01112013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Мемлекеттік ќызмет: ќолжетімді ме?

Мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы уақыттағы өзгерістер талап пен талғамды да күшейтті. Ел іші мұның түпкі қайтарымына сенімді. Сондай-ақ, бұл қадам халық қызметшісінің мəртебесін өсірумен қатар, осынау абыройлы саптың қатарына үміткерлердің ынтасын арттыра түскендей ахуал байқалады. Жуырдағы ауыл əкімдерінің сайланып қойылуы да жұртшылық көңілінен шығып отыр деуіміз керек. Ендеше, мемлекеттік қызметтің сапалық көрсеткішіне оң ықпал жасайтын мүмкіндіктер шеңбері кеңейе түспек. Демек, мемлекеттік қызмет қаншалықты қолжетімді деген сұрақ баршаны толған дыратыны анық. «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша тілшісі Бақберген Амалбек облыстық Тəртіптік кеңес төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы Қанат Əлібековке:

– Сіз бұған не дейсіз? –Алдымен мынадай деректермен таныстырайын. Бүгінгі күні облыстың 704 мемлекеттік органында 6133 лауазымды мемлекеттік қызметкер тіркелген. Олардың орташа жасы 40-тың маңайында. Мемлекеттік қызметкерлердің 83 пайызы жоғары білімді болса, 59 пайызын əйел азаматшалар құрайды. Биыл мемлекеттік қызмет лауазымдары ның реестріне өзгерістер енгізілгенін білесіз. Аталған саладағы саяси жəне əкімшілік қызметкерлерінің аражігі айқындалды. Жоғарыда өзіңіз айтып өткендей, талап күшейген сайын оған қызығушылық та арта түседі. Бірақ, қызығушылықтың астарында нəтиже жатуға тиісті. Қолжетімділікті осы мағынада түсінген дұрыс деп білемін. Яғни, бұл орайда республикалық агенттік тарапынан жеңілдік емес, қолайлы жағдайлар қарастырылып отыр деп түсіну керек. Бұдан былай үміткер кезекті конкурстың жариялануын тосып отырмайақ, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта мемлекеттік қызмет органына келіп, тест тапсыра алады. «Б» корпусының кандидаттары үшін бекітілген бағдарлама бойынша араға үш ай салып, қайтадан тесттен өту тəртібі сақталған. Сондай-ақ, сəйкес бағдарлама нəтижелері бір жыл көлемінде күшін жоймайды. Сертификатқа ие болған азаматтар мемлекеттік қызмет органдары жариялаған лауазымды бос орындар конкурсына қатысуға құқылы. Яғни, конкурс өткізу мерзімдері айтарлықтай қысқарып отыр. Біздің облысымызда да белсенділіктің артқандығы байқалады. Мəселен, жаңа талаптар енгізілген мерзімде 547 адам тест сынақтарына қатысты. Нəтиже соншалықты жоғары демесек те, алдағы уақытта санның сапаға жол ашатынына сенуге болады.

Ақмола облысы.

№244 (28183) 1 ҚАРАША ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

ЖОЛ Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Бұл туралы алдыңғы күні Көлік жəне коммуникация вицеминистрі Мереке Пішембаев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мəслихатында айтты. «Біріншіден, бізде қазір жүктемесі көп жолдар баршылық. Ондайларды біз бірінші техникалық дəрежеге көшіреміз. Біздің сол санатқа енгізілген Астана–Бурабай бағытындағы бірінші автобанымыз 6 қатар белдеулерден тұрады. Қазіргі статистиканың өзі мұндай

Нидерланды – еліміздің Еуропадағы ғана емес, бүкіл əлемдегі

жолдардағы апат саны əдеттегі трассаларға қарағанда – 3, өлім оқиғасының 22 есе аз болатынын көрсетіп беріп отыр. Сондықтан осы алған бағытымыздан айнымай жəне қазіргі қаржылық жағдайымыздың бұған мүмкіндік беретінін пайдалана келіп, өзіміздің жол бағдарламамызға сəйкес, 2020 жылға қарай бірінші категориядағы жолдар ауқымын 4 мың шақырымға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.

Жауапкершілік жїгі ќашанда ауыр

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Төраға Мемлекет басшысының белгілеген межелеріне қол жеткізу үшін Парламент алдында аса жауапты міндеттер тұрғандығын ерекше атады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасы бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқандары үшін ҚасымЖомарт Кемелұлы өз əріптестеріне үлкен ризашылығын білдірді. «Баршаңызды елімізге танымал қоғам қайраткері, тəжірибелі кəсіби маман ретінде жақсы білемін. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруда зор еңбек сіңіріп жүрген сіздермен бірлесіп, Қазақстан дамуы жолында аянбай қызмет ету менің де басты парызым», деді Төраға өзінің сөзінде. Бұл ретте Қ.Тоқаев Елбасы белгілеген биік межелерге қол жеткізуге бағытталған кең ауқымды күрделі шараларды заңдық тұрғыдан қамтамасыз етуде Парламент алдында аса жауапты міндеттер

