніл котерудій, овын-сауыктыі*, •' д*не тәрвиесТ дамуынык. ептілік, күш-қайрат түрлерініц калыптасып, жетілуіне ғасырлар бойы нгілікті әсер етіп келеді. Тек ойындық сала ғана емес, тэрбиелік ыәнде. бірлік пеи ынтыиақжолын-дамытуда да ойын түрлерініц ыацызы эор. Халык ойындарыныц бір саласы — асық ойындары — ауыл балаларыныц сүйікті алданыштарына жатады. КІтапшада асык оАындарыныц ел арасына көп тараған түрлеріие талдау жасалып, ойнау әдістері айтылады.
І5ВМ 5-7667-0356-2 ы
4204000000-002 00(05)—93
_
© «Айқап» баспасы, 1993
АСЫҚ
Ат ойындары, мереке сән-салтанаттары, той, ойын-сауық шашулары, дойбы, тоғызқұмалақ секілді қазақ халқының ұлттық көп ойынының бірі — Асық ойыны. Асық ойыны үйде, далада, алаңдарда ойналады. Асық оинап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамдырақ болып келеді. Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңіріпен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты 'кез келген жерге тастай салсаң, үйірсең не тұрық тұрады, не жатады ғой. Тұрса — не алшы, не тәйке, не омпы, не шоңқы тұрады да, жатса — не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырьшдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады. Асықты жақ-жаққа бөлініп те, екі бала да ойнай береді. Екеуден — алтауға дейінгі балалар ойынды тез бітіреді және қызғылықты болады. Балалар тым көп болса, дау көбейіп, ойын мәнін жоғалтады. АСЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ Асық түрлері сақа, кеней болып бөлінеді. Сақаға қошқар, ісек қой асықтарының ірі оңқайы алынады. Кеней деген — қой-ешкі, киік, қо3
зы-лақ асықтарының жалпы аты. Асықты тәйкесінен тұрғызып,, өзіңе қаратып қойғаңда, ұшы оң жаққа қарапЧүрса —оңқай, солғд .хщэаті тұроа — солақай асық деп аталады. Сақаның түрлері көп. «Арқар сақа»— (арқардың асығн немесе «зсұлжа» деп те атайды). «Айналсоқ» немесе «орама» сақа (бүгі мен шігін айналдыра қорғасын белбеу кұяды, ол сақа алшы мен тәйке ғана түседГ). «Жымпит» сақа (асңқты екі жағын жұқалап егеп тастайды, көздегенде жер жалатып тигізуге оңай, ал карсыласың мұндай сақаға оңайшылықпен тигізе алмайды). «Тәйпек» сақа (асықтың не алшы не тәйке жағының бүрі егеліп, тегістелген сака. Алшы жағын егесе, тәйке тұрғыш, тәйке жағын егесе, алшы тұрғышболады). --Корғасын» сақа (асық салмақты, ұшқыр бо4
лып, дәл тиюі үшін түрлі әдістермен жан-жағын куыстап тесіп, қорғасын құйған еақа). Қорғасын кұю тәсілдері" де әр түрлі, омтіы ясағынан не тәйкесін, не алшы ж.ағын үңгіп құю. Кей жерде тәйке жағынан тіліп қорғасын құйған сақаны (Мұстафа) деп атайды. Не осы тәсілмен шігі-' нен үңғіп құйған қорғасынды өзіне керек жағына аудара, қисайтып құю. Әр ойынның түрлеріне қарай жеке-жеке сақа-. лары болады. Сақаның тұмсығын өзіңе қаратып, тәйке жағынан бармағыңмен алшы жағынан сұк саусағыцмен кысып ұстап, үйіріп атасың, не шиырып тастайсың. Саканы кейде қаржиды. Қаржу деген — сақаны екі алақанның арасына салып, не қара санның үстіне койып, оң алақаныңмен жіп шираткандай ысып қалып жерге тастап жіберу. Сақа соғыстыру — ойын бастау кезепне йе болу үшін балалар бар сақаны жиып алып, төмен шашып тастайды. Немесе кезек-кезек үйіреді. Қім5
