01042015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№58 (28536) 1 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

● Жағымды жаңалық

ТЕЅДЕСІ ЖОЌ ЌЎРЫЛЄЫ

Ќазаќстанда тўѕєыш рет ќўны 1 миллиард 366 миллион теѕгені ќўрайтын ќатерлі ісікті жоєары деѕгейде емдейтін сəулелендіру ќўрылєысы іске ќосылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Күрес федерациясының құрметті президенті, Біріккен күрес əлемінің бюро мүшесі Дəулет Тұрлыхановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ке з д есу барысын д а елде бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде жас ұрпақты спортқа баулу мəселелері талқыланды. Қазақстан Президенті жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттаудың, сондай-ақ, жоғары жетістіктер спортын дамытумен қатар, халықтың денешынықтырумен жəне спортпен белсене айналысуы үшін қажетті барлық жағдайды жасаудың маңыздылығына тоқталды. Д.Тұрлыханов отандық спортқа Мемлекет басшысының

көрсетіп отырған қолдауы нəтижесінде ірі қалаларда ғана емес, шалғай өңірлерде де қажетті инфрақұрылымдар салынып жатқанын айта келіп, сол үшін алғысын жеткізді. Бұл жағдай қажетті іргетас қалауға мүмкіндік беріп, соның негізінде Қазақстан спортшылары өңірлік жəне халықаралық жарыстарда жоғары нəтижелерге қол жеткізіп отырғанын атап өтті.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Əлеуметтік жаєдайды жаќсартуєа баєдар

Кеше Астана қаласы əкімдігінде Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен «Тұрғындардың əлеуметтік əлеуеті – Астана бренді» атты кеңес болып өтті. Кеңес жұмысына Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов, Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жəне республикалық ұйымдардың, қалалық басқармалардың, жоғары оқу орындарының, медициналық мекемелердің басшылары қатысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі əкімдіктер мен ірі кəсіпорындардың, орталық мемлекеттік органдардың арасында өндірістік үрдістерді тұрақтандыру, еңбеккерлердің еңбек құқығы мен кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі өзара ынтымақтастық меморандумдарын бекіту жөнінде кең көлемді жұмыстарды іс жүзіне асыруда. Елорда əкімдігіндегі алқалы жиын да нақ осы маңызды шараға арналған. «Əлемдік экономикалық дағдарыстарға қарамастан біздің елімізде əлеуметтік салаға бөлінген шығындар ешбір қысқартуға ұшыраған жоқ жəне биылғы жылы ол 4 триллион теңгені құрап отыр. Экономикалық дағдарыс жағдайында Үкіметтің басты міндеті – тұрғындарды еңбекпен қамту жəне жұмыссыздықты болдырмау. Бүгінде біз осы биік мақсаттарды іс жүзіне асыру жолында кешенді жұмыстар атқарудамыз», деді ПремьерМинистрдің орынбасары өз сөзінде. Үкімет басшысының орынбасары атап көрсеткендей, Елбасының тікелей тапсырмасымен елімізде əлеуметтік саладағы дағдарыс қиындықтары барынша

жеңіл болу үшін тиімді жолдар қарастырылуда. «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша əлеуметтік саланың нысандарын салу мəселесіне басымдық беріліп отыр. Осы орайда республикалық бюджеттің қаржысы есебінен Астанада 17 əлеуметтік нысан құрылысы салынбақ. Сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің тапшылығын азайту, апатты жəне үш ауысымда жұмыс істейтін мектептерді болдырмау бағытында нəтижелі жұмыстар атқарылмақ. Қазіргі таңда Астанада 1 апатты жəне үш ауысыммен жұмыс істейтін 3 мектеп бар. 2017 жылы елордада бұл проблема толық шешімін табады. Елорда тұрғындарына медициналық қызмет көрсету жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылмақ. Бұл ретте қаладағы медициналық мекемелердің материалдық жабдықталуын жақсарту жəне кадрлармен толық қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар белгіленген. Елімізде медицина мамандарын даярлайтын 7 жоғары оқу орнын жыл сайын 4 мыңға жуық мамандар бітіріп шығады. Алдағы уақытта медициналық кадрлардың сапасын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар атқарылады. (Соңы 2-бетте).

Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Жиынды ашқан аталмыш институттың директоры, медицина ғылымдарының докторы Қуаныш Нұрғазиев құны 1 миллиард 366 миллион теңгені құрайтын бұл жоғары технологиялық аппаратты орнату 2012-2016 жылдарға арналған «Онкологиялық көмекті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылғандығын жеткізді. – Бұл бағдарлама кезінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған болатын. Бағдарламаның жалпы бюджеті – 211 млрд. теңге. Ол 5 жылға жоспарланған. Бағдарламаны жүзеге асыру онкологиялық ауруларға душар болған науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз институт жанынан жаңа бірегей ғимарат салдық. Оған 1,5 жыл уақыт кетті. Сөйтіп, бұл кешеннің ішіне жоғары энергетикалық жүйелік үдеткіш орнатылды. Онымен жұмыс істейтін кадрлар даярладық. Мына аппарат енді сəулелі терапияны өте жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді», – деді еліміздің бас онкологі. «TrueBeam» аппаратын əлемдегі онкоауруларды сəуле, радиохирургия, протондық жəне брахитерапия əдістерімен емдеу құрылғыларымен танымал Varian Medical Systems компаниясы шығарған. Бүгінде бұл компанияның 7 000 түрлі құрылғысында əлем бойынша 350 000 науқас күн сайын емделеді. Алдымен шараға қатысушылар жаңадан орнатылған «TrueBeam» құрылғысының жұмысымен танысты. «TrueBeam» сəулелендіру құрылғысы науқастың өзге ағзаларын зақымдамай, тек обыр орналасқан аймақты сəулелендіреді. Халықаралық есеп бойынша, қазір қатерлі ісіктің бірінші

Суретті түсірген Айтжан МҰРЗАНОВ.

