01102014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ќарттарымыз – ќазынамыз 4-бет

№191 (28414) 1 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

ЭКСПО-2017 кґрмесіне əзірлік ќандай? 7-бет Абай елінде

8-бет

№1 КОНТРТЕНОР 10-бет

Тарихи тамырластыќ

Ќазаќстан мен Ресей арасындаєы стратегиялыќ ынтымаќтастыќтыѕ тереѕдей тїсуіне серпін береді

Қазақстан мен Ресейдің өзара сенімді стратегиялық əріптестігі өз алдына, 2003 жылдан бері екі елдің шекаралас өңірлерінің ынтымақтастығын арттыруға серпін берген форумдар жүйелі өткізіліп келеді. Он бір жылдың ішінде екі елдің экономикалық байланысының нығая түскені даусыз. Екіжақты тауар айналымы 6 есе өсіпті. Қазақстан мен Ресей арасында экономиканың əр саласы қарқынды дамуға бет бұрды. Енді, бұл байланыс көмірсутегі саласындағы инновацияларды бірлесе енгізу тұрғысында да кең қанат жайғалы отыр. Бұлай деуімізге кеше Атырауда өткен ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумының «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» деп аталуы дəлел болмақ. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан-Ресей президенттерінің қатысуымен өткен форумда Нұрсұлтан Назарбаев дəл осы мəселеге тереңірек назар аударудың бірнеше себебін тарқатып айтып берді. Бүгін гі таңда көмірсутегі саласы Қазақстан экономикасында айрықша маңызға ие болып отыр. Еліміздің ішкі жалпы өнімінде мұнай-газ өнеркəсібінің үлесі 22 пайызды құрайды, деді Елбасы осы орайда. Қазақстан мұнай қоры жөнінен əлемде 12-орынды иеленеді. Бұл – 3,9 миллиард тонна. Газ қоры бойынша алғашқы жиырма елдің қатарындамыз, бізде 1,3 триллион текше метр газ қоры бар. Сол себептен, бізге əлемнің көмірсутегі секторын дамытудың өзгеше трендтерді таңдап отырғанына көңіл аудару қажет. Былтырдан бері мұнайды тұтыну теңгерімі дамушы экономикалар жағына қарай ауды. Дамушы

елдердегі мұнай тұтынысы тарихта бірінші рет Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдерінің тұтынысынан асып түсті. Мұнай-газ саласындағы соңғы жылдардың негізгі тренді тақтатасты кеніштерді игеру болды. Көлбеу бұрғылау мен жер қыртысын сумен жарудың заманауи технологиялары газды да, мұнайды да өндіруге мүмкіндік береді, деді Қазақстан басшысы. Дамушы елдердің мұнайға сұранысының өсуі Қытайға тиесілі. Соңғы отыз жылда бұл елдің мұнайға сұранысы 6 есеге өскен. Осыған сəйкес энергоресурстарды жеткізу географиясы өзгеріп келеді. Жаһандық жаңа технологиялық трендтер пайда болуда. Бүкіл əлем, соның ішінде, біздің еліміз де бар, болашақта жеңіл өндірілетін мұнайдың азаю проблемасымен бетпе-бет келеді. Сарапшылар саланың дамуын ауыр мұнайы бар кен орындары мен табиғи битумдарды игерумен байланыстырады. Қазір бұларды

өндіру əлеуетті көлемнің 1 пайызынан кем көрсеткішті құрайды. Ал бұлардың қоры орташа жəне жеңіл мұнай қорынан əлденеше еселенеді. Қазіргі уақытта Солтүстік Америкадағы тақтатасты газды өндіру көлемі өсті. 2007 жылы АҚШ-та мұндай газ үлесі барлық өндірілген газдың 5 пайызын, ал 2012 жылы шамамен 40 пайызды құраған. Сұйық отынды түрлендірудің шикізаты көмір, газ жəне биомасса болуы ғажап емес. Экологиялық қауіптілігі жоғары болуына қарамастан, жеңіл қолжетімді мұнайдың тапшылығы кезінде аталған тəсілдердің маңызы артуы мүмкін. Көмірсутегі саласы да ғарыштық технологиялар, металлургия жетістіктері жəне машина жасау мен роботты техникалар секілді осы заманғы жаңа инновацияларды енгізуді талап етеді. Қазақстан мен Ресей көмірсутегі саласында бірлесе жұмыс істеу үшін орасан зор əлеуетке ие. Бұл – терең жəне шектен тыс терең бұрғылаудың озық технологияларын өндіру мен сынау, ол біз үшін Каспий маңы ойпатында өзекті. Қазақстанның компаниялары ресейліктермен бірге өз өндірісінің жоғары технологиялық жабдықтарын ұсына алады, деп форумға қатысушылар назарын аударды Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаевтың мəлім етуінше, екі елге мұнай мен газдың жаңа перспективалы кеніштерін анықтау үшін геологиялық барлау саласындағы

