01042014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Инновациялар ел игілігіне айналады

2-бет

Жїз жылдыєын ойлаєан – адам тəрбиелейді №62 (28286) 1 СƏУІР CЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

3-бет

Əкеміз айтып кеткен ел мен жер ќымбат Енді не істеуге болады?

6-бет

13-бет

● Демократия – даму даңғылы

● Өңір өмірі

Елу тоєыз депутат сайланды

БІР ЖЫЛДА 1,8 МИЛЛИОН АККУМУЛЯТОР ШЫЄАРАДЫ

Кеше Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова 2014 жылғы 30 наурызда өткен мəслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы брифинг өткізді. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Оның хабардар етуінше, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабы 4-тармағына сəйкес, 30 наурыз да респуб ликаның 14 өңірі бойынша 59 сайлау округінде мəслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткен. Сайлауда Астана қаласы мəслихатының 1 депутаты, 7 облыстық депутат, 12 қалалық жəне 39 аудандық мəслихаттар

депутаттары сайланған. Сайлау науқаны барысында 188 кандидат ұсынылды, олардың 61-ін саяси партиялар, екеуін қоғамдық бірлестіктер ұсынды жəне 125-і өзін өзі ұсынғандар. Округтік сайлау комиссиялары мəслихат депутаттығына кандидат ретінде 170 адамды тіркеді. Орташа бəсекелестік бір депутаттық мандатқа үш үміткерден келді. Жалпы, республика бойынша сайлау бюллетеньдеріне 145 кандидаттың тегі енгізілді. (Соңы 2-бетте).

● Əлеуметтік сала əлеуеті

РАХМЕТ!

1 сəуірден бюджет ќызметкерлерініѕ жалаќысы ґсірілді Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Өндіріс орындарында бəсекелестіктің артып, рынокқа шығарылатын өнім сапасына баса назар аудару жақсылықтың нышаны. Нəтижесінде отандық өнім өзіндік сапасымен құндылығын арттырады. Осы

орайда, Талдықорғанда біртіндеп өндіріс орындары ашылып, дүниежүзілік рынокқа нық қадам басып қана қоймай, алғашқы адымында-ақ өзіндік орнын белгілегені қуантады. Біле- білсек, бұл Қазақстанның əлемдегі дамыған 30 елдің қатарынан өз орнын алуына бір септігін тигізері анық. Бір дəлел ретінде,

«Қайнар-АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысын айтуға болады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 1 жəне 2 бағыт бойынша Үкімет қолдауына ие болып, несиенің пайыздық өлшемін субсидиялауға 4 млрд. теңге көлемінде қаржылай демеу алған «Қайнар-АКБ» ЖШС бір

Тґрт ратификацияны ќарау жоспарланды Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Бюро мүшелері палатаның 3 сəуірде болатын алдағы отырысының күн тəртібін қарады. Отырыста 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ресей арасындағы өнеркəсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу жəне олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының

мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тəртібі туралы үкіметаралық хаттаманы; Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Төтенше жағдайлар жəне дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықты құру туралы үкіметаралық келісімді; 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімге

өзгерістер енгізу туралы хаттаманы; 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы хаттамаларды жəне оған 1982 жылғы 24 маусымдағы жəне 1988 жылғы 31 мамырдағы Түзетулерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарау көзделіп отыр. Салалық комитеттердің төрағалары осы заң жобаларын палата отырысында қарауға əзірлік барысы туралы хабардар етті.

жылда 9814,8 млн. теңгенің өнімін өндірді. Қуаттылығы жылына 1,8 млн. дана аккумулятор шығаруға жететін кəсіпорынның қарқынды жұмысы Талдықорған қаласының экономикалық тұрғыда дамуына да өз серпінін тигізуде. Қазіргі таңда зауытта 770-тен астам жұмысшы қазақстандық өнеркəсіпті жаңа деңгейге көтеріп,

на рықтағы өзіндік орнын қалыптастыру жолында еңбек етуде. Орташа айлық еңбекақы 75 мың теңгені құрайды. Қайнар АКБ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустриялық батареялар шығару жобасын да толық іске қосты. (Соңы 2-бетте).

Əйелдерді ќолдау – кəсіпкерлікті ќорєау Кеше елордада партиялық куратор, Парламент Мəжілісінің депутаты Майра Айсина жетекшілік еткен сарапшылар тобының «Нұр Отан» партиясы Сайлауалды тұғырнамасының «Əйелдерді қолдау» бағытындағы міндеттердің орындалуы барысын талқылаған отырысы болып өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібінде үш мəселе қаралды. Атап айтқанда, сарапшылар тобы Елбасының перзент сүю мен бала тəрбиелеп отырған əйелдерді (соның

Біз – қазақстандықтармыз!

ішінде көпбалалы жəне мүгедек балалары бар аналарды) қолдауды ынталандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі алға қойған міндеттерінің жүзеге асуы; (Соңы 2-бетте).

Роза ҚАПАНОВА,

Жангелдин ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі.

