01082015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №145 (28623) 1 ТАМЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Бейжің қаласының 2022 жылғы қысқы Олимпия ойындарының астанасы болып таңдалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді Бейжіңнің 2022 жылғы қысқы Олимпия ойындарын өткізу құқығына ие болуына байланысты шын жүректен құттықтады. «Бұл оқиға жаңа Қытайдың зор мүмкіндіктерін əлемге тағы да паш етті. Қытай тарапының Олимпия ойындарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, халықтар

достығы мен бейбітшілікті дəріптейтін олимпиадалық дəстүрді одан əрі нығайтуға үлес қосатынына кəміл сенемін», – деп атап өтілген құттықтауда. Нұрсұлтан Назарбаев, сондайақ, ҚХР Төрағасына қысқы Олимпиаданы табысты өткізуге, ал достас Қытай халқының бақберекесі артып, өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Олимпиада комитеті Бейжіѕді таѕдады 2022 жылєы ќысќы Ойындар Ќытай астанасында ґтетін болды

Кеше Малайзияның астанасы – Куала-Лумпурде басталған Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-ші сессиясы 2022 жылғы қысқы Олим пия ойындарының орталығы ретінде Қытайдың бас қаласы – Бейжіңді таңдады. Осылайша, ол жазғы жəне қысқы Олимпиадаларды бірдей өткізу құқығына қол жеткізген тарихтағы тұңғыш шаһар атанды. Төрт жылда бір рет айналып келетін аталмыш аламандар шежіресінде мұндай оқиға бұған дейін мүлде болмаған еді. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Осы таласта Бейжіңмен ат жарыстырған Алматы да абыройсыз бола қоймады. Оның осы кезге дейінгі өткелектердің бəрінен өтіп келіп, соңғы сынақ сағатына ентікпей жетуі өз алдына, оның кермесінен де тым кейін өткен жоқ. Біздің мегаполис қорытындыда қарсыласынан небəрі 4 дауыс қана кем алды. Атап айтқанда, ХОКтың дауыс беруге қатысқан 85 мүшесінің 44-і Қытай астанасын қолдаса, 40 адам Қазақстанның ең ірі қаласы үшін дауыс берді, бір маман қалыс қалған болып шықты. Біздіңше, осының өзі Алматының бұл бəйгеден озып келуге бекерден-бекер

талаптанбағанын анық көрсетеді. Олимпиада өткізуге тілек білдіруші Алматы өтінім комитетінің делегациясы Куала-Лум пур ге «Өзіңмен өзің бол!» деген ұранмен барды. Ол мұны кеше таңертең өткен Ойындарға дайындық барысының таныстырылым тұсаукесерінде барынша дəлелдеді. Комитет құрамында оның спикерлері Кəрім Мəсімов, Бердібек Сапарбаев, Ерлан Ыдырысов, Ахметжан Есімов, Андрей Крюков, Темірхан Досмұхамбетов, Қанат Боранбаев, сондай-ақ, Ермахан Ыбырайымов, Серік Сəпиев, Елена Хрусталева, Денис Тен, Сабина Алтынбекова сынды белгілі спорт саңлақтары болды. (Соңы 4-бетте).

МОЛАЙЄАН МЇМКІНДІК Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі – 19 жыл жүргізілген үлкен шаралар мен ел мүддесін көздеген тиянақты келіссөздердің жемісі, салиқалы ішкі-сыртқы саясат пен экономикалық жəне құқықтық реформалардың жеңісі, биылғы жылдың ең үлкен жетістігі мен жаңалығы. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың халыққа жасаған мəлімдемесі мен Марракеш келісіміне қол қойғаны – ел үшін елеулі оқиға, үлкен үміт, зор қуаныш, тəуелсіз Қазақстан тарихында басталған жаңа жасампаз кезең.

жан басына өндірілетін өнімді еселеп ұлғайтып, халықтың əлауқатын жақсарту. «Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз дұрыс па?» деген сұрақты күн тəртібінен алып тастасақ та, артық кетпейміз. Себебі, біз əлемнің бір бөлшегіміз. Сондықтан да, үлкен əлемге кірігуден, дүниежүзі елдерімен еркін сауда жасап бірігуден қашқақтаудың жөні де, реті де жоқ. Заманымыздың басты үдерісі – жаҺандану тоқтамайды. Күнненкүнге өзгеріп, өркендеп жатқан өркениетті əлеммен бірге дамып, батыл экономикалық реформалар жасап, дамыған отыз елдің қатарына ену үдерісін барынша жақындатудың жолдарын қарастырған жөн. Бəйгеге қосылған аттардың жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпарлары ғана оза шабатынын атбегі дана бабаларымыз баяғыда айтып кеткен. Бəсекелестіктің не екенін жылқы жанды қазақ жақсы біледі, терең ұғынады. Сондықтан, тоқмейілсіп тоқырауға, еріншектік ұстап

