02/04/2013

Page 1

ДЕРЕК пен дəйек 4 800 000 000 Үш жылға жоспарланған «Көркейе бер, туған жер» акциясының алғашқы жылы осыншама теңгенің жұмыстары атқарылған

№97 (28036) 2 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Акция аясында туған жерін көркейтуге 4000 кəсіпорын мен жеке адамдар үлесін қосып, жер қойнауын пайдаланушы 86 компания белсене қатысты. Соның нəтижесінде облыс бойынша 30-дан астам ірі нысан іске қосылып, тұрғындардың игілігіне қызмет етуде. Облыстың елді мекендерінде 851 нысан салынды, күрделі жөндеуден өткізілді, қайта қалпына келтірілді жəне материалдық-техникалық базасы жаңғыртылды. Бұл акция басталмас бұрын оның мақсаты мен мүдде сін айқындайтын насихат жұмыстары жүргізілді. Акцияны ұйымдастыруға арналған жұмыс жоспары шеңберінде əр ауданның əкімдігі жанынан құрылған штабтар жыл бойы 150 отырыс өткізіп, оның нəтижелілігін қамтамасыз ету жолдарын талқылады. Биыл – акцияның екінші жылы. Мұның өзі жақсы басталған шараның жарасымды жалғасын табатынына сендіреді. Ақтөбе облысы.

3 965 271 000 Облыста 2013 жылы жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға осынша қаржы жұмсалады

Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Бөлінген қаржы есебінен 1000ға жуық адам кəсіби даярлық пен біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарында оқитын болады. Əлеуметтік жұмыс орындарына 400 кісіні жіберу көзделсе, жастар тəжірибесі бойынша 280 жас жұмысқа тартылмақшы. Бұл мақсатқа 670 миллион теңге қарастырылған. Қала жəне аудан əкімдіктерінің ұсынысымен 155 азамат кəсіпкерлік жəне шағын несиелеу негіздері курстарында оқытылып, оған жарты миллион теңге бөлініп отыр. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бағдарламаның төртінші бағытымен əлеуметтік нысандар құрылысы жалғасын табады. Оны екі кезеңмен қаржыландыру нəтижесінде 1300 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ақмола облысы.

382

Айналаны ластағаны үшін осынша адам əкімшілік жазаға тартылды Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда қаласында ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластап, көшелерде шемішке шағып, темекі тұқылдарын, сағыз жəне басқа да коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 382 адамға хаттама толтырылып, құжаттары сотқа жолданды. Бүгінде олардың 112-сі əкімшілік қамауға алынып, 122 адамға сот қаулысымен 572 230 теңге айыппұл салынды, өзге азаматтарға қатысты жинақталған құжаттар сот қарауында. Қазіргі таңда қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағы 22 секторға бөлініп, тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Онымен «Қызылорда тазалығы» ЖШС айналысады. Аталған мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыс əкімінің қолдауымен облыстық бюджеттен жаңа үлгідегі 70-тен астам техника алу да жоспарда бар. Сонымен қатар, 2 наурыз бен 4 мамыр аралығы тазалық айлығы деп жарияланған. ҚЫЗЫЛОРДА.

 Бəрекелді!

Їшінші раунд. Нокаут! Геннадий Головкин əлем чемпионы атаєын ќорєап ќалды Қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұрнағы күні өзінің WBA нұсқасы бойынша 72,574 килоға дейінгі орта салмақтағы əлем чемпионы деген атағын жетінші мəрте абыроймен қорғап шықты. Алдағы 8 сəуір күні жасы 31ге толғалы тұрған жерлесіміз бұл жолы 37 жастағы жапон жұлдызы Нобухиро Ишиданы үшінші раундтаақ нокаутқа жіберіп, өзінің жұдырығы жұмыр, соққысы қатты жігіт екенін тағы бір мəрте дəлелдеп берді. Сөйтіп, осы жеңісі арқылы бір оқпен екі қоянды атып алған ол WBA версиясынан бөлек, IBO нұсқасындағы чемпиондық белдігін де өзінде сақтап қалды.

Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени өмірін жариялап-көрсетудің сапасын арттыру жəне журналистердің кəсіби өсуін ынталандыру мақсатында: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау қағидалары (1-қосымша); 2) Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығы лауреатының дипломы мен төсбелгісінің, гранты иегері куəлігінің жəне Алғысының сипаттамасы (2-қосымша) бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 маусымдағы №3556 өкімінің күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., №27, 239-құжат; 1999 ж., №39, 331-құжат; 2005 ж., №22, 268-құжат). Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 наурыз. № 190. ---------------------------------------------------------------

біздің бағланның бір сүйем де болса алда екені анық аңғарылып тұрды. Ал екінші раундта Гена осы басымдылығын барынша үдете отырып, қарсыласының денесі мен басына бірнеше ауыр соққыны дəл дарыта білді. Сол сəттен бастап ұрыстың соңғы нүктесін де қоятын өзіміздің бала болатынына аса көп күмəндана қойған жоқпыз. Осы тұстан тасқамал қорғанысқа кетуге мəжбүр болған Нобухиро Ишиданы гонгтың соғылуы ғана жеңілуден аман сақтап қалған сияқты. Мұның есесіне, үшінші раундтың басын Токиодан келген жігіт біршама екпінді де жинақы бастады. Біраз жұрттың аяғын тартып, айылын жиып, аңысын

(Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы Өкімнің қағидалары мен сипаттамаларын 7-беттен оқисыздар).

аңдуға көшкені де осы кез. Бұл мерзімде ұрыс екі жақтың тепетең өнер көрсетуі қалпында дами бастағандай көрінген. Бірақ бұл уақытша теңдік сақтатқан алдамшы көріністер болып шықты. Раундтың бел ортасы ауа Гена тағы өзінің қатқыл да қауырт

 Сақтансаң – сақтайды

Кенді Алтайєа кґмек келіп жатыр «Егемен Қазақстан».

Осындайда еріксіз мына бір оқиға еске түседі. 2010 жылдың 17 наурызында Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарындағы бес-алты елді мекенді су басып, 600-ден астам тұрғын үй, мыңдаған бас мал өлген кезде, еліміздің бірнеше облыстары көмек қолын созып, құтқаратын техника мен адамдар дер кезінде жеткен. Ал биылғы күрделі көктемнің не «сый» əзірлеп тұрғаны белгісіз. Алайда, қауіп жоқ емес, таулы аймақтар мен биікте орналасқан елді мекендерде қар енді еріп жатыр. «Сақтансаң – сақтайды» дегендей, қазірдің өзінде еліміздің бірнеше облыстары көмекке техника мен арнаулы қызмет түрлерін жіберді. Су тасқыны қаупі бар елді

АҚПАРАТТАР аєыны  «Қазақстан» телеарнасы «Қазақстанды таныту» атты жоба жасады. Ол қазақ халқының мəдениеті мен тұрмысы туралы баяндайтын, 2 минут шамасындағы бейнероликтер топтамасы түрінде көрінеді. Жобаға кино жəне спорт жұлдыздары қатысады.  «Эйр Астана» əуе компаниясы биыл 5 Airbus A320 лайнерін алғалы тұр. Компания жолаушылар легін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастырады. Осы орайда жыл соңына дейін əуелі Астана-Киев, АлматыКиев, сосын Астана-Орынбор, Атырау-Мəскеу бағыттары ашылады.  Астанада антикварлық зергерлік бұйымдар көрмесі өтті. Онда экспозицияға қойылған барлық зергерлік жəне

Кездесуде отандық мəдениет пен əдебиеттің жай-күйі жəне оны дамытудың келешегі туралы мəселелер талқыланды. Ə.Нұрпейісов Мемлекет басшысына өзінің шығармашылық жоспарлары жəне шығармашыл жастармен жұмыс жүргізуге байланысты көзқарасы туралы əңгімеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау қағидаларын бекіту туралы

«Егемен Қазақстан».

