ЖАҢА... ...демалыс орталыєы салынады Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша облыстық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Гранд Құрылыс» компаниясының Балқаш көлінің жағалауында демалу-сауығу орталығын салу жөніндегі жобасы қаралды. Ол Приозерск қаласы аумағында туризмді дамытуға арналған. Көлдің осы шағын шаһарға шектес табиғаты көрікті тұсында əрқайсысы «люкс» класты 2 нөмірден тұратын 4 коттедж, эконом-класты 20 бөлме, кафемейрамхана, жеңіл серуендік қайықтар бекеті, автотұрақ, аквопарк, ересектер мен балалар үшін бассейн салынады. Сондай-ақ, балық аулауға құмарларға қажетті жағдай жасалады. Демалыс аймағының айналасы жасыл желекке бөленіп, айдын жиегінің құмы əрдайым таза болады. Компания бұл құрылысты халықаралық талап-талғамдарға сай салып, туризм бейнесінде бəсекелесе алатын демалыс орнына айналдыруды көздейді. Қарағанды облысы.
...жўмыс орнына 800 адам орналасты Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Қалалық мəдениет үйінде ұйымдастырылған кезекті еңбек жəрмеңкесіне келушілер қатары əдеттегідей мол болды. Оған қатысқан 20 кəсіпорын 50ге жуық мамандық түрлеріне тапсырыс берді. Петропавл қалалық еңбекпен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Кристина Козактың айтуынша, түрлі салалар бойынша 816 жұмыс орнына қажеттілік байқалған. Əскери киімдер тігумен шұғылданатын тігін фабрикасының филиалы тігушілер мен пішушілерге зəру көрінеді. Қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері келісімшарт арқылы қызмет еткісі келетін əскери қызметкерлерге сұраныс жасай келіпті. Мамандығы бойынша электр жабдықтаушы болып табылатын Марина Корниенконың еңбек жəрмеңкесіне бірінші рет келгеннен жолы оңғарылды. Лайық қызмет тапты. Сөйтіп, жұмыс іздей келген 250 адамның 90-ы əңгімелесуге шақырылды, 7-еуі қоғамдық жұмыстарға тартылды, 11-і кəсіби шеберліктерін арттыруға, 35-і жастар тəжірибесіне жіберілді. Ал жыл басынан бері 800 адам жұмыспен қамтылды. ПЕТРОПАВЛ.
№181 (28120) 1 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Өңір өмірі
Ауылдаєы ґѕдеуші кəсіпорын Тəуелсіздігіміздің алғаш қы жылдарында «Сұлтан» элеватор-диір мен-кешені» кə сіпорны Пе тропавл қа ла сында салынып, макаронның нешеме жеңсік түрлерін шығара бастағанда «е, енді оған жүрегі дауалап бəсекелес шыға қоймас» деген ойда болған едік. Өйткені, Анадолы елінен мол инвестиция құйған түркиялық бауырымыз Окан бей аз ғана жылдың ішінде Қазақстан рыногымен қоса алыс-жақын шетелдерді де сапалы өнімдерімен жаулап алғанды. Қазір əлемге танымал ірі алпауыттардың бірі. Сөйтсек, жаңылысқан екенбіз. «Егемен Қазақстан».
