01102015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Бассауєалаєан босќындар мен тосыннан келген табиєи апаттар 4-5-беттер Тамырсыз таста тарих бар 8-бет Ќарттарымыз аман-сау жїрсін! 9-бет Əсем ґмірдіѕ əдемі жалєасы 11-бет

№187 (28665) 1 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ЎЛЫ ЎЙЫМДАЄЫ ЎТЫМДЫ ЎСЫНЫСТАР

Х.Адели өзі басқаратын халықаралық ұйымның қызметі туралы хабардар етті. Ұйымға табиғи газды экспорттайтын 18 мемлекет мүше. Белгілі ирандық дипломат əрі экономист əлемдегі жəне Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси жағдай туралы ойларымен бөлісті. Сенат Төрағасы жүздесушінің назарын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ

экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай əлемдік желі құруды ұсынды. Елбасының ұсыныстарының барлығы əлемдік маңызға ие, өткір əрі өзекті мəселелер екендігін танымал саясаткерлер мен сарапшылар атап өтуде. Қазақстан басшысы жаһандық жиын барысында еліміздің бүгінгі

БҰҰ-ның Ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау. Жаһандық антиядролық қозғалыс құру маңызды міндет ретінде көрінеді. Ядролық державалар ядролық қару иеленуден бас тартқан барлық елдерге күш қолданбау туралы кепілдік берулері тиіс.

БҰҰ-ның Экономикалық жəне əлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру. Кеңеске Жаһандық экономикалық реттегіш функциясы жүктелетін болуы тиіс. БҰҰ-ға мүше елдердің күш-жігерін жаһандық орнықты даму мен өсіпөркендеу мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ұлт үстілік əлемдік валюта жасау бойынша біріктіру

қол жеткізген жетістіктерінен, Арал теңізіне қатысты қазақстандықтардың жүзеге асырған жобаларынан да хабардар етті. Елбасы сессия аясында, сондай-ақ, бірқатар мемлекеттердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, ынтымақтастықты тереңдету жолдары жөнінде пікір алмасты.

Соның бірі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Барак Обаманың кездесуі болды. Газеттің бүгінгі нөмірінде Елбасының БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясында көтерген мəселелеріне қатысты пікірлер жарияланып отыр. Оны 2-3 беттерден оқи аласыздар.

Терроризм мен діни экстремизм қатері жаһандық ауқым алып отыр. БҰҰ туы астында халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл танытатын біртұтас əлемдік жүйе құруды ұсынамын. Осы міндетті жүзеге асыру үшін БҰҰ-ның терроризммен күрес бойынша кең ауқымды құжатын жасап, қабылдау қажет.

Санкцияларды өз еркімен қолдануды БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқық нормаларына қайшы келетін қадам ретінде болдырмай тастау қажет. 2016 жылы халықаралық құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге үндейтін БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясын шақыруды ұсынамын.

Тойды тамашалап ќана ќойма, таєылымын да ал Жамбыл облысыныѕ əкімі Кəрім КҐКІРЕКБАЕВПЕН əѕгіме – Кəрім Нəсбекұлы, соңғы кездері еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өмірінде елеулі оқиғалар аз болған жоқ. Елбасының тапсырмасымен Үкімет елдің етекжеңін жинап, халықты қарқын ды дамуға жетелейтін жаңа реформаларға білек сыбана кірісті. Мемлекетіміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы да сауда-саттығы ілгеріден қалыптасқан іргелі жұрттармен тереземізді теңестіріп тастады. Теңге бағамының еркіне жіберілуі де Жаңа экономикалық саясаттағы тəуекелдердің бірі болып отыр. Сізден сұрайық дегеніміз, күрделі кезеңдегі осынау жасампаз істерде миллионнан астам тұрғыны бар облыстың да үлесі аз емес екені белгілі. Осы жайлы не дейсіз? – Иə, соңғы кездері еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдықсаяси өмірінде болып жатқан оқиғалар аз