нін сақасы бірінші түрық т^рса, кезек қоныкі. Егер екі сақа бірдей тұрса, екеуін қайта тастайды. (Оны сақа соғыстыру деп атайды). Қай тұрғаны — бірінші, тұрмағаны екінші болады. Асық жабайлату деп ішінде бір сақасы бар кенейлерді жиып алып, уыстап шашып тастауды атайды. Иесі сақасынен жұптас жатқан кенейлерді үлесіне қосып алады. Сақасы басқа асықтардан жекедара (алшы, не тәйке, не бүк, не шік) түссе, ойын келесі кезектегі қарсыласқа жылжиды. Асық бояу — сақа, кенейлер сәнді болу үшін жүн бояп жатқанда, ішіне салып, әр түске бояп алады. АСЫҚ ОЯЫНДАРЫ: 1. ХАН —екі баладан бес-алты балаға дейін (алаша не сырмақ төселген тегіс жерде) ойнай алады. Әр бала келісім бойынша, бірнеше кенейін ортаға қосады. Қөбіне, қырық, ханмен қырық бір асық алзды. Бір асықты (түрі қызыл болса, тіпті жақсы) ішінен «хан» етіп сайлайды. Ол асық қосқан кенейлер санына қосылмайды. Асық иіріп немесе санамақ арқылы бірінші ату кезегіне ие болған бала асықтарды қос уыстап алып.араластырып, шашып жібереді. Ойыншылар бірден «ханның» қалай түскеніне қарайды. «Хан» алшы тұрса, <кей өцірлерде «ханның» омпы тұруы шарт) таласа-тармаса жаппай қарманып, мол үлес алып қалу үшін, асықтарды бас салады. Балалардың жинаған ұпайы, алып үлгерген асығынын санына қарай еГсептеледі. Бас салған кезде «Ханталапай» деп айтуды ұмытпау керек. «Хан» тәйке тұрса, тәйке тұрған асықпен, бүгімен жатса — бүгі, шігімен жатса, шігімен жатқан 6
асықпен атып алынады. Атқанда сұқ қолдыа оасымен, сүйретпей, ақырындап ішке итеріп, не еыртқа піертіп ткгізу керек. Егер «Ханды» басқа түсітес асықтар қоршап жатса, онда оны сондай жұп асыққа бармақты түкірікпен дымқылдап сулап басып, көтеріп әкеп үстінен тастау керек. Бұл тәсілді«Ханды» атьгп алғаннан кейін бір асықты екіншісімен атып алу үшін басқа жұптарға да қолдануга болады; Бірдей жұптарды біріне-бірі атып тигізгенде, ойыншы оның біреуін ғана иемденеді. Тигізе алмай қалғаңда, не көздеген асыққа тимей, басқа асыққа тигенде, ойыншы жеңіліп, кезегін қарсыласына береді. Қарсыласы асықты шашып тастағанда, асықтар үймелеп қалса, не болмаса бір асықтың үстінде бір асық жатып қалса, ойыншы «Қимыл» деп жафиялап, кезегін екінші ойыншыға береді. «Хан» омпы тұрса, оны кез келген асықтың түрімеи атып алады, ал басқа асық омпы тұрса, бұрын көрген ойыншы «омпы» деа сүйіп алады да, өз үлесіне қосады. 7
Бұл сйынның ішінде «Көк шолак» деген ойын қосымшасы бар. (Кей өңфлерде «ала тайым» дейді.)*Егер карсылас бала бір ғана асык атып алса, кезегің екінші балаға бергенде, «Көк шолағым» деп, атып алған асығын топ асыктың ішіне косып жібереді. Екінші баланың атқалы тұрған оңтайлы асығын, «Мынау менің «Көк шолағым» деп алып қоюға еркі бар. Бұл әрекет қарсыласқа бөгет жасау үшін, және өзіне қолайлылық туғызу.үшін Колланылады. Және үш асық катар не бүк, не шік жатса, не тәйке, не алшы тұрып қалса, осы ортадағы асықты мынау менін «Көк шолағым» деп алып қояды. Үньтөрт асық алғаннан кейін «Көк шолақ» күщін жояды. «Ханның» жатысына қарай бірге, екіге деп басу Пар. Бірге басса, бір асық атып алғаннан кейін «хан» алдындагы қолайсыз бір асықты, екіғе десе, екі асық атканнзн ксйін элгіндей қолайсыз асықты алады. «Бірге басгым» деп, ханға тигізе алмаса, 8
