БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! №118 (28057) 1 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ќазаќстан халќыныѕ бірлігі кїні
ТАҒАТТЫЛЫҚ. ТАТУЛЫҚ. ТҰРАҚТЫЛЫҚ. ТЫНЫШТЫҚ «Бірліктіѕ барар жері – Мəѕгілік Ел» Ералы ТОҒЖАНОВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл күн, Елбасы айтқандай, ең бастысы – той тойлайтын емес, ой ойлайтын, барша халқымыздың басты байлығы – бірлікті ұлықтап, сол бірліктің басы – ынтымақ пен татулықты əспеттейтін күн. Əрі, бұл күн – кезінде тағдырдың жазуымен кеңқолтық Қазақ елінің жанашыр құшағынан пана тауып, бүгінде қасиетті қазақ даласының төл перзенттеріне айналған сан түрлі ұлыс өкілдерінің бірлікті басты құндылығы ете білген қастерлі Қазақ елі үшін тек 1 мамырды ғана емес, жыл-он екі айдың əрбір күнін Қазақстан халқының берекесін арттырып, татулығын төрге оздыратын күн ету қажеттігін кезекті рет көкейге берік түйіп, жадына нық орнықтыратын күн. Ендеше, осынау мəні зор, мазмұны бай мереке қарсаңында халқымызды баянды болашаққа, кемел келешекке бастайтын тарихи құжат – «Қазақстан-2050» Стратегиясына, өне бойы осынау өміршең стратегиямен тұтастыра өрілген Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасы мен Ассамблеяның мерейтойлық 20 сессиясында көтерілген өзекті мəселелердің байыбына бойлап, тереңіне үңілу – ел бірлігіне енжар қарамайтын əрбір азаматтың парызы. (Соңы 2-3-беттерде).
Ќўрметті отандастар!
Əр жыл сайын мамыражай мамырдың бірінші күні біз айрықша ықыласпен – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеміз. Биылғы жылғы 1 мамыр өзіндік ерекшелікке ие. Біз қоғамдық келісім мен ұлттық бірлігімізді бекемдей түскен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясын өткіздік. 1 мамыр – бұл əрқашан халқымыздың бірлігін паш ететін, қоғамдық келісім кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын күн. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің жарқын
Айбын
көрінісі. Бұл күні Отанға адалдық, елге жанашырлық, азаматтық парыз асқақтай түседі. Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан, барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мəдени жəне тілдік əр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды. Ассамблеяның ХХ сессиясындағы сөзінде ел Президенті, Елбасы Н.Ə.Назарбаев – «Қазақстандық жол жаңа тəуелсіз елдер үшін ұлттық жетістіктің жемісті үлгісіне айналды. Бұл қазақстандықтардың еңбегі мен тұтастығының нəтижесі» деп көрсетті. Сондықтан да біздің бірлігіміз бен келісіміміз Қазақстан халқының баға жетпес қазынасы
ретінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады. Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады! Қадірлі достар! Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, ырыс, ынтымақ, отбасыларыңызға бақыт, береке, қуаныш пен шаттық тілейміз! Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда əрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мəңгі болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясы. Астана, 2013 жыл.
Ќазаќстан тарихы мўражайы
– ўлттыќ жаѕєырудыѕ рухани орталыєы Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салынып жатқан Қазақстан тарихы мұражайында болды, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев құрылыс жұмыстары барысымен жəне мұражай ғимаратын пайдалануға беру жөніндегі жоспармен танысты. Мұражайдың экспозициясы мен көрмесі Қазақстанның ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі тарихы мен мəдениетін көрсетуге арналған. Көлемі 14 мың шаршы метрді құрайтын экспозиция алаңы Тарих мұражайы, Алтын
жəне қымбат металдар мұражайы, Өнер мұражайы экспозицияларын орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экспозицияның едəуір бөлігі ұлт мəдениеті мен жазуының көп ғасырлық тарихына, сондай-ақ Тəуелсіз Қазақстан тарихына арналатын болады. Сондай-ақ, мұражай кездесулер, форумдар жəне білім беру бағдарламалары өтетін орын болып
Елбасы ќабылдады
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистрдің орынбасары Қайрат Келімбетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қ.Келімбетов Мемлекет басшысына макроэкономика жəне бюджет салаларындағы жұмыстың, сондай-ақ еліміздің қаржы секторын дамыту жөніндегі қызметтің негізгі бағыттары туралы баяндады. Сонымен қатар, елдің кеден жəне сауда саясатын одан əрі жетілдіру мəселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Келімбетов Еуразия кеңістігіндегі интеграция мəселелеріне жауапты адам ретінде қызмет атқаратынын атап өтті.