Бас Ассамблеясының мінбесінен айтқан ұсыныстарына аударды. Қ.Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ядролық қаруды таратпау жəне мемлекеттердің бейбіт атом саласындағы құқықтарын қамтамасыз ету жұмыстарына іс жүзінде үлкен күш-жігер жұмсауда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Аќпаратќа ќолжетімділік артады

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен əлемді орнықтыруды трансформациялау бойынша кең ауқымды бастамалар БҰҰ-ның 100 жылдығына қарай Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045 Жоспарын жүзеге асырудың бірінші кезектегі қадамы ретінде «Жаңа Болашақ» (NEW FUTURE) Тұжырымдамасын жасау қажет

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Еуразиялық «Kazenergy-2015» форумына қатысу үшін Астанаға келген Газ экспорттаушы елдер форумының бас хатшысы Хоссейн Аделиді қабылдады. Əлемдік энергетика нарықтарындағы ахуал кездесудің негізгі тақырыбы болды.

емес. Дегенмен, біз үшін биылғы ең айтулы саяси шара сəуір айында өткен кезектен тыс президенттік сайлау болды. Аталған іс-шара еліміз бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Президентімізді қайта сайлап алдық. Қазақстан бойынша сайлаушылардың қатысуы бұрын-соңды болмаған 95,21 пайызды көрсетсе, облысымызда бұл көрсеткіш 97,31 пайызды құрады. Бұл халқымыздың саяси белсенділігінің артқанын, өз елінің тағдырына бейжай қарамайтындығын, халықтың Елбасына деген зор сенімі мен ыстық ықыласын аңғартады. Облыс тұрғындарының 97,9 пайызы Нұрсұлтан Əбішұлына дауыс берді. Осы арқылы жамбылдықтар елдегі саяси тұрақтылықты, əлемдік дағдарыс салдарынан болып жатқан сын-қатерлерден алып шығатын Тұңғыш Президентін қолдайтындықтарын көрсетті. Тағы бір ерекше жайт, Мемлекет

басшысы өзін салтанатты түрде ұлықтау сəтінде «Нұрлы Жол» бағдарламасынан туындайтын 5 институттық реформасын жария етіп, оны жүзеге асыратын «100 нақты қадамын» Ұлт жоспары етіп ұсынуы болды. Ұлт жоспары – Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін серпінді қадам. Оны іс жүзінде жаһандық жəне ішкі сын-қатерлерге толықтай жауап бере алатын, тарихтың жаңа белестерінде еліміздің дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі басты құжаты деп айтуымызға болады. Сол себептен, осындай қиын-қыстау кезеңде ел еңсесін түсірмей, экономикалық өсімді кемітпей, əл-ауқатымызды көтеру үшін Ұлт жоспарында белгіленген шараларды жүзеге асыру – біздің міндетіміз.

(Соңы 6-бетте).

ХХІ ғасырда даму орталығы Азияға қарай ойысады... БҰҰ-ның штабпəтерін Азияға ауыстыру туралы ойластыруды ұсынамын.

БҰҰ-ның «Орнықты энергетика – барша үшін» бастамасын қолдау мақсатында 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбында бүкілəлемдік «ЭКСПО» көрмесі өткізіледі. «ЭКСПО-2017» көрмесінің инфрақұрылымдары негізінде Астанада БҰҰ туы астында Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамытудың халықаралық орталығын ашуды ұсынамын.

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында жиырмадан астам заң жобасы қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына ақпаратқа қол жеткізу, органикалық өнім өндіру, еңбек қатынастары, мемлекеттік сатып алу жəне өзге де мəселелер ұсынылып, жан-жақты талқыдан өтті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен екі оқылымда қаралып, мақұлданды. Заң жобасының жаңашылдығы сол, онда барлық мүдделі адамдарға «электронды үкіметтің веб-порталына орналастырылатын мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілері тұжырымдамаларының жəне мəтіндерінің жобаларымен танысуға жəне оны талқылауға қатысуға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, бюджеттік есептілік пен мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау нəтижелері, мемлекеттік органдар қызметін бағалау туралы ақпарат,

стратегиялық жоспарлардың жəне аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есеп те аталған веб-порталдан көрініс табатын болады. Бұл ретте, мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылау, сондай-ақ, ақпарат иеленушілердің ұдайы негізде ашық деректерді интернет-порталда орналастыру міндеті көзделіп отырғандығын да айта кету керек. Жəне де жазбаша сұрау салуларды қараудың барынша ұзақ мерзімі 15 күн, ал ол туралы ақпаратты сұрататын адамды міндетті түрде хабардар ету жəне де күрделі сұрау салулар үшін 30 күн белгіленіп отыр. (Соңы 7-бетте).