борышкер болып келесі жолғы алған асығынан салады. «Хан> ойынынын екінші түрі бар. Онда асықтарды тек «Ханмен» ғана атады. «Хан» »алшы тұрса, «Ханталапай» болмайды. Қезек алған*бала асықтарды жиып алып, кайтара Шашып отырады. Кім көп асық алса, санына қарай ұпай үлесі көп болады. «Ханталапай» бйынын екі бала ойнаса, «ханды» иіріп немесе «қаржып» тастайды. Қімнін «ханы» бірінші тұрса, ойынды сол бала бастайды. «Хан.» көп бала ойнаса, ойын бастайтын бала санамақ айту аркылы анықталады. %. КИІМАЛҒЫШ. Бұл ойынды көбінесе екі бала ойнайды. Көп бала ойнаса, ұткызған киімдерін не заттарын ортаға салады. Бірінші кезек'алған бала (асық иІріп не санамақта жеңген) уысындағы үш не төрт асықты жабайлатып шашып тастайды. Асықтар бірыңғай не бүк, не тәйке, не алшы, шік
түссе, қарсыласы үстіндегі бір киімін шешіп беруі керек. Асықты иіріп отырған бала, иірген асықтары әртүрлі ынғайда түскенше, жабайлата береді. Біреуі басқа қалыпта түссе болды, кезек қарсыласына тиеді. Ұтылған балалар ойын соңында ән салып, күй тартып, жұмбақ айту арқылы ұтқызған заттарын қайтарып алады. 3. БЕСТАС. Бұл ойынға екі-үш бала қатыса алады. Ойын бес асықпен ойналады. Кей өңірлерде бармақ басындай жұмыр бес таспен ойнайды. Тықырлау алаша не басқа төсеніш үстіне жақсы ойналады. Қезек алған бала бес асықты шашып тастап, ішінен біреуін алады да, бір асықты жерден іліп үлгеріп, жоғары ыршытқан асықты қағып алуы керек. Қағып алған асығын бөлек қояды да, әлгіндегі тәсілмен жердегі екінші асықты іледі. Қалған асықтарды да осылайща іліп алып, жинап қояды? Екінші айналымда екіден жиып үлгеру керек, үшіншіде — үшеуден, қалған бір асықты жеке төртіншіде — төртеуін бірдей алу шарт. Бесіншіде бес асықты алақанға ұстап, / жоғары серпіп жіберіп қақшып алу керек. Одан кейінгі айналымдар күрделене береді. «Әби ауыз» деп аталатын бесінші түрінде бармак пен сұқ саусақты жерге тіреп: асықтарды қол сыртынан орап тастайды, соның ашылған арасынан жерде жатқан асықтарды кезегімен қақпақылдап өткізіп жіберіп, жоғарғы атқан асығын қағып алып отырады. Мұнда да ойыншы асықтарды саусағының ұшымен әуелі бір-бірден, одан кейін екіден, үштен, төрттен өткізу шарт. Соңында қағып алған асығында өткізіпжібереді.ІЗоңғы шёшуші онында бес-'асықты алдымев алақанға салып, бесеуін бірдей ыршытып қолдың сыртына түсіреді де, қайтадан алақанымен қағып алады. Мұны «қол сырт» дейді. Айналымдарда асыктарын Ю
дұрыс жинай алмағандар, немесе түсіріп алғандар, сол айналымда қалып, кезегі келгенде сол айналымын жалғастырады. Жаңылмай, мүдірмей межеге жеткен бала жеңімпаз атаныл, басқа балаларды қалып қойған айналымына қарай жазалайды. Жазаның түрлері: Бір тасты қақпақылдап отырып, жеңілген баланың қолының сыртынан жаза алады. Қашан қақпақылдаған тасы түскенше жазалай береді де, тасы түскенде келесі жазаға ауысады. Жазаның түрлері: сипау, шымшып алу, тоқпақ, тырнап алды, күлді үрлеу, т. б. Бірден онға дейін алақанға шерту, сұқ қол ен: қатты шертетін саусақ болғандықтан, шертуге қарсыластың жас шамасына қарай «ортан саусақ», «аты жоқ қол», «шынашак» пайдаланылуы да мүмкін. 4. АРҚАЛАМПАИ немесе АРҚАЛАСПАҚ. Бұл — екі бала сыртта ойнайтын ойын. Екеуі әуелі сақаларын үйіріп не соғыстырып, қайсысынікі бі-
11
