ЕЛІМЕН ЕТЕНЕ ЕЛБАСЫ
Бїгін – Тўѕєыш Президент кїні. Осыдан 23 жыл бўрын Ќазаќстан халќы Нўрсўлтан Назарбаевты ел Президенті етіп сайлаєан еді. Ел баєына туєан Елбасымыз ґзі ќўрєан мемлекетті жаѕа биіктерге бастай берсін!
№235 (28458) 1 ЖЕЛТОҚСАН ДҮЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Президент поштасынан
Шынайы ризашылыќтарын білдірді
«Адами орнықты дамудың жаңа парадигмасы: G-Global – жаһандық диалог форматы» атты халықаралық конференцияға қатысушылар Елбасына хат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Онда Бүкілəлемдік ғылым жəне өнер академиясы (WAAS) мен Бүкілəлемдік университеттер консорциумының Президенті Эйтор Гургулино де Соуза, WAAS Құрметті президенті, Рим клубының кеңесшісі Иво Шлаус пен WAAS Атқарушы ди ректоры Гарри Джейкобс ұйым дас тырылған конференция үшін қатысушылардың атынан шынайы ризашылықтарын білдірген. «Біз Қазақстанның тиімді экономика құру, азаматтардың əлауқатын арттыру, саяси демократиялану бағытындағы елеулі жетістіктерінен зор əсер алдық. Бүгінде Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этнос пен конфессия өкілдерінің бейбіт өмірінің жарқын үлгісі болып табылады жəне халықаралық интеграция үрдістерінде көш бастауда», – делінген хатта. Конференцияға қаты сушы лардың атап өтке ніндей, оның қорытындысы Мемлекет Қазақстан Республикасы Президентінің Ақорда аясындағы портреті. Суретті салған И.Муслимов.
МƏЅГІЛІК ЕЛДІЅ НЎРЛЫ ЖОЛЫ Қабиболла ЖАҚЫПОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің Төрағасы.
Бүгін халқымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтіп жатыр. Еліміз Тəуелсіздігінің 20 жылдығы тойланған тұста депутаттардың бастамасы бойынша белгіленген бұл мерекенің қазіргі заманғы Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Осыдан жиырма үш жыл бұрын дəл осы күні Қазақстан халқы өзінің Мемлекет басшысын сайлауға деген егемен құқығын алғаш рет іске асырды. 1991 жылғы 1 желтоқсанда болған, ел азаматтарының 88,23 %-ы қатысқан Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы – Қазақстанның жаңа тарихының ұмытылмас кіріспесі, жалпықазақстандық бірліктің маңызды тұғырларының бірі. Сайлауда Н.Ə.Назарбаевқа қазақстандықтардың 98,78 %-ы дауыс берді. Сол кезде, дəуірлер тоғысқан тұста Қазақстан халқы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа ұлы жауапкершілік жүктеп, ұлы міндеттер артты. Содан бергі жылдар ішінде біздің Президентіміз осы тарихи миссияны Елба сыға тəн əкелік даналықпен жəне өз халқына деген перзенттік сүйіспеншілікпен атқарып келеді. Ол – идеяларынан үміт туындап, сенім нығая түсетін əрі азаматтарымыздың зияткерлік қуат-қажыры мен ізгі ниетін тарихи ұлы істерге, көпұлтты халықтың бірлігі жолына жұмылдыра білген Елбасы. Есімі мен мемлекеттік құрылысының моделі, саясаты бүгінгі күні əлемдік тарихтың жылнамасына жазылған көрнекті де прогресшіл басшыларының
● Жасампаздық жемістері
атқарар жүгі қашанда осындай болған. Осыдан 23 жыл бұрын ол бізді ортақ тарихи тағдырмен біріккен он бес миллион адам үшін қолдан келмес шаруа жоқ екеніне, татулық пен келісімде өмір сүру, білім, жасампаз еңбек, орынды шамшылдық пен өзіңе жəне өз халқыңа деген зор сенім ғана жақсы болашаққа бастар жол аша алатынына сендіре алды. Туған жерінің қадір-қасиеті сүйегіне сіңген нағыз Елбасы ретінде ол осы істе өз халқының іргелі құндылықтарын – бейбітшілік сүйгіштік пен тағаттылықты, жаңа білім мен дағдыларға деген ашықтықты, дəстүрлі рухани жомарттықты, азаттық рухы мен ынтымақтастықты өзіне серік етіп алды. Бүгінгі күні Қазақстан – үлкен экономикалық, саяси, əлеуметтік, инновациялық, зияткерлік, рухани, пассионарлық əлеуеті бар тəуелсіз, тұрақты, құрметті жəне əлем жұртшылығына ашық мемлекет. Қазақстан тəуелсіздігінің тарихын Тұңғыш Президенттің күшті көш басшылығынан бөліп қарауға болмайды. Елбасының көшбасшылығы – тынымсыз жасампаз еңбектен, оптимизм мен құрыш болаттай жігерден, жаңалыққа деген ұдайы ұмтылыстан, саяси көрегендік дарыны мен өзінің көпұлтты біртұтас халқына жақсылық тілеудің зор ниетінен бастау алатын ұлы табыс тарихы болып табылады. Ол өз халқын бөле жармай, оған тарихы мен тағдыры бір, болашағы ортақ біртұтас халық ретінде қарайды. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев – 17 миллион отандасы үшін ғана емес, бүкіл əлем үшін де тəуелсіз Қазақстанның ең басты жасампаз құрушысы.