бірлескен жұмысты жандандыруға əбден болады. Соның ішінде, бұл ресейлік тараптың халықаралық «Еуразия» жобасын жүзеге асыруға атсалысуына қатысты. – Бұл жобаның негізгі міндеті – тереңдіктегі геологиялық түзілістерді жəне Каспий өңіріндегі жер қыртысының геохимиясын зерт теу, уақыттық-кеңістіктегі модельді жасау, сондай-ақ, ресурстарды бағалау. Қазақстан мен Ресей аумағындағы мұнайгазды Каспий маңы ойпатының ғаламат перспективалары халықаралық ірі компаниялардың зор қызығушылығын тудырады, – деп атап көрсетті Қазақстан басшысы. Мұнай саласының инфрақұрылымын дамыту үшін көлік, логистика жəне құрылысты ғана емес, инжиниринг, жобалау, ақпараттық технологиялар секілді жоғары технологиялық қызметтерді қоса қамтитын қызмет ауқымын кеңейтудегі екі елдің өзара іс-қимылының əлеуеті жоғары екені, энергетикалық секторды дамыту үшін ғылыми зерттеулердің рөлі айрықша екені дау тудырмайтыны анық. – Біздің ғылыми институттарымызға бірлескен зерттеулер арқылы ауыр мұнай өндірісін интенсивтендіру, терең суда өндіру, тақтатасты мұнай, мұнай синтезін алу, балама энергетика жəне басқа да перспективалы бағыттармен айналысуға болады, – деді осы орайда Елбасы. (Соңы 2-бетте).

Атырауда агроґнеркəсіп ќарќынды дамиды Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев шаруашылыќ ќўрылымдары жетекшілерімен кездесуде осы саланы ґркендету маѕызын саралады Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше түске дейін Махамбет ауданындағы «Первомайский» серіктестігінде болып, өңірдің агроөнеркəсіп кешені құрылымдарының жетекшілерімен кездесті. Шындығын айтқанда, бұл өңірде бір ғасырдан астам мерзім бойы мұнай-газ өнеркəсібі қарқынды өркендегенмен, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласын дамытуға да барынша көңіл аударылуда. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Мəселен, өткен жылдан бері «Первомайский» серіктестігінде тауарлы сүт өндіру кешені іске қосылып, 82 адам жұмыспен қамтылды. Мұндағы басты ерекшелік – он түрлі сүт өнімін өндіру. Осы мақсат үшін шетелден голландтық 500 голштино-фриз асыл тұқымды сиыр əкелінді. Оның ішінде 400 сауын сиыр бар. Қазір аталған серіктестікте асыл тұқымды сиырларды саууға арналған технология арқылы күніне 8 тонна сүт алынуда. Осы серіктестікке жұмысқа алынған жергілікті адамдардың орташа жалақысы 54 мың теңгені құрап отыр. Осындай жаңа құрылымның тағы бір-екеуі туралы деректерді алға тартар болсақ, «Сарайшық» БК» серіктестігінде 600 ешкі

● Заманмен үндес заңғар басылым

ТМД миссиясыныѕ басшысымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы, ТМД байқаушылары миссиясының басшысы Сергей Лебедевті қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев біздің елімізге келС.Лебедев ТМД байқаушыларыген халықаралық байқаушыларды ның жұмысы үшін жақсы жағдай Қазақстан ықыласпен қарсы алаты- жасалғанына ризашылық біл діре нын атап өтті. Сенат Төрағасының отырып, Сенат сайлауына халықпікірінше, сайлауды көруге ТМД аралық байқаушылар тарапынан зор байқаушыларының қатысуы сайлау көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. науқанының заңдылығын күшейте (Соңы 7-бетте). түседі.

