01082014

Page 1

СІЗ не дейсіз? Себеп – сылбырлыќта Өңірдегі 615 елді мекен тұрғындары мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасынан мол үміт күтетіні анық. Əйткенмен, редакция қосынына хабарласып жататын оқырмандарымыздың көпшілігі ауыз судан тарығып отырғандарын жеткізуде. Құзырлы орындар тарапынан 2020 жылға дейін халықтың сапалы ауыз сумен қамтылу деңгейін 80 пайызға жеткізу міндеті қойылғанын білеміз. Бұл үлкен мерзім. Сонда, сылбырлықтың сыры неде? «Егемен Қазақстанның» Ақмола облысындағы меншікті тілшісі Бақберген Амалбек облыс прокуроры Мұратбек Исаділовке:

– Сіз бұған не дейсіз? – Себеп – орындаушылық тəртіптің əлсіздігінде. Прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті мəжілісінде есеп берген басшылар жоғарыдағы 80 пайыздық меженің орындалуына да күдік туғызғаны қынжылтты. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ауылдарға тартылған су құбырларының кейбірі мүлдем жұмыс істемейді, ал қайсыбірі бойынша істер сотта жатыр, енді кейбіреулеріне құбыр тартылғанымен, жер астында су қоры болмай шыққан. Аудандар мен шалғай елді мекендер былай тұрсын, облыс орталығындағы жағдай да мəз емес. Бүгінде бізде мəселесі аса күрделі 15 нысан бар. Ақкөл ауданындағы Минское жəне Ивановское, Целиноград ауданындағы Қызылжар мен Қошқарбаев, Малиновка ауылдарына тартылған су құбырларының төртеуі де іске қосылмаған. Степногор қаласына қарасты Қарабұлақ кенті мен Шортанды ауданының Төңкеріс ауылындағы ны сандар, тіпті, мемлекет меншігіне қабылданбаған. Ал, Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылындағы су құбыры мемлекеттік актісіз жұмыс істеп тұр. Жақсы ауданының Подгорный, Белағаш, Запорожье ауылдарындағы жəне Аршалыдағы су нысандарының құрылысы толық аяқталмаған. Аталған аудандағы Новокиевка мен Киевский елді мекендеріндегі жəне Есіл қаласындағы нысандарды іске қосу үшін алдымен олардың жобалық-сметалық құжаттарына өзгерістер енгізу қажет. Қысқасы, тізе берсек, бұл тізім ары қарай жалғаса береді. Осындай заң бұзушылықтарға байланысты былтырғы жылы 5, ал, ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында 2 жемқорлық фактісі тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. «Ақбұлақ» адамдардың үміт сəулесін ұшқындатқан бастама. Сондықтан, бұл жөніндегі жауапкершілік еселене түседі. Прокурорлық қадағалаудың пəрменділігі күшейіп, заң талаптарын орындамаушылар тиісті жазасын алатын болады. Ақмола облысы.

№148 (28372) 1 ТАМЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

● Еркін елдің ертеңі

Балаларєа базарлыќ

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасы Парламенті Сенатыныѕ депутаттарын сайлауды 2014 жылєы 1 ќазанєа таєайындау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сəйкес, 2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың əкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдықтехникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 шілде. № 871

Теміржолшылар тойы

Кеше Қазақстан теміржолшылары 110 жылдық мерейтойын атап өтті. Оған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысып Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қызылордада балалардың демалыс орны ашылды. Орталық «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен құрылды. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Демалыс орнын жасауға 70 миллион теңге жұмсалған. Жалпы ауданы – 3700 шаршы метр. Онда əсем сквер, субұрқақ, бассейн, балаларға арналған 6 ойын құрылғылары орнатылған. Сондай-ақ, 132 шаршы метрге гүл отырғызылған. Бір сөзбен айтқанда, балалардың демалуына бар жағдай жасалған. Аймақ

басшысы бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасып, жылы лебізін білдірді. – Қала тұрғындарына қажетті аула, ойын алаңдары секілді нысандарды əлі де көбейтеміз. Тал егу, гүл отырғызу жұмыстары қатар жүргізіледі. Тек сіздерге айтарымыз, жасалған іске жанашырлықпен қараңыздар,– деді Қырымбек Көшербаев. ҚЫЗЫЛОРДА.