 Елімізде жыл басынан бері шағын көлемді кемелерді басқаруға 600 сертификат берілді. Сонымен қатар, шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куəліктердің телнұсқасын беру мерзімі 10 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылған.  2015 жылдың бірінші жартысында инновациялық гранттарды алуға келіп түскен өтінімдердің өсімі 35 пайызды құрады. Бүгінгі күні жалпы сомасы 60,3 млн. теңгеге инновациялық грант берілді. Олардың басым бөлігі технологияларды коммерцияландыруға бағытталған.  Астанада жастар кəсіпкерлігін несиелеуге бағытталған жаңа бағдарлама іске қосылды. Бағдарламаны жүзеге асыруға «Даму» қоры мен елорда əкімдігі 300 млн. теңгеден бөлді. Жас бизнесмендерге берілетін несиенің максималды көлемі 20 млн. теңге.

Нарыќта ілкімділердіѕ ўпайы тїгел Бұл оқиға елімізге не береді? Ұтыламыз ба, əлде ұтамыз ба? Қарапайым халыққа қандай пайдасы бар? Бұл үдерістің плюстері мен минустары қандай? Дүниежүзілік бəсекелестікке ел экономикасы төтеп бере ала ма? Бұл сұрақтарға отандық жəне шетелдік сарапшылармен қатар, қатардағы ел тұрғындары жауап іздеп, əртүрлі пікірлерін жарыса білдіруде. Оларға құлақ түрсек, оң пікірлер көбірек, күдіктен үміт басымдау. Ең бастысы, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақ елінің əлемдегі абыройын асқақтатып, халықтың саяси жəне экономикалық əлеуетін жоғарылатады. Бұл бағыттағы басты мақсат – əлемдік нарыққа ұтымды кірігу, озық технологиялар мен заманауи ғылымға сүйенген инновацияларды кеңінен енгізу, еркін сауда мен бəсекелестік ортада қарыштап дамудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, мемлекеттің мүдделерін қорғау, елдің есесін ешкімге жібермеу,

 «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамы жолаушылар вагондары паркін жаңарту жобасын қаржыландырады. Жалпы, Ұлттық қордан отандық өндірушілер мен экспортшыларды аталған банк арқылы қаржыландыруға 70 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде, 5 млрд. теңге жолаушылар вагондарының өндірісін қолдауға арналған.

 Алматы облысында 2 мың тонна алма сақтайтын теңдессіз кешен іске қосылды. Таулы аудандарда өсірілген алманың 13 түрін енді жыл бойы сатып алуға болады. 12 мұздатқыш камералар 2 мың тонна алманы күзден бастап, мамыр айына дейін сақтайды. Бұл ретте жемістің сапасына мүлдем зиян келмейді.

жалқаулануға, ысырапшыл шашпа болуға, ел тыныш, жұрт аманда үдеріске ілеспей көштен қалуға, досқа – күлкі, дұшпанға – таба болуға мүлдем жол жоқ. Керісінше, əр азамат, əр басшы, əр қызметкер, əр жұмысшы, əр отбасы, əр ұжым, əр мекеме, əр кəсіпорын, əр сала, əр аймақ, қысқасы, басшысынан қосшысына дейін еліміздің бəсекеге қабілеттілігін арттыруға атсалысып, күш-жігерін аямау керек. Елдегі тыныштық пен татулық, қазақ елінің халқының бірлігі, соның ішінде қара шаңырақтың иесі қазақ халқының ауызбіршілігі бəсекеге

қабілетті ұлтты қалыптастырып, елі міздің Дүниежүзілік сауда ұйымына орнын тауып, кірпіш болып қалануына негіз болары анық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл», «Ағайын тату болса, ат көп. Абысын тату болса, ас көп», «Бірлік жоқ жерде, тірлік жоқ», «Ырыс алды – ынтымақ», «Кəсіп болмай, нəсіп болмас», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Біткен іске сыншы көп», «Біткен істе мін жоқ, бітірген ерге сын жоқ». (Соңы 3-бетте).

