01012016

Page 1

№1 (28729) 1 ҚАҢТАР ЖҰМА 2016 ЖЫЛ

Мемлекет басшысы Нўрсўлтан НАЗАРБАЕВТЫЅ жаѕа 2016 жылмен ќўттыќтауы Құрметті отандастар! Санаулы сəттерден соң біз жаңа – 2016 жылға қадам басамыз! Жаңа жыл – бəріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке. «Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді халқымыз. Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл еліміз үшін жемісті болды. Қазақстан дағдарысқа қарамастан, өзінің құтты қадамын жалғастырды. Биыл біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді баршаға əйгіледік. Ұлы Далада ұлт атауымен мемлекет құрған бабалар рухына тағзым еттік. Жаңа Қазақстанның қалыптасуына негіз қалаған Ата Заңымызды ұлықтадық. Бақ-берекеміздің ұйытқысы – Қазақстан халқы Ассам блея сының беделін биіктеттік. Ардагерлерімізді ардақтап, Ұлы Жеңістің мəн-маңызын ұр пақ тың санасына сіңірдік. Қазақтың үшінші ғарышкері көк жүзіне самғап, мерейімізді өсірді. Саудамыз сапалы, тауарымыз тартым ды болуы үшін Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болдық. Биылғы Президент сайлауында бірлігі бар ел екенімізді тағы да дəлелдедік. Ардақты ағайын! Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жа ңа биікке жетелейді. Еліміз биылғы жылы

120 новых производств и объектов. Созданы тысячи рабочих мест. В этом году у нас в стране на свет появились почти 400 тысяч малышей. Я поздравляю все казахстанские семьи с рождением этого нового поколения Нации единого будущего! Для них и сотен тысяч подрастающих казахстанцев мы возвели новые школы и детские сады, дома и больницы, дороги и предприятия, стадионы и концертные залы. Ради счастья всех казахстанцев мы будем всегда хранить наше единство! Хочу поблагодарить всех вас за созидательный труд ради мира, согласия и процветания в нашей Родине!

Тəуелсіздіктің 25 жылдық белесіне шығады. Ширек ғасырлық шежіреміз бізді мерейлі мемлекет ретінде əлемге танытты. Бағы тымызды белгілеген Ұлт жоспары ұлағатты жолға бастап келеді. Алдағы Мешін жылында да абыройымыз асқақ болады деп сенемін! Дорогие казахстанцы! Мы встречаем наступающий год вместе – нашей большой, единой

казахстанской семьей. 2015 год стал временем новых свершений для всех нас. Мы приступили к глубоким реформам государства и экономики. Новые законы, принятые согласно Плану Нации, обновили всю правовую базу Казахстана. В уходящем году мы достойно начали вторую пятилетку индустриализации и выполнение программы «Нұрлы Жол». За год во всех регио нах построено

Дорогие друзья! Эстафету истории принимает 2016 год. Для нас – это год 25-летия Независимости Казахстана. У всех казахстанцев одна общая мечта – сделать нашу Родину одной из самых развитых стран мира. Для её воплощения у нас есть возможности и воля! Пусть наш Казахстан крепнет счастьем и достатком каждой семьи! Пусть сбудутся все наши желания и надежды! С Новым годом! Жаңа жыл əрбір шаңыраққа бақыт, шаттық, табыс əкелсін! Еліміздің ырыснесібесі молынан болып, татулығы арта берсін! Жаңа жыл құтты болсын!

 Ақ тілектер ағыны

Айналайын, аппаќ əлем

Төрім саған төредей Жаңа жылым, Бұйымтайды ең қымбат қала бүгін. Айдың нұрын айшықтар, жердің жүзін, Еселенсін, Алашым, даралығың. Жылым Жаңа! Жаңғырған елім дана, Жетелейтін Ақ желкен – сенім ғана. Аманаттап, арды ойлап, алға бастап, Ақтаңгерін оздырды бегім дара. Ескі жылға тағармын несіне мін, Есем кетсе, оны да кешірермін! Тек аман-сау болсыншы халқым менің, Еңсең түссе тау-тастай кетілемін. Құлдыраңдап құлын күн құрық жалға,

2-бет

Ўлы сілкініс 3-бет

Алматы облысы.