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты Нидерланды Корольдігінің Төтенше жəне өкілетті елшісі Пейтер ван Леувенді қабылдады. «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Ќазаќстанда 2020 жылєа ќарай бірінші дəрежелі автожолдардыѕ кґлемі 4 мыѕ шаќырымєа дейін жететін болады

Жеке їлесі їшін ризашылыќ Жақсыбай САМРАТ,

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 Мəселенің мəнісі

аса маңызды сауда-экономикалық əріптестерінің бірі. Қазақстанға салынған барлық инвестиция көлемінің 30 пайызына жуығы Нидерландының үлесіне тиеді.

тұрғанын алға тартты. «Қазіргі кезде палата қарауына келіп түскен салық жəне бюджет қатынастарын жетілдіруге арналған заң жобаларын, үш жылдық республикалық бюджет жобасын мұқият талқылап, мерзімінен кешіктірмей қабылдаудың маңызы айрықша. Алдымызда тұрған міндеттерді орындауда Сенат депутаттары кəсіби шеберліктің айқын үлгісін көрсетеді деп сенемін», деді палата Төрағасы. Бұдан кейін күн тəртібіндегі мəселелер қаралды. Алдымен депутаттар назарына «Психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды мəжбүрлеп емдеу жүргізу үшін беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылып, қабылданды. (Соңы 2-бетте).

Вице-министр сондай-ақ қазіргі кездегі жол-көлік оқи ғаларының айтарлықтай ауқымды бөлігі жолда жүріп келе жатқан көліктердің қарама-қарсы белдеуге шығып кетулерінен орын алатынына да назар аударып өтті. Оның сөзіне қарағанда, жол бойында төрт түлік түрлерімен соқтығысып қалудан болып жататын апаттардың да үлес салмағы аз емес. «Осыған орай, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық

дəлізінің аумағында мал айдап өтетін 160 өткел жасау көзделген. Бұрын жүргізушілердің түн кезінде трасса бойында жүрген малдарды соғып кету деректері көп болатын. Қазір біз бұл проблеманы шештік», – деді Пішембаев бұдан əрі. Вице-министр бұдан кейін екінші техникалық дəрежедегі жолдар санатына республикалық маңызы бар 7 200 шақырымдық жол бөлігінің кіретінін айтып өтті.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы қаралды.

Бюджет ќаржысы ќатаѕ ќадаєалануы тиіс Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев 2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке ұсынылған түзетулер туралы баяндады. Министр 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныс Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 11 қазанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан тапсырмаларын ескере отырып, макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы жəне осы жылғы 9 айдағы шығыстар бойынша есептерді нақтылау барысындағы түзетулер негізінде қалыптастырылғанын атап өтті. Бұл нақтылаудың негізгі міндеті жылдың қорытындысы бойынша болжанған қосымша түсімдерді тиімді пайдалану болып табылады, деді Е.Досаев. Сонымен

қатар, ол ағымдағы жылдың əлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы орын алған негізгі өзгертулерге тоқталды. Министр келтірген мəліметтерге сүйенсек, 2013 жылы еліміздің ішкі жалпы өнімінің номиналдық көлемі 34 444,3 млрд. теңгені құрады. Ол мамыр айындағы мақұлданған көрсеткіштен 153,3 млрд. теңгеге жоғары. Тұтастай алғанда, 2013 жылы ішкі жалпы өнімнің нақты өсімі жоспарланған 6 пайыздық деңгейге болжанып отыр. Ал инфляция бойынша параметрлер бұрын болжанған жыл аяғындағы 6-8 пайыз көлемінде сақталуда. Трансферттерді есептемегенде, 2013 жылы республикалық бюджетке кіріс бекітілген жоспардағыдан 20 млрд. теңгеге артық, яғни 3 608,3 млрд. теңге көлемінде бағаланып отыр. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сəйкес қаулы етемін: 1.Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі оған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен – жерді гидромелиорациялау мақсатында су пайдаланушыларға немесе олардың бірлестіктеріне дейін су жеткізу жəне бұру; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінен – жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын геологиялық зерделеуді қоспағанда, жерасты суларын ұтымды жəне кешендi пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жəне іске асыру жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктер беріле отырып, қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі етiп қайта ұйымдастырылсын. 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы №6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: мына: «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жəне су ресурстары министрлігі;». 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қазан. № 677.