*** Қазіргі өмірдің қарқынды ырғағы, алынатын ақпараттың ауқымды бөлігінің толымсыздығы мен үстіртінділігі, бірін-бірі алмастырып жатқан оқиғалар ағымына өз бетінше «қосылу» біздің еліміздің ең жаңа тарихының нақты оқиғаларына асықпай, жан-жақты, ретроспективті талдау жасауға ықпал етпейді. Бəлкім, бұған ауқымды істер анық көрінетін уақыт «аралығының» өзі жетпей жатқан болар. Дегенмен, қазірдің өзінде Тарих таспасына біздің Елбасымыз өшпестей етіп жазған парақтардың бар екені анық, оның шешімдерін – константтарын Қазақстан саясаткерлері мен азаматтарының əлі бірнеше ұрпағы өз бойына өлшем тұтатынына сенімдімін. Осы шешімдерге біршама тоқтала кеткім келеді.
ЌАЗАЌСТАНДАЄЫ ЫНТЫМАЌ ЖƏНЕ ƏЛЕМДЕГІ ЌАЗАЌСТАН
«Халықтың билеушісі халықтың қалың топтарының жандүниесінде оларды халық пен халықтар өз арасындағы əртүрлі топтардың көптігіне, олардың жағдайлары мен əрекеттері əртүрлі екеніне қарамастан, бір əрекет жасап, бір мақсатқа қол жеткізетін тұтас дүние бола алатындай келісімге, бір-бірімен өзара байланысқа жəне қарымқатынасқа бастайтын органдар мен ерікжігер қабілетін жасап, сіңіруге тиіс». Əл-Фараби. («Философияның дінге қатынасы»). Адамзат тарихы – бұл, негізінен, жаулап алу соғыстарының тарихы. Көптеген ғасырлар бойы
ЖАРЌЎМ
елдіѕ əл-ауќатын жаќсартуєа серпін береді Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазТрансГаз» АҚ «Жарқұм» кен орнын тəжірибелікөнеркəсіптік пайдалануға берді. Бұл кен орны Тараз қаласынан 215 шақырым қашықтықта, «Амангелді» газ кеніші маңында орналасқан. «Жарқұм» кен орнының газ жəне газ конденсаты геологиялық қорлары 1 млрд. 273
млн. текше метр жəне 41 мың тоннаны құрайды. Ал, құрғақ газ бен конденсаттың алынатын қорлары 833 млн. текше метр жəне 26 мың тоннаны құрайды. Бұл ресурстар Жамбыл облысы үшін отын көзі ретінде 27 жыл қызмет ете алады. Өндірілетін шикізатты пайдалану газ тұтынушылар үшін əлдеқайда тиімді. Ол арзанға түседі жəне жану қасиеті жағынан импортталатын өзбек газынан асып түседі. «Облыста 373 елді мекен
халықтардың тағдырын соғыс өнері айқындапшешті. Сондықтан да тарихта ұлы қолбасшылар мен жаулап алушылардың есімдері сақталып қалған. Мемлекеттердің экономикада үстемдік құру, өз ықпалын жүргізу аясын жəне өз аумағын кеңейту үшін үздіксіз күресі, өкінішке орай, күні бүгінге дейін геосаясаттың қозғаушы күші болып қалып отыр. Өркениет дамуының өзі ХХІ ғасырдың басында жаңа қатерлер мен тəуекелдер тобына тап болып, өзін-өзі құртудың орасан зор əлеуетіне ие бола отырып, адамзатты өте нəзік өзара тəуелді жағдайға алып келді – жаһандық саясат туындайтын қарама-қайшылықтарды өркениетті əрі үйлесімді түрде болғызбауға жəне шешуге қабілетті, татулық пен күш көрсетпеушілік, тағаттылық пен үнқатысу құндылықтарын дəйекті əрі табанды түрде қорғайтын жауапты прагматик саясаткерлердің, бір сөзбен айтқанда «Бейбітшілік өнерін» жоғары кəсіби деңгейде меңгерген БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ пайда болуын аса қажетсініп отыр. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің болмысы мен дүниетанымынан бітімгер өнерін шебер меңгерген дəл осындай көшбасшы болып табылады. Ол тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттік саясатын тұжырымдай отырып, өзін ішкі жəне сыртқы саясатта болашақтың осындай көшбасшысы, бітімгер көшбасшы ретінде көрсетті. Оның философиясы барлық ұлы жəне шынайы мəселелер секілді қарапайым: жасампаздыққа жету, болашаққа ілгерілеу үшін қоғамда келісім қажет. Ал келісім баршаның жəне əркімнің құқықтары мен бостандықтарының тең болуын талап етеді.