Елбасы ќабылдады

Алматыда Қазақ онкология жəне радиология ғылымизерттеу институтында қатерлі ісікті жоғары деңгейде емдейтін «TrueBeam» сəулелендіру құрылғысының тұсаукесері өтті. Ашылу рəсіміне Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму вице-министрі Алксандр Цой, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова, сондайақ республикалық деңгейдегі емдеу орындарының басшылары қатысты.

сатысында тұрған науқастардың 70 пайызы сəуле терапиясына мұқтаж. Ал «TrueBeam» құрылғысында науқастарды жоғары технологиялық сəулемен емдеудің заманауи,

тексерілген əдістерін барынша кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. (Соңы 2-бетте).

● «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тиімді жобалар ұсынып отыр. Ауыл азаматтарына демеу болуға бағытталған «Кəсіпкер» бағдарламасының шарттары негізінде енді шағын қала тұрғындары да несие ала алатын болды. Айта кетейік, былтыр аталған бағдарлама бойынша 4 370,7 млн. теңгеге 1 154 несие беріліп, 1 639 адам жұмыспен қамтылған. ● Елімізде өткен жылы 17,2 млн. тонна астық жиналған. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаровтың айтуынша, биыл тұқымға сұраныс 2,2 млн. тоннаны құраған. ● Жыл басынан бері Астанада 5 800 сəби дүниеге келді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мəліметінше, бұл нəрестелердің 2 868-і қыз жəне 2 932-і ұл бала көрінеді. ● Шымкентте «Жасыл аймақ» мекемесі құрылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдігінің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, бұл жаңа құрылым отырғызылған көшеттерді күтумен шұ ғылданады. Осы көктемде қала аумағында 2,5 мың гектар алқапқа көшет егіледі деп күтілуде. Бұған дейін 2,5 мың га. жерге ағаш егілген. ● Таразда ҰОС ардагерлеріне пəтер кілттері табыс етілді. Қала əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде шаһарда ҰОС-тың 128 ардагері мен мүгедегі, сонымен қатар, шамамен үш мың тыл еңбеккері тұрады. Олардың барлығы баспанамен қамтылған. ● Батыс Қазақстанда құ рылыс нысандарын салуға 14,7 млрд. теңге бөлінді. Облыстық құрылыс басқармасының дерегінше, бұл қаржының 12,5 млрд. теңгесі республикалық, 2,2 млрд. теңге жергілікті бюджеттен қаралған. ● Шығыс Қазақстандағы «Төре тоған» балық зауыты экспорт көлемін арттырды. Күршім ауданындағы бұл кəсіпорын қалдықсыз технологиямен жұмыс істей бастаған. Жергілікті кəсіпкерлер оған 140 млн. теңге инвестиция салған. Нəтижесінде, зауытта жыл сайын 110 тонна балық өңделеді. Бұл өнімдер «Қазақстанда жасалған» деген брендпен Ресей мен Литваға экспортталып жатыр. Мұнда 280-ге жуық адам тұрақты еңбек етіп жүр. ● Қостанай облысындағы цех күніне 1 тонна сүт өндіреді. Ұзынкөл ауданында соңғы 4 жылда 6 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Солардың қатарында былтыр іске қосылған сүт өңдейтін шағын кəсіпорын қазір жергілікті нарықты сапалы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Қазір мұнда 6 адам жұмыспен қамтылған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ЭЛЕКТОРАТТЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТҰРҒЫНДАРҒА САУАЛДАМАНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТОЛҚЫНЫНЫҢ НƏТИЖЕЛЕРІ АЛДАҒЫ САЙЛАУ ТУРАЛЫ ҚҰЛАҒДАРЛЫҒЫ 2015 жылдың 26 сəуірінде өтетін кезектен тыс президенттік сайлау туралы құлағдар

АҚПАРАТТАР КӨЗДЕРІ:

ЭЛЕКТОРАЛДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ДЕҢГЕЙІ

қазақстандықтардың

САЙЛАУҒА КЕЛУГЕ ДАЙЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ

Республикалық газеттер мен журналдар

-Ы * алдағы сайлау туралы құлағдарлар

ЭЛЕКТОРАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІ МЫНА ТОПТАРДА БАЙҚАЛАДЫ:

Интернет

Облыстық жəне қалалық газеттер

Радио хабарлары

жастар 18-24 жас Жергілікті телеарналар

АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ 21-22 МАМЫР 2015

* респонденттер жауаптың бірнеше нұсқасын таңдай алды

студенттер

бюджеттік қызметкерлер

ауылдықтар

зейнеткерлік жастағы респонденттер

Республикалық телеарналар

«Демократия институты» ҚБ 2015 жылдың 15-25 наурызы аралығында қазақстандықтардың электораттық кезеңдегі белсенділігін анықтау бойынша халыққа жаппай сұрау салулардың алғашқы өлшемін өткізген болатын. Зерттеу «Қазақстанның азаматтық Альянсы» ЗТБ-ның тапсырысы бойынша жүргізілді. Зерттеу облыс орталықтарында, шағын қалаларда, аудан орталықтарында жəне ауылдарда өткізілді. Сауалдамаға 18-ден асқан 2 000 респондент қатысты. Таңдау қателігі +/-2,3% құрады.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.