01/03/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Мақсатқа білім мен еңбек жеткізеді ҮКІМЕТ №78 (28017) 1 НАУРЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

2-бет

5-6-беттер

Атакәсіптің ертеңі алаңдатады

7-бет

Көңілде – перне, көкейде – терме

10-бет

Өңір өмірі

Болашаќќа баста, «Болашаќ»! Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік алған соң елімізде ашылған алғашқы аудан халық санының өсімі жағынан республикада алдыңғы орындарда саналатын Маңғыстау облысында құрылған болатын. Арада оншақты жыл өтсе де облыста тұрғындар санының үздіксіз артуы өз үрдісінен жаңылған жоқ. Осының айғағындай аймақтың бос жатқан кең даласынан ақшаңқан жаңа ауылдар бой көтере бастады. Біздің айтпағымыз жаңа ауданның жаңа орталығы Батыр немесе географиялық орналасуы келешегін келісті деп ойлауға мүмкіндік беретін Құрықтың маңынан салынған Аппақ, тіпті Жаңаөзен қаласының аумағында Мерей, Жұлдыз, Рахат, Ақсу шағын аудандарын біріктіру арқылы құрылған Рахат ауылдары емес, аты жақсы Болашақ ауылы жайында. Бұл ауылдың төлқұжаты сонау 2007 жылдан бастау алады деуге болады. Сол жылы күзде Иранда кездескен Қазақстан, Иран, Түркіменстан президенттері «ӨзенГорган» темір жол желісі құрылысы туралы декларацияға қол қойған болатын. Көп кешікпей Ашхабадта үкімет басшылары арасында жүргізілген үшжақты келісім үш ел үшін де экономикалық маңызды темір жол құрылысы жұмыстарына қозғау салды. Əлемді шарпыған дағдарыс кезінде қолға алынған алып құрылыстың қиындығы талайды ерте шошынтып, талайдың тəуекелін алдын ала шайқағанмен, тиімділігі мен маңыздылығы бауырлас үш елді еш кедергіге мойынсұндырған жоқ. Еуропа мен Азияны жалғастыратын «СолтүстікОңтүстік» халықаралық көлік дəлізінің маңызды тармағы, яғни «Өзен-ҚызылқияБерекет-Этрек-Горган» жобасының бір бөлігі саналатын бұл темір жол басқаны айтпағанда біздің еліміз үшін зор қажеттілікке ие. Елімізді Ресей, Қытай, Беларусь елдерімен бірге Парсы шығанағы жəне Иран айлақтары арқылы халықаралық рыноктарға алып шығатын, экспорттық жəне транзиттік əлеуетті арттырып, солтүстікоңтүстік жолын қолданыстағы магистраль қатынасымен салыстырғанда 600 шақырымға қысқартатын жаңа көлік дəлізі таяу жəне алыс шетелдермен тауар айналымы мен сауданы жаңа деңгейге көтереді, темір жолға қатысты көліктік шығындарды да азайтады. Сондай-ақ, инфрақұрылымды

дамытуға айтарлықтай үлес қосатын жол құрылысы, сарапшылардың айтуынша, пайдалануға берілген соң елімізге мұнай мен газдан түсетін табыстан да артып түсетін кіріс бермек. Біз айтқалы отырған Болашақ стансасы – жалпы ұзындығы 686 шақырымды құрап, оның 470 шақырымы Түркіменстан, 70 шақырымы Иран арқылы өтетін, 146 шақырымы біздің еліміздің үлесіне тиетін осы алтын көпірдің қазақстандық бөлігіндегі басты ауыл. Қарақия ауданының құрамына жаңа əкімшілік округ ретінде енетін өңір Жаңаөзен қаласынан 145 шақырым қашықтықта орналасқан. Алыс жолдан, шет мемлекеттен енгендер көзіне алдымен ілінген ауылдың ажарына қарап-ақ, мемлекеттің əл-ауқаты мен халықтың мəдениетін бағамдайды десек, Болашақтың өн бойына заманауи сипат берілген. Негізінен теміржолшылар мекені ретінде бой көтеріп келе жатқан ауыл шаңырағын көтергенмен, əзір керегесін кеңге жайып кете алған жоқ. Бірақ, мұнда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар көңіл

Демократия – даму даңғылы

қуантады. Кеше ғана құлазып жатқан дала қойнауы шұғылалы шырақтарға, қарбалас тірлікке, адамдардың ақжарқын дауысына толды. Аз уақыт ішінде 1 қабатты 85 тұрғын үй, 50 орындық балабақша мен 80 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Жоғарыда аталған тұрғын үйлерге 20 отбасы қоныстанып, ауылдың тіршілік ырғағын үйлестіруде. Темір жол қызметкерлері үшін 8 жатақхана, локомотив бригадасының жəне машинистердің демалуына бөлек үй арналған. Биылғы жылы дəрігерлік

амбулатория, наубайхана, асхана мен азық-түлік дүкені, тұрмыстық бұйымдар дүкені мен монша пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Темір жол құрылысын аяқтап, жол бойы бекеттерін салып, алғашқы тұрғындарын қоныстандыра бастаған Қазақстан пойыздарын темір жол бойымен желдей жүйткітуге сақадай-сай дайын, тек Түркіменстан бетінің темір жолы құрылысының аяқталуын күтіп отыр. (Соңы 2-бетте).