Екіжаќты ынтымаќтастыќты ныєайту мəселелері талќыланды

Кеше Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Чех Республикасы Парламенті Депутаттар палатасының вице-спикері Войтех Филип бастаған парламенттік делегация мүшелерімен кездесіп, екіжақты қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін талқылады, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Қ.Жақыпов Чехияның Орталық Еуропада, жалпы Еуропалық Одақта біздің еліміздің маңызды саудаэкономикалық жəне саяси əріптесі екенін алға тартты. Мəжіліс Төрағасы Чех Республикасының Президенті Милош Земанның қараша

айында Қазақстанға алғаш рет сапармен келуі жоспарын тілге тиек ете келіп, оның екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан əрі тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті. (Соңы 7-бетте).

Ел газеті

Осы жылдың соңына таман «Егемен Қазақстан» газетінің шыға бастағанына 95 жыл толады. Бұл – қазақ баспасөзінің үлкен мерекесі. «Қазақ» газетінің алғашқы саны шыққанда (1913 ж.) Ахмет Байтұрсынов: «Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деген еді. Отаршылдық езгіде мəдениеттен тыс қалған сауатсыз халықтың өмірінде газет атқаруға тиісті міндетті бұдан дəл жəне артық айту мүмкін де емес болар. Бұл бір «Қазақтың» ғана емес, одан кейін шыққан ұлттық газеттердің бəрінің де бағдарын белгіледі. Қараңғы елді ұйқысынан оятып, оның сөздерін құлағына құйып, өмірінің ел білуге тиіс шындығын көз алдыңа тосып, үндеместің тілін шығарған да осы газет. Ғасырға жуық газет өмірі туған халқымен тағдырын қосып, ол өткен жолдың жанды шежіресі болғаны даусыз. Осы газетпен бірге ауылға келген төңкеріс шараларын, «капитализмнен социализмге тікелей өтудің» жолдарын, коммунистік режімнің қатал тəртібін басымыздан кештік. Ұлттық руханиятымыздың талқандалып, адам тағдыры ойыншық болған кездерге де куə болдық. Соның бəрі бүгін газет бетінде

зерттеушілерін күтіп тұр. Ең бастысы – газет қандай шындықты болса да сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруда. Газеттің жаңа өмірі еліміздің тəуелсіздік алуынан басталды. Ол «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. Соған лайық оның мұрат-бағдары да жаңарды. Қазақтың тəуелсіз ұлттық газеті болу көп нəрсеге жаңа тұрғыдан қарауға үйретті. Бүгін «Егемен» бетінде жазылып, көтеріліп жатқан мəселелер ұшантеңіз. Соның бəрі біздің бұрынғы жоғалтқанымыз бен айтылмай сақталып қалған ойларымыз. Газет жазатын қалыпты жаңалықтар мен хабарларға қоса «Егемен» қазақ тарихы мен мəдениетінің, дербес мемлекет игеріп жатқан шаруашылықтың мəселелерін қопара жазуда. «Мəдени мұра» туралы Елбасымыз көтерген

мəселе айналасында көп жұмыстар атқарылды. Осылардың негізінде қазақтың тарихи қалыптасқан ұлттық дəстүрлерін жаңарту, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру жұмысы жүріп жатыр. Ескінің көзінде сақталып, елдік мұраттарымыз туралы ойлар мен тəрбиелік тағылымды үлгілерді жаңа ұрпаққа жеткізетін ағалар мен білімді азаматтар əлі де баршылық екен. Газет бүгінгі жастарға осыларды жеткізуде. Уақыт талабына қарай көлемі де көбейіп, 10, 12, 16 беттік нөмірлер жиі шығатын болды. Оның əрқайсысының өзі – оқырман үшін бір-бір кітапхана. «Егемен» бүгін шын мағынасында ел газетіне айналды. Оның 200 мыңнан асатын таралымы əркімнің қолында. Əркімдіақ сырласуға, пікірлесуге, еркін ой үстінде табысуға шақырады. Газет бетіндегі материалдардың молдығы, тақырыптық байлығы, олардың ғылыми, əдеби өресінің биіктігі оқырманның жаңа ұрпағын тəрбиелеуге қосылып жатқан үлес. Жолың болсын, өрісің кеңейе берсін, «Егемен»! Қазақтың тілі үшін күрестің алдыңғы шебінде бол. Серік ҚИРАБАЕВ, газеттің тұрақты оқырманы, бұрынғы қызметкері, академик. АЛМАТЫ.

