01052014

Page 1

БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! №84 (28308) 1 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Ќазаќстан халќыныѕ бірлігі кїні

ЖІГЕРЛІ БОЛСА ЕР БОЛАР, БІРЛІКТІ БОЛСА ЕЛ БОЛАР

Бўл – Ќазаќстан табыстарыныѕ мойындалуы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесуде инфра құры лымдарды дамыту, еліміздегі қаржыбанк секторын одан əрі реформалау, шағын жəне орта бизнес кəсіпорындарына қажетті қолдау көрсету мəселелерін қамтыған ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, тараптар əлемдік қаржы жүйесін одан əрі дамыту жолдары туралы пікір алмасты. Қазақстан Президенті Азия Даму банкі басқарушылар кеңесінің алдағы 47-ші отырысының Ас танада өтетініне ризашылық білдірді. – 2014 жылы Кеңеске төрағалық ету – біз үшін құрмет. Қа тысушылар құрамында аса

көрнекті адамдар болады. Біз мұны тəуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның табыстарын банктің мойындауы деп білеміз. Биыл еліміз бен Азия Даму банкі арасындағы ынтымақтастыққа 20 жыл толады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыра бастаған бүгінгі кезеңде біз сіздердің банктеріңізбен өзара іс-қимылдың жаңа беттерін ашқымыз келеді, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев қос тараптың ынтымақтастығы мемлекетіміздің мүддесіне толық сай келетінін жəне еліміздің экономикасын əртараптандыру үдерісіне банктің көрсеткен қолдауын Қа зақстан жоғары

бағалайтынын атап өтті. Азия Даму банкінің басшысы өз кезегінде Астанада форум өткізу туралы шешім үшін алғысын білдіріп, оған Азияның барлық түкпірінен 3000-нан астам делегаттың қатысуы күтіліп отырғанын айтты. Т.Накао, сондай-ақ, АДБ Қазақстанда өз жұмысын бастағаннан бері жалпы сомасы 3,5 млрд.доллар қаржылай көмек көрсеткенін атап өтті. Азия Даму банкінің президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясын энергетика, индустрияландыру, қаржы секторын дамыту, сондайақ, шағын жəне орта кəсіпкерлік сияқты салалар бойынша жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Геральдикалыќ комиссияныѕ отырысы Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Консультативтіккеңесші орган – Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Отырысқа ведомстволық жəне оларға теңестірілген өзге де наградалармен марапаттау жұмысының жай-күйі, «Еңбек ардагері» медалінің құқықтық мəртебесін бекіту, сондай-ақ, ведомстволық наградалардың геральдикалық

сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Отырыс қорытындысында нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді. Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен құрылған. Оның құрамына Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері жəне кəсіби мамандар кіреді. Комиссияның негізгі міндеті – ведомстволық наградалардың нормативтік құқықтық актілерін жəне олардың геральдикалық сипаттамаларын жетілдіру.

Кəсіптік одаќтар – əлеуметтік əріптестік арќауы

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында бюджет, кəсіптік одақтар жəне этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты заңдық құжаттар талқыға салынды. Сондайақ, депутаттар Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті екінші оқылымда қарады. Жалпы отырыста, сондай-ақ, Мəжіліс Төрағасы депутаттардың сайлаушылармен кездесу үшін еліміздің аймақтарына аттанатынын айтты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кездесулерде халық қалаулылары Президент Жолдауының басым бағыттары мен палатаның заң шығару жұмыстары жөнінде айтып беретін болады. Депутаттар əлеуметтік қамсыздандыру, халықты еңбекпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы мен орта жəне шағын кəсіпкерлікті өркендету мəселелеріне айрықша назар аудармақшы. Мəжілісмендер өндіріс

орындары мен əлеуметтік салада, өндіріс басында еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау, білім беру мекемелерінде болып, халықпен жүздеседі. Сондайақ, бірқатар елді мекендерде қоғамдық қабылдаулар жасап, азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын депутаттарға тікелей қоя алады. Депутаттар тек облыс орталықтары мен аудан орталықтарында ғана емес, шағын қалалар мен алыс аймақтарға да баратын болады. «Нұр Отан», «Ақ жол» ДП,

ҚКХП жəне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутаттар кездесулері 6 мамырға дейін жалғасады. Ал, палата күн тəртібіне шығарылған «Кəсіптік одақтар туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасының жаңа редакциясы Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында жəне Президенттің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында əзірленгені мəлім болып отыр. (Соңы 7-бетте).

«ЌАЗАЌСТАН-2050»:

БЕЙБІТШІЛІК, РУХАНИЯТ ЖƏНЕ КЕЛІСІМ МƏДЕНИЕТІ

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні. Күллі ел болып, барлық аймақтарда, ұзын-ырғасы 4 мыңнан астам елді мекенде айтулы мереке кең ауқымда атап өтіледі. Бірлік – Қазақстан халқының өмірлік кредосы, əрбір қазақстандық тəулігіне 24 сағат, жылына 365 күн қастерлеп, қадіріне жете білуі тиіс басты құндылығы. Себебі, ел бірлігі – біздің ең қасиетті қазынамыз – Тəуелсіздігіміздің тірегі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «бірлігін нығайта алған халық қана тəуелсіздікке қол жеткізеді жəне оны қорғай алады» деген еді. Біз ата-бабаларымыз армандаған тəуелсіздікке ие болдық, азат еліміздің іргесін нығайтып, еңсесін тіктедік. Дамудың даңғылына түсіп, егемендіктің сара жолымен болашаққа бет алдық. Ендігі əр күніміз қасиетті де қастерлі тəуелсіздігімізді қорғап, оны мəңгілік етуге арналады. Бұл – ынтымағын жарастырып, бірлігін бекемдей алған, татулығын тыныштығы мен тұрақтылығының тұғыры ете білген елдің ғана қолынан келетін ұлы шаруа. Ералы ТОҒЖАНОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі.