бар əрі бидай тазалайтын кешен, сыйымдылығы 20 мың тонналық астық сақтайтын қойма орнаттық. Ісіміз одан əрі оңғарылып, гектар берекелілігін 30 центнерге дейін жеткізген кездеріміз болды. Бұрындары қуаңшылық жылдары 14 центнер өнім алу өңіміз түгіл түсімізге енбейтін. Мемлекеттің жан-жақты көрсетілген демеуқаржысы жайлы осылайша толғана сөйлеген «Егін» ЖШС-нің бас директоры Владимир Чубыкин маңдай термен өсірілген ризықты өз кəсіпорнында толық ұқсатып, одан алынған дайын өнімді өткізу туралы шешімге келу үшін он ойланып, мың толғанған
тəрізді. Алға қойған игі мақсатын толыққанды орындау үшін Қазақстан нарығын жан-жақты зерттеп, ой сүзгісінен өткізген секілді. Ресейге дейін сапарлап қайтыпты. Содан қабырғасымен кеңесе келіп, біртіндеп іске асыруға кіріскен. Үкіметтің 150 миллион теңге қаржылық қолдауына ие болып, тəулігіне 120 тоннаға дейін бидай өңдейтін диірмен кешенін сатып алған. Шетелдік озық құрал-жабдықтар орнатылған. Астық сақтауға арналған 12 мың тонналық 4 қондырғы бой көтеріп, 50-ге тарта адам тұрақты жұмысқа тартылған. Осылайша, өз жолын тауып, үлкен сенімге бөленген серіктестік Индустрияландыру картасы шеңберінде жарты миллиард теңгенің жаңа жобасын игеруге бел буған. Бір миллион доллардың құрал-жабдықтары Италиядан жеткізілген. Олардың қатарына 10-ға жуық макарон өнімдерін шығаратын, кептіретін, қаптайтын заманауи қондырғылар орнатылып, жылдық қуаттылығы 4 мың тоннаға дейін жеткізілген. Қазір мұнда «mr*MacCaroli» мар касымен əртүрлі килолық
қап тамаларда макарон Қызылжардың сапалы бидай ұнынан жасалады. Кəсіпорын бұдан тысқары жоғары, бірінші сұрыпты ұн, түйіршектелген витаминді кебек өндіреді. Тауар сапалылығы жоғары бағаланып, «Қазақстанның үздік тауарлары» байқау-көрмесіне, «Қараөткел-2012» агроөнеркəсіп жетістіктері көрме-жəрмеңкесіне қатысқан. Ауыл шаруашылығы министрінің дипломымен марапатталып, өңірлік байқаулардың жеңімпазы атанған. Облыс басшыларының қолдауы арқасында жергілікті бюджет қаражатының есебінен тағы екі жоба жүзеге асырылып, электр қуатымен жабдықтайтын қондырғы, су беру желісі тартылған. Енді алда сағатына 40 тонна астық тазалайтын екінші қондырғының құрылысын іске қосу міндеті тұр. Мұның өзі 140 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы. ----------------------------
Суреттерді түсірген Талғат ТƏНІБАЕВ.
Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.
Түске дейін бірінші вицепремьер «Сырдария өзені арнасын реттеу жəне Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы аясында салынған Көкарал плотинасының жұмысымен танысты. Аталған жоба Арал ауданының əлеуметтікэкономикалық жағдайын жəне экологиялық тепе-теңдікті жетілдіру, сонымен қатар, өңірде балық шаруашылығын дамыту мақсатында жүзеге асырылуда. Арал қаласында Бақытжан Сағынтаев 2009 жылы пайдалануға берілген балық өнімдерін қайта өңдеу зауытында болды. Мұндағы кешен Еуроодақ елдеріне балық өнімдерін өткізу үшін санитарлықгигиеналық нормалардың талаптарына (НАССР) сəйкес салынған. Осыдан кейін бірінші вице-премьер «Қолжетімді тұрғын үй2020» бағдарламасы аясында тұрғызылып жатқан үйлердің құрылысын қарап шығып, Қазалы ауданындағы Əйтеке би кентінде орналасқан 660 бас ірі қара мал кешенінің жəне «РЗА» АҚ сүт өнімдерін өңдеу
Мəселенің мəнісі
Бір адам бес мəрте жер алыпты
Кґѕілді лагерь кїндері
сəттері», «Көшпенділердің сəнді киімдері» жарыстары, отрядтардың таныстырылымдары оқушылар есінде қалды. «Біз осы лагерь барысында ойындарды ұйымдастырып, уақыттың қызықты өтуіне атсалысқан ұйымдастырушыларға, тəрбие ші лерге үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді олар лагерьмен қоштасу кезінде. Бақыт СІЛТЕЕВА, «Октябрь» орта мектебі директорының тəрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
Сайрамда жұртты сан соқтырған бір жағдай болып тұр. Осыдан бес жыл бұрын аудан орталығы – Ақсукент ауылының əкімі жұртқа жерді оңды-солды үлестіріпті. Алайда, сол мырзалықтың зардабын жергілікті халық бүгін тартып отыр. Үй салуға берілген бұл жерлер əлдебір шаруа қожалығының иелігінде екен. Енді аудан əкімдігі «сол кезде шығарылған ауыл əкімінің шешімі заңсыз, сондықтан 4200 жер телімін кері қайтарамыз», дейді. Ал кезінде жер үлестірген басшылар əлдеқашан жұмыстарын ауыстырып жібергенін, əрине, іштеріңіз сезіп отыр. Ең өкініштісі, əлгі жерге көп отбасылар үй, қора-жай салып алған. Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы.