4-бет

Бақтияр СМАНОВ,

ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.

Міне, 2016 жыл да келді. Əр жыл өз ерекшелігімен, өзіне тəн жаналықтарымен назарымызды аударады. Өткен 2015 жылымыз да еліміздің қоғамдық-саяси, рухани-əлеуметтік өмірінде талай-талай дүбірлі оқиғаларымен, ел есінде қаларлық ауқымды іс-шараларымен артта қалды. Олардың ішінде, айталық, Мемлекет басшысын сайлау, Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен жүзеге асырыла бастаған Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам», Қазақ хандығының 550 жылдығы, еліміз Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы секілді айтулы оқиғаларды атауға болады. Бұл, əрине, бір жылда ғана өзіміз куəсі болған жағымды жаналықтар, егемен еліміздің тарихындағы өмір өткелдері. Мемлекетіміз Тəуелсіздігін

жариялағанына биыл 25 жыл толады. Құдай бұйыртса, мұны да атап өтеміз. Жаңа мемлекетіміздің ғұмырының осынау 25 жылында қаншама игі шаралар атқарылды, нешеме жағымды жаңалықтар іске асты. Егемендігімізді жарияладық, төрімізден Елтаңбамыз орын алып, төбемізде көк Туымыз желбіреді, Əнұранымыз жаңа екпінмен, тың тыныспен шырқалып жатыр. «Сен не көрсең мен де соны көрмекпін, белді буғам ауырға да жеңілге», – деп Сəбең (Мұқанов) жырлағандай, ұланғайыр жерімізді жайлаған кеңбайтақ елімізде сан түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері, мемлекет атауына ие болып отырған автохтонды ұлт – қазақ халқымен бейбітқатар өмір сүруде. Тəуелсіздік дегеніміз тəтті қиял емес, ол – мемлекет құраушы ұлттың, сол елді мекендейтін басқа да халықтардың мақсат-мүдделерін қорғайтын қисын-қағидаттары, мемлекетті басқару институттары, билік жұмысын асқан көрегендікпен жүргізе білетін саяси басшылығы бар дербес мемлекет

туралы қасиетті ұғым. 25 жыл тек айтуға ғана оңай. Бұл жас жігіттің ғұмыры секілді көрінгенімен, ширек ғасыр мерзімді алып жатқан терең мазмұнды тарих. Жақсылығы мол өз тарихымыз, өзіміздің жүріп өткен жолымыз. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Əйгілі грек ойшылы Агафон айтқандай, «Өткенді Құдай да өзгерте алмайды». Осы ретте белгілі поляк қаламгері Богуслав Вайнердің: «Тарих сағаты өз сағат жөндеуші шеберін қажет етеді» деген қанатты сөзі еске түседі. Əрине, «Егемен болмай, ел болмас» деп баяғының ақындары жырлағанындай, бұл өз тағдырын өзі шешетін, өзін-өзі билейтін, мемлекет басқарудың екі тізгін, бір шылбырын қолына алған халықтың еркін де тəуелсіз қалпын ежелден аңсағанын танытатын арман болғаны жасырын емес. Мұны Ұлы Дала елінің ақын-жырауларының өлең-жырларынан, өмірден өткен қайсар қайраткерлеріміздің бізге мұра етіп қалдырған ұлағатты сөздерінен білеміз. (Соңы 3-бетте).

Мерекелі жылғы берекелі биігіміз осындай

Əміре ƏРІН.

Ой жырым, ќызыл тілім, сеніѕ арќаѕ

Егемендік – ел тілегі

210 932!

Аламансыз хас тұлпар булығар ма?! Тəуелсіздік – тар жолды, тайғақ кешу, Тəуекелсіз тартысты ұл ұғар ма?! Жыл мүйісте тоғысқан жылғаларым, Күн жайнатып ақ мұздақ сырғаларын. Керуен көші бет алды ағыс өрлей, Тағат таппай тосармын бір хабарын! Жыл сөреде тойбастар бастаған ем, Жаңа жылым, бөлей гөр баққа кенен. Шарайнаңнан түсірме Қазақ елін, Айналайын, жүзіңнен, аппақ əлем!