Газетіміздің кешегі санында Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан- 2050» Стратегиясы ережелеріне сəйкес озық басқару шешімдерін қабылдау жəне əкімшілік реформаларды іске асыру мəселелері жөнінде халықаралық семинар өткені турасында жазылған болатын. Елді елеңдеткен əкімшілік реформа турасында арнайы шетелден білікті маман шақыртылып, дəріс тыңдалған осы маңызды шара туралы есепті оқырман назарына ұсынып отырмыз. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Жасырып жабатын несі бар, көпшілік арасында мемлекеттік қызметшілердің қызметтеріне көңілдері толмай, осы пəтшағарлар халықтан түскен қаржыдан еңбекақы алмай ма, ендеше, неге алдарына барсаң, жүре тыңдап, шешілуі оңай шаруаның өзін қиындатып, əбден

3. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті əскери басқару органдары арқылы 2013 жылдың сəуір – маусымында жəне қазан – желтоқсанында азаматтарды мерзімді əскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын жəне қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы мерзімді əскери қызметті өткеру үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігіне əскерге шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтарын жөнелтуді жəне мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткерген əскери қызметшілерді босатуды қаржылай жəне материалдық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын. 5. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 28 ақпан № 509

Жемқорлық – індет, жою – міндет

Жаѕа жїйеге кґшеді

өткелектен өткізіп қинайтыны несі деген сөз жиі айтылады. Əрине, барлық мемлекеттік қызметшіге бірдей топырақ шашудан аулақпыз, алайда тапқан нанын адалымен жеп, еңбегін сатпайтын адал қызметшілер де осының арасында, қосақ арасында кетіп жатады, дегенмен, «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды», «Халық айтса, қалт айтпайды» деген де сөз бар. (Соңы 2-бетте).

бин Халифа Əл-Танимен, Македония Президенті Георге Ивановпен жəне ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Ирина Боковамен жүздесті. Венаға сапары аясында Қ.Мəми Қазақстан-Австрия қоғамының мүшелері мен Австрияның қоғамдық-саяси, іскерлер тобы жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері алдында сөз сөйледі. Сенат Төрағасы Қазақстанның қазіргі заманғы даму кезеңдері, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттары, Президент Н.Ə.На зарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілету туралы айтты. Қ.Мəми қазақстандық экономиканы жаңғыртуға байланысты инвестициялық мүмкіндіктері, балама энергетиканы дамытудың келешегі жəне Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы хабардар етті. Спикер австриялық мүдделі қауымды «G-Global» интернет бағдарламасы мен АТОМ жобасына белсенді қатысуға шақырды. Кездесу соңында Сенат Төрағасы жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Шара аясында Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көш басшылары съезінің 10 жылдығына арналған фотокөрме ашылды.

Туризм саласы тїлейді

Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді запасқа шығару жəне Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сəуір – маусымында жəне қазан – желтоқсанында мерзімді əскери қызметке кезекті шақыру туралы 2. Əскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2013 жылдың сəуір – маусымында жəне қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді əскери қызметке шақырылсын.

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми БҰҰ Өркениеттер альянсының 5-ші Жаһандық форумының аясында Венада бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишермен, сондай-ақ, Вице-канцлер – Австрияның Еуропалық жəне халықаралық істер жөніндегі министрі Михаел Шпинделеггермен кездесулер барысында өзара іс-қимылдың өзекті мəселелері, Қазақстан Президентінің 2012 жылғы қазан айында Венаға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды. БҰҰ Бас хатшысының Өр кениеттер альянсы жөніндегі қайта тағайындалған Жоғары өкілі Нассир Абдулазиз əл-Нассермен кездесуде Альянс пен Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі арасындағы өзара іс-қимыл мəселелері талқыланды. Өркениеттер альянсы «Достар тобының» мүшесі ретінде Қазақстан оның халықаралық аренадағы қызметіне зор маңыз береді жəне мəдениетаралық, ұлтаралық жəне дінаралық қайшылықтарды еңсеруге ықпал ететін жобаларға тұтастай қолдау білдіреді, деп атап өтті Сенат Төрағасы. Сонымен қатар, форум барысында Қ.Мəми Катар Əмірі Шейх Хамад

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

«Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес қаулы етемін: 1. Əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілер 2013 жылдың сəуір – маусымында жəне қазан – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі əскерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қатарынан запасқа шығарылсын.

