Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы Мариано Рахоймен кездесті.
№223 (28162) 1 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Байланыстарды тереѕдетуге кезекті ныќ ќадам
Табысты елден алар таєылым бар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Монако Князьдігіне ресми сапары барысында екі елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне ықпал ететін жаңа бағыттағы келісімдерге қол жеткізілді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Кездесу барысындағы келіссөз дерде тараптар Қазақстан мен Испанияның стратегиялық серіктестігін одан əрі дамыту мəселелерін талқылады. Экономика, инвестиция, көлік, өнеркəсіп, энергетика, мəдениет салаларындағы жəне басқа да бағыттардағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Н.Назарбаев Қа зақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Ис паниямен қарым-қатынасты нығайтып келе жатқанын атап өтті. Біз Испания Корольдігінің ықыласы мен қолдауын ұдайы сезініп келеміз. Қазақстанға сапармен келген Испанияның бұрынғы премьер-министрлерімен достық
қарым-қатынаста болдық, деді Н.Назарбаев кездесуде. Сіздердің елдеріңіз ЭСКПО-2017 бүкілəлемдік көрмесін өткізуге арналған конкурста біздің өтінішімізге қолдау көрсетті. Сонымен бірге, Қазақстанның ЕҚЫҰға төрағалығы туралы шешімнің Мадридте қабылданғанының нышандық мəні зор. Қазіргі уақытта елдеріміз арасында стратегиялық серіктестік жөніндегі келісім бар. Бұдан кейін Қазақстан Президенті екі ел арасындағы экономикалық байланыстарға тоқталды. Елбасы атап өткендей, бүгінде біздің елімізде Испанияның ірі компаниялары табысты жұмыс істеуде. 70-тен астам бірлескен кəсіпорын құрылған. Біз қазіргі Үкімет қызметінің арқасында
Испанияның экономикалық дамуы қалпына келе бастағанын жəне орнықты деңгейге жеткенін көріп отырмыз, деді Н.Назарбаев. М.Рахой алдымен елімізге сапармен келіп қайтуға шақырғаны үшін Қазақстан басшысына алғыс айтты. Испания мен Қазақстан бұрыннан өте жақсы қарымқатынаста, деді одан соң Испания Премьер-министрі. Сəл кейінірек мен Сізге аса мəртебелі Испания Королінің өз қолымен жазған хатын тапсыратын боламын. Сіздің өткен жылы Мадридке жасаған сапарыңыз есімде. Біздің компанияларымыз Қазақстанда, шын мəнінде, өте табысты жұмыс істеуде. Бірлескен қызметке атсалысу ниетіндегі Испания кəсіпорындары өкілдерінің қалың тобы менімен бірге келді.
Ел ертеѕініѕ тўєыры – «жасыл экономика»
Кеше Тəуелсіздік сарайында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы жəне «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде халықаралық конференция болып өтті. Оны Қоршаған ортаны қорғау министрлігі БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен серіктестік аясында ұйымдастырды. Халықаралық конференция жұмысына Үкімет басшысы Серік Ахметов жəне елімізге жұмыс сапарымен келген Испания Корольдігінің Премьерминистрі Мариано Рахой қатысып, сөз сөйледі. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстанның «жасыл экономика» бастамасын жүзеге асыру, Орталық Азия аймағындағы экологиялық проблемаларды шешу
халықаралық конференцияның күн тəртібіндегі өзекті мəселеге айналды. Осы ретте ерекше атап өтетін бір жайт, Астананың «Жасыл көпір» бастамасында табиғат ресурстарын экологиялық жағынан тиімді пайдалану, экожүйеге инвестиция тарту,
Көңіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Халық суретшісі Қанапия Телжановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жеделхатта суретшінің қолынан шыққан ұлттық бояуы қанық, айтар ойы терең картиналар отандық кескіндеме өнерінің ең жауһар туындылары қатарынан саналатыны атап өтілген. «Ол жемісті шығармашылық қызметпен айналыса жүріп, республикамыздың Суретшілер одағына басшылық жасады, Алматыдағы көркемсурет галереясының жұмысына жетекшілік етті. Үзбей ұстаздық қызметпен айналысып, көптеген шəкірттер тəрбиеледі, халқымыздың эстетикалық талғамының өсуіне мол үлес қосты. Суретшінің еңбегі əр жылдары еліміздің құрметті атақтарымен жəне мемлекеттік наградаларымен атап өтілді», делінген жеделхатта. Қазақстан Президенті суретшінің есімі мен оның туындылары халқымыздың жадында əрдайым сақталатынын атап көрсеткен.