Теңгенің айырбас бағамының өзгеруіне байланысты қымбатшылық болады деп ауыл дүрлігіп қалған еді. Біз облыс орталығынан өте шалғайда, 600 шақырым болатын Жангелдин ауданында тұрамыз. Жердің шалғайлығына байланысты күнделікті қолданыстағы тауарлар облыс орталығынан бізге жеткенге дейін тағы да қымбаттай түсетінін несіне жасырамыз? Жол, көлік шығыны есептелгендіктен біз мұны да түсінеміз. Осыны ойлап, теңге бағамы өзгерген кезде əбіржіп қалғанымыз рас еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында 1 сəуірден бастап азаматтық қызметшілердің жалақысына 10 пайыздық төлем қосуды тапсырған еді. Азаматтық қызметшілерге біз, ұстаздар да жатамыз. Айлық жалақымыздың 10 пайызы біз үшін əжептəуір ақша. Қымбатшылықтан қаймығып, қалай болар екен деп отырғанда Елбасының бұл шешімі

көңілімізді орнына түсірді. Алдағы күнге сеніміміз артты. Біз ауыл мұғалімдері күні бойы мектепте балалармен бірге боламыз. Жас ұрпаққа сапалы білім беру бір күн де босаңсуды көтермейді. Əр мұғалімнің отбасы, бала-шағасы бар. Сондықтан олардың күнкөрісі, тұрмыс деңгейі мектептегі қызметіне əсер етеді. Айлық жалақыға қосылған 10 пайыз ақша əркімнің тұрмысына жақсы əсер етеді. Елбасының тапсырмасын уақтылы орындап, дəрігерлерге, мұғалімдерге жəне мəдениет пен əлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлеріне қолдау жасаған Үкіметке де ризашылығымды айтар едім. Ұстаз дарға жасалған мұндай қамқорлық білім саласының жұмысын жақ сартуға деген игі қадам десем артық па? Көңілі тоқ ұстаз өзінің сүйікті ісіне де ынтамен кірісетіні маған таныс көрініс. Азық-түліктің де аса қымбаттап жатқанын байқап отырған жоқпыз. Еліміз басшылығының осындай қамқорлығын сезінген біз арқамызды үйге сүйегендейміз. Мың да бір шүкір. Рахмет!

Қостанай облысы.

● Астана экономикалық форумы қарсаңында

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХХІ СЕССИЯСЫ

Даєдарысќа ќарсы дїниежїзілік жоспар Бұдан бұрын газетімізде хаба рлағанымыздай, əлемдік дағдарысқа қарсы дүниежүзілік жоспар əзірлеу мақсатында БҰҰ қолдауымен 2014 жылғы 20-23 мамыр аралығында VІІ Астана экономикалық форумы шеңберінде ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция өткізіледі. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: БЕЙБІТШІЛІК, РУХАНИЛЫҚ ЖƏНЕ КЕЛІСІМ МƏДЕНИЕТІ» 18 СƏУІР 2014 ЖЫЛ АСТАНА

Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІ сессиясының қарсаңына орай əзірленген материалдар топтамасын 4-10 беттерден оқисыздар.

Жақында G-Global ақпараттықкоммуникативтік алаңында «БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Əлемдік қаржылықэкономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасы» атты тақырыпта онлайн-конференция өткізіліп, модератор ретінде Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеттің атқарушы директоры Марк Узан қатысты. Онлайн-конференция барысында БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған Əлемдік қаржылықэкономикалық дағдарыстың ұзақ мерзімді салдарының алдын алу жоспарының жобасын талқылауға халықаралық жəне қазақстандық сарапшылар қатысты. Демократиялық ұстанымдарға негізделген жоспар қаржылықэкономикалық дағдарыстан шығудың тиімді жолдарын табуға, сонымен қатар, болашақ экономи калық құлдыраулардың алдын алуға, ұзақ мерзімді

тең герім делген экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағыттал ған. Бүгінгі күні G-Global ақпа рат тық-коммуникативтік ала ңы БҰҰ-ның Əлемдік дағдарысқа қарсы жоспарының жобасы үшін дағдарысқа қарсы ұсыныстарды өңдейтін нақты құралға айналды, 2013 жылдың 1 шілдесінен бастап жоспар белсенді түрде талқылануда. Осы уақыт аралығында G-Global порталын пайдаланушылар, олардың ішінде, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының сарапшылары, ҮЕҰ, іскер жəне ғылыми орталықтардың өкілдері, саяси жəне қоғам қайраткерлері 13 000нан астам баяндама мен зерттеу жұмыстарын, 45 000 сараптамалық шолу мен түсініктемелер, сондайақ, жоспар жобасын тиімді қалыптастыру үшін 300 бейне-конференция өткізді. 2014 жылдың 19 наурызы күні өткізілген онлайнконференцияда жоспар жобасын талқылаудың маңызды ісшараларының бірі болып табылды. Əлемдік сарапшылар қоғамдастығының белсенді

көмек көрсетуінің арқасында 2014 жылдың 19 наурызы күні жоспардың алғашқы жобасының жəне əлемдік сарапшылар қоғамдастығының пікір сайысының негізінде ақпараттық-ком му никативтік тұғырнамада жоспардың шоғырландырылған жо ба сы əзірленді. Бұл жетекші сарапшылардың тиімді жəне жаһандық үйлестірілген саясат пен əлемдік қаржы-экономикалық архитектураны реформалауға бағытталған үйлесімді, біріккен жұмыстарының нəтижесі болды. G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңында онлайн режімде жоспардың жобасын əзірлеудің белсенді үдерісі жүріп жатыр. Оған күн сайын халықаралық ұйымдардың, ғылымизерттеу орталықтары мен институттардың өкілдері, сонымен қатар, БҰҰ мүше мемлекеттерінің өкілдері, беделді саясаткерлер, сарапшылар жəне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады. Жобаны қалыптастыруға қомақты үлес қосқандардың бірі – Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің жетекшісі Марк Узан болып табылады. БҰҰ мүше мемлекеттеріне арналған жоспардың жобасын Астана қаласында 2014 жылдың 21-23 мамыр аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция қорытындысы бойынша қабылдау жоспарлануда.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.