№1 (28225) 1 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н.Ə.Назарбаевтыѕ Ќазаќстан халќын жаѕа 2014 жылмен ќўттыќтауы
Қымбатты отандастар! Санаулы минуттардан соң біз келе жатқан Жаңа жылды қарсы аламыз! Бұл – ескі жылға ризалық, Жаңа жылға тілек айтатын айрықша сəт! Өтіп бара жатқан жыл бірлік пен берекенің, тұрақтылық пен татулықтың жылы болды. Басты бағдарымыз – «Қазақстан-2050» Стратегиясының ал ғашқы жылын табысты бастадық. Бұл – біздің баршаны біріктіретін, ұлысты ұйыстыратын асқақ аңсарымыз. Біз Тəуелсіздігіміздің тұғыр лы, мемлекетіміздің ғұмырлы болуын қалаймыз. Сол үшін алда келе жатқан жылдан үлкен үміт, жоралы жақсылық күтеміз. Жаңа жыл Қазақстанның жаңа дəуірін жалғастырады деп кəміл сенемін.
Ардақты ағайын! Жаңа жыл – əр үйге шаттық сыйлайтын отбасылық мереке. Еліміздегі əр шаңырақ – құтты ордамыз Қазақстанның бөлінбес бөлшегі. Алда қазанатын қадірлейтін халқымыз үшін қастерлі Жылқы жылы келе жатыр. Қазақ «Ат мұратқа жеткізеді» деп жылқыны ерекше бағалаған. Жаңа жыл жақсылығын ала келсін! Əулеттеріңіз əрдайым қуанышқа бөлене берсін! 2014 жыл елімізді əлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын! Баршаңызға бақыт тілеймін!
Сейчас каждый подбирает добрые слова пожеланий тем, кто нам особенно дорог. Родным и близким, тепло которых мы неизменно ощущали. Коллегам, при поддержке которых мы упорно трудились. Нашим спортсменам и ученым, людям творчества, победы и достижения которых нас вдохновляли. Добрая энергия наших мыслей и пожеланий объединяет всех в одно целое.
Дорогие соотечественники! До Нового года осталось несколько мгновений. В этот волнительный момент, на стыке прошлого и будущего, принято подводить итоги и строить планы. 2013-й год был особенным для нашей страны. Ведь мы приступили к
реализации Стратегии «Казахстан-2050». Большой путь начинается с первого шага, и он стал успешным. Меня переполняет чувство благодарности народу, который словно единая, дружная семья стремится к поставленной цели – построить сильный и процветающий Казахстан.
Телефон арќылы сґйлесті
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Волгоград қаласындағы террорлық əрекеттерге байланысты тағы да қайғырып көңіл айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бірін-бірі алдағы Жаңа жылмен құттықтап, екі елдің халқына игілік жəне бақ-береке тіледі.
Дорогие друзья! В эту новогоднюю ночь мы открываем новую главу нашей жизни и жизни нашего государства. Все ее 365 страниц чисты. То, что мы впишем в нее, зависит от каждого из нас, от нашего упорства и самоотдачи. Уверен, что спустя год всем нам будет чем гордиться. И вместе мы оставим еще один яркий след в истории Независимого Казахстана! В эти минуты каждый человек с волнением пытается заглянуть в свое будущее и загадать то, что считает для себя самым важным. Уверен, что все задуманное сбудется! Желаю счастья, здоровья, любви и понимания! С Новым годом вас, дорогие казахстанцы! Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!
Оймақтай ой Еңбек өмір шырағданына май тамызып отырады. Джон БЕЛЛЕРС.