қоршаған ортаға көмір қышқыл газын шығаруды мейлінше азайту, климаттық өзгерістерге бейімделу, «жасыл» бизнес жəне «жасыл» технологияларды дамыту, тұрақты өмір салттарын жəне тіршілік сапасын арттыруға басымдық
Испания Корольдігі Үкіметінің басшысы бұдан кейін өз елдеріндегі экономикалық жағдайдан хабардар етті. Егер Еуропа мен Испаниядағы экономикалық ахуал туралы айтсақ, деді ол осы жөнінде, мен Үкімет басына келген уақыттан бері біздің елде алғаш рет оң нəтижелер көріне бастады. Үшінші тоқсанда ел экономикасында сəл өсім болмақ. Жұмыссыздыққа қатысты мəліметтер бұрынғыға қарағанда биыл жақсы. Дегенмен, бұл келесі жылы ахуал тіпті жақсы болады деп қуануға себеп емес. Біз бүгінде де, алдағы уақытта да реформаларды ауқымды түрде жүргізуді жалғастыра беретін боламыз. (Соңы 2-бетте). беру, «жасыл» құрылыс, ауыл шаруашылығы, электр энергиясы саласындағы жаңа технологиялар, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, су ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жəне басқа көкейкесті проблемаларға барынша басымдық беріледі. «Жасыл көпір» серіктестігі бағдарламасы шеңберінде өткен халықаралық конференцияда су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жəне тиімді энергетика саласын дамыту мəселелері жан-жақты сөз болды. (Соңы 4-бетте).
Елбасыныѕ апталыќ кестесі
3-4 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен келетін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен екіжақты келіссөздер жүргізеді, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Келіссөздер кезінде мемлекет басшылары сауда-экономикалық жəне индустриялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мəселелерін, сондай-ақ, агроөнеркəсіп кешеніндегі өнеркəсіп кооперациясын талқылайды. Сонымен қатар, посткеңестік кеңістіктегі, бірінші кезекте, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық үдерістерді дамыту барысы талқыланатын болады. Бұған қоса, мемлекет басшыларының Бірлескен мəлімдемесіне жəне бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда. Беларусь Президентінің алдағы сапары мемлекеттердің
Бұл іске екі елдің көшбасшылары – Нұрсұлтан Назарбаев пен Альбер ІІ арасындағы сыйластық қарым-қатынастардың да ықпал еткені сөзсіз. Екіжақты келіссөздерден кейін де екі елдің көшбасшылары ұзақ əңгімелесіп, қарым-қатынастарды тереңдете түсудің жаңа бағыттарын талқылады. Қазақстан Үкіметі мен Монако Князьдігі арасында туризм саласы бойынша ынтымақтастық орнату туралы құжатқа қол қойылғанын бұған дейін айтқан болатынбыз. Жылына 7 миллиондай туристі қабылдап, бюджеттің түсім бөлігінің жартысын осы табыспен толтыратын елдің тəжірибесі – Қазақстан секілді туризм саласын дамытуды енді ғана қолға алып жатқан мемлекет үшін таптырмас қазына. Бұл саланың да былайғы жұрт біле бермейтін көптеген қырлары бар. Соның ішінде қызмет көрсету түрлері мен оның сапасының жоғары болмағы алдымен ауызға оралады. Ал бұл істе монаколықтар ерен табысқа жетіп отырғанын көзіміз көрді. Əсіресе, бақуатты адамдардың ермегіне
қажетті дүниелерді (құмар ойындар үйлері), опера, балет, цирк, т.б. өнерлерді де құлпыртып жіберу туристік тартымдылыққа ықпал етері сөзсіз. Əрине, олардың теңізі, жылы климаты бар десек, бізде адам жанын жадыратар таза ауа, кең-байтақ жер бар емес пе? Тек тетігін тап та тиегін ағыт. Ал бұл істе Монаконың тəжірибесі ауадай қажет. Шағын болса да Еуропадағы мейлінше бай мемлекетпен ынтымақтастықтың тереңдей түсуі енді Қазақстан экономикасына жаңа инвестицияның ағылып келуіне ықпал етері хақ. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бизнес-форум барысында жеті бірдей екіжақты экономикалық құжатқа қол қойылды. Елбасы Н.Назарбаев пен Альбер ІІ арасындағы келіссөздер аяқталған соң Президентке Князь Сарайы да таныстырылды. Жерорта теңізіне төне қарап, биік тұғырда тұрған бұл сарай Князьдіктің жаны да, жүрегі де екен. Оның тарихы ХІІІ ғасырға кетеді. Генуяның бір қорғаны ретінде биік алаңға салынған ол ХVІІ ғасырда Князьдіктің резиденциясына айналыпты. Бір