● Мəселенің мəнісі

 Маңғыстау облысында жыл басынан бері 6 403 адам жұмыспен қамтылды. 979 адам əлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылып, орта кəсіби жəне жоғары оқу орындарын тəмамдаған 977 түлек жастар тəжірибесі бойынша ашылған жұмыс орындарына орналастырылды.  Көкшетау қаласында жыл басынан бері 57 211 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондайақ осы уақыт аралығында қаланың өнеркəсіп саласында барлығы 34 724,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетілген. Осының арқасында ішкі жекелей индекс көлемі 102 пайызды құрады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Тегін медициналыќ кґмек кґрсетілді Алматыдағы су тасқынынан зардап шеккен елдімекендердегі тұрғындарға қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақстан-Ресей медициналық университетінің бірқатар сала мамандары медициналық көмек көрсетіп, тегін дəрі-дəрмек таратты. Қалалық медициналық колледж студенттері мен оқытушылары, медбикелерден құралған ерікті волонтерлер 500 ауланы аралап, оқиға орнында туындауы мүмкін инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында ақпараттық нұсқаулықтар таратып, медициналық көмекті қажет ететін тұрғындарға дəрігерлік көмек ұйымдастырды. Гүлзейнеп СƏДІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Кґрме таєы бір елмен толыќты Вьетнам «ЭКСПО-2017»-ге ќатысатынын ресми растады 29-30 шілдеде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рəпіл Жошыбаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына сапары өтті. Сапар аясында Рəпіл Жошыбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Ву Дык Даммен, Мəдениет, спорт жəне туризм министрінің орынбасары Хюинь Винь Аймен, Сыртқы істер министрінің орынбасары Буй Тхань Шонмен, сондайақ, жергілікті ірі компаниялар басшыларымен кездесті. Вьетнам Премьер-министрінің орынбасарымен кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығы мен келешегі мəселелері талқыланды. Ву Дык Дам əртүрлі деңгейде сапарлар алмасу Қазақстан мен Вьетнам арасындағы

қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік туғызатынын жəне Вьетнам үкіметінің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы ресми шешімін қабылдағанын мəлімдеді. Өз кезегінде, Рəпіл Жошыбаев Вьетнамның Астанадағы халықаралық көрмеге қатысуы Қазақстан-Вьетнам серіктестігінің күшеюіне жаңа мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Вьетнам Мəдениет, спорт жəне туризм министрлігінде ведомство басшысының орынбасары Вьетнамның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатыны туралы уағдаластыққа қол қою жəне елдің

Ұлттық комиссарын ұйымдастыру мəселелерін талқылау үшін өз елінің өкілін Қазақстанға жіберуге дайын екенін айтты. Сұхбаттастар, сонымен қатар, туризм саласында бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы, екі ел астанасы арасында əуе қатынасын ашу мен Қазақстанның Вьетнамда туризм əлеуетін жақсарту мүмкіндігі мəселелерін талқылады. Бұл ретте, қазақстандық туристердің Вьетнамға қызығушылығы артып келе жатқаны атап өтілді. Бұған қазақстандық «Эйр Астана» əуе компаниясының 2013 жылдан бері іске қосылған Алматы – Хошимин бағытындағы əуе қатынасы ықпал еткені көлденең тартылды. (Соңы 2-бетте).

Апат айтып келмейді деген. Міне, бірнеше күннен бері Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс жəне Алатау ауданындағы Алғабас елді мекендерінде болған су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардан маза кетіп, абыржулы. Ең бастысы – адам шығыны жоқ. Дегенмен, мұн дай табиғи апат кезінде инфекциялық аурулардың, сондай-ақ, стресс, психикаға күш түс кенде бұрынғы созылмалы дерттердің дендеуіне əкелуі мүмкін. Осындай жағдайды болдырмауды алдын ала ескерген қалалық Денсаулық сақтау басқар масының бастамасымен

Қазақстан-Ресей медициналық университетінің жетекші мамандары бірлесіп, инфекционист, травматолог, хирург, кардиолог, психолог, педиатр дəрігерлер командасын жасақтап, халықты толық ақпараттандырумен қатар, екі мыңға жуық тасқыннан зардап шеккендердің денсаулығын тексеруді мақсат етіп қойды. Ол үшін ауылдық амбулаторлық пункт те тұрғындар кəсіби жетекші мамандарға тегін қаралып, қажетті кеңестерін алса, арнайы жабдықталған жылжымалы медициналық кешенде де медициналық көмек көрсетіліп, диагнозы анықталған жағдайда тегін қажетті дəрі-дəрмекпен толық көлемде қамтамасыз етілді. – Төтенше жағдай орын ал ған кезден бастап қаланың

медициналық қауымдастығы аяғынан тік тұрып қызмет көрсетіп жатыр, – деді журналистерге берген сұхбатында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова. – Су тасқыны кезінде 20 мобильді жедел медициналық жəрдем бригадалары көмекке келіп, оқиға болған күні олардың арасында 20 науқас №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олардың денсаулығына байланысты жетеуі ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде ауруханада 6 науқас ем қабылдап, қалғандары ден саулығының жақсаруына байла нысты отбасына оралды. Екі аяғына операция жасалған 1 науқастың да денсаулығы қалыпты. Бүгінде ауданда құрылған екі штабтың əрқайсысында күнделікті бір бригададан кезекшілік етуде. Бүгін Қазақстан-Ресей университетімен бірлесе осындай акция ұйымдастырып жатырмыз. (Соңы 3-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Ең басты қағидат – ортақ іске жұмыла білу 2-бет

Бəсеке күшейді. Бизнесмен, сен де күшей! 3-бет

Шынайылық шырағданы 7-бет

«Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем» 8-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.