Əйелдерді ќолдау ґрістей береді

Кеше Үкімет үйінде Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың басшылығымен Президент жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясатын іске асыру аясында əйелдер арасынан жоғары білікті мамандар даярлау, ұрпақ тəрбиесі жəне басқа да мəселелер қозғалды. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Отырысты ашқан Гүлшара Əбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы, бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары

мемлекетіміздің əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі басты мақсатына қол жет кізуге бағытталғанын атап көрсетті. Сондай-ақ, ол қоғамымыздағы əйелдердің рөлін арттырудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. (Соңы 7-бетте).

● Спорт

«Астана» «Галатасараймен» теѕ ойнады Кеше түнде футболдан Еуропа Чемпиондар лигасының топтық кезеңі 2-турының ойындары ойналды. Бұл күні «Астана» өз алаңында Ыстамбұлдың «Галатасарай» командасын қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті. Матчтың бірінші таймында қонақтардың аздаған басымдылығы байқалды. Олар алаң иелері не қарағанда, допқа да артығырақ иелік етті, қақпаға да қауіпті сəт терді көбірек туғызды. Сондай шабуылдардың бірінде түріктер есеп ашып кетті. Мұн да жартылай қорғаушы Билал Кисаның айып алаңы ның сыртынан ұрған добына қорғаушылар да, қақпашы да тосқауыл қоя алмады. Мұның есесіне, екінші таймда «Астана» арқырап

атқа қонды. Бұған қарсы жауап қатпақ болған меймандар ойынды одан бетер қыздыра түсті. Дегенмен, елордалықтардың басымдылығы айқын байқалып тұрды. Мұның нəтижесі ақырында голдан көрінді. Кезекті бір жорық сəтінде Жуниор Кабананга осылайша есепті теңестіріп үлгерді. Осының сыңайында астаналықтар есепті еселеудің бірнеше мүмкіндігін жіберіп қойды. Өкініштісі, сол сəтсіздіктің соңы олардың дарбазасына екінші

Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөздерінде жалпы əлемдік қоғамдастыққа ортақ мəселелерді көтерді, келелі ұсыныстарды ортаға салды. Осы ғасырда адамзаттың ең басты міндеті əлемді соғыс қатерінен арылтатын жəне оның себептерін жоятын стратегия – Жаһандық Стратегиялық бастама – 2045 жоспарын əзірлеуді ұсынды. Оның басты мəні – адамзаттың дамуы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті орнықтыру болып табылады. Сонымен қатар, Елбасы Ұйымның биік мінбесінен БҰҰ-ның Экономикалық жəне əлеуметтік кеңесін Жаһандық даму кеңесіне айналдыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы біздің еліміз ядролық полигонды жапқан жəне қуаттылығы жағынан төртінші орындағы атом қару-жарағынан өз еркімен бас тартқанын айта келіп, БҰҰ-ның ядролық қарудан азат əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды жəне Ұйымның қолдау көрсетуімен халықаралық терроризм мен

Əлемдік энергетика жайы ќозєалды

гол болып енді. Оны қақпа алдындағы қарбалас кезінде Ненад Эрич өз торына түсіріп алды. Қуаныштысы, бұл артықшылық ұзаққа созылған жоқ. Тағы бір лектің жөңкуінде

Роджер Каньяс кездесудің соңғы нүктесін қойып берді. Есеп – 2:2. Астаналықтар осылайша турнирдегі бірінші ұпайына ие болды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.