Еркін елдің ертеңі
Балалар їйіндегі базарлыќ Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Алға балалар үйінде атаанасының қамқорлығынсыз қалған 250-ден астам бала тəрбиеленуде. Мұнда олардың ешкімге жалтаңкөз болмай өсуіне, оқуына, жалпы азамат болып қалыптасуларына барлық жағдай жасалған. Дегенмен, Жаңа жылда олар да барлық балалар сияқты мерекелік көңіл-күйде болғылары келетіні, сыйлықтар күтетіні белгілі. Осыны ескерген облыс əкімі Архимед Мұхамбетов балалар үйінде өткізілген Жаңа жылдық шыршаға келуді дəстүрге айналдыруда. Биыл да ол алғашқылардың легінде осы балалар үйіне келіп, балаларды Жаңа жылмен құттықтады. Өңір басшысының өздеріне қолдау-көмек көрсетіп жүргенін білетін балалар үйінің тəрбиеленушілері оны зор
қуанышпен қарсы алды. Жаңа жылдық салтанаттың шымылдығы осы шара барысында ғана тұсауы кесілген балалар үйінің вокальді-аспаптық ансамблінің орындауындағы жаңа жыл, ана туралы əндерімен ашылды. Жаңа жылдық шыршада облыс əкімі сөз алып, тəрбиеленушілерді алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалардың елімізде қайғы-мұңсыз, бақытты өмір сүруі үшін барлығын жасап жатқанын атап өтті. Соның бір дəлелі ретінде 2013 жылы облыста заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған Назарбаев зияткерлік мектебінен басқа 15 білім ордасы ашылғанын, 40-тан астам стадион жəне 80-нен астам əлеуметтік нысандар пайдалануға берілгенін жеткізді. Содан кейін оқуда озат, тəрбиелі де үлгілі бір топ тəрбиеленуші Жаңа жылдық сыйлықты Архимед
Мұхамбетовтің өз қолынан алып, жүздерінен қуаныштың лебі есті. Балалар үйінің қалған тəрбиеленушілері да осындай Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Балалар шыршаны айналып əн шырқады, би биледі.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұйымдастырылған облыс əкімінің шыршасы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткізілді. Əкім шыршасына келген 100 мүгедек бала Жаңа жылдық қойылымды тамашалады, оларға сыйлықтар таратылды. Ақтөбе облысы.
Өмір жəне өлең
Арєымаќ атпен арындап
Арманды ойлар орнығып түптен, Құлпырды гүлдей күндерім күткен, Келеді кемел жалғасын тауып, Шешіле шертіп сырларын бүккен. Тудырған тарлан данышпан дара, Дариға дүние, шеберсің неткен.
Өткенді өшпес тереңнен толғап, Қолға алсақ қалам қиялмен болжап, Қазақты құдай жебеген болар, Тілегін таудай бір өзі қолдап, Бақытқа бастар өшпейтін жалын, Дана ұлды дарқан сыйлапты сомдап. Ақсұңқар құстай самғадың жастан, Көз тігіп қия ғарышқа аспан,
Тасыған жігер, тау бұзар талант, Қадамың құтты болды да басқан, Ұлтымның сенген арқалап жүгін, Жеткіздің талмай жігермен асқан.
Тыңнан жол тартып, тозғанын тастап, Дарабоз халқым қалтқысыз қостап, Күндерге нұрлы талпынып талмай, Ерлікпен елін бірлікке нұсқап, Арғымақ атпен арындап алға Елбасы бізді барады бастап.
КӨКШЕТАУ.
Айдос ƏБУТƏЛІПҰЛЫ, Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы.
201 715!