Ортаќ мəселелер талќыланды

Ымырасыз кїрес Кеше елордада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының бастамасымен «Ұлттың жаңа саяси бағыты: мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-əрекеті» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына Парламент депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, еліміздегі бірқатар саяси партиялардың жетекшілері, отандық жəне шетелдік ғалымдар қатысты. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Конференцияда негізінен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы талқыланды. Бұл құжат жобасы «Нұр Отан» партиясының фракциясы депутаттарының бастамасымен жəне Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаппай

құқықтық тəртіп пен қауіпсіздік қоғамын құру тапсырмасы бойынша əзірленген. Жиынды ашып, оған төрағалық еткен «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек алдымен Мемлекет басшысының конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтауын оқып берді. (Соңы 3-бетте).

Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметов Қазақстанның туристік саласын дамыту мəселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дайындалған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын таныстырды. Ə.Исекешевтің айтуынша, тұжырымдамада 5 ұлттық туристік кластер анықталған, оның ішінен 4 ұлттық жəне 20-дан астам өңірлік жобалар іріктеліп алынды. Тұжырымдаманың негізгі міндеттерінің бірі жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Оны жүзеге асыру барысында туризм саласы мен оған жанама салаларда жұмысқа тартылатындар санын бірнеше есеге арттыру жоспарлануда. «Туризм саласы дамыған Малайзия, Сингапур, Испания,

Мек сика, Марокко жəне тағы бас қа əлем елдері тəжіри беле рі көрсеткендей, бұл тұжы рым даманың сəтті іске асуы мен туризмнің серпінді дамуында мемлекеттің рөлі кепіл болып табылады», деді Ə.Исекешев. Өз кезегінде, С.Ахметов туризм ді дамыту қолайлы инфрақұрылымдарды құрумен тікелей байланысты екенін атап көрсетіп, оны Президенттің тапсырмасы бойынша əзірленіп жатқан көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасында ескеруді тапсырды. «Қазақстан əлеуетті, тартымды туристік аймақтар орын тепкен кең байтақ жерге ие. Аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру бізге жаңа жұмыс орындарын құру жəне елімізде жаңа табысты саланы қалыптастыруға мүмкіндік береді», деп сөзін түйіндеді С.Ахметов.

Оқиғаға орайлас ой

АЛМАТЫ – ХАЛЫЌАРАЛЫЌ КЕЗДЕСУЛЕР АЛАЅЫ

Проблемаєа жаѕа кґзќарас ўсынылды ядролық бағдарламасына байланысты маңызды келіссөздердің кезекті кезеңінің Алматыда өткенін заңды деп білеміз. Бұл жерде Иран Ұлттық жоғары кеңесінің хатшысы Саид Иран проблемасын тек дип- Джалилидің осы келіссөздерге ерекломатиялық жолмен, халықаралық ше назар аударғаны үшін Президент келіссөздер арқылы шешу ке- Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылық рек екеніне сенімім кəміл. Жəне білдіруі де орынды көрінеді. де халықаралық бітімгершілер Иран – біздің Каспий теңізі «алтылығының» – АҚШ, Ұлы- бойындағы көршіміз. Сондықтан британия, Франция, Ресей, Қытай, біз осы өңірдегі тұрақтылыққа мүдГермания, сондай-ақ, Теһран өкілдері деліміз. Бірақ бұл тұрақтылық тек кездесуінің нақ Алматыда, Қазақстан бей біт жолмен ғана қамтамасыз жерінде өтуі тіптен де кездейсоқ етілуі тиіс. емес. Өйткені, біздің еліміз өзінің Біз проблеманың сəл де болса тəуелсіздігіне қол жеткізе салысы- ілгерілеп, Алматы кездесуінің белгілі мен Лиссабон хаттамасына алғаш бір деңгейде нəтижелі болу дерегін болып қол қойып, əлеуеті жөнінен қуаттаймыз. Бұл жолы проблемаға əлемдегі төртінші ядролық арсена- жаңа көзқарас ұсынылды. Əрине, лынан өз еркімен бас тартты. өзінің ауқымы жөнінен күрделі боІс жүзінде, жаһандық тарихтың лып табылатын аталған проблемажаңа дəуірі осы сəттен басталды. ны келіссөздердің бір кезеңі ішінде Қазақстан қарусыздану үдерістеріне оң шешіп тастау мүмкін емес екені бастамашылық таныта отырып, баршаға түсінікті, ол үшін уақыт оны əлемдік ауқымда əрі қарай керек. «Алтылықтың» сəуір айыүндеуге моральдық жағынан на белгіленген Алматыдағы келесі толық құқықты деп санаймыз. кездесуі нақты нəтиже əкеледі деп Осы тұрғыдан келгенде, Иранның үміттенейік. (Тақырыпқа арналған топтаманы 4-беттен оқисыздар.) Ким СЕРІКБАЕВ,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, əскери ғылымдар докторы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.