Бїгінгі нґмірде:
№42 (28266) 1 НАУРЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Бабалар аѕсаєан асыл арман 8-бет Сыбызєышылар 9-бет «Ґжеттеу жырєа ажал жоќ!» 10-бет Жанармайды жасырын ґткізбек болды 11-бет
«Нўр Отан» партиясыныѕ Тґраєасы Н.Ə.Назарбаевтыѕ партияныѕ ќўрылєанына 15 жыл толуына орай ЌЎТТЫЌТАУЫ
Қымбатты менің əріптестерім! Құрметті қазақстандықтар! Барша нұротандықтар мен «Нұр Отан» партиясы жақтаушыларын оның құрылуының 15 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – кезекті тарихи меже ғана емес, Тəуелсіз Қазақстан жылнамасының маңызды белесі. Біздің партиямыз – «Нұр Отан» партиясы жауапты саяси күш ретінде барлық қиындықтар мен сынақтарды халықпен бірге бөлісіп, əрқашан еліміз үшін күрделі əрі өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдады жəне
олардың орындалуына əрдайым қол жеткізіп отырды. Еліміздің жетістіктері жүздеген мың партияластардың ең бек қорлығымен, сондай-ақ, біздің партиялық бағдар ламаларымызды қолдайтын, жалпыұлттық жəне жергілікті сайлауларда партия кандидаттарына дауыс беретін қазақстандықтардың басым көпшілігінің жоғары сенімімен тығыз байланысты. Тəуелсіздік жылдарында қоғамымыздың барша қазақстандықтарды біріктіретін жəне елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтары қалыптасты. Олар «Мəңгілік Ел»
жалпыұлттық идеясының негізіне айналып, «Нұр Отан» партиясының жаңа Саяси доктринасында бекітілді. Партия мен оның барлық жақтастарының күш-жігері оларды əрі қарай нығайтуға бағытталуға тиіс. «2050 Стратегиясын» жариялай отырып, Қазақстан əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолына қадам басты. Барлық нұротандықтардың басты міндеті – халқымыздың бірлігін бекемдеу, өзінің саяси көшбасшылығын күнделікті істе дəлелдеу, экономиканы, мемлекетті жəне қоғам өмірінің барлық бағыттарын жаңғыртудың тағдырлы үдерістерінің басында болу. Партия əрқашан басқарудың тиімді моделінің, жаңаруға дайын болудың, ұтқырлықтың, жан-тəнімен берілудің үлгісі болуға тиіс. Партия мерейтойында мен бүгін барша əріптестеріме партия ның қалыптасуына, оның Отанымыз дың өркендеуі жолындағы жұмысына қосқан үлестері үшін шынайы алғысымды білдіремін! Барлық партия мүшелері мен барша қазақстандықтарға татулық пен бақ-береке жə не Отанымыз – Қазақстан Республикасының ұлы болашағы жолында барлық игі мақсаттарға қол жеткізулерін тілеймін! Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Сенімін серік еткен
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
«Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында еліміздің жер-жерінде азаматтарды партия қатарына салтанатты түрде қабылдау жүргізілді.