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əбдіжəміл Нұрпейісовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі

Серік ПІРНАЗАР,

Қарағандының қабыланы өзінің кəсіпқойлар рингіндегі бұл 26-шы айқасын Еуропаның түстікбатыс аумағындағы Монако князьдігінің орталығы – МонтеКарло қаласындағы «Chapiteau de Fontvirille» сарайында өткізді. Оның қорытындысында барлық 26 жекпе-жегін де жеңіспен аяқтауға қол жеткізген Геннадий осы ұрыстардағы нокауттары санын 23-ке толтырды. Кездесуді Монаконың князі Альберт II арнайы келіп көріп, соңынан біздің жерлесімізді осы тамаша жеңісімен құттықтады. Шайқастың бірінші раунды қарсыластардың өзара барлау жасауы сипатында өткенімен,

Елбасы ќабылдады

мекендерге жедел əрекет ету мақсатында облысқа келген ТЖМ құтқару бөлімшелерінің қосымша күштері мен құралдары су тасқыны салдарынан ең көп зардап шегуі мүмкін аудандарға шоғырланды. Атап айтқанда, осыдан он күн бұрын Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар жəне басқа облыстардың құтқарушылары келіп, апаттың алдын алу шараларына кірісіп кетті. Өңір басшысы Б.Сапарбаев өткен аптаның соңында Күршім ауданына сапары кезінде Оңтүстік Қазақстан облысының 17 адамы бар əрі техникасы жеткілікті ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен жүздесті. Олар өзен арналарын кеңейтіп, су көтерілу қаупі жоғары жерлерге құм толтырылған қаптарды төсеп жатыр. Ал дүйсенбі күні облыс əкімі шалғайдағы Үржар

декоративтік-қолданбалы заттар қазақ халқының тарихы мен мəдениетіне, ұлттық əдет-ғұрыптарына, мыңдаған ғасырлар бұрынғы тұрмыстық болмысымен тығыз байланысты болды. Көрмедегі қазақ қыздары киетін сəукеле түркі əлемінде теңдесі жоқ бас киім болып табылады.  Ақтау портының өткізу қуаты 1 млн. тоннаға дейін артады. Өткен жылы мұнда 11 млн. тонна мұнай жəне басқа да жүктер тасымалданған еді. Бұл өндіріс жоспары енді 105 пайызға ұлғаяды.  Елордада дарынды жастар өзара сайысқа түсті. Ол академиялық сурет бойынша І қалалық олимпиада түрінде өтті. Шараға Астана жəне Қарағанды мектептері мен колледждерінің дарынды жастары қатысты. Мұнда 14 пен 20 жас аралығындағы 43 сайыскер бақ сынасты. Олимпиада жеңімпаздарына Еуразия ұлттық университетінің сəулет жəне дизайн факультетіне

ауданында болып, Егінсу су қоймасы мен таудағы қар суы басып қалады деген жерлерді аралап көрді. Үржар ауданының əкімі Бауыржан Жанақов көмекке келген көршілердің уақытпен санаспай еңбек етіп жатқандарын, оларға аудан тұрғындарының қолғабыс жасап жатқанынан хабардар етті. Зырян ауданы Парыгино ауылына Қарағанды қаласынан келген құрамында 1 бірлік техника мен 15 адамы бар 52859 Ə/Б əскери қызметкерлер орналасып үлгеріпті, сонымен қатар ол жерге құрамында 1 бірлік техника мен 15 адамы бар Жамбыл облысы ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары келіп, тасқынның алдын алуға кірісіп кеткен. (Соңы 6-бетте).

түсу кезінде жеңілдік берілмек.  Арал теңізінде балықшылар мұз құрсауынан құтқарылды. Кіші Арал теңізінің Шағалалы учаскесінде теңіз ортасында қалып қойған ауданның Бөген ауылының үш тұрғынын ТЖД шұғыл тобы құтқарушылары «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен құтқарды.  Орал қаласы электр қуатын үнемдеуге көшті. Ол ескі үлгідегі бағдаршамдарды электр қуатын үнемдейтін жарық диодты жаңа бағдаршамдарға ауыстыру арқылы жасалуда. Қазір қаладағы 49 бағдаршамның 38-і жаңаланды. Қалғаны биыл жыл соңына дейін ауыстырылады. Жаңа үлгідегі құрылғылар электр қуатын 5 есеге дейін үнемдейді. «ҚазАқпарат», СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

соққыларымен Нобухироны бұрыштан бұрышқа қуалап жүріп соғуға көшті. Осы қарқынынан таймаған ол соңғы минут айналып бара жатқанда дегеніне жетті. (Соңы 5-бетте).

Тағайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен: Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Бїгінгі нґмірде: ТЇРМЕ – ЖЕТІСКЕННЕН ОТЫРАТЫН ЖЕР ЕМЕС

4-бет

АЅСАУ 5-бет

Кґліктегі кґкейкесті мəселелер Мəжілістегі Їкімет саєатында жан-жаќты талќыєа тїсті

Мəжіліс Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченконың жетекшілігімен кеше «Көлік инфрақұрылымын дамыту» деген тақырыппен Үкімет сағаты өтіп, онда Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Отырысты жүргізіп отырған вице-спикер Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясында еліміздің көлік жəне коммуникация саласына тиісті негізгі бағыттарды айқындап бергендігін ерекше атады. «Жолдауда атап өткендей, соңғы жылдары көптеген стратегиялық объектілер іске қосылды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Көптеген адам жұмыспен қамтылды. Оған осы саладағы инфрақұрылым жобалары бойынша атқарылған жұмыстар себеп болды», деді Сергей Александрович. Осы ретте С.Дьяченко көлік саласы дамыса, ауыл мен селода тұратын халық тұрмысы да жақсарарын тілге тиек етті. Бірақ, депутаттар арасында жиі көтерілетін мəселелер де бар. Атап айтқанда, адам өміріне қауіп туғызатын көлік қозғалысына қатысты жайлар мен осы саладағы халыққа қызмет көрсету сапасы барысы. «Қазір «Көлік туралы»

заңдық құжат екінші оқылымда Мəжілісте қаралуда. Айтылатын ұсыныстар осы заңда орын алады деп ойлаймын», деп сөзін аяқтаған вице-спикер баяндама жасау үшін сөзді Көлік жəне коммуникация министріне берді. А.Жұмағалиевтің мəліметіне қа рағанда, өткен жылы республикалық маңызға ие жолдардың 5,5 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Қазіргі таңда жолдардың жағдайы 4 пайызға жақсарып, транзиттік тасымал 20 пайызға артқан. Ал үстіміздегі жылы рес публикалық жəне жергілікті маңыздағы жолдардың 9 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қам тылады деп күтілуде. Биыл «Бейнеу – Шетпе» (Астана –Ақтау а/ж), «Семей – Қалбатау» (Астана – Өскемен а/ж), «Көкшетау – Петропавл» (Астана – Петропавл а/ж), «Қапшағай – Талдықорған» (Алматы – Талдықорған а/ж) учаскелерінде құрылыс жұмыстары басталған.

(Соңы 2-бетте).

 Өңір өмірі

«Бекіре-2013» басталды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Жыл сайын осы мезгілде «Бекіре» акциясы басталады. Мақсат – Жайық-Каспий су бассейніндегі бекіре тұқымдас балықтар қорына заңсыз қол сұғушылықты болдырмау. Бұл акция кеше тағы да бастау алды. Акцияның қамтитын аумағы өте ауқымды – Жайық-Каспий бассейнінің акваториясында өтеді. Яғни акция бастауын Батыс Қазақстан облысынан алатын Жайық өзені мен Маңғыстау өңірін қоса алғанда Каспий теңізінің өзге мемлекеттермен

шектесетін аумағын қамтиды. Осыған орай Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының бастығы Əлібек Бұхарбаевтың айтуынша, Атырау, Дамбы, Жылыой, Исатай, Махамбет, Индер, Құрманғазы балық

инспекцияларының 86 инспекторы қатысады. Əрине, патрульдік қайықтардың 10 бірлігін, 21 шағын қайық пен 18 автокөлікті акцияның ойдағыдай өтуіне тарту көзделіп отыр. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.