Бїгінгі нґмірде: Индустрияландыру ісі ілгерілей береді

● Тəуелсіздік – тағдырымыз

Риодан ірі жеѕістер кїтеміз 7-бет

Елбасымыздың Қазақстан халқын жаңа 2016 жылмен құттықтауының мəтіні əлгінде ғана қолымызға тиді. Құттықтаудың бір тұсында Нұрсұлтан Əбішұлы: «Жаңа жыл баршамызды қашанда жаңа жетістікке, жаңа биікке жетелейді», депті. Сол жаңа жетістіктің, жаңа биіктің бірін Жаңа жылдың алғашқы ақ таңында сіздерге қуана хабарлағалы отырмыз, қадірменді оқырман. «Алдыңғы күні, яғни 28 желтоқсанда облыстардағы меншікті тілшілерімізден түскен мəліметтердің өзі газет таралымы қазір-ақ 200 мыңдық межені еркін еңсергенін көрсетеді. «Қазпошта» қаптың түбін қаққанда, бұған дейін есепке алынбай келген «Эврика пресс», «Номад пресс», «Ernur press», «Alash press», «Евразия пресс», «Казах пресс» сияқты серіктестіктер жан-жақтан жүргізген жазылымды қосқанда желтоқсанның соңғы күндерінде келер жылғы оқырмандар қатарына шамамен он мыңдай, кейде тіпті одан да көп сан қосылатынын тəжірибеден жақсы білеміз», деп жазған едік 30 желтоқсанда жарық көрген «Ғұмырнама ғибраттары» атты мақаламызда. Айтқанымыз айдай келді. Міне, біздің қолымызда газет басылатын 15 баспахананың кеше кешкі сағат 17-де жолдаған ең соңғы, ең дəлденген мəліметтері тұр: бүгінгі, 2016 жылғы 1 қаңтардағы 1-ші, газет тарихындағы 28 729-шы нөмірді Астанадағы «ERNUR» 12 434 дана, Алматыдағы «Дəуір» 17 060 дана, Талдықорғандағы «Алматы-Болашақ» 3 854 дана, Қостанайдағы «Костанайполиграфия» 4 735 дана, Қарағандыдағы «Арко» 14 916 дана, Тараздағы «Сенім» 18 339 дана, Шымкенттегі «ERNUR print» 39 536 дана,

Қызылордадағы «Энергопромсервис» 21 312 дана, Ақтөбедегі «А-Полиграфия» 10 853 дана, Оралдағы «WESTA» 14 515 дана, Павлодардағы «Дом печати» 12 884 дана, Өскемендегі «Рекламный Дайджест» 11 947 дана, Атыраудағы «Атырау-Ақпарат» 13 514 дана, Ақтаудағы «CASPIY PRINT» 6 862 дана, Петропавлдағы «ЕRNUR» 8 171 дана етіп басып шығарды. Сонда қорытындысында не болады дейсіз ғой? Қорытындысында ел газеті «Егемен Қазақстанның» 2016 жылғы таралымы екі жүз он мың тоғыз жүз отыз екі дана болып шыға келеді. Бұл сан өткен жылғы 203 мыңнан астам таралымнан 7 мыңның үстінде артық екенін өзіңіз де көріп отырсыз. 210 932! Бұл санға артық түсініктеме қажет болмас. Бұл санның астарында көп жай жатыр. Ең бастысы – ел халқының ертеңгі күнге сенімінің, ел газеті тынбай, талмай насихаттайтын Елбасы саясатын қолдауының, оқырмандардың бойында отаншылдық, елдік сезімдердің серпіле түскенінің келісті көрінісі бұл. Осындай мерейлі сəтімізде біз газетке тағы да сенім артқан барша оқырмандарымызға, жазылымды ұйымдастыруға атсалысқан азаматтардың бəріне шын көңілден разылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз, Тəуелсіздігіміздің ширек ғасырлық мерейлі жылында да «Егемен Қазақстан» жүз жылға жуықтаған тарихындағы даңқты дəстүрлерінен айнымайтынын жеткіземіз. Қашанда жазар жақсылығымыз, жеткізер жаңалығымыз көп болсын! Сауытбек АБДРАХМАНОВ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.