өсірілуде. Серіктестік жетекшілерінің айтуынша, алдағы жылдары мұндағы ешкі санын 1000-ға дейін жеткізу жоспары бар. Қазір аталған серіктестікте алғашқы өнімдер алына бастады. Ешкі өсіру ісіне 27 адам жұмысқа алынып, еңбекақының орташа көлемі 66 мың теңгеден айналып отыр. Жыл басынан бері іске қосылған үшінші нысан – «Алға-1» шаруа қожалығының қымыз, шұбат өндіретін кешені. Атыраулықтар үшін таңсық өнім – қымыз өндіруді қолға алған шаруа қожалығында 21 тұрғын жұмыспен қамтылып, əрқайсысына 69 мың теңгеден кем емес жалақы төленеді екен. Жалпы, Атырау мұнайлы өңір атанғанымен, өзге де салаларда, соның ішінде, ауыл шаруашылығында қарқынды өркендеуге бет бұрған «Дастан», «Достан ата», «Қарағаев» шаруа қожалықтары мен «Құрманғазы»,

«Амангелді» өндірістік кооперативтерінде, «АтырауСауда», «Кас пийбалық», «Жаңа таң» секілді серіктестіктерде сан алуан өнім түрлері өндіріліп келеді. Бұлардың бірі түрлі шұжықтар мен балық өнімдерін, екіншілері құс өсіріп, жұмыртқа шығаруды қолға алса, асыл тұқымды мал санын көбейтіп, көкөніс, бақша дақылдарын өсіріп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесуде шаруагерлер агроөнеркəсіп кешенін өркендетуге мемлекет тарапынан қолдау жасалып отырғанын тілге тиек етті. Мəселен, «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Қоныс Ерманов: «Біз бұрын өсірген көкөніс өнімдерін Атырау қаласына жеткізу үшін Жайық өзенінің екінші бетіне қайықпен тасымалдаушы едік. Өткен жылы Жайық өзенінің біз тұратын бетіндегі Атырау–Индер жолына күрделі жөндеу жасалды. Ал бұл біздің жол шығынымызды азайтып, өнім бағасының тұрақтануына ықпал етті. Көкөніс өсіру үшін, асыл тұқымды мал санын көбейткеніміз үшін мемлекеттен субсидия тұрақты беріліп келеді. (Соңы 2-бетте).

● Бір ауыз сөз

Ќызылжарлыќ «бас ўстаздар»

жемќорлыќ бойынша кґштіѕ алдын бермей тўр Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық ведомство аралық комис сияның жуырда өткен кезекті отырысында жария етілген мəліметтер жергілікті жұртшылықты былай қойғанда, құқық қорғау органдарының да жағасын ұстатып отыр. Өйткені, осыған дейін жемқорлыққа қатысты «бəйгенің» алдын бермей жүрген құрылыс саласы жолда қалып, бірінші жартыжылдықтың нəтижесі бойынша білім саласы басып озған. Атап айтқанда, құрылыс саласында жергілікті атқарушы орындардың 7 қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын бұзып, түрлі жазалар алса, балғын шəкірттерге тəлім-тəрбие берумен айналысатын мектептердің білдей 14 басшысының тура жолдан тайғаны əшкереленген. Тіпті, үш білім мекемесі жетекшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жемқорлықпен күресте аудандық жəне қалалық білім

бөлімдеріне үлгі көрсетіп, дұрыс бағыт нұсқауға тиіс білім басқармасының өзі бұл ретте ұятты болып отыр. Аталмыш басқармаға тікелей бағынатын саусақ пен санарлықтай ғана білім ұя ларының 4 директоры заңды жалпағынан басқаны үшін жауапқа тартылып, біреуі қылмыс кер атанды. Тағы бір «бас ұстаздың» қылмыстық ісі сотта қаралуда. Сөйтіп, өңірдің білім саласында, міне, осындай теріс үрдістің тыйылмақ түгілі, үдеп бара жатқанына алаңдаушылық білдір ген облыс əкімі Ерік Сұлтанов облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованың жеке жауапкершілігін қарау қажет деген ұйғарымға келіп, осы мəселеге қа тыс ты тиісті тапсырмалар берді. Бақыт РАМАЗАН, журналист.

Солтүстік Қазақстан облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
01102014 by Egemen - Issuu