Бүгінгі нөмірде: ПАРЛАМЕНТ
4-бет
Ескерілмей жүрген бір есім Жетімін жылатпаған ел едік
№79 (28018) 2 НАУРЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
5-бет
6-бет
Ана мен бала өлімін азайтатын жоба
8-бет
Ґзара іс-ќимылды дамытудыѕ келешегі зор Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Сыртқы істер министрі Лоран Фабиусты қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Францияның сыртқы саясат ведомствосы басшысының сапары екіжақты қатынастардың нығаюының жоғары қарқынын танытатынын атап өтті. – Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы серпінді дамып келеді. Үш ай бұрын мен Франция Президенті Франсуа Олландпен кездестім. Қазір біз оның Қазақстанға сапарын күтудеміз. Біз үшін Франция Еуропалық Одақ елдері арасында ірі инвесторлардың бірінен саналады. Қазіргі уақытта біз түрлі қызмет салаларындағы 25 бірлескен жобаны іске асырудамыз, екіжақты өзара іс-қимылды дамыту перспективалары өте зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті бүгінде «Назарбаев – Олланд» екіжақты комиссиясы аясында жемісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жəне бұл кездесулердің жалғасын табуы маңызды екенін атап көрсетті. Францияның Сыртқы істер министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты жəне француз көшбасшысының шын пейілді тілегін жеткізді. – Мен үшін бұл кездесу – зор құрмет. Біз Сізбен бұған дейін Парижде кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар маңызды бағыттарын талқылаған едік. Ең таяу уақытта Франция Президенті Сіздің шақыруыңыз бойынша Қазақстанға
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат) мынадай өзгеріс жəне толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге де мерекелердің тізбесіндегі: 3-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 1 наурыз № 511
Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті – Елбасы, Ќазаќстан халќы Ассамблеясыныѕ Тґраєасы Н. Ə. Назарбаевќа келу ниетінде. Бүгінде Франция мен Қазақстанның бірқатар мəселелер бойынша көптеген ортақ ұстанымы бар, өйткені, біздің елдеріміз бейбітшілікке жəне тұрақтылықты дамытуға ұмтылады, – деді Л.Фабиус. Министр Қазақстанға сапары екіжақты
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
ынтымақтастықты одан əрі нығайтуға жəне кеңейтуге, бұрын қол жеткізілген түрлі салалардағы уағдаластықтарды іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында екі елдің саудаэкономикалық жəне инвестициялық серіктестік мəселелері қаралды, сондай-ақ
жатқанын, олар белгіленген нормалар мен өлшемдерге қаншалықты жауап беретінін бақылап отыру қажет. Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу шараларын жүргізуді көзден таса қылуға болмайды, су қоймалары мен су-техникалық ғимараттар қандай күйде екеніне бақылау жасау керек. Бəрін дер кезінде жəне мұқият тексеру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп өңірлерде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында пайдалануға берілген нысандардың жұмысына, олардың толық қуатында іске қосылуына бақылау жасауды тапсырды. Б.Сағынтаев министрлік алдында Мемлекет басшысы жүктеген жедел іске асыруды талап ететін бірқатар міндеттерді орындау жөнінде ауқымды жұмыстар тұрғанына тоқталды.
– Негізгі тапсырманың бірі – мемлекеттік органдардың қаражатты игере алмау жағдайына талдау жасау. Облыстардың барлық əкімдеріне бөлінген қаржылық ресурстарды дер кезінде игеру қажеттігі туралы ескертілді. Егер бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджеттік қаражат игерілмесе, онда бұл қаражат осы міндетті табысты орындаған өзге өңірлерге қайта бөлінетін болады, – деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі. Бұған қоса, Б.Сағынтаев Мемлекет басшысының арнайы уəкілі ретінде Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хенің инаугурациясына қатысқанын хабардар етті. Одан кейінгі кездесу барысында оңтүстіккореялық көшбасшы Қазақстанның жəне Нұрсұлтан Назар баевтың жаһандық ядролық қарусыздану ісіне қосқан жеке үлесін атап өткенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Б.Сағынтаевқа қа рал ған мəселелерді жəне алға қойылған міндеттерді одан əрі іске асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Кеше Мəжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы болатын жалпы отырыс күн тəртібінің жобасы қалыптастырылды, деп хабарлады Парламент Мəжілісінің баспасөз қызметі.