Газетіміздің 95 жылдығында біз бағындырған биіктік осындай Осы шап-шағын материалдың тақырыбы біраз бас қатырды. Биылғы таралымның санына леп белгісін бір қойдық, бір алдық, ойлап-ойлап қайтадан қойдық. Тақырыпшаны əуелде осылай жазғанбыз, содан «Биылғы газет таралымы осындай болды» деп түзеттік те, ойлап-ойлап қайтадан қалпына келтірдік. Расында да, былайша қарасаңыз, екі жүз мыңдық асуды былтыр бағындырып үлгерген (200 601 данамен) басылым үшін таралымды бір жылдан кейін 201 715-ке жеткізу, яғни небəрі мың дана ғана өсіре алу жаңа таралымның санына леп белгісін тіркейтіндей, «біз бағындырған биіктік» дейтіндей жай емес те сияқты. Иə, сияқты. Бірақ, олай емес. Акционерлік қоғам болып құрылған 2000 жылы газет таралымы 38 мың дана деңгейінде болғанын ескерсек, осы он үш жылда таралым 5 еседен астам өскендігінің өзі елдік сананың соншалықты биіктегенінің бұлтартпас белгісі, мемлекеттік тіл мəртебесінің мерейлі екендігінің даусыз дəлелі. «Факты – упрямая вещь» деп орыс мақалында айтылатындай, «Қазақ тілі өйтіп барады, бүйтіп барады» дей беретіндердің бəріне қайтарар жауаптың бірі де осы. Биылғы таралымның түпкі нəтижесіне кəдімгідей алаңдағанымызды жасырып қайтейік. «Жылдан жылға балалап, онсыз да аз қазақ оқырманын талап алып бара жатқан басылымдар анау. Жылдан жылға жаңа арналар қосып, жұрттың бетін оқудан əрі бұрып бара жатқан телевизия анау. Жылдан жылға, жоқ-ау – күннен күнге жаңа кеңістіктерді бағындырып, дүн-дүниені шырмауықша шырмап, жан дүниені қырғыштай қырнап бара жатқан Интернет анау» деп өткен жылы жазғанымыздай, басқаны былай қойғанда, біздің еліміздің өзінде қағаз газеттердің алды жабылып, сайт басылымдарға айналу үдерісі басталған мына заманда былтырғы 27 мыңдық өсімнің деңгейін ұстап қалудың да оңайға түспегені түсінікті. Оның үстіне таралымның аз да болса қосылғаны тағы бар. Бəрі де салыстыру арқылы білінеді ғой. Небəрі 11 миллион ғана қазағы бар
біздей жас ел үшін бас газетке 200 мыңнан астам адамның жазылуы, яғни орташа алғанда 85 қазаққа бір газеттен келуі əлемдік өлшемдер бойынша да өте жоғары көрсеткіш саналады. Əлемдік өлшемдер дегенде араб дүниесіндегі атақты «АльАхбар» газетінің 980 мыңдық таралымын алдымен айтамыз ғой. Мысыр елінде 83 миллион адам тұратынын ескерсек, онда да дəл 85 арабқа бір «Аль-Ахбар» келіп тұрғанын көреміз. Бірақ араб еліндегі арабтың бəрінің бірдей арабша білетін араб екенін ескерсек, ал қазақ еліндегі қазақтың бəрінің бірдей қазақша білетін қазақ емес екенін ескерсек, біз тіпті таразы басын тартып та кетеміз. Сондықтан, осы таралымға көңіл толтырып, тəубе деп отырған жайымыз бар. Нақты айтатын болсақ, бүгіннен бастап газетіміз елдегі баспаханалардан мынандай таралыммен шығады: Астанадағы «ERNUR» Медиа холдингі» – 9 695, Алматыдағы «Дəуір» – 19 237, Қарағандыдағы – «Арко» – 14 623, Қостанайдағы «Қостанай полиграфия» – 4 243, Қызылордадағы «Энергопромсервис» – 17 533, Ақтаудағы «Caspiy print» – 5 860, Ақтөбедегі «А-полиграфия» – 9 986, Атыраудағы «АтырауАқпарат» – 10 772, Шымкенттегі «Ernur print» – 37 564, Павлодардағы «Дом печати» – 17 643, Петропавлдағы «Полиграфия» – 8 055, Тараздағы «Сенім» – 17 760, Оралдағы «Жайық Пресс» – 14 007, Талдықорғандағы «Офсет» – 4 060, Өскемендегі «Шығыс ақпарат» – 10 677. Барлығы – 201 715. Газетіміздің биылғы 95 жылдығында жаңа биікті бағындыруға қолдау көрсеткен қалың оқырман қауымға, жазылымға жанашырлық танытқан барша азаматтарға ақ алғысымызды айтамыз, қарашаңырақ басылымға құрметі, ана тіліне адалдығы, ең бастысы – ел деп елеңдейтін перзенттік жүрегі үшін разылығымызды білдіреміз. Жаңа жылда жұртшылыққа жеткізер жақсылығымыз көп болсын! Сауытбек АБДРАХМАНОВ.