бар. Соның 40 пайыздан астамы газдандырылған. Дəл қазір «Амангелді» газ кеніші облысқа жылына 330 млн. текше метр табиғи отын беріп отыр. Осы жаңадан ашылған кен орнының арқасында тағы да жылына 65 млн. текше метр газды қосымша алуға мүмкіндік туды. Енді Талас, Байзақ аудандарының бірқатар ауылдарына газ құбырлары тартылады. Бұл əрине, жергілікті халықтың əлеуметтік тұрмысына үлкен серпін береді. Елді мекендерді газдандыруда соңғы жылдары облыста үлкен тірліктер атқарылып жатыр. Қазір Жамбыл облысында тек Мойынқұм
(Соңы 2-бетте).
ауданына ғана газ тартылмаған. Биыл Шу, Қордай аудандарының тұрғындары табиғи отынның рахатын көруде. Енді Қаратау қаласынан Жаңатас қаласына газ құбырларын тартудың қамы жасалуда. 8,9 млрд. теңгені құрайтын бұл жобаның алғашқы құжаттары дайындалды. Елбасымыз Н. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жүзеге асып жатқан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жүргізіліп, жалғасын табады», дейді Жамбыл облысының əкімі Кəрім Көкірекбаев. (Соңы 5-бетте).
басшысының барлық мүдделі мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылық топтардың жəне əлем жұртшылығының көпжақты ықпалдастығының жаңа форматын құру туралы идеясы жаһандық проблемаларды шешуге қажетті қадам екендігінің тағы бір дəлеліне айналды. «Біз G-Global алаңы əлемдік қауымдастыққа нақты қажетті коммуникативтік алаң ретінде ғаламдық қатерлер мен апаттарды еңсеру жəне олардың алдын алу бағытындағы жаңа шешімдердің ұзақмерзімді ұтым ды механизмі мен көзіне айналатындығына сенімдіміз», – делінген хатта. Соңында хат авторлары G-Global бастамасына əлемдегі тиімді үнқатысу алаңы ретінде қолдау білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, амандық жəне Қазақстан мен бүкіл əлем игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіне табыс тілейді.
Аќиќатќа айналды арманымыз Үлгі-өнеге ұлтына ұлағаты, Бəрі бауыр, Жоқ жанның сірə, жаты. Алты құрлық, төрт мұхит ар жағына Алашымды əйгілеп тұрады аты.
Көзден, тілден сақтай гөр Елбасымды!!! Самұрықтай бір аттап сан ғасырды, Астана сап Арқаға, тұңғыш рет Абылайдың арманын алға асырды. Туын тікті Азаттық тұңғыш рет, Кеудесіне ұя сап Күн кішірек. Симпозиумда, Саммитте салиқалы, Күллі əлемге ұсынған үлгісі көп. Асқақтатқан Ақордам көкке айдарын, Төле бидей төрінде төкті ойларын. Тұңғыш рет БҰҰ-да желбіретті, Қазағымның əнекей, көк байрағын! Жаратылған Тəуелсіз бағына елдің, Осынау кез шаңқай түс шағы дермін. Қай құрлыққа ұшса да жүреді ойлап, Ер Едіге сияқты қамын елдің. Қызғыш құстай қорыған аспан, жерін, Қайда барса жанында жас пен кəрім. Төбесіне көтеріп Көшбасшымды, Төрткүл əлем түп-түгел тосқан төрін. Жастайынан ұя сап жанына арман, Артына ерген қазағы-қалың орман. Ер Есімнен еншілеп елдік істі, Əз Тəукеден тайсалмас тəлім алған. Қайраткерлік қарымы қабыландай, Сирек туған перзентті Тəңір ондай. Өркениет көшіне оза шауып Жалпақ жұртын бастайды жаны қалмай. Бірлігінен қуат ап бүгінгі елдің, Тыныштығын ойлайды Жұмыр Жердің. «Қой үстіне бозторғай ұя салған», Қолымызға қонып тұр шынында ол күн. Арманының алысқа көші кеткен, Ақыл-ойын халқына несібе еткен. Мұратына мына елді жеткізеді, Ақ кемедей мұхитты кесіп өткен... Толыбай АБЫЛАЕВ. Қызылорда облысы, Арал қаласы.