01072014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№127 (28351) 1 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Жасыл белдеуі жайќалєан бас ќала Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «жасыл белдеуін» дамыту мəселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Н.Қаппаров, Астана қаласының əкімі И.Тасмағамбетов, Ақмола облы сының əкімі С.Кулагин, сондай-ақ, Қоршаған орта жəне су ресурстары вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты. Кеңесте елорданың айналасында жасыл аймақ қалыптастыру жұ мыстарының қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды. Бұдан соң Пре зидент елорда маңындағы «Жасыл аймақ» РМК Қызылжар ор ман шаруашылығын аралап көрді. Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Астанада 1997 жылдан 2013 жылға дейін отыр ғызылған ағаш көшеттерінің жалпы ауданы 70 мың гектарды құрағанын,

олардың шамамен 15 мыңы қала аума ғында, қалған 55 мыңы қала сыр тында екенін атап өтті. «Астана – Щучье автожолының бойында 3,6 мың гектардан астам аумаққа ағаш егілді. Мен бір кездері алынып, əлі

күнге дейін пайдаланылмай жатқан жер лердің барлығын ағаш егу үшін қай тарып алуға тапсырма бердім. Біз дің міндетіміз – қаланың өзінде жəне оған жапсарлас аумақтарда жасыл желек қалыптастыру жəне оны

сақтау. Ресурс болған жағдайда, Астананың айналасындағы жасыл аймақты Бурабай бағытындағы орманмен қосуға болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 4-бетте).

Сала ќызметіне ќатысты наќты тапсырмалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына сыртқы саясат ведомствосының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының негізгі қорытындылары туралы баяндап, жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жұмыстары туралы айтты. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан дипломаттарын келе жатқан кəсіби мерекелері – Дипломатиялық қызмет күнімен құттықтап, олардың мемлекет мүддесін ілгерілетуде, азаматтарымызды қорғауда жəне шетелдермен байланыстар орнатуда маңызды жұмыс атқаратынын атап өтті. Қазақ стан Президенті сыртқы саяси қызмет бағдарламасын тиім ді жүзеге асыруды екінші

жар ты жылдықта жалғастыру керектігіне де тоқталды. Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентіне Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуін қамтамасыз ету жұмыстары туралы əңгімеледі. Сонымен қатар, Е.Ыдырысов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 20172018 жылдардағы тұрақты емес мүшесінің орнына ұсынылатын Қа зақстанның кандидатурасын ілгерілету жұмыстары, сондай-ақ, өзге де сыртқы саяси басымдықтарды жүзеге асыру туралы баяндады. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы министрлік жұмысының негізгі бағыттарына қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Депутаттар жўмысы аймаќтарда жалєасады Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, оған Премьер-Министр Кəрім Мəсімов, Жоғарғы Сот, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың, Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің басшылары, сондай-ақ, Президент Əкімшілігі мен Үкімет Кеңсесінің, Парламент палаталары аппаратының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Бірлескен отырыстың күн тəртібіне бесінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясының жабылуы жəне парламенттік каникул енгізілді. Осы мəселелер бойынша баяндама жасаған Мəжіліс Төра ғасы Қабиболла Жақыпов: «Бейнелеп айтар болсақ, Парламент өз жұмысының бел ортасына, яғни экваторынан өтті. Елбасымыз осы сессияның ашылуында атап көрсеткендей, біздің жұмысымыз ұзақ мерзімдегі «Қазақстан-2050» Стра тегиясын жүзеге асыру кезеңінде басталды», дей келе,

бүгінде оның Парламенттің заң шығару ісіндегі басты бағдар болған тарихи құжат екенін айтты. Сондай-ақ, əлемдегі ең озық 30 елдің қатарына енуді мақ сат еткен Қазақстанның экономикалық жəне əлеуметтік дамуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуде оған тең келер стратегиялық бағдарлама жоқтығына мəн берген Төраға сессия басталғалы Парламент қарауында 154 заң жобасының болғанын, оның 114-ін Үкімет, 11-ін депутаттар енгізгенін айтты. Оның айтуынша, 29 заң жобасы алдыңғы сессиялардан өткен. Аталған уақыт ішінде Парламент 104 заң қабылдаса, соның 4-уіне депутаттар

бастамашы болған. Қазірдің өзінде Президенттің 80 заңға қол қойғанын жеткізген Қ. Жақыпов мемлекеттік деңгейдегі көптеген өзекті мəселелер бойынша Парламент депутаттары атқарушы жəне құқықтық, құқық қорғау органдарының басшыларына, барлығы 444 депутаттық сауал жолдағанын айтты. Бұған қоса, төраға сессия ашылуында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген міндеттерге сəйкес, депутаттық корпустың сессия барысында елдің тұрақты экономикалық өсуі, инновациялық үдерістердің дамуы, азаматтарды əлеуметтік қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етіп, құқық қорғау заңнамасын реформалау жолында еңбектеніп, халықаралық келісімдерді ратификациялағанына тоқталды. «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары жəне елдің əлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде 20142016 жылдардың үшжылдық бюджеті қабылданды. Оған елеулі өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік, əлеуметтік