– Биылғы мамыр айының соңында жоғары деңгейде өтетін кездесудің таяп қалғанын ескере отырып, жүргізілген келіссөздер нəтижесін қарастыру жəне Қазақстанның мүддесі қаншалықты қорғалғанын анықтау қажет. Сондай-ақ, экономиканың жай-күйі мен оның даму қарқынына талдау жасаған жөн, – деді Мемлекет басшысы. Қ.Келімбетов Қазақстан Президентін Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше үш елдің мемлекет басшыларының Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі
Мемлекеттік мəселе
Əскери доктрина талабына сай 6 жылда 60 есе азайєан кезекті зымыранды-артиллериялыќ
бекірені браконьерлерден саќтауєа наќты шара ќолданылмай отыр
корабль суєа тїсірілді
Дауылпаз ақын Қасым Аманжолов жырға қосқан Шаған өзенінің бойы кешегі күні қарбалас қимылға толды да кетті. Шіркін, салтанаттылық деген қай кезде де кез келген жанның намысын қайрап, отаншылдық сезімін жани түсетініне тағы бір куə болдық. Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
1мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Орал қаласындағы «Зенит» зауытының құрыш қолды конструкторлары өздерінің баға жетпес өнімін суға түсіру алаңына жеткізді. Бұл орын ерке Шағанның жағалауы болатын. (Соңы 4-бетте). Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.
Иə, атам заманнан ел байлығы кімге қолды болмай келеді дейсіз? Əлі де сол, анталаған азулылар асап, билігі барлар тонап, жемқорлар сыбайласа жұлып, жұтып жатыр. Жесе дəмі тіл үйіретін, жемесе түске енетін бекіре тұқымдас балықтың дəмін татпаған жан жоқ шығар. Жеген адам оның еті де, қара уылдырығы да теңдессіз екенін жақсы біледі. Алайда, амал не, өз тəуелсіздігімізді өзіміз қолға алған шақта да ел байлығы еленбей қалды. Сенесіз бе, сенбейсіз бе, ЖайықКаспий бассейніндегі бекіре тұқымдас балық 2006 жылғы 61 млн. данадан 2012 жылы 1 млн-ға бір-ақ азайған. Бір миллион деп көтермелеп айту ғой, мүмкін қазір одан да кем қалған шығар. Сонда мұндай күйге жеткізген кім? Жауап беретін біреу бар ма? Александр ТАСБОЛАТОВ. «Егемен Қазақстан».
Каспийдегі жемќорлыќ
Жауап беретін ешкім жоқ. Əттең, жауап беретін біреулер бар болса, олар жауапқа тартылар еді. Жауапқа тартылса, талан-таражға салыну да
тоқтар еді. Сөйтіп, еліміздің бекіре тұқымдас балығы соңғы үш жылда көбейіп, Жайықтың ернеуінен де асып, Каспийдің қазақстандық жағалауынан да тасып, көл-көсір шоршып жатар еді. Еліміздің əр отбасы балашағасымен қара уылдырыққа қарық болып, айналайын, Үкімет деп ризалық білдірер еді. Əттең бұл арман ғана. Бекіре тұқымдас
балықты құртып жатқан қазіргі адамдар қайырымсыздық басында тұрғанда, қарапайым халықтың аузы аққа жарымасы анық. Өйткені, бар мəселе сол, соңғы үш жылда деп бекер айтқан жоқпыз, осы соңғы жылдары ғана бекіре балығын талан-таражға салу өрістеп кеткен.
табылады. Бұл үшін ғимаратта уақытша көрмелер ұйымдастыруға, тарих ғылыми-зерттеу институтын орналастыруға арналған бөлмелер, қалпына келтіру шеберханасы, зертхана, қор сақтау бөлмесі, оқу залы бар кітапхана, кинодəріс залы қарастырылған. Қазақстан тарихы мұражайы ұлттық жаңғырудың жəне мəдени ілгерілеудің рухани орталығына айналатын болады. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
отырысына дайындалуы аясында үш елдің вице-премьерлері деңгейінде тұрақты кездесулер өткізіліп тұратындығынан хабардар етті. – Ең алдымен, Еуразия экономикалық одағы туралы шарт дайындалуда. Қазіргі нормативтік-құқықтық базаны бірыңғай құжатқа сəйкестендіру жоспарлануда. 2014 жылдың соңына дейін біздің елдеріміздің парламенттері қарауына барлық үш тарап келіскен құжатты дайындаймыз. Бұған қоса, жоғары деңгейдегі кездесуде одан арғы ықпалдасудың негізгі бағыттарын талқылау жайы қарастырылатын болады, – деді Қ.Келімбетов. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысында қаралған мəселелер жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонау 2009 жылы сəуір айында Мемлекет басшысы бекірені аулаудағы браконьерлік пен шектен шыққандық оның жойылуына əкеліп соқтыратынын айтқан еді. Содан кейін бекірені сақтау ісінің қауіпті жағдайына ПремьерМинистр де назар аударып, мұның төркіні браконьерлер мен “погонды озбырлардың” біріге əрекет етуінде жатқандығын негізге келтірген болатын. Бірақ неге екені белгісіз, бұдан жағдай өзгермеді. (Соңы 8-бетте).