Жемќорлыќпен кїрес ќарќынды
Кеше Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалық етуімен Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мəселелері жөніндегі комиссияның отырысы болды. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Жемқорлық – қоғамның дамуына, экономиканың өркендеуіне тосқауыл қоятын қауіпті дерт. Біздің мақсатымыз мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлық əрекеттерінің алдын алу жəне оған қарсы белсенді күрес жүргізу болып табылады, деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы. Одан əрі М.Тəжин бұл отырыс барысында сот органдары саласындағы, сондай-ақ, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы сыбайлас жемқорлықтың
алдын алу жəне онымен күрес жұмыстары бойынша мəселе қаралатындығын жеткізді. Талқыланатын мəселелер өте маңызды, сондықтан бұл саланың бағытын, жолын айқындап алып, нақты іске кірісу қажет. Өйткені, сыбайлас жемқорлықпен күрес «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізінде мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асырудың маңызды шарты болып табылатыны белгілі. Осыған орай, Мемлекеттік хатшы айтқандай, отырыста сот органдарының өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы іс-қимыл
қызығы, Сарайдың төменгі қабаты туристерге айқара ашылған, ал жоғарғы қабаты Князьдің резиденциясы. Сонымен қатар, оның отбасы да осында тұрады. Бірақ олардың серуендейтін, демалатын бақшаларына шығатын жолдар, əрине, туристер үшін жабық. Биік дуал олардың жеке тірлігін туристерге көрсетпейді. Резиденциядағы қымбат дүниелерден тыс негізгі байлық – картиналар. Олардың бəрі де түпнұсқа күйінде сақталған. Соның ішінде князьдердің өздері мен отбасы мүшелерінің портреттері көп сақталған. Бұдан бұрын Елбасы Н.Назарбаевқа Монаконың урбанистикалық жəне қаржылық дамуы туралы лауазымды тұлғалардың баян еткенін (тұсаукесер) жазған болатынбыз. Енді осы тұсаукесер рəсімі өткен Мұхиттану мұражайы туралы айта кетуді жөн көріп отырмыз. Бұл ғимарат та Монаконың атын алысқа шығарып, елге келген қонақтардың, туристердің көрмей кетпейтін жері. Оны қазіргі Князь Альбер ІІ-нің арғы атасы Альбер І 1889 жылы ұйымдастырған. Ол өзі мұхиттануға қатты көңіл бөліп, онда тіршілік ететін барлық жəндіктер мен мақұлықтарды зерттеуге бар пейілін арнаған ғалым адам екен. (Соңы 2-бетте). жасауы, сондай-ақ, Жамбыл жəне Шығыс Қазақстан облыстарының əкімдіктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өңірлік жоспарларын іске асыру бойынша қабылдап отырған шаралар барысы талқыға салынды. Сот органдары жұмысының сапасы құқықтық тəртіп жағдайының өзекті көрсеткіштерінің бірі болып табылады, ал сот шешімдерінің заңдылық тұрғысынан мінсіздігі мен əділеттілігі азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тиімділігін белгілейтіндігі анық. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында сот жүйесін одан əрі жетілдіруге ерек ше назар аударып келеді. Сөйтіп, елімізде сот қызметінің айқындылығын, судьялардың кəсіби жоғары деңгейі мен жауапкершілігін қамтамасыз ету қашанда басымдыққа ие болып отыр. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде: екіжақты жəне көпжақты пішіндердегі ынтымақтастығын нығайтуға жəне жаңа серпін беруге арналған, сондай-ақ, өзекті халықаралық проблемалар жөніндегі ұстанымдарын айқындауға мүмкіндік туғызады.
«Ўлпан» 5-бет
Ќарттардыѕ да ќатардан ќалєылары келмейді 6-бет
Мектеп – ауылдыѕ жїрегі
12-бет