міндеттемелерді толық орындауға, халықты жұмыспен ойдағыдай қамтуға, əлеуметтік ин фрақұрылымдарды жаңғыртуға, өңірлік дамуға, шағын жəне орта бизнесті қолдауға 102 млрд.-қа жуық теңге қайта бөлінді», деген ол бюджет жобасын талқылағанда депутаттар мемлекеттік ауқымдағы ірі мəселелерді қорғай білгеніне ризашылығын жеткіз ді. Парламенттің басты қызметі – қазақстандықтарға жəне мемлекетке қажетті сапалы заңдар қабылдау десек, бұл халық қалаулыларының алдағы жұмысының ең басты ұстанымы болмақ. «Əлеуметтік салаға арналған шығын – адам капиталын дамытуға бағытталған инвестиция екенін есепке ала отырып, біз, ең алдымен, халқымыз үшін ең өзекті – денсаулық сақтау, білім беру, еңбекпен қамту, тұрғын үй құрылысы, əлеуметтік қорғау салаларын қаржыландырдық жəне Үкіметтен өте салмақты əрі сапалы нəтижелер күтуге құқылымыз», – деді Мəжіліс Төрағасы. (Соңы 6-бетте).

Елге пайда – ерге абырой. Сұлтанмахмұт ТОРАЙҒЫРОВ.

Астананыѕ алтын алќасы: «Ќазаќ елі» 5-бет Заѕ їстемдік алмай ќўќыќта ќауќар болмайды 6-бет Мўхит Тўрсынов – «Ќазаќстан барысы» 10-бет Ел маќтанышы шыќќан шаѕыраќ 14-бет

ЕГЕМЕНДІКТІЅ ЕЛЕЅ-АЛАЅЫ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан – Аса құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Елорда күні қарсаңында, астана ауыстыру туралы тарихи шешімнің қабылдануына 20 жыл толғалы тұрған тұста өткізілгелі отырған бұл сұхбаттың алдында осы əңгімелерге қызығушылық өзімізде ғана емес, шетелдерде де бар екенін айтқым келеді. Маған əуелі Түркиядан, одан кейін Қытайдан Елбасымен сұхбат кітабын аудару, шығару жөнінде ұсыныстар түсті. – Алдымен кітапты өзіміз бітіріп алайық. Дұрыс шығып жатса аудару ешқайда қашпас. Оларға солай деп айтарсың. Көңілдеріңе рахмет. Ол жағы шешілер, əңгімеге кірісейік. Маған жазба түсіргеніңде бұл жолы тəуелсіздікке қол жеткеннен кейінгі алғашқы жылдар жайында сұрағың келетінін айтқан едің ғой. – Газетте «Тəуелсіздік табалдырығында» деген атпен басылған соңғы тарауда ел тəуелсіздігін жариялаудың қарсаңындағы оқиғалар сөз етілген еді. Енді егемендіктің елең-алаңындағы ахуал туралы əңгімелесеңіз деймін. – Саяси əдебиетте тəуелсіздіктің қолға тиюін үш республиканың оқшаулану үдерісін бастап кетуімен байланыстыра сөйлейтін авторлар бар. Ол – біржақтылық. Тəуелсіздік қалайда қолға тиетін еді. Тарихтың бүкіл ой қисыны соған алып келе жатқан болатын. КСРО атты ел идеологиялық тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да бəсекеге шыдас бере алмай, толықтай дерлік жеңіліске ұшыраған-ды. Сондықтан əлгі оңаша мəміле КСРО-ны ыдыратқан оқиға ретінде емес, сол үдерісті жылдамдатуға септескен оқиға ретінде ғана қаралуға тиіс. Белая Вежадағы сол шешім əуелгі бетте тек славяндық жаңа құрылым ретінде қаралғаны рас. Соған іле-шала Ашғабадта бас қосқан Орталық Азиядағы бес мемлекет басшыларынан біраз жұрттың балама достастық құруды күткені де рас. Ашғабадта сол кездегі қалыптасқан жағдайға салмақты баға беріліп, ұстамды көзқарас танытылды. Дегенмен, Кеңес Одағының тарих сахнасынан кетуін белгілі ГКЧП бүлігі қолдан тездетіп жібергенін айтуға тура келеді. Тамыздағы оқиғалар кертартпа күштердің тарихтың доңғалағын кері айналдыруға далбаса əрекет жасауының, империялық, тоталитарлық жүйенің əбден іріп-шірігенін түсінбеуінің салдары, қолдан кетіп бара жатқанды қайтаруға жанталасқан тұяқ серпуі. Бүлікшілер ол ойлағанына жеткен жоқ, есесіне орталықтан үрку үрдісін күшейтіп жіберді. Республикалардың барлығы да енді өздері толық мемлекеттік тəуелсіздікке ұмтылмаса тоталитарлық орталықты қайта жандандыру ниеті осылайша бас көтере беруі мүмкін екеніне көз жеткізді. Тамыз бүлігі болмағанда, соған іле-шала Беловежьеде оңашалану келісімі жасалмағанда бұрынғы кеңестік республикалар бір-бірінен ірге ажыратуды əлдеқайда көкейге қонымдырақ ете алар еді. Саяси тұрғыдағы тəуелсіздікті басы ашық мəселе ретінде қарастырып,

