01052015

Page 1

БІРЛІК МЕРЕКЕСІ ЌЎТТЫ БОЛСЫН! №81 (28559) 1 МАМЫР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

ЌАЗАЌСТАН ХАЛЌЫНЫЅ БІРЛІГІ КЇНІ Президент поштасынан

Жарќын жеѕісімен ќўттыќтады Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар əлі де келіп жатыр Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ўлттыќ комиссия ќўрылды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құруға арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті ел алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Мемлекет басшысы бес институттық реформаны жүзеге асыру мақсатында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын мəлімдеді.

Комиссияны Премьер-Министр К.Мəсімов басқарады, орынбасары Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығ матулин болады. Кəсіби мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыс тобын Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев, заң үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын Президент

Əкімшілігі Басшысының орынбасары Т.Донақов, экономика мəселелері жөніндегі жұмыс тобын Ұлттық экономика министрі Е.Досаев, біртектілік жə не бірлік жөніндегі жұмыс тобын Президент Əкім шілігі Басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, есеп беретін мемлекет қалыптастыру жөніндегі жұ мыс тобын Парламент Мəжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаева басқарады. Сондай-ақ, комиссия құрамына шетелдік консультант

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ ќўрамы туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сəйкес қаулы етемін: 1. Мыналар: Бақытжан Əбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Бердібек Мəшбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мəжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Əділет министрі; Аслан Бəкенұлы Сəрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрі; Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі; Əсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар жəне даму министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

ретінде «Назарбаев Университеті» АБҰ президенті Ш.Катсу кірді. Мемлекет басшысы Үкімет құрамы сақталатынын айтты. – Олардың бəрі осы құрамда ынтымақпен жұмыс істеді, қойылған міндеттерді орындай алды. Мен ешқайсысын да алмастыру қажеттігін көріп тұрған жоқпын, сондықтан жұмыстарын жалғастыратын болады, – деді Қазақстан Президенті. ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

«Қазақстан мен Жапония арасындағы қарымқатынастар саяси ғана емес, əлеуметтік-экономикалық салада да дамып, бұл орайдағы ынтымақтастық жаңа сатыға көтерілді. Сонымен қатар, біз халықаралық қоғамдастық аясында ядролық қарусыздану мəселесіне байланысты бір-бірімізді қолдаймыз. Мемлекеттерімізді жақындастыру мақсатында ынтымақтастықты одан əрі жандандырып, Қазақстан мен Жапонияның екіжақты қатынастарын дамытуға ниетті екенімді білдіремін», – делінген құттықтауда. Соңында С.Абэ Мемлекет басшысына бақыт пен табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. ***

Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

«Мен Сіздің Мемлекет басшысы лауазымында болған кезіңізде Қазақстан Республикасы өз дамуы мен өркендеуін жалғастыратынына, ал елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік одан əрі нығая беретініне сенімдімін. Біздің елдеріміздің екіжақты қарым-қатынастарын дамытуға мүдделілік танытқаныңыз үшін алғысымды қабыл алыңыз», – делінген жеделхатта.

Корея Президенті Мемлекет басшысына мықты денсаулық пен бақыт, ал Қазақстан халқына бақбереке тіледі. ***

Испания Королі VI Фелипе Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ол Қазақстан Президентінің екі елдің арасындағы қарым-қатынастарды одан əрі дамыту жəне нығайту үшін биік мақсаттарды орындау жолындағы қызметіне табыс тіледі. ***

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бахрейн Королі шейх Хамад бен Иса Əл Халифамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Бахрейн билеушісі Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен жəне Мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, бұл Қазақстан халқының жоғары сенімі мен қолдауының айқын айғағы екенін атап өтті. Шейх Хамад бен Иса Əл Халифа сенімді диалогты жəне екіжақты ынтымақтастықтың барлық мəселелері бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екенін айтты. (Соңы 2-бетте).

БІЗ – ЌАЗАЌСТАНДЫЌТАРМЫЗ!

– Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі; Ерлан Əбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі; Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сəуір. №5

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Жаѕєырту жґніндегі ўлттыќ комиссия туралы Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан əрі жаңғырту мақсатында жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сəйкес қаулы етемін: 1. Осы Жарлықтың қосымшасына сəйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан əрі – Ұлттық комиссия) құрылсын. 2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына: 1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын; 2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын;

3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 30 сəуір. №6 ––––––––––––– (Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын 2-беттен оқисыздар).

Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассам блеясы сіздерді Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім үлгісінің, барша қазақстандықтардың тұтастығының жарқын көрінісіне айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтайды! Бұл мереке əрқайсымыз үшін ерекше қымбат. Ол біздің миллиондаған отандасымыздың жүрегінен жол тапқан халқымыздың тамаша рухани дəстүріне айналды. Біздің көпэтносты қоғамымызды біріктіретін, «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының арқауы – туған жерге деген патриотизм мен сенім, достық пен махаббат сияқты мызғымас құндылықтар. Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың сайлаудағы айқын жеңісі осы мерейлі мерекеге ұласып отыр, бұл – ақиқат сəті жəне ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы. Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, мемлекетті экономикалық жəне

əлеуметтік дамуда жаңа белестерге бастайтын өз Көшбасшысына дауыс берді. Біз жарқын болашақ пен асқақ мүмкіндіктер дəуірінде өмір сүрудеміз. Мемлекет басшысының бастамасымен ұсынылған «Бес халықтық реформа», Ұлт жоспары – барша азаматтарға арналған заманауи мемлекеттің берік іргетасы болатын, Қазақстан дамуының дүниетанымдық негізінің стратегиялық келешегін қалыптастыратын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мега-жобалар. Қымбатты азаматтар! Қазақстан халқы Ассамблеясы бар шаңыз ды бірлік мерекесімен құттықтап, амандық, береке жəне жарқын болашақ тілейді! Біздің тағдырымыз ортақ. Ол ортақ Ота нымыз – Қазақстанның тағдырымен байланысты. Осы айтулы мерекеде сіздердің жүректеріңізге еліміз үшін ыстық сезім ұяласын! Ортақ Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін! Халқымыздың бірлігі жарасып, Мəңгілік Елдің жұлдызы жана берсін! Қазақстан халқы Ассамблеясы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.