● Жағымды жаңалық

«Аќылды» орталыќ Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Өскеменде деректерді өңдеу орталығы ашылды. Үдемелі индустриялықинновациялық даму жəне «Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылған жоба «Электронды Үкіметті» дамытудың инфрақұрылымдық алаңы болып табылады. Еліміздің алты өңірінде құрылған мұндай орталықтар 2016 жылға дейін барлық облыста жүзеге асырылмақ. Мемлекеттік органдарда серверлік инфрақұрылым үшін ауқымды қаржы жұмсалатын. Аталған орталық сол қаржыны үнемдеп, кеңселерде орналасқан сан мың ақпараттар мен құжаттар сақталатын серверлер мен жұмыс үстеліндегі жүйелік

блоктардың орнын басады. Яғни, үстеліңізде монитор мен деректерді өңдеу орталығы желісіне қосылған шағын блок қана орналасады. Осы арқылы өңдеу орталығындағы ортақ серверге виртуалды түрде шығасыз. Кез келген құнды жəне құпия ақпаратты электронды түрде деректерді өңдеу орталығында сақтауға мүмкіндік бар. Алып серверде сақталып тұрған ақпаратты керек болған кезде шағын блокқа электронды тасымалдағышты қосу арқылы жүктей аласыз. – Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған уақытта əлеуметтік желілер мен түрлі аккаунттар арқылы деректерді кедергісіз жымқыру қаупі туындап отыр. Ғаламторлық қызметтердің көбі өзге мемлекеттердің ресурстық орталықтарында тіркелген. Сондықтан мемлекеттік маңызы бар деректерді қауіпсіз орында сақтау аса

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

маңызды, – деді аталған орталықтың ашылу рəсімінде облыс əкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев. Қарапайым тілмен айтсақ, мекемеде 500 компьютерде сақталып тұрған мəліметті бір ғана серверде сақтауға болады. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі басқарма төрағасының орынбасары Руслан Еңсебаевтың айтуынша, мұндай орталық мемлекеттік құжаттардың қасақана жойылуына жол бермейді. Ал деректерді өңдеу орталығының жетекшісі Алексей Звонов сервердегі виртуалды жұмыс орындары жалға берілетінін жеткізді. Жалдау ақысы – тұтынушының электронды пайдалану кеңістігіне байланысты. Сондайақ, орталықта қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. Мəліметтер сақтайтын кісі бойындай жəшіктер орналасқан ғимаратта ауа температурасынан бастап барлық техникалық жағдай бақылауға алынған. ӨСКЕМЕН.

АҚПАРАТТАР аєыны

● Үстіміздегі жылы агроөнеркəсіп кешенін сауықтыру үшін 169 жоба мақұлданды. Бұл туралы мəлімдеген «Қазагромаркетинг» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Дəуітов мұның 149,2 млрд. теңге субсидия арқылы шешілгенін де айтты. «Қазіргі таңда жалпы сомасы 100 млрд. теңге болатын 150-ге жуық өтініш қаралып жатыр», – деді ол. ● «ҚазАгро» биыл өзінің 48 активін сатылымға шығарғалы отыр. Олар кезінде ауыл тұрғындарына несие қаражаттары қолжетімді болуы үшін құрылған еді əрі «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ына тиесілі. Қазір осыған байланысты құжаттар əзірленуде. Сатылым жылдың екінші жартысында жүргізіледі. ● Астананың қоғамдық көліктеріне тегін WI-FI орнатылып жатыр. Қазірге дейін мұнымен 12 автобус жарақтандырылды. Келешекте олардың саны едəуір

артады. Бұл бастама «Smart Астана» атты ірі жобаның аясында қолға алынды. Жоба авторлары вай-файдың жылдамдығы секундына 25 Мбит жəне одан жоғары екенін айтып отыр. ● Шығыс Қазақстанда монополияға қарсы заң бұзудан бюджетке 11,5 млн. теңгеден артық қаржы түсірілді. Облыстық монополияға қарсы күрес инспекциясы 2014 жылдың өткен мерзімінде 32 рынок субъектісінің 11-де тексеру жүргізді. Соның ішінде коммуналдық жəне риэлторлық қызметтер көрсету, өндіріс жəне азық-түлік тауарларын тарату салалары қамтылды. ● Көкшетау комбайн зауыты өзінің алғашқы өнімдерін 2016 жылы шығара бастайды. «ҚазАгро» холдингі өзі қызмет еткен 7 жылда 200 млрд. теңгеден асатын 326 жобаны іске қосты. Соның қатарындағы аталмыш өнеркəсіп орны былтырғы жылы тамыз айында құрылысын бастаған еді. Ол іске қосылған кезеңінен бастап жылына 300 комбайн шығаратын болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың бас ғимаратында өткен салтанатты жиынды ашқан компания президенті Асқар Мамин мерейтойға келген мəртебелі қонақтарды таныстырды. Олардың қатарында Көлік жəне коммуникациялар министрі Ж.Қасымбек пен «Ресей темір жолдары» ААҚтың бірінші вице-президенті В.Морозов, «Узбекистон темир юллари» АҚ-тың вицепрезиденті Ш.Исматулаев, «Əзербайжан темір жолдары» басқармасы төрағасының орынбасары И.Гусейнов жəне теміржол ардагерлері болды. Сөз алған бірінші Вицепремьер Б.Сағынтаев Елбасының құттықтау сөзін оқыды. Онда «Құрметті теміржол саласының қызметкерлері сіздерді кəсіби мерекелеріңізбен жəне теміржол көлігінің 110 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. 1904 жылы Орынбор-Ташкент теміржолының ашылуынан бастау алған бұл сала республика экономикасының аса маңызды күретамырына айналды. Ол Ұлы Отан соғысы, тың жерлерді игеру жəне елді индустрияландыру кездерінде басты рөл атқарды. Тəуелсіздік жылдары бұл сала жоғары қарқынмен