АҚПАРАТТАР аєыны «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі Италияда концерт беріп жүр. Ол жұртшылыққа еуропалық классика, қазақ фольклорлық жəне заманауи музыка шығармаларын ұсынуда. Гастроль биылғы наурызда басталған «Қазақстан – балалық шағымның аспаны» атты Италиядағы мəдениет күндерінің жалғасы болды. Алматыда 93 отбасына жаңа пəтердің кілті берілді. Кеше осыған арналған рəсімде Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов 2015 жылға дейін есептелген ескі үйлерді бұзу шеңберіне 55 үйдің кіргенін айтып, бағдарлама аясында жалпы аумағы 161,6 мың шаршы метр болатын 2 710 пəтерлі 61 тұрғын үйдің салынатынын жеткізді. Байқоңырдағы экологияны қорғау өкілеттігі «Роскосмосқа» берілді.
Бұған қоса, екі мемлекеттің көшбасшылары өңіраралық ынтымақтастық перспективаларын, соның ішінде биыл Бішкекте өтеді деп күтіліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тəртібіндегі негізгі мəселелерді талқылады. Соңында тараптар екіжақты жəне өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды.
Жўмыс сапарымен барды
Еркін елдің ертеңі Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданындағы «Октябрь» орта мектебі-балабақша ке шенінің оқушылары Волчанка ауданындағы «Көшпенділер» жазғы лагерінде демалды. Олардың жазғы демалысы есте қаларлықтай көңілді, қызықты өтті. Балалар лагерьде дос тасып кетті. Бірінші күннен бастап əртүрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Лагерьдегі төртінші кезең – спорт кезеңі болғандықтан, футболдан, суда жүзуден, басқа да спорт түрлерінен көптеген жарыстар өткізілді. Тəрбие шаралары да өте қызықты өтті. «Даңқ
Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Əңгімелесу кезінде мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін, сондай-ақ, интеграциялық үдерістерді дамыту саласындағы уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Санкт-Петербург қаласында өтеді деп жоспарланып отырған G-20 саммиті бағдарламасының негізгі аспектілері туралы да сөз қозғады.
Өмір ЕСҚАЛИ,
Облыс орталығынан шалғай Есіл ауданында орналасқан «Егін» ЖШС диірмен-макарон кешенін пайдалануға беріпті дегенде бастапқыда сенбегеніміз рас. Кейін оның тұсаукесеріне куə болдық. 2011 жылы желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан телекөпірде іске қосылып, алғашқы өнімін көпшілікке ұсынды. Содан бері үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмыс істеп келе жатқан шаруашылық өз өнімдерін «Қазақстанда жасалған» деген белгімен елімізден тысқары Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Ауғанстанға жөнелтеді. Бұған дейін тек егіншілікпен айналысса, енді астық өнімдерін ұқсатып, өткізумен де шұғылданатын бірегей ірі агроқұрылымға айналды. –Алғашқы жылдары 3-4 мың гектар алқапқа астық өсіріп жүрдік. Кейін оның көлемін екі есеге дейін көбейттік. Əр жыл сайын мол түсім жиналып, машина-трактор паркімізді жаңалап алдық. Бірде тиісті орындар тарапынан жеңілдетілген несиелік қаржы арқылы жұмыс істеу жөнінде ұсыныс түсті. Оны құп алып, Үкіметтің зор қамқорлығын тиімді ұқсаттық. Астық кептіргіші
Телефон арќылы сґйлесті
Қабылданған өзгерістерге сəйкес, агенттік ендігі жерде экологиялық қауіпсіздікті, кешенде орналасқан нысандарға қатысты табиғатты пайдалану жəне қоршаған ортаны қорғау ережелерін қамтамасыз етуге жауап береді. Астанада заңсыз қойылған 20дан астам павильон алынады. Олардың қатарында Сарыарқа ауданындағы 21 гүл жəне көкөніс павильондары бар. Қостанай облысында жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Бұл жөнінде мəлімдеген облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов жыл басынан бері жұмыссыздар санын 1 967 адамға немесе 0,8 пайызға қысқартуға қол жеткенін мысалға келтірді. Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасы биылғы жылы 16 млн. теңгенің қайтарылуына ықпал етті. Осы уақыт аралығында прокуратура əлеуметтікэкономикалық салаға қатысты 24 тексеріс жүргізіп, 232 рет заң бұзылғанын анықтады. Павлодар облысында «Мектепке жол»