Кїн тəртібі ќалыптастырылды Депутаттардың талқылауына «Құқық қорғау қызметі туралы» заң жобасы бірінші оқылымға шығарылмақшы. Сонымен бірге, халық қа лау лыларының қарауына бірінші оқылымға «Қазақстан Республикасындағы сотсараптама қызметі ту ралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар ен гізу
«Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс жəне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Іргелі істер кїтіп тўр Кездесу кезінде Б.Сағынтаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында жəне Қазақстан Президентінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы баяндады, сондай-ақ қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттер жөнінде мəлімдеді. Мемлекет басшысы жаңадан құрылған министрлік алдында маңызды да кешенді міндеттер тұрғанын атап өтті. – Өңірлік даму жəне кəсіпкерлік, тұр ғын үй құрылысы мəселелерін – осы міндеттің бəрін Өңірлік даму министрлігі жүйелі деңгейде шешуі қажет. Біз еліміздің агроөнеркəсіп кешенін дамыту жөнінде бағдарлама қабылдадық, ол арқылы едəуір қаражат бөлу қарастырылады – оның іске асырылуына жете көңіл бөлген жөн. Сондай-ақ, өңірлерге əлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын, қайда жəне қандай нысандар салынып
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
туралы» заң жобасы ұсынылатын болады. Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыстың күн тəртібіне екінші оқылымға «Дербес деректер туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен бірге қосылып отыр. Палата қарауына «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» заң жобасы екінші оқылымда ілеспе түзетулерімен бірге енгізілетін болды.
АҚПАРАТТАР аєыны
Алдағы екі жылдың ішінде Астанаға магистральді газ құбыры жеткізіледі. Елорда əкімдігінің мəліметі бойынша, 800 мыңнан астам тұрғыны бар шаһар үшін жалпы 1,2 млрд. текше метр газ керек. Бұл қаланың индустриялық аймағы мен жеке секторындағы нысандарды толығымен газбен қамтуға мүмкіндік береді. Шырайлы Шымкент тоқыма өндірісін жаңа белеске көтереді. Оңтүстік өнеркəсіпшілеріне бұл мақсатта Германияның «Дорнье» жəне Австрияның «Хефель»
халықаралық саясат, өңірлік жəне жаһандық қауіпсіздіктің кең ауқымды мəселелері жөнінде де пікір алмасылды. –––––––––––––––––––––––
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Наќты тапсырмалар берді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының əкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Бозымбаев облыстың 2012 жылға арналған əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен биылғы жылғы өткен екі айдың алдын ала нəтижелері туралы баяндады. Өткен жылы облыста жалпы өңірлік өнім 9,7 пайызға өскені, бұл ретте құрылыс саласының өсуі 67 пайыз болғаны атап өтілді. Іскерлік белсенділіктің артуы, өңір экономикасына салынған инвестиция көлемі 32 пайызға ұлғайғаны байқалды. Сонымен қатар, Жамбыл облысының əкімі биылғы қаңтар айында болған дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының нəтижесі туралы баяндап өтті. Бүгінде жалпы саны 4700-дей барлық зардап шеккен нысандар іс жүзінде қалпына келтірілді. Көппəтерлі жəне жекеменшік тұрғын үйлердің шатырларына, сондай-ақ мыңнан астам электр беру желісіне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, апат салдарынан келген шығын 4,5 млрд. теңгеге жетті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму мəселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Маѕызды мəселелер ќозєалєан кездесу
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Кеннет Фэйрфаксты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
К.Фэйрфакс соңғы жылдары көп теген салада Америка-Қазақстан ынтымақтастығының жемісті дамып келе жатқанын атап өтті. Мемлекетаралық қарымқатынастар ана ғұрлым жаңа сапалық деңгейге көтерілді, бұл екі елдің сауда-экономикалық көрсеткіштерінен байқалды. Мемлекеттік хатшы саяси мəселелер
компаниялары көмекке келеді. Тоқыма өндірісін облыстағы жетекші сала етуге ұмтылған аймақ басшылары аталмыш компания басшыларымен келісім жасасты. Ақтөбе облысында өнеркəсіп өндірісінің қарқыны жыл санап артып келеді. Оның өңірлік өсімі 2012 жылы 107 пайызға жетті, өңдеу өндірісі – 106,9 пайызға, тау-кен өндірісі 107,8 пайызға артты. Құрылыстың қарқыны республикалық деңгейден бірнеше есе жоғары болды, ол 2011 жылға қарағанда 23,8 пайызға ұлғайды. Аймақ Индустрияландыру картасына 632,8 млрд. теңгенің 73 жобасы енді. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында биыл 23 нысан салынады.