рінші тұрса, әуелгі кезекті сонысы алады. Сақасы тұрмаған бала екі-үш адым жерге сақасын тастайт ды. Кезек алған бала көздеп, оның сақасына тигізсе, қарсыласы жеңімпазды атқан сақасының жатқан жеріне дейін арқалап апарады. Қашан тигізе алмай мүлт кеткенше, женімпаз қарсыласына ату кезегін бермей, ойынды жалғастыра береді. Егер оның сақасы тиген кезде, қарсыдасының сақасы алшы тұрып қалса, қарсыласы бәрібір жеңімпазды тиісті жеріне арқалап барады. Содан соң ғана кезегіне ие болады. Бұдан соң да жеңімпаздың асыгы тимей, мүлт кеткен жағдайда да сака соғыстырыл.ып, ойын қайта басталады. Ойын үстінде арқадағы баланың «Шу, жануар»», «Қөкшолағым», «Қара жорғам» деп, әжуалап отыруы мүмкін. 5. ТӘИҚЕ. Бұл ойынға екіден бес-алты балаға дейін қатыса алады. Ойын үшсн тақыр, тегіс жер таңдап алынады. Алаңға түзу сызық сызылып, о'йыншылар келісім бойынша бір-бір немесеекі-екі кенейден шығарып, сол сызықтың бойына араларына бір-екі елідей жер қалдырып, тәйкесінен тізіп қояды. Сақаларын еоғыстырып, кезек ретін алғандар үш адымдай жерден сызылған сызықтың сыртына қарай кеней тұрған-жерден сақасын шиырып, тастайды. Тәйке түссе, келесі баланың сақасын шиыруын күтпей, кенейді көздеп атуга құкы бар. Қенейге тигенде, тәйке-түссе, барлық тігулі асықты атпай-ақ жиып алады. Алшы тұрса — түпте кезекте тұрған бала оны атып, ойыннан шығартады да, ойын әрмен карай жалғасады. Тастаған баланың сақасы алшы тұрса, қалғаң балалар оның сақасын атады, тигізсе — алшы тұрған сақа ойыннан шығады Ал атқан баланың сақасы тиіп, тәйке түссе, ол да кенейді атады. Тигізсе —үлесін алып, қайтара сақасын тастайды. Алшы да, тәйке де тұрмаса> 12
ойыншылар меже сызықтан кезек бойынша кенейлерді көздеп атады, тисе шарт бойынша, асық ұтады.- Сызықтан аттап кеткен бала атып тигізген кенейін ала алмайды, айып есебінде және бір кеней қосуына болады. Атқан бала мүлт кеткенше кенейлерді көздеп ата береді. Бұд ойынның күші сақаның тәйке түсуімен ұтымды. Сол үшін ойынға тәйке тұрғыш қорғасын,сақа қосады.. 6. ШЫҚЕТЕР. Бұл ойынның тәйкеден айырмасы, белгіленген сызықтан тізілген кенейлерді шартты кезекпен бір-бірдең атып шығады. Тигізіп құлатқан бала кенейін алады. Тигізе алмағандар соңын күтеді. Барлық бала атып болғаннан кейін алқақотан жиылып, бірінші кезектегі балатізілген асықтардың біреуіне тигізсе, кенейлерді уыстап алып, ішіне сақасын қосып, жерге шашып тастайды. Оны «жабайлату» дейді. Сақасы қалай жатса, соған жұптас түскен асықтар соның еншісіне тиеді. Балалар осылайша кезекңен жабайлатып отырады. Ойыншылар әу баста келіссе ғана атуға немесе жабайлатуға басқа Сақа қосуға болады. Болмаса, бір-ақ, сақа пайдаланылады. , 7. ІІІЫР. Бұл ойынға да екіден төрт-беске дейін бала-қатыса алады. Деңгөлек еызық сызып (аумағы екі-үш қарыс) ішіне әр бала бірден, не екіден біріктіріп, (бірінің үстінен бірін емес) топтастырып, асықтарын тігіп қояды. Оны «Шыр> дейді. Оиыншылар сақаларын соғыстырып, кезектерін алады. Бірінші бала сақасын ешкіи көздей алмайтындай тасалау, ойііаттау жерге адысырақ тастайды. Екінші баланың да, басқасының да солай тастауына болады. Оны «жаттым» дейді. Бірақ тастаған сақа а*уға ыңғайлы жатса, кезектегі түптегі қарсылас квздеп атуға кұкы бар. Тигізсе «өлді» дейді. «Өлгеіа» сақаның иесі келесі кезекке дейін ойыннан шыФйды. Алдыңғы баланың одан да әрі маңында жат13