Біз алыс көкжиекке көз тігіп, ғасырдың бел ортасына дейінгі бағытымызды белгіледік. «Қазақстан-2050» – жаңа ғасыр дағы бас ты бағдарымыз,

ел да муының стратегиялық тізгіні десек, Қазақстан халқы Ассамблеясы осы даму жолында табанымызды тайдырмай, болашаққа нық бастырар бедерлі тағасы іспетті. Елдің бірлігі мен татулығы тəуелсіздікті мызғымастай етіп нығайтудың ең құдіретті құралы екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев азаттықтың алғашқы

күндерінен көре білді. Оның саяси ерік-жігері мен қажырлы еңбегі Қазақстанның тұрақты дамуының берік іргетасы ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналды. Себебі, ел өміріне түбегейлі өзгерістер əкелген əлеуметтікэкономикалық жəне саяси бетбұрыстарды халықтың жаппай қолдауына ие еткен негіз – бұл қоғамдық келісім. Сол себепті де, «келісім – тұрақтылық – бірлік» үштағаны Қазақстан дамуының жəне Мемлекет басшысы саясатының ең басты қағидасына айналды. Қазақстандағы барша этностардың тілін, ділін сақтап, ұлтына, нəсіліне қарамастан барша азаматтардың тең құқылы екенін əйгілей отырып, олардың барлығын ел иесі – қазақтың маңына ұйыстырудың, сол арқылы күллі халықты ұлы істерге жұмылдырудың бірегей, əмбебап құрылымы – Қазақстан халқы Ассамблеясын дүниеге əкелді. Ассамблея алғаш құрылған

Ќўрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді ыстық ықыласпен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтайды! Бұл мейрам – халқымыздың ұйымшылдығы, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің символы болып табылады. Аталған ұғымдар өмірімізге нық еніп, əрбір үй мен отбасына бейбітшілік, тыныштық, болашаққа деген сенім əкелді. Бүгінгі күні бейбітшілік пен келісім – мемлекетіміздің, қоғамымыздың жəне Отанымыздың əрбір азаматы дамуының басты шарттары екені анық.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың саяси жігерінің арқасында еліміздегі этносаралық үйлесімділік Тəуелсіз Қазақстанның, оның алуан түр лі мəдениеттерінің, тілдерінің, салт-дəс түр лерінің күшеюіне өздерінің қайталанбас үлесін қосып отырған жүзден астам этносты біріктірді. Бейбітшілік пен келісім саясаты халқымызға ұлы тарихи мүмкіндікті ашты. Ол күш-қайратымызды біріктіріп, ырысы мол жəне өсіп-өркендеген Қазақстан құру үшін бірлесіп еңбек ету, ұрпақ өсіру, жарқын болашағымызды құру болып табылады. Сондықтан, Қазақстан Президенті Ассамблеяның 21-сессиясында бейбітшілік

күннен бастап бірлігіміздің бастауы, тірлігіміздің арқауы болып келеді. Ол бірліктің бірегей институты ретінде əлемді мойындатты. Қасиетті қазақ жерін бейбітшіліктің бесігіне айналдырып, өзгеге үлгі атандырды. Дүйім дүние дүрбелеңге айналған қазіргі таңда оның өзектілігі тіптен арта түсуде. Біздің мұратқа жетуіміз елімізді бейбітшілікке бөлеуімізге, рухани тұтастығымызға, қоғамдық келісімді сақтауымызға байланысты. Үндестігі жарасқан осынау қағидалар үштігі қашанда бірлігіміздің берік тұтқасы болған, қазір де солай, бола да береді. Бұл қағида əрбір азаматтың санасына нық орнығып, тұтас мəдениетке айналуы тиіс. Сондықтан, «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясындағы бейбітшілік, руханият жəне келісім мəдениеті Қазақстан халқы Ассамблеясының жақсы сəйкескен ХХІ ғасырдағы 21-сессиясының бас тақырыбы ретінде ұсынылды. Ассамблеяның кезекті сессиясы əдеттегідей еліміздің қоғамдық, əлеуметтік өміріндегі маңызды оқиға, Қазақстандағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтудың айтулы белесі болды. (Соңы 2-бетте).

жəне рухани келісімнің бірегей мəдениеті – ұрпағымызға қалдыратын асыл қазынасы іспеттес біздің жалпыға ортақ мəдени мұрамыз екендігі жөнінде тағы атап айтты. Қадірлі қазақстандықтар! Сіздерді осы бүкілхалықтық мерекемен құттықтаймыз! Өміріміз жарқын, аспанымыз ашық, еліміздің əрбір шаңырағында рухани жылылық пен молшылық болсын. Қазақстан халқына мықты денсаулық, бақ-дəулет, бейбітшілік, ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне арналған жақсы істер мен ырыс-береке көбейе берсін деп шынайы ықыласпен тілегімізді білдіреміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.