жаңадан құрылған тəуелсіз мемлекеттер экономикалық мүдделер тұрғысынан бір-бірімен байланысын сол кездегіден əлдеқайда жоғары деңгейде сақтап қала алар еді. Амал не, егемендіктің эйфориясына түсіп алған кейбір мемлекеттер интеграциясыз-ақ өмір сүруге болады деген алдамшы ойға елтіп, экономикалық, əлеуметтік мəселелерін өз бетінше шешуге ұмтылып жатты. Ақыры талай жыл бойы қалыптасқан, қалыптасқанда да берік қалыптасқан шаруашылық байланыстарының быт-шыты шықты, өндірілген өнім жеріне жеткізілмей, қоймаға үйіле бастады, соның салдарынан тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық бұрынғы кеңестік республикаларда өндіріс қарқыны құлдырап, инфляция аспандап кетті. – Иə, инфляция құрық салдырмай тұрды. Сол кезде азық-түлік тауарларының бағасы одан бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9 еседен артық қымбаттаған екен. Ал макарон өнімдері 28 есе, ұн 27 есе өсіпті. Қалтай Мұхамеджановтың: «Базарда бір кемпір бір кило алмаға екі кило ақша сұрап тұр» дейтіні сондайдан айтылған. Мұның үлкен бір себебі, əрине, еларалық интеграция байланыстарының үзілуі болатын. Тиісті түсіністік танытылғанда қазіргі Еуразиялық экономикалық одақ сияқты құрылым сол кезде дүниеге келуі мүмкін бе еді? – Сол кезде ме? Сол кезде мүмкін емес еді. ТМД субъектілерінің экономикалық саясаттағы қадамдарын əлдеқайда үйлесімдірек ету мүмкін еді. Экономикалық парасаттылықтың саяси шамшылдықтың құрбандығына шалынуы əлдеқайда азырақ болуы мүмкін еді. Бірақ қазіргі ЕАЭО сияқты құрылымға ол кезде қол жеткізу мүмкін емес еді. Əр нəрсенің өзінің уақыты болады. Батыс Еуропада біртұтас Еуропа идеясы соғыстан кейін-ақ көтерілген. Бірақ оның толыққанды түрде дүниеге келуіне қырық жылдан астам уақыт қажет болды. Ал біздің Еуразиялық экономикалық одақты құруымыз идея ортаға тасталған 1994 жылдан бастап есептесек, басаяғы жиырма жылда аяқталды. Бұл мұндай құрылымдардың құрылуы үшін қысқа мерзім саналады. Айтқандай, Астанада Шартқа қол қойылатын күндер қарсаңында сенің Румаспен, Шуваловпен, Христенкомен жасаған, «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правдаға» қатар шыққан сұхбаттарыңды (Сергей Румас – Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиядағы мүшесі, Игорь Шувалов – Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары, Виктор Христенко – Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы, олармен сұхбаттар газетке 27, 28, 29 мамыр күндері шыққан – С.А.) оқыдым, олардың бəрі де осы ойды құптапты.

(Соңы 2-3-беттерде).

● Жемқорлық – індет, жою – міндет

Ќылмысќа ќарсы ќарымды кїрес Кеше Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Комиссия отырысы тұңғыш рет кеңейтілген пішімде, облыстардың жəне Астана, Алматы қалалары əкімдерінің, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерінің онлайнрежім арқылы қатысуымен өтті. Отырысқа «Нұр Отан» партиясының,

Ұлттық кəсіпкерлер палатасының, Қазақстанның азаматтық Альянсының жетекшілері, «Транспаренси Интернешнл Қазақстан» ұйымының өкілдері шақырылды. Білім жүйесіндегі, сондай-ақ, Ақтөбе облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігі мəселелері қарастырылып, бұл бойынша Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов пен Ақтөбе облысының əкімі А.Мұхамбетов есеп берді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшы сының тапсырмасы бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама дайындалуда. Онда Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы жүргізіп отырған тапсырмаларынан туындаған міндеттер

қарастырылады. Ə.Жақсыбеков атап өткендей, сонымен қатар, Президент тапсырмасына орай, саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тəртіптік істерді қараудың ережесі пысықталуда. Оларды бекіткеннен кейін комиссия өңірлердің жəне орталық мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ахуалға, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар мен қызметтік этика нормаларын сақтауға қатысты жұмыстарға деген дербес жауапкершіліктерін қарау бойынша өзінің құзыреттерін белсенді түрде пайдалануға ықтиярлық танытып отыр. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.