Кан сакаларды атып «өлтіруге» еркі бар. Болмаса, бір сақаны «өлтіргеннен» кейін, сол жерден «шырды» атып бұзады. Сақасының жұбына қарай кұлаған асықтарды жиып алып, енді біртіндеп кенейлерді атады. Жұп түссе — ұтысын алып, ойынды жалғастыра береді. Бөлек түссе, сол жатқан жерінде жатады. Егер сақасы кенейлермен жұп түспей-ақ алшы түссе, ойыншының қайта атуына болады. Тәйке түссе, алыстау басқа жаққа «жатуға» болады. Бұл заңдылық сақаны сақа көздегенде де сақталады. Тимей кетіп, бүгінен не шігінен түссе, сол жерде жатады. Қарсылас ойынша кезегін алғанда, оны оп-оңай «өлтіре» салады. Бұл ойында сақаны атып «өлтіріп» не «шыр» бұзып, жұп асықтарды көбірек ұтып, көбірек ұпай жинаған ойыншылар жеңімпаз деп танылады. «Шыр» түбінде ең соңғы баланың сақасы ғана жата алады. Оның пайдасы, қарсыластар сақаларын атып, ұзап кетеді де, «шырға» тигізе алмай Халады. Кезегі келгеңде,' қалауынша «шырды» бұзып, жұп-асықтарды жиып алады. Ыңғайлы кенейді жақын жатқан сақаға қарай атып жақындап, кенеймен жұп түссе, оның сақасын «өлтіруге» болады. «Шырды» бұзып, бар кенейді ұтқан бала жеңімпаз атанып, ойынды басындағыдай қайта жалғастырады. Кенейі біткендер ойыннан .үтылып шығып қалады. Қелесі ойында көп ұпай алған бала бірінші болады. 8. БЕСТАБАН. Кей аймақта (үш табан, ұш қарыс) деп атайды. Бұл — кезінде үлкен .бозбалалардың өзі ауыл-ауыл боп топаймен ойнаған ұлттық ойын. Қазір асықпен ойнауға болады. Асықтарын араларына сүйем не қарыс жер қалдырып, бір сызықтың бойына тізіп қою керек. Екі жағынан бес табан жер өлшеп, кеней тұрған орыннан косар сызық сызылады. Екі жаққа бәлінген балалар бес 14
метр жерден тұрған асыктарды кезекпен аткылайды. Шарты — тигізіп құлату ғана емес, бес табан жердегі сызықтан кенейді шығара білу. Сол үшін қорғасынды ауыр сақалар қолданылады. Оларды судың бетіне тас жалатқандай лақтырады. Бұл ойын үшін дәлдік, мергендік керек. Ұтқандар ұпай санын жиып, мәреге жетеді. 9. ИІРСОҚ. «Үйірмекіл» деп те атайды. Бұл ойынға екі бала қатысады. Алдымен сақаларын үйіріп кезек алады. Кімнің үйірген сакасы алшы тұрса, сол бала бірінші кезекті алады да, төрт кенейді жерге соға шашып жібереді, асықтардың жатысьіна қарай қарсыласына жұп түскен асықтарды: екі алшымды, үш тәйкемді, екі бүк, екі шігімді, үш бүк, үш шік, т. б. біртекті сол сияқты түрін тап,— деп, қолқа салады. Қарсыласы ол да кенейлерді уыстап жерге соға шашып жібереді. Асықтар түрімен жұптасып түсіп, ойын бастаушының айтқанын тапса, ұтыска жетеді, таба алмаса, ұтылған болып саналады. Белгілі санға жеткенде, ұтылған бала басында келіскен шарт бойынша айып төлейді. Үтылған бала белгілі қашықтықта жүгіріп келуге, ән салуға, тауық боп шақыруға, тіпті болмаса бір рет киноға апаруға, т. б. шартты орындауға міндетті. Асық ойынынын бұдан да басқа толып жатқан. түрлері бар. Қазіргі уақытта ұмыт бола бастаған бұл ойындарды қайтадан жалғастыруға болады. Балаларды ептілікке, зеректікке, мергендікке, төзімділікке, ыждақаттылыкка, пысықтыққа тәрбиелеуге үлесі зор.
15
Бақыткерей ЫСҚАҚ ХАНТАЛАПАЙ Ред. Т. ТЛЕУХАН Худ. Б. МАШРАҒЮВ Тех. ред. Ф, ШАБАНОВА ИБ № 5 Теругс 17.02.93 жіберілді. Басуға 16.07,93 қол қойылды, Қескіні 7ОХІ08'/з:. Қағаэы № 2. Қаріп түрі эдебн. Есспті басіта табағы 0,63. Шарттьі баспа табагы 0,64. Таралымы 50 000. Тапсырыс 412. Ерікті бага. Қазақстан Республикасы Баспасөз жэме бүқаралық ақпарат мннистрлігі «Қазақкітап» бірлестігініц «Анқап» басласы. 480124, Алматы қаласы, Гагарин даңғылы, 83-үй. Казакстан Рсспублнкасы Жогаргы Кеңссінін 'аспахаиасы. 480016. Алмэты қаласы, Қ. Лиіркс хвшссі, '.і-І-үй.