даму үстінде. Ұлттық компания активтерін отандық өнімдер есебінен жаңғыртуда. Əлемдік жетекші өндірушілермен бірлесе отырып, заманауи локомотивтер мен вагондар шығаруды ұйымдастыру табысты жүзеге асырылуда. Нəтижесінде ірі инфрақұрылымдық нысандар салынды. Шығыс-Батыс жəне Оңтүстік пен Солтүстік бағыттарында халықаралық транзиттік дəліздерді оңтайландыратын жаңа теміржол желілері іске қосылды. Жүрдек жолаушы пойыздары мен контейнерлік пойыздар жүре бастады», делінген. Мемлекет басшысы теміржолшылардың тынымсыз еңбегін бағалай келіп, алдағы жұмыстарына табыс тілеген. Салтанатты жиында баяндама жасаған ҚТЖ президенті А.Мамин салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, теміржолдағы жұмысшы-қызмет керлерге алғысын білдірді. Өз кезегінде мəртебелі қонақтар Қа зақстан теміржолшыларына өз елдеріндегі сала басшылары мен əріптестерінің жылы құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ, 78 теміржол көлігінің ардагері «Қа зақстан темір жолына 110 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Бїгінгі нґмірде: Аќиќаттыѕ адамы 5-бет

● Оңтүстік Қазақстанда тұрғын үй құрылысындағы жұмыс қарқыны бəсеңдемейді. Бұл туралы кеше өткен арнайы мəжілісте облыс əкімі Ас қар Мырзахметов баяндады. Қазіргі күндері Шымкентте «Қазақстанның тұрғын үй-құрылыс корпорациясы» АҚ арқылы 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Енді бұларда жасалып жатқан жұмыстардың барысы айына кемінде екі рет өтетін кеңейтілген мəжілісте қаралып тұрады. ● Қызылорда облысы Арал ауданында ыдыс-аяқ жəне кальций содасын шығаратын зауыт салынады. Кеше өткен облыстық мəслихаттың ХХІХ сессиясында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев осыны жеткізді. Иран компаниясы бұдан бөлек өңірдегі шыны зауытын да қаржыландырады. Оның құны 260 млн. АҚШ долларын құрайды. ● Қостанайда жылу маусымына дайындық артып келеді. Биыл облыс орталығындағы 21 білім нысанын күрделі жөндеуге 3,8 млрд. теңге бөлінді. Қостанай

Отыз жетінші жыл 6-бет

облысы əкімінің орынбасары Серік Бектұрғанов атап өткендей, қазір бұл соманың шамамен тең жартысы игерілген. Мектептер мен балабақшаларды жылу маусымына əзірлеу жұмыстары аяқталып жатыр. ● Павлодардың Ертіс үстіндегі көпірі ең ұзақ өткел болады. Ол облыстың ЭКСПО көрмесі аясында пайда болатын аса ірі инфрақұрылым нысанына айналады. Аталмыш «Орталық – Шығыс» көлік дəлізі келешектегі «Астана – Павлодар» жəне «Павлодар – Өскемен» автобанына жол ашады. ● Ақтауда «Handmade» атты жəрмеңке өткізілді. Оған жергілікті ұсталардың қолдарынан шыққан бұйымдар қойылды. Осында келген жұрт 20 шебер жасаған əртүрлі экспонаттар көрмесімен танысты. Хабарлар «Қазақпарат», Egemen.kz, Altaynews.kz, Alau.kz, Lada.kz жəне облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.