Олардың арасындағы ең маңыздылары қатарына «Рахат» шағын ауданындағы емхананы, «Бостандық» ауданындағы 624 орындық орта мектепті, əскери қалашықты, Теңге ауылындағы 900 орындық жəне «Мерей» шағын ауданындағы 1200 орынға арналған мектептерді, өртке қарсы депоны, терапевт корпусын жатқызуға болады. Орал өңірінде жастар саясатын жүзеге асыруға 84 млн. теңге бөлінбекші. Мұның 48,1 млн. теңгесі облыстық, 35,9 млн. теңгесі аудандық жəне Орал қалалық бюджеттерінен алынады. Барлық аудандарда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған шараларды өткізуге жергілікті қазынадан қаражат
бойынша стратегиялық серіктестіктің орнықты сипатын, экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастардың серпінді дамып келе жатқанын атап көрсетті. Кездесуде Қазақстан-Америка ынтымақтастығын одан əрі нығайтуға байланысты бірқатар маңызды мəселелер қозғалды. бөлу мəселесі толығымен шешілді. Ал облыста жастар мəселелерімен айналысатын 85 қоғамдық ұйым бар. Алматыда суретші Əубəкір Ысмайылов туындыларының көрмесі ашылды. Əбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қанат жайған сөрелер қылқалам шеберінің туғанына 100 жыл толуына арналды. Оған шығармашылық иесінің 1930-1990 жылдары дүниеге келген 100-ге жуық кескіндемелік жəне графикалық туындысы қойылған. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
ЌЎТТЫЌТАУ ХАТ Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, Сізді, 1995 жылғы 1 наурызда өзіңіздің Жарлығыңызбен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының 18 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл тарихи дата əлемдік өркениетте Тəуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тікелей байланыстырылатын қазақстандық этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің бірегей үлгісінің бастауы болды. Бүгінгі таңда Сіздің бұл бастамаңыз көпэтносты қоғамдағы этносаралық қарым-қатынасты үйлесімді сақтау бойынша эталон ретінде əлемде кеңінен қолдау тауып отыр. Халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, əлемнің іскер элитасы бұл үлгінің тиімділігі мен жаһандық деңгейде қажеттілігін мойындады. Сіздің саяси жігеріңіздің арқасында Қазақстанда мемлекет пен қоғамның, экономикалық дамудың маңызды гуманитарлық ресурсы – тыныштық пен сенім орнығып, бейбітшілік пен келісім саясаты жүргізіліп келеді. Сенім, əлеуметтік оптимизм, жаңалыққа бейімделген рухани жəне адамгершілік қарым-қатынас тиімді индустриялық-инновациялық даму мен əлеуметтік жаңғыртудың маңызды факторларына айналды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы – тұрақтылық пен келісімнің сенімді де мықты бағаны. Ассамблея Қазақстан халқы мен президенттік институттың арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ететін қажетті құралға, билік институтының ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан біз бүгінде оны Халықтық Ассамблея деп атаймыз! Құрметті Нұрсұлтан Əбішұлы! Сіздің қырағы назарыңыздың арқасында Ассамблея бүгінде азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы аса тиімді пікір алмасу алаңына айналды. Сіздің бастамаңызбен Ассамблеяның парламенттік өкілдігі – депутаттық топ құрылды. Бүгін Ассамблея «кəмелет» жасына толып, 18-ші көктемін халықтық өкілдіктің жаңарған институты, биік белестер бірлікке бағынатынын өз тарихымен дəлелдеген бейбітшілік пен келісімнің институты ретінде бастап отыр. Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясының жаңа міндеттерін, Нұрсұлтан Əбішұлы, Сіздің басқаруыңызбен, Сіздің қол астыңызда, бірлігіміз бен келісіміміздің арқасында сапалы іске асырамыз деп сенеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қашанда Сіздің командаңыз екенін мақтан тұтады жəне ең адал серіктестеріңіз болып қала береді. Сізді Ассамблеяның туған күнімен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 2013 жылғы 1 наурыз
Бірлікті бекемдеудегі биік белес
Кеше елордадағы Бейбітшілік жəне келісім сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын (ҚХА) құру туралы Жарлығының қабылдануына 18 жыл толуына арналған жиын өтті. Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының жəне оның Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, ғылыми қауымдастық пен этномəдени бірлестіктер өкілдері, Ассамблеямен қоян-қолтық байланыста жұмыс істейтін орталық атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері мен журналистер қатысты. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жиынды ашқан ҚХА Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов Ассамблеяның 18 жыл ішінде атқарған жұмыстары жайын баяндай келе, оның этносаралық қатынастарды үйлестірудегі, қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, оның этносаралық үнқатысу мəселесі бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдар жұмысын үйлестіруші орган
ретінде қалыптасқанын айтты: – Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен құрылған Қазақстан халқы Ассам блеясына 18 жыл толып отыр. Осы мерзім аралығында бұл ұйым қоғамдық институттан конституциялық органға дейін өсті. Мемлекет пен қоғамның ел экономикасын дамытудағы маңызды гуманитарлық ресурсы болып қалыптасты. (Соңы 3-бетте).