Кеше «Нұр Отанның» Астана қаласындағы Орталық аппаратында партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек те осындай жаңа үлгідегі партия билеттерін 9 азаматқа табыс етті. Олар: Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті Мақсұт Нəрікбаев, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Бейсенғали Тəжияқов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Call орталығының 1 дəрежелі маманы (І топтағы мүгедек) Кристина Романова, Алматы облысы əзербайжан этномəдени бірлестігінің төрайымы Асы лы Осман, М.Өскенбаев атын дағы
Ел экономикасыныѕ ертеѕі тўраќты Кеше Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі болып өтті. Онда министр Ерболат Досаев Министрліктің 2013 жылғы жұмысының қорытындысы жəне 2014 жылдың басым міндеттері туралы баяндама жасады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін нақты іс жүзіне асырып, əлемдік нарықтағы тұрақсыздыққа қарамастан 2013 жылы еліміздің экономикалық
өсуі 6 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 13,0 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылғы көрсеткіштен 6,7 пайызға артты. Баяндамашы атап көрсеткендей, ІЖӨ өсімінің 65 пайызы көрсетілетін қызметтер
Маңғыстау облыстық филармониясының əншісі Аида Байгелова, Талдықорған ауыл шаруашылығының ұстасы, интернационалист-жауынгер Асхат Қасенов, №6 Хромтау гимназиясының бейнелеу өнері мен сызу пəнінің мұғалімі Абзал Құрманов, «Қазхром» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты №1 ферроқорытпа пеші цехының көрікшісі Алтынбек Асанов, Теміртаудағы Əлия Молдағұлова атындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектепинтернатының дзюдодан спорт шебері Анна Старченко. (Соңы 6-бетте). есебінен, атап айтқанда, саудада – 12,7 пайыз, көлік саласында – 7,5 пайыз, байланыста 14 пайыз өсу есебінен қамтамасыз етілді. Тұрақты макроэкономикалық жағдай ел экономикасының өсуіне тікелей ықпал етті. 2013 жылы инфляцияның жылдық деңгейі соңғы 15 жыл ішіндегі ең төменгі межеге жетіп, 4,8 пайызды құрады. Қазақстанның халықаралық резервтері айтарлықтай өсті. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ дай бойынша халықаралық резервтер мен Ұлттық қордың актив тері 95,2 миллиард АҚШ долларына жетіп, 2012 жылмен салыстырғанда 10,7 пайызға артты. (Соңы 8-бетте).
КƏСІПКЕРЛІККЕ КЕДЕРГІ КЕЛМЕСІН
Ел тəуелсіздігінің елең-алаңында-ақ өз кəсіптерін бастап, бүгінде республиканың əлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлестерін қосып жүрген қазақстандық бизнесмендер əркезде де Елбасының өздеріне деген үлкен қамқорлығын сезініп келеді. Үстіміздегі жылғы ақпанның 27-сі күні Мемлекет басшысының кəсіпкерлерді қолдау туралы жасаған мəлімдемесі мен «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығы біздің осы айтқанымызға дəлел. Президенттің кəсіпкерлерге
қолдау жасау тұрғысында осы жылғы 2 сəуірден бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін кəсіпкерліктің көптеген түрлеріне тексеру жүргізуге мораторий жариялауы жəне бизнес жолында кездесетін кедергілерді жеңілдету жөнінде Үкіметке нақты тапсырмалар беруі отандық бизнес өкілдері тарапынан кең қолдауға ие болуда. Соған орай еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген кəсіпкерлердің бір тобының осы оқиғаға байланысты ой-пікірлерін газетіміздің 2-ші жəне 3-ші беттерінде жариялап отырмыз.
ЭКСПО ґткізу – Отанымыз їшін зор жауапкершілік «Астана ЭКСПО-2017» архитектуралық жобасы тұжырымдамасының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Көрменің ең үздік жобасына арналған конкурстың жеңімпазы «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясының Ақордада өткізген таныстырылымы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 Астанада бұрынсоңды өтпеген ірі іс-шараға айналатынын атап көрсетті. – Бұл кешен қала келбетін түбегейлі өзгертеді. Мен
Таєайындау
Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Рес публикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
Кїн тəртібі наќтыланды Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мəжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мəселелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата қарауына «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу мəселесі бірінші оқылымға шығарылады. Салалық комитеттің баяндауынша, құжат судьялардың тəуелсіздігінің мəртебесі мен судьялық қызметке үміткерлерді байқау арқылы іріктеу жүйесін дамытуға жəне судьялық қызметке үміткерлерді таңдаудағы қоғамның рөлін жетілдіруге бағытталған. Жалпы отырыстың күн тəртібінің жобасына бірінші оқылымға Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу қосылды. Сонымен қатар, 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасының арасында қол дану туралы Хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы да бар. Осылармен қатар, палатаға Қазақстан-Өзбекстан арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасына қорытынды əзірлеу мезгілін нақтылау ұсынылды.