 Қазақстан Судьяларының VІ съезі қарсаңында

Дау мўраты – бітім

Көп ұзамай Қазақстан Судьяларының VI съезі болады. Онда да өткен өзге де съездегілердей өзекті мəселелер көтерілетіні белгілі. Мəселен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялардың V съезінде: «Сот тəртібінде қарастырылуға жататын даулар санын азайтып, оларды шешудің балама тəсілдерін, соның ішінде бітімгершілік рəсімдер мен медиацияларды енгізу маңызды. Бұл сот төрелігінің қалыпқа келуіне мүмкіншілік туғызады», деген еді. Алайда, дауласқан соттасушыларды бітімгершілікке шақыратын арнайы нақты заңнамалық шаралар болмаған соң, бітімге келудің қарасы, яғни дауласушылардың санын азайтудың амалы көрінер емес. Тіркелген 1700 медиатордың 357-сі ғана нақты қызмет көрсетеді екен. Оның үстіне медиацияны кəсіби жəне кəсіби емес медиаторлар да жүзеге асырады. Əрине, сотталғандар мен соттасушылар, яғни дауласушылар санының өте көптігіне басқа да бірқатар құқықтық-мəдени, əлеуметтік-тұрмыстық себептер əсер ететіні анық. Біз бүгін осы Судьялар съезінің қарсаңында аталған мəселелерге тағы да бір жан-жақты назар аудара отырып, оны түпкілікті шешу жолдарына тоқталуды жөн көрдік. Əйтпесе, бұл белең алған дауласушылық қазақ қоғамын қайда апарып тіремек? Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Дауласќанєа дауа бар ма?

Ал бұрынғылар «Дауласқанға дауа жоқ» деген екен. Мұндағы астарлы ойда, адал адам айыпты болса кінəсін дауласпай-ақ мойындайтыны білдірілген ғой. Өйткені, айыбын мойындамай дауласқан адамға дауа жоқ екені бесенеден белгілі. Ендеше, байқап қарасаңыз, бұл сөз бұрынғы заманға емес, нақты қазіргі кезеңге қарата айтылған секілді. Себебі,

жасыратыны жоқ, бүгінде біздің елімізде не көп, дауласушы жан көп. Нақтырақ айтқанда, дауласушы деп отырғанымыз соттасушылар. Құқық қорғау органдарына, басқа да адам құқын қорғайдыау деген мекемелерге жолданған арыз-шағымдардан жер қайысады. Өз қолымыз өз аузымызға жетіп, дəп мына тəуелсіздігімізді алған шақта аз ғана халқымыздың екі миллионға жуығы бір-бірімен соттасып жүреді дегенге кім сенген? (Соңы 5-бетте).

Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына Нидерланды салған инвестицияның жалпы көлемі 40 млрд. доллардан асады. Нидерланды Корольдігінің Төтенше жəне өкілетті елшісі Пейтер ван Леувен былтырғы жылдың тамыз айында ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сенім грамотасын тапсырған болатын. (Соңы 2-бетте).

 Жағымды жаңалық

Астана мен Лондонныѕ арасы жаќындай тїсті Қазақстанның басты ұлттық əуе тасымалдаушысы – «Эйр Астана» компаниясы Астана мен Лондонның Хитроу əуежайы арасында жаңа рейс орнатып, оның апталық мөлшерін үшеуге дейін ұлғайтты. Кеше елорда əуежайында осыған арналған жиын болып өтті. Рейс тұсаукесеріне Ішкі істер министрлігінің, Көлік жəне коммуникация министрлігінің, Ұлыбритания елшілігінің, «СамұрықҚазына» ұлттық əл-ауқат қорының, «Эйр Астана» əуе компаниясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жанболат АУПБАЕВ, Альбион жеріне қарай аттандық. «Егемен Қазақстан» – Мақсатымыз – аспан астынан Лондоннан. саяхат сызатын алты сағаттан астам əуе жолын бастан өткеріп, Тұсаукесер салтанаты өтіп алғашқы маршрут жөніндегі болған бойда əуе компаниясының əсерімізді қалың жұртқа жеткізу. жетекшілері бастаған алғашқы Шынында да осы айтылған рейстің жолаушыларының бірі уақыттың шырғасында көңілге ретінде біз де бір топ жур- түйген ойларымыз да, алған əдемі н а л и с п е н б і р г е а л ы с т а ғ ы əсеріміз де көп болды. Олардың

бəрін енді төрт күннен соң, яғни елге аман-есен жетіп алғаннан кейін асықпай отырып қағазға тү сірмек ниеттеміз. Əзірге айтарымыз, жылдан жыл асқан сайын қанатын кеңге жайып, əлеуеті артып келе жатқан еліміз тұр ғындарының өзге елдердің жұртымен араластығы да айтарлықтай арта түскен екен. «Бармаса, келмесе жат болатынын» білетін біздің ағайындар қазір жағдайлары келіп тұрған соң шет елдерге жиі атбасын бұрып, сапар санын көбейтіпті. Мына ашылып жатқан қосымша рейс те сол қажеттіліктен туындап отырса керек. (Соңы 2-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Дамудыѕ дара жолына бастайды 2-бет

Алќаптыѕ сəні – «Сантэ» 4-бет

Ўлттыќ тəрбиеніѕ ўстаханасы

6-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.