шарасы қолға алынды. Қайырымдылық қозғалысының қатысушылары 5 жыл ішінде 60 мың балаға қолұшын созып, олар үшін 220 млн. теңге жинады. Ал бүгінде аймақта 10 мың бала көмекке мұқтаж. Қызылорда полицейлері сора еккен азаматтарды қолға түсірді. Атап айтқанда, Қазалы ауданының тəртіп сақшылары «Көкнəр-2013» алдын алу іс-шарасы барысында Кəукей елді мекенінен 150 шақырым қашықтықтағы есірткі алқабын анықтады. Жылдамдықты арттырған астаналық жүргізушілерге 0,5 млрд. теңгеге жуық айыппұл салынды. Өткен 7 айда елордада жылдамдық асырудың 59 мың оқиғасы тіркелді. Соған орай жол ережесін сақтамағандардың мекен-жайларына 38,5 мың ұйғарым жолданған. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
Бұл мəселе үлкен дауға айналып, тіпті, жер алғандар «шарасыздық танытып отырған қазіргі аудан басшылары қызметінен кетсін» деп тепсінген болатын. Артынша арнайы комиссия құрылды. Кеше комиссия төрағасы, облыс əкімінің орынбасары Ербол Садыр тексеру қорытындысын жария етті. Сөйтсек, сансыз баптар елі былыққа батып-ақ қалыпты. Ақсукент ауыл округі əкімі 2008-2009 жылдар аралығында тұрғын үй салу үшін Əйтеке би учаскесінен, Қарабұлақ тас жолы жəне Алматы-Термез автожолы бойынан 5328 азаматқа
шешім шығарып берген. Енді мына масқараны қараңыз. 5328 шешімнің ішінде 1114 азамат 2 шешіммен 2 реттен жер алған. Дəл осылайша 176 азамат 3 рет, 17 азамат 4 рет, 3 азамат 5 рет жер алыпты. 667 азаматтың атында бұрын жер учаскелері тіркелген болса да əкімнің жер алу туралы шешіміне ие болған. Жер үлестіруші сайрамдық əкімдердің құнығып кеткені соншалық «əр азамат бір мəрте ғана жер учаскесін алуға құқылы» деген заң баптарына пысқырып та қарамаған ғой. Ол ол ма, көші-қон полициясынан алған мəліметтерге қарағанда, жер алған 190 азамат Сайрам ауданынан тыс жерде тұратыны, 1832 азаматтың жеке басын анықтайтын құжаттары,
зауытының жұмысын көрді. Одан соң Бақытжан Сағынтаев Ғани Мұратбаев ауылдық округінде болып, онда ауыл əкімдерінің сайлауға дайындық барысы жөніндегі ақпаратты тыңдады жəне округтің əлеуметтікэкономикалық дамуымен танысты. Түстен кейін бірінші вице-премьер 2 шілдеде «Байқоңыр» космодромынан ұшырылған «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған аумақты қарап шықты. Сондайақ, «Гагаринский старт» алаңында жəне «Байқоңыр» космодромының мұражай кешенінде болды жəне Төретам ауылындағы 100 адамдық аурухананың жаңа ғимаратын көріп шықты. Байқоңыр қаласында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары «Протон-М» зымыран тасығышы құлаған аймақтағы зардаптарды жою жөніндегі жұмыс комиссиясының қорытындылары бойынша кеңес өткізеді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
тіпті, жер алуға жазған өтініштерінің де болмағаны анықталыпты. Сонда Ақсукент ауылының əкімі жер үлестірген бе, əлде тері үлестірген бе?! «Бір отбасы мүшелерінде 7-8-ге дейін ауыл əкімінің шешімдері бар. Бұрын-соңды жер алмағандардың мəселесі 10 күннің ішінде шешіледі. Ондай азаматтардың саны – 1110. Заң талаптарына сəйкес бірінші кезекте мұқтаж азаматтарға жер учаскелері берілетін болады. Ал, бірнеше мəрте жер алғандарға ештеңе берілмейді. Бүгінгі күнде 55,755 гектар жер учаскесінде орналасқан шаруа қожалықтарының жерлері қайтарылып, тұрғын үй құрылысын жүргізуге дайындалды», дейді Сайрам ауданының əкімі Уəлихан Қайназаров. Бұл іс бойынша барлық құжаттар прокуратураға өткізіліпті. Кімдер үлестірді, кімдер кінəлі, міне, мұнымен осы прокуратура айналыспақ. Бір қызығы, бұған дейін аудандық прокуратурадағылар «шешім заңсыз шығарылған, бірақ іс қозғауға қылмыстық негіз жоқ» деген тұжырым жасап, жер үлестірген шенеуніктер тек ескертумен ғана шектелген екен. Ал, енді қайтер екен? Оңтүстік Қазақстан облысы.
Бїгінгі нґмірде: Талпыныс – табыс бастауы 2-бет
Ґткенніѕ ґнегесі – ертеѕге їлгі 3-бет
«Бірегей Бердібектіѕ бер баєасын...» 5-бет