конкурсқа қатысушылардың ЭКСПО-2017 негізгі ғимаратына ұсынған 50 жобасының барлығымен танысып шықтым. Содан кейін олардың арасынан үздік 10 жоба іріктелді, оның ішінде «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» нұсқасын таңдау жөнінде шешім қабылданды. Бұл компанияның тек құрылыс қана емес, «жасыл экономика» саласында да мол тəжірибесі
бары ескерілді, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев жеңімпаз компанияның жобасы «жасыл» энергетика саласында үлгі болатынын жəне алдағы құрылыстың осы тəжірибеге негізделетінін айтты. – Бір мезгілде күн, жел энергиясын, сондай-ақ, қоқысты қайта өңдеуден алынған энергияны өндіретін көрме кешені Қазақстан үшін жəне бүкіл өңір үшін жақсы үлгі болады. Іс жүзінде мұндай ауқымды кешен өзін өзі электр энергиясымен қамтамасыз етеді,
ал күн мен жел қуаты артқан кезде оны қалалық жүйеге беретін боламыз. Бұл – бірегей жоба, біз мұны бірінші рет жүзеге асырмақпыз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық орынжайы көрмені өткізгеннен кейін халықтың игілігіне пайдаланылуы тиіс екеніне тағы да назар аударды. – Біз Назарбаев Университеті жағынан үсті толықтай жабық, ұзындығы 500 метр көше салу туралы уағдаласудамыз. (Соңы 8-бетте).
Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Сізді Қазақстан халқы Ассамблеясы, Ассамблея Кеңесі мүшелері атынан, 1995 жылы 1 наурызда, Сіздің Жарлығыңызбен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына 19 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз. Қазақстан халқы үшін бұл оқиғаның орны ерекше. Біздің Тəуелсіз еліміздің даму тарихы Сіздің осы шешіміңіздің өмірлік маңызын жəне саяси көрегендігін сан мəрте дəлелдеді. Жас мемлекеттің қалыптасу жылдарында, Сіздің дана саясатыңыздың арқасында, Қазақстанда жаңа экономикалық жəне саяси қатынастар қалыптасты. Сіздің саяси ерік-жігеріңіздің арқасында бүгінде барша əлемдік қоғамдастық мойындаған, еліміздің əрбір патриоты үшін қымбат есім – Нұрсұлтан Назарбаевтың атын иеленген қоғамдық келісім мен ел бірлігінің қазақстандық үлгісі құрылды. Сіздің басшылығыңызбен Ассамблея жемісті дамып, бейбітшілік пен келісімнің жалпыхалықтық институтына айналды, халықтық сипатқа ие болды.
Бүгінде Ассамблея қоғамның бастаушысы жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған міндеттерді іске асыруда барша Қазақстан халқына жəне Сізге, Нұрсұлтан Əбішұлы, сенімді тірек болып табылады. Ассамблея, сенім мен ынтымақтың, азаматтық парыз бен жауапкершіліктің стратегиялық ресурсы бола отырып, азаматтық бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің, саяси тұрақтылықтың берік негізіне айналды. Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Сізді, құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы, халқымыздың ғасырлар бойғы арманы – «МƏҢГІЛІК ЕЛДІ» қалыптастыру жолында бар күш-жігерімізді жұмсайтынымызға сендіргіміз келеді. Біз болашаққа сеніммен қарап, елімізді мақтан тұтамыз, қасиетті қазақ жерін, Қазақ елін жəне Елбасымызды берген тағдырымызға, Жаратушымызға жəне тарихымызға ризашылығымызды білдіреміз! Біз əрқашан Сіздің адал жəне шын берілген серігіңіз болғанбыз жəне солай болып қала береміз! Қазақстан халқы Ассамблеясы күні құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі
Ќоєам ўйытќысына айналєан ўйым Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын (ҚХА) құру туралы Жарлығы шыққанына 19 жыл толды. Осыған орай кеше Бейбітшілік жəне келісім сарайында аталған айтулы күнге байланысты салтанатты жиналыс болып өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Оны Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. Жиналысты аш қан
кіріспе сөзінде Ералы Лұқпанұлы Ассамблеяның 19 жылдағы тарихына қысқаша шолу жасады. Осы уақыт аралығында Ассамблея дамудың үш кезеңінен өтті. Біріншіден, ол қоғамдық ұйым ретінде орнықты, екіншіден, құқықтық негіздерін
қалыптастырды жəне үшіншіден, конституциялық орган мəртебесін иеленді. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы əлемдік өркениет таныған, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің тұғырлы тұрағына айналған институт, деді Е.Тоғжанов. Қазір ол – 800ден артық этномəдени бірлестіктердің басын біріктіріп, халық дипломатиясының шынайы органына айналған азаматтық қоғамның бірегей институты. (Соңы 4-бетте).