01062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№139 (28078) 1 МАУСЫМ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Бəрекелді!

Мыѕ адамдыќ оркестр Атыраудаєы фестивальде Ќўрманєазыныѕ 14 кїйін орындады

«Ел тыныштығын бұзуды көздегендерге тосқауыл қойылады» 2-бет Парламент 4-бет Отандық өнімдерді қайтсек көбейтеміз? 5-бет Мәншүктің көзін көрген майдангер 7-бет

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама (бұдан əрі – Тұжырымдама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, Астана жəне Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері: 1) өз қызметінде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын жəне оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуін қамтамасыз етсін. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 30 мамыр. № 577. --------------------------------------------------Жарлықтың түсіндірмесі 2-бетте жарияланып отыр.

Ыќпалдастыќ ыѕєайындаєы басќосу

Кеше Минскіде ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі. Оған Қазақстан Үкіметінің басшысы Серік Ахметов қатысты.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Бұрнағы күні кеште мұнайлы Атырауды Құрманғазы Сағырбайұлының жүрегіңді елжіретіп, рухыңды көтеретін дауыл паз күйлері кернеп тұрды. Бұрын ұлы күйшінің өшпес мұралары жұртшылық назарына бір өнер

ұжымының орындауында ұсынылып жүрсе, бұл жолы мүлде басқаша сипат алды. Бұған дейін күй атасының туғанына 190 жыл толуына орай Атырауда мың адамдық оркестр құрылатындығы хабардар етілген еді. – Елімізде бір мың адамның бір мезгілде ұлы күйшінің бір неше күйін орындайтын дəл мұндай ауқымды шара

Кїн тəртібі белгіленді

бұ рын-соңды болған емес. Рас, бұдан 56 жыл бұрын Аты рау да 500 өнерпаз қатысқан оркестр күй тартқанын. Мақсат – ұлы күйшінің өшпес мұрасын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау. Қазақтың қара домбырасының құдіретін, күйшілік дəстүрінің мəңгілік екенін танытуды көздеп отырмыз. Сол себептен, бір мың адамдық оркестр құрамына Астана мен

Алматы қалаларынан, Қарағанды мен Қызылорда, Қостанай мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау өңірлерінен танымал оркестрлердің өнерпаздары қатысады, – деп еді бұдан бір апта бұрын облыс əкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Жоќ, мўны ўмытуєа болмайды

Мың өліп, мың тірілген халқымыздың тарихында ХХ ғасыр зұлматтары ауыр із қалдырып, жазылмас жара салды. Сол заманның халқымызға əкелген қасіретін есте сақтау мақсатында Елбасының Жарлығымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген.

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мəжілістің бюро отырысында, жалпы отырыстың күн тəртібі белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата қарауына қаржы (инвестициялық) пирамидалары қызметіне қарсы іс-қимыл мəселелері бойынша заңнамалық түзетулер бірінші оқылымда ұсынылып отыр. Сонымен бірге, күн тəртібі жобасына «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына конституциялық мерзімдерді есептеу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы жəне екі халықаралық заң жобасы енгізілді. Күн тəртібі бойынша депутаттар тағы да көлік мəселелеріне (екінші оқылым), мемлекеттікжекеменшік əріптестіктің жаңа нысандарын енгізу жəне қолданылу аясын кеңейту» (екінші оқылым) мəселелеріне қатысты заң актілерін қарап, сонымен бірге, Қазақстан – Румыния үкіметаралық Инвестицияларды көтермелеу жəне өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды əзірлеу уақытын белгілейтін болады.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кеше Астана жұртшылығы Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» монументіне гүл шоқтарын қойды. Бұқаралық шараға Парламент Мəжілі сінің депутаттары Алдан Смайыл жəне Бақытбек Смағұл, Астана қалалық мəслихатының депутаттары, мем лекеттік органдардың, ғылыми жəне шығармашылық мекемелердің

(Соңы 10-бетте).

Осы күні Қазақстан Республи касының Премьер-Министрі Серік Ахметов Минскіге жұмыс сапары шеңберінде Беларусь Рес публикасының Президенті Александр Лукашенконың ТМДға мүше мемлекеттер делегациялары басшыларын қабылдауына қатысты. Онда кездесуге қатысушылар ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тəртібін талқылап, Достастық елдері арасындағы экономикалық

интеграция мен өзара ісқимылдардың көкейкесті мəселелері бойынша пікір алмасты. ТМД-ның барынша кең көлемді мəселелер бойынша үнқатысу алаңқайы болып табылатынын, экономиканың оны нығайтушы қызметін атқаратынын атап көрсете отырып, біздің Достастық ТМД-да неғұрлым маңызды болып табылады, деді А.Лукашенко. (Соңы 2-бетте).

БАЛА МЕРЕКЕСІ – ЕЛ БЕРЕКЕСІ

жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың, зиялы қауым жəне БАҚ өкілдері қатысты. Рəсімді Астана қалалық мəслихатының хатшысы Сансызбай Есілов ашып, Алдан Смайыл мен Бақытбек Смағұл сөз сөйледі. Сондай-ақ Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген шаралар шеңберінде Ақмол кентіндегі саяси қуғын-сүргін жəне тоталитаризм құрбандарына арналған «Алжир» мұражай-мемориалдық кешенінде де гүл шоқтарын қою рəсімі болып өтті.

 Дінің тұрсын дін аман

Қасиетті жұма күні Шымкент қаласында осы өңірдегі ең үлкен, озық сəулет үлгісімен салынған зəулім мешіттің ашылу салтанаты өтті. Алланың бұл үйі Елбасы ұсынысына сəйкес Біріккен Араб Əмірліктерінің президенті Шейх Халифа бин Зайед Əл Нахайянның қолдауымен жүзеге асты. Бір мезгілде 3 мың жамағатқа намаз оқуға мүмкіндік беріп отырған ғимарат құрылысы үш жылда аяқталды.

Алла їйі

Біріккен Араб Əмірліктерініѕ ќолдауымен Шымкентте бой кґтерді

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Мешіт Шымкент қаласының батысында, Темірлан тасжолы бойында орналасқан. Жалпы аумағы 2,69 гектарды құрайды. Мешіт құрылысына 1 млрд. 622 млн. теңге жұмсалып, ол толығымен «Заид бен Сұлтан Əл-Нахаян» қайырымдылық қоры есебінен жүргізілді. Айналасындағы 1,2 гектар аумақ көгалдандырылып, 723 түп ағаш көшеттері отырғызылған.

Бұл осы өңірде тіркелген 748-ші мешіт екен. Аршыған жұмыртқадай аппақ, көздің жауын алатын еңселі Алла үйінің ашылу салтанатына еліміздің Дін істері агенттігінің төрағасы

Қайрат Лама-Шариф, Біріккен Араб Əмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Матар Аль Кетби, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы,

Бас мүфти Ержан Маямеров жəне Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Қайрат Лама-Шариф Елбасымыз Н. Назарбаевтың БАƏ президенті Шейх Халифа бин Зайед Əл Нахайянның атына жолдаған құттықтауын жеткізді. «Бұл мешіт Қазақстан Əмірліктердің қаржылық көмегімен тұрғызылған жалғыз нысан емес. Осы тұрғыда Астана қаласында салынып жатқан «Абу Даби Плаза» кешенін ерекше атап өткім келеді. Қазақстан мен Біріккен Араб Əмірліктері арасындағы тығыз ынтымақтастық алдағы уақытта да екі ел игілігі үшін жалғаса беретініне үміттенемін», деп жазылыпты құттықтау хатта. Бұл күні мəртебелі меймандар жаңа мешітке жиналған жамағатпен бірге жұма намазын оқыды. Архитектуралық стилі айрықша, ақ күмбезді, мұнарасы көк тіреген бұл Алла үйі Шымкенттің шырайын арттырып, келбетін көркемдейтіні хақ. Оңтүстік Қазақстан облысы.

----------------------------------------Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ.

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

«Балдəурен» ќуаныш сыйлады

Жақында Семей қаласында «Балдəурен» атты республикалық əн-би конкурсы өтті. Байқауда дəстүрлі əндер домбырамен сүйемелденді. Эстрадаға да лайықталып орындалды. Мың бұралған билер биленді. Жас талаптарды тануға арналған игілікті істің ұйымдастырушысы – «Назерке» халықаралық бірлестігінің жетекшісі Назерке Əбішева мен «Майра» продюсерлік орталығының үйлестірушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі Майра Ілиясова. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. Эстрадалық вокал жанры бойынша Астана қаласының №57 мектебінің Конкурсқа республиканың оқушысы Аружан Қызыр екінші əр түкпірінен ең дарынды де- орынды иеленді. Ол жинаған ген жүздеген балалар жиналды. ұпай санымен көрермендердің «Балдəурен» байқауында бағы көзайымына айналды. Аружан жанғандар аз емес. Дəстүрлі əн но- орындаған «Туған жерім», «Қазақминациясынан Гран-приді Астана станым» атты патриоттық əндер қаласының №2 өнер мектебінің ерекше ілтипатқа бөленді. оқушысы Жансая Жұмаш алса, – Аружан менің шəкіртім, осы осы мектептің тағы бір өнерпазы байқауға ерекше дайындықпен Диас Алпысбай эстрадалық во- келді. Қатты қобалжыды, – дейді калдан бас бəйгеге қол жеткізді. №57 мектептің ұстазы Жансая

Тоқтағазина, бізбен ой бөліскенде. Ол сабаққа да, қоғамдық жұмысқа да тыңғылықты. Əн десе, өнер десе ішкен асын жерге қояды. Отбасы да оның бұл бағытын үнемі қолдап, қоштап отырады. Бұл жеңісіне Астанадағы мектеп ұжымы да қуанып жатыр. Келер күннен үмітіміз өлшеусіз. Байқауда астаналықтар басымдық танытты. «Балдəуренде» болған өнер жарысында Дарина Мағауина, Нұрдəулет Аманқос, «Акцент» бишілер тобы сияқты Семей, Павлодар, Аягөз, Өскемен нен келген балалар да топ жарып, жүлделі орындарға қол жеткізді. Конкурста жүзден жүйрік шыққандар əнші Майра Ілиясованың «Самға, жұлдыз» атты республикалық əн байқауына жолдама алды. СЕМЕЙ.

----------------------------------------1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған топтаманы